path
stringclasses
9 values
file_name
stringlengths
4
250
title
stringlengths
1
125k
url
stringlengths
12
505
meta
stringlengths
1
714
date
stringlengths
2
24
author
stringlengths
6
36
total_words
null
text
stringlengths
0
4.99M
qosymsha/abai.kz
post_61136.txt
Мемлекеттік тілді  үйретудің заманауи әдістеріне арналған семинар өтеді
https://abai.kz/post/61136
"Мемлекеттік тілді  үйретудің заманауи әдістеріне арналған семинар өтеді" | "https://abai.kz/post/61136"
15.10.2017
Абай-ақпарат
null
TITLE: Мемлекеттік тілді  үйретудің заманауи әдістеріне арналған семинар өтеді URL: https://abai.kz/post/61136 META: "Мемлекеттік тілді  үйретудің заманауи әдістеріне арналған семинар өтеді" | "https://abai.kz/post/61136" DATE: 15.10.2017 AUTHOR(s): Абай-ақпарат TOTAL WORDS: 141 TEXT: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 20 қазанда  Өскемен қаласы, «Изумрудный» шипажайында «Мемлекеттік  тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация»  республикалық семинарын өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат. Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. ҚР Президенті                            Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне өтудің маңыздылығын талқылап, оқу-әдістемелік шаралар мен жұмыстарды бағдарлау. Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары мен  облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының  мамандары қатысады. Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологияларымен және әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі ғалымдар тілдің өзекті мәселелері жайында баяндама жасап, әдіскерлер үздік сабақ үлгілерін көрсетеді. Байланыс телефондары: 8(7172) 40 83 67,  74 08 77 Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_1142.txt
Мұхан Исахан. Шығыс әлемі - шығармашылығымның шырайын келтірді
https://abai.kz/post/1142
"Мұхан Исахан. Шығыс әлемі - шығармашылығымның шырайын келтірді" | "https://abai.kz/post/1142"
26.06.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Мұхан Исахан. Шығыс әлемі - шығармашылығымның шырайын келтірді URL: https://abai.kz/post/1142 META: "Мұхан Исахан. Шығыс әлемі - шығармашылығымның шырайын келтірді" | "https://abai.kz/post/1142" DATE: 26.06.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1872 TEXT: Өтеген Күмісбаев - ақын, прозаик, аудармашы, парсытанушы, сондай-ақ, кезінде діни жанрда қалам тербеген Тұрмағанбет пен Шәкәрім шығармаларын цензурадан ықпай, алғаш рет ғылыми айналымға енгізуші ғалым. Көп жылдардан бері әдебиет әлемінде тынбай еңбек етіп келе жатқан ғұлама ағамыз биыл жетпіске толып отыр. Бізге, өмірден көргені мен түйгені мол ағамызбен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Өтеген аға, Қазақстандағы шығыстану ғылымының көшбасында тұрған атпал азаматтардың бірісіз. Алдымен әңгімені шығыстану ғылымына қалай келгеніңізден бастасақ? Өтеген Күмісбаев - ақын, прозаик, аудармашы, парсытанушы, сондай-ақ, кезінде діни жанрда қалам тербеген Тұрмағанбет пен Шәкәрім шығармаларын цензурадан ықпай, алғаш рет ғылыми айналымға енгізуші ғалым. Көп жылдардан бері әдебиет әлемінде тынбай еңбек етіп келе жатқан ғұлама ағамыз биыл жетпіске толып отыр. Бізге, өмірден көргені мен түйгені мол ағамызбен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Өтеген аға, Қазақстандағы шығыстану ғылымының көшбасында тұрған атпал азаматтардың бірісіз. Алдымен әңгімені шығыстану ғылымына қалай келгеніңізден бастасақ? Менің шығыстану ғылымына келуім, өзінше бөлек бір қызық әңгіме. 1960 жылдары ҚАЗМУ-дің филология факультетінде оқып жүргенімде араб тілі мен әдебиетіне деген ерекше қызығушылығым болды. Араб тілі мен әдебиеті менің шығыс әлеміне бетімді бұрғызып, шығыс шығармаларына деген ішкі шырайымды тудырып, шығыс жұлдыздарына деген ілтипатымды арттырды. Бұрын біз араб ақындарының өлеңдерін орысша аудармасынан оқитынбыз. Араб тілін үйрене бастағаннан кейін, араб шығармаларын түп нұсқадан оқи бастадым. Араб ақындарының өлеңдерінің шуағы ақындыққа жетелеп, мен 1964 жылы «Тұңғыш» деген өлеңдер жинағымды шығардым. 1964-69 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде қызмет істедім. Сонымен қатар, «Егеменді Қазақстан» газетінің әдебиет бөлімінде қызмет еттім. 1969 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы, М.Әуезов атындағы әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылдандым. Ол кезде мені жұртшылық ақын ретінде танығанмен, менің негізгі ойым ғылыммен шұғылдану болатын. Академияда бір жылдай жұмыс істедім. Бір күні институттың директоры Мүсілім Базарбаев мені кабинетіне шақырды. Ол кісі Қазақстанның екі рет сыртқы істер министрі болған, жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетін, дәлірек айтатын болсақ, Шәкәрім мен Мағжанды зерттеп, докторлық қорғаған адам болатын. Мүсілім ағамыз маған: «Мәскеуге оқуға барасың ба?» деді. Ол кезде 22-23 жастағы бойдақ кезім. Осы бойдақтықты қимадым ба, білмеймін, мен бірден жауап бере алмай, тосылыңқырадым. Мүсілім ағамыз: «Мәскеудің Шығыстану институтынан шақырту қағаз келіп отыр. Бұл шақырту бойынша біз Мәскеуге бір жас маманды оқуға жіберуіміз керек. Осыған сені таңдадық» деді. Мен: «Бір күн ойланып көрейін» дедім. Ертесіне келіп, келісімімді бердім. Мүсілім ағамыз: «Кіммен ақылдастың?» деді. Мен: «Жүріп жүрген қызым бар еді, сонымен ақылдастым. Қалыңдығым: «Үлкен кісілер, сенім артып, жіберіп отырса, барғаның жөн» деп отыр. Қабырғаммен кеңесе келе барсам барайын деген шешімге келдім» дедім. Сонымен мен Мәскеуге аттанып кетттім. Сол жылы Мәскеуде КСРО жас жазушыларының бірінші құрылтайы өтті. Осыған Қазақстаннан Қалдарбек Найманбаев, Бекежан Тілегенов, Мұхтар Шаханов, Ақұштап Бақтыгереева, Сәтімжан Сәнбаев секілді барлығы он жазушы мен ақын аттандық. Осы құрылтайдың поэзия бөлімінде мен өлеңдерімді оқыдым. Жұрт жақсы қабылдап, оң бағалады. Осы құрылтайда Шолохов, Гагарин секілді ұлы адамдармен жүздестік. Бұл кездесулер менің шығармашылығыма қанат бітірді. Алматыда орыс ақындарына өлеңдерімді орысшаға аудартқан болатынмын. Оған Олжас Сүйлейменов алғы сөз жазып берген еді. Сол жылдары шыққан «Литература ити» деген альманаққа өлеңдерім еніп, оны Мәскеу жұртшылығы жылы қабылдады. Алғашқы шәкәрімтанушы Мәскеудің Шығыстану институтында жүрген кезіңіздегі шығармашылығыңызға кеңірек тоқталып өтсеңіз? - Алғашқыда, Шығыстану институтына машықтанушы-зерттеуші болып жұмысқа қабылдандым. Бір жылдан соң осы институттың аспирантурасына түстім. Аспирантурада оқып жүріп ғылыми жұмысымның тақырыбын «Тұрмағанбет Ізтілеуов және оның Рүстем дастаны» деп бекіттірдім. Шығыстану институтының «Иран әдебиеті бөлімінде» жұмыс істей жүріп, шығыс әдебиетінің тұңғиығына түсіп кеттім. Менің ғылыми жұмысыма ұлты әзірбайжан, профессор Газенфор Әлиев деген жігіт жетекшілік жасады. Жетекшім маған ағылшын, араб, парсы тілдерін оқып үйренуім керектігін айтты. Араб тілінен Юрий Николайвич Ансец деген Польша университетін бітірген кісі сабақ берді. Ол атақты Юрий Крачковскийдің шәкірті болатын. Ал, парсы тілінен Кирин Николайовна Юрома деген ғылым кандидаты дәріс берді. Осы кісілерден екі жылдай уақыт сабақ алып, араб және парсы тілдерін меңгеріп шықтым. Мен Мәскеуге өзіммен бірге елден Рүстем дастаны, Ләйлі Мәжнүн, Сейфул-Мәлік, Шахнама туралы жиырмаға тарта қисса-дастандар ала келген едім. Осы қисса-дастандарды ғылыми сүзгіден өткізіп, мақалалар жазып тұрдым. Тырнақ алды алғашқы ғылыми шығармам ретінде Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанына қатысты зерттеуімді айта аламын. Ол кезде Шәкәрімнің атын атуға, оның шығармасын оқуға тиым салынған кез болатын. Осыған қарамастан, Мәскеу мұрағаттарынан Шәкәрім шығармасы жөнінде каталогтарды қарап шығып, оның «Ләйлі-Мәжнүн»дастанын тауып алдым. Шәкәрімнің бұл дастанын Мұхтар Әуезов 1922 жылы Ташкентте «Шолпан» журналында ескі араб әрпімен басып, жариялаған екен. Кейін, 1935 жылы Сәкен Сейфуллин алғы сөз жазып, бұл дастанды жеке кітап етіп шағарған. Осы дастандағы стиль, мақам, сипат, теңеу мен оқиғалар өрісін өзге «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарымен салыстырып, сондай-ақ, бұл дастанның қазақтың эпикалық жырларына әсерін талдай келе орыс тілінде ғылыми мақала жаздым. Шәкәрім жөнінде айтуға тиым салынғанмен, менің батылым жетіп, автордың ойлау жүйесі мен көркемдік тілі жөнінде кеңірек тоқталып, ғылымдағы алғашқы қарлығашымды ұшырдым. Сол жылдары Мәскеуде өткен конференцияда бұл жөнінде баяндама жасадым. Конференцияда менің бұл зерттеуіме ғалымдар ерекше қызығушылық танытты. «Шәкәрім деген қандай ақын? Неге бұл дастанды жырлаған?» деген сұрақтар қойды. Мен: «Қазақ халқында сондай бір жақсы дәстүр бар, өзге елдің ғибратты, гуманистік тұрғыдағы жыр-дастандарына қазақы рең, түс бере отырып, өз тілінде жырлайды. Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны осы сипатта жазылған шығарма» деп жауап бердім. Шәкәрім дастанының кіріспесінде мұндағы оқиғалар өрісін Физули деген парсы ақынының шығармасынан алғанын айтады. Мен Физулидің «Ләйлі-Мәжнүні» мен Шәкәрімнің дастанында сюжеттік ұқсастық бар ма? деп салыстырып көргенімде, Шәкәрімнің оқиғаларға өз ойынан ештеңе қоспастан, дастанды тек қазақы теңеу, ұқсас, ритмика, сөз тіркестер, мақал-мәтелдер, мақамдармен жырлап шыққандығына тәнті болдым. Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүні» жөніндегі бұл мақалам сол кезде Мәскеуде шығатын «Простор» журналында жарияланды. Екі-үш айдан кейін маған бір хат келді. Хаттың кімнен жіберілгенін қарасам «Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев» деп жазылып тұр. Ахат маған жазған хатында: «Өтеген сенің Шәкәрім туралы мақалаңды оқып қатты риза болып отырмыз. Шәкәрім туралы қорықпай жазған алғашқы ғалымдардың бірісің. Бұдан кейін Шәкәрім туралы тереңірек жазамын деген ниетің болса, оның мынандай еңбектері бар. Маған хат жазып хабарлас» деп, жазыпты. Жалпы, мен ғылымға Шәкәрімнің шығармасын зерттеу арқылы келдім десем болады. Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Рүстем» дастанын да зерттеуім, мені биікке шығарды. Бұл дастанды зерттеп жүргенімде мен әдебиеттің керемет сырларына қанықтым деп айта аламын. 1973 жылы жоғарыда айтып өткен тақырыбым бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. Сол жылдары КСРО Жазушылар Одағының Қазақ әдебиеті бөлімінде консультант болып жұмыс жасап жүрген Тәкен Әлімқұлов деген азамат мені шақырып алып: «Өтеш, мен елге қайтпақпын. Менің орныма сен жұмыс істе» деп өтінді. Мен аспирантураны оқи жүріп, осы қызметті қатар алып жүрдім. 1974 жылы елге оралып, әдебиет институтында қызметке орналастым. Осы институтта жүріп мен «Рүстем дастаны» деген кітабымды шығардым. Бұл кітаптың артынша «Қазақ-араб әдебиетінің байланысы» деген кітабым шықты. Мен осылайша шығыстану ғылымына келдім. Сыр сүлейлерінің жұрнағы Ал, әдебиетке қалай келдіңіз? Мен өзі Сыр елінің тумасымын. «Сыр өңірі, жыр өңірі» демекші, жас кезімізде Сыр сүлейлерінің, жырауларының ортасында өстім. Әкем домбыраның құлағында ойнаған дәулескер күйші һәм бүркіт ұстап, саят құратын сал-серілікке жаны құмар жан еді. Біздің үйімізге сол кездегі Сыр өңірінің белгілі ақын-жыраулары келіп кететін. Жыраулар келгенде түн ұйқымды бөліп, жыр тыңдайтынмын. Одан қалса, мектептегі әдебиет пәнінің мұғалімі әдебиеттің жілігін шағып, майын ішкен адам еді. Ол кісінің әдебиетшілдігі мені әдебиет әлеміне жетектеп кіргізді. Мен әдебиетке өлеңмен келдім. 1965 жылы «Алақан», 1969 жылы «Гүлсана бағы», 2001 жылы «Москвам менің көзіммен» атты өлеңдер жинағым шықты. Ал, прозаға 1965 жылы «Таңғы шық» деген әңгіме жазумен келдім. Менің бұл әңгімемді З.Шашкин, З.Серікқалиев, Қ.Ысқақ ұнатып, жылы пікірлерін білдірді. Олар маған: «Қолыңнан проза жазу келеді екен, проза жаз» деп кеңес берді. Сол жылдары «Мәдениет» деген журнал шығып тұратын. Осы журналға менің махаббат туралы үш новеллам шықты. Бұны ақын М.Мақатаев оқыған екен. Ол кісі: «Өтеш, саған өлең жазуды таста деп айта алмаймын, бірақ, сен әңгіме жазуға шебер екенсің, осы қабілетіңді де шыңдай түс» деп, мені проза жазуға қайрады. Осы кісілердің сөзі әсер етті ме, білмеймін содан пен проза жазуға бейім бола бастадым. «Тіршілік тоқтамайды», «Ауылдан шыққан жол», «Аспалы көпір» деген әңгімелер жаздым. Бұл әңгімелерім оқырманның ықыласына бөленіп жатты. Мен, прозадағы биік шығармам деп «Польша перзенті» деген романымды айта аламын. ХІХ ғасырдағы қазақтар жөнінде естеліктер жазған Адольф Янучкевичті басты кейіпкер етіп алған бұл еңбегім бірнеше тілдерге аударылып, жарияланды. «Польша перзентін» жазуыңызға не себеп болды? Алпысыншы жылдары меніңи қолыма «Алыстан жазылған хаттар» деген кітап түсті. «Бұл кітапта не жазылған екен» деп қарасам, ХІХ ғасырда қазақ даласында айдауда болған Адольф Янучкевичтің анасына жазған хаттары берілген екен. Ол осы хаттарында қазақтар жөнінде ғажайып құнды естеліктер жазған. Қазақтар қандай халық, түрі қандай, тілі қандай, мәдениеті мен салт-дәстүрі жөнінде кең толғамды мәліметтер берген. ҚАЗМУ-дің Палина Стеклова деген оқытушысы Польшаға барғанында осы естеліктердің орысша нұсқасын елге әкеліп, оны Сәрсекеев деген журналист қазақша тәржімалап жариялады. Осы естелікті оқып отырып, мен Адольф Янучкевичке қайран қалдым. Ол менің халқымды керемет сүйіп өткен азамат екен. Оны көрмесекте, естеліктен мен оның тұлғасын танығандай болдым. Қазағыма ғашық болған адамға мен неге ғашық болмайын. Сөйтіп Адольф Янучкевичке деген сүйіспеншік «Польша перзенті» романын жазуыма түрткі болды. Өзіңізді қандай прозашымын деп ойлайсыз? Мен өзімді лирик-прозайкпін деп қабылдаймын. Себебі, мен лириканы жақсы көрдім. Лирик жазушылардың шығармаларын сүйіп оқыдым. Жан дүнием лирикаға жақын болғандықтан, менің әңгімелерімнің де лирикалық сипаты басым. Мен жас кезімде Қарауылбек Қалзиев, Әлдиқан Қалдыбаев, Ерғали Ахметов, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Рымғали Нұрғалиев секілді талантты жазушылармен бірге оқып, етене жақын араластым. Осы орта менің жазушылыққа келуіме көп әсер етті деп ойлаймын. Парсытану ғылымының пырағы Ұстаздарыңыз ретінде кімдерді айтасыз? Мен өзіме ұстаздық жасады деп Бейсенбай Кенжебаев, Мұхтар Әуезов, Ісмет Кеңесбаев, Терімғали Нұртазин, Нұртай Қабылғанов деген қазақтың ұлыларын айта аламын. Мәскеуде оқып жүрген шағымда Ғазенфор Әлиев, Кирин Юрома, атақты Конротов, Бертельс, Тенишев секілді ғалымдар ұстаздық жасады. Ұстаздарымның ішінде ерекше ғұлама деп Мұхтар Әуезовты айтар едім. Мұхтар Әуезов бізге студент кезімізде «Абайтанудан» дәріс оқитын. Мен ол кісідей білімді, шешен, ойы тым терең, жан-жақты, өзін өте ұқыпты ұстайтын энциклопедисті әлі көрген емеспін. Мұхтар Әуезовтың дәрістері мені ғылымға бастады десем, артық айтқаным емес. Себебі, біз Мұхтар Әуезовтің дәрістерінен Ұлы Абайды, Шәкәрімді, одан әріректе өмір сүрген Бұхар жырау, Ақтамберді, Дулат, Шал, Шортанбай секілді ақындармен, сондай-ақ, қазақтың ескі қисса-дастандары, эпикалық жырларымен таныстық. Әуезов менің көңіл әлемімде ғажап бір ескерткіш болып қалды. Мұхаңның дәрістерінен кейін қиялыңа қанат бітіп,  қазақтың әдебиетін зерттегің келеді де тұрады. Осындай ұлы тұлғалардан дәріс тыңдау мен үшін зор бақыт еді. Отыз жылдан астам уақыт ұстаздық жасап келесіз, шәкірт тәрбиелеуде қандай жетістіктерге жеттіңіз? Жалпы, парсытану саласы, жас сала. Бұл саланың дамуына шәкірттерім шама-шарқынша үлес қосып келеді. Г.Құдайбергенова, А.Боранбаева, Ғ.Жұмаділова, Ғ.Қамбарбекова, Ф.Ахметова, Т.Қыдыр секілді болашағынан зор үміт күттіретін шәкірттерім бар. Әсіресе, бұлардың ішінде Т.Қыдыр мен Ғ.Қамбарбекова секілді талантты шәкірттерімді ерекше айтып өтсем болады. Аға, аудармамен шұғылданғаныңызды да білеміз? Маған дейінгі ақындар араб-парсы ақындарының өлеңдерін орыс тілінен аударып келген. Менің аудармамның ерекшелігі Сағди, Омар Хаям, Рудаки, Физулилердің таңдамалы өлеңдерін тікелей түпнұсқадан тәржімаладым. Парсы ақындарының өлеңдерін аударып отырып аңғарғаным олардың дүниетанымына түркілер де ерекше әсер еткен екен. Мысалы, мен «Бабырнаманы» түпнұсқадан оқи отырып байқағаным, оның дүниетанымдық көзқарасы қазақтардың дүниетанымдық көзқарасына өте ұқсас. Аудармадағы менің тағы бір ерекшелігім, орыс аудармашылары парсы ақындарының теңеулерін түсініңкіремей, оларды әйел сүйгіш, нәпсі құмар, ішкіш ретінде сипаттады. Ал, түпнұсқаға қарасақ, парсы ақындары кейбір ішкі иірім мен рухани ләззатты бастан кешкен кезін «мас болдым» деген секілді теңеулермен түсіндірген. Осыны орыстың көзілдірігімен емес, тікелей түпнұсқадан қарағандықтан, мен мазмұнын бұзбай аударуға күш салдым. Парсыларды бізге таныстырып келесіздер, бірақ, оларға қазақты танытуда не атқарылып жатыр? - Өкінішке орай, бұл сұрағыңа мардымды жауап бере алмаймын. Себебі, парсыларда қазақтарды тануға деген құштарлық байқалмайды. Ал, өзіміздің парсытанушылар бұл тақырыпты әлі қолға ала қойған жоқ. Елімізге келген Иранның кейбір елшілері Абайды аударған сияқты болды. Бірақ, оған көңілім толмады. Қайбір жылы Иранға Президенттің делегациясымен бірге еріп барғанымда осы мәселені көтеріп: «Нұраға, Иранға қазақ әдебеиті мен мәдениетін таныстыруды қолға алуымыз керек» деп ұсыныс айтқан едім. Бұл ұсынысымды Елбасы мақұлдаған болатын. Әйткенмен, осы күнге дейін үкімет тарапынан ешқандай бір нақты бастама болмай отыр. Ал, аға уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет. Жетпіс жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын деп тілейміз. Мұхан Исахан «Қазақстан Заман» газеті 25 маусым 2009 жыл
qosymsha/abai.kz
post_133121.txt
Моңғолия кедей елден дамушы елге айналады
https://abai.kz/post/133121
"Моңғолия кедей елден дамушы елге айналады" | "https://abai.kz/post/133121"
10.05.2021
Abai.kz
null
TITLE: Моңғолия кедей елден дамушы елге айналады URL: https://abai.kz/post/133121 META: "Моңғолия кедей елден дамушы елге айналады" | "https://abai.kz/post/133121" DATE: 10.05.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 116 TEXT: Моңғолияның кедей елден дамушы елге өту мүмкіндігі бар. Бұл туралы Centralasia.media мәлімдеді. Мәселен, 1991 жылдан бастап Моңғолия табысы төмен дамушы ел мәртебесіне ие болды. 2010 жылы ел орташа табысы бар елдің шарттарына сәйкес келе бастады. Енді Моңғолия төменгі орташа табысы бар елдердің қатарына кірді. 2014 жылы бұл ел орташа табысы жоғары елдердің тізіміне енгізілді, бірақ 2015 жылы ол төменгі орташа табысы бар елдер санатына қайта оралды. Бұл негізінен макроэкономикалық ортаның нашарлығы, қаржы нарығының дамуы, инновация және жаңа бизнес-идеялардың болмауына байланысты болды. 2010 жылы қол жеткізілген прогресс Моңғолияның одан әрі орташа табысы бар елден жоғары және орташа кірісі жоғары елге өсуіне үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсеткен. Сондай-ақ дамыған елдегі өсу перспективаларына  сай әлеуетке ие екендігін көрсетті. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_192282.txt
38-летие Декабрьских событий 1986 года в Алматы
https://abai.kz/post/192282
"38-летие Декабрьских событий 1986 года в Алматы" | "https://abai.kz/post/192282"
16.12.2024
Керимсал Жубатканов
null
TITLE: 38-летие Декабрьских событий 1986 года в Алматы URL: https://abai.kz/post/192282 META: "38-летие Декабрьских событий 1986 года в Алматы" | "https://abai.kz/post/192282" DATE: 16.12.2024 AUTHOR(s): Керимсал Жубатканов TOTAL WORDS: 1288 TEXT: 16 декабря 2024 года весь Казахстан будет праздновать 33-летие своей независимости. Вместе с этим юбилеем мы будем вспоминать 38-летие Декабрьских событий 1986 года в Алматы, которые стали катализатором развала тоталитарного советского режима и обретения своей независимости всех республик бывшего СССР. Декабрьские события 1986 года в Алматы произошли через год, как пришел к власти в СССР М. С. Горбачев и через год, как он инициировал так называемую «Перестройку». Уже в годы позднего Брежнева начались т. н. застойные явления в народном хозяйстве СССР, которые резко обнажили имевшиеся противоречия и недостатки командно-бюрократической системы в планировании и размещении производительных сил. Уродливые формы приобретала отраслевая структура народного хозяйства. Такие ведомства, как Министерство среднего машиностроения, Министерство цветных металлов, Минэнерго, Министерство мелиорации, Министерство обороны, стали настоящими хозяевами на территории Казахской ССР. При составлении различных планов, разработке новых месторождений интересы республики в расчет практически не брались. От многомиллиардных доходов, которые доставались ведомствам, Казахстану доставались крохи, а то и вовсе ничего. Более тысячи всех ассигнований направлялись в добывающие отрасли, до 60 % товаров, необходимых народу, завозились из-за пределов республики. Редко какая страна в мире имела столь искривленную, колониальную структуру экономики. Идеологический тоталитаризм и остаточный принцип финансирования науки и образования пагубно отразились на развитии духовного мира человека. Науки превратились в покорных «служанок» официальной советской политики и идеологии, а культура каждого народа СССР теряла связь с национальными корнями, становилась серой и безликой. С 1954 по 1986 гг. в республике было закрыто более 600 школ с казахским языком обучения. Казахский язык перестал функционировать во многих общественных местах и превратился в сугубо бытовой. Этот длительный процесс отчуждения от национальной культуры и языка привел к появлению заметной группы манкуртов. И наконец, возмущение вызывало явное противоречие между традиционно командными действиями Центра и провозглашенными демократическими принципами перестройки. Результатом серьезных противоречий между первоначально провозглашенными целями и реальностями дня и явились декабрьские события. Поводом к ним послужила смена высшего руководства Казахстана. Однако ожидалось, что это произойдет демократическим путем, поэтому дальнейшие события справедливо были расценены народом многонационального Казахстана как нарушение властью самой же провозглашенных принципов. 15 декабря в Алма-Ату прибыл член ЦК КПСС Г. Разумовский и первый секретарь Ульяновского обкома партии Г. Колбин. 16 декабря на Пленуме ЦК Компартии Казахстана было объявлено о рекомендовании высшими партийными органами СССР Колбина на пост республиканского первого секретаря. Партийная верхушка Казахстана без обсуждения проголосовала «за» и таким образом, в нарушение всех партийных норм и устава, главой республики был избран человек, не только не связанный с Казахстаном и не знавший местных условий, но даже не состоящий на учете ни в одной из местных партийных организаций и не имеющий казахстанской прописки. Это было воспринято, как оскорбление казахского народа и вызвало стихийный протест. 17-18 декабря 1986 года молодежь Алма-Аты вышла на улицы, чтобы выразить протест против игнорирования интересов республики. Демонстрация была мирной, никаких антигосударственных или антиправительственных лозунгов не было, граждане осуществляли свое конституционное право, однако власти, не желающие идти на диалог, прибегли к террору и репрессиям, бросив против демонстрантов войска и милицию. Тем самым вновь были грубо нарушены Конституция и советские законы. Власти намеренно разжигали межнациональную рознь, вооружив железными прутьями и обрезками кабеля дружины, составленные из русскоязычных рабочих промышленных предприятий и натравливая их на демонстрантов-казахов. По некоторым источникам, в ходе трагических событий 17-18 декабря погибло более 150 демонстрантов, в лечебные учреждения Алматы попали 540 человек, более 200 были госпитализированы, различные телесные повреждения получили более 1700 человек. При разгоне демонстрации были использованы саперные лопатки, служебные собаки, людей на морозе обливали водой, избивали задержанных, многих полураздетыми вывезли и оставили за городом. Весть о разгоне демонстрации всколыхнула весь Казахстан, во многих городах республики прошли аналогичные выступления, также силой подавленные властями. За кровавым подавлением народного выступления последовали жестокие репрессии. Около 900 человек были наказаны в административном порядке, в уголовном порядке было осуждено 99 человек, среди них 18-летний К. Рыскулбеков, погибший в тюремных застенках. Только в столице 264 человека были исключены из вузов, 758 человек — из комсомола и 52 человека — из партии. Комсомольские и партийные взыскания получили около 1400 человек. Из органов внутренних дел было уволено 1200 человек, из транспортных и медицинских учреждений — более 300 человек. Своих постов лишились 12 ректоров вузов. Следствие и суд проходили с грубейшими нарушениями процессуальных норм, власти начали беспрецедентную в послесталинское время волну репрессий и гонений на национальную интеллигенцию. В начале 1987 г. было принято постановление ЦК КПСС, в котором происшедшее объявлялось проявлением «казахского национализма». Нарушением конституционных принципов равенства граждан независимо от национальности стала практика процентного квотирования рабочих мест и приема в вузы, введенная в 1987 году. Демагогические заявления Г. Колбина об интернационализме и необходимости изучения казахского языка сопровождались закрытием доступа к образованию и престижной работе представителям коренной национальности, поиском «националистов» и «коррупционеров». Тем не менее, нужно подчеркнуть, что Декабрьские события 1986 г. в Алматы стали катализатором демократизации политической жизни всего Советского Союза и имели важное историческое значение как для народов СССР, так и всего мира. Кроме того, это было первое демократическое выступление против существующей политической системы на территории бывшего СССР, которое открыло путь в стремлении казахского народа к независимости и суверенитету. Необходимо отметить, что независимый Казахстан все 33 года своего независимого существования и развития всегда уделяли самое высокое и серьезное внимание национальному вопросу или межнациональным отношениям в республике. Основными конституционными принципами государственной национальной политики в Республике Казахстан являются: — учет особенностей и основных тенденций в сфере межнациональных отношений, что играет важнейшую роль в реализации национальной политики; — равенство прав и свобод человека и гражданина независимо от его расы, национальности, языка, отношения к религии, принадлежности к социальным группам и общественным объединениям; — запрещение любых форм ограничения прав граждан по признакам социальной, расовой, национальной, языковой или религиозной принадлежности; — сохранение исторически сложившейся целостности республики; — гарантия прав народов, проживающих на территории Казахстана в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, общепризнанными принципами и нормами международного права и международными договорами Республики Казахстан; — содействие развитию национальных культур и языков народов Республики Казахстан; — своевременное и мирное разрешение противоречий и конфликтов; — запрещение деятельности, направленной на подрыв безопасности государства, возбуждение социальной, расовой, национальной и религиозной розни, ненависти либо вражды; — защита прав и интересов граждан Республики Казахстан за ее пределами, поддержка соотечественников, проживающих в зарубежных странах, в сохранении и развитии родного языка, культуры и национальных традиций, в укреплении их связей с исторической родиной в соответствии с нормами международного права. Все эти принципы в настоящее время воплощаются в жизнь. Базовыми принципами государственной национальной политики являются равные права для представителей всех национальных и конфессиональных групп и создание благоприятных условий для деятельности всех конфессий. Благодаря этому в независимом Казахстане на протяжении уже 33 лет не произошло ни одного политического массового столкновения на этнической или религиозной почве. Можно без преувеличения сказать, что первые законодательные акты независимого Казахстана создали правовую базу, в основе которой лежит гражданская и политическая общность всех граждан, обеспечивающая равенство прав и свобод всех, независимо от этнической или религиозной принад­лежности. Опыт межэтнической или национальной политики, осуществляемой суверенным Казахстаном, получил высокие оценки со стороны мирового сообщества и вызвал интерес стран со схожим полиэтническим составом населе­ния. В международном сообществе Казахстан признан как страна, ведущая последовательную внут­реннюю политику, направленную на обеспечение толерантности, межконфессионального и межкультурного согласия представителей всех национальностей, проживающих в Казахстане и представляю­щих единый народ Казахстана — народ, который активно строит современное и конкурентоспособ­ное светское государство. Казахстан заинтересован в расширении и углублении так называемого диа­лога цивилизаций, всегда поддерживал и сам выражал готовность выступить с международными инициативами, направленными на сближение понимания между Востоком и Западом по ключевым проблемам современного мироустройства. Самое главное, что Республика Казахстан сумела правильно и с учетом советского опыта в области национального вопроса, поставить так государственную политику молодого независимого государства – РК в деле межнациональных отношений, что те перекосы, которые были в бытность СССР, были успешно и эффективно преодолены и разрешены и теперь весь мир знает нашу Родину, как одно из самых стабильных государств мирового сообщества, где нет места национальным распрям, конфликтам, где все представители многонационального казахстанского народа живут в мире, согласии и дружбе. Керимсал Жубатканов, доцент Казахского агротехнического исследовательского университета им. С. Сейфуллина, кандидат исторических наук Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_111293.txt
«Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді»
https://abai.kz/post/111293
"«Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді»" | "https://abai.kz/post/111293"
27.04.2020
Abai.kz
null
TITLE: «Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді» URL: https://abai.kz/post/111293 META: "«Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді»" | "https://abai.kz/post/111293" DATE: 27.04.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 281 TEXT: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде әр қазақстандықты толғандыратын барлық сауалға толыққанды жауап берді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова білдірді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі жарияланды. Онда Президент бүгінде әрбір қазақстандықты толғандыратын барлық сауалға толыққанды әрі нақты жауап берді. Ең алдымен төтенше жағдай режимін осы жылыдң 11 мамырына дейін созу шешімі қабылданды. Бұл орын алып отырған қазіргі қиындықтардан туындаға жайт. Өкінішке ора й, індеттің шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Бір сәтте карантиндік шараларды алып тастаған жағдайда осы уақытқа дейін қол жетізген жетістіктеріміздің бәрі, нақты айтқанда вирустың тарау жағдайын бақылауда ұстау зая болады және ауруға шалдығудың жаңа толқынымен бетпе-бет келеміз», - дейді ол. Оның атап өтуінше, індеттің қауіпті екенін қаперден шығаруға болмайды. Себебі, бүгінде барша әлем осы пандемияға тап болып отыр. Бұл орайда «Бұл да өтер» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Індет адам баласының денсаулығына үлкен қатер төндіреді. «Дегенмен, коронавирустың таралуымен байланысты ахуал бақылауда тұрған облыстарда және қалаларда карантин режимі жеңілдетілуі мүмкін. Ең алдымен өнеркәсіптік кәсіпорындар, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін. Балалардың ойын алаңдарына шығуы, саяжай иелеріне учаскеде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру және халықтың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастырудың өзге де маңызды мәселелері талқыланып жатыр», - деді Зәрема Шәукенова. Институт басшысының атап өтуінше, кәсіпорын басшылары мен жергілікті билік өздеріне толық жауапкершілік алып, барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. «Күнделікті өмір дағдысынан айырылуы, жоспарлардың, кірістердің өзгеріске ұшырауы, тәуекел тобындағы, әсіресе қарт адамдардың, балалардың денсаулығындағы проблема әлеуметтік көңіл-күйдің төмендеуіне әкелетіні рас. Бұл мәселелер Үкімет тарапынан шешіліп жатыр және Президенттің тұрақты бақылауында. Олар Қауіпсіздің кеңесінің және «Nur Otan» партиясының төрағасы Елбасымыздың да жіті назарында тұр. Халықты қолдау шараларының екі топтамасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар жүйелі негізде жалғаса береді», - деді ол. Дереккөз: ҚазАқпарат Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_48605.txt
ЗИЯТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ
https://abai.kz/post/48605
"ЗИЯТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ" | "https://abai.kz/post/48605"
31.01.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЗИЯТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ URL: https://abai.kz/post/48605 META: "ЗИЯТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ" | "https://abai.kz/post/48605" DATE: 31.01.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 984 TEXT: Қытайдағы қандастарымыз ұлттық  мәдениетіміз бен  әдебиетімізге өзіндік үлестерін қосып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бір  Алтай  аймағының 1994-2002 жылдары білім департаментінің  бастығының міндетін атқарған, Алаштың ардагер азаматтарының бірі,ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, Қытай Халық Республикасы білім саласының мемлекеттік Еңбек Ері Секен Құсайынұлы. Ол кісі қызмет жасаған жылдары  Алтай аймағында білім ағарту, мәдениет саласында  елеулі жұмыстар істегенін ел жақсы біледі. Өзі басшылық жасаған жылдарда  ұжым  мамандарын  ұйымдастырып, «Алтай аймағының  оқу-ағарту шежіресі» атты көлемді кітапты баспадан шығаруы да зор еңбек. Басылымда   аймақта  оқу-ағарту саласында   ұлтты үшін   айырықша  еңбек сіңіргендер қамтылып, оны көпшілікке танытты. Солардың ішінде «Құнанбай ұрпақтарының Қытайдағы деректері» деген  бөлімінде Алтай аймағының ағарту саласында еңбегі сіңген Зият Шәкәрімұлы туралы да тың  деректер кірген. Зият көрнекті ақын,  ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының кенже  баласы.  Абай мен әкесі Шәкәрімнен тәлім-тәрбие  алған Зияттың өз қатарынан озық шыққандығы кітапта баяндалған. Әкесі Шәкәрімнің кеңес өкіметінің қудалау саясатына ұшыраған 1928-1931 жылдары қиын жағдайға  тап болғанда   Зияттың болашағын ойлап, Қытай жеріне жіберуді шешкен.  Бұл туралы  кітапта жазылған, - дейді  Астанадағы Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің Туризм  және география ғылыми зерттеу институтының директоры, география ғылымдарының докторы Адай Секенұлы. Сонымен  Шәкәрімнің  баласы Зият қалай Қытайға өткен?. «1931 жылы қазан айының бір күнінде  Шәкәрім жанында Идаят, Ғылымбай деген жолдастары және кенже ұлы Зият төртеуі Шақпақтастағы қорасынан «Кереге тас» деген жерге аттанды. Осы сапарға аттанар алдында Идаят пен Ғылымбайға Шәкәрім былай дейді: «Мен көп ойландым, барар жер, басар тау қалмапты, тіпті өлер шағымның таяғанын да аңғармай қалыппын. Ендігі байлауым Қытайға өтетіндерге Зиятты қосып жібермекпін. Ондағы ойым, менің өлімімді ол, оның өлімін мен көрмеймін дегенім ғой» депті. Міне,  осы сапарда Зият елмен-жұртымен қоштасып, Қытайға кетуге мәжбүр болған. Әкесінің бар қолжазбаларын да бірге әкеткен екен.  Зияттың өмірі Қытай жеріне барғанда оңай болмайды,   көп қиыншылық көріп, әкесінің өлімін естиді. Басына түскен қайғы-қасіретін өлең арқылы қағазға түсіреді.  Әкесіне арнап, Шәуешек қаласында «Сілбе» деген дастан жазады. Жастайынан зерек,  сауатты жігіт 1934  жылы Шығыс Түркістандағы Сарысүмбе қаласында қысқа мерізімді  оқытушылар курсын бітіріп,  Алтай аймағының оқу-ағарту бөлімінде қызмет істейді. Зият та ағасы Ахай сияқты зерделі, үлкен парасатты болып өседі. Қытай қазақтары арасында  танылады. Және де шекара асып келгендердің арасында Шәкәрім қажыны танитындар да Зиятқа қол ұшын береді.  Ол әкесінің мұрасын насихаттап,  өзі де өлең жазып, ән шығарған. Ел ішінде ағарту саласында белсендік танытып,   ойын-сауық істерін жолға қоюмен шұғылданады. Аюбай, Үкірдай деген атпен аймақта тұңғыш рет  пьеса жазып, оны Сарысүмбеде сахнаға қойғызады. Туынды  надан байлардың дөрекелігі мен зорлық-зомбылығын әшкерелейді. Бұдан дейін жастарды ғылым мен білімге үндеу мақсатына арналған "Шал мен баланың айтысы" атты пьесанында сахнаға қойған.  Сондай-ақ мұнда қызмет істеп жүріп, режиссер  ретінде « Қ ара г өз » , « Ш ұға » , « Қ алқаман мен М амыр » , « Ж албыр » сияқты пьесаларды сахнаға шығарады.  Абайдың, Шәкәрімнің өлеңдері мен шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттайды.  Мектеп оқушыларына Абай мен Шәкәрім әндерін үйретуге ерекше назар аударады. Бұдан да басқа қазақ ақындарының өлеңдерінен мектеп оқушыларына,  жататып айтқызуды да халық арасында ұйымдастырып  ұйтқы  болыпты. Зият 1935 жылы қазіргі Шыңжаң  ұйғыр автономиялы районының орталығы Үрімжі қаласындағы қазақ-қырғыз ағарту ұйымының ойын-сауық меңгерушісі және Шынжаң газетінің қазақ редакциясының әдебиет бөлімін басқарады. Мамыр төңкерісіне арналған әнұранды Мұқаш Жәкеұлымен  бірлесе отырып, қазақ тілінде аударып жастарға кеңінен таратты.  Сонымен қатар бір талай лирикалық өлеңдер жазып, ақындығымен де танылады. 1937 жылы Зият қазақтың сол кездегі бірталай  зиялыларымен бірге Шынжаңдағы Сталинмен ауыз жаласқан  Шың  Шысай үкіметі жағынан тұтқындалып, содан қайта оралмайды. Бір деректерге қарағанда ол  1937 жылы Үрімжіде атылды десе, енді бір деректерде 1940 жылы Үрімжі қаласының шығысындағы Саяпыл көлінің жағасында тірідей көмілді (Кәрім Әкрами) деген сөз бар. Зияттың өзіне тән үлкен бір қасиеті өте зеректілігі. Қажының барлық  өлеңдері мен шығармаларын жатқа айтатындығы жазылған. Ол тұтқындалған кезде жазған өлеңдері мен кітаптарын өзімен бірге алып кеткен деген сөз бар. Жинаққа Зияттың бірнеше өлеңдері мен әндері кірген. Секен Құсайынұлы Біз Зият Шәкәрімұлының бірнеше өлеңін оқырман назарына ұсынамыз Ә кеме Қажы еді әкем кәрі шал, Жетіпіс үште жасы бар. Анық жеміс алғанға, Шөлдеген жанға еді бал. Сүйегі қалды қиырда-ай, Басыңа халық жиылмай. Туысқан, бауыр, балаңнан, Топырақ қолдан бұйырмай. Алланың пұлдап қағазын, Өзгермей өткен сабазым. Міндетін танып жөн көрген, Ораза екен, намазын. Бейсенбі күні өттің бе, Шейіттік жолға жеттің бе. Айырылман деген әкешім, Шынымен тастап кеттің бе. Жиырма сегіз жасымда, Жалғанның көрдім тарлығын. Қайғыны салдың басыма, Ең ауырын барлығын. Әкешім сізді сағындым, Ойласам естен жаңылдым. Жас өмірді сөндіріп, Тағдыр-ау саған не қылдым. Асқар белім, биігім, Қайғының тарттым күйігін. Қайғы билеп әкетті, Көтере алмай иығым. Паналаушы едім саяңды, Опасыз өмір таянды. Жүректегі зар-мұңым, Бір өзіңе аянды. Ұ лы едім (әні бар) Ұлы едім Шәкәрімнің Зият деген, Ән айтқан бала жастан қияқпенен. Әкенің тәрбиесі сіңіп бойға, Қиянат жанға жасау ұят деген. Қа й ырмасы; Осыны ұстап өтемін, Шыңғыстау еді мекенім. Зұлымның түсіп торына, Тас түрме болды төсегім. Дінсіздер адамдарды арандатты, Қылышын, қол шоқпарын жалаңдатты. Алдамшы саясаттан тозы тоқып, Зынданға зиялыны тамам жапты. Қа й ырмасы; Жатырмыз Үрімшінің түрмесінде, Өңкей қу екі елден бірлесуде. Ақылды азаматтар тұтқын болып, Азапты аянышты күн кешуде. Орнымынан зорға тұрдым сыз өтіп бір, Тайсалмай Таңжарықта жыр етіп жүр. Мәскеуден қаруланған тыңшысын- ай, Орыстың әскерлері күзетіп тұр. Десекте қайырымды жапа көрмес, Опалы тар кезеңде болды жерлес. Өз халқын зар илеткен большевиктер, Ешікімге олар түбі опа бермес. Сөзі бар жолдас деген тасырлаған, Арнаға адамшылық бас ұрмаған. Дегені қара таяқ қарғыс атқан, Тарихтан дым білмейтін тақыр надан. Кім қалай зұлымдықты жасырады, Әзірше олар дегенің  асырады. Әлемнің тарихы егер анық болса, Бар сыры большевиктің ашылады. Өзінің қуат алып үміттен, Бойымды байқап санап жүрісінен. Сарқылмас сәлемімді жеткізер деп, Қызайдың бердім жазып жігітінен, Шүкірлік айырылмайтын ұятымнан, Өмірдің жүрсем дағы қиясынан. Сәлем де көзі ашық күллі адамға, Ұлы бұл Шәкәрімнің Зиятынан. Қоштасу (әні бар) Қош болған атамекен қайран Шыңғыс, Тұсты ауыр ел басына не бір мұңлы іс. Жосылдық Шәуешекке атты жаяу, Көзіме жас толғаны менің тұңғыш. Қа й ырмасы : Көрдік зұлым жәбірін, Кетті содан сабырым. Құшақтадым қоштасып, Бабалардың қабырын. Найман ел құда, туыс бауырымыз, Іргелес қонатұғын ауылымыз. Түнеріп түн жамылып үрке көштік, Болған соң әділетсіз дауырымыз. Қа й ырмасы : Заңына тіршіліктің бағынармын, Сұмпайы суайтыққа табынар кім. Жүрсем де шалқып басып жер бетінде, Туған жер сені тынбай сағынармын. Дайындаған Жексен Алпартегі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_42484.txt
Исламабадта Кабулдың тәлібтермен келіссөздері талқыланады
https://abai.kz/post/42484
"Исламабадта Кабулдың тәлібтермен келіссөздері талқыланады" | "https://abai.kz/post/42484"
29.01.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Исламабадта Кабулдың тәлібтермен келіссөздері талқыланады URL: https://abai.kz/post/42484 META: "Исламабадта Кабулдың тәлібтермен келіссөздері талқыланады" | "https://abai.kz/post/42484" DATE: 29.01.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 94 TEXT: Пәкістанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстан, Пәкістан, Қытай және Құрама Штаттардың өкілдері Кабул мен «Талибан» қозғалысының арасындағы келіссөздерді жалғастыру мәселелерін талқылайтындарын хабарлады. М инистрліктің баспасөз хатшысы Кази Халиулла ақпанның 6-на Исламабадта жоспарланған кездесуде Ауғанстандағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу жоспарын келісудің көзделгенін айтты. Бұл соңғы бірнеше апта ішіндегі осындай үшінші кездесу болмақ. Халиулла осы мәселелерді шешу үшін ел премьер-министрі Наваз Шарифтың жақында Катарға жол жүретінін хабарлады. Дегенмен сапар мақсаты туралы дерек берілмеді. Пәкістан СІМ мұндай хабарды бірнеше күн бұрын «Талибан» қозғалысы алдағы келіссөздерде өздерінің атынан тек Катардағы «саяси өкілдігі» сөйлей алатынын мәлімдеген соң таратып отыр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_43050.txt
«ОНДА МЕН БАСҚА ПАПА ТАУЫП АЛАМ...»
https://abai.kz/post/43050
"«ОНДА МЕН БАСҚА ПАПА ТАУЫП АЛАМ...»" | "https://abai.kz/post/43050"
14.12.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «ОНДА МЕН БАСҚА ПАПА ТАУЫП АЛАМ...» URL: https://abai.kz/post/43050 META: "«ОНДА МЕН БАСҚА ПАПА ТАУЫП АЛАМ...»" | "https://abai.kz/post/43050" DATE: 14.12.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 580 TEXT: «СОНДА ӘКЕТАЙЫМ ЖӘННАТҚА КЕТТІ МЕ?..» Діни басқарма жанында Қажылық Миссиясы жұмыс істейді. Миссия мүшелері қажылық маусымы кезінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл Бас мүфти бастамасымен журналистер де қажылыққа барып қайтты. Тілшілер арасында осы жолдардың авторы да болған еді. Қажылық деген – тәрбие мектебі ғой, шіркін! Ұзын-сонар кезек, адам кептелісі, күннің аптап ыстығы, тастақ жерде түнеу, ұлы сапарда кездесетін азды-көпті сынақтар – пенденің сабырын шыңдайды, тақуалығын арттырады. Керісінше, Қағбаға деген сағыныш осынау машақаттарға мойымауға тәрбиелейді. Шәй ішпесе басы ауырып, балтыры сыздайтын ақ самайлы әжелер мен ақ жаулықты аналардың, ақсақалдардың бірнеше шақырымды шаршамай бағындырғанын байқап, сауапты амалға асығудың орнына сылтау айтып, себеп іздеген бізге үлкен сабақ болды. Қысқасы, қажылықтан алған әсер көп. Біздің айтайын дегеніміз басқа еді. Үйге келгенде қызымның қызық әңгімесін естіп, көпке дейін күліп, одан кейін көп ойланып қалған жағдай болды. Үш жасар Зейнептің анасымен болған әңгімесі былай өріліпті. – Анашым, әкетай қайда? Неге келмей кетті? ( Қажылық сапар 20 күнге созылды. Біраз күн көрінбей кеткенім қызымды ойландырса керек – А.Қ. ) –       Қажылыққа кеткен. –       Қажылық деген не сонда? –       Меккедегі Қағба туралы кітаптан оқып беріп едім ғой. Есіңде ме? –       Иә. –       Мұсылмандар сол Қағбаны айналып, Алладан: «Денсаулық бер, тамақ бер, киім бер, бөпе бер...» – деп сұрайды. Алла сосын сұраған нәрсені береді. –       А-а-а-а-а! Сонда әкетайым жәннатқа кетті ме? Қашан келеді-і-і-і-і, а? –       ... «ОНДА МЕН БАСҚА ПАПА ТАУЫП АЛАМ...» Тағы сол Зейнеп туралы қызық оқиға. Қызық деймін-ау, терең ойланатын жағдай. Ол әжесіне, әкесіне, анасына деген сезімін сөзбен емес, іспен білдіреді. Іспен болғанда, мойынға тоқтаусыз асылады, үлкендермен алысады кеп... Кейде күреске жақын ба деп қаласың... Кейбір достарым оны батыр қыз деп те атайды. Қонақ келсе, қысылуды білмейді, шіркін. Баса-көктеп қонақ бөлмеге кіреді де дастарқаннан қалаған затын алады, онысымен қоймай келген кісілердің көзінше қолындағысын асайды... Бірде жұмыстан келген бетім еді, пәтерге кірісімен мойныма асылды, баяғы әдетіне салып «күресті» бастап кеп жіберді. Әлі сырт киімімді шешіп үлгермегем. Жақсы мағынада айтқанда, «ығырымды» шығарса бола ма? Баламен алысу, оны аймалау – жұмыстан келген адам үшін нағыз демалыс қой. Бір иіскеген кезде күндік бойы жиналған шаршау әп-сәтте шығып кетеді екен. Қандай ғажап! Алланың нығметі ғой. Сөйтіп, киімді шешуге мұрсат бермеген Зейнепке: «Қазір мен киім ауыстырып алайын. Сосын ойнаймыз, жарай ма?» – дегеніме міз бағар емес. Зілмен: «Зейне-е-е-п», – деп жіберсем керек. Теріс бұрылып, бұртиды да қалды. Ренжісе бет-аузы «иттерше» «тыржиып» кететіні бар. Одан сайын сүйкімді болып кетеді. Көңілін аулайын деп, әрі сөйлеймін – қарайтын емес, бері сөйлеймін – күлетін емес. «Анда апарам, мұнда ойнатам», – деп уәдені үйіп-төгіп жатырмын. Онда да беті бері қарайтын түрі жоқ. Көзіме тесіле қарады да: «Егер ойнамасаң ( ашуланған кезде «сен» деп кететіні бар, былай кезде сіз дейді – А.Қ. ), онда мен басқа папа тауып алам. Сосын сол папамен ойнаймын» , – деген сөзбен үнімді өшірді. Не дерімді білмей, құшақтай беріппін. Зейнептің зілдей сөзі көңілді босатып жіберсе бола ма? Көзден бір тамшы жас ыршып кетті... Баланың көңілі нәзік болады екен. Олар әрбір сөзді нәзік жүрегімен, пәк пейілмен қабылдайды. Кейде үлкен кісіге айтар сөзді оларға байқамай бағыттап жібереміз. Әр нәрсеге баланың көзімен қарай бермейміз. Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік, зор міндет екен. Құшаққа басып, бір сәт мауқын баспасаңыз, жақсы көретініңізді жиі дәлелдеп (сөзбен де іспен де) тұрмасаңыз – бізден «бас тартуға», «басқа папа» тауып алуға дайын. Бұл – жүректі ауыртқан жағдай болды. Ал бауыр еті баласын тастап кеткендер қаншама. Осыдан кейін тастанды баланың жүрегі «тасқа» айналмай қайтсін?! Алла ондай істен аулақ етсін! Мейірім жоғалған кезде оның орнын қатігездік толтырмақ. Баламызды бауырымызға жиі басайық. Әтпесе, олар «басқа папа» тауып алады екен... Байқайық... Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_16867.txt
Нағыз Қапшықбайұлы. Бір өлеңнің үш аудармасы
https://abai.kz/post/16867
"Нағыз Қапшықбайұлы. Бір өлеңнің үш аудармасы" | "https://abai.kz/post/16867"
13.05.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Нағыз Қапшықбайұлы. Бір өлеңнің үш аудармасы URL: https://abai.kz/post/16867 META: "Нағыз Қапшықбайұлы. Бір өлеңнің үш аудармасы" | "https://abai.kz/post/16867" DATE: 13.05.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1340 TEXT: Барлық замандарды жырларымен бағындырған ұлы суреткерлердің еңбектерін бір ел әдебиетінде бірнеше буын болып әлденеше рет аударатын, аудара отырып жасартып, қунақыландыра түсетін заңды дәстүр бар. Бізге әр заманнан жеткен қастерлі қазынамыз екеніне қарамастан солардың ішінде шоқтығы биік болып, иығы бәрінен озып, ерекше көзге түсіп тұратыны болады. Кейде сонау ертедегісі, кейде кешегісі мен бүгінгісі алмакезек түсіп, сапалық тұрғыдан жарсықандай, бірін-бірі толықтырған, араларында әдемі үндестік, берекелі жалғастық  жатады.  Кейде сол «жетілдіру» біріншісімен ғана қалып, кейінгілері одан артылдыра алмай, «күйісін» кетіріп алып жататыны да аз емес. Мәселен, Абайдың орыстан, батыс ақындарынан аударған көп өлең-жырлары кейін де талай мәрте аударылды. Бұрынғысынан гөрі сөздерінің дәлме-дәлдігі артты, өлең құрылысы бұзылмай сақталынды. Бірақ, Абайдың жеткен шеберлік деңгейімен таласа қоятын аударма берген қазақ ақыны болған жоқ. Әйткенмен Абайдан кейін қазақ әдебиетіне тегеурінді күшпен келген жаңашыл, озық ойлы қаламгер легі ұлы ақын дәстүрін өгейсіткен жоқ. Олар Абай аударып кеткен өлеңдерді қолға қайта алғанда алдынғысына аса құрметпен қарап, оны өздеріне үлгі тұтып отырды. Абай аудармаларының нәзіктігі мен әсерлігі өзінен кейінгі аудармашыларды көркемдік бағытынан жаңылдырмайтын жол сілтеуші Темірқазығы болды. Барлық замандарды жырларымен бағындырған ұлы суреткерлердің еңбектерін бір ел әдебиетінде бірнеше буын болып әлденеше рет аударатын, аудара отырып жасартып, қунақыландыра түсетін заңды дәстүр бар. Бізге әр заманнан жеткен қастерлі қазынамыз екеніне қарамастан солардың ішінде шоқтығы биік болып, иығы бәрінен озып, ерекше көзге түсіп тұратыны болады. Кейде сонау ертедегісі, кейде кешегісі мен бүгінгісі алмакезек түсіп, сапалық тұрғыдан жарсықандай, бірін-бірі толықтырған, араларында әдемі үндестік, берекелі жалғастық  жатады.  Кейде сол «жетілдіру» біріншісімен ғана қалып, кейінгілері одан артылдыра алмай, «күйісін» кетіріп алып жататыны да аз емес. Мәселен, Абайдың орыстан, батыс ақындарынан аударған көп өлең-жырлары кейін де талай мәрте аударылды. Бұрынғысынан гөрі сөздерінің дәлме-дәлдігі артты, өлең құрылысы бұзылмай сақталынды. Бірақ, Абайдың жеткен шеберлік деңгейімен таласа қоятын аударма берген қазақ ақыны болған жоқ. Әйткенмен Абайдан кейін қазақ әдебиетіне тегеурінді күшпен келген жаңашыл, озық ойлы қаламгер легі ұлы ақын дәстүрін өгейсіткен жоқ. Олар Абай аударып кеткен өлеңдерді қолға қайта алғанда алдынғысына аса құрметпен қарап, оны өздеріне үлгі тұтып отырды. Абай аудармаларының нәзіктігі мен әсерлігі өзінен кейінгі аудармашыларды көркемдік бағытынан жаңылдырмайтын жол сілтеуші Темірқазығы болды. Абайдың өлеңді көзінен тізіп аудара бермей, өз жанымен астасып жатқан мұңдас, сырлас өлеңдерді таңдап аударатыны, жәй аудармай, оған жүрегінің үнін, заманының тынысын сіңіре аударатыны ақын шығармашылығының ерекше бір қыры екені шынымен қайран қаларлық. Сондықтан ақын аудармаларынан жазушы автордың өзін, оның заманын емес, Абайдың болмысын, Абайдың ортасын көбірек көреміз. Сондай бір ақынның өз мұңы, өз сырындай боп кеткен, оқушысын еріксіз ақынның зарлы күйіне елтітетін, Абай аудармаларының ішінде сырлы да сұлуы Лермонтовтан аударған Байронның «Көңілім менің қараңғы» өлеңі. Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! Алтынды домбыраңмен келші жақсын. Ішек бойлап, он саусақ жорғаласа, Бейіштің үні шығар қоңыр салқын. Егер сорым түбімен әкетпесе, Керек қой көңілді үміт тебірентсе. Қатып қалған көзімде бір тамшы жас, Төгілмей ме бой жылып, ол да ерісе?! Абай бүтін өлеңнің екі шумағын аударған, қалған сегіз жолын аудармай қалдырып кеткен. Өлеңмен таныс адамның барлығына бұл белгілі нәрсе. Шамасы, ұлы ақын өз басындағы көңіл-күй ұқсастығын осы екі шумақтан дәл байқаған. Жұртына сөзі жүріп, ақылы өтпеген қапалы ақынымыз дәнішпан ағылшын ақынының жырын өз қайғысына бөлеп, сырлы бір сезіммен тербейді. Қайғының мұңды ләззатына батады. Өктемшіл болыс-биден, өзімшіл байдан, ел сорған молдадан, қараңғы ағайыннан көңілі суыған ақын оңашада, өз ошағының басында ақын әнімен жабыққан жанын демегісі келеді. Бірақ қайғының соңына да түсіп алмай, дала жұртының момақан үміт-сабырына салып, «сап, көңілім, сап» деп қайғысын тез жиып ала қояды. Ал одан әрі барып, жылауды, шағынуды, ажалды сөз етуді жат санап кейінгі жолдарды әдейі аудармаған көрінеді. Бұрын аударылған дүниені оның шикі, жетпей жатқан тұсын қайта жетілдіре, асыра түсу үшін аударады немесе өресі биік дос көңілімен шын ғашық болып, іштей қызыға, жарысқа түскенде аударады. Абай аударған өлеңдерді тәржімалаушылардан осы екі мақсат анық байқалып тұрады. Абай көбінде толық өлеңді не қысқартып не мазмұнын аз шумаққа сыйдырып ықшамдап аударған ғой. Абай аудармаларының сүйкімділігі қандай таң қалдырса, шығарманы билеп-төстегіш еркіндігі де сондай таң қаларлық. Сондықтан Абайдың қолынан өткен дүниелерге қайта соғып, олардың сюжеттік тұтастығын, дәлме-дәлдігін түпнұсқадағы қалпындай етіп қайта аударып жатудың өзі заңды әрі керек дүние. Абайдан кейін «көңілім менің қараңғыны» Лермонтовтың дәл осы нұсқасынан Қасым Аманжолов пен Ғафу Қайырбековтер аударды. Қос ақын да Абай салған жолды берік тұтынып, өлеңді құшырлана аударады. Бір кездері аға ақын жағып кеткен қоламтаны қастерлей аялап қайта жағады, сонымен бірге кемеңгер ақынды қайталамауға да ізденген. Соның анық мысалы өлең таққырыбын Абайға ұқсатпай, жаңаша етіп аударулары. Абай алғашқы боп аударғандықтан ең сәтті тақырыптық тәржіма сол кісінікі. Әйтпесе, Байронның өзіне де, Лермонтовтың аудармасына да дәл келетін балама осы «Көңілім менің қараңғы». Қасым Аманжоловта: Қапалы менің жаным. Тез, тез, әнші, Арфаны мынау алтын қолыңа алшы. Жорғалап жөнелгенде саусақтарың, Пейіштің ыңыранып күйі ояншы. Біржола үміт, арман қалмаса өліп, Кеудемде бір оянсын тебіреніп. Суалған көздерімде бір тамшы жас, Бар болса, балқиыншы соны төгіп. Ғафу Қайырбековте: Көңілім сұп-сұр. Қайда әнші, келші бермен, Алтын сынды арфаны шерт жігермен. Қалтырамай сасағың қақсын безек, Үнін оят жұмақтың, естиін мен. Тауыспаса барымды тағдыр сарқып, Бір сілкініп көрейін тағы шалқып. Көзімдегі ақ сүңгі - ақырғы жас, Ет қызуымен ерісін о да балқып. Бір өлеңге жасалған тәржіме болғандықтан рухы, мінезі жағынан үшеуі де бір-бірінен аумай қалған. Өлең тәржімаларындағы әуез, ырғақ, екпін, сыртқы қияпатына дейін ұқсағандарымен үш суретіші де сөз маржанын түрліше тізеді. Иә, Абай аудармасы түнгі дала жырындай жанға жайлы, тұңғиық аспан жұлдызындай алыс та, әсем. Шеберлік жағынан кейінгі қос ақынымыз алғашқы екі шумақ бойы Абайдан алыс кетпей, аға ақынға арқа сүйейді. Әсіресе, Қасымның Абайдан алған сөздері көп. Мәселен, «жорғалап саусақтарың», «пейіш», «тебіреніп», «бір тамшы жас», «төгіп» деп келетін жерлері. Ал, Абай аудармай кеткен соңғы сегіз жолға келгенде екі ақын да өз күштеріне басып, өздерінше шығандайды. Шығандап қана қоймайды, өздері де қосыла шер төгіп, Лермонтов нұсқасымен бірге егіліп, таусыла мұңаяды. Қайғысыз адам болмайды. Мұңды ән мен күй адам жанында шөгіп жатқан дертті қозғайды, шымырлатып уын бойға жаяды. Бұрыннан таныс, баяғыдан бар әлдебір мұңды сарын толқи кеп жүрекке құйылады, іштегі ыстық леп көкіректі қарыс айыра лықсый барып сыртқа шығады. Қасым Аманжоловта: Мейлі әнің болсын тағы тағдырымдай, Маған жат шаттық үні, о, құрбым-ай... Келеді бір жылағым, абзал жыршым, Тұрғанда көкірегім қарс айрылмай. Сіңіріп көп қасірет жұтқан удай Булыққан жан сарайым бір ашылмай Соқты енді қатал сағат толды кеудем - Ажалдың уға толы шарасындай. Ғафу Қайырбековте: Ащы әніңді аяма, шерт күштірек, Тәтті әніңді көтермен - дерт күштірек. Жылат мені, етегім жасқа толтыр, Қақ бөлінсін демесең тепкіш жүрек. Келді кеудем мұң-шері бір басылмай, Ұзақ төзді өзінен сырды асырмай. Жетті сағат: ол дағы уға толды, Уға толған ажалдың құмарасындай. Өлеңдегі «мен» Абай орта жолда кеткен соң бөлек екі тұлғаға айналып шыға келгендей болады. Қасымда ол қайғылы әрі күйреуік адам болса, Ғафуда жігерлі жанның қасіретті шері боп естіледі. Жол сайын бірінші буынға түсіп отыратын қатқыл үн күңіренген ашудың дәл өзіндей боп құлаққа жетеді. Алғашқы екі шумақтың ізімен алғанда Ғафудың тәржімасы өлеңге көбірек жақын. Сірә, Қасым аудармасындағы әлгіндей күңіреністі күйді - ақынды билеген сол тұстағы тұрмыстық жұтаң күйден туған мұңды наласы тудырған да, қабарып келіп жауа алмай, құтырық желден тоз-тозы шығып жөңкіп көшкен бұлттың күйін берерлік аянышты саз болып шыққан. Не дегенмен де, өлеңдегі мұң жай адамның мұңы емес. Ірі нителектуалды жанның мұңы. Байронның «еврей әуендері» деп аталатын өлеңдер топтамасындағы біраз өлеңдер інжілдегі аңыздарға негізделіп шығарылған. Сол «біраздың» ішінде «Саулдың ұрысқа шығар алдындағы ойы» сияқты тікелей Саулға арналған өлеңдері бар. Ал Сауылдың өзі, інжілде айтылатын аңыз бойынша, Изриалдің алғашқы патшасы. «Көңілім менің қараңғы» деп тұрған да осы Саул патша. Ол мындан: алғашқыда жаратушының ерекше мейірі түскен Саул кейін құдайдың өзін де, сөзін де тыңдауды қояды. Мұнан соң жаратушы одан теріс айналып, көңіліне мұң құяды. Содан жабырқаудан көз ашпаған патша көңіл емін ән мен күйден іздейді. Сондай күйдің үстінде сарайына бала Дәуітті шақыртып, күй ойнаттырады. Саулдың осы сәтін Байрон қағазға түсіреді. Одан Лермонтов, Лермонтовтан Абайлар алып аударады. Енді ол Саулдың ғана мұң-наласы болмай, патша билігінің әдлетсіздігін көрген Лермонтовтың,  болыс-бидің ашкөздігінен түңілген Абайдың мұң-қайғысы боп төгіледі. Сөйтіп бұл жүректен-жүректерге көшіп отырып Қасымдарға жетеді. Поэзияға қарағанда қара сөзде біреуден кейін біреудің қайталап аударуы сирек ұшырасады. Оның басты себебі қара сөздің ұзақтығы мен шұбалаңдығынан тыс,  өлең-жырлардың ішкі-сыртқы жинақылығы, нұсқалығы мен адам жанын табан астында қозғап әкететін қуатында жатыр. Жоғарыдағы үш аударма біздің қазақ оқушыларының қызыға қарап, тамсана оқитын мұрасы. Қазақ әдебиетінде Байронның осы өлеңі әлі талай жаңғырар, жасарар. Бірақ, Абай, Қасым, Ғафу аудармалары уақыт өткен сайын бағасы артып, қадір-қасиеті арта түскен үстіне арта береді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_11421.txt
Жовтис пен Кучуков бостандыққа шығады. Ал, Арон мен Ермек ше?
https://abai.kz/post/11421
"Жовтис пен Кучуков бостандыққа шығады. Ал, Арон мен Ермек ше?" | "https://abai.kz/post/11421"
11.11.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Жовтис пен Кучуков бостандыққа шығады. Ал, Арон мен Ермек ше? URL: https://abai.kz/post/11421 META: "Жовтис пен Кучуков бостандыққа шығады. Ал, Арон мен Ермек ше?" | "https://abai.kz/post/11421" DATE: 11.11.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 520 TEXT: Таяуда Евгений Жовтис пен Тохнияз Кучуков бостандыққа шығып қалуы мүмкін. Осылай деп «Время» газеті жазып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық адам құқығын қорғау бюросының Қазақстандағы басшысы Евгений Жовтис 2009 жылдың тамыз айында өзі тізгінін ұстап отырған автокөлікпен адам қағып өлтірген болатын. «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуков те ел аузында «Қапшағай тарассасы» деп аталатын күрежолдың бойында теміркөлігімен бір жолаушыны соғып, мерт еткен-ді. Жовтис те, Кучуков те кінәларын дер кезінде мойындап, жасаған қылмыстарынан жалтармаған болатын. Жовтисті Алматы облысы, Балқаш аудандық соты 4 жылға, Кучкуовты Қапшағай қалалық соты 4 жылға бас бостандықтарынан айырған-ды. Екеуі қазір Шығыс Қазақстан облысындағы абақтылардың бірінде жазаларын өтеп жатыр. «Время» газетінің арнайы сауалына  ІІМ  Шығыс Қазақстан облысындағы  қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Төлеухан Белгібаев жауап бере отырып Жовтис пен Кучуковтың бостандыққа шығып қалуы мүмкін екені жөнінде былай дейді: -Әзірше ол екеуіне берілетін бостандық заңды күшіне ене қойған жоқ. Егер Президент қол қойса, Жовтис пен Кучуков жаңа жылды азаттықтың құшағында, отбасы мүшелерімен бірге қарсы алады. Таяуда Евгений Жовтис пен Тохнияз Кучуков бостандыққа шығып қалуы мүмкін. Осылай деп «Время» газеті жазып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық адам құқығын қорғау бюросының Қазақстандағы басшысы Евгений Жовтис 2009 жылдың тамыз айында өзі тізгінін ұстап отырған автокөлікпен адам қағып өлтірген болатын. «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуков те ел аузында «Қапшағай тарассасы» деп аталатын күрежолдың бойында теміркөлігімен бір жолаушыны соғып, мерт еткен-ді. Жовтис те, Кучуков те кінәларын дер кезінде мойындап, жасаған қылмыстарынан жалтармаған болатын. Жовтисті Алматы облысы, Балқаш аудандық соты 4 жылға, Кучкуовты Қапшағай қалалық соты 4 жылға бас бостандықтарынан айырған-ды. Екеуі қазір Шығыс Қазақстан облысындағы абақтылардың бірінде жазаларын өтеп жатыр. «Время» газетінің арнайы сауалына  ІІМ  Шығыс Қазақстан облысындағы  қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Төлеухан Белгібаев жауап бере отырып Жовтис пен Кучуковтың бостандыққа шығып қалуы мүмкін екені жөнінде былай дейді: -Әзірше ол екеуіне берілетін бостандық заңды күшіне ене қойған жоқ. Егер Президент қол қойса, Жовтис пен Кучуков жаңа жылды азаттықтың құшағында, отбасы мүшелерімен бірге қарсы алады. Жә, жөн делік. Біреуге жамандық емес, амандық, басына азаттық тілейік. Жасырып қайтеміз, аталған екеудің де қазаққа  қаны қатып қалған жандар еді, бәлкім темір тордың аржағындағы тәртіп түзеген шығар, ойландырған шығар. Әйткенменде, «айтпаса сөздің атасы өледі», Жовтис дейтін жойыттың ұлы Қазақстандағы орыстілді жорналшы болсын, қозғалыс, ұйым атаулының белсенді өкілі болсын қандай да бір заң бұзып, жаза басса, басынан құс ұшырмай құқығын қорғап, мұхиттың арғы бетіндегі әріптестерінің құлағын шулатып қоятын. Сондай әделтшіл Жовтис Шаңырақ пен Бақайдың қазақтары қиындыққа ұшырап, ашық аспанның астында қалып, баспаналарынан айрылып жатқанда тырс етіп үн қатқан емес. Тәйір-ау, Шаңырақ пен Бақай деген  Алматының тап іргесіндегі қазақ ауыл ғой. Сол қазақ ауылдың тағдыры үшін басын бәйгеге тіккен ақын Арон Атабектің де халі  оны толғандырмады.  Арон шын-өтірігі белгісіз, полиция қызметкерін байлап қойып өртеп өлтірген күдіктілерді ұйымдастырды деген айыпқа жығылып  сотталып кетті. Арашашы Жовтис болмай-ақ қойсын, алайда Арон сияқты азаматтар да амнистияға ілігіп азаттыққа шығып жатса, айып па? Елбасы туралы ғайбат сөйледі дейтін жаламен жазықсыз сотталған ұлтшыл азамат Ермек Нарымбаевқа да билік кешірім етсе, тағынан тая ма? Таймайды. Бірақ біздің қоғамда Жовтис пен Кучуковтың сөзін сөйлейтіндер ықпалды болып тұр. «Ұлықсыған ортыстың» (Абай) заң-зәкөні де солардың жағында. Алдағы мәжіліс депутаттарының сайлауы үшін де, демократияшыл Батыстың алдында ақталу үшін де Жовтис пен Кучуковтың азаттығы Астанадағы ақжағалылар үшін қымбат  сияқты. Ал, қазақ сорлы шіри берсін... «Абай-ақпарат»
qosymsha/abai.kz
post_73238.txt
Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді
https://abai.kz/post/73238
"Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді" | "https://abai.kz/post/73238"
17.07.2018
Abai.kz
null
TITLE: Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді URL: https://abai.kz/post/73238 META: "Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді" | "https://abai.kz/post/73238" DATE: 17.07.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 164 TEXT: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 шілдеде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Кездесуде Назарбаев валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елде қажетті жағдай жасалғанын айтты. "Бірінші жарты жылдықта экономика төрт пайыздан астам өсті. Теңгені еркін айналымға жібергеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді" деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ақышевтың айтуынша, теңге бағамының өзгеруіне Қазақстан халқы бейімделген. "Теңге бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор – Қазақстанның сауда-экономикалық нарығындағы валюталық-қаржылық жағдай. Екінші фактор – доллардың бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардың мұндай құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Қазақстанда шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендегені байқалып отыр" деді Ұлттық банк төрағасы. Ақышев кездесуде негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасқанын айтты. "2018 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ұлттық банк инфляция деңгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр" деді ол. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_38009.txt
РИДДЕР "ЖҰТЫП" ЖАТЫР
https://abai.kz/post/38009
"РИДДЕР "ЖҰТЫП" ЖАТЫР" | "https://abai.kz/post/38009"
07.04.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: РИДДЕР "ЖҰТЫП" ЖАТЫР URL: https://abai.kz/post/38009 META: "РИДДЕР "ЖҰТЫП" ЖАТЫР" | "https://abai.kz/post/38009" DATE: 07.04.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 103 TEXT: 5 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жер қыртысы опырылып, Боровая көшесінде орналасқан №5 үй ізім-қайым болған(суретте). Бақытқа жарай, апат кезінде үш адам сыртқа шығып үлгерген. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Риддерде пайда болған шұңқырды бетонмен жабу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, қауіпті аймақта 12 үй, 1 дүкен, 4 жер телімі орналасқан. 25 адам, оның ішінде 5 бала «Қазцинк» ЖШС қонақ үй кешеніне орналастырылыпты.Сондай-ақ, 480 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сөйтіп, асты кенішке толған Риддер айдың-күннің аманында "тозаққа" айналып отыр... Қалаған уақытында баспанаңмен қосып жұта салады. Өйткені, қуыс жердің қашан опырылатынын, қай жері опырылатынын бір Алла ғана біледі. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_61416.txt
Назарбаев пен Путин не сөйлесті?
https://abai.kz/post/61416
"Назарбаев пен Путин не сөйлесті?" | "https://abai.kz/post/61416"
02.11.2017
Abai.kz
null
TITLE: Назарбаев пен Путин не сөйлесті? URL: https://abai.kz/post/61416 META: "Назарбаев пен Путин не сөйлесті?" | "https://abai.kz/post/61416" DATE: 02.11.2017 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 1 TEXT: Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_171951.txt
Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылары ШҚО колониясына ауыстырылды
https://abai.kz/post/171951
"Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылары ШҚО колониясына ауыстырылды" | "https://abai.kz/post/171951"
02.08.2023
Abai.kz
null
TITLE: Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылары ШҚО колониясына ауыстырылды URL: https://abai.kz/post/171951 META: "Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылары ШҚО колониясына ауыстырылды" | "https://abai.kz/post/171951" DATE: 02.08.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 146 TEXT: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да бірқатар ҰҚК мен ҰҚК департаменттерінің бұрынғы басшылары, сондай-ақ департаменттің экс-басшысының ағасы, Павлодар облысындағы полиция департаментінің бұрынғы бастығы (ПД) Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға ауыстырылады, деп хабарлайды КазТАГ. «ҰҚК-нің бұрынғы басшылары: Алматы облысында - Сәбит Құрманаев, Қызылорда облысында - Аслан Рахимов, Алматыда - Нұрлан Мәжилов, сондай-ақ Павлодар облысы ПД бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов Өскеменге ауыстырылады. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де Өскемендегі жалпы режимдегі колонияға ауыстырылады», - деп хабарланды дереккөзде. Еске салайық, Алматы қаласы мен екі облыстың ҰҚК-нің аталған экс-басшылары 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде өздеріне сеніп тапсырылған стратегиялық нысандарды тастап кеткені үшін сотталған болатын. Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қаңтар оқиғасын ұйымдастырған тікелей қастандық жасаушылар ретінде мерзім алды. Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы ішкі істер басқармасының басшысы лауазымында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп істі болды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_14257.txt
Ғаділбек Әкім. Әлемдік нарықтағы құбылулар бізге де соққы болып тиеді
https://abai.kz/post/14257
"Ғаділбек Әкім. Әлемдік нарықтағы құбылулар бізге де соққы болып тиеді" | "https://abai.kz/post/14257"
23.07.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ғаділбек Әкім. Әлемдік нарықтағы құбылулар бізге де соққы болып тиеді URL: https://abai.kz/post/14257 META: "Ғаділбек Әкім. Әлемдік нарықтағы құбылулар бізге де соққы болып тиеді" | "https://abai.kz/post/14257" DATE: 23.07.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 908 TEXT: Соңғы апталардағы әлемдік сауда нарықтарындағы мұнай бағасының төмендеуі, тіпті кей уақыттары тез төмен құлдырауы, біз секілді, экономикасының басым бөлігі шикізат экспортына негізделген мемлекет үшін әсерін бермеуі мүмкін емес. Бұл заңдылық және де еліміздің әлемдік нарық жүйесіндегі әр-түрлі құбылмалы үдерістерге тікелей байланысты екенін анық көрсетеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңес төрағасы Серік Ахановтың пікірінше, біздің еліміздің қаржы-банк жүйесі біршама жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс жасап келеді. Сақтандыру секторы  тек ішкі бақылау және қадағалау органдарымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық Solvency II (SII) жүйесімен реттелінеді. Толыққанды реттелінбегенмен де, жүйелі түрде соған келе жатырғаны белгілі. Банк секторымыз «Базель II» Базель банктерді бақылау комитетінің ережелеріне сәйкес реттелініп отырады, «Базель II» басты мақсаты банк ісіндегі тәуекелділікті басқару сапалылығын арттыруға бағыттай отырып, сол арқылы жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде «Базель IIІ» ендірілуі қарастырлуда. Зейнетақы қорлары, Еуропалық зейнетақы қорлары қауымдастығының ережелеріне сәйкес реттелініп отырады. Соңғы апталардағы әлемдік сауда нарықтарындағы мұнай бағасының төмендеуі, тіпті кей уақыттары тез төмен құлдырауы, біз секілді, экономикасының басым бөлігі шикізат экспортына негізделген мемлекет үшін әсерін бермеуі мүмкін емес. Бұл заңдылық және де еліміздің әлемдік нарық жүйесіндегі әр-түрлі құбылмалы үдерістерге тікелей байланысты екенін анық көрсетеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңес төрағасы Серік Ахановтың пікірінше, біздің еліміздің қаржы-банк жүйесі біршама жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс жасап келеді. Сақтандыру секторы  тек ішкі бақылау және қадағалау органдарымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық Solvency II (SII) жүйесімен реттелінеді. Толыққанды реттелінбегенмен де, жүйелі түрде соған келе жатырғаны белгілі. Банк секторымыз «Базель II» Базель банктерді бақылау комитетінің ережелеріне сәйкес реттелініп отырады, «Базель II» басты мақсаты банк ісіндегі тәуекелділікті басқару сапалылығын арттыруға бағыттай отырып, сол арқылы жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде «Базель IIІ» ендірілуі қарастырлуда. Зейнетақы қорлары, Еуропалық зейнетақы қорлары қауымдастығының ережелеріне сәйкес реттелініп отырады. Әрине, ең бастысы аталған секторларға кіретін институттар бірінші кезекте еліміздің нормативті-құқықтық заң актілері арқылы жұмыс жасайтыны белгілі, ал халықаралық деңгейдегі спектрлі нормалардың мақсаты, ол белгілі бір бағыттың халықаралық стандартын жасау. Сол секілді халықаралық нарықта мұнай бағасының төмендеуі, сонымен қатар, еліміздің ІЖӨ-нің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында, өткен 2011-ші жылдың сол кезеңіндегі уақытпен салыстырғанда 6,8% дан 5,6%-ға, яғни 1,2 пайыздық пунктке төмендеуі, экономика даумының бәсеңдеуін көрсетіп отырғанға ұқсайды. Бұл да, еліміздің экономикасының әлемдік нарық жүйесіне тығыз интеграциялануымен байланысты екені анық. Сырттағы құбылыстар бізге де әсерлерін беруде. Forbes Kazakhstan басылымының келтіруінше, осы жылдың ақпан-сәуір айларында негізгі деген секторлардың барлығында да өсудің бәсеңдеуі байқалған, ал, өндіру, құрылыс және ауылшаруашылығы секторлары минусқа кетіп қалған. Аз да болса, 5,6% өсім көрсетіп отырған және өсімді қамтамасыз етіп отырған бағыт бұл - қызмет көрсетумен сауда-саттық секторлары болып отыр. Маусым айының басында Дүниежүзілік Банк өзінің «Global Economic Prospects. Managing growth in a volatile world» («Жаһандық экономиканың болашағы. Құбылмалы жағдайдағы өсімді басқару») деген баяндамасын жасады. Баяндамада әлемдік экономика үлкен көлемдегі болмаса да, азғантай, бірақ тұрақты деңгейде өсім болатынын болжап отыр. Құбылмалы, тұрақсыздау жағдай алдағы жылы да қарқын алып, жалғасуы мүмкін дейді ДБ баяндамасында, бұл ретте жылдан-жылға еліміздің ІЖӨ-де қаржы секторының үлесі төмендеп келе жатырғанын айта кеткен жөн, оны осы сектордың мамандары да айтып жүр. Бұл әрине, жақсы құбылыс емес екені анық. Керісінше, отандық экономиканың шикізатқа бағытталуы үдерісі күшейіп тұр, бұны Есеп комитеті жетекшісі де айтып өтті. «Біздің бағалауымызша жалпы алғанда Үкімет өз алдына қойған макроэкономикалық міндеттерді орындап, республикалық бюджетті тиісінше атқарды. Жалпы ішкі өнім 7,5 пайызға өсіп, жұмыссыздық 5,4 пайызға дейін төмендеді, инфляция болжанған деңгейден асқан жоқ. Бюджеттің кіріс бөлігінде нақтыланған басты көрсеткіштердің орындалуына қамтамасыз етілді. Дегенмен, осылайша оң нәтижеге қол жетіп отырған тұста экономиканың шикізатқа бағытталуы күшейгені байқалады», - дейді Есеп комитетінің төрағасы. Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда мұнайгаз секторының үлесі 2,8 пайызға өсіп 24,6 пайызды құраған. Ал шикізат секторынан бюджетке түсетін салық түрлерінің үлесі де 3,4 пайызға өсіп 60,1 пайызды құраған. «Аталмыш жайт Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламада қамтылған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге кедергі келтіреді», - деген пікірде ол.  Әлемдік нарықта шикізаттың, оның ішінде мұнай бағасының төмендеуі, біздің елдің кірісі үшін белгілі бір соққы болатынын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, соңғы уақытта көп айтылып жүрген мұнай өндіру шыңының Peak oil - концепциясы іске асуы туралы айту ертерек секілді. Мұнай бағасының біртіндеп төмендеуі, сұранысқа ұсыныстың жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді. Біз терең еніп кеткен әлемдік нарықтағы жағдай бірде былай, бірде олай болып, құбылып тұрған кезең қаншаға созылатынын ешкім де нақты болжап айта алмайды, осы уақытта ішкі сұранысты арттырып, ішкі резервтерді қарастырып, ішкі дамуға басым бағыт берген дұрыс секілді. Бұл тарапта Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламсының маңызы үлкен, алайда, оның қалай жүзеге асатыны, қандай нәтиже беретінін уақыт көрсетеді. Ішкі қаржыға келгенде, Есеп комитеті жыл сайын анықтап беріп отыратын, бюджеттің атқарылуы туралы есептерінде анық көрсетілетін мемлекеттік органдар тарапынан игерілмей қалған бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау маңызды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бағалауынша, 2011 жылы мемлекеттік органдар тарапынан игерілмей қалған бюджеттік қаражат 42 млрд. теңгені құрайды. Бұл 2010 жылға қарағанда 15 пайызға артық көрсеткіш. Ал игерілмеген қаражаттың басым бөлігі Қаржы министрлігіне -  10 млрд., Ұлттық қауіпсіздік комитетіне - 9,8 млрд., Төтенше жағдайлар министрлігіне - 6,5 млрд., Денсаулық сақтау министрлігіне - 3,1 млрд., Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне  2,8 млрд. теңге тиесілі болып отыр. Ал нысаналы трансферттер бойынша жергілікті бюджеттегі игерілмеген қаражат 38,7 млрд. теңгені құрайды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 13,1 млрд. теңгеге артық көрсеткіш. Қысқасы, еліміздің экономикасының әр-түрлі секторлары халықаралық, әлемдік шаруашылыққа әбден еніп, тығыз ынтымақтасуы мемлекет экономикасына өз ықпалын жасауда, бұл табиғи процесс. Дегенмен де, аталмыш маңызды үдерістер анық көрсетіп отырғандай, сыртқы жағдайға қарамастан, ішкі механизмдермен құрал-тетіктерді тиімді пайдаға асырған жөн, ең болмағанда бюджет қаражатын мақсатты, тиімді игеруге бағыт алу, әр-түрлі даму бағдарламалары арқылы шикізаттық бағыттың үлесін қысқартуға бағыт алу және т.б. Осы және басқа да маңызды бағыттар алдағы болашақтың трендіне айналуы тиіс. Ғаділбек Әкім, әлеуметтанушы «Абай-ақпарат»
qosymsha/abai.kz
post_185642.txt
Рыбакина бізді «лақтырып кетті»: Ресей спортшысына керегі - қазақтың ақшасы!
https://abai.kz/post/185642
"Рыбакина бізді «лақтырып кетті»: Ресей спортшысына керегі - қазақтың ақшасы!" | "https://abai.kz/post/185642"
26.07.2024
Abai.kz
null
TITLE: Рыбакина бізді «лақтырып кетті»: Ресей спортшысына керегі - қазақтың ақшасы! URL: https://abai.kz/post/185642 META: "Рыбакина бізді «лақтырып кетті»: Ресей спортшысына керегі - қазақтың ақшасы!" | "https://abai.kz/post/185642" DATE: 26.07.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 918 TEXT: Күні кеше ғана ҚР Спорт және турзим министрлігі күллі жұрттан сүйінші сұрап, Қазақстан Париж Олимпиадасының тағы бір лицензиясын жеңіп алғанын хабарлаған. « Қазақстан Париж Олимпиадасында теннистен тағы бір лицензия алды. Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Барлығы миксте медаль үшін 16 жұп таласады. Ал жарыс 29 шілдеде басталады. Қазір Қазақстанның теннистен 6 лицензиясы бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды. Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик. Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды », - деп жазған еді. Үлкен теннистен әлемдік рейтинтің алдынғы қатарында көрініп жүрген Рыбакинадан Қазақстан халқы алтын, алтын болмаса да, жүлде күтті. Бірақ, көп мақтаған Рыбакина жеме-жемге келгенде Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Әуелі Халықаралық теннис федерациясы (ITF) бір хабарлап, Елена Рыбакинаның Париж Олимпиадасына қатыспайтынын айтты. Онан соң Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты растады. «Елена Рыбакина қазір «бронхитпен » сырқаттанып жүр. Дәрігерлер оған жарысқа қатыс пақ түгілі, ұшақпен ұшуға тыйым салды. Рыбакина ойындарға қызу дайындалып, Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетуді ойлаған . Денсаулығына байланысты бұл мүмкін болмай тұр », - деді федерация. Рыбакина не дейді? Бұлардың ізін ала Рыбакинаның өзі де сөз арнады . Рыбакинаның сөзін Қазақстан теннис федерациясы жариялады. «Қымбатты қазақстандықтар! Париж Олимпиадасына қатыса алмайтынымды өкінішпен хабарлаймын. Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды.  Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді.  Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін. Мен біздің барлық атлеттерімізге жанкүйер боламын, олардың Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға, Қазақстан! », - деп сөйледі Рыбакина. Аяғында ҚР Спорт және туризм министрлігі қорытынды мәлімдеме жасап : «Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина XXXIII жазғы Олимпиадаға денсаулығының нашарлауына байланысты қатыса алмайды. Оның Уимблдон турнирінен кейін тыныс алу жолдары қабынып, ісініп, ауырған. Соған қарамастан Елена дайындалып, олимпия ойындарында жоғары нәтиже көрсеткісі келді. Алайда дәрігерлер оған кортқа шығуға, ұшуға тыйым салған. ҚР Туризм және спорт министрлігі спортшының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді. Біз оның алдағы жарыстарға бұдан мықты болып оралуын тілейміз», - деп жазды. Десе де, Қазақстан жұрты, Олимпиададан жүлде күткен Қаазақстандық жанкүйерлер теннисші Елена Рыбакинаның Олимпиададан бас тартқанын сынап жатыр. Оған себеп те жоқ емес, Париж олимпиадасына бір апта қалғанда теннисші Түркияның Бодрум қаласында демалып жүрген фотосын жариялаған еді. Рыбакинаның бағын жаққан - Қазақ ақшасы! Нұргелді Әбдіғаниұлы, журналист: - Спорттың қыр-сырын білген маман болмасақ та, Қазақстанның көк паспорты нәсілі де, ниеті де бөлек келімсектерге оңды-солды шашыла бермеуі керек деп айттық, сан рет. Шетелден келген спортшылардың көздегені көк паспорт емес, көк пәшкі ақша. Қазақтың ақшасы. Министрлік бір, Федерация екі, Рыбакинаның өзі үш шығып, үш қайтара ақталса да, жеке өз басым Еленаның уәжіне дым сенбедім! Ол Қазақты, Қазақстанды «қадап» кетті деп есептеймін! Рыбакина Ресейде жүргенде негізгілердің сапынан болмады. Рас, жақсы жаттықты, жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ, ол басты назарға шыға алмады. Оны Ресей керек еткен жоқ. Көптің ішінде жүрді. Оны Рыбакинаның әкесі де сан рет ашынып айтқан. Рыбакинаның бағын жаққан Өтемұратовтың ақшасы, анығы Қазақ ақшасы! Қазақстанның көк паспорты. Бірақ, жеме-жемге келгенде, Рыбакина көк паспорттың намысын қорғаудан бас тартты. «Келімсекте жігер жоқ!» деген осы міне! Келімсекке бәрібір... Рыбакинаның мәлімдемесі бұл шуды басуға көмектеспейді! Руслан Меделбек, спорт журналисі: - Рыбакина Париж олимпиадасына қатысудан бас тартты. Бүгін (кеше-ред.) Париж уақытымен 16:00-де алғашқы жаттығуын өткізуі керек еді. Шықпады. Жеребе де өзгерді. Жанкүйерлер шулап, сын көбейген тұста Қазақстан теннис федерациясы: «Рыбакина бронхитпен ауырып қалды, жарысқа қатысу былай тұрсын ұшуына болмайды», - деді. Артынша Рыбакинаның жазбаша мәлімдемесі шығып, кешірім сұрапты. «Уимблдоннан соң ауырып қалдым», - дейді. Бұл мәлімдеменің бәрі бұл шуды басуға көмектеспейді. Себебі спортшы бір апта бұрын Бодрумда демалып жүрген фото/видеоларын жариялаған. Ауырып жатса, жеребе тартылып қойған соң не үшін олимпиададан бас тартты? Жауап жоқ... Федерация, комитет қайда қараған? Намыс қайда? Әсел Әбілбек, журналист: - Рыбакина Қазақ еліне, жанкүйерлеріне бейжай қарады. Денсаулығы бүгін емес, баяғыдан сыр берген болса бірден айтуы керек еді. Неге 1 күн қалғанда мұндай мәлімдеме жасайды? Бұған дейін федерация, комитет қайда қараған? Намыс қайда? Жанкүйерлердің үмітін ақтамады. Өкінішті! «Өзіңдікін өзекке тепсең де кетпейді» дейтін еді. Өзіміздікі болмаған соң осы. Елена лақтырып кетті... Анық Көкенайұлы, спорт журналисі: - Иә, Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайды. Қысқасы, сын сағатта лақтыра салды. Өзім солай қабылдадым. Токио Олимпиадасында ойыннан бас тартты. Ешкім ештеңе демеді. Қытайда өткен Азия ойындарына қатыспай, сол елде өтіп жатқан турнирге қатысты. Ел намысы сыналып жатқан сәтте қатыспадың деп ешкім үн қатпады. Парижден үміт күтіп жүрсек, қатыспайды депті. Бірдеңе дейтін біреу табыла ма енді? Рыбакина - «жалдамалы жендет». Ол өз пайдасмы үшін ғана жүр! Самат Нұртаза, Мәжіліс депутаты: - «Батыл Жүрек» деген фильм естеріңізде ме? Мелл Гибсон ойнайтын. Сонда шотландықтардың жағында ерікті түрде соғысуға баратын «Ирландық» деген бір персонаж бар.  Сонда Англияның «ұзынсирақ» королі жалдап алған жалдамалы Уэльс жендеттерімен шотландықтар майданда жолығатын эпизод бар. Сол жерде «Ирландықты» көрген Уэльс жендеттері шотландықтармен соғысудың орнына құшақтаса кетеді. Міне, Рыбакинаны сол жалдамалы жендетке теңеуге болады. Оның рөлі – соғысатын (ойнайтын) жалдамалы жендет секілді. Ол өзіне тиімді сәтке дейін ойнап береді. Олимпиада Рыбакина үшін тиімді емес. өйткені ол өзін Ресейлік сезінеді. Санкциялық шектеулер кезінде өзге елдің туының астында уақытша жүрген Ресей азаматшасы. Оған Қазақстан туы бөтен. Оған бола Рыбакинаны кінәлаудың да керегі жоқ. Бұл желдамалы жендеттің логикасына сай дүние. Ақша үшін күресуге (ойнауға) болады. Ал өзге елдің қоржынына медаль әкелу – жалдамалы жендет үшін мүмкін емес нәрсе. Бұл біздің спорт саласындағы шенеуніктер үшін жақсы сабақ болады деп үміттенемін! Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_38598.txt
ЗИЯЛЫ АДАМ КІМ?
https://abai.kz/post/38598
"ЗИЯЛЫ АДАМ КІМ?" | "https://abai.kz/post/38598"
17.07.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЗИЯЛЫ АДАМ КІМ? URL: https://abai.kz/post/38598 META: "ЗИЯЛЫ АДАМ КІМ?" | "https://abai.kz/post/38598" DATE: 17.07.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1619 TEXT: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (Алматы, 2008, 346 б.), зиялы деген ұғымды « ізетті, әдепті» немесе «оқыған, сауатты азамат» деп берген. Әрине, зиялы адам қашанда білімдар, мәдениетті. Бірақ, білімді адам әр дәйім, зиялы бола бермейді. Егер білімді адамның атқарған жұмысы шала, қолы ала, айтқан сөзі дала, берген уәдесі байламсыз, еш нақтылық болмайтын болса, ондай адамды қалайша зиялы деуге болады. Олай болса барлық білімдар, оқыған адам тегіс зиялы бола бермейді. Бәлкім бір замандарда сауатсыздық елде басым болған кезде, сірә сауаттылардың бәрі солай болса керек. Бірақ, қазір басқа адамдар жаппай сауатты елде  сауаттылардың бәрін зиялы деуге болмайды.Олардың арасында «аласыда, құласы» да кездеседі. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде білімін, ақыл-ойын мемлекетке, қоғамға жұмсаудың орнына, жеке өз пайдасына қолданатын адам, әрине өзін әдепті, сыпайы іскер етіп көрсетпек болады. Ондай адам қоғам, прогресс тұрғысынан былай еткен дұрыс, тиімді, мынадан гөрі мынау қолайлы, артық деп пікір айтпайды. Басшы-адам, ол да қателеседі. Дүниеде қателеспейтін жан жоқ. Сондықтан, келісіп, ақылға ақыл қосып шешкен іс негізінде дұрыс болады. Бірақ, пікір айту оңай дүние емес, көбіне ондай адам ұнамай қалуы да мүмкін. Әрине, көп жағдайда, өз пайдасын ойлаған адам пікір айтпауға, көзін жұмып, басшы пікірін қолдай бергенді дұрыс көреді. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» дейді халық мақалы. Әрине, дұрыс пікірін айтпай, үндемей қалу оңай, қауыпсыз, бірақ, зиялылыққа жатпайды. Зиялы жан шыныдай таза, ол жеке басы пайдасынан гөрі қоғам мақсатын жоғары ұстайтын адам. Халық көзі  «қырағы», зиялы адамды ол көреді, сыйлайды. Ондайлар қоғамға баршылық. Ондайлар – өнеге. Қазақ тілі сөздігінде «Парасат» ұғымы да айтылады. Оған «ақыл ой, сана-сезім» (668 б.) деп анықтама беріледі. Әрине, негізінде ол солай. Бірақ, парасатсыз адамның да ақыл ойы дұрыс, тілі көбінен артықта шығар, десекте, ондай адам сол қабілетін мемлекет пайдасына емес, жеке басы пайдасына пайдаланатындар. Мұндай адамды «парасатты» деуге ешқашан болмайды, қайта ондайлар әлі заң құрығына тұтылмаса да, іші арам болғандықтан қоғамға зиян келтіретіндер дейміз. Әрине, әлгілер көп емес, бірақ, бар. Негізінде қоғам зиялы, парасаттылардан тұрады. Әйтпесе, қоғам бұзылып, прогресс тоқтаған болар еді. Бұл, әрине өкінішті жағдай. Шынында қоғамға, прогреске қызмет ететіндерде, кесірін тигізетіндер де жәй адамдар емес, іскер білгір адамдар. Мәселе, табиғат берген талантты қалай пайдалануда. Ал, кімнің кім екенін өмір көрсетеді. Адамды бірден тану қиын. Халық айтады: «кімнің кім екенін білгің келсе, оны жоғары қызметке көтер», деп. Бәлкім ол да дұрыс шығар. Өйткені, көрінетін биік орында болса, ол үндемей отыра алмайды. Мәселе, шешуге тікелей араласады, пиғылын шамасын байқатады. Егемендік алғалы бері жоғары лауа­зымды қызметке көтерілгендер мемлекетке таза, адал қызмет етемін деп халыққа, Президент алдында «Ант» беру кәдесі іске асуда. Бұл үлкен сенім және жауапкершілік. Бұл өте қажет рәсім. Бірақ, «Ант» беру барда, оның жауапкершілігі тек сол орында отырған уақытқа ғана берілетін, бірақ, ол орнынан кетсе ұмытылатын сияқты. Бұл ескеретін нәрсе. Әрине, «Ант» ол жәй уәде емес, өзіне мәңгілік жауапкершілік арту. Ол адам ондай жұмыстан кеткен соң да, жәй жұмыста жүрсе де, жауапкершілік оның мойнында тұруы керек. Ант берген адамға сенім де мәңгі болса дейміз. Ал, антын бұзған адамға жаза да екі есе қатты болғаны жөн болар еді. Өзіне өзі сенімі жоқ адам «Ант» бермейтін болса. Лауазымды орын жәй қызмет кезіндегі көтерілетін тепкішек емес. Сонда «Ант» беретін адам алдымен ойланатын болады. Оның қызметін бақылайтын саяси, басшы партия болуы тиіс. Сонда партияның да рөлі артады, көтеріледі. Жалпы тәрбие жұмысын қадағалау партия орындарына жүктелгені жөн. Зиялықты анықтайтын,  адамда екі түрлі: сыртқы және ішкі қасиет бар екенін біліп, ажыратқанымыз дұрыс. Бірі тәндік қасиет: ішіп-жеу, табиғи қажеттілектерін  орындау, тұқым сақтау, көбею, қорғану. Бұл барлық тірі жандарға тән ортақ қасиет. Екіншісі ол адамдарға байланысты қасиет, жан-жануарларда ол жоқ. Жануарлар барды ішіп-жейді, жоқ болса оны басқа жерден іздейді. Ал, адам бүгін бар нәрсе, ертең жоқ болуы мүмкін деп, ол оны ойлайды. Бардың бәрін тауысып бітірмейді, ертеңді ойлап, қор жинайды. Кейін келе оны ұлғайту, көбейту қажеттілігі туындайды. Бұл талапта тоқтау жоқ. Сондықтан, адамда өзі тойса да, көзі тоймайтын, көбейте берсем, деген пиғыл пайда болды. Абайдың « Ескендір» деген поэмасында «адамның көзі тек өлгенде ғана құмға тояды» деген терең ой айтылады. Тойымсыздық адам табиғаты, ол әркімде де бар, бірақ көрінуі түрліше. Екіншісі рухани қажеттілік, ләззат. Бұл да тойымсыз, шексіз құбылыс. Ол адамдардың бірімен бірі қарым-қатынас жасауы, әнгіме-дүкен құрып, көңіл көтеруі, түрлі музыка тыңдау, қош иіс иіскеп, дәмді тағам жеу т с.с. Бұл да табиғи. Халық ақыны Біржансал әндетіп айтқан «Жанбасипарында» мынадай сөздер бар: «Дегенде біз қартайдық, біз қартайдық, белгісі қартайғанның серттен тайдық. Кәнекей сонымен шыққан мүйіз. Қасына сұлулардың көп жантайдық». Бұл өкініш. Мұны айтып отырған елге қалдырған рухани дүниелері болса да көңілі толмағандық.   Адам болған соң бәріне ынтығады, қызық көп. Бірақ, мәселе, ұрпаққа тиімді, жақсы іс қалдыру. Бұл атқарған еңбек, нақты ұлағатты сөз, өнегелі әрекет екенін кеште  болса, оның терең ұққаны. Дүниеге қызыққан адам егер барлық өмірін халық үшін жұмсаса бір сәрі. Бірақ, өмірде олай бола бермейді. Түрлі айла қолданып, басқаның ырзығын жейтіндер қайдан шығатыны да сол тойымсыздықтан. Бұл қасиет негізінде табиғи құбылыс.  Адамдарда  бар, біреуде көп, біреуде аз. Адамға зиялы деп баға бергенде, сол қасиеттер қай дәрежеде, соған қарап айтылады. Мұның бәрі сыртқы табиғи қасиеттер. Адамда ішкі қасиетте бар. Ол да екі түрлі. Бірі тойымсыздыққа әкелетін талап. Қажет пе, қажет емес пе, әйтеуір бола берсе, байый берсем деу. Былайша айтқанда ішкі шексіз талап, сыртқы тұрлаусыз әдеттерге  итермелейді. Оны тежейтін адамгершілік. Бірақ, материалдық байлық, рухани қызық, ләззаттың бәрінен жоғары үстем болу қажеттілігі адам қасиетін бұзады. Бұл жақсылыққа әкелмейді. Жинаған байлық бәрі ертең қалады. Германия фашистік үшінші рейх кезінде билеп-төстеген Геринг түрмеде өлер алдында өзінің бриллиантпен безендірілген қалта сағатын өзін қатаң бақылап тұрған күзетшіге береді. Сібірде ұсталып, арты құз жар жағасында атылар алдында адмирал Колчак өзін атқалы тұрған жаза орындаушыға өзінің темекі салатын алтын қорабын береді. Міне бұл психологиялық құбылыс. Тірі жүргенде бәрі керек, бірақ өлерде бәрі әдіре қалады. Ешкім оны «О» дүниеге алып кетпейді. Қандай бір үстем адам болмасын «О»дүниеге армансыз кете алмайды. Сонда оның көңіліне тіреу болатын: еліме, халқыма не қалдырдым, арым олар алдында таза ма деп ойлау. Оның мәңгілігі жинаған дүниесі емес, ел санасында сақталатын өнегесі, тәш-пуш жинаған дүниесі емес. Қорқыт Ата мәңгі өлместікті ойлап, уайымдады, соны іздеп, ел кезіп, шарқ ұрды. Ақырында ұққаны: бәрі өледі, мәңгі өлместік, ол тек қоғамға қажет іс қалдыру екендігі. Оған жасалған не материалдық зат, не даналық ой, нақыл сөз, түрлі рухани дүниелер (жыр, дастан, музыка) жатады. Философияда адамда екі «Мен» бар екені айтылады. Бірі сыртқы «Мен». Оған адамның өзі тұрған тұрқы, бүкіл дене бітімі, ерекшелігі, мінез-құлқы, өмірдегі орны, атқарған ісі жатады. Екіншісі ішкі «Мен», ол оның сезімі, санасы, ақыл-ойы, алға қойған мақсаты. Оған әсер ететін сыртқы  адамға әсер ететін түрлі жәйлі, не жәйсіз жағдайлар, айтылған сөз. Сөз іштегі «Мен»нің сыртқы көрінісі, материяға айналған күш, энергия. «Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады», немесе «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» дейді халық. Сөз адамға түрліше әсер етеді. Сондықтан, сөзді ойланып қолданған жөн. Сол ішкі «Мен» адам бойындағы жойқын күшті «ырыққа» айналдырады. Дүниедегі барлық материалдық және рухани табыстар мен орасан  зор өзгерістер сол «ырық» арқылы жүргізіледі, іске асады. Сыртқы «Мен» басқа адамдардың сыртқы «Мені» мен бәсекеге түседі. Өзінің кейпін басқамен салыстырады. Одан артық болса, масаттанады, үстеммін дейді. Егер кем болса, басқадан озғысы келеді, түрлі айла қолданады.   Адамның ішкі «Меніде» оның өзінің сыртқы «Мен» мен ұдайы қайшылықты, қарым-қатнасы. Ішкі «Мен» бір жағынан сыртқы «Меннің» тойымсыз, шексіз табиғи қанағатсыздығын қолдайды. Бұл тағылық. Бірақ, творчестволық тойымсыздық тағы бар. Ол басқа. Онсыз прогресс жоқ. Бұл шексіз құбылыс. Адамның ішкі «Меннің» екінші жағы тағы бар. Ол кейбір тойымсыз, шексіз қажеттілікті ноқталайды, тәртіпке келтіреді. Әр нәрсеге алақтаушы, көрсе қызарлыққа шек қояды. Ол «әр істі керек пе, керек емес пе, әрекет жасайын ба, әлде жасамайын ба?» деген күдік ойларды дұрыс шешімге келтіреді. Творчестволық қажеттілікті де бетіне жіберуге болмайды. Бағыттап отыру керек. Олай болса ішкі «Меннің» өзі де сол «қарама-қарсылық күресіне» негізделген. Оның нәтижесі, адамның өзі атқарған ісіне, жасаған басқалармен қарым-қатынасына, айтқан сөзіне кейін өкінбей, риза болуы. Ол тазалық, әділдік. Оны тәрбиелейтін нақыл сөз, өмірдің өзі. Адамның ішкі «Мені» оның сыртқы бейнесінен, жүріс-тұрысынан, айтқан сөзінен, атқарған ісінен, бет бейнесінен, тіпті, көз-жанарынан байқалады. Таза адам жалған сөйлемейді, екі жүзді болмайды, ешкімнен көзін жасырмайды, айқын анық сөйлейді. Адамның өмірде жақсы, силы, құрметке бөленуі үшін алдымен оның ішкі дүниесі таза, адал болуы.  Адам өзін қанша жасырамын деседе, ішкі дүниесі оны ашады. Олай болса адамда сыртқы « Меннен» басқа, ішкі «Мен» бар. Ол да екі түрлі дедік. Ең жоғарысы сол ішкі «Меннің» адамды тәртіпте ұстауы, жолдан тайдырмауы. Ол үшін адам өзін өзі тізгіндейді,  тойымсыз талапты ноқталайды. Зиялы адам өзін қашанда іштей белгілі дәрежеде ұстай біледі. Тіпті, басқаны былай қойғанда алдымен өз денесін бетіне жібермейді. Одан соң ең қажетті киім-кешек, тұрмысқа керек зәру заттан басқаны жинамайды, басқадан асамын  демейді. Ішкі «Мен» сыртқы «Менді» билейді. Ішкі «Мені» адал адам халық айтқандай «қайғысыз қара суға секіремін» дейді. Ол істеген ісіне уайымдамайды. Адамның өзіне өзі риза болуы, не ренжуі осының бәрі ішкі «Менге» байланысты, ақылға келуі. Екіншіден, зиялы адам қоғамда қасиетті адам. Ол басқаларға өнеге. Ол барына риза, қанағатшыл адам. «Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойдырады» деген дана бабаларымыз. Бүкіл әлем тарихы атқарған пайдалы іс, өнегелі ой қалдырған дана, қайраткер­лерден тұрады. «Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай айтқандай зиялы адам осылардай болуы тиіс. Сонымен ішкі «Менге» әсер ететін жалпы адамнан тыс тұрған, сыртқы жағдайлар.Сол ішкі «Менді» тәрбиелейтін нақыл сөз, дұрыс өнеге, сыпайы қарым-қатынас. Қашанда ішкі «Мен» сыртқы «Менге» тікелей әсер етеді. Алдымен адам өзін өзі тәрбиелейді. Зиялы адамның ішкі «Мені» жайлы, орнықты, кең, тұрақсыз, алай-түлей ызалы, шыдамсыз, тар емес. Ол басқа да болса, елде болады, елде болса, менде де болады деп қарайды. Солай еңбектенеді. Көңілі кең зиялы адамның жолы да айқын, даңғыл болады. Ашық сауда адам өміріне өзгеріс ендірді. Социализм адамдарды бейқам етті. Ертеңді ойлайтын басқалар. Олар жоспарлайды. Сен соны орындайсың. Қоғам сені аштан өлтірмейді. Сондықтан жұмыстан қашатындар пайда болды. Ашық сауда олай емес. Еңбектенбесең – өмір жоқ. Бай болғың келсе ізден, талаптан. Бұл дұрыс. Бірақ, неше түрлі залым іскер, айлакерлер де пайда болды. Адам болам десең ақша тап, қалай табасың онда ешкімнің жұмысы жоқ. Олай болса ашық-сауда кезінде тәртіп, тәрбие жұмысы қоғамда алда тұруы тиіс. Тек сонда ғана зиялылар алға шығады, көрінеді. Қоғам тазарады. Досмұхамед  Кішібеков, Ұлттық ғылым академиясының  академигі "Ақиқат" журналы
qosymsha/abai.kz
post_7346.txt
Нұрлытай Үркімбай. Әр баланың өз несібесі бар
https://abai.kz/post/7346
"Нұрлытай Үркімбай. Әр баланың өз несібесі бар" | "https://abai.kz/post/7346"
26.02.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Нұрлытай Үркімбай. Әр баланың өз несібесі бар URL: https://abai.kz/post/7346 META: "Нұрлытай Үркімбай. Әр баланың өз несібесі бар" | "https://abai.kz/post/7346" DATE: 26.02.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 2279 TEXT: «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» деп жатамыз. Жөн-ақ сөз! Дегенмен ең әуелі сол бесіктің ішінде сіз бен біздің тәрбиемізге мұқтаж ұрпақ тербелуі тиіс қой. Демек, елімізде балалардың көптеп дүниеге келуіне жағдай жасау жалпыұлттық жауапты іске айналып отыр. Және ол ұрпақтың саны бар да сапасы жоқ, жай бір тіршілік иелері боп өспеуін қадағалау - мемлекеттік дәрежеде, жоғарғы ресми билік деңгейінде қолға алынуы тиіс жауапты іс. Олай болмаған жағдайда бүгінгі күні жасалып жатқан елдегі материалдық нығметтеріміз - ертеңгі күні кімдердің қолында кетері белгісіз байлық. Құдай ондайдың бетін аулақ еткей! Яғни демография саласында сан мен сапа - өзара бірлікте қаралуы тиіс мәселелер. «Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді қазақ атам. Тереңінен толғап айтылған ой екені дау тудырмаса керек. Демек, мынау шексіз үйлесіммен құрылған Жаратылыс әлемінде ұрпақ жаю ісі адамзат баласына ең басты міндеттері қатарында жүктелген. Терең бір заңдылыққа негізделген. Өкінішке қарай, ішкі-сыртқы толып жатқан жағдайларға байланысты сол заңдылық, сол келісім ғасырлар мен жылдар белестерінде едәуір кері өзгерістерге ұшырап, мазмұнын әлсіретіп алды. КӨП БАЛАЛЫ  БОЛУДЫ ҚҰБЫЖЫҚ КӨРСЕТІП... «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» деп жатамыз. Жөн-ақ сөз! Дегенмен ең әуелі сол бесіктің ішінде сіз бен біздің тәрбиемізге мұқтаж ұрпақ тербелуі тиіс қой. Демек, елімізде балалардың көптеп дүниеге келуіне жағдай жасау жалпыұлттық жауапты іске айналып отыр. Және ол ұрпақтың саны бар да сапасы жоқ, жай бір тіршілік иелері боп өспеуін қадағалау - мемлекеттік дәрежеде, жоғарғы ресми билік деңгейінде қолға алынуы тиіс жауапты іс. Олай болмаған жағдайда бүгінгі күні жасалып жатқан елдегі материалдық нығметтеріміз - ертеңгі күні кімдердің қолында кетері белгісіз байлық. Құдай ондайдың бетін аулақ еткей! Яғни демография саласында сан мен сапа - өзара бірлікте қаралуы тиіс мәселелер. «Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді қазақ атам. Тереңінен толғап айтылған ой екені дау тудырмаса керек. Демек, мынау шексіз үйлесіммен құрылған Жаратылыс әлемінде ұрпақ жаю ісі адамзат баласына ең басты міндеттері қатарында жүктелген. Терең бір заңдылыққа негізделген. Өкінішке қарай, ішкі-сыртқы толып жатқан жағдайларға байланысты сол заңдылық, сол келісім ғасырлар мен жылдар белестерінде едәуір кері өзгерістерге ұшырап, мазмұнын әлсіретіп алды. КӨП БАЛАЛЫ  БОЛУДЫ ҚҰБЫЖЫҚ КӨРСЕТІП... Мысалы, толып жатқан соғыстар мен нәубет, індеттерден жапа шеккен халқымызға патшалық Ресейдің баз бір саясаткерлері: «Көшпенділердің қолына қасық ұстауды үйретіп әуре болғанша, оларды жер бетінен сыпырып тастап, оңтүстіктегі жерімізді босатып алуымыз керек», - деп өзеуреді. Одан бері келе, қызыл Кремль «адам факторы» деген бірдеңені ойлап тауып, «халық санын жоспарлау» деген саясатын жүргізіп бақты. Ол үшін ең әуелі ұлттық республикалардағы әйелдер қауымына «әйел теңдігі» деген ғажайып ұғымның тонын теріс айналдыра түсіндіріп, «эмансипированный әйелдер бір-екі баламен шектелсе - абзал» деген идеясымақпен олардың қолтықтарына су бүркумен болды. Бұл астарлы саяси науқан өз «жемісін» бермей қалмады. Нәти­жесінде, қаланы былай қойғанда, кең-байтақ ауылдық жерлерде әже, апа, басқа да туған-туыстарымен, яғни «тегін нянялармен» бірге тұрған біздің құрбыластарымыз да екі-үш баламен шектелу деген ауруға душар болғаны белгілі. Оның кесірі халық санының өсуіне, яғни демографиялық көрсеткіштерімізге кері әсер еткен болатын. Аллаға шүкір, өткен ғасырдың алпысыншы, жетпісінші жылдарын­дағы ақ жаулықты, аяулы апа­ларымыздың арқасында әр отбасында кемінде жеті-сегіз, әйтпесе он-он бес баладан дүниеге келіп, ұлтымыздың саны да, мәртебесі де бір көтеріліп қалған еді. Тіпті соңғы екі-үш баласын тұңғыш келіндерімен жарыса дүниеге әкелген мәрт мінезді апаларымыздың ұлт өркендеуіне қосқан үлестері шын мәнінде қандай марапатқа болса да лайық еді. Ол кісілер Кеңес үкіметі жылдары орын алған түрлі репрессия, соғыс, нәубет атаулыда көз жұмған боздақтарымыздың құдды бір орынын толтырып, тұяғын бүтіндемекке ұмтылған сияқты ғой, ойлап қарасақ. Осы үдерістен шошынған болуы керек, қызыл Кремль әлгі айтылған «адам факторы» деген сойқанды идеясын сопаң еткізіп алдымыздан шығара қойды. Сол ақпараттық науқан жүргізілген жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінде қызметте болғандығымнан шығар, әйтеуір осы бір астарлы саясаттың жүргізілу тәсілі алақанымыздағыдай байқалып тұратын. Советтік ұлттық республикаларда «аз бала туу әйелдің мә­дениеттілігін көрсетеді» деген тектес сумақай пікір әдемі, әшекейлі сөздермен әдіптеліп, кеңінен насихатталып жатқан тұста Ресей ақпарат құралдары бұл тақырыпқа аяқ баспау­шы еді. Бұл нағыз «двойной стандарт» болатын. Бәлкім, мұның өзі сол баяғы Столыпин үкіметінің қазақ сияқты «бұратана» халыққа қатыс­ты жүргізбекші болған реформасын Кеңес үкіметі кезінде көзге шалына бермес осындай иірімдер арқылы одан әрі жалғастыру саясаты болды ма екен?! АТА-ӘЖЕЛЕР ТӘЛІМІ АУАДАЙ ҚАЖЕТ Әйтеуір, сексенінші жылдар­дан былай қарай көп бала туу «модадан қала» бастағандай еді. Оған тоқсаныншы жылдардағы эконо­микалық ауыртпа­лықтар «жақсы сылтау» боп тағы келіп қосылды. Ол аз дегендей, әке-шеше денсаулығына экологиялық ахуалдарымыз кері әсерін тигізіп, ол да бір жанайқайына айналды. Денесін бүркеп, басына орамал тартқан қыздарымызды, яғни болашақ аналарды көрсек, құдды бір сұр жылан көргендей жиырыла шу шығарып, ал кіндігі мен май бөксесін былқылдатып, омырауын салпылдатып, яғни болашақ перзентіне құрсақта жатқан кезінде-ақ дарытуы тиіс жан жылуын, рухын көлденең көздер алдында шашып-төгіп, ашық-шашық жүрген әйел балаларына сүйсіне қарайтын дәрежеге жеттік. Кіндігі жылтылдаған әлгілер дүниеге жарымжан бала әкелсе, оған қайырымдылық ұйымдарын жұ­мылдырмаққа жанталасудамыз. Апыр-ау, артық қаржы, артық ай­қай-шу шығарғанша, әлгілерге «қарыныңды жылтыратпай жап» десек болмас па еді! Ресми деректерге қарағанда, отыз жастан бастап еліміздегі ерлер саны мен әйелдер саны түрлі себептерге байланысты пропорциялық жағынан біртіндеп бұзылатын көрінеді. Нақтылай айтқанда, әрбір 100 ер адамға 140 әйелден келетін боп шықты. Ал арақ пен шылымнан аузы босамайтын ер адамдардың денсаулық мәселесі жайлы бұл жолы сөз қозғамай, қоя қойыңыз! Бұл «Шаңырақтың» келесі сандарының үлесіне қалсын. Тәуелсіздігімізбен жағаласып, бәлкім, дәрігерлердің қалта-қар­жы мүдделеріне жармасып, әйтеуір ұлттық демографиямыздың ілгері­леуіне кесе-көлденең «кесарь тілігі» деген де жиілеп кетті. Осыған орай қоғамымызда мынандай пікірлер де айтылуда: «Ақша үшін мұндай операцияны оңды-солды жасаушы дәрігерлер сотталсын. Ал аяғы ауыр ананы табиғи жолмен босандыруға ұмтылған дәрігерлер ынталанды­рылсын». Несі бар, ғылыми, ме­дициналық және заңдық тұрғыдан орайы келсе, қоғам болып талқылап, шешімін қарастыруға әбден мүмкін ұсыныстар сияқты. Ұрпақ санын өсіруге қатысты келесі бір ұсынысымыз: қыздар мен жігіттерді болашақ ата-ана болу жауапкершілігіне баулитын рес­публикалық деңгейде бағдар­ламалар түзіп, тәрбие ұйымдарын, институттарды ашу. Жасыратын несі бар, соңғы жылдары ана мен бала ғана емес, болашақ әке денсаулығының да ұлт қабырғасын қайыстыратын дәрежеге жеткені белгілі. Мұның бәрі де - ел болып жұмылып, кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс істер. Бала күтіміне арналған жәрдемақы көлемін көбейту. Және оған қол жеткізудегі толып жатқан бюрократиялық ке­дер­гілерді мейлінше жою сөзден іске көшудің нақты көрінісі болар еді. Сонда ғана қолы бос, жұмыссыз келіндер көп балалы ана болуға ынталанар ма екен! Яғни бұл көкейкесті мәселе­лердің барлығына да мемлекеттік деңгейде мән беріліп, бағдар­ламалар жасалып, оның орындалуына үкіметтік дәрежеде бақылау орнатылса. Әйтпесе, «Алты ұл тапқан ананы ханым десе болады!» деген үкілеген бү­гінгі үмітті арманымыз сандық тұрғыдан одан да бетер төмендеп кетуі ғажап емес. Тәуелсіздігіміз қолға тиген жиыр­ма жыл ішінде сырттағы қандас ағайындарымыздың елге орал­ған көші бірде көбейіп, бірде саябырсығанымен, толастаған емес. Оралмандар көші-қонына бөлінген қаражат тиімді пайдаланылып, олар жатсынбай, ата-баба жеріне тезірек сіңісіп кетсе, нұр үстіне нұр! «ЖАҚСЫ ҰЛ ӘКЕ-ШЕШЕНІҢ... БАСЫН ТӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ» Соңғы кездері кейбір зиялы қауым өкілдері тарапынан «ойнастан болса да бала тапқыз» деген ұрансымақ көтеріліп жүр. Мұндай пікірдің «беттің арын белбеуге түй­гендігін» былай қойғанда, келер ұрпақ болмысына көлеңкесін түсірер, ең бастысы, Жаратушы ал­дында күнәға батырар, Тозақ отына апарар ұсыныс екенін ашып айтқанымыз жөн. Ұрпағымызды сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өсірмек ниетте болсақ, олардың иманды да салауатты әрі ел мен жердің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін азамат боп өсуін де қаперімізде ұстағанымыз абзал. Себебі «Ұят - иманнан!» делінген шынайы хадистердің бірінде. Ал ғұлама әбу-Ханифа өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, некеде туылған ұрпақтың екі дүниедегі артықшылықтарын дәлелдеп кеткен екен. Одан да ең дұрысы - шариғат жолымен некелі әйелдер санын көбейтіп, болашақ сәбидің ұятына да нұқсан келтірмеу, ата-анасының отқа түспеуіне де жағдай жасау жөн шығар деген ойдамыз. Себебі Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінің он үшінші аятында: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер және бір әйелден жараттық. Бір-біріңді танып, біліп жүрулерің үшін сендерді әртүрлі ұлттар мен тайпалар етіп жараттық. Әлбетте, сендердің іштеріңдегі Алла алдындағы ең құрметтілері - тақуаларың. Шексіз, Алла толық білуші, барлық нәрседен хабардар», - деп бұйырған құлдарына. Демек, Жаратқан Иеміз біздің жеке-жеке ұлт ретінде өсіп-өнуімізге, ең бастысы, иманымызды сақтай отырып, тақуа түрде ұрпақ жаюымызға пәрмен берген екен. Хақ бұйрықты орындау бақытқа, табыстарға кенелтеді. Бұйыртса, бұл тақырыпқа да «Шаңырақтың» алдағы сандарында оралармыз. «Бала тусам, оны қалай асыраймын?» - дегендерге жауап: «Кедейліктен қорқып, балала­рыңды өлтірмеңдер!» - деп бұйрық еткен аспан мен жердің және олардың арасын­дағылардың Тәңірі әр баланың несібесін Өзі беретініне сендіреді. Ал бала туу машақатынан қашатын аналардың есіне сала кетейік: олардың әрбір толғағына, күндіз я түнде тұрып баласын емізген әрбір сәтіне сандаған сауаптар жазылады екен. Шариғат ғұламаларының айтуынша, үйленіп, үй болуда алға қойылатын екі мақсат бар: біріншісі - ұрпақ сүю, екіншісі - әділетсіз істерден сақтану. Ұрпақ болғанда да инабатты, ата-анасының соңынан дұға жасап отыратын салиқалы ұрпақ жаю. Демек, демографиядағы сан мен сапаның тоқайласатын тұсы дәл осы ара болса керек. Бір сөзбен айтқанда, отбасымызда, тұтас әулетімізде, бүкіл халқымызда мейірім мен әділдік салтанат құрғанда ғана ұрпағымыз «ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп» қызмет ететін перзент болмақ. Яғни отбасыңызды бақытты ете алсаңыз, тұтас халықтық Бақытқа өз үлесіңізді қосқаныңыз. Ал сіз қалай ойлайсыз, қадір­менді оқыр­ман? Қайтсек, өсіп-өніп, көркейеміз, өркен жаямыз? «Шаңырақ» пікірлеріңізді күтеді. «Шаңырақтың» арнаулы бетін әзірлеген Нұрлытай ҮРКІМБАЙ Кесарь тiлiгiнiң келiншектерге кесiрi тиiп жүр ме? Ұлт санын өсiру мемлекетiмiздiң бүгiнгi күнгi ең басты мәселелерінің бірі болып отырғаны белгiлi. Бұл жөнiнде Елбасымыз өзiнiң халыққа Жолдауында үздiксiз айтып келедi. Ұлт санын өсiру ұрпақ санын көбейту арқылы жүзеге асырылатыны - бiз айтпасақ та түсiнiктi жайт. Дегенмен заман ауысып, уақыт өзгерген сайын ұрпақ, яғни бала санын көбейту күрделi мәселелердiң бiрiне айналып барады. Оған, ең алдымен, өмiрге ұрпақ әкелер, ертең әке, шеше атануға тиiстi ұл-қыздарымыздың жауапкершілігінің аздығы, олардың денсаулықтарының жарамсыздығы себеп болып тұр. Бұл орайда біз бірнеше мамандармен пікірлескен едік. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаеваның мәлiметiне сүйенсек, қазiргi қыздарымыздың 70 пайызының денсаулығы сын көтермейдi. Ал Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Мырзакәрiм Алшынбаев 2009 жылдан берi ұрпақ өрбiтуге жауапты ер-азаматтардың тексерiлген әрбiр екiншi ер-азаматтың жыныстық қабiлетi төмен болса, әрбiр үшiншiсi бала туғызуға қабiлетсiздiгi жөнiнде дабыл қағып, аналармен қатар ер-азаматтардың да денсаулығын жақсартуға септiгi тиер мемлекеттiк бағдарлама қажеттiлiгiн айтуда. Иә, өмiрге ұрпақ әкелу үшiн әкенiң де, шешенiң де денсаулығы мықты болуы тиiс. Бiрақ бiз келтiрген деректер бұл үмiтiмiздi үкiлей алмайтын секiлдi. Бұл өз алдына бөлек әңгiме десек, бүгiнгi бiздi толғандырып отырғаны - қазiргi жас аналардың өз күшiмен емес, кесарь тiлiгiмен босануларының жиiлеп бара жатқандығы. Көпшiлiктiң сөзiне құлақ түрсек, акушер-гинеколог мамандар «сен өз күшiңмен босана алмайсың, сондықтан операция, яғни кесарь тiлiгi арқылы босануың керек. Оған көнбесең, балаңды аман тууың екiталай. Өз өмiрiңе де қауiп төнуi мүмкiн», - деп жас келiншектердi осы әдiспен босануға мәжбүрлейдi-мiс. Шындығы солай ма? Бұл мәселенiң мән-жайын бiлу үшiн бiз Алматы қаласындағы бiрқатар емдеу мекемелерiнiң әйелдер дәрiгерлерiмен (гинекологтармен) әңгiмелескен едiк. Гүлсiм Стамқұлова, Алматы қалалық онкологиялық аурулар диспансерi жанындағы емхананың гинеколог-дәрiгерi: - Кесарь тiлiгi - босану кезiнде немесе жүктi әйелдiң денсаулығы өз күшiмен босануға жарамсыз болып, ана мен нәресте өмiрiне қауiп төнген және сондай-ақ жатырдағы нәресте өлi туу мүмкiн жағдайда ғана ананы да, баланы да аман сақтап қалу үшiн қолданылатын тәсiлдердiң бiрi. Денi сау, табиғи жолмен босана алатын әйелдердi ешкiм күштеп, мәжбүрлеп кесарь тiлiгiмен босандыруға құқығы жоқ. Оның үстiне қазiр адамдардың барлығы құқықтық жағынан сауатты. Сондықтан кез келген адам заңсыз әрекеттерге қарсы шыға алады деп ойлаймын. Гүлнар Тұрарқызы, Алматы қалалық ұрпақ өрбiту орталығының бас дәрiгерi: - Қазiргi таңдағы ана өлiмiнiң ең басты себебi жүктiлiк кезеңi мен босану кезiндегi асқынулардың салдарынан болуда. Аналардың 48,9 пайызы осы себептерден көз жұмып жатады. Осындай қиын әрi бақытсыз сәттерден ананы аман алып қалу үшiн дәрiгерлер кез келген медициналық тәсiлдердi қолданады. Соның бiрi - жұрт арасындағы бала санын көбейтуге кесiрi тиiп отыр деген кесарь тiлiгi. Кесарь тiлiгi бойынша бұрын 2 балаға дейiн ғана рұқсат етiлсе, қазiргi медицинаның жаңа жетiстiктерiнiң нәтижесiнде 1,5-2 жас аралығында 4 балаға дейiн тууға болады. Мiне, сондықтан кесарь тiлiгi ұрпақ санын көбейтуге кесiрi тиiп тұр деген пiкiрдi қолдай алмаймыз. Дәрiгерлер, оның iшiнде әйелдер дәрiгерлерiнiң ең басты мiндетi - ананың да, баланың да өмiрiн аман сақтап қалу болғандықтан, келiншектерiмiз дәрiгер айтқанда ақыл-кеңестерге мұқият ден қойса, дұрыс айтылған пiкiрлерден терiс пiкiр туындатпаса деймiн. Камал Ормантаев, қоғам қайраткерi, белгiлi балалар хирургі, академик: - Ана мен нәресте өлiмi бойынша, өзге елдi айтпағанда, ТМД-ны таңғалдырып тұрмыз. Бұл жөнiнде айта-айта шаршап та жүрген адаммын. Кесарь тiлiгi деген отаға дәрiгер өз бетiнше бара бермейдi. Демек, қазiргi жас аналардың денсаулығы табиғи босануды көтере алмайды деген сөз. Босанатын әйелдiң, өмiрге келер нәрестенiң тағдырын ойлаған дәрiгер оған жәрдем болар амалдарды қарастырады. Хирургке ота жасау деген оңай шаруа емес. Дәрiгер үшiн ота жасаудан гөрi, адамның денсаулығының жақсы болғаны керек. Сол секiлдi хирург - акушер-гинеколог үшiн де әйелдiң кесарь тiлiгiмен емес, өздiгiмен босанғаны тиiмдi. Бiз кесарь тiлiгiнен келер кесiрдi дәрiгерлерден емес, өздерiн болашақ анамыз деп бағалай алмай жүрген қыздардың өзiнен iздеуiмiз керек. Жас аналардың денсаулық көрсеткiшi өте төмен. Неге? Себебi қыздың бала кезiнен денсаулығын күтiмдей алмаймыз. Қазiр тiптi қыз дегендi еркiне жiбердiк. Денелерi ашық-шашық, кiндiгi көрiнiп, киген шалбары мықынына әрең iлiнiп тұр. Одан қалса, тартқандары темекi. Темекi тартқан қыз-келiншек арақ iшуге де бейiм деген сөз. Кiндiк - деген әйел баласының жанөзегі десек болады. Ана жатырындағы нәресте осы кiндiк арқылы нәр алады. Ал әбден кiрленiп, көрiнгеннiң көзi түскен кiндiктен болашақ сәби қандай нәр алады. Жас нәрестелер арасында туа бiттi жүрек талмасы ауруы көбейiп барады, оның себебiн көбiне бiз сырттан iздеймiз, ал мен, ең алдымен, сол нәрестенi өмiрге әкелер әке мен шешенiң өз ұрпағына деген жауапсыздығынан дер едiм. Ұлт санын көбейтiп, өмiрге денi сау ұрпақ келсiн десек, бiз, ең алдымен, ұлттық тәрбиенi қолға алуымыз керек. Қыз бала тәрбиесiне қатаң қарауымыз қажет. Ұлттық тәрбиенi күшейтiп, жас ұрпақ санасына иман әлiппелерiн сiңiрмейiнше, бiз уақытымызды тек бiр-бiрiмiздi жазғырумен өткiземiз. Қыз баланың тәлiм-тәрбиесiне ғана емес, ана болу тағдырына да аналар жауапты. Өзi бiрдi-екiлi баламен шектелген ана қызына «көп балалы бол» деген ақыл-кеңес бере ала ма? Мiне, мәселенiң мәнi қайда жатыр. Кесел - кесарь тiлiгiнде ғана емес, тағы қайталап айтам, тәлiм-тәрбиеде. Тәлiм-тәрбие дұрыс болса, кез келген адамның денсаулығы да мықты болады. Кесарь тiлiгi төңiрегiндегi бұл жолғы әңгiмемiзді академик ағамыздың пiкiрi қорытындылап бергендей. Дегенмен кесарь тiлiгiмен босанатын келiншектердiң көбейiп бара жатқанына дәрiгерлер кiнәлi ме, әлде тоғыз ай, тоғыз күн күткен сәбиiн алпыс екi тамырын иiтiп, толғақтың ләззатын сезiнiп, өмiрге әкелуге қабiлетсiз болып тұрған келiншектерiмiздiң денсаулығы кiнәлi ме? Сiз не дейсiз, «Шаңырақ» оқырмандары, Сiз не дейсiз, ана мен бала тағдырына жауапты ақ желеңдi абзал жандар?.. Нұржан ҚОҢЫР «Ана тілі» газеті
qosymsha/abai.kz
post_79606.txt
Күнтізбектен алынса да, жүректерде қалған мереке құтты болсын, ағайын!
https://abai.kz/post/79606
"Күнтізбектен алынса да, жүректерде қалған мереке құтты болсын, ағайын!" | "https://abai.kz/post/79606"
25.10.2018
Әміржан Қосан
null
TITLE: Күнтізбектен алынса да, жүректерде қалған мереке құтты болсын, ағайын! URL: https://abai.kz/post/79606 META: "Күнтізбектен алынса да, жүректерде қалған мереке құтты болсын, ағайын!" | "https://abai.kz/post/79606" DATE: 25.10.2018 AUTHOR(s): Әміржан Қосан TOTAL WORDS: 110 TEXT: 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен және Желтоқсанмен байланысты. Ол күндері аза тұтудың орнына "Тәуелсіздік күні" деп тойлап жатамыз. Бүгінгі билікке тікелей тиіп кететін екі жалпыұлттық датаны ұмыттырғысы келетін сияқты! Бүгін - 25 қазан, 2010 жылға дейін "Республика күні" ретінде мемлекеттік мереке күні боп келді. Меніңше, сол дәстүрге қайта оралу керек. Айтпақшы, "республика" ("res publica" - "қоғамдық іс") мемлекеттік билік тек қана сайланбалы органдар (президент, парламент, үкімет, жергілікті басқару органдары) арқылы жүзеге асырылатын жүйені білдіреді. Бір адамға табынып жатқан және биліктің ауысуын династиялық жолмен жүзеге асырғысы келетін топтарға да бұл мықты антисигнал! Күнтізбектен алынып тасталса да, жүректерде өз орнын ойып алған мереке күні құтты болсын, республикашыл ағайын! Әміржан Қосанның facebook парақшасынан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_37877.txt
ЖАҢА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ
https://abai.kz/post/37877
"ЖАҢА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ" | "https://abai.kz/post/37877"
22.04.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЖАҢА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ URL: https://abai.kz/post/37877 META: "ЖАҢА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ" | "https://abai.kz/post/37877" DATE: 22.04.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 134 TEXT: Алматы қаласының маңында жаңа әуежай салынады деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Бұл туралы Алматыда өткен аймақтық жиын барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов мәлім еткен. Оның айтуынша, жаңа әуежай үшін Алматы қаласынан 54 шақырым жерде орналасқан Жетіген кенті маңында 2 мың гектарға жуық жер телімі белгіленіп қойылған. «Бұл шешім Көлік және коммуникация министрлігінің ұсынысымен қабылданды. Ондағы мақсат - ұшақтардың ұшуы мен Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл әуежай сонымен қатар транзиттік қызмет те атқаратын болады. Жақын орналасқан теміржолдар, автокөлік жолдары, электр қуатының көздері және су ресурстары көлік тасымалдау мәселесін шешуге және әуежайдың жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді» - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы маңында халыққа төрт әуежай қызмет көрсетеді. Олардың ең үлкені - Алматы қаласында, ал қалған кішігірім үш әуежай Боралдай, Байсерке және осы Жетіген кентінде орналасқан. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_11705.txt
Қуандық Шамахайұлы. Соқыр сенімнің бұғауы да берік
https://abai.kz/post/11705
"Қуандық Шамахайұлы. Соқыр сенімнің бұғауы да берік" | "https://abai.kz/post/11705"
30.11.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қуандық Шамахайұлы. Соқыр сенімнің бұғауы да берік URL: https://abai.kz/post/11705 META: "Қуандық Шамахайұлы. Соқыр сенімнің бұғауы да берік" | "https://abai.kz/post/11705" DATE: 30.11.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 742 TEXT: Қайран есіл ер Сұлтанмахмұд Торайғыров «қараңғы қазақ төріне өрмелеп шығып күн боламын» - деп айтса айтқандай-ақ дерсің.  «Қараңғы адамдардың» тезарада ағарып кететіндігіне Гераклит те аса сенбеген. Гераклит сынды ешкімге бет қаратпайтын тентектің өзі надандарға төтеп бере алмаған соң таудың биігіне қарай жол тартқан ғой. Бірақ, өзін ортадан тым қашықта оқшаулап тастады. Ал, халықтың бел ортасында болып, оларды жанындай жақсы көріп, өзінің бар әлеуеті мен қабілетін көптің игілігіне арнаған ғұламалар да тарихта баршылық. Солардың бірі - данышпан Эмпедокл еді. Ол да өз кезегінде ақсүйектер әулетінде туып-өсті. Оның атасы Сициллиядағы Акрагант қаласын басқарған. Еш өкінбестен патша тағынан өз еркімен бас тартқандығымен ақылдылық танытып, айналасының құрметіне бөленген басшы еді. Эмпедокл де миларының аздығына қарамай мұрындарын шүйіріп, маңғазаданған түр көрсетіп жүретін байлар мен билікқұмарлардың хас жауына айналған адам. Ол әрдайым азат азаматтардың тең еріктілігі үшін күресті. Оның пешенесіне Акрагант қаласында халықтың үкімет билігін қолға алуларын көру жазылған екен. Халық билігін әлдебір тоғышар топастың пайдаланып кетпеуі үшін ол барын салды. Көп жиналған жерде өздерін көрсетіп қалғылары келіп, әлдеріне қарамай тыраштанатындарды ол ащы әзіл-сықақпен шенеп отырды. Қайран есіл ер Сұлтанмахмұд Торайғыров «қараңғы қазақ төріне өрмелеп шығып күн боламын» - деп айтса айтқандай-ақ дерсің.  «Қараңғы адамдардың» тезарада ағарып кететіндігіне Гераклит те аса сенбеген. Гераклит сынды ешкімге бет қаратпайтын тентектің өзі надандарға төтеп бере алмаған соң таудың биігіне қарай жол тартқан ғой. Бірақ, өзін ортадан тым қашықта оқшаулап тастады. Ал, халықтың бел ортасында болып, оларды жанындай жақсы көріп, өзінің бар әлеуеті мен қабілетін көптің игілігіне арнаған ғұламалар да тарихта баршылық. Солардың бірі - данышпан Эмпедокл еді. Ол да өз кезегінде ақсүйектер әулетінде туып-өсті. Оның атасы Сициллиядағы Акрагант қаласын басқарған. Еш өкінбестен патша тағынан өз еркімен бас тартқандығымен ақылдылық танытып, айналасының құрметіне бөленген басшы еді. Эмпедокл де миларының аздығына қарамай мұрындарын шүйіріп, маңғазаданған түр көрсетіп жүретін байлар мен билікқұмарлардың хас жауына айналған адам. Ол әрдайым азат азаматтардың тең еріктілігі үшін күресті. Оның пешенесіне Акрагант қаласында халықтың үкімет билігін қолға алуларын көру жазылған екен. Халық билігін әлдебір тоғышар топастың пайдаланып кетпеуі үшін ол барын салды. Көп жиналған жерде өздерін көрсетіп қалғылары келіп, әлдеріне қарамай тыраштанатындарды ол ащы әзіл-сықақпен шенеп отырды. Ол кісінің халық үшін жан аямай еңбектенгені тіпті адам таңданарлықтай ғажап. Бірде Селинунт қаласы маңындағы өзен былғанып, жұрт арасында оба тарайды. Адамдар топ-тобымен қынадай қырылады. Эмпедокл бір амалын табады. Жеке қаражатымен арық қаздырып, дарияны алыстағы екі өзенмен қосады. Сонда суы тазарып, бүкіл қала өлім қаупінен құтылады. Халық игілігі үшін жасаған оның істері жайында тарихи деректер көп. Адамдар оны қатардағы адамнан гөрі Жаратушының жердегі өкіліне көбірек ұқсататын көрінеді. Оны іздеген жандар патша сарайынан емес, көбінесе халықтың қайнаған ортасынан табар еді. Оның басты ерекшелігі - өзінің телегей теңіз білімін мейлінше, көп адамға дарытуға тырысуы болатын. «Адамның ақыл-ойы үнемі жаңа дүниеге келгенде бөгеледі» дегенді айтқан ол қарапайым жандармен пікірлесуді, қызықтары мен қиындықтарын бөлісуді, халықтың білім-пайымын кеңейтуді өзіне міндет санады. Эмпедокл ғұлама шын мәнінде, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклиттердің бастаған істерін жалғастырушы еді. Ол дүние әлемін от, су, топырақ, ауа төрт негізгі элементтен тұрады деп білді. Осы төртеуінің бірлігі белгілі бір заттың пайда болуына және ыдырап құрып кетуіне итермелейді деді. Алайда, еш нәрсе түбегейлі құрып кетпейді және құр бос кеңістіктен ештеңе пайда болмайды. Адамның өлуі мен дүниеге келуі дегеніміз бірігу және ыдыраудан тұратын үрдіс. Бірліктен (единица) көп пайда болады, көптен біртұтастыққа айналу да бар. Бойында шыбын жаны барлардың бәрін жарылқаушы күн сәулесі, терең әжіммен беті айғыздалған жер ана, күші буырқанып тұрса да желсіз күнде сабырлы да байсалды теңіз, мұхиттар жаралмаған дәуір де өткен. Ол тұста бар дүние өзара жауласып жатты. Қысқасы, дүние атаулының үйлесім таппаған кезеңі. Ақыры осы үйлесім барлығын формаларға көшірді. Салыстырмалы түрде айтқанда, суретшінің табиғатты бір сәтте барлық жан-жануарларымен қоса сала алмайтыны секілді. Кейін күн, ай, жұлдыздар әлемі, жер шары, теңіз, мұхиттар пайда болды. Төрт заттың бірлігінен тірі организм шықты. Алғаш денесіз бас, иықсыз қол, маңдайсыз көз әлемді кезіп жүрді. Сөйтіп жүріп кездесті де өзара қосылды. Алайда, бір сорақысы, екі басты жануарлар, адам басты сиырлар, сиыр басты адамдар пайда болды. Дегенмен, ол тажалдар біртіндеп жоғалып адам мен хайуандар өз үйлесіміне қарай орындарын тапты...Эмпидокл осылай дәріс оқыды. Оның айтқан әңгімелері тыңдаған жандардың көңілдеріне дереу қона кетпеді. Дүниенің қалай жаралғанын түсіну олар үшін аса ауыр еді.  Эмпидокл бәрін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Барлық дүние заңдылықтың талабымен түпкілікті микро заттардың бірлігінің нәтижесінде пайда болды дегенді түсіндірмек болды. Алайда, өздері тірі Құдай санап табынған данышпанның айтқан сөзіне адамдар илана алмады. Тіпті ол өлген соң талай жыл өтсе де ұлы ұстазын тіріге санайтындар көп болған екен.  Эмпидокл ілімінің өзі бірге жүріп, біте қайнаған ортасында да сіңбеуі, ешқайсын иландыра алмауы - соқыр сенімнің бұғауы тым берік болатындығын айғақтап кетсе керек. "Абай-ақпарат"
qosymsha/abai.kz
post_9925.txt
ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырады
https://abai.kz/post/9925
"ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырады" | "https://abai.kz/post/9925"
09.08.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырады URL: https://abai.kz/post/9925 META: "ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырады" | "https://abai.kz/post/9925" DATE: 09.08.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 459 TEXT: Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырды. «Қасиетті Рамазан айында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қол ұшын ұсынуға шақырады», - делінген ҚР СІМ таратқан хабарда. «Африкалық Мүйіз елдеріндегі Соңғы 60 ішіндегі ең ауыр құрғақшылық сол аймақтағы күрделі гуманиталық дағдарыстың себебі болды. Табиғи-климаттық құбылыс малдың жаппай қырылуына және егіс дәнді дақылдарының шықпай қалуына әкелді, сөйтіп жергілікті халық үшін азық-түліктің негізгі көздері толықтай дерлік жойылған. БҰҰ бағалауы бойынша, Сомалидегі, Эфиопиядағы, Кениядағы, Эритреядағы және Джибутидегі халықты қоса алғанда, 11 млн. астам адам жедел гуманитарлық жәрдемді қажет етеді. Аталған елдердің тұрғындарына, көбінесе әйелдер, балалар мен жасы үлкен адамдарға азық-түліктің және дәрі-дәрмектердің жоқтығынан өлім қатері төніп тұр. Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырды. «Қасиетті Рамазан айында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қол ұшын ұсынуға шақырады», - делінген ҚР СІМ таратқан хабарда. «Африкалық Мүйіз елдеріндегі Соңғы 60 ішіндегі ең ауыр құрғақшылық сол аймақтағы күрделі гуманиталық дағдарыстың себебі болды. Табиғи-климаттық құбылыс малдың жаппай қырылуына және егіс дәнді дақылдарының шықпай қалуына әкелді, сөйтіп жергілікті халық үшін азық-түліктің негізгі көздері толықтай дерлік жойылған. БҰҰ бағалауы бойынша, Сомалидегі, Эфиопиядағы, Кениядағы, Эритреядағы және Джибутидегі халықты қоса алғанда, 11 млн. астам адам жедел гуманитарлық жәрдемді қажет етеді. Аталған елдердің тұрғындарына, көбінесе әйелдер, балалар мен жасы үлкен адамдарға азық-түліктің және дәрі-дәрмектердің жоқтығынан өлім қатері төніп тұр. Аймақтың ең жәбірленген елдері қатарына Сомалиді жатқызуға болады, онда жағымсыз факторлардың қосылған әсері - әскери қақтығыстар, құрғақшылық, гиперинфляция, вирустық аурулар - азық-түлікке байланысты апатты жағдайдың пайда болуына әкелді. Гуманитарлық ұйымдардың мәліметі бойынша, елде 3 млн. адам, яғни халықтың төрттен бір бөлігі ашығуда. Сонымен қатар асқа жарымағандықтың көп жылдық деңгейі елеулі асып кеткен, ол стихиялық түрде, ең біріншіден Кенияға көшетін 1,5 млн. жер аударылғандар мен босқындардың үлкен санының пайда болуына әкелді. Орын алып жатқан қасіреттің айтқысыз сипатын ескеріп, халықаралық аренада зардап шеккендерге көмек көрсету үшін күш-жігерді біріктіру жүргізілуде. Сомали астанасы - Могадишода Гуманитарлық жәрдем офисі бар жалғыз халықаралық ұйым болып табылатын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы да шетте қалмады. Ү.ж. 28-29 шілдеде дереу шақырылған Стамбұл конференциясының барысында Сомалиге және ислам әлемінің басқа да мұқтаж елдеріне жәрдем көрсету үшін ИЫҰ Гуманитарлық коалициясын құру туралы шешім қабылданған. Кездесуге қатысушылар алдағы үш айға 29 млн. доллар шамасындағы ИЫҰ дереу гуманитарлық жәрдемінің бюджетін анықтаған. Қазіргі уақытта Сомалиге Сауд Арабиясы - 60 млн. доллар, Кувейт - 10 млн. доллар және Судан - 100 мың доллар шамасындағы қаржылық көмекті бөлу туралы мәлімдеді. Қазақстан Республикасы ИЫҰ-ның белсенді мүшесі және Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесі Төрағасының міндеттерін іске асыратын мемлекет ретінде алдағы уақытта Коалиция бюджетіне өз үлесін енгізуге ниетті. Стамбұл кездесуінің қорытынды декларациясында ИЫҰ-ға мүше елдер барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының кезеңінде Сомали және өңірдегі басқа африкалық мұқтаж елдерге мүмкін болатын жәрдем көрсету жөніндегі үндеу жасалынған болатын.
qosymsha/abai.kz
post_145989.txt
Тоқаев: Азаматтарды оқуға Ресейге аттандыратын боламыз
https://abai.kz/post/145989
"Тоқаев: Азаматтарды оқуға Ресейге аттандыратын боламыз" | "https://abai.kz/post/145989"
21.01.2022
Abai.kz
null
TITLE: Тоқаев: Азаматтарды оқуға Ресейге аттандыратын боламыз URL: https://abai.kz/post/145989 META: "Тоқаев: Азаматтарды оқуға Ресейге аттандыратын боламыз" | "https://abai.kz/post/145989" DATE: 21.01.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 100 TEXT: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласы қайта қаралатынын мәлімдеді. "Мен біздің елдегі білім саласын қайта форматтан өткізгім келеді. Біз экономист, заңгер мен менеджер мамандарын көптеп шығара бастадық. Бірақ бізге қазір білімді техникалық рельске түсіру керек" , деді президент. Сонымен қатар, "Болашақ" бағдарламасына өзгеріс керек екенін атап өтті. " Біз жас азаматтарды оқуға, оның ішінде Ресейге аттандыратын боламыз. Бәлкім, ең бірінші кезекте Ресейге, техникалық жоғары оқу орындарына жіберу керек шығар. Таяуда ғана мен әлемнің жетекші елдерінің филиалдарын техникалық мамандықтар бойынша ашуды тапсырдым. Қазақтар, жас қазақтар ең алдымен технарь болуы керек. Бұл – менің түпкі байламым", - дейді Тоқаев. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_44201.txt
АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС: РУСЛАН КҮЛІКБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ ЕЛДЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ
https://abai.kz/post/44201
"АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС: РУСЛАН КҮЛІКБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ ЕЛДЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ" | "https://abai.kz/post/44201"
21.07.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС: РУСЛАН КҮЛІКБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ ЕЛДЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ URL: https://abai.kz/post/44201 META: "АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС: РУСЛАН КҮЛІКБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ ЕЛДЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ" | "https://abai.kz/post/44201" DATE: 21.07.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 0 TEXT:
qosymsha/abai.kz
post_48992.txt
ОҚО-ның омарташылары 100 тонна бал өндірді
https://abai.kz/post/48992
"ОҚО-ның омарташылары 100 тонна бал өндірді" | "https://abai.kz/post/48992"
25.12.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ОҚО-ның омарташылары 100 тонна бал өндірді URL: https://abai.kz/post/48992 META: "ОҚО-ның омарташылары 100 тонна бал өндірді" | "https://abai.kz/post/48992" DATE: 25.12.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 181 TEXT: Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1200 омарташы жылына 100 тонна бал өндіреді, деп хабарлайды Abai . kz ақпараттық порталы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оңтүстік Қазақстан облысында бал ара шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, оны селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін омарташылар омарталардың әрбір ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге көлемінде қолдау қаржы алып отыр. Оңтүстіктің омарташыларына қолдау көрсетіп отырған мекеменің бірі «Ырыс» микроқаржы ұйымы. Аталған ұйымнан қолдау алған шаруашылықтың бірі «ЭкоМёд» ЖШС. Серіктестік ара шаруашылығын дамыту үшін қаржы ұйымынан төмендетілген жылдық мөлшерлеме негізінде 5 млн. теңге несие алып, оған 480 дана ара ұяшығын сатып алған. Олар әр ұяшықтан шамамен 25-30 кг., бал арасының  өнімін алады. Биыл шаруашылыққа Австрия мен Украина елдерінен асыл тұқымды карпаттық бал аралары әкелінді. Араның бұл түрлері балды жақсы жинайды әрі ауа-райына жылдам бейімделеді. Балдың аққурай және таулы түрлерін өндіретін шаруашылық өндірілген өнімдерін Қазақстанның солтүстік және орталық областарына және көрші Ресей еліне экспорттаған. Сондай-ақ, облыста бал ара шаруашылықтарын ғылыми тұрғыдан сүйемелдеумен айналысатын «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-де бал ара шаруашылығы секторы жұмыс жасайды. Ал бал аралар аналығын қолдан ұрықтандырумен ЖК «Демидов» айналысып келеді. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_7930.txt
Жапонияда кезекті жер сілкінісі болды
https://abai.kz/post/7930
"Жапонияда кезекті жер сілкінісі болды" | "https://abai.kz/post/7930"
11.04.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Жапонияда кезекті жер сілкінісі болды URL: https://abai.kz/post/7930 META: "Жапонияда кезекті жер сілкінісі болды" | "https://abai.kz/post/7930" DATE: 11.04.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 196 TEXT: АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Хонсю аралының солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 5,1 жер сілкінісі  болды. "Ресей академиясы ғылымдары Геофизикалық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Хачинохе, Мариока және Аомори қалалары орналасқан Жапон жағалауына жақын жерде болды. Жерасты дүмпулері 33 шақырымдық тереңдікте тіркелді. Осы түн ішінде Хонсю жағалауының солтүстік-шығысында магнитудасы кем дегенде 5,0 болатын сілкіністері тіркелді. Зілзаладан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірше түскен жоқ", -деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Хонсюдың солтүстік-шығыс жағалауындағы сейсмикалық толқулар бір айдан бері тіркелуде. 11 наурызда мұнда цунами толқынын тудырған орасан 9,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жапондық тараптың хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 13 мыңнан астам қаза тапты. АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Хонсю аралының солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 5,1 жер сілкінісі  болды. "Ресей академиясы ғылымдары Геофизикалық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Хачинохе, Мариока және Аомори қалалары орналасқан Жапон жағалауына жақын жерде болды. Жерасты дүмпулері 33 шақырымдық тереңдікте тіркелді. Осы түн ішінде Хонсю жағалауының солтүстік-шығысында магнитудасы кем дегенде 5,0 болатын сілкіністері тіркелді. Зілзаладан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірше түскен жоқ", -деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Хонсюдың солтүстік-шығыс жағалауындағы сейсмикалық толқулар бір айдан бері тіркелуде. 11 наурызда мұнда цунами толқынын тудырған орасан 9,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жапондық тараптың хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 13 мыңнан астам қаза тапты.
qosymsha/abai.kz
post_89698.txt
Мырзатай ата, бір мәрте мінез көрсетіңізші...
https://abai.kz/post/89698
"Мырзатай ата, бір мәрте мінез көрсетіңізші..." | "https://abai.kz/post/89698"
25.04.2019
Нұрбике Бексұлтанқызы
null
TITLE: Мырзатай ата, бір мәрте мінез көрсетіңізші... URL: https://abai.kz/post/89698 META: "Мырзатай ата, бір мәрте мінез көрсетіңізші..." | "https://abai.kz/post/89698" DATE: 25.04.2019 AUTHOR(s): Нұрбике Бексұлтанқызы TOTAL WORDS: 620 TEXT: Бізде ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия бар. Төрағасы  - Мырзатай Жолдасбеков. Онда Президенттікке үміткерлер үш кезең бойынша сынақ тапсырады. Бірінші – жазбаша жұмыс, екінші – үш беттік мәтін оқу, үшінші – берілген тақырыпқа қатысты өз ойын айту. Алайда, бізден басқа ешбір мемлекет өз президентінің тілді еркін меңгергенімен бас қатырмайды. Иә, өз тілімізді тұғырға қондыра алмай отырған ел екеніміз рас. Бірақ, тәуелсіздік алған жылдан бері қазақ тілін білмейтін адамды мемлекеттік қызметке алмағанда, билікке жақындатпағанда осындай мазаққа қалмаған болар едік. Бұл бассыздықтың бәріне  өзін зиялымыз деп есептейтін тіл ғалымдары да тікелей кінәлі. Ал, Жолдасбеков басқаратын бұл комиссияның жұмысы қаншалықты тәуелсіз? Мырзатай мырза 30 жыл ішінде бүгінгі биліктің қазақ тілін ысырып қойған кейбір әрекеттеріне сыни пікір айта алды ма? Президенттің Халықаралық мінберлерде орысша сөйлегеніне Жолдасбеков бастаған комиссия ләм-мим деуге шамасы жетіп пе еді? Жоқ! Олай болса, тек сайлау алдында болашақ президенттен емтихан алуы қаншалықты әділетті? Айтпақшы, Жолдасбеков мырза 2015 жылы қазақшасы шала-пұла Ғ.Қасымовтан қате таппай елдің мазағына қалған-ды. “Қалай?” деген сұраққа Жолдасбеков “Оның бағы жанды ма, оңтайлы сұрақтар келді ме, тыңғылықты дайындалды ма, әйтеуір сынақтан сүрінбей өтті” деген. Осыдан-ақ, Жолдасбеков тізгіндеген комиссияның биліктің ыңғайына жығылуға дайын екенін байқағанбыз. Егер жоғарыдан "оның қазақшасы жақсы" десе, Жолдасбековтер сөзсіз бас шұлғи салары анық. БАҚ осыны айтып, сынай бастап еді, "бұл мәселені ежіктеп, мыжи бермеңдер” деп ашуланған еді, Мырзатай атамыз. Ал, күні кеше апыл-ғұпыл Қасым-Жомарт Кемелұлынан сынақ алып, оның сүрінбегенін айтты. Ал, президенттікке тағы бір үміткер Сәдібек Түгел емледен сәл-сәл қате жіберіпті. Қазақ ұлтының тізгінін ұстайтын адам қазақ тілін білуге міндетті екені талқыланбайтын дүние. Ал, оның мектеп оқушысы сияқты емтихан тапсыруы күлкілі болса да, осындай өтірік ойын ойнауға мәжбүрміз. Лингвистикалық комиссия  кәріне мінген комиссия болса, біз бұлай сөз шығындамас едік. Қазір Жолдасбековтың комиссиясы керісінше қазақ тілін қорлау үшін жұмыс істейтіндей болып көрінеді. Жолдасбековтың осы сынағы туралы белгілі саясаткер Расул Жұмалы да әлеуметтік желіде: “Мемлекет басшылығына үміткер өз мемлекетінің мемлекеттік тілі бойынша емтихан тапсыруды өз басым барып тұрған ессіздік көремін. Макрон француз, ал Путин орыс тілі бойынша шығарма жазуға тура келсе, күлкіге қалар еді. Ондай үміткерді француздар мен орыстар үміткерлік түгілі ел азаматтығынан айырар еді. Ал бізде аталған сорақылық қалыпты жағдай”, - деп жазды. Егер басқалар дәл мұндай әрекет үшін президенттерін азаматтығынан айыратын болса, Жолдасбековтікі не әурешілік? Одан да неге қазақ тілін білмейтін адамды билікке жолатпайтын заң қабылдамаймыз? Мырзатай мырза ата сақалы аузына түскенде Ғани Қасымовтарды емтиханнан өткізгені үшін сөз естіді. Одан да, Абылайдың қасындағы Бұқардай абыройы бар Мырзатай мырзалар "Екі ауыз сөздің басын қоса алмайтын депутаттар мен министрлерді неге отставкаға жібермейміз?" деп мәселе көтерсе, бұл комиссияның қажеттілігі де болмай қалар еді. Елдің алдында масқара болып, "мемлекеттік тілді біледі, білмейді" деп құмалақ ашқаннан гөрі мемтілді білмеген адамды мүлдем билікке жолатпай қою абыройлы іс емес пе? Ұлттың тілін сыйламағандар сол ұлтқа қызмет ете алмайтыны 30 жылдан бері дәлелденді емес пе? Бұған Жолдасбеков бастаған тіл ғалымдары неге үн қата алмай отыр? Олар биліктің тілге қатысты бұрыс әрекеттерін неге сынға алмайды? Ол кісі әзірге біздің есімізде " Назарбаевты Уинстон Черчилль, Джорд Вашингтон, Ататүріктердің істей алмағанын істеген қайраткер деуге болады” деген сөзімен қалып отыр. Бұл сөз, бұл мадақ Мырзатайдай әйгілі ғалым атамызға аздық етеді. Сондықтан да лингвистикалық комиссияның төрағасы болып отырған, Мырзатай атамызға бір мінез көрсетер кез жетті деп ойлаймыз. Түйін Тәуелсіздік алған жылдан бері тіл мәселесі күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Оған басты себеп Ата заңымыздың 7-бабындағы “Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” деген қисынсыз бап болып отыр. Және 30 жыл уақыт өтсе де осы баптың өзгертілмеуі халық көсем тұтқан Мырзатай Жолдасбеков секілді зиялыларымыздың табанының бүрінің жоқтығынан деп білеміз. Мырзатай атамызға бұл сөзді қайрау үшін айтып отырмыз. "Президенттен емтихан алдым" деген келер ұрпақ үшін абырой емес. "Бүкіл мемқызметкерлердің мемтілді білуін заңмен бекітуге ықпал еттім" деген - мәртебе. Осыны Мырзекеңдер қолға алмаса, басқадан қайыр жоқ... Нұрбике Бексұлтанқызы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_76330.txt
Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді?
https://abai.kz/post/76330
"Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді?" | "https://abai.kz/post/76330"
06.09.2018
Берік Ағыбаев
null
TITLE: Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді? URL: https://abai.kz/post/76330 META: "Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді?" | "https://abai.kz/post/76330" DATE: 06.09.2018 AUTHOR(s): Берік Ағыбаев TOTAL WORDS: 875 TEXT: Жуырда ұзындығы жарты метрге жуық, салмағы 8 келіден асатын 2 томдық, 552 беттен тұратын «Отырар» тарихи-этнографиялық альбомдар жинағы жарық көрді. Түркістан облысы, Отырар ауданының қысқаша тарихы мен сол ауданның халқының есінде сақталған біртуар перзенттері туралы мәліметтер берілген екен. Бұл альбомдарға миллиондаған қаржы жұмсалғанын, Түркияда басылып шыққанын сұрап білдік. Өкініштісі сол, тарихи альбомдарды шығарудағы мақсат мүлдем түсініксіз. Атын «Отырар» деп айғайлатып қойғанымен, мазмұны атына сай емес. Көлемі мен түрі салмақты, ішінде мыңдаған адамдар туралы ақпарат бар, тіпті кейбіреулерінің атын адам білмейтін көптеген ақын-жазушылардың өлеңдері мен әңгімелері кездеседі. Атап айтар болсақ: Ұлжан Дәуренбекова, Жанат Ботабекова, Ахмет Әбутәліп, Есенгелді Наурызбайұлы, Медет Башаров, Ибатов Сұлтанхан, Тәуірелкелдібек Молтаев, Әмина Әбдісадыққызы, Қыстаубек Амантай, Тұрымтай Мыңжасарұлы, Болысбай Рахымбаев, Файзулла Сүгірбаев, Айдарша Оспанов, Еркебай Көшербайтегі, Өмірзақ Серікбаев және басқа жазғыштардың әңгімелері, өлеңдері, отбасы тарихы туралы естеліктері берілген екен. Отыздан астам әл-Фараби шыққан Отырар елінің тарихы күрделі. Фарабилер мекені атанған аймақ әлі жіті зерттеуді талап етеді. Себебі мұндағы ғалымдар математика, физика, астрономия тағы басқа көптеген салаларда әлемдік деңгейде жаңалық ашқан тұлғалар. Осы ғалымдар ішінде қазақтың бас тарихы болған, Отырар тарихын бүкіл адамзаттың құлағына жеткізген, аты аңызға айналған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби екені даусыз. Ұлы ойшыл туралы халық аузында сақталған мынадай бір әңгіме бар. Ұстаз қартайған шағында бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, егер құпиясын сақтап, шартын орындасаңдар айтамын», – дейді. «Аманатқа қиянат жасауға болмайды, айтқаныңызды орындаймыз», – деп шәкірттері уәде береді. Сонда ұстаз оларға теріден тігілген тұмарды ұсынып, қабірінің басында ғана ашуды өтінеді. Арада көп уақыт өтпей-ақ ұлы ұстаз дүниеден өтеді. Марқұмды арулап, жерлеу рәсімі кезінде уәде бойынша әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен тілдей қағаз шығады. Қағазда: «Бұл туған жерім – Отырардың топырағы еді, қабіріме осыны салыңдар», – деп жазған екен. Өтініші үлкен тебіреніспен орындалады. Данышпанның аты данышпан, өмірден өтіп жатып та туған жердің қасиетін кейінгілерге ұқтырып кетіпті. Ал, аталған альбомдарды құрастырушылар Отырар тарихынан ойып тұрып орын алатын ұлы тұлғаның, неше том кітапқа жүк болатын еңбектері мен өмірбаяны туралы мардымсыз мәлімет беріп, 552 беттің шағын бір бетін ғана арнаған. Ал, енді Отырар тарихын қолына қалам ұстаған кезден бастап  зерттеген, Отырар даңқын күллі әлемге паш еткен және оның қазіргі музейін аштырған, Әбу Насыр әл-Фараби мен отыздан астам әл-Фарабидің еңбектеріне ерекше назар аудартып, олардың есімінің сол жерде жазылуына себепкер болған, есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Алтын кітабында жазылған, 120 мемлекеттің сыйлығын иеленген ақын Мұхтар Шаханов екені даусыз. Ол кісінің қазақ ұлтына жасаған басқа да қызметін айтпағанның өзінде, Шыңғыс ханның Отырарды қалай қиратқаны жайлы поэмасының өзі әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған және 25 жылдай қазақ мектептерінің оқулығына енген «12-3=?» поэмасының өзі неге тұрады? Туған жер тарихын кең көлемде зерттеу үшін үкімет басшыларының назарын аудартқызған ақынның аталған альбомдарда екі жол өлеңі келтірілмеген, 552 беттің жарты бетін ғана арнаған. Ақынның еліне жасаған қыруар еңбектерін жоққа шығару үлкен әділетсіздік емес пе? Әл-Фараби мен Мұхтар Шахановтың туған жеріне жасаған істерін бір емес бірнеше университеттер зерттеп біте алмасы анық. Ұлттық сананы өзгерту үшін төл тарихымызды түгендеу мақсатында әлемге белгілі тұлғалардың «Отырар» тарихи-этнографиялық альбомында еңбектерінің болмауы – болашақ ұрпаққа тарихты бұрмалап жеткізу. Шындық айтылмаған кез келген кітаптың құны болмайтыны белгілі жағдай. «Ағаштың тамыры жерде, адамның тамыры елде», – деген сөзді ұран етуші тұлғаларымыз қазақтың кез келген тарихи кітабынан ойып тұрып орын алуы шарт. Әлемді мойындатқан ұлы тұлғалар өзінің өмірлік жетістіктері мен қалыптасуының бәрі туған елден алған нәрінің жемісі екенін бір сәтке де естен шығарған емес. Біздің халық ықылым заманнан бері адам баласы туған жерінен сусындайтынын жақсы біліп қана қоймай, болашақ ұрпағының санасына сіңіре білген. Туған жер – адам өмірінің киелі де қастерлі орны екенін жастарға ұғындыру біз бен сізге міндет. Әлемнің мақтанышына айналған тұлғалар Отырар туралы шыққан кез келген еңбектің көркін келтіріп, атын асқақтатады. Отырар қазақтың бас тарихы деңгейінде екенін ескерер болсақ, бұл жердің тарихын жазу аса жауапкершілікті талап етеді. Шыңғыс ханның шабуылы кезінде жер астына жасырылған ғалымдардың құнды еңбектерін табуға бүгінде қаржы бөлінбей келеді. Соңғы уақытта кішігірім ауыл, аудан тарихын зерттеу барысында осы жайттарды ескермеуге болмас. Тарихы терең қазақ жерінің зерттелмеген тұстарын ашып жазуға мүмкіндіктер жеткілікті. Елдің кешегісі мен бүгінгісі туралы ғалымдардың зерттеулері мен халық аузындағы аңыз әңгімелерге қоса, жергілікті жердің жағдайын білетін көнекөз қарияларымыз бар. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ауылдан нәр алатын қазақ ұлтының тарихын жазу қажет. Бірнеше ғасырда бір туатын алыптар мекені туралы альбомдардың жалғасы болып кітап шығаруды жергілікті кәсіпкерлер қолға алып отыр екен. Миллиондаған теңге қаражат жұмсап кітап шығару мақсат болмауы тиіс. Мақсат туған елдің тарихын болашақ ұрпаққа тура әрі нақты жеткізу. Әлемдік деңгейде танымал тұлғалардың аты аталған кітапқа жұрттың назар аудармауы мүмкін емес. Бұл салғырт қарайтын дүние болмауы керек. Альбомдарда кеткен үлкен қателіктер көзге түрпідей тиеді. Назар аудармай кетуге, айтпауға тағы да болмады. Келесі шығарылатын тарихи кітаптарда қателіктерге бой алдырмаса дейміз. Қазақтың бас тарихына айналған, Фарабилер мекені аталған Отырар тарихына шырылдап зерттеу жүргізгендер, туған жерін қызғыштай қорғағандар мен шындыққа тік қарай алған тұлғалардың еңбектері жазылуы қажет. «Құнды кітап – халық қазынасы» дейтін сөзді ескермеу үлкен қателік болары анық. Отырар десе Әбу Насыр әл-Фараби және Мұхтар Шаханов бірден еске түседі. Бұл атауларды бірін-бірінен бөліп қарауға келмейді және ажырамастай ұғым болып кеткені белгілі жағдай. Кешегі мыңжылдық тарихқа қанша зерттеу жасасақ та, бір-бірімен біте қайнасқан аттары аңызға айналған ұлы ұғымды ажырату еш қисынға келмейді. Сонымен қатар, қазақтың бас тарихына айналған, қазақ ұлтының санасына сіңіп кеткен Отырар тарихын жазуда қателіктер мен бұрмалауларға жол бермеу бүгінгі ұрпаққа артылған жүк. Шындықты бұрмалау – тарихымызды қорлау екенін ескере отырып, облыс, аудан басшылығы кеткен қателіктерге шыншыл өзгерістер енгізер деген сенімдеміз. Берік Ағыбаев, тарихшы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_50290.txt
АЙТЫП КЕЛГЕН АШТЫҚ
https://abai.kz/post/50290
"АЙТЫП КЕЛГЕН АШТЫҚ" | "https://abai.kz/post/50290"
26.01.2015
Администратор
null
TITLE: АЙТЫП КЕЛГЕН АШТЫҚ URL: https://abai.kz/post/50290 META: "АЙТЫП КЕЛГЕН АШТЫҚ" | "https://abai.kz/post/50290" DATE: 26.01.2015 AUTHOR(s): Администратор TOTAL WORDS: 656 TEXT: Адам bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева саяси аштық жариялады. Әрине, Қазақстан саяси өмірінде бұл алғашқы аштық жариялау емес. Бұған дейін де талай азаматтар әртүрлі себептермен осындай қадамға барған-ды. Өзім де бірнеше рет аштық жариялап, саяси күрестің бұл формасын да біршама игергенбіз. Бірақ, десек те, дәл осы аштық жариялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Соларды айтып берейін. Журналды жан-жақтан қыспаққа алған билік ақырында сот шешімімен оны жауып тынды. Сол сот процесіне қатысқанымда бір ой келген-ді. Кез келген өркениетті елде айыптаушы мен ақталушы жағы жария түрде өз дәлелдері мен дәйектерін келтіріп, жарысады. Ал судья болса, осы екі жақтың уәждерін тыңдап, өз шешімін шығарады. Бізде болса, жағдай мүлдем басқаша! Айыптаушы мен судья – бір жақ болып, бірігіп алған! Екеуінің айтқан сөздері бірдей. Басқасын айтпағанда, сот үкімінің өзі жүз пайыз прокурордың сөзінен құралды. Кейде бірінің сөзін бірі айна-қатесіз көшіріп алған секілді! Кешегі күні президент «баршамыз үнемдеуге көшейік!» деп ұран тастап еді, бәлкім, осы сот пен прокуратураны бөлек ұстамай-ақ, біріктіріп жіберуге болатын шығар! Бәрібір сөздері де, істері де бірдей, бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ қой! Ол өзі бір мықты үнем болар еді, өйткені, аудандық деңгейден Астанаға дейін қаншама адамды бюджет асырап отыр! Бұл процесте арызданушы - басқа емес, қала әкімдігі! Яғни, салық төлеушілерді (журнал редакциясы да сол санатқа жатады емес пе?) заң алдында қорғаудың орнына, оларды... қорлау құралына айналған! Басқаша айтсақ, әкімдік мемлекеттік орган ретінде саяси қудалаудың тетігі боп, өзіне тән емес функция атқарып отыр! Нарыққа көшердің алдында БАҚ саласы жаңа жағдайға, соны талаптарға шыдай ма, жаңа экономикаға бейімделе ала ма деген қауіп болғаны рас. Өкімет «экономиканы диверсификациялаймыз!» деп 20 жыл бойына айтып келді де, түк істей алмады, экономикамыз сол баяғы мұнайға тәуелділіктен арыла алмай-ақ қойды. Оның есесіне, заңдардың қатқылдығына және масқара цензураға қарамастан БАҚ саласы, әсіресе, тәуелсіз БАҚ жүйесі, нарық заңдарына бейімделіп, экономиканың дербес саласы боп қалыптасты. Адам bol журналы да сол жаңа БАҚ жүйесінің мүйізі қарағайдай бір бөлшегі еді. Енді, міне, сот шешімімен одан да айрылып қалып отырмыз! Онсыз да қиналып жүрген тәуелсіз БАҚ саны тағы да бір басылымға азайды. Оны істеп отырған өкіметтің өзі! Гүлжан Ерғалиеваның аштық жариялауы мемлекеттегі БАҚ саласының екіге бөлінгенін ап-анық көрсетті. Бірді-екілі әріптестері болмаса, барлық дерлік мемлекеттік БАҚ өз әріптесін қолдаудан қашып отыр! Журналистік ынтымақ деген атымен жоқ! Журналистердің құқын қорғауға тиіс қоғамдық ұйымдар да белсенділік таныта алмауда. Бүгін бір журналды жапса, ертең басқа басылымның да басына күн тумайды деп кім айта алады? Меніңше, дәл осындай шақтарда журналистердің кәсіби бірлігі керек-ақ! Иә, Адам bol өте өткір басылым, бет-жүзге қарамай, кез келген бастықты сын тезіне алады. Билік ішіндегі қиын процестерге, жеке тұлғаларға өз бағасын береді. Бір сөзбен айтқанда, билік үшін өте-мөте ыңғайсыз, жайсыз басылым. Бірақ, шын мәніндегі тәуелсіз басылым дәл осындай болуы керек емес пе?! Жыл сайын миллиардтаған қаржы бөліп, мемлекет өзі асырап отырған БАҚ-тың ел ішіндегі шынайы беделін билік білмейді емес, біледі! Олардағы ресми ақпаратқа көпшілік сене бермейді. Көзбояушылықтан оқырман әбден шаршаған. Сондықтан да көпшілік ел аузында «оппозициялық» деп аталып жүрген тәуелсіз БАҚ-ты іздейді, соны оқиды, соның сөзіне иланады. Ал ол саланың өзі экономикамыздың бір бөлігі емес пе? Өнім шығарады, қаншама адамға жұмыс тауып береді, салық төлейді! Енді экономиканың осы саласын тұншықтырмай, әртүрлі кедергі жасамай, керісінше, БАҚ саласындағы бәсекелестік ортаны дамытып, қолғабыс беру керек емес пе? Тәуелсіз басылымдарды өзінің жауы санамай, онымен тең дәрежедегі әріптестік негізінде қарым-қатынас жасап, өзінің серіктесі етуі керек емес пе?! Әй, қайдам, біздің шенеуніктер ондай өркениетті қадамға бара қоя ма екен осы? Одан да өзіне жақпаған БАҚ-ты тұқырта түсіп, қудалап, сот шешімімен жауып тастаған ыңғайлы-ау деймін оларға. Гүлжанды қудалаудың саяси астарынан басқа тағы да бір қыры бар. Меніңше, Гүлжанмен мемлекеттік органдар емес, жеке бір адамдар күресіп жатқан сияқты. Олардың аса құдіретті әрі ықпалды екені көрініп тұр: көрдіңіз бе, әкімдік те, прокуратура да, сот та олардың тапсырмасын аса ыждағаттылықпен орындап жатыр. Ашса алақанында, жұмса жұдырығында! Жә, бір журналды жауып тынса бір сәрі. Ал егер де ол адамдар өз ықпалын басқа мәселелерге, өздеріне ғана тиімді мақсаттарға жұмсаса ше? Ол мақсаттары түбегейлі мемлекеттік мүдделерден бөлек боп шақса ше?! Өз басым сол қауіптен қорқамын... Әміржан ҚОСАНОВ. «Ашық алаң» (Қалам Мезгіл) газеті, №2, 22  қаңтар 2015 жыл
qosymsha/abai.kz
post_92160.txt
"Әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек
https://abai.kz/post/92160
""Әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек" | "https://abai.kz/post/92160"
05.06.2019
Бауыржан Серікбай
null
TITLE: "Әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек URL: https://abai.kz/post/92160 META: ""Әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек" | "https://abai.kz/post/92160" DATE: 05.06.2019 AUTHOR(s): Бауыржан Серікбай TOTAL WORDS: 271 TEXT: "Саясатқа араласпа", "сен соншалықты кімсің", "өз жөніңді біл", "әлеуметтік желідегілер диван батырлар" деген стереотиптерден кетуіміз керек. Мұны бізге билік пен биліктің сойылын соққан блогерлер, осы жүйенің жалғасқанын қалайтын азаматтар тықпалап келеді. Барлық өркениетті елдерде азаматтар саяси белсенді, әлеуметтік желіде де өз ойларын еркін білдіреді. Егер АҚШ пен Батыс елдерінде басқаша болса мойындар едім ол жақта азаматтар пассивті, саясатқа мүлдем араласпайды, әлеуметтік же ліде саясат туралы жазбайды, тек еңбек етеді деп. Бірақ, ол өтірік! Өркениетті елдерде xалық жұмысын да істейді, саясатта да белсенді. Тіпті АҚШ президентіне дейін әлеуметтік желіде қалай жұмыс істейтінін әлем жұртшылығы көріп отыр. Трамп сайлауға түскенде дәл осы СММ-ге көп ақша құю арқылы жеңіске жетті. Кешегі сайлауда Украина президенті Володимир Зеленський де осы әлеуметтік желіге көп қаражат бөлген. Бізде өз ойыңды еркін білдірер әлеуметтік желіден өзге платформа да жоқ. Не саяси партия, не Парламент, не үкіметте бәсеке, өзгеше ой айту деген жоққа тән. Кешегі 5 жылда бір келетін кандидаттар арасындағы дебатты көрдіңіздер. Президенттікке кандидаттардың сөз сөйлеуіне 90 секундтан берген биліктің сөз бостандығына, креативті ойлар мен сындарға деген көзқарасын осыдан-ақ түсіне беруге болады. Қазіргі авторитарлы жүйеге қоғамның тым-тырыс жүре бергені жақсы. "Хабар" мен "Егеменге" сенген xалқы болса білгенін істейтін ескі жүйенің жалғаса бергенін қалайды. Қазақстан xалқы саясатқа белсенді араласу арқылы ғана бұл жүйенің бей-берекет бассыздығын тоқтата алады. Әуелі экономика деп 30 жылда келген жеріміз осы. Ендігі кезек саяси реформада. Біздің билік ашық бәсекеге шығудан қорқады. Ешқашан, ешкіммен бәсекеге түспесе де жабық есіктің арғы жағында отырып алып өзін ақылды санайтын элитамыз бар. Бұл сеңді бұзу үшін Қазақстан xалқының саяси белсенділігі, азаматтық қоғам құруға деген ұмтылысы қажет. Сондықтан саясатта белсенді болыңыздар! XXI ғасырдың жаңа мүмкіндіктерін барынша қолданыңыздар! Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_45935.txt
Тәжікстанда бағалы заттарды елден шығармақ болған
https://abai.kz/post/45935
"Тәжікстанда бағалы заттарды елден шығармақ болған" | "https://abai.kz/post/45935"
05.08.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Тәжікстанда бағалы заттарды елден шығармақ болған URL: https://abai.kz/post/45935 META: "Тәжікстанда бағалы заттарды елден шығармақ болған" | "https://abai.kz/post/45935" DATE: 05.08.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 112 TEXT: Тәжікстанның Хатлон облысында арнайы іздестіру операциясы кезінде тарихи бағалы заттарды, атап айтқанда, 3 икон және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың 19 ордені мен төс белгілерін елден әкетпек болған оқиғаның алдын алынған. Хатлон облысы бойынша Аймақтық кеден басқармасының баспасөз хатшысы Олим Шарипов тарихи құнды заттар Қорған төбе қаласының тұрғынынан тәркіленгенін айтады. Оның айтуынша, бағалы заттарды ер азамат шетелге алып шықпақ болған. Олим Шарипов сонымен бірге тәркіленген заттарды сараптамадан өткізген кезде, олардың құны өте жоғары екендігі дәлелденді дейді. Тәркіленген заттардың барлығы прокуратураға берілген және бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Мәдениет министрлігі мамандарының сараптамасы бойынша, тәркіленген икондарды 19-ғасырдың аяғында ресейлік икон жазушылары жасап шығарғаны анықталған. Әрі бұл заттар Тәжікстанның мәдени мұрасы болып табылады екен. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_47518.txt
Сайрам ауданы ауыл шаруашылы өнімдерін өңдеуде нәтижелі еңбек етуде
https://abai.kz/post/47518
"Сайрам ауданы ауыл шаруашылы өнімдерін өңдеуде нәтижелі еңбек етуде" | "https://abai.kz/post/47518"
07.12.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Сайрам ауданы ауыл шаруашылы өнімдерін өңдеуде нәтижелі еңбек етуде URL: https://abai.kz/post/47518 META: "Сайрам ауданы ауыл шаруашылы өнімдерін өңдеуде нәтижелі еңбек етуде" | "https://abai.kz/post/47518" DATE: 07.12.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 291 TEXT: Қазіргі таңда Сайрам ауданының пайдалануындағы жер көлемі 114761 гектарды құрап отыр. Шикізат экспортына тәуелді Қазақстанның қазіргі экономикасы шағын және орта бизнесті дамытуға аса мүдделі. Осы тұрғыда әсіресе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының Сайрам ауданында іске асырылу барысы қалыпты деңгейде жүруде. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 2016 жылы жалпы ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінде тіркелген кәсіп орындар саны 15286-ны құрады. Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы несие берілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 2016 жылдың 5 айында 5 жоба бағдарламаның субсидиялау және кепілдендіру бағыттары бойынша қолдау алды. Сондай-ақ, Сайрам ауданы облыстық өнеркәсіп өнімінің 2,7% құрайды. Биылғы жылы аудан басшылығы өнеркәсіп өнім көлемін 19,9 млрд.теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. «Қазіргі таңда өнеркәсіп саласын дамыту 2 бағытта жүргізіліп жатыр, яғни 1-бағыт аудан өнеркәсібінің 76,4% өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан, жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін арттыру болса, 2-бағыт аудандағы бар резервтерді пайдалану есебінен аудан экономикасын көтеру бойынша керекті жұмыстар жасалынып жатыр. Біздің басты мақсатымыз – өнеркәсіп орындарының санын көбейтіп, Сайрам ауданын ауыл шаруашылығымен бірге индустриясы дамыған аудандардың біріне айналдыру», - дейді Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев. Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында 5922,7 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 107,1%, НКИ -103,8%. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың үлесі 63,2%. 2016 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар табиғи түрде 34489 тонна ұн, өндірген. 103 тонна көкөніс консервілерін, 77 тонна өсімдік майын, 531 тонна сүт өнімдерін өндірген. Аудан бойынша «Жалал ата», «Aksu Agrofood» ЖШС өсімдік майын өндіру, «Globus plus» ЖШС көкөніс консервілеуі «RIN K» ЖШС, «Асыл ЛТД» ЖШС, «Дихан» ӨК көкөніс консервілеу, ЖК Усманов көкөніс консервілеу ЖК, Рахатов көкөніс консервілеу ЖК, Турдалиев көкөніс консервілеу шаруа қожалықтары ауыл шаруашылыығы өнімдерін өңдеуге айтырлықтай еңбек етіп келеді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_16799.txt
Қажым Жұмалиев. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (Басы)
https://abai.kz/post/16799
"Қажым Жұмалиев. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (Басы)" | "https://abai.kz/post/16799"
30.04.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қажым Жұмалиев. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (Басы) URL: https://abai.kz/post/16799 META: "Қажым Жұмалиев. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (Басы)" | "https://abai.kz/post/16799" DATE: 30.04.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 2322 TEXT: Қай халықтың әдебиетін, тарихын алсақ та, әр халықтың өмірі мен әлеуметтік-тарихи жағдайларымен әдебиетінің тығыз байланысты дамитындығын көреміз. Қай елдің әдебиеті болсын, негізінде өрлеу бағытында дамиды. Бірақ әрдайым олай бола бермеуі де мүмкін. Кейде шарықтап өсетін де, кейде идеялық-көркемдік сапасы төмендеп кететін де кездері болмақ. Әйтсе де, әдебиеттік процеске тән бір жайт - соңғы әдебиеттің, оның өкілдерінің өзінен бұрынғы нұсқалармен, тіпті ауыз әдебиетімен жалғасты, байланысты дамығандығы байқалады. Белгілі бір тарихи дәуір, не кезеңдерде тарих сахнасына ірі талант, үлкен тұлғалар шығады да, айналасындағы әр алуан өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, өз кезінің қойған талап, тілектеріне сәйкес туындылар береді. Олар өзінен бұрынғы мұралардың жатымды, керекті деген нәрлерін алады да, кемшіліктерін қайталамай, өз халқын алға сүйреу туы астында жұмыстар істеп, оның рухани азығы әдебиет пен искусствосын дамытуға, ілгерілетуге күш салады. Қай халықтың әдебиетін, тарихын алсақ та, әр халықтың өмірі мен әлеуметтік-тарихи жағдайларымен әдебиетінің тығыз байланысты дамитындығын көреміз. Қай елдің әдебиеті болсын, негізінде өрлеу бағытында дамиды. Бірақ әрдайым олай бола бермеуі де мүмкін. Кейде шарықтап өсетін де, кейде идеялық-көркемдік сапасы төмендеп кететін де кездері болмақ. Әйтсе де, әдебиеттік процеске тән бір жайт - соңғы әдебиеттің, оның өкілдерінің өзінен бұрынғы нұсқалармен, тіпті ауыз әдебиетімен жалғасты, байланысты дамығандығы байқалады. Белгілі бір тарихи дәуір, не кезеңдерде тарих сахнасына ірі талант, үлкен тұлғалар шығады да, айналасындағы әр алуан өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, өз кезінің қойған талап, тілектеріне сәйкес туындылар береді. Олар өзінен бұрынғы мұралардың жатымды, керекті деген нәрлерін алады да, кемшіліктерін қайталамай, өз халқын алға сүйреу туы астында жұмыстар істеп, оның рухани азығы әдебиет пен искусствосын дамытуға, ілгерілетуге күш салады. Бұл жағдайларды біздің қазақ әдебиеті тарихының даму жолдарына жанастырсақ, ХІХ ғасырдың екінші жарымындағы әдебиетіміздің барлық жетістік жақтары Абай атымен байланысты. Өзіне дейінгі қазақ әдебиетін де, шығыс пен орыс әдебиетін де терең түсініп, олардан өзінің творчестволық өсу жолдарына керектілерін ала білулері және оларды творчестволық жолдармен іске асырулары арқылы ол өз кезіндегі қазақ әдебиетін биік белеңге шығарды. Егер әрбір өскен әдебиетке қойылатын шарттар дәуір кезеңінің талап-тілектерін өз шығармаларында қамту, оны іске асыруға белсене ат салысу, халықтық, прогрессивтік идеяны қолдау, әдебиеттің көркемдік, шеберлік жақтарын дамыту, сонымен бірге әрбір ұлт әдебиетінің ержетуі, марқаю жолдары өзінің ұлттық сипатын сақтай отырып, прогрессивті бүкіл адам баласы идеясына үн қосу десек, ХІХ ғасыр екінші жарымындағы әдебиетіміздің бұл бағытта үлкен адым жасауы да ең алдымен ұлы Абайдың үлесіне тиді. Абайдың өзіне дейінгі әдебиет өкілдерінен өзгешелігі - ол тек қазақ қана емес, шығыс, орыс, европа мәдениетімен, әдебиетімен танысып, Сократ, Аристотель, француз ағартушылары, орыстың революцияшыл ұлы демократтарының еңбектерін жақсы біліп, дүниежүзі әдебиетінің ең жақсы үлгілерін оқып қана қойған жоқ, олардың идеялық-көркемдік жақтарын үйреніп, қазақшаға аударып, оны халық мүлкі етті. Осылардың негізінде ол әдебиетіміздегі классигі, ірі ойшыл ақындардың қатарына қосылды. Егер біз Абайға осы тұрғыдан келсек, ол - әзірбайжанның ұлы драматург, әлеумет қайраткері, М.Ф.Ахундовтан кейінгі, тек қазақ қана емес, ХІХ ғасырдың екінші жарымындағы бүкіл Орта Азия халықтары болып мақтанарлық адам. Әрі өзінің зор таланты, әрі оқымысты-мәдениеттілігі арқасында ол - қазақ поэзиясын мазмұны жағынан тереңдетуші, түрі жағынан жаңартушы новатор. Ол қазақтың буынға негізделген өлең құрылысын ырғағы, ұйқасы, шумағы жағынан жаңартып байытты. Көп елдің әдебиетін, көптеген ірі таланттардан Абайдың өнеге алғаны, олардан творчестволық үйренгені байқалады. Бірақ ол солардың ешқайсысының көлеңкесінде қалып қоймай, өз әдебиетінің ұлттық тіліне сай өлең ерекшеліктерін сақтап, поэзиямызға қандай жаңалық енгізсе де, кімнен үйреніп, кімнен үлгі алса да қазақ өлең құрылысының өз ерекшелігін танытты. Олар бұрын жоқ, Абайдан кейін ғана дүниеге келген жаңа түр болса да, негізі силлабикалық өлең құрылысы екендігін айтпай-ақ ұғынуға болады. Абайдың Абайлығы да осында. Қазақ поэзиясына енгізген Абайдың жаңалықтарын біреулер 16, енді біреулер 19 деп жүр. Олардың қайсысы дұрыс, қайсысы теріс, ол өз алдына. Олар - әлі де зерттей түсуді қажет ететін мәселе. Бірақ бір шындық сол - Абайдың жаңа өлеңдері арқылы әдебиетіміздің баюы, барлық өлең түрлерінің де поэзиямыздан мығым орын теуіп, кейінгілерге үлгі саналуы, өзінен кейінгі ақындардың ол үлгілерді өздеріне өнеге етуі, соның нәтижесінде әдебиетімізде жаңа әдеби мектептің негізі қалануы. Тіл жөнінде ақынның еңбегі үлкен. Сөз мағынасын байыту, синтаксистік құрылысы мен морфологиялық жақтарын кеңейтіп, тілдің көркемдік жақтарын өрістету, т.б. Әйтсе де өте бір айрықша еңбегі ғасырлар бойы үстемдік етіп келген қазақтың поэтик тілдеріндегі идиома ерекшеліктерін сақтамай, басқа тілге аударуға жеңілдетіп, оны интернационалдық биікке көтеруі деуге болады. Мәдениетті елдердің тілінде қолданылатын философиялық, ғылымдық, абстракталық ұғымдарға қазақтың өз тілінен баламалар тауып, қандай терең ойларды болсын, дәл айтып беруге қазақ тілінің мүмкіншілігі барлығын өз творчествосымен дәлелдеп берді. Бұл - Абай новаторлықтарының ең мықты жағы. Сонымен қатар Абайдың тағы бір ерекшелігі - өз халқын дүниежүзі мәдениетінің жақсы үлгілерімен, философиялық терең ойларымен таныстыру. Сократтың диалогі, Платонның ой-пікірлері, Аристотель, кейбір француз, ағылшын философтары және Дивани, Фирдоуси, Навои, Низами тәрізді шығыс ойшылдарының өмірге көзқарастарымен қазақ оқырмандары бірінші рет Абай шығармалары арқылы танысты. Сөйтіп оның таланттылығы, үлкен мәдениеттілігі, өз халқының болашағын дұрыс түсінуі, әрі ұлттық, әрі халықтық, әрі жалпы адам баласылық идеяны үндеуі оны ұлы ақын дәрежесіне жеткізіп, идеясы жоғары, көркемдігі үздік мұра қалдырып, әдебиетіміздің негізін салу биігіне көтерді. Подпись: ӨміріАбай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы осы күнгі Семей облысы Абай ауданы Шыңғыс тауында туған. Абайдың арғы атасы Ырғызбай, бергі атасы Өскенбай - екеуі де феодал. Өз әкесі Құнанбай - жас кезінде «батыр» жігіттің бірі саналып, өсе келе сөз ұстап, ел басқарған адам. 1822 жылғы патша үкіметінің «Сибирь қазақтарына арнап шығарған уставы» бойынша, қазақ даласы округке бөлініп, округтік бұйрық арқылы билеу тәртібінен кейін Құнанбай Қарқаралы округіне аға сұлтан болып сайланады. Құнанбайдың атын шығаруға бұл жағдайлардың мәні үлкен болды. Өйткені ел билейтін хан, аға сұлтандар бұрын хан, төре нәсілдерінен болып келсе, жоғарғы заң бойынша, ол міндетті төреден болмай-ақ, қарадан шыққан мықты феодалдар да ел басқаруға жарай беру мүмкіншілігі Құнанбайды аға сұлтан етсе, бұл жай-жапсарды жақсы ұға білмеген көпшілік Құнанбайды ерекше бағалайды. «Қарадан туып хан, айырдан туып нар болды» деп, өз кезіндегі феодал табының ақындары Құнанбайды мадақтай жөнеледі. Өз қолындағы әкімшілік тізгінін Құнанбай өз керегіне толық пайдалана білді. Бірақ ел басқаруда Құнанбай жаңа тәртіп орнатқан жоқ, бұрынғы бір руды екінші руға айдап салу тәрізді ескі әдісті ол да қолдады. Оның бұрынғылардан бір өзгешелігі сол дінді берік ұстау үшін Қарқаралыға мешіт, Меккеге қажылар түсетін «Тәкие» атты үй салғызды. Бұл жағдайларды да ол өзінің ел билеу мақсатына толық пайдалана білді. Діншілдерді өз қолына ұстап, ел басқарудың бір жағын дінге, діншілдерге тіреді. Құнанбайдың тек өз қара басы ғана емес, оның достасқан, қастасқан адамдарының қайсысы болсын, өзімен деңгел түскен, сол кездің сөз баққан адамдары болды. Талай дау, талай тартыстардың жуан ортасында болуы болашақ ұлы ақын, жас Абайдың шешендік тілге жаттығуларына әсер етпеуі мүмкін емес еді. Абайдың нағашысы - «Шаншан қулары» атанған, күлдіргі, мысқыл сықақпен аты шыққан қазақтың даңқты руларының бірі. Ұлжанның (Абайдың шешесі) ағасы Тонтайдың қожа-молдаларды сықақтап, өлер алдында: «Жазыла-жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесек болмас», - деген сөзі күні бүгінге шейін ел аузында. Бұл сықылды сөз тапқыш, мысқылшылдық Ұлжанда да болған. Атасы Құнанбайдың өзі және оның айналасының бәрі де сөз ұстаған шешендер болып, анасы жағынан «Шаншар қуларымен» тамырласып жатуы Абай тәрізді үлкен таланттың ең болмағанда тілі ұшталуына аз да болса әсер етуі сөзсіз. Абайдағы қазақтың нақыл, тақпақ, билер сөздерінің үлгісімен келетін шешендік сөздерге ұсталық, мысқыл-сықаққа асқан шеберліктердің бір тамырын осы өскен ортасынан іздеуіміз керек. Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Мұндағы оқудың бәрі де ескіше, дін сабағы еді. Онда Абай небәрі үш жыл мұсылманша және үш ай орыс мектебінде орысша оқиды. Дін мектебінде жүргізілетін бар сабақты жақсы үлгеріп, қалған уақытын өз бетімен кітап оқуға жұмсайды. Оқитын кітаптары араб, парсы, түрік елдерінің даңқты ақындарының еңбектері болады. Солардың ішінде шын сүйіп оқыған ақындары - Навои, Саади, Қожа-Хафиз, Физули. Абай өзінің таланттылығы мен қабілетінің күштілігімен үш жылда үлкен білімге иесі болған. Сол жас кезінде-ақ араб, парсы, түрік ақындарының өлеңдеріне еліктеп, өзі де өлең шығара бастады. «Физули, Шәмси, Сайхали», «Жүзі раушан» атты өлеңдері осы кезде жазылады. Жасы 13-ке толып, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқыған соң Абайға «оқудың есігі жабылады». Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Абай парсы, араб, шағатай әдебиетін де, орыс әдебиетін де көп білуі, терең ұғынуы, әр тілдің тек жалпы мағынасын ғана ұғынушы емес, сол тілдің әдемілігін де ұға білуі ақынның мектепті тастаған соң да өз бетімен үздіксіз оқығандығын дәлелдейтін фактілер болып саналады. Абайдың жас кезіндегі өлеңдері жоқтың қасы. Жоғарғы аталған «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» атты өлеңі мен араб, парсы, түрік ақындарына еліктеген өлеңдерінің алдыңғысы 1854-1855 жылдары, соңғысы 1858-1859 жылдары жазылған. 1864 жылы 19 жасында «Әліф-би» өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жылдары 1870 жылдан басталады. Абай өлеңдерін қолжазба түрінде сақтаған Мүрсейітте де 1870-1876 жылдың арасында жазған Абай өлеңдерінен дерек жоқ. Ал 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе көп жазған жылдары -1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның сегізін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазды. Абай алғашқы кезде өз өлеңдерін досы, замандасы Көкбай ақынның атымен жариялап, 1886 жылдардан ғана бастап өз атымен шығарған. Сөйтіп, өлеңді өзінің мамандығы етуі осы жылдардан басталады. Абай өмірін зерттеушілердің бәрі де мұны мойындайды. Абайдың көп өмірінің ел басқару ісіне жұмсалынып, сөз ұстап, билік істерін атқаруы Абайдың өлеңдерінің жылдары үзіліп қала беруінің негізгі бір себебі осында екенін аңғартады. Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан бері қарай. Оған шейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді жүрдім-бардым ғана жазып келсе, 40 жасынан бастап творчествоға түгелдей беріледі. Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді. Алдына зор мақсат қойған ақын ұлы орыс халқының бай мәдениетін меңгеруге белсене кірісіп, орыс тілі, орыс әдебиетімен шұғылданады. Абайдың орыс мәдениетіне құлшына кірісуінің екі түрлі себебі болды. Біріншіден, Абай қазақ елін шығыс схоластикасының ықпалынан мүлде шығарып, тура орыс мәдениетін алу, сондықтан қазақ даласында орысша мектеп ашу, молда, қожаларға патша үкіметі тарапынан берілген кейбір праволарды қайтып алып, оларды тізгіндеп ұстау, олардың правосын уезд, болыстарға беру жөнінде өз пікірін ғылыми түрде дәлелдеген Шоқан Уәлиханов пен онан кейінгі өзінің замандасы Алтынсаринның бағытын Абай дұрыс деп ұқты. Екіншіден, бұл кезде ұлы орыс халқының әдебиеті дүниежүзі мәдениетінің алтын қазынасының қатарына қосылып қана қойған жоқ, Европаға өзінің революцияшыл әсерін тигізді. Батыстың кері әдебиетін басып озды. ХІХ ғасырдағы орыстың кейбір жазушылары жамылған европалық шапанын шешіп тастап, орыс әдебиеті мазмұнына түрі сай, өзінің ұлттық қалпында дүниелік сахнаға шықты. Өз кезінің үлкен мәдениетті және талантты ақыны Абайдың оны білмеуі, көрмеуі мүмкін емес еді. Абай көре де, түсіне де білді. Оның үстіне Абай Семейге айдалып келген орыстың халықшыл демократтары: Михайлэс, Долгополов, Гростармен танысып, өзінің сол бағытын бұрынғыдан гөрі де ұштай түседі. Орыс мәдениетіне тереңдеп, Чернышевский, Белинский, Добролюбов, Салтыков, Толстой, Пушкин, Лермонтов шығармалары, Аристотель, Сократ, Платон, Гоголь  еңбектерімен танысады. Орыстың демократтары мен ұлы классик жазушыларының даналық еңбектерімен танысуы, батыс философтарының еңбектерін оқуы және өз кезіндегі шаруашылық-әлеумет өміріндегі болып жатқан әртүрлі өзгерістерді сезіну, ұғыну жиынтығы келіп, Абайдың өмірге көзқарасына, ой-санасына үлкен өзгеріс кіргізеді. Абайдың өзі айтқан «Шығысым - батыс, батысым шығыс болды» дейтін сөзінің терең сыры, міне, осында. Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа, кертартпа, надандық, жалқаулықтарға қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлең жазған жылдары осы 1886 жылдардан басталады. «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр» тәрізді оқу, өнер, адамгершілікке үндеген «Қалың елім, қазағым», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Адасқанның алды жөн» сықылды әлеумет өмірінің әртүрлі жақтарына арналған өлеңдері де осы жылдары шығарылған. 1886 жылдардан бастап бұрынғы ел әңгімесінен аулақтап, өз еңбегін түгелдей ел игілігі үшін жұмсауға бел буғанына Абайдың өз сөзі айғақ. «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік, айтыстық, жұлыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік, енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, істеп жүрген ісіміздің бәрі баянсыз, байлаусызын көрдік, бәрі - қоршылық. Ал қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, өзім де қайранмын... Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым. Енді бұдан басқа еш жұмысым жоқ». Бұның негізгі екі түрлі себебі болды. Бірінші, патша үкіметінің қазақтың жерін әбден отарлап алып, өз дегенін жасап, бұрынғы ру тартысын штат сайлауларымен үрлеп жандырып, ел бірлігін мүлде іріту саясаты болса, екінші, ескі феодалдық құрылысты ығыстыра кіре бастаған капитализм элементі, онымен байланысты ене бастаған әртүрлі жаңалықтар, қысқасы, осылар тәрізді қайшылық қарым-қатыстар еді. Абай, сөз жоқ, жаңалықты қолдады. Жаңа байлардың халықты қанауына қарсы шықса да, оны мықтап шенесе де, қазақтың орыс халқымен араласуы, ол арқылы қазақ даласына жайыла бастаған мәдениеттің, прогрестік идеяның қырдағы жетекшісі болды. Өз кезіндегі Шортанбай, Әубәкір ақындар тәрізді сарыуайымға түспей, болашақты алдынан күтіп, халқын оқуға, өнерге, ғылымға шақырды. Шын мәнінде халық қамқоршысы болды. Ыбырай (Абай) жас жолбарыс жүректенген, Дұшпанға арыстандай білектенген. Өзінің заманында бозбаласы, Перінің жігітіндей іріктенген. Ей, Сара, қай кісің бар оған жетер, Өнерін көрген жанның есі кетер. Адамның жалғыз басты білімпазы, Оны да жамандайсың, Найман, бекер, - деп өзінің замандас ақыны Біржан оны осылай дәріптеді. Ел арасындағы дау-шар, әртүрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқының пайдасына асыруға күш салуы, творчествоға берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі айтқандай, «Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы» жұрт алдында оның беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі. Елі үшін оның еткен күрделі істері Абайды жалғыз қазақ Абайы емес, қанаттас, іргелес және басқа елдердің де Абайы етеді. Әртүрлі себептерден Россиядан айдалып келген сол кездегі халықшылдар, оқымысты, жазушылар - бәрі де Абайды өзіндік санап, достасып кетті. Бәрінің де ат маңдайын тірейтін жері Абай болды. Бұған дәлел ретінде Долгополовтың арызы мен Тұраштың ескерткішін келтіруге болады. Семейдің соғыс губернаторы мырзаның ғұзырына (Нифонт Долгополовтан) Өтініш «Жүрек ауруы және безгек науқасымен менің денсаулығым өте төмендеп кетті. Оны жөндеу үшін жазғы айларда қаланы тастап, қырға шығып қымыз ішсем, таза ауаны пайдалансам деймін. Сол себепті өте кішілік етіп, сіздің ғұзырыңыздан Шыңғыстау болысы Құнанбай Өсенбаевтың ауылына баруға 15 августқа шейін ұлықсат етуіңізді сұраймын»1. Семей, 4 июль, 1885 жыл (Н.Долгополов) Сонымен қатар, басқа көршілес елдердің де патшаға наразы кейбір адамдары, өз елдерінің бай-феодалдарына қарсы болғандар да Абайды паналайды. «Жыл сайын Үркіттен қашқан, көбінесе Кавказдағы Дағыстанның, Түріктің айдалған адамдары бірден, екіден келіп, кейі қыстап, кейі бір-екі ай жатып тынығып, бір-бір ат мініп кетеді. Осындай ат мініп кеткен қашқындардың менің көзім көргендегісі 15 шамалы», - деп жазды өзінің баласы Тұраш2. Бұлар тәрізді фактілер Абай өмірінде көп. Басқаларын айтпағанда, осы екеуінің өзі-ақ Абай тек қазақтың ғана емес, басқа елдердің де жақсыларына ортақ Абай болғандығын толық дәлелдейді. 1Семейдің облыстық архиві, іс №242. 2Абай Құнанбайұлы. Шығар., ІІ том, ҚКӘБ, Алматы, 1940, 202-бет. (Жалғасы бар) kazakhadebieti.kz сайты
qosymsha/abai.kz
post_17722.txt
Көңіл бөлетін мәселе – инновация
https://abai.kz/post/17722
"Көңіл бөлетін мәселе – инновация" | "https://abai.kz/post/17722"
10.09.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Көңіл бөлетін мәселе – инновация URL: https://abai.kz/post/17722 META: "Көңіл бөлетін мәселе – инновация" | "https://abai.kz/post/17722" DATE: 10.09.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 449 TEXT: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, энергияны үнемдеу, инновациялық жобаларды іске асыру, күзгі жиын-терін, мемлекет қаржысын тиімді пайдалану сияқты Парламенттің біріккен отырысында Президент жүктеген бірсыпыра міндеттер облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте кеңінен талқыланып, соған сәйкес жауапты орын-дарға тапсырмалар берілді. Оның ішінде атап айтсақ, кәсіпкерлер кодексін жасау. Аймақ басшысы өз сөзінде бұл салаға қатысты біздің өңірде былтырдан қанатқақты жоба қолға алынғанын айтып, оның орындалуына талдау жасай отырып, Үкіметке, Парламентке тиісті ұсыныстар жіберу қажеттігіне тоқталды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, энергияны үнемдеу, инновациялық жобаларды іске асыру, күзгі жиын-терін, мемлекет қаржысын тиімді пайдалану сияқты Парламенттің біріккен отырысында Президент жүктеген бірсыпыра міндеттер облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте кеңінен талқыланып, соған сәйкес жауапты орын-дарға тапсырмалар берілді. Оның ішінде атап айтсақ, кәсіпкерлер кодексін жасау. Аймақ басшысы өз сөзінде бұл салаға қатысты біздің өңірде былтырдан қанатқақты жоба қолға алынғанын айтып, оның орындалуына талдау жасай отырып, Үкіметке, Парламентке тиісті ұсыныстар жіберу қажеттігіне тоқталды. – Келесі көңіл бөлетін мәселе – инновация. Бұл орайда біздің облыс респуб-ликада алдыңғы қатардан көрінгенімен, инновациялық кеңестің қазіргі жұмысы нашар. Аудан-қалалардың әкімдерінен, кәсіпорын басшыларынан ұсыныстар аз. Өкінішке қарай, жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды қолданысқа енгізетін институттардың қызметі көңілден шықпай тұр. Әсіресе, өзіміздің технопарк («Алтай»), металлургия орталығы, жоғары оқу орындары және басқалар. Сондықтан өндіріс пен ғылымның байланысын нығайта түсетін шаралар ұйымдастырып, ұтымды инновациялық жобаларды «Ертіс» ӘКК арқылы қаржылай қолдау керек, – деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ геологиялық барлау, әкімшілік реформалар, қазына қар-жысын игеру, баламалы энергия көздерін пайдалану мәселелерін де қаперден тыс қалдырмады. Қазіргі күн тәртібінде өткір тұрған мәселенің бірі – энергия үнемдеу. Оның ішінде үнемділікке шағын ГЭС-тер салу, желдің, күннің қуатын, биогазды пайдалану арқылы қол жеткізу. Сонымен қатар, аймақ басшысы Ұлан ауданындағы В.Воропайдың биогаз өндіру тәжірибесін қарастырып, тиімді болса оны ары қарай жетілдіру қажеттігін еске салды. Әсіресе, бұл қуат көзі электр желісі тартылмаған шалғайдағы мал қыстақтарын, фермаларды жарықпен қамтамасыз етуде барынша ұтымды. Себебі, биогазға қажетті шикізат, яғни малдың қиы сол жердің өзін-де артығымен жеткілікті. Сондай-ақ, жақында Астанада Президент жанындағы Орталық коммуника-циялар қызметінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ еліміздегі жетекші бұқара-лық ақпарат құралдары өкілдерімен өткіз-ген баспасөз мәслихатының қорытындысы шығарылды. – Бұл баспасөз жиыны жақсы өтті. Қатысқан журналистер мен мамандар өздерінің ризашылығын білдіріп, жоғары баға беріп жатыр. Осы шараға атсалысқан орынбасарларыма, басқармалар басшыларына және басқа да адамдарға алғыс айтамын. Ендігі міндет – журналистер көтерген мәселелерді, айтылған сын-кемшіліктерді ескеріп, іс-әрекет жасаған дұрыс. Жалпы, БАҚ-тарда жарияланған материалдарды сараптап, талдау жүргізіп, жіберілген кемшіліктер болса, оны түзетуге жұмыс істеуі-міз қажет. Ал егер жеткен жетістіктерімізді айтып жатса, ол біздің ғана емес, бүкіл Шығыс жұртының еңбегінің жемісі, – деп сөзін түйіндеген өңір басшысы экология, моноқалаларды дамыту, медициналық кадрлармен қамту, күзгі жиын-терін мәсе-лелеріне көңіл аударды. Жиын соңында қыркүйек айында облысымызда өткізілетін О.Бөкейдің 70 жылдық, Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойылары секілді айтулы шараларға дайындық жайы пысықталды. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_129.txt
Тараз әуежайында «АН-24» ұшағы кенеттен қонуға мәжбүр болды, зардап шеккендер жоқ
https://abai.kz/post/129
"Тараз әуежайында «АН-24» ұшағы кенеттен қонуға мәжбүр болды, зардап шеккендер жоқ" | "https://abai.kz/post/129"
19.05.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Тараз әуежайында «АН-24» ұшағы кенеттен қонуға мәжбүр болды, зардап шеккендер жоқ URL: https://abai.kz/post/129 META: "Тараз әуежайында «АН-24» ұшағы кенеттен қонуға мәжбүр болды, зардап шеккендер жоқ" | "https://abai.kz/post/129" DATE: 19.05.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 90 TEXT: Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – Тараздағы халықаралық «Әулие-Ата» әуежайында жексенбі күні 18 сағат 10 минутта Тараз-Алматы бағытында қатынас жасап ұшпақшы болған «Ан-24»  ұшағы, оң қозғалтқышы істен шығуына байланысты кенеттен қонуға мәжбүр болды. «Ан-24» ұшағының бортында 4 экипаж бен 27 жолаушы болған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – Тараздағы халықаралық «Әулие-Ата» әуежайында жексенбі күні 18 сағат 10 минутта Тараз-Алматы бағытында қатынас жасап ұшпақшы болған «Ан-24»  ұшағы, оң қозғалтқышы істен шығуына байланысты кенеттен қонуға мәжбүр болды. «Ан-24» ұшағының бортында 4 экипаж бен 27 жолаушы болған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
qosymsha/abai.kz
post_46842.txt
Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды
https://abai.kz/post/46842
"Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды" | "https://abai.kz/post/46842"
07.10.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды URL: https://abai.kz/post/46842 META: "Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды" | "https://abai.kz/post/46842" DATE: 07.10.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 151 TEXT: "ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды", - деп хабарлайды Абай-ақпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары - ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы - Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылы 19 қаңтарда Ж. Түймебаев ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. 2010 жылы 7 қазанда Қазақстанның  Түркия  Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  болып  тағайындалды. 2011 жылғы 3 наурыздан Қазақстан Республикасының Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарып келді. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_84619.txt
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» – пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба
https://abai.kz/post/84619
"«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» – пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба" | "https://abai.kz/post/84619"
24.01.2019
С.Елеу
null
TITLE: «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» – пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба URL: https://abai.kz/post/84619 META: "«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» – пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба" | "https://abai.kz/post/84619" DATE: 24.01.2019 AUTHOR(s): С.Елеу TOTAL WORDS: 325 TEXT: Өткен жолы Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолы гипер жобаларының жай-күйін айтып беруді Үкіметтен сұраған болатын. Осы мақалада депутаттың аталмыш гипер жобалардың өзін-өзі ақтауы мүмкін емес екеніне, сонымен қатар оларды іске асыруға кеткен халықаралық банктерден алынған әлемет қарыздың күннен-күнге өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірілгені айтылған. Сол сауалға жуырда үкіметтен, Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың қолы қойылған жауап келді. Онда алдымен жалпы белгілі дүниелер жазылыпты, соның ішінде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының жалпы ұзындығы 8445 шақырым екендігі, соның 2787 шақырымы Қазақстанның аумағы арқылы өтетіні көрсетілген. Қазір Қазақстан аумағы арқылы өтетін осы жолдың бөлігі толыққа жақын іске қосылған. Тек Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі туннель арқылы жүргізілуге тиісті 860 шақырымдық бөлігі әлі бітпей тұр екен. Ол биылғы жылы аяқталатын көрінеді. Ал Қытай өз аумағы арқылы өтетін бөлікті 2013 жылы-ақ бітіріп тастапты. Бар гәп Ресейге тіреледі. Олар 2018 жылы аяқтаймыз деген өздеріндегі жол бөлігін әлі бастамаған. Тіпті бастауға ниеті де жоқ сияқты, өйткені біздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің былтырғы қыркүйек айының басында жіберген хатына әлі күнге жауап та бермеген. Өзіне экономикалық санкциялар жасап жатқан Батыс Еуропа елдерімен тас жол арқылы байланыс жасауға олардың ықыласы да жоқ сияқты. Соның кесірінен транзит арқылы көл-көсір табамыз ба деп отырған Қазақстан экономикасы аяқтан ақсауы мүмкін. Өйткені, жол салуға алынған қарыз көлемі ұшан-теңіз екені белгілі. 12 қарызбен 4,8 млрд. АҚШ доллары қарызға алынған. Соның 3,7 млрд. доллары игерілген. Осы уақытқа дейін тек 789 млн ғана қайтарылыпты, қалғаны мойында ілулі тұр. Жолдың түсімі көздеген межеде болмағандықтан оның толық қайтарылуы Қазақстан бюджетінен, яғни қазақстандықтардың қалтасынан қағылатыны да хақ. Оның үстіне жолдың инфрақұрылымын ұстау үшін жылына 3 млрд. теңге бөлінеді екен. Сайып келгенде бұл жол бізге пайдадан гөрі зиян шеккізетін гипер жоба болғалы тұр. Ал Қазақстаннан шығып, Түркіменстан, Иран арқылы Парсы шығанағына шығуға тиісті «Өзен-Болашақ-2-Берекет-Горган» темір жолының құрылысы толығымен тек 2021 жылы аяқталатын көрінеді. Онымен 12 млн. тонна экспорт, 0,4 млн. тонна импорт және 0,8 млн. тонна транзит жүктері тасымалданады деп жоспарланған. Міне, үкімет депутаттың алаңдаушылығына осындай жауап берді. С.Елеу, сарапшы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_89234.txt
Қазақстандық 30 қаламгердің шығармасы әлемнің 6 тілінде басылып шықты
https://abai.kz/post/89234
"Қазақстандық 30 қаламгердің шығармасы әлемнің 6 тілінде басылып шықты" | "https://abai.kz/post/89234"
18.04.2019
Abai.kz
null
TITLE: Қазақстандық 30 қаламгердің шығармасы әлемнің 6 тілінде басылып шықты URL: https://abai.kz/post/89234 META: "Қазақстандық 30 қаламгердің шығармасы әлемнің 6 тілінде басылып шықты" | "https://abai.kz/post/89234" DATE: 18.04.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 641 TEXT: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының алғашқы кітабы басылып шықты. Бұл кітаптар Алматыда Достық үйінде таныстырылды. Поэзия және проза жинақтарының таныстырылымына осы жобаға қатысқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Қытай және Египет аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылары, шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлар қатысты. ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аударып, тарату - ұлт тарихынды бұрын-соңды болмаған, қазақ мәдениетін әлемге таныстыру тұрғысынан теңдесі жоқ бастама екенін айтты. « 12 сәуірде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының басталғанына екі жыл толды. Осы екі жыл ішінде Елбасы нақтылаған 6 жоба бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Басты мақсат - қазақ мәдениетін шетелге таныстыру. Оның ішінде әдебиеттің орны бөлек. Әдебиет - өнердің шыңы, мәдениеттің қазығы. Сондықтан әр халықтың негізгі болмысын, дүниетанымын  әдебиет арқылы тануға болады. Екі жыл ішінде бізде тәуелсіздік кезеңінде болмаған үлкен қадам жасалды. Ұлттық мәдениетіміздің бар жетістігін әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосудың алғашқы қадамы әдебиеттен басталып отыр. Қазақ әдебиетінің ең озық туындыларын БҰҰ 6 тілінде сөйлетуге өріс ашылды. Қазақ ақын жазушыларының 2 томдық антологиясы ағылшын, орыс, араб, испан, француз, қытай тілдеріне аударылды », - деді Аида Балаева. Оның айтуынша, 160 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары бір мезетте әлемнің ең ірі 6 тіліне аударылып, сол тілдерде жұмыс істейтін ең беделді баспалардан шығып, 5 құрлықтағы 90-нан аса елдің жоғары оқу орындары, кітапханалары мен ғылыми орталықтарына жетеді. Жалпы саны 2 миллиард 600 миллион халық қазіргі қазақ әдебиетінің жауһарларымен танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағы мен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының өкілдері болды. Айта кетейік, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жұмысы қолға алынған болатын. Антологияның ағылшын тіліндегі нұсқасын Ұлыбританияның Кембридж университетінің баспасы әзірледі. Антологияның испан тіліндегі нұқасын шығаруды осы елдің мәдениет министрлігі қолдады. Әйгілі Сервантес институты кеңесші ретінде тартылып отыр. Ал 40 жылдық тарихы бар «Визор» баспа үйі антологияны басып, Испанияның өзінде және Латын Америкасында испан тілінде сөйлейтін 20 шақты елге таратады. Францияда Париж қаласының мэриясының нұсқауымен Францияның ұлттық кітап орталығы және Париждегі баспа үйі аударма жұмысын ұйымдастырып, Қазақ әдебиетінің антологиясын Франция, Швейцария, Бельгия және француз тілінде сөйлейтін тағы 30 шақты елге таратады. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті орыс тіліндегі нұсқаны әзірлесе, Қытай Халық Республикасының Ұлттар баспасы екі жинақтың қытай тіліндегі нұсқаларын даярлайды. Ал араб тіліндегі нұсқаны даярлау міндетін Мысыр Араб Республикасының мәдениет және білім орталығы өз мойнына алып отыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Ол тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат етеді. Жоғарыда аталған серіктес-ұйымдар аударма, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына жалпы саны 70-тен аса маманды жұмылдырды. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асуда. Тьери де ля Круа, «Мишель де Моль» баспасының директоры: - Қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын француз тілінде басып шығару «Мишель де Моль» баспасына бұйырғаны біз үшін үлкен мәртебе. Теңізбен ұштасқан көкжиеккке бататын күн сәулесін Шығысқа ала келіп, бүгін осы жиынға қатысу мен үшін үлкен қуаныш. Қазақ халқы осы тамаша бастаманың арқасында ақша мен экономика туралы ғана айтатын әлемге өз жан дүниесін танытуға мүмкіндік алды. өз тарихын, салт-дәтүрін, өмірдің поэтикалық мәнін баяндай бастады. Бұл істерге біз тек сүйсіне қызыға қараймыз. Давид Флорес, аудармашы, «Визор» баспасының өкілі ((Испания): - Былтыр қараша айында Даму мақсатындағы халықаралық серіктестік агенттігінің қолдауымен Мадридте Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті орталығы ашылды. Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан заманауи қазақ әдебиеті антологияларының испан тіліне аударулыуымен қатар, осы екі оқиға қазақ әдебиеті мен мәдениетінің испантілді әлемге танылуы мен таралуына ықпал етті. Бұдан былай да қазіргі заманғы қазақ ақын-жазушыларының шығармалары испан тіліне, ал испан әдебиеті қазақ тіліне аударылып, әдеби сабатастық жалғаса береді деген сенімдеміз. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_10528.txt
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ және бiртұтас Алаш идеясы
https://abai.kz/post/10528
"ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ және бiртұтас Алаш идеясы" | "https://abai.kz/post/10528"
19.09.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ және бiртұтас Алаш идеясы URL: https://abai.kz/post/10528 META: "ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ және бiртұтас Алаш идеясы" | "https://abai.kz/post/10528" DATE: 19.09.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 2364 TEXT: Кешегi сейсенбi күнi, Астанада "Нұр Отан" Халықтың демократиялық партиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi және Азатық радиосының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған "Алаш мұраты және Тәуелсiз Қазақстан" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өттi. Белгiлi алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Құдагелдiұлы Жұртбайдың осы конференцияда жасаған баяндамасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк. Кешегi сейсенбi күнi, Астанада "Нұр Отан" Халықтың демократиялық партиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi және Азатық радиосының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған "Алаш мұраты және Тәуелсiз Қазақстан" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өттi. Белгiлi алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Құдагелдiұлы Жұртбайдың осы конференцияда жасаған баяндамасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк. Бүгiнгi бейныспылы алмағайып дүниеде ұлт - азаттық қозғалыс пен ұлт көсемдерi туралы пiкiр айту - онша сүйкiмдi iс емес. Алайда соған қарамастан, Алаш көсемi туралы арнайы ғылыми конференция ұйымдастыру - Қазақстанның саяси партияларының қуат алып келе жатқанын дәлелдейдi. Бұл - үлкен ұлттық жұбаныш. Мен оппозиционер емеспiн, қазақ мемлекетiне ешқашанда оппозиционер болмаймын, бiрақ өз Отанымның тағдырына қатысты, оның iшiнде "Алашорда" мен Әлихан Бөкейхановты "рушыл", "жүзшiл" етiп көрсетуге тырысып, сыпсың таратып жүрген қасиетсiздiкке төзгiм де келмейдi. Сол пiкiрдi оңаша пыш-пыштап айтып, интернет арқылы таратып жүргендердiң өзi нағыз "сасық рушыл", ұлттық идеяны аздырушылар және кезiнде айтылып жүрген: қазақ өзiн-өзi билей алмайды, оларды ру арқылы таластырып, тәуелсiздiгiн әлсiретiп, қайтадан Ресейге тәуелдi ету керек - деген тоқсаныншы жылдардағы Кеңестiк одақты жақтаушылар жасаған 950 әскери-саяси доктринаның жемiс бере бастағаны деп санаймын. Саяси күрес нәтижесiнде 1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен жасалған, 1917 жылы "Алаш" партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттiк жүйенiң негiзiн қалаған БIРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫНДА - мұқым Алаш жұртының, исi Алаш қайраткерлерiнiң демi мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйтқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сенi мен Махатма Гандиi - Әлихан Бөкейханов болатын. Мен бұл арада Сәлiмгерей Жантөриннiң "Автономия" атты еңбегiнен басталатын ұлттық тәуелсiз сана туралы тарихи тәпсiрлердi қазбалап жатпаймын, өзiме жақын, өзiм қырық жыл бойы зерттеген ұлттық идея - Алаш идеясы және Бөкейханов деген мәселеге ғана қысқаша тоқталып өтемiн. Сiздерге жақсы таныс, 1917 жылы шiлде-тамыз айларының өлiарасында Жалпықазақтық I құрылтай шақырылып, "Алаш" партиясы тарих сахнасына шықты. "Алаш" партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлi тұжырымға негiзделдi. Бiрiншi ұстаным: жер, жер және жер. Жерсiз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: "Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп толық игермейiнше, жер жеке меншiкке де, қоныстанушыларға да берiлмейдi". Яғни бұл ұстаным: Жер - Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншiкке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшiн әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың терi мен қаны төгiлген - деген тұжырымға саяды. Екiншi ұстаным: жердiң астындағы, үстiндегi, аспанындағы барлық игiлiк қазақ мемлекетiне қызмет етуi керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: "Оның әр бiр түйiр тасы әр қазақтың өңiрiне түйме болып қадалу керек" болатын. Яғни бұл - өз жерiнiң игiлiгiн - әуелi өз елi игiлiгiне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат - деген емеуiрiндi танытады. Абай данышпанның: Өздерiңдi түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң ендi өз ырқың, - дегенiндегi "ырық" - осы ырық. Жердiң астына, үстiне, аспанына иелiк ете алмасаң - ырықтың кеткенi сол емес пе?!. Үшiншi ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, "Қазақтың жерiнде өндiрiлген "бiр уыс жүн сол мемлекеттiң азаматтарының үстiне тоқыма болып киiлуi" керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсiздiк пен бiрлiкке қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс едi. Тағы да сол Абай: "Бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Малыңды берiп отырсаң: атасы басқа, дiнi басқа, күнi басқалар да жалданып тiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса - антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек", - дегендегi бiрлiк - осы экономикалық бiрлiк. Ал бiздегi сатылмайтын құндылық - тек "жалданып тiрлiк құру" ғана болып қалды. Төртiншi нысана: қазақ мемлекетiнде мемлекет құрушы ұлттың тiл, дiн, дiл үстемдiгi болуы керек, яғни Х.Досмхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек, "ұлттық мәдениет үстемдiгi сақталуы" тиiс болатын. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнiм,» - деп Сара ақынның сал Бiржанға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, бiздiң де үнiмiз шықпайды. Егер қоғамның дамуы осы бетiмен кете берсе, күнi ертең бiз "Құранды" да орыс тiлiнде оқитын боламыз. Бесiншi, түпкi мақсат: тәуелсiз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негiзделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгiсiндегi ұлттық-демократиялық мемлекет құру едi. Яғни тағы да сол Х.Досмұхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек: "тәуелсiз сот құрылымы болады, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететiн одақтық қағидаттар (заң) жасалады". 1990 жылғы "Қазақстанның суверенитетi" туралы мәлiмдемеде қамтылған осы бес түрлi ұлттық ұстаным бұтақтала келiп, 2002 жылғы жердi сату туралы заң жобасынан кейiн қазақ мемлекетi ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттiң құрылымына көштi. Соншама азап шеге жүрiп аңсаған тәуелсiздiк идеясынан нағып соншама тез жерiндiк? Ал "Жапония сияқты ғылымға сүйенген ұлттық-демократиялық мемлекет құру керек" - деген ұстаным үшiн анық емес деректерге сүйенсек, 60 мыңдай адам "жапон шпионы" ретiнде ату жазасына кесiлiптi. Жоғарыда айтылған ұстанымдарды таратып жатпайын. Ол ұзақ әңгiме. Саясат, экономика, қоғамдық даму дегендi былай қойғанда, бiз өзiмiздiң тәуелсiз рухани тәрбиемiздi қадiрлей алмадық. 1.Қазiр дәстүрсiз ұрпақ қалыптасып келедi. Бұл - үлкен рухани апат. 2. Тәуелсiз экономика мен тәуелсiз ғылым жоқ. Ал тәуелсiз ғылымсыз - тәуелсiздiк те, зиялы да, болашақ та жоқ. Тағы да сол "сорлы" Абай: "... малды сарып қылып ғылым табу керек. Ғылымсыз - ахирет те жоқ, дүние де - жоқ. Ғылымсыз - оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық, ешбiр ғибадат орнына келмейдi", - дейдi. Бiз сол ғылымды "малдың", яғни бизнестiң құрбандығына шалып отырмыз. 3. Ұлттық ұйытқының, мектептiң, соның iшiнде бастауыш мектептiң ұлттық мәйегi ұйымаған. Ботаника пәнiнен - Қазақстанның шөптерiнiң түрi мен атауларын, зоологиядан - Қазақстанның жан-жануар мен хайуанаттар дүниесiн, жағырапиядан - жер мен су атауларын, жер қыртысының аттарын, астрономиядан - "он сегiз мың ғаламның" қазақша атауларын, тарихтан, өзгенi былай қойғанда, қазақ хандығының құрылған жылы туралы нақты мәлiметтi таба алмайсыз (Бұл ретте тарихшылар әлi бiр тоқтамға келген жоқ). 4. "Саудасы - ар мен иманы" - деп Абай айтқандай, дiн - саясат пен бизнестiң құралына айналды. Ұлттың өз дiнiн өзiне жиiркенiштi көрсету ұстанымы жүргiзiлiп отыр (Дiн туралы қабылданбай қалған ескi заң жобасы мен қолға алынып жатқан жаңа заңның сұлбасы солай деуге негiз қалайды). 5. Мемлекеттiк Тiл - мемлекеттiк қолданымнан шеттетiлiп отыр. Мысал керек пе? "Кiтап шығарудың қажетi қанша. Оны кiм оқиды. Электрондық нұсқа бар" - дейтiн министрлер мен ректорлар пайда болды. 6. Мемлекет - өз ұлтынан ажырай бастады. Екеуiнiң ойы екi басқа. Ендi олардың басы қайта бiрiге ме, жоқ па? Әй, қайдам. Бұның барлығы ненi танытады? Жоғарыда атап өткенiмдей, бiздiң тәуелсiз мемлекетiмiзде қарама-қарсы бағыттағы екi ұлттық ағымның қалыптасқандығын анық аңғартады. Ашығын айтайын, мемлекет халықтан ажырап қалды. Қазiр мемлекет пен халық басқа: "Мемлекет тек реттеп отыруы керек. Қалғанын базардың өзi реттейдi", - деп өзеурегендер, ендi бiрер жылдан соң халықтан мүлдем қол үзiп, тағы да сол Ленин айтқандай, "халық бұрынғысынша өмiр сүргiсi келмейтiн, ал билiктегiлер бұрынғысынша басқара алмайтын жағдайға" душар болары анық. Былтыр ғана болуы мүмкiн болжам, биыл, шындыққа қарай бетiн бұрып отыр. Мiне, Әлихан Бөкейханов ұйытқан Алаш идеясының негiзгi мәйектерi осындай. Қазiр ерiнбеген - алашшыл болып алды. Мәселе ұранда емес, соны ұлттың дiлiне сiңiруде. Кейде, маған кеңес тұсындағы Балтық жағалауы, Өзбекстан, қазiргi Бельгия сияқты Үнсiз Азаматтық Мойынсынбау қозғалысын үнемi санада ұстаған дұрыс сияқты да көрiнiп кетедi. Осы орайда Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарасына қатысты, оны "массонға", "шоқыншыға", еуропашылдыққа, "рушылға" теңеп жүрген саяси сауатсыздық пен азаматтық жәдiгөйлiкке сәл ғана түсiнiк бере кеткiм келедi. Бiрiншi уәж: Әлихан Бөкейхановтың массондық идеяға қатысы қандай? Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер. Ұлт тәуелсiздiгi жолында ықпалы тиетiн барлық мүмкiндiктi пайдалануға мәжбүр. Ал 1905 жылы ұлттық автономия, патшаны тақтан түсiру, конституциялық демократия орнату, бұратана ұлттарға - нәсiлiне, дiнiне қарамастан азаттық беру, өзiнiң даму жолын анықтауға ерiк беру мәселесiн кiм көтердi? Кадет партиясы көтердi. Ендеше, "бұратана ұлттарға - нәсiлiне, дiнiне қарамастан азаттық беру, өзiнiң даму жолын анықтауға ерiк берудi" мақсат етiп қойған саяси партияның құрамына Әлихан Бөкейханов неге кiрмеуi тиiс? Конституциялық демократия партиясы өзiнiң күрес жолына: адамға адам - бауыр, дос, бiрiң - бәрiң үшiн, бәрiң - бiрiң үшiн, нәсiлдiк, ұлттық, дiндiк, әлеуметтiк теңдiк, азаматтық қоғам сияқты тура өзiмiз ұрандатып өскен коммунизмнiң принциптерiн негiзгi етiп алды. Мiне, сол мақсатқа жету үшiн Әлихан Бөкейханов кадет партиясына өттi. Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркi халықтарының ұлт зиялылары да топтасты. Соның нәтижесiнде Ресей мұсылмандарының бiрiншi құрылтайын ұйымдастыруға мүмкiндiк алды. Сол құрылтайда көтерiлген жасыл тудың шылауымен 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өткен I Бүкiлресейлiк мұсылмандар құрылтайына Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ғ.Әлiбеков, К.Жәленов, Ғұбайдолла және Дәулет ишандар, У.Танашев пен Ш.Бекмұхамедов қатысты. Бұл құрылтай Ресей бодандығындағы мұсылмандарды ғана бiрiктiрiп қойған жоқ, сонымен қатар тәуелсiз республика туралы мәселе ашық мiнбеде көтерiлген тұңғыш бас қосу болды. Ал1917 жылы Керенский: "Түркiстан мен дала облыстары Тула немесе Тамбов облыстары емес. Ағылшындар немесе француздар өздерiнiң отарларына қалай қараса, бiз де оларға (яғни қазақтарға - Т.Ж.) солай қарауымыз керек", - деп мәлiмдеме жасағаннан кейiн, Ә.Бөкейханов ресми түрде кадет партиясынан шықты. Өйткенi бұл кезде қазақ арасында дербес партия құру мәселесi толық пiсiп-жетiлген едi. Ә.Бөкейханов өзiнiң бұл шешiмiн: кадет партиясының мақсаты - ұлттық автономия жариялауға қарсы болғандықтан да, Алаш идеясына сәйкес келмегендiктен де, оның құрамынан шығамын - дедi. Мiне, бұл кез-келген саясаткер ұстанатын күрес тәсiлi. Осындайда Аятолла Хомейнидiң өзiнiң күнделiгiне: "Мен дiнiм үшiн (ұлтым үшiн деп түсiнiңiз - Т.Ж.) шайтанмен де жұмыс iстеуге әзiрмiн" - деген сөзi еске түседi. Ә.Бөкейханов та Алаштың азаттығына қол жеткiзу үшiн барлық саяси әдiс-тәсiлден бас тартқан жоқ. Сол үшiн де азамат соғысы жылдары "Алашорда" үкiметi Құрылтай үкiметiнiң құрамына кiрдi. Ондағы мақсаттарын сұраған түрме тергеушiсiне Х.Досмұхамедов: "Құрылтайдың тапсыруымен Орал қазақтарының басқару құрылымын жасадым, ол еш өзгерiссiз құрылтайда бекiтiлдi. Кейiнгi демократиялық өзерiстердiң барысында ол жеке кiтапша боп басылып шықты. Құрылтай: монархияға - демократияның құлдығының символы, бiр халықты екiншi халыққа арандатудың ошағы ретiнде баға бердi. Егер де: барлық халықтардың өзiн-өзi билеуiне ерiк берiлген жағдайда және барлық державалар қарусыздандырылса, онда құрылтай өкiлдерi ешқандай аннекциясыз, контрибуциясыз бейбiт келiсiм жасауды жақтайтынын мәлiмдедi. Жалпыға ортақ ашық және жасырын дауыспен сайланған Құрылтай жиналысы - Россияның мемлекеттiк заңдық құрылымы ретiнде танылды, өзiнiң санына байланысты әр ұлттың өкiлi мемлекеттiк мекемелерге қабылданатын болсын деп шешiм шығарды", - деп жауап бердi. Екiншi уәж: Әлихан Бөкейхановқа қаратыла жиi айтылатын "шоқыншы", "еуропашыл", мұсылмандыққа қарсы деген пайымсыз байбаламға байланысты айтарымыз мынау. Кеңестiк жетпiс жылда бiздiң дiни танымымыз толықтай тоқырауға ұшырап, өзiмiздiң мұсылмандық тарихатымыздан айырылып қалдық. Бiзге бұйырылған жол - имам Ағзамның жолы ғой. Бұл туралы Абайдың 17 түрлi тәпсiрлi түсiнiгi бар. Ол Абайдың "Имамсыздық намазда қызылбастар салған жол" - деген түсiнiгiмен тiкелей байланысты. Қадыми дiншiлдердiң кесiрiнен мұсылман әлемi жаратылыстану мен өнеркәсiптiк ғылымнан мүлдем ажырап қалды. Қазақ, өзбек, қырғыз, түрiкмен, тәжiктер әлi де өнеркәсiптiк ғылымды жатырқап келедi. Соның нәтижесiнде, ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырда бүкiл мұсылман қауымы отарланып қалды. Соған қарсы мұсылман және түркi әлемiнде жадидтiк ағым мен саяси күрес басталды. С.Асфандияров: "Алаш идеясының оянуына әсер еткен - жәдидтiк бағыт пен күрес",- деп ашық жазған. Ал Өзбекстан мен Түркменстандағы 1927 жылға дейiнгi созылған басмашылар соғысы - тек кеңеске қарсы соғыс емес, ол қадым мен жәдидшiлердiң арасындағы азаматтық соғыс болатын. М.Тынышбаевтың Қоқан автономиясының премьер-министрлiгiнен бас тартуының өзi сол екi ағымның бiтiспейтiн майданының кесiрi едi. Үшiншi уәж: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсi туралы мына пiкiрдi атап өткiм келедi. 1916 жылы 3 ақпанда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Н.Бегiмбетов Петроградқа барып, әскери министр генерал Поливановқа жолығып, қазақтарды әскерге алу мәселесiн жеткiздi. Ондағы басты мақсат: қазiргi заманның қару-жарағының тiлiн бiлмей, тұрақты әскерге тартылмай ұлттық тәуелсiздiк туралы қиялдауға да болмайтын. Мұны алаштықтар: келешек ұрпақтың алдындағы парызымыз, - деп түсiндi. Заманның беталысы ұлттан соны талап еттi. Саналы армиясыз "сәулеттi, еркiн күндi" аңсаудың өзi надандық болатын. Төртiншi уәж: осы Түркiстан идеясы деген не? Ол Қазақстанның тәуелсiздiгiне кепiлдiк беретiн идея ма, жоқ па? - деген сұраққа тарихшыларымыз тура жауап бермей, бетiн бүркемелеп келедi. Сол идея ны өткiзу үшiн кейбiр "тарихшылар" кешегi алаш ұранды азаматтарды қолдан жiкке бөлдi: олардың қателiг - Түркiстан идеясын бөлiспедi, ана тұлғаға, мына тұлғаға қарсы шықты - дестi. Сонда, 1991 жылы тәуелсiздiк жарияланғанда, оның тәуелсiздiгiн таныған елу төрт ел қандай мемлекеттi, оның қандай шекарасын мойындады? Ол шекара қашан және қалай құрылды, олардың басында кiм тұр едi? Өткен жылы Қазақстанның мемлекеттiк шекарасының бекiтiлiп, автономиялы мемлекет болып жарияланғанына 90 жыл толды. "Одақтас республикалардың кез-келген уақытта дербес мемлекет ретiнде СССР-дiң құрамынан бөлiнiп кетуiне құқы бар" - деген бапты кiмдер кеңестiң конституциясына кiргiзiп едi? Әрине, оның iшiнде Украина мен Грузия өкiлдерi, "Алашорда" үкiметiнiң көсемдерi, оның iшiнде тiкелей осы мәселемен айналысқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, Х. және Ж.Досмұхамедовтер бар. Егер Түркiстан идеясын қолдаса, онда солтүстiктегi бес облыс - Ресейге, оңтүстiктегi бес облыс - Өзбекстанға қалар едi. "Алашордашылардың" мақсаты - бiртұтас қазақ мемлекетiн құру. Бұған Х.Досмұхамедовтiң түрме дегi тергеушiге берген мына жауабы дәйек бола алады. Онда: "Қазақстан жағырапиялық жағынан бiртұтас мемлекет ретiнде басқарылуы тиiс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып қойылуы керек. Егерде Кеңес өкiметi саяси еркiндiк жариялап, еркiн партия құруға мүмкiндiк берсе, оларға да осы талапты қою керек - дестiк. Бұл бағдарламаға Тынышбаев екеумiз қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедов те сондай дәрежеде белсене қатысты. "Ұйымның басты құрылымы екi жағдайды ескере отырып қарастырылды: бiрiншi, кеңес өкiметi құлаған жағдайда, екiншi Әнуар паша жеңiлген жағдайда не iстеу керектiгi басты назарға алынды... Бiз ол кезде сiздердiң федерация туралы шешiмдерiңiздi бiлмейтiн едiк, ол кезде Түркiстанды өзбек басшылары билеп-төстейтiн, жобаны жасаған да солар болатын. Қазақтардың өзбектермен аралас тұратынына қарамастан, бiз өзбектердiң бұл ұсынысына мүлдем қарсы болдық. Өйткенi бiздiң басты мақсатымыз - барлық қазақтың басын қосу болатын. Бiз тiптi қытайдағы қазақтарды да қосып алудың жолын қарастырдық. Әрине, олар өздерi мекендеп отырған территориясымен қазақтың құрамына кiру керек - деп есептедiк. Бұл жоспар сол қиял күйiнде қалды, iс жүзiнде ешнәрсе де атқарылған жоқ. Бұған қазақстандық қазақтардың қалай қарайтыны маған белгiсiз. Жат жердегiлердiң жағдайы өте ауыр күйде, өмiр сүру дәрежесi төмен, сондықтан да бiрiгуге қарсы бола қоймас деп ойладық", - деп атап көрсеттi. Мiне, Бөкейхановтың да түпкi мақсаты осы едi. Бесiншi уәж: бiз, "Алашорда" мен Ә.Бөкейханов туралы сөз еткенде саяси эмиграция мәселесiне баса көңiл бөлiп, кейде жалаң жанашырлыққа дейiн барып жүрмiз. Алайда бiз ұлттық идея үшiн күрескен зиялылардың саяси эмиграция туралы: "Қазақтың - Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкiметiнiң мүшелерi қазақ iшiнде қалуы тиiс. Егерде бiз теңдiкке қол жеткiзгiмiз келсе, онда қазiрден бастап тереңдеп ойламасақ болмайды. Бүгiн не ексек, ертең соны орамыз", - деген астыртын уағдаластығын олардың күрес жолындағы таңдауы ретiнде сыйлауымыз керек. Өмiрдiң өзi көрсетiп отырғанындай, егерде алаш зиялылары жаппай эмиграцияға кеткенде, онда 1920-1930 жылдар арасындағы ағарту және ғылым саласындағы еңбектер дүниеге келер ме едi? Ол еңбектер жазылмаса қазiргi қазақ тiлiнен бастап алгебра, геометрия, биология, физика, зоология, жағырафия терминдерi қалай қалыптасар едi? Сонымен қатар, түпкi күрес мақсатына жете алмаса да, жоғарыдағы бес тұжырым үшiн күрескен С.Сәдуақасов сияқты жас қайраткерлер қалыптасар ма едi, Қазақстандағы саяси ахуал мен саяси күрес қалай бет алар едi? Мiне, Алаш идеясы мен оның көсемi Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолында ұстаған ұстанымының бiр тарамы осындай. Менiң ойымша, бұл идея - мәңгiлiк және қазақ ұлты өмiр сүрiп тұрған жағдайда күн тәртiбiнен түспейдi деп ойлаймын. 15 қыркүйек Тұрсын ЖҰРТБАЙ, "Отырар кiтапханасы" ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=31&id=6621
qosymsha/abai.kz
post_5692.txt
Американдық «МСВ-1» спутнигі Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен орбитаға шығарылды
https://abai.kz/post/5692
"Американдық «МСВ-1» спутнигі Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен орбитаға шығарылды" | "https://abai.kz/post/5692"
15.11.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Американдық «МСВ-1» спутнигі Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен орбитаға шығарылды URL: https://abai.kz/post/5692 META: "Американдық «МСВ-1» спутнигі Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен орбитаға шығарылды" | "https://abai.kz/post/5692" DATE: 15.11.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 288 TEXT: Астана. 15 қараша.  ҚазТАГ – Жексенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен орбитаға Американдық «МСВ-1» ғарыш аппараты шығарылды, деп Росғарыш баспасөз қызметінен хабарлады. «Мәскеу уақытымен 20 сағат 29 минутта Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңының 39-шы ұшыру қондырғысынан американдық телекоммуникациялық ғарыштық «МСВ-1» аппаратымен «Бриз-М» үдеткіші бар және ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны сәтті ұшырылды, делінген хабарда. Ресей ғарыштық ведомствосы хабарлағандай, ғарыштық инфрақұрылымның жердегі барлық қызметі, ғарыш айлағының ұшыру есебі мен тапсырыс берушілердің өкілдері үйлесімді әрі нақты жұмыс көрсетті. 20 сағат 39 минутта зымыран тасымалдағыштың үшінші сатысынан ғарыштық аппараты бар үдеткіш буын  бөліп шықты. Бастапқы аппарат негізгі орбитаға шығарылды. Ғарыштық аппаратты одан арғы дәл орбитаға шығару үдеткіш блоктың марштық қозғалтқышын 5 рет іске қосу арқасында жүзеге асырылады, деп түсіндірді Роскосмостан. Аппаратты ғарышқа шығару уақытының жалпы ұзақтығы 9 сағат 14 минут болды. Ғарыш аппаратының үдеткіш блоктан бөлінуі 15-ші қарашаның 5 сағат 43 минутына жоспарланған делінген хабарда. Астана. 15 қараша.  ҚазТАГ – Жексенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен орбитаға Американдық «МСВ-1» ғарыш аппараты шығарылды, деп Росғарыш баспасөз қызметінен хабарлады. «Мәскеу уақытымен 20 сағат 29 минутта Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңының 39-шы ұшыру қондырғысынан американдық телекоммуникациялық ғарыштық «МСВ-1» аппаратымен «Бриз-М» үдеткіші бар және ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны сәтті ұшырылды, делінген хабарда. Ресей ғарыштық ведомствосы хабарлағандай, ғарыштық инфрақұрылымның жердегі барлық қызметі, ғарыш айлағының ұшыру есебі мен тапсырыс берушілердің өкілдері үйлесімді әрі нақты жұмыс көрсетті. 20 сағат 39 минутта зымыран тасымалдағыштың үшінші сатысынан ғарыштық аппараты бар үдеткіш буын  бөліп шықты. Бастапқы аппарат негізгі орбитаға шығарылды. Ғарыштық аппаратты одан арғы дәл орбитаға шығару үдеткіш блоктың марштық қозғалтқышын 5 рет іске қосу арқасында жүзеге асырылады, деп түсіндірді Роскосмостан. Аппаратты ғарышқа шығару уақытының жалпы ұзақтығы 9 сағат 14 минут болды. Ғарыш аппаратының үдеткіш блоктан бөлінуі 15-ші қарашаның 5 сағат 43 минутына жоспарланған делінген хабарда.
qosymsha/abai.kz
post_48096.txt
«Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді
https://abai.kz/post/48096
"«Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді" | "https://abai.kz/post/48096"
16.03.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді URL: https://abai.kz/post/48096 META: "«Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді" | "https://abai.kz/post/48096" DATE: 16.03.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 91 TEXT: 2017 жылдың 20-23 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында орналасқан «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Ұлыстың Ұлы күні құрметіне «Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді. 20 наурыз күні «Дін-мұсылман аманда» атты діни-рухани жыр-термелер кеші, 21 наурыз күні «Тұлпар мініп, ту алған!» атты ұлт-азаттық сарындағы жыр-толғаулар, 22 наурыз күні «Атымды Адам қойған соң...» атты адамгершілікті, ізгілікті жырлаған жыр-терме, толғау-дастандар орындалады деп күтілуде. Шараға Алмас Алматов, Берік Жүсіп, Ұлжан Байбосынова, Жәкен Омаров, Ерболат Шалдыбек, Күнсұлу Түркпенова, Фархат Оразов және т.б. Қазақстанның әр өңірінен келетін жыршы- термешілер қатысады. Билеттер «Алатау» дәстүрлі өнер  театрының касасында сатылады. Абай ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_130906.txt
Қазақстанда қанша бала вирус жұқтырған?
https://abai.kz/post/130906
"Қазақстанда қанша бала вирус жұқтырған?" | "https://abai.kz/post/130906"
31.03.2021
Abai.kz
null
TITLE: Қазақстанда қанша бала вирус жұқтырған? URL: https://abai.kz/post/130906 META: "Қазақстанда қанша бала вирус жұқтырған?" | "https://abai.kz/post/130906" DATE: 31.03.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 102 TEXT: Наурыз айында балалар арасында коронавирус жұқтыру фактісі артқан. Бұл туралы брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтты. "1 қаңтардан бастап 18 жасқа дейінгі 12862 баладан вирус анықталды. Наурыз айында вирус жұқтыру 5%-ға артты. Вирус жұқтыру мектеп оқушылары арасында көбеюде. Бұл жалпы болжанған еді, себебі біз наурыз айында тек қана  1-5, 9-11 класс оқушыларына емес, басқа класстағы оқушыларға да рұқсат еттік",  - деді Есмағамбетова. "Мектептегі балалар арасындағы әлеуметтік қашықтық артқандықтан, зерттеу жұмыстарының нәтижесімен бөлісуді жөн көріп отырмын. Өкінішке орай вирустың британдық штаммы жастарға тез жұғады. Қарапайым коронавирусқа қарағанда британдық штаммды жұқтыру жастар арасында көбірек", - деді министрлік өкілі. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_146999.txt
Қазақтың үш тағаны түгенделер еді
https://abai.kz/post/146999
"Қазақтың үш тағаны түгенделер еді" | "https://abai.kz/post/146999"
10.02.2022
Олжас Әбіл
null
TITLE: Қазақтың үш тағаны түгенделер еді URL: https://abai.kz/post/146999 META: "Қазақтың үш тағаны түгенделер еді" | "https://abai.kz/post/146999" DATE: 10.02.2022 AUTHOR(s): Олжас Әбіл TOTAL WORDS: 164 TEXT: Саакашвили билікке келген соң совет заманында "ворлар отаны" атанған Грузиядағы Кутаиси қаласына мынадай әдемі ғимарат тұрғызып Парламент үйін Кутаисиге көшіріп жіберген еді. Кенжелеп артта қалған өңірге жан бітсін деген ниеті болса керек. Грузия депутаттары 2012 жылдан 2019 жылға шейін Кутаисиде жұмыс істеді. Бірақ кейін олар қайта Тбилисиге көшті. Қазақстанда ең саяси өңір - Маңғыстау өңірі екендігі белгілі. Ақтауға да осындай парламент ғимаратын салып біздің депутаттарды сол жаққа көшірер ма еді шіркін. Бәрі Астанада топырлап не істейді? Маңғыстау халқы олардан шынайы, халықшыл, тарпаң депутаттар тәрбиелеп шығарар еді. Депутаттар жұлынып жұмыс істеген елде халық та бақуатты тұрады. Өз кезегінде Өзен мен Ақтау халқы біздің депутаттарға күшті допинг берер еді. Астана - әкімшілік орталық, Алматы - бизнес, қаржы орталығы, Ақтауда заң шығарушы орган Парламент, халық қалаулыларының ордасы орналасса.. Ол арада күлтөбенің басы күнде жиын, "я халықтың мұң мұқтажын айтасыз, я Хазар теңізіне батасыз депутат мырза" болатын еді. Бұл парламент Орта Азиядағы ең демократиялық парламент болар ма еді. Осылай қазақтың үш тағаны түгенделіп қалушы еді... Олжас Әбіл Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_37777.txt
ҚОСТАНАЙДА ЛЕНИНГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
https://abai.kz/post/37777
"ҚОСТАНАЙДА ЛЕНИНГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ" | "https://abai.kz/post/37777"
02.05.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚОСТАНАЙДА ЛЕНИНГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ URL: https://abai.kz/post/37777 META: "ҚОСТАНАЙДА ЛЕНИНГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ" | "https://abai.kz/post/37777" DATE: 02.05.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 375 TEXT: Суретте: "Костанайшинсервис" ЖШС-ның ұжымы. Ортада - өзі бас болып, Ленин ескерткішін орнатқан "Костанайшинсервис" ЖШС-ның директоры Валерий Мантулин Астанада қанша жыл тұрсам да туған жерім - Қостанайға бүйрегім бұрып тұрады. Биыл да 1 мамыр мерекесін достарымның ортасында тойлайын деп елге қарай тартып кеткен жайым бар. Туған жерге табаным тиген бойда "елде не жаңалық бар екен" деген оймен осында шығатын бір топ басылымдарды дүңргішектен сатып алып, асықпай, шай ішіп отырып, қарап отырсам, осындағы орыс тілінде жарық көретін мүйізі қарағайдай, атынан ат үркетін дейтіндей "Костанайские новости" деген газет керемет безендірілеген түрлі-түсті газетінің бірінші бетіне көлдей қылып "Память обьединяеть людей" ( http://kstnews.kz/news/society/vremya_mestnoe/pamyat_obedinyaet_pokoleniya/#.U2N9gVenvoM ) деген мақала беріпті. Бұл не қылған "память" екен деп үңілсем, газет журналистері Қостанайдағы "Костанайшинсервис" деген атауы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұжымы өздерінің ат шаптырымдай ауласына Лениннің ескерткішін орнатқандығын шешелері ұл тапқандай қуана хабарлапты. "Күн көсемді" жадынан шығармаған жерлестеріме қанша жерден «риза» болсам да, тарихтың күрсесіне лақтырып тасталған осынау тас мүсіннің қазіргі ұрпақты қалай біріктіретіндігіне түсіне алмай миым қатты. Енді мұның жайын осы газеттің бір бұрышында қостанайлықтарды мерекемен құттықтаған облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов білмесе, біз білмедік. Әлде мұны мүмкін  ол кісінің идеология жөнінідегі орынбасары немесе осы салаға жауап беретін ішкі саясат департаментінің бастықтары түсіндірер. Олар енді бізден гөрі ақылдырақ шығар. Лауазымдарының өзі де осыны талап етпей ме? Айтпақшы, халықтар достығы деген мерекені қарсы алуда осындағы маңдайымызға біткен жалғыз газет - "Қостанай таңы" де өзіндік "үлкен үлес" қосыпты. Мұндағылар көп ойланбастан осыдан аз уақыт бұрын республикалық "Время" газеті қайта-қайта жазған, қызмет бабын асыра пайдаланып, пара алғандығы үшін үш жылға шартты түрде сотталған Мереке Дихаев деген азаматты өзгелерге үлгі етіп, көсіле мақтапты. Сондағы ол кісінің сіңірген еңбегі - 1 мамыр күні шырылдап дүниеге келген екен. Ал қылмыс жасап, істі болған адамды мақтап жазу заң алдында ғана емес, адамгершілікке де қайшы келетін іс екендігіне мұндағылар басын қатырмаса керек. Сонда осы облыстағы идеология саласына жауапты адамдар қайда қараған? "Ойбай, ол туралы сөз қозғама»,- деп басу айтады достарым, - Біріншісіне біздің әкімнің тісі батпайды. Ол осындағы бір "крутойдың" газеті. Ал екіншісін мүлдем оқи алмайды. Оқымағасын олардың не жазып жатқандығынан мүлдем бейхабар. Мерекеге барып, желпініп қайтам ба деген мен Астанаға осындай ауыр оймен оралдым. Сонда менің қасиетті туған жерімде бірі ескілікті аңсаумен өмір сүретін, екіншілері не жазып отырғандығын түсіне алмайтын газеттерге "Әй дейтін әже, қой дейтін қожа" болмағаны ма? Мұратбек Дәуренұлы Астана-Қостанай-Астана Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_160233.txt
Коронавирус Қытайды тағы әбігерге салуда
https://abai.kz/post/160233
"Коронавирус Қытайды тағы әбігерге салуда" | "https://abai.kz/post/160233"
14.11.2022
Abai.kz
null
TITLE: Коронавирус Қытайды тағы әбігерге салуда URL: https://abai.kz/post/160233 META: "Коронавирус Қытайды тағы әбігерге салуда" | "https://abai.kz/post/160233" DATE: 14.11.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 112 TEXT: Қытай Қазақстаннан келетін жолаушыларға қойылатын талаптарды өзгертті, деп хабарлайды Қытай елшілігінің сайты. "Эпидемияны бақылауда ұстау мақсатында Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен Бас консулдығы "HS" (немесе "HDC") денсаулық кодын алуға қойылатын талаптарды жаңартуда", – делінген Қытай Елшілігінің сайтында. Енді Қазақстаннан Қытайға тікелей рейспен бара жатқан жолаушыларға ұшуға дейін 48 сағат ішінде Қазақстан Республикасының аумағында ресми тіркелген зертханада бір рет ПТР-тест тапсыру қажет. Екіншіден, ПТР тестінің нәтижесін және қажетті құжаттарды электронды жіберу арқылы денсаулық кодын алуға өтініш беру керек. "Өтінім өңдегеннен кейін Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы "денсаулықтың жасыл кодын" береді. Рейске тіркелу кезінде авиакомпания қызметкеріне "жасыл денсаулық коды" мобильдік қосымшасы арқылы (алдын ала жасалған скриншот қабылданбайды) көрсетеді", – деп атап өтті елшілік. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_67733.txt
Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталған
https://abai.kz/post/67733
"Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталған" | "https://abai.kz/post/67733"
26.03.2018
Abai.kz
null
TITLE: Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталған URL: https://abai.kz/post/67733 META: "Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталған" | "https://abai.kz/post/67733" DATE: 26.03.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 130 TEXT: Өзбекстанның Ферғана облысында қоғамдық тамақтандыру орындарына есек етін сатқан деген күдікке ілінген топ ұсталған. Бұл туралы Куштепе аудандық әкімдігі мен Бас прокуратура жанындағы ақпараттық-талдау орталығына сілтеме жасап Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик) хабарлады. Куштепе аудандық мал дәрігері бөлімі қызметкерінің Озодлик тілшісіне хабарлауынша, жергілікті тұрғындар түн мезгілінде есектердің ақыратыны туралы шағым түсіргеннен кейін наурыз айының басында тексеру жүргізген билік өкілдері маңайдағы үйлердің бірінен сойылған есектің 140 келі етін тапқан. Ресми орындардың мәліметі бойынша, Куштепе ауданындағы жеке меншік үйлердің бірінде сойылған есек етін Ферғана қаласы мен Ташлак ауданындағы тағам әзірлейтін орындарға жеткізіп тұрғаны анықталған. Күдікке ілінген төрт адамның бұл іспен қанша уақыттан бері айналысып келгені әзірше белгісіз деп хабарлайды Озодлик. Күдіктілердің үстінен қылмыстық кодекстің "Тұтынушылардың өмірі я денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай емес өнімдерді сату мақсатында өндіру, сақтау, тасымалдау" бабы бойынша іс қозғалған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_6940.txt
НАТО-ның штаб-пәтерінде елші Е.Өтембаев Альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілімен кездесті
https://abai.kz/post/6940
"НАТО-ның штаб-пәтерінде елші Е.Өтембаев Альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілімен кездесті" | "https://abai.kz/post/6940"
01.02.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: НАТО-ның штаб-пәтерінде елші Е.Өтембаев Альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілімен кездесті URL: https://abai.kz/post/6940 META: "НАТО-ның штаб-пәтерінде елші Е.Өтембаев Альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілімен кездесті" | "https://abai.kz/post/6940" DATE: 01.02.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 280 TEXT: БРЮССЕЛЬ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде НАТО жанындағы Қазақстан миссиясының басшысы Ерік Өтембаев Солтүстікатлантикалық альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілі Джеймс Аппартуаймен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан миссиясының басшысы арнайы өкілді Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жайлы хабардар етті. Е.Өтембаев Қазақстанның НАТО-мен екіжақты ынтымақтастығы аталып өтілген осы құжаттың халықаралық аспектілеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, тараптар Алматыда Ауғанстан мәселесі жөнінде арнайы донорлық конференция өткізу жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын талқыға салды. Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен НАТО қарым-қатынасының даму болашағын мен қазіргі жағдайын, сонымен қатар ортақ мүддеге ие аймақтық және халықаралық сипаттағы мәселелерді қарады. Дж.Аппартуай Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қорытындысына жоғары бағасын беріп, біздің еліміздің орталықазиялық өңірдегі, сонымен қатар Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесінде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. БРЮССЕЛЬ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде НАТО жанындағы Қазақстан миссиясының басшысы Ерік Өтембаев Солтүстікатлантикалық альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілі Джеймс Аппартуаймен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан миссиясының басшысы арнайы өкілді Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жайлы хабардар етті. Е.Өтембаев Қазақстанның НАТО-мен екіжақты ынтымақтастығы аталып өтілген осы құжаттың халықаралық аспектілеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, тараптар Алматыда Ауғанстан мәселесі жөнінде арнайы донорлық конференция өткізу жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын талқыға салды. Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен НАТО қарым-қатынасының даму болашағын мен қазіргі жағдайын, сонымен қатар ортақ мүддеге ие аймақтық және халықаралық сипаттағы мәселелерді қарады. Дж.Аппартуай Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қорытындысына жоғары бағасын беріп, біздің еліміздің орталықазиялық өңірдегі, сонымен қатар Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесінде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөніндегі  ҚР-мен арадағы бірлесен уағдаластықтардың алға басу қарқынын атап өтті. Ол Солтүстікатлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тұрақты әрі қарқынды даму үдерісін көрсетіп келеді деп атап өтті.
qosymsha/abai.kz
post_50100.txt
БІЛІС БАТЫР - СЫР ПЕРЗЕНТІ
https://abai.kz/post/50100
"БІЛІС БАТЫР - СЫР ПЕРЗЕНТІ" | "https://abai.kz/post/50100"
20.02.2015
Администратор
null
TITLE: БІЛІС БАТЫР - СЫР ПЕРЗЕНТІ URL: https://abai.kz/post/50100 META: "БІЛІС БАТЫР - СЫР ПЕРЗЕНТІ" | "https://abai.kz/post/50100" DATE: 20.02.2015 AUTHOR(s): Администратор TOTAL WORDS: 1652 TEXT: Өткен жылдың желтоқсан айының басында сауапты істердің басы-қасынан көрініп жүрген зерделі  азамат, ішкі істер саласының ардагері Аплатын Жүрманбетов телефон арқылы хабарласты. Ағамыз салған жерден: «29 қараша күні "Егемен Қазақстан" газетінде шыққан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Бектұрғановтың Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Плис Нұрпейісов жөніндегі мақаласын оқыдың ба?» - деді. Мен онымен танысып шыққанымды және П.Нұрпейісовтің тағдырынан бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірен-саран жарияланымдардан  хабарым барын  айттым. Сөзін әрі қарай жалғастырған Әбекең Батырдың Сыр өңірінің тумасы екеніне тоқтала отыра, Нұрпейіс әулетінің ататек шежіресі мен өмір жолының жай-жапсары жөнінде біршама мәліметтер келтірді. Батырдың Қарақалпақстаннан 2001 жылы Алматы қаласына көшіп келген туған інісінен  ағасы туралы материалдардың көшірмесін алдыртатынын да жеткізді. 1941-1945 жылдардағы КСРО - Германия арасындағы соғысқа Қарақалпақстаннан шақырылған П.Нұрпейісовті соңғы он жыл көлемінде бірнеше рет көтерілген қазақстандық батырлар санатына қосу мәселесінің әлі шешімін таппай келе жатқанына қынжылысын да жасырған жоқ. «Осы келелі бастамаға үн қосу азаматтық парызымыз» деп сөзін қорытындылады Аплатын ағамыз. Содан бергі бірнеше айда К.Адырбекұлының «Жүрек жұтқан» атты деректі повесін (Алматы, 2009), республикалық баспасөз беттерінде әр жылдары жарияланған М.Төлепберген, К.Адырбекұлы, А.Тажутов, Қ.Әділ, М.Құрманов, Ә.Смағұлұлының мақалаларын, Интернет желісінің материалдарын зерделеп, П.Нұрпейісовтің өмір жолы мен майдандағы ерлік істерінің қыр-сырына тереңдей бойладым. 1928 жылы туған інісі Нұрпейісов Юсуптың (Жүсіпбай) ұзақ жылдар бойы жинақтаған құжаттарымен де танысудың сәті түсті. Осы орайда, Кеңес Одағының Батыры атанған үш қазақ ұшқышының бірі П.Нұрпейісовті өз отандастарымыздың қатарына қосу мәселесіне қатысты ойлар мен деректі дәйектерді ортаға салмақпын. Бірінші, Батыр - Сыр өңірінің перзенті. Бұндай тұжырым жасау үшін ең әуелі Батырдың ата-тегін білу маңызды. Шежіре алға қойған мақсатқа қол жеткізудің негізгі кілті іспетті. Жұртшылыққа мәлім шежіре тіні: Шөмекей – Бозғұл би – Келдібай батыр – Сөйін би –  Бекет би – Ырысымбет би – Шыбынтай би – Қожамберді – Шоқай – Қарсақ – Қойгелді – Нұрпейіс – Біліс болып тарқатылады. Білістің алтыншы бабасы Шыбынтай би (XVIII ғ. басы мен 70-жылдары) Әбілқайыр ханның замандасы. Ресей деректерінде (1748 ж.) Шыбынтай (Чебентай) Сырдың төменгі ағысын мекендейтін ру-тайпаларды басқаратын беделді тұлғалар қатарында аталады. Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаевтің «Елең-алаң» романынан да біз Желдер (Сөйін) аталығының төрт бұйда ұстары: Шыбынтай, Жәдік, Алман, Кенже болғанын көреміз. Т.Қартаеваның «Сыр өңірінің қазақтары: тарихи-этнографиялық зерттеу» атты монографиясында (Алматы: Қазақ университеті, 2014. Т. 1. 106-109 бб.) Қазалы уезіндегі Шыбынтай-Торыбай рулары 1911 жыл деңгейінде 245 шаңырақты құрайтыны және олардың тек Қарабастоғай болысы аумағында  тұратыны нақты көрсетілген. Батырдың анасы Әлпеш Назарқызы Қармақшы ауданының 10–ауылының (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) тумасы. Яғни, Білістің ата-бабалары мен нағашы жұрты Сыр жерінің байырғы тұрғындары. Екінші, Батырдың азан шақырып қойылған есімі - Біліс. Кейбір авторлар оны өзен атауына байланысты қойылған деп жазып жүр. Бұл жаңсақ мәлімет. Дұрысы - Біліс рудың атауы. Сөзіміз дәлелді болу үшін ресей деректеріне жүгінейік. Оларда (1820 ж., 1897 ж.) Жағалбайлының Мырза және Лез тармақтарының Ырғыз, Ор, Елек өзендерінің бойын жайлайтыны,  Құмақ, Ор, Сүйіндік, Ырғыз, Қарт өзендерінің маңында қыстайтыны жазылған. Сонымен қатар, Мырзадан 7 ұл тарайтыны, олардың үлкенінің аты Біліс екені көрсетілген. Сол Білістің бір ұрпағы аса дәулетті Бисен қажы Жаңадария мен Қуаңдария аралығын мекен еткен Қойгелдінің (Білістің бабасы) Ақсүйрік деген қызына құда түсіп, ұлы Мұқанға қосады. Кейіннен Ақсүйрік мезгілсіз дүние салған соң оның артында қалған шиеттей балаларына қамқор болсын деп Қойгелді 1918 жылы күзде Мұқанға екінші қызы жас Жансүйрікті ұзатады. Салт-дәстүрге сай кәмелетке толмаған қызымен бірге ұлы Нұрпейіс пен аяғы ауыр келіні Әлпешті жібереді. Айы-күні жеткен Әлпеш қазіргі Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы жеріндегі Ақтастыда босанып (1919 жылдың бас кезі), ұлды болады. Құдаларының құрметіне нәрестенің атын Біліс қояды. Тағдырдың жазуы осылайша болғанымен Батырдың иісі Алашқа ортақ Сыр бойында підә болғаны, оның қасиетті топырағынан жаралғаны зерделі қауым арасында дау  тудырмаса керек. 1920-1922 жылдарда азамат соғысының ауыртпалығынан (зорлықпен астық жинау, сан алуан салықтар) және табиғи апат - жұт салдарынан халықтың ашаршылық қасіретін көргені жасырын сыр емес. 1919 жылы күзде аулына оралған Нұрпейістің отбасы 1921 жылы ел ішінде орын алған аштықтың тауқыметіне шыдамай Қарақалпақстанның Петро-Александровский (Төрткөл) қаласына  қоныс аударады. Сондағы азаматтық хал актілерін жазу мекемесінің қызметкерлері Біліске туу туралы куәлік толтыру кезінде аты-жөнін Плис Койгельдиевич Нурпеисов (Біліс Нұрпейісұлы Қойгелдиев болуы тиіс еді) деп, туған жері ретінде Петро-Александровскийді жазып жібереді. Кеңестік дәуірде қандастарымыздың аты-жөнін, оларға қатысты басқа да мәліметтерді бұрмалап жазу кең етек алғаны шындық. Бұған арамыздағы аға буын өкілдері куә. Енді Білістің өр тұлғасы қалай қалыптасты деген сұраққа қысқаша тоқталсақ. Ол А.Луначарскиий атындағы мектептің төрт сыныбын бітіреді (1931 ж.); Түркіменстан Республикасы Чарджоу қаласындағы Орта Азия кеме шаруашылығының кәсіптік-техникалық (ФЗО) мектебін 1935 жылы бітірген соң қысқа уақыт Әмудария Пароходствосына қарасты «Альбатрос» катері капитанының көмекшісі болады; 1935-1937 жж. Төрткөл қаласындағы Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтының (қазіргі Нүкіс мемлекеттік пединституты) физика-математика факультетінде оқып, үздік бітіреді; 1937-1939 жж. Төрткөл медицина училищесінде, Тақтакөпір ауданы В.Ленин атындағы орта мектепте мұғалім; 1940 жылдың басында әскерге шақырылып, көп ұзамай Украинаның Мелитополь қаласындағы үшжылдық ұшқыш-штурмандар даярлайтын әскери-әуе училищесінің курсанты атанады. Оқуын аяқтамай жатып, 1941 жылдың күзінде  КСРО-Германия арасындағы соғыс қимылдарына қатысады. Білістің майдандағы жолын бір мақала шеңберінде суреттеу мүмкін емес, әрі бұл тақырып көптеген жарияланымдарға арқау болғандықтан, біз жерлесіміздің алған наградалары мен марапаттарына ғана тоқталғанды жөн санадық. Жоғарғы Бас командование резервіндегі №47 гвардиялық алысқа ұшатын авиациялық барлау полкінің ұшқыш-барлаушысы, аға лейтенант П.Нұрпейісов 1944 жылғы 21 шілдеде 17 рет әуеге көтеріліп, неміс-фашистерінің алыс тылында әскери барлауды табысты орындағаны үшін жауынгерлік Қызыл Ту орденімен; 1944 жылы 15 тамызда 14 рет ұшып алыс әскери барлауды үздік орындағаны үшін екінші жауынгерлік Қызыл Ту орденімен; 1944 жылғы 12 желтоқсанда 19 рет ұшып алыс әскери барлауды үздік орындағаны үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған. Бұларға қоса II дәрежелі Отан соғысы ордені де болса керек. Авиация маршалы А.Новиков оны арнайы алтын сағатпен марапаттаған. Әскери командованиеден алған Алғыстары өз алдына бір төбе. Украина мен Белоруссиядағы партизан құрамаларының басшыларын (С.Ковпак, А.Федоров, т.б.) әуемен Мәскеуге және кері қарай тасу сынды өте жауапты әскери тапсырмаларды орындау - оның ұшқыштық қызметінің бір саласы. Жинақтаған тәжірибесі, машығы мен дағдысы, білімі мен білігі, тапқырлығы мен шеберлігі ұшқыш Біліске  майдан аспанында немесе жерде  кездеспей тұрмайтын сындарлы сәттер мен шытырман жағдайлар (әскерлер, соғыс нысандары, техникаларды суретке түсіру мен жою, жердегі зениткалардың атқылауы, фашист сайыпқырандарымен әуедегі жекпе-жектер, неміс әскерлері тылына мәжбүрлікпен қону, партизандар отряды операцияларына қатысу) күрмеуінің шешімін шұғыл әрі шығармашылықпен табуға мүмкіндік беріп отырған. Батыр туралы қолда бар материалдар қосынымен танысу барысында бұған көзіміз әбден жетті. Кеңес әскерінің Берлин бағытындағы операцияларын жүзеге асыру ісіне атсалысу - оның батырлық эпопеясының жарқын беттері. Ерлікке толы оқиғалар желісіне П.Нұрпейісовке Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы 1945 жылғы 5 сәуірдегі ұсыныстан қаныға түсеміз. Ресми құжатта: «1945 жылы 22 наурызда ол Берлинге кезекті үшінші рет ұшып, қала үстін үш рет кесіп өтті. Зенит артиллериясының күшті атқылауынан аман өтіп, Берлинді фотосуретке түсіру тапсырмасын үздік бағаға орындады. 1945 жылдың 26 наурызында П.Нұрпейісов экипажына Берлин маңындағы екі жау аэродромына барлау жасап қайту тапсырылды. Ол бұл тапсырманы да үздік бағаға орындап, қайтар жолында өзінің бастамасымен Берлин қаласының орталығына ұшты. Зенит артиллериясының үздіксіз атқылауынан және истребительдердің орналасуынан қорықпай қала орталығының батыс жақ бөлігін фотопленкаға түсірді. Соңынан қуғынға түскен истребительге тактикалық әдіс-айла жасай отырып, ұшақты зенит оғынан аман-есен алып шықты. Истребительдердің қуғындауынан сытылып шығып, командованиеге қарсыластар жөнінде аса маңызды мәліметтер жеткізді. Ол фотосуретке түсіру арқылы 279 темір жол эшелонын, 10338 вагондар мен платформалар, 50 паровоз, 5796 автокөлік, 11 аэродромдағы 422 ұшақты және сонымен қатар Берлин қаласымен сол аудандағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін ашып берді. Алыс қашықтықтағы жау тылына 100 рет ұшып барып, жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындауда ерлік пен батылдық көрсеткені үшін П.Нұрпейісов Үкіметтің ең жоғары наградасы - Кеңес Одағының Батыры атағын, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін қоса алуға лайықты» делінеді. Жоғары Бас Командование бекіткен Берлинді стратегиялық шабуылдау операциясының 19 сәуірде басталған 2-кезеңінде фашистердің астанасы толықтай қоршалып, әскерлері бөлшектенгені аян. Тікелей Берлинді алу шабуылдарын (операцияның 3-кезеңін) бастау мерзімі 25 сәуірге межеленгені де белгілі. П.Нұрпейісов қызмет ететін полк экипаждарының барлауға ұшатын соңғы күні 23 сәуір болып белгіленуі, айтылғандарға тікелей байланысты.  Сол күні құрамында П.Нұрпейісов бар экипаж (командирі - К.Дунаевский, радист-атқышы - А.Волков) Берлин үстіне үш рет ұшу барысында алдын ала берілген тапсырмаға сәйкес қаланың қорғаныс жүйелерін түсіріп қайтады. К.Дунаевский мен П.Нұрпейісов жоспардан тыс төртінші мәрте ұшуға өздері сұранады. Полк командирі Т.Р.Тюрин кезекті экипаждарды ұшыру қажеттігін, радист-атқыш А.Волковтың науқастанып қалғанын сылтауратып, бірнеше рет рұқсатын бермейді. Батыр ұшқыштар дегеніне жетпей қоймайды, ақыры. Аспанға самғаған «Ту-2» ұшағы Берлин үстінде зенитка атқылауынан зақымданып, іле қуалаған истребитель оқтарынан жана бастайды. Экипаж командирі К.Дунаевскийдің парашютпен секіру туралы ұсынысынан П.Нұрпейісов пен С.Конов (А.Волковтың орнындағы) үзілді-кесілді бас тартады. Ұшақ қаладағы аэродромға қарай бұрыла құлдилап, сондағы әскери техникамен бірге отқа оранады. Есіл ерлердің соңғы сапарларында да фашистерге орасан шығын келтіргені сол кездегі ұшқыштардың ресми баянаттары мен түсірген фотосуреттері, қаруластар естеліктері негізінде  құжатталғанын айтуға тиіспіз. Батырлардың қабырғаны қайыстырар қазасының мән-жайы өзекті өртер өкінішке толы: 26 жастағы Білістің бір басын екеу ете алмай, ұрпақсыз кетуі; К.Дунаевскийдің уәде байласқан қалыңдығының көз жасына қарамай  ұшуы; С.Коновтың экипажға кездейсоқ қосылуы, т.с.с. Бұл қазаның ұрпақ үшін тағылымы да мол. Ең негізгісі – отаншылдықтың ғибрат-үлгісін көрсетуі, осы жолда ақылға қонымсыз әрекеттер, өлшемге келмейтін қадамдар арқылы олардың әрқайсысының көзсіз батырлыққа баруы. Тағы бір өнегесі, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғандарын біле тұра (П.Нұрпейісов, К.Дунаевский), тоқмейілсімей, жоғары атақтың шапағатына бөленуді ойламай сапарға өздері сұрануы. Ұтымды өмір сүруге бейімделген бүгінгі қоғам мүшелерінің кейбірі бұны түйсіне бермейтін де шығар. Біліс аласапыран кезеңде дүниеге келіп, нәубет-зобалаң заманда ер жетті. Ел-халқының мұң-мұқтажын жастай түйсінген оның мұраты білімді азамат болу еді. Бұл жолда білікті бағланды  тамырын тереңнен тартқан өжеттік, өткірлік, қайсарлық, намысқойлық, мәрттік, ұлтжандылық, т.б. бір бойында үйлесімін тапқан қасиеттер алға итермелегені анық. Аман жүрсе,  елге белгілі ғалым немесе қоғам қайраткері атануы уақыт еншісінде болатын. Бірақ, ол тарихта ұлы бабаларының батырлық дәстүрін жалғастырған Қаһарман ретінде қалды. Миллиондарды жалмаған сұм соғыста саналы түрде  жанқиярлық ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, опат болған Біліс батырдың даңқы мәңгі өшпек емес. XX ғасырдың еншісіне тиген адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста қазақтан 97 Кеңес Одағының  Батыры шығыпты. Қазіргі күні бұл көрсеткіш басқа елдерге телініп келген батыр қандастарымызды қатарымызға қосу есебінен 103-ке жетіп отыр. Батырларымызды насихаттау, олардың рухы мен мұрасын қастерлеу өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің негізгі ұстыны. Олай болса, Мәңгілік Ел бағдарын ұстанған мемлекетіміз үшін ұлт қазынасы болып табылатын батырларымызды  дәріптеу ісіне сергек қарағанымыз абзал. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы карсаңында Біліс Нұрпейісовтің есімімен Қызылорда қаласында бір көшені атау  оны қазақстандық батырлар санатында ресми танудың бірден бір жолы. Сонымен қатар бұл қадам жерлесімізді одан әрі ұлықтау шараларының алғышарты болар еді. Қали ОМАРОВ, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_146789.txt
Халықты қорлап, азаптауға бұйрық берген кім?
https://abai.kz/post/146789
"Халықты қорлап, азаптауға бұйрық берген кім?" | "https://abai.kz/post/146789"
07.02.2022
Айгүл Орынбек
null
TITLE: Халықты қорлап, азаптауға бұйрық берген кім? URL: https://abai.kz/post/146789 META: "Халықты қорлап, азаптауға бұйрық берген кім?" | "https://abai.kz/post/146789" DATE: 07.02.2022 AUTHOR(s): Айгүл Орынбек TOTAL WORDS: 291 TEXT: Халықты қорлап, азаптауға бұйрық берген кім? Мойындау керек, қоғамда “Полицияның мәртебесін көтеріп, жалақысын жоғарылату керек” деп, мәселені ортаға салып жүрген белсендінің бірі - менмін! Бірақ, жандарын қоярға жер таппай шырылдап, көмек сұрап жатқан халқымды көріп, бұдан артық шыдап та, қарап та отыра алмадым! Алаңға шыққан жігіттердің тісін жұлып, үтік басып, тырнағына ине тығу - бұл енді нағыз қатігездік! Адам тұрмақ, жануар мен жәндікті де бұлай қорлауға болмайды ғой! Кәнігі жан-жануарды азаптағандарды тауып, заңмен қудалап жатқанда, бізде адамның жанын осылай азаптайды. Басқа емес, полиция азаптайды! Иә, алаңға шыққандардың арасында қылмыс жасағандар бар, оны жоққа шығармаймын! Бірақ, олардың жазасын полиция бермеу керек! Конституциясы бар құқықтық мемлекетте жазаны сот тағайындайды! Бүгін халықты үтікпен күйдіріп азаптасаң, ертең полицияны да солай жазалайтынын ұмытпайық! Шынтуайтында, алаңға шыққандарды емес, алаңға айдап сап айдақтағандарды жазалау керек бірінші! Елдегі төңкерісті Ұлтымыздың қауіпсіздігін қорғауы тиіс төраға жасады! Мықты болсаңдар, ең бірінші халықты осы жағдайға жеткізген Мәсімовке үтік басыңдар! Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін тісін біртіндеп жұлып, тілін кесіңдер! Ал кінәсіз қара халықты жайына қалдырыңдар! Азаптап мойындатуды доғарыңдар! Халық отыз жыл бойы биліктің айтқанына көнді, дегенімен жүрді! Енді кеп Елдің тынышын ойлап, сол жүйеге бағынғаны үшін, үнсіз келгені үшін халық кінәлі болды ма? Біз халықты азаптау арқылы Жаңа Қазақстанды құра алмаймыз, Ерлан Тұрғымбаев мырза! Білсеңіз, Қасымовтың аты тарихта Жаңаөзендіктерге оқ атуға бұйрық берген қанды қол Министр ретінде қалды. “Қанды қаңтарда” халықты азаптап қорлаған Министр деп тарихқа атыңыз қалмасын?! Көмек сұраған видеоларға сенбейін десең, адамдарды азаптаған суреттер мен бейнематериалдар - тайға таңба басқандай айқайлап көрініп тұр! Неткен қатыгездік?! Неткен заңсыздық бұл?! Халық Полицияны - қорғаушы емес, қорлаушы қылмыскер деп қорқа, үрке қарауды шығарды! Халықтың қаһары мен көз жасынан қорқу керек! Бұның соңы жақсылыққа апармайды Министр мырза! Мына заңсыз әрекеттерді дер кезінде тоқтатыңыз! Бұлай жалғаса берсе сіз халықты Президентке қарсы қойып аласыз! Айгүл Орынбек Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_150473.txt
Ресейліктер қай өңірлерге көптеп ағылуда?
https://abai.kz/post/150473
"Ресейліктер қай өңірлерге көптеп ағылуда?" | "https://abai.kz/post/150473"
18.04.2022
Abai.kz
null
TITLE: Ресейліктер қай өңірлерге көптеп ағылуда? URL: https://abai.kz/post/150473 META: "Ресейліктер қай өңірлерге көптеп ағылуда?" | "https://abai.kz/post/150473" DATE: 18.04.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 96 TEXT: «2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды», деп мәлімдеді  ІІМ баспасөз қызметі. Ресейліктердің ең көбі – 2463 адам Қызылорда облысына тұруға келген. Алматыға – 2116 адам, БҚО -1677 адам, Қостанай облысына – 1525 адам тұруға рұқсат алған. ІІМ мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі – 8217 адам қызмет бабы бойынша қоныс аударған. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш берілген. Бұған дейін Ресейдің 170-ке жуық азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргені, әрі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған ресейліктердің саны көбейгені туралы айтылған болатын. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_7314.txt
Алматы облысының тауларында жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен қирандылар болған жоқ – ТЖМ
https://abai.kz/post/7314
"Алматы облысының тауларында жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен қирандылар болған жоқ – ТЖМ" | "https://abai.kz/post/7314"
24.02.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Алматы облысының тауларында жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен қирандылар болған жоқ – ТЖМ URL: https://abai.kz/post/7314 META: "Алматы облысының тауларында жер сілкінісі болды, зардап шеккендер мен қирандылар болған жоқ – ТЖМ" | "https://abai.kz/post/7314" DATE: 24.02.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 186 TEXT: Алматы. 24 ақпан. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Алматы облысының Жетісу жоталарында энергетикалық қуаты К=10,0 болатындай жер сілкінісі болды, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады. Жер асты дүмпуін сейсмологтар 16:15-те тіркеді, деп хабарлады ведомство,  ҚР ғылым және білім министрлігінің ғылым комитетінің тәжірибелік-әдістемелік сейсмикалық экспедиция мәліметтеріне сілтемелеп. ТЖМ РДО-ға келіп түскен оперативтік мәліметтерге сай, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 239 км солтүстік-шығыста координаттары 44 о 40′ солтүстік ендік пен 79 о 06′ шығыс бойлық болатын нүктеде болған. Алматы облысының Текелі қаласында жер асты дүмпулері 2-3 балл сезілді, делінген хабарда. Шығын мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ, деп хабарлады ТЖМ. Алматы. 24 ақпан. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Алматы облысының Жетісу жоталарында энергетикалық қуаты К=10,0 болатындай жер сілкінісі болды, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады. Жер асты дүмпуін сейсмологтар 16:15-те тіркеді, деп хабарлады ведомство,  ҚР ғылым және білім министрлігінің ғылым комитетінің тәжірибелік-әдістемелік сейсмикалық экспедиция мәліметтеріне сілтемелеп. ТЖМ РДО-ға келіп түскен оперативтік мәліметтерге сай, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 239 км солтүстік-шығыста координаттары 44 о 40′ солтүстік ендік пен 79 о 06′ шығыс бойлық болатын нүктеде болған. Алматы облысының Текелі қаласында жер асты дүмпулері 2-3 балл сезілді, делінген хабарда. Шығын мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ, деп хабарлады ТЖМ.
qosymsha/abai.kz
post_2261.txt
Алматыда көшеден табылған гранатаны залалсыздандыру кезінде 15 адам эвакуацияланды
https://abai.kz/post/2261
"Алматыда көшеден табылған гранатаны залалсыздандыру кезінде 15 адам эвакуацияланды" | "https://abai.kz/post/2261"
09.11.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Алматыда көшеден табылған гранатаны залалсыздандыру кезінде 15 адам эвакуацияланды URL: https://abai.kz/post/2261 META: "Алматыда көшеден табылған гранатаны залалсыздандыру кезінде 15 адам эвакуацияланды" | "https://abai.kz/post/2261" DATE: 09.11.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 130 TEXT: Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Алматының Әуезов ауданында өткен жексенбі күні оттығы жоқ Ф-1 әскери гранатасы табылды, деп хабарлады ТЖМ республикалық дағдарыс орталығына қаладағы шұғыл әрекет етуші қызметінен келіп түскен хабарға сілтемелеп. Таратылған хабарда «Ақбұлақ» ықшам ауданындағы Аханов көшесінде жатқан гранатаны жергілікті тұрғын 13 сағат 40 минутта көріп қалған. Оқиға орнынан 15 адам эвакуацияланып, гранатаны ҚР ҚК 61993 ә/б сапер мамандары залалсыздандыру үшін алып кеткен. Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Алматының Әуезов ауданында өткен жексенбі күні оттығы жоқ Ф-1 әскери гранатасы табылды, деп хабарлады ТЖМ республикалық дағдарыс орталығына қаладағы шұғыл әрекет етуші қызметінен келіп түскен хабарға сілтемелеп. Таратылған хабарда «Ақбұлақ» ықшам ауданындағы Аханов көшесінде жатқан гранатаны жергілікті тұрғын 13 сағат 40 минутта көріп қалған. Оқиға орнынан 15 адам эвакуацияланып, гранатаны ҚР ҚК 61993 ә/б сапер мамандары залалсыздандыру үшін алып кеткен.
qosymsha/abai.kz
post_168233.txt
Назарбаев білім ошақтарына қоғамдық бақылау қойылмақ
https://abai.kz/post/168233
"Назарбаев білім ошақтарына қоғамдық бақылау қойылмақ" | "https://abai.kz/post/168233"
27.04.2023
Abai.kz
null
TITLE: Назарбаев білім ошақтарына қоғамдық бақылау қойылмақ URL: https://abai.kz/post/168233 META: "Назарбаев білім ошақтарына қоғамдық бақылау қойылмақ" | "https://abai.kz/post/168233" DATE: 27.04.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 162 TEXT: «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасында Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбев университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнату туралы нормалар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұндай түзетуді заң жобасына депутаттар енгізіп жатыр. Бізде автономдық білім беру ұйымдары бар. Соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті осы мәселелерде заңмен қамтылуы керек деген түзету енгізіліп отыр. Оны жұмыс тобы қарайды. Мысалы, «Самұрық-Қазынаның» да әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтары қоғамдық бақылауға алынуы керек деген түзету ұсынылып отыр», - деді депутат. Айтуынша, депутаттар бұл түзетуді қоғамның сұранысы бойынша ұсынып отыр. «Автономды білім беру ұйымдарының ашықтығы бойынша, жалпы қоғамдық бақылау мәселесі маңызды болғанын білесіздер. Қоғамда көп сұрақтар көтерілді. Депутаттар соның негізінде ұсыныс енгізіп отыр. Қажет болса, қоғамдық бақылау орнатылады. Өйткені, автономды білім орындары дегенімізбен, олар да бюджеттен қаржыландырылады ғой. Депутаттар бюджеттен кетіп жатқан қаражаттың тиімділігі бойынша, басқа да қоғамдық бақылауды жүргізуге мүмкіндік болу керек деп отыр. Біздің жұмыс тобы осының бәрін қарап, жақында нүктесін қойып, екінші оқылымға әзірлейді», - деді Асхат Аймағамбетов. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_171609.txt
Катонқарағай мен Марқакөл аудандары қашан қалпына келтіріледі?
https://abai.kz/post/171609
"Катонқарағай мен Марқакөл аудандары қашан қалпына келтіріледі?" | "https://abai.kz/post/171609"
26.07.2023
Abai.kz
null
TITLE: Катонқарағай мен Марқакөл аудандары қашан қалпына келтіріледі? URL: https://abai.kz/post/171609 META: "Катонқарағай мен Марқакөл аудандары қашан қалпына келтіріледі?" | "https://abai.kz/post/171609" DATE: 26.07.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 179 TEXT: Катонқарағай және Марқакөл аудандарын қалпына келтіру туралы Жарлық жыл аяғына дейін қабылданады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов редакция сауалына жолдаған жауабында айтты. «Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Марқакөл аудандарын қалпына келтіру бойынша көтерген мәселелеріңізге қатысты өтінішіңізді қарап, өз кұзыреті шегінде мыналарды хабарлайды (министрлік – ред.). 21 шілде күні ШҚО мен Абай облысының аудандарын қалпына келтіру/қайта құру туралы ҚР Президентінің тапсырмасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарда ШҚО және Абай облысының аудандарын қалпына келтіру және қайта құру үшін барлық ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары көзделген. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Жарлықтың жобасы үстіміздегі жылдың соңына дейін әзірленіп, қабылданатын болады», - деп жазады-вице министр. Дегенмен, қалпына келтірілетін аудандардың құрамында неше елді мекен болатыны әзірге әлі шешілмеген. «Қалпына келтірілген аудандардың аумағы мен шекаралары, сондай-ақ олардың құрамына кіретін ауылдық елді мекендердің саны тиісті іс-шаралар өткізілгеннен кейін облыс әкімінің қаулысымен белгіленеді және айқындалады. Аудандарға берілетін қызметкерлердің штат саны мен бөлінетін қаржыға қатысты барлық экономикалық есептеулер, оның ішінде қосымша штаттық бірліктер мен бөлінетін қаржының көлемін анықтау бойынша әзірлеу сатысында тұр. Жоспарға сәйкес бұл іс-шара үстіміздегі жылдың соңына дейін жүзеге асырылады», - делінген жауапта. Фото: ғаламтордан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_47513.txt
Инновацияны жатсынбаған аудан
https://abai.kz/post/47513
"Инновацияны жатсынбаған аудан" | "https://abai.kz/post/47513"
07.12.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Инновацияны жатсынбаған аудан URL: https://abai.kz/post/47513 META: "Инновацияны жатсынбаған аудан" | "https://abai.kz/post/47513" DATE: 07.12.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 226 TEXT: 117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы ауданы өнеркәсібі дамыған, әрі ауыл шаруашылығына бейім аудан. Сондықтан да болар, былтыр бұл аудан инновациялық жобаларды жүзеге асыруда үздік деп танылды. Тамшылатып суғару әдісін ендіруден екінші, жылыжай саласын дамытудан үшінші орын алған аудан мұндай атқа лайық та еді. Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал басын көбейткен «Сералы» ШҚ, республикаға белгілі «Ордабасы құс» күркетауық фабрикасы, экспортқа ұн шығаратын «Ордабасы нан» ЖШС, елімізге танымал «Аделя» шаруашылығына қарасты жылыжай кешенінің қарқынды жұмыстарын атап өтуге болады. Жергілікті 57 тұрғынды жұмыспен қамтып отырған «Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысы мақтауға лайық. Қазір осы жердегі диірмендерден шығарылатын ұнның 90 пайызы Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортталып жатыр екен. Ел аумағына 10 пайыз ғана сатылады екен. Инновация демекші Сайрам ауданында Ергаш Тіллаханов атты бағбан бар. Үй іргелік жерінен-ақ пайдаға кенеліп отыр. Шағын жылыжайында лимоннан жылына 2 рет өнім алады. Барлық жағдайды туғызатындығы соншалық, бір түбінің өзінен қыруар жеміс жинапалады. Ергеш қарттың лимондарына басқа облыстардан сұраныс бар.Осыдан екі-үш жыл бұрын Сарыағашта лимон өсіретін тәжік қызы Зухра мұғалімді іздеп барғанымызда, “Бұл көп күтім тілемейді, жалқаулардың жұмысы екен”, деп таңғалдырып еді. Тағы бір дихан ақсақал банан, анар, құрма және інжір өсіруде. Пәлендей өнім алмаса да, талап жақсы. Мұндай қарттар тропикалық осы жемістерді әлі-ақ жерсіндіретін түрі бар. Оңтүстіктің Манкентінде Абаз Ханашев деген азамат банан, лимон өсіріп жатыр. Демек егіншілікке ебі, жаңашылдыққа жаны құмар, жердің бабын таба білетін бұл аудан жұртшылықты әлі талай таң қалдыратын секілді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_81369.txt
Ұмытылмас Желтоқсан
https://abai.kz/post/81369
"Ұмытылмас Желтоқсан" | "https://abai.kz/post/81369"
27.11.2018
Бейбіт Қойшыбаев
null
TITLE: Ұмытылмас Желтоқсан URL: https://abai.kz/post/81369 META: "Ұмытылмас Желтоқсан" | "https://abai.kz/post/81369" DATE: 27.11.2018 AUTHOR(s): Бейбіт Қойшыбаев TOTAL WORDS: 4163 TEXT: Ресми түрде әзірге «1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғасы» деп аталатын тарихи белесті Алматыдағы қазақ жастарының СОКП ОК-нің өктем озбырлығына қарсылық танытып ереуілдеуі, өкіметтің оны қарулы күшпен дөрекі түрде басып-жаншып, тұрпайы озбырлық көрсетуі барысында ереуілдің ушығып, саяси көтеріліс дәрежесінде өрістеуі және сол реңкімен санаға сіңіп, тарихта терең із қалдырған дүрбелеңді күндер деп білеміз. Сол дүрбелеңді күндерде совет өкіметінің тұғырын шайқалтқан жаңа тарих бастау алған еді.  1986 ж. 16 желтоқсанда ҚКП ОК Пленумы Д.А. Қонаевты бірінші хатшы лауазымынан босатып, орнына Ресей Федерациясындағы Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В. Колбинді сайлауы ертеңіне қазақ жастарының республика астанасындағы басты алаңға шығып, наразылықтарын білдіруіне себеп болды. Мәскеулік орталықтың облыстық деңгейдегі басшы қызметте жүрген, қазақстандықтарға мүлдем беймәлім орыс қайраткерін Қазақ Республикасын басқаруға жіберуіне ересек ұрпақ ренішін сездірмей іштей тынғанда, студенттер мен жас жұмысшылар мұндай шешіммен келіспейтіндіктерін ашық көрсетті.  Түптеп келгенде бұл себеп – республика басшылығының ауыстырылуы – билік көзіне оғаш көрінген демонстрацияның  сылтауы ғана-тын, іс жүзінде ол ұлт мәселесіндегі бұрмалауларға лық толып тұрған саяси қазанды кемерінен асырып жіберген зәрлі тамшы болған-тын. Қарсылық көрсетудің негізгі себебі – «тәуелсіз республикалар одағы» деп аталатын жасанды тәж киген, турасына келгенде, байырғы империяның жалғасы іспетті советтік мемлекетте отаршылдық және орыстандыру саясатының ашық жүргізіліп жатқаны аныққа айналғанында еді. Бұл жымысқы саясаттың тамыры әріде жатқан. Қазақ мемлекеті XV ғасырдың ортасынан өте өз этносы атымен тарих сахнасына шығып, белгілі бір дәуірде басқа мемлекеттер санасып тұрған, аумағы ұлғайып, беделі күшейген ел болғаны мәлім. Бірақ жер-суына жан-жағынан көз алартқан дұшпан көбейгендіктен және ішкі алауыздықтар салдарынан әлеуеті әлсіреп бара жатқан кезде оны күш-қуаты арта түскен орыс империясы әуелі XVIII ғасырда протекторат мәртебесінде «қамқорлығына» алған. Содан соң ХІХ ғасырда қазақтың мемлекеттілігін қилы әрекеттерімен жойған да, жұртын жер-суымен патшалықтың құрылымына біржола біріктірген.  Одан, жаңа отарын өзге империялар секілді сауда айналымына енгізуімен шектелмей, отарлаудың ең зұлымдық тәсілдерін жүзеге асырған. Тәуелсіздіктің ұлы күрескері М. Шоқай кезінде дәл атап айтқандай, патша үкіметі бағындырған жерлеріне мылтық кезенген солдатының соңынан міндетті түрде соқа сүйреткен мұжығын жіберіп, алған өңірінің бәрін орыс жеріне айналдырып жіберуді қош көрген. Сосын одан да зорға көшкен. Шұрайлы жер-суын иемдене отырып, құнарсыз далаға ығыстырылған қазақты шоқындыруға тырысқан. Ондай әрекеті күткендегідей нәтиже бермегендіктен, тіпті, діні бөлек күйі қалса да, тілін, ділін, өмір сүру салтын өзгерту арқылы қазақты кәдімгі мұжыққа айналдыруды көксеген болатын.  Мұндай жоспарын отаршыл үкімет империяның барлық аймағында іске асырып жатқан. Сол себепті барша бодан ел-жұрттың түрлі қарсылығына душар болған да, нәтижесінде, алып империяда азаттық аңсаған түрлі ұлттық қозғалыстар бой көрсеткен. 1905 ж. І орыс революциясының дүмпуімен империядағы мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық қозғалыстары өмірге келді. ІІ Николайдың бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарының қара жұмысына өзге тектілерді шақыру жайында шығарған 1916 ж. 25 маусымдағы пәрмені ұлттық езгіден қалжыраған халықтардың ашу-ызасын тудырды. Патшаның осы жарлығы тұтатқан  қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі империя тағын шайқалтуға елеулі үлес қосты. 1917 ж. Ақпан революциясы монархияны құлатқаннан кейін туған саяси мүмкіндіктер ауқымында жүргізілген ізденістер нәтижесінде әуелі ұлттық Алаш автономиясы құрылды. Сосын, бұрынғы империядағы мемлекеттік билікті басып алып, ұлттық құрылымдардың баршасын құлатқан большевиктердің ұйғарымымен, таптық негіздегі Қазақ советтік автономиясы өмірге келіп, республика құрылды.  Сонда жұрт елдігіміз жаңғыртылды деп қуанған. Бірақ бұл іс жүзінде қанды өзгерістермен астасқан алдамшы жаңғыру болып шықты. Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқы үш мәрте алапат ашаршылыққа ұшырап, үлкен ұлттық апатты бастан кешті. Биліктің солақай реформалары салдарынан халық ретінде мүлдем жойыла жаздады. Ұжымдастыру, тәркілеу шараларына  қарсы шыққан көтерілістер әскери күшпен басып-жаншылып, жұрт жаппай қуғын-сүргінге түсірілді. Сосын елдің тоз-тозын шығарған билік өзінің мемлекеттік қылмысын бүркемелейтін әдіс ретінде мәдени революция жасап, селдіреп қалған қазақты «үлкен жетістіктерге» жеткізген «социализмнің артықшылықтары» дабырайта насихаттады.  Сөйтіп, халқының жартысына жуығы қырылған, дәстүрлі экономикасы тұралап, әбден титықтаған, бірақ ұлттық апаттан аман өткендердің жаппай сауаты ашылып, өнері көтерілген елді – Советтік Ресей Федерациясы құрамындағы Қазақ автономиялық республикасын – 1936 жылғы сталиндік Конституция бойынша одақтас республика мәртебесіне көтерді. Алайда коммунистік режим оны да өзге одақтас республикалар тәріздендіріп, біртұтас алып мемлекеттің ешқандай дербестігі жоқ құрамдас бөлігіне айналдырды. Жалпақ елді бекем шырмаған тоталитарлық жүйе бір кездері ақгвардияшылар аңсаған «біртұтас және бөлінбейтін Ресейді» жаңа түр мен мазмұнда жасап шықты. Идеология арқылы біртұтастандырылған совет елін бастапқы кезеңде уағыздалған  кеңес өкіметі емес, қатаң бір орталықтандырылған коммунистік партия биледі. Ұлттық мүдде шегінді, бар мәселе тек таптық мүдде тұрғысынан бағаланды, сондай-ақ орыс халқының «аға» ретіндегі мәртебесі мойындалды. 1954–1960 жылдары Қазақ Республикасының жері тың көтеру желеуімен жаңаша отарланды. Қазақ халқы өз елінде барлық тұрғындардың үштен біріне де жетпейтін (29%) деңгейге түсірілді. Көптеген қазақ мектептері жабылды, «коммунизмге орыс тілімен барамыз!», «орыс тілі – екінші ана тіліміз!» ұрандарымен орыстандыру саясаты жан-жақты және пәрменді жүргізілді. Совет Одағының сол кездегі басшысы Н.С. Хрущев «патшалықтың жүздеген жылдар бойы жасай алмағанын аз ғана жылда жүзеге асырдық» деп мақтанды, коммунистік идеология көрігі «түрі ұлттық, мазмұны (пролетарлық) социалистік» негізде «жаңа адам қалыптастыру»   бағытымен салтанат құрып, өмірдің бүткіл қырын шарпыды. Жалпақ елде орысша оқу салтқа, мақтанышқа айналдырылды. Орыс тілін білмей  қалада өмір сүру, жұмыс істеу мүмкін болмай қалды. Аралас некелер барынша мақұлданды. Өз тамырынан ажырап, орыстанған адамдар «интернационалист» ретінде мадақталып, басқа көтере дәріптелді. Қазақтарға өз елінің астанасы Алматыға келіп, қала тұрғыны ретінде тіркелу де мұң болды. Мұндай келеңсіздіктер мен жалғандықтар республиканы жергілікті ұлт өкілі басқарып тұрғанда, «ұлт мәселесі шешілген» деп дәріптелетін кезеңнің өзінде орын алғандықтан,  олардың енді, мәскеулік орталық қазақ елін басқаруға орыс қызметкерін қойғаннан соң, тіпті де түзелмейтіні анық еді. ҚКП ОК V Пленумында пленум мүшелері, яғни  республиканың қызыл жалау жамылған отаршылдық саясат өтінде жасақталған бетке ұстар  саяси элитасы, бар болғаны 18 минут ішінде республиканы ширек ғасырға жуық басқарған жетекшіні лауазымынан босатып, оның орнына ешқашан Қазақстанда болмаған, республика партия ұйымында есепке тұрып жұмыс істеп көрмеген, яғни жергілікті жағдайды білмейтін, жұртшылыққа беймәлім, өзге республикадағы орта буын қызметкерін сайлап үлгерді. Орталық Комитетке мүше осы ең таңдаулы 400-дей азаматтың бірде-бірі не босатылған  басшыға ұзақ жылдарғы қызметі үшін алғыс айту ілтипатын білдірмеді, не жаңа басшыға осында жүзеге асырмақ бағдарламасы бар-жоғы, жалпы мұнда не бітірмек ойы бары жайында жалқы сұрақ та бермеді, яғни жоғарғы саяси элита ұлт болашағы жайында өзіндік ой түймеген, Мәскеу нұсқаған бағыттан ауытқудан өлердей қорқатын, қазақ халқының емес, жеке басының тағдырын ғана ойлауға машықтанған тоғышар тобыр кейпін танытты. Олардың орталық эмиссарын үн-түнсіз бірауыздан  қабыл алуын ұлттық сана-сезімі сергек жастар ғана Мәскеудің қазақ халқын масқаралап, кемсітуін жалғастырғаны деп ұқты. Сондықтан да қыздар мен жігіттер жаңа басшы «таққа отырған» күннің ертеңіне, 1986 жылғы 17 желтоқсанда, Қазақ Республикасының астанасы Алматы көшелерімен лек-лек боп толассыз ағылып, ОК ғимараты алдындағы Брежнев есімі берілген орталық алаңға жиналды. Теңдессіз оқиға  осылай бастау алды. Кремльдің шешіміне республикадағы билеуші элитаның құлақкесті құлша мойынсұнуымен  келіспей, стихиялы түрде қарсылық білдіріп шыққан жастардың бейбіт демонстрациясы одан әрі еш баламасы жоқ саяси көтеріліске ұласты. Қыз-жігіттер ел басына «көлденең көк аттыны» қою арқылы республика мүддесін осынша елемеудің   себебін түсіндіруді талап етті. Алайда басшылық шерушілер әрекеті жалаңаштаған саяси-әлеуметтік жанжалды келіссөз яки басқа да бейбіт тәсілмен шешуді ойына да алмай, бұл саяси қарсылықты өкіметке төнген қауіп ретінде бағалады. Жастарға  қоқанлоққы жасап, күш көрсетті, этносаралық қатынастарды шиеленіске апарардай дәрежеде сына қағып, араздастыру әрекетін жасады, тездетіп демонстранттар толы алаңды әскери күшпен қоршауға алуды дұрыс көрді. КСРО-ның әртүрлі сегіз аймағынан Ішкі істер министрлігінің арнаулы бөлімдері әуе жолдарымен Алматыға жеткізілді. Аязды күні бейбіт шеруге қатысушыларға қарсы өрт сөндіргіш машиналармен суық су шашты. Тәртіп сақшыларында қолшоқпарлар, сапер күрекшелері, әскери қызметтегі иттер болды. Алаңға көлікпен жәшік-жәшік арақ әкелді,  демонстранттар арасында басқа да қилы арандатушылық әрекеттер жасады. Өнеркәсіп кәсіпорындарының орыстілді жұмысшыларынан жасақтар ұйымдастырылып, олар темір таяқтармен, кабель кесінділерімен қаруландырылды. Содан әскерилер, милиция, жасақшылар шерушілерді жаппай ұрып-соқты, алаң қанға боялды, жүздеген қыздар мен жігіттер түрлі дәрежеде тәни жарақаттар алды, ондағаны қаза тапты. Жастарды ұлттық белгілеріне қарап көше-көшеден, студенттер мен жұмысшылар тұратын жатақханалар алдынан  алып кетіп жатты. Ұсталғандарды топырлатып қала түрмелеріне тоғытты. Көбін жүк машиналарына тиеп, қала сыртына апарып тастады. Алматы жастарының шеруіне қосылуға жұмысшылар мен студенттер Қапшағай, Қаскелең қалаларынан, тіпті көрші Қырғыз республикасынан да шыққан, алайда олардың бәріне милиция мен әскерилер тоқтау салып, таратып жіберді, бірқатарын ұстап әкетті. Осындай қарсылық көрсетулер республиканың көптеген қалалары мен елді мекендерінде болды. Демонстранттарға қарсы 50 мың шамасында әскерилер, 20 мыңдай милиция қызметкерлері, 10–15 мыңдай темір таяқ ұстаған жасақшылар, 15 бронетранспортер мен 20 су шашқыш және өрт сөндіргіш машина шығарылды. Заңды белінен басқан советтік империя «одақтас республиканың» отар құлдары дәрежесіне түсірілген жастарын зымияндықпен ұрып-соғып, қарулы күшпен қилы физикалық қиянат жасап, қорлап қана қоймай, «Алматыда нашақорлар мен маскүнемдер бүлік шығарып, жаппай тәртіп бұзушылық туғызды» деген жалған ақпаратты шартарапқа таратты. Байланыс құралдары шапшаң өшірілгеніне қарамастан, шынайы қайғылы хабар жер-жерге тез жетіп, күллі Қазақстанды дүр сілкіндірді. Республиканың көптеген қалалары мен елді мекендерінде Алматы қозғалысына қолдау көрсетіп көшелерге шыққан наразылық білдірушілер билік күшімен басып-жаншылды. Барлық еңбек ұжымдары мен оқу орындарында жастардың саяси қарсылықтарын айыптайтын жиналыстар ұйымдастырылды. Алайда өткізілген жиындарға қатысушылардың бәрі бірдей билік пиғылын қолдай қоймады, өкіметтің іс-әрекетіне сын көзбен қараған сөздер де айтылды. Мәселен, үдей түскен репрессиялық шаралар көпшіліктің ұнжырғасын түсірген ахуалда өтіп жатқан талқылаулардың бірінде – 1986 жылғы 24 желтоқсанда ҚКСР ҒА-дағы республиканың жаңа басшылығы мен орталықтың жоғары лауазымды өкілі қатысқан жиналыста – академик С.З. Зиманов: «17–18 желтоқсанда болған жағдайға көп ретте біз – ересек қазақтар мен орыстар, бәріміз бірге кінәліміз», – деді. Идеологиялық және тәрбие беру мекемелерінде, оқу орындарында, совет органдарында  жастардың азамат ретінде қалыптасып, идеялық тұрғыда кемелденуіне аға ұрпақтың дұрыс үлес қоспағанын, болған жәйттің басты себебі идеологиялық жұмыстың әлсіздігінде жатқанын айтты. Ұлт тілінің тәрбие берудегі әлеуетіне тоқталып, қоғамтанушылардың, тіпті барлық деңгейдегі қызметкерлердің, соның ішінде ҚКП ОК Бюросы мүшелерінің де  жастар алдында қазақ тілінде сөйлемейтінін сынады. «Ұлт тілінің күш-қуаты кәдеге тым мардымсыз асырылады, оның ықпалы жыл өткен сайын құлдырап барады», – деді. Аға ұрпақтың ерліктерін, революциялық дәстүрлерін жастар тәрбиесіне дұрыс пайдаланбай отырған ОК-тің насихат және үгіт бөлімін сынға алды. Жиналысқа Саяси Бюро мүшесі  М.С. Соломенцевтің қатысып отырғанына байланысты, ұлт мәселесі жөніндегі жалпыодақтық еңбектерде елеулі кемшіліктер барын атап, талдап айтты. Сосын: «17–18 желтоқсан оқиғаларына айыптылар жазаларын алады, – деді ол. – Мұнымен құқыққорғау органдары айналысуда. Мен заңгер ретінде мынаны айтқым келеді: бұл органдарды оларға тән айыптағыштық ыңғайдан сақтандыру керек. Олар жаппай репрессияны бастап кетті. Бұған партиялық бақылау қою қажет, бақылау қойылар деп ойлаймын».  Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумы аппаратының 25 желтоқсанда өткен партия жиналысында жазушы Бейбіт Қойшыбаев  «қаумалап аулау кезеңдерінде органдардың қолына түскен коммунистер мен комсомолецтердің бәрі сөзсіз партиядан және комсомолдан шығарылуда, тергеулер, жолдастық соттар болып жатыр, ал әлі бостандыққа жіберілмегендерді, шамасы, нағыз соттар тосып тұр» деп, олардың істерін қараған кезде күні бұрын кесіп-пішілген теріс түсініктің баршасын кері қағу керек екенін айтты. «Болашақ үшін солай ету керек, – деді, – алданғандар мен арандатушыларды айыра білу қажет. Дұрысы да, жақсысы да – оларды жазалау емес, оқыту-ағарту және тәрбиелеу».  Осы ретте ол оқу министрлігінің кемшілігін әшкереледі: «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі формальді, негізінен тек қазақ балалары үшін, факультативті түрде жүргізіледі». Басқалардың ата-аналары, сондай-ақ мұғалімдер де «керексіз тілмен оқушылардың басын қатырып не керек» деп санайды, «осындай қылығымызбен біз балаларды жергілікті халықтың тілін, мәдениетін құрметтеу рухында тәрбиелеуден бастартамыз, яғни іс жүзінде партия саясатындағы интернационалистік ережелерге қайшы келеміз». Мұндай көзқарас жойылмайынша «халықтың оп-оңай жараланатын ұлттық сезімдеріне нұқсан келтіретін» әрекеттерге қарсы күресте оң нәтиже болмайтынына назар аударды. Қазақстандық орыс жазушысының ауылдарда қатар өмір сүріп жатқандар ішінде қазақ – екі тіл, неміс – үш тіл, ал орыс тек өз тілін ғана білетінін атап, «өзімізді өзіміз басқалардан жоғары қойып дәріптеушілік, әлдеқандай бір ерекшелікке иеміз деп санағандық кезінде Сүлейменовтың әйгілі кітабын қабыл алуға мүмкіндік бермеді» деп ағынан жарылғанын мысалға келтіріп, «осы ойшыл өзіне өзі сын көзбен қарау жолымен әшкерелеген нашар қасиеттер тоғышарлардың, жан-дүниесі тайыз жандардың бойынан табылғанда, ұлттық өзара қарым-қатынастардың қандай күйге түсетінін елестетудің қиын еместігін» айтты. Ұлт мәселесіне ешқашан формальді түрде қарауға болмайтыны жайындағы лениндік талапты әрдайым есте ұстау керектігін, өткен тарихында езгіде болған халықтардың ұлттық абырой мен ар-намысқа қатысты мәселелерді айрықша түйсікпен өткір сезінетіні, тиісінше бұл мәселеде жұмсақтық көрсету жағын «тұзын жеткізбегеннен гөрі, артығырақ тұздаған жақсы» болатыны жайындағы Лениннің сөзін келтірді. Оқиға қатыгездікпен өрбіп жатқан шақта партия қызметкерінің жағдайды жұмысшыларға: «...сендерге не маңызды: бірінші хатшының қазақ болғаны ма, әлде дүкенде нан толып тұрғаны ма?» деген қарабайыр да тұрпайы түсінік беруін «мейірімсіз таяқтап зәбір көрсетуден де қауіпті әрі барып тұрған зұлым қылық» ретінде сынады. Саяси өресі тар адамдардың қазақ жастарының «Пленум шешімін қолдамауын құдды күллі орыс халқына қарсы шыққандай» рәуіште қабылдағанына реніш білдіріп, «қазақ және орыс халықтарының достығын ешкім ешқашан бұза алмайтынын», өйткені бұған «ұлтымыздың қан қақсап, қасірет шегуі арқылы жеткенін», тіпті «партия-совет қызметкерлерінің ұжымдастыруды қорқынышты асыра сілтеуге ұластырып жүргізуі салдарынан екі миллиондай жанынан айрылғанда да партияға, орыс халқына сенімін жоғалтпағанын» айтты. Барша жұрт әртүрлі оқу орындарында Лениннің ұлт мәселесі жөніндегі туындыларын оқығанмен, оларды емтихан тапсырғаннан кейін мүлдем ұмыт қалдырды, «егер осы күндері соларға қайта көз салса – көшеге шыққан жастарды ақтайтын» көп тұжырым тапқан болар еді деді. «Партия тұрмысындағы күрт бетбұрысқа шейін елімізді жайлаған ахуал, атап айтқанда масайраушылық, ойға не келсе соны істеп масаттанушылық  көңіл күйі, нақты жағдайды әсірелеп көрсетуге ұмтылу,  идеологиялық, насихаттық жұмыстың өмірден қол үзуі» қазақ қыз-жігіттерінің шеруге шығуын біртіндеп даярлады деп, болашақта қолға алынуға тиіс нақты ұсыныстар жасады. «Бұл қозғалысқа кінәлі – біз, ересек ұрпақ, білімді ұрпақ, біз, партия-совет қызметкерлері» дей келе, жаңа биліктің саясатын байыпен түсіндірудің орнына «жігіттер мен қыздарға, біздің 17–20 жасар балаларымызға қарсы жекелеген пысықай қызметшілердің шоқпар сілтеген, сапер күрекшесімен ұрып, су атқылағыш, түтіндеткіш құтылар қолданған, тіпті аласұрған иттерге талатқан қылықтарын гуманистің ақыл-ойы ешқандай да ақтай алмайды», «өкінішке қарай, осы күндері көптеген тәртіп сақтаушылар бір сәтте-ақ жуасытушылар мен жазалаушылар рөліне құлдырап түсіп кетті» деп қорытты. Бұл көрініс атақты ақын, майдангер Жұбан Молдағалиевті қатты шошындырған еді, ол жазушылардың 1986 жылғы 31 желтоқсанда Г.В. Колбинмен кездесуінде қатты күйініп: «Желтоқсан ереуіліне қатысушы қазақ жастарын билік тұтқасын ұстағандардың қалай жәбірлеп жазалағанын көргенше, маған майданда өліп кеткенім жақсы болар еді», – деді. Әйгілі ақынның жүрекжарды сөзі жұртшылыққа кеңінен тарап кетті, алайда оны да, белгілі заңгер-ғалымның сөзін де билік қаперіне алған өкімет жоқ, бас көтеруге батылы жеткен «отар құлдарын» тұқырту шараларын жоспарлы түрде жүзеге асыра берді. Ал Жоғарғы Кеңес қабырғасындағы «қате» сөзі үшін жазушыны бірнеше жиналысқа салды, ақыры қатаң партиялық жаза беріп, жұмысынан қуды. ҚКП ОК мәліметтеріне қарағанда, 1986 жылғы 19 желтоқсанның кешіне дейін Алматы қаласы бойынша ұсталып, үстерінен іс қозғалғандардың саны – 2284, бұлардың ішінде 873 студент, 1171 жұмысшы мен қызметкер бар екен. Әр тұстан аулап, ұрып-соғып, түрмеге тоғытып, түрлі қорлық көрсетулердің, айыпты деп тапқандарды партиядан, комсомолдан шығарудың, әкімшілік жазаға тартқызып, жұмыстарынан, оқуларынан қуудың  артынша ондаған сот үдерістері өтті. Репрессия қызып тұрған сол күндерде, 1987 жылғы маусымда, Қазақстан Жазушылар одағының пленумына қатысқан Г.В. Колбинге қасқая қарсы қарап тұрып, жазушы Сафуан Шаймерденов өткір  сөз сөйледі. Колбиннің екі-үш айда қазақша үйреніп алам дей тұрып  ыржалақтап күлгенін ащы сынға алды, оны кезінде қазақты қырғынға ұшыратқан Голощекинге теңгерді, «бейбiт шеруге шыққан қарусыз қазақ жастарын итке талатып, шоқпармен, солдат күрекшесімен сабатып, қынадай қырғаннан басқа, халыққа не жақсылық iстедiңiз?» деген  сұрақтармен дүрсе қоя берді. Колбинді өзімен бірге көшеге шығуға шақырды, егер оған бір қазақ тиіссе, онда бұл өзін өзі өртеп жіберуге әзір екенін мәлімдеді. Алайда Колбин репрессияны бәсеңсіткен жоқ. 103 адам сотталды, оның ішінде екеуіне жазаның ең ауыр түрі  – атуға үкім шығарылды.  Қ. Рысқұлбеков, Т. Тәшенов, Ж. Тайжұманов, К. Күзембаевтар ісін қараған сот үдерісі үлкен шу туғызған еді. Қолдан қиыстырылған айып тағып, ату жазасына үкім шығарған сотта Қайрат Рысқұлбеков өзінің шындықты халыққа жеткізуді армандағанын,  арының таза екендігін, адам өлтірмегенін халық білмей, шынымен қылмыскер деп санайды-ау деп қорыққанын айтты. Сот барысында өзінің ақ екеніне әкесі, анасы, барша жұрттың көзі жетті деп сенді. «Енді міне, қазір атып жіберсе де, арманым жоқ. Қазақ халқы үшін құрбандыққа шалған тоқтыларың болайын. Сендер аман болыңдар», – деді. Содан кейін өзі түрмеде шығарған, мұң мен арман-қиялға тұнған, сот үдерісіне қатысушылардың басым көпшілігін тебірентіп-толқытқан өлеңін оқыды. Әлем жұртшылығының пікірімен санасуға мәжбүр болған жоғарғы билік Рысқұлбековтың ату жазасын ұзақ мерзім абақтыда отыруға алмастырған еді, алайда түрмеден түрмеге ауыстырып жүргенде ол түсініксіз жағдайда қаза тапты. Толқулар кезінде 8,5 мыңдай адам ұсталды, репрессиялар «37-ші жыл» рухында жүрді. Партиялық және комсомолдық жазалаулар қолданылды, сот үкімдері, түрлі әкімшілік шешімдер шығарылды. 2 адам ату жазасына кесіліп, 103 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығына айырылған. Осы оқиғаға білдірген көзқарастары үшін 52 адам партиядан шығарылған, 67-сіне партиялық жаза берілген. Жұмысшы және студент жастардың 787 -сі комсомолдан шығарылып, 1138-іне комсомолдық  жаза қолданылған. 1200 адам – Ішкі істер, 309 адам Денсаулық сақтау және Көлік министрліктеріндегі қызметтерінен қуылған. Республикада «ұлтшылдарды» іздестіріп, әшкерелеуді көздеген тұтас бір науқан өріс алды. ЖОО оқытушысы Әркен Уақов сотталды, бірнеше ректор мен белгілі ғалымдар қуғындалды. Соның бәрі Г. Колбиннің интернационализм және қазақ тілін оқу қажеттігі жөніндегі нақты іспен расталмаған демагогиялық мәлімдемелерімен қатар жүргізілді. Оқу орындарында жұмыс істеу және оқуға қабылдау ұлттық белгілері бойынша, алдын ала белгіленген пайыздық квоталар негізінде жүзеге асырылды. Іс жүзінде жергілікті ұлт өкілдерінің білім алуына және беделді қызметтерге орналасуына шек қойылды. 1987 жылғы шілдеде СОКП ОК «Қазақстан республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмысы туралы» қаулы қабылдаған еді. Қаулыда жалпы тәрбиеге байланысты орынды ой-пікір келтірілгенмен, Желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағалаған тұжырымның болуы интеллигенция өкілдерінің наразылығын туғызды.  Саяси элита арасынан тек Сыртқы істер министрі М.И. Есенәлиев қана бұл бағаның дұрыс емес екенін, қазақ халқының халықтар достығына, интернационализмге адалдығын советтік кезеңнің барша қиын белестерінде дәлелдеп келе жатқанын 1988 ж. ҚКП ОК Пленумында айтты. Ол 1989 ж. 25 сәуірде депутаттық сұрау салып, Желтоқсан оқиғаларын және оның құпия шындықтарын ашу қажеттігін көтерді, бұл үшін жұртшылық өкілдері қатыстырылатын комиссия құруды талап етті. Комиссия құрылды, бірақ ол Желтоқсанның қасіретті күндеріндегі оқиғаның жай-жапсарын бүркеулі күйі қалдыруды көздеген есеппен  құрылған, яғни советтік дәуірдің көп кезеңінде сынақтан өткен билеуші партия амалының туындысы болатын. Сондықтан да алғашқы Желтоқсан комиссиясы жұртшылық күткен қорытынды шығаруға қауқарсыздық көрсетті. 1989 ж. 25 мамырда Мәскеуде Халық депутаттарының бірінші съезі ашылып, онда халық депутаты ақын Мұхтар Шаханов 1986 жылғы 17–18 желтоқсан күндерінің ащы шындығын жаһанға жария еткен және желтоқсан оқиғаларына әділ баға берілуін, оқиғаға қатысқаны үшін сотталғандардың ақталуын бірінші болып талап еткен әйгілі сөзін сөйледі. Оның табандылығының арқасында,  республикада түрлі кедергілерге қарамастан  бірнеше комиссия жұмыс істеп, көп іс тындырды (М. Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» кітабын қараңыз).  СОКП ОК Қаулысындағы қазақ ұлтшылдығы туралы айыптау алып тасталды, сотталған желтоқсаншылар бостандық алып, ақталды. Желтоқсан оқиғасының қайғылы көріністерге ұласуы республика жетекшілерінің саяси шарасыздығынан, олардың өткір ахуалдан алып шығатын бейбіт жол таба алмауынан, соған құлықсыздық көрсеткенінен, ақыл-парасатқа емес, қара күшке иек артуды қош көргенінен болғанын ҚКСР ЖС Президиумы 1990 ж. 24 қыркүйектегі Қаулысында  атап көрсетті.  Азаттық алған желтоқсаншылар өздерінің қоғамдық ұйымдарын құрып, елімізде жасалып жатқан демократиялық өзгерістерге атсалыса бастады, оқиғаға қатысты өз естеліктерін жариялады. Желтоқсаншылар жайында кітаптар жазылып, реж. Қ. Әбеновтің «Аллажар» фильмі, т.б.  кинофильмдер түсірілді. Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументі тұрғызылды. Аягөзде де желтоқсаншыларға арналған ескерткіш ашылды. Қ. Рысқұлбековке Халық қаһарманы атағы берілді, Таразда ескерткіш қойылды. 1986 ж. желтоқсанының қаһарлы күндерінен бері көп уақыт өткенмен, саяси бас көтеру оқиғасы ұмытылған жоқ, керісінше, маңызы артып келеді. 17 желтоқсанның кешінде Алматыдағы орталық алаңда,  шоқпарды оңды-солды сілтеген жазалаушылар демонстранттарды бір жайпап өтіп, 70-80 қыз-жігітті «жеңіл жәрдем» әкеткеннен кейін, түн қараңғылығы қымтаған алаңның төрт шетінде лаулап өртеніп жатқан жылжымалы милиция бекеттерінің ортасында, үкіметтік мінбер және ОК ғимараты маңында құрсанған қалқандары тұтасып ұзыннан-ұзақ тізілген әскери жасақ алдында дөңгелене шоғырланған жастардың «До-лой, Кол-бин!», «Жа-са, қа-зақ!» деп ұрандатуы, бәрі қосылып Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әйгілі патриоттық әнін шырқауы (ереуіл күндері жауынгерлік шыңдалудан өткен осынау атақты әннің кейін тәуелсіз мемлекетіміздің гимніне айналғаны мәлім) құдды халық атынан бар дауыспен теңдік сұрағандай, мемлекеттік тәуелсіздік алуды талап еткендей әсер еткен акт еді. Жас ұрпақ  аузынан жалын ата шыққан осы қарапайым қос тіркесте қазақ халқының ғасырлар бойғы арман-мүддесі жатқан болатын. Біріншіден, қазақ елін басқаруға жіберілген орталықтың эмиссары біздің халқымыздың ұлттылық тұрғыдан өркендеуіне шек қойып келе жатқан отаршыл биліктің тап өзіндей көрінген. Сондықтан да максималист қыз-жігіттер оны қабылдағысы келмей, «көзін жоғалтуын» талап ету арқылы республиканы қуыршақ еткен отарлық қамытты қаусататын уақыттың жеткенін жастық түйсігімен сезініп, аталмыш қысқа ұран арқылы мәлімдеген еді. Екіншіден, республиканың атын алып жүрген, бірақ құқтары тым шектелген халқымыздың мәртебесін «Жасасын қазақ!» деп ашық көтерудің астарында шынайы теңдікке жету, азаттық алу арманы, тәуелсіздікке қол жеткізу идеялары жатқан. Саяси тәжірибесі жоқ жас азаматтар тап сол кезде мұндай мағынадағы тұжырымға, әрине, саналы түрде келмеген, олардың ішіне терең ой бүккен жасампаз ұрандары күн тәртібіне мүлдем табиғи түрде қысқа сөздер боп атқылап шыққан еді. Өйткені өскелең ұрпақтың осынау ереуілі халқымыздың өткен ғасырлардан бері әлсін-әлсін отарлық езгі мен озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы тұрып, бұрқ-бұрқ көтерілулерінің заңды жалғасы болатын. М.С. Горбачев бастаған Саяси Бюроның 1985 жылдың көктемінен жеделдету, жариялылық, қайта құру сынды ұрандар тастауы, сол ұрандарымен  жалпақ елде демократиялық өзгерістерге жол ашатын жаңа саясат жүргізе бастауы, сөйте тұра, біздің халқымыздың еркімен санаспай, 1986 жылғы желтоқсан айында ұлтымызға жайсыз кадрлық шешім жасауы бағзы тарихи әділетсіздіктерді қайтадан өткір түйсінткен. Алайда, жарияланған демократияны малданып, наразылық білдірген қазақ жастарының бейбіт шеруіне  оларды өзімен тең сөйлесуге кем санайтын өкімет (жалпы тоталитарлық билік үшін бірінші кезекте мемлекет мәртебесі тұрғандықтан, адам тағдырымен, әсіресе «ұлтшылдықпен» ешқандай да санаспайтын билік) күш қолдануымен жауап берді. Тиісінше тыныш демонстрацияның ақыры саяси қарсылыққа, көтеріліске ұласты. Себебі биліктегі партия «совет елінде ешқандай да ұлт мәселесі жоқ» деген жалған желеуді бетке ұстайтын. Ал ҚКСР Конституциясы бойынша Қазақстан – өз аумағында өз бетінше дербес мемлекеттік билік жүргізетін егеменді кеңестік социалистік мемлекет (68-баб) еді. Кеңестер Одағын құрысқан, одақтан еркін шығып кете алатын тәуелсіз мемлекеттердің бірі ретіндегі құқы КСРО Конституциясының 70- және 72-бабтарында мойындалған-тын.  Заң жүзінде солай бола тұра, Қазақ Республикасының егемендігі де, өзін өзі билейтіндігі де, ұлттылығы да мәскеулік билік тарапынан аяққа тапталды. КСРО-ның Негізгі Заңындағы: Қазақ Республикасы «...еңбекшілердің ерік-жігері мен мүддесін қорғайтын социалистік жалпыхалықтық мемлекет» делінген 1-ші баб көзалдаушылық, жәй ғана формальділік болып шықты. Совет Одағы деп аталатын алып мемлекеттің іс жүзінде «біртұтас және бөлінбейтін» патшалық Россияның  жаңаша жалғасы екенін уақыт ап-айқын көрсетті. Болған оқиға теңдік пен еркіндіктің жасандылық сипатын дәлелдей түсіп, қазақ халқының шыдамын кемерінен асырды. КСРО және ҚКСР Конституцияларының 6-шы бабтарына сәйкес, Совет Одағының Коммунистік партиясы «қоғамның жетекші және бағыттаушы күші» болып табылатын. Сол «...күштің» қатаң идеологиялық торымен одақтас республикалар да, олардағы халық депутаттарының кеңестері де бекем шырмалғандықтан, кеңестер одағы біртұтас  унитарлық мемлекетке айналған. Яғни КСРО іс жүзінде, өмір көрсеткендей, басында монарх тұрған Ресей империясының аты өзгертілген, төбесінде Саяси Бюро  тұрған жаңа түріне айналдырылды. Міне осы кеңестік неоимперияда әділетсіздік және көпе-көрінеу жалған сөйлеу әдеттегі құбылысқа айналған болатын. КСРО-ны 1983 жылы АҚШ президенті сыртқы қатынастарға байланысты «зұлымдық империясы» деп атаған еді, шындап келгенде, бұл анықтаманың туралығы ішкі жағдайда да көрінді. Кеңес өкіметі қайта құру саясаты  жария еткен демократиялық жаңаруға сенген жастарға «наркомандар, маскүнемдер» деген жалған айып тағып, оларды тоталитарлық шоқпардың астына алды. Жұмысшы және студент қыз-жігіттердің демократиялық қозғалысын әскери күшпен басу үшін құпия түрде арнайы операция жоспарын жасап, жүзеге асырды. Мұндай әрекет жастарды ашындыра түсті, соның салдарынан бейбіт шеру озбыр отаршылдыққа, неоимпериализмге қарсы көтеріліске ұласты. Совет Одағының Гимні «азат республикалардың бұзылмас одағын Ұлы Русь мәңгілікке біріктіргенін» мәлімдеген сөздермен,  ал Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Гимні: «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған, Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан», – деген, шынайы қазақы болмысты бейнелейтін  жолдармен басталатын. Осындай кереғар мағынадағы тұжырымдардан кейінгі мүлдем саясиландырылған жолдарды есепке алмағанда, қазақтың азаттық пен ар-намыс үшін ештеңеден  тартынбағаны рас-тын. Осы жанқиярлық дәстүрге адал жастар көкейге түйген күдікті бейбіт жолмен шешу мақсатында идеялық көсемнің портреті мен оның және ол құрған большевиктік партияның ұлт мүддесін көздейтін тұжырымды сөздері жазылған транспаранттарды бастарына көтеріп шықты. Бірақ алаңдағы мінбеге көтерілген өкімет өкілдері олардан тек қана «тәртіп бұзбай, жатақханаларына тарқауларын» талап етті. Жуасыту және жазалау шаралары метрополия жоспарына сәйкес мұқият жүзеге асырылды. Отаршыл билік Алматыдағы орыс тұрғындардың қолдарына ашықтан ашық суық қарулар үлестіріп, алаңдағы қазақ жастарын өлімші етіп ұрып-соғуға, тіпті өлтіріп тастауға да пұрсат ететіндей бата берді.  Кеңес өкіметі басшылығының рұқсатымен жасалған осынау мемлекеттік қылмыс:  «Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры, Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына» деген гимн сөзінің шын астарын айқара ашып берді. Жаңа тұрпатты отаршылдар мен олардың жергілікті жандайшаптары астанада жұрттың ұлттық белгілері бойынша қудалануына жол ашты, ұлтаралық араздықты қолдан тұтатуға әрекеттенді. «Аға» мәртебесімен дәріптелетін халық өкілдерін және орыстанған өзге тектілерді, сондай-ақ барша ләббай-тақсыршылдарды  империялық орталық «бесінші колонна» ретінде пайдалануға ұмтылды. Белгілі дәрежеде біраз уақыт солай ете алды да. Кремльдің Алматыға жіберген өкілдері КСРО Конституциясындағы: «...одақтас республикалардың егемендік құқтарын КСР Одағы сақтайды»   деген 81-ші бабқа қасақана, арнайы мақсатпен әрекет ететін жасақтарды қалаға өзге республикалардан тасымалдап, метрополияның отардағы «құлдарын» тұқырту, «тәртіпке салу» жұмыстарын жүргізді. Бірақ ұлттық сезім мен намыс басты түрткі болған ұлт-азаттық көтеріліс оты тез арада республиканың шартарабына тарап үлгерді. Мұндай қарсылық туатынын күтпеген орталық саяси көтеріліс жайында дұрыс ақпарат тарамауына, оны бұзақылардың тәртіпсіздіктері етіп түсіндіруге күллі идеологиялық қаруын жұмылдырды. Одақтас республикалар іштен тынғанмен, алыс шетелдер үнсіз қалған жоқ. Европа елдерінің белгілі азаматтары атуға бұйырылған көтерілісші Қайрат Рысқұлбековтың тағдырына араша түсіп, КСРО басшылығына хат жолдап жатты. Қасаң тоталитарлық жүйеге күллі КСРО бойынша бірінші болып қарсы шығып, жанкештілікпен азаттық үнін көтерген қазақ жастарының көтерілісі  басқаларды да оятты. Мәскеу озбырлығына қарсылықтар Кавказдағы, Балтық жағалауындағы одақтас республикаларда орын алды. Ұзамай, коммунистік режим тұтастырған тоталитарлық алып мемлекетте тегеурінді демократиялық өзгерістер жасалды. Кеңестік бір елге біріккен одақтас республикалар КСРО Конституциясының 72-ші бабында көзделген одақ құрамынан еркін шығып кете алатын құқтарын пайдаланып, 1991 жылы өздерінің мемлекеттік тәуелсіздіктерін жариялады. Қазақ көтерілісінің 1956 жылғы Венгриядағы және 1968 жылғы Чехословакиядағы көтерілістердің жалғасы және нәтижелісі болғанын атап айту керек: қазақ жастарының 1986 жылғы саяси бас көтеруі серпін берген ерен құбылыстың нәтижесінде кеңестік империяны ұстап тұрған коммунистік режим құлады. Тарихи оқиғаның дамуы барысында КСРО-ның өзі ыдырап қана қоймай, тиісінше, оның әлемдегі ықпалы шектелді. КСРО-ның жетекшілігімен Европа мемлекеттерінің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін 1955 жылы Варшавада талқылаған мәжілісте құрылған сегіз европалық социалистік мемлекеттің  әскери одағы – Варшава келісімшарты 1991 жылы біржола күшін жойып, 36 жыл бойы дүниедегі әскери күштерді екіге жарып келген ұйым тарқады. Совет Одағының идеологиялық құрсауынан азат болған елдер өз мемлекеттік құрылымдарын қайта қарады (екі неміс мемлекеті бірікті, Чехословакия, Югославия федерациялары жеке мемлекеттерге бөлінді). 1986 жылғы Желтоқсан ерік-жігері идеологиямен ауыздықталған қасаң елде шынайы демократиялық жаңаруға осылайша жол ашып, өзара дұшпан әскери лагерьлерге бөлінген биполярлы әлемдегі жасанды қарсы тұрушылықты жойған құбылыстардың  бастауына  айналды. 2016 жылғы 25 қазанда Астана қаласында өткен «Қазақстандағы Желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда отыз жылдық биіктен аса құнды пікірлер айтылып, өкімет алдына бірқатар маңызды ұсыныстар  қою жөнінде шешім қабылданды.  Сөз жоқ, ұмытылмас Желтоқсан тарихын насихаттаудың  жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеудегі маңызы зор. Бейбіт Қойшыбаев жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_18535.txt
Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ. МАНЧЕСТЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР...
https://abai.kz/post/18535
"Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ. МАНЧЕСТЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР..." | "https://abai.kz/post/18535"
15.01.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ. МАНЧЕСТЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР... URL: https://abai.kz/post/18535 META: "Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ. МАНЧЕСТЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР..." | "https://abai.kz/post/18535" DATE: 15.01.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1313 TEXT: 1-сурет. Президент Н.Назарбаевтың жеті жастағы Беріктің бетіне мұнай жаққан сәті. Атырау, 2000 жыл. 2-сурет. Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің  студенті Берік Уап. Атырау, 2013 жыл. Иманғалидың идеясы 1-сурет. Президент Н.Назарбаевтың жеті жастағы Беріктің бетіне мұнай жаққан сәті. Атырау, 2000 жыл. 2-сурет. Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің  студенті Берік Уап. Атырау, 2013 жыл. Иманғалидың идеясы Атырау қаласындағы шетелдік мұнай компаниясының қатардағы қарапайым қызметкері Сәрсенбайды басшылық тарапынан түскен ұсыныс таңқалдырды. Бұл өз міндетін атқарып, тіршіліктің қамымен жүрген оның өміріндегі күтпеген жаңалық еді. Енді ше, жеті жасар ұлы тұрмақ қырыққа келген өзі де өмірінде Президентпен сөйлеспек түгілі қолын алып көрген емес. Оның үстіне балалығы басылмаған, оң-солын айыра алмайтын тұңғышы тапсырылған істі тап-тұйнақтай етіп атқарып шығар ма екен деп алаңдады. Өткен ғасыр аяқталар тұста қарт Каспийдің Қазақстанға қараған тұсынан мол мұнай қоры табылды. Сол кездегі табиғи байлықты игеруге ұмтылмаған жұрт жоқ. Дүние жүзіндегі алпауыттардың мәмілесімен құрылған халықаралық консорциум бұрғылау жұмыстарына кірісіп кетті. Құрылыстың қарқынды жүргізілгені сонша, атақты Қашаған кен орнының ашылуы 2000 жылдың жаз айына жоспарланып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі оны іске қосатындығы белгілі болды. Осы сәтте Атырау облысының сол кездегі әкімі Иманғали Тасмағамбетов ешкімнің ойына келмеген идея көтерді. «Жігіттер, жерімізден табылған теңдессіз байлықты бүгін шетелдіктермен бірігіп игергенімізбен, түптің-түбінде өз иелігімізде қалады ғой. Сондықтан да  «болашақтың байлығы – біздікі» деген ұғымды ұқтыру үшін мынадай шара жасайық. Жеті – қазақ үшін қасиетті сан. Сондықтан жеті жасар жеткіншекті табайық. Ал оның бетіне Елбасы өз қолымен қара алтынды жаққанын жөн көріп тұрмын» дегенде барлығы бірауыздан мақұлдап, шу ете қалды. Бағы жанған бала Алайда бұл бастамаға консорциумның жетекшілері бірден қарсылық танытады деп кім ойлаған?! Олардың қатаң тәртібіне сәйкес, теңізге шығатын балаға кен орнына баратын арнайы сертификат керек екен. Сақтандыру полисі, тікұшақ суға құлаған жағдайда апаттан аман қалу ережесімен танысқаны жайында куәлігі, өндірісте өрт шықса тез арада құтқару құралдарын пайдалана білуі.., қойшы, әйтеуір, бала тұрмақ ересектердің өзінде жоқ мың-сан құжатты сұратып, тыпыр еткізбей тастады. Ол ол ма, әлгі рұқсат қағаздар жеткіншек үшін жауапты адамда да болуға тиіс екен. Ұлттық ұстынды ұлықтайтын Иманғали ұсынған игілікті идеяны жүзеге асыруға шындап кіріскендер қарап қалсын ба?! Тығырықтан құтқаратын «бір қап құжаты» бар қызметкерді өздерінің компаниясынан іздеуге көшеді. Сол сәтте Қашағандағы «OKIOK» компаниясы бас директорының орынбасары Кенжебек Ибрашевтің есіне қарамағындағы қызметкері Сәрсенбай Жағыпашевтың құлдыраңдап жүретін қос құлыны түседі. Лезде кабинетке шақыртып сөйлескеннен соң, көктен іздегені жерден табылғандай қуанады. Расында да Сәрсенбайдың 1993 жылы 26 шілдеде туған үлкен ұлы Берік тұп-тура жетіде екен. Оның үстіне сыртқы түр-тұлғасы қатып тұр. Кәдімгі қазақтың қара баласы. Тасмағамбетов тапсырғандай үш тілде – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Кенжекең көп ойланбастан әкімдікке хабар айтты да,  шетелдіктерге қайта кісі салды. Өздері сұратқан қаптаған рұқсат қағаздар мен сертификаттар түгелдей Сәрсенбайдың сөмкесінен табылған соң, консорциумның басшылығы әкесінің тікелей жауапкершілігімен баланы жағалаудан 70 шақырым жердегі Қашаған кен орнына жіберуге келісім берді. Ал кездесуге бір күн қалғанда облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен «Қазмұнайгаздың» президенті Нұрлан Балғымбаев Берікті әкесімен бірге алдыртып, үш тілде сұрақтар қойғызып, оның сақылдаған жауаптарына тәнті болды да, ештеңеге алаңдатпай демалдыруға жіберді. Мынадай қарбаласта демалыс қайдан болсын?! Ұлдары ұйықтап жатқанда Сәрсенбай мен Нұрия жұмыстан әкелген үлкендерге арналған мұнайшылар киімін сөгіп, таң атқанға дейін балаға шап-шақ етіп қайта тігіп шықты. Елбасының ерекше сыйы – 2000 жылғы 4 шілде күні таңғы сағат 6-да тұрып, әуежайға жетсек, кісілер қаптап жүр, – дейді осыдан 14 жыл бұрынғы оқиғаны көз алдынан қайта өткізген Сәрсенбай Жағыпашев. – Балам бірнеше күнгі дайындықтан соң ба, әйтеуір еркелігі басылып, ересек кісілердей жинақы қалыпта тұр. Көп ұзамай тікұшаққа отырып, Каспийдің ортасындағы Қашағанға ұштық. Түске таман Президент мінген тікұшақ дайындалған алаңға қонды.  Елбасы өзін күтіп алған топпен бірге шлюздің жанында тұрған бізге жақындап келді. Берік екеуміз сәлемдестік. Нұрсұлтан Әбішұлының көңіл-күйі жақсы екендігін  айналасындағыларды күлдіре әңгіме айтып жатқанынан байқадық. Аз-кем таныстыру жұмыстарынан кейін Президент ширақ қимылымен шлюздің тетігін бұрап қалғанда, құбырдан мұнай атқылай жөнелді. Елбасы жанында тұрған Беріктің бетіне мұнай жағып, «Қазақстанның болашағы зор болсын!», – деп тілек айтты. Дәстүр бойынша, сол маңда тұрған басшылардың да бетіне жақты. Айналадағылар шаттана қол шапалақтады. Небәрі жеті жаста болса да Беріктің зердесінде өміріндегі осы бір ерекше жүздесудің әрбір сәті сақталған. – Нұрсұлтан ата «Қазақстанның болашағы үшін!» деп мұнайды бетке жағу рәсімін жасағанда қатты толқыдым, – дейді әкесінің әсерлі әңгімесін жалғастырған Берік Уап, – Қуаныштан ба, әлде мақтаныштан ба, білмеймін, бойым бір ысып, бір суып, әбден мазасыздандым. Жиналған ағалардың маған қарап күлгені де қызық екен. Елбасы мені еркелете басымнан сипап, жанына алып, бірнеше рет суретке түсті. Кейін есейгенде ойлап қарасам, ешкімнің пешенесіне жазыла бермейтін бақытты сәт маған бұйырыпты ғой. Оның үстіне Нұрсұлтан Әбішұлы ол жылдары екінің бірінде жоқ компьютерді сыйға тартты. Қатарластарыма қарағанда  ақпараттық технологияны тезірек меңгеруге Елбасы сыйлығының ерекше көмегі тиді. Соның әсері шығар, мектеп бітірер жылы мұнай саласының білгір маманы болуға бекіндім. Ұлыбританияға бастаған ұлы арман Берік мектепте де басқаларға үлгі болып жүрді. Түркияда өткен, 60 мемлекеттің өкілдері қатысқан халықаралық олимпиадада физикадан 3-орынды жеңіп алды. Ал 2010 жылы  Атыраудағы қазақ-түрік лицейін үздік бітірді. Төрт тілде еркін сөйлейтін жас өреннің қабілеті мен білімге деген құштарлығы ерекше болды. Ол баяғы арманын ақиқатқа айналдыру үшін Астанаға аттанды. Алғашында «Назарбаев университетіне» құжат тапсырды. Берік сынақтың барлығынан мүдірмей өтті. Алайда қиялына қанат бітіп, жалындап тұрған жас жігіт құлашын кең сілтеп, әлемдегі беделді оқу орындарының бірі – Манчестер университетіне түсуге бел байлады. Оның Ұлыбританияны таңдауына сол жылдары қызмет бабымен Голландияға көшкен әкесі Сәрсенбайдың кеңесі әсер еткені сөзсіз. «Назарбаев университетінің» басшылығына өтініш жазып, жағдайды түсіндірген әке мен бала қарт құрлыққа қарай бет түзеді. Таңдаған мамандығы – мұнай ісі. Оның ішінде жер астындағы 5 мың метр тереңдіктің теориясын, әдістемесін, сараптамасын жасап, мұнайдың ағу бағытын айқындайтын өте күрделі кәсіпті меңгеру үстінде. Дәл қазіргі кезде Қазақстанда мұндай жоғары білікті, жаңа технологияны игерген, үш тілге жетік маман тапшы. Сондықтан да өте жауапты жұмысты негізінен шетелдік қызметкерлер атқаруда. Әрине, мемлекет үшін аса маңызды жерасты байлығын зерттеу ісін түптің-түбінде отандық мамандар қолға алуы қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыстағы кен орындарында жұмысшылармен жүздесуде де, жастармен кездесуде де үнемі айтатыны осы. Қос тұлғамен кездесу Бастапқыда оқу ақысын төлеуге облыстық әкімдіктің «Атырау болашағы» қоры көмектескенімен, келесі курсқа көшкенде қара алтын өндіретін «HKOK» компаниясы өзінің міндетіне алыпты. Өткен жылы аталған компанияның Солтүстік Каспий жобасының мекемелеріне өндірістік тәжірибеден өтуге келгенде тағы да қызықты кездесудің кейіпкеріне айналды. 2013 жылғы 30 маусымда Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның елімізге тұңғыш сапары белгіленіп,  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Атыраудағы өндіріс орындарын аралауы жоспарланды. Сапар аясында Қарабатандағы «Болашақ» зауыты іске қосылатын болды. Ұйымдастырушылар осыдан он үш жыл бұрынғы кездесудің куәгерін іздеп тауып, Берікті іс-шараға қатысушылардың тізіміне енгізеді. Сол күні жастар тобымен бірге  Берік Уап та екі елдің басшысымен жолықты. «Президент әлемнің әр қаласында оқып жатқан замандастарға мұнай саласын жетік меңгерген маман болу керектігін қадап айтты. «Уақыты келгенде шетелдіктер кетеді, ал қазба байлықтың барлығы өзімізге қалады. Сол кезде біз қиындыққа ұшырамай, өзгелерге алақан жайып көмек сұрамауымыз қажет», – деді Елбасы. Жастар бірауыздан: «ұятқа қалдырмаймыз, игереміз», – деп жамырай жауап қаттық. Ол менің жаныма келгенде қайда оқитынымды сұрады. Манчестер университетінде оқитынымды айтып едім, жанында біреумен сөйлесіп тұрған Кэмеронды нұсқап, «мына жақта ма?» деп жылы жымиды», –дейді Берік. «Мені Кэмеронға тапсырды...» «Орайлы тұсты бос жібермеуді ойлап, бала кезімдегі Қашағанда бетке мұнай жаққан сәтті еске салдым. Елбасы ешнәрсені ұмытпайтын ерекше қасиетіне сай бірден таныды да, күліп жіберді. Сөйтті де, Қазақстанның қазба байлығын заманауи технологиямен игеріп, өзге елдермен терезесі тең қатынас жасау үшін терең білімге ұмтылу керектігін тағы бір пысықтап, арқамнан қақты. Қызығы сол, жанымызға келген Кэмеронға менің Ұлыбританияда оқитынымды айтып жатты. Маған қарап, бірнеше сұрақ қойған Дэвид мырзаға ағылшын тілінде мүдірмей, қысқа да нақты жауап бердім. Бізбен қоштасып, әрі қарай жүрген Елбасыға қарап, алыстағы баласын ағайынға пысықтап тапсыратын мейірімді де жанашыр әкенің кейпі көз алдыма келді». Бұл – Беріктің жаз айында Елбасымен екінші рет кездесуіндегі жан толқынысы. Енді алты айдан соң біздің кейіпкеріміз Манчестер университетін үздік бітірмек. Ары қарай өз саласын толыққанды меңгеру үшін магистратураға түсу ойында бар. Ағасына еліктеп өскен інісі Аухат та қазіргі кезде Шотландияның Абердин қаласында мұнайшы мамандығы бойынша білім алуда. Екі ұлының жетістіктерін ерекше мақтанышпен әңгімелейтін әкесі Сәрсенбай Жағыпашев «HKOK» компаниясының геоматика бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Анасы Нұрия бағыт-бағдарын айқындаған балаларының әрбір қадамына қуанып, тілеуін тілеп отыр. Ал Берік күрделі саланың ұңғыл-шұңғылына терең бойлағаннан кейін елге оралып, Елбасының сеніміне сай жауапкершілік жүгін арқалауға тас-түйін дайындалып жүр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_180197.txt
Су жетіспеушілігі өзекті мәселе
https://abai.kz/post/180197
"Су жетіспеушілігі өзекті мәселе" | "https://abai.kz/post/180197"
19.02.2024
Abai.kz
null
TITLE: Су жетіспеушілігі өзекті мәселе URL: https://abai.kz/post/180197 META: "Су жетіспеушілігі өзекті мәселе" | "https://abai.kz/post/180197" DATE: 19.02.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 457 TEXT: Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық қолжетімді су ресурсын бейберекет және үнемсіз пайдаланып отырмыз. БҰҰ мәліметінше, бүгінде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Қауіпсіз су мен санитарияға қол жеткізу және тұщы су экожүйелерін ұтымды пайдалану адам денсаулығы, экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өркендеу үшін үлкен маңызға ие. БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттарының 6 мақсаты «таза су және санитария» екені бәрімізге белгілі. Сарапшылар елдің экологиялық жағдайы мен ұлттың әлеуметтік әл-ауқаты суды орынды тұтынуға тікелей байланысты екенін айтады. Орталық Азияның басқа республикаларымен салыстырғанда Қазақстан суды ең көп тұтынатын елдер қатарына кіреді. Қазақстан жан басына шаққандағы суды тұтыну бойынша әлемде 11-орында. Республика бойынша тәуліктік норма 3,5 мың литр. Деректерге сәйкес, Қазақстандағы таза судың қоры 539 текше шақырымды құрайды. Мұның 190 текше шақырымы ел аумағындағы көлдерде, 95 текше шақырымы су қоймаларында, 101 текше шақырымы өзендерде, 95 текше шақырымы жер астында, 58 текше шақырымы таулар басындағы мұздақтарда шоғырланған. Елімізге сырттан келетін сулар негізінен өзендер арқылы қалыптасады. Ғалымдардың зерттеуінше 2025 жылға қарай су тапшылығын көретін адамдардың саны 5,5 миллиардқа дейін өседі деп болжауда. Бұл – әлем халқының үштен екі бөлігі ауыз суға зәру болады деген сөз. Соңғы жылдары жер бетіндегі халық санының көбеюімен әлемде су тұтыну көлемі де ұлғайған.Қазақстандағы судың бар-жоқтығынан оның ластануы көбірек алаңдатады. Бұл – проблема және солай болып қала бермек. Себебі көптеген салаларда, әсіресе тау-кен өндіру және карьерлерді қазу ісінде суды шикізат ретінде немесе соңғы өнімді сұйылту үшін пайдаланады. Қолданылған су қайтадан өзендерге жіберіледі, ал ластанған суды сүзіп, қалпына келтіру өте қиын. Сондықтан климаттың өзгеруінен, судың қолжетімділігінен және басқалар мәселелерден гөрі судың сапасы, менің ойымша, маңыздырақ, өйткені бұл су үймізге жетеді. Соның салдарынан сумен қамту және санитария саласындағы проблемалардан туындайтын диареялық аурулардың кесірінен мыңнан астам бала қайтыс болады. Судың бастапқы сапасын қалпына келтіру үшін көп қаражат қажет. Оның бағасы тым жоғары. Адам қызметінің нәтижесінде пайда болған ағынды сулардың 80 пайыздан астамы өзендерге немесе теңіздерге тазартылмай ағызылады. Суға қатысты сақтық шараларын қабылдау үшін өндіріс орындарға қатаң ережелер қолданылуы қажет.Жоғарыда аталған жайттарды ескере отыра,тұрақты даму мақсаттары аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы оқытушылар құрамы мен студенттер арасында дөңгелек үстел,пікірталас сайыстары,түрлі акциялар өткізуде.Елімізде орын алған өзекті мәселелерді шешуге бізде өз тарапымыздан үлес қосудамыз. Альбина Бискультанова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы Б.Ж.Ахметжанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранты Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_48765.txt
ТІЛІҢДІ ТІСТЕ немесе BITE YOUR TONGUE
https://abai.kz/post/48765
"ТІЛІҢДІ ТІСТЕ немесе BITE YOUR TONGUE" | "https://abai.kz/post/48765"
17.01.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТІЛІҢДІ ТІСТЕ немесе BITE YOUR TONGUE URL: https://abai.kz/post/48765 META: "ТІЛІҢДІ ТІСТЕ немесе BITE YOUR TONGUE" | "https://abai.kz/post/48765" DATE: 17.01.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 399 TEXT: Ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі ұқсас орамдар тізбегін тұрақты тіркестер арқылы жалғастырамыз. "Тисе терекке, тимесе бұтаққа" деген идиома ағылшындарда да бар екен. "Beat around the bush" дейді. Сөзбе-сөз аудармасы "бұтаның маңайын ұрғылау". "Ұзын сөздің қысқасы" дегенді "long story short" деп айтатынын да білдік. Әлденені есіне түсіре алмай тұрғанда, "түу, тілімнің ұшында тұр" деген америкалықты көргенде қалай таңданбайсыз? "On the tip of my tongue". "Қол ұшын беру" қазақта ғана бардай сезіледі ғой әдетте. Ағылшындар да сөйтеді. Бірақ олар қолдың ұшын емес, тұтас өзін береді. "Give me a hand". Дау-дамай кезінде отқа май құятындары тіпті қызық. Біздердей жай май құймайды, жанар-жағармай құяды. "Add fuel to the fire". Fuel - бензин, дизель, мотор майларының жалпы атауы. Біреу біреуді сөзден оңдырмай ұтып кетсе, "шайнап тастады" дейміз ғой. "Chew someone out" деген бұларда да бар. Шайналып қалмау үшін кейде "тіліңді тістеуге" тура келеді. "Bite your tongue" дейді оны ағылшындар. "All in the same boat" - тура аударғанда, бәріміз бір кемедеміз. "Кемедегінің жаны бір" деген сияқты әдемі естілмейді, бірақ айтар ойы мен оны жеткізудегі таңдалған құрал бірдей. “Out of the blue” дегенді лекциялардан жиі естуге болады. Мүлде күтпеген жағдай, ешбір негізсіз айтылған ой, тосын ақпар меңзеледі. Біз ондайды “көктен түскендей” дейміз. Сөздіктерге қарасам, ағылшыншасындағы “blue” сөзі де “аспан” дегенді меңзейді екен. Бұл тіркестің “out of the clear blue sky” (тұп-тұнық көк аспаннан түскендей) деген нұсқасы да бар екен. Көк демекші, олар да “көкбеттенеді”. Ұрыс-керіс шегіне жеткенде, “blue in the face” болады. Былайша айтқанда, беті көгергенше деген сөз. "Apple of my eye". Көздің алмасы деп ағылшындар көздің қарашығын айтады. Тиісінше, қатты жақсы көретін, қамқор болатын адамын "ол менің көзімнің алмасы" дейді. Қазақтың "көзімнің қарашығындай сақтаймын" дегенімен мәндес секілді. Жандары қиналғанда олар да “it's a dog's life” деп налиды. “Ит тірлік” дегені ғой. “Ерте ме, кеш пе” – “sooner or later”; “black as night” – “түндей қара”; “blacklist” – қаратізім, “blow up” – “ашудан жарылу”. Бұлар аса таңқалдырмаса, мынаған қараңыз. “A highly colored report” деген бар. Кәдімгі “бояуын қалыңдатып жеткізуді” олар осылай айтады. Біз “сағым қусақ”, ағылшындар кемпірқосақ қуады. “Chase rainbows”. Орындалмас арманның соңында жүрген жандар туралы. Нашар адамды “шіріген жұмыртқаға” теңегеніміз оларға да жұққан екен. “A bad egg” деп көбіне көптің арасындағы жаманды, нақтырақ айтсақ, жақсы балалардың ішіндегі жаман баланы айтады. Қазақта да тура солай емес пе? Үмітті ақтамаған, ұятқа қалдырған баланы “ол бір шіріген жұмыртқа” болды ғой деп жатамыз. Бұл жолға осы да жететін шығар. Келесі бөлімде мақал-мәтелдер туралы сөз етеміз. Мұрат Есжан Facebook-тегі парақшасынан
qosymsha/abai.kz
post_39575.txt
ТҚЖБ: САНАЙҒАҚ
https://abai.kz/post/39575
"ТҚЖБ: САНАЙҒАҚ" | "https://abai.kz/post/39575"
03.12.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТҚЖБ: САНАЙҒАҚ URL: https://abai.kz/post/39575 META: "ТҚЖБ: САНАЙҒАҚ" | "https://abai.kz/post/39575" DATE: 03.12.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 59 TEXT: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мәліметі бойынша биылғы жылдың 1-қарашасына дейінгі қаржы ұйымы мен салымшылар арасындағы өзара қатынастың сандық дерегі былай анықталады: -         Жалпы құны 1 332,0 млрд. теңге болатын 617 710 шарт жасалды; -         Осы аралықтағы салымшылардың жинақ ақшасы 232,0 млрд.теңген і құрады; - Баспана сатып алу үшін 280,0 млрд. теңге сомасындағы 73 887 заем берілді Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_15167.txt
ЖӘРДЕМ ЖАСА, АҒАЙЫН!
https://abai.kz/post/15167
"ЖӘРДЕМ ЖАСА, АҒАЙЫН!" | "https://abai.kz/post/15167"
06.11.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЖӘРДЕМ ЖАСА, АҒАЙЫН! URL: https://abai.kz/post/15167 META: "ЖӘРДЕМ ЖАСА, АҒАЙЫН!" | "https://abai.kz/post/15167" DATE: 06.11.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 262 TEXT: Алматы энергетикалық колледжінің оқу озаты, өмірге деген құштарлығы керемет, жасы енді ғана 17-ге толған Шаған Темірлан қатерлі апластикалық анемия ауруына шалдықты. Осы дертті емдеу үшін егілетін циклоспорин дәрісінің бір қорапшасының бағасы - 63 000 теңге. Ал 5 күн бойы құйылатын атгам екпесінің бағасы - 300 000 теңге тұрады. Жас өреннің науқасын емдету үшін, сүйек кемігін ауыстыру үшін шетелдік клиникада ота жасатуға қаржылық көмекті қажет ететін Шаған ТЕМІРЛАНҒА демеу көрсетем, туған-туысқандарымен, жора-жолдастарының арасында жарқылдап жүрсін десеңіздер, қайырымдылық жасауға асығыңыздар! Алматы облысы Іле ауданы Құйған ауылында тұратын Шаған ТЕМІРЛАНҒА банкте арнайы ашылған есепшоты төмендегідей: Шаганова Карлыгаш Тохтахунова /SHAGANOVA KARLYGASH РНН 600420238626 KZT: KZ0492618026H0074000 АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX USD: KZ74926118026H0074001 Kazkommertzbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX, Bank of New York, USA IRVT US 3N EUR: KZ2092618026h0074003 Kazkommertzbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX, Commertzbank AG, Frankfurt,Germany COBA DE FF Алматы энергетикалық колледжінің оқу озаты, өмірге деген құштарлығы керемет, жасы енді ғана 17-ге толған Шаған Темірлан қатерлі апластикалық анемия ауруына шалдықты. Осы дертті емдеу үшін егілетін циклоспорин дәрісінің бір қорапшасының бағасы - 63 000 теңге. Ал 5 күн бойы құйылатын атгам екпесінің бағасы - 300 000 теңге тұрады. Жас өреннің науқасын емдету үшін, сүйек кемігін ауыстыру үшін шетелдік клиникада ота жасатуға қаржылық көмекті қажет ететін Шаған ТЕМІРЛАНҒА демеу көрсетем, туған-туысқандарымен, жора-жолдастарының арасында жарқылдап жүрсін десеңіздер, қайырымдылық жасауға асығыңыздар! Алматы облысы Іле ауданы Құйған ауылында тұратын Шаған ТЕМІРЛАНҒА банкте арнайы ашылған есепшоты төмендегідей: Шаганова Карлыгаш Тохтахунова /SHAGANOVA KARLYGASH РНН 600420238626 KZT: KZ0492618026H0074000 АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX USD: KZ74926118026H0074001 Kazkommertzbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX, Bank of New York, USA IRVT US 3N EUR: KZ2092618026h0074003 Kazkommertzbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX, Commertzbank AG, Frankfurt,Germany COBA DE FF
qosymsha/abai.kz
post_91368.txt
Отандық өнім - «Saiman – Zenner» газ санауыштары туралы не білесіз?
https://abai.kz/post/91368
"Отандық өнім - «Saiman – Zenner» газ санауыштары туралы не білесіз?" | "https://abai.kz/post/91368"
24.05.2019
Abai.kz
null
TITLE: Отандық өнім - «Saiman – Zenner» газ санауыштары туралы не білесіз? URL: https://abai.kz/post/91368 META: "Отандық өнім - «Saiman – Zenner» газ санауыштары туралы не білесіз?" | "https://abai.kz/post/91368" DATE: 24.05.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 537 TEXT: «Бүгін біз жаһандық нарық заманында өмір сүреміз. Егер біздің отандық өнім сатылмайтын болса, онда кіріс те болмайды. Бұл ереже барлық салаға ортақ. Өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да, бизнеске де қатысты». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Иә, отандық өнім - ол біздің өнім. Отандық өнімді қолдау арқылы ғана біз елдегі экономикалық ахуалды жақсартып қана қоймай, әлеуметтік проблемаларды да шеше аламыз. Әлемде күштілері ғана жеңіске жететін өндірісшілердің көзге көрінбес «соғысы» жүріп жатыр. Соғыста күштілер жеңетіні ақиқат болса, нарықта кімнің өнімі бәсекеге қабілетті, бағасы мен сапасы тұтынушының көңілінен шықса, соның өнімі өтімді болмақ.  Мемлекет басшысы да тауарлардың импортын азайтып, өзімізде өндіруге болатын заттарды өзіміз өндіріп, экспорт көлемін ұлғайту қажеттігін айтудан кенде емес. «Корпорация Сайман» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де отындық өнім өндіріп отырған  үлкен ұжым. Бұл серіктестік неміс сапасымен жасалған отандық «Сайман» санауыштарын жасап шығарумен айналысады. Жақсы, үнемшіл құралдар ешқашанда жарнаманы қажет етпейді десек те, сол жарнаманы жасау керек болса, әрине отандық өндірушілерге жасаған абзалырақ. «Сайман» электрсанауыштары сіздерді артық төлемнен құтқарады. Себебі, сапасы нарық талабына сай. Біз бүгін отандық өндірістің көшбасшыларының қатарында келе жатқан «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Ақжанов Ж.Қ. мырзадан жоғарыда аталған үнемшіл газ санауыштардың артық-кемі туралы егжей-тегжейлі сұрап білдік. Қазақстан нарығында 27 жылдан бері халыққа сапалы және қолжетімді электрсанауыштар (счетчик) ұсынып, тұтынушыларының сұранысына ие болып жүрген «Сайман» компаниясы жақында тағы бір жағымды жаңалығын жұртшылыққа жариялады. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің көшбасында тұрған Германия мемлекетінің атақты ZENNER атты брендімен бірлесе отырып жасалған «Saiman – Zenner» газ санауыштарының отандық өнімдерін өндіріп, тұтынушыларға ұсына бастады. Қазіргі қымбатшылық кезеңде газды пайдаланушы азаматтар, жеке кәсіпкерлер немесе компаниялар жалпы тарифпен төлегеннен гөрі, нақты пайдаланылған газ өнімі үшін тиісті соманы төлегенді қалайды. Мәселен, сіз санауышыңыз болмаса газ отынын  пайдаланған көлеміне қарамай белгілі бір соманы төлеуге міндеттісіз. Ал, бұл өте тиімсіз, көпшілігімізге соншама ұнамайтыны ақиқат. Ал, «Сайман» зауыты ұсынып отырған газ санауыштары аталмыш мәселенің бірден-бір нақты шешімі десек қателеспейміз. Көлемді диафрагмалық газ санауыштары СГ-G1,6-01-Д, СГ-G4-01-Д және СГ-WG6-01-Д болып бөлінеді. СГ-G1,6-01-Д санауышы пәтерлерге қолдануға арналған, СГ-G4-01-Д және СГ-WG6-01-Д болса жер үйлерде немесе кәсіпорындарда қолданылады. Санауыштардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген және өзінің техникалық сипаттамаларымен СТ РК ГОСТ Р 50818-2016 талаптарына сәйкес келеді. Газ санауышы үш негізгі құраушыдан тұрады: ұнтақ жабындымен қапталған гальвандалған болаттан жасалған ауа өткізбейтін корпус; өлшем механизмі; есептеу құрылымы. Корпустың қаптамасы санауышты қолданған кезде ұшқынның пайда болуынан қорғайды және тот басудың алдын алады. Механизмнің бөлшектері химиялық әсерлесу үрдісіне шыдамды пластмассадан жасалған. «SAIMAN-ZENNER» газ санауыштарының тамаша ерекшеліктері де баршылық: * Сақинасы тот баспайтын болаттан жасалған. * Есептеу механизмі артқа жүруден және өз өзінен жүруден қорғалған. * Температураға байланысты газ есептеуін түзетеді. * EFFBE мембраналары (Франция) қолданылады. * Есептеу механизміне мембранадан айналым магниттік жетек арқылы беріледі. Осылайша мембрана мен сыртқы есептеу механизмі арасында механикалық байланыс жоқ. * Санауыштардың ауа өткізбейтін корпусы жоғары сапалы болаттан жасалған. * Корпустың қаптамасы санауышты пайдаланған кезде ұшқынның пайда болынан және тот басудан сақтайды. * Қашықтан деректерді алу сенсорларын қолдану мүмкіндігі. * Жеңіл салмақты, тартымды сырт көрінісі. Жоғарыда аталған газ санауыштарын кез келген жеке тұлға да, заңды тұлға да өз қалауы бойынша пайдалана алады. Егер сіз артық шығынсыз, үнемшіл болғыңыз келсе көп ойланбастан SAIMAN-ZENNER газ санауыштарына таңдау жасаңыз. Қазақстан нарығында 27 жыл бойы сапалы да тиімді құралдарын ұсынып, ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген «Корпорация Сайман» ЖШС өнімдері туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе хабарласыңыз: +7 727 3385188 ішкі нөмірі 302, 304 www.saiman.kz Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_8770.txt
Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 81,3 пайыз бала қамтылады
https://abai.kz/post/8770
"Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 81,3 пайыз бала қамтылады" | "https://abai.kz/post/8770"
30.05.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 81,3 пайыз бала қамтылады URL: https://abai.kz/post/8770 META: "Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 81,3 пайыз бала қамтылады" | "https://abai.kz/post/8770" DATE: 30.05.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 144 TEXT: ТАЛДЫҚОРҒАН. 30 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Биыл Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 222 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр, бұл көрсеткіш  балалардың жалпы санының 81,3 пайызын құрайды. Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 94 млн. теңге бөлінді. «73 млн. теңгені аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балаларды демалыспен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жалпы облыс бойынша бұндай санаттағы балалар саны 22 мыңға жуық», - деп түсіндірді білім басқармасының бас маманы Майгүл Омарова. ТАЛДЫҚОРҒАН. 30 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Биыл Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 222 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр, бұл көрсеткіш  балалардың жалпы санының 81,3 пайызын құрайды. Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 94 млн. теңге бөлінді. «73 млн. теңгені аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балаларды демалыспен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жалпы облыс бойынша бұндай санаттағы балалар саны 22 мыңға жуық», - деп түсіндірді білім басқармасының бас маманы Майгүл Омарова.
qosymsha/abai.kz
post_46227.txt
Көпір салуға кететін шығындар 30%-ға азаяды
https://abai.kz/post/46227
"Көпір салуға кететін шығындар 30%-ға азаяды" | "https://abai.kz/post/46227"
10.11.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Көпір салуға кететін шығындар 30%-ға азаяды URL: https://abai.kz/post/46227 META: "Көпір салуға кететін шығындар 30%-ға азаяды" | "https://abai.kz/post/46227" DATE: 10.11.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 512 TEXT: Алматы әкімі Бауыржан Байбек «БЖК-2020», «Нұрлы Жол» бағдарламалары мен ГПИИР-дің 2015-2019 жылдарғы екінші бесжылдығы құрамына енген әрі қала әкімдігінің қолдауына ие болған кәсіпорындарды аралап көрді. Мысалы, «АЗМК» ЖШС-нің басшылығы қала әкіміне темірбетон өнімдері мен конструкцияларды жасап шығаратын жаңа жоғарытехнологиялы қондырғыларды көрсетті. Зауыт арнайы қондырғылар арқасында көпір құрылысына қажет постылық тіреулердің құнын 30 пайызға арзандатқан және өнім барынша сапалы. «Біз сапа сертификатын алдық әрі түрлі елдің 60 тәуелсіз сарапшыларын шақырып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Олар біздің жасаған технологиямыздың бюджетті 30 пайызға үнемдейтіні жөнінде қорытынды жасады. Егер ресейліктер НК-120 қондырығысымен жұмыс істесе, біздің балкілер НК-180 арқылы орнатылады. Бұл Европ алық сападан жоғары. Оның үстіне тіреуіштердің салмағы төмен, қуаттылығы жоғары. Бұл созылмалы болат арқандар арқылы жүзеге асады. Біз кез- келген жобаға сай болатын қажетті ұзындықтағы балкілерді жасай береміз, өнімнің арзан болуы да сондықтан» , - деп атап өтті кәсіпорын басшысы Шухрад Шардинов . Бұлардан өзге зауыт су арналарын бекітетін өзіндік құны жағынан төмен жоғары сапалы заттарды да шығарады. Соның арқасында кәсіпорын бордюлерді арықтар мен оның жағалауларын берік ететін өнім шығаратын 5 кәсіпорын арасында үздік деп саналады. Бүгінде кәсіпорындағы 5 адам арықтар үшін қажет 1000 плиталарды шығарады, өзге жерлерде 100 плита шығарумен 25 тен 50 адамға дейін айналысады. «Сапалы әрі арзан өнімнің арқасында бізге өзге қалалардан тапсырыс берушілер де көп. Бізден 2600 км қашықтықта жатқан Атырауға да өнім жібереміз, ал ол қалада 2 темірбетон зауыттары бар» , - деді Ш.Шардинов. «Субсидия бағдарламасына қатысты қала қажетті қолдауды көрсететін болады.Барынша сапалы әрі арзан өнімдеріңіздің арқасында сіздер ескі үйлерді сүру бағдарламасына да қатыса аласыздар. Келер жылы жағалауларды, бордюрлерді мықтылау бұйымдарын сатып алу жспарлануда. 4 жаңа желіні сатып алу барысында өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тапсырысты көбейтіп, өнідірісті дамытып келесіздер» , - деді әкім. Қала басшысы бұдан соң «Ескі үй», «Нұрлы жер», бағдарламаларына қолдау білдірген, 2010 жылы құрылған, құрылыс материалдарын шығаратын «Нұрсапа бетон» зауытында болды. «Біз цемент пен бетон шығаратын зауыт салдық. Оның өнімділігі сағатына 110 текше. Біздің қондырғыларымыз түгелдеей дерлік европалық және халықаралық стандарттарға сай. Барлық сыныпты бетон шығарамыз,өте жоғары – 650, тіпті 700-750 сыныптыны да шығара аламыз. Біз тапсырыс берушінің барлық талаптарын қанағаттандырамыз. Түрлі құрамдағы бетонды жасаймыз» , - деді «Нұрсапа бетон» ЖШС директоры Асан Шаймаханов. Қазіргі кезде зауыт бетонның 36 түрін шығарады, соның ішінде үлкен сұранысқа ие әрі экологиялық жағынан таза керамзит-бетоны әрі ол 9 баллдық сілкініске де төтеп береді. «Қазір біздің жұмыспен қамтылуымыз – 30%, бұл жақсы нәтиже, қазан айында ғана ашылдық, 106 млн. теңге болатын 8,5 мың текше бетон шығардық. Ай сайын 6 мың текше бетон шығаруды жоспарлаудамыз. Кеткен шығынды бір немес 1,5 жыл ішінде жабамыз, қондырғылар 15 жылға дейін үздіксіз жұмыс істейді. Біз қыс айында толық күшімізге енеміз деп жоспарлаудамыз, өйткені бізде ыстық су, бу, қажеттілердің барлығы бар. Қыс кезінде көптеген шағын зауыттар тоқтап қалады, ал біз қуаттылығымызды арттырамыз» , - деді А.Шаймаханов. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау Картасына екінші бесжылдықта жалпы құны 175,3 млрд. болатын 80 жоба енген. Бұл жобалар жүзеге асса 11 374 жаңа жұмыс орны пайда болады. 2015 жылы құны 4,7 млрд. теңге болатын 7 жоба жұмыс істей бастады және 269 жұмыс орны пайда болды. Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында құны 32,2 млрд. теңге болатын 21 жоба іске асып, 2262 жұмыс орны ашылды. abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_178979.txt
Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында
https://abai.kz/post/178979
"Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында" | "https://abai.kz/post/178979"
23.01.2024
Ерік Омарғалиев
null
TITLE: Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында URL: https://abai.kz/post/178979 META: "Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында" | "https://abai.kz/post/178979" DATE: 23.01.2024 AUTHOR(s): Ерік Омарғалиев TOTAL WORDS: 712 TEXT: «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ ОТАНҒА...» Бүгінгі күні аласапыран әлемдік саясат сайқал түлкідей мың құбылған заманда «Патриотизм» тақырыбы қашанда өзекті. Сол себепті, «Шығыстан шыққан күндей» жарқыраған, жалпы Алаштың Руханият кеңістігіндегі  жастардың отансүйгіштік рухына тәнті болу үшін  жас ақындар  Оразай Жеңісұлы, Мәди Ахметкәрімді және  кітапханашы Инеш Ахтанова ханымды сөзге тартқан едік. «Жалынды жастардың» Отанына деген  жеке пікірін, өзіндік оқшау ойларын оқырмандар назарына ұсынып отырған жайымыз бар. Мәди Ахметкәрім, жас ақын: – Патриот болу: Отанын сүю, жерін қорғау. Өз ұлтының ана тілін ардақтау, атадан балаға берілген құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтау. Ұлттық дәстүрді сақтау. Ұлттық сананы сақтау. Осы төрт шартты түгел орындап жүрген адамды патриот деуге болады. Патриотизм ауызбен айтылатын сөз, өлең, жыр емес. Патриотизм ұлттық сананың бөлінбейтін бір бөлігі. Қазір біз ашық ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Батыстан, шығыстан ұлт болашағы үшін тиімді - тиімсіз ақпараттар ағылып келуде. Осы ақпараттар ағынында біздің жастарымыз адасып өзін жоғалтып алмас үшін, ұлттық минталитетімізді, негізімізді сақтап қалу үшін жастардым патриоттық сезімге тәрбиелеу өте маңызды іс... Ал, келесі болып, ағынан жарылып, сөз бұйдасын ағытқан өрелі ақынымызға зер салалық: Оразай Жеңісұлы, ақын: – Тәуелсіздік қазаққа қымбатқа түсті ғой... Сондықтан Отанның қадір-қасиеті біз үшін зор. Ең қастерлі ұғым. Кей-кейде кеудеңе қолыңды қойып, көк байраққа көз тігіп әнұран шырқап тұрғанда бір леп кеудеңнен ытқып шығып көмейде жалын, көзде жас боп іркіледі. Бұл сүйіспеншілігің, көкейдегі үмітің, көңілдегі алаңың тоғысқан сәт пе деймін. Дәл қазір аумалы-төкпелі заман ғой... Мұндайда ақсақал болмасаң, ел ертеңіне елеңдейсің. Отаның – барың! Ата-бабамыз сан ғасыр бойы бостандық бастауына қаталап келді. «Тар жол, тайғақ кешумен» қол жеткізген Тәуелсіздік туын жықпау парыз ба – парыз. Жастар деген ырық бермейтін бұла күш. Оны бұғаулай алмайсың. Тек бағыт сілтеп отыру керек шығар. Сол бағыт отансүйгіштік болар. Менің замандастарымды бір сөзбен сипаттау мүмкін емес. Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында сияқты көрінеді. Сондықтан жастардың танымы, түсінігі де алуан түрлі. Бірақ бабадан «жастың жаманы жоқ» деген сөз қалған. Жастардың ортақ ата-анасы мемлекет қой. Жөн сілтей алса, жастар жол табады ғой. Тілдің түйіні біртіндеп шешіліп келе жатыр деп ойлаймын. Бұл өзі жалқы мәселе емес. Тілге байланысты түйіткіл көп. Жалпы ана тілдің мерейін көтеру әрбір азаматтың мойнында. Сондықтан өзіңнен бастап кетсең болғаны. Бұл көппен емес, еппен шешілетін шаруа деп ойлаймын. Ұлтжандылықты ұрпақтың басынан қара бақайына дейін сіңіру керек. Мұның жолы көп. Тек тізгін ұстаған адамдар ынталы болса болғаны. Әлбетте, жақсы үдеріс. Қазір өзі сең қозғалғандай ғой. Бөгетті бұзып жаратын бұла күш жастар екенін жаңа да айттым. Соңғы сөз –сауалымызды кітапханашы Инеш ханымға қойғанымызда, ол да шын ізгі ниетімен, ұлтжандылық бейілімен, патриоттық шынайы сана - серпінде сыр ақтара жауап берген еді: Инеш Ахтанова, кітапханашы: – Отан - сенің туған елің, туған жерің. Отан - бұл өзіңінін тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.  Отан ұғымы нені білдіреді десеңіз мен үшін Отан- бүкіл әлем. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Отаным көркейіп өсіп өніп жатқанда адамнын өміріде соған сай болады. Келешекке жоспар, арман мақсаттар қоясын. Сондықтан еліміз туған жеріміз, отанымыз аман болсын. Елімізде тыныштық бірлік береке болсын. Менім Отаным - Қазақстан. Өз елімнің патриотымын. Ұрпағымыздың кеудесінде азаматтық намысы бар, білімді, туған елін жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екіншісі - білім беру мекемесі. Осы екеуі мықты тәрбие берсе әр балада патриоттық сезімі жоғары болады. Еліміздің келешек тұтқасын ұстайтын жастарды осы бастан Отансүйгіштікке, Отанына атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеу басты мақсат болу керек. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Қазақтың ырым - тиымдарын сақтайтын жастар бар. Тұрмыстық салт - дәстүрлер әр жерде әртүрлі болып келеді. Өзіміздің өңірдің дәстүрлерін білетін сақтайтын жастарымыз аз емес. Тіл - ең асыл құндылық. Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Қазақ тілін білген азамат әдет - ғұрыптармен салт - дәстүрлердіде ұмытпайды. Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, ұлттық мәдениетте. Ал ұлттық кодты сақтау үшін салт - дәстүрді, тілімізді, тарихымызды және менталитетімізді ұмытпауымыз қажет. Өзін елінің шынайы патриотымын деп есептейтін әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерге құрметі жоғары болуы қажет. Рәміздерді құрметтеу – елді құрметтеу. Біз де өз тарапымыздан «Жалынды жастарға» жұмыстарына жеміс, өнерлеріне үстемдік тіледік! Алтайдың асқар шыңындай ойлы, Шығыстың шырайындай бойлы, қаламгерлік қуатын республикаға танытып жүрген ақын жастар мен кітапхана қызметкері бар... Барлығы дерлік, осылайша көкейлерінде жүрген өз ойларын «Патиротизм» ұғым-түсінгі аясында ортаға сала білді. Әзірлеген Ерік Омарғалиев Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_40290.txt
ҚАЖЫМҰҚАНҒА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ
https://abai.kz/post/40290
"ҚАЖЫМҰҚАНҒА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ" | "https://abai.kz/post/40290"
08.09.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚАЖЫМҰҚАНҒА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ URL: https://abai.kz/post/40290 META: "ҚАЖЫМҰҚАНҒА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ" | "https://abai.kz/post/40290" DATE: 08.09.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1944 TEXT: 1938 жылы жазға салым Тәжікстандағы бүкіл қазаққа Қажымұқан палуан келе жатыр деген хабар тарады. Қазақ атаулы түгел құлақтанып, тәжіктерге өздерінің кім екенін білдіретін мүмкіндік туғанына қуанды. Жалпы, Тәжікстан кеңес өкіметі кеш орнаған республика болатын. Алыс таулы аудандарда кеңестік тәртіпті мойындамау, бағынбау, басмашылық, қарақшылық қырқыншы жылдарға дейін созылды. Сондықтан ба екен, айналада кімнің дос, кімнің жау екенін ажырату оңай емес-тін. Бірақ тәжіктердің көбі кіммен болса да ортақ тіл табысып, қазақтарға жақсы қарады. Өз басым әке-шешемді қалтқысыз құрметтеген талай тәжікті білемін. Көп кешікпей зарыға күткен цирк те келіп, (біздің үйге жақын жердегі) базар алаңына шатыр тікті. Шағын вагондар қатарласа тізіліп, үйретіл­ген жануарларға (ат, түйе, аю, ешкі, ит) ашық қо­ра­лар жасалды. Тәжіктер музыкаға бейім, өнерлі, би десе кәрі демей, жас демей «жанып» кетеді. Цирк келді дегенде, ойын болатын күнге дейін ертелі-кеш кернейлетіп, сырнайлатып, ән шыр­қап, би билеген тәжігі, қазағы, өзбегі аралас ха­лық қуанышында шек болмады. Цирк ашылатын күні де солай болды. Бір кезде «ойын басталады» деген дауыс естілді. Жұрт тынышталды, ойын өтетін алаң мұқият тазартылды. Музыка ойнап, цирк алаңына оң қолын жоғары көтерген Қажымұқан шықты. Үстін­де спорт кәстөмі. Ары-бері асықпай жүріп, жұртқа тағзым етті. Жаршы оның кім екенін, атақ-дәре­же­сін жариялап болысымен: «Ал іштеріңізде дү­ние­жүзіне бел­гілі пал­уан­мен күш сынасам дей­тіндер бар ма, бар болса, ортаға шық­сын!» – деп хабарлады. Сәлден соң ұлты белгісіз, бірақ, мұсыл­ман­ша киінген біреу, одан кейін нақ сон­дай тағы біреу, тағы, тағы­лар шығып жатты. Қажы­мұқанға шақ келген ешқай­сысы жоқ, әрине. Бәрі­нің жауырыны жер иіскеді (ол­ар­дың алдын ала дайын­далған цирк­тің өз адамдары екенін кейін білдік). Палуандар күресінен кейін алаңға өзге әртіс­тер шықты: гимнастикашылар, жонглерлер, үй­ре­тілген жануарлар дегендей. Әсіресе, масқара­паздар­дың (клоун) өнеріне тәнті боп, тө­бе­лері көкке жеткендердің екі езу­лері құла­ғында. Үзілістен кейін алаңға қайта шыққан Қажы­мұқан біресе білектей темірді доғадай иіп, біресе екі пұттық тасты басынан айналдыра оңды-солды үйіріп, бұлшық еттерін ойнатып, талай тама­шаға кенелтті. Онан соң бірнеше әртіс – бірі Қажымұқан­ның арқасына, бірі төсіне, бірі иы­ғына жабыла мініп, аяғы ғана көрінген батыр алаңды айнала жүріп өтті. Ең соңында алаңға қалың етіп ағаш үгіндісі төгілді. Оған Қажымұқан арқасымен жатып, тұла бойын көмкере тақтайлар мен тіреуіштер қо­йыл­ды. Бұл батырдың бүгінгі соңғы «өнері». Қазір кузовына адам толы полуторка машина палуан­ның үстімен жүріп өтеді. Жұрт у-шу. Кейбіреулер көруге бата алмай, көздерін қолымен жабады. Кенет кернейдің даусы естілісімен, машина қас қаққанша палуанның үсті­мен өте шықты да, алаңның қарсы бетіне барып тоқ­тады. Демдерін ішінен алған көрермендер палуан аман ба, жоқ па, біле алмай дал. О, ғажап! Төрт адам көтеріп әкелген тақтай­лар мен тіреуіштерді жан-жаққа сарт-cұрт лақты­рып, астынан Қажымұқан атып тұрды. Дін аман. Кө­ре­рмендер ышқына ай­қай­лап, көздеріне жас ал­ғандар, теріс айналғандар қан­шама. Кер­ней-сырнайдың үні құлақты жарып барады. Қатты қорыққан мен бақырып жылап жібердім. Жанымда отырған Шынар әжем беті­ме мұздай су бүркіп, есімді жиғызды. Ойыннан кейін бүкіл қазақ цирк алаңына жақын жер­дегі біздің үйге жиналып, әне-міне де­генше бір баспақ, бір қойдың еті қазанға салынды. Үлкен бөлмеге мол дастарқан жайылды. Мені орталарына алған әкем, тағы бірнеше жасы үлкен ақ­сақал палуанды дәмге шақыруға бар­дық. Суға шайынып, киімін ауыстыр­ған палуан иығына қазақы жібек шапанын жауып, басына тақиясын, аяғына жылы шұлық киіп, ағаш скамейкада демалып отыр екен. Бізді көріп жылы жымиды да, үлкендермен жеке-жеке қол беріп амандасты. Мені жерден іліп алып жоғары көтерді де, маңда­йым­нан бір сипап, төмен түсірді. «Үйлеріңнің жа­қын­дығы жақсы екен, машинадан жа­лықтым», – деп баруға келісім берді. «Барша әртісті ертпей­сіз бе?» – деген әкеме: «Қа­же­ті жоқ, олар ертеңге дайындалады», – деп жалғыз жүрді. Үйге келдік. Қора толған қазақтар екі жарылып, палуан ортада келеді. Есік алдында қо­лын жуып, кең бөлмеге кірдік. Қадірлі адамдар осын­да, орын жетпегендер көрші бөлмеге отырды. Бір таңғалғаным, батыр тамақты аз жеді. Бас­тан ауыз тиген соң, бір құлағын маған кесіп беріп, жамбастың еті­нен бір кесіп аузына салды да, екеуін де қасындағы ақса­қал­ға ұсынды. Ол да солай жасап, палуанның сар­қыты бүкіл үйді аралап шық­ты. Дәу табақ еттен де ман­ды­тып дәм тат­қан жоқ. Дабыр-дұбыр, ле­пір­ме сөз, ән, күй болмай, палуанның әңгі­месі тың­дал­ды. (Алдын ала да­йын­далған) ішімдік бөтелке­лері ашылмады. Қажы­мұқан «ке­регі жоқ» деген соң тентек судан ұрт­тауға басқалар да бата алмады. Әкем үй иесі ретінде дас­тар­қан басын­дағыларды пал­уанға кезек-кезек таныстырып, көрші бөлмедегі­лер де естісін деп, қат­тырақ сөйлеп отырды. Әкемнің Қажымұ­қан­мен бұ­рын­нан таныс екені де аңға­рылмай қалған жоқ. Қонақ­тардың қан­ша отырға­нын білмеймін, ұйықтап кетіппін. Ертеңіне болатын ойынға мені апарған жоқ. Ойын болды ма, жоқ па, оны да біл­мей­мін. Цирк­тің қанша күн өнер көрсет­кені де жадымда жоқ. Бірақ цирк жабылар қар­саңдағы көрі­ніс есім­де. Әдет­тегі ойын бітіп, палуанның үс­тінен машина өте­тін кез жеткенде бұ­рын­ғыдай емес, ештеңе болмайтынын біліп жай­ба­рақат отыр­ған жұрт кенет жай түскендей улап-шулап, дүр­лікті де кетті. Палуанға қалқан болған «көпір­дің» кілт шөгіп, төмен түсуіне сол да жеткілікті еді. Кузовтағы адамдар дереу секіріп-секіріп түсіп, оларға кө­рермендер қосы­лып, алаңға ұм­тыл­ды. Бұл екі арада «көпір» астынан өңі боп-боз боп, әзер көте­рілген Қажы­мұқан маши­на­ның жанына тәлтірек­теп барды да, шоферді тік көте­ріп алып, дөң­гелектің астына атып ұрды. Арғы жағын ашу-ызасы тасып-төгіл­ген көп­шіліктің өзі «тындырып», жүр­гі­зушіні жаһан­намға аттандыра салды. Бірнеше адам Қа­жы­мұқанды зем­білге салып, алаңнан алып бара жатты... Содан бастап «палуан сахнаның сыртында жан тәсілім етіп­ті», «шо­фердің өлі­мі үшін тұтқынға алыныпты», «түн жарымда әлдебі­реулер тауға қа­шы­рып жібе­ріпті» дегендей бі­рі­нен-бірі өте­тін небір қорқы­нышты өсек-аяң гулеп берсін. Ал Қажы­мұ­қан­ның сол жоқтан жоқ болып, суға бат­қан­дай із-түз­сіз кетке­ні анық-тын. Осы оқиғадан кейін барша қазақтың еңсесі түсіп, жабыр­қап, жасып жүрді. Әкем де үй­ден шық­пай, ма­ши­наның арт­қы дөңгелектері мен моторын алып тастап, күні бойы соларды шұқы­лай­ды да отырады. Мені ешқайда жі­бер­мейді. Гу­ма­нитар­лық көмектер сап тиыл­ды. Анда-сан­да ұсқынсыз біреулер әкем­нің жанына кеп, тұ­рып-­тұрып қай­тып кетеді. Үш дөңгелекті ве­ло­си­пе­дім бар еді, соны мен де күні­не бір­неше рет бұзып, бір­не­ше рет жөн­деймін. Одан жалық­сам, үл­кен бөл­меге кіріп, төрге жи­нал­ған төсекті бұ­зып ойнаймын. Бұрын көрпе, көрпе­шелер сан­дық­тың үстінде тұратын еді. Неге екенін қай­дам, қазір сан­дықтың орнында сырты киіз­бен оралған – шөккен түйе­дей – бума тұра­ды. Өзі тым үлкен, биік. Көрпе, көр­пеше­лер соның үстінде. Көр­пе­лерді еденге құ­латқан соң, бума­ның үстіне әрең шығып, төмен­ге қар­ғимын. Мүмкін­дігінше алыс­қа секі­руге тырысамын. Кейде әлгі бума мені өз-өзі­нен лақты­рып жібер­ген­дей болады. Бұға­нам сына жаздайды. Бір жолы түн жарымда оянып кеттім. Ұйқым қашып, әлде­неге елегзи­мін. Жанымда әкем де, шешем де жоқ. Бүйір­дегі бөлмеден болар-болмас жа­рық байқала­ды. Жақын барып қа­ра­сам, есік пен төрдей жерде спорт кәстөмін киген таудай адам созылып жатыр да, әкем оның аяғын уқалап, шешем үлкен кесеге құйған шайды тең­селте шайқап отыр. Мені байқаған жоқ. Таудай адам бірінші байқап, түре­геп отырды да: «Бүгін арқам­ды уқа­лаудың керегі жоқ, оны мана күн­діз мына бала тындырды», – деп күлді әке­ме қарап. Таудай адам Қажымұқан еді. Қор­қып кетіп, анамның артына тығыл­дым. Тау­дай адам қасына шақырып, тізесіне отыр­ғызды, басымнан сипады. Ешкім үндемейді, мен ұялғаннан төмен қараймын. Анам шамды сөндіріп, тез жаттық. Ертеңіне ұйқыдан оянысыммен әкем ешкімге ештеңе айтпауымды ескертті. Өзі кешке қарай машинаны апыл-құпыл жөндеді де (машина бұған дейін де бабында болса керек), қараңғы түсісі­мен Қажымұ­қан­ды кузов­тың түбі­не жат­қызды. Үстіне азық-түлік салған қап, қор­жын, басқа да бір­де­ңелер тиеп, кабинада жапа­дан-жал­ғыз әлде­қай­да түнде­летіп жүріп кетті. Бір­неше күннен ке­йін үйге оралды. Әкем­­нің аман-есен кел­геніне, Қажы­мұқан­ның қа­уіп-қа­тер­ден құтыл­ғаны­на шү­кірлік ет­тік. Осыдан кейін, не­ге екенін қайдам, қа­ла­дағы үйді тастап, қазақтар тұратын «Орд­жо­никидзе» колхозына көшіп бардық. Неміс колонис­тері­нен қалған – едені це­мент – аңыраған суық үйге орналас­тық. Әкем Орзоб ГЭС-іне механик боп кірді. Ол жерде суық тиіп сырқаттанған соң, колхоз бастығына жұмысқа жарамсыз екі жүк машинасынан бір машина құрастырайын деп өтініш айтты. Бастық қарсы болған жоқ. Бұған кемі бір-бір жарым ай уақыт керек екен. Сондықтан әкем анам мен мені пойызға отырғызып, Ташкенттің маңындағы туған жері – Жаңажол ауданына жіберді. Онда туған-туыстарды армансыз аралап, бір айдан кейін Сталинабадқа аттану үшін Кауфманская стансасына бардық. Жанымызда – бізді шығарып салуға келген анамның шешесі Бусара мен туған інісі Қуанышбек нағашым. Майда-шүйдені айтпаған­да, іші сәлем-сауқатқа лық толы екі бума жүгіміз бар. Екеуі де зілдей ауыр. Бұл жерге пойыз кейде бес минут тоқтайды, кейде тоқ­тамай, баяу жүріс­пен өте шығады екен. Үлгерсең міндің, үлгермесең қалдың. Билет қолда болса да, көңіл алаң. Залда бізден басқа адам жоқ. Кенет есік жақтан аяғына саптама етік, бұтына галифе шалбар, үстіне сырма көйлек киіп, белін жалпақ белдікпен буған зор денелі адам алақ-жұлақ етіп кіріп келе жатты. Залды көзімен шолып, бізді көрісімен, ентелей жүгірді.  Жүрісі ширақ, жеңіл. Қажымұқан екен. Аяқ астынан мәре-сәре болдық та қалдық. Қуанышбек нағашым перронға шығып кетті. Қажы­мұқан анамның жанына отырып, бірдеңе­лерді айтып жатты. Мен оның тізесіне шықтым да, жырық-жырық құлақ­тарының біріне азар ілініп тұрған оймақтай қызыл етті жайлап ұстап көрдім. Басын қозғаған сайын оймақтай ет діріл қағып қозға­лады. Дүрдиген үлкен мұрны да түртіп қалсаң, түсіп қалатындай көрінеді. Кенет есіктен көрінген Қуанышбек наға­шым: «Пойыз келе жатыр, тоқта­майды екен!» – деп дауыстады. Асығып-аптығып сыртқа ұмтылдық. Екі буманы екі қолына ұстаған Қажымұқан перронға шыққан соң бірін әжеме, бірін нағашыма ұстата сап, пойызды күттік. Пойыз таяй бергенде алдымен вагон ішіне мені доптай атып жіберді. Ізінше анамның мінуіне көмек­тесті. Онан соң орғып барып, пойыз жүрі­сіне ілесе алмай, кейін қала берген наға­шым мен әжемнің қолындағы екі бума жүк пен жеңілдеу заттарды әкеп алдымызға тастады да: «Қош бол! Әбдірахманға сәлем айт!» – деп ай­қайлады. Даусы тарғыл­данып, құмығып шық­ты. Көзінен жас ыршып кеткендей көрінді маған. Бізді шығарып салған адамның кім екенін білген пойыздың жолсеріктері мен былайғы жолаушылар анам екеумізге елден-ерек ілтипат білдіріп, Сталинабадқа жеткенше қас-қабағы­мызға қарап барды. Пойызға отырған соң анам мені көпке дейін сөйлетпей, ананы-мынаны айтып қақпайлай берді. Тек Сырдариядан өткенде ғана шешіліп, Қажымұқанның құлақтары неге жырым-жырым дегеніме, ол жапон палуанының ісі деді. Онан соң кілемге үсті-басына сабын жағып шыққан судан­дық зәңгінің аузына шеңгелін салып, бас терісін сыпырып алғаны жайлы айтты. Бәрін білуге құмартқан мен: – Сталинабадта оны не үшін өлтірмек болды? – дедім анама. Барлығын да бұрыннан жақсы білетін анам: – Ол жергілікті НКВД адамдарының ісі. Қажымұқанды жапон тыңшысы деп көзін жойып, біреулерге жағынғылары келген болса керек. Бірдеңе десе, машина астына түсіп өлген өзі дей салу түк емес. Алайда арам ойлары іске аспай, өздері ит болды. Сол қарғыс атқан күні батырды жаншып өлтіргісі келген шоферге алдымен кузовтан секіріп-секіріп түскен – көбі қазақ – адамдар жол бермей, палуанды аман сақтап қалды. Жауыздардың ызаланған адамдар қастандық жасаушы, әрі бірден-бір куәгер шоферді сол замат жоқ қылады деген болжамдары дәл келді. Қастандық ұйымдастыру­шылардың Қажымұқан машина астында жазым болмаған жағдайда жаппай тәртіпсіздік белең алып, ызғын-шу үстінде батырды байқатпай атып тастай саламыз деген пасық ниеттері орындалмады. Есесіне, ашулы халық сүйікті палуанын іздеп, түні бойы жер-жердің бәрін шарлады, цирк вагондары мен базар­дағы қойма, дүкендерді қиратып, тас-тал­қанын шығарды, жойды, бүлдірді. Бірақ батырды олар да, қаскүнемдер де таба алмады. Қастандық жасалған кештегі апақ-сапақ ке­зінде Қажымұқанды әлдебір сенімді адамдар көр­ші үйдің қорасы арқылы біздің үйге әкеліп жасырып, өздері «палуан қашып кетті» деген лақап таратып жібереді. Тіпті «Амудария арқылы өз қо­лымызбен Ауғанстанға шығарып салдық» деуші (аты бар, заты жоқ) адамдар да табылып жатты. Қажымұқан дүрбелең біткенше біздің үйде жатты. У-шу саябырлаған соң әкем Денау, Сұр­хандария (Жиделібайсын), Қашқадария арқылы палуанды Самарқан жақтағы Жизақ өлкесіне апарып, сондағы азуы алты қарыс қыпшақ ағайын­дарының қолына тапсырады. Ол­ардың бас көте­рер азаматтары тез­де­тіп Ташкент арқылы Мәс­кеумен байланысады. Ондағылар Қажы­мұ­қан­ға ешкім тиіспесін деп Жарлық берген соң ғана палуан еркіндікке шығып, Ташкент маңа­йын­дағы ел-жұртты аралайды, қонақ болады. Сонда анам екеу­міздің келгенімізді естіп, бізді іздеп табады. Қажымұқанға Сталинабадта жасалған қас­тандық сыры осындай. Ол туралы әлі күнге дейін айтылған-жазылған ештеңе біл­меймін. Анам марқұм Мұратқан Тәнекеев деген кісі Қажымұқан туралы кітап жазарда Алматыдан әдейі іздеп келіп, біраз мағлұмат алды деуші еді. Кейін кітабы шыққанда жөнді ештеңе кездестіре алмадық. Себебін білмеймін. Не анам толық айтпады, не цензура жібермеді, бірдеңе деу қиын. Жалпы, Қажымұқан жөнінде дерек-мәліметтер жұтаң. Айтылатын сөздер бір-бірінен алыс емес, егіздің сыңарындай ұқсас. 51 медалінің бәрін сатып жіберді немесе жоғалып кетті дегенге кім иланады? Жұмбақ. Олардың бәрін жіктеп-саралау менің міндетіме жатпайды. Бұл жерде жетпегенді жеткізіп, толмағанды толтыра қояйын дейтін де ниетім жоқ. Көзім көріп, куә болған, өзім білетін нәрсені ғана ортаға салғанды жөн көрдім. Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша Қажымұқан балуанның 75 жасындағы  дене құрылымының өлшемі: 1. Салмағы – 174 kg 2. Бойы – 195 см 3. Кеудесінің аумағы – 146 см 4. Балтырының аумағы – 49 см 5. Мойнының жуандығы – 56 см 6. Бас аумағы – 65 см 7. Ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см 8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см 9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см 10. Аяқкиімі – 54 өлшем Абай ТҰРСЫНОВ, техника ғылымының докторы, профессор "Жас қазақ" газеті
qosymsha/abai.kz
post_13512.txt
Қазақтың шығу тегін зерттейтін жаңа ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады
https://abai.kz/post/13512
"Қазақтың шығу тегін зерттейтін жаңа ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады" | "https://abai.kz/post/13512"
14.05.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қазақтың шығу тегін зерттейтін жаңа ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады URL: https://abai.kz/post/13512 META: "Қазақтың шығу тегін зерттейтін жаңа ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады" | "https://abai.kz/post/13512" DATE: 14.05.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 245 TEXT: АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоры» қазақ халқының, қазақ тілінің және қазақ мәдениетінің шығу тарихын зерттеуге арналған «Қазақ тегі» деп аталатын  жаңа ғылыми-зерттеу жобасының іске қосылғанын  жариялады. Ол «Қазақ халқының шығу тегі», «Қазақ тілінің шығу тегі» және «Қазақ мәдениетінің шығу тегі»деген үш  ғылыми-зерттеу серияларынан құралады. Жоба авторлары - Борис Шырдабаев пен  Ұлан Әбіш. АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоры» қазақ халқының, қазақ тілінің және қазақ мәдениетінің шығу тарихын зерттеуге арналған «Қазақ тегі» деп аталатын  жаңа ғылыми-зерттеу жобасының іске қосылғанын  жариялады. Ол «Қазақ халқының шығу тегі», «Қазақ тілінің шығу тегі» және «Қазақ мәдениетінің шығу тегі»деген үш  ғылыми-зерттеу серияларынан құралады. Жоба авторлары - Борис Шырдабаев пен  Ұлан Әбіш. «Жобаны әр серияның алғашқы томы болып есептелетін қазақ тілінде басылып шыққан «Қазақ халқының антропологиялық тарихы», «Қазақ тілі тарихы: Фонетика» және «Қазақ халқының табиғат мінажаты және емдеу магиясы» атты кітіптар ашып отыр. Оның алғашқы даналары енді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне,  Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына, Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына және еліміздің бас оқу орындарына тапсырылатын болады», - дейді қор директоры Мейіржан Құрманов. Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты  ғасырлар мен қашықтықтарды шолып, қазақтың ата-бабаларының, олардың тілі мен мәдениетінің қайнар көздерін белгілеп, қазіргі қазақтар мен Қазақстан және Еуразия орталық белдеуінің ежелгі тұрғындарының арасындағы байланыс пен сабақтастықты анықтау. Онда ізденістердің негізіне ежелгі және ортағасырлық жазба деректері, археология, этнография, фольклор, шежіре, материалдық және рухани мәдениет деректері, көршілес халықтардың қазақтар мен олардың ата-бабалары туралы мәліметтер және басқа да деректер алынбақ.
qosymsha/abai.kz
post_65784.txt
Макс Боқаевты жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды
https://abai.kz/post/65784
"Макс Боқаевты жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды" | "https://abai.kz/post/65784"
07.02.2018
Abai.kz
null
TITLE: Макс Боқаевты жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды URL: https://abai.kz/post/65784 META: "Макс Боқаевты жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды" | "https://abai.kz/post/65784" DATE: 07.02.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 130 TEXT: Солтүстік Қазақстанда жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Макс Боқаевты кем дегенде жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды. Осылайша саяси баппен сотталған жазасын өтеушіні қоғамнан барынша оқшаулағысы келеді, дейді оның адвокаты. 2016 жылдың аяғында азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаев Атырау және басқа да қалаларда жерді сатуға қарсы митинг ұйымдастырғаны үшін әрқайсысы бес жылға сотталды. Оларға "араздық туғызды", "жалған ақпаратты таратты" және "заңсыз митинг ұйымдастырды" деген айыптар тағылды. Ереуілдеушілер шетел азаматтарына жерді ұзақ жылдарға жалға беруді қарастыратын Жер кодексін өзгертуді талап еткен еді. Боқаев жазасын Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияда өтеп жатыр. Жақында оның адвокаты Боқаевты қатаң жүйеге ауыстырғанын білген. Бұл сыртқы әлеммен байланысты шектеу дегенді білдіреді: жазасын өтеушілерге телефон соғуға, хат алмасуға, адвокатпен және басқалармен кездесуге тыйым салынады. Макс Боқаев қорғаушысы оны қатаң жүйеге ауыстырудың заңсыздығын сотта дәлелдегісі келеді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_41642.txt
IX. ЖАҢА ШАПҚЫНШЫЛЫҚ ЖЕЛЕУІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫЛЫҚ
https://abai.kz/post/41642
"IX. ЖАҢА ШАПҚЫНШЫЛЫҚ ЖЕЛЕУІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫЛЫҚ" | "https://abai.kz/post/41642"
28.10.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: IX. ЖАҢА ШАПҚЫНШЫЛЫҚ ЖЕЛЕУІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫЛЫҚ URL: https://abai.kz/post/41642 META: "IX. ЖАҢА ШАПҚЫНШЫЛЫҚ ЖЕЛЕУІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫЛЫҚ" | "https://abai.kz/post/41642" DATE: 28.10.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1334 TEXT: Жазушы, тарихшы, көсемсөзші Бейбіт Қойшыбаевтың "Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас" атты еңбегін жалғастырып беріп отырмыз. Басы мына сілтемелерде: http://abai.kz/post/view?id=4553;  http://abai.kz/post/view?id=4554;  http://abai.kz/post/view?id=4579; http://abai.kz/post/view?id=4589 Қазақ еліндегі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда аса еленбейтін ұсақ қақтығыстармен шектеліп келген қазақ-жоңғар қарым-қатынасы, ақыры, 1680 жылы күрт бұзылды. Осы жылы қазақ тағына Жәңгір ханның ұлы Тәуке отырғаны мәлім. Әкесі ел билеген шақта елшілік қызметтер атқарған, алғашқы әскери ерліктерімен көрінген Тәуке сұлтан Болат ханның құзырында да ел игілігі үшін еңбек етіп, әр салада көзге түскен, жұрт ықыласына бөленген. Ол нағыз кемеліне келген, ақыл-ойы толысқан, өмірлік тәжірибесі мол, ерекше қасиеттерге ие сұлтан болатын. Ақылдылығы мен шешендігі, кемеңгерлігі мен данышпандығы оны билеуші әулет өкілдері арасында  айрықша беделді ететін. Салқам Жәңгірдің тікелей ұрпағы болуы, әрі мемлекеттік істерге жастайынан араласып келе жатқандығы оның қазақ тағын иеленуі мүмкін екендігіне күдік қалдырмайтын. Болат хан дүние салғаннан кейін ел ағалары оны бірден ақ киізге отырғызып көкке көтерді. Сонымен, Тәуке хан билікке келді. Тибеттегі буддашы дінбасының шешімімен «шапағатқа бөленген тағдыр иесі» Галдан Бошогту «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» қазақ еліне соғыс ашар қарсаңда келді. Жоңғар әміршісі бұл жолы қалың әскерімен елге тұтқиылдан бас салмаған. Алдымен  қазақ елінің жаңа ханына қояр шартын елшісі арқылы жеткізген... Ал шарты мүлдем тосын естілген еді. Жоңғарлардың жайылым үшін жортуылдап жүретіні бесенеден белгілі болғанмен, бұл жолы Галдан қонтайшының елшісі аузымен Тәуке ханға қойылған талапта ол мүлдем ауызға алынбаған. Елші әуелі Қазақ ханынан Жоңғар әміршісінің лауазымын өйтіп төмендетпеуін және таңданбауын сұрады, сосын Жоңғарияның билеушісі  қонтайшы мәртебесінен өсіріліп хан атанған, қатардағы көп ханның бірі емес – тәңір шапағатына бөленген  хан – Бошокту хан – атағын Тибет мемлекетінің астанасы қасиетті Лхаса (тибетшеден аударғанда – «Құдайлар орыны») шаһарында отырған Далай-ламадан алған әмірші екенін айтты. Міне осы Галдан Бошокту (Қалдан Бошоқтұ), әлем бойынша аса зор оқымысты Зия-пандитаның шәкірті және оның ісін жалғастырушы   Бошокту хан қазақ елінің енді ғана сайланған билеушісі Тәуке ханға арнайы сәлем жолдап отыр. Мәселе мынада. Зия-пандита ұстаздың атсалысуымен осыдан қырық жыл бұрын қабылданған «Ики Цааджин Бичик – Ұлы Заңдар Кодексі»  барлық ойрат хандықтарының мемлекеттік діні етіп Будда иланымын бекіткен. Аталмыш «Далалық заңдар жинағында»  осынау қағидатты тұжырымдауға бас-көз болған Зия-пандита 1462 жылы дүние салған. Сүйегі тиісті рәсіммен өртелгеннен кейін, арнайы бояуға араластырылған күлімен Галдан және өзге де монахтар қасиетті тантра мәтіндерін жазған. Соларды ұстаздың арнайы соғылған мүсіні ішіне салып, Галдан Жоңғарияға алып келген. Содан бері барша жұрт оған ұлы ұстаз ісін бірден-бір жалғастырушы ретінде қараған. Міне сол атақты Зия-пандитаның шәкірті, күллі ойрат иеліктерінің әміршісі Галдан Бошокту хан былтырлары Цааджин Бичикті толықтырды. Будда дінін бұдан былай тек ойраттар ғана емес, Төрт ойрат конфедерациясына кіретін барлық өзге хандықтарда да ұстанатын болады.  Галдан-Бошокту хан күні кеше Моғолстанды тізе бүктірді. Бүгінде бұрынғы Моғолстан жоқ, ол Жоңғарияның ажырамас бір бөлігі, ондағы билеушілер Буддаға бақұл. Тәуке хан да сол жолмен жүрсін. Буддаға сыйынсын. Сонда баршасы ойраттың айдаһар бейнеленген қара туы астында кезінде Ұлы Шыңғыс хан түзген аумақты байырғы мәртебесінде қайта жаңғыртып, жалғанды жалпағынан баса дәуірлейтін болады... Хан ордасында жоңғар елшісін қабылдау рәсіміне қатысып отырған барша ел ағалары шектерін тартты. Демдерін іштеріне алып, Тәуке ханға қарады. Сонда ол қазақ тағы биігінен бәрінің көкейінен шығатын сөз айтты. Ойрат Қалданның талабы Ұлы Шыңғыс ханның жолын бұрмалағанын көрсетеді деді. Елшісі оған мынаны жеткізсін – өзінен бұрынғы ізашарлары секілді, қазақ хандығының жаңа әміршісі Тәуке хан, жаһанды дірілдеткен Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болып табылады. Ал оның ұлы бабасы  Шыңғыс қаһан әлемнің жартысын жаулап алғанменен, ондағы ел-жұрттардың жан-дүниесіне зорлық жасамаған. Ол өзі сыйынатын көк тәңіріне табынуды ешкімге  тықпаламаған. Сондай тәртіпті жиһангер ұлдары мен немерелеріне де өсиет еткен. Ойраттар Шыңғыс әскерінің аса ержүрек, жауынгер қанаты болғанмен, ұлы қаһанның күшінің сырын ұқпаған екен. Елші қожайынына айта барсын, оның қойып отырғаны – ешқашан орындалмайтын және сол талапкердің өзін орға жығатын жөнсіз шарт. Қазаққа мұсылмандықты Мұхаммед пайғамбардың алғашқы жаушылары жеткізген. Бұдан пәлен ғасыр ілгеріде оны Қарахан әулеті, одан кейін Алтын Орда билеушілері мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. Мұсылман иланымының ұлы уағызшысы Қожа Ахметтің осынау бас ордадан қол созым жерде тұрған кесенесін халықтың қастерлеп сақтайтыны сондай, бүгінде онда қазақтың күллі хандары мен игі жақсылары тыншыған. Жоңғар ханы қисынсыз талабын қайтып алсын, ондай орынсыз шарттар емес, достық қарым-қатынастар елдерімізді дәулет пен бақытқа кенелтеді... Жоңғардың Шапағатты  ханының шартын қабыл алмауы Қазақ ханы тарапынан жіберілген үлкен қателік деп санайды елші. Дегенмен  оның әлі де ойлануын, шартты қабылдамаудың арты жаман боларын бажайлауын қалайды. Тағы бір парықтасын, Бошоқтұ хан оған өте бейбіт жолды ұсынып отыр. Егер бұл кері қағу Тәуке ханның бекем байламы болса – онда амал жоқ, солай айтып барады. Енді қазақ ханы өзіне өзі өкпелесін... Алайда бұл шарт қазақ үшін мүлдем жат, сондықтан да үзілді-кесілді қабыл алынбайды – мұндай кесімді сөз естісімен елші аттанып кетті. Ал Тәуке хан қабылдауға қатысқан сұлтандар, батырлар мен билерді жоңғарлардың жаңа агрессиясына қарсы тұруға аялдамай әзірленуге шақырды. Ел ішінен сарбаздар шақырылды, әскер жасақталып, қорғанысқа дайындық басталды. Елшісі оралған соң көп ұзатпай, Галдан Бошокту жоңғардың қазаққа қарсы аса ауқымды соғыс қимылдарын жаңғыртты.  Арнайы дайындықпен жорыққа шыққан бес қаруы сай жоңғарларға қазақ жасақтары тосқауыл бола алмады. Басқыншы Шу өзенінен өтті, Жетісу мен оңтүстік өлкеге басып кірді.  Тарихта «Сайрам соғысы» деп аталған 1680–1684 жылдарғы шайқастар басталды. Қазақ әскерінің жан аямай көрсеткен қатты қарсылығына қарамай ілгерілеп, Сайрамсу мен Ақсу өзендері аралығындағы қорғаны биік, ірі де әсем шаһарды – ислам дінін таратушылардың уағыздарын алыс 8-ші ғасырда-ақ елти тыңдаған, керуен жолдары торабында жатқан сауда және қолөнершілер орталығы Сайрам қаласын басып алды. Басқа да қалаларға кірді. Басқыншыларға қарсы көтерілген халықты жуасыту үшін 1684 жылы жазалаушы жасақ жіберіп, Сайрамды мүлдем қаусатты, талан-таражға түсірді, бірқатар тұрғындарын Жоңғария мен Шығыс Түркістанға айдап әкетті. 1686 жылы Тянь-Шань қырғыздарын бағындырып, Ферғана алқабына өтті. Әрдайым қатты қарсылыққа ұшырағанмен, жеңіске жетіп отырды. (Шайқастардың бірінде Тәуке ханның ұлын қолға түсіріп, Жоңғарияға алып кетті. Артынша оны Лхасаға жөнелтті. Ыңғайы, Қалдан Бошоқтұ Тәукеге жолдаған алғашқы шартын оның баласының санасына Будда ілімін дарыту арқылы орындатқысы келген болуы керек). 1688 жылы Шығыс Моңғолияны, халхаларды бағындыруға аттанды, қазақ жеріндегі басып алған қалаларынан гарнизондарын ала кетті. Алайда шығыста жеңіске жете алмады. Халхалар ойраттардан гөрі манчжурлармен одақтасқанды артық көрген, сөйтіп, Цин империясынан көмек сұраған. Халхаларды алып Қытайдағы саны аз манчжурлардың үстемдігін орнықтыра түсуге пайдаланғысы келген боғдыхан Цин армиясын Шығыс Моңғолияға кіргізді. Содан, Галдан Бошокту 1890 жылы іс жүзінде цин-қытай  әскерімен соғысты. Жеңді. Жеңілген қытай императоры ойраттарды Цин әулетінің аса қатерлі жауы санап, жаңа шайқасқа әзірленді. Осы кезде Галдан Бошоктудың немере інісі Жоңғарияның орталық бөлігін өзіне қаратып, ағасының жолын кесіп тастаған. Хандығында інісінің бүлік шығарғанын естіген Бошоқтұ хан тез терістікке қарай шегінді. Алайда оны жүз мың жауынгері бар манчжур армиясы қуып жетіп, Бейжиңге тақау ауданда үлкен ұрыс салды. Төрт күн шайқаста екі жақ та жеңісе алмады. Сосын, өзінен бес есе көп әскермен табан тіресе соғысып, әскери өнерге әбден машықтанғанын танытқан ойраттар бір түнде шептерінен көтерілді де, солтүстікке қарай  кетті. Олардың жаужүректігін мойындаған  қытай әскері соңынан қумады. Келесі 1691 жылы халхалар Цин империясының бодандығына өтті.  Осы біріккен қос от ортасында Галдан Бошокту оларға қарсы тағы алты жыл соғысты. Ақыры, ең соңғы заманауи қару-жарақпен – артиллериямен қаруланған цин-қытай  әскерінен 1696 жылы жеңілді. Барар жер, басар тауы қалмағандықтан (алдында – халха–манчжур–қытай, артында, орталықта – іс жүзінде билікте бүлікшіл немере інісі отырған), 1697 жылғы наурызда у ішіп өлді... «Сайрам соғысы» кезінде терістік-батыстан Аюке хан қалмақтарымен шабуылдаған болатын. Қазақ сарбаздары оған ойдағыдай тойтарыс берді. Жағдай біршама тыншыған шақта жоңғарлардың әскери қимылдары халха бағытына ауды. Сол кезеңді Тәуке хан ұтымды пайдаланды. Елдің бірлігін, қорғаныс қабілетін арттыратын шаралар жасады. Қазақтардың «Алты-алаш» атауымен белгілі алты бөліктен тұратын федерациясын (алты алаш одағын) дүниеге әкеліп, ел бірлігінің, сырт дұшпанға жұмыла қарсы тұрудың сол шақтағы оңтайлы түрін жүзеге асырды. Федерацияға басында Төле би тұрған Ұлы жүз, Қазыбек би басқаратын Орта жүз, Әйтеке би билейтін Кіші жүз, Қоқым би қоластындағы қырғыздар, Сасық би басқаратын қарақалпақтар мен  жеке бір топ ретіндегі қият, қатаған, үз және басқалар кірді. Алты алаш одағы іс жүзінде жоңғарлардың шабуылынан қорғануды мақсат еткен қазақ, қырғыз, қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағы еді. Осы одақтың өкілдері – халықтың белгілі билері мен бас адамдары Тәуке хан ордасы маңындағы Күлтөбеде бас қосып,  әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруді қолға алды. Сонау Шыңғыс ханның «Ясасынан» бастау алып, Қасым ханның «Қасқа жолымен», Есім ханның «Ескі жолымен» жалғасқан заңнамаларды жетілдірді. Ел аузында «Күлтөбеде күнде жиын» деген тіркеспен айшықталған заңгерлер құрылтайы оң нәтижесін беріп, олар жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағы хандықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігін және құқықтық санасын дамытты.  Халық тату-тәтті ғұмыр кешті. Тәуке хан Әз Тәуке атанды. (Жалғасы бар) Бейбіт Қойшыбаев Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_40886.txt
ЕЛБАСЫ: «ҚАЗАҚТАР, ЖАЛПАЙЫП ЖАТА БЕРМЕҢДЕР!»
https://abai.kz/post/40886
"ЕЛБАСЫ: «ҚАЗАҚТАР, ЖАЛПАЙЫП ЖАТА БЕРМЕҢДЕР!»" | "https://abai.kz/post/40886"
13.07.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЕЛБАСЫ: «ҚАЗАҚТАР, ЖАЛПАЙЫП ЖАТА БЕРМЕҢДЕР!» URL: https://abai.kz/post/40886 META: "ЕЛБАСЫ: «ҚАЗАҚТАР, ЖАЛПАЙЫП ЖАТА БЕРМЕҢДЕР!»" | "https://abai.kz/post/40886" DATE: 13.07.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 83 TEXT: Қазақтың даласы кең-байтақ. Енді осы ұлы далада теміржолдар мен автокөлік жолдары салынып, қатынас дамуы керек. Жолдар Астанадан тараған  Күн шапағы сияқты жан-жаққа таралып жатуы қажет. Ал, жолдар адамдардың игілігіне жұмыс жасайды. Осы жайттарды қозғай келіп Елбасы: «Қазақтар, жалпайып жата бермеңдер. Олстридте тұратын АҚШ азаматы төрт сағат самолетпен ұшып келіп Калифорнияда жұмыс істеп, кешке үйіне қайтады» деді. Бізде мұндай жағдай мүмкін бе? Бірақ, қазақ жастары қайткенде еліміздің солтүстік өңірлеріне қарай жаппай көшіп, қоныстануы тиіс. Бұл - бүгінгі қазақ жасына міндетті іс болуы керек! Abai.KZ
qosymsha/abai.kz
post_16689.txt
ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ - РАСУЛ ЖҰМАЛЫМЕН
https://abai.kz/post/16689
"ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ - РАСУЛ ЖҰМАЛЫМЕН" | "https://abai.kz/post/16689"
12.04.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ - РАСУЛ ЖҰМАЛЫМЕН URL: https://abai.kz/post/16689 META: "ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ - РАСУЛ ЖҰМАЛЫМЕН" | "https://abai.kz/post/16689" DATE: 12.04.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 0 TEXT:
qosymsha/abai.kz
post_4690.txt
Павлодарда жалпы тәртіптегі колония өртенді; ешкім зардап шеккен жоқ
https://abai.kz/post/4690
"Павлодарда жалпы тәртіптегі колония өртенді; ешкім зардап шеккен жоқ" | "https://abai.kz/post/4690"
04.09.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Павлодарда жалпы тәртіптегі колония өртенді; ешкім зардап шеккен жоқ URL: https://abai.kz/post/4690 META: "Павлодарда жалпы тәртіптегі колония өртенді; ешкім зардап шеккен жоқ" | "https://abai.kz/post/4690" DATE: 04.09.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 178 TEXT: Павлодар. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - Сенбі күні таңертең Павлодардағы жалпы тәртіптегі АП 162/2 колониясында өрт шықты. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімттерінше, өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндурішілерге таңғы 9-дарда келіп түскен. «Өрт сөндіруге 6 АЦ автокөлігі мен 40 адам жеке құрам жауынгерлер жіберілген», - деді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Ажар Әбілғазина. Оның мәліметтерінше, 6-шы отрядтың шатыры жанған, өрт шарпыған аумақ ауданы 300 шаршы метр болған. «Өрт 10 сағат 8 минутта сөндірілді», - деді ТЖД. Алдын ала мәліметтер бойынша, колониядағы  ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шығу фактісі бойынша тексеру басталды. Павлодар. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - Сенбі күні таңертең Павлодардағы жалпы тәртіптегі АП 162/2 колониясында өрт шықты. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімттерінше, өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндурішілерге таңғы 9-дарда келіп түскен. «Өрт сөндіруге 6 АЦ автокөлігі мен 40 адам жеке құрам жауынгерлер жіберілген», - деді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Ажар Әбілғазина. Оның мәліметтерінше, 6-шы отрядтың шатыры жанған, өрт шарпыған аумақ ауданы 300 шаршы метр болған. «Өрт 10 сағат 8 минутта сөндірілді», - деді ТЖД. Алдын ала мәліметтер бойынша, колониядағы  ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шығу фактісі бойынша тексеру басталды.
qosymsha/abai.kz
post_49906.txt
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ОРЫСТЫҢ ОЙЫ
https://abai.kz/post/49906
"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ОРЫСТЫҢ ОЙЫ" | "https://abai.kz/post/49906"
16.03.2015
Администратор
null
TITLE: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ОРЫСТЫҢ ОЙЫ URL: https://abai.kz/post/49906 META: "ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ОРЫСТЫҢ ОЙЫ" | "https://abai.kz/post/49906" DATE: 16.03.2015 AUTHOR(s): Администратор TOTAL WORDS: 722 TEXT: Сәуірдің соңына таман болайын деп отырған еліміздегі кезектен тыс президент сайлауы басқасын былай қойғанда, алыс-жақын шет елдердегі саясаткерлер мен сенаторлар, саясат тақырыбына жазатын сарапшы-журналистер арасында да қызу пікірталас тудырып жатыр. Мәселен, белгілі тележүргізуші Владимир СОЛОВЬЕВтің пайымдауына қарағанда, біздегі кезектен тыс сайлаудың аяқ астынан өткізілуі, ең біріншіден, аймақтық қауіпсіздік шараларына қатысты көрінеді. «Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ барлық мүмкіндіктер мен кенеттен туындайтын тәуекелдерді алдын ала болжап отыратын өте көреген саясаткер, - дейді Соловьев, - менің ойымша, ол жақын болашақта Ислам мемлекеті тарапынан болып қалуы ықтимал қауіп-қатер барысынан сақтана бастағанға ұқсайды. Мұның ең тиімді жолы – ендігі жылы өткізілуге тиісті президенттік сайлауды биыл кезектен тыс өткізіп жіберіп, міне, содан кейін барып еш алаңсыз қауіпсіздік шараларымен басы бүтін айналысу. Сонымен бірге бұл жерде «түрлі-үсті революция сценарийін» де естен шығаруға әсте болмайды. Әлбетте, аталып отырған «түрлі-түсті революция сценарийі» сияқты жаңа технологиялар барысының Қазақстанда да қайталанып қалуы мүмкін екендігін мен де жоққа шығармаймын, өйткені, ағымдағы билік ықпалына көніңкірегісі келмейтін кейбіреулердің осындай әрекеттерге баруы да әбден мүмкін. Әйтсе де, мен бір нәрсені жақсы білемін, ол – қазіргі президенттің басшылығы кезінде бұл мемлекет кез-келген уақытта кез келген ішкі-сыртқы қауіп-қатерлердің алдын алып үлгереді. Бұған менің көзім әлдеқашан жеткен, сондықтан бұл елде аяқ астынан кезектен тыс президенттік сайлау өткізілейін деп жатса, мұның да өзіндік үлке-е-е-н бір себептері бар...» Сондай-ақ, саясаткер-журналистің айтуына қарағанда, Қазақстанда жүргізіліп келген, тіпті жүргізіліп те жатқан экономикалық реформалар тәжірибесін Ресейге де енгізуге әрекет жасалса, жаман болмас еді. «Өз кезінде Қазақстанда жүзеге асырылған реформалар көршілес елдер тарапынан әрдайым қызығушылық тудырып отырды, мұны жасыруға болмайды. Бұл жерде әсіресе экономикалық реформалардың сәтті жасалғанын ашық айтуға тиіспз. Бір ғана мысал: мәселен бұл елде кәсіпкерлерді салықтан босатудың бірнеше түрлі жаңалығы өз кезегінде кереметтей нәтижесін берді, сондықтан мұндай іс-тәжірибелерді ұқыппен үйрене отырып, өз еліміздің ( Ресейді айтады - М.М. ) экономикалық даму саласына да әжетке жаратуға тиіспіз, - дейді саясаткер-журналист өзінің кезекті сараптамаларының бірінде. - Бұл жерде қазақ елінің бет-бедерін ел президентінің ТҰЛҒАСЫ айқындап отырғанын да ұмытпауға тиіспіз, неге десеңіз – өмірінің алғашқы кезеңін жай ғана қарапайым жұмысшылықтан бастаған адамның бүкіл бір ел президентіне дейін көтерілуі оның жай ғана жұмысшы адамның бағасын өте-мөте жақсы білетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, саяси сауаттылық пен көреген кемеңгерлікпен бірге темірдей тәртіпті талап ететін мызғымас мықтылық осынау мемлекеттің ақырын-ақырын болса да сенімді түрде дамып бара жатқандығына кепілдік береді...» Ресейдегі Федерация Кеңесі (Совет Федерации) халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Игорь МОРОЗОВтың пікірінше, Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау – бұл өте-мөте тыңғылықты дайындалған саяси жүріс көрінеді. «Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қазіргі өркениеттегі аса көрнекті саясаткерлердің бірі болып саналады, - дейді Морозов мырза. - Менің ойымша, оның кез келген саяси жүрісі аса сұңғылалықпен алдын ала... әрбір адымына дейін есептеліп отырады... жасыратыны жоқ, дәл қазіргі кезде халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан алып қарағанда Қазақстанға оңай емес, өйткені, бұл елдің кейбір аумағы Ислам мемлекеті деген террористер тобы белсенді іс-әрекет етіп жатқан қауіпті аймақтарға жақын орналасқан. Сондықтан осы мәселе үдесінен алып қарағанда да ендігі жылы болуға тиісті президенттік сайлауды бір жыл бұрын өткізіп жіберу нәтижесінде Назарбаев абсолютті түрде жетістіктерге жетудің мол мүмкіндіктеріне даңғыл жол ашып отыр. Тағы бір айта кетерлігі – осы сайлау нәтижесінде елде соңғы жиырма жыл бойына жүргізіліп келе жатқан демократиялық реформалардың да алғышарттары өз жемісін бере бастайтын болады...» Морозовтың әріптесі Анатолий ЛИСИЦИН мырза да қазақ еліндегі президенттік сайлаудың кезектен тыс өткізілуіне қалыптасқан халықаралық жағдайлардың себеп болып отырғанын ашық айтады. «Кезектен тыс өткізілетін президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың аса басымдықпен жеңіске жететіні сөзсіз, - дейді Лисицин, - өйткені, Украинадағы жанжал мен батыс елдерінің Ресейге қатысты экономикалық санкциялары қатты белең алып тұрған қазіргідей жағдайда қазақстандықтар өзгеден гөрі, өздері әбден сеніп қалған қазіргі президенттеріне дауыс беретін болады. Менің ойымша, осындай да осындай өзекті мәселелердің барлығын сараптай келе... Назарбаев «жоспарланған уақыттан бұрын бір қадым» алға аттап, алдағы жылы алдымыздан шығатын аса күрделі саяси-әлеуметтік мәселелерді тыңғылықты дайындықпен қарсы алуды жөн санаған сияқты...» Беларусьтық саясаткер әрі экономист, 2010 жылғы президенттік сайлауда үміткер ретінде Александр ЛУКАШЕНКОның оппоненті болған Ярослав РОМАНЧУК қазақ еліндегі кезектен тыс президенттік сайлаудың дұрыс шешім екенін мәлімдеді. «Қазіргі кезде Беларусь жерінде де кезектен тыс президенттік сайлау болуы мүмкін деген әңгімелер айтылып қалып жүр, президент Лукашенко мұндай әңгімені жоққа шығарғанымен, экономикалық дағдарыс шегіне жететін болса, әлбетте бізде де кезектен тыс президенттік сайлау өтіп қалуы әбден мүмкін...» Міне, елімізде кезектен тыс өткізілейін деп отырған президенттік сайлауға қатысты жақын шет елдердегі кейбір саясаткерлердің сараптама-пікірлері әзірге осындай. Әрине, терең талқылауға түсе қоятындай үлкен де үлкен саяси сараптамалар бүгінге дейін әлі жасала қойған жоқ, әйтсе де ондай «сенсациялар» тізбегі таяу арада «шаң беріп» те қалатын шығар, кім біліпті?! Марат МАДАЛИМОВ Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_82233.txt
Түркістан облысында жаңа суқойма салынады
https://abai.kz/post/82233
"Түркістан облысында жаңа суқойма салынады" | "https://abai.kz/post/82233"
15.11.2018
Abai.kz
null
TITLE: Түркістан облысында жаңа суқойма салынады URL: https://abai.kz/post/82233 META: "Түркістан облысында жаңа суқойма салынады" | "https://abai.kz/post/82233" DATE: 15.11.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 362 TEXT: Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеруге бас назар аударғаны да белгілі. Шардара қаласының маңынан тағы бір суқойма салынады. Артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерлердің көлемін арттыру қажет. Тиісті сала мамандарының басын қосқан Жансейіт Түмебаев осылай деді. Алқалы жиында аймақтың қыс маусымына дайындығы сөз болып, кемшін тұстарын толықтыру жайы айтылды. Бүгінде аймақтағы суқоймалардың қауіпсіздігі қатаң қадағалануда. 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған жұмыстар әзірленген. Республикалық маңызы асуларда7, облыстық маңызы бар жолдарда 4 жылыту бекеттері орналасқан. Алдағы уақытта «Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймалардағы су қорын тиімді пайдалану керек. Осыны ерекше назарға алған Жансейіт Түймебаев Сырдария өзені бойынан жаңа суқойма салу бойынша құжаттарды әзірлеп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауды мықтап тапсырды. ОБЛЫСТЫҢ ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі Осының бәрі біздің облыс үшін қажет! Неге біз суда Өзбекстанға бұрып қойып отыруымыз керек. олай болмайды! Сол суды Шардараның арғы жағынан суқойма салып, құмға жіберіп қойсақ, сол жерде мал бордақылауға болады. Ондай тәжірибе Алматыда бар мысалыға. Өңірдегі 3 мыңға тарта бюджеттік мекеме қыс маусымына толық дайын. Жылу науқанына қажетті 169 мың тонна көмір отыны және 6 млн. литр сұйық отын толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 544 көпқабатты тұрғын үй жылу беруге дайын. Бірақ, салада кемшін тұстар көп. Облыс көлемінде электр энергиясының жиі сөнетіндігін сынға алған әкім 53 мың кВт жарық берілмегендігін жеткізді. Сондай-ақ,  Шардарада көмір бағасының шарықтап кеткендігін алға тартып, тиісті сала мамандарына қатты отынның құнын тұрақтандыруды тапсырды. Өңірдің кей аудандарында кенжелеп тұрған газ құбырын тарту жұмыстарын ширатуды аудан әкімдеріне нұсқады. Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі Депутаттар келіп, біздің өңірді аралағанда міні, маған да айтып жатыр, газ құбырын тартуды ширату керек деп. Біщде әркім қараусыз қалдырған, сосын келіп, депуттарға шағымданады. Қою керек ондайды, аудан әкімдері жұмысты жандандыру керек. Қазір аймақтағы автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстары да қызып тұр. Күре жолды күтіп-баптауға 134 бірлік техника, 279 адам жұмылдырылған. Инертті материалдар жеткізілген. Жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауда аса мұқият болу керектігін айтты. Сондай-ақ, Түркістан-Шымкент, Шымкент-Сарыағаш бағытындағы автомобиль жолында жол көлік оқиғасын азайту мақсатында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды  тапсырды. П.БИНАЗАРҚЫЗЫ Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_70105.txt
Азаттықтың тілшісі тағы да шабуылға ұшырады
https://abai.kz/post/70105
"Азаттықтың тілшісі тағы да шабуылға ұшырады" | "https://abai.kz/post/70105"
10.05.2018
Abai.kz
null
TITLE: Азаттықтың тілшісі тағы да шабуылға ұшырады URL: https://abai.kz/post/70105 META: "Азаттықтың тілшісі тағы да шабуылға ұшырады" | "https://abai.kz/post/70105" DATE: 10.05.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 152 TEXT: Азаттықтың түркімен редакциясы - Азатлык тілшісі Солтан Ачиловаға тағы да шабуыл жасалған. 68 жастағы Ачилова 9 мамыр күні таңертең қала сыртындағы Мәңгілік алау ескерткіш кешеніндегі гүл қою рәсімін суретке түсіруге шыққан. Оның айтуынша, адамдармен бірге ескерткіш орналасқан көкке шығып бара жатқан тілшіні қара костюм киген бірнеше адам тоқтатып, мұнда не істеп жүргенін сұраған. Ол Жеңіс күні туралы репортаж дайындауға келгенін түсіндіре бастағанда, ер азаматтар әйелді ұстап, балағаттаған. Ачилованың айтуынша, қара киім кигендер оған суреттердің көзін жоймаған жағдайда, есірткі үшін қамауға аламыз деп қорқытқан. Тілші бұл талапты орындаудан бас тартқан соң, бір топ адам оның камерасын күшпен тартып алып, суреттерді жойып жіберген. Журналистен Азатлык радиосында жұмыс істеуден бас тартуын талап етіп, тағы екі сағаттай ұстап тұрған. Одан соң босатқан. Солтан Ачилова Түркіменстанда бұған дейін де бірнеше мәрте қысымға ұшырады. Өткен жылы маусым айында оған екі мәрте шабуыл жасалған. Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз! Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_39595.txt
ТҚЖБ: НЕСИЕ БЕРУ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ
https://abai.kz/post/39595
"ТҚЖБ: НЕСИЕ БЕРУ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ" | "https://abai.kz/post/39595"
02.12.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТҚЖБ: НЕСИЕ БЕРУ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ URL: https://abai.kz/post/39595 META: "ТҚЖБ: НЕСИЕ БЕРУ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ" | "https://abai.kz/post/39595" DATE: 02.12.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 76 TEXT: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз тұтынушылары үшін қуанышты хабар тартты. ­- Биылғы жылдың төртінші тоқсанында банктің барлық көрсеткіштері екі есеге артарына сенімдіміз. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың қорытындысы бойынша несиелендіру көлемін 60-70%-ға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, - деді«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов. Банк өз тарапынан заманауи технологияларды енгізу арқылы қаржылық көрсеткіштерін жақсартқан. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап несиелендіру көлемі және жасалған келісімшарттар саны екі есеге артып отыр. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_13089.txt
Шекараны шулатып жүрген 60 адам кім?
https://abai.kz/post/13089
"Шекараны шулатып жүрген 60 адам кім?" | "https://abai.kz/post/13089"
10.04.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Шекараны шулатып жүрген 60 адам кім? URL: https://abai.kz/post/13089 META: "Шекараны шулатып жүрген 60 адам кім?" | "https://abai.kz/post/13089" DATE: 10.04.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 708 TEXT: Кеше ел Үкіметі кезекті селекторлық кеңесін өткізіп, шағын және орта бизнестің хал-ахуалын талқыға салды. Оның аясында көктемгі егіс жұмыстары да пысықталды. Бірақ күні кеше ғана қымбаттап кеткен жанар-жағармай мәселесі қозғалмады. Бірақ кеңестен кейін журналистердің «қолына түскен» министр Мыңбаев мырза барлық жағдайды түсіндіріп берді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, егіс жұмыстарына жеңілдетілген жанар-жағармайдың тек 20-25 пайызын ғана жеткізіп үлгерді. Кеше ел Үкіметі кезекті селекторлық кеңесін өткізіп, шағын және орта бизнестің хал-ахуалын талқыға салды. Оның аясында көктемгі егіс жұмыстары да пысықталды. Бірақ күні кеше ғана қымбаттап кеткен жанар-жағармай мәселесі қозғалмады. Бірақ кеңестен кейін журналистердің «қолына түскен» министр Мыңбаев мырза барлық жағдайды түсіндіріп берді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, егіс жұмыстарына жеңілдетілген жанар-жағармайдың тек 20-25 пайызын ғана жеткізіп үлгерді. Кәсіпкерлер «түсіне» қарай тексеріледі Отандық кәсіпкерлер елімізде бизнес үшін жасалып жатқан жағдайға қанағаттанбай жатыр. «Оны Президенттің атына және құзыретті мем­ле­кеттік органдарға кәсіпкерлер тарапынан түсіп жат­қан арыз-шағымдардың санына қарап білуге бо­лады», - дейді Бәсекелестікті қорғау агенттігі­нің төрағасы Мәжит Есенбаев. Оның сөзіне қа­ра­ғанда, шекарада әлі күнге дейін кедендік заң­бұ­зушылықтар бар. Оған қоса, делдалдардың кө­лең­келі бизнесі кеңейіп, сан алуан қылмыстық топтар көбейіп кетті. Осының бәрі кедендік түсім­дерді азайтып отыр. Бүгінде Бәсекелестікті қорғау агент­тігі бұл жағдайды түзету үшін шекара айма­ғын­да бақылау органдары мен тиісті тексеру құ­жат­тарын барынша қысқартуды ұсынады. «Бізде тиіс­ті құжаттар дайын. Үкімет қолдайтын болса, біз барлық іс-шараны атқаруға әзірміз», - дейді М.Есенбаев мырза. Осыған орай, кедендік бекеттердің саны да қысқартылмақ. Қазіргі кезде еліміздегі 107 бекеттің 25-і шекарада орналас­қан. Алдағы уақытта әрбір бекеттің жеке төлқұ­ж­а­ты (паспорты) енгізіліп, сол жерде жұмыс істейтін әрбір кеденшінің нақты міндеті айқын­далатын болады. Осы жұмыс барысында тиімсіз кедендік бекеттерді қысқарту жоспарланып отыр. Ал кәсіпкерлерді «түсіне» қарай тексеру көз­делген. «Сыртқы экономикалық іс-әре­кетке қатысатындарды үш топқа бөледі. Бұл - әлемдік тәжірибе. Біз де кәсіп­керлер­ді «жа­сыл», «сары» және «қызыл» топқа бөл­дік. «Жа­сылдар» ара-тұра тексерілсе, «сары­лар» мер­зімді түрде бақыланады. Ал «қы­зылдар» тұрақты түрде тексеріле­тін болады», - дейді Бәсекелестікті қор­ғау агент­ті­гінің басшысы. Оның сөзіне қара­ған­да, жос­пар бойынша атқарылатын жұ­мыс­тың ар­қасында отандық кеден сала­сы­ның әле­уетін екі есе өсіріп, бюджет табы­сын арт­ты­ру­ға болады. Бүгінде Үкімет агент­тік­тің бар­лық ұсынысын қолдап отыр. Айта кеткен жөн, М.Есенбаев «Қорғас» және «Қордай» бекеттерінде қалыптасқан жағдайға алаңдаулы. «Бүгінде Қазақстан - Қытай шекарасында шамамен 50-60 адам бар. Олар сол жердегі жағдайды ушық­ты­рып отыр. Менің қолымда ол адам­дар­дың толық тізімі бар. Олардың әрбіре­уі­не тиісті төлқұжаттар мен қызметтік визалар берілген екен. Біздің консулдық қызмет осы жағдайды жіті бақылауға алып, барлық мән-жайды тексеріп шығуы тиіс», - деген М.Есенбаев мырза, өкінішке қарай, аталған адамдардың немен айналысатынын немесе не себепті жағдайды ушықтырып отыр­ғанын нақтылап жатпады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Қыр­ғыз­стан шекарасында орналасқан «Қор­дай» бекетін де сынға алды. Ол жақтан Қытай мен Түркияның заңсыз тауарын Қазақстанға заңсыз жеткізу бүгінде тұрақты «бизнеске» айналып кеткен. Жанар-жағармай қымбаттады, ал егістік жұмыстары әлі аяқталған жоқ Жақында «Қазақстан теміржолы» компаниясы жол жүру билеттерінің бағасын 10 пайызға көтерді. Баға көтеруді «Эйр Астана» компаниясы жалғастырып, билет құ­нын бірден 16 пайызға шарықтатып жіберді. Енді, міне, қымбатшылықтың толқыны жа­нар-жағармайға да жетті. Өткен аптаның соңында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі республикадағы жанар-жағармай­дың шекті бағасын көтерді. Оған сәй­кес, «Аи - 92» - 112 теңге, «Аи - 80» - 91 тең­ге, ал дизель 95 теңге тұратын болды. Мұнай және газ министрі Сауат Мың­баев­тың мәлімдеуінше, бұл - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің шешімі. «Әзір­ше бұл шешімнің кері әсері жоқ: жанар-жағар­май келіп жатыр, жағдай тұрақты. Енді бізде жанар-жағармайды им­порт­таудың ортақ бір жүйесі жоқ қой. Сон­дық­тан тіркеуден өткен кез келген мұ­най өнім­дерін жеткізуші ол импортты әке­ліп жатады. Бүгінде әрбір облыс өзіне қа­жетті жанар-жа­ғармай көле­мін біледі. Егер жетпей қал­са, мұнай өнім­дерін тасымалдау­шылар оны жеткізіп береді. Әрине, оның коммер­ция­лық жағы қиындап жатса, біз ол мәсе­лені Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Экономика министрлігі­мен бірле­сіп шешетін боламыз», - дейді С.Мыңбаев. Жанар-жағармай қымбаттады. Ал егіс­тік науқанына тиесілі жеңілдетілген отын­ның тек 20-25 пайызы ғана жеткізілген екен. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 360 мың тонна жеңіл­де­тілген жанар-жағармай қарасты­ры­лып отыр. Оның бағасы - 81 теңге. Бұл на­рық­тық бағадан 10-15 пайызға төмен. «Сә­уірдің 6-сына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 96 мың тонна жеткізілді», - дейді А.Мамытбеков. Дәл сол күні Таби­ғи монополияларды реттеу агенттігі жанар-жағармайдың шекті баға­сын көте­руді ұйғарды. Соған сәйкес дизель оты­ны­ның құны 95 теңгеге дейін өсті. Мұ­най және газ министрлігінің хабарлауынша, биыл көктемгі егістік науқанына ар­нал­ған дизель отынының бағасы көте­ріл­мейді. Ол сол қалпында 81 теңге/литр болып қала бермек. Дегенмен бүгінде оны тасы­мал­дау қиын­ға соғып отыр. Егер «Қазақ­стан теміржолы» тасымал қыз­метінің баға­сын көтере­тін болса, жеңіл­де­тілген жанар-жағармай­дың бағасы да өсуі әбден мүм­кін. Арман АСҚАР «Алаш айнасы» газеті
qosymsha/abai.kz
post_44720.txt
ХАРИЖИТТІК ҰСТАНЫМДАҒЫ CАЛАФИТТЕР
https://abai.kz/post/44720
"ХАРИЖИТТІК ҰСТАНЫМДАҒЫ CАЛАФИТТЕР" | "https://abai.kz/post/44720"
16.06.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ХАРИЖИТТІК ҰСТАНЫМДАҒЫ CАЛАФИТТЕР URL: https://abai.kz/post/44720 META: "ХАРИЖИТТІК ҰСТАНЫМДАҒЫ CАЛАФИТТЕР" | "https://abai.kz/post/44720" DATE: 16.06.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 4492 TEXT: Иcлaм тaрихындa және бүгінгі тaңдa хaрижиттік aғымының ізбacaрлaры ретінде тaнылғaн көптеген aғымдaр бaр. Oлaрдың әрқaйcыcы өздеріне «caлaфилік» aтaуын беріп, өздерін aлғaшқы үш ғacырдa өмір cүрген мұcылмaндaрдың ізбacaрлaры екендігін aлғa тaртaды. Oлaр тaрихтa дa, бүгінгі тaңдa дa өздерінің хaрижилеге тән мінез-құлықтaрымен, әрекеттерімен және ұcтaнымдaрымен тaнымaл. Жaлпылaй, caлaфилік ұғымындa қaтaлдық, қaтігездік cияқты хaриджилеге тән мінез-құлық, caлaфиліктің екінші кезеңін, яғни мутaaхирин кезеңінің қaлыптacтырушыcы Ибн Тaймияның ықпaлымен жүзеге acқaн деуге бoлaды. Бүгінгі тaңдa «caлaфилік» aтымен тaнымaл бүкіл әрекеттер ocы Ибн Тaймияның еңбектерінен әcерленген. Coл әрекеттерден: Ибн Тaймияшылaр,Уaххaбилер, Ихуaну-муcлимин тaрaптaрлaры, Aт-Тaкфир уaл Хижрa, Тaлибaн, Хaмacты  aтaуғa бoлaды. Cөзіміз дәлелді бoлуы үшін жoғaрыдa aтaлғaн aғымдaрдың әрбіріне жеке-жеке тoқтaлып, caлыcтырмaлы түрде тaлдaғaнымыз дұрыc. 1. Ибн Тaймияшылaр. Хaнбaлилік мaзхaбы бoйыншa білім aлғaн Ибн Тaймияның (х.661/728) көзқaрacтaрын ұcтaнушылaрды «Тaймияшылaр» деп aтaйды. Oл хижри 661 жылдa Хaррaн қaлacындa дүниеге келген. Oл фиқх, хaдиc, aқидa және aрaп тілімен бaйлaныcты көптеген ғылымдaрды меңгерген, coнымен қaтaр мaтемaтикa және филocoфиямен бaйлaныcты бacқa дa ілімдерден де хaбaры бoлғaн. Ибн Тaймияның көзқaрacтaрын дұрыc түcіну үшін oны екіге бөліп қaрacтыруғa бoлaды: 1.Уcулу-дин, 2.Фуру-дин... 1. Уcулу- дин . Ибн Тaймия бoйыншa имaн дегеніміз тacдиқпен шектелмейді. Oл бoйыншa, «имaн» cөзі- cенімде бoлу, көзқaрacтың, ұcтaнымның тыныштықтa бoлуы мaғынacындa. Яғни «имaн» cөзі мен «тacдиқ» cөзінің мaғынaлaры бір емеc екендігін қaрaмa- қaрcы мaғынacымен caлыcтырылca көрінетіндігін aйтaды. Өйткені «тacдиқтың» қaрaмa-қaрcы мaғынacы- бекерге шығaру, aл бекерге шығaру cөзінің (текзиб) қaрaмa-қaрcы мaғынacы «имaн» емеc. Oл бoйыншa имaн жүрекпен бекітуден бөлек, coл жүректегі имaн aрқылы көркем мінезді бoлу, жaқcылықтaр жacaу. Aллaны және Пaйғaмбaрын cүю де имaннaн. Яғни oл бoйыншa aмaл тек денелік тұрғыдa емеc, жүректің де aмaлы бoлaтындығын aйтaды. «Қaлбтың aмaлдaры» термині Ибн Тaймия бoйыншa, жүрек имaнның өзегі бoлғaндықтaн дененің жүрек қaлaуынaн cырт қaлмaйтындығын білдіреді. Яғни жoғaрыдa aйтылғaнындaй, имaн тек жүрекпен тacдиқ емеc, денелік aмaлдaрмен де тығыз бaйлaныcты. Ибн Тaймия бoйыншa имaн aмaлғa бaйлaныcты aртaды немеcе aзaяды. Бұл ұcтaным Ибн Тaймиядaн әcерленген жoғaрыдa caнaлғaн aғымдaрдың бaрлығындa бaр. Ибн Тaймия Тaухидті aлғaш рет үшке бөліп қaрacтырaды. Coнымен қaтaр бұл тaухид түрлеріне имaн келтіру міндетті деп еcептеп, oлaрдың біреуі мoйындaлмaca, aдaм тoлық имaн еткен бoлмaйды деп еcептеді. Имaн тoлық бoлу үшін тaухид түрлері де жүректе үздікcіз бекітілуі қaжет. Oл бұл тaқырыптa пікір білдіріп ғaнa қoймaй, aқидa және кәлaм ғaлымдaрының, Улухия Тaухидін түcіне aлмaғaндықтaрын, тек Рубубия Тaухидін білетіндіктерін aйтaды. Өйткені oл бoйыншa Aллaның әрбір нәрcенің Жaрaтушыcы екендігін білдіретін Рубубия Тaухидін мушриктер де қaбылдaйды. [12, 217-б] Ибн Тaймияның бұл Тaухид түрлеріне жacaғaн түcінігі өз кітaптaрындa былaйшa келтірілген: «Aишa Ибн Жудaн деген бір кіcінің жaхилия кезінде көршілеріне жaқcылық жacaп, пaқырлaрды тoйдырғaнын, бұл жaқcылықтaры oғaн aхыретте пaйдa беріп, не бермейтіндігін Пaйғaмбaрдaн cұрaйды. Пaйғaмбaр бұл жaқcылықтaрдың oғaн пaйдa бермейтінін, өйткені oл ешқaшaн «ей Рaббым қияметте күнәлaрымды кешір» түріндегі ниетімен жacaмaғaнын aйтaды. Жaқcылық иеcінің жaқcылығы өзін құтқaрмaйтындығын білдіретін бұл хaдиcте екі мaңызды жaғдaй түcіндіріледі. Біріншіcі, Рубубия Тaухиді бoлып, бұл Aллaның бермегенін aдaмдaрдың aлa aлмaйтындығын, aл Aллaның бергеніне де ешкімнің кедергі бoлa aлмaйтындығы. Екіншіcі, Улухия тaухиді бoлып, пaйдacы бoлғaн немеcе бoлмaғaн нәрcелерді түcіндіреді. Oлaр мaл-мүлік, дүние иеcі бoлғaнымен oлaрдың Aллaның aлдындa пaйдacы бoлмaйтындығы және Aллaның aзaбынaн құтылa aлмaйды деген мaғынaғa келіп тұр.[58] Oның Улухияд тaухидін білмеу, Aллaның еcімдерінің aқиқaттaрын дәлелдей aлмaу және бacқa дa aйыптaрдa aйыптaлғaн кәлaм ғaлымдaры турaлы пікірін oның «Минхaжу-Cуннa» aтты кітaбынaн келтіруге бoлaды: «Aллaның кітaбындa еcкертілген aқли дәлелдерді түcінуге тырыcумен бocқa әуре бoлып, негізcіз жoлдaрдa жaңылды. Coл aрқылы кейбір aқиқaттaрдaн ұзaқтaды. Негізcіз бидғaттaрғa жoл aшу aрқылы Улухияд тaухидін, Aллaның еcімдері және cипaттaрының aқиқaттaрын дәлелдеуді шетте қaлдырды. Oлaр тек Aллaның әр нәрcенің Жaрaтушыcы екендігін білдіртетін Рубубия тaухидін білді. Деcе де бұл тaухидті мушриктер де қaбылдaйды». [58, 43-б] Oл өзінің бұл пікірін Луқмaн cүреcінің 25- aятынa негіздейді. Aяттa «Шындығындa, егер oлaрғa «көктер мен жерді кім жaрaтты?» деп cұрacaң, «әрине Aллa» деп жaуaп береді» деп көрcетілген. Oдaн бөлек oның «Aхлу Cуффa» aтты риcaлacындa жaлғыз Рубубия тaухидінің күпірлік жacaудaн caқтaндырa aлмaйтындығын жaзғaны турaлы дa мaғлұмaттaр бaр. [58, 44-б] Ибн Тaймияның aлғa тaртқaн тaғы бір көзқaрacтaрының бірі, «бaғыт» түcінігі бaр бoлғaн әр нәрcенің міндетті түрде бір жерді иеленетіндігі. Oның мұндaй түcінікте бoлуы, oның кейбір aяттaрды зaхири мaғынacымен түcінуі, тәуил жacaмaуынaн бoлуы мүмкін.Coндықтaн Aллaның бір бaғыт, мекен, жoғaрыдa немеcе aршыдa бoлғaнын aйтып oғaн Фaтыр cүреcінің 10-aятын дәлел етіп көрcетеді. Aяттa: «Кім ұлылықты қaлaca, білcін ұлылық тек Aллaғa тән. Oғaн ұнaмды cөздер көтеріледі, oны дa caлих aмaл жoғaрылaтaды». Oл бaғыт, мекен түcінігін былaйшa түcіндіреді: «Aллaның кітaбы мен Пaйғaмбaрдың cүннеті немеcе бүкіл caхaбa және тaбиғин, мужтaхидтердің cөздерінде Oның aршының, әр нәрcенің және көктің үcтінде бoлғaнын бaяндaғaн нac түріндегі aшық бaяндaмaлaрғa тoлы» [59] Coнымен қaтaр  Ибн Тaймияның Құрaн және cүннеттің зaхирін мaхлұқaтқa ұқcaту және oның бір жиcм (дене) бoлғaндығын aйтпaғaнын дa aлғa тaртқaндaр дa бaр. Oлaр бoйыншa Құрaн және cүннет aрқылы Aллaғa cипaт ретінде лaйық бoлғaн мaғынaлaр мaхлұқaт үшін лaйықты емеc, яғни мaхлұқaт үшін қoлдaнылмaйды. Егер oның бұл пікірлеріне зер caлып қaрaр бoлcaқ, oның филocoфияғa бoй ұрғaнын дa көруге бoлaды. Ибн Тaймия хaрижиттер мен шиaлaрдың қoлдaныcтaғы хaдиcтерін caлыcтырып, тaлдaғaн. Шиaлaрдың чaрх және  тaдил кітaптaрын қaрacтырып, oлaрдa көптеген oйдaн құрacтырылғaн хaдиcтердің бaр екендігін aйтaды. [60] Oдaн бөлек oның көзқaрacы бoйыншa діннен aлшaқтaғaндaрынa қaрaмacтaн хaлық aрacындa ең турa cөзді aдaмдaр oл хaриджиттер екенін және oлaрдың қoлдaныcтaғы хaдиcтері ең caхих бoлғaн хaдиcтер екендігін aйтaды. Мұны oның Рaфизи шиaлaрынa қaрcы aйтқaн cөздерінен көре aлaмыз: «Біз хaрижиттердің cіздерден де жaмaн бoлғaнын білеміз. Тек oлaрғa жaлa жaбуғa тіліміз бaрмaйды. Oлaрды cынaдық және турaлықты іздеген aдaмдaр бoлғaнын көрдік». [60, 106б] 2. Фуру-дин. Мұндa негізгі қaрacтырылaтын мәcеле Ибн Тaймияның ғибaдaт түcінігі. Ибн Тaймияның Улухияд тәухиді мәcелеcін oртaғa қoю aрқылы Пaйғaмбaр және caлих aдaмдaрдың қaбірлерін, әcіреcе үлкен шaпaғaт иеcі Пaйғaмбaрдың қaбірін зиярaт жacaп, шaпaғaт тілеген, caлих aдaмдaрғa құрмет көрcеткен, тәуaccул жacaғaндaрды кәпір және мушрик caнaғaндығын көруге бoлaды. Өйткені oл дұғaны ғибaдaт ретінде қaбылдaп, өлген aдaмдaрғa дұғa жacaп, oлaрдaн көмек cұрaғaндaрды бидғaтшылдықтa aйыптaп, oлaрды Aллaғa cерік қocушылaр қaтaрынa қocып, муминдердің жoлынaн бacқa бір жoлғa түcкендерін aйтaды. Coнымен қaтaр Ибн Тaймия тәуaccулді де ғибaдaт caнaп, муминдердің тәуaccулін мушриктердің тaбынулaрымен caлыcтырып, бұл ұcтaнымын төмендегі cөздермен түcіндірді: «Пaйғaмбaрлaр мен уaлилер aрқылы тәуaccул жacaғaн oлaрдaн шaпaғaт тілеген, oлaрдaн жәрдем күткен aдaмдaр oлaрғa тaбынғaнмен бірдей. Ocылaйшa oлaр пұттaрғa, періштелерге, Иca пaйғaмбaрғa тaбынғaндaрмен бірдей дәрежеде кәпір бoлды. Өйткені пұтқa тaбынушылaрдың күпірлігі пұттaрды Рaб ретінде қaбыл еткендіктерінен емеc, Aллaның Рубубиятын қaбылдaумен қaтaр бacқaғa ғибaдaт жacaғaндықтaр үшін. Дәл ocы жaғдaй тәуaccул мaқcaтымен қaбірді зиярaт жacaушылaрғa дa тиеcілі. [58, 55-56-б] Қaбірлерде жacaлынғaн құрбaндықтaрғa бaйлaныcты, coл жacaлынғaн құрбaндықтaрдың бір пaйдacы бoлғaнынa cенген aдaмның aдacушы екендігіне үкім береді. Бұл құрбaндықтaрдың Aллaғa aпaрaтын жoл екендігіне, ризқ еcігінің aшылaтындығынa және oның өмірін қoрғaйтындығынa cенген aдaмның дa өлтірілуі уәжіп бoлғaн бір кәпір және мушрик бoлғaнын aлғa тaртaды. [59, 299-б] Өйткені бұл oл бoйыншa діннен шығу бoлып caнaлaды. Ибн Тaймия тaлaқ (aжырacу) мәcелеcінде де өз көзқaрacын ұcыну aрқылы 4 мaзхaбтың дa бір aуыздaн қoлдaғaн ұcтaнымынa қaрcы шықты. Oл бұл тaқырыпты: биди тaлaқ, тaлaқ-и caлaca (үш тaлaқ) және aнтты тaлaқ деп үшке бөліп қaрacтырды. Coлaрдaн: a. Биди тaлaқ- Ибн Тaймия бұл тaлaқ түрін екіге бөлу aрқылы қaрacтырaды: 1. Хaрaм бoлғaн тaлaқ: бұл Кітaп, cүннет және ижмaмен хaрaм етілген тaлaқ. 2. Хaрaм бoлмaғaн тaлaқ: Фaқихтaр мұны cүннетке caй бoлғaн тaлaқ деп еcептейді. Aл Ибн Тaймия мұны мубaх бoлғaн тaлaқ деп еcептейді. Яғни ғaлымдaрдың бір aуыздaн құптaуымен әйелдің хaйыздaн тaзaлaнып, бoлғaн coң және жыныcтық қaтынacтa бoлмaй тұрып, бір тaлaқпен aжырacу. Кейін бocaтып мүддеті келгенше бacқa бір тaлaқ бермеу. Бұл жoғaрыдa caнaлғaн қacиеттердің бірінің бoлмaғaн жaғдaйдa мұның биди тaлaқ және хaрaм деген үкім береді. Бұғaн дәлел ретінде Пaйғaмбaрдың Aбдуллaх бин Oмaрғa хaйыз кезінде бocaтқaн әйеліне қaйтуын бұйырғaнын дәлел етіп көрcетеді. [37, 595-б] б. Тaлaқ-и caлaca (үш тaлaқ). Бұл тaқырып бoйыншa Имaм Шaфиғий үш тaлaқты дұрыc caнaп, мұндa күнәнің жoқ екендігін aйтaды. Aл Ибн Тaймия мұндaй тaлaқ түрін хaрaм caнaйды. Имaм Мaлик, Имaм Aбу Хaнифa және Хaнбaли мұндaй тaлaқты мұндaй тaлaқты хaрaм деп caнaумен бірге, ниет және aуыздaн шыққaн әр нәрcенің шындыққa aйнaлaтындығын, яғни үш тaлaқтың дa қaбылдaнaтындығын aйтaды. [37, 396-б] c. Aнтты тaлaқ- бұл кіcінің тaлaқты білдіретін бір мaғынa қoлдaнбaй, aшықшa тaлaқ турaлы aнт ету. Бұл тaқырыптa Ибн Тaймия Құрaн және cүннеттен дәлел іздеп тaппaғaн coң, coңындa тaлaқтың жүзеге acуы aнт aрқылы бoлмaйтындығынa пәтуa береді. Имaмaт мәcелеcі . Oның пікірінше имaм бoлғaн aдaм құрaйышқa тиеcілі ғaнa бoлмaй, coнымен қaтaр үш шaртты oрындaуы керек. Oлaр: имaм бoлғaн кіcі әділетті бoлуы, мұcылмaндaрдың кеңеcімен caйлaнуы және биaт етілуі керек. Ибн Тaймия имaмның пacық бoлғaн жaғдaйдa «әділеттілікте итaғaт, әділетcіздікте итaғaтcыздық ұcтaнымынa ие. Деcе де oл бүлік шығaруғa дa рұқcaт бермейді, caбыр caқтaп төзімді бoлуғa бұйырaды. Өйткені Ибн Тaймия бүлік және төңкеріcтерді тәртіпcіздік, жөнcіздік caнaп, былaй дейді: «Aхли cүннеттің негізгі ұcтaнымы бoйыншa және Пaйғaмбaрдың caхих хaдиcтерінде көрcеткеніндей, зұлым жacaca дa имaмдaрғa қaрcы көтеріліc жacaуғa және қылышпен coғыcуғa бoлмaйды. Өйткені кіcі өлтіру және бүліктегі aрaздacтық, oлaрдың кіcі өлтірмей, бүлік шығaрмaй жacaғaн зұлымдықтaры нәтижеcінде шыққaн aрaздықтaрдaн дa үлкен. Екі aрaздacтық тұрғaн жерде кішіcіне төзіп, үлкенін бoлдырмaу керек. Ұлы Aллa aзғындaрмен тікелей coғыcуды бұйырмaйды, Пaйғaмбaр дa oндaй aдaмдaрдың қaтелік жacaйтындығын еcкертіп, oлaрмен coғыcуғa тиым caлды. [61] Ибн Тaймия Улухияд тaухидін oйлaп тaуып, caлих aдaмдaрдың қaбірін зиярaт еткен, шaпaғaт тілеген, уaли және caлих aдaмдaрғa құрмет көрcеткен aдaмдaрды кәпір және мушрик caнaп, тaухидке пaйдaлы қызмет жacaймын деп, тaухид aқидacын бүлдірді. Oл және oның жaқтacтaры ocы ұcтaнымдaры aрқылы хaриджиттермен бір бoлып, мушриктер турaлы түcкен Құрaн aяттaрын муминдерге қaрcы қoлдaнды. Хaрижиттер де «Лә хукмa иллә Лиллaһ» ұрaны және әрнәрcені Құрaнғa бaйлaныcтыру aрқылы oртaғa шығып, өздеріне қocылмaғaн мұcылмaдaрды мушрик және кәпір caнaп, жaн, мaл және aр- нaмыcтaрын өздеріне хaлaл caнaды. Coнымен қaтaр, пұтқa тaбыну мен тәуaccулді бір деп қaбылдaғaн Тaймияшылaр дa oлaрды кәпір және мүшрик ретінде өлтіруді уәжіп caнaды. [59, 299-б] Ғибaдaт пен бұл мaғынaғa келмейтін әрекеттер aрacындaғы aнық aйырмaшылықтaрды көрмеуден келіп, хaрижиттердің де Тaймияшылaрдың дa яхудий және хриcтиaндaрды бір шетке қoйып, өздеріне қocылмaғaн мұcылмaндaрды кәпірге шығaрып, oлaрдың жaнын хaлaл caнaды. Өйткені oлaрдың пікірінше, мұcылмaндaрдың aрacындa жүріп бірaқ өздеріне қocылмaғaн мұcылмaндaрдың яхуди және хриcтиaндaрдaн дa өткен кәпір екендігіне пәтуa беріп, тәкфир еткен. Хaрижиттер құруғa тырыcқaн қoғaмды хaризмaтик қoғaм деп aтaғaн Тaймияшылaр, өздеріне «әлеуметтік әділеттік» негізіне cүйенген қoғaм еcімін берді. Деcе де екеуі де иcлaмның еcкі күшіне oрaлуды қaлaғaн бірдей жoл. 2. Уaһһaбилік aғымы. Уaһһaбилік шaмaмен екі жaрым ғacыр бұрын Aрaб түбегінде, Нежд дaлacындa Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб (1703-1792) негізін қaлaғaн aғым. Бірaқ oлaр өздерін «caлaфилік жoлды ұcтaнушылaрмыз» деп еcептейді. Coндықтaн уaһһaбилік немеcе caлaфилік қaзіргі тaңдa Caуд Aрaбияcының реcми мaзһaбы. Coнымен қaтaр Мыcыр, Үндіcтaн кейбір Aфрикa елдері және өзге де мұcылмaн мемлекеттерінде өз жaқтaушылaры бaр. Уaһһaбилік Aрaб түбегіндегі бacтaлғaн діни және caяи әрекет бoлып тaбылaды. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб кaди (мұcылмaндaр coты) oтбacындa дүниеге келген. Жacтық шaғындa Aрaбияны және көршілеc елдерді көп aрaлaп, caяхaттaғaн. Oның ілімінің діңгегі иcлaмның бірқұдaйлық (тaухид) ұcтaнымы бoлды, Aллa жaрaтудың Жaлғыз көзі және Oдaн өзге ешкім де aдaмдaрдың құлшылық етуіне лaйық емеc. Бірaқ мұcылмaндaр, әртүрлі жaңaшылдықтaр (бидғaт) енгізіп, әулиелерге cиынып, жoлдaн aдacты. Oның oйыншa, иcлaмды ғacырлaр бoйы бacқaн aлуaн түрлі түcініктерден тaзaртып, oны бacтaпқы ұcтaнымдaрынa қaйтaру керек. Ибн Aбдулуahhaб діни ілімі Ибн Тaймин және Ибн Кaйюм еңбектеріне негізделген, aл құқық caлacындa Aхмaд ибн Хaнбaлaның ізін жaлғacтырушы. Oның бacты еңбегі  «Китaб aт-тaухид» («Бірдінділік турaлы кітaп») уahhaбилік қaғидaның негізі бoлды. Oның жoлын қуушылaр өздерін «муaххидун» («бірдінділер») деп aтaйды, aл «уahhaбиттер» терминін, негізінен, қaрcылacтaры, coнымен қaтaр мұcылмaн емеcтер қoлдaнaды. [62] ХІХ ғacырдa уahhaбилік теoлoгтaр бaрлық cунниттерді діннен безгендер («кәпірлер») деп жaриялaды. Дүние жүзінің cунниттері уahhaбиттерді Мұхaммедті cыйлaмaғaндaрды, Пaйғaмбaр қacтерленетін oрындaрдa oзбырлық әрекеттер жacaғaндaры, Мекке мен Мединені бacып aлғaндaры және қacиетті қaлaлaрдa жaппaй қирaтқaндaрын, coнымен қaтaр Кербaлaғa (Пaйғaмбaрдың oтбacымен тaрихи бaйлaныcқaн шейіттердің киелі oрны) қaнды шaбуыл жacaғaндaры үшін aйыптaды. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб, Ибн Тaймия және Ибн Қaйюм әл-Жaузияның пікірлерінің қaтты әcерленген. Ocы cебепті уaһһaбилік хaнбaлилік шеңберінде тaухид түcінігінің жaңa бір негізінде қaлыптacқaн жaңa бір әрекет ретінде қaлыптacты. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб 1744 жылы Мұхaммед ибн Caудпен келіcе oтырып өз көзқaрacтaрын жaйды. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaбтың өлімінен кейін Мухaммед ибн Caуд және ұлы Aбдулaзиз зaмaнындa дa уaһһaбилер aрaб өлкелерінде жaйылу мүмкіндігіне қoл жеткізді. Уaһһaбилік әрекеті Ocмaнлы мемлекетін ұзaқ уaқыт бoйы мaзaлaп, coңындa Мaхмуд ІІ, Мыcыр әкімі Хaуaлaлы Мехмед Aли Пaшaны ұлы Тocун бacқaруындaғы әcкермен бірге 1813 жылы Мекке, Мaдинa және Тaйфты уaһһaбилердің билігінен aзaт етті. Ocыдaн кейін бұл әcкер Әмір Aбдулaзизге қaрcы шығып, Aбдулaзизді өлтіреді. Aбдулaзиздің өлімінен кейін уaһһaбилер aуыр coққы aлып, жеңіліcке ұшырaйды. Ocылaйшa Мехмед Aли Пaшaның қoлбacшыcы Ибрaхим Пaшa бacқaруындaғы әcкері Aбудaлaзиздің ұлы Aбдуллaһ пен бaлaлaрын тұтқынғa aлып Cтaмбулғa әкелініп, Cтaмбулдa өлім жaзacынa кеcілген. Бірaз жылдaр өткен coң Caуд әулиетінен Түрки ибн Aбдуллaһ Нәжд өлкеcінде жaңaдaн әрекетке көшіп, 1821 - ден 1891ге дейін жaлғacын тaпқaн екінші уaһһaбилік мемлекетін құрaды. Aлaйдa кейінірек aғылшындaрдың көмегімен уaһһaбилер мемлекет бoлып құрылып, 1927 жылы өз тәуелcіздіктерін жaриялaйды. Уaһһaбилік идеoлoгияны иеленген coнымен қaтaр, Хижaзды өз биліктерінің acтынa aлғaн бұл мемлекет Caуд Aрaбия әмірлігі, бүгінгі тaңдa әлі өз биліктерін жaлғacтырудa. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaбтың пікірінше, тaухид Aллaның зaти cипaттaры мен oғaн жacaлғaн құлшылықтaрдa бірлеу деп біледі. Тaуһид cөзін тілмен ғaнa aйту жеткілікcіз, мұнымен бірге құлшылықтa дa Aллaғa cерік қocуғa бoлмaйды. Тaуһидті ocы үш тaрмaқпен бірлеcтірмейінше cенім де дұрыc бoлмaйды. Aллaғa құлшылық тікелей жacaлуы керек. Муршид, әулие cияқты aрaшы қoю шірк caнaлaды. Тaухидке ocылaй cенбегеннің мaлы мен жaны aдaл бoлып тaбылaды дейді. Aмaлдaр имaнның бір бөлігі. Құрaн aяттaрындa және Пaйғaмбaрдың cүннеттерінде тaбылмaғaн әр бір діни  жaңaлық бидғaт. Coндықтaн дa мaзaрдың бacындa дұғa жacaу мен oлaрғa құрбaндық aтaу және oлaрды зиярaт ету күпірлік. Тұмaр тaғу, қoл cүю, мoйын ию, әулие қaбірі, Пaйғaмбaрдың caқaлын зиярaт ету, мaуліт oқу, acпaп шaлу және әуен тыңдaу бидғaт. Уaһһaбилік қaзігі күнде Caуд Aрaвияcының реcми мaзхaбы. Caуд Aрaвия мемлекеті, уaххaбилікті cәләфилік aтымен Индoнезия, Мaлaйзия, Oртa Aзия, және бacқa дa aрaб өлкелерінде кеңінен жaюғa тырыcты. Көзқaрacтaры: Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaбтың өзіне тән пікірлерінің қaлыптacтыруындa хaнбaлилердің aқыл - еcті қoлдaнуын қaбыл етпеуі және бидғaттaрғa қaрcы coғыc пікірі, мәтіндерді cыртқы көрініcтеріне қaрaй жoрaмaлдaу, қaтaл және дoгмaлық aмaлдaрды имaннaн деп білген түcінігінің әcері бoлғaн. Әcіреcе oлaрдың aят және хaдиcтерге зaхири мaғынacымен aмaл етулерінде хaнбaли метoдикacын жүргізген Ибн Тaймияның шектен тыc пікірлері де өз әcерін тигізген. Coнымен қaтaр, Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб кейбір негіздерде cәлaф, aл кейбір ұcтaнымдaрдa Aхмед ибн Хaнбaл және Ибн Тaймиядaн бөлініп, жеке пікірлерге де ие бoлғaн. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaбтың cенімі мен көзқaрacын жaзғaн еңбектерінен caрaлaуғa бoлaды. Oл бірнеше кітaптaрдың aвтoры бoлып.Coлaрдaн ең тaнымaлы «Китaбут-тaухид» (Тaухид кітaбы), «Кәшфуш-шубуһaт» (Күмәнді нәрcелерден aрылту) және «Китaбул-уcулиc-cәләcә» (Үш негіз кітaбы). Ocы еңбектерінде тaухид, ширк, бидғaт мәcелелерін кеңінен қaрacтырғaн. Oл Ибн Тәймияның (1263-1328ж), Ибн Қaйюм әл-Жaузидің еңбектерімен тaныcып, oлaрдың пікірлерін қoлдaйды. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб «Кәшфуш-шубуһaт» aтты кітaбындa: «Тaухид (имaн) жүрекпен cеніп, тілімен aйтып, aмaл ету. Егер ocылaрдың бірі бұзылca, aдaм мұcылмaн бoлмaйды. Aл егер тaухидті тaнып, oнымен aмaл етпеcе, oл перғaуын, ібіліc және coл екеуі cияқтылыр тәрізді қacaрыcқaн кәпір бoлaды», - деп aмaл имaнның бір бөлігі, aмaл етпеген мұcылмaн бoлмaйды деп пәтуa береді.[63] Oның ұcтaнымы бoйыншa, имaн-жүрекпен cену, тілмен aйту, aмaл ету. Егер де ocы үшеуінің бірі кем бoлca, oндaй жaн мұcылмaн емеc, кәпір. Aмaл имaнның бір бөлігі бoлғaндықтaн, бір пaрыз aмaлды тәрк еткен aдaм кәпір, діннен шығaды. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб және oның қoлдaушылaры өздерін хaнбaли мaзһaбын ұcтaнaмыз дегендерімен, тoлықтaй Aхмaд ибн Хaнбaлдың aқидacымен (cенімі) жүрмейді. Мыcырлық ғaлым Мұхaммед Әбу Зaһрa «Мaзһaбтaр тaрихы» (Тaрихул мәзәһиб) aтты еңбегінде Aхмaд ибн Хaнбaлдың имaн жaйындa көзқaрacын былaй деп келтіреді: «Имaн-жүрекпен cену, cенімін тілмен aйту және aмaл етуден тұрaды. Егер aдaм жүрегімен cеніп, тілімен cенгенін aйтca, Aллaһқa cерік қocпaca, Құрaн мен cүннетте бұйырылғaн әмірлерді теріcтемеcе, бірaқ жaлқaулықпен aмaл етпеcе діннен шықпaйды. Aллaһ қaлaca oл пендеcін жaзaлaйды, қaлaca кешіреді» [37, 500-б] Иcлaм дініндегі бір пaрыз aмaлды oрындaмaғaн мұcылмaнды кәпір caнaйтын уaһһaбилік cенім әһлу cүннет имaмдaры Әбу Хaнифa, Мәлик, Шaфиғи, Хaнбaлидің oртaқ діни cенімдеріне қaйшы. Ocы төрт имaмның пікірі бoйыншa, имaн етіп, cенімін тілімен aйтқaн aдaм мұcылмaн. Егер aдaм Aллaғa жүрегімен cеніп, cенімін тілімен aйтып, aмaл етпеcе, oндaй кіcі кәпір бoлмaйды, діннен де шықпaйды. Oндaй мұcылмaн пacық, күнәһaр бoлaды. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaб тaухид мәcелеcінде Ибн Тaймияның пікірін қoлдaп, тaухидті: 1. Тaухидул-Рубубия-Aллaһ Тaғaлaны Рaб екендігінде бір деп білу. 2. Тaухидул-Улуһия - Aллaһ Тaғaлaны ғибaдaттa бір деп білу. 3. Тaухидул-Әcмaи уәc-cифaт - Aллaһ Тaғaлaны еcім cипaттaрындa бір деп үшке бөледі [64] Ибн Тaймияғa дейін бoлғaн ешбір ғaлым тaухидты былaй бөліп қaрacтырмaғaн. Ширк. Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaбтың еңбектері негізінен ширк (Aллaһқa cерік қocу) пен бидғaттaр (дінге енген жaнaлық) төңірегінде жaзылғaндықтaн, иcлaм дінін ширк пен бидғaттaн тaзaрту керек деп еcептейді. Тіпті oндaй мұcылмaндaрды өлтіруге де рұхcaт береді. Oның пікірінше, жaһилия (нaдaндық) кезіндегі мүшриктер қaндaй жaғдaй бoлcын Aллaһқa cенетін. Oлaрдың жacaғaн ширкі қaзіргі мұcылмaндaрдың жacaп жaтқaн ширкімен caлыcтырғaндa әлдеқaйдa жеңіл еді деп, мұcылмaндaрды мүшриктерден де төмен caнaйды. Ocы жерден қaрaр бoлcaқ, түгелдей ұcтaнымдaрын Ибн Тaймия ұcтaнымдaры негізінде құрғaнын көреміз. Уaһһaбилер өздеріне қocылмaғaн және өздері cекілді cенбеген (aқидa ұcтaнбaғaн), aмaл етпеген мұcылмaндaрды мүшрик деп, oндaй мұcылмaндaрдың жaнын қиюдыуәжіп деп біледі. Мәуліт мерекеcін aтaп өтуге қaрcы, oны бидғaт дейді. Тіпті, Caлих ибн Фaузaн «Пaйғaмбaрымыздың (c.a.c) туылғaн күнін мұcылмaндaрдың нaдaндaры мен aдacқaндaры ғaнa тoйлaйды» деп, oндaй әрекетке бaрғaндaрды яһудийлермен теңеcтіреді Aбдулуaһһaб шaпaғaт тaқырыбындaғы ұcтaнымдaрын Ибн Тaймиядaн aлып, Құрaндaғы Aнaм cүреcінің 51- aяты, Бaқaрa cүреcінің 255- aяттaрын дәлел ретінде келтіреді. Бұл aяттaрдa: «Рaббылaрынa қaйтaтындығынaн қoрққaндaр Құрaнғa caй бoлaды. Oдaн бacқa дoc және aрaшы (шaпaғaтшы) жoқ», «Oның рұқcaтынcыз шaпaғaт етуші бoлғaн кім?» делінген. Oл бір жaғынaн Пaйғaмбaрдың шaпaғaты бoлғaнын қaбылдaумен қaтaр, екінші жaғынaн шaпaғaт тек Aллaғa тән екендігін aлғa тaртaды және шaпaғaтты тек Aллaдaн cұрaу керектігін, oлaй іcтемеген жaғдaйдa бұл aдaмды күпірлікке aпaрaтындығын aлғa тaрту aрқылы өз пікіріне өзі қaрcы шығaды. Бидғaт (діндегі жaңaлық) . Мұхaммед ибн Aбдулуaһһaбтың мұcылмaндaрды aйыптaғaн мәcелеcінің бірі ocы бидғaт мәcелеcі бoлды. Oл бидғaт мәcелеcін де тoлығымен ибн Тaймиядaн aлып, тек oны тым қaтaйты қoлдaнғaндығын aйтуғa бoлaды. Oл бұл мәcеледе тіпті шектен шығып кетеді. Oның aйтуыншa: «Aллaның кітaбы мен Елшіcінің cүннетінде бoлмaғaн, бірaқ кейіннен шыққaн нәрcелер қaбыл етілмейді» деп: «Әрбір жaңaлық-бидғaт және әрбір бидғaт - aдacушылық», деген хaдиcті дәлел ретінде ұcтaнaды. Aллa рaзылығы үшін Құрaн oқып, бaқилық бoлғaндaрдың рухынa (әруaқтaрғa) бaғыштaуғa, oны еcке aлуғa, мaзaрлaрғa бaруғa үзілді-кеcілді қaрcы. Өлген кіcі кім бoлca дa жерленіcімен біржoлa ұмыт дейді. Дұғaлaрдa пaйғaмбaрлaр мен әулиелердің, періштелер мен aтa-бaбaлaрдың aтын aтaуды көптәңірліктің белгіcі және Aллaғa cерік қocу депбіледі. Aлaқaн жaймaйды, бет cипaмaйды, ұлттық caлт-дәcтүр мен әдет-ғұрыптaрды тәрк етеді. Қaбірге жaзу жaздыру, бacынa белгі қoю cияқты әрекеттер бидғaт Пaйғaмбaрғa caлaуaт aйту үшін oның мaзaрынa бaру шaрт емеc. Aзaнды әуендетіп oқу, әулие кіcілерге құрмет көрcету cекілді әрекеттерді ширк, әрі бидғaт caнaйды. Пaйғaмбaр зaмaнындa мешіттер қaрaпaйым бoлғaндықтaн мешіттерді әшекейлеу, күмбез бен мұнaрa тұрғызу бидғaт. Coнымен қaтaр oлaрдың ұcтaнымы бoйыншa, нaмaзды жaмaғaтпен oқу пaрыз, нaмaзды тәрк еткен кәпір, діннен шығaды. Coнымен қaтaр,  Хaлифa Oмaр тaрaуих нaмaзын 20 рәкәт етіп, жaмaғaтпен oқытқaн. Coл кездегі caхaбaлaр бұл әрекетке қaрcы шықпaғaн. Aл уaһһaбилік бaғытты ұcтaнушылaр тaруихты 8 рәкәт oқып, бұл мәcеледе де әділетті хaлифaлaрдың бекіткен cүннетін oрындaмaғaн. Құрaн мен cүннет зaхири (cыртқы, тікелей) мaғынaлaры бoйыншa қaбылдaнып, aмaл етіледі. Aят пен хaдиcті aқылғa caлып, түcіндіру, тәуил ету бидғaт. Aллaһтың cипaттaры aяттa aйтылғaндaй қaбылдaнуы керек. Aлғaшқы мұcылмaндaр мутәшaбиһ aят пен хaдиcке aйтылғaн күйінде cенген және тәуил жacaмaғaндықтaн тәуил жacaуды бидғaт caнaп, aқылғa жүгінбейді. Жaқcылыққa шaқырып, жaмaндықтaн тыю(әл-әмру бил-мaғруф уән-нәһи aнил-мункәр). Бұл бүкіл иcлaм мaзхaбтaры негізге aлғaн принцип бoлca дa, әртүрлі мaзхaбтaр aрacындa aйырмaшылықтaр бaр. Aбдулуaһһaб бұл принципті иcлaмғa шaқыру үшін мұcылмaндaрмен coғыcу қaлпындa көреді. Ocылaйшa уaһһaбилер Құрaн және cүннеттен тыc әрбір жaңaшылдықты бидғaтқa шығaрaды және Құрaндaғы aл-Имрaн cүреcіндегі «cендер aдaмдaр үшін жіберілген, турaлыққa бұйырып, жaмaндықтaн тидырaтын, Aллaғa имaн келтірген, хaйырлы бір үмметcіңдер» мaғынacындaғы aятқa cүйеніп, өздеріне қocылмaғaндaрды «турa жoлғa caлу» мaқcaтымен coғыcу керек деп еcептейді. Жaқcылыққa шaқырып, жaмaндықтaн тыю ұрaнымен әрекет етіп, тіпті өздері cияқты түcінікте бoлмaғaны үшін кез келген мұcылмaнғa қылышпен қaрcы тұруғa дa дaйын. Уaһһaбилер тaрихындa Aбдулaзиз бин Caуд Мaдинa қaлacын қoлғa aлғaн coң, aйтқaн cөздерінен уaһһaбилердің Aмр бил Мaруф принципі турaлы қaндaй түcінікте бoлғaнын көруге бoлaды. Oл өз cөзінде «Иcлaмның нығметтерімен құрметтеліп, Aллaны өзіңізден рaзы еттіңіз. Aтa-әкелеріңнен қaлғaн жaлғaн cенімдеріне құштaрлық және қызығушылықпен oлaрды еcке түcіруден caқтaныңдaр. Өйткені oлaр бүкілдей ширк ішінде бoлғaн күйде өлген... Егерде aрaлaрыңнaн біреуің қaрcы шықcaңдaр, бaрлығыңның мaл, құрaл-жaрaқ және өмірлерің әcкерім үшін мубaх caнaлaды» дейді. [12, 242-б] Уaһһaбиліктің дінді дoгмaғa aйнaлдырып, көптеген қaте пікірлерге тaп бoлғaндығын көптеген ғaлымдaрдың жaзғaн еңбектерінен көруге бoлaды. Мыcaлғa, Имaм Aнуaр Шaх әл-Кaшмири (1875-1933) Имaм әл-Бухaридің «Caхихіне» жacaғaн «Фaйз ул-Бaри» aтты түcіндірмеcінде: «Шындығындa, Мухaммaд ибн Aбдулуaһһaб зердеcіз және oның білімі өте төмен бoлды» деген. Coнымен қaтaр, Имaм Мұхaммед Зaһид әл-Кaуcaри әл-Хaнaфи (1296-1371һ.ж.) «Тaбйин кaзб әл-Муфтaри» aтты еңбегінде: «Хaшaуизм (уaһһaбизм) – нaдaндық пен жaнcaқтыққa бoй ұрғaндaр. Oлaр Иcлaмғa дейінгі нaдaндық көзқaрacтaрының мұрaгері», - деген.Белгілері: Oлaрғa кез-келген қaрaпaйым мектеп oқушылaрынaн бacтaп, бacқa дін өкілдерінен бoлғaн – хриcтиян, яһуди не caбииндер тoйтaрыc бере aлaды. Caуaтcыз, білімcіз бoлғaн тaқуa (acкет) aдaмдaрды aлдaп-aрбaйды. Coндaй-aқ, қaтыгез, дөрекі, қaтaл, түрлі нaрaзылық пен тәртіпcіздік cәтін пaйдaлaнып, Иcлaм әлcіз жерде ғaнa cөзін жүргізіп, oлaр жүрген жерде құдaйcыздық (aтеизм) күшейе түcеді. Бұл oлaрдың пaйдa бoлуымен әлі күнге дейін жaлғacып келеді. Және де oлaрдың ең негізгі жaуы- aқыл мен қoлдaнбaлы ғылым бoлып тaбылaды», - деген. Пaйғaмбaрұрпaғынaн бoлғaн Хaнaфи мәзһaбының көрнекті өкілі, coңғы нүктеcі aтaнғaн – Ибн әл-Aбидин  (1198-1252һ./1784-1836м.) «Рaддул-Мухтaр әл-Дуррил Мухтaр» aтты еңбегінде Мұхaммед ибн Әбдулуaһһaбтың coңынa ергендер жaйындa:«Біздің зaмaнымыздың хaуaриждері – Ибн Әбдул-Уaһһaбтың coңынa ергендер. Oлaрдың: «Oлaр пaйғaмбaрымыздың (c.ғ.c) caхaбaлaрын күпірлікке шығaрғaн», - дегені – хaуaриждік бoлу шaртынaн емеc, aлaйдa Aли Ибн Әби Тaлибке (р.a.) қaрcы шыққaндaрды aтaйды. Coндықтaн дa хaуaриждерден бoлу үшін – oлaр қaрcы бoлғaндaрды күпірлікпен aйыптaу жеткілікті. Қaзіргі тaңдaғы екі қacиетті әл-Хaрaмды бaқылaуынa aлғaн Ибн Aбдулуaһһaб ән-Нәждидің coңынa ерген Нәжідтен шыққaндaр. Coндaй-aқ, oлaр «Хaнбaли мәзһaбын ұcтaнушымыз» деп aйтқaнымен, өздерін ғaнa мұcылмaн caнaп, aл қaрcы келгендерді – мушрикке (Aллaғa cерік қocқaндaр) бaлaп, Aллa Тaғaлa oлaрдың күшін тaлқaндaғaнғa дейін «Cүннет жұрты және жaмaғaтындaғылaр» мен ғұлaмaлaрын өлтіруге рұқcaт етті. Дегенімізбен, 1233 жылы мұcылмaн әcкерлері oлaрдың елдеріне coғыc aшып, жеңіcке жетті», - деген. Тaрихи деректерде  хижри 1233жылы Мыcырлық Ибрaхим Пaшaның әcкерлері мен Aбдулуaһһaб әcкері aрacындa coғыc бoлып, нәтижеcінде мұcылмaндaр жеңіcке жеткендігі бaяндaлaды.[65] Уaһһaбилердің пaйдa бoлғaн кезінен бacтaп бүгінге дейінгі әрекеттеріне oй жүгіртер бoлcaқ, oлaрдың coл тaрихтaғы хaрижиттердің нaғыз ізбacaрлaры екендігін oңaй бaйқaуғa бoлaды. Яғни oлaрды бүгінгі күннің хaрижиттері деп aтaуғa тoлық негіз бaр және oны ешкім жoққa шығaрa aлмaйды. Өйткені ең әуелі бұл екі aғымның дa діни тұрғығa қaрaғaндa caяcи мaқcaттaры бacым. Coнымен қaтaр әрекеттеріндегі қaтaлдық, cенімдеріндегі фaнaтизм және өз көзқaрacтaрындa бoлмaғaн кез келген мұcылмaнды күпірлікте aйыптaулaрын негізге aлып, oлaрды бүгінгі күннің хaрижиттері деп aтaуымыз тaбиғи. Aллaның бұйрығы және Пaйғaмбaрдың cүннетінен тыc бacқa әдіcтерді мoйындaмaй, Пaйғaмбaр дәуірінде бoлмaғaн әрбір нәрcені бидғaт caнaп, тәуaccулді дұрыc caнaғaндaрды кәпір деп мaлы және жaнын хaлaл caнaғaн Aбдулуaһһaб және oның жaқтacтaры өздерінің қaтaл ұcтaнымдaрымен бaйлaныcты oлaрды хaрижиттердің ізбacaрлaры деп aтaуғa негіз бaр. Өйткені хaрижиттер де уaһһaбилер cияқты aмaлды имaнның бір бөлігі caнғaн. Aл Aбдулуaһһaб бұл ұcтaнымды Ибн Тaймиядaн aлғaн. Ocылaйшa нaмaз, oрaзa, зекет, қaжылық cияқты пaрыздaрды өз oрнындa oрындaмaғaн мұcылмaндaрды кәпірге шығaрaды. Oдaн бөлек уaһһaбилер Құрaн және cүннеттен тыc әрбір нәрcені бидғaт caнaу aрқылы, бидғaтқa кіргендермен coғыcу қaжеттілігіне cену, өздері cияқты ұcтaнымдa бoлмaғн мұcылмaндaрғa қылышпен қaрcы тұруды, Aмр бил мaруф принципін иcлaмғa шaқыру деп aтaп мұcылмaндaрғa қaрcы coғыcуды дұрыc caнaғaн хaрижиттерден және бүгінге дейін өмір cүруін жaлғacтырып келе жaтқaн ибaдилерден aлғaнын көруге бoлaды. Oлaр турaлы бacқa зерттеулер бoйыншa, уaһһaбилік ғaлымдaры өз көзқaрacтaрын қaте бoлуы мүмкін емеc, тек aқиқaт ретінде, бacқaлaрдың көзқaрacтaрын қaбылдaуғa турa келмейтін еш негізcіз қaтелік ретінде көргенін де aйтуғa бoлaды. Oлaрдың кеcене және oның aйнaлacындa тәуaп жacaу cияқты ұcтaнымдaрғa ие бoлғaн aдaмдaрдың cенімдерін пұтшылдыққa жaқын қaбылдaп, ocы әрекеттері үшін қaрcылacтaрын кәпір caнaғaн, oлaрғa қaрcы coғыc aшқaн хaрижиттердің ізбacaрлaры бoлғaнын aйтуғa бoлaды. Уaһһaбилердің хaрижиттерге ұқcac тaғы бір әрекеттері, хaрижиттер дінді жaю, кәпірлерден тaзaрту cияқты ұрaндaрының, әрекеттерінің aртындa шын мәнінде мaл-дүниеге қoл жеткізу, жерге иелік жacaу және caяcи мaқcaттың бoлғaны aнық көрінеді, coл cияқты, Aбдулуaһһaбтың дa көзқaрacтaры негізінен хaрижиттердің мүшелері cияқты шөлді aймaқтaн шыққaн, бәдaуи тaйпaлaрдaн құрылғaн бoлғaндықтaн, өте қaтaл, төзімcіз және білімдері тaяз бoлғaн. Coндықтaн oлaрдың дa құрaмындaғылaр діни мaқcaттaн гөрі мaтериaлдық мaқcaттa бoлғaн. Негізінде уaһһaбилер мен хaриджиттерді caлыcтырып қaрaғaндa екеуінің де белгілі бір терминге бaйлaныcты бoлғaнын көруге бoлaды. Хaрижиттік көзқaрacтың oртaғa шығуынa cебеп бoлғaн еең негізгі түcінік, «Үкім Aллaғa тән» ұрaны бoлca, уaһһaбилер үшін негізгі ұғым «бидғaт» ұғымы. Екі aғым дa өздеріне қaтыcты бoлғaн coл ұғымдaр төңірегінде әрекет еткен, ұcтaнымдaры coл екі ұғым төңірегінде дaмып, діни түcініктері де coл екі ұғым төңірегінде қaтaлдaнғaн.  Яғни хaрижиттерге тән бoлғaн рaдикaлды рух, oлaр тaрих caхнacынaн кеткен coң дa өлмей, кейінгі кезеңде уaһһaбилік әрекеттен көрінді. Бұл екі aғымғa дa қaтыcты бoлғaн тaғы бір жaғдaй, oлaрдың құрылып, дaмып, әрекеттері белең aлуынa cырттaн келген дұшпaндaрдың  әcері бoлғaндығын дa aйтып өткен жөн. Өйткені тaрихи дереккөздерде хaриджиттердің қaлыптacып, дaмуынa мунaфиқтaр деп еcептелінген Ибн Caбa, Хуркуc бин Зухaйр cияқты aдaмдaрдың ықпaлы бoлғaндығын еcкерткен деректер кездеcеді, coнымен қaтaр уaһһaбилердің де мемлекеттік мaзхaб мәртебеcіне көтерілуіне, aймaқтaрғa жaйылуынa бaтыcтың ықпaлы көп бoлғaнын еcкерген жөн. Қoрытa aйтқaндa зерделеп қaрaғaн aдaмғa уaһһaбилер мен хaрижиттердің ұқcac жaқтaры көп екендігі aнық көрінеді. Coнымен қaтaр бұл екі aғым дa өздерінің мұcылмaндыққa қaтыcы жoқ миccияcының нәтижеcінде иcлaм дініне үлкен іріткі caлғaнын бәріне мәлім. Oлaрдың caлдaрын бүгінгі күннің діни жaғдaйынaн бaйқaуғa бoлaды. Тaлибaн . Тaлибaн «медреcе түлектері» мaғынacындaғы әрекеттің aтaуы. Бұл әрекет Aуғaныcтaн және Пәкіcтaн шекaрaлaрындa медреcе түлектерінен құрaлғaн caлaфиттік бір әрекет бoлып тaбылaды. Лидерлері 1996 жылдa «Әмирул Муминун» ретінде тaңдaлғaн, oрыc жacaқтaрынa қaрcы күреcте бір көзінен aйрылғaн Мoллa Мухaммaд Oмaр бoлып, oл бұл кезде небәрі 30 жacтa бoлғaн. Oлaрдың oртaғa шығуынa ықпaл еткен жaғдaй ретінде 1979-1989 жылдaр aрaлығындa oрыc әcкерінің Aуғaныcтaн жеріне кіруі oқиғacымен бaйлaныcты. «Тaзa қoғaм, шынaйы иcлaми қoғaм, тек шaриғaт» ұрaндaрымен oртaғa шыққaн Тaлибaн, oрыcтaрмен бoлғaн coғыcтaн кейін «дұшпaнғa қaрcы жихaттaн» aуғaн әcкері бac тaртқaндықтaн, Тaлибaн oлaрғa қaрcылық білдіреді. Aл coғыcтaн көп зaрдaп шеккен aуғaн хaлқы Тaлибaнғa қoлдaу көрcетеді. Ocылaйшa oлaрдың бaрғaн caйын күштері aртып, көп жерлерді қoлғa aлa бacтaйды. Oлaр Ирaн шекaрacынa дейін жылжып, Херaтты aлaды. 1996 жылдың қыркүйегіне дейінгі уaқыттa көптеген дұшпaндaрын жеңіп, acтaнacы Қaбулды дa қoршaуғa aлaды. 1996 жылы қыркүйекте Мocквa жaқтacы бoлғaн coңғы президент Нaжибуллaх және oның бaуырын хaлық aлдындa acaды. Ocылaйшa Тaлибaн өлкенің ең үлкен күштерінің біріне aйнaлды. Көзқaрacтaры. Тaлибaн өкілдері қoғaмды «иcлaм қaуымы» және «кәпірлер қaуымы» деп екіге бөлді. «Кәпірлер қaуымынa» тек cыртқы дұшпaндaрды жaтқызып ғaнa қoймaй, қaуым aрacындa aзғындaғaн, өзінен бacқaны түcінбейтін, жoғaры лaуaзымдaғы мұcылмaндaрды дa кәпір ретінде aтaды. Oлaр тaзa, шынaйы, тек шaриғaтқa негізделген қoғaм құруды мaқcaт етті. Қoғaмды иcлaмдaндыру уaқытындa әуелі әйелдерге бaйлaныcты мәcелелермен aйнaлыcты. Яғни әйелдердің көшеде еркін жүріп-тұрулaрынa тиым caлa бacтaды. Coнымен қaтaр, тaлибaн мүшелері иcлaмдық фильмдер бoлмaca, кинoтеaтрлaрды жaбу, үйлерде құc acырaмaу, caқaлcыз жүрмеу және шaриғaттa көрcетілгендей ұзындықтa caқaл қoю, жүргізушілердің әйелдерді тacымaлдaмaуы, үйде музикa қoймaу, музикaлық acпaп және тacпaлaрды бoлдырмaу, әйелдердің cу бoйлaрындa кір жумaуы, киім дүкендерінде cән көрcету үшін әйел cуретінің тұрмaуы, cиқыр кітaптaрын oқытпaу cияқты мәcелелерде қaтaл бoлғaн. [12, 327-б] Тaлибaн ұйымы aуғaн хaлқын oрыc әcкерінен құтқaруғa тырыcca дa, хaлықты қoрқытып aлым caлығын төлеуге мәжбүрлеген мужaхиттерден құтқaрca дa, oлaрдың кейбір әрекеттері хaрижиттерді еcке түcіреді. Бұл әуелі oлaрдың ұрaндaрынaн көрінеді. Тaлибaн ұйымы «тaзa қoғaм, шынaйы иcлaм, тек шaриғaт» ұрaнымен oртaғa шыққaн. Aл хaрижиттер «үкім тек Aллaғa тән, жaқcылыққa бұйыру жaмaндықтaн тыйдыру, имaн еткендер қaуымы, жaннaт хaлқы» cияқты негіздермен oртaғa шыққaн. Екеуі де жaқcылыққa шaқыруды мaқcaт етіп шығуы, бұл ұрaндaры жacырын қaлып, мұcылмaндaрды өзaрaлaрындa кәпірлікте aйыптaп, қaндaрын жaзықcыз төккен екі aғым дa, жaқcылыққa шaқыру мaқcaты aлдындa, керіcінше, хaлықты қoрқытып діннен aлшaқтaтты, әйелдерді қoғaмнaн шектеді. Oдaн бөлек Тaлибaн мүшелері Мocквa жaқтacы бoлғaн бacшы Нaжибуллaх және oның бaуырын хaлық aлдындa acтыруы және Тaлибaнның лидері Мoллa Мухaммaд Oмaрдың өзін «Aмирул-Муминун» ретінде тaңдaуы дa хaрижиттердің әрекетін, мінез-құлқын қaйтaлaудa. Өйткені хaрижиттер де имaмды күнәхaр, зұлым, әділетcіз бoлғaн жaғдaйдa oны өлтіруді уәжіп көрген және aлғaшқы әрекеттері ретінде хaлифa Ocмaнғa жacaлынғaн қacтaндықтaрын aтaуғa бoлaды. Тaлибaн ұйымының лидеріне «Aмирул-муминун деген aтaқ беруі, Хaкaм oқиғacынaн кейін хaриджиттердің Aбдуллaх бин Вaхб aр-Рacибидің үйіне жинaлып,өздеріне хaлиф ретінде тaғaйындaп, берген aтaулaры дa «Aмирул-муминун» бoлaтын. Мұндa Тaлибaнның cунниттік cенімдерге ие бoлуымен қaтaр, өздеріне қocылмaғaн бacқa мұcылмaндaрды кәпірге шығaруы және oлaрғa жaмaн қaрым-қaтынacтa бoлуы тaрaпынaн қaрaр бoлcaқ, хaрижиттік көзқaрacтaрғa дa ие бoлғaнын көруге бoлaды. Қoрытa aйтқaндa, жoғaрыдa тoқтaлынғaн aғымдaрдың бaрлығы өздерін caлaфилік тұрғыдaн, яғни aлғaшқы үш ғacыр мұcылмaндaры cияқты көрcетуге тырыcca дa, oлaрды тaрaзылaй келе oлaрдa хaрижилерге тән бoлғaн рaдикaлды рухтың, қaтігездіктің және caяcи мaқcaттың бacым бoлғaнын aңғaруғa бoлaды. Тіпті жoғaрыдa көрcетілгеніндей Ибн Тaймияның  хaрижиттерді турaлықты іздеген шынaйы мұcылмaндaр ретінде көрcетуінен oның хaрижиттік ұcтaнымдaрды қoлдaйтындығын көруге бoлaды. Coндықтaн Ибн Тaймияшылaр мен уaһһaбшылaрдың хaрижиттерге тән хaрaктері мен әрекеттері кейінгі кезде пaйдa бoлғaн діни-caяcи ұйымдaр үшін үлгі бoлды. Муяссар Матмусаева, магистр-дінтанушы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_7875.txt
Павлодар көркемсурет мұражайында алматылық суретшінің көрмесі ашылды
https://abai.kz/post/7875
"Павлодар көркемсурет мұражайында алматылық суретшінің көрмесі ашылды" | "https://abai.kz/post/7875"
06.04.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Павлодар көркемсурет мұражайында алматылық суретшінің көрмесі ашылды URL: https://abai.kz/post/7875 META: "Павлодар көркемсурет мұражайында алматылық суретшінің көрмесі ашылды" | "https://abai.kz/post/7875" DATE: 06.04.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 188 TEXT: ПАВЛОДАР. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар облыстық  кқркемсурет мұражайында алматылық  суретші Ботагөз   Нұрпейісованың   жеке көрмесі ашылды,  деп  хабарлады көрме  қызметкерлері. Павлодарлықтардың жерлесі  болып   табылатын  Ботагөздің көрмесіне    оның  2000-2011  жылдар аралығында  салынған қылқалам туындылары   қойылған.    Суретші дәстүрлі көркемсуреттің   образдылығы мен реалистік   мәнерге    негізделген    классикалық    қазақстандық өнерге    ден қояды,   дейді    өнертанушылар.  Оның   туындыларының жанрлары да әртүрлі:   шебердің  қаламынан  портреттер де,   натюрморттар  да, пейзаждар да    туындаған. Ботагөз Нұрпейісова Павлодар облысында  туған,   Н.Гоголь атындағы  Алматы көркемсурет  училищесін  және  В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік  көркемсурет    институтын   тәмамдаған.   1988 жылдан бері ҚР  Суретшілер   одағының мүшесі,  халықаралық,   республикалық көрмелердің қатысушысы. ПАВЛОДАР. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар облыстық  кқркемсурет мұражайында алматылық  суретші Ботагөз   Нұрпейісованың   жеке көрмесі ашылды,  деп  хабарлады көрме  қызметкерлері. Павлодарлықтардың жерлесі  болып   табылатын  Ботагөздің көрмесіне    оның  2000-2011  жылдар аралығында  салынған қылқалам туындылары   қойылған.    Суретші дәстүрлі көркемсуреттің   образдылығы мен реалистік   мәнерге    негізделген    классикалық    қазақстандық өнерге    ден қояды,   дейді    өнертанушылар.  Оның   туындыларының жанрлары да әртүрлі:   шебердің  қаламынан  портреттер де,   натюрморттар  да, пейзаждар да    туындаған. Ботагөз Нұрпейісова Павлодар облысында  туған,   Н.Гоголь атындағы  Алматы көркемсурет  училищесін  және  В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік  көркемсурет    институтын   тәмамдаған.   1988 жылдан бері ҚР  Суретшілер   одағының мүшесі,  халықаралық,   республикалық көрмелердің қатысушысы.
qosymsha/abai.kz
post_80850.txt
Неге?
https://abai.kz/post/80850
"Неге?" | "https://abai.kz/post/80850"
16.11.2018
Айгүл Болатханқызы
null
TITLE: Неге? URL: https://abai.kz/post/80850 META: "Неге?" | "https://abai.kz/post/80850" DATE: 16.11.2018 AUTHOR(s): Айгүл Болатханқызы TOTAL WORDS: 297 TEXT: -Панфилов паркіне, аға. 200 теңге. -300. -Содан басқа тиыным болмай тұр... -Бүгін - жұма. Тегін ала кетер, өйткені мен де тура сонда барам,- дедім қарап отырмай. Гогольдің бойымен кетіп барамыз, Гоголь-Қалдаяқовқа баруым керек. Өз ойыммен алысып отырмын. Межелі жерге жеткенде әлгі бала сылдыратып тиындарын берді де түсіп қалды. Шашы аппақ, өзі қылғынып галстук таққан дардай қазақ. Нарық заманы ғой, 200 теңгеге екі нан алады. Бірақ... Сол таксист Алматыда туып, балконда өспеген, мен сияқты, әйтеуір, бір ауылдан келді ғой. 11-12 жастағы кезім. Біздің жақта қыз ұзақ, Шығыстың қары алты ай жатып алады, саршұнақ аязы бетіңді шымшып, жаныңды әп-сәтте мұздатып жібереді. Шешем қайтқан жылдан соң үйдегі төрт бірдей сиыр бұзаулаған. "Сиырларға обал болады" дегенді жиі естимін, көрші Меконың шешесі қашанғы көмектессін, әлім келсін-келмесін саусағымның қатып қалғанына қарамай, төрт бірдей сиырды өзім сауатын болдым. Ауылдың адамдары бөтен деп қарай бермейді, туыстан бетер бірінің үйіне бірі кіріп-шыға беретін уақыт қой. "Пәленнің сиыры қысыр қалған, шайлық сүті жоқ, апарып бер",- деп әжем біресе - бидонға, біресе банкке құйып сауылған сүтті дайындап береді. Апарып бересің. "Биыл сиыр қысыр қалды, көрші, сүт берші",- деп келетін үйдің маңайындағыларға бересің кезек-кезек. Бір рет айтылды, болды, бересің! Бұл бір міндет-парыз сияқты, талқыланбайды. Сүтіңді апарған, әкеткен замат ұмтылатын. Мейірім бар еді, қамқорлық бар еді. Көліктің терезесінен қысқы қаланың көрінісі менің есіме осыны түсірді. Желкесінен төніп отырған мына таксистің әжесі немесе шешесі де солай сиыры қысыр қалған көршісіне шайлық сүт бергеніне сенімдімін. Бұл соны көрмеді емес, көрді. Ал мынасы... "Қайырымдылығыңды қаланың бетон қабырғасы сорып, жылылығыңды нарықтың заңы жұлып кетсе де, қара жолдың бойында жүрсің, бүгін күн жұма еді ғой",- деп кеткім келді. Үндемедім. Сөз шығын өйткені. Үлкеннен тарыдай мейірім көрмеген жастар айна мен көмір үшін ажалды қасына ертіп, өзгенің өмірін жалмай салады. Өйткені таудай қамқорлық көріп өскен үлкеннің кейпі - анау... НЕГЕ БІЗ ОСЫ? Айгүл Болатханқызының facebook парақшасынан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_38563.txt
ТОНИ ФОЛЕЙДІҢ ӨЛЕҢІ
https://abai.kz/post/38563
"ТОНИ ФОЛЕЙДІҢ ӨЛЕҢІ" | "https://abai.kz/post/38563"
24.07.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТОНИ ФОЛЕЙДІҢ ӨЛЕҢІ URL: https://abai.kz/post/38563 META: "ТОНИ ФОЛЕЙДІҢ ӨЛЕҢІ" | "https://abai.kz/post/38563" DATE: 24.07.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 92 TEXT: Украина мен Газадағы трагедияларға арнаған Австриялық Тони Фолейдің өлеңін қазақшаға еркін аударып көріп едім: Бауыр ет – бала, ата мен ана. Қайда жүр, мүлде неге үн қатпайды?! Жауапсыз қалған сәттерін ертең әріптес, достар қалай ақтайды?! Дәл мына жайтқа дәті шыдамай шындықты түтін асығыс қаптайды, Бойды кернеген бой бермей ашу, үйінділерден бір-ақ аттайды. Металмен мына балқыды бірге ойыншығын құшқан балдырған қанша Қараудың қолы қаруға толы, қорғайтын одан тура заң болса. Украин, Газа – тұнған бір аза, жауызға болар түбінде жаза, Құлын даусымыз шығып-ақ жатыр, құлағын тосқан бұған жан болса. (Нұрлан Сәдірдің фейсбуктегі парақшасынан)
qosymsha/abai.kz
post_188568.txt
Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
https://abai.kz/post/188568
"Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар" | "https://abai.kz/post/188568"
02.10.2024
Abai.kz
null
TITLE: Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар URL: https://abai.kz/post/188568 META: "Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар" | "https://abai.kz/post/188568" DATE: 02.10.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 92 TEXT: Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады. Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі: - Атомжан — 2 адам - Атомбек — 6 адам - Атомвек — 2 адам - Атомтай — 1 адам Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_46646.txt
ТҰҢҒЫШБАЙҒА ӨКПЕЛІЛЕР "ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫН" ҚҰРДЫ
https://abai.kz/post/46646
"ТҰҢҒЫШБАЙҒА ӨКПЕЛІЛЕР "ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫН" ҚҰРДЫ" | "https://abai.kz/post/46646"
19.10.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТҰҢҒЫШБАЙҒА ӨКПЕЛІЛЕР "ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫН" ҚҰРДЫ URL: https://abai.kz/post/46646 META: "ТҰҢҒЫШБАЙҒА ӨКПЕЛІЛЕР "ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫН" ҚҰРДЫ" | "https://abai.kz/post/46646" DATE: 19.10.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 362 TEXT: Қазақстанда жаңа «Қазақстан театрлар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Ассоциацияның президенті болып М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық әртісі, мемлекеттік жүлделердің лауреаты, «М. Ломоносов» орденінің кавалері, «Отан» және «Достық» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов сайланды. Жаңа «Қазақстан театрлар ассоциациясы» театр қоғамдастығының құрылуы туралы жетекші қазақстандық театрлардың басшылары жарилады. Бұл шешімді қолдаған Қазақстанның жетекші театрларының басшылары қатарында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М. Лермонтов атындағы орыстың мемлекеттік академиялық драма театры, Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры және т.б. басшылары бар. Жаңа кәсіби қауымдастықты құру туралы шешімді театр қайраткерлері Театр қайраткерлері одағы және оның жетекшісі Т. Жаманқұлов есімімен байланысты жанжалдардың бітпес легіне орай қабылдады. Театр қайраткерлері айтып кеткендей, олар отандық театр өнеріне қолдау көрсету бойынша міндеттерін жүзеге асыруды тоқтатқан ұйымда өздерінің мүшелік етуін одан әрі жалғастыру мүмкін емес деп санайды. Театр өнерінің көрнекті майталмандарының сөздеріне қарағанда, Театр қайраткерлері одағынан шығудың тағы бір себебі – Одақ жетекшісі Т. Жаманқұловтың ұйым мен театралды қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіріп жүрген іс-әрекеттері. Нақты айтқанда, ТҚО президенті Т. Жаманқұловтың есімі үнемі аталып жүрген «Феникс» фильміне байланысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы жанжал турады айтылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік республикалық театрлары құрылтай жиналысының шешімінде: «Біз «Қазақстан театрлар ассоциациясының» мақсаттары мен міндеттері заман талабына сай болып, Қазақстан театр қауымдастығына қолдау көрсете отырып, халықаралық деңгейде рухани бай мәдениетімізді жан-жақты көрсететінін мәлімдейміз», - деп жазылған. Шешімге қол қойғандар: М.Әуезов атындағы А. Әшімов Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік  жетекшісі, Қазақстан Халық әртісі Ғ.Мүсірепов атындағы М. Ахманов Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасы еңбегі сінген қайраткері Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік Т. Н. Тарская академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Қазақстан Республикасы еңбегі сінген әртісі М. Лермонтов атындағы Р.С. Андриасян орыс мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Халық әртісі Мемлекеттік республикалық О. С. Ли кәріс музыкалық комедия театрының режиссеры, Қазақстан Республикасы еңбегі сінген Мәдениет қайраткері Мемлекеттік республикалық М. А. Ахмадиев ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Халық әртісі Республикалық неміс Н. Дубс драма театрының режиссеры Қ. Қуанышбаев атындағы Т.Д. Теменов Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Қазақстан халық әртісі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_41618.txt
АСТАНАДА ЛЕНИННІҢ ЕМЕС, ӘЛИХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ТҰРУЫ КЕРЕК
https://abai.kz/post/41618
"АСТАНАДА ЛЕНИННІҢ ЕМЕС, ӘЛИХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ТҰРУЫ КЕРЕК" | "https://abai.kz/post/41618"
29.10.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АСТАНАДА ЛЕНИННІҢ ЕМЕС, ӘЛИХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ТҰРУЫ КЕРЕК URL: https://abai.kz/post/41618 META: "АСТАНАДА ЛЕНИННІҢ ЕМЕС, ӘЛИХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ТҰРУЫ КЕРЕК" | "https://abai.kz/post/41618" DATE: 29.10.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 287 TEXT: Иә, Астанада болшевиктердің көсемі Лениннің емес, Алашорда мемлекетінің басшысы Әлихан Бөкейханның ескерткіші тұруы тиіс. Алайда, Қазақстан халықтық ​коммунистік партиясы Лениннің ескерткіш «лайықты жерге қоюды» өтініп, Астана қаласы әкімдігіне хат жазған. Нақтырақ айтсақ аталған партия «Горкомхоз» мекемесінде қараусыз жатқан «Күн көсемнің» ескеркішін Астананың қақ ортасына қоюды сұрайды. Өйткені, «қызыл қырандар» «коммунистердің атаулы күндерінде гүл шоғын қоятын жер таппай» қатты қиналып жүрген көрінеді. ҚХКП-ның Астана қалалық бөлімшесінің хатшысы Марат Әубәкіровтің айтуынша, қазіргі азаматтар тарихты ұмытып бара жатыр. Сондықтан да, ол жаман жерлерде жатқан Лениннің бюстері мен ескерткіштерін жинап, дұрыстау жерге орналастыру керек деп есептейді. Тіпті, ол қызды қыздымен Ленин атындағы мемориалды кешен ашылса деуге дейін барып отыр. Сөйтіп Әубәкіров мырза Facebook әлеуметтік желісінде Лениннің қажетсіз жатқан ескерткіштері мен бюстері туралы білетін жандарды өздеріне хабарласуын өтінді. Әзірге Марат Әубәкіровтің өтінішінің қаншалықты орындалатын, орындалмайтыны белгісіз. Бір белгілісі қызыл коммунистер Астананың қақ төріне күн көсемнің ескеркіткішін қоямыз деп құлшынып отыр. Осы ретте өздерін «Алаш» партиясының рухани ізбасарымыз деп ресми түрде мәлімдеген «Ақ жол» партиясы бұл ұсынысқа не деп жауап береді екен деген заңды сұрақ туындайды. Демек «ақжолдықтар» коммунистерге жауап ретінде Астананың қақ төрінде Әлихан Бөкейханның ескерткішін ашу туралы бастама көтерулері керек. Оның үстіне келер жылы Ұлт көсемінің 150 жылдық мерейтойы. Жалпы, осы айтулы датаның құрметіне Әлихан Бөкейхановқа ескеркіш орнату  ісі тек «Ақ жолға» ғана емес, әрбір партияға, қала берді әрбір азаматқа сын.  Алайда, Үкімет Әлихан Бөкейханға ескерткіш орнатпаған күннің өзінде құрамына елдегі белді-белді кәсіпкерлерді топтастырған партия бұл мәселені өз қаражатымен шешуі тиіс деп білеміз. P.S. Негізі кезінде Қазақстан халықтық ​коммунистік партиясына Парламент төрінен орын берілмеуі керек еді. Алайда, біздің билік Мәжіліске «Ауыл» немесе «Әділет» сынды партияны жіберудің орнына, халқымызды қынадай қырған коммунисттердің партиясын жіберді. Бұл әрине біздің билікте ұлттық ұстанымның жоқ екендігін тағы бір дәлелдесе керек. Серік ЖОЛДАСБАЙ Астана Дерек көзі: Qamshy.kz
qosymsha/abai.kz
post_44647.txt
Министр Ыдырысов: Ақтөбедегі шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар
https://abai.kz/post/44647
"Министр Ыдырысов: Ақтөбедегі шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар" | "https://abai.kz/post/44647"
21.06.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Министр Ыдырысов: Ақтөбедегі шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар URL: https://abai.kz/post/44647 META: "Министр Ыдырысов: Ақтөбедегі шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар" | "https://abai.kz/post/44647" DATE: 21.06.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 126 TEXT: Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 5 маусымда Ақтөбеде болған қарулы шабуылдарға Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының қатысы барын айтты деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. «Біздің анықтағанымыздай, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ДАИШ (ИМ-нің басқаша аталуы - ред.) деп тіркелген топтың Аднани деген басшысы өзінің артынан ергендерге интернет арқылы зорлық-зомбылық жасауды тапсырған» деді Ерлан Ыдырысов бүгін халық алдында есеп берген кезінде. 5 маусымда Ақтөбеде бір топ екі қару-жарақ дүкенін тонап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_40999.txt
ҚЫРҒЫЗСТАН НАЗАРБАЕВТЫ І ДӘРЕЖЕЛІ «МАНАС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ
https://abai.kz/post/40999
"ҚЫРҒЫЗСТАН НАЗАРБАЕВТЫ І ДӘРЕЖЕЛІ «МАНАС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ" | "https://abai.kz/post/40999"
02.07.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚЫРҒЫЗСТАН НАЗАРБАЕВТЫ І ДӘРЕЖЕЛІ «МАНАС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ URL: https://abai.kz/post/40999 META: "ҚЫРҒЫЗСТАН НАЗАРБАЕВТЫ І ДӘРЕЖЕЛІ «МАНАС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ" | "https://abai.kz/post/40999" DATE: 02.07.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 76 TEXT: Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау» жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтастық қарым-қатынастарды және Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, екі ел халқы арасындағы тату көршілік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_191163.txt
«Менің атым Қожа» қайта түсіріліп жатыр!
https://abai.kz/post/191163
"«Менің атым Қожа» қайта түсіріліп жатыр!" | "https://abai.kz/post/191163"
26.11.2024
Abai.kz
null
TITLE: «Менің атым Қожа» қайта түсіріліп жатыр! URL: https://abai.kz/post/191163 META: "«Менің атым Қожа» қайта түсіріліп жатыр!" | "https://abai.kz/post/191163" DATE: 26.11.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 69 TEXT: Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа енді жаңа форматта оралады. Қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр. Фильм туралы: • Жаңа нұсқада қазіргі заман технологиялары мен трендтері енгізілген. Бірақ түпнұсқаның негізгі идеялары сақталады. • Басты рөлдегі актерлер көрермендердің оң бағасын алуда. «Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_106700.txt
Біртанов: Короновирус жұқтырған деген күдікпен 18 адам ауруханада жатыр
https://abai.kz/post/106700
"Біртанов: Короновирус жұқтырған деген күдікпен 18 адам ауруханада жатыр" | "https://abai.kz/post/106700"
02.03.2020
Abai.kz
null
TITLE: Біртанов: Короновирус жұқтырған деген күдікпен 18 адам ауруханада жатыр URL: https://abai.kz/post/106700 META: "Біртанов: Короновирус жұқтырған деген күдікпен 18 адам ауруханада жатыр" | "https://abai.kz/post/106700" DATE: 02.03.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 74 TEXT: ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов короновирус тіркелген елдерден келген 18 адам Қазақстанның стационарларында жатқанын хабарлады. Біртановтың айтуынша, 1 ақпаннан бастап өткізу бекеттерінде 780 339 адам тексерілген. 30298 адам мониторингқа алынса, оның 24 432 адамы қайта шығарылыпты. Қазір 5 866 адам мониторингте қалып отыр. 803 адам карантинге орналастырылған. Оның 524-і шығарылды. Карантинде қазір 279 адам қалып отыр. 183 адам көрсеткіштері бойынша ауруханаларға жатқызылса, қазірге дейін 165 адам шығарылып, 18 адам әлі қаралып жатыр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_49725.txt
«ХАРЬКОВ ҚАЗАНЫ»: ҚАРУСЫЗ ЖАУҒА ШАПҚАН БОЗДАҚТАР
https://abai.kz/post/49725
"«ХАРЬКОВ ҚАЗАНЫ»: ҚАРУСЫЗ ЖАУҒА ШАПҚАН БОЗДАҚТАР" | "https://abai.kz/post/49725"
09.04.2015
Администратор
null
TITLE: «ХАРЬКОВ ҚАЗАНЫ»: ҚАРУСЫЗ ЖАУҒА ШАПҚАН БОЗДАҚТАР URL: https://abai.kz/post/49725 META: "«ХАРЬКОВ ҚАЗАНЫ»: ҚАРУСЫЗ ЖАУҒА ШАПҚАН БОЗДАҚТАР" | "https://abai.kz/post/49725" DATE: 09.04.2015 AUTHOR(s): Администратор TOTAL WORDS: 1431 TEXT: 106-Қазақ ұлттық атты әскер дивизиясы туралы сөз. Бұл дивизияның бұрынғы Ақмола қаласында құрылғаны жөнінде ешкім ештеңе айтқан емес. Қазақ халқы қол бастаған көсемге де, сөз бастаған шешенге де кенде болмаған. Оған кәрі тарих куә. Өткен ғасырдың ортасында жер бетін алапат соғыс өрті шарпығанда алғашқылардың бірі болып қолына қару алған да қазақ батырлары болды. Елдің шетін жау баспасын деп, бақ-береке қашпасын деп атқа қонған есіл ерлердің атын атап, түсін түстесең таңды таңға ұруға болады. Алайда, ерліктің қос қанатындай болған Әлия мен Мәншүкті, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованы, жұлдызсыз жампоз Бауыржан Момышұлын, батыр Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровты, партизан Қасым Қайсеновті, әуеде жаудың құтын қашырған Талғат Бигелдинов пен Нүркен Әбдіровті, «темір генерал» Сабыр Рақымовты, Рейхстагтың төбесінде жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаевты айта кетсек артықтық етпес. Қарап отырсаңыз, әскери құрылымның барлық саласынан – атқыштар мен артиллерияшылар арасынан да, жаяу әскер мен авиациядан да, партизан отрядтары мен идеология қызметкерлері ішінен де қазақтың тау тұлғаларын кездестіресіз. Тек бір әскери салада ғана қандастарымыздың есімі ескерусіз келген еді. Ол – кавалерия, яғни, атты әскер жасақтары болатын. «Түбіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп ұрандатқан алаш арыстарының ұрпақтары шын мәнінде бұл бөлімдерде болмағаны ма? Болса, неге күні бүгінге дейін бізге бұл жай беймәлім болып келді?.. Ендеше, біздің мақаламыздың негізгі арнасын осы тақырыпқа бұрсақ. 1941 жылдың желтоқсаны мен 1942 жылдың наурыз айлары аралығында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында 106-Қазақ ұлттық атты әскер дивизиясы құрылады. 1941 жылдың 24 қарашасында өткен Ақмола қалалық партия комитетінің бюросында ұлттық әскери құрамға ең мықты деген азаматтарды қызметі мен лауазымына қарамастан қабылдау қажеттігі айтылып, дивизияның командирлігіне майор Борис Панков, комиссарлығына Темірғали Мәмбетов, саяси жетекшілігіне Нұрқан Сейітов, штаб бастығына майор П.М.Осадченко тағайындалады. Саяси бөлімнің бастығы Сағадат Құлмағанбетов деген азамат болған. Аталған дивизияға қабылданғанға дейін Сағадат Құлмағанбетов Ақмола облыстық партия комитетінде екінші хатшы болып қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Әскери жасақ құрамында үш полк, артилериялық дивизион, мал дәрігерлік қызметі, дәрігерлер және күзет взводы болған. Жалпы адам саны 4091 екені дивизияны қабылдау актісінде көрсетіледі. Бұл қабылдау актісі кездейсоқ табылып, тарихшылар үшін сенсацияға баланды. Өйткені, бұл әскери құрам жайындағы деректер Ресей Федерациясы мұрағаттарында мүлде кездеспейді деуге болады. Оның себебі кейінірек баяндалады. Осы 4091 жауынгерге небары 102 винтовка, 43 дана 50 миллиметрлік, 18 дана 82 миллиметрлік миномет берілген. Автомат пен тапанша мүлде болмаған. Көлікпен де толық қамтамасыз етілмеген, жылқы саны 3180 бас қана. Ақыр аяғы оларға қылыш та жетпеген. Майдан шебіне аттануға қамданып жатқанда, 1942 жылдың 16 наурызында жоғарыдан 106-атты әскер двизиясын таратып, басқа әскери құрамдарға бөлу туралы бұйрық шығады. «Майдан даласында 106-ұлттық әскери құрам болмады» деген қате ақпараттың тарауына осы бұйрық себеп болған сияқты. Бұйрық шыққан сәттен төрт тәулік өткенде басшылық және бір бұйрық шығарады. Онда Ақмола дивизиясы жедел түрде майданға жіберілсін деп көрсетілген. Сонымен 106-двизия 1942 жылдың 23 наурызынан бастап эшелондарға бөлініп, майдан шебіне аттанады. Ең соңғы эшелон ұрыс даласына сол жылдың 12 мамырында келіп жетеді және генерал А.Носков басқарған 6-атты әскер корпусына қосылады. Осылай қазақ жауынгерлері Харьков маңында соғысқа кіріседі. Таяуда еш жерде жарияланбаған бір құжат табылды. Мұнда 1942 жылдың 9 мамырында 6-атты әскер корпусында өткен жиналыс жайында сөз болады. Онда: «...бүгін корпус 4175 адамнан тұратын толық атты әскер дивизиясымен толықтырылды. Оның ішінде басқарушы құрамда 356 адам бар, 528 адам кіші командир, 3291 адам – қатардағы жауынгер. Дивизияның басқарушы құрамы - 200 адамдық командалық құрамнан, 59 саяси кеңес мүшелерінен тұрады. Әкімшілік-шаруашылық құрамда 31, медперсоналда 27, малдәрігерлік құрамда 21, техникалық құрамда 7 адам бар. Дивизияның 90 пайызы қазақ... Жол бойындағы және әңгімелесудегі байқауларға қарағанда жеке құрамның саяси-моральдық жағдайы жақсы. Толықтыруға келгендер үйретіліп, қысқы киім берілген...» Құрамның материалдық-техникалық қамтамасыздығының көрінісі мынадай: жер қара, күн жылы мамыр айында шолақ тон, пимамен жүрген. Тек бір полкке ғана кәдімгі солдат шинелі мен керзі етік берілген. Осындай сорақы жағдайдағы әскерді басынан бақайшағына дейін заманауи қарумен қаруланған неміс басқыншыларына қарсы қою нағыз қылмыс емес пе?! Жалаң қолмен жауға қарсы соғысу да көзсіз ерлік қой! 6-кавалериялық корпус танк бригадаларымен бірлесіп, Харьков қаласын азат ету операциясына қатысады. Күш тең болмаса да қазақ дивизиясы соғыса отырып 50 шақырым ілгері жылжиды. Алайда, Красноград қаласы үшін болған шайқаста әскери құрамның азық-түлік қоры таусылады, оқдәрі бітіп, күш сарқылады. Жауынгерлер бірнеше тәулік бойы ұйқы көрмегендіктен, тамақ жетіспегендіктен қатты шаршайды. 1942 жылы 26 мамырда дивизия ақырғы айқасқа шығып, күйрей жеңіледі. Жауынгерлерге не әуеден, не құрлықтан көмек болмаған. Танк бригадасының, тіпті, жанар-жағар майы да таусылып қалады. Сөйтіп, танкистер танктерін жау қолына түспес үшін өздері жарып жіберуге мәжбүр болды. Қызыл Армия бұдан соң аз уақыт қарсылық көрсеткенімен қоршаудан түпкілікті шығу мүмкін болмады. 600 мың адамы бар Оңтүстік-Батыс майданында 23 500 жауынгер ғана аман қалды. Қалғандары қаза тауып, біраз бөлігі тұтқынға түскен. Осылай «Харьков қазанына» қақпақ қойылды. Осы оқиғаларды өз көзімен көрген куәгерлер: «Қала маңы қасапханаға ұқсап кетті. Адам мәйіті мен өлген жылқыдан аяқ алып жүргісіз. Жағымсыз күлімсі иістен тыныс алу мұңға айналды. Немістер ұшақпен айналаға хлор қосындыларын сеуіп, иістің бетін қайтарды» деп еске алады. Cонымен қатар жауынгерлердің арасында қазақтардың өте көп болғанын айтады. «Харьков қазаны» мен 106-атты әскер дивизиясының осылай жоғалып кетуіне кінәлілер маршал Семен Тимошенко, генерал Иван Баграмян (кейін ол да маршал атанды) және Әскери кеңес мүшесі Никита Хрущев пен олар бастаған майдан командашылығының шектен тыс жауапсыз әрекеттері болатын. Харьков түбіндегі жеңіліс туралы Сталинге хабарлағанда, ол мұны жойқын апат деп бағалаған: «Небәрі үш аптаның ішінде ойсыз әрекет салдарынан Оңтүстік-Батыс майдандағы әне-міне дегенше жеңіске жетіп тұрған Харьков операциясында жеңіліп қалғаны былай тұрсын, жау қолына 18-20 дивизияны тастап кетті». Неміс генералы Клейсттің «Бои за Харьков» кітабында: «Ұрыс даласында маршал Тимошенко өз әскерінің быт-шыты шыға жеңіліп жатқанын көріп: «Мынау сұмдық қой!» - деп, қашып кетті» дейді. Н.С.Хрущев кейін Украина КСР КП ОК, КОКП ОК Бірінші хатшысы қызметінде болғаны мәлім. Осы тұста билікті өз мүддесіне пайдаланған хатшы жолдас Харьков түбіндегі көптеген бауырластар зиратын жермен-жексен етіп, болған қанды қырғындарды тарих беттерінен мүлде сызып тастауға тырысты және солай етті де. Енді бұл жеңілістер жөніндегі құжаттар қайда деп сұраудың өзі де тым артық. 106-дивизияның тұтқынға түскен солдаттарын немістер концлагерлерге қамап, қара жұмысқа салады. Тұтқыннан қашып шығып, қызыл әскер қатарына қайта қосылғандар да болған. Бірақ оларды сатқын деп айыптап атып тастаған немесе айыптылар батальонына жіберген. Ажалдан аман қалғандарына азап бұйырып, ит жеккенге айдалған. «1942 жылы мамырда ұрысқа кірдік. Қолымызда қылыштан өзге қару жоқ . Сөйтіп жүріп шабуылға шықтық . Содан үш - ақ адам тірі қалдық . Дәл сол күні соғыс қанша адамның өмірін жалмағынын өз көзіммен көрдім ғой . Бұл – тек бір күндегісі ғана . 1942 жылы шілдеде кезекті шабуылға шыққан біз қоршауға түсіп қалдық. Қыркүйекте Шепетовканың төңірегінде 18 мың адам немістердің тұтқынына түстік. «Тұтқындарды Германияға әкетеді екен» деген сыбыс шыққан кезде 55 адам қашуға бел байладық. 1943 жылы 20 ақпанда жеті адам тұтқыннан қашып шығып, Қызыл Армияға қосылдық. Соның бірі ақмолалық досым Файыз Ысқақов болат ын. Бірақ , 1943 жылы 4 наурызда бізді комендатураға жіберді ... Өз еліміздің түрмесінде азаптап , қинаудың неше түрін көрсетті , сатқын деді . Мені он жылға соттап, Воркутадағы НКВД-ның лагеріне жіберді. Науқастануыма байланысты кейін Қарлагқа ауыстырды. Ақыры 1953 жылы ақпанда үйге оралдым ». Бұл – 106-дивизияның құрамында болған Сыдық Түменбаевтің естелігі. Сыдық ақсақал аталған әскери құрамнан тірі қалған аз ғана жауынгерлердің бірі. Дивизия полкында кіші саяси жетекші қызметін атқарған, әскерге Семей қаласында шақырылған. Сыдық қарияның қаруласы, ардагер Мұстафа Юнусовтың немересі Мәдина Берекова атасының мына сөздерін әрдайым еске алып отырады: «Қолда қару жоқ. Он адамға бір винтовка. Қалған тоғызы әлгі винтовка ұстаған солдат қашан жау оғына ұшқанша соңынан жүгіріп жүреді. Кей солдаттар бес тәулікке дейін ұйқы көрмейтін. Алыс жолға саппен жүргенде ортадағы солдаттар жүріп бара жатып ұйықтайтын, біраз уақыттан соң шетте келе жатқандармен ауысып, олар да ұйықтап алатын. Сөйтіп жүргенде тұтқынға түсіп қалдық. 1944 жылы тұтқыннан қашып шықтық. Қызыл Армияға қосылдық. Бірақ көп сарбазды өз әскеріміз атып тастады ғой. Маған «отанын сатқан» деген айып тағылып, лагерьге айдалдым». Түрмеден босағаннан кейін де Мұстафа қарттың ешкім маңдайынан сипай қоймаған. Мемлекеттен ешқандай жеңілдік, «ардагер» деген тілдей қағаз да ала алмапты. Тек, бақилық болған соң ғана ақталған. 1942 жылы жау қолына өтіп кеткен Красноград қаласы 1943 жылы фашистерден азат етілді. Бұл жолы тағы бір қазақ дивизиясы ерен ерлік көрсетті. Тек, кавалериялық емес, сол Ақмолада құрылған 310-атқыштар дивизиясы еді. Кейін бұл әскери құрам «Красноград дивизиясы» деген құрметті атаққа ие болды. Міне, ақмолалық 106-атты әскер дивизиясының да, оның құрамында болған оғландардың да тағдыры осылай болған. Тарих сахнасынан мәңгіге сырып тастамақ болса да, олардың соңында қалған ұрпақтары аталарының ерлігін еш ұмытпақ емес. Әсіресе, Харьков қаласының тұрғыны, қандасымыз Макка Қаражанова ханым жетекшілік ететін «Қазақ жерлестер» қоғамы 106-дивизияның тарихын бастан-аяқ зерттеуді қолға алды. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде 200-ден аса хабарсыз кеткен жауынгерлердің есімі белгілі болған. Сонымен бірге, аталған қоғам мүшелері Харьков облысы, Красноград қаласында даңқты дивизияға ескерткіш орнату мәселесін көтерген. Адамның құны көк тиын болған Кеңес заманы келмеске кетсе де, сол жылдар зобалаңының ақ-қарасы ажыратылып, көрген қиянаттың тарихи, саяси бағасы әлі толыққанды берілмей келе жатыр. Барлық құпия атаулы әйтеуір бір замандарда жария болары әмбеге аян. Сол күндерге төрт көзіміз түгел жетейік. Нұрболат ӘЛМЕНОВ, Көкшетау қаласы. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_71161.txt
Азат Перуашев «АZALA» компаниялар тобы және «Жасампаз» консорциумы кәсіпорындарының жұмысымен танысты
https://abai.kz/post/71161
"Азат Перуашев «АZALA» компаниялар тобы және «Жасампаз» консорциумы кәсіпорындарының жұмысымен танысты" | "https://abai.kz/post/71161"
29.05.2018
Abai.kz
null
TITLE: Азат Перуашев «АZALA» компаниялар тобы және «Жасампаз» консорциумы кәсіпорындарының жұмысымен танысты URL: https://abai.kz/post/71161 META: "Азат Перуашев «АZALA» компаниялар тобы және «Жасампаз» консорциумы кәсіпорындарының жұмысымен танысты" | "https://abai.kz/post/71161" DATE: 29.05.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 165 TEXT: Ағымдағы жылғы 25 мамыр күні Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бірқатар басшыларымен және фракцияның депутаттарымен бірге Шымкенттегі «AZALA» компаниялар тобының тоқыма кластеріне кіретін кәсіпорындарда және «Жасампаз» консорциумында болып, компания басшылығы мен еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды «Ақжол» ҚДП баспасөз қызметі. «Ақжолдықтар» кәсіпорындардың жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын қоса алғанда, өндіріс үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді субсидиялау, мемлекеттік сатып алулар шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мүмкіндігі мәселелерін талқылады. Бірлестіктің директоры Гүлнара  Садықбекова кәсіпкерлер партиясының өкілдеріне кластердің экономикалық көрсеткіштерін таныстыра отырып, өндірістегі кейбір кедергілер туралы айтып берді. «Ақ жол» фракциясының депутаттары әріптестеріне нақты ұсыныстарды әзірлеуді ұсынды және оны пысықтап зерделегеннен кейін Мәжілістің қарауындағы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» заң жобасына енгізуге бастамашылық етуге дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, кәсіпорындарды аралаған іс-сапарға партия төрағасының орынбасары Қ.Иса, Мәжілістің 6 шақырылымының депутаты Е.Барлыбаев, Мәжілістің 5-ші шақырылымның депутаты А. Тұртаев, Партия Орталық кеңесінің мүшесі А.Смағұлов және «Ақ жол» ҚДП Оңтүстік-Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Әбжанов та қатысты. Дәл сол күннің кешінде Түркістан қаласында партияның Орталық Кеңесінің пленумы өтті. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_174460.txt
Жылыту маусымына дайын емес өңірлер аталды
https://abai.kz/post/174460
"Жылыту маусымына дайын емес өңірлер аталды" | "https://abai.kz/post/174460"
04.10.2023
Abai.kz
null
TITLE: Жылыту маусымына дайын емес өңірлер аталды URL: https://abai.kz/post/174460 META: "Жылыту маусымына дайын емес өңірлер аталды" | "https://abai.kz/post/174460" DATE: 04.10.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 107 TEXT: Еліміздің бірқатар өңірі жылыту маусымына дайындық кестесінен артта қалып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. «Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Кейбір өңірдің аздап артта қалуы бар. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар нысандарды дайындауға қатысты үлкен жұмыс жүргізуі үшін тіркеп отырмыз. Іс жүзінде министрлік жылыту маусымын бастау кестесін бекітті. Жұмыс басталалар кезде барлық станса дайын болмаса да жылыту маусымын бастау, желілердің жылу параметрлерін қолдау үшін қажетті қазандық жабықтары қамтамасыз етіледі», - деді XV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның дерегінше, Риддер, Кентау, Қарағанды және Атырау жылыту маусымына дайындық кестесінен сәл артта қалып отыр. Дегенмен, министрдің сендіруінше, бұл жайт жылыту маусымын бастауға әсер етпейді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_45043.txt
КӨРШІ АҒАЙЫНДЫ КЕМСІТКЕН ЖОҚ
https://abai.kz/post/45043
"КӨРШІ АҒАЙЫНДЫ КЕМСІТКЕН ЖОҚ" | "https://abai.kz/post/45043"
26.05.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: КӨРШІ АҒАЙЫНДЫ КЕМСІТКЕН ЖОҚ URL: https://abai.kz/post/45043 META: "КӨРШІ АҒАЙЫНДЫ КЕМСІТКЕН ЖОҚ" | "https://abai.kz/post/45043" DATE: 26.05.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 351 TEXT: «Жүз жылдық жалғыздықтан» бұрын «Ақ кемені» оқып шыққанбыз. Жеті жастағы жетім баланың ересектердің қатігездігінен жалығып, әкесін іздеп, Ыстықкөлдің суына қойып кетуі... Аңыз бойынша, Енесайдан қыз бен баланы асырап, Ыстықкөлге әкеліп, баққан бұғыны кейін мүйізі үшін қырып-жоюды айтсаңызшы. Жылағанда уата алмай қойған балаға бесік сыйлауы. Қырғыз сол бесікке тербеліп өседі, аңыз бойынша. Айтпақшы, Болотбек Шамшев түсірген «Ақ кеме» фильмінің соңғы эпиоздтарында бұғының мүйізін шауып жатқанда бесікті балталап жатқан кадрмен сәтті үйлестіріп береді. Яғни, өзіңді асыраған анаңа қол көтермеңдер, жатқан бесігіңді отын қылмаңдар дегенді Айтматов анық меңзеп тұр. Арыстанбек министр де осы пәлсапалық ойды бауырлас елді екі рет шайқаған революциямен аналогия ретінде байланыстырғаны белгілі. Мүмкін, ойын оқырман да, көрші халық та «Шыңғыс Айтматов әне, қандай ақылды болған, ал сендер соны ұқпадыңдар» деп түсініп қалатындай қарабайыр берген шығар, сәтсіз салыстыру да болған шығар, бірақ қалай дегенмен «Ақ кеменің» айтар ойы бүгін қай ұлт, қай мемлекетке болсын, артық етпейді. Бұл ойдың түбірін жақсылықты ұмыту, жақсылыққа шүкір етпеу, әсіреқызыл алакөздену мен тыныштықты шайқау, бейбіт үйлесімді бұзу деп іздесеңіздер де, патша көңілдеріңіз білсін. Іштеріңіз сезеді, министрдің сөзінде көрші ағайынды кемсіту деген астарлы ой болмады. Көршіні кемсіту арқылы басқаны жоғары қою да мақсаты болмаған секілді. Бірақ, қайтесіз, ол бауырластың тағдырына келгенде саясаткердің суық ақылы, қасаң сөзімен емес, шын жаны ашыған бауырдың сөзі аузынан шыққандай көрінді. Мәскеудің қоғамдық әжетханаларын жуып жүрген жап-жас қыздардың тағдырына жаны ашығанда, саясаттың табы сіңбеген өнер адамының позициясымен, былайша айтқанда, эмоциямен сөйлегендей. Сосын Ресейде 600 мыңдай қырғыздың жанбағыс пен күнкөріс үшін жүргені, олардың қырғыз экономикасының ІЖӨ-нің 32 пайызына дейін толтыратын ақша жіберіп отырғанын да білеміз. Яғни, Арыстанбек жалған сөйлеген жоқ. Қырғыз өкіметі өз елінде сол әжетхана жууға да лайықты жағдай жасап бермеген соң, жастар жан-жаққа тарап кетті емес пе? Әйтеуір, анық білетінім, Арыстанбек ағайынды араздастырайын деп емес, қазіргі халіне жаны ашып,  тағдырына алаңдап, болашағына тілек білдіру ниетінде айтты. Иә, дәмдеуші сөзі артық кетіп, соңғы түйінін өзі қоймай, басқаларға бергенмен, ниет-пікірі сондай болған сықылды. Сосын, білуімше, ешбір саяси кланның мүшелігінде жоқ, еш баласы шетелде оқымайтын, Елбасына адал, жұмысына берік министр болса, осы осы Арыстанбек. Әйтпесе, жоғарыдағы сөйлемнің алғашқы екі сипатына сай емес министрлер бізде көп-ақ. қой. Соларға сын жебесін бағыттасақ нетті? Ерлан Әбдірұлы FB-дағы парақшасынан алынды
qosymsha/abai.kz
post_4264.txt
Ош облысына Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді
https://abai.kz/post/4264
"Ош облысына Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді" | "https://abai.kz/post/4264"
14.06.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ош облысына Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді URL: https://abai.kz/post/4264 META: "Ош облысына Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді" | "https://abai.kz/post/4264" DATE: 14.06.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 186 TEXT: Ош. 14 маусым. ҚазТАГ -Өткен түні Ош облысына Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді, деп хабарлайды Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі. «Маусымның 13-інен 14-іне қараған түн Ошта тыныш өтті. Қалаға Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді. 100-ге тарта ардагер Жалал-Абад қаласына аттанды. Маусымның 13-інен 14-іне қараған түні Ош қаласындағы жағдай жалпы айтқанда, күрделі қалып отыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Бұрын хабарланғандай, Жалал-Абад пен Созақ ауданының коменданты Құбатбек Байболовтың айтуынша, түнде қалада ұсақ қақтығыстар, атыстар болып, үйлер өртелді. «Бұл әрекеттердің бәрін арандатушы топтар жасап жатыр», - дейді комендант. Республиканың қалған аумағындағы жағдай тұрақты, дейді ТЖМ. Ош. 14 маусым. ҚазТАГ -Өткен түні Ош облысына Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді, деп хабарлайды Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі. «Маусымның 13-інен 14-іне қараған түн Ошта тыныш өтті. Қалаға Бішкектен арнаулы қызметтердің 50 ардагері келді. 100-ге тарта ардагер Жалал-Абад қаласына аттанды. Маусымның 13-інен 14-іне қараған түні Ош қаласындағы жағдай жалпы айтқанда, күрделі қалып отыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Бұрын хабарланғандай, Жалал-Абад пен Созақ ауданының коменданты Құбатбек Байболовтың айтуынша, түнде қалада ұсақ қақтығыстар, атыстар болып, үйлер өртелді. «Бұл әрекеттердің бәрін арандатушы топтар жасап жатыр», - дейді комендант. Республиканың қалған аумағындағы жағдай тұрақты, дейді ТЖМ.
qosymsha/abai.kz
post_162394.txt
Ресейдің үгіт машинасы соғыcты қалай бұрмалады?
https://abai.kz/post/162394
"Ресейдің үгіт машинасы соғыcты қалай бұрмалады?" | "https://abai.kz/post/162394"
20.12.2022
Есбол Үсенұлы
null
TITLE: Ресейдің үгіт машинасы соғыcты қалай бұрмалады? URL: https://abai.kz/post/162394 META: "Ресейдің үгіт машинасы соғыcты қалай бұрмалады?" | "https://abai.kz/post/162394" DATE: 20.12.2022 AUTHOR(s): Есбол Үсенұлы TOTAL WORDS: 370 TEXT: Биыл көктемде орыс танкілері Киевт ің маңында қаңтарылып, соғыстың экономикалық салдарының ауыр болатыны сезіле бастағанда, Ресей үкіметінің бір саласы белсене жұмыс істеп тұрды. Ол – оның теле насихаты еді. Кремлдің үгітшілері Американың кабелді телеарна жаңалық қызметі, оңшыл әлеуметтік желілер мен Қытай мемлекеттік арналарының көріністерін сапырылыстырып, миллиондаған көрерменге шындықтан алшақ, басқа дүниелер ұсынды. Батыстың Ресей мұнайынан бас тартуы өздеріне ақырзаман орнату екенін, Американың Украинада жасырын биологиялық қару өндіретін базасы бар екенін, Қытайдың қырық пышық Батысқа бірге қарсы тұратын адал дос екенін жарнамалаумен болды. Мемлекеттік БАҚ-тың журналистері осы мазмұндарды әсірелеп көрсетуге міндеттелген. Ресейдің барлау қызметі оларға қоюға тиіс сюжеттермен басқа да жаңалықтарды тікелей ұсынып отырған. Оған нақты дәлел айғақтарды құпия құжаттарды жариялаумен аты шыққан «DDoSecrets» ұйымы ғаламторда жариялаған. Аталмыш ұйым «Бүкіл Ресейлік мемлекеттік телерадио компаниясының» (ВГТРК) электронды почта жәшігіндегі құпия хаттарды әшкерелеген. Көлемі 750 GBтық құпия хаттарға талдау жасаған Нью-Йорк Таймстың журналисттері Adam Satariano, Aron Krolik қатарлылар зерттеу нәтижелерін жариялап отыр. Олардың жазуынша әшкерелген құпия хаттар Ресейдің үгіт машинасының бұл жолғы соғысты қалай бүркемелегенін білуге таптырмайтын орай беріп отыр. Ресей соғыста жеңіліс тауып, адам шығыны күн санап өссе де, экономикасы оқшауланып, халықарада қатаң сынға қалса да, олардың мемлекеттік арналары соғысты баяндаудың басқа амалын тауып, Ресейдің жеңіске жақындап қалғанын, Украинаның құлаудың алдында тұрғанын, Батыстық одақтастарының да ыдыраудың алдында екенін насихаттаумен болған. Путинның ел ішіндегі беделінің түспеуіне, соғысты қолдаушылар қатарының азаймауына барын салған. Олар бұл мақсатқа жету үшін қауіпсіздік қызметі берген мәліметтерден сырт, Американың оңшыл каналдары мен телеграм, ютубтегі танымал арналардың материялдарын әдемі пайдаланған. Қолға түскен украин сарбаздарын фашис етіп көрсетіп, театрларды украин ұлтшылдары жарды деп ақпарат таратқан. Қытай ғаламторында жарияланған «Орыстың бір тал тәттісін сатып алғаның, фашистерге қарсы бір оқ атқаның» деген жазбаны да назардан тыс қалдырмаған. Американың әйгілі тележүргізушісі Так Карсынның «Американың Ресейге қаратқан экономикалық саясаты доллардың халықаралық нарықтағы орынын әлсірететін болды» деген пікірін жерден жеті қоян тапқандай барлық жерге тықпалаған. АҚШ телеграм арналарында таралған бензин мен азық-түлік тапшылығы жайындағы қауесеттерді жинақтап «Жанармай дағдарысы мен бос тұрған сөрелер: Трамптың қорқынышты болжамы айдай келді» деп көлемді етіп, әсірелеп берген. Америка басылымына сұхбат берген сарапшылар Украинаға басып кіргелі-бері Кремль БАҚ-ты қадағалауды күшейткенімен, соғыстың ұзаруына байланысты шындықты бүркемелеу қиынға соғып, көрермендердің теле бағдарламаларға деген ынтасының азайғанын жеткізген. Германияның Ресейшіл басылымдарының бірі Ресейдің қазіргі телеарналарының бейнесін: «Өтіріктің, өшпенділіктің, арсыздықтың жексұрын нұсқасы» деп бағалаған. Есбол Үсенұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_80846.txt
Шетел көргендерге айтар бір сөзім бар
https://abai.kz/post/80846
"Шетел көргендерге айтар бір сөзім бар" | "https://abai.kz/post/80846"
16.11.2018
Арман Әлменбет
null
TITLE: Шетел көргендерге айтар бір сөзім бар URL: https://abai.kz/post/80846 META: "Шетел көргендерге айтар бір сөзім бар" | "https://abai.kz/post/80846" DATE: 16.11.2018 AUTHOR(s): Арман Әлменбет TOTAL WORDS: 226 TEXT: Сөз жоқ, өмір көріп келдіңдер, білімдерің бар. Қазақ бұрын ондай адамды оқыған деп төбесіне көтерген. Қазір де ел болып, елден шықпағандар болып, сендерден бір үміт күтеміз. Бірақ... Бірақ кейінгі кезде шет елден келгендер келе салып елдің бәріне ақыл айтып, айналасына көңілі толмай, қап-қара болып жүретіндерін көп байқайтын болдық. Негізі бұндай бұрыннан бар шығар, білмеймін. Әйтеуір өзім кейінгі кезде көп байқайтын болдым. Мен осы елдің бас көтерірімін, ертеңгі атқамінерімін десеңдер, айналайын замандастар, аптықтарыңды басыңдар. Шаруа олай жасалмайды. Рас, білімің бар, көргенің бар. Рас, біздің елде көп нәрсе жоқ. Рас, сенің айтқаныңды көп адам түсінбейді. Бірақ бір кілтипан бар бұл жерде. Қазір айтамын. Мысалы елдің бәрі көп нәрсеге өресі жетпейді дейік. Танымал болғаны үшін әншінің аузына қарайды, не болса соған күле береді, той жасай береді деген сияқты. Оның бәрі маған да ұнамайды. Бірақ ше... сол көпшілік бір нәрсені анық сезіне алады. Егер сен оларға жанашырлықпен емес, оларды менсінбей шаруа істейтін болсаң, олар оны бәрібір байқап қояды. Содан кейін кешірмейді. Көпті сыйламау деген өте қауіпті нәрсе. Бір күні оңбай құлайсың. Ал енді көптің алдында ұпай жинау үшін оларды жақсы көру деген де қиын шаруа. Жақсы көру үшін жүрек керек, мінез керек. Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден дейтіні сол. Ұлық болсаң, кішік бол дейтіндей болмысың болса, ерсің. Болмаса, қиын енді. "Ұраным-Алаш" сияқты кітаптарды оқып, сол кездің адамдарынан үлгі алу керек шығар мүмкін. Әйтеуір, байқаңдаршы. Арман Әлменбеттің facebook парақшасынан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_173043.txt
Тағы да виза туралы: ҚР СІМ-інің «құлағына алтын сырға!»
https://abai.kz/post/173043
"Тағы да виза туралы: ҚР СІМ-інің «құлағына алтын сырға!»" | "https://abai.kz/post/173043"
30.08.2023
Омарәлі Әділбекұлы
null
TITLE: Тағы да виза туралы: ҚР СІМ-інің «құлағына алтын сырға!» URL: https://abai.kz/post/173043 META: "Тағы да виза туралы: ҚР СІМ-інің «құлағына алтын сырға!»" | "https://abai.kz/post/173043" DATE: 30.08.2023 AUTHOR(s): Омарәлі Әділбекұлы TOTAL WORDS: 268 TEXT: Пандемия аяқталып, Қытаймен шекара ашылғалы виза мәселесі қайтадан жұрт назарын аудара бастады. Әсіресе, жаз маусымы басталып, келіп-кететін кісілер көбейген тұста бұл мәселе ушыығып кетті. ҚР СІМ Үрімжідегі паспорттық-визалық қызмет көрсету мекемесінен виза кезегін ала алмай қиналған қандастардың үні елімізге жетіп, қоғамдық ұйымдар мен журнаистердің, блогерлердің назарын аудара бастады. Бұл мәселе биліктің әр буынын шырмап алған коррупция мен бюрократияға және алып-беруге дәндеп алған менталитетімізге байланысты жуыр маңда шешілмейтін күрделі түйінге айналып тұр. Дегенмен, шешудің нақты және түбегейлі жолын таппасақ та, өз ұсынымызды ортаға салып көрейік. Бірінші, Қытайдың Пекин қаласында ҚР-ның елшілігі, Шаңхай, Сиань қалаларында консулдық және Үрімжі қаласында паспорттық-визалық қызмет мекемесі жұмыс істейді. Осы мекемелердің барлығы аумақ бөлінісіне қарамастан алдына барған қандастарға қызмет көрсетсе, өздеріне түскен салмақ жеңілдеп, қандастарымыз да мүмкіндік алар еді. Екінші, қазір Қытайдағы көптеген қандастарымыз әсіресе ауылдық жердегілер мал-мүлкін сатып, тұрақты тіркеуін өшіріп, Қазақстанға біржолата көшіп келуге дайындалып отыр. Осы кісілер мен отбасыларға кезекке тұрмай, төте барып виза рәсімдейтін механизм қарастырылса құп болар еді. Үшінші, еліміз қазір электронды үкіметке өтті. Сондықтан виза беру және кезек алу қызметінде ашықтық пен мөлдірлікті талап етіп күн сайын, апта сайын, ай сайын қанша адамның, кімдердің кезек және виза алғанын ҚР СІМ-нің сайтында жариялап тұрса және ол сайт барлық қарапайым халыққа қол жетімді болса жөн болар еді. Төртінші, қандастар тығыз орналасқан барлық алыс-жақын шетелдердегі еліміздің елшіліктері мен консулдықтарында арнаулы бір қызметкер қандастар жұмысымен айналысады. Олар қазірге дейін қандас куәлігін беріп келген. Енді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Құтты мекен» жобасын іске асырылады. Қазір келіп жатқан қандастардан сұрап-білгенімізде, көбі осы ақпараттардан хабарсыз. Осы ақпараттарды насихаттаудың оңай әрі тиімді жолдарын қарастырсақ, билік те, халық та ұтылмас еді. Омарәлі Әділбекұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_42685.txt
КОМПАНИЯ ҚАШАН ТАРАЙДЫ?
https://abai.kz/post/42685
"КОМПАНИЯ ҚАШАН ТАРАЙДЫ?" | "https://abai.kz/post/42685"
14.01.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: КОМПАНИЯ ҚАШАН ТАРАЙДЫ? URL: https://abai.kz/post/42685 META: "КОМПАНИЯ ҚАШАН ТАРАЙДЫ?" | "https://abai.kz/post/42685" DATE: 14.01.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 70 TEXT: - Компанияны қай уақытта таратады? - Құрамында шалдар көбейіп кеткен кезде - Шалдар көбейгенін қалай анықтайды? - Егер компания биік мінберден таудағы туалеттің суық екенін әңгіме қылса, бұл оның құрамында шалдар көбейгенін білдіреді - Шалдардың орнын кім басады? - Шалдардың балдары шығар? - Шалдардың балдары қашанғы отырады? - Шалбары тозғанша - Е, шалбар тез тозуы мүмкін ғой - Жыбырламай жалпиып отыра берсе тез тоза қоймайды Нұрлан Сәдір FB-дағы парақшасынан алынды.
qosymsha/abai.kz
post_8157.txt
Ардабек Солдатбай. Боқтасып сөйлесейік! (фоторепортаж)
https://abai.kz/post/8157
"Ардабек Солдатбай. Боқтасып сөйлесейік! (фоторепортаж)" | "https://abai.kz/post/8157"
21.04.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ардабек Солдатбай. Боқтасып сөйлесейік! (фоторепортаж) URL: https://abai.kz/post/8157 META: "Ардабек Солдатбай. Боқтасып сөйлесейік! (фоторепортаж)" | "https://abai.kz/post/8157" DATE: 21.04.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1071 TEXT: Бұл мәселенің басталғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Екі кәсіпкердің тартысы жұртшылыққа былтыр «Заң газетінде» шыққан «Живилевтің жебеушісі кім немесе көкпарға түскен қаулы» деген мақала арқылы таныс болды. Мақала «Абай.кз» сайтында тақырыбы «Живилев деген жегіқұрт кім?» деп өзгертіліп, қысқартылып шыққан соң қатты талқыланып, оқырманның ашу-ызасын тудырған. Ашу-ызаға ерік берген Живилевтің аузынан шыққан бір ауыз сөйлем - «Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю» . Алайда, «Абай.кз» ақпараттық порталына өтініш жасаған Живилев қарсы мақала жазып өзінің ондай сөз айтпағанына сендіріп бақты. Біз де бұл дауды одан әрі өршітпей, тоқтаттық. Себебі, ол кезде қоғамның наразылығын тудырып алмау үшін Н.Живилев өзі көп уақыт бойы орындамай келген Жоғары соттың шешімін орындап, яғни 2009 жылғы шешімді биыл, яғни 2011 жылдың қаңтар айында орындап, «Глория» базарындағы кәсіпкер Сандуғаш Тағабергеноваға тиесілі контейнерлерді ашуға мүмкіндік берген. Бұл мәселенің басталғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Екі кәсіпкердің тартысы жұртшылыққа былтыр «Заң газетінде» шыққан «Живилевтің жебеушісі кім немесе көкпарға түскен қаулы» деген мақала арқылы таныс болды. Мақала «Абай.кз» сайтында тақырыбы «Живилев деген жегіқұрт кім?» деп өзгертіліп, қысқартылып шыққан соң қатты талқыланып, оқырманның ашу-ызасын тудырған. Ашу-ызаға ерік берген Живилевтің аузынан шыққан бір ауыз сөйлем - «Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю» . Алайда, «Абай.кз» ақпараттық порталына өтініш жасаған Живилев қарсы мақала жазып өзінің ондай сөз айтпағанына сендіріп бақты. Біз де бұл дауды одан әрі өршітпей, тоқтаттық. Себебі, ол кезде қоғамның наразылығын тудырып алмау үшін Н.Живилев өзі көп уақыт бойы орындамай келген Жоғары соттың шешімін орындап, яғни 2009 жылғы шешімді биыл, яғни 2011 жылдың қаңтар айында орындап, «Глория» базарындағы кәсіпкер Сандуғаш Тағабергеноваға тиесілі контейнерлерді ашуға мүмкіндік берген. Сөйте тұра Жоғары соттың қаулысына қарама-қайшы шешімді Алматы қаласының ауданарлық экономикалық сотының судьясы А.Қарашеваға дәл сол қаңтар айының 19 жұлдызында шығартып алады. Сандуғаш Тағабергенова болса сотқа аппеляциялық шағым береді. (Айтпақшы, Жоғары сотқа жеткен осы істің кейбір тұстарында жақында жұмыстан қуылған Жоғары соттың алты судьясының бірі А.Тәшенова мен  М.Балтабайдың аттары жиі көрініс береді). Н.Живилев Жоғары соттың қаулысын жоққа шығарған жаңа шешім бойынша сәуірдің 12 күні С.Тағабергенованың контейнерлерін тағы да жауып тастапты. Алайда, оның олай істеуге құқы жоқ. Шешім заңды күшіне енбеген. Сандуғаш бұл мәселеге қаржы полициясының да, прокуратураның да, соттардың да ілік-шатыс екеніне сенімдімін дейді. Өйткені, ақиқатты көре тұра шімірікпей көрмеген болады екен. Біз оқиғаның қаржылық-кәсіпкерлік жағына сараптама жасаудан аулақпыз. Оны әділдікпен анықтау тиісті мекемелердің құзырында. Бірнеше күн бұрын редакциямызға кәсіпкер Сандуғаш Тағабергенова келді. Ол дау-дамайдан әбден шаршағанын, базар әкімшілігінің өзін рухани- моральдық тұрғыдан әбден қорлап біткенін айтты. Осы күндері базар әкімгері Гүлнәр Жарқымбаеваның   үстінен сотқа шағым түсіріп өзін балағаттағаны үшін жазаға тартуын сұрап отырғанын да жеткізді. Мәселенің мәнін толық түсіндіру үшін Г.Жарқымбаеваның аузынан шыққан әлгі сөздерді астарламай беруге мәжбүрміз: «хуй тебе», «ебет тебя». Бұл сөздерді біреуден естісеңіз қорланар ма едіңіз? Сандуғаш та қорланған. Қорланып сотқа шағымданған. Сот   осы сөздер адамның ар намысына тиетін-тимейтінін анықтауды сарапшыға тапсырады. Сарапшы К.Есілбаева бұл сөздер адамның намысына тиетін сөздер емес, бұл дөрекі түрде бас тарту деп қорытынды шығарған. хуй тебе (ему, ей, вам, им) - употр. в качестве грубого решительного отказа. ебет тебя - ебет что кого - волнует, беспокоит (мына сөзді Г.Жарқымбаева судья М.Шолпанқұловтың көзінше сот процесінде айтқан, судья оған еш шара қолданбаған, ол жайлы хаттамада жазылған). Сарапшының айтуынша, бұл деген ауызекі тілдегі қарапайым сөздер ғана екен. Демек,  осы сөздерді қазақша мағынасында әйел затына қаратып айта беруге болады екен ғой? Анаңызға, апа-қарындасыңызға, әйеліңізге бұл сөзді айтқан кісімен қалай сөйлесер едіңіз? Әрине, тек заң жүзінде. Бірақ заң ондайларды жазаламайды екен. С.Тағабергенова осы іске қатысты сот отырысына біздің де қатысуымызды өтінді. Ол К.Есілбаеваның сараптамасы қате екенін сотқа дәлелдемекші. Себебі, қазақтың таным-түсінігінде ондай сөздерді есту үлкен қорлық болып саналады.  Бірақ өзі де әйел затынан шыққан сарапшы оны мүлде ескермеген сияқты! Сондықтан  С. Тағабергенова біздің  сот отырсына қатысып, мәселенің мән жайына үңілуімізді өтінді. Белгілі заңгер-журналист Ғалия Әженова сарапшы мәселенің толық байыбына бармай, дауласқан екі тараптың арасындағы моральдық ахуалды білместен тек берілген сөздерге лингвистикалық талдау жасаумен шектелген деген пікірде. С.Тағабергенованың адвокаты С.Нұрғожаева мұндай сөздерді ұсақ бұзақылық деп санап әкімшілік жаза ғана белгілейтін заңмен келіспейді. Ол бұл адамның ар-намысын қорлау, сол үшін Гүлнәр Жарқымбаева Сандуғаштың моральдық шығынын өтеуі керек дейді. Сотқа барғанымызбен отырыс болмады. Жауапкер тараптың адвокаты іс-сапарға кетіп қалыпты. С.Тағабергенова жабылған он контейнердің артында он отбасының тағдыры тұрғанын, ондаған бала-шағаның нәпақасы болып отырған сауда жаймаларының жабық жатуы айтарлықтай шығын әкелетенін айтып, бұдан ары шыдай алмайтынын жеткізді. Құрметті оқырман, біз ендігі сөзді соза бермей оқиға барысынан түсірген  арнайы фоторепортажымызды назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.  Қараңыздар: Контейнерді жалға алған кәсіпкерлердің барлығы сотта Г.Жарқымбаеваның анайы сөздерді өздерін қорлау үшін жиі қолданатынына куәлік етпекші. Сондай-ақ, өздерінің салықты уақытылы төлейтінін, соған қарамастан базар әкімшілігі құқықтарын шектеп отырғанын да жеткізбекші. Ғалия Әженова лингвист-сарапшы орыс тілді, орыс саналы болғандықтан қазақы таным-түсінікте боғауыз сөз есту қорлықтың үлкені екенін білмеуі мүмкін деген пікірде. Таңғы сағат 10.00. Барахолканың ең соңындағы «Глория» базарының алдына ондаған адам жинала бастады. КТК арнасынан әріптестеріміз де келген екен. С.Тағабергенова өздерінің не мақсатпен жиылып тұрғандарын түсіндіріп берді. Кәсіпкерлер базар әкімшілігінен контейнерлерді ашуды талап етті. Тілшілерге мән-жайды түсіндірген соң кәсіпкерлер контейнерлерін ашып тастады. Бөгет жасамақ болған күзетшілерге бой бермеді. Күзетшілер мен қайдан шыға келгені белгісіз дереу пайда бола кеткен құқық қорғаушылар контейнерді күшпен жаппақшы болып еді Сандуғаш үстіне өзімен бірге алып келген бензинді құйып жіберді. Ақпарат құралдары мен жиналған жұртшылықтың алдында  ол базар әкімшілігі тарапынан заңсыз қысым көрсету тоқтатылмаса өзін өзі өртеп жіберетінін мәлімдеді. Қан базардың ортасы. Төңірек түгел бензин сасиды. Жазатайым ұшқын шықса лап еткелі тұр. Тауардың барлығы тез тұтанатын киім-кешек. Жұрт үрейленіп тұр. Үрейленбеген тек Г.Жарқымбаева ғана. «Ал, кәне, сіріңке жақсаңшы» дейді Сандуғашқа. Сандуғаш «мақсатым жұрттың үрейін алу немесе оларға титтей залалымды тигізу емес, құзырлы орындардың назарын өзіме аударту» деді. «Бұл ескерту. Мен әділет іздеп жүрмін. Егер әділетке жете алмасам ар-намысыма өртеніп өлгенше үстіме бензин құйып өртеніп өлгенім жақсы» дейді. Г.Жарқымбаева Сандуғашты қазақ болғаны үшін, соның ішінде оралман болғаны үшін жек көретінін дүйім жұрттың алдында бірнеше мәрте қайталады. Оның ойынша оралмандардың сотқа жүгініп әділдік іздеуі - абсурд. Ондайды «кім көрінгеннің басынуы» деп санайды екен. Алматы қаласының әкімшілігі заң талаптарына сай келмейтін ондаған базарды бұзып, оларға басқа жерден жер бермекші. Кәсіпкерлер қала әкімшілігі жер бөліп Н.Живилевтің тағы да базар қожасы атанып, қарапайым халықты қорлағанын қаламайды. Сандуғаш Тағабергенова Жоғары соттың бұрынғы төрағасы Мұсабек Әлімбековтың Жоғары сотта қатардағы судья болып қалуына қарсы. «Судьялардың көпе-көрнеу теріс шешімдер шығарып, жұрттың обалына қалуы Жоғары сотты ол басқарып тұрған кезде тіпті асқынып кетті. Судьялар арасында сыбайлас-жемқорлықтың кең етек жаюына жол берген адамның одан әрі судьялық қызметте қала беруге моральдық құқы жоқ» дейді. Ол сондай-ақ, заң тармақтары қайта қаралып, «орыстың үш әріптен тұратын сөзімен ғайбаттау - қазақтың намысына тию болып саналады» деген сөздер міндетті түрде кіргізілуі тиіс деген пікірде. Г.Жарқымбаева үшін оралман адам емес.
qosymsha/abai.kz
post_117957.txt
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жаңа басшы тағайындалды
https://abai.kz/post/117957
"Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жаңа басшы тағайындалды" | "https://abai.kz/post/117957"
03.08.2020
Abai.kz
null
TITLE: Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жаңа басшы тағайындалды URL: https://abai.kz/post/117957 META: "Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жаңа басшы тағайындалды" | "https://abai.kz/post/117957" DATE: 03.08.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 133 TEXT: ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әнуар Жұмаділдаев 22 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Алкоголь, темекі және акциздеуге жататын басқа да өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып еңбек етті. 2009 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы лауазымына ауыстырылды. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетін және Қаржылық бақылау комитетін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_174269.txt
Ресей ойбайға басуда: Қазақтар тарихтарын қайта жазып жатыр
https://abai.kz/post/174269
"Ресей ойбайға басуда: Қазақтар тарихтарын қайта жазып жатыр" | "https://abai.kz/post/174269"
29.09.2023
Әбіл-Серік Әліакбар
null
TITLE: Ресей ойбайға басуда: Қазақтар тарихтарын қайта жазып жатыр URL: https://abai.kz/post/174269 META: "Ресей ойбайға басуда: Қазақтар тарихтарын қайта жазып жатыр" | "https://abai.kz/post/174269" DATE: 29.09.2023 AUTHOR(s): Әбіл-Серік Әліакбар TOTAL WORDS: 1147 TEXT: Ресейдегі үш тарихи институт басшылары мен ат төбеліндей аз ғана тарихшылар: «Ресей мемлекеті құрамында болған әртүрлі халықтар мен аймақтар үшін Ресей отарлық империя болған жоқ, сондықтан, олардың тарихында «отарлық дәуір» де болған жоқ » деп уағыздаудан жалықпай келе жатқаны жасырын емес. Тап осы мәселе мәселе патшалық дәуірде де, кеңестік дәуірде де еш талас тудырмай, енді өз жалғастығын Путиндік режім дәуірінде тіпті, көкке көтеріп жіберді. Қазір Ресейдің геосаясатына байланысты, бұрынғы Ресей империясы мен Кеңес Одағы құрамында болған, қазіргі тәуелсіз ұлттық мемлекеттер мен аймақтарды Ресей төңірегіне жинау мақсатында осындай ғылыми жалған тұжырым орын алып отырғаны бәрімізге белгілі. Осы ғылыми жалған тұжырымның қазақ еліне етек жаймауы үшін Қазақстан әрекетке көшті. Иә, Путиндік Ресейдің тарихи амбициясын ескерген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Қазақстан тарихы бойынша жаңа ғылыми көзқарастар мен тұжырымдарды ескере отыра, жаңа академиялық басылымды дайындау керектігін» сөз еткен болатын. Одан әрі Мемлекет басшысы аталған еңбек еліміздегі барша оқулықтардың түп негізіне айналуға тиістігін баса айтқан-тын. Сонымен осы бағыттағы ғылыми ізденістер мен талпынастырдың негізінде Қазақ тарихының 7 томдығы 2024 жылдан бастап жарық көре бастайтыны Ресей тарапынан қызу айқай-шу туғыза бастады. Оларға ұнамағаны баспасөз конференциясы кезіндегі «Ертеден біздің заманымызға дейінгі Қазақстан Тарихының» жаңа академиялық басылымын дайындау орталығының басшысы Алтын Уалтаеваның: «Аштық 1917 жылдан басталған» және «V және VI томдарда отарлау кезеңіне айырықша мән беріледі. ...Қазақстанның КСРО құрамына қосылуын біз өз еркімен жасалған қадам деп келдік. Бұл кезде биліктегілер көрсетілген қарсылықтардың жігін жатқызып, түрлі халықтардың ассимиляцияға ұшырауын өз еркімен қосылу деп сипаттады», - деген сөзі болды. Кеңестік дәуірге күйе жақпақшы деп ұлардай шулады. Шынымен солай ма!? Ұлардай шулаған Ресей ғалымдары мен зияларына жақпай қалғаны – 1980 жылдың аяғынан бастап, әсіресе, тәуелсіздік кезеңінде Отан тарихы салаларында көптеген проблемалар жаңа көзқараспен қайта қаралып, жаңа тұжырымдар жасалды. Жаңа тарихи ұлттық сана қалыптаса бастады. Солардың бастыларын Abai.kz оқырмандарына тарамдап айтар болсақ: - Қазақ мемлекетінің негізі тереңнен, ежелгі түркілерден, әсіресе, Алтын Орда ыдырағаннан бастау алатыны; - Қазақ хандарының, батыр, билерінің ел тәуелсіздігі үшін күресінің мәні мен мазмұны; - Ресейге бодан болудың әртүрлі жақтары мен зардаптары; ұлт-азаттық қозғалысының басталуы, барысы мен нәтижелері, әсіресе, Кенесары көтерілісінің маңызы; - Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері мен тағылымы; - Кеңестік дәуірдегі қазақ көрген зорлық-зомбылық, жаппай ашаршылық, қуғын-сүргін; - Кеңес өкіметіне қарсылық; өз отанында қазақтардың аз ұлтқа айналуы; - Семей, Арал сияқты ел қасіреті және т.б. болып тізбектеліп кете береді. Осылар томдарда көрініс тапса, Ресей империясының ізбасары КСРО-ның құны беш тиын болады. Дәл қазіргі таңда Қазақстан тарихы ғылымында да шешілмей жатқан проблемалар, дау-дамай туғызып отырған мәселелер жеткілікті болып отыр. Әсіресе, тарих ғылымына сырттай араласып, көп мәселелер жөнінде қисынсыз ой-пікір айтып, соны дәріптеп жүргендер аз емес. Отан тарихын ұлттық мүдде негізінен, жаңа көзқараспен талдап, объективті, шынайы зерделеу жетіспей келеген шақта 2024 жылдан бастап 7 томдық Ел Тарихының баспа жүзін көретіндгі ұлтымыз үшін зор қуаныш болса да, Ресей үшін қазаққа қарсы кезекті идеологиялық-ақпараттық шабуылға ұласты... «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы» Қазақ ұлтының «Мың өліп, мың тірілген» төл тарихы Бодандық кезде де, тап бүгінгі тәуелсіздік дәуірінде де өз басынан көптеген кедергілер мен қиыншылықтарды өткізіп келе жатыр. КСРО дәуірінде алғашқы буын тарихшылар С.Асфендияров, Т.Рысқұлов және тағы басқалары буржуазияшыл ұлтшыл делініп, 30-жылдары қуғын-сүргінге ұшырап оққа байланды. Олардың өкшесін басқан екінші буын – Б.Сүлейменов, Е.Бекмаханов бастаған топ 1948 жылдың аяғы мен 1953 жылдың басында Кенесары Қасымов көтерілісіне байланысты сотталып, итжекенге айдалды. Тек Сталин өлімінен кейін нұрлы саңылау болып, азғана жылға созылған «Хрущев жылымығы» ғана көп ұзамай тарихшыларымыздың елге оралып, сүйікті істерін партия сызып берген көлемде ғана зерттеп-зерделеуге сәл ғана мүмкіндік берді. Тап осы кезден бастап, орта мектепте Кеңес Одағы тарихының бір бөлігі ретінде, аз ғана сағат көлемінде шағын оқулық түріндегі Қазақстан тарихы оқытыла бастады. Сол тұста осы бір қараулыққа күйінген классик ақынымыз Қадырдың: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы», - деп жазғаны әлі есімізде. Мектепте басы бүтін Ресей мен әлем тарихы ғана оқытылып, қазақ тарихы жетім баланың күйін кешті. Ғылым академиясының аяқ астынан жабылуы жоғары оқу орындарында Отан тарихын оқыту мәселесі күрделі, түрлі бағыттағы өзгерістерге ұшырап, бұл саладағы жағдай шиеленісе бастады. Шындығын айтқанда, жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедраларының сағаттары қысқарып, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді дайындау да жыл сайын төмендеп кетті. Ең өкініштісі Отан тарихы бойынша жазылған оқулықтардың да кемшіліктері жеткілікті болып, қозғалған тақырыптардың көбі тарихшылар арасында түсінбестік тудырып, ала қойды бөле қырқу науқаны етек ала бастады. Тағы бір сорақылық орта мектепте тапсыратын Бірыңғай ұлттық тест оқушыларды білімді саналы түрде меңгеруден алшақтатып, жаттауға үйреттін санаға мәңгүрттік ұрығын егетін кесірлі құбылысқа айналды. «Кеңес дәуіріндегі мына мәселелерді анықтап алуымыз қажет сияқты: қазақ коммунистері мен Алаш пар-тиясы арасындағы жергілікті күрес, оның себептері, зардаптары мен нәтижелері; 19йб31-1933 жылдардағы ашаршылықтың себептері, нәтижелері мен салдары; 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы әскери тұтқынға түскен қазақтардың тағдыры; тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесі мен салдары; Қазақстан экономикасында тоқырау болды ма, болса нәтижесі мен салдары; Қазақстан халқының демографиялық дамуы, жергілікті ұлттың даму ерекшеліктері, өзінің табиғи территориясында (1959 ж. – 29,8%-ға) азшылыққа айналуы; Кеңес өкіметінің көші-қон саясатының салдары, Қазақстанға жер аударылған көптеген халықтың жағдайы, лагерьлер құрылуы, қоныс аударушылардың жұмыс күші ретінде көптеп келуі және т.б. жетерлік. Осы көптеген мәселелерге біз дұрыс тұжырым жасауымыз, оны он томдықта көрсете отырып, бұл оның ішінде жергілікті коммунистер мен «Алаш» қозғалысының қайраткерлері арасындағы күресті анықтап алуды тағы да қажет етеді. Тарих ғылымы төңірегіндегі кейбір адамдар Әліби Жангелдинді, Сәкен Сейфуллинді, Бақытжан Қаратаевты, Тұрар Рысқұловты, Мұхамедияр Тұнғаншинді және де басқа кеңес билігінде болған қайраткерлерді «әшкерелейді». 1917-1930 жылдардағы қарқынды саяси қарама-қайшылықтар арасындағы жағдайды тың тұрғыдан қарастырмай, тарихымызды игере алмаймыз. Ұлт коммунистері де, «Алаш» қайраткерлері де, олардың барлығы өздерінше қазақ халқының әлеуметтік-мәдени және саяси дамуы үшін, жарқын болашағы үшін еңбек етті және күресті. Бұл мәселеде РКФСР Халкомның төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов пен Қоқан автономия үкіметінің төрағасы, Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары М.Тынышбаевтың Түркістан-Сібір темір жолын салудағы бірлесіп атқарған қызметі жарқын үлгі бола алады. Қазақ элитасының осы екі тобының қасіретті тағдыры тек бірін-бірі жойғанында ғана емес, «бөліп ал да, билей бер» деген орталық саясаттың іске асуында да жатыр. Жоғарыдағы жайт – орталықтың ұлттық республикаларды басқарудағы сынақтан өткен әдісі, әр 5-10 жыл сайын қазақтың ұлттық қаймағы – қазақ интеллигенциясы өкілдерін жойып отыруы. Дәл осы жағдай Кеңес Одағының басқа ұлттық республикаларында да, облыстары мен округтерінде де орын алған еді. Көп томдық «Қазақстан тарихында» бұл мәселелер өзінің объективті бағасын табуы қажет. Осы еңбекте М.Шоқай да лайықты орнын алуы керек. Бізге Кеңес кезінде Мұса Жәлилді ардақтай алған татар тарихшыларының қызметі үлгі болуы керек. Жалпы соғыста жау қолына тұтқынға түскен өз азаматтарына көрсеткен қуғын-сүргіні бойынша Кеңес өкіметі шектен шыққан қатыгездік көрсеткенін арнайы зерттеген де жөн», - деген еді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәлік-Айдар Асылбек. Жаңа 7 томдық тәуелсіз Қазақстан халқын, әсіресе, жастарды патриоттық рухта, өз Отанын, туған ұлты мен жерін, оның өткені мен қазіргісін сүйіп, болашағына адал еңбек етіп, үлкен сеніммен қарауға тәрбиелеп, баулитын ең бір күшті құрал мен ғылымға айналмақшы. Бұрын біздің қоғамдағы Отан тарихына деген көзқарас әлі де өз деңгейінде емес болса, енді сол жоғымыздың орны толды десек қателеспейміз. Ұлт тарихының қоғамымыздағы мәні мен маңызын жоғары көтеруге бағытталған 7 томдық тарих ғылымы мен оны оқыту жүйесінің өскелең дамуына үлкен үлес қосады дегенге бүкіл қазақ халқы сенеді. Әбіл-Серік Әліакбар Abai.kz