path
stringclasses
9 values
file_name
stringlengths
4
250
title
stringlengths
1
125k
url
stringlengths
12
505
meta
stringlengths
1
714
date
stringlengths
2
24
author
stringlengths
6
36
total_words
null
text
stringlengths
0
4.99M
qosymsha/abai.kz
post_125621.txt
Мәжіліске кандидаттар өңір тұрғындарымен кездесуде
https://abai.kz/post/125621
"Мәжіліске кандидаттар өңір тұрғындарымен кездесуде" | "https://abai.kz/post/125621"
19.12.2020
Abai.kz
null
TITLE: Мәжіліске кандидаттар өңір тұрғындарымен кездесуде URL: https://abai.kz/post/125621 META: "Мәжіліске кандидаттар өңір тұрғындарымен кездесуде" | "https://abai.kz/post/125621" DATE: 19.12.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 385 TEXT: Халықты қолдау бойынша нақты ұсыныстар, азаматтардың өзекті проблемалық мәселелерін анықтау – осының барлығы Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар, «ADAL» партиясының өкілдерінің өңірлер тұрғындарымен өткізетін кездесулерінің мәні болып табылады. Бүгін Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесті. Әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткен кездесу барысында Олжас Ордабаев партия бағдарламасы мен сайт туралы хабардар етті. Сайт аналитикасын пайдалана отырып, Олжас Ордабаев смартфон арқылы қала мен облыстың басты проблемалары туралы қалай білуге болатынын көрнекі түрде көрсетті. Тұрғындар бірқатар мәселелерге шағымданды. Олардың ішінде - ауыл шаруашылығы үшін жердің жетіспеушілігі, фермерлердің ескірген техникасы, тозған коммуналдық желілер бар. Сондай-ақ, тұрғындар ыстық суды өшіру мәселесін де атап өтті. - Бізде жыл сайын жазда осылай болады. Мен мұнда қанша тұрсам, сонша жалғасып жатыр. Бүкіл жаз бойы біз сусыз отырамыз! Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба?,- деді кездесуге қатысушы. Заречный ауылының тұрғындары нашар инфрақұрылым мен көлік жұмысы туралы айтты. « Жарық жиі өшеді. Бір автобус ғана жүреді. Бұл жақтан шығу қиын! Ауылдың өзі үлкен, тұратын адамдары көп. Мен қанша тұрсам да, бізде жарық, су, интернет жоқ – ал бұл қалыпты жағдай емес », - деді ауыл тұрғыны. Олжас Ордабаев ТКШ жүйесіне және бюджеттің тиімсіз жұмсалуына көптеген өңірлер шағымданатынын түсіндірді. Партия бюджетті қайта бөліп, тұрғындарды осыған тарту керек деп санайды. Қызылордадағы кездесулер де өте мазмұнды болды. Оларды Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев жүргізді. Алмасбек Садырбаев азаматтарға несие беру туралы азаматтардың көптеген өтініштерін қорыта келе былай деп атап өтті: « Парадокс мынада: адамдар тұрмыстық техниканы сатып алу үшін несие алуға жүгінген кезде, Ұлттық Банк бұл мүмкіндікті береді. Ал тұрғын мал шаруашылығын дамытуға ақша алғысы келгенде, олар одан бас тартып, депозит талап етеді. Бұл біздің ауыл шаруашылығымыздың нашар дамығанының бір себебі ». Жергілікті тұрғындар тегін медицина, білім беру жүйесі - университеттердегі практикалық сабақтардың 60% -ға дейін ұлғаюы, баспана алғысы келетіндерге нақты көмек ретінде сертификат беру мәселесін көтерді. Қызу пікірталас ауылшаруашылық қажеттіліктеріне жер беру мәселесінен туындады. «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Лаззат Шыңғысбаева Алматы облысы, Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесті. Партия міндеттері туралы білген тұрғындар оларды не мазалайтыны туралы айтып берді. Б.Ермекова: « Пандемияға байланысты наурыз айынан бастап бізге дұрыс жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Біз шығынға ұшырап отырмыз. Неліктен мемлекет бір уақытта бизнеске аз болса да көмектеспейді ?»,- деп шағымданды. Үміткер жергілікті нарықты аралап, кәсіпкерлердің партия туралы білетіндігін, оның бастамаларын қолдайтынын және оған 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беретінін білді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_135636.txt
Буырқанған баспасөз баһадүрі (жалғасы)
https://abai.kz/post/135636
"Буырқанған баспасөз баһадүрі (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/135636"
28.06.2021
Сәулебек Жәмкенұлы
null
TITLE: Буырқанған баспасөз баһадүрі (жалғасы) URL: https://abai.kz/post/135636 META: "Буырқанған баспасөз баһадүрі (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/135636" DATE: 28.06.2021 AUTHOR(s): Сәулебек Жәмкенұлы TOTAL WORDS: 1892 TEXT: Басы: Буырқанған баспасөз баһадүрі ЖАН ДОСЫМ ЖАНБОЛАТ Қазақтың маңдайалды журналистерінің бірі, абыройы асқақ азамат, жанының тазалығына жан жетпейтін Жәкеңді осылай атауыма құқым бар ма өзі деп те күдіктенетінім де рас. Әдетте дәрежелес адамдар ғана дос бола алады десіп жатады ғой. Бұл тұрғыдан алып қарағанда Жәкең қайда , мен қайда! Ол өзінің Алатауының тылсым тәжі Хантәңіріндей биік, мен болсам оның қасында Сарыарқаның қоңыр төбесіндей ғанамын. Ол – Нарынқолының шыңға біткен шынары, мен Қарағандымның қарағанындай қысқамын, қалай салыстырсаң да Жанболаттың жұлдызы жоғары тұратыны айдай анық. Алайда Жәкең екеуміздің жан дүниемізді жалғастырып келе жатқан бір алтын арқау бар екені анық. Ол сезімге, міне, қырық жылдан асты қылау түскен емес. Мен осынша уақыт Жанболаттай асыл азамат, адал достың жан шуағына бөленіп келе жатқан бақытты адаммын! Бір қызығы мен онымен студенттік өмірді артқа тастап барып табыстым. Бағымыз жанып оқуымыз бітер-бітпестен ол «Лениншіл жасқа», мен «Қазақстан коммунисіне» қызметке алындық. «Жақсыдан – шарапат», – деген рас екен. Осы Жанболат менің ертерек үй алуыма да себеп болды. Ол кезде әсіресе қазақ баласы үшін бұл мәселенің ұшынып тұрған кезі. Ол екеуміз Радищев деген көшеде пәтер жалдап тұрамыз. Әлгі үйдің әйдіктігі сұмдық. Есіктен кірген адамға төрдегі адам қуыршақтай ғана болып көрінеді. Пәтер ақысын жалғыз өзім тарта алмаған соң Жанболатты жалынып жүріп көшіріп әкелген едім. Үйіміздің үлкендігі бар болсын, отын шақ келмейтін бір керемет болып шықты. Қанша жақсаң да қабырғасы сәл тершиді де қояды. Екеуміздің де келіншектеріміздің екінші сәбилерімізге жас босанып отырған кезі. Бір күні жұмыстан келсек, олардың қабақтары салыңқы. Содан бар отынды өртеп жағайық келіп. Үй де ептеп ысып, әйелдеріміздің де қабағы да жылыды. Әлгі дәу залдың ортасында қазақы дөңгелек үстеліміз бар. Соған енді отыра бергенімізде төбеден бірдеңе жалп ете түссін. Аспанға қарасақ, сұмдық-ай, тақтайлар арасынан жұлдыздар жымыңдап, ай көрініп тұр. Сөйтсек отты жаға берген соң шатырдағы бөшкенің ішіндегі су тасып төгіліп, төбені ойып түскен ғой. Амал не, Жәкең екеуміз дірдектеп жүріп әлгіні жауып қайта оралдық. Әйелдеріміз болса жандары ашып бәйек болып барларын аузымызға тосып жүр. Менің келіншегім медсестра еді, тіпті суға езіп ептеп спирт те ұсынды. Әлгіні ішкен соң бойым жылып, қара домбырамды алып, Кенен атамыздың «Ақ ешкі» әніне салып Жанболатқа қарап бірер ауыз өлең де шығарып жібердім: Маңырайсың ақ ешкі-ау лағыңа, ой дүние-ай. Жетпей қойдым Алматы тұрағыңа, ой дүние-ай. Кел екеуміз, Жанболат, зарланайық, ой дүние-ай, Жетер ме екен бастықтың құлағына, ой дүние-ай. Астанам-ай, баспанаң-ай, Біреу емес, екеу болды-ау Жас балам-ай, ой дүние-ай! Қайран дүние, салдың күйге Жететін күн болар ма екен Тәуір үйге, ой дүние-ай! Содан суық тиіп ауырып, жұмысқа екі-үш күннен соң әрең шықтым. Жәкең болса жұмыстағыларға бәрін де айтып берген ғой. Олар да әжептеуір дүрлігісіп қалыпты. Содан бір күні Кеңес Юсупов ағам үй алып, қоныс тойын жасады. Үш бөлмелі сыңғырлаған жаңа пәтер. Үзіліс кезінде қолыма домбыра алып, баяғы Кенен атамыздың мақамына салып әлгі әнді айтып бердім. – Ойпырым-ай!.. Мен қызметкерімді бүйтіп зарлатпаушы едім, – деп сондағы Құрекеңнің – бас редакторымыз Құрманбек Сағындықовтың қозғалақтап кеткені әлі есімде. Батыр Бауыржанның үзеңгілес серігі, айбатты да қайратты Құрекең ақыры ЦК-ның өзінен үш бөлмелі үйді жұлып алып берді. – Өзіңнің де шарапатың тиді ғой, бірге тұрайық, – деймін Жәкеңе. Әлде намыс қылды ма, әлде «әрең жеткен үйінің қызығын өзі көрсін» деді ме екен, әйтеуір ол қашқалақтады. Жәкеңнің қадір-қасиетіне бойлап келе жатқан кезім. Оны жұртқа тастағандай болып қалай кетем. Мен де көшпей отырып алдым. Бір күні Талдықорғанның маңайында он адамның құшағы әрең жететін бір ғажайып ағаш жөнінде титтей ҚазТАГ хабары шығып, әлгіні Жанболатқа көрсете қойдым. Оның осындай табиғат ғажайыптарын жазуға құмартып, жолы айқындалып келе жатқан кезі. Есебім дәл шығып, Жанболатым ертеңіне-ақ жолға шығып кетті. Маған да керегі сол, екеуміздің бар мүкаммалымыз екі диван, төрт кресломызды көшеден ұстаған машинаға тиеп, екі келіншегіміз Шолпан мен Ләззатты кабинаға отырғызып, жаңа үйіме көштім де кеттім. Ол кезде қай үйдің алдында да балалары қараспай тастап кеткен орыстың ызалы кемпірлері үйір-үйір болып, өсек айдап отыратын. Қазақ көшіп келіп жатқанын көрсе, қорасына бөтен мал кіріп кеткендей тыжырынады ғой және. «Бүгін біздің үйге екі әйелі бар бір «казачонок» көшіп келді», – дейтін көрінеді әлгілер біріне бірі. Екі-үш күннен кейін мұрты едірейіп Жанболатым келіп тұр. – Менің отбасымды көрдің бе? – Міне, – деп бала емізіп отырған Ләззаттың бөлмесін аштым. Ол сәл сұрланыңқырап барып, бір кезде күліп-ақ жібергені. Әлдеқандай болады деп тұрған біздің де қаупіміз сейіліп, жадырап сала бердік. Үйіміздің іші де жылып кеткендей болды. Ұзамай өзінің құтты ұясы «Лениншіл жасынан» баспана алған Жәкеңнің отбасын қимай-қимай көшірісіп салдық. Жанболат «Лениншіл жаста» қанаттанды, «Қазақстан коммунисінде» түледі, «Халық кеңесінде» қыранның өзіне айналып, «Егемен Қазақстанда» білікті басшыға айналды. Қайда жүрсе де қаламынан бір сәт те ажыраған емес. Теңіздің тереңінен маржан теріп, өз оқырманына олжа салумен болғаны бәрімізге белгілі. Оның шығармашылық жолын жоғарыда біраз әңгімеледік. Алайда әріптес бауырымның теңіздей тербелген бүкіл творчествосын айбарақтата ақтарып, түгел қотарып шығу қайда. Ол бір мақаланың жүгі емес. Біздікі теңіздің дәмін бір тамшысынан да білуге болады деген үкілі үміт. «Журналист болу үшін, алдымен онымен ауыру керек», – дейді Жарылғап Бейсенбаев көкеміз. Ал Аупбаев онымен ауырмақ түгілі, ол жолда нағыз жанкештінің өзі болғанына құдай алдында куәміз. Бір-ақ мысал. Тельман Жанұзақов деген үлкен қаламгер Жанболатқа жақын адам еді. Сол кісі қайтыс болып, қоштасу рәсімі редакцияларға жақын 8-ші март көшесіндегі Кино үйінде өтетін болды. – Жүр, кеттік, – деп «Лениншіл жастағы» Жанболатқа бармаймын ба. Ол әлдебір жедел мақаланы жазу үстінде екен. – Сен бара бер, мен мынаны бітіріп кетейін, – деп қалып қойды. Екі көзінен жас парлап, алдындағы қағазға тырс-тырс тамады. Ол кезде автоқаламмен жазамыз, кейбір жазуы жасқа шыланып, жаймаланып жатыр. Жәкең сонда да жазудан танар емес. Ал мұны не дейсіз!? Жанболат жалпы ағайын-туысқа жарлылау жігіт. Ал қазір одан бай адам жоқ. Өйткені ол осы уақытқа дейін сомдаған жүздеген кейіпкерімен бүгінде өзінше бір қауым ел, алынбас қамал. Оның сыртындағы шәкірттері мен мыңдаған оқырмандарын қосыңыз. Демек, Жанболат жалғыздықтан мәңгілік құтылған адам. Жәкең қызмет атқарған басылымдардың бас редакторлары ол үшін ұлағатты ұстаз да болды. Сейдахмет Бердіқұлов, Кәкімжан Қазыбаев, Сарбас Ақтаев... Бұлар қазақ журналистикасының бір-бір таулары ғой. Олардың қол астында кімдер істемеді дейсің. Алайда бәрі бірдей Аупбаев бола алған жоқ, әрине. Мәселе, олардың бойындағы асыл қазынаны көре білгенде, ала білгенде ғой деп ойлаймын бұл орайда. Жәкең соны көрді, көсіп-көсіп алды да. Алайда өзі де қарыздар боп қалған жоқ. Олар туралы естелік, – эсседен бастап, кітапқа дейін жазып, мәңгілік ескерткіш орнатты. – Өзіңе жылы сөз айтқан, жанашыр болған мұндай жандар туралы мына тірлікте қалай болғанда да әйтеуір бір лебіз айтып қалуың керек сияқты. Өйткені өмір мәңгі болғанмен, ғұмыр қысқа ғой, – деп тебіренеді ол аяулы ұстазы Сейдахмет Бердіқұлов туралы бітімі бөлек шығармасында. Жәкең менің рухани әкем болған Құрманбек Сағындықов жөнінде қоймай жүріп естелік жаздырды. – Жазшы өзің, құдай біледі, мойыныңнан бір жүк түскендей болып жеңілдеп қаласың, – дегені бар. Жаздым. Расында да, ұстаз алдындағы парызымның бір парасы өтелгендей болып марқайып қалдым. Соңғы кезде мемлекеттік қызметті жағалап, таза журналистика ауылынан жырақтау қонған жайым бар. Бір кездегі сүйіп таңдаған мамандығымнан қол үзіп қалмасам, ол да осы Жәкеңнің арқасы. Бұл тұрғыдан мен оны досым, курстасым ғана емес, ешбір қымсынбастан ұстазым деп те айтар едім. Жалпы, Жанболаттан мен өзім көп үлгі алғанымды да жасырмайын. Жас кезімде Сарыарқаның сайын даласында жылқы бағып өскен менмендеу, кеудемсоқтау, ә десе мә деуге дайын тұратын қызба едім. Ал Жанболат болса бақ қонып тақта отырса да, жайдақ мініп атқа отырса да кішіпейіл, қарапайымдылығынан, жібектей жайлылығынан бір айнымайтын жан. Сол мінезі жұғысты болып, әлгі айтқан оспадар қылықтарымнан біраз арылған сияқтымын. Бұл орайда жыр дүлдүлі Ұлықбек Есдәулетов: Жанболаттың жүрегін ұғыңыздар, Жақсылыққа жақтас боп тұрыңыздар. Жібі түзу Жәкеңе жақындасақ, Бәріміз де түзелер түріміз бар – деп дөп түскен-ау, дөп түскен! Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін Жоғарғы Кеңеске қызметке алындым. Қазақылығым үшін, қазақы қаным болғаны үшін қуғын көрдім. Сонда партком хатшысы болып теперіш көрсеткен Бабушкин дегенмен кейін Жоғарғы Сотта қызметтес болдым. Сәлемімді міңгірлеп алып, бетіме қарай алмай, алдымнан басын салбыратып өтетін. Сондағы таққан ең үлкен кінәсі шетелде жүргенде қазақша сөйлеппін. Осындай қысылтаяң шақта да Жәкең достық қолын созып, Кәкімжан ағамызға айтып жүріп, өзімнің ұшқан ұям «Қазақстан коммунисіне» қайтадан алғызды. Сонда ол жап-жас жігіт. Үлкен адамға сөзін қалай өткізді? Әлі күнге таңмын. Жәкеңнің қай жақсылығын айтып тауысайын. Әсіресе мына бір жәйт өмірі есімнен кетпес. Дәл миымның ішінен ісік табылып, бүкіл отбасымыз болып бір үрейленгеніміз бар. Сонда алдымен Жанболат пен Ләззат жетті. Бірер күннен кейін Жәкең тағы келді. – Сәуке, дәл осы аурудан Ләззатты қалай аман алып қалғанымды білесің ғой. Ойлап-ойлап былай шештім. Жедел демалыс алып, сені Алматыға апарып, өзім операция жасатып әкелетін болдым. Осы жерден құжаттарыңды дайындата бер, – деп тұр менің Жәкем. Бұл енді ең жақын деген адамыңның да ауызынан шыға бермейтін сөз ғой. Оны қалай ұмытарсың. Достыққа адалдық осындай-ақ болар! Жанболат – Әлихан әкеміздің ұлдан жалғызы. Бірге туғаннан жалғыз әпкесі бар. Аты – Аққағаз. Ал Жанболат болса қалам мен қағаздан бақытын тауып отыр. Бұл да бір таңғаларлық жәйт. Осы Аққағаз әпкеміз сонау қияндағы Нарынқолдағы қарашаңыраққа ие болып, Жанболаттың алаңсыз қызмет істеуіне үлкен жағдай жасаған аяулы жан екенін айта кеткен жөн. Жәкең қанша жырақта жүрсе де ата-анасының алдындағы перзенттік парызын да адал өтеген ұл. Анасы Нұршаның бейітін ешкімді жолатпай, өз қолымен қалап шыққанын өмірден ертерек кеткен курстас досымыз Асқар Егеубаевтың егіле жазғаны бар. Осыдан біраз жыл бұрын Астанадағы «Еснұр» деген мейрамханада Жанболаттың 50 жылдығын тойлағанымыз бар. Сонда абыз ағаларымыз – Шерағаң мен Ақселеу әріптес інісіне батасын беріп, иығына шапан жаппақшы болады. Жәкең сол арада өтініш айтып, ол шапанды Шерағаңның өз қолымен әкесіне жаптырған. Бәріміз де орнымыздан тұрып, ерекше ризалықпен қол соқтық. Жалпы, біздің Жәкеңнің жан дүниесі тұмадай таза, шыныдай мөлдір. Тіпті оның тұла бойына тіктеп түскен күн сәулесінің өзі көлеңке түсіре алмас. Сондықтан да арқалы ақын Ұлықбек: Алашымның айнымас қолғанаты, Жанашыры, тірегі, шарболаты. Жанболаттай періште болса қазақ, Қазақстан болар ед жер жаннаты, – деп сүйсінген ғой. Жәкеңнің жары Ләззаттың біз үшін, әсіресе біздің отбасымыз үшін орны тіптен бөлек. Бір кезде бір шаңырақтың астында бірге тұрып, бір дастарқаннан ас ішкенімізді жоғарыда айттым. Сонда осы Ләззат әйел болып бір артық сөз айтпады ғой. Адамға үнемі ақ пейілін білдіріп жүретін ақжарқын жан ол. Бізбен қатарлас тіл-әдебиетті бітірген. Сөз қадірін біледі. Жөн білетін, жол білетін жосықты жан. Мамандығы – ұстаз. Бұл саланың үлкен ғылыми атағының иесі де. «Құдай қыста берсе қыспай берсін, Көктемде берсе көктей берсін. Жазда берсе жазбай берсін. Күзде берсе үзбей берсін», – деген батаны мен осы Ләззаттан үйренгенмін. Үйіне барған адамға қабағын да, тамағын да беретін өте қонақжай. Содан ба, олардың шаңырағынан қонақ үзілмейді. Әсіресе біреу келіп, біреу кетіп жатқан Астана көші кезінде олардың үйінде тұрушылар қарамы тіпті көбірек болды. Соған қатысты мына бір әңгімені әлі күнге күлісіп еске аламыз. Жәкеңнің үйіне алдымен сақалдары күректей болып алматылық Жетен шалдың анау атақты үш ұста баласы келіп Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген біраз жатып кеткен ғой. Одан кейін тағы бір сақалды жерлесі, жазушы Тұрлыбек Мәмесейітов біраз еру болған. Сонсын біздің қаумет сақал Тұрсын Жұртбаев барып біраз жатты. Бір күні көрші қыз, актер Боранбаевтың қарындасы Гүлжан Ләззатқа: «Ойпырым-ай, кішкентай үйлеріңізге қалай сыйғызып жатырсыздар. Осы үйлеріңізден түрлі-түрлі сақалдылар шығады ғой», – деген екен. «Ұлы империяны билеген Сталин ақшаның не екенін білмейді екен», – деген әңгіме бар. Атақты Билл Гейтс де осылай дейді. Сол сияқты қаламмен ғана кеткен Жәкең де былайғы дүниеауи мәселелерге мүлдем жоқ адам. Ондай тіршіліктің бәрі Ләззаттың мойнында. Бірді екі қылып жүріп балаларының бас-басына дерлік шаңырақ көтеріп берді. Екі қыз, бір ұлдан көрген сүйкімділердің сүйікті әжесі қазір. Әрине, атақты аталарының жөні бөлек. Аңқылдаған ашық мінезді Ләззат Жанболаттың құдай бере салған бағы екені даусыз. * * * Осы эссемді жазу үстінде бір сұрақпен Жәкеңе үйіне телефон шалдым. Күн болса сенбі. Сағат түнгі он бір. Жанболат болса әдеттегідей қаланың сыртындағы үйіне кетіп, өндірте жазу үстінде екен. – Шіркін, – дедім жұбайым Шолпанға, – мені бес минутқа ғана Президент қойса. – Онда не істер едің? – Жанболат Аупбаевқа «Еңбек Ері» атағын беріп үлгерер едім! Соңы. Сәулебек Жәмкенұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_44767.txt
Қырғызстанда шетелдіктерге БАҚ-қа иелік етуге тыйым салынбақ
https://abai.kz/post/44767
"Қырғызстанда шетелдіктерге БАҚ-қа иелік етуге тыйым салынбақ" | "https://abai.kz/post/44767"
14.06.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қырғызстанда шетелдіктерге БАҚ-қа иелік етуге тыйым салынбақ URL: https://abai.kz/post/44767 META: "Қырғызстанда шетелдіктерге БАҚ-қа иелік етуге тыйым салынбақ" | "https://abai.kz/post/44767" DATE: 14.06.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 56 TEXT: Мұнан бөлек БАҚ шетелден жылдық қаржыландырудың 20 пайызынан артық ақша алмауы тиіс. Заң жобасындағы аталған мәселелер бүгін парламенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет отырысында талқыланды. Депутаттардың пікірі екіге жарылды. Бірақ басым дауыспен бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын енді өзге комитеттер қарайды. Сосын барып Жогорку Кенештің жалпы отырысына шығарады. Заң жобасы қабылдануы үшін үш оқылымда мақұлдануы тиіс. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_147877.txt
Абай және Шерхан
https://abai.kz/post/147877
"Абай және Шерхан" | "https://abai.kz/post/147877"
10.07.2022
Назым Қожамжарова
null
TITLE: Абай және Шерхан URL: https://abai.kz/post/147877 META: "Абай және Шерхан" | "https://abai.kz/post/147877" DATE: 10.07.2022 AUTHOR(s): Назым Қожамжарова TOTAL WORDS: 1175 TEXT: Адам – қоғамының айнасы, өз заманының туындысы. Жер бетінде адамзат баласы пайда болғалы сан мыңдаған ғасырлар өтті. Әр ғасырдың өз тарихы, тарихын жасаушы тұлғасы болды. Ондай тұлғалардың өркениет пен мәдениеттің әр саласында өзіндік ізі қалған. Тіпті, әр заманның өз тұлғасы бар десек артық айтпаймыз. Заманының тұлғасы бола білгендер туралы айтқанда, Қазақа хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керейді, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай хандарды, Бұқар, Атамберді жырауларды, Абайды еске аламыз. Бертін келе қазақ ғылымын асқақтатқан Қаныш Сәтбаевтардай алыптарды аузымызды толтырып атаймыз. Қазіргі заманның тұлғалары кімдер? Қоғам қайраткерлері көп-ақ. Ал бірегейі санаулы. Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болып құрылған тұстан бастау алсақ, қоғам, мемлекет деңгейінде, әдебиет сахнасында өзіндік биік болмысы бар Шерхан Мұртазаны елдің азаматы деп айта аламыз. Оның тағдыры, қызметі туралы көп толғануға болады. Әсіресе, Абайдай алыптың «қара сөздері» деңгейіне көтеріле білген «Бір кем дүние» философиялық шығармасының әр бөлігі бір ауқымды тақырыптың өзегі екені анық. Абай - қазақ жазба әдебиетінің, қазақ философиясының биік шыңына шыққан ғұлама. Оны өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп толғандырып, дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен кіммін? Адам өмірінінің түпкі мәні неде? Адамның иманы, хайуаннан артықшылығы туралы, жан мен тәннің айырмасы, жан азығы туралы тереңінен бойлап, қалам тартты. Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздей отырып, қазақ даласына пәлсапалық мағынасы терең шығармаларды қалдырды. Онда адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын айқындады. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтты. Ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетті. Мұны Абай атақты көркемдік, әлеуметтік-гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі «қара сөздері» арқылы жеткізе білді. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, философиясындағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Жазылу көлемі де шағын, мазмұны жағынан өзгеше ауқымды шығармалар. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Абайдың қара сөздерінен кейін мұндай философиялық мазмұндағы ұқсастығы бар, қазақ халқында кеңінен танылып, қазақтың сөзіне айналған Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесі». Қазақтың санасын, жанын оятуға бағытталған бұл шығарма араға ғасыр салып, қазақ философиясының жаңаша әдеби үлгісін жаңартты. Әдебиет те, философиялық тұжырым да, тарих та адамның өмірлік тәжірибесімен жазылады. Әр адам өз болмысына қарай дүниені танып, қабылдайды. Абай да, Шерхан да өз ұлтының адал перзенттері. Тегі тұғырлы елдің азаматтары болды. Әділдік үшін, адамгершілік үшін ғұмыр кешті. Аумалы-төкпелі заманда ел тағдыры жайында қолына қалам ұстап, қанша бейнетті еңбек етсе де шаршамай, керісінше туған елі, қазақ ұлты алдындағы перзенттік парызы екі тұлғаның да бойын жігерлендіріп, күш берген. Соның мазмұндық үндестігі Абай мен Шерханның ой-толғамдық шығармаларынан көрініс тапты. 2008-2010 жылдары жарық көрген Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесіндегі» айтарын қысқа да нұсқа түйіп, тұжырымдап айту, жалпылыққа бой алдырмай, нақтылыққа иек арту, дәлелді  мысалдарға жүгіну, кей тұстарда өз пікірін, көзқарасы мен көңіл-күйін танытып отыруы қаламгер жетістігі. «Бір кем дүниеден» абызға айналған қайраткердің  өкініші  басым, арманы көп екенін аңғарамыз. Армансыз өмір жоқ. Ал өкініш? Қаламгердің өзегін өртеген  жеке бастың, үй арасының сыпсыңы емес, халықтың, елдің, ұлттың басындағы келеңсіздіктер. Ұлты үшін толғанып, елі үшін алаңдау Шерхан Мұртаза қанына сіңген қастерлі қасиет.  Шығарманың әрбір қайырымын «Бір кем дүние...», «Орны толмас орасан обал дүние...», «Имансыз жауыз заман, залым дүние» деп толғана аяқталып жатуы да осыдан болар. Бұл түйіндеме  жалпы кітаптың композициялық тұтастығын қамтамасыз етіп тұрғаны анық. Бірден байқалар мазмұн тереңдігі мен осы бір жинақылық, әсерлі тілмен қысқа қайырып, дөп айту осы ойтолғаудың оқырман сүйсінер  ерекшелігі. Бұл туралы әдебиетші, ғалым С.Құлбарақов «Ғибратты ғұмырдың толғамдары» атты мақаласында былай дейді: «Бір кем дүние...» Атам қазақтың мына жалғанның жеке пенде үшін қас қағымдай өткіншілігіне, ал Жаратқан Ие Аллатағаланың, оның жаратқан табиғаттың, Жер-Ана бесіктің, уақыттың мәңгілігіне қарап айтқан ғажайып мәнді сөзі болса керек деймін. Бүгінгі тілмен өрнектесек, философиялық категория, данышпандық өлшем болса керек деп шамалаймын...». Адам дүние есігін ашқалы «қажет» деген сөзбен ғұмыр кешеді. Бірақ әркімнің «қажеті» әртүрлі. Қазірге заманның «қажеті» тойымсыз, ашкөз дүниеге айналғанын, оның өзі түкке тұрғысыз екенін Шерхан бір ғана Әмір Темір туралы мысалымен келтіріпті. «Жарты дүниені жаулаған Әмір Темірдің өзі мейірімге мұқтаж. Бір кем дүние...» - дейді автор. Шын мәнінде заттық құнылықтар, тақ, атақ, даңқ, барлығы да адамдық мейірім, адамгершілік, иман алдында түкке тұрғысыз. Тіпті, әлеуметтік желіге жариялаған Шерханның бұл шығармасының ішінде ең көп халық ықыласына бөленген әңгімесі де осы Әмір Темір турасында еді. Бұдан барша жер басып жүрген адамзат баласы әлі де мейірімге, иманға мұтаж екенін аңғарамыз. Қаламгер ойына оралған өкініштердің бірін сен бұрынан білер болсаң, енді бірін тіпті білмейтін болып шығасың. Осы кезде ойпырмай  «Бір кем дүниені»  есті ұрпақ өкілдері қолына алып жете түсіне оқып, тереңнен ойланып, әріден толғанып, аға ұрпақ айтқан, аға буын толғанған осы бір орны толмас өкініштердің түзелуіне қажымай, талмай еш аянбай қызмет етер ме екен деген ойға қаласың. Ш.Мұртазаның осы еңбекті жазудағы алдына қойған мақсатының өзі – болашақ жастарға ой салу, тарихта өткен келеңсіздіктерден аулақ болуға  үгіттеу. Халқымызға тән жайбасарлықпен қамсыздыққа салып «Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, орны бар оңалар» деп бірімізді-біріміз арқаға қағып жұбатып, қазақтың қанына сіңген кеңдігіне салып, түбінде бір жөнделер деп отырған мына бізге деген ойқозғау. Байқап бақсаңыз, Шерхан Мұртазаның  табанды да, қуатты ой-толғамдары осыған жетелейді. Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесі...» арман мен сағынышқа толы, асыл ағаларымен жүздескен өткен күндерін сағына еске алып, қысқа қайырыммен алдыңғы буын ағалардың жарқын бейнесін көз алдына суреттеп береді. Қазақ деген халық үшін ауыр болған, қан қақсатқан кешегі заманның қайғы мұңын болашақ жас ұрпақ жадынан шығармай есте ұстасын, ұмытпасын, ұлтыма үлгі, сабақ болсын деп зарын айтады. Өлім жұтқан асыл тұлғаларын іздейді, дұға оқып, ең соңында бас иетін орынды да қимаған  тоталитарлық жүйенің қаныпезер саясатына күйінеді. «Бір кем дүниені» қолға алған кез-келген оқырман мына өмірдің  соншалықты аумалы-төкпелілігін жан дүниесімен сезініп, терең ұғынады. Ең бастысы - Тәуелсіздікке  қол жеткізген бүгінгі қазақ елінің, ұланғайыр жерінің болашақ ұрпақтардың мойынына артқан батпан-батпан, ауыр аманатын ұғынасың. «Жетпістен астым, енді депутат болмаймын» деген Ш.Мұртаза: «... Менің жұмысым -  жалғыздың жұмысы. Қаруым – қалам. Өрісім - қағаз»,- деп  өзінің соңғы жылдардағы  хал-ахуалынан хабар берді. Тәуелсіздік алған Қазақстан жерінің иесіміз деген қазақтың келеңсіз, шешілмеген мәселесі қыруар екендігін көріп, біліп отырып ол  бір күнін ойсыз, бір түнін ұйқысыз тыныш өткізуі мүмкін емес. Санаңның түкпірінен орын алған ой іште өлмеуі қажет. Сол ойдың жемісі де осы «бір кем дүние». Шерхан өзінің «бір кем дүниесі» турасында былай дейді: «Сен кеше «Бір таң дүние» дегенді айтып қалдың. Ойланатын-ақ нәрсе. Менің «Бір кем дүнием» жалпы философиялық толғамдар ғой. Сөйтсе де мен философ емеспін. Бірақ, философ халықтың ұлымын... Пайымдап қарасаң қазақ халқы кім дегенде: «Философ!» - деу керек. Философия біздің ұлттық болмысымыз...». Шын мәнінде, Шерхан бұл шығармада өткен тарихтың өкінішін, тәуелсіздік жылдарында бой алдырған қателіктерді, қордаланып келе жатқан мәселелер мен ұлттық мүддені, рухани болмысты көтеру мәселелері, әсіресе, ана тілі туралы көп ой толғапты. Бұл ой толғаулар бір күннің туындысы емес екені анық. Талай жылғы тауқыметтің жанға батқан жүгі. Шерханның қойын дәптері көп болған екен. Соның бер-екеуі көзіме түсті. 1987-1992 жылғы жазбаларында көрген-білгенін, ол бойынша қорытқан ойын сонда жазып қойған. Кейбір тақырып етіп жазғандарын осы «Бір кем дүниеден» де оқыдым. Одан түйетініміз, бұл да Шерханның өмір иірімдерін қорытындылауы, Абайдың қара сөзі сынды ұрпаққа жазған аманаты, өсиеті. Назым Қожамжарова, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_8728.txt
Бүгін - Бүкілресейлік кітапханалар күні
https://abai.kz/post/8728
"Бүгін - Бүкілресейлік кітапханалар күні" | "https://abai.kz/post/8728"
27.05.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Бүгін - Бүкілресейлік кітапханалар күні URL: https://abai.kz/post/8728 META: "Бүгін - Бүкілресейлік кітапханалар күні" | "https://abai.kz/post/8728" DATE: 27.05.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 110 TEXT: АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкілресейлік кітапханалар күні (Кітапханашылар күні). Бұл кәсіби мереке 1995 жылдың 27 мамырында «Жалпыресейлік кітапханалар күнін бекіту туралы» Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Сондай-ақ бүгін, Қырғызстанда да кітапханалар күні. Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1902 жылдың 27 мамырдағы Қырғызстандағы бірінші жалпыға бірдей кітапхананың ашылуына арналып 2008 жылдың 17 маусымында бекітілген. АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкілресейлік кітапханалар күні (Кітапханашылар күні). Бұл кәсіби мереке 1995 жылдың 27 мамырында «Жалпыресейлік кітапханалар күнін бекіту туралы» Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Сондай-ақ бүгін, Қырғызстанда да кітапханалар күні. Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1902 жылдың 27 мамырдағы Қырғызстандағы бірінші жалпыға бірдей кітапхананың ашылуына арналып 2008 жылдың 17 маусымында бекітілген.
qosymsha/abai.kz
post_174326.txt
Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды
https://abai.kz/post/174326
"Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды" | "https://abai.kz/post/174326"
02.10.2023
Abai.kz
null
TITLE: Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды URL: https://abai.kz/post/174326 META: "Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды" | "https://abai.kz/post/174326" DATE: 02.10.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 314 TEXT: Қазақстанда ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды. Әртіс өнер көрсетуі тиіс концерт сарайлары шара жақындаған шақта аяқ астынан жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды. Астанадағы "Қазақстан" концерт залының басшылығы 30 қыркүйекте су құбырына жөндеу жұмысы жүргізілетінін, ал 1 қазанда Алматыдағы Республика сарайы сахна бұзылғанын хабарлады. Инстаграмдағы аккаунтында Республика сарайы "сахна механикасының апатты жағдайына байланысты концерт өткізу шұғыл тоқтатылғанын" жазды. Оларға 30 қыркүйекте Алматы қаласының Медеу аудандық төтенше жағдай басқармасының басшылығы осындай ұйғарым берген. Жөндеу жұмыстары екі аптаға созылады деп айтылады. Максим Галкиннің концертін ұйымдастыруы тиіс болған Астанадағы "Қазақконцерт" 4-10 қазанда "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналды кәсіпорны қала аумағының су құбырын жөндейтінін айтты. Ақпаратқа қарағанда, "Қазақконцерт" Максим Галкинге туындаған жағдай жөнінде хабарлаған. Галкиннің концерті Астанада – 8 қазанда, Алматыда 9 қазанға жоспарланған еді. Бұған дейін Максим Галкин бірнеше айдан бері Қазақстанда концерт өткізе алмай жүргенін айтқан . Биыл 30 тамызда Instagram-парақшасында жариялаған видеосында Галкин Алматы мен Астанада жоспарлаған концертіне Қазақстанда "мемлекеттік деңгейде кедергі келтіріп жатқанын" айта келе, "шенеуніктер командама үнемі қарсылық танытады" деген. Кейін қазақстандық қолданушылар Галкиннің Қазақстанда өнер көрсетуін қолдаған, артынша билеттер қайта сатыла бастаған. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Максим Галкин мен Алла Пугачева балаларымен бірге Ресейден кеткен. Галкин шетелде жүріп, Ресейдің әрекетін қатаң сынаған. Соғыс басталғалы бері ресейлік әртістердің көбі бұрынғыдай жер-жерде концерт өткізу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстанда Ресей әншілерінің концертіне жаппай емес, ішінара тыйым салынады. Мысалы, "танымал Z-әртіс" деген атаққа ие Полина Гагаринаның концерті көпшіліктің талабымен өтпей қалды. Бірақ Киркоровтың Астана мен Алматыдағы концертіне ресми қарсылық болмады. Әлеуметтік желідегі жаппай наразылыққа байланысты Лариса Долина Қазақстанға келе алмады. Концерт өтетін орынның әкімшілігі әлеуметтік желіде "Қарағанды облысы тұрғындарының негатив реакциясына байланысты ұйымдастырушыға Лариса Долинаның концертін өткізуге орын берілмейді" деп жазды. Биыл 15 ақпанда Алматыда ресейлік әншілер қатысатын "Жара" фестивалі өтпей қалған. Ұйымдастырушылар елдегі және әлемдегі саяси жағдайға байланысты музыкалық шара кейінге қалатынын хабарлаған. Ресейлік шоу-бизнес өкілдері, ішінде соғысты қолдайтын Григорий Лепс те бар, 2022 жылдың жазынан бері Қазақстанда концерт өткізуге талпынып келеді. Дереккөзі: centralasian.org Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_88239.txt
Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс
https://abai.kz/post/88239
"Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс" | "https://abai.kz/post/88239"
02.04.2019
Ерлан Саиров
null
TITLE: Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс URL: https://abai.kz/post/88239 META: "Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс" | "https://abai.kz/post/88239" DATE: 02.04.2019 AUTHOR(s): Ерлан Саиров TOTAL WORDS: 260 TEXT: Елімізде саяси транзит процессі жүріп жатыр. Бүгінде, Қазақстанды тарихымыздағы екінші Президент басқарып отыр. Бұл, қоғамдық дамудағы дұрыс, нақты қадам, прогресс. Дегенмен, алдымызда шым-шытырығы, шұғыл бұрылыстары мол, құбылмалы қоғамдық белестер күтіп тұрғаны анық! «Сананы тұрмыс билейді». Бүгінгі біздің тұрмысымыз қандай? Халық қалай өмір сүріп жатыр? Шыны керек, халықтың тұрмысы өте ауыр! Жұмыссыз жастар, үй-күйсіз қазақ, азаматтардың әлеуметтік деңгейі өте төмен!  Еліміздегі ең төмен күн көріс мөлшері 29698 теңге, Армения мен Молдовадан да төмен!  500 мыңнан астам адам кедей! Ал кедейлік деңгейге біздің Өкімет, «күніне бір доллар табатын адамды жатқызады». Бірікен Ұлттар Ұйымының стандарттарына сәйкес, «кедей дегеніміз күніне 5-доллар» табатын адамдар. Яғни, біздің кедей «тақыр кедей» деген сөз! Экономика да өте күрделі халде! - Еліміздің сыртқы қарызы 168 млрд доллардан асты. Өткен билік, бүгінгі «Нұр-Отан» билік партиясы «бізде бәрі жақсы» деп ұрандатып жүр... Егер, бізде барлығы жақсы болса, неге осыншама сорақы??? Осынау әділетсіздіктің түп тамыры неде? Әділетсіздіктің, теңсіздіктің ең негізгі себебі, 28-жыл ішінде, «тұрақтылық қамтамассыз етеміз» деген сылтаумен, халық саяси процесстерден шеттетілді. Соның арқасында, Парламент азаматтардың тыныс-тіршілігін, бостандығын, саяси белсенділігін тарылтып, шектейтін: -«Сайлау» туралы; -«Ақпарат туралы»; -«бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер» туралы заңдарға өзгерістер еңгізу арқылы халықты, қоғамды билік көзінен шектеп қойды! Осынау жасалған қадамдарды, өткен билік «еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтаудың әдісі» деп көрсетуге тырысты. Жаңа биліктің жаңа қадамы, демократиялық үрдістірді қалыпқа келтіруі керек. Яғни, Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс.  Еліміздің Ата-Заңы Конституцияның 3-бабының 1-пунктінде «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық» деп жазылған. «Конституция ең жоғарғы күші бар заң. Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады». Яғни, қоғамдық процесстерге тікелей қатысы бар Заңдар Конституцияға сәйкестенуі қажет. Саяси "күн тәртібінің" негізгі мәселесі осы. Ерлан Саировтың facebook парақшасынан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_88759.txt
Қазақ саясаттағы ескі есімдерден шаршады
https://abai.kz/post/88759
"Қазақ саясаттағы ескі есімдерден шаршады" | "https://abai.kz/post/88759"
10.04.2019
Нұргелді Әбдіғаниұлы
null
TITLE: Қазақ саясаттағы ескі есімдерден шаршады URL: https://abai.kz/post/88759 META: "Қазақ саясаттағы ескі есімдерден шаршады" | "https://abai.kz/post/88759" DATE: 10.04.2019 AUTHOR(s): Нұргелді Әбдіғаниұлы TOTAL WORDS: 1798 TEXT: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Қазақстан халқына үндеу жасап, кезектен тыс президент сайлауы өтетінін айтты. Күні де белгілі болды. Ол – биылғы жылдың  9 маусымы. Экс-президент Назарбаев өз еркімен отставкаға кеткен соң, тізгінді Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаған еді. Негізі президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс еді. Экс-президент Назарбаев пен екінші президент Тоқаевтың мерзімі сол уақта аяқталуы тиіс болған. Алайда, тоқсан сайын түзету енгізілетін «Сайлау туралы» заңның бірлі-жарым баптарын басшылыққа ала отырып, президентті кезекті рет кезектен тыс сайлап жіберейік деп шешіпті. Кешелі бері естіп-біліп отырған ақпараттан түйгеніміз, президенттің бұл шешіміне «жоқ, болмайды» деген жан болған жоқ. Тіпті, биліктің оппозициясы деп танитын азаматтар да сайлауға сақадай саймыз дегендей емеурін танытты. Мейлі, түбі болатын іс қой дедік, біз де. Ал енді президенттікке кімдер таласады? Бұл талқылауға тұрарлық тақырып, сөзсіз. Конституциялық заң бойынша, бізде президенттікке үміткерлерді саяси партиялар немесе қоғамдық бірлестіктер ұсынады.  Ал бізде қазір ресми тіркелген 6 саяси партия бар. Олар парламенттегі үш партия - "Нұр Отан", "Ақ жол", "Коммунистер" партиясы және парламентке өтпей қалған «Ауыл», «ЖСДП» мен «Бірлік» партиясы. ЖСДП. Жармахан Тұяқбай Сайлауда ғана көрініп, қалған кезде қалың ұйқыға кететін жалпы-ұлттық социал-демократтар лидері Жармахан Тұяқбай мырза тым-тырыс жатыр. Күдері әбден үзілген болар. Енді ол кісі сайлаудың санын көрді ғой. Ол кісі жоғарғы билікте болды. 2004 жылы «Отан» партиясының партиялық тізімін бастап тұрған ол Мәжіліс спикерлігіне қайта сайлануға мүмкіндігі бола тұра, оппозицияға өтті. Қазақстандағы жалғыз оппозициялық партияның төрағасы, қазір. 2005 жылы президенттік сайлауға түсті. Ол  кезде Назарбаев 91,15 пайыз дауыс жинаса, Жармахан Тұяқбай 6,61 пайыз дауыспен екінші орында болды. 2007 жылы Жармахан Тұяқбай басқаратын ЖСДП пен Нағыз Ақ жол ҚДП күш біріктіріп, Мәжіліс сайлауына қатысты. 4,54 пайыз дауыс жинады. Сөйтіп, партия  Мәжіліске депутат кіргізе алмады. 2011 жылы ЖСДП мен Азат партиялары күш біріктіріп, 2012 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысу туралы шешімге келеді. 2012 жылдың 17 қаңтарында  ОСК ЖСДП-ның 1,68 пайыз дауыс жинап, сайлаудан өтпей қалғанын хабарлады. Жармахан Тұяқбай 30-ға жуық саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басын құрап, «Халық Кеңесін» де құрып көрді. Қазір ара-тұра ақпаратқа шығып, елдің саяси-қоғамдық өміріне қатысты пікір білдіріп тұратыны болмаса, тыныш жатыр. Кешегі президент Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін өзге партия басшылары тіріліп, тіршілік ете бастады. Ал ЖСДП мен Жармахан Тұяқбай үн қатқан жоқ. «Бірліктің» бар-жоғы белгісіз Тағы бір партия «Бірлік». Шындығын айтсақ, бұл партияның қазір бар-жоғы белгісіз. «Википедиядағы» ақпаратқа сүйенсек, партия  2013 жылдың сәуірінде ресми тіркелген екен. Бұрынғы «Руханият» партиясы мен «Әділет» партиясының бірлесіп құрған партиясы екен. Төрағасы Серік Сұлтанғали деп көрсетіпті. 2016 жылғы Мәжіліс сайлауы кезінде «Бірлік» партиясы 0,29 пайыз дауыс жинаған екен. Сөйтіп, ең соңғы алтыншы орын бұйырып, Мәжіліс креслосынан құр қалған. Алдыңғы күні президент Тоқаев парламенттегі үш партияның басшыларын Ақордаға алдыртқан. Мәулен Әшімбаев, Азат Перуашев пен Компартия хатшысы Айқын Қоңыровтар Тоқаевтың қабылдауында болып, сайлаудың қамын сөз етсе керек. Айтпақшы, президенттің қабылдауында парламентке партиясы өтпесе де, өзі өткен «Ауыл» партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев та бірге кіріп шыққан. Кеше ресми мәлімдеме жасалысымен осы азаматтар пікір білдіріп, сьезд шақыратындарын хабарлап айтты. Енді соларды рет-ретімен жазайық... «Нұр Отан» үміткері сәуірдің соңында белгілі болады Сайлауға билік партиясы да қатысады. Онсыз бола ма?! Тек ол үшін партия сьезд шақыруы керек. Кеше партия баспасөзі сол сьездің қашан өтетінін хабарлап айтты. «Кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну мәселесі партия сьезінде қаралуы тиіс. Әзірге нақты күні белгілі емес. Бірақ, сәуірдің соңынан қарай болып қалар. Біз процедураға сәйкес жұмыс жасаймыз. Сьездің алдында өңірлерде конференция өтеді» деді партия баспасөз хатшысы Әлия Буриева. Сөйтіп, «Нұр Отан» партиясының үміткері кім болатыны сәуірдің соңына қарай белгілі болмақ. Дейтұрғанмен, жұрт ішінде билікте басым дауысы бар, екі бірдей президент мүшелік ететін партияның  потенциалды үміткері ретінде Сенат спикері Дариға Нұрсұлтанқызын атаушылар аз емес. «Нұр Отандағы» екі дәу. Партия кімді таңдайды? Әуелде көмекшілері Дариға Назарбаева сайлауға түспейді деп сөйлеп қалып, артынан спикер ханымның өзі ол сөзді терістеген еді. «Сайлауға түсуге әркімнің құқысы бар. Кімнің үміткер болатынын сьезд анықтайды» деген ауандағы екіұштылау сөз айтқан. Айтпақшы, «Нұр Отан» атынан президенттік додаға түсетін тағы бір адам – қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев деушілер де жоқ емес. Ол туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли пікір білдірді. Тоқаевтың тақ таласына түсетін, я түспейтінін сьезд шешеді дегенді айтты. «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық Заңына сәйкес, президенттікке кандидаттарды ұсыну құқы қоғамдық бірлестіктер мен саяси партияларға тиесілі. Сол себепті, кандидат ретінде президенттік додаға қатысуды жоғарғы орган (сьезд) және республикалық қоғамдық бірлестік (саяси партия) шешеді» деді Берік Уәли. Бекеңнің де бұл сөздері екіұштылау естілді. Президент Тоқаев сайлауға түсе ме, жоқ па? Оны да сьезд шешетінін ғана айтты. Түседі, я түспейді деп кесіп айтқан жоқ. Соған қарағанда негізгі сайлау дәл осы партия ішінде өтуі әбден мүмкін. «Ақ жол» 13 сәуірде пленум шақырып, сьезд өткізеді Президент Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін «Ақ жол» партиясы да қолдады. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бұқаралақ ақпаратқа сұхбат беріп, өзі басқарып отырған партия атынан да президенттік сайлауға кандидат шығару, я шығармау туралы шешім партия сьезінде белгілі болатынын айтты. «Демократиялық қағидаларды ұстана отырып, құрылтайдың әрбір делегаттары өз үміткерлерін ұсына алады. Дегенмен, соңғы шешімді партия съезі қабылдайды», - деп толықтырып өтті «Ақ жол» жетекшісі. Ал құрылтайды ұйымдастыру мәселелерін және делегат өкілдерінің нормасын бекіту үшін президиум алдағы сенбі күніне, 13 сәуірге, партияның Орталық Кеңесінің пленумын шақыруды бекітті. Бекітті дедік қой. Әлеуметтік желідегі пікіршілер «Ақ жол» партиясының потенциалды кандидаты деп басқа басқа емес, төраға Азат Перуашевтің өзін айтады. Бұл туралы депутат Азат Перуашев пікір білдірген екен. «Қазір ештеңе айта алмаймын. Партия төрағасы ретінде әрбір сөзім – партия атынан айтылған ресми мәлімдеме. Ал қазір партияның шешімі әлі белгісіз болғандықтан жауаптан аулақпын. Партия құжаттары бойынша сайлауға қатыстыру мәселесі сайлау үміткерлерін шығару мәселесі партия құрылтайы ғана шешеді. Бұл мәселе съезд құзыретінде.  Съезд шақыратын орган – орталық кеңесіміздің пленумы. Оны біз сенбі күні шақырамыз. Басқа кандидат ұсынуда проблема көріп тұрған жоқпын. Мүмкін ол бизнесмен болатын шығар, мүмкін интеллегенция өкілі. Заңнамада президент үміткерлеріне талаптар жазылған. Ол мемлекеттік тіл білуі, жұмыс өтілі, жасы, біз ең алдымен осы талаптарға қараймыз » дейді партия төрағасы. Коммунистердің сьезі 26 сәуірде өтеді Айтпақшы, кезектен тыс болатын сайлау үшін кезектен тыс сьезд өткізуді Қазақстан коммунистері де жоспарлап отыр екен. «Азаттыққа» сұхбат берген депутат Айқын Қоңыров солай деп айтқан. Коммунистік партияның Орталық комитетінің саяси бюросы кезектен тыс сьезд шақырту туралы шешім шығарған. «Сьезд 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сайлауға кандидат ұсыну мәселесі талқыланады. Коммунистік партия сайлауға міндетті түрде қатысады. Партия мүшелерінің ішінен нағыз лайық адам кандидат болады» депті депутат Қоңыров. Қоңыров сайлауға қатысуға әзір Айтпақшы, дәл осы депутат Қоңыровтың өзі де коммунистер атынан сайлауға түсуге кетәрі емес екенін айтыпты. «Мен партия өкілімін. Біздің жарғымыз демократиялық централизм негізінде жазылған. Сондықтан бір адамның шешімі, бүкіл партия шешімі бола алмайды. Бізде былай: президентке кандидатты партиялық ұйымдар, облыстық, аудандық, қалалық партия комитеттері ұсынады. Олардың барлығы партия сьезінде талқыланады. Сөйтіп, сол сьезде дауысқа салынып шешіледі. Сондықтан барлығы сьезде белгілі болады. Осыған дейінгі практикамыздан белгілісі, екі-үш кандидат сьезде талқыланады да, ішіндегі ең лайықтысы анықталады.  Сондықтан менің партияластарым маған сондай шешім шығарса, мен бас тартпаймын. Ал басқа шешімге келсе, мен ол кандидатты қолдаймын» деді Айқын Қоңыров. «Ауылдықтар» өз кандидатын сәуірдің соңында айтады Ауылдықтар әлі бір шешімге келмеді. Бұл туралы партия жетекшісі, депутат Әли Бектаев айтты. «Әрі қарай біз Қазақстанның саяси ұйымы ретінде, бұл сайлауға қалай, қай ракурста қатысатынымызды ақылдасуымыз керек. Меніңше, мұндай маңызды мәселе 3 сағаттың ішінде шешіле салмауы керек. Сондықтан, бүгін өзіміздің қоғамдық пікірімізді білдіру үшін бас қосып отырмыз. Ал сайлауға қатысу мәселесін біз саяси кеңес мүшелерімен, президиум мүшелерімен ақылдасып шешеміз» деді Бектаев. Әли Бектаев басқаратын «Ауылдықтар» әлі бір шешімге келмегенімен, бұл сайлауға қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. "Бұл біздің партиямызға Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне араласуға, партиямызды халыққа насихаттауға және бір мүмкіндік береді. Біз бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Ол сөзсіз" деді партия  жетекшісі Әли Бектаев. Ал енді жаңағы жарысқа кандидат ретінде кімді ұсынатынын шешу үшін «Ауыл» партиясы да сьезд шақырады. Алда-жалда адам табылып, үміткер шықса, оны сәуірдің соңына дейін жария етеді. Бұл да сол депутат Бектаевтың сөзі. Зеленский мысалы... Төрт партия тақ таласына қатысуға мақұл екендіктерін білдірді. Сәуір ішінде сьезд шақырып, өз кандидаттарын таңдамақ.  Міне, солай. Саяси партиялар президенттікке кандидат ұсына алады. Бұрынғыдай өзін-өзі ұсыну жоқ қазір. Осы жолғы  сайлаудың екі ерекшелігі бар дейді, әлеуметтік желідегі жұрт әзілдеп. Ең танымал екі кандидат, Нұрсұлтан Назарбаев пен эколог Мелс Елеусізов сайлауға қатыса алмайды-мыс. Айтпақшы, Мелс мырза осыған дейін 2005 жылы президент болмаққа бекінген. Халықтың 0,28 пайыз дауысын жинаған ол бес үміткердің бесінші болған. Онан соң, 2011 жылы қайта қатысты. Бұл жолы төрт кандидаттың төртіншісі болған ол 1,15 пайыз дауыс еншіледі. Рас-ау, бұған дейін екі мәрте сайлауға түсіп, жолы болмаған Елеусізов енді бақ сынай алмас, сірә. Өйткені партиясы жоқ. Партия демекші, биыл ақпанда «Табиғат» дейтін экологиялық партия құратынын айтқан. Үлгермейтін болды. Жұрт осы жолғы кандидаттарды сезіп-біліп, болжап отыр. Бірлі-жарым адамды айрықшалап айтып та жүр. Қайталап жатпайық. Біз жалпы сайлау туралы сөз айтайықшы. Қазір Украинада президент сайлауы жүріп жатыр. 39 үміткер тіркелген. Соның екеуі екінші турға шықты. Ол да сәуірде өтеді. Пәлен жылғы тәжірбиесі бар Тимошенконы да, қазіргі президент Порошенконы да шаң қаптырған Владимир Зеленский дейтін әзілкеш. Бірінші турдың жеңімпазы сол. Ол 30 пайыз дауыс жинады. Орыс ақпараты мен орыс ақпаратына әбден қанық қазақстандық кейбір саясаткерлер Зеленскийді «орысшыл адам», «шоумен», «комик» деген ауандағы пікірлерін айтты.  Бұл сөздерді алғаш болып айтқан орыс пропогандасы. Мейлі, мәселе оның орысшылдығы немесе тіреп тұрған кәсіпкер көкелерінде емес. Зеленскийді «орысшыл, комик» дегендердің көбі мына бір мәселеге мән бермеді. Зеленскийден кейінгі үш орынды өзара бөліскен үшеуге қараңызшы. Петр Порошенко, Юлия Тимошенко, Юрий Бойко.  Барлығы дерлік сонау 1991 жылдан бері саясатпен айналысып келе жатқан адамдар. Юлия Тимошенко үш президенттің кезінде биліктегі басқарушы орындарда отырды. Пәлен рет премьер болды. Порошенко министрліктерді басқарды, президент болып та көрді. Юрий Бойко да 90-жылдан бері Украинаның мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде болған адам. 2000 жылдан бастап партиялық қызмет істеді. Сан рет сайлауға түсті. Сан рет халыққа уәде берді. Януковичтің кезінде министр болды. Порошенконың кезінде депутат болды. Жұрт бұл адамдарды кандидаттар тізімінен алғаш рет көріп тұрған жоқ. Неше мәрте құрғақ уәделеріне құлақ-құрыштары қанған. Сөйткенде бір адам шықты. Жап-жас. Амибициясы да бар. Саяси сауаты да жеткілікті. Ең бастысы оның Радада (парламентте) лоббилік партиясы немесе Үкіметте таныс-тамыры жоқ. Ол Тәуелсіз Украина тәрбиелеп өсірген адам. Украина Тәуелсіздік алғанда ол бар болғаны 13 жаста еді. Саяси былық-шылыққа қатысы жоқ  адам. Әрине, жұрт оған дауыс берді. Өйткені халықтың күткені өзгеріс еді. Халық жаңағы 20-30 жыл бойы саясатта жүргендерден әбден ығыры шыққан. Шаршаған. Олардың өздеріне де, сөздеріне де сенуден қалған. Сол үшін Зеленский қазір фаворит. Ал бізде ше? Бізде де енді екі айдан соң сайлау өтеді. Бізде Тәуелсіз Қазақстан тәрбиелеп өсірген жас буын бар ма, көшті бастар? Кім? Бар ма? Болса неге жұрт Тоқаевты айта береді? Болса неге жұрт Назарбаеваны айта береді? Болса неге жұрт Қосановтарды, Көшімдерді, Перуашевтер мен Қоңыровтарды айта береді? Жоғарыда партиялар мен жекелеген адамдардың ешбірі біз айтып отырған категорияға жатпайды. Ел ішінде жүрген Әміржан Қосановтар мен Дос Көшімдер де ендігі саясаттағы ақылшылар секторына жатқызатын адамдар. Түйін Дос Көшім мырзаның кешегі «Abai.kz» порталына айтқан пікірі әбден орынды. Жасы 60-тан асқан, немесе 60-қа жеткендердің саясаттағы рөлі – кеңесші ғана. Болды. Бітті. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап, күні бүгінге дейін саясатты сеніп тапсыратын бір адам тәрбиелей алмасақ, қалғаны бос сөз... Әй, қайдам... Екі президентіміз де егде жастағы адамдар. Парламентімізде 80 жастағы Косарьев, 80-ге жетіп қалған Сұлтановтар отырғанда, не өзгеріс күтеміз, бірақ... Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_2205.txt
Президенттің тікелей эфирі: алғашқы нәтижелер мен тұжырымдар
https://abai.kz/post/2205
"Президенттің тікелей эфирі: алғашқы нәтижелер мен тұжырымдар" | "https://abai.kz/post/2205"
04.11.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Президенттің тікелей эфирі: алғашқы нәтижелер мен тұжырымдар URL: https://abai.kz/post/2205 META: "Президенттің тікелей эфирі: алғашқы нәтижелер мен тұжырымдар" | "https://abai.kz/post/2205" DATE: 04.11.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1210 TEXT: Құрметті достар! 1. Abai.kz ақпараттық порталы Жәнібек пен Керей хандарымыздың ескерткішіне қатысты ұлттық акциясын одан әрі жалғастыруда. Дәл осы мақала жазылып жатқан кезде Жәнібек пен Керей бабаларымыздың ескерткішіне қатысты Ашық хатымызды алты мыңнан астам адам оқып, алты жүзге жуық азамат өз қолдарын қойып үлгірді . Қол жинау әлі де жалғасады. Қазақ жастарының жүрекжарды сөзін билікке жеткізу мақсатында Ашық хат мәтіні www.line.gov.kz адресі бойынша ашылған Елбасының тікелей эфиріне жіберілді. Оған көптеген замандастарымыз өз қолдауын ашық білдіріп жатыр. Солардың біразын осы жерде көрсетуді жөн көріп отырмыз. Ашық хатты президенттің тікелей эфир желісінде алғашқы болып қорғағандардың ішінде өз әрптесіміз, «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлы болды. Құрметті достар! 1. Abai.kz ақпараттық порталы Жәнібек пен Керей хандарымыздың ескерткішіне қатысты ұлттық акциясын одан әрі жалғастыруда. Дәл осы мақала жазылып жатқан кезде Жәнібек пен Керей бабаларымыздың ескерткішіне қатысты Ашық хатымызды алты мыңнан астам адам оқып, алты жүзге жуық азамат өз қолдарын қойып үлгірді . Қол жинау әлі де жалғасады. Қазақ жастарының жүрекжарды сөзін билікке жеткізу мақсатында Ашық хат мәтіні www.line.gov.kz адресі бойынша ашылған Елбасының тікелей эфиріне жіберілді. Оған көптеген замандастарымыз өз қолдауын ашық білдіріп жатыр. Солардың біразын осы жерде көрсетуді жөн көріп отырмыз. Ашық хатты президенттің тікелей эфир желісінде алғашқы болып қорғағандардың ішінде өз әрптесіміз, «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлы болды. Акциямызды іліп алып кеткендердің ішінде белгілі журналист Ардабек Солдатбай да бар. Президентке қойған сауалында Ардабек мырза: «Мәртебелі Президент мырза! "Қазақ елі" кешеніне Керей мен Жәнібек ханның ескерткіші қойыла ма? Өткенге құрмет көрсете отырып, болашаққа бағдар нұсқау үшін, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін ұлттың Ұлылығын білдіретін ұлық ескерткіш қою туралы ұсыныс өзіңізден шыққанын білеміз. "Қазақ елі" кешені дәл сіз ойлағандай деңгейде болмаған секілді. Осындай олқылыққа орын беріп, Сіздің атыңызға кір келтіргендердің одан әрі да мемлекеттік қызметте отыруға моральдық құқық бар деп ойлайсыз ба?»  - деп үн қатыпты. Порталымыздың тағы бір жанашыры, досымыз және әріптесіміз Есенбек Санатұлы болса былай деп хат жазыпты: «Қадірлі Президент! Соңғы кездері ақпарат беттерінде Керей мен Жәнібектің ескерткіші ескерусіз қалғаны, тіпті қаланың сыртында қараусыз қалғаны жөнінде айтылып, жазылып жатқанынан хабардар боларсыз. Бұл жағдай елдегі жастар қоғамы арасында аса наразылық тудырып отыр. Осы жағдайды тезірек қолға алып, ескерткіштерді тиісті орнына қондыруға ат салысуыңызды сұраймын. Жақында ашылған "Қазақ елі" монументінде Қазақ хандығын құрған хандарымызбен бірге, егеменді Қазақстан елінің іргетасын қалаған Сіз тұрсаңыз қандай жарасымды болар еді!» Қаражай Әсет деген ұлтжанды азамат: «Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Мен жақында Қазақ Хандығын қалаушылыр Керей мен Жәнібек хандардың және қазақ батырларының ескерткіштері мүшкіл жағдайда Астана қаласының сыртында жатқанын естідім. Мен Сізден сол ескерткіштер Астанада өзінің заңды қадірлі орнын таба алса деп сұраймын» - деп сұрау салыпты. Дулыға Алашбай деген бауырымыз: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!!! Менің сұрағым өте қысқа. "Қазақ Елі" монументіне қазақ хандары мен батырларын қойдыру туралы сіздің ұсыныс жасағаныңзды естіп-біліп жатырмыз. Бірақ алайда сіздің бұл ұсынысыңыз орындалмай қалды. Сонда сіздің бұйрығыңызға кім қарсы келді екен. Ал сол монументтің артында хан мен батырлардың ескерткіші қараусыз, батпақта қалып қойған. Мен оны өз көзіммен көрдім. Көрдім де жылағым келді. Сол ескерткіштерге қарап қазақ халқының қазіргі жағдайы да осындай шығар деген ойда қалдым. Құрметті Елбасы ескерткіш қойылсын деген талап жоқ. Бірақ дайындап әкелінген ескерткіштің батпақта жатуы бізді қынжылтады. Осындай ұлт рухына тиесілі мәселеге сіз қалай қарайсыз». Дәл осындай ұсыныстарды Нұрмағанбетов Талғат, Дәулетқали Асауов, Тұрсынбек Әлиұлы, Бегімбек Әбдікәрімов, Асхат Жанай, Қазбек Құттымұратұлы, Абай сынды патриот азаматтар ашық айтып, өз сауалдарын қойып жатыр. Оларға өз алғысымызды білдіреміз. Алдағы он күннің ішінде Ашық хатқа қатысты сұрақтардың санын үдетіп, қойылған сауалдарға дауыс беру жұмысын жандандыру керек деп түсінеміз. Осы мүмкіндіктен айрылып қалмайық! Біздің Ашық хатқа қатысты сұрақты «ең көп қаралған», «ең көп дауыс алған», «ең көп талқыланған» деген межеге жеткізейік. Тікелей эфирдің сайтына қайта қайта кіріп дауыс берейік. Егер осындай белсенділік танытқаннан кейін биліктегілер халықты алаңдатып отырған өзекті мәселені жауапсыз қалдырса, онда ол өздеріне үлкен сын, арына өшпес қара дақ болмақ! Тағы да ауызбіршілік пен табандылық танытайық, ағайын! 2. Президенттің тікелей эфиріне басқа да өзекті мәселелер айтылып жатыр екен. Оның өзі қазақтілді интернет қолданушылардың саны мен сапасының артқанының белгісі деп түсінеміз. Сонымен қатар қазақ ұлтын толғандырып отырған пікірлердің ашық айтылуы да жақсы нышан. Яғни ұлтымыз ғасырлық ұйқысынан оянып келеді деген сөз. Қарап отырсақ, тікелей эфирге көптеген маңызды сұрақтар түсіп жатыр екен. Мысалы, Алымбек Қуанышбаев деген азамат мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту қажеттігі туралы сұрақ қойыпты. Еркін Асхатұлы деген азамат мемлекеттік тілді дамыту қажеттігін баса айтып Тәжікстанда жасалып жатқан батыл шараларды тілге тиек еткен. «БІЗ НЕГЕ ОСЫНДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙМЫЗ? Осындай шешімді алдымен сіз бастасаңыз жақсы болар еді? Тек қазақ тілі - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ. Бір ғана тілде жұмыс жүргізіуге неге болмайды? Орыс тілінің ықпалынан қашан құтыламыз? Тәжіктер құрлы бола алмаймызба Президент мырза?» - деп жазыпты Еркін мырза. Осы тұрғыдағы сұрақты Шымкент қаласының тұрғыны Әлихан Өмірханұлы да қойыпты. Ол азамат Елбасыға екі сұрақ қойыпты: «1. «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қашан қабылданады? 2. Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрамында Тіл комитеті бар. Аталған комитет құқықтық тұрғыда өте әлсіз. Осы олқылықтың орнын толтыратын және мемлекеттік тіл саясатын дербес іске асыратын Тіл агенттігі қашан құрылады?». Қазақ тілінің мәртебесіне қатысты сұрақтарды Сайлаубек Зияханұлы Ережепов, Асқар Мұкашев, Нұрбақыт Байрахметұлы,  Ернар Қырым, Ахмет Жүніс, Ермұрат Қоңырбеков, Нүрия деген замандасымыз, Өмірзақ Әбішев, Ыбырай есімді азамат, Жәния Ботбаева, Сәкен Жүсіпбеков, Талғат әл Тарази, Арман Ибрагимов, студенттер атынан Жадыра Сәрсенбаева, Амангелді Құрметұлы, Асқар Смайыл, Кәмшат Қоңырбекова, Ерік Құлмағамбетов, Мақпал Мамытбекова т.б. қойған екен. Әділхан Дүйсебаев деген қазақ-түрік лицейінің оқушысы қазақ әліпбиінің латын қарпіне өткізу қажеттігін тілге тиек етіпті. Оның пікірінше, елімізде тұрып отырған жүз ұлт латын әліпбиіне көшуге еш кедергі емес екен. Латын әліпбиіне көшу мәселесін Қайырбек Тұрсынов, Рахат Хавхий, Бекбол Қойбаев, Ыбырай Көшен сияқты азаматтар да қолдап отыр. Тағы бір сұрақтар легі көше мен қала аттарын өзгертуге қатысты болып отыр. Мысалы, өзін Нұрсеитов деп таныстырған азамат Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Кереку деп өзгерту қажет депті. Талғат әл Тарази деген азамат болса алдағы пікірді қолдап, Өскеменді Алтай, Оралды Ақжайық не болмаса Жәнібек деп атау қажет деген пікір айтыпты. Еліміздің басқа да елдімекендеріне қатысты пікірлер де президенттің тікелей эфиріне қойылып жатыр. Abai.kz ақпараттық порталы ұлтымыздың өзекті мәселелерін көтерген осындай сұрақтар мен олардың иелерін бірауыздан қолдауға шақырады. Осы мәселелерге немқұрайлы қарамайтын азаматтар тікелей эфирдің сall-орталығына хабарласса. Ол үшін Астанадағы 555-777 телефонына телефон шалып, сол жердегі азаматтарға өз сауалдарыңызды қойсаңыздар. Сонымен қатар жазбаша сұрақтарды [email protected] деген электронды поштаға да салуға болатынын ескертеміз. Тікелей эфирдің сall-орталығы өз жұмысын 30 қазаннан 13 қарашаға дейін  жалғастырады. Орталық таңғы сағат 08.00 ден кешкі 23.00 дейін сұрақтарды қабылдайды. 3. Президенттің тікелей эфирі қазақшылдыққа жат, бүгінгі «қазақстандық ұлт», «үштілділік» саясатты насихаттайтын сұрақтар мен сауалдарға да толы екен. Әлдекімдер мен әлдебіреулер «орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру», «Ресей арналарын көптеп тарату», «қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі шорқақтығы», «діни секталарға бостандық беру» сияқты ұлтымызға қарсы пікірлерді көптеп боратып жатыр. Біздің пайымдауымызша, осындай сұрақтардың көбісі арнайы ұйымдастырылып отыр. Ертең сондай сұрақтарды көптеп жинап, оларды елбасының аузына салып, оған «тиісті» жауап беріліп жатса таң қалмайтын шығармыз. Абай болайық! Ол аз болғандай тағы бір бәзбіреулер өздеріңіз сүйіп оқитын Abai.kz ақпараттық порталына елбасымызға донос жазып үлгеріпті. Мысалы, өзін Тұяқпаева. А.Ж деген азаматша « Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қордың қолдауымен өмірге келген www.abai.kz интернет ресурс халыққа президентке қарсы саясат жүргізеді. Осы жайлы не айта аласыз? Тағы қазақтілді интернет ресурстарға көзқарасыңыз қандай? » деп сауал жолдапты. Оған жауабымыз бір: « Туякпаева ханум! Abai.kz ақпараттық порталы сіз жарылып кетсеңіз де өз жұмысын жалғастыра береді! Біз өзіміздің азаматтық, адами позициямыз бен ұлттық құндылықтарымыздан ешқашан бас тартпаймыз! Біздің ештеңеміз кетпес, бірақ ертеңгі күні заман өзгергенде балаларыңыз бен немерелеріңіздің алдында ұятқа қалмасаңыз болды! До свидания! » Құрметпен, Abai.kz ақпараттық порталы
qosymsha/abai.kz
post_11209.txt
Қасіретімен қастерлі қайран ақын...
https://abai.kz/post/11209
"Қасіретімен қастерлі қайран ақын..." | "https://abai.kz/post/11209"
01.11.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қасіретімен қастерлі қайран ақын... URL: https://abai.kz/post/11209 META: "Қасіретімен қастерлі қайран ақын..." | "https://abai.kz/post/11209" DATE: 01.11.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 817 TEXT: Ол Алматыға келмей-ақ ақын болып өмір сүрудің өнегесін жайды. Саяқ еді өйткені. Тоқпақ жалды топтың ортасында тұрса да ілкі бір сәттердің күйін аулап іңір қараңғысына ілінген жандай томаға тұйық көрінетін.  Сол томаға тұйық қалпында атақ мансапқа, ат шапанға ақындығын айырбастамай дүниеден озды. Әбен аға Дәуренбек... Кешегі өткен Тұмағаңдардан бір кем жыр жазбай қазақ поэзиясының аламанында қара үзіп шапса да орталық басылымдарда өлеңдері аса көп жариялана  бермепті. Сондықтан  Әбен ағаның қазасы туралы мына бір хабарды оқыған жас "Бұл кісі кім еді?", "Қандай ақын еді?" деп жатса, оған, еш өкпеміз жоқ. Бірақ Әбекең талапкер жас ақындарға "мені іздесең тереңнен ізде, өз жаныңның түкпірінен ізде" деген сертімен дүниеден озды. Өмірде өлеңнен ғана шуақ тапқан ақын жарынан ерте айрылып, үш қозысын жетектеп жүріп өсірді. Тірліктің теперішін көрудей-ақ көрді. Алайда жасып-жадағанын жұртқа білдірген емес. "Айналайындар, дүкенде нан болса болды, әйтеуір дүкенде нан бар ғой" деп күлімсіреп тұратын еді-ау үнемі. Қайран ақын, жамау қазанға жабыла төнген балаларын басқаша қалай алдарқата алсын?.. Мына жолдарға қараңыз: Көлеңкесін ұзартып сүйірленген, Көктем лебі көңілін үйірмеген. Кәрі жілік секілді қайран өмір, Көгеремін дейтіндей биыл немен?! (Ә. Дәуренбеков. "Кәрі емен") Ол Алматыға келмей-ақ ақын болып өмір сүрудің өнегесін жайды. Саяқ еді өйткені. Тоқпақ жалды топтың ортасында тұрса да ілкі бір сәттердің күйін аулап іңір қараңғысына ілінген жандай томаға тұйық көрінетін.  Сол томаға тұйық қалпында атақ мансапқа, ат шапанға ақындығын айырбастамай дүниеден озды. Әбен аға Дәуренбек... Кешегі өткен Тұмағаңдардан бір кем жыр жазбай қазақ поэзиясының аламанында қара үзіп шапса да орталық басылымдарда өлеңдері аса көп жариялана  бермепті. Сондықтан  Әбен ағаның қазасы туралы мына бір хабарды оқыған жас "Бұл кісі кім еді?", "Қандай ақын еді?" деп жатса, оған, еш өкпеміз жоқ. Бірақ Әбекең талапкер жас ақындарға "мені іздесең тереңнен ізде, өз жаныңның түкпірінен ізде" деген сертімен дүниеден озды. Өмірде өлеңнен ғана шуақ тапқан ақын жарынан ерте айрылып, үш қозысын жетектеп жүріп өсірді. Тірліктің теперішін көрудей-ақ көрді. Алайда жасып-жадағанын жұртқа білдірген емес. "Айналайындар, дүкенде нан болса болды, әйтеуір дүкенде нан бар ғой" деп күлімсіреп тұратын еді-ау үнемі. Қайран ақын, жамау қазанға жабыла төнген балаларын басқаша қалай алдарқата алсын?.. Мына жолдарға қараңыз: Көлеңкесін ұзартып сүйірленген, Көктем лебі көңілін үйірмеген. Кәрі жілік секілді қайран өмір, Көгеремін дейтіндей биыл немен?! (Ә. Дәуренбеков. "Кәрі емен") Ақын өмірі, әрине, желпініссіз, желіксіз өтпейді. Әбен ағаның ғаламат достары болды. Сол жан қимас асыл достардың аяулысы  - Жұматай Жақыпбаев еді. Жұмағаң мен Әбен ағаның әзіл жарастырып айтқан сөздерін талдықорғандықтар бас қоса қалса, еске алмай тарқамайды. Бірде Әбекең шалқып келе жатып қасындағы Жұматайға: - Әй, Жұматай, анау тұрған менің үйім, анау гастроном. Енді осыны ұйқастыра қойшы, - дейді. Сонда Жұмағаң жұлып алғандай етіп: - Үйіңнің асты да дом, үсті де дом, Жаныңа тиіп тұр ғой гастроном, - деген екен. "Айналайын, Гүлзадам, Арнайын саған бір жаңа ән. Әкең сенің - экспорт, Поштамен келген Құлжадан", - дейтін жолдарды да Жұматай Жақыпбаев Әбен ағаның бір кездегі берекесі шалқыған үйінде отырып айтыпты. Гүлзада - Әбен ағаның тұңғышы. Әбекеңнің Құлжадан келгені де рас. 1939 жылы Шығыс Түркістан (ҚХР) өлкесінің Жарсу деген жерінде туған. Жарқабақтанған жалғанның жарығында әлдебір ардақтысын, атар таңын сарыла күткендей  күрсініспен күндерін өткерген  ақын аға бұ дүниеге қол бұлғапты. Сонысын білгендей соңғы жырларының бірінде былай депті: Болмасам да осып түсер қамшыгер, Өтіп кетсем: «өзен», - дер ел, «тамшы» - дер, Жұбата алмай, жылатады-ау, жұртымды, Өлеңімді әлдилеген әншілер. Қош айтыстым ұйқыңмен де, күлкіңмен, Сонда-дағы бір түн тәтті бір түннен. Қасіретімен қастерлеген жаныңды, Тіршілігім, неткен ғана сүйкімді ең? Есті жылым! Қош, есен бол көргенше, Жаңа жылды қарсы алайын мен де елше. Пенде болып жүре тұрам, қайтемін, Періштелер: «Керексің», - деп келгенше. Хош, бол ғазиз аға! Енді сенің өлең деген мәңгілік өмірің басталды. Соны көңілге медет тұтамыз. "Абай.кз" ақпараттық порталының ұжымы P.S. Әбен Дәуренбеков «Таң», «Мөлдір тамшы», "Тамшыбұлақ», «Балконнан ұшқан көгершін», «Мамыр айы» атты жыр жинақтарының авторы. Алматы облысы, Панфилов ауданының Құрметті азаматы. Әбен ДӘУРЕНБЕК : Жан жарасы, кімге жұмбақ, кімге аян, Жасыдым деп жұртқа қалай сыр жаям. Көмейімде көп жасаған жалғыз сөз, Жүрегімде жүз құбылған бір баян. Домбырамен достаспаған жыр-терме, Додаға сап, түсірді әбден құр терге. Талай күйші таппай кеткен сиқырлы үн, Талай саусақ дөп баспаған бір перне. Минөт сайын ми қабығын мың қажап, Тағдырына тартқызатын күнде азап. Қалт-құлт етіп кемем кетіп барады, Жанарында дүниенің бір ғажап. *** Күнде салған тазысын кім сонарға, Білдірмеген боласың сынса да арба. Жапалақпен жарыспай жар жағалап, Қыран болып тумай ма, білсе қарға. Айың күліп тусын ба күнде оңынан, Бір қуансам, мың жылап, мың қорынам. Алакеуім шақта да адастырмас Жаманатқа жақынын кім жорыған? Дүниенің әлдебір қуысында, Қиналасың түскендей ұлы сынға. Тәлейлі де тәлейсіз тағдырым бар, Зымыраған уақыттың уысында. Шалдықтырып, шаршатып тың денені, Аңыратып жылдан соң жыл келеді. Қырдан асып барады киік-арман, Оның дағы бар шығар бір дегені. *** Бүрлемеген, көгеріп гүлдемеген, Кәрі еменнің қасына күнде келем. Жапырақсыз, жабусыз жалаң ағаш, Қарсы алады қалпында үндемеген. Үндемеген қалпында қарсы алады, Жабағыдай жалбырап әр сабағы. Ақ боранмен алысып, ақ дауылмен, Көрініп төр қалжырап, шаршағаны. Қарайтындай ынтығып тау-шыңдарға, Етек-жеңі келмейді қаусырғанға. Қаз дауысын, жайдары жаз дидарын, Күте-күте тағаты таусылған ба? Көлеңкесін ұзартып сүйірленген, Көктем лебі көңілін үйірмеген. Кәріжілік секілді қайран өмір, Көгеремін дейтіндей биыл немен?!
qosymsha/abai.kz
post_46206.txt
ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды
https://abai.kz/post/46206
"ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды" | "https://abai.kz/post/46206"
10.11.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды URL: https://abai.kz/post/46206 META: "ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды" | "https://abai.kz/post/46206" DATE: 10.11.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 251 TEXT: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашқанын жеткізді. «Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. АҚШ долларын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген»,-деді облыс әкімі. Өз кезегінде, сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті реттеу мәселелері туралы баяндама жасады. Жиын барысында, облыстағы тарифтердің қалыптасуы бойынша аймақ басшысының орынбасары Жақып Бөкенбаев баяндама жасады. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы тапшы екенін айтып, жетіспейтін бөлігі республиканың өзге аймақтарынан тасымалданатынын жеткізді. Сондай-ақ, Ж.Бөкенбаев Оңтүстік Қазақстан облысында тұтынылатын жылдық 1 млрд. м3 табиғи газдың 65 пайызын өндірістік мекемелер мен шағын орта бизнес өкілдері пайдаланатынын атап өтті. Яғни тариф бағасы, шығарылатын тауарлардың өзіндік құнының өсуіне алып келетіні рас. Ал ауыз су және жылу қызметтерінің тарифтері өндірілетін өнімнің өзіндік құнына, оның тауар айналымындағы бағасының жоғары болуына айтарлықтай әсерін тигізбейді екен. Оңтүстік Қазақстанда табиғи газ бен электр энергиясының тарифтерін қайта қарау қажеттігін айтқан Нұрлан Алдабергенов Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығарылатын бәсекеге қабілетті өнімдердің қатарын көбейту қажеттігіне назар аударды. Мәжілісте жоғарыда аталған мәселелерге қатысты табиғи газ бен электр энергиясы тарифін мүмкіндігінше төмендетіп, еліміздегі аймақтар арасындағы бағалық айырмашылықты азайту мақсатында бірыңғай бағаны әзірлеп бекітуді  және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында коммуналдық тарифтерді субсидиялауды енгізу ұсынылды. Abai . kz
qosymsha/abai.kz
post_157307.txt
Салафилер Рух-әруаққа шабуылдауда...
https://abai.kz/post/157307
"Салафилер Рух-әруаққа шабуылдауда..." | "https://abai.kz/post/157307"
13.09.2022
Зікірия Жандарбек
null
TITLE: Салафилер Рух-әруаққа шабуылдауда... URL: https://abai.kz/post/157307 META: "Салафилер Рух-әруаққа шабуылдауда..." | "https://abai.kz/post/157307" DATE: 13.09.2022 AUTHOR(s): Зікірия Жандарбек TOTAL WORDS: 2346 TEXT: Рух-әруақтың адам болмысындағы ролі қандай? Соңғы кезде елімізде Рух-әруаққа қарсы шабуыл қайтадан жилеп кетті. Мақсаттары қалайда халықтың Рухқа-әруаққа деген сенімін жоққа шығарып, қазақты дәстүрлі діни таным негіздерінен  айыру. Ол мақсатқа жету үшін олар неше түрлі айла-шарғыларға барып, түрлі амал-әрекеттерін жасауда. Солардың бірі  Жарқын Мырзатай деген «белсенді» әулиелердің басына барып, оларда ешқандай қасиеттің жоқтығын дәлелдеуге күш салып жүр. Егерде уаххабилік-салафилік бағыт өкілдерінің бұл әрекеттеріне жауап бермей, мәселені жылы жауып қоя салсақ,  онда олардың тасы өрге домалары анық. Сондықтан бұл мәселеге өзіміздің қал-қадарымызша жауап бергенді жөн санадық. Қазіргі күні адам баласы дін мен шариғаттың арасында қандай айырмашылық барын ажыратудан қалды. Шариғат амалдарын жасаса болды, діннің негізгі талаптарын орындадым. Мен енді Алланың алдында ешқандай борышым жоқ деп есептейді де, тек өзін ғана мұсылман санап, өзгелерді кәпір ретінде бағалайды. Ал, мұндай таным түсінік Алланың алдында қабыл ма? Қабыл емес пе? Одан хабары жоқ. Өйткені, қазіргі дінге қатысты көпшілік санасында қалыптасқан таным-түсінік осындай. Ал, бұл қазіргі өзін мұсылман санайтын адамдардың адам болмысындағы дін мен шариғаттың арасында үлкен айырмашылық барлығынан хабарсыздығы десек артық айтқандық емес. Сондықтан дін дегеніміз не? Шариғат дегеніміз не? Олардың арасында қандай айырмашылықтар бар? Ол айырмашылықтардың шығу себебі не?- деген сұрақтарға жауап берілуі тиіс. Осы сұрақтарға жауап ала алған адам ғана ақ пен қараны ажырата алатын деңгейге көтеріледі. Болмаса, адасқан күйі адасып кете бермек. Ол үшін адам деген қандай жаратылыс және ол қандай бөліктерден тұрады? -деген сұрақтарға жауап берілуі керек. Адам негізгі үш бөліктен тұрады: тән, Рух, сана. Осы үш бөліктің арасындағы арақатынас адам болмысы қалай болып қалыптасатынын анықтайды. Біріншісі – тән. Тәңір тағала адамның тәнін жаратқанда Періштелерді шақырып алып, «Мен қазір мына қуыршаққа өз рухымнан үрлеймін. Сол кезде сендер  адамға сәжде жасайсыңдар деп бұйырған болатын. Періштелер барлығы келісіп, мойынұсынды. Тек, шайтан лағин ғана сәжда жасаудан бас тартып, пейіштен қуылды. Тәңір Тағала Адамға демді үрлесімен Адам орнынан «Алхамду Лилла, Астағфирулла» деп орнынан атып тұрды. Періштелер Адамға сәжде жасады. Алғашқы адам осылай жаратылды. Адамға Рухты үрлеуімен тәнге айналған қуыршақ топырақтан жасалған болатын. Және ол тән сол топырақта өскен нығметтермен қоректенеді. Нанын, етін, бүкіл жеміс-жидегін жейді, суын ішеді. Солардың қуатымен өмір сүреді. Рухтан ажыраған кезде қайтадан сол топыраққа қайтады. Тәннің болмысы осы және ол адамның физикалық болмысының негізі болып табылады. Тәннің өмір сүруін қамтамасыз ететін заңдылықтар жүйесі – шариғат. Адам өміріндегі барлық қатынастар осы шариғат шеңберінде жүзеге асады және шариғат жолы көп. Жер бетінде қанша халық болса, сол халықтардың өмір сүретін табиғатына орайластырылған сонша шариғат береді. Ол туралы Құран Кәрімнің «Маида» сүесінің 48 аятында мынадай аят бар: «...Сендердің әрқайсыларыңа әр түрлі шариғат және жол-жоба белгіледік. Егер Алла қаласа, әлбетте барлығыңды бір үмбет қылып жасар еді, бірақ сендерге берген шариғат, жол-жобаларыңда сендерді сынау үшін (әр түрлі үмбет қылып жаратты)». Ал, Рухтың жөні бір басқа.  Рух – Алланың адам баласына берген аманаты. Сондықтан Рух қуатты өзінің негізі болып табылатын Тәңір Тағаланың Өзінен алады. Өйткені, Рухты тәнге Алла Тағаланың өзі үрледі. Ол туралы Құранның «Сад» сүресінде мынадай аяттар бар: «70-аят. Бірақ ашық ескертуші (пайғамбар) болғандығымнан ғана (бұл ілім) маған уахи етілді.» де. 71. Сол кезде Раббым періштелерге: «мен балшықтан бір адам жаратамын. 72. Оның жаратып (бейнесін келтіріп, дене мүшелеріне толықтап, кемелді адам етіп), оған рухымнан үрлеп, жан салған соң, барлығың оған сәжде қыласыңдар» деді. 72. Періштелер барлығы сәжде қылды.. 74. Тек, Ібіліс қана сәжде қылмай, тәкаппарлық істеп, кәпір болып кетті.» Бұл аяттардан басқа да Құранның басқа сүрелерінде Рух туралы аяттар бар. Демек, Рух Алланың адам баласына берген аманаты. Уақыты келгенде Рух қайтадан өзінің келген жағына оралады. Ол туралы Құранның «Бақара» сүресіндегі: «Мен Оныкімін және Оған қайта ораламын» деген аятпен бекітілген (2/156). Алла Тағала Өзінің мейір-махаббатынан тұратын дінді Рухқа бере отырып, оған Алла мен адам арасындағы байланыстың үзілмеуін Рухқа тапсырды. Ал сана болса, тән мен Рухтың арасындағы арасалмақты айқындап отыратын күш деп бағалауға болады. Егерде сана Рухқа қызмет етіп, адамдағы рухани байлықты көбейтуге жұмсайтын болса, онда адам болмысы рухани байлыққа кенеліп, Алланың мейір махаббатын өзі өмір сүретін ортаға қарай бағыттап, қоғамның рухани нұрлануына қызмет етеді. Егерде сана тәнге, адамның материалдық болмысына қызмет ететін болса, онда адамның материалдық жағдайы жақсарады. Бірақ, санасы материалдық болмыс жетегінде кеткен адам обал мен сауапты, жақсылық пен жамандықты ажыратудан қалып, қара басының қамы үшін барлық нәрсені құрбан етуге дайын болады. Мұндай жағдайда сана адам бойындағы шайтанға айналды. Адам мұндай жағдайға түспеуі үшін рухының мықты болмағы лазым. Егерде тәннің қажетін ауыздықтай алмайтын Рухты өлген рух деп есептейді. Осылай адам болмысындағы Рух пен тән-адамның материалдық болмысы арасындағы күрес адам болмысынның болшағын айқындайтын негізгі өлшемге айналады. Егерде адамның Рухы ізгі амал жолында күресіп, Алланың мейір махаббатын халыққа шашып, қоғамның нұрлануына ықпал еткен болса, ондай Рух мәңгілік өмірге жолдама алады. Ал, адамның тәні-материалдық болмысы басымдық алып, шайтанның жетегінде кететін болса, онда ондай адамның Рухы тәнмен бірге өліп, мәңгілік өмір сүру бақытынан айырлады. Рух пен тән-материалдық болмыс арасындағы тайталас көбіне Рухтың жеңілісімен аяқталып отырды. Мұндай кезеңдерде адамзат қоғамы Алланың мейір махаббатынан ажырап, жабайылықпен өмір сүре бастайтын. Қазіргі тілмен айтсақ, сырты адам болғанымен ішкі болмысы мейір шапағаттан жұрдай биороботқа айналады. Сондықтан Жаратушы Құдірет адам баласы екі аяқты хайуанға айналып кетпесі үшін Алла мен адамзат қоғамы арасындағы байланысты жаңғыртып тұратын пайғамбарларды жіберіп отырды. Пайғамбарлардың соңы Мұхаммед (С.А.у) пайғамбар. Мұхаммед пайғамбардың (С.А.у) рухани қуаты 400 жылдан аса уақытқа жетті. Одан кейінгі кезеңде Алла мен адам арасындағы байланыс әлсірей бастады. Адам баласы материалдық құндылықтар жетегінде кетіп, адами болмыстан ажырап, рухани тоқырауға түсті. Егерде осындай кезеңде адам баласы Рухани әлеммен байланысты қайтадан қалпына келтірмесе, мұның соңы құрдым болар еді. Ол туралы кезінде бұл туралы Қожа Ахмет Йасауи бабамыз былай деген болатын: Ей, достар, ақыр заман болды көргін, Дінсіз, кәпір бұл әлемге толды көргін. Хақ құлдығын қойып барша кәпір болды, Соның үшін Қаһһар азап қылды көргін. Ораза, намаз, иман Ислам қолдан кетті, Күннен күн бетер деген хадис жетті. Пайғамбар айтқандары келіп жетті. Бұл дүниені қараңғылық басты көргін. Ғалымдар бар ілімін малға сатты, Біліп тұрып, өздерін отқа атты. Өзі қылмай халыққа ілім үйретті, Дүние үшін исламды сатты көргін! (101-хикмет). Демек, бұл Хикмет жолдары Қожа Ахмет Йасауидің дүниеге келуі жәй емес, сол кезеңдегі адамзат қоғамы мен Рухани әлем арасындағы байланыстың үзілген кезеңінде тарих сахнасына шығып, сол үзілген рухани байланысты қайта қалпына келтіру үшін дүниеге келгенін көрсетеді. Қожа Ахмет Йасауи Алла Тағала мен адам рухы арасындағы байланысты қайтадан қалпына келтірді. Рухқа қатысты мәселелерді халық санасына құйды. Рухтың қайтадан Алла Әлемімен, Рухани әлеммен байланысу жолдарын көрсетіп берді. Қожа Ахмет Йасауидің осы еңбегінің арқасында адамзат басына сол кезеңде төніп тұрған ақыр заман апаты кері серпілді. Қожа Ахмет Йасауи Рухани әлеммен өзі байланысып қоймай, адамзат пен Рухани әлем арасындағы байланысты үзбей жалғап тұратын әулиелер мектебін қалыптастырды. Сол әулиелер мектебінің арқасында адамзат баласы осы күнге дейін өзінің өмір сүруін жалғастырып келе жатыр. Бұл айтылғандар Рухтың адам болмысында шешуші мәнге ие құдірет екендігін көрсетеді. Себебі, Рух тән сияқты топырақтан жаратылған жартылыс емес, Алланың адамға берген Өзінің аманаты. Олай болса, біз Рухты жаратылыс деп айта алмаймыз. Сондықтан Рух ешқашан Аллаға серік бола алмайды. Алла-Рух деп екеуінің арасына теңдік белгісін қоя аламыз. Сонымен бірге Рух жеті қабаттан тұрады. Бірінші қабаты – исму-л-йақин деп аталады. Бұл атау барлық жаратылыстарға берілетін атау. Екінші қабат – расму-л-йақин. Барлық жаратылыстардың суреті. Үшінші қабат – илму-л-йақин. Алла Тағала осы илму-л-йақин қабатын адамға беру арқылы адамды барлық жер бетіндегі жаратылысқа қожайын етті. Егерде кімде-кім Рухты Аллаға серік қосу деп, бас тартатын болса, онда ол адам адами болмыстан ажырап, хайуани болмыс деңгейіне түседі. Біз оның шындығында солай екенін уаххабилікті қабыл еткен жастарымыздан көріп жүрміз. Өзін ғана адам санап, өзгелерді көзге ілмейтін, өздерінің сенімінен сенімі басқаларды адам санамайтын, оларға қандай қианат болса да жасауға болады деп есептейтіндер Рухты Аллаға серік қосу деп санайтындар қатарынан шығады. Кезінде 1804 жылы уаххабилер Меккені басып алғанда қаланың тұрғындарына қандай зәбір көрсеткендігі, аяғы ауыр әйелдердің үшін жарып өлтіргендігі туралы деректер уаххабилер тарихын жазған тарихи кітаптарда баяндалған. Ал біздің заманымызда бұған Сирияға кетіп, сол жақтағы соғысқа қаысқандар мысалында айта аламыз. Сол жігіттер адамның басын кесіп, доп ретінде ойнағанын видеолардан көріп төбе шашымыз тік тұрған болатын. Сондықтан Рухты Аллаға серік қосу деп есептейтіндердің әр кезде қазақ қоғамы үшін қауіпті екенін айтып жатудың өзі артық және олар адами болмыстан ажырып, хайуани болмыс деңгейіне түсіп, қожайындарының ғана айтқанынмен жүретін биороботқа айналатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Ендігі кезекте осы Рух-әруақтың қазақтың діни танымы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен қаншалықты орын алатынына тоқталайық. Мысалы, қазақтағы Рух-әруаққа қатысты салт-дәстүрдің бір парасы кісінің дүниеден өтуіне байланысты екенідгі белгілі. Кісісі қайтыс болған үй жетісін, қырқын, жүзін, жылын береді. Осы салт-дәстүрлер не үшін керек? Діни уағыз айтатын Арман Қуанышбаев сияқтылар «Жетісі, қырқы, жүзі, жылы дегендер Құранда жоқ, шариғатта жоқ. Сондықтан бұл бидғат,-деп бір-ақ кеседі.  Осыларды тыңдаған кезде өзіңе «біздің ата-бабамыз мұсылман болмаған ба?»-деген ой келеді. Шындығында солай ма? Жоқ. Шариғат шеңбері бойынша солай. Ал, біздің ата-бабаларымыз айн ал-йақин-тариқат деңгейінде өмір сүрген. Бұл қазақтың өмір сүру қабаты болғандықтан Рух-әруақтың қозғалысы мен қажетіне қарай өмір сүреміз. Мысалы, қайтыс болған кісінің жетісін беру не үшін қажет? Былай қарасаң бұл дәстүр шындығында түкке қажеті жоқ сияқты. Алайда, дүниеден өткен кісінің Рухының алғашқы қабаты тоғыз күнде өмір сүруін тоқтатады. Біз Рухтың ол қабатымен жетісін беріп қоштасамыз. Рухтың екінші қабаты қырық күнде кетеді. Біз онымен кісінің қырқын беріп қоштасамыз. Рухтың үшінші қабаты тоқсан күнде кетеді. Біз онымен жүзін беріп қоштасамыз. Қалған төрт қабат Рух бір жыл толғанда жер бетінен көтеріліп, Рухани әлемеге өтеді. Міне, осы Рух қозғалысының барлығы біздің салт-дәстүрімізден орын алған. Рухтың осындай қозғалыста болатынын қазіргі кванттық физика ғылымы толығымен дәлелдеп отыр. Рухтың тәннен ажыраған соң бір жылдан кейін жер бетінен толығымен көтерілетінін клиникалық өлімді басынан кешірген кісілердің басынан өткізген оқиғалары куә болады. Мысалы, досымның ұлы Батыс Қазақстан жақтың қызына үйленді. Бір жылдан кейін құдалыққа бардық. Келіннің нағашылары Саратов облысында тұрады екен. Оларға бардық. Сол жерде құдағидың ағасымен таныстық. Аңқылдап қалған, көңлінде зәредей арамдығы жоқ, нағыз қазақы жігіт екен. Тілінде қосатын орысшасы болмаса, нағыз қазақ. Сол жігіт біз кеткен соң бір жарым айдан кейін жол апатына ұшырап, клиникалық өлімді басынан кешіреді. Араға бір жыл салып, 2018 жылдың шілдесінде қасында 80 жастағы анасы мен құдағиымыз бар сол жігіт Түркістанға келді. Осы жолы өзінің бізге клиникалық өлім сәтінде басынан кешкендерін былайша баяндап беріп еді: «Мен қатарда тұрған сансыз адамдардың арасына келіп қосылдым. Адамдардың алдына қара сызық сызылған. Алдымызда екі үлкен қақпа тұрды. Бірінші қақпадан нұр шашып тұрды. Екінші қақпа қап-қара, қара түнек. Сол қақпадан бір екі кісі шығып, қатарда тұрғандарды бір-бірлеп қара қақпаға апарып, кіргізіп жатыр. Жас балалар ұшқан бойы келіп, нұр шашып тұрған қақпаға кіріп жатыр. Мен  танитын жан бар ма екен деп, жан-жағыма қарадым. Адамдар тобырының арасынан осыдан бір жылдай бұрын қайтыс болған өз аулымыздың бір кісісін көрдім. «Сен кеткелі бір жылдай болған жоқ па? Бұл жерде неғып тұрсың?- деп сұрадым. Ол маған «Бір жыл болмай арғы жаққа өткізбейді екен»-деп жауап берді. Менің сонда ойыма келді. Ее, бізде қайтқан кісінің жылын беретін себебі, осы екен ғой деп. Сол кезде нұр шашып тұрған қақпадан бір ақсақалды кісі шығып, «Әй, Қайырғали, сен үйіңе қайт. Керек кезде шақырып аламыз»-деп мені кері қайтарды. Сол кезде ол кісіні Әзірет Сұлтан деп ойладым. Менің Түркістанға зиаратқа келуімнің себебі осы»-деп, әңгімесін аяқтады. Бұл жігіт пен біздің арамыздағы әңгіме 2018 жылдың 6 шілдесінде болған еді. Келген күні жөн сұрасқаннан арығы бар алмадық. Өте әлсіз еді. Кешке досым отбасымен бірге ол кісілерді Арыстан бабқа алып кетті. Ертесіне кешке біз қонаққа шақырдық. Сол күні кешке  кешегі зорға сөйлеп отырған жігітті танымай қалдық. Кәдімгі сау адамдай әңгімеге толық арласып отырды. Арыстан бабқа, Қожа Ахмет Йасауи бабасына, Гауһар Анаға барып, құданың қандай өзгеріске түскенін байқадыңдар ма?- деп досым мен келіншегі күліп қойды. Құдағиымыз болса, Гауһар Ананың басына келіп, ағасының үстіне қайтіп су құйғанын айтып, күлдіріп алды. Әшейінде, өздігінен жүре алмайтын ағасының екі шелек суды алып, жүгіріп бара жатқанын көргенде, құлап қалама деп қорыққанын, жәрдем берейін деп, қасына жүгіріп жеткенде ағасының өзім деп, қолын қайтарып тастағанын баяндап берді. Біз бұл баяндалған оқиғадан қандай ғибрат ала аламыз? Біріншіден, қазақтың барлық Рухқа қатысты дәстүрлері жәйден-жәй пайда болмағандығын, бұл дәстүрлердің барлығы Рухтың қозғалысымен сабақтастықта қалыптасқандығын көрсетеді. Екіншіден, әулиелер мен Рухани әлем арасындағы байланыстың үзілмейтіндігіне, әулиелер  басындағы рухани қуаттың адамның рухани болмысына ізгі ықпалын тигізе алатындығына нақты дәлел. Сондықтан әулиелерді біздің рухани болмысымызды Рухани әлеммен байланыстырып тұратын Құдірет күші деп айтсақ болады. Құдайға шүкір, әлі күнге дейін қазақ жерін алып жатқан Әулилердің қуат-күші сарқылған жоқ және сол әулиелердің арқасында қазақ жерінің Рухани әлеммен  байланысы үзілген жоқ. Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Қазіргі күні бүкіл жер бетін алып жатқан апаттардың Қазақстан мен Орта Азияны айналып өтуі сол әулиелердің шарапаты. Әйтпесе, Европадағы мың жыл бойы тартылмаған өзендердің тартылып, өзен табанынан «Бұл тасты тапсаңдар жылаңдар» деген сөздердің шығуы адамзат басына үлкен қатердің келгенін айғақтайтын дәлелдер емес пе? Мұндай апаттар дүниенің төрт бұрыш түгел шарпып жатқанын көріп отырмыз. Пәкістандағы болып жатқан су тасқаны салдарынан 1 млннан аса үйлердің қирауы, 33 млн адамның далада қалуы өздігінен болып жатқан жоқ. Одан Индия, Қытай, одан ары Жапония, Америка құрлығы барлығы дерлік апат астында. Жер бетінде сау жер қалмады десе болады. Міне осындай жер бетін түрлі апаттар шарпып жатқанда біздің еліміз бен жеріміздің аман қалуының басты себебі – еліміз бен жерімізді түгелімен алып жатқан әулиелердің  Рухани әлеммен арадағы байланыстары екендігін түсінуіміз керек. Өкінішке орай, көпшілігіміздің сол әулилердің шарапатынан хабарымыз жоқ. Керісінше, солардың біздің руханиатымызға игі ықпалын жоққа шығарып, олардың барлығы жалған екендігін дәлелдеу үшін жандарын салып жатқан Жарқын Мырзатай сияқты жандар бар. Қазіргі күні жер бетін жайлаған түрлі апаттардың басты себебі, Рухани әлем мен адамзат арасындағы байланыстың үзілуі екендігін адам баласы әлі күнге түсіне қойған жоқ. Алла мен адамзат арасындағы байланыс үзілген күні адам баласы азғындыққа түсіп, материалдық байлықтың соңынан кететіні, биороботқа айналатынын дәлелдеп жатудың өзі артық. Ал, биороботтар Аллаға керек пе? Жоқ! Нух пайғамбарға дейін дейін жер бетінен бес өркениеттің не үшін жойылғаны Құранда анық жазылған. Азғындыққа ұшырап, адами болмысынан ажырағаны үшін оларды Тәңір Тағала жер бетінен жоқ етті. Біздің өркениет те сол сол өркениеттердің жолын құшатымыз белгілі болып отыр. Жоғарыда келтірілген деректер біздің өркениет басына да ақырзаман апаты келгендігінен хабар береді. Олай болса, бұл айтылғандар адамзат баласының басына ақырзаман  апаты келгендігін білдіреді. Бізден бұрын келіп кеткен бес өркениеттер санатына алтыншы болып, біздің өркениет қосылғалы отыр. Бұл қатерден құтылудың жолы бар ма? Бар! Ол жол – Рухани әлем мен адамзат арасындағы байланысты қайтадан қалпына келтіру. Ол үшін кезінде адамзат баласының басына келіп тұрған ақырзаман апатын кері ысырған Қожа Ахмет Йасауидің жолын қайтадан қалпына келтіріп, иманды, ізгілікті қоғамды қалыптастыру. Сондай жағдайда мына төніп келе жатқан қатерден құтылу мүмкідігі бар. Қазақстан Республикасы ҚМДБ-ның басшысы Наурызбай Тағанұлы Ихсан іліміне толығымен бет бұрып, сопылық жолды  дәстүрлі діннің негізі етіп алатын болса, онда мына қоғамның ізгілікті қоғамға айналатынына, еліміз бен халқымыз ақырзаман апатынан аман қалатынына иманым кәміл! Зікірия Жандарбек, т.ғ.к. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_39283.txt
ЖІТІ ҚАРАСАҢ, СӨЗ ТӨРКІНІН АҢҒАРАСЫҢ
https://abai.kz/post/39283
"ЖІТІ ҚАРАСАҢ, СӨЗ ТӨРКІНІН АҢҒАРАСЫҢ" | "https://abai.kz/post/39283"
12.01.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЖІТІ ҚАРАСАҢ, СӨЗ ТӨРКІНІН АҢҒАРАСЫҢ URL: https://abai.kz/post/39283 META: "ЖІТІ ҚАРАСАҢ, СӨЗ ТӨРКІНІН АҢҒАРАСЫҢ" | "https://abai.kz/post/39283" DATE: 12.01.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 630 TEXT: Бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кейінгі кезде жер-су атауларына байланысты «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей неше түрлі қисынсыз болжамдар жазылып жүр. Қостанай аумағындағы көптеген жер атаулары орысшаға «жетік» біреулердің жер аттарын қазақшалауынан қате айтылып келгені рас. Әулиекөл деген жер аты орыс босқындарының қоңыстануынан кейін сол арада жеті көлдің болуына байланысты Семиозер болып аталған болатын. Оны сол жердің кейбір тұрғындары қазақ тіліне сөзбе-сөз аударып алып, біраз уақыт Жетікөл деп те атап жүрді. Сол секілді Жітіқара қаласының аты біраз уақыт Жетіқара деп жазылып келді. Жітіқара орыс тілінен қазақшаға көшкен атау емес, керісіңше, алдына «Д» әрпін қойып, бұрмаланып жазылған атау болды. Содан орысша Джетыгара болып айтылған сөз қайтадан «шала қазақшаланып», Жетіқара болып бұрмаланған болатын. Қазіргі уақытта тарихи әділет қалпына келтірілді. Жетісуды Семиречье, Көкшетауды Синегорье деп аударып алған орыс тілдестер Жітіқараның екінші бунағындағы «қара» деген сөзді де өздерінше өңдеп, Джетыгора деп те жазғанын білеміз. Сондай жазулар қалааралық автобустардың бүйірінде «мен мұндалап» тұратын. Қазақ топономиясындағы сын есімдерге келсек, қазақ ұғымында қасиетті болып есептелетін «үш», «жеті», «тоғыз» сандарына байланысты қойылған атаулар да жеткілікті. Мәселен, Тоғызақ. Оны кейбір басылымдар Тоғұзақ деп жазып жүр. Шын мәнісінде, ел аузындағы әңгімеге қарағанда, атаудың түбірі тоғыз. Бір шайқаста тоғыз ұлы бірдей қаза тапқан қыпшақ жұртының ақылман қариясы: «тоғыз-ақ» деп бармағын шайнап жібергеннен кейін туған атауда тарих шындығы жатыр. «Ғылым» баспасынан 1989 жылы жарық көрген «Орталық Қазақстанның жер-су аттары» деген кітапта берілген тізімде Жітіқара атауы сан есімдік топономиялық атаулар қатарына жаңсақ жатқызылған. Қазақ Совет Энциклопедиясының 4-ші томында қаланың аты Жетіқара деп көрсетілген. Осы қателердің салдарынан кейін қалпына келтірілген қала атауы көбінесе, әсіресе, орыс тілінде қате айтылды. Теледидар дикторлары Житикараны ысырып қойып, баяғыша Джетигора деп саңқылдады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында Доланқара деп аталатын тау бар. Бұл атаудың алғашқы бунағы Долан моңғол тілінде долоон, яғни жеті деген сөз. Белгілі ғалым Э.Мурзаев өз зерттеуінде осы атаудың екінші бунағындағы «қара» сөзін славян тіліндегі гора (тау), ауған тіліндегі гор (тау), албан тіліндегі гур(тау), армян тіліндегі қар (тас), көне үнді тіліндегі гирис( тау), хинди тіліндегі гар (қамал), грузин тіліндегі гора (тау) сөздерімен салыстырады. Әрине, ана тіліміздегі «қара» сөзі тау деген ұғымды білдіруі мүмкін. Бірақ, біз білетін Жітіқарада жеті тау жоқ, жалғыз-ақ тау бар. Қазақы ұғымға салсақ, Жалғызтөбе. «Қараймын қарайғанға мал ма екен деп» басталатын халық әнінде айтылғандай, бұл сөздің басқа мағынасы да жеткілікті.Осы сөздерге зер салсақ, «жыты», «жіті» деген сөздер бажайлап қара, анықтап қара дегенді, ал екінші бунақтағы сөз кәдімгі көру, қарау дегенді білдіреді емес пе?! Яғни, Жітіқара атауын сан есімнен емес, сын есімнен іздеген абзал. Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының 1-ші томының 152 бетінде «Жыты» сөзіне түсінік берілген. Онда: «Жыты-тез, шапшаң, қолма-қол. Жыты қара – тез хабар алатын қарауыл орны (см. киргизско-русский словарь. Издание второе. Оренбург, 1903, стр 89)» – деп атап жазылған. «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырындағы: «Алыс болып Баян қыз бара алмайды, Жыты хабар жарына бере алмайды. Жұртын жиып, Қарабай ойлатса да, Сан кісіден бір кісі таба алмайды» – деген шумақтағы «жыты» сөзі осы мағынаны білдіреді. Яғни, Жітіқараның алғашқы атауы Жытықара болуы да ықтимал. Орыс патшасының өкілі Тевкелевтің 1748 жылы жазылған құжаттарында: «Абулгаир-хан кочует ныне от Орска на вершине Камышлак-реки на двуденную езду, а Джанебек-тархан – по реке Тоболу у называемой горы Джитыкара езды на три дня» («История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков», том 3,152 бет)» – деген деректер бар. Осы орыс тіліндегі тау атының жазылуынан да, оның атауы Жетіқара емес, Жітіқара болғаны көрініп тұр. Қостанай өңіріндегі атақты Әйет өзенін орысың да, қазағың да Аят деп жазып жүр. Аят – қасиетті сөз, құранның аяты. Ал өзен аты қазақ тілінде Әйет, орыс тілінде Айет болып жазылуы керек. Әйет осы өңірді қоңыс қылған қыпшақ тайпасының бір бұтағы, кісі есіміне байланысты қойылған атау. Сондықтан да Олжасты Алжас дегендей алжасуымызға болмайды. Нұрхан Ахметбековтың «Жасауыл қырғыны» дастаны «Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ» – деген жолдармен басталады. Жырдағы жер атулары Әйет өзені мен Түйемойнақ – қазіргі Таран және Денисов аудандары орталықтарының түп атауы. Ақылбек Шаяхмет, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, жазушы. Абай .kz
qosymsha/abai.kz
post_176454.txt
Келесі жылы запастағы офицерлер әскерге шақырылады
https://abai.kz/post/176454
"Келесі жылы запастағы офицерлер әскерге шақырылады" | "https://abai.kz/post/176454"
22.11.2023
Abai.kz
null
TITLE: Келесі жылы запастағы офицерлер әскерге шақырылады URL: https://abai.kz/post/176454 META: "Келесі жылы запастағы офицерлер әскерге шақырылады" | "https://abai.kz/post/176454" DATE: 22.11.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 106 TEXT: Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес шығарылған Үкімет Қаулысында айтылғандай, офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қаулы қосымшасында еліміздің Қарулы күштеріне – 600, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 80, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына – 42 және Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30, жалпы 752 офицердің әскери қызметке шақырылатындығы көрсетілген. Құжат 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_178782.txt
Ло Вэйцжаң. Жуыну
https://abai.kz/post/178782
"Ло Вэйцжаң. Жуыну" | "https://abai.kz/post/178782"
18.01.2024
Нұрхалық Абдырақын
null
TITLE: Ло Вэйцжаң. Жуыну URL: https://abai.kz/post/178782 META: "Ло Вэйцжаң. Жуыну" | "https://abai.kz/post/178782" DATE: 18.01.2024 AUTHOR(s): Нұрхалық Абдырақын TOTAL WORDS: 4059 TEXT: Әңгіме Ло Вэйцжаң (қытай жазушысы) Жаралылардың барлығын тезден әкетіп, өлгендерді мүмкіндігінше жерледі. Тірі қалғандар қайғыдан қан жұтып, қирандыларды ашып, тоқтаусыз еңбек етті. Бұл жер сілкінісінен кейінгі үшінші күн. Сун Лян да үш күннен бері көз ілмеді. Оның қонақ үйлерінде аздаған жарықтар пайда болған, ешкім зардап шекпеді. Алайда ауыл тұрғындарының үйлерінің жартысынан көбі құлап, он тоғыз адам жараланып, екі адам қаза тапты. Янерпо елді мекенінде 140-тан астам адам тұрады, олардың 60-тан астамы жұмыс іздеп сыртқа кеткен, бүгінде 80-ге жуық адам бар, қайтыс болғандар мен жараланғандар қазіргі бар жұрттың 30%-ға жуығы. Сун Лян қарттар мен балаларды өз қонақ үйіне орналастырды, басқалар жаралыларды құтқару жұмысында. Жасы елуге келседе бұл ауылы үшін ол жас саналады. Кей кезде ауыл халқы тыныстап, салқын самал өбу үшін ауыл іргесіне шығады. Ол жерде отыруға немесе жатуға өте қолайлы толған ай тәріздес тас бассейн бар. Жер сілкінісінен көтерілген шаң-тозаң тас қазаншұңқырды топыраққа көміп тастаппты, бірақ бұл сүртсе кетеді. Үш күннен бері ол өз денесін топырақтан соғып алғандай ауыр сезінді. Алайда елге жасаған көмегіне дән риза. Оны бұл ауылдың тумасы емес деуге ешкімнің де аузы бармайды, не бәрі осыдан алпыс шақырым жердегі аудан қалашығының дәл кіндігінде дүниеге келген. Сонда есейіп ержетті. Университетке түскен жылдары ата-анасының қызметі басқа жаққа ауысып кетті де олар қайтып оралмады. Тоғыз жылдың алдында таулы аймақтағы ауыл-қыстақты дамыту науқаны басталғанда қонақ үйлер құрылысын жобалау үшін сәулетші ретінде аудан басшылығының үндеуіне үн қосып, «өзінің бір кісілік үлесін қосу үшін» осында келді. Сол кездегі аудан әкімінің сөзі бойынша жақсы сыйақы алып, өзі де қадірлі болатынына әбден сенді. Ол осы өңірдегі барлық қонақ үйлердің сәулетін жобалады. Әу бастағы ойы жұмысын аяқтағаннан кейін қайтып кету еді, бірақ Янерпоға келгенде ол ойынан мүлде айныды. Янерпо ғажайып жер, науырыз айынан бастап-ақ, қырат-қарат жоталар жасыл желек жамылып, сай-сала аңғарлар суға толып, гүлдердің хош иісі мұрын жарады. Сан алауан гүлдер түнде ай нұрына шағылыса жарқырайды. Жерде гүл, көкте жұлдыз алма-кезек жымың қағады. Сун Лянның жанын толқытқан бұл жердің өзгеше желі болды, бұндай желді ол еш жерден көрмеген. Яньерпо таудың аңғарындағы ауыл. Оған баратын теңіз жағалауындағы тау жолы әлі толық бітпеген. Достарымен бұл жерге келген ол қалың тұманды кешіп отырды. Ауылдың кіреберісіне жеткенде ұйтқыған құйын тауды шайқардай, айналаны әбден әбігерге салды. «Сун Лян сонда тұңғыш рет желдің тылсым да сырлы үнін естіді». Бұрын соңды мұндай шатқалды да, желді де көрген емес. Осыдан кейін де талай жерді аралап, сан алуан әсем табиғатты тамашалады, дәл осындай ғажайыпқа кездескен жоқ. Бұл әрине жер астының үні, терең де қалың қабатқа жасырынған дю-перінің үні. Сол үн оны естен тандырды. Сун Лян амалсыз өзін жоғалтты. Янерподағы қонақ үйді Сун Лян өз ақшасына салдырып атақ-даңқын аспандатты. Ол көбінде ауылдың кіре берісіндегі сол тас павильонында салынған қонақ үйінде отырып желдің үнін естиді және бизнесін де жүргізеді. Ауыл адамдарымен қарым-қатынасы сондай бір терең емес. Жаман деугеде келмейді. Бұл өз алдына бір әлем, ауыл халқы өз алдына бір әлем. Сун Лян нағыз қала адамы. Ауылға сіңіп кетуден қорқады. Ауылдың исін искеп жүрседе оны жұтпады. Сондықтан да ол ауылдан оңаша өмір дағдысын қалыптастырды. Көбінесе ол тас павильонында тығылып кітап оқиды, музыка тыңдайды, кофе ішеді, кун-фу шайын бықтырады, әрине, онда желдің сырлы үнін көп тыңдайды. Осылай ол өз туған қаласын Янерпоның тау шатқалына мүлдем айырбастап жіберді. Тау шатқалы сілкініс белдеуіне орналассада бұнда жер сілкінісі ешқашан болмаған, ол мұндағы барлық қонақ үйлердің жобасын өзі жасады. Басқа  аймақтағы құрылыс жобаларының толық біткен-бітпегенін анық білмейді, оның білетіні осы ауылдағы желдің үнін тыңдайтын тас павильондағы қонақ үйді өзі жобалап жасатты. Бұл құрылысқа кеткен қаржының 40% жер астына көмді, солай сегіз балдық жер сілкінісіне төтеп береді деп топшылады. Бұл жақсы сақтық шарасы еді. Сун Лян да Янерпо шатқалының адамдары сияқты дені сау адамдар ауырып қалатынына, тірі адамдардың өлетініне сенбейді, жер сілкінісінің болатынына тіпті де сенбейді. Тамыздың 9-ы күні түстен кейін әдеттегідей алдыңғы ауладағы шезлонгқа жатып, кітап оқыды. Жарты бет оқып, ұйықтап кетті. Ұйқыға кетісімен ол басқа бір кітап оқып кетті. Шанхайда жүр екен, әне тағы да атақты Батыс көліне келіпті. Күн сәулесі суға сұғынады, көлдің беті көгілдір, алысқа көз салды, қалың тұман шөгіп тұр. Өткен әдемі эсселері осы тұманның ішінде жасырынпты. Қазір оның бәрі тарих болды. Қырық жасқа келгенше ол ешқашан шын ғашық болып көрмеген, сондықтан үйленуге тым жалқаулық танытты. Бірақ жарты жыл бұрын бір әйел жарқыраған Батыс көлінің оңтүстік жағалауынан оның мазасыз да құлазыған жалғыздық өміріне араласты. Онымен қураған сезіміне гүл шықты. Махаббаттары су буында толысты. Апта сайын ол Шанхайдан Ханчжоуға ғашығын көру үшін келді. Оны көрген сайын махаббат салмағы мысқалдап ауырлай түсті. Ол махаббаттың адамды ауыртатынын алғаш білді. Ол бұрын ешкімді сүймеген, сондықтан да ол ешқашан бұлай ауырып көрмеген. Алайда ол болашақ өмірін сол қыздың қолына тапсырғалы тұрғанда қу қыз басқа біреуге ғашық болды. Сол "басқа біреу" өзінің досы еді. Бұл байқұс ойында ештеме жоқ қызына барғанда сол досын өзімен бірге бірнеше рет ертіп барған. Осы кезде оған барлық нәрсе қызыл болып көрінді. Жолдың арғы бетіне өтіп бара жатқандағы жасыл бағдар шам да қызыл болып жанды. Артынан бебеулеген машина сегиналына қатты ашуланды, жан-дүниесі боркемік болып, быт-шыты шықты. Тәні мен жүрегін терең құдыққа лақтырды, махаббаттын да құдыққа тастай бергенде күтпеген жерден өзінің қаңбақтай жеңілдеп, мазасы қашып, құр сүлдері қалғанын білді, енді ол нағыз қаңғыбасқа айналды. Талай түнді шарапханада өткізіп, мас болды, көше кезді. Кейде таң атқанға дейін далада кезіп жүрді, қаланың бұлыңғыр шамдары бұған мейіріммен қарап жаны ашыды, ол сонда ғана өзінің адасқанын білді. Ол махаббатына ренжіп, жаны қиналғанда оны туған жері шақырды. Ол елдің өсегінен қашып онда бармады. Бар тапақан сылтауы «ел сөзіне не дейімін» деп жалтарды. Бүгінде туған жер бір бөлек, ондағы туған ел өз алдына бір бөлек. Әрбір ұсақ-түйек ісіңді аңдып тұрады, сөйлеген сөзің, жүріс-тұрысыңа дейін зер салады. Бәрі мені жеті атасына дейін біледі. Енді ол қызбен ешқандай байланысы болмаса да, әр қашан әр жерде бір жұп көз, тіпті екі жұп көз қадала өзіне қарап тұрғанын сезетін. Жақсы өмір сүріп, сол бір-екі жұп көзді алдамақшы болды. Енді махаббатты, қызғанышты бір жола ұмтқысы келді, енді ғашықтықпен ауырмайм деп ойлады, бірақ тамыры бар нәрсе қайта өсіп шығады емес пе. Біраз уақыт өткен соң баяғы әнін тағы айтты. Желдің үні, желдің күші оның беп әлпетінен көріне бастады. Оның беті барған сайын үлкейді. Ол қыз оны тастап кетті. Енді бұған бәрі тұл. Махаббатты жек көрді. Бірақ сол құрғыр қу қызды ешқашан ұмытқан емес. Онымен он жылдан астам кездесіп жүрді. Бүгін түсте ол вестибюльдегі шезлонгта жатып оқыған кітапты сол қыз сыйлаған. Ол қызды жақсы көргендіктен ол берген кітапты дерлік жаттап алған. «Аң патшасы арыстан жүзі қызара бөртіп, жемтігін іздеп кетіп бара жатыр...» Сол күні осы сөйлемді оқыған жерден тоқтап, сол бір кермет көріністі  көз алдына елестетті. Ары ойлап, бері ойлап шатасып кетті. Ежелгі мифологияда ұйқы құдайы мен өлім құдайы егіз екен. Анау қызыл жүзді арыстан да өлім құдайы сияқты ма? Ол басқа аңдарға өмір мен өлімді береді, күн мен түнін сыйлайды. Күнің таңғы шығуын көрмеген адам толық адам емес, ол адам байқұс. Тәні ұйқыда жатсада жаны сол азапты естеліктерімен арпалысты, тағы да арыстанның қорқынышты қызыл жүзін көрді. Арыстан оның қарнына тырнағын жүгіртті, денесін бүре түсті, ол шошып оянды. Көзін ашқанда лампочкалар қозғалып, үй қабырғалары дірілдеп тұрғанын байқады. Ең бірінші ойына екі сұрақ келді: Үйді кім шайқап тұр? Кім бұл тауды тербеген? Сұрақ санасына жетпей жатып, қатты гүріс-гүріс еткен дыбыс есін шығарды. Ғажайып дыбыс, ешқандай дыбыс шығармайтын, шалдырламайтын заттардан  өзінен үн естіледі. Бұл әлем мүлде басқаша күйге енген. «Сяоци...». Ол он жылдан астам уақыттан бері бірінші рет сол өқыздың атын дауыстап шақырды. «Сяо Ци, мен өліп барамын!» Бұл кезде ауыл кіре берісіндегі тас павильонын қонақ үйінде туристер бар болатын. Ол туристерді қорықпауға сабырлы болуға шақырды, бірақ олардың есі шықты. Қашып кетуге қамданды, солай жан сақтауға ұмтылды. Алайда ұялы телефонның байланыс жүйесі өшіп, жамбас ақысына төлем жасау мүмкіндігі болмай қалды. Туристтердің мазасызданғаны сонша, айғайлап, жылап жіберді. Анау бір қырықтан асқан көкайыл қатын жаңа туылған сәбидей шырқырайды. Ол жолаушыларға WeChat идентификаторын берді, туристер оның нені меңзегенін түсінді. Олар өздерін жіберсе, байланыс қалпына келген соң артығымен төлем жасауға уәде берді. Туристер әлі кетіп үлгірместен бұнда істейтін қызметкерлердің өзі қашып кетті. Олардың бәрі ауылдың адамы. Тезден үйлеріне бару керек. Янерпо мен тас павильоның арасы жүз қадамнан азақ асады. Бірақ қарасаң көзің жетпейді, ондағы барлық дыбыс толық естіледі. Биік метасеквоиялар, бұталардың шоғырлары және төңкерілген қазандай жүзім ағаштары көз алдыңа көлденең болады, деседе дыбысты тоса алмайды. Дыбыс жертөледен шыққандай естіліп, есіңді шығарады. Шошынған иттер ұлып, сан түрлі сасық истер тарады, сол күні күн жарқырап тұрды, күн еш бұлыңғырланбады да. Ештеңе болмағандай күн тау мен өзенге мейірлене қарайды. Бірақ жерден ащы дыбыс шыққанда күнде аздап тұнжырады. Сун Лян да өз аяғына өзі шалынып құлап қалды. Тоңқаңданына қарағанда екі тас тақтаның арасына ана бір турист қолындағы минералды суын түсіріп алған сияқты. Есін жиғаннан кейін Сяоциді шақырып, өліп қала жаздағанын  тағы айтқысы келді. Тас павильонын қонақ үйінде одан басқа ешкім қалмады. Ауданнан шақырылған аспаз да апат жағдайын көру үшін ауылға кетті. Ол Сяоциден үміттенді. Жалғыздығын көрсеткісі келеді. Ол өзін тастап кеткен әйелді жалғыздығымен жазалағысы келеді. Өзін-өзі аяу мен өзін-өзі сүюдің мұндай түріне еш жауап жоқ. Сіз көптен бері Сяоцидің көмегіне мұқтажсыз, алайда оған енді сіздің өлі не тірі екендігіңіздің қажеті шамалы. Ол салдақымен байланысын үзгеннен кейін, екі жылға жуық уақыт бойы ол ұялы телефонын тәулігіне 24 сағат қосып, одан хабарламалар күтті. Оның өз күнасын мойындап кешірім сұрауын тіледі. Бірақ ол шөп желке тым болмаса түсініктеме де бермеді. Ол сол бойы ешқандай хабарласпады. Сун Лян енді өзіне телефон шалып, хабарлама жібергендердің барлығын жек көреді, себі олардың бәрі өзі күткен жандікі емес. Кейін ол телефонын кеш батпай өшіріп тастайтын болды. Янерпоға келіп тұрақтаған соң да солай істеді. Күннің шығуы мен батуына қарай уақытты есептеді. Күн таудағы қарағай шоғырына ілініп, ағаш түбіндегі шөп ұяға сүңгігенде, жерге салқын көлеңке пайда болады, содан соң ол ұялы телефонын өшірді. Кейбір күндері ол күні бойы телофон қосуды ұмытып кетеді. Бірақ бүгін байланыс желісі болмағаны анық, бірақ онымен бір рет болсада сәлемдесуге асықты. Өзіне сәлем берген адамға: «Мен өлгелі жатырмын. Сен маған ештеңе айтпа не мүлдем жауап берме» деді. Сол қыздың мен туралы ойлауына мүмкіндік беріңіз. Ол мені шынымен өлді деп ойлады. Енді менің әр күнім түпсіз қараңғыға айналды деп топшылады. Алайда жалғыздық пен «жазалау» талабы ақыры суицидке ұласа жаздады. Ол қорқып кетті. Тас павильон қонақ үйі ең қауіпсіз орын, бірақ ол осы уақытта өзінен қатты қорықты. Өзін-өзі ұстай алмай ауылға қарай жүрді. Оның тегінде қашқысы келмеді, бірақ өзінен қорққанынан безіп кетті. Әдетте, ол ауыл адамдарымен аз араласады, ауыл адамдары да онымен аз араласады. Ауылдағылардың оған ренжігенін іштей сезеді. Қарапайым егінші отбасы саяхатшыларға тамақ беріп, жатын орын қызметін ұсына алмайды. Ауылдан бірнеше даяшыларды жұмысқа ала алмайды. Ауыл тұрғындары үй салғылары келсе не әйел алғылары келсе, ауылдан сыртқа шығып жұмыс істеуден басқа амалы жоқ. Оның сырт келбеті ауылдастарына да ұнамады. Бойы 1,82 метр, нағыз ұзын тұраның өзі. Бұл тау шатқалдағы адамдар тапал келеді, олар тауға оңай өрмелеуге генетикалық тұрғыдан осылай бейімделген халық. Сондай-ақ оның иығына дейін салбырап тұратын ұзын шашы бар және сол шашын резеңке баумен байланған. Бұндағылар оны «әйелдерше шаш қойып, қатынша киінген бәле» деп жақтырмайды. Ең жиіркеніштісі оның әйелі жоқ. Таудағы кедей еркектердің де әйелі жоқ, олардың үйленуге шамасы жоқ, ал бұл бай, неге әйелі жоқ? Әйелдерше киініп, қатынпазша болғың келе ме әлде? Ауылдағылардың бұған осылай қарайтынын біліп, іштей ойлады, менде әйел жоқ емес бар-ғой, бірақ ол басқа біреумен әуейі болып жүр-ғой. Бірақ бұл байқұс жүрегінде әйелін әлі өзімдікі деп санайды. Ол осы жүрегіндегі жазуға сенеді. Шынмен әйелім бар деп ойлайды. Бұл ой оны талай рет алдады, тіпті оны басқалаға жиіркенішті етті, сондықтан да ауыл адамдары оны жек көреді. Ол ауылдағылар мен араласқан жоқ, оларға аздап арамдығы да бар. Бұл өмірде ақылыңа симайтын нәрселер өте көп, ол бұрын да болған және болада береді. Өмір деген сондай сырлы. Ол қыз оны тастап, өзінің досына үйленді. Сун Лян қаладан кетіп, далаға келді. Жер сілкінісін өз басынан өткерді. Дұшпандық пен қорқынышқа толы өмір. Қорқыныш алдында өшпенділік ештеңе емес... Осы ойлармен беймаза болып, аяғын айқұш-ұйқыш басып тауға көтерілді. Тауға шығатын тақтай жол сынған, енді орманды аралап өту керек. Бұтақтар мен тікенектер аяғыңа әр қадам сайын инесін сұғады. Ол орманнан сыртқа шығып көз алдындағы көрініске таң қалды. Үйлердің көбінің төбесі опырылып жерге құлаған. Шашылған қиранды. Иттердің есі шығып жүгіре үреді, адамдар қуыршаққа айналған. Кейбіреудің шашы қанға боялған, бірақ оны өздері көрмейді. Ешкім бәлендей ештеңе демейді, адамнан ғана шығатын ащы азан-қазан дыбыстар барлық жерден естілді. «Сәби қайда? Біздің үйдің отағасы қирандының астында қалды ...» Қанша уақыт өткенін білмейді, енді дыбыс анық естілді. Осы дыбысты шығарған қария алға ұмтылып, оның қолынан ұстады. Кішкене уақыттан соң оның айналасына адамдар жиналыпты, сөздері анық: Қиранды астында інім қалды, әкем қалды, немерем қалды... Азапты көтере алмаған жұрт тағы үнсіз егілді. Ауыл халқының бәлкім, ренжіп қана қоймай, өзіне арқа сүйегісі келетінін енді сезген болар. Бұған дейін де оған осылай сенім артатын бұлар. Жүрегіндегі бос құдықтың ішін мүк басып, мүкте кеуіп, жарғанатқа толған еді. Осы кезде... ол қартты қолтығынан демеп, даяшыға ызбарланған үнмен «барлық қарттар мен балалар дереу тас павильонына жеткіз» деп нұсқау берді. Қайтадан күркіреген үнмен« үй бойынша адам санын анықтауды тапсырады. Тау шатқалына кіретін және шығатын жолдардың көпшілігі қатты зақымдалған, құтқару тобы ол жерге қазір жетуі мүмкін емес, сондықтан өзімізді өзіміз құтқаруымыз керек. Адам саны анық болса жұмыс оңайласады. Құтқару тобы сол күні кешке жетті. Олар келгенге дейін алты жаралы адам құтқарылды, барлығы жеңіл жарақат алған екен. Үшінші күні таңертең екі өлі және басқа да жаралылар табылды. Жедел-құтқару тобы ауыр жарақат алғандарды алып кетті. Янерпоны ауыл деугеде де келмейді, шын мәнінде, ауылдың кішкене бөлімшесі. Тау шатқалының аумағы кең, ондағы басқа кез келген ауылдың бас-аяғы он шақырымнан асады. Янерпо кішкене болсада қонақ үй салынуының себебі, бұнда ыстық су арасаны мен шаңғы тебуге арналған алаңқайы бар және табиғаты адамды тамсандырады. Янерпо Джишаң ауылына қарайды. Ауыл әкімшілігінен жаяу жүрсең үш сағаттан астам уақыт кетеді. Үшінші күні ауыл кадрлары әлі келмеді. Таудың әр жерінде жар көшкіні жүріп жатыр, көшкін тау тұрғындарын қорқыта алмайды, көмекке жұқтаж ауылдар тым көп және олардың арасы алыс. Ауыл әкімшілігіндердің өзі аман-есен бе, ол жағы белгісіз. Ауыл басшысы да бұл жерде емес, осыдан бірнеше шақырым жерде тұрады. Бірнеше күннен бері елдің бәрі тас павильон қонақ үйінен ас-су ішті. Электр қуаты болмаса да, үлкен қазанды далаға қойып, астына от жақты. Су тоқтасада, су бар. Жер сілкінгенде ыстық су арасаны мен тау бұлақтары тартылды, бақытымызға орай, тас павильонының астында тас көлшік бар, оның мөлдір суын ішуге болады. Азық-түлік тапшылығы жоқ. Тас павильонында азық-түлік қоры жеткілікті. Жақын күндерде туристер келмейді, ауыл тұрғындарының сынған көңілін көтеру керек. Олар тас павильон қонақ үйінде өздері қалаған бөлмеде ұйқтауына болады. Екінші күн түнде ұялы телефон сигналын қосылып, су мен жарық келді, бұрынғы қалыпты өмір болмасада біраз нәрсе реттелді. Ауыр жараланғандарды әкетіп, өлгендерді қирандылардың үстіне шығарды. Жертөледен табылған кейбіреудің денесі сасып кеткен. Жертөле ыстық. Тағы біреудің денесі қан, бірақ ол сасымапты. Тез арада жерлеу керек. Бірақ тау шатқалы аймағындағылардың әдет-ғұрыпы бойынша, адам денесі кем дегенде үш күн үйде болуы керек, діни рәсімдерді орындайтын адамды шақыру керек. Яньэрпоның өзінде ондай адамдар жоқ. Жиырма шақырым қашықтықтағы Саншупин дерген жерге бару керек, ол жердің жолы таулы қырат. Бүгінде бүкіл таулы аймақ апатты жағыдайда олардың кезегі келе қояр ма бізге? Олай күтуге болмайды. Үлкен апаттан кейін біз үлкен індеттің алдын алуымыз керек. Сун Лян дереу жерлеу керек десе, мәйіттің туыстары айғайлап, басқалар қостап: «Өлген шошқа, не ит емес қой...» деп қарсылық білдірді. Сун Лян көпшілікке: бүгін үшінші күні таңғы сағат оннан өтті, біз әлі ас ішкен жоқпыз. «Бәріміз ашғып кеттік, алдымен тамақтанып алайық» онда деді. Сун Лян аспазға екі тәрелке тамақ дайындауды өтінді. Екі тәрелке тамақты көтеріп даяшы екеуі өлгендердің рухына тағзым етуге барды. Ол даяшыны осында тұрғызып қойып, қайтыс болғандардың туыстарын тас павильонға шақырды. Тағам беру рәсімі басталу алдында, Сун Лян көпшілікке: "Чун Ва мен Ран жеңгелерді тездетіп, терең қазып жерлеу керек. Бұл ел үшін пайдалы. Бұл менің сіздерге жасаған жақсылығым емес, керісінше екі отбасының елге жасаған жақсылығы. Кеттік, қазір жерлейік. Бүкіл ауыл Чун Ва мен Ран жеңгейге тағзым етуге келген. Бұл табиғи апат, Янерпо бұрын соңды болмаған апат. Бір адам өлсе – барлығымызға оңай болмайды. Мен сіздің ата-бабаңыз екі-үш жүз жылдан бері осында өмір сүргенін білемін және оларға тағызым етемін. Біздер бүгін екі адамның алдындағы қарызымызды өтейік!» Барлығы үнсіз қалды. Ешкім қозғалмады. Сәлден соң Чүн Ванның шешесі орнынан тұрды. Бұндағы адамдар белгілі бір жасқа жеткенде ғана табыттарды алдын ала дайындайды. Ран жеңгейдің табыты бар шығар, бірақ Чун Ва да жоқ, енді табытты кімнен қарызға аламын. Үйі қирасада табыт төсегіне зақым келмеген болар. Өлгендерді жерлейік, қағаз ақшасы барлар әкеліп өртесін деп өтінді. Тас павильонындағы екі даяшы мәйітке тамақ беруді бастады. Жерлеу алдында Чун Ваның анасы тамақты көтеріп қайтыс болған ұлына әкеліп: «Балам, нағашы ағаңда осында. Ет, көкөністеріңді нағашың берген. Жеңдер, жеп қойыңдар. «сосын жолға шығыңдар...» Мұны естіген Сун Лян көзіне жас алды. Өлгендер жерленгеннен соң ғана тірілер ас жей алады. Одан кейін ауылдың жолын тазалап, күл-қоқыстан тазарту керек. Сун Лянда ауылдағы елмен бірге сыпырғыш, күрек ұстап, кірпіш көтеріп, ағаштарды жылжытты. Демалуға кеңес берді жаны ашығандар. «Мен шаршаған кезде демаламын» деді. Түстен кейінгі сағат төрттер шамасында ол шаршап тас бассейінге келді. Ыстық бу бұрқырап тұр, бірақ тас бассейн салқын екен. Оған салқыны ұнады. Жер сілкінісі таби апат. Күндіз сілкінгенін ол құдайдың мейірімі деп ұқты. Ол бастапқыда тыныш отырып демалғысы келді, бірақ жантайып жата кетті. Ұйықтап қалсам, ауыл адамдарынан ұят деп, темекісін тартып, ұйқтамауға тырсты. Аспандағы бұлттар шұбалаңдайды. Көк жүзі үнсіз. Ақ бұлттарсыз аспан болмайды. Дүние бір біріне солай байланған ба? Жер сілкініссіз жер де болмайды емес пе? Бұл ой оған қарттар үйінде тұратын бір адамды есіне түсірді. Ол әдетте қызметкерлерді боқтап, тіпті ұрып-соғатын. Ол мерекеде өзіне берілген раушан гүлдерін халықтың көзінше жұлып тастайтын. Кейін қайтыс болды, өлер алдында: «Мен сендерді ренжіткім келмеді, тек мені сол бір істерім үшін ұмытпауыңды қаладым» деген хат қалдырды. Бұл кісі менің бұрынғы досымның әкесі еді. Ол оңбаған досым қазір Сяоцидің күйеуі. Шынымен де біртүрлі, бүгін неге "оны" ойладым? Аспан мен жердің байланысынан қарттар үйіндегі адамға, қарттар үйіндегі адамнан «оған» деген ойларға ұласты. «Оны» есіне алғанда көп нәрсе көз алдында шұбырады. Он жылдан бері «ол» бұның ата жауы болды, атарға оғы болмады. Оны ойлағысы келмейді, сондада есінен кетпейді. Бұл қорқыныш емес, жек көрушілік. Деседе, жек көру де қорқыныш. Қызығы сол бүгін ол туралы ойладым, бірақ неге жек көрмеймін және қорықпаймын одан? Енді міне ол адамның атын ашық айтуға батылы барды: Ху Инхуа. Ол тіпті «Ху Инхуа Ху Инхуа» деп екі рет айқайлады. Ху Инхуа жаман адам емес, ол әкесіне де жанашыр болды. Әкесі ішімдікке әуес, мінезі біртүрлі кісі еді. Ху Инхуа универге түскен соң ата-анасы ажырасып кеткен. Осы кезден бастап әкесі маскүнем болып, алпысқа да жетпей денсаулығы сыр береді. Ху Инхуа жұмыстан қолы босамай, әкесіне қарай алмағандықтан, әкесін қарттар үйіне беруден басқа амалы қалмады. Бірақ қанша шаршаса да апта сайын барып тұрды. Ол Сун Ляннан бірнеше жас кіші еді, бірақ ол ерте үйленген, бір қызы болды. Қызы төртке толмай ерлі-зайыптылар ажырасып, Ху Инхуа қызын өзі бақты. «Ғашығым маған тигенше, соның қызна өгей шеше болғанды жақсы көрді». Сун Лян жарақат алды, жарасын үш жіппен тікті. Бүгінде жарасы толығымен жазылды. Тас бассейнде жатып, көк аспанға қарап, кеудесін қатты уқалады. Еш ауырмайды. Бәрі өтті. Оларға бақыт тіледі. Ол баста айтқан«біз бәріміз өлеміз» деген сөзін ұмытпады. Сөз айтылмас бұрын су, айтылғаннан соң тасқа айналып, уақыт өте келе балталасаң кетпес болады екен. Бұл сөз бір кітапта жазылған. Ғашығының өзіне берген кітабында жазылған. Ол оған бес кітап берді, ол олардың әрқайсысын дерлік оқып, жатқа айтатын. Айтылсын, уақытқа ойып жазылсын. Бәрі өтеді. «Тас павильоны» деген сөздер сияқты өз сөзінің табиғи тастан жасалған қабырғаға ойылуын қалайды. Алайда бұл сөзде мәңгілікке сақталмайды. Аспанның кеңдігі мен биіктігінің өзі мәңгілік пе? "Жарайды! Жарайды!" Бір әйел оған қарай ақырын жүгірді. Ол әйелдің есімі Сяоя. Ол аса қабілетті және адал жан. Сун Лян оны кассир етіп қойған. Ол Сун Лянға ұялы телефонының жұмыс істеп тұрғанын және туристер WeChat-қа қосып төлемдер жасағанын айтты. Сун Лянның туристерге Сяояның WeChat аккаунтын берген еді. Ол басын изеп отыр. Құрғақ топырақ басы-көзге ұшады. Ол басын сипады, сосын бетін сипап, одан соң қайта-қайта беті мен басын сипалай берді. Интернет бар жерде отыруы «олардың бәрі қауіпсіз жерде екенінің дәлелі», - деді. Содан кейін ол Сяоя екеуі ауылға келіп, көпшілікке көмек жасады. Біраз уақыттан кейін Сун Лянға әкім телефон соқты. Әкімнің тегі онымен бірдей, жайшылықтада ол үнемі хабарласып тұрады. Сун әкімнен бұрын Джичаң ауылының партия хатшысы Янерпоның топ басшысына телефон шалды, топ басшысы бір ауыл тұрғынынынан мұндағы барлық жағдайды ұғысып, партия хатшысына жауап берді. Сун әкім қоңырау шалып, Сун Лянға алғыс айтты. Кешкі ас кезінде Сун әкімнен тағы да телефон келді, бұл жолы Сун Лянға былай деді: Ертең провинциялық телеарна сұхбат алу үшін Янерпоға келеді. Ол кезде аудан басшылары мен қала басшылары ілеседі. Сун Лян ел тамағын ішіп алсын деп, бұл жаңалықты айтуға асықпады. Бірнеше күннен бері елдің бәрі жалғыз сыңар таяқшамен тамақ жеді. Айтуға асықпауының тағы бір себебі, тележурналистер келіп сұхбат алатын кезде камераға қалай таңқала лап қойсын деп ойлады. Ол Тас павильон қонақ үйін басқарғалы бері камераның алдына шықпаған. Ол алғаш рет ауданға келгенде, одан сұхбат алды, аудандық телеарнада берді. Мына келе жатқан провинциялық станция. Аудандық арналардың аумағы тар, ал провинциялық арналар басқаша. Провинциялық станция бағдарламалар мен бейнероликтерге толы. Бейнероликтердің барлығы көзді ашып-жұмғанша мыңдаған шақырым жол жүретін маймыл патшасы Сүн Укүң сияқты жылдам, ел көп көреді. Менің ауырмады деп ойлаған жерім қайтадан ауырды. Иә, ол сол салдақының кесірінен ауырмаса екен деп ойлады. Тіпті жер сілкінісі де оның көңілін сындыра алмады, тек сол қыздың кесірінен көңілі сынды. Деседе ол әлі де жігерлі өмір сүрді. Әйтсе де, осы ой келе салысымен жүрегінде лықсыған мұңды сезді, бірақ не мұң екенін аңғара алмады. Сірә, басқа нәрсе шығар. Әйтсе де ол мұң оны одан бетер толғандырды, өзіне өзі таң қалды. Оның ұлылығы жалғыз өзінен емес. Ауыл адамдары тамақ ішіп болған соң, ол орнынан тұрып, әкімнің айтқан сөзін халыққа жеткізді. "Басшылық апат аймағын көру үшін келеді. Телеарна сұхбат алады. Апат аймағын кескінге түсіреді. Тас павильон қонақ жайы дін-аман, бұнда апат болған жоқ, сондықтан мен камераға түспеймін. Сіздер түсіңіздер. Бұқаралық ақпарат құралдарында көрсітілетін апат районындағы адамдар сияқты болмауларыңыз керек. Көбінде зардап шеккендердің сыртқы келбеті де ішкі жан дүниесінен де көрініп тұрады. Біздің Янерпода үлкен апат болғанының нақты дәлелі үйлер құлап, адамдар өлді, бірақ Янерпо халқы өте жігерлі, өзара жанашыр, батыл және позитивті. Өзімізді құтқару үшін барымызды салдық, біз бұған мойымаймыз!» Ауыл адамдары оның сөзінің жалғасын күтті, ол былай деп жалғады: "Демек, камераның алдында таза киіммен болуымыз керек! Жер сілкінісі бізді шаң топырақа көмді, бірнеше күн бойы жуынбадық, киімде ауыстырмадық. Көптеген отбасылардың ауыстыратын киімдері де жоқ. Үйінділерден табылған киімдер жыртылған не мүлде киуге келмейді. Бірақ біз амал тауып, үстіміздегі киімді тазартып қайта киеміз. Көпшілік оның не айтқысы келгенін түсінбей қалды, ол арықарай сөзін сабақтап: Бүгін түнде барлығымыз жуынамыз, сосын жақсы ұйықтауымыз керек. Біз бірнеше күннен бері ұйқы көрмедік. Осылай жалғаса берсе құрыштан соғылған дене болсада үзіліп түседі. Осы орайды мықты ұстап жақсылап ұйқтап алмасақ болмайды. Киімдерді шешіп осындағы қызметкерлерге беріңіздер олар жуады, еркектердің киімдерін таң атқанша сыртта жел қағып кебеді. Әйелдердің киімдерін киім кептіргішпен кептіріп, көп ұзамай қайтадан киюге береміз. «Менің шынымен жақсы ұйықтағым келеді». «Менің шынымен шомылғым келеді» деп жұрт мақұлдады. Түнде тас павильонының әр бөлмесінің есігінің сыртында шаң мен терге бөккен соры сыртына шыққан киімдер жатты, артынша шалпылдап жуылған киімнің дыбысы шықты, бұл судың дыбысы түн ортасына дейін созылып, даяшылар әбден әлекке түсті. Келесі күні сағат 10:07-де басшылар мен тележурналистер келді. Ең ауыр апат Юелияң шығанағы, Тухуаң жотасы, Шанзия және Саңшупиң деп жариалады, ол жерлерде бес адамнан қаза тапты. Янерпо да апаты ауыр болды. Әйтсе де, Янерполықтар таза киініп, жігерлері тасып тұр. Қираған үйдің алдында бір топ « жеңілмес темір адамдар» тұрды. Сол күні кеште провинциялық телеарна жаңалықтарында Янерпо туралы жаңалықты басты тақырыпқа қойып «жеңілмес темір адамдар» деп редактордың жазбасымен таратылды. Сун Лян барлық ауыл тұрғындарына тас павильонындағы жаңалықтарды көрсетті. Ол өзі бір бұрышта отыр, қиялы қиырды шарлап Цзяңнанға ұшып кетті. Әйелім бізді көрді ма екен? Менің Янерпода екенімді білеме? Ауыл тұрғындарының бәрі Сун Лянды мақтады, оған шексіз алғыс айтты. Алайда ол үшін бұл аса маңызды емес еді, оның бар ойы ана әйелінде, сол көрсе деп армандады. Басқалардың өзін мақтағанын шіркін сол естісе екен деп аңсады. Осылай өзінің, жалғызбасты қаңғыбас жанның енді көпшілікке қайта қосылғанын көргісі келді. Бұл адамдармен бірге ол қайғы мен қасірет бөлісті. Бұл ісі ассимиляция емес, интеграция. Ол шынымен енді ол өзін шырмаған жалғыздықтан құтылды. Ол іштей сол әйелге, осындағы барлық елге шын жүректен бақыт тіледі. Бірнеше күннен кейін телеарнадан көрсетілген сол жаңалыққа байланысты Янерпо тұрғындарының өздерінің шомылғандарына, таза киінгендеріне ренжіген сөздерін естіді. Сун Лян ол сөздердің бәрін бұрынғыдай ішіне жұтпады. Бұндай көзқарасты өзгертуге, ол мәселені шешуге болатынын сезеді. Қытай тілінен қазақ тіліне аударған Нұрхалық Абдырақын Автор туралы мәлімет: Луо Вэйчжаң – «Жүз жылғы аштық», «Өзен биі», «Күн астында», «Әлем  бір қалыпты», «Кім есік қағып тұр», «Шаң басқан дүние трилогиясы» және т.б. «Уақытты ашу» және «Жол бойындағы кітап» сәнуіндер мен эссе жинақтардың авторы, «Ляньшань хикаясы» және «Сячжуан ауылының жолы» атты фантастикалық романы бар. Оның шығармалары қытай романдарының рейтингісінде алдыңғы қатарда, жаһандық қытай романдары сериясына қосылған, «Заманауи» романының үздік бестігіне, «Таңдалған романдардың алтын тізімне», Азияның жақсы кітаптар тізіміне және «Asia Weekly» журналының әлемдегі ең жақсы он қытай кітабы қатарына енген жазушы. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_15111.txt
ЧИНШАНЛОҒА ТАЛАС. ЗҮЛФИЯ ЕЛГЕ ОРАЛЫП, ӨЗІ ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТТІҢ БАРЛЫҒЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
https://abai.kz/post/15111
"ЧИНШАНЛОҒА ТАЛАС. ЗҮЛФИЯ ЕЛГЕ ОРАЛЫП, ӨЗІ ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТТІҢ БАРЛЫҒЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ" | "https://abai.kz/post/15111"
01.11.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЧИНШАНЛОҒА ТАЛАС. ЗҮЛФИЯ ЕЛГЕ ОРАЛЫП, ӨЗІ ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТТІҢ БАРЛЫҒЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ URL: https://abai.kz/post/15111 META: "ЧИНШАНЛОҒА ТАЛАС. ЗҮЛФИЯ ЕЛГЕ ОРАЛЫП, ӨЗІ ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТТІҢ БАРЛЫҒЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ" | "https://abai.kz/post/15111" DATE: 01.11.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1198 TEXT: Д.ДҮЙСЕБАЙ Курсив.кz порталында Зүлфия мен Манезаға қатысты тағы да бір-екі кісәпір ақпарат болмағанда, осы мақала жазылар ма еді, жазылмас па еді. Сары құрлықтағы сары ұлт біздің осы қос жұлдызымызға көз тігуін қояр емес. Осындай құйтырқы тірліктерге қарап тұрып, «спорт саясат па, өнер ме?» деген сұрақ туады еріксіз. Бүкіл әлем жұртшылығы асыға күтетін олимпиалық ойындардың спортшылар бәсекесінен гөрі алпауыт мемлекеттердің өзара бәсекесіне ұқсайтыны несі? Осы ұлы қозғалыстың ұйымдастырушысы Пьер де Кубертеннің: «О, Спорт, сен бейбітшіліксің!», - деп жалаулатқаны қайда? Қанша саясатсыздандыруға тырыссақ та осы тіркестің өзінен саясаттың иісі аңқып тұрған жоқ па еді? Бейбітшілік пен соғыс деген ұғым бар жерде саясат та жүреді. Ендеше біз неге спортты жеке бөліп алып, саясаттан тыс қараймыз? Спорттың саясаттан бөлек еместігін бұрын да білетінбіз, әйткенмен де, Лондон Олимпиадасында бұл қатпар су бетіне қалқып шыға келді. Тіпті осы дүбірлі додадан кейін де талас-тартыс арта түспесе, кемімегенін көріп отырмыз. Д.ДҮЙСЕБАЙ Курсив.кz порталында Зүлфия мен Манезаға қатысты тағы да бір-екі кісәпір ақпарат болмағанда, осы мақала жазылар ма еді, жазылмас па еді. Сары құрлықтағы сары ұлт біздің осы қос жұлдызымызға көз тігуін қояр емес. Осындай құйтырқы тірліктерге қарап тұрып, «спорт саясат па, өнер ме?» деген сұрақ туады еріксіз. Бүкіл әлем жұртшылығы асыға күтетін олимпиалық ойындардың спортшылар бәсекесінен гөрі алпауыт мемлекеттердің өзара бәсекесіне ұқсайтыны несі? Осы ұлы қозғалыстың ұйымдастырушысы Пьер де Кубертеннің: «О, Спорт, сен бейбітшіліксің!», - деп жалаулатқаны қайда? Қанша саясатсыздандыруға тырыссақ та осы тіркестің өзінен саясаттың иісі аңқып тұрған жоқ па еді? Бейбітшілік пен соғыс деген ұғым бар жерде саясат та жүреді. Ендеше біз неге спортты жеке бөліп алып, саясаттан тыс қараймыз? Спорттың саясаттан бөлек еместігін бұрын да білетінбіз, әйткенмен де, Лондон Олимпиадасында бұл қатпар су бетіне қалқып шыға келді. Тіпті осы дүбірлі додадан кейін де талас-тартыс арта түспесе, кемімегенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде Тұманды Альбион додасы жөніндегі ой-пікір әр түрлі. Әсіресе, Қазақстанның осы бір байрақты бәсекедегі бұрын-соңды болмаған, бұрын-соңды қол жеткізе қоймаған қомақты көрсеткіштері ниеті түзу елдерді шынымен-ақ таңданды-рып отырса, пиғылы өзге ағайындардың өзегін өртеп-ақ тұр. Мына екі жақтан ентіге тыныс алып, қос иықтан қысып тұрған мәңгілік көршілеріміздің пікірі санаға сілкініс, жанымызға бұлқыныс әкелген сыңайда. Атам заманнан аралас-құралас отырып, қан-жынымыз араласып кеткен Ресейден бастайықшы. Осы елдің айқай-шуға аздап құмарлығы бар атышулы бір басылымы біздің демократиялық, зайырлы қоғамымызды, «қазақстандық ұлт» пен «қазақстандық патриотизмді» мақтай отырып, «Бейжіңде бар болғаны 2 алтынға әзер қол жеткізген қазақтар қалайша бірден шарықтап, 7 алтын алды? Бұл табыстың сыры неде?», - деп таңғалады, «қазақ «жыраулары» С.Подобедованың сойылын соғып, З.Чиншанло мен М.Манеза, О.Рыпакова туралы жырлай қалыпты. «Жалпы қазақтар «дайын асқа тік қасық» болып тұр. Алдымен Винокуров жасындай жарқ етті, сосын бірінен кейін бірі Чиншанло, Манеза, Подобедова жұлдыздай сап түзеді! Ильин екі әлем рекордын қоса жаңартты! Соңғы табыс Рыпакованың еншісінде... Қазақстандықтар осы саңлақтарының әр табысына мақтанышпен қарайды. Алайда жүлдегерлер арасында «титулды ұлттың» бірде-бір өкілі жоқ!», - дейді. Аймаңдай Ақжүрек қанжығаға қола байлап, үлбіретіп үкілеген Серігіміз олжа салмағанда, ұятқа әбден батқандай-ақ екенбіз де! Қолалы болған батырымыз бұрынғы ресейлік Олимпиада чемпионының жауырынын жерге қадап, алтын ұл жеңісті жолында тағы да ресейлік А.Замковойды тізе бүктіре жүріп, Олимпиаданың ең үздік боксшысы атанғаны «титулды ұлттың» шын мәнінде титулды екенін тағы да дәлелдемегенде қайтер едік? Біз Ресеймен салыстырғанда моноұлтты мемлекет болғанымызбен, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» тату ел екендігімізді қызғанатындар жетеді. Табысымыз да біреудің тамағына тығылған қылқан тәрізді көрінетіні де рас. Алайда біздің басқаша болуға қақымыз жоқ қой. Бір жерде тұрып, бір астаудың суын ішіп жүрген халықты бір-бірінен қалай бөліп аласың? Тағы да әлгі басылымның сөзіне жүгінелік: «Қазақстандықтар арасында өз ұлтының өкілі болмаса да, спортшыларының әр табысына балаша қуанады. Ал алтын медальдардың басым бөлігін түстік өңір тумаларының жеңіп алып жатқаны ресейліктердің де жатса түсінде, тұрса есінде жаңғырып, маза берер емес. Әлеуметтік желідегі ұлтшылдар арасында «Ресей дзюдошысы Галстянның медалі артық па, әлде қазақстандық Винокуровтың жүлдесі қымбат па?» деген пікірталаста бәрінің бүйрегі соңғысына бұрып тұр. Бірақ Саша «Ресей жасасын!» дей қоймас. Ильин жеңгенде ол «... бесінші алтын... құтты болсын! Алға, Қазақстан!», - деп құттықтағанын неге саюға болады? Өз жеңімпаздарының ұлттық құрамы Қазақстан азаматтарының көңілін көншітпейді деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Бәрі өздері, қазақстандықтар!». Автор «Біз қазақ көршілерімізден тек спорттық жетістікке қалай қол жеткізуге болатынын ғана емес, сөйлеу, ой айту мәдениетін де үйренсек жаман болмас еді», - деп түйіндепті әйтеуір. Оған да шүкір. Ресей сол. Қытайдың қиқаңы анау, бір айтқанын мың айтып, айылын жияр емес. Бұл екеуі құдайы көршілерміз ғой, Лондондағы табыстарымыз енді мұхит асып, АҚШ жанкүйерлерін елеңдете бастаған сыңайлы. News.kz-тің тілшісі Лондоннан кейін америкалық көрермендердің ықыласы қазақ киноларына қатты ауғанын айтады. Қайран спорттың құдіреті-ай дейсің мұндайда. «Біз андаймыз, біз мұндаймыз» деген мың құрғақ жарнамадан осы байрақты додадағы бір жеңіс әлдеқайда тиімді болып тұр-ау деп ойлайсың еріксіз. КСРО-ның өз ішінде де спорт лас саясаттың қаруына айналғанын біреу білсе, біреу білмейді. Шахматтан әлем чемпионы В.Корчной ішкі қысымға шыдамай мұхит асты кезінде. Ондайлар аз емес. Ұлы орыс шовинизмі талай спортшыларымызды іргелі жарыстардан шет қалдырған. Ал өзге елдердің құрамында қаншама спортшымыз жүлде алды. Соның бірі Ғ.Қосанов Римде Молдовияның атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Осы тұста «халықтар достығының» зертханасына айналған Кеңестер одағы еске түседі. Өзге ұлттың өкілі болғандықтан ба, одақта жүріп, талай табысқа жеткен Ә.Айханов, Ә.Нұрмаханов, А.Бұғыбаевтардың әлемдік жарыстарға баратын жолдары кесілді. Не үшін, қалай? Сұрақ көп, себеп жоқ. Бір білетініміз, өзге ұлттың өкілдеріне қақпа жабық еді. Мәскеу Олимпиадасына жарияланған бойкоттың арқасында ғана Үшкемпіровтің Олимпиада чемпионы болып, топ жаруына мүмкіндік туды. Қонақбаев өз қарсыластарының бәрін жапыра жеңіп жүріп, Еуропа, әлем және олимпиадалық бәсекелерге жолдама алды. Мойындатып барып қана. Сырттағылар әлі де сол көзқараста. Алғашында жалт етіп жарқырап Лондон көгінде бірінен соң бірі көк байрағымызды желбіретіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің жетістігі кім-кімге де оңай тиген жоқ. Алдымен алып айдаһар ашты аузын: «Біз Чиншанло мен Манезаны осы елден «жалға алыппыз». Сосын аталған Олимпиаданың бір уығын көтеріп кететін қазақтың қайратты ұлы Қанат Сіләмнің жолын бөгеді. Енді осы азамат келесі Олимпиадада өнер көрсете ме, жоқ па... обалы шығыстағы көршіміздің ұятында. Ал Винокуров, Ильин, Подобедова, Рыпаковалар алтыннан алқа тағып, биік тұғырда қазақтың Әнұранын жырлап тұрғанда, батыстағы көршіміздің талағы тарс айрылды. «Әттең осы азаматтар бізде болса, қоржынымыз ауырлай түсер ме еді, 16 миллион ғана халқы бар қазаққа бұл артықтау емес  пе?», - деген сұрқия ойдың жетегінде болғаны, анда-мында жарияланып жатқан санқилы ой-пікірлерден байқалып қалып жатты. Қойшы, той өткен соң, ондай-ондай айтыла береді. Десек те, «Сырт көз сыншы» деген, кейде өзіңе өзгелердің көзімен қарау керек шығар. Өзгенің өзі күншіл болса да, сөзі шыншыл кейде. Жамандап, көре алмай отырса да ақиқаттан аттай алмайды. Сонымен Қазақстанды осындай табысқа жетелеген қандай күш? Қазақстандық ұлт па? Әлде Қазақстандық патриотизм бе? Соңғысы шығар, сірә. Анау Винокуровты қараңыз, Ильинді қараңыз, «қазақ», «Қазақстан» деп жанып тұр. «Ресейге барып, өнер көрсетер ме едің?», - деп сұрап көріңізші! Олар қазақстандық қана емес, қазақ елінің азаматы, осында туған, осы ел үшін жанын беруге әзір. Әлгінде мысалға келтірілген газет те қызғаныш сезімін бекер білдіріп отырған жоқ. Қызғанатындай-ақ бар. Алтын алған алтаудың жаны да, тәні де «Қазақстан», - деп шырқырайды, ән салады, «Қазақстан» деп тамсанады. Біздің жеңіс - бүкіл еліміздің, бүкіл қазақ халқының жеңісі. Қазақстандықтардың жеңісі. Қытай БАҚ-тарының кеше ғана сол елге қысқа мерзімді демалысқа барған Зүлфия мен Майяны «Енді олар Қытайдың азаматы, қытайдың атынан сынға түседі!», - деп дабырайтқаны сол көреалмас деген иттің кесірі. «Ит үреді - керуен көшеді», қызғаныштың қызыл мысығы ішін тырнаған «ағайындар» айта берсін, бұл - тұтастықтың, бірліктің жеңісі. Сонау Кеңестің қылышынан қан тамып тұрғанда-ақ, қазақстандық спортшыларды «қазақтар» дейтін. Қазақ Туы астында өнер көрсеткеннің бәрі қазақтар, қазақстандық сайыпқырандар. Оларды ешкім ажырата алмайды енді. Қытай тұрмақ, қырсық келсе де. "Халық сөзі" газеті
qosymsha/abai.kz
post_173619.txt
Екі алыптың соғысы...
https://abai.kz/post/173619
"Екі алыптың соғысы..." | "https://abai.kz/post/173619"
14.09.2023
Бейсенғазы Ұлықбек
null
TITLE: Екі алыптың соғысы... URL: https://abai.kz/post/173619 META: "Екі алыптың соғысы..." | "https://abai.kz/post/173619" DATE: 14.09.2023 AUTHOR(s): Бейсенғазы Ұлықбек TOTAL WORDS: 983 TEXT: Өз уақытында Алтын Орда империясының аумағы, кәрі құрлықтың (Еуропа) Шығыс бөлігі және Азияның біраз жартысы, яғни айтқанда, Қара теңізден бастап, ежелден суы мол және жалпақ өзен Ертістің шалғынды алқабтарына дейін созылды. Орта Азиялық Әмір Темір жетекшілік еткен империя, Кіші Азиядағы, кезінде Дешті Қыпшақ даласынан барған Шыңғыс ханның немересі Құбағұл құрған империяны өзінің қарамағына алған соң, Еуразия кеңістігіндегі алпауыт Алтын Орда қағанатымен күші тепе-тең болған еді. Тағы бір айтарымыз, 1385 жылы Тоқтамыс хан Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіне жорық жасап, сол кезде гүлденген Табриз аумағын талқандап, Ахмет Жалайыр сұлтанның билігіндегі  ұлысқа кіретін Әзербайжан жерін өзінің құрамына қосып алды. Сөйтіп, Алтын Орда қағанаты күшейген үстіне күшейіп, алынбайтын қамалға айналғандай болды. Тоқтамыстың тұсындағы Алтын Орданың айтарлықтай жан-жақты күшейуі, Әмір Темір үшін қауыпті еді. Дамыған көптеген қалалық орталықтарды және диқандар маңдай терін төгіп еңбек еткен жазиралы егіс алқабтарын, сондай-ақ, ұлан-байтақ даладағы мал баққан көшпелі тайпаларды біріктіріп, уысында ұстаған Алтын Орда империясы, Азияның барлық мұсылман елдерін өзіне қаратқан, түп қазығы Мавераннахр атырабына орналасқан Әмір Темір мемлекетіне, оның алдағы шарықтап дамуына және көркейуіне шыныменде қауып төндірген еді. Екі империяның арасындағы алғашқы қақтығыс 1387 жылдың көктемінде Кавказдағы Дербент өткелінің маңайында  орын алды. Темірланның келісімге жіберген кішігірім отрядына Алтын Орда тарабынан күтпеген жерден шабыуыл жасалып, талқандала жаздады. Егер, Әмір армиясы қолбасшыларының бірі Мираншах үлкен әскермен жедел келмегенде, қырғын табары анық еді. Дегенмен, кішігірім бұл қақтығыс, екі ұлы империяның арасында араздық туғызып, соғыс өртін тұтататындай жағдайға әкелмеді. Сөйтіп, араға біраз жылдарға созылған тыныштық орнады. Кезінде Ақ Орданың ханы Орыстың жазасынан қашып келіп, Темірланды паналаған Тоқтамыс, кейіннен оның жәрдемімен Ақ Орданың тағына отырады. Сөйтіп, Алтын Орданың сол тұстағы иесі атанған және осы ұлы қағанаттың әскер қолбасшысы Мамаймен қатарынан бірнеше жыл соғысады. Бірақ, үлкен нәтижеге жете алмады. Қалай дегенмен де, тағдыр Тоқтамысқа жол ашқандай болды. 1380 жылы Алтын Орданың Күлік алқабындағы (Куликово поле) жеңілісін пайдаланып, уақыт өткізбей Тоқтамыс хан Мамайға оңтүстіктен ұрыс ашып, оның армиясын түбегейлі талқандайды. Осылайша, Еуразиялық империя Алтын Орданың тағына әупірімдеп қол жеткізеді. Өз уақытында көмегін беріп және  біраз жылдар қасына ертіп жүріп, қарамағына әскер бөліп, Мавераннахр мен Ақ Орданың шекаралық аймағындағы Отырар мен Сығанақ қаласын, сондай-ақ оның маңайын иелігіне ұсынып, асырап, сақтаған Әмір Темірге және оның құрған мемлекетіне уақыт өте келе жаулықпен қарай бастады. Арадағы осы біраз жылғы тыныштықты, алғашқы болып Тоқтамыс ханның өзі ысырып тастады. Оның ауық-ауық жіберген отрядтарының Әмір Темір мемлекетінің шекарасына ішкерлей еніп, шеткі қалалары мен елдімекендерін тонап, адамдарын құлдыққа айдап кетіп отырды. Бұған шыдамаған Әмір Темір, 1391 жылдың (қой жылы) қаңтар айының аяғына таман, екі жүз мыңдық қалың әскерімен Алтын Орда ұлысына қарай бағыт алды. Жолда Бетпақ даланы  және Сары су атырабын басып өтіп, Сарыарқа даласымен тоқтамай жүріп отырып, қар мен жаңбырға қарамай, үш ай дегенде Ертіске құятын Тобыл өзенінің жағасына жетті. Осы арада, біраз күнге әскеріне дамыл беріп, демалуына рұқсат етті. Қалай десекте, алыс сапарға шыққан олар, ауа-райының өзгере бастағанын сезінген еді. Араб саяхатшысы Ибн Баттутаның сөзімен айтқанда: « ... Они приближались к «Стране мрака» (Сибири)». Бүкіл жорық жолында ешкімді кездестірмеген Әмір Темір армиясы, үнемі алдарында жүретін барлаушыларының ұстап әкелген тұтқындарының айтуы бойынша, Тоқтамыс әскерінің өздерінен алыс емес екендігін ұғады. «Они шли еще одну неделю и достигли реки Самары. Затем пришли разведчики утверждая, что слышали крики вражеских войск. Вскоре посл е этого Мухаммад – Султан доставил пленника, одного из кипчакских воинов Токтамыса. Он рассказал, что в этом районе находится великое множество орд, но они бросили лагерь и отступили, услышав сообщения о приближении Тимура. Тимур приказал построить войска в боевой порядок, запретив кому – либо отлучаться от своих отрядов и зажигать ночью огонь. Весь день он наступал на звук барабанов и цимбал врагов ». Ұзамай екі империяның қалың сарбаздары қарама-қарсы келді. «Враг (Тоқтамыс әскері ) был также в обычном боевом порядке из трех частей с центрами и двумя флангами. Его солдаты были также великолепно вооружены и возглавлялись принцами ханской крови рода Джучи и эмирами самого высшего ранга. Наконец, две армии сошлись на расстоянии, когда могли разглядеть друг друга. Подняв знамена и штандарты, две огромные кипчакские армии забили в барабаны, закричали « Ур - рах» (Аруа қ ) и начали сражение под звуки огромных военных духовных труб ». Бұл ғаламат майданды араб саяхатшысы Ибн Баттута өзінің жазбаларында былай сипаттайды: « ...армии бросились друг на друга и шкура людей ощетинилась, покрытая оперением стрел и брови вождей и головы военачальников согнулись в увлечении войной и кинулись вперед и пыль была густой и стала черной, и вожди и простые солдаты одинаково погрузились в море крови...». Кезінде Шыңғыс хан армиясы мұхиттай керілген Қытайды бағындырғанда, немесе Алтын Орда қағанаты Поволжьелік  Булгар мен Кавказды, Русь пен Шығыс Еуропаны жаулағанда, дәп осындай ат үстіндегі қалың әскер қатысқан, кескілескен қанқасап соғыс бола қоймаған шығар. Қос империяның билікке тайталасқан және екі жақтың орасан зор күшпен қақтығысын, сол заманның жылнамашылары, саяхатшылары, сонымен қатар, осы тақырыпта қалам тартқан әлем ғалымдары мен жазушылары кереметтей қылып суреттейді. («Русь и Орда» Михаил Каратеев, «Бремя Власти» Дмитрий Балашов). Болып өткен соғыс Еділ өзенінің шығыс жағындағы Құндұз аймағында (Между Самарой и Чистополем) орын алды. Әмір Темір бұл соғыста әскерінің көпшілігін жоғалтқанымен, жорық жолдарында жинаған тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында әупірімдеп әрең жеңіске жетті. Тоқтамыс хан Алтын Орда әскерінің аман қалғандарын жеделдете жинап, кері шегініп кетті. Орта Азиялық барыстың қарамағына қарсы жақтың сансыз тұтқындары мен олардың әйел, балалары өтіп және Мавераннахр билеушісі үлкен әскери  олжаға ие болды. «По – видимому Тимур скорее стремился разрушить мощь Золотой Орды, чем организовать свои владения из этого государства. Он отдал территорию кипчаков в ленное владение принцев чингизского рода, которые, будучи врагами Токтамыса, вели постоянную борьбу с ним: Идеге (Едіге), Кутлук – оглану (внук Урусхана из Белой Орды) и Кунче – оглану. Этих принцев отправили с ярлыками, даровавшими им огромные привилегии в ответ на их покорность, с приказами собрать их подданных и привести обратно к Тимуру », - дейді өзінің еңбегінде Михаил Каратаев. Дегенмен, Алтын Орда империясы бұл жеңілісіне қарамай, әліде біраз жылдар Русь пен кәрі құрлықтың шығыс бөлігін уақытша болса да ұстап тұрды. Алтын Ордамен арадағы болған соғыстағы ірі жеңіс, Әмір Темірдің жиырма жылдық жорығындағы ең маңызды және түбегейлі жеңістерінің бірі деуге болады. Бейсенғазы Ұлықбек, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_142790.txt
Шавкат Мирзияев осы аптада Мәскеуге барады
https://abai.kz/post/142790
"Шавкат Мирзияев осы аптада Мәскеуге барады" | "https://abai.kz/post/142790"
15.11.2021
Abai.kz
null
TITLE: Шавкат Мирзияев осы аптада Мәскеуге барады URL: https://abai.kz/post/142790 META: "Шавкат Мирзияев осы аптада Мәскеуге барады" | "https://abai.kz/post/142790" DATE: 15.11.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 64 TEXT: Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осы аптада Мәскеуге ресми сапармен барады. Осылай деп "Россия 1" телеканалы хабарлады. "Ресейге Путинмен кездесу үшін Өзбекстан президенті келе жатыр. Бұл Шавкат Мирзияевтің таяуда ғана президент сайлауындағы жеңісінен кейінгі алғашқы сапары", - деп хабарлады "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасында. Кездесу барысында екі елдің президенті 30 құжатқа қол қояды деп күтіледі. Шавкат Мирзияев 11-12 қарашада Стамбұлда өткен Түркітілдес елдердің кеңесіне қатысқан. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_17018.txt
Бейсен Ахметұлы. Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды
https://abai.kz/post/17018
"Бейсен Ахметұлы. Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды" | "https://abai.kz/post/17018"
02.06.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Бейсен Ахметұлы. Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды URL: https://abai.kz/post/17018 META: "Бейсен Ахметұлы. Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды" | "https://abai.kz/post/17018" DATE: 02.06.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 846 TEXT: Қазақ билігі қорғануға көшті Саяси сахнасында бірінің қабағын бірі баққан тыныштық орнады. Қалай болмасын, биліктің алмасу кезеңі таяп қалды. Адамның күші жетпесе, Алланың құрығынан құтылмас. Әр жерде белең ала бастаған партия құру туралы сыбыстардың жүруі соның елесі. Алда бұл науқанның  қыза түсетіні даусыз. Биліктің майлы  жілігін мүжіп отырған кландардың текетіресі әзірше саябыр тартты. Тек бір-біріне түсіністікпен қарап, өзара алауздық пен күндестікті ҚОРҒАНУҒА алмастырып отыр. Біріншіден, тарихи шындықтың ашылуын кешіктіру арқылы соттан құтылу керек. Әрине, мемлекеттің жер байлығы мен кен байлығын түрлі сылтаулармен шетелдік байлардың жеке меншіктеріне өткізіп жіберді. Ал  өздері ұстап қалған арам байлықты қаншалықты заңдастыруға тырысқанымен «бір шикіліктің бары» барлығының түсіне кіретіні даусыз. Алда-жалда үкімет аунап түссе, бәрінің басына түсетін «заманақыр» ешкімді аямақ емес. Билктің бұрынғы халыққа шабуылдау үрдісін халықтан қорғану үрдісіне алмастыруы осы себептен болса керек. Қазақ билігі қорғануға көшті Саяси сахнасында бірінің қабағын бірі баққан тыныштық орнады. Қалай болмасын, биліктің алмасу кезеңі таяп қалды. Адамның күші жетпесе, Алланың құрығынан құтылмас. Әр жерде белең ала бастаған партия құру туралы сыбыстардың жүруі соның елесі. Алда бұл науқанның  қыза түсетіні даусыз. Биліктің майлы  жілігін мүжіп отырған кландардың текетіресі әзірше саябыр тартты. Тек бір-біріне түсіністікпен қарап, өзара алауздық пен күндестікті ҚОРҒАНУҒА алмастырып отыр. Біріншіден, тарихи шындықтың ашылуын кешіктіру арқылы соттан құтылу керек. Әрине, мемлекеттің жер байлығы мен кен байлығын түрлі сылтаулармен шетелдік байлардың жеке меншіктеріне өткізіп жіберді. Ал  өздері ұстап қалған арам байлықты қаншалықты заңдастыруға тырысқанымен «бір шикіліктің бары» барлығының түсіне кіретіні даусыз. Алда-жалда үкімет аунап түссе, бәрінің басына түсетін «заманақыр» ешкімді аямақ емес. Билктің бұрынғы халыққа шабуылдау үрдісін халықтан қорғану үрдісіне алмастыруы осы себептен болса керек. Нұрсұлтан Әбішұлының: «кез келгеніңді сотқа сүйреп апарамын» - деген сөзінен- ақ олардың басына қандай түнектің төніп тұрғанын көруге болады. Елбасы орнын алмастыра қалса, әне, соларды сотқа сүйреп, түрмеге тоғытатындар жетіп артылады. Әзірше Нұрсұлтанның көлеңкесі оларды бір аз сұмдықтардан сақтап тұр. Құдіреті күшті Алла Тағала: «не ішіп-жесең соны бетіңнен шығарамын» деген ғой. Ендеше, арамдық пен зұлымдықтан келген байлық пен билік кімді аясын. «Тіріде бірінің ақадал малын біреуге жегізбейтін» Алла-Тағаланың құрығы құтқармас. Кешегі Жаңаөзендегі қырғын, Арқанкерген оқиғасы – бәрі де сұмдығы мен сыры мол саяси бақталастық екенін жұрт аңыз етіп айтады.  Тіпті өз ішінен іріген кландардың «бірінің етін бірі жеуі» өршіп барады. Екіншіден, халықты рухани тозғындату арқылы құлдық санаға байлау. Бұл, әрине, құрғақ уәдеден тұратын халықтың ашу-ызасын әлсіретуден, той-думан мен түрлі жиналыстар арқылы назарын аударудан көрінеді. Бұл да өзін қорғап қалу үшін жасалатын алаяқтық саясаттар. Мемлекеттің білім саласын батыстық жүйеге бұруы – халықтың рухын өлтіріп, құлдық санаға мықтап байлаудың бір жолы тәрізді. Анау алып Қытай мен Шиаңгаңда(Ганконг) туындамаған тұрғын үй мәселесі қазақстандық жұрттың жүйкесін тоздырып, қанын қайнатты. Деседе билік құр уәдеден басқа нақты түк те істеген жоқ.  «Инвестор тартуды – шетелдің байларына ұлттық байлықты сатып жіберу» деп түсінетін  жабайы экономикалық саясат елді тығырыққа тіреді. Мемлекеттің ұлттық қордағы ақшасының түбі тесіліп, бюджеттің қоржыны қағылып бара жатқаны да жасырын емес.  Ал арам байлықтың буына семіргендердің күні таяған сайын дегібірі кеткен жанталас белең берді. Үшіншіден, жабайы экономикалық саясат арқылы ұлттық құндылықтарды таптату. Ақша мен билікке жетуді мақсат еткен қоғам топтарын қалыптастыру. Бұл ұрпақты азғындатудың төте жолы. Рухани құндылық пен береке-бірліктің онан да зор қаржы әкелетінін қоғам түсінуден қалып барады. Төртіншіден, дінни алауыздықтар мен секталардың әрекеттері арқылы халықтың күшін бөлшектеу. Бесіншіден, ұлтшылдық бағыттағы азаматтардың жолын кесу арқылы ұлттық көпшіліктің топтасып, күш алып кетуінен сақтану. Бұл салада қазірдің өзінде жұрт арасында аты атала бастаған азаматтардың аяғына тұсау салынды. Мысалы, Марат Тәжиннің халыққа бетбұрысына кедергі қойылып, Берік Әбдіғалиды орнынан алды. Бұл тізім әліде жалғасатын болады. Алтыншыдан, мемлекеттің шетелге қарызы 137 миллиард АҚШ долларынан асып кетті. Алда тағы қарыз алатыны  белгілі болды. Бұрынғыдан гөрі көз аясы кеңейіп, құлдықтың құрығынан құтылуға талпынған халықтың қазіргі беталсы – билікті тіксіндірді. Тіпті өздерін қорғаудың келісім-шартсыз жолына ымыраластырды. Қорғануға өтуге мәжбүрледі. Міне, бұл  биліктің алмасуы барысында маңызды рөл атқарады. Екінші билік – қуыршақ билік болады Билік алмасады.  Бұл дауасыз шындық. Пендешілік те, мүдде де солай істеуге жетелейді. Қазіргі елбасы да, оның маңайындағы кландар да өз жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасыру үшін осылай істеуді ең тиімді санайтыны белгілі. Алдымен қазіргі биліктің мүддесіне сай,  мұрагер билік келеді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан мырза өз мұрагерін әкеліп қояды. Біріншіден, бұл мұрагер – билікке мүдделі кландардан тыс адамнан болу мүмкіндігі зор. Екіншіден, шын мәнінде нақты әлсіз – қуыршақ үкімет – басқа кландар арасында әлсіздік танытатыны даусыз. Үшіншіден, ашынған халық – бұл мұрагерді қолдамайды. Осы себептен билікке мүдделі топтарды халықты өзіне айдап салуынан барынша қашып, түсіністік табуға тырысады. Бұл өте сәтсіз топқа өкілдік етеді. Бұл мұрагер билік – халықтың қолдауын ешқашан ала алмайды әрі билікке мүдделі топтардың өзара арандатуынан амалсыз күйге түседі. Ұзағанда 1.5-2 жыл ішінде құлайды. Нұрсұлтаннан қалған мұрагер биліктен соң, әрине, қиян-кескі халықтық сайлау болатыны белгілі. Әлбетте, халықтың қолдауын көбірек алған топтың бағы жанатыны билікке мүдделі топтың негізгі бағыттарына айналады. Осылайша билікке келген топ халықпен санасуға мәжбүр болады. Міне, бұл Қытай, Қырғыз сынды біраз елдердің басынан өткен тарих сынағы әрі шындыққа үйлесетін мүмкіндік. Осылайша 3 кезекті биліктің алмасуы ғана билік пен халықтың мүддесін тоғыстыра бастайды. Құлдық санадағы тәуелсіздіктің орнына тәуелсіз санадағы – қазақи санадағы тәуелсіздік оралады. Тәуелсіз қазақ елі алғашқы қадамда ілім мен білімді кіріктірген идеологиялық саясатты бастайды, тек сонда ғана тәуелсіздіктің тамырына нәр жүгіріп, жапырағы жайқала бастайды. Бұл тек саяси жорамал. Деседе Қазақстанның қазіргі жағдайы осыған келе жатыр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_146638.txt
Бейжің-2022: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?
https://abai.kz/post/146638
"Бейжің-2022: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?" | "https://abai.kz/post/146638"
03.02.2022
Abai.kz
null
TITLE: Бейжің-2022: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды? URL: https://abai.kz/post/146638 META: "Бейжің-2022: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?" | "https://abai.kz/post/146638" DATE: 03.02.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 142 TEXT: Ұлттық олимпиада комитеті Бейжіңде ел намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. Төрткүл дүние көз тігетін додаға Қазақстан атынан 34 спортшы қатысады. Шаңғымен жарысудан ел атынан екі ер адам және бес әйел адам сынға түседі. Фристайл-могулдан бақ сынайтын спортшылар бүгін жарыс жолына шығады. Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев Қазақстан намысын 10 ақпан күні қорғайды. Тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин слалом мен гигантты слаломда сынға түссе, әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая 9 ақпанда жарыс жолына шығады. Шаңғымен секіруден Сергей Ткаченко мен Данил Васильев Олимпиада жолдамасын иеленді, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаровқа сенім артамыз. Ол аталған спорт түрі бойынша Олимпиадаға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық ретінде тарихта қалмақ. Биатлоннан Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреевке жанкүйер боламыз. Конькимен жүгіру спортын 5 ақпанда тамашай аламыз. Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды. Олар да 5 ақпан күні бақ сынайды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_129854.txt
Қаулы шықты: Алматыда "Наурыз" тойланбайды
https://abai.kz/post/129854
"Қаулы шықты: Алматыда "Наурыз" тойланбайды" | "https://abai.kz/post/129854"
11.03.2021
Abai.kz
null
TITLE: Қаулы шықты: Алматыда "Наурыз" тойланбайды URL: https://abai.kz/post/129854 META: "Қаулы шықты: Алматыда "Наурыз" тойланбайды" | "https://abai.kz/post/129854" DATE: 11.03.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 92 TEXT: Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустың таралу қарқынының артуына сәйкес жаңа қаулы шығарды. Қаулы бойынша қалада "Наурыз" мерекесі тойланбайтын болды. Қаулыда "Наурызға" қатысты келесідей шешім шығарылған: – Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. – «Наурызды» және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматы қаласына кіруін (қозғалысын) тоқтата тұру керек. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_61654.txt
Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартты
https://abai.kz/post/61654
"Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартты" | "https://abai.kz/post/61654"
10.11.2017
Abai.kz
null
TITLE: Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартты URL: https://abai.kz/post/61654 META: "Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартты" | "https://abai.kz/post/61654" DATE: 10.11.2017 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 101 TEXT: Қырғызстан парламенті үшінші оқылымда Қазақстанның 100 млн доллар көмек көрсету жөніндегі келісімнің күшін жойды. Былтыр желтоқсан айының аяғында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қырғызстан мен Қазақстан үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келген. Бұл келісімді биыл шілде айында Қазақстан парламенті бекіткен. 24 қазанда Қазақстанның СІМ ресми Бішкектен жоғарыдағы келісімнің күшін жоятыны жөнінде хат алғанын мәлімдеді. Бұл келісімге сәйкес Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек көрсетеді. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның көмегіне қызығушылық білдірмейтінін мәлімдеген. 10 қазаннан бастап Қазақстан Қырғызстанмен шекараны күшейтті. Мұны ресми Астана контрабандамен күрес жүргізіп жатқанымен түсіндірді. Ал Бішкек болса, мұны "қолдан жасап отыр" деп біледі. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_2513.txt
mrs
https://abai.kz/post/2513
"mrs" | "https://abai.kz/post/2513"
08.12.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: mrs URL: https://abai.kz/post/2513 META: "mrs" | "https://abai.kz/post/2513" DATE: 08.12.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 0 TEXT:
qosymsha/abai.kz
post_50090.txt
БОЛАТХАН-БОЛМЫС
https://abai.kz/post/50090
"БОЛАТХАН-БОЛМЫС" | "https://abai.kz/post/50090"
21.02.2015
Администратор
null
TITLE: БОЛАТХАН-БОЛМЫС URL: https://abai.kz/post/50090 META: "БОЛАТХАН-БОЛМЫС" | "https://abai.kz/post/50090" DATE: 21.02.2015 AUTHOR(s): Администратор TOTAL WORDS: 815 TEXT: Қоғам қайраткері, дипломат Болатхан Тайжан мырзаның өнегелі өмір жолына қараған сайын Баянауыл көзімізге елестейді. Бауырынан талай марғасқаларды түлеткен қасиетті өлке өзінің маңғаз ұлын жастайынан ұлттық рухты ту етуге тәрбиелегендей көрінеді. Егер адалдық деген не десеңіз, өзіңіздің қарақан басыңызды ұлт мүддесінен жоғары қоймау деп қысқаша тұжыруға болар. Болатхан Тайжан - дәл осы адалдық туын құлатпай өткен шын қайраткердің бірі. Қайраткердің өмір жолы тек күреспен, ішкі рухани һәм сыртқы саяси тығырықтарға өзіндік жауап іздеумен өтті. Ол - Мәскеуде оқып жүріп «Жас тұлпар» ұйымын құрғандардың бірі. Бұл ұйым ұлттық болмысты, тарихты, өткен шуақты кезеңі мен қасіретті жылдарын білуге ұмтылған, бостандық пен ұлттық теңдікті ту еткен қазақ жастарының ортасы болды. Мәскеуде құрылған осы ұйымның айналасына кілең жас интеллигенттер топтасып, кеңестік тепкінің күшімен қалғып кеткен қазақ рухын оятуға бар күштерін салды. Сол топтың ішіндегі ең белсендісі әрі табандысы – Болатхан Тайжан болғанын бірге жүрген, сол ұйымды құрған азаматтардың бәрі мойындайды. Осы Мәскеуде жүріп ол өзінің туған тілі – ана тілін аз уақыт ішінде меңгерген намысты жастың бірі. Қазақ басылымдарын үзбей оқып, туған тарихының сан қатпар тұңғиығымен танысты. Оған бұл ұлтшылдық қанмен келген, әке тәрбиесімен дарыған деуге болады. Өзі бір сұхбатында: «Мен алтыншы класта КСРО тарихын оқудан бас тарттым. Мұғалімдерге: «Неге орыстан басқа ұлттың тарихы жарты беттен аспайды? Басқа ұлттардың тарихы неге тым аз? Біздің төл тарихымыз туралы мағлұмат неге жоқ?» деген сұрақ қоятынмын», – депті. Демек, «Жас тұлпар» ұйымына белсене қатысқан болашақ қайраткер сонау бала шағының өзінде қиянаттар мен теңсіздікке төзбейтін өжет болғаны білінеді. Тағы бір еңбегінде қазақ тілін үйрену үшін өздігінен орысша-қазақша сөздікті жата-жастана оқып, туған тілін білмегені үшін іштей өзін қатты жазғырғаны жайында да айтады. Мұндай намысқойлық барша қазаққа тән қасиет болса, бүгінгі халіміз басқаша болатыны анық еді. Ол саналы өмірінде негізінен дипломатиялық қызметті атқарды. Студент кезінің өзінде шетелді шарлап, араб әлеміне аудармашы болып барған жас маман бірте-бірте біліктілігімен көзге түсті. Кеңес кезінде Йемендегі бас консул болған ол - қазақтан алып империяның атынан елші болған санаулы тұлғалардың бірі. Тәуелсіздік алған жылдары Сыртқы экономика министрінің орынбасары, одан кейін Египет, Марокко, Тунис, Алжир, Иордания, Сирия, Ливия елдеріндегі Төтенше және өкілетті елші, бұдан соң Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елші қызметтерін атқарды. Біз өмір дерегіне қысқаша ғана тоқталғанымызбен, Болатқан Құлжанұлының атқарған істері ұшан-теңіз. Тәуелсіздіктің алғашқы таңы атқанда сыртқы байланысқа барынша ықпал етуге тырысып, күн-түн демей еңбек еткен оның қазақ елінің қалыптасуына қосқан үлесі зор. Әсіресе, қазақтың ерен байлығы өзгенің қолында кетпеуін қадағалап, өзгенің ығына жығылған, өзгені байытуға бағдарланған талай келісімдерге қол қоймай, қазақтың мүддесін қасқая қорғады. Министрдің орынбасары ретінде оның қолынсыз ешқандай құжат қабылданбайтын еді. Шетелдік алпауыттар мұнайдан түсетін пайданың 80 пайызын өздеріне, тек 20 пайызын Қазақстанға қалдырғысы келетінін айтқанда, Болатхан Тайжан оларға, керісінше, талап қойғанын жұрттың бірі білсе, екіншісі білмейді. Сонда ол: «Керісінше, сендерге пайданың 20 пайызы, қазаққа 80 пайызы қалуы керек» деп қатаң шарт қойып және сол шартынан айнымаған. Қайраткердің бұл ұсынысына келіспеген шетелдік алпауыттар белгілі адамдарға ықпал етіп, оны Египетке елшілікке аттандырады. Содан кейін барып алып мұнай компаниялары қазақ жеріне емін-еркін аттайды. Егер сол жылдары келісім дәл Болатхан Тайжан ойлағандай жүзеге асатын болса, онда қазақтың қара алтыны, қазба байлығы бүгінгідей талан-таражға түспеген болар еді. Әлі күнге дейін шетелдік алпауыт компаниялар қазақ байлығын өз білгендерінше пайдаланып, қазаққа қаспағын жалатып отырғанын жұртшылық жақсы біледі. Демек, сол кезден бастап билік басында қазақ мүддесін қорғайтын, ұлт мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын азаматтардың азайғанын, тіпті Тайжандай ерлік көрсетер тегеурінді ешкімнің қалмағанын байқайсыз. Бұдан кейінгі қызмет жолы жоғарыда айтқанымыздай дипломатиялық салаға арналды. Қай елде Бас елші болса да, ол  Қазақ елінің мүддесі тұрғысынан жұмыс істеді. Сол жылдары барлық келісімдер мен қажетті құжаттарды тек қана қазақ тілінде жүргізетін бірден-бір елші болғанын әріптестері ешуақыт ұмытпайды. Тіпті, мемлекеттік құпияны елімізге орыс елшілігі арқылы жөнелту керектігін еш түсінбей, мұндай елде қандай құпиялық болады деп таңданған әрі сол шеңберді бұзуға күш салған тұлғаның бірі де бірегейі осы – Болатхан мырза. Елшілік қызметтен елге оралған соң түрлі қоғамдық қызметтер атқарды. Әр ісінде жанымен, жүрегімен сөйлейтін, қазақ тағдыры үшін қамығып, қайтсек ел боламыз деген сұраққа толғамды, байламды ойларын айтатын батыл бейнесі жұрт жадында. Әсіресе, оның қабырғасына қазақ тілінің мәселесі қатты бататын. Өз тілімізді төрге оздырмайынша, қазақ тілін ғылым мен білім, технология мен техника тіліне айналдырмайынша, басқа жұрттан оза алмаймыз дегенді жиі айтушы еді. Телеарнадағы бір бағдарламада: «Егер Президент Нұрсұлтан Назарбаев таңертең тек қана қазақша сөйлесе, онда барлық министр түстен кейін қазақша сайрап кетер еді», – дегені есімізде. Дипломатиялық қызметте жүріп, Тәуелсіз елдің сыртқы байланысын нығайтуға ерен еңбек еткен ол Ислам әлемі мен Қазақстанның қарым-қатынасын күшейтуге аса мән берді. Ол жылдары еліміздің өркендеуіне араб әлемінен едәуір қаржы тартылғаны баршаға мәлім. Бүгінгі күн үшін аз сияқты көрінгенімен, 90-жылдар үшін бұл көп ақша еді. Әсіресе, сол шақта аса қажетті қаржы көзі мұсылман елдерінен бізге жетті. Мұнан сырт, Ислам әлемінен жырақтап кеткен қазақ қоғамын өткен тарихымыздағы шуақты дәуірлермен таныстыруға да мұрындық болды. Ол өзінің тағы бір сұхбатында: «Мен өз мүддемді ойласам, шалқып, байып өмір сүрер едім. Оған мүмкіндігім көп болды. Бірақ уақыт алдында, ұрпақ алдында жүзіме қара күйе жаққым келмеді», – депті. «Жүзі жарық» деп осы Болатхандай тұлғаларды айтса керек. Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ. Абай. kz Дереккөз: www.dalanews.kz
qosymsha/abai.kz
post_9893.txt
Қазақстанда мұнай тасып бара жатқан көлік аударылды
https://abai.kz/post/9893
"Қазақстанда мұнай тасып бара жатқан көлік аударылды" | "https://abai.kz/post/9893"
07.08.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қазақстанда мұнай тасып бара жатқан көлік аударылды URL: https://abai.kz/post/9893 META: "Қазақстанда мұнай тасып бара жатқан көлік аударылды" | "https://abai.kz/post/9893" DATE: 07.08.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 102 TEXT: Бүгін таңертең Қазақстанның оңтүстігінде 30 тонна мұнай тасып бара жатқан көлік аударылып, мұнай 270 текше метрдей жерге дейін төгілді. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады деп РИА новости агенттігі хабарлаған. Көлік апаты Қызылорда-Жезқазған тасжолында болған. Көліктегі мұнайдың бәрі далаға ағып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр. azattyq.org Бүгін таңертең Қазақстанның оңтүстігінде 30 тонна мұнай тасып бара жатқан көлік аударылып, мұнай 270 текше метрдей жерге дейін төгілді. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады деп РИА новости агенттігі хабарлаған. Көлік апаты Қызылорда-Жезқазған тасжолында болған. Көліктегі мұнайдың бәрі далаға ағып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр. azattyq.org
qosymsha/abai.kz
post_145941.txt
Перуашев олигархтар ұрлаған ақшаның көлемін жариялады
https://abai.kz/post/145941
"Перуашев олигархтар ұрлаған ақшаның көлемін жариялады" | "https://abai.kz/post/145941"
20.01.2022
Abai.kz
null
TITLE: Перуашев олигархтар ұрлаған ақшаның көлемін жариялады URL: https://abai.kz/post/145941 META: "Перуашев олигархтар ұрлаған ақшаның көлемін жариялады" | "https://abai.kz/post/145941" DATE: 20.01.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 318 TEXT: Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы президенттің "олигархтар халықпен бөлісуі керек" деген бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. "Деолигархизация Қазақстандағы саясаттың бір бөлігіне айналуы керек. Бірақ шағын бизнеске салықтық қысым жасау арқылы олигархтарды іздеудің қажеті жоқ, құрметті салықшылар! Ол адамдар бюджеттен ештеңе ұрлаған жоқ. Офшорда жеке ұшақ пен яхтаны тығып отырған жоқ. Мыңдаған кәсіпкердің басын қатырып, халықтың банк картасымен аударатын тиын-тебенді бақылаудың орнына миллиардап ақша ұрлайтындармен айналысқан дұрыс", - деді депутат Азат Перуашев мәжілістің жалпы отырысында. Оның ойынша, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын бизнеске кассалық салық салудан бас тарту қажет. Қосарланған құн салығының шегін төмендетуді де тоқтатқан жөн. "Соның бәрін кәдімгі патентпен алмастыру қажет. Ондайда салық органдары бір жылда төленетін салықты анықтайды. Ал кәсіпкер ол патентті сатып алады, болды, оған ешкім тиіспейді. Тексеріс жасап, басын қатырмайды. Кассалық есепшоттарды Ashyq-пен салыстырмайды. Мейлі, 5-500 теңгеге артық пайда тапсын, онда тұрған ештеңе жоқ. Есесіне миллиондаған адам ешбір кедергісіз және бюрократиясыз өз ісін аша алады. Міне, кедейшілікті осылай азайтуға болады", - деп атап көрсетті Перуашев. Депутат ұсақ және шағын бизнесті патентке ауыстыру арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылады деп санайды. Тіпті, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жасалмаған жұмысты тындыруға болады. Мәжіліс депутаты айыппұлды адамның жеке табысына қарай белгілеуді ұсынды. "Ол бағдарламаларға миллиардтаған ақша бөлінген. Бірақ басым бөлігі ұрланып тұрған. Бизнесті патентке ауыстырса, салықшылардың қолы босайды. Олар нақты жемқорлар мен олигархтарды ұстап, ұрланған ақшаны қайтаруға тиіс. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ол ақшаның көлемі 160 миллиард долларды құрайды және Қазақстанның бір жылдық ішкі жалпы өніміне тең. Міне, бюджет кірістерінің резерві сонда жатыр. Үкімет пен фискалдар сол жерде өз табандылығын танытуы шарт", - деді Перуашев. Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, соңғы кезде салық салу саласында әділетсіздік анық байқалады. Кәсіпкерлерден қажетсіз қағаздарды талап етеді, есепшотты бұғаттайды. Ақыр соңында табысты бизнесті банкротқа ұшыратады. "Банк карталарынан жасалатын төлемдер де қатаң бақылауға алынды. Ал қосарланған құн салығының шегін төмендеткеннен кейін инфляциялық процестердің салдарынан ұсақ бизнеске, тіпті, көшеде шөп-шалам сататындарға да салық төлеуге тура келеді. Демек, іс жүзінде бизнеспен айналысу тиімсіз және қауіпті болады", - деді Перуашев. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_45941.txt
"ЕУРАЗИЯ" АРНАСЫ РЕСЕЙЛІК БЛОГЕРДІҢ ӘЖАУСЫНА АЙНАЛДЫ
https://abai.kz/post/45941
""ЕУРАЗИЯ" АРНАСЫ РЕСЕЙЛІК БЛОГЕРДІҢ ӘЖАУСЫНА АЙНАЛДЫ" | "https://abai.kz/post/45941"
04.08.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: "ЕУРАЗИЯ" АРНАСЫ РЕСЕЙЛІК БЛОГЕРДІҢ ӘЖАУСЫНА АЙНАЛДЫ URL: https://abai.kz/post/45941 META: ""ЕУРАЗИЯ" АРНАСЫ РЕСЕЙЛІК БЛОГЕРДІҢ ӘЖАУСЫНА АЙНАЛДЫ" | "https://abai.kz/post/45941" DATE: 04.08.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 106 TEXT: Ресейлік танымал блогер Дмитрий Иванов сәуірдегі толқулар туралы ресейлік "Еуразия" арнасының сенсациялық сюжетін әжуалаған бейне жазба жариялады. Әлеуметтік желіде " Kamikadzedead " деген атпен танымал блогер Қазақстандағы арнаның "жаптым жала, жақтым күйе" сюжетіне қатысты талдау жасапты. Бейне жазбада автор "Адамдардың миларын улауда кімдердің тәсілі күшті? Ресейдің бе, әлде Қазақстанның ба?",-деп сұрайды. Естеріңізде болса, ресейлік "Еуразия" арнасы сәуірде Атырау қаласында болған бейбіт митингтен кейін әлдебір "бесінші колонна басшылары алаңға шыққан азаматтарға 100 АҚШ долларынан үлестірді" деп айыптаған-тын. Ресейлік арнаның айыптауынан кейін қазақстандықтар арасында "Еуразия" арнасы мен оның жүргізушілері А.Шаукентаева мен Р.Смықовқа қарсы наразылық артқан. Тіпті белсенділер "Еуразия" арнасы мен оның жүргізушілерін сотқа берген еді. Нұрзат Тоғжан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_38754.txt
Сол алғашқы материалым ыстық
https://abai.kz/post/38754
"Сол алғашқы материалым ыстық" | "https://abai.kz/post/38754"
27.06.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Сол алғашқы материалым ыстық URL: https://abai.kz/post/38754 META: "Сол алғашқы материалым ыстық" | "https://abai.kz/post/38754" DATE: 27.06.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 290 TEXT: 1997 жылы бірінші курсты бітіріп, "Жас Алашқа" практикаға бардық. "Құласаң нардан құла" деп, бірден республикалық газетке тартыппыз...  Жанымда Байдалиева Гүлнара деген курстасым бар. Біз барғанда газеттің бас редакторы Төрехан Данияр екен де, орынбасары Қасым Әзімхан екен. Артынша Нұртөре аға келді. Дәурен Қуат, Роза Қараева, Талғат Ешенұлы, Абылай Сабдалин, Ғалымжан Мелдеш, Гүлнәр Жұмабайқызы, Сәлима Ысқақова, Гулзат Нұрмолдақызы, Айгүл Халықова сияқты журналистер істейді ол кезде. Жолдасбек Дуанабайдан тапсырма алып, бір батон нан мен бір "Фантаны" сатып алып, екеуміз алдымен тамақтанып алу үшін Горький паркіне бардық. Көк шөптің үстіне отыра қалып, батонды соғып алып, "Сайранға" тарттық. "Сайранға бар да сайранда" деген тақырыппен ең алғашқы ақпаратым 1997 жылдың дәл 28 маусымында жарық көргенін ешқашан ұмытпайтын шығармын. Тура сол күнгі газеттің төбесінде "Төртінші билік, төрге шық!" деген шапка болғаны да есімде. Содан кейін төрт жыл қатарынан "Жас Алаштан" тәжірибеден өттік, Роза апай, Сәкен аға, Дәурен ағалардың тапсырмасымен жыл бойына да материал жазып жүрдік, одан кейін осы газетте жұмыс істеп, үлкен мектептен өту бақыты да бұйырды. Талай мақаламыз шықты. Бірақ, сол алғашқы материалым ыстық! Кәсіби мереке қарсаңында "жасөркендік", "жасалаштық", "түркістандық" барша әріптестерімді құттықтап, дендеріне саулық, үй-іштеріне амандық тілегім келеді. Журналистиканың арқасында дос-құрбы таптым, аға-әпке таптым. Ел көрдім, жер көрдім. Ең алғаш 17 жасымда журналист ретінде (студент ретінде емес) үлкен сенім артқан Кәкен Хамзин ағайыма алғысым шексіз! Ерінбей шимай-шатпағымызды қарап, жөн сілтеген, жол көрсеткен Роза апайым мен Сәкен Сыбанбай, Дәурен Қуат ағайларыма да алғыс айтамын. Әр кездері тәжірибемнің жоқтығына қарамай, сенім артқан Нұртөре Жүсіп, Шәмшидин Паттеев, Жүсіпбек Қорғасбек, Дәурен Әбдіхамитов, Мереке Құлкенов сияқты азаматтарға ризашылығым зор. Сондай-ақ, үнемі қолдау білдіріп жүретін, қиын күндері тек моральдық жағынан емес, материалдық жағынан да көмегін аямаған Сейітқазы Матаевқа алғысым зор. Жалпы, алғыс айтатын адамым көп екен. Баршаңызды  кәсіби мерекемен құттықтаймын, достар! Бар болайық, аман болайық! (Жұлдыз Әбділданың www.facebook.com жеке парақшасынан алынды)
qosymsha/abai.kz
post_47345.txt
Көшеге жарықшам орнатылды
https://abai.kz/post/47345
"Көшеге жарықшам орнатылды" | "https://abai.kz/post/47345"
13.12.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Көшеге жарықшам орнатылды URL: https://abai.kz/post/47345 META: "Көшеге жарықшам орнатылды" | "https://abai.kz/post/47345" DATE: 13.12.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 169 TEXT: Мемлекет басшысы әлемнің дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін «100 нақты» қадам Ұлт жоспарын белгілеген болатын. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды. Осы реформаның 94-ші қадамының аясында республика көлемінде «Ашық үкімет» жобасы енгізілді. Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды. Елбасының тапсырмасына орай ОҚО-да жүзеге асырылып келе жатқан "ашық әкімдік" жобасы аясында тұрғындар басшыларға өз сауалдарын көптеп жолдауда. Сондай сауалдардың бірінде  Қабанбай батыр даңғылы, №13 үйдің төрайымы Ләззат Лесова  №13 үйдің ауласына түнгі жарықшам және үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнатып беруді сұраныпты. Төрайымның өтініші бойынша жұмыс жасаған мамандар аулаға түнгі жарықшам орнатты. Ал  тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама жасалыныпты. Тұрғынның бұл өтініші де жерде қалмайтын көрінеді. Мамандар әрбір азамат "Ашық әкімдіктің" қызметін пайдаланып, өз сауалдарын ашық жолдауға болатынын хабарлайды. Абай ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_123506.txt
Ақмола облысында карантин күшейтіледі
https://abai.kz/post/123506
"Ақмола облысында карантин күшейтіледі" | "https://abai.kz/post/123506"
04.11.2020
Abai.kz
null
TITLE: Ақмола облысында карантин күшейтіледі URL: https://abai.kz/post/123506 META: "Ақмола облысында карантин күшейтіледі" | "https://abai.kz/post/123506" DATE: 04.11.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 158 TEXT: Ақмола облысында коронавирус таралуының алдын алу мақсатында 7 қарашадан бастап шектеу шаралары күшейтіледі. Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 3 қарашадағы №136 қаулысына сәйкес өңірде эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қосымша карантин шектеулері енгізіледі. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, соңғы екі аптада науқастар саны Ақмола облысы бойынша 2,2 есеге және Көкшетау қаласы бойынша 3,5 есе өскен. Осыған байланысты облыстың елді мекендерінің аумағында 21:00-ден 6:00-ге дейінгі уақытта тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу енгізіледі. Музейлердің, кітапханалардың, театрлардың, кинотеатрлардың, діни нысандардың қызметі тоқтатылады. Азық-түлік дүкендерінің, қоғамдық тамақтану нысандарының, такси және қоғамдық көлік қызметтерінің жұмыс режиміне шектеулер енгізіледі. Сұлулық салондары, шаштараздар, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, фитнес-орталықтар, тренажер залдары, Спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер санитариялық нормаларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Жексенбі күндері олардың жұмысы тоқтатылады. Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 3805-ке жеткен. Оның 1659-ы симптомсыз. 77 адам қайтыс болған. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 741-ге жетті. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_16228.txt
Өміржан Әбдіхалықұлы. Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер
https://abai.kz/post/16228
"Өміржан Әбдіхалықұлы. Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер" | "https://abai.kz/post/16228"
01.03.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Өміржан Әбдіхалықұлы. Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер URL: https://abai.kz/post/16228 META: "Өміржан Әбдіхалықұлы. Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер" | "https://abai.kz/post/16228" DATE: 01.03.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 832 TEXT: Бұл - осыдан екі күн бұрын болған жай - Сейдуманов мәжіліске кетті деген күні түнде Алматыда қылаулап қар жауды. Ертесінде күн шайдай ашылды. Алматының аспаны кеңіп сала берді. Серік кетісімен жадырап сала бергенін көріп, Есімов кетсе, бұл қалада мүлдем қыс болмайтын шығар деп ойладық. Қарды қойшы, еріп таусылар, Секеңді айтсаңызшы, бағы жанып депутат атанды. Министрдің өзі мұражайдың директоры болып «құлап» жатқанда орынбасарлықтан мәжілістің төрінен бір-ақ шығу - әр шенеуніктің арманы. Мәжілісте -мемлекеттің үйінде тұрып, айына 600 мың теңге жалақы алып, парламенттің партасында жатып демалғанға не жетсін! Сейдуманов 7 жыл қала әкімінің орынбасары болыпты. Жеті жылда не болмады! 2006 жылы шілденің 14-і күні «Шаңырақ» оқиғасы болды. Өз шаңырақтарын қорғамақ болған азаматтар сотталып кете барды. Одан бері де талай жағдайлар болып жатты. Менің есімде Сейдуманов әртүрлі қоғамдық-саяси мәселелер мен жағдайларға конституциялық құқын пайдалана отырып, алаңға шыққан түрлі топтарды «залалсыздандыру» мақсатында соңынан полицейлерді шұбыртып алып жүретін кейпінде қалыпты. Қала атауын «Алма-Ата» деп өзгертейік деп алашапқын болатын да осы кісі. Міне, ақыры, депутат болып тынды. Секеңде де арман жоқ шығар... Жалпы, Серік Сейдуманов дейтін адамның мемлекеттік қызметте жүргеніне биыл - 21 жыл толыпты. Бұл - осыдан екі күн бұрын болған жай - Сейдуманов мәжіліске кетті деген күні түнде Алматыда қылаулап қар жауды. Ертесінде күн шайдай ашылды. Алматының аспаны кеңіп сала берді. Серік кетісімен жадырап сала бергенін көріп, Есімов кетсе, бұл қалада мүлдем қыс болмайтын шығар деп ойладық. Қарды қойшы, еріп таусылар, Секеңді айтсаңызшы, бағы жанып депутат атанды. Министрдің өзі мұражайдың директоры болып «құлап» жатқанда орынбасарлықтан мәжілістің төрінен бір-ақ шығу - әр шенеуніктің арманы. Мәжілісте -мемлекеттің үйінде тұрып, айына 600 мың теңге жалақы алып, парламенттің партасында жатып демалғанға не жетсін! Сейдуманов 7 жыл қала әкімінің орынбасары болыпты. Жеті жылда не болмады! 2006 жылы шілденің 14-і күні «Шаңырақ» оқиғасы болды. Өз шаңырақтарын қорғамақ болған азаматтар сотталып кете барды. Одан бері де талай жағдайлар болып жатты. Менің есімде Сейдуманов әртүрлі қоғамдық-саяси мәселелер мен жағдайларға конституциялық құқын пайдалана отырып, алаңға шыққан түрлі топтарды «залалсыздандыру» мақсатында соңынан полицейлерді шұбыртып алып жүретін кейпінде қалыпты. Қала атауын «Алма-Ата» деп өзгертейік деп алашапқын болатын да осы кісі. Міне, ақыры, депутат болып тынды. Секеңде де арман жоқ шығар... Жалпы, Серік Сейдуманов дейтін адамның мемлекеттік қызметте жүргеніне биыл - 21 жыл толыпты. 21 жыл демекші, Серік Алматыға қош айтып, Астанамен қауышып жатқан кезде Англияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің тұсында үкіметтің канцелярсын басқарған Жонатан Пауэлл Астанада бір топ шенеунікке дәріс оқып жатты. Ағылшын үкіметінде істеген жылдардағы тәжірбиесімен бөліскен Пауэлл мемлекеттік қызметте ұзақ «отырып қалған» шенеуіктер туралы мынандай бір мысал айтыпты: «Біз 1997 жылы үкіметке келген кезде ауылшаруашылығы саласын басқаратын лауазымды шенеунікті елде етек алған сиыр ауруына байланысты орнынан кетуін сұрадық. Алайда ол кетпеді. Сол кезде бізге: «Оны орнынан кетіру үшін қызметін өсіріңдер» деген кеңес берілді. Біз оның қызметін өсіріп, ауылшаруашылық саласынан кетірдік. Ал, кейін мүлдем мемлекеттік қызметтен кетіру үшін 1 миллион фунт бердік». Ал, Сейдуманов қала әкімінің орынбасары болып тұрған кездегі кейбір оқиғаларды жоғары да айттық. Бірақ, ол кезде Серіктің қызметі өспеп еді. Оған тіпті 1 миллион теңгені де ұсынғанын естімедік. Пауэлл айтпақшы, Сейдумановтың да «мемлекеттік қызметте ұза-а-а-а-а-қ» «отырып қалғаны» анық енді - 21 жыл! «Отырып қалған» тек Серік Тұрарұлы ғана емес. Қараңыз, Үкіметтің тұтас құрамы, Астана мен Алматы қалаларының қазіргі әкімдері - бәрі де тек ат ауыстырғандары болмаса, билікте жүргендеріне: Кәрім Мәсімов - 13 жыл Серік Ахметов - 15 жыл Қайрат Мәми - 20 жыл Нұртай Әбіқаев - 22 жыл Нұрлан Нығматулин - 18 жыл Мұхтар Құл-Мұхаммед - 14 жыл Қалмұханбет Қасымов - 16 жыл Бақытжан Жұмағұлов - 12 жыл Салидат Қайырбекова - 12 жыл Ерболат Досева - 15 жыл Нұрлан Қаппаров - 14 жыл Әділбек Жақсыбеков - 18 жыл Ерлан Ыдырысов - 21 жыл Асылжан Мамытбеков - 15 жыл Берік Имашев - 21 жыл Сауат Мыңбаев - 18 жыл Владимир Божко - 22 жыл Әсет Исекешев - 11 жыл Асқар Жұмағалиев - 12 жыл Серік Әбденов - 15 жыл Болат Жәмішев - 16 жыл Жанар Айтжанова - 10 жыл Бақытжан Сағынтаев - 15 жыл Иманғали Тасмағамбетов - 22 жыл Есімов - 22 жыл Сейдуманов -21 жыл Қуандық Тұрғанқұлов - 23 жыл Бір қызығы, тізімдегі шенеуніктердің бірлі-жарымы болмаса барлығы дерлік комсомол-коммунистер. Яғни, комсомол партия қызметінде жүріп «шыңдалған», компартияға адалдығын дәлелдеген жандар. Және бұлардың көбі Ресей астанасы Мәскеуде оқығандар. Тіпті, Владимир Божко КГБ-нің кәнігі қызметкері болып жүрген тұста Тәуелсіздік келіп, ол бірден ҰҚК-нің қызметкері болып шыға келген. Мұндай «ауытқулар» тізімдегілердің бәріне тән. Сөйтіп, Сейдуманов Тұрғанқұловтың (биліктің беймәлім) шешімімен (өйткені, сайлау комиссиясы сайлаушылармен санасуы тиіс қой) депутат атанды. Құдай жарылқасын! Серік және басқада тізімдегілердің барлығын галустуксіз көзге елестету қиын. Ал, мұндай адамдар туралы жұрттың түсінігін Бердібек Соқпақбаев «Жол үстінде» деген әңгімесінде баяғыда-а-а-а-қ айтып тастапты: «Мұндағы жұрттың ұғымында галстук тағу ол өкіметші болудың, комсомол болудың және бір нышан-белгісі тәрізді. Ескілік салт-санадан алшақтау, орыстану » . Р .S. Шенеуніктерді ұйытып дәріс оқып жүрген Пауэллдің бұрынғы бастығы Тони Блэр 2011 жылы Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған. Айлығы - 1 миллион, жылына - 12 миллион доллар. Жақсы қызмет тапқан Тонидың не кеңес беріп жүргені бір Құдайға аян. Пауэллден кейін Блэрдің өзі келіп: «Ұзақ «отырып қалған» мемлекеттік қызметкерлерден арылу керек. Әуелі өзіңізден бастап көрсеңіз қайтеді а?», деп жүрсе не бетімізді айттық. «Құдай сақтасын!»... Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_115371.txt
Нұр-Сұлтан көшелерін су басты
https://abai.kz/post/115371
"Нұр-Сұлтан көшелерін су басты" | "https://abai.kz/post/115371"
27.06.2020
Abai.kz
null
TITLE: Нұр-Сұлтан көшелерін су басты URL: https://abai.kz/post/115371 META: "Нұр-Сұлтан көшелерін су басты" | "https://abai.kz/post/115371" DATE: 27.06.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 114 TEXT: Елордада жаңбыр құйып тұр. Соның салдарынан қала көшелерін су басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Су басқан көшелердің суреттері де әлеуметтік желіде жетерлік. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған болатын. Жаңбыр ертеңге де ұласады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтиал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін күндізгі ауа температурасы 10-12 градус жылы. ;feature=emb_title Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_12270.txt
Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды
https://abai.kz/post/12270
"Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды" | "https://abai.kz/post/12270"
13.01.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды URL: https://abai.kz/post/12270 META: "Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды" | "https://abai.kz/post/12270" DATE: 13.01.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 255 TEXT: Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Саудабаев жұмада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрметті президенті, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлаудағы ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының басшысы Жоао Соарешті қабылдады. Қазақстан сайлауға халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуын құптайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Саудабаев жұмада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрметті президенті, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлаудағы ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының басшысы Жоао Соарешті қабылдады. Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ-ның, әсіресе Қазақстанның осы мәртебелі халықаралық ұйымға төрағалығы кезеңіндегі сындарлы және жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, Мемлекеттік хатшы Жоао Соарешке алдағы сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы жедел күшейтілген миссиясы үшін алғыс айтты. «Сайлау қарсаңында Қазақстан өзінің 20 жылдығын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуындағы, адамның басты құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде орасан жетістіктермен атап өтті.  Қазақстандық қоғамда, біздің мемлекетіміздің басшысы алдағы сайлауалды науқанды ашық, әділ және таза өткізуге үлкен мән береді. Кезектен тыс парламенттік сайлау тағы да еліміздің үдемелі демократиялық дамуының қайталанбас анық дәлелінің біріне айналады», - деп атап өтті Қ. Саудабаев. - Сондықтан да біз сайлауға халықаралық бақылаушылардың барынша кеңінен және белсенді қатысуларын құптаймыз, олардың жұмысы үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз. Өз кезегінде, алдағы сайлауға баға беруде олардың кәсіби біліктілігіне, әділдігі мен бейтараптылығына сенім артамыз». Осы күні Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Эльза Пападимитриуды, ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюросы миссиясының басшысы Миклош Харастиді, ТМД Атқару комитеті Төрағасының бірінші орынбасары, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі ТМД миссиясының басшысы Владимир Гаркунды қабылдады. АСТАНА, 13 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА . newskaz.kz
qosymsha/abai.kz
post_158435.txt
Мұхаң, Сәбең һәм Әрхам
https://abai.kz/post/158435
"Мұхаң, Сәбең һәм Әрхам" | "https://abai.kz/post/158435"
06.10.2022
Асан Омаров
null
TITLE: Мұхаң, Сәбең һәм Әрхам URL: https://abai.kz/post/158435 META: "Мұхаң, Сәбең һәм Әрхам" | "https://abai.kz/post/158435" DATE: 06.10.2022 AUTHOR(s): Асан Омаров TOTAL WORDS: 1554 TEXT: (өткен ғасырдың орта тұсында қалыптасқан ахуалға қатысты бірер сөз) Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Кеңес Одағында билік бір-ақ кісінің қолына түсті. Диктаторлық жүйенің дамуы шырқау шегіне жетті. Сталин ақ десе алғыс, қара десе қарғыс, болды, бітті. Қызыл империя көлеміндегі ахуал, әрине, осы жүйеге сәйкес қалыптасты. 1949 жылы қабылданған Мәскеудің «Космополитизм туралы» деген Қаулысы иялы қауым басына репрессияның қара бұлтын қайтадан үйірді. Осы айтылған ахуалдың тамшыдай мысалы қазақтың қос классик жазушы Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов (1900-1973) арасына жарықшақ түсуі. Төмендегі сөзіміз сол жайлы болмақ. Қазақ әдебиеті қос алыбының арасы 1950 жылдан беріде жақсы бола қоймады. Ал оған дейін ше? Әуелі осы алдыңғы кезеңге көз салайық. Екі жазушының таныс-білістігі 1933 жылға дейін сырттай ғана  бопты. Оның себептері баршылық. Мәселен, 1931 жылы Мұхаң қамауға алынып, прокурор 1932 жылы 20 сәуірде 3 жылға соттап, жазасын шартты түрде атқаруға кеседі. 22 мамырда Алматы түрмесінен босатылған-ды. Ұстараның жүзіндей қауіпті тұста жазушының отбасы Ленинград қаласына көшіп барып, пана іздеуге мәжбүр болған-ды. Сәбеңнің жұбайы Мәриям Қожахметқызы Мұхаң мен Сәбеңнің алғаш рет қандай жағдайда жақын танысқаны жайлы былай деп дерек береді: «1933 жылдың көктеміне қарай Сәбитке Мұхтар Ленинградтан «жанұямды көшіріп әкеле жатырмын» деп телеграмма берді. Қарсы алып, жатақханамызға қондырдық. Тамақ ішкеннен кейін Сәбит пен Мұхтар екеуі ас бөлмеге кіріп алып, түні бойы сөйлесті. Көз шырымын алдырмай, таңертең Алматыға шығарып салдық». Сәбиттанушы ғалым Тұрсынбек Кәкішев Сәбит пен Мұхтар арасындағы тату-тәтті қарым-қатынас талай жылға созылған дейді. Оған дәлелдер бар. Мұхаңның «Ескілік көлеңкесінде» атты сонау 20-жылдардағы әңгімелер жинағына жарық көру мүмкіндігі туғанда, оған 1935 жылы Сәбең редактор болып, қысқаша алғысөз жазады. Қол ұшын беру деген осы емес пе. Онан соң екі жазушы бірлесе отырып, Ақан сері туралы опера либереттосын жазады, аты «Ақан».  Алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күнінен» бастап «Мұхтар еуропалық мәдениет деңгейінде шығарма берді» дегенді айтқан да Сәбит Мұқанов еді дейді профессор Т. Кәкішев. Сондай-ақ, 1941 жылы «Абай жолы» романын қолжазбадан оқыған соң-ақ Сәбең: «О романе «Абай» я высокого мнения. Стоит на уровне романов настоящих мастеров прозы Европы» деп ақжарма пікірін білдіреді. Өз кезегінде Мұхаң да қарызды боп қалмаған. Мәселен, 1946 жылғы «Жолы кең жазушы» атты мақаласында: «Сәбиттің аты қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі. Оның аты бүкіл Одақ елінің оқушысына да мәлім» деп әріптесі шығармашылығына шынайы да әділ бағасын береді. Расында да, бұл кездерде Сәбеңнің «Сұлушаш», «Адасқандар», «Жұмбақ жалау» атты кітаптарын исі қазақ сүйсіне оқыды һәм олар өзге тілдерге аударылып жатты. Амал қанша, тату-тәтті қарым-қатынас 1950 жылдардың басында нілдей бұзыла бастаған. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, оған Мәскеудің «Космополитизм туралы» қаулысы себепкер болды. 1951 жылы маусым айында «Абайдың әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс» деп аталған мәжіліс өтті. Текетірес көкесі сонан басталған. Сол жолы С. Мұқанов доклад жасап, Мұхаң басына қара бұлтты үйіріп бақты. Құр сөз болмауы үшін көлемді баяндамадан бірер мысал. «Қайым Мұхаметхановтың биыл Алматы қаласында қорғаған «Абайдың әдебиеттік мектебі» деген диссертациясы қорғалғанда, –  дейді Сәбең, – оппоненттің бірі боп Әуезов жолдас оны мақтайды, ал «Абай шәкірттері» тізімінде халыққа жат элемент Тұрағұл да жүреді». Әбіш Жиреншиннің «Абайдың орыс достары» деген зерттеу еңбегіне де соқтығады Сәбең.  «Бұл диссертацияның да тең жартысы Әуезов атап жүрген «Абай шәкірттері» дегендерді мақтауға құрылған» деп бәле жабады («Әдебиет және искусство» журналы, 1951 жыл, № 7,  64-75 бб.). Бір сөзбен айтқанда, аталған мәжіліс «ғылыми» айтыс болмай,  Мұхтар Әуезовке соққы беруге бағытталды. Мәжіліс көздеген мақсатына жетті. Енді «Ақын аға» романының авторы Мұхтар Әуезов   Мәскеу қаласына барып, бас сауғалауға мәжбүр болды. Шәкірті Қайым аға халық жауы ретінде тұтқынға алынып, 25 жылға сотталды. Партияның қаһары доцент Әбіш Жиреншинді де айналып өтпеді. Ол Орталық мұражай директорлығынан босатылды, партиядан шығарылып, жер аударылды. Бақталастық дерті, яки қос жазушының бірін бірі қажауы мен мұқатуы жалғаса берді. Сәбең Мұхаң жайлы өсек сөздің шоғын дәйім үрлей берді, Мұхаң да қарап қалмай, Сәбеңнің осал тұстарын тауып, ащы тілмен аямай осып отырды (екі қаламгердің бірі - біріне кінә артқан  хаттары Тұрсын Жұртбайдың «Талқы» атты роман-эссесінде жарияланған). Саяси қыспақтан құтылу үшін Мұхаң 1953 жылдың 18 майында «Литературная газетаға» ақталып, «қателерін» мойындап «Ашық хат» жазды. Соған қарамастан сойылдың ұшы шығармашылығына тиді. «Абай жолы» эпопеясында Шәкерім бейнесін, өзге де кейіпкерлерді шынайы сомдауға жол жабылды. Мұхаң, әрине,  тығырықтан шығудың айла, амалын іздестірді.  Мәселен, қазақ кейіпкерлері түгіл, өзге ұлт өкілдері есімі де өзгертілді. Е.П. Михаэлис Михайлов, ал Н.Долгополов Павлов делінді дегендей. Тарихи нақтылықты бәрінен жоғары қоятын жазушыға бұл, әрине, ауыр жаза. Сол сияқты Абайдың досы болған атасы Әуездің эпопеяға мүлдем енбей қалғаны айта қаларлық өкініш. Жағдайды «Абай» романын даттаған мәскеулік А.Марченко дегеннің мақаласы да ауырлата түсті. Осы айтылғандар айтыс-тартыс зардабы  қымбатқа түскенін аңдауға жеткілікті сияқты. Өстіп Мұхаң мен Сәбең арасы суыды, оған Кремльдің идеологиялық ұстанымы басты себепкер. Осы пайымға дәлелдер алайық. Мұқановтың баяндамасы баспасөз бетінде жарияланған соң, «партиялық сын айту» деген кеңестік идеология талабына орай, С. Нұрышев пен М. Ғабдуллин де мақала жазып, М.Әуезовтің артына шырақ алып түскені бар. Сол қысылтаяңда Мұхаңа қарсы мақала жазғанның бірі – белгілі сөз зергері Ғабит Мүсірепов еді. Ол Мұхаңның «Хан кене» пьесасын сынап-мінеп, тізеге салды. Қаламгерлерді бір-біріне айдап салған мұндай мысалдар баршылық. Айтпақшы, Ғабең Әуезовті жерлеуге арналған қаралы жиында: «Өмір күнде ойын, күнде той емес. Аңдаусызда ренжіткен жеріміз болса кеш, Мұқа! Ат тұяғын тай басар деген сөз саған жүрмейді. Сенің орының ойсырап тұр...» деп қабырғасы қайыса сөйлеген екен. Жаңағы әділетсіз сыны есіне түсті ме, кім білсін... Классик тұлғалардың пенделік мінезі, онан да жаманы, сатқындығы туралы жас әдебиетшілер айтқанын естіп қаламыз кей-кейде. Бүйтіп «шындықты» бетке ұрып, «жаңалық» ашу орынды ма? Байыппен қарасақ, мәселе пендешілікте емес. Тағы бір айтайық, «Бақсам бақа екен» демекші, келіспеушіліктер төркіні 1949 жылғы зілді Қаулыға тіреледі. Қаулы кіші ұлттар мәдениетіне соққы беруді көздеген-ді. Панисламизм, пантюркизм дейтін тың тоқпақтар шықты. Екі жазушы арасындағы болар-болмас, қалжыңнан басталған жарықшақ шоғын қызыл идеология серкелері  өшіре салудың орнына, отқа май құюменен айналысты. Бұл – диктаторлық жүйенің қалауы еді. Тұтас халық бұрыннан қанаушы және қаналушы деген екі тапқа бөлініп келсе, енді ұлттық өркениетті (тіл, мәдениет, тарих, дін, салт-дәстүр, жер-су аттары)   өшіріп-сөндіруді мақсат етілді. Мінеки, жас қазақ әдебиеті өкілдерінің әуезовшілдер және мұқановшылдар деп екіге бөлінуі осы айтылған рухани-саяси ахуалмен өз түсінігін табады деген ойдамын. Сәбеңе қайтып оралайық. Ол өзі туралы: «Мен ол кезде (1925-1929 жылдар аралығы - А.О.) идеологиялық майданда «солақай» аталатын адамның бірі болатынмын» деп мойындаған адам. Мінін атап көрсеткен,  қысылмаған. Бірақ қатеден арыла алмаған. Неге?  Себебі, 1930 жылы Мәскеудегі Марр атындағы Тіл білімі институтында ізденуші, ал 1931-1935 жж. Мәскеудің Қызыл профессорлар институтында студент болған Сәбең санасы тап күресі идеясымен әбден уланған еді. Кедейшіл, сол кездің тілімен айтқанда, тапшыл болып қалыптасты. Мұхаңды «ұлтшыл», «байшыл», «қанаушы тап» өкілі деп түсінгені содан.  Мәселен, ол 1932 жылы жазылған «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген еңбегінің 418-бетінде былай дейді: «Байшыл жазушылардың ішінде байлар табының таптық кескінін оның кейіпкері арқылы көрсету ретінде Мұхтардан асқаны жоқ. Жазуға шеберлік жағынан пролетариат жазушыларына Мұхтардан үйренетін нәрсе көп. Мұхтардың байдың айқын кейіпкерін шығара білгеніндей, пролетариат жазушылары пролетариат кейіпкерін шығара білсе бұл үлкен олжа». Қарт Шәкәрімнің «Ардақты Сәбит бауырым» деп басталатын Сәбит Мұқановқа жолдаған хаты бар. 1931 жылдың 3 ақпанында елсіздегі Саят қорада жазған хатында «1930 жылдың желтоқсанында жазған хатыңызды жақында ғана алдым» дейді Шәкәрім. Демек, әуелі С.Мұқанов хат жазған. Не туралы жазды екен? Бәлкім, Шәкәрім мұрасына тіл маманы, ізденуші ғалым ретінде қызыққан болар. Ал Шәкәрімнің хаты жайында Сәбең былай дейді: «Шәкерім бір қазаққа хат жазған жоқ, маған ғана бір хат жазған еді, сол хаты менде бар, сонда барлық пікірін жазған. Қандай принцип ұстанған, не істеп жатыр, шығармасы қашан жазылған, осылары бар. Осы хатта біраз мән бар. Хаты жазушылық жолының есебі сияқты» (Шәкерім. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.). Айтса айтқандай, Шәкәрімнің хаты құнды мағлұматқа толы. Енді Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов жайлы бірер сөз. Оның «Абайдың өмір жолы» атты естелік кітабы кезінде жарыққа шықпай қалған еді (1995 жылы ғана алғаш рет баспа бетін көрді). Кітаптың шықпай қалуына Мұхаң рұқсат бермегені себепкер делінеді. Осының мән-жайын анықтап алған жөн. Мінәш Әрхамқызы (1926-2008) өзінің «Әкем туралы естелік» атты еңбегінде бұл болжамды толықтай жоққа шығарады. Уақиға былай болған. 1960 жылдың соңы. Әрхам сырқаттанып қалған қызы Мінәшті дәрігерлерге қаратуға Алматыға келіп, күйеу баласы Әбіш Жиреншиннің (белгілі абайтанушы ғалым, мемлекет қайраткері) үйіне түседі. Со жолы Мінәшті М.Әуезовтің жаңа үйіне апарады. Жаңағы қолжазба кітабына пікір алмақшы ғой. Жеке сөйлесу үшін екі дос Мінәшқа «20-30 минуттай үйді аралап көре бер» дейді. «Осындай уақыт өткенде Мұхтар ағаның «Кейін, кейін дедім ғой, Әрхам аға!» деген дауысын естіп, – дейді Мінәш апай, – аяғымды тездетіп басып қастарына таяғанда әкем: «...Айтқаным айтқан, сенен «пікір» алмай кетпеймін. Не деп жазсаң да жазып, 2-3 күннен қалдырмай бер!» – деп қасарыса орнынан тұрды. Ағаға мен де басымды иіп қоштастып шығуға айналғанымда арқамнан қағып «тез сауық, тілектеспін» деді. Бірақ өңі бір түрлі болып тұрды. Әкем тездеп басып қақпаға таяғанда артына бұрылды, мен де қарасам, Мұхтар аға екі қолын екі жаққа жайып, өте жайсыз күйде тұр екен. Әкем тездеп барды да, екеуі құшақтаса кетті. Өңдері жылып, біріне-бірі «жолың болсын» десіп, дұрыс қоштасты». Мұхаң үйінен біраз ұзаған соң: «Мұхтар қатты сырқат екен, сол үшін Мәскеуге жүрмекші» дей келе, Әрхамның қызына айтқаны мынау: «Мұхтар – өте ақылды, ғалым адам, алдын болжай білетін саясаткер. Өз өмірі қыл үстінде жүріп, маған өлшеусіз қамқорлық жасап, тозақ отынан құтқарған «оқ қағарым» болған, қай түкпірде жүрсем де байланысын үзбеген ақылшым, інім! Менің жазбамды «баспаға ұсынба» десе, оның да бір себебі бар шығар. Осыны Халит бастатқан аға-бауырыңа айтып түсіндір. Осыны саған қатты тапсырамын». Көріп отырмыз, Мұхаң мен Әрхам арасы жылылыққа толы. Шын достықты мойындап, оның құдіретіне бас игеніміз дұрыстық сияқты. Сонымен, қазақ зиялылары арасына іріткі салған тоталитарлық жүйенің қитұрқы саясаты. Оған біраз мысалдар келтірдік. Қазіргі таңда цензура, қыспақ та жоқ. Ешкімге, ештеңеге қарайламай айтып-жазу мүмкіндігі шексіз. Міне, осыны сезінген кезде, тәуелсіздік деген сөздің қаншалықты қымбат, қаншалықты тәтті екендігі де санаңа жетеді. Асан Омаров, зерттеуші Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_46710.txt
«Ақ керуен – 2016» шарасы өтті
https://abai.kz/post/46710
"«Ақ керуен – 2016» шарасы өтті" | "https://abai.kz/post/46710"
16.10.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Ақ керуен – 2016» шарасы өтті URL: https://abai.kz/post/46710 META: "«Ақ керуен – 2016» шарасы өтті" | "https://abai.kz/post/46710" DATE: 16.10.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 156 TEXT: Түркістанда дәстүрлі «Ақ керуен» мақта терімі шарасы өтті. Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға қатысушылар алдымен мақта алқаптарын аралаудан басталды. Онда жұртшылыққа ақ алтынның «Түркістан» деп ат берілген жаңа сорты таныстырылды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады. Түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинауға ниетті. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша Түркістан бойынша өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында ауылшаруашылық саласы кең етек жайып келеді. Өңірдегі шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін отандық және халықаралық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі
qosymsha/abai.kz
post_83486.txt
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот басталды
https://abai.kz/post/83486
"Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот басталды" | "https://abai.kz/post/83486"
26.12.2018
Abai.kz
null
TITLE: Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот басталды URL: https://abai.kz/post/83486 META: "Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот басталды" | "https://abai.kz/post/83486" DATE: 26.12.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 279 TEXT: Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта сейсенбі күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша алдын алдын ала тыңдау басталды. Теннің өліміне қатысты істе үш айыпталушы бар. Олар - Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Қиясов және Құдайбергеновке "Бұзақылық" (192-бап, 2-бөлім) және "Адам өлімі" (99-бап, 2-бөлім) баптары бойынша айыптар тағылған. Ал Толыбаева "қылмысты хабарламау" (434-бап) айыбы бойынша күдікке ілінген. Бұдан бөлек, Құдайбергенов пен Толыбаеваға өзара келісіп "ұрлық жасады" деген айып тағылған. Олар жаз айларынан бері қамауда отыр. Алдын ала сот тыңдауына жәбірленуші жақ - спортшының туыстары, адвокаттары, айыпталушы және айыпталушының жақындары, адвокаттары, ақпарат құралдары қатысты. Сот ашық болғанымен, процесс басталған кезде Денис Теннің анасы, үш күдікті өздерін фото-видеоға түсіруге рұқсат бермейтінін айтты. Істі судья Кеңшілік Абдельдинов жүргізді. Алғашқы сот тыңдауында жәбірленуші жақтың адвокаты Нұрлан Өстеміров сотқа 39 томды істе қарама-қайшылықтар көп екенін айтып, істі қайта қарауға жіберу керектігін айтты. "Атап айтқанда онда істің тапсырыспен жасалған қылмыс екені айтылады. Сондықтан айыпталушылар қатарында тағы күдіктілер болуы керек" деді ол. Жәбірленуші тараптың өтінішіне прокуратура өкілі мен қорғау тарабы қарсы болған. Судья Абдельдинов Өстеміровтің шағымын қанағаттандырмағанмен "егер сот барысында жаңа деректер анықталып жатса, қосымша қараймыз" деп айтты. Айыпталушылар күдікке ілінген баптардың бірі бойынша өмірлік жаза беру қарастырылғандықтан судья олардың ісін алқа билер қарастыра алатынын айтты. Бірақ айыпталушылар одан бас тартты. Келесі сот отырысы 3 қаңтарға белгіленді. 19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Алдын-ала дерек бойынша, ол көлігінің айнасын ұрлаған адамдарды тоқтатпақ болған кезде жараланған. Спортшының өлімі қоғамда резонанс тудырды. Елде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкасын талап еткен ұрандар көбейді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_40592.txt
БАҒЗЫДАН БЕРІ ҮЛКЕН ҰЛ ТАҚ МҰРАГЕРІ
https://abai.kz/post/40592
"БАҒЗЫДАН БЕРІ ҮЛКЕН ҰЛ ТАҚ МҰРАГЕРІ" | "https://abai.kz/post/40592"
10.08.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: БАҒЗЫДАН БЕРІ ҮЛКЕН ҰЛ ТАҚ МҰРАГЕРІ URL: https://abai.kz/post/40592 META: "БАҒЗЫДАН БЕРІ ҮЛКЕН ҰЛ ТАҚ МҰРАГЕРІ" | "https://abai.kz/post/40592" DATE: 10.08.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1727 TEXT: Жошы хан (1187-1227 жж.) - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс қағанның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, мұңалдардың әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Қазақтың ежелгі ата салты бойынша «Үлкен ұл тақ мұрагері» делінеді. Бұл салт Шыңғыс қаған атамыздың «жасысында да» заң ретінде бекітілген. Шыңғыс ханның ордасының аты «Алтын Орда», оның: кейіннен Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда болып үш ордаға бөлініп, орталық биліктің Алтын Орда да болғаны тарихтан сәл-пәл болса да хабары бар адамға ешқандай дау туғызбаса керек. Ал «Алтын Орданың» орнында бүгінгі таңда тек қана қазақ мемлекеттігі отырғаны да және сонымен қатар осы Алтын Орданың барлық билеушілерінің Адай ұрпағы екендігі де  дәл сондай шындық. Себебі, бізге бүкіл әлемде тоғызыншы орынды иемденетін мына алып ата-мекенде сол Шыңғыс ханнан мұра болып қалған. Әйтпесе, жер дауы, яғни алақандай жер үшін «жан беріп, жан алысқан» айқас, ешқашан тарих сахнасынан түсіп көрген емес. Ондаған жылдарға созылған ұсақ – түйек соғыстарды есепке алмағанның өзінде, сан ғасырларға созылған қытаймен, 200 жылға созылған жоңғармен, 300 жылға созылған орыспен соғысты еске алыңыз. Тарихшы В.Л. Егоров «Алтын орданың мемлекеттік және әкімшілік құрылымы» деген еңбегінде Жошы ұлысы хандарының әуелде Еділдің төменгі ағысының сағасына Бату салдырған сарай қаласын ғана «Алтын орда» деп аталғанын айтады. Содан бертін келе бұл бүкіл Жошы әулетінің мемлекетін білдіретін ортақ атауға айналып, бірте-бірте географиялық ұғымнан саяси терминге айналған. Өйткені көне деректерде «Алтын Орда» атауының өзі мұңалдың ұлы ханының ордасының сән-салтанатына байланысты шыққан. Мысалы, мұңалдар тарихының аса білгірі Рашид-ад-дин бұл орайда «Онда (Қарақорым маңында)  мың адам сиятын үй тігілген...Оның уықтары алтын, ішіне айнала мата ұсталған. Оны «Алтын Орда» деп атаған»,- деп жазады. Мұны Европа саяхатшысы П.Карпинидің Күйікті хан көтеру рәсімін баяндаған, араб саяхатшысы Ибн Батутаның Өзбек ханның үйін суреттеген жазбалары да дәлеледейді. Шыңғысхан ордасының «Алтын Орда» деп аталғаны қытай жазба деректерінде аталады. 1909 жылы шыққан «Брокгауз – Ефрон қысқаша энциклопедиялық сөздігінде «Шыңғыс хан – Маңғұлдың атақты жаулаушысы. (1155 – 1227ж.ж.) ...Шыңғыс хан өз патшалығын балаларына бөліп берді. Үлкен ұлы бүкіл мемлекетке әмірін жүргізді» деп жазыпты. Шағатай тілінен орысшаға аударылған «Шыңғысхан жайлы аңызда» (аударған В.А.Панов. Автобиография Тимура. Богатырские сказания о Чингис-хане и Аксак-Темире. – М.: Академия, 1934. С.260-273) мынадай деректер келтірілген:  «Шыңғысхан өз ұлысын және бар байлығын төрт ұлына бөліп берді. Үлкен ұлы Жошы ханға өзінің басындағы бас киімін кигізіп, өз орнына хан етіп бекітті». Бұл аңыз сол замандағы тарихи деректермен сәйкес келеді. Мысалы, «Асыл аңыздың» 277 бетінде «Шыңғысхан мынадай шешімге келді. Ол, былай деді: «Мемлекет құруға бәрімізден де анамыз көп еңбек етті. Жошы менің үлкен мұрагерім...» дейді.  Бұл жерде Шыңғысхан Жошыны мұрагер дегенде өзі отырған тақтың мұрагері деп отыр. Себебі, Шыңғыс атамыздың 1219 жылы қытайды бағындыра салысымен бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізген ежелгі Қазақ мемлекеттігінің (Шыңғысханның арғы аталары Оғыз, Қарахандар ордасы тұрған жер) орталығы Ұлытауға (қазіргі Қарағанды облысының аймағында) қоныс аударады. Қазақта ағайынды тумаластардың бәрі, әкелерінен кейін ең жасы үлкеніне бағынып, соның айтқанын істейтін дәстүр ежелден сақталып келеді. Бұл дәстүр күні бүгінде де жалғасуда. Осындай дәстүрмен жоғарыда көрсеткенімдей Шыңғыс ханның да тақ мұрагері Жошы болды. Оның дәлелін Әбілғазының мына сөзінен де анық аңғаруға болады. «Шыңғыс ханның төрт ұлы болды. Шыңғысхан бұлардың әрқайсысына басқаратын істерін бөліп берді. Жошының міндеті – үйге қожалық ету, қонақ қабылдау, той өткізу; Шағатайдың міндеті – жазалау, сот жұмысын жүргізу; Үкідайға әкімшілік істер, мемлекет қазынасына ие болу тапсырылды. Толы хан әскери іспен айналысуға тиісті болды. Шыңғыс ханның өзге әйелдерінен тағы да бес баласы бар еді. Қытай жорығынан келгеннен кейін Қытай жерінен Алматыға дейінгі елді басқаруды осы бес баласына тапсырды, бірақ бұл бесеуі алғашқы төрт баласының құзырында болды. (Түрік шежіресі. 66 бет). Өздеріңіз көріп отырсыздар, Жошының міндеті – үйге қожалық ету, қонақ қабылдау, той өткізу. Демек бұдан шығатын қорытынды Жошының билігі әкесі Шыңғыс ханнан басқаларының бәріне жүреді деген сөз. Үйге қожалық ету, бүкіл мемлекетке қожалық ету деген сөз емес пе?! Сонда Шыңғыс хан құрған алып мемлекеттің қарашаңырағы Жошы ұлысы, тақ мұрагері Жошы болып, қазіргі ел басқару үрдісіне салғанда «Президент» болып шықпай ма? Сол сияқты Шағатайдікі – жоғарғы сот төрағасы, Үкідайдікі – Премьер Министр, ал Толынікі – Қорғаныс министрі болып шығады. Жошының тақ мұрагерлігі Шыңғыс ханның әйгілі жасысында заңмен бекітілген. «Әке тағына үлкен ұлы отыру керек те, шаңырақ иесі кіші баласы болуға тиісті». (Ілияс Есенберлин «Алтын Орда» 15 бет). Бүткіл жер бетіндегі ең алғашқы мемлекет Қазақ елі - Қазақ мемлекеті құрылғалы бері, қазақтың мемлекеттік және отбасылық құрылымы жүйелерінің екеуі де бірдей. Қазақ елі қазақ отбасысының үлкейтілген макеті іспетті. Себебі, қазақтың мемлекеттік құрылымы өз бастауын отбасы құрылымынан алған. Аталарымыздың «Отбасы шағын мемлекет» дейтіндері осыдан.  Қазақта үлкен ұлдың тақ мұрагері, ал кіші ұлдың қара шаңырақ иесі екендігі сан мыңдаған жылдардан бері сақталып, айнымас дәстүрге айналған. Мысалы, «Иафес...Еділ мен Жайық суының арасында қоныс тепті. Иафестің сегіз ұлы бар еді, ұрпақтары көп болды. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», -деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап қойды». «Үйсіннің күнбиі қартайған шағында мұрагерлікке үлкен ұлын қалдырады, бірақ ол көп ұзамай, дүниеден озар алдында, әкесіне тілек білдіріп, орнына тұңғышын мұрагер етуді ұсынады» (Б.К.Албани «Қазақия» Алматы 1998. 151 бет). «Түріктің төрт ұлы бар еді; Түтік, Хакал, Барсажар, Амлақ. Түрік өзі өлер шағында үлкен ұлы Түтікті өз орнына отырғызып, қайтпас сапарға кетті». «Мұңал хан көп жылдар патшалық қылды, төрт ұлы бар еді. Үлкені – Қарахан, екіншісі - Өз хан, үшіншісі - Көз хан, төртіншісі – Көр хан. Мұңал хан өлерінде орнына үлкен ұлы Қара ханды қойып кетті. Қара хан атасынан кейін бүкіл елге патша болды». (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 15 бет). Еділ патша да өз орнына үлкен ұлы Еллақты қойып кетті. Қазақта күні бүгінде де кіші ұл қара шаңырақ иесі болып есептелінеді. 552 жылы бүкіл түріктің басын қосып, жужандарды жеңіп, елін құлдықтан босатқан Бұмын қағанды ақ киімге орап, арбаның үстіне көтеріп отырғызып хан сайлады. Оны Елхан – бүкіл елдің ханы деп жариялады... Елхан тәуелді елдің ұғланы болып туып, тәуелсіз елдің елханы болып өлді. Оның орнына үлкен ұлы Қара Ыссық хан таққа отырды. (Т.Жұртбаев «Дулыға-2» 67 бет). «Үйсіннің гуньмосы қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды» (С.Қойшығара «Қазақтың қилы тарихы» Алматы-1992. 210 бет). Өзбек ханның орнына үлкен баласы Тыныбек отырды. ...  «Әшкани (Парсы) патшалары үлкен ұлдарын мұрагер етіп тағайындайтын. ... «1 Фәрһад өз өлімінен бұрын мұрагерін белгіледі. Бірнеше ұлдары болғанымен парт тағдырын жас та тәжрибесіз адамға тапсырғысы келмей, өз бауыры Меһрдадты өздерінің мұрагері етіп тағайындады. Парт дәстүрі бойынша тақ үлкен ұлға тиесілі еді» (Риза Шабани «Иран тарихы» Алматы. 2002. 60 бет). «Хан  шатырын өзге жұрт хан ордасы – Ақ орда дейді. Осыдан шығарып, сонау Қыпшақ даласынан бастап Бату әскері барған күнбатыстағы Жерорта теңізімен шектесіп жатқан мадиярлар жеріне дейін созылған тұсты Ақ Орда хандығы деп атаған. Ал, Сарай қаласының алыстан күнмен шағылысқан алтын күмбездеріне қарай орұсут княздары бұған Алтын Орда деп ат қойған» (8 бет). «Бір кезде атамыз Шыңғыс хан Ордасын да жұрт Алтын Орда деп атаған. Енді біздің Ордамызды Алтын Орда дейді, ал қыпшақ, бүкіл қарамағымыздағы шығыс елі әлі ақ Орда деп  жүр. Өзіме де Ақ Орда деген ат ұнайды... Ақ Орда атамыз Ұлы Шыңғыс ханның тоғыз құйрықты ақ жалауының бейнесі тәрізді маған қасиетті көрінеді. Тек оған кір жұқтырмай сақтай білу керек. Алтын жүрген жерде опасыздық та жүреді. Алтын Орда деуге түбі ол опасыз бола ма деп қорқам»... (Ілияс Есенберлин «Алтын Орда» 28 бет). Б.Залесский «Бір кезде Шыңғыс хан осы дала төсіндегі Отырарды өзінің уақытша астанасы етсе, бертінірек Русьті бағындырған Алтын Орда осы дала да көшіп-қонып жүрді». Алтын Орда (алтын үй),  «отыз күн ойын, қырық күн той» және киелі тоғыз санының тарихы Оғыз ханнан қалған.  «Одан соң Оғыз ханнан қалған алтын үйді тіктірді. Оның оң жағына алты шатыр, сол жағына алты шатыр тіктірді. Сондай-ақ үйдің оң жағына басына алтын тауық орнатқан қырық құлаш ағашты тұрғызды, сол жағына басына күміс тауық орнатқан қырық құлаш ағашты тұрғызды. Ханның жарлығымен бұзық балалары мен нөкерлері алтын тауықты, Үшоқ балалары мен нөкерлері күміс тауықты атпен шауып келе жатып атысты. Тауықтарды атып түсірген кісілерге көп сыйлықтар берді. Күн хан әкесінің істегенін істеп тоғыз жүз жылқы, тоғыз мың қой сойғызды, тоқсан былғары ыдысқа қымыз толтыртты. Қырық тәулік той тойлап, сауық құрды» Әбілғазы. «Түрік шежіресі» (24 бет).  Сонда,  Жошы иелік еткен қазақ даласы мен елі Шыңғысханның және сонымен қатар,  Шыңғыс ханның арғы аталары Оғызхан, Қарахандардың  төл жұрты болып шықпай ма?! Шыңғысхан қағанатының тақ мұрагерлігі Алтын Орда да, Алтын Орданың тақ мұрагерлігі Қазақта екендігі ешқандай дауға жатуға тиіс емес. Сөзімнің соңында мына мәселелердің басын аша кетейін. Кейбір жазбаларда оның үлкен ұлы Жошы өз баласы ма, жоқ па деген екі ұшты пікірлер кездесіп, сол күдікті әңгімені Шағатай айтты деседі. «Құпия шежіреден», «Алтан Тобыштан», Рәшит-Ад-Диннің  «Жалпы тарихынан» және өзге де дерек көздерден үлкен ұл Жошы мен оның тетелес інісі Шағатайдың арасында үнемі  (мысалы, ақылдылықтан, мергендіктен, батырлықтан, әскерге қолбасылық жасаудан т.т.) бәсекелестіктің болғанын аңғарамыз. Оның соңы кейіннен төрт баланың өз ішінен екі жікке: Шыңғыс ханның үлкен ұлы, яғни тақ мұрагері Жошы мен кенже ұл, яғни қарашаңырақ иесі Төленің бір жақ, ортадағы Шағатай мен Үгедейдің екінші жақ болғанын көреміз. Бұл әңгіме Үгедей хан өлгеннен кейін тіпті шиеленісіп, 1251 жылы Төленің баласы Мөңкенің хан тағына келуімен Жошы, Төле ұрпағы Атам қазақтың Ата салтына сай Орда билігін өз қолдарына алғандарын көреміз. Әйтпесе, Жошы Шыңғыстың өз баласы екендігін Рәшит-Ад-Дин «тайға таңба» басқандай етіп «Меркіттер Шыңғыс ханның ауылын шауып, тонап, оның Жошыға жүкті әйелін алып кетті» - деп жазып кеткен еді. (Рашид Ад Дин. Сборник летописей, том 11, стр. 65). Енді осының үстіне Қазақтың батыр ұлы Абылай ханның баласы Уәлидің немересі Шоқан өзінің хан тұқымынан екенін және арғы тегі Шыңғыс ханнан тарайтынын айтып жүретінін орыстық этнограф ғалымы Н.Г.Потаниннің де ол туралы естелігінен білеміз. (Чокан Валиханов. Собрание сочинений Алма-Ата. 1968, 1Ү том. стр.  323). Шыңғыс қаған өсиетінен: Шыңғысхан атамыздың мына өсиетін қазақта естімеген, білмейтін адам жоқ десе де болады: «Шыңғыс хан кейін өзінің бағындырған ел – жұртын өзінің төрт ұлына бөліп бергенде, төртеуін қатар отырғызып, мынадай ақыл береді. «Төртеуің өзара тату болыңдар, бір-біріңе жаулық ойламаңдар». Қорамсасынан бір оқты шығарып, оны өзі сындырды, содан соң бірнешеуін алып, біріктіріп ұстап тұрып: «кім сындыра алады?» деп сұрады. Ешкім сындыра алмады. Сонда Шыңғыс хан айтты: «Міне, сендер де осы оқ сияқтысыңдар. Егер сендер орталарыңнан біреуіңді билеуші етіп сайлап, соның айтқанымен жүрсеңдер, ешкім де сендерді жеңе алмайды. Егер бірлік болмай, әрқайсың өз беттеріңше бір – біріңе жау болсаңдар, жаңағы жалғыз оқтай бәріңді де талқандайды». Бұл – тамаша ақыл, таптырмас кеңес болды». (Әбілғазы. «Түрік шежіресі», Алматы 1992 жыл, 66 бет).  Бұл өсиет Атам қазақ та «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақал болып тұжырымдалған. Осы мақалды басшылыққа алу қазіргі қазаққа ауадан да қажет. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім , Маңғыстау Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_100122.txt
Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді
https://abai.kz/post/100122
"Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді" | "https://abai.kz/post/100122"
01.11.2019
Abai.kz
null
TITLE: Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді URL: https://abai.kz/post/100122 META: "Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді" | "https://abai.kz/post/100122" DATE: 01.11.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 159 TEXT: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауға байланысты конкурстың өткізілуі жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы әділ әрі ашық байқау өткізіп, ең үздік кандидаттарды іріктеудің, сондай-ақ, таяу жылдары оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын айтты. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, әлеуметтік инфрақұрылымның ахуалы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы нысандардың құрылысы, сондай-ақ, тұрғын үй және  автожол салу жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын, жылу беру маусымының өткізілуін, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің берілуін бақылауда ұстауға байланысты бірқатар тапсырма берді. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды. Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді  жүргізу аса маңызды екенін айтты. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_18469.txt
Жаңа жылды түркілерше тойлауға болмай ма?
https://abai.kz/post/18469
"Жаңа жылды түркілерше тойлауға болмай ма?" | "https://abai.kz/post/18469"
30.12.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Жаңа жылды түркілерше тойлауға болмай ма? URL: https://abai.kz/post/18469 META: "Жаңа жылды түркілерше тойлауға болмай ма?" | "https://abai.kz/post/18469" DATE: 30.12.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 728 TEXT: Бүкіл әлем болып тойланатын Жаңа жыл мерекесі хақында танымды кеңейтіп, оның мазмұнын түркілік ерекшеліктермен толықтыра түспесек, еуропалық һәм христиандық сипатта Жаңа жылды қарсы алып дүбәра күйде қала береміз. Кеңес кезінде жаңа жылды православ үлгісінде орыс ертегілерінің желісімен тойлап келсек, кейін католиктік қалыппен елдің бәрінің қызыл күртешелі, қызыл телпекті Санта-Клаус болып киінуі сәнге айналып кетті. Орыстың ертегі кейіпкерлерінің орнын мультфильмдердің қаһармандары Шрэктер, Халктар, Хоббиттің сиқыршылары ығыстырып, түп қазығымыздың қайда қалғанын таппай қалдық. Соңғы кездері жаңа жылдың түп-төркініне қатысты жиі айтыла бастаған жаңаша көзқарастарды өмір шындығына айналдыратын кез жетті. Бүкіл әлем болып тойланатын Жаңа жыл мерекесі хақында танымды кеңейтіп, оның мазмұнын түркілік ерекшеліктермен толықтыра түспесек, еуропалық һәм христиандық сипатта Жаңа жылды қарсы алып дүбәра күйде қала береміз. Кеңес кезінде жаңа жылды православ үлгісінде орыс ертегілерінің желісімен тойлап келсек, кейін католиктік қалыппен елдің бәрінің қызыл күртешелі, қызыл телпекті Санта-Клаус болып киінуі сәнге айналып кетті. Орыстың ертегі кейіпкерлерінің орнын мультфильмдердің қаһармандары Шрэктер, Халктар, Хоббиттің сиқыршылары ығыстырып, түп қазығымыздың қайда қалғанын таппай қалдық. Соңғы кездері жаңа жылдың түп-төркініне қатысты жиі айтыла бастаған жаңаша көзқарастарды өмір шындығына айналдыратын кез жетті. Тарихшы-мәдениет­тану­шы ғалымдар шырша айналу мейрамының көшпелі түркі­лерге тән ежелгі ғұрып екенін дәлелдеді. Күннің қыс­қаруы­ның тоқтап, ұзара бастауына қуанып, қызыл шекпен киген Үлкен деген ақсақалды адамға алғыстарын білдірген, оның сүйікті ағашы – шыр­шаны қастерлеп, шүберек байланып, қол ұстасып айна­латын дәстүрі болған. Күннің қайта ұзаруы – Ұлы Туылыс секілді аспан әлеміндегі құбы­лыс­тар­мен, жараты­лыс­тың заңдылығына бай­ла­нысты туындаған дәстүрдің осындай идеялық мазмұны Нау­рызбен ұқсас келеді. Демек, Қазақстанға жаңа жылдың басты атрибуты – табиғатпен сабақтасып, Жарат­қанға шүкір­шілік айтып, тілек-лебіздер білдірумен аста­сып жатса дұрысырақ болар еді. Зерт­теу­шілердің пікірінше, ғұндардың Еуро­паға Ұлы қоныс аударуы кезінде шырша айналу салты кәрі құрлыққа сіңісті болып, олар бұған өз­дерінің этно­гра­фиялық және діни жорал­ғы­ларын енгізген. Жаңа жылды Рождество мей­рамы ретінде атап өтіп, осы нұсқа, бас­қаша атрибут бүкіл әлемге жайыл­ды, біз де солай тойлап келеміз. Батыстық құнды­лық­тарды қабылдай отырып, рождестволық жаңа жылдың православиелік үлгісімен католиктік сипатын ұстанатын болдық. Жаңа жылдың мәні батыстықтар үшін Иса пай­ғам­­бардың туған күні болса, түркілердің ұрпағы біз үшін жаратылыстың заңдылығы – «Ұлы туылыс күні» ретінде тұжырымдамасы ойлас­ты­ры­лып, атрибуттары айшық­та­луы қажет. Өйтпейінше, Жаңа жылды хрис­­­тиандық тұрғыда, батыстық тұр­патта тұтынушы, еліктеуші халық ре­тінде тойлап, түпкі мазмұнынан алыс­тап кетеріміз хақ. Мәдениет­та­ну­шы Серік Ерғали ағамыз жазғандай, «түр­кілер бар­лық қадыр-қасиетті Жерге өмір сыйлап тұрған Күнмен шендестіруді дәс­түрге ай­нал­дырған болатын. Сон­дық­тан аталмыш күн­ді басқа жұрттар пай­ғам­бар үшін ұрлап алды деуден гөрі, сол ежел­гі пәк әфсананы қайта жаңғыртып, та­рихи тұлғаларды, пайғамбарды қа­сиет­теп отыруға түр­кі­лер­дің өздері осылайша ті­келей кіріскен деген абзал. Себебі түр­кілер адамның туылған күнін емес, әлгі та­ным арқылы ғаламның туған күнін ме­ре­келеумен бар мәселені бірден шешкен!». Түркілер үшін Жаңа жылдың мәні қан­дай болған? Біріншіден, жаратылысты жасаған Жа­ратқанға тәубе қылу, дұға-тілектер тілеу. Екіншіден, ғаламның туған күні. Үшіншіден, аспан әлеміне зер салып, уақытты межелеу. Төртіншіден, табиғатпен етене екенін, бір жаратылыс екенін сезіну. Бесіншіден, жаратылыстың ерекше кү­нін­де ақ дастархан басында бірлік пен ын­ты­маққа келу. Алтыншыдан, өткенге шүкіршілік етіп, келешекке пікір түю, сеніммен алға басу. Жетіншіден, аспан әлемі, ортаңғы әлем – жер­үстілік тірлік әлемі, жерастылық әлем­мен қатысты мифологиялық, пәлсапалық дү­ниетаным жиынтығы. Жаңа жылда бар табиғат әлемі үлпіл­дек ақ ұлпа жамылып, қыраудан өрілген ою-өр­нек­тер жалт-жұлт етіп шағылысқан сәтте адам жанын ерекше көңілге бөлеп, ғажайып ертегілер еліне жетелей жөне­летін құдіретті сезінеріміз сөзсіз. Пәк сәби көңілі, бүлдіршін балаң санасы жа­ңа­жыл­дық шырша мей­ра­мында ба­тыс­тың идео­ло­гиясын қаз-қал­пын­да қа­былдап, дү­ние­та­нымы да еу­ро­па­ша, христиан діні тұр­­ғысында қа­лып­та­сады. Үлкен алаң­дарда, ойын-са­уық ор­талық­та­рын­да, мектептерде, ме­ке­ме­лерде өтетін Жаңа жыл шыршалар­ды Аязата мен Ақшақар орыс тілінде жүр­­гі­зеді, қойылымдар орыс ерте­гі­лері мен ба­тыстық мульт­фильм кейіп­кер­лерін сом­даудан аспай­ды. Қазақ ер­тегілеріндегі Таз­ша бала, Қо­жа­на­сыр, Алдар Көсе, Ер­төстік ер­те­гі­сінің кейіпкерлері орын алса, қа­зақ ер­те­гі­ле­рінің мотивтері басты на­зарға алын­са жақсы болар еді. Әзірге мұ­ны бірен-саран Жаңа жыл шыр­ша­ла­ры­нан ғана көр­дік. Христианша Жаңа жыл­­ды атап өтуде неден ұтылып отыр­мыз? Бірін­ші­ден, батыстық атри­бут­тар мен сим­вол­дар санамызға сына қаға­ды. Екіншіден, Жаңа жылды тойлау аста-төк мал шаш­пақ­тық пен дарақы­лық­қа ұласады. Үшін­­шіден, Жа­ңа жылға жаңаша көз­қа­рас қа­лыптас­тыр­майынша отарлық жү­йе сі­ңір­ген қасаң қалыптар мен сте­рео­тип­тер­ден түпкілікті арыла алмаймыз. Жаңа жылды әр ел әрқалай тойлайды де­сек те, біз Жаңа жылды көбінесе орыс­­­тар­ша тойлайтынымыз жасырын емес. Ре­сейден бөліп алар ерекшелігіміз жоқ. Те­ле­арналардың жаңажылдық қо­йы­лымдары Ресейдің шоу бағ­дар­ла­ма­ла­рына еліктеуден әрі аспай жатады. Кей­бір телеарналардың өз жаңажылдық бағ­дар­ламаларын эстрада жұлдыздары мен әртістерін жинап алып, шығыс ерте­гілерінің же­лісімен эфирге ұсынғаны сәтті бола қой­ма­ды. Әр арна жаңажыл­дық бағдарлама жа­сауда ізденіс жаса­ға­нымен, идеялық, ру­хани-мәдени қазы­ғын қа­ға алмай ке­леді. Демек, Жаңа жыл­ды атап өтудің түр­кілік идеологиясын әзір­­леу өзекті болып отыр. Сондықтан көп ұзат­пай Жаңа жыл­дың ілкідегі түр­кі­лік мазмұнына сай жал­пы­ға ортақ за­ма­на­уи нұсқасын, бірыңғай сценарийін жа­сау қажет. Автор: Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ "Алаш айнасы" газеті
qosymsha/abai.kz
post_38233.txt
ЕВРЕЙ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІ
https://abai.kz/post/38233
"ЕВРЕЙ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІ" | "https://abai.kz/post/38233"
15.09.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЕВРЕЙ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІ URL: https://abai.kz/post/38233 META: "ЕВРЕЙ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІ" | "https://abai.kz/post/38233" DATE: 15.09.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 156 TEXT: Баласы біреумен шекісіп қалса қазақ "Өй, қорқасың ба? Тұмсығын бұз!"дейді, еврей:"Балам, наданмен надан болма, өзіңді олардан биік ұста" Қазақ балалары атасының, әжесінің, әкесінің, мамасының баласы болып "жіктеледі". Сол мәртебеге орай оларға сөз өтуі қиын. Әсіресе атасы мен әжесінің баласына басқалардың әмірі жүрмейді. Еврейлерде мұндай шолжаңдық жоқ. Бала үшін әке-шешенің сөзі - заң. Осы айда мына кітапты оқисың дей ме-оқылады, осынша есеп шығарасың дей ме-шығарылады. "Сенің атаң батыр болғанға" арқаланған қазақ баласы спортзалда қарсыласын төмпештеп, алысып-жұлысып жатқанда еврей баласы бір бөлмеде скрипкасын шиқылдатып, немесе, шахмат ойнап отырады... Қазақ 16 жасқа толған баласының өзін еркелетіп, айналып-толғанып отырады. Еврей баласы 16 толып, қолына төлқұжат алғаннан кейін "Мен Ұлы Отанымды, халқымды ешқашан жерге қаратпаймын!" деп салтанатты жиында қандастарының көзінше ант береді... Сосын Мұса пайғамбар заманында жөйттердің азығы болды делініп жүрген қалыңдығы қағаздай жүгері нанынан ауыз тиеді... Және бәрі қыздай сызылып тұрады. Сонда деймін де олар өскен кезде неге өлермен болып, Отаншылдық жағынан батырлардың ұрпақтарын озып кетеді?! (Серік Әбікеннің фейсбуктегі парақшасынан)
qosymsha/abai.kz
post_48112.txt
Депутат көшелерде тастанды балаларға арналған қорап орнатуды ұсынды
https://abai.kz/post/48112
"Депутат көшелерде тастанды балаларға арналған қорап орнатуды ұсынды" | "https://abai.kz/post/48112"
15.03.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Депутат көшелерде тастанды балаларға арналған қорап орнатуды ұсынды URL: https://abai.kz/post/48112 META: "Депутат көшелерде тастанды балаларға арналған қорап орнатуды ұсынды" | "https://abai.kz/post/48112" DATE: 15.03.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 195 TEXT: ҚР Парламент Мәжілісіндегі "нұротандық" депутаттар бүкіл елде тастанды балаларға арналған қораптар орнатуды ұсынып отыр. Мұндай бастаманы жуырда ғана Астананың атауын "Елбасы" деп өзгерткісі келген депутат Бақытгүл Хаменова Премьер-министрге жолдаған сауалында көтерген, - деп жазады sn.kz . «Бұрын қазақтың аналары балаларын бұлай көшеге тастамаған, бұл біздің менталитет үшін жат. Өкінішке қарай, қазір мұндай оқиғалар көбейіп кетті, сәбилерді қоқыс жәшіктерінен және қоғамдық орындардан тауып алып атырмыз. Мұндай жайттар республиканың барлық аумағында кездесіп отыр», - деді депутат. Оның айтуынша, биылдың өзінде баланы тастаудың 8 дерегі тіркеліпті. «Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 119 бабы "баланы қауіпті жағдайларда қалдырып кету" фактісі бойынша ішкі істер органдары 15 іс қозғады. 2017 жылдың 3 айында 8 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар өсіп жатыр. Қыздар ұрпақ жалғастыруы тиіс. Қыздарымыздың тәрбие-өнегесі - болашақ буынның тағдыры», - дейді Хаменова. Оның пікірінше, балаларды қоқыс жәшігінде өлтірмеу үшін көшелерге шетелдегідей бэби-бокстар орнату керек. «Кейбір елдерле "үміт бесігі" - бэби-бокс деген бар. Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және қоғамдық ұйымдарға күш біріктіретін уақыт жетті. Осындай "үміт бесіктері" көптеген батыс елдерінде медициналық мекемелердің жанында орнатылады. Осылайша, мыңдаған нәрестенің өміріне араша болды. Аталмыш бокстарды орнату орын алған жағдайды шеше алар еді», - деді ол.
qosymsha/abai.kz
post_149507.txt
Президент Тоқаев Анар Фазылжанованы қабылдады
https://abai.kz/post/149507
"Президент Тоқаев Анар Фазылжанованы қабылдады" | "https://abai.kz/post/149507"
31.03.2022
Abai.kz
null
TITLE: Президент Тоқаев Анар Фазылжанованы қабылдады URL: https://abai.kz/post/149507 META: "Президент Тоқаев Анар Фазылжанованы қабылдады" | "https://abai.kz/post/149507" DATE: 31.03.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 82 TEXT: Президентке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының үш бағытта жұмыс атқарып жатқаны туралы мәлімет берілді. Анар Фазылжанованың айтуынша, бірінші бағыт – әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт – қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпарттық ресурс жасаған. Үшінші бағыт – қазақ тілін реформалау. Ондағы мақсат – ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту. Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_90241.txt
Алматыда алдағы екі жылда 20 мың орындық жатақхана салынады
https://abai.kz/post/90241
"Алматыда алдағы екі жылда 20 мың орындық жатақхана салынады" | "https://abai.kz/post/90241"
04.03.2019
Abai.kz
null
TITLE: Алматыда алдағы екі жылда 20 мың орындық жатақхана салынады URL: https://abai.kz/post/90241 META: "Алматыда алдағы екі жылда 20 мың орындық жатақхана салынады" | "https://abai.kz/post/90241" DATE: 04.03.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 336 TEXT: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір жыл бұрын Президенттің бес әлеуметтік бастамасы деп аталатын үндеу жариялаған болатын. Ондағы үшінші бастама - “Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту” деп аталады. Осыған сәйкес елімізде бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, бүгінде оңтүстік астанада жатақханалар саны өскен. Алдағы екі жылда Алматыда 20 мың орындық 42 жатақхана салынады. Ал, олардың бесеуі биыл қолданысқа берілмек. Мәселен, бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы университетке тиесілі екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұрын колледж болған бұл нысан енді аз уақытта заман талабына сай жабдықталған жатақханаға айналмақ. Жалпы, Сәтбаев университетінде 3 жарым мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Қазір унисверситет 2 мыңнан астам жасты студенттер үйімен қамтамасыз етіп отыр. Университеттің департамент директоры Аманжол Кенжеханұлының айтуынша, қала әкімшілігінен университетке бөлінген бос жер бар. Сол жерге 3 жатақхана салу жоспарланып отырған көрінеді. Ал, реконструкция жасап жатқан ғимарат 265 адамға арналған жатақхана болады екен. Бұдан бөлек, Сәтбаев университеті Алғабас ықшам ауданынан 1200 адамға арналған заманауи студенттік кампус салмақшы. Сонымен қатар Президент бастамасына Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы да үн қоспақ. Бұл оқу орнында қазір 500 орындық жатақхана салынып жатыр. Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының проректоры Бақыт Шәкіровтың айтуынша, университетке шеттен келіп түскен әр баланың квартира жалдап, үлкен қаржат шығармауы үшін университет жатақхана құрылыстарын жоспарлап, салып жатқан көрінеді. Проректордың айтуынша, университетте шаңырақ көтерген студенттерге де арнайы бөлмелер жасақталған. Ал, жатақхана құрылысының архитекторы Берік Дәлденбаевтың сөзінше, жатақханаға сапалы құрылыс материалдары қолданылып, тиісті талаптар мұқият сақталады. Айта кету керек, құрылыс жүріп жатқан жердің астында негізінен жертөле бар. Оның астында 1,5 метрлік плита құйылған. Сол плитаның үстіне 500/500 колонналар қойылып, төртінші қабатқа дейін, одан ары қарай 400/400 колонналармен кетеді. Оның бәрі есеп бойынша нормалық талаптар бойынша жасалынған. Жалпы елдегі университеттердің 39-ы Алматыда орналасқан. Оларда өзге өңірлерден келген 93 мың студент оқиды. Сондықтан қалада жатақхана құрылысына ерекше мән беріліп отыр. Студенттік үй салуға аумағы 15 гектар болатын 25 жер телімі бөлінген. Оның ішінде 11 жер телімін әкімдік мемлекеттік қор есебінен берсе, қалғандары университеттерге жасаған ревизиядан кейін анықтылды. Нәтижесінде, қалада алдағы екі жылда 20 мың орындық 42 жатақхана салынатын болады. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_7635.txt
Мұхтар Әуезов. Япония
https://abai.kz/post/7635
"Мұхтар Әуезов. Япония" | "https://abai.kz/post/7635"
17.03.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Мұхтар Әуезов. Япония URL: https://abai.kz/post/7635 META: "Мұхтар Әуезов. Япония" | "https://abai.kz/post/7635" DATE: 17.03.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 2215 TEXT: Бұл күнде  қай халық тәртіпсіз, ғылымсыз, елеусіз қалыптан асып, алдыңғы дәрежеде жүрген халықтармен тізелесіп отырарлық теңдікке жетуі тездігінен болатын оңай жұмыс емес. Бұрынғы бір бетке айласыз, ғылымсыз қара күштің заманында ілгері дәрежеге тез жету халықтың өз еңбегімен, басшының епті саясатымен ғана әзер болатын. Ал бұл заманда надан халықтың қатарға кіріп кетуіне себеп болатын жүз тараулы шарттар бар. Ол шарттардың бәрі де бас- басына терең оймен, еппен, қажымайтын қайратпен,малды, жанды аянбай сарп етерлік талап еткенмен ғана орнына келтіріп, одан кейін орыннан үміт қылуға болады. Бұл тарихта бәрібір жетілем деп  талпынған  жұртқа неше жүз жылдардан бері қарай құлағын бұрап, жаттап келе жатқан тарих болғандығы бір негізі. Бірақ тарихтың осы айтылған жолы  Японияға келгенде өзгеше бір рақымдылыққа түсіп, өзі демеп, бойын зорайтып, көркейтіп, қалпына бүткіл дүниені әрі шамдандырып, әрі қызғантып, ішін қайнатып отыр. Японияның әуелгі мешеу болып, дүние жарығынан меңіреу болып, өзінің, өзгенің не күйде екенін білмей отырған қалпынан шығуына себеп болған нәрсе  - өзге Англия, Франция, Голландия секілді білімді жұрттардың Япония надандығымен пайдаланғысы келген қомағайлығы болды. Бұл күнде  қай халық тәртіпсіз, ғылымсыз, елеусіз қалыптан асып, алдыңғы дәрежеде жүрген халықтармен тізелесіп отырарлық теңдікке жетуі тездігінен болатын оңай жұмыс емес. Бұрынғы бір бетке айласыз, ғылымсыз қара күштің заманында ілгері дәрежеге тез жету халықтың өз еңбегімен, басшының епті саясатымен ғана әзер болатын. Ал бұл заманда надан халықтың қатарға кіріп кетуіне себеп болатын жүз тараулы шарттар бар. Ол шарттардың бәрі де бас- басына терең оймен, еппен, қажымайтын қайратпен,малды, жанды аянбай сарп етерлік талап еткенмен ғана орнына келтіріп, одан кейін орыннан үміт қылуға болады. Бұл тарихта бәрібір жетілем деп  талпынған  жұртқа неше жүз жылдардан бері қарай құлағын бұрап, жаттап келе жатқан тарих болғандығы бір негізі. Бірақ тарихтың осы айтылған жолы  Японияға келгенде өзгеше бір рақымдылыққа түсіп, өзі демеп, бойын зорайтып, көркейтіп, қалпына бүткіл дүниені әрі шамдандырып, әрі қызғантып, ішін қайнатып отыр. Японияның әуелгі мешеу болып, дүние жарығынан меңіреу болып, өзінің, өзгенің не күйде екенін білмей отырған қалпынан шығуына себеп болған нәрсе  - өзге Англия, Франция, Голландия секілді білімді жұрттардың Япония надандығымен пайдаланғысы келген қомағайлығы болды. ХVІІІ ғасырдың әуелгі жартысында Қытай мен Америка һәм басқа Европа  патшалықтарының саудасы қызды, бұлардың бір-біріне қатынасатын жолында Япония болды. Білімді жұрттар Японияның ішіне де өз саудасын кіргізіп, олардың қанын соруға айналды.  Япония білімді жұрттардан келетін зиянды білген соң, оларға өткел бермегісі келді. Бұған бастығы Америка болып, Европаның көп патшалықтары ықтиярсыз өткел беруге мойынсұндырды. Бұл оқиға 1853 жылда болды. Японияның бұларға қарсы бетке ұстайтын қаруы болмады. Көп айлалы, қомағай, білімді жұрттардың ортасына түсіп, өзіндігінен айырылып, халыққа жем болатын уақыт келді. Осы себеп қамшы болып, Японияның сүйегіне сіңген ұлтшылдық, жігерлілік қаны оянды. Айлалы, азулы, жауға өзінің ұстап келген қаруындай қару ұстап, өзінің сүйенген тәртібіндей тәртіпке сүйенбесе, басқа лаж болмайтын болды. Жұрт басшысы, қамқорлары бұл халді ұғып, осының жолына бастарын сарп етіп, жаңа жол табуға ізденді. Солардың талпынуының себебінен 1868 жылдағы жаңалық  (реставрация) дүние жүзіне келді. Бұл жаңалықтан бұрын Японияда Микадо (патша) болса да оны ешкімге иелетпей, бар билік қолынан тарайтын, бұрын соғыс басшы Сиогундікі болатын. Сиогундарды әуелде патша сайлайтын болса да, соңғы уақытта Сиогундар күшейіп кетіп, Токугава деген тұқым 265 жыл бұл дәрежені ұстап тұрды. Сиогундардың көбісі  бір жағынан патша секілді халықтың бар міндетін атқаратын кісісі болмаған соң, екінші жағынан қолында үлкен күш болмаған соң, халыққа, патшалыққа зиянды көп істер істеді. 68-жылдың бір жаңалығы: сол сиогундардың ең соңғысы Токугава Кэнки деген кісіні жаңалықты бастап  жүрген  халық қамқорлары орнынан түсіріп, Сиогун деген дәрежені жоқ қылды. Бұдан соңғы бір жаңалығы: бұрын Жапонияда әрбір тайпаны бір даймоис, яки князь билейтін. Бұлардың бәрі де қол астындағы халқынан алым алып, қолдарына көп батырлар, яки  әскер сақтайтын. Бұлардың өзі білімсіз, өзі жуан болған соң елге келтіретін зияны көп болды. Жаңалық оларды да орынан домалатты. Бірақ Японияның бетін түзеп алып, ретке кіруге аяқ басқанын 68-і жылдан бері қарай деуге болмайды. Бойға сіңіп қалған надандық мысқалдап шыққанша, ескіден шығып, жаңаға түсініп кетудің ауырлығы жеңгенше, бірталай жылдар өтті. Жапонияның дәлді бетін түзеп алып, ілгерілеуге аяқ басқанының  басы 1885 жылдан бері қарай басталады. Бұл - Жапонияның ғылымға нағыз жұмылған уақыты. Ал, басқа жұрттардан үйреніп, фабрика, завод ашып, солардың ғылымдарын өздеріне жұқтырғысы келгендік сиогундар заманында да бар еді. Японияның  жаңалықтан кейін ұзап, ілгерілеп кетуіне себеп болған  - екі уақиға дейді. Жапонияның Маркиз Ито деген президенті (министрлер советінің бастығы). Бұл кісі Жапонияның ең көрнекті халық басшысы, өзге жұртты Жапония жатырқап жүргенде, бұлармен араласуына, ғылымға аяқ басуына себеп болған Херобуомы Итоның мұндағы көрсететін уақиғаларының  бәрі  - Япониядағы патшалық түрінің өзгергені. Халық алдында жауапты министрлер болды. Патшаның  әмірі бұрынғысынан әлсіз болып, конституция кірді.Бұл оқиғаны 1889 жыл әкелді. Японияда 265 жылдай патшалық құрып келген тұқымның ақырғы патшасы бұл жаңалыққа көніп, өзі орнында қалды. Мұның себебінен халыққа әділ билік орнады. Үкімет пен халық арасы жақындап, теңдік туды. Үкімет басындағы кісілерді халық өзі сайлайтын болды. Японияның ілгерілеуіне екінші себеп болған  нәрсе  - 1894 жылда болған Қытай - Япон соғысы. Бұл соғыстан кейін Япония  ғылым, шаруа, сауда жолында аса көзге көрінерлік екпінділік істеді. Мысалы, 1880 жылы Японияның сауда проходы  310 еді.  1899 жылда  1221  болды. 1888 жылда Японияға кіретін һәм одан шығатын бар пұлдың бағасы  98 миллион иен еді (иен 1сом 29 тиын). Бұл 1900 жылда жарты миллирадқа барды.  Оқу жолында  1901 жылдағы есепте  Япониядағы оқуға жасы дәл келген еркек баланың школда жүргенінің саны 94% (жүзден 94), әйел баласының саны 81 процент болды. Бұл талап. Сол талаптың осындай жемісі әр жүректі осындай болсам деп үміттендіріп,екпін, жігер беріп, талпынтатын тарих жүзіндегі үлгісі мол бір сабақ. Жаңалық басталғаннан-ақ  Япония жастары ғылым дүкені құрылып тұрған жақтарға ағыла бастады. Бәрінің әр жерге келгендегі мақсаттары жалғыз Японияның  бақытты болу қамы болды. Сол себепті бұлардың Европа ғылымын біліп алғандары  тоқтамастан жеріне қайтып, жиып апарған білімдерін елдеріне егіп отырды. Жапонияның бір патшалықтың ішіне келіп, оқу оқығандары сол патшалықтың  жұрт билеу тәртіптері қандай, шаруаларының қандай түрлері бар, өзге патшалықтармен арасындағы  саясат қандай, - солардың әр тарауынан Японияның гүлденуіне керек бұйымдарды қойын-қоныштарына толтырып әкеліп отырды. Япониядағы әрбір европа патшалықтарының іштеріне барған жақсылары, сол патшалықтардағы жақсы қылықтарымен жалғас жүрген қандай міндеті бар; солардың жетсек-ау деп жүрген қандай таза, жаңа түрлері бар, олардың бәрінде де толық мағлұматтармен қайтып жүрді. Япония Европа не істесе, соған көз жұмып ере берген жоқ. Әрқайсының жиып апарған білімін зейінге салып, сынап, өздерінше қолайлы, жақсы дегендерін  ғана алатын болды. Бұл турасында (........) деген профессордың  айтқан сөзі мынау: «Біз күнбатыстың жақсысын сіңіруге дайын тұруымыз керек, бірақ ол уақытта өзіміздің жақсымыз да ұмытылмасын»,  - деген. Жаңалық бола бастаған соң Японияда әртүрлі өнерліге, әртүрлі білгіштерге мұқтаж болды. Ол мұқтаж адамдары Европада мол. Сол себепті, олар күнбатыстан профессорлар, өнерлілерді шақырып әкеле бастады. Бірақ шеттен келген адамдарға  шарт қойды. Ол шарттар: Японияның ұлттығына зиян келтірерлік нәрселерді оқытып жүрген  шәкірттерінің жүрегіне сіңірмеулері, мұндай мінездері байқалған адамдар болса, қызметтеріне кіргізбеді. Бұл кездері Японияда жаттан келген профессорлар  да, өнерлілер де жоқ деуге болады. 1900 жылдағы есепте Японияда тұрған жат профессорлардың саны он шақты ғана болған. Бұлардың азаюының себебі  Япония өзінен білгіштер  шыға бастаған соң, жат адамдарды да бір-бірлеп шығарып, орындарына өз кісілерін қоя бастады. Японияның патшасы, министрлері түгелімен білімді адамдар болған соң, бәрінің де жаттан алған  жолдары малды-басты аямай, Японияға ғылым, өнер кіргізу.  Осы себепті Японияның жас оқығандарының халыққа істейміз деген жақсылық мақсаттары болса, бәріне  әлгілер өздері көмекші болып тілеген жаңалықтарын орнатып беріп отырады. Японияның алға басу жөніндегі тағы бір көзге көрінген мінездері  -  басшылары, білгіштерінің арасындағы ұйым, береке. Бұлар біріміздің істемек бір мақсатымыз болса, сол мақсатымыз алдымен патшалықтың күшті болуына зиянды болатын болмасын.  Екінші, халыққа ауырлық келтірер болмасын деп шарт қоятын. Осымен бұл күнде Япония тура күшею жолында, ылғи іске жаралған халық болды. Япония халқы  - тарамыс, жігерлі, зейінді жұрт. Бұл турасында Европаның  Японияға таңданып айтатын мына бір сөзі бар:  «Күнбатыс халқындағы бір мінез  - жас күндерінде адамдары  зейінді,талапты болып келіп,үлкейген соң талабы азайып, зейіні солғындап, істен қала беруші еді. Япония адамдарын жас күндеріндегі күн шығысқа тиісті зейінді талаптылыққа үлкейгенде күнбатыс халықының тарамыс ісшілдігін қосып алатын болды » -  деп. Өткен нөмірде Японияның бұрынғы қараңғы күйден  не себептермен тез құтылып кеткендігін және қысқаша сыртқы түрін жазып едім. Енді сол қараңғылықтан  құтылуға істеген еңбегі һәм сол еңбегінің жемісін Японияға соңғы уақыттарда қандай  халифа келгендігі туралы жазбақпын. Японияның басты адамдарының әуелгі  Япония жетілмей тұрған уақыттағы қатты сақ болып, естерінен шығармаған нәрсесі,  -  халқының буыны бекініп, піспей тұрған кезде соғыстан аман сақтау болатын.  Бұл туралы өз араларында айтысып жүрген пікірлері: «сыртымыз басқа жұрттармен тату, сыпайы болсын, іштен тарахиат (өнер-білім) аса бағалы болып, еркін өссін » деген. Осы себепті сырттан келуші өнеге аларлық адамдарға Японияда қағусыз, соғусыз еркін жол беріліп отырды. Өзге жұрт еркін болғанда Японияны илеп-билеп кете ме деп қорыққаны көршісі Қытайдың осалдығы еді. Осыны ойлап, Қытайды ұйқысынан ұятам деп те Япония  адамдары көп еңбек қылып, әуреленді. Ақырында сыртқы ашқарақ жаудан  қысылып жүріп, асығумен Япония ғылымның бірталай сатысына шығып қалды. Бірақ, өнер-білім жолында қандай шарықтағанымен мұндай тез қатарға кірген жұрттың  ірі жұмыстармен алданып жүріп, ұсақ, пайдалы, жақсы жұмыстардың талайы ескерусіз, солақай қалуы мүмкін еді. Бар мақсаты күшею болған соң, әлгі айтқандай көп пайдалы жұмыстардың басынан аттап кетпеді деуге болмайды. Ғылым, қуат қай жұртқа болсын мысқалдап бірте-бірте сіңбек, орнамақ һәм бойға баптанып, кемеліне келіп, жай орнаған нәрсе берік болмақ. Өзге жұрттың ептеп жай жеткендерінің бәрін түгелімен тез сіңіріп ала қою мүмкін жұмыс емес. Мұндай бірбеткей, сыңаржақ қалғандық Японияның ішкі хал-жайын тексерсек көрінеді. Әуелі Япониядағы оқу жолын қарастырайық. Япония үкіметі жаңалық кірген соң-ақ халық жалпы оқуға міндетті болсын деген жарлық шыққан. Бұл жарлық бойынша жасы алтыға толған бала сабаққа беріледі. Япониядағы төменгі дәрежелі мектептер жіті университеттер Европа үлгісіне ерте түскен. Мысалы, 1880-1890 жылдардың арасында  сол университеттерді бітірген  Япония студенттерінің саны 3126 болған. Япония оқушыларына осы күнге дейін қиындығы кетпей жүрген бір нәрсе  - Қытай мен Япония әдебиетінң ерте қосылып кеткендігі; бұл қосылу себепті Японияның жазба сөздерінің бәрін қытай тілі кернеп, Японияның өз тілін жеңіп кеткендік. Міне, сондықтан Японияның кітап тілі мен  сөйлейтін тілі жат, екі басқа.  Оқушылар әуелі қытай тілімен таныс болып һәм басқа жұрттардың  тілін тағы үйренуі қажет. Енді Японияның әйелінің хәліне келейік. Бұрынғы уақытта Японияның әйелі елеусіз күйде болып, ескі ата-бабалар салтымен  әйелге өсіп-өну салтымен қарайтын. Бұл күнгі жаңалық ағымы ол салтты қалдырып, әйелді де мемлекеттің құрметті мүшесінің бірі деп біліп, қатарға кіргізіп барады. Әйелдер үшін төменгі дәрежелі мектептер өз алдына жоғары дәрежелі мектептер де салына бастады. Японияда әйелдер оқитын мектептердің тәртібі бұл күнде  Европа әйелдерінің мектептерінен артық түр тапты. Әйел оқығанда бір жағынан үй ішінің шаруасын үйрену керек, бір беткей оқумен кететін Европа әйелдері  үй шаруасына ыңғайы аз, еркек секілді сөлекет болып кетеді, өмірден алыстап кетеді деп, бар әйелдер мектебінде шаруа жағын құнттап тәрбие қылады.  Японияда бір мектептегі оқушылар бір-ақ жерде тұрады.  Мысалы, бір мектепте бес жүздей кісі болса, жиырма-жиырмадан топқа бөлініп, әр топты басқаруға бір үлкен қатын қойылады. Бұл қатынды бір топтың ішіндегі қыздар шешесіндей көріп, өз араларында апалы-сіңілі кісідей жақын жүрді. Онан соң күндегі тамақ дайындау, кір жуу, үй тазалау және тиісті басқа шаруа, есеп-қисап  - бәрі ол қыздардың мойнында болды. Қыздар әрі білім үйреніп, ғылым артады, әрі шаруа жүзінде өмірге керекті тәжірибе алады. Бұл - Японияның басқа халықтардың қатесін көріп тапқан ерекше түрі. Өзге Европа халықтарымен қатар қоюға бөгет болатын бір нәрсе  - Японияның діні, Япония бір дінді тұтқан халық емес, қашаннан неше дінді ұстанып келе жатқан жұрт. Бұлар Будда дінін де, Конфуци дінін де тұтынды. Мұның үстіне Қытай мен Японияны көбінесе ілгері бастырмауға себеп болған ата-бабасының ескі салтын қуып, жолын ұстау болды.  Мысалы, өлгеннің әруағын құрметтеу (культ предков). Бұл сияқты әдеттер неше түрлі қараңғы наным, зиянды туғызды.  Будда діні сондай салтқа қарсы болатын, бірақ халықты түзеуге шамасы келмей, ол діннің өзі былғанып, бұрынғы тазалық, жақсылықтың бәрінен айырылып қалды.  Конфуци діні ескі ата-бабаларының салтымен алысты,оның да әсері артық сіңбеді.  Европа әсері де ата-бабаның ескі жолын әбден жоя алмай отыр. Ескі салттың күші неке, талақ, мирас жолдарында аса айқын көрінеді. Мысалы, Япония халқының ұғуынша: «артында бала қалмағанан жаман нәрсе жоқ». Сондықтан, бала таппаған қатынды шығаруға жол бос.  Қатын бала таппайтын болса, тұқым үзіледі, тұқым үзілсе, ата-бабаның әруағы ұмтылып кетеді. Және Японияда атаның қанын өзгертпеу керек деген әдет бар. Қатын алғанда өзімен тұқымдас атаның қызын алу керек. Басқа атаның қызын алса, қан өзгеріп кетеді-міс. Қатын жүріc қылып, осалдығы білінсе де, шығарып жібереді. Себебі, әйелдің  мінезі бұзылды, еріне қиянат қылды емес,атаның қанын бұзғысы келді деп шығарады. Бұл әдеттер осы күнге дейін күшті. Японияның оқығандары ескі салттан жерініп, көбіне басқа дінге өтіп кеткен. Кейбіреулері мүлде дінсіз, бірталай европа философтарының жолын ұстанады. Японияны көбінесе аударып бара жатқан христиан діні. Бұл күндегі шәкірттерге ешбір дінді зерттеп оқытпайды. Енді Японияның баспасөзінің жайына келейік. Японияда ретті газеттер шығара бастаған  уақыт 1870 жылдардың шамасында. Газет шығарумен таныстығы ертеден бар болатын. ХVІІІ ғасырдың басында Японияның ең алғашқы газеті шыққан. Ол кезде Японияның Қытайдан басқа жұртпен хабары болмайтын. Ол уақыттағы газеттерде керекті мағлұмат берерлік ешнәрсе болмайтын, оның үстіне тақтайға басылып, алып жүруге ыңғайсыз болатын.  Жаңалыққа шейін баспасөз сол газеттер маңайынан ұзай алған жоқ. Жаңалықтан кейін 1899 жылда шығатын газет журналдардың саны 978 болған. Бұлардың ішінде саяси, ғылыми, діни, әдебиет жолдарын тұтынғандары да бар.  Газет, журналдарының саны болмаса, Япония әдебиеті гүлдене қоймаған. Японияның әдебиеті басталғалы талай заман болды. Бұл күнге шейін тұтынып келе жатқан  - ескі әдебиеттің жолы.  Өзге жағының ілгерілеуіне қарағанда, солақай, кем қалған нәрсе  - Японияның әдебиеті. Бұл турасында Япония жайын жақсы білетіндер: «Япония өзге жағынан сонша бай болып, әдебиетпен айналысуға қолы тимеген», - дейді. Сондықтан, Японияда адамның адамшылығын түзеп, дүниенің терең мағынасын ұқтыратын кітаптар аз. Бірақ, бұған қарап Япония оқығандарының терең ғылымнан хабарлары аз деуге болмайды. Япония оқымыстыларының Европа білгіштерімен тайталасып, ғылымға қызмет етіп жүргендері бар. Мысалы, жер сілкіну өзгерісін оқитын  «сейсмология» ғылымына Япония білгіштерінен жетік Европада оқығандар жоқ деп саналады. Бұл ғылымға әуелі жетік болған Секия. Бұдан басқа да әртүрлі ғылымдарға түр кіргізуге еңбек қылып, үлкен атақ алып жүрген адамдары бар. Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағы 1 том Мақалалар, пьесалар 1917-1920 Алматы, "Ғылым" баспасы 1997-нші жыл
qosymsha/abai.kz
post_4203.txt
Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде «Қара Айбек» лақап атты ҰҚТ жетекшілерінің бірі атып өлтірілді (толықтыру)
https://abai.kz/post/4203
"Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде «Қара Айбек» лақап атты ҰҚТ жетекшілерінің бірі атып өлтірілді (толықтыру)" | "https://abai.kz/post/4203"
07.06.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде «Қара Айбек» лақап атты ҰҚТ жетекшілерінің бірі атып өлтірілді (толықтыру) URL: https://abai.kz/post/4203 META: "Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде «Қара Айбек» лақап атты ҰҚТ жетекшілерінің бірі атып өлтірілді (толықтыру)" | "https://abai.kz/post/4203" DATE: 07.06.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 343 TEXT: Бішкек. 7 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) жетекшілерінің бірі - «Қара Айбек» есімді қылмыскер атып өлтірілді, деп хабарлады дүйсенбі күні республика ІІМ. «Қылмыстық әлем серкелерінің бірі - лақап аты «Қара Айбек» Айбек Мирсидиков 7 маусымға қараған түні Жалал-Абад облысының оңтүстігінде өлтірілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі ҚазТАГ. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, «А. Мирсидиков пен үш адам отырған автокөлікке автомат қару қолданумен шабуыл жасалған». «Көліктің ішінде отырған төрт адамның бәрі қаза болды», - деп мәлім етті ІІМ өкілдері. Олар А.Мирсидиковтың іздеуге жарияланбағанын хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, «Қара Айбек» елдің оңтүстігіндегі ықпал ету аймағы үшін күрес нәтижесінде өлтірілді. 2000 жылдардың басында А. Мирсидиковтың қарулы тобы тонаушылық, рэкет, есірткі транзиті сияқты қылмыстар жасаған. Оппозиция Ахмад Бакиевпен (экс-президент Құрманбек Бәкиевтің ағасы) байланыстыратын А.Мирсидиков 13-14 мамырда Жалал-Абадтағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыптап отыр. Өзбек қоғамының лидері экс-депутат К. Батыров А. Мирсидиковты облыстық әкімшіліктің ғимаратын басып алған Бәкиевтің жақтастарын қаруландырды деп тікелей айыптады. Бішкек. 7 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстанның оңтүстігінде қылмыстық қақтығыс кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) жетекшілерінің бірі - «Қара Айбек» есімді қылмыскер атып өлтірілді, деп хабарлады дүйсенбі күні республика ІІМ. «Қылмыстық әлем серкелерінің бірі - лақап аты «Қара Айбек» Айбек Мирсидиков 7 маусымға қараған түні Жалал-Абад облысының оңтүстігінде өлтірілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі ҚазТАГ. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, «А. Мирсидиков пен үш адам отырған автокөлікке автомат қару қолданумен шабуыл жасалған». «Көліктің ішінде отырған төрт адамның бәрі қаза болды», - деп мәлім етті ІІМ өкілдері. Олар А.Мирсидиковтың іздеуге жарияланбағанын хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, «Қара Айбек» елдің оңтүстігіндегі ықпал ету аймағы үшін күрес нәтижесінде өлтірілді. 2000 жылдардың басында А. Мирсидиковтың қарулы тобы тонаушылық, рэкет, есірткі транзиті сияқты қылмыстар жасаған. Оппозиция Ахмад Бакиевпен (экс-президент Құрманбек Бәкиевтің ағасы) байланыстыратын А.Мирсидиков 13-14 мамырда Жалал-Абадтағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыптап отыр. Өзбек қоғамының лидері экс-депутат К. Батыров А. Мирсидиковты облыстық әкімшіліктің ғимаратын басып алған Бәкиевтің жақтастарын қаруландырды деп тікелей айыптады. К. Батыров пен ұлты өзбек А. Мирсидиковтың бұл күресі бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Олар бір-бірін қастандық жасады деп айытады, ал А. Мирсидиков К. Батыровты А. Мирсидиковтың ағасы қаза болған қастандыққа айыпты деп кіналаған болатын.
qosymsha/abai.kz
post_183782.txt
Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды
https://abai.kz/post/183782
"Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды" | "https://abai.kz/post/183782"
29.05.2024
Abai.kz
null
TITLE: Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды URL: https://abai.kz/post/183782 META: "Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды" | "https://abai.kz/post/183782" DATE: 29.05.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 170 TEXT: 28 мамырда өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Ғалымұлы Хасенов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Асхат Хасенов сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінің құрамына сайланды. Асхат Хасенов еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған. 2006 – 2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президент болып жұмыс істеді. 2011 – 2019 жылдары еңбек жолын ҚР Мұнай және газ министрлігінде жалғастырып, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасын, кейін мұнай-химия және техникалық реттеу департаментін басқарды. 2019 – 2022 жылдары "KLPE" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. "ҚазМұнайГазға" тағайындалғанға дейін 2022 – 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті. Бұл лауазымда жер қойнауын пайдалану және мұнай-газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сонымен бірге Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_96385.txt
Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының құрамына енді
https://abai.kz/post/96385
"Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының құрамына енді" | "https://abai.kz/post/96385"
21.08.2019
Abai.kz
null
TITLE: Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының құрамына енді URL: https://abai.kz/post/96385 META: "Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының құрамына енді" | "https://abai.kz/post/96385" DATE: 21.08.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 152 TEXT: «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгеріс енгізуді ұсынды. Елбасы атап өткендей, бюроның қазіргі құрамында 11 мүше бар. «Бұрын айтқанымдай, халыққа барынша жақын болу керек. Шенеунікке тән сипаттан арылған жөн. Сол себепті, жастарға қолдау білдіріп, әсіресе, ауыл жастарын қолпаштап, интеллигенциямен тұрақты диалогты жолға қойған абзал. Сол себепті, Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев мемлекеттік қызметке өтті. Оған сәттілік тілеп қоялық. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов мемлекеттік қызметке барып, министр атанды. Оған да рахмет!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы сөзін жалғастыра келе, Бюро құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні енгізуді ұсынды. «Ол көпке белгілі. Газетті көтерді. Біздің интеллигенциямен байланысы мықты. Сонымен бірге, «Jas Otan» жастар қанатының лидері Дәулет Кәрібекті ұсынамын. Жастардың атынан сол сөйлесін», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысын партияластары бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_45740.txt
ЕТ ЖАЙМАЛАРЫ ТАРАЗДА ШЫҒАРЫЛАДЫ
https://abai.kz/post/45740
"ЕТ ЖАЙМАЛАРЫ ТАРАЗДА ШЫҒАРЫЛАДЫ" | "https://abai.kz/post/45740"
15.08.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЕТ ЖАЙМАЛАРЫ ТАРАЗДА ШЫҒАРЫЛАДЫ URL: https://abai.kz/post/45740 META: "ЕТ ЖАЙМАЛАРЫ ТАРАЗДА ШЫҒАРЫЛАДЫ" | "https://abai.kz/post/45740" DATE: 15.08.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 345 TEXT: Тұтынушылардың үлкен сұранысына ие болған макарон өнім­дерінің бірі, кәдімгі ет асқанда салынатын «Арзу» жаймалары Тараз қаласындағы «Та-Мак» ЖШС-да шығарылады. Бұл дәмді жаймалар аз уақытта нарықтағы бәсекелестерін ығыстырып, таңдаулы өнімге айналып үлгерді. Аталмыш кә­сіп­орынның былтырғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша ІІ дәрежелі дипломды иеленуі –  осының дәлелі. Нарық заңы қатал. Өндірілген өнім сапалы әрі бағасы қолжетімді болуы тиіс. Онсыз бәсекелестікке төтеп беру қиын. «Та-Мак» ЖШС осындай сынақтардың бәрінен өте білді. Гүлмира Қоңқашева басқаратын серіктестік 2004 жылы макарон өнімдерін шығаратын цех ашып, сапасы импорттық баламасынан кем түспейтін жайма әзірлеу тәсілін екі жылдың ішінде меңгеріп, өндірісті іске қосады. Үшінші жылы Таразда шығарылатын жаймалар Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарына кең тарала бастайды. 2008 жылы макарон өнімдерінің басқа да түрлерін шығаруды қолға алады. Халықаралық ХАССП жүйесі - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа стандарттары және малайзиялық «Халал» стандарты бойынша экологиялық таза өнім өндіретін серіктестік 2012 жылы Ресейде өткен азық-түлік көрмесінде алтын медальді иеленеді.  Кәсіпорынның тәулігіне 10 мың тонна өнім өндіретін италиялық автоматты құрылғыны іске қосқаны да осы жылы.  2014 жылы мәскеулік конструкторлық бюромен бірлесіп, жаңа автоматты қаптама жүйесінің тұсауын кесті.  Ол әлем­дегі ешбір тауар қаптамасына ұқсамайды. Соның арқасында «Арзу» тауар таңбасымен сатылатын жаймалар дүкен сөрелерінде бірден ерекшеленіп тұратын болды. «Мен үшін ең бастысы – сапа. Бір өндірушілерге өнімнің неғұрлым мол шығарылып, жан-жаққа тынымсыз таралып жатқаны ұтымды, ал менде ондай көлем қуалау деген жоқ. Аз шығарсам да тап-тұйнақтай, барлық талапқа сай болуы тиіс.  Сынған, майысқан қамырды ешқашан оратпаймын. Компания жұмысшылары  да ондай жүрдім-бардым әрекетке бара алмайды, өйткені, басты талаптан хабардар. Егер соны біле тұра абайсызда жерге түсіп қалған қамырды қорапқа сала салса, онысы бейнекамераға түсіп қалады», - дейді Гүлмира Қадыр­қызы. «Та-Мак» серіктестігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры құйған инвестицияның арқасында өз өнімдерін экспортқа шығара бастады.  «Арзу» маркалы макарон өнімдері Голландия, Франция және АҚШ-тың «Mueller Aussenhandel e.K.», «Monolith Süd GmbH» делдал компаниялары арқылы Германия, Ресей, Қырғыз мемлекеттері мен Өзбекстан нарығына шығарылуда. Бүгінде кәсіпорын тұтынушыларына «Ертөстік» деген тауар таңбасымен жаңа бренд ұсынуда. Мұндай қадам макарон өнімдерін шығаратын өндіріс орындары арасындағы бәсекелестікке тың серпін беретінін айтады серіктестік басшысы. Екінші жағынан жаңа жоспарлардың туындауына жол ашпақ. Оралхан ДӘУІТ abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_86430.txt
"Нұр Отан" партиясы бастамасын сенаторлар да қолдайды
https://abai.kz/post/86430
""Нұр Отан" партиясы бастамасын сенаторлар да қолдайды" | "https://abai.kz/post/86430"
28.02.2019
Abai.kz
null
TITLE: "Нұр Отан" партиясы бастамасын сенаторлар да қолдайды URL: https://abai.kz/post/86430 META: ""Нұр Отан" партиясы бастамасын сенаторлар да қолдайды" | "https://abai.kz/post/86430" DATE: 28.02.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 838 TEXT: «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтің айтқан ойлары мен көтерген бастамаларына ҚР Парламент Сенатының депутаттары да қолдау білдіріп жатыр. Біз бүгін бірнеше сенатордың пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Abai.kz ақпараттық порталы Владимир Волков, Парламент Сенатының депутаты АЛДЫМЫЗДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР БАР 1995 жылы Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең басты құндылықтары болып табылады. «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттік биліктің тұтастығы мен кепілі ретінде Конституцияның, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының негізін құрайтын қағидалардың мызғымастығын кезекті мәрте дәлелдеді. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту және Қазақстанның әлеуметтік-бағдардағы мемлекет ретінде дамуы басты міндет болып табылады және Елбасы оны ұдайы айрықша назарда ұстап келеді. Бұл мақсатқа тек Ұлттық қордан 2019-2021 жылдары 1 триллион 350 миллиард теңге бөлінеді. Мемлекет басшысы республиканың дамуындағы жаңа кезеңді бастай отырып, халықтың қамтылуы төмен топтарын қолдау және табысы аз азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде бірқатар ұсыныстарды атап өтті. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие балалы отбасыларды мақсатты түрде қолдау үшін көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық ақы төленеді. Сонымен қатар, осындай отбасылардың жалпы табысын есептеу кезінде жекелеген жәрдемақылар, оның ішінде, көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, балаларға арналған мүгедектік жәрдемақы, стипендиялар есептеуден алынып тасталады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, отбасылар мен қамқоршыларға көтеріңікі жәрдемақы берілетін болады. Қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында Мемлекет басшысы бюджет саласында еңбек ететін қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға дейін көтеруді тапсырды, бұл 1 миллионнан астам азаматтық саланың қызметкерлерін қамтиды. Сонымен қатар, облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдардағы төменгі деңгейдегі қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 25 пайызға көбейеді. Дәрігерлік көмек көрсету сапасын жақсартуға назар аударылады. Әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, денсаулық сақтау және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын шығындар ұлғайтылады. Еліміздің барлық аумағында өмір сүру сапасын жақсарту үшін аймақтық саясатты іске асыру көзделіп отыр, ол облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға және аймақтық көлік инфрақұрылымын нысандарын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Тұрғындарды сумен, газбен қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау секілді өткір проблемалары біртіндеп шешілетін болады. Осы жобалардың бәрінде де ауыл тұрғындары назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы алдағы 10 жылда елдің әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын белгіледі. Айтылған шаралардың бәрі партияны дамытудың жаңа бағдарламасында көрініс табатын болады. Депутаттар Елбасының халықтың экономикалық өсуін және өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін бастамаларын заң жүзінде бекемдеу үшін ауқымды жұмыстарды атқаратын болады. Еділ МАМЫТБЕКОВ, Сенат депутаты ӘЛЕУМЕТТІК САЛА – БАСТЫ НАЗАРДА «Нұр Отан» партиясының мерейтойлық XVIII съезінде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев партияның алдында тұрған 10 міндетті белгіледі. Алдағы он жылға дамудың басты бағыты әлеуметтік жаңғыруға бағытталады. Елбасы жария еткен басты идея партияның бағдарламасы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрғындардың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру болып табылады. Атқарушы органдардың назарынан тыс қалған әлеуметтік саладағы негізгі мәселелер атап өтілді. Мемлекет басшысы экономиканы жеткілікті түрде қаржыландырмаған ақша-несие саясатындағы жеке мәселелерге тоқталды. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, ең алдымен экономиканың деңгейі артуы тиіс. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жастарға, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына қатысты мәселелер айтылды. Осыған байланысты Президент әлеуметтік саланы жаңғырту үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді. Одан басқа, Елбасы кедейлік шегін қайта қарау қажеттілігіне тоқталды. Атап айтқанда, 340 мың тұрғын үшін арнайы әлеуметтік көмек беру пысықталды, соның ішінде көпбалалы отбасыларға да берілетін болады. Бұл ретте, Үкіметке тұрғындарға берілетін әлеуметтік көмектің шарттарын қайта қарау тапсырылды. Экономиканың өсуіне серпін беретін шағын және орта бизнесті несиемен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. 2030 жылға дейін шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 40 пайызға дейін артуы қажет және бұл өте маңызды міндет. Елбасының партия съезінде қойған басты міндеті әлеуметтік мәселелерді шешу болып отыр. Бұған баса назар аударылып, тиісті тапсырмалар берілді. Қазақстан саясатының басты мақсаты әлеуметтік бағдар екені айтылды. Осы орайда, әлеуметтік бағдарламаларды шешуге республикалық бюджеттің 45 пайызынан астам қаржысы бөлінетін болады. Әли Бектаев, Парламент Сенатының депутаты АУЫЛДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев съезде әлеуметтік саланы дамытуға, көп балалы аналарды қолдауға, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға арналған ауқымды бағдарламалық доктринамен таныстырды. Жалпы бағдарламаға байланысты айтар болсақ, ауылды дамыту деген үлкен мәселе екені анық. Сондықтан Ауыл партиясының төрағасы ретінде «Нұр Отан» партиясының съезіндегі қабылданған бастамалардың бәрі біздің де ойымыздан шыққанын айтқым келеді. Себебі, оның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты, елдің әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған мәселелер. Біз үшін ең бастысы  – ауылдарды сақтап қалу. Қазіргі уақытта 7 мыңнан астам ауылды бөліп алып, соларға инфрақұрылымдық жағдай жасай отырып, ауылдағы азаматтарды тұрақтандыру өте маңызды екені даусыз. Халықтың барлығы қалаға көше бермей, ауылда тұрақтанса – нұр үстіне нұр. Елбасы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін баса айтты. Әрине, бүгінгі таңда ол үшін жаңа кәсіпорындар ашылуы керек. Ауылды біз экономиканың негізгі драйверіне айналады деп отырмыз. Себебі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 29 пайызы ғана бүгінгі таңда қайта өңделеді. Сол ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға қыруар уақыт, қомақты қаражат қажет, ауқымды жұмыс жасалуы қажет. Егер сол кәсіпорындар жұмысқа кірісетін болса, көптеген жұмыс орындары ашылады. Одан бөлек, ауыл мектептерінің, денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайын жақсарту да зор маңызға ие болып отыр. Осы мәселелерге баса назар аударылып, жұмыс нақты жасалатын болса, ауылдан ел көшпейді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_76453.txt
Үкіметке аймақтарда ШОБ-ті дамыту бойынша шаралар әзірлеуді ұсынды
https://abai.kz/post/76453
"Үкіметке аймақтарда ШОБ-ті дамыту бойынша шаралар әзірлеуді ұсынды" | "https://abai.kz/post/76453"
10.09.2018
Abai.kz
null
TITLE: Үкіметке аймақтарда ШОБ-ті дамыту бойынша шаралар әзірлеуді ұсынды URL: https://abai.kz/post/76453 META: "Үкіметке аймақтарда ШОБ-ті дамыту бойынша шаралар әзірлеуді ұсынды" | "https://abai.kz/post/76453" DATE: 10.09.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 674 TEXT: «Ақ жол» Үкіметке өндіруші аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды - бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Азат Перуашев мәлімдеді. «Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін кем дегенде 50% деңгейінде қамтамасыз ету міндетін ұдайы алға қойып келеді. Үкімет бұл бағытта айтарлықтай күш жұмсап отырғанына қарамастан, «Ақ жол» фракциясы олардың теңгерімсіздіктерін айтып көрсетуге мәжбүр - деп атап өтті депутат - мәселен, кәсіпкерлермен кездесулерердің нәтижесінде бізге берген көңіл қуантарлық есептеріне қарамастан бірқатар өңірлерде шағын бизнесті несиелендіру кестесінде олқылықтардың барын аңғартты». Перуашевтің одан да бетер алаңдаушылығын туғызған – бірқатар өңірлердегі шағын және орта бизнестің өте төмен деңгейдегі үлесі. Егер ШОБ-тің экономикадағы жалпы үлесі 27%-ға жуықтаған болса, ал Атырау және Маңғыстау облыстарында ағымдағы жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ол 15%-ды құрайды, ШҚО – 13,5%, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында, тіптен небәрі 10-11%, яғни бұл дегеніміз орташа деңгейден 2,5 есе төмен және де Президенттің келешекке мақсат қойып, бағындырамыз деген деңгейінен 5 есе (!) төмен. «Мемлекеттік органдар мұндай теңгерімсіздікті осы саладағы ірі өндіруші кәсіпорындардың басымдылығына жатқызып отыр. Алайда, өнеркәсіптік өңірлерде болмағанда, басқа қай жерде ШОБ өндіріс тізбегіне қойылып, ең ірі серіктестерінен тапсырыс алып, өз ісін дөңгелетіп кете алады? Егер бүгінде өзге облыстарда бизнес мемелекеттік сатып алу айналасында күнін көріп келсе, ал бұл аймақтық нарықтарда ШОБ-тың бюджеттен басқа шетелдік инвесторлар мен өндіруші алыптардан тұратын ауқаттырақ әрі потенциалды тапсырыс берушілері де бар. Өткен жылдың күзінде Жер қойнауы кодексін талқылау барысында «Ақ жол» депутаттары шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алуда отандық өндірушілерге артықшылық беру туралы туралы талап еткені кездейсоқтық емес. Дәл осы нормалар өндіруші өңірлерде қазақстандық ШОБ-тің дамуының қайнар көзіне айналуы тиіс. Алайда, оның іске аспауы – , жергілікті биліктің де, уәкілетті органның да шикізат алыптарымен жұмыс кезінде қазақстандық қамту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін орындауда жіберілген олқылықтардың барын айғақтайды », - деді Перуашев. «Ақ жол» жетекшісі жергілікті қамту туралы нормаларды елемей, одан бас тартқан ірі жер қойнауын пайдаланушыларға әсер ету қажет екенін мәлімдеген фракцияның ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы сауалын еске сала кетті. Онда өткен жылы ғана ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алуға қатысты отандық кәсіпкерлерден келіп түскен 71 өтініш қаралғанын және келісімшарттық міндеттемелерді бұзу туралы 596 ескертулер жасалғаны туралы мәліметтер көрсетілген. Ұдайы заңды бұзушылар арасында арасында –  «Қазақмыс», «ССГПО», «Казцинк», «Ақтөбе мыс компаниясы» және т.б. ірі корпорациялар бар. Келісімшарт бойынша міндеттемелерге сай қазақстандық қамтудың үлесі 50% немесе одан көп пайызы болған кезде, жекелеген компаниялардың оларды орындауы 0% -дан 2% -ға дейінгі үлесті құраған жағдайлар орын алған. Үкіметтің осы сауалға берген жауабында 2017 жылдың қорытындысы бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалу барысын, соның ішінде жергілікті қамтуды зерделейтіні және де шаралар қабылдайтыны айтылған болатын. Бірақ одан кейін ешқандай мәлімдемелер, ақпар берілмеді. «Ақжолдықтар» егер осындай ахуал жалғаса беретін болса, біздің табиғи ресурстарға бай облыстардағы шағын және орта бизнес ешқашан Президент белгілеп берген деңгейге жете алмайды деп бағамдауға мәжбүр. Сонымен қатар, олардың пікірінше, шикізаттық алыптар тек табиғи ресурстардың есебінен пайда таппай, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарды жұмыспен қамтып, жергілікті экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Өйткені кез-келген ірі кәсіпорын жабдықтар мен материалдарды, құрылыс және жөндеу жұмыстарын, қызмет көрсету және көліктік қызметтерді, қызметкерлерге арналған киім-кешек пен азық-түлікті сатып алады. Дегенмен, шағын және орта бизнестің мұндай төменгі үлесі өндіруші компаниялардың көздегені қазақстандық емес, шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер екенін көрсетеді. Перуашев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Президент халықаралық инвесторлармен қарым-қатынаста Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерінің басымдығына назар аударған еді деп тағы бір мәрте еске салып өтті. «Бірқатар шикізаттық облыстардағы шағын және орта бизнес дамуының сәтсіздігі – осы бағыттағы кемшін жұмыстардың тікелей салдары. Нәтижеге сүйенсек, кейбір өңірлерде ұлттық экономикалық мүддені ілгерілету үшін шикізаттық магнаттармен қарым-қатынаста табандылық пен заманауи тәсілдерді қолдану жетіспейді», - деді «Ақ жол» көшбасшысы. Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «Ақ жол» парламенттік фракциясы Үкіметке жағдайды өз бетімен жібермей, қазақстандық қамту бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуға қатысуын, шикізатты қайта өндеу және дайын өнімді өндіруді қоса алғанда өндіруші аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды. «Ақ жол» депутаттары мұндай тәсіл ШОБ-тағы аймақтық теңгерімсіздікті жеңуге мүмкіндік береріне және өңірлердің дамуына лайықты демеу болатынына сенімді. «Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_172650.txt
Жанұзақ Әкім: «Қара сөзді Абайдың өзі жазды ма?!»
https://abai.kz/post/172650
"Жанұзақ Әкім: «Қара сөзді Абайдың өзі жазды ма?!»" | "https://abai.kz/post/172650"
21.08.2023
Жанұзақ Әкім
null
TITLE: Жанұзақ Әкім: «Қара сөзді Абайдың өзі жазды ма?!» URL: https://abai.kz/post/172650 META: "Жанұзақ Әкім: «Қара сөзді Абайдың өзі жазды ма?!»" | "https://abai.kz/post/172650" DATE: 21.08.2023 AUTHOR(s): Жанұзақ Әкім TOTAL WORDS: 2685 TEXT: Басы: Қара сөзді оқыған сайын қазақ нақұрыстана береді... Жалғасы: Жанұзақ Әкімге жауап: Абай неге қазақты аямады? Жалғасы: Өмірзақ Ақжігітке жауап: Мәселе Абайда емес... Жалғасы: «Абай, қалай ақын, ойшыл болды екен?!» деген не сөз? Өмірзақтың менің асығыс берген мақалама қоймастан сілмеме жасауына қарағанда ол оған ұнаған болу керек?! Әрине, онысына рахмет! - Бірақ, ол мақалада «Мәселе Абайда емес...» дегеннің себебі, алдымен сол Қара сөздердің болғанын Абайдың өзі білмеуі мүмкін. Ол Абайдың атын пайдаланып жазылуы мүмкін деген ойдан туған еді. Себебі, осы кезге дейін он жылдан бері «Абай деген ұлы ақын, әрі ағартушы болды ма?!» және «Қара сөзді Абайдың өзі жазды ма?!» деген сұрақтарға жауап берілген жоқ. Біздің университтер, ҒЗИ мен ғалымдардың бұл мәселеге немқұрайлы қарауы, оның қажетсіздігінен туындаған мәселе емес пе?! Цезарьдің, «Қандай ашшы болса да, ыдысты аяғына дейін ішу керек» (Какая бы горькая не была чаша, надо его испить до дна) дегеніндей әр істі аяғына дейін жеткізу керек; - Ақындық, ол негізінен жастық шақ, қала берсе орта жастың тірлігі ғой. Жарты өмірін болыс-би болып барымта, дау, параның ортасында жүрген және төрт қатыны (ханым), мыңдаған жылқысы бар адамның «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» деген, 50 жастан кейін өлең жаза бастап (оған дейін өлең жазуға әкесі тиым салған?!) ұлы ақын, ойшыл болып кетуі мүмкін бе? Болса, әлем әдебиетінде ондай тағы кім бар? - Бізде, бас ақын болса, ол «адамзаттың Абайы», көсем болса ол барлық пайғамбарларға тең Ай мен Күн...т.б. билікке, орысқа, не режимге жақындығымен өлшенетін тобырлық идеологияның тұтқыны болуда. 1995ж Абайдың 150 жылдығында бүкіл елден жинап 1500 киіз үй тігіліп, бір күнде алты мыңдай бас мал сойылды. Сол кезде семейліктер нан алуға ақша таба алмай жүрді. Сол тойдағы бәйгеде 1-ші келгенге Мерседес, 2-шіге КамАЗ... Оны көрген бір жазушы, «ат болып тумағаныма өкінемін» деген. Шпенглер, Ивановтар сияқты философтардың пайымдауынша Батыс пен Шығыстың дүниетанымы мен өркениеттерінің бір-біріне ұқсамайтыны, ол өнер, әдебиет, ғылым... философияның қайнар көзі сол ұлы тұлғалардың шыққан ұлтының ерекшелігінде. Адамзат деген жалған ұғым яғни жеке тұлғаны «адамзаттың бәленшесі» деген де қисынсыз; Б.д,д, VIII-IIғғ «уақыт белдеуі» (Ось времени) кезінде (К.Ясперс...) Ертедегі Грекияда миф-аңыздардан шығып ғылым, философия..., Қытайда Даосизм, Үндістанда Буддизм діндері яғни өркениеттер пайда болып жатқанда көне түркілер сол өзгерістерді «ұйықтап», санасы миф-аңыздар деңгейінде қалды. Сондықтан: а). Біз әлі күнге өмірде болмаған Сегіз Сері (оның болмағанын 32 профессор растаған), Қазбек бек Тауасарұлы (Ұзынағаш темір жол стансасын соның атында), сатқын Сыпатайды батыр деп Меркеде ескерткіш қойып, «Елім-ай» дастанын батыр, бірақ ақын емес Қожаберген жазды дегенге т.б. күні кешегі тарихты мазаққа айналдырып алғашқы қауымдық кездегі ру-тайпалық санадан арыла алмай малданудамыз. Енді осындай сұрақ Абайға қатысты туындағасын, оны жан-жақты зерттеп, оған тиісті жауабы берілуі керек; ә). Абай аударуға келмейтін, өлеңдері күрделі жалғыз ақын, оның 50-дей өлеңі мен соншама Қара сөздерін түсіну үшін жарты ғасыр оқу керек, «қазақ оны ұқпайтын кілең қыртым», Қара сөздегі қазақты жер қылғаны, ол жаны ашығасын жазғаны... деген сияқты оның тірлігін адам сенбейтін мифологиялық образға айналдыру тобырға айналып адасқан, зиялымыз деп жүрген зияндылардың тұжырымдары. Олар елді адастыруда. Ал, зерделі адам өмір бойы 50 өлеңді ғана емес, «Фаустан» бастап Гетенің 146 томын, заманауи интеллектуальдық туындыларды оқиды деп ойлаймын. Кімді оқыса да ол оқырманның таңдауы және әркімнің белгілі авторды білуі әрқалай яғни салыстырмалы. Әркімнің таңдауы да әрқалай. Тіпті әдебиетті оқымайтын үлкен ғалымдар да бар. Өзім студент кезде негізінен Гетенің «Шығыс диванына» еліктеп, оны біраз оқыдым. Соңынан Герағаңа Фаустың бірнеше бөлімін жатқа айқанда, ол оған тосын сый болып көрінді. Бірақ, ол Гетенің шығармаларын жетік біледі деген емес. Достоевский, Кафкаларды түсіну үшін біраз уақыт жындыханада жату керек болар?! Сол сияқты Абай тақырыбын М.Әуезовтей ешкім білмейді және оқырмандар білуге міндетті емес. Оны да әркім өзінше түсінетінін түсінбейтіндер нағыз бейшаралар болар?!; б). Абайдың «Толық адам туралы ілімі» деп жүргені, ол Ертедегі Грек философтарының кезінен келе жатқан, тозығы жеткен дүниелер. Абайды Гетемен салыстырғанда екеуі де осы ілімді айтқан дегенді алға тартады. Бұл жерде «Гетеден 150 жыл кейін өмір сүрген Абай плагиат емес пе?» деген де сұрақ туындайды. Мүмкін, оны Абай да өзінше айтқан болар. Бірақ, ол Абай ашқан жаңалық емес, 2,5 мың жылдан кейін қайталанған ақиқат болып қалады. Кезінде орыстар да Ломоносовты көшбасшы қыламыз дегенде, ол риторикадан жаңалық ашқан деген уәждері, Ертедегі Грекияда дамыған, әр оқушы білетін риторика дегені плагиаттық болып шықты. Сүйтіп, басқалай «жаңалық ашпаған» Ломоносовтың көшбасшылық жолы аяқталды. Мәдениетті диалог жүргізу де сол гректердің кезінде қалыптасқан. Аристотельдің, «Диалог жүргізіп отырғанда басқаларға сілтеме жасап, біреулердің өлең т.б. оқу, өз ойын жеткізе алмайтын адамның амалы» дейді. «Жаңа Қазақстанға», жаңа сүрлеу, біреудің жүргенін қайталамай заманауи жолмен жаңа мақсаттарға жететін жол керек. Ол, адам капиталын комплексті дамыту, инновациялық экономикаға көшу механизмдерін іске асыру арқылы демократиялық қоғамдағы интеллектуальдық ұлт қалыптастыру болып табылады. Өткен 30 жылда ес жиналмады. Креативті қоғам өзіне қажет, ал адасатын қоғам өзіне сай іспен айналысады; в). Кез-келген тұлға танымалдығымен анықталады. Тарихта болған 760 данышпанның ішінде қазақтан ешкім жоқ. Фараби басқа тізімде 100 ұлы ғалымның тізіміне кірген. Абай Шекспир, Хайямдардан мың есе, Навои, Пушкиндерден жүз есе... аз оқылады. Ол да Тоқай, Чаренс, Мықтымқұлы сияқты ұлттық ақын, ал әр жерде оған қойылған ескерткіштер «сөйлемейтін Абай» болып қалуда. Оны аударудағы жағдайға қарасақ алдағы ғасырға дейін ештеңе өзгермес. Сондықтан, Абайды халықаралық деңгейге көтереміз деген, бос уақыт оздыру болып жүрмесін?! Өкінішке орай, қазақты жүйелі түрде кемсітіп, «тұтас ұлтты тобықтының жалшысындай көрген Абай образының (шонжардың) менменшілдігі» қазақты біріктіретін емес, ыдырататын, оның рухын көтеретін емес, кері кетіретін идея болып қалуда. Оны түсінбей, ақынды пайғамбарлармен теңестіріп тастағандар рухсыз қоғам тәрбиелеуге қызмет етуде; г). Сөзге келгенде «Адамзаттың Абайы...» деп басталып, іске келгенде сиырқұйымшаққа айналатын біздегі істердің сиқы 30 жылда ана тілді үйренетін тілашар және әмбибап методикалар шығара алмай отырмыз. Бұл абайтанушы болып жүрген мамандардың мемлекеттік тілді дамытудағы «ерен еңбектері»?!; д). Халықаралық Адам институты әр тілдегі әлемнің он университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің кафедраларын ашу арқылы басқа тілдермен бәсекелес жағдайда тілді дамытып әдебиетті аударуды, 100 томдық «Әлем тарихындағы түркі өркениеті» жинағын шығаруға жұмыстануда. Бұл, «өмір бойы ...танушы» емес, қазақ тілі, әдебиет, тарихы мен өркениетімен басқа елдерді таныстыратын жұмыстар; ж).  Жалпы есі дұрыс адамға ақындарды пір тұту қауіпті құбылыс. Алысқа бармай ондаған отбасын бұзып, адамдарды 126 рет дуэльге шақырған Пушкин, сондай дуэльде өлген Лермонтов, Ертедегі гректердің ұрпағын қорғаймын деп түріктермен соғыста өлген Байрон, атқан, не атылған Есенин мен Маяковскийлер, қаншасы арақтан кетті... Бұрыннан да Абайды пір тұтатындарды, «осылар бастан кеткендер емес пе?» деп ойлаушы едім. Мұқағали?? Осындайлар біздің қоғамда тым көп емес пе?! Көп болса қоғамды қандай елес кезіп жүр?; з). Бір тұлғаға табынып, пір тұтқан, бір эпосты ту қылып, бір мәдениетті (мысалы, көшпенділік) ұстанған қоғам ұлт болып қалыптаспайды! Қазіргі заманның ұлтқа талабы, ол әрқилы заманда сақталып даму үшін энциклопедиялық ойлы, экономикасы мен шаруашылығы әмбибап, тәрбие мен білім заман талабына сай өзгеріп, дами алатын болуы керек. Жоғарыда көрсетілгендер, ол ХІХ ғасырда күшіне енген отарлау, одан кейінгі Кеңестік жүйе, тәуелсіздік кезіндегі қазақтың ұлттық тәрбиесі, ана тілі, дәстүрі мен мәдениетін дамытуда келелі өзгеріс болмағанын көрсетеді. Біздегі ұлттық идеологияның жағдайы орындалмайтын заңы бар мемлекеттік тіл сияқты. Оның шешілмеген мәселелері: - Соңғы бір ғасыр бойы осы идеологияның басында Сталиннің «пантюркизм», «панисламизммен» күресі, «қазақты жасанды аштықпен қырып», оның зиялыларын репрессиялап, «түркінің тарихына тиым салған»... кезінде пайда болған тұлға Абай (Ибраһим) Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтар, сол кезде тарих аренасына не мақсатпен шығарылды? Жалпы, Абайдың жеке тұлғасына бармай ақ, жәй логикамен қарағанда Сталиндік репрессияның кезінде 1930 жылдардан бастап идеологияның туына айналған осы адам тәуелсіздіктің кезінде ұлттық идеологияның көшбасшысы бола алады ма? Себебі, Мәскеудегілер кезінде православие шіркеуінің жанынан поптар дайындайтын үш жылдық сауат ашу курсын бітірген (осы уақытқа дейін 3 жылдық медреседе сауат ашты деп қазақты алдап келді) Абайға «өз баламыз» деп сенген болу керек. Себебі, Сталиннің де бар білімі 2-3 жылдық православиенің семинариясы ғой (мүмкін бұл кездейсоқ параллеель болар?!). Абайдың ақындығы, ағартушылығында ешкімнің дауы болмас?! Егер Абайдың осы идеологияға қатысы болмаса, онда оның өлеңдері т.б. шығармалары ағартушы-ақын ретінде, қара сөздің қара жерлерін оқулықтардан алып тастағаннан кейін өз міндетін атқара бергені дұрыс болар?!; -1937-1938жж репрессия басталарда биліктің тапсырысымен Жамбылдың халық жаулары образындағы «Сұр жыланы» шықты. Ол «ұлы туынды» халық жауларын, жапон шпиондарын іздегендерге негіз болып, олар 60 мың қазақ зиялысын халық жауы деп репрессиялап, оның 25 мыңын атуға себеп болды?! - Осы уақытқа дейін қоғам оны және оның өмірін «Абай жолындағы» әдеби образбен шатастырып жүр. Оның шынайы өмірі мүлдем басқа. Архив деректерінше (Насеновтың 30 томнан астам Омбы, Петербор, Орынбор т.б. архивтерден жинаған материалдары т.б.) ол 12 жыл екі рет болыс, 6 жыл би болған... төрт әйелінен он ұл-қыз көрген. Болыс кезінде туысқаны Оразбайға және біраз ағайынына тізесі қатты батса керек, олар өз руын (Тобықтының тармағы болар) малымен, жерімен Абайдың болысынан бөліп, басқа болысқа барып қосылады. Туған ағасы Тәңірбергеннің де Абайды соққыға жығатыны түсініксіз жағдай?! Ат төбеліндей тобықтыға ие бола алмаған адамның қазақ халқының тағдырына қайғыруы да миға симайды?! Еңлік пен Кебек, Қодар мен оның келінін таспен ұрып өлтіретін Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбайлардың ұрпағы Абай, Құрманғазы т.б. пана болған Мақаш правительдей еліне қамқоршы бола алды ма? Белгісіз. «Төрт қатыны мен мыңдаған жылқысы бар, тек ғана шіркеуде сауат ашарлық білім алған Абай, елуге таянғаннан бастап елдің қамын ойлауға кірісті және сол кезден бастап өлең жаза бастады» дегенге біздің әпенде фантазерлерден басқаларды сендіру қиын. Тілде сүйек жоқ. Ал, адам сөзімен емес, Сократ, Махамбеттер сияқты атқарған істерімен бағаланады; - Қара сөздерге байланысты көтеріліп жатқан мәселе негізінен тәрбиеге, оның ішінде педагогика мен моральға байланысты болғанымен, осы сала мамандарының ауыздарын буып үнсіз отыруы, сайлауларда дауыс ұрлауға және мектептерде бітпейтін ақша жинауға машықтанған мұғалімдерден және абайтанушы болып жүргендерден ештеңе күтуге болмайтынын көрсетеді. Біздегі белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов ақсақал «қара сөздердің түпнұсқасы жоқ, қожа-молда көшірген» дегенді мойындаса, басқаларының қазақты қаралаудағы аламанның алдында келе жатқан қара сөзді қорғап, неге шабынатындары түсініксіз?! Әлде олар да, соғысты қолдаған зікірші бола алмай жүргендер ме? - Қара сөздің мектеп бағдарламасына кіруі, ол психологияның, педагогиканың және моральдың мәселесі. Біреулер Абай қазақты ойлап қиналды, қайғырды, өкінді...дейді. Мың қайғы бір борышты өтемейді. Ол сонда 20 жыл болыс-би болғанда қара халыққа нақты қандай іс істеген? Жәңгір хан Бөкейордасында Абайдан 60 жыл бұрын аурухана, казначейство, Орман шаруашылығы училищесін ашып жүздеген гектарға орман отырғызды, құмға тары егіп, вакцинация жүргізді, қазақ балаларын Ресей, Еуропа университеттерінде оқытып, 300 молда ұстап ондаған мешіт салса, Ыбырай Торғайда 48 жаңаша мектеп ашты... Егер қайраткер ретінде айтатын болсақ Құнанбай мен Абайдың мүмкіндіктері олардан әлдеқайда артық болды және олардың алдында үлгі болатын істер қазақ даласында сайрап жатты. Бірақ, арттарында Құнанбай салдырған Меккедегі қонақ үй мен Қарқаралы мешітінен басқа іліп аларлық нақты ештеңе қалмады. Біздің оппоненттердің келтірген аргументтері «қазақ отбасында отырып 30 жыл бойы билікті сынады, бірақ өздері қазақша сөйлеп, қатын-баласын тәрбиелемеді, сайлауға бармай, қоғам мен мемлекеттің ісіне араласпады» деген сылтауындай; - Абайдың бір өлеңінде қазаққа ноғайды үлгі қылады. Бір кезде мыңғыраған малы Литвадан Сырдарияға, Сібірден Қырымға дейін қаптаған ноғайлар мемлекет құру, әскер дайындаумен... айналыспай, «мынадай қаптаған мал барда бізді қандай жау алады?» деп жатқанда Суворовтың (түбі түркі) әскері үш жылда Ноғай хандығын жоқ қылды. Нәтижесінде, жері мен елінен түгелдей айырылған ноғайлар құрудың алдында тұр. Біреулер, оған Абайдың қандай қатысы бар деулері мүмкін. Алдымен, Абайдың өзінен бір ғасыр бұрын мемлекетін қорғай алмай, ұлт ретінде құрыған ноғайды қазаққа үлгі етуі түсініксіз?! Ол, тек қазақты кемсіту мақсатында жазылуы мүмкін. Сонымен қатар, Абай қазақ пен түркі халықтарының бірлігін ойлаған тұлға болса тарыдай шашыраған ағайындардың басын біріктіруге жұмыстанбағанның өзінде, бір ауыз сөз айтуға жарамады емес пе?! Бүгінгі мәселе абайтанушылардың қоғамды қай жолмен алға, не артқа апаратынында?! Себебі, қазақ Абайды пір тұтқан, екіжүзді, ұлттық ұстанымы жоқ (принципсіз), жартылай мәңгүрттенген зиялы деп жүргендерге мүлдем сенуден қалды. 30 жылда әдебиет, өнер т.б. салаларда ұлттың рухын көтеретін бір тұшымды туынды шығармаған шығармашылық (творчестволық) қауым қоғамға, екіжүзді билік мемлекетке көшбасшы бола алмайды. Қоғам, өзіне осы уақытта қажет рухты көтеретін дүниені Абайдан да таба алмай дал болуда?! Себебі, Абайда тәуелсіздікті баянды етуде еліне жол көрсетіп, оның ұлттық рухын көтеретін бір ауыз сөз таба алмайсың. Осындайлардың салдарынан болған рухани шарасыздық, инфантилдік идеология, жер мен жерасты байлығынан яғни экономикадан, одан кейін тәуелсіздіктен айырылудың жолы екенін қоғам түсінеді. Бұл тығырықтан шығудың жолы соңғы бес мың жылда (М.Вебер т.б.) Еуропа мен Азия құрлықтарындағы халықтардың эпикалық жырларының негізін салып, олардың мемлекет болып қалыптасуында маңызды рөл атқарған «Гесер хан» (760 мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпос), Қырымның қырық батыры, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Қосай, Манас (240 мың жолдан тұрады)... түркінің 300 жуық батырлық жырлары мен кешегі Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Бұхар жырау, Шортанбай, Махамбет, Дулат, Сүйінбай, Әбубәкір т.б. Зар заман ақындарының жырларын мектеп бағдарламасына кеңінен ендіру қажет. Махамбетпен бірге өлген қазақтың азаттық күресі мен Еділ патшаның (Аттила) кезінен келе жатқан рыцарлық рухы осылай мың бірінші рет тіріледі; - 3-4 сыныптарға арналған оқулықтардағы Қара сөздің «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, моральдық деңгейі төмен, еңбек етпейтін кезбе...т.б. 17 рет өз ұлтын қаралауы (ол жанашырлық емес, елді кемсіту екенін 2020ж Абайға арнап оқыған шенеуніктердің челендждерін ютубтан көруге болады) және 6-шы сынып оқулығында «қазақтың мал құрлы қадірі жоқ...» деген отарлаушының, не ұлттың жауларының тірлігі және ол сөздер оны оқыған балалардың миында өмір бойы обыр болып қалады. Жоғарыдағы сөздерді Абай қазаққа жаны ашығаннан жазған деп бұрмалайтын сәуегейлік көп кездеседі. Жалпы, адам нені ойлайды соны айтады. Айтылған сөз атылған оқ, оны өзгерту мүмкін емес және «қолжазбалар өртенбейді». Оқырман, оның ішінде балалар оқығанды сол күйінде қабылдайды. Әр жағында кім, не ойлады, онда ешкімнің шаруасы жоқ; - Қара сөздердің қазақты жер қылатын жерлерін мектеп бағдарламасына кіргізгенде баланың зердесі (интеллект) 9 жаста 90-92%, 15 жаста толығымен қалыптасатыны ескерілген болу керек. Себебі, осы қара сөздерді 20-25 жастағы студенттер негізінен (кейбір теріс тәрбие көргендерінен басқалары) қабылдамайды. Осындай психологиялық амалдардың қасында Абайдың күрлелілігі баланың ойыны болып қалады?! Ұлтты тобыр-құлға айналдыру үшін оны жаулап алу міндет емес, оның миына өз дініңді, тіліңді, идеологияңды немесе санасы оянбаған жастарға сол ұлтты «мал қылатын» идеологияны сіңдірсең жеткілікті! Ол туралы Неру, Манделла, Каддафи т.б. жазды; - Ал, тәрбиенің ерекшелігі, ол айтылған сөз емес, бала істелген істі үлгі етіп қабылдайды. Бала әке-шеше мен үлкендердің  қандай істерін көрсе, содан үлгі алып қайталайды. Бұл аксиома! Тәуелсіздік жылдары елдің тоталитарлық жүйенің қамытын лақтырып тастайтын күрестің орнына, авторитарлы-коррупциялық қоғамға айналуы, ол мектеп кезінен «ұлтты жер қылатын» қара сөздердегі және қоғамдағы авторитарлық режимнің жастарды жігерсіз жасық, енжар, Отан қорғау санасынан айырып есалаң қылған бір ғасырлық «жүйелі тәрбиесінің жемісі». Себебі ағылшындар, «тәрбие бала дүниеге келерден жүз жыл бұрын басталады. Ол, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті» дейді. «Егер жастарға қандай тәрбие беріп жатқаныңды білсем, онда жүз ұрпақтан кейін елдің қандай болатынын айта аламын» дейді шығыс даналығы. Сондықтан, отбасын, ұрпақ тәрбиесін, қоғам мен мемлекетті түзетеміз десек Қазақ, сол мемлекет құрушы ұлт яғни оның иесі және киесі ретінде  биліктен де, Құдайдан да ештеңе күтпей бесікті, отбасын, қоғамды өзіміз түзете алсақ ел түзелер! Қара сөздердегі жоғарыда айтылған кері сөздерді мектеп оқулықтарынан алып тастаса Абай халқын адасудан сақтап, жастардың абыройы өсіп, рух көтеріледі!  Ол Абайға да абырой. Одан Абай төмендемейді, керісінше абыройы артады. Ал, барлығын жиып қойып 30 жыл ұйқыны жалғастыра берсек, «екі сиыр емес, тышқақ лақ та бұйырмас»?! Бұл мақала Абайды сынау немесе басқалай бір мақсатта емес, Қазақстанның жаңа идеологиясының тұжырымдамасын, оның ішінде Жастар ісінің Бағдарламасын дайындау мақсатында жазылды. Ондай Бағдарлама дайындау «Жаңа Қазақстанның» интеллектуальдық ұлт қалыптастыру міндеттеріне енген. Менің жеке ойым, ол Сталиннің «бұратана халықтарға арналған идеологиясының» құрамдас бөлігі болып енген дүниелер интеллектуальдық ұлтқа жарамайды. Оның ішінде аралас мектептер жабылу керек. Сыналмайтын тұлға, ол шіріген терек. Мәселе, кім, не ойлайтынында емес, іс істеуде! Қарекетте берекет! Келесі мәселе, ол әдебиетте немесе гуманитарлық салада емес! Өкінішке орай әлемдегі гуманитарлық салада яғни әдебиет, өнер, философия т.б. шығатын басылымдардың үлесі 2%. Қалған 98% жаратылыстану ғылымдары, техника, инновациялық технологияның үлесінде. Дамыған елдерді қамтыған бұл оң үрдістен қалуға болмайды. Қазақстандықтар жылына бір кітап, еуропалықтар он, жапондар 90-100 кітап оқиды. Соған сай біздің еңбек өнімділігіміз ауыл шаруашылығында дамыған елдерден 20 есе, ел бойынша 8-10 есе төмен. Біздің мектеп пен универлер базарда арба сүйрейтін емес, Гейтс, Масклер сияқты мамандар дайындау керек. Дұрыс мақсат қою, ол істің жартысы. Ал, жастар тәрбиесінің мәселесі, ол қай уақытта да болашағын ойлаған қоғамның алдында тұратын негізгі міндет болып қалмақ. Ал, біздің оппоненттерге келсек, өкінішке орай олардың біреулері олигарх-депутаттардың табанын жалайтындар, екіншілері істің мәнін түсінбей айтаққа ергендер, үшіншілері, жеке басқа табынуды дәріптеушілер... Қазақ ерте ме, кеш пе осы мақалада қойылған сұрақтарды қоюы керек еді! Себебі, әр ата-ана, халық тәрбиедегі жас ұрпақты мүгедек қылатын ұлтты кемсітудің мәнін түсінбесе, бұл тырнауыштан әлі талай ұрпақ таяқ жер еді?! Террорист пен оның құрбаны бірнеше күн бірге болса бір-біріне дағдыланып, жанашыр болып кететіні сияқты, көп адамдар, әсіресе өмір бойы тоталитарлық және авторитарлық жүйенің (олардың басшылары да террористер) «тәрбиесін көргендер» әлі күнге Сталинді аңсайтындары сияқты, «сол жүйелердің тұлғаларын» туған әкесіндей қорғаштайды. Себебі, ондайларды еркін адамның емес, сол жүйелер сіңірген құлдық санасы басқарады. Ел тәуелсіз болу үшін алдымен, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін оның азаматтары азат болуы керек. Біздің қоғам бұл кезеңде осы мақсаттарды іске асыруда. Оған қай уақытта жететіні қоғамның санасына тікелей байланысты! Автордың осы тақырыптағы мақалаларын Abai.kz және фейсбуктегі  Akim.Zhanuzak парақшасынан оқуға болады. Жанұзақ Әкім Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_2935.txt
Шымбұлақ....
https://abai.kz/post/2935
"Шымбұлақ...." | "https://abai.kz/post/2935"
03.02.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Шымбұлақ.... URL: https://abai.kz/post/2935 META: "Шымбұлақ...." | "https://abai.kz/post/2935" DATE: 03.02.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 220 TEXT: Шымбұлақ.... Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктіктегі тау курортын «отандық туризм ошағы» деген теңеумен шектеу қиын-ақ. Халықаралық деңгейге ие екендігіне жыл сайын осында слалом бойынша халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуы да дәлел бола алады. Бастысы, жыл он екі айдың қай мезгілінде келсең де, Шымбұлақтың саф таза ауасын кеуде кере тыныстап, айналаңды қоршаған тау сілемдері, жасыл шыршалардың көрінісіне жүрегіңді тебірентпей кету мүмкін емес. Алайда, Шымбұлақтың шынайы көркіне қыста енетіндігіне барлығыңыз да келісерсіздер. Осы мезгілде жалпы ұзындығы 3620 метрге созылып жатқан шаңғы трассалары мен сноубордистерге арналған парктердің адамнан босағанын аңду мүмкін емес. Ал 2011 жылғы Азиададан соң инфрақұрылымдық базасы артқан Шымбұлақ анау-мынау емес, Грац (Австрия) секілді туризм брэндтерімен тең дәрежеде болатындығы қуантады. Шымбұлақ.... Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктіктегі тау курортын «отандық туризм ошағы» деген теңеумен шектеу қиын-ақ. Халықаралық деңгейге ие екендігіне жыл сайын осында слалом бойынша халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуы да дәлел бола алады. Бастысы, жыл он екі айдың қай мезгілінде келсең де, Шымбұлақтың саф таза ауасын кеуде кере тыныстап, айналаңды қоршаған тау сілемдері, жасыл шыршалардың көрінісіне жүрегіңді тебірентпей кету мүмкін емес. Алайда, Шымбұлақтың шынайы көркіне қыста енетіндігіне барлығыңыз да келісерсіздер. Осы мезгілде жалпы ұзындығы 3620 метрге созылып жатқан шаңғы трассалары мен сноубордистерге арналған парктердің адамнан босағанын аңду мүмкін емес. Ал 2011 жылғы Азиададан соң инфрақұрылымдық базасы артқан Шымбұлақ анау-мынау емес, Грац (Австрия) секілді туризм брэндтерімен тең дәрежеде болатындығы қуантады.
qosymsha/abai.kz
post_79768.txt
Желтоқсан көтерілісін құрметтеген Мырзахметовке мың алғыс
https://abai.kz/post/79768
"Желтоқсан көтерілісін құрметтеген Мырзахметовке мың алғыс" | "https://abai.kz/post/79768"
29.10.2018
Нұрбике Бексұлтанқызы
null
TITLE: Желтоқсан көтерілісін құрметтеген Мырзахметовке мың алғыс URL: https://abai.kz/post/79768 META: "Желтоқсан көтерілісін құрметтеген Мырзахметовке мың алғыс" | "https://abai.kz/post/79768" DATE: 29.10.2018 AUTHOR(s): Нұрбике Бексұлтанқызы TOTAL WORDS: 415 TEXT: 27 қазан  күні Таразда қала күніне орай, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың еңселі ескерткіші бой көтерді. Сондай-ақ, сол көтерілістен сыр шертетін “Желтоқсан – 86” орталығы салынды.  Орталықтың жалпы алаңы 280 шаршы метрді құрайды. Аталған орталықта Қ.Рысқұлбековтың жеке заттары мен көтеріліске қатысты құнды деректер жинақталған бұрыш, Желтоқсанға Жамбыл облысынан қатысқан жастар туралы деректер, белгілі тұлғалардың жазбалары мен БАҚ материалдарынан құралған көрме орналасқан. Жер-жерде сол Желтоқсандықтарды жазалап,  соттаған  комсомолдардың 100 жылдығы аталып жатқанда, бұл жаңалық  бұлт арасынан күн шықандай әсер еткені рас. "Бұл көтеріліс туралы айтылмайды" деп ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Айтылып, жазылып жатқан деректер көп. Және, айналамызда сол кезеңнің куәгерлері де жүр. Тек, насихатын жасай білсек болғаны. Мәселен, осы көтеріліске қатысқан жастарды ақтап, талай тарихи шындықты ашып берген Желтоқсан ұйымы туралы бірі білсе, бірі білмес. Ол ұйым "Қазақфильм" киностудиясында, 1989 жылдың мамыр айында Қалдыбай Әбенов, Ерлан Декелбаев, Аманжол Нәлібаев, Хасен Қожахметов, Құттыбек Аймахан, Бақтыбек Иманқожа, Жармұхамед Тлегенов, Құрбанбай Халмұратов сынды азаматтардың ұйытқы болуымен құрылған. Ұйымның мақсаты – көтеріліске қатысқан жастарды ақтау, түрмедегі Желтоқсандықтарды босатып алу, Желтоқсан қаһармандарына құқықтық мәртебе беру және, ең бастысы, Желтоқсан көтерілісінің тарихи шындығын ашу еді. Сол мақсатта, 1991 жылдың 17-тамызы күні Семей түрмесіне барып, Қайрат Рысқұлбековты өлтірген баскесер, рецедевист Власенкомен сұхбат жасайды. Және, Қайраттың Әкесі Ноғайбай ақсақалды Власенкомен жүздестіріп, біраз жайттың бетін ашады. Ол жерде белгілі болғаны, Қайраттың соңғы хаты деп жүргеніміз – жасанды хат екені анықталады. Алайда, ол сұхбаттың бір бөлігі белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Бірақ, сұхбаттың жазбаша нұсқасы Қалдыбай Әбеновтың үйінде сақталған. Власенконың айтуынша, ол камерада басында 5 адам болған. Сосын, 16 күні үш адамды бөлек камераға алып кеткен. Сөйтіп, Қайрат пен әлгі баскесер оңаша қалады. Ал, төрт күннен кейін, яғни, 21-мамырға қараған түні 21 жасында, №21 камерада Қайраттың өлігі табылады. Бұл кадрлер Қалдыбай Әбеновтың “Аллажар” фильмінде де  көрсетілген. Және Қайрат туралы осы зерттеулердің басын қосып,  Тұрысбек Сәукетай “Еменнің иір бұтағы” деген естелік кітап шығарған. Өкініштісі, сол Қайраттарды ұрып-соғып, жазалаған да өзіміздің қазақ шенділері еді. Тіпті, Г. Колбин сол кездегі Жоғарғы Соттың төрағасы Айтмұхамбетовке: - Бір жұмада неше адамды соттадың? Неге ату жазасына бермейсің? - деп  аптасына жиналыс ашып, шүйлігіп отырған. Сол ату жазасының жазықсыз құрбаны Қайрат болды. Бірақ, уақыт бәрін өз орнына қояды. Кезінде “маскүнем” деп айыпталған сол жастар бүгінгі күннің қаһармандары. Ендігі ұрпақ оларға ескерткіш қойып, аттарын мақтанышпен атайтын болады. Ал, Тараз қаласында ашылған бұл ескерткіш сол өзгерістердің басы. Сондықтан да, Abai.kz ақпараттық порталының атынан осы іске қолдау білдірген Жамбыл облысының басшысы Асқар Мырзахметовтің командасына мың алғыс айтамыз. Желтоқсан көтерілісін құрметтеген Мырзахметовке мың алғыс!  Және, бұл үрдіс басқа өңірлерге де үлгі болады деп сенеміз! Нұрбике Бексұлтанқызы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_158154.txt
АҚШ елшілігі: "Ресейліктер пана сұрай алмайды"
https://abai.kz/post/158154
"АҚШ елшілігі: "Ресейліктер пана сұрай алмайды"" | "https://abai.kz/post/158154"
30.09.2022
Abai.kz
null
TITLE: АҚШ елшілігі: "Ресейліктер пана сұрай алмайды" URL: https://abai.kz/post/158154 META: "АҚШ елшілігі: "Ресейліктер пана сұрай алмайды"" | "https://abai.kz/post/158154" DATE: 30.09.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 189 TEXT: Қазақстанға келген ресейліктер АҚШ-тан пана сұрап, Қазақстан аумағынан өтініш түсіре алмайды. АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының баспасөз қызметі осылай дейді. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. Дипломатиялық миссия өкілдері көрші елде жарияланған мобилизацияға байланысты Қазақстанға ресейліктердің ағылып келуінен хабардар екенін атап өтеді. "АҚШ-тың Астанадағы елшілігі мен Алматыдағы бас консулдығының пана немесе босқын мәртебесіне байланысты өтініштерді қабылдауға өкілеті жоқ. Пана іздеушілер АҚШ-та жүріп өтініш түсіре алады. Оларда АҚШ азаматтығы болмауы тиіс" деп жазылған АҚШ дипломатиялық миссиясының хабарламасында. Пана беру туралы өтініштерді АҚШ азаматтық және иммиграция қызметі қарайды. Сәйкесінше дипмиссия пана іздеушілерге соларға жүгінуге кеңес береді. АҚШ-тың босқындарды қабылдау бағдарламасы БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттік және әріптес үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді. Дипмиссия сонымен бірге Қазақстанның "көші-қон саясаты мен шетел азаматтарының Қазақстанға кіруі бойынша кез келген мәселе" бойынша қазақ үкіметіне қайырылуға кеңес берді. Жуырда Ақ үй өкілдері мобилизациядан қашқан ресейліктер АҚШ-тан пана сұрай алады деп мәлімдеген. 21 қыркүйекте Ресей президенті Путин елде мобилизация жариялаған соң ондаған мың ресейлік елден қашқан. Ресейліктердің көбі қазір Қазақстан, Грузия және Орталық Азия елдеріне кетіп жатыр. Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында елге 100 мың Ресей азаматы кірген, 65 пайызы шығып кеткен. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_137046.txt
Зейнеп Ахметова: Мен аманат арқалап жүрген адаммын
https://abai.kz/post/137046
"Зейнеп Ахметова: Мен аманат арқалап жүрген адаммын" | "https://abai.kz/post/137046"
23.07.2021
Нұрбике Бексұлтанқызы
null
TITLE: Зейнеп Ахметова: Мен аманат арқалап жүрген адаммын URL: https://abai.kz/post/137046 META: "Зейнеп Ахметова: Мен аманат арқалап жүрген адаммын" | "https://abai.kz/post/137046" DATE: 23.07.2021 AUTHOR(s): Нұрбике Бексұлтанқызы TOTAL WORDS: 1288 TEXT: Жуырда Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы орталық кітапханада оқырмандарымен кездесті. Біз сол кездесуде айтылған жазушының кейбір ойлары мен естеліктерін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік... Небір марқасқалардың ұрпағы ана тілінен мақұрым қалды Аллаға шүкір, қазір екі немерем бар. Олар да Момышұлы болып жазылады. Әйтеуір, ең бастысы, адам болса, қазақ болса деп тілейміз. Өйткені небір марқасқалардың балалары қазақ бола алмай, дүбәра күйі қалды. Үш -төрт ұрпағы ана тілінен мақұрым қалғандар бар. Соларға қараймын да Құдайға тәубе қыламын. Атаның аманаты қанша айтқанмен орындалып жатыр. Немерелері қазақша оқыды. Ержан да кеңес өкіметінің кезінде-ақ қазақ мектебіне барды. Ержанды қазақ мектебіне бергенде Бақытжанның жолдастары: «Сендер-ақ бүйректен сирақ шығарып жүресіңдер. Мына бала кейін түкке жарамай қалады. Қызмет істей алмайды», – дегенде Бақытжан: «Істемесе істемесін, қазақ болсын. Мен көрген қорлықты, мен көрген азапты көрмесін», – деді. Өйткені оның әкесі соғыстан кейін де Мәскеуде жүрді. Ата соғыс уақытымен қосқанда, отбасына 14 жылдан кейін бірақ келген. Жылына бір рет демалысқа келіп кеткені болмаса, әскери қызметте болған. Бақытжан нағыз әкенің керек кезінде әкесіз өскен. Ол кезде қалада қазақ мектебі жоқ. 7 жастағы баланы қай мектепке берсе, сонда оқиды ғой. Сөйтіп, орыс тілінде оқыды, орыстардың арасында өсті. Кітабының бәрін орысша жазды. Бірақ жаздық каникул кезінде ата Бақытжанды міндетті түрде ауылға жіберетін болған. Сол кезде, мысалы Тәжібаевтың баласы, Мүсіреповтың қыздары, Мұқановтың балалары небір лагерьлерде демалады. Ал ата Бақытжанды плацкарт вагонға салып, Жуалыға айдап жібереді екен. Сонда Бақытжан: «Мыналар менен ақшасын аяды деп жылап бара жатам, әке-шешемді боқтап бара жатам», – дейді. Енді баланың аты – бала, ауылда есекке мінеді, ауылдың балаларымен араласады. Кейін Бақытжан айтады ғой: «Әкем қандай данышпан болған. Мені керемет демалыс орындарына апаруға мүмкіндігі әбден болды. Бірақ туған жердің, ата-бабасының кіндік қаны тамған жердің топырағына аунасын, ана тілі құлағына сіңсін дегені екен ғой», – деп. Қарап отырсақ, онымен бірге оқыған марқасқалардың балаларының ішінде дәл Бақытжандай қазақша сөйлей алатын адам болмапты... Қазақстан «Бодандық тойын» тойлап жатқанда, атамыз 4 күн көмусіз жатты 1982 жылы Қазақстанда Ресей империясының құрамына қосылғанымызға 250 жыл толуына орай дүркіреген той өтті. Мен мұны «Бодандық тойы» деп атаймын. Оған СССР-дың атақтыларының барлығы келді. Сол той өтіп жатқанда ата қайтыс болды. Ертесінде Қазақстанда РФСР-дың мәдени күндері өтті. Сөйтті де ата 4 күн көмусіз жатты. Ал, бізді ештеңеге араластырмады. Адам моральдық жағынан қалай жаншылады, қандай азап! Мұны ешкім түсінбейді. Қазір болса, ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ, «кетші әрі» дер едік. Ол кезде жүйе сондай, заң басқа. Халықтың өз батырымен қоштасуы керек дегендей… Біз бір күнде құрыған жоқпыз, жайлап-жайлап осындай қарапайым дүниелермен құртудан басталды. «Тасын ала берсе, тау да таусылады» дейді. Сонда атаны жерлеп жатқанда шайдай ашық тұрған күн лезде бұзылып, шарт-шұрт найзағай ойнап, алай-дүлей боп кетті. Мен мұны атаның соңғы мінез көрсетуі деп түсіндім... Зәкеңнің қазасынан кейін Мақпалдың сахнаға шығуына себеп болдым Қазір шала діндарлар тұмшаланып қап-қара киініп алады. Бұрын қара орамалды күйеуі өлген, жарынан айырылған әйел ғана таққан. Жарының өлгеніне жыл толғаннан кейін барып, басына ашық түсті орамал салғызып, қара орамалын шешкізеді. Мұны қазақта «қаралығын түсіру» деп атаған. Әнші Мақпал Жүнісова Заманбек қайтыс болғаннан кейін, жүз күн, 3 ай не жұмысқа бара алмай, не сахнаға шыға алмай, не істерін білмей отырып қалды. «Қазақконцерт» оны жұмыстан да шығармақшы болыпты. Зәкеңнің жүз күндігіне берілген асқа марқұм Бақытжан екеуміз барып сонда Мақпалдың қаралығын түсірдік. «Қарағым, Заманбек секілді азаматтың жыл бойы артын күтіп, қаралық ұстасаң да жарайды. Бірақ қазіргі заман басқа, уақыт басқа. Енді мына Мерейдің әкесі де, шешесі де сенсің. Далаға шығып – еркек, үйге келіп әйел болуға тиіссің. Сенің қолыңнан бар келетіні – ән айту. Ендігі жерде торға түскен торғайдай болып тұншығып отырма. Халқыңның алдына шығып әніңді айт, шеріңді тарқат. Міне, сол үшін бүгін сенің қаралығыңды түсіруге келдік», – деп басындағы қара орамалын шешіп, шеті гүлді ашық түсті әдемі орамал салып, үстіне көйлектік матасын жауып, батамызды бердік. Содан кейін «Жас қазақтың» журналисі Сәкен Сыбанбай маған хабарласып: «Апа, біз жаспыз ғой, біле бермейміз. Сіз Мақпал Жүнісованың қаралығын түсірді деп естідік. Соның егжей-тегжейін түсіндіріп беріңізші», – деді. Жаңағының барлығын жақсылап түсіндіріп айтып бердім. Өйткені сол кезде Кеңес Дүйсекеевтің 60 жылдығына арналған шығармашылық кеш өткелі жатты. Ал Кеңестің талай әндерін бірінші рет Мақпал орындаған. Концертке шақыртқанда Мақпал «сахнаға шықпаймын, ел не дейді» дегендей өзіне-өзі тосқауыл қойып отырған ғой. Содан мен қаралығын түсіріп, бәрін түсіндіріп айтқаннан кейін Мақпал сол кеште ән салды. Бұрынғыдай емес, кібіртіктеп сахнаға шығып келе жатқанда, залдағы көрерменнің бәрі тікесінен тік тұрып қошемет көрсетті. Өйткені концерт басталғанға дейін «Жас қазақ» газетін кірген адамдардың бәріне таратқан. Сонда ана газетте «қаралық түсірудің» не екені жақсылап түсіндірілген. Оны оқыған адамдар психологиялық тұрғыда дайын отырды ғой. Сол кеште Мақпал жылап тұрып әнін айтып, шерін тарқатты. Залдағы көпшілік: «Біз сенімен біргеміз», – деп айқайлап, қошемет көрсетті. Сөйтіп, Мақпал ары қарай концертіне шықты да кетті. Бұл да – көп жерде ұмытылған ата-бабамыздың салты... Президентпен кездесу Біраз жыл бұрын мен Нұрекеңмен кездесуге шақырылдым. Кездесуде протокол бойынша, президентпен бокал соғыстырып, шампан ішілуі керек. Ал, мен мүлде рюмке ұстамайтын адаммын. Ешқашан ішімдіктің дәмін татып көрмегем. Президент бәрімен соғыстырып келіп, маған келгенде: «Ой, сіздің бокалыңыз...», – деді. Мен: «Нұреке, мен бокал ұстамаушы едім», – дедім. «Ұстамай-ақ қойыңыз, ұстамағаныңыз жақсы», – деді Елбасы. Үйге келгеннен кейін, бір топ әңгіме тыңдаймыз деп келгендердің ішінде Шәмшә Беркімбаева «Нең кетер еді, ең болмаса өтіріктен болсын соғыстыра салмадың ба. Ондай мүмкіндік бола бере ме?» - деп ұрсып жатыр маған. Сосын, мен: «Әй, Шәмен, біріншіден Құдай көріп тұр. Екіншіден, шампан ішкендердің ешқайсысы есінде қалмайды, ішпеген мен қалам есінде» – деп әзілдедім. Сол кездесудің алдында жаттап алыңыздар деп бәрімізге бір әннің мәтінін берді. Онысы «Весна на заречной улице» деген орыстың ескі киносындағы ән. Оны президент жақсы көреді екен. Президент жақсы көретін қазақтың небір әйбәт әндері бар ғой. Сосын қағазын қайтарып беріп: «Мен орыстың әнін айтпақ түгілі, сөзін сөйлей алмаймын», – деп ән мәтіні жазылған қағазды қайтарып бердім. Сонда Президент аппаратындағылардың ең жынымды ұстатқаны – маған президентке сәлем салғызбақ болғандары. «Келген әйелдердің бәрі сәлем жасай ма?» – десем: «Жоқ, сіз ғана», – дейді. Сонда 16 келіншектің арасында жалғыз зейнеткер маған сәлем салғызбақ. Мен бас тарттым. Себебін түсіндірмедім де. Ол жерде журналистер, фотографтар қаптап жүр. Мен президентке сәлем салсам, жан-жағымнан түсіреді. Содан кейін, интернеті бар, газеті бар, бәріне береді. Сосын: «Басы ешкімге иілмеген Баукеңнің келіні президенттің кішкентай сыйлығы үшін, тағзым етіп жатыр», – деп тұрып жазады. Ана Әбішті қалай жазды. Соның бәрі ол кісіге қалай ауыр тигеніне ешкім мән бермеді. Ал Әбіштің отбасында қолдан сүю – дағдылы нәрсе. Мына жерде мені де сөйтер еді. Мені қойшы, атамның аты қосылып айтылар еді... «Президентті мақтаңыз», – дейді. Мақтамайтынымды айттым. «Менсіз де Пайғамбар мен Құдайға теңеп мақтап қойғандар жеткілікті. Ұят емес пе? 5 жастағы бала құсатып арқасынан қаққандай. Менің мақтауыма мұқтаж боп тұр ма ол кісі?» – дедім. Президент мені мақтасын деп тапсырма бермеген шығар... Сөйтіп, Нұрекеңмен кездесуде не өлең айтпадым, не мақтамадым, не сәлем жасамадым. Кейін Президент аппаратындағылар мен сияқты қырсықтан құтылғанына қуанған шығар... Мен аманат арқалап жүрген адаммын Ата: «Балам, ұлттық құндылықтарды, ұлттың қадір-қасиетін мен саған айтам, сен балаңа айтасың. Ол өзінің баласына айтады. Сөйтіп, бір әулетте қазақтың қадір-қасиеті сақталады», – дейтін. Үстелді тарс еткізіп ұрып: «Көзіме тура қара. Алдыңда қазулы көр тұрса да шындықты айтқын. Жақсы адамның жақсылығын айт, бірақ, жағымпазданба. Жаман адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа. Қатарыңнан ассаң да, халықтан аспайсың, халықтың алдында басыңды иіп жүр», – дейтін. Сол өсиетпен шамам келгенше ел-жұрттың алдында басымды иіп, үйде отырып-ақ, қазаққа, халыққа қарлығаштың қанатымен су сепкендей септігімді тигізіп, ұлттық рухтың өзегінен жастарға нәр беріп, солар білсе екен деп жүрмін. Былай қарағанда, кімге кім келін болмай жатыр. Небір атақты адамдардың келіндері бар. Бірақ, оларды ешкім де білмейді. Мені біледі. Көшеде кетіп бара жатсам таниды, суретке түседі. Соның бәрі менің ерекшелігім дейсіздер ме? Оның барлығы атаның биік рухы, қасиетті әруағы. Біраз жыл болса да, сол кісінің қолына су құйып беріп, шайын қайнатып, үлгі-өнегесін тыңдағанымның арқасы, сол кісінің сөздерін жастарға жеткізуге тырысқаным үшін ғана мені халық танып, біліп жатыр. Олай болса, бұл үлкен жауапкершілік... Аманат арқалаған адаммын дейтінім сол. Нұрбике Бексұлтанқызы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_14419.txt
«Нақұрыстар даналығы»
https://abai.kz/post/14419
"«Нақұрыстар даналығы»" | "https://abai.kz/post/14419"
21.08.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Нақұрыстар даналығы» URL: https://abai.kz/post/14419 META: "«Нақұрыстар даналығы»" | "https://abai.kz/post/14419" DATE: 21.08.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1490 TEXT: Ыдырыс  ШАХ Шығыстың ұлы ойшылы  Ыдырыс Шахтың  (1924-1996) «Нақұрыстардың даналығы» кітабынан үзінді . Елек Ей, тақуа, әріптергішім! Сен өмір бойы даналардың айтқандары мен жазғандарын ой елегінен өткізумен өміріңді өткізіп келесің. Бірақ, сен білесің бе, сенің елегің бидайдың құнарын емес, кебегін өткізіп жатқанын .                                            Шаб - Парак Қарыз Бір адам шәйханада отырып достарына: -    Мен пәленше деген танысыма бір күміс теңге қарыз берген едім. Бірақ, оны көрген куәм жоқ. Енді қорқып жүрмін бас тарта ма деп, - дейді. Достары бастарын шайқап көңілдерін білдіреді, бірақ ешкім нақты кеңес бермейді. Осы әңгімені  сол жерде естіп отырған білімді сопы басын көтеріп: - Сен оны осында шақырып жұртқа естіртіп:  - Пәленше менен  жиырма алтын теңге қарыз алып еді  - деп айт дейді. - Жоқ, мен оған бір ғана күміс теңге бердім ғой - депті әлгі. Сонда сопы:  - Дәл осы сөзді ол да естіртіп айтады. Ал саған керегі куәгерлер емес пе?. Есею кезеңдері Мен бір кездері ойлайтынмын  -  ұстазымның айтқандарының бәрі дұрыс деп. Есейе келе   -  ұстазымның айтқандарының көпшілігі дұрыс емес екендігін түсіне бастадым. Ыдырыс  ШАХ Шығыстың ұлы ойшылы  Ыдырыс Шахтың  (1924-1996) «Нақұрыстардың даналығы» кітабынан үзінді . Елек Ей, тақуа, әріптергішім! Сен өмір бойы даналардың айтқандары мен жазғандарын ой елегінен өткізумен өміріңді өткізіп келесің. Бірақ, сен білесің бе, сенің елегің бидайдың құнарын емес, кебегін өткізіп жатқанын .                                            Шаб - Парак Қарыз Бір адам шәйханада отырып достарына: -    Мен пәленше деген танысыма бір күміс теңге қарыз берген едім. Бірақ, оны көрген куәм жоқ. Енді қорқып жүрмін бас тарта ма деп, - дейді. Достары бастарын шайқап көңілдерін білдіреді, бірақ ешкім нақты кеңес бермейді. Осы әңгімені  сол жерде естіп отырған білімді сопы басын көтеріп: - Сен оны осында шақырып жұртқа естіртіп:  - Пәленше менен  жиырма алтын теңге қарыз алып еді  - деп айт дейді. - Жоқ, мен оған бір ғана күміс теңге бердім ғой - депті әлгі. Сонда сопы:  - Дәл осы сөзді ол да естіртіп айтады. Ал саған керегі куәгерлер емес пе?. Есею кезеңдері Мен бір кездері ойлайтынмын  -  ұстазымның айтқандарының бәрі дұрыс деп. Есейе келе   -  ұстазымның айтқандарының көпшілігі дұрыс емес екендігін түсіне бастадым. Одан кейін есейе келе  -  ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін түсіне бастадым. Қазіргі түсіне бастағаным   -  алғашқы екі түсінігімнің екеуінің де бұрыстығына көзім жете бастады. Ең дұрысы   -  басқаларға осы түсініктерімді жеткізуім керек екен .           Ардебили ҮШ  ЗАМАННЫҢ    ӘҢГІМЕСІ V ғасырда болған  әңгіме - Білесің бе, жібек мата ағашта өспейді екен, оны жібек құрты тоқиды екен. - Айтасың-ау, сонда не болғаны, маржан тастар жұмыртқадан шығады дегің келе ме? Тыңдама. Нағыз өтірік. - Жиһанның бізден алыс елдерінде, біз білмейтін ғажайыптары көп дейді ғой... - Сен сияқты сенгіштердің арқасында осындай адам нанғысыз қиял, ғажаптарды кейбіреулер жұртқа таратып, сендейлердің қатарын көбейтіп жатыр. VI ғасырда  болған әңгіме - Шығыстан бір адам келіпті, өзімен бірге бір құрттарды әкелген көрінеді. -  Алдаушы болар. Немене, сол құрттармен тіс ауруын емдеймін деп соққан жоқ па? - Одан да қызық. Ана құрттары жібек тоқиды дейді. Нағыз қылжақбастың әңгімесі. Мына құрттарды елден алып шығу үшін басымды өлімге тігіп келдім дейді. Көптеген елдердің патша сарайларына барып осы құрттарын көрсетіп жүрсе керек. -         Қу болса керек. Ежелгі бабаларымыздың заманынан бері келе жатқан сенімдерді қайта шығарыпты! -         Тақсыр, оны не істейміз? -         Анау сұрқия құрттарын отқа сал да, өзін әбден сабап, сандырақтарынан жұрт алдында бас тартқанша ұрыңдар.  Осы бір жалған атпен келушілер әбден басынып болды. Шығыстан келгендерге өзіміздің кім екенімізді көрсетуіміз керек. Біз  -  Батыстың адамдары, Шығыстың кез келген алаяғына сене беретін, олар сияқты жалба-жұлбалар емеспіз. ХХ ғасырда -         Сонымен не айтасың? Бізде Батыста ашылмаған, біз әлі білмейтіндей Шығыста ашылған жаңалықты білемін дейсің бе? Бұл әңгімені талай рет естігенбіз, бұдан мың жыл бұрыннан бері айтылып келеді.  Қазіргі  заманда адамзаттың ақыл-ойы бар жаңалыққа ұмтылған, оған жол ашық. Сені де тыңдап көрелік. Ал, кәне көрсете ғой, не ол тағы да   -  бірақ, уақытым аз, он бес минуттан кейін кездесуім бар. Қаласаң, ойларыңды жазып қалдыруға болады. Міне, қағаз. Сұлтанның  білімді  құлы Ұлы білімдар сопы Айяз бұрын құл болған екен. Оның білімділігін көрген Махмұт сұлтан Айязды өзіне жақындатып қызметіне алады. Бір күні сұлтан сарайының бір адамы Айязға: - Сен бұрын дәруіш болған адамсың, кейін тұтқынға түсіп енді көп жылдар бойы Махмұтқа қызмет етіп келесің. Сенің білімдарлығың мен әулиелігіңнің құдіреттілігі сонша, сен  сұлтаннан өзіңе еркіндік сұрасаң сұлтан саған бір сөзге келмей азаттық берген болар еді. Сен неге еріксіздікке көніп жүрсің? - деп сұрақ қояды. - Егер мен құлдықтан босанған болсам, мен сияқты құл болып жүріп Пір болған адамның үлгісін менен басқа кім көрсетеді? Сосын, егер мен патшаның қасынан кетсем оның маңындағыларға сөзін жеткізе алатын басқа біреу табыла ма? Мені Махмұт сұлтан тыңдаған соң ғана оның қасындағылар мені тыңдап келеді емес пе?! Жарқыным, мына төрткүл дүниені сендер сияқтылар жасадыңдар. Өздерің жасаған темір торлы дүниенің неге құлы боласың деп маған сұрақ қойып отырсыңдар. Тәжірибе Білімдар сопыға мынадай сұрақты қойыпты: - Сіз неге жас кезіңізде ғана тәжірибе іздеп дүние кезіп жүрдіңіз? - Егер мен атағым шыққан кезде дүние кезсем, жұрт маған басқа көзбен қарап, басқаша сөйлескен болар еді. Маған өте қажет тәжірибені  жинап ала алмаған болар едім. Әдебиет Ибн  Юсуптың айтқаны: -  Маған оқыған кітаптары жайлы, сол кітаптар жайлы пікірлерін айтып немесе жазған кітаптарын көрсетуге, олар жайлы пікір естуге және тағы басқа жағдайларын айтушы адамдардың көптігі сонша, менің сөз шеберлігім сарқылды. Басымдағы осы жағдайымды айтып бір дәрігерге бардым. Ол жәй дәрігер емес, ақылды кісі еді. Мен оған: - Маған осы келушілерден қорғайтын бір дәрі берші  -  дедім.  Ол менің қолыма тағы бір кітапты ұстатты. Бұл кітапты барлық оқырмандарға көрсетуге тиіс едім. Кітапты ашып қарасам, ішінде бір ғана сөйлем сөз жазылыпты:  «Осы бір ауыз сөйлемді оқуға кеткен уақытыңды бұдан да пайдалы басқа бір іске, басқа бір әдіспен  жұмсағаның дұрыс болар еді». Кімді  білімге үйрету  қиын? Ежелгі білімдар сопының айтқаны: Үш түрлі адамды үйрету ерекше қиын: - бірнәрсеге қолы жетсе болды, соған масаттанатын адамды; - бірнәрсеге үйреніп алған соң: «осы кезге дейін қалай білмей келгенмін» деп қамығатындарды; - қалай үйрендім, қалай тоқыдым, қалай өстім деп өсіп келе жатқанын сезуді ғана ойлап жүріп, ештеңені сезбейтіндерді. Табысқа жету Бір адам білімдар сопыға келіп: - Табысқа қалай жетуге болады, үйретші - депті. Сопы:  - Табыстан да зорға жетуге үйретейін. Мен сені әуелі табысқа жете алмай жүргендерге кеңпейіл болуға үйретемін. Сонда ғана сен өзіңнің табысқа жетуіңе жол ашасың, жолың ашыла беретін болады. Ең бастысы  -  мен сені табысқа жеткендерге кеңпейіл болуды үйретемін. Бұл қасиет бойыңда болмаса қатыгездігің басым болып, өзіңді табысқа жетелейтін іспен айналыса алмай қаласың. Сенім «Мен сене аламын», «мен сене алмаймын» деп айтуға асықпа. Әуелі сену  мен сенбеуді айыра алатын  Шебер болып ал. Бағыныштылар Ең қисынсыз қанаушылық   -    бағыныштылардың қанауында  болу.          Саади. Бақытты ету Егер сіз адамды бақытты еткіңіз келсе немесе бақыттымын деп ойлатқыңыз келсе оған ақша, билік, мақтау, сый-құрмет ұсын. Егер дана адамды бақытты еткіңіз келсе    -   өзіңді жетілдір! Адам және  ерлік Адам  -  нағыз батыр.   Оның  қайда жүрсе де азаттық үшін, шектелген еркіндік үшін күресіп жүргенін көресің. Бірақ, адам сонымен қатар өзін құл ету үшін де аянбай күресіп келеді. Мысалы, азаттық идеясы үшін құлай түсіп күресу  - құлдықтың бір түрі. Мұндайлар азаттық күресінің бұғауына өзі түседі де, сол күрестен басқа қолынан ештеңе келмейді. Сөз қалдыру Артыңнан сөз қалдырудың басты шарты  -  ол сөзді бірінші болып айту, дөп тигізіп айту, қызық етіп айтуда емес.  Ең бастысы  -  қажет кезінде айту. Өсек Сіз  Ол адамды білмейсіз   -  сондықтан да Ол жайлы жаман айтуыңызға болады. Сіз  Ол жайлы аз-кем білесіз. Сондықтан да оныңызды мақтан тұтасыз. Сіз Ол жайлы жақсы білесіз   -  енді жамандауыңызды жалғастыра беруіңізге болады. Кітап  пен  есек Есекке қанша ақылды кітаптарды артсаң да оның есек болып қала беретінін білеміз. Ал бойына кітап артқан, бірақ дегеніне жете алмаған, нәтижесіз ой-пікірлері мен жазба-сызбаларды арқалаған адамды данаға ұқсататынымыз қалай? Ішінде не  жатыр? Кейбір адамдар былай деп айтқанда сақ болыңыз: «Маған сіздің көзқарасыңыз ұнамайды, бірақ мен сіздің өз пікіріңізді айтуыңызға мүмкіндік берілуі қажет деп санаймын». Ондаған жылдар бойы осы пікірді есітіп келемін, бірақ ондай кісінің ішкі ойы былай ма деп түсінемін: «Осылай деп айтқан адамның өз құқы бар екені анық. Күндердің бір күнінде мен оның ой-пікіріне түсіністікпен қарармын. Бірақ, мен бүгін оның көзқарастарына қарсы басқаша күрес тәсілдерін қолданатын боламын, әзірше мен оған қарсы иммунитет жасап аламын» Осындай адамдарға, оларды жұрт адал көзқарастылар деп бағалайды, жіті көзбен байқап көріңіздерші. Олардың сөзі мен ісіне, ойларына, пікірлеріне зер салыңдаршы. Мұрат Ұлы қолбасшы  Ескендір  Зұлқарнай Шығысқа жорық жасар алдында өзіне:  «Мен өлмейтін  Өмір беретін мәңгі суды табамын» деп мұрат қойса керек. Жорығының аяғына таман ұлы қолбасшы бір үңгірден өлмейтін Өмір беретін бұлақ суын тапса керек. Ескендір патша суды ішпек болып еңкейе бергенде үңгірден шыққан белгісіз дыбысты естиді. Патша басын көтеріп қараса қараңғы үңгірдің түкпірінде отырған қарғаны көреді. Қарғаға тіл бітіп: - Құдай үшін жалбарынамын! Ішпе, тоқта! - дейді. Патша таң қалып, неге бұл суды ішуге болмайтынын сұрайды.  Сонда  Қарға: -  Ұлы патшам, маған қарашы! Мен де өлмейтін Өмір беретін осы суды іздедім. Тапқан сәтте осы бұлаққа ұмтылып қанып іштім. Міне, мың жыл болды, бір көзім көрмей қалды, тұмсығым тұқылды, тырнағым мұқалды, қанаттарым түсті. Бір ғана тілегім бар, бірақ ол орындалмайтын тілек:  МЕН ӨЛГІМ  КЕЛЕДІ, БІРАҚ ӨЛЕ АЛМАЙМЫН. Сонда ұлы қолбасшы түсінген екен:  «Алдыңа мұрат қойсаң оны түсініп қой, көңілің қалаған нәрсені мұрат қоймау керек екен» деп жорығын аяқтапты. Орысшадан аударған: Сағат Жүсіп, аудармашы,көсемсөзші. "Абай-ақпарат"
qosymsha/abai.kz
post_18266.txt
«Маңғыстау-Медиа» өткізген кездесу
https://abai.kz/post/18266
"«Маңғыстау-Медиа» өткізген кездесу" | "https://abai.kz/post/18266"
07.11.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Маңғыстау-Медиа» өткізген кездесу URL: https://abai.kz/post/18266 META: "«Маңғыстау-Медиа» өткізген кездесу" | "https://abai.kz/post/18266" DATE: 07.11.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 448 TEXT: Өлкемізге оңтүстік астанадан іссапармен келген республикалық бірқатар басылымдар-дың басшылары облыс әкімі А.Айдарбаевтың қабылдауында болды, Жаңаөзен қаласына барып қайтты, облыс орталығындағы бірқатар өндірістік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері және өңірдің ішкі саясат саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда түрлі өзекті мәселелер ортаға салынды. Бас қосуды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Ғ.Мелдешов жүргізіп отырды. Өлкемізге оңтүстік астанадан іссапармен келген республикалық бірқатар басылымдар-дың басшылары облыс әкімі А.Айдарбаевтың қабылдауында болды, Жаңаөзен қаласына барып қайтты, облыс орталығындағы бірқатар өндірістік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері және өңірдің ішкі саясат саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда түрлі өзекті мәселелер ортаға салынды. Бас қосуды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Ғ.Мелдешов жүргізіп отырды. Кездесу барысында мерзімдік баспасөз және заманауи интернет-медианың мүмкіндіктері сараланды. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Р.Сәрсенбаев қай газетке болмасын жаңаша қан, жаңаша леп беріп, жаңа сөз айту, барлық кезде де мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарау керек екендігін байсалды түрде жеткізді. Маңғыстаулықтардың Ақтаудан АЭС салуға қарсы дәлелді дәйек келтіріп, халық пен биліктің бірыңғай ұстанымда отырғанына қанағаттанғандық білдірді. «Әрине, қанатын жайып келе жатқан елімізге энергетикалық қуаттар керек-ақ. Алайда, АЭС-тен, оның ішінде сенімсіз саналатын ресейлік АЭС-тен бойды аулақ салып, күн, жел, т.б. энергия көздерін пайдалансақ та ұтыла қоймаспыз» дей келіп, Кедендік Одақ тәуелсіз елімізге оң нәтиже бермейді-ау дегендей қаупін де жасырмады. «Централ-Азия Монитор» газетінің бас редакторы Б.Ғабдуллин бүгінгідей медиа-өркениетінде интернет-басылымдар жедел ақпарат беруде де, оқырман санын көбейтуде де тиімді деген өзіндік тұжырымға тоқталса, «Айқын» газетінің бас редакторы Н.Жүсіп бұл реттегі әлемдік тенденция өзгеріп отыратындығын, айталық Жапония мен Оңтүстік Кореяда мерзімдік басылымдарды оқушылар саны күрт артып кеткендігін, жалпы газеттердің ұлттық ағартушылық-танымдық ролінің ешқашан да төмендемейтіндігін, интернет қазақтың тілі мен мәдениетіне айтарлықтай нұқсан келтіретіндігін атап өтті. Осы пікірді құптаған «Жас қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайыл жалпы интернеттің адамның ойлау жүйесіне кері әсерін, өзі сапарда болып қайтқан Англияда бәрі күнделік-ті газет оқитынын, шетелдік газеттердің ақпаратқа негізделетінін, сараптамалық дүниелердің журналдарда жарияланатынын айтты. Халықаралық «Түркістан» апталығының бас редакторы Ш.Паттеев интернеттегі жарияланымдарға көп ешкімнің басы ауырмайтынын, ал газетке шыққан, яғни тасқа басылған дүниеге жауап беретінін тілге тиек ете келе, біздің елімізде баспасөзге мемлекет тарапынан жете мән берілмей отырғанын, мәселенки Францияда газеттерге бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып, шығарылып, таратылуына дейін оңды жолға қойылғанын атап өтті. Дөңгелек үстел басындағы еркін әңгімеде сондай-ақ «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараков, «Номад» ақпараттық порталының директоры Д.Әшімбаев, «Мегаполис» газетінің бас редакторы И.Шахнович сөз сөйлеп, тақырыпты одан әрі өрбітті. Қоғамдық өмірдің қайнаған ортасындағы ең өзекті мәселелерді өткір жазу, ақиқат пен әділдікті ту етіп сынды күшейту, проблемаларды қозғау, қоғамдық пікір туындату, әрбір басылымның өз позициясы болуы қажеттігі, журналист мамандардың тапшылығы, тағы басқа да елге, жерге, халыққа қатысты мәселелерді батыл көтере, кәсіби біліктілікпен әрі шеберлікпен жаза білу жайлы кеңінен пікір алысу өтті. Кездесу барысында аймақ журналистері де өздерін толғандырған жәйттерді баяндап, жалпы журналистика құндылықтарына адал болу, журналист статусын айқындау мәселесі тақырып өзегіне айналды.
qosymsha/abai.kz
post_10409.txt
ҚР ІІМ 2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 млрд теңге бөлінеді
https://abai.kz/post/10409
"ҚР ІІМ 2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 млрд теңге бөлінеді" | "https://abai.kz/post/10409"
12.09.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚР ІІМ 2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 млрд теңге бөлінеді URL: https://abai.kz/post/10409 META: "ҚР ІІМ 2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 млрд теңге бөлінеді" | "https://abai.kz/post/10409" DATE: 12.09.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 140 TEXT: АСТАНА, 12 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның ІІМ 2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 млрд теңге бөлінеді, делінген Мәжілістегі таратылған 2012-2014 жылдар аралық мемлекеттік бюджетті таныту материалында. «2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 миллиард теңге (бөлу ұсынылған)», - делінген құжаттағы тексте. Материалдағы мәліметке сәйкес, ІІМ-нің халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі үшін жалпы 24, 8 миллиард теңге қарастырылып, олардың ішінде діни экстримизммен күреске деп 12,9 миллиард теңге бөлініп отыр. АСТАНА, 12 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның ІІМ 2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 млрд теңге бөлінеді, делінген Мәжілістегі таратылған 2012-2014 жылдар аралық мемлекеттік бюджетті таныту материалында. «2012 жылы Діни экстримизммен күреске деп 12,9 миллиард теңге (бөлу ұсынылған)», - делінген құжаттағы тексте. Материалдағы мәліметке сәйкес, ІІМ-нің халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі үшін жалпы 24, 8 миллиард теңге қарастырылып, олардың ішінде діни экстримизммен күреске деп 12,9 миллиард теңге бөлініп отыр.
qosymsha/abai.kz
post_15607.txt
Досқали Нұрзада. Қазақ пен Әзербайжан – қадамдас халықтар
https://abai.kz/post/15607
"Досқали Нұрзада. Қазақ пен Әзербайжан – қадамдас халықтар" | "https://abai.kz/post/15607"
14.12.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Досқали Нұрзада. Қазақ пен Әзербайжан – қадамдас халықтар URL: https://abai.kz/post/15607 META: "Досқали Нұрзада. Қазақ пен Әзербайжан – қадамдас халықтар" | "https://abai.kz/post/15607" DATE: 14.12.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1826 TEXT: ТМД елдері ішіндегі тағдырлас түркі халықтарының арасында өзара қатар дамып әрі ықпалдаса отырып, жалпытүркілік мүдделерде тізе қоса әрекеттесіп келе жатқан екі ел турасында тоқталудың реті келіп тұр. Ол елдер - Қазақстан мен Әзербайжан.Оның үстіне бұлелдер арасындағы дипломатиялық араластыққа 20 жыл толды. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамызында басталды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы қыркүйек айындағы Әзербайжанға, ал Әзербайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жаңа сипатта,бұрынғы кеңес өкіметі тұсындағы республикааралық қатынас мемлекетаралық деңгейде өрістей бастаған. Әрине, мемлекетаралық қатынастар ең әуелі саяси-экономикалық тұрғыда көрініс беретіні рас. Әзербайжан геосаяси және мұнай-газ саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау секілді бірқатар стратегиялық мәселелерді шешу жолында Қазақстан мен Әзербайжан саяси қатынаста болуға мүдделі. Бүгінде екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін 70-ке тарта құқықтық құжат өз құзырында. Десек те, бұл жолы біз мемлекетаралық қарым-қатынастан гөрі қазақ-әзербайжан халықтарының өзара рухани-мәдени жуықтастығын сөз етейік. ТМД елдері ішіндегі тағдырлас түркі халықтарының арасында өзара қатар дамып әрі ықпалдаса отырып, жалпытүркілік мүдделерде тізе қоса әрекеттесіп келе жатқан екі ел турасында тоқталудың реті келіп тұр. Ол елдер - Қазақстан мен Әзербайжан.Оның үстіне бұлелдер арасындағы дипломатиялық араластыққа 20 жыл толды. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамызында басталды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы қыркүйек айындағы Әзербайжанға, ал Әзербайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жаңа сипатта,бұрынғы кеңес өкіметі тұсындағы республикааралық қатынас мемлекетаралық деңгейде өрістей бастаған. Әрине, мемлекетаралық қатынастар ең әуелі саяси-экономикалық тұрғыда көрініс беретіні рас. Әзербайжан геосаяси және мұнай-газ саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау секілді бірқатар стратегиялық мәселелерді шешу жолында Қазақстан мен Әзербайжан саяси қатынаста болуға мүдделі. Бүгінде екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін 70-ке тарта құқықтық құжат өз құзырында. Десек те, бұл жолы біз мемлекетаралық қарым-қатынастан гөрі қазақ-әзербайжан халықтарының өзара рухани-мәдени жуықтастығын сөз етейік. Саяси жұптастық Тәуелсіз Қазақстанды басқаруды қолға алған Нұрсұлтан Назарбаев пен егемендік алу қарсаңында сарсаң уақытты өткерген Әзірбайжанның басына келген Гейдар Әлиевтің мойындарына артылған жүк шамалас болатын. Демографиялық, әлеуметтік, саяси жағынан барынша тәуелді қалыптағы Қазақстан егемендік декларациясын КСРО республикаларының ішінде ең соңынан  жариялаған соң, екі айдан кейін ғана өзінің жеке мемлекет болу ниетін Тәуелсіздік туралы заң қабылдаумен ғана бекіте алған еді. Ал, тәуелсіздену жағдайы барынша мол болғанымен, өзінің ішкі-сыртқы ахуалын барынша ақсатып алған Әзербайжан Таулы Қарабақ соғысына тап болып, Армениямен арадағы соғыс кесірінен біршама аумағынан айрылып,егемен болар елдің сағы  сынған кезең болатын. Қазақстанда да ішкі-тысқы алакөз күштер елдің сол тұсындағы алып аймақты Ресейге қосуға құштар болып, идеологиялық басқын боранын үдеткен тұста ұлттың тағдыры мен мүддесін қолға алған Н.Назарбаев өзінің жеке мемлекет билеуді былай қойғанда, Әлиевке қарағанда, республика басқаруда толық тәжірибе жинап үлгермесе де, барынша ұстамды да байсалды, тыңғылықты саяси қадамдармен көзге түсіп, лидерлік қабылеттерін шыңдай түсті. Міне, осы кезеңде Әзербайжан халқы да әрі-сәрі болған кезеңде қызыл империяны басқаруға қатысқан тәжірибелі де қабылетті мемлекеттік ірі қайреткерлік деңгейге көтерілген Гейдар Әлиев те басшылық орынға қайта жайғасқан еді. Бұл екі елбасшыға да бірдей сын мен міндет жүктелген уақыт болатын. Аталған кезең бірі елуге енді аяқ басқан, алғыр да жігерлі, екіншісі кемеліне келген, талай құқайды бастан кешкен тәжірибелі саясаткер ретінде, қазақ пен әзербайжанның қос басшысы ел басына күш түскен қиын дәуірге тап келсе де, халықтарын азғындыққа ұрындырмай, аман алып шықты. Онысымен бірге екеуі де елдерінің алғысы мен абыройына бірдей бөленді. Кеңес өкіметі тұсында биліктің ұшар басында болса да, адамдық абырой мен даңққа Гейдар Әлиев өз халқын дербес мемлекет дәрежесіне көтерген еңбегінің жемісінен көрді. Дүрбелең мен сүргіннен аман алып шыққан ұлын әзербайжан халқы аялады,оның қалауынан бас тартпады - Г.Әлиев ұлтын сеніп тапсыру үшін өз орнына  тек қана өз ұлын таңдады. Қа­зақстан-Әзербайжан арасын­дағы ынтымақтастық Нұрсұлтан-Гейдар саяси жұптастығы тұсында сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Гейдар Әлиев көзі тірісінде Нұрсұлтан Назарбаевқа інісіндей қарап, іш тартты.Енді сол қатынас Н.Назарбаев пен бүгінде Илхам Әлиевтің арасына сіңісуде. Қос ел басшыларының жайма-шуақ бұл қатынасы түркілік таным мен тәрбиеден бастау алатыны барынша байқалады. Әзербайжанның жас басшысы  Қазақстан тарапынан жасалған сыртқы саяси бастамалардың бәрін де қолдаумен келеді. Әзербайжан Қазақстанның ЕҚЫҰ-а төрағалық ету кандида­ту­расына 2008 жылы-ақ қолдау білдірген. Әзер ағайындар тарабы біздің еліміздің басқа да халықаралық дең­гейдегі көтерген бастамаларын үнемі қолдап келеді. Аймақтық саясатта да Әзербайжан мен Қазақстанның бағыттастығы Каспи теңізінің мәртебесін анықтаудағы ұстанымдарының бірдейлігін көрсетіп отыр. Түркілік мүдделестік Аталмыш ұстаным жалпытүркілік бірлік саласын да қамтуда. 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыванда өткен Түркiтiлдес мемлекеттер басшыларының IХ саммиті жал­пы­түркілік интеграцияның жаңа ке­зеңінің өзіндік бір өршіткісі мен бастауына  айналды. Саммиттің қорытындылары бойынша Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркияның Президенттерi та­рихи маңызы зор құжат­тарға, Нахчыван Декларациясы мен Түркiтiлдес мемлекеттер ын­ты­мақтастық кеңесін құру туралы Нах­чыван келісіміне қол қойды. Аталмыш бастамалар Қазақстан басшылығы тарапынан жасалса да, оны қолдау мен жүзеге асыруға атсалысуда Әзербайжан жағы мейлінші қолдау көрсетті. Нәтижесінде Түркі Кеңесі құрылып, оның тұңғыш басшылығын қолға алған Қазақстан бұл органды жалпытүркілік кірігу үдерісін үйлестіретін тетікке айналдыруға ұмтылды. Аталмыш Кеңес қазірде Бакуде орналасқан Парламенттiк ассамблея жұмысын, Түркиядағы Ақсақалдар кеңесін, Университеттер одағы мен ТҮРКСОЙ ұйымдарының қызметтерін үйлестіруде. Келесі жылдан бастап халықаралық мәртебемен жұмыс істейтін Түркі академиясы мен қазақстандық «Мәдени мұра» бағдарламасының түркілік жалғасы іспетті құрылмақшы Түркі мәдениетi мен мұрасының қорының жұмыстары да осы Түркі кеңесінің қарауында болмақ. Жалпытүркілік интеграциялық үдерісте тәуелденбеген Түркияны қоспағанда, түркі мемлекеттерінің ішінде Қазақстан мен Әзербайжан қоян-қолтық қатарласа әрекеттесуде:  кеңес дәуірінде түркітану саласының Мәскеуден кейінгі орталығы Әзірбайжанда қалыптасып дамыса, қазір бұл эстафетаны Қазақстан жағы Түркі академиясын құрып, жүйелі түрде қолға алуда; ал келесі жылы түркілердің мәдени мұрасы мен құндылықтарын зерттеу мен насихаттауды қолға алатын Түркі мәдениетi мен мұрасының қоры Бакуде орналасатын болады. Қазақ пен әзербайжанның түркілік мүдделестікке тізе қоса ұмтылуы өткен ғасырдың басынан басталады. 1926 жылғы Бакуде болған тұңғыш түркітану конгресінде ортақ терминология турасында сөйлеген Ахмет Байтұрсынұлының жоспары кейіннен кеңестік түркология орталығын қалыптастырған Әзербайжанда біршама қолға алынғаны бар. Бүгінде Түркі кеңесінің жанынан құрылған Ортақ терминология комитеті енді бұл істі нақты қолға ала бастады. Тарихи тамырластық Қазақ-Әзербайжан туыстығын қарастырғанда тарихи тамырластықтан аттай алмаймыз. Түркітану ғылымы бойынша қазақтар қыпшақтілді, ал әзербайжандар оғызтілді болып жіктеледі. Алайда, қазақтың құрамында да ежелгі оғыз рулары бар, әзер бауырлардың қанында да қыпшақ қаны тулап жүр. Тарихқа жүгінсек, оғыз мемлекеті  Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасқан. Оғыздардың алғашқы отаны  Жетісу болғандығына да тарихи айғақтар бар. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде патриархал-феодалдық  мемлекет құрылады. М. Қашқари атамыз оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады. Демек, оғыздар бір кездегі түркітекті қағанат құрған халықтардың бірі болғаны.Сондықтан да мұндай ірі мемлекеттік субъект бола білген үлкен халық бөлшектене келе бүгінгі түркі халықтарының құрамына сіңгендігінде сөз жоқ. Оғыздардың бас қаласы Сырдың бойындағы Жент қаласы екендігі сөз болып, оның ізделгеніне біршама уақыт болды. Ресейлік ғалым Сергей Толстовтың 1946 жылы Жент қаласының жұрты деп топшыланған орынды қазақ археологтары жоққа шығарып, Қазалы ауданының Өркендеу ауылының маңынан  оғыздар астанасының жұртын тапқандығына сенімді. Онда табылған күміс,жез тиындарда Жент қаласының атауы жазылыпты. Тарих барысында ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған  қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан  селжұқтарының қол астына кірсе,  қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып,  олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікпен, өзбек,  қарақалпақ халықтарын түзуге қатысқан түркілер еді. Осы айтылғандардың бұлтартпас айғағы ретінде әзербайжандар оғыздың белгілі тарихи тұлғасы Қорқытты пір тұтады, оны ерекше  қадырлейді.Ал қазақтар оның бейітін Сыр бойында деп ұйғарып, сәулеттік ескерткіш те орнатты.Және де бүгінгі қобыз аспабының авторы Қорқыт екеніне сенімді. Жуырда Әзербайжанға жиі баратын Түркі академиясы президентінің вице-президенті Асқар Омаров қобыздың түпкі тегі болатындай аспапқа жолығыпты. Әзербайжандар оны өзінің қобызтектес киаманча аспабының арғы тегі дейді, бірақ шанаққа қойдың қарны керілген аспап қобызға барынша жуық көрінеді. Қалай болғанда да қос халықтың біріндегі жоқты екіншісінен табатындай тарихи араластықтың тығыз екендігі айдай анық. Әзербайжандық «қазақ хандығы» Бүгінде кейбір тарихшылар Қазақ хандығының екі түрі болғандығын, бірі - қазақ жеріндегі Үлкен Қазақ хандығы да, одан тыс тағы да Кіші Қазақ хандығының болғандығын келтіріп жүр. Ал, Әзербайжанның құрамындағы Қазақ ауданы кейбір карталарда  «Қазақ ханлығы» түрінде жазылғандығы да жасырын емес. Бұл аудан турасында қарабайыр түрде біршама айтылып та, жазылып та жүр, алайда, әлі тыңғылықты зерттеу басталған жоқ. Әзербайжан ғалымдарының айтуынша, Қазақ ауданына қарасты тұтас даланың бір бөлігі Армения құрамында, енді бір бөлшегі Грузияның тау бөктері көрінеді. Бұл мәлімет расталса, шынында да, Дешті Қыпшақтың бір сынығы бертінге дейін Кіші Қазақ хандығы түрінде жасағанына күмән жоқ. Әзербайжандар мұсылман шииттер бола тұра, Қазақ ауданының тұрғындары негізінен сунниттер екені тағы да назарды еріксіз аудартады.Олардың әзербайжандық хинкал асы қазақы ет тағамына барынша жуық көрінеді. Әрине, бірнеше ғасырларды көктей өткен тамырластық пен туыстық қат-қабат өрілген дәйектерден ажырағысыз. Әзерлердегі «айран» аталатын сусын қазақтың шалабынан аумайды. Ал, апыл-тапыл басқан баланы «тәй-тәй» сөздерін  қайталай отырып, екі жағынан жетектейтіні бар. Бұл ғұрып пен «тәй-тәй» сөзі түркі халықтарында тек қана қазақ пен әзербайжанда сақталыпты.Елдің ең шалғайында орналасқан Қазақ ауданында тоқылатын кілемдерде қазақтың қошқар мүйіз оюы тән екені этнографтардың назарын аударып  әрі оларды таң қалдыруда. Бүгінгі бауырластық Бүгінгі бауырластықты айтқанда кешегі туыстықты назарға алмау мүмкін емес. Патшалы Ресейдің 1-думасына сайланып, мұсылман фракциясына кірген депутаттардың негізінен түркілер екенін ескерсек, Орта Азия түркілерінен тек қана қазақтар бар еді, ал Қап тауының мұсылмандарын әзербайжандар құрады.Әзербайжанды егемен етуге ұмтылған Мусават (Теңдік) партиясы мен қазақтың Алаш партиясы бір мезгілде үкімет құрып, мемлекет құруды бірге қолға алғанында да әлдебір сабақтастық жатыр. Алайда, әлі күнге олардың өзара байланысы зерттеле қойған жоқ. Мәселен, Мұстапа Шоқай қызылдар қуғынынан Астраханнан Бакуге барар жолда ондағы жағдайдың күрт өзгергендігінен амалсыз, Тифлиске бұрылуына мәжбүр болған деседі. Сонда ол әзербайжандық бауырларды сағалауға ойы болғаны анық. Әзерлердің саз аспабына қосылып айтылатын жыры қазақтың термесінен аумайтыны тағы бар. Бұған қазақ термесінің отаны Сыр сүлейлері екенін ескерсек, тағы да оғыздық ортақ тағдыр қылаң береді. Ал енді, бар қазақ алғысты «рахмет» сөзімен жаудырса, Каспидің екі жағындағы қазақ пен әзербайжанның «рахметі» бірдей: «Саг олун!» - «Сау бол!» Әзербайжандардың қазақтың белгілі ақыны, этнолингвист Олжас Сүлейменовке деген құрметі ерекше. 1975 жылы О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы қуғындалғанда, айтулы сол кітаптың бір данасын бір Жигули көлігіне айырбастаған әзірбайжандар болыпты. Әрине, бұл жайт әзерлердің түркі тарихына деген ерекше көзқарасын танытады. Екі халықтың тағдырластығы тәуелсіздік алу қарсаңында да мистика аралас дәйекке толы.  КСРОның сетінеуі қазақ жерінде 1986 жылғы желтоқсандағы Алматы оқиғасында басталса, Бакуде орын алған 1990 жылғы қанды қаңтар оқиғамен аяқталып, КСРО мемлекет ретінде ыдырай бастады және осы оқиғалар түркі мемлекеттерінің егемендігін алуға толық алғышарт жасады деуге болады. Екі елдің Тәуелсіздігі қарсаңында бас қосқан мемлекет басшыларының кездесуінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл 20 жыл екі ел үшін бір жағынан күрделі болса, екінші жа­ғынан біздің ата-бабалары­мыз­дың арманы орындалды. Мен Қа­зақстан мен Әзербайжан осындай уақыт сынынан лайықты өтті деп санаймын. Әзербайжан біз үшін туыстас, дос ел, Кавказ өңіріндегі негізгі серіктесіміз болып та­бы­лады», - деп тағдырлас туыс елдердің жүріп өткен жиырма жылын өзімсіне қорытқан еді. Әзірбайжан басшылығын қолға алғалы жас Илхам Әлиев Қазақстанға жыл сайын келіп кетуді  дәстүрге айналдырды. Екі елдің арасындағы басшылар жолы қазақ пен әзербайжан халқын ғасырларға қол ұстастырған, бауырластықты жалғай беретін берік жолға айналатын түрі бар. Себебі,  «Баку-Тбилиси-Карс» темір жол құ­рылысы аяқталғанда Азия мен Еуропаны жалғастыратын жаңа «Темір Жібек жолы» ашылатын болады. Бұны болашаққа қадамдасқан қос елдің қатар түскен қадамы дейік. Баку « Abai.kz »
qosymsha/abai.kz
post_6341.txt
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ. Спутниктік хабар тарату тестік режимде іске қосылды.
https://abai.kz/post/6341
"БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ. Спутниктік хабар тарату тестік режимде іске қосылды." | "https://abai.kz/post/6341"
21.12.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ. Спутниктік хабар тарату тестік режимде іске қосылды. URL: https://abai.kz/post/6341 META: "БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ. Спутниктік хабар тарату тестік режимде іске қосылды." | "https://abai.kz/post/6341" DATE: 21.12.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 360 TEXT: Спутниктік цифрлық телевизияны іске қосу- ұлттық телехабар таратуды  жаңа цифрлық технологияға көшірудің алғашқы кезеңі. Бұл жоба мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша  және Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму  жоспарына сай жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылдың  10 желтоқсанынан 11 желтоқсанына қараған түні «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-ның  спутниктік желісі  хабар таратудың жаңа спутниктік DVB-S2 MPEG 4 стандартына ауыстырылды. Жаңа стандарттың артықшылығы -айқындылық сапасы жоғары (HD-форматындағы) арналардың санын  арттыру мүмкіндігі. Сондай-ақ, цифрлық спутниктік ТВ-ны іске қосу арқылы  эфирлік таратылыммен қамтылмай отырған  алыс елді мекендерді отандық телехабарлармен қамту. Спутниктік телевизия қызметін пайдалану үшін, азаматтарға  авторластырылған дилерлік желі арқылы спутниктік арнайы қондырғыны (антенна, қабылдағыш) орнатулары  қажет.  Телехабарларды басқа спутник арқылы көріп отырған тұрғындар үшін DVB-S2 MPEG 4 стандартындағы қабылдағышты орнатып, антеннасын Intelsat 904 спутнигіне бағыттау керек. Спутниктік цифрлық телевизияны іске қосу- ұлттық телехабар таратуды  жаңа цифрлық технологияға көшірудің алғашқы кезеңі. Бұл жоба мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша  және Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму  жоспарына сай жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылдың  10 желтоқсанынан 11 желтоқсанына қараған түні «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-ның  спутниктік желісі  хабар таратудың жаңа спутниктік DVB-S2 MPEG 4 стандартына ауыстырылды. Жаңа стандарттың артықшылығы -айқындылық сапасы жоғары (HD-форматындағы) арналардың санын  арттыру мүмкіндігі. Сондай-ақ, цифрлық спутниктік ТВ-ны іске қосу арқылы  эфирлік таратылыммен қамтылмай отырған  алыс елді мекендерді отандық телехабарлармен қамту. Спутниктік телевизия қызметін пайдалану үшін, азаматтарға  авторластырылған дилерлік желі арқылы спутниктік арнайы қондырғыны (антенна, қабылдағыш) орнатулары  қажет.  Телехабарларды басқа спутник арқылы көріп отырған тұрғындар үшін DVB-S2 MPEG 4 стандартындағы қабылдағышты орнатып, антеннасын Intelsat 904 спутнигіне бағыттау керек. «Қазтелерадио» АҚ-ы «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-мен бірігіп, авторластырылған дилерлерді тарту арқылы  «Кателко плюс» спутниктік желісі абоненттерінің қабылдағыштарын ауыстыруда. Бұл жұмыс спутниктік телевизия қызметін көрсету  туралы келісім-шарттың қолданылу мерзімі аралығында сақтауды өз жауапкершілігіне алу  негізінде жүзеге асыруда. Бұрын хабарланғандай, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі цифрлық спутниктік телехабарларын таратуды дамыту  мақсатында облыстық әкімдіктермен  өзара әріптестік меморандумдарына қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға  спутниктік қабылдағыштарды сатып алу және орнату үшін облыстық әкімдіктер өтемақы төлейтін болады. Сондай-ақ, абоненттердің жолданымдарына шұғыл түрде жауап беруді қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыларды қолдаудың Бірыңғай ақпараттық орталығы  (Call-Centre) құрылды. Бүгінгі күні спутниктік телевизияны 6600 абонент  пайдалануда. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ Астана қаласы, 20 желтоқсан ҚР БАМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ (7172) 74 - 10 - 04
qosymsha/abai.kz
post_45247.txt
Шағын гидроэнергетиканы дамыту көзделуде
https://abai.kz/post/45247
"Шағын гидроэнергетиканы дамыту көзделуде" | "https://abai.kz/post/45247"
17.09.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Шағын гидроэнергетиканы дамыту көзделуде URL: https://abai.kz/post/45247 META: "Шағын гидроэнергетиканы дамыту көзделуде" | "https://abai.kz/post/45247" DATE: 17.09.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 200 TEXT: Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеді. Өңірдегі төрт негізгі өзен ағыстары бойынша алдын-ала техникалық-экономикалық зерттеу нәтижесінде облыс аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық күші бар 43 нүкте анықталды. Осыған байланысты қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес. Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын ГЭС салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын ГЭС жобасын іске асырды. Мұнан бөлек тағы 2 жоба әзірлену үстінде. Облыстың шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шымкент» ӘКК» барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарының энергетикалық қуатын зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын ГЭС жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрқашан әзір. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен айына 400 МВт-ты құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_3119.txt
Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде тағы да да сабақ тоқтатылды
https://abai.kz/post/3119
"Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде тағы да да сабақ тоқтатылды" | "https://abai.kz/post/3119"
23.02.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде тағы да да сабақ тоқтатылды URL: https://abai.kz/post/3119 META: "Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде тағы да да сабақ тоқтатылды" | "https://abai.kz/post/3119" DATE: 23.02.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 110 TEXT: Өскемен. 23 ақпан. ҚазТАГ– Ауа температурасының төмендігінен Семей мен Өскеменде 1-9 сынып метеп оқушыларына сабақ болмайтын болды. Бұл туралы агенттікке Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Өскемендегі температура минус 34 градус, Семейде минус 32 градус. Ең төменгі температура Бородулиха (минус 37 градус) мен Бесқарағай ауданында (минус 35 градус) болды», - дейді департаменттегілер. Өскемен. 23 ақпан. ҚазТАГ– Ауа температурасының төмендігінен Семей мен Өскеменде 1-9 сынып метеп оқушыларына сабақ болмайтын болды. Бұл туралы агенттікке Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Өскемендегі температура минус 34 градус, Семейде минус 32 градус. Ең төменгі температура Бородулиха (минус 37 градус) мен Бесқарағай ауданында (минус 35 градус) болды», - дейді департаменттегілер.
qosymsha/abai.kz
post_2212.txt
Заем алушының банктің алдындағы жауапкершілігінен бас тартуына жол беруге болмайды – Аханов
https://abai.kz/post/2212
"Заем алушының банктің алдындағы жауапкершілігінен бас тартуына жол беруге болмайды – Аханов" | "https://abai.kz/post/2212"
04.11.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Заем алушының банктің алдындағы жауапкершілігінен бас тартуына жол беруге болмайды – Аханов URL: https://abai.kz/post/2212 META: "Заем алушының банктің алдындағы жауапкершілігінен бас тартуына жол беруге болмайды – Аханов" | "https://abai.kz/post/2212" DATE: 04.11.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 236 TEXT: Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Заем алушының банктің алдындағы жауапкершілігінен түгел бас тартуына жол беруге болмайды. «Жеке банкрорттылық туралы» заңды әзірлеу барысында халықаралық тәжірибеге сараптама жасаған дұрыс. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы Серік Ахановтың бұл пікірін сәрсенбі күні «Время» газеті жариялап отыр. «Жақында банктер сізге (қаржы министрі Болат Жәмішевке – ҚазТАГ) өз ұстанымдарын жолдайды. Бұл мәселеге кешенді түрді және салмақпен, ақылмен қарау керек деп есептеймін. Заем алушының өзін банкрот деп жариялап, банктің алдындағы жауапкершілігінен түгел бас тартуына жол бермеу керек. Халықаралық тәжірибені ескерген, қалыптасқан жағдайдың барлық факторлары мен шарттарына жүйелі сараптама жасаған маңызды», - деді ол Б.Жәмішевке телефон арқылы «Время» газетінің оқырмандарымен «тікелей желі» барысындағы үзілісте. Министр бұл кезде оның «Жеке банкроттылық туралы» заң жобасына қатысты пікірін сұраған болатын. Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Заем алушының банктің алдындағы жауапкершілігінен түгел бас тартуына жол беруге болмайды. «Жеке банкрорттылық туралы» заңды әзірлеу барысында халықаралық тәжірибеге сараптама жасаған дұрыс. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы Серік Ахановтың бұл пікірін сәрсенбі күні «Время» газеті жариялап отыр. «Жақында банктер сізге (қаржы министрі Болат Жәмішевке – ҚазТАГ) өз ұстанымдарын жолдайды. Бұл мәселеге кешенді түрді және салмақпен, ақылмен қарау керек деп есептеймін. Заем алушының өзін банкрот деп жариялап, банктің алдындағы жауапкершілігінен түгел бас тартуына жол бермеу керек. Халықаралық тәжірибені ескерген, қалыптасқан жағдайдың барлық факторлары мен шарттарына жүйелі сараптама жасаған маңызды», - деді ол Б.Жәмішевке телефон арқылы «Время» газетінің оқырмандарымен «тікелей желі» барысындағы үзілісте. Министр бұл кезде оның «Жеке банкроттылық туралы» заң жобасына қатысты пікірін сұраған болатын.
qosymsha/abai.kz
post_104792.txt
Мемлекет басшысы Ермек Көшербаевты қабылдады
https://abai.kz/post/104792
"Мемлекет басшысы Ермек Көшербаевты қабылдады" | "https://abai.kz/post/104792"
30.01.2020
Abai.kz
null
TITLE: Мемлекет басшысы Ермек Көшербаевты қабылдады URL: https://abai.kz/post/104792 META: "Мемлекет басшысы Ермек Көшербаевты қабылдады" | "https://abai.kz/post/104792" DATE: 30.01.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 46 TEXT: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_650.txt
Бірқатар мәжілісмендер австриялық тараптың Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіреді
https://abai.kz/post/650
"Бірқатар мәжілісмендер австриялық тараптың Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіреді" | "https://abai.kz/post/650"
10.06.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Бірқатар мәжілісмендер австриялық тараптың Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіреді URL: https://abai.kz/post/650 META: "Бірқатар мәжілісмендер австриялық тараптың Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіреді" | "https://abai.kz/post/650" DATE: 10.06.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 308 TEXT: Астана. 10 маусым. ҚазТАГ– Әсел Мұқанова. Бірқатар мәжілісмендер австриялық тараптың Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіреді. «Австриялық тараптың ауыр қылмыстармен айыпталып отырған Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіремін. Қазақстан ресми органдарының австриялық үкіметке жасаған бірнеше өтініші жауапсыз қалып отыр», - деді, мәжілісмен Мұрат Әбенов сәрсенбі күнгі алқалы отырысында. Сонымен қатар ол, соңғы айлары Р. Әлиев Интернет ғаламторындағы БАҚ-тарда Қазақстанның демократиялық жетістіктерін қаралауға бағытталған ақпараттық науқан ұйымдастырғанын атап өтті. «Бұрмаланған мәліметтерді пайдалана отырып, Әлиев біздің ел басшыларына ашықтан-ашық ойдан шығарылған жала жабуда», - дейді депутат. Осыған байланысты, М. Әбенов Қазақстандағы Австрия елшісінен австриялық тараптың осы мәселедегі үнсіздігіне ҚР СІМ ресми түсініктеме беруін сұрауын өтінді. Депутат М. Әбеновты оның әріптесі Виктор Рогалев қолдап және демократияшыл Австрия, Қазақстанға қылмыскерді қайтарудан бас тартқанда қандай уәждерді басшылыққа алып отырғанына түсінбеушілік білдірді. «Тек депутаттар ғана емес, сонымен қатар бірқатар азаматтар да «неге австриялық билік өзінің қамқорлығына жалаң қылмыскерлерді алып отыр» деген сауал береді», - деп депутат Рогалев бүлінді. Астана. 10 маусым. ҚазТАГ– Әсел Мұқанова. Бірқатар мәжілісмендер австриялық тараптың Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіреді. «Австриялық тараптың ауыр қылмыстармен айыпталып отырған Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіндегі ұстанымына алаңдаушылық білдіремін. Қазақстан ресми органдарының австриялық үкіметке жасаған бірнеше өтініші жауапсыз қалып отыр», - деді, мәжілісмен Мұрат Әбенов сәрсенбі күнгі алқалы отырысында. Сонымен қатар ол, соңғы айлары Р. Әлиев Интернет ғаламторындағы БАҚ-тарда Қазақстанның демократиялық жетістіктерін қаралауға бағытталған ақпараттық науқан ұйымдастырғанын атап өтті. «Бұрмаланған мәліметтерді пайдалана отырып, Әлиев біздің ел басшыларына ашықтан-ашық ойдан шығарылған жала жабуда», - дейді депутат. Осыған байланысты, М. Әбенов Қазақстандағы Австрия елшісінен австриялық тараптың осы мәселедегі үнсіздігіне ҚР СІМ ресми түсініктеме беруін сұрауын өтінді. Депутат М. Әбеновты оның әріптесі Виктор Рогалев қолдап және демократияшыл Австрия, Қазақстанға қылмыскерді қайтарудан бас тартқанда қандай уәждерді басшылыққа алып отырғанына түсінбеушілік білдірді. «Тек депутаттар ғана емес, сонымен қатар бірқатар азаматтар да «неге австриялық билік өзінің қамқорлығына жалаң қылмыскерлерді алып отыр» деген сауал береді», - деп депутат Рогалев бүлінді.
qosymsha/abai.kz
post_75000.txt
Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді
https://abai.kz/post/75000
"Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді" | "https://abai.kz/post/75000"
17.08.2018
Abai.kz
null
TITLE: Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді URL: https://abai.kz/post/75000 META: "Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді" | "https://abai.kz/post/75000" DATE: 17.08.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 65 TEXT: Қазақстан астанасы – Астана қаласындағы көшелердің біріне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді. 16 тамызда өткен жаңа көшені ашу салтанатына Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедқали Абылғазиев қатысты. Жаңа көшеге Айтматовтың есімін беру - жазушының 90 жылдығына арналған мерейтойы қарсаңында өтті. Бұл күндері Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға арналған өзекті мәселелер көтеріледі. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_77868.txt
Рахимов пен Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды
https://abai.kz/post/77868
"Рахимов пен Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды" | "https://abai.kz/post/77868"
27.09.2018
Abai.kz
null
TITLE: Рахимов пен Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды URL: https://abai.kz/post/77868 META: "Рахимов пен Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды" | "https://abai.kz/post/77868" DATE: 27.09.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 146 TEXT: Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті қызметін атқарушы Гафур Рахимов пен ұйымның вице-президенті Серік Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлевке сілтеме жасап хабарлады. AIBA президенттігіне өтініш беру 23 қыркүйекте аяқталған. AIBA басшысын сайлайтын конгрес 2-3 қараша күндері Мәскеуде өтпек. Совет кезеңіндегі боксшы, Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Қонақбаев 1980 жылы Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының және 1982 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Ол әлем кубогын екі рет (1979 және 1981 жылы) жеңіп алған. Гафур Рахимов 2018 жылдың шілдесіне дейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүрген. Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті Рахимов бокстың олимпиада бағдарламасында қала беруіне ықпал етуі мүмкін деп, оған өз кандидатурасын ұсынбауға шақырған. АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді қадағалау департаменті Рахимовті Өзбекстандағы ең үлкен қылмыскерлердің бірі ретінде санкция тізіміне енгізген. Қаржы министрлігі сонымен қатар Рахимовтің АҚШ долларымен кез-келген қаржы операциясын жасауына тыйым салған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_7461.txt
Бек Датұлы. Ердоған тағы ерледі
https://abai.kz/post/7461
"Бек Датұлы. Ердоған тағы ерледі" | "https://abai.kz/post/7461"
04.03.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Бек Датұлы. Ердоған тағы ерледі URL: https://abai.kz/post/7461 META: "Бек Датұлы. Ердоған тағы ерледі" | "https://abai.kz/post/7461" DATE: 04.03.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 359 TEXT: Ердоғанның ер екенін ертеден білуші едік. Бұл жолғы батырлығына түрегеп тұрып сол соғуға болады. 28 ақпан күні Германияға барған іс-сапарында қалың немістің ортасында тұрып-ақ отандастарын ұлттық бірлікке шақырды. Түріктер ең көп шоғырланған Дюссельдорф қаласында лебізін естуге келген ондаған мың қандастарының алдында тұрып оларды неміс жұртымен етене болуға, бірақ ассимиляцияға түсіп кетпеуге шақырды. Балаларға бірінші кезекте түрік тілін, сонан кейін ғана неміс тілін үйретіңдер дегенді баса айтты. Ол өзі қонақ болып отырған неміс жұртының түріктер мен өзге де мұсылмандарға деген жеккөрушіліктерін сынады. Ол мұны антисемитимз деп санайтынын айтқанымен қазіргі неміс үкіметінің «адамзатқа қарсы жасалған» нақты қылмысын әшкерелеп айтпады. Ол Түркия өзінің шетелдегі отандастарын қорғайтынын, олардың мүддесі мен көзқарастарын сақтауға атсалысатынын бірнеше қайталады. Ол Германиядағы түріктерді отанына қайтуға да шақырды. Ердоғанның «ер мінезі» Түркияның Еуроодаққа енуіне бірінші болып қарсы шығып жүрген неміс шенеуніктерінің шабына от түсірді. Германия сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле түрік премьерінің сөзін сынап, жергілікті түріктерді бірінші кезекте неміс тілін үйренуге шақырды. Ердоғанның ер екенін ертеден білуші едік. Бұл жолғы батырлығына түрегеп тұрып сол соғуға болады. 28 ақпан күні Германияға барған іс-сапарында қалың немістің ортасында тұрып-ақ отандастарын ұлттық бірлікке шақырды. Түріктер ең көп шоғырланған Дюссельдорф қаласында лебізін естуге келген ондаған мың қандастарының алдында тұрып оларды неміс жұртымен етене болуға, бірақ ассимиляцияға түсіп кетпеуге шақырды. Балаларға бірінші кезекте түрік тілін, сонан кейін ғана неміс тілін үйретіңдер дегенді баса айтты. Ол өзі қонақ болып отырған неміс жұртының түріктер мен өзге де мұсылмандарға деген жеккөрушіліктерін сынады. Ол мұны антисемитимз деп санайтынын айтқанымен қазіргі неміс үкіметінің «адамзатқа қарсы жасалған» нақты қылмысын әшкерелеп айтпады. Ол Түркия өзінің шетелдегі отандастарын қорғайтынын, олардың мүддесі мен көзқарастарын сақтауға атсалысатынын бірнеше қайталады. Ол Германиядағы түріктерді отанына қайтуға да шақырды. Ердоғанның «ер мінезі» Түркияның Еуроодаққа енуіне бірінші болып қарсы шығып жүрген неміс шенеуніктерінің шабына от түсірді. Германия сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле түрік премьерінің сөзін сынап, жергілікті түріктерді бірінші кезекте неміс тілін үйренуге шақырды. Қазір Германияда 3 млн-нан астам түрік тұрып жатыр. Олардың бір демде Түркияға көшіп кетуі, әрине екіталай. Дегенмен, мұншама халық елдің саяси дамуына өз үлесін қосуға ұмтылары сөзсіз. Ең бастысы Ердоғанның көзсіз ерлігі болып тұр. Тәуелсіздігім тағдырым деп санайтын елдердің қай басшысы өзі мемлекеттік сапармен барған алпауыт елдегі қандасатарына осындай ұран тастап еді? www.masa.kz интернет газеті
qosymsha/abai.kz
post_3213.txt
Картада – «қытай территориясы»
https://abai.kz/post/3213
"Картада – «қытай территориясы»" | "https://abai.kz/post/3213"
03.03.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Картада – «қытай территориясы» URL: https://abai.kz/post/3213 META: "Картада – «қытай территориясы»" | "https://abai.kz/post/3213" DATE: 03.03.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 286 TEXT: Бұл карта (суретте) қытайдың жалпы білім беретін мектептерінде 9-сынып оқушыларына арналған тарих пәнінің оқулығында пайдаланылады екен. Карта оқушыларға «1860 жылы Патшалы Ресей күшпен тартып алған бұрынғы Қытай территориясы» деп түсіндірілетін көрінеді.  Қытай  оқулықтарына 1949 жылдан бері енген  картада Жамбыл облысынан бастап күншығысқа қарай созылған қазақтың жазиралы өлкесі, тауы мен тасы, қалалары мен өзге де нысандары патшалы Ресей тартып алған қытай дүниесі ретінде ұқтырылып келе жатқанға ұқсайды. Қазақстан Қытаймен арадағы шекарасын анықтап, белгілеп алған ел. Ежелден қоңсылас. Көрші отыр. Сондықтан Қытайдың  бұндай жосықсыз деректі тарихи құжат ретінде ұстануына қарсылық білдіруге толық қақысы бар. Алайда, біздің билік өзінің әлгіндей қақын еш кәдеге жаратқан емес. Есесіне, жалға жер беремек болып жанығып отыр. Аса құпия бір дерек көздеріне сүйенсек,  2004 жылы Алакөл ауданынан (Алматы облысы) 7000 га  жерді он жылға, яғни, 2014 жылдың соңына дейін жалға алған 3 мың қытай (хәнзу) азаматы қазір өнімді еңбек етіп жатыр-мыс. Бұл карта (суретте) қытайдың жалпы білім беретін мектептерінде 9-сынып оқушыларына арналған тарих пәнінің оқулығында пайдаланылады екен. Карта оқушыларға «1860 жылы Патшалы Ресей күшпен тартып алған бұрынғы Қытай территориясы» деп түсіндірілетін көрінеді.  Қытай  оқулықтарына 1949 жылдан бері енген  картада Жамбыл облысынан бастап күншығысқа қарай созылған қазақтың жазиралы өлкесі, тауы мен тасы, қалалары мен өзге де нысандары патшалы Ресей тартып алған қытай дүниесі ретінде ұқтырылып келе жатқанға ұқсайды. Қазақстан Қытаймен арадағы шекарасын анықтап, белгілеп алған ел. Ежелден қоңсылас. Көрші отыр. Сондықтан Қытайдың  бұндай жосықсыз деректі тарихи құжат ретінде ұстануына қарсылық білдіруге толық қақысы бар. Алайда, біздің билік өзінің әлгіндей қақын еш кәдеге жаратқан емес. Есесіне, жалға жер беремек болып жанығып отыр. Аса құпия бір дерек көздеріне сүйенсек,  2004 жылы Алакөл ауданынан (Алматы облысы) 7000 га  жерді он жылға, яғни, 2014 жылдың соңына дейін жалға алған 3 мың қытай (хәнзу) азаматы қазір өнімді еңбек етіп жатыр-мыс.
qosymsha/abai.kz
post_14509.txt
БЕКМӘМБЕТОВ ЕКІНШІ БОРАТ ПА?
https://abai.kz/post/14509
"БЕКМӘМБЕТОВ ЕКІНШІ БОРАТ ПА?" | "https://abai.kz/post/14509"
31.08.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: БЕКМӘМБЕТОВ ЕКІНШІ БОРАТ ПА? URL: https://abai.kz/post/14509 META: "БЕКМӘМБЕТОВ ЕКІНШІ БОРАТ ПА?" | "https://abai.kz/post/14509" DATE: 31.08.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 917 TEXT: Бірнеше күн бұрын «ең крутой қазақ» Тимур Бекмәмбетовтің аты дауға қалды. Даңқты продюсерді «жиендік жасады» деп айдай әлемге айпара қылған - Жайық Сыздықов және Мұхаммед Мамырбеков деген сценаристер. Олар Ресей кинематографистер одағына ашық хат жазып, онысын белгілі БАҚ бетінде жариялады. Ашық хаттың негізгі мазмұны: «Бекмәмбетов ұры, ол Қазақстанның қасиетті символы Алтын Адамды қорлап, «Жолы болғыш жігіттер» комедиясында пайдаланып жатыр, - дегенге саяды. «Жолы болғыш жігіттер» («Джентельмены удачи») фильмінің Сергей Безруков, Гоша Куценко сияқты актерлер қатысатын ремейкі түсіріліп жатқаны рас-ақ. Бұл жолы «джентельмендер» алтын дулыға емес, Алтын Адамды ұрлап қашатыны да шындыққа келеді. Бірақ фильм әлі жарыққа шыққан жоқ, ал қос сценаристің «бізден ұрлап алған көріністері бар» деп жар салғанына жол болсын! Мұндай тосын жаңалықты естіген Темкең шындап таңғалғанға ұқсайды. Сосын айтыпты: «Бұл ешқандай да мазақ емес, қайта «Жолы болғыш жігіттер» Алтын Адам мен Қазақстан үшін тегін жарнама. Бұл фильм арқылы Ресей ғана емес, шет мемлекеттер де Алтын Адамның тарихынан хабардар болады. Біз арнайы фильм үшін бұл артефактінің бір нұсқасын жасаттық, Қазақстаннан ол туралы ақпар беретін арнайы тарих мамандарын шақырдық. Ал «Алтын Адам» жобасы тоқтатылған жоқ, сенбесеңіздер тапсырыс беруші компаниядан сұраңыздар», - депті. Осылай деген Темкең табан астында Ермек Аманшаевқа хабарласып, «мынауың не?» деп ашу шақырған болу керек. Тапсырыс беруші компания, яғни «Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаев БАҚ-қа хабарласып: «Алтын Адамның» жұмысы тоқтаған жоқ, 9 сценарий жазылды, ешбірі жобаның масштабына сай келмей жатыр. Бұл қалыпты құбылыс, «Мың баланың» да  сценарийі 10 рет жазылған» - деп нүкте қойды. Бүйректен сирақ шығарып жүрген сценаристерге хабарлассақ, енді  ре­ніш­тері басылып та қалғандай. «Бізге «заинтересованный» адамдар  хабар­ласып, бұл дауды ушықтырмауды сұрады. Тимур Бекмәмбетовпен келі­сімге келетін шығармыз» - деп жуасып  қалыпты.  «Заинтересованный адам­дардың» кім екенін де ішіміз сезіп отыр. Біріншіден, біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, Бекмәмбетов - қарны тоқ, көйлегі көк продюсер. Кәсіпкер. 4 млн. долларға түсірген «Түнгі шолғыншысынан» 34 млн. доллар, ал «Күндізгі шолғыншыдан» 38 млн. касса жинаған режиссер. 69 млн-ға «Аврам Линкольнді» түсіріп, 83 млн. табыс түсіргені кеше ғана. Өзге продюсерлік табыстарын есептемегенде. Ал біздегі ең табысты деген «Мың бала» 12 млн-ға түсіріліп, 2 млн. жинады. Бір кездері, шығармашылығының сона-ау басында Тимур «Қазақфильмге» келген, оны мұнда сыйдырмай қуып шыққан. Ресейде жарнама түсіріп жүріп киноға келіп, әлем танитын деңгейге жетті. Шын мәнінде қазір «Қазақфильм» Бекмәмбетовке емес, Бекмәмбетов «Қазақфильмге» керек. Өйткені ондай масштабта табысты экшн түсіре алатын режиссер бізде жоқ. Ал сценаристерге келер болсақ, Бекмәмбетов: «Мен бұл адамдарды танымаймын, олармен ешқандай, оның үстіне заңдық тұрғыдағы байланысым жоқ» - депті. Әрине, танымайды. «Жаужүрек мың бала» жобасына дейін Сыздықов пен Мамырбеков деген сценаристерді Ресейде жүрген Бекмәмбетов түгілі, Қазақстанда жүрген біз естімеппіз. Оның үстіне, біз білетін ақпарат бойынша, бұл екі жігіт жазған сценарий тек идея күйінде қалып, бізге белгілі «Мың баланы» Тимур Жақсылықов жазып шыққан.  Ал Бекмәмбетовке келсек, «Елки-2» фильмінің өзін Астана көрінісінен бастағаны үшін оған алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 2009 жылы Тимур Бекмәмбетов Мемлекет басшысына «Алтын Адам» деген «Голливудтық деңгейдегі тамаша фильм» түсіруге уәде бергені рас. Сценаристер Ресей киногерлеріне «Бекмәмбетов «қолым тимей жүр» деген сылтаумен созып-созып, ақыры жобаны тоқтатып тастады» деп арызданыпты. Обалы нешік, Алтын Адамның Қазақстан үшін киелі жәдігер екенін, оны фильмінде пайдалану үшін режиссер алдымен Қазақстан билігінен рұқсат сұрау керектігін айтудай-ақ айтыпты. Бірақ қандай мақсатпен? Ресей кинематографистер одағын басқарып отырған Никита Михалков қазақтың жәдігеріне басын ауырта ма? Шын айтайық, біз «патриот» болып көрінген сценаристеріміздің бұл қылығын түсінбедік. ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА «ҚОЖАЙЫН» БА? 8 қыркүйекте «Алматы менің алғашқы махаббатым» ретро фестивалі басталмақ. Биылғы фестивальдің тақырыбы: «Мен - аңызбын». Фестиваль таратқан мәліметте: «Әлемдік орындаушылар мен олардың әндері біз үшін аңыз болды. Бізді әнге баулыған және әнші қылған твист пен рок-н-ролл, джаз - ешқайсысы елеусіз қалмайды. Аңызға айналған Queen, Elvis Presley, The Beatles, Whitney Houston, M. Jakson, Tony Braxton, Diana Ross, Celine Dion, Ricky Martin, Shaft,  Modern Talking, Madonna, Arabesque, Jennifer Lopez әндерін басқаша орындауда тыңдаймыз», - деп сүйінші сұрапты. Және басқаша орындайтындар - Нағима Есқалиева, Айгүл Бабаева, Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова, Қыдырәлі мен Қарақат, Нұрлан Албан, Алмас Кішкенбаев, Айгүл Иманбаева сияқты өз әншілеріміз. Осы кісілердің аузын керіп, тілі келмей ағылшынша ән айтқанын естуге ынтық деп кім айтты бізді? Ол аз десеңіз, «Кештің қожайыны Дариға Назарбаева Luciano Pavarotti репертуарынан ән орындайды. Dr. Alban мен Нұрлан Албан, Sabrina мен  Мәдина Сәдуақасова дуэт айтады. Ал  кеш қожайыны кіммен ән салатыны - әзірге құпия» деп ынтызар қылып қойыпты. Неге «кеш қожайыны»? Дариға Назарбаева туған күнін жасап жатқан жоқ шығар?.. МӘДИНА СӘДУАҚАСОВА 30 МЫҢ ДОЛЛАРҒА КЛИП ТҮСІРДІ Еліміздегі ең табысты шоу-бизнес шортан­дарының бестігіне енген Мәдина Сәдуақасова жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. «Тапқан табысымды көйлектерім мен әнге ғана жұмсаймын» деп ағынан жарылатын әнші соңғы бейнеклипін бес жыл бұрын түсірсе де, содан бері бір тиын төлемей-ақ «медиалық» тұлға болып жүрді. Бұдан былай «жүргізушіліктен бас тарттым» деген сұлу орындаушылыққа біржолата ден қойған сияқты. «Айтатын сырым саған бұл» - репертуарымдағы осындай терең, салмақты, тіпті философиялық тұңғыш әнім болып тұр. Сондықтан мен оған клип түсіруге шешім қабылдадым.  Ағайынды Задарновскийлер түсіріп беретін клипте оқиға талантты баланың өсе келе күйбең тіршілікпен әуестеніп, музасынан айырылып қалғаны баяндалады», - дейді әнші. Бас кейіпкерді әншінің немере інісі Амал, ал Музаны - Мәдинаның өзі сомдайды. Айтпақшы, әнші клипті түсіру мен ротация 30 мың долларға бағаланғанын айтып үлгерді. ҚҰРАЛАЙ НҰРҚАДІЛОВА - МУЛЬТИПЛИКАТОР Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова мультипликатор болуды ұйғарыпты. Бұл туралы ол өзінің жеке блогында былай деп жариялады: «Менің бағзы арманым - мультипликатор болу. Мен мультфильм идеясын ұсынып едім, режиссер Тимур Бекмәмбетовке ұнай кетті». Оның хабарлауына қарағанда, мультфильм экшн жанрында түсіріледі. «Шығарманың сюжеті мен стилистикасы дайын, бірақ әзірге ол туралы тіс жармаймын. Мен сериал болып жалғасатын, комикстер, ойыншықтар, қуыршақтар - жаңа мультфильммен бір жүретін барлық өнімдер қатар шығарылатын аса танымал мультфильм жасағым келеді», - депті. Ал Бекмәмбетовпен Құралай «Астана» экшн-фильмдер фестивалінде кездескен болатын. Сәнгер «Астанаға» шақырылған қонақтарға көйлек тіккен-ді. Бетті дайындаған - Д.МӘКЕЖАН «Халық сөзі» газеті
qosymsha/abai.kz
post_80321.txt
ЕО Түркияның Еуроодаққа кіруі мүмкін емес екенін мойындады
https://abai.kz/post/80321
"ЕО Түркияның Еуроодаққа кіруі мүмкін емес екенін мойындады" | "https://abai.kz/post/80321"
07.11.2018
Аbai.kz
null
TITLE: ЕО Түркияның Еуроодаққа кіруі мүмкін емес екенін мойындады URL: https://abai.kz/post/80321 META: "ЕО Түркияның Еуроодаққа кіруі мүмкін емес екенін мойындады" | "https://abai.kz/post/80321" DATE: 07.11.2018 AUTHOR(s): Аbai.kz TOTAL WORDS: 88 TEXT: Еуропалық одақты және көршілермен жақсы қарым-қатынас саясатын кеңейту жөніндегі еуропалық комиссар Йоханнес Хан Түркияның Еуропалық одаққа болашақта мүше болуы мүмкін емес" деп мәлімдеді. Die Welt неміс басылымына сұқбат берген ол Түркияның ЕО-ға мүшелікке кіру жөніндегі келіссөзді тоқтатып, өзге стратегиялық әріптестермен жұмыс істеу, әділетті болар еді деп атап өткен. Хан қазіргі уақытта Түркия билігімен еуропалық интеграция уақытша тоқтап тұр деді. Түркияның Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөз 2005 жылы басталған. Йоханнес Хан содан бері Түркия автократиялық бағытқа бет алып барады дейді. Франция мен Австрия Түркияның Еуроодаққа кіруіне үзілді-кесілді қарсы. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_190255.txt
Сенатор: Футболдағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу керек
https://abai.kz/post/190255
"Сенатор: Футболдағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу керек" | "https://abai.kz/post/190255"
07.11.2024
Abai.kz
null
TITLE: Сенатор: Футболдағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу керек URL: https://abai.kz/post/190255 META: "Сенатор: Футболдағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу керек" | "https://abai.kz/post/190255" DATE: 07.11.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 147 TEXT: Сенаттың жалпы отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Қазақстан футболына шетелдік легионерлерді тарту проблемасын, қаржыландырудың ашық еместігі және төрешілердің матч нәтижелеріне қатысты даулы шешімдері мәселелерін қозғады. «Бір кездері бізбен деңгейлес болған, қазір командалары Олимпиада ойындары мен әлем, Еуропа чемпионаттарында көзге түсіп жүрген Грузия, Өзбекстан сияқты елдер балалар футболын қолдау, мамандар даярлау, инфоқұрылымды дамыту, бірыңғай жүйе қабылдау, футбол алаңдары мен стадиондар салу арқылы нәтижеге жеткені белгілі», - деді Д. Қыдырәлі Үкімет басшысы мен Бас прокурордың атына жолдаған сауалында. Оның айтуынша, клубтарды қаржыландыру мен легионерлерге жоғары жалақы төлеу мәселелері айтылмайтын тақырып, бұл қаржының тиімді бөлінуіне бақылауды қиындатады. «Еуропаның топ құрамаларының бапкерлерінен біразынан көбірек жалақы алатын ұлттық құраманың бас бапкерінің айлығы құпия. Көпшілігі жергілікті бюджетке байлаулы футбол клубтарындағы легионерлердің айлықтары да ашық айтылмайды. Көптеген мемлекеттерде футболға қатысты арнайы заң қабылданған. Осы саладағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу үшін бәлкім бізге де футбол туралы арнайы заң қабылдаудың уақыты келген шығар», - деді сенатор. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_46757.txt
ЖАМАНҚҰЛОВ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ НЕГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ?
https://abai.kz/post/46757
"ЖАМАНҚҰЛОВ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ НЕГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ?" | "https://abai.kz/post/46757"
13.10.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЖАМАНҚҰЛОВ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ НЕГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ? URL: https://abai.kz/post/46757 META: "ЖАМАНҚҰЛОВ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ НЕГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ?" | "https://abai.kz/post/46757" DATE: 13.10.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 620 TEXT: Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлының басынан дау арылмай келеді... Сонау бір жылдары марқұм Рахат Әлиев салған лаң кезінде Арыстанбек мырза Әлиев деген фамилиясын Мұхамедиұлы деп өзгерткен еді. Содан бері талай елдің назарына түсіп, түрлі дау-шарға ілігіп, елдің күлкісіне қалып келеді. Тұзы жеңіл адам ба деп қаласыз... Енді міне, кезекті дауға килікті те кетті. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» болып шықты. Актриса және Арыстанбек Әнеугүні аяқ астынан Еңлік Сыдықова атты актриса видео жазба таратып, онда Арыстанбек Мұхамәдиұлы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсер кезде өзін ректор басымен ойнап-күлуге шақырғанын (жыныстық қатынасқа тартып, бопсалау) жалпақ жұртқа жария етті. Сол-ақ екен, бұл әңгіме ел ішіне лезде таралып, қауға тиген өрттей лапылдап, жалындап шыға келді. Әлеуметтік желіде желдей ескен жаңалықты көп адам бөлісіп, пікір айтты. Еңліктің министр мырзаға қарата жария еткен видео мәлімдемесі шыққан күні кешке актер, театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың да видео сұхбаты жарқ ете қалды. Қалың қазақтың көңілінде қазақ хандарының, Ораз мергеннің, Құнанбайдың бейнесі ретінде орныққан атақты актер видеода Еңліктің айтқанының жаны бар екенін әрі Мұхаммедиұлы ректор болып тұрған тұстағы басқада қиғаш істерге барғанын айтты. Сөйтіп, дау үлкейіп, ушыға түсті. Желіде әр жақты өзінше қорғаштап баққан адамдардың қарасы да молая түсті. Жаманқұлов әріптестеріне неге жақпай қалды? Жұрт енді не болар екен деп елеңдеп отырғанда ертесінде күтпеген жерден театр қайраткерлерінің кезектен тыс сьезді өтетіні мәлім болды. Әуезов театрында өткен жиналысқа Қазақстандағы қазақ, орыс, ұйғыр және басқа театрлардың басшылары, атақты театр және кино актерлері қатысты. Жиналыс басталған бойда тағы дау шықты. Сьездің өтуіне қарсылар жоқ па деген дауыс шығысымен-ақ, бір күнде ұйымдастырылған сьездге келіп қалғандарын енді білген актерлер аң-таң күйге түсті де тез естерін жиып, «Қайдағы сьезд, бұларың не? Жиналыс деп келсек, сьезді несі тағы?» десіп шуласты. Мінбеге Н.Сац атындағы театр директоры Надежда Горобец шығып, сьездің өтуіне одақ мүшелерінің бестен бірі қолдау білдіргенін, жергілікті театрларға хабарлағанын, яғни, заңды екенін айтып еді, оған да болмады. Ақыры, мінбеге театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов шығып, одақ жарғысы бойынша сьезд өткізуді пленум шешетінін әрі сьезд бес жылда бір рет өтетінін және пленум сьезд өткізу туралы шешім қабылдаса, онда ол екі ай бұрын хабарланатыны, сьездге әр аймақтағы театрдан өкілдер қатысуы тиіс екенін айтып, жарғыны көрсетті. Тұңғышбайдың сөзінен кейін бұл не жиналыс деген сұрақ тіпті қоюлана түсті. Министрдің абыройы Мәңгілік елден қымбат па? Актерлер енді қайтер екен деп іштен тынып отырғанда кәріс театрының директоры Любовь Ни шығып, жиналудағы мақсат Президент Н.Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясы және бес институционалдық реформасын өнер адамдарына түсіндіру екенін айта келіп, дайындаған баяндамасын оқыды. Алайда, Мәңгілік ел жайына қалып, мінбеге шыққан әр адам Тұңғышбай Жаманқұловтың министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қарата айтқан видеодағы әңгімесіне толық ойысты. Жаңағы Любовь Ни ханым "министрге бұлай деу тікелей Президентке барып тиеді. Себебі, Үкіметтің, оның құрамын Президент бекітеді" деп салды. Кейінгі сөйлеушілер Жаманқұлов әрекетін сөккендерімен Ни ханымның «биігіне» шыға алмады. Сөз алғандардың барлығы театр қайраткерлері одағының жұмыс істемей отырғандығын, жарғыға сай жұмыс жүргізе алмай, әркез қаражаттың жоқтығын ғана айтатын сөз ете келіп, Сыдықованың мәлімдемесін сынап, Жаманқұловтың істегені абыройсыз іс десті. Тіпті, мұндай дауға ақсақал Асанәлі Әшімовтің өзі араласты. О кісінің не дегенін жалпақ жұрт телеарналардан көрді. Сонымен, Жамақұловты жаман адам етіп шығарған жиналыстың соңы белгісіздікпен аяқталды. Ал, Жаманқұлов болса, "мұның бәрі жоғарыдан түскен тапсырма, сөйлеушілер де сол тапсырманы орындау мақсатында сөйлеп отыр" деді. Өнер адамдарының шұғыл жиналып, жиын өткізуіне Тұңғышбай Жаманқұловтың видео арқылы Сыдықованың сөзін растағандай сұхбат беруі себеп болған сықылды. Өйткені, жиын Жаманқұловқа арналды. Ал, өнер қайраткерлерінің шамдануына Тұңғышбай мырзаның жеке өз атынан емес, театр қайраткерлері одағының төрағасы есебінде әлгіндей видеоға шығу негіз болмаған-ау деп топшыладық. Айтпақшы, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы түн ортасында келіп, ойнап-күлуге дедектетіп алып кетпекші болды деп тағы бір адам шықты. Ол – Роза Бақтығалиева. Министрдің өзі де бұл дауды ұйымдастырылған әрекетке балап, Сыдықованың да, Бақтығалиеваның да айтқандарын жоққа шығарып, оларды біреулер айдап салып отыр деді. Бұл даудың ақыры немен тынатыны белгісіз... Абай болайық, ағайын! Кемел Қарасартов Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_71543.txt
Есеп комитетінің есебі тыңдалды
https://abai.kz/post/71543
"Есеп комитетінің есебі тыңдалды" | "https://abai.kz/post/71543"
07.06.2018
Abai.kz
null
TITLE: Есеп комитетінің есебі тыңдалды URL: https://abai.kz/post/71543 META: "Есеп комитетінің есебі тыңдалды" | "https://abai.kz/post/71543" DATE: 07.06.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 523 TEXT: Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралды. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова баяндама жасады. 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебінде атап өтілгендей, Жалпы ішкі өнім 3,4 пайыздық нысаналы көрсеткіште 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,0 пайызды құрады, өнеркәсіптің (7,1 пайыз) және қызмет көрсету саласының (2,7 пайыз) қарқынды өсуі есебінен болды. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері бойынша шығыстары толық көлемде орындалды, 2 пайыз деңгейінде болжанған инфляцияның алдын алып зейнетақы төлемдерін ұлғайту қағидасы сақталды. 2017 жыл бойы  республикалық бюджет екі рет нақтыланды және үш рет түзетілді, республикалық бюджетті іске асыру туралы 3 қаулы жобасы қабылданды. Республикалық бюджеттің 2017 жылғы негізгі көрсеткіштері мынандай болды: түсімдер 9 799 миллиард теңгені немесе 101,1 пайызды құрады, кірістер 9 692 миллиард теңге түсті. Таза кіріс түріндегі салық түсімдерінің үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға ұлғайды және Ішкі жалпы өнімге қатысты 0,2 пайыз, шығыстар 11 156 миллиард теңге немесе 99,8 пайыз деңгейінде орындалды. 2016 жылмен салыстырғанда шығыстар 2 655,5 миллиард теңгеге өсті. Мемлекеттік және үкіметтік 11 бағдарламаға, 336 бюджет бағдарламасын іске асыру арқылы 47 стратегиялық көрсеткіштер бағытына қаржы бөлінді. Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің есебін ұсына отырып, Н.Годунова бюджетті атқару барысында бюджет заңнамасында стратегиялық жоспарлауға басымдық беруді заңнамалық тұрғыда бекіту туралы сенаторлар Д.Әділбеков пен С.Жақсыбеков көтерген өзекті мәселелерге комитет талдау жасағанын атап өтті. «Бұл үшін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге салынған қаражаттың әсерін және бағалау әдіснамасын енгізу бойынша жұмысты жылдамдату қажет, ол өз кезегінде бірінше кезекте стратегиялық мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізуге бағдарлануы тиіс», - деді Н.Годунова. Мемлекеттік органдарға экономикалық жоспарлау жүйесіндегі барлық құжаттарды стратегиялық міндеттерге сәйкес келтіру үшін уақыт беру керек. Және содан кейін бағдарламалар мен жоспарларды орындау процесінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, сондай-ақ министрліктердің стратегиялық жоспарларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштеріне өзгеріс енгізуге тыйым салу қажет. Н.Годунова бақылау мен жауаптылық тетігін жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілендіру сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды басымдыққа ие мәселелер қатарында атады. Жалпы алғанда 2017 жылдың қорытындысы мен Есеп комитетінің бағалауы бойынша сапасыз әкімшілендірудің салдарынан республикалық бюджеттің болжамды шығындары 6,5 млрд. теңгені құрады. «Сенаторлар дұрыс байқағандай, бюджетке бересі, қосымша құн салығын қайтару және жалпы түсімдерді сапалы болжамдау бойынша мәселелерді шешуде тиімділікті қамтамасыз ету керек», - деді Есеп комитетінің төрағасы. «Осы уақытқа дейін квазимемлекеттік сектордың инвестициялық жобаларды іске асырудан қалған қаражат қалдықтарын бюджетке қайтару мәселесі шешілмей отыр. 2018 жылғы 1 қаңтарға қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында 74 миллиард теңге қалып отыр, оның 38 миллиард теңгесі 2017 жылғы қаражат. Екінші деңгейдегі банкілердегі депозиттерге салынған қаржының жалпы көлемі туралы Үкіметте ақпарат жоқ», - деді ол. Сенаторлар Ә.Бектаев пен Н.Қылышбаев жылдан-жылға квази мемлекеттік сектор субъектілерін «үйіп тастауды» жалғастырып отырғанымызға назар аударды. Алынған кіріске қайта есептегенде квазимемлекеттік сектор субъектілерінен дивидендтер түсімдері мен аударымдарының үлесі жыл сайын төмендеуде. 2017 жылы аударылған дивидендтер мен аударымдардың көлемі таза кірістен 6 пайызға дейін төмендеді. «Бұл ретте, Есеп комитетінің квазисектор субъектілеріне қаражатты жобаларды іске асыруына қарай кезең-кезеңімен бөлу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сияқты нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаты бойынша қаржыландыру тетігін бекіту туралы ұсынымдары осы күнге дейін іске асырылмаған», - деді Н.Годунова. Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов 2017 жылғы ақша-несие саясаты туралы депутаттарды хабардар етті. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_91641.txt
Билікке "Оян!" деген сөз қайдан жақсын?!
https://abai.kz/post/91641
"Билікке "Оян!" деген сөз қайдан жақсын?!" | "https://abai.kz/post/91641"
29.05.2019
Болат Мүрсәлім
null
TITLE: Билікке "Оян!" деген сөз қайдан жақсын?! URL: https://abai.kz/post/91641 META: "Билікке "Оян!" деген сөз қайдан жақсын?!" | "https://abai.kz/post/91641" DATE: 29.05.2019 AUTHOR(s): Болат Мүрсәлім TOTAL WORDS: 133 TEXT: "Оян" деген сөзді Міржақыптан әлде бұрын, әлде қатарлас Ахмет Байтұрсынұлы да айтқан. Бірақ, Міржақыптың өлеңінің өрнегі әдемі шыққан. Айтпақшы, осы "Оян, қазақ!" деген кітап whatsaap-пен тараған вирусты ролик сияқты қолдан-қолға өтіп тараған. Кітап бірден қайта басылып шыққан. Міржақыпты кейіннен басқа бір ілік тауып Семейде жүргенінде ұстап алып, түрмеге жапқан. Кітапты таратқандарды да жандарм мекемесі аңдып, әбден қуғындаған. Билікке "Оян!" деген сөз қайдан жақсын?! Көз іңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты. Міржақып. P.S.: Міржақыптың "Оян, қазақ!" кітабы таза қазақ тілінде дей алмайсыз. Татар сөзі мен араб сөзі көп араласқан. Ахаңның ықпалы болса керек, Міржақыптың кейінгі тілі нағыз қазақтың әдеби тілінің нормасына айналды. Сәкеннің өзі "Тар жол тайғақ кешуде" жазба тілде Міржақып мықты деп мойындайды. Болат Мүрсәлімнің facebook парақшасынан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_187783.txt
Әскери жаттығу: Қазақ пен өзбек аспанын кім қорғайды?
https://abai.kz/post/187783
"Әскери жаттығу: Қазақ пен өзбек аспанын кім қорғайды?" | "https://abai.kz/post/187783"
13.09.2024
Abai.kz
null
TITLE: Әскери жаттығу: Қазақ пен өзбек аспанын кім қорғайды? URL: https://abai.kz/post/187783 META: "Әскери жаттығу: Қазақ пен өзбек аспанын кім қорғайды?" | "https://abai.kz/post/187783" DATE: 13.09.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 108 TEXT: Екі-үш күнен бері Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігін қорғауда бірлескен оқу-жаттығу өткізуде. Аталған жаттығуға ұшақтар, тікұшақтар, әуе қорғаныс жүйелері қатысуда. «Ашық аспан-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қазақстан мен Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандарының қатысуымен 10-14 қыркүйек аралығында өтетін болады. Қазақстан түркі мемлекеттерімен әскери келісімдерге қол жеткізді алысқа бармай Түркиямен болған келісімді сөз етсек те жетеді. Бұған дейін министрлікте: «Генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер келіссөздер жүргізді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективалары мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Түркия мен Қазақстан арасында 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды», - деп хабарланған болатын. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_111605.txt
Несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема
https://abai.kz/post/111605
"Несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема" | "https://abai.kz/post/111605"
01.05.2020
Жанболат Мамай
null
TITLE: Несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема URL: https://abai.kz/post/111605 META: "Несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема" | "https://abai.kz/post/111605" DATE: 01.05.2020 AUTHOR(s): Жанболат Мамай TOTAL WORDS: 184 TEXT: «Азаттықта» жарияланған шетелдік сарапшының мәліметінше, Ұлыбританияда Қазақстан азаматтарының 430 миллион фунтты құрайтын (537 миллион доллар) жылжымайтын мүлкі бар екен. Бұлардың иелері — 42500 теңгеге арыз тапсырған миллиондаған қарапайым азаматтар емес екені түсінікті. Қазақстанның табиғи ресурстарынан түсетін табысты ұрлап, жемқорлыққа батқан, елдегі байлықты сыртқа тасып жатқан Назарбаевтың айналасындағы олигархтар. Дариға Назарбаеваның өзі 100 миллион доллар тұратын м үлікке ие. Владимир Ким Лондондағы ең қымбат пәтерде тұратыны тағы да анық. Бұлардың дәулеті небәрі 340 миллион фунты бар Ұлыбританияның патшайымынан да көп болып отыр. Айтып отырғанымыз тек қана жылжымайтын мүлік. Ал енді басқа елдердегі виллалардағы яхталарды, зәулім сарайларды, түрлі компаниялардың акцияларына салынған қаржыны, офшордағы есеп шоттарды қоссаңыз, не болады? Кемінде, ондаған миллиард долларды құрайтыны анық. Ал енді осылар «біз халыққа несиелік амнистия жариялай алмаймыз, оған ақша жоқ» дегеніне сенесіз бе? «Ақшаны олай таратуға болмайды» дегеніне нанасыз ба? Жоқ, әрине! Ұрланған ақшаны Қазақстанға қайтарса, несиелік амнистия жариялап қана қоймай, Қазақстанды ең дамыған мемлекетке айналдыруға болады. Бір Астананы салмай, барлық қалаларды Астанадан артық етіп жасауға мүмкіндік бар! Сондықтан, мыңдаған халық қолдап отырған несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема. Оны орындатпай қоймауымыз тиіс! Жанболат Мамайдың әлеуметтік желідегі жазбасы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_138543.txt
ЕАЭО: Қазақстан белшесінен қарыз
https://abai.kz/post/138543
"ЕАЭО: Қазақстан белшесінен қарыз" | "https://abai.kz/post/138543"
26.08.2021
Abai.kz
null
TITLE: ЕАЭО: Қазақстан белшесінен қарыз URL: https://abai.kz/post/138543 META: "ЕАЭО: Қазақстан белшесінен қарыз" | "https://abai.kz/post/138543" DATE: 26.08.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 464 TEXT: Қазақстан ЕАЭО-ға кіргелі бері үлкен экономикалық шығынға ұшырауда. Ол Ресейге салынған санкциялар, шикізат бағасының арзандауына және ұйымдағы тиімсіз сауда шарттарына байланысты болып отыр. Қазір одақтағы барлық мемлекеттердің қарызы еселеп артуда. Оған коронадағдарыс та өз әсерін тигізуде. Санкцияның астына қалған агрессор Ресей мен диктатор Лукашенко режимі, соғыстан жеңілген Армения мен төңкеріс ошағына айналған Қырғызстан, шикізатқа байланған Қазақстанның бірлестігі қуатты экономикалық ұйым құрады деуге сену қиын әрине. Құра да алмады. Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің жалпы мемлекеттік қарызы 342,8 миллиард долларды құрады. Бұл туралы LSM.kz өз зерттеуін жасады. 2021 жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 22,2 триллион теңгені (51,9 миллиард доллар) құрады, оның ішінде ішкі - 14,7 триллион теңге (34,4 миллиард доллар) және сыртқы - 7,5 триллион теңге (17,5 миллиард доллар) дейді зерттеу көздері. Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Ресейдегі мемлекеттік қарыз 254,1 миллиард долларға жетті, оның ішінде ішкі - 213,6 миллиард доллар және сыртқы - 40,5 миллиард доллар. Беларусьте - 23 млрд доллар, оның ішінде 4,5 млрд доллар ішкі қарыз және 18,5 млрд доллар сыртқы қарыз. Өз кезегінде Арменияда бұл көрсеткіш 8,9 миллиард долларды құрады, оның ішінде 2,2 миллиард доллар ішкі қарыз және 6,7 миллиард доллар сыртқы қарыз бар. Ал Қырғызстанның мемлекеттік қарызы есепті күнге 4,9 миллиард долларға жетті. Ішкі - 0,8 миллиард доллар, сыртқы - 4,2 миллиард доллар. ЕЭК бұл мәліметтер мемлекет кепілдік берген қарызды ескермегенін түсіндірді. Ал Қазақстан мен Армения көрсеткіштеріне ұлттық (орталық) банктердің қарызы кірген. Осылайша біз одақтағы қарызы көп екінші ел болып отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде Қазақстан республикалық бюджет тапшылығы бойынша көш бастап тұр екен. 2021 жылдың қаңтар -маусымында Қазақстан бюджетінің кірісі 5,7 трлн теңгені, ал шығыстары 7,2 трлн теңгені құрады. Осылайша, тапшылық 1,5 триллион теңгені немесе 3,6 миллиард долларды құрады. Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сәйкес, бұл деңгей ЕАЭО-дағы ең жоғары көрсеткіш. Беларусь бюджетінің тапшылығы 1,6 миллиард беларусь рубліне немесе 0,6 миллиард долларға жетсе, Арменияда - 75,5 миллиард драм, немесе 0,1 миллиард доллар. Ал Қырғызстанда да тапшылық бар, бірақ аса жоғары емес. Сонымен бірге Ресей Одақтағы бюджет профицитін алған жалғыз ел болды. Есепті кезеңде бұл көрсеткіш 774,7 миллиард рубльге немесе 10,4 миллиард долларға жетті. ЕЭК 2020 жылдың осы кезеңінде бюджет тапшылығы барлық елдерде тіркелгенін еске салды: Қазақстанда - 2,5 миллиард доллар, Ресейде - 11,2 миллиард доллар, Беларусьте - 0,7 миллиард доллар, Қырғызстанда - 0,2 миллиард доллар, ал Армения - 0,1 миллиард доллар. ЕАЭО елдері бойынша бюджет кірістерінің құрылымы әр түрлі. Қазақстанда 50% - табыс салығы бар екен. Мысалы, Беларусьте бұл тек 20% алады. Қазақстан бюджетінде кірістің 23%-ы ҚҚС -дан түседі, бұл Одақтағы ең төменгі көрсеткіш. Ең үлкені Беларусьте, ол 42%. Шығыстар құрылымына келетін болсақ, Қазақстанда 50% әлеуметтік саланы қаржыландыруға жұмсалады екен. Осылайша Қазақстан одақта қарызға белшесінен батқан және бюджет шығыны орасан зор деңгейдегі ел болып келеді. Бұл тек қана экономикалық реформаларды талап етіп қоймай, сонымен қатар одақтың тиімсіздігін де көрсетіп отыр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_103443.txt
Мемлекет басшысы Даниал Ахметовті қабылдады
https://abai.kz/post/103443
"Мемлекет басшысы Даниал Ахметовті қабылдады" | "https://abai.kz/post/103443"
08.01.2020
Abai.kz
null
TITLE: Мемлекет басшысы Даниал Ахметовті қабылдады URL: https://abai.kz/post/103443 META: "Мемлекет басшысы Даниал Ахметовті қабылдады" | "https://abai.kz/post/103443" DATE: 08.01.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 174 TEXT: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады. Облыс әкімі Мемлекет басшысына аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ өңірдің әлеуетін одан әрі нығайту жөніндегі жоспары туралы баяндады. Даниал Ахметовтің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі артқан, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі байқалады. Облыс әкімі Президентке атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа форматын іске асыру барысы жайында мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыста тұратын әрбір аз қамтылған отбасының жағдайына мұқият талдау жасап, оларға көмек көрсету жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Көп балалы отбасыларға қатысты да осындай тапсырма берілді. Сонымен қатар Даниал Ахметов Мемлекет басшысына осы жылдың екінші жартыжылдығында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталатынын хабарлады. Президент бұл нысанның әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды екенін атап өтіп, көпір құрылысы аймақ халқының едәуір бөлігін жол тауқыметінен арылтатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовке Абайдың 175 жылдығын өткізуге, соның ішінде, Жидебайдағы мұражай мен қонақ үй кешенінің құрылысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы әкімнің өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмысына оң баға беріп, Шығыс Қазақстан облысының ғылым-білім және медициналық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларын атап өтті. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_10760.txt
Қажымұқан Ғабдолла: «Қазақтың қамын жемеген – нанын да жемесін»
https://abai.kz/post/10760
"Қажымұқан Ғабдолла: «Қазақтың қамын жемеген – нанын да жемесін»" | "https://abai.kz/post/10760"
03.10.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Қажымұқан Ғабдолла: «Қазақтың қамын жемеген – нанын да жемесін» URL: https://abai.kz/post/10760 META: "Қажымұқан Ғабдолла: «Қазақтың қамын жемеген – нанын да жемесін»" | "https://abai.kz/post/10760" DATE: 03.10.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 2563 TEXT: - Қажеке, айып етпессіз, тағы да сізге қолқа сала келдік. Әңгімемізді ең өзекті мәселеден бастайық - Қазақстан егемендік алған 20 жылдың ішінде билік әлі күнге дейін ішіне қамыс салған бұзаудың тұлыбына мөңіреген сиырға ұқсап, қазақ тілінің мәртебесін нақты орнықтара алмады?.. - Қазақтың ақпарат кеңістігін жаулап та, жайлап та алған Ресейдің газет-журналдары сатылымда тұрғанда, біздің шала қазақтарымыз да, басқалар да 20 жыл емес-ау, 200 жыл өтсе де бір ауыз қазақ сөзін үйренбейді. Ең алдымен, Қазақ еліндегі орыстілді БАҚ-тың мөлшерін де, кеңістігін де аясыз қысқарту керек. Біртұтас елдің жалпақ жұртын екіге бөліп, араларына сына қағып жүргендер де орыстілділер. - Қажеке, айып етпессіз, тағы да сізге қолқа сала келдік. Әңгімемізді ең өзекті мәселеден бастайық - Қазақстан егемендік алған 20 жылдың ішінде билік әлі күнге дейін ішіне қамыс салған бұзаудың тұлыбына мөңіреген сиырға ұқсап, қазақ тілінің мәртебесін нақты орнықтара алмады?.. - Қазақтың ақпарат кеңістігін жаулап та, жайлап та алған Ресейдің газет-журналдары сатылымда тұрғанда, біздің шала қазақтарымыз да, басқалар да 20 жыл емес-ау, 200 жыл өтсе де бір ауыз қазақ сөзін үйренбейді. Ең алдымен, Қазақ еліндегі орыстілді БАҚ-тың мөлшерін де, кеңістігін де аясыз қысқарту керек. Біртұтас елдің жалпақ жұртын екіге бөліп, араларына сына қағып жүргендер де орыстілділер. Мәселен, көшеден қосылған «Көзқарас» ( «Взгляд» ) деген үнпарақтың Игорь Винявский дейтін бір айтқышы «Тіл туралы» деген мақаласымағында бүгінде қазақтың да, орыстың да ресейлік жаңа көлікті зорласаң да мінбейтіндігін, одан гөрі ескіріп-қаусаған шетел көлігіне құмарлығын жаза келіп: «Айтқандай, мен мақаламның басында не жайында айтып едім? А, енді есіме түсті! Тіл туралы, мотивация туралы және, ұмытпасам, патриоттық туралы...» - деп, көлгірси келе: «Қазір адамдарға ресей көлігі қаншалықты қажетсіз болса, қазақ тілі де соншалықты керексіз» , - дегенге саяды Винявскийдің тұжырымы. Осындай қазақтың мүддесі мен орыстың көлігін қатар қойып, қазақтың мүддесін шетел көлігіне сатып жіберетін, ұлыорыстық шовинизм сырқатына айықпастай шалдыққан Винявскийлерді Қазақ елінен бір шыбықпен қуу керек... - Расында, Мұхтар Шаханов бастаған «138-дің хаты» деп аталатын топтың: «Ата Заңымыздан орыс тілін алып тастау керек» деген бастамасы қазақ қоғамында мықты дүрбелең туғызды? - Дүрбелең қазақ қоғамында туған жоқ. Дүрбелең - қазір қазақтың нанын жеп, суын ішіп жүрсе де кешегі ұлыорыстық іріп-шіріген шовинизмді ұмыта алмай, орыс ұлты мен тілінің үстемдігін көксеген келімсектердің арасында ғана туды. Бұл сасық пиғылды шовинистік тобыр қасық қаны қалғанша қазақ ұлтына да, қазақтың тіліне де, дініне де, діліне де, салт-санасы мен әдет-ғұрпына да қарсы күресіп келеді. Біз қазақ қоғамын - қазаққа қарсылықтан тазартатын боламыз. Унитарлы, ұлттық мемлекетте екі тіл болмайды. Болмысы кең қазақ ұлты Қазақ Елінде тұратын орыстар мен басқалардың қазақ тілін үйренуіне 20 жыл уақыт берді. Жиырма жылда кез-келген қиын тілді аю мен маймыл ғана емес, мейлінше топас та жалқау, жиіркенішті шошқаның өзі үйреніп алар еді. Шошқадан да жетесіз мақұлықты не деп атауға болады?!. - Қажеке, ең сорақысы: алдымен, өзіміздің қазақтарымыз бөрінің қуысындай шулап шыға келді ғой? - Бұл - құлдық сананың сарқыншақтары. Сірә, орыс тілінсіз «қайтыс болып» кететін қазақтар - ғасырлар бойы ата-бабалары бай-манап қазақтардың есігінің алдында қызмет етіп, құлдық пен күңдікте өмір сүрген кедей-кепшіктердің ұрпақтары болса керек. Өйткені - адамды болмысы мен тегі (ген) алысқа жібермейді. . Бір айтқыштар: «70 жыл үстем болған орыс тілін небәрі 20 жылда қалай жойып жібереміз?» - деп, сандырақтап жүр. Орыс тілі - қазаққа да, басқаға да зор­лықпен таңылған тіл болды. Қазақ тілі - өзінің туған топырағында дамуға тиіс. Сол себепті, қазақ тілін үдете меңгеру міндетіміз. Хакім Абай дөп айтады: «Мақсат - алыс, өмір - шақ» деп... - Қазақ тілінің тез өркендеп, нағыз мемлекеттік тілге айналу үшін қандай шаралар жасау керек? - Біреулерге ұнасын-ұнамасын, қазақ тілі - Қазақ еліндегі жалғыз мемлекеттік тіл болып қалады. Билік те, сыртқы күштер де қазақ ұлтының таңдауына қарсы келе алмайды. Ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттілігі туралы айтыстарды шұғыл доғару керек. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бітті! Келесі қадам: орыс тілінің қосарланып, аяққа шалынған мәртебесін конституция­лық, заңды түрде алып тастау керек. Қазақ жерінен кеткісі келгендер осы 20 жылда кетіп, таусылды. Біз мемле­кеттігімізді оларсыз-ақ толық орнаттық. Енді «қазақ тілін - қазақ топырағындағы әрбір азамат міндетті түрде білуге тиіс» - дейтін заңдық тұғырнама енгізу керек. Біріншіден, кез-келген дәрежедегі мемлекеттік қызметкер қазақ тілінен емтихан тапсыруға тиіс. Екіншіден, халықаралық компаниялар қызметкерлері де міндетті түрде қазақ тілін ағылшын тіліндей еркін меңгеруі керек т.с.с. Кейбіреулер айтып жүргендей: «Қазақ тілін білгені үшін жалақыға қосымша үстемелеудің» мүлдем қажеті жоқ. Керісінше, қазақ тілін білуді - әрбіріміз борышымыз санап, мақтаныш тұтуға тиіспіз. Ал, қазақ тілін үйренгісі келмейтіндер мен меңгере алмағандардың басқа отан іздеулеріне тура келеді. Мінеки, осылайша әрбірімізге таңдау жасауға тура келеді. Қоғамда қазақ тілінің қажеттілігі туғанда ғана мемлекеттік тіл өз тұғырына көтеріле алады. Мәжіліс депутаттары Жарасбай Сүлейменов пен Нұртай Сәбилянов тардың: «Кімде-кім қазақ тіліне қарсы болса, сол Қазақ Елінінің келешегіне қарсы адам» - деген тұжырымдарына күллі қазақ толықтай қосылу керек. Қазақ тілінің тағдыры шешілер сәт туғанда жалт бұрылып, түйеқұстар сияқты бастарын құмға жасыратын қазақтармен әңгіме қысқа болуға тиіс. Өйткені, қазақтың да мәңігілік достары жоқ, қазақтың мәңгілік мүддесі бар. Кәдімгі ішкі әскерлер полициясы, әскери полиция, қаржы полициясы бар Қазақ еліне ең қажеті - Тіл полициясы еді, өкінішке қарай, мұны естір құлақ табылмады... Сөздің тоқ етері: жершарының картасында Қазақ Елі бар екен, яғни, оның жер көлемі, жалауы, әнұраны және мемлекеттік тілі бар. Осы мемлекеттік тілде сөйлеу былай тұрсын, оны әрі қарай дамыту - елдің әрбір адал азаматының парызы болуға тиіс. Бұл құрметті парызды орындауда мейлінше жігерлі, мейлінше табанды, мейлінше еңбекқор болуымыз қажет. Қараңызшы, орта шаруа Марк Цукерберг әлемдік IT технологиялардың аса жарқын үлгісі Facebook әлеуметтік жүйесін ойлап тапты. Талас жоқ, мәдени-әлеуметтік төңкеріс жасаған бұл жүйенің тұтынушыларының саны қазір 550,0 миллион адамнан асты. Ойлап қарасаң, халқының саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейінгі «үшінші алып мемлекет» сияқты. Бүгінде Цукербергдің табысы, шамамен, 50,0 миллион АҚШ долларынан асып-жығылды. Мінеки, нағыз жігерліліктің, табандылықтың, еңбекқорлықтың тамаша үлгісі осындай. Ал, бізге келген келімсектер, алдымен, саясатпен айналысқысы келеді... Мықты болса, адамзат өркениетіне Марк Цукерберг секілді үлесін қосып, Қазақ елінің атағын айқайлатып, айдан шығарсын! Тағы да кемеңгер Абай: «Күшік ит бөрі ала ма - жабылса да...» - дейді... Әркім өз ісімен айналыссын. Саясат - сандырақтардың шаруа-алаңы емес. Қазақ елінің саяси мәселелерін жердің иесі - қазақ ұлты шешетін болады... Адуынды ақын Жүрсін Ерман: «Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің, Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін. Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла, Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім? Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!» - дейді... Мінеки, әрбір қазақтың жүрегі осылай кідіріссіз, кіршіксіз, күмәнсіз соғуы керек. Кімде-кім бүгін қазақ тіліне қарсы шықса, сол адам ертең - қазақ ұлтына да, қазақ еліне де, қазақ мемлекетіне де, тіпті, қазақ елінің басшысына да қарсы шығады. Қысқасы, мен былай деймін: «Қазақтың қамын жемеген - нанын да жемесін!» - Қажеке, біздің елді бір түсініксіз елес кезіп жүргендей көрінеді. Батыс өңірлердегі ушыққан дін мәселесі осыған меңзейді?.. - Адамның сенім мәселесі - өте нәзік әрі аса қуатты мәселе. Сенім бостандығын шектеудің ақыры орыны толмас өкініштерге әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстан Мұсылмандар Басқармасының іргесін қалаушы Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміз осыдан оншақты жыл бұрын басшылықтан кетіп, ғұмыр бойы оқытушылық қызмет атқарып, аздаған мезгіл елшілікте болған Әбсаттар Дербісәлі мырза оның орынына тағайындалғанда, біраз діннен хабары бар салиқалы жәмағат аздап тіксініп қалып еді. Олар Әбсаттар Дербісәліден тіксінген жоқ, олар қазақ қоғамында ислам дінінің қай бағытпен дамитынына алаңдаған болатын. Өз басым, қазіргі хазіретіміз, шейх Әбсаттар Дербісәліні құрметтеймін. Бірақ, әркім өзінің көтере алатын шоқпарын ғана беліне байласа жөн болар еді... Қазір біздің еліміздегі жалпы исламның жағдайы мен басқа да әр-алуан зиянды дінсымақтар мен қаптаған қатігез секталардың етек алып кеткені - дін мәселесіне әрқашан да асқан жауапкер­шілікпен, терең иманмен, қағілез құрметпен қарау керек екендігін дәлелдеп отыр. - Қажеке, Мәжіліс «Діни қызмет пен діни бірлестіктер» туралы жаңа заң да қабылданды... - Заңның қабылдануы бар да, оның жұмыс істеуі бар. Бұл екеуі - екі бөлек нәрсе. Айталық, біздің қос палатадан тұратын парламентіміз идеялық тұрғыдан өте мықты. Ал, жұмыс істеуге келгенде, «ағасы» Сенаттың алдында зыр жүгірген Мәжіліс оның «інісі» сияқты. Барлық заң жобаларын мәжіліс мыжғылап, әзірлеп береді, енді Сенат оны не мақұлдайды немесе кері қайтарады. Шын мәнісінде қалай болуы керек? Шын мәнісінде, күн сайын, сағат сайын Мәжіліс пен Сенаттың арасында кескілескен әділетті күрес жүріп жатуы керек. Бұл күрес - ұлттың ұлы мүдделері жолындағы күрес болуға тиіс... Сол себепті, дін жайындағы жаңа заңның діни бірлестіктер мен ұйымдарды тіркеуді реттеу қажеттігі жөніндегі тұспалына қосыламын. Біздің Қазақ Елі деп аталатын құтты шаңырағымызда дін істерінде де тәрбиелі тәртіп орнауға тиіс. Бірақ, заңның 7-бап 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелерде (ұйымдарда, қарулы күштер мен әскери құрамаларда, құқық қорғау органдарында, т.б. жерлерде) діни рәсім орындауға тыйым салынған бап, меніңше, дін бостандығы бойынша адам құқықтарын шектеудің алғашқы қате қадамы... - Қазір билік жіберген қателіктерінің орынын жабуға жапатармағай тырысып жатыр. Бірақ, «Балық - басынан шіріп», қателіктің көкесі Есілдің сол жағалауынан етек алды. Басқа-басқа, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің туған ұлы Американың ислам дініне қарсы арандатып ашқан «Құран­шылдар» тобын басқарады екен?.. - Турасын айтсам, Қазақ еліндегі дін мәселесі тығырыққа тірелгелі біраз жылдың жүзі болды. Дегенмен, қазір дін мәселесінің қолға алынуы, ең алдымен, Елбасының ең жақын серігі, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин нің белсенді бастамасымен іске асырылып жатқанын көріп отырмыз. Әйтпесе, айталық, Әділбек Жақсыбеков немесе Қайрат Келімбетов тер Президент Әкімшілігін басқарған тұста дін мәселесіне көңіл бөлсе, қайда қалды? Дәп осы кезеңде еліміздегі дін мәселесі уыстан шығып кеткен болатын... Соның нәтижесі: Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан салафилік жүйенің ықпалына жығылса; Пайғамбарымыздың жұбайы туралы нақақ сөйлеп, Астағфраллах, Аллаһ Тағаламыздың өзі туралы да мылжыңдағысы келген жазушы Дүкенбай Досжан ның бес уақыт намаз түгілі, жарытып қазақ тілін де білмейтін баласы Ардақ Досжан бүгін Дін агенттігі төрағасының орынбасары болып отыр. Мұндай елде діннің түзу болатын жөні де жоқ-ау... - Ақтөбедегі сойқаннан соң, елімізде «Дін полициясы» құрылатын болды, деген сыбыс шықты. «Дін полициясы» құрылса, бәлкім, шаруа біршама реттелер?.. - Бізге жетпегені осы еді? Сонда қасиетті ислам шарттарын терең түсіну үшін адам, кем дегенде, 7-8 жыл оқу керек болса, сөйтіп, қасиетті Құранның тілін түсіну керек болса, яғни, шариғат шарттарының дұрыс атқарылуын қадағалайтын адамдар Құранның тілін, араб тілін терең меңгеруі керек. Сонда «Дін полициясы» дегеніміз - имамдар бола ма?.. Енді ислам дінінің ең басты қағидасы - иман келтіру, яки, Аллаһқа толық сену емес пе? Дін - сенімнің ісі. Мұнда зорлық-зомбылық жүрмейді. Сондықтан, «Дін полициясын» құру дегеніміз - тығырыққа тірелудің нағыз өзі... Жаңадан құрылған Дін істері жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Лама Шәріп тің: «Бір ұлт - бір дін» деген қағидамен жүретін боламыз» - дегеніне алғаш сүйсініп қалып едік... Неге десеңіз, қазір бізде жер бетінде ешкім естімеген діннің түрлері мен тармақтары пайда болып, өркендеп барады. Дін мәселесінде қашанда тиянақты тәртіп керек. - Қажеке, өзіңіз қадағалайтын «Майдан» сайтында түрлі діни тақырыптарға көптеген орындар беріліп отырады. Бір қарағанда, өзіңіз басқарған "Қазақ елі" Халықтық қозғалысының да белгілі бір діни ағымға бүйрегі бұрылатындай әсер қалдырады... - Мұныңыз алдамшы әсер. Өйткені, менің бүйрегім ешқандай ағымға бұрылған емес. «Қалыпты Ислам» қанат жайған қазақ топырағында атам заманнан Имам Ағзам мазхабы орныққаны мәлім. Ендеше, жер бетінде Құранды жетпіс түрлі тәпсірлесе де, біз өзіндік өзегімізден, байырғы болмысымыздан тайқып, ауытқып кетпеуіміз керек. Сондықтан, тегін түсініп, түбірін танымасақ, ондаған Дін агенттіктерін ашсақ та ештеңе өзгермейді... - Ең маңыздысы - адамның сенімі, яғни, иманы дейсіз ғой? - Аллаһқа деген сенімді - адамның жүрегіне ешқандай заңмен орнықтыра алмайсың. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - деген данышпан Абайдың иман-мұхиты қандай терең?!. Адамзаттың артық туған атақты перзенттерінің түгелі Құдайға сенген ғой. Әлемді мойындатқан атышулы композитор И.Гайдн аса діншіл болған. Ол өзінің шығарған партитурларының алғашқы бетіне бірде: «In nomine Domini!», яғни, латынша: «Құдайдың атымен бастаймын!» деп жазса; келесіде: «Soli Deo gloria!», яки: «Жалғыз Құдайға мақтаулар болсын!» дейді де; кезекті бір еңбегіне тағы да латыннан: «Laus Deo!» деп, айрықша белгі қояды, мұның мағынасы: «Құдайға мақтаулар болсын!..» Құдайға құлай сенген Гайднды: «Ақылы қысқа, білімі жеткіліксіз, қияли-фундаменталист» - деп атауға кімнің ауызы барады? Гайдн дүниеден өткелі ғасырлар озды, бірақ, Гайднның аты өшкен жоқ... Біздің ақын Фариза апамыз : «Оранса Ар шапанға, Адалдық оққа ұшады» - дейді. Енді сол кіршіксіз ар да, кәусар адалдық та - сенімнің ішінде, яки, иманның ішінде емес пе!.. Ал, бүгінде Аллаһқа сенбек түгілі, дәрет алудан бейхабар, әліпті таяқ деп білмейтін біреулер дін туралы сөз айтып, тақуаларды сынағысы келіп, әуреге түседі. Дінсіздерді құдайдың өзі, ерте ме-кеш пе, аяусыз жазалап отырған. Мешіттерді қиратып, шіркеулерге шырпы қойған Владимир Ульянов ??? тың (Ленин) бейшара тағдыры әркімге сабақ болуға тиіс... - Қажеке, сіздің «Қазақ елі» Халықтық қозғалысының тіркелуіне көп кедергілердің болып жатқанын білеміз. Биліктің бүркеншектігін былай қойғанда, өзіңіз аяусыз сынға алған кейбір оппозиция өкілдірі де биліктің қолтығына су бүркіп жүргенге ұқсайды. Мәселен, бір басылым тілшісінің: «Ұлтшылдар бас қосқан "ҚАЗАҚ ЕЛІ" Халықтық қозғалысына көзқарасыңыз қандай? Осы қозғалыстың төрағасы Қажымұқан Ғабдолланың: "Билік өзгеруі үшін - оппозиция лидерлері өзгеруі керек!" - деген ұсынысына қалай қарайсыз?» - дейтін сұрағына Жармахан Тұяқбай: «Оппозицияға кімдер келіп, кімдер кетпеген. Бұл - заңды процесс» - деп қана, қысқа жауап беріпті... - Иә, қазақ оппозициясы талай сойқандарды көрді. Бірақ, қазақ оппозициясына Жармахан Тұяқбай сияқты Мәжіліс төрағалығынан ешкім қуылып келген жоқ... Кешегі Тергеу комитетінің төрағасы, елдің Бас прокуроры, Әскери прокурор - осылайша ешкімді менсінбей, танауына есекқұрт кіріп сөйлемегенде - кім сөйлейді?!. Сондықтан, Жақаңның солшылдығының өзі - оңшылдық, оңшылдығының өзі - солшылдық секілді көрінеді... - Келесі бір оппозиция серкесі Мақсұт Нәрікбаев: «Қажымұқан Ғабдолланың ұйымдастыруымен қазақ ұлтшылдары бас қосқан "ҚАЗАҚ ЕЛІ" Халықтық қозғалысына көзқарасыңыз қалай? Бүгінгі Қазақстанға әсіре ұлтшылдар керек пе?» - деген сауалға: «Жалпы қазақ ұлтының қамын ойлайтын қадамдардың қайсысы болса да қолдаймын. Бірақ, әрқайсысымыз бір-бір қозғалыс, бір-бір қоғамдық ұйым құрғанша, неге басымызды біріктірмейміз? Мен өзімді ұлтжанды қазақтың бірімін деп есептеймін. «Әділет» партиясының бағдарламасы да, жасап жатқан амалдары да бұл мәселеден ары емес. Ендеше, неге бүкіл ұлтшыл, ұлтжанды қазақтар «Әділет» партиясының туының астына жиналмаймыз?» - деген таңданыспен жауап қатыпты... - «Әділет» партиясының құрылғанына кемінде он жылдан асты. Содан бері бұл партия қазақтың қандай мүддесін қорғады? Сол сіздің есіңізде бар ма? Менің есімде жоқ! Қазақтың тілі, діні, ділі, мәдениеті, жері, шекарасы т.б. мәселелері пышақ жүзіне талай шықты. Сонда «ұлтжанды» Мақсұт Нәрікбаев ағамыз қайда жүрді? Тіпті, қазақтың сөзін бұрмалап, дұрыс айта алмаса, бұған кім кінәлі? Мысалы, қазақта «ұлтшыл» дейтін рухты сөз бар. Ал, «ұлтжанды» сөзі орысқа мәймөңкелеп, «ұлтшыл» демесін деген қоянжүректіктен туып, қолдан құралған жасанды сөз. Ата-бабаларымыз: «Ұлтжанды» деп ешқашан сөйлемеген, қазақ: «Қатынжанды» деп, қатынының ындынынан шыға алмайтын жігерсіз, намыссыз еркексымақтарды айтқан... - Айдос Сарым дейтін азамат таяуда «Ұлы дала» қозғалысын құрғанын мәлімдеді. Бұған көзқарасыңыз қалай? - Бізге қозғалыстар артықтық етпейді. Ең бастысы, ол - билікпен ауыз жаласпаған, қазақтың мүддесін шынайы қорғайтын ұйым болсын! Әйтпесе, қазір қайсыбір топтар қоғамдық ұйым құруды сәнге айналдырып алды. Ондай мағынасыз, мәнсіз құрылымдар қазақ ұлтына тек зиянын ғана тигізеді. Ал, Айдос Сарым бауырымыз саясатқа бүгін келген жігіт емес. Кезінде марқұм Алтынбек Сәрсенбаев тай саясат кеңістігінде азуы алты қарыс арыстандай арыстың тәлімін алып, алымын аңдап үйренген азамат. Негізі, мен бірде ескертіп едім: тегінде, Айдостың лайық орыны «Алға» партиясының басшылығы ғой. Әттең, Мұхтар Әбләзов әлемдік «сойқандармен» ауыз жаласып қоймағанда, «қайтқан малда - қайыр бар» демекші, қазақтың қайтқан қазынасымен Айдос бауырымыз қазақтың мүддесін қызғыштай қорғар еді... - Сиясы кеппеген жаңалықтардың бірі: қырғыздың Жоғарғы Кеңесі біздің Елбасымызды Нобель сыйлығына ұсынып жатыр... - Нобель сыйлығы дегеніміз - масондардың әлемдік құйтырқы саясатының елеулі жемісі ғой. Керек десеңіз, Нобельдердің аталары 1916-17 жылдары Қазан революциясы басталған тұста Атыраудағы мұнай кеніштерін Байұлының Есентемір руынан тарайтын әулеттеріне жедел сатып, тайып тұрған. Бұл құнды құжаттар сол әулеттің ұрпақтарында әлі күнге дейін сақтаулы. Біз болсақ, «Нобель сыйлығы» деп әлдеқандай боламыз?!. - Қажеке, Сіз таяудағы елді шулатқан сұхбатыңызда: «Жемқорлыққа белшесінен батып, қаржылық топтарға бөлініп алған қазақ қоғамын шашауын шығармай құрықтай алатын, саяси сауатты, рухы мығым, харизмасы қуатты, уәжі уытты, ерік-жігері күшті Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа ЖАЛҒЫЗ-АҚ адам бар, бізде...» - деп едіңіз. Бүгін оның Кім екендігін ашық айтатын уақыт жеткен сияқты... - Сіз француз корольдері қайтыс болып, оның мұрагері аталған кезде халықтың айқайлап айтатын дәстүрлі сөздерін білесіз бе? Олар: «Le roi est mort!» - деп шулайды, яғни: «Король өлді, король жасасын!» - дегені... Ал, біздің еліміздің басшысы дін-аман, жұртымыз тыныш. Ал, мен көріпкел емеспін. Сондықтан, тумаған сиырдың уызына таласып қайтеміз. Қазақтың қамын қарастырайық, елдің ертеңін ойласайық, бірігуге бел сыбанып кірісейік!.. Ұрпақ алдындағы осындай ұлы мүдделер тұрғанда, қысыр әңгіменің салмағы қаңбақтай емес пе?!. Ә ңгімелескен - Жанкелді ЕСТЕНБАЙ, «Абай-ақпарат»
qosymsha/abai.kz
post_144645.txt
Бізге Шыңғысханнан үйрену керек
https://abai.kz/post/144645
"Бізге Шыңғысханнан үйрену керек" | "https://abai.kz/post/144645"
21.12.2021
Олжас Әбіл
null
TITLE: Бізге Шыңғысханнан үйрену керек URL: https://abai.kz/post/144645 META: "Бізге Шыңғысханнан үйрену керек" | "https://abai.kz/post/144645" DATE: 21.12.2021 AUTHOR(s): Олжас Әбіл TOTAL WORDS: 1008 TEXT: Меніңше бізге Шыңғысханнан үйрену керек. Шыңғыс қағанның өмірі, жалпы тарихы, оны түсіне білген адамға үлкен өнеге. "Шыңғыспен оның ұрпағының қолымен әлем дүр сілкінді, олар тарих сахнасына шыққанда халифтер тақтан түсті, сұлтандар қуылды, корольдермен жаһан әміршілері өз тағында дәрменсіз түрде қалтыраумен болды" деп кезінде бұл тарихты бір қайырған екен әйгілі ағылшын тарихшысы Эдуард Гиббон. Шыңғыс қаған "әлем әміршісі", "хандардың ханы" атанған халықаралық дәрежедегі тұлға. Ана ағайындар айтқан Сталин, Гитлер деген кісілер қайраткерлігі, құрған империяларының өміршеңдігі, аумағы, тарихы жағынан Шыңғыстың қолына су құюға да жарамайтын адамдар еді. Жалпы, Шыңғысхан жастайынан жетім қалып көп қорлық көріп өскен жігіт. Егер көшпенділер үшін көшпей жұртта қалу қорлықтың көкесі болса, бұл бала оны да басынан өткерді. Бала кезінде сенген ағайыны жесір шешесімен бірге иттей қаңғытып жұртта тастап кетеді. Бала Шыңғыс олардың соңдарынан жылай қуалап қалуын өтініп қатты жалынған екен. Оған ағайыны қайырылмай кете береді. Ат жалын тартып мінген бозбала тұста қатыны Бөртені меркіт тартып әкетіп, әйелінен айырылады. Яғни жігіттің намысына тиер сұмдық қорлықты да көрді. Ер азамат үшін бұдан асқан қандай қорлық болуы мүмкін? Оны да басынан өткерді. Өзінің табандылығының арқасында ананы көке, мынаны әке деп жүріп найзаның ұшымен өз әйелін үйіне қайтарып ол бәйбішесін өле өлгенше сыйлап кетті. Онысын бетіне баспады, кемсітіп пасықтық жасамады. Сол Жошының тегі күмәнді болса да оны өз ұлым деп санап басқа ұлдарынан кем қылмай өсіріп оған ұланғайыр ұлыс берді. Осы күні кейбір қазақ жігіттері жасай алмайтын іс істеді. Яғни мәрттік танытты, өзіне кең болды, отбасына адал отағасы болды. Өмірі тауқыметте өткен шешесін аялап төрге отырғызды, аяғын құшты. Күллі ғұмыры жорық үстінде күреспен өтті, даланың сауатсыз жігіті ақыл парасатын шыңдап ұдайы өзгелерден үйренумен болды, онсыз болмайтын еді, ол теңдессіз империя құрған адам. Хан басымен білмегенін өзгеден сұраудан еш қорынбады, жан жағына ақылды адамдар жинап, өзіне қызмет еткен адамдарды қабілетіне қарап бағалап олардың дәрежесін көтеріп отырды. Ол тың дүниелерді тез қабылдағыш және іске асырғыш реформатор адам еді. Ол кезде де оның етегінен тартқан рушылдар болған. "Ибәй мына қияттың жетімегі хан болып құтырды ау, атам заманнан билік тайшығұт пен жүркін шаңырағында еді, мына қияттар қылды ау" деп күңкілдеп өзінің шаужайына жармасып отырған ағайынын бір кешіріп, екі кешіріп, ақыры аналардың берекесіз тобыр екенін көргесін көнбегенін қырып, көнгенін күшпен қатарына қосқан екен. Басқа жақын жамағайын руларға қыз беріп, олардан қыз алып олармен санасып отыратын болған. Ол мықты дипломат та еді. Ол кезде де тілі бір, діні бір, ділі бір сахара ру - тайпалары өзара ырылдасып болмашы нәрсеге қол жинап, соғыс ашып, бірін бірі қыра берген екен. Ол кездегі түркі әлемінің жағдайы тура біздің қазіргі жағдайдан айырмасы шамалы еді. Қазіргі біздің "сатқын қырғыз - Кенесарының басы", "Ұйғыр басынбасын, шаңыраққа қарасын", "Өзбек бір сарт", "Татардан қатер бар" деген сыңайдағы өзара ырылдасқан көзқарас сол кезде де болған еді. Шыңғысхан о кезде бұл берекесі кеткен халқына басқа көзбен қараған екен, ол қайраткер ретінде олардан үлкен бір потенциал, болашақ көрген көреген адам бопты. Шыңғыс о кезде бұлардың біреуін алдағандай болып, екіншісін қорқыта отырып, үшіншісін күшпен иліктіріп, ақыр аяғы күллі көшпелінің басын біріктіріп, бүтін дүниені киіз туырлықтының астына салған адам. Көшпелі жұрттың мерейін үстем қылып ғасырлар бойы оған жаһанды билетті. Түркі баласын ұшпаққа шығарамын деген қайраткерлер бұ жерде одан көп нәрсе үйренсе болады. Түркішіл Мағжанның "Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан тұңғиық ой, болат жігер" деген бір ауыз сөзі оның Шыңғыстың қайраткерлігіне берген бірден бір әділ бағасы деп білемін. Біздегі осы "киіз туырлықты ел" деген сөз сол Шыңғыс заманынан қалған сөз екен. Шыны керек бұл көшпенді халық Шыңғысқа шейін қасындағы алпауыттардың ойыншығы болатын. Хорезм шаһы шекараға жорық жасап бұл жабайы тайпаларды рогаткамен торғайды атқандай қырып, қытайдың Цзинь империясы Шыңғысханның бір емес, екі атасын аң аулағандай аулап ағаш діңіне шегелеп қағып өлтірген еді. Өзі жастайынан қуғын сүргінде болды. Шыңғысхан сондай заманда дүниеге келіп өз заманының адамы бола білді. Өзінің парасатымен тарих арнасын өз халқының игілігіне бұрды. Сондықтан оның тарихына қазіргі көзқараспен қарауға әсте болмайды. Бұл тарихта бүгінгі гуманизм жоқ. 1236 жылғы құрылтайдан соң Бату атақты батыс жорығына (Еуропаға) қол бастап шыққанда, Үгетай Қаған Қытайға жорыққа шығады. Бір мезетте екі құрлыққа бірдей майдан ашқан бұндай құдіретті әскери империя адамзат тарихында болмаған екен. Ол құрған Еке Мұғұл Ұлыс — әскери супер держава болатын. Егер 12 ғасырдағы Шыңғысханмен оның 19 ғасырдағы ұрпағы Кенесарының әскері соғысатын болса ол соғыста Шыңғысхан жеңіп шығатын еді. Өйткені Шыңғысхан сонау заманда қытайдың тас қамалдарын талқандаған адам. Ал Кене орыстың бөрене қамалын шабуылдап жүр. Яғни, Шыңғыстың әскери стратегиясы, біліктілігі, қару жарағы өз заманынан сонша ғасыр өтсе де озық шыққан жаңа дүниелер еді. Шыңғысхан ұйғыр жазуын алды, ұрпағына оқу - сызу үйретті, ұйғырлардан саудагер жасақтап, сауда керуендерін жіберді. "Ұлы жасақ" жарғысын жазды. Шеге Құтықыны бас жарғышысы қылып далалықтар арасында алғаш сот әдебін қалыптастырды. Біздегі "датым бар тақсыр, өлсең де шыныңды айтып өл, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ" деген сөздер сол заманнан қалған сөздер екен. Алым - салық жүйесі, адам санағын жүргізу, дереу хат хабар жалғайтын почта қызметі, шекара аумағын күзету, заманауи қару жасақтау, жарлық жазу, оны орындату..... Яғни бұл арада тұтас мемлекеттік құрылым жұмыс істеді. Шыңғысханның империясының мемлекеттік мөрі болды. Осының бәрі сақарада сол заманда қалыптасқан екен. Францискандық монах Рубрук 1253 жылы Бату ордасына келе жатқанда күнделігіне "мына жерлер әлі татарларға бағынышты емес, бұл аймақ қауіпті жер" деп тізе беріпті. Яғни, ол заман империяға бағынышты жерлерде заң жүрген екен, темірдей тәртіп, тыныштық болған екен. Шыңғыс сөйтіп даладағы өзара қантөгісті тоқтатқан екен. Ол ол ма, Шыңғыстың ұрпағының қолымен Қытай, Ресей, Иран сынды ірі елдер сол кезде бір ел болып бірігіп қалыптасты. Оның оғлан ұрпағы қалалар салдырды, өз атынан ақша шығарды. Мысалы қазіргі Мәскеу облысы Жошының сегізінші ұлы Жылауқұнның ұлысы еді, ол жерге кейін Алтын орда ханы Мөңке Темірдің жарлығымен 1277 жылы Мәскеу қаласының іргесі салынады. Шыңғысханның осындай Еуразия құрлығына істеген тарихи зор ықпалын бағалап ЮНЕСКО халықаралық ұйымы оны "екінші мыңжылдықтың адамы" деп танып та үлгерді. Ал бірінші мыңжылдықтың адамы - Иса Мәсіх болатын. Біз Шыңғыс қағанды оның атын өзімізге тартып "Шыңғысхан қазақ" дегеннен басқа дәнеңе де білмейміз, білмегесін айдалаға лағып пәлсапа соғамыз. Ал бұл тарихтың маңызын басқалар біліп оның әділ бағасын беріп жатыр. Бізге жалпы Шыңғысханнан көп нәрсе үйренуіміз керек, оны дұрыс тануымыз керек. Оның тарихы бір кітапқа сыймайды. Бұл тарихқа қатысты жүздеген тіпті мыңдаған кітаптар, ғылыми еңбектер жазылды, әлі де жазылмақ. Шыңғысхан аты аңызға айналған тұлға. Олжас Әбіл Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_48720.txt
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ 159 "КҮНКӨСЕМ" ҚАСҚАЙЫП ТҰР
https://abai.kz/post/48720
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ 159 "КҮНКӨСЕМ" ҚАСҚАЙЫП ТҰР" | "https://abai.kz/post/48720"
20.01.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ 159 "КҮНКӨСЕМ" ҚАСҚАЙЫП ТҰР URL: https://abai.kz/post/48720 META: "ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ 159 "КҮНКӨСЕМ" ҚАСҚАЙЫП ТҰР" | "https://abai.kz/post/48720" DATE: 20.01.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 352 TEXT: Әруағы адасқан, тәнін жер қабылдамаған Владимир Ильич Лениннің ескерткіштері қазақ даласында күні бүгінге дейін самсап тұр. Дәлірек айтсақ, большевик көсемінің бақандай 159 ескерткіші бар, бізде.  Бұны «Tengrinews.kz» есептеп шығыпты. Ленин атаны ұлықтауда Ақмола облысы алда тұр. Кулагин басқаратын өңірде Лениннің 49 ескертші анықталған. Ал Кереку өңірінде 44, Солтүстік Қазақстан облысында 24 тас тұғыр бар. Бұл мақтаныш па, әлде отаршылдық санадан арыла алмаушылық па? Қазақстанның Егемендік алғанына биыл ширек ғасырдан асар уақыт толды. Өткен жылы тәуелсіздіктің 25 жылдығын бөркімізді аспанға атып атап өткіздік. 25 жылдыққа 25 мың адамға сөлкебай тағып, Тәуелсіздікті ұлықтадық. Хош. Сөйте тұра кешегі көсем, бүгінгі экспонат Владимир Лениннің ескерткіштері Тәуелсіз елдің қалаларында менмұндалап тұрғаны нені білдіреді. Біз мәселенің ақ-қарасын білмек болып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хабарластық. «БАҚ-та жарияланған Владимир Лениннің ескерткіштері туралы мәліметке қатысты алдағы уақытта ресми жауап беретін боамыз», - деді министрліктегілер. Ол ол ма, жақында белгілі болғандай Қазақстанда бүгінде Лениннің атыман аталатын 352 көше бар екен. Бұл анығында, геронтократиялық жүйеге негізделген биліктің ширек ғасырлық жұмысының жемісі. Немесе халық санасы азат болғанымен, билік ескі қоғам формациясынан әлі күнге арыла алмай келеді деген сөз. Салыстырмалы түрде айта кетейік, былтыр Украина Радасы кеңестік кесір қоғаммен байланыстыратын барлық атауларға тыйым салды.  Украинаның ірі қалаларынан бастап, шалғайдағы ауылдарға дейін сәбеттік жүйемен байланысты барлық атаудың көзін жоюға, тіпті коммунистік партияның атауын да өзгертуге шешім қабылдады. Бұл декоммунизация деп аталды. Нәтижесінде 300-ге жуық елді-мекен, 7 қала, 9 аудан атаулары өзгертілді. Қазір коммунистік сипаттағы 6100 көше атаулары өзгертілуде. Расында «Күнкөсемге» күресіннен орын берген жалғыз ел Украина емес. Пост кеңестік елдердің бірсыпырасы ескі тастардан әлдеқашан арылған. Ал бізде ше? Бізде жағдай былай. Сорақысы сол, Лениннің  ескерткіші елдің ең ірі мегаполисі Алматыда да бар. Жыл сайын Қазақстан коммунистері Сарыарқа кинотеатрының артындағы саяси қоқыс алаңына жиналып тұратыны тағы бар. Қазақстан коммунистерінің «қағбасы» іспетті сол тас тұғырды құлатуға құлықты жан жоқ, әлі. Байбек те, басқасы да.  Керісінше 2015 жылы коммунисиік партия өкілдері Лениннің ескерткішін Астанаға қайта қоюды сұрады. Әбүйір болғанда қызылдардың мақсаты жүзеге аспады. Ең сорақысы сол, Алаштың астанасы саналатын Семейдегі Ленин көшесіне  Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның атын беруді біздің «Abai.kz» порталы бірнеше мәрте көтерді. Оған да «Ләм-мим» деген жан табылмады. Арғы жағын өзіңіз ойлай беріңіз... Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_162623.txt
530 млрд: Біздің шенеуніктер ақшасын шетелде сақтайды
https://abai.kz/post/162623
"530 млрд: Біздің шенеуніктер ақшасын шетелде сақтайды" | "https://abai.kz/post/162623"
23.12.2022
Abai.kz
null
TITLE: 530 млрд: Біздің шенеуніктер ақшасын шетелде сақтайды URL: https://abai.kz/post/162623 META: "530 млрд: Біздің шенеуніктер ақшасын шетелде сақтайды" | "https://abai.kz/post/162623" DATE: 23.12.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 148 TEXT: Қазақстандық шенеуніктер мен олардың жұбайларының шетелдік банктерде сақтаған 530 млрд теңгесі бар. Бұл туралы LS сайты жазады. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, биыл кірістер мен мүлік туралы декларацияны 576 872 жеке тұлға тапсырған. Мәселен, 2021 жылғы 31 желтоқсанға: 354 қазақстандық 59 елдің банктеріндt 529 млрд теңге сақтайды. Ең көп сома БАӘ, Сингапур, Швейцарияға тиесілі; 377 жеке тұлға Қазақстаннан тыс жерде 466 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады. Нысандар 25 мемлекетте тіркелген. Елдер бойынша ең көп саны Ресейге, АҚШ-қа, БАӘ-ге, Түркияға тиесілі; 124 қазақстандық 24 елде тіркелген бағалы қағаздар туралы мәлімет берді. Активтердің ең көбі АҚШ, Ресей, Ұлыбританияға тиесілі. Мемлекеттік кірістер комитеті есепте салық кезеңі үшін алынған кірістерді, салық шегерімдерін, бағалы қағаздарды, шетелдік банктердегі ақшаны, мүлікті сатып алуды немесе иеліктен шығаруды, дебиторлық/кредиторлық берешекті, Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті көрсету қажет екенін еске салды. Осы декларацияда активтерді сатып алуға арналған қаражат көздерін көрсету қажет. Айта кетейік, Қазақстанда негізсіз байып жатқандарға жауапкершілік енгізу жоспарлануда. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_116836.txt
Жоғалтқан мүмкіндік жайында...
https://abai.kz/post/116836
"Жоғалтқан мүмкіндік жайында..." | "https://abai.kz/post/116836"
17.07.2020
Бейбіт Қойшыбаев
null
TITLE: Жоғалтқан мүмкіндік жайында... URL: https://abai.kz/post/116836 META: "Жоғалтқан мүмкіндік жайында..." | "https://abai.kz/post/116836" DATE: 17.07.2020 AUTHOR(s): Бейбіт Қойшыбаев TOTAL WORDS: 1903 TEXT: Баршаға мәлім, үрейлі ядро-шоқпарымен әлемге сес көрсетіп, өзінің империяшылдық-шовинистік құлқынын бүркемелеу үшін өтірік сөйлеуді саясатының негізіне айналдырып алған жаңа тұрпатты көлгір император жақында, 21 маусымда, ресейлік эфирден күллі әлемді тіксінткен жаңа мәлімдеме жасады. Алып мемлекеттің төбесіне қонжиып, ұлттық-мемлекеттік құрылымдар бірлестігі есебінде ұғылуға тиіс федерацияның мазмұнын қатаң орталықтандырылған жаңа империяға айналдырып алған суайт қожайынның айтуынша, Совет Одағы ыдырағанда тәуелсіздіктерін жария еткен республикалар «бостандыққа халықаралық құқтарды бұзып» жетіпті де, өздерімен бірге, «өз багаждарына орасан зор көлемде дәстүрлі россиялық жер-суды» салып алып кетіпті, оларға «ежелгі орыс жерлерін орыс халқы» сыйға тартыпты. Осы жәйт жанын азапқа түсіріп, күйзелтіп жүрсе керек, олардың «өздерімен бірге орыс халқының сыйлықтарын ала кеткенін» ашынған үнмен еске алды, «одаққа неңмен кірдің – соныңмен кетпеймісің» деген сөздері астарына болашақта сол ертегі іспетті «сыйлықтарды» қайтарып алуды көздейтін арам ниетін тоқып, үлкен қатер бүккен зілді тұжырым-емеуірін білдіріп қалды. Оның жанын күйзелтіп аян еткен «манифесі» бұрыннан еліндегі жекелеген саясаткерлер айтып келе жатқан, тіпті, федерация парламенті мінберінен де сөз болып жүрген «орыс жерін жинағыштардың» даурықпасына керемет үйлесе кеткені сондай, артынша біраз жұрт түрлі дәрежедегі құштарлықпен ой білдіріп жатты. Айталық, 22 маусымда Фрейгин-лайф арнасында ой бөліскен  үш ақсақал-көксақал саясатшы-саясаттанушының  бірі нью-императордың «ашықтан-ашық көкбеттікпен көрші мемлекеттерге орасан зор территориялық дағуа-талап қоюы әлемдік тарихта бұрын-соңды болмаған жағдай» екенін сездірсе, екіншісі  оның манифесінің мәні  «Сәлем, Қазақстан!» екенін, «1 қыркүйекте тек жаңа оқу жылы» ғана емес, қазақ елінің терістігін аннексиялау басталатынын, ол жердің содан былай «Оңтүстік Орал» деп аталатынын айтып, бұл жоспардың орындалуы әрі кеткенде алдағы қаңтардан аспайды деп сәуегейленді.  Олардың жүрекжарды сырына қарағанда: 2014 жылдың көктемінде Мәскеуде біздің бірінші президентке «Қазақстанның солтүстігі советтік дәуірде күштеп бөліп берілген россиялық территория» екені дөрекі түрде мәлімделген, сөйтіп ол еліне жүрек талмасына жетер-жетпес жағдайға түсіріліп қайтарылған көрінеді. Бірақ сол жолы мәселенің шешілуін араларындағы уағдаластық, достық рәуіш қана сақтап қалса керек, ал енді аумақтық дағуалардың мына 2020 жылғы жаңа мәлімдемеде қайталануы идеологиялық негіздеме екені анық, екінші президент пен Кремль қожайыны арасында әзірге соншалықты тығыз байланыс орнай қоймағандықтан, бұл жолы «өзіне орыс жерінің қайтарылуы кәміл» десті. Содан бері екі елде де билік өкілдері түсінік беріп үлгерді: Ресей жағы көрші елдерге ешқандай территориялық талабы жоқ екенін, Қазақстан жағы сонау мәлімдеменің өздеріне түк қатысы жоқтығын ресми мәлімдеді. Ал ғалымдар, қоғам қайраткерлері, тіпті бірер генералдар тобы да мәселеге байыппен, тереңнен қарауға тырысты. Шындап келгенде, Ресейдің бұлдайтын ештеңесі жоқ, өйткені ол алып аумақты жаулап алулар мен алдап-арбаулар нәтижесінде иеленген, оның өзіне тән ежелгі жер-суы Мәскеу облысы ғана делінді. Совет Одағы тарағанда, одақтың құрамынан алғашқылардың бірі болып Ресейдің өзі қажет деген «багажын» алып шыққаны аян етілді. Турасын айтқанда, өз жер-суынан Қазақстанға Ресей емес, Ресейге Қазақстан «сыйлық жасаған» делінді, өйткені Астрахан, Орынбор, Төмен, Омбы облыстарының, жалпы Шығыс Сібірдің, Алтай өлкесінің едәуір бөліктері ежелгі қазақ жерлері екені, бірақ оларды қайтару жайында Қазақстанның талап қоймайтыны, себебі қазіргі жағдайды бекіткен өз кезіндегі заңнаманы мойындап, қадірлейтіні айтылды. Біз бұл жәйттерге тоқталмай, КСРО таратылған шақта жаңаша дамудың ескерусіз қалған өте  маңызды бір балама жолы болғанын еске салуды қош көріп отырмыз. Алдымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қалай дүниеге келгеніне шағын шолу жасайық. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Украинада референдум өтіп, дауыс берген бүкіл халықтың 91 пайызы  өз мемлекетінің Жоғарғы Кеңесі 24 тамызда жариялаған тәуелсіздік мәртебесін қолдады. Соған арқа сүйеген президент Леонид Кравчук  1922 жылы жасалған КСРО-ны құру туралы келісімшарттың күшін украин елінің жойып, бұзып шығып отырғанын 5 желтоқсанда мәлімдеді.  Жаңа саяси ахуалды талқылау үшін 8 желтоқсанда Белоруссияда үш елдің басшылары бас қосты. Мәжіліс басталарда, бертінгі көп деректерден белгілі болғандай, КСРО президенті Михаил Горбачевтің өзіне берген тапсырмасына сәйкес, РФ президенті Борис Ельцин  соған дейін жаңартылып жасалып жатқан жаңа одақтық шартқа Кравчук қол қояр ма екен деп сұрайды. Кравчук ондай қадамға барса – өзінің халқына сатқындық жасағанына баланарын айтып, оған қарсы сауал қояды. Егер сондай референдум Россияда өткен болса, Елцин қай тарапты таңдар еді: ЦК-ның жағына ма, әлде басым дауыспен тәуелсіз мемлекет құруды мақұлдаған халық жағына шығар ма еді? Елцин: «Әрине, халық жағында болар едім», – деп жауап береді.  Осылай басталған жиын бүгінде «Беловежье келісімі» деген атпен жер-жаһанға мәлім аса маңызды тарихи құжат қабылдаумен аяқталады... Сонымен, 1922 жылы КСРО-ны құру туралы Келісімшартқа қол қойған  құрылтайшы-мемлекеттер  ретінде бүгінгі Беларусь Республикасы, Россия Федерациясы және Украина басшылары 1991 жылғы 8 желтоқсанда әуелде «Славян мемлекеттерінің одағын құру туралы Келісім» деп аталып, артынан өзгертілген нұсқаға – «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімге» қол қойды. Олар өздерін «Жоғарғы Келісуші Тараптар» деп атап, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халықаралық құқық субъекті және геосаяси ақиқаттың көрінісі ретінде өмір сүруін доғаратынын белгіледі (констатациялады). Барлық демократиялық құндылықтарды, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін, басқа да халықаралық құжаттарды мойындайтындарын растай келе,  «адамның және халықтардың құқтары туралы жалпыға бірдей танылған халықаралық нормаларды сақтау міндеттерін мойнына ала отырып», он төрт бабтан тұратын Келісімнің бірінші бабына: «Жоғарғы Келісуші Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады» деген тұжырым жазды. Келісімнің 5-ші бабында «Тараптар бір-бірінің территориялық тұтастығы мен достастық ауқымында орнаған шекараларына қол сұғуға болмайтынын  мойындайды және құрметтейді» деп көрсетілді. Таратылған  КСРО органдарының қызметі Достастыққа мүше мемлекеттердің аумағында тоқтатылатыны ескертілді. Осы Келісімнің мақсаттары мен принциптерін қабыл алатын бұрынғы Кеңестік Республикалар Одағына мүше болған барлық мемлекеттің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің  Келісімге қосылуына есігі ашық екендігін 13-ші бабта, достастықтың үйлестіруші органдары Минск қаласында болатынын 14-ші бабта атап көрсетті. Осылай ТМД құрылды. Одан әрі ТМД-ның іргесін кеңейту үдерісі жүрді. Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің бастамасымен  1991 жылғы 21 желтоқсанда Балтық жағалауындағы елдер (Литва, Латвия, Эстония) мен Грузиядан басқа он бір егемен мемлекет (Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Өзбекстан, Россия,  Тәжікстан, Түркменстан, Украина)  басшысы Алматы Декларациясын қабылдап, 8 желтоқсанда Жоғарғы Келісуші Тараптар жасаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімге тең құқылы жағдайда қосылатындарын белгілеген Хаттамаға қол қойды. 1993 жылғы 22 қаңтарда Достастықтың Жарғысы қабылданды. Сол жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия да кірді. Алайда Россия 1908 жылғы тамызда Грузияға әскер кіргізіп, бес күндік соғыс жүргізді де, 26 тамызда Грузияның құрамында болған Оңтүстік Абхазия мен Осетияны тәуелсіз мемлекеттер ретінде ресми түрде мойындады. Сол себепті Грузия 2 қыркүйекте РФ-пен дипломатиялық қатынастарын үзді, 2009 жылғы 18 тамызда ТМД-дан шығып кетті.  Келісімді, Хаттаманы, Жарғыны бұзғанына РФ еш қиналған жоқ, өйткені ТМД мүшелері оған қарсылық көрсетпек түгіл, ешқандай наразылық та білдірмеді. Сондықтан ол 2014 жылы Украинаға да өз дегенін істеді: «халықтың өз ерік-жігері сондай» деген жасанды желеумен Қырымды аннексиялады, Донбасқа астыртын әскер мен қару-жарақ жібере отырып, «оған біздің қатысымыз жоқ» деген өтірікті жалаулату жолымен қылмысты  соғыстың өртін өршітті. Украина қазір ТМД-ның үйлестіруші органдарындағы қызметін доғарған ахуалда... Осындай жағдайлардан кейін үлкен көршінің өз империяшылдық ниетін өз бетінше ауыздықтай қоярына кім сенбек... Бірақ сендік, сеніміміздің жетегімен ортақ ықтимал пайданы күйттедік, оның зұлымдық бүккен пиғылы пайдасына қызмет ететін бастамаларды ұсыну, қолдау арқылы империяны жаңаша жаңғыртуды көздейтін пешке өз қолымызбен үстемелеп отын салып тұрдық... Ойлап қарасақ, егер тарихтың Совет Одағы тараған тұстағы маңызды бір кезеңінде елеусіз қалған жолмен жүрген болсақ, онда дамуымыз бен өзге елдермен қарым-қатынасымыз және болашағымызға көзқарасымыз мүлдем басқаша, әрі әлдеқайда сенімді бағытқа түскен болар еді... Тарихта шартты рай болмайтыны белгілі ғой, әйтсе де көпті тіксінткен мәлімдеменің жасалуы одақ құрамындағы республикалардың советтік империя қамытынан азат болғаннан кейінгі жаңаша қауымдасу кезеңінің бір сатысында өзіміздің жіберіп алған қателігіміздің салдары болуы мүмкін екенін ескеріп, соның парқына бару, тиісінше келешекте жасалғаны жөн болмақ  қадамдар орайында ойласып көру ләзім. Осы ретте славян мемлекеттерінің 1922 жылы өздері құрған кеңестік республикалар одағының қызметін доғарған шағына оралайық.  Әйгілі Келісім 1991 жылғы 8 желтоқсанда жасалды да, артынша, желтоқсанның 10-ында Беларусь Республикасы мен Украинаның, 12-сі күні Россия Федерациясының Жоғарғы Кеңестері аталмыш құжатты ратификациялады. Ал 13-ші желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болды. Кездесуде, баршамыз білетіндей, Орталық Азиядағы бес егемен мемлекет ТМД-ға қосыламыз деген шешімге келді... Бұл, әрине, жалпы алғанда дұрыс шешім еді, бірақ соған дейін өткен тарихи жолды дұрыс ескермегендіктен, бір қайнауы ішінде қалған, тиісінше кездесуде бас қосқан мемлекеттер басшыларының тарихтан сабақ алмағандығын көрсеткен асығыс шешім болды. Ол қандай тарих және олар одан нендей сабақ алуға тиіс еді? Мәселе мынада. Құлаған самодержавиенің орнына келген жаңа өкімет советтік жаңа империя орнатуды мақсат етті, оны жүзеге асыратын саяси және идеологиялық қару – империяшыл большевиктер партиясы болды. Ол патшалықтың шашыраған бөлшектерін құрастырып, тұтастырды. Тым күшейіп бара жатқан бөлегін жаңаша бөлшектеп, ежелгі «бөліп таста да биле» тәсілін қолдана отырып бекем біріктіруді көздеді. Бұл ретте большевизм құдды  байланыстырып-жапсырғыш цемент сипатты рөл атқарды, ол күллі елді шырмаған саяси шырмауық тәрізді еді. Түсініктірек айтқанда – былай... Ақпан революциясы туғызған саяси мүмкіндік арайында Қоқанға жиналған мұсылмандар съезі 1917 жылы Түркістан автономиясын жариялады. Ташкент боьшевиктері Мәскеудің көмегімен оны 1918 жылғы ақпанда қанға бөктіріп құлатты да, сәуірдің соңында өлкенің советтік автономиясын құрды. Біртіндеп автономия үкіметінің басына жеткен ұлт қайраткерлері 1920 жылдың басында биліктің ұлттық сипатын танытатын шешімдер қабылдады. Орта Азия халықтарының мемлекеттік тұрғыда біртұтас әрі күшті екені көрініп қалды, ал бұл орталық үшін қауіпті болатын. Сондықтан оны жекелеген түрк бірліктеріне бөліп тастау қажеттігін сол 1920 жылы нөмірі бірінші большевик Лениннің өзі міндет етіп қойды. Орта Азияны жаңаша ұлттық-мемлекеттік бірліктерге бөлшектеп, жеке-жеке билеу мәселесін Мәскеудегі большевиктер партиясының басшылығы 1924 жылдың басында қолға алды. Сонда Түркістан өлкесіндегі ұлттық қайраткерлер өлке халықтарының ұлттық пәтерлерге бөлініп ірге ажыратуы қате екенін пайымдап, КСРО құрамына Ортаазиялық Федерация құрып кіруді ұсынды, жекелеген ұлттық бірліктерге бөліну мәселесін Федерация халықтарының даму деңгейі теңескеннен кейін көтерген орынды деп санады. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның Экономикалық қауымдастыққа бірігуі қажеттігін айтты. Ешқайсысы өтпеді. Ұлттық межелеу аяқталып, Ресей Федерациясының құрамында қалған Қазақ автономиясы ашаршылық қырғынына ұшырап, халық ұлттық апатты бастан кешті. Қатаң орталықтандырылған партиялық биліктің барша тіршілікті шырмағаны сондай, «социализм орнатқан» қазақ өз мұқтаждығын ашып айта алмайтын күйге түсті. Содан солақай реформалар мен қарсылық көрсеткен қозғалыстарды қырып-жою, аштық трагедиялары, саяси қуғын-сүргін, соғыс ылаңы, республика жерін концентрациялық лагерьлерге айналдырып, қазармалық социализм орнату бағытын ұстану, қалың қазақ ішінде полигон салып, жер үстінде, жер астында ядролық қару сынау, тың игеру желеуімен қазақ жерін қайта отарлау салдарынан қазақтың өз елінде барлық халықтың 29 пайызын құрап, ұлттық азшылыққа түскен кесепатты кезеңі орын алды. Мұның бәрінің астарында өз елін өзі билей алмау, ұлттық мүддені ойлауға құқтары болмай, ұлт мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар қабылдай алмау сынды  шарасыздықтар жатқан. Ақыры Орталықтың астамшылығына қарсы бейбіт демонстрацияға шығып, аяғын саяси көтеріліске ұластырған қазақ жастарының көзсіз жалаңтөстігі бастап, алып империяны қақырататын оқиғалар көбейді. Езуші биліктің еш уақытта отарына өз еркімен бостандық бермейтіні белгілі-тін, езгіге түскен тараптардың талап қоюының алғашқы кезеңінде бұрқ еткен 1986 жылғы Желтоқсан басқа республикалардағы сондай оқиғаларға ұласты да, ақыры 1991 жылы Совет Одағы ыдырады. Енді еркіндік алған жаңа мемлекеттік дербес бірліктерге империя құрамында өткен даму тарихын безбендеп, тәуелсіздік жағдайында жаңаша дамудың дұрыс жолын таңдау мүмкіндігі туды... Менің бекем иланымымша, 13 желтоқсандағы Ашхабад мәжілісі осы тақырыпты айналып өтпесе керек еді. Оның басты себебін ажыратып, үлкен көршінің тәуелсіздік тұсында жаңаша оянатын тәбетін қытықтайтындай әрекеттерден бас тартқан жөн болмағын парықтауға тиіс-тін. Орта Азияда түтін түтетіп тұрған Түркреспублика, Бұхара, Хорезм республикаларын 1924 жылғы ұлттық-мемлекеттік тұрғыда жаңаша жіктеп-межелеу тарихын, тараптардың мақсат-мүддесін айқындап, науқанның оң-теріс нәтижелерін, себеп-салдарларын  ажыратып, сабақ алатын кез туғанын ойлауы тарихи қажеттілік болатын. Үлкен Түркістан елдерінің жаңа ахуалда еркін дамуын қамтамасыз ететін заманауи қауымдастық құруы қажет екенін түйсінуді заман талап етіп тұрған. Кім-кімге де белгілі, билеуші өз еркімен ешкімді де дербестікке жібере қоймайды, езгіге түскендер өзіне еркіндік берілуін талап етуге тиіс. Алайда 1991 жылы Алла Тағала одақтас болған республикаларды ондай теке-тірестен құтқарды, мұны дәл бағамдаған Балтық жағалауы елдері бірден ТМД-дан іргелерін аулаққа салды. Біз олай етпесек те, мойнымызға бағзы қамыттың жаңарған түрін  бірден іле салмай, әуелі Үлкен Түркістандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ҮТТМД) құруға тырысар  едік. Мұның, сөз жоқ, уақытша тыншып жатқан аждаһа аранына Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жеке-жеке жұтылуынан сақтайтын шара болары анық-тын. ҮТТМД дүниеге келгеннен кейін, славян елдері құрған ТМД-мен қызметтес, ынтымақтас болу арқылы даму жолдарын  белгілеп, ұтымды түрде пайдалануды ойлану сұранып тұрған. Солай ету қажет те еді, өкінішке қарай, бұған біздің – Орталық Азиядағы бес мемлекет әміршілерінің, саяси элитасының жүрегі дауаламады. Содан бері отыз жылға тарта уақыт өтті – осы уақыт ішіндегі жетістік-кемістігімізді жан-жақты саралап, сараптап, дамудағы жоғалтқан мүмкіндігіміз жайында байыппен ойласып көруге енді әбден болады, солай ету қажет те... Бейбіт Қойшыбаев Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_4403.txt
Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Эрик Шварц келді
https://abai.kz/post/4403
"Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Эрик Шварц келді" | "https://abai.kz/post/4403"
29.06.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Эрик Шварц келді URL: https://abai.kz/post/4403 META: "Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Эрик Шварц келді" | "https://abai.kz/post/4403" DATE: 29.06.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 200 TEXT: Ташкент. 29 маусым. ҚазТАГ - АҚШ мемлекеттік хатшысының халықтың қоныстануы, босқындар және көші-қон жөніндегі көмекшісі Эрик Шварц 28 маусымда сапармен Өзбекстанға келді, деп хабарлайды АҚШ-тың Өзбекстандағы  елшілігінің ақпарат орталығы. Сапар барысында Эрик Шварц ел үкіметінің мүшелерімен кездеседі. Ол БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының және Қызыл крест халықаралық комитетінің өкілдерімен кездеседі. Сейсенбі күні кешке АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылау үшін осы елге аттанады. Бұрын хабарланғандай, маусым айында Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонның көмекшілері: Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк және демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері жөніндегі көмекшісі Майкл Познер келген болатын. Ташкент. 29 маусым. ҚазТАГ - АҚШ мемлекеттік хатшысының халықтың қоныстануы, босқындар және көші-қон жөніндегі көмекшісі Эрик Шварц 28 маусымда сапармен Өзбекстанға келді, деп хабарлайды АҚШ-тың Өзбекстандағы  елшілігінің ақпарат орталығы. Сапар барысында Эрик Шварц ел үкіметінің мүшелерімен кездеседі. Ол БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының және Қызыл крест халықаралық комитетінің өкілдерімен кездеседі. Сейсенбі күні кешке АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылау үшін осы елге аттанады. Бұрын хабарланғандай, маусым айында Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонның көмекшілері: Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк және демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері жөніндегі көмекшісі Майкл Познер келген болатын.
qosymsha/abai.kz
post_43960.txt
ТҰМАНДЫ АЛЬБИОНДАҒЫ КҮМӘНДІ САРАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?
https://abai.kz/post/43960
"ТҰМАНДЫ АЛЬБИОНДАҒЫ КҮМӘНДІ САРАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?" | "https://abai.kz/post/43960"
09.03.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТҰМАНДЫ АЛЬБИОНДАҒЫ КҮМӘНДІ САРАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ. ОЛАР КІМДЕР? URL: https://abai.kz/post/43960 META: "ТҰМАНДЫ АЛЬБИОНДАҒЫ КҮМӘНДІ САРАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?" | "https://abai.kz/post/43960" DATE: 09.03.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 630 TEXT: Ұлыбритания астанасында қазақстандық миллиардерлердің зәулім-зәулім сарайларын аралап, жұртқа таныстыратын арнайы турлар ұйымдастырылуда.  Лондондық қоғам белсенділерінің бұл бастамасы сарай иелерін әлеумет алдында әшкерелеу әм аталған қаланы қылмыстық  жолмен Қазақстаннан жеткізілген қашқындардан тазалау болған. «Тheguardian.com» сайтының жазуынша қоғам белсенділері жылжымайтын мүлік нарығындағы «қашқын миллиардерлердің» күдікті ақшаларына сатылып алынған ғимараттардың бағалары да қомақты қаржыны құрайды екен. Екінің-бірі сатып ала алмайтын  бұндай сарайларды бір көргенде үй деп айта алмайсың. Құдды мұражай десеңіз де болады-мыс. Британиялық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, бұл экскурциялық турларды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – Қазақстан, Ресей, Украина секілді елдерден шыққан миллиардерлердің Лондонда қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын жалпақ жұртқа таныстыру болған. (Лондонның орталығындағы офшорлық үйлердің бірі) Лондондағы офшорлық қаражаттарға сатылып алынған жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі ойыншылар Қазақстан мен  Ресейдің және Украинаның миллиардерлері екен. Мысалы, бір ғана Лндон қаласындағы 35 мың обьекті офшорлық жолмен келген қаражат иелерініңікі болып шыққан. Қазіргі таңда бұл зәулім сарайлардың нақты қожайындары кімдер екендігін ешкім білмейді. Лондондық белсенділердің ұйымдастырған ерекше экскурциясына журналистер, сарапшылар мен танымал блогерлер қатысқан. Ал қазақстандық «kapital.kz» порталының жазуынша, офшорлық алаяқтық жасауға лондондық банкирлер мен заңгерлердің, жылжымайтын мүлік агенттерінің де қатысы бар. Қазіргі таңда әлемнің өзге де мемлекеттерінде түйені түгімен, биені бүгімен жұтатын кей азаматтардың өз қылмыстарын жасырып қалу үшін офшорлық алаяқтық жасайтыны белгілі. Мысалы, «Deutsche Bank» зерттеулерінің қорытындыларына сүйенсек, Лондонның жылжымайтын мүлік биржасындағы ондаған миллиард фунт Ресей мен Қазақстаннан заңсыз  жолдармен жеткізіліп отырады. Бұл өз кезегінде лодондық жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның көтерілуіне ықпал етеді. Лондондық жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын «Beauchamp Estates» компаниясының мәліметтеріне қарасақ, Лондонның аса ауқатты тұрғындары қоныс тепкен  элиталы аудандардағы ғимараттар құны орташа есеппен – 1 миллион фунттан басталады. Сондай-ақ, Украина, Ресей және Қазақстаннан келген сатып алушылар көбінесе «Mayfair and Regent"s Park» секілді  орта деңгейлі аудандарға сұраныс жасайтын көрінеді. Бұл аудандардағы үйлердің төменгі бағасы 100 миллион доллардан басталады. (Mayfair and Regent"s Park-тегі аппартамент ішкі көрінісі) Лодондық жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын «Knight Frank» компаниясының ақпараттарына сүйенсек, осы күнге дейін Қазақстан мен Ресейден  барған азаматтардың Британия астанасынан сатып алған үйлерінің құны – 3,33 миллиард долларды құраған. Қазақстандық сатып алушылар көбінесе Лондонның ең қымбат ауданы саналатын Найтсбридж, Мэйфэр және Белгравия қаланың қақ ортасында орналасқандықтан мұнда 1 бөлмелі үйлердің бағасы 1 миллион фунттан басталады. Мысалы, Мейфэр ауданындағы «One Hyde Park» тұрғын үй кешеніндегі 1 бөлмелі үйдің орташа бағасы 6,5 миллион фунт тұрады.Ал дәл сол кешендегі 5 бөлмелі үйдің бағасы – 68 миллион фунттан асып жығылады. Өкінішке орай, нақты қанша қазақстандық Лондоннан жылжымайтын мүлік сатып алғандығы туралы мәліметтер көрсетілмеген. Түйін: Өткенде Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева қараша халықтың қалтасына салынатын салық көлемін көтеру туралы бастама көтерген еді. Дариға Нұрсұлтанқызының ұсынысы қоғамда қызу-талқыланып, азаматтық белсенділердің сынына қалған-ды. Елбасы ерекше рақымшылық жасап, мемлекет қазынасын жымқырып, офшорлатып жүріп, шетел активтеріне тіркеп қойған мүліктерін заңдастыруға мүмкіндік берді. Егер еліміздің экономикалық әужайына орай, салық көлемін ұлғайту мұқтаждығы туа қалған жағдайда салық шетелдік нарықтың негізгі ойыншыларына айналып үлгерген қазақстандық офшормендердің мүлкіне салынуы тиіс емес пе еді... Басқаша айтқанда, бүгінгі таңда шетелдегі жылжымайтын мүлікті сатып алатындар орта дәулетті тұрғындар емес, елдің «сүт бетіне шыққан қаймақтары» немесе «ығай мен сығайлары». Егер қазақстандықтардың меншігіндегі шетелдік мүліктің бәрін есепке алып, ортақ көрсеткіштерін анықтаса, онда олардың басым бөлігі – аса қымбат әрі элиталық мүлік екені белгілі болар еді. Мұндай мүліктердің орташа бағасы 400 мың доллардан басталып, 5 миллион долларға дейін жетеді. Жалпы, шетелде жылжымайтын мүлкі бар азаматтар саны жарты миллионға жетіп қалса, оның ішінде 179 қазақстандық азаматтың иелегіндегі мүлік аса бағалы санатқа жататыны анықталған. «Форбс» журналының жыл сайын ел-елдегі миллиардерлердің атын атап, түсін түстейтіні белгілі. Қазақстандық миллиардерлердің саны да, олардың иелігіндегі байлық та жыл санап өсіп келе жатқанына қарағанда, мұндай болжамдарды теріске шығаруға болмас. «Республика мақтаныштары» болып отырған миллиард пен миллион жинағандардың рейтингісіне жете алмағандарымен, жетеқабылдарын мыңдап санап алуға және болады. «Кедейлері көп бай мемлекет» деп аталатын еліміз мұнайдың басынан бақ тайып, екі-үш рет девальвация соққысын алып еді, есеңгіреген халінен айыға алмай отыр. Ал нарық күн санап ұлғаюда. «Байды жел шайқаса, баласын шетелден ізде» дегеннің кері  ғой бұл... Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_38338.txt
... ата-бабамның алынбаған құны бар
https://abai.kz/post/38338
"... ата-бабамның алынбаған құны бар" | "https://abai.kz/post/38338"
28.08.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ... ата-бабамның алынбаған құны бар URL: https://abai.kz/post/38338 META: "... ата-бабамның алынбаған құны бар" | "https://abai.kz/post/38338" DATE: 28.08.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1178 TEXT: Қазіргі уақытта ел азаматтары түрлі әлеуметтік желілер арқылы елдің іші-сыртындағы түрлі саяси өзгерістерге ашық пікір, анық позиция білдіріп жатыр. Солардың бірі «Facebook» әлеуметтік желісінде белсенді посттар жазып жүрген ұлтшыл азамат Нұрлан Сәдір. Ол 1971 жылы 12 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қарауылтөбеде дүниеге келген. Нұрлан Сәдірдің  жазған пікірлері әдетте көп қолдауға ие болып, қызу талқыға түсіп жатады, батыл жазбаларының салмағы мен сырын білуге  ұлтшыл азаматпен аз-кем сұхбаттасқан едік. – Әуелі батыл посттар жазып жүрген Нұрлан Сәдір туралы жұрт біле бермейді, өзіңізді таныстырып кетсеңіз, қайда жұмыс істейсіз, қандай идеяға жұмыс істейсіз? – Мен өзімді бір интервью алатындай танымал тұлғамын деп санамаймын. Бірақ бірнеше сұрақ қойған екенсіздер, бәлсінгендей болмай, барынша бүкпесіз ашық жауап беріп көрейін. Бір жылдың ішінде аты-заты, бағыныштылығы әлденеше мәрте ауысқан, қазір де кезекті рет осындай ауыс-түйісті бастан кешіріп жатқан мекемеде жұмыс істеп жатқандықтан тап қазір тап қайда істейтінімді, шынымды айтсам, өзім де тап басып айта алмаймын. Бұрынғы аты – СЭС, әйтеуір. Мамандығым – санитарлық дәрігер-эпидемиолог. Ұлттық идеяға – Алаш идеясына жұмыс істегім келеді. - Сіздің посттарыңыз көбінде Ресейге бағытталған, бұндай азаматтық пікірлер ұстануыңызға және оны ашық айтуыңызға не(кім) ықпал етті? - Мен Ресейге, орыстарға қарсы емеспін. Мен Ресейдің империялық саясатына қарсымын. Мен сонау патшалық Ресейде басталып, Кеңес үкіметі кезінде күшіне еніп, өкінішке орай, әлі де жалғасып келе жатқан қазақ мемлекетіне қарсы саясатқа қарсымын. Мен мысалы мына нәрселерді осы саясаттың жемісі/бөлігі деп санаймын: 1) қазақтың құйқалы жерлерін переселендерге, казактарға тартып алып беру. Мысалы, менің өлкемде Жайық өзеніне осы жердің иесі қазақтарды казактар жолатпаған. Бұдан артық не қорлық керек? 2) ана тілінен айыру, оның мәртебесін төмендету. Қазір, шындығында мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі, қолданыс аясы ресми тіл – орыс тіліне қарағанда әлдеқайда төмен. Мысалы, Қазақстанда бір ауыз қазақ тілін білмейтін орыс тілді адам емін-еркін өмір сүре алады, ал бір ауыз орыс тілін білмейтін қазақ тілді адам жайлы бұлай айта аламыз ба? 3) ділін өзгерту: қас-қағым уақыт ішінде коллективизация, кәмпеске деген қанқұйлы құралдар арқылы көшпелі өркениетті отырықшы мәдениетке зорлықпен, көз жасы мен қанын ағызып отырып ауыстырды. 4) Қолдан ұйымдастырылған ашаршылық. Бұндай зұлмат ашаршылық империялық саясатқа қарсы тұруға қабілетті деп саналатын Қазақстан мен Украинада ғана алапат ауқымда жүргізілді (өзге он үш республикада тап бұндай болған жоқ). Нәтижесінде, қазақтардың жартысына жуығы қырылды. Бұның орны ешқашан толмайды 5) Мәңгүрттендіру саясаты. Елдің қаймағы – зиялы қауымды жаппай қуғын-сүргінге ұшыратып, ату-қамау, жер аударудың нәтижесінде бетке ұстар азаматтардың басым көпшілігі жойылып кетті. Бұл рухани қабаттан айрылып қалғанымыздың зардабын тартып келеміз, тарта да беретін боламыз. 6) Тың игеру. Мыңғырған малды асыраған және табиғаты мал асырауға ғана жаралған орасан зор аймағымызды тың игеру құртты. Данышпан ата-бабаларымыз егіншілікті емес мал бағуды кәсіп қылғаны – біздің жерімізді жете білгендігінен еді. Енді келіп, осы жайылымды рекордтар үшін ең жабайы және ең зиянды тәсілдер арқылы игерді. Бұдан түскен валютаның қызығын Қазақ ССР-нің көргеніне үлкен күмәнім бар. Тың игеруге СССР-дың шеттен шыққан қояншықтары, бұзақылары, тюремщик-зектері жұмылдырылды. Олар жергілікті елге қарсы қойылды. Осы азғындардың қаптауынан, басынуынан қазақ жерінде бұрын-соңды болмаған қылмыс – қыз зорлау пайда болды. Қанында алкогольдегидронеза жоққа жақын қазақтың талай азаматының түбіне, осы тың игерумен ілесе кірген арақ жетті. 7) Ең сұмпайы ядролық, химиялық, бактериологиялық сынақтар қазақ жерінде ұйымтастырылды. Әлі де толық тоқтай қойған жоқ. Бұлардың зардабын айтып жеткізу мүмкін емес. Айта берсең әлі де көп, өте көп. Осы айтылған аштық, тілсіздік, алкоголизм, радиация ….-лардың кесірінен қазақтың гені өзгерді. Ал генннің қалпына келуі ұзақ та азапты процесс. Қазақта біреуге қатты өшіккен кезде – «әкеңнің құны бар ма?» деп жатады. Ресейдің империялық саясатында, осы саясатта жүргізгендер мен жүргізіп жатқандарда менің ата-бабамның алынбаған құны бар. Осы құнды қаламмен/клавиатурамен болса да сұрауға, қайтаруға тырысып бағып жатырмын. Мен жас бала емеспін, біраз жасқа келдім, өзімнің білген-түйгенім, азаматтық ұстанымым бар. Басқаша айтқанда ешкімнің маған тікелей және айтарлықтай ықпалы жоқ. - Біздің байқауымызша сіз әлеуметтік желіде көп боласыз, Нұрлан Сәдірдің уақыты зая кетіп жатқан жоқ па? - Әлеуметтік желіде көп болатыным рас. Егер сіздің сөзіңізбен айтқанда «оқырмандарым көп, жазбаларым өтімді және қызу талқыға түсіп жатқаны» рас болса онда желідегі уақытымның ондай босқа кетпегендігі деп білемін. Айтарымның біразын айтып та тастадым, сондықтан әлеуметтік желідегі белсенділігімді біраз азайтып, тек үлкен оқиғалар кезінде ғана қызу ат салыссам ба деп те жүрмін, сірә, бұйырса сөйтетін шығармын. - Өз замандастарыңыздың көбі түрлі саяси жағдайларға үнсіз қалып жатыр, оларға не дейсіз, жалпы қазақ қоғамы саяси оқиғаларға қаншалықты белсенді көзқарас танытуда? - Өз замандастарымның көбі түрлі саяси жағдайларға үнсіз қалып жатқанын түсіністікпен қабылдаймын: Біріншіден, бұлар – бұндай белсенділік үшін міндетті түрде таяқ жегендердің ұрпағы. Кейде қорқыныш гендік деңгейге – қанға өтіп кетеді. Екіншіден, біраз жанның тұрмыс тауқыметінің себебінен мұрын сіңбіретін уақыты жоқ, жалақысы жиырма мыңнан сәл асатын не мойнында бірнеше несие бар адамнан қандай белсенділік күтуге болады?!  Үшіншіден, көбі белсенділік арқылы бірдеңе бітіруге болатына сенбейді.  Құдай қабілет берген бетке ұстар азаматтар осы сенімнің пайда боларына негіз жасамайынша бұл үшінші топты да сөгуге еш құқығымыз жоқ. Жалпы қазақ қоғамына келсек, үмітсіз емеспіз, қазақ қоғамы біртіндеп қалыптасып келеді деп ойлаймын. Бәлки, бұған белгілі бір дәрежеде «фэйсбук» сықылды әлеуметтік желілер де оң әсер еткен шығар. Ұйықтап жатқан адамнан атып тұрып, шауып кеткенді күтпейтініміз сияқты, қалғып келген қазақ қоғамынан да ерекше оқыс белсенділікті күткеніміз де әбестік болар еді. - Соңғы уақыттарда үкіметте болып жатқан ауыс-түйістерді қалай бағалайсыз? - Соңғы уақыттарда үкіметте болып жатқан ауыс-түйістерді еш бағаламаймын. Бағалауға тұрмайды. - Бірнеше айдан соң жұмысына кірісетін экономикалық одаққа қалай қарайсыз? Не күтесіз? - Бірнеше айдан соң жұмысына кірісетін экономикалық одаққа онша қарамаймын. Кеңес Одағымен және оның мұрагері Ресей федерациясымен одақ құрып экономикалық табысқа жеткен бір де бір елді білмеймін. Біз үшін Түркі мемлекеттерінің одағы немесе өзімізбен терезесі тең, алпауыт емес мемлекеттермен одақ құрған әлдеқайда тиімді болар еді деп санаймын. Ресеймен ортақ шекара мен зорлық-зомбылыққа толы ортақ тарихтан басқа бізде ортақ түк те жоқ. Біздің олардан діліміз, дініміз, тіліміз, түріміз, бәрі де бөлек. Бұл олармен мүлде араласпай керек дегенді білдірмейді. Құдай көрші қылғаннан кейін араласпай қайда барамыз – терезесі тең, екі жаққа да шынымен пайдалы қарым-қатынастар керек-ақ. Бірақ, маған салса, ұзақ мерзімді ешқандай одақты орыс мемлекетімен құрмас едім. Ресеймен жасалған одақтан жақсы ештеңе күтпеймін. Қазір бүкіл әлем дерлік Ресейге теріс қарады. Біздің алдымызда не осы елмен не бүкіл әлеммен жақсы болу деген таңдау тұр. Біздің саясаткер, экономистер дұрыс шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасар деп әлі де үміттенемін. - Сіздің белсенділігіңіз бір мезгілге жеткенде тоқырауы мүмкін бе, өз посттарыңыздан қандай нәтиже күтесіз? - Бұл сұраққа, жаңа үшінші сұраққа жауап берген кезде, ішінара жауап беріп өттім. Ненің де, соның ішінде менің де қай кезде тоқырайтын-тоқырамайтынымды бір Алла біледі. Маған салса тоқырай қоймаспын. Постымнан қандай нәтиже күтемін? Әрине, пікірлестерімнің санының артқанын күтемін. Мен кейде постымды қияпырыстандырып, сөз ойнатып шығарып жатамын. Бұны көбінесе қызық үшін емес, қазақ тілінің байлығын, оның сан алуан мағыналы екендігін, бір сөзбен бірнеше мағына беру мүмкін екендігін жастарға көрсету үшін жасаймын. Кейде сөйтемін деп кәдімгі қырт болып кететінімді де білемін. Жалпы, жазбаларымнан бір терең мағына, күшті ой, тағы басқа керемет бірдеңе күтіп қажеті жоқ. Кейде шындап, кейде ойнап бірдеңелерді жазып жатамыз. Өмірдің өзі де сол емес пе? Алысты жақындатқан желіде жүздесу қиын жандармен ой бөлісіп, тіпті шүйіркелесіп-шұрқырай табысып жатасың. Осының өзі ғанибет емес пе? Өз басым «фэйсбук» пен ондағы достарыма ризамын. Осы ФБ-дағы аз-кем белсенділігімді елеп сұхбатқа шақырып жатқан Сізге де рахмет. Ел-жұртымызбен бірге аман-сау болайық! Сұхбаттасқан: Нұрғали Нұртай Qamshy.kz (Әуелгі тақырып: Нұрлан Сәдір: Қалғып келген қазақтан оқыс белсенділік күткеніміз  – әбестік)
qosymsha/abai.kz
post_44884.txt
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТПЕС ДЕРТІ ВАХХАБИЗМ БОЛУЫ МҮМКІН
https://abai.kz/post/44884
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТПЕС ДЕРТІ ВАХХАБИЗМ БОЛУЫ МҮМКІН" | "https://abai.kz/post/44884"
07.06.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТПЕС ДЕРТІ ВАХХАБИЗМ БОЛУЫ МҮМКІН URL: https://abai.kz/post/44884 META: "ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТПЕС ДЕРТІ ВАХХАБИЗМ БОЛУЫ МҮМКІН" | "https://abai.kz/post/44884" DATE: 07.06.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 383 TEXT: Қазақстанның ендігі бітпес дерті — ваххабизм болуы мүмкін... Әлемдік сарапшылар 2017 жылы Орта Азияда ДАИШ лаңкестік ұйымының ұяшықтары жанданатынын айтқалы біраз болды. Әсіресе, оларды іштей қолдап, тілектес болып келе жатқан (алды, тіпті, Сирияға кетті) уаххабизм астауынан жем жейтін неосалафизм Қазақстанда гүлденіп тұр. Олардың тәкпіршілері осындай қанқұйлы әрекетін жасап жатса, матхалиттері биліктің түрлі бұтақтарында сайрап, журналист, блогер, ақын, т.б жұмыс жүргізіп кешегі қырғын жасаушыларға іштен тілеулестігін білдіріп отыр. Өткенде жерге қатысты салафилердің матхалит тобы жарғақ құлақтары жастыққа тимей «ел тыныштығы» деп бір-бірінің аузына түкіргендей сайрап еді, енді елдің тыныштығы кетіп еді үн-түнсіз... Халық салт-дәстүр мен тарихыңды мансұқтайтын, қой терісін жамылған ваххабистерден әбден жалықты. Ерқашты болды. Оны соңғы жер мәселесінде анық көрдік. Жұрт кімнің кім екенін нақты біледі. Билікте кім отырғанын, парламентте кім отырғанын, қанша ақын, қанша журналист, (мемлекттік арналар мен басылымдарда да бар) қанша блогер, қанша әнші мен т.б. адамдардың осы дін атын жамылған саяси идеологияны ұстанатынын бес саусақтай біледі. Қазақстан салафиттері өзінің идеологиясын жасап алды, ақпараттық насихатты шебер меңгерген. Сайттары бар, телеарнасы бар. Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдасқан түрде жұмыс істейді. Біреу туралы пікір жазсаң шибөрідей талап жеуге дайын. Біреу бір пост жазса, өзгелері жанталаса лайк басып, тоқтаусыз бөлісе жөнеледі. «Ислам мемлекеті» деп өздеріне айдар таққан атышулы ұйымға тілеулес топтардың Қазақстандағы лидерсымақтары әлі тайраңдап жүр... Неге батыста атыс болды? Осы тұста ДАИШ лаңкестік ұйымы Сирия мен Ирактағы маңызды мұнай қорларын қолдарына алып, ондағы шикізаттарды заңсыз жолмен сатып, ақша тауып отырғанын еш ұмытпауымыз керек. Бір нәрсе анық, бұлардың жүрегі Қазақ, Қазақстан деп соқпайды, бұлар өздерінің иелеріне қарап ұлып отыр, ДАИШ-тың тезірек келгенін қалайды. Біздің Отанымыз осы жер — Қазақстан, тыныштық керек. Олар ертең бір-ақ күнде ар жаққа тайып тұрады. Айтпақшы, Ауғанстандағы Талибан ұйымын ығыстырып, орынын басып Орта Азияда үкімін жүргізуді көздеп отырған ДАИШ астыртын жұмысын күшейтті. Олардың әрбір мүшесіне төленетін айылығы орташа 400 доллар болса, былтыр оны арттырды деген мәліметтер тарады. Бізде қаншама адам жұмыссыз жүрсе де олар дөңкиген Джип мініп, үш-төрт әйел құшып, шалқып өмір сүруде... Жалпы салафиттікке қатысы бар билікте отырған, өзге де осы топтың осындағы ұйым лидерлерінің дүние-мүлікті қайдан алып отырғанын құзыретті органдар жедел түрде мұқият тексеру керек. Бұларға шетелден ағып келіп жатқан қаржы ағымы бар. Бұларды құтыртып отырған да сол ырғын ақша... Өкінішістісі, осы тақырыпты білетін бірде бір білікті маман жоқ Ел тыныш болсын... РЕДАКЦИЯДАН: Шағын мақалада айтылған ойлар мен байламдар автордың жеке көзқарасы болып табылатынын ескертеміз. Дәулеткерей Кәпұлы, ақын abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_4912.txt
Әсия Бағдәулетқызы. Алматы қай мәдениеттің орталығы?
https://abai.kz/post/4912
"Әсия Бағдәулетқызы. Алматы қай мәдениеттің орталығы?" | "https://abai.kz/post/4912"
26.09.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Әсия Бағдәулетқызы. Алматы қай мәдениеттің орталығы? URL: https://abai.kz/post/4912 META: "Әсия Бағдәулетқызы. Алматы қай мәдениеттің орталығы?" | "https://abai.kz/post/4912" DATE: 26.09.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 759 TEXT: Осыдан бірнеше жыл бұрын «бастамашыл топ» Алматыда «Битлздың» мүсінін қоямыз деді. Ал кеп алыстық. Сейфуллин саябағына қоямыз деді, болмады. Опера театрының алдына орналастырамыз деді, бермедік. Қала берді, Қаржылық орталыққа қармақ салды. Тағы да дегеніне жете алмады. Барған сайын биіктеп, ақыры төбемізге бір-ақ шықты. Ағылшынның әйгілі төрттігі Алматының төрінен - Көктөбеден ойып тұрып орын алды. Айбыны асқан Джон Леннон, Ринго Старрлар жер болған қазақтың рухына сонау жоғарыдан көз салды. Шәкерім шықпаған, Абай аңсаған, тіпті хан Абылайға «арман болған» Көктөбе. Жергілікті басылымдар, обалы не керек, бұл мәселені айтудай-ақ айтты. Бірақ «Битлздың» жыртысын жыртқандар Алматы қаласының әкімшілігінен де мықты болып шықты. Олар кімдер еді? Осыдан бірнеше жыл бұрын «бастамашыл топ» Алматыда «Битлздың» мүсінін қоямыз деді. Ал кеп алыстық. Сейфуллин саябағына қоямыз деді, болмады. Опера театрының алдына орналастырамыз деді, бермедік. Қала берді, Қаржылық орталыққа қармақ салды. Тағы да дегеніне жете алмады. Барған сайын биіктеп, ақыры төбемізге бір-ақ шықты. Ағылшынның әйгілі төрттігі Алматының төрінен - Көктөбеден ойып тұрып орын алды. Айбыны асқан Джон Леннон, Ринго Старрлар жер болған қазақтың рухына сонау жоғарыдан көз салды. Шәкерім шықпаған, Абай аңсаған, тіпті хан Абылайға «арман болған» Көктөбе. Жергілікті басылымдар, обалы не керек, бұл мәселені айтудай-ақ айтты. Бірақ «Битлздың» жыртысын жыртқандар Алматы қаласының әкімшілігінен де мықты болып шықты. Олар кімдер еді? Сталиннің өзі «Шығыстың қыраны» атаған Жұмағали Шаяхметовтің туған немересі Ринат Шаяхметов. Орыстілді бір газетке берген сұхбатында Шаяхметов мырза «Битлзды» пейішке шығару жолында қанша теперіш көргенін жылап жібере жаздап баяндап берді: «Биліктің қандай дәліздерімен жүруге, қанша адамның алдына баруға тура келгенін білсеңіз!»... «Оқушы кезінде үй жұмысын орындаудың орнына «Битлзды» ұрлап тыңдайтын» (өз сөзі) Рәкең туған атасының ескерткішін қою үшін мұнша тер төкпес! КИМЭП-тің студенттеріне оқыған дәрісінде айтқандай, өзі аса табанды жігіт екен. Қоймай жүріп, дегеніне жетті. Оған қиналған кезде қол ұшын беріп, «арманын орындаған» - Марғұлан Сейсембаев. Иә, иә, атақты «Сеймар», кейіннен істі болып, Англия асқан «Альянсбанктің» серкелерінің бірі. Шаяхметовты қойшы, асфальттің баласы, «Битлзды» бесікте жатып тыңдаса, тыңдаған шығар, ал еңбек жолын қойшы болып бастаған Сейсембаевқа не жоқ? Қойшы әйтеуір, банкирлер барын салып жүріп «Битлзды» төбемізге қойды. Бірақ оларды ұлықтау мұнымен бітпеген көрінеді. Таяу күндері Алматыда үркердей топ «Битлздың» 50-жылдығы мен Джон Леннонның 70-жылдығын атап өтті. Әрине, Леннонның туыстары болған жоқ олардың ішінде. Көзін көрген де тірі жан болмады. Есесіне Ерлан Көкеев, Құралай Нұрқаділовалар, тіпті Асыл Беделхан мен Ақжол Мейірбеков сияқты әжептәуір деп жүрген әншілеріміз «Битлз» әндерін шырқапты. Оларға қуанышы қойнына сыймаған Серік Ақышев қосылған. Құдай оңдағанда, Ғани Қасымов, Ермек Аманшаев, Ерлан Қанапьянов, Мэлс Елеусізовтер сахнаға шықпай қалыпты. Әйтпесе, «Битлз.ру» сайтынан біз осы кісілердің шараға асқан құлшыныспен кіріскелі жатқанын оқып-білгенбіз. Дегенмен ұйымдастырушы Айдар Бекбосынов аты аталғандарды Джон Леннон атындағы аллеяның ашылуында құрметті қонақ ретінде күтіп-ақ отыр. Қазақта ұлы жоқ. Қазақта тіпті талант жоқ. Осылай топшылайтын Қасымовтар Леннонға аллея ашып, ағаш отырғызып, мәре-сәре болмақ. Қазақтан кумир таппағандар сыйынатын Құдайын сырттан тауып, жетісіп-ақ жатыр. Енді осындай, «шетел мәдениетімен сусындаған асқан білімдарлардың» қатарына Виктор Цойдың «поклонниктері» қосылыпты. Иә, иә, енді Алматыда Цойдың ескерткішін қоямыз деп еліріп жүргендер бар. Ол үшін әкімшіліктің рұқсаты бес тиынға да керек емес. Виктор Цой дәл «Битлз» сияқты, жеке меншік болып саналатын Көктөбеге орын теппек. Бұл жаңалық та Алматыдағы әншіні еске алу кешінде айтылды. Мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов барын салып Цойдың ескерткішін құйып та қойыпты. Әншінің бойымен бірдей: 1.80.см. мүсіннің қолында оттықтың жалыны алаулап тұрады. Не деген фантазия, не деген романтика десеңші! Батырлардың бәрі бір инкубатордан шыққандай, Абайың анау жерге қарап тұрған, Әл-Фарабиіміз балерина, ал суретшілер Цойды қайтып әспеттеймін деп әлек.  Не көрінді бізге соншама? Цой мен Леннонға татитын ұл таппап па екен қазақ? Алаш арыстарына, Мағжанға, Күләш Байсейітова, анау қазақ театрының негізін қалаған «әулие-актерлердің» біріне де ескерткіш жоқ Алматыда. Қалтасында ақшасы бардың істеп отырғаны анау. Бұл біздің қасірет. Билігі мен байлығы бардың қазақ рухынан алыстап кеткені, не сондайлардың ғана билікке, байлыққа ие болатыны - қазақтың қасіреті. Бұл қалаға шетелдіктер жиі келеді. Бәрі де Көктөбеге барады. Республика Сарайының алдындағы ұнжырғасы түскен «қара шалды» қайтсін, қаланы «алақанындағыдай» көріп тұрған Маккартнилермен жүздесіп, мәз-мейрам болады. «Еее, бұл байғұстарда қайбір мәдениет болсын...». Иә, Алматының бұрыш-бұрышында көрінгеннің кеші өтіп, ерінбеген «ерім» дегенге ескерткіш қойып жатыр. Қазақтың мәдениетін өшірейін деп қасақана әрекет етіп жүрген басқа біреулер бар дейін десең, осының бәрінің басы-қасында жанаталасып жүрген - қазақтың қарадомалақ балалары. Ақыры бәріміздің қорыққанымыз болды: төрттік төбемізде ойнап қана қойған жоқ, өзінен кейінгі талай «әлемдік жұлдыздарға» жол ашып берді. «Битлз», Цой, келесі кім? Келесі «герой» да араға үш жыл салып пайда болар ма екен? Әй, бұл жолы әдеп сақтап әуре болмайтын шығар... Көктөбе үлкен ғой, бәріне жетеді. Шетелдің жын-шайтанын үйірімен әкеліп иірсе де ешкім қой дей алмайды. Айтпақшы, жорамал: қайтқанына бес жыл толмай Майкл Джексон да Көкөтөбеге шығуы кәдік. Құдай біледі, солай болады да. Мадонна біраз жасай тұрса екен деп Тәңірден тілейік... "Халық сөзі» газеті, №13, 17.09.2010
qosymsha/abai.kz
post_76967.txt
Желтоқсаншы. "Қажыгелдинді елге қайтару керек"
https://abai.kz/post/76967
"Желтоқсаншы. "Қажыгелдинді елге қайтару керек"" | "https://abai.kz/post/76967"
17.09.2018
Сайлау Лепесов
null
TITLE: Желтоқсаншы. "Қажыгелдинді елге қайтару керек" URL: https://abai.kz/post/76967 META: "Желтоқсаншы. "Қажыгелдинді елге қайтару керек"" | "https://abai.kz/post/76967" DATE: 17.09.2018 AUTHOR(s): Сайлау Лепесов TOTAL WORDS: 183 TEXT: “Ауруын жасырғанды өлім әшкере  етеді” деген  бар. Қазіргі Қазақстандағы  жағдай  Мемлекетімізге, оның ішінде  Мемлекет  құрушы, яғни осы  ел мен жердің тікелей иесі - қазақ  ұлтының  жойылып  кету жағдайында  тұрғаны анық.  Бүгінгі  елімізді  жұқпалы індеттей жайлаған тәртіпсіздік, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, ындыны мен араны ашылған тойымсыз шен-шекпенділер қазақтың  ұланғайыр жерінің астындағы бар байлығын түгел сатып, шетке асырып тауысты. Енді  жері мен оның  бетінде  түк  қалдырмай  сатуда. Ұлттық  құндылық атаулыны  құрдымға  кетіріп, қазақ   халқын  мұнша  жердің  иесі  болуға жарамсыз  ұлт етіп көрсетуді  мақсат  еткен  астыртын  жымысқы  ұйым жұмыс  істеуде. Мемлекет  басындағы  ағаларымыз елдің  ертеңін  емес, өздерінің құлқынын ғана ойлап  отыр. Мемлекетіміздің  қауіпсіздігін  жан-жағымыздағы  екі  үлкен  империяның  агентінің  қолына  ұстатып, құлдыққа апарар  жолға  түсіргенін, зар ғып  айтып  жатса да, құлақ қояр ешкім жоқ. Себебі, билік  қазақ  ұлтымен  санасуды қойды. Бұл ұлтты  керексіз санайтын болды. Менің  ұсынысым - қазақ  ұлтының  барша  азаматтары бір ауыздан  қолдап, шет  елде  қуғында  жүрген  ғалым,  экономист,  бұрынғы  премьер-министир, демократиялық  еуропаның  бар  өркениетті  құндылығын  бойына  сіңірген, демократ,  шыншыл  азамат – Әкежан  Мағжанұлы Қажыгелдиннің елге келуін  талап  етіп, 5-10 жыл Қазақстандағы билік ісіне араластырсақ, ұлт  ретіндегі есемізді түгендер ме едік? Сайлау Лепесов, желтоқсаншы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_9274.txt
Человек и пространство
https://abai.kz/post/9274
"Человек и пространство" | "https://abai.kz/post/9274"
29.06.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Человек и пространство URL: https://abai.kz/post/9274 META: "Человек и пространство" | "https://abai.kz/post/9274" DATE: 29.06.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 783 TEXT: Разнообразие никуда не исчезло. Оно просто прячется за фасадами из серых панелей В самом начале нулевых наша страна боролась за право проведения у себя очень значительного международного мероприятия. Презентация заявки сопровождалась раздачей красивых буклетов и книг о России. Книга уместным образом называлась высокопарно: «Россия - планета пространств». Имелись в виду пространства географическое, экономическое, культурное и проч. Определенной проблемой стало то, что не на всех иностранных языках можно было соблюсти всю «линейку» пространств, оперируя одним и тем же словом. Ну и плохо, что в той заявке мы не победили. Стихия бесконечного пространства формирует строй души российского человека, его темперамент, как и религия, язык, историческая память, климат. Я написал «российского», а не «русского» не из модной политкорректности, а потому что действительно не найти на Восточно-Европейской равнине или в Сибири человека любой крови, кто не понял бы гоголевское: «Отсюда хоть три года скачи, ни до какого государства не доскачешь». Разнообразие никуда не исчезло. Оно просто прячется за фасадами из серых панелей В самом начале нулевых наша страна боролась за право проведения у себя очень значительного международного мероприятия. Презентация заявки сопровождалась раздачей красивых буклетов и книг о России. Книга уместным образом называлась высокопарно: «Россия - планета пространств». Имелись в виду пространства географическое, экономическое, культурное и проч. Определенной проблемой стало то, что не на всех иностранных языках можно было соблюсти всю «линейку» пространств, оперируя одним и тем же словом. Ну и плохо, что в той заявке мы не победили. Стихия бесконечного пространства формирует строй души российского человека, его темперамент, как и религия, язык, историческая память, климат. Я написал «российского», а не «русского» не из модной политкорректности, а потому что действительно не найти на Восточно-Европейской равнине или в Сибири человека любой крови, кто не понял бы гоголевское: «Отсюда хоть три года скачи, ни до какого государства не доскачешь». Родство с бесконечными просторами - это наша черта. Оставим в стороне особый Китай. Все другие территориально огромные страны - Канада, США, Бразилия, Австралия - формировались выходцами из Европы. Потом под влиянием новых условий возникали новые нации, и они уже тоже были на «ты» с прериями, пустынями и тайгой. С путешествиями и переездами с Восточного на Западное побережье, ставшими одними из столпов новой американской культуры. Европа не боялась расстояний и неизведанного, покорила немало континентов. Но дома европейца ждало все маленькое и аккуратное. Я вспоминаю, как довелось мне лететь над Россией на вертолете с одной супружеской парой из Голландии. Взлетели, пересекли линию железной дороги, а потом начался бесконечный лес. И ничего кроме леса, только иногда речки. Полчаса длилось молчание, а потом женщина сказала: «Когда я была маленькая, я жила в маленьком городке. И, выходя гулять в поле, смотрела на пять шпилей соборов в других городках». Я ее успокоил рассказом о том, что, пока большевики не взорвали Костромской кремль, в хорошую погоду при благоприятных обстоятельствах с колокольни была видна колокольня в Ярославле. Вообще-то мы летели не в Сибири, а над Тверской областью. Из-за того, что Россия так огромна, мы ее плохо знаем. Это, конечно, лишь в дополнение к тому, что ленивы и нелюбопытны. А потом, если ты не коммивояжер, репортер или фанат автостопа, но все-таки путешествовал по жизни, ты становишься жертвой неверных представлений о стране. Слышишь о некоем городе, в котором ты побывал, но город далеко, и вряд ли ты там окажешься скоро опять. А был ты в том городе пять лет назад. И у тебя в голове представление о российской глубинке пятилетней давности. Поэтому некоторые уверены, что за «МКАД жизни нет». Скорее всего это нытики, именуемые в Интернете эмопатриотами. Вопреки их убежденности последние 15 лет российская глубинка только и занимается тем, что прихорашивается. Конечно, в соответствии с уровнем достатка, но с равным старанием. Разнообразие часто бывает неожиданным Фото Евгения Зуева (НГ-фото) Красит фасады, кладет плитку, ставит забавных бронзовых персонажей на ставших обязательными пешеходных улицах в центре самых уездных из городов. Конечно, встречаются места совсем печальные. Только пусть никто не рассказывает мне, что они когда-то были радостными. Не бывая в некоторых местах долгое время (опять эти расстояния), я почти всегда нахожу их более чистыми и благоустроенными, чем годы назад. Расстраиваюсь оттого, что изменения могли бы быть более быстрыми. И задаюсь вопросом: почему, если последние 20 лет мы только и делали, что все теряли: образование, патриотизм, танковые армии, науку, привычку к чтению, станкостроение... - окружающие нас улицы менее серы и убоги? Променяли внутреннее на внешнее? Звучит неубедительно. Россия разнообразна. Звучит как «вода мокра». Горы, вулканы, Байкал... В то же время коммунисты сделали все, чтобы утвердить единообразие на тысячи верст в округе. Но им не удалось стереть различия даже соседних уездов. Только различия эти, индивидуальность, закрытая за фасадами серых панелек и силикатного кирпича, становилась от этого еще трогательнее. Благоустройство важно. Но люди интереснее. Не только из-за расстояний мы плохо знаем, чем живут другие наши сограждане. Мы просто ими мало интересуемся. Скоро лето, пора в дорогу. http://www.ng.ru/printed/254915
qosymsha/abai.kz
post_2677.txt
«Барыс» ҚХЛ чемпионатында Мәскеу маңы клубы «Атлантқа» буллиттер сериясында есе жіберді
https://abai.kz/post/2677
"«Барыс» ҚХЛ чемпионатында Мәскеу маңы клубы «Атлантқа» буллиттер сериясында есе жіберді" | "https://abai.kz/post/2677"
26.12.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Барыс» ҚХЛ чемпионатында Мәскеу маңы клубы «Атлантқа» буллиттер сериясында есе жіберді URL: https://abai.kz/post/2677 META: "«Барыс» ҚХЛ чемпионатында Мәскеу маңы клубы «Атлантқа» буллиттер сериясында есе жіберді" | "https://abai.kz/post/2677" DATE: 26.12.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 216 TEXT: Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының жүйелі чемпионатының матчында өз мұз айдынында  Мәскеу маңы клубы «Атлантқа» 4:5 есебімен есе жіберді. Қонақтар екінші кезеңнің ортасына дейін төрт шайба соғып, алға шықты, бұл жетістікке Иржи Новотна, Павел Чернов және Ян Булистің арқасында қол жеткізілді.  Алайда «Барыс» қарсыластармен есепті теңестіре алды. Илья Соларев, Роман Савченко, Дэвид Немировски және Максим Спиридонов шайба соқты. Соңғысы матчтың аяқталуына жеті минут қалғанда есепті теңестіріп үлгерді. Бірақ буллиттер сериясында «Атлант» басым түсті, шешуші соққыны Эрик Ландри жасады. Осы сәтсіздіктен кейін «Барыс» 56 ұпаймен Шығыс конференцияда бесінші орын алып отыр. Астаналықтар келесі матчын 27 желтоқсанда петерборлық «СКА» клубына қарсы өз мұз айдынында өткізеді. Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының жүйелі чемпионатының матчында өз мұз айдынында  Мәскеу маңы клубы «Атлантқа» 4:5 есебімен есе жіберді. Қонақтар екінші кезеңнің ортасына дейін төрт шайба соғып, алға шықты, бұл жетістікке Иржи Новотна, Павел Чернов және Ян Булистің арқасында қол жеткізілді.  Алайда «Барыс» қарсыластармен есепті теңестіре алды. Илья Соларев, Роман Савченко, Дэвид Немировски және Максим Спиридонов шайба соқты. Соңғысы матчтың аяқталуына жеті минут қалғанда есепті теңестіріп үлгерді. Бірақ буллиттер сериясында «Атлант» басым түсті, шешуші соққыны Эрик Ландри жасады. Осы сәтсіздіктен кейін «Барыс» 56 ұпаймен Шығыс конференцияда бесінші орын алып отыр. Астаналықтар келесі матчын 27 желтоқсанда петерборлық «СКА» клубына қарсы өз мұз айдынында өткізеді.
qosymsha/abai.kz
post_13464.txt
“Ақын кетiп барады көшеменен...”
https://abai.kz/post/13464
"“Ақын кетiп барады көшеменен...”" | "https://abai.kz/post/13464"
11.05.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: “Ақын кетiп барады көшеменен...” URL: https://abai.kz/post/13464 META: "“Ақын кетiп барады көшеменен...”" | "https://abai.kz/post/13464" DATE: 11.05.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1794 TEXT: Оқырмандарын имани мәңгi құндылықтарға шақырған жырлар - қашан да өмiршең. Ондай дүниелердiң қамтымайтын аудиториясы жоқ. Жасы бар, жасамысы бар қарапайым еңбеккерден бастап ғұлама ғалымдарыңызға дейiнгi аралықта көкiрек көзi ояу жандардың жақсы жырға елең етпейтiндерi шамалы. Себебi, қоғамдық құрылымдар мен заманалар өзгерсе де өзiнiң Түп Негiзiне, Жаратушысының рахымына деген адам баласының ұмтылысы - мәңгiлiк. Сондай дүниелердiң бiрi Мұқағали жырлары екенiн Уақыт төрешi өзi дәлелдеп келедi. Әсiресе, ақынның 80 жылдық тойы қарсаңында газет-журналдарда жарияланған жүрек жарды пiкiрлер тасқыны - соның дәлелi. Ақынның туған Қарасазындағы үш жүзге сауын айтқан алқалы тойы қарсаңында экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшан маған телефон шалды. - "Жас Алаш" газетiнен Мұқаңның жырлары жайлы "Жаратушы, жалғыз Ием, қолдай гөр" деген бiр бет мақалаңды оқып шығып, ойыма студенттiк кездерiм түсiп, ерекше тебiре­нiс­те отырмын. Расында ол кiсi ұлы ақын едi ғой. Мұқаңмен кездескен кездерiмiз әлi есiмде, - дедi ғалым. Оқырмандарын имани мәңгi құндылықтарға шақырған жырлар - қашан да өмiршең. Ондай дүниелердiң қамтымайтын аудиториясы жоқ. Жасы бар, жасамысы бар қарапайым еңбеккерден бастап ғұлама ғалымдарыңызға дейiнгi аралықта көкiрек көзi ояу жандардың жақсы жырға елең етпейтiндерi шамалы. Себебi, қоғамдық құрылымдар мен заманалар өзгерсе де өзiнiң Түп Негiзiне, Жаратушысының рахымына деген адам баласының ұмтылысы - мәңгiлiк. Сондай дүниелердiң бiрi Мұқағали жырлары екенiн Уақыт төрешi өзi дәлелдеп келедi. Әсiресе, ақынның 80 жылдық тойы қарсаңында газет-журналдарда жарияланған жүрек жарды пiкiрлер тасқыны - соның дәлелi. Ақынның туған Қарасазындағы үш жүзге сауын айтқан алқалы тойы қарсаңында экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшан маған телефон шалды. - "Жас Алаш" газетiнен Мұқаңның жырлары жайлы "Жаратушы, жалғыз Ием, қолдай гөр" деген бiр бет мақалаңды оқып шығып, ойыма студенттiк кездерiм түсiп, ерекше тебiре­нiс­те отырмын. Расында ол кiсi ұлы ақын едi ғой. Мұқаңмен кездескен кездерiмiз әлi есiмде, - дедi ғалым. Расын айту керек, қыруар ғылыми жұмыстарын былай қойғанда, жауапты мемле­кеттiк iстерiнен қолы қалт етiп, өз жеке тұрмыс-тiршiлiгiне де мойын бұруы қиын жанның поэзияға деген мұндай iлтипаты менi қайран қалдыр­ған едi. "Газет-журналды ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да" мемлекеттiк жиындар мен шаралардың бел ортасынан табылып, елдегi бiлiм қамы үшiн алыс-жақын шетелдерге де шапқылаумен жүретiн Қазақстан Жоғары оқу орындары ректорлары қауымдастығының төрағасы, "Тұран" универ­си­­тетiнiң ректоры Рахман бауырымыздың осылайша тебiрене тұрып, пiкiр айтуы, сөз жоқ, Мақатаев поэзиясының қуат-күшi едi. - Ол жылдары ҚазМУ-дың философия-экономика факуль­те­тiнiң студентi болатынмын. Өзiң бiлесiң: мен я ақын, я журналист емеспiн. Бiрақ ауыл баласымыз ғой, Мұқаңның жырлары жүре­гiме дөп тиетiн. Бiр мен ғана емес, қа­сымдағы басқа достарым да ол кiсi­мен әр кездескен сайын қиялдарына қанат бiтiп, отансүйгiштiк сезiм­дерi артып, болашаққа деген мақсаттарының айқындалып, бiр толқып қалатындарын жасырмайтын. Олар болашақ әртүрлi мамандық иелерi едi. Ол жылдары сабағымыздың бiразы сол кездегi Масанчи мен Киров көшелерiнiң қиылысындағы ҚазМУ-дың механика-математика оқу корпусында өтедi де, келесi бөлiгi Бас поштаның жанындағы универси­те­тiмiздiң бас корпусында жүргiзiлетiн. Содан бiздiң факультет студенттерiнiң дамыл таппай, екi арада шапқылап жүргендерi... Сабақ пен сабақ арасында, жүрек жал­ғап алу үшiн, сол кездегi "Алатау" қонақүйiнiң ең астыңғы қабатындағы "Пельменханаға" барамыз. Ол жерде бiз жиi-жиi ұлы ақынды, Мұқағали Мақатаевты кез­дестiрiп қалушы ек. Ол кiсi құдды бiр өз туған балаларын қарсы алғандай-ақ, бiзбен шұрқыраса кететiн. Бiздi көрiсiмен: - Ау, жастар, келiңдер, мен сендерге таң алдында ғана жазған жырымды оқып берейiн. Сендерге көбi­рек жыр тыңдаған жақсы. Жүректерiң жұмсарады, - дейтiн де өзiнiң қоңыр үнiмен бастап кететiн. Болашақ экономист ретiнде оқып-тоқып жүрген толып жат­қан есеп-қисаптарым мен ұшы- қиырсыз теорияларым бiр сәт естен шығып, жүрегiмдi ақын жырлары жаулап алушы едi. "Ақынның жаңа өлеңiнiң алғашқы оқырмандарының бiрi болдым" деген мақтаныш сезiмi пайда болатын көкi­регiмде. Арасында бұрын жазылған өлеңдерiн де оқып қоятыны бар. "Өлеңдерiн сол естiген сәтiмде жаттап ала қойдым" деп айта алмаймын. Дегенмен, кейiнiрек Мұқаңның пышақтың қырындай жұқа-жұқа кi­тапшаларынан сол жолы өзi оқып берген жырларын бiрден танитынмын. Және бос уақытым бола қалса, жырларын қайталап оқып жүретiн едiм. Ал ақын, журналист дос­тарымыз туралы сөз басқа. Олар ақынның жаңа өлеңiн сол мезетiнде-ақ жазып алып, жатқа оқып, шабыттанып кетi­сетiн. - Сендер түшпараларыңды жей берiңдер, тамақ iшiп болғандарыңша мен сендерге қысқа өлеңдерiмнен оқып берейiн. Сабақтарыңнан қалып қоймаңдар. Сендерге бiлiм де керек, жыр да керек. Бiлiм ақылдарыңды, жыр жүрек­терiңдi байытады, - деп өзiнiң қоңыр даусымен оқи жөнеле­тiн едi. Сондай жырларының бiрi ерiксiз есiмiзде қалып қойыпты. Себебi, туған ауылдарын аңсап, сағыныштан жүдеп жүрген бiз секiлдi студенттерге ол өлеңiнiң ерекше ыстық болғаны түсiнiктi деп ойлаймын. Қазiр де мiне қолымда - Мұқаңның кiтабы. Сол баяғы бiздiң сағынышымызды молайта түскен өле­ңiне тағы да көз салып отырмын. Соны оқып берейiн. "Бiр әңгiме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат­ табылмайды. Бұлдырасын өткен күн сағымдай бiр, Бiр әңгiме қозғашы ауыл жайлы. Қар да iлiгiп қалған-ды тау басына, Мұз тоңды ма, бұлақтың жамбасына? Суық келiп, суыр да жатқан шығар, Қамдап алып азығын қамбасына", - дейдi ақын кеудесiн кере, терең бiр күрсiнiп. "Оқу, оқу" деп жүрiп, көптен берi ауылға бара алмай жүрген бiздер мұңайысып қаламыз. Соны сезгендей-ақ, Мұқаң: "Ой, бәтшағарлар! Ендеше, басқа тақырыпқа ойысайық!" - дейдi де: "Көктем де келер, От ойнар әлi аспанда. Көгерер әлi: Кәрi емен, қайың, жас тал да, Дүлейдiң шоғы түспесе екен деп тiле, Аспанда апат зарядтар жағаласқанда..."- деп басталатын өлеңiн оқи жөнелдi. Ойланып қаламыз. "Солай боп кетуi мүмкiн екен-ау!" - деген ой мазалайтын бiздi. Бұл өлеңдердi мен қазiр де жатқа айтып отырған жоқпын, әрине. Сол жылдары өзiм ақын аузынан тi­келей естiген осындай өлең­дерi қазiр де маған ерекше ыс­тық. Менiң ойымша, жиырманың үстiндегi студент кезi­мiзде бiзге қатты әсер еткен ақынның өлең­дерi уақыт өте келе одан бетер қуаттанып кеткен сияқты. Қазiргi студент жастардың Мұқағали поэзиясына арналған шығармашылық кеш­терiн қарап жүремiн. Бүгiнгi жас дәл кешегi бiз сияқты толқиды Мұқаң жырларын оқып тұрып. Күнделiгiнде өзi айт­қан едi ғой: "бәлкiм, мен келер ғасыр жастарының құрдасымын", - деп. Ол кездерi ҚазМУ-дың бас корпусы қазiргi Театр-өнер академиясы орналасқан ғимаратта, Бас поштаның қасында болатын. Университетiмiздiң алдында субұрқақ бар едi. Айналасы жасыл бақ, жағалай қойылған ұзынша орындықтар. Мұқаңды кейде сол орындықтардан көретiн едiк. Қос қолымен орындықтың қос қапталын қапсыра ұстаған күйi қайран талант алысқа, тым биiкке шабыттана көз салып отыратын. Құдды бiр қос қанатын жайған қыран десе болғандай. Жалпы, мен өз басым Мұқаңның ешқашан жүдеп-жадап, ұсқыны кетiп жүрген кезiн көрген емеспiн. Кейбiреулер "анау-мынау" деп ол кiсiнiң кейбiр пендешiлiк қырларын ауызға алып жатады. Бәрiмiз де жұмыр басты пендемiз. Пендешiлiк кiмде жоқ!? Кемшiлiксiз адамды тауып берiңiзшi маған!? Ол кiсiнi көрiсiмен, амандасып, қасына жетiп барысамыз. Жадырай күлiп, қуана қарсы алатын. Тағы да өлеңдерiн оқитын. Бос уақытымыз бар болса, жырларын тыңдай беруден жалықпаймыз. Сондағы менiң байқағаным: ақын Мақатаевтың айналасында көбiне жастар жүретiн. Талантты жастар. Бұл заңды көрiнiс едi. Себебi, жақсыны, шын талантты жастар көбi­рек таниды ғой деп ойлаймын. Журналистермен бiр корпуста оқыдық. Үнемi Мұқаңның айналасынан көрiнетiн, жүзiтаныс ақын жiгiттерiмiздiң көп­шiлiгi журфактың, филфактың сту­денттерi едi. Университетте шығармашылық кештер бола қалса, екпiндетiп жырларын оқып тұратын. Мұқаңның әсерi олардың жырларынан да, өз-өздерiн ұстауларынан да бiрден байқалушы едi. "Шығармашылық кештер" демекшi, филология, журналистика факультет­те­рiнде сол кездерi әдеби үйiрмелер бар болатын. Олар түрлi ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырушы едi. Өз басым сол жылдары "Мұқағалимен кездесу ұйымдастырылды» дегендi естiмеппiн. Соның бәрi ол кiсiнiң жүрегiне батады екен ғой. Бiр жолы бiзге: "Менi кездесуге шақырсаңдар, поэзия жайлы кеңiрек айтып берер ем", - деп те қалған болатын. Филология, журналистика факультет­терiнiң тiкелей студенттерi болмағандықтан, үндей алмай қалған едiк. Бiздiң арамызда да ақын жiгiттер болды. Олар қолдары қалт етсе бiттi, Мұ­қағали ақынның қасынан табылысатын. Ол кiсiнiң әсерiмен талай өлеңдер де жазды әрiптестерiм. Ғалым Рахман Алшанның осы жүрек жарды пiкiрi тұсында бiздiң де ойы­мыз­ға студенттiк шақтарымыздың орала кеткенi... ҚазМУ-дың филология факуль­тетiне 1972 жылы оқуға түскен бiздер ұлы ақын дүниеден өткенде төртiншi курстың студенттерi едiк. Әлi есiмде журфак пен бiздiң факультеттiң базбiр ақын жiгiттерi: - Бүгiн бiз Мұқағали ақынмен бiрге болдық. Жырларын тыңдадық. Керемет! Ертең де барамыз. Шiркiн, Мұқаң!!! Бiр өзi бiр университет қой! Поэзия институты! - деп шабыттана, шалқи сөйлейтiн. - Шын ақынды көрiп, тыңдағыларың келсе, бiзбен бiрге жүрiңдер, қыздар, - деседi ақын жiгiттер. - Бiз ақын емеспiз. Бiртүрлi ыңғайсыз сияқты барғанымыз. Оқу корпусымыз да Бас поштаның жанында емес. Әдейi iздеп барғанымыз қалай болар екен?! - деймiз бiздер тартыншақтай. - Эх, қыздар, қыздар. Жiгiт боп жаралмағандықтарыңнан-ақ талай рухани олжалардан құр қалып жүрсiңдер ғой... - дейдi студент ақын жiгiт бiздi баласынып, "шекесiнен" қараған күйi. Ғалым Рахман Алшан айтпақшы, бiз оқыған жылдары факуль­теттерiмiзде ақиық ақынмен арнайы кездесулер өткiзiлген болса, бәлкiм, мен де ол кiсiнi көру мүмкiндiгiне ие болар ма едiм. Кейiн жылдар өте келе Мұқаңның поэзиясына қайта-қайта қайрылған сәттерiмде өз болмысымнан мынандай қызық жайтты аңғардым. "Мұқаңды тiршiлi­гiн­де көрген емен", - деген ой санамда тұрақтап тұра алмайды екен. Әрине, дәйектеме шындық ретiнде солай деп айтатыным, жазатыным бар. Бiрақ мен ол кiсiнi жырлары, басқа да жазған дүниелерi арқылы өте жақсы әрi жақын танитын сияқтымын. Болмысын өзiмше көңiл төрiмде сомдап ал­ғам. Оған ғалым Рахман Алшан сияқты кiсiлердiң естелiк­терi де өз реңкiн қосады тиiсiнше... Сонымен ғалымның пiкiрiне қайта оралсақ. - Мұқаңның 80 жылдығына байланысты газет-журналдарда сандаған мақалалар мен ол кiсiнiң суреттерi жариялануда ғой. Солардың iшiнде бiр сурет менiң көзiме әсiресе оттай басылды. Ақын сыртқы киiмiнiң түймелерi ағытулы күйде кө­ше­нi қақ жарып келедi екен. Бейне бiр тұтас әлемдi көкiре­гiне сыйғызып келе жатқандай... Ол кiсi тiршiлiгiнде де сондай едi. "Жас Алаш" пен "Ана тiлiнде" қатар жарияланған бұл суретке "Ана тiлi" газетiнде "Ақын кетiп барады көшеменен" деген тамаша тақырып қойылған екен. Мiне, дәл осы суретте Мұқаңның бүкiл болмысы тұр. Кең, мәрт әрi шуақты көңiлi... Ол кiсiнiң жыры мен жан шуағына талай бөленгенiмiз­дi жоғарыда айттым ғой. Мұқаңның бейнесiн кинода немесе театрда сомдамақ болған актерлер болса, сол суретке мұқият зер салсын дегiм келедi. Ол кiсiнiң жанында бiраз жүрген бiздер ақын болмасақ та ақындарша осылай толқып қалатынбыз. Өмiрдi, адамдарды шексiз сүйетiнiн, сол адамдардан соққы да жеп жүргенiн ол кiсi жырларымен аңғартушы едi. Баласынбай бiзбен сырласатын. Тек өзiнiң мұңын жеткiзушi едi. Ешкiм туралы жаман айт­пайтын. Кейде кездейсоқ, мүмкiн, кейде әдейi iздеп барып ақынмен ұшырасқан сәт­терiмдi өзiмнiң ең бiр бақытты кездерiм деп есептеймiн. Үйi­ме қазақ тiлiндегi газет-журналдардың көбiсiн жыл сайын жаздырып алып отырамын. Мiне, қараңызшы, ақын Мақатаев жайлы қаншама мақалалар жарияланып жатыр! Мысалға келтi­рiлген мына бiр өлең жолдарын оқып көрейiкшi: "Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат, Қызық өмiр, ақырын тұрсам қарап,. Бiреулердiң еңбегi еш, тұзы сор боп, Бiреулердiң бақыты жүр сорғалап. Қызық өмiр кiм бiлсiн, сонысымен, Аласы мен құласы, торысымен. Тағдыр түрлi болғанмен өмiр бiреу, Ұнатамын өмiрдi сол үшiн мен!" Осы өлеңiн бiзге де оқып берген едi. Сол кездегiдей жанымды әлi де тербейдi. Расында өмiр күрделi әрi қызық қой. Қазақтың бiз сияқты қаншама азаматының ақын өлеңдерiне қарыздар екенiн есептеп шығу қиын шығар. Орайы келiп тұрғанда мынандай бiр ұсынысымды айта кеткiм келедi. Мұқаң жайлы әлi күнге дейiн толық қанды деректi фильм көрсетiле қойған жоқ. Бұл кiсiнiң көзiн көрген­дердiң түйген-бiлгендерiн алып қалуы­мыз керек қой. Мұндай кiсi туралы кең форматты көркем фильм түсiрiлсе, тiптi жақсы болар едi. Бүгiнгi және келер ұрпақтарға рухани азық болсын... Мұндай шаруаларға қомақты қаржы керек, әрине. Мақатаев атындағы қордың бар екенiн де бiлемiн. Бiрақ Мұқаңдай кiсiге арналып екi-үш қор ашылса да көптiк етпейдi. Қор аша­йық. Ақынның өмiрi мен шығармашылығының кеңiрек насихатталуына септi­гiмiздi тигiзейiк дегiм келедi. Мұқаңдай таланттарымызды қастерлесек-өзiмiздi сыйлағанымыз деп ойлаймын. Ғалым осылай деп ойын түйiн­дедi. Уақытының басым бөлiгiн мынау фәни өмiрдiң қарбалысқа толы қоғамдық тiрлiктерiне арнап жүрген қайраткер ғалымның осы бiр жүрек-жарды сырлары Мұқағали шығармашылығының өмiршеңдiгiне мегзегендей. Жаратушы Иемiз Өзiнiң шексiз жомарттығымен айрықша талант және Хақты танитын сарабдал көңiл сыйлаған Мұқағали ақын, бұйыртса, әлi талай жүрек­тер­дi нұрға бөлер деген үмiттемiз. Нұрлытай ҮРКIМБАЙ «Жас Алаш» газеті
qosymsha/abai.kz
post_296.txt
Президент тапсырмасы орындалмайтын түрі бар...
https://abai.kz/post/296
"Президент тапсырмасы орындалмайтын түрі бар..." | "https://abai.kz/post/296"
27.05.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Президент тапсырмасы орындалмайтын түрі бар... URL: https://abai.kz/post/296 META: "Президент тапсырмасы орындалмайтын түрі бар..." | "https://abai.kz/post/296" DATE: 27.05.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 568 TEXT: Елбасы ел ертеңі – жастардың білім алуына қолдау көрсету бағытында Үкіметке жыл басында республикадағы жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алушы студенттер үшін ұзақ мерзімді несиелер және қосымша мемлекеттік білім алу гранттарын бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырғаны мәлім. Елбасы ел ертеңі – жастардың білім алуына қолдау көрсету бағытында Үкіметке жыл басында республикадағы жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алушы студенттер үшін ұзақ мерзімді несиелер және қосымша мемлекеттік білім алу гранттарын бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырғаны мәлім. Соған орай Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасындағы өзара әрекеттестік туралы келісімнің жобасы мақұлданғаны да белгілі. Жоба бойынша, жоғарыда аталған тараптап өзара әрекеттер туралы келісімге қол қойып, студенттерге жеңілдетілген несие беру бойынша бірқатар нақты шаралар өткізді де. Келісімшарттарына сәйкес агент-банк ретінде «Альянс-банк» АҚ белгіленген болатын. Бір қарағанда, бәрі дұрыс. Алайда жобаны нақты жүзеге асыруға келгенде көп түйткілдің құлағы қылтиып шыға келіп отыр. Жобадағы 40 мың студентке берілмек несиелендіру ісіне 15 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөлінсе, бүгінде бар болғаны 400 студент қана тілек білдіргені, сөйтіп, қазірше тек қана 27 миллионға жетер-жетпес қаражаттың игерілу мүмкіндігі мәлім болған. Жоба мақұлданғалы бірнеше ай өткеннен кейін Президенттің аузымен айтылған бағдарламаның дәл осы қалпында орындалуы мүмкін еместігі аңғарылып отыр. «Сонда Мемлекет басшысына мүлдем негізсіз, бірақ нақты сандық көрсеткіштерді дайындап бергенде, тиісті орындар нені ойлаған?» деген салмағы зіл-батпан сауал кесе көлденеңдейді. Кеше өткен «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің және Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген мемлекет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы сол жөнінде қызу пікірталас пен талқылауға толы болды. Қатысушылар «Тілге тиек болып отырған несиелерге қатысты тұжырымдаманы түбегейлі өзгерту керек пе, әлде не істеу керек?» деген күрмеуі қиын сұрақтарға жауап табуға тырысып бақты. Бұл орайда Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген мемлекет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссия төрағасы Гүлжан Қарағұсованың қабырғасынан қойған сауалына отырысқа арнайы шақыртумен келген Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинова да, «Альянс-банк» АҚ вице-президенті Әділхан Өмірбаев та, «Самұрық-Қазына» өкілі де тұщымды, үзілді-кесілді жауап айта алмай, пұшайман күйге түсісті. Тек жоғарыда аталған комиссия мүшесі, Республикалық «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметовтің болжамдары мен нақты ұсыныстары гәптің қайда екенін аңдататындай. Оның айтуынша, «жеңілдетілген» деген несие шарттарының атына заты мүлдем сай емес. Асылбек Базарбайұлы өз сөзінде несиенің жылдық 9 пайыз бәсінің, кепілдікке жылжымайтын мүлік қою шартының студенттер үшін ақылға қонымсыз талаптар екенін ашына жеткізді. Мәселен, Швеция, Балтық бойы мемлекеттерін айтпағанда, бізбен әлеуметтік-экономикалық көп көрсеткіштері шамалас Беларусь мемлекетінде де пайыздық мөлшерлеменің 4-5 пайыздан аспайтынын көлденең тартты. Сонымен қатар студенттердің отбасылық-қаржылық ахуалы жөнінен аталған кредитке қол жеткізе алатындар санатына енуі үшін қойылатын талаптар да кісінің күлкісін тудырарлықтай. Мәселен, жеңілдетілген-мыс несие алу үшін үміткер студент немесе үйлі-баранды студенттердің жас отбасы мүшесінің бірі мүгедек болуы керек екен. Несиенің осындай одағай шарттары аз емес. Сонда мүгедек немесе асырауында баласы бар және жалғызбасты, әлде әке-шешесінің біреуі мүгедек немесе жұмыссыз, яки зейнет жасына жеткен, оның үстіне әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан, осы тәрізді өңкей «соқыр мен қотыр» жиналған үйірдей бейшара күйдегі бақандай 40 мың студентті қайдан таппақпыз?! Осындай трагикомедиялық ауандағы сауалдарға салмақты да нанымды жауап табу немесе қалыптасып отырған қиын жағдайдан шығу мен мәселені қалайда оң шешу жолдарын іздестіру үшін Президент тапсырмасынан соң өзара бірлесіп әрекет жасауға пәтуаласқан тараптардың біраз бас қатырып, бірталай тер төгулеріне тура келіп тұр. Бір анығы, несие шарттары мен оған қол жеткізе алатын студенттер санатын қалайда түбегейлі қайта қарау қажеттігі көрініп тұр. Бұл жайт бұдан былай да «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті мен Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген мемлекет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның қатаң бақылауында болмақ. Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ “Айқын” газеті 27 мамыр 2009 жыл
qosymsha/abai.kz
post_167953.txt
Алматыдағы 1116 ғимарат тектоникалық жарықтың үстіне салынған
https://abai.kz/post/167953
"Алматыдағы 1116 ғимарат тектоникалық жарықтың үстіне салынған" | "https://abai.kz/post/167953"
21.04.2023
Abai.kz
null
TITLE: Алматыдағы 1116 ғимарат тектоникалық жарықтың үстіне салынған URL: https://abai.kz/post/167953 META: "Алматыдағы 1116 ғимарат тектоникалық жарықтың үстіне салынған" | "https://abai.kz/post/167953" DATE: 21.04.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 173 TEXT: Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты. Спикердің сөзінше, Алматыда жылына 300-ге жуық жерасты дүмпулері болады. Жыл басынан бері 44 жер сілкінісі тіркелді. Оның үшеуі қала тұрғындарына сезілді. Мегаполисте 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан. Оның 754-і сейсмикалық төзімді, 362- сі сейсмикалық төзімді емес. Айтуынша, тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді. «Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында. Бұған дейін Ерболат Досаев ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізілетіні туралы айтқан еді. Сондай-ақ, ол кеше Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматыда әр үйдің кіреберісіне жер сілкінісі кезінде эвакуацияланатын орынның картасы ілінетінін мәлімдеді. Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрсәрсен Өзбеков Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты болжам айтқан. Маманың сөзінше 2023 жылы Алматыда жеті балдан асатын жойқын жер сілкінісі болмайды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_9798.txt
Ғалым БАҚЫТКЕРЕЙҰЛЫ. Құлшылықсыз мұсылман қаншалықты мұсылман?
https://abai.kz/post/9798
"Ғалым БАҚЫТКЕРЕЙҰЛЫ. Құлшылықсыз мұсылман қаншалықты мұсылман?" | "https://abai.kz/post/9798"
02.08.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ғалым БАҚЫТКЕРЕЙҰЛЫ. Құлшылықсыз мұсылман қаншалықты мұсылман? URL: https://abai.kz/post/9798 META: "Ғалым БАҚЫТКЕРЕЙҰЛЫ. Құлшылықсыз мұсылман қаншалықты мұсылман?" | "https://abai.kz/post/9798" DATE: 02.08.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1538 TEXT: Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық ету үшін жаратты. Және оларға Раббыларына бой ұсынып, құлшылық етудің қажеттілігі жан-жақты ескертілуде. Бірақ, дүние қызықтарына  алданып, соларға бастары байланып қалған кейбір жандардың Алла Тағалаға құлшылық етуге мүлде ықыластары жоқ. Сондықтан да олар  түрлі уәждер айта отырып құлшылық етуден бастарын  аршып алмақ болуда. Осындай жандардың кейбіреуі «мен құдайға сенемін» дейді де, сонысымен өзінің Алла Тағаланың алдындағы бар парыздарынан құтылғандай сезінеді. Бірақ, шындығына келгенде «сенемін» деген сөздің салмағы ауыр. Өйткені, сенумен адамның Алланың алдындағы бар міндеті бітпейді. Керісінше, сену адам үшін орындауға тиісті діни міндеттерінің бастауы болып табылады. Бұл міндеттердің ішінде қатаң сұралатыны Алла Тағала белгілеген парыз амалдар. Осы амалдарды қалай орындауына байланысты адамның сенімінің қаншалықты мықтылығы, оның діндар ретінде неге тұратыны анықталады. Сондықтан да «мен Аллаға сенемін» деп, бірақ, мүмкіндігі бола тұра одан әрі баспай қалатын мұсылманның  сенімі иманның ең әлсізі болып табылады. Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық ету үшін жаратты. Және оларға Раббыларына бой ұсынып, құлшылық етудің қажеттілігі жан-жақты ескертілуде. Бірақ, дүние қызықтарына  алданып, соларға бастары байланып қалған кейбір жандардың Алла Тағалаға құлшылық етуге мүлде ықыластары жоқ. Сондықтан да олар  түрлі уәждер айта отырып құлшылық етуден бастарын  аршып алмақ болуда. Осындай жандардың кейбіреуі «мен құдайға сенемін» дейді де, сонысымен өзінің Алла Тағаланың алдындағы бар парыздарынан құтылғандай сезінеді. Бірақ, шындығына келгенде «сенемін» деген сөздің салмағы ауыр. Өйткені, сенумен адамның Алланың алдындағы бар міндеті бітпейді. Керісінше, сену адам үшін орындауға тиісті діни міндеттерінің бастауы болып табылады. Бұл міндеттердің ішінде қатаң сұралатыны Алла Тағала белгілеген парыз амалдар. Осы амалдарды қалай орындауына байланысты адамның сенімінің қаншалықты мықтылығы, оның діндар ретінде неге тұратыны анықталады. Сондықтан да «мен Аллаға сенемін» деп, бірақ, мүмкіндігі бола тұра одан әрі баспай қалатын мұсылманның  сенімі иманның ең әлсізі болып табылады. Иман екінің біріне берілмейтін, ал берілген адамға зор игіліктерге жол ашылатын құн жетпес қазына.  Өйткені, иман адамның «бес күндік» өмірін   мәңгілік бақытты өмірге жалғайды. Ал, имансыз адамның өмірі бар істері зая кеткен түрде мәңгілік азапқа ұласатын болады. Сол себепті де адамға өзінде бар аз ғана сенімін қастерлеп, оны ұлғайтуға мейлінше тырысқан жөн. Алланың ризалығы үшін атқарылатын құлшылық амалдар арқылы адамның жаны тазарып, көкірек көзі ашылып, оның әлсіз сенімі мықты иманға айналды. Ал, құлшылық жоқ жағдайда адамның жаны үздіксіз ластанып, көкірегі көрге айналып, ол  өзінің болымшы сенімінен де  айрылып қалатын болады. Осылай өзінде бар сенімінен  айрылып қалмас үшін де Алла Тағала адам баласына құлшылық етуді міндеттеді. Ал, соның ішінде қатаң талап етілетін құлшылықтар бес уақыт намаз оқу, табысынан зекет беру, бір айлық ораза ұстау, және мүмкіндік болса қажылыққа бару. Бұл парыздардың қаншалықты өтелгені өзін мұсылманмын деп білетін әр адамнан міндетті түрде сұралады. Сол себепті де «мен құдайға сенемін» өзінің азын-аулақ сенімін малданып, қамсыз жүру кім үшін болса да зор қателік болып табылады. Құлшылық етудің басты шарттарының бірі Алла Тағаланы еске ала отырып жақсы істер жасап, жаман істерден тиылу. Өйткені, жаман деп танылған істерді жасаған әрбір адам, мейлі ол құдайға сенсін,  мейлі сенбесін міндетті түрде өзіне күнә табады. Және біреу ерте, біреу кеш болсын, әркім де  сол істерінің сазайын тартатын болады. Ислам діні бойынша жаман істерге Алланы мойындамау, Оған бой ұсынбау, Оған, және Оның дініне қарсы шығу, Оған серік қосып  жанды да жансыз «пұттарға» сиынып, табыну, ата- ананы силамау, туыстардан безіну, басшыларына бағынбай оларға қарсы шығып бүлік (фитна) шығару, жазықсыз адамды өлтіру, сиқырмен айналысып, бал ашып, дуа жасау, өзгелердің, соның ішінде жетімдердің  ақысын жеу, пара алып, пара беру, таразыдан жеп, саудада алдау, өсім алу, қарақшылықпен айналысу, ұрлық жасау, харам табыс тауып, харам ас-суларды ішіп жеу, зинақорлықтан бастап түрлі жыныстық азғындықтармен айналысу,  зорлық-зомбылық жасау, масайтатын ішімдіктер мен елітетін есірткілерді пайдалану, жасанды түсік жасату, баладан бас тарту, аманатқа қиянат жасау, жала жабу, жалған ант- су ішу, Алланың атынан басқамен ант ету, өсек-өтірік , ғайбат, балағат айту, шектен тыс ашылып киіну, және басқа да шариғат бойынша тиым салынған істер жатады. Егер «мен Аллаға сенемін» деген адам осындай күналардан тартынбаса, керісінше, халық арасында олардың таралуына өз үлесін қосып, тіпті, ол күналарды белсенді түрде насихаттап жүрсе, онда оның Аллаға сенбейтіндерден қай жері артық? Оның Аллаға қарсы шыққан адамдардан айырмасы не? Мұндай сенімінен оның өзіне де, өзгелерге де не пайда бар? Бұлайша Аллаға сенетінін жұртқа жария етіп, ал, іс жүзінде  жаман істермен айналысуы адамды бұл дүниеде бейнетке ұшыратып, ақиретте азапқа душар ететін зор екіжүзділік. Жалпы, кім болса да өзгелердің өзін силағанын, өзгелер тарапынан өзіне тиісінше құрмет көрсетілгенін жаны қалап тұрады. Ал, егер біреу оны әдейі көзге ілмеген болса, онда ол сөзсіз қорланып, ішіне кек сақтай бастаған болар еді. Сол тәрізді адамдардың иесі болып табылатын Алла Тағала да Өзіне тиісінше көңіл бөлініп, құрмет көрсетілуін талап етеді. Бірақ, «Аллаға сенемін» дей тұра кейбір жандар Оның талаптарын орындап, тиымдарына бой ұсынуға асықпайды. Сол арқылы олар өздерінің Алла Тағалаға қатысты менсінбеушілік танытып жүргендерін ойламайды. Әдетте, адамдар бірін-бірі силағандықтан, немесе қорыққандықтан, тіпті болмаса сыпайылықпен құрмет көрсетеді. Ал, Аллаға сенетінін аузымен айтып, жүрегімен бекіте тұра Оны силап та, қорқып та, ең құрығанда сыпайылықпен де құрмет көрсетіп құлшылық етпейтін адам өзінің Кімнің төзімін сынап жүргенін ойлап әуре болмайды. Әрине, Алла Тағаланың кеңшілігі мол, бірақ, Ол шексіз еркелікті көтеріп,  әркімді төбесіне шығарып ойната беретін ынжық та емес. Қазір ғана еркелеп, тайраңдап жүрген жанның бір сәтте- ақ Раббысының көз қиығын салуына да зар болып еңірегенде етегі жасқа толып отыруы ғажап емес. Өзін силамаған адамға өштігі түсіп, оны мұқатып, оған жапа шектіру арқылы өзін танытуға тырысатын әрбір адам Өзін таныту үшін де жазалауға құқығы бар Раббысына «Мен не жазып қойып едім» деп тұлданып, судан таза, сүттен ақ періште болып шыға келеді. Керісінше, оған «Жаратқан Ием, мен Саған не істемедім» деп күйзеліп жас төккен жөн болар еді. Осыдан- ақ адам баласының кеңшілікті бағалай білмейтін, өзін кінәлі санағысы да келмейтін пендешілікке бейім екенін аңғаруға болады. «Аллаға құлшылық етіп бұрын-соңды істеген күналарыңды өте» делінсе «Мен не күнә жасап қойыппын?» деп бейкүнә кейіп танытып шыға келетін кісілер де бар. Шын мәнінде, адамдардың ішіндегі Алла Тағалаға ең жақын болып саналатын пайғамбарлардың өздері де «Мен күнәсізбін» деп айтудан қорқатын болған. Оларға Алла Тағала тарапынан шапағат етіліп, жұмақтан жоғары орындар дайындалып қойылса да, олар құлшылықтарын арттырған үстіне арттырып, Раббыларынан жарылқау тілеп жалбарынудан танбаған. Ал, күнә жасаудан басқа кәсіптері жоқ кейбір жандар болса өздерін күнәсіз санап, құлшылық етуге тіпті де мұқтаждық сезінбейді. Егер шындықты көре алмастай етіп көкірек көзін надандық тұмшалап,  шындықты мойындатпайтын қыңырлық  ақыл- есін сірестіріп тастамаса қандай адам мұндай жөнсіз сөзді айтар еді? Шын мәнінде, астамшылыққа бой алдырып, менмендік танытпайтын; қызғаныш буып, көре алмай, күншілдік жасамайтын; қорқытып, жасқап, жасытып, өктемдік көрсетпейтін; ренжіп, жеккөріп, ашу-ызаға булықпайтын; өкініп, күйініп, торықпайтын; өсек айтып, ғайбаттап, қарғап- сілемейтін; көлеңкесінен де үркіп, бойын үрей бумайтын; өтірік айтып, алдап- арбап азғырмайтын; кіналап сөгіп, айып тағып жазғырмайтын; тағы басқа да осы тәріздес жаман қасиеттері жоқ адам бар ма? Бірақ, кейбір жандар мұндай қасиеттерді күна ретінде санамайды. Сол себепті де олар күн сайын, сағат сайын, сәт сайын күнә жасап айыпты болып жүрміз деп  ойламайды. Сондықтанда олар күнәларын өтеуге асықпай мүлде қамсыз жүреді. Тіпті ешқандай күнәсіз болып табылса да, бұл күнәсіздік адам баласын Аллаға құлшылық ету міндетінен босатпас еді. Өйткені, күнәсіз болып табылатын жер мен көктегі сансыз періштелердің өздері де Алла Тағалаға құлшылық етіп, Оның әмірлерін мүлтіксіз орындауда. Олай болса, адам баласы үшін құлшылықтан жалтаруға ешқандай да сылтау жоқ. Бұл дүниеде біреулер ақталып әуре, бірақ, ақиретте олар ақталуға да тырыспайтын болады. Өйткені, оларды ешкім де тыңдамайтын болады. Кейбіреулер болса, «Аллаға деген ниетім түзу» деп қойып алаңсыз өз  бетімен жүре бергісі келеді. Алла Тағала «ниетім түзу» дегенге алданып, мәз болып елпілдейтін әлдебіреу емес. Ол адамның Өзіне деген ниетінің қаншалықты түзу, қаншалықты қисық екенін оның өзінен де артық біледі. Сондықтанда Оған аз-маз ниетіңді саудалап алдарқатудың қажеті жоқ.  Алла Тағала әрбір адамнан Өзіне сөзсіз бой ұсынып, құлшылық етуді ғана талап етеді. Ал, құлшылық етуге асықпайтын, тіпті, ондай ниеті де жоқ біреулердің құрғақ ниетпен алысқа барамын деп дәмеленуі ақымақшылық. Біреулер «Намаз оқып, ораза ұстап, құлшылық етіп жүргендерді де көріп жүрміз, олардың қасында менің жүрегім таза, жаным ақ» деп мақтанып, осылайша құлшылық етуден басын аршып алуға тырысады. Кімнің жанының қаншалықты таза, жүрегінің қаншалықты ақ екендігі бір Аллаға ғана аян. Негізінде, адам баласы өзін-өзі асыра бағалап, алдарқатуға бейім тұрады. Тіпті, азып-тозып қор болып жүрген кісі де өз бойынан бір артықшылық тауып алып, соны кәдімгідей малданып өзін- өзі жұбатумен жүретіні рас. Шын мәнінде, егер адамның жаны таза, жүрегі ақ болса, онда ол бірінші кезекте Алла Тағаланы мойындап, Оған бой ұсынуға тиісті. Егер Раббысына құлшылық етуден тиятын болса ондай тазалықтан, ондай ақтықтан адамға не қайыр? Осындай «жаны таза, жүрегі ақ»  талай кісілердің адасып тозаққа қарай кетіп бара жатқандары айдан анық. Алла Тағала өткен замандарда  жаны таза, жүрегі ақ болып табылатын  жандарды халық арасынан таңдап алып оларды Өзіне пайғамбар еткен. Егер жаны таза, жүрегі ақ адамдар арқаларын кеңге салып бейқам жүруге тиісті болса, онда ең әуелі сол пайғамбарлар Аллаға еркелік жасаған болар еді. Бірақ, олар болса, керісінше, Алладан қорыққан түрде күндіз де, түнде де құлшылық етіп, жарылқау тілеп жалбарынып, көз жастарын төгетін болған. Егер Раббысына осылай құлшылық ете алмаса, онда ол адамның  «жаным таза, жүрегім ақ» деп мақтануы тіпті де бекер. Бұл дүниеде адам баласы үшін басты талап Аллаға бой ұсыну. Аллаға бой ұсынған адам міндетті түрде құлшылық амалдарын атқаруға ұмтылады. Ондай жан қаншалықты лас, қаншалықты қара болса да Алла Тағала оны Өз мәрхаматымен тазартып, ағартып алады. Ал, өзін тазасынып, ақсынып Аллаға бой ұсынбай жүрген кісі  күндердің күнінде осы бір қарсылығының салдарынан жанының қаншалықты ластанып, жүрегінің қаншалықты қарайып кеткенін өзі де аңғармай қалуы мүмкін. Сондықтанда әр адам түрлі сылтау айта жүріп зиянда қалмас үшін құлшылық етуге асығуға тиісті. http://www.masa.kz/article/view/id/2060
qosymsha/abai.kz
post_133181.txt
Путиннің парады - дәрменсіздіктің парады!
https://abai.kz/post/133181
"Путиннің парады - дәрменсіздіктің парады!" | "https://abai.kz/post/133181"
11.05.2021
Жайберген Болатов
null
TITLE: Путиннің парады - дәрменсіздіктің парады! URL: https://abai.kz/post/133181 META: "Путиннің парады - дәрменсіздіктің парады!" | "https://abai.kz/post/133181" DATE: 11.05.2021 AUTHOR(s): Жайберген Болатов TOTAL WORDS: 461 TEXT: Қазақта «Қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ», деген бір жақсы мақал бар. Осыны бүгін құдай қосқан көршіміз, Путин билеген Ресейге қарап айтса, нысанаға дәл тиер еді. Күні кеше, 8 мамырда өркениетті Еуропа елдері екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын қарапайым түрде, белгісіз солдаттың зиратының басына гүл қою секілді жақсы дәстүрмен атап өтсе, Ресей сол баяғы қыңырлығына салып, Мәскеуде 12 мың әскер мен жүздеген техника қатысқан «Ұлы Жеңіс күніне» арналған әскери парад ұйымдастырып, баяғы сол: «Фашистерді тек қана біз жеңдік, сондықтан біз Ұлымыз», деген ұлыдержавалық шовинистік сырқатына басты. Сонау адамзат басына түскен аса зор зұлматты бүкіл әлем елдері «екінші дүниежүзілік соғыс» деп атаса, өздерінше қисайған көршіміз: «Жоқ, тіпті де олай емес. Бұл ұлы Отан соғысы», деп фашизмді жалғыз жеңгендей ерекше бір қыңырлықпен ешкімге дес берер емес. Шовинизммен уланған Путин билігі тым көп адам жиналудан сақтану, ондай жерде ең болмаса бет перде кию секілді ұсақ-түйекке басын ауыртпайды. Өздері пікр тұтатын Жуков айтпақшы: «Солдаттарды аяудың қажеті жоқ, орыстың әйелдері тағы да табады», деген саясатты ұстанатын секілді. Біз бұл жерде орыстың бәрі бірдей осындай деуден аулақпыз. Олар қанша дегенмен көп халық қой, жақсысы да, жаманы да табылады. Путиннің ұлыдержавалық саясатын мүлдем қабылдамайтын, мұның қатерлі бағыт екендігін ешкімнен тайсалмай, тура айтатын шынайы азаттары да кездесіп қалады. Мәселен, Ресейдің халық артисі Дмитрий Назаров осы мерекеге орай өз өлеңін арнаған. Оның қаншалықты өткір екендігін сезіну үшін тұпнұсқадан берелік. «Зачем в барьерах вся Россия? Зачем оттачивать парад? Парад чего? Парад бессилия? Парад запретов и оград? Парад расстрелянных пособий? Убитый пенсионный фонд? Забытой славы и надгробий? И фронт, развернутый в народ. Воинственные железяки везут воинственных ребят. Росгвардия и автозаки замкнут бессмысленный парад», - деп бір-ақ, қайырады. Әрине, шындықты айтқан адам кімге ұнасын. Осыдан соң, іле-шала You Tube-те артисті жұртқа жаман атты көрсетуге тырысқан «жаптым жала мен жақтым күйе» өріп шыға келеді. Бұған шовинизмге шалдыққан жай адамдарды былай қойғанда Ресейге белгілі дейтін адамдар да қосыла кетті. Мәселен, ұлты грузин болса да, орысқа жағынып қалуға тырысқан «Матч ТВ» телеарнасының жетекшісі Тина Канделаки оған (Назаровқа) «Русофоб» яғни, «орыстарды жек көретін адам» деген айдар тақса, «Путиннің бұлбұлы» атанған Владимимр Соловьев Назаровқа барлық атақ-даңқтан бас тартып, елден кетуге шақырады. Жарайды, көршіміздің жағдайы белгілі. Ал енді өзімізде не болып жатыр, осыған келелік. Бізде пандемияға байланысты «Жеңіс күнін» мерекелеу келесі жылға қалдырылғаны белгілі. Алайда бұл меркені атап өтпесе көңілі көншімейтін, онсыз бұл тіршіліктің мәні кететіндігін ойлап, түн ұйқысы төрт бөлінетіндер жетіп артылатын көрінеді. Мәселен, біздегі мемелекеттен мол қаржы алатын бір орыс тілді портал орыстың «Бессмертный полкін» онлайн түрінде өткіземіз» деп тыраштанса, екінші бір осылайша май шелпекке батқан портал сонау Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында бір адамның сол полкті насихаттап, жалғыз өзі әкесінің портретін ұстап көшеге шыққандығын ел өміріндегі аса бір ерекше құбылыс санап, айдай әлемге жариялап жатқан әрекетін көресіз. Осыны көргенде біздегі Ресей насихатының аса пәрменді екендігін амалсыз мойындауға мәжбүрміз. Ащы да болса, шындық осы. Жайберген Болатов Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_168124.txt
«Электр желісінің 74 % тозған» – Ақтөбенің 3 ауылы жарықсыз қалды
https://abai.kz/post/168124
"«Электр желісінің 74 % тозған» – Ақтөбенің 3 ауылы жарықсыз қалды" | "https://abai.kz/post/168124"
25.04.2023
Abai.kz
null
TITLE: «Электр желісінің 74 % тозған» – Ақтөбенің 3 ауылы жарықсыз қалды URL: https://abai.kz/post/168124 META: "«Электр желісінің 74 % тозған» – Ақтөбенің 3 ауылы жарықсыз қалды" | "https://abai.kz/post/168124" DATE: 25.04.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 163 TEXT: Ақтөбенің Ырғыз және Шалқар аудандарында үш ауылда жарық жоқ. Қазіргі кезде құлаған бағаналарды қайта орнату жұмысы аяқталып қалды. Ырғыз ауданында Жаныс би, Шеңбертал ауылдары және Шалқар ауданының Тұмалыкөл ауылында жарық жоқ. Жаныс би мен Шеңбертал ауылдарында 12 адам, 4 арнайы техника жұмылдырылды. «Ауылдарды резервтегі желіге қосамыз. Жаныс би ауылындағы ішкі желілерді қайта тексеріп шығып, кешке электр тогын бермекпіз. Шалқардың Тұмалыкөл ауылында 10 адам, 4 техника жұмылдырылған. Онда 42 бағана құлаған. Бәрі қайта орнатылды. Ауылдардағы әлеуметтік нысандарға генератор қосылды. Ал халық жарықсыз отыр. Жөндеу жұмысына ауа райы кері әсер етті. Жел күшейген кезде кранмен жұмыс істеу қауіпті. Бағаналар орнатылғанымен, сымын тарту қиындық туғызды», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев. Айта кетейік, Жаныс би және Шеңбертал ауылдарында шамамен 1200, ал Тұмалыкөл ауылында 200-ге жуық адам бар. Еске салсақ, сәуір айының ортасынан Ақтөбедегі бірнеше ауылда жарық сөніп қалды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеевтің айтуынша, жалпы облыс бойынша электр желісінің 74 % тозған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_40241.txt
АҚИЫҚ АЙДЫН АЙДЫ АРАЛАП САМҒАҒАН
https://abai.kz/post/40241
"АҚИЫҚ АЙДЫН АЙДЫ АРАЛАП САМҒАҒАН" | "https://abai.kz/post/40241"
11.09.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АҚИЫҚ АЙДЫН АЙДЫ АРАЛАП САМҒАҒАН URL: https://abai.kz/post/40241 META: "АҚИЫҚ АЙДЫН АЙДЫ АРАЛАП САМҒАҒАН" | "https://abai.kz/post/40241" DATE: 11.09.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 171 TEXT: 12 қыркүйек – ғарышкердің Жерге қонатын күні Ақсарбас шалдық ұшқанда өзің Айдын-ау, Ғарышта сенің серігің болды Ай мынау. Барладың барып бар ғаламшарды сұңқарым, Ендігі бітсін Жердегі жанжал, қайғы, дау. Ақиық қыран самғаған жердің төсінен, (Қадари халқы қалмаған ұлы көшінен). Үшінші болып ұшқанда ұлттың ұланы Мәңгілік енді кетпейді жұрттың есінен. Ғарышкер санат, Қомдады қанат Самұрық, Қалғандай болды бар әлем байқас аңырып. Бес жүзінші рет көтерілді көкке зымыран, Ғарышқа сонау сіңгендей еді таң ұрып. Жетісу жері Жерұйық мекен ертеден, Жиделібайсын дегендей оған тер төгем. Жерлесім менің – Айдыным самғап көкке бір, Атанды ғасыр қаһарманы болып ер-кенен! «Қазғарыштан» ол тұңғыш рет ұшқан қыраным, Мәңгілік менің таусылмайтындай жыр-әнім. Алғашқы еді қазақша жазған хұсни хат – Ғарыштан бізге жіберген сәлем ұланым! Еңбегін ерттеп, Теңіздер зерттеп зерлеген, Асау аттай ол атылып шыққан кермеден. Бұрын да соңды мұндай да шаттық тасқынын Атам қазағым көнеден бері көрмеген. ...Өрекпіп жүрек, Өршілдеп барып басылмақ, Азамат бағын ардақты елі асырмақ. Айдыннан кейін қауласын қазақ-қанаттар, Жайқалсын жасақ - жасыл бақ! Тұспа-тұс келген Қазақ хандығының тойына Шадыман шаттық шашулар енді шашылмақ! Бақытжан Тобаяқ-тегі Астана
qosymsha/abai.kz
post_15252.txt
«Халықтық ІРО»-нің игілігін халық көреді
https://abai.kz/post/15252
"«Халықтық ІРО»-нің игілігін халық көреді" | "https://abai.kz/post/15252"
01.11.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Халықтық ІРО»-нің игілігін халық көреді URL: https://abai.kz/post/15252 META: "«Халықтық ІРО»-нің игілігін халық көреді" | "https://abai.kz/post/15252" DATE: 01.11.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 829 TEXT: Мемлекет басшысының тікелей бас­тамасымен өмірге жолдама алған «Ха­лық­тық ІРО» бағдарламасының бола­ша­ғы зор, ауқымы айшықты болмақ. Оған бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осы бір бағдарламаға деген қызы­ғу­шы­лықтың артуы дәлел болса керек. Экономикамыздағы жаңа үрдіс болып табылатын бұл бастаманың әлі де ел арасында кеңінен танылуы үшін бар­лық өңірлерде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілуде. Осы ойымыздың айғағы ретінде төменде біз тілшілеріміздің өңірлерден жіберген пікірлерін жариялап отырмыз. Ел игілігі үшін Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық азамат елдегі оң өзгерістерге, соны серпілістерге бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Сондықтан соңғы уақыт­тар­да Елбасының тікелей тапсырмасымен атқарылып жатқан «Ха­лықтық IPO» бағдарламасынан күтеріміз өте көп. Неге? Мемлекет басшысының тікелей бас­тамасымен өмірге жолдама алған «Ха­лық­тық ІРО» бағдарламасының бола­ша­ғы зор, ауқымы айшықты болмақ. Оған бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осы бір бағдарламаға деген қызы­ғу­шы­лықтың артуы дәлел болса керек. Экономикамыздағы жаңа үрдіс болып табылатын бұл бастаманың әлі де ел арасында кеңінен танылуы үшін бар­лық өңірлерде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілуде. Осы ойымыздың айғағы ретінде төменде біз тілшілеріміздің өңірлерден жіберген пікірлерін жариялап отырмыз. Ел игілігі үшін Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық азамат елдегі оң өзгерістерге, соны серпілістерге бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Сондықтан соңғы уақыт­тар­да Елбасының тікелей тапсырмасымен атқарылып жатқан «Ха­лықтық IPO» бағдарламасынан күтеріміз өте көп. Неге? Ұлттық компаниялар өз ак­ция­ларын қор рыногына шығы­ра­ды. Оны еліміздің әрбір азаматы сатып ала алады. Бұл деге­ні­ңіз, үйде отырып тікелей ұлттық алпауыт компаниялардың жұмы­с­ын бақылай алу құқығы деп білемін. Сонымен қатар, сіз сатып алған акцияңыз арқылы мол пай­даға кенелуіңізге болады. Қысқа­сы, бұл халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бағдарлама. Кей адамдар аталған бағдарламаның мәні мен маңызын түсінбеуі мүм­кін. Мәселен, таныстарыммен сөй­лескенде «ертең ол компания банкрот болып қалса қайтеміз?» бол­маса «баяғы сатып алған купондардың күнін кешпей ме?» деген күдіктердің барын бай­қай­мыз. Меніңше, олай емес. Жа­қын­да ғана ағылшынның Lega­tum Institute деген сараптамалық орталығы әлем елдерінің дамуына қатысты рейтингін түзіпті. Рейтинг елдегі экономикалық өсімді, іскерлік байланыстарды, елдегі басқару жүйесін, білім беру саласының сапасын, денсау­лық сақтаудың тиімділігін, тағы да басқа осындай толып жатқан аспектілер бойынша жасаған. Сол тізімде Қазақстан 46-орында тұр. Барлығы жер-жаһанның 144 елінің арасында Қазақстан ал­дың­ғы қатардан көрінген. Бұл дегеніңіз, Қазақстанның дамудың даңғыл жолында келе жатқанын, отандық экономиканың артқа­нын, әлеуметтік әлеуеті жетіл­ге­нін білдіретін бірден-бір көрсет­кіш. Рейтингті біз емес, ағыл­шын­дар жасап, осындай баға бе­ріп отыр. Сондықтан, Қазақ­стан­ның қор рыногына, ұлттық ком­паниялардың жұмысына күдік­пен қараудың керегі жоқ. Ең алдымен, «ҚазТрансОйл» компа­ния­­сы­­ның акциялары сатылымға шығарылатынын білемін. Оны «Қазпошта» арқылы брокерлік шот ашып, сатып аласыз. Ал ком­панияның жыл сайынғы табысынан үстеме алып отыруға да мүмкіндігіңіз болады. «Халықтық IPO-ны» баяғы алаяқ­тардың «МММ» дегенімен салыстырудың қажеті жоқ. Бұл ондай жүйе емес. Бір ғана айыр­машылық - «МММ» жекелеген адам­дар құрған жүйе. Ал «Ха­лық­тық IPO-ны» Елбасының өзі бастап, ел ағалары қостап, мем­ле­кеттің, халықтың игілігі үшін жасап жатыр. Осыдан-ақ ненің не екенін айыра беруге болады. Ардагер АҚЖІГІТОВ, Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. * * * Ел үшін де, өзіміз үшін де тиімді қадам Осы жылдың қазан айынан бастап «Халықтық ІРО» бойынша жұмыстар бас­талып кетті. Бұл шын мәнінде ха­лық­тық ауқымдағы іс-шара болып табы­ла­ды. Кез келген азамат өзінде бар артық (бос) қаражатына елдегі басты ірі ком­паниялардың акциясын сатып ала ала­ды. Сөйтіп, компания үшін ғана емес, өзі үшін де пайдалы қадам жасайды. Бұл ІРО-ның тағы бір ерекшелігі бұған аз-кем артық қаржысы бар кез келген ел тұрғыны қатыса алады. Со­ның ішінде мен сияқты мемлекеттік қызметкерлер де қатысу мүмкіндігіне ие. Еліміз қолдау көрсеткен өркениетті қаржы саясатындағы игі қадам көп уақыт өтпей-ақ, жұртшылықты барын­ша қызықтыратыны анық. Өйткені, келесі жылдың наурыз айының аяғында, жылдық есеп қорытындысы бойынша осы акцияларды таратушы компаниялар дивиденд бере бастайды. Өз отба­сымның бюджеттік мүмкіндігін ескере отырып, алдағы айда ІРО бойынша таңдау жасап, «КазТрансОйл» ұлттық компаниясының біраз акциясын сатып алып, шынайы халықтық науқанға қа­ты­суды жоспарлап отырмын. Бұл нау­қан­ның ел тұрғындарына тиімді әрі са­лымдық нәтижелері мол болатынды­ғы­на сенімдімін. Сондықтан өзге азамат­тарды да осы шараға қатысуға ша­қырамын. Сөз реті келгенде, Амангелді ауыл­дық округінде іргелі істерімен танымал болған «Ақ құлын», «RIVC Ltd-Abai» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және алты шаруа қожалығы жұмыс істейтіндігін атай кеткім келеді. Олар шаруашылық жүргізудің көп салалы бағытын ұстануда. Бұл құрылымдарда ауыл тұрғындарының басым көпшілігі еңбек етуде. Экономикалық тұрғыдан нығайып келе жатқан осынау ша­руа­шы­лықтардың мүшелері күні ертең халықтық ІРО қозғалысының белсенді қолдаушылары болатындығына сенім мол. Оразғали НҰРҒАЛИ, Амангелді ауылдық округінің әкімі. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. * * * Шет қалмаймыз Әлия ӘЛЖАНҚЫЗЫ, сақтандыру компаниясының қызметкері: - Баспасөз ақпарат құралдарынан  қа­­зақстандық компаниялар өз акция­ларын сатуға шығарғалы жатқанын естіп жатырмын. Бұл мәселе үкіметтік деңгейде  талқыланып, жұртшылыққа да, қатысушы компанияларға да тиімді екені ұғынықты түрде түсіндірілді. Соған қарағанда,  Қазақстан халқының әл-ауқатын  көтеруге бағдарланған әлеу­меттік жобаның  келешегіне үлкен үмітпен қараймын. Шынымды айтсам,  құнды қағаздар рыногына қатысуға әлі дайын емеспін. Өйткені, мұндай тә­жіри­бе  елімізде бірінші рет өтіп отыр­ғандықтан, мен үшін түсініксіз тұстары  жоқ емес.  «Халықтық IPO»  жайлы толық мәлімет алғаннан кейін, сөз жоқ, бағымды сынап көремін. Елдос Нұрлан, студент: - Көпшілік мүддесін көздейтін маңызы зор жоба екенінде талас жоқ.  Экономика пәнінен дәріс оқитын ұстаздарым  қызығушылы­ғы­мызды оятып,  қатысуымызды қол­дап отыр. Өздері де сырт қал­май­тын  тәрізді.  Әрине, бұл жаңалық қалалықтар үшін таңсық болмас. Ал ауыл жөнінде олай айту қиын. Көбі сырттай  ғана хабардар. Акцияларды сатып алу, тиімді орналастыру жолдарын біле  бермейді. Соған қарағанда, түсіндіру жұмыстары әлі де кемшін сықылды. Өз басым мұндай бастамаларды қолдаймын. Қаражат табылып жатса, шет қалмауға тырысамын. Петропавл "Абай-ақпарат"