path
stringclasses 9
values | file_name
stringlengths 4
250
| title
stringlengths 1
125k
⌀ | url
stringlengths 12
505
⌀ | meta
stringlengths 1
714
⌀ | date
stringlengths 2
24
⌀ | author
stringlengths 6
36
⌀ | total_words
null | text
stringlengths 0
4.99M
|
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
qosymsha/abai.kz | post_15780.txt | Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы) | https://abai.kz/post/15780 | "Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/15780" | 15.01.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы)
URL: https://abai.kz/post/15780
META: "Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/15780"
DATE: 15.01.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 7491
TEXT: ІІ Ауқанның аты, жоғарыда айтқанымыздай «халық азаттық армия» Шыңжанға кіріп, Уаңжын үкіметі құрылғаннан кейінгі құлақ тындырарлық ұрандармен бірге шыққан ат еді. Ол, алғашқы науқандар мен жиындарда шақырылған ұрандардың бірін қоймай көшіріп алып өлең құрастыратын «ақын» болған. Компартия қатарына сонысымен өтіп алыпты. Қоғам солшылдықпен қызынып, желікті ұран көбейген сайын оның «өлеңі» де көбейіп, газетке күн сайын шықты да тұрды. Газет редакторлары мұрнын тыжырынып, бастарын қасып қынжылса да, қыңқ етпей, жариялай беруге мәжбүр болды. Өйтетіні, ол, Уаңжын бекіткен «екпінді коммунист ақын». Өздерінің шығарған ұрандарын «таза» қалпында өлеңдеткен «төңкерісші ақынды» қай секретар қуаттамаған. Оның «шығармасын» қабылдамаған редактор кері төңкерісші аталып, қағындыға ұшырамай ма! ІІ Ауқанның аты, жоғарыда айтқанымыздай «халық азаттық армия» Шыңжанға кіріп, Уаңжын үкіметі құрылғаннан кейінгі құлақ тындырарлық ұрандармен бірге шыққан ат еді. Ол, алғашқы науқандар мен жиындарда шақырылған ұрандардың бірін қоймай көшіріп алып өлең құрастыратын «ақын» болған. Компартия қатарына сонысымен өтіп алыпты. Қоғам солшылдықпен қызынып, желікті ұран көбейген сайын оның «өлеңі» де көбейіп, газетке күн сайын шықты да тұрды. Газет редакторлары мұрнын тыжырынып, бастарын қасып қынжылса да, қыңқ етпей, жариялай беруге мәжбүр болды. Өйтетіні, ол, Уаңжын бекіткен «екпінді коммунист ақын». Өздерінің шығарған ұрандарын «таза» қалпында өлеңдеткен «төңкерісші ақынды» қай секретар қуаттамаған. Оның «шығармасын» қабылдамаған редактор кері төңкерісші аталып, қағындыға ұшырамай ма! Жынды сары желіккеннен желігіп, үдете берді бұл «өлеңін». Газеттер мен журналдарды жүдете берді. Ауқанның ұрандары газет-журналдарға тоқтаусыз басыла беретіндігін көріп, аты шыққанға мәз болатын жас әуесқой ақындар да еліктей жөнелді мұндай оңай табысқа. «Жасасын» мен «жоғалсындар» жиын майданынан әдебиет бетіне көшіп келіп шуласты. Бұл шулағанға дауыс қоспаған өлеңнің авторы, төңкерістен шеттеген «бойкүйез буржуй» аталатын қатер де қалды. Адамның жүрек пернесін басатын күйші өлең, сыршыл проза сөйтіп жарық көрмейтін халге түсті. Жиыннан мезі болған жұртшылық саяси ұраншыл шығармаларға қараудан да жиренетін болды. Газет-журналдарымыздың оқырмандары азайып, тираждары кеми берді. «Әдебиет-мәдениет дегендерің осы болса, бадырайған күре тамырын, бақырған кеңірдегін ұрайын» дегенге жеткен жоғары мәдениетті ақындар оқымай да, жазбай да қойды. Алғашқы солшыл жойымпаздықтан генерал-секретар Уаңның өзі шектелген шақта, Ауқан шектелмеді. Бірер өлеңі газетке шықпай қалған күні редакторға барып зекіріп, келесі күні газетке шығартпай қоймады. «Бұл өлеңімнің қайсы идеясы жақпай қалды саған?» деп жанды жерден ұстап жеңеді екен. Әдебиет-көркемөнер бірлеспесі жағынан ұйымдастырылған кәсіптік үйрену жиындарына «мәртебелі» Ауқан қатынаспайды. Әдебиет жөніндегі ғылыми шығармаларды оқымайды. Әдебиет теориясы жөнінен мүлде сауатсыз, өзін әлдеқандай бір зор саясатшы сайлап алған екен де, әдебиет деген саяси қызметтің құлақкесті құлы деп түсінеді екен. Бұл түсінік Ауқанға орталық партия комитетінің «әдебиет пен көркемөнер саясат үшін қызмет істейді» деген сыңар көзді нұсқауынан жұқса да, тіпті екі көзден де мақұрым су қараңғы-көр соқыр етіп істетті. «Партия саясатын жырламай нені жырлап былжырамақсыңдар!» деп зекіруге дейін жетіпті. Мен оның осы зорекерлігін естіп, газет-журналдардағы өлеңсымақтарын түгел жиып алдым да, поэзия мәселесі туралы ұзақ сын мақала жаздым. Алдымен әдебиеттің саяси қызметке ғана бағынысты «құрал» емес, медицина ғылымымен терезесі тең, сыбайлас көркемөнер түріндегі дербес ғылым екендігін дәлелдедім. Медицина адамды аурудан емдеп, өлімнен құтқаруды мақсат еткен ғылым болса, әдебиет, адам жанын емдеп зорекерлік, қорқаулық, жауыздық сияқты рухани індеттерден құтқаруды мақсат еткен ғылым деп баяндадым. Бұл түсінігімді беделі зор философтардың сөзіне сүйеп сөйлемесем, арқа тірегі күшті Ауқан «философ» менің тұмсығымды бұзбай ма. Шабуылшы мақаламның әрқай кезеңіне осындай ұлы цитаталарды қалқан етіп ұстауға тура келді. Сынымда поэзиямызға пайда болған кесір-кеселдің көбіне, әрине Ауқан «ақынның» өлеңдері мысалға алына берді сөйтіп. Өлең қағидасы, поэзия заңы бойынша жерге тыға масқаралап соққыладым. Оның «шығармаларын» баспа бетінде жақтап-ақтаушы шықса, өзіне де соның кебі киіліп, қабаттала соғылатындығы сөз саптауымнан көрініп тұрғандықтан масқара-мазақты арашаға ешкім түсе алмады. Оған сәл ұқсасырақ жазатын ақындар ішінен қаншалық жек көрсе де, менің пікірімді өз еріктерінен тыс қуаттауға мәжбүр болды. Әдебиеттегі календаризм мен ұраншылдық жөнінде пікір шықса-ақ, «Ауқанизм» аталып, ду күлкі көтерілетін болды. Ауқанның әдебиет саласындағы өктемдік мүйізі осы бір сын арқылы ғана сынып, даурығы шорт өшкен болатын. Қарасы түгел өшкендей мүлде көрінбей кетіп еді. «Стиль түзету» науқанында жерден шыққандай Құлжаға пайда бола қалыпты. Іледегі «оңшыл», «жерлік ұлтшылдарға» қарсы әрекет басқармасына тағайындала қойған екен. «Биғабілдің ұйымындағы кері төңкерісшілерді» көбейткен Жаубасарлардың бірі, әрине, осы кісі болыпты. «Ашылу-сайрауда», «ақылға үйлесімді пікір» сұрап сөйлеткенде, өз пікірлерінен өзгешерек пікір айтқандарды Ауқанның өзі шығып, «Биғабілді танимысың» деп тергей жөнеледі екен. Әрине, оның мені көргендігін, таныстығын айтқызғанша тергесе керек. Асау жамбасына осылай қондырады екен де, менің «кері төңкерістік ұйымыма» қатынасқандығын мойындағанша қылқындырып қинай береді екен. Осындағы «стиль түзету» науқаны, «социалистік тәрбие», «мәдениет зор төңкерісі» деп аталған қанды қырғындардың барлығы осы қабағанның тіс-тұяғымен жүргізіліпті. Бәрінде де менің қылмысымды зорайту үшін мүше-мүриттерімді көбейту - оның міндеттерінің бас тармағы болған көрінеді. 1962 жылғы үркіндер мен қопарылыстарда «Іле қазақ автономиялы облысының" басшылығына тағайындалып келген Жаубасарға құйрығын тіреп қойып арсылдаған екен. Алғаш ақын аталысымен қатын тастаған Ауқан, маған сол әйелін тастаудағы жаласын ғана артпағандығын естідім. «Қызметіме көмекші боларлық оқыған, мәдениетті, әрі көрікті әйел аламын» деп өзі жариялап жүріп тастаған ғой. Ал, сондай әйел алу жорығын бастағаннан-ақ жолы болмағандығын да менің кесірімнен көреді екен. Оқымысты сұлу іздеген алғашқы сапарында төнгені Күлән болыпты. Оның мойнын өзіне бұра алмай жүргенінде, зиялыларға 52-ші жылғы «тарих тапсыру» науқаны бастала кетіп, өзі сол науқанға көмекші кадр болып қатынасқанда «иә, сәт!» деп жалақтапты. «Ғашығының» мойнын енді күшпен бұрап көндіретіндігіне сенім байлай қалған екен. «Тарих тапсыруда» қолға алып жазалайтындары гомендаң қызметінде болған зиялылар ғой. Ал, бұл келіншектің гомендаң қызметінде болу түгіл, оның шпионына «тигені» белгілі. Сол қылмысын өзіне үлкейтіп көрсетіп сөйлессем, сөз беру түгіл жата қалар деп сенген екен. Бірақ, Күлән өзінің гомендаң шпионы жағынан зорланып, қорланған тарихын айтып, қылмыс дегенге мойындамай, Ауқанның «жеке сөйлесуге» шақырғанына бармай қойыпты. Ауқан оны енді күреске тартып, көпшілік кергісіне бір салып шығарған соң сөйлесейін деп жүргенінде мен кірісіп, Күләнді бүтіндей ақтап шыққанмын. Онан соң да қырындаған Ауқан қырына ала алмай қойған болатын. Бұл жайын, араларына менің «ақ сайтан болып» кіргендігімнен деп жорыпты. Мұның үстіне кейінірек жазған сыным шыққан соң ақындық жаназасы қоса шығып жерленген Ауқан, көңіліне бүгіп жүрген басқа қыз-келіншектерінен де мазаққа ұшырап, бір де бірінен мақұлдық жауап ала алмай кетіпті. Сөйтіп, ол шақта қайтадан үйлене алмай қалған себебін түгелімен менен көріп, мас болған сайын тісін қайрайды екен. Ілеге келіп, құйын үйіре алатын құдіретке ие бола қалған кексе Ауқан «жарамды қатын» алудың орайы енді келді деп біліп, бұл жөніндегі ісін қара құйындармен қабаттап жүргізіпті. Өзнің көзі түскен әйелдердің маған ісі түссе екен деп тімтініп, олардың сүйгендерінен қылмыс іздей жүретін болыпты. Қан көп төгілген жерде күшіген-қарға да, бұралқы ит те, қасқыр-түлкі де күйленіп, күйтшілдігі қозбай ма. Олар құтырғанда, қан төгудің қолбасшысы өзі болған қанды қол Ауқан қайтуге тиісті. Ұнатқан жігітінен айырылған сұлу қалыңдық, жарынан айырылған жас келіншек, ерінен айырылған көрікті қатын - бәр-бәрі де қолға алынған зиялылардың таңдаулылары. Оқыған, көздің жауын алатын сұлулар қансонарда қуғын көрген ақ бөкенше жыртылып айырылып жүргенде Ауқанның сары көзі қанталап ойнақтай жөніліпті. Бәрін де... бәрін де бір-бір ұстап көрейін дегенге келіпті. «Қолыңнан келіп тұрғанда алып қал, ауыз салып қал. Замана заңы бойынша біреуін ғана бөктеруді артынан көрмеймісің!» - Бәрінің соңына түсіпті сөйтіп. Орашолақ Ауқан, бас салған біреуін қолтығынан шығарып алып, бірінің құйрығын жұлып қалып, бұлтара қашқан біреуінен жер қауып, тұяғына бірін іліндіре алмай қалып жүріпті. Өйтетіні, одағай өлеңімен ұрандата ұмтылып, үркітіп, өзінен безіндіріп қояды екен. Соңы қырғынға айналатын ұраннан әбден ерқашты болған әйелдер онысын естісімен-ақ жуық келтірмей, көз көрім жерден зытады екен. Бұл «мәдениетінен» жолы бола қоймаған Ауқан кейінірек стилін өзгертіпті. «Ең жаңа» стильмен істеген кәсібін жоғары тарауларда Нәзипа, Гүлсім, Күләндармен сөйлесуінен оқығанбыз. Ең қызығы, тұп-тура өзінің құмандандық штабына шақыртып алып, саясатпен сабалай тергеп, қорқыта отырып қолқалайтын болыпты. Бұл стилінен қаншалық табысқа жеткендігі де жоғарғы тараулардан мәлім болған: езуінен қанды көбік бұрқырайтын мол аузынан пулеметше төккен «марксизмін» ешқайсысына дарыта алмапты да, мерген әйелдердің дәлдеп атқан бір-бір сөйлем тәлкегінен-ақ бас киімі ұшып, кейбірінен, тіпті, жүзі жараланып қалатын болыпты. «Осылардың маңайына еркек бастырмай зарықтырсам, қанжығама тым болмағанда бірі байланбай ма» деген дәмемен ең соңында бүйіше торлауға кірісіпті. «Анау пәлен, пәлен дегендер нақтылы кері төңкерісші әйелдер. Сыбайластарын табу үшін әдейі еркін қойып отырмыз. Оларға кімнің жақындағаны, оңаша сөйлескені көрінсе дереу маған хабарлаңдар!» деп сырттарынан бақылаушы, арнаулы күзеттер қойыпты. Құлжаға мен дәл осы кезде келіппін. Назарбек болып келсем де, кәдімгі «ақ сайтанның» жолымен Күләнді жетектей келіппін. Ауқан алғашында Күләннің ағасы екен дегенге сеніп қалса да, көзін төндіріп жүрген ең таңдаулы жесірлерімен менің үйірлесе кетіп, әр күні дастарқандас болып жүргенімді естіп, секем ала бастапты. Осы «ауруда» бір сыр бар дегенге келіпті сөйтіп. Сыртымнан тексеріп, маңайымдағылардан сұрастырып ештеңе таба алмай, шпион деген сылтаумен қолға алып тексеруге кіріскен шағында Қабылтай арқылы қалалық сақшының куәлігін ала қоюымнан тағы да түйткілсіп қалған екен. Сөйтсе де, өзінің айландырып жүрген әйелдерінің қасынан көріне беруім, бұрынғы «ақ сайтанның» қылығына аумай ұқсап, қанын қайнатпасын ба. Назарбек болып жүрген, қалайда сол Биғабіл дегенге келіпті. «Анықтаймыз деп басты ауырта бермей», кім болса да көшеде сотқарлардың зиянкестігіне ұшыраған көптің бірі ретінде өлтірте салуға дайындалыпты. Қараңғы іңірде Нәзипаны ертіп шыққанымда жалаңдаған пышаққа тап болуым да содан екен. Іле-шала Күләннің үйіне зерттеуге келген қызайлардың талқысына қатынасып, «нағыз қызай» болып табылуым, оққағарларымды тіпті көбейтіпті. Сөйтіп, Ауқанның сезімтал тұмсығына Биғабілдің иісі мүңки берсе д,е айқын дәлел таба алмай, көп ауыз жағынан мысы құрып дал болыпты. Шаяр Тарым майданында Биғабілмен бірге болған Шайзаданы есіне алып, қас жауының қазіргі түсі-түгін содан оспақтап сұрап алуға келіпті. Шайзаданың үйіне Ауқанның сол үшін келгендігін тұспалдап, менің Әбдірешит жендет болып жасанып, соңынан баруым, аса сәтті іс болды. Шайзада менің ым-ишарамды дәл түсініп, «қазір Биғабілдің оң бетінде терең тыртығы бар» дегені Ауқанның болжалын тіпті тентіретіпті. Қазіргі «тыртық бет, қисық мұрын Биғабілді» мына ақбас Назарбекке ұқсатуы тіпті қисынсыз ғой. «Бірақ, осы мейман расында Күләннің ағасы Назарбек болса да, бір үлкен жұмбақ мәселесі бар. Ауру екендігі өтірік! - деп қайталапты ішінен. - Және ыңғай менің нысаналап жүрген таңдаулыларымды маңына жиып ала қоюы сырлы мәселе. Жай емес, күшті әзәзіл екендігін де көрсетпей ме! Нәзипадай асқан тәкаппар сұмды өзіне жабыстырып, қараңғы түнде көшеде құшақтап жүргенінен белгілі ғой!.. Ал, одан кексенің де, ең жасының да соның қолтығына кіріп алуы қалай? Бәріне де соның ауруы дәрі болғаны ма! Жоқ, үлкен сыр бар, сыр болғанда да маған арналған әлдеқандай бір қастық ұйымдастырудың сыңайы бар! Қой, бұл сиқыр кім болса да көзін тездетіп жоймай болмайды!» Ауқан осы бекімге тиянақтап жүргенінде отына май құйылып, миына өрт кеткендей бір оқиға тулата жөнеліпті өзін. Мен Шайзаданың үйіне Ауқанның соңынан Әбдірешит жендет болып жасанып барғанымда мас болып сандырақтағансып, туанжаңның өзінің кісі өлтіру жолындағы ең құпиялы сырларын Шайзаданың алдында ақтарып тастағанмын ғой. Ондағы мақсатым, сол ең мықты қолшоқпарын жалмауыздың өз көмейіне итеріп қою еді. Ойлағанымдай шығыпты. Ауқан сондағы әшкереленген зор қылмыстарын сол үйде бетпе-бет жоққа шығара салғандай көрінген болса да, Әбідрешиттің өзін жоғалтпай болмайтындығын көкейіне мықтап түйген екен. Бұл батырының барып тұрған ашық ауыз маскүнем екендігін енді біліп, қарасын өшірмесе, «түбінде менің көрімді осы қазады екен» деп түйіпті. Мына «масқа сен ие болып, ертең таңертең, маған өзің апарып бер» деп Шайзадаға тапсырып кеткен себебі сол екен. Ертеңіне таңертең штабқа барған рас Әбдірешитті жеке абақтыға қамап, «мұнымен өзімнен басқа ешкім сөйлеспесін!» деп күзетшіге ескертіп, кілтін өзі алып кеткен себебі де сол екен. Сол күннің іңірінде Әбдірешитті өзі оңаша бөлмесіне шығарып апарып, күлген болыпты: - Сені қалжыңдап қамап едім, түс уақытында ұмытып кетіппін, ха-ха-ха-һа-һа...а.., қорықтың ба? - Қорыққанда қандай? Туанжаңға менің не жазығым бар еді деп кешке дейін ойлап таба алмадым! - депті рас Әбдірешит. - Жә, сенде не жазық болсын, амалиятың менің ең жақын досым екендігіңді көрсетіп болмап па еді!.. Қарның ашқан шығар, қане, тамақтаналық! - Ауқан осылай жуып-шая сөйлесіп отырып, қуырдақ пен арақ құйыпты. - Өй әттегенай, тағы да ұмытқан екенмін ғой! - депті бір шақта. - Тексеріп көретін бір үлкен іс бар еді. Қазір соған екеуміз барып қайталықшы! - Киіне сала ерте жөнеліпті Әбдірешитті. Жеңіл «джипіне» қатар отырғызып, шофер шақырмай өзі айдай жөнеліпті. Іле дариясының иен бір тік жарлы жағасына апарыпты да, бір теректің түбін нұсқапты. - Маған келген бір мәліметке қарағанда осы теректің түбіне қойылған бар автомат бар. Соны тауып алып қана қайтамыз! - Осыны күбірлеп ұқтырып қана жаяулап ілестіріп апара жатып, жүректен қадап атыпты да, дарияға тастап қайтыпты. Соның ертеңіне таңертең Әбдірешиттің жорықтас бір досы Ауқанға келіп, «кеше таңертеңнен бері Әбдірешиттің жоғалғандығын» мәлімдеген екен. - Ол, жоғалған жоқ, төңкерістік құпия міндетпен бір ауданға өздігінен сұранып кетті, - депті туанжаңы. - Ешкімге жарияламай қоя тұр, үлкен міндет! Орындап қайта алса, дәрежесін өсірмекпіз. - Ол көптен бері-ақ төңкерістік зор істер істеп келеді, туанжаң. Жазалануға тиісті жауларымызды, «факт-дәлел» құрастырып байлап беруге өте шебер. Және асқан батылдықпен, жанпидалықпен істейді! - Ие, штабтағы жолдастар да сондай өткір қабілетті, палуан екендігін біліпті. Осы жолғы қиын міндетке баруға қойған талабын бөгелмей қабылдадық. - Туанжаң, ол сізге алдыңғы күні іңірдегі бір үлкен нәтижесін мәлімдеді ме деп сұрапты Әбдірешиттің досы. - Қандай нәтиже, алдыңғы күні іңірде артымнан мені қорғауға жалғыз барғанын айтасың ба? - Жоқ, жоқ, алдыңғы күні іңірде ол менімен бірге болған. Әлгі бір қатерлі мейман Назарбек дегенді аңдып барғанбыз. Күләннің үйінде оның жоқтығын біліп, сіз айтқан кері төңкерісші Нәзипаның терезесінен баспалап қарасақ, онда да жоқ болып шықты. Онан кері төңкерісші Гүлсімнің үйіне барып қарасақ, Гүлсімнің өзі де жоқ болып шықты. Сөйтсек, Гүлсім төркінінің үйінде екен. Онда Назарбек тағы жоқ... - Үй, соншалық жүрістеріңде Әбдірешит рас сенің қасыңдама еді? - Ауқан, сөйлеп отырған жендетінен асыға сұрапты. - Рас, туанжаң, Әбдірешит екеуміз ол іңірде бір минут та айырылыспай, бірге жүргенбіз. Мен оның сол жүрістегі бір батырлығын айтайын деп отырмын. Сөйтіп, Назарбек Гүлсімнің үйіне бармағандығын біліп, Күләннің үй жағына қайта келе жатсақ, ол жақты бақылайтын Ыбырайым Мәмет жолығып сол айтты. «Күләннің үйі жақтан екі ер адам шығып, мектепке кіріп еді. Әлден уақытта мектеп қақпасынан біреу шығып, күншығыс жақ көшемен тез жүріп кеткенін алыстан көріп қалдым» деді. Ыбырайымнан одан басқа бізге қажетті жауап ала алмай, Әбдірешит екеуміз Күләннің қақпасы жаққа қайта қайттық. Ол ауланың күнбатыс жағындағы көше иініне жете бергенімізде қатарымдағы Әбдірешит қолымнан тартып тұра қалды. «Иінді далдаланып тосып тұрған жау бар ұқсайды. Сен шоқпарыңды ыңғайлап бергі далдада тұр да, осылай өткенін соға бер! Мен арт жақтарынан шығып, алды-артынан қатар тисек, естерінен айырылады» деді де, өзі дауал жағалап, дыбыс шығармай жүгіріп барып, дауалдан секіріп өтті. Бізді қолға түсіру үшін тосып тұрған жау бары рас болып шықты: біреуі иіннен баспалап қарады да: «Үй, әлгі келе жатқан екеуі жоқ, қайта қайтып кеткен сияқты!» - деді. «Тығылып тұрмасын, байқалық!» - деді біреуі. Сөйтіп үшеу-төртеуі иіннен қатар шығып, біз келген жаққа үңіле қарасып тұрғандарында, артқы біреуі бақ ете түсті. Үшеуі үркіп мен тұрған жерге жетіп келгенде біреуін мен ұрып жықтым. Соңдарынан қуа шыққан Әбдірешит тағы біреуін ұрып түсірді. Қалған біреуі қаша жөнелді мектеп жаққа. Мектептен дүркіреп үлкен бір тобы шыға келгенде Әбдірешит екеуміз талықсып жығылған үшеуінің шоқпарларын жиып алып зытып бердік. Әбдірешит сондай қырандық істеді сол күні! - Сол шақта сағат неше екендігін білемісің? - Білемін, туанжаң, сағат кешкі он бірден өтіп қалған. Ойланып қалған Ауқан, алдыңғы күнгі сол уақытта мас болып жатқан өтірік Әбдірешитті Шайзадаға тапсырып, қоршаудан өздері қашып шығуға беттеген уақыт екендігін есіне түсірді. - Әбдірешит сонан соң қайда барды? - деп түйіле сұрады Ауқан. - Менен бөлініп ешқайда барған жоқ. Көп жаудан қашып құтылған соң өзіміздің штаб маңына келіп, арақ сататын Жаң лауһанды оятып алып, сол жеңісіміз үшін арақ іштік те, біздің үйге барып ұйықтадық. - Сол түні осы істі істеген... нақ Әбдірешит екеуің екендіктерің рас па? - Рас болғанда қандай, жаудан түсірген үш шоқпарды үш серігімізге бердік! Мүлгіп отырып қалған Ауқан, «жарайды, осы нәтижелеріңді маған ұмытпай жазып тапсыр!» дей салыпты. Өз қолынан марқұм болған Әбдірешиттің сол досын осы сөзбен қайтарып жіберіпті де, дереу телефон қоңырауын басып, біреуге жасырын күзетші Ыбырайым Мәметті шақыртыпты. - Сен алдыңғы күннің іңірінде Назарбекті іздеп жүрген біздің екі адамды көрдің бе? - деп сұрапты, Ыбырайымнан анықтау үшін. Ол іңірде Әбдірешиттің сол көшеде болғанын арнаулы бақылаушы да растапты: - Мәмет пайжаң мен Әбдірешитті сұрайсыз ба? Көргемін. Назарбекті іздеп жүр екен. Сағат оннан өтіп он бірге жақындағанда көрдім. Ауқан өзінің өткен іңірдегі зор жаңылысына ішінен тынып, жаба салу үшін Әбдірешит жөніндегі сұрастыруын тоқтата сала, бақылаушының өз мәселесіне ауысыпты: - Ал, сен сол алдыңғы іңірде Назарбектен қалай көз жазып қалдың? - Сағат тоғызға таман бір барып қарағанымда Күләннің отау үйінде отырғанын көріп қайтып едім. Содан іле-шала сол қақпа жақтан екі адам келіп мектепке кіріп кеткен. Алысырақтан өткендіктен кімдер екенін қараңғыда тани алмай қалғанмын. Бір шақта, Әбдірешиттің қалпағына ұқсас ақ қалпақ киген біреу сол мектептен жалғыз шығып, күншығыс жақ көшемен тез жүріп кетті. («Ақ қалпақ!» деп Ауқан өзіне-өзі күбір ете түсіпті.) Ал, Әбдірешиттер соңына түсіп жүрген Назарбекті тағы бір байқайын деп барсам, екі үйінен де көрінбеді. - Не бағып жүргенсің? - Тосын ақырып қалған Ауқан Ыбырайымды селк еткізіпті. - Туанжаң, ол кеште менің міндетім көбейіп кеткен. Ар жағындағы көшеге де барып тұрдым... Ауқан Шайзаданы соның таңертеңіне шақырып алып сұрапты: - Алдыңғы күннің арғы іңірінде үйіңе менің соңымнан барған ақ қалпақтыны сен Әбдірешит деп қалай таныдың? - Әбдірешит «батырды» мен бұрын көрмегенмін, атын еститінмін. Әбдірешит деген сол кісі екенін сіз екеуіңіз сөйлескенде ғана білдім. - Біз сөйлескенде ғана білдің? Ал, мен саған таңертең есін жиған соң маған штабқа өзің ертіп апарып тапсырып бер дегенім қайда? - Ол наушы [1] менің айтқаныма көніп айдауыма жүре ме, туанжаң-ау, батырыңыз таңға жақын өзі кетіп қалыпты. Маған айтпай ұрланып кетіпті, нанбасаңыз өзінен сұраңыз! - «Ол батыр» сенің батырың ба, менің батырым ба, көреміз әлі! Уақыты келгенде сол ақ қалпақтының кім екендігін мен айтсам, өзіңе жақсылық келмейді. Жан керек болса, өзің дереу әшкерелегенің жақсы, ұқтың ба? - Ойбай-ау, оны Әбдірешит деп сіз таныған соң танығаным болмаса, бұрын көрмеген бір қырма сақал, бұжыр қара қайтып менің батырым болмақ! - Бар, ойлан, оның кім екендігін соңынан болса да танып қоя бергенсің! Сенде өтірік көп! Шыныңа келіп, бәрін толық мойындасаң ғана кешірім етіледі. Төңкеріс деген туысқандыққа қарамайды. Осы қалпыңда тұрып алсаң, өз басыңды жейсің! Тез жазып әкеліп бер!.. Тағы да айтып қояйын, неғұрлым тез әшкерелесең соғұрлым жақсы! Шайзаданы Ауқан осы тапсырмамен қайтарыпты да, өзі қатты қысыла ойланыпты: «сол іңірде мұның үйіне, мені қорғау сылтауымен Әбдірешит болып барған - расымен, осы ақсайтанның өзі болғаны ма?... Үні Әбдірешиттің үнінен басқашарақ шыққанын, қатты мас болған адамның дауысы өзгеріп шығатындығынан көріппін-ау! Гримдеп-жасап, басқа біреуге ұқсатып шығару, біздің мұндағы жауларымыздың қолынан келіп жүр емес пе еді! Ал, нақтылы Әбдірешит ол уақытта менің алдыңғы тапсырмам бойынша жасырын жоғалту үшін ақ сайтанды іздеп, сол жақта жүрген екен ғой! Біздің арамыздағы тыңшыларынан оны да, менің Шайзаданы іздеп барғанымды да естіген айлакер жау, өзін аңдып жүрген Әбдірешит болып жасанып, менің өзімді өлтіру үшін барғаны ғой, қап! Біздің мықтылардың әрқайсысының өзгешелігін де, оларға ұқсатып жасандыратын бұйым-жабдықтарды да толық жиып алған ол жын-сайтандар!... Ал, ақ сайтан, қара Әбдірешит болып жасанып, бұрынғы ұйымдас мүриті болған Шайзаданың үйіне өзі келмесе, басқа ешқайсысына үй иесі сенбейді, танымайды да! Демек, Назарбек деп аталған Биғабілдің дәл өзі болды сол «Әбдірешит». Сол болмаса, әр күні баратын әйелдерінің бірінің үйінен табылмай, қайда кетті деуге болады, іздеп жүрген біздің қырандардың бірінің көзіне түспес пе еді! Мені өлтірмей бұл жерден өзінің тірі құтылмайтындығын біледі ол. Ұрымтал мезет күтіп, мас болғансып келіп жатып алғаны ғой! Сырттан келіп қоршауға алғандар да соны қорғауға, көмектесуге келгендер болды! Япырай, Құдайдың сақтағаны-ай! Ойпыр-ау, бұл сиқыр менің бұрынғы ең жасырын істерімді де түгел біліп болған екен-ау! Енді тездетіп жоғалтпасам, менің түбіме жетпей қоймайды! Әттеген-ай, мұны өлтіртемін деп жүрген Әбдірешитімді өзімнің өлтіріп тастағаным-ай! Алдыңғы жіберген пышақшымның, албасты басып, өзі мерт болып қайтқан соң, қайтсе де алмай қоймайтын осы қыранымды сайлап едім ғой, сенімді қандыкөз қайтпасым осы еді ғой! Япырай, өз қолымды өзіме кестіргені-ай мына әзәзілдің!» Ауқан осы ызаға булығып, азу тісін бсқанында, маңдай тері бұрқырап кетіпті. Кабинетінің есігін қағып, кіруге рұқсат сұраған ханзуша таныс үнге «ә...» дей салды да, орамалын алып, терін сүртті. Өзіне «көмекші» аталып жүрген қожайыны екен. Ауқанның жүз шырайына қарап, аса қиналысты ойда отырғанын біле қойды: - Туанжаң, қатты жүдеп отырыпсыз, ауырып қалдыңыз ба? - Менде дерт көп қой, Лау Жяң! - деп күрсінген Ауқан, жеке Биғабіл туралы ойдан жалпылық істі сөйлеуге ауысты. - Негізгі ісіміздің бірінің де сәті келмей жатқаны жаныма қатты батып барады! Арамызға кіріп алған тыңшы көп! Істемек болған ісіміз жау жаққа лезде естіледі де, тосқындыққа ұшырай қалатын болды! - Рас солай болып барады. Бірақ, бөгетке ұшырағанына қажыған адам төңкерісші бола алмайтындығын білесіз ғой. «Төңкеріс жолы бұралаң болады» деп Маужуши әлдеқашан айтқан емес пе еді! - Орындалар, асықпайық деуге уақыт тіпті зымырап барады. Мәдениет төңкерісі тоқтап қалса... тіпті өз арманымның да бірі орындалмай, мүрдем кететін сияқтымын! - Әсіресе, әлі де үйлене алмай тұрған жағдайыңыз, мені де тынышсыздандыратын болды, туанжаң! Анау әйелдердің қайсысын бізге жеңге етпексіз, соны айтыңызшы! Сіздей коммунизм қайраткеріне тимейтін қандай әйел екенін көріп алалық! - Оларды маған қарсы қайрап салатын әзезіл көбейіп алды. Маған көңіл бергендерін «оған бармақшы болсаң бауыздап тастаймын» деп қорқытатындар бар екен! - Міне, нағыз кері төңкерісші дейтініміз сондайлар ғой! - Естіп жүргеніміздей мәдениет төңкерісі тоқтап қалса, ондай кері төңкерісшілер қаптап шыға келіп, өзімізді бас салғалы отыр! - Жоғары басшылықтан бүгінгі келген хабарды естідіңіз бе? - деп күрсінді «көмекші». Ауқан «тағы не хабар» дегендей оған жалт қарады: - Жоқ, естімедім! - Мәдениет төңкерісіне тиым салыныпты! «Төңкеріс сылтауымен жүргізіліп жатқан әрқандай көзқарас соғысына, заупандерге мұнан соң жол қойылмайды. Бастаушылары жазаланады» депті! Мұнан соң «төңкерістік комитет» дейтін атау да қалдырылады екен. Әр дәрежелі үкімет орындары бұрынғыдай «халық үкіметі» деп аталсын депті. Тіпті, оңшыл-жерлік ұлтшыл дейтін қалпақтардың да ақ-нақақтығын ойланып көру қажет дейтін де сөз бар екен. - Маужуши қайтыс болған соң төңкеріс жолының буылғаны ма, не болғаны бұл! - Ауқан жалтақ-жалтақ қарады қожайын «көмекшісіне». - «Социализм дәуірі - үздіксіз төңкеріс дәуірі болады» дегені қайда Маужушидің? «Көмекші» жауапсыз тұқырып, ойланып қалыпты да, Ауқан өң-түстен мүлде айырылып, сары-тарғыл көзі өшкіндей беріпті. «Мәдениет төңкерісінің берген құқығымен құдірет тауып, айбатынан ай жасырынған шақта берілмеген мына «қаншықтар» төңкеріс тоқтаған соң «аузыңа с..., демес пе!.. Биғабілден келетін қатерді былай қоя тұрғанда да, әйелсіз-баласыз-панасыз қалтыраған жесір шал не күн көрмек!» деген аса суық ой бүріп сүмірейтіп еді. Қожайын «көмекші» жалт қарағанда екі шекесін екі қолымен қысып, төмен қарап күбірледі: - Біткен екенбіз ғой олай болса! Қалпақтары алына қалса, жерлік ұлтшылдар жеді деші мені! - Олай түңілмелік, туанжаң! - деп күлімсіреді «көмекші». Көз әйнегін қолына алып, сүрте сөйледі. - Сіздің арқа тірегіңіз сансыз көп екендігін білесіз ғой! Тіпті төңкерісті тоқтатпақ болып отырған басшылардың өздері де ішкі жақтан өзіміз, бұрыннан өз басшыларымыз екенін ұмытпалық! Сіз бен біздей адал азаматтарын қорғай алады! Меніңше мұның өзі бір тактика. Тұйыққа қамалып, ісіміздің сәті кетіп бара жатқанында шегініп алып жол ашып, қайта соғатын тактика болса керек! Ал, шекара бойындағы біздің орайымыз әлі кең. «Кері төңкерісші» атап, заупан жолымен соға алмасақ, шужұңжуидың жасосы деп жайрата беретін сылтауымыз бар емес пе! Тіпті, бұл бұйрықтар халыққа жарияланғанша да талай ісімізді орындап ала аламыз, ақылдасалық! - Жөн екен-ау, Лау Жяң! - Ауқанға жан қайта кіргендей, басын қақшаң еткізіп көтеріп алды да, шұлғып-шұлғып жіберді. - Бұл бұйрық халыққа ашық жарияланғанша бұрынғы екпінімізбен тездетіп, басып-басып жіберсек! Бәсе-бәсе, табылған ақыл! Тым болмағанда ең қатерлі жауларымызды басқа ешкімге сездірмей жайратып алсақ! - Менің ойымды дәл таптыңыз, туанжаң!.. Тегінде, бастан айырылған дене ешқандай қару-қарымжы ала алмайтындығы есімізде болсын! Осындайда басшыларының үнін өшіріп жіберсек, қалғандары не істерін білмей қалады! Осындағы жерлік басты дұшпандардың жайын өзіңізден артық білмейміз. Оны өзіңіз тездетіп жайғастыра берерсіз. Ал, мен сіз үшін бір қызмет істеуді ойланып келдім! - Мен үшін? Қандай қызмет? - Кеңесіміздің басында айттым ғой, өзіңіз айланып жүрген көп әйелдің қайсысын таңдайсыз?.. Соны айтсаңыз болғаны, мен орындап беремін! - Әйелдің өз ыразылығынсыз?.. Ондай мәселеде ол әйелдердің іздеуші-қорғаушылары көп, тура келіп мені бас салуға дайындалып отыр ғой? - Сізді бас сала алмайтын жағдай дайындап алып, амалдамақпын! Ұрланатын әйел сіз жоқта ұрланады, оның қайда кеткенін бір аз уақыт өткенге дейін тіпті өзіңіз де білмейсіз. Ал, әйелдің сізге разылығын алу тіпті де қиын емес. Уақытына келгенде өзі-ақ әдейілеп таңдайтын болады сізді. Тек, менің өзіңізге деген адалдығыма сенсеңіз болғаны!.. Атаңызшы нақ сүйер біреуіңізді! - Олай болса, тіпті қайсысы болса да Қабылтай жақтағы үшеуінің бірі! Күләнді алсам деп жүр едім. Оның көңілі маған ауып қалып еді. Және өзіме лайық кекселеу ғой. Бірақ, оған қатерлі бір қорғаушы келіп азғырып қойды. Ол, өзің естіп жүрген Назарбек, менің көне дұспаным еді! - Атын өзгертіп келген Биғабіл дегеніңіз сол ғой? - Сол, сол! Оны ашық қолға алып жоғалтуға болмай қалды... Мықтап жасалған жалған документі де аса мықты қорғаушы тіректері де бар. Қолға алсақ өзімізге үлкен қатер төнетін сияқты. Сондықтан жасырын жоғалтуға дайындалып жүрмін. Ол жоғалмай, Күлән маған жоқ! - «Назарбек» жөніндегі жоспарыңыз дұп-дұрыс! Бірақ, бала табатын жап-жас келіншектер тұрғанда Күләнді қайтпексіз. Сізге перзент те керек қой! Өзіңізден бала тумаған әйелге сенуге болмайды. Жасының бірін алып, неғұрлым тез тудырсаңыз, ха-ха-ха-һа-һа...а. Ауқан қосыла күлді де қожайынының бұл пікіріне де бас изеді. - Бірақ, Нәзипадан көңілім қалыңқырап жүр! - деп күрсінді өзі. - Не үшін? - Ол, әлгі Назарбек аталып жүрген ақ сайтанға жемтік болып қалыпты! Оған сол үйленбек болыпты деп те естимін! Бірақ, Биғабіл сайтанның әйелі аса сұлу деп естуші едім. Онысын қайтпек екен, білмеймін! - Ол сайтанды жоғалтқан соң Нәзипаның өзіңіздікі болуы оп-оңай ғой! - Биғабілді бұрынырақ жоғалтпасам, ол мені жоғалтады. Сондықтан оны жайғастыруым сөзсіз. Бірақ, Нәзипа тұрақсыз, бұзық әйел болғаны ғой. Басын маған құшақтатып, баланы басқадан табатын, асқан алаяқ, сұм әйел сияқты! Бірақ, мен алған соң кімге тигенін біліп, сұмдық ойлай алмас та. Менің сұмдығым әлдеқайда қатерлі екендігін білген соң түзелуі ғажап па! - Менің байқауымша сіз, нағыз жақсысын әлі танымаған сияқтысыз! - Гүлсімді айтпақсың ғой, ойлап көрсем, ол өте жас екен! Ойланып, қадірімді тануы аса қиын! Қартайғанымда ол жап-жас қалпында кете береді ғой! - Бәле! - деді «көмекші» қожайыны. - Неғұрлым жастан алып, бастан тәрбиелеп қызығын көргіңіз келмей ме! Өзіңіз баурап тәрбиелеп әкетуіңізге сол оңай! Маужушидің «ақ қағазға не жазсаң да, не сызсаң да болады» дегені сол емес пе! - Япырау! - деп ойланып қалды Ауқан. «Көмекші» өз сөзіне қосымша «ақыл» қосып тиянақтатты: - Ондай жас әйел өзіңізден едел-жедел екі-үш туған соң сізден басқа ешкімді де еркек деп танымайтын болады. Меніңше, сіздің мына тұрқыңызда солай орнықтыра алатындығыңызда сөз жоқ! Қарқылдап күлді Ауқан бұл «ақылға»: - Олай болса сенің таңдауыңда болсын, Лау Жяң! Қалай да осы үшеуінің бірі, менің ойлап жүргенім. Қолыңа қайсысы оңай түссе, жеңгең сол болсын! Бірақ енді тездетпесек қауіпті!.. Мен, осы таң атысымен «нажағай тездігінде» кірісіп, өз қатерлеріме қарсы мықты құралданған әзірейілдерді тағайындаймын. «Ақ сайтан» мен Қабылтай, алдыңғы нысанам болмақ!.. бірақ, істің шарты ешкімге сездірмей жоғалту ғана. Мәселе біздің штабтан болғандығын жан баласына білдірмей, көше лүкшектеріне аудара салу жағдайында жүргізілуі шарт! «Көмекші» көзәйнек Ауқанның ісіне сәт тілеп, әйел жөніне туанжаңның өзінің мүлде алаңсыз болуын сұрап сенім білдірді. - Бірақ, сіз басқа жұмыс жағдайымен бес-алты күн басқа аудандардың біріне баратындығыңызды әркімге құлаққағыс етіп қойыңыз! Мен хабарласымен кеткен болып тығыласыз да, жеңгеміздің жасырын төсегіне кіретін боласыз! -деп, қуыршақ туанжаңын күлдіре шықты. Алдыңғы тараудағы біздің тауға қайтуымыздың алдында Қабылтайдың Күләнді шақыртып алып айтқан сақтандыру сөзі, Ауқанның «нажағай тездігіндегі» осы жоспарын естісімен айтылған екен. Ауқанның Биғабіл мен Қабылтайды жасырын өлтіруге міндеттелген ең сенімді жендеттерінің бірі сол күні-ақ Қабылтайға келіп айтып кетіпті. Биғабілді алысырақ Күнес жайлауына шығара тұру жөніндегі пікірі содан шыққан екен. Күлән екеуміз жабыса қалып, өзіміздің үйреністі тауымызға қайтқан күні кешке жақын Ауқанға, «Биғабілдің бұрынғы әйелі Қазақстанға өтіп кетіп, сонда басқа біреуге тиіп алғандығын» тыңшыларының біреуі жеткізген екен. «Бәсе!» деп қалған Ауқан одан және сұрастыра отырып, «ол сайтанның» Нәзипаны алмақ болуы өтірік болып шыққанын тағы естігенде айқайлап жіберіпті: - Үй, қараңғы түнде екеуі құшақтасып бірге жүргені, Нәзипаның үйіне кештерде жиі барып тұратыны өтірік болғаны ма? - Жоқ, онысы шын, әуейілікпен жүргендер сияқты. - Күлән жол қоя ма сіңлісімен болған ондай әуейілікке? - Ол жөндерін түсіне алмадым. Әйтеуір, Күлән, кетерінде басына қызылды-жасылды жаңа желек салып, автобусқа Назарбекке төтенше күлімдеп қарап шыққанын көрдім. - Үй, ол сайтаны Күнеске кетті деп еді ғой?.. «Назарбек аға сол жақтағы жайлауға шығатын болды, доқтыр бұйырыпты» деп Күләннің өзі жариялап жүргені естілісімен, Күнеске іле-шала жүріп кеткені де естілді ғой! - Жоқ, Күләнға еріп осы тауға кетті. Бір-біріне күлімдеп, қиыла қарасқанына дейін қарап тұрдым! Ауқан, осыны естісімен асханада ішіп отырған тамағын жасосының алдына итеріп тастап тұра жөнеліпті штаб кеңсесіне қарай. «Көмекші» қожасын кеңседен таба алмай, үйіне барып сөйлесіпті: - Мен енді асықтым! - депті отыра сала күбірлеп. - Сенің «бір ауданға кеткен болып тығыла тұр» дегенің бар еді ғой. Мен таңертең ерте тұрып, рас кететін болдым. Ататын аңымның өзі адырға шығып бергенін қазір естіп келдім. Саған ескерте кететін тағы бір ісімді айтайын: мен енді Гүлсімнен басқасын алуды қойдым. Күлән мен Нәзипа енді тек, абыройларын төгіп, масқаралауым үшін ғана ескеріледі. Екеуіне кеткен кектерім үшін сәттері түскенде ендігәрі ешкім көзіне ілмейтін дүзіқараға айландырып-намыстарын таптап қана тастамақпын! Туанжаңның бұл қайратына қарқылдап күліпті «көмекші» қожа: - Қаһарыңыз қайын аған-ақ екен, ха-ха-һа-һа-һа...а.. Бірақ, ол екі әйел жөнінде «сәті келгенде» дегеніңіз дұрыс. Ал, «ататын аңым адырға шықты» деп, анау жөнінде асығып, өзіңіз қатерге ұшырап қалар ма екенсіз? - Жоқ, бұл асығуым емес, сәті келе қалған іске мұндай орайды қолдан жіберуге болмайды!.. Және оның жалған атпен келген Биғабіл екендігі толық анықталып болды!... Бұрынғы әйелі кеткен екен. Дәл осы жолы бұл тауға Күләнмен некеленіп алып, бірге әкету үшін шықты. Күләннің туысқан бауырының алдында некеленбек! Мұндағы балаларынан шеше ұялады. Ол сайқалдың Назарбек Күнеске кетті деп жар салған себебі, бізді алдау үшін ғана. Ал, ол Биғабіл екен, некеленіп, салт бойынша балдызының алдынан өткен соң Іледе тұрмай, тіпті Құлжаға да қайта оралмай тездетіп, Күләнді сол бетімен басқа жаққа әкетпек! Келгеннен бері неше түрлі қырға салып жүргені сол. Бәрі қулық!... Мен енді осы неке ырымын өткізбей соқпақпын! - Ашықтан-ашық барып соғу дегеніңіз... өзіңіз айтқан «ешкімге сездірмей жоғалтуға» бүтіндей қарсы тәуекел емес пе? - Жоқ, олай болмайды Лау Жяң, оны ауылдан қалаға әкеліп тексермек болып айдап шығамын да иенде атып тастап, қашты деп жариялап, бір-екі күн іздеген боламын, ол әрине табылмайды. Ешкімге сездірмеу деген осы! - Жалғыз барасыз ба онда? - Қолымда мың қорқытатын мылтық тұрғанда жалғыздық көрем бе мен! Білдірмей оңаша апарып жайлап, шоферіме «қашты-қашты» деп жар сала жетемін де, машинамен екі күн іздеген боламын! - Табылған ақыл екен! Ал, екі күн ғана емес, тіпті, Жың ауданына дейін іздеген болып бес-алты күн жүрсеңіз, оғанға дейін Гүлсім жөніндегі менің жоспарым да орындалар еді! Жауыңызды жоғалтып қайтып келісіңізбен дайын төсекке кіресіз! Ха-ха-ха-һа-һа...а.., кемеңгерлікпен тапқан ақыл екен мынауыңыз!... Соңында екеуі Гүлсімді қолға келтіру жөнінде де ақылдасты. Гүлсімге «көмекші» қожаның өзі қызығып жүр еді. Алғашқы жоспарында Гүлсімді сәтін тауып ұрлатып алып шғып, осы қала шетіндегі бір жемтіктесінің үйіне жасырып қойып, өзі бірнеше күн зорлап әйелденіп, мұсылман Ауқанға тиейін дегенге келітірмек еді. Бұл жолспарының екі-үш түрлі қолайсыз жайы барын ойланып қалды өзі: біріншіден, Гүлсімді басқаларға білдірмей ұрлатып алып шығуға қанша уақытта сәті келетіні белгісіз. Екіншіден, ұрлық деген жасырын істелетіндіктен іздеушілер тұп-тура Ауқан мен оның штабына шабуылдайды. Үшіншіден, алдымен «Лау Жяң көмекші» жағынан зорланған Гүлсім расын әшкерелеп, Ауқан мен екеуінің арасына бітпес кек орнатуы мүмкін. Бұлай болғанда екеуі бірін-бірі өлтіретін, тіпті болмағанда өзара жауығып қылмыстарын әшкерелесетін өте қатерлі оқиғалар туылар еді. Сондықтан «көмекші» қожа Гүлсім туралы қайта ойланып, мақсатына жетудің одан басқашарақ амалын тапты. Мұны орындау үшін көп уақыт кетпей, Ауқанның өз ісі сияқты «нажағай тездігінде» жүгізіледі. Әрі өзін туанжаңға адал досы етіп көрсете алады. Ауқанға осы жаңа жоспарын бұра айтып ақылдасып, мақұлдасты. Сөйтіп, «Адырдағы аңды жайғастырып» келісімен жас келіншекке жаңа күйеу болатындығына сенген Ауқан, соның ертеңіне таңертең алаулаған оттай жалындап аттанып еді. Биғабілді қашты деп іздеген болып, бес-алты күн жүрмей, сол күннің іңірінде-ақ тартылған текеше мықшиып қайтып, машинасынан күйген томарша домалап түсетіндігі екеуінің ойы түгіл түстеріне де кірмеген. Алаяқ «көмекші» Гүлсімді бір кеш болса да артығырақ игіліктену үшін, тауға Ауқан аттанысымен жортуылға дайындалған. Кешке дейін олжасын орналастыратын уақыттық және тұрақты орындарын даярлап, кешке жақын ең сенімді жендеттері мен өз түрін мүлде танымастай етіп өзгертті де, мүлде басқадан киінді. Ішкеріден келген үлкен бұлаңшы топ болып барып, жұрт ұйқыға кетісімен Гүлсімнің төркіні тұрған екі үйлі ғана кішкене қораны қрошап алды. Көршісімен қосып үн шығартпай түгел матап қаматты да ауланы қоршаулы күйінде қалдырып, көзі мен аузы таңылған Гүлсімді өзінің ең жақын байланысы бар төрт бес адамымен ғана әкетті. Ол қораға қарақшылар келгенін көше жасақтары біліп жиналғанша қоршаушылар бет-бетімен тарап, жым-жылас жоғалып та үлгеріп еді. Өзара жау топтар түгел іздеп шыққанда Ауқанға қарасты полк штабының қорғаушы жасақтары да қарақшыларды іздеп шыққан болып, басқа топтармен бір-бір айқасып-тергеп, адам бұлағандардың қай топ екендігіне белгі тақтырмай, суды лайлап үлгерді.... Таң ағарғанда Гүлсім шеттегі бір оқшау үйде сұлу мұртты ақсұр қытай жігіттің құшағында, жасалған төсекте жатқанын көрді. Осында келісімен алысып, мағдыры құрығанда алдырып қойған болатын. Алысумен құтыла алмайтындығын білген соң еріксіз жуаси тұрып, зорлаушының кім екендігін біліп алуға тырысып та ешқандай деректі белгі таға алмады. Әдейілеп келін түсіруге жасалғандай кішкене үйдегі қызыл-жасылды төсек-орын, там іргесіне тартылған гүлді қағаз, сәкі үстіне жайылған алаша, кілем... бәрі де ауыл қыстақ ханзуларының отауы формасында жасалыпты. Жалғыз-ақ «күйеудің» өзі қала қызметкері сиқында. Майланған қара шашты, жіп-жіңішке қара мұртты. Таң атысымен төсектен сұр бастон сым-кител киіп түрегелді. Бұрын көрінбеген қытай сияқты. Қазақша, ұйғырша тілдерден мүлде мақұрым екен. Бижін тілінде сөйледі: - Маған разылықпен тұрмыс құрсаң бақытты боласың. Егер разы болмасаң, менің де лажым жоқ, көп қиналып зорланасың. Байланып, қамалып, ұзақ азап көріп барып, ақыры көнесің! - дейді. Толық орта мектеп бітірген Гүлсім де сәл шалалау тілімен ханзуша жауап қатты: - Жоқ, мүлде разы емеспін! Мен саған өліп кетсем де тимеймін! - Көреміз әлі! Көніп үйренісіп кетесің, мен сүйгендіктен сен де сүйетін боласың! - Мен ешқашан да сүймеймін сені! Дінім, ұлтым сенен бүтіндей басқа. Басқыншылықпен зорланып тиген әйел саған әйел болып, махаббат байлай алмайды. Сәті түскен бір күні өш алып, өзіңді өлтірмей қоймайды. Онан да үйіме қайтарып құтыл! Олай болмағанда мына отауыңа өзіңнің ажалың келеді! - Үйіме қайтар деген дәмені сен енді мүлде ойлама! - деп зорекер қатал үнмен сөйледі. - Мен сені енді тірі қайтаратындай, ақымақ емеспін! Осында қарсыласамын деп өлмесең, ішкерідегі үйіме қайтарып әкетемін. Сонда еріксіз көнесің! Ойлан, жоғары мектеп бітірген менен жақсы, әрі әл-ауқатты жігіт таба алмайсың, бекер қиналма! Өздігіңнен разы болмай, жайылдық істей берсең, мына жігіттерімнің ықтиярына беремін. Олай рәсуа болып өлуіңді мен мүлде тілемеймін. Бірақ, мені қапаландырсаң лажым жоқ, солай қорлап өлтірілесің! - Сендей қарақшы басқыншыға тиіп тірі жүруден соның өзі жақсы! - Мен зорекер де, басқыншы да емес, астанадағы бір үлкен мекеменің басты кадрымын. Мұнда төңкеріс міндетімен келіп, саған ғашық болып қалдым. Бірақ, сол ғашықтықты қорлап, бетіме түкіріп, қол жұмсағандығыңнан түнде солай болып қалды. Жөніңе келіп, маған разылықпен әйел болғаныңнан соң, менен мәңгілік жақсылық бақыт қана көретін боласың, ойлан! - дей салды да терезе қағып, бір жендетін шақырды. - Тамақ әкелсін! - Гүлсімнің алдына леген-құмғанымен су әкеліп қойды өзі. Жай киімді екі жігіт пен бір әйел стол мен екі орындық, дастарқан әкеліп, майлы қуырдақ, ақ нан, термоспен шай, қымбат бағалы коньяк, вино, әр түрлі конфет, жеміс әкеліп қойып шықты. Гүлсім қозғалмай, жүзін де жумай отырып алды. Басқыншының өзі дымды орамалмен беті-қолын сүрткен болды да, қуырдақ жеп, арақ іше отырып сөйледі: - Анау үлкен чемоданда сен киінетін жаңа киім бар. Соны киіп алмасаң, сыртқа дәретке де шыға алмайсың. Менің жолдастарымның айтқанына сөзсіз көнесің! Егер көнбесең олар қатал жазалап қояды, ұқтың ба? - дей салды да безеріп отырған Гүлсімнен жауап күтпей-ақ сыртқа шығып, есік сыртынан құлып салды. Гүлсім оның іргелес үйге барып кіргенін сезіп еді. Біраздан соң мотоциклдің от алған дауысы естілді. Гүлсім, жоғары орнатылған терезеге ұмтылып барып, бойы еркін жетпегендіктен орындық апарып қарағанша ұзаңқырап кетіпті. Киімінің әлгі қарақшыдан басқа, қаракөк киімді біреу екендігін ғана көріп қалды. Тағы да алысып-қарсыласып көретіндігін ойлаған Гүлсім, әлсіреп қалмау үшін қолын жуып, зорлап тамақтанды. Бірақ, ол үйден қаруланатындай, еш сайман табылар емес. Сынап көру үшін терезе қағып адам шақырды сонсоң. - Немене? Не керек сізге? - деген жуан дауысты ханзу үні есіктен естілді. - Бастығыңды шақыр, сөзім бар! - Ол бірер сағатта келеді! - деді сырттағы дауыс. - Олай болса мен дәретке шығып келейін! - Қазірше, кешіріңіз, шықпайсыз! Легенге дәреттене беріңіз! Бір сағатта келеді делінген қарақшы бастығы «жаңа отауға» түн ортасында әрең қайтып келді. Жігіт болып жасанған бұл басқыншы Ауқанның кексе «көмекшісі Лау Жяң» аталған қожайынның дәл өзі екендігі оқырмандарға мәлім болса керек. Өткен түнде Гүлсіммен бұл алысып жатқанда таудан келіп, штабы алдында домалап түскен Ауқан Лау Жяңын іздетіп таба алмай, басқа қызметкерлерінің көмегімен емханаға барып орналасқан. Таудағы соққы зардабынан ес-түсінен айырылып, көшеде Гүлсімді іздеп жүрген айқай-шуды да естімеген туанжаң, таңертең келген «көмекші» қожаның түнде қайда кеткенін де сұрай алмады. Биешінің үйіндегі кекті тепкіден сүйреліп, айдалып терлеп келіп, таудың суық суына салынғандықтан жарақаттары асқынып, іңірден бастап ыстығы өрлеп кеткен екен. Не болғанын ауық-ауық ес кіре қалғанда ғана сұрап отырып, оқиғаны шала-шарпы ұққан «көмекші» не істерін білмей қалды. Ауқан жатқан нөмірге басқа ешкімді кіргізбеуді доқтырханаға тапсырып, қорғаушыларынан мықты күзет орнатып, өз үйіне қайтып барып тынықты. «Жаңа отуға» келгенінше түн ортасы болып қалыпты. Әйтеуір қуыршақ туанжаңы мына қиын аурудан жазылғанынша Гүлсім өзінікі болды ғой. Ол жөніндегі өз мақсатының артығымен орындалатындығы көрінсе де, халықтың қаһарынан өзінің қаупі де арта түсті. Бір төсекте жатқан Гүлсіммен байланысы өткен түндегідей суық соғыс райына өтті. Жеңіп алған соң үстінен түспей қойған қарақшы қалғығанда Гүлсім оның жан құралын іздейді. Ендігі бар үміті сол құралды қолға түсіріп, жайратып шығуда ғана қалды. Ысқаяқ қарақшы оған алдырар емес, өзінің кім екендігін білдірер де емес. Таңертең тағы да ерте тұрады да, тамақтана отырып, келіншектің шын көңілімен берілуін сұрайды. Көңілін бермей күн жоқ екендігін тағы да ескертіп тастап, больницаға кетеді. Сөйтіп үш түнді өткізді. Емханадағы Ауқанның ыстығы қайтып есін жиды. Қожайын «көмекші» Гүлсімді әкеліп жасырып қойғанын негізгі иесіне енді айтпауға болмай қалды. Өйтетіні, бұл бұлаңшылығы білініп қалса, бас қылмыскер өзі болып қалатындығы белгілі. Гүлсім қолды болудан бұрын кеткен Ауқан таудан соққыға жығылып келіп, өлім халінде жатқанын жұртшылық біліп қалыпты. Жалғыз-ақ оның қайсы емханада жатқаны ғана белгісіз. Ал, Гүлсімді іздеушілер Құлжадан қуыс қоймай тінтіп жүр. Егер Ауқан туанжаң сөзінде тұрса тұтқын келіншектің орнын дереу өзгертіп, тінтіліп болған бір жемтіктесінің үйіне әкеліп жасыруы қажет. Лау Жяң осы жәйттерді ой елегінен өткізіп алып баяндады «туанжаңына». - Жеңгемізді алып келдік, туанжаң! - деп бастады сөзін. - Кулиге әкетеміз деп қорқытып отырмыз. Оған өзіміз Кулиден жаңа келген болып танылдық. Осы жағдайында кезіге қалсаңыз, сізді құшақтай алатындығына сөз жоқ. Ендігі нұсқау өзіңізден! Ауқан қатты күрсінді мұны естіп. Жауап қайтара алмай, жиі ыңқылдады. - Өзіңнің қалай басқара тұру жоспарың бар? - деп сұрады аздан соң. - Менің ең негізгі көңіл бөліп отырғаным, білініп қалып штабымызға сөз келтірмеу жағы мен жеңгемізді басқа біреуге жем етпей, өзіңізге таза қалпында қорғап өткізу ғана. - Солай болсын! Солай болсын! Өзім емделіп болғанша... маған істеген қамқорлығыңды екі есе артығымен орындаймын! «Көмекші» қожайын емдеп жатқан дәрігерге барып сөйлесті сонсоң: - Біздің мына туанжаң, толық жазылатын сияқты ма? Шыныңызды айтшы маған! - Бұл кісінің ең қатерлі жарақаты жыныс безінде ғана қалды! - деді дәрігер. - Оны қалпына келеді деп сенім беру қиын, онысының бірі мүлде жаншылып кеткен. Бір сыңарының жартысы зақымдалған. Бұл жайын ешкімге, тіпті өзіне де айтпаңыз, осы жердегі ғана сыр болып қалсын! Осы жартысын қалпына келтіру шарасын іздестіріп жатырмыз. Еміміз қонса азбан болса да әйтеуір бірдемесі қалар еді. Еміміз қонбаса мүлде әтек болып кетеді! Ал, басқа жарақаттары ендігі бір-екі күнде-ақ жазылады! Қожайын «көмекші» Ауқанның қасына қайта барып, басқа қандай тапсырмасы барын сұрады. Туанжаң оған тауда болған оқиғаны жасыра тұруды, тек, Биғабіл мен Күләнді Совет КГБ- сының шпионы ретінде қолға алуды сақшы жағына, прокуратура арқылы зорлап міндеттеуді тапсырды. - Факттік материалын олар қолға алынып қамалғанша, тіпті, бүгін-ақ жазып даярлап боламын! - деді соңында. Қожайын «көмекші» іс жүзінде «мәдениет төңкерісінің» осы қалалық басқару апаратындағы астыртын саяси жетекші міндетінде болатын. Ауқан жатқан емханадан шыға сала өзінің қуыршағы болып дағдалып қалған пурокуратурамен сөйлесіп, Биғабіл мен Күләнді қолға алдыруды ресмилестірді. Ендігі бір зор іс Гүлсім мәселесінде екендігін ойлана шығып, Ауқанның енді оны иелене алмайтындығын ескеріп жымиды. «Сыңары жазылып, намыс үшін үйленсе де, осы жас сұлудың жартысы өзімдікі болмай ма, азбанның кәрілігін ескергенде тіпті бүтіндей өзімдікі, аты мен шығатын шығыны ғана Ауқандікі, һа-һа-һа-һа...а. Қандай рахат, кемпірім де күндей алмайды деші!» Осылай ашыла күліп алып, ең алдымен келіншек алдындағы қарақшылықтан өзін адалдап-ақталып алудың айласына кірісті. Бүгін кеште Гүлсім жатқан үй маңында өзара өтірік соғыстыратын екі топтың екі бастығына нұсқау беріп, не істейтіндіктерін оңаша түсіндірді де «жаңа отауына» ертерек қайтты. Іргелес үйге жасырынып кіріп, киімін ауыстырып, сұлу қарақшы формасында қайта жасанып алып кірді Гүлсімнің қасына. - Әлі тамақ ішпегенбісің, сүйіктім, ашуды қой енді! Кел, мынадан бір-бірі ыдыс қағыстырып жіберіп, тамақ ішелік! - дей сала екі стаканға вино құйды. Екі-үш рет жалынып өтініп, бірін ұстата алмаған соң екеуін де өзі жұта салып, Гүлсімді бүре құшақтады да, қылмысты төсегіне алып ұрды. Қорғана қарсыласқан әйел іш киімінің алғашқы күні-ақ ауын жыртып еді. Бұл жолы қасақана бауын үзіп жіберді. Тағы да үстінен түспей жатып алып, сағатына қарады. Басын Гүлсімнің бетіне сүйеп, ұйқыға кете бастағанда әйелдің екі қолы қарақшының жанқалтасынан, сым белдігі мен қалталарынан сипалап жан құрал іздеді. Сырттан тарс-тұрс мылтық атылды осы шақта. Қатты тулаған «ғашығын» бүріп-мытып тыныштандырған қарақшы, басын көтеріп сырттағы атысты тыңдады. Сылқ етіп қайта түсірді басын. «Заупаншілер, ештеңе емес. Біздің батырлар қуып тасайды оларды!» деп келіншектің мойнына күбірледі. Атыс күшейіп жақындай түсті үйге. «Қамсыз жата бер, мен шығып басқарып келейін!» деді де тұра жөнелді сыртқа. Жалма-жан Гүлсім де түрегеліп киімі мен додаланған шашын түзеткенімен, бауы үзілген іш киімі дәнекерге тоқтамай мықынынан түсіп кете берді. Шешіп тастап етегін жапқанша өзі бұрын көріп жүрген «көзәйнекті Лау Жяң көмекші» кіріп келді. - Гүлсім, осындамысың? Енді азат болдың, қарақшылар қашты! Ештеңе емес, ештеңе емес, абыржымай-ақ қой! Отырып киініп ал! - Лау Жяң шала ұйғыр тілінде былдырлай сөйлеп шыға жөнелді сыртқа. - Неғып тұрсыңдар! - Ақырып жіберді жасақтарына. - Бірін қолға түсіре алмағансыңдар ма? Бәрің қуыңдар, бәрің, бәрің! Шеп жайып қоршаңдар, бастығы құтылып кетпесін!.. Тоқтап қол көтермегендерін атып тастауларыңа рұқсат! Жасақтар үй сыртына қарай тапыр-тұпыр жүгіре жөнелгендей болды. Гүлсім де асыға шығып бет алдына безе жөнелмек болып еді. «Көмекші» алдынан шыға келіп, арқасынан қаға күлді: - Бізден де қорқамысың, үйге кіріп отыра тұр, жасырынып тұрған бірі өз қылмыстарын жасыру үшін атып кетпесін! - Гүлсімнің қолынан тартып, үйге кіргізе жалғастырды сөзін. - Үш күн болды сені іздегенімізге, қалада тінтпеген жеріміз қалмады. Қарақшылар осы жалғыз үйге әкеліпті ғой!... Бұл үй ішкеріден жаңа келген бір семьяның өздері жасап алған үйі болатын. Семья адамдарының бірге қашқанына қарағанда осылармен жемтіктес қарақшылар болғаны ғой! Бірін қолға түсірсек бәрін табамыз, асықпа!... Таудан ауырып бүгін қайтып келген Ауқан жолдас, сенің қарақшылар қолына түсіп кеткеніңді естіп, қатты мазасызданды. Отыра тұр, жауынгерлеріміз қарақшылар ұясын тінтіп болсын, өзіңнен де сұрап анықтайтын істеріміз бар! - Менің айқайлауға да мұрсамды келтірмей аузым мен көзімді таңып, үйімнен тартып алып шыққан. Қайда келгенімді де білмеймін! - деп шағынған Гүлсім, қарақшы бастығы жағынан зорланғандығын сөйлеп жылады. - Бұл шағымын қостай, жаны ашығанси жүріп, төсектің бас жағына қойылған чемоданды, төсек астына тығылған қызыл штанды тауып әкеліп жайған ғаяр қарақшы намыстанған-ызаланған шыраймен ыңырана сөйледі: - І...һы....еһе...е.., бірі келіп штаныңыздың ауын жыртқан, бірі келіп бауын үзге! І...һы...ы... бір-бірден келіп бәрі ойнаған!... Һ-һы...һы...ы.. ақыры штаныңызды төсек астына тастап, боларым болды деп жалаң бұт жата бергенсіз!.. Жаңа әрең тауып, кие алмай қалған себебіңіз сол болды! І...һы....һы...і.., мына мұншалық қымбатты киімдерді сыйлағандықтары үшін өзіңіз де босап қалғансыз! І..һы...һы...ы... мына зияпат, сый-құрмет дастарқандарына мастанып, бәрін де разы еткенсіз... Һы...һы...ы... өзіңізде көптен бері ер көрмеген, жап-жас жесірсіз ғой! - Олай емес Лау Жяң... бастығы ғана зорлады! Басқасын көргемін де жоқ! - Гүлсім еңіреп жіберді мына улы жалаға. - Бірі ғана болса штаныңыздың бауынан, иә, ауынан ғана жол ашар еді. Ал, олардың көптігінен төрт күннен бері штаныңыздың қайда қалғанын да білмей қалғансыз. Заттық факт солай! Қарақшылардың қолына түскен соң солай болады, керек жоқ, керек жоқ! Бірақ, бәрін разы етіп, күндіз-түні жалаң бұт зияпатта болғандығыңыз ғана!.. Осы қарақшыларды түгел тауып жазалау үшін, бұл масқарасын халыққа жариялап, қарақшыларға жұртшылықтың кегін күшейте түспей болмайды! - Бір күшті бастығы ғана үш кеш зорлағанын, басқасын мүлде көрмегендігімді айттым ғой, Лау Жяң! Бүйтіп жұртшылыққа өзімді дәретхана етіп жариялағаныңызша өліп алғаным жақсы! - деп шыңғырып жіберді Гүлсім. - Болмайды, бо-болмайды, өлуге мүлде болмайды! Сіз зиянкестікке ұшыраушысыз, сізге айып тақпаймыз! Масқаралауға болмайды! Бірақ қарақшылардың намыссыз жауыздық қылықтарын түгел әшкерелемей де болмайды! Халық кегін қозғап, жұртшылықты жұмылдырып түгел тауып жазалау үшін барлық қылмыстарын жұрт алдына дәл осылай жайып салмай болмайды! - Олай болғанда жазықсыз мені жұрт жүзіне қарағысыз етіп масқаралап өлтірмексіз ғой! - Факт деген рақымсыз, оның дәл өзін сол қалпында қоймаса, қылмыскерлер мойындамайды, түсінемісіз? - Факттің дәл өзі, бір бастығының ғана басқыншылық істегені! Сені аламын, ғашықпын деп зорлай берді. Үстімде ұйықтады, соның өзі ғана! Бәрі деп қалай көбейтіп отырсыз, Лау Жяң-ау! - егіле еңіреді Гүлсім. - Мыналар бір ғана басқыншының ізі емес, Гүлсім, міне, міне, көрініп тұрмай ма! Халық жауларын өз ұятыңыз үшін ғана жасырып қалмақсыз ба! - Менің сізге ешқандай жазығым жоқ еді ғой, Лау Жяң! Менің жүзімді, абыройымды сақтаңыз!.. Бұлай жарияласаңыз мен тірі жүре алмаймын, аяңыз мені! - Гүлсім осылай жалынып еңірей берді де жәдігөй жауы ойланғансып-қиналғансып отырып қалды. Маңдай терін сүткен болды. - Жылап, қабырғамды қайыстырдың ғой! Олай болса, алдымен туанжаңның өзіне ғана баяндап, онымен ақылдасайын! - деп күрсінді соңында. - Жоқ, оған да сіз айтпаңыз, осы факттер бойынша мен өзім сөйлесіп, барлық көргенімді өзім мәлімдейін! Ауқан ағамен кездестіріңіз! Егер Ауқан еркектігінен айырылмаған болса, «көмекші» қарақшы өз жоспары бойынша Гүлсімді осылай жалындырып, пенде етіп алған соң, оған басқыншылыққа ұшырағанын да жасырып қоспақ еді. Енді басқаша жолмен тиянақтандыруды ойластырды. - Мақұл, сөйлестірейін! - дей салды, Гүлсімнің өтінішіне. - Бірақ, ол кісі ауруынан жазлғанша күтесіз! Өзіңізге қауіп-қатерсіз бір үй бере тұрайын! Сенімді адал күтуші, қорғаушы да берейін! Осыдан басқа менің қолымнан не келмек, оайлаңызшы! Тек, туанжаңмен өзіңіз сөйлескеніңізше менің ғана бұйрығымда болуыңыз шарт! Қарақшылар қолға түскенше басқа ешкіммен сөйлеспей, өзіңізді әшкерелемей күтесіз! Егер олар сіздің осында екендігіңізді біліп қалса тағы да алып кетуі, тым болмағанда өлтіріп кетуі сөзсіз! Өздерінің сіздей ажалды факты тірі тұрғанда олар тынши алмайды. Сондықтан біз де ол жауларыңызды қолға тездетіп түсіруге бар күшімізді саламыз! Оғанға дейін әйел күтушіңіз бен менен басқа ешкімге көрінбейсіз Тіршілігіңізге міндетті болып қалғандығым үшін осы тәртіпті мықтап ұстауыма көне тұрасыз! - Ал, Ауқан аға менімен қашан сөйлесер? - Ұзақ күттірмес! - Амандығымды білдіру үшін үйімдегі біреуді шақыртып алып сөйлесуіме бола ма? - Сіздің аман-есен табылғандығыңызды мен барып хабарлап қоямын. Тергеу біткен соң үйіңе ап-аман қайтаратындығыма уәде беріп тыныштандырайын! Гүлсімді жауы осы уәдемен алдап, сол түні қала ішіндегі басқа бір жасырын үйіне апарып орналастырыпты. Әділетті тергеушім, қас албастының қас-қағымда қамқорым болып көріне қалатын сиқыр сұмдығы өздеріңіздің ең негізгі өнерлеріңіз ғой. Мұныңызға көріп-біліп жүрген көзі бар жұртшылық таңданбайтын болған. Енділіктегі өтірік күлкіңіз де өзіңіздің нендей зат екендігіңізді әшкерелейтін рөл атқарып жүр. (Өйтетіні, бетіне ұяттың нерв талшығы өзімен бірге жаралатын адам баласы тыржалаңаш алдамшылықтан қызғыш тартады ғой. Ал сіздің жүзіңізде ондай ұят талшығының ізі де жоқ.) Мұндай масқара бейнеңізден халықтың ештеңесі кеми қоймас еді. Тек, нағыз адамзат азаматтарын «жын-шайтан» атап, өздеріңізді адам деп сендірмек болып қинауларыңыз, адамның өзіне есектің желқомдап мініп, «хит!» деп тебінгеніндей қорландырып барады. Сыры мәлім болған есекке, көре жүріп есек болудан қорлығы ауыр қылмыс бар ма! (Жалғасы бар) « Abai.kz » [1] Наушы (ұйғырша) - батыр, палуан жұдырықшы.
|
qosymsha/abai.kz | post_7064.txt | Өмірден озды бір бұлбұл | https://abai.kz/post/7064 | "Өмірден озды бір бұлбұл" | "https://abai.kz/post/7064" | 08.02.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Өмірден озды бір бұлбұл
URL: https://abai.kz/post/7064
META: "Өмірден озды бір бұлбұл" | "https://abai.kz/post/7064"
DATE: 08.02.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 369
TEXT: 1967 жылы КСРО халық әртісі атанған Роза Бағланова дүние салды. Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде жеке дауыста әнші болды. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында өнер көрсетіп, 1945 жылдың 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.). Роза Тәжібайқызы Совет заманындағы сазгерлерінің, бұрынғы Совет Одағына қараған республика елдерінің, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін де үздік орындады. Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарларда болды. 1967 жылы КСРО халық әртісі атанған Роза Бағланова дүние салды. Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде жеке дауыста әнші болды. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында өнер көрсетіп, 1945 жылдың 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.). Роза Тәжібайқызы Совет заманындағы сазгерлерінің, бұрынғы Совет Одағына қараған республика елдерінің, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін де үздік орындады. Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарларда болды. Ленин орденімен, т.б. медальдармен марапатталған. Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты. Ән әлемінің бұлбұлына арнап кезінде сазгерлер - Ә. Есебаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиев кесек туындылар жазған. 1996 жылы Роза апамызға Халық қаһарманы атағы берілді. "Абай-ақпарат"
|
qosymsha/abai.kz | post_47968.txt | ОҚО-да «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды | https://abai.kz/post/47968 | "ОҚО-да «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды" | "https://abai.kz/post/47968" | 21.11.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ОҚО-да «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды
URL: https://abai.kz/post/47968
META: "ОҚО-да «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды" | "https://abai.kz/post/47968"
DATE: 21.11.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 491
TEXT: Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды. Жұлдызды 25 күннің бірінші күні - «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме кешенінің ашылуымен басталды. Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік тойымен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктері мен Ата Заңның мән-мағынасына тоқталды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы тереңде жатыр. 1991 жылғы 16 - желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік - біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен ірі жеңістерге дәлел болатын мысалдар өте көп. Мәселен, ширек ғасырда Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге өссе, Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 жасқа ұлғайды. 25 жыл ішінде Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді. Соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында қол жеткізген белестер», - деді Ж.Түймебаев. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері - «Қазақстан 2050» стратегиясы, Елордасы - Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сынды 14 тақырыптық бөлімнен тұрса, қалған 12 бөлім Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен шағын және орта бизнестің дамуы, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы мен білім, мәдениет, спорт және туризмнің дамуына арналды. Сонымен бірге, шара аясында егіз туылған нәрестелердің ата-аналарына туу туралы куәліктер беріліп, қоғам өміріне етене араласып, белсенді көзге түсіп жүрген 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер тапсырылды. Ал мереке қарсаңында шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жас жұбайларға неке куәлігі табысталды. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» жұлдызды күніндегі шаралар мұнымен бітпейді. Кешке дейін аудан, қалалардағы кітапханаларда «Жеті Жарғы» кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәдениет мекемелерінде зиялы қауымның қатысуымен «Мемлекеттілік тарихы» жобасы өтпек. Сондай-ақ, жастарға арналған «Жанұя» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтсе, білім беру ұйымдарында «Айбарлы Ата заң» тақыбырында ашық сабақтар ұйымдастырылады. Тәуелсіздік жылдарында өңір экономикасына 3 трлн. 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Сондай-ақ, осы жылдар ішінде 347 денсаулық сақтау нысаны, 491 мектеп, 1491 балабақша пайдалануға берілді. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,1 млрд. теңгеден 670,4 млрд. теңгеге артса, ауыл шаруашылығы 20,0 млрд. теңгеден 426,9 млрд. теңгеге өскен. Сонымен қатар, 25 жылда өңір халқының саны 1,8 миллионнан 2,8 миллионға жетіп, 1 миллионға артқан. Ширек ғасырда 2001 жылы бүкіл мемлекетіміздің бюджеті 508 млрд. теңге болса, бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті 550 млрд. теңгеге жетіп отыр. Айта кету керек, қарашаның 21 мен желтоқсан айының 15 күні аралығында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары» сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_47578.txt | Ермұрат Зейіпханның «Дүние ғапыл» атты кітабы жарық көрді | https://abai.kz/post/47578 | "Ермұрат Зейіпханның «Дүние ғапыл» атты кітабы жарық көрді" | "https://abai.kz/post/47578" | 05.12.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Ермұрат Зейіпханның «Дүние ғапыл» атты кітабы жарық көрді
URL: https://abai.kz/post/47578
META: "Ермұрат Зейіпханның «Дүние ғапыл» атты кітабы жарық көрді" | "https://abai.kz/post/47578"
DATE: 05.12.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 203
TEXT: Бүгін Жазушылар одағында ақын, композитор, актер Ермұрат Зейіпханның 50 жылдығы аясында атқарылатын шаралар туралы пресс-конференция өтті әрі ақынның «Дүние ғапыл» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Шараға Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, ҚР Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан, қытайтанушы, тарихшы-ғалым Нәбижан Мұхаметханұлы, ақын Алмасбек Ахметбекұлы қатысып, Ермұрат Зейіпханның шығармашылығы мен өмірі жайында кең мағлұмат берді. Қабырғалы қаламгер Қабдеш Жұмаділов: «Ермұрат талантымен, тағдырымен, өнерімен және бөлек болмысымен бәрімізді мойындатты. Оны күні кешегі серілердей көрдік. Өлеңі қандай, прозасы қандай, әндері қандай еді? «Көк тудың желбірегені» бүгіндері барша қазақтың жатқа айтатын әніне айналды. «Күнес-айы» туған жер туралы құйылып түскен бірегей туынды еді. Оның 70-ке жуық әні бар, орындаушысы табылса елдің рухын көтеретін сүбелі туындыларға кенде емес. Өлеңдеріндегі сырбаздық, шыншылдық жайында әлі де болса тереңірек зерттеу керек», – деді. Ал Н. Мұхаметханұлы: «Нағыз патриот кім десе – Ермұратты, нағыз дегдар жан кім десе – Ермұратты, нағыз қарапайым өнер иесі кім десе – тағы да Ермұратты айтуға болады. Ол өзінің адал да шынайы болмысымен бәрімізге сыйымды, үлгі болған азамат», – деді. Алдағы сәрсенбі күні кешкі сағат 18.00-де Әуезов театрында Ермұрат Зейіпханды еске алуға арналған «Екі дүниеде жалғызым – Қазақстан» атты шығармашылық кеш өтеді. Кеште белгілі өнер жұлдыздары Ермұрат Зейіпханның әндерін шырқайды. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_160513.txt | Ақынның бюстін орнатуға әкім неге құлықсыз? | https://abai.kz/post/160513 | "Ақынның бюстін орнатуға әкім неге құлықсыз?" | "https://abai.kz/post/160513" | 17.11.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Ақынның бюстін орнатуға әкім неге құлықсыз?
URL: https://abai.kz/post/160513
META: "Ақынның бюстін орнатуға әкім неге құлықсыз?" | "https://abai.kz/post/160513"
DATE: 17.11.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 402
TEXT: Биыл 115 жасқа толғандығы аталып өтіп жатқан ақын, аудармашы, Жамбыл Жабаевтың хатшысы қызметін атқарған, қазақ әдебиетіне жиырмасыншы жылдардың соңғы ширегінде келіп, қазақ поэзиясының қалыптасуына ерекше үлес қосқан қарымды қаламгерлердің бірі – Ғали Ормановтың бюсті орнын таппай тұр. Мән-жайды анықтау үшін әңгімені әріден бастасақ деп отырмыз. Біздің білуімізше, Астана қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына Ғали Ормановтың аты берілген. Содан кейін бұрынғы қала әкімі Бақыт Сұлтанов мектеп алдына бюст орнату туралы мәселені бекітіп, оны қалалық Білім басқармасы да растаған. Ал бұл мәселе кейіннен сиырқұйымшақтанып кеткен. Ақынның жиені Айдар Қырықбайұлы: - Елорда мектептерінің біріне Ғ.Ормановтың есімі берілген. 2007 жылдан бері аталған мектептің алдына бюст орнату мәселесі көтеріліп келеді. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов болғанда бюджеттен Ғали Ормановтың бюстін орнату мәселесі бекітілген де болатын. Өкінішке қарай, қаржысы да, бюст те жоқ болып кетті. Осы мәселені қазіргі Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов назарына алса екен , – дейді. Мектеп алдына ақынның бюстін қою жөнінде 2019 жылы Білім басқармасының экс-басшысы Әнуар Жанғозин Facebook әлеуметтік желісінде мектепке есімі берілген тұлғаға арналған мүсінді орнатуға 2020 жылы қаржы бөлінетіндігін хабарлаған екен. Алайда аттай екі жыл өтсе де Ғали Ормановтың бюстін орнату былай тұрсын, сол туралы ақпарат та жарыққа шықпаған. Бұл да біз үшін түсініксіз жағдай. Астананың төріндегі ақын атындағы мектепке ескерткіш мүсін емес, тіпті бюст қоя алмау, «қоямыз» деп ақпарат берген соң, екі жыл ішінде оны орындай алмау – еліміздің астанасы үшін ұятты шаруа. Елордада бекітілген мәселе орындалмай жатса, басқа аймақтардағы жағдай туралы айтудың өзі әбестік. Әр ақпарат көзінен бір жылт етіп, «Әділетті Қазақстан құрамыз» деген ұран жиі айтылып жүр. Сенгің-ақ келеді, бірақ еліміздің қақ ортасындағы, сол Әділетті Қазақстан құрушылардың жанында мынандай жағдай болып жатқанда, сенімге селкеу түсері анық. Қашанда ұлттың рухани келбеті мәдениетінен көрінеді. Ал мәдениетті жасаушыларға құрмет көрсете алмау – ұрпағы үшін абыройлы іс емес. Осыған дейін отыз жыл бойы экономиканы алға тартып, сол үшін жұмыс істейміз деп ұрандаттық. Одан көгергеніміз шамалы. Ал енді нағыз әдебиетке, мәдениетке көңіл бөлетін уақытта дәл осындай орындалмаған уәделерді көріп, қынжылатының рас. Өткен отыз жылдың ширегінде әкім ауысса, экс-әкімнің жасақтаған командасы қоса ауысатынына етіміз үйреніп те кетті. Әйтсе де, қазіргі әкім Алтай Көлгінов осы мәселеге назар аударып, істі соңына дейін жеткізсе дейміз. Дәл қазір саяси науқан, сайлау алды үгіт-насихаттың қызып тұрған шағы. Әдеттегідей уәденің астында қаламыз. Ертең-ақ қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып кететіндей күй кешеміз. Бірақ бір бұрыштан сығалап, шенеуніктердің орындалмай қалған уәделері қылтияды да тұрады. Сол қылтиғандар қаптаса, Әділетті Қазақстанға кім сенеді? Келмеске кеткендердің алдында уәдесін орындай алмағандар, болашақ алдында не істей алады? Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_168186.txt | Қазақ-түрік әскери қатынасы қай деңгейде? | https://abai.kz/post/168186 | "Қазақ-түрік әскери қатынасы қай деңгейде?" | "https://abai.kz/post/168186" | 02.03.2023 | Abai.kz | null | TITLE: Қазақ-түрік әскери қатынасы қай деңгейде?
URL: https://abai.kz/post/168186
META: "Қазақ-түрік әскери қатынасы қай деңгейде?" | "https://abai.kz/post/168186"
DATE: 02.03.2023
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 568
TEXT: Қазақстан мен Түркия мемлекетінің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жылдан асты. Сол аралықта екі ел арасында сауда-экономикалық, әлеуметтік салада, халықаралық қауіпсіздік саласында, әскери-техникалық салада тығыз байланыс орнады. Бүгінгі мақаламызда қазақ пен түрік әскери салада қандай жетістіктерге жетті? Бүгінгі күнгі жағдайы қандай? деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітпекпіз. Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов «Еліміздің Түркиямен әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды назарға алғанын» айтады. Былтыр осы бағытта жұмыс жүргізіліп, екі елдің президенттерінің қатысуымен Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары кезінде TUSAŞ және Kazakhstan Engineering компаниялары арасында Anka ұшқышсыз ұшу аппараттарын Қазақстанда өндіреуге келісім жасалды. Түркия компаниясының айтуынша, ANKA дрондарын қазақ еліне жеткізу туралы мәміле 2021 жылы басталған. «Сол шешім бүгінде Қазақстан президентінің елімізге келуімен толықтырыла түсіп, енді TUSAŞ Қазақстанда Kazakhstan Engineering-пен бірге ANKA дрондарын бірлесіп өндіру туралы жаңа келісімге қол қойды»,-деп жазды Türk Havacılık ve Uzay Sanayi AŞ. Ұшқышсыз ұшу аппараттар жөндеу, техникалық өңдеу жұмыстары Түркияда да іске аса береді. Осылайша еліміз ANKA дрондарының өндірісі жолға қойылған алғашқы шет мемлекет атанды. Түрік дрондары Сирияда, Ливиядаға қақтығыстарда, Әзірбайжанның Қарабақ аймағындағы қарулы қақтығыс кезінде өзінің тиімділін көрсеткен болатын. Содан кейін ұшқышсыз аппарат әлемнің назарына ілікті. Сонымен бірге түріктің «Bayraktar-ы» да екінші Қарабақ соғысында тиімділігін көрсете білді. Түрік дрондарының артықшылығы – бағасының арзандығы – бір ұшу аппаратының құны бір-екі миллион доллар тұрады. Сонымен қатар, олар нақты соғыс жағдайына кіріп, қолданылуы арқылы үнемі жетілдіріліп отырады. TUSAŞ бас директоры Темель Котил: «Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді»,- деді шетелдік серіктесінің ANKA дрондарына деген қызығушылығын мақтан тұта. Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов Түркия мен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығын нығайту керектігін айтады. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда ASELSAN түрік компаниясы әскери электроника құралдарын шығаратын кәсіпорынның жұмыс істеп жатыр, сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылып жатыр. Барысов Қазақстанның Түркиямен қорғаныс саласында бірлікті күшейтудің бірнеше себебін атады. «Біз бауырлас халықтармыз, бәріміз түркі тұқымымыз. Түркия өз өнімдеріне құрметпен қарайтын ел. Сондықтан түрік елі осы жағынан бізге үлгі көртесе алады»,- деді маман. Екінші себеп: Түркия НАТО құрамындағы әскери күші жағынан екінші орынды алады әрі әскери-өнеркәсіптік өндірісте әлдеқашан алға дамып кеткен. Біздің еліміз де қорғаныс кешенінің негізін құрайтын кеңестік кәсіпорындар мен заманауи зауыттардың өнімін және жеңіл өнеркәсіп өнімдері: әскери киім-кешек, жабдықтар, азық-түлік сияқты бірінші қажеттіліктерді шығаруда алдыңғы қатарда. Бұл түрік елімен өзара ынтмақтастықты дамытуда қажетті дүние. «Біз жауынгерлік машиналардың дөігелегін, өртті басқару жүйелерін, әскери кемелерді, пулемет, зеңбіректер шығарамыз. Іске қосылғанына көп уақыт өтпеген, жаңа патрон зауытымыз бар. Қазір 100 пайыз жұмысын атқарып тұр»,-деп атап өтті маман. Барысовтың сөзінше, түрік елі әскери өнімнің 85 пайызын өз елінде өндіреді. «Біз Түркиямен тығыз қарым-қатынасты дамытқымыз келеді, әсіресе әскери-өнеркәсіптік кешен бойынша Түркиямен бірлескен тәжірибеміз бар. Енді сол бағытты одан әрі өркендете түссек дейміз. Мысалы, НАТО стандартындағы барлық оқ-дәрілерді өндіру, әсіресе гаубицаларға арналған 155 калибрлі снарядтар өндірісі қызықтырады»,-деді ол. Барысов НАТО стандарттарына көшу мәселесі өзекті болып тұрғанын жеткізді. «НАТО стандарттары өте заманауи. Бізде Kazakhstan Paramount Engineering зауыттарының бірі дөңгелекті техника шығарады. Оның 8х8 «Барыс» машинасы 10 кг тротил жарылыс күшіне тең жарылысқа төтеп бере алады. Бұл танкке бақытталған минадан да күшті. Егер біз BTR 82-ні алатын болсақ, ол машина жарылысқа төтеп бере алмайды, демек, экипаждың өлу қаупі жоғары. Сондықтан біз НАТО стандарттарына көшуіміз керек», - деді ол. Барысов Қазақстанда да дрондарды жөндеу, техникалық жабдықтау кәсіпорындарын құруға болатынын атап өтті. «Артиллерия, снарядтар, зымырандар бойынша біз ынтымақтастықты бастасақ, сапалы жұмысқа қол жеткізе аламыз»,-дейді ол. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_46666.txt | ӘРУАҚ ҺӘМ ШИРК | https://abai.kz/post/46666 | "ӘРУАҚ ҺӘМ ШИРК" | "https://abai.kz/post/46666" | 19.10.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ӘРУАҚ ҺӘМ ШИРК
URL: https://abai.kz/post/46666
META: "ӘРУАҚ ҺӘМ ШИРК" | "https://abai.kz/post/46666"
DATE: 19.10.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 110
TEXT: Қазекем Тәуелсіздік алғанға дейін "аруақ, аруақ" деп келген еді. Қалай Тәуелсіздікке қол жеткізді, "ширк" деп айтатын ұрпақ пайда болды. Аруақпен ойнауға болмайды. Қазақ үшін жанын берген ата-бабамыздың рухына тіл тигізбей, мұсылман болуға болмай ма? Отан үшін өліп кеткен қайраткерлеріміздің мұсылмандығы бүгінгі дүмшелерден мың есе артық қой. Алланың атын жамылып Куликбаев секілді бейбіт тұрғынның жанын қиған лаңкестерден қарағанда, өлген анасының, я болмаса әкесінің аруағын еске алып, бұл өмірде жаманшылық жасамай жүрген адамдар артық шығар. Қалай ойлайсыздар? Жалпы исламда бокс деген нәрсе жоқ. Пайғамбардың сүннеті емес. Бокс адамның денсаулығына зиян ғой, шындығына келгенде. Сосын бар ғой, танымал тұлғалардың аузынан шыққан сөзді дұрыс деп санайтын ұрпақ өсіп келе жатыр... Бауыржан Карипов Facebook-тегі парақшасынан
|
qosymsha/abai.kz | post_165770.txt | Сайлаудың сиқы | https://abai.kz/post/165770 | "Сайлаудың сиқы" | "https://abai.kz/post/165770" | 01.03.2023 | Мұхтар Шерім | null | TITLE: Сайлаудың сиқы
URL: https://abai.kz/post/165770
META: "Сайлаудың сиқы" | "https://abai.kz/post/165770"
DATE: 01.03.2023
AUTHOR(s): Мұхтар Шерім
TOTAL WORDS: 160
TEXT: Бүгінгі сатира Интернет басып қалсам, Ватцапты ашып қалсам, Мынадай хабар келді, Тыңдаңыз, енді: ...Селкілдеков Байжанды, Күлегешова Айжанды, Мақтайсыңдар, Мақала жазып, жақтайсыңдар, Сонда ғана сайлауды, Сеніммен ақтайсыңдар, Ал, қарсыласын, Шыжғырып, қақтайсыңдар, Олай етпесеңдер, Обшым, жақпайсыңдар! Жағымпаз, ұры демейсіңдер, Десеңдер бар ғой, Манты, палау жемейсіңдер, Қысқасы, екеуін де, Ескеріп, елейсіңдер! Мәжіліске қаратыңдар, Мақтап, мақтап, Он адамға таратыңдар, Солай болса, егерде, Төрт жүз мыңнан алатын бар, Бастарыңа бақ қонады, Ұрпағыңда тақ болады, Ауыздарыңыз ақ болады, Құдай сізге жақ болады, Ертең қоңырау шалса, Демеңіз надан, Он адам, Байып кетуге шақ қалады! Ватцапқа таратпасаңдар, «Е, қойшы!» – деп, Шынымен, жаратпасаңдар, Қолдарың қотыр болады, Күйеуің, не қатының, Көрмейтін соқыр болады! Саусақтарың кесіліп кетеді, Өләә, көшеде, Шалбарың шешіліп кетеді, Ұлың есіріп кетеді, Бетің тесіліп кетеді, Желкең жара болады, Денең алапес, Ибиии, ала болады, Достарың қашып кетеді, Аялдамада тұрсаң, Автобус басып кетеді, Етің сасып кетеді, Бір киллер шынымен, Қақ шекеден атып кетеді. Одан да, оң қадамға, Ия, он адамға, Ерінбей таратыңдар, Байжанды, Айжанды, Мәжіліске қаратыңдар! Мұхтар Шерім Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_174977.txt | Газа ауруханасындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 800 -ден асты | https://abai.kz/post/174977 | "Газа ауруханасындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 800 -ден асты" | "https://abai.kz/post/174977" | 18.10.2023 | Abai.kz | null | TITLE: Газа ауруханасындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 800 -ден асты
URL: https://abai.kz/post/174977
META: "Газа ауруханасындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 800 -ден асты" | "https://abai.kz/post/174977"
DATE: 18.10.2023
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 257
TEXT: Араб басылымдары кеше Газа секторындағы госпитальге Израильдің әуе әскери күштерінің зымырандары түскенін хабарлады. Кейінгі деректер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны 800 адамнан асты. Израильдің әуе күштері Газа қаласының орталық аудандарына бірқатар соққы жасады. Al Hadath телеарнасының мәліметінше, ракеталар "Аль-Маамадани" госпиталіне түскен. Медициналық дереккөздер ақпаратынша, қаза тапқандар саны 300-ден асты. Al Arabiya телеарнасы мерт болғандар мен зардап шеккендер 800 адамнан артқанын мәлім етті. Al Hadath телеарнасының репортажында көптеген науқас далада кезекте тұрғаны айтылған. Зымыранның жарылуы көрші ғимараттарға да залал келтіріп, тұрғындар қаза тапқан. Палестина басшылығы оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізді. ХАМАС ауруханаға жасалған соққыны геноцид деп атады. Қозғалыс әлемдік қауымдастықты, араб және ислам елдерін “жауапкершілік алып, Израиль билігінің агрессиясын тоқтату үшін тез арада бұл іске араласуын” талап етті. Ал Израиль қорғаныс әскері Газа ауруханаларының біріндегі жарылысқа палестиналық анклавтан сәтсіз ұшырылған зымырандар себеп болғанын және оған “Ислам жиһады” жауапты екенін айтып отыр. Палестина президенті Махмуд Аббас үшкүндік қаралы күн жариялады. Al Mayadeen телеарнасының дерегінше, ол 19 қазанға АҚШ басшысы Джо Байденмен жоспарланған кездесуін күтпестен Амманнан ұшып кетіп, Рамаллаға оралған. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы жарылысқа Израиль әскері кінәлі деген пікірді жоққа шығарып, бұл – лаңкестердің ісі деп мәлімдеді. Өз кезегінде “Ислам жиһады” соққыға өздерінің қатысы жоқ екенін айтты. Көптеген халықаралық ұйымдар мен елдердің үкімет басшылары Израильден соғыс ережелерін сақтауды талап етіп, Газа секторындағы зұлымдықты тоқтатуға шақырды. Бірі мұны әскери қылмыс десе, бірі алдын ала жоспарланған әрекет деп айыптады. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберілетіні айтылып отыр. Осы оқиғадан кейін Түркия, АҚШ, Марокко, Германия, Тегеран тұрғындары наразылық акцияларына шықты. Олар Газаның бейбіт тұрғындарын қырып жатқан Израильге наразы. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_49537.txt | ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БІЛМЕЙДІ | https://abai.kz/post/49537 | "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БІЛМЕЙДІ" | "https://abai.kz/post/49537" | 14.05.2015 | Администратор | null | TITLE: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БІЛМЕЙДІ
URL: https://abai.kz/post/49537
META: "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БІЛМЕЙДІ" | "https://abai.kz/post/49537"
DATE: 14.05.2015
AUTHOR(s): Администратор
TOTAL WORDS: 536
TEXT: «Ақ жол»: Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің басшылығы сәуірде қардың неге екені белгісіз еритін қасиеті бар екендігін ұмытып кетті http://akzhol.kz/kz/news/show/6272/2/5/ «Ақ жол»: Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің басшылығы сәуірде қардың неге екенін белгісіз еритін қасиеті бар екендігін ұмытып кетті – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Талғат Ерғалиев айтты. Фракцияның депутаттық сауалы ішкі істер министрі Құлмұхамбет Қасымовтың атына жолданды. Сауалда жуырда болған тасқын жағдайлары жөнінде мәліметтер келтіріледі: су басу аймақтарына 50 ден астам елді мекен және Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 17 ауданында 1200-ге жуық үйлер түсті. Үйлердің бір бөлігі қирады, 11 мыңнан астам азаматқа эвакуациялық пунктерге, мектептерге, бала бақшаларына көшуге тура келді. «Келтірілген залалдар миллиардтаған теңгемен есептеледі, - деп атап өтті депутат. – Сонымен қатар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша «Казгидрометтің» ақпандағы ауа райы болжамында жердің дымқылдануы, өзендердің алабындағы қар үйінділері көрсеткіштері 30-40%-ға нормадан асып тұрды, Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра, Шерубай-Нұра өзендерінің су көлемінің көтеріңкілігі күтілді». «Ақжолдықтардың» пікірінше, шығындарды азайту үшін, жасалынған әрекеттер жол бергісіз аз болды. Қайта орын алған су тасқыны кенеттен болған жоқ және барлығымен, төтенше жағдайлар бойынша комитетінің басшылығын қосқанда алдын ала болжанды ( http://tengrinews.kz/events/bojko-razveyal-sluhi-o-neojidannosti-pavodkov-v-kazahstane-273183/ ). Мәселен, а.ж. 7 сәуірінде баспасөзге берген сұхбатында ІІМ вице-министрі Владимир Божко соншалықты ауыр салдардың екі себебін атады: 1. Өткен жылға қарағанда, осы қыста қар 40%-ға көп түсті; 2. «тұрғындар қарды шығармайды». Осыған байланысты мынадай міндет қойылды: азаматтар өздігінен қар шығару үшін , жиындар өткізу ( http://www.time.kz/articles/zloba/2015/04/08/talij-sneg-istochnik-bed ). «Алайда, жиналған қардың көлемін уәкілетті органмен анық бағаламаушылық орын алғанын, су тасқынының ауқымы көрсетті,- деп есептейді «Ақ жолда». – Бұдан басқа, ТЖ қызметі сәуір айында қар еріп, суға айналатынын ұмытып кеткен. Жолдарды, бетонды көпірлерді және тұтастай бір ауылдарды тасып келе жатқан сумен жуып кетіп жатқан бейне кадрларын көргендердің барлығы, даламен аққан мұндай су және қар көлемін, ауыл тұрғындарына күректермен лақтыру мүмкін еместігімен келіседі. Бірақ ІІМ комитетінің басшылығы дәл осыны ұсынды!» онымен бірге, сауалда аталғандай, су тасқынына қарсы қорғау шараларының түрлерін таңдау кезінде қателіктер де орын алды. Ерғалиев шетелдік тәжірибеден мысал келтірді: «Тасқынның алдын алу мақсатымен бүкіл әлем бойынша тек «қарды шығару» ғана қолданылмайды, сондай-ақ жағалау бекіністерін салады, өзендерде жиналып қалған мұздарды жарады, елді мекендердің айналасында су тасқынының жолдары бойынша айналмалы шұңқырларды орнатады және т.б. Мамандардың бағалауы бойынша, мұндай жұмыстардың құны суға кеткен елді мекендерді қайта қалпына келтіруге жұмсалатын бағадан 10-20 есе аз». «Алайда бұл шаралар тек соңғы күндері ғана қолданыла бастады.: осылайша, Қорғалжын ауданының Алғабас кентінде уақытылы үймемен жасалынған айналмалы шұңқыр оны суға кетуден сақтап қалды. Бірақ осыған ұқсас бөгеттерді салу уақыты негізінен жіберіп алынды. Төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қорғау шараларының кешені, қажетті жұмыстардың орындалуы және үйлестірілуі уәкілетті органмен тиісті түрде ұйымдастырылмағанын атауға болады (қайта бұл ІІМ ТЖК қатардағы құтқарушыларының және қызметкерлерінің күш - жігері мен кәсіпқойлықтарын төмендетпейді)», - деп қосты ол. «Ақ жол» депутаттары ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері тек қана төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою ғана емес, сондай-ақ олардың алдын алу , соның ішінде аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру жолымен де деп еске түсіреді. Осыған байланысты, ҚДП фракциясы ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің аталған аймақтарда су тасқыны болатынына ескертулермен байланысты әрекеттерін тиімсіз деп санайды , және осының негізінде жасалған қорытындылар және қолданылатын шаралар туралы министрліктің хабарлауын сұрайды. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастырады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_39807.txt | Жол – экономикамыздың күретамыры | https://abai.kz/post/39807 | "Жол – экономикамыздың күретамыры" | "https://abai.kz/post/39807" | 01.11.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Жол – экономикамыздың күретамыры
URL: https://abai.kz/post/39807
META: "Жол – экономикамыздың күретамыры" | "https://abai.kz/post/39807"
DATE: 01.11.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1416
TEXT: « Шығыс» жүрдек пойызы Алматыдан келіп жетті Алғаш рет жолға шыққан «Алматы-2 – Өскемен» бағытындағы «Шығыс» жүрдек пойызы Өскеменге келіп жетті. Облыс орталығындағы «Өскемен-1» (бұрынғы «Защита») вокзалында «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жолаушылар пойызын шығысқазақстандықтар зор қошеметпен күтіп алды. Вокзал перронында үрмелі аспаптар оркестрі ойнаған марштық әуен, қолына қызылды-жасылды шар ұстаған оқушылар және жолаушыларды қарсы алуға асыққан қалың жұртшылық аталған шараның салтанатын асыра түсті. Міне, сағат тілі 16.00-ді көрсеткенде әдемі әрі жап-жаңа жүрдек пойыз да жетті. Вагоннан түскен алғашқы жолаушылардың бірі, қазақтың шапаны мен қалпағын киген Сайлаухан Аухадиев ныспылы өскемендік жолаушыны сөзге тарттық. Алматыдан жол жүріп келе жатқан қарт жаңа пойыздың жайлылығы мен жүрдектігі ерекше ұнағанын жеткізді. Салтанатты шарада пойыз бастығы Раушан Патхоллина Алматыдан Өскеменге қатынайтын №69 жүрдек пойыздың алғашқы сапары ақаусыз, бекітілген кестеге сәйкес орындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған пойыз 23 вагоннан тұрады. Яғни, 2 «Гранд», 2 «Бизнес», 14 «Турист» вагондарынан құралған. Сондай-ақ, мейрамхана мен барға арналған 2 вагон және 3 техникалық вагон да жолаушылардың шаршамай-шалдықпай жетуіне қызмет көрсетеді. 278 жолаушы сыятын «Алматы – Өскемен» жүрдек пойызы алғашқы сапарында 50 жолаушыны діттеген жеріне жеткізген екен. – Көлік инфрақұрылымының дамуы мемлекет пен халық үшін өте маңызды. Бүгін тұңғыш рет «Шығыс» жүрдек пойызын қарсы алып отырмыз. Осыған дейін мұндай заманауи пойыздар еліміздің бірқатар өңірлерінде пайдалануға берілген болатын. Енді шығысқазақстандықтар мен өңірімізге келетін қонақтар да жүрдек пойыздың игілігін көреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, келешекте барлық бағытта жүрдек пойыздар қатынайды. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде 3 мыңнан астам шақырымдық теміржол пайдалануға берілді. Жуырда Жезқазған – Бейнеу теміржолы іске қосылды. Мұның бәрі еліміздің күннен күнге өркендеп, дамып келе жатқанының жарқын айғағы, – деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Облыс әкімі жүрдек пойыздың іске қосылуымен құттықтап, аталған пойыз арқылы Алматы мен Өскеменнің арасына қатынайтын жолаушылар 10 сағат ұтатынын атап өтті. Осыған дейін жолаушылар Өскеменге дейін 27 сағат жүретін болса, жаңа жүрдек пойыз 17 сағатта келеді. Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Ермек Төлегенов «Алматы – Өскемен» жүрдек пойызының вагондары Астанадағы вагон құрастыру зауытында шығарылғанын жеткізді. Е.Төлегеновтің айтуынша, жыл соңына дейін отандық вагондардан құралған тағы екі жүрдек пойыз пайдалануға беріледі. Оның бірі Астанадан Қызылордаға қатынаса, екіншісі Өскемен бағытында жүреді. Компания басшысы «Тұлпар-Тальго» пойызына жол жүру билетін мерзімінен бұрын сатып алушыларға арналған жеңілдік жүйесі бар екенін айтып өтті. Онда 35 пайыздан 15 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Думан АНАШ Жолаушылар көлігінің жауапкершілігі мол Оқырмандардың есінде шығар, нарықтық заманға бет бұрар тұста, бұл нарық бәрін өздігінен реттеп отырады деген түсінік үстем түсіп жатушы еді. Расында да, солай болды ма? Бұл сауалға жауап қайтару үшін біз бүгінгі әңгімені Орал өңірі мысалында жолаушылар көлігі қызметіне қатысты өрбіткіміз келеді. Осы материалға деректер іздестіру барысында бұл мәселенің негізінен реттелгені, сонымен бірге, нақты шешімін таба алмай келе жатқан кейбір иірімдері де бар екеніне көз жеткіздік. Алдымен айтарымыз, елімізде көлік инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау жөнінде арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданғаны белгілі. Оның толық жүзеге асырылу мерзімі 2020 жылға дейін есептелген. Осы бағдарламаның жолаушылар көлігіне қатысты тұстары да жеткілікті. Атап айтқанда, соған сай облыс аудандарында екі автостанса және жеті жолаушыларға қызмет көрсету қосындарын салу көзделген болатын. Бүгінгі күн биігінен көз тастағанда, бұл мәселенің қазірдің өзінде оң шешімін таба алғаны сүйсінерлік жайт. Айталық, Орал – Саратов бағытындағы халықаралық автожолдың бойында орналасқан Тасқала кентінде жеке кәсіпкер Серік Жұбаншәлиев өткен жылы жаңғыртылған автостансаны іске қосты. Сонымен бірге, кеншілер қаласы – Ақсайда да «Ақсайстройсервис» ЖШС жаңа автостанса құрылысын аяқтады. Осы жылдың аяғына дейін оны мемлекеттік комиссия қабылдап алады деп күтілуде. Қазіргі таңда өңірдегі 12 ауданның орталығы мен Орал қаласының аралығына қатынайтын автобус бағыттарының қызметі оң жолға қойылған. Бұлардың бәрі де әлеуметтік мәні мен маңызы жоғары бағыттар қатарынан орын алып отыр. Бұған дейін газетіміздің бетінде мәселе көтергеніміздей, Орал өңірінің шалғай аудандарына қара жамылғы жол төселмелген. Сондықтан да, бұр автожолдар рентабелділігі төмен, шығыны көп бағыттар қатарында қалып келеді. Дәл осы себептен де, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өткізген тендерлерде шалғай аудандарға жолаушылар тасымалдауға бел буатындар сирек кездеседі. Өйткені, олардың ешқайсысы шығынмен жұмыс істегісі келмейді. Бұл мәселені оң шешу тұрғысында облыстық мәслихаттың 2012 жылдың 1 маусымдағы шешіміне сәйкес әлеуметтік бағыттағы автобус бағыттарын субсидиялау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы мақсатта биылғы жылы облыстық бюджеттен 30 миллион теңге қаражат бөлінген. Бүгінде алыстағы ауыл тұрғындары есімі елге белгілі кәсіпкер Қуан Таушанбаев жетекшілік жасайтын «Қазақстан – елім» ЖШС-нің қызметіне дән риза. Сондай-ақ, мұндай оң бағаны Орал – Шыңғырлау аралығындағы автобус қатынасын жүйелі жолға қоя білген кәсіпкер Юрий Әбубәкіровтің қызметіне қатысты беруге де болады. – Қазір не көп әртүрлі жол-көлік оқиғалары көп. Біздің басты мақсатымыз соны болдырмауға бағытталған. Бұл үшін алыс аудандарға жүретін жолаушылар көлігі иелері медициналық және техникалық тексерістерден өтеді. Өйткені, жолаушылар өмірінің қауіпсіздігі біз үшін басты өлшем, – дейді бізбен әңгімесінде жоғарыда аталған басқарма басшысының орынбасары Қазбек Менеев. Иә, қалай дегенде де, мұндай келеңсіз көріністердің орын алып жататыны рас. Бұл, жолаушыларды дем алмастан заңсыз түрде тасымалдайтын жеке меншік таксишілер тарапынан кездесуде. Олар қазынаға тиісті салық та түсірмейді. Тек жеке өз қалталарына жұмыс істейді. Осы тұрғыда салық органдарының оларға жолаушылар тасымалдау құқын беретін патент беру тәртібін де құптау қиын дейді жолаушылар көлігін ұйымдастыру мәселелерінің басы-қасында жүрген жергілікті мемлекеттік мекеме мамандары. Сөз жоқ, бұл пікірлердің де қисыны бар екені анық. Тағы бір айтарымыз, бүгінде облыстың ауылдық аймақтарындағы елді мекендерді автобус қызметімен қамту деңгейі де әзірге төмен күйінде қалып келеді. Бұл көрсеткіш 51 пайыздың төңірегінде ғана. Әрине, мұның бірқатар объективті себептері бар. Соның, ең бастысы, жергілікті маңызы бар жол инфрақұрылымының нашарлығы деуге болады. Міне, осы айтылғандардың бәрі жолаушылар көлігі қызметінің әзірге реттеліп үлгермеген тұстары екені кәміл. Ал тұтастай алғанда қазір өңірде жолаушылар көлігін жүргізумен шұғылданатын жергілікті ведомстволар өздеріне жүктелген жауапкершілікті толықтай сезініп жүргеніне күмән келтіре алмаймыз. Темір ҚҰСАЙЫН Стандарттау тауар сапасын арттырады Еуропалық экономикалық одақтың құрылуы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, тауар айналымын арттыра түсті. Қазақстандықтар енді бұрынғыдай емес, күнделікті тұрмыста отандық бұйымдармен қатар, шетелден келген тауарларды да көптеп пайдалануға көшті. Бәрімізге белгілі, импорт тауарлары біздің елдің тұтынушысына жеткенге дейін талай жолды басып өтеді. Ал, бұл жағдай тауар сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, әр мемлекет өздерінің ұлттық заңнамасына және нормативтік құжаттарына халықаралық стандарттарды енгізе отырып, өз елінің азаматтарын сапалы тауарлармен қамтамасыз етуді қолға алды. Мұндай елдердің қатарында біздің Қазақстан да бар. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Айман Удишеваның сөзінше, стандарттау нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатқан елдердің дамуына, олардың өзара байланысының күшеюіне ықпал етеді. Халықаралық стандарттар орта және шағын бизнес үшін сертификаттауды жеңілдетеді. Өнімдері стандартталған әрі сәйкестік сертификатына ие болған кәсіпорындар өзге компаниялармен бәсекеге түсу арқылы тауарларын әлемнің кез келген елдеріне өткізуге мүмкіндік алады. Біздің елімізде тауарларға сәйкестік сертификаты мен декларация алудың өзіндік тәртібі бар. Мұндай сертификатты әр аймақта ашылған «Өнімдерді сертификаттау орталығы» ЖШС береді. Әлемдік қауымдастық стандартында Қазақстан стандартының өзіндік орны бар. 2014 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекетіміз стандарттау, соның ішінде электротехника өнімдерін стандарттау бойынша Еуропалық комитеттің толыққанды мүшесі. Осының нәтижесінде отандық өнеркәсіп өкілдері еуропалық стандарттау үдерісін жасақтау жұмысына қатысуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда Қазақстан ИСО-ның 16 техникалық комитетінің мүшесі және 15 техникалық комитетінің бақылаушы мүшесі болып табылады. Бүгінде Кеден одағы аясында 34 техникалық регламент қабылданып, соның 31-і күшіне енді. Тағы үшеуі 2015 жылы күшіне енеді деп күтілуде. 9 техникалық регламент мемлекетаралық келісімге жіберілсе, 8-і көпшіліктің талқылануында. Айман Мақсотқызының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуіне байланысты техникалық реттеу саласында қабылданған санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану туралы Кеден одағы аясында қабылданған 7 келісім денонсирланатын болады. Олар мыналар: «Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясатты өткізу туралы келісім» (2008 ж. 25.01. Мәскеу қ.), «Сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) бойынша органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстарды атқаратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді өзара тану туралы келісім» (2009 ж.11.12. Санкт-Петербург қ.), «Кеден одағының кеден аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растау) жататын өнімдердің айналымы туралы келісім» (2009 ж. 11.12. Санкт-Петербург қ.), «Санитарлық шаралар бойынша Кеден одағының келісімі» (2009 ж.11.12.Санкт-Петербург қаласы)», «Ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша Кеден одағы туралы келісім» (2009 ж.11.12.Санкт-Петербург қаласы), «Кеден одағының өсімдіктерді залалсыздандыру шаралары туралы келісімі» (2009 ж.11.12.Санкт-Петербург қаласы), «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісімі». Осы келісімдерде қарастырылған шаралар алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген тәртіп бойынша реттеліп, жүзеге асырылмақ. Жалпы, стандарттаудың қоғамға аса пайдалы екенін жоғарыда айтып өттік. Ал енді осы стандарттаудың үкіметтік емес түрі де (неправительственный стандарт) бар. Үкіметтік емес стандарт, негізінен отандық бизнесті қорғауға арналған. Стандарттаудың бұл түрі отандық өнімдердің шетелге шығарылуын қамтамасыз ете отырып, саланың индустриялық-инновациялық дамуын тездетеді. Үкіметтік емес стандартты дамыту ісі АҚШ пен Жапонияда кеңінен таралған. Үкіметтік емес стандарт талабы ұлттық стандарттан кем болмауы тиіс. Стандарттаудың бұл түрі бүгінде коммерциялық ұйымдармен және салалық қауымдастықпен қаралып, бекітілуде. Болашақта үкіметтік емес стандарт отандық өнім өндірушілерді қолдау және олардың тауарына сұранысты арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ісінде қолданылуы мүмкін. Одан әрі үкіметтік емес стандарттау ұлттық стандарттау мәртебесіне ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдай отандық өнімнің сапасын көтеруге өз ықпалын тигізеді деп күтілуде. Айша ӨТЕБӘЛІ. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_155365.txt | Талибан: Тәжікстанды бір аптада жаулай аламыз | https://abai.kz/post/155365 | "Талибан: Тәжікстанды бір аптада жаулай аламыз" | "https://abai.kz/post/155365" | 04.08.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Талибан: Тәжікстанды бір аптада жаулай аламыз
URL: https://abai.kz/post/155365
META: "Талибан: Тәжікстанды бір аптада жаулай аламыз" | "https://abai.kz/post/155365"
DATE: 04.08.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 159
TEXT: "Талибан" қозғалысының жоғары лауазымды бір командирі Душанбе Ауғанстанның ішкі ісіне араласуды доғармаса, тәліптердің оны бір аптада басып алуға әлі жетеді деп мәлімдеді. "Хашт-е собх" ауған газетінің дереккөзге сілтеме жасай отырып 2 тамызда хабарлауынша, тәліптердің "Омари" корпусы командирінің орынбасары молда Мохаммад Жан Хамза Тахорда "Талибан" үкіметі министрлерінің бірі қатысқан жиында осылай деп мәлімдеген. Тахор ауған провинциясы Тәжікстанның Хатлон облысымен шектеседі. Ұлты пуштун Мохаммад Жан Хамза "Тәжікстан Ауғанстанның ішкі ісіне араласуын доғармаса, ал Ресей Тәжікстанға көмектеспесе, онда тәдіптер бұл елді бір апта ішінде жаулап алады" деп мәлімдеген. Мәліметтерге қарағанда, ол тәліптердің Тахор провинциясын басып алуында маңызды рөл атқарған. Душанбе тәліп командирінің мәлімдемесін елеусіз қалдырды. Тәжікстан билігі әдетте "Талибанның" жауапты тұлғаларының мәлімдемелеріне жауап қатпайды, өйткені ол тәліптердің Ауғанстандағы билігін мойындамады, бұған қоса Душанбе мен Кабул арасында дипломатиялық қарым-қатынас жоқ. Тәліптер 2021 жылғы тамызда Кабулды басып алып, Ауғанстан Ислам Әмірлігі құрылғанын жариялады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон осы елдегі халықтың 46 пайыздан астамын құрайтын тәжік ұлтының өкілдері тәліптердің жаңа үкіметінде жоқ екенін сынады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_142628.txt | Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда | https://abai.kz/post/142628 | "Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда" | "https://abai.kz/post/142628" | 10.11.2021 | Амангелді Құрметұлы | null | TITLE: Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда
URL: https://abai.kz/post/142628
META: "Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда" | "https://abai.kz/post/142628"
DATE: 10.11.2021
AUTHOR(s): Амангелді Құрметұлы
TOTAL WORDS: 161
TEXT: Түркияның TUBİTAK SAGE орталығының директоры Гүржан Окумуш түріктердің 2023 жылы "Гөкхан" дейтін әуе-әуе класындағы зымыранын сынақтан өткізетінін, қазір GÖKTUĞ жобасы бойынша Gökdoğan және Bozdoğan дейтін екі зымыран сынақтан өтіп жатқанын айтыпты. Олар да әуе-әуе класына кіреді екен.F-16 block 50+ ұшағынан атып та көріпті екеуін. Нысанаға дәл тиген деседі. Ал біздің "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" жасаған "Барыс 8×8" бронды көлігінің сынақтан өтпегені, тіпті "Арланның" да талапқа сай болмай қалғаны жайлы ақпарат түрік медиасына да жетіпті. Тіпті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақовтың "Барыстың" кемшіліктерін жасыруға тапсырма бергенін айтып жатыр. Біздің әріптестер көтерген тақырып еді негізі. Жалпы соңғы екі-үш жылда "Қазақстан Инжиниринг" холдингі мен Қорғаныс министрлігінің арасы жақсы еместей көрінеді маған. ҚМ мен келіспей жатқан тек Парамаунт емес, тағы бір-екі зауыт бар. Әркімдікі өзіне жөн. Айтпақшы түріктер Anka-S дронын Қазақстан алатын болғанын, тіпті генерал М Таласовпен кездесу жасалғанын жазған. Біз Қорғаныс министрлігіне сұрап едік, Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне сілтеп жіберді. "Солар біледі",-дейді. Енді Бейбіт Атамқұловтың мазасын алатын шаруа шықты. Амангелді Құрметұлы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_2782.txt | Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы | https://abai.kz/post/2782 | "Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы" | "https://abai.kz/post/2782" | 18.01.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы
URL: https://abai.kz/post/2782
META: "Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы" | "https://abai.kz/post/2782"
DATE: 18.01.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 3608
TEXT: 2015 жылға дейін іске асырылатын міндеттер. «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру кеңесі 18-қаңтар күні Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасын қабылдады. Мазмұны I. Негізгі ережелер II. Тарихи кезең сабақтары ІІІ. Ұлттық саясаттың ұстанымдары IV. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері V. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары: 1. Саяси құқықтық салада 2. Сыртқы саясат саласында 3. Әлеуметтік-экономикалық салада 2015 жылға дейін іске асырылатын міндеттер. «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру кеңесі 18-қаңтар күні Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасын қабылдады. Мазмұны I. Негізгі ережелер II. Тарихи кезең сабақтары ІІІ. Ұлттық саясаттың ұстанымдары IV. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері V. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары: 1. Саяси құқықтық салада 2. Сыртқы саясат саласында 3. Әлеуметтік-экономикалық салада 4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында 5. Ақпараттық салада 6. Тіл саласында 7. Дінаралық салада VІ. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы «Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрі қарай - Тұжырымдама) - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады. Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған. Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды. Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік. Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады. I. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттiгiнiң бiрден бiр құқықтық-тарихи мұрагерi және саяси-мемлекеттiк құрылымының жалғасы болып табылады. Ұлттық, демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет орнықтыруды көздеген қазiргi Қазақстан Республикасы - мемлекетқұрушы қазақ ұлтының және әртүрлi тарихи кезеңдерде келiп қоныстанған барша диаспоралар мен этникалық топтардың тату, бейбiт өмiр сүрiп жатқан Отаны. Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк атауына - Қазақ Республикасы атауына қайтадан ие болады. Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы болу - осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын қалыпқа келтiру - халық талабы. Халықаралық тәжірибеде мемлекетқұрушы ұлттың саны жалпы халық санының үштен екi бөлiгiнен асса, ол моноұлтты мемлекет деп қабылданады. Қазақ ұлтының саны осы межеден асты. Демек, Қазақ елi моноұлтты мемлекет деп қабылдануы тиiс . ІІ. Тарихи кезең сабақтары Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi. Үш ғасырға жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру саясаты қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi. Ресей империясы мен кеңестік кезеңнің ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тікелей геноцид, экологиялық апаттармен қатар жүргізілді. Билік ұлттық құндылықтарды жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес ұлтын құруға тырысты. «Бейбітшілік» пен «келісім», негізінен, зорлықпен және жасанды идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негізінде ұлттық проблемалар шиеленісе түсіп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне алып келді. Айналып келгенде Кеңес Одағының құрдымға кетуі - дәл осы ұлттық мәселелердің түбегейлі шешілмеуінің нәтижесі болды. Тәуелсіздіктен кейін мемлекет пен саяси институттардың қызметі өзгеріске түсіп, экономикалық реформалар жүргізілгенмен этносаралық қатынастардың дамуы бұрынғы күйінде қала берді. Өкінішке орай, Егемендік Декларациясы мен Тәуелсіздік туралы заңның Ұлттық мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ. Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданбады. Әлемдік үрдіске сай, отарсыздану саясаты жүргізілуі тиіс еді. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуі ғасырлар бойы жинақталған өзекті мәселелерді өзінен өзі шешеді деген ұғымның қате екендігін әлем елдерінің де, Қазақстанның да тәжірибесі анық дәлелдеп отыр. Ұлттық саясат әлі де этносаралық қарым-қатынастардың кеңестік стереотиптерінен арыла алмай келеді. Қазақстанда ашық қақтығыстардың жоқтығы қоғамда шешуін таппаған өткір қайшылықтардың бар екендігін жоққа шығара алмайды. Қазақстанда кеңестік заманда 70 жыл бойы, тәуелсіздік алғаннан кейін 20 жылға жуық мерзім ішінде орыс тілі іс жүзіндегі мемлекеттік тіл рөлін атқарып келеді. 1989 жылы қабылданған "Тілдер туралы" заң қазақ тілінің мүшкіл күйін жақсарта алмады. Билік қоғамдағы этносаралық саясатпен тек Қазақстан халық ассамблеясы ғана айналысуы керек деген ұғымды қалыптастыруға тырысып келеді. Бұл түсінік мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың осы мәселедегі жауапкершілігін төмендетеді. Ұлттық проблемаларды шешудің дұрыс жолы бұл мәселелерді мүлде көтермеу деген ойлар да бой көрсетеді. Ұлт мәселелерін алға қою ұлттық өзімшілдік деп те бағалануда. Ал проблемалардың шешілмей жинақтала беруі болашақта қайшылықтар мен тартыстар тудырып, ұлттық мемлекетіміз бен тұтастығымызға қауіп-қатер төндіреді. Жоғары билiк тарапынан ұсынылған «еуразиялық идея» мен «қазақстандық ұлт» саясаты - қазақ ұлты мен елдегі барлық этникалық топтардың келешегi, елдiң тағдыры үшiн аса қауiптi бастама. «Қазақстанда 140-тан астам ұлт пен ұлыстың өкiлi тұрады» деген жалған қағидаға сүйену де - түбегейлі қателiк. Қазақ елiнде бiр ғана ұлт, яғни мемлекетқұрушы қазақ ұлты және басқа да этностық топтар тiршiлiк етедi дегендi ашық айтатын мезгiл жеттi. Билiктiң бастамасымен құрылып, ресми БАҚ-та кеңiнен жарнамаланған, бірақ ұлттық мемлекет мүддесіне сәйкес келмейтін Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық келiсiмдi қалыптастыруға, ұлттық проблемаларды реттеуге қауқарсыз екенiн уақыттың өзi дәлелдедi. Қазақстанда қазақ халқының барлық ұлттық құндылықтарына басымдық берілуі және жеделдете шешілуі тиіс. Мұндай саралап жіктеу түрлі этникалық топтарға жататын адамдарды алалау, олардың жеке азаматтық құқығын шектеу емес, бұл - әлемдік ұстаным. IIІ. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (Ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел ішінде дұрыс түсiнiстiк болмайды. Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ территория, бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамитын болады. Қазақ халқы қашанда қазақ жерінде өмір сүріп жатқан орыс, украин, өзбек, қырғыз, түрікмен, неміс, әзірбайжан, ұйғыр, татар, тәжік, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтардың тіліне, дініне, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзімділікпен қараған. Бүгінгі күні де өз елінде басым көпшілікке айналған қазақ ұлты елдегі этносаралық және дінаралық бірлікті сақтауды өзінің басты міндеті санайды. Мемлекет пен оның негізі болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің қамтамасыз етілуінің кепілі болып табылады. Қазақ жерінде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттің және біртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлігі болып табылады. Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік тудыру. Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет: ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге асыруды; нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуді; ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас мемлекет пен қоғамды жікке бөлуге, этносаралық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды; мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізуді, еліміздің өзіндік ақпараттық-мәдени кеңістігін құруды, өзге елдердің еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастыруына жол бермеуді; еліміздің басқа да түрік мемлекеттерімен бірдей болашақта латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргізіп, осыған қажетті дайындықтарды жасауды; этностық немесе діни ерекшеліктерге негізделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды; Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды; Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, қазақ тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дамытудағы істеріне қолдау көрсетуді қолға алады. IV. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық мемлекетті сақтау және нығайту. Осы мақсатта: барша азаматтарды қазақ ұлтының маңына топтастыру, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз ету; қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзіндік ұлттық-мәдени ерекшелігін қалыптастыру және әлемге паш ету; елімізде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген сенімін арттыру қажет. Бұл үшін мемлекет пен қоғам өздерінің ерік-жігерін төмендегі негізгі міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек: Қазақстан Республикасы қоғамының негізгі ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту; қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізіп, оны барша Қазақстан азаматтарын біріктіретін факторға айналдыру; этносаралық және дінаралық саладағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді және пәрменді қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру. V. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 1. Саяси-құқықтық салада: Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретінде саяси және құқықтық салаларда өзінің ұлттық саясатының мынадай негізгі бағыттарын жүзеге асырады: еліміздің барлық азаматтары мойындаған, негізінде өздерінің ортақ қазақ мемлекеттігіне қатыстылығын терең сезінетін ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру; ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшілдік санасын қалыптастыру үшін «тарихи ақтаңдақтарға», әсіресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттік мұражайлар мен ескерткіштер ашу; Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрменділікпен жүргізу; мемлекетіміздің негізін қалаған, ұлтымыздың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен тарихи тұлғалардың аттарын мәңгілік қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткіштер мен атауларды өзгерту; мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық күрес жүргізу; елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру; елдегі этносаралық қатынастарды реттейтін заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендіру; елді мекендер мен жердің тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргізілуі үшін ономастика салаларында кешенді республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттің ұлттық мүддесі тұрғысынан республикалық деңгейде шешу; қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның ішінде саяси партиялардың рөлін арттыру, оларды этносаралық және дінаралық мәселелерді шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкілдерімен тығыз жұмыс жасау. 2. Сыртқы саясат саласында: Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын нығайту. Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кіру мәселесін тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделеді. Халықаралық интеграция саясаты еліміздің тәуелсіздігіне еш нұқсан келтірмейтіндей ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы кезге дейін жасалған мемлекетаралық келісім-шарттар ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет. Осы Тұжырымдамада көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік доктриналары қайта қаралып, оларға қажетті толықтырулар енгізілуі керек. Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегі басымдықтарды: АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты ядролық державалармен еліміздің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, кепілдік беретін арнайы екіжақты келісім-шарттар жасауға ұмтылу; Қазақстан Республикасында шетелдік әскери полигондардың орналасуына заң жүзінде тыйым салу; Екі мемлекет арасындағы келісім-шарт мерзімі біткенде Ресейдің әскери базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесінен туындаған экологиялық, басқа зардаптарды өндіру мәселесін қою; Орталық Азия, түрік және мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсенді жүргізу; Еуроодақ институттарымен жақындасу саясатын үдету, "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын қайта қарап, толықтыра түсу; Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін, білімін, жасын, кәсібилігін, қаржылық мүмкіндіктерін, туыстық қарым-қатынастардың бар-жоқтығын негізге алу; шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына қайтару саясатын белсенді түрде жүргізіп, еліне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңілдетілген азаматтық беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай көмек көрсету; қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиімді қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек көрсету мәселесін мемлекетаралық деңгейде көтеріп, белсенді түрде іске асыру қажет. 3. Экономикалық және әлеуметтік салада: Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейін жақсарту мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер мен жер қойнауының байлығын халқының мүддесін қорғайтын деңгейде пайдаланып, шет елдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың экспансиясына жол бермеу керек. Бұл мақсатта: ұлттың негізгі байлығы жер мен жер қойнауының қазынасы халықтың ортақ байлығы екенін бекітіп, мемлекет тек оны пайдалануды реттеп отыруға құқылы болуын жүзеге асыру; экономиканың стратегиялық даму салаларын қатаң мемлекеттік бақылауда ұстау; индустриялық даму бағыты жер қойнауының қазынасы мен табиғи басқа байлықтар ресурсын шикізат күйінде шетке шығаруды неғұрлым тежеп, отандық ғылым мен жаңа технологияны пайдаланып, ішкі және сыртқы сұранысқа сай сапасы жоғары, халықаралық деңгейдегі өндірістік өнім шығаруды жолға қою; орта және шағын кәсіпті дамытуда, экономикалық тиімді, өнімдерінің өз құнын төмендетіп, сапасын көтеретін жаңа технологияны жедел өзгертуге бейімделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашуға мемлекеттік қолдау жасау; Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, шетелдік жұмысшыларды шақырудың ұлттық мүддеге қайшы келмеуін және еліміздегі жұмыссыздықтың көбеюіне әсер етпеуін қамтамасыз ету; ішкі көші-қонның мәселелеріне арналған арнайы заң қабылдау және ішкі көші-қон толқынын реттеу мақсатында ауылдық жерлердің экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу; шетелдік инвесторлармен кезінде жасалған келісім-шарттардың құпия мазмұнын жариялау жөнінде келіссөздер жүргізу. Болашақта үкімет пен шетелдік компаниялар арасында жасалатын кез-келген келісім-шарттарды міндетті түрде жария түрде жасау; Қазақстанға келген шетелдік инвесторлар өздерінің шикізат саласындағы жобаларын жүзеге асыру үшін міндетті түрде жергілікті мемлекеттік не болмаса жекеменшік компаниялармен бірлескен кәсіпорын ашуы керек. Бұндай кәсіпорындардағы қазақстандық компаниялардың үлесі 51 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету; экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті сақтау үшін отандық салалар мен кәсіпорындардың шетелдік компаниялар сатып алатын барлық меншіктік үлес мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі 49 пайыздан аспайтындай, ал әрбір шет елдік компанияның меншігіне бір өндіріс орнының 15 пайыздан артық үлес сатып алуына шек қоюды іске асыруы; қазақ жерінде жұмыс жасап жатқан шетелдік компанияларды қазақстандық жұмысшылардың құқын сақтап, негізінен отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға міндеттейтін заңдар қабылдануы; елдегі ұлттық компаниялардың негізгі акцияларын Қазақстан азаматтарының, бірінші кезекте ауыл тұрғындарының иеленуін қамтамасыз ету, сол арқылы оларды кәсіпкерлікке тарту; ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайының деңгейін қала тұрғындары деңгейіне жеткізуге бағытталған, ұлттық менталитетке байланыстырылған, ұлттық-аграрлық даму бағдарламасын дайындау; «Жер Кодексін», «Жер қойнауы туралы» заңды қайта қарау, жерді сату мен жер қойнауының байлығын пайдалану туралы заңнамаларды ұлтық даму тұжырымдамасының бағытына сәйкестендіру; елiмiздiң ауыл шаруашылығына арналған жерлерiн шетел мемлекеттерiне жалға беруге немесе бiрлескен кәсіпорын құрып пайдалануына жол бермеу, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға жерді жалға беруге тиым салу; жоғары білімді инженерлер мен менеджерлерді, кәсіби жұмысшыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру арқылы Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдік мамандарды ұлттық мамандармен ауыстыру; ауылдың экономикалық, әлеуметтік, мәдени өркендеуіне жұмыс істейтін, инфрақұрылымды дамытатын, ұлттық менталитетке негізделген дәстүрлі экономиканы дамытатын аймақтық бағдарламаларды дайындау, оларды қомақты және мақсатты қаржыландыру; елімізде орын алып жатқан урбанизациялық процестерге мемлекеттік қолдау көрсету, қалаға келіп жатқан азаматтарды қоныстандыру және әлеуметтендіру үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаны қабылдау; қазба байлықтарды, мұнай мен газды шетелге сатуды қатаң бақылауға алу арқылы ел қазынасын молайту, одан түскен табыспен жастардың тегін білім алуын, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу; халықтың әл-ауқаты мен өсімін тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатындағы (зейнеткерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға берілетін көмек, дүниеге келген әрбір балаға берілетін жәрдем ақы және т.б.) әлеуметтік қолдаудың деңгейін көтеру; баспанасынан айрылған, банктерге қарызға батқан үлескерлер мен борышкерлердің мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік іс-шараларды дереу қолға алу; сыбайластықпен, заңсыз жекешелендірумен талан-таражға түскен ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді халыққа қайтару; Қазақстан жерінің жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз шөл және шөлейт жерлер екенін ескеріп, онда тұрып жатқан тұрғындарды қалаларға немесе шұрайлы жерлерге көшіру бағдарламаларын жасау керек. 4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында: Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін, саяси және экономикалық дамуының тірегі болатын, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы білімді жаңа ұрпақ тәрбиелеу, ғылымды жан-жақты дамыту. Ол үшін: ұлттық тарихты, зердені, рух пен мәдениетті терең насихаттайтын әр деңгейдегі, сан алуан технологиядағы жаңа буын оқулықтарын дайындау; жоғары оқу орындарында оқытылатын гуманитарлық және техникалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тілдегі оқу құралдары мен оқулықтардың сапасын арттыру; арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы жасөспірімдер үшін қазақ және басқа тілдерде ұлттық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерін, бай эпикалық мұрасын кеңінен насихаттайтын кітаптар, мультфильмдер, дискілер шығару; 90-жылдардағы жабайы жекешелендіру кезінде жабылып қалған балабақшалар мен мәдени ошақтары желісін қайтарту және демографиялық үдерістерге сай қайта жаңғырту; білім беру жүйесі жас азаматтардың қазақ тарихы мен мәдениетіне, мемлекеттік тіліне деген құрметін арттыруға, Қазақстан Республикасына, оның мемлекеттік рәміздеріне, құндылықтарына деген сүйіспеншілік сезімдер мен отансүйгіштік қасиеттерді өсіруге бағыттау; балабақшадан жоғары оқу орнына дейінгі мемлекеттік тілді үйретудің үздіксіз жүйелері мен бағдарламаларын дайындап, оларды батыл түрде енгізу; балабақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында тарихты бұрмалау, жеке басқа табыну, елдiң дамуын бiржақты дәрiптеу сияқты ұрпақ тәрбиесiнiң негiздемелерiне қайшы, бiлiм стандартына сай емес «Өзін-өзі тану» сияқты жастарды рухани аздыруға алып келетін пәндердi оқытуға тыйым салу; мемлекеттік балабақшалардағы тәрбие жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізу; барлық мектептер мен ЖОО-дарында қазақ әдебиеті, тарихы және тілі оқытылуы тиіс. «Орыс әдебиеті» пәнінің орнына «Әлем әдебиеті» пәнін енгізу керек. 5. Ақпараттық салада: Ақпараттық салада ұлттық саясат төмендегі басымдықтарды іске асыруға негізделуі тиіс: 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Қазақстан" телеарнасы негізінде жүз пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын қоғамдық арна жасау және тәулік бойы мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа теле-радиоарналарын ашу; "Бұқаралық ақпарат құралдары", туралы заңды қайта қарау, "Мемлекеттік тіл туралы" заңдар мен нормативтік құқықтық құжаттар қабылдау арқылы телеарналардың мемлекеттік тілдегі хабарларды тарату үлесін жүйелі түрде арттыру; еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, басқа елдердің қоғамдық пікірді қалыптастырудағы мүмкіндіктерін шектеу, ұлттық зердеміз бен менталитетімізге жат құндылықтардың насихатын азайту мақсатында шетел телеарналарына қатысты заңдық шектеу саясатын жүргізу; 2011 жылдан бастап Қазақстандағы кинопрокаттың мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда фильмдерді басқа тілдегі субтитрлермен беруді ұйымдастыру; қазақтілді интернеттің дамуына мемлекеттік көмек көрсету, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін ұлттық тарих пен мәдениетті дамыту үшін кеңінен қолдану; "Электронды үкімет" жүйесінің түпнұсқасы ең алдымен қазақ тілінде жасалып, қажет болған жағдайда басқа тілдерге аударылуы керек, халық арасында интернет-қызметтерді дұрыс пайдалануды кеңінен насихаттау және қоғамның бар саласына енгізу; өзге тілдерде шығатын БАҚтарға қазақ тарихы мен мәдениеті, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер туралы ақпараттарды ұлттық сәйкестілікті, этносаралық және дінаралық келісім және саяси тұтастықты насихаттауды іске асыру; "АИФ-Казахстан", "Комсомольская правда-Казахстан", т.б. сияқты Ресей мемлекетінің идеологиясы мен ақпаратын тарататын БАҚ-тарды мемлекет тарапынан қаржыландыруды толық тоқтату; мемлекеттік және жекеменшік компанияларға ұлттық мұраттар мен рухани құндылықтарды қоғамдық санада бекітетін, ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттайтын өнімдерді (теле және радиобағдарламалар, кинофильмдер, құжатты фильмдер, роликтер т.с.с) шығаруға мемлекеттік тапсырыс беру; этносаралық және дінаралық тақырыптарға қатысты журналистер арасында этикалық қағидалар мен кәсіби кодекстердің қабылдануын, олардың іске асуына ықпал ету; мемлекеттік тілдегі мерзімдік басылымдардың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру үшін олардың кейбіреулеріне оқырмандарды күштеп жаздыру тәжірибесін тоқтату керек. 6 . Тіл саласында: Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты төмендегі басымдықтарды іске асыруға негізделеді: мемлекеттік тілді меңгеру еліміздің әрбір азаматының міндеті болып табылады; мемлекеттік тілді үштің бірі етіп әлсіретуге бағытталған «үш тұғырлы тіл» саясатына жол берілмейді. Әркімнің өз қалауы бойынша басқа тілдерді меңгеруіне ешқандай шек қойылмайды; қазақ елінің азаматтығын алуда сол адамның мемлекеттік тілді меңгеруі басты талап болып саналады; қазақ жерінде жұмыс істеп жатқан, шетелдік компаниялардан өз аудармашыларының мемлекеттік тілді меңгеріп, үкіметтік органдарымен, жергілікті кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауы талап етіледі. 2010 жыл ішінде «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң қабылдануы керек. Заңда қазақ тілінің мемлекеттік органдардың іс-қағаздарын жүргізу тіліне айналуы, оның сот, бизнес, банк, білім беру, ғылым, мәдениет т.б. салаларында да мемлекеттік тіл дәрежесіне жетуінің механизмдері мен талаптары белгіленеді. "Мемлекеттік тіл туралы" заң қабылданғаннан кейін Үкімет деңгейінде төмендегідей шешімдер жүзеге асырылуы тиіс: әр мамандық иелеріне мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтайтын "Қазтест" бағдарламасын қолдану ережелерін бекіту; мемлекеттік қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілді белгіленген дәрежеде білетін болуы шарт; жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік тілге толық көшу кестесі белгіленуі керек; республикада мемлекеттік тілді үйретудің бірізді-сатылы бағдарламасын балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-мемлекеттік қызмет жүйесі бойынша дайындап, міндетті мемлекеттік бағдарлама ретінде бекіту. барлық мемлекеттік шаралар мен шетелдік келіссөздер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Республика деңгейінде Мемлекеттік тілді дамыту институты құрылуы керек. Оның басты мақсаты болып қазақ тілінің модернизациясына қатысты ұсыныстар дайындап, болашақтағы латын әліпбиіне көшуге қатысты дайындықтарды жүргізу болып белгіленуі керек. Республика деңгейінде аударма орталығы құрылып, оның міндетіне әлем әдебиеті мен ғылымның озық үлгілерін қазақ тіліне аудару және қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін әлем тілдеріне аудару жатқызылуы тиіс. 2011 жылы мемлекеттік "Қазақфильм" компаниясының ішінен ұлттық дубляж орталығы қайта қалпына келтіріліп, оған әлемдік деңгейдегі рухани, ғылыми, мәдени маңызы бар кинофильмдер мен деректі фильмдерді, балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдерді қазақ тіліне жоғары сапамен аудару міндеті жүктелуі керек. 7. Дінаралық салада: Бұл саладағы басты басымдықтар мынадай: қазақ жеріндегі барлық діни ағымдардың іс-әрекеттерінде этносаралық қатынастарға нұқсан келтіретін, жергілікті халықтың әдет ғұрыптарына қайшы келетін жұмыстарына заң арқылы тиым салынады; мемлекет, азаматтық қоғам мен дәстүрлі діни ұйымдар баршаға ортақ адамгершілік ізгілікті насихаттау, қоғамның рухани денсаулығын қамтамасыз ету, отбасының рөлін күшейту, қылмыскерлік, алкоголизм мен нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бағытында бірігіп қоян-қолтық жұмыс атқаруы керек; мемлекет, азаматтық қоғам мен діни ұйымдар азаматтардың, әсіресе жастардың арасында діни экстремизм мен радикализмге тосқауыл қою, дінді азаматтардың денсаулығы мен рухани болмысына қарсы пайдалануға, дінді қаржылық пайда көзіне айналдыруға жол бермеу тұрғысында келісілген іс-шараларды бақылауда ұстайды; көшелерде, қоғамдық жерлерде және мекемелер мен үй-үйлерді аралап бөгде діни насихаттар жүргізіп, діни әдебиеттер таратуға қатаң тыйым салынады; балабақшалар мен мектеп жасындағы балалар арасында діни миссионерлік жұмыстар жүргізуге тыйым салынады; мемлекет, шет елден қаржыландыратын діни және үкіметтік емес ұйымдардың, еліміздің болмысына, ұлттық қауіпсіздігімізге қайшы келетін және ұлттық менталитетімізге жат насихаттар мен діни ағымдарды таратуына, ұлттық құндылықтар мен отбасының бірлігіне зиян әкелетін әрекеттеріне жол бермейтін арнайы заң қабылданады және оның орындалуы қатаң бақылауға алынады. Әлемдік діндерге кірмейтін діни ағымдық ұйымдардың Қазақстанда тіркелуіне, әрекет етуіне заң арқылы жол берілмейді. VІ. Ұлттық саясатты іске асыру ТЕТІКТЕРІ Мемлекеттің ұлттық саясаты Тұжырымдамада белгіленген мақсаттар мен міндетерді орындауға арналған нақты шешімдерді қабылдап, тиісті іс-шараларды жасау арқылы жүзеге асырылады. Тұжырымдамада айқындалған басымдықтарды іске асыру үшін мемлекеттік билік органдары азаматтық қоғаммен, оның ішінде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа да институттармен тығыз қарым-қатынас орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Осы Тұжырымдаманың орындалуын Қазақстан Республикасы Үкіметі үйлестіреді. Тұжырымдаманың орындалуы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдайды. Оған қосымша жоспарда нақты іс-шаралардың, қабылдануға қажетті заң жобаларының тізімі, жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетіледі. Екінші кезеңде қажетті заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына жіберіліп, олардың қабылдануы қамтамасыз етіледі. Үшінші кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметі Тұжырымдаманы орындауға бағытталған нормативтік құқықтық құжаттардың кешенін бекітіп, оларды атқара бастайды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жылына бір рет осы Тұжырымдаманың орындалуы туралы Ұлттық есепті дайындап, жариялап отырады. Тұжырымдама жобасы «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру кеңесінде қабылданып, баспасөзде жариялауға, халықтық талқылауға ұсынылды. Алматы қаласы, 18 қаңтар, 2010 ж.
|
qosymsha/abai.kz | post_140369.txt | Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті | https://abai.kz/post/140369 | "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті" | "https://abai.kz/post/140369" | 30.09.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
URL: https://abai.kz/post/140369
META: "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті" | "https://abai.kz/post/140369"
DATE: 30.09.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 461
TEXT: 2021 ж. 30 қыркүйекте сағ. 16.00- де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты ашарда Ұлттық комиссия төрайымы Лаззат Рамазанова Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары жауапкершілік пен үйлесімді іс-қимылды талап ететінін атап өтті. «Отбасы әл-ауқатының мәселелері, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың жүйелі алдын алу бойынша қоғамдық ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсету - бұл мәселелер Ұлттық комиссия жұмысында басым болып қала береді», - деп атап өтті Лаззат Рамазанова. Отырыста 5 өңірде: Нұр-Сұлтан, Шымкент ққ., Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жобаның мақсаты - отбасы институтын нығайту және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықты азайту. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесінің жай-күйін талдау әрбір екінші қылмыс мас күйінде жасалатынын, заңсыз әрекеттердің 70-75% тұрғын үй-жайларда орын алатындығын көрсетті. 80% жағдайда зорлық - зомбылық субъектілері болып ерлі-зайыпты немесе азаматтық некеде тұрған адамдар, 20% - өзге туыстық қатынастағы адамдар болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, шешуді талап ететін бірқатар проблемалар бар. Аумақтарды дамыту жоспарларында отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша түйінді нысаналы индикаторлар жоқ екені анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті нақтыланбаған. Алдын алу жүйесіне әділет, мәдениет және спорт, ішкі және жастар саясаты органдары тартылмаған. «Жүйелі мониторингті енгізу, әлеуметтік қолайсыздық пен тұрмыстық зорлық - зомбылық мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды және жедел ден қою тетіктерін нығайту қажет», - деп атап өтті Лаззат Рамазанова. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігі Ұлттық статистика бюросының өңірлердегі отбасылардың әл-ауқатына мониторинг жүргізу нәтижелері және Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының индикаторларын есептеу әдістемесі туралы ақпараты тыңдалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, «Отбасының цифрлық картасын» енгізу жоспарлануда. Еліміздің 19 млн. тұрғынына талдау жүргізілді, 5 млн. 341 мың отбасының цифрлық карталары қалыптастырылды. Бүгінгі таңда отбасылардың 2,7 млн. немесе 50,6%-ы қолайлы және жақсы деңгейге жатады. Атаулы әлеуметтік көмекпен қамту 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 186,2 мың отбасына дейін немесе 891,1 мың адамнан астам өсті, өсім 25%-ды құрады. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ұлттық статистика бюросы 9 нысаналы индикатор бойынша есептеу әдістемесін әзірледі. Ол отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру тәртібін жүйелендіруге, деректерді жинау, ұсыну және оларды сақтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекітуге мүмкіндік береді. Отырыс соңында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты ұсыныстар берді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_3083.txt | «Қазақтелекомның» кең жолақты интернетті пайдалану қызметінің ақысы дамыған елдер мен Ресейдегімен шамалас | https://abai.kz/post/3083 | "«Қазақтелекомның» кең жолақты интернетті пайдалану қызметінің ақысы дамыған елдер мен Ресейдегімен шамалас" | "https://abai.kz/post/3083" | 20.02.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: «Қазақтелекомның» кең жолақты интернетті пайдалану қызметінің ақысы дамыған елдер мен Ресейдегімен шамалас
URL: https://abai.kz/post/3083
META: "«Қазақтелекомның» кең жолақты интернетті пайдалану қызметінің ақысы дамыған елдер мен Ресейдегімен шамалас" | "https://abai.kz/post/3083"
DATE: 20.02.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 340
TEXT: Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ– Интернетке кең жолақты қосылу қызметінің айлық төлем ақысы дамыған деген елдер мен Ресейдегімен шамалас, делінген компания жұма күні таратқан ақпараттық хабарда. «Құжатта көрсетілгендей, Megaline Start интернет қызметіне ай сайын төленетін төлемақының орташа деңгейі $13,03. Мәскеуде осындай қызмет $12,64, Санкт-Петерборда - $14,58, Францияда - $45,57, Германияда - $59,79, Жапонияда - $37,47. «Megaline қызметіне қол жетерлікті арттыру (тұтынау сипаттамаларын арттыру) бойынша жүргізілген барлық шаралар (2008 жылдан бері – ҚазТАГ) айлық төлемақының көтерілуінсіз жүргізілгенін айта кеткен жөн», - делінген ақпараттық баспасөз парақшасында. Құжатта айтылғандай, бүгінге Megaline қызметіндегі бұзылушылықтар жаппай емес, жекелеген жағдайларда ғана көрінеді. Компания желінің жабдықтарын жетілдіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп отыр және ол Megaline қызметінің жылдамдығын ғана арттырмай оның сапалық сипатын да жақсартады. Сондай-ақ, құжатта бүгінге «Қазақтелеком» АҚ-ның iD Host хостинг қызметінің бағасы қазақстандық кез келген хостингтік компаниядан арзан екені айтылады. Олардың деңгейі, жекелеген позициялары бойынша көптеген Ресейлік көшбасшы хостингтік компаниялардыкінен төмен. Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ– Интернетке кең жолақты қосылу қызметінің айлық төлем ақысы дамыған деген елдер мен Ресейдегімен шамалас, делінген компания жұма күні таратқан ақпараттық хабарда. «Құжатта көрсетілгендей, Megaline Start интернет қызметіне ай сайын төленетін төлемақының орташа деңгейі $13,03. Мәскеуде осындай қызмет $12,64, Санкт-Петерборда - $14,58, Францияда - $45,57, Германияда - $59,79, Жапонияда - $37,47. «Megaline қызметіне қол жетерлікті арттыру (тұтынау сипаттамаларын арттыру) бойынша жүргізілген барлық шаралар (2008 жылдан бері – ҚазТАГ) айлық төлемақының көтерілуінсіз жүргізілгенін айта кеткен жөн», - делінген ақпараттық баспасөз парақшасында. Құжатта айтылғандай, бүгінге Megaline қызметіндегі бұзылушылықтар жаппай емес, жекелеген жағдайларда ғана көрінеді. Компания желінің жабдықтарын жетілдіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп отыр және ол Megaline қызметінің жылдамдығын ғана арттырмай оның сапалық сипатын да жақсартады. Сондай-ақ, құжатта бүгінге «Қазақтелеком» АҚ-ның iD Host хостинг қызметінің бағасы қазақстандық кез келген хостингтік компаниядан арзан екені айтылады. Олардың деңгейі, жекелеген позициялары бойынша көптеген Ресейлік көшбасшы хостингтік компаниялардыкінен төмен. Сәрсенбі күні ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Нұрдәулет Сәрсенов, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігіне «Қазақтелеком» АҚ-ның интернетке қосылу қызмет ақысының қаншалықты негізделгенін анықтауды өтініп, сауал жолдағаны белгілі. Оның мәліметтері бойынша, олардың сапасы нашар, ал бағасы қымбат. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі байланыс операторы болып табылады. Компанияның бақылау пакеті (51%) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға тиесілі.
|
qosymsha/abai.kz | post_4191.txt | Президент үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына модернизация жүргізу қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды (толықтыру) | https://abai.kz/post/4191 | "Президент үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына модернизация жүргізу қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды (толықтыру)" | "https://abai.kz/post/4191" | 04.06.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Президент үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына модернизация жүргізу қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды (толықтыру)
URL: https://abai.kz/post/4191
META: "Президент үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына модернизация жүргізу қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды (толықтыру)" | "https://abai.kz/post/4191"
DATE: 04.06.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 297
TEXT: Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына мемлекеттік қарқынды индустриялық даму бағдарламасы шеңберінде модернизациялау қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды. «Үкіметке барынша қысқа мерзімде Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың барлығының негізгі өндірістік қорларын жаңарту тиімділігіне толық аудит жүргізуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев жұма күні Алматыда шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында. Оның нәтижесі бойынша пәрменді шараларға кірісуге болады. Бұл үшін мысалы, осы нашар кәсіпорындардың активтерін қарқынды модернизациялаудың үздік жобасына ашық конкурс жариялауға болады. «Бұл конкурстың қорытындысын шығару үшін біздің және шетелдің үздік мамандарынан беделді тәуелсіз комиссия құруға болады», - деді мемлекет басшысы. «Бұл конкурста жеңіске жеткен жобалар әр кәсіпорында жүзеге асыруға ұсынылады. Бұл жерде шетелдік қатысуы бар, жеке меншік және отандық кәсіпорындар туралы сөз болып отыр», - деді ол. Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елдегі ірі кәсіпорындардың барлығына мемлекеттік қарқынды индустриялық даму бағдарламасы шеңберінде модернизациялау қажеттілігі бойынша аудит жүргізуді тапсырды. «Үкіметке барынша қысқа мерзімде Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың барлығының негізгі өндірістік қорларын жаңарту тиімділігіне толық аудит жүргізуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев жұма күні Алматыда шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында. Оның нәтижесі бойынша пәрменді шараларға кірісуге болады. Бұл үшін мысалы, осы нашар кәсіпорындардың активтерін қарқынды модернизациялаудың үздік жобасына ашық конкурс жариялауға болады. «Бұл конкурстың қорытындысын шығару үшін біздің және шетелдің үздік мамандарынан беделді тәуелсіз комиссия құруға болады», - деді мемлекет басшысы. «Бұл конкурста жеңіске жеткен жобалар әр кәсіпорында жүзеге асыруға ұсынылады. Бұл жерде шетелдік қатысуы бар, жеке меншік және отандық кәсіпорындар туралы сөз болып отыр», - деді ол. «Бұл байқауда модернизациялау бойынша үздік жоба ұсынған адам активтердің иесі болмаса, кәсіпорынның қазіргі иесі жоба авторына ұқсас жаңарту жүргізу қажет. Немесе басқа әдісті пайдалансын немесе орнын басқаға босатсын. Бізде басқа амал жоқ. Жаңар немесе жолдан кет, бұл - уақыт талабы. Бүгінгі заманның ұраны осындай», - деп қорытындылады сөзін президент.
|
qosymsha/abai.kz | post_187136.txt | Защитим Конституцию... | https://abai.kz/post/187136 | "Защитим Конституцию..." | "https://abai.kz/post/187136" | 29.08.2024 | Мухамадиев Айыпкан | null | TITLE: Защитим Конституцию...
URL: https://abai.kz/post/187136
META: "Защитим Конституцию..." | "https://abai.kz/post/187136"
DATE: 29.08.2024
AUTHOR(s): Мухамадиев Айыпкан
TOTAL WORDS: 1948
TEXT: Парламент Казахстана 21 июня 2024 года на совместном заседании палат заслушал первое ежегодное послание Конституционного Суда (далее КС, суд) о состоянии конституционной законности в Республике. Послание вызвало ожидаемую обоснованную критику у депутатов и юридического сообщества. В интервью газете «Egemen Qazaqstan» Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев отметил: «мы воссоздали Конституционный Суд, который является, по сути, высшим органом конституционного контроля, обеспечивающим верховенство Конституции». Многие юристы и общественные деятели высказывают недовольства по деятельности Конституционного суда. Оправдались ли надежды на законность Главы государства и народа. Узнаем рассматривая некоторые аспекты деятельности суда. Первое: Ознакомившись с нормативным постановлением Конституционного Суда от 21 апреля 2023 года «О рассмотрении на соответствие Конституции Республики Казахстан пункта 4 статьи 44, пункта 3 статьи 44-1 Конституционного закона «О судебной системе и статусе судей» и пункта 1 статьи 24 закона «О Высшем Судебном Совете» по обращению гражданина Дуйсембиева К., я засомневался в КОНСТИТУЦИОННОСТИ данного акта. Конституционный Суд рассмотрев обращение Дуйсембиева К., решил указанные нормы соответствующими пункту 2 статьи 13 Конституции, тем самым лишил всех судей отстаивать свои нарушенные права в судах общей юрисдикции. В обоснование суда изложено: « Конституционный Суд полагает, что ввиду особого порядка освобождения от должности судей установленная Конституционным законом и Законом процедура обжалования решений Комиссии или Судебного жюри в Высший Судебный Совет не ущемляет их право на судебную защиту, закрепленное в пункте 2 статьи 13 Конституции ». Это означает гражданин Дуйсембиев К., подвергся дискриминации из за должности судьи и лишён возможности защиты своего нарушенного права в суде гарантированного Конституцией Казахстана. С учётом вышеизложенного можно резюмировать Конституционный Суд ставит законы выше КОНСТИТУЦИИ. Теперь озвучу свои доводы почему этот акт противоречит КОНСТИТУЦИИ. В Конституции в пункте 1 статьи 4 сказано, Конституция имеет высшую юридическую силу и прямое действие на всей территории Республики . Это означает, что Конституционные нормы выше по иерархии Конституционного закона «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан» и Закона «О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан» на которую ссылается Конституционный Суд. Также в пункте 2 статьи 13 Конституции отмечено, к аждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод . Далее статья 14 гласит: «Все равны перед законом и судом. Никто не может подвергаться какой-либо дискриминации по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства или по любым иным обстоятельствам». И вышеизложенное закрепляет пункт 3 статьи 39, « Ни в каких случаях не подлежат ограничению права и свободы, предусмотренные статьями 11 , 13-15 … Конституции». Это означает что, никакие доводы Конституционного Суда или законодательные акты не могут ограничивать права человека, гражданина а также Дуйсенбиева К, закрепленные и предусмотренные статьями 11 , 13-15 … Конституции РК. Вывод: Конституционный Суд вынес постановление противоречащее Конституции нашей страны. Важное: В послании КС отметил: « Обеспечение конституционной законности в Республике Казахстан является непременным условием стабильного развития и укрепления ее государственности». Я выше уже указал на противоречие актов КС РК Основному Закону. Теперь перейду на случаи превышение Конституционным судом своих полномочии. КС РК в своих постановлениях часто даёт обязательные к исполнению поручения государственным органам, которые по моему мнению превышают его полномочия. В качестве примера привожу следующие выдержки из решении суда: « Рекомендовать Верховному Суду Республики Казахстан и Высшему Судебному Совету Республики Казахстан с целью более полного обеспечения прав судей рассмотреть вопрос о дальнейшем совершенствовании законодательства Республики Казахстан о судебной системе и статусе судей в соответствии с правовыми позициями Конституционного Суда Республики Казахстан, содержащимися в настоящем нормативном постановлении». «Правительству Республики Казахстан в шестимесячный срок внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект закона, направленный на совершенствование законодательства в части применения мер процессуального принуждения в административном судопроизводстве в соответствии с правовыми позициями Конституционного Суда Республики Казахстан, содержащимися в настоящем нормативном постановлении». Считаю, что данные поручения КС РК идут вразрез со ст 61 Конституции , поскольку право законодательной инициативы принадлежит только Президенту Республики, депутатам Парламента, Правительству и реализуется исключительно в Мажилисе . А Конституционный Суд не обладает правом законодательной инициативы, т.е эти поручения согласно действующему законодательству не законны с момента принятия решении. В Основном Законе в статье 72 определена компетенция КС РК. В ней говориться: « рассматривает до подписания Президентом принятые Парламентом законы на их соответствие Конституции Республики; рассматривает на соответствие Конституции Республики принятые Парламентом и его Палатами постановления; рассматривает до ратификации международные договоры Республики на соответствие их Конституции; дает официальное толкование норм Конституции; дает заключения в случаях, предусмотренных пунктами 1 и 2 статьи 47 Конституции; Конституционный Суд рассматривает обращения Президента Республики в случаях, предусмотренных подпунктом 10-1) статьи 44 Конституции, а также обращения судов в случаях, установленных статьей 78 Конституции; Конституционный Суд по обращениям граждан рассматривает на соответствие Конституции Республики нормативные правовые акты Республики Казахстан, непосредственно затрагивающие их права и свободы, закрепленные Конституцией; Конституционный Суд по обращениям Генерального Прокурора Республики рассматривает вопросы, указанные в подпунктах 3) и 4) пункта 1 настоящей статьи, а также нормативные правовые акты Республики Казахстан на их соответствие Конституции Республики; Конституционный Суд по обращениям Уполномоченного по правам человека рассматривает на соответствие Конституции Республики нормативные правовые акты, затрагивающие закрепленные Конституцией права и свободы человека и гражданина». Поскольку «Конституционный Суд» является правопреемником упраздненного «Конституционного Совета», то возникает необходимость сравнить их полномочия. Их задачи были почти одинаковые, и также рассматривали на соответствие Конституции различные нормативно правовые акты. Конституционный Совет при вынесении решении не выходил за рамки полномочии, и принимал акты лаконично и конкретно : «признать неконституционной», или «признать соответствующей Конституции». Не раздавал пространные поручения госорганам по изменению законодательства Казахстана. В статье 74 Конституции, и в статье 63 Закона подробно изложены последствия принятия Конституционным Судом итоговых решений и этого достаточно. В своём послании КС подтверждает мои выводы: «В ряде случаев нормы законов, рассмотренные по обращениям граждан, признаны соответствующими Конституции с изложением правовых позиций Конституционного Суда для принятия законодательных мер обеспечения конституционных прав и свобод человека и гражданина » - эти обязательные поручения госорганам являются неконституционным и. Главное: Акты Конституционного суда противоречат статье 7 Основного Закона где отмечено: «1. В Республике Казахстан государственным является казахский язык. 2. В государственных организациях и органах местного самоуправления наравнес казахским официально употребляется русский язык». Согласно данной нормы Конституционный Суд обязан осуществлять конституционное производство, принимать решение только на казахском языке. Это подтверждает с татья 36 закона: «1. Конституционное производство осуществляется на государственном языке, наравне с казахским официально употребляется русский язык. 2. Участвующим в конституционном производстве лицам , не владеющим языком конституционного производства , (здесь нет фразы: «и официально употребляемым русским языком») Конституционный Суд обеспечивает перевод на их родной язык или язык, которым они владеют». Язык конституционного производства и наравне употребляемый язык, это разный статус. Сравним на основе аналогии закона: - УПК РК статья 30. Язык уголовного судопроизводства Уголовное судопроизводство в Республике Казахстан ведется на казахском языке, наравне с казахским официально в судопроизводстве употребляется русский язык. ; - ГПК РК Статья 14. Язык судопроизводства Судопроизводство по гражданским делам ведется на казахском языке, наравне с казахским официально в судопроизводстве употребляется русский язык; - КоАП РК Статья 738. Язык производства 1. Производство по делам об административных правонарушениях в Республике Казахстан ведется на государственном языке, а при необходимости в производстве наравне с государственным употребляются русский язык; Сравнивая данные нормы кодексов с законом о КС РК видим, что конституционное производство должно осуществляться только на государственном языке, так как в законе отсутствуют указания на использования русского языка в конституционном производстве. Почему законодатель этого не сделал, потому что КС РК является государственным органом. А пункт 2 статьи 7 Конституции о равном употреблении официально русского языка с казахским относиться только лишь государственным организациям и органам местного самоуправления. Статус Конституционного Суда нельзя сравнивать со статусом маслихата, государственных организации в виде «АО», «ТОО» или «Горводоканала» с участием государства . Закон «О языках» устанавливая правовые основы функционирования языков в Казахстане в статья 4 закрепил: « Государственный язык - язык государственного управления, законодательства, судопроизводства и делопроизводства, действующий во всех сферах общественных отношений на всей территории государства» . В статье 9 закона далее говориться: «Акты государственных органов разрабатываются и принимаются на государственном языке» - эта норма также обязательно к исполнению Конституционным Судом в принятии решении. Ещё об одном антиконституционном действии КС РК, расскажу на своём примере. Я направил обращение в КС о рассмотрении на соответствие пунктам 1 и 2 статьи 7 Конституции, статью 8 Закона «О языках». КС своим постановлением от 22.05.2023 г., №28-ПО отказал в принятии к конституционному производству моего обращения, сославшись на то, что якобы такой вопрос ранее рассматривался Конституционным Советом. Я подробно изучив данный акт убедился, что КС РК снова показал свою некомпетентность, поскольку именно такой вопрос ранее не ставился. Суд не мог различить государственный орган от государственной организации. Язык обращения физических и юридических лиц госорганам от языка работы (деятельности) государственных органов. Теперь расскажу какие ошибки допущены КС РК, во время рассмотрения моего обращения. Обращение было подано на государственном языке. Постановление об отказе в принятии к конституционному производству принималось всем составом суда 11 человек. В составе Конституционного Суда имеются члены, которые не владеют языком конституционного производства. Вопрос, как они знакомились с моим обращением на казахском языке на 70 страницах не понимая суть изложенного? Как эти лица подписали Постановление об отказе на казахском языке, также не понимая государственного языка ? По действующему законодательству предполагается, что судья знает государственный язык, и перевод с казахского языка на другой язык для них не предусмотрен. При таких обстоятельствах, согласно статьи 10 закона несколько судей Конституционного Суда не владеющие государственным языком т.е языком конституционного производства и рассмотревшие моё обращение на казахском языке обязаны были заявить самоотвод. Но так никто не поступил. Обратимся теперь Конституционному закону « О Конституционном Суде Республики Казахстан». В статье 1 сказано, Конституционный Суд Республики Казахстан обеспечивает верховенство Конституции на всей территории Республики Казахстан . Но в данном обсуждаемом акте от 21 апреля 2023 года №10 Конституционный Суд не обеспечил верховенство Конституции , а её унизил поставив законы выше Конституции. Статья 7, Судьи Конституционного Суда после своего назначения приносят присягу следующего содержания : «Торжественно клянусь честно и добросовестно выполнять возложенные на меня высокие обязанности судьи Конституционного Суда Республики Казахстан, быть беспристрастным и в своей деятельности подчиняться только Конституции Республики Казахстан, обеспечивать ее верховенство.». Видим, что судьи Конституционного Суда нарушили присягу , не подчинились Конституции и не обеспечили её верховенство. Завершает и закрепляет мою позицию статья 31 Конституционное производство осуществляется на основе принципа верховенства Конституции Республики Казахстан. Последствия: Я хотел показать соблюдается ли конституционная законность Конституционным Судом, правопреемником Конституционного Совета Казахстана . Конституционный Совет Казахстана своим бездействием допустил «конституционный переворот», который привёл к «государственному перевороту-кровавому январю 2022 года». Правовая оценка этому событию и действию конституционных госорганов ещё не дана, хотя времени было предостаточно. Конституционный Суд в послании также не дал оценку, анализ печальным событиям недавнего прошлого. Промолчал о нарушениях конституционных прав народа, ущемлении полномочии деятельности главы государства Токаева К., руководителями государственных органов вместе с Назарбаевым Н. После всенародных выборов Президента Казахстана в 2019 году Касым-Жомарт Токаев стал высшим должностным лицом страны. С этого момента у нас не было законодательного основания называть Нурсултана Назарбаева-Елбасы . (я писал об этом в газ. «Деловая неделя» 08.11.2019г., и газ. «ДАТ» 19.03.2020г) Это значит после вступления в должность Токаева К., Президентом Казахстана в 2019 году в стране началось двоевластие , так как Назарбаев Н., самовольно присвоил власть. Согласно статьи 3 Конституции, никто не может присваивать власть в Казахстане. Присвоение власти преследуется по закону. «Елбасы, и его статус являются неизменными. Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы в силу его исторической миссии пожизненно принадлежит право возглавлять Совет Безопасности в качестве Председателя » - все эти нормы применялись вразрез Конституции. Законодательные акты об этом не имели юридической силы, всё это беззаконие привело бездействию госорганов, конституционно-правовому хаосу, жертвам и разрушению в январе – 2022 года. Силовые структуры в начале январе 2022 года оказались в правовом вакууме Первый Президент – Елбасы, Председатель Совета Безопасности Нурсултан Назарбаев потерялся и появился только в середине января, заявив: « я в 2019 году передал полномочие Президента Касым-Жомарту Токаеву и с тех пор являюсь пенсионером… » Анализируя деятельность Конституционное Суда видим, что не всегда ими соблюдается законность и верховенство Основного Закона. Это означает деятельность нынешнего Конституционного суда противоречит Конституции Казахстана и они должны уйти в отставку. Мухамадиев Айыпкан, кандидат юридических наук, Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_1170.txt | Сырттандарымыз сыртта қалып, алабайлар ардақтала бере ме? | https://abai.kz/post/1170 | "Сырттандарымыз сыртта қалып, алабайлар ардақтала бере ме?" | "https://abai.kz/post/1170" | 29.06.2009 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Сырттандарымыз сыртта қалып, алабайлар ардақтала бере ме?
URL: https://abai.kz/post/1170
META: "Сырттандарымыз сыртта қалып, алабайлар ардақтала бере ме?" | "https://abai.kz/post/1170"
DATE: 29.06.2009
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 847
TEXT: Адамзат тарихында жабайы аңдардың iшiнде ең әуелi қолға үйретiлгенi - ит екенi белгiлi. Сондай-ақ ол адамның ең адал серiгiне айнала бiлдi. Сондықтан ата-бабаларымыз иттi жетi қазынаның бiрiне жатқызған. Сал-серiлер ит жүгiртiп, құс салып, оларды ерекше қастерлеген. Бүгiнде осы ата дәстүрiмiз ұмытылып бара жатқандай... Кейiнгi ұрпақ қазақы төбеттiң бар екенiнен де бейхабар. Бiз бұған Алматыдағы ит базарына барғанымызда көз жеткiздiк. Алматының "Сайран" автобекетiне қарама-қарсы орналасқан "Сырдария" базары сенбi, жексенбi күндерi нағыз ит базарына айналады. Бұл Алматыдағы ең үлкен ит базар болған соң ба, әйтеуiр иттердiң "жетi атасы" осында. Кавказ төбетi дейсiз бе, Орталық Азия төбетi ме, жоқ, әлде ауған борзасы ма, - бәрi-бәрi бар. Тiптi алатын болсаңыз, кәнден, бултерьер, боксер, ротвейлер, бульдог сынды ит тұқымдарының неше түрiн таңдай аласыз. Тым құрығанда, құжат бойынша әкесi чемпион, шешесi кандидат болған небiр алып иттердi тамашалауға болады. Адамзат тарихында жабайы аңдардың iшiнде ең әуелi қолға үйретiлгенi - ит екенi белгiлi. Сондай-ақ ол адамның ең адал серiгiне айнала бiлдi. Сондықтан ата-бабаларымыз иттi жетi қазынаның бiрiне жатқызған. Сал-серiлер ит жүгiртiп, құс салып, оларды ерекше қастерлеген. Бүгiнде осы ата дәстүрiмiз ұмытылып бара жатқандай... Кейiнгi ұрпақ қазақы төбеттiң бар екенiнен де бейхабар. Бiз бұған Алматыдағы ит базарына барғанымызда көз жеткiздiк. Алматының "Сайран" автобекетiне қарама-қарсы орналасқан "Сырдария" базары сенбi, жексенбi күндерi нағыз ит базарына айналады. Бұл Алматыдағы ең үлкен ит базар болған соң ба, әйтеуiр иттердiң "жетi атасы" осында. Кавказ төбетi дейсiз бе, Орталық Азия төбетi ме, жоқ, әлде ауған борзасы ма, - бәрi-бәрi бар. Тiптi алатын болсаңыз, кәнден, бултерьер, боксер, ротвейлер, бульдог сынды ит тұқымдарының неше түрiн таңдай аласыз. Тым құрығанда, құжат бойынша әкесi чемпион, шешесi кандидат болған небiр алып иттердi тамашалауға болады. - Жiгiттер, күшiктердi қызықтап тұрсыңдар ма? Бұлар анау тұрған "Ақ аюдың" күшiктерi, - дедi орта жасқа келген мұрынды жiгiт көлiк үстiнде тұрған дәу ақ төбеттi көрсетiп. - Бұл - түрiкменнiң алабай тұқымды итi. Нағыз алыптың өзi. Салмағы 100 келiден асады. Бойы - 72 см. Түрiкмендер өздерiнiң иттерiн сыртқа шығармайды. Тек ұрлық жолмен ғана әкеледi. Мен мұны сату үшiн емес, сатып жатқан күшiктерiмнiң әкесi екенiн айғақтауға алып келдiм. Әйтпесе қазiр кез келген клубтан "әкесi пәлендей, шешесi түгендей" деген жалған анықтама жаздырып алуға болады. Ондай құжатқа алданып қалмас үшiн бәрiн көзбен көрiп, қолмен ұстаған дұрыс. Көрiңдер, алатын болсаңдар, түсiрiп беремiн. Әр күшiктiң бағасы 250-300 доллар. Жалпы, базардағы iрiлi-ұсақты күшiктердiң тегiне байланысты бағасы 200 теңгеден 500 долларға дейiн барады. Түрлерi де, тегi де әртүрлi. Азиялық төбеттiң құлақ-құйрығы бiрден шорт кесiлсе, ал Кавказ төбетiнiң тек құлағы ғана кесiледi екен. Олардың да күшiктерiнiң бағасы 100-150 доллар төңiрегiнде. Қазiргi кезде Қазақстанда ит тұқымдары жақсы дамып келедi. Ит төбелестiретiн арнайы орындар да жетерлiк. Ол - итқұмарлар үшiн нағыз ақша табудың көзi. Олардың айтуынша, қандай күштi ит болса да бәрiбiр азиялық төбетке шамасы жетпейтiн көрiнедi. Бiр өкiнiштiсi - аталмыш базарды аралап жүрiп, бiр қазақы төбеттi көрмек түгiл, ит сатушылардың арасынан "қазақы ит" деген сөздi ести алмадық. "Олар қазiр құрып бiткен!" дейдi. Сондай-ақ қазақы төбеттiң орнын ортаазиялық төбет, алабай, азиат деген ит тұқымдарының басып кеткенiн де тiлге тиек еттi. Және оларды түрiкмен иттерiне телу үрдiске айналған көрiнедi. Негiзi, түрiкмендер ақалтеке арғымағымен қоса, алабай итiмен де әлемге әйгiлi. Сондықтан да түрiкмендер тектi иттерiне көп көңiл бөледi. Ауыл шаруашылығы, сауда министрлiктерi оларды қамқорлыққа алған. Өткенде шекарада алабай итiн алып өтем деген елшiмiз лауазымды қызметiнен қоштасқанын барлық БАҚ құралдары жария еткенi белгiлi. Қысқасы, оларда асылтұқымды иттерiне мемлекеттен қолдау бар. Ал бiзде ше? Бiздiң ауыл шаруашылығы министрiнiң "сен тимесең мен тимен бадырақ көздiң" керiн келтiрiп отырғанын қалай түсiнуге болады? Түрiкмен итi бұрыннан бақташылықпен аты шықса, қазақы төбет қасқыр алатындығымен ерекшеленген емес пе едi? Ежелгi әпсаналарды ашып қарайтын болсақ, бiздiң арландарымыз тек қана қасқыр емес, барыс, аюмен жекпе-жек шыққандары анық көрсетiлген. Тайыншадай сырттандарымызды бағалай бiлмегенiмiздi кiмнен көремiз? Кезiнде қойшының балалары үстiне ат қылып мiнiп алса да, мыңқ етпей, иесiне адалдық танытатын қайран қазақы төбетiмiз-ай! Бұл жерде құмай тазыны сөз етудiң өзi артық... Итi жаман десе, ашуланатын қазақы намыс қайда кеткен?.. Иттердің бағасы: ауған борзасы - 12 мың, ротвейлер, бульдог- 8 мың, бултерьер мен боксер - 7 мың, пит - 18 мың теңгенің үстінде, ал Кавказ төбеті - 400 доллар, Орта Азия төбеті - 100, 150 доллардан жоғары, алабай - 250, 300 доллар, қандендер - 1000, 1500 теңге. Нұрғали ҚҰДАБАЕВ, итқұмар: - Қазіргі кезде иттерді таңдаудың өзіндік сыры көп. Бұрын ауылдағы үлкендер «мына иттің кеудесі жалпақ, шоқтығы биік екен» деп қазақы көзқараспен таңдап жататын. Бірақ қазір ит таңдауда ол аздық етеді. Асылтұқымды иттердің көбі қазір Орта Азия мен Түрікменстаннан, Кавказдан келеді. Оларды қазақша таңдай алмайсыз. Оның туу туралы куәлігі болады. Сол куәлікте асылтұқымды иттердің бүкіл ата-тегі жөнінде мәлімет жазылады. Ата-тегі кім, шешесі кімнің тұқымы, әкесінің қанының құрамы қандай, алған атақ-дәрежесі, ата-бабасының қандай жарыста қалай келгендігі, бәрі-бәрі жазылады. Осыған байланысты сатып аласыз. Соңғы жылдары елiмiзде түз тағылары көбейiп, төрт түлiктi түре қырып, тiптi адамдардың өзiне ауыз сала бастағанын талай естiдiк. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрi қасқырларды аулауға арнайы ақша бөлген болатын. Алайда атқа мiнiп, мылтық асынғандар бөрiлерге бөгеу бола алмады. Осындайда ойлайсың, әр ауылда үш-төрт сырттан ит болса, қасқырлар ауыл сыртынан жүре алар ма едi? Ендеше, тиiстi министрлiктер ежелден мал мен жанды сақтап келген қазақы төбеттерiміздi сақтауға және өсiп-өнуiне көңiл бөлсе, қанеки! Сонда бiрнеше мәселе сабақталып, өздiгiнен шешiле берер едi. Серік Жұмабаев «Алаш айнасы» газеті 27 маусым 2009 жыл
|
qosymsha/abai.kz | post_76639.txt | Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөз сөйледі | https://abai.kz/post/76639 | "Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөз сөйледі" | "https://abai.kz/post/76639" | 12.09.2018 | Abai.kz | null | TITLE: Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөз сөйледі
URL: https://abai.kz/post/76639
META: "Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөз сөйледі" | "https://abai.kz/post/76639"
DATE: 12.09.2018
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 140
TEXT: АҚШ президенті Дональд Трамп 17 жыл бұрын United Airlines ұшағы құлаған жерге жақын орналасқан Пенсильвания штатының Шэнксвилл мемориалдық паркіндегі еске алу жиынына қатысты. Ол құрбан болған жолаушыларды қастыққа қарсы күрескен қаһармандар деп атады. Ұшақта бары 37 жолаушы, оның ішінде төрт террорист және 7 экипаж мүшесі болған. Ұшақ жолда құлаған. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ құлаған жерден вашингтондық Капитолияға дейін небәрі 20 минөт қалған. АҚШ-та 11 қыркүйек – 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте, Вашингтонда және Пенсильвания штатында орын алған теракті құрбандарын еске алу күні. 17 жыл бұрын "Әл-Каида" ұйымының жанкештілері жолаушылар ұшағын айдап әкетіп, Нью-Йорктегі Дүниежүзі сауда үйінің ғимаратын, Вашингтон жанындағы Пентагон ғимаратын соққан. Үш мыңға жуық америкалық және өзге елдердің азаматтары қаза тапты. Олардың ішінде Пенсильвания штатына құлаған ұшақтағы жолаушылар да бар. Нью-Йоркте Дүниежүзі сауда үйінің егіз мұнарасы болған орынға терактіден тірі қалғандар мен қаза тапқандардың туыстары келіп, еске алды. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_3117.txt | Дәулет Асау. Ешкім де, ешқашан да қызыл армияның қырғындарын ұмытпауы керек | https://abai.kz/post/3117 | "Дәулет Асау. Ешкім де, ешқашан да қызыл армияның қырғындарын ұмытпауы керек" | "https://abai.kz/post/3117" | 23.02.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Дәулет Асау. Ешкім де, ешқашан да қызыл армияның қырғындарын ұмытпауы керек
URL: https://abai.kz/post/3117
META: "Дәулет Асау. Ешкім де, ешқашан да қызыл армияның қырғындарын ұмытпауы керек" | "https://abai.kz/post/3117"
DATE: 23.02.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1860
TEXT: Әлем елдерінің 61 мемлекеті, дүниежүзі халқының 80%-ы қатысқан Екінші жаһандық соғыс туралы екі түрлі көзқарас тек күні кеше ғана туындап отырған жоқ. Соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аумағын шарпып, әскер қатарына 110 млн адам алынған. 50 - 55 млн адам қазаға үшыраған, 4 триллион долл. көлемінде шығын шыққан. Кеңестер заманында барлық тарихи оқиғалар «ұлыорыстық» идеологиямен жазылғаны ешкімнен жасырын емес. Бұл «стандартқа» сай келмеген халықтардың бәрінің өткені бұрмаланды, әсіресе одан көп зардап шеккен - қазақ. Тәуелсіздік жылдарында талай шындықтардың беті ашылғанын көзіқарақты оқырман біледі. Осы уақыт ішінде өзге «бауырлас» республикалар да тарихи шындықтарды өзіндік ұлттық мүддесі тұрғысынан бағалауды қолға алды. Және оған толық қақысы бар. Ол, әрине, ресми Мәскеуге жақпайды, олар «орыстар бұратана халықтарға мәдениет, әдебиет, өнер, өркениет әкелді, бірақ олар осы «бақытттарды» түсінбей антиорыстық саясат жүргізіп жатыр» деп байбаламдауда. Менің қатарымдағылардың есінде, мектепте оқып жүргенде «Қазақстан тарихы» деген пышақтың қырындай ғана кітап болушы еді. Зерек оқушы бір деммен бір сағат-жарты сағатта-ақ оқып тауысып тастайтын. Мектеп бағдарламасына енген қазақ тарихының бар-жоғы осы-ақ. Қазақта бұдан басқа тарих болмаған көрінеді-мыс. Әлем елдерінің 61 мемлекеті, дүниежүзі халқының 80%-ы қатысқан Екінші жаһандық соғыс туралы екі түрлі көзқарас тек күні кеше ғана туындап отырған жоқ. Соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аумағын шарпып, әскер қатарына 110 млн адам алынған. 50 - 55 млн адам қазаға үшыраған, 4 триллион долл. көлемінде шығын шыққан. Кеңестер заманында барлық тарихи оқиғалар «ұлыорыстық» идеологиямен жазылғаны ешкімнен жасырын емес. Бұл «стандартқа» сай келмеген халықтардың бәрінің өткені бұрмаланды, әсіресе одан көп зардап шеккен - қазақ. Тәуелсіздік жылдарында талай шындықтардың беті ашылғанын көзіқарақты оқырман біледі. Осы уақыт ішінде өзге «бауырлас» республикалар да тарихи шындықтарды өзіндік ұлттық мүддесі тұрғысынан бағалауды қолға алды. Және оған толық қақысы бар. Ол, әрине, ресми Мәскеуге жақпайды, олар «орыстар бұратана халықтарға мәдениет, әдебиет, өнер, өркениет әкелді, бірақ олар осы «бақытттарды» түсінбей антиорыстық саясат жүргізіп жатыр» деп байбаламдауда. Менің қатарымдағылардың есінде, мектепте оқып жүргенде «Қазақстан тарихы» деген пышақтың қырындай ғана кітап болушы еді. Зерек оқушы бір деммен бір сағат-жарты сағатта-ақ оқып тауысып тастайтын. Мектеп бағдарламасына енген қазақ тарихының бар-жоғы осы-ақ. Қазақта бұдан басқа тарих болмаған көрінеді-мыс. «Кеңестік хикаяттардың» бірі - Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысты. Кейіннен әшкере болған көптеген фактілер бізді оған жаңаша көзбен қарауға еріксіз мәжбүр етті. Күлбілтелемей ашығын айтсақ, бұған басқа емес, КСРО-ның өзі кінәлі, осы өтірікті одан әрі дамытып отырған оның мұрагері бүгінгі РСФСР кінәлі. Өтірік жүрген жерде сенімсіздік туады. Осыдан барып уақыт өткен сайын 2-Дүниежүзілік соғысқа қатысты дау-дамайдың өршелене түсуі түсінікті. Сондықтан, жұртшылық сан саққа жүгірткен ой-пайымдарды тоқтату үшін Ресей былтыр Жеңістің 64 жылдығын тойлап бітер-бітпестен оның анық-танығын анықтайтын президенттік комиссия құрды. Бір «қызығы», оның құрамында тарихшылар мен ғалымдардан гөрі ФСБ генералдарының саны көп. Яғни комиссия жұмысы таза ғылыми бағытта болады, бұған дейін бүркемеленіп келген жайттардың сыры енді ашылады деп сенуге ерте. Қайта, оның жұмыс бағытына қарасаң, «арты ашылып қалған» өтіріктерді біржолата «заңдастыруға» көшкен сыңайлы. Екінші жаһандық соғысқа қатысты екі түрлі көзқарас тек бүгін ғана туындап отырған жоқ. Таразының бір басында - Ресей мен оның позициясын қолдайтын, әйтпесе саясаттың аңысын аңдып іштен тынып отырған елдер де, екіші жағында - тұтас Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мемлекеттері тұр. Кезінде түрлі жолдармен Одақтың құрамына енген 15 республиканың ішінде қарсы шығушылар көп. Және уақыт өткен сайын осы пікір кереғарлығы тіпті алшақтап барады. Ресей жағы, әрине Қызыл Армияны фашист агрессиясын тоқтатушы, Шығыс Еуропаны азат етуші деп көрсеткісі келеді. Расы сол, бұған дейін бәріміз солай ойлап келдік. Бірақ, енді қарап отырсақ, шындықтың екінші жағы да бар екен. Мені ең алдымен ойға жетелеген мына жайттар: Егер Қызыл Армия Шығыс Еуропаны фашист басқыншылығынан азат етуші болса, осыны ең алдымен «азат етілген» сол Еуропа мемлекеттерінің өздері неге мойындамайды?, КСРО құрамында болған Балтық жағалауы елдері (Латвия, Литва, Эстония) Кеңестер Одағын ашық басқыншы санаса, Украина, Беларусь, Грузия тағы бірқатар «бауырлас» елдерде ол туралы пікір екі ұдай. Сонда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Бұл тақырыптың қаншалықты «ушығып» тұрғанын және арамызда жүрген ҰОС ардагерлерінің, басқа да жандардың сеніміне ауыр тиетінін ескере отырып, осы мақаладан ой түюді өздеріңізге қалдырдым. Менікі жай фактілерді салыстыру ғана. Әлбетте, әр нәрсені ақылмен салмақтап алмай жатып 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа қатысты Ресейдің ұстанған позициясы ғана дұрыс, Шығыс Еуропа мемлекеттері мен жоғарыдағы «бауырлардың» бәрі қате айтып отыр деуіміз керек пе?! Жоқ! Жалпы тарихи оқиғаларға қатысты мұндай даулы мәселелер екіжақты арнайы комиссияның ортақ кеңесінде талқыланып барып шешілуге тиіс емес пе. Ондай практика бар. Мысалы, 2-Дүниежүзілік соғысқа қатысты даулы түйіткілдерді Германия мен Польша мемлекеттері 70-жылдардың басында-ақ екіжақты комиссия құрып, мектеп бағдарламаларында қалай оқыту керектігін шешіп алған. Бір өкініштісі, Ресей мұндай ашық диалогқа мүлдем баспай отыр. Тәуелсіздіктің 18 жылы өтсе де, «менікі дұрыс» деген империялық пиғылы қалмапты. Яғни, мұнда бір гәптің жатқаны анық. Өткен жылы Қазақстандағы Польша елшілігінің бірінші хатшысы Павел Есса және тағы да бірқатар ресми адамдарымен емін-еркін әңгімелесудің сәті түсіп қалды. Мен олардан Екінші жаһандық соғысқа қатысты ресми Варшаваның қандай пікір ұстанатындығын сұрадым. Олар Еуропа елдері үшін Сталиннің жауыздығы Гитлерден кем болмағандығын, ал Қызыл Армияның басқыншы екендігін жайып салды. Ескерте кетейік, бұл бір немесе бірнеше адамның пікірі емес, Польшаның мемлекеттік ұстанымы. Мектеп оқулықтарында солай деп жазылған. Және бұл пікірдің негізсіз емес екенін, тарихи фактілерге сүйеніп жазылғанын мойындау керек. Ол фактілер «темір перденің» ішінде қалған сіз бен біз ғана кеш жетті. (Осы мақаланы жазу барысында Қазақстандағы Словакияның елшісі Душан Подгорскимен де әңгімелескенім бар. Ол кісінің ұзақ сонар әңгімесін былай түйіндеуге болады - «Еуропа мемлекеттері үшін коммунистік жүйенің фашистік режимнен, Сталиннің жауыздығы Гитлердің жауыздығынан артық болмаса кем емес»). Тарихтан мәлім, Екінші Дүниежүзілік соғыс алдында Сталин мен Гитлердің өзара келісімі бойынша («Молотов-Риббентроп» пактісі) екі мемлекет жасырын түрде Шығыс Еуропадағы ықпал ету аймақтарын өзара бөліске салған болатын. Сол бойынша Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс жақ бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс бойы) Кеңес Одағына, қалған бөлік түгелімен Германияға тиді. Одан 10 ай өткен соң, 1939 жылы 17 қыркүйекте Қызыл Армия Германиямен кескілесе соғысып жатқан польяктардың ту сыртынан қақырата соққы беріп, мемлекетін тізе бүктірді. Бір қызығы, КСРО мен Германияның ортақ шекарасы жоқ, олардың арасында екі-екіден мемлекеттер жатыр, ал Польша орналасқан тұс қана жалғыз қабат. Егер «советтер» өз еліне бейбітшілік тілесе фашистермен соғысып жатқан Польшаға не көмектесуі керек те, не жау өз шекарасына жеткенше тас-түйін қамал жасап бекініп алуы керек еді ғой. Бірақ, олар бәрін керсінше жасады, неміспен жанталасып жатқан польяктың желке тұсынан соғып, әскерін күл-талқан етіп, Германияға жол ашып берді. Оны айтасыз, мұнымен қоймай 1939 жылдың қыркүйек-қазан айларының аралығында жалғыз өзі жүріп Литва, Латвия, Эстония сияқты аралық елдерді басып алып, орта «қабырғаларды» құлатты (Гитлер қатыспай, Сталиннің жалғыз өзі). Ары қарай Финляндияға, сосын Румынияға жорыққа аттанды. Бұл сонда қорғанып отырған елдің әрекетіне ұқсай ма? Ал, егер Сталин неміс басқыншылығын пайдаланып, өзі әлемдік үстемдік жүргіземін десе, әңгіме басқа. Онда Қызыл Армияның бұл «жасампаз» жорықтарының сырын ұғуға болады. Сондықтан, Екінші Дүниежүзілік соғыс Кеңестер Одағы үшін ресми оқулықтарда жазылып жүргендей 1941 жылдың 22 маусымында емес, 1939 жылдары-ақ басталып кеткен. Естеріңізде шығар, «Бүкіл әлемнің жарлы мен жақыбайлары бірігіңдер!» (Пролетарий всех стран соединяетесь») деп ұрандатқан пролетариаттардың басты ұраны - БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ СОЦИАЛИЗМ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ Декларациясы болып еді ғой. Міне, осыдан-ақ, қызыл коммунистерге Екінші Дүниежүзілік соғыс не үшін керек болғанын біле беріңіз. «Советтердің» жарты-ақ жылдың ішінде жарты Еуропаны жаулап алып, жарты ғасыр билеп төстегенін де ұмытпайық . Кеңес тарихшылары көпке дейін осы фактіні айналып өтуге тырысты. Бірақ, қазір ол әлем қауымдастығының алдында әшкере болған соң, ақыры мойындауға мәжбүр. Бірақ, жоғарыда тілге тиек етіп кеткен, Медведевтің тікелей жарлығымен құрылған президенттік комиссия енді мәлім болып қалған осы тарихи жайттарды басқа арнаға бұруға барынша күш салып отыр. Комиссия мүшесінің бірі Андрей Сахаров: «Молотов-Риббентроп» пактісінің болғандығын, Қызыл Армияның Балтық жағалауы елдерін 39-жылдары жаулап алғандығын» мойындай келіп, мұның бәрі сол кезеңдерге сай мемлекеттің қауіпсіздігі үшін жүргізілген саясат деп тырысып бақты. Көрдіңіздер ме, саясат райының қайда аунап түскенін?! Егер бұл Кеңестер Одағының қауіпсіздігі үшін жүргізілген қажетті шара болса, онда бұл жайттар осы күнге дейін неге жасырылып келді? Сондай-ақ, бұған дейін де1936 жылдардан басталып 1944 жылдарға дейін созылған халықтарды тұрғылықты жерлерінен жер аудару (депортация) нәубеті де КСРО тарихында мемлекеттің қауіпсіздігі үшін деп түсіндіріліп келген. Жалпы, «күмәнді» халықтарды бір түн ішінде түп орнымен көшіріп жіберу, түрлі қысым көрсету Сталин өлген 1953 жылға дейін жалғасқаны есімізде. Бір өтірік бір өтірікті шығарады деген, олай болса Сталин 2-Дүниежүзілік соғысқа әзірлікті сонау 36-жылдардан бастап жіберген болды ғой. Түрлі дереккөздерінде ҰОС жылдарында Қазақстанға депортацияланған халық саны 900 мыңнан 1млн.209 мыңға дейін делінген. Ал 1946 жылдың қазан айындағы санақ бойынша КСРО НКВД-ның есебінде жер аударылған 2 436 940 есепте тұрған. Бұл Гитлердің әлемге жасаған басқыншылық жорықтарынан көп бұрын жүргізілген «қауіпсіздік шараларының» бір парасы. Сонда мұның бәрі қандай қажеттіліктерден туған? Сахаров сөзіне сенсек, бұрындары 15 республикадағы зиялылардың, қара халықтың «советтерге» көзқарасы жақсы болған, оны бұзып жүрген қазіргі тарихшылар көрінеді. Ол былай дейді: «... қалай дегенмен де, менімен бірге партия қатарында жұмыс істеген латыш, эстон достарым болды, олардың Совет үкіметіне деген көзқарасы жақсы еді» деп еміренеді. Бірақ, мұндай да уәж бола ма?! Кеңестер кезінде бәріміз де қалайық-қаламайық партия мен үкіметті «жақсы» көргенбіз. Көсемдерінің атын әнге қосып, би де билегенбіз. Заман солай болды. Қазақтың адам кінәлі ма, заман кінәлі ма деп дағдаратыны содан. Осыған қарағанда Ресей мемлекетінің президенттік комиссиясы Совет тарихына қатысты келеңсіз жайттардың бәрін «үтіктеп» жіберу үшін құрылғанын сезгендейсің. Көтеріп отырған тақырып толыққанды болуы үшін мынаны да айта кетейік. 1989 жылы Мәскеуде өткен КСРО Халық депутаттарының 2-ші съезінде депутаттар алғаш рет Кеңестер Одағының коммунистік модельді басқа елдерге басқыншылық әдіспен күштеп орнату әрекеттерін айыптаған қаулы қабылдады. Онда «советтердің» социализмнің ұрығын себу үшін Шығыс Еуропаға жасаған жорықтары ашық айыпталды. Бұл басқа емес, Кеңестер Одағы деген зор империяның «тірі» кезінде Халық депутаттарының өздері мойындаған тарихи шындық. Басқасы басқа, дәл мұнымызға ешкім дау айта алмайтын шығар. Сондықтан, Шығыс Еуропа мемлекеттерінің де, Балтық жағалауы елдерінің де Қызыл Армияны басқыншы санауға толық қақысы бар. Осыдан кейін Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин 1991-1994 жылдар аралығында Жеңіс мерекесін мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарып тастап, оны тойлаудан бас тартқан еді. Бұл Қайта құру жылдарының алғашқы екпінімен келген демократиялық қатынастардың жемісі еді. Сөйтіп Борис патша қанша жерден тентек болса да, тарих шындықтарын мойындауға мәжбүр болды. Сондай-ақ, 2-съезд шақырылымының шешімдерімен Кеңестер Армиясының 1978-1988 жылдардағы Ауғаныстан жеріндегі іс-әрекеттері де басқыншылық деп бағаланған. Мұны жұртшылық КСРО-ның сыртқы мемлекеттерге жасаған өктем саясатының бірі екенін түсіністікпен қабылдап отыр. Бірақ, кейіннен, әңгіме 2-Дүниежүзілік соғысқа қатысты айтыла қалса, Ресей қайтадан дүрлігіп шыға келетін мінез шығарды. Неге? Бұл екі қаулыны да 2-ші шақырым депутаттары қабылдаған жоқ па, оның бірін былай, бірін былай деуге не себеп? Өйткені, Жеңіс күнін мемлекеттік символ ретінде тойлау Ресейге ТМД аумағында «ұлыорыстық» мәртебені қайта жаңғырту үшін қажет. Мұның сыртында тағы да жауды жеңген біз, сендердің Жеңіске қосқан үлестерің тек жанама ғана деген пиғыл жатыр. Әсіресе, Путин заманында әсіреұлтшылдық, әсіреорыстық мінез өршіп кетті. Оның ісін қазір Медведев те жалғастырып жатыр. Бұл жерде ауғандық жауынгер-интернационалистер де, ҰОС ардагерлері де құрмет пен сыйға лайық екендігі, олар үкімет пен партияның тапсырмасын ғана орындағаны, сол кездегі ортақ Отанға адал қызмет еткендігін де ұмытпау керек. Замана саясаты солай болды. Оған кінәліні іздесек, оны қарапайым солдаттың немесе тыл еңбеккерлерінің арасынан емес, сол кезде үкіметті басқарып отырғандардың ішінен іздеу керек. P.S . ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Қазақстан жағы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға қазірден бастап қызу кірісіп кетті. Ардагерлердің Астанада өтетін бас жиынына қазына қалтасынан 300 миллион теңге бөлінді. Мұнан басқа жер-жерлерде ұйымдастырылатын шараларға мемлекеттік бюджеттен тағы 4,7 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне бір реттік 65 мың теңгенің көмегі беріледі. Медведев Президентімізді Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысуға да шақырып қойды. Бірақ, ол антұрған қызық қылғанда, дәл былтырғыдай етіп: «Рейхстагқа ту тіккен орыс Егоров пен грузин Кантария» деп беті бүлк етпестен «қойып» қалғанда, жеңіс туын көтерген Рақымжан Қошқарбаевтың бауыры, қазақ басшысы Назарбаевтан ұят болды-ау деген жоқ. Қарағанды.
|
qosymsha/abai.kz | post_44125.txt | ҚЫМБАТ КӨЛІКТЕР КБТУ СТУДЕНТТЕРІНІКІ ЕМЕС | https://abai.kz/post/44125 | "ҚЫМБАТ КӨЛІКТЕР КБТУ СТУДЕНТТЕРІНІКІ ЕМЕС" | "https://abai.kz/post/44125" | 25.02.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ҚЫМБАТ КӨЛІКТЕР КБТУ СТУДЕНТТЕРІНІКІ ЕМЕС
URL: https://abai.kz/post/44125
META: "ҚЫМБАТ КӨЛІКТЕР КБТУ СТУДЕНТТЕРІНІКІ ЕМЕС" | "https://abai.kz/post/44125"
DATE: 25.02.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 214
TEXT: Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетов Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қымбат көлік мінетін студенттер жайлы пікіріне қатысты ойын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның пікірінше, жастар үшін қымбат көлік басты ұстаным болмауы керек. “Мен үшін ең бастысы, студенттеріміздің өз интеллекті мен ішкі әлемі молшылық атрибуттарымен салыстырғанда маңызды, айналамызда көмекке мұқтаждар көп, түлектеріміздің мақсаты – өз ақылымен және білімімен өзінің ғана емес, өзгелердің де жағдайын қамтамасыз ету”, – деді ҚазҰТЗУ мен ҚБТУ ректоры Ескендір Бейсембетов. Ал университет қызметкерлері ҚБТУ маңындағы барлық қымбат көлік студенттердікі емес дейді. Олардың мәліметінше, айналада ірі қаржы мекемелері мен әкімшілік ғимараттар бар, олардың қызметкерлері мен келушілері жоғары оқу орнының маңына көлік қояды. Сонымен қатар, мәліметтерінше, кешкі уақыттарда Алматының жастары келеді екен. Еске салайық, кеше Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде ҚБТУ ғимаратының алдына көліктерін қойып кететін студенттер жайлы пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, дат сәулетшісі Ян Гейлдің концепциясына сәйкес, оқу ғимаратының алдындағы көліктерді алып тастайды екен. “ҚБТУ алдында мыңдаған көлік тұр. Баламен де, балаарбамен де өту мүмкін емес. Неліктен бұдан қарапайым адамдар зардап шегуі керек? Мұнда да студенттер, бұл солардың көліктері. Қымбат көліктермен жүреді. Алып тастау керек! Велосипедпен немесе жаяу жүрсін. Кейін соған ақша тауып, сатып алсын. Мұнда жаяулардың жүруіне жағдай жасау керек. Ян Гейлдің құрылымдауы бойынша. Біз осы іспен айналысамыз”, – деді Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде. Абай-ақпарат
|
qosymsha/abai.kz | post_3101.txt | Алматы облысында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды | https://abai.kz/post/3101 | "Алматы облысында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды" | "https://abai.kz/post/3101" | 22.02.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Алматы облысында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды
URL: https://abai.kz/post/3101
META: "Алматы облысында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды" | "https://abai.kz/post/3101"
DATE: 22.02.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 256
TEXT: Талдықорған. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысының Райымбек ауданы Сарыжаз аулында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды, деп хабарлады облыстық туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасынан. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан келген 40 бүркітші мен 8 қыраншы қатысты. Бүркітшілер арасында бірінші орынды Алматы облысынан Ақиық бүркітімен Шәліпов Алдаберген алды, екінші орында – Атырау облысынан Ақ жайық бүркітімен Қошқаров Арман, үшінші орынды – Ақтөбелік Сәрсенбаева Аякөз өзінің Елек бүркітімен алды. Қыраншылар арасында: 1-ші орында – Тараз тұрғыны, Түнжыркөк қыранымен Бауыржан Шернияз, 2-ші орында – Оңтүстік Қазақстан облысынан Көксүңгі қыранымен Тілеу Сырым, 3-ші орында – Алматы облысынан Көкжендет қыранымен Зейнелов Мейрамбек алды. Алғашқы бес орын алғандарға 15 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлық берілді. Жарыстың ұйымдастырушылары Алматы облысының әкімдігі мен «Қыран» федерациясы, ал жарыстың демеушісі Ксеll компаниясы болды. Талдықорған. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысының Райымбек ауданы Сарыжаз аулында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды, деп хабарлады облыстық туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасынан. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан келген 40 бүркітші мен 8 қыраншы қатысты. Бүркітшілер арасында бірінші орынды Алматы облысынан Ақиық бүркітімен Шәліпов Алдаберген алды, екінші орында – Атырау облысынан Ақ жайық бүркітімен Қошқаров Арман, үшінші орынды – Ақтөбелік Сәрсенбаева Аякөз өзінің Елек бүркітімен алды. Қыраншылар арасында: 1-ші орында – Тараз тұрғыны, Түнжыркөк қыранымен Бауыржан Шернияз, 2-ші орында – Оңтүстік Қазақстан облысынан Көксүңгі қыранымен Тілеу Сырым, 3-ші орында – Алматы облысынан Көкжендет қыранымен Зейнелов Мейрамбек алды. Алғашқы бес орын алғандарға 15 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлық берілді. Жарыстың ұйымдастырушылары Алматы облысының әкімдігі мен «Қыран» федерациясы, ал жарыстың демеушісі Ксеll компаниясы болды.
|
qosymsha/abai.kz | post_17753.txt | Фома Иванов. Бұл тағы хайуандарға мені талатпассыз... | https://abai.kz/post/17753 | "Фома Иванов. Бұл тағы хайуандарға мені талатпассыз..." | "https://abai.kz/post/17753" | 05.10.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Фома Иванов. Бұл тағы хайуандарға мені талатпассыз...
URL: https://abai.kz/post/17753
META: "Фома Иванов. Бұл тағы хайуандарға мені талатпассыз..." | "https://abai.kz/post/17753"
DATE: 05.10.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 442
TEXT: Казкрайком ВКП (б) Ф.Голощекинге және С.Сәдуақасовқа Партия мүшесі Ф. И. арызы 10 қыркүйек 1926 жыл Өте құпия Казкрайком ВКП (б) Ф.Голощекинге және С.Сәдуақасовқа Партия мүшесі Ф. И. арызы 10 қыркүйек 1926 жыл Өте құпия Мен ГПУ қызметкері ретінде, бір топ европалық қызметкерлер - Шишко, Берестин, Озол, Альшанский және басқаларды танитын болғандықтан, олардың жүргізіп жатқан саясатын көріп білгендіктен осыны айтып жеткізуді өзімнің партиялық парызым деп санаймын. Егер осы топтың антипартиялық саясатын, атап айтқанда, олардың қазақ қызметкерлеріне қарсы арнайы бағытталған, олардың бойындағы күш, жігер мүмкіндіктері мен қасиеттерін өздеріне қарсы пайдалану арқылы оларды қуғындау мен ізіне түсіп алушылықтарын қойдырмаса болмайтынын айтпақпын. ГПУ-ң салған жолы бойынша, оның бірінші кезектегі оперативтік жұмысы - жауапты қызметтегі қазақтарға қарсы жалған материалдарды жинау. Біз бұл тәжірибемізде әртүрлі әдістерді пайдаланамыз, қазақтардың арасынан қылмыстық элементтерді арнайы іздеп тауып оларды жалдаймыз немесе барымташыларды тұтқындап олардан қазақтың жауапты қызметкерлеріне қарсы жалған топ құрған болып оларды қазақтың жауапты қызметкерлеріне қарсы айдап салу арқылы қажетті материалдарды аламыз. Сонымен бірге, олардың ізіне тыңшы салып қазақ қызметкерлерін жеңу мақсатында олардың өз жұмыстарын атқаруына мүмкіндік бермейміз, бір қызметкерді екінші қызметкерге айдап салып, бірінің «кінәсін» екіншісіне тағамыз және т.б. ГПУ линиясы бойынша жетістіктеріміз болып саналатын, біздің саясатымызға тән тағы бір жұмысымыз бар - жыл сайын кедей қазақтар мен орташа қазақтардың арасын бөлу үшін ондаған қазақ жарлыларын өлтіреміз, әрине өзіміз өлтірмейміз, орыстың бұзақылары арқылы жасаймыз. Биылғы жылы, өткен жылдардағыдай армияға шақырылғандарды пайдаланып жатырмыз. Оларды қазақ тұрғындарына ғана емес, жоғары қызметте отырған жауапты қызметкерлерге барымташыларды қарсы қойып келеміз. Орыс тұрғындарына «барымташыларды басқарып отырған қазақтың жауапты қызметкерлері» дейміз. Олай еместігі білініп қалса, бар бәлені орыстың құлақтарына, атамандарына, қазақтың рубасыларына жабамыз. Қазақстанның жағдайында іс жүзінде оларды басқарып қазақтың жауапты қызметкерлеріне қарсы пайдаланып келеміз. Біздің қарамағымызда агент болып қызмет атқарғаны үшін орасан мөлшерде ақша алып қазақ қызметкерелеріне қарсы маңызды материалдар жинап беретін орыстың құлақтары мен қазақтың рубасылары жеткілікті. Өзім білетін бұл құпияны ашуға құқым болса да, партия мүшесі ретінде Қазкрайкомның хатшысы Голощекиннің жеке өзіне және Қазкрайкомның Бюро мүшесі Сәдуақасов жолдасқа жеткізгім келеді. Бұл құпия хатымды европалық және қазақ басшысының білгені жөн, сонда ғана мен жоғарыда айтқан мәселе тура шешіледі. Үзілді-кесілді пікірімді қоса мәлімдеймін, жоғарыда айтылғандар - қалыптасқан жағдайдың көріністері, Лепсі және Жаркент уездерінде уәкіл болып істеген кезімдегі өзім қолданған іс-тәжірибемнен алынған жәйттер. Сондықтан да, осы іс-тәжірибелер мен әдістердің дұрыстығына күмән келтіре отырып, Сізден жеке кеңес алғым келеді. Әрине, ешкімге айтылмасын, егер осы хатым жайлы Альшанский және Журавлев жолдастар біліп қойса, олар мені тірідей жеп қояды. Бір ғана жол бар: менің қолым емес деп бас тарту немесе қолымды өзгерту. Әйтсе де мені ренжітуге тастамайсыз деген үміттемін, коммунистік ашықтығым үшін бұл тағы хайуандарға мені талатпайсыз деген сенімдемін. Коммунистік сәлеммен, Фома Иванов ҚР Президентінің мұрағаты, Ф. 141, оп.1, 1458 іс, 21 парақ Расталған көшірме Қазақшалаған С. Жүсіп Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_95704.txt | Мұханбет Шайжанов: «Сапалы білім мен саналы тәрбие ордасы» | https://abai.kz/post/95704 | "Мұханбет Шайжанов: «Сапалы білім мен саналы тәрбие ордасы»" | "https://abai.kz/post/95704" | 08.08.2019 | Айдана Айтуғанова | null | TITLE: Мұханбет Шайжанов: «Сапалы білім мен саналы тәрбие ордасы»
URL: https://abai.kz/post/95704
META: "Мұханбет Шайжанов: «Сапалы білім мен саналы тәрбие ордасы»" | "https://abai.kz/post/95704"
DATE: 08.08.2019
AUTHOR(s): Айдана Айтуғанова
TOTAL WORDS: 1280
TEXT: Әдеттегідей ж аз мезгілі нде орта мектеп бітірген т үлектер үшін күрделі таңдау туады. Көбі шетелде білім алуға құштар. Алайда, отандық жоғары отқу ордалары да лайықты білім бере алатындығымен санасуға тиіспіз. Осы орайда, Қазақстандағы қаржы саласы бойынша жоғары білім берудің жаңа мүмкіндіктерінің жай-жапсары туралы әңгіме өрбіткен едік. Біздің сұхбаттасымыз - Елордадағы «Қаржы академиясы» АҚ ректоры міндетін атқарушы, профессор Мұқанбет Шайжанов. - Мұқанбет Қалиұлы, Қаржы академиясы туралы анығырақ мәлімет бере отырсаңыз. Себебі, ел астанасында жоғары білім беретін оқу орындары санаулы болғанымен, жұрт оның әрбірін соншалықты толық біле бермейді. Қазақстанның жоғары білім беру үдерісінде Сіз қызмет ететін оқу ордасы қашаннан бері қызмет етіп келеді? - Қаржы академиясының жаопы тарихы жарты ғасырлық мерзімді құрайды. Академияның негізін 1965 жылы құрылған Қазақ КСР-ның Целиноград қаржы-экономикалық техникумы қалаған. Елу жыл ішінде Академия өз атын бірнеше рет өзгерткен, бірақ оның түлектері әрқашанда еңбек нарығында сұранысқа ие болған. 2009 жылы әлем ауқымды қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын бастан кешіп жатқанда Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімімен жаңа типті мамандандырылған жоғары оқу орны құрылды. Бүл - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Қаржы академиясы. Жоғары оқу орнының басты міндетінің өзі халықаралық стандарттар деңгейде қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, экономика, менеджмент және ақпараттарық жүйелер саласында білікті мамандарды даярлау. Академия түлектері қоғам өмірінің шұғыл өзгерістері мен жаңашылдықтарына жедел икемделуге, қаржылық есептеудің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) және аудиттің халықаралық стандарттарына (АХС) сай болу қажеттілігі туындады. Олардың кәсіби құзыреттілігі тек бухгалтерлік балансты құрудаң ғана емес, тәуекелдерді болжау үтқырлық қабілеттілікті де талап етті. Бұл жағдайда біз тәуекелділік сөзін кең мағынасында айтып отырмыз. Яғни, тек жергілікті немесе жекелеген компанияда ғана емес, жалпы әлемдік экономика алдындағы проблемалар тұрғысынан келіп отырмыз. 2016 жылы Ұлттық бизнес-рейтинг нәтижелері бойынша Академиямыз аталмыш саланың Ұлттық көшбасшысы болып мойындалды, «Кәсіби жетістіктері үшін» және «Leader of the branch» медальдерімен марапатталды, «Экономика мақтанышы» ордені және «Employee of the year» ұлттық сертификатына қол жеткізді. Бүгінгі таңда біз еліміздің ең үздік қаржы жоғары оқу орындары арасындағы ТОП-10 рейтингіне кіріп отырған жайымыз бар. - Жастарға сапалы жоғары білім беру тұрғысынан келгенде, Қаржы академиясы қандай тың жаңалықтар мен ұтқыр қадамдар жасап отыр? - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржы академиясы аталмыш сала бойынша бейімделген еліміздегі бірден бір мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Академия барлық білім беру деңгейде сатылап, толық оқыту циклын жүргізуде. Атап айтқанда, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура. Академия мамандарды есеп және аудит, менеджмент, кедендік және салықтық ісі, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алу, бизнес журналистика және басқа бағыттар бойынша мемлекеттік және жекеменшік қаржы-экономикалық сектор үшін дайындайды. Академия құрамында ҚР Қаржы Министрлігінен оқу бағдарламалары бойынша аккредитация алған біліктілікті жетілдіру орталығы жұмыс істейді. Банктер, ұлттық компаниялар, - ал кейбіреулері шетелдік капиталмен, - министрліктер – барлық жерлерде Қаржы академиясының түлектері зор сұранысқа ие. Алайда мұның барлығының мүмкіндікке ие болғаны, біз жоғары қаржы білімі дипломынан басқа сан қырлы сапалы білім мен саналы тәрбие беретіндігімізді ерекше атап айту ләзім. - Нақтылап айтқанда қалай түсінуге болады? - Бүгін қаржыгер, экономист, бухгалтерлік дипломның болғаны мәселені түбегейлі шешпейді. Яғни, жұмысқа қабылдағанда ешқандай артықшылық берілмейді. Әсіресе, қаржы жүйесінде. Бұл саладағы еңбек нарығында бәсеке жоғары деңгейде. Тұтынушылар, жеке алғанда, жекеменшіктер, шетел, квазимемлекеттік (ұлттық) компаниялар және мемлекеттік қызметтің кейбір мекемелері жұмыс іздеушілерге қойған талаптар қатарына халықаралық CIMA немесе ACCA үлгідегі сертификаттардың болғанын қалайды. Тіпті тәжірибелік дәрежесі болған күнде де жоғары оқу орны түлегі де уақыт пен қаражатты қайта даярлауға және сертификат алуға жұмсауына тура келеді. Ал, Қаржы академиясында CIMA оқу пәндері бойынша сертификатталған емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда бакалавр дипломымен қатар CIMA сертификатын алуға мүмкіндік бар. - Қалайша? Менің білгенімше, жоғары оқу орындарының типтік бағдарламалары бұл ұйымдардың шарттарын қоспайды ғой... - Бұған біз оқу жоспарларын Лондондағы Chartered Institute of Management Accountants (CIMA) бас офисімен бірігіп жүргізген сәйкестендіру бойынша атқарылған ірі жұмыстарымыз септігін тигізіп отыр. Біз білім беру бағдарламаларына осы халықаралық ұйымнан алған оқу модульдерді еңгіздік, академияның білім беру бағдарламаларың (CIMA) халықаралық талаптарына бейімдедік. Енді біздің студенттер қажетті кредиттер көлеміне қол жеткізіп, бакалавриаттың екінші курсынан бастап CIMA оқу модульдерін өтуге құқық алады, ал соңынан емтихан тапсыруға жіберіледі. Сертификатталған емтиханнан өтіп және сәтті аттестатталған біздің түлек әдеттегі дипломмен қатар халықаралық дипломға да ие болады, сол арқылы біздің түлектің Қазақстанның еңбек нарығында ғана емес, шетелде де бәсекеге қабілеттілігін елеулі жоғарылатады. Академияны бітіріп және CIMA оқу пәндері бойынша емтихан тапсырып, біздің түлек автоматты түрде халықаралық деректер қорына түседі, және еңбек нарығында қаржы директоры және кәсіби бухгалтер қатарында бәсекеге абыроймен қатыса алады. Біздің академия білім беру үрдісін тәжірибеге бағыттаудағы амалдарын барынша жетілдіреді. Біз түлектеріміз жұмысқа орналасқанда бейімделу мерзімін қысқартып компания немесе мекеменің қызметіне тікелей кірісіп кетуіне жағдай жасаймыз. -Білім беру интеграциясы дегенді жиі еститін болдық. Сіздің академияда осы үрдістің іске асыру ерекшеліктері қандай? -Одақтық еңбек нарығында мамандар мен басқарушыларға мұқтаждық бар. Олай болса, бүгінгі таңдағы баымдықтың бірі – адамдық капиталды жетілдіру жүйесін құру. Мұнда кәсіби білім беру жүйесін жетілдірумен қатар жоғары оқу орындары түлектерін Одақ елдерінің экономикалық жүйесіне және Еуразия экономикалық одақ елдерінің еңбек нарығына интеграциялауға аудару қажет болып отыр. Біздің академияға түскен студент бірінші семестрді аяқтап және емтихан сессиясын сәтті тасырып, академиялық ұтқырылық бағдарлама аясында Вознесенский атындағы Санкт-Петербургтік мемлекеттік экономикалық университетіне (СПбМЭУ) баруға мүмкіндік алады, яғни, атақты «ФинЭкке». Академияның білім беру бағдарламалары СПбМЭУ, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті бағдарламаларымен сәйкестірілген. 2017 жылдың шілдесінде Санкт-Петербургтегі Халықаралық қаржы конгресінде Еуразиялық Желілік Қаржы Институтын (ЕЖҚИ) құру және әрекет жасау туралы Келісімге қол қойылған. ЕЖҚИ құрылтайшылары болып ЕАЭҚ елдері–қатысушыларының жоғары оқу орындары табылады, олардың ішінде РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Санкт-Петербургтік мемлекеттік экономикалық университеті, Қырғыз-Ресейлік Славяндық Университеті және «Қаржы академиясы» АҚ Президенті Н.А.Коржова басқаратын ҚР Қаржы Министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ. ЕЖҚИ Еуразиялық экономикалық одақ елдері жетекші жоғары оқу орындарының ғылым және тәжірибе квинтэссенциасы. Осылайша, Қаржы академиясының түлегі ЖОО-серіктестердің білім беру бағдарламаларын аяқтай алады. Біздің түлек Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі компаниялармен сұранысқа ие болады, бұл оның лауазымдық және жұмысқа орналасуына қосымша плюс болады. Сонымен қатар, бакалавриатты бітірген соң біз СПбМЭУ магистратурасында біріккен өсуіне, білім беру бағдарламаларымен оқуына берілетін зор мүмкіндік. Біздің студенттеріміздің қатарында басқа мемлекеттердің азаматтары бар. Қазір біз алға білім беру қызметін сыртқа шығару міндетін қойып отырмыз. Академия біріккен білім беру бағдарламалар саласында Тәжік мемлекеттік қаржы-экономикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге отырды. -Ал алыс шетелдегі жоғары оқу орнында екінші диплом алу мүмкіндігі қандай? - Бізде Geneva Business School–мен үш біріккен бағдарлама бар. Бұл Швейцариядағы бизнес және экономика саласындағы ең абыройлы жоғары оқу орындарының бірі. Қаржы академияның магистратурасына түсіп, студент сонымен қатар Geneva Business School–ға қабылданылады. Бұл жағдайда ол шетелдік білім алады. Кестеге сәйкес Швейцарияның профессорлары бізге келіп, сабақтар жүргізеді. Екі жоғары оқу орындарында магистратураны қатар бітіріп, магистр экономика ғылымдарының магистрі дипломын және Master of Business Administration (MBA) дипломын алады. - Сіз Қаржы академиясында докторантурадан өту мүмкіндігі туралы атап кеттіңіз... - Ондай мүмкіндік бар. Біздің академия және басқа жоғары оқу орындары магистратураларының түлектері докторантурадағы «Қаржы және қаржы талдау» мен «Экономика» білім беру бағдарламаларына түсе алады. Докторантурада оқып және диссертациясын қорғап, біздің докторант PhD деген дәрежесін алады. Айтарлықтай, Қаржы академия Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №464 Білім және ғылым саласында бақылау Комитеті төрағасының бұйрығына сай жоғарыда аталған білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңес бар. - Талапкерлерге оралайық. Көп ата-аналар жоғары оқу орның таңдағанда әскери кафедраның болуы немесе болмауына жіті назар аударады... -Бізде әскери кафедра бар. Ерекше айтатыны, бұл біздің академияның тағы бір артықшылығымыз, оны білім беру грант негізінде тәмамдауға болады. Қаржы академия мына мамандықтар бойынша оқытады: «Қаржы қамтылуы» және «Жалпыәскерлік пен тылдық қамтылуды ұйымдастыру». Бұл мамандықтардың түлектері әскери қаржыгер лауазымында жұмыс атқаруға құқылы. Биылғы жылы Қорғаныс Министрлігі Қаржы академиясына «Қаржы қамтылуы» және «Жалпыәскерлік пен тылдық қамтылуды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 75 грант бөлді. Оқу бірінші курстан кейін басталады. Оқу аяқталған соң студентке (бітірушіге) «лейтенант» деген атақ беріледі. - Қаржы академиясының кадрлық әулеуеті қандай? - Біз профессорлық-оқытушылар құрамын лайықты бағалаймыз. Біздің оқытушылар қатарында экономика және қаржы, бюджеттік жоспарлау, кедендік ісі, бухгалтерлік есеп салаларындағы ҚР Қаржы Министрлігінің тәжірибедегі мамандар бар. Олардың көбі еліміздің маңызды министрліктерінде жоғары және орта тарапта басшылық лауазымдары бар, тәжірибелі мамандар. Бұл да біздің студенттерге ҚР Қаржы Министрлігінде, комитеттер мен басқармаларында, ұлттық компанияларында, жергілікті билік пен басқару органдарында өндірістік тәжірибеден өтулеріне мүмкіндік береді. Айдана Айтуғанова, Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_181824.txt | Ресей су жіберді: Оралға су басу қаупі төнді | https://abai.kz/post/181824 | "Ресей су жіберді: Оралға су басу қаупі төнді" | "https://abai.kz/post/181824" | 03.04.2024 | Abai.kz. | null | TITLE: Ресей су жіберді: Оралға су басу қаупі төнді
URL: https://abai.kz/post/181824
META: "Ресей су жіберді: Оралға су басу қаупі төнді" | "https://abai.kz/post/181824"
DATE: 03.04.2024
AUTHOR(s): Abai.kz.
TOTAL WORDS: 286
TEXT: Орал тұрғындарын эвакуациялау басталды. «Бүгін Орал қаласында сағат 18:00-ден кейін «Самал », «Вагонник » тұрғын алабын эвакуациялау басталды », - делінген хабарламада. Блогер Вадим Колодиус дрон арқылы түсірген кадрларын көрсетті. Бейнежазбалардан «Самаладағы» кейбір үйлердің су астында қалғанын көруге болады. «Орал апталығы» сайты судың бөгетке жақындағанын жазып, дабыл қағуда. Су қалалық саябақтың аумағына кірді. «Самал» және д/т вагон, жидек, «Звездочка» тұрғын алаптарының тұрғындары эвакуациялық пункттерге кетеді. «Менің қалам» басылымы бұған дейін Орал өзенінің жағалауының бір бөлігі су астында қалғанын жазған. Тек өткен тәулікте өзендегі су бір метрге көтерілді. Газебо мен орындықтар су астында қалды. Плиталар мен төсеніштер — құлап кетті. Жалпы БҚО-да 4525 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1771 бала. Қауіпсіз орындарға 1425-тен астам ірі қара мал, 2004 бас ұсақ мал және 33 бас жылқы айдалды. Барлығы 764 мың м3 астам еріген су сорылды, 161 мыңнан астам қап төселді. «Шыңғырлау », «Жақсыбай », «Олент », «Бұлдырты » өзендеріндегі су деңгейінің артуы нәтижесінде 4 ауданның 9 ауылындағы тұрғын үйлерді су басқан. Барлығы 515 тұрғын үй су астында қалды », – деп хабарлады облыстық ТЖД. Қазір жағдайды мемлекеттік орган өз бақылауына алып отыр. «Азаттық радиосының» жазуынша, Қазақстанда биыл көктемде тасқын қаупі төніп, төтенше жағдай режимін жариялаған алғашқы аймақ – Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді. Адамдар тек құжаттары мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген. Ал үйлері түгелдей дерлік су астында қалды. Бірақ таяу арада су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін. Өйткені Ресей Орынбор облысындағы Ирикла (Ирекле) су қоймасынан артық суды ағыза бастаған. «Бастауын Ресей Федерациясы аумағынан алатын бес трансшекаралық өзен суының деңгейі көтеріліп келеді. Соның салдарынан «Жаңақала» мен «Қазталов» аударындағы «Қараөзен» мен «Сарыөзенде» су деңгейі көтеріледі. «Шаған» мен «Деркөлге» де қауіп төнді. Жайық өзенінің деңгейі көтерілді», - деп жазылған БҚО әкімдігінің хабарламасында. Abai.kz.
|
qosymsha/abai.kz | post_192207.txt | Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі | https://abai.kz/post/192207 | "Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі" | "https://abai.kz/post/192207" | 13.12.2024 | Фахреттин Алтун | null | TITLE: Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі
URL: https://abai.kz/post/192207
META: "Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі" | "https://abai.kz/post/192207"
DATE: 13.12.2024
AUTHOR(s): Фахреттин Алтун
TOTAL WORDS: 741
TEXT: Бүгінгі дәуір адамзатқа жаңа мүмкіндіктер ұсынумен қатар, үлкен қиындықтарды да ала келуде. Ақпарат өндірісі мен оның таралу жылдамдығына ілесу барған сайын қиындап бара жатқан заманда, коммуникация экожүйесі түбегейлі өзгеріс процесінен өтуде. Алайда бұл өзгеріс үдерісі оң ілгерілеуді қамтумен бірге, адамгершілік, мәдени және рухани сынақтарды да қоса алып келуде. Технологияның қарқынды дамуы күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған жасанды интеллект пен алгоритмдерді жай құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар күштердің тепе-теңдігін қайта анықтайтын ықпалды факторға айналдырды. Ақиқат пен жалғанның арасындағы шекара күн өткен сайын бұлдырланып, адамзат “ақиқат дағдарысы” деп сипаттауға болатын белгісіздіктер торына тап болуда. Осындай үлкен сынақтармен бетпе-бет келген біз бұл мәселелерді еңсерудің жалғыз жолы тиімді коммуникация стратегияларын әзірлеу екенін жақсы білеміз. Технологиямен бірге түбегейлі өзгеріп жатқан коммуникация экожүйесінің мүмкіндіктері мен қауіптерін қоғам игілігі үшін тиімді талдап, басқару – біздің басты міндетіміз. Қазіргі даму үрдістері қоғамдардың коммуникация саласындағы әдеттерін өзгертіп, цифрлық медиа өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Бұл өзгерістің ең таңқаларлық тұсы – жасанды интеллекттің коммуникация процестеріне тигізетін әсері арқылы байқалады. Жасанды интеллект құралдары біздің әлемімізді және барлық салаларды жылдам өзгеріске ұшыратуда. Бүгінгі таңда жасанды интеллект стратегиялық коммуникацияда ойлау жүйесін түбегейлі өзгертетін күш ретінде көрініс табуда. Деректерді талдау, мазмұн жасау және дағдарысты басқару секілді салаларда ұсынып отырған мүмкіндіктері бірнеше жыл бұрын ғана елестету қиын болған жылдамдық пен тиімділікті қамтамасыз етуде. Кеше ғана ғылыми-фантастикалық фильмдерде ғана көрінетін идеялар бүгінде әркімге қолжетімді бола бастады. Алайда, технологияның бұл оң бағыттағы ілгерілеуі дұрыс мақсатта пайдаланылмаған жағдайда, цифрлық қаруға айналу қаупін тудырады. Deepfake технологиясын қолдана алатын жасанды интеллект түпнұсқа мен жалған мазмұнның айырмашылығын анықтау мүмкін емес жағдайға жеткізіп, қоғамдардың сенімін бұзады және ақиқат дағдарысын тереңдетеді. Бұл өз кезегінде дезинформация, манипуляция және этикалық нормалардың бұзылуы секілді құбылыстардың салдарын одан әрі күшейтеді. Алгоритмдер басқаратын әлемде адамдардың тек өз “жаңғырық бөлмелеріне” қамалып, қоғамдық бөлінуді күшейтуі және ақиқаттың орнын манипуляцияның басуы қауіпті жағдай туғызады. Мұның бәрі жасанды интеллектті этикалық қағидалармен басқарудың маңыздылығын айқын көрсетеді. Жасанды интеллекттің цифрлық кеңістіктегі қолданылуы есеп беру, ашықтық және этика секілді көптеген мәселелерді күн тәртібіне шығарып отыр. Жақында Газада орын алған қайғылы оқиғалар кезінде жасанды интеллект қолдаған дезинформацияның халықаралық қауымдастықты адастыру үшін қалай пайдаланылғанына бәріміз куә болдық. Әлеуметтік желілерде дезинформация алгоритмдер арқылы жылдам таралып, шынайы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі шектелді. Соның нәтижесінде, болған оқиғалар мен адам құқықтарының бұзылуы туралы шынайы ақпараттың жұртшылыққа жетуі қиындай түсті. Технологиялық және цифрлық мүмкіндіктердің адамзатқа тигізген зор пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл мүмкіндіктерді жаман ниетпен пайдаланатындардың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретіні де ақиқат. Мұндай күйретуші әсерлерге қарсы, Түркия ретінде біз стратегиялық коммуникация механизмдері арқылы жалған ақпараттың таралуын тоқтатып, ақиқатты қорғауға және халықаралық қауымдастыққа дұрыс ақпарат жеткізуге барынша күш салудамыз. Цифрлық қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру және медиа сауаттылықты дамыту бүгінгі күннің сан алуан тәуекелдерімен күрестегі басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Цифрлық кеңістіктегі ауқымды өзгерістерді басқару үшін жаһандық ынтымақтастықтың маңызы күн өткен сайын артуда. Түркия ретінде біз ақиқат үшін күресте халықаралық ынтымақтастықты қолдайтын әрекеттерімізді жалғастырудамыз. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның “Түркия ғасыры” визиясы аясында, бұл өзгерістер дәуірінде ел ретінде стратегиялық ұстаным танытып келеміз. Біз технологияны адамзат игілігіне бағыттауды, қоғамдық пайда мен ақиқатты басты орынға қоятын коммуникацияны негізге аламыз. Осы жаңа дәуірде стратегиялық коммуникацияны белгісіздіктерді басқарудың және сенімділікті қалыптастырудың басты құралы деп білеміз. Түркия бұл бағытта ұлттық және халықаралық деңгейде белсенді рөл атқаруда. Президенттік Коммуникация басқармасы ретінде жүргізіп отырған дезинформациямен күрес жұмыстары көптен бері ақиқат дағдарысына қарсы табандылықпен әрекет етіп, осы салада тиімді шешімдер әзірлеуде. Біз дағдарыстық коммуникацияны жасанды интеллект қолдайтын стратегиялық коммуникация процестерінің ең маңызды қолдану салаларының бірі ретінде бағалаймыз. Кризис жағдайларында дұрыс ақпаратқа тез қол жеткізу және қоғамды тиімді түрде хабардар ету өмірді құтқаруда шешуші рөл атқарады. Осы мақсатта Түркия жаһандық және ұлттық деңгейдегі коммуникация механизмдерін жетілдіруді жалғастырып, сенімді және шынайы ақпараттың таралуын қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етуде. Цифрлық дәуірдің өзгерістер желін айқын сезінген осы кезеңде, 2024 жылдың 13-14 желтоқсанында өтетін “STRATCOM: Халықаралық стратегиялық коммуникация форумы” – мүмкіндіктер мен тәуекелдерді жаһандық деңгейде терең талқылайтын бірегей алаң болып табылады. Форум әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекеттік сектор, медиа, академия, азаматтық қоғам және жеке сектор өкілдерін біріктіріп, стратегиялық коммуникация экожүйесінің болашағына бағыт беретін идеялар тоғысатын орталыққа айналады. Алайда STRATCOM-ды тек қана форум ретінде қабылдау жеткіліксіз. “STRATCOM: Халықаралық стратегиялық коммуникация форумы” цифрлық дәуірдің қиындықтары мен ақиқат дағдарысына қарсы ортақ ерік-жігер қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаһандық үндеу ретінде де маңызға ие. Бұл жаһандық үндеудің мәні жасанды интеллект пен стратегиялық коммуникацияда орын алған төңкерістердің үлкен жауапкершілікті талап етуімен айқындалады. Біз адамзаттың ортақ болашағы үшін ақиқат, ар-ождан және әділет қағидаттарынан айнымай әрекет етуіміз қажет екенін терең түсінеміз. Түркия осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, тек аймақтық деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде де үлгі болуды жалғастырады. Фахреттин Алтун Түркия Республикасының Коммуникация басқармасының төрағасы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_61598.txt | Түркіменстанда VISA төлем карталарының иелеріне жаңа шектеулер енгізді | https://abai.kz/post/61598 | "Түркіменстанда VISA төлем карталарының иелеріне жаңа шектеулер енгізді" | "https://abai.kz/post/61598" | 09.11.2017 | Abai.kz | null | TITLE: Түркіменстанда VISA төлем карталарының иелеріне жаңа шектеулер енгізді
URL: https://abai.kz/post/61598
META: "Түркіменстанда VISA төлем карталарының иелеріне жаңа шектеулер енгізді" | "https://abai.kz/post/61598"
DATE: 09.11.2017
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 89
TEXT: Түркіменстан банктері халықаралық VISA төлем жүйесінің пластик карта иелеріне жаңа шектеулер енгізді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін банктерге баруға тыйым салынады. Ал елде банк кассалары тек 9:30-дан 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Банктар VISA картасына ақша салуға келген адамдардан жұмыстан арнайы анықтама талап етіп жатыр. Онда жұмыстан сұранып кеткендігі нақтылану керек екен. Бұл құжаты жоқтарға картасына ақша салуға рұқсат берілмейді. Ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері болса, мұндай анықтама қағаз алудың оңайға түспей жатқанын айтады. Себебі, құжатта кемінде екі жетекшінің қолы болу керек екен. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_15797.txt | Мырзахан Байболов. Мұхаңның әпкесі | https://abai.kz/post/15797 | "Мырзахан Байболов. Мұхаңның әпкесі" | "https://abai.kz/post/15797" | 17.01.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Мырзахан Байболов. Мұхаңның әпкесі
URL: https://abai.kz/post/15797
META: "Мырзахан Байболов. Мұхаңның әпкесі" | "https://abai.kz/post/15797"
DATE: 17.01.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 2577
TEXT: Ертеде бейбіт жатқан бір елге тұтқиылдан жау тиіп, жұртты қанға бөктіріпті. Қапыда қалған еразаматтар атқа қонып, арпалысып жүріп, дұшпан бетін қайтарғандай болғанымен, қараниеттілердің қайта шабар сыңайы байқалыпты. Сондай қапылыста әлі барлары қаскөйлердің құрсауынан құтылмақ ниетпен туған топырақтан баз кешті дейді. Аңдаусызда келген дұшпанмен айқаста өзі де, тұлпары да қатты жарадар болған елдің бас батыры аяғын апыл-тапыл басатын сәбиін алдына отырғызып алып, қасіретті мекеннен жөней бергенінде, «Көке, мені тастап қайда барасыз?!»- деп құлындағы даусы құраққа жеткен өз қарындасының үнін естіп, ерiксіз кідірсе керек. Көп ойланарға уақыт тар, сонда батыр: «Қатын - жолда, бала - белде, тірі болсақ жар құшып, ұрпақ сүйе берерміз. Ал өзіңдей қарындас, бір құрсақтан өрбіген бауыр енді қайда маған,» - деген төтенше шешіммен нәрестесін тастап, қарындасымен бірге ажал тырнағынан сытылып шыққан деседі... Бағзыдан жеткен бұл баянның мазмұнын байыптасақ, атаның белінен жаралып, ана көкірегінен нәр алып өсер әрбір пенденің тіршілігінің бүтіндей сипаты бірге туған бауырымен мәнді екендігін аңдаймыз. Ертеде бейбіт жатқан бір елге тұтқиылдан жау тиіп, жұртты қанға бөктіріпті. Қапыда қалған еразаматтар атқа қонып, арпалысып жүріп, дұшпан бетін қайтарғандай болғанымен, қараниеттілердің қайта шабар сыңайы байқалыпты. Сондай қапылыста әлі барлары қаскөйлердің құрсауынан құтылмақ ниетпен туған топырақтан баз кешті дейді. Аңдаусызда келген дұшпанмен айқаста өзі де, тұлпары да қатты жарадар болған елдің бас батыры аяғын апыл-тапыл басатын сәбиін алдына отырғызып алып, қасіретті мекеннен жөней бергенінде, «Көке, мені тастап қайда барасыз?!»- деп құлындағы даусы құраққа жеткен өз қарындасының үнін естіп, ерiксіз кідірсе керек. Көп ойланарға уақыт тар, сонда батыр: «Қатын - жолда, бала - белде, тірі болсақ жар құшып, ұрпақ сүйе берерміз. Ал өзіңдей қарындас, бір құрсақтан өрбіген бауыр енді қайда маған,» - деген төтенше шешіммен нәрестесін тастап, қарындасымен бірге ажал тырнағынан сытылып шыққан деседі... Бағзыдан жеткен бұл баянның мазмұнын байыптасақ, атаның белінен жаралып, ана көкірегінен нәр алып өсер әрбір пенденің тіршілігінің бүтіндей сипаты бірге туған бауырымен мәнді екендігін аңдаймыз. Саналы ғұмырын қарапайым ғана дағдымен өткеріп келе жатса да, бар болмысымен ізгілік қайнары, даналық бастауы ретінде дараланар аналар бар өмірде. Осынау ақшашты әзиз аналардың бел ортасында есімі құрметпен аталатын жанның бірі - Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданына қарасты Қасқасу аулында қоңыр тірлік кешіп, мәуелі ағаштай өсіп-өркендеп отырған Ізет әжеміз. Торқалы тоқсаннан асып, шөберелерінің алақанынан май жалап, бақыт құшағында отырған әжеміздің абырой биігінде мерейін шалқытар басты қазынасы - халқымыздың әлем мойындаған арқалы ақыны, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, алаугер азамат, дарабоз дарын Мұхтар Шаханов ағамыздың арқасүйер һәм еркелер әпкесі болғандығында дер едік. Рас, ұлтымызға деген ересен махаббаты мен поэзиядағы дүлдүлдігінің, қиын күндерде атой салар қайраткерлігінің арқасында орасан атақ-абырой көгіне өрлесе де, тиісінше жолын шиырлаған сан пендешілік өткелдерінен, халық тағдыры үшін тартар ауыр азаптардан талдырмай, қажытпай өткеріп келе жатқан Раббымыздан нәсіп болған тылсым да әлеуетті күштің бір парасы осынау Ізет әжеміз бен Мұхтар ағамыздың айрықша бекіскен бауырмалдық түйсіктерінде жатыр деп бағамдауға әбден болады. Ардақты ағаның аяулы әпкесінің шаңырағында қона жатып, көңіл көмбесінің текшелерінде қатталған, бүгінде алтыннан да қадірлі естелік әңгімелерге ден қойғанда бал татыған тірлігінен гөрі кермек дәмін жиі тосқан күрделі тағдырлы әулеттің шежірелі тарихына біршама бойлап, мұхтартанудың жаңа беттері ашылды біз үшін. Өткен ғасырдағы кісі қолымен жасалған небір зобалаңдар бұл әулетке де ауыртпалық жүгін аз артпапты. Оның үстіне құдайсыз қоғам орнатқан дінсіздердің дәурені жүріп тұрғанда ілімнің түбіне түсіп, ескіше сауаттанған, шариғатты берік ұстанып, шәкірт тәрбиелеген Шахан атамыздың жайы қайдан оңа қойсын? Сондықтан да ақылсыз бастардың арсыз қолдарымен дін өкілдерінің басына үйірілген қамшы бейбіт өмірді көзден бұл-бұл ұшырған. Осы күнгі Отырар ауданына қарасты Шілік аулындағы құтты мекен атажұрттан ірге көтеріп, жылы орынды суытуға осындай оспадарлықтар себеп болса керек. Бұдан кейінгі біршама уақыт қоныс еткен мекен Шымкенттің іргесіндегі Қаратөбе болыпты. Ізет әжеміздің айтуынша Шахан атамыздың алдында жас балалар алқақотан отырып, қадимше сауат ашады екен. Әкесі бала оқытқанда аппақ киініп, ақ сәлде оранып алатын болса керек, қолына ұзын шыбық ұстап, онысымен мүдірген баланың басынан жай ғана түртіп қояр екен жарықтық. Табиғатынан жұмсақ атамыз бұдан артыққа барып, шәкірттерге қол жұмсап, мәртебелі дін иелерінің беделіне нұқсан келтірмепті. Шахан атамыздың Қодар, Шәмші есімді ағалары болыпты. Әкелері Досболдан ерте айырылғанымен екі ағасы інілерін тұрмыс ауыртпалықтарына көп алаңдатпастан тек ілім жауһарларын жинауына мол мүмкіндік тудырыпты. Қос ағасының негізгі кәсібі түйе асырап, керуен жүргізу болса керек, яғни түйемен жүк тасып күнелтіпті. Шаруақор ағайындылар өзен жағасына қауын егіп, оның қағын өзбектерге сатып, талғажау еткен кездері де болған екен. - Қаратөбеде отырғанымызда Қодар атам түйеге тұз артып келетін,-дейді әжеміз жадында қалған жайларды жаңғыртып. Шахан атамыз алғашқы жары Ұлжан Бапышқызынан шамамен 5-6 перзент көргенімен жастайларынан берген құдай өзі алып, Ізет әжеміз жалқы қалыпты. Тек Әбілда деген бауыры ғана есінде екенін әңгімелейді әжеміз буалдыр сағым арасында қалған балғын шағын ойға ала отырып. Елге тірек болар сансыз ғазиз ерлердің басын тауға да, тасқа да ұрындырған сұрқай заманның шолақ белсенділері ақыры Шахан Досболұлын діндарлығы үшін соттап, Қарағандыға жер аударады. Бұл Ізет әженің 7 жастағы кезі екен. Солайынша бір әулеттің өзіне тән ырғақты тіршілігінің мағынасы кетеді. Қос ағасы Қодар мен Шәмші Әндіжанға түйелерімен жан сауғалайды. Өкінішке орай, ол кісілердің талқаны сол жерде таусылып, сүйектері сонда қалыпты. Дүние-мүліктері тәркіленіп, бастарына Қаратаудай қайғы орнаған шақта Шахан атамыздың ілімін кеңейтіп, рухани азық болған қызыл, көк мұқабалы қалың кітаптарын 4-5 жәшікке салып, жинаулы тезектің арасына жасырады. Кейіннен заман тыншығанда сол кітаптардың бірде біреуін сақтап қала алмаппыз-ау деп өкінішін айтып отырар екен анасы Ұлжан. Қаратөбеде тұрғандарында бір қожа кісі көршісі боп, әкесімен жақын араласса керек. Сол бір күні: - Ізетпісің!? Ой, айналайын-ай, әкең дархан мінезді момын адам еді...-деп басынан мейірлене сипап, айдалып кеткен досын еске алыпты. Сонда әкесін көргендей, жүрегі езіле жылап, әлгі кісінің соңынан қалмай күні бойы ілесіп жүріпті. Қарағанды түрмесіне 3 жылға жабылған Шахан атамыздың отырған абақтысының есігі Алланың құдіретімен өздігінен ашылып қалатынға ұқсайды. Қарауылдар жазғырып ұрысқанда ол кісі өз тарапынан ештеңе істемейтінін мәлімдейді екен. Солай жүргенде сотталғандардың бірі бұл кісінің тегін адам еместігін, дұғасының дәрмені күшті діндар екенін түрме басшыларына айтады. Сол шақта түрмебастықтың әйелі белгісіз аурумен ауыратын болса керек. Қылша мойнын талша қияр қатаң саясат қанша жерден қыспаққа алып, діннен безінсе де, әлгі басшы жаны қысылғанда Шахан атамызды түнделетіп жасырып апарып, науқас жұбайына дем салдыртады екен. Жаратушының жебеуімен дұғасының шипасы дарып, әйел дертінен айығыпты. Бұл жайт Шахан атамыздың жаза мерзімін қысқартып, бір жарым жылда елге оралуына сеп болыпты. Еркіндігінен айырған қапастан оралғасын Шахан атамыз Ұмсын Айтбайқызымен тағдыр қосады. Орайы келгенде тұрмыстағы қызы Ізеттің аулы Қасқасуға қоныс аударады. Бұл шақ сәби Мұхтардың жасына толмаған кезі екен. Әуелде нәрестелерінің шетінеуі тиылмастан қам көңілдің кенеуі кете беріпті. Сонда өзі діндар атамыз Аллаға жалбарынып, әулиелерге зиярат етіп, перзенттеріне амандық тілепті. Жұбайының басынан «Нәп болсын!», «Нәп болсын!» деп ақша айналдырып, онысын кембағалдарға таратады екен. Тілеп жүріп көрген балаларының бірі Махамбет 7 жасында жазатайым мертігіп, көз жұмады да, Ұмсын әжеміз көтерген 13 құрсақтан жалғыз Мұхтары ғана аман қалады. Солай болғандықтан да сәби Мұхтар ауыра қалса, Шахан атамыздың жаны мұрнының ұшына келіп, бөбегінің үстіне түсе қалып өбектеп, мойнына тәспісін салып, қашан дертінен айыққанша хақ тәңірге сыйынумен болады екен. Кейіннен атағын әлемге жаяр ұлына деген әке махаббаты осындай айрықша қуатқа ие болса керек. Қызына кітап ашып, Ізет деп ат қойған көкірек көзі ояу атамыз сол кезеңде жарыққа шығып, өлмес даңққа кенелген М.Әуезовтің «Абайын» оқып, жазушы талантына сүйсініспен дүниеге келген ұлына Мұхтар деп заңғар қаламгер есімін беріпті. Бұл Шахан атамыздың жаңа заман тіршілігінің де күретамырын дөп басып, өзіндік үн қоса білген өзгеше түйсік иесі болғандығына зор айғақ. Жұрт ілімі үшін құрметтеп, «Сақы молда» деп атайтын Шахан атамыздың ең қатты сөзі «Бәтшағар» болыпты. Жарықтық үйіне келген кісі дәм татпай аттанса, зайыбына ренжиді екен. Күш атасы Қажымұхан Қасқасуға іздеп келгенінде сауын етіп отырған жалғыз ешкісін сойып, алып адамға қонақасы берген әке жомарттығы мен осы әрекетке титтей де қабақ шытпаған ана пейілі Мұхаңның бүкіл ғұмырына мирас болған. Өмірінде шынайы ұстанып, жырларына арқау еткен шекарасыз жомарттық ақын ағамыздың тіршілік салтының алтын діңгектерінің бірі екендігіне сан рет куә боп, сүйсінген ел риясыз. Ақшашты ана ақтарған және бір сыр, жаратушыдан қасиет дарып, діннің сара жолын ұстанған Шахан атамызда жыр алыбы Жамбыл бабамыздың қызыл жолбарысы, Кемпірбайдың көкала үйрегі сынды дәу қара кісі бейнесіндегі пірі болыпты. Киелі пір түйе иесімен егеске түсе кететіндіктен бұл кісі өркешті түлікке аяқ артпайды екен. Бір жолы Ташкентке барып келе жатқанында түйелі кісімен серік болса керек. Сонда әлгі адам атамыздың жаяу қалпына жаны ашыды ма, қыштап қоймай, түйесіне мінгізіпті. Осы сәт екі пір тайталасқа түсе қалғанда жануардың иесі бел алып кетіп, діндар атамыз мұрттай ұшыпты да, дертке душар боп, біршама уақыт беймаза күйде жүріпті. Мұхтар ағамыз денсаулығын, жағдайын сұраған адамдарға: «Шүкір, үшеуден кейін, біреуден ілгері жүріп жатырмыз,» - деп жауап береді. Қашан да қарапайымдылығынан танбайтын ақын мінезінің көркем қалыптасуының түп-тамырында асыл дініміз исламның кісіні кемел етер құндылықтарына берік байланған әке өнегесі жатыр деп тоқтам жасай аламыз. Яғни жұмырбасты пенде шын кемелдікке қол жеткізген сайын өзінің бәрібір пенде екендігін тани түседі. Мұны ұлтымыздың «Төбем көкке екі елі жетпей қалды», «бір кем дүние» деген байламдарынан да көре аламыз. Тоқетері, бұл күнде халықтың зор қошаметі мен ыстық ықыласты махаббатына арқау болып отырған қарапайымдылықтың түпнегізі әке тағылымының аса мәнділігінде дер едік. Бұған сабақтас, «Көп адам дүниеге бой алдырған, бой алдырып, аяғын көп шалдырған,» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұхаңның боқ дүние үшін арын да қолын да былғамаған мұнтаздай тазалығы әрдайым азаматтық, ақындық үнін асқақтата түсер болса, осынау кіршіксіздіктің қайнар көз, тұма бастауы әке пәктігінен нәр алады деген пайымдамаға табан тіреуге әбден болады. Бәлки, балапанының қасында көп жүре алмасын сезгені болар, болашақ ақынның әкесі көкейіндегі сан көрікті ойларды, айтқан кезде көнекөз қариялардың сақалынан жасын сорғалатар қисса-дастандар мен Отырарды қаһармандықпен қорғаған Қайырхан баба бастаған баһадүрлер ерлігін бала Мұхтарды тізесіне отырғызып алып, жадына сіңіруден жалықпапты. Түйсігі алдамаған екен, балғын Мұхтар 9 жасқа жеткенде Шахан атамыз дүние салып, Ұмсын ана жесір, бұғанасы қатпаған жас Мұхтар жетім қалады. Солайынша ақиық ақынның ауыр тағдырының алғашқы күндері басталады. Асқартау әкеден айырылған соң Ұмсын әжеміздің ағасы, Мұхаңның нағашысы Ысқақ ақсақал қарындасы мен жиенін Шымкент қаласының маңындағы «Жұлдыз» колхозына көшіріп алып, өз қамқор бейілінің шуағына бөлейді. «Ақын болу өз еркің, азамат болу парызың» қағидасын өмірі мен өнерінде шебер шендестіре білген Мұхаң асқақ адамгершілік тағылымдамаларын танып, қанат қатайтуда нағашысының айрықша рөл ойнағанын айтудан жалыққан емес. Ізет әжеміз 1940 жылы қасқасулық Өскенбай Тұрғынұлына тұрмысқа шығады. Атамыздан сегіз құрсақ көтерген болса оның екеуі - Талап пен Бағиласы сәби күндерінде қара жер құшағына еніпті. Өскенбай ақсақал жылқы, қой бағып қарапайым өмір сүріп, 1980 жылы бақиға озыпты. Бөбегінің табанына кірген шөңге маңдайыма қадалсын деп, сәби үшін жан пидалыққа барар ана жүрегін әлсіреткен қиын хал орнапты 2005 жылы бұл шаңыраққа. Қырықтың бесеуіне келген сүт кенжесі Есенбайы таңертең ұйқыдан тұрмастан бақиға аттанып кете барыпты. Осы жайды айтқанда Ізет әжеміз мейілінше босап кетеді. Онсыз да теперішін аз көрсетпеген тағдырдың бұл сыны әжеміздің қарт жүрегін әлі күнге сыздатады. Ұлының атжалын тартып мінген азамат боп, ғалам назарын аударған қуатты да құнарлы ойларға тұнған шығармалар тудырған қаламгерлік, ұлт тағдыры сынға түскенде азаматтық асқақ үнімен көтерілер қайраткерлік биіктерді бағындырғандығын көру Шахан атамызға бұйырмағанымен бұл кемерден асар қуаныш Ұмсын әжемізге нәсіп болыпты. Ол кісі 84 жасында, Мұхаң бауырлас қырғыз елінде елшілік қызмет атқарып жүргенінде, 1994 жылы Алланың аманат жанын тапсырады. Одан бергі Мұхаң көтерілген биіктердің куәсі әрі сүйеніші боп келе жатқан осы Ізет әжеміз. Мұхтар аға аяулы анасын қастерлеп елге жеткізіп, Қасқасудан мәңгі мекен бұйырған әкесінің жанына арулап қояды. Көзкөргендер ақын анасының да өзгеше жан, ізгі қасиетке кемел кісі болғандығын әңгімелейді. Жарықтықтың қызықты мінездері де болса керек. Мұхаңмен бірге оқыған жиені, Ізет әжеміздің тұңғышы Аманбай ағамыз домбыраны жақсы шертеді. Ұмсын әжеміз Әбекеңнің Құрманғазының күйлерін нәшіне келтіре орындағандарын көкейіне түйіп алса керек-ті. Бір ретте теледидардан дәулескер күйшінің күйлері орындалып жатқанда үлкен кісі: «Аманбайдың күйін беріп жатыр,» - деп, зейін қоя тыңдап, күлкіге кенелтсе керек. Мұхаң Атыраудан алып келген бекіре балықтың уылдырығын көршілерге таратып жіберетіні де ерекше бір қызғылықты жайт. Тоқсанның төріне озған осынау жасында Ізет әжеміз алты перзентінен 26 немере, 46 шөбере сүйіп, қызығын көруде. Денсаулығы кейде сыр беріп, науқас титықтатса да, жан дегенде жалғыз бауыры Мұхтарының амандығын өз жанынан да артық ойлап, тілеуқорлық айласымен інісінің ұлттың жаны - тіл тағдыры үшін атқарып жүрген қыруар істеріне берекелі нәтиже мен абыройлы жеңіс тілеуден әсте жаңылған емес. Осы орайда әжеміздің қызы, ақын ағамыздың жиені Қалампыр әпкеміздің қай кезде болмасын анасының жағдайын жасап, Мұхаңның шын тілекшісі ретінде көкелеп шыр-пыр боп жүрер белсенді әрекетіне, риясыз көңіліне тәнтілігімізді айта кеткен абзал. Сонымен қатар, тірлігінде үлкен үйде қалып, қарашаңырақтың түтінін түзу ұшырған марқұм Есенбай ағамыздың жұбайы Қаламқас жеңгемізге халқымыздың аяқ-қолын жылы суға малып отыр дейтініндей, енесіне қызмет жасап, қас-қабағын бағып отырғандығы үшін де Ізет әжеміз разы. Кенжесінің тұяқтары Бақытжан мен Бағланның қызығын көруді батасына қосумен келеді дәйім. Ал, әжеміздің екінші ұлы Серікбай ағамыздан көрген немересі Еркінбектің Мұхтар ағамыздың жанында жүріп, туысқандық байланысты былай қойғанда мәнісі ерек рухтас, қанаттас іні деңгейіне көтеріліп, қызметіне жарап жүргендігі өзгеше сүйінтер іс. - Ініңіз туралы не айтасыз?-деген сауалға Ізет Шаханқызы: - Әкеміздің атын әлемге жайды, сонысына ризамын! - деп жауап қатады әрдайым. Елу жасқа толғанын мерекелеуге келгенінде Мұхаңның алдынан отырарлық үш бірдей ақ кимешекті ана шығып, киелі Отырар жерінің топырағы салынған бойтұмарды мойнына тағады. Оған дейін де кейін де қаншама абыройға кенеліп, дабысы күшті сыйлықтарды еншілесе де, ешбірі әлгі аналар әспеттеп әзірлеп, мойнына ілген бойтұмардай мазмұн мен салмаққа ие болмағандығын әйгілейді ағамыз. Сол сықылды Ізет әжеміздің әлгіндей қарапайым ғана айтылар разылығы да өрімі өзгеше мойындау деп білеміз. Мұхаң үшін бұдан артық баға болмас сірә-да! «Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай» деп, бабаларымыз айтқандай, бірін бірі таудай таяныш көретін әпке мен інінің кездескендегі һәм қоштасқандағы ересен еміреністеріне толқымай, тебіренбей тұра алмайсыз. Өткен 2012 жылдың маусым айында Мұхтар Шаханұлының 70 жылдық мерейлі мерекесі Оңтүстік өлкесінде кеңінен аталып өтті. Тұғырлы тұлға жастығының куәсі - Төле би ауданы мен кіндік қаны тамған Отырар ауданын дүбірлеткен той, Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында түйінделді. Жетпіс жасқа аса зор абыроймен жетіп отырған ақиық ақынның алдаспан жырлары жиылған жұртшылықтың намысын жанып, сырлы сазды әуендері өнер сүйер қауымның мейірін қандырды. Шығармашылық кеш иесі өз кезегінде жақұт жырларын шабыттана оқып, кестелі сөз өрді. Алақанына салып отырған халқының құрметіне алғысын жаудырып, мерейтойын ұтымды ұйымдастырған ел азаматтарына ризашылығын жеткізді. Мұхтар аға сахнада сөйлеп тұрып, бір сәтке көпшіліктің назарын алдыңғы қатарда отырған әпкесі Ізет әжемізге бұрды. Мерейіне мерей қосып, мәртебелі мерекенің төрін толтырып отырған жан бауырының амандығына шүкіршілік еткен Мұхаң: - Әпке, орныңыздан бір көтеріліп қойыңызшы, - деді. Осы шақта Ізет әже жұртшылықтың үлкен қошаметімен орнынан көтерілді. Біз әжейге жақын отырғандықтан, қолтығынан демеп, сүйемелдедік. Әжеміз сахнаға тақап барып, иіліп тұрған інісінің маңдайынан сүйіп, Қалампыр әпкеміздің ақылымен алдын ала әзірленген гүл шоғын табыстады. Табыстай тұрып: «Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы...» - деп еміренді. Бұл мезетте залда отырған көрерменнің барлығын да ыстық бір іңкәр сезім баурап алды. Алақандар қызғанша қол соғылып, жанарларға жас үйірілді. Осылайша, көңілі іріп, көзіне жас іркіп, алпыс екі тамыры иіп, елжіреп жалғыз таянышы інісінің саулығы үшін тәңірдің қырағы қаперіне ілкімді тілектерін бағыштап отыратын ақ жаулығындай аппақ арлы ана қарекеті кім кімдерге де соны нұсқа, игі үлгі. Расында бұл күндерде анасының омырауын бірге емген бауырлардың өзі бірінің қанын бірі мойнына жүктеп, ажалына себепкер боп жатқан жағдаяттарға, өкінішке орай, етіміз өліп кеткендей. Осындай тасбауырлар туындатар кесірлі әрекеттердің тамырын қияр өнегелі істердің өрісін кеңейтуге біздер айшықтап отырған Ізет әжеміз бен Мұхтар ағамыздың арасындағы қара тастың өзін балқытардай ыстық та дәрменді бауырластық сезімдері зор сабақ, кәдеге молынан асар тағылым. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасай келе, осы мақаламыздың өнебойында есімдері аталған марқұмдардың имандарына саламат тілей отырып, қабілетіміз кемшін соғып, базбір деректерді бұрыс һәм солғын баяндағандай болсақ, рухтары алдында мың тағзым етіп, кешірім өтінеміз. Қолға қалам алудағы басты мақсатымыз халқымыздың мақтанышына айналған өренжүйрік Мұхтар Шаханұлының ұлы іргесінің сыр-сипатының бір үзігін әлімізше елге мәшһүрлеу және де тірі шежіре Ізет әжеміздің көкейіндегі көп асылды сол қалпынша сіңіріп, ақ параққа хаттап алу болғандығын айта кеткен жөн. Мұхтар ағаның жер жәннәтіндей көрікті Қасқасуға шалдыққандай боп келіп, жұпарын жұтып, бал қымызын татып, ең бастысы топырағында дамылдап жатқан ата-анасына дұға бағыштап, көздеріндей болып отырған әпкесінің есендігін көріп, құлжадай биіктеп, қырандай қайраттанып аттанып жатуларының куәгері боп жүрміз. «Кісі - көңілдің перзенті» демекші, Мұхаңның көңіліне кірбің түспегей, алдындағы қарасы - әпкесі Ізет әжеміздің қуаты кемімегей, қос бауырдың ыстық қауышулары мәңгі салтанат құрғай деген тәтті тілек бар кеудемізде! Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_50604.txt | Қоғамдық орындардағы намазханалар қайтадан ашылады | https://abai.kz/post/50604 | "Қоғамдық орындардағы намазханалар қайтадан ашылады" | "https://abai.kz/post/50604" | 01.04.2017 | Abai.kz | null | TITLE: Қоғамдық орындардағы намазханалар қайтадан ашылады
URL: https://abai.kz/post/50604
META: "Қоғамдық орындардағы намазханалар қайтадан ашылады" | "https://abai.kz/post/50604"
DATE: 01.04.2017
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 301
TEXT: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан ғибадат ету бөлмелері (намазхана) мен діни әдебиеттер сататын кітап дүкендеріне қойылатын талаптар қайта қаралды. Діндар азаматтардың сұраныстарын назарға ала отырып, және бір мезгілде мемлекеттік саясаттың зайырлы қағидаттарын сақтай отырып, Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың және діни әдебиетті тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың жаңа редакциясы әзірленді. Нұсқаулықтағы түбегейлі жаңалық ретінде осындай үй-жайлардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерден 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуына қойылған бұрынғы тыйымның күшінің жойылғанын айта кету керек. Мұндай талап бүгінгі елді мекендердің орналасу ерекшеліктеріне жауап бере алмайды. Нұсқаулықтың жаңа редакциясында темір жол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда, яғни адамдар еріксіз түрде ұзақ уақыт болатын орындарда діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ашуға қойылған тыйым алынып тасталды. 300 метр бойынша шектеулер білім беру мекемелеріне қатысты күшінде қалды. Бұл талап рухани (діни) білім беру ұйымдарына қатысты қолданылмайды. Осы ретте, ғибадат ету бөлмелерін ашу кезінде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс. Мысалы, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлар дәрет алу үшін қажетті санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі тиіс және жалпы алғанда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі керек. Аталған талаптар ғибадат ету рәсімдерін орындау кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Нұсқаулық жобасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысанның меншік иесінің үй-жайдағы санитарлық, өрт және басқа қауіпсіздіктер үшін жауап беретіндігі көрсетілген. Тиісті нормативтік құжат келісу процесінен өткен соң ғибадат ету бөлмелері, соның ішінде намазханалар, жаңа жағдайда жұмыс істейтін болады. Діндарлар үшін мұндай үй-жайларда ғибадат ету рәсімдері қауіпсіз және барынша қолайлы жағдайларда орындау мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы алғанда, ғибадат ету бөлмелерін ашу туралы шешім осы нысандардың меншік иелері тарапынан қабылданатын болады. Әзірленген құжаттың толық атауы: Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_86483.txt | Бұрынғыдай «жұрт қатарлы өмір сүріп отырмыз ғой» деген көңіл күй қалмаған қазір... | https://abai.kz/post/86483 | "Бұрынғыдай «жұрт қатарлы өмір сүріп отырмыз ғой» деген көңіл күй қалмаған қазір..." | "https://abai.kz/post/86483" | 01.03.2019 | Айдос Сарым | null | TITLE: Бұрынғыдай «жұрт қатарлы өмір сүріп отырмыз ғой» деген көңіл күй қалмаған қазір...
URL: https://abai.kz/post/86483
META: "Бұрынғыдай «жұрт қатарлы өмір сүріп отырмыз ғой» деген көңіл күй қалмаған қазір..." | "https://abai.kz/post/86483"
DATE: 01.03.2019
AUTHOR(s): Айдос Сарым
TOTAL WORDS: 210
TEXT: Жағдай қиын қазір. Жұрттың жиған-тергені түгесілуде. Мүлкі тозып, мәшінесі сынып, үйдегі техникасы істен шығып жатыр. Оның орнын алмастырар қаражат жоқ қолында. Бала-шағаны асырау қиынға соғуда. Бұрынғыдай «көппен көрген ұлы той, жұрт қатарлы өмір сүріп отырмыз ғой» деген көңіл күй қалмаған қазір. Тағы бір байқағаным бұрындары біздің алдымыздағы буын, тіпті біздің замандастарымыздың аузынан «әйтеуір, не болса да соғыс болмасыншы, еліміз тыныш, Елбасы аман болсыншы» деген әңг імені жиі естуші едім. Ал қазір байқасаңыз, үлкені де, кішісі де «не болса да бірдеңе болсыншы» деп тілеп отыр. Ашу, ыза жатыр астарында. Елдің пікірі күрт өзгерген. Билік мұны қазірден ұқпаса, қазірден назарға алмаса, күндердің күні оңбай опық жейді. «Бәрін бақылап отырмыз, ешкімді тырп еткізбейміз» деп ойласа, қателеседі билік. Себебі қоғам қажи бастады. Қоғам өзгеріске дайын отыр. Осыну ұғыну керек билікке. Халыққа бетбұруы, біртабан жақындауы керек мұндайда. Халықтың сынын қабылдайтын, пікірін тыңдайтын кезге келді. Билік «ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз» дейді. Бұлдамасын. Бұл біздің нәпақамыз әрі-беріден соң. Ата-бабамыздың маңдай тері, найзаның ұшымен сақтап қалған қара жердің қазба байлығы. Мұны бізге баяғыда беруі керек еді. Биліктің өзі айтып қалды. «Бізге мемлекеттік бірлік: экономикалық, саяси және әлеуметтік бірлік керек» деді. Әлеуметтік бірлік дегеніміз халықтың бұл елде әділеттің бар екеніне сенуінде жатыр. Әділет мәселесін бір жөнге келтірмей, биліктің қазіргі қарекетінің барлығы бос тірлік. Айдос Сарымның facebook парақшасынан Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_159905.txt | КХДР, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссияға не ортақ? | https://abai.kz/post/159905 | "КХДР, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссияға не ортақ?" | "https://abai.kz/post/159905" | 07.11.2022 | Марат Толыбаев | null | TITLE: КХДР, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссияға не ортақ?
URL: https://abai.kz/post/159905
META: "КХДР, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссияға не ортақ?" | "https://abai.kz/post/159905"
DATE: 07.11.2022
AUTHOR(s): Марат Толыбаев
TOTAL WORDS: 416
TEXT: Солтүстік Корея, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссия сынды елдерге ортақ не бар? Бұл елдерде АҚШ-ты және батыстың өмір салтын, яғни либерал-демократиялық құндылықтарды жек көреді. Неге? Мұнда қандай заңдылық бар? Бұл Шығыс елдері болғандықтан бар мәселе Батыс пен Шығыс арасындағы текетіресте ме? Алайда АҚШ пен Еуропаға жақын елдердің арасында шығыс елдері де бар. Бұл Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия және т.б. Керісінше, Американы жақтырмайтын елдердің арасында шығысқа қатысы жоқ Ресей, Белоруссия, Венесуэла бар. Демек, мәселе мұнда емес. Шығыс елі батысқа жақын болуы мүмкін. Мүмкін мәселе отаршылдық тарихта болар? Әлде Батыс елдерінің бұрынғы отарлары өкпелі болып, бұрынғы метрополияны жақтырмай ма? Мүлде олай емес. Ресей мен Белоруссия батыс елдерінің отарында ешқашан болған емес. Ұлыбритания мен бұрынғы колониясы Үндістан қазір жақсы қарым-қатынаста. Кезінде Американың оккупациясында Жапония қазір жақын серіктестер. Сонымен мәселе неде? АҚШ пен Америкаға дұшпан елдерге ортақ не бар? Ал оларға ортақ бір дүние бар – авторитарлы режим. Авторитарлы режимдер қожалығына еркіндік пен демократия рухы енгенінен қорқады. Себебі еркін қоғамда неге елді ондаған жылдар бойы бір адам басқарады, неге билік шағын топтың қолында шоғырланған, неге елде оппозиция жоқ, неге адамдар өз ойын айтуға сескенеді деген сұрақтар туындайды. Халықтың санасында мұндай сауалдар туындамас үшін билік батысқа, демократияға деген жеккөрінішті сіңіреді. Сондықтан да пропаганда адамдарға манипуляция жасап, еркін қоғамның ең нашар, болмашы тұстарына ғана назар аударады. Адамдарды гомосексуалистермен, жезөкшелермен, нашақорлармен қорқытады. Еркін қоғамның басты жетістіктері ретінде осыларды көрсетеді де, отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды, мемлекеттің азаматтарға деген қамқорлығын қарсы қояды. Халықтың кедейлігі және шетелге шыға алмауы билікке пайдалы болып тұр. Ал батыс көргендер әдетте бірден өз ойын өзгертеді. Олар қоғамның кемшіліктерін авторитарлы режим әсірелеп көрсеткенін, ал артықшылықтары басым екенін түсінеді. Бұл автокөліктер қоршаған ортаға газ лақтырып, жаяу жүретіндерге қауіпті, сондықтан арбамен жүру керек деп мыжығанмен тең. Ұялы телефондар ағзаға зиян, сондықтан сымды телефондарға көшу керек деген сияқты. Бір рет те болсын көлікпен жүріп немесе ұялы телефонмен сөйлесіп көрген адам ешқашан арба мен сымды телефонға оралмайды. Авторитарлы режимдерді сыртқы жауды ойлап табуға итермелейтін екінші фактор – халықты өз айналасында жұмылдыру. Бұл ежелден келе жатқан ескі әдіс. Сыртқы жауды ойлап тапсаң, ру-тайпа ішіндегі қарсыластар да ортақ қауіпке қарсы тұру үшін бірігеді. Сондықтан барлық авторитарлы режимнің сыртқы жауы бар. Халықтың назарын сыртқы жауға аудару қажет. Сыртқы жау табылмай жатса, пропаганда жауды ойлап тауып, оған жеккөіріншті қоздыра бастайды. Тіпті сырттан жау табылмай жатса, іштен жау іздейді, мысалы, ортағасырдағы мыстандар бейнесі, троцкист-сатқындар, еврейлер, олигархтар және т.б. Барлығы үрей тудырып, жұртты жұмылдыру үшін. Авторитарлы режимдердің пропагандасы айнала толған жау, олар еліміздің шаңырағын шайқалтқысы келеді деп жар салып жатса, айналаға байыппен қарап, фактілерді саралап, өз тұжырымыңызды жасаңыз. Марат Толыбаев Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_107508.txt | Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады | https://abai.kz/post/107508 | "Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады" | "https://abai.kz/post/107508" | 14.03.2020 | Abai.kz | null | TITLE: Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады
URL: https://abai.kz/post/107508
META: "Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады" | "https://abai.kz/post/107508"
DATE: 14.03.2020
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 180
TEXT: Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында ғалымдар Тіл саясаты комитетінің әліпбиді жетілдіруге қатысты еліміздің барлық өңірлерінде, жоғарғы оқу оындарында, мектептерде өткізген әліпбиді жетілдіруге байланысты сынама нәтижелерімен және талқылау, сауалнама нәтижелерімен танысты. Кеңесте ғалымдар әліпби құрамына с, w, х таңбаларын енгізу қажет пе, ц, ч дыбыстарына таңба арнаудың өзектілігі қандай, и, і және ң дыбыстарының таңбасы жеке-жеке қайтадан қарастыру дұрыс па деген мәселелер талқылады. Ғалымдар ң дыбысын оқуға, жазуға ыңғайлы n таңбасының үстіне тильда беріп, классикалық үлгіде пайдалану дұрыс деп щешті. Дегенмен әліпбиге C қарпін енгізу, С (си) дыбысымен Ц әріпін таңбалау немесе оны әліпбиге мүлде енгізбеу туралы мәселеде ғалымдар пікірі екіге жарылды. Бұл мәселе әлі де талқыланатын болады. Сондай ақ W,X,C дыбыстарын әліпбиге кірме сөздерді пайдалану үшін қосымша дыбыстар ретінде алуды және пернетақтада орналастыруды дұрыс деп шешті. Әліпбидегі басқа дыбыстар, таңбалар Ұлттық комиссия жанындағы төрт жұмыс тобы ғалымдары мақұлдаған қалыпта қалдырылды. Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады. Кейбір пікір қайшылығын тудырған дыбыстарға байланысты сараптаулар жасалынады. Жетілдірілген әліпби жобасы толық талапқа сай болғанда Үкіметтегі Ұлттық комиссяның қарауына ұсынылатын болады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_12498.txt | Алихан АМАН. ОБ ЭТИМОЛОГИИ, ЗНАЧЕНИЯХ И ИСТОРИИ СЛОВА "САРТ" | https://abai.kz/post/12498 | "Алихан АМАН. ОБ ЭТИМОЛОГИИ, ЗНАЧЕНИЯХ И ИСТОРИИ СЛОВА "САРТ"" | "https://abai.kz/post/12498" | 08.02.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Алихан АМАН. ОБ ЭТИМОЛОГИИ, ЗНАЧЕНИЯХ И ИСТОРИИ СЛОВА "САРТ"
URL: https://abai.kz/post/12498
META: "Алихан АМАН. ОБ ЭТИМОЛОГИИ, ЗНАЧЕНИЯХ И ИСТОРИИ СЛОВА "САРТ"" | "https://abai.kz/post/12498"
DATE: 08.02.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 8093
TEXT: О ЦЕЛИ И СОДЕРЖАНИИ СТАТЬИ Автор обратился к этимологии, значениям и истории слова «сарт» по следующим соображениям: «Происхождение слова «сарт» до сих пор не выяснено»[1], поэтому термин «сарт» как этнический фантом продолжает преследовать современных обитателей Туркестана, что продолжает вызывать интерес к этимологии и значениям слова «сарт», а потому дискуссии о них продолжаются до сих пор. В первом разделе статьи предлагается дискурс - описание значений термина «сарт» и авторские комментарии к тем значениям, которые приводятся у предшественников, а затем выводится значение этого термина. Во втором разделе рассмотрены самые распространенные версии этимологии слова «сарт», слов «сартогул», «сартаул» и т.п. В третьем разделе выводится версия этимологии слова на основе фонетических и семантических закономерностях в тюркских языках, а так же определяются методом ареальной лингвистики ареалы возникновения слова «сарт» и его распространения. В пятом разделе говорится о причинах и последствиях отказа от термина «сарт» в описях и переписях населения. Выделения в тексте курсивом - автора статьи. О ЦЕЛИ И СОДЕРЖАНИИ СТАТЬИ Автор обратился к этимологии, значениям и истории слова «сарт» по следующим соображениям: «Происхождение слова «сарт» до сих пор не выяснено»[1], поэтому термин «сарт» как этнический фантом продолжает преследовать современных обитателей Туркестана, что продолжает вызывать интерес к этимологии и значениям слова «сарт», а потому дискуссии о них продолжаются до сих пор. В первом разделе статьи предлагается дискурс - описание значений термина «сарт» и авторские комментарии к тем значениям, которые приводятся у предшественников, а затем выводится значение этого термина. Во втором разделе рассмотрены самые распространенные версии этимологии слова «сарт», слов «сартогул», «сартаул» и т.п. В третьем разделе выводится версия этимологии слова на основе фонетических и семантических закономерностях в тюркских языках, а так же определяются методом ареальной лингвистики ареалы возникновения слова «сарт» и его распространения. В пятом разделе говорится о причинах и последствиях отказа от термина «сарт» в описях и переписях населения. Выделения в тексте курсивом - автора статьи. ДИСКУРС: О ЗНАЧЕНИЯХ СЛОВА "САРТ" В различного рода источниках и, особенно, в книге С. Абашина-В. Бушкова цитируется множество значений термина «сарт»[2]. Наиболее часто встречаемое в них значение - это оседлое мусульманское население Туркестана. Там же в числе прочих признаков сарта упоминаются отсутствие или утеря родоплеменных признаков, наличие особенного языка или говорится о сартах как о сословии. Утеря или отсутствие родоплеменного деления не является однозначным критерием для идентификации сарта. Применительно к кыргызам Ч. Валиханов писал об эпосе «Манас»:«..богатырь Манас, сын Якуба... называется...- андижанским, а иногда - самаркандским сартом»[3]. У Остроумова приводится пословица, в которой говорится: «Плохой кыргыз становится сартом, а плохой сарт становится кыргызом»[4]. Казахи называли «сартами» казахов, которые оседали в поселениях и городах, теряли связь с соплеменниками и их образом жизни, но сохраняя и помня названия родов. Н. Масанов говорил о них: «Если вы родились хоть за три девять земель, но вы кочуете среди казахов - вы кочевник, вы казах. Но, если ваши родители казахи, а вы живете в городе Испиджабе, вы - сарт. Вы не казах»[5]. Таким образом, среди сартов было множество оседавших, осевших и «осартившихся» предков современных казахов, кыргызов, узбеков, значительная часть которых до сих пор сохраняет свою родоплеменную идентичность или передает из поколения в поколение имена семи предков - «жети ата». Оседлость так же не является однозначным критерием для идентификации сарта. Сарты могли кочевать как отдельные группы, так и влившись в состав других сообществ кочевников. К примеру, Ч. Валиханов пишет: «Здесь кочевали, и кочевали в мой проезд, до ста и более юрт сартов. Они, как говорят сами, кочуют тут более 70 лет... для отправления караванов они должны были иметь своих лошадей и своих верблюдов - надо было их пасти... - вот и наняли в аренду землю у киргиз и... в короткое время они увеличились пришельцами до 150 кибиток»[6]. Названия родов, этимологически связанные со словом «сарт» встречаются у прежде кочевых алтайцев, башкир, казахов, кыргызов. Язык сартов тоже не является определённым идентификатором сартов. В различных источниках говорится как о преобладании в обиходе у сартов фарси/таджикского языка, так и о преобладании языка тюрков. О неопределённости статуса языка сартов может говорить и то, что в словаре тюркских наречий Радлова есть слово «сарт», но в перечне языков и наречий в этом словаре сартского языка нет. Рассмотрим возможные аргументы в пользу существования особого сартского языка, например, словарь сартского языка Наливкина и Наливкиной[7]. Наливкин называл сартов - "этнографический конгломерат" и, если следовать его определению, то у такого рода конгломерата было множество разновидностей - локальных групп, объединенных теми или иными социальными и профессиональными связями, в словаре которых преобладали либо слова из фарси, либо из тюркских языков. О социальных группах и их словарях социолингвист А. Мейе писал, что в языке, «определяемого единством произношения и, в особенности, единством грамматических форм, существовало столько особых словарей, сколько имелось социальных групп, обладающих какой-либо автономией в пределах общества, говорящего на том же языке»[8]. Например, у сартов - ремесленников, торговцев, земледельцев, ходжей, писарей - будь-то в Алтышаре, Хорезме или в Намангане. Были ли сарты сословием? Наливкин считает, что «главнейшей особенностью их общественного быта являлось отсутствие потомственных каст или сословий... сын обедневшего купца зачастую делался чернорабочим; сын чернорабочего, окончив курс Мадраса, впоследствии попадал иногда на должность казия; внук бывшего хакима (губернатора) служил конюхом; сын кузнеца попадал при счастье в хакимы»[9]. Аргументами в пользу отсутствия у сартов определённого статуса сословия служат следующие описания статусов сартов, где нет признаков, объединяющих сартов в единое сословие: «..хлопчатник требует преимущественно женского и детского труда... производят же хлопок мелкие землевладельцы - сарты со своими семьями»[10]. «По занятиям Сарты распадаются на три класса: 1) ремесленники и земледельцы, 2) торговцы, 3) представители духовенства и мусульманской науки (казии, аглямы, муфтии, ишаны, мударрисы, муллы)»[11]. «...сартовские купцы - «баи» составляют как бы привилегированное сословие среди туземного населения», но «Настоящих купцов у сартов собственно немного, т.е. таких, которые испокон веков вели торговлю. Много их появилось с водворением сюда русских...»[12]. Если свести все подмножества, описанные значениями термина «сарт», в полное определение сартов как единого множества, то сартами к концу XIX века называли население Туркестана, которое имело следующие признаки (в порядке рейтинга для их идентификации): 1. Образ жизни и культуру, основанную на следовании локальным формам урф-адата (традиции) и ислама, которые приняты или переняты у традиционно оседлых групп населения; 2. Говоры и письменность, основанные на преобладании слов из фарси или слов из тюркских языков; 3. Возможное наличие родоплеменной идентичности. ОБ ЭТИМОЛОГИИ СЛОВА "САРТ" У ПРЕДШЕСТВЕННИКОВ Рассмотрим наиболее часто приводимые этимологии слова сарт и их значения у В. Бартольда, который рассматривал версии этимологии слова «сарт» неоднозначно, то утверждая, то сомневаясь и тогда оговаривая - «по всей вероятности» или «по-видимому». К примеру: «Сарт, первоначально древнетюркское слово, означавшее «купец»; в этом значении оно употребляется в Кутадгу билик (цит. у Радлова, Словарь, IV, 335) и у Махмуда Кашгарского (напр., 1, 286). В изданном Радловым уйгурском переводе (с китайского) Саддхарма пундарики санскритское слово sarthavaha, или sarthabaha, «купец, водитель каравана» переведено capmnay; это слово объясняется как «старший купец» (сатыкчи удугы). Отсюда Радлов заключает, что тюрк. сарт заимствовано из индийского (Kuan-si-im Pusar, 37)»[13]. «Это слово - сарт, индийского происхождения, проникшее к тюркам, по всей вероятности, вместе с буддийской пропагандой из Индии... Торговцы из Индии проникали в Среднюю Азию еще раньше, а затем проникли туда и буддисты. Слово сарт в значении торговца встречается в буддийских текстах»[14]. «В турецкой литературе XI в. встречается также слово сарт, но не в качестве народного названия, а как нарицательное имя в смысле «купец». В турецкой буддийской литературе встречается слово сартбау, искаженное санскритское sarthavaha или sarthabaha «предводитель каравана», по-видимому, это слово, на почве так называемого лингвистического осмысления, было изменено турками в сартбаши - «начальник сартов», откуда образовалось слово сарт в смысле купец»[15]. Буддистско-санскритская версия этимологии слова «сарт» вызывает вопрос - зачем было тюркам перенимать и выводить слово «сарт» в смысле купец» из «начальника сартов», а «начальника сартов» из «предводителя каравана»? Для обозначения купцов у тюрков уже были слова «саудакар[Dsch.], саудагар[Kir.] - купец»[16], а для предводителей караванов - слова «Сарбан[(Osm.), aus dem Pers] - погоньщикъ верблюдовъ» и «Сарван[(Osm.), vulg.] = Сарбан»?[17]. В узбекских народных говорах до сих пор встречается слово «Сарван» - туякаш. Погонщик верблюдов»[18]. Была ли вообще у тюрков нужда в заимствованиях слов из санскритско-индийских языков и насколько они распространены у тюрков? Автор статьи нашел лишь весьма редкие «...некоторые слова, бытующие ныне в рассматриваемых говорах, связаны с этническими наименованиями (...кашмири, монтаны...), хотя ныне уже стало забываться их исконное значение. При употреблении слова кашмири в значении «хитрый, лукавый человек» не вспоминают, что это слово связано с характером людей, прибывших сюда из Кашмира (Индия). ...слово монтаны «плут», «мошенник», «обманщик» является этническим названием переселенцев города Мольтан (Индия). ... Ч. Валиханов к цыганам относит также людей, называемых мультани»[19]. Наверняка, более вероятна версия тюркского происхождения слова «сарт», обратная от санскритско-буддистской версии, так как скорее буддисты и индийцы могли слить слова «сарт» и «караван» в sarthavaha, чем тюрки трансформировали слово sarthavaha в слова «сарт» или «сарван/сарбан». Кстати, в словаре Радлова в примечаниях к тюркским словам «сарбан» и «сарван» есть ссылки на заимствования из персидского, но не санскритского языка. Бартольд, возможно, имел основания не рассматривать «тюркскую» версию этимологии, т.е. проникновение слова «сарт» в санскритско-индийские источники от тюрков. Тем не менее, Бартольд был близок к этой версии, когда писал: «Представители мусульманской культуры появляются на отдаленном востоке главным образом в качестве торговцев, оттого монголы, по всей вероятности, первоначально называли сартами приезжих к ним мусульманских купцов»[20]. Очевидно, что Бартольд доверился Радлову в его ранней версии этимологии слова «сарт», но Радлов позднее отказался от своей санскритской версии этимологии. В последней версии словаря тюркских наречий Радлова, венчающем его научную деятельность, нет ссылок на происхождение из санскритских или индийских языков не только слова «сарт», но и других тюркских слов, несмотря на то, что в словаре приведены ссылки на происхождение тюркских слов из 37 письменных источников, 38 наречий и языков, включая не тюркские наречия и языки[21]. Кроме версии Радлова-Бартольда, была версия этимологии слова «сарт» у С. Лапина, который в полемике с В. Бартольдом слово «сарт» связывал со словами «сары ит» (рыжая собака)[22]. У Лапина эта связь была не случайна, так как значение слова «сарт» было для него бранным и Лапин выбрал наиболее близкую ему фонетическую и семантическую версию этимологии слова «сарт». Если сначала его версия была подвергнута Бартольдом сомнению, то после весьма пылкой взаимной полемики с Лапиным, Бартольд писал о «сары ит» уже как о «народной этимологии»[23] слова «сарт». Возможно, что на Бартольда оказал воздействие тот феномен, который критиковал Абай как одно из предубеждений казахов: «...урус, этому стоит завидеть аул, как скачет к нему сломя голову, позволяет себе все, что на ум взбредет, требует «узун-кулака» показать, верит всему, что ни скажут»[24]. Версии этимологи слова «сарт» от названия реки «Яксарт» встречаются и у Шакарима Кудайберды-улы[25] или у Зварницкого. Последний предполагал, что местный житель мог представиться: «Я с Яксарта». После ссылок на Валя и Коссовича, Зварницкий вывел название реки Яксарт (современная Сырдарья) из персидских «яка»-река или «стремиться» и «сартъ»-холодный, ледяной, замерзший[26]. Версии Шакарима и Зварницкого цитируются наиболее редко и, скорее всего, в силу противоречивых версий этимологии как самого слова Яксарт, так и возможной версии этимологии слова «Яксарт» от «река сартов». Об этимологии имени "Сартактай" и слов "сартогул", "сартаул" и т.п. Осторожность В. Бартольда, выраженные в словах «по-видимому» или «по всей вероятности», мы встречаем и в случаях, когда он этимологически связывал слова «сартактай», «сартогул», «сартаул» со словом «сарт». Например, он писал: «Рашид ад-дин (изд. Березина, 1, текст, 171) рассказывает, что, когда правитель (принявших ислам) карлуков Арслан-хан подчинился монголам, он был назван ими «сартактай, т.е. таджик» и, далее, «Сартактай, по-видимому, пришел к монголам не только как торговец, но и вообще как носитель культуры, в особенности как специалист по ирригации; только этим могут быть объяснены монгольские легенды о богатыре Сартактае и построенных им чудесных каналов, мостах и плотинах. (Потанин, Очерки северо-западной Монголии, вып. IV, стр. 285-288)»[13]. Вполне возможно, что Арслан-хану дали монгольское имя или прозвище Сартактай, но Рашид ад-дин мог вполне произвольно истолковать, что имя Сартактай для монголов означало «таджик». Бартольд, допуская эту произвольность, не вполне уверенно переносит интерпретацию Рашид ад-дина на легенды о Сартактае. О ком идет речь - о Сартактае как о герое легенд или о Сартахе/Сартаке - сыне Бату-хана, который мог стать героем легенд? И тот и другой строили каналы, а последний занимался торговлей как купец и был христианином. Во всяком случае, рассмотрим описания обоих персонажей легенд и историй. В алтайской легенде о Сартакпае/Сартактае и об Алтае, расположенном, кстати, на северо-западе Монголии (см. выше ссылку Бартольда на Потанина) Сартактай/Сартакпай пальцами, ладонью и стрелой проводит русла рек Чулушман, Баш-каус, Катунь, создает Телецкое озеро, говоря по-тюркски: "Jол болзын" т.е. "Пусть будет дорога"[27]. В этой легенде говорится об естественных реках и озере, а не об ирригационных каналах. Очень сомнительно, что сарты несли свою ирригационную культуру кочевым алтайцам и монголам, так как земледелие на Алтае было развито только с XIX века и русскими переселенцами, а в Монголии земледелие было слабо представлено и лишь на границе с Китаем. Скорее всего, этимология имени алтайского Сартакпая следует вывести не от слова «сарт», а от «Саратак[Alt.] - двухлътнiй жеребенокъ»[28]. В этом возрасте жеребенок становился конем, достигал неутомимого возраста, в котором его могли использовать для работы и скачек без рисков нанести ему вред высокой нагрузкой. В примечаниях к легендам Алтая о Сартактае говорится: «Сартактай - герой, строитель, не знающий усталости»[27]. Имена людей, связанные этимологией с названиями животных и их возрастом, были широко распространены у тюрков - Бота (верблюжонок) и Нар (верблюд), Тана и Бузау (бычок), Огиз, Бука (бык), Козы (ягненок) и множество прочих. Второе «а» в имени Саратак могло выпасть как звуки «х» и «а» в имени Батыр, образованном от имени Бахадыр, или звук «ы» в имени Сарбопе (Сарыбопе). К имени Саратак могло быть добавлено, как монгольское «тай», так и алтайское «пай», после чего звучали имена Сартактай или Сартакпай. Если же речь идет о Сартаке - сыне Бату, то словарь Фасмера говорит о Сартаке следующее: «Сартак - былинный враг Руси, зять Калина-царя (Киреевский I, 72). Из тюрк. Sarta:k -- имя сына Батыя, которому была вверена защита западных границ государства Батыя»[29]. Кстати, одного из нойонов Чингизхана звали тоже Сартак[30]. У тюрков встречаются имена, производными от этнонимов Казак, Орыс, а у тюркских и монгольских ханов были имена Узбек, Урус и пр., но нет свидетельств того, что монгольского нойона - военного аристократа, а, тем более, сына монгольского хана назвали именем, производным от слова «сарт». Кроме того, имена Узбек и Урус ханов не имеют определённой этимологии от этнонимов «узбек» или «русский», а последнее имя могло быть производным от слова «Урус» (война) как «воин», «воинственный». Рубрук о Сартаке, сыне Бату, пишет как о строителе церкви. К примеру: «Старший сын Бату, Сартак, возводил на правом берегу Волги новый поселок с большой церковью»[31]. Если Сартак из сартов, то почему «представитель мусульманской культуры», «чрезвычайно жестоко и несправедливо обращавшийся с мусульманами»[32], исповедовал христианство? Допустим, что Сартак происхождением из мусульман и стал христианином, потому что монгольская элита могла принимать разную веру. У монголов были ханы христиане (Сартак), мусульмане (Берке, брат Сартака), а так же ханы монгольской веры (Бату, Тохта). Допустим и то, что Сартак, как "прозелит" должен был демонстрировать нелояльность к прежним единоверцам и лояльность к новым - строил церковь и каналы. Но умение строить каналы входило в военную тактику монголов, которые это умение могли перенять у китайцев и не обязательно у сартов, так как строительство каналов не прерогатива туркестанских сартов. Тот же Сартак - сын Бату - вел торговлю как купец. Вот что пишет Рубрук: «На севере этой области находится много больших озер, на берегах которых имеются соляные источники... с этих солончаков Бату и Сартах получают большие доходы, так как со всей Руссии ездят туда за солью и со всякой нагруженной повозки дают два куска хлопчатой бумаги...»[33]. Таким образом, этимология имени Сартак не обязательно может быть связана со словом «сарт», а происхождение слов «сартогул/сартагол/сартагул» вполне вероятно после объединения имён «Саратак/Сартак» со словами «углы/огыл/огул/улы или улус/улты», т.е., потомки или народ/подданые Сартака. Как уже говорилось выше, названия родов, схожие с этими словами и словом «сарт», встречаются у алтайцев, башкир, казахов, кыргызов, где они могут быть производными как от ассимилированных сартов и их потомков, так и производными от алтайско-монгольских имен Сартакпай/Сартактай или Сартак. ЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ ЭКСПЕРИМЕНТ В ЭТИМОЛОГИИ СЛОВА "САРТ" Ниже предлагается лингвистический эксперимент, в котором возникновение слова «сарт» и его значений будет прослежено в закономерных лингвистических трансформациях тюркских языков и говоров: Фонетические трансформации по цепи - «шарлы» - «сарлы» - «сартт/ты» - «сарт» • Семантические трансформации через дополнения значения «горожанин/поселянин» значениями «оседлый», «мещанин», «купец/торгаш», «караванщик» «ходжа», «уламо», «писец» и многими прочими, которые будут приведены далее. Фонетические воздействия и трансформации В основу предлагаемой автором статьи версии этимологии слова «сарт» легло слово «сартты» в словаре Радлова, а именно «Сартты (Kir)., von (из АА) сарт+лы) = шартлы условно допущенный жить в городъ - Jemand, der bedingungsweise zugelassen ist (in der Stadt zu leben)»[34]. С чем в словаре связывается в словаре слово «сартты»? Если со словом «Шарт [Osm. Krm. Kas. Tel.) aus dem arab»] - условiе, уговор»[35], то слова «сарт» в значении «шарт» у Радлова нет, но есть слово «серт». Если в значении «условно допущенный жить в городе», то такого порядка как получение мусульманином у кого-либо разрешения на право проживать в туркестанских городах/селах не было. Отсюда следует вывод, что речь все же шла о жителе города/селения, а помощник Радлова, который готовил словарь к изданию и о котором Радлов писал в предисловии к своему словарю, исказил разъяснение Радлова: «некто, безусловно, определённо живущий в городе» как: «Некто, кому условно разрешено жить в городе». Слово «шарлы» появилось после того, как персидские слова «шахр/шар» или, к примеру, название селения получали тюркский суффикс «ли/лы/ты» и далее звучало - «шарлы/шарты/сартты» (поселенец), «коканлы/коканды» (кокандец), «тошкентли/ташкентты» (ташкентец) и т.п. Вспомним далее, что в тюркских языках слово «городской» звучало скорее как «калалы или калалык» и реже как «шаарлы/шарлы». Соответственно, слово «шарлы» в силу своей неустойчивости было более легко подвержено у тюрков фонетическим и семантическим трансформациям. Кстати, слова «шахр/шаар» означали не только город, но и села. В комментариях к «Воспоминаниям» Садриддина Айни сказано: ««По определению местных факихов (законоведов), четыре селения, имеющие общий значительный базар и мечеть, составляют касаба (т. е. большой населенный пункт городского типа, своего рода слободу), а шесть селений с большим базаром и двумя мечетями уже образуют шахр или шаар (город)», а персоязычный/таджикоязычный собеседник именовал жителей селений как «шахрнишон» или «хисори»[36]. Закономерные и устоявшиеся фонетические субституции звуков описаны у языковедов и лингвистов. Эти субституции происходят вследствие того, что «...постоянное явление при заимствовании из одного языка в другой... приспособляет к своим системам чужеязычные явления»[37], а так же как следствие цепи фонетических замен, каждое из которых может быть внезапным, «когда оно осуществляется путем подстановки,...постепенным, когда имеет промежуточные ступени и является результатом эволюции»[38]. Рассмотрим закономерные субституции звуков «ш» в «с» и «л» в «т» в тюркских языках. Субституции звуков «ш» в «с» и выпадение звука «х» в словах «шахр-шар-сахар» (город/село) в тюркских наречиях прослеживаются в словаре Радлова: «шаhiр [Osm. Aus dem Pers.]» (стр. 1001) «шаhар[Tar. Kar. Bar. Krm. T.]» (стр. 941) «сахар[Kar. L.] городъ» (стр. 283) «шар[Osm. Ktsch.] = шаhiр» (стр. 950) «шар[Kir. Kom.] = шаhaр» (стр. 1004)[39]. Слово «шар» в значении город можно встретить в слове «Алтышар» в значении Восточный Туркестан[40], а выпадение звука «х», например, можно увидеть и в тюркском слове «апта/е», производного из «хафта» (персидское «неделя», «семерица»). В словаре Радлова встречаются и следующие фонетические субституции звуков «ш» и «с» или «л» и «т»: «Шауын[kir] рогатый скот» (стр. 930) - «Саун[kir] доение удой» (стр. 235). «Шор солончаковая степь» [Dsch. Uig.] (стр. 1027) - «Сор[Kir] солончак = шор» (стр. 541). «Шарт (Osm. Krm. Kas. Tel.]» (стр. 955) - «Серт[Kir.Koib.Sag.] Объщанiе, условiе, контрактъ, присяга, клятва». (стр. 467) «Шашты[Kir. Von шаш-I-лы] покрытый волосами» и «Сач[AT.Uig.Dsch.Osm.Krm.] = чач волосы»[41]. «Кышлак» [Osm.] - зимние квартиры, казарма» (стр. 837-838)» и «кыстаг»[Sag. Koib.]» (стр. 814.) со ссылкой на «кыстау»[Kir. Sag. Koib.]. - зимовка, место, где зимуют» [42]. И в современных тюркских языках фонетические субституции в словах со звуками «ш» и «с» или «л» и «т» прослеживаются как результаты устоявшихся фонем, например: «шаш» (каз.) - «соч» (узб.) - волосы; «шоли» (узб) - «салы» (кар.) - рис; «шор» (узб.) - «сор» (каз., кар., узб) - солончак, «самал» (каз. кар. Тат.) - шамол (узб) - ветер. бахтли (узб.) - бахытты (каз.) - счастливый, удачливый; озодли (узб.» - азатты (каз.) - свободный. В «Узбек халк шевали лугати»: «актык//аклык - набира «внук, внучка»[43]. Итак, слово «шарлы» после субституций трансформировалось в слово «сартты» и далее остается только проследить редукцию слова «сартты» в слово «сарт» как следствие перехода «...от более длинной или полной формы к более краткой форме, называемой редуцированной»[44]. Марузо пишет о подобной редукции как о закономерности, «...когда слово, несущее ударение на конце, если оно завершает собою группу звуков, теряет это ударение, занимая место в середине группы»[45]. Обратный процесс - продление слова и перенос ударения с конца слова на середину не отмечается в лингвистических закономерностях тюркских языков. Семантические воздействия и трансформации в значениях слова «сарт» Об общих закономерностях семантических трансформаций в различных языках лингвист Ж. Марузо говорит следующее: «..значение слова может рассматриваться либо как совокупность представлений, которые могут быть вызваны произнесением этого слова». В семантике слов «..среди множества возможных значений...различают узуальное значение..., т.е. чаще всего встречающееся, и окказиональное значение. Иногда считают возможным различать основное значение... и побочное значение.. или же устанавливают историю слова, находя его древнее значение, называемое первоначальным..., из которого развились другие, именуемые производными значениями. Одно и то же слово может иметь... прямое значение.. и переносное значение»[46]. Семантические трансформации слов посредством метафоры и метонимии описаны Ж. Марузо как общие закономерности в языках, когда значения и образы сравниваются между собой и ведут к новым значениями слова[47]. Метафора и метонимия может прослеживаться в виде следующих изменений - «последовательной... или цепочечной..., когда представленное ею сравнение приходится на несколько членов, идущих один за другим; противоречивой или ломаной, когда ведет к сближению двух несовместимых понятий[48]. Пример одного из такого рода смещения мы видим, например, у Абая, который критикует еще одно предубеждение казахов: «Ногай верблюда боится, верхом на коне устает, пешком идет - отдыхает, и беглые, и солдаты, и торговцы из ногаев. Не ногаем, а нокаем бы следовало вас называть»[49]. Айдаров вывел следующие закономерности семантических трансформаций в тюркских языках: «В процессе развития того или иного языка и диалекта заимствования... могут вызывать определённые изменения, происходящие одним из следующих путей: Заимствованное слово может способствовать исчезновению ранее употребляющегося слова-синонима. Оно способствует утрате первоначального и появлению нового значения у слова-синонима. • Заимствование приобретает иное, чем в языке-источнике, значение»[50]. Таким образом, на основе описанных выше семантических закономерностей, слово «сарт» после обычного, основного, прямого и первоначального значения горожанин/селянин было дополнено на протяжении веков случайными, побочными, производными и переносными значениями - купец/торгаш, караванщик, ходжи, писец, безродный и прочими, о которых будет сказано далее. Ареальная лингвистика в этимологии слова «сарт» Где возникло слово «сарт», куда и как распространялось? Продолжим лингвистический эксперимент в рамках ареальной лингвистики, которая, как пишет И.П. Сусов, «родилась из диалектологии», а «ареальное языкознание в качестве своего метода использует лингвистическую географию». Он же разъясняет один из методов ареальной лингвистики, когда: «На географические карты наносятся... изоглоссы (метки АЖ), характеризующие распространение явлений звуковых, лексических, грамматических, и лингвисты, сопоставляя разные карты, интерпретируя их, выносят своё решение о центрах, где зародились языковые инновации»[51]. Ареал и распространение того или иного языка и его слов, можно проследить по плотности изоглосс, а так же по их дисперсии, чему способствуют перемещения и места обитания носителей языков и говоров. Бородина М.А. пишет: «Лингвистическая география... приводит исследователя подчас к совершенно неожиданным выводам... в... истории языка, связанной с историей народов страны, торговых путей и отдельных населенных пунктов»[52]. О перемещениях сартов по торговым путям Абай писал: «...нет такого края, где бы не побывал торговец-сарт... Пока не было русских купцов, сарты доставляли казахам одежду для живых и саван для умерших, скупали гуртами скот...»[53], а пути сартов пересекались с маршрутами кочевых тюрков, индийцев, арабов, китайцев, монгол, иранцев, русских и прочих на пространстве Московии, Урала, Сибири и Алтая, Прикаспия, Афганистана и Ирана, Восточного Туркестана и Китая. В основу гипотезы об ареале происхождения слова «сарт» могут лечь первые во времени изоглоссы слова «сарт» - его упоминания в письменных источниках XI века - у Махмуда Кашгарского и Юсуфа Баласагунского[54]. Бартольд отмечает, что «...г-н Аристов...напоминает приведенный еще у Вамбери... факт, что термин сарт уже употреблен в поэме Кутадгу билак (XI в.)» и делает не вполне уверенный вывод: «Очень вероятно, что монголы, в числе многих других терминов, заимствовали его у уйгуров»[55]. Однако и определённо, здесь речь может идти не обязательно об уйгурах, а о Восточном Туркестане и местах обитания, кочевания, как предков современных уйгур, так и соседних с ними народов, у всех из которых могло появиться слово «сарт». У каких же народов могло появиться слово «сарт» как следствие вышеописанных фонетических закономерностей в изоглоссах субституций «ш» в «с» или «л» в «т»? Н. Баскаков отмечал субституции «ш» и «с» в саларском диалекте уйгурского языка, а «л» и «т» - в его лобнорском диалекте[56]. Фонетические субституции «ш» и «с» он же отметил и в языках кыпчакско-ногайской подгруппы кыпчакских языков - в башкирском, казахском, каракалпакском и ногайском языках[57]. Он так же отметил субституции «л» и «т/д» в казахском языке и особо подчеркнул наличие субституций «ш» и «с» на территории современного южного Казахстана. У Баскакова не отмечены такого рода субституции в других тюркских языках и, в частности, в кыргызском языке из алтайской группы языков[58]. Поэтому можно исключить происхождение слова «сарт» как результат субституции «ш» в «с» у кыргызов и у алтайских народностей. Ареал звучания слова «сарт» может быть очерчен границами ареала дисперсии изоглосс, которыми служат значения слова «сарт» у Радлова и названия языков народов, в которых это слово употреблялось, например, «Osm.»- османское, «Dsch.»- чагатайское, «Kir.» - киргизское (казахское АЖ), «Alt.» - алтайское, «Tel.» - теленгутское, «Uig.» - уйгурское и т.п. 1) Сарт -[Osm. Dsch. Kir. Alt. Tel.]( тюркскiй житель средне-азiатскихъ городовъ). 2) (Uig. Dsch.) купецъ - «Слушай, какъ теперь говорит купеческiй староста, который съ китайскими караванами ъздит по всъму свету». 3) родъ алтайцевъ 4) (Kir.)- всъ жители городовъ въ Средней Азiи»[59]. Итак, ареал звучания слова «сарт» наблюдается не только в Восточном Туркестане, но и в среднеазиатских городах, а так же на Алтае и Турции. Рассмотрим по плотности изоглосс слова «сарт», т.е. по частоте упоминания слова - к кому относилось это слово? Наиболее часто это слово упоминается преимущественно по отношению к оседлому населению Кокандского ханства, в которое входила Ферганская долина, Ташкент и его окрестности, юг современного Казахстана (окрестности реки Сырдарьи), но реже упоминается по отношению к жителям Хивинского и Бухарского ханств (окрестности рек Амударья и Зарафшан). Происхождение слова «сарт» приписывать определённо уйгурам или прочим тюркам Восточного Туркестана только по упоминанию в письменных источниках было бы не вполне корректным, так как не исключено привнесение этого слова в Восточный Туркестан извне. Тем не менее, следуя первым упоминаниям в письменных источниках, плотности и дисперсии изоглосс слова «сарт», а так же изоглосс приведенных выше фонетических закономерностей в субституциях, следует сделать наиболее вероятный вывод - слово «сарт» возникло до XI века у тюрков в ареале обитания носителей кыпчакско-ногайской подгруппы кыпчакских языков - предков сегодняшних казахов, каракалпаков, ногайцев, узбеков, уйгур - как название оседлого населения Ферганской долины, затем это слово широко употреблялось в ареале Сырдарьи и далее распространилось на территории Ирана, Турции, Северной Африки и России тех времен. КАК И ПОЧЕМУ СЛОВО "САРТ" СТАЛО НЕПРИЕМЛИМЫМ ЭТНОНИМОМ Сартам был чуждо и неприемлемо самоназвание «сарт» Изначально следует отметить отсутствие слова «сарт» в письменных источниках, созданных самими сартами, или в самоназваниях групп каких-либо групп населения Туркестана. В многообразных источниках на протяжении около десяти веков слово «сарт» звучит о сартах, но не от сартов, что можно объяснить только упорным неприятием этого самоназвания. Возьмем, к примеру, следующие документы и источники, где это слово должно бы встретиться, но отсутствует: эпос «Алпомиш». «Фан». Ташкент. 1999, «Самаркандские документы IV-VI веков». Москва. «Наука». 1974; Хафиз-и таныш ибн мир Мухамад Бухари. «Шараф-нама-йи шахи»/«Политическая история Средней Азии второй половины 16 века». Москва. «Наука». 1983 и многие-многие прочие. Точности ради следует отметить, что слово «сарт» все же встречается в начале XX века в множестве документов, написанных или подписанных, но не сартами, а от их имени во времена «рус вакты» - «времена русских» - так часть населения Туркестана до сих пор называет времена пребывания России в Средней Азии. В этих документах термин сартов представляли русскому чиновнику посредники - чиновники, писцы и переводчики. Например: a) Поверенного общества прихожан Бухарской мечети г. Перовска сарта Тохтамурата Турсунбаева ... и подпись «Уполномоченный поверенный прихожан общества Бухарской мечети Тохтамурат Турсунбаев, а по незнанию его русской грамоты и личной просьбе расписался, Мещанин гор. Ташкента Сыр-Дарьинской области, Василий Иванович Богачев» b) Прошение сарта Хайдаркула Адильбаева (усл.). РГИА. Ф. 1386 Ревизия сенатора Палена К.К. Туркестанского края в 1908-1910 г. Оп.1. Дело 262, Л. 95 - 96. «...По безграмотству просителя и его личной просьбе расписался...»[60]. Приведем еще один малоизвестный пример того, что сарты не считали себя сартами - это ответ ташкентского Махмута - «фактотума всех русских - знал всё и вся», на вопрос о том - кто такие сарты? Махмут ответил: «В здешнем крае много разных племен; самые многочисленные из них - Киргизское, Узбекское и Таджикское... Слово "сарт" значит - неизвестный человек; мы же (под этим словом) понимаем городского жителя или торгового человека. Сартовского племени нет; такое название придумали русские, когда этого слова "сарт" не понимали»[61]. Совершенно очевидно, что «сарты» появились потому, что их так назвали «не сарты» и так же, как европейцев (германцев) назвали «немцами» в России (от слова «немой» - в значении не знающий русского языка). Аналогичный случай произошёл, когда первооткрыватели Америки искали Индию, «нашли» ее в Америке и назвали «индейцами» племена с самоназваниями майя, ацтеки, инки, араукара и т.п. То же самое происходило с «киргизами», которые затем стали «казахами». Сейчас этот феномен прослеживается в случаях с «лицами кавказской национальности» в России, а так же в некоторых странах с «цыганами», которые сами себя называют «рома» с ударением на последний слог. Часть немцев, индейцев, цыган приняли эти этнонимы как самоназвания, но сарты не приняли самоназвания «сарт». Почему? Бранные и срамные значения слова «сарт» Во множестве источников приводятся утверждения об уничижительности или оскорбительности слова «сарт» как о следствии, но редко говорится или не приводятся причины и оскорбительные значения этого слова. Например, как о следствиях: У Остроумова: «...кочевники его используют с пренебрежительным оттенком»; Кокандец Мухаммад-Амин Мухаммаджанов утверждает: «...термин "сарт" оскорбителен»; У Малицкого: «..слово "сарт", прилагавшееся ко всей массе покорённого узбеками осёдлого населения, получило несколько презрительное значение»[2]. У Гиршфельда: «Презрительная кличка "сарт" стала прозвищем горожан»[62]. У В. Бушкова и Н. Зотовой: «..Слово "сарт" в устах узбеков (так же, как и киргиз) было бранным. Естественно, что многие из сартов сами стали считать недостойным для себя носить такое название..»[63]. «Кайсаки называют хивинцев презрительно сарт, а в лицо - оралды или ургянджи»[64]. Рассмотрим причины и значения оскорбительности и унизительности слова «сарт» в речах самих туркестанцев и их соседей: У Наливкина: «Во время частых прежде междуусобий, а равно и во время набегов... сарт... по большей части прятался в джугаре или в садах, причем на киргиз смотрел как на безбожников и отчаянных головорезов... Зато каждый раз, когда нужда заставляла киргиза мирным образом приехать на базар в город или в сартовское селение, он считал себя потерянным человеком, ибо ему доставалось решительно от всех: сартовские собаки лаяли на его лохматый тумак (малахай); сартята вприпрыжку бежали за ним по улицам, распевая неприятные для него куплеты, а лавочники-сарты нагло обмеривали, обвешивали и обсчитывали его на базаре, зачастую глумясь... над его неотёсанностью, и над его совершенным незнанием мусульманских правил общежития, и над его грубым, аляповатым выговором. За все это киргиз искренно ненавидел и презирал сарта, считая его трусом, мошенником и выжигой, с которым нельзя иметь никакого дела, но от которого никуда не уйдешь»[65]. В кыргызском эпосе «Манас» говорится: «Сартов, которые не режут для гостя барана, богатырская плеть заставляла плакать»[66]. У калмыков говорят: "Если к нам приходит сарт, мы накормим и напоим его, и коня его накормим, и в путь запас дадим. А если калмык придет к сарту, ему не дадут пищу, и коня его оставят голодным»[67]. В этой и предыдущей цитатах речь идет о скупости сартов и их пренебрежении святой традицией гостеприимства. Казахи говорят: "Туркпен - тор агам, озбек - оз агам, кыргыз-казак бiр туган, жаман/ахмак сартты кiм туган?" ( «Туркмен - почетный брат (от слова «тор» - почетное место у дастархана), узбек - мой брат, кыргыз и казах - близнецы, но кто породил плохого сарта?»). Слова «жаман и ахмак» имеют значение не только «плохой», но и хитрый, пронырливый, подлый, лживый, отвратительный и т.п. В пословице: «Озбек - оз агам, сарт - садакам» слово «садакам» переводится как «моя жертва». У Радлова оборот «садакам кетсiн» переводится как «пусть дъло (эта вещь) идетъ куда хочетъ!»[68]. В случае с «сарт-садакам» от сарта стремятся избавиться поскорее как от неприятности. В пословице "Татсыз сарт болмас, сартсыз тат болмас" сарты воспринимались так же как татар, находя между ними много общего. Продолжим лингвистический эксперимент в рамках семантических закономерностей и рассмотрим появление новых значений слова «сарт» вследствие аллитерации или звукоподражания «посредством которого понятие, означаемое, представлено в звуковом образе, в означающем»[69]. У Абая встречается такой пример появления нового значения слова «сарт», где Абай критикует еще одно предубеждение казахов по отношению к сартам: «В детстве (т.е., в XIX веке АЖ) мне приходилось слышать:: «Ах вы, сарты... при встрече лебезите.. каждого куста пугаетесь... трещите без умолку, за что и прозвали-то вас сарт-сурт»[70]. Здесь кочевник говорит о сарте как о личности без чувства достоинства, трусе и болтуне. Появлению новых значений в слове «сарт» мог способствовать и эффект следующей метонимии - переноса на сарта значений слов «шум/стук/крик/гул/скрип»: «Сартыл (v)[Sag.]. Шумъть, гудъть, свистъть» и «Сартылда (v) (Kir.) - шумъть, стучать, громко говорить, кричать»[71]. • «Шарт (Shor. Tel. - треск», «шартла (Shor. Kas). - 1) трещать 2) произвести громкiй шумъ 3) хлопнуть», «шартла (Dsch) - журчать», «шарткындак[Tob.] - скрипящий»[72]. Значения выше сохранились и в современных словах: «Сартыл - грохот, громкий, сильный стук, треск. Сартылдак - трещотка»[73]. «Шартылдатмок» - трещать, хрустеть»[74]. • «Сартылдат - понудительное от сартылда (разговорное) вызывать тарахтение»[75]. «Тарахтящие и скрипящие» значения в слове «сарт» могли возникнуть после той же метонимии - переноса на сарта восприятия шумной среды, в которой жил сарт или которую он создавал- шум базаров, крики людей и верблюдов, скрип колес арбы и прочее. «Время уже подходило к 8 часам, как начали являться... сарты, киргизы и др. паломники из Ср. Азии». (Стр. 123), «..сборы каравана, сопровождаемые шумом и криками людей, ревом верблюдов» (стр. 120), «...при приближении наших верблюдов полусонные люди вскакивали с испугом на ноги, поднимался гвалт и крик» (Стр. 122)[76]. Предыдущий источник говорит об Аравии, но вот как описывается город Средней Азии. «..базар начался. Теперь по улицам города уже трудно ходить: всё запружено людьми, верблюдами, лошадьми, арбами и ослами; всё движется, горланит, постоянно слышатся крики "пошт" (берегись), «Все интересы города...главным образом сосредотачиваются на базарах и бесчисленных лавках, на нескольких мечетях и медресе. Лавок, торговых площадей и крытых базаров действительно здесь много; и в некоторые дни всё это сильно оживлено густыми жужжащими толпами пёстрого азиатского люда вперемешку с верблюдами, ослами и лошадьми»[77]. И, наконец, приведем те значения, которые не были известны или о которых не решались писать этимологи слова «сарт». Слова «сарт» и «сартылдак» имеют значения, весьма неприятные для слуха, нюха и зрения, которые в восточный литературе витиевато означают - «испускание ветров» и «справляющий нужду». Сравните со значениями слов «сартыл» и «шартла» выше, где слово «сартылдак» означает субъект действия, а слова «сарт/сурт» обозначают процесс. Остроумов цитирует Гребенкина: «Каракалпак кричит «сасык сарт»» [78], т.е. вонючий сарт. Почему вонючий? Потому что «сартылдак». (Некоторые пословицы, поговорки, анекдоты и куплеты сартов и несартов друг о друге привести в печатном виде невозможно - уж слишком они скабрезны). Итак, слово «сарт» в рассмотренных ранее значениях - горожанин/поселенец, купец и пр. были дополнены значениями - безродный, негостеприимный, болтун, торгаш, жадный, хитрый, мошенник, трус, вонючка и пр. Напомним, что Наливкин называл киргизами «вообще тех тюрко-монголов, которые вели кочевой образ жизни и занимались преимущественно скотоводством»[79]. Эти тюрко-монголы словом «сарт» называли своих же соплеменников, которые оседали в поселениях и теряли образ жизни и культуру своих сородичей (см. второй абзац в разделе «Дискурс: о значениях слова «сарт»). Применительно к современности и с точки зрения наших тюркских предков, сартами являются все те, кто утерял традиции и культуру кочевых тюрков, т.е. почти все современные казахи, кыргызы, таджики, узбеки и т.п. (См. «портреты сартов» на изображении). Аналогия не аргумент, но помогает понять смысл сказанного выше - слово «сарт» у тюрков приобрело нечто вроде значения слова «жид» в славянских языках. Поставим себя на место «туземца» в ситуациях описи населения или переписей, затем вспомним содержание раздела «Бранные и срамные значения слова «сарт» выше. Итак, появился некто и спросил: «Кто Вы по национальности - казах, кыргыз, сарт, таджик, узбек?»... Вполне очевидно, почему «сарты», как и «жиды», отказались от такого рода самоназвания в описях и переписях населения. О сартах в описании населения и переписях Применительно к сартам и говоря об описях и переписях населения, которые велись российскими, а затем советскими исследователями, следует отметить стремление к тщательной этнической идентификация населения по их самоназваниям. Татищев, автор «Истории Российской», писал в инструкции чиновникам Посольского приказа еще в XVIII веке: «Имя чтоб положено было точно по изречению тому, какого оное языка, или как тот народ сам именуется»[80]. Документы Посольского приказа «...изобиловали вполне дифференцированными наименованиями тюркоязычных народов, чаще всего отражавших их самоназвания, как-то: «узбеки», «башкиры», «трухменцы», «каракалпаки», «казаки», «киргисцы» и др.»[81]. С.В. Соколовский пишет о следующих подходах в этнической идентификации в переписях, где прослеживается следование принципу Татищева: «.. многие неточности и ошибки переписи 1897 г. были сделаны вследствие того, что перепись не содержала вопроса о национальности...» «Уже к 1920 г. родной язык перестал рассматриваться... как основной показатель народности, и этот подход был заменен довольно сложной методикой определения национальной принадлежности населения, включавшей вопросы об официальных и неофициальных наименованиях групп населения, родовых и территориальных подразделениях в рамках отдельных народностей и т.п. Столь же детальные сведения собирались о языке и вероисповедании, причем выяснились отношения и связи между "национальным самоопределением" с вероисповеданием. Все эти исследования, и дискуссии о принципах национального районирования и регионализации, позволили выработать новый подход, положенный в основу переписи 1926 г. и использованный затем во всех советских переписях». «... В период 1924-26 гг. в КИПС были разработаны инструкции по регистрации национальности и составлен Список национальностей СССР... переписчики должны были узнать национальную принадлежность родителей опрашиваемого, вероисповедание..., разговорный язык ...» Однако «Далеко не во всех регионах население понимает термины «национальность» и «народность», а в ряде случаев вообще эти термины не имеют аналогов на родных языках опрашиваемых... "[82]. С. Абашин приводит следующее цитаты, из которых следует, что от слова «сарт» отказывались не только сарты, но и исследователи сартов еще в XIX веке: Аристов и Бартольд: «Статистический комитет Самаркандской области где-то в начале 1890-х годов в принципе отказался фиксировать сартов как отдельную категорию, заменив её узбеками». Зарубин, ссылаясь на Самойловича: «Уже во время работ (по подготовке переписи 1917 года) руководителями было разъяснено сотрудникам, что особого народа "сарт" не существует и что этот термин всюду должен быть заменён словом "узбек"» и «при существующем ныне стремлении передовых кругов Туркестана к объединению вполне или почти осёдлого турецкого населения края под именем узбеков, вполне основательным представляется мнение турколога А.Н. Самойловича о желательности устранения термина "сарт" из статистической терминологии и замены его именем «узбек». В практическом отношении это может лишь ускорить сформирование нарождающейся национальности, которой, несомненно, предстоит большое будущее»[2]. Не состоявшимся ожиданиям переписывания всех жителей Средней Азии под тем или иным единым этнонимом способствовали не намерения исследователей или политиков, а результаты их следования самоназваниям групп населения, у которых еще в XVIII веке и до всевозможных переписей были альтернативные «сарту» самоназвания - араб, жугут (еврей), казах, каракалпак, курама, кунград, кыпчак, кыргыз, таджик, туркмен, узбек и пр. Вспомним так же, что часть элит туркестанцев предлагали для туркестанцев этноним «тюрк», но он не был принят из-за опасений российских политиков усиления влияния Турции в регионе и, особенно, после бурной деятельности Энвер-паши в регионе. Мы почти пришли к выводу - почему исчезли сарты, но остается вопрос - почему не стали национальностями (этнонимами) курама, кыпчаки, найманы, кунграды, теке и прочие? Потому, что они были племенами или группами родов, в отличие от самоназваний казах, кыргыз, таджик, узбек, каракалпак, туркмен и пр., в которые входили те или иные указанные выше родоплеменные группы как составные части проектируемых национальностей Средней Азии. Если бы не бранные и срамные значения слова «сарт», вполне возможно было бы появление «Сартстана» в Средней Азии после национально-государственного размежевания в ходе становления РСФСР и, затем, СССР. Это не произошло потому, что были созданы Казахстан, Каракалпакстан, Кыргызстан, Таджикистан, Туркменистан и Узбекистан, а так же и потому, что первым критерием определения территории для той или иной национальной республики было наличие большинства населения с тем или иным этническим самоназванием. Вторым критерием при проектировании границ была экономическая привязанность территории с той или иной этнической группой к экономическим центрам[83] или к рынкам сырья и сбыта, а, проще говоря, и для той средней Азии - к ближайшим базарам и к территориально-отраслевым органам управления - комиссариатам и Советам. К примеру, применительно к первому критерию, упомянутому выше, Ферганская долина была разделена между киргизами, таджиками и узбеками, а по второму критерию - на территории их республик появились территории и анклавы, где жили этнические группы, чьи этнонимы не совпадали с названиями республик. Возможно, что были и другие цели переписей и национально-государственных размежеваний, как, например, провокации будущих трений и конфликтов для использования в политике «Разделяй и властвуй», однако эти цели существуют только как умозаключения тех или иных исследователей и без надежных обоснований этих умозаключений. Большевики-коммунисты руководствовались, прежде всего, рациональными интересами укрепления своей власти и экономики в любой из проектируемых ими государственностей. И то и другое могло состояться только на основе эффективного управления многонациональным государством на основе баланса интересов элит как внутри национальностей, так и между ними. Провоцирование и планирование будущих межэтнических конфликтов могло только помешать становлению молодого государства и его безопасности. Этому утверждению можно найти множество подтверждений в трудах Ленина и Сталина, в программах и действиях большевиков-коммунистов. А экономика строилась не только в целях развития самой экономики, но и для создания рабочего класса, который был необходим коммунистам в рамках их парадигмы как социальная база их власти и как противовес мелкобуржуазному крестьянству и «гнилой» интеллигенции. Кстати, наряду с политическими и экономическими целями выявления этнической композиции населения в переписях следует упомянуть цели образования и пропаганды, о которых пишет В. Козлов: «Переписи населения Советского Союза, начиная с... переписи 1920 года, учитывали как национальность (в 1926 г. - "народность"), так и родной язык населения, чтобы использовать сведения о языке в школьной, в издательской политике и т. д.»[84]. Post Scriptum В последнем издании «Узбек миллий энциклопедияси» есть статьи к словам «сарматы» и «Сартр», но нет статьи к слову «сарт», хотя в предыдущем издании это слово было определено как «земледельцы, торговцы и ремесленники, жившие в кишлаках и городах»[85]. Исчезновение этого слова в энциклопедии страны, в описании населения которого это слово играло многовековую роль, очевидно, говорит о следующем: Этимология и значения слова не были ясны и воспринимались как бранные значения, поэтому в слове не нашли научную, культурную или прочие ценности, т. е. отказали этому слову в праве на существование. Тем не менее, и скорее всего, после более, чем 1000-летней истории это слово будет звучать так же долго, как долго продлится интерес к истории тюркских народов и к тюркским языкам. Выражаем автору статьи благодарность за содействие в публикации статьи. Републикация с сайта www.ethnonet.ru Ссылки [1] Бартольд В. Сочинения. «Восточная литература». Москва. 1964. Том II. Часть 2. Стр. 277. [2] «Население Ферганской долины. (К становлению этнографической номенклатуры в конце XIX - начале XX века). // Ферганская долина: этничность, этнические процессы, этнические конфликты». Отв. ред. С.Н. Абашин, В.И. Бушков. Москва. «Наука». 2004. Электронная версия книги. [3] Валиханов Ч. Избранные произведения. Москва. «Наука». 1987. Стр. 288 [4] Остроумов Н.П. «Сарты». 1896. Стр. 11. [5] Интервью с Н. Масановым. http://www.zakon.kz/our/news/news.asp?id=27228 [6] Валиханов Ч. Избранные произведения. Москва. «Наука». 1987. Стр. 11-12 [7] Наливкин В. и Наливкина М. "Русско-сартовский и сартовско-русский словарь... по наречиям Наманганского уезда". Казань. 1884. [8] Мейе А. Введение в сравнительное изучение индоевропейских языков. Москва-Ленинград. 1938. http://www.herzen.spb.ru/DOC/umo/prog540300.rtf [9] Туземцы раньше и теперь. Очерк В.П. Наливкина. Издание А.Л. Кирснера. Ташкент. 1913. Переиздание. Москва. 2004 г. Стр. 34-35. [10] «Вокруг света». 1896. № 29. Стр. 455-459. http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/t958.html [11] «Сарты». Статья в «Энциклопедии Брокгауза Ф.А. и Ефрона И.А. (1890 - 1916)». http://www.brocgaus.ru/text/089/055.htm [12] «Вокруг света». 1896. № 3. Стр. 38-40. http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/i426.html [13] Бартольд В. Сочинения. Москва. 1964. Том II. Часть 2. Стр. 527. [14] Бартольд В. Сочинения. Москва. 1966. Том IV. Стр. 431. [15] Бартольд В. Сочинения. Москва. 1963. Том II. Часть I. Стр. 196-197. [16] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 238. [17] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том VI. Часть I. Стр. 342. [18] «Узбек халк шевали лугати»/Словарь узбекских народных говоров. Под редакцией Ш.Ш. Шоабдурахманова. Тошкент. «Фан». 1971. Стр. 230. [19] Айдаров Т. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алма-Ата. 1991. Стр. 26. [20] Бартольд В. Сочинения. Москва. 1964. Том II. Часть 2. Стр. 312. [21] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». С.-Петербургъ. 1893. Том I. Часть I. Стр. ХVI-ХVIII. [22] Бартольд В. Сочинения. Москва. 1964. Том II. Часть 2. Стр. 303. [23] Бартольд В.. Сочинения. Москва. 1964.Том II. Часть 2. Стр. 529. [24] Абай. "Кара соз" (Черное слово). http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=15881 [25] Шакарим Кудайберды-улы «Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий». Алма-ата. 1990. http://www.history.kz/Articles/sart.php [26] Зварницкий Д.И. «Путеводитель по Средней Азiи от Баку до Ташкента в археологическихъ и историческихъ отношенияхъ». Ташкент. Лахтин. 1893. Стр. 126-127. [27] «Легенды Алтая». http://www.altai.fio.ru/projects/GROUP2/potok12/site/legend.htm#_Сартакпай [28] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 318. [29] Фасмер М. Этимологический словарь русского языка. Том 3. 1987. Стр.564. [30] Хафиз-и Таныш Бухари. Шараф-нама-ий шахи/Книга шахской славы. http://www.vostlit.info/Texts/rus9/Buchari1/framevved2.htm [31] "Путешествия в восточные страны Вильгельма де Рубрука в лето благости 1253". Москва. «Мысль». 1997. http://www.hist.msu.ru/ER/Etext/rubruk.htm [32] «История династии Чингизидов. Из «Насировых Разрядов» Джузджани». http://www.karelia.ru/psu/Chairs/PreRev/Gold_Horde/2_1.rtf [33] «Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Рубрука». Москва. 1957. Стр. 185. [34] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 335. [35] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 955. [36] Айни Садриддин. «Воспоминания». Ленинград. Издательство АН СССР. 1960. Стр. 1004. [37] Примечание редакции в книге Ж. Марузо «Словарь лингвистических терминов». Издательство «Иностранная литература». Москва. 1960 г. Стр. 304. [38] Марузо Ж. «Словарь лингвистических терминов». Москва. 1960 г. Стр. 108-109. [39] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. [40] Валиханов Ч. Избранные произведения. Москва. 1987. Стр.112. [41] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. [42] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том II. Часть I. [43] «Узбек халк шевали лугати». Тошкент. «Фан» 1971. Стр. 325. [44] Марузо Ж. «Словарь лингвистических терминов». Стр. 285-286. [45] Марузо Ж. «Словарь лингвистических терминов». 1960 г. Стр. 248. [46] Марузо Ж. Словарь лингвистических терминов. 1960 г. Стр. 114-115 [47] Марузо Ж. «Словарь лингвистических терминов». Стр. 155. [48] Марузо Ж. «Словарь лингвистических терминов». Стр.192. [49] Абай. «Кара соз» (Черное слово). http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=15881 . Примечание автора статьи: «1. По-монгольски нокай - собака. В древнемонгольско-тюркском языке "нокай ил" (год собаки) - одиннадцатый год по летоисчислению, основанному на 12-летнем животном цикле». http://www.tatar.kz/isem_m_r/n_m_r.htm [50] Айдаров Т. «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии». Алма-Ата. 1991. Стр. 204. [51] Сусов И.П. «Введение в теоретическое языкознание». http://homepages.tversu.ru/~ips/6_06.htm [52] Бородина М.А. «Проблемы лингвистической географии». Москва-Ленинград. 1966. Стр. 8. [53] Абай. "Кара соз" (Черное слово). http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=15881 [54] Бартольд В. Сочинения. Москва. 1963. Том II. Часть 1. Стр. 460 [55] Бартольд В. Сочинения. Том IV. Стр. 227. [56-58] Баскаков Н.А. «Введение в изучение тюркских языков». Москва. 1969. Стр. 297-298, стр. 337-349, стр. 311-312, стр. 337-349. [59] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 335. [60] a) http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/t897.html ; b) http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/t939.html [61] «В Средней Азии. (Из записок русского путешественника)». «Нива». 1879. Номер 24.Страница 462. http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/t209.html [62] Гиршфельд (и Галкин). Гиршфельд. «Военно-статистическое описание Хивинского оазиса. Составил ген. штаба кап. Гиршфельд. Переработано нач. Аму-дарьинского отд. ген. майором Галкиным». Ташкент. Часть I -1902, часть II - 1903. http://www.artezian.org/_forum/viewtopic.php?p=1834&sid=b02290cdfd7497fe7dde72b6a92e9ddb [63] «Материалы Всеобщих переписей. С. 42-56». Цитируется по В.И.Бушкову, Н.А.Зотовой. «Сельское население Наманганского уезда на рубеже XIX - XX веков (по статистическим данным). Этнический состав населения уезда». В книге «Население Ферганской долины. (К становлению этнографической номенклатуры в конце XIX - начале XX века). // Ферганская долина: этничность, этнические процессы, этнические конфликты/ Отв.ред. С.Н. Абашин, В.И. Бушков. Институт этнологии и антропологии им. Н.Н. Миклухо-Маклая. Москва. «Наука». 2004. [64] «Записка, составленная по рассказам Оренбургского линейного батальона № 10 прапорщика Виткевича....». http://kungrad.com/history/biblio/vitkev/ [65] «Туземцы раньше и теперь». Очерк В.П. Наливкина. Ташкент. 1913. Переиздание. Москва. 2004 г. Стр. 28. [66] «Манас». Кыргызский эпос. http://manas.kyrgyz.ru/?page=38 [67] «Алтай - Гималаи [Путевой дневник]». Николай Рерих. http://bibliotekar.ru/ssR9.htm [68] «Опытъ словаря тюркских наречий В. В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 386. [69] Де Соссюр Ф. цитируется по Марузо Ж. «Словарь лингвистических терминов». Стр. 155. [70] Абай. «Кара соз» (Черное слово). http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=15881 . [71] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 336. [72] «Опытъ словаря тюркских наречий В.В. Радлова». Том IV. Часть I. Стр. 956. [73] Махмудов Х. Г. Мусабаев. Казахско-русский словарь. Алматы. 2001. Стр. 318. [74] «Узбек халк шевали лугати». Тошкент. «Фан». 1971. Стр. 325. [75] «Каракалпакско-русский словарь». Москва. 1958. Стр. 566. [76] Ишаев Ш. М. «Мекка - священный город мусульман»/Библиотека сайта XIII век. http://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/Arabien/Isaev/text.htm [77] «По средней Азии. Из записок художника Л.Е. Дмитриева-Кавказского, путешествовавшего в 1887 году по Закаспийской области». http://www.tatmir.ru/article.shtml?article=598§ion=0&heading=175 [78] Остроумов Н.П. Сарты. 1896. Стр. 25 [79] «Туземцы раньше и теперь». Очерк В.П. Наливкина. Стр. 24. [80] «Сравнительные словари всех языков и наречий». Отделение 1, ч. 2, СПБ, 1789 стр. 2, ч. 3, 1791, стр. 114, 153, 158. Цитируется по - Г. Благова. "Вариантные заимствования турок-тюрок в русском языке...». «Тюркологический сборник». Москва. Наука. 1972. Стр. 106. [81] Благова Г. «Вариантные заимствования турок-тюрок в русском языке...». Цитируется по «Тюркологический сборник». Москва. Наука. 1972. Стр. 105. [82] Соколовский С.В. «Этническая идентичность в переписях населения: классификационные принципы и подходы». http://demoscope.ru/weekly/knigi/konfer/konfer_028.html [83] Усягин А.В., Шишков М.К. «Территориальное управление в России: теория, история, современность, проблемы и перспективы». http://terrus.ru/mono/index.shtml Там же приведены цитаты из Владимирского М.Ф. «Основные положения установления границ административно-хозяйственных районов (доклад на 2-й сессии ВЦИК 8-го созыва, март 1921 г.) // Вопросы экономического районирования СССР. Сб. материалов и статей (1917-1929). Москва. Госполитиздат. 1957. [84] Козлов В. «Национальная газета» № 6-7 (18-19). 1998 г. [85] «Узбек миллий энциклопедияси», Ташкент, том 7, 2004 г. и «Узбек совет энциклопедияси», Ташкент. 1977, том 9, стр. 535. http://www.kyrgyz.ru/?page=318
|
qosymsha/abai.kz | post_42932.txt | ИРАК ӘСКЕРІ ИМ ШЕПТЕРІН ШАБУЫЛДАУДА | https://abai.kz/post/42932 | "ИРАК ӘСКЕРІ ИМ ШЕПТЕРІН ШАБУЫЛДАУДА" | "https://abai.kz/post/42932" | 23.12.2015 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ИРАК ӘСКЕРІ ИМ ШЕПТЕРІН ШАБУЫЛДАУДА
URL: https://abai.kz/post/42932
META: "ИРАК ӘСКЕРІ ИМ ШЕПТЕРІН ШАБУЫЛДАУДА" | "https://abai.kz/post/42932"
DATE: 23.12.2015
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 105
TEXT: Ирак әскері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырларының қолындағы Рамади қаласының орталық бөлігін жаулап алу мақсатында шабуылға көшті. Террорға қарсы бөлімдердің арнайы өкілі Сабах аль-Нумани бүгін Ирак әскерінің Рамадидың орталығындағы үкіметтік ғимараттарға қарай жақындағанын хабарлады. Нуманидің мәліметінше, ұрыс осы ғимараттармен көрші аудандарда да жүріп жатыр, Ирак авиациясы әуеден қолдау көрсетуде. Бағдадтан жүздеген шақырым жерде орналасқан Рамадиды босату операциясы қалаға баратын жолдарға бақылау орнатуға тырысқан бірнеше ай бойғы ұмтылыс жүзеге асқан соң, желтоқсанның басында басталды. Анбар провинциясының әкімшілік орталығы Рамадидың мамыр айында содырлардың қолына өтуі, Ирак үкіметі үшін ең ірі жеңіліс болған еді. Ирак арнайы қызмет орындарының дерегінше, Рамадидағы ИМ содырларының саны 250-ден 300-ге дейін жетеді. Абай-ақпарат
|
qosymsha/abai.kz | post_5408.txt | ШЫҢҒЫС ХАН ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ | https://abai.kz/post/5408 | "ШЫҢҒЫС ХАН ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ" | "https://abai.kz/post/5408" | 06.09.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ШЫҢҒЫС ХАН ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ
URL: https://abai.kz/post/5408
META: "ШЫҢҒЫС ХАН ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ" | "https://abai.kz/post/5408"
DATE: 06.09.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 3241
TEXT: Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті. Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған. Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті. Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған. Ұлы қаған о дүниелік болғанымен, киелі рух адамзаттың ойына орала береді. Ол туралы мыңдаған кітаптар мен ғылыми мақалалар, бірнеше кинофильмдер мен пьеса қойылымдар шығарылды. Шамамен осыдан екі жүз жыл бұрын қағанның мүрдесін іздеу басталғаннан бері жүзге жуық экспедиция ұйымдастырылып, қыруар жұмыстар жасалғанымен, сол баяғы ашылмаған құпия ашылмай келеді. Бұл мәселеге кейін оралармыз. Алдымен Шыңғыс ханның өмірі, шыққан тегі жөнінде соңғы кезде кәсіби тарихшыларымызбен қатар әуесқой тарихшыларымыздың да (М.Мағауин, Қ.Данияров, М.Қарғабаев, М.Қожырбайұлы, т.б.) үлкен ықыласпен қалам тартқанын атап кеткен жөн. Осы авторлардың еңбектері ықылым заманнан айтылып, тарихи қалыптасқан пікірлер мен тұжырымдарға жаңаша көзқараспен қарауға итермелейді. Қазақ тарихшылары кейінгі кезде Шыңғыс ханды әрісі түрік, берісі қазақ ету, тіпті керей, адай, найман, қоңырат, меркіт, т.б. рулардың біріне жатқызу ойларын ашық айтып та, жазып та келеді. Дегенмен, оның дүниеге моңғол болып келіп, моңғол болып озғанын ұмытпауымыз керек. Шыңғыс ханның шығу тегіне байланысты соңғы кезде әлем ерекше қызығушылық танытуда. Моңғол зерттеушілері Шыңғыс ханды моңғол десе, қытайлық тарихшылар оның тегін қытай халқынан іздестіреді. Украин зерттеушілері де қағанның тегінен дәмелі. Мәскеулік генетиктер Моңғолиямен шекаралас болған Тува, Бурятия және Қалмақстан тұрғындарының 1,7 пайызында, тіпті, Алтай қазақтарында қағанның ДНК-сы 8,3 пайыз деп әлемге жар салып отыр. Шыңғыс ханның жоғарыдағы аты аталған халықтардың тегіне жататындығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Айтатындары - олардың халқының кейбіреуінде Шыңғыс ханның ДНК-сы (V хромасома) бар дейді. «Ал енді осыны айтып отырған ғалымдардың қолында Шыңғыс ханның өзіне тән ДНК бар ма? Әрине, жоқ. Моласы, сүйегі табылмаған соң ДНК қайдан болсын?» деп тұжырымдайды ғалым Төреғали Тәшенов. ДНК оның қай жақындарынан алынғаны да белгісіз. Осы сияқты бір топ батыс ғалымдары Еуразияның әр бөлігінен 18 халық өкілдері ер-азаматтарының ДНК-сына зерттеу жүргізгенде, көпшілігінің қан құрамдары бір-біріне өте жақын, тіпті ұқсас, бір «отбасының» жандарындай болып шыққаны АҚШ-тың «Адам генетикасы» журналында басылды. Олар Каспий теңізі мен Тынық мұхиты аралығындағы бүгінгі 16 миллионға жетіп жығылатын адамға ұрық қалдырған феномен Шыңғыс қаған деген қорытынды жасаған. Демек, бұл да ғылыми негізге сүйенбеген ақпар. Бірақ соңғы шыққан ғылыми жұмыстарға сүйеніп талдау жасауға, ойлануға, жаңа көзқарастар туғызуға, жеке пікір айтуға әркім де ерікті, тек тарихи принциптер мен заңдылықтар және деректер негізінде болуы керек. Сонда оны негізсіз ешкім меншіктенбес еді. Сонымен, Шыңғыс ханның тегі кім? Әкесі Есүкей - Қиат руының Бөржігін әулетінен. Күні бүгінге дейін осындай пікір қалыптасқан. Онда Шыңғыс ханның да тегі осы Бөржігін. Шешесі Әуелен, бәйбішесі Бөрте әрісі түркі, берісі қазақ тайпаларымен туыстас Қоңырат руының қыздары екені «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын топчы» шежірелерінде, моңғол мен Шыңғыс хан тарихын зерттеп жүрген көптеген авторлардың еңбектерінде жазылған. Осыларға сүйеніп тарихтың терең қойнауына көз жіберсек, Қиат руы Шыңғыс хан дүниеге келгенге дейін үш жүз жыл бұрын Әмудария мен Сырдария арасындағы Мәуеренахр аймағында өмір сүрген. Қиат дейтін қала да болған. Бұл - ежелгі түрік тайпаларының мекені. Осыдан Шыңғыс ханның арғы тегі түріктер емес пе екен деген ой көптеген ғалымдардың (олардың ішінде осы жолдардың авторы да бар) көкейінде ұялайды да тұрады. Түрік түрік болып аталғанға дейін Қытайдың солтүстігі мен қазіргі Моңғолия жеріне ежелгі түрік тайпалары қалай барған? Біздің пікірімізше, ғұндардың Ұлы қоныс аударуынан бұрын ежелгі түрік рулары мен тайпалары осы аймаққа қоныс аударуы мүмкін деген ой туындайды. Түріктерден қорғану үшін салынған Ұлы Қытай қорғаны да осының айғағы сияқты. Олардың көптігіне таң қалған жергілікті тайпалар немесе түріктердің өздері көшпенділерді «мың қол» деп атап кеткенге ұқсайды. Осы тұста мынадай да ой келеді. Ежелгі моңғол жеріндегі тайпалар алыс-жақын жерлерге жорық жасап, көптеген сарбазды тұтқындап, соларды «мың құл» деп те атауы мүмкін ғой. Олар жергілікті тайпалармен сіңісіп, көпшілік болып «мың құл» атанып, кейін «моңғол» сөзіне айналуы да мүмкін. Ғалымдардың басым көпшілігі Шыңғыс хан тарих сахнасына шыққанға дейін еш жерде, ешбір деректе «моңғол» атауы кездеспейтінін алға тартады. Қазақ халқын құрайтын тайпалардың санатына кіретін рулардың ішінде де «моңғол» тайпасы жоқ. «Көшпенділер үшін «моңғол» сөзі рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді», - дейді М.Қарғабаев өзінің «Көшпенділер атлантидасы» атты еңбегінде. «Моңғолдың құпия шежіресін» жазғандар да моңғол туралы еш мәлімет бермейді. Авторлар Шыңғыс ханның этникалық тегін жазуды мақсат етпегенмен, ондағы кейіпкерлердің барлығы (ру-тайпалар, жеке тұлғалар) түркі ғұрыптарын ұстаған және есімдерінің түбірі де түріктерге жақындау. Шыңғыс ханның өзі алыс жорықтарға шығарда, кейде бір төтенше жағдайлар болғанда, биік төбеге шығып, түріктерше мойнына бұршақ салып Көк Тәңірге жалбарынатын болған. Мысалы, Шыңғыс хан әскерінің батысқа ұзақ жорық жасар алдындағы осындай сәтті «Шыңғыс хан» телехикаясында анық көрсеткен. Сонда, түркі тілді ортада моңғол тайпасының, кейін моңғол империясының ғайыптан тайып қайдан тап бола кеткені түсініксіз. Бұған себеп, көптеген қазақ тарихшыларының пікірі бойынша орыс тарихшылары мен аудармашылары «Құпия шежірені» орысшаға аударғанда (XIX ғ.) «мың қолды» немесе «мың құлды» «моңғолдар» деп моңғол халқын ойлап тапқан сияқты. Бұл Шыңғыс ханның түркілік еместігін дәлелдеу үшін жасалған әрекет деп айтудан басқа амал жоқ. Жазба дерегі болмаса халық та жоқ деп есептейтін еуроцентристік көзқарастың ықпалы сезіліп тұр. Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор. Ал мағынасы одан да тереңірек, Шыңғыс ханды тікелей біздің арғы Ұлы бабамыз етіп сендіргісі келген ақтаулық Мәмбеткерім Қожырбайұлының «Шыңғыс қаған - менің ұлы бабам» атты материалы «Алтын Орда» газетінің 26-30 нөмірінде (2008 ж.) жарияланған. Автордың пікірінше, арғы түріктерді былай қойып, Ұлы қағанды Қазақ - Кіші жүз - Байұлы - Адай - Келімберді - Мұңал екендігіне еш күмән келтірмейді. Әрине, Мәмбеткерімнің бұл тұжырымына кінә қоюға болмайды. Автордың өзі айтқандай «тектінің текті ұрпағы» болып жатсақ, асқақтана мақтануға болады ғой. Осы арада Талдықорған қаласынан Айдын Бекжановтың «Шыңғыс хан қазақ болса, моңғолдар кім?» (Алтын Орда, 31 шілде - 6 тамыз 2008 ж.) деген сұрағына жауап іздеген жөн сияқты. Шыңғыс ханның тегі туралы әлі де талай еңбектер жазылып, әртүрлі талас пікірлер туындар. Өйткені кім де болса, әсіресе ғалымдардың өз көзқарастарын білдіруі - құптарлық іс. Бұл мәселенің шешілу кілті - біздің пікірімізше, ұлы қағанның сүйегін тауып, оған тегін анықтайтын (ДНК) талдау жасалып, бұлтартпайтын дәлел анықталмайынша, әрқилы жорамалдар жалғаса береді. Күні бүгінге дейін қаған ғұмырнамасындағы құпиясы - өлімі мен денесінің қайда жерленгендігі. Шыңғыс хан таңғұттармен біраз соғысып, Қытай жерінде азын-аулақ демалып жатқанда, елге келіп жүрген саудагерлерден Жошы өзінің ұлысынан тыс жерлерді басып алып, аң аулап, сән-салтанат құрып жүр дегенді естиді де, оны өзіне шақыртады. Жошы келмейді. Ашуланған қаған Жошының желігін басу үшін әскерін жиып, аттанады. Жошының келе алмауының басты себебі - ол ауыр дертке шалдығып, төсек тартып жатыр еді. Дертінен айықпай о дүниелік болады. Жошының өлімінің себебі әлі де беймәлім. Кейбір аңыздарда ол аң аулап жүргенде, абайсызда серіктерінің садағының оғынан жараланған, ол асқынып өлімге алып келді десе, келесі бір аңызда құланның айғыры бір қолын шайнап тастап, содан жазылмапты дейді. Әрине, бұл келтірілген себептерден адамның өлуі әбден мүмкін. Бірақ шындыққа жақыны - Жошы обадан қайтыс болғанға ұқсайды. Оның сүйегі - Ұлытауда. Отандық тарихта қалыптасқан пікір бойынша, Жошы 1227 жылдың жаз айларының басында (кейбір деректерде мамыр) қайтыс болды десе , «Шыңғыс хан» телехикаясында 1226 жыл деп аталады. Сонда Шыңғыс хан бір-бір жарым жыл баласының қазасына бармағаны ма? Шындыққа жуыспайды. Жетпіс жастан асқан шағында денсаулығының сыр бере бастауы және үлкен ұлының қайғысы Шыңғыс ханға оңай тимесе керек. Қалай болғанда да тұңғыш баласының өлімі қағанның қабырғасын қайыстырады. Денсаулығының нашарлауына қарамастан аңыз бойынша Жошыны жерлеуге атқа әрең отырып барып, кейін қарай арбамен алып қайтқан. Деректер бойынша, ол жол үстінде 1227 жылдың 25 тамызында қайтыс болған. Ал кейбір деректерде осы жылдың шілде айында деп те жазады. Жошы мен Шыңғыс ханның өлімінің арасы екі-үш айдан аспаған. Шыңғыс хан өлімінің себептері жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі пікірлер бар. Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен. Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ болады. Ал ресми мәліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Біздің пікірімізше, Шыңғыс ханның өлімін тездеткен тұңғыш баласы Жошының қайғысы. Жошыны жер қойнауына беріп кері қайтып келе жатқан қаған жол үстінде о дүниелік болғанын айттық. Аңыз бойынша, оның өлгені құпия қалуы үшін жолда кездескендердің барлығын өлтірген. Шыңғыс ханның сүйегін моңғол жеріне апармай, Ертіс өзенінің бойындағы Шыңғыстауда жайлауда отырған бәйбішесі Бөртеге жеткізіп, күзет қойып, осы жерден қағанның өлімі туралы жария етіледі. Жер-жерден халық келіп, қағанмен қоштасу Шыңғыстауда болған сияқты. Қоштасу рәсімінен кейін аза тұтқан, жиылған елдің ығайлары мен сығайлары біртіндеп тарай бастайды. Ойланайық оқырман! Солардың өзінен Шыңғыс ханды қайда жерлейтіндігі құпия болғандығын аңғарамыз. Ендігі үлкен мәселе қайда жерлеу керек? Шыңғыс хан жаулап алған жерлердегі қатыгездігі үшін моласын қорлауы мүмкін деген оймен өз денесін ешкімге көрсетпей, белгісіз етіп қоюды талап еткен деседі. Ондай жағдай көшпенділердің тарихында болып тұрған. Әсіресе, хандардың, патшалардың, кісі ақысын жеп, елді зар еңіреткен байлардың молаларын бұзып, қорлаған жағдай ежелгі Моңғол, Қытай шежірелерінде айтылады. Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жерленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Ол аңыздардың мазмұны әр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы. Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының маңына жерленуі. Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі таңдап алған екен. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып, жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып: «Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!» , - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап. Рашид-ад-Диннің мәліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді. Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман пайда болған. Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін. Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып, жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап таратқан. Марко Полоның жорамалы бойынша, «моңғолдар барлық ұлы басшыларын, қағанның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына жерлеген. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай тауына әкеліп қоюға тиіс» дейді. Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі - Ішкі Моңғолия, екіншісі - Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі - атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды, өйткені, Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жерге жерлеу де көптеген халықтардың, әсіресе, түріктердің салтында бар емес пе? Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандыкі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Осы үш өңірдің қатарына Қазақстанды да қосуға болатын сияқты. Себебі қаған қайтыс болған кезде Аягөз маңында Бөрте бәйбіше жайлауда отырғанын, Шыңғыс ханның осы маңда да көз жұмуы, оны бәйбішесіне алып келуі мүмкіндігі туралы айтқанбыз. Қай халықтың да өлген адамды кешіктірмей туған жер қойнауына беруі ертеден келе жатқан салт-дәстүр. Қағанды туған жеріне жеткізудің қашықтығына және ауа-райының ыстығына байланысты әрі қарай жүру қиын болғандықтан, үлкен ұлы Жошының сүйегінің Ұлытауда жатқанын ескеріп, оның денесін сол Аягөз маңында жерлеуі мүмкін. Ал, М.Қожырбайұлы «бабамыздың моласы Ақмола облысы, Атбасар үйезінде, Бағаналы-Балталы деген найман жайында, Қаракеңгір бойында сырлаған кірпіштен салған ескі екі бейіт бар: Алаш және Жошы хан. Міне, осы Алаш хан мазары деп жүргендеріміз Шыңғыс хан бабамыздікі» дейді. Сонда Ұлы таудағы Жошының қасына жерлеген болады ғой. Бұған не айтамыз? Шыңғыс ханның моласын жоғарыда аталған екі өңірден де іздеу ақиқаттан алыс кетпейді. Шыңғыс ханның сүйегін табу үшін моңғолдармен қатар америка, жапон, француз, орыс ғалымдары да біраз тер төккен. Іздеу-зерттеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оның өмірін 20 жылдан бері зерттеп жүрген америкалық ғалым Клавдистің пікірінше, бұл жұмбақ ұзаққа созылмайды. «Ана тілі» газетінде (2009 ж., 21, 22 сандары) филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Қ.Сартқожаұлының «Шыңғыс хан мазары табылды» деген мақаласы жарық көрді. Айтса нанғысыз. Мақаланың мазмұны қысқаша мынаған саяды. Ұлы қағанның мүрдесін іздеген жүздеген экспедициялар мен жеке саяхатшылардың ішінен бір ғана адам, ХХ ғ. басында (1903 ж.) Кентай жотасындағы Бұрқан-Қалдұн тауына барып, тұрғын халықтармен етене араласып, ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, Шыңғыс ханның мазары осы таудың үстінде деген тұжырым жасап, болашақта зерттеу үшін жолсапар белгілепті. XVIII ғасырдың аяғында туып, XIX ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүрген моңғолдың ғұлама тарихшысы әрі жазушысы Ванчинбал «Көк судар» (Киелі шежіре - бәріміз білетін «Моңғолдың құпия шежіресі» негізінде жазылуы мүмкін) деген тарихи еңбегінде Шыңғыс ханның мүрдесін Бұрқан-Қалдұн тауының басына жерлеп, үстіне тастан үй салған. Мүрдені шынар ағаштан әдемілеп жасалған сандыққа (табыт) салып, оны үш жерінен алтын белдікпен орап (түріктерде, мұсылмандарда бар ғұрып), оны айналмалы механизмге орнатып жерлеген. Ол қандай механизм? Қандай заңдылыққа сүйеніп жасалған, ол 365 күннің бірінде шығысқа қараған сәтте ашылуы мүмкін дейді. Оны қалай есептеп шығаруға болады деген сұрақтар ойға келеді. Мүрденің басы күншығысқа қарамаса ашылмайды да, табылмайды, табылған жағдайда ашуға болмайды дейді. Өйткені, ондай жағдайда күтпеген табиғат апаты, соғыс, індет ауруы болуы мүмкін. Табытты ашатын күншығыстан көк бұқа мініп келген, сақалы белуарына дейін түскен қарт адам болатын сияқты. Қандай халық болмасын, мүрденің басын батысқа бағыттап жерлейді. Өлген дененің қозғалмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Бұл да сол Қаған мүрдесін іздетпеудің, таптырмаудың аңызға айналған амалы болса керек. Осындай ел аузындағы аңыздар мен дәстүрлерге, басқа да деректерге молынан хабардар болған және ұлы бабасының өсиеті мен тәрбиесін көрген, кішкентайынан бабасының Шіветі-Қайрхан тауының басына ертіп апарып, тастан жасалған алып кешенді көрсеткенін, «бұны сырт адамға айтуға, көрсетуге болмайды, мұнда аса үлкен құпия жатыр. Осы құпияны ашуға атсалыс» , - деген тапсырмасын ұмытпай, ер жеткесін оны орындауда моңғол азаматы Нямаагийн Даваа хан мазарын табу үшін үлкен іске кіріседі. Ең әуелі Шіветі-Қайрхан тауындағы кешенді қазу кезінде Білге қағанның мүсінін табады. Одан кейін Моңғол үкіметінің рұқсатын алып, Бұрқан-Қалдұн тауының үстіндегі биіктігі - 12 метр, ұзындығы - 280 метр, көлденеңі - 190 метр кешенмен екі жыл бойы айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Георадиофизик, археолог, радиометр мен радиомагниттік бақылау әдістемелері арқылы жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде, таудың үстіндегі кешеннің астында 30 метр тереңдікте бағалы металл және сүйек орналасқан табыттың суретін шығарады. Осы Шыңғыс ханның мүрдесі деген қорытындыға келеді. Бұл жерде мынаны ескерген жөн. Сол маңда Шыңғыс ханға дейін де, кейін де ұлы адамдардың жерленуі мүмкін ғой. Оның мазарын қазып, сүйектің дәл қағандыкі екендігіне көз жеткізбесе, бұл да сол аңыз күйінде қалып қояры хақ. Бұл бір. Екіншіден, ол мазар Шыңғыс хандыкі деп қазуға моңғол халқы рұқсат бермесе, автор айтқандай, әлі де мың жылдар бойы құпиясын сақтап, аңыз болып қала берер дегенімен толықтай келісуге болады. Зерттеуші ғалымдар қағанның мүрдесін іздегенде Бөртенің қайда жерленгені туралы мүлдем ескермейтін сияқты. Бөрте Шыңғыс ханнан кейін қайтыс болса, оны Қағанның қасына жерлеу ақиқатқа жақындау келмей ме? Ұлы ханға байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқанбыз. Солардың бірі - Шыңғыс ханның суреті . Бұл туралы И.Қабышұлы «Шыңғыс хан суреттерінің сырына үңілсек» (Егемен Қазақстан, 2002 ж., 30 қараша) деген мақаласында оның төрт суреті көрсетілген. Солардың екеуіне зейін салайық. Үшінші суретті негізінен Еуропа мен орыс тарихшылары қолданған болса, төртіншісі ислам дініндегі түркі елдерінің пайдаланып жүрген тұрандықтар салған сурет. Шыңғыс ханның суреті жайындағы құпия екі суретіне байланысты. Осы екеуін мақаламызға енгізіп, басқа екеуіне қызығушылар И.Қабышұлының жоғарыда көрсетілген мақаласынан не осы жолдар авторының «Тұғыры биік тұлғалар» кітабынан қарауына болады. Біздің 1990 жылға дейін Шыңғыс хан суреті деп немересі Құбылай орнатқан Юан ұлысын құртқан,қытай әскерінің қолбасшысы Го-цы-синнің суретіне (1-сурет) табынып келіппіз, яғни оның дұшпанын дәріптеппіз. Қытайда әркез билеуші хандардың және ханшайымдардың суреттері сақталатын мұражай болған. Оған кез-келген адам кіруге, көруге тиым салынған. Бірақ, әйгілі француздың миссионері А. Гюбрек амалын тауып кіріп, мұндағы суреттердің дұрыс-бұрыстығына мән бермей, Қытайдың қылқалам шеберлерінің ең озық дүниесі деп 1-суретті асыра мақтаған. 1968 жылы этнограф-зерттеуші Л.П. Сычев «Шыңғыс хан және оның мирасқорларының суреттері» деген мақаласын «Народы Азии и Африки» журналына жариялайды. Бұл сурет Юан ұлысын талқандаған Қытайдың Мин патшалығының қолбасшыларыныкі болып шығады. Кейін бұл суретті Чин ұлысының суретшісі Шангуан Жоу салады да, баспаханадан көбейтіп, әлемге таратады. Осылайша, Шыңғыс хан деп сеніп келген сурет қытайлық Жу Юан Жан салған Го-цы-синнің суреті болып шығады. Ал Юан ұлысының хандары мен ханшайымдары суреттерінің арасынан табылған суретке (№2) зер салайық. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, бұл суретті Шыңғыс ханның немересі Құбылайхан Юан ұлысының дәуірлеп тұрған шағында Жалайыр Қара Қасен дархан (моңғолда ұстаны - «дархан» деп қастерлеп «дархан хун бурхан ухаантай» - ұста ұлықтардан да ұтқыр ойлы деген) салған болуы керек. Ол мәрт, жомарт, абыз, ақылгөй ғұлама, ғажайып суретші адам болған. Оның салған суретінде Шыңғыс хан басына айқара жапқан ақ құндыз тұмақ, үстіне қаусырмалы орама жағалы ақ шапан киген кең маңдайлы, келіскен келбетіне ақ бурыл сақалы жарасқан, оң құлағының артында сырғаға ұқсаған дөңгелене түйілген шашының шеті қылтиған, тұмақ астынан самайына қарай қос кекілін жара тараған, терең ой үстінде отырған адам бейнеленген. Шыңғыс хан замандастары оны көбіне осылай бейнелейтін және «Шыңғыс хан» телехикаясында осындай көріністер жиі көрсетілген. Шыңғыс ханды көзбен көрген қытайлық Чан-чун әулиенің «ол етжеңді, толық денелі, қой көзді, қоңырқай жүзді, ажарлы адам», «Құпия шежіреде» Есүкейге қоңыраттың Дей шешені: «Балаңның көзі отты, жүзі нұрлы екен, құда болсақ қайтеді?» дегенінен басқа оның бет-бейнесі, кескін-келбетін суреттеген бірде-бір дерек жоқ. Сондықтан да жалайыр Қара Қасен дархан салған суретті қағанның шынайы бейнесі деп қабылдауға болатын сияқты. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Шыңғыс ханның өмірі тарих қойнауына тереңдеген сайын, оның беймәлім беттері де қоюлана түседі, ал олардың сырларын ашу алдағы ғасырлар еншісіне тиері сөзсіз. Олай болып жатса, ол сол кезеңнің ұлы кереметтерінің арасынан орын алатынына күмән жоқ. «Қазақ тарихы» журналынан
|
qosymsha/abai.kz | post_180222.txt | Биыл 1 306 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды | https://abai.kz/post/180222 | "Биыл 1 306 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды" | "https://abai.kz/post/180222" | 19.02.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Биыл 1 306 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
URL: https://abai.kz/post/180222
META: "Биыл 1 306 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды" | "https://abai.kz/post/180222"
DATE: 19.02.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 83
TEXT: Жыл басынан бері 1 306 этникалық қазақ отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Олардың жартысына жуығы яғни, 48,9 пайызы Қытайдан, 29,6 пайызы Өзбекстаннан, 8,3 пайызы Моңғолиядан, 4,4 пайызы Ресейден, 7,3 Түрікменстаннан қоныс аударып отыр, деп хабарлайды Abai.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап. Қалған 1,5 пайызы өзге де елдерден көшіп келген. Ресми дерекке сәйкес, қоныс аударушылардың еңбекке қабілеттісі 56,2 пайызды құрайды. 33,6 пайызы – балалар, 10,2 пайызы – зейнеткерлер. Ал, жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 129 мың 600 қандасымыз оралған. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_83476.txt | Ел сыншысы - Көдек ақын | https://abai.kz/post/83476 | "Ел сыншысы - Көдек ақын" | "https://abai.kz/post/83476" | 26.12.2018 | Серік Сүйіндік | null | TITLE: Ел сыншысы - Көдек ақын
URL: https://abai.kz/post/83476
META: "Ел сыншысы - Көдек ақын" | "https://abai.kz/post/83476"
DATE: 26.12.2018
AUTHOR(s): Серік Сүйіндік
TOTAL WORDS: 2617
TEXT: Мен Көдек ақын жайлы әңгімелерді кішкене күнімнен әкемнен естіп өстім. Естіп өстім дегенімнің өзі әкейдің ара-тұра шай үстінде айтқан әңгімелері мен үзік-үзік шумақтар ғана еді. Ақиқатында, ол кездерде Көдек шығармалары еркін дәріптелмейтін. Тек есімде қалғаны әкем марқұмның ақынның шумақтарын төгіп-төгіп жіберіп «Қайран Көкең!».. деп ойға шомып қалатыны еді. Кейін есейгенде әкем құралпылас кісілерден Көдек туралы естіп қалып жүрдім, Бірақ, ақынды терең түсініп, зерттей жөнеледім десем артық болар. Мән бере қоймағанымның себебін қазір ойласам, Көдек ақынның болмысы біз тәрбиеленген жүйеден тым алшақ екен. Көдек ақын "Түлкінің қызылдығы басының соры" дегендей Көдек шығармашылығының көнелігі, қазақы түпнұсқа болмыстан тұратыны - оның жырларының насихатталмауының басты себебі болса керек. Көдек сынды қазақы ақындық міндетке адал болған қаншама ақындардың шығармалары түгелдей жойылып, там-тұм тамтығы ғана осы заманға жетті. Ал Көдек Байшығанұлының шығармаларының толыққа жуық сақталып бізге жетуі үлкен олжа. "Мен едім ақын Көдек Сүмбедегі, Бар шығар Құдаяның бір дегені. Белгілі алыстағы дұшпаннанда Дос жаман аңдып жүрген іргедегі. Ұсталып кейбіреулер кетіп жатыр, Кебенек киген адам бір келеді. Қаңғырып өрмен қырға қашқын болдық, Кісідей түсі кеткен түрмедегі. Санасам бір ай он күн болған екен, Бері өтіп шекарадан "шу!"дегелі. Жарамды мал пұлымды қалмақ алды, Оның да келер ме екен бір кезегі. Бүлдіргі бүлінгеннен алма деген, Айтқаны бұрынғының шын келеді. Тоқыған көл жүзіндей дүние тұр, Ел болып қай уақытта гүлденеді" - деп басталатын "Ел аралау" дастанында ақын өзі айтып өткендей, "шу" деп шекарадан өтіп кетпегенде, мұралары бүгінгі заманға осы қалпында жетер ме еді, жетпес пе еді?! Әрине жетпей қалған әндері, жырлары, дастандары да бар деп естиміз. Он беске тарта әндері болған деген дерек бар. Соның үшеуін, төртеуін талмай іздеп зертеп, Тілеулес Құрманғалиев көпшілікке таратып жүр. Қызыл өкіметтің құрығынан қашып өрге барғанымен ол жерде де жағдай бірден мәз бола кетпесе керек. " ...Суырша жердіп қазы кіріп алып, Келісіп тұрған кезі сұрдың енді. Үйді су алмасын деп жауын жауса, Есікті еңіс жақтан жырдық енді. От жағып ортасына көріп едік, Кірді де көзге түтін құрыдық енді. Бұнымен дәурен сүріп болмайды деп, Құлжаға меш іздеуге жүрдік енді. Мешті әкеп гүрілдетіп жаққаннан соң, Азырақ көңіл шіркін тындың енді, - деп суреттегенінен онда барған елдің жағдайын анық көруге болады. ...Қапалық осы жерден келді басқа, Ойласам тұрмысымды бір күні енді. Ерулік жөні келсе сұрайын деп, Аралап қайтайын деп бір құры елді. Нәсіпке не ілінсе көретұғын, Жолы деп жанбағыстың тұрдым енді. Ұранды аты шыққан жақсыларды, Аралап қайтайын деп бір-бір енді. Қасыма Әлімбайды ертіп алып, Атыма тәуекел деп міндім енді..." - деп әруақты ақын ол жақтағы Албан мен Қызайдың арасына барған соң да ақындық міндетінен жазбай, қазақы жүйемен ел аралап өлең айтуын жалғастырады. Бұл жақа ақын Көдек қашып келіп, Аралап елі жұртын көргелі жүр. Мампаң мен ақалақшы зәңгілерін, Қабаттап бір өлеңге тергелі жүр. Бас тартпай турасынан қоя берсем, Сөзімнің шығар еді кермегі бір, - деп жырлағанынан-ақ ақынның тек ерулік сұрап, жанбағыстың қамымен ел араламағанын, ақиқатын айтып, ел сыншысы бола білгенін көреміз. Шындығын айту керек, Көдек шығармалары бізге сол қытай жеріндегі қазақтардың жинақтап төте жазумен бастырған кітабымен жетті. Ол кітаптың жинақталуына Нұрмұқан аға сынды жақсылар мұрындық болған деп естиміз. Әрине ондай ұлағатты іс атқарған ағайынға айтар алғыс шексіз. Бұл жерде Көдек Байшығанұлының ақындығы қытай жерінде қалыптасты ма деген ой тумауы керек. Басына қуғын түсіп тағдыры аласапыранға айналған ақын көкірек, қытай жеріндегі тұрғын елдің арасына кіргеннен соң еркін көсіліп, өз мұңын ғана емес ел мұңын суреттеп, өзінің де сол сорлаған елдің бірі екенін ұғына жырлап төгілгенде, шығармашылық жолының келесі жаңа белесіне шарықтай көтеріле түскенін ұғына білуіміз керек. Байқап қарасақ Кеңес өкіметіне Көдек ақынның өлеңдері ғана емсе, өзгермейтін қазақы болмысы, қазақы қасиетті жүйеге сай қалыптасқан ақындық көзқарасы ұнамаған екен. Көкеңнің "он алтыда" солдатқа алынып, одан қашып келгені туралы да дастаны бар. 1916 жылдағы Ұлтазаттық көтерілісті, одан кейінгі жылдардағы болған оқиғаларды, қалмақтан мал-жанды даулап барған Тұрлықожа Жансеркеұлының Қытай әкімшілігімен келіссөз жүргізген дипломатиялық сәтін былай деп жеткізе жырлайды. Он жетiншi жылыңа, Келдiм жаңа аяңдап. Ендiгi сөзге, құлақ сал, Сөйлесiн Көдек баяндап. Тұрлықожа жол шектi, «Елiмдi жиып алам – деп. Үрiккен жұртты қайтарып, Қонысына салам», – деп. Құлжа деген шәрiде, Қытайдың басшы амбалы, Жыңжушыға жолығып, Қолына алды тамғаны. Жергiлiктi ұлықтың, Болмау үшiн жанжалы. «Босқын елден таланған, Мал-мүлiктi бер, — дедi. Қашқын да болса халық қой, Оған көңiл бөл», — дедi. Сүйдiн деген қалада, «Ерлiгiмдi көр» дедi. Сабап Төрге қалмақты, Айтқанына көндiрдi. Аударып алып бөрте атты, Жанына хауiп төндiрдi. Үсейiнбай қашқарлық, Ыңғайында ол жүрдi. Мың амбы, сiбе қалыс боп, Сөзiне сонда сендiрдi. Сексен түйе, сегiз ат Ел шығынын өндiрдi. Қас, Күнес, Текес, Жырғалаң Ердiң iсiн ел бiлдi. Бәрiн түгел аралап, Ақылға елдi көндiрдi. Қалжат, Қорғас, Нарынқол Шегарадан өткiзiп, Жерiне елдi қондырды. Айтып айтпай не керек, Ақылы асып жөн бiлдi. Опасы жоқ сұм ажал, Есiл ердiң қапыда, Оң сапарын сол қылды. Бармақ тiстеп, сан ұрып, Қалың Албан шулапты. «Ажал неден болды» деп, Шаңдатыпты тулақты. Қауып қайдан демеңiз, Қалмақ деген қу халық. Қапысын тауып кетiптi, Үзеңгiге у жағып. Адастырды аңғалдық, Құр амалсыз шуладық. Үш күн салып араға, Сүмбенiң өтiп суынан, Сол удан ер сұлапты. Жеткенiнде жұма күн, Жансеркенiң жанына, Ат жалын құшып құлапты. Осындай жолды жүріп өткен, ішкі жан дүниесі ақиқат қазақ жүйесіне құрылған көне ұлағатты аңсап, қазақтың басына мызғымас бақ-дәулеттің орнауын, елдің іресінің бүтіндігін, болмыстың заңдылыққа сай тұрақтылығын армандаған ақынның "жасасын" деген ұранға еріп өзгермеуі әрине жаңа үкіметке ұнамасы айқын. Басында "патша қысымынан құтылдық, теңдік алдық" дегенге иланғанымен, Кеңес үкіметінің түпкі бағытын аңғарған ақын жүрек жалғандыққа бара алмайды. "Бұл сәбет "жаса" деді жасатады, Жақсыларды қудалап тас атады, Отыз қойлы орташа аман болсаң, Сағанда құйрық бауыр асатады", - деген сияқты шумақтар ел аузында сақталған. Біздің қаттар бұндай шумақтарды бір кезде сыбырлап қана айтатын еді. Ұлттық болмысқа сатқындық жасамай, ақырына дейін ақындық миссияға адал болып өткені Көдек ақынның шоқтығын асқақтата түсіп тұр. Қашанда елге арқа сүйеген ақын арғы бетке өткен соң да "қашып келдім екен" деп бұғып қалмай әділетті жақтап, ақиқатты айтып өтеді. Сол қашып барғанына "бір ай он күн" өткен соң-ақ ел аралап өлең айтқан ақынның тек жанбағыс күйттемей ел басшыларын сынауы, барды бардай жоқты жоқтай айтуы нағыз ақынға ғана тән мінез. "Байбатша, Үсен саған айтарым бар, Ойың жоқ елге үлгі берсем деген. Ұрлық, зорлық кәсіптің бәрі сенде, Жағдайын ел ішінің көрсең деп ем. Еліңді төрт жыл өтті сұрағалы, Таусылып кедей кепшік жүр амалы. Бозымға бұта ғұрлы пана болмай, Бір түмен ақыреттен жылады әні. Әуезхан, Жақыпберді шырағым-ай Самудың байлауында құлағаны. Жаралы жауды аяған болар деген, Түсіріп сені қолға сынағаны. Жасаңбай, Әбдірақпан, Үсенменен, Қытайдың пәресіне құлағаны. Ор қазсаң кеңірек қаз деген сөз бар, Ақырың ертең түбің сұралады", - деп ашына бетке айтып жырлауы оған дәлел. Көдек мұрасының елге оралуы қарсаңында бұл жақтағы ел де қарап қалмай, ағайын туыс бас болып ұйымшылдықпен қарсы алды. Нарынқол ауданындағы ақынның туған жері Сүмбе селолық округіндегі Қызылшекара орта мектебінің аты Көдек Байшығанұлының атына берілді. Сол жиын-той кезінде қолына тисе керек, әкем үйге Көдектің төте жазуымен басылып шыққан кітабын әкелді. Әкем Айтбай Әбдіраймұлы төте жазуға да, крилицағада жетік, орыс тілінде ауыз екі таза сөйлейтін кісі еді. Қазақтың көне қиса-дастандарын жатқа соғып, ертегі етіп бізге айтып беріп отырар еді жарықтық. Әкем кітапты әкелді де, "Көкеңнің өлеңдері"- деп дауыстап оқи бастады. Қандай әсер алғанымда анық есімде жоқ, жастау, аңғырттау шақ... өлең баурады ма, әлде бір тылсым күштің әсері ме, төте жазу оқи алмайтын болғандықтан, әкеме дауыстап оқытып жеке дәптерге біраз өлеңдерін түсіріп алдым. Ол қол жазбам әлі сақтаулы, кейін Көдекті ұғынып, зерделей бастаған кезімде компьютерге түсіріп қайталап оқып, бір талайын жаттап айтып жүрдім. Есейіп, қолға домбыра ұстап жергілікті жерде өнер ортасына араласа бастағанымда, Көдектің ешкімге ұқсамайтын өлең-жырлары қазақы қасиет пен Албан елінің басынан өткен тарихқа қанығуыма басты бағдаршы болды десем артық айтпаған болар едім. Көдектің шығармашылығы мені көнеге жетелеп, жыр дастандардың сырына үңілуге үйретті. Аудандық, облыстық ақындар айтысына түсіп, жүлделі орындарға ие болған кездерде де, қазақы заңдылықпен Көдек ақынның әруағына сыйынып жүретінмін. Әкем «иғай» деп бастап бір әуендер айтып жүретін, өзі қазақы қара өлеңге жүйрік еді. Сол әуендерінің ішінде біреуіне салып, "Иғайға басады екен өрдегі Албан" деп Көдектің өлеңін тербетіп отыратын. Мен ол мақамға ерекше ден қойып жүрдім, үйреніп, өзімше құбылтып реті келген жерде домбыраға қосылып "Көдек ақын былай деген екен "деп айтып қалып та жүретінмін. Бір күні сол мақамды Тегістікте бір қарияның аузынан естіп қалдым да, "бұл қайдан келген әуен" деп сұрадым. (Өкінішке орай ол қарияның атын ұмытып қалыппын. Ұрпақтары сол Тегістік ауылында күні бүгінге дейін тұрады. Індетіп дерегін табу қиын да емес) . "Бұл ақын Көдектің әуені» деп бұрын үлкендер айтып жүретін әуен ғой" деді. Иә, Көдек өлеңін бәрін дерлік әуенмен айтқан екен ғой деген ой сап ете қалды. Ішкі жан дүниемде бір тербеліс ойнап өткендей болып, арқа басым шымырлай жөнеліп барып басылды. Бәлкім әруақтың қолдағаны деген осы шығар. Содан бастап Көдек шығармаларына ден қойып қыр-сырына үңіле бастадым. Өкініштісі сол, аңызға айналған ақын туралы төгілтіп дерек айтатын кісілер өмірден озып кеткенде қимылдаған екенмін. Жүрген жерімде Көдек туралы білетін кісілер болса әңгімелесіп жүрдім, алайда тұщымды дерек тым аз. Тек әкем ол кісіні сол "қаш-қаштың" кезінде 7-8 жасында көргенін айтты. Әкемнің әкесі менің туған атам Әбдірайым Көкеңмен замандас екен. Көдек ел аралап жүріп біздің ауылға түсіпті. Біздің ауыл ол кезде қытай жеріне қашып барып шошала-қос тігіп отыр екен. «Ақын келді» деп мал дегеннен қалған жалғыз ешкіні сойып қонақ етіпті. Ол оқиға туралы Көдек ақын өзінің «Ел аралау» деген дастанында: «Тігулі үйден үмітім үзілгенде, Шошайған араладым қостың бәрін», - деп өлең айтып өтеді. Сол дастанындағы: «Үсен мен Әбділдаға жолықпадым, Әдетін мұндағы елдің білдім енді. Албанның үрікпеген түрі мынау, Заманға не болғанын кім біледі. Өзімде ат шапандай айыбым тұр, Бұл жаққа пұл жина деп кім жіберді. Мұнда кеп тышқақ лақ сойып жемей, Өлеңді сол себепті қылдым енді. Ақын деп ешкі сойып қонақ етті, Қашқын ел тұрғын елден нұрлы келді» деген сөзі де осыған куә . "Көдек өлең айтар алдында бір сүт пісірімге жуық уақыт көмейінен ыңылдап отырады екен, ол кезде "өлең шақырып отыр" деп ешкім мазаламайды екен, сосын барып өлеңді төгеді екен. Шарықтап жырлағанда есіктен төрге, төрден есікке отырған бойы жылжып барып келіп отырады екен. « Ау» деп бастағанда көмейі үлкейіп кетеді екен», - деп айтушы еді әкем марқұм. Осы тектес әңгімені кейін жолықтырған көне көз қарттардан да көп естідім. Әнші Тілеулес Құрманғалиевтың ән қорындағы Көдектің «Қыздарау иғай» деген әннің қайырмасы: «Тал мойнын талай қыздың талдырғалы, Көкеңнің қолында тұр балдырғаны» - деп келеді. Қыдырып келген, төркіндеп келген немесе тойына туыстарын шақыра келген – қыз-келіншектер түскен үйге ақынды арнайы қолқалап шақырып есіктен төрге жылжып салатын ән-жырларын, өнерін тамашалатады екен. Көдек ақын ән сала отырып жылжығанда қыздар төрден есікке, есіктен төрге жеткенше қарап мойындары талады екен , "Тал мойынын талай қыздың талдырғалы" деп ақын сол сәтті әніне қосқан дейді аңыз. Шын мәнінде Көдек тарихи тұлға, аңызға айналған кісі. Менің түйгенім Көдек күйреуік, сарынға тым салынбай, жалған мадақ жасанды ұранға да елпілдеп ермей, болған жай, өткен оқиға, өзгерген заман туралы қаз қалпында айтып « Ақын ел сыншысы» деген көне қазақы ақындық өнерге соңғы демі қалғанша адал бола алған ақын. Жеке басын сөз қылып, өз мұңын күйттемей қазақы жүйеге тән ақындық тұғырды аласартпай өткеніне бүгінгі «Рухани жаңғырту тұрғысында» назар аударылса ақиқаттың ұшы көрінген болар еді. Көдекті қазақтың қасиетті көне жүйесімен зерттеген адам, елдің кім екенін, елдік жүйенің не екенін, ол жүйеде ақынның орны қалай болғанын білген болар еді. Қазақы жүйе қолды болған кеңестің жаңа заманы кезеңінде Ілияс Жансүгіровтің «Көке мына жаңа заманды мақтап бір өлең шығарыңызшы» - деген хатына «мен жаңа заманның өлеңшілері сияқты жаза алмаймын ғой» деп кесімді жауап беріп хат жазыпты деген әңгіме бар. Қазақта "Ұялмаған өлеңші болады» деген мәтел бар екенін білеміз. Егер өлеңші деген кім, ақын деген кім жырау ше, қай биіктікте, міндеттері қалай болған?" деген сұрақтарға жауап іздеген болсақ ақиқатқа жақынырақ келген болар ма едік... "Байқұрман Қосқұлақтың мампаңы екен, Үйіне қонақ қылды ертіп барып. "Келіпті Ел сыншысы Көдек"- деді Хабарлап Қаражонды жыйып алып" , - деп жырлайды Көкең "Ел аралау" деген өлеңінде Байқұрман мампаң бекерге елді жиып «Ел сыншысы» демесе керек... Көкеңнің көзін көрген қарттарды біз көріп үлгермедік. Ел аузындағы дерек тым аз. Алайда жан-жақты үңілген адамға ақынның артына тастаған мұрасы аз дерек емес. Жете зерделеген адамға, қолды болған, үзіліп елеске айналған қазақы болмыстың түп нұсқасы Көдекте қылаң беріп тұр. Біз Көдек шығармашылығын зерттеген кезде тұлғаның жеке басын ғана емес, қазақы болмысты зерттесек абзал болмақ. Себебі "Ел сыншысын" елден бөліп қарау мүмкін емес. Сансырап екі келіп, есі кетіп Орысқа қараған ел мұңлы келді Ұйытқылы байдың бәрі тозып кетті Үзілмей келе жатқан шынжыр еді Солардан айырылған соң қайран елім Кетті ғой тоз-тоз болып жүнжіп енді Ел болмай осы бойдан кетер ме екен Қолына тимей тізгін,шылбыр енді Түтіні тұман болған қайран Албан Кейінгі не болады тірлігі енді , - деген бір шумағының өзі ақиқат заңдылыққа құрылған қазақы қасиетті жүйенің болғанын, сол жүйеден айырылған соң не болғанын бейнелеп көрсетіп-ақ тұр. Тек қана Албан емес, қазақтың болмысы шатқаяқтап тұрғаны жасырын емес. "Оны білетін бала қайда" демекші, бүгінгі өз болмысы өзіне жат космополит ұрпақ не деп не қоярын уақыт көрсетеді. Біз пақырдың қолынан келгені Нұрлан Әбдібеков бас болып, Аман Мәнжуев демеушілік жасап Марат Жайнақов ұйымдастыруға ат салысып жинақтап Қазақстанда бастырған «Қайтейін жалған дүние» атты жыр жинағының көпшілікке тарауына араласып, насихат жүргізген болдық. Азды көпті шығармаларын мақамға салып ел арасында таратып айтып жүрміз. Актер Дархан Дайырбеков "Сәбит Оразбаевтан үйрендім" деп бір мақам айтып жүр. Көдектің "Албан тарихы " дастанын сол мақамға салған екен үйлесіп ақ кетіпті. Сәбит Оразбаев "бұл мақамды мен Жетісу ақынынан үйрендім" деген болатын дейді Дархан. Бар әл, жоқ жаймен Ақын Көдекке еліктеп ән жыр қалыптап жүрген де жағдайымыз бар. Қызды- қыздымен: "Жігітке үйде жатқан атақ қайда, Ел кезіп дәмін таттым түрлі жерден. Сатылап жұрт алдында сөйлеп кетсем, Сөзімді талай адам үлгі көрген. Көдектің көне жолын жалғасын деп, Албанға мен сияқты ұлды берген", - деп салдық бір кезі келген жерде. Бұл шумақты айтқан кезімдегі ой, өзімді мадақтау емес. Осы болмашы шумақты тыңдаған кездегі елдің көңіл күй аңғары еді. Ол қошеметке толы көңіл-күйден шығарған қорытындым, атаққұмар, мансапқорлықтан ада, Көдектер ұстаған қасиетті жолмен жүріп, ел сыншысы бола білетін ақын туылар болса ел қашанда тыңдауға, ұғынуға, сынына құлақ асуға дайын екен. Біздікі енді "ит жоқта шошқа үреді қораға, би жоқта құл жүреді жорағаның" кері болса болар, болашақта Мұқағали армандаған нағыз ақын бәлкім сол көне сүрлеумен жүретін шығар. Қазақ елі "Рухани жаңғыруға" ден қойған кезеңде кемімізді түгендеп, кетігімізді бүтіндеу үшін көнеден бізге жеткені сонау Сары-Шуаштан бастап, Көдек , Шалтабай, Албан-Асандар қалыптастырған, кешегі Шарғын, Қасен, Оразалылар жалғастырған ұлы жолды жаңғыртып жалғайтын ұрпақтар өсіп ұлтына, еліне қызмет жасаса руханиятқа қосылған мол үлес болар еді. Ол үшін жүйелі жұмыстар атқару кезектегі мәселелердің алдыңғысы болуы керек. "Көдек Байшығанұлының екінші кітабы басылуға дайын", – деп Нұрлан аға Әбдібеков сүйіншілегелі де бірталай уақыт болды. Көдек Байшығанүлының әндерін жырлап, зерттеп, зерделеп жүрген біздің замандастарымыз да баршылық. Ол топтың басында Тілеулес Құрманғалиев, Рамазан Стамғазиевтар тұр. Ал өз басым ақынның 125 жылдығына орай алғаш кітабы басылып М. Әуезов атындағы драма театрда аталып өтілген кезде Көкеңнің «Бесік жыры» өлеңінен үзінді алып композитор Қанат Ибрагимовқа арнайы тапсырыс беріп ақылдаса отырып әнін жазғанбыз. Заманауи өңдеп, орындап жүрміз. Эфирге дайын. Сәті түссе шырқалар күні алыс емес деп ойлаймын. Бұл дегеніміз Көдек Байшығанұлының шығармасы көне мен жаңаның жалғауы бола алатынының дәлелі. Ақын Мұқағали ақын Көдектің жиені екенін ескерсек «жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» деген мәтелдің тегін айтылмағанын көреміз. Болмысынан қасиет қашпаған Райымбектей әулие-батыр шыққан жердің ұрпағының, яғни ақ иық Мұқағалидың тектілігі мен талантына кесір тигізбей нағашы жұрты ретінде ақпаратын еселей білген атаның болмысына мың алғыс. Ал енді биылғы жылдың жетістігі - облыс орталығында өткен « Бәйтеректі ордам - бас ордам» атты жыршы-жыраулар конкурсына ақын Көдек Байшығанұлының «Ел аралау» дастанын алып барып жүлделі орынды иелендім. Галла концертке арнайы қатыстырып дастаннан үзінді орындатты, көпшілік жылы қолпаштап қабылдады. Көдек дастаны қарттардың ауызымен жеткен мақаммен Жетісу сахнасында тұңғыш орындалды. "Көдек менің - Пірім" десем деп болады. Иә, Пірім деп айтыпта жүрмін. Әруағы тіктеле берсін! Қолдай берсін! Аталаспыз, ұрпағының бірімін, "Мен өзім айт елімін Сүмбедегі" деп жырлаған ақынмен жерлеспін де. Менде сол ақын Көдек Байшығанұлы туған Сүмбе ауылының тумасымын. Әруақты ақынның пір биіктігімен, қолдауын көтере алатын қасиетке ие ұрпақ болсақ әлі талай Көдек көтерілген белестермен табысармыз. Тәңірі жолды оңдап, Әруақ қолдап Көдек ақынның әруағы тіктелген үстіне тіктеліп тұғыры биіктей берсін. Биыл ақынның туғанына 130-жыл. Көнеден сөзі жеткен, қасиетті ҚАЗАҚ жүйесіндегі ақындық миссияға аяғына дейін адал бола білген, мына заманда қадау-қадау болсада жоқтаушысы бар, артында ұрпағы қалған Көдек Байшығанұлы бақытты ақын. Серік Сүйіндік Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_145228.txt | Ноғаев халық алдына енді шықты | https://abai.kz/post/145228 | "Ноғаев халық алдына енді шықты" | "https://abai.kz/post/145228" | 03.01.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Ноғаев халық алдына енді шықты
URL: https://abai.kz/post/145228
META: "Ноғаев халық алдына енді шықты" | "https://abai.kz/post/145228"
DATE: 03.01.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 132
TEXT: Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездесті. Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша газға баға белгілеуге қатысты үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылғанын, олар газдың бағасын реттеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін айтты. Әкім өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында газдың литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендетуге белсенді шешім қабылдағанын айтты. "Баға дәліздерін құру және жанармай бағасының алыпсатарлық өсуіне жол бермеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданады. Жанармай құю бекеттерінің иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексеруді бастады", - деді Нұрлан Ноғаев. Облыс әкімі жиналғандарды мәселелерді заңды жолмен, сындарлы диалог арқылы шешуге шақырды. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_41973.txt | МҰХТАР МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ | https://abai.kz/post/41973 | "МҰХТАР МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ" | "https://abai.kz/post/41973" | 30.09.2015 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: МҰХТАР МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
URL: https://abai.kz/post/41973
META: "МҰХТАР МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ" | "https://abai.kz/post/41973"
DATE: 30.09.2015
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 370
TEXT: 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Абай қорық-мұражайында «Мұхтар мұрасы - адамзат байлығы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Байқауға жас ізденушілер, колледж студенттері және мектеп оқушылары шақырылды. Байқауға қатысушыларға төменде көрсетілген тақырыптар ұсынылды: - М.О.Әуезов өмірбаяны; - Абай, М.О.Әуезов шығармаларының шығу тарихы; - М.О.Әуезовтің қоғамдағы қызметі; - М.О.Әуезовтің әдеби мұрасы; - М.О.Әуезовтің ғылыми еңбектері; - М.О.Әуезов бейнелеу өнерінде. Байқау Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к., доцент Ж.Әубәкірдің алғы сөзімен ашылды. Қалалық Мәдениет сарайының әншісі Ж.Шарипов Абайдың әндерінен попурри орындап, Ә.Қашаубаев атындағы филармония күйшісі Р.Азаматова күйден шашу шашты. №5 Облыстық дарынды балаларға арналған гимназияның 1 сынып оқушысы И.Мақсатқызы Абайдың 31 қара сөзін оқыды. М ә нерлеп о қ у сайысы бойынша: М.Алепарова – Абай атындағы драма театрдың және М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің сахна тілі пәні мұғалімі, Н.Өмірбекова – Абай мұражайының жетекші ғылыми қызметкері, «Асыл қазына» газетінің жауапты редакторы, Г.Құдайбергенова - Абай мұражайының ғылыми қызметкері, мұражайда ашылған мәнерлеп оку мектебінің жетекшісі; Ақындар мүшәйрасы бойынша: И.Бауыржан - ақын, «Дариға-ай» жастар театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, С.Мұқатаева - Абай мұражайының ғылыми хатшысы; Қолөнер байқауы бойынша: С.Қасымханов – Семей қаласының суретшілер одағының төрағасы, Ж.Нұрсатин - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, А.Баркенов - Абай мұражайының бас безендіруші-суретшісі әділ қазылық жасады. Байқауға үш номинация бойынша 62 үміткер қатысты. Байқау нәтижесі бойынша: І. Мәнерлеп оқудан (Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан үзінді) І орынды - № 13 орта мектеп оқушысы Б.Қамзанова, ІІ орынды – № 47 мектеп оқушысы А.Оңдабаева, ІІІ орынды № 38 мектептің оқушысы М.Өмірғалиева иеленді. ІІ. Ақындар мүшәйрасы бойынша (М.Әуезов шығармаларындағы елді мекендер мен кейіпкерлеріне байланысты шығармалар) І орынды - № 39 орта мектеп оқушысы М.Үмбетова, ІІ орынды – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті Қ.Еркінұлы, ІІІ орынды - № 47 орта мектебінің оқушысы А.Көпенова иеленді. ІІІ. Қолөнер байқауы бойынша (М.Әуезов шығармашылығы желісімен жасалған қолөнер туындылары) І орынды №39 мектеп оқушысы З.Турсинбекова, ІІ орынды М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті М.Секенова, ІІІ орынды № 15 мектеп оқушысы Б.Оралбеков иеленді. Жүлделі орын алған қатысушалар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталып, қалған қатысушыларға сыйлықтар берілді. Байқауға барлық оқушылар, студенттер жіті дайындықпен келген. Оқушылар мен студенттерді дайындаған мектеп мұғалімдері мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз! Р.Елекенова, Абайдың қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Абай-ақпарат
|
qosymsha/abai.kz | post_39384.txt | МАС САҒАТ... | https://abai.kz/post/39384 | "МАС САҒАТ..." | "https://abai.kz/post/39384" | 28.12.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: МАС САҒАТ...
URL: https://abai.kz/post/39384
META: "МАС САҒАТ..." | "https://abai.kz/post/39384"
DATE: 28.12.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 21
TEXT: Ылғи, «көкек!», «көкек!» деп соғатын сағат Жаңа Жылда «көтек!», «көтек!» деп соғады дей ме? Нұрлан СӘДІР. (Жазба автордың FB парақшасынан алынды)
|
qosymsha/abai.kz | post_49376.txt | ҮСЕНОВ ХИКАЯСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ | https://abai.kz/post/49376 | "ҮСЕНОВ ХИКАЯСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ" | "https://abai.kz/post/49376" | 11.06.2015 | Администратор | null | TITLE: ҮСЕНОВ ХИКАЯСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ
URL: https://abai.kz/post/49376
META: "ҮСЕНОВ ХИКАЯСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ" | "https://abai.kz/post/49376"
DATE: 11.06.2015
AUTHOR(s): Администратор
TOTAL WORDS: 127
TEXT: Автокөлікпен «адам қаққыш» Мақсат Үсеновтіңтің әкесі Қажымұрат ҮСЕНОВ кеше Астанада уақытша қамауға алынды. ҚазТАГ агенттігіне сенімді көзден хабарланған мәліметтерге қарағанда, «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің экс-директоры ҚАЖЫМҰРАТ мырза не үшін уақытша ұстауға алынды – әзірге бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ. Есімізге түсіре кетер болсақ, Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов осыдан бір жарым жылдай уақыт бұрын жеңіл автокөлікпен Алматыда бір адамды қағып өлтіріп, бірнеше адамды ауыр жарақаттаған болатын. Алайда жауапкершіліктен тек айыппұл төлеумен құтылып кеткен осынау сенсациялық оқиғадан кейін өз еркімен өтініш жазып, департамент басшылығынан кетті делінген әкесі ҚАЖЫМҰРАТ, нақты емес кейбір мәліметтерге қарағанда, соңғы кездері осы «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясында кеңесшілік қызмет атқарып жүрген көрінеді. Оған, ресми емес мәліметтерге қарағанда, ЭКСПО-2017 аумағында жұмыс істеп жатқан бірнеше құрылыс компаниясының мүддесін қорғап жүр деген айып тағылған көрінеді. Марат МАДАЛИМОВ. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_90286.txt | Ілияс һәм «Еңбекші қазақ» газеті туралы... | https://abai.kz/post/90286 | "Ілияс һәм «Еңбекші қазақ» газеті туралы..." | "https://abai.kz/post/90286" | 06.05.2019 | Қажет Андас | null | TITLE: Ілияс һәм «Еңбекші қазақ» газеті туралы...
URL: https://abai.kz/post/90286
META: "Ілияс һәм «Еңбекші қазақ» газеті туралы..." | "https://abai.kz/post/90286"
DATE: 06.05.2019
AUTHOR(s): Қажет Андас
TOTAL WORDS: 2858
TEXT: («Еңбекші қазақ» және «Социалистік Қазақстан» газеттері) 1921 жылдың 7 қазанында қазақ тіліндегі өлкелік газет «Еңбекші қазақ» жарық көрді. Одан кейін «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеті болып ауысып, тәуелсіздіктен кейін «Егемен Қазақстан» газеті деген атты иеленіп, ел өміріндегі елеулі оқиғалардың көшбасшысы болып келеді. Әрине, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ даласында бірқатар жаңа басылымдар жарыққа шығып, жұрт тілегін тың дүниелермен сусындатты. Алайда, оның көбі өз тарихын бүгінгі өмірмен жалғастыра алмай қалды. Оның сан түрлі себебі бар болса да, менің ойымша өміршең газетің басы қасында қазақ журналистикасының көш басын бастаған тұлғалар тұрды. Ілияс Жансүгіров Мәскеу мемлекеттік журналистика институтын 1928 жылы бітіріп қайтқаннан кейін «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетіне әдеби қызметкер болып орналасып, 1928 – 1931 жылдар аралығында үш жыл жұмыс істеді. Сол тұстағы «Еңбекші қазақ» газетіндегі тілшілер қосынында арнаулы журналистика мамандығын бітірген Ілияс Жансүгіров ғана болатын. Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетіне жұмысқа келуі туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев: « Ілияс Жансүгіровті алғаш рет 1928 жылы жаз айында, Қызылорда да көрдім. Сол жолы мен Мәскеудегі бүкілодақтық журналистік институтты бітіріп, «Еңбекші қазақ» газеті редакциясына қызметке келдім. Мен сол газет редакциясының партия тұрмысы бөлімінің бастығы болып істеуші едім. ... 1929 жылы январьда мен Павлодарға кеттім. Онда округтік партия комитетінің тілі «Кеңес туы» газетінің шығарып тұрдым. 1930 жылы сентябрьде Өлкелік Партия Комитетінің қаулысы бойынша мен Алматыға, қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке келдім. Ілияспен қайта бірлесіп жұмыс істедік », – деп жазады. Көп өтпей бұрынғы облыстық «Тілші» газетінің ақыны атанған Ілияс енді республикалық «Еңбекші қазақ» газетінің белді қызметкері, қаламы жүйрік қаламгері, пайымы бөлек журналисі болып шыға келді. Кейін «Еңбекші қазақтың» аты «Социалистік Қазақстан» болып өзгерген тұстада Ілияс журналистік қызметін бір мезгіл жалғастырды. Оған төмендегі құжаттың көшірмесі жауап береді. Ілияс «Еңбекші қазақ» газетіне келе салып өзінің жазу шеберлігін бірден байқатты. ... « Редакцияға келісімен Ілияс іле-шала бірнеше фельетон жариялады, ұлы жазушы М. Горькийдің «Мен жазуды қалай үйрендім?», «Жас жазушыларға» деген мақалаларын қазақшаға аударып, газетке бастырды. Бұлар газеттің өңін ашып жіберді. Біздер бұрын фельетонистер: Бейімбет Майлин, Аманғали Сегізбаев, Қадыр Тайшықов еді. Олар да қызықты, келісті етіп жазар еді. Ал Ілиястың фельетондары Бейімбет, Аманғали, Қадыр фельетондарынан біраз өзгеше, күштірек, қызықтырақ болып шықты. Дәл айтқанда Ілияс фельетонның жаңа бір түрін шығарды », – дейді Бейсембай Кенжебаев. Бұл жылдар Ілияс Жансүгіров шығармашылығы толысқан, жарқырап көрінген, жадырап бүр жарған кезеңі болды. Осыған дейін жұмыс істеген «Қазақ», «Кедей еркі» «Тілші», «Ақжол», «Жас алаш», тағы да басқа басылымдарда көтерген өзекті тақырыптары мен журналистік зерттеулерін жаңаша бағыт, соны тақырып, сардар сараптамалар арқылы кемелдендіре түсті. Өлең өлкесіндегі бәсі де басым болды. «Еңбекші қазақ» газетінде оның күллі қазаққа мақтаныш болған ұлы туындылары дүниеге келді. Қоғамды, өмірді, сол тұстағы ел арасындағы экономика мен ауылшаруашылығы, тағы да басқа салада жазған журналистік сараптамалары, очерк, репартаж, ақпараттық мақала, фельетондарын газет оқырмандары іздеп жүріп оқыды. Оны жазу шеберлігі мен жанашылдығын, тілінің шұрайлы, ойының тереңдігін әріптестері мен қаламгерлер жоғары бағалады. Оны Жиенғали Тлеуғалиевтің 1929 жылы 1 қазанда Ілиясқа Қызылордадан жазған хатынан да аңғарамыз. Онда. «... Сырдың суының дәмі мені жібермеді. Осында «Сыр бойында» қалдым. Осында орнығатын болғасын, жаңа пәтер іздеп жайғасқалы жатырмын. Басқармада Мәнсур, Әбдірахман үшеуміз сенің «Жол аузында» деп әнеугі бір жазғаныңды мақтамағанымыз жоқ. Әсіресе, сенің кім екеніңді, жүйріктігіңді басқаға танытатын нәрсе дестік. Фельетондарың онсыз да бірінен -бірі асып- түседі », – делінген. Ел ішіндегі елеулі оқиғалармен қатар Ілияс «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде халықаралық жағдай мен жержүзілік оқиғаларға, өршіген жұмысшы қозғалысы мен ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбындағы сындарлы дүниелерді жазумен айналысып, өзінің әлемдік журналистикадағы орнын қалыптастыруға қадам басты. Басқа еңбектерін айтпағанның өзінде, 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде шыққан «Гималай» атты даңқты өлеңі Үндістандағы отаршылдыққа, езгіге қарсы күрес жолдары суреттелген. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінде атақты француз ақыны Виктор Гюгоның «Қырғында» деген төңкерістік өлеңін қазақшаға аударып бастырды. Ілияс мұраларын ақтарып отырып, «Еңбекші қазақ» газетінің 10 жылдық мерейтойын аса бір құрметпен атап өткені туралы да жаңа ақпараттарға жолығып қалдық. Қандай себептерге байланысты екенін білмеймін 1029 жылы өтуге тиісті той 1930 жылы көктемге қалдырылған. Оның да түрлі себебі болған шығар. Десе де, осы мерейтойда Ілиястың ұйымдастырушылар қатарынан табылып, осы іске барынша көңіл бөлгені белгілі. Бұл туралы ақын Сәду Машақовтың: ... « 1930 жылдың көктемі. Ол кезде мен Семейде шығатын «Қызыл дала» газетінің қызметкері едім. Редакцияда журналистер Мақсын Қордабаев, Мұсатай Ақынжанов, Ахметжан Тұрғанбаев, тағы басқа да 5-6 адам бар болатын. Бір күні түс кезінде кеңсеге ат жақты, өткір көз, қыр мұрын, орта бойлы адам келді. Ол әуелі редактордың кабинетіне кіріп амандасты. Танысып болғаннан кейін редактор қызметкерлерді шақырып, бәрімізді келген адаммен таныстырды. Бұл келген адам ақын Ілияс Жансүгіров, қазірде «Еңбекші қазақ» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі. «Еңбекші қазақ» газетінің шыға бастағанына 10 жыл толуына арналған мерекені Семейде өткізу үшін келгендігін айтты. Ілияс бірер күннен кейін қаланың орталығындағы клубта газет оқушыларының жиналысында баяндама жасады. Газет мерекесіне арналған нөмірді Алматыдан Семейге жеткізілген екен. Онда Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетіне шағын өлеңі де басылған », – деп жазады. Демек, Ілияс талантты журналист емес, «Еңбекші қазақ» газетінің ерекше сәттерінде атқа қонып, насихаттап, жұрт арасындағы беделінің артуына септігі тиген ірі тұлға. Сондықтан Ілияс Жансүгіровтің портреті бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің ең көрнекті жерінен орын тауып, жарқырап тұрғаны жөн дер едім. Газеттің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында Ілияс әйгілі «Дала» поэмасын жазды. 1930 жылы шыққан газетінің бір нөміріне толықтай басылған «Дала» поэмасы қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерге шолу жасайды. Оны поэманың тақырыптарынанда көруге болады. «Ақ табан», «Құл көгені», «Құрбандық», «Отар жорығы», «Жиделі байсын», «16-жыл», «Бостандық», «Аласапыран», «Атаман ойнағы», «Әлсіз дауыс». Қай бірін алып қарасаң да қазақ баласының басынан өткен қиын жылдар, қилы тағдырлар, тартысты дүниелер, қасіретті кезеңдерді Ілияс қана осылай жаза алатын еді. Екінші қырынан, мұндай толғақты дүниені, әрине, еш қарсылықтан именбей «Еңбекші қазақ» газеті ғана жариялай алды. «Дала» поэмасының жазылуына Ілияс Жансүгіров ғана емес, тұтас редакция ұжымы өте жауапкершілікпен қараған. Оны сол кезде Ілияспен бірге «Еңбекші қазақ» газетінде жұмыс істеген тілшілердің естеліктерінен көптеп кездестіруге болады. Осы ретте соның біріне ғана тоқталайық: ... « Республика Қазақстанның 10 жылдық тойын өткізуге дайындалып жатқан еді. Редакцияға онжылдық жөніндегі материалдар мен басқаратын «Партия тұрмысы» бөлімі арқылы өтуге тиіс болды. Осы тойға байланысты Ілияс өзінің әйгілі «Дала» поэмасын жазды. Жазғанда ол әуелі редакцияға поэманың бас жағын алып келді. Оны біз редактор, оның орынбасары Рақым Сүгіров, бөлім бастығы мен бәріміз қосып отырып оқытып көрдік. Жоспарын тыңдадық. Әңгіме маңызды мәселеден, ақын және халық деген мәселеден, ерекше екпін, асқақ леппен, өте тартымды басталған. ...Поэманы бірауыздан ұнаттық. Кесек, тамаша шығарма деп таптық. Газетке түгел жариялаймыз деп келістік. Осы «Дала» поэмасының жалғасын жазып әкеліп жүргенде байқадым: Ілияс өлеңді шапшаң, ағыл-тегіл, борандатып жазатын », – дейді Бейсембай Кенжебаев өз естелігінде. Бұл жерде біріншіден, Ілиястың салмақты шығармаларды жазуға қалай барғанын, нендей қадам жасағанын білсек, екіншіден, «Еңбекші қазақ» газеті ұжымының берекелі жұмысын аңғарамыз. Демек, осындай бірлігі бар, ынтымағы жарасқан ұжым ғана үлкен істерді атқара алады. Аты сан өзгерсе де, затын өзгертпеген «Егемен Қазақстан» газетінің жүзжылдық тарихты сындарлы жолмен басып өткені, өз тұсындағы басылымдардан қара озып, ел газетіне айналуы осындай сабақтастықтың жемісі деуге де болады. «Құлагер» поэмасының ең алғашқы жарық көрген нұсқасы. 1936 жылы қараша айында «Социалистік Қазақстан» газетінің бірнеше нөмерінде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» атты әйгілі поэмасы жарияланды. Бұл ақынның осы газеттегі соңғы жарияланған шығармасы еді. Сонымен бірге, «Құлагер» Ілияс шығармашылығындағы өлең өресін шарықтатқан туындысы деуге де болады. Жазылғанына қаншама жыл өтсе де қадірін жоймаған, бүгінгі таңда орыс, неміс, ағылшын, тағы да басқа туысқан ұлттар тіліне аударылып, әлемдік әдебиеттің асыл қазынасының қатарынан орын алған ұлы шығарма сол кездегі оқырмандар арасында да жақсы бағаланғаны белгілі. ... « Сәбит ауылына тұра тартып, Петропавлға келдік. Облыстағы жазушы Әбдірахман Айсарин мен газет редакторы Сейілбек Үсенов қалалық әдебиет кешін ұйымдастырып, қазақ әдебиеті жөнінде мен сөз сөйледім де, Ілияс өзінің шығармашылық жұмысы туралы әңгіме айтып берді. Сүйікті ақынын тыңдаған халық көп сұрақ қойды. Сұрақтың дені «Құлагер» поэмасы туралы еді. Жыл бұрын бұл поэма «Социаистік Қазақстанның» көп нөмерінде жарияланып, бүкіл республика оқушыларының назарын аударған-ды. Жұртшылықтың және қаламдас жолдастарының пікірін аманда ілтипатпен бағалайтын кішіпейіл ақын бұл поэманы да өз өтінішімен көптің талқысына салғаны бар. Сонда бәріміз де керемет туындыға қатты қуана, жақсы бағамызды айта отырып, бірқатар кеңесте айтқан едік. «Құлагер» туралы көп сұрақ берілуі де сондықтан. Ілекең өз жауабын да қыс бойы «Құлагер» поэмасын көпшіліктің пайдалы кеңесіне сәйкес толықтырып, өңдеп, жөндеп баспаға бергенін айтты », – дейді Бейсембай Кенжебаев. Бейсембай Кенжебаевтың айтқанын ақынның ұлы Саят Жансүгіров те: « Құлагер» поэмасы бірнеше күн қатарынан басылған «Социалистік Қазақстан» газетін алуға кезекке тұрған кісіде есеп жоқ болды», – дейді көргендер. Әкем сонда бойындағы күш-жігері тау суындай булықсыған, сенімі мен дүниеге деген махаббатында шек жоқ 42-дегі от жүректі ақын еді » – деп қуаттайды. Осы тұста көкейіме: «Егемен Қазақстан» газеті де өз тұсында осындай бағалы еңбектерді дәл танып, дер кезінде жариялап, жұрт ықыласына бөленгеннен кейін де жүз жасап отырған шығар» деген ой сап ете қалды. Егер «Құлагер» сол тұстағы басқа бір газетте жарияланған болса, сол басылымның бағы үстем болып кетер ме еді? – деген күдікте қанжығалады. Осы үшін де «Егемен Қазақстан» газеті Ілиясқа қарыздар десем, артық болып кетпейтін шығар. Ілияс 1931-32 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінің арнаулы тапсырмамен Семейге екі рет келіп өндіріс орындарында, Ертіс су жолы басқармасында болып, адамдармен әңгімелесіп, очерк, мақалалар жазады. Ет-консерві комбинатын аралап, жұмыс жағдайын көріп біледі. Тіпті, сол жылғы жүк тасу жоспары қалай орындалғаны туралы материал жазып, орыс тілінде шығатын «Прииртышская правда» газетінде жариялайды. Осы жерде қазақ газетінің тапсырмасымен іссапарға келіп, орыс газетіне мақала дайындағанын түсіне алмай біраз жүрдім. Бұл түйін төмендегі құжатқа кезіккенде шешілді. Сөйтсек, Ілияс «Еңбекші қазақ» газетінде істеп жүргенде, бір жағынан РОСТА (Российское телеграфное агентство)-ның Қазақстандағы тілшісі болып жұмыс атқарған екен. Бұл Ілиястың сол тұста қазақ тілді басылымдармен қатар, орыс тілді баспасөздерге де жазып тұрғанын білдіреді. Егер Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетіндегі шығармашылығы туралы іздене бастамасақ, бұл ақиқатқа да кездеспей жүре берер ме едік. Жоғарыда айтылғандар ел білетін дүниелер. Осы күнге дейін талай тексеріліп, зерттеліп, зерделеніп бағасыда беріліп қойылғандар. Бірақ қаламгер мұрасын «Еңбекші қазақ» газетімен сабақтастыру үшін бұл осы тарихты шолып шығуға тұра келді. Бұдан өзге Ілиястың қазірге дейін аты бар да, жалпы заты бүгінгі оқырманға толық жетпеген газетте жарияланған дүниелер көп-ақ. Егер осы газеттің сарғайған тігіндісін парақтап отырсаңыз, оқырманға әлі жете қоймаған, зерттеушілердің назарынан тыс қалған, Ілиястың жинақтарына енбеген, енгізілгендерінің дені өзгеріске ұшыраған біраз дүниені кезестірдік. Оның толық нұсқасы көшіріліп, топтастырылды. Алдағы уақытта оқырманмен жүздесе жатар. Бұл ретте Ілиястың журналистік қырын зерттейтін жастарға көмек болсын деген ниетпен солардың тақырыбы мен шыққан нөмірлері туралы айта кеткенді жөн көрдік. Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған ең бірінші туындысы 1928 жылғы 19 қаңтар, бейсенбі күні шыққан №16 нөмірдегі «Газет сөзі аяқсыз қалмасын» деген мақала. Одан ары қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының сирек кездесетін қорлар мен қолжазбалар қорында сақталған «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 – 1931 жылдар аралығындағы тігіндісін ақтарып отырып, оның бірталай публицистикалық мақаласын таптық. Бұл дүниелерді Ілияс, Бадырақ, Таңқыбай, І.Ж, Жа-жа, Жансүгірұлы Ілияс, Қосшы, Сақа сияқты бүркеншік аттармен берілген. Олар мыналар: «Газет сөзі аяқсыз қалмасын» «1928, №16 (1043), январь 19, бейсенбі), «Тоғыз жасар қызын сатты» (1928, №255 (1082), март 6), сейсенбі, «Тентектің ертегісі» (1928, №229(1256), октабрь 4, бейсенбі), «Бет ашар» (1928, №258 (1285), 7 ноябр, сәрсенбі), «Қуыршақ» (1929 март №55 (1384), жұма), «Адырайған төрешілдік, тымырайған төрешілдік, тағы-тағы қай төрешілдік» (1929, №58 (1387), март 12, бейсенбі), «Хан атбекет» (1929, №64 (1393), март 22, жұма), «Төрт жолдың торабы» (1929, №144 (3443), бейсенбі. 3 май), «Шоқпардың шоқтығында» (1929, № 128 (1457), бейсенбі, 8 июль), «Өңшең жауыз, қанды ауыз» (1929, №171 (1500), август 17, сейсенбі), «Жарлының қорғаны, жаудың құрбаны» (1929, №173 (1502)29 август, бейсенбі), «Газет емес, концерт» (1929, №177 (1506), 3 сентябрь, бейсенбі), «Мені арқала, бақ қуала» (1929, №180 (1509), 9 сентябрь, дүйсенбі), «Жол аузында» (1929, №186 (1515), 16 сентябрь, дүйсенбі), «Сонымен кетіп барамын» (1929 жыл, №190 (1520), 22 қыркүйек, жексенбі), «Театр туралы» (1929, №198 (1527), 30 қыркүйек, жексенбі), «Таспен ұрғанды, аспен ұрады» (1929, №203 (1230), сентабрь 4, сейсенбі), «Алыстағы ауылда І» (1929, №211 (1541), 16 октябрь, сәрсенбі), «Алыстағы ауылда ІІ» (1929, №211 (1541), 16 октябрь, сәрсенбі), «Біз ембіде едік» (1929, №228 (1557), 4 ноябрь, дүйсенбі), «Иван Иванович» (1929, №243 (1572), 22 ноябрь, жұма), «Ән, әншілер жайында» (25 қаңтар, 1931 жылы)... Сөзіміз дәлелді болуы үшін осы материалдардың кейбірінің тұпнұсқа көшірмесін көрсете кетсек артық болмас. Келесі кезекте,, Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетінде орны, беделі, рөлі қандай болды дегенге саяды. Бұл сұраққа Ілиястпен ұзақ жылдар әріптес болған, бірге жұмыс істеген қаламгер достары мен шәкірттерінің естеліктерін қарастыра отырып, жауап бергенді жөн көрдім. 1929 жылы 12 маусым күні Бейімбет Майлин Ілиясқа Қызылордадан: «... Қызылордадан газет шыққалы жатыр. Бірінші саны осы июннің 20-сы күні шығады. Аты «Сыр бойы». Жазушылары толып жатыр. Белсенді адамдары: Мансұр, Әбдірахман (Мұстапаның), Мәтіжан. Оқшау жазушысы мен. Сырт өсегі: бұл газет «Еңбекші қазақ»-тан асып түсер деседі. Кім білсін, қайткенде де бірінші санын оқығанша асыққаның жөн », – деп хат жолдады. Өкінішке қарай, «Сыр бойы» «Еңбекші қазақ»-тан асып кете алған жоқ. Себебі, «Еңбекші қазақтың» алғы шебінде қаламы жүйрік Ілиястар тұрды. Егер Ілиястар «Сыр бойының» сабында болған да Бейімбет айтқандай, «Кім білсін?». Сол үшінде бүгінгі егемендіктер осы басылымның сарабдал тарихын қалыптастыру үшін барын салған Ілиясты ешқашан ұмытпағаны жөн. Егер Ілияс ескерілмесе, ертеңгі ұрпақ та ұмытшақ болып кетуі әбден мүмкін. Ол, ол ма? Ілиястың «Еңбекші қазақ»-та беделінің тым жоғары болғанын да дәлелдейтін деректер көп. Тіпті, «Еңбекші қазаққа» келген әрбір хат Ілияс Жансүгіровтің сүзгісінен өтпей басылымға жіберілмейтін болған. Тіпті, мүйізі қарағайдай Бейімбеттің «Еңбекші қазаққа» жіберген дүниелерін газетке бермес бұрын алдымен Ілиястың кеңесіне жүгінгені белгілі. Оған Бейімбеттің 1928 жылы 18 қыркүйекте Алматыдан жазған хатында: « Ілияс! Мына біреулерді «Е.Қ»-қа жібердім. Жараса басарсың, жарамаса, сақтап қой, өзіңнен алармын.. .», – делінсе, Құлмырза Өтепұлының 1928 жылы 6 желтоқсанда Мәскеуден жазған хатында: ... « Мұрашыл коммунасы» деген бір фельетон жіберіп отырмын. Анау күні «Ақибаттың адвокаты» деген бір фельетон жіберіп едім. Оның қашан басылатыны маған мәлімсіз. Бірақ ол фельетонды басқарма әдірісіне жіберіп едім. Мынаны саған жіберіп отырмын. Оқып шығып, түзетіп, газеттеріңізден орын берерсіңдер », – деп өтініш білдіргені айтар ойымызды айғақтайтын дәлел деп білемін. Тайыр Жароковтың да Ілияс десе жаны бөлек болатын 1929 жылы 5 сәуірде Мәскеуден жазған хатында: «... Ілияс осымен бірге азырақ көңілге келген әдебиет мәселесі туралы бір нәрсе жазып жіберіп отырмын. Қисығы болса түзетіп, өңдеңкіреп жіберуге себеп боларсың! Бүйтіп тапсырғандағы мақсатым сен бір көйлек болса да бұрын тоздырдың ғой ,..» – деп жазғанын оқығанда көңіл толқып кетті. Осындай аға-інілік қасиет бізден алыстап кетті ғой. Сондай-ақ, сол тұста газетке тілшілерді таңдау, алу, тағы да басқа кадрлық жұмыстарға Ілиястың белсене атсалысқаны да бесенеден белгілі. 1928 жылы 25 қыркүйек күні Құлмырза Өтепұлы мен Тайыр Жароков Ілиясқа Мәскеуден жазған хатында төмендегідей мәтін бар. ... « Осы халымызды айта келіп алдыңа тартайын деп отырған мәселелеріміз мыналар: 1-ші. Кетеріңде өзіңе де айтқанбыз, Мәскеудегі болып жатқан істерден «Е.Қ»-қа ақпар беріп отыратын басқармаға бірер адам керек болар деп. Осы күні де хабар жазып жүрген біреу бар ғой. Бірақ оның кім екенін біз білмейміз. Бәлкім орыс болар деп шамалаймыз. Біздің ойымызша басқарма да біздің тәжірибеге алуымызға қарсы болмас. Тәжірибе алсын десе, сол Мәскеуденгі басқарманың өз тілшілік қызметін бізге артса деймін. Бұл туралы өзіңе де айтқанбыз. Тағы да айтамыз. Былайша да (тілші болмайда) жазуға болады ғой. Кез келген кісіге Мәскеу мекемесі не істеп жатқанын айта қоймайды ғой. 2-ші. Тағы бір түсініс ретінде сұрайтынымыз: анда-санда үлкен-үлкен баяндамалар тыңдаймыз. Болмаса, көсемдеріміздің бұл жерде сөйлеген сөздері газет бетіне жазылып тұрады. Осыларды қазақшаға айналдырып отырсақ ол да үлкен тәжірибе.. .». Осыдан бұлай бұл азаматтардың еңбектері газет бетінен түспейтін болды. Қазір тарих бетінен түспей жүр. Еңбек солардыкі дегенмен, себеп Ілияс тарапынан болғанын аңғару қиындық тудырмайтын шығар. Ілиясқа қатысты музей қорларында немесе Ілияспен бірге істеген замандастары сақтап қалған Ілиясқа қатысты құжаттарды ақтарып отырғанда, оның ішінен «Еңбекші қазақ»-қа тән тағы біраз сарғайған газет парақтарын тауып алдық. Бұл «Еңбекші қазақ»-тың 1921 жылы ноябрьдің 7- күні шыққан алғашқы саны және алғашқы шығарушылары Байділда ұлы Әбдірахман, Асылбек ұлы Әбдолла, Әуез ұлы Мұхтар, Телжан ұлы Темірболат, Нұрмұхамет ұлы Қасен. Жоғарыдағы суреттер «Еңбекші қазақтың» 1000-шы нөмері жарық көргендегі арнайы нөмерге берілген суреттер. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы Тоғжан Ғаббас пен «Еңбекші қазақ» басқармасында жұмыс істеген: редактордық әдеби жардамшысы Дулат ұлы Міржақып, Басқарма хатшысы Бегәлі ұлы Ғали, партия, жұмысшы бөлімін басқарушы Айсары ұлы Әбдірахман, «Еңбекші қазақ»-қа оқшау сөз жазушы Майлы ұлы Бейімбет, ел хаттарын басқарушы Сегізбай ұлы Аманғали, кеңес құрылыс бөлімінің басқарушысы Ахмет ұлы Ілияс, шаруа бөлімін басқарушы Ешмұхамбет ұлы Мерхаб, телеграм хабарларын басқарушы Жүсіп ұлы Сапа, репетер Дәулетбай ұлы Мәжит, тілшілер бюросының хатшысы Ағайдар ұлы Әбдолла, зерттеу бюросының хатшысы Елшібек ұлы Ахмет, түнгі редактор Ыля ұлы Әбіл, басқарма қызметкері Қожахмет ұлы Шияп. Бұл 1000-шы сан және соған орай шығарылған мерекелік нөмердегі «Ауыл тілі», «Лениншіл жас», «Ауыл», Жұмыскер тілі», «Түркіменстан», «Башқұртстан», «Қызыл татарстан», «Еркін тоо», «Қазақ тілі» «Тілші», «Кембеғаллар ауазы», «Қызыл Қазақстан», «Жаңа мектеп», «Бостандық туы», «Кедей» газеттерінің құттықтаулары. Бұл жоғарыда айтылған нөмердің соңғы беті. Онда: «Газет неше өткелден өтеді» деген бас тақырып аясында газет басқармасының құрылымы мен өндіріске дейінгі және оқырманға жол тартатын барлық жұмыс барысы көрсетілген. Иә, Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетіндегі еңбектерін бұдан әрі де таратып айтуға болады. Қолымызда тағы да біраз сарғайған газет парақтары тұр. Олар қаламгердің жеке шығармашылығына қатысты дүниелер болғандықтан осы жолы күте тұрғанды жөн көрдік. Бұл тақырып алдағы уақытта көтеріледі. Десе де, жоғарыда айтқандарымыз, Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетінің жүрісінен жаңылмай «Егемен Қазақстан» болып, елдің сөзін сөйлеп, ел газетіне айналуына қосқан үлесі. Бұл жерде «Егемен Қазақстанның» барлық жетістігіне Ілияс Жансүгіров қана үлес қосты дегеннен аулақпын. «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі таңда бүкіл халықтың үнжариясына айналуы үшін Ғ. Қараш, Р. Мәрсекұлы, Ж. Аймауытұлы, Б. Майлин, С. Садуақасов, Т. Ырысқұлов, О. Жандосов, М. Әуезұлы, Т. Құнанбайұлы, М. Тұрғанбайұлы, С. Дөнентайұлы, А. Сегізбаев, С. Мұқанов, Ғ. Тоғжанов, М. Жолдыбаев, А. Арыстанбеков, Ғ. Мүсірепов, Т. Нұртазин, Е. Алдоңғаров, О. Исаев, Ә. Мүсин, тағы да басқа қазақтың нарқасқа жігіттері басылымның іргесін қалап, діңін бекітті. Тілін түзеп, ділін тазартып, тірлігін нығайтты. Сол қатарда І. Жансүгіровтің есімі ерекше құрметпен аталуы керек еді. «Егеменнің» биылғы ғасырлық тойында Ілиястың бас басылымның жарқын келешегіне қосқан үлесі мен журналистік қарым-қабілетіне толық баға беріледі деген үміттемін. Айту бізден, атқару сізден, ағайын! Қажет Андас Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_85516.txt | Рудныйдың әкімі «Рухани жаңғыруға» қарсы ма? | https://abai.kz/post/85516 | "Рудныйдың әкімі «Рухани жаңғыруға» қарсы ма?" | "https://abai.kz/post/85516" | 13.02.2019 | Жайберген Болатов | null | TITLE: Рудныйдың әкімі «Рухани жаңғыруға» қарсы ма?
URL: https://abai.kz/post/85516
META: "Рудныйдың әкімі «Рухани жаңғыруға» қарсы ма?" | "https://abai.kz/post/85516"
DATE: 13.02.2019
AUTHOR(s): Жайберген Болатов
TOTAL WORDS: 415
TEXT: Қостанайда елді-мекендердің, көше аттарын бүгінгі күннің талабына сәйкес, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіту бағытында түбірімен өзгерту мәселесі қашанда қиын жағдайда жүреді. Өзге ұлттың өкілдері әлі де басым болғандықтан ба, ол бірден саяси сипат алып, «ойбайға» бергісіз «аттанға» айналып шыға келеді. Дегенмен, мұндай қатты қарсылыққа қарамастан осындағы зиялы қауым бар, өзгелері бар, әйтеуір біраз дүние дұрысталып қалды. Мәселен, атақты большевик Таран атындағы ауданға атақты классик жазушымыз Бейімбет Майлиннің есімі берілетін болғандығын естігенде төбеміз көкке бір елі жетпей қалғандығын несіне жасырамыз. Сондай-ақ облыс орталығындағы сол қызыл коммунистің атындағы үлкен көше де енді Тәуелсіздік деген қасиетті атқа ие болды. Дегенмен, осынау өркенді істің біздегі кейбір өткенді аңсаушылардың қарсылығына қарамастан табандап болса да алға жылжи берері ақиқат. Тек бір өкініштісі бұл істе біздегі билік тұтқасын ұстаған кейбір азаматтарымыздың тым солқылдақтық көрсететіндігі. Қажет кезінде өз ойын ашық айтуға жасқанып, сол бір демогогтардың жетегінде кететіндігі қынжылтады. Дәл осындай оқиға облысымыздағы кеншілер қаласы атанған Рудный шаһарында көрініс беріп, бәрімізді де жерге қаратып кетті. Бұл жағдай осы қаланың әкімі Бақытжан Ғаязовтың жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесуінде орын алды. Сол бас қосуда Роман Тұрлыбеков деген біреу салғаннан-ақ әкімнің жағасынан ала кетті. «Мен осындағы Ленин, Октярдің 50 жылдығы, Дзержинский көшелерінің аты өзгереді дегенді естідім. Мұның керегі не? Бұл біздің тарихымыз емес пе? Бүйте берсек тіпті келешекте Рудныйдың аты да өзгерер» ,-деп өрекпей келе оған бұған кететін қаржыны қаладағы әлеуметтік мәселелерге жұмсау керек қой деп тікелей ақыл айтуға көшеді. Ал әкіміміз оған не деп жауап қайтарды дейсіз ғой? Құлап қалмаңыз, орындықтан мықтап тұрып ұстап тұрыңыз. Әкіміз, сірә, бұл сауалды көптен күткен болуы керек, қысқа да нұсқа жауап қатып, бұл мәселені бірден шешіп тастады. «Шынын айтқанда менің өзім де мұндай өзгертуге шын ниетіммен қарсымын. 2017 жылғы дейін небәрі 6 көшені өзгерттік. Мен жақында бұл үрдісті біржолата тоқтаттым», -дей келе алдағы 1,5-2 жылда Рудныйда ешбір көшенің атының өзгермейтіндігіне уәде берді. Мінекей, тәуелсіздік тұғырын бекем ұстайды деген әкіміздің бүгінгі бейнесі осындай. Осы орайда біздің көкейімізде біраз сауалдардың туындап қалғандығы рас. Біріншіден, бұл әкімге көше аттарын енді өзгертпеймін деп тоқтам жасауға кім құқық берді. Екіншіден, әлгіндей керітарпа адамдардың «бұл біздің тарих қой»деген әбден таптаурын болған, бүгінде оның ешбір мәні қалмаған қағидасымағына берер жауап та дайын емес пе? Ондайларға «ондай тарих ескірген, қазір жаңа тарих жасалып жатыр. Сондықтан мұндай өзгерістер бүгінгі заман талабынан туындайды» деп жауап қайтаруға әбден болар еді ғой. Бұл әкімнің осылайша батыл жауап қайтармай, не себепті қорқа соғатындығына түсінбедік. Қанша дегемен оны бұл Рудный халқы сайлаған жоқ қой. Ол жоғарыдан тағайындалған, ендеше ешкімге де жалтақтамай тәуелсіздігімізге қатысты мәселелерді еркін шешуге кім кедергі? Тек өзінің табансыздығы болмаса. Жайберген Болатов Қостанай Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_96901.txt | Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады | https://abai.kz/post/96901 | "Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады" | "https://abai.kz/post/96901" | 03.09.2019 | Abai.kz | null | TITLE: Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады
URL: https://abai.kz/post/96901
META: "Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ өкілін қабылдады" | "https://abai.kz/post/96901"
DATE: 03.09.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 184
TEXT: Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ұлт азшылықтары істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Н. Нығматулин мен Л. Заньер әсіресе, Ұлтаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделі және біздің еліміздің тәжірибесін әлемдік деңгейде пайдаланудың мүмкіндіктері туралы салмақты ойларын ортаға салды. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бүгінде қазақстандық қоғамның ұлтаралық келісімі мен бірлігі еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі болып саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде теңдесі жоқ бірегей институтқа айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 100 ден астам этностар мен 18 діни конфессия өкілдерінің тату-тәтті тұрып жатыр. Палата Спикері Қазақстан ЕҚЫҰ және оның институттарымен ынтымақтастықты нығайтуға зор көңіл бөлетінін айтты. Соның ішінде, этномәдени бірлестіктердің ақпараттық-коммуникациялық бағытын дамытудың маңыздылығы зор. Өз кезегінде Л. Заньер Қазақстанның этносаралық моделі басқаларға үлгі бола алатындығын, алдағы уақытта Қазақстанның тұрақтылық пен бірлік жолындағы табыстары мен бай тәжірибесін есепке ала отырып, бірлесе іс-қимыл жасау қажеттігіне тоқталды және «Достық үйінде» болып, әртүрлі ұлт өкілдерімен кездескенін оларға жасалған жағдай мен мүмкіндіктер, мәдениет пен тарихи үндестік қызығушылық тудыратынын жеткізді. Тараптар өзара сындарлы іс-қимыл ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік мәселелеріне серпін беретініне сенімді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_10473.txt | Ауыт Мұқибек: «Оралмандарды «ұру» – қазаққа қарсы саясат | https://abai.kz/post/10473 | "Ауыт Мұқибек: «Оралмандарды «ұру» – қазаққа қарсы саясат" | "https://abai.kz/post/10473" | 15.09.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Ауыт Мұқибек: «Оралмандарды «ұру» – қазаққа қарсы саясат
URL: https://abai.kz/post/10473
META: "Ауыт Мұқибек: «Оралмандарды «ұру» – қазаққа қарсы саясат" | "https://abai.kz/post/10473"
DATE: 15.09.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 2303
TEXT: Тілі жоқ елміз... - Ауыт мырза, соңғы уақыттары ұлттық мәселелердің саны артып, сапасы түрленіп тұр. Айталық, ресми тілдің Конституциядан сызылып, мемлекеттің тілдің үстемдік алғанына наразы жұрт қарсы сөз айтады... - Қазақ тілінің мәселесін біржақты қарауға болмайды, яғни оны тәуелсіздікпен байланыстыру керек. Мәселен, біз толыққанды егемендік алдық па, онда Ата заң және әлемдік заңнамалар бойынша қазақ тіліне мәртебе беруге тиіспіз. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың оралмандарды «ұрмайтыны» сияқты үкімет орыс тілін де «ұрмауы» керек. Ата заңда қазақ тілі Мемлекеттік тіл деп жазылды ма, онда оған елдің тілі болатындай шексіз құқық беруіміз керек. - Тәуелсіздікпен байланыстырғаныңыз дұрыс-ақ, алайда тілі жоқ, бостандығы бар ел болушы ма еді? Тілі жоқ елміз... - Ауыт мырза, соңғы уақыттары ұлттық мәселелердің саны артып, сапасы түрленіп тұр. Айталық, ресми тілдің Конституциядан сызылып, мемлекеттің тілдің үстемдік алғанына наразы жұрт қарсы сөз айтады... - Қазақ тілінің мәселесін біржақты қарауға болмайды, яғни оны тәуелсіздікпен байланыстыру керек. Мәселен, біз толыққанды егемендік алдық па, онда Ата заң және әлемдік заңнамалар бойынша қазақ тіліне мәртебе беруге тиіспіз. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың оралмандарды «ұрмайтыны» сияқты үкімет орыс тілін де «ұрмауы» керек. Ата заңда қазақ тілі Мемлекеттік тіл деп жазылды ма, онда оған елдің тілі болатындай шексіз құқық беруіміз керек. - Тәуелсіздікпен байланыстырғаныңыз дұрыс-ақ, алайда тілі жоқ, бостандығы бар ел болушы ма еді? - Мені де осы ой мазалайды. Ата заңда жазылған қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесіне ғана емес, кейде егемендіктің өзіне күмәнмен қарайтынымыз рас. Өйткені Қазақстан Ресейден тәуелсіз ел болса, неге көршінің көңіліне қарай береді? Жалпы осы қазақ тілінің әңгімесін өз елімізде мәселе етіп айтудан ұялатын уақыт баяғыда жеткен жоқ па?! Дербестік жариялағанымызға 20 жыл толды, әлі қазақ тілін түзей алмай келеміз. Осындай ездігімізден соң ұлттық, әлеуметтік басқа мәселелеріміздің шешілуінен үміт күту артық әңгіме сияқты. Қазақстанды әлемдегі басқа мемлекеттер сияқты Ата заңы, патшасы бар, шекарасы сызылған, Астанасы салынған толыққанды тәуелсіз ел десек, онда неге тілі жоқ? Елдің аты - Қазақстан қазақтың атымен байланысып тұр, ендеше тілі неге ұлттың тілі болмауы керек? Әрине, Конституция бойынша ұлттар арасындағы татулықты, теңдікті сақтауымыз қажет шығар, бірақ неге басшыларымыз бір облысқа барғанда ұйғырша, екінші жерге барып өзбекше, тағы бір аймаққа барғанда кәрісше сөйлемейді? Неге республиканың барлық жерінде орыс тілінде сөйлеуі керек, осыны түсінбедім? - Орыс тіліне деген дегдарлық ғасырларға созылған бодандықтың «жемісі» емес пе?.. - Иә, бодандық сүйекке ғана емес, қазақтың рухына, жанына түскен таңба екен. Қазаққа бодандықтың табы әбден өтіпті: бір жағынан қытай, бір жағынан орыс қысып. Бодандықтың кесірі ғой: «Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінер» деп сорлы мақал айтып жүргеніміз. Әйтпесе қазаққа қытайдан гөрі, орыстың көрсетпегені жоқ қой. Жасырып қайтеміз, біз Ресеймен тең ел емес екенбіз. Егер құқымыз, елдік статусымыз бірдей болса, қазақ көп қоныстанған Таулы Алтай мен Орынбордан, Омбы мен Астраханнан бір-бір қазақ мектебін ашып беруді орыс патшасына неге тапсырмаймыз?! Ал Қазақстанда қаншама орыс тілді мектеп бар, оны қойып, аралас мектептердің санын айтыңызшы. Аралас деген аты ғана, болмаса оның да сүйегі орыс тілді. Қазақ тілінің көсегесінің көгермей отырған тағы бір себебі - биліктегі шенеуніктердің кесірі. Жалпы биліктегілер үшін қазақ тілі тұрмақ, ұлтты, қазақты ойлау ұғымы жоқ. Егер солар қазақты ойласа, шекараны бекіткен мемлекет үшін тілді түзеу неге тұрады? Шекараны белгілегеннің қасында қазақ тіліне көшу әліппелік сауаттың шаруасы ғой. - Ал елде қазақ тілінен басқа да ұлттық мәселе көп қой, алайда солардың оң шешім тауып жатқанын естімедік. Сізше мұны да құлдық сананың сарқыншағына телиміз бе? - Ел болған соң, ішкі наразылықтың тууы заңдылық. Дегенмен, кейбір елдерде президенттері халқын риза қылып жатады. Ал бізде ше?.. Биылғы Маңғыстаудағы жағдай ел тәуелсіздігінің, бостандығының бір шикілігін көрсететін сияқты. Өйткені елде халықтың жаппай наразылығы болады екен, онда билік оның себеп-салдарын тексеруге тиіс. Мәселен, Жаңаөзендегі ереуілшілер мен Атырау, Ақтөбедегі діншілдердің жағдайын алайық, билік оның астарын ақтаруы керек. Мүмкін, осының бәрі кейбір сыртқы күштердің арандату әрекеттері шығар, мүмкін, шынымен әлеуметтік, ұлттық мәселе бар шығар. Ал арандату болса, оны да тексеруге тиіспіз. Жалпы Жаңаөзендегі жағдайды естіп тұрып - естімеген, көре тұрып -көрмегенге салудың не қажеттілігі бар екенін түсінбедім?.. Мамашев оралмандарды неге «ұрды!» - Өткен аптада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары журналистер мен билік өкілдерінің алдында «Оралмандарды ұрғаным бар» депті. Мамашевтікі не мыңқыл? - Әңгімені арыдан бастайын. 1991 жылы бірінші рет Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Сол құрылтай әлем қазақтарының рухын оятты. Сол рет «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» құрылды. Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары қызметіне жазушы Қалдарбек Найманбаев тағайындалды. Марқұм Қалекең шеттегі қаракөздер үшін тәуір қызмет қылған болатын. Бүгінгі оралмандардың негізгі және қуатты бөлігі сол кезде оралды. Қалекең өмірден өткен соң, қауымдастықтың қызметіне Мамашев келді. Арысын айтпай-ақ қояйын, Мамашев күні кешеге дейін сол үйге (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - Авт.) қуалаған шошқа кірмейтін жағдайға жеткізді. Неге? Өйткені ол жөн сұрап барған оралмандарға зіркілдеп ұрысып, айқайлап, жеті атасын жездей қақтайды екен. Қызық, Талғат мырза әредік «оралмандар мәселесін айтыңдар, қордаланған жағдайды жеткізіңдер» деп шақырып алады. Барып айтсақ, өзімізге ұрсады. Сонан соң осы кісінің есі дұрыс па екен деп ойлайсың... - Келіссеңіз де, келіспесеңіз де, осы күні оралмандарға ғана емес, жалпы биліктегі шенеуніктердің қазаққа пиғылы дұрыс емес қой. Мамашевтың «Оралмандарды ұрғаным бары» - сол биліктің көзқарасы емес пе, қалай ойлайсыз? - Әрине, Мамашевтың мыңқылынан соң, биліктегілер Талғат мырзаға осы сөзді әдейі айтқызып отыр ма деген ойға қалдық. Жалпы бізде биліктегілердің шеттегі қаракөздерге көзқарасы Мамашевтікіндей қарау ма деген күмән жоқ емес. Ал Мамашев қызды-қызды әңгіме үстінде байқамай бізді «ұрып» алған болуы керек. Қысқасы, мұны жалғыз Мамашевтың көзқарасы ретінде түсіну жалаң болар. Сонымен бірге Мамашев біле білсе, Назарбаевтың сеніп тапсырған қызметіне кір жұқтырды. Сондықтан оған сіздердің газетіңіз арқылы жалпы оралмандар атынан дұғай сәлем: «Біз оралмандарды «ұратын» адаммен жұмыс істей алмаймыз, Назарбаевтың тапсырған қызметіне қара күйе жаққан адам қызметінен кетуге тиіс!». Қауымдастық қызметінің сын көтермейтіндей бишара күйге түскеніне тағы бір мысал айтайын, Мамашев мәселе айтыңдар деп әлемдік жиналыс (өзі осылай айтады - А.Мұқибек) ашады. Соның біреуіне мына тұрған Алматы қаласы мен Алматы облыстық Көші-қон полициясының басшылары бір де бір рет келген емес. Өйткені менсінбейді, яғни олар президенттің мекемесін, Мамашевша айтқанда, «ұрмайды!». Түптеп келгенде, көші-қон мәселесі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына немесе Көші-қон полицияларына қарап қалған жоқ қой, мұны шешетін орын жоғарыда тұр. Мен сол жоғары жақтағыларға, президент Назарбаевтан бастап бірнеше шенеунікке хат жаздым. Хат қана емес, Бекболат Тілеуханов сияқты «халықшыл» азаматтарға жалынып-жалпайдым. Бекболатты білесіз бе? Ән айтқанша, қазақты айт!.. - Білеміз ғой, парламенттің сақалды депутаты емес пе? - Ол - депутат қана емес, бүкіл әлемге әйгілі бұлбұл үнді әнші, ХХІ ғасырдың тірі жырауы. Оған Алла тағала дес берген, иманды, бес уақыт намаз оқитын, сан мәрте Мекке-Мединеге барған қажы. Сонымен бірге ол шешен, бүгінгінің Қазтуғаны. Патшаның ықыласы түскен азамат: Назарбаевтың қасында тұрып ән айтады, өлеңіне ән жазады. Бекболат қазағым деп еңірегенде, етегі жасқа толады. Солай бола тұра, қазақ көшінің тоқтап қалғанын Ақорда басшысына емес, парламентте, жалпы қауымға бір рет айта алмады ғой. Міне депутат дегендердің сорлылығы!.. Бекболатқа жүзбе-жүз кездесіп, көштің тоқтағанын талай айтып: «Назарбаевтың алдында ән айтқанша, қазақты айт», - дедім. Бекболаттың аузына түкірген ешкім жоқ, Қытайдан екі мың отбасын көшіріп аламын деп кепкен өзі. Енді міне, көшіріп алуды қойып, парламентте бір рет мәселе көтере алмады. Тілеуханов «Келін» деген киномен бір жыл алысты. Қай радионы немесе телеканалды қоссаңыз, қандай газетті оқысаңыз - Бекболат «Келінмен» алысып жатады. Ол «Келін» бар-жоғы кино ғой. Ал Тілеуханов Үрімжіге барып, сауна мен қонақ үйлерде топырлап жүрген, қара қытайларға тиіп жатқан мыңдаған қаракөздер тағдырын өз көзімен көріп қайтты ғой. Алайда «Келінге» күйінгендей парламенттің партасын ұрған жоқ. Неге? Тілеухановтың әртіске бергісіз ұлтшылдығы мен Мамашевтың мыңқылы - жоғары биліктегі көкелердің көзқарасы екендігінде күмән жоқ. Әйтпесе әшейінде Қытай қазақтарының тағдырына тауаны таусылып, күйініп жүретін Бекболаттың парламентте үнсіз қалатын, Мамашевтың нан жеп жүрген оралмандарын «ұрдым» дейтіндей жөні жоқ еді ғой. - Тілеуханов екі мың отбасын неге көшіріп алмады: шамасы келмеді ме, көшетін қазақ болмады ма? - Көшетін қазақ көп қой, бірақ Бекболат сөзіне бекем бола алмады. Өйткені қазір Қытайдағы қазақ көші тоқтап тұр. Оған бес-алты жыл болды. Ал біз есікті іштен жауып алып, шеттегі көш туралы «көлікті», «келелі» әңгіме айтамыз. Күлкілі ме, күлкілі! Мамашев өз бастығына, яғни Назарбаевқа осы мәселені жеткізуге тиісті адам еді. Жеткізбеді. Ол осы жағдайларды айтпағанымен қоймай, бізді боқтайды. Тілеуханов болса, Назарбаевтың қасында ән айтады, тоқтап қалған көш туралы тіс жармайды. Қытайдағы ағайын көшінің тоқтағанын Көші-қон комитетінің бұрынғы басшысы Қабылсаятқа түсіндіре алмай, қор болғанбыз. Ал комитет Ішкі істер министрлігінің құрамына қарағаннан кейін, оны Ғибратолла Досқалиев деген азамат басқарды. Біз оған Қытай қазақтарында шетелге шығатын паспорт болмайтынын, тек ел ішінде жүріп-тұруға арналған жеке куәліктің болатынын, елге келу үшін, біздің тарапымыздан «көші-қон шақыртуының» қажет екенін түсіндіре алмай, бірнеше ай жүрдік. Сөйтіп жүргенде Досқалиев қызметінен кетіп, біздің сөз далада қалды. Одан кейінгі күніміз жаңа басшы Патрис Нокинге қарап тұр. Кім білсін, қазақтар түсінбеген мәселені Нокин мырза түсіне қояр ма екен? - Ашып айтыңызшы, қазақ көші қай жақтан тоқтады: Қытай рұқсат бермей отыр ма, жоқ әлде ағайынды біз шақыртпай жатырмыз ба? - Қытай үкіметі қазақтардың өз Отанына қотарыла көшуін тежегенімен, халықаралық заңнамалардың талабына сай, бөлініп-жарылған ағайын-туыстың бір-біріне қосылуы үшін ептеп қоныс аударуына аса қарсы емес. Бұл мәселе 1995 жылдың қыркүйек айында Назарбаев Пекинде болған сапары кезінде шешілген. Оны Тоқаев «Беласу» деп аталатын кітабының 212-бетінде: «Дегенмен, бұл мәселе жөнінде де принципті уағдаластыққа қол жеткіздік: Қазақстанға тұрақты тұруға көшкісі келетін ұлты қазақ ҚХР азаматтарына Қытай үкіметі тарапынан ешбір кедергі жасалмайды. Бұл маңызды келісім Қытайдан көшіп келем деген оралмандар санын арттыра түсуге жәрдемдесері анық», - деп ашық жазған. Алайда 2006 жылдан кейін Қытайдан көшіп келетін ағайынның көші тоқтады. Өйткені біздің үкімет бұрынғыдай «Көші-қон шақыртуын» жібермейтін болды. Жалғыз шындық - осы. Шақырту дегеннен шығады, осы жиырма жылдың ішінде шақыртудың сан түрі болды. Бірі тоқтаса, екіншісі шығып отырды. Ең алғашқысы - жеке сапарға арналған шақырту қағазы еді. Мұны «Туысшылау шақыртуы» деп атадық. Екіншісі - «Іскерлік шақырту» болатын. Үшіншісі - оқуға түсетін студенттердің шақыртуы. Осы үш шақыртудың үшеуі де қазақ көшіне тиімсіз болды, өйткені бір шақыртумен бір ғана адам келетін. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалар жеке куәлік алмай, аталған үш шақыртудың біреуімен де елге келе алмайтын. Төртіншісі - «Көші-қон шақыртуы». Шақыртулардың ішіндегі ең тиімдісі осы болды. Қазақстан азаматы Қытайдағы туысының отбасында қанша адам бар, соның бәрін бір қағазға тіркеп шақыртады. Ал оларға Үрімжідегі консулдық қызмет те Қазақстанға тұрақты тұру визасын кезек күттірмей беретін. Отбасы мүшелерін, заттай мүліктерін «Халықтың көші-қон» заңының «Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi өкiлеттi орган: мүлiктi шекара арқылы кеден төлемдерiн алмай өткiзеді» деген 29-4-баптың 1-тармағына сай, кеден салығынан босатқан. Неге екенін білмеймін, біздің ел Қытайдағы ағайынның елге еркін келуіне тиімді осы «Көші-қон шақыртуын» заңсыз деп, 4-5 жылдан бері тоқтатып тастады. Жасыратын несі бар, өткен үш жылда «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында Қытайдан бір отбасы да көшіп келген жоқ. Бұрын көшіп келген, бірақ квота ала алмай қалған ағайындарды сол бағдарламаға кіргізіп, артымызды жаптық. Біз - қашқын емеспіз! - Ауыт мырза, сонда қазақ мүддесін кім ойлайды: билік бұғып жатса, айбатты азаматтарымыз ауызын аша алмаса? Өзіңіз де журналиссіз ғой, осындайда БАҚ-қа ғана бағынатын шығармыз? - Әй қайдам, бағынатын БАҚ қалды ма? Осы күні қазақ мүддесін ойлайтын газет-журналдарға зар болдық қой. Оралмандар мәселесін айтып, қанша БАҚ-тың есігін бақтым, «Дат» пен «Абай» ақпараттық порталынан басқа біреуіне де кіре алмайсың. Қазақ баспасөздерінің қазақ мүддесіне сараңдығы нені көрсетеді? Егер шеттегі қазақтардың бәрі Отанға оралатын болса, бүгінгі биліктің басын қатырып отырған қазақ тілінің мәселесі өздігінен шешілетін еді, Мамашевша айтсақ, Қытай мен Монғолиядан келген қаракөздер орыс тілін «ұрмайтын» еді. Ал қазақ оқырмандарының есебінен нан жеп отырған қазақ басылымдарының бүйірі бұлтиятын еді. Біздің қазақтың неге тойынып кеткеніне таңым бар? Қазір шекара өңірлеріндегі ауылдардың бәрі бос жатыр: шетке қарап үретін ит, ұшатын құс жоқ. Егер сол жерлерге жат жұртта жаутаңдап жүрген ағайынды әкелейікші - біреуі де өлмейді. Мамашев соларды әкеліп алып, сонан соң «ұрсын» ұратын жерлерін - ұрдың демеймін! Мамашев ат төбеліндей ағайынды, яғни оралмандарды алалап жүріп: «Өзбекстан мен Қарақалпақтан келгендер көп болса да, үндемейді. Қытай мен Монғолдан бес-он қазақ келеді, мәселесі таусылмайды» депті. Ол өзі айтқан сөзіне өзі жауап беріп отыр ғой, яғни Қытай қазағының аз келетінін. Ендеше сол ағайынның неге бірді-екілі оралатын себебін Мамашевтың ойланбағаны қалай? - Шеттегі қазақтың мәселесімен шеттен келгендер ғана айналысатын сияқты. Бұл - «шымшық сойса да, қасапшы сойсынның» кері ме, құлықсыздық па? - Бұл арада бөліп-жаратын ешнәрсе жоқ. Күйген немесе ұтылған қазақ мүддесі ғана. Ол мүдде - оралман немесе жергілікті халық деп бөлінбейді. Иә, шеттегі қазақ мәселесімен шеттен келгендер ғана айналысып жүр. Неге? Елде ауызы дуалы, зиялы, креслосы биік шенеунік жоқ па? Бар. Бірақ бәрінде ниет жоқ. Осының бәрі құлдық санадан ба деп ойлаймын. Бала күнімізде Қытай саясаты Совет үкіметін құбыжықтай көрсететін. Нақтырақ айтсам, «Совет» дегенде бесіктегі бала уанатын. «Советті» Қытай санамызға қалай сіңірсе, бұл жақта «Қытайды» Совет үкіметі де солай үйретіпті ғой. Соның кесірінен бе екен, айдаладағы қытай мен орыс үшін ортадағы аз қазақ күйіп жүр. Бірін-бірі жек көреді: Қытайдан келгендерді - қу, орыс көргенді опасыз дейді. Біз сол коммунистік көзқарастан арыла алмай жүрміз. Мәселен, Өмірзақ Сәрсенов деген айтысты ақшамен көміп жүрген меценат «Оралмандар - отанын сатып кеткен қашқындар» десе, жазушы Дулат Исабеков: «Қытай қазақтарының менталитеті бізге келмейді екен, соларды әкелмей қоя тұрсақ қайтеді?» - дейді. Біріншісіне жауап: біз ешкімді сатып, ешқайда қашқан жоқпыз. Сәрсенов біле білсе, ата-бабамыздың жерінен келдік. Алтайдың арғы беті, Тарбағатайдың терістігі, Іленің басы - бәрі қазақтың шұрайлы атамекені болған. Екіншісіне жауап: Исабеков менталитеттің қисықтығын Қытай қазақтарынан емес, өзінен көрсін... - Газет арқылы ағайын басындағы тағы қандай мұңды қозғайсыз? - Жуырда Алматы облысы Көші-қон полициясының бастығы Нұрсейітов өз жанынан жаңа заң шығарыпты. Онда Қазақстан азаматтығын алатын азаматтар Қытай азаматтығынан шығып келуге тиіс екен. Біз Көші-қон туралы заңды ақтардық. Нұрсейітов айтқандай қыңыр дүние кездестірген жоқпыз. Сонда деймін-ау, Нұрсейітовтікі не сойқан? Осындай жұмбақ жағдайлардан соң, қазақ көшін тоқтатуға жоғары жақтан ашық болмаса да, астыртын саясат жүргізіліп отыр ма деген ойға қалады екенсің. Бәрін шылғи қаралаудан аулақпын. Қазақ қамын ойлаған баспасөздер, жекелеген адамдардың бәрі қазаққа қарсы емес. Мәселен, сіздердің «Дат» газеттеріңіз халықтың сөзін айтқаны үшін билікке «қызылкөз» атанып жүр, сол сияқты қазақ сөзін сөйлеген қаншама азаматтарымыз үкімет үшін оппозиционер. Кезінде халық жағында болған Бөкейханов пен Байтұрсынұлы да қазақ мүддесін қорғағаны үшін отқа күйді ғой. Ендеше ұлт мүддесін сөйлеген адам жазалы болып, оның сөзін басқан газет қудаланса, онда, Мамашевша айтқанда, «ұрмау» керек. Жалпы ұлт мүддесін қорғаған адамды билікке қарсы «элемент» ретінде қарайтын коммунистік көзқарастан айығатын заман баяғыда келген. Әттең, соны түсіне алмай қор боп жүрміз ғой! - Әңгімеңізге рақмет! Жұқамыр ШӨКЕ, «D» Ауыт МҰҚИБЕК, «Балдырған» журналының ақысыз демалыстағы қызметкері « Общественная позиция » (проект « DAT » № 30 (11 3 ) 14 қыркүйек 20 11 жыл
|
qosymsha/abai.kz | post_188980.txt | Талғар маңында тағы жанжал шықты | https://abai.kz/post/188980 | "Талғар маңында тағы жанжал шықты" | "https://abai.kz/post/188980" | 11.10.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Талғар маңында тағы жанжал шықты
URL: https://abai.kz/post/188980
META: "Талғар маңында тағы жанжал шықты" | "https://abai.kz/post/188980"
DATE: 11.10.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 70
TEXT: Әлеуметтік желіде Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жанжал болғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша түсінік берді. Желідегі мәлімет бойынша, Тұздыбастау ауылындағы «Бастау» кафесінің алдында белгісіз адамдар арасында атыс болған. Алматы облысының Полиция департаменті кикілжіңге қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады. — Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_46635.txt | ПӘЛІ, «ПАША-ПАЦАН» ПӘ-ГЕ КЕТТІ... | https://abai.kz/post/46635 | "ПӘЛІ, «ПАША-ПАЦАН» ПӘ-ГЕ КЕТТІ..." | "https://abai.kz/post/46635" | 20.10.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ПӘЛІ, «ПАША-ПАЦАН» ПӘ-ГЕ КЕТТІ...
URL: https://abai.kz/post/46635
META: "ПӘЛІ, «ПАША-ПАЦАН» ПӘ-ГЕ КЕТТІ..." | "https://abai.kz/post/46635"
DATE: 20.10.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 379
TEXT: Аты шулы Паша - Павел Кулагин - Ақмола облысының әкімі, Қазақстандағы алып жер иеленуші (латифундист) Сергей Кулагиннің ұлы. Міне, отызға енді толған «Паша-пацан» ерекше қабілет дарынымен көзге түсіп, Президент әкімшілігінің (ПӘ) инспекторы болып тағайындалыпты. Періндіртіп ПӘ-ге барғаны туралы Павел Сергеевич өзінің «Инстаграмм» желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап, мәлімдеді. «Қымбатты достар! Бүгін Астана әкімі Әсет Орынтайұлы менің Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалғанымды айтып, құттықтады. Маған көрсеткен сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтқым келеді. Достар, мен әрқашан да бірлесіп жұмыс істеуге даярмын. Әрине, ауданымызды, қаламызды әм Отанымызды көркейту жолында, Елбасының маған артқан сенімін ақтауға аянбай еңбек етемін»,- деп жазады ол. Пашаның папасы да паң кісі. Әкімдер корпусында бірнеше мәрте тентектік жасап, көзге түскен Кулагиннің агро-алпауыт екені баршаға белгілі. «80 мың гектар жерім бар» деп шіренген Сергей мырза керек десеңіз "пайғамбармен де істес адам". (Рудныйдағы Иоанн-Богослов шіркеуінде Иса пайғамбардың Иерусалимге келген сәті бейнеленген төмендегі картинаға қараңыз): Міне, сол фрескада пайғамбарды күтіп алушы иерусалимдіктердің арасында Кулагин де тұр. «Арамызда жүрген Кулагин 2 мың жыл бұрынғы көне Иерусалимге қалай барып қалды, мүмкін қателік шығар», десіп еді жұрт. Жоқ, қателік емес екен, бұл әкімге жағынуға тырысқан суретшілердің «тосын сыйы» болып шықты. Ал шіркеудегі поптар «Кулагиннің апостолдардың арасынан табылуы дінімізге қайшы келмейді» деп ақтай жөнелді. Жә, ол бөлек әңгіме. Пашаға оралайық... Павел Кулагиннің жасы 30-да. Мемлекеттік қызметтің түр-түрін көрген Кулагиннің баласы бір кездері Елорда әкімінің кеңесшісі де болған. Сосын 2013-жылы Астана қаласындағы «Алматы» ауданының тізгінін ұстады. Ол кезде Пашаның жасы небәрі 26-да еді. «26 жасында қалайша аудан әкімі болады?» деп жұрт сонда бір шулаған. Әке жолын қуамын деген «Паша-пацанның» әкім болуыға шамасы жетпей, тестілеуден өте алмай, ақырында Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарып еді. Алайда 2015 жылы «Сарыарқа» ауданының әкімі болып шыға келді. Рас, Паша алғаш әкім болғанда папасы оны жақсылап қорғаштап баққан-ды. «Жас болса несі бар? Мен де 26-27 жасымда колхозды басқарғанмын. 26 жасында бастық болғандар жоқ дейсіңдер ма? Неге тек Кулагинді байқап қойдыңдар? Анықтап көрсеңдер, жасы одан да кішілерді табасыңдар » деп еді сол кезде Сергей Кулагин. Секеңнің сөзінің жаны бар. Тегінде «Ақорданың ақсаусақ балалары» аз емес. Әбіқаевтың баласы - Сергей Нұртаев Итальияда елші, министр болған Владимир Школьниктің баласы - Игорь Школьник «Самұрық-Қазынада» істейді т.б. Хош, Астана әкімшілігінде бірнеше кабинет ауыстырған Паша енді Президент әкімшілігіне ауысты. Әкім болуға қабілеті жетпеген Пашаның Президент әкімшілігінде не істеп, не тындыратынын алдағы уақытта көре жатармыз... Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_131166.txt | Әлемдік бестселлерлер аударылуда | https://abai.kz/post/131166 | "Әлемдік бестселлерлер аударылуда" | "https://abai.kz/post/131166" | 09.03.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Әлемдік бестселлерлер аударылуда
URL: https://abai.kz/post/131166
META: "Әлемдік бестселлерлер аударылуда" | "https://abai.kz/post/131166"
DATE: 09.03.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 953
TEXT: "Рухани жаңғыру" жобасының ең ауқымды әрі маңызды бөлігінің бірі "100 кітап" жобасы екені сөзсіз. Кітап адамзатты біліммен сусындатып, ғылым арқылы кемел келешекке жол ашатын бірден бір игілік. Кітап оқу арқылы сан түрлі ғылыми жаңалықтар ашылды, поэзиялық туындылар жазылып, дүниені дүр сілкіндірген романдар өмірге келді. Кітап адам жанын рухани байлыққа кенелтіп, ойлау өрісін арттыратын керемет құрал. Өкінішке орай осы уақытқа дейін қазақ тіліндегі әдеби туындылар саны көп болса да, әлемдік бестселлер саналатын философия, психология, менеджмент, саясаттану, әлеуметтану және басқа гуманитарлық салалар бойынша кітаптар саны аз болды. Аудармалар сапасыз әрі түсініксіз еді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынып, біздің қоғам әлемдік деңгейде мойындалған туындыларды мемлекеттік тілде оқи бастады. Бұл маңызды. Оның үстіне аударма сапасы жоғары. Аудармамен арнайы "Ұлттық аударма бюросы" айналысты. Аудармашылар ретінде түрлі тілді меңгерген білікті мамандар қатысты. Жоба аясында әлемдегі оқулық шығаруға маманданған «Cambridge University Press», «Oxford University Press», «Pearson», «Cengage», «Penguin Random House», «McMillan» және басқа да ірі халықаралық баспа үйлерімен әріптестік қарым-қатынас орнаған. Сондықтан да кітаптар сапалы негізде басылып, түптелуде. Барлық аударылған кітаптар ғаламторда ашық қолданыста, ал баспаханадан шыққан кітаптар ЖОО мен мектеп, кітапханаларға таратылуда. Жас ұрпақ кітапты оқып, өзінің көкжиек кеңістігін кеңейте алады. Гуманитарлық ғылым өте маңызды. Себебі ол адамның ішкі жан-дүниесін өзгертуге, кемелденуге, Абайша айтқанда толық адам болуға бағдар береді. Қазіргі қоғам армандайтын технократтық қоғамды құруға гуманитарлық ғылымдар кедергі келтірмейді. Керісінше, оған үлес қосады. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Ресей империясы мен КСРО-ның отары болды. Ол сәтте біз рухани құндылықтардан айырылып қалдық. Яғни мәдениет, тіл, тарихты дамытуға мүмкіндік болмады, тыйым салынды. Тәуелсіздік қалпына келтірілген соң біз бұл ғылым салаларын дамытуға мүмкіндік алдық. Рухани жаңғыру соған өз үлесін қосуда. Орасан зор үлесін. Әсіресе «100 жаңа кітап» жобасы осы жоғалған тарих пен ұмытылған шежірелерді қалпына келтіруге үлкен септігін тигізуде. Жыл сайын жаңа кітаптар тізімі жасалып, аударылып келеді. Олар еліміздің барлық ЖОО мен мектептеріне таратылуда. Бағдарлама аясында аударылып жатқан кітаптардың басым бөлігі Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Принстон, Йельс университеттерінің оқыту бағдарламаларында қолданылатын құнды дүниелер. Жақында бағдарлама аясында Янсон Торенің «Тіл тарихына кіріспе» атты кітабы аударылды. Янсон Торе зейнетке шыққанға дейін Гетебор университетінде шығыс және африкалық тілдер бойынша профессор болған тұлға. Оған дейін ол латын тілі бойынша сарапшы болып қызмет атқарған. Бірнеше халықаралық бестселлердің авторы. «Тіл тарихына кіріспе» атты кітабында тілдердің көне заманнан осы уақытқа дейінгі даму тарихын жазып, болашақта қалай болуы мүмкіндігін айтады. Тарихта жоғалған тілдердің себебін келтіріп, тілді дамытудың жолдарын көрсетеді. «Тілдер қалай пайда болды» деген сұраққа жауап іздеп, «неге тілдің дамуы ғылымның дамуына әкелетінін» айта кетеді. Ол өзінің кітабында қытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, неміс, славян, египет және көпшілікке танымал емес африкалық тайпалардың тілдері жайлы айтады. Олардың даму тенденциясын көрсетеді. Бұл кітап қазіргі қазақ қоғамына өте қажет туынды. Сондықтан да жоба аясында аударылып отыр. Қазақстан мемлекеттік тілді дамыту бойынша үлкен қиындықтарды бастан кешіруде. Тіпті осыдан 40-50 жыл бұрын қазақ тілі жойылатын тілдердің қатарына да кірген еді. Себебі қазақ тіліндегі мектептер жабылды. Ал қазір уақыт басқа. Тілді дамытуға мүмкіндік бар, мемлекет ол мүмкіндік пен бастамаларды қолдап отыр. Біз осындай туындыларды оқу арқылы қазақ тілінің қоғамдағы үлесін арттырып, тілімізді қалай дамытамыз деген сұрақтың да жауабын таба аламыз. Келесі аударылған туынды Стивен Пинкердің «Тіл түйсік ретінде» туындысы. Стивен Пинкер — филология бойынша белгілі ғалым, Гарвард университетінің профессоры. Оның әлемге танымал «Сөз және ереже: тілдің құраушы негіздері» ,«Ми қалай жұмыс істейді?», «Ойлау субстанциясы: Тіл адам табиғатына апарар терезе» атты туындалары бар. Ол білім саласына қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте салмақты марапаттарға ие болған. Оның тілді дамытуға қатысты мақалалары The New York Times, Time, New Republic сынды сайттар мен басылымдарда шығып тұрады. «Тіл түйсік ретінде» туындысы үшін ол бірнеше мәрте марапат алды. Бұл туындыда Стивен Пинкер түйсікке қатысты жауап іздейді. Ол адам миы мен тілінің арасындағы байланыс жайлы жазады. Бала қалайша тілді үйреніп, түйсігіне түйетіні жайлы толғанады. Оқулық тек қана студенттерге емес, сонымен бірге тіл жайлы кеңінен білгісі келген барлық тұлғаға арналған. «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» атты Ю.Н. Хараридің туындысын білмейтін жан жоқ шығар. Керемет туынды. Тарих жайлы жан-дүниеңіз бен ойыңызды төңкеріп тастайтын еңбек. Бұл кітап 2011 жылы алғаш рет иврит тілінде жарық көріп, 2014 жылы ағылшын тіліне аударылды. Кейіннен кітап әлем елдерінде танымалдығы артып, 7 млн данамен басылып шығып, әлемнің 45 тіліне аударылды. Соның ішінде қазақ тілі де бар. Юваль Ной Харари — тарихшы-медиевист, Иерусалим қаласындағы Еуропа университетінің тарих факультетінің профессоры. Ол сонымен қатар «Homo Deus: ертеңгі күннің қысқаша тарихы» және «21 ғасыр үшін 21 сабақ» еңбектерін де жазған. Ол кітаптары да әлем елдерінде танымалдыққа ие болып, миллиондаған тиражбен басылып шықты. «Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабында автор жер бетіндегі адамның алты түрінің бірі Homo sapiensтың осыдан жүз мың жыл бұрын пайда болғандығы туралы жазады. Автор жыртқыш аңдай не азу тісі жоқ, балықша жүзуді білмейтін, құсша ұша алмайтын, терісі де қалың емес, баласы тамақ тауып жеуге қабілетті болуы үшін кемі 15 жыл бағуға мәжбүр болған Homo sapiensтың қалайша тіршілік иерархиясының көшбасшысына айналғаны туралы тұжырым жасайды. Ол өз туындысында дінді де, тілді де, тіпті мәдениет пен ақшаны да қозғайды. Басқа адам түрлері қайда кетті? Ақша, дін, мемлекет, сауда түсініктері қайда және қашан пайда болды? Империялар қалай құрылып, қалай күйреді? Неге әйелдер ерлерден төмен тұр? деген сынды өзекті әрі даулы сұрақтар бойынша ерекше қорытындылар жасайды. Бұл туындыны әр студент пен мектеп оқушысы оқуға тиіс. Адамның критикалық ойлауын дәл осы туындыдай дамытатын еңбек кемде-кем. Тіпті әйгілі Б.Гейтс «аралда жалғыз қалсам осы кітапты құшақтап отырар едім» деп тегін айтпаса керек. Тарихымызды енді түгендеп жатқан біз сияқты елге тарихты қалай іздеу керектігін көрсететін ғажап туынды. «100 жаңа кітап» жобасының құндылығы осында, ол құнды туындыларды төл тілімізге аударуды жалғастыруда. "100 кітап" жобасының нәтижесі алдағы уақытта көрінеді. Гуманитарлық саланың сапасы артып, деңгейі көтеріледі. Студенттер мен оқушылар әлемдік деңгейдегі кітаптарды оқу арқылы білімдерін тереңдетеді. Бұл өз кезегінде білікті маманның қалыптасуына ықпал етіп, елдің дамуына өз үлесін қосатын болады. Сондықтан бұл жобаны тек қана білім саласына құйылған инвестиция ғана ретінде қарастырмай, еліміздің түрлі саласына құйылған инвестиция ретінде бағалау керек. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_187734.txt | Ортақ экономикалық кеңістікті дамытудың маңызы зор! | https://abai.kz/post/187734 | "Ортақ экономикалық кеңістікті дамытудың маңызы зор!" | "https://abai.kz/post/187734" | 12.09.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Ортақ экономикалық кеңістікті дамытудың маңызы зор!
URL: https://abai.kz/post/187734
META: "Ортақ экономикалық кеңістікті дамытудың маңызы зор!" | "https://abai.kz/post/187734"
DATE: 12.09.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 381
TEXT: Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің II Парламентаралық форумына қатысты, деп хабарлайды Abai.kz BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап. Іс-шара «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Орталық Азия Парламенті мен өкілді билік органдарының рөлі» тақырыбына арналды. Сондай-ақ Палата Спикері Орталық Азия елдері Парламенті Палаталарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, өңірдегі ынтымақтастықты нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Мәулен Әшімбаев Форумға қатысушыларға ілтипат білдіріп, өңірдің жалпы күн тәртібін талқылау, ортақ мақсаттар мен міндеттерді айқындау және оған бірлесіп қол жеткізу бағытында мұндай алаңның маңызы зор екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бауырлас елдеріміз арасында тиімді диалогты дамытуға және сындарлы өзара байланысты арттыруға үнемі баса мән беріп келеді. Бүгінгі кездесу бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында парламенттік дипломатияның әлеуетін пайдалана отырып, өзара диалогты нығайтуға ықпал ететіні анық. Былтыр ақпан айында Түркістанда өткен алғашқы Форумнан кейін біз ынтымақтастығымызды арттыру ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Түркістан декларациясы парламентаралық байланыстарды нығайтудың берік негізін қалап, өзара қарым-қатынасымызды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Соның аясында біз екіжақты сапарларды жандандырып, өңірдегі көпжақты өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін іске қостық. Хиуадағы бүгінгі Форум да парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін береді деп сенемін, – деді Сенат төрағасы. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда жаңа сын-қатерлерді бірлесіп еңсерудің маңызды екеніне назар аударды. Нақты айтқанда, ол кездесуге қатысушыларды өңірдің экономикалық өсуі, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру және адам капиталын дамыту жолында күш жұмылдыруға шақырды. Палата Төрағасы өңірді дамытудың маңызына да назар аударып, жергілікті өкілді органдар деңгейінде, сондай-ақ, цифрландыру және жасанды интеллект саласында ынтымақтастықты кеңейту қажет екенін атап өтті. Дамудың интеграцияланған моделін қалыптастыру – баршамыз үшін ортақ міндет. Бұл жолдағы басты мақсатымыз Орталық Азия тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру екені сөзсіз. Осыған байланысты бірлескен жұмысымызды бірнеше бағытта жалғастырудың маңызы зор деп есептеймін. Бірінші – экономикалық даму және ынтымақтастық. Ортақ экономикалық кеңістікті дамыту, сауда-саттықты кеңейту және өнеркәсіп кооперациясын күшейту үшін құқықтық база қалыптастыру ісін жалғастырудың берері мол. Екінші – Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарын іске асыру. Су ресурстарын тиімді пайдалану – өңірдегі барлық ел үшін өзекті мәселе. Бұл ретте біз гидроэнергетикалық нысандарды бірлесіп салу және су-энергетикалық консорциумын құру жөніндегі бастамаларды қолдаймыз. Үшінші – адам капиталын дамыту. Аталған бағыт – мемлекеттеріміздің басшылары мақұлдаған Өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасында айқындалған басым міндеттердің бірі. Төртінші – жергілікті өкілді органдар деңгейінде өзара іс-қимылды кеңейту. Бесінші – цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыру, – деді Мәулен Әшімбаев. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_43062.txt | АРХАТ ТАУЫНАН ТАСҚА ҚАШАЛҒАН СУРЕТТЕР ТАБЫЛДЫ | https://abai.kz/post/43062 | "АРХАТ ТАУЫНАН ТАСҚА ҚАШАЛҒАН СУРЕТТЕР ТАБЫЛДЫ" | "https://abai.kz/post/43062" | 11.12.2015 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: АРХАТ ТАУЫНАН ТАСҚА ҚАШАЛҒАН СУРЕТТЕР ТАБЫЛДЫ
URL: https://abai.kz/post/43062
META: "АРХАТ ТАУЫНАН ТАСҚА ҚАШАЛҒАН СУРЕТТЕР ТАБЫЛДЫ" | "https://abai.kz/post/43062"
DATE: 11.12.2015
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 334
TEXT: Құрметті қауым, мен кеше ғана бір жақсы хабардың куәгері болып отырмын, түсінікті болу үшін басынан бастап баяндайын. Мен өз туған ауылым Архат ауылын мақтаныш етіп жүретін адаммын, оның басты себебі туған жерге деген сүйіспеншілік болар, сондықтан да өз парақшама туған жердің, атақты аңызға толы Архат тауларының тылсым тарихын, биік көкпен таласқан тауларын қойып отыратыным бар. Сол себепті де болар ауылда қыстақта тұратын інім Роланға, сыныптас досым Саматқа да өтініш етіп сол таулардың бейнесін суретке түсіріп жіберіңдер деп, тіпті ініме фотоаппарат та беріп суреттерін жинаған едім. Енді күні кеше сыныптас досым Самат Оралбайұлының әкелген суреттерін қарап отырып сонау бағзы заманда салынған тастағы таңбалар (петроглифтердің) арқарлардың бейнесіне тап болдым. Естуімше ол тастың көлемі сандықтай болады екен, ал тапқан адам мен мұны бір қажетке жарап қалар деген оймен үйінің жанына әкеліп қойса керек. Бұл дегеніміз тарихи жәдігер емес пе, сондықтан да ол қолды болып кетпей өз орнын өлкетану музейінен тауып халықтың мақтанышына айналса нұр үстіне нұр болар еді. Мына берілген суреттерге қарап отырсаңыздар көшпелі мәдениетіміздің осынау ғажап туындысына қарап отырып сол дәуірге сапар шеккендей сезімде боларыңыз анық. Кешегі сонау Күлтегін ескерткіштер мен Таңбалы тастағы ғажайып жәдігерлер де осынау таңбалармен тікелей қатысы бар болмасын кім біледі?. Кешегі әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысханда осы өлкеге ат басын тірегені баршамызға мәлім, сол заманның куәсіндей болып көз ұшынан Шыңғыс пен Орда таулары мұнартады, демек Архат тауының да сол тарихққа қосар қомақты үлесті жасырынып жатпасына кім кепіл. Егер тағы да осындай ұлттық құндылықтар табылып, оның жасалу дәуірі мен тарихы дәлелденіп жатса туған өлкеміз Архаттың да абыройы асқақтап, перзенті ретінде біздің де үлкен мақтанышымызға айналары даусыз, сондықтан да үлкен археолог ағаларымыз осыған үлкен мән беріп зерттесе екен деген ой. Мүмкін кім біледі Арқат тауларының әлі де ашылмаған сан құпиялары да тарихтан сыр бүгіп жатқан болар, ал мына табылған таңбалар биылғы жылғы Қазақ хандығының 550- жылдығына деген өте үлкен сый екенін ешкім де жоққа шығара алмас. Ендеше сонау тылсым тарихымыздан сыр шертетін осынау тарихи ескерткіштің өзінің тиісті бағасын алып халқымыздың тарихына, көшпелі мәдениетіне қосар үлесі зор деп сенемін! Құрметпен: Әмірбеков Ерлан Шаяхметұлы, Семей қаласы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_126543.txt | Капитолидегі қақтығыс. Байден АҚШ-тың жаңа президенті! | https://abai.kz/post/126543 | "Капитолидегі қақтығыс. Байден АҚШ-тың жаңа президенті!" | "https://abai.kz/post/126543" | 07.01.2021 | Нұрбике Бексұлтанқызы | null | TITLE: Капитолидегі қақтығыс. Байден АҚШ-тың жаңа президенті!
URL: https://abai.kz/post/126543
META: "Капитолидегі қақтығыс. Байден АҚШ-тың жаңа президенті!" | "https://abai.kz/post/126543"
DATE: 07.01.2021
AUTHOR(s): Нұрбике Бексұлтанқызы
TOTAL WORDS: 759
TEXT: 6 қаңтар күні АҚШ Конгресі қарашада өткен Президент сайлауының қорытындысын ресми түрде бекітетін сәтте, президент Доналд Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына басып кірді деген ақпаратты әлемдік БАҚ жазды. Бұған дейін, Трамп Вашингтон орталығындағы митингіде өзінің жеңілгенін мойындаудан бас тартып, өз жақтастарын Капитолий ғимаратына баруға шақырған. Ал, Трамптың жақтастары полиция қоршауын бұзып өтіп, ғимаратты қоршап алды. Сөйтіп наразылыққа шыққандар Сенат отырысын тоқтатқан. Нәтижесінде полицейлер адамдарды сыртқа шығару үшін атыс қаруы мен көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер салдарынан төрт адам қаза тауып, бірнеше адам ұсталды. Одан кейін, АҚШ Конгресі мен Сенатын күзететін полиция Капитолий Хилл аумағынан Трамптың жақтастарын толығымен шығарды. Үкіметтік кеңселерден 100-150 метр қашықтықта жаңа қауіпсіздік периметрі орнатылды. Ал, қалалық полиция күштері наразылық білдірушілерді ұстауды жалғастыруда. Бұдан соң, Твиттер Дональд Трамптың аккаунт қызметін тоқтатқан. «Вашингтонда бұрын-соңды болып көрмеген және жалғасып жатқан зорлық-зомбылық жағдайының нәтижесінде біз бүгін Азаматтық - Адалдық саясатымызды бірнеше рет және өрескел бұзғаны үшін @realDonaldTrump твиттерін бұғаттауды талап еттік», - деп жазды әлеуметтік медиа компаниясы. Ал, сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Джо Байден Трампты наразылық шараларын тоқтатуы тиіс деп мәлімдеді. «Сайланған үкіметке қауіп төндіру - наразылық емес . Бұл бүлік. Әлем не болып жатқанын бақылап отыр. Басқа көптеген американдықтар сияқты мен де ұзақ уақыттан бері демократияның нұры мен үміті болып келген ұлтымыздың осындай сұмдық сәтке тап болғанына қатты таңдандым және қайғырдым. Мен Трампты ұлттық теледидарға барып, бұны тоқтауын талап етуге шақырамын. Жеткілікті!», - деді Байден өз үндеуінде. АҚШ-тағы оқиғаларға қатысты әлеуметтік желінің қазақстандық сегменті не жазып жатыр? Біз бір шолып шықтық... Марғұлан Сейсембай, FB: «АҚШ-та болып жатқан жағдай, әрине, өкінішті. Бірақ бұл демократиялық ел үшін қалыпты жайт. Түптеп келгенде, демократия күші өзі сайлаған билігіне ерікті түрде бағынышты болу арқылы тыншиды. Бұл арада екі түрлі аспектіге мән беру керек. Біріншіден, халықтың әрекеті - егер расымен де, дауыстар ұрланған болса, бұл нағыз адекватты, әрі дұрыс реакция. Яғни, бұрыс сайлауға дұрыс реакция білдіру. Егер сен бұл билікті сайламадым десең, оған қоса, сен дауыс берген адам өрескел ережебұзушылықтар мен бұрмалаулар орын алғанын жер-жерде айтып қоймаса, онда халық көтеріліп, өз дауыс беру құқығын қорғауы әбден заңды. Белгілі нақыл сөзде айтылғандай – «Күресте өз құқығыңды табасың». Бұл арада халықтікі дұрыс. Ал Трамп пен АҚШ элитасы әрекетінің жайы басқа. Егер Трамп тынышталмай, өзі жасап отырған дағдарыс ауқымын түсініп, сонда да тоқтамға келмесе, онда АҚШ Конгресі өткізілген сайлаудың тазалығы мен әділдігіне тиянақты тексеріс жүргізуі дұрыс болар еді. АҚШ элитасының Байденді тезірек президент деп тануға күш салып жатқаны алаңдаушылық туғызады. Трамп пен оның жақтастарының наразылығы да осыдан туындап отыр. Меніңше, оларға барлығын мұқият реттеуге тура келеді. Олай болмаған жағдайда, бұл АҚШ билігі ішіндегі кідіріп жарылатын мина болмақ. Әр сайлау сайын жағдайды одан әрі қиындата түсетін қауіпті прецедент болады. АҚШ-тың осы саяси дағдарыстан шығу жолы барша әлемге үлгі болайын деп тұр». Бауыржан Серікбаев, FB: «АҚШ-та сайлау нәтижесімен келісу, келіспеу деген мүдделер қақтығысы өтіп жатыр. Бір жүйедегі екі олигархтық топтың тартысы. Ортада халық. Кісі қайтыс болды. Меніңше олигархтар, капиталистер өзара келісіп соңы жақсы аяқталады. Ушығып, асқынып, адам шығыны көбейсе Трамп жауапқа тартылуы да мүмкін. Алдағы уақытта». Аман Мәмбетәлі, FB: «ФБР арнайы жасағы Капитолия ғимаратын Доналд Трамп жақтастарынан тазалады. Адамның өзінің жеңілгенін мойындай алмайтын әлсіздігінің ақыры ауыр жағдайға алып келеді. Әрине, наразылықтар демократияның бір көрінісі. Алайда, осы жағдай штаттардағы тұрғындардың әбден бөлектеніп кеткені мен сенім дағдарысын көрсетеді». Жанболат Мамай, FB: «Америка демократиясы ауыр сыннан өтіп жатыр дәл қазір. Кеше түнде Трамптың жақтастары Капитолиге басып кіріп, Байденнің жеңісін рәсімдеу процесін тоқтатты. АҚШ-тың тарихында болмаған сұрапыл жағдай. Америкада болып жатқан оқиғалар сөзсіз, халықаралық саясатқа да, біздің елге де әсерін тигізеді. Ол туралы кеңірек айтармын. Дәл осы жағдайда өз басым вице-президент Майк Пенстің әрекетіне сүйсіндім. «Маған Трамптан гөрі Конституция қымбат» деген мәлімдеме жасап, қазіргі АҚШ президенті оны қанша заңсыз әрекетке итермелесе де, оған барған жоқ. Америка демократиясының күші де осында: биліктің бірде бір тармағы абсолютті құзіретке ие емес. Бір бірін тежеп, бақылауда ұстайды. Осы арқылы АҚШ бұл сыннан да сәтті өтеді деп санаймын». Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ Конгресі президент сайлауының нәтижелерін мақұлдап, сайлаушылар алқасының ұстанымына сәйкес, Джо Байденді жеңімпаз деп жариялады. Конгресс сайлауының жеңімпазы бірнеше сағат бұрын расталуы керек еді. Бірақ Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты жиналысты тоқтатуға мәжбүр болған. Кейбір Республика заң шығарушылары Джорджия, Мичиган, Невада және Пенсильваниядағы сайлау нәтижелеріне қарсы шығып, Байденді мақұлдауға кедергі келтіруге тырысты. Алайда олардың бастамасы партияластар арасында қолдау таппады. 3 қарашадағы дауыс беруден бастап Трамп бірнеше штатта дауыстарды санау кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді. Оның жақтастары 60-қа жуық сот ісін қозғады, бірақ ешқайсысы қайта қаралмаған. Айта кетейік, сайлау нәтижелерін растау - АҚШ-тағы сайлау нәтижелерін қорытындылаудың соңғы кезеңі. Соңғы 140 жыл ішінде дауыс беру нәтижелеріне тек үш рет қарсы әрекет жасалды, соңғысы 2005 жылы болған. Алайда, бұл бастама қолдау таппаған. Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_79455.txt | Бақұл болыңыз, көке! | https://abai.kz/post/79455 | "Бақұл болыңыз, көке!" | "https://abai.kz/post/79455" | 23.10.2018 | Abai.kz | null | TITLE: Бақұл болыңыз, көке!
URL: https://abai.kz/post/79455
META: "Бақұл болыңыз, көке!" | "https://abai.kz/post/79455"
DATE: 23.10.2018
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 510
TEXT: Дүниеден талантты жазушы Талғат Кеңесбаев өтті. Талғат Кеңесбаев 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдаған. Жазушы. Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөзде жарияланды. 1988 жылы республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты атанды. Тұңғыш кітабы "Француз әтірінің иісі" 1990 жылы жарық көрген. 2017 жылы "Ұлт болмысы" журналы ұйымдастырған "Ұлт болмысы" әдеби конкурсында бас жүлдені иеленді. Оның "Моцарт" романын, "Үнсіз нота", "Лениннің бәтенкесі", қатарлы әңгімелері мен "Гауһар", "Ойшоғыр" т.б. повестерін оқырмандары жылы қабылдаған болатын. Дәурен Қуат, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы: - Сенің әңгімелеріңді бекер оқыдым, енді өзім жаза алмай жүрмін", - деп бөстіре мақтап қоятыны бар еді. Кейінгі бір кітабының жарық көруіне септігім тисе керек, соны айтып және қоймайтын. Қырғыз қаламгері Айдарбек ағамен шығармашылық байланыстарына да дәнекер болғаным бар. Әлгі бір түкке тұрмайтын қызметімді өсіріп: "Князь мені Алатооның биігіне алып шықты", - деп отыратын. Әңгімеміз де жарасып, әзіліміз де жарасып жүруші едік. Күніне бір рет, кейде екі үш рет звондап қоятын. Сол звоноктарын әредік артық көріп, кейи жауап берген кездерім де болыпты-ау... Енді, міне, удай өкініштің уыты тамағыма тығылып тұр. Қайран Тәкең!.. Ол - өзіне де риясыз көңілмен талай айттым, талантты жазушы еді. Қаламынан шыққан әр туындысының магиясы болатын. Сенбесіңе сендіретін жазушы еді. Жазуға соншалықты адал болды, жазып өтті. Талғат Кеңесбаев! Осы есім сойдың өзі басқаға емес, қас талантқа, қаламгерге ғана біткен есім сой екенін білетінбіз. Бақұл бол, бағалым, бағыланым!. Ақберен Елгезек, ҚР Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары: - Қайран Талғат ағам-ай, сіз де өттіңіз бе бұл жалғаннан?! Кейінгі жылдары арамыздағы бұрынғы ақжарқын қарым-қатынасымыз әлсіреп, xабарласпай қалып едік. Сенгіш, аңғал адам едіңіз, біреу сөз тасыды ма, білмеймін...Қалай болғанда да, сіз менің ағам болғансыз, ағам боп қала бересіз! А нада реанимацияға түсті дегенде қатты уайымдап едім, бүгін төбемнен жай түскендей боп отырмын. Алла алдыңыздан жарылқасын. Жаныңыз жәннаттың төрінде шалқысын. Артыңызда қалған ұрпағыңыз аман болсын. Жеңгеме, отбасыңызға және күллі қазаққа қайғырып көңіл айтамын. Дархан Бейсенбек, жазушы: - Қайран Тәкем-ай! Өзіңізбен етене араласқан соңғы он жылда жан қиыспас бауыр, туыс болып кетіп ек. 2008 жылы Семейдің вокзалынан күтіп алып, Рақымжан Отарбаев ағаммен таныстырған едіңіз. "Дархан Бейсенбековичке айтам деп талайды қорқытқам" деп балаша мәз болатынсыз. Семей-Ақсуат-Өскемен бағытында жүрген сапарыңызды Миқош дос (Мирас Мұқаш) әлі күнге жыр ғып айтады. Бала көңіл аңғалдығыңыз да адалдығыңызды, адамдығыңызды сездіріп тұрушы еді. Бір ә ңгімеңізге мені кейіпкер етіп, аты-жөнімді жазғансыз. Сонан соң сізді көргенде "100 долларым мен Паркер қаламсабым қайда" деп қалжыңдайтынмын. Сіз болсаңыз күйіп-пісіп, қалтаңызды ақтарып, соңғы тиыныңызға дейін санап беруші едіңіз. Қолыңыз ашық, жаныңыз жомарт еді. Оған талай куә болдым. Өзіңізді ойламай, қиналып тұрған жанға қалтаңыздағыны қағып беруші едіңіз. "Менен жазушы шыға ма, шыныңды айтшы, Дата?" деп сұрайтынсыз. Мен болсам Сіздің классик жазушы екендігіңізді, бағы бар қаламгер екендігіңізді дәлелдеумен болатынмын. Бағы бар дейтін себебім, Тәкеңнің өмірі кейде тылсым дүниемен де астасып жататын. Өзі жазатын шығармаға қатысты ия түс көреді, яки соған деталь боларлық тосын оқиғамен ұшырасып қалып жатады. Осыларды айтып шыр-пыр болсам Тәкең әңгіме ауанын өзгертіп, Гүлмира жеңгемізді мақтайтын. "Мен сияқты адамға шыдап жүрген жеңгең де алтын-ей" деп күлетін. "Дата, мені Әулиеағашқа апаршы. Тәу етіп, зиярат қылайын" дегенсіз соңғы сөйлескенімізде. Амал не, ол сапар бұйырмапты аға. Бақұл болыңыз, көке! Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_13601.txt | Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ: «Мақтануға тиіс дүниелеріміз «жабулы қазан» күйінде қалып тұр» | https://abai.kz/post/13601 | "Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ: «Мақтануға тиіс дүниелеріміз «жабулы қазан» күйінде қалып тұр»" | "https://abai.kz/post/13601" | 21.05.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ: «Мақтануға тиіс дүниелеріміз «жабулы қазан» күйінде қалып тұр»
URL: https://abai.kz/post/13601
META: "Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ: «Мақтануға тиіс дүниелеріміз «жабулы қазан» күйінде қалып тұр»" | "https://abai.kz/post/13601"
DATE: 21.05.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 2808
TEXT: Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ, түркітанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент: - Аманқос аға, ежелгі руна жазуына жаппай көшу, оны мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі өзіңіз тақылеттес ғалымдар тарапынан оқтын-оқтын қозғалып жүр. Осы жөнінде не дейсіз? - Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі журналистика факультетінің бір топ студенті руна жазуын тәп-тәуір меңгеріп алды. Ізденіп, зейін қойған жанға бұл соншалықты күрделі жазу еместігі айдан анық. Бабаларымыз іргетасын қалаған, қанымызда бар руника қайта қолданысқа енер күн туарына сенемін. Соған бәріміз қызмет етуіміз керек. Өз жазуымыз, өз тарихымыз бар ел екенімізді әлемге әйгілеу ауадай қажет. Неге «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» атауын рунамен жазбасқа: Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ, түркітанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент: - Аманқос аға, ежелгі руна жазуына жаппай көшу, оны мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі өзіңіз тақылеттес ғалымдар тарапынан оқтын-оқтын қозғалып жүр. Осы жөнінде не дейсіз? - Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі журналистика факультетінің бір топ студенті руна жазуын тәп-тәуір меңгеріп алды. Ізденіп, зейін қойған жанға бұл соншалықты күрделі жазу еместігі айдан анық. Бабаларымыз іргетасын қалаған, қанымызда бар руника қайта қолданысқа енер күн туарына сенемін. Соған бәріміз қызмет етуіміз керек. Өз жазуымыз, өз тарихымыз бар ел екенімізді әлемге әйгілеу ауадай қажет. Неге «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» атауын рунамен жазбасқа: Егер мемлекетіміздегі білім мен ғылымның, тәрбиенің қара шаңырағы саналатын іргелі оқу ордасының атауы маңдайшада төлтума таңбамызбен бәдізделсе, студенттер мен ұстаздардың көзі үйреніп, мақтаныш сезімін ұялатар еді. Университетке іссапармен шетелден келген ғалымдар, тәжірибе алмасуға келуші студенттер мен магистранттар, ізденушілер мен докторанттар, жоғары мәртебелі қонақтар руна таңбасымен бәдізделген маңдайшадағы жазудан қазақ ұлтының жасампаздық рухы мен адамзат мәдениетіне қосқан ерекше үлесі бар екенін пайымдары шүбәсіз. Әлемге есік-тереземіз ашылып, барыс-келіс көбейген сайын келім-кетім шетелдік қонақтың да қарасы аз емес екені белгілі, олардың университет маңдайшасынан іштей әсері «біреудің мәдениетін пайдаланған масыл ұлт екен ғой» деген түсінік қалыптаспасына кім кепіл. Демек, төлтума жазуды маңдайшаға шығару - мыңдаған жылдық ілім-біліміңді, мәдениетіңді жарнамалау, ұлттық мүддеңнің салтанат құруы. Бұл - тектілердің ілімі, даналардың ғылымы, жатты имендіретін рухани сес. Әрине, бұл игілікті идеяны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бастаса, басқаға да үлгі-өнеге, ғибратты іс болар еді. Ақырындап мектепте арнайы ежелгі руна жазуы мен мәдениетін оқытатын пәнді де енгізуге түрткі болар еді. Ата-бабаның рухы желеп-жебер еді. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегін жоғары оқу орындарында оқытуды тиісті деңгейде қолға алмай отырмыз. Қазір бос мақтан көп. Ал шын мақтануға тиіс дүниелеріміз «жабулы қазан» күйінде қалып тұр. - Өте ерте заманнан-ақ тасқа ойып сурет салған, балбал тастардың негізінде мүсін өнерімен шұғылданған қазақтың XIX ғасырдағы кейбір ірі тұлғаларының әлі күнге бет-бейнесін толыққанды айқындай алмай отырған жайымыз бар. Мұның сыры неде? - Қазақ тасты қамырша илеген, төлтума жазуы бар, өркендеген жасампаз ел болған. Тастың пішінін келтіріп, бәдіздеу алдында кедір-бұдырын тегістеуді жазу дейді. Өңделген соң тасқа пішіп мәтіннің таңбаларын салады. Осы үдерістің толық дайын болуын «бітік» деп атаған. Орыстың «пишу», «печать» дегені біздің «пішуден» алынған. Ислам діні қазақ жеріне алғаш келгенде сурет салуға тыйым салынды. Соның кесірінен көп мұраны сақтай алмадық. Ежелгі дәуірді бірен-саран ғалымдар зерттеп жүр. Тарихи мұрамыз кімге керек? Келешек ұрпаққа қажет. Басқа жұрттың алдында ұялмай, «біздің де құр ас ішіп, аяқ босатып қана қоймай, күллі адамзат мәдениетіне қосқан сүбелі үлесіміз бар» деп көрсетуге керек. Қазірдің өзінде кейбір дінді жамылған дүмшелер ежелгі дәуірді зерттейтін ғалымдардың соңына түсіп, күстәналайды. Империяның төмпеші өтіп кеткен бе, әлі рухани есімізді жия алмай, қанатымызды жазып, шын серпіле алмай келеміз. Көнбістеніп кеткеніміз сонша, өзіміздің төл тарихымызға мүлде бет бұрғымыз жоқ. Алдыңғы ақ патша, кейінгі кеңес өкіметі заманында жерімізге аннан қашқан, мұннан қашқан қаны бұзылған қиық құлақтарды, тексіздерді қоныстандыру саясаты жүргізілді. Қызыл империя әртүрлі ұлттарды қазақ ішіне депортациялап, ұлттық әдет-ғұрпымызды, салт-санамызды шайып, тілімізді бұзуға ұмтылды. Балбал тастарымыздың көбін сол тың игеру науқанын желеу етіп, жер бетінен жойып жіберді. Арабтар сурет, мүсін өнеріне тыйым салған соң, құлпытастар пайда болды. Құлпытас - бабалардың ақпаратты тастың пішіні мен таңба арқылы кұпиялап жеткізген, яғни құлыпқа салған жазуы. Бұрын дана қағандар мен ел қорғаған есіл ерлерге, даңқты батырларға арнайы мүсін қойып, ескерткішке көрсеткен ерліктерін баяндаған. Биік тұлғалардың өліміне күннің көзі өшкендей қайғырған. Аспандағы күнді ақылдың күші, өнердің тілімен жерге түсірген. Моңғолия өңірінде күннің көзі бейнеленген төрүк қорғандары жиі ұшырасады. - Батырлыққа үндейтін, ұлттық рухты көтеретін тасқа жазылған жырларымыздың маңызы мен мазмұны туралы айтып берсеңіз. - 2-3 жыл бұрын Күлтегін, Білге қаған, Тонұқұқ ескерткіштерін көріп қайттым. Даңқты қайран бабаларымның басына тағзым етіп, Орқұн өзенінің жағасында ақ қойдың қанын шығарып, бір күн, бір түн рухымен сырластым. Мұндай жазуы бар ұлт - бақытты. Елімізде таяқ тастаса, ғылым докторы, профессор, академикке тиеді. Бірақ сол оқымыстылар дана бабаларымыздың қадірін білмей, ілімін түйсінбей, ғылымына қанықпай отырғаны өкінішті. Сол - атақ-лауазымынан ат үркетін оқымыстылар мен жыл санауымыздың I ғасырындағы қайран қара шалдарымызды таразыға безбендесе, дала академиктерінің даналығы, ойлау қабілеті, өре деңгейі басып тұратынына менің еш күмәнім жоқ. «Үзе көк теңрі асра йағыз йер қылынтуқда екін ара кісі оғлы қылынмыс. Кісі оғлунта үзе ечүм апам Бумын қаған, Істемі қаған олурмыш. Олурпан төрүк будуның ілін төрүсін тута берміс іті берміс. Төрт булың қоп йағы ерміс. Сү сүлепен төрт булуңдақы будунығ қоп алмыс, қоп баз қылмыс, башлығығ йүкүнтүрміс, тізлігіг сөкүрміс. Ілгерү Қадырқан йышқа тегі, керү Темір Қапығқа тегі қонтурмыс» (КТү., 1, 2.). «Үстінде көк аспан, астында қоңыр жер жаратылғанда, екеуінің арасында кісі оғлы қылынған. Кісі оғылында [бұ дүниеде өмір сүрген адамдардың қатарынан] жоғары тұрған Бумын қаған мен Істемі қаған аталарым ғұмыр кешті. Төрт бұрыштың барлығы жау еді. Төрт бұрыштағы [жаумен] соғысып, басы барын жүгіндірген, тізесі барын бүктірген, ілгері Қадырқан үстіртіне дейін, кері Темір Қақпаға дейін қондырды». Бұл реалды дүние жаратылған дәуірден тікелей жүргізген тарихи репортаждай әсер қалдырады. Мұндай ақпаратты сақтау мен тарату, мәңгі есте тұту әдісі өктемсіген орыс пен еуропалықтарда ол шақта исі де жоқтығы қайран қалдырады. Өкініштісі, С.Е.Малов аудармасында осы жолдардың мағыналық астарын жетік түсінбегендіктен, сөйлемнің ақпараттық мазмұны едәуір ауытқыған. Бұл мәтінді оқығанда бойыңды мақтаныш билеп, рухтанарың сөзсіз. Моңғолия аймағында, тіпті Маңғыстау өңірінде бөрітастар мен қойтастар әлі сақталған. Мұқият қарасақ, Күлтегін ескерткішінің басынан да бөрі бейнесін аңғарамыз. Басқа да бітік тастарда сақталған. Бұл - ата-бабаны көкке көтеру. Қазақ төрге шығарса да, төбесіне ешкімді шығармаған. Мұның өзі батырға тән жомарттық, мәрттік мінездердің нышаны. Соғыс - өмір мен өлімнің арпалысы. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды аламыз. Ол - бабалардың қаныменен бізге мұра болған байлық. «Дүниенің кеңдігінен не пайда, етігің тар болса» деген қалада да, далада да азаматтарымызды жер теліміне телміртіп, жылдар бойы сандалтып қойдық. Қазақта «Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық» деген нақыл бар. Жері жоқ ел - жетім. Дағдарыс жаһандағы іргелі патшалықтарды қинап тұр. Асып-тасқан өңдірісіміз болмаса да, жеріміздегі табиғи байлық қоры арқасында қиыншылық көрмей келеміз. Егер осы бастан қам қылмасақ, табиғи байлық қорымызды ұқсатып, бұйымға айналдыруды іске жарата алмасақ, оның да таусылатын уақыты болады. - Бір әңгімеңізде «Қазақтың Меккесі - Хантәңірі болуы қажет» деп қалдыңыз... - Алатаудың әуелгі атауы - Тәңіртақ. Қытайлар өздеріне бұрып «Тәңіршан» деп атаған. Кейінірек Қытай өз мүддесіне жақындатып, әлемдік географиялық картаға «Тянь-Шянь» болып енді. Исламның келуіне байланысты Тәңірге байланысты атаулардың бәрі өзгертілді. Тәңір дінінде схоластикалық соқыр сенім жоқ, адам мен табиғат арасындағы үйлесімге, сәйкестікке құрылған. Тіліміздегі көкті жұлма, суға қоқыс тастама, құмырсқаның илеуін бұзба, күлді баспа т.т. сақталған тыйымдар - о бастағы Тәңір дінінің ұстанымдары. Біздегі теолог ғалымдар бұл туралы сыңаржақ пікірде. Тәңіртақтың биік шыңы - Хантәңірі. Хантәңірі жердегі Құдайдың белгісі. Хантәңірінің Қытайға қараған жағын жергілікті қазақ Боғда тауы дейді. Оның етегіндегі көлді де Боғда деп атайды. Біздің ежелгі қағанатымыз дәуірлеген шақта бүгінгі Қытай, Моңғолия аумағын мекендеген ұлттар мен ұлыстар Боғда тауына құлшылық етіп, Боғдаханға сиынатын дәстүр болғаны - тарихи тасқа түскен ақиқат. Хантәңірі мен Боғда мәндес сөздер. Ежелгі тілімізде «Бод», «Боғда» Тәңір, Құдай, Жаратқан деген ұғымды білдіреді. Бодтан Будда, Боғдадан орыстың «Бог» сөзі қалыптасқан. Тіліміздегі «бодан» сөзін төркіндетсек, «Бод» - Тәңір, Құдай, Жаратқан + «ан» - ие = «Тәңір ие», «Құдай ие», «Жаратқан ие», ауыспалы мағынада «мемлекет ие[лігінде]' дегенді білдіреді. Түсіндірме сөздікті құрастырушылардың «бодан» ұғымын «еркінен айырылған, құл» мағынасымен егіздеуі қисынға мүлдем келмейтін, қате пайымдау. Орыстың «подданный» сөзі «бодан» атауынан алынған. Моңғолиядағы Бес Боғда тауы атауының мағынасы да осыған саяды. Қазақ «Тәңіріңнің құдіретін көрем десең, тауға бар» деп бекер айтпаған. Тәңірлік сенімнің канондары қазақтың өмір сүру дағдысына сіңіп кеткен. Ежелгі дәуірде Хантәңірі исі төрүктің сиынатын қасиетті орыны болған. Қазақтың әкімшілік-аумақтық жүйелеуі бойынша үш жүзі - ұлы [биік] жүз, орта жүз, кіші жүз осы Хантәңіріне байланысты белгіленген. Хантәңірінің айналасындағы қазақтар - ұлы жүз, онан арғысы - орта жүз, шеттегісі - кіші жүз. - «Наурыз» сөзін «Ұлыстың ұлы күні», «Ұлыс күні» деп өзгерту жөнінде бастама көтеріп жүрсіз. Әлемнің көптеген елі осы мейрамды тойлайды. «Наурыз» - солардың көпшілігіне ортақ сөз. Сіздің бастамаңыз - жаһандық атаудан бас тарту емес пе? - Сөз - магия. Егер өзімізде барды менсінбей, өзге жұрттың сөзін қолдансақ, сол елдің мәдениетін қабылдаған боламыз. Жылдың басы саналатын мейрамды ежелден қазақ «Ұлыстың ұлы күні» дейді. Парсының «Наурыз» атауын қазаққа келгенге дейін де жұртымыз жыл басы ретінде тойлаған. Өйткені көшпелі қазақ тіршілігі: жаз - жайлау, күз - күзеу, қыс - қыстау, көктем - көктеу, жылдың төрт мезгілін экологиялық тиімді пайдаланған. Көшпелі өмір салты табиғатпен қойындас тіршілік еткен соң, аспан денелерінің сырын өте-мөте қанық білді. Дала астрономдары аспан денелерінің қозғалысын жіті бақылап, өмірде тәжірибеден түйген тұжырымына сүйенді. Халық есепшілерінің «Үркер үйден көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар, ел жатқанда Үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі бар», «толған ай тұрса үркерге қарсы қарап, қыс түсер шақырайып, боран сабап», «қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс» деген сияқты мәтелдер соған айғақ. Аспан шамшырақтарын қасиеттеп ұл-қыздарына ат қойды: Күнсұлу, Айсұлу, Жұлдыз, Айжарық, Айбек, Шолпан, Болпан т.т. «Ұл[ы]т», «Ұлыс» ұғымы біздің ежелгі тотемдік наным-сенімімізден қалыптасқан бөрілік дәуірден бастау алады. Тәуелсіздікпен бірге төл мейрамымызды қайта жаңғырттық. Ендеше, кез келген саладағы төлтума атауларымызды қайтаруымыз қажет. Ұлттың дербестігін, ерекшелігін білдіретін барлық маңызды элементтер: амандасудан бастап, аты-жөнімізді ресми дұрыс таңбалау, мемлекеттік рәміздік мағынасы бар атрибутқа дейінгі кілтті сөздер бағзыдан жеткен төлтума атаудан құралуы тиіс. Бұл біздің өркениетімізді, мәдениетімізді, жасампаздығымызды, мемлекет болғанымызды куәлікке тартып, дәлелдейтін - осындай байырғы атауларымыз. Енді төл атауларымыз ұмыт қалып, шеттен келген сөздерді пайдаланып жүрміз. Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деуінде гәп бар. Зады, бұл - терминолог ғалымдардың қателігі. Терминкомда жұмыс істейтін ғалымдардың кәсіби біліксіздігі мен өресіздігінен ұлттық мүддемізге нұқсан келетін кемшіліктер жіберілді. «Наурыз» сөзі бізге парсыдан енді. Парсылар болмаса, қазақ осы тойды тойламас па еді?! Жалпы, еуроцентристік оқымыстылардың қазаққа тән құндылықты қарадай қызғанып, парсыға бұратын ауруы бар. Бұл біздің дұшпандарымыздың саяси мүддесіне орай, ғылымды қолжаулық етуі. Кеңес Одағының ғылыми мектебінен өскен қазақ ғалымдары да орысқа жалтақтап, солқылдақтық танытатын әдетінен әлі жаңылған жоқ. Есіктен табылған Алтын Адамды, оның жанындағы күміс тостағандағы жазуды да «беткеұстар өз білгіштеріміз» парсыныкі деп, қазаққа қиғысы келмей біраз тулағаны естен кетпейді. «Ұлыстың ұлы күні» деген мейрамның атауын қазақта білмейтін жан жоқ. Мемлекеттік билік уыстан шығып кеткен дәуірде «Ұлыстың ұлы күні» деп ресми тойлауға ерік бермегені - түсінікті жайт. Кеңес өкіметі тұсында ұлтшылдықпен байланыстырды, тіпті, «діни мейрам» деп тыйым салғаны да мәлім ғой. Бұхар жырау бабамыз: «Жар басына үй тікпе, дауыл соқса, үй кетер; Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер» демеді ме?! Ұлттың мейрамы түгіл, қазақтың ары болған алтын басты азаматтарымыз нақақтан-нақақ атылып, асылып, абақтыға тоғытылды, миллиондаған бейкүнә жандар аштан қатырылып, сүйегі көмусіз, далада шашылып қалғаны - Бұхар бабамыз айтқандай, биліктің тізгінін жатқа ұстатқанның кесірі. Өз билігіміз өзімізден сусыған дәуірде қасиет тұтқан киеміздің бәрінен айырылдық. Енді сол олқылықтың орнын толтырып, өшкеніміз жанып, жоғалтқан асыл қазынамызды түгендеу үстіндеміз. Бұл алауыздықтан тапқан тарихтың бізге берген ащы сабағы. Сондықтан оны әлсін-әлі қымыз піскендей қайталап, буын-буын өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие болу үшін еске түсіріп тұру парыз. - Ежелгі жазбаларымыздан «Ұлыс күніне» байланысты қандай да бір тың деректерді кездестіре алдыңыз ба? - Мынандай жағдайды ескеруіміз қажет. Осы уақытқа дейін бізге жеткен тас бітіктер түгел емес, бірақ жұрнағы қалды. Ұлттық идеологиямызды айқындайтын көптеген жәдігер дүниелер жойылған. Орта ғасырда арабтың әскербасы әл-Мүслим Кутейба қазіргі қазақтың жерінен бастап, Қашқарға дейінгі аралықтағы тас бітіктерді мыңдаған қолмен бірнеше жыл қатарынан тып-тыпыл етіп құртты. Өйткені маң дала тас бітіктерге толы болатын. Бұл көшпелі қазақтың саяси санасы мен азаматтық ұстанымын, отаншылдық сезімін тәрбиелейтін қасиетті құрал еді. Ұшқан құстың қанаты талатын ұшы-қиырсыз аумақта тас бітіктен тұратын дала кітапханасы қазақтан басқа жер бетінде салыстырарлық бірде-бір халықта болған жоқ. Ол - тек кітапхана ғана емес, әрі мұрағатымыз, әрі мұражайымыз еді. Тас бітіктерге жер тарпыған тұлпармен сейіл құрып, көзбен көріп, оқыған-тоқығанын қолмен ұстап, сол кездің оғыландары бабалардың алақанының табы қалған киесін бойына сіңіріп, рухтанып қайтатын. Дала мемлекетінің өз заңы бар. Кім болса, соған бітік тастың жұмысымен айналысуға рұқсат берілмеген. Тек абыздар ғана ұлттық мүдде тұрғысынан сүзгіден өткен шынайы ақпаратты жазу-сызумен шұғылданған. Жазу дегенді ерекше қастер тұтқан, қасиет санаған. Қазір кітап таралыммен дүкен сөрелерінде тұрады. Қалаған кітабыңды жата-жастана оқуыңа, құлағыңа тығып қойып тыңдауыңа толық мүмкіндік бар. Ол кезде тас бітікке арнайы өз аяғыңмен баруың керек-тұғын. Сол тас бітіктен бүгінгі қағаз кітап, заманауи электронды нұсқасына дейін адамзат мәдениеті дамудың эволюциялық ұзақ жолынан өтті. Ақпаратты таратып және сақтайтын құралдың сатылап сапалық өсуі технологиялық жасампаздыққа байланысты. Демек, бұл саладағы заманауи технологиялық жетістіктің бас тұғыры - тас бітік, яки тас кітап екенін ұмытпаған лазым. Әлемдегі ілкі жазулардың бірі де сол - біздің руна таңбаларымен бәдізделген. Тарихын тасқа жазған елдің ұрпағымыз. Алайда IX-X ғасырларда дәуірлеп тұрған қағанатымыздың саяси дағдарысқа түскені мәлім. Дәл осы көшпелі қағанаттың осал тұсын сәтті пайдаланған арабтар шапқыншылығы аяусыз болды. Қазақ даласына арабтардың ислам дінін енгізуі - тасқа жазылған ғажайып ескерткіштеріміз бен мұраларымызды жою, төлтума руна таңбасымен сауаттанғандарды бірін қалдырмай қырғынға ұшыратумен жүзеге асты. Бәлкім, Талас бойынан табылған руника таңбасымен бәдізделген он тас бітік - әл-Мүслим Кутейбаның жорығы кезінде көзге түспей, қалтарыста қалып қойған, Құдайдың бізге жасаған сыйы болар. Жәдігердің тағы бірі - Қазақстанның бренді саналатын, біздің жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдағы тарихи-археологиялық сирек құндылық - Есіктен табылған Алтын Адам жанындағы күміс тостағандағы жазу. Жер-ана қойнына жасырылған бағзы ескерткіш қазынамыз әлі талайы табылары шүбәсіз. Арабтың аяғы тимеген ата-бабамыздың қоныстанған мекені бүгінгі Моңғолия өңірінде аспан асты, жер үстінде мыңдаған жыл бойы жел-құздың өтінде тұрып сыры кетсе де, сынын жоғалтпаған тас бітіктеріміз бен мүсін өнеріміз тұнып тұр. Бумын қаған, Істемі қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тонұқұқ, Мөде қаған, Аттила [Аттылы], т.б. мәңгі тасқа жазылған қаны таза төрүк даналары рухының алдында тағзым етіп, көше, даңғыл, гүлзар, ескерткіш мүсінін орнатуға, деректі, көркем фильмдер, бөбектерге арналған мультфильм дайындауға ақыл шіркін жетпей отыр. Сол баяғы жат жұрттың ауызға салып берген XV ғасырда мемлекетін қайта тіктеген Қазақ хандығынан тарихын бастауды әйтеуір, жаңылмай тоты құстай қайталап келеді. Бұл - Қазақстанда тарихи сананың сауығу құбылысы тасбақаның жүрісіндей баяу қозғалуына дәлел. «Ұлыстың ұлы күні» деген тіркесті қазақтан өзге бірде-бір төрүктілдес елдерден кездестірмейсіз. Жер жүзіндегі алғашқы жазулардың бірегейі руника десек, сол «руника» сөзінің шығуы «ру», «ұлыс» ұғымдарымен астасады. Қазақтың рулық таңбалары бічік, яки жазу әріптерінің бір парасы. Осы рулық таңбалар орыстың, көптеген Еуропа елдерінің геральдикасына негіз болғанын да біліп қойған жөн. Рулардың конфедерациясы - ұлыс. Ұлыстың ұлы күні - кішігірім рулық мемлекеттердің бірігуінің символы. Ахмет Байтұрсынұлы біздің әдеби тілімізді қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосты. Ахаңның қазақ терминологиясына сіңірген еңбегі үшін алтыннан ескерткіш қойса да, артықтық етпейді. Басқа жұрттар бізді «милләт» деп жазып, осы атауды сөздік қоржынымызға енгізуге барын салды. Сол дәуірдегі әдеби тілдің өзінде араб-парсы сөздері мидай араласып, төрүктік сөздік қорымыздың берекесі қашты. Ахаң тіл тазалығы мен мәдениетіне барынша көңіл бөлді. Ол «милләттың» орнына өзіміздің «ұлыт», «ұлыс» атауын сөздік қорымызға қайта оралтты. Империя өз мүддесі тұрғысынан әліпбиді өзгерткенде сингармонизм заңдылығы бойынша жазылатын «ұлыт» сөзінен «ы» дыбысын алып тастап, оның айтылу әуезділігін бұзды. Өктем империя Ахметтер шейіт болған соң орфографияны қайта-қайта өзгертіп, қазақ тілін ақсатуға тырысты. Тілдегі әуез бен әуенді алып тастау арқылы адамның психологиясына кері әсер тудырып, қазақ сөзінің энергетикалық қуатын солғындату саясаты жүргізілді. Бөрінің ұлуы негізінде туындаған «ұлыт» пен «ұлыс» атауы бір-біріне мәндес синоним. Біз - «дала серісінің» қайсарлығы мен ақылдылығына, мәрттігі мен шыдамдылығына, сезімталдығы мен табандылығына, иісшілдігі мен тістегенін жұлып алатын жойқын күшіне еліктегенбіз, осы мінездерін бойымызға сіңіргенбіз. Себебі төрт түлік мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі қазақтың бөрі ең басты оппоненті. Сондықтан біздің жұрт бөріні әбден зерттеген. Сонан да болар, бөрі біздің тотемдік-атамыз. Ұлысу деген ұғым бар. Ұялас қасқырлар әлдебір қауіп-қатер төнгенде, ұзақ сапарға шығар алдында ұлып, ұяластарын шақырады. «Ұлыс» сөзінің екінші мағынасы бірігу дегенді білдіреді. Наурыз айын тас бітікте «Ілкі ай», яғни «Бірінші ай» деп атады. Ұлыстың ұлы күнінің қоғамдық-әлеуметтік маңызы - көшпелі ел табиғаттың қатал сыны ауыр қыстан соң ұлан-ғайыр аумақтағы шашыла қонған рулардың бір-бірімен қуаныса қауышуы, мәре-сәре боп көрісуі, тұтастығы мен татулығы, жарастығы мен ықпалдастығының рәмізіндей атаулы мейрам. Бұл ұлысу - Еуразия кеңістігін мекендеген тілі мен дүниетанымы, салт-санасы мен дәстүрі ортақ рулардың конфедерациясына негіз болған, яғни Қазақ этносының біртұтастығын айқындаған есте жоқ өте ежелгі дәуірден сыр шертетін қасиетті күн. Қазақ бір-біріне бұл күні тілек білдіргенде: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» - деп ұрандайды. Этнографтарымыз нақ осы күнге қатысты қаншама ұлттық рәсімдерді хатқа түсірді. Дегенмен олардың ежелгі графикамызды білмейтіндігі «ұлыс» ұғымын талдауға кедергісін тигізді. Сондай-ақ біз «наурыз көже» деп жүрген ұлттық тағамымыздың негізгі атауы - тілеу көже. Асты ішер сәтте «ниет етілген тілектер қабыл болады» деген сенім болған. Тілеу көжеге қосылатын жеті түрлі дәмнің өзіндік философиясы бар. Тіршіліктің ең кішкентай белгісі жасушадан бастап, көк пен жерге дейін жеті қабаттан тұрады. Жеті атаға дейін қыз алыспағандықтан, ұлтымызда қан аурулары кездеспейді. Генофондымыз мықты. Демек, жеті саны табиғат заңдылығына негізделген. Бұл мейрамның философиялық-дүниетанымдық, этномәдени тәрбиелік, экожүйемен үйлесімділік қырын көрсетеді, өміршеңдігін әйгілейді. Соның аясында ұлттық өнеріміз бен ойындарымыз орын алады. P.S. Аманқос Мектеп-тегі - ғұмырын қазақ ғылымына сарқа арнаған ерен тұлға. Ғалымның өрелі танымын, өзіндік жазу-айту өрнегін бұзбастан, зерттеушінің аузынан шыққан «төрүк», «бічік» тәрізді сөздерді оқырман қауымға қаз-қалпында беруді жөн көрдік. Автор: Арман ӘУБӘКІР «Алаш айнасы» газеті
|
qosymsha/abai.kz | post_147417.txt | Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастығы артады | https://abai.kz/post/147417 | "Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастығы артады" | "https://abai.kz/post/147417" | 17.02.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастығы артады
URL: https://abai.kz/post/147417
META: "Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастығы артады" | "https://abai.kz/post/147417"
DATE: 17.02.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 81
TEXT: Сенат депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады. Шартқа 2020 жылғы 16 қазанда 1994 жылғы 28 наурыздағы екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартының орнына қол қойылды. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мемлекетаралық келісімнің мақсаты 1994 жылғы келісімнің ережелері ескіргендіктен, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту екенін атап өтті. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Ресей Федерациясы Қазақстанның стратегиялық әрі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі әріптесі екенін атап өтті. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_45430.txt | ОҚО-да 1034 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізілді | https://abai.kz/post/45430 | "ОҚО-да 1034 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізілді" | "https://abai.kz/post/45430" | 06.09.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ОҚО-да 1034 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізілді
URL: https://abai.kz/post/45430
META: "ОҚО-да 1034 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізілді" | "https://abai.kz/post/45430"
DATE: 06.09.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 159
TEXT: Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл басынан бері басқарма тарапынан 1034 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізілген. Ал оның ішінде бюджет қаражаты есебінен құрылысы жүріп жатқан 493 нысан. «Басқарманың құрылыс инспекторлары облыстың аудан, қалаларында салынып жатқан құрылыс нысандарына 1453 рет тексеру жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша 587 нұсқама берілді, кемшіліктері түзетілді. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 329 хаттама толтырылып, 242 қаулымен 58,5 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ал заң талаптарын бұза отырып салынған нысандар бойынша соттың қарауына 120 нысан жіберіліп, сот шешімімен 6,4 млн. теңге айыппұл салынды»-, деді басқарма басшысы. Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай осы жылы заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандарына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 106 нысан сотқа жолданды. Бүгінгі күні 32 нысанды бұзуға, 22 нысанға айыппұл салуға сот шешімі шықты. Басқарманың міндетіне кіретін қызметтердің бірі ол лицензиялау. Бұл бағытта басқармаға 365 азаматтан лицензия алуға және қайта рәсімдеу бойынша өтініштер келіп түскен. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_46787.txt | ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫ, ӨЗГЕ ТУДАН ЖОҒАРЫ ІЛІНУІ ТИІС | https://abai.kz/post/46787 | "ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫ, ӨЗГЕ ТУДАН ЖОҒАРЫ ІЛІНУІ ТИІС" | "https://abai.kz/post/46787" | 12.10.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫ, ӨЗГЕ ТУДАН ЖОҒАРЫ ІЛІНУІ ТИІС
URL: https://abai.kz/post/46787
META: "ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫ, ӨЗГЕ ТУДАН ЖОҒАРЫ ІЛІНУІ ТИІС" | "https://abai.kz/post/46787"
DATE: 12.10.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 316
TEXT: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықоваға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Е.Тоқжановқа АШЫҚ ХАТ Биыл еліміз Тәуелсіздік алып, көк байрағымыз желбірегеніне, Елтаңбамыздың еленгеніне, Гимніміздің асқақтата шырқалғанына 25 жыл толады. Алайда, елдігімізді айшықтап, азаматтыққа тәрбиелейтін және Отансүйгіштігімізді қалыптастыратын Ту, Елтаңба, Гимнің қадір-қасиетін ұғынып, тиісті дәрежеде құрмет көрсете алмай жүрміз. ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы" заңының 5-бабы, 2 тармағында: «Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс деп анық жазылған. Десекте, Астана қаласында және өзге өңірлерде орналасқан республика мен облыс көлемінде үлкен саяси-қоғамдық және мәдени іс-шаралар өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты алдында Қазақстан Республикасының Туы мен Ассамблеяның айрықша белгісін көрсететін туы (көп уақыттан бері) бірдей орналасқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда консультативті-кеңесші орган ғана. Жиырма бір жылдық тарихы бар Ассамблея сол кезеңде жаңадан құрылған тәуелсіз елімізде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешу үшін және республикадағы тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған институт қана. Ал, Қазақ Елі - тарихы тереңде жатырған, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында әлем мойындаған Мәңгі Ел. Сол себепті, Қазақстан Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында Астана қаласындағы және еліміздің барлық облыс орталықтарындағы Қазақстан халық Ассамблеясы ғимараттары алдында орналасқан ҚАЗАҚСТАН ТУЫ, Ассамблея туынан жоғары ілінуі тиіс. Біздің сынымыздан кейін Орал қаласындағы Ассамблея туы төмен түсірілген болатын. Осы бастама өзге өңірлерде жалғасын табу керек. ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарыға жеттік. Енді сол тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» деген еді. Ендеше, рәміздерді өздеріңізден бастап құрмет көрсету және Елбасының дана сөзін тұмар етіп, мойындарыңызға тағып жүру сіздердің төл міндеттеріңіз екенін естен шығармаңыз!!! « Таласқа түссе жан мен Ту Жан емес маған керегі- Көк тудың желбірегені» деп А лмас Ахметбекұлы жазғандай, ҚАЗАҚСТАН ТУЫ бәрінен жоғары, биік желбіреуі тиіс! Талғат Қатауов Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_64922.txt | Кабулда қонақ үйге жасалған шабуылдан бір қазақстандық мерт болған | https://abai.kz/post/64922 | "Кабулда қонақ үйге жасалған шабуылдан бір қазақстандық мерт болған" | "https://abai.kz/post/64922" | 22.01.2018 | Abai.kz | null | TITLE: Кабулда қонақ үйге жасалған шабуылдан бір қазақстандық мерт болған
URL: https://abai.kz/post/64922
META: "Кабулда қонақ үйге жасалған шабуылдан бір қазақстандық мерт болған" | "https://abai.kz/post/64922"
DATE: 22.01.2018
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 170
TEXT: Ауғанстан ішкі істер министрлігінің 21 қаңтарда хабарлауынша, "Интерконтиненталь" қонақ үйіндегі атыс аяқталды. Кабулдегі бұл шабуылдан кем дегенде 19 адам қаза тапты, солардың ішінде Қазақстан және Украина азаматтары бар. Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылдан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы мерт болған. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Facebook парақшасында хабарлады. "Ауғанстаннан суыт хабар жетті. Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылдан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елге әкелу жағын ұйымдастырады" деп жазылған хабарламада. Кабул полицииясының хабарлауынша, шабуылдан кем дегенде 18 адам мерт болған. Олардың арасында тоғыз Украина азаматы, бір Германия, бір Грекия азаматы да бар. Мерт болғандардың саны артуы мүмкін. Ауғанстан ішкі істер министрлігі 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіндегі әскери операция аяқталып, үш содырдың көзі жойылғанын хабарлаған. 12 сағаттық операция кезінде қонақ үйден 150 астам адам құтқарылған. Олардың қырыққа жуығы - шетелдіктер. 20 қаңтарда Кабулдағы ең ірі қонақ үйді бірнеше қарулы адам басып алғаны хабарланған. Ал "Талибан" ұйымы шабуылды бес адам ұйымдастырғанын айтты. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_121786.txt | Жээнбеков Ақ үйден кетуге мәжбүр болды... | https://abai.kz/post/121786 | "Жээнбеков Ақ үйден кетуге мәжбүр болды..." | "https://abai.kz/post/121786" | 06.10.2020 | Abai.kz | null | TITLE: Жээнбеков Ақ үйден кетуге мәжбүр болды...
URL: https://abai.kz/post/121786
META: "Жээнбеков Ақ үйден кетуге мәжбүр болды..." | "https://abai.kz/post/121786"
DATE: 06.10.2020
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 156
TEXT: Өткен түнде демонстранттар Ақ үйге басып кірді. Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, күш құрылымдары қарсылық көрсетпеген. Ақ үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер отты сөндіріп жатыр. Осыған дейін 6 қазан күні таңертең 9.00-да Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент сайлауына қатысқан партия лидерлерімен кездесетіні хабарланған. Бішкектің орталық алаңында дүйсенбі күні парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген халық күні бойы наразылық білдірді. Олар 4 қазанда өткен сайлау нәтижесін жойып, қайта сайлау өткізуді талап етіп жатыр. Кешкі 9.00-дар шамасында митингке қатысушылар Ақ үйдің оңтүстік қақпасын бұзып кіргені хабарланды. Бірнеше минөт өткенде атыстың дауысы естілді. Милиция арнайы құрылғылар қолданып, халықты қуа бастады. Бастапқыда арнайы жасақ наразыларды "Ала-Тоо" алаңынан және Ақ үй ғимаратынан ығыстырған. Бірақ халық алаңды қайта басып алды. 4 қазанда Қырғызстанда Жогорку Кеңештің VII шақырылымына сайлау өтті. Оған 16 партия қатысты. Олардың тек төртеуі ғана 7 проценттік межеден өтті. Жеңілген партиялар сайлауы кезінде әкімшілік ресурстардың көмегімен өрескел заң бұзушылықтардың орын алғанын мәлімдеді. Ал жеңіске жеткен "Биримдик" партиясы қайта сайлауға дайын екенін жеткізді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_40716.txt | ҚҰНДЫЛЫҚ. ОТБАСЫ. АНА. | https://abai.kz/post/40716 | "ҚҰНДЫЛЫҚ. ОТБАСЫ. АНА." | "https://abai.kz/post/40716" | 29.07.2015 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ҚҰНДЫЛЫҚ. ОТБАСЫ. АНА.
URL: https://abai.kz/post/40716
META: "ҚҰНДЫЛЫҚ. ОТБАСЫ. АНА." | "https://abai.kz/post/40716"
DATE: 29.07.2015
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 907
TEXT: Соңғы кездері қазақ мәдениеті мен болмысын анықтайтын құндылықтар туралы көп толғанатын болдық. Ұлттық, діни құндылықтар негізгі мәдениет деген болмыстық қабаттардың негізгі желісі, асыл арнасы. Жалпы бүгін, аксиологиялық таным теорияларына қарап салыстырып қарасаңыз, мәдениет қабаттары қайта түсіндіріліп жатыр. Құндылық егер өзінің тұтынушысы тарапынан керексіз болса, оның құны да мәні де жоқ. Енді осы қабаттарды керегіне жарататын қоғам, отбасы, мемлекет, адам. Бұлардың барлығы саяси институттар. Саяси институт дегеніміз белгілі құқықтық нормалар арқылы басқарылатын құбылыс деген сөз. Осы саяси институт нормаларының тегін құндылықтарсыз елестету мүмкін емес. Саяси институт пен құндылықтар арасын жалғайтын көпір ол әрқашанда адам. Сондықтан да бүгінгі ең басты мәселе адам мәселесі. Ол адам санасының өзінің танымдық қуаттарымен үндестік пен үйлесімділік проблемасы. Яғни бүгінгі адамды адам еткен, ұлттық болмыс берген қабаттар мен қуаттар қатынасы арасында сабақтастыққа қарағанда, жаттану бар, дилемма бар. Бұл дилемманың бүгінгі жахандық жағдайда сыртқы және ішкі себептері көп. Ішкі себептері де қоғам және мемлекеттік институттарға барып тіреледі. Бірақ бұл жерде айтпағым, қоғамды да мемлекетті де құрап отырған мәдениет өкілі қазақтардың құндылықтары туралы, оның ішінде отбасылық қабаттарынан сөз етпекшімін. Жоғарыда да айтқанымдай, құндылық өз алдына алғанда ол қазына, қор, тәжірибе, таным. Енді оны қажет ететін адамда сол қабаттарды игеруге итермелейтін оған деген байланыс санасы мен жауапкершілік сезімі шарт. Демек басты проблема орталығы ол қашанда адам болып қала береді деген сөз. Қысқасы қазаққа «қазақы болмысын сақтауға» деген ниет, байланыс қуаты және жауапкершілік керек. Қазақта «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», «Кішіге ізет, үлкенге құрмет», «Атаға не қылсаң, алдыңнан сол келеді», «Туғанында көрмеген, өлгеніңде жыламайды», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Қызым үйде, қылығы түзде» деген сияқты көптеген өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарап отырсаңыз бар мәселе отбасынан басталады екен. Ұлт тіршілігінде, болашағында отбасы ең басты тұғыр. Осы тұғыр ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас, жеңге, келін, жезде, күйеу, нағашы, жиен, құда, туыс, туажат, жекжат т.б. болып кете береді. Аталған алғашқы он тұғыры отбасының ішкі қабаты да қалғаны сыртқы қабаттарын құрайды. «Үй ішінен үй тігу» ол анаға қатысты айтылады. Қыз алып қыз берісуді білдіреді де, отбасы тұғырының сыртқы қабатына меңзейді. Туыстық қатынастың орталығы ол қыз екен. Сонымен отбасының ішкі сыртқы байланысының негізгі көпірі ол ана. Сондықтан қыз өріс деп жатамыз. Ана отбасында ғана емес, ұлттың, мәдениеттің танымдық, құндылықтық орталық ретінде ең маңызды тұғыр. Сол тұғырға қатысты туған жер, отан, ошақ, тілге қатысты анықтамалар көп. «Ана тіл», «жер ана» сияқты. Бұлар мәдениеттің ең басты арнасы: тіл мен атамекен, отан. Адамның «Мені» осы арнадан бастау алады: Жер бесік отан мен тал бесік анадан. Сондықтан туған жер мен туған ана, адамды адам еткен болмыстық құндылықтардың басында келеді. Сондықтан қазақ «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген ұстанымды жақтаған. Бірақ қазіргі таңда, жаппай құбылыс болмаса да, ішінара қыздарымыз, өздері бастап, ананың қазақ болмысындағы осы көпір функциясынан бас тартып, басқа діни шаблондарды иектеп, ешкіммен санаспастан, ата анасы туған туысын тәрк етіп, байға шығып, артынан талаққа ұшырап жатыр. Бұл біріншіден, діни таным жаттығынан, екінші қыздың қазақ мәдениет ұясындағы тәрбиесі берік болмаған деген сөз. Ол қыз анасының отбасындағы орнын танымаған, тәрбиесі дұрыс болмаған немесе анасының қызына берер құндылығы болмаған. Сондықтан басты себепті сол отбасынан іздеуге тура келеді. Қыз жат жұрттық болса да, жанашыр, бауырмал, тілеулес деп жатамыз. Ол солай негізі. Бірақ неге қазір қыздарымыз жанашырлығы, бауырмалдығы, тілеулестігінің орталығы болған отбасы мүшелеріне, туған туыс, әке шешесі, бауырларына туыстық байланысын ұмытып, өзінің қазақ ұлты алдындағы міндетін ысырып қойып, дәстүр салтын да аттап, басқа жат мінезге, шаблонға өзеурейтін болды. «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз ол бүгін, ұлтқа қырық бәледен, қатерден сақтану деген сөз. Сондықтан ұлттың, қазақ мәдениетінің баяндылығы да болашағы да қыздарымыз бен аналарымыздың жауапкершілігінде қалып отыр. Отбасылық құндылықтардың орталығы ол ана. Алдымен осы тұғыр туралы ойланғанымыз абзал. «Ел болғың келсе, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаған. Ана рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірсе, ата сол ұяны сақтаушы, қорғаушы болу керек еді. Бірақ кеше кеңестік кезең ыдырап, жұмыссыздық жайлап, аталарымыз кешегі кеңестік шаблоннан қалған сары суға «сылқиып алып төрде жатқанда», бала шағаны асырауға поезд аралап қазақтың аналары кетті. Аталар да шығып көріп еді өзара төбелесіп, еркек атаулы қоғам шырқын бұзған соң, сен үйде отыра бер, өзім деп тәуекелді белге буып аналар шыққаны мәлім. Қазақтың қазақтық болмысын қашанда сақтап келе жатқан тұғыр аналар, қыздар туралы бүгін тағы қайта толғануға тура келді. Қызын сыйламаған ел, анасын бағаламаған үйден береке кетеді. Береке ол құт деген сөз. Құты қашқан елдің арасында құрмет, бауырластық, сыйластық, махаббат, изет, иман, ар, намыс, жауапкершілік қайдан болсын. Қызға қамқор, қызға қалқан болу ол қазақтың басты ұлттық парызы болуы тиіс. Кейде ғаламторда қазақ қыздарын өзара қырқыстырып қойып, оны жарнамалап жатқан көріністер жақсылықтың нышаны емес. Соны түсіріп, сықылықтап күліп қарап тұрған қазақ жігіттеріне қарап-ақ, оларда ұлттық намыстың жұғыны қалмағанын көресің. Дінді қолданып, тағы сол қазақтың қызын мазақ қылып, тастап кетіп, «жігіттік сөзін» аяқасты еткендерді, онысын тағы да шариғатпен ақтап кетіп жатқан «жігіттерді» естіп, қазаққа келген «жұт жеті ағайынды» екен деген ой келеді. Себебі бұл құбылыстың артында надандық, білімсіздік, жауапсыздық деп аталатын нәпсіқұмарлық мен ойсыздық жатыр. Азғындықтың шегі болмайды. Бірақ азғындықтың басы қазақта оның анаға, қызға деген көзқарасы мен таным түсінігінен бастау алады. Сондықтан қазақ қыздарынан тілегім, сен тілдің де, сен ділдің де, сен ұлттың да, сен құндылықтардың да орталығысың... Өзісің, кешегі аталар жолы тарихтың көзісің, жанпидалық пен ерліктің де негізісің...Сондықтан бүгінгі қазақ қыздары осыларды сақтай алмасаң саған серт, ал сендерді қорғай алмаса жігіттерге серт! Ант ішпеске де амал қалмады, басқа жол жоқ... Онда ұлт ретінде жойыламыз... Сөзімнің соңында «отбасында ана мен қызға», қоғамда «ана тіліне», мемлекетте «мәдениетіне қамқор болмаған кез келген саяси институт жойылуға бет түзейді дегім келеді. Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_49416.txt | ІЗГІШУАҚ | https://abai.kz/post/49416 | "ІЗГІШУАҚ" | "https://abai.kz/post/49416" | 05.06.2015 | Администратор | null | TITLE: ІЗГІШУАҚ
URL: https://abai.kz/post/49416
META: "ІЗГІШУАҚ" | "https://abai.kz/post/49416"
DATE: 05.06.2015
AUTHOR(s): Администратор
TOTAL WORDS: 2935
TEXT: Азаматтық пен ақындықты тең ұстап келе жатқан Қасымхан Бегмановтың шығармашылық келбетіне кескіндемелер. Қытымыр қыстың кіді мінезінен көңіл көк мұнарға көбірек мойынұсынған шақ еді. Аспанның кірбіңі мен көңілдің кірбіңі астасып, «көгала бұлт сөгіліп, күн жауады аулақта». Абыздың айтқаны құлақта күмбірлеп, көкіректе жүректің жағасын сулайды. Адамның бабын кім тапқан? Алдымда алабұртып тұрған көгілдір компьютерге сұғына кіріп, жоқ іздеген жолаушыдай жалтақтап, сан құбылған сайттарға көз суарамын. Ұлт жанашырлары үйіріле қарап, ұйып оқитын «Абай.kz» (басшысы қағылез қаламгер Дәурен Қуат) сайтын ашып қалып едім, көңіл күні жарқ еткендей болды. Жазса жүрегі көрінген, айтса тілегі төгілген, сөзінен сыры көрінген, сазынан нұры бөлінген Іле ағам – Илья Жақановтың «Сырлы жүрек пернесі» деген сыршыл толғанысы жарқ етіп көзге түсті. Аспаным күлімсіреп сала берді. Үміттің үлпілдек ақ мамығы ақ қанат көбелектерге айналып, көңіл көкжиегін толтырып, жанарым жарқырап, күйкі тірліктің көлеңкесі күнгейге мойын бұрды. Әні ғана емес, жазған әрбір мақаласының, әрбір естелігінің өзі оқыған адамға көл-көсір қуаныш, сырлы сезім, сындарлы сенім ұялатып, өзің жазғандай баптанып, өзің тапқандай мақтанып қалуға мүмкіндік беретін Ілекеңнің қаламы бұл жолы киелі Түркістанның жанында бір кездері Дариямен жарыса аққан Қарашықтың қараторы перзенті, қағылез жігіт, қалтқысыз ақын Қасымхан Бегманов туралы екен. Аға болып ақтарылып, қаламдас болып құрметтеп жазылған бұл жазба менің де көңіл толқынымды тербетті (ақпан айында аяқталған бұл сыр-дестені оқырмандарыма ұсынуға асықтым). * * * Өткен ғасыр. Өлара мезгіл. Қыркүйектің қазанға қарай өкше көтерген кезі. Жастар газетінің қызыл қырманы. Баспасөзге жазылу науқаны. Шымқаланың шырайы одан әрі шырайлана түскен. Жеміс-жидектің толықсып пісіп, көңілдің де, өмірдің де марқайған шағы. Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудандарында болып, басылымға деген бұқара оқырманның көңілін сезініп, қанжығамыз майланған күйдеміз. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» дегендей, ендігі көңіл Шаш қаласына қарай бұрды. Меншікті тілшіміз Жақай Ералиев бізді дәл осы кезде Қасымқанмен таныстырды. Қасымхан десе Қасым хан. Туған жері Қарашық, көз-жанары қарашық. Көзінің ұшында жанған оты желі оңынан тұрса, лапылдап кеткелі тұр. Өзі де лап етіп жануға дайын тұрған ақын екен. Лыпып тұр. Астында өзінен өте лыпыған сүт қатқан кофе түстес «Жигули». Сапардың сызбасы сөзге айналып еді, салып ұрып тартып кеттік. Шаш шаһарына. Бір кезгі астанамыз. Қазіргі сыртын беріп, сызданған тас қаламыз. Қасымханның қолы рульде, аузы әңгімеде.Дөңгеленіп қалып бара жатқан сары даланы қақ айырған қара жолдың бойында құйғытып келеміз. Көңіл де тұлпар-тақымын жазған. - Мына өлеңді жақында жаздым, өзіме ұнайды. Тыңдап көріңіздер,- деп Қасымхан жаңадан жазған өлеңдерін жүйткіте оқиды. Шын айтады, өлеңдері де өзі секілді жұтынып, төгіліп тұр. Жаныңды желпіп, санаңа сәулесін себездеп, ішіңе түседі. «Түн. Қыстау.Татьяна» деген балладаға бергісіз құйылып түскен лирикалық өлеңі жас ақынның поэтикалық шеберлігін қапысыз танытып, ол әп-сәтте қолтаңбасы қалыптасқан шымыр шайырға айналып бара жатты. Қазақ поэзиясының жас жүйріктерінің бірі, бүгінде ұлан топтың маңдай алдында бауырын жазып, барын көрсетіп, баянын танытып келе жатқан Бегмановты сол кезде қапысыз танып, бағалап кетіп едім. Қазақ поэзиясының ордасына мінезі мен таланты қатар теңшелген жаңа қаламгер кіріп келе жатты. Қасымхан о бастан қалғанды намыс көрген ақын, қазір қаламқұлағын қайшылатып, алдыңғы топта аршындап келеді. Оның сол сапарда, әсіресе, ақындық мінезі ерекше есте қалған. Тәшкеннің тас көшесінде де сол құйғыту. Светофордың бар-жоғын елемей кеткен кездері де болды. Алатаяқты«өз ағам» тоқтатады. Қасекең машинадан шықпайды, өз жағындағы терезесін сәл түсіріп, алатаяғын арбатып келе жатқан жол торушыға көгілдір бес сомдықты ұстата қояды. Алатаяқ бірден жанбасқа қарай жылжиды. Біздің де көңіліміз сол кезде жеңіл көлікпен жарыса жөнеледі. Газетке жазылу тапсырмасы тап-тұйнақтай орындалды. Шаш қаласының кешкі шұғыласын жамыла ұшып шығып, шапағы Алатауға шапанын жапқан Алматыға жеттім. Сол жолы мен жан қоржыным жарқын олжаға толып, жақсы ақын, жайсаң іні тауып оралдым. * * * Ақындық тағдыр қызық қой өзі. Жалпы, ақын өз тағдырын өзі жасайды. Өзі жасаған, немесе өзі қалыптастырған ақындық шеңберден шыға алмай қалатын қара үзген хас ақындарды тарих аз білмейді. Өз талантының отына қанаты күйген қыран-ақындар қаншама бізде? Отызында орда бұзып, қамал алар қырқында қапияда кеткен ақындар да жетерлік. Оны өздері де қапысыз мойындаған. Содан да болар Төлеген ақынның: «Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым» деп қамығатыны бар, Сабырхан ақынның: «Пушкиннің жасына келіп өлуге, бізге де бес-ақ жыл қалыпты-ау» дейтіні және еске түседі. Қасымхан мүлде басқа жолмен жүрді. Оның туабітті биязылығы мен ішкі мәдениеті жас кезінен бойын жасырмай көрініп, ақынды азаматтықтың ауылына адастырмай алып келді. Имани инабаты киелі Түркістан топырағынан нәр алғасын да болар, ол елге қызмет жасаудың мән-мақсатын жастай түйсініп, алаштың ардагерлерінің ерен еңбектеріне сүйсініп, жақсыға ұмтылып, жаңаға құштар бола білді. Қуаныштысы, Қасымхан ақындық ұшпалығы мен құштарлығын ақылға ерте жеңдірген ақын. Тез есейген талант. Өзін ерте таныған қаламгер. Демек, өз бағасын білген ақын. Жақында жас ақын Батырхан Сәрсенхан: «Бақытсыздың бәрі – ақын» деген ортақ тақырыппен «Жұлдызда» топтама өлеңдерін жариялапты. Түсінем. Келісіп отырып, келіспеймін. Келісетінім, кермиықтай керім ағаларымыздың келместің кемесіне өздері «алдын-ала билет» алып кеткендей болғаны. Кеңес кезінде «ішпейтін ақын болмайды» деген тұрпайылау түсінік болған-ды. «Қашқалы тұрған қоянға, тәйт дегесін не жорық» дегендей, ақындық асаулық ақылдың құрығына бас ілдірмей кеткен мысалдар қазақ поэзиясында ғана емес еді. Еліктегіштік қасиет ерімізден әлі де түспей,таралғыға таласып, құйысқанға қыстырылып келеді. Дегенмен, Батырханның батырып айтқан сөзіне келісе алмайтыным, Қасымхан секілді ақын бауырларымыздың өмірдегі өнегелі өрнегі. Ендеше, бақыттының бәрі – ақын десек, қайтер еді? «Айтатын айтар сөзін абайламай, шіркін-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай» деп Мұқағали айтқандай, айтар сөзін айтып келе жатқан алғыр да асқақ ақындар бар ғой, шүкір, біздің топырақта. Аз емес. Соның бірі – Қасымхан Бегманов. Ән өнерінде Іледей айдынды Ілекең Қасымхан ақынның поэтикалық қуатын: «...сүйгеніне, сүйіктісіне құлай түсетін және тез жерініп, тез опынатын ақындық, ерекше жаратылған ақындық болмыс,.. алды-артын ойламайтын көзсіз сері» деп әрі мөлдіретеді, әрі елжіретеді. Оның мейірім мен мархабат нотасы жоғары регистрдегі дауысқа құлаш ұрады. Орынды сөзге оппонент болудың қажеті жоқ, дегенмен Қасымхан жүрек лүпілінен тез айнып,тез қайтатын қаламгерден емес. Қасымға қайырылған Қасымхан: Көсіліп жатқан куә ғой қырат, сай мына, Қырандар көкке қанатын бірден жайды ма? Мәңгілік өмір іздедім мен де өзіңдей, Қаршадайымнан айналып Асан Қайғыға,- дейді. Ұлтқа ұл болудың мақсатын түсінген жас ақынның бұл ақындық кредосын жалт еткен сезім мен жылт еткен сәулеге айырбастай алмайсың.Бір кезде Жұбан Молдағалиев ағасы: «Асан боп туып қазақтар, өледі Асан Қайғы боп» деп жазғаны бар. Бұл жерде бала ақын аға ақынның кейіпкері. Кішкентай Асан Қайғы. Ішінде өзіміз де бар шығармыз, жалпы ақынның бәрі Асан Қайғы ғой. Әйтпесе, ақын бола ма қазақ баласы? Ал, Қасымханның басқалардан айырмашылығы – оның шынында да Асан Қайғы екендігі. Ол жиырмасыншы ғасырдың Асан Қайғысы. Жиырма бірінші ғасырда да жыр-желмаясының жетегінде кетіп барады. Әлі Асан Қайғы. Беталысы – болашақ. Алысқа көз жібереді. Қарашығында – Қарашық, байтақ қазақ даласы. Өйткені, ол жан жерұйығын іздеген жолаушы. Ізгіліктің ізіне түскен ізші. * * * Тәуелсіздік жылдарында жолдарымыз түйіспеді. Жарияланған жырларын оқып, жазған сырларын көріп, ел мен жердің тағдыры мен талайын қозғаған сұхбаттары мен ой орамдарын сараптап, оның өмір баспалдақтарындағы өсу эволюциясының өзі аңсаған биікке бағыт алып бара жатқанын бағамдап отырдым. Сырттай тілектес, іштей ниеттес болып, өмір көкпарында үзеңгісін шірене тебінген үміткер інімнің қазандыққа олжа салуына жанкүйер болып жүріп жаттым. Қасымхан қарап жатпады. Аласапыран уақыт, алмағайып дүниенің ортасында білегін түріп жұмыс жасап, білімін көрсетіп белсеніп, тәуелсіздікке тынымсыз үлес қосудың қамында жүрді. Айлап аттан түспеді, күндеп күймеден түспеді, сағаттап сапарларда жүрді, ақсұңқардың қанатына ілесіп, ұрынып Ұрымға, қыдырып Қырымға жол тартты. Еуропаның төрінде, тілін таппағанға тасқамал болған мұражайлар мен мұрағаттардың шыңырауында шаң басып, сарғайып жатқан кітап-журналдарды ақтарып, ұлтқа керекті дүниені ұсынақты етіп қаттап, қоржынына бөктерді. Байлығы тасып бара жатқан жоқ еді, бағасын шығарып, баянын тауып, ұлттың керегін ұясына тасыды. Жалпы, қай-қай ақын да табиғатында – жиһангез. Ал Қасымханның жиһангездігі – Рубрук пен Марко Полоның серілік пен серттік саяхатшылығынан гөрі, ұлт тарихын қаузаған ұлағатты еңбектерді жинақтап, керегін тізіп, туған елге шырғасын шығармай жеткізуге деген талмас талпыныс. Осынау Еуропа мен Азияның арасын байланыстырған сапарлардың нәтижесінде ол алашорданың айбынды көсемдерінің бірі, Сталиннің өзіне күндіз күлкі, түнде ұйқы бермеген Мұстафа Шоқайдың өмірбаяндық өнегесін, жүрген, түтін түтеткен жерлерінің сол кездегі жағдайын, көрген құқайын, жат елдегі жабырқаған көңілі мен алыс үмітке арманмен көз тіккен кезеңдерін хаттап, жинақтап, ізгі жанның ізіне түсіп, әлемнің 20 қаласында болып, қазақтың қолына «Мұстафа Шоқай жолымен» атты сүбелі екі томдық еңбегін ұсынды. Зейін қоятын жанға зиялы сүрлеу ашылды. Бұл айтуға ғана жеңіл, жазуға ғана оңай нәрсе. Адами-қоғами, әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани қатынастардағы түйткілді жағдайларды былай қойғанда, тілдік проблемалардың өзі бір адамның шақшадай басын шарадай етерлік қиындықтар болатын. Ақындығы сайрап тұрғанмен, аудармашылығы қинап тұрған ақынның бұл ретте де қалтасына көбірек жүк түскені және бар. Әрине, біреудің ақшасын санау онша жақсы нәрсе емес, тек сөздің реті, мысалдың иығы келіп қалғасын айтып жатырмыз. Әйтпесе, қаржым кетті деп қабағы қабаржыған Қасымханды көрген жоқпыз. Мұстафа Шоқайдың көрмеген құқайы жоқ еді. Алаштың арын арлаймын, жоғын барлаймын деп жүргенде топтық тоқырауға тіреліп, Маңғыстау асуға мәжбүр болды. Каспийдің қара шулан толқынында жанарын жас жуып, жат елге кетіп бара жатты. Алман жеріндегі аласапыран күндер алапат соғысқа ұласты. Қандастарының қанды трагедиясына қабырғасы қайысып, қайратына мініп көрді. «Сәбеттің құрығы ұзын» деген сумақай сөз бар еді ғой. Рас екен. Қапыда қазаға ұшырады. Бірақ қай жерде жүрсе де, қандай тар жол, тайғақ кешсе де, туған халқының тағдырын өз тағдырынан бөліп қарай алмады. Жүрген жерінде жарқырап ізін қалдырды. Ізгілік іздері Еуропа мен Азияның арасында сайрап жатты.Осы ізге түсу үшін талай қилы кезеңдер өтті. Бір кездері осынау ізгілік іздеріне уақыт шаңы қонақтаған-ды. Жат елде сүйегі қалған жампоздың артынан жоқ іздеп шыққан жандар бола қоймады. Болдырмады. Тәуелсіздіктің таңы ғана қараңғылық қапасында жатқан әз тарихқа сәулесін түсірді. Алғаш, 1994 жылы, белгілі қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев Мұстафа бабасының алман жерінде жатқан аламан еңбектерінің бір шоғырын Алматыға алып келіп, жанары жасаурап, маған көрсетіп, бірге тебіреніп едік. Жоғарғы Кеңестің депутаттары ретінде осы ізге бірге түсердей болып белсеніп, алдағы күндерге жоспар да жасағанбыз. Талап қатты, заң датты болып, тарап тынып, балапан басына, тұрымтай тұсына кеттік. Сол ізге Қасымхан түсті. Шындап түсті. Мұстафа Шоқайдың ізімен күні-түн жүріп, оның әр бекетін аңдап тауып, асықпай зерделеп, ата мінез Азиядан есігі қатты Еуропаға жасқанбай жетіп, берерін беріп, аларын алды. Соның нәтижесінде Мұстафа Шоқай іздері туралы қалың-қалың екі томдық кітапта назар аударарлық беттер түзілді. Әр сапарын ағымдағы баспасөзге бере отырып, жүрген жолы мен жүрер бағытын белгілеп, бекемдеп отырды. Бұл ізбен өзге де бауырларымыз француз еліне ат басын тірей бастады. Соның бірі сенатор Мұрат Бақтиярұлыұлы тұлғаның қабіріне зиярат етіп, оның мәңгілік мекендегі жерінің нарқы мен парқын реттеуге, жер құнын жөндеуге көмек қолын созды.Ал, жаңа жолды бастаған Қасымхан болатын. Осының бәрін хаттап, реттеп, көпке түсіндіріп, ұлт тұлғаларының рухына құрмет көрсетудің үлгісін көрсетті. Ұлтқа адал қызмет көрсетудің осындай жолы бар екенін дәлелдеді. Ізгілік ізіне түсу арқылы өзі де ізгілік ізін жалғастырып, жас толқынға үлгі-өнеге көрсетті. Еуропаның тілін білмесе де, тірлігін білді. Сол елдің тілін меңгеріп, саясында сайрап жүрген қазақ жастарына бағыт-бағдар беруге талпынды. * * * Қасымхан – композитор Илья Жақанов ағамыздың тұрақты кейіпкері. Ақын мен композитордың бірлескен шығармашылық жұмысының нәтижесі – жиырмаға жуық ән. Ән болғанда да Іле ағамыздың ешкім қайталай алмас, тек өзіне ғана тән саздар. Сыр мен саз. Жыр мен наз. Адамның көңіліндегі күз бен жаз. Олардың «Қарашығын» тыңдасаң, қара көзің мөлдірейді, жүрегің елжірейді. «Арысын» тыңдасаң әнге ілесіп, алысқа ағасың да кетесің. «Алтын Арыс, ақтың алыс» деген ішкі ұйқас пен сыртқы мазмұнның лирико-поэтикалық, сыршыл романтикалық ағысы жан өзенінің жағалауына құлаш ұрғызып, көктемде қуана жүгіріп, күзде суала кідіріп ағатын Арысқа қарай қанатыңды қомдай қозғалуға жетіп жатыр. Илья ағамыздың халықтық шығармаға айналып, жұртының жүрегінен өшпестей орын алған әндері жетерлік. Бір өзі бүкіл бір патетикалық поэмаға, немесе елдік эпопеяға теңескен «Еділ - Жайығы» неге тұрады?!Бұл ән-гимн шырқалғанда қазақ болып туғаныңа қуанасың. Оның әндерінің географиялық ауқымына қарасаң, күллі қазақ даласы әнге айналып кеткендей болады. «Қасымхан - композитор Илья ағамыздың тұрақты кейіпкері» деп алып, мен екеуін де қос өрім етіп, қатар ұстап алған сияқтымын. Бірі – өлең, бірі – ән. Домбыраның қос ішегі секілді. Телқоңыр. Телағыс. Сұлулық өнерін тел емген таланттар. Осы мақаланың дүниеге келуіне тікелей себепкер болған Ілекең еді, ендеше Сізден де айырылмайын, Илья аға. ...Нұрлы Нұра даласы. Міне, бүгін қарашы. Кешегі жырды жаңғыртып, ескі әуенді еске түсіріп, Самарқан көлі тербеледі. Сарыарқаның самалды даласы. Темекі тартып жатқандай түтіні будақтаған алып мұржалар.Көсілген қазақ даласы. Теміртау қаласы. Теміртау түні. Маңдай тері науа бойлап ағып, темір ағынымен қатар жарысқан бозбала. Толған айдай толықсыған бойжеткен. Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы сұлу. Аймен аттас, алтынмен баптас, қыз жүрегінің дірілінен жарқылдаған ай-сырға. Бұлар Қасымханның қаламынан құйылып түскен құлагер тіркестерді оқығанда туындаған сөздер. (Өлеңнің әнге лайықталған нұсқасын емес, поэтикалық нұсқасын негізге алдым. - Автор ). Жарқылдаған сырғаң-ай, Толықсып бір туған ай. Теміртаудың аруы, Жаным саған құрбан-ай. «Великолепно!» Бұл Ілекеңнің – Илья Жақановтың лебізі. Қыз сөзіне еліткен, Жігіт едім желіккен. Көрген сәтте өзіңді, Толқыдым мен неліктен? Сарыарқаның самалын, Аймалатқан жамалың. Жүрегімді жандырды, Сырға толы жанарың. Сыршыл сезім одан әрі құйылып, құбылып, көз алдыңа еңсегей бойлы ер жігіттің бейнесін алып келеді. Өлең мен әннің туған күні кеше ғана, ал оқиғасы жарты ғасырдан асты. Бірақ уақыттық аралық білінбейді, кеңістік пен мезгіл философиясы романтикалық реңге малынып, тыңдарманның талмау тұсын тербейді. «Великолепно!» Бұл енді менің сөзім. Ақын болған қандай жақсы, ә! Шығармашылық бірліктің нәтижесінде осындай мөлдір ән дүниеге келді. «Теміртау түні». Осы әнді тыңдау арқылы біз Елбасымызға етене жақындай түстік. Оның адами қасиеттерін сезіне түстік. Оның өзі де ән салған кезде жанары жайнап кететінін терең ұғына түстік. Ал, мұның бәрін жасаған Илья ағам мен Қасымхан інім. Менің де көңілім ән салып қоя берді. Әннің соңғы шумағына дауысымды қостым: Теміртауда мақпал түн, Жан сырыңды ақтардың. Армандай бір ән қалды, Белгісі қимас шақтардың. Әнге сөз жазу оңай шаруа емес. Әуелі әні туып, сөзі одан кейін жазылар болса, тіптен қиын. Композитордың тілегі мен тірлігін қатар түсіну – ақынның ақыны атқарар ауыр міндет. Жыл сайын жүрдек көлікпен Теміртау қаласының қасынан бірнеше рет өтемін. Тұсына келгенде: «Жарқырайды Теміртаудың оттары» деген әнге басамын. Самарқан көлінің жанынан сусып өтіп бара жатқанда сыңғырлаған жастық күлкісін естігендей боламын. Көл жағалай жарыса жүгіріп бара жатқан сұңғақ бойлы бозбаланың қасындағы ай сырғасы күнге шағылысқан сұлуды танығандай болатыным бар. Сондай кезде уақыт қашықтығын жақындатқан өміршең өнердің авторларына жүрекжарды ризашылығымды білдіремін. * * * Алматы шаһары. Жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдары. Жібек жолы (ол кезде М.Горький көшесі деп аталатын) көшесіндегі газет-журналдар редакциялары орналасқан, сыртынан қарағанда қарлығаштың қаптаған ұясын көзге елестететін 9 қабатты ғимарат. Жүрісі шапшаңдау, сидаң, орта бойлы, кеудесі тіп-тік, бір қарағанда ұйғыр ағайындарға ұқсап кететіндей де мүмкіндігі бар, адаммен сәлем алысуы қазақи, жұмсақ, түрінен бір жұмбақ болмыс білініп тұратын жігіт ағасын әріптестерім: «Қытайдан келген кісі, басынан кешпегені жоқ, көп білетін, бірақ аз айтатын адам, есімі Жағда» деп таныстырды. Редакциялар аралас-құралас болғандықтан біздер де араласып жатамыз. Бір жерден түстік ішеміз. Алғашқы сырдаң сәлем бірте-бірте қанатын жайып, кейде аз-кем әңгіме тоқайластырып, ажык-күжік хабар алысып қалатын болдық. Жағда Бабалықов ағамыз ол кезде төте жазумен шығып, шет елге таралып жататын «Шалқар» газетінде қызмет атқарып жүр екен. Сөйтсек, ағамыздың арғы бетте көрмеген қорлығы, кешпеген күні жоқ екен. Бірақ онысын еш байқатқан емес. Аузы да берік кісі еді. Сақтанған да болар. Кейінгі жылдарда, тәуелсіздік кезеңінде оның қаламы жүре бастады. Сөйлей бастады. Көкірегінде шемен болып қатқан мұң-шері, арманы мен үміті, сыры мен қыры ашыла бастаған тұста Астана ауып, Жакеңмен жолығып, сырласып, сұхбаттасудың ауылы қашықтап кетті. Осыған біршама алаңдап жүрдім. Қаламгер ретінде одан көп нәрсе алуға болатынын ертерек аңдап едім. Бірақ жағдай оған мүмкіндік бермеді. Осыған өкіне ойланып жүргенде, Қасымхан бұл істің орайын мен күткендегіден де асыра орындай бастады. Ол әуелі Жағда ағамен сұхбатты «Ана тілі» газетінде бастап, оқырмандардың назарын өзіне бір аударып алды. «Ана тілінің» әр нөмірін асыға күтетін болдым. Оқып қана қоймай, оның әр сұхбатын бөліп алып, сақтап, қажетті қоржынға салумен болдым. Ұлттың бары мен жоғын түгендеген, салт-дәстүрі мен тарихын шегендеген, төрт түлік малға қатысты далалық шежірені даналық білгірлікпен түптеген, саятшылық пен ұсталықтың, ит жүгіртіп, құс салудың, қыз ұзатып, келін түсірудің, шілдехана жасап, ұл сүндеттеудің, ырым, жол-жоралғыларды ретімен түгендеудің, отбасы тәлім-тәрбиесін тағылымдаудың, несін айтасыз, ұлт болып ұйысудың барлық қырлары мен сырлары осы сұхбаттарда тізіліп, түзіліп жазылды да отырды. Ал, осы сұхбаттардың өне бойында темірқазық идея болып, ұлттық тұжырым болып жүріп отыратын ең басты құндылық – тәуелсіздікке тәу ету, құрмет көрсету, оның жолында басты бәйгеге байлау мәселесі айдынданып, ашық көрініп жатты. Қайтыс боларынан бір күн бұрын, тоқсаннан асып, екі дүние ортасында жатқан ақылман қарияның: «Қандай жағдай болса да тәуелсіздіктен айырылуға болмайды» деген соңғы сөзін көзімнің жасы мөлтілдеп отырып оқыған едім. Ал бұл ұлы сөзді бізге жеткізген Қасымханның қайсар қаламы болатын. «Этнографпен әңгіме» деп аталатын бұл кітап біздерге, әсіресе, жастарға өте керек жинақ. Сұхбат-энциклопедия. Бұған қоса ол ұлттық дәстүріміздің ұлағатты сабақтары жөнінде «Дәстүр» журналын тұрақты түрде шығарып келеді. Танымдық, тәлімдік мәні зор журнал. Қасымхан – нәзік сезімді лирик ақын. Оны өзі де біледі. Қасымхан – ішкі қайсарлығы туындыларында буырқанып көрініп жататын ақын. Оны да өзі біледі деп ойлаймын. Қасымхан – поэзиясында да, сұхбатында да, жолсапар очерктерінде де, тіпті қара мақалаларында да ұлттық рухты ту етіп ұстанатын қаламгер. Оны өзі де білетін шығар, бірақ мұны біз айтуымыз керек. Жағда ағамызбен болған сұхбаттарын жариялау мақсаты оның ұлтқа қызмет етуінің адал көрінісі. Ақын туралы әңгіме өрбіткен кезде ылғи бір таптауырын сұрақ алдыңнан анталап шығады да тұрады. Ол қандай сұрақ? Ол – ақынның ерекшелігі қандай, ол кімге ұқсаған ақын деген сауал. Поэзияны килограмдап, немесе метрлеп өлшеуге болмайды. Дәмін талғамның таңдайымен татып білесің. Қасымхан – нәзік сезімді, романтикалық-лирикалық пландағы ақын. Түнеріп отырып, түрленген, тұнжырап отырып, жарқыраған жыр жаза алатын ақын. Кімге ұқсаған деген сұраққа жауап бермей кетсек, тағы болмас. Ол сыршыл Сағи мен сырбаз Сабырханның арасында отырған ақын. Екеуіне ұқсап келеді де, ұқсамай жалт беріп, Қасымханның өзіне айналып кетеді. * * * Өткен жылдың жазында Қасымханмен жазушылар одағында кездесіп қалдым. Жоғарыда айтылған жайлар жүрдектеу айтылды. Жаны елең ете қалды. Уақыт тығыздау болып, іштегі сырды толық ақтара алмадық. «Іздеп келем» деді қарашығы жарқылдап. Ізге түсудің шебері емес пе, іздеп келді. Сырластық. Сұхбаттастық. Жағда ағамызды еске алып, бет сипадық. ...Астана күзі жақындап келе жатты. Жылдағы дәстүр бойынша мәдениет саласында берілетін мемлекеттік стипендияға енетін қаламгерлердің тізімін жасақтау уақыты тақады. Сол тізімге Қасымханды қосуға талаптандым. Осы кезде өзі арнайы хабарласты. «Аға, бір өтінішім бар, мені стипендияның тізіміне қоспай-ақ қойыңызшы, Құдайға шүкір, жағдайым жаман емес қой, жұмысым бар, қаржы жағынан да қысылар ретім жоқ. Менен басқа, жағдайы келмей, қиналып жүрген жастар бар ғой, соларды ұсынғаныңыз дұрыс болар еді, рахмет» деп ағынан жарылып, өтініш айтты. Түсіндім, риза болдым. Өтінішін орындадық. Мұндай өтініш айтатын адамдар қазір аз ғой, аз. Бұл да оның ізгілік іздерінің бір көрінісі. Ақындық пен азаматтық тең түскенде ізгішуақ жарқырай түсіп, жақсының жан дүниесін жұртының көңіл-көзіне түсіреді. Ол кешеден із бастап, бүгінге із тастап, ізгішуақты сапарда келер күндерге адымдап барады. Шілтеннің шылауы тиіп, жортқанда жолы болғай! Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_85722.txt | Майлыбаевтың беймәлім ісі һәм жас шахматшыға порнографиялық қысым жасаған кім? | https://abai.kz/post/85722 | "Майлыбаевтың беймәлім ісі һәм жас шахматшыға порнографиялық қысым жасаған кім?" | "https://abai.kz/post/85722" | 18.02.2019 | Қуаныш Қаппас | null | TITLE: Майлыбаевтың беймәлім ісі һәм жас шахматшыға порнографиялық қысым жасаған кім?
URL: https://abai.kz/post/85722
META: "Майлыбаевтың беймәлім ісі һәм жас шахматшыға порнографиялық қысым жасаған кім?" | "https://abai.kz/post/85722"
DATE: 18.02.2019
AUTHOR(s): Қуаныш Қаппас
TOTAL WORDS: 1162
TEXT: Тараз өңірінде туып-өскен аса талантты шахматшы қыз Бибісара Асаубаева 2016 жылы Ресей асып, сол елдің атынан жарыстарға қатыса бастағанын білеміз. Бұған спортшының анасы Лиана Таңжарықова мен Қазақстан шахмат федерациясы арасындағы дау себеп болды. Сол кезде барлық БАҚ осы уәжге сеніп, осылай деп ақпарат таратқан еді. Әрі Лиана Таңжарықованың арызы бойынша Қазақстан шахмат федерациясы ауыр сынға қалды. Содан бері үш жылға жуық уақыт өтті. Енді бағамдасақ бәрі біз ойлағандай оңай емес секілді… Өткен аптада отандық ақпарат құралдары Бибісара Асаубаеваның Қазақстанға қайта оралатынын жарыса жазды. Спортшы қайтадан өз елінің атынан бақ сынауға шешім қабылдаған екен. Қазақстан Шахмат федерациясының баспасөз қызметі шахматшының елге оралуына қажетті құжаттар дайындалып жатқанын мәлімдеді. «7 ақпан күні ҚШФ президентіне спортшының менеджері хабарласып, оның Қазақстан Шахмат федерациясына оралу жайындағы өтінішін жеткізді. Ресейдің Шахмат федерациясы да бұған келісімін берген. ҚШФ өз кезегінде спортшының елге оралуына қажетті құжаттар мен өтініш жіберді. Жуық арада Халықаралық шахмат федерациясы шешім қабылдайды деп үміттенеміз», - деді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко. Шынын айтқанда Бибісараның Ресейге кетуіне оның анасы әрі менеджері Лиана Таңжарықова аса белсенділік танытқан. Сол кезде бар болғаны 12 жастағы жасөспірім үшін шешім қабылдап, өмір жолын өзге арнаға салған өз анасы енді қызын жетелеп қайтып келіп отыр. Біз бұл жерде қаршадай қыздың қадамын аңдып, кінә артқалы отырған жоқпыз. Бірақ осы үш жылдық салпаңдаудың астарында үлкен сыр жатыр ма деп ойлаймыз… Бибісара Асаубаева Әу баста Лиана Таңжарықова ҚШФ-ны кінәлап, шу шығарғанда оған шын сендік. Себебі, әділдік әркез үстемдік құра бермейтін Қазақстан спортында танысы жоқ таланттарды шетке қағу адам таңғалатын іс емес еді. Асаубаева да осындай әділетсіздікке ұшырады деп ойладық. «Бибісараны Қазақстан чемпионатынан шеттетті, шәкіртақысын төлемеді», - деген Таңжарықованың жанайқайы бұл ойымызды шыңдай түскен. Сол кездегі дау-дамайды бір еске ала кетейік. 2016 жылы қыркүйекте Лиана Таңжарықова Zakon.kz -ге сұхбат беріп, ҚШФ Бибісараны Қазақстан чемпионатына қатыстырмағанын, әрі 2016 жылы қаңтардан бастап шәкіртақы төлемегенін айтқан. Ал бұған жауап ретінде ҚШФ дәл сол қыркүйек айында түсініктеме берді. ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенконың айтуынша, 2016 жылы 12 ақпан күні ҚШФ атына Лиана Таңжарықова хат жазып, Бибісараға төленетін ай сайынғы шәкіртақыны 33 мың теңгеден 55 мың теңгеге жоғарылатуды сұраған. Л.Таңжарықова хат соңында талабына қосылмаса, федерациядан кететіндігін мәлімдеген. Ирина Грищенко спотшының анасына дәл сол ақпан айында хабарласып мәмілеге келгендерін айтады. Алайда, 30 мамыр күні Л.Таңжарықовадан қызының «басқа федерацияға ауысуына байланысты» ҚШФ қатарынан шығару туралы өтініші келіп түскен. Тағы бір айта кетерлігі, Л.Таңжарықованың өзі 2012 жылдың қаңтарынан бастап «Ұлттық штаттық команда және спорттық резерв дирекциясында» шахматтан бапкер болып қызмет істеген көрінеді. Осынша дау-дамаймен Ресей асқан жас спортшынының ол жақтағы жолы даңғыл болды дей алмаймыз. Солтүстіктегі көршіміз қаршадай қызға қонақжайлылық таныта алған жоқ. Алдымен, 2017 жылы Ресейлік бапкер Евгений Соложенкин Бибісараны алаяқ деп айыптады. Нақтырақ айтқанда, оны электронды құжаттар мен гроссмейстерлердің кеңесін тыңдады деп кінәлаған. 2017 жылы қыркүйек айында Евгений Соложенкин шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында электронды нұсқаушы қолданды деп айыптады. Осы іске байланысты 2018 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен сотта куәгер Нестеров бұл айыптаудың ойдан құрастырылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Асаубаеваның аталған чемпионаттағы қарсыласы Лиза Соложенкина әкесі Евгений Соложенкин өтірік айтқанын мойындаған. Бірақ жас спортшыға жала жапқан бапкер үлкен жазаға тартылған жоқ. Қызын алып, Ресейге көшкен Лиана ханымның өкініштен өзегін өртеген тағы бір жағдай 2018 жылы орын алды. Сол жылы маусым айында Лиана Таңжарықова қызының тағдырынан алаңдап, дабыл қақты. Бұған себеп, белгісіз педофил жас шахматшыға порнографиялық суреттері бар хат жіберіп, қорқытқан. Грузияның Батуми қаласында өткен әлем чемпионатында Бибісара әлемнің экс-чемпионы Александр Халифманмен кездеседі. Бірнеше күннен кейін жас спортшының атына хат келіп түскен. Хатта порнографиялық журналдың парағы болған, ол суретте бір топ жігіт кішкентай қызды зорлап жатқаны бейнеленген. Бұдан да сорақысы, хат конвертінде қолданылған мүшеқап салынған. Осыдан-ақ, жат жұрттың талантты жеткіншекті маңдайынан сыйпай қоймағанын білуге болады. Бөтен елде жүріп осындай қысымдарға ұшыраған жасөспірім енді елге оралмақ. Өз баласын өзектен теппейтін қазақ 14 жастағы жас спортшыны құшақ жая қарсы алатыны сөзсіз. Өзге елдің атынан жарыстаға қатысқаны үшін оған ешкім кінә артпайтыны да анық. Алайда бізге Бибісараның бөтен елге кетуі мен Бағлан Майлыбаев ісінің бір байланысы бардай көрінеді. Бәріміз білетіндей, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін 2017 жылдың маусым айында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Оған ҚР ҚК 185 «Мемлекеттік құпияны заңсыз жинау, тарату, жария ету» бабының 1 және 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасады деген айып тағылған. Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев — Жамбыл облысының тумасы. Мемлекеттік қызметте ракетаның жылдамдығымен жоғары көтерілген азамат. ҚазҰУ-жың журналистика факультетін бітірген соң 1998 жылы РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет Академиясының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын аяқтаған. Араға алты жыл салып, ҚР Президенті Баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне, жеті жылдан кейін Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына қол жеткізген. Қызметте ракетаның жылдамдығымен көтерілді деп осыны айтып отырмыз. Ел Президентіне ең жақын жұмыста жүріп, мемлекеттің құпияларын Мәскеуге тасыған Майлыбаев қалай тез өссе, солай тез құлады. Тіпті, өзінің қолға алынатынын арнайы қызметтің шенді қызметкерлері кабинетіне келіп, қамауға алу ордерін көрсеткенде бір-ақ білген деседі. Десе де, Ақордадағы басты қарсыластарын Ресейдің ықпалымен ығыстырып, мүмкіндігінше биік мансапқа жеткісі келген Майлыбаев өз тағдырының екі жүзді қылыш үстінде тұрғанын болжамауы мүмкін емес. Сол үшін ол «ісім теріске айналса, түбінде тұрағым Мәскеу болды» деп ойлауы сөзсіз. Осы ойдың жетегінде отбасын алдын-ала Ресей асырып жіберуі қисынға келеді. Мәскеу мен Астананың ара-қатынасы өте жақын. Қазақ шенеунігі үшін отбасы Қазақстанда тұрса да, Ресейде тұрса да келіп-кетері жоқ. Ал Бағлан Майлыбаевтың Ресей үшін істеген қызметі қандай құпия болса, отбасы жайлы мәліметтер де сондай құпия. Оның әйелі, бала-шағасы жайлы ақпарат жоқтың қасы. Сәйкесінше, біз сөз етіп отырған шахматшы Бибісара Асаубаеваның әкесі жайлы мәлімет та мүлде қол жетімсіз. Жамбыл облысынан шыққан вундеркинд-Асаубаеваның жанында үнемі жоғарыда аты көп аталған анасы Лиана Таңжарықова ғана жүреді. Енді аты-жөндеріндегі ұқсастық пен туған жерінің бірдей болуына және өзге де сәйкестіктерге қарап Бибісара Асаубаеваның әкесі Бағлан Асаубайұлы деп есептесек, оқиға былай өрбуі мүмкін: Жоғарыда айтқанымыздай, Мәскеуге жұмыс істеп жүрген Майлыбаев сақтық үшін отбасын Ресейге жіберуді ойлайды. Ол үшін әділетсіздікке ұшырап, амалсыз елден кеткендей болу табылған ақыл емес пе?. Осы мақсатта Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары салауатымен Майлыбаев өзі нұсқау беріп, Бибісараның шәкіртақысын тоқтатуына, жарыстан шеттетуіне болады. Немесе оның саяси қарсыластары шынымен қызына қысым жасауы мүмкін. Мейлі қалай болмасын, Асаубаеваның Ресей асуына осы дау жеткілікті болды. Бұған қоса ел арасында «ҚШФ талантты шахматшыны шетке қағып, оның өзге елге кетуіне себеп болды» деген сөз қалды. "Екі жеп биге шығу" деген осы болса керек. Бағлан Майлыбаевты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 2017 жылдың 12 қаңтарында қолға алды. Маусым айында бес жылға сотталды. Ал 2018 жылы ақпан айының басында Лиана Таңжарықова қызының Ресей азаматтығын алғысы келетінін айтып жар салды. Тіпті төлқұжатты Ресей президенті Путиннің өзі табыстағанын қалайтындарын жеткізді. Алайда араға тура бір жыл салып, биыл ақпан айының басында Қазақстанға қайта оралып отыр. Қарап отырсаңыз, Майлыбаев Астанада май шелпектің үстінде отырғанда Асаубаеваны аттай қалап алдырған ресейлік тарап 2017 жылы қыркүйек айынан бастап қызға қырын қабақ танытты. Ол жайлы біз жоғарыда жаздық. Осы жерде сол жылы маусым айында Майлыбаев сотталғанын тағы да айта кетейік. Мүмкін сәйкестік шығар… Сөз соңында айтарымыз, Бибісараның Қазақстанға қайтып келгені біз үшін жағымды жаңалық. Ол — халықаралық шахмат федерациясының тарихында тұңғыш рет небәрі жеті жасында FIDE-нің шебері атанған спортшы. Аса дарынды. Өкініштісі үш жыл сәл бұралаң жолды жүріп өтті. Елге оралған талантты спортшы енді саясаттың құрбаны болмаса дейміз. Қуаныш Қаппас Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_48409.txt | АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІ "КӨК КИТПЕН" КҮРЕСУДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ | https://abai.kz/post/48409 | "АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІ "КӨК КИТПЕН" КҮРЕСУДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ" | "https://abai.kz/post/48409" | 17.02.2017 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІ "КӨК КИТПЕН" КҮРЕСУДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ
URL: https://abai.kz/post/48409
META: "АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІ "КӨК КИТПЕН" КҮРЕСУДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ" | "https://abai.kz/post/48409"
DATE: 17.02.2017
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 288
TEXT: Жалпы, «Синий кит» сияқты ойындардан бастап, порнографияға да қатысы бар бүкіл сайттарды бұғаттап тастауға болады. Бұл бастама Білім министрлігі тарапынан да қолдау тауыпты. Ал жобаны жүзеге асырған жеке компания бағдарламаны білім ошақтарына тегін орнатуға келісіп отыр. Әр сайттың бұрышында жылтыңдап тұратын жымысқы сілтемелерден бөлек, жасөспірімдерді суицидке шақыратын «Синий кит» сияқты ойынның да көпшілікті уайымға салып қойғаны бар. Оқушыларды ғаламтордағы сондай қауіпті нәрселерден сақтандыратын бағдарламаны Алматыда алғашқылардың бірі болып №12 мектеп-гимназия орнатқан. Тиімділігіне көз жеткен соң, басқа мектептер де қолға алыпты. “Синий кит”, тағы басқа ойындардың жасөспірімдер арасында таралуына байланысты, бұл компаниямен байланысымызды ары қарай жалғастырдық. Медеу ауданындағы 28 мектептің қазір 20-сына осы фильтр қойылып, жұмыс істеп тұр”, – дейді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ақайша Сапарова. Жаңа бағдарлама балалардың өміріне қауіп төндіріп, санасын улайтын сайтан сайттарды бұғаттап отырады. Ол үшін бағдарламаның қорына 6 тіл бойынша бейәдеп сөздер мен адам өміріне қауіп төндіретін терминдер енгізілген. Оның ішінде қазақ тілі бойынша 3 мыңға тарта сөз жүр. Кімде-кім солардың қайсыбірін жаза қалса, экранда ескерту шығып, сайт ашылмай қалады. “Қазақ тілінің морфологиясын қостық. Қазақ тілінің боқауыз сөздері көп екен, соның бәрін қостық. Қазақ тілінде бала порнография араласқан сайттарды көре алмайды. Өз-өзіне қол жұмсатқызатын сайттарды 100 пайыз көре алмайды”, – дейді жоба жетекшісі Абылайхан Жақанов. Дәл осындай жоба Ресейде 12 мыңнан астам мектепте орнатылған екен. Ал атышулы «Синий кит» ойыны туралы көп айтыла бастағалы бері осы Медеу ауданында бір жасөспірімнің сол ойынға тіркелгені анықталыпты. Сондықтан бұндай ғаламтор сүзгісін мектеп компьютерлеріне орнатуға жергілікті басшылық бірден келіскен. Ата-аналар мен мұғалімдердің көңілінен шыққан бұл бастаманы еліміздің Білім министрлігі де қолдап отыр. Ғаламтордағы «Синий кит» ойынынан бөлек, қарапайым боқауызға дейін бұғаттап тастайтын бағдарлама әзірге тек мектеп қабырғасында ғана тегін жұмыс істейді. Ал баланы үйдегі интернет кеселінен толық қорғау үшін ата-аналарға ақы төлеуге тура келеді. Шыңғыс Бердіқожа Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_60095.txt | Қойыңызшы, ағай... | https://abai.kz/post/60095 | "Қойыңызшы, ағай..." | "https://abai.kz/post/60095" | 05.10.2017 | Мұхтар Шерім | null | TITLE: Қойыңызшы, ағай...
URL: https://abai.kz/post/60095
META: "Қойыңызшы, ағай..." | "https://abai.kz/post/60095"
DATE: 05.10.2017
AUTHOR(s): Мұхтар Шерім
TOTAL WORDS: 369
TEXT: Сегізінші қабаттағы пәтерімнің балконында темекі шегіп тұрғанмын. Жоғары қабатқа қарай салып едім, бір бойжеткен балконнан асылып, "суйсид" жасағалы жатыр! Таң атпай! Денем түршігіп кетті! Ойбай, құлап кетті! Дереу екі қолымды тосып, талдырмаш қызды қағып алдым. – Ой ағай, мұныңыз не? – деп өкпеледі қыз. – Кешіріңіз, есіміңіз? – Айша... – Неге секіріп кеттіңіз? Жәйша? – Жігітім алдап кетті. Басқа қызбен романды бастап кетті... – Соған бола? Неғып эпопея бастап кетпейді? – Қойыңызшы, ағай... – деген ол жүгіре басып, менің пәтерім арқылы кетіп қалды. Үйде ешкім жоқ болатын. Әйелім «жедел жәрдемде», түнгі кезекшіліктен қазір келіп қалуы мүмкін. Темекімді енді тұтата беріп, жоғары қарап едім. Әлгі қыз тағы секірейін деп жатыр. Оппа, секіріп те кетті! Қолымды тоса қойып, қағып алдым. – Туу, ағай... – деді ол бұлқынып. Құшақтап тұрмын. Жібере салсам, секіріп кете ме деп... Секеңдеп қалған қандай қыз өзі? Бұл жастарға не болған өзі? Жазда қол ұстасып, секіріп кеткен қыздар туралы естіп, есеңгіреп қалып едім. – Атыңыз кім? – деппін сасқанымнан. – Айша. – Секірдің бе, жәйша? – Туу. Қойыңызшы ағай! – деген ол бұлқынған соң, жібере салдым. Әдемі қыз екен. Мүсіні қандай? Балтыры қандай... Дір-дір еткен төсі қандай... Осындай сұлулықты құрбан етпек пе? Ойым онға бөлініп, жоғары қарасам, әлгі қыз... – Жындысың ба? – деп айқайладым. – Ары тұрыңызшы, ағай! – Үйіңде ешкім жоқ па? – Квартирантпын! Ол секіріп кетті, мен қағып алдым. Құшақтап тұрмын. Денесі дір-дір етеді. Не деген сұлу қыз еді? Көз жанарымыз түйісіп қалды. Мен оның самай шашын саусағыммен іліп алып, кері қайырдым. – Атыңыз кім, қарындас? – Айша. – Секірдіңіз бе, жайша? – Туу, қойыңызшы ағай... – Сіздей сұлуды ренжіткен қандай топас? – Бір дөкейдің топасы! Мені алдап... – Ұмыт оны! Оған ғашық болғанша, өмірге ғашық бол! – Мен оны сүйемін... – Сүйсең тірі бол! Ынжық болмай, ірі бол! – Туу, қойыңызшы ағай! Ағай дейім... – Ау? – Мені неге құшақтааап тұрсыз? – Ой, кешіріңіз, кім еді есіміңіз? – Дурак! – Жеп қояйын ба, өзіңді турап-турап? – Е? – Сұлу екенсіз... – Қойыңызшы ағай... – Әй, одан да, мені турап жемейсің бе? – деген дауысқа жалт қарасам, әйелім тұр "светофор" болып. Ал, енді құтылып көр, ал енді түсіндіріп көр? Ал енді құтылып көр! Құшағымда қыз, көңілімде мұз, ал әйелімнің сөздерінде тұз... Мұхтар Шерім Facebook-тегі парақшасынан
|
qosymsha/abai.kz | post_70331.txt | Ферғанада кеденшілерге мәжбүрлеп көше сыпыртқызған | https://abai.kz/post/70331 | "Ферғанада кеденшілерге мәжбүрлеп көше сыпыртқызған" | "https://abai.kz/post/70331" | 15.05.2018 | Abai.kz | null | TITLE: Ферғанада кеденшілерге мәжбүрлеп көше сыпыртқызған
URL: https://abai.kz/post/70331
META: "Ферғанада кеденшілерге мәжбүрлеп көше сыпыртқызған" | "https://abai.kz/post/70331"
DATE: 15.05.2018
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 218
TEXT: Өзбекстанның Ферғана облысы бойынша Мемлекеттік кеден комитеті басқармасының қызметкерлеріне 10-11 мамырда Ферғана – Алтыарык магистралды жолын сыпыртып, арықтарты тазалатқызған және ағаштарды әктеткізген. Облыс әкімдігіндегі қызметкердің 11 мамырда хабарлауынша, мәжбүрлі түрде өткізілген сенбілікке кеденшілер, салықшылар және басқа да бюджет мекемелерінің қызметкерлері облыс басшысы Шухрат Ганиевтің жарлығымен шыққан. Ферғана облысы бойынша кеден комитеті басқармасының бір басшысы қарамағындағы қызметкерлердің сенбілікке шығарғанын растады. Өз есімінің аталмағанын қалаған кеденші органда қызмет ете жүріп көше сыпырғанына арланғанын айтты. "Басқарма басшысы Азимовтың нұсқауымен біз арық тазалаймыз, көше сыпырамыз, ағаш әктейміз. Бір қызығы, біреу-міреу сұрай қалса, біз махалланың ерікті белсенділері ретінде таныстыруымыз керек болды. Формамызды шешіп, сенбілікке үй киімін киіп келуді тапсырды", - деді басқарма қызметкері. "Ферғана басшысы Шухрат Ганиев 9 мамырда облыс әкімдігі ғимаратында үлкен жиналыс өткізді. Ол Ферғана облысына президенттің келуі қарсаңында әрбір жерді тазалауды тапсырды. Ол әрбір басшыға, соның ішінде кеден органына да тазалануы қажетті жерді бөліп берді. Ол жерлер дұрыс тазаланбаған жағдайда, облыс басшысы мекеме бастықтарын жұмыстан шығарам деп қорқытқан", - деді облыс әкімшілігінің өкілі. Айта кетерлік жайт, Ферғана облысында бюджет қызметкерлері мәжбүрлі түрде сенбілікке шыққан күні өзбек үкіметі мәжбүрлі еңбекпен күресу туралы қаулы қабылдаған. Үкімет құжатында мемлекеттік қызметкерлерді көше тазалау немесе мақта теру секілді жұмыстарға мәжбүрлі түрде шығаруға болмайтыны туралы айтылған. Қаулыда мемлекеттік органдардан, соның ішінде бас прокуратура мен еңбек министрлігінен мұндай үрдісті доғару үшін қажетті шара қолдану талап етілген. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_50887.txt | Апта күндерін парсыша емес, қазақша атау керек | https://abai.kz/post/50887 | "Апта күндерін парсыша емес, қазақша атау керек" | "https://abai.kz/post/50887" | 05.04.2017 | Әбдікәрім Берікбай | null | TITLE: Апта күндерін парсыша емес, қазақша атау керек
URL: https://abai.kz/post/50887
META: "Апта күндерін парсыша емес, қазақша атау керек" | "https://abai.kz/post/50887"
DATE: 05.04.2017
AUTHOR(s): Әбдікәрім Берікбай
TOTAL WORDS: 519
TEXT: Біз бала кезімізде әкеміз үйде отыруды білмейтін. Бірақ аптада бір күн үйде болатын. Оны демалыс күн деп ойласаңыз қателесесіз, өйткені шопандарда демалыс күні деген мүлде болмайды. Әйтеу әкеміз үйде болып, аты арқа жазып тынығып қалатұғын. Атын ерттеп аттанып кетсе-дағы, кеш батқанына, түн басқанына қарамай үйге қонаға келетіні тағы бар еді. Ойға шөпке екі аптаға кететіні басқа әңгіме. Кейін ес білген соң түсінгеніміз ол «екінші күн» болып шықты. Бүгін сәтсіз күн деп үйде болатын, біздің үйге сырттан да адамдар келмейтін. Олар да үйлерінен шықпайтын. Дала заңы солай шығар кім білсін... Айтайын дегенім осы аптаның атауларының неге қазақша атаулары жоқ? Білетін қазақша апта күндерінің атауы: Бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші күндер. Міне тамаша, бұған дауым да жоқ. Менің дауым: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндеріне. Бұларды қашан үйренгенім есімде жоқ, бірақ бір білерім өте кеш үйрендім. Өте көп қателескенім де нақты есімде. Бұрынғы бірінші, екінші әрі үшіншім қайта артық болып тұратын. Әлі де сол ойдамын. Сондай-ақ бұл күндер бізге парсы тілінен енгендігін түгелге дерлік білеміз. Тәуба тәуелсіз елміз енді неге қазақша апта күндерінің атаулары болмасқа... қазақша болса қандай тамаша болар еді. Баста айтқанымдай бірінші, екінші әрі үшінші т.б. атаулары атала берсе сөз жоқ. Өзгерту қажет болса тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өзгерту керек пе еді. Менің де азамат ретінде ұсынысым бар. Оны кейбір елдердің апта атауларын атаған соң ұсынармын. Ағылшынша: Monday, Tuesday, Wednesday, Thursday, Friday, Saturday, Sunday. Орысша: Понедельник, Вторник,Среда, Четверг, Пятница, Суббота, Воскресенье. Түрікше: Пазартесі, Салы, Шаршамба, Першембе, Жұма, Жұмартесі, Пазар. Түрікшеге де парсы араб тілдерінен бір екі атау енгендігін көріп отырсыздар. Біздің бірінші, екінші әрі үшіншімізге ең сәйкес келетін араб апта атаулары. Бірақ олардың апталық күн реті мүлде өзгешелеу. Арапша: Я умүл әхад (жетінші), Яумүл иснәйн (бірінші), Яумүс сүләсәә (екінші), Яумүл әрбиғә (үшінші), Яумүл хамис (төртінші) Яумүл жұмғә (бесінші) Яумүс сәбт (алтыншы). Апта атауларын атап пайдалану Сатурн , Күн , Ай , Марс , Юпитер , Шолпан , Меркурий сияқты 7 аспан денесінің белгілі болуына байланысты пайда болды делінеді. Осы денелерді апта күнімен атайтын ел Моңғолия. Оларға Тибеттерден келген болар. Даваа (ай), Мягмар (марс), Баасан (шолпан), Бямба (сатурн) және т.б.-лар Жеті түс, жеті нота сықылды жеті күн де Ұлы жаратушының сыйлығы. Атам қазақ осыған ұқсатып жеті ата, жеті қазынаны қалыптастырған жоқ па?. Сондықтан қазақи атаулары болса деген ой мені, біздегі атаулардың парсыша екенін білгеннен кейін басталған еді. Осыны кей бауырларыма да ақтарған болатынмын. Жеті аспан денесін қолданбай-ақ қоялық, төл атау болса деген арман. Жоғары да айтылғандай бірінші, екінші әрі үшіншіміз өте тамаша. Ал қайткен күнде атау қосар болсақ менің ұсынысым, әр қазақтың жанындай жақсы көріп сүйетін « Жылқы » атауларын атар едім. Мысалы: Бірінші күн – Құлын Екінші күн – Тай Үшінші күн – Құнан Төртінші күн – Дөнен Бесінші күн – Бесті Алтыншы күн – Ат Жетінші күн – Азат (азаттыққа орай) азат күні атауы да қолданыста бар екеніде қаперлеріңізде болар. Жә, басқасын қарық қылып, осы қалды ма немесе кірме сөздің барлығын өзгерту мүмкін бе деушілер де табылар. Ол емес мәселе, жаттаған, атаған әрбір сөзімізбен атауларымыз санамыздың түбіне сіңіссе, нұр үстіне нұр болмақ. Сол үшін де менің таңдауым жылқы атауларына одақтасты. Жаратушы Жалғыз Ием ел жұртымды баянды ете көр! Әбдікәрім Берікбай ГЕРМАНОҒЛЫ Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_40435.txt | АЙДЫНДЫ ҒАРЫШҚА ҰШЫРЫП НЕ ТАБАМЫЗ? | https://abai.kz/post/40435 | "АЙДЫНДЫ ҒАРЫШҚА ҰШЫРЫП НЕ ТАБАМЫЗ?" | "https://abai.kz/post/40435" | 25.08.2015 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: АЙДЫНДЫ ҒАРЫШҚА ҰШЫРЫП НЕ ТАБАМЫЗ?
URL: https://abai.kz/post/40435
META: "АЙДЫНДЫ ҒАРЫШҚА ҰШЫРЫП НЕ ТАБАМЫЗ?" | "https://abai.kz/post/40435"
DATE: 25.08.2015
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1234
TEXT: Көп жағдайда біздер өзімізді ғарыш кеңістігін игеруге күш салған экономикасы қуатты елдердің қатарына қосып, көкірек керіп мақтануға құмармыз. Соңғы уақытта ағылшынның әйгілі әншісі Сара Брайтманның орнына жерлесіміз Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшатыны мәлім болғалы бері, біз үшін ғарыш қол созым жерде тұрғандай болды. Әрине, ұзақ жылдардан бері жаттығу жасап, ғарышқа ұшуға дайындалған жерлесіміздің ғарышқа ұшқанына қарсы емеспіз. Бірақ бәрі жөнімен болса қанеки. Сондықтан тілімізді тістеп, үнсіз қалуды жөн көрмедік. Бұл мәселеге қатысты айтар базынамыз бар. Жалпы, А.Айымбетовтың ғарышқа ұшуынан Қазақстанның экономикасымен ғылымына қандайда бір пайда бар ма? Біздіңше, ешқандайда пайда жоқ. Тек Қазақстаннан үш бірдей ғарышкер шықты деген дүрдей атаққа ғана малданамыз да қоямыз. Қазіргідей қаржылық-экономикалық қиыншылықпен бетпе-бет келген кезеңде А.Айымбетовтің жолына қыруар ақшаны шашып, ғарышқа ұшыру барып тұрған ысырапшылдық. Ағылшын әншісі С.Брайтман «Союз» ғарыш кемесімен үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде халықаралық ғарыш стансасына ұшуы керек еді. Әлдеқандай себеппен әнші ғарышқа ұшпайтын болды. Бұдан кейін «Роскосмос» компаниясы А.Айымбетовтың ағылышын әншісінің орнына ғарышқа ұшу мүмкіндігі пайда болғанын мәлімдеді. Бүгінде сол ақпарат шындыққа айналып отыр. Ғарышқа ұшу үшін Ресей азаматы болуға ықылас танытқан А.Айымбетов ғарышқа ұшатын болды. Сонда ол әнші С.Брайтман сияқты ғарышқа турист сияқты саяхаттап қайта ма? Жағдайды саралаған адамға солай көрінуі мүмкін. Иә, А.Айымбетовтың ғарышкер екенін білеміз. Ғарыш кемесі басы артық адамды тиеп алып жүре беретін пойыз емес. Әр адамның өзінің міндеті нақтыланған. С.Брайтман турист ретінде ұшпақшы болғаны көпшілікке мәлім. Әнші он күнге созылатын саяхаты үшін «Роскосмос» компаниясына 30 млн. доллар төлеуге уағдаласқан еді. Біздің түсінуімізше, С.Брайтманның орнына ғарышқа ұшқан адам ақысын төлеп, ғарышқа саяхат жасап қайтуы керек. Сонда ғарышқа ұшайын деп жатқан ұланымыз турист болғаны ма? Осы сұрақ біздің қатты мазалағанын жасырып қайтеміз. 21 шілде күні «Егемен Қазақстан» газетіне Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров сұхбат беріпті. Көкейде жүрген көп сауалға осы сұхбаттан жауап табатын шығармыз деген үмітпен сұхбатты бастан-аяқ бар зейінімізді қойып оқып шықтық. Ағамыз А.Айымбетовтың адамгершілік қыры жайында көп баяндап, мақтау сөзін аямапты. Өз кезегінде Т.Әубәкіров алдағы қыркүйекте көкке самғайтын «Союз ТМА-18 М» ғарыш кемесінің командирі – ресейлік Сергей Волков, бортинженер – даниялық Андреас Могенсен, ал екінші бортинженер қызметін жерлесіміз Айдын Айымбетов атқаратынын алға тартты. А.Айымбетовтың ғарышқа ұшуынан Қазақстанның экономикасымен ғылымына қандайда бір пайда бар ма? Біздіңше, ешқандайда пайда жоқ. Тек Қазақстаннан үш бірдей ғарышкер шықты деген дүрдей атаққа ғана малданамыз да қоямыз. Қазіргідей қаржылық-экономикалық қиыншылықпен бетпе-бет келген кезеңде А.Айымбетовтің жолына қыруар ақшаны шашып, ғарышқа ұшыру барып тұрған ысырапшылдық. Сұхбат барысында газет журналисі «Бұл ұшу Қазақстанға не береді?» деген көпшіліктің көкейін тескен сұрағына тұңғыш ғарышкеріміз былай деп жауап беріпті: «Қазақстан ғарыш саласын мейлінше игеруді ұмытқан жоқ. Ғаламат жоспарлар жасалды. Оның көрінісі, міне тағы бір ғарышкеріміз ұшуға дайындық үстінде. Ғарыш ілімінің бүгінгі ғылым көшінің басында тұрғанына ешкімнің дауы бола қоймас. Ғарышты игеру – әлем елдерінің қолжетпес арманы. Сол үшін де олар ғылыми-салалық бір ортаға бірігуге ынталы. Міне, осы арада, баршамызға белгілі себептерге қатысты Қазақстанның мүмкіншілігі сөз етіп отырған салада басымдыққа ие. Білдіңіз бе? Осы жағынан келгенде Айдынның болашақ сапары – қазақ халқының, Қазақстанның үлкен жеңісі дер едім», – деп бұлдыр жауап беріпті. Иә, ғарышты игеруге күш салғанымыз жақсы. Бірақ, қыруар ақша жұмсап көкке көтерілейін деп тұрған ғарышкеріміздің алға қойған мақсаты айқын болса, қандай жақсы болар еді. Бұл ретте бәріне А.Айымбетовті кінәлай берудің жөні жоқ. Осындай штаттан тыс жағдайлар орын алған сәтте Қазақстанның Аэроғарыш комитетінің ғарышты игеруге қатысты шұғыл іс-шара жоспары болуы керек еді. Өкінішке орай, комитет төрағасы Талғат Мұсабаев әбжілдік танытып, күнібұрын жоспар дайындай алмағаны анық. Дайындалған жоспар болса, оны Тоқтар Әубәкіров білер еді. Сондықтан бұл жолы А.Айымбетовтың ғарышқа ұшуы «Қазақстаннан үш ғарышкер шықты» деген есепті толықтыру ғана болайын деп тұр. Таяуда «Роскосмос» компаниясы біздің «Қазғарышқа» А.Айымбетовты Байқоңырды жалға беру өтемақысы есебінен ұшыруға дайын екендерін мәлімдеді. Сонда А.Айымбетовтің ұшу ақысы орыстардың есебі бойынша бір миллиард жүз миллион рубльді, яғни 20 млн. долларды құраған. «Роскосмостың» есепшілері: «Бұл сома коммерциялық емес, тиімді ұсыныс болып табылады. Себебі, коммерциялық баға 50 млн. долларын құрайды», – деп қазақтардың есеп-қисаптың жөнін білмейтіндердің қатарына қосып жібергені ренішімізді (ашулануға да болар еді) туғызғанын жасырып қайтеміз. Ал коммерциялық бағытта ғарышқа саяхат жасауды көздеген ағылшын әншісі С.Брайтман он күндік сапарға 30 млн. доллар төлеуге келіскенін «Роскосмос» жарты әлемге жар салған еді. Сонда «Роскосмос» Ресейдің құдай қосқан көршісі, айнымас серігі Қазақстан азаматтарына коммерциялық бағытта ғарышқа саяхат жасау үшін 50 млн. долларға дейін «жеңілдік» жасап отырғанын қалай түсінуге болады? Осы бір қарапайым жайттан-ақ, «Роскосмос» Қазақстанды ғарышты игеруде әріптес ел санамайтынын аңғардық. Қазақстанның мүддесін қорғауға тиіс ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев болса бұған тағы да бас изеп, келісімін берді. Енді 2016 жылы Ресейдің Байқоңырды жалдау ақысының біраз соммасы қазынаға түспей қалуы мүмкін. Мемлекеттік бюджетке түсетін миллиондаған доллар А.Айымбетовтың «асыл арманын» іске асыруға бағышталады. Таяуда «Роскосмос» компаниясы біздің «Қазғарышқа» А.Айымбетовты Байқоңырды жалға беру өтемақысы есебінен ұшыруға дайын екендерін мәлімдеді. Сонда А.Айымбетовтің ұшу ақысы орыстардың есебі бойынша бір миллиард жүз миллион рубльді, яғни 20 млн. долларды құраған. «Роскосмостың» есепшілері: «Бұл сома коммерциялық емес, тиімді ұсыныс болып табылады. Себебі, коммерциялық баға 50 млн. долларын құрайды», – деп қазақтардың есеп-қисаптың жөнін білмейтіндердің қатарына қосып жібергені ренішімізді (ашулануға да болар еді) туғызғанын жасырып қайтеміз. Ал коммерциялық бағытта ғарышқа саяхат жасауды көздеген ағылшын әншісі С.Брайтман он күндік сапарға 30 млн. доллар төлеуге келіскенін «Роскосмос» жарты әлемге жар салған еді. Біз қанша жерден көкірек керіп мақтансақ та ғарышты игеруге қауқарымыз жетпеcі анық. Соңғы жиырма жылда Қазақстанда ғарыш саласын жетік меңгерген мамандар даярланған жоқ. Егер Байқоңыр Қазақстанның иелігіне толықтай өтетін болса, ол жақтан ресейлік мамандардың бәрі кетіп қалатыны белгілі. Бұл салада жұмыс істейтін инженерлік құрамның өзі қазірдің өзінде тапшы. Ресейдің орнын басатын АҚШ пен Еуропа елдері жабдығы әбден тозған Байқоңырға қызығушылық танытуы екіталай. Өйткені, Байқоңыр ғарыш айлағындағы техниканың көбі ескі, жаңа технологиялардың біразын Ресей тарапы енгізгенімен онда әлі күнге қазақ даласын улап жатқан улы отынды пайдаланатын «Протондар» ұшырылады. Сондықтан технологиясы дамыған елдер Байқоңырды игеруді қолға алса, оған қомақты инвестиция салуына тура келеді. Біздің бұл пікіріміздің ақпарат құралдарына берген түсініктемесінде саясаттанушы Досым Сәтбаев: «Ғарыш саласы ақша ғана талап етпейді, сонымен бірге мол тәжірибе мен мамандарды да қажетсінеді. Өкініштісі сол, бізде оның екеуі де жоқ. Ресей оқу орындарында ғарыш технологиялары мамандығында біздің болашақ мамандарымыз білім алғанымен, біз қажетті мамандар тобын бәрібір даярлай алмадық», – деп қуаттаған еді. Ғарыш саласының басына екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев келгенде Қазақстанның ғарыш саласын игерудегі жоба-жоспарында ілгерілеу орын алатын шығар деп үміттендік. Онымыз бекер болды. Тәкең келген бетте еліміздің ҚазСат жер серігінен айырылып, абыройымыз айрандай төгілгені белгілі. Төбемізден Протонның құлауы да үдей түскені жасырын емес. Әрине, Талғат Мұсабаевты білікті ғарышкер екеніне иненің жасауындай күдік келтірмейміз. Ал оның Аэроғарыш комитетін басқарудағы менеджерлік біліктілігіне қатысты біраз сын айтуға болады. Қазіргі таңда жұрт қарапайым көлікті сақтандырып, оқыс жағдайға душар болып жатса, шығынын өндіріп алу үшін өтемақы алып жатады. Осы ретте Т.Мұсабаевтың «Роскосмостан» қиралаңдап көкке көтеріліп, соңын ала құлап жатқан Протондарын халықаралық сақтандыру компанияларында сақтандыруды неге талап етпейді. Егер Протон апатқа ұшырағанда сақтандыру компанияларынан өтемақы алып, экологиялық ахуалды реттер едік. Әдетте, Аэроғарыш комитетінің төрағасы ғарышты игеруге қатысты Алатаудай амбициясын ірі жиындарда ұдайы айтып жүретінін білеміз. Біздіңше, Тәкең бірінші кезекте ғарыш саласына қызыққан қазақ жастарын шетелде көптеп оқытып, білікті мамандар шоғырын қалыптастыруға күш салуы керек еді. Бұл бағытта да мардымды жұмыстар атқарылмағаны белгілі. Маман болмаған соң, Байқоңырдың бізге қажеті қанша? Айта берсең әңгіме көп. Осы жолы Тоқтар мен Талғат соңынан ерген інілері Айдынға «Қыруар ақша жұмсап, бұл жолы ғарышқа ұшпай-ақ қой. Сол қаражатты ғарыш саласын игеретін мамандар даярлауға жұмсайық» деп ақыл айтуға жарамады. Бұл сөзді Әубәкіров айтса күншілдер «байдың асын байқұс қызғаныпты» деп пыш-пыш әңгіме таратар еді. Біздіңше, бұл сөз бүкіл саланың жауапкершілігін мойнына алған Мұсабаевтың аузынан шығуы керек еді. Амал не, Талғат мырза Айдынның аптығын басып, экономикалық мүддемізді қорғай алмады. Тағы да «Роскосмосқа» майшелпек болғанымыз жанға батады. Жарбол КЕНТҰЛЫ Қала мен Дала газеті
|
qosymsha/abai.kz | post_169845.txt | Ильин саған айтам, Смайылов сен тыңда! | https://abai.kz/post/169845 | "Ильин саған айтам, Смайылов сен тыңда!" | "https://abai.kz/post/169845" | 12.06.2023 | Abai.kz | null | TITLE: Ильин саған айтам, Смайылов сен тыңда!
URL: https://abai.kz/post/169845
META: "Ильин саған айтам, Смайылов сен тыңда!" | "https://abai.kz/post/169845"
DATE: 12.06.2023
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 228
TEXT: «Тоқаевтың үстелді тоқпақтауы тегін емес… Экс-Төтенмин Юрий Ильинге тықыр таяған тәрізді », - деп жазады DALA INSIDE . Отставка ол үшін тым жеңіл жаза. Абай облысындағы алапат өрт Ильиннің салдыр-салақтығы салдарынан бақылаудан шығып кетті. 14 адам опат болды. Олардың обалы кімге?... Абай облысына арнайы барған Тоқаевтың аузынан «жаза» деген сөз жиі-жиі шықты. Соған қарағанда Смайылов үкіметіне берілген сенім кредиті сарқылған сынды. Ильин? Экс-министр Абай облысындағы апатқа жол бергені үшін жауапқа тартылады. Отставка оның әрекетсіздігін ақтай алмайды. Президенттің сөзінен соны аңғардық… Абай облысында арнайы штабтың мәжілісін өткізген Мемлекет басшысы өртке қатысты ұзынсонар баяндама жасауға кіріскен Төтенше жағдай вице-министрі Марат Күлдіковтің сөзін орта жолдан бөлді: «Ильин? Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді», - деді Тоқаев. Тоқаев төңірегіндегі адамдардың жұмысқа деген қарым-қатынасынан түңіліп жүр. ТөтенМинге өз қолымен жетектеп әкелген Ильиннің халықтың қарғысына ұшырап, сенімді ақтай алмағаны жанына батқан. Алдағы күндері экс-министрге қатысты «қатаң шара» қабылданбақ. Айта кетелік, Төтенше жағдай министрлігі Тоқаевқа тікелей бағынатын құрылым. Абай облысының жұртшылығымен жүздескен Тоқаев жүйенің ескі Қазақстанның әдетінен әлі күнге арылмағанын сынға алды. «Адамдардың тағдырына мүлде немқұрайлы қарау…». Президенттің Смайылов үкіметіне берген бағасы осындай. Назарбаевтың қамырынан иленген шенді-шекпенділер Тоқаевтың аяғынан шалуды доғарар емес. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_186158.txt | Тшанов: Біздің спортшылардың ойында ақша ғана тұрады... | https://abai.kz/post/186158 | "Тшанов: Біздің спортшылардың ойында ақша ғана тұрады..." | "https://abai.kz/post/186158" | 06.08.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Тшанов: Біздің спортшылардың ойында ақша ғана тұрады...
URL: https://abai.kz/post/186158
META: "Тшанов: Біздің спортшылардың ойында ақша ғана тұрады..." | "https://abai.kz/post/186158"
DATE: 06.08.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 244
TEXT: Париж төрінде өтіп жатқан Олимпиадада бокшыларымыздың біразы жарыс жолынан шығып қалды. Еліміздің үмітін тек екі бокшымыз ғана ақтағалы тұр. Дегенмен еліміз бокстан жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенген еді. Аbai.kz тілшісі мемлекет және қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, талай жыл спорт саласында қызмет еткен маман Амалбек Тшанов тан бокшыларымыздың жүлдеге қол жеткізе алмауының себебін сұрады. Амалбек Тшанов: - Боксшыларымыздың жоғары нәтижеге қол жеткізе алмауының бірнеше себебі бар. Ең алдымен спортшылар жас кезінен таңдап алынуы керек. Өйткені олардың потенциалы спорт мектебінде оқып жүрген сәтінен білінеді. Біз таңдап алған спортшыны әрі қарай жетілдіруге күш салуымыз керек. Қазір ол жағы кемшін. Бізде жалпы жүйе дұрыс емес. Қазір бас бапкердің айналасынан шыға алмай жүрміз. Ал нағыз бапкерлер соның көлеңкесінде қалып қоюда . Кезінде біздің боксерларымыз кемінде 3-4 алтын алып келетін. Ол кездегі бокс федерациясы жүйелі жұмыс істейтін. Спортшыларымыздан мінез байқалатын. Ал қазір бізде таңдау дұрыс жасалмайды. Одан бөлек дайындықта тиянақтылық, жан-жақтылық жетіспейді. Бокстың тактикалдары да игерілмеген. Тіпті, жай ғана дұрыс қорғануды білмейді. Алдындағы Олимпиадада спортшыларымыз қола жүлдемен оралғанын білесіздер. Биылғы додада екі бокшымызға ғана сенім артып отырмыз. Тағы бір мәселені айта кетейін, қазір спортшыларды алған жүлдесіне берілетін қаржы алаңдатады. Менің ойымша, спортшының көз алдына ақша ғана елестеп тұрады. Бұл дұрыс емес. Біз жүлде алған спортшыны батыр жасап, көкке шығарып жібереміз. Өкініштісі, сол жұлдыз болып, жерге түсе алмай қалатындары бар. Әрине, әр спортшы тиісті сыйын алу керек. Бірақ, олардан батыр жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол ел намысын асқақтатуы үшін бір орында тоқтап қалмай, әрі қарай күш салуы керек. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_84321.txt | «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы шығарылды | https://abai.kz/post/84321 | "«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы шығарылды" | "https://abai.kz/post/84321" | 17.01.2019 | Abai.kz | null | TITLE: «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы шығарылды
URL: https://abai.kz/post/84321
META: "«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы шығарылды" | "https://abai.kz/post/84321"
DATE: 17.01.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 229
TEXT: Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтты. Жедел деректерге сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы шоғырландырылған табысы 1 трлн. 061 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда, 398,9 млрд. теңгеге немесе 60 % артық. Ұлттық оператор құрамындағы компаниялар тобының салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған пайдасы 201 млрд. теңгені құрады, ол 2017 жылғы көрсеткіштен 102 млрд. теңгеге немесе 103% артық. Алынған пайда Ұлттық операторға ішкі нарықтағы газ бағасының өсіп кетпеуін тежеп тұруға және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (ішкі нарыққа газ сатудан келген шығын 2018 жылы 36 млрд. теңгені құрады), сондай-ақ 573 млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ бюджетке төленетін салықтар мен басқа да төлемдер үшін 99,5 млрд. теңгеден астам сома төледі, осылайша еліміздегі ең ірі салық төлеуші компаниялар қатарынан табылып отыр. Есепті кезеңде газ өткізу көлемі 22,9 млрд. текше метрді құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд. текше метрге немесе 29% артық. Бұл ретте, 2018 жылы Қытай Халық Республикасына газды экспортқа жеткізу туралы жасалған шарт, мерзімінен бұрын және толық көлемде орындалды. Магистральдық тасымалдау көлемі 111,9 млрд. текше метрді құрайды, ол 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда, 11 млрд. текше метрге немесе 11% артық. " Қ азТрансГаз" АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. «ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_84948.txt | Қазақстандықтар атын, тегін қосымша арқылы өзгерте алады | https://abai.kz/post/84948 | "Қазақстандықтар атын, тегін қосымша арқылы өзгерте алады" | "https://abai.kz/post/84948" | 30.01.2019 | Abai.kz | null | TITLE: Қазақстандықтар атын, тегін қосымша арқылы өзгерте алады
URL: https://abai.kz/post/84948
META: "Қазақстандықтар атын, тегін қосымша арқылы өзгерте алады" | "https://abai.kz/post/84948"
DATE: 30.01.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 216
TEXT: "Электрондық үкімет" порталының MGov қосымшасында 12 қосымша қызмет іске қосылды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар ала алады. Сондай-ақ, некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру, әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру және некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы), мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін) қызмет түрлері енгізілді. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет). "Электрондық үкімет" мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті.Бүгінде eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Осылайша, барлық танымал анықтамалар iOS және Android платформасында гаджеттер әуесқойлары үшін аударылған. Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымша 1,38 миллион еседен астам жүктелгенін атап өткен жөн, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты. Дереккөз: turkystan.kz Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_15030.txt | Елбасы ОҚО студенттеріне дәріс оқыды | https://abai.kz/post/15030 | "Елбасы ОҚО студенттеріне дәріс оқыды" | "https://abai.kz/post/15030" | 03.10.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Елбасы ОҚО студенттеріне дәріс оқыды
URL: https://abai.kz/post/15030
META: "Елбасы ОҚО студенттеріне дәріс оқыды" | "https://abai.kz/post/15030"
DATE: 03.10.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 219
TEXT: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері атынан хат келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері атынан хат келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Біз Сіздің Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісіңізді зор ықыласпен тыңдай отырып, ойымызда жүрген көптеген сұраққа толықтай жауап алдық. Бұл дәріс жастар үшін тағы да үлкен серпін беріп, келешекке деген зор сенімімізді ұялатты» деп жазады хат иелері. Одан әрі студенттер Елбасының интерактивті дәрісінің басты ерекшелігі - өткенді саралай отырып, Қазақстан халқы, оның ішінде жастар, алдағы уақытта атқаратын міндеттерді белгілеп бергенін атап өтеді. Сондай-ақ ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған тұста қоғамдағы ең ірі әлеуметтік топ - жастарға деген Президенттің сенімі мен қамқорлығы оларды одан әрі қанаттандыратынына тоқталған. Студенттер жолдаған хатта Елбасы тапсырмасымен жастар саясаты жаңа серпін алғаны, бұл орайда жастар арасынан жаңа кәсіп иелері - менеджерлер мен спортшылардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқаны атап өтілген. Олар білімді, тәрбиелі және өнегелі жастар дені сау ұлт қалыптастыратына сенім білдіреді. «Біз, студент жастар, тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен қарқынды дамуы жолында мемлекет алдындағы жауапкершілігімізді терең түсінеміз. Біздің міндетіміз айқын. Ендігі кезекте аянбай еңбек етіп, озат оқуымыз бен алған білімімізді еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі жолына жұмсайтынымызға сендіреміз. Сіздей елі сүйген Елбасын біз әрдайым мақтан тұтамыз» делінген хатта.
|
qosymsha/abai.kz | post_15507.txt | Жастар саяси авангардқа айналды | https://abai.kz/post/15507 | "Жастар саяси авангардқа айналды" | "https://abai.kz/post/15507" | 20.11.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Жастар саяси авангардқа айналды
URL: https://abai.kz/post/15507
META: "Жастар саяси авангардқа айналды" | "https://abai.kz/post/15507"
DATE: 20.11.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 2255
TEXT: Өткен жұмада Астанада «Арман! Еңбек! Сенім!» ұранымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті. Елдің барлық өңірінен келген 1100-ден аса жас делегаттың Сарыарқа велотрегіндегі осынау жиыны жасотандықтардың ғана емес, барша Қазақстан жастары үшін ерекше маңызды оқиға болды. Олай болатын себебі - алқалы жиында жастар саясатын дамыту, келешектер ісіне жаңаша қарқын беру мен соны бағыттарға жол ашу жайы сөз болды. Нәтижеде «Жастар - Отанға!» аталатын 2020 жылға дейінгі стратегия қабылданды. Ең бастысы, еліміздің келешегі саналатын жастар саясатын дамытуды ұдайы назарда ұстайтын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да осы жиынға қатысып, күні ертең ел тұтқасына айналар жас өрендерге арнау айтты. Қабылданған стратегия - «Жастар - Отанға!» құжатының аты «жас отандікі» болғанымен, заты - барша қазақстандық жастардікі. Сондықтан да бұған дейін стратегия жобасы елдің түгел аймақтарында жан-жақты талқыланып, кез келген ықыласты жас оған өз ұсынысын жасауға мүмкіндік алды. Осындай ілкі ұсыныстарды іріктеген сарапшылар сапалы білім, жастардың әлеуметтік еңбекке бейімделуі, мәдени даму және бірлік, жастар кәсіпкерлігі мен ғылымды дамыту, еріктілер қозғалысын өркендету секілді келелі мәселелерді қамтып, ақыры «Жас Отан» стратегиясының 11 басты бағытын айқындапты. Ондай бағыттар туралы съезд барысында жастардың өзі де айтқан болатын. Дегенмен стратегия қабылданбас бұрын Мемлекет басшысы жастар алдындағы келелі мәселелердің біршамасының басын қайырды. Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жаңғырта, жандандыра түсу үшін Үкімет пен «Нұр Отан» партиясына да қадау‑қадау тапсырмалар жүктелді. Ең бастысы, Елбасы жастар тарапынан тартылатын тың бастамаларға қашанда қолдау болатынына сендірді. Жастар да Елбасының ертеңге деген сенім үдесінен шығуға уәде берді. «Қазақстан - қай жағынан да жас мемлекет. Ел азаматтарының 5 млн‑ға жуығы - 14 пен 29-дың аралығындағы жастар. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де басты назарында болды. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл ел», «Жастар - Отанға!», «Дипломмен - ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген бағдарламаның жүзеге асуы соның айғағы», - деді Елбасы жастар алдындағы сөзінде. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы жастар саясаты саласындағы жобаларды қаржыландыру соңғы 7 жылда 10 есеге артқанын, тек биылдың өзінде жас мамандардың баспаналы болуына 12 млрд теңге жұмсалғанын, сосын 2020 жылға дейін жас отбасыларға арнап 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды тапсырғанын жеткізді. Әрине, бұның бәрі құрғақ цифр ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек пен жастарға деген шексіз қамқорлық жатыр. Сондықтан да Мемлекет басшысы «осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін», - деп мәлімдеді. Жастар қанаты саяси авангардқа айналды Бұдан бөлек, Елбасы өз сөзін осыдан төрт жыл бұрын құрылған «Жас Отан» атты жас партияшыларға арнады. Есте болса, сол кезде Мемлекет басшысы «Нұр Отанның» жас мүшелеріне өздерінің болашақтағы стратегиясын айқындауға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл дұрыс шешім болғанын бүгінгі жан‑жақты жетістіктер паш етеді. «Біріншіден, бізде өзіміздің саяси авангардымыз пайда болды. Екіншіден, «Жас Отан» жастардың неғұрлым белсенді әрі жауапкершілікті бөлігін біріктірді. Үшіншіден, «Жас Отанның» төңірегіне студенттердің, жас фермерлер мен жұмысшылардың, ғалымдар мен шығармашылық қызметкерлердің кең ауқымды коалициясы қалыптасты. «Жас Отан», «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» секілді жаңа балалар ұйымдарының тәлімгеріне айналды. Төртіншіден, сіздердің біздің партияның Мәжілістің соңғы сайлауында, соның ішінде кезекті президенттік сайлаулардағы жеңісіне қосқан үлестеріңіз зор. Бесіншіден, бүгін съезде «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі стратегиясын қабылдайсыздар. Бұл жобаны өз тәжірибелеріңіздің негізінде әзірледіңіздер. Стратегияның барлық міндеттері жастарды индустриялық-инновациялық даму, еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту міндеттеріне тартуға бағытталған», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Президенттің пайымынша, жастар қанатында жастар өмір сүруге, сөйлесе білуге, бір-бірімен араласуға үйренеді. Іс жүзінде өздерін түрлі жағдайлардағы өмірге дайындай алады. Сондықтан жастар ұйымдарындағы белсенді жұмыс жастардың өз өмірінде пайдаға асатын болады. Біз кім едік? Тынымсыз еңбектің арқасында қазір кім болдық? Сонымен қатар сөз арасында Мемлекет басшысы өткенді саралап, ел болып бағындырған бүгінгі биікті де бағамдады. «Осыдан 21 жыл бұрын біз Қазақстанның Тәуелсіздігін жарияладық. Ал 15 жыл бұрын еліміздің даму көгіндегі темірқазығы болған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдадық. Қазақ елінің жаңа дәуірдегі болашағын айқындап берген тағдырлы құжат бізді биік мұраттарға бастады. «Қазақстан - 2030» стратегиясын дайындасқан менің серіктерімнің көпшілігі 30-ға да толмаған жас азаматтар еді. Содан бері еліміз айтулы стратегиядан айнымай, қарыштап дамып келеді», - дей келе, Елбасы ұлт болып ұйысып өткен елдіктің даңғылына да көз жүгіртті. «Біз кеше кім едік? Тәуелсіздік алған тұста бұрынғы Кеңес Одағының соңында қалған республика болатынбыз. Экономикамыз әлсіз, қолда бар өндірістер, зауыттар әбден ескірген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қияметтің қиыны болатын. Қазақстанның өзі түгіл, аты әлем елдерінің көпшілігіне бейтаныс еді. Бірақ біз еш уақытта мойыған жоқпыз. Жеріміз бай, халқымыз сауатты, жастарымыз отансүйгіш болды. Арманым орындалды. Қазіргі күндерге жету үшін біздің буын, сендердің әкелерің, аталарың көп тер төкті. Елдің сыртын жаудан, ішін даудан аман алып қалу үшін деп күндіз-түні тынбай жұмыс істедік. Қараңдаршы, сол тынымсыз еңбектің арқасында біз қазір кім болдық?» - деді Мемлекет басшысы. Қазір кім болғанымызды әлем мойындайтын көрсеткіштердің өзі айқындайды. Мәселен, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 16 есеге өсіп, 12 мың долларға жетті. Бұл - Қазақстанның Түркиямен, Малайзиямен, Шығыс Еуропа мемлекеттерімен терезесі тең болды деген сөз. Ал индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 9,6 триллион теңге болатын 600-ден астам жоба жүзеге асуда. Бұл әсіресе жастар үшін 370 мың жаңа жұмыс орнын береді. Бұдан бөлек, Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу туралы Президент тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалып келеді. Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтері бойынша соңғы бір жылда Қазақстан өзінің ұстанымын 21 сатыға көтеріп, 51-ші орынға шықты. Ендеше, бәсекеге қабілетті 50-дің табалдырығында тұрмыз. «Қазақстан - халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды. Бір буын ауыспай-ақ, мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық. Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ. Жиырма жылда екі ғасырға татитын еңбек сіңіргендіктен ғана қос ғасырға бергісіз табысқа жеттік. Бұл табысқа күллі қазақстандықтардың, оның ішінде жастардың қосқан үлесі орасан зор», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Президент пайымдарынан: Арабтың киімін үстімізге жапсырып, қыздарымызды орта ғасырға қарай тарта алмаймыз! Бәріміз де жас болдық. Біздің жас кезімізде көңілде түрлі толқулар болды. Ал қазіргі өмірде де неше түрлі теріс нәрселер бар. Біздің дініміз - мұсылман, біз одан кеткеніміз жоқ. Дегенмен оның ішінде де қаншама ағымдар бар. Сондай ағымдардың жетегіндегі жастарды жасотандықтар тәрбиелеулері керек. Мұсылман екенбіз деп халқымызды орта ғасырға тартпаймыз. Біз мұсылман өркениетінің өсіп-өркендеуін қолдаймыз. Ата-бабамыздан ұстанып келе жатқан сүнниттік жолымыз бар, сол бағытты ұстанамыз. Мұсылмандықтың да, біздің де өз жолымыз бар. Әрине, басқаларын да сыйлаймыз, ой-пікірлерін құрметтейміз. Бірақ арабтардың киімін үстімізге жапсырып, қыздарымыз бен әйелдерімізді орта ғасырларға кейінге тартсақ не болады? Біз - қазақпыз, көшпелілер ұрпағымыз. Аттың үстінде ерлермен бірге қазақ әйелдері де, қыздары да жүретін. Біз сондай халықтың өкіліміз. Ержүрек елдің ұл-қыздарысыздар. 11 млн қазақ үш жүзге бөлінсек, ел бола алмаймыз! Қазақты ешкім де жаулап алған жоқ, тек қана елдің ішіне іріткі жасап, жаулады. Ресейдің отарында болғанда қазақты жүзге бөлу, солайша билеу жүзеге асатын. Біз - қазақпыз. Кеше де айттым, 11 млн қазақ болдық. Енді соны үшке, үш жүзге бөлетін болсақ, онда ел бола алмаймыз. Ресейдегі Екатерина ІІ-нің бұйрығы болған «әр сұлтандарды, тайпаларды, байларды бір-біріне қарсы қойып, байларды соғыстырып, бір-біріне ата жау қылып, қан шығарып жаулап алыңдар» деген. Барлық жағымыздан, Қоқаннан, жоңғардан келген жау да солай істемек болған. Осындай қулықпен халқымызға қарсы әрекет жасаған. Сондықтан Тәуелсіздігіміз қолымызда тұрғанда біз бір халық, бір ұлттың баласы екенімізді ешқашан ойымыздан шығармауымыз керек. Біздің қанымыз бір, сыртта жүрсек те, іште жүрсек те осыны ұмытпайық. Тәуелсіздіктің күші мен мығымдығы - бірлікте. Көрдіңіздер ме, жаңа Татьяна қазақша қалай сөйледі!? Теледидардан хабарлар жүргізіп отырған өзге этнос өкілдері кейбір қазақтардан артық сөйледі. Тіл мәселесін сөз еткенде кейбіреулер алып қашып, «ойбай, оңбай жатыр, неге Президент қазақша сөйлемейді» дейді. Менің қалай сөйлейтінімді көріп отырсыздар. Мен Президент болғандықтан, сөзімді барлық қазақстандықтар түсінуі тиіс. Өйтпесе мен қалай Президент боламын, сондықтан сіздер де осыған үйренулеріңіз керек. Өзіміз отырғанда өзіміз қазақша сөйлейікші алдымен. Сонда басқалар да қазақша сөйлейтін болады. Үйренемін дегенді бауырыңа тарт, қателесіп жатса - түзе. Жастар саясатының жаңа міндеттері белгіленді Жиын барысында Мемлекет басшысы жастар саясатының жаңа міндеттерін де айқындап берді. Атап айтқанда, Елбасы Үкімет пен «Нұр Отан» партиясына жастар саясаты жөніндегі жаңа заң жобасын бірлесіп сапалы толықтыруды және Парламентке мүмкіндігінше жедел енгізуді тапсырды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы жастар саясатының жүзеге асуы әрбір қалаға, әрбір ауылға дейін жетуі керектігін, ірі өндірістік ұжымдардағы жастар істері жөніндегі комитеттердің рөлін күшейту қажеттігін, сондай‑ақ дәл осындай жұмыстар барлық ұлттық компанияларда жүргізілуі тиістігін айтты. Жас кәсіпкерге ерекше көзқарас, төтенше қолдау болатынын тапсырды. «Үкімет жаңа бастаған кәсіпкерлерге несиелік және консалтингтік көмек туралы мақсатты сегментті қамту үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізуі керек. Жас адам өз бизнесінің болашағын шынайы танытатын болса, онда оған елеулі көмек қажет. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы да толықтыру енгізуді қажет етеді. Мен «Жастардың еңбек биржасы» бірегей веб-порталын құруды ұсынамын», - дей келе, Елбасы жастарды толғандыратын еңбекпен қамту мәселесіне кеңінен тоқталды. Әсіресе мынадай деректерге баса назар аударылды: 2012 жылы 161 мың жас қазақстандық орта мектепті бітірген. Олардың 43 мыңы кәсіптік колледждерге түссе, 93 мыңы жоғары оқу орындарына қабылданыпты. Ал қалған 28 мың адам техникалық және кәсіби білімсіз еңбек нарқына енуге ұмтылған, яғни не колледжге, не университетке олар түскен жоқ. Әрине, барлық жасты тұтастай жоғары біліммен қамту еш бола қоймайтын шара. Дегенмен Мемлекет басшысы басты мәселе мамандық алуда, кәсіп иесі болуда екенін алға тартады. Өйткені мамандықсыз жақсы жұмыс пен еңбекақыға иек арту еш мүмкін емес. Осы жағына тереңірек тоқтаған Елбасы орта мектеп бітірген әрбір жастың мамандық алуға мүмкіндігін қамтуды Үкіметке міндет етіп жүктеді. «Мен Үкімет алдына орта мектепті бітірген әрбір қазақстандықтың мамандық алу мүмкіндігі болсын деп міндет қойдым. Бірақ барлығына бірдей жоғары білім соңынан жүру қажет емес. Экономикаға дәнекерлеуші, электрик, механика және басқа да орта буындағы техникалық жұмысшылар да керек. Сондықтан мектепте оқу аяқталысымен бірден мемлекет мониторинг жүргізуге тиіс. Басқаша айтқанда, жоғары оқу орындарына түсе алмағандар колледждерге түсудің барлық мүмкіндіктерін иеленулері керек», - деді Елбасы. Ал жұмыспен қамтылуға келсек, Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық жоғары емес. Экономикалық белсенді халықтың шамамен 3,8%-ын құрайды. Алайда ағымдағы жылы жоғары оқу орнын бітірген 161 мың түлектің 38 мыңы, 131 мың колледж бітірушінің 19 мыңы әлі күнге жұмысқа орналаспаған. Осы жағын оңды шешу үшін Президент Үкіметке арнаулы нақты бағдарламаны әзірлеп, қабылдауды тапсырды. «Келесі бір маңызды мәселе - жастарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету. Жастардың мобильді бөлігі алғашқы кездерде тұра алатын студенттік және жастар жатақханаларын көбірек салу қажет. Осы бағыттардың барлығы Үкіметтің жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырылуы керек», - деді Н.Назарбаев. Бұдан бөлек, Елбасы Үкіметке жастар бастамаларының қорын құру мәселесімен айналысуды да жүктеп, барлық министрліктер мен әкімдіктердің стратегиялық жоспарларына жастармен жұмыс жөніндегі индикаторларды енгізу қажеттігін баса айтты. Елбасының бір арманы - жаңа Жастар сарайын салу «Бүгін мен «Жас Отан» съезі делегаттарын менің көптен бергі тағы бір арманымды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге шақырғым келеді. Мен Астанада Жастар сарайын салуды ұсынамын! Егер сіздер қолдасаңыздар, жаңа сарай Астананың ең үздік архитектуралық шедеврлерінің бірі болуы тиіс. Бесіншіден, «Жас Отан» жастар қанаты - елді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі. Жастар қанатын қалалар мен аудандар деңгейінде күшейтуді қамтамасыз ету қажет. «Жас Отан» - болашақ саясаткерлер үшін мектеп. Сондықтан жасотандық депутаттар санын өкілетті органдарда, жергілікті мәслихаттарда, Парламентте көбейту мәселесін шешу маңызды. «Нұр Отан» ХДП басшылығына осындай жұмысты жүргізуді тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнап адал еңбектің тез баю мен ұстамсыз тұтынуға ұмтылумен ауысқаны жайында әңгіме өрбітті. Сосын бұл бағытта бірнеше мысалдарды назарға салды. Мәселен, бүгінгі таңда «үлкен жиырмалық» елдерінде жұмыссыздар саны 20 млн-ға жуықтаған. Ал Италияда, Испанияда, Оңтүстік Африка Республикасында - әрбір екінші жас, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Канадада, Бразилияда, Түркияда - шамамен әрбір бесінші жаста жұмыс жоқ. «Жаһандық экономиканың даму болжамы көңіл көншітерліктей емес. Сарапшылардың көпшілігі жаһандық дағдарыстың жаңа толқынынан қашып құтылу мүмкін емес дегенді айтады. Қазақстан - осы күрделі әлемнің бір бөлшегі. Әрине, біз превентивті шаралар қабылдап, дағдарысқа қарсы бағдарламалар түздік. Сондықтан болашаққа «жеңіл саяхат жасау» деген бізде де болмайды. Мен сіздердің, жас қазақстандықтар, осыны білгендеріңізді қалаймын! Осы себепті көп нәрсе сіздердің еңбексүйгіштіктеріңізге, төзімділіктеріңізге, белсенділіктеріңізге, табандылықтарыңызға және жауапкершіліктеріңізге тәуелді болады! Мен бұлар сіздердің ең жақсы қасиеттеріңізге айналады деп сенемін!» - деді Н.Назарбаев. Елбасы сөзінің соңын: «Енді тура бір айдан соң ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өткелі отырмыз. Асылын ардақтай білетін халқымыз Тәуелсіздіктің қадірін бір сәт те түсірген жоқ. Тұғырын нығайтып, түтінін түзу ұшыруға барын салып келеді. Алға, Қазақстан! Алға, «Жас Отан!» - деп түйіндеді. Нұрлан СЫДЫҚОВ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшысы: - Съезде өткенді таразылап, болашаққа бағдар жасау арқылы жастар саясатының жаңа парағын ашып, жаңа сындарға қадам басуға негіз болды. Осылайша «Жас Отанның» бір күндік бұл жиыны көпкүндік келешекті айқындайтын болады. Ал «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясының негізгі мақсаты жастарды еліміздің қуат-күшін арттыру жолында нақты істерге жұмылдыру болып табылады. Татьяна КУШТАЕВА, қызылордалық делегат: - Қазақ халқы қашанда парасаттылық пен достықты қадір тұтып, шыдамдылық пен төзімділік секілді асыл қасиеттерді ерекше қадірлейді. Соның арқасында біз қазақ жерінде барлығымыз тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сол үшін мен өзімнің ана тіліммен қоса, мемлекеттік тілді үйренуді парыз санадым. Ұлтым орыс болғанымен, мен қазақ жерінің ерке қызы болып өстім, туған жерімнің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және тілін білуге барынша талпындым. Енді Елбасы айтқандай, ағылшын тілін үйренуді мақсат етіп отырмын. Ал біздің алдымызда «Жастар - Отанға!» атты 2020 жылға дейінгі стратегияны қабылдап, оны жүзеге асыру міндеті тұр. Сол үшін Елбасының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін меңгеруді жоғары дәрежеге көтеріп, ұлттар арасындағы достықты нығайту мақсатында жұмыс істеуге барша қазақстандық жастарды шақырамын. Нұрлан ӨТЕШЕВ, Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төраға міндетін атқарушы: - Қазақстан жастары Қазақстанның келешекте қандай жолмен жүретіндігін өздері анықтайды. Сондықтан жастардың жағдайына, олардың біліміне, өмір салтына мемлекеттің көңіл бөлуі ұдайы назарда. Әрине, қай кезде де жастардың басында проблемалар аз болмаған. Бүгін де олар баршылық. Алайда біздің еліміздің жастарында басқа елдерге қарағанда жағдайы тәуір деуге әбден болады. Мәселен, Қазақстанда Еуропа елдерімен салыстырғанның өзінде жұмыссыздық деңгейі төменірек. Екіншіден, білімнің қолжетімділігіне қатысты елімізде біраз шаруа жасалуда. Үшіншіден, енді жастардың әлеуметтік лифтілерін жасау жолдарын анықтап, оның бәрі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Ал бүгінгі стратегияға келсек, ол барша қазақстандықтардың тұрмысын жоғарылатып, жастар игілігіне қызмет ететін болады. Осының өзі «Жас Отанның» шынымен де дамудың жаңа биігіне көтерілгендігін көрсетеді. Автор: Қанат ҚАЗЫ «Алаш айнасы» газеті
|
qosymsha/abai.kz | post_91993.txt | "Екі үшеудің күйбеңін" оқығаннан кейінгі ой | https://abai.kz/post/91993 | ""Екі үшеудің күйбеңін" оқығаннан кейінгі ой" | "https://abai.kz/post/91993" | 03.06.2019 | Әбіл-Серік Әбілқасымұлы | null | TITLE: "Екі үшеудің күйбеңін" оқығаннан кейінгі ой
URL: https://abai.kz/post/91993
META: ""Екі үшеудің күйбеңін" оқығаннан кейінгі ой" | "https://abai.kz/post/91993"
DATE: 03.06.2019
AUTHOR(s): Әбіл-Серік Әбілқасымұлы
TOTAL WORDS: 1672
TEXT: «Соқыр түйе жетектеп құмда адасқан бәдәуи кейіп бәдемді бике жайлы» хамсалық бесшеме Қазіргі әдеби процесте Серік Сағынтай, Қуат Қиықбай, Аягүл Мантай, Бейбіт Сарыбай, Қанат Әбілқайыр, Өміржан Әбдіхалық, Алмаз Мырзахмет, Алмас Нүсіп, Арман Әлменбет, Әлібек Байбол, Дархан Бейсенбек, Ерболат Әбікенұлы, Еркінбек Серікбай, Жандос Байділда, Қойшыбек Мүбәрак, Қанағат Әбілқайыр, Қанат Ескендір, Лира Қоныс, Мақсат Мәлік, Мирас Мұқаш, Мұрат Алмасбекұлы, Сержан Зәкерұлдары сынды шығармашылық қаламдары толысқан, суреткерлік бағыт-бағдарлары айқындалған, жазушылық әдеби стратегиялары қалыптасқан, өздік стильдері айшықталған жас прозашылар шоғырында өзіндік қаламгерлік шеберлігімен жұрт аузына іліккен Нұрлан Қабдайдың орны бір бөлек. Әлемдік прозаның тылсымды айшығын қазақ әдебиетінде өзінше түлеткен орта буын қаламгері Дидар Амантай Нұрлан Қабдай туралы өзінің «Түн күбірі» (Нұрлан Қабдайдың үш әңгімесі жөнінде) атты мақаласында мынандай тамаша ағалық пікірін: «Менің жастық шағым – Уильям Фолкнер. Қолыма тисе болды – жастық шағым есіме түседі... ...Бұл атмосфера қаламгердің кітаптарында анық бейнеленген еді. Сонда, Фолкнердің шығармаларынан ағаштың шайыр иісі, қалың орман жұпары аңқып тұратын. Сөздері сиқыр еді. Жазғаны – ертегідей, кейіптеген аңыз образдары нақ әрі айқын, ешбір қатесі жоқ. Мен Нұрлан Қабдайдан соны көремін...»,- деп білдірген болатын. Өзіміз жазғанын қалт жібермейтін Нұрлан бауырымыздың «Семсердегі» байқауға ұсынған «Соқыр түйе жетектеп құмда адасқан бәдәуи кейіп бәдемді бикесі жайлы» сөз етілетін туындысы «ЕКІ-ҮШЕУДІҢ КҮЙБЕҢІН» оқып шықтық. Бізге дейін осы әңгімеге қатысты айтылған пікірлермен бұрынан таныспыз. Солай болса да... Жазу шарғысы (техникасы) қазіргі қазақ прозасының әдеби стиліне өзінің әлдебір елеулі ықпалын тигізе ме? Басқаша айтар болсақ, қолмен немесе қамыппен (орысша кампьютер деп жазып айтқанды жаным жек көреді) жазғандықтың тигізер әсері әсіресе жас жазушыларда қаншалықты болады? деген ойға қалдық. Кезінде әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі «жоғалған буынның» белді өкілі Хемингуэй жазу мәшенкесімен жұмыс жасаған қаламгер «ақ қағазға тек ең соңғы аяқталған сөздерді түсіреді» деп айтқан болатын. Бұл жағдайда жазушы еңбегінің ең маңызды кезеңдері: өңдеу, түзету қиындай түсетіні анық. Осыны «боданданбаған буын» өкілдері заманалық қазақ әдеби процесінде қалай жүзеге асырып жатыр. Аталған мәселе өз тылсымына тартады екен. Адюльтер (фр. adultère) көзге шөп салу тақырыбы қазақ әдебиетінде Мағжаннан бастау алып, милети әфсаниятымызда (прозамызда) әр әдеби кезеңде әр әфсаниятшы (прозагер) тарапынан әр қилы жосықта шығармашылық қырынан қарастырылып, жазу шарғысымен айшықталып келеді. Біз сөз еткелі отырған автор осы белгілі тақырыптың белгісіз символикалық қырына өз ұстанымы, өз дүниеұғымыны (миропонимание) негізінде өзінше қалам тартып отыр. Осы қадамға барған әйелдің (Шараның) портретін оғызсойлықтан (ғұмарлық одиссейлік/улистіктен) тамыр тартатын бағзытүркілік хамсалық үлгідегі (бесшелік//бес бөліктік) минихикаяттың алғашқы жолынан-ақ, оқырманға ұқтырады. «Қылдырықтай белі қыз күнін сағындырмаған ақ келіншек күл төге шыққанда, көрші үйден екі көз ере шықты. Келіншектің бойын буған әуелгі секем ізім-ғайым…» деп басталатын туынды осы келіншекті (Шараны) бұдан кейін көрші үйден ере шыққан екі көзге қатысты не бүлдіреді деп одан ары қызықтыра оқуға оқырман ретінде тартады. Осыны кезінде Дидар Амантай біз жоғарыда сөз еткен мақаласында: «“Негры ничего не говорили, не издали ни звука. Глаза их отсвечивали в темноте, дикие и покорные; запах шел волнами, густой и острый. – Да, они боятся, – сказал другой индеец. – Что нам теперь делать?” (Уильям Фолкнер, “Қызыл жапырақтар”, әңгіме) Немесе, “Наконец дверь чуть-чуть приоткрылась, из щели блеснул отсвет тлеющих углей, пахнуло острым запахом негров, и в теплой струе воздуха показалась чья-то голова” (Уильям Фолкнер, “Сарторис”, роман). Енді Нұрлан Қабдайға келейік: “Қылдырықтай белі қыз күнін сағындырмаған ақ келіншек күл төге шыққанда, көрші үйден екі көз ере шықты” (“Екі-үшеудің күйбеңі”, әңгіме). Фолкнер де қара мақпал түнді, қараңғылықта жарқ ете қалған екі көзді жақсы көреді. Түн сипатын уақиға ізінен танимыз. Нұрлан Қабдай оны емеурінмен білдіре салады. Автор ұсақ детальдарында – анық, жалпы көрінісінде, тұтас әңгіме көлемінде – күңгірт. Іздегеніміз – осы.»,- деп талдаған еді. Бұл әдемілік «Қылдырықтай белі қыз күнін сағындырмаған ақ келіншектік» адами періштелік емес, пенделік сайтандық екенін шағын хамсалық бесшені оқып біткенше өз сиқырымен қаламгер туындысын арнап отырған адрестантын арбап алады. Кішкетай пенделердің өмірде орын алуы да ықтимал, алмауы да ықтимал «тарихын әңгімелеуші» прозашы романтикалық тәтті арманға бөккен бала секілді өздік іс-тәжірибесі аясында өз қалауы мен ұғым-түсінігі негізінде бәрін бастан аяқ ұлт оқыраманына қайыра ұғындырады, бірақ та құр сүлделі елес қуған ересек жан шындық өмір мен қиял әлеміндегі өз үміті мен үрейін айыра алады ма? Юнг жасап шыққан психологиялық типология: («экстравертілік» (жұғысыңқылық) – «интровертілік» (тағысыңқылық) бізге ойлау, сезім, ішкі түйсік, түйсінім рөлдерін айқындап беретін төрт типшені (подтип) ұсынады. Юнг барлық қаламгерлерді түйсіктік-тағысыңқылық (интуитивно-интровертный) қатарға жатқызады деп ұйғаруымыз мүлдем қате, ол осы мәселені оданда тереңдетіп қаузап, оларды тек қана интровертті типтік тұрғыдан ғана қарастырады. «Суреткер, – деп жазды Элиот 1918 жылы, – өз замандастары арасында бір мезетте әрі тұрпайы, әрі оқыған-тоқығаны мол жан...» Осы оқыған-тоқығандық суреткер ретінде Нұрланға қазір қазақ қоғамындағы «Сәмет-Шара» дилемасын авторлық концепциямен өмірге әкелдіріп, өздік тұжырым жасатқандығын туындыны оқу барысында аңғара аламыз. Фрейдтік жалаң эротиканың әзәзіл арбауына түспей, ықимал дүниенің бәрін оңайлатып жіберуге қарсы шара қолданған Юнг мынаны аңғарады: қаламгерлердің бірі өз шығармашылығында өз типін аша білсе, келесілері бұған керісінше түзетілген нұсқадағы антитипті тудырады. Микрохикаяты бес бөліктен тұратын Нұрлан қаламгер ретінде өзі байқаған «әйелінің етегі түрілген елдің» бұрымдыларының ішінен суреткерлік ақыл-таразысына салып безбендеген жиынтық тұлға-образы Шара бейнесі арқылы өз антитипін және қалыңдығынан (әйелінен) алданған Сәмет//еркек көрсоқырлығы образының тың тарамдамсын шығармашылықпен өмірге әкеле алған. Бұл – туынды авторының өзін өзгенің көлеңкесі, өз әдеби толқынының ішіндегі әлдекім емес, нағыз қалыптасқан хас прозашылық дербесяттықты (индивидуалдылықты) жас буын қаламгерлері арасында танытуының нышаны. Орта буын қаламгерлері арасында хас прозашылық дербесяттықтың нышаны көбіректеу бой көрсетеді мәселен, Мира Шүйіншәлиеваның «Служак» әңгмесі бұған куә, ал осы туындыда осының қалай көрініс тапқандығына жекелеген мысалдар негізінде тоқтала кетейік. «Құдайдың да өз есебі бар екен. Шара шарасыз күйге түсті. Соқыр түйе жетектеп құмда адасқан бәдәуидің күні туды басына. Сәметтің босағасын бірге аттаған астам пиғыл бұны тастай қашқан жоқ. Дегені болмай көгенде қалды. Зағиптың етегінен ұстап қыз кеткенде, райынан қайтара алмай шашын жұлып қала берген шешесі тап қазір кіріп келсе, мына – адамы бар, иесі жоқ үйді талақ тастап, ере қашудан тайынбас еді. Күйзеліп жүргенде көрші үй жақтан екі көз пайда болды…» Басына «Соқыр түйе жетектеп құмда адасқан бәдәуидің күні туған» адами тірліктің аяғы Сәметтің өлімімен аяқталады. Қазіргі жастардың өздеріне дейінгі буыннан бір ерекшелігі кірістірме новелланы (Сәметтің төрт жасында көзінен айырылудағы «Сүт оқиғасы» нарративін//дербесят хикаятын) егіздеуші үкімдік фонға да айналдара білу стильдік шеберлікке ие болушылықтары. Сәметтің көзден айырылу мотивін жазушы былай суретейді. «Сүт. Мыстан кемпір. Жүзін жас жуған апасы. Жарық дүниеден тірідей айрыларда көзден көшіп, санасына таңба болып басылған соңғы суреттер. Мыстан кемпір – байы өлген, бала сүймеген, өмірден шер-нала арқалап белі бүгілген бір мүсәпір. Ел қыдырмайтын, кісі шақырмайтын. Көршілерден аулақ, көршілер де көрмегенсіп жүріп жатқан. Жалғыз сиыры бар еді. Бір күні онысын сауып, сүтін есік алдына қоя сала, қораға қайта кіріп-шықса, қаңғалақтап қайдан ғана бара қалғанын Құдай білсін, төрт жасар шолшаң ұл – Сәмет күс-күс аяғын шелектегі жылы сүтке малып ыржалақтап қарап тұр. Онсыз да бала көрсе безгегі ұстайтын кемпірдің ашуы құйын үйіріп, тас жаудырыпты. Кешкі тымықты тас-талқан еткен шаң-шұң дауыстан бір сұмдықтың болғанын сезіп, жүгіріп жеткен апасы бұны іле қашады. Алайда мыстан кемпірдің: «Сүттей жүзіңе тамсанғанды ботадай көзің көре алмай өтсін!» деген қарғысы бәрі бір қуып жетті… Содан бері саңылаусыз бір қараңғылықты қарманумен келеді». Жардың етегінен айырылуын «Келіншектің адал жарға опасыздығы» қаламгер тарапынан былайша тарқатылады. «Сәмет ояу болатын. Ұрланып қойнына кірген келіншегінің аяғына аяғын тигізіп еді, құлпытастай суық екен. Анау сып еткізіп тартып ала қойды. Сол сәт мұның көңілін де көрдей түнек тұмшалаған…» Сезіліп тұрғанындай, homo scriptor-ды (жазушы адамды) ешқашан бір ғана типке жатқыза салуға еш болмайды. Егер біз батыс әдебиетінде Колридж, Шелли, Бодлера және Поларды тек қана романтикалық жосықта қарастыратын болсақ, онда оларға Расин, Мильтон, Гете, Джейн Остин, Энтони Троллоп сынды тұлғалардан тұратын топ қарама-қарсы келетіні әбден түсінікті. Қазіргі қазақ прозасындағы жас буын мен орта буын арасындағы әртектілік пен өзгешелікке толы әдеби процесте орын алып жатқан әр 10 жылдықтар тап осындай ұлттық әдебиетімізде өзінің айшықты қолтаңбасын қалдырып отырады. Неміс жіктеушісі (классификаторы) Кречмер болса, ақындарды (шизофренияға бейім лептосомдық /нәзік жанды/ тип) және романшыларды (маниакалды-депрессивті психозға бейім пикносты /гр. рyknos//әлеуетті/ тип) деп бөледі. Әлбетте, «арқалы» (тәңіри шабытты аянгер) ақын және кәсіби толысқан «туындыгер» қаламгер сынды қарама-қарсылықты типологиялық жұп бар. Әрине, бұндай ерекшеліктердің тарихи түп тамыры өте тереңде жатыр. Суреткерлерді қиялдаудың негізгі екі типі бойынша бөлген француз психологі Рибо әлбетте, өзі сілтеме жасамаса да Ницше концепциясына сүйенгендігі дау туғызбайды. Бірінші тип – «кеңістіктік//пластикалық» қиял. Көреген бақылаушы қасиетіне ие жан сыртқы әлем келбетін шабыттанған шағында өз сезімімен игереді. Керісінше, «формасыз» қиялға (сыбыр мен символикалыққа) ие символист ақын, романтик қаламгер (Тик, Гофман, По) болса, шабытты өз сезім мен эмоцияларынан қалқып алып, оларды Stimmung (көңіл хошы) бірліктері болып уәждалатын ырғақ пен образдарға айналдырады. Элиот өз кезегінде Рибо тұжырымын Дантенің «аяндық қиялын» Мильтонның «сыбырлы қиялына» қарама-қарсы қоюда ескерді. Заманалық румын ғалымы Л. Русу үш көркемдік типті: «ашық» (шаттықты, екпінді, қолды-аяққа тұрмайтын), «әзәзілдік ұшқалақтық» және «әзәзілдік дегбірлілікті» бөліп көрсетеді. Русудың келтірген мысалдарының бәрі бірдей сәтті емес десек те, тезис пен антитезистің өзара әрекеттестігі, «ашық» тип пен «ұшқалақтық» синтездерінен жоғарғы шығармашылық тип туындап, әзәзілмен күрес жеңіспен аяқталып, қым-қуаттылық тепе-теңдікпен алмасады. Осы жоғарғы шығармашылық типке Русу Гетені жатқызады. Біз өз тарапымыздан онымен бірге Данте, Шекспир, Бальзак, Диккенс, Толстой, Достоевский сынды алыптарды көре аламыз. Міне, осы алыптар өз ұлтты үшін әлемдік деңгейдегі «кішкентай адамдар» трагедиясын ұлттық деңгейде әр дәуірде сөз етіп кетсе, Нұрлан өз «кішкентай адамдарының» нәпсіден жеңілу трагедиясын бабатүркілік әдеби үрдіс хамсалық үлгіде ашып көрсете алған. Автор неге Сәметті соқыр етіп отыр?! Алмасы тістеліп қалғандар жалпы ұлттық проблема. Қазір қазақ қыздарының 90 пайызы «қатын-қыз» немесе «қыз-қатын (жалған қыздық перде жасату арқылы)» болып байға тиіп жатыр. Қаламгердің арманы қыздардың тұрмысқа күйеуін сәметтендірмей пәк күйінде шығуы. Осындай жағдайға ұрынғандар символдық Сәмет өлім арқылы келмеске кетсе екен деп арзулы армандайды. Нұрлан Қабдайдың «Соқыр түйе жетектеп құмда адасқан бәдәуи кейіп бәдемді бике жайлы» хамсалық бесшесі өз тұстастары саналатын бәдәуи кейіп бәдемді бикелердің ендігі тірлігінде қойынындағы «Соқыр түйесін» аялап, бәрін «ЕКІ-ҮШЕУДІҢ КҮЙБЕҢІНЕ» ұластырып құмда адасушылыққа бармауға үндей шақырады. Бұндай авторлық масканы қолданушылық қазіріг қазақ прозасында қаламын енді ұштап жүргендер арасында екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осындай пәренжелі авторлық шеберлікті игерген қаламгерлік шеберлікке «ЕКІ-ҮШЕУДІҢ КҮЙБЕҢІН» оқып шыққанда тәнті болдық. Елдің сыртқа жаймайтын дерті Қазақ көрпесінің бүлкілдеуі ішінде орын алып жатқан «жабулы қазандық» әйелдің етегі түрілушілік проблемасына автор өзінше жауап іздеп өзінше тың шешім қабылдай алған. Осылайша «адюльтерлік» тақырыбы ұлт прозасында өзінше жаңа қырынан ашылып отыр. Таптауырын болған ескі мотивтің соны қырын аша білу жас қаламгерлер арасында екінің бірінің қолынан келмейді. Қолдан келмейтінді қолдан келтіруі авторға шығармашылық табыс сыйлай алды. Ескі мотивтің соны қырын аша білу стильдік шеберлігінен автор адасып қалмасын деп тілеп, тамаша туындының соңғы бетін жаптық. Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_49739.txt | Сайлау-2015: Алғашқы онкүндіктегі жағымды үрдістер | https://abai.kz/post/49739 | "Сайлау-2015: Алғашқы онкүндіктегі жағымды үрдістер" | "https://abai.kz/post/49739" | 07.04.2015 | Администратор | null | TITLE: Сайлау-2015: Алғашқы онкүндіктегі жағымды үрдістер
URL: https://abai.kz/post/49739
META: "Сайлау-2015: Алғашқы онкүндіктегі жағымды үрдістер" | "https://abai.kz/post/49739"
DATE: 07.04.2015
AUTHOR(s): Администратор
TOTAL WORDS: 126
TEXT: Бүгінде Қазақстандағы президенттік сайлау науқанының алғашқы онкүндігінде бірнеше жағымды үрдістерді көруге болады: Біріншіден, үгіт-насихат жұмыстары еш ескертусіз, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне қатысты шағымдарсыз өтіп жатыр. Бұл қоғамдағы құқықтық мәдениет, сондай-ақ электоральды мәдениеттің ерекше көрінісі болып табылады; Екіншіден, сайлаудың алғашқы аптасынан бастап сайлауға қатысу шақыруға бағытталған әр түрлі флэшмобтар, видеороликтер, онлайн-эстафеталар, постерлер бәйгесінің белсенді сипатқа ие болуы байқалады. Әсіресе, бұл бастамалардың барлығы жастар тарапынан жүргізіліп жатқаны ерекше көзге түседі; Үшіншіден, тек алғашқы он күн ішінде Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлаудың барысын бақылайтын 337 бақылаушыны тіркеуі әр түрлі халықаралық, аймақтық, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екендігін білдіреді. Жалпы, жоғарыда аталған жағымды үрдістер сайлау науқанының қазіргі уақытта бірлескен сипатта өтуге, сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айқын көрсетеді. Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, саясаттанушы Абай-ақпарат
|
qosymsha/abai.kz | post_48252.txt | Түркімен президенті сайлаудағы қарсыласының қызметін өсірді | https://abai.kz/post/48252 | "Түркімен президенті сайлаудағы қарсыласының қызметін өсірді" | "https://abai.kz/post/48252" | 01.03.2017 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Түркімен президенті сайлаудағы қарсыласының қызметін өсірді
URL: https://abai.kz/post/48252
META: "Түркімен президенті сайлаудағы қарсыласының қызметін өсірді" | "https://abai.kz/post/48252"
DATE: 01.03.2017
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 94
TEXT: Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов бұрынғы қарсыласын жоғары қызметке тағайындады. Түркімен ақпарат құралдарының хабарлауынша, 12 ақпандағы президенттік сайлауда екінші орын алған Мақсат Аннанепесов Түркіменстанның мемлекеттік тамақ өнеркәсібі бірлестігінің төрағасы болып тағайындалды. Аннанепесовты президенттікке үміткер ретінде бастамашыл топ ұсынған еді. Сол кезде ол бірлестік төрағасының орынбасары болатын. Сайлауда ол 1,02 пайыз дауыспен екінші орын алды. Қазіргі президенттің қалған жеті қарсыласы бір пайыздан аз дауыс жинады. Олардың қызметтегі мансаптары туралы әзірге мәлімет жоқ, бірақ жауапты қызметтерге тағайындалуы мүмкін деген болжам бар. Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан Бердымұхамедов жақында өткен президенттік сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинаған.
|
qosymsha/abai.kz | post_122873.txt | UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ! | https://abai.kz/post/122873 | "UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ!" | "https://abai.kz/post/122873" | 25.10.2020 | Қуаныш Қаппас | null | TITLE: UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ!
URL: https://abai.kz/post/122873
META: "UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ!" | "https://abai.kz/post/122873"
DATE: 25.10.2020
AUTHOR(s): Қуаныш Қаппас
TOTAL WORDS: 216
TEXT: 24 қазан күні Абу-Дабидегі Яс аралында аралас жекпе-жек спортынан UFC 254 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 келі) UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңді. Жекпе-жектен кейін бүгінге дейін 29 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Хабиб ММА-дағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көпткен күткен UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізді. 26 жастағы Шавкат бразилиялық Алекс Оливейрамен жұдырықтасты. 32 жастағы Оливейра өте тәжірибелі спортшы болатын. Бүгін ол UFC-дегі 19-жекпе-жегін өткізді. Соған қарамастан қазақстандық файтер бірінші раундта жеңіске жетті. Шавкат қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша, Шавкат Рахмонов өзінің мансабындағы 13-жекпе-жегінде жеңіске жетіп, американдық промоушен туы астындағы дебютін сәтті өткізді. Кездесуден кейін ол америкалық ұйымдастырушылардың сұрақтарына қазақ тілінде жауап бергенін де айта кетейік. UFC - аралас жекпе-жек әлеміндегі (ММА) ең беделді промоушен. Басқаша айтқанда, ережесіз жекпе-жек спортының ең биік шыңы деуге болады. Шавкат Рахмонов осы ұйыммен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол 2019 жылы шілде айында UFC файтері атанған болатын. Бірақ түрлі себептермен UFC-дегі дебюті бүгін ғана өтіп отыр. Ол алғашқы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол турнир өтпей қалды. Ал шілтеде өткен турнирге Шавкат жарақатына байланысты қатыса алмады. Шавкат Рахмонов UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атанып отыр. Бұған дейін тағы бір жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткенімен (UFC 251), жеңіліп қалған болатын. Қуаныш Қаппас Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_1695.txt | Алғашқы жартыжылдықта Казкоммерцбанктің таза табысы 71,1% азайды | https://abai.kz/post/1695 | "Алғашқы жартыжылдықта Казкоммерцбанктің таза табысы 71,1% азайды" | "https://abai.kz/post/1695" | 01.09.2009 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Алғашқы жартыжылдықта Казкоммерцбанктің таза табысы 71,1% азайды
URL: https://abai.kz/post/1695
META: "Алғашқы жартыжылдықта Казкоммерцбанктің таза табысы 71,1% азайды" | "https://abai.kz/post/1695"
DATE: 01.09.2009
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 591
TEXT: Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ – Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларындағы Казкоммерцбанктің таза табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,1% - 9,9 млрд теңгеге азайды. Акциямен есептегенде ол 47,9 теңгеден 13,7 теңгеге азайды. «Табыстың төмендеуі провизияны есептеумен байланысты болды»,- делінген жұма күні таратылған Казоммерцбанктің хабарламасында. Банк алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы байланысты, МСФО бойынша біріккен қаржылық есепке негізделген өз қызметінің нәтижелерін жариялады. «Топ займдар бойынша күтілген шығындарды жабу үшін провизияны есептегенде консервативті саясатты ұстанады. Займдардың құнсыздануына байланысты провизиялар 2008 жылдың соңында 289,3 млрд теңге болса, 2009 жылдың 30 маусымында 437,4 млрд теңгеге дейін өсті. Сайып келгенде, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы резервтеу ставкасы займ-бруттоға қарағанда 15,3% болды. Салыстыра қарасақ, 2008 жылдың соңында бұл көрсеткіш 11,9% болған»,- деп атап көрсетілген баспасөз-парақшасында. Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ – Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларындағы Казкоммерцбанктің таза табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,1% - 9,9 млрд теңгеге азайды. Акциямен есептегенде ол 47,9 теңгеден 13,7 теңгеге азайды. «Табыстың төмендеуі провизияны есептеумен байланысты болды»,- делінген жұма күні таратылған Казоммерцбанктің хабарламасында. Банк алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы байланысты, МСФО бойынша біріккен қаржылық есепке негізделген өз қызметінің нәтижелерін жариялады. «Топ займдар бойынша күтілген шығындарды жабу үшін провизияны есептегенде консервативті саясатты ұстанады. Займдардың құнсыздануына байланысты провизиялар 2008 жылдың соңында 289,3 млрд теңге болса, 2009 жылдың 30 маусымында 437,4 млрд теңгеге дейін өсті. Сайып келгенде, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы резервтеу ставкасы займ-бруттоға қарағанда 15,3% болды. Салыстыра қарасақ, 2008 жылдың соңында бұл көрсеткіш 11,9% болған»,- деп атап көрсетілген баспасөз-парақшасында. «Осыған байланысты, нарықтағы сенім әлі қалпына келтірілген жоқ, біз өте күрделі экономикалық ортада жұмыс істеуді жалғастырдық. Қазақстанның банк секторындағы жағдайға несие портфельдері сапасының недәуір нашарлауы мен теңгенің девальвациясы да ықпал етті. Бұл жерде біздің банк жалғыз емес. Дәл осындай қиын кезеңдерде Казкоммерцбанктің өз қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік алғандығына біз қуаныштымыз»,- деп банк басқармасының төрайымы Нина Жүсіпованың Казком банк жұмысының нәтижелеріне берген осы түсініктемесін банктің баспасөз-қызметі келтіреді. Ол банктің топ-менеджменті «операциялық рентабельділікті сақтай отырып активтердің сапасы мен ликвидтілікті басқаруға» назар аударғанын атап өтті. «Мұндай стратегия банктің қаржы дағдарысынан өтуінде өте маңызды рөл атқарды және ол жылдың соңына дейін өзгермейді»,- деп атап өтті Н.Жүсіпова. Баспасөз-прақшасында келтірілген деректер бойынша, Казкомның активтері есепті кезең аралығында, жыл басымен салыстырғанда, теңгемен есептегенде 7,2% артып, доллармен есептегенде 13,9% төмендеген. Активтердің құнсыздануына резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық табыс өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7,2% - 106,2 млрд теңгеге артты. Клиенттердің шоттарындағы қалдықтар теңгемен есептегенде 18,9% артып, доллармен есептегенде 4,5% төмендеді. Бірінші деңгейдегі капитал адекваттылығының коэффициенті 13,9% болып, жеке капиталдың адекваттылық коэффициенті 18,1% дейін өсті. Казкомның қаңтар-маусым айларындағы операциялық шығындары 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3% - 14,3 млрд теңгеге дейін, персонал шығыны 21,1% - 7,1 млрд теңгеге дейін азайды. Банк бөлімшелер санын 2008 жылдың соңындағы 186-дан 161-ге дейін қысқартып, филиалдық желісін ықшамдады. Жұмыс істемейтін займдардың үлесі (төлем мерзімі 30 күннен ұзарған корпоративті клиенттер, төлем мерзімі 60 күннен ары асқан бөлшек клиенттер бойынша) 2008 жылдың соңында 8,1% болса, биылғы бірінші жартыжылдықтың соңында 15% жетті. Есеп беру деректері бойынша, 30 маусымдағы «провизияның жұмыс істемейтін займдарға» қатысты коэффициенті 102,4% болып, 90 және одан да көп күндерге төленбеген займдарды провизиямен жабу 145,7% асты. Казкоммерцбанк постсоветтік кеңістіктегі ірі банк болып табылады. Биылғы жылдың 30 маусымында банк активі 2 трлн 802,5 млрд теңге болды. Казком тобының құрылымында зейнетақы және қаржы активтерін басқаратын, сақтандыру және брокерлік қызмет саласында жұмыс істейтін компаниялар бар. Банктің Ресейде, Қырғызстан мен Тәжікстанда еншілес банктері бар. KASE-нің 1 шілдедегі деректері бойынша, «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ Казкомның 23,72% жай акциясын иеленген, банк директорлар кеңесінің бастығы Нұржан Сұбханбердин - 9,32%, «Самрұқ-Қазына» мемхолдингі - 21,26%, ЕБРР - 9,77% акцияны иеленген. Казком жұма күні таратылған хабарламасында негізгі акционерлердің қатарында Alnair Capital Holding-ті атайды. Алайда, биржа деректері бойынша ол банк акционері деп көрсетілмеген.
|
qosymsha/abai.kz | post_62674.txt | Биыл Алматыда - «Жастар жылы» деп жарияланған | https://abai.kz/post/62674 | "Биыл Алматыда - «Жастар жылы» деп жарияланған" | "https://abai.kz/post/62674" | 12.11.2017 | Мәншүк Бекбосын | null | TITLE: Биыл Алматыда - «Жастар жылы» деп жарияланған
URL: https://abai.kz/post/62674
META: "Биыл Алматыда - «Жастар жылы» деп жарияланған" | "https://abai.kz/post/62674"
DATE: 12.11.2017
AUTHOR(s): Мәншүк Бекбосын
TOTAL WORDS: 498
TEXT: Биылғы жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланған еді. Бұған қоса қала шеңберінде «Алматы қаласының жастарын қолдау жол картасы – 2020» жоспарлы бағдарламасы жасалып, тұсауын кесті. Жақында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің баспасөз орталығында өткен жиында қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Шыңғыс Бескемпіров «Жастар жылы» аясында Алматыда атқарылған нақты іс-шараларға тоқталды. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Мәди Ахметов, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов қатысты. – Қазақстандағы әрбір үшінші студент Алматыда білім алып жатыр. Сондықтан Елбасының бастамасымен 2017 жыл Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланды. Ең әуелі, бұл жол қартасы негізгі бес бағыт бойынша жұмыс істеуді көздейді. Атап айтқанда, сапалы білім беру, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, мәдени демалысты ұйымдастыру, жас отбасыларына қолдау көрсетіп, оларды баспанамен қамтамасыз ету, – дейді Ш.Бескемпіров. Әлеуметтік сауалнама бойынша бүгінде 35 жасқа дейінгі жастардың 80 пайызы тұрғын үйге мұқтаж екен. ТҮҚЖБ желісі бойынша 29 жасқа дейін 34 мыңнан астам жастар жеңілдік ипотекаға кезекте тұр. Бұл ретте Жол картасы шеңберінде жастардың баспана мәселесін шешу — маңызды мәселе. – «Алматы жастары» деп аталатын бағдарламамен жастарға баспананы жеңілдетілген жолмен жалға беру шарасы қолға алынды. Дәлірек айтқанда, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» арқылы несиелеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Жастардың жас деңгейі 35-ке дейін ұзартылып, бағдарламаның жүзеге асуы үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жыл аяғына дейін 100 жас отбасы баспаналы болады, – деді Ш.Бескемпіров. Жастардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін биыл студенттер мен жас отбасыларға жатақханалар салу жобасы іске асуда. «Жол картасы» аясында 2020 жылға дейін Алматы студенттеріне 12 жатақхана салу жоспарланған. Жоспарланған 12 жатақхананың төртеуінің құрылысы биыл аяқталады. Жастардың жұмыспен қамтылуына да барынша көңіл бөлініп отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді. Жұмыс іздеген 2000 жас инновациялық мамандықтарды игеру үшін оқуға жіберілді. Бүгінде Алматыда 408 мың 689 жас жұмыспен қамтылған екен. Дегенмен, қалада екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар да аз емес. Жұмыссыз жастардың саны 18 мыңға жуықтайды. Ресми деректер бойынша, Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі – 6,7 пайыз. Бұл ретте «Алматы қаласының жастарын қолдау жол картасы – 2020» жоспарлы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмыспен қамтуға септігін тигізетін бірқатар бағдарламалар қарастырылған. Солардың бірі – «Жастарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту» жобасын іске асыру. Мұнда мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқыту мерзімі 1 айдан 3 айға дейін созылады. Аталған жобада 47 мамандық бар. Екінші мәселе – «жастар тәжірибесін» енгізу. Ағымдағы жылда жастар тәжірибесі бойынша 700-ден 2 мың жасқа дейін квотаны көбейту жоспарлануда. Сондай-ақ, тәжірибе шеңберінде жалақының 38 000-нан 56 000 теңгеге дейін көтерілуі көзделуде. Сонымен қатар, жыл сайын «Назарбаев Университеті» шеңберінде 40 кәсіпкерді оқыту жоспарлануда. Жыл сайын жастар арасында 20 стартап байқауы өткізіледі. Жастардың уақытын тиімді өткізу үшін мәдени, спорттық мекемелерді көбейтуге көңіл бөлініп отыр. – Бұл ретте жастарға арналған Лофт-орталық ашылып, оның базасында еріктілер, жас кәсіпкерлер, жас суретшілер секілді орталықтар жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, қыркүйек айында Алатау ауданындағы Атлеттер қалашығында жастармен жұмыс жасайтын «Алматы жастары» орталығы жұмысын бастады. Әуезов ауданында дәл сондай «Бағдаршам» орталығы ашылды, – дейді Ш.Бескемпіров. Мәншүк Бекбосын Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_45569.txt | БАҚ-ТЫҢ БИЛІГІН ОРЫСҚА, ДІННІҢ БИЛІГІН АРАБҚА БЕРІП ҚОЙДЫҚ | https://abai.kz/post/45569 | "БАҚ-ТЫҢ БИЛІГІН ОРЫСҚА, ДІННІҢ БИЛІГІН АРАБҚА БЕРІП ҚОЙДЫҚ" | "https://abai.kz/post/45569" | 26.08.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: БАҚ-ТЫҢ БИЛІГІН ОРЫСҚА, ДІННІҢ БИЛІГІН АРАБҚА БЕРІП ҚОЙДЫҚ
URL: https://abai.kz/post/45569
META: "БАҚ-ТЫҢ БИЛІГІН ОРЫСҚА, ДІННІҢ БИЛІГІН АРАБҚА БЕРІП ҚОЙДЫҚ" | "https://abai.kz/post/45569"
DATE: 26.08.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1560
TEXT: Тәуелсіздік алдық деп «бөркімізді» аспанға атқалы бері міне 25 жыл да өте шығыпты. Алайда, мемлекеттік тілімізді өзге түгілі үкіметімізді он жыл басқарған Үкімет басшысының өзі меңгермегендіктен, ел билігінің тұтқасын толықтай орыс тілді шенеуніктер иемденді. Елбасымыз «Екі қазақ, бірің мен бірің қазақша сөйлесіңдер» деп сан рет ескертсе де осыншама ұзақ мерзімнің ішінде ел билігінің тілі мемлекеттік тілде шықпады. Соған қарағанда, биліктегілердің, әсіресе ,Үкімет басшысының қазақ екендігі ел арасында күмән туғызып жүргені ащы да болса шындық. Себебі, осы уақытқа дейін Үкімет басшысының мемлекеттік тілде Елбасымыз сияқты сөйлегенін естіген де, көрген де емеспіз. Әлемдік тәжірибеде тәуелсіздікке қол жеткізген елдердің билігі бірінші кезекте өз ұлтының шежіре-тарихын түгендеген, тілі мен дінін, салты мен дәстүрін, әдеттері мен ғұрыптарын қалпына келтіруге жұмыстанған. Ал біздің орыс тілді билігіміз 25 жыл бойы осының бірін де жасаған жоқ. Соның салдарынан тіліміз бен мәдениетіміздің, БАҚ-тыңбилігін түгелдей орысқа, дініміздің билігін арапқа беріп қойдық. Осы бетімізбен кете беріп, жер бетінен қазақтың ана тілі жойылар болса, бүкіл адамзат баласы тарихынан айрылып, шын мәңгүртке айналады. Аталарымыз «ақырзаман» деп осыны айтқан. Бүкіл адамзат баласы Атам заманның (Аталар заманының) ақырына, яғни Ақырзаманға таяп келеміз. Ата салтын ұстанған қазақ халқы Ақырзаманды алыстатуға жанын салса, бүгінгі орыс тілді билік иелері соны тезірек жақындатуға барынша тырысып бағуда. Олардың басым көпшілігі Елбасымыздың ширек ғасырдан бері сан мәрте қайталап келе жатқан «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген тапсырмасын орындап жүрген жоқ. Бір таң қаларлығы, орындамай жүргендер қарапайым халық емес. Біздер және біз қатарлылар Елбасымыздың бұл тапсырмасын ең алғаш айтқанда-ақ орындағанбыз. Орындамайтындар тек қана биліктің айналасында жүргендер. Бұл не сонда, бүкіл қазақ қолдап отырған Елбасымыздың тапсырмасын орындамау, ел билігінің тұтқасын ұстағандардың жетесіздігінен бе, әлде олардың еш қайсысы қазақ емес пе, әлде мұнда біз білмейтін тағы да басқадай сыр бар ма? Шынында да қызық емес пе? Неге олар Елбасының бұйрығын да, халықтың талабын да орындамайды? Неге олар өзі басқаратын мемлекетінің, мемлекеттік тілінде сөйлейтін адамдарымен аудармашы арқылы сөйлеседі? Өздері бірінші болып мемлекеттік тілді меңгерудің орнына қазаққа неге үш тілді тықпалайды? Балаларымызды неге шетелге ақшаға сатты? Еліміздің миллиардтаған қаржысын жымқырып, шетел асырғанша, ел мүддесіне пайдалануға болмас па еді?! Енді, міне, аяғымыздың астындағы «Барар жеріміз бен басар тауымызды да» саудаға шығарып, қалай да (қазір саттырмасаң да бес жылдан кейін) бәрібір сатамын деп қасарысып отыр. Осындай өкіметтен қазаққа қандай пайда бар? - деген сұрақ өз-өзінен туындап тұрған жоқ па? Меніңше, олардың Ана тіліміздің өркендеуіне барынша қарсы болу себебі, бұлардың бәрі де кешегі Кеңес заманында орыс тілімен билікке келіп, балаларын орысша оқытқандар. Сондықтан, олардың өздері түгілі балалары мен немерелері де мемлекеттік тілден мақрұм қалып ер жетті. Міне солар елдің емес, өз қара бастарының қамын ойлап, биліктен айрылып қалмауы үшін, Ана тілімізді солардың жолына құрбандыққа шалып отыр деп батыл тұжырым жасай аламыз. Бүкіл әлем елдері қағидасы бойынша Тіл - мемлекеттің де, сол мемлекетті құраушы ұлттың да негізі. Атам қазақтың «Тіл - тұғырың, дін - діңгегің» дейтіні осыдан. Мемлекеттің жалауы (туы) діңгекке бекітіледі, ал діңгек тұғырға орнатылады. Тұғыры әлсіз тудың да, тұғыры әлсіз елдің де, діңгегі әлсіз тудың да, діңгегі әлсіз елдің де ғұмыр жасы ұзаққа бармайды. Бұлар әлсіз болса, ту құлайды, ал мемлекет тарих сахнасынан шығып қалады. Демек, ұлттың тілі жоқ болса, ұлттық мемлекет те жоқ деген сөз. Сол үшін де осыдан оншақты жыл бұрын Ресей президенті «Орыс тілін білмейтіндерге, Ресей азаматтығы берілмесін» деген жарлық шығарды. Қазіргі таңда (менің есебім бойынша) Ресейде бірнеше миллион қазақ тұрады. Оны дәлелдеу үшін алысқа ат айдаудың түкке де қажеті жоқ. Бір ғана Астрахан облысының өзінде 300 000-нан астам қазақ тұратынын айтсам да жарап қалар. Путиннің әлгі жарлығынан кейін Астараханда бірде-бір қазақ мектебі қалған жоқ, түгел жабылған. Бұндай жағдай Ресейдің барлық жерінде жаппай орын алуда. Демек, алдағы 20-30 жылдан кейін Ресейде бірде-бір қазақ қалмайды деген сөз. Қазақстан билігі басында жүрген орыс тілді билік иелері, айтыңыздаршы Сіздердің не ойлағандарыңыз бар? Әшейінде Ресей не істесе, соны қайталап жүріп, тілге келгенде неге үнсіз қалдыңыздар? Тарих тағлымы: Қазақтың Ата салты бойынша, «Тіл» кез-келген ұлттық мемлекеттің тұғыры. Сондықтан, Адам баласы қай тілде ойлап, қай тілде сөйлесе, ол адамның ұлты сол болады. Нұқ пайғамбарға дейінгілерде, Нұқ пайғамбар кемесіне мінген жандардың бәрі де осы біздің қазақтың ана тілінде сөйлеген. Демек, Нұқ пайғамбар қауымынан, яғни оның үш жаққа кеткен үш ұлының Қам (Үндістанға кеткен), Сам (Иран жаққа), Иафес (Еділ мен Жайық өзендері аймағына) кеткен және Қазық жұртта (Ата жұртта), яғни қарашаңырақта қалғандарынан (қазақтардан) тараған елдердің бәрі басында, осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйледі. Кейіннен олар бір-бірінен ажырап, уақыт аралығы алшақтаған сайын сөз құрамы өзгеріп отырды. Ал, кеме қалған жер күні бүгінде де Қазығұрт (Қазық жұрт), Нұқ пайғамбар кемесінің іліңгір (якор) тастаған жері Леңгір деп аталады. Ол қазақ жері, ол бүгінгі қазақ елі. Бұл дауға жатпайды. Менің осы келтірген тұжырымдарымның айдай айғағы етіп, жақында әлемдік БАҚ әлем елдері осыдан 6000 жыл бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгенін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі. Бүкіл жер бетіндегі жер, су, тау, ұлттар мен мемлекеттер және елді мекен атауларының қазақтың Ана тіліне сәйкес келетінінің сыры осында. Сондықтан, Қазақстан үкіметіне қазаққа өзге тілдерді тықпаламастан бұрын, Қазақстанның тіл мен тарих ғылымдары осы бағытты зерттеп, бүкіл әлем елдеріне осыны дәлелдеп, олардың да өз Ана тілдерімен қайта қауышуына ықпал жасауларыңызды ұсынамын. Адам Ата мен Ауа Ананың қазақтың Ана тілінде сөйлегені жайлы деректер Қазақтың қанатты сөздері мен шежіре-дастандарында да жетіп артылады. Мысалы, солардың бірі бүкіл Қазақ білетін «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген нақыл. Бұл нақылдың тікелей мағынасы, бүкіл әлем елдері тілдерінің де, діндерінің тегі бір, бәрі де Ұлы Дала елінен (Қазақтан) бастау алады дегенді білдіреді. Біз оның шежірелік дерегін өте ескі замандардан бері ұмытылмай, халық аузында сақталып келе жатқан мына жыр шумақтарынан табамыз: «Алаш – Алаш болғанда, Ала тай ат болғанда. Таңбасыз тай, Енсіз қой болғанда, Алаш хан болғанда...» дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған (тайға таңба баспайтын, қойға ен салмайтын) заманнан келе жатқанын аңғартады». (Қазақтың көне тарихы. 27 бет). Бүкіл әлемді мойындатқан Шумер - Шу елі (Шумер, Шужер – әлемді шулатқан көне халық, көне жұрт, артына мол мұра қалдырған) жайлы, «Кәдімгі тарих» атты фундаменталды ғылыми еңбектің авторы Жорж Луи Леклерк (Бюффон) ХҮІІІ ғасырда былай деп жазыпты: «Бірінші ел (мемлекет), яғни осылай деп аталуға лайық» өте ескі заманда Каспий теңізінің шығыс жағында дүниеге келген. Бұл халық ғылымды, өнерді және басқа да игіліктерді дүниеге әкелгені үшін де үлкен құрметке лайық... Олар төтенше бақытты болды, себебі олар өте білімді еді», ...«кейін жаттың шабуылына ұшырап, адамзаттың ұлы цивилизациясын қара түнек басты». Өте дұрыс пікір. Бұл адамзаттың алғашқы ұлы цивилизациясы Манқыстаудан бастау алады деген тұжырымдарға толықтай сәйкес келіп тұрған жоқ па?! Осыдан жүз жылдан кейін осындай ойды египеттанушы Каир Институтының шығыс археологиясының негізін қалаған Гастон Камиль Шарль (Масперо) Шумерлер бізге, яғни Месопотамияға «ауа-райы жұмсақ, жері шұрайлы Қазақ даласынан келді» деп жазыпты. Америка зерттеушілерінің соңғы болжамы бойынша «Шумерлер дегеніміз «Кеңгір» болып табылады. Бүкіл жер бетінде Кеңгір атты аймақ тек қана Қазақстанның Жезқазған облысында. Түріктің жазба дерегінде (ҮІ ғасыр) Кенгу деп көрсетілген. Оның қасында Ұлытау орналасқан. Оған жақын жерде өте ескі замандарда мыс өндірілген бай кен орны бар». («Тұран» № 16. 17.04 2009 ж. Дмитрий Дей «Белгісіз Торғай»). Қазақта мыс, жез терминдері синоним. Жезқазған аты осыдан қалған. Ал шындығында, Кеңгір де, Кенгу де, Кен де өз бастауын Манқыстаудағы Темір баба әулие қорымы орналасқан Кендірліден алады. Сонымен қатар Шу елінің қазіргі қазақтардың арғы тегі екендігін дәлелдейтін топономикалық айғақ – Шу өзені болып табылады. 1456-58 жылдары Шыңғыс қағанның тұңғышы Жошыдан тарайтын тікелей ұрпағы Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлініп Қазақ хандығын құрған жері осы Шу алқабы болғанының негізгі себебі де осы болатын. Манқыстау облысына қарасты Каспий жағалауындағы бір мүйіс күні бүгінде де Су (Шу) деп аталады. «Тас ғасырлары ондаған мың жылдарға созылып түркі (Қазақ) тілі мен мәдениеті, уақыт өте келе бүкіл Азия мен Европаға тарап, өзге тілдер мен мәдениеттердің, соның ішінде үндіевропа халықтарының да негізін қалады» (Марио Алинеи. "Теория палеолитической непрерывности)". «Батыс тарихшылары айтады, тарих Шумерлерден басталады деп, бірақ сол Шумерлердің өздерін Кеңгір деп атағанын, олардың Месопотамияға Қазақстаннан барғанын және олардың адамзатқа жазуды үйреткенін айтуды ұмытып кете береді». (Мұстафа Кемаль САЛЛЫ, Түркияның «Once Vatan» газетінен). Қазіргі таңда Қазақстандағы орыстардың үлес салмағы бар-жоғы 20 пайыз, ал қалғандары 10- дың айналасында. Бұл жерде 20 пайыз - 80 пайыздан неге жоғары тұр деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр емес пе? Еліміздің орыс тілді билігі бізді 25 жыл бойы «Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп алдаусыратумен келеді. Қазақта "Көрмес түйені де көрмес" деген мақал бар. Қазақтың Ана тіліне ең үлкен қауіп Кәрім Мәсімов басқарған өкіметтен болып тұр. Оның ең басты «айдай» айғағы, үкімет басының және оның мүшелерінің өздері басқарып отырған мемлекетінің мемлекеттік тілін тиісті деңгейде білмеуі. Мемлекет құраушы ұлттың өкілдерімен аудармашы арқылы сөйлесуі. Меніңше, Мемлекеттің мемтіліне бұдан асқан қауіп болуы еш мүмкін емес. Енді осының үстіне 25 жылда Қазақстан Ассамблеясын құрайтын 129 ұлттың (біздің биліктің сөзінше) бірде-бірінің мемлекеттік тілді меңгермегенін қосыңыз. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл-есі толық дамымаған, тек қана сөйлеу қабілетіне ие адамдардың өзі үш жылда кез-келген тілді меңгеріп кетеді екен. Ал Қазақстан билігінің тілі үш жыл түгілі 25 жылда да шықпады. Демек, бұл үкіметтің 25 жылда шықпаған тілі енді өздігінен ешқашан шықпайды. Біздің Үкімет 11 шілде 1997 жылғы «ҚР тiл туралы» заңының 4-ші бабының талаптарын орындаудан бас тартып отыр. Онда: «4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘРБІР АЗАМАТЫНЫҢ ПАРЫЗЫ» - делінген. Өзінің азаматтық парызын, Халықтың талабын және Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген тапсырмасын орындамай елімізді әртүрлі: діни, ұлттық, экономикалық т.т. дағдарыстарға ұшыратып, билік иелері арасында аса қатерлі деңгейде парақорлық пен жемқорлыққа жол бергені үшін бұл үкіметтің отставкаға кетуін талап етемін. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_45897.txt | Эрдоған өлім жазасын қайта енгізу үшін депутаттардың қолдауын күтеді | https://abai.kz/post/45897 | "Эрдоған өлім жазасын қайта енгізу үшін депутаттардың қолдауын күтеді" | "https://abai.kz/post/45897" | 08.08.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Эрдоған өлім жазасын қайта енгізу үшін депутаттардың қолдауын күтеді
URL: https://abai.kz/post/45897
META: "Эрдоған өлім жазасын қайта енгізу үшін депутаттардың қолдауын күтеді" | "https://abai.kz/post/45897"
DATE: 08.08.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 127
TEXT: Стамбулдағы мыңдаған халықтың алдында сөйлеген Эрдоған көпшілікті "Гүлен ұйымдастырған жүйені" жоюға шақырды. Түрік президенті, парламенттің мақұлдауымен, елде өлім жазасын қайтадан енгізуге уәде берді. Эрдоған жақтастарының Түркиядағы көптеген қалаларда өткізген ірі шерулері Стамбулдағы жаппай митингке ұласты. Стамбулдан жүргізілген телерепортаждарға қарағанда, акцияға қатысушылар Эрдоғанның жалынды сөздерін байсалдылықпен қабылдады. Сахнаның алдыңғы қатарында отырған генералдар да президент баяндамасы кезінде өздерін байсалды ұстады. Шеруге жиналғандардың дені жастар. Халық митингке ұлттық тулар ұстап шықты. Батыс елдері ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, "Демократия және азап шегушілер" деп аталатын Стамбулдағы митинг шілдедегі бүлікті ұйымдастырушыларды кінәраттау, ал Эрдоғанды қолдау мақсатында өткізілді. Биыл 15 шілдеде Түркияда болған сәтсіз әскери төңкеріс кезінде 270-тен астам адам өлді. Бүліктен кейінгі бірнеше күннің ішінде билік 18 мың адамды ұстады немесе қамауға алды. Ондаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды. Қарулы күштерді тазарту жүріп жатыр. Абай-ақпарат
|
qosymsha/abai.kz | post_4514.txt | Мемлекекеттік органдардың функцияларын қайта бөлуге байланысты қосымша шығын қарастырылып отырған жоқ – қаржы министрі | https://abai.kz/post/4514 | "Мемлекекеттік органдардың функцияларын қайта бөлуге байланысты қосымша шығын қарастырылып отырған жоқ – қаржы министрі" | "https://abai.kz/post/4514" | 18.08.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Мемлекекеттік органдардың функцияларын қайта бөлуге байланысты қосымша шығын қарастырылып отырған жоқ – қаржы министрі
URL: https://abai.kz/post/4514
META: "Мемлекекеттік органдардың функцияларын қайта бөлуге байланысты қосымша шығын қарастырылып отырған жоқ – қаржы министрі" | "https://abai.kz/post/4514"
DATE: 18.08.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 164
TEXT: Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Мемлекекеттік органдардың функцияларын қайта бөлуге байланысты республикалық бюджеттен қосымша шығын қарастырылып отырған жоқ, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнеткерлік қамсыздандыруды теңестіруге байланысты қосымша шығындар ғана қарастырылған. «Қалған шығынның бәрі - функцияларды бөлу және қолда бар көлем шеңберінде, ешкімне қайта құруға байланысты қосымша көлем бөлінбейді. Өйткені бұл қазіргі кезде мемлекеттік органдар орындап отырған функциялар болып табылады», - деді министр сәрсенбі күні үкіметте әкімшілік реформа мәселелері бойынша кеңесте. Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Мемлекекеттік органдардың функцияларын қайта бөлуге байланысты республикалық бюджеттен қосымша шығын қарастырылып отырған жоқ, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнеткерлік қамсыздандыруды теңестіруге байланысты қосымша шығындар ғана қарастырылған. «Қалған шығынның бәрі - функцияларды бөлу және қолда бар көлем шеңберінде, ешкімне қайта құруға байланысты қосымша көлем бөлінбейді. Өйткені бұл қазіргі кезде мемлекеттік органдар орындап отырған функциялар болып табылады», - деді министр сәрсенбі күні үкіметте әкімшілік реформа мәселелері бойынша кеңесте.
|
qosymsha/abai.kz | post_38253.txt | КІНӘЛІ ҚАШАН ДА ҚҰЛМАНОВТАР МА? | https://abai.kz/post/38253 | "КІНӘЛІ ҚАШАН ДА ҚҰЛМАНОВТАР МА?" | "https://abai.kz/post/38253" | 11.09.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: КІНӘЛІ ҚАШАН ДА ҚҰЛМАНОВТАР МА?
URL: https://abai.kz/post/38253
META: "КІНӘЛІ ҚАШАН ДА ҚҰЛМАНОВТАР МА?" | "https://abai.kz/post/38253"
DATE: 11.09.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 560
TEXT: Кейінгі кездері біздің облыстың басы даудан арылмай-ақ қойды. Жақында бюджеттен жырымдап 375 миллион теңгеге сән-салтанаты жарасқан Салтанат сарайын салып едік, қып-қызыл шығынға батып қалдық. Басында жекеге өткіземіз деген дәмемен салынған бұл ғимаратты ешкім де алмай, халықтың мойнына қосымша салмақ болып, «қызығынан шыжығы» басым болып шықты. Енді мұны не істерін білмей жергілікті биліктің шақшадай басы шарадай күйде. Бұл шудан бір құтылғандай болып едік, жақында тағы бір ши шықты. Облысымыздағы Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Дәулетбай Құлманов деген азамат бюджеттің ақшасын оңды-солды шашты деген айыппен орнынан босталды. «Бақсақ бақа екен» дегендей бұл пақырыңыз былтырғы жылдың қазан айында осындағы «Қамысты» бірлестігінің аудандық мәдениет үйінің есепшотына аударған 3 миллион теңгені алып, Астанаға барып еркін бір бой жазып қайтыпты. 2 миллион теңгенің қайда кеткендігін дәлелдейтін құжаттар әкелгенімен, қалған 1 миллион теңгенің қайда жұмсалғандығы тарс есінен шығып кетіпті. Тек ойында қалғаны, бір топ адам болып Астанадағы «Венеция» мейрамханасында бас-аяғы 865 мың теңгеге тойып тұрып, бір тамақтанғаны. Әрине, біздікі «Байдың асын байғұс қызғаныпты» дегеннің кері емес. Тек біздің кейбір шенеуніктердің «кедейдің бір тойғаны—шала байығаны» деген ұранмен бюджеттің есебінен көңіл көтеруді әдетке айналдырғандығы таң қалдырады. Жалпы, бір қарағанда әлгі әкімнің орынбасарының істегені заңға томпақ келетіндігі басы ашық жайт. Алайда барлық кінә тек осы Дәулетбай Құлмановта ғана ма? Оны қызметтен босатқанмен барлық шаруа тынды деп, көңілді тоқ санауға бола ма? Жоқ, тіптен де олай емес. Мәселе, тек Құлмановта ғана емес. Бар түйін біздің биліктің бюджет ақшасын өз әкесінен мұра болып қалған, түпсіз байлық есебінде қарайтындығында. Кез-келген шараға халықтың ақшасын судай шашып, жоғары жаққа жақсы атты болып көріну үшін қандай да ысырыпқа баратындығында. Ал аяқ астынан бір кездейсоқ тексеріс бола қалса, құрбандыққа шалып жіберетін бір байғұс табыла кетеді. Құлманов та осындай «құрбандықтың» бірі. Өйткені Дәулетбай Астанаға еріккеннен барған жоқ. Ол сол кезде Астанада өткізілетін Қостанай облысының мәдениет күндері мен ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізуге жауапты адам есебінде барған. Жылына бір өтетін мұндай шарада не істеу керек? Қайткенде де жатпай-тұрмай облыстың имимджін көтеріп, өңірдің жетістігіне таң қалып, аузын ашып, көзін жұматындай жағдай туғызу керек. Ол тегін істелмейді, әрине. Ең кемінде жақсылап тұрып ішкізіп-жегізіп, көңілдерін көтеріп қойған абзал. Ол шығын қалтаңнан емес, бюджеттің есебінен болады. Ал халықтың ақшасы өзіңің ақшаң емес, аянып қалмасың анық. Әйтпесе, Құлмановтың бір миллион теңгеге жуық мейрамхананың тамағын іше алмайтындығын айтып жатудың өзі артық шығар. Бір өкініштісі, рахатын өзгелер көреді де, жауабын Дәулетбай береді. Қазекем мұндайда «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» деп бекер айтпаса керек. Жалпы осы ішіп-жеу мәселесі қазіргі біздің жемқорлықтың бөлінбес бір бөлшегі десек, аса қателесе қоймаспыз. Біздің шенеуніктер Астанадан жергілікті жерге іс-сапармен келсе де, болмаса бірдеңені тексеруге келсе де біреудің есебінен күн көргісі келеді. Жатар орны мен тамағын өзгелер көтергенді ұнатады. Бақай есебі — іс-сапарға бөлінген қаржыны үнемдеп қалу. Осындай жасырын жемқорлықтың кесірінен талай азаматтар жазықсыз жапа шекті де. Бұдан бірер жыл бұрын облысымыздағы Лисаков қаласының әділет басқармасының бастығының ісі тәртіптік кеңесте қаралып, қызметінен босатылды. Сөйтсе, әлгі азамат Астанадан бір тексеріске келген комиссияны кешкілік тамаққа жақсы бір дәмханаға алып барып, жақсылап тұрып кеңірдектен келгенше ішіп-жейді. Кешкі отырыстың құны 40 мың теңгеден асып жығылады. Басқарма бастығы дәмхана директорына мұны кейін төлейтін болып келіседі. Алайда, оның бұл уәдесі тым ұзаққа созылып кетеді. Жаңағы директор қарыздан мүлдем күдер үзіп, тәртіптік кеңеске жүгінеді. Қорытындысы жоғарыдағыдай. Бір қызығы, бұл қарыздың неден болғандығын басқарма директоры ашық айтады. Оны дәмхана басшысы да мақұлдайды. Ал енді мұндай қылықты сыбайлас жемқорлықтың бір түрі емес деп айтып көріңіз. Сөйте тұра, бізде бірде-бір шенеунік ол үшін еш уақытта жазаға тартылған емес. Кінәлі қашанда Құлмановтар. Мұратбек Дәуренұлы Қостанай. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_138310.txt | Қытай "үш бала" саясатына рұқсат етті | https://abai.kz/post/138310 | "Қытай "үш бала" саясатына рұқсат етті" | "https://abai.kz/post/138310" | 20.08.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Қытай "үш бала" саясатына рұқсат етті
URL: https://abai.kz/post/138310
META: "Қытай "үш бала" саясатына рұқсат етті" | "https://abai.kz/post/138310"
DATE: 20.08.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 102
TEXT: Қытай Парламенті "халық саны және жоспарлы босану" туралы заңға түзетулер қабылдады. Енді отбасыларға үш балаға дейін рұқсат береді. Заң жобасы рұқсат етілгеннен көп балалы болу үшін заң бұзған ерлі-зайыптыларға айыппұлды қоса алғанда, бұрынғы шектеу шараларын алып тастады. Ол сондай-ақ жоспарланған босану туралы заңға түзетулерді қолдаудың белсенді шараларын мақұлдады. Оның ішінде бала күтіміне байланысты демалысты қарастыру және тұрғын үй массивтерінде, қоғамдық орындарда және жұмыс орындарында аналар мен балаларға көбірек бұрыштар мен арнайы жабдықтар жасау. Халық саны және жоспарлы босану туралы заң 2002 жылы күшіне енді және 2015 жылы Қытай ерлі -зайыптыларға екі балалы болуға рұқсат беретін саясатты кешенді түрде енгізген кезде өзгертілді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_189510.txt | Президент: "Заң – ізгілік пен әділет өнері" | https://abai.kz/post/189510 | "Президент: "Заң – ізгілік пен әділет өнері"" | "https://abai.kz/post/189510" | 23.10.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Президент: "Заң – ізгілік пен әділет өнері"
URL: https://abai.kz/post/189510
META: "Президент: "Заң – ізгілік пен әділет өнері"" | "https://abai.kz/post/189510"
DATE: 23.10.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 127
TEXT: Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі . Бұл туралы Ақорда сайты жазды. Мемлекет басшысы бейбітшілік пен дамудың түп негізі отбасындағы тәрбиеден, көшедегі тазалықтан, қоғамдағы бірліктен бастау алатынына назар аударып, неліктен Заң мен Тәртіп үстемдігі туралы ұдайы айтатынын түсіндірді – Бұл – біздің байыппен таңдаған айнымас қағидатымыз. Ол қоғамдық санада тамыр жаюға тиіс. «Заң – ізгілік пен әділет өнері» деген әйгілі тәмсіл бар. Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет. Әрине, заңның қатаңдығына наразылық білдіріп, «қылбұрау салып жатыр» деп ойлайтын адамдар әрқашан табылады. Бірақ жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер, шын мәнінде, халық пен ел мүддесіне қарсы адамдар. Мемлекет қылмысқа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру үшін шара қабылдауды жалғастырады. Бұзақылықпен және ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізеді. – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_37716.txt | ПАВЛОДАР: КӨК БАЙРАҚШАЛАРЫМЫЗДЫ КӨТЕРІП ЖҮРУ МҮМКІН БОЛМАДЫ | https://abai.kz/post/37716 | "ПАВЛОДАР: КӨК БАЙРАҚШАЛАРЫМЫЗДЫ КӨТЕРІП ЖҮРУ МҮМКІН БОЛМАДЫ" | "https://abai.kz/post/37716" | 12.05.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ПАВЛОДАР: КӨК БАЙРАҚШАЛАРЫМЫЗДЫ КӨТЕРІП ЖҮРУ МҮМКІН БОЛМАДЫ
URL: https://abai.kz/post/37716
META: "ПАВЛОДАР: КӨК БАЙРАҚШАЛАРЫМЫЗДЫ КӨТЕРІП ЖҮРУ МҮМКІН БОЛМАДЫ" | "https://abai.kz/post/37716"
DATE: 12.05.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1086
TEXT: ҚР Президенті Н.Назарбаевқа ҚР Премьер-министірі К.Мәсімовке Парламент депутаттарына Павлодар облысы әкімі Қ.Бозымбаевқа Ашық хат Осы елдің азаматтары ретінде, отан қорғаушылар күнін атап өтпек ниетте көк жалаушаларымызды алып, Керекудегі облыс әкімшілігі алдындағы барлық мемлекеттік мерекелер тойланатын алаңмен өтпек болғанбыз. Әкімшілік ұйымдастырса, ішінде болып, болмаса, өзіміз өтеміз деп келістік. Кішкене форматтағы көк байрақтарымызды сатып алмақ ниетте 5-6 дүкенді, бутиктерді аралағанымызда, таңқалғанымыз – барлығында дерлік көрші елдің, 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысы да жоқ империялық символ- георгий ленталары. 18 ғасырда Екатерина екінші патшайымы тағайындаған «Орден святого Георгия», «Георгиевский крест» - негізінен орыстардың басқа жерлерді, халықтарды жаулап алып, басқыншылық жорықтар жасаған кезде беріліп келген марапат. Мысалы: орден «За походы в Центральную Азию», «За взятие г.Чимкента», солай кете береді. Әулие Георгий ордендерімен Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісін басып, қазақ ауылдарын аяусыз қырып өртеп жібергендер, Әулие-ата (Тараз) мен Жетісу өңірін қанға бөктірген генерал Черняев, орыс озбырлығынан Қоқанда қашқан қазақ босқындарын қырып салғандар марапатталған. Өткен ғасырдың басындағы Георгий лентасын ақгвардияшылар да пайдаланған, 2-ші дүниежүзілік соғыс кезінде Георгий лентасына неміс жағына шыққан Генерал Власовтың КОНР - Ресей халқын азат ету комитеті яғни, Комитет освобождения народов России мен РОА - Орыс азат ету армиясы - Русская освободительная армия ие болған. 1943 ж. 2-ші дүниежүзілік соғыста, Совет одағы гвардия лентасы ретінде Совет ордендері мен медальдарын сол лентаға қадаған. Кейіннен 1992 жылдан бастап қазіргі Ресейде қайтадан империяның символы ретінде Георгий кресі марапаттарға енгізілді. 2005 ж. Ресей жорналшылары арқылы Георгий лентасын 41-45 жылдардағы соғыстың жеңіс белгісі ретінде пайдалану акциясы пайда болды да, Ресей оны өз мүддесіне пайдаланып (кезінде біздің отарымыз болғандарыңызды ұмытпаңдар дегендей ниетпен) барлық постсоветтік аймақтарға тарата бастады. Бір таңқаларлығы әлгі лентаны жергілікті биліктің қолдауымен таратуда. Сонымен, Отан қорғаушылар күнін атап өтпек ниетте көк жалаушаларымызды іздеп көшеге шыққан біздер оны «Эврика» дүкенінен әрең таптық. Бірақ, біздің «Неге Георгий ленталарын тағып алдыңыздар, егер Қазақстан азаматы болсаңыздар, бүгін Отан қорғаушылардың күні» дегенімізде, осы ашық хатқа қол қоюшылардың бірін «Ничего не будем продавать, уходи отсюда» деп қуып жіберді. Осыған орай бірінші сұрақ: Қай мемлекетте туларының, басқа да мемлекеттік символикалардың орнына көрші мемлекеттің империялық, кезінде жерлерін отаршылыққа алғандағы марапат символикаларын қойып қояды, және тегін таратылуына жол беріледі? Бұл азат қазақ елі, қазақ жері үшін қасық қандары қалғанша күресіп өткен батыр бабаларымыздың аруақтарын ашықтан-ашық қорлау ғой? Негізі 1, 9 мамыр күні қаланың бас алаңында жүздеген адамдардың қатысуымен керемет шоу - шаралар өтеді де, мамырдағы мерекелердің ең маңызды мерекесі - 7-мамыр - Отан қорғаушылар күні қаладағы мәдениет үйлерінің ауласында аяқталады. Қазақ еліне әуелі тәуелсіздік қымбат, ал сол тәуелсіздігіміздің кепілі - Отан қорғаушы ұландарымыз екенін түсіндіру артық болар. Құрметті Президент мырза, жуықта сіз де, «басты құндылығымыз тәуелсіздік» дегенсіз. 6-сы күні, алаңнан өте бергенімізде, алаңда 9 мамырға дайындық, орыс тіліндегі репетиция аяқталып жатты да (мемлекет тілінде ешуақытта болған да емес), дайындықты өткізіп жатқан адам: «Все, спасибо, расходимся, завтра жду в 16-00» деді. Қызығы, 7-де, сағ.10-ның төңірегінде, алаңдағы меркелік шараларды алыстан қарап, бәрекелді, Отан қорғаушылар күнін тойлап жатқан екен, қосылу керек деген ниетпен алаң маңына келсек, Отан қорғаушылар мерекесі емес, 9 мамырға дайындық екен! Бұдан да сорақасы – мемлекеттік мереке, Отан қорғаушылар күні, көк байрақшаларымызды көтеріп (митинг туралы сөз де болған жоқ), алаңмен 1 квартал өтеміз дегенімізді біліп, тиісті орындар 7-мамырда сағат 16-ға белгіленген дайындықты таңертеңгі сағат онға ауыстырып жіберіпті. Бізді алаңмен жүргізбеудің амалын олар қысқасы, осылай тапса керек. Осы жағдайға байланысты екінші сұрақ: қай мемлекет өз туын алып, өз мерекесін ұлықтайтын адамдарға тосқауыл қояды? Мерекелік күн полицияға арыз жазумен аяқталды. Ішкі саясаттан шығып үйге беттеген жолда Георгий лентасын таққан адамды кездестірдім. Оған да Георгий лентасының мән-мағынасын түсіндіріп, осынысымен қазақтарды, мемлекетті ашық басынып тұрғанын айттық. Ол «Русская империя лучше чем Казахстан» деді. Біз интернеттен алынған KZ_ONLINE сайтына сілтеме жасалған, «ҚР не рекомендованно носить эти ленты...» дегенді көрсеткен едік, ол адам бізге: «Мало ли чего ваш Назарбаев будет говорить», - деген соң полицияны шақыруға мәжбүр болдық. Бірақ, алдағы ашық хатта жазғанымдай, полиция осыным үшін керісінше мені сотқа сүйрей жөнелсе таң қалмаймын. Өйткені, бізде көзі ашық адам, ел басындағылардың осы мемлекеттің емес, көрші мемлекеттің сойылын соғып отырғанын көреді. Осыған қосымша төменгі сұрақ - дәлелдер: - Қай мемлекетте төлқұжаттарын, жеке куәліктерін, әдейі, қазақша мүлдем түсінбейтін оралмандарға да, орысша бланкі толтыртып, соның негіздемесінде орысша толтырдың деп, орысша береді? Әр мемлекетте, ол елдің азаматтарының бірінші құжаты мемлекет тілінде емес пе? Тек сыртқа шығатын паспорттар бірнеше тілде толтырылуы мүмкін. - Қай мемлекет, өз жерлерін ластандыруға қарсы шығатын азаматтарды жазалайды? Бұл да Ресей мүддесіне орай, соның қыбын табу үшін жасалып отырған шаруа екенін әркім түсінеді. - Неліктен біздің мемлекетте қарым қатынас пен іс қағаздары 90 пайыз орыс тілінде жүргізіледі? Неліктен бюджеттің, біздің - салықтөлеушілердің ақшасынан құралған қаржы, мемекеттік тілді тұғырына қондырамыз деген желеумен бостан-босқа құрдымға кетеді? Бұл қылмысқа кім жауап береді? Мына қалпымызбен жүре берсек, 2020 жылы да, 2025 жылы да тіл тұғырына қонбақ емес. Өйткені 70-80 пайызға дейін балабақшалар мен мектептер орыстілді, не араластілді (араластілді-орыстілді екені, барша мәдени-тәрбие ісі орыс тілінде жүргізілетіні баршаға аян). Осы елдің тілінде сөйлеген адамға: «националистка, провокатор, фашистка» деген айдарлар тағылуына, қызмет көрсетілмей қуылуына жағдай жасап отырған жергілікті билікті ҚР мемлекетінің тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып отыр деп кім айтады? - Билік неліктен өткен ғасырдың 20-30 жылдары бүкіл қазақ қаймағын, Алаш ардақтыларын атып тастаған НКВД формасын киген, қанішер НКВД-ны насихаттаушыларды жазаламай, оларға жұрттың көзінше «Аңыз адам» сықылды сүйікті жорналымызды өртеуге рұқсат береді? Олардың жорналда не жазылғанын оқымағандығы барша жұртқа әйгілі болды емеспе? Бұдан айқын көрініп отырған қорытынды: бұл көрші мемлекеттің империялық пиғылын біздің елде іске асырушылардың билік тарапынан қолдауға ие екенінің көрінісі. Орыстың Жириновский, Лимонов, т.б. толып жатқан саясаткерлері тұтастығымызға нұқсан келтіретіндей сөздер айтып, доқ көрсетіп, тәуелсіздігімізді талқандап, Қазақстанды қайтадан колония қылуға құлшынып отыр. Олардың саяси тұрғадын сауатсыз болып табылатын пікірлері біздің отандастарымыздың құлағына жетіпей жатқан жоқ, жетіп-ақ жатыр. Содан да шығар қазір біз: «Я живу в Омской губернии, почитайте, интернет, никакой это не Казахстан», «Скоро здесь будет Россия, а вы со своим казахским языком идите в свои степи, пасите своих баран!», «Скоро ваш язык никому не нужен будет, мы объединяемся с Россией!» дейтін сөздерді ести бастадық. Ал енді мықты болсаңыздар, еліміздегі дайын отырған бесінші колоннаның санасын өзгертіңіздер! Осындай сананың қалыптасуына ықпал етуіне осында айтылған, айтылмаған (барлығын бір хатта тізу мүмкін емес) факторлар . Енді қорытынды сұрақ: Ресей мүддесіне жұмыс жасап жатқан мемлекет басындағылардың әрекеті қашан бұғауланады, құрметті Елбасы? Құрметпен, Бейсенбай тегі Р. «Желтоқсан Ақиқаты» Павлодар обл. филиалы төрайымы Кереку қ., Қайырбаев к. 104-136, т.8(7182)-51-10-50, 8701-182-52-65, Қалиев М. ОСДП партиясының мүшесі, Кереку қ., т.8701-962-60-82, Нұрбаев Қ.Ж. тарих ғ.д., профессор, Кереку қ., т. 8705-866-46-59, Баязитов Қ. құрметті теміржолы, Кереку қ., т. 8702-140-33-85, Нәбиев Қ. қоғам қайраткеткері, павлодар обл., Ақсу қ., т. 8705-384-09-31, Бұрхат Ш. заңгер, Павлодар обл., Ақсу қ., т. 87014448462 Cейдалиева Г. жұмысшы, т.8778-289-00-71, Тоқтасын А. бала күтуші, тәрбиші, т.8778-468-0268, Мырзағали Г. студент, т.8775-773-00-60, Дүйсенбина Г., зейнеткер, кітапханашы, т. 8777-625-81-58. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_88350.txt | Ортақ мәлімдеме: Қазақстан мен Ресей соғыс тариxын "қаралауды" құптамайды | https://abai.kz/post/88350 | "Ортақ мәлімдеме: Қазақстан мен Ресей соғыс тариxын "қаралауды" құптамайды" | "https://abai.kz/post/88350" | 04.04.2019 | Abai.kz | null | TITLE: Ортақ мәлімдеме: Қазақстан мен Ресей соғыс тариxын "қаралауды" құптамайды
URL: https://abai.kz/post/88350
META: "Ортақ мәлімдеме: Қазақстан мен Ресей соғыс тариxын "қаралауды" құптамайды" | "https://abai.kz/post/88350"
DATE: 04.04.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 124
TEXT: Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Кремльде кездесудің қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме жасады. Бірлескен мәлімдемеде екі ел бір-біріне күш қолданбауға, ішкі істеріне араласпауға, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, экономикалық және гуманитарлық қатынастарды кеңейтуге уағдаласқан. Мәлімдемеде "Тараптар "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының шеңберіндегі, соның ішінде "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін салудың бірлескен жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастығын жалғастырады" делінген. Бұған қоса "Қазақстан мен Ресей біздің одақтастық қатынастарымыздың, ең маңызды негізі болып табылатын ортақ тарихымызды, ең алдымен, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау, қайта жазу және "қаралау" әрекеттерін қош көрмейтіні" айтылған. Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Мәскеуге ресми сапарлап барып, Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Бұл - Тоқаевтың президент ретінде шетелге жасаған алғашқы сапары. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_39995.txt | ИНЧХОН РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІМІЗГЕ ЖОЛАШАР БОЛСЫН | https://abai.kz/post/39995 | "ИНЧХОН РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІМІЗГЕ ЖОЛАШАР БОЛСЫН" | "https://abai.kz/post/39995" | 07.10.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ИНЧХОН РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІМІЗГЕ ЖОЛАШАР БОЛСЫН
URL: https://abai.kz/post/39995
META: "ИНЧХОН РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІМІЗГЕ ЖОЛАШАР БОЛСЫН" | "https://abai.kz/post/39995"
DATE: 07.10.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 377
TEXT: Сонымен Оңтүстік Корей елінің Инчхон қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан жүлде көлемі бойынша осыған дейінгі Азиада ойындарындағы өз рекордын жаңартты: 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль. Салыстыру үшін айта кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары 1994 жылы Хиросимада 27 алтын, 25 күміс пен 27 қола (барлығы – 74 медаль) жүлде алған еді. Инчхонда қазақ боксшыларының бағы тағы да 69 кг салмақта әйгіленді. Бұлай деуімізге себеп: 2006 жылы Бақыт Сәрсекбаев, 2010 жылы – Серік Сәпиев дәл осы 69 кг салмақта Азия ойындарының жүлдегерлері атанған еді. Енді міне, Данияр Елеусінов (69 кг) Азия ойындарында қатарынан екі мәрте чемпиондықты жеңіп алған алғашқы қазақстандық боксшы атанды. Жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру) Доха, Гуанжоу, Инчхондағы Азия ойындарының үшеуінде де алтынға қол жеткізді. Грек-рим күресінен Нұрмахан Тінәлиев те (120 кг) екі бірдей Азия ойындарының чемпионы атанды. Азия ойындарында Қазақстанның біраз спортшысы бірнеше медаль жеңіп алып, «Азиаданың мультимедалистерінің» қатарына енді. Жүзуден Дмитрий Баландин 50, 100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарыстарында үш алтын ұтты. Жеңіл атлет Ольга Сафронова Азия ойындарының алтын (200 метрге жүгіру), күміс (эстафета), қола (100 метрге жүгіру) медальдарының иегері атанды. Каноэ қайықпен жарыста Наталья Сергеева, Евгений Алексеев, Алексей Дергунов бір алтын, бір күмістен иеленді. Дзю-додан Елдос Сметов жекелей сында Азия чемпионы атанып, командалық жарыста күміске олжа салды. Максим Раков (дзю-до) пен Екатерина Руденко (жүзу) екі күміс, апалы-сіңілі Екатерина және Александра Немичтер (синхронды жүзу) екі қола иеленді. Бақтияр Ибраевқа да нысана көздеуден екі қола бұйырды. Инчхонда Қазақстан спортшылары әлем, Азия рекордтары мен Азия ойындарының рекордтарын жаңартты. Мәселен ауыр атлетикадан 58 килограм салмақтағы Зүлфия Чиншанло серпе көтеріп 132 килограмды игеріп, әлем рекордын жаңартты. Осы арада айта кетерлігі, Инчхонда әлем рекорды 14 рет, ал, Азия рекорды 28 дүркін жаңарды. XVII жазғы Азия ойындарынан жүлдемен оралған спортшыларымызды Елбасы Назарбаев құттықтап былай деді: - Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл – Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд. Құттықтау соңында Қазақстан Президенті біздің құраманың табысы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарындағы болашақ жеңістерімізге жолашар болатынын атап өтті. Айтпақшы, Инчхонда өткен Азия ойындарында шетелдегі және бір ұлты қазақ спортшы көзге түсті. Ол - Қытайдағы қазақ балуаны Ерланбек Кәтей (суретте). Ерлан өзі тұрып жатқан мемлекетке қола жүлдемен қайтты. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_48666.txt | А.МҰХАМЕДИҰЛЫ: БІЗ САЛЫСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНАН АРЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК | https://abai.kz/post/48666 | "А.МҰХАМЕДИҰЛЫ: БІЗ САЛЫСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНАН АРЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК" | "https://abai.kz/post/48666" | 25.01.2017 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: А.МҰХАМЕДИҰЛЫ: БІЗ САЛЫСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНАН АРЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК
URL: https://abai.kz/post/48666
META: "А.МҰХАМЕДИҰЛЫ: БІЗ САЛЫСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНАН АРЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК" | "https://abai.kz/post/48666"
DATE: 25.01.2017
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 389
TEXT: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергеннің халықаралық сахнадағы қол жеткізер жаңа жетістіктерінің ауылы алыс емес деген сенімде. Төмендегі сұхбатында министр қытайлық Хунань провинциясында өтіп жатқан танымал «I am a singer» телевизиялық музыкалық-вокалдық конкурсындағы Димаштың жетістігі жөнінде өз пікірін білдірді. – Арыстанбек Мұхамедиұлы, Димаш Құдайбергенді Қытай ғана емес, бүкіл әлем таныды. Қытай елінде өткен Димаштың конкурстық видеосы көрсетілім саны бойынша рекордтық мәреге жетті... – Бұл үлкен жетістік. Мен көптеген конкурстардың, оның ішінде 2015 жылы өткен «Славян базарының» лауреаты Димашымыз үшін өте қуаныштымын. Димаш шығармашылық отбасында дүниеге келіп, музыкалық ортада тәлім-тәрбие алды. Сондықтан, оның табысы кездейсоқ емес. Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар – Қазақстанда ерекше сый-құрметке ие өнерлі отбасы. Қанат Айтбаев – танымал әндердің, оның ішінде Астана туралы әннің авторы. Қазір ол Ақтөбе облысының мәдениет басқармасын басқарып отыр, әкімшілік жұмыстарды да табысты атқарып жүр. Ал, Светлана Айтбаева тамаша әнші, жұбайы екеуі дуэт болып, үлкен сахналардан да көрінуде. Димаш бірегей музыкант, әрқашан ізденіс үстінде. Қазір біз оған арнап опералық бағдарлама дайындап жатырмыз, оны Димаш симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындауды жоспарлап отыр. Болашақта Димаш үлкен жетістіктерге жетеді деп сенемін. Оны әлемдік сахналардан көріп, «Мынау біздің Димаш Құдайберген ғой» деп мақтанышпен айтатын боламыз. – Бұқаралық ақпарат құралдары Димашты ресейлік әнші Витаспен салыстырып жатыр. – Мен Витастың шығармашылығына үлкен құрметпен қараймын, ол ұзақ уақыт бойы Қытайда тұрып, өнер көрсетуде. Алайда, Димаш Құдайберген – еліміздің бірегей жас дарыны. Ол Ақтөбе музыкалық училишесін аяқтаған, қазір Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде білім алуда. Димаш - жан-жақты дайындығы жетіліп келе жатқан әнші. Мен оны бірнеше жылдардан бері білемін, оның дамып, жетістіктерге жетіп жатқанының куәгерімін. Белсенді түрде көмек көрсетудеміз. Ол жоғары ноталарды еркін алатындықтан оны басқа әншілермен салыстырудың қажеті жоқ. Димаш біреуге еліктегендіктен жоғары ноталарды алып отырған жоқ. Оның дауыс диапазоны кең әрі ашық, ол төмен таза ноталарға да оңай бара алады. Димаш Құдайберген екінші Витас емес. Бұл Бурабайды Швейцариямен теңестіргендей. Біз салыстыру психологиясынан, өзімізді екінші орынға ысырудан арылуымыз керек. Әрине, Швейцария көз тартарлық сұлу мемлекет, бірақ Бурабайдың қайталанбас өз ерекшелігі бар. Бір кездері біз ЮНЕСКО делегациясын қабылдаған болатынбыз, шетелдік қонақтарды Бурабайға апардық. Делегация мүшелерінің бірде біреуі Бурабайды екінші Швейцария деп атамады. Шетелдіктер Бурабайдың бірегей табиғатына тамсанды, оның көркемдігі мен ғажаптығына таңданыс білдірді. Кейбіреулер Геннадий Головкинді басқалармен салыстыру арқылы оны екінші орынға қойып отырғандарын түсінбейді. Геннадий - кәсіпқой бокс әлемінде өзіндік ерекше орны бар боксшы. – Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан - Нұрзат Тоғжан Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_167822.txt | Тоқаев: «Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет» | https://abai.kz/post/167822 | "Тоқаев: «Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет»" | "https://abai.kz/post/167822" | 19.04.2023 | Abai.kz | null | TITLE: Тоқаев: «Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет»
URL: https://abai.kz/post/167822
META: "Тоқаев: «Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет»" | "https://abai.kz/post/167822"
DATE: 19.04.2023
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 132
TEXT: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық қордан енді ақша алынбауы керек екенін айтты. «Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаражаты. Біз оның ресурстарын тек қажет жағдайда, дағдарыс кезеңінде пайдалануымыз керек. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жан басына шаққандағы қаржыландыру институтын, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін толық көлемде пайдалану қажет», - деді Тоқаев. Мемлекет басшысы былтыр желтоқсанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (МЖӘ) жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойғанын атап өтті. «Жеке әріптестерді іріктеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелді. Осылайша, бизнесті мемлекеттік жобаларды іске асыруға тарту үшін жағдайлар жасалды. Бұл құрал жаңа ұлттық жобаларды іске асыру кезінде барынша пайдаланылуға тиіс. Үкіметке әлеуметтік салада МЖӘ кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_10391.txt | Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры қоғам қайраткерін еске алу құрметіне тауға жорық жасауды ұсынып отыр | https://abai.kz/post/10391 | "Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры қоғам қайраткерін еске алу құрметіне тауға жорық жасауды ұсынып отыр" | "https://abai.kz/post/10391" | 10.09.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры қоғам қайраткерін еске алу құрметіне тауға жорық жасауды ұсынып отыр
URL: https://abai.kz/post/10391
META: "Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры қоғам қайраткерін еске алу құрметіне тауға жорық жасауды ұсынып отыр" | "https://abai.kz/post/10391"
DATE: 10.09.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 184
TEXT: Алматы. 9 қырқүйек. ҚазТАГ - Алтынбек Сәрсенбайұлы қоғамдық қоры тілек білдірген азаматтардың бәрін тауға жаяу жорық жасап, мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға шақырады, делінген қор хабарламасында. «12 қырқүйекте көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 49 жыл толады. Осы күннің құрметіне оның серіктестері, жақындары мен туыстары қалыптасқан дәстүр бойынша марқұм тірі кезінде жақсы көрген тау жолдарымен жүріп, оны еске алуға шақырады. Біз 11 қырқүйек, жексенбі күні бізбен бірге тауға көтерілуге шақырамыз», - деп хабарлады Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры жұма күні. Қордың ақпаратына сәйкес, бірлескен жорық басталатын орынға адамдарды автобус жеткізіп салады. Алматы. 9 қырқүйек. ҚазТАГ - Алтынбек Сәрсенбайұлы қоғамдық қоры тілек білдірген азаматтардың бәрін тауға жаяу жорық жасап, мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға шақырады, делінген қор хабарламасында. «12 қырқүйекте көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 49 жыл толады. Осы күннің құрметіне оның серіктестері, жақындары мен туыстары қалыптасқан дәстүр бойынша марқұм тірі кезінде жақсы көрген тау жолдарымен жүріп, оны еске алуға шақырады. Біз 11 қырқүйек, жексенбі күні бізбен бірге тауға көтерілуге шақырамыз», - деп хабарлады Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры жұма күні. Қордың ақпаратына сәйкес, бірлескен жорық басталатын орынға адамдарды автобус жеткізіп салады.
|
qosymsha/abai.kz | post_582.txt | Бұрынғы басшылықтың девелоперлік жобалары мен кәдімгі тойымсыздығы БТА-ның тұрақтылығына қауіп төндірді – Дунаев | https://abai.kz/post/582 | "Бұрынғы басшылықтың девелоперлік жобалары мен кәдімгі тойымсыздығы БТА-ның тұрақтылығына қауіп төндірді – Дунаев" | "https://abai.kz/post/582" | 04.06.2009 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Бұрынғы басшылықтың девелоперлік жобалары мен кәдімгі тойымсыздығы БТА-ның тұрақтылығына қауіп төндірді – Дунаев
URL: https://abai.kz/post/582
META: "Бұрынғы басшылықтың девелоперлік жобалары мен кәдімгі тойымсыздығы БТА-ның тұрақтылығына қауіп төндірді – Дунаев" | "https://abai.kz/post/582"
DATE: 04.06.2009
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 502
TEXT: Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Қаржы институтының бұрынғы басшылығының девелоперлік (жылжымайтын мүлік саудагершілігі-ҚазТАГ) жобалары мен кәдімгі тойымисыздығы «БТА банктің» тұрақтылығына қауіп төндірді. Жалған адамдарға берілген несиелер портфелінің көлемі таң қалдырады. «БТА банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев «Время» газетіне сұхбат бергенде осындай пікір білдірді. Сұхбат газеттің бейсенбі күнгі санында жарық көрді. «БТА-ның мәскеулік несиелер портфелі шамамен $6 млрд құрайды… Салымды әртараптандыру банктік басқарудың негізгі ережелерінің бірі болып табылады. Оның жағдайында (Мұхтар Әблязовтың – ҚазТАГ)барлық қаржы тек қағаз жүзінде ғана немесе қазылған шұңқыр түрінде ғана бар жылжымайтын мүлікке салынды. Оның шамадан тыс батылдығы ма, әлде тойымсыздығы ма, әлде көп көлемде жеңіл ақшаға ие болу тілегі ме, оны қаржының 90 пайызын девелоперлік жобаларға салуға итермеледі … Дағдарыс болмағанның өзінде, банктің қаржылық ахуалы өте әлсіз болды. Девелоперлік жобалармен әуестену, бұған кәдімгі тойымсыздықты қосыңыз, осының барлығы банктің тұрақтылығына қауіп төндірді», - деді ол газетке сұхбат бергенде. Сондай-ақ, ол банкте берілген несиелерді ақырғы алушыларды жасырумен айналысатын департамент болғанын мәлім етті. Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Қаржы институтының бұрынғы басшылығының девелоперлік (жылжымайтын мүлік саудагершілігі-ҚазТАГ) жобалары мен кәдімгі тойымисыздығы «БТА банктің» тұрақтылығына қауіп төндірді. Жалған адамдарға берілген несиелер портфелінің көлемі таң қалдырады. «БТА банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев «Время» газетіне сұхбат бергенде осындай пікір білдірді. Сұхбат газеттің бейсенбі күнгі санында жарық көрді. «БТА-ның мәскеулік несиелер портфелі шамамен $6 млрд құрайды… Салымды әртараптандыру банктік басқарудың негізгі ережелерінің бірі болып табылады. Оның жағдайында (Мұхтар Әблязовтың – ҚазТАГ)барлық қаржы тек қағаз жүзінде ғана немесе қазылған шұңқыр түрінде ғана бар жылжымайтын мүлікке салынды. Оның шамадан тыс батылдығы ма, әлде тойымсыздығы ма, әлде көп көлемде жеңіл ақшаға ие болу тілегі ме, оны қаржының 90 пайызын девелоперлік жобаларға салуға итермеледі … Дағдарыс болмағанның өзінде, банктің қаржылық ахуалы өте әлсіз болды. Девелоперлік жобалармен әуестену, бұған кәдімгі тойымсыздықты қосыңыз, осының барлығы банктің тұрақтылығына қауіп төндірді», - деді ол газетке сұхбат бергенде. Сондай-ақ, ол банкте берілген несиелерді ақырғы алушыларды жасырумен айналысатын департамент болғанын мәлім етті. «Несиелерді жасырып, қайта жасыруға мүмкіндік беретін жолдарды іздестірумен айналысқан департамент жұмыс істеген. Ақырғы алушылар туралы тең таңдаулылар ғана білетін… Қазақстаннан тыс жобалардың кем дегенде төрттен үш бөлігі банктің бұрынғы басшылығымен байланысы бар жалған компаниялар мен жеке тұлғалар арқылы бақыланады… Біздің жағдайда жалған компанияларға берілген портфель мен несиелердің көлемі таң қалдырады», - деді А. Дунаев. «Қазақстандық несиелік портфельдің $3 млрд көлеміндегі бір бөлігімен жүзден аса қызметкер айналысатын, ал $7 млрд көлеміндегі ТМД-ның несиелік портфелімен небәрі алты адам айналысқан. Аталған портфельдің жасырын бөлігі қандай да бір бақылаудан шығарылып, банкке қиындықтар тудырды», - деп атап көрсетті «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы. «БТА банк» Қазақстан банк жүйесінің көшбасшыларының бірі болып табылады. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-наурызында «БТА банктің» активтері 3,8 трлн теңгені құрады, жеке капиталы - 367,3 млрд теңгені құрады. 2009 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, банк 257 млрд теңге көлемінде шығын көрді. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарапайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланған болатын. 2009 жылдың 18 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның иелігіндегі акциялардың көлемі 75,1% болды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк кредиторларға негізгі қарыз бойынша төлемдерді уақытша тоқтататынын жариялады. ҰӘҚ банктің акциялар пакетін ресейлік Сбербанкке сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
|
qosymsha/abai.kz | post_51195.txt | Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады | https://abai.kz/post/51195 | "Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады" | "https://abai.kz/post/51195" | 11.04.2017 | Абай-ақпарат | null | TITLE: Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады
URL: https://abai.kz/post/51195
META: "Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады" | "https://abai.kz/post/51195"
DATE: 11.04.2017
AUTHOR(s): Абай-ақпарат
TOTAL WORDS: 132
TEXT: Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ тілін бар-жоғы 137 сөздің төңірегінде түсініп, сөйлеуге болатындығын айтып отыр. - Қазақ тілінің әдістеме саласына келер болсақ, қазіргі таңда Орталық әдіскерлері мен мамандары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Қазақ тілін модельдер арқылы оқытудың мультимедиалық нұсқасын» және «Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік құралын әзірлеп жатыр. Бұл әдістемеде тіл үйретуге қажетті сөздер сұрыпталып, күнделікті қолданылатын сөздердің минимумы алынды. Оның өзін белгілі бір деңгейге бөліп қарастырамыз. Алғашқы қазақ тілінің 137 сөзін білсеңіз, осы тілді түсініп, өзара қарым-қатынас орната аласыз. Біз сөздердің күнделікті қолданылу жиілігіне қарай, 137 сөзді таңдап, бастапқы деңгейге оқу-әдістемелік құрал шығардық. Ендігі кезекте осы құралдың жалғасы ретінде 500 сөзге құрастырылған оқулықты әзірлеп жатырмыз, -дейді ғалым. Tilalemi.kz сайтынан қысқартылып алынды Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_38931.txt | АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫ! | https://abai.kz/post/38931 | "АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫ!" | "https://abai.kz/post/38931" | 10.06.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫ!
URL: https://abai.kz/post/38931
META: "АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫ!" | "https://abai.kz/post/38931"
DATE: 10.06.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1051
TEXT: Етегі Баянауылдың Жайма тауымен оралған, екінші етегі Cемейдің шалғайдағы Қарауылымен тұйықталған, енді бір етегі Бұқар жырау ауданы арқылы өтетін шұбалаң күре жолмен шектескен Арқаның кербез сұлу құт мекені – Қарқаралы. Шайтанкөлдің құдіретіне табынып, бассейн көлдердің таңғажайып түрлеріне тамсанып, биік шыңдардың белестеріне қиялданып, жан біткеннің бәрін өзіне шақырып тұратын ғажайып сұлулықтың тәж ордасы Қарқаралы – қазақтың шежірелі тарихы. Ғажайып сұлулықтың қақ төрінде, елордадағы «Бәйтеректей» айналасына нұр шашып, шапағатын тигізіп тұрған киелі мекен – қасиетті Қарқаралы қаласы. Міне, биыл қарт Қарқаралы 190 жасқа толып отыр. Кент таулары мен Қарқаралының баурайында қашан той бір тарқаған емес. Кең даланы көгілдір таулары мен таңғажайып көлдермен бөктіріп жатқан Қарқаралы бұған дейін дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын, әнші, сазгер Мәди Бәпиұлының 125 жылдық мерейтойларын атап өткен болатын. Енді, міне, арада бірнеше жыл салып қасиетті мекен жан-жақтан қонақтарын шақырып, тағы да бір кезекті үлкен шараны, Қарқаралының 190 жылдығы мерейтойын, дүбірлетіп өткізбек. Қарқаралы – шежірелі тарих Облыс орталығы Қарағандыдан шылбырдай шұбатылып, ширатыла шығатын көліктердің барлығы Көкпекті мен Ботақараны артқа тастап, солтүстік-шығысты бетке алып көсіле тартады. Ол жақта ертеден іргесі бөлінбеген, қойы қоралас, адамы аралас екі құдандалы Алшынбай мен Құнанбайдың құтты елі бар. Осы Қарағандыдан шыққан тақтайдай жосылған күре жолдың соңғы нүктесі Қарқаралы қаласына келіп аяқталады. Қарқаралы – ешбір қалаға ұқсамайтын, өзіндік кескін-келбеті, сәулеттік өзгешелігі, бай тарихы бар орталық. Бір қаланың өзі - мыңдаған туристерге жәдігерін ұсына алатын эскпонаты көп орталық. Тарихқа көз жүгіртсек, құла түзде құлан, арқар жайылып, орман-тоғайымызда аю мен бұлан жортқан замандарда бұл өңірде жер бетіндегі ең алғаш мекендеген адам баласы болғаны белгілі. Тіпті, жыртқыш жануардың ең алғашқы тұқымдасы динозаврлардың болғанын да тарих ақиқаттады. Оған дәлел – қала басындағы «Суық бұлақ», «Үш үңгір» қазба орындары. Тіпті, шежірелі Кент тауларының маңындағы Талды қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігері де – көне сақ, ғұн тайпаларының дәуірлеу кезеңінің белгісі. Сол тұстағы жарты әлемді жайпаған ұлы бабаларымыздың құтты мекені де Қарқаралы болғаны – айғақты тарих. Сондай-ақ соңғы археологиялық қазба жұмыстары жүрген Белдеутастың да құпиясы Сақ, Ғұн мәдениетінен бастау алып, бүгінде өткеннен сыр шертіп тұр. Кейін Қарқаралы қаласының алғашқы орнау кезеңінде уезд округіне орыс мұжықтарының көзі түсіп, алғашқы орыс көпестері мен шаруалары келе бастады. Қала құрылысының алғашқы кезеңінде орыс әскерилері мен орысша сауатты казактар көптеген үй тұрғызып, тіршілік қауымына етене араласып кетті. Тағдырлары біте қайнасқан халқымыз оларды бауырына басып, бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп, аялы алақандарын аямады. Орыс мұжықтарының қаладағы қызыл кірпіштен соққан үйлері әлі де сол бәз қалпында сақтаулы. Ондай үйлерді Қарқаралыдан көптеп кездестіруге болады. Міне, шежірелі Қарқаралы тарихы осылай жалғаса отыра, тәуелсіздіктің арқасында Қазақстанның ең таңғажайып, сұлу да ғажап, қасиет қонған мекеніне айналды. Қарқаралы таланттары Қасиетті Қарқаралы топырағы – небір таланттар мен дүлдүлдерді, жезтаңдай, күміс көмей әншілерді, от ауызды, орақ тілді шешендер мен әдебиет майталмандарын, қалың ел бірлігінің туын көтерген қоғам қайраткерлерін дүниеге әкелген қасиетті топырақ. Кешегі ықылым заманда үш жүзді аузына қаратқан, әділетті бітім айтып, елдің бірлігін ойлап, қазаққа қорған болған атақты Қаз дауысты Қазыбек би, бай-шонжарлардың озбырлығына қарсы найзағайдай үн қатқан, ержүрек ақын-сазгер Мәди Бәпиұлы, шертпе күйдің атасы Тәттімбет, от ауызды, орақ тілді Кенже би, ақын Шөженің туған жері. XX ғасырдың басында Қазақстанда жаңа үкімет орнату жолында аянбай күрес жүргізген, ұлтымыздың біртуар қоғам қайраткерлері Нығмет Нұрмақов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Мәдіғали Тәтімов, қазақ ән өнерін әлемге паш еткен, халық әндерін Париж сахнасында әуелеткен Әміре Қашаубаев, жезтаңдай әнші Жүсіпбек Елебеков, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов, халық жазушысы Әлжаппар Әбішев, Халық қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтер – Қарқаралы топырағының тумалары. Қарқаралы – жер жәннаты «Қарқаралы» сөзінің шығу тарихы туралы деректер де, тарихи әфсаналар да көп. Шежірелі қарт Қарқаралының кербез де сұлу, көрікті тауларының алыстан қарағандағы пішіні қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі қарқараға ұқсап келеді. Сондықтан қаланың осылай аталуы да дәлелді пікір сияқты. Бірақ Алматы қаласының етегіндегі Қарқара жері де осы атаудың мағынасын ашып тұрғандай. Сондықтан көп деректерде кездесетін Қарқара атауын көбіне осы Қарқара жеріне теліп келеді. «Қарқара» сөзінің енді бір мағыналық сипаты «тәж» мағынасында. Ертеде ел билеген көсемдердің, хандардың басында қарқарасы болған. Ендеше Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында Қарқаралы өңірі аталып кетуі әбден мүмкін. Өйткені Қарқаралы таулары – тым ерте дәуірде түзілген таулы қырат. Дей тұрғанмен Қарқара атауын қоя тұрып, «Қарқаралы» деген сөздің ұғымын ашатын болсақ, біз, әрине, көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Олай дейтініміз – бар сұлулық пен әсемдікті бойына жинаған бұл өңірді талай ақын жырға қосқан. «Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады, – деп Мәди бабамыз жырлап кетсе, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын жазып қалдырды. Сырбаз ақын Сырбай Мәуленов Қарқаралыдан алған әсерін керемет өлең жолдарымен суреттеп берген: Таулар, таулар қашанғы қасқа алыптар, Мендей сені сезді ме басқа жұрттар. Ақ шашты әжем секілді тұрып алды Қарқаралы басында ақша бұлттар. Сарыарқаның төскейінде күн нұрындай төгіліп тұрған, мұнартқан көгілдір таулар, маржандай сұлу көлдер, көне заманнан келе жатқан әсем таңғажайып ормандар жер біткеннің жәннатындай. Биік таулар мен құз жартастар түрлі түсті формаға еніп, алыстан жаныңды жаулап алатын қиялдарға шақырып тұрады. Нағыз арман қуған балалықтың бал шағы өтер құтты орын ба дерсің. Бұл тауларға қарап, шабыт алып, құлшынатын сияқтысың. Әсіресе Қарқаралының символына айналған «Жиренсақал» шыңын көріп, бойыңдағы құдірет пен шабыт тау сілемдеріне өзіңді шақырғандай күйге енгізеді. Бұндай биік шыңдардың қатарына Бұғылы, Шаңкөз, Көктөбе құздарын қоссаң да аздық етпесі анық. Қарт Алтайдың Бесбоғдасы мен Алатаудың Хаңтәңірі шыңдары биік болып көрінгенімен, Қарқаралы тау-құздарының тарихына олардың шежіресі жетпес. Тіпті, Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа созылып жатқан Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері ерте техтоникалық тау түзілу жоталарынан құралған. Олар да – бойларына жинаған, талай тарихи шежіре тұнған сұлу мекен. Бұғылының басындағы ерекше жаратылған табиғи құбылыс – Шайтанкөл. Бұл көл туралы аңыздар мен өлең-жырлар да көп жазылған. Сәби көңіл, жолдас ертіп қасыңа, Сонда бар да, мінәжат қыл тасына. Көлге айналып бір пұшпағы аспанның, Ағып түскен Қарқаралы басына, – деп ұлы ақынымыз Қадыр Мырза Әли жырға қосса, «Шайтанкөл – ғашықтар мекені», – деп Серік Ақсұңқарұлы әнге қосқан, қасиетті де киелі, жұмбақ құбылыс. Шайтанкөл – өзінің табиғи жаратылыс ерекшелігімен ертеден әсемдік пен сұлулықты қастерлеген қауымға шабыт берген, құтты мекен. Шайтанкөл бұл өңірде жалғыз емес. Дәл осындай таудың биік шыңдарындағы түзілген көлдер ретін азды-көпті бассейн көлдер тізбектейді. Биік таудың басында, қабырғалары тіп-тік болып, қолмен қойғандай жартастармен көмкерілген көлдер, шынында да, табиғи бассейн тәрізді. Шайтанкөл мен Бассейн сияқты көптеген үлкенді-кішілі көлдерді көк таулардың адам аяғы баспаған биік шындарында жиі кездестіруге болады. Қарқаралы тау сілемдерінің таңғажайып кереметтерін тізбелей беретін болсақ, біздің де жазып отырған қалам құдіретіміз аяқтала қоймас. Көгілдір таулардың өз қайнарына бүккен тарихи шежірелері әлі де ұрпаққа құпия болмақ. Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_172029.txt | Біз – қазақ ежелден... (жалғасы) | https://abai.kz/post/172029 | "Біз – қазақ ежелден... (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/172029" | 04.08.2023 | Бейбіт Қойшыбаев | null | TITLE: Біз – қазақ ежелден... (жалғасы)
URL: https://abai.kz/post/172029
META: "Біз – қазақ ежелден... (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/172029"
DATE: 04.08.2023
AUTHOR(s): Бейбіт Қойшыбаев
TOTAL WORDS: 11322
TEXT: Басы: Біз – қазақ ежелден... Жалғасы: Біз – қазақ ежелден... Жалғасы: Біз – қазақ ежелден... Жалғасы: Біз – қазақ ежелден... Жалғасы: Біз – қазақ ежелден... Жалғасы: Біз – қазақ ежелден... Жалғасы: Біз – қазақ ежелден... Өзіңді-өзің тану тәжірибесінен 24. Қазыбек бектің жазбасынан аңғарылатындай, тек Шапырашты ұрпақтарының өзі, негізінен Жетісуды мекен еткенмен, қазақтың кең жазирасында емін-еркін орын ауыстырып жүрген, тіпті, өзге елдерге де кетіп сіңіп кетіп жатқан. Осынау шежірелік деректерге қарағанда, ежелгі замандағы этностық үдерістер, бәлкім, тіл мен өмір сүру салты жақын болғандықтан шығар, кең көлемде, үлкен аумақта жүрген. Ауызекі айтылатын шежірелерден байқалатыны, ғылыми тарихта дәлелденгендей, қазақ халқының этногенезі ежелгі замандар тұңғиығынан басталады. Шежіре, әсіресе, Қазыбек бектің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітабындағы шежіре негізге Үйсін – Бәйдібек – Шапырашты желісін ала отырып, қатар тарайтын өзге бұтақтарды да тарата келе, алғашқы тарауларда әңгімелегеніміздей, қазақ тарихын біздің дәуірімізден бұрынғы заманнан тартады. Шынтуайтқа келгенде, мұны ғылыми тарих та дәлелдеді. Қазақ халқының этногенезін антропология деректері бойынша зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақтардың ертедегі ата-бабалары біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ және І мыңжылдықтарда осы күнгі жерін мекендеген деуге толық негіз жасалды [1] . Халқымыз, дау жоқ, Ұлы Даланың ұланғайыр аумағын ежелден мекендеген байырғы автохтонды ру-тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің бірігіп-тұтасуы нәтижесінде өмірге келді. Олардың бір халық болып қалыптасуына, әрине, ежелгі және ерте орта ғасырлардағы ірі-ірі этностық-саяси оқиғалар, шаруашылық түрлерінің эволюциясы және қоғамдық қатынастардағы прогрестік ілгерілеулер игі әсер етті. Бұл үдерістің жекелеген мәселелерін қарастыру біздің тарихи әдебиетте ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде М. Тынышбаевтың, С. Асфендияровтың (М. Тынышбаев. «Қырғыз-қазақ тарихына материалдар», С. Асфендияров. «Қазақстан тарихы өте ежелгі заманнан бері», профессор С. Асфендияровтың редакциясымен шыққан «Қазақстанның дереккөздер мен материалдардағы өткені» атты б.з.д. V ғасырдан – б.з. ХVІІІ ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын жинақ) [2] , екінші жартысынан бастап көптеген ғалымдардың (В.Ф. Шахматов. «Қазақ халқының этногенезі туралы мәселеге», Х.М. Әділгерееев. «Қазақ халқының құрылу тарихына», М.Б. Ақынжанов. «Қазақтың тегі туралы», С.К. Ибрагимов. «Тағы да «қазақ» термині туралы», В.П. Юдин. «Моғулстан мен Моғулияның моғулдарының ру-тайпалық құрамы және олардың қазақ және басқа көрші халықтармен этностық байланыстары туралы», В.В. Востров, М.С. Мұқанов. «Қазақтардың ру-тайпалық құрамы және таралып орналасуы», т.б.) жүйелі түрде жүргізген зерттеулерімен жүзеге аса бастады [3] . Бір кездерде халықтардың шығу тегін тек лингвистикалық деректер негізінде ғана түсіндіруге болады деген көзқарас болған, мұндай ұғым әлдеқашан артта қалды. Халықтардың құрылуына адамдар көші-қоны легінің, яғни миграцияның роліне біржақты қарайтын, не оны асыра бағалайтын немесе түгелімен жоққа шығаратын көзқарастардың қателігі де мойындалды. Сөйтіп, ақыры, халықтар этногенезінің проблемаларын тарихтың, сондай-ақ археологияның, антропологияның, этнографияның, лингвистиканың және басқа пәндердің деректерін қолдана отырып, кешенді түрде зерттеу принципі ғылымда бекем орнықты. Халықтың нақтылы әлеуметтік-экономикалық ортада қалыптасатыны және өркендеп-дамитыны белгілі. Сондықтан да ол этностық-әлеуметтік қауымдастық болып табылады. Кеңестік дәуірде қабылданған, тәуелсіздік заманында теріске шығарыла қоймаған тарих ғылымындағы ұғым бойынша – халық деп белгілі бір аумақта ортақ тілмен, материалдық-тұрмыстық және рухани мәдениетпен және сырт көзге өзіндік атауымен көрінетін этностық санамен біріккен адамдардың тұрақты қауымдастығын атайды. Ал халықтың аталмыш белгілері оның дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптары мен рәсім-салттарында көрініс табады. Өткен тарихтан анық-ақиқат байқалғанындай, әрбір халықтың этностық санасының дамуы барлық уақыттарда өзінің әлеуметтік-аумақтық тұрғыдан ұйымдасуына, тіпті өз мемлекетін құруға ұмтылысына ұласып отырды. Қазақ елінің ұлан-байтақ ежелгі аумағында өмір сүрген қола және ежелгі темір дәуірлеріндегі тайпалардың бір-бірімен байланысты екендігіне ғылым күмән келтірмейді. Біз жоғарыда Қазыбек бек шежіресі негізінде қарастырған Усун мемлекеті, Үйсін тайпалар бірлестігі, Үйсін Бәйдібек ұрпақтарының бірі Шапырашты тайпасының тарихы да ежелгі тайпалардың өзара байланысты және бірін бірі алмастырған көне мемлекеттермен сабақтас дамығанын көрсетеді. Біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығының орта шеніндегі түркілердің жаппай шоғырланып, сіңіріліп, таралуы Қазақстан аумағындағы этностық-генетикалық үдерістердің жаңа маңызды кезеңнің басталуы болды. Солтүстік Монғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі кең-байтақ аумақта түрлі түркі тайпалары орналасты. Этностық араласу, сіңісу үдерістері өте-мөте жедел жүріп жатты. Өмірдің барлық салаларында көшпенділер мен отырықшылар, шыққан тегі жағынан әр түрлі этностық топтар арасындағы байланыстар кенейе түсті. Түркілер кең жазираларға ғана емес, қалалар мен елді мекендерге де тарап, орнықты. Сол шақтарға қалыптасқан саяси факторлар – Түркі қағанатының, одан кейінгі Батыс Түркі қағанатының құрылуы тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің интеграциялануына септесті. Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін пайда болған Қарлұқ, Түргеш, Оғыз мемлекеттік бірлестіктері де осы бағытта әрекет етті. Бірқатар оғыз рулары мен тайпаларының өзіндік аталымдары қазақ халқы ішінде сақталған, бұл олардың қазақ халқының этногенезіне қатысқанын көрсетеді. Қазақ жерінде түркі тілді тайпаларды біріктірген қимақ (кимек) конфедерациясы болды. Кейінірек бұл бірлестікті қыпшақтар өздеріне бағындырып алды. Содан бастап «қыпшақ» этнонимі өз ішіне көптеген басқа шағын рулар мен тайпалардың аттарын қамти тартып алды. Қимақтар мен қыпшақтар оғыздармен, қарлұқтармен, түргештермен, басқа да тайпалармен, тайпалық бірлестіктермен шаруашылық-саяси және мәдени байланыстар жасап тұрды. Шаруашылық тіршілік пен тілдің ортақтығы ежелгі қатынастардың қалыптасуымен қатар біртіндеп тайпалық ерекшеліктерді де жоя берді. Көне түркі тілі (оның диалект тұрғысынан күллі өзгешеліктерімен бірге) Қазақстанның орасан зор аумағын мекендеушілер арасында негізгі тіл ретінде орнықты. VII ғасырдың бірінші жартысына дейін түркі жазуы пайда болып, барша аймаққа таралды. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қалаларында біраз уақыт тұрған ирантілді соғдылықтардың тілін түркі тілі мейлінше ығыстыра түсті. Орта Азияны арабтар жаулап алып, тұрғындардың бір бөлегі исламды қабылдағаннан кейін, шектеулі шеңберде, негізінен діни және заңи іс-дағдыда, араб тілі қолданыста болды. Қарлұқтар, чигилдер, яғмалар Саманидтермен және тоғыз-оғыздармен күресті, Қараханидтер мемлекеті құрылды, онда қарлұқтардың ықпалы зор болды. Осының бәрі Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының және ортаазиялық өзен аралығының шаруашылық және мәдени тұрғыдағы өзара қарым-қатынасын жеделдетті. Бұл үдеріс өлкенің солтүстігі мен шығысын мекендеген тайпалармен байланыстарды сақтай отырып әрі нығайта түсу арқылы жүрді. Қалыптасқан этностық ахуалға тунгус-монғолдан шыққан қидандардың, оның батыс тармағы болып табылатын қарақидан-карақытайлардың өлкеге басып кіруі пәлендей өзгеріс енгізе алған жоқ. Бұл жағдайға Алтай аймағынан өздерінің мемлекеттік бірлестіктерін құрған наймандар мен керейіттердің бір бөлегінің келуі елеулі әсерін тигізді. Найман және керейіт тайпаларының өз аталымдары қазақ генеологиялық аңыздарына енгені, қазақ халқының этностық компоненттерінің бірі болып, қазақ шежіресінен бекем орын алғаны мәлім. Қазақ халқының қалыптасуына қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі бұдан да елеулі ықпал етті. Қыпшақ конфедерациясы XI–XII ғасырларда Ертістен Еділге дейінгі зор алқапты алып жатты. Шығыс дереккөздері бұл аумаққа оңтүстік орыс далаларын да қосып, Дешті-Қыпшақ деген ортақ атаумен атаған. Қыпшақ конфедерациясы аймақтағы өзінен бұрын өмір сүрген этностық-саяси бірлестіктердің бәрінің табиғи жалғасы, мұрагері болды. Ол, сондай-ақ, өздерін енді қыпшақ деп атауға көшкен көптеген тайпалар мен руларды бауырына алды. В.Г.Тизенгаузеннің «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағына» [4] , ортағасырлық көптеген авторлардың мәліметтеріне қарағанда, қыпшақ конфедерациясына ондаған түркі тайпалары енген. Туысқан түркі тайпалары конфедерацияға кіргеннен кейін біртіндеп өзара жақындаса түсті. Осылай, Дешті-Қыпшақ аумағындағы ру-тайпалардың шаруашылық-мәдени тұрпатының ортақтығы, тілі мен тұрмысының жақындығы, олардың өмір сүру салттарының (көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы мен отырықшы жер өңдеушілік кәсіптерінің) ыңғайымен өзара әрекеттесуі арайындағы қарым-қатынастардың дамуы жағдайында – XI–ХІІ ғасырларда Қазақстан территориясында ру-тайпалар мен рулық-тайпалық бірлестіктердің этностық интеграция үдерістері жүріп жатты. Осы жолмен қазақ халқы этногенезінің негізгі түйіндері айқындалды. Қазақтың халық болып қалыптасуының тарихи алғы шарттары жасалды [5] . Қазақ халқы этногенезін антропологиялық деректер бойынша зерттеуде қазақ ғалымы О. Исмағұловтың «Қазақстанның этностық антропологиясы. Соматологиялық зерттеу», «Қазақстанның этностық геногеографиясы (серологиялық зерттеулер)», «Қазақстан халқы қола дәуірінен қазіргі заманға дейін (палеоантропологиялық зерттеу)», К. Сиқымбаевамен бірігіп жазған «Қазақстанның этностық одонтологиясы» атты еңбектері [6] ерекше орын алды. Бұл саладағы іргелі жұмыстың жазылуына В. Гинзбургтің «Солтүстік Қазақстаннан алынған краниологиялық материалдар және ежелгі түркі көшпенділерінің шығу тегі», А. Исмағұлованың «Батыс Қазақстан облысы қазіргі қазақтарының краниологиялық материалдары» секілді жекелеген зерттеулер [7] де үлес қосты. Қазақтардың физикалық нақты арғы ата-бабаларын да, бергі аталарын да қазақ халқының дамуының барша тарихының объективті картинасына тақалудың алғашқы қадамы ретінде – уақыттың тарихи-табиғи шкаласы жәрдеміне сүйенуге болады деп санаған қазақ ғалымдары осы мақсатпен арнайы биологиялық-әлеуметтік кешенді схема-шкала жасады. Мұнда олар адамдар қауымдастығының негізгі түрлерін төрт шартты тұрпатқа бөлді. Бұл ретте тарихи-хронологиялық дамудың барлық кезеңдерінде біртұтас аумақтық негіз өзгеріссіз қала береді. Өйткені біртұтас аумақтық негіз жекелеген отбасынан мемлекетке дейінгі биоәлеуметтік жүйені жүзеге асырудың аса маңызды алғышарты ретінде қаралды. Қазақстанның тарихи-мәдени дамуының барлық түрлерінің тұрақты табиғи негізі ретінде біртұтас географиялық аумақ бірінші орынға шығарылды. Онда барша уақыттардағы адамдардың тіршілік қызметінің іздері сайрап жатады. Тарихи-мәдени дамудың барлық кезеңдері хронологиялық шеңберлермен мыңжылдықтарға бөлінді. Олар, сондай-ақ, тарихтың баршаға белгілі жағы мейлінше мұқият ескеріліп, 12 мәдени-тарихи кезеңге бөлінді. Сөйтіп, осы стратиграфиялық схема-шкала негізінде тәуелсіздік дәуірінде жүргізген зерттеулерімен Қазақстан ғалымдары қазақ халқының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі панорамалық тарихындағы бірқатар шартты типологиялық ортақ ұқсастықтар бойынша генетикалық байланыстардың аса маңызды қабаттарын анықтады. Ғалымдар ортақ ұқсастықтардың бірізді тізбегін төрт шартты (жалпытарихи, лингвистикалық, этностық және антропологиялық) тұрғыда белгілеп, мұқият зерттеулер жүргізу арқылы олардың біртұтас аумақта ұзақ мерзім бойы бір мақсатта әрекеттесуі нәтижесінде қазіргі қазақтардың антропологиялық гомогенділігінің алдын ала айқындалып қойғанын анықтады. «Олардың негізгі таралып-орналасқан ауданы кейінгі орта ғасырдан бері, этногеографиялық нышан бойынша, – Қазақстан деп атала бастады» [8] . Осы кешенді зерттеулер нәтижесінде қазақ халқының нәсілқұру үдерісінің генетикалық түп-тамырлары қола дәуірінде өмір сүрген арғы ата-бабаларына және одан бергі түркі тарихи-мәдени ортақтықты алып жүруші, атамекенде байырғы заманнан тұратын бабаларға тереңдеп жалғасып жатқаны дау-дамайсыз ақиқатқа айналды. Сондықтан да мыңдаған жылдар бойы дербес антропологиялық бірлігі қалыптасып, этномәдени тұтастыққа жеткен қазақ халқы – тарихи және антропологиялық тұрғыдан – қазіргі Қазақстан аумағындағы бірден-бір жеке-дара мұрагер, ол өзі мекендейтін қазіргі шекаралар шегінде ешқандай да федерацияға кіре алмайтын, тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік құрылысының унитарлық сипатына мызғымас тірек болып отырған этнос [9] . Сонымен, жоғарыда айтылғандай, қазақ халқының бүгінгі тәуелсіз мемлекет құрып отырған аумағы кейінгі орта ғасырдан бері қазақ елі ретінде атала бастады. Енді осы уақыттық кесіндінің – кейінгі орта ғасырдың – қай жүзжылдыққа сәйкес келетініне ой жүгіртіп көрелік. Тарих ғылымында ежелгі дүние тарихынан соң және жаңа тарихтың алдынан келетін кезеңді орта ғасырлар, ортағасырлық кезең деп белгілейтіні белгілі. Бұл кезең, яғни орта ғасырлар, нақты уақыт кесіндісі ретінде қарастырғанда – V ғасырдың соңынан бастап ХVII ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы мезгілді қамтиды [10] . Ортағасырлық кезең Батыс Рим империясы құлағаннан кейін іле-шала басталып, Жаңа уақыт дәуірі басталғанға дейін созылды. Орта ғасырлардың өзін европалық ғылым үш кезеңге бөледі. Қалыптасқан ұғым бойынша Орта ғасырларды Ерте орта ғасырлар (шамамен 500-ші – 1000-шы жылдар), Жоғары орта ғасырлар (шамамен 1000-шы – 1300-ші жылдар) және Кейінгі орта ғасырлар (шамамен 1300-ші – 1500-ші жылдар) құрайды [11] . Кейінгі ортағасырлық кезеңді сондай-ақ Жаңғыру дәуірі деп те атайды. «Кейінгі орта ғасырлар» терминін тарихшылар Европа тарихының XIV – XVI ғасырлардағы кезеңін жазу үшін қолданып жүргені белгілі. Дегенмен, осы Кейінгі ортағасырлық кезеңнің жоғарғы шегін анықтауда пікір қайшылықтары бар. Мәселен, оны ресейлік тарих ғылымы ағылшын азамат соғысының аяқталуымен шектесе, батысевропалық ғылым әдетте шіркеу реформасының басталуымен немесе Ұлы географиялық жаңалықтар ашу дәуірімен байланыстырады. Ресей тарихшылары Кейінгі орта ғасырлар кезеңін «моңғол-татар езгісінен» бастайды. Бұл кезең орыс тарихнамасы бойынша Жошы ұлысының билеушісі Бату ханның 1243 жылғы шапқыншылығынан бастау алып, Алтын Орданың әлсіреуімен, одан ыдырауымен аяқталды. ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысынан ХV ғасырдың 80-ші жылдарына дейін созылған «моңғол-татар езгісінен» кейін саяси аренаға Мәскеу патшалығы шықты. Артынша, сол оқиғадан соң, Жоғары орта ғасырлардағы ежелгі орыс халқы Кейінгі орта ғасырларда үшке – ұлыорыс, украин, белорус халықтарына бөлініп кетті [12] . Жоғарыда көрсеткеніміздей, қазақтар мекендейтін аумақтың этногеографиялық нышаны бойынша Қазақстан деп атала бастағаны уақыт жағынан – европалық және ресейлік ғылымда қолданылатын тарихтағы кезеңдеумен тұстастырғанда – Кейінгі орта ғасырға дөп келеді. Ал Кейінгі орта ғасыр, Жошы ұлысының орыс тарихнамасы бойынша Алтын Ордаға ұласып ұлғаюымен айшықталған ХІІІ ғасырдан, басқаша айтқанда, Шыңғысхан империясы құрамындағы түркі тайпаларының бірқатарының негізінде қазақ халқының қалыптасуға бет алған дәуірден басталады. Осы тарихи жағдайды ескере келгенде, тәуелсіз қазақ тарих ғылымы алдағы уақыттарда европалық кезеңдеулерге сын көзбен қарап, оларды өз еліндегі өзгерістерге сәйкестендіре тұжырымдауға көңіл бөлгені дұрыс болар еді деген ой туады. Қалай болғанда да, европалық ұғымдағы Кейінгі орта ғасырлар кезеңі біз үшін – Шыңғысхан империясы ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде іргесін қазіргі қазақ елі аумағын шауып алу есебінен кеңейткен шағынан басталады деп ұққан жөн болатын тәрізді. Жер-жаһанды сілкілеп-тітіретушінің қазақ жазирасына 1219 жылғы Ертістен бастаған үлкен жорығы өмір сүру салты бір-бірінікіне тақау түркі тайпаларынан болашақ қазақ халқын ұйыстыру үдерісіне де, ә дегенде кедергі болғанмен, артынша айрықша серпін берді. Сондықтан да Кейінгі орта ғасырды ұлттық тарихымыз Шыңғысханның Орта Азияны, ұлан-ғайыр қазақ аумағын бағындыруды көздеген жорығы, тиісінше тағдырлы өзгерістер басталған тап осы 1219 жылдан бастау алды деп санаса әбден дұрыс болар еді (орыс тарихының Кейінгі орта ғасырды 1243 жылғы Батухан шапқыншылығынан басталды деп есептейтініндей ретпен). Сонымен, монғол басқыншылығы нәтижесінде, қазақ жері де Шыңғысхан империясының құрамына енгеннен бергі уақытта, аймақтағы этностық жағдай көп өзгерді. Алғашқы жылдарда жаулап алушылар көптеген қалалар мен отырықшы елді мекендерді, егіншілік пен қолөнер кәсіпшілігі ошақтарын ойрандады. Көптеген бейбіт жер өңдеушілер мен малшыларды қырды. Ірі тайпалық топтарды қоныс аударуға мәжбүр етті. Өлкедегі өндіргіш күштерді күйзелтті, орын алып тұрған экономикалық және мәдени байланыстарды бұзды. Талан-таражға түсуден қашқан қыпшақтардың бір бөлігі және жаулап алушылар Қазақстанның шығысы мен солтүстік-шығысынан қуғындаған найман, керейіт топтары Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір жеріне қарай ауа көшті. Бұл үдеріс жайында жазба дереккөздермен қатар, топонимика, мысалы, Қарқаралы даласындағы Найман-қашқан («наймандардың қашуы») және Еңірекей («тайпалар жылап-сықтаған орын») деген жер аттары да әңгімелеп бере алады [13] . Еріксіз көшіп-қону монғол билігі орныққан кезде де орын алды. Монғолдар әсіресе Шығыс Қазақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алып, жергілікті халықты атамекенінен ығысуға мәжбүр етті. Олардың жаулап алған аумақтарды ұлыстарға бөлуі салдарынан этностық жағынан бір-біріне жақын туыс топтар бір-бірінен айрылып, бөлініп те қалып жатты. Шыңғысхан империясы дәуірлей келе, моңғолдар қазақ жеріндегі түркі халқының құрамы мен антропологиялық тұрпатына да белгілі дәрежеде ықпал жасады. Түркі тайпалары көпшілік болғандықтан, дегенмен, олар жергілікті түркі тілді халық ішіне сіңісіп, оның тілі мен әдет-ғұрпын қабыл алды. Осы орайда Тизенгаузен жинағында келтірілетін араб саяхатшысы әл-Омаридің жазғаны назар аударарлықтай қызық. Ол Шығыс Дешті-Қыпшақтың халқы туралы былай дейді: «Ежелде бұл мемлекет қьшшақтар елі болатын. Бірақ, оны татарлар (моңғолдар деп ұғыңыз – Б.Қ.) басып алғаннан кейін, қыпшақтар олардың бодандарына айналды. Сосын олар қыпшақтармен араласты да, қыз алысып, қыз берісіп, туыстасты, сөйтіп қара жер олардың табиғи және нәсілдік сапаларын жеңіп шықты. Олардың бәрі, құдды бір рудан шыққандай, тура қыпшақтар тәрізді болып кетті» [14] . Сонымен, моңғолдар өздері жаулап алған қыпшақ жеріне қоныстанғанынан, олармен некеге тұрып, олардың – қыпшақтардың – жерінде өмір сүріп тұрып қалғандығынан, сол жергілікті жұрттың ішіне сіңіп, еріп кетті, сөйтіп, бейне-бір өздері де солармен бір рудан тараған ұрпақ тәрізденіп, нақ қыпшақтардай, яғни болашақ қазақ тумасындай түрге енді. Алтын Орда хандарының «қыпшақ патшалары» атанғаны мәлім. Қыпшақтар Ақ Орданың, кейінірек Әбілқайыр хандығының көпшілігін құрап, қазақ халқының құрылуында маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, наймандар, қоңыраттар, арғындар, керейіттер, дулаттар, осы аумақтағы өзге де автохтонды түркі тайпалары негізінде қазақ халқы қалыптасты [15] . Есте тұтатын жәйт сол, моңғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуға бағыт алған үдемелі үдерісін едәуір тежегенмен, тоқтата алған жоқ, қайта, шығыстан өзге түркі топтарының қоныс аударып келуімен, жаңа серпін берді. Баяу да болса, жер өңдеушілікті негізге алған шаруашылықтағы, қолөнер кәсіпшілігіндегі тыныс-тіршілік қайта жанданды. Қалалар бой көтерді, сауда байланыстары жаңғырды. Шығу тегі, тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан туыстас этностық-саяси бірлестіктердің ертеден-ақ өзара жақындасуға тенденциясы қайта нығая бастады. Ноғай Ордасында, Ақ Ордада, Әбілқайыр хандығында, Моғолстанда толастамаған соғыстар мен тартыстарға қарамастан, қазақ халқының өзіндік келбетіне ену жолындағы осындай бірігу, топтасуға ұмтылу үдерісі одан әрі күшейе түсті. Қазақ халқының қалыптасу үдерісі өзіндік мәдени-шаруашылық үлгіде – көшпенділік тәсілмен мал өсіру кәсібі негізінде біртұтас этностық аумақта орын алды. Көптеген этностық-саяси және шаруашылық факторлардың әрекеттесулері мен өзара әсерлері нәтижесінде Қазақстан аумағында үш негізгі этноаумақтық бірлестік пайда болды, олар – қазақ тарихында терең орын алған Ұлы, Орта және Кіші жүздер. Жүз деп әдетте жалпықазақ этностық аумағының белгілі-бір бөлігін мекендейтін қазақ ру-тайпаларының ірі бірлестіктерін атаған. Рас, зерттеушілердің арасында «жүз» ұғымы «бөлік», «тармақ» яки «бұтақ» дегенді білдіреді, сондай-ақ «жүз», «жүздік» мағынасын береді деп пайымдайтындар [16] болды, бұл ой 1957 жылғы «Қазақ ССР тарихында» да көрсетілген-ді [17] . Қазақ жүздерінің қашан және қалай пайда болғаны жайында түрлі пікір бар. Кейбір тарихшылар жүздер қазақ халқы құрылғаннан көп бұрын, Батыс Түркі қағанаты ыдыраған кезде пайда болды деген болжам айтады. Мәселен, С. Аманжолов өзінің «Қазақ тілінің диалектологиясы мен тарихының мәселелері» деген еңбегінде арғықазак аумағының үш жүзге бөлінуі көне түркілер дәуірінде басталып, X–XII ғасырларда аяқталды деп санайды [18] . Сондай ойды Х. Әділгереевтің «Қазақ халқының құрылу тарихына» атты жұмысынан да оқуға болады [19] . Ал В. Вельяминов-Зернов «Қасымдық патшалар мен патшазадалар туралы зерттеу», М. Красовский «Ресей географиясы мен статистикасы үшін материалдар. Сібір қазақтарының облысы» атты жұмыстарында қазақ жүздерінің үш дербес ұлыс болғандығын және олардың XV – XVI ғасырлар шегінде ұйысқан Қазақ хандығына бастау, негіз болғандығын айтады [20] . Н. Аристов қазақтың үш жүзге бөліну үдерісін жоңғар шапқыншылығы дәуіріне, ал Ш. Уәлиханов Алтын Орданың ыдырау кезеңіне жатқызады [21] . Шоқан Уәлихановтың қазақтардың үш жүзге бөлінуін өздері көшіп-қонып жүрген аймақтарда өз құқтарын қорғау үшін одақтар құрғандығымен байланыстыруы тарихи шындыққа мейлінше жақын. Сондай ойды одан кейінгі тарихшылар В.Бартольд пен М.Вяткиннен де кездестіреміз. Бартольд малды көшпенділік әдіспен бағудың жаратылыс жағдайына орай туындайтын айырмашылықтарына байланысты жүздер пайда болды деп санайды. Оның ойынша, Жетісу мен Сырдарияның ортаңғы ағысын қамтитын аймақ өзіндік ерекшелігі бар сондай бір аудан болған. Одан айырмасы бар екінші аудан – Сарысу өзені мен Сырдарияның төменгі ағысын алып жатқан аймақ, ал үшіншісі – Батыс Қазақстанның қазіргі аумағы [22] . Вяткин де қазақы жүздердің құрылуы табиғи-географиялық және саяси-экономикалық себептердің әсерінен болды деп есептейді. Сондай-ақ оның еңбегінен – жүздердің алып жатқан аумақтары Жайықтан Ақтөбеге, Сарысу мен Сырдарияның төменгі ағысынан Ертіс, Тобыл, Есілге, Сырдың ортаңғы ағысынан Шу өзеніне дейінгі аудандардағы негізгі жайылымдарға сәйкес келеді және жайлау, күздеу, қыстау, көктеу маусымдарына орай жүретін көші-қон маршруттарына сәйкес келетінін көреміз [23] . Ол жүздердің пайда болуына географиялық факторлармен қоса саясат та әсер еткенін, жүздердің «ерекше саяси одақтар» ретінде қалыптасуы ХVI ғасырдың аяғында орын алғанын жазады [24] . Ал шығыс хроникаларында қазақ тарихынан келтірілген деректер жүздердің хандық құрылғанға дейін болғанын көрсетеді [25] . Қазақтардың өздерінің аңыздары бойынша – бірнеше ғасыр ілгеріде Алаша хан халқын өзінің Үйсін, Арғын, Алшын деген үш ұлына бөліп беріпті, олардың әрқайсысы жеке орданың басы болған екен де, содан олар Үлкен, Орта, Кіші жүздер деп аталыпты. Соған ұқсас аңызды Левшин де атап көрсетеді. Сондай аңызға негізделген әдебиеттің бірі «Россия халықтары» деген көркем альбом екен, онда қазақтардың үш ордаға бөлінетіні, олардың әрқайсысы өз тегін «моңғол билеушісі Алашыханның үш ұлының бірінен» бастайтыны жазылған. Үш жүзге бөлу XVІ ғасырдың екінші жартысында Хақ-Назар (Ақназар) ханның тұсында жүзеге асырылды деген де жорамал бар [26] . Жүздердің құрылуын мүмкін еткен жағдайлар бір мезгілде туа қалған жоқ. Оған Қазақ елі аумағында Шыңғысхан империясына дейін де ұзақ уақыт бойы түрлі ірі-ірі этностық-саяси мемлекеттік құрылымдардың болуы әсерін тигізді. Ал моңғолдар жаулап алғаннан кейін құрылған моңғол ұлыстарының, әсіресе Жошы ұлысының, Алтын Орданың, содан кейін Ақ Орданың, Ноғай Ордасының, Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның бұл ахуалдың пісіп-жетілуіне және тарихи тұрғыда жүздердің қалыптасуына ықпалы зор болғаны анық. Этностық үдерістер мен қолданыстағы тілдің ортақтығы, шаруашылық жүргізу тұрпатының біртектілігі ру-тайпалардың жоғарыда аталған түрлі мемлекеттік құрылымдар құрамында жүргеніне қарамастан, біртұтас қазақ ретінде қалыптасуын әзірлей берді. Қазақтардың шығу тегінің өте ерте замандарға кететінін және олардың этностық тұтастығын венгр түркологы, шығыстанушы, этнограф, саяхатшы Арминий (Герман) Вамбери (1832–1913) өз еңбектерінде дәлелдеуге тырысты. Ол 1863 жылы Орталық Азияға саяхат жасап, сол сапары жайында жазған еңбектерінде түркі халықтарының тілі, мәдениеті, тарихы, тыныс-тіршілігі, өмір сүріп жатқан географиялық ортасы хақында құнды мағлұматтар келтірген болатын [27] . Қазақтардың көп ғасырдан бері бар екенін ол «сонау Х ғасырдың өзінде Константин Порфирородныйдың Қазақия туралы еске алуымен, ал ХІ ғасыр жазушысы Фирдоусидің «қазақ хандары» жөнінде айтқанымен» незіздеп, дәлелдеуге тырысады. «Қазақтардың тілінде, олардың құлықтарында, әдеттері мен мінездерінде айырмашылық жоқ болуы, бұл қасиеттердің Каспий теңізінен Алтайға дейін және Оралдан Тянь-Шаньның етегіне дейін созылған күллі қазақ даласында бірдей көрінуі» Вамбериге еш күдіктенбестен, «қазақтарға ортақ физикалық тұрпат тән және осынау саны едәуір көп халық бір тайпадан шықты» деп тануға негіз береді. Қазақтардың әдет-ғұрпы мен тілі жағынан бөліп-жарылмайтын біртұтас әлем екенін академик В.В. Радлов та айтқан-ды. Ол өзінің «Түркі тайпаларының халықтық әдебиетінің үлгілері» атты іргелі еңбегінің ІІІ-томында: «Кең жазираның барлық жерде ешқандай өзгеріссіз бір ғана сипат сақтайтынындай, оның орман-тоғайсыз жалаңаш шоқыларды баса созылып жатқанындай, даланың тек әр жерден ғана аласа бұта тілімдейтін біркелкі өскен қырлық шөпті жамылғыша жамылғанындай, осы жазира тұрғындары да әдет-ғұрып пен тілде біркелкілік көрсетуде, тайпаның алысқа таралып орналасуын көргенде, бұған тіпті ақыл жетпейді деуге болады, ал олар өздері мекен ететін елдің ең дәл көрінісін бейнелейді», – деп жазды [28] . «ХІV ғасырдың ортасындағы – XVІ ғасырдың басындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстан. Саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихының мәселелері» деген еңбегінде К.А. Пищулина Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттерінде соларға қарасты аумақтарды мекендейтін тайпалардың этностық тұрақтануы орын алғанын көрсетеді. Ғалымның дәлелдеуінше, Қазақстан халқы этностық жағынан барған сайын біртекті бола түскен және дені түркілік ортаға айналған. Түбі бір түркі ру-тайпаларының этностық-саяси және шаруашылық-мәдени тұрғыдан жақындасып дами түсу дәстүрлері ХІІІ ғасырдағы моңғолдар шапқыншылығы салдарынан біршама тоқырағанмен, көп ұзамай қайта жанданды. Сөйтіп, ішінде Шапырашты руы бар Үйсін ру-тайпалар бірлестігі өмір сүріп келе жатқан аумақ болып табылатын Моғолстанның басты бөлігі мен Жетісуда – Ұлы жүз, Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандары мен Орталық Қазақстанда – Орта жүз, Батыс Қазақстанда – Кіші жүз қалыптасты [29] . Қазақ халқының құрылуы жайында «Қазақ ССР тарихында»: «Этносаяси ахуал былай қалыптасты: белгілі бір тайпалық топтар белгілі бір уақытта әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда (Ақ Ордада, Моғұлстанда, Әбілқайыр хандығында, Ноғай Ордасында және басқаларда) болды, олардың таралып орналасу аумағы сырттан қысым көру немесе феодалдық соғыстар, өзара тартыстар, ауа көшулер салдарынан орын ауыстырып отырды, бірақ бірігуге деген басты бағыт, дегенмен, барша тосқауылды жарып өтіп, өзіне жол салды, халықтық сана, өзінің бір халықтың бөлшегі екенін ұғыну – айналып келгенде, тайпалық санадан басым түсті», – деп жазылды. Жоғарыдағы үзіндіде аталған әртүрлі мемлекеттік құрылымға бөлініп жатса да, Қазақстан аумағында тұратын халықтың дені бір тілді – қазақ тілін пайдаланды [30] . Тағы бір атап айтарлық ерекшелік сол – «ХІV–XV ғасырларға қатысты антропологиялық материал қазақтардың антропологиялық тұрпатының негізінен бір болғанын айқын көрсетеді» [31] . Қысқасы, Қазақ хандығы құрылар қарсаңда бүгінгі қазақ елі аумағында тұратын түркі ру-тайпалары бірнеше мемлекеттік құрылымда шашырап жатқанына қарамастан, тілі, ділі, тұрмыс-тіршілігі, психикалық бітімі, мәдениеті, өмір сүру салты бір қазақ халқы ретінде қалыптасып болған еді... 25. Қазақ хандығының негізі қаланған уақыт – 1456 жыл деген мәліметті біз орыс тарихшы-ғалымдары еңбектерінен кеңес дәуірінде-ақ оқып-білгенбіз. Осы жылы Керей және Жәнібек есімді екі сұлтан Әбілқайыр ханнан бөлініп, қарамағындағы жұртын сол заманда Моғолстан мемлекетіне қарайтын Жетісуға алып келген болатын. Олар Моғолстанның билеушісі Есен-бұғаның рұқсатымен осында Шу өзені бойындағы Қозыбасы деген жерге орналасқан. Сол оқиғадан қазақ мемлекеттілігі басталғаны тарихи әдебиетте орта ғасырларда-ақ жазылған. Бұл жәйтті орыс және европалық шығыстанушылар да бірауыздан мойындаған еді. Керей мен Жәнібектің тұңғыш рет өз атауымен тарих сахнасына шыққан Қазақ хандығын құрудағы біріншілік, іргетас қалаушылық орыны дау-дамайсыз анықталғандықтан да, оларды зерттеуші біткеннің бәрі қазақтың ұлттық мемлекеттігінің негізін салушылар деп білетіні белгілі. Орыс тарихшы-шығыстанушы ғалымы академик Владимир Владимирович Вельяминов-Зернов (1830–1904) [32] Моғолстан жеріне Әбілқайыр хандығынан қашқан бірер тайпаны бастап келген Керей мен Жәнібек әрекеті жаңа мемлекеттік құрылымның бастауы болғанын ғылыми айналымға ХVI–XVII ғасырлар авторлары (Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди», Қадырғали Жалайыридің «Жами-ат тауарих», Хафиз Таныштың «Абдолланама», ЗаҺир әд-Дин Бабырдың «Бабырнама») туындыларын тарта отырып баяндайды [33] . Ол өзінің Рязань облысындағы Қасым патшалығы (хандығы) тарихы жайында жазып, 1863–1866 жылдары жарық көрген «Қасымдық патшалар мен патшазадалар туралы зерттеу» атты үш бөлімнен тұратын еңбегінің 2-бөлімінде Қазақ хандығына едәуір тоқталады. Онда «Тарих-и Рашидидің» («Рашид тарихының») авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өз еңбегінде қазақтар туралы хижра жылсанағымен 860–944 жылдар ішіндегі, яғни заманалық күнтізбемен 1456 жылдан 1537-1538 жылдарға дейінгі аралықтағы, яғни сексен жылдан асатын кезеңдегі мағлұматтарды келтіретінін, сол дәуірдегі басты тұлғалар ретінде Жошыхан ұрпағы Керей мен Жәнібек хандарды, Керейдің ұлы Бұрындық ханды, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым ханды және Әдіктің ұлы Таһир ханды атайтынын айтады [34] . «Рашид тарихының» негізгі мазмұны Шағатай тұқымының (Шағатаидтердің) шығыс бұтағының тарихын, ұлыстағы дуглат (дулат – Б.Қ.) тайпасының дәуірлеуін әзірлеген ішкі күресті және дулатты иеленушілердің Шығыс Түркістанды басқаруы жайын баяндаудан тұрады. Бұл еңбек – ХІV ғасырдың екінші жартысынан XVI ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі моғолдар мен Моғолстан тарихы жөніндегі негізгі дереккөз, сонымен бірге онда бірқатар ортаазиялық түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқының тарихы, қазақ-моғол, қазақ-өзбек қарым-қатынастары жайындағы фактілерге бай материал бар [35] . Бұл айтулы еңбектің авторын «Мирза Мухаммад Хайдар бен Мухаммад Хусайн-курэкан доглат» деп атаған. Біздіңше – Дулат Мұхаммед Құсайын-курэканның Мырза Мұхаммед Хайдары, Мұхаммед Хайдар Дулати. Оның Айаз деген әдеби лақап аты болған. Оны көбіне Мырза Хайдар немесе Хайдар-мырза дейтін. Ол жайындағы негізгі мағлұматтардың бәрі оның өзінің шығармасында бар. Мухаммад Хайдардың ата-бабасы доғлат (дулат) деген моғол тайпасының әмірлері болған. Олар тұқымымен Қашқарияның мұрагер иеленушілері және басқарушылары екен. Мұхаммед Хайдардың Қашқарды билеп тұрған атасын 1480 жылы өзінің немере туысы Әбу-Бәкір қуып шығады. Мұхаммед Хайдардың әкесі Мұхаммед Құсайын екі жылдай тимурид (Заһир-ад-Дин Бабырдың әкесі) Омар-Шайхтың сарайында болады. Күрделі өмір сүріп, Шайбани-хан әмірімен өлтіріледі. Мұхаммед Хайдар Дулати эмиграцияда, Ташкентте 1599-1500 жылы туды. Ол Заһир-ад-Дин Бабырмен бөле болды: оның анасы Заһир-ад-Диннің анасының сіңлісі еді. Әкесі өлтірілгеннен кейін Мұхаммед Хайдардың басына да қауіп төнген-ді. Туысқандары оны Бұхараға жасырды. Одан ол әуелі Бадахшанға, сосын Кабулға – Бабырға қашты. Бабырмен бірге оның Орта Азия жорықтарына қатысты. 1512 жылы Әндижанда Сұлтан Саид-ханға қосылып, соның армиясымен өзінің ата-бабасының отаны Қашқарияға қайтып оралды. Бұл жорық Әбу-Бәкір Дулаттың талқандалуымен, сөйтіп, Қашқарияда Моғулия атанған жаңа мемлекеттің орнауымен аяқталды. Мұнда Мұхаммед Хайдар Дулати сарай маңындағы және әскердегі ірі лауазымдармен қызмет атқарады. Соның ішінде ол Сұлтан Саид-ханның ұлы, тақ мұрагері Әбді әр-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Одан ол ханның Тибетке жасаған жорығына қатысады. Хан сол жорық кезінде, 1533 жылы опат болады. Әбді әр-Рашид-хан, әкесі қаза тапқаннан кейін, Мұхаммед Хайдар Дулатидің туыстарын жазалауға кіріседі. Содан Мұхаммед Хайдар ұзақ уақыт Бадахшанды және оған көрші тау елдерін кезіп, ақыры Үндістанға кетеді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Ұлы Моғолдар атынан өзі жаулап алған Кашмирді басқарып тұрды.1551 жылы таулық тайпалардың бірімен шайқас кезінде өз мергенінің кездейсоқ тиген жебесінен қаза тапты. Мұхаммед Хайдар Дулати өмірінің соңына дейін атамекеніне оралу үмітін үзбеген сияқты. «Рашид тарихын» жазуының өзі сол кезде Қашқарды билеп тұрған Әбді әр-Рашид ханның алдында өзін ақтауға тырысқандық тәрізді көрінеді. Шығарма Кашмирде жазылған. Бірінші бөлімін автор 1546 жылы, екіншісін одан бұрынырақ – 1541/1542 жылы аяқтаған [36] . Жоғарыда айтқанымыздай, Мұхаммед Хайдардың «Рашид тарихындағы» қазаққа қатысты деректерді орыс шығыстанушысы Вельяминов-Зернов өзінің Рязань облысындағы Қасым-қала хандары мен ханзадалары жайындағы зерттеуінде келтірген. Ол парсы тіліндегі түпнұсқаның кейбір тарауларын орыс тіліне аударып, аталған еңбегіне қосқан. Бірақ, «Қазақстанның өткені дереккөздер мен материалдарда» жинағын құрастырушылар атап өткендей, «Моғолстан елінің географиялық суреттеуін беретін тарауды, өкінішке қарай, зерттеуші тастап кеткен», ал оның сол кездегі «құрамына қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Шу және Талас өзендерінің (ортаңғы және жоғарғы ағыстары) алқабы мен қазіргі солтүстік Қырғызия кіретін» [37] . Шынында, Мұхаммед Хайдар Дулатидің аталмыш еңбегінің екінші дәптеріндегі (бөліміндегі – Б.Қ.) «Моғұлстан мен оның шекараларының суреттеліп жазылуы» тарауы ерекше танымды, оған бүгінгі тарих әуесқойының да қызыға қарары сөзсіз. ХVI ғасыр авторы «қазір Моғұлстан аталатын аумақтың» көлемінің «ені мен ұзындығы 7–8 айға созылатын жолды құрайтынын» жазған. Моғұлстанның шығыстағы шет аймағы Барыскөл, Еміл мен Ертісті қосып алып, қалмақтар жеріне тиіп жатыр. Солтүстігінде ол Көкше-теңізбен (ХVIII ғасырда Көкше-теңіз атауы Балқаш көлі деп өзгертілген [38] ), Бум және Қараталмен, батысында – Түркістанмен және Ташкентпен, оңтүстігінде – Ферғана уәлаятымен, Қашқармен, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі. Мұхаммед Хайдар осы шекаралар ішінде өзінің оңтүстік шекараны көргенін, сол өзі көрген аймақта – Ташкенттен Әндижанға дейін он күндік жол, Әндижаннан Қашқарға дейін – жиырма күндік жол, Қашқардан Ақсуға дейін – он бес, Шалыштан Тұрфанға дейін – Он, Тұрфаннан Барыскөлге дейін – он бес күндік жол екенін айтады. Ал Барыскөл – Моғұлстанның шығыс шекарасы болып табылады. Оңтүстік шекараның ұзақтығын сауда керуенінің үш айлық жолын құрайтынын, жолда тоқсан асу, өткел барын жаза келіп, автор Моғұлстанның қалған үш тарапын өз көрмегенмен, барып қайтқан адамдардың әңгімелері арқылы білгенін айтады. Солардың сөзіне қарап, бұл үш тараптағы шекаралардың ұзындығы жеті-сегіз айлық жол болатынын жазған. Және сол аймақтардың көпшілігінің тау мен дала (сахра) екенін, олардың «жаға жағымдылығы мен тазалығын суреттеп жазуға сөз таба алмайтынын» айтқан. Ал көлдердің көптігі сондай, «олардың атауларын ешкім жадында сақтай алмайды», «Моғұлстаннан өзге жерден мұндай көлдерді кездестіре алмайсың, оларды суреттеп жазуға мүмкіндік жоқ» [39] . Моғұлстан (Моғолстан) – «Моғолдар елі» деген ұғымды беретін парсы атауы. Моңғолдардың халықтық атауын Орта Азияда осылай, «моғол» деп, ортаңғы бір әрпін – «ң»-ді тастап айтатын болған. Ал қазақтар, Шәкәрімнің әйгілі шежіресіне қарағанда, «моңғолды» мүлдем қазақыландырып, «мағол» деп атаған тәрізді [40] . XIV ғасырдың ортасынан бастап, жергілікті хандардың әскери күшін құрайтын бұрынғы Шағатай ұлысының шығыс бөлігінің көшпенділерін моғолдар дейтін болған [41] . Бұл шақта Шағатай мен Әмір Темір тұқымдары (шағатаидтер мен тимуридтер) арасында Сайрам мен Ташкент үшн ұдайы күрес жүріп жататын, кейінірек оған өзбектер мен қазақтар қосылған-ды. Міне осы уақыттағы қазақтар жөнінде «б.д. 1456 жылдан 1527 жылға дейінгі кезеңді қамтитын көптеген мәліметтерді Мұхаммед-Хайдер (Мұхаммед Хайдар Дулати – Б.Қ.) өз очеркінде хабарлайды» [42] . Мұхаммед Хайдар Мырза моғұл ұлысының екі бөлікке бөлінгенін айтады. Екігі бөлінген ұлыстың бірі – моғұлдардікі, екіншісі – шағатайлардікі екен. «Бірақ осы екі бөлімше өзара дұшпан болуы себепті», екі жақ біріне бірі қарсыласын жек көретінін білдіретін, кемітетін, менсінбейтін аттар қойыпты. Шағатайлар моғұлдарды «жете», ал моғұлдар шағатайларды «қараунас» деп атаған көрінеді. Ал Мұхаммед Хайдар шығармасын жазып отырған уақытта, яғни ХVІ ғасырдың 40-шы жылдары, «Бабыр падишаһтың ұлдары болып табылатын шағатайлық падишаһтардан басқа», Моғолстанда «шағатайлардан бір адам да қалмаған. Олардың мұрагерлік қалалары мен облыстарын, шағатайлардың орнына, басқа адамдар иемденіп алған». Автор атап айтпағанмен, бұл шақта Моғолстанның бір бөлігі Қазақ хандығы құрамына бекем еніп кеткен болатын. «Моғұлдар Тұрфан мен Қашқардың шегінде отыз мыңдай ғана қалды, ал Моғұлстанды өзбек-қазақтар мен қырғыздар басып алды. Қырғыздар моғұл тайпасынан болғанмен, олар моғұл қаһандарына қарсы көтеріліске жиі шыққандықтан, моғұлдан бөлініп кетті...» [43] Ал Моғолстанның бір пұшпағында Қазақ хандығының негізі салынған оқиға мен оның себебі жайында профессор Санжар Аспандиаровтың басқаруымен әзірленіп, 1935 жылы жария етілген көне дереккөздер мен материалдар жинағындағы «Тарих-и Рашидиден» алынған үзікте былай делінеді: «...Ал бұл кезде (860 = 1456 ж. шамасында) Дешті-Қыпшақта Әбіл-Қайыр-хан билік жүргізіп тұрған еді; одан Жошы тұқымы сұлтандары өте қатты қысастық көрді, содан олардың екеуі, Жәнібек-хан мен Керей-хан Моғолстанға қашты. Иса-Бұға-хан қашқындарды жақсы қарсы алып, оларға Моғолстанның батыс шет аймағын құрайтын Джу (Шу – Б.Қ.) және Қозыбасы өлкесін бөліп берді. Сонда олар тыныш өмір сүре берді» [44] . Бұл екі тұлғаның шайбанид Әбілқайыр хан құзырынан қашып Моғолстан мемлекеті жеріне – үйсіндер мекендейтін аймаққа көшіп келуі «қазақтардың екі тобын – Орта және Ұлы жүз тайпаларын бір мемлекетке байлапныстыру, жаңа саяси бірліктің құрылуына себеп болды» [45] . Қазақтар ірі-ірі этностық топ ретінде моңғол империясының күйреген орындарында пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттерге қарап тұрған-ды. Бұл саяси бірліктердің бәрі, оларды Шыңғысхан тұқымдары билегенмен, «жергілікті тайпалар одағының негізінде» [46] пайда болды. Бұлар қазақ мемлекеттігінің ізашары іспетті еді, іс жүзінде олар қалыптасқан қазақ халқының әр аймақтағы бөліктерінің түрлі көріністегі саяси бірлестіктері, хандықтары болатын. Орта ғасырларда әр жаңа саяси құрылымның өмірге келуі немесе өмір сүруін тоқтатуы биліктен кетірілген бір әулеттің орнына екінші бір оны жеңген әулет өкілдерінің орнығуымен байланысты жүзеге асып жататын-ды. Осы формулаға сәйкес, шайбанилық Әбілқайыр ханның мемлекеті, жошылық Керей және Жәнібек сұлтандар құрамынан шығып кеткеннен кейін он шақты жыл өткенде, «әр рудан қосылған ...қазақ (мағынасы – «тағы, өз еркімен жүрген») деген ел бар еді» [47] , сол ел жаңа саяси бірлікке негіз болып, Қазақ хандығы түрінде жаңа сапаға ауысты [48] . Енді осы Қазақ хандығының негізі қаланған кезге назар аударайық. Бұл шақта, тарихтан белгілі, Дешті-Қыпшақта билікті қолына ұстаған шайбанид Әбілхайырға көшпенді халықтың бір бөлігі, дәлірек айтқанда, сларды билейтін Жошы хан – Орыс (Ұрұс) хан тұқымының бірқатар өкілдері наразы боп жүрген еді. Ақыры 1456 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандардың бастауымен бір қауым ел «қазақтық» жасауға, яғни тыныс-тіршілікке қолайсыз билеуші құзырынан қашып, еркін ұйысуға бел буды. Ондай әрекеттер түркі тайпалары ғұмырында бұрындары да әрәдік кездесіп тұрған, бірақ тап осы жолғыдай жаңа мемлекет құрарлықтай тарихи сипат алған емес-тін. «Көшпенді өзбектер мемлекеті» аталатын ұлыстан бөлініп, қазақ атанған, сөйтіп, Моғолстанға қоныс аударған, Шу өзені аймағындағы Қозыбасы деген жерден орын тепкен аз жұрт іс жүзінде қазақ мемлекеттігінің іргетасы болып қаланды. Аталған қос сұлтан Жетісу өңірін, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Болашақ қазақ хандығының іргесі түркілер өміріндегі қатардағы жәйт саналатын наразы топтың еркіндіксүйгіштік, басыбостық, өзгенің озбырлығына көнбеушілік көрсетіп, яғни қазақ болып өз беттерінше отау тігу оқиғасымен қалана бастағанын тап сол жылдары ешкім бажайлай алмаған болар. Жетісу өңірінде өмір сүріп жатқан Үйсін бірлестігі, оның ішінде Шапырашты тайпасы бір шаңырақ астына бірігуге бел буған жұртпен – тілі, ділі, мәдениеті, өмір салты, бітім-болмысы, шаруашылық қалыбы бір өзге де түркі тайпаларымен бірге қазақтың болашақ мемлекеттік құрылымын қалыптастыруға алғашқы жылдардан-ақ араласты деп сеніммен айтуға болады. Осынау тарихи оқиға қарсаңында жетісулық үйсін –шапыраштылардың Моғолстан мемлекеті құзырында болғаны мәлім. «Тарих-и Рашиди» деректеріне қарағанда, Жүніс-хан Мавераннахрға кеткенде, күллі ұлыс, моғолдар қауымы түгелімен Есен-Бұғаға (Исан-Буга-ханға) бағынды. Есен-Бұға өзінің жастығы мен тәжірибесіздігі салдарынан мемлекетіндегі әмірлерге менсінбеушілік, елемеушілік мінез көрсетті. Сөйтіп, өзінің бас уәзірі етіп тұрфандық ұйғырлар тайпасынан Темір деген біреуді таңдап алды. Әмірлер бұған төзбей, хан дәргейінде болған бір жиналыс кезінде Темірді шапқылап өлтірді де, өздері тез тарап кетті. Бұл Есен-Бұға-ханды қатты үрейлендірді, ол да қашты. Қашқардағы Әмір Сейіт-Әлі мұны естігенде, ханды іздеп шығып, Ақ-Құяш қаласынан табады да, оны бірқатар жақтастарымен бірге Ақсу қаласына апарып орнықтырады. Есен-Бұға хан осында тұрақтап, жіберген кемшілігінен қорытынды жасайды, бағыныштылары алдында кінәсін мойындап, қайтадан күш жинайды. Қуаты кемеліне келді-ау дегенде, 855 жылы (яғни біздің күнтізбемен 1451 жыл шамасында – Б.Қ.) Есен-Бұға хан Сайрам, Түркістан, Ташкентті шабады. Сол жолмен екінші рет шапқыншылық жасағанында, оны Мавераннахр билеушісі Сұлтан Әбу-Сейіт-мырза Таразға дейін қуғындайды. Бірақ Есен-Бұға-ханның моғолдары шайқасқа кірмей қашып кетеді де, Мырза Әбу-Сейіт өз еліне оралады [49] . Келесі 1452 жылы ол ойраттар шапқыншылығына ұшырайды. Ойраттар Шыңғысхан құрған империяның Үгедей ұлысына қарайтын моңғолдардың батыс бұтағы болатын. Олардың Моғолстан аумағына жасаған алғашқы шапқыншылықтары ХIV ғасырдың соңына қарай басталған еді. ХV ғасырда олардың иелігі шығысында Хангай тауларының батыс бөктөрімен, оңтүстігінде Гоби кұмымен, батысында Моғолстанмен, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстарымен шектесетін ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатқан-ды. Ойраттарды моңғолдардың өздері «жоңғар» («зюнгар», «сол қар (қол)», «сол қанат») деп атаған болатын, ал көрші түркі және парсы тілді халықтар «қалмақ» деп атайтын [50] . Шәкәрімнің айтуынша – «қалмақ деген – қалғандар деген сөз». Шыңғысхан тамам моңғолды түгел алғанда, «отырықты болып қалған» түркілер «көшіп қашуға» туған өлкесін «қимай, бірталай ел мағолға қарап қалды». Олар әр түрлі рудан («ониют, жалайыр, найман, керей») еді, «олардың ойрат қалмақ атанған себебі, мағолдар күнбктысқа қойған әскерлерін ойрат деп атаушы еді. Соған араласқаннан ойрат атанды. Қалмақтың түбі ойрат деген сөз содан шыққан» [51] . 1452 жылға дейін ойраттар Моғолстанға әлденеше шабуыл жасады. Тек Уәйіс-хан 1418 жылдан 1428 жылға шейін олармен 61 мәрте шайқасқа шықты. Соның бір ретінде ғана жеңіске жетті, екі мәрте ойратқа тұтқынға түсті. Ақыры қалмақтардан аулағырақ болу мақсатымен, астанасын Тұрфаннан Моғолстанның орталық бөлігіндегі Іле жағасына, қытайлар Ілебалық деген атаумен білген Жетісудағы жерге ауыстырды [52] . Алайда, Есен-Бұға-хан тұсында, жоғарыда айтқанымыздай, билік құрылымы әлсіреді. Есен-Бұғадан бөлініп кеткен әмірлердің әрқайсысы оған тиісті дәрежеде бағынатынын танытпай, өз беттерінше қамал салып алып жатқан-ды. Бірі (Мір Кәрім-Берді дулат) Моғолстанның Әндижан мен Ферғанаға шектесетін тұсындағы Ала-Бұға деген жерде, келесісі (Мір Хак-Берді бекшік) Ыстықкөлдің Қой-Сой дейтін тұсына қамал тұрғызды. Шорас пен барин тайпаларының әмірлері қалмақтардың басшысы Амансанжы-тайшыға, басқа тайпалардың бір бөлігі «көшпенді өзбектер» ханы Әбілқайырға кетті. Есен-Бұға-хан болса, олардың өз құзырынан бөлінбек әрекеттеріне соншалықты қарсылық көрсетпей, тек күтті. Бүлікшілдер тыншыр, сосын қарамағына қайтып оралар деген үмітін үзбей тұрған [53] . 30-шы жылдардан шапқыншылығын қайта бастаған ойрат қалмақтар Моғолстанда сол шақта орталықтандырылған биліктің жоқтығын пайдаланып, Жетісуға шабуылын жиілетті. Олар Ыстықкөл аймағына барып, Ыстықкөлдің Қой-Сой деген жеріне қамал салған қаңлы тайпасының әмірі Мір Хак-Берді бекшікпен шайқасты. Ал 1452 жылы Шуға жетті. Есен-Бұға оларға елеулі қарсылық көрсете алмады [54] . Сол шақта оған өздері мекендейтін ұлыстағы Шайбан тұқымы билігіне наразы Жошы тұқымы оғландары – Керей мен Жәнібек сұлтандар келді... [55] Шәкірім бұл оқиға жайында: «Әз Жәнібек хан мен Керей хан»... «Әбілқайырға өкпелеп», «1455 жылы Әбілқайырдың қол астынан қырғыз, қазақ һәм басқа бірталай елін алып», «...ауып, Шудағы Шағатай нәсілінің ханына», яғни моғол ақсүйектері Моғолстан билеушісі етіп қойған Есен-Бұғаға барды [56] . Шайбан ұрпағы Әбілқайыр хижраша 833 жылы (яғни біздің жылсанақпен 1428 жылы) Батыс Сібірдегі Тура өңірінде хан тағына отырғызылған-ды. Тарихта «Көшпенді өзбектер мемлекеті» деп, Алтын-Орданың көрнекті билеушісі Өзбек-ханның (1282—1341) есімімен аталған бұл саяси бірлестік – Әбілқайыр хандығы – Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болды. Хандық жері геосаяси тұрғыда батыстағы Ноғай Ордасы, солтүстіктегі Сібір хандығы және шығыстағы Моғолстан мен оңтүстіктегі Әмір Темір тұқымдары мемлекетінің араларында жатты. Хандық шегі Ноғай Ордасының шығыс бетінен басталатын. Батысында – Жайық өзеніне, шығысында – Балқаш көліне дейін созылды. Оңтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізі өңіріне, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейін кеткен алып аумақты алып жатты. Әбілқайыр хандығының құрамына қазақ руларының көпшілігі, өзге де көшпенді түркі тайпалары (Қыпшақ, Қият, Найман, Маңғыт, Қоңырат, Шынбай, Қаңлы, Қарлұқ, Күрлеуіт, Кенегес, Үйсін, Ұйылын, т.б.) кірді. «Көшпенді өзбектер мемлекетінде» Әбілқайыр хан қырық жыл әмірші болды. (Оны ХVIII ғасырдағы Әбілқайыр ханнан ажырату үшін болар, қазақ тарихи әдебиетінде оның есімін Әбілхайыр деп жазу орын алған. Дұрысында, екеуінің де есімі бір – Абу-л-Хайр-хан, ендеше, екеуі де Шыңғысхан тұқымы болғандықтан, ХV ғасырдағы әміршіні – Бірінші Әбілқайыр (І Әбілқайыр), ХVIII ғасыр тұлғасын – Екінші Әбілқайыр (ІІ Әбілқайыр) деген жөн болар еді). Шайбани Әбілқайыр хан басқарған уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. «Сегіз жүз елу бесінші жылы (1451 жыл шамасы) Шыңғыс-ханның ұлы Жошы-ханның жұртында, немесе, бұл да сол ұғымды білдіреді, – Дешті-Қыпшақта Жошы ұрпағынан Әбілқайыр патша болды. Сол уақыттарда бұл жұртта одан қуатты билеуші болған жоқ» [57] , – деп жазды Мұхаммед Хайдар. Ол өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін Атбасар маңында талқандады. Сырдария мен Қаратаудағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Сығанақты хандықтың астанасына айналдырды. 1450 жылдары Мавераннахрдағы Әмір Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасады. Дегенмен оған билігін сақтау үшін әр түрлі топтармен – өзіне қарсы болып жүрген өзге әулет ұрпақтарымен ұдайы күрес жүргізуге тура келді. Оның Сырдария бойындағы аймақтарға бет бұруы өзара ағайындас Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды бұрынғыдан бетер тереңдете түсті. Өйткені Әбілқайырдың Сыр қалалары мен олардың айналасындағы жазираларды алуы Жәнібек пен Керейдің және олардың Сырдария маңы мен Қаратау аймағында көшіп-қонып тұрмыс кешіп жүрген бодандарының мүдделеріне тиіп, нұқсан келтірді. Осы жәйт аталған билеушілер арасындағы тайталастың одан сайын шиеленісуіне, сөйтіп, қазақ сұлтандарын өздеріне қарасты ру-тайпаларды бастап Шуға көшіп кетуге мәжбүрлеген өте маңызды себеп болды [58] . Бұдан бұрын да атап өтілгендей, «Рашид тарихының» авторы Дешті-Қыпшақта Әбілқайыр-хан өзі билеп-төстеп тұрған уақытта «Жошы тегінен шыққан сұлтандарға» көп жайсыздық туғызғанын айтқан-ды. Сондықтан да 1456 жылы «Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып Моғолстанға барды» [59] . Осы жерде арнайы тоқталуды тілейтін бір маңызды жәй бар. Ол – Жошы (1227 жылы әкесі Шыңғыс ханнан алты айдай бұрын өлді) әулетінің, оның ішінде Жошы ұлы Орда Ежен хан (Ертістің жоғарғы ағысынан, Алакөл жанынан батысқа қарай – Іле мен Сырдарияға дейін созылған, Жошының тірі кезінде Көк-Орда аталған ұлыстың әміршісі), оның ұлы Орыс ханның (астанасы Сығанақта болған Ақ Орда ханының) ұрпақтары «Жәнібек хан мен Керей хан» Көшпенді өзбек мемлекетінің әміршісі Әбілқайыр-ханнан қашып Моғолстанға барды» Ал Әбілқайыр-хан – Жошының тағы бір ұлы Шибан-ханның ұрпағы... «Қазақстан аумағы үш моңғол ұлысының аумағына енді: көбірек бөлігі – елдің солтүстігіндегі далалы жазирасы және Ертістің жоғарғы ағысынан Алакөл көліне дейінгі күллі жер-су мен одан әрі батысқа, Іле мен Сырдарияға қарай – Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, ал солтүстік-шығыстағы жерлер – Үгедей ұлысына кірді» [60] . Қазақ елі негізінен осы Жошы ұлысына қараған аумақта қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекеттігін дамытты. Жошы (1187–1227) – Шыңғысханның қоңырат тайпасының өызы Бөртеден туған үлкен ұлы, әйгілі Алтын Орданың негізінсалушы, қазақ хандарының арғы атасы. Ол әкесі Шыңғысханның тапсыруымен 1207–1212 жылдары Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген тайпаларды бағындырды. Шыңғысханның Солтүстік Қытайға жасаған жорығына қатысты. 1218 жылы Ырғыз даласында Хорезм әскерімен қақтығысқа түсіп, сарбаздарының ұрыс жүргізудегі жойқын тәжірибесімен хорезмшаһтың мысын басты. 1220–1222 жылдары ол бауырларымен Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент және басқа да қалаларды алды. 1223 жылы Шыңғысхан Самарқаннан Сырдария маңындағы далаларда аң ауламаққа шығады. Жошыға Қыпшақ даласынан жабайы құландарды қуып әкелуді тапсырады. Ол құландар табындарымен қоса, жиырма мың ақ тұлпарды әкесіне сый ретінде айдай келеді. Ханзадалардың бәрінің қатысуымен олар аса ірі ауқымда аң аулайды. Сосын қаһан Құланбасыдан ақырын аяңмен көшіп, Ертіске келеді. Сонда 1224 жылы Кавказ жорығынан оралған сүйікті қолбасшылары Жебе-ноян мен Сүбедей-ноян құрметіне құрылтай өткізіп, той жасайды. Сол жылы күзде нөкерлері мен әскерін ертіп, сол Ертіс алқабынан 1219 жылы күзде шығып, батысқа жасаған жорығынан тура бес жыл – дүниені дүр сілкіндірген бес жыл – өткенде, 1224 жылы күзде шығысқа, туып-өикен Моңғолиясына қайтады. Жеңімпаз болып оралады, бірақ, «мәңгі өмір сүруге» дәру таппай, тәні дертке шалдыққандықтан, туған өлкесінде қарттық ғұмырын соза түсуді ғана ойлап, терең мұңға батып қайтып келе жатады... Сайрам мен Талас аралығындағы Құланбасы жазығында өткізген құрылтайда өзінің «төрт күлігіне» өзі құрған қағанатын бөліп берді. Императордың (қаһанның) бәйбішесі Бөртеден туған «төрт күлігінің» үлкені – тұңғыш ұлы Жошыға тиесілі үлес – Ертістен Орал тауына, одан әрі Батысқа қарай, болашақта бағындырылатын жер-су мен елдер еді. Ол күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған екен. Қол астындағылармен өте жақын, жақсы қарым-қатынас жасап тұрыпты. Көпшілігі болашақ қазақ халқын құраған түркі тайпаларының басын өз ұлысында біріктіріп, тәуелсіз саясат жүргізуге тырысқан. Осы жәйт әке мен бала арасының бұзылуына себеп болды деген пікір бар. (Жүзданидің 1260 жылы жазылған «Табакат-и Насири» деген шығармасына қарағанда, Жошының Қыпшақ елін қатты сүйгіп кеткені сондай, сол елді әкесінің күйретіп-күйзелтуінен құтқармақ болады. Ол жақындарына Шыңғысханды аң аулау кезінде өлтіргісі келетінін айтыпты-мыс, ал оны біліп қойған Шағатай әкесіне жеткізген. Сонда ол Жошыны құпия улап өлтіруге әмір қылыпты-мыс. Ал Рашид ад-Дин өзінің ХІV ғасырдың басындағы «Шежірелер жинағында» – тапсырмасын орындамаған Жошыға қарсы Шыңғысхан Шағатай мен Үгедей бастаған қалың қол жібергенін, бірақ артынша Жошының қайтыс болғаны жайында қаралы хабар келгенін жазады). Ел ішінде де оның өлімі жайында: «әкесі өлтіртті» делінетіннен, «аң аулап жүргенде кездейсоқ опат болды» дейтінге дейін айтылатын түрлі аңыз-әңгіме бар. Қазақ халқында ғасырлар тереңінен келе жатқан «Ақсақ құлан, Жошы хан» деген тарихи күй сақталған. Мазары қазақ даласының кіндігіндегі Жезқазған қаласынан 45 шақырым жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауында тұр. Балалары көп болған. Тарихи дереккөздерде одан тараған Орда-Ежен, Бату, Берке, Шибан (Шайбан) секілді ханзадалардың және басқаларының да есімдері бар [61] . ХІV ғасырдың дереккөзі «Шаджарат ал-атрак» Жошы 1227 жылғы ақпанда қайтыс болғанын айтады. Қаһан сарайының ұлы әмірлерінің біріне жақын Ұлы-Жыршы (Тизенгаузен жинағына енген ХІІІ ғасырдағы араб тарихшысы Ибн әл-Асир жазбасы бойынша – Шыңғысханның замандасы ақын Кетбұға) қаралы хабарды Шыңғысханға естіртеді. Сонда қаһан: «– Құлынын алған құландай, құлынымнан айрылдым, Айрылысқан аққудай, ер ұлымнан айрылдым», – деп, түркі жырымен жоқтау айтыпты. Ұлы қаһанның өз аузынан мұндай сөз естіген барлық әмірлер мен нояндар орындарынан тұрып, көңіл айту және жоқтау рәсімдерін орындапты. Содан алты ай өткенде Шыңғысхан да о дүниелік болған дейді «Шаджарат ал-атрак» авторы [62] . Жошы өлгеннен кейін ұлыс әміршісі лауазымы оның ұлы Батуға өткені белгілі [63] . Батыстағы әскерлер Батуды, Жошы-хан өлісімен, әкесінің мұрагері ретінде таныған. Бұл таңдауды Шыңғысханның өзі бекітті. Өтеміс қажы ХVI ғасырда Хорезмде жазған «Шыңғыс-намада» Дешті-Қыпшақтағы жоғарғы биліктің Батуға қалай берілгені жайында егжей-тегжейлі әңгімеленеді. Сондағы әңгімеге қарағанда, Жошының бәйбішесінен туған қос ұлы Орда-Ежен мен Бату, басқа әйелдерінен туған 17 ұлы бірігіп ұлы ханға келеді. Қаһан ханзадаларға арнай үй тіктіріп қабылдайды: «алтын босағалы ақ үрге» Сайын-ханға, яғни Батуға, «күміс босағалы көк орда» Орда-Еженге, «болат босағалы боз орда» Шибанға (Шайбанға – Б.Қ.) арналады... [64] Әбілғазы дерегі бойынша, Бату-хан Шығыс Европаға жасаған жорығынан оралғаннан кейін, әкесіна қарап тұрған жер-суды күллі халқымен өзінің бауыры Орда-Еженге береді. Орда-Еженнің қосындары мен ішінде Тоқай-Темір бар төрт бауыры бірігіп, Жошы әулеті әскерінің сол қанатын құраған, мұны Рашид ад-Дин айтады. Ал Батудың өз иелігі мен Орда-Еженге берілген үлес арасындағы жер-суды және «байырғы елдерден төрт басты ұрықты» – қосшы, найман, қарлық, бұйрақ тайпаларын бөліп, Шибанға берген. Шибан (Шайбан) мен оның ұрпағының әскері Жошы Ұлысы армиясының оң қанатына кірді. Тоқай-Темірге әскердің артықшылыққа ие бөлігінен мың, тархан, үйсін, ойрат бөлінген. Оның ұрпақтары, Батудың ықыласына сәйкес, Қажы-Тарханда (Астрахан қаласына) билік жүргізген. Олар қосындарымен Жошылықтар армиясының сол қанатына кірді [65] . Шыңғысханның немересі, Жошы-ханның үлкен ұлы Орда-Ежен Жошы Ұлысының сол қанатын 1226–1253 жылдары басқарып, «Алтын Орда құрамына кіретін, ішкі-сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ-Орда мемлекетін құрды». Оның саяси рөлі тек Жошы Ұлысында ғана емес, күллі моңғол империясында жоғары болды [66] . Алтын Орда әміршісі Бату-ханның қолдауымен 1251 жылы ұлы хан, қаһан болған, Шыңғысханның әйгілі «төрт күлігінің» кішісі Төленің ұлы, империяның төртінші әрі соңғы ханы Мөңке (1208–1259) [67] өзінің заңнамалық құжаттарында – жарлықтарында – Ақ-Орда билеушісі Орда-Ежен есімін Алтын Орда әміршісі Бату есімінің алдына қойып отырған [68] . Орда-Ежен мен Шайбан ұлыстарының жер-суын алып жатқан аумақты ХІV–XV ғасырларда шығыс авторлары біресе Ақ Орда, енді бірде Көк Орда деп атап жүрді. Өйткені Орда-Ежен әулетінен шыққан билеушілер қос ұлысты да басқарған. Содан да шығар, дереккөздер бұл кезеңдегі Ақ Орда жері ретінде Жайықтан Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы аумағын (яғни Орда-Ежен мен Шайбанның ұлыстары алып жатқан жер-суды) ұққан. (Орыс жылнамаларында Алтын Орданы тек қана Орда, немесе Еділ Ордасы, ал Жайықтың оңтүстік-шығысындағы жазира Көк Орда, Жайық сырты Ордасы делінген, онда Ақ Орда ұғымы қолданылмаған). Жоғарыда Ақ Орда жері ретінде аталған осы ұлан-ғайыр кеңістікте ежелден бері түркі тілдес тайпалар (қыпшақтар, наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейіттер, керейлер, қоңыраттар, маңғыттар және басқалар) мекендейтін. Олар моңғол шапқыншылығынан көп бұрын қыпшақ бірлестігінің құрамында болған-ды. Бірқатары бұл жаққа Шыңғысхан империясы құрылғанда Алтай жақтан, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан қоныс аударған болатын. Тілі бір, өмір сүру салты бір жергілікті этностар негізінде шаңырақ көтерген қазақ жеріндегі тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым осы Орда-Ежен мен оның әулеті билеген Ақ Орда еді. ХІІІ–ХV ғасырлардағы Ақ Орда хандарының билікте болу реті мынандай: Орда-Ежен (1226–1253) – Сартақ – Қоныша – Баян – Сасы-Бұға – Ерзен – Мүбәрәк – Шымтай – Орыс (1361–1377) – Қойыршақ – Барақ (1426–1428) [69] . Осынау хронологиялық тізбек ішіндегі Орыс (Ұрұс) ханның 1361–1377 жылдары Ақ Орданы билеген кезеңі мемлекеттегі түркі тайпаларының біртұтас этнос, қазақ халқы ретінде қалыптасуына игі ықпал етті. Іс жүзінде Ақ Орда болашақ қазақ ұлттық мемлекетінің алғашқы үлгісі болды. Орда-Ежен мен ол құрған бұл құрылымға иелік еткен оның ұрпақтары – Ақ Орданы ХІV ғасырда билеген Орыс хан және ХV ғасырдың екінші ширегінің басында басқарған (Орыс ханның немересі) Барақ хан ешқайсысының ойына келе қоймаған, бірақ ұзамай, ХV ғасырдың ортасында жүзеге асатын ірі тарихи бетбұрысты нобайлады. Олар Ақ Орда тұсында қалыптасқан біртұтас этностық түзілімді тарих сахнасына өзіндік қазақ атауымен алып шығып, Қазақ мемлекеттілігінің негізін салған Керей хан мен Жәнібек ханның аталары еді [70] . Керей хан – Орыс ханның шөбересі. (Орыс ханның ұлы Тоқтақиядан туған немересі Болаттың баласы) [71] . Жәнібек хан да Орыс ханның шөбересі. Ол тек, үнемі Ақ Ордадағы мемлекеттік билікте болған тармақтан. Ақ Орданы Орыс ханнан кейін оның ұлы Қойыршақ (Құйыршық), одан соң Жәнібектің әкесі Барақ биледі. Алтын Орда ыдырауға ұшыраған шақта, оның тағына құмартқандардың Алтын Орда астанасы Сарай-Беркеге жету жолында Ақ Ордаға (оның экономикалық және әскери күш-қуатына) арқа сүйеуіне байланысты, Шығыс Дешті-Қыпшақтағы бір кездегі күшті мемлекет Ақ Орда да құлдырап бара жатты. Орыс ханның немересі Барақ хан шамамен 1410-шы жылдардан Шығыс Дешті-Қыпшақтағы өз ата-бабаларының билігін қайтарып алу үшін күресті. Әуелде жеңіліске ұшырап, сырттан көмек алу арқылы, ақыры, 1419 жылы әмірші лауазымына жетті. 1422 жылы Еділдің төменгі ағысы алқабында өткен шайқаста үміткерлер әскерін жеңіп, Алтын Орда тағына отырды. Әуелі Сарайды («Еділ суының бойында», «Жошы ұлысының үлкен ханы тұратұғын Алтын орданың орны», «Астрахан мен Саратов арасындағы... орыстар Царев деп» атайтын қаланы [72] ), одан Қазанды алды. Содан Қазан аймағы біраз уақыт «Барақ-хан жұрты» аталды. 1426 жылы бақталасы Ұлық-Мұхаммедпен күресте Алтын Орда тағынан айрылды. Сол жылы Ақ Орда билеушісі болды. Барақ хан Ақ Орда билеушісі лауазымымен Сырдария бойындағы қалаларға, Мавераннахрға жорықтар жасады. Ғасыр басында Әмір Темір басып алған Ақ Орда астанасы Сығанақты иелену құқын қалпына келтірді. Ол 1428 жылы қаза тапқан. Өлімі хақындағы деректер әр түрлі: Қыпшақ даласындағы «өзара қақтығыстар кезінде» опат болған, «моғолдар елінде» өлтірілген, Ноғай Ордасы мырзаларымен болған соғыста өлген деп те айтылады. Барақ-ханның Түркістан өлкесіндегі Ақ Орданың бұрынғы иеліктерін Әмір Темір әулеті билігінен қайтарып алуға бағытталған жігерлі әрекеттері ұлыстың байырғы қуатын жаңғырта алмағанмен, Ақ Орда хандары (Орда-Еженнің де, Тоқа-Темірдің де) әулеттері иеліктерінің тағы ондаған жылдар бойы сақталып қалуын, яғни Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси ахуалдың белгілі-бір дәрежеде өзгеруіне алып келді [73] . Алтын Орданың бірнеше бөлікке шашырап кеткені, оларды Жошы әулетінің әртүрлі бұтағы өкілдері басқарған мәлім. Ортаңғы Еділ бойында 1438 жылы Ұлық-Мұхаммед билейтін Қазан хандығы құрылды. Оның інісі Кіші-Мұхаммед Алтын Орда ханы ретінде Төменгі Еділ бойын, Шығыс Европа далаларын, Дон алқабын басқарды. Бұл екі ағайынды Алтын Орда тағы үшін өзара ұзақ күресті. Бірақ Алтын Ордадан 1443 жылы Қырым хандығы, 1466 жылы Астрахан хандығы бөлініп шықты. Осы бөліністерден соң Алтын Орданың қалған бөлігінде – Еділ мен Дон арасында және Сарай қаласында Кіші-Мұхаммедтің ұлы Ахмад (Ахмет) хан билік құрды. Оның мемлекеті Үлкен Орда деп аталды. Осынау Үлкен Орданың билеушісі Ахмад (Ахмет) хан Шайбан тұқымынан шыққандарға (шайбанидтерге) қарсы күрескен қазақ ханы Жәнібекке одақтас болды [74] . Енді Жәнібек хан аталасы Керей ханмен бірге ұйытқы болған қазақ мемлекеті дәуірі басталғанға дейінгі оқиғаларды шолып өтейік. XV ғасырдың алғашқы ширегінде Ақ Ордада Жошы тұқымы (Орда-Ежен, Шайбан, Тоқа-Темір) ішіндегі әулеттік күрес жиіледі. Соның салдарынан ұлыста бүліктер мен кикілжіңдер толас таппай жалғасты. Бұрынғы Жошы Ұлысының батыс бөлігінде Тоқа-Темірдің ұрпақтары табысты болды, олар Алтын Орданың бірнеше ұлысын басқарды. Ал Жошы Ұлысының Шығыс бөлігінде – жоғарыда аталған үш әулеттің де өкілдері билікте жүрді. XV ғасырдың 20-шы жылдарының соңына қарай Алтын Орда мемлекеттік құрылымы бөліктерінің көпшілігінде Жошы ұлы Шибан (Шайбан) балалары билікке келді. Ал Орда-Ежен – Орыс хан ұрпақтары, дегенмен, өздеріне бабаларынан мұраға қалған иеліктерін XV ғасырдың алғашқы ширегі бойы қорғап қалуға тырысты. Солардың бірі Барақ-хан ұлыстың оңтүстік бөлігін қайтарып алу үшін соғысқаны жоғарыда айтылды. Ол өлгеннен кейін Ақ Ордадағы билік Орда-Ежен – Орыс хан әулетінен Шайбан әулетіне өтті. 1428 жылы Шайбанид Әбілқайыр таққа отырды. Ол 40 жыл басқарғанда енді Шығыс Дешті-Қыпшақ Әбілқайыр хандығы (Көшпенді өзбектер ұлысы, Шайбан ұлысы, Өзбек ұлысы) деп атала бастады. (Шәкәрім шежіресіндегі мына жолдарға назар аудара кетелік: «Батудың Мыңтемір деген баласының Тоғрул дегеннің баласы Өзбек хан болды. Мұның хан болғаны 1301 жылы еді. Бұл Өзбек хан мұсылман болып, халқын да мұсылман қылды. Сол мұсылмандық бұзылған жоқ, «дін Өзбектен қалды» деген мақал сол және сол ханның атымен Жошы ұлысы өзбек атанды» [75] ). Осы атаулардың ішінде Әбілқайыр хандығы деген аталым нақты ахуалды неғұрлым бейтараптау ыспаттар еді, өйткені хандық аумағында тек «Орта Азиядағы өзбек халқының болашақ компоненті мағынасындағы» көшпенді өзбектер ғана емес, негізінен «қазақтар, маңғыттар» құраған болатын. Алайда Әбілқайыр хандығын тарихи әдебиетте Өзбек ұлысы деп атауға көндігіп бара жатқандық байқалады. Ал, шынтуайтқа келгенде, әділдік үшін, осы Әбілқайыр хандығы деп аталған ұлысты Әбілқайыр мемлекетіне кірген қазақ тайпаларының ішіндегі «аса ірі этностық топтардың бірінің атауымен», яғни Дешті-Қыпшақтың негізгі мекендеушісі қыпшақтар екенін ескеріп, «Қыпшақ хандығы деп атауға негізі бар еді» [76] . Ақ Орданың экономикалық тұрғыдан аса маңызды аудандары болып табылатын оңтүстік аймақты өзіне бағындырып алудың маңыздылығын, өзінен бұрынғы Барақ-хан тәрізді, Әбілқайыр-хан да ұқты. Бірақ оның олай ойлағаны және тиісінше Сырдария аймағына қарай қозғалуы сол өңір мен Қаратау ауданын мекен етіп жүрген Барақ-ханның ұлы Жәнібек-оғланның мүддесіне қайшы келді. Ол және оның қасындағы Керей-оғлан – Орда-Ежен ұрпағы Орыс-ханның қос шөбересі – Әбілқайыр-ханның қысастығына көнуден бастартты. Түбі бір, арғы аталары Орда-Ежен мен Шайбан бірге туған, Жошы-ханның балалары екеніне қарамастан, олар, ақыры, айрылысып тынды. Жошыдан тараған Орда-Ежен бұтағының қос сұлтаны Жәнібек пен Керей қарамақтарындағы күллі жұртымен Жошыдан тараған Шайбан бұтағының тақта отырған әміршісі Әбілқайыр-ханның қоластынан үдере көшіп кетті. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл тарихи оқиға 1456 жылы болды. Дегенмен, Әбілқайыр хандығындағы осынау екі жарылу мен бөлінудің уақыты тарихи әдебиетте әр түрлі көрсетіледі. Мәселен, шығыс дереккөздерін тауып, аударып, зерттеп, ғылыми айналымға бірінші болып қосқан ағылшын ғалымдары (айталық, Г.Ховарс) аталмыш ханзадалардың бөлініп шығуы 1451 жылы орын алды деп есептейді. А.Чулочников пен Б.Ахмедов бұл оқиға 1455–56 жылдары болды деп санайды. Ұлыстағы келіспеушілік және Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп көшіп кетуі 1450 жылы, тіпті 1465 жылы болды дейтін көзқарастағы авторлар да бар [77] . Ал Шәкәрім Құдайбердиев осы оқиға қарсаңындағы жағдайды: «...Шибан (Шайбан – Б.Қ.) нәсілінен Әбілқайыр хан деген 1452 жылы Қазан ханына да, Қырымға да қарамай, өз алдына Жошы ұлысының күншығыс жағын түгел билеп тұрды. Сонда қазақтың ханы Әз Жәнібек хан еді, Әбілқайырға қарап тұрушы еді. Әз Жәнібектің шын аты Әбусағид (тарихи әдебиетте Абу-Сайид, Бу-Саид деп те жазылады – Б.Қ.) еді. Тоқайтемір нәсілінен Барақ хан баласы еді», – деп баяндай келе, оқиғаның мән-жайы мен өткен уақытын былай деп хабарлайды: «1455 жылы Әз Жәнібек хан немере інісі Шаһгерей хан (Керей хан – Б.Қ.) менен тамам қазақты алып, Әбілқайырға өкпелеп, Шудағы Шағатай нәсілінен Есен Бұғаның баласы Тоқлұқ Темірханға қарады» [78] . С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов «Қазақстан. Үш мыңжылдық жылнамасы» атты өздерінің белгілі еңбегінде сол замандағы тарихи оқиғаларды өзара салғастырып талдай келе: «...Керей мен Жәнібектің көшіп кеткен, дәлірек айтқанда, ұлыс адамдарымен бірге моғол ханы Есен-Бұғаның иелігіне көшіп келген уақытын 864/1459–60 жылдармен белгілеу керек», – деп қорытады [79] . «Қазақстан тарихының» авторлары: «Жәнібек пен Керей... өз төңіректеріне басқа да Жошы әулеті мен соларға тәуелді көшпелі және жартылай көшпелі қазақ далалары тұрғындарының рулық-тайпалық топтарын жинастырып алды да, 1458–1459 жылдары Әбілқайыр хандығынан тысқары, Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне ертіп кетті», – деп жазды [80] . Сонымен, Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан уақыты ретінде түрлі дата аталатынын көрдік. Қайсысы дұрыс? Біз 1456 жыл жағындамыз. Неге? Біріншіден, бұл дата Хайдар Мырзаның шығармасын алғаш аударып, терең талдау жолымен тұңғыш рет Вельяминов-Зернов тарапынан аталды, оны кейінгі орыс тарихшылары да құптап, қайталап келді. 1935 жылы шыққан «Қазақстанның өткені дереккөздер мен материалда» жинағына енген сол мәтінге тағы бір көз жүгіртейік. Онда Дешті-Қыпшақта Әбілқайыр ханның билеп-төстеуінен жошылық сұлтандар қатты қыспақ көрді де, олардың ішінен екеуі Моғолстанға қашты делінген. Ол екеудің аты Жәнібек пен Керей, әрі екеуі де хан деген лауазым тіркеліп берілген. Дешті-Қыпшақта Әбілқайыр ханның билеп-төстеуінің күшейген кезі оның жошылық-орда-ежендік бұтақ ұрпақтары мекендеп жүрген Сыр мен Қаратау өңіріне шүйілген шағына, сөйтіп оларға қысымды күшейткен уағына, соның салдарынан олардың екеуінің Көшпенді өзбек хандығы құзырын тастап кеткен шағына, С. Асфендияров жариялаған мәтінде көрсетілгендей, хижраша – 860, христианша – 1456 жылға сәйкес келеді. Олар Моғолстанның батыс бөлігіне көшіп кеткеннен кейін қыс ауа, 1457 жылы, ойраттар Моғолстанның шығыс бөлігі арқылы Жетісуға өтіп, одан әрі Түркістанға ұмтылды. Сол жорық кезінде қалмақтар ауыр жүктері мен бала-шағаларын жолдағы Шу өзенінің жағасына қалдырып, әскери қосындарымен жеңіл түрде шапшаң қимылмен, Әбілқайыр хан тұрған Сығанаққа беттеді. Әбілқайыр әскерімен қалмақтар Сығанақ қаласы маңындағы Көккесене деген жерде шайқасты. Сол соғыста Әбілқайыр ханның әскері жеңілді. Ұрыс кезінде бірнеше жошылық сұлтан (Бахтияр-сұлтан, Ахмет-сұлтан және басқалар) қаза тапты. Жеңіске жеткен ойрат әскері Сырдарияның ортаңғы ағысындағы қалаларды талан-таражға түсірді. Әбілқайыр хан қалмақтардың әскери қолбасшысы Өз-Темір-тайшымен қорлаушылыққа парапар (қалмаққа кіріптарлығын мойындап, ұлын аманатқа беру секілді) шарттар бойынша келісімге келуге мәжбүр болды [81] . Біздің ойымызша, бұл соғысқа Жәнібек пен Керей қатысқан жоқ. Егер өз дәстүрлі мекендерінде жүрген болса, «жошылық Бахтияр-сұлтан, Ахмет-сұлтан және басқалар» секілді, олардың да отан қорғау ісіне атсалысудан сырт қалуы мүмкін емес еді. Елге шапқыншылық жасап кірген жаулаушы ойраттарға сөзсіз қарсы шығуға тиіс-тін. Демек, олар Әбілқайыр құзырынан Өз-Темір-тайшы бастаған қалмақтар шапқыншылығы басталардан бұрын, 1456 жылы шығып кеткен де, Сыр бойын ойраттар ойрандап жатқанда, Моғолстан аумағынан өздеріне бөліп берілген Шу-Қозыбасы аймағында жаңа мемлекет іргесін қалаумен айналысып жүрген. Әбілқайыр-хан, Әбілғазының айтуынша, жақындарына көл, дұшпандарына шөл болған: «достарын шаттыққа бөлеген, жауларын жылауға мәжбүр еткен» кісі екен. Көне шығыс қолжазбаларының бірі «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар» беттерінен оның авторы Махмұд бин Уәли: «Әбілқайыр-хан Дешті-Қыпшақ еліндегі Жошы ұрпақтарынан бірқатар ханзаданы талқандап, сол қауымды түрлі өлкеге шашыратып жібергенде, осынау ыдырату мен шашырату олардың бірігуі мен топтасуына себеп болды», – дейді. Сондай шашылған қоғамның бірінің – Әбілқайыр-ханның саясатына наразы тайпалар мен рулардың – басында Жәнібек пен Керей тұрды. «Ханмен табысты күрес жүргізуге мүмкіндігі болмағандықтан, олар туған алқабын тастап кетуді қош көрді», – деп жазды «Қазақстан. Үш мыңжылдық жылнамасы» еңбегінің авторлары. Сосын Жәнібек пен Керейдің өздерін тән алатын тайпалар тобын бастап Моғолстанға өткенін айта келе: «Оқиғалардың одан арғы дамуы көрсеткендей, Керей-сұлтан мен Жәнібек-сұлтанның Моғолстан аумағына кетуі – ыңғайлы сәт туғанда Өзбек ұлысындағы билікті басып алуды есепке алған өзіндік бір стратегиялық шегініс болған еді, – дейді олар, – бұл сәттің тууы өзін көп күткізе қойған жоқ» [82] . Хандығының астанасы Сығанақ қаласы түбінде күйрей жеңіліп, қалмақтың намыстандырып-қорландыратын шартына еріксіз мойынсұнған Әбілқайыр хан бірер жылда ес жияды. Содан соң, ақыры, өзінің ойрат шапқыншылығынан күйзелген иеліктерінде тәртіп орнатуға кіріседі. Ішкі жағдайын біршама реттегеннен кейін, құзырынан бөлініп кетіп, «өзбек-қазақ» туымен өз алдына хандық құрған Жәнібек пен Керейді жуасытып алмаққа, Моғолстанға – Жетісуға аттанады. Сол жорық кезінде, 1468 жылы, Дешті-Қыпшақтың азулы билеушісі болған Жошы ханның бір ұлы Шайбаннан тараған әулеттің қырық жыл әмірші тағында отырған өкілі Әбілқайыр-хан қаза табады [83] . Осы оқиғадан кейін Жәнібек пен Керей өз жақтастарымен «Өзбек ұлысына қайта оралып, ондағы жоғарғы билікті басып алады» [84] . Содан бастап Жошы ұрпағының басқа бұтағы – Шайбанның ағасы Орда-Еженнен тарайтын Орыс-хан әулетінің оғландары басқаратын жаңа саяси және мемлекеттік құрылым – Қазақ хандығы – Ұлы Далада іргесін батыл кеңейтіп, кең қанат жаяды. Қазақ мемлекеттілігінің іргесі қаланған дата, тарих сахнасына тұңғыш рет қазақ атын алып шыққан дербес хандық дәуірінің басталған уақыты жайындағы дау-дамай ғылымда күні бүгінге дейін толастаған жоқ. «Қазақстан тарихы» авторлары Қазақ хандығының құрылған уақытын нақтылауда, одан отыз шақты жыл бұрын (1979) жарық көрген «Қазақ ССР» тарихында алынған «1465–1466 жыл» деген мерзімді шүбәсіз қабылдайды [85] . Бұл түсінікті де, себебі «Рашид тарихы» еңбегінің авторы қалдырған мәлімет негізінде, «тарихи әдебиетте 870/1465-66 жж. – Қазақ хандығының негізі қаланған жыл деп есептейтін пікір толығымен қалыптасқан» [86] болатын. Және бұл жыл, «Қазақстан тарихы» авторларының айтуынша, «Моғолстандағы саяси жағдай (Есен-Бұға ханның... өкімет билігі үшін інісі Жүніс ханмен жүргізген күресі, 1462 жылғы оның өлімі... осы кезеңде Моғолстанда өкіметтің мүлдем болмауы) ...қазақ хандары билігінің нығаюына, ...шын мәнінде дербес саяси бірлестік құруларына толық қолайлы» болған. Бұған қосымша, олар сондай-ақ, «Жәнібек пен Керейдің асықпай Әбілқайыр мемлекетінің күйреуін күтуі ешқандай ақылға сыймайтын іс» екенін де атап айтады [87] . Белгілі дәрежеде қисыны бар бұл сөздер Мырза Мұхамед Хайдардың: «Қазақ сұлтандарының басқаруының басы – сегіз жүз жетпісінші жылдан» [88] , – деген мәлімдемесімен сөзсіз келісушіліктің дәлелдері ретінде келтірілген. Алайда Мұхамед Хайдардың өз еңбегінде тарихи жылдарды есте қалған дәңгейде, жобалап қана қойып отырғанын шығыстанушылық әдебиетте академик Бартольдтан бастап талай ғалым атап айтқан болатын. Сондықтан да қазіргі заманғы зерттеушілердің біразы сол дәуір оқиғаларының хронологиясын өзге материалмен салыстырып қарай отырып, Қазақ хандығы 1470-1471 жылдары құрылды деп санайды [89] . Біз бұл анықтаулардың дұрыстығына өз тарапымыздан күмән келтіретінімізді мәлімдейміз. Көне шығыс қолжазбаларының деректері мен соларды негізге алған зерттеулерде айтылған күллі ой-пікірді талдай келе, «Қазақстан тарихы» авторлары біріншіден, «Ақ Орда хандарының билігі іс жүзінде Қазақстан аумағының бір бөлігінде... 1428 ж. Барақ хан қаза тапқаннан кейін де» және «Көшпенді өзбек мемлекеті» делінетін Әбілқайыр хандығы тұсында да үзілмегенін дәлелдей келіп, «Ақ орда да Қазақ мемлекеті болып танылуы керек» [90] деп тұжырады, екіншіден, «XV ғасырдың 50–60 жылдарында Жетісуға көшіп келген қазақ тайпаларының» «бүкіл аймақтың саяси тарихына және бүкіл жергілікті қазақ халқының тағдырына өзгеріс енгізгенін», Қазақ хандығының негізі Батыс Жетісуда қаланғанын атап айтады [91] . Мұхаммед Хайдар қазақ хандарының билігі қай жылы басталғанының анығын «бір Алла жақсы біледі» дейді [92] . Сондықтан да ол ойша атаған 840-шы (1465-66 жж.) жылдың туралығына, оның өзі де дұрысы құдайға ғана мәлім деп отырғанда, шүбәмен қарауға әбден болады. (Жалпы, Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәліметтерін ойланып пайдаланудың артық болмайтыны мынадан да көрінеді: ол Әбілқайырдың «жошылық сұлтандарға қысым көрсеткенін» айтады, алайда осы орайда Әбілқайырдың өзінің де Жошы-хан тегінен екенін ұмытпаған жөн. Әбілқайыр-хан – Жошының Орда-Еженмен бірге туған баласы Шайбанның ұрпағы. Міне сол Шайбанид Әбілқайырдың теріс қарағаны өзі сияқты жалпы жошылық ханзадалар дегеннен гөрі, дұрысында, соның ішінде ордалықтарға – Жошының үлкен ұлы, Шайбанның ағасы Орда-Ежен ханның және содан тарайтын бұтақтағы Орыс-ханның ұрпақтарына қысастық жасап тұрған деген дәлірек болады). Қазақ тарихы үшін аса бағалы дереккөз қызметін атқаратын «Рашид тарихының» авторы Жәнібек пен Керейдің «сол кезде Дешті-Қыпшақта Әбілқайыр билеп-төстеп тұрған» және «Жошы тегінен шыққан сұлтандарға көп жайсыздық келтірген» әрекеті салдарынан Моғолстанға көшіп келген уақытының «моғол әмірлерінің әрқайсысы Есен-Бұға ханнан бөлініп, өздеріне қамал салып алған» шаққа сай келгенін айтады [93] . Осы оқиғалар уақыт жағынан ХV ғасырдың орта тұсында орын алған деп жобалауға болады. Сол шамада Әбілқайыр ұлысындағы билікке наразы қазақ сұлтандары мен өз еліндегі дүрдараздықтан күші әлсіреген моғол ханы арасында келіссөз жүрген болуға керек... Бұл кезде Орыс-хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек Қазақстанның оңтүстік аудандарын билеп тұрған-ды. Олардың екеуін де өздері басқаратын аумақта хан лауазымымен атайтын, оларға кезінде Жәнібектің әкесі Барақ-ханды қолдаған ру-тайпалардың Сыр бойы қалаларымен байланысып жатқан едәуір бөлігі бағынатын-ды. Ал Әбілқайыр Сырдария қалаларын 1446 жылы алған. Демек, осы жылдан Жошы-хан әулетінің екі бұтағы өкілдері арасындағы қарсы тұрушылық өрши түскен деп білу жөн. Хан тағындағы шайбандық Әбілқайырдың құзырына орда-ежендік (ордалық) Керей мен Жәнібек билейтін жекелеген ұлыстар жалпылама алғанда ғана кіретін. Бірақ, Әбілқайыр билікке келген алғашқы жиырма шақты жыл бойы олардың ішіне ене алмаған еді. Өйткені ордалықтар Сыр мен Қаратау өңірі өздеріне Барақ-ханнан мұраға қалғандықтан, жеке-дара иелік етіп жүрген. Сондықтан да, Әбілқайыр-хан Сырдария алабына бет бұрғанда, оның жаппай бәрін билеп-төстеуге кірісуіне Керей мен Жәнібектің көнбеушілігі күшейе түскені түсінікті. Осы озбырлық пен оған көндікпеушіліктің ірге бөлуге, сөйтіп, дербестік аңсаған қазақтардың Шу – Талас (Қозыбасы) алқабына орнығуына ұласуы профессорлар Асфендияров пен Кунтенің редакциялауымен шыққан жинақта 860/1456 жылы болды деп көрсетілетінін [94] тағы бір еске салып, осы жылдың қазақ мемлекетінің тарих сахнасына өз атымен шығуына негіз салғанын нығарлап айтуды жөн көреміз. Жәнібек-ханның сол ұйысу кезеңіндегі даналық әрекеттері оған халық тарапынан үлкен ілтипатпен, аса құрметтейтін сезімді білдіретін әз-Жәнібек деген атақты дарытса керек. Ал ыдыраған Көшпенді өзбек хандығының тағын алып, қазақ мемлекеті мүддесіне қызметке қойған Керей-хан мен одан кейін таққа отырған Керей-ханның ұлы Бұрындық-хан әз-Жәнібектің қазақ хандығының жұрты мен жер-суы ауқымын белгілеген кемеңгерлік жобасын жүзеге асырушылар болды. Бұрындық-хан Сарайшықты астана етіп, ұлан-ғайыр аумақты тұтастыруға зор еңбек етті, сол жолдағы шайқастардың бірінде шейіт болды. Оның көзі тірісінде Самарқандағы әйгілі Шаһ-и-Зинда кешенінде соғылған ана дүниеде жатпақ күмбезіндегі лақат, денесі алыс қырдағы ұрыс даласынан жеткізілмегендіктен, бос күйінде қалды. Ал Бұрындық-ханнан кейін әз-Жәнібектің ұлы Қасым хан болып, қазақ мемлекетінің күш-қуаты мүлдем артты: «оның билігі күллі Дешті-Қыпшаққа жүрді. Оның армиясында (лашкарында) миллионнан астам адам болды.Бұл жұртта Жошы-ханнан кейін одан өткен қуатты әмірші болған жоқ» [95] . Ол дербес мемлекеттік құрылым ретінде Батыс Жетісуда 1456 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының абыройын асқақтата түсті... Қазақ хандығы дербес мемлекеттік құрылым ретінде Батыс Жетісуда шаңырақ көтергеннен құрамына өзге түркі ру-тайпалары тәрізді, Шапырашты руы да кірген. Басқалар сияқты, ол да қазақ туын көтергелі өзін-өзі азаматтық қоғам дәрежесінде басқарып, ортақ елдік шаруаларды атқаруға жалпықазақ ханы құзырында атсалысты... [1] Қазақстан тарихы. 2-том. – Алматы, 2010. – 264–287-бб. [2] Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – Ташкент, 1925; С. Асфендияров. «История Казахстана с древнейших времен». Т.1. – Алма-Ата, 1935; «Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Под ред. проф. С.Д.Асфендиарова и проф. П.А.Кунте. Сб.1 (V в. До н.э.–ХVІІІ в.н.э.). – Алма-Ата, 1935. [3] История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.2. – Алма-Ата, 1979. – 239-б. [4] Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой орды. Т.1. Извлечения из сочинений арабских. – Санкт-Петербург, 1884. – 540–542-бб. [5] История Казахской ССР. Т.2. – Алма-Ата, 1979. – 239–244-бб. [6] Исмагулов О. Население Қазақстана от эпохи бронзы до современности (палеоантропологическое исследование). – Алма-Ата, 1970; Исмагулов О. Этническая геногеография Казахстана (серологические исследования). – Алма-Ата, 1977; Исмагулов О. Этническая антропология Казахстана. Соматологическое исследование. – Алма-Ата, 1982; Исмагулов О., Сихимбаева К. Этническая одонтология Казахстана. – Алма-Ата, 1989. [7] Гинзбург В.В. Краниологические материалы из Северного Казахстана и вопросы происхождения ранних тюркских кочевников//доклады советской делегации на VI Международном конгрессе антропологов и этнографов. – Москва, 1960; Исмагулова А. Краниологические материалы современных казахов Западно-Казахстанской области//Известия НАН РК. Серия общественных наук, 1994, № 1. – Алматы, 1994. [8] История Казахстана. Т.2. – Алматы, 2010. – 279-б. [9] Қазақстан тарихы. 2-т. – Алматы, 2010. – 286-б. [10] Советский энциклопедический словарь. 4-е изд. – Москва, 1986. – 1264-б. [11] http://ru.wikipedia.org/wiki/Средние_века [12] Советский энциклопедический словарь. 4-е изд. – Москва, 1986. – 1264-б.; http://ru.wikipedia.org/wiki/Позднее_Средневековье. [13] История Казахской ССР. Т.2. – Алма-Ата, 1979. – 244-б. [14] Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой орды. Т.1. Извлечения из сочинений арабских. – Санкт-Петербург, 1884. – 235-б. [15] История Казахской ССР. Т.2. – А.-А., 1979. – 244–247-бб. [16] Востров В. В., Муканов М. С. Родо-племенной состав и расселение казахов (конец ХІХ – начало ХХ вв.) – А.-А., 1968. – 15-б. [17] Казахские жузы//История Казахской ССР. Т.2. – А.-А., 1979. – 248-б. [18] Аманжолов С. А. Вопросы диалектолотии и истории казахского языка. – А.-А., 1959. – 112–113-бб. [19] Адильгереев X. М. К истории образования казахского народа//Вестник АН КазССР, 1951, №1. – А.-А., 1951. – 85–86-бб. [20] Вельяминов-Зернов В. В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. Ч. 2 – Санкт-Петербург, 1864. – 382–383-бб.; Красовский М. Материалы для географии и статистики России, Область сибирских киргизов. Ч. 2 – Санкт-Петербург, 1868; История Казахской ССР. Т.2. – А.-А., 1979. – 248-б. [21] Қазақ жүздері. Этникалық аумақ//Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 308–309-бб. [22] Казахские жузы. Этническая территория//История Казахстана, т.2. – А., 2010. – 301-б. [23] Вяткин М. П. Очерки по истории Казахской ССР. С древнейших времен до 1870 г. Т. 1. – Москва, 1941. – 99-б.; История Казахской ССР. Т.2. – А.-А., 1979. – 249-б. [24] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 309-б. [25] Материалы по истории казахских ханств ХV–XVIII веков. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Сост.: С.К.Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин. – А.-А., 1969. – 242–243-бб. [26] Из истории казахов. – А., 1999. – 372–373-бб. [27] Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-т. – А., 1999. – 540-б. [28] Из истории казахов. Сборник. – А., 1999. – 363-б. [29] Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІV– начале XVI веков. Вопросы политической и социально-экономической истории. – А.-А., 1977; История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 303-б.; Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 310-б. [30] История Казахской ССР. 2-т. – А.-А., 1979. – 252-б. [31] Қазақ ССР тарихы. 2-т. – А., 1983. – 262-б. [32] Советский энциклопедический словарь. 4-е изд. – Москва, 1986. – 206-б. [33] Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-т. – А., 1999. – 557-б. [34] Вельяминов-Зернов В. В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. Ч. 2 – Санкт-Петербург, 1864. [35] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 225–226-бб. [36] Из книги «Тарих-и Рашиди» Мирза Мухаммад Хайдара. Рашидова история//Из истории казахов. Сб.. – А., 1999. – 19–23-бб. [37] Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник І (V в. До н.э. – XVІІІ в.н.э.). Под редакцией проф. С.Д.Асфендиярова и проф. П.А. Кунте. 2-е изд. – А., 1997. – 114-б. [38] Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – Астана, 2006. – 121-б. [39] Мирза Мухаммад Хайдар. Рашидова история. Дафтар ІІ. Описание Могулистана и его границ//Из истории казахов. Сборник. – А., 1999. – 55–56-бб. [40] Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі//Шәкәрім. ІІ т. – А., 2007. – 123–212-бб. [41] Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – Астана, 2006. – 121-б. [42] Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник І (V в. До н.э. – XVІІІ в.н.э.). Под редакцией проф. С.Д.Асфендиярова и проф. П.А. Кунте. 2-е изд. – А., 1997. – 114-б. [43] Окончание первого дафтара «Тарих-и Рашиди»//Из истории казахов. Сб.. – А., 1999. – 53-б. [44] Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник І (V в. до н.э. – XVІІІ в.н.э.). Под редакцией проф. С.Д.Асфендиярова и проф. П.А. Кунте. 2-е изд. – А., 1997. – 116-б. [45] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 325-б. [46] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 326-б. [47] Шәкәрім. ІІ-т. – А., 2007. – 140-б. [48] Начало казахской государственности// Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 215–240-бб.; История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 312–319-бб. [49] Рашидова история. Дафтар І. Повествование о противодействии эмиров Исан-Буга-хану и о том, что произошло в те дни//Из истории казахов. Сб. – А., 1999. – 28–29-бб. [50] История Казахстана. 2-т. – А., 2010. – 146-б. [51] Шәкәрім. ІІ-т. – А., 2007. – 138-б. [52] История Казахстана. 2-т. – А., 2010. – 147-б. [53] Из истории казахов. Сборник. – А., 1999. – 28–29-бб. [54] История Казахстана. 2-т. – А., 2010. – 147-б. [55] Из истории казахов. Сборник. – А., 1999. – 28–29-бб. [56] Шәкәрім. ІІ-т. – Алматы, 2007. – 140-б. [57] Из истории казахов. – А., 1999. – 32-б. [58] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 158-б.; История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 152-б. [59] Прошлое Казахстана в источниках и материалах. – А., 1997. – 116-б. [60] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 184-б. [61] Жақыпов Е. Жошы//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 4-т. – А., 2002. – 43-б. [62] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 185-б.; Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 237-б. [63] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 81-б. [64] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 187-б. [65] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 188–189-бб. [66] Қазақстан. Ұлттық энциколпедия. 7-т. – А., 2005. – 174-б. [67] Қазақстан. Ұлттық энциколпедия. 6-т. – А., 2004. – 577-б [68] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 190-б. [69] История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 103–104; Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 108–109. [70] Өскенбай Қ. Орыс хан//Қазақстан. Ұлттық энциколпедия. 7-т. – А., 2005. – 211-б. [71] Қазақстан. Ұлттық энциколпедия. 4-т. – А., 2002. – 538-б. [72] Шәкәрім. ІІ том. – А., 2007. – 147-б. [73] История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 538-б.; Кәрібаев Б. Барақ хан//Қазақстан. Ұлттық энциколпедия. 2-т. – А., 1999. – 147-б. [74] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 137-б.; История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 132-б.; [75] Шәкәрім. Шығармалары. Екі томдық. ІІ том. – А., 2007. – 142-б. [76] История Казахстана. Т.2. – А., 2010. – 153-б.; [77] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 233-б. [78] Қазақтың қайдан шыққаны//Шәкәрім. ІІ том. – А., 2007. – 143-б. [79] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 233-б. [80] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 332–333-бб. [81] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 147–148-бб. [82] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 234-б. [83] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 158-б. [84] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 238-б. [85] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 337-б. [86] Султанов Т. Поднятые на белай кошме. Ханы казахских степей. – Астана, 2006. – 126-б. [87] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 343-б. [88] Из книги «Тарих-и Рашиди» Мирза Мухаммад Хайдара//Из истории казахов. – А., 1999. – 29-б. [89] Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – А.-А., 1992. – 240-б.; Султанов Т. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. – Астана, 2006. – 128-б. [90] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 339-б. [91] Қазақстан тарихы. 2-т. – А., 2010. – 341–342-бб. [92] Из истории казахов. – А., 1999. – 29-б. [93] Из историии казахов. – А., 1999. – 29-б. [94] Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Под ред. проф. С.Д. Асфендиярова и проф. П.А.Кунте. 2-изд. – А., 1997. – 116-б. [95] Из истории казахов. – А., 1999. – 29–30-бб. Бейбіт Қойшыбаев («Рух-Сарай», 5-том, «ҚазАқпарат» баспасы, 2012 ж.) Жалғасы бар... Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_148624.txt | Ресейге санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді | https://abai.kz/post/148624 | "Ресейге санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді" | "https://abai.kz/post/148624" | 11.03.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Ресейге санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді
URL: https://abai.kz/post/148624
META: "Ресейге санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді" | "https://abai.kz/post/148624"
DATE: 11.03.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 206
TEXT: Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресейге салынған санкция Қазақстанның мұнайына әсер етпейді деді. "Қазір Қазақстан мұнайына ешқандай санкция салынған жоқ, Ресей арқылы мұнай тасымалдауға да санкция жоқ. АҚШ кеше Ресей мұнайын сатып алудан бас тартты, бірақ бұл жағдайда Қазақстан үшін бастысы бұрынғыдай жұмысын жалғастыра беру" деді министр 10 наурызда үкімет кулуарында журналистерге. Ақшолақов Ресей арқылы өтетін мұнай құбырларына, Қазақстан мұнайына ешқандай санкция жоқ деп мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл Қазақстан мұнай экспортын азайтпайды, жыл бойы 87,5 млн тонна мұнай өндіру жоспары орындалады. Министр Қазақстан мұнайын экспорттау үшін "басқа да маршруттар қарастырылып жатқанын" айтып, Қытай мен Еуропаны атады. "Қазірге санкция салынған жоқ, сондықтан мұнайдың белгілі бір мөлшерін басқа құбыр арқылы жіберу жоспары жоқ. Қалыпты жағдайда жұмыс істеп мұнайды "Каспий құбыр желісі консорциумы" арқылы, Атырау – Самара арқылы жібере береміз" деді Ақшолақов. "Каспий құбыр желісі консорциумы" арқылы әлемдік нарыққа күніне 1,2 миллион баррель мұнай шығарылады, бұл әлемдік мұнай тасымалының 1,2 пайызын құрайды. Қазақстаннан шығатын мұнайларды Chevron, Exxon Mobil, Eni және Shell компаниялары өндіреді. Кейінгі күндері "Каспий құбыр желісі консорциумы" Ресей санкциясынан зардап шеге бастады, себебі сатып алушылар бұл құбыр арқылы өткен мұнай Ресейдегі мұнай сортымен араласатынын айтады. Ресей Украинаға соғыс ашқан соң Батыс елдері Мәскеуге санкцияны күшейтіп, АҚШ пен Ұлыбритания Ресей мұнайы мен газы сатып алудан бас тартты. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_92073.txt | Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды | https://abai.kz/post/92073 | "Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды" | "https://abai.kz/post/92073" | 04.06.2019 | Abai.kz | null | TITLE: Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды
URL: https://abai.kz/post/92073
META: "Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды" | "https://abai.kz/post/92073"
DATE: 04.06.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 103
TEXT: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды. Мемлекет басшысы «Болашақ» зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көрді. Қазақстан Президентіне мұнай-газ саласының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына мұнай өңдеудің және тұрақтандырудың, сұйылтылған газды мұнайдан ажыратудың және тазалаудың, табиғи күкіртті өндірудің және оны сақтау мен тасымалдаудың технологиялық үдерістері таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс орнының Атырау қаласынан алыс емесін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Қазақстан Президенті кәсіпорын ұжымын тәулігіне 370 мың баррель мұнай өңдеп, рекорд жаңартуымен құттықтады және мұнайшыларға табыс, бақ-береке тіледі. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_189885.txt | Руханият – білім бұлағы... | https://abai.kz/post/189885 | "Руханият – білім бұлағы..." | "https://abai.kz/post/189885" | 30.10.2024 | Бақытгүл Қасенова | null | TITLE: Руханият – білім бұлағы...
URL: https://abai.kz/post/189885
META: "Руханият – білім бұлағы..." | "https://abai.kz/post/189885"
DATE: 30.10.2024
AUTHOR(s): Бақытгүл Қасенова
TOTAL WORDS: 669
TEXT: ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілгені аян. Осы мерекеге орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру мақсатында 29-қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Д. Рақышев атындағы филормониясының ғимаратында «Кітапханашы-мәртебелі мамандық» тақырыбында кітапханашылар күні мерекесі аталып өтілді. «Кітап-кітапхана-кітапханашы» тамыры бір бәйтеректен таралғандай бұл үш сөзде үлкен рухани мән жатыр. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтің өзі «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», - деп кітапханаға баға берді. Бұл игі шараға бүгінгі жаһандану дәуірінде оқырман мен қазыналы кітаптың алтын көпіріндей болып, руханият үшін теңізге тамған тамшыдай үлес қосып келе жатқан барша зиялы қауым, кітапханашылар бас қосты. Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзін алған Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов халық игілігі жолындағы ұлттық рухани құндылықтарды сақтап дәріптеуде және мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарға қолжетімді ету мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларды құттықтап ізгі тілегін білдірді. Мерекеде кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Сағатхан Дүйсенбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Феруза Тохтасунова мен Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Бағлан Нурумоваға «Құрмет» грамотасы берілсе,«Алғыс» хатымен Ақсу аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Абдрахманова Бакытгулге табысталды. Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес әр түрлі байқау қортындысының номинация жеңімпаздары «Көшбасшы кітапхана-2024» Ақсу аудандық кітапханасы болса, «Үздік ардагер кітапханашы» Панфилов аудандық кітапхнасының кітапханашысы Кудайкулова Шикер, «Үздік жас кітапханашы» Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Бекбатыр Мәлика,«Үздік балаларға арналған жоба» бойынша Талдықорған қалалық балалар кітапханасы, «Үздік жыл әдіскері» Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Илимахунова Кенжехан,«Үздік ІТ маманы» Көксу аудандық кітапханасының бағдарламашысы Караулов Мақсат, «Үздік библиограф» Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Тұрсынқызы Гүлшат сахна төріне көтеріліп, ақшалай және арнайы статуэтка табысталды. Жетісу облысы әкімінің мереке қарсаңында кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, көп жыл осы салада еңбек етіп жүрген Кербұлақ аудандық кітапханасы директордың орынбасары Мұйтунова Тұрсынкүлге, Жаркент қалалық кітапханасының кітапханашысы Кайракова Саулеге «Құрмет»грамотасы және Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашы Нусипова Жадыраға және Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі Усабаева Нұрқайратқа «Алғыс» хаты тапсырылды. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқаратындығын,кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да кітапханашылар бүгінгі қоғамға ең қажет мамандық иесі болып табылатындығын айта келе Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Қуаныш Сұлтанұлы өз атынан «Құрмет» грамотасы» мен «Алғыс» хаттарымен 7 қызметкерді марапаттады. Кітапханашы мамандар өздерінің күнделікті тыңғылықты еңбегімен шектеусіз ақпаратқа, әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, адамзаттың даналығы мен біліміне кең қол жетімділікті қамтамасыз етеді, оқырмандарды таңғажайып мәдениет әлеміне жетелейді, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосады. Сондықтан да, кітапханашы мамандар әрқашанда киелі орданың мәртебелі иесі болып қала бермек. Осындай мәртебелі мамандық иелері облыстық кітапхана қызметкері Ешенова Галия мен Мамбетова Бақытгуль ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» мен «Кітапхана ісінің үздігі»төсбелгісін кеудесіне тақты. Қазақстандық кітапханалық одағының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін, «Құрмет»грамотасы мен «Алғыс» хатын облыс, аудан, ауыл кітапханаларының кітапханашыларына табыстады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан кәсіподақ ұйымының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Сәуле Құрмашқызы Ахмадиевада қоғамдық өмірде кәсіподақтың алатын роліне, кітапханашы, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығына тоқтала келе «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ақсу аудандық кітапханасының директордың орынбасары Сулейменова Шолпан мен Алакөл ауданы, Жайпақ ауылдық кітапхана кітапханашысы Бурганбаева Жанилханның кеудесіне тағылды. Мерекелік шараға арнайы шақырылған мемлекет және қоғам қайраткері қаламгер Наурыз Қылышбаев ғылыми жәнe aғapтyшылық қызмeті жолында хaлықты мәдeни тәpбиeлeу, рухты ұрпақ өсіруге ықпал етіп, отанымыздың бай, әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дамытудағы еселі еңбектері үшін шынайы алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Іс-шара соңы Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің кітапханашы мамандарға арнайы мерекелік концертін ұсынды. Көркем ой құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, руханият игілігі жолында ұлағатты іс тындырып келе жатқан кітапханашылардың еңбектеріне шығармашылық табыс, орасан зор еңбектеріңізге тамаша бастамалар тілейміз! Бақытгүл Қасенова Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының кітапханашысы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_180444.txt | Әдеби талдау: Кір шалған танымдар, тапталған үміттер | https://abai.kz/post/180444 | "Әдеби талдау: Кір шалған танымдар, тапталған үміттер" | "https://abai.kz/post/180444" | 26.02.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Әдеби талдау: Кір шалған танымдар, тапталған үміттер
URL: https://abai.kz/post/180444
META: "Әдеби талдау: Кір шалған танымдар, тапталған үміттер" | "https://abai.kz/post/180444"
DATE: 26.02.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 1013
TEXT: Шоқанхан Құттыбаевтың екі әңгімесі: «Мезгілсіз хабар» және «Жат болған перзент» Адамдар өз сенімдері үшін әрдайым азап шексе, қаламгер жазғаны үшін азап шегетін дәуірді артқа тастағанымызға да 30 жылдан асыпты. Бұл жерде КСРО-дағы ұлттық республикалардағы әдебиетшілердің тағдырына оқырман назарын аударғымыз келеді. Кеңес жазушылары одағы құрылғаннан кейін әдебиет мемлекеттік тетіктің маңызды бөлігіне айналды. Оның мақсаты халықты жаңа социалистік рухта тәрбиелеу болып табылып, қаламгерлерге зорлықпен өткенін жамандап, бүгінгіні асқақтап жазуды талап етті. Л. С. Соболев: «Партия мен үкімет кеңес жазушысына бәрін берді. Олар одан тек бір нәрсені - жазу құқығын ғана алып қойды», - деді КСРО жазушылардың бірінші съезінде. Қызыл империя өзі дұрыс деп санаған әдебиетті жақсы деп атап, оған барлық артықшылықтар мен жеңілдіктер бере бастады. Бір кездері Замятин айтқан еретиктер мен ақымақтардың орнына кеңес дәуірінде түрлі әлеуметтік тапсырыстарды тыңдап орындайтын көптеген «атқарушы сенімді шенеуніктер» келді (Ю.К.Олеша көптің қолынан алған «адам жан инженерлері» деген метафора ойлап тапты). «Қажетті» тақырыпқа жазған жазушылар қуатты мемлекеттік қолдауға ие болуда. Кеңес мемлекеті бұрын-соңды болмаған ауқымда әдеби меценаттардың атқарған рөлін өз мойына алды. КСРО басшылығы сызып берген жолдан тайғандар әдебиет майданынан аластатылды. Әдебиеттегі «Мәңгілік тақырыптар» біздің ұлттық әдебиетімізді де айналып өтпейді. «Мәңгілік тақырыптар» деп өз өзектілігін жоғалтпай, бір шығармадан екіншісіне ауысатын тақырыптар аталады. Өйткені олар жалпыадамзаттық маңызға ие. Олар оқырманды әрдайым қызықтырады, бірақ әр түрлі дәуірдегі адамдар бұл тақырыпқа басқа тарихи уақытқа қарағанда өз дәуірімен үндесетін өгеше мағынаны қосақтайды. Бұрыннан бар тақырып уақыттың мәдени ерекшеліктеріне байланысты қаламгерлер тарапынан жаңаша қырынан жұрт назарына ұсынылатын болады. Солай болса да, өзінің түпкі терең мағынасын сақтап қала береді. Неліктен «мәңгілік тақырыптар» бар? Бәлкім, кейбір сұрақтарға нақты жауап болмағандықтан және оларды әр жағынан ашуға болатындықтан шығар. Әрине, бұл махаббат, жақсылық пен жамандықтың, өмірдің мағынасы мен сенімнің кең тақырыптары болады. Міне осының бәрі қойындасып, «Кір шалған танымдар, тапталған үміттердің» төл әдебиетімізде төбе көрсетуіне қатысты ой толғайтын болсақ, есімізге Шоқанхан Құттыбаев түседі. Шоқанхан Құттыбаев ұлт руханиятының кемел келешегі үшін еңбектеніп жүрген азаматтардың бірі. Қазір ұлттық прозамызда «кішкентай адамдар» трагедиясына арналған әңгімелер жастар тарапынан кең ауқымды шығармашылықпен игеріле бастады. Тап осы тақырыпты игеруде Қуат Қиықбай, Қанат Әбілқайыр, Есболат Айдабосын, Әлішер Рахат, Ерғали Бақаш, Қанат Тілеухан т.б. жастар прозадан өз бағын сынай бастады. Осыдан 23 жыл бұрын әдебиет абызы Дидахмет Әшімхан ойын одан әрі өрбітсек: «...Менің байқағаным, қазір жастарға газеттен орын тие бермейді. Анда-санда бір шығарма жарияланады, оның өзі есте қалмайды. Әділбек пен Дидар осы өнердің соңына түсті, сондықтан да өздерін мойындатты». Біздің әңгімемізде әдебиет айдында, проза аламанында өзін мойындатқан жас қаламгер турасында болып отыр. Жақында қолымызға Шоқанхан Құттыбаевтың екі әңгімесін («Мезгілсіз хабар» және «Жат болған перзент») көзіміз шалып қалып, оқып шығып едік. «Жат болған перзент» шығармасы туралы Е.Молдасановтың: «...Қоғамдағы ең өзекті ойды қозғап, жастарға, қоғамға ойтүрткі болардай ой қалдырыпсың...» деген пікірі Шоқанханның қалам қабілетіне берілген баға деп айтуға болады. Аталған автордың екінші әңгімесі «Жат болған перзент» жоғарыда біз сөз еткен сауалға қаламгердің берген өзінше берген жауабы деп ұғынуымыз керек. Бас кейіпкерін жазушы оқырманына былайша таныстырады: «Зиягүлдің қызын қызғыштай қоритын жөні де бар. Өзінің отасқан өмірлік жарынан қапыда айырылғанда осы кішкентай бүлдіршіні соңғы үміті мен жалғыз көз қуанышы болды. Жастай жесір қалса да, кішкентай періштенің тәтті қылығы оны бұл азаптан лезде айықтырған еді». Алданған ана үміті өзбек болған шығарма бәрімізге ой салып, аралас некеге қатысты қазақи жынымызды ұстады. Жат болған Жанар тағдыры санамызға өз сәулесін түсіреді. «Оқуының бір жарым жылын артқа тастағанда Жанар кітапханада Ливия ұлтының азаматымен танысты. Басында бұл таныстықтан жүрексінсе де, араға уақыт сала Хасан атты жігіт Жанарға ұнай бастады. Ол өте кішпейіл, тіпті оның бойындағы парасаттылық қазақ жігіттерінде кездеспегендей, Жанардың тәкаппар көңілі әп-сәтте оған иіп сала берді. Күндегісін сағыныштан тоят алатын ана мен бала арасындағы жиі қоңырау сұхбатын тартымды жігіттің таныстығы сирете түсті. Оны Зиягүлдің ана жүрегі байқаса да, қызым қалаға үйренейін деген шығар деген үміт нұры дүдамал көңілді сейлткендей еді. Жанар мен Хасанның алғашқы таныстығы лаулаған махаббатқа ұласты. Ал-қызыл гүлдер, көздің жауын аларлық қымбат сыйлықтар мен тәттіге толы дастархан Жанардың өмірін басқа арнаға бұрып жібергендей. Тіпті басында өзі жасқанып, жатырқай қарайтын қаланың әр-бір ғимаратының өзі бұған ғашықтық көзқараспен қарайтындай сезімде болды. Жанардың санасында еріксіз шомылған бақыт күннен-күнге оны өз әлеміне жетелей берді. Бірінен-бірі өзгеше басталатын әсерлі кештер Жанарды Хасанға ынтықтыра түсті. Оған жан-тәнімен арбалғаны сонша онсыз бір минутта тұра алмайтын халге жетті. Кезінде Алматының жігіттеріне арман болған оның әппақ саусақтары мен талдырмаш белі өзін арбаған жыланның тұрақты мекеніне айналды». Қаламгер өзінің стилінің қалыптасқанын «Кезінде Алматының жігіттеріне арман болған оның әппақ саусақтары мен талдырмаш белі өзін арбаған жыланның тұрақты мекеніне айналды» деген емеуірінімен ұқтырып, қазақ сұлуларының жаттың қойнын жылтып, өзге ұлттың санын көбейтуге қосып жатқан үлесімен жүрегімізді ауыртып, санамызға ауыр жүк артады. Қазақ еліне алатайдай бүлік салудың бір пәлекеті өз дәстүрімен қадымдай дамып, тыныш жатқан ұлтты тоқырау ұшыратып жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салатын эмиссарлардың бейнесі Хасан арқылы тамаша суреттеледі. Жанардың дін жолында адасуын автор былайша суреттейді: «Әуелде ислам дінінің таралуына бар ғұмырын арнаған әулие-сахабалардың ілім-білімдерімен Жанардың жүрегіне жол тапқан Хасан оны бірте-бірте басқа арнаға бұра бастады. Жанар ғашығының ұсынған кітаптарын оқи-оқи бұл өмірдің алдамшы, шын өмір басқа жақта деген насихат сөздерге арбалып қалды. Санаулы айлар өтпей жатып өзімен бірге оқитын құрбыларына да жиркене қарап, бөлектеніп, тұйықталып кетті. Тіпті оқу жылы аяқталмай жатып, бұл оқуының өзі мәнсіз деген көзқарасқа тоқтады. Хасаннан басқаның айтқаны құлағына түрпідей тиген ол айналасы 2-3 айдың ішінде бөтен адамға айналып кетті. Ендігі жерде Хасанға ол сүйген жігіті емес, өзінің қожайыны ретінде қарайтын болды. Өйткені оның рұқсатынсыз жалғыз анасымен де сөйлесуді қойды». Және осы шағын әңгіме «– Мама, өзіңнің адасқаныңмен қоймай, мені де шатыстырмашы. Ата-бабамыз білімсіздігінен шығар солай жасағаны. – Сонда мына істегенің оқығандығың ғой. Көргенсіз. Анаңды құрметтемеген адам саған жар болып та оңбас, – деп анасы қаттырақ сөйлеп қызын жөнге салмаққа бекіді. Сол-ақ екен: – Болды, жетер. Қысқартыңыз. Хасан дұрыс айтқан екен, адасқан адаммен тіл табысудың қажеті жоқ деп. Ол мені шынайы өмірге баулыған өмірлік жолдасым. Ал Сіз мен үшін ешкім емессіз, – деп анасына ауыр сөздермен тіл тигізген Жанар есікті тарс еткізіп жапты» деп трагедиялық қалыпта аяқталады. Ұлттық дүниетанымыздың есікті тарс жабушы қазақ аруларының қарабет образы осылайша асқан шеберлікпен суреттеледі. Автор өз әңгімелерінде отбасылық және діни азғындану проблемаларын шеберлікпен ұлт оқырманына ұсына білуімен қуантады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_59841.txt | Ол менің анам емес... | https://abai.kz/post/59841 | "Ол менің анам емес..." | "https://abai.kz/post/59841" | 30.09.2017 | Айнұр Әбдірәсілқызы | null | TITLE: Ол менің анам емес...
URL: https://abai.kz/post/59841
META: "Ол менің анам емес..." | "https://abai.kz/post/59841"
DATE: 30.09.2017
AUTHOR(s): Айнұр Әбдірәсілқызы
TOTAL WORDS: 1376
TEXT: Әдеттегідей түн қараңғылығы түрілмей орнынан тұрып, елең-алаңда әуежайға жеткен. Тіркеуден өтіп, күту залына келгенде таң енді ғана сібірлеп ата бастап еді. Өмірі азаматтарша ат үстінде өтіп келе жатқан Айсәуле мұндай тағдырға көндіккелі қашан... Ұшаққа кіріп келе жатып, оң жақ екінші қатардағы орамалды егделеу әйелге көзі түскен. Таныс жүз көзіне жылыұшырағандай болды. Мынау Күнзила апа емес пе?! Амандаспаққа ұмсына беріп, әйелдің үстіндегі қара көйлекке көзі түскенде, жүрегіне кенет шаншу қадалғандай кілт тоқтады. Жадында жаңғырып, санасын тіліп өткен шар еткен дауыс еді шаншудай қадалған: «Ол менің анам емес!». Көзі тұманданып кетсе де, өзін әрең ұстап, орнына қарай жылжыды. Жаңғырық дауыс ойынан кетер емес: «Ол менің анам емес!»... Сол бір сәт көз алдына қайта-қайта елестеп, жол бойы жанарына жас келе берді. * * * АҚШ-та тұратын қазақ қариялары. Суреттің очерктегі кейіпкерлерге тікелей қатысы жоқ екендігін ескертеміз Бұл осыдан екі жыл бұрын болған еді. Шалғай түкпірдегі ауданда іссапарда жүрген Айсәуле мұндай оқиғаға куә боламын деп ойламаған. Әдеттегідей ел аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген. Кезекті бір жиыннан кейін Айсәулеге қабағына кірбің ұялаған қартаң әйел жақын келді. − Қызым, саған айтайын деген сөзім бар еді... Кібіртіктеп тұрған ананың оңаша сөйлескісі келгенін сезіп, Айсәуле көпшіліктен оқшаулана берді. − Айтқаныңның бәрі көңіліме қонды, қарағым. Ел ішін жайлаған бір дерт болды ғой бұл дінбұзарлар. Көзімнің ағы мен қарасындай жалғыз қызым бар еді. Осыларға еріп... Ана көзінің жасын сүртті. − Өзі де бағы ашылмай, отасқан жерінен қайтып келіп еді. Алты жасар қызы менің қолымда өсіп келеді. Қамкөңіл ғой деп, қызымды бетінен қақпай, қалаға жібердім. Азын-аулақ оқуымен жап-жақсы жұмыс істеп жүрген. Біраздан бері елге соқпай кетіп еді. Жұмыс бабымен жүр ғой деп мән бермегенмін. Жақында ғана қалаға барғанда көрдім. Қара жамылып... адам танығысыз өзгеріпті. Өз қызымды өзім танымай қалдым. Бауырың суып кеткендей бір жаман күй кешеді екенсің... Сөзіме құлақ аспады. Бездеңдеп, сөзуар болып алыпты. Бәріне мені кінәлап шыға келетін әдет тауыпты... Ана біраз солқылдап жылап алды. Аздап шері тарқағандай болып, қайта сөзін жалғады. − Сол қызым бүгін келетін еді, қарағым. Түс ауа қылаң беріп қалса керек. Ертең қайтамын дегеніңді естіген соң келіп тұрмын. Сөзің сай-сүйегімізді сырқыратты ғой, бір ауыз сөйлесіп кетші қызыммен. Бәлкім беті бері қарап қалар... Тұрғын жайларды біраз аралаған Айсәуле қасындағы жолдастарымен уәделі жайға бесін ауа жеткен. Бұлар аулаға кіргенде қуыршағын бұлғаңдатып ойнап жүрген бес-алты жасар сүп-сүйкімді қыз бала жалт қарап, сәл аңтарылып тұрды да, кенет не істеу керегі есіне түскендей: − Сәлеметсіз бе! − деді еркелей, соза сөйлеп. Содан кейін өз қылығынан өзі ұялғандай жүгіре басып, үйге қарай жөнелді. Табалдырықтан тапыр-тұпыр аттап барады. Қарсы алдынан есікті аша берген апасын құшақтай алып, әлденені асыға сыбырлады да, ішке кіріп кетті. Ана жымиып, бұларға қарай жүрді: − Келіп қалдыңдар ма, қарақтарым? Әлгі қыз кешігіп жатыр, неге екенін... Жүріңдер, үйге кіріңдер... Айтып ауыз жиғанша болмай, есік алдына жеңіл машина келіп тоқтады. Ашық тұрған қақпаға бәрі бірдей бұрылған. Қақпадан қара киімді келіншек кіріп келе жатты. Қолына ұстаған бумалары бар, өзі тұмшаланып алған. Ыстық күн, шаңдақ жол әбігерге салса керек, қабағы кіржиіңкі. Жер сүйреткен етегі аулаға біраз қоқысты ала кірді, ұсақ тікендер де жабысып қалыпты. Қақпа алдында қау тікен өсіп тұрған-ды, желмен желбіреген етек соған тиіп кеткен тәрізді. Келіншек бұларға тұнжырай қарап, ерін ұшымен сәлемдесті де, үйге қарай өте берді. Баспалдақтың алдында тұрған анасымен де салқын амандасып, сәл кідірді. Анасы бір нәрселерді сыбырлаған соң, келіншек артына бұрылып, бұларға жақындады. Сол сәтте есік айқара ашылып, үйден қыздың жүгіріп шыға келгені. Машинаның тоқтаған даусын естіп шыққан болса керек. Баспалдақпен тапырлай түсіп келе жатқан қыз бала бастапқыда ештеңені аңдай қойған жоқ. – Байқа, қызым, құлап қалма! − деп алдынан қолын жая берген апасына қарамай, қарсыға бір-ақ аттаған қыз кенет қара киінген әйелді көріп, шар ете қалды. Жалт бұрылып, апасының құшағына кірді де кетті. Еңірей жылап, артына қарағыштап, апасының құшағынан сытылып шығып, артына тығылуға жанталасуда. − Қызым-ай, қорықпа, не болды сонша шошып? Қорықпа! Анаң ғой ол! − деп апасы қызды қайта-қайта құшақтап, маңдайынан иіскеп, жұбатуға тырысып жатыр. «Анаң ғой!» дегенді естігенде кішкентай қыз бір сәтке есін жиғандай, шошына әрі аңтарыла артына бұрылған. Келіншек бірер қадам алға басқаны сол еді, қыз тағы да шар ете қалып, апасының қолынан жұлқынып шығып, үйге жанұшыра жүгірді: − Ол менің анам емес! Ол менің анам емес! Шырқырай жылаған қыздың сол даусы Айсәуленің құлағында біржола қалып қойды... * * * ...Ұшақ Атырауға келіп қонды. Бұлар жиын өтетін жерге де жеткен. Таныс зал, бейтаныс жүздер. Осыдан небәрі үш жыл бұрын осы залда Ақ Жайықтың бойын дүр сілкіндірген дүбірлі жиын өткен-ді. Тыңдағанның таңдайын қақтырған, көрген де арманда, көрмеген де арманда болған сол жиын жайлы Атырау тұрғындары талайға дейін тамсана айтып жүргенін естіген-ді Айсәуле. Сол жиында «Қыз Жібек» клубының тұсауы кесілген болатын. Әлі есінде, алдыңғы қатарда абыз ақсақалдар, олардың соңын ала бере қарқарадай болып, ақ кимешекті аналар тізіліп отырған еді. Осы елдің зиялы қауымы, жақсы мен жайсаңы, өндірдей жастары, қызғалдақтай қыздары молынан жиналып, келелі кеңес құрған бір ғажайып сәт болып еді. Самғау шақ... Қанатталды күй... Ал бүгін... Айсәуле көшкен елдің жұртына келгендей хәл кешті. Күйі кетіп, киесі ұшқан мына залға қарап тұрып, аңырап бір жылағысы келді. Залдың алдыңғы қатарынан осы елдің азын-аулақ тізгін ұстарлары орын алыпты. Олардың өзі Абай айтқан «заманақыр жастары»: бір-бірімен басы қосылмай, тарыдай шашыла қалған. Залдың дені студент жастар. Кең залдың әр жерінен бір егде жастағы әйелдер байқалады. Орта буын өкілдері де сиректеу. Ақ жаулықты аналардың орны үңірейіп тұр... Жоқ, үңірейген орын залда емес, жүректе еді. Үш сағатқа созылған алқалы жиынның қақ төрінде отырып, Айсәуле сол қуысты толтыра алмады. Залда жаулықтылар жоқ емес еді, бірақ олар... басқа болатын... Орамалдарын алқымынан ала буынып, көлкілдеген кең көйлектерінің етегіне шалыныса жаздап, залға жап-жас қыздар бірінен соң бірі келіп жайғасып жатты... Мөлдіреген жастар... Жо-жоқ, оларға енді «мөлдіреген» деген теңеуді қолдану артық болар... Уыздай жас болса да, мына ерсі киіністері не қыз екенін, не әйел екенін ажыраттырмас еді. Сол көлкілдеген қара көйлектінің бірі президиумға Айсәуленің жанына жайғасты. Әңгіме ұлттық құндылықтар жайында еді. Айсәуледен кейін сөз алған көлбең қара киімді әйел де дәстүрлі құндылықтар жайлы сөз қозғады... Иә-ә-ә... Ақырзаманның жақындағаны осы шығар... «Би жоқта құл жүреді жораларға, Ит жоқта шошқа үреді қораларға» деген мақалды әжесі марқұм әлдекімдерге кейігенде жиі аузына алушы еді. Құндылықтың төресі сол ақ жаулықты әжеде еді. ...Әжесінің әжім торлаған нұрлы жүзі әлі күнге көз алдында. Ұсақ гүлді әдемі көйлегін, барқыт камзолын киіп, ақ орамалын желкеден орай байлап, екі ұшын алдына түсіріп қоятын (анасы да дәл солай тартушы еді-ау орамалды). Сол жаулықтың ұшымен кейде жасаураған жанарын сүртетін. Қара киімді жаратпаушы еді жарықтық. Баларақ кезінен есінде қалыпты, бірде бойжетіп қалған ортаншы әпкесінің дүкеннен ақ гүлді, төсегі қара көйлек сатып алғаны бар. Ұсақ ақ гүлдері қанша көп әрі әдемі болғанымен, негізі қара болған соң, көйлек бәрібір күңгірт түстеніп тұрады екен. Әжесінің екі көзі бірдей нашар көретін (бертінде мүлде зағип болып қалды), соның өзінде көйлектің қою түсін байқап қалып: – Қап-қара етіп, қайдағы жоқты шығарып, мынасы несі? Жас адам деген жарқырап киінер болар еді, – деп тәуір-ақ кейігені бар... Осыларды есіне алып отырған Айсәуленің көзі қарсы алдында залдың екінші шетінде кіре беріс есіктің жанында тұрған қыз балаға түсті. Қара орамалын бастыра байлаған қызға қараған сәтінде санасында тағы да шар еткен дауыс жаңғырықты: «Ол менің анам емес!»... Орамалды қыз басқа дүниенің бәрін ұмытқандай қасындағы бала жігітке әлденені тоқтаусыз сөйлеп, езу жимай күле береді. Арасында еркелеп сүйкеніп, жігітті әр жерінен бір нұқып қояды. Бұлаң қағып, қайта-қайта тиісіп, тыным таптырар емес. Қарсы алдындағы көріністі еріксіз ұзақ бақылаған Айсәуле жауап таба алмайтын тағы бір сұрағын еске алды: «Осылар «иман» дегенді қалай түсінеді екен?». Көзі қайта-қайта тұманытып кете берді. Жанарын жастан ала қашқандай, кең залды көзімен тынымсыз шарлап отырып, ақыры іздегенін тапқандай болды: сол жақ шетте, үшінші қатарда ақ сақалды қария мен ақ жаулықты ана қатар отыр екен. Ана орамалын тура әжесі секілді орай салып, қос ұшын алдына түсіріп қойыпты... Жиын бітіп, президиумнан түсісімен солай қарай жүрді. Бірақ қос қарияға жетіп болар емес, Айсәуленің тілінен емес, тілім-тілім жүрегінен жарып шыққан сөздерге тәнті болған көпшілік қаумалап босатар түрі жоқ. Ақыры жетті-ау. − Сіздерге арнайы амандасайын деп келдім, апа. Тура менің әжеме ұқсайды екенсіз. Ол кісі де орамалды сіз құсап тағушы еді. Осы залда сізден басқа ешкім олай киінбепті. Сіздер кеткен соң кімге қарар екенбіз... сағынышпен... Кімге қарап аналарымызды еске алар екенбіз?! Көмейіне өксік кептеліп қалған соң, ары қарайғы сөздерді ойша айтып жатты: «Кімге қарап елжірейміз? Кімге қарап еркелейміз? Кімге қарап, өзімізді, өткенімізді еске түсіреміз? Кімге қарап бой түзейміз? Кімге қарап ел боламыз? Кімді «ана» деп атаймыз? Өйткені басқалар... ол менің анам емес! Ол менің анам емес!»... Айтылмай қалған ойларды үнсіз ұғынғандай ақ жаулықты ана орамалының ұшымен көзінің жасын сүртіп тұрды... Айнұр Әбдірәсілқызы Abai.kz
|
Subsets and Splits