path
stringclasses 9
values | file_name
stringlengths 4
250
| title
stringlengths 1
125k
⌀ | url
stringlengths 12
505
⌀ | meta
stringlengths 1
714
⌀ | date
stringlengths 2
24
⌀ | author
stringlengths 6
36
⌀ | total_words
null | text
stringlengths 0
4.99M
|
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
qosymsha/abai.kz | post_39256.txt | КАРИМОВ – КАНДИДАТ | https://abai.kz/post/39256 | "КАРИМОВ – КАНДИДАТ" | "https://abai.kz/post/39256" | 15.01.2015 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: КАРИМОВ – КАНДИДАТ
URL: https://abai.kz/post/39256
META: "КАРИМОВ – КАНДИДАТ" | "https://abai.kz/post/39256"
DATE: 15.01.2015
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 73
TEXT: Өзбекстан Президенті Ислам Каримов биылғы жылдың 29 наурызында өтетін Президент сайлауына қатысатын болды. Бұл шешім Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының кезекті құрылтайында қабылданды. Көрші елдегі Президент сайлауы соңғы рет 2007 жылы өткен болатын. Қазіргі ел басшысы Ислам Каримов сол жолғы сайлауда жеңіске жетіп, жеті жыл мерзімге қайта сайланған еді. Ислам Каримов - Орта Азиядағы елді ұзақ жыл басқарған мемлекет басшыларының бірі. 1991 жылдан бері билікте отырған Ислам Әбдуғаниұлы алдағы 30-қаңтарда жетпіс жеті жасқа толады. Абай-ақпарат.
|
qosymsha/abai.kz | post_91661.txt | Назарбаев «ЕАЭО-ның Құрметті төрағасы» атанды | https://abai.kz/post/91661 | "Назарбаев «ЕАЭО-ның Құрметті төрағасы» атанды" | "https://abai.kz/post/91661" | 29.05.2019 | Нұргелді Әбдіғаниұлы | null | TITLE: Назарбаев «ЕАЭО-ның Құрметті төрағасы» атанды
URL: https://abai.kz/post/91661
META: "Назарбаев «ЕАЭО-ның Құрметті төрағасы» атанды" | "https://abai.kz/post/91661"
DATE: 29.05.2019
AUTHOR(s): Нұргелді Әбдіғаниұлы
TOTAL WORDS: 816
TEXT: Бүгін Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол қойылғанына тұп-тура 5 жыл. Ол одаққа 5 мемлекет мүше. Мүшелікке кіргісі келетін және бір-екі мемлекет бар. Одақтың бес жылдығына орай Астанада (Нұр-Сұлтанда) саммит өткізуді жоспарлаған. Кешелі-бері сол саммиттің құрметті қонақтары ағылып келіп жатыр. Олардың кейбірі президент Тоқаевтың, кейбірі экс-президент Назарбаевтың, ал кейбіреулері екеуінің де қабылдауында болды. Кімді кім қабылдады, кімге қандай құрмет көрсетілді, тарқатып жазайық. Ойдан алып, қырдан тапқанымыз емес, Ақорданың ресми сайты таратқан ақпараттарға шолу жасаймыз... Қырғызстанның, Беларусьтің, Ресейдің, Тәжікстанның, Молдованың президенттері, Арменияның премьері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Астанадағы саммитке салып ұшып келді. Кімді кім қабылдады? Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында: Владимир Путин, Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков, Эмомали Рахмон, Николь Пашинян, Тигран Саркисян болды. Ал Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында: Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков, Николь Пашинян, Игорь Додон болды. Ақорда сайтының ақпараттарын қарап отырсақ, Лукашенко, Жээнбеков пен Пашинян ескі президенттің де, қазіргі президенттің де қабылдауында болыпты. Ал Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ғана кездескен көрінеді. Осыдан заңды сұрақ туады. Путин неге әуелі Тоқаевпен кездеспеді? Жоқ, Тоқаев пен Путин саммит отырысында сөзсіз жүзбе-жүз кездесті ғой. Айтып отырғанымыз, Путин Тоқаевтың емес, Назарбаевтың жеке қабылдауында болды. Бұл да өз кезегінде транзит уағындағы саяси ойындардан хабар берсе керек. Рас, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тұңғыш президент - Елбасы» деген статусы бар. Бұл бізде, яғни Қазақстанда Конституциялық шеңберде мойындалған статус. Бәлкім мұны 30 жыл ел басқарған президентке көрсеткен құрмет деп ұғу керек шығар. Ал шындап келгенде бұл сыйластықтың өз ішіміздегі салтымыз ғана. Халықаралық саясатта бұл статус ешбір маңызды рөлге ие емес. Қазақстан – император, патша немесе патшайым статусы мойындалатындай монархиялық мемлекет емес. Қазақстан – премьер немесе парламент лидерлерінің ықпалы басым болатындай парламенттік мемлекет санатына да жатпайды. Қазақстан – президенттік мемлекет. Иә, президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшу туралы айтылды. Ол үшін біршама жұмыстар да жасалды. Дегенмен – Қазақстандағы бірінші тұлға – Президент деп саналады. Ол туралы өткенде ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де айтқан. «Бізде бір ғана президент бар. Барлығымыз соған жұмыс жасаймыз» деген. Жалпы президенттік басқару жүйесіндегі мемлекеттердің барлығында солай. Сондықтан анау Лукашенко, Жээнбеков, Пашинян мен Додон әуелі президент Тоқаевтың қабылдауында болды. Онан кейін ғана «ескі досына» қонаққа барды. Ресей президенті Владимир Путиннің Тоқаевтың емес, Назарбаевтың қабылдауына баруы – жоралғыдан жаңылғаны ма, әлде... Қойшы, әйтеуір ырғалып-жырғалып келген қонақтарды Тоқаев пен Назарбаев екеулеп жүріп күтіп алды. Жеке-жеке қабылдады. Келген қонақтардың барлығы дерлік ЕАОЭ-ның құру туралы идеясы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ағыл-тегіл тілектерін айтып жатты. Қараңыз: Владимир Путин, Орыс президенті: - Сізге марапатыңыз үшін және интеграция ісінде, екі жақты қарым-қатынастарда, Ресей мен Қазақстанның өзара стратегиялық іс-қимылын дамытуда атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтқым келеді. Бұл ретте Сіздің зор еңбегіңіз бар. Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз президенті. - Сіз Түркі әлемінің көшбасшысы саналасыз. Сіз Орталық Азия елдерінің достығын нығайту ісіне зор үлес қостыңыз. Александр Лукашенко, Беларусь президенті: - Беларусь халқына құрмет көрсеткеніңіз үшін рахмет. Бұл маған ғана көрсетілген құрмет емес. Бұл – менің халқыма деген ыстық ықыласыңыз бен құрметіңіз. Қазақстанның Президенті – лайықты азамат. Сіз дана шешім қабылдадыңыз. Қазақстандықтар басқа халықтар сияқты тұрақтылықты бағалайтынына сенімдімін. Ең бастысы – еңбек. Еңбек етсең, нәтиже де болады. Эмомали Рахмон, Тәжік президенті: - Мен Қазақстанның көз алдымызда қалай өзгергенін көрдім. Елордада өткен алғашқы кездесулер менің есімде және оның қаншалықты өзгергенін көріп отырмын. Оң өзгерістер қалада ғана емес, бүкіл еліңізде жүріп жатыр. Бұл – Сіздің табысты жұмысыңыздың, дана және көреген саясатыңыздың нәтижесі. Назарбаевқа тағы бір атақ берді Бұл сөздердің барлығы кеше айтылды. Ал бүгін барлығы ақылдаса келе Нұрсұлтан Назарбаевқа атақ берді. Ол – «ЕАЭО-ның Құрметті төрағасы» дейтін атақ. 25 жыл бұрын Мәскеудегі МГУ-да лекция оқып, осы одақты құру туралы идея айтқаны бар еді ғой. Міне, содан 20 жыл өткенде ойда жүрген одақ құрылған. Одақты Назарбаев, Путин мен Лукашенко үштігі құрған. Кейін оған Қырғызстан мен Армения қосылды. Бүгін сол одақтың 5 жылдығы дедік жоғарыда. Сол үшін Астанаға арнайы келген қонақтардың екі-үшеуі кеуделеріне орден тақты. 27 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық интеграцияның 25 жылдығы мен одақтың 5 жылдығына орай бірқатар шетелдік әріптестерін награттайтын болған. Анау-мынау емес – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» дейтін орден беру туралы қаулы шығарған. Сол ордендерді Сооронбай Жээнбековке, Владимир Путин мен Александр Лукашенкоға Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тапсырыпты. (Ресей президенті Владимир Путиннің Назарбаевтың қолынан орден таққан сәті) (Беларусь президенті Александр Лукашенконың Назарбаевтың қолынан орден таққан сәті) (Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Назарбаевтың қолынан орден таққан сәті) Түйін Әуелде экономикалық одақ болып құрылған бұл бестіктің жұмысы бүгінде саяси сипат алды. Ол туралы бұрын да жаздық. Одақта тең бәсекелестік жоқ. Ресей монополиясына құрылған одақ. Қазақстанның жүк көліктерінің апталап, тіпті айлап орыс кеденінде тұрып қалатыны туралы да, одақтан шығамын деген ақ орысқа сары орыстың ашық қоқан-лоқы жасағаны туралы да осыған дейін талай рет жаздық. Басқасын айтпағанда, Кремль идеологтары екі-үш жылдан бері ортақ ақша шығару туралы тықақтай бастады. Мемлекет Тәуелсіздігінің негізгі атрибуттарының бірі саналатын төл ақшадан бас тарту – Тәуелсіздікті тәрк етумен пара-пар емес пе?! Жоғарыда айтқан одақтың саяси сипат алуының айқын дәлелі осы емес пе?! Біз бұл интеграцияны сауда-саттықтағы ортақ мүмкіндік деп айтып, қанша жерден көңіл алдарқатқанымызбен, одақ ортақ емес, орыстікі. Оны Қырғызда өткен саммитте сол одаққа мүше елдердің басшылары да айтты. Жә, осымен тәмамдайық, бүгінге... Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_105826.txt | Абаев: Митинг туралы жаңа заң қабылдау керек | https://abai.kz/post/105826 | "Абаев: Митинг туралы жаңа заң қабылдау керек" | "https://abai.kz/post/105826" | 17.02.2020 | Abai.kz | null | TITLE: Абаев: Митинг туралы жаңа заң қабылдау керек
URL: https://abai.kz/post/105826
META: "Абаев: Митинг туралы жаңа заң қабылдау керек" | "https://abai.kz/post/105826"
DATE: 17.02.2020
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 173
TEXT: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты. «Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде. Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітілген, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі енгізілген. Өтініштерді қарау тетігі нақтыланған. «Біздің айтпақ болған барлық новелламыз жайлы сіздер білесіздер. Осы арада отырған әріптестеріміздің көпшілігі бұл заңның өте салмақты екендігімен келіседі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа өзгерістер енгізіледі», - деді министр. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_7497.txt | Интернет-конференция: Бүркіт Аяған | https://abai.kz/post/7497 | "Интернет-конференция: Бүркіт Аяған" | "https://abai.kz/post/7497" | 09.03.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Интернет-конференция: Бүркіт Аяған
URL: https://abai.kz/post/7497
META: "Интернет-конференция: Бүркіт Аяған" | "https://abai.kz/post/7497"
DATE: 09.03.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 4105
TEXT: Ағымдағы жыл - қазақ тарихы үшін аса айтылуы жыл болып отырған анық. Биыл - қазақ хандығының құрылғанына 550, Хан Абылайдың туғанына 300, Желтоқсан көтерілісіне 25, Тәуелсіздікке 20 жыл толады. Және тарихымыздағы маңдайы жарқыраған алып тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл. Қазақ мемлекетінің тегін, қалыптасу жолдарын өткеріп және жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын ұланғайыр даланы сақтап, заманауи көштен қалмай азат ел болуымыздың негізін қалаған ұлы тұлғаларымыз бен мемлекеттілік орнаған елдіктің тойын мәртебесі мен биігіне сай мемлекеттік дәрежеде бір атаның баласындай өткеру баршамызға парыз. Міне, осындай сәтте бағзыдағы тарихымыздың қойнауына көз салып, бүгінгі күн тұрғысынан салыстыра қарап, тарихи жадымызды қайта бір жаңғырту парыз. Осы орайда мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркіт Аяған мырза интернет-конференциямыздың қонағы бола отырып, оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр. «Абай-ақпарат» Құрметті, азаматтар! Сіздердің қойған сұрақтарыңызға қайтарып жатқан жауаптардың кешеуілдегеніне кешірім сұраймын. Себебі, аймақтарда іс-сапарда болған едім. Ағымдағы жыл - қазақ тарихы үшін аса айтылуы жыл болып отырған анық. Биыл - қазақ хандығының құрылғанына 550, Хан Абылайдың туғанына 300, Желтоқсан көтерілісіне 25, Тәуелсіздікке 20 жыл толады. Және тарихымыздағы маңдайы жарқыраған алып тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл. Қазақ мемлекетінің тегін, қалыптасу жолдарын өткеріп және жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын ұланғайыр даланы сақтап, заманауи көштен қалмай азат ел болуымыздың негізін қалаған ұлы тұлғаларымыз бен мемлекеттілік орнаған елдіктің тойын мәртебесі мен биігіне сай мемлекеттік дәрежеде бір атаның баласындай өткеру баршамызға парыз. Міне, осындай сәтте бағзыдағы тарихымыздың қойнауына көз салып, бүгінгі күн тұрғысынан салыстыра қарап, тарихи жадымызды қайта бір жаңғырту парыз. Осы орайда мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркіт Аяған мырза интернет-конференциямыздың қонағы бола отырып, оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр. «Абай-ақпарат» Құрметті, азаматтар! Сіздердің қойған сұрақтарыңызға қайтарып жатқан жауаптардың кешеуілдегеніне кешірім сұраймын. Себебі, аймақтарда іс-сапарда болған едім. - Сәлеметсіз бе, Бүркіт аға! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Алтынбек Сәрсенбайұлы « Таңдау жасар сәт туды » деген кітабында Сіз жайлы: « Тәуелсіз ойлы жігіттер мені қуантады. Оның ішінде Ерлан Қарин, Бүркіт Аяған деген жігіттер бар » дегендей жазып еді. Оқыған шығарсыз? Ал менің көкейімнен кетпей жүрген бір сұрақ бар еді. Сіз де тарихшысыз ғой. Қатысы бар сұрақ деп ойлаймын. Кейбір түйсіксіздер: « Қазақта тарих болмаған! Тіпті шекара да болмаған! » деп жатыр. Осы рас па? Алматы. Жайық. - Қазақ - тарихы тереңнен бастау алатын халық. Ал мемлекеттік шекара мәселесіне келсек, тарихымызда бұл сұрақтардың бәрі мемлекеттік деңгейде заңдастырылған, мөр басылып келісілген құжаттарға негізделгені белгілі. ҚР қазіргі шекара мәселелері де шешімін тапқаны белгілі, мұндай шешімдерді БҰҰ сияқты мәртебелі халықаралық ұйымдар мойындаған, тәуелсіздік жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басқаруымен белгіленгені шындық. - М ен тарих ғылымының кандидаты болдым. Сіздің институтқа ғылыми қызметкер болып жұмысқа орнала аламын ба? Сіздер конкурс жариялап кадр таңдайсыздар ма, әлде, сізге "отметка" жасау керек пе? Егер отметка жасау керек болса, ста в каңыз қанша? Шымкенттік мұртты жігіт -Иә, «ставкам» бар. Ол - білімділік пен адалдық. - Бүркіт аға, 2010 жылы жалпы оралмандарға байланысты Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Олар әлі ешқандай да еңбек сіңірген жоқ!» деген еді. Шынымен де оралмандар Отанға оралғанмен де, әлі айта қоярлықтай тер төкпегенін бәріміз де білеміз. Елбасымыз да бұл сөздерін бір нәрсеге сүйеніп айтады ғой, келісесіз бе? Себебі ешкім де: « Мен Қазақстанға келдім! Маған үй бер! Маған ақша бер! Маған жұмыс тауып бер! Маған көлік мінгіз! » дейтіндей дәрежеге жеткен жоқ. Президентіміздің бұл сөзін қателікке баламаймыз. Бәріміз де қосыламыз. Басшымыздың сарабдал саясатының арқасында бізді әлем таныды. Шүкір! Ал сіз қалай дер едіңіз? Оралмандар Елге еңбек сіңірді ме? Тарихшы ретінде жауап берсеңіз. - Қазақстанның әр азаматы қолынан келгенше еңбек сіңіруде. Оралман қандастарымыздың да еліміздің көркейіп, экономикасының дамыуына, мәдениетінің қарқын жаюына қосып жатқан үлесі аз емес. - Бүркіт мырза! Сіз бұрын « Қазақ энциклопедиясын » басқардыңыз. Сіздің тұсыңызда біраз даулар туды. Бірақ бәрі де жабулы күйінде қалды. Сосын сіз сол шудан кейін ол жақтан кеттіңіз. Соның себебін айтып берсеңіз? Басшылықтың біраз дәмін таттыңыз ғой. Құдайшылығын айтыңызшы. Халық алдында елінің адал перзенті ретінде: « Қолым таза, арым таза! » дей аласыз ба? Ертеңгіге үлгі болсын. - Өсек-аяңға ергеннің қанша қажеті бар? «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы «Қазақстан энциклопедиясы» атты баслымның қазақ тіліндегі 10 томын, орыс тілінде 5 томын, ағылшын тілінде кітаптар, басқа да 4-томдық «Көркемсуретті Қазақстан тарихы» сияқты сүбелі еңбектер дайындап шығарды. - Бүркіт! « Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек! » дегендей, биылғы сайлауға сенесіз бе? Тіпті президент болмайтынына көзі жетсе де, еш дауыс жинай алмайтынын білсе де сайлауға түсіп жатыр. Мысалы - Дуамбеков. Ол өзінің сайлауға не үшін түсіп жатанын түсіндіріп жатып: « Мен Президентті қолдаймын! Оның 98 пайыз дауыс жинайтынын да білемін. Мен де қосыламын » , -депті. Ау, сонда бұл қуыршақ бәсекелес бола алмасын білсе, еліне сенбесе, елі сенбесе неге 5 мың АҚШ доллорын шығындап отыр? Оданда ол ақшасын жетімдер үйіне неге бермейді? Сайлауға ешбір оппозиция өкілі қатыспай, байкот жариялап жатыр. Енді әлем алдында күлкі болмаймыз ба? Сырт көз: « Демократиялы елде ешбір оппозиция адамдарының сайлауға түспеуі - парадокс, күлкілі жағдай! Ал көше кезгендер, қазақ тілін білмейтіндер, кандидаттардың түсіп жатқаны - Қазақстандағы жағдайдың қиын өткелде тұрғанын білдіреді! » деп жатыр шетел баспасөздері. Ал сіздің тәуелсіз Ойыңыз не дейді? - Елбасын сыйлайтын жеке адамдар емес, халық қой. Ел қалауы біледі деп ойлаймын. - Ассаламалейкум,Бүркітбай аға!Мен жақында бірнеш рет өз ұсынысымды жасаған едім.Ол ұсыныс мынадай: Қалай ойлайсыз, егер біз Ұлт Көсемі Әлихан Нұрмұхаммедұлы БӨКЕЙХАНды АЛАШ-АТА (Алашата)деп атап,тарихта осындай атпен қалдырсақ? Алаш баласы Ерлан АХМЕДИ, Көкшетау қаласы, Қазақия елі. - Келіспеймін. Әлихан Бөкейханұлы қазақ тарихында өз атымен қалуы керек. - Сіз мемлекет тарихы институты деген аты дардай ұйымды ісі бардай басқара алдым деп болашақ тарих алдында бетіңіз бүлк етпей айтуға дәтіңіз бара ма? Өткен жылы бір ғана адамды мадақтаған аса көлемді, фотолары тым жылтыраған, мазмұны қалтыраған кітапты қымбат бағамен бастырып тұсаукесер өткізгеніңізді білеміз. Басқа тындырып жатқан бірдемелеріңізді мен көзі қарақты оқырман ретінде көрмеппін де білмеппін. Әр жерде Елбасына жағымпазданып, келсін-келмесін ода айтып, жұрттың алтын уақытын рәсуа етіп жүргеніңізді көреміз. Кеңес кезіндегі КПСС тарихы институттары сияқты күні ертең шығарған сапасыз әрі мәні төмен суы сорғалаған кітаптарыңыз маклатураға аттанып жатса, елге не бетіңізді айтасыз? Осы сауалыма оқымысты адамша салиқалы жауап беріңізші! Сізге деген ерекше құрметпен, Шарапат Астықбаев - Бұлай сөйлегеніңізге жол болсын! Көзіңізді кеңірек ашып, айналаңызға жіті қарасаңыз дұрыс болар! Біздің ұжымның ғалымдары жазған кітаптарымыз адал әрі терең жазылған еңбектер. Олар тарихи білім беру мен оқыту саласы үшін қажет еңбектер деп санаймын. - Бүркіт мырза, сәлеметсіз бе! Шатаспасам, осы Астана мен Алматыда Абылқайр ханның ескерткіші де, озінің атымен аталған көше де жөқ. Тарихи т ұ рғыдан қ араған да, б ұ л д ұ рыспа? Қалай ойлайсыз? Сізге қатыссыз сұрақ шығар. Бірақ қазіргі шығып жатқан кітаптардың сапасы сын көтермейді. Бұл сізді алаңдатпай қоймайтын шығар? Қазақстандағы көп баспалар жекелердің қолына өтіп жатыр. Ал сапасыз кітаптардың санында шек жоқ. Астанада қандай баспалар бар? Оларға көңіліңіз тоя ма? Бір-екі мысалдар келтірсем жекілікті шығар. Мәселен Астана қаласында « Фолиант » баспасы кітаптар шығарады. Бірақ авторларға бір тиын да қаламақы бермейді. Ол туралы қызылордалық Базарбай Исаев деген ақын "Үш қоңыр" газетіне жазды да. Өлең кітабым шығады, ал қаламақымды бермейді деп жазды. Сонда бұл қалай? - Әбілқайыр ханымызға екі астанада да ескерткіштер орнатылып, көшелердің аты берілуі тиіс. Басқа адамның, не баспалардың қызметі туралы ештеңе айта алмаймын. «Мемлекет тарихы» пәні қандай кезеңді қамтиды? Тәуелсіз Қазақстанды ма, Кеңестік Қазақстанды ма, Қазақ хандығын ба, Қыпшақ қағанаты ма? түркілік дәуірді ме, сақ-ғұн заманын ба? Академиялық тарихшылар мен әуесқой тарихшылардың біріккен еңбегі болуы мүмкін бе? Тарихшылар цензурадан қаншалықты тәуелсіз? « Жұмысқа тек таныс-тамыр, туысқанды ғана алу керек! » деген жазылмаған заңдылық барын білетін шығарсыз? Мәселен өзіңіз басқарып отырған институтта 100 қызметкер болса соның 55-і Сізбен туысқан ба, немесе жерлес пе? -Үкіметтің қаулысына сәйкес «Мемлекет тарихы институты» қазіргі заман тарихын, яғни еліміздің тәуелсіздік кезеңінің тарихын зерттейді. Ал сіз айтып отырған басқа кезеңдерді басқа ғылыми мекемелер, соның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ә. Марғұлан ат. Археология институты, т.б. зерттейді. Белгілі дәрежеде әбден мүмкін. Тәуелсіз. Бірақ кез-келген ғылыми ізденістердің нәтижесіне, ғылыми еңбектерге сараптама керек деп ойлаймын. Бұл пікіріңіз қате. Институтқа келіп өз көзіңізбен көруіңізге болады. Институтқа шақырамын, сізді наурыз айының ішінде күтемін, міндетті түрде келіңіз!. - Сіз басқарып отырған мекеменің миссиясы қандай? - Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу, оның теориялық-методологиялық негізін түзу. - Бүркіт Аяған, жағымпаздық дегенге қалай қарайсың? Заманб екті қадірлейсіз бе? Алтынбек Сәрсенбайұлы турлы мақала жаза аласыз ба? Оны « Егемен Қазақстан » газетіне бере аласыз ба? Тек шыныңызды айтыңызшы. - Заманбек ағамен араласымыз болмады. Алтекеңмен жақсы араластық. Жазған кітаптарымда Алтекең туралы айтып отырамын. Алтекеңнің өлімі ел үшін орны толмас қаза. - Алтынбекпен араластыңыз ба? Қоғам қайраткері екенін мойындай сыз ба? Қазақстандық сот сарапшыларының: "Заманбек - өз-өзіне қол жұмсады. Бір рет жүрегінен атты. Екінші рет тағы да атты. Өлмеді. Сосын басынан атты", дегенімен келісесіз бе? Бұл Қазақстан Республикасындағы әділетсіздіктің көрінісі деп айта аласыз ба? "Иманғалиды ауылдастары президент сайлаймыз деп жанталасыпты. Әбіш Кекілбай да болды ішінде. Сосын сол үшін орнынан кетті" дегенмен келісесіз бе? Бұл көзі тірі классик ағамызға жағылған күйе емес пе? - Заманбек ағаның ісіне не айта аламыз? Уақыт көрсетер. Уақыт мінші де сыншы екені белгілі ғой. Анау келді, мынаны айтты деген әңгімелер өсек-аяңға жақын. Сондықтан бұл сұраққа жауап та бергім келмейді. - Сайлауға түсу ойыңызда жоқ па? - Жоқ. - Біреулерге қиянат жасап көрдіңіз бе? Біреулерден қиянат көрген кезіңіз болды ма? « Жас Алаш" газетінің тілшісі Жанболат Мамайдың мақалаларын оқисыз ба? Сүйінесіз бе? Күйінесіз бе? - «Жас Алаш» газетін үзбей оқып отырамын. Әрине, өмірде әр адамның өкінетін істері болады. - Қанша үйіңіз бар? Жек мүлкіңізді қорықпай жария ете аласыз ба оқырмандарға? - Бұл сұрақ мәдениетті адамның қоятын сұрағына жатпайды. - Егер М.Шаханов сайлауға қатысса, қанша пайыз дауыс жинаай алар еді деп ойлайсыз? - Нақты айту қиын. - Олжас алжасты дейтіндер көбейіп жүр, кейінгі кездер, сізше сол рас па? Ұрпақ Олжасты тарихи тұлғаретінде еске алса, оның анау қылықтары мен сөздеріне қалай баға беруі мүмкін? - Олжас Сүлейменов - қазақтың ұлы перзенті. Кейбір қателіктері бар. Оны өзіне газет арқылы да, жеке кездескен уақытта да айтқанбыз. Өмірде қателеспейтін, қалт кетпейтін адам болмайды ғой. - Қандай атақтарыңыз бар? Аға, Сізді бүгінгі билікті аяусыз сынайды деген әңгіме естідім. Билік неге қолайыңызға жақпай жүр сонда? -Алған атақтарымыз шамалы. Мен елдің болашағын ойлаймын. -Шексіз билікті ұнатасыз ба? - Жоқ. - Бүгінгі қоғамдағы не мәселе қатты толғандырады? - Геосаяси жағынан ірі алпауыттар арасында, күрделі заманда тұрып жатқан елміз. Сондықтан мені еліміздің, ана тіліміздің, дәстүрлі дініміздің болашағы ойландырады. - Сізше Абылай мен Әлиханды және Нұрсолтанды салыстырса қайсысы қазақ тарихында ең шешуші орын алар еді? - Олардың барлығы да ұлы тұлғалар. Тарих таразысы -уақыт. Ол табиғи, тіпті тарихи заңдылық. Н. Назарбаевқа берілетін тарихи бағаның да болашақтың еншісінде екені сөзсіз. Бұл да заңдылық. Әрбір тарихи кезеңде мемлекет басшысының атқаратын рөлі зор екеніне ешкім таласпас. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қиын-қыстау заманда елді басқарып, талай күрделі соқпақтардан алып шыққанын өздеріңіз көріп отырсыздар. - Ғани Қасымов: «Саммиттің құрметіне елшілерге жер беру керек, жер болғанда да ұят болмайтындай, Астананың орталығынан беру керек! Тек жер емес, мал-мүлік те беруіміз керек! Жағдайларын жасау керекпіз! Қазақтың жері болса да кең, құр жатыр ғой, бәріне таратайық, солар пайдалансын! Кімге жер керек болса, ол шетелдік пе, орыс па, еврей ме, қарамау керек. Бәрімз бос жатқан жерді игеру керепіз » деп депутаттық мәлімдеме жасаған болатын. Сіз оған қосыласыз ба? - Жоқ. - Мекемеңізде кез келген қызметкер орамал тағып келсе, (хиджапты айтып отыр деп қалмаңыз) «біртүрлі» қарайсыз ба? - Біздің ұжымда әр адамға сыйластықпен қарайды. Менің хақым да жоқ «біртүрлі» қарауға. Кез-келген адамның құқы, таңдауы мемлекеттегі қабылданған заңдар мен қоғамдық нормалар аясында сақталады және қорғалады. Қыз балалардың ибалы, жабық киіммен, мұсылмандық шарттарға сай жүргенін құптаймын. - Шарапат Астықпаевтың сөзінің жаны бар сияқты. Неге сіздің артыңыздан осындай сөздер ереді де жүреді? Әлде олар көре алмай ма? - Көре алмайтындар да бар шығар. Өкінішке қарай, өсең-аяңға, желеу сөзге құмар «қайреткерлер» де жоқ емес. Бекерден-бекер сөз теру жігіттікке жараспайтын қылық деп санаймын. - Сізді нөмір бірінші жағымпаздан атадан кейінгі адам деп жатыр мына қонақтар. Президенттің жетістіктерін айтқаныңыз дұрыс. Қолдаймыз. Бірақ өзіндік пікір айтуға келгенде сараңдық танытатынызды түсіне алмадым? Неге Тоқтар Әубәкіров секілді тіліп айтпайсыз? - Қонақтарға сілтеп қайтесіз? Өз ойыңыз қайда? - Южандарды жек көресіз бе? - Мен үшін бар қазақ тең. Маңғыстаулық ақын Сабыр Адай айтқандай: «Әр қазақ - менің жалғызым!». - Қарамағыңызда қандай атақты ғалымдар жұмыс істейді? - Көп қой. Х. Әбжанов, Ж. Қыдыралина, Ә. Ауанасова, Г. Нұрымбетова, С. Селиверстов, А.Н. Қашқымбаев., т.б. Сонымен қатар, біздің ұжымда жас ғалымдар, мамандар өте көп. Ұжымның жартысынан көбі жастар десек болады. - Жоғарыда бірқатар мерейлі даталарды атапты ғой. Соған тағы да қосып қоятын екі қасиетті оқиға бар: 1) 136 1 жылы Ұрыс хан, яғни Ақнияз хан Ақ Орданың тағына отырды. Ақнияз хан - Қазақ мемлекетін құрған Керей мен Жәнібек хандардың ұлы бабасы болады. Ақнияз ханның Ақ Ордасы болмаса, Қазақ хандығы да болмас еді. Ақнияз ханды Қазақ халқының аңыздарында Алаша хан деп атайды да, оның халқын "Алты Алаш". "Алаш жұрты" деп атайды. Сонда биыл Алаш жұртының ең алғашқы ханы Алаша ханның (Ұрыс ханның) таққа отырғанына 650 жыл толады. Бұл мерейтойды Алаша ханның мазары тұрған "Қазақ жерінің кіндігі" Ұлытауда ұйымдастыруға болады. 2) 551 жылы Көк Түріктердің алғашқы ханы Бумын қаған Хан болып сайланған. Және ол дәл осы жылы Қытайдағы Тоба Вей мемлекетіне елші жіберген. Осы жылы қаған тағына отырғанда Бумын қағанның атына қосылатын "Ильхан" деген атақ алған. Сонымен биыл Көк Түріктердің ең алғашқы ханы Бумын қағанның, яғни Ильханның таққа отырғанына 1460 жыл толады. Немесе басқаша айтқанда Көк Түріктердің мемлекеті құрылғанына 1460 жыл толады. Жер бетіндегі Түркі халықтары әлемі түгел тойлауға тиісті бұл тойды, Көк Түріктердің алғаш ту тіккен жері, "Түріктердің кіндік кескен бесігінде", яғни Алтайда атап өтуге болады. Оны тойлауға Қытай мен Монғолия, Ресей өздерінің Алтайларын бермес, қазір төрт Алтай бар ғой. Қазақстанның да Алтайы бар. Алтайдың ең биік шыңы Мұзтаудың маңайында атап өтуге болады. Кейін ол жер әлемдегі Түркі халықтарының басын қосатын жер ретінде қалыптасып, дәстүрге айналып кетеді. Сізге қоятын сұрағым. Біздің елдің атын "Қазақстан Республикасы" деп атамай, "Қазақ Республикасы" деп атауға қалай қарайсыз. Тіпті мүлде өзгертіп, еліміздің атын ендігі жерде "Алаш Республикасы" деп атасақ болмас па еді. Руссияға қосылдық (Кедендік одақ арқылы) бұған жаныңыз қиналмай ма? Ертең ел бетіме түкіреді деп қорықпайсыз ба? Неге жағымпаздана бересіз, аға? Әлде Мырзатай Жолдасбековтен артықпын деймісіз өзіңізді? Жолдасбековпен қалайсыз? - Келісемін. Келісемін. Келіспеймін. Адам адал жүрсе, неден қорқады? Әр адам өз ісіне жауапты. Жала жабу, ғайбат сөйлеу ұят болады. Сөзіңнен біліми, рухани таяздық сезіледі. - Қанша кітабыңыз жарық көрді? Ол не жайлы? Жазушылар не Журналистер одағында барсыз ба? - Мен жазушы емеспін. 30-дан астам кітап жазылды. Кітаптардың дені тарихи және энциклопедиялық жинақтардан, оқулықтардан тұрады. - Мұхтар Құл-Мұхаммедтің орнына бармайсыз ба? Аға сіздей шыншыл адамдар бізге қашанда керек. Мәдениет министрлігін басқару ойда жоқ па? - Мұхтар Құл-Мұхаммед өз орнында отырған азамат. Мен билікке онша қызықпайтын адаммын. - Бір кезде, Мансуров СҚО-да аким болып тұрғанда, Сіз Қызылжарға келгенде, Тайыр Мансуров сізге «Абылайдың ақ үйі» туралы айтқанда, «білмеймін» деп айта алмадыңыз. «Мен мақала жазам, Тайшыбековтікі қате. Ол тарихшы емес», дегеніңізді естідік. Мансуров соған мәз болып, сіздің сұраған ақшаңызды беріп жіберді. Бірақ, Сіз мақала жазбай қойдыңыз. Анығына көзіңіз жетпеді ме, әлде Абылайдың « Ақ үйі » туралы ештеңе білмейсіз бе? Жақсыбай Самраттың осы туралы жазып жүргеніне қалай қарайсыз? Бізге Тайшыбайдың пікірі дұрысырақ көрінеді. Құдай алдында шыныңызды айта аласыз ба? - Сұрағыңызда грамматикалық қателер көп екен. Ж. Самратты қостап, кітабын шығарып берген азамат мен едім («Бітеу жара», «Өзгеленді бұл ғалам»). Оған не дейсің? - Елімізде осыған дейін 2500 доктор, 11000 кандидат ғылыми диссертация қорғаған екен. Қалың қазаққа пайда келтірер ғылыми жаң алықтар ашылмаса, ұлтқа игілік әкелмесе, жаңағы сансыз доктор мен қаптаған кандидаттардан не пайда? Естуімше, сіз басқаратын институттың жанында да диссертациялық кеңес болған, қазір ғылым туралы жаңа заңға байланысты жабылды. Ғылымға үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын қайдағы біреулердің ғылыми диссертация қорғауына жол бердіңіз, солай ма? Ақиқатын айтыңыз. Көкбөрі - Ақиқаты сол- әрбір диссертация қорғаған адам ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комиссияның талаптарына сай болғанда ғана қорғауға жіберіледі. Қорғауға дейін бірнеше талқылаулардан, сараптамалардан өтеді. Ал өзің қорғауға шыға алмаған, «өкпелі» біреу емессің бе? Олай болса, әлі де дайындал, оқы. - Тәуелсіздікке 20 жыл дегенге келісесіз бе. Сонда 1991 жылға дейін Қазақстан тәуелді болғаны ма? 2. 1929-31 жылдардағы КазССР-інде әлеуметтік әділеттілікті талап етіп, Голощекин мен сол кезеңде Үкімет басқарғандардың елде жүргізген саясатына қарсы қарулы көтерілістер болған. Бірақ осы көтерілістердің ең ірі деген оншақтысына болса да тарихи баға берілген жоқ. ОСЫ сендер сияқты Басшы тақта отырған функционерлер-тарихшылардың қорқақтығынан емес пе. НЕГЕ бұл тақырыпты айналып өте бересіңдер. 3 . Тәуелсіздік жылдары (соңғы 20 жыл) ЖЕКЕ адамның басына табынудың Қазақстанда ӨРШІГЕН жылдары деп ойламайсыз ба. Жағымпаз, жалтақ, жәдігөй ұрпақ дайындалып жатқан жоқ па ? - Иә. 1991 жылға дейін Қазақстан Мәскеуге бағынған, Ресейге тәуелді ел болды. 2. Сізді көп оқымайтын, Отан тарихынан білімі таяздау адам ба деп қалдым. Өйткені, сіз айтып жатқан тақырыптар зерттеліп те жазылып та жатыр. Мектеп оқулықтарының мазмұнына да енгізілді. 3. Жоқ. Жеке адамға табыну не табынбай өту әр адамның жеке таңдауы. -Армысыз, БҮРКІТ Мырза! Өткенде Керей мен Жәнібек ханның ескерткіші туралы дау болғанда, сіздер өтірік себеп айтып, ескерткішті ақыры күресінге таст аттыңыздар. Орнына басқа мүсін қойылды... Ал, Алаш арыстарының ескерткішін Астанаға жолататын емес. Шыныңызды айтыңызшы, Мем Тарихы институты неге осы мәселелерге шынайы тарих тұрғысынан қарсылық білдіріп, үн қатпайды? - Осыдан біраз жыл бұрын жоғары деңгейдегі жиналыстарда бұл мәселені көтеріп, Керей мен Жәнібек хандарға Астанада ескерткіш қоюды талап еткенбіз. Иншалла, сол ескерткіш қазір Астана төрінен орын алды. Болашақта Алаш көсемдеріне де ескерткіш қойылатынына сенімім мол. - Тарихшы ретінде Ел тарихындағы ең ұлы 3 тұлғаны айтып бере аласыз ба? МӨДЕ - Сіз ел тарихын, яғни қаза елі туралы айтып отырсаңыз, ондай тұлғалар көп. Керей, Жәнібек, Қасым, Ақназар, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр, Бөгенбай, Райымбек... Жаңа заманның тұлғалары Ә. Бөкейхан, Н. Назарбаев дер едім. - Құрметті Бүркіт мырза! Сіз басқаратын мемлекет тарихы институты тек 1991 жылдан кейінгі кезеңді зерттейді. Оған дейінгі кезеңде мемлекет болмаған б а? Немесе 20 жылдық тарихты зерттейтін болсаңыздар атын неге өзгеше қоймадыңыздар? - Қазақ мемлекетінің бастауы сақ-түркі-қыпшақ заманын санамағанда, қазақ хандығының құрылған уақытынан (XVғ.) бастау алады. Қалған сұрақтарға жауап берілген. - Қазіргі кезде (бұрынғы кеңестік кезеңде Үкімет басқарғандар қазақтар да солай еді) қазақ елінің тарихында орын алған қарулы көтерілістер жайлы ЖАЗҒАНды, пікір АЙТқанды, әділ баға берген еңбектерді жарыққа шығаруды КӨП қолдамайды. Айтыңызшы осы ТАРИХ ғылымы шындық ақиқат деректерді пайдалануы керек пе? жоқ әлде БИЛІК ұстап отырған АДАМға ҒАНА ұнайтын тарихты жазуға тиіс пе. 2)1930-31 жылдары Қазақстан тарихында орын алған Созақ, Батпаққара, Қазалы және Адай көтерілістері туралы көзқарасыңыз қандай. Бұл көтерілістер Қазақстан Үкіметінің саяси және ұйымдастыру қателіктерінің кесірінен туындаған әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шыққан қарулы көтеріліске жата ма? 3)Сіз басқарып отырған ҚР тарих институты осы (2- сұрақтағы) көтерілістерге ӨЗ алдына Егеменді болған, Тәуелсіздік алған қазақстан қоғамының атынан неге тарихи баға бермей отыр деп ойлайсыз? 4)Қазақстанда болған 1929-31 жылдарда ҮКІМЕТ басқарып отырғандардың елде жүргізген саясатына қарсы болған 272 қарулы көтерілістер мен ереуілді толқулардың кезінде бейбіт өмір сүріп, Кеңес үкіметі бізді жарылқайды деп үміттеніп отырған қарапайым қазақ халқы миллиондаған қырғынға ұшырады. Соған кінәлі Қазақстан Үкіметі ме, жоқ СССР Үкіметі ме? және тарихшы ретінде сол Үкіметтердің осы қазіргі күндегі заңды иегерлері бар ма, болса КІМДЕР деп ойлайсыз? -Әр азамат, әр тарихшы АҚИҚАТЫН айту керек. Әрине, олар көтерілістер ғой. Бұл оқиғаларға қатысты Институт ғалымдары еңбектерінде ғылыми, тарихи әділ бағасы беріліп жатыр Ол қырғынға кінәлі кеңес үкіметі мен Коммунистік партияның солақай саясаты - Халықтың пікірлерін қарап отырсақ ешбрі де жібі түзу сұрақ қоймаған екен. Бүркіт мырза, неліктен олай деп ойлайсыз? - Көш жүре түзеледі. Бірақ, түзелмей осылай кете беруіміз де мүмкін. - Институтыңыз ертең тарайды екен. Сонда не істемексіз? Қызметкрелеріңізге жұмыс тауып бере аласыз ба? Егер жаңа президент сайлаып қалса тарихты 2011-ыншы жылдан бастайсыздар ма? Еркін. - Саспаңыз! Тарасақ та тарамасақ та біздің қызметкерлер далада қалмайды. - Аға, нұрлы кезеңнен кейін де тіршілік бар ғой. Сіз де пендесіз. Етең осы күнгі қылықтарыңыз үшін ұялмайсыз ба? Ел бетіне қалай қарайсыз? Президентті мақтамай кітап шығарды ңыздар ма? Неге Алтынбек Сәрсенбайұлы жайындағы кітабыңызды баспаға бермей жүрсіз? Ол күн де алыс емес дейсіз бе әлде? - Жауап берілген. - Бүркіт мырза, басқаңызды қоя тұрайық, баяғыда Күлтөбеде "Қазақ қорқақ халық, мойындайық та жігіттер" деп қойып қалған едіңіз, республика аумағына тарайтын, бүкіл халық көретін арнадан. Кешірім сұрау ойда жоқ па? - Не үшін? Не қазақ шетінен батыр ма? Талай қорқақ, ез, жалқауларды жиі көріп жүрміз ғой. Ол өтірік пе? - 1991жылғы Жайық оқиғасын Қазақстанның кәзіргі аумағын (сол тұстағы бес облысты) сақтауға бағытталған айтулы оқиға ретіде мойындауға бола ма? - Айтулы оқиға деп талай жазылған. - Бүркіт мырза! Жақында Астанада Алаштың арысы Смағұл Сәдуақасовтың қайраткерлігіне қатысты өткен конференцияда қысқа да нұсқа сөз сөйледіңі з. Сонда Голощекиннің, басқа да сол кездегі адамдардың « көгілдір » (голубой) екенін айттыңыз. « Міне, осындай адамдар біздің арыстай азаматтарымызды қорлаған, құртқан » , - дедіңіз. Бұл не сонда, жұрт бұдан да ірі, маңызды ойды күтіп отырғанда таусылғаныңыздың, ойыңыздың тоқырағанын көрсете ме? Жаңағындай сөзді айту тарихшы атыңызға лайық па? - Неге айтпаймыз ондайды? Ел білсін. Сол кездегі ондай сорақылықтардың болғанын. -Астанада орнатылған Керей мен Жәнібек хандард ың ескерткіші туралы не айтасыз? Жәнібектің басында қалпақ, қолына дулыға ұстап тұрғаны қалай? - Ескерткіш тамаша қойылған. - Биыл қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туылғанына 170 жыл толады. Қазақтың біртуар осы тұлғасын ардақтауға бағытталған іс-шараны өткізуді де ұмытпау керек. - Өте дұрыс. - Археология туралы заң қашан қатаяды, қаншама сылтау айтылғанмен даламыздағы зираттар иесіз қалуда? 2.Архивке доступ алу үшін қандай ерекшеліктер болуы керек деп ойлайсыз және авторлық құқық, жеке зерттеушілер немесе жеке архивтер жөнінде мемлекетіміз не себепті немқұрай қарап отыр 3.Ұлы Отан соғысының шығыны мен құны жөнінде пікіріңіз? 4. Соғыс тұтқындары жөніндегі кітабіңіздің тұсаукесері қашан болады (қарасиыр) - 1-2 сұрақтарға жауап жоқ. 3.Ұлы Отан соғысында қазақ халқы мол қырғынға ұшырады. Бұрынғы жазылған деректерде 400.000 дейтін. Осы санды екі көбейтуіміз керек сияқты. «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысында» атты жаңа кітапта көп мәселе қамтылған. 4.Ол кітап 2006 жылы шығып, таратылып кеткен. - Құрметті Бүркіт Аяған! Былтырғы жылы сіздер «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты кітап шығарыпсыздар. Президент Назарбаев туралы, тәуелсіздік, Отан тур алы, Астана туралы өлеңдерді, шеттен келген қандастардың жырларын сол кітапқа басыпсыздар. Сол кітапты қарап отырмыз, 10 мың таралыммен шығыпты. Тәуба, барлық жерге таратылған болар. Сұрайын дегеніміз - біздің авторлық құқығымызды даулауға қақымыз бар шығар. Сондағы өлеңдерімізге қаламақымызды қашан төлейсіз? - Авторлық құқығыңыз бұзылған жоқ. Әрбір шығармаға және оның авторы туралы берілген сілтеме бар. - «Әлемде талай қызық бар» деп аталатын энциклопедия сіздің редакциялық басқаруыңыздан өтіпті! Ішінде адам маймылдан жаратылға н, Құрандағы топырақ пен судан адам пайда болды деген әңгіме сандырақ, т.б. деген сынды әңгімелер қазақ баласының көзіне оттай басылып жүр бүгінде. Не дейсіз?! - Ол кітап кеңес заманында жарық көрген кітаптың қайта басылуы. Баспа өз бетімен кітап мазмұнын өзгерте алмайды, авторлық құқық бұзылмау қажет. - Бүркіт аға! Сізге денсаулық тілеймін! Мен сұрақ қоймаймын, тек мына жәйтті анықтап білгім келеді. Сіз басқарып отырған институтта орынбасарыңыз Хангелді Әбжән деген тарихшы кісі қолайына жақпай жүрген 3 жігітті және бір қызды жұмыстан шығарғысы келіп жүрген екен. Заңсыз шығара алмайтындықтан тек ауызша айтып жүрген көрінеді. Егер оларды шығарғысы келсе, о баста неге алды Хангелді ағамыз жұмысқа? Үш айлық сынақ мерзімнен толық өткен адамдарды қалай күресінге тастай салуға болады?! Олар да бала-шағасын асырап отыр ғой. Ең болмаса солардың көз жасына қаламын деп қорықпайсыз ба? Егер Х.Әбжән оларды жұмыстан шығару керек деп сізге бұйрықты әкеліп берсе, Сіз ойланбастан қол қоя бересз бе? Мына заманда жұмыс табу деген оңай емес қой. Ең болмаса сіздерде жұмыс істеп, бізді асырап отырған адамдарды қуу бізге оңай соққы болып отырған жоқ. Немесе бұл әңгіме өтірік пе? Менің туысыма әдейі айтылған қоқаң-лоққы ма бұл? Қалай болғанда да жайдан жай айтыла салмаған өсек деп ойлаймын. Енді бұларды қашан жұмыстан шығарып жібереді екен деп күнде алаңдап, Алладан жәрдем сұрап отыратын болдық. Қымбатшылық заманда жаныңыз ашыса болады ғой, аға! Егер менің туысым жұмыстан шықса, анау 3 адамда жұмыстан шықса амал жоқ мен барлық жерлерг барып арыздануға тура келеді. "Жас Алашқа" жазамын. Біз сияқты сіңірі шыққандардың қорғанышы "Егемен Қазақстан" емес, осы газет қана болып отыр бұл күнде. Соңғы сөз өз і ңізде Аға! - Қысқартылған ешкім жоқ. Бірақ жұмысқа төселе алмайтын адамдарды ұстамаймыз. - «ДАТ» деген газетті оқисыз ба? Газет шығару ойыңыз да жоқ па? - Жаңа газет шығару ойымда жоқ. «Топжарғанды» оқып тұрамын. - Олжас Сүлейменовтің тіл туралы айтқан пікірлерімен келісесіз бе? - Жоқ. Оны өзіне институт ұжымымен кездескенде айтқанбыз. - Менің атым Асқар. Күндіз-түні компютерден түспейтін, сайт ақтарғыштардың бірімін. Сіздің өзіңіз туралы білгім келіп, компютерден іздеп көрдім. Институт сайты қандай екен деп кіріп көріп ем, Құдай басқа салмасын, мұны мұғалім Мырзатай көретін болса, 2 түгілі, қоятын баға таппай қалар еді. Сайттарыңызда « Сiз қалай бiз ұйымның жұмысының нәтижелерi бағалайсыңыз? » деген сөйлем тұр, сіз осыны маған түсіндіріп беріңізші. Бұл не сөйлем өзі? « Архив новостиді » , « Полезные ссылкиді » аударуға тіліңіз жетпеді ме? « Түйіскен мәлімет » дегеніңіз « сүйіскен бірдеңе » дегендей оқылады екен. Айыпқа бұйырмаңыз, маған солай әсер етті. « Журнал » « Мемлекет тарихы » , « Газета » « Тарих және саясат » , « Нормативтік-құқықтық актер » , « Сайтының картасы » - міне осындай тілдік ақаулар менің жаныма батты. Өйткені, осылай жасау арқылы қазақ тілін мансұқ еткісі келетіндердің талайын көргенмін. « Диссертациялык кенес » деген тіркестегідей жарымжандыққа қалай жол бердіңіз? Төл теңгемізге « банқ » деп жазатын Сәйденов құрлы болмағаныңыз ба? Обшым, сайтыңыздың қазақшасы іске алғысыз, түкке татымайды. Біздің елде « Тіл полициясы » жоқ, болғанда осы сайтыңызды сотқа тартуға болар еді. Мен айттым, жауап сізден. - Ескертуіңіз дұрыс. Жауапты адамға сөгіс жарияланды. Соңы «Абай-ақпарат»
|
qosymsha/abai.kz | post_67780.txt | «Жебеу» бірлестігі мен Қытай елшілігі ШҰАР-да шиеленіскен ахуалдың шешімін іздеп жатыр | https://abai.kz/post/67780 | "«Жебеу» бірлестігі мен Қытай елшілігі ШҰАР-да шиеленіскен ахуалдың шешімін іздеп жатыр" | "https://abai.kz/post/67780" | 26.03.2018 | Abai.kz | null | TITLE: «Жебеу» бірлестігі мен Қытай елшілігі ШҰАР-да шиеленіскен ахуалдың шешімін іздеп жатыр
URL: https://abai.kz/post/67780
META: "«Жебеу» бірлестігі мен Қытай елшілігі ШҰАР-да шиеленіскен ахуалдың шешімін іздеп жатыр" | "https://abai.kz/post/67780"
DATE: 26.03.2018
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 1711
TEXT: Қытай Халық Республикасынан Бабақонысына оралған белсенді, оқыған азаматтар «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігін құрып, оралман мәртебесін иеленген бауырларымызға барынша қол ұшын созып, әлеуметтік әм заңдық, құқықтық мәселелер тұрғысынан жәрдем жасап келе жатқаны белгілі. Жуырда аталған бірлестік ҚХР-дың Алматыдағы бас консулына хат жазып, арғы беттегі елдің басындағы ахуалды ақтарып салды. «Арғы бет» деп отырғанымыз – ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы Районы (ШҰАР). ШҰАР-да қазір жергілікті қазақтар ғана емес, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыз да барыс-келіс барысында қыспаққа түсіп, саяси үйретулерге жіберіліп жатыр. Осы және өзге де жайттарды тізбелей келіп «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі былай деді: Құрметті ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Чжань Вэй мырза! Әуелі, бірлестігіміз атынан өздеріңіз ұйымдастырғалы отырған Наурыз мерекесіне арналған сауық кешке шақырғандарыңызға алғыс айтамын! Бұл шараны ұйымдастыру консулдықтың елімізге, ұлтымыздың дәстүрлі мерекесіне деген үлкен құрмет, шынайы тілек деп білеміз. Сонымен бірге, оқуда үздік, отбасылық жағдайы төмен студенттерге жәрдемақы тағайындап, оларға жақыннан жәрдемші болғандарыңызға барлық қандастарымыздың атынан рахметімізді айтамыз. Бірлестігіміз құрылғалы бері, Қазақстан-Қытай ара бұқаралық барыс-келістің нығаюы, мұғажырлар мүддесінің қорғалуы, екіжақты байланыстың нығаюына пайдалы жұмыстар атқарып келді, оны өз кезегінде өздеріңіз де жоғары бағалап, жылы лебіз білдіргенсіздер. Біздің бірлестіктің мақсатының өзі мұғажырларға, өте-мөте қандастарға заңдық кеңес және гуманитарлық көмек беру, жергілікті ортаға үйлесіп кетуіне дәнекер болу болып табылапды. Бас консулдық оралмандардың қазіргі жағдайларынан біршама хабардар. 2017 жылдың басынан бастап, ШҰАР-дағы әр дәрежелі үкімет немесе салалық мекемелер ҚХР Конституциясы мен қатысты заң ережелеріне қайшы, тіпті, Қытай орталық үкіметінің саясатына кереғар бірқыдыру жергілікті саясат, ережелер шығарып, оралмандардың екі жаққа қалыпты барып-келуі мен көші-қонына орасан қиындықтар тудырды. Әсіресе, олардың Қытайдағы тіркеуін өшіру мәселесінде әдейі кедергі жасап, қасақана қинап, әуре-сарсаңға салды. Қатты айтсақ айып етпеңіз, қазір екі елдің қалыпты бұқаралық барыс-келісі мен сауда-саттығы осы ШҰАР-дың (Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы Районы. - ред) жергілікті саясатының кесірінен тоқырауға жақын. Қазақстан халқы осыны түсіне алмай әлек: «Қазақстан мен Қытай басшыларының соншама жылдардан бері ақыл-парасаты мен еңбегінің арқасында қалыптаса бастаған тату көршілік, достық қатынасы мен стратегиялық әріптестігі бір сәтте өзгеріп шыға келді ме? Екі ел байланысы арықарай не болады?», - бұл сұрақ барлық достық ниеттегі саналы адамдарды толғандырып отыр. Бірлестігіміз екі ел қарым-қатынасын ойдағыдай ескеріп, кезінде консулдықтарығызға, және сіздер арқылы ШҰАР үкіметіне аталған мәселелерге жолыққан кісілердің арыз-шағымдарын нақты дәлелмен жеткізген болатынбыз. Алайда, өткен жылдың соңғы жарымынан бері қарай нақты немесе қанағаттанарлық жауап ала алмай отырмыз. Жасы ұлғайған науқас зейнеткерлердің ШҰАР-да қамқоршысыз қалып қоюы, ата-анасы келе алмаған балалардың Қазақстанда тірі жетімнің күйін кешуі, ол аз десеңіз, Қазақстан азаматтығын алған кісілердің ешқандай себеп-сылтаусыз “саяси үйрену орталықтарына” жіберілуі сияқты адам санасына кірмейтін жәйттер шаш етектен. Биыл жыл басталғалы бұл әңгіме саябырсығанның орнына, өршіп барады. Қыстық каникулға кеткен оқушылар мен студенттердің басым көпшілігі қайтып келе алмағандықтан, оқуларын тастауға мәжбүр болды. Біздің бірлестігіміз Қазақстандағы оралмандардың құқықтық мүддесін қорғауда өзіндік орыны бар, сондай-ақ, сіздермен селбесіп жұмыс істеп келе жатқан үкіметтік емес ұйым. Сондықтан да, оралман қауымы, тіпті, Қазақстан қоғамы бізге үміт артып отыр, сіздер арқылы аталған мәселелерді шешіп береді, немесе сұрақтарымызға толыққанды жауап береді деп күтеді. Шарасыздық бізді ырықсыз жағдайға итермелеп отыр. Өткен айда сіздердің бастамаларыңызға селбесіп, біраз оралман азаматтарды Алматыдағы Қытайдың ескі жаңа жыл кешіне қатысуға ұйыстырған едік. Осыған түсінбеушілік білдіріп жатқандар бар: “Соншама қандастарымыз ШҰАР-да заңсыз қыспаққа түсіп, қиналып жатқанда, сол елдің консулдығы ұйымдастырған мерекелік шараға қатысу ақылға сыймайды, тіпті сатқындық” деп бағалап, Жебеу бірлестігі “консулдық арқылы ештеңені шеше алмаса, не үшін жұмыс істейтін ұйым?” деп сұрақ қоюда. Осылайша біздің бірлестігімізге қатысты қоғамда теріс пікір қалыптасып отыр. Бірлестік жағынан сізге жазған хаттар мен арыздарымызға жауап ала алмай отырмыз. Осыларды ескере отырып, бірлестік мүшелерінің сауықкешке қатыса алмайтындын білдіреміз. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймын. Мерекелік сауықкеш сәтті өтсін! "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек Хаттың ханзу тіліндегі нұсқасы: Хатта баяндалғандай, наурыз айының басында ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдығы тарапынан сауық кешке шақырту алған «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңес мүшелері ақылдаса келе бұл кешке қатысудан бас тартыпты. Сауық кеші Жамбыл атындағы филармонияда өтетін болып белгіленген екен. Осыдан кейін ҚХР-дың Алсматыдағы консулдық істер бөлімінің басшысы Ду Чжян ханым бірлестік төрағасы Омарәлі Әділбекке телефон шалып, бас консулдықтың бұл мәселеге айырықша назар аударып отырғанын, бірлестік кеңес мүшелерін 11 наурызда бас консулдыққа келіп емін-еркін пікір алмасуға қайтадан ұсыныс жасайды. Алайда жебеулік жігіттер ақылдаса келе кездесуді «Жебеудің» кеңсесінде өткізуді әрі бас консулдың келіп қатысуын талап еткен. Наурыздың 11 күні сағат 11:00- де бас консулдың орынбасары Мияо Хоньбо мырза, консулдық істері бөлімінің басшысы Ду Чжян ханым және сол бөлімнің қызметкері Хай Ла ханым «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесесіне келіп, бірлестіктің кеңес мүшелерімен қалыптасқан мәселелер жөнінде емен-жарқын пікір алмасқан көрінеді. Кездесуді бірлестік төрағасы Омарәлі Әділбек жүргізді. Бұл турасында http://jebeu.kz сайты жазып отыр. Алдымен сөз алған Омарәлі мырза : «Ұсынысымызды жерге тастамай, демалыс уақыттарыңызды қиып, пікір алмасуға келгендеріңізге көп рақмет!» - деп сөз бастады да, былай деді: -ШҰАР-да қалыптасқан күрделі ахуал барлық азаматтарды алаңдатып отыр. Біз былтыр жыл басынан бастап сіздерге, Астанадағы елшілікке, Қытайдағы қатысты мекемелерге көптеген хат жаздық. Кей мәселелер шешілді, кей сұрақтарға жауап келді. Бүгін Жебеудің кеңес мүшелері 95% толық жиналып отыр. Енді емін-еркін пікір алмасып, қалыптасқан мәселелердің дұрыс шешілуіне түрткі болсақ деймін. Осыдан кейін сөз алған Мияо Хоньбо мырза : «Хаттарыңызды тапсырып алдық, бас консул бұл іске өте мән беріп отыр. Негізі жиынға өзі келмекші еді, тығыз шаруалары шығып, орына мен келдім. Былтыр жыл басынан бастап Омарәлі, Талғат, Рахым, Құрмет мырзалармен 5,6 рет кездесіп, бірталай мәселелерді талқыладық. Сіздер жіберген хаттарды, арыз шағымдарды тиісті орындарға жібердік. Біз тек ұсыныс бере аламыз, күштік құрлымдар мен атқарушы органның билігіне араласа алмайымз. Ал жауап хаттың кешігуіне келсек, Пекинде екі құрылтай ашылып, үкіметтік құрлымдарда өзгеріс болып жатыр. Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ал ШҰАР-дың жағдайын менен жақсы білесіздер, мемлекеттік құрлымдағы кадрлердің 1/3-і төменге түсіп кеткен. Осыдан көптеген жұмыстар ақсап жатыр. Сіздер қоғамдық ұйым ретінде қандастарыңыздың заңды құқын қорғау жолында міндеттеріңізді дұрыс атқардыңыздар. Біз де дипломатиялық жұмысымызды тиісінше атқарып жатырмыз. Енді сабыр керек, әр істің шешімі болады деп үміттенеміз. ҚР азаматтарының Қытайға барып ұсталып қалуы о ладам ҚР азаматтығын алудан бұрын ҚХР азаматтығынан шықапағандықтан тиісті ережелерді бұзуы мүмкін, сондықтан осы жайттерді анықтау үшін уақытша қалдырылып отырған болуы керек деп ойлаймын. ҚХР-дың азаматтығы туралы заңының 3 бап 9 тармағында шетел азаматтығын қабылдаған кісілердің ҚХР азаматтығы сол сәттен бастап автоматты түрде жойылады дегенмен, осы заңның 12 бабында әскери адамдар мен мемлекеттік қызметкерлер үкіметтің рұқсатынсыз шетелдің азаматтығын алуға болмайды делінген. Ол азаматтар осы талапты орындамаған болса керек. ҚР ықтиярхатының алынуын заңсыздық әрі жергілікті атқарушы органдардың асыра сілтеуі деп білем». Осы жерде Рахым Айыпұлы: «Зейнетке шыққан адамдар осы санатқа кіреді ме?»,- деп сұрады. Мияо Хоньбо: «Бұл жөнінде талас бар. Біреулер кіреді дейді, біреулер кірмейді дейді». Рақым Айыпұлы: Мен үш нәрсені атап өтейін: бірінші, Қазақстан паспортын алған азамат Қытай елшілігінің рұқсатымен виза алып, сол елге барады. Халықаралық заң бойынша оларды 4 сағаттан артық ұстауға болмайды. Ал олар не үшін саяси үйренуге жіберіледі? Қылмысы болса дәлелдеп қытай заңымен соттасын, саяси үйренуге кіргізудің ешқандай негізі жоқ деп білемін. Екінші, тіркеуден шығу туралы айтайын, менің шешем 85 жаста, ол қайтіп барып тіркеуін өшіреді? Ал біздің мына кеңес мүшелері Сабыржан Мұхаметхан, Жеңіс Әмірбектер кезінде жатақханаға тіркелген. Ал бүгін ол жатақханалар жоқ. Олар тіркеуден қайтіп шығады? Ықтиярхат жөніндегі пікіріңізге риза болдым. Жалпы ШҰАР-да көші-қон заңы толық кемелденбеген. Осыны бір жүйеге түсіріп, халықты қиындықтан құтқаруларыңызды үміт етемін. Мияо Хоньбо: Қытай қос азаматтықты қолдамайды. Әрине, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің өз белгілемелері мен батуәлары болуы керек. Сіздер осы іске ұшыраған тұлғалардың жеке пікірін қайталап отырсыздар. Бұл істі жан-жақты зерттеу керек. Тіркеуден шығуды Қытай үкіметі бұрын қузамаса, қазір қузап жатыр. Байқаған шығарсыздар, ҚХР-да қазір көптеген өзгеріс болып жатыр. Кешегі өлшемдер бүгінге жарамайды. Бұрын мемлекеттік қонақасыларда арақ астатөк құйылатын, Корупцияға қарсы күрес басталғаннан кейін мүлде құйылмайтын болды. Осыған әу баста адамдар сенбеген. Қазір бәрі үйреніп кетті. Партиялық тәртіп те күшейді. Омарәлі Әділбекұлы: Былтыр жазда «Саяси үйрену деген не?» деп өзіңізден сұрағанмын, кейін Пекинге жинға барғанда ҚХР Мұхажырлар министрлігінің департамент бастығы Шын мырзаға осы сұрақты қойдым. Әрине, сіздер атқарушы орган не құқық қорғау органдары емессіздер. Бірақ, қалыптасқан жағдайға байланысты халықтың арыз арманын жеткізеді деп ойлаймын. Қос азаматтық мәселесіне келсек, Қазақстан да социaлистік лагерден шыққандықтан тіркеуге қатты мән береді. Жеке тұлға азаматтық алғанда бұрынғы елдің паспорты мен жеке куәлігін тапсырмай жаңа құжат ала-алмайды. Европа, Канада, Сингапур, Австралия азаматтығын алған қытай азаматтары екі паспортты қатар қолданатын жағдай ішкі өлкеде көптен кездеседі. Біздің қандастарымызды толғандыратын жайт – тек тіркеуден шығу мәселесі. Олардың жағдайын қос азаматтық деп тануға келмейді. Қатысты орындармен пікір алмасып, осы мәселелердің жеңіл жолын қарастырсаңыздар деп өтінемін. ШҰАР-дағы жергілікті кадрлардың заң жөнінде танымы, саяси мәдениет өресі, төмен болғандықтан көптеген келеңсіздіктерге жол беріп отыр. Осы пікір алмасулардан кейін Талғат Мамырұлы оралман студенттер мен оқушылардың қыстық каникулға барып, қайта алмай отырғанын қытайға барып, қайтып келе алмай оқуынан қалған үш студенттің басындағы ахуалды мысалға ала отырып жеткізді. Құрмет Қабылғазыұлы тіркеуден шығу мен зейнеткер мәселесінде кереғарлықтың болғанын, зейнеткерлерге не тіркеуден шығып зейнетақыңды алмайсың, не зейнетақыңды алсаң тіркеуден шықпайсың деп жергілікті билік тарапынан заңсыз талап қойлып жатқанын айтты. Серік Сәдуақас 2017 жылдан бастап екі елдің арасындағы барыс-келістің тоқырауға ұшырағанын, қандастарымыздың құжаттарын жинап алғаннан кейін елге келу мәселесі қиындаса, мұндағы қазақтардың қытайға баруға, виза алуға кедергіге ұшырағанын, визасы болғанымен онда баруға ҚР азаматтарының өзін саяси үйренуге әкету істері болғандықтан баруға жүрекісінетіндігін, осының салдарынан екі ел арасындағы сауда-саттық, туризм жақтарының да тоқырауға ұшырап келе жатқанын айтып өтті. Әділ осындағы қандастарымызды шақыру үшін ол жақтағы бауыр туыстарына түрлі қысымдар жасалып жатқанын нақты фактілермен тілге тиек етті. Жиын барысында кезекті рет сөз алған Мияо Хоньбо мырза бұл кездесудің өте мағыналы болғандығын, осындағы барлық пікірлерді ескеріп тиісті жерлерге жеткізетінін, бұдан кейін де жиі кездесіп, пікір алмасу керектігін атап өтті. Әрі екі ел қарым-қатынасының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын, үлкен бағыттың дұрыс екенін, барлық оралмандар арыз арманы, қиыншылығы болса, Алматыдағы консулық пен Астанадағы елшілікке келуін, оларға есік ашық екенін айтты. Бөгде күштердің араласуы, екі елге де тиімсіз, бәрін заңмен, ақылмен шешейік деп қортындылады. Соңында Ду Зжян ханым Қазақстандағы кәсіпкерлерге Қытайдағы әріптестері арнаулы шақыру жіберсе, бір жылға көп мәрте виза алуға болатындығын ескертті. Кездесу екі сағатқа созылған. Тақырыпқа орай: «Жебеу» бірлестігі ҚХР-дың елшісімен кездесті 2018 жылы 20 наурыз күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы, «Жебеудің» кеңес мүшесі Рахым Aйыпұлы, кеңес мүшелері Жеңіс Әмірбекұлы, Сәулен Тоққазыұлы Астана қаласында ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжаң Ханьхуэй мырзаның қабылдауында болды. Кездесуге елшілік консулдық басқармасының бастығы Gu Ming мырза, елшілік қызметкерлері Liu Jiangping ханым мен Zhou Jianjun мырза қатысты. Елші мырза жинға қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтай келе, екі ел арасындағы экономикалық-мәдени қарым-қатынастардың маңызы мен дамуына тоқталып өтті. Сонымен бірге, ШҰАР-да қалыптасқан жағдай жөнінде ашық-жарқын бүкпесіз пікір алмасу болды. Бас елші алда, сәуір айында, ШҰАР-ға елшіліктің қызмет тобы баратындығын айтты. ШҰАР-дағы қалыптасқан жағдай бойынша бөлініп-жарылған отбасылардың арыз-арман, мүң-зары болса, Астанадағы елшілік пен Алматыдағы бас консулдыққа жолдауын ескертті. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_150303.txt | Ресей 500 танкісінен айырылды | https://abai.kz/post/150303 | "Ресей 500 танкісінен айырылды" | "https://abai.kz/post/150303" | 14.04.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Ресей 500 танкісінен айырылды
URL: https://abai.kz/post/150303
META: "Ресей 500 танкісінен айырылды" | "https://abai.kz/post/150303"
DATE: 14.04.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 67
TEXT: Ресей Украинада 500-ден астам танкісінен айырылған. Бұл туралы Oryx мониторинг жобасы хабарлайды. Ресейдің 257 танкісі жойылған, 9-ы зақымдалған, 40-ы қараусыз, жарамсыз күйде жол жиегінде қалған, 200 танк Украинаның қолына өтіп, олжа болған. Ресей Т-64, Т-72, Т-80 және Т-90А танктерімен соғысуда. Тағы 62 танктің үлгілерін анықтау мүмкін болмапты. Украина 110 танкісінен айырылды. Негізінен бұл T-64B танктері. Ресей армиясы 57 украиндық танкті, Украина 200 ресейлік танкті олжа еткен. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_156897.txt | Тоқаев: Байтұрсынұлының тойын өткіземіз | https://abai.kz/post/156897 | "Тоқаев: Байтұрсынұлының тойын өткіземіз" | "https://abai.kz/post/156897" | 06.09.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Тоқаев: Байтұрсынұлының тойын өткіземіз
URL: https://abai.kz/post/156897
META: "Тоқаев: Байтұрсынұлының тойын өткіземіз" | "https://abai.kz/post/156897"
DATE: 06.09.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 340
TEXT: Президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады. Президент өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін атап өтіп, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына барлық ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Президент үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті. Үкімет пен Қостанай облысының әкімдігіне зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеу мәселесін қамтамасыз ету тапсырылды. – Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Көмек көрсетілетіне ешқандай күмән болмауға тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Президент Төтенше жағдайлар министрлігін ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік, соның ішінде тұрғын үйге және жатақханаға қатысты мәселелерін шешуге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға қабілетті институт ретінде айтарлықтай күшейту қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ өртті ауыздықтауға тартылған еріктілермен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты. Президент материалдық үлес жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кадрлар дайындау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатынын жеткізді. Президент сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы атап өтілетінін атап өтті. «Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі екі-үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз», – деді президент. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_154754.txt | Қарақалпақстанда интернет тағы да бұғатталды | https://abai.kz/post/154754 | "Қарақалпақстанда интернет тағы да бұғатталды" | "https://abai.kz/post/154754" | 20.07.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Қарақалпақстанда интернет тағы да бұғатталды
URL: https://abai.kz/post/154754
META: "Қарақалпақстанда интернет тағы да бұғатталды" | "https://abai.kz/post/154754"
DATE: 20.07.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 72
TEXT: Қарақалпақстанда 19 шілдеде екі сағат бұрын ғана берілген интернет қайта өшірілді. Нөкіс тұрғындары күндіз интернеттің қайта өшірілгенін айтады. Осының алдында ғана Қарақалпақстан аумағында интернет қосылды, жаңалықтар сайттары жаңартылып жатыр деп хабарланған. Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанның автоном республика мәртебесін алып тастау жөніндегі ұсыныс енгізілгеннен кейін, 1-2 шілдеде халық көтерілген еді. 3 шілдеде аймаққа төтенше жағдай енгізіліп, интернет сөнген. БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет және бірқатар халықаралық ұйымдар Өзбекстан үкіметінің бұл әрекетін сынға алған. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_192103.txt | Түркиядағы сириялықтар өз еліне ағыла бастады | https://abai.kz/post/192103 | "Түркиядағы сириялықтар өз еліне ағыла бастады" | "https://abai.kz/post/192103" | 12.12.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Түркиядағы сириялықтар өз еліне ағыла бастады
URL: https://abai.kz/post/192103
META: "Түркиядағы сириялықтар өз еліне ағыла бастады" | "https://abai.kz/post/192103"
DATE: 12.12.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 67
TEXT: Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад билігі құлатылған соң Түркиядағы сириялық босқындар еліне жаппай қайта бастады. Бұл туралы Qazaqstan.tv жазды. Халықтың кедергісіз өтуі үшін Түркияның шығысында 10 жылдан аса жабық тұрған бірнеше шекара бекеті қайта ашылды. Түркия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шекарадан өтуге ниет білдіргендер саны соңғы күндері 5 есеге дейін өскен. Ресми деректерге сай азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялық босқындар саны 3 млн-нан асады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_89648.txt | Республикалық «Семсер» әдеби конкурсы жарияланды | https://abai.kz/post/89648 | "Республикалық «Семсер» әдеби конкурсы жарияланды" | "https://abai.kz/post/89648" | 24.04.2019 | Abai.kz | null | TITLE: Республикалық «Семсер» әдеби конкурсы жарияланды
URL: https://abai.kz/post/89648
META: "Республикалық «Семсер» әдеби конкурсы жарияланды" | "https://abai.kz/post/89648"
DATE: 24.04.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 130
TEXT: Жастар жылына орай «Мәдениет порталы» «Алтын қазына» ҚБ-мен бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жарияланды. Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы Үздік проза, Үздік поэзия, Үздік әдеби сын деген 3 аталым бойынша өтеді. Бас жүлде - 1 000 000 теңге! Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «SEMSER» әдеби сыйлығы табысталады. Ал қалған жүлдегерлерге Алтын төсбелгі тағылады. Байқауға 45 жасқа дейінгі қаламгерлер қатысады. Олар шығармаларын «Мәдениет порталына» өздері орналастыра алады. Оқырман өзі ұнатқан шығармаларға дауыс береді. Берілген дауыс қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде есепке алынады. «SEMSER» конкурсына тек қазақ тіліндегі шығармалар қатыстырылады. Өтінім беру мерзімі 24 маусымда аяқталады. Толық мәліметті мына сілтеме арқылы білуге болады. Конкурсты онлайн түрде ұйымдастырушысы «Мәдениет порталы». Бас демеуші - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_187163.txt | Алматы әкімі: Алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылады | https://abai.kz/post/187163 | "Алматы әкімі: Алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылады" | "https://abai.kz/post/187163" | 29.08.2024 | Abai.kz | null | TITLE: Алматы әкімі: Алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылады
URL: https://abai.kz/post/187163
META: "Алматы әкімі: Алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылады" | "https://abai.kz/post/187163"
DATE: 29.08.2024
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 152
TEXT: Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы аудандағы жоба-жоспарлар туралы баяндама жасап, одан кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Өз кезегінде аудан тұрғыны спорт мектептерін жаңғырту мәселесін қозғады. – Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ата-аналарының атынан келіп тұрмын. Спортта жетістікке жету үшін оған жағдай жасау керек екені ешкімге жасырын емес. Біз мектеп-интернатына реконструкция жасауды өтінеміз. Өйткені мектеп кішкентай, орын тапшы, - деді тұрғын. Алматы қаласының әкімі 2025-2027 жылдары спорт мектептері модернизацияланатынын атап өтті. – Алматыда соңғы 2 жылда бұл мәселеге ерекше көңіл бөле бастадық. Болашақ чемпиондарымыз үшін жақсы жағдай жасалғанын қалаймыз. Біздің дарынды балаларға спорт мектептеріне бір кездері тиісті назар аударылмаған. Алдағы 3 жылда 2025-2027 жылдары біз сіздің мектепті ғана емес, барлық спорт мектебін жаңартамыз. Өткен жылдан бастап біз қаржыландыруды көбейттік. Чемпиондар бір сәтте пайда болмайды, барлығы мектептен басталады. Сондықтан бұл біз үшін маңызды бағыттардың бірі, - деді Ерболат Досаев. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_42638.txt | ЕУРОПА ЕНДІ КРЕСТ ТАҚҚАН ЛАНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСЕДІ | https://abai.kz/post/42638 | "ЕУРОПА ЕНДІ КРЕСТ ТАҚҚАН ЛАНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСЕДІ" | "https://abai.kz/post/42638" | 18.01.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ЕУРОПА ЕНДІ КРЕСТ ТАҚҚАН ЛАНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСЕДІ
URL: https://abai.kz/post/42638
META: "ЕУРОПА ЕНДІ КРЕСТ ТАҚҚАН ЛАНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСЕДІ" | "https://abai.kz/post/42638"
DATE: 18.01.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 416
TEXT: ДАИШ (ИГИЛ) «жалғыз бөрі» ретінде батыста әрекет еткісі келетін сарбаздарына барлау қызметтерінің назарына түспеуі үшін жергілікті христиандарға ұқсап жүруге кеңес берген. Бұдан бұрын Әл-Каида тарапынан әзірленген шағын кітапшаны, ДАИШ ұйымы ғаламторда жариялаған болатын. 58 беттік ережелер кітабында ұйым өз сарбаздарына электронды почталарын белгілі етпеуге, смартфондарды пайдаланбауға, сақал-мұртты қырып тастауға, бетке ласион жағып жүруге үгіттейді. Бұл жағдайлар батыс қоғамында олардың байқалмауына септеседі деп жазылған. Ең қызығы, еуропадағы жанкештілеріне крест алқа тағып жүруге де рұқсат етілген. Тек бұл крест алқаны төлқұжаттарында мұсылман екендігі айқындалғандар тақпауы керек екен. «Жалғыз бөрілер» мен террор әрекетіндегі бауырлар үшін қауіпсіздік және сақтану ережелері» атты 12 бөлімнен тұратын кеңестер көптеген мамандар үшін күлкілі болуы мүмкін. Алайда, Париждегі 130 адамның өліміне әкеп соққан террорлық шабуылдарды жасауда бұл ережелердің септігі болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Кітапшаның кіріспесінде «жеңіске жеткісі келетін «жалғыз бөрілер» мен террор әрекетіндегі бауырларымызға қарапайым еңбегімізді ұсынамыз» делінген. 30 дәрістен тұратын еңбектің авторы Әл-Каиданың бұрынғы белді тұлғасы болған Әбу Жәбәлә Әл Адам. Ол 2013 жылы АҚШ-тың пилотсыз ұшағынан қаза тапқанға дейін ұйымның жоғарғы барлау маманы болған. Кітапшадағы біраз кеңестеріне көз жүгіртіп көрсек. Сақал өсірмеу, еркектер үшін ұзын етекті туника мен сүннет киімдерді кимеу, тіс тазалығы үшін мисуак қолданбау, діни кітаптарды өзіңізбен бірге алып жүрмеу қажет. Майлы мұсылман әтірін қолданбай, оның орнына спиртті парфюм қолдану сізді басқалардан өзгешелемейді. Жихадшылардың бір-бірлерімен кеңесіп отыруы, жоспарланатын шабуылдар туралы ешкімге айтпау, сырласпау, біраз уақыт мұсылмандар жиналатын орындар мен мешіттерге бармауда пайдаға асады. Барлау қызметі мен полицияның қырағылығы артқан соң, ДАИШ ұйымы Еуропадағы содырларына абай болуға шақырады. Әсіресе, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде ұйым белгісі бар сурет пен қандай да бір діни суреттер қоймауға, террорлық жоспарлар туралы сөйлеспеуді қатаң ескертті. Мұстафа Әл Ираки лақабындағы ДАИШ содыры өзінің Twitter әлеуметтік желісінде ұйымның жаңа мүшелеріне мынадай кеңестерді айтады; Ғаламторда «барлық кәпірлерді өлтіріңдер» немесе «кәпірлерді өлтіруге рұқсат бар» деген сұрау жазбаңыз. Әсіресе Еуропада өмір сүретін болсаңыз «өлтіру» сөзін іздеу торынан сұратпаңыз. Біреумен қажылық және хижрат турасында сөйлеспеңіз. Қажылыққа баратын болсаңыз да жақыныңызға айтпаңыз. Сирия аумағында болсаңыз қауіпсіздігізді ойламастан бұрын ұйым туралы әлеуметтік желіде пікір алыспаңыз. ДАИШ жоспарлары туралы ешқашан жаңалық жазбаңыз. Жоспар іске асқаннан кейін де қуанышыңызды бөліспеңіз. Батыстық барлау қызметтері АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте орын алған террорлық шабуылдан соң, радикал әсіре діншіл адамдар баруы мүмкін мешіттерді бақылауға ала бастаған. Жаз басталғалы Еуропадағы радикалды жиһадшылардың Таяу Шығыстан келген босқындар лагері мен тұрып жатқан аудандардағы мешіт ретінде жиналатын үйлерге бара бастаған. Париждегі терроролық шабуылдан соң Белгия, Италия, Германияның арнаулы қызметтерің назары бұл мешіттер мен босқындарға ауды. Франция, Италия және кейбір Еуропа елдері 800 мешіттің заңды түрде жабуға әрекеттенгені байқалып отыр. Назар Тұрықбайұлы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_3545.txt | ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ұшақ апатынан Польша президентінің қаза болуына байланысты көңіл айтты | https://abai.kz/post/3545 | "ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ұшақ апатынан Польша президентінің қаза болуына байланысты көңіл айтты" | "https://abai.kz/post/3545" | 11.04.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ұшақ апатынан Польша президентінің қаза болуына байланысты көңіл айтты
URL: https://abai.kz/post/3545
META: "ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ұшақ апатынан Польша президентінің қаза болуына байланысты көңіл айтты" | "https://abai.kz/post/3545"
DATE: 11.04.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 351
TEXT: Брюссель. 10 сәуір. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат СаудабаевРесейдің Смоленск қаласының маңында ұшақ апатында қаза болғандар арасында Польша президенті Лех Качинскийдің де қаза болуына байланысты Польша халқы мен апатта қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. «Мен осы ұшақ апатында қаза болғандардың отбасыларына, Польша халқына шын жүректен көңіл айтамын. Осы бір ауыр минуттарда біз сіздермен біргеміз», - делінген көңіл айту жеделхатында. Бұрын хабарланғандай, Солтүстік Смоленский әскери әуежайында Польшаның президенті Лех Качинскийдің Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза болды. Ресей ТЖМ мәліметтерінше, тірі қалғандар жоқ. «Әуежайға қонып келе жатқанда 10 сағат 56 минутта Варшавадан Смоленскіге ұшып келеген Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Алғашы мәліметтер бойынша, 87 адам - үкіметтің бірінші тұлғалары қаза болды», - деп хабарлады Ресейдің ТЖМ ақпаратты басқару басқармасының бастығы Ирина Андриянова. Басқа мәліметтер бойынша ұшақ бортында 132 адам болған. Брюссель. 10 сәуір. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат СаудабаевРесейдің Смоленск қаласының маңында ұшақ апатында қаза болғандар арасында Польша президенті Лех Качинскийдің де қаза болуына байланысты Польша халқы мен апатта қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. «Мен осы ұшақ апатында қаза болғандардың отбасыларына, Польша халқына шын жүректен көңіл айтамын. Осы бір ауыр минуттарда біз сіздермен біргеміз», - делінген көңіл айту жеделхатында. Бұрын хабарланғандай, Солтүстік Смоленский әскери әуежайында Польшаның президенті Лех Качинскийдің Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза болды. Ресей ТЖМ мәліметтерінше, тірі қалғандар жоқ. «Әуежайға қонып келе жатқанда 10 сағат 56 минутта Варшавадан Смоленскіге ұшып келеген Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Алғашы мәліметтер бойынша, 87 адам - үкіметтің бірінші тұлғалары қаза болды», - деп хабарлады Ресейдің ТЖМ ақпаратты басқару басқармасының бастығы Ирина Андриянова. Басқа мәліметтер бойынша ұшақ бортында 132 адам болған. Лех Качинский мен оның жұбайы Смоленскінің түбіндегі Катынь зиратына барып, тоталитарлық жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналған Ресейдегі алғашқы халықаралық мемориалдық кешенге тағзым етпекші болған. Бұл туралы кеше облыстық әкімшіліктен хабарлады. Катыньдағы қайғылы оқиғаның 70 жылдығына орайластырылған шараларда польша қауымдастығының, «Катынь отбасылары» қоғамдық ұйымының мыңдаған өкілдері қатысады деп күтілген. Мемориал облыс орталығынан 18 шақырым жерде Катын орманында орналасқан. Лех Качинский 60 жаста болатын.
|
qosymsha/abai.kz | post_6648.txt | Ғарифолла Есім. «Мұтылған» философиясы | https://abai.kz/post/6648 | "Ғарифолла Есім. «Мұтылған» философиясы" | "https://abai.kz/post/6648" | 14.01.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Ғарифолла Есім. «Мұтылған» философиясы
URL: https://abai.kz/post/6648
META: "Ғарифолла Есім. «Мұтылған» философиясы" | "https://abai.kz/post/6648"
DATE: 14.01.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1355
TEXT: Шәкәрім өзіне-өзі "Мұтылған" (ұмытылған - Ғ.Е.) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін "Мұтылғанның өмірі" деген толғау-өлеңнен табамыз. Жаралы жаным шықсын деп, Қара жер мені жұтсын деп, Өлген соң елім мұтсын деп, Атымды қойдым: "Мұтылған". Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан. Социализм мен Шәкәрім ымыраға келмейтін өлшемдер. Адам ақылына арқа тіремеген өкіметті Шәкәрім қабылдай алмады. Білімді, данышпандықты жоққа шығару, ысырап ету сау ақылға сыятын әрекет емес. Жағдай шынында Шәкәрімнің айтқанындай болды. Ақынды ұмыттыру үшін Кеңес өкіметінің жандайшаптары оны алдымен атып өлтірді. Тіптен зираты ұмыт болды. Шәкәрімнің атын атауға ресми тұрғыда тыйым салынды. Ақынның еңбектері архивтерде, жеке адамдар қорында тығулы жатты, ұрпақтар әдебиет сабағында Шәкәрімді ауыздарына алып көрген жоқ. Өйткені оқулықта тым құрыса бір жол Шәкәрім туралы хабар болмады. Әрине, осындай жағдайда, оның мұтылған екені шындыққа айналды. Шәкәрім өзіне-өзі "Мұтылған" (ұмытылған - Ғ.Е.) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін "Мұтылғанның өмірі" деген толғау-өлеңнен табамыз. Жаралы жаным шықсын деп, Қара жер мені жұтсын деп, Өлген соң елім мұтсын деп, Атымды қойдым: "Мұтылған". Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан. Социализм мен Шәкәрім ымыраға келмейтін өлшемдер. Адам ақылына арқа тіремеген өкіметті Шәкәрім қабылдай алмады. Білімді, данышпандықты жоққа шығару, ысырап ету сау ақылға сыятын әрекет емес. Жағдай шынында Шәкәрімнің айтқанындай болды. Ақынды ұмыттыру үшін Кеңес өкіметінің жандайшаптары оны алдымен атып өлтірді. Тіптен зираты ұмыт болды. Шәкәрімнің атын атауға ресми тұрғыда тыйым салынды. Ақынның еңбектері архивтерде, жеке адамдар қорында тығулы жатты, ұрпақтар әдебиет сабағында Шәкәрімді ауыздарына алып көрген жоқ. Өйткені оқулықта тым құрыса бір жол Шәкәрім туралы хабар болмады. Әрине, осындай жағдайда, оның мұтылған екені шындыққа айналды. Дүниеде ұмытылатын кім, ол әке-шешесі, туғаны, жанашыры жоқ жетім. Ел елдігінен, бас еркінен айырылып, ұлт өзін-өзі танудан қалғанда, ақын мұтылады, сөйтіп, әдеттегідей ұмытылған ақын ғана емес, жетім қалған халықтың өзі де мұтылмақ. Халық өзін-өзі тануға қолы жеткенде мұтылғанын жаңғыртып, жетімдік құрсауынан шығады. Ол да руханият тарихындағы заңдылық. Шәкәрімнің есімі қазақ халқы тәуелсіздікке беттеген кезде жаңғыруы соның айғағы. Туған жұртың, елің өзіңді қажет етпеген соң қалайша жетімдікті сезінбейсің. Дәл осындай халді Абай да басынан кешірген. Сірә, даналық дегеніміз рухтың азапқа түсу жолы болса керек. Рух күйзеліске түспей, сана сергімей, дүние болмысын қалай сезіп, түсінбексің?! "Жетім бала иесіз, өзі кесер кіндігін" демекші, Шәкәрім өзін жұртта қалған жалғыздай сезінеді. Оның сүйенері жоқ, жақтасы жоқ. Айнала дүрбелең, бітпей кеткен бір қарбалас болмыс. Қазақ даласына біресе ақтар, біресе қызылдар өктемдік жүргізеді. Екеуінен де елге тыныштық жоқ. "Шын әділет жемісін көре алмайды біздің көз" - дейді ақын. Бірақ оны ұғып жатқан жан шамалы. Бұл аласапыран кезде білгіштердің толып кетуі де заңды. Бәрі халыққа ақыл айтып, өмір сүруге үйретіп, әуре болуда. Олардың айтып жүргендерін Шәкәрімнің ұшқыр санасы қабылдамайды. Теориясымақтардың теріс, улы, зиянды екеніне зердесімен жеткен ақын: "Әулие білгіш айтты деп, жазылған талай қате көп" дейді. Мұндай сын айтуға Шәкәрімнің құқы бар, себебі, ол жастайынан жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен әділеттілікті ажыратпаған заманда өмір сүрді. Соның бәрін осы "Мұтылғанның өмірі" толғауында толық баяндаған. Шәкәрімнің елден тыс мекенге кетуі - оның солақай саясаттан қашуы. Мұндай күйді арлылардың көбі кешкен. Саясаттан аулақ болуға тырысқан бабамыз Анахарсис те, кешегі өткен данышпан Ұлықбек те мерт болған. Өкіметтің құрығы ұзын, қаншама саясаттан бойын аулаққа салғанмен, оның құрбаны болудан өзге тағдыр Шәкәрімге бұйырмады. Ойлап отырсақ, сол заманда Шәкәрім сияқтылардың тіптен дін аман қалуына еш жағдай жоқ еді. Есі шыққан елге естияр болатындар жұмған ауыздарын ашпай қалуы мүмкін болмайтын. Айттың болды, пәлеге қалдың. Көзі ашық, көкірегі ояу Шәкәрім далбаса саясаттың ырқымен сөз сөйлеуші ме еді? Ол айтса турасын, дұрысын айтады. Дұрыстық, адамдық деген ұғымдар өңі айналған заманда сенің сөзің кімге дәрі, керісінше, ол қызыл белсенділеріне қадалған шаншу. Өздерінен асқан дана жоқ деп есептейтін мылтық, қылыш асынғандар мұндай ақиқат іздеген ғұламаның көзін жоймай елге өктемдік жасай алмайтынын әбден түсінген. Мұны Шәкәрім де біледі. Оның елден кетіп жырақ өмір сүруі әншейін дәтке қуат, амалсыздың күні. Ақын өз өміріндегі сапалық белес - қырық жасқа ерекше тоқталған. Қырық жас өз ғұмырындағы ерекше белес екенін Шәкәрім өлең-толғауда үш рет қайталап айтқан. "Қырықтан соңғы сөзімді, сынап таны өзімді", "Жас қырыққа кірген соң, бір ой түсті жаңадан", "Қырықтан аса бергенде, ақылым қылды шерменде". Қырық жас - ақынның жаңа сапасы. Көп мәселеге тың көзқарас туған. Реті келгенде айта кетелік, қырық жасында Мұхаммедке пайғамбарлық келген. Грек жұртында қырыққа толған адамды акмэге келді дейтін ұғым бар. Қазақша айтқанда қырықтағы адам нағыз ақыл-санасы толып жетілген жан. Өркениетті көптеген елдерде ел басшысына жасы қырықтан асқан адамдарды сайлайтын дәстүр қалыптасқан. Осы дәстүрде мән бар. Шәкәрім: Қырықтан соңғы қырымды, Сынамақ болсаң түрімді, Көрейін десең нұрымды, Жидағы оқы жырымды, - деуі тегін емес. Қырық жастан асқан ақын дүние болмысына өзгеше қарай бастаған. Көрген-түйгені, оқығаны-естігені, бәрі-бәрі әлемді түсіндіруге дәлел болмай, керісінше философиялық сұрақтарға негіз болды. Қырықтан аса бергенде, Ақылым қылды шерменде: "Дінім қалай, жаным не, Жоғалам ба өлгенде? Әлемді кім жаратқан, Осынша түрлеп, таратқан? Көрінген сансыз планет, Бірінен-бірін бөлген бе? Ақырет деген немене, Шыққан жан қайта келе ме, Кіре ме осы денеге, Дәлелі қайсы сенгенде?.." Осы оймен Мекке барғамын, Әр түрлі кітап алғанмын. Бұл өмірдің мәні туралы экзистенциалистік ой-толғаныстар. Шәкәрім өмір философиясы хақында тек өлең жазумен шектелмей, санасындағы сансыз сұрақтарға жауап іздеп, Меккеге барып қайтқан. Ол бұл сапарын тек қажылыққа ғана бағыштамаған, өзіне-өзі қойған сұрақтарына жауап іздеген. Сұрақтарына толық жауап таппай қапа болады. Сөйтіп Шәкәрім ой қайғысына, ой дертіне ұшырайды. Елден безіп, оңаша жер іздейді. "Қауымнан қаштым қағылып, оңаша өмір сағынып" - дей келе "ойға оңаша жер керек, ойыңды ұғар ел керек" - деп тағы қапаланады. Елден безіп кеткен менде ешкімнің жұмысы болмас деген Шәкәрімнің дәмесінен де ештеңе шықпады. Қайта оның тау ішінде жападан-жалғыз тұруы Кеңес өкіметінің жергілікті шолақ белсенділеріне күдікті үдете түсті. Ақыры осы қылығы үшін ақын "бандит" атанып, НКВД бастығы Қарасартовтың қолынан отсыз-сотсыз қаза тапты. Шәкәрім "Ноқтасыз оймен тексердім" - дейді. Мұнда бізді қызықтырып отырған "Ноқталы ой" деген түсінік. Ақын "ноқтасыз ой" деген соң, бізге "ноқталы ой" деген не деген түсінік келеді. Ноқталы ой - ол большевиктердің ойлау тәсілі. Ол қалыпты, шектеулі ойлау. Онда Маркс, Ленин айтқандарынан асып түспеу керек. Бір ізбен, бір соқпақпен жүру бірыңғай, яғни ноқталы ойды қалыптастырады. Ноқтасыз ой біздің кейінгі кезде жамырасып, шуылдасқан "жариялылық", "плюрализм" деген мазмұндағы сөз. Бүгінгі тілмен айтсақ, Шәкәрім өз заманының плюралист ойшылы, ол өкіметпен, партия саясатымен келісімге келіп отырған жоқ. Ол, керісінше, "ноқталы ойға" қарсы. Сондықтан өз заманынан бұрын кемеңгердің біршама уақытқа ұмтылатыны да заңды. Оны ұғатын ұрпақ өсіп жетпейінше, ол ұмыт боп қала береді. Шәкәрімнің иман туралы ой-толғамы да назар аударарлық. Ақын "сау ақыл менің иманым, аламын соған сыйғанын" - деп ашық айтқан. Демек, оның сенері - имандылық. Оған жетудің жолы ақыл. Иманға нандыратын - ақыл. Әрине, имандылыққа тек ақыл арқылы жету деген мәселе талас тудырары сөзсіз. Бірақ мәселе онда емес, сөз ақынның иман туралы өзіндік концепциясында. Шәкәрім иманды жалпы халыққа ортақ мәнінде емес, әрбір адамның жеке басына қатысты іс ретінде түсінген. Бұл орайда біз Шәкәрім дүниетанымының ерекше қыры туралы сөз етеміз. Ол иманды жеке адамның қабылдауына қатысты мәселе деп түсінген. Яғни иман, яки имандылық деген дүниетаным деген сөз. Адамның өз иманын тануы - онын дүниетанымының қалыптасуы деген сөз. Көп адамда дүниетаным емес, дүниеге көзқарасы ғана болады. "Сау ақыл менің иманым" - дейтін Шәкәрімнің ақыл мен болмысты тануға мүмкіндік алдым дегені деп түсінуге болады. Иман - болмысты танудың мүмкіндігі. Шәкәрім сау ақыл арқылы сол рухымен тану мүмкіндігіне, яғни иманға жетіп отыр. Шәкәрім айтуында иман - гносеологиялық, яғни танымдық категория. Мұтылған деген сөздердің астарында ұмытылмайтын мән жатыр. Ұмытылатыны немесе ұмытылмайтыны қайсы. Әркім өзі ойлануы керек. Өз-өзінен жапырақтың сарғайып, жерге кеуіп түскеніндей, құмды жерге нөсердің із-түссіз сіңіп кеткеніндей болмыста ұмыт болып жататын жайлар аз ба?! Оған кім пәлендей мән берген? Немесе Адам атадан тараған сансыз ұрпақтың қайсыбірінің есімі жұрт есінде қалды? Оның ұмыт болғандары да орынды. Есте қалатын адам есімі емес, оның ұзақ кешкен ғұмыры емес, Абай айтқандай, артына өлмейтұғын сөз қалдыруы. Бірақ сол сөз қалдырғандар да ұмыт болады екен. Осындай жайлар, негізінде, ұмыт болу деген тарихтан, халық санасынан мүлдем жойылу емес. Ел өзінің есін жиған кезінде ұрпағы есіне алатынына сенім білдіру. Сол үшін Шәкәрім өз ғұмырын тиянақты түрде өлең етіп жазып қалдырған. Бұл ес жинағанда елі ұмыт болғандарды есіне түсірсін деген ниет.
|
qosymsha/abai.kz | post_9310.txt | Асқар Қабылан. «Дала казактары» кімнің казактары? | https://abai.kz/post/9310 | "Асқар Қабылан. «Дала казактары» кімнің казактары?" | "https://abai.kz/post/9310" | 01.07.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Асқар Қабылан. «Дала казактары» кімнің казактары?
URL: https://abai.kz/post/9310
META: "Асқар Қабылан. «Дала казактары» кімнің казактары?" | "https://abai.kz/post/9310"
DATE: 01.07.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 626
TEXT: Қазақстан Республикасы Бас прокурорының назарына Қазақстан казактарды тайраңдатқалы қай заман. Имперлік заманның қақырығы болып табылатын казактар ұялмай-қызармай ресми орындар мен мейрамдарға өздерінің әскери формалары мен елімізге қатысы жоқ салпыншақтарын тағуды әбден әдетке айналдырып болды. Оған өзіміздің де көзіміз үйреніп кеткендей... Ал Ресейде дәл осы казактарды «мемлекеттік қызметке» теңестіріп, олардың салт-жоралғысын ресмилендіріп жатыр. Казактарды Ресей президенті жанынан құрылған арнайы Кеңес, Медведевтің кеңесшісі лауазымы бар генерал басқарады. Орыстар оларға шекараны күзеттірмекші, қоғамдық тәртіпті бақылатпақшы. Бұл Ресейде делік. Өздері үшін дұрыс болар. Ал қазаққа не жоқ? Конституциямыздың 5-ші бабында былай делінген: «3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының назарына Қазақстан казактарды тайраңдатқалы қай заман. Имперлік заманның қақырығы болып табылатын казактар ұялмай-қызармай ресми орындар мен мейрамдарға өздерінің әскери формалары мен елімізге қатысы жоқ салпыншақтарын тағуды әбден әдетке айналдырып болды. Оған өзіміздің де көзіміз үйреніп кеткендей... Ал Ресейде дәл осы казактарды «мемлекеттік қызметке» теңестіріп, олардың салт-жоралғысын ресмилендіріп жатыр. Казактарды Ресей президенті жанынан құрылған арнайы Кеңес, Медведевтің кеңесшісі лауазымы бар генерал басқарады. Орыстар оларға шекараны күзеттірмекші, қоғамдық тәртіпті бақылатпақшы. Бұл Ресейде делік. Өздері үшін дұрыс болар. Ал қазаққа не жоқ? Конституциямыздың 5-ші бабында былай делінген: «3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. 4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді». Осындай нақты заң жолдарының барына қарамастан біздің билік пен қоғам әлі де болса қай мемлекет пен қай заманда тұрып жатқанын ұмыта беретін секілді. Мысалы, күні кеше ғана Теміртау қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшесі казактармен арнайы келісім жасап, оларды өзен-көлдерді қадағалау үшін «қызметке» ала жаздады! Абырой болғанда биліктің араласуымен бұл жанжал «жылы жабылып», жалғасын таппады. Оны аз десеңіздер, Кедендік одаққа кіргелі бері казактар «біздер әскери сословиеміз, біздерді шекара күзетуге алыңыздар» дегенді жиі айтып кетті. Онсыз да орыспен шекарамызды айқара ашып жатқан заманда оны күзетуді казакка тапсырсақ не болатыны белгілі емес пе? Әзірге одан да құдай сақтап келеді. Сол казактар өздерін тәуелсіз Қазақстанның емес, имперлік Ресейдің бөлігі сезінетіні айдан анық. Үнемі орманға қарап ұлып тұрады. Өйткені сол жақтан ресми де, бейресми де қаржылық, ақпараттық, саяси көмек алатыны белгілі. Ресей елшілігі, «Русский мир» сияқты ұйымдар оларға көрсетіп жатқан көмегін жасырып жатқан жоқ. Тіпті орыс елшісі еліміздің орыстарын жинап, үстелдің басына отырып, аналарға нақты «тапсырма» беретінін қайтесіздер?! Суреттері сайтында бар, сөздері жазылған! Бұл қазақ заңдарын бұзу болмағанда, не? Конституцияның «бесінші бабын» өрескел бұзу болмаса, не? Кеше интернеттен елордамызда орналасқан «Дала аймағы казактарының одағы» атты ұйымның "Ресей мен шетел казактарының одағы" деген құрылымның құрамына кіргені туралы деректер көзге түсті. Сөзбе-сөз келтірейік: «ПРИКАЗ № 30 СОДЕРЖАНИЕ: «О приеме в состав Союза Казачьих Войск России и Зарубежья казачьих войск, казачьих обществ и казачьих общественных объединений» На основании ст.3 Устава Союза Казачьих Войск России и Зарубежья и в соответствии с протоколом №5 от 07 ноября 2010г. Регионального Общественного Объединения Республики Казахстан «Союз казаков Степного края», - ПРИКАЗЫВАЮ: 1. Подтвердить вхождение в состав Союза Казачьих Войск России и Зарубежья Общественного Объединения Республики Казахстан «Союз казаков Степного края» под руководством Президента (Атамана) РОО «Союз казаков Степного края» Шишкина Геннадия Ивановича 2. Президенту (Атаману) РОО «Союз казаков Степного края» Шишкину Геннадию Ивановичу подготовить представление на руководство РОО «Союз казаков Степного края» представление и фотографии для оформления патентов и служебных удостоверений СКВРиЗ. 3. Приказ объявить по всем войскам и структурным подразделениям СКВРиЗ». Осы құжаттың өзі аталған «Дала аймағының казактары одағының» ресми жабылуына нақты дерек болады емес пе? « Абай-ақпарат »
|
qosymsha/abai.kz | post_101102.txt | The Times "Беларусь аруы-2018" иегерінің Лукашенкомен байланысы туралы жазды | https://abai.kz/post/101102 | "The Times "Беларусь аруы-2018" иегерінің Лукашенкомен байланысы туралы жазды" | "https://abai.kz/post/101102" | 20.11.2019 | Abai.kz | null | TITLE: The Times "Беларусь аруы-2018" иегерінің Лукашенкомен байланысы туралы жазды
URL: https://abai.kz/post/101102
META: "The Times "Беларусь аруы-2018" иегерінің Лукашенкомен байланысы туралы жазды" | "https://abai.kz/post/101102"
DATE: 20.11.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 157
TEXT: 22 жастағы Мария Василевич Беларусь парламенті төменгі палатасының ең жас депутаты атанды. The Times басылымының мәліметі бойынша, "Беларусь аруы" атанған қыз ел президенті Александр Лукашенкомен "романтикалық байланыс" орнатқан екен. Өткен жылы мамыр айында Мария сұлулық байқауында жеңіске жеткен соң, ол 65 жастағы Лукашенкомен көпшілік алдына жиі шығып жүр. Олар мемлекеттік фестивальге, хоккей матчтарына, Ресейде 2018 жылы өткен футболдан Әлем чемпионатына бірге барды. The Times басылымының хабарлауынша, Лукашенко Василевичті мәдениет пен қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін мемлекеттік медальмен марапаттаған. Бұған қоса, президент оның "Әлем аруы-2018" байқауына дайындалуға көмектесті. Мария бұл байқауда үшінші орын алды. Депутат атанған Мария Василевичтің саясатта тәжірибесі жоқ екенін басылым атап өткен. Парламентте ол жастар мәселесіне көңіл бөлуді көздейді. Жексенбі күні өткен парламент сайлауында оппозициядан бірде-бір үміткер төменгі палатаға өте алмады. Сыншылар сайлауды алаяқтыққа теңеді деп жазды The Times. Александр Лукашенко Беларусьті 25 жыл бойы басқарып келеді. Лукашенко 1975 жылы үйленген, бірақ президент болғалы бері ол әйелімен бірге көпшілік алдына шыққан емес.деп жазды The Times. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_120756.txt | Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр | https://abai.kz/post/120756 | "Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр" | "https://abai.kz/post/120756" | 18.09.2020 | Abai.kz | null | TITLE: Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр
URL: https://abai.kz/post/120756
META: "Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр" | "https://abai.kz/post/120756"
DATE: 18.09.2020
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 117
TEXT: Беларусь Литва және Польшамен шекараны жабады. Ал Украинамен шекараны күшейтеді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді. "Біз көшелерден әскерді шығарып, батыспен шекараны жабуымыз керек" , – деп мәлімдеді Лукашенко әйелдер форумында сөйлеген сөзінде. Осылай деп Азаттықтың беларусь қызметі хабарлады. Лукашенко сөйлеген сөзінде өзге елдердің сайлауды мойындауын қажет етпейтінін айтып, ОМОН өкілдеріне наразылық акциясы кезіндегі әрекеттері үшін мақтау айтты. 9 тамызда өткен президент сайлауының жеңімпазы Александр Лукашенко деп жарияланғаннан кейін елде үздіксіз наразылық шаралары өтіп келеді. Сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайтын наразылар Лукашенко отставкасын және демократия талаптарына сәйкес сайлау өткізуді талап етіп отыр. Қарсылық акциялары кезінде оппозицияның бір бөлігі билік тарапынан жасалынған қудалаудан қауіптеніп, елден кетуге мәжбүр болды. Еуропарламент Александр Лукашенконың сайлауда жеңіске жеткенін мойындамайтынын мәлімдеді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_5269.txt | Ермұрат БАПИ. ...Ә? | https://abai.kz/post/5269 | "Ермұрат БАПИ. ...Ә?" | "https://abai.kz/post/5269" | 27.10.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Ермұрат БАПИ. ...Ә?
URL: https://abai.kz/post/5269
META: "Ермұрат БАПИ. ...Ә?" | "https://abai.kz/post/5269"
DATE: 27.10.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 598
TEXT: «Жасартатын дәрі керек дейді, ә?». Қызық. Енді табиғаттың сағатын да алдап соққысы келеді! «Құнанбайды алған бұл өлім, сабыр қылсақ керек-ті», - деген Абайды білмейді-ау, сірә. Бір мемуардан оқығаным бар: жас ұзарту мәселесімен айналысқан Александр Богомолец деген украиндық ғалым болған. Ол өз зерттеулері барысында адамның 150 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі бар деген тұжырым жасапты. Осыны естіген Сталин жас ғалымның еңбегіне жағдай жасап, зерттеулеріне ақша аямапты. Ол қырықтан асар-аспасында Украина ғылымының академигі, елуге жетер-жетпей, КСРО академигі атанып, сталиндік сыйлық, Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Содан 1946 жылы 65 жасында академик кенеттен қайтыс болып кеткенде, Сталин: -Вот, жөлік, алдап кетті! - деген екен. Қара да тұр, бұны да алдап кетеді. Кім дейсіз бе? Жасартатын эликсир іздеп жүргендер! Өткенде бір кәріс шал сол эликсирге эксперимент жасаймын деп шәйіт болды, марқұм. Енді Роман Ким деген көп «кімнің» тағы біреуі іздеп кетті. Таппайды. Тапса, тағы бір «кім» Ир Сен өлер ме еді? Ол түгілі, ежелгі қытайдың қырық буын дәрісіне шомылған Маоның «қош» дегеніне қырық жыл болды. Сонда да эликсирге емеуріні күшті, ә? Жөн ғой енді: жан тәтті, жиған-терген малдың қызығы да тәтті, қайтсін-ай! Астанадан ашылған жаңа университетіне де адамды жасартатын технология табуды тапсырыпты. «Жасартатын дәрі керек дейді, ә?». Қызық. Енді табиғаттың сағатын да алдап соққысы келеді! «Құнанбайды алған бұл өлім, сабыр қылсақ керек-ті», - деген Абайды білмейді-ау, сірә. Бір мемуардан оқығаным бар: жас ұзарту мәселесімен айналысқан Александр Богомолец деген украиндық ғалым болған. Ол өз зерттеулері барысында адамның 150 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі бар деген тұжырым жасапты. Осыны естіген Сталин жас ғалымның еңбегіне жағдай жасап, зерттеулеріне ақша аямапты. Ол қырықтан асар-аспасында Украина ғылымының академигі, елуге жетер-жетпей, КСРО академигі атанып, сталиндік сыйлық, Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Содан 1946 жылы 65 жасында академик кенеттен қайтыс болып кеткенде, Сталин: -Вот, жөлік, алдап кетті! - деген екен. Қара да тұр, бұны да алдап кетеді. Кім дейсіз бе? Жасартатын эликсир іздеп жүргендер! Өткенде бір кәріс шал сол эликсирге эксперимент жасаймын деп шәйіт болды, марқұм. Енді Роман Ким деген көп «кімнің» тағы біреуі іздеп кетті. Таппайды. Тапса, тағы бір «кім» Ир Сен өлер ме еді? Ол түгілі, ежелгі қытайдың қырық буын дәрісіне шомылған Маоның «қош» дегеніне қырық жыл болды. Сонда да эликсирге емеуріні күшті, ә? Жөн ғой енді: жан тәтті, жиған-терген малдың қызығы да тәтті, қайтсін-ай! Астанадан ашылған жаңа университетіне де адамды жасартатын технология табуды тапсырыпты. Бірақ деймін-ау, сонда, біздің қазақты жазылмайтын «жаман ауру» жалмап жатқанда, жасартатын дәрі не сәнім?! Кез келген қазақтың есігін қағып: «Рактан өлген кімің бар?» - деші, көлдей тізім жасап береді. Тіпті ол жеткен жетпіс түгілі, қырқында қыршынынан қиылған жастар кетіп жатыр. Бәлкім, эликсирден гөрі, обырдың осы ойранын тоқтатар дәрі іздетсе, ілуде біреуге дәру болар ма еді, ә? Ал құрт ауруы құртқан қазақтың қамын жеген сөзін естідіңіз бе? Мен естімедім. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда туберкулез өліміне душар тоқсан мың адам бар екен. Ал биресми ақпарды айтқызбайды. Себебі, имиджімізге нұқсан келеді: бүкіл әлемнің алдында ойқастап бара жатқан ел үшін ондай дерек «дөрекі» көрінеді екен. «Ақ қан», «қызыл қан» деген қан қақсатқан аурудың есебін алған адам жоқ. Оның есебі «фронтовой сводкадан» жаман. Бес жасар баласына шетелде операция жасату үшін, үш бөлмелі жалғыз пәтерін сатқан қазақты білемін. Қазір баласы азамат болып қалды. Бірақ баспанасыз, ағайындарының «времянкасында» тұрады. Қайсыбірін айтасың: мыңғырған мысал көп. Ал өзі жетпісіне жетіп алды. «2020-ға дейін кетпеймін!» - деп отыр. Знашит - сексен! Отырсын! Отырсын-ау, егер доғдыр жазып берген бес дәрінің біреуін бес күн алуға ақшасы бар қазақтар көбейсе, отыра берсін. Тоқсанында да түспесін. Шәкер ақын айтпақшы, жүзіне де барсын, боқ жеп. «Өлім барда қорлық жоқ» - деп Абай атам айтқандай, қайысқан қазақ құтылар бір күні өліп, ит тірліктен. Ә?.. «Общественная позиция» (проект «DAT» № 3 8 (7 5) от 27 октября 2010 г.
|
qosymsha/abai.kz | post_16203.txt | Жанат Ахмади. Дүрбелең (жалғасы) | https://abai.kz/post/16203 | "Жанат Ахмади. Дүрбелең (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/16203" | 28.02.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Жанат Ахмади. Дүрбелең (жалғасы)
URL: https://abai.kz/post/16203
META: "Жанат Ахмади. Дүрбелең (жалғасы)" | "https://abai.kz/post/16203"
DATE: 28.02.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 4316
TEXT: 8 Айтқандай Әли дауы ұзаққа созылды. Бұл арыз бойынша сұрақшы бірталай тергеу жүргізді. Сол барыста Абдоллаға атты алдыртушы Мамозы екені даусыз, толық ашылған. Ал Әли Мамозыдан өз ақы алашығынан әлі ешнәрсе өндіре алмай жатса да, Шерудің біраз адамының босап шығуына себепкер болды. Әли алғаш келіп Ли-жүйжаңға кірген күні полиция бастығы одан қысқа-қысқа екі ауыз сауал сұрап: ...- Сойылған биеге Керімбектің қатысы қалай жоқ болады? Қастандықпен үйіне ет тығылған Әмен деген қазақ Керімбектің орнын алған Абдолла болыстың құдасы екен. Сол арқылы Керімбекке Абдолланы шатастыру керек болған. Яғни Абдолладан өш алмақ. - Жақсы айтасыз, осы Әмен деген қазақ Арыппай алмақшы болып жүрген қызды өзінің інісіне айттырған. Ол Абдолла болыстың қызы, Арыппаймен уәдесі бар қызды інісіне аударып, Абдолламен құда болып отыр. Сондықтан Әменде Арыппайдың өз басының кешпес кегі бар. Абдоллаға да тап сондай наразы. Және Керімбектей кемел адам өз басын осыншалық дауға шатады дегенге кім сенеді? Сізге Мамозының биесін Арыппайға алдыртушы кім екені анық қажет болса, ол - мына мен... Бұған Керімбекті кінәламай, заңмен жеңсең, ататын жеріңде мені ат! - Сенің атыңды Абдоллаға Мамозы алдыртқанын мүмкін жобамен айтатын боларсың? Содан басқа ойға келуге мүлде болмай ма? 8 Айтқандай Әли дауы ұзаққа созылды. Бұл арыз бойынша сұрақшы бірталай тергеу жүргізді. Сол барыста Абдоллаға атты алдыртушы Мамозы екені даусыз, толық ашылған. Ал Әли Мамозыдан өз ақы алашығынан әлі ешнәрсе өндіре алмай жатса да, Шерудің біраз адамының босап шығуына себепкер болды. Әли алғаш келіп Ли-жүйжаңға кірген күні полиция бастығы одан қысқа-қысқа екі ауыз сауал сұрап: ...- Сойылған биеге Керімбектің қатысы қалай жоқ болады? Қастандықпен үйіне ет тығылған Әмен деген қазақ Керімбектің орнын алған Абдолла болыстың құдасы екен. Сол арқылы Керімбекке Абдолланы шатастыру керек болған. Яғни Абдолладан өш алмақ. - Жақсы айтасыз, осы Әмен деген қазақ Арыппай алмақшы болып жүрген қызды өзінің інісіне айттырған. Ол Абдолла болыстың қызы, Арыппаймен уәдесі бар қызды інісіне аударып, Абдолламен құда болып отыр. Сондықтан Әменде Арыппайдың өз басының кешпес кегі бар. Абдоллаға да тап сондай наразы. Және Керімбектей кемел адам өз басын осыншалық дауға шатады дегенге кім сенеді? Сізге Мамозының биесін Арыппайға алдыртушы кім екені анық қажет болса, ол - мына мен... Бұған Керімбекті кінәламай, заңмен жеңсең, ататын жеріңде мені ат! - Сенің атыңды Абдоллаға Мамозы алдыртқанын мүмкін жобамен айтатын боларсың? Содан басқа ойға келуге мүлде болмай ма? - Мамозы айтпаса Абдолла менде тіпті аттың бар-жоғын да білмес еді. Мен Мамозыға қандай өш болсам, ол маған сондай қас адамдар екенімізді өзіңіз де білесіз. Оған нанбасаңыз сол аттардың көзін бір жаққа жоғалтсын деп сол бәйек боп отырған Мамозыңыздың жіберген адамы да қолға түсті. Оны сұрақшыңыздан ертелі-кеш ести жатарсыз. Ли-жүйжаң Әлидің алмастай өткір, дәлелді жауабына қанағаттанбауға шарасы қалмаған. Жасымас кедейдің өзіне-өзі сенімді нұсқасы, төмен, босаға жақтан кәрлі полиция бастығының көзіне тайсалмай, аумай қарап жауаптасуынан ғана емес, барлық табанды, дәлелді қалпынан көрінді. Ел айбынынан жапырақтай тітірейтін Ли-жуй жаң қаһарынан Әли саспаған. Өз достары: Керімбек, Арыппай, Қарымсақтар жолында жан аяп, тайсалуды ойламаған. Қыс азығын қамдап, егін-терімін жинап болған кедей дүңген диқандарын куәлікке тұтас көтеріп әкелген. Әлилерді жиырма үй дүңген деп атағанмен, соның екі үйі анығында қытай кедейлері бола-тұғын. Әли бастаған көршілермен баяғыдан бері бірге келе жатқан жалшы, қытай азаматтары еді. Соның Лән бияу ағай дейтін қартаң біреуі полиция бастығы Ли-жүйжаңға, және үйез әкімі полковникке қытайша жазып, екі арыз жіберген. Әли ұқыптап, орап салған ішкі қойнынан соны алып бергенде, Ли-жүйжаң қабағын шытынып отырып оқыды... Лән бияу арызы Мамозы жайлы болып шықты. Бұл адам Мамозының малайы болып жүргенде өз қожайынымен біраз жылға дейін тату болады. Үкіметке тәуір көріну үшін, қытай адамын көрсе, жағынып тұратын Мамозы Лән бияудың жесір қарындасын кемпірі өлген әкесіне әйелдікке әпереді. Баласының бектігін бу көріп, өзгеге әкімсіне сөйлейтін болған Мадаңзы кәртейдім демей, өз төсегіне жас тоқал салған. Сонда Мамозы өзінің ат үсті жорыққа мықты - Рахим деген інісіне бай дүңгендерден іріктеліп кұралған топ жігітті бастатып, мойны қашық елдерден дәл үш дүркін жылқы алдырады. Алғашында өргі Қызайдан, онан соң ұмыттырып барып, Бұратала - Сарытаудағы Қаракерейден алады. Жоңғариядағы қалмақтар: Чінәңгі, Хучнінәңгі деп екіге ажыраушы еді. Бір кезде жойылып кеткен Жоңғар қалмағының тұқымы Шыңжаң жерінде аз екен. Қытай богдахандары қойдай қырған, қазір Тәңіртаудың арғы беті Қарашәр - Жұлдыз бойындағы Торғауыт руы Чінәңгісіне жатады. Ендігі кезек қалмаққа тимек болған Мамозы үшін сол Торғауыт жағынан жылқы алу қиын еді. Екі арада жалпақ Қызай елі жатыр. Сондықтан шығыстағы Еренқабырға тауының теріскейін мекен еткен Хучінәңгіден бір жолда тап отыз шақты жылқы қудырып алады. Айналасы төрт-бес жыл ішінде Мамозының жылқысы үш жүзге тартады. Бірақ өз қолымен бір бие тудырып, суығына тоңып мал өсірген Мамозы жоқ. Шарана көріп, шаруа бақпай біткен мал... Әлгі «Лоңқа - торы ат» дейтін. Әмен қорасынан табылған ат осы Лән бияудікі екен. Ол жазған арыздың мағынасы осы еді. Арыз соңында: «Қолымнан көшіп кеттің. Басыңды бассам, аяғың тыпырламай жата бермедің» деп Мамозы Әлимен қабат маған да өштескен. Туған қарындасымды әкесі әйелдікке алып отырған адам елді жылатпаса маған осыны істей ме? Өзіме таяғы батқан соң, қарындасымды пісіріп жесең де өзің біл деп, Әлимен бірге кеттім» деген. Әнекүннен бергі барлық даудан кем түспейтін қомақты арыз енді осы болып шыққан. Ли-жүйжаң мұны көрген соң, еріксіз кеңірек толғанып, Мақсұт пен Мамыртайдың арызын еске алды. Қарымсақты босатпай болмайтынын ойлады. Екі жастың өжеттігін ескеріп Әлимен бірге үйез бастығына арызданудан да тайынбайтындарынан сескенді. Неліктен екен, қаншыл төрені Лән бияудың сорлылығы сәл қайыстырғандай болды... Оның қарындасының да, бай шалдың әйелі атанғанда ағасы Лән бияу таяқ жеп жатса ара түсе алмай, бір тамағын асырауға ғана шамасының жетіп жүргенін ойлады. Сонымен Ли-жүйжаң бұл күні сұрақшыны өзіне жеке шақырып сөйлесті. Арыздың мән-жайын қысқаша білдіріп өтіп: - Бұл есіңде тұрсын, біздің тергеуімізбен ғана тынбайды, үйез бастығы полковникке де түседі, - дегенді ескертті. Мамозының тасы жеңіл тартып бара жатқанын білдіргені. Міне, осы күннің ертеңінде Әмен, Қарымсақтар бастаған бірнеше кісі босап шыққан-ды. Әли мен Лән бияу достығының күші әзірше осы болған. Ендігі жатқан; күні де ұзаңқырай түскендер - Арыппай мен екі-үш дүңген жігіті және Абдолла ақалақшы. Мамозыға келетін пәленің жарымын осы Абдолла арқалап жатыр. Анау жанжалға килігуші үш дүңген кедейінің үшеуін де Мамозы сұрақшыға ым қағып, шығарттырмай отыр. Екінші жақтағы таяқ жеген бай дүңгендер арызы да Әлиге дәл бұл жөнінде жеңістік бермейді. Ал Мамозының биесін Керімбек төлейтін болған. Бірақ бұны інісі Арыппайдың малы жоқ болғандығы үшін төлейсің демейді. Мамозы өз жоғын өндірумен қанағат тауып қалмайды. Оның биесін Керімбек айласы алыста жататын заң алдында, жығынды ретінде төлеген кісі болады. Бұл кейінгі күннің де куәлігі... Осы жағынан келгенде тұтас полиция ордасы ноғала болып, екі көзді тас жұмып отыр. Әлиге тек көзі бар ат қайтарылмақ. Ал анау қолынан бердім деген екі қара: бір жылқы, бір сиыр туралы Мамозы еселеген қарсы дау қоздырып, теңдік бермеуге беттеген. Інісінің алты жылдық жалшылық ақысына өндірілген мысқал ақы жоқ. Ондағы еңбек машақат, бір азаматтың ішкен тамағы мен ара-тұра киген ескілі-жаңалы киімінен «аспаған» болып шықты. Әлимен бірге келіп полиция мекемесінің алдынан ұйлығысып кетпей жүрген бір топ ескі киімді, кедей дүңгендердің сұрақшы алдына кезек-кезек кіргендегі бар куәлігі - Әлиді құптап, өз көршілері Қарымсақты ақтап, шуылдаумен ғана қалған. Енді Әли мен Керімбек ақылдасқанда, Әли өзінің қасындағы бар шоғырымен үйездік үкіметке шағым етуге бармақ болған. Керімбекті қаралап қол қойып, қамай алмаумен бірге оны біржола ақтауға да көзі қимай, ұзақ-сонар сүрлеуге салып отыр. Қойды көріп, қойшысынан тайсалып, күдер үзбей шоқиып отырып алған бөрідей, не көзсіз ұмтылуға дәті жетпей сенделген. Тегінде, Күре полиция мекемесі болсын, үйез бастығы болсын Керімбекті көрсе, баласын алдырған жыртқыш тағыдай боларлық бір суық жай ежелден бар. Осыдан біраз жыл бұрын үйездік үкіметтің бір жас қытай қызметкері әлдеқалай Шерудің ішінде жасырын өлтірілген. Мамозы бір дуан елдің бас бәжігер - төресі болса, әлгі жігіт сол Қорғас дуанының орман шарлаушысының қожасы болатын. Бір бұрау алған немесе құрық кескен қазақты көзі шалса, дүресін ала жүгірген пақыр екен. Оны ұстап өлтіруші Керімбектің жақын ағайыны - Қыдырбек деген кісі болады. Күре өздерінің Шеруге шығып кеткен сол әкімсымағының із-түзсіз, қайда, кім өлтіргенін нақтап біле алмай, «иесіз таяққа ит үрместің» кері болып іштен тына, аңтарылып қалса да, өздерінше секемденіп ойлағанда, Керімбектен қауіп күтіп «сол» деп жорамалдаған. Күренің Керімбекке осылайша сенбеуіне ерте күннен Мамозы себепкер болса, соған қоса Керімбектің өз қолымен істеп, көзге түскен және бір қимылы бұндағы үкімет орнының «қара кітабына» енгізілген. Ертеректе, Күре губернелік штаб болып тұрған кезде, Шыңжаң үкіметінің басына жаңа отырған Шың шы сайдың бөксесі өз тағына әлі мықтап бекіп болмаған шағында, заң әмірі қазақ даласына қазіргіден гөрі бір кез «шуақты» болып тұрған. Сонда Керімбек губернелік штабтың өзінен шыққан тағы бір жас қытай қызметкерімен ойламаған жерден жанжалға кіріптар болып қалғаны бар. Шеруде Көмекбай қажының асы деген үлкен ас болып, атшабыс үстінде әлгі қытай жігіт бәйге үлестіру билігі жөнінен қазақ заңын ұқпай, Керімбекті ерегіспен боқтап салады. Аузынан жаман ианат шығып, қоластындағы бағынышты қазақты сонымен шектеп тыймақ болады. Өзінің баласындай жас адамның бұндай үстемдігін өлімдей көрген Керімбек оны солақай қолындағы қырғыз өрім қамшымен жалғыз тартып, анау аттан домалап түседі. Қытай жігіт бүтін губернелік үкіметтің саяси бөлім бастығы екен. Қайткенмен, өз тірегіне... және қызмет билігіне мықтап арқа сүйегені білінетін. Оның айналасындағы анталаған қорғаушы, нөкерлерін Шерудің Арыппай сияқты сайма-сай жігіттеріне тырп еткіздірмей қоршатып тұрып, табақтай қағазға сол жердің өзінде Керімбек акт жазғызады. Осындағы қазақ, ұйғыр, дүңгеннің белгілі, инабатты адамдарына қол қойғызып, таяқ жеген әлгі қызметкерді Күредегі Штабқа қолын артына байлатып, атына теріс мінгізіп апарғызып тапсыртады. Аяғына жығып, татуластырмақ болған дүңгендерге де Керімбек көнбейді. «Дінің басқа болғанмен, тілің бір болған соң, мені боқтағанына қарамай, жандарың ашып тұр ма?» деген сөзді айтып дүңгенді тыйып тастайды. Үкіметтің алғашқы жалтаңкөз саясаты Құмылда ұйғырларды бастаған Қожанияз көтерілісінен кейін аз ұлттарға «жақсы көңіл бөліп» отырғандықтан жаңағы штаб қызметкерін Күре губернелік үкіметінің өзі Керімбектің аяғына жығып, кешірім сұратады. Бірақ әне, соның өзі Керімбек тарихы үшін ашылған қара кітаптың бірінші бетіне «жүрек қанымен» жазылып қалған-ды. Гоминдаң дейтін «ұлы өкіметтің» киелі кегімен жазылғандай болған. Өлген шарлаушы жайлы Керімбекке сене алмайтындары да осындай шартты әрекеттерге байланыстырылып, соның бәрі балалаған шемен-беріш түйініндей астасып жататын. Әли мен Керімбектің үйездік үкіметке жазған арызында Шың шы сайдің алты ұранындағы: «Шыңжаңның бейбітшілігін қорғау» және «ұлттар теңдігін қорғау» деген үлкен екі жарғы кіргізіліп жазылған. Бұлай сөз сапталу дәл мына тұста үкіметті елең еткізу деген сөз. «Мамозы сияқты үкімет қызметкері қазақтың ішіне іріткі салып, ат ұрлатып отырып, сол жайлы арызданушыларға теңдік бермейді. «Әділ үкіметіміздің «ұлт теңдігі» саясатын еске алғанда Мамозының қазаққа деген үстемдігі аяқ басқан сайын көрініп келеді. Және оны өзінің әкімгершілік қызметін бетке ұстаған баса-көктеушілік түрінде пайдаланады. Міне, осы негіздегі арызды Әли үйездік үкіметтің әкімі Ма шяньгон полковниктің өзіне енгізген. «Арыппай ісі Мамозы қылмысына қарап істелген, соған орай жауап ретіндегі әрекет. Және бұл бір адам, екі адамның ісі емес, көптің мүддесіне, маңдай терін сығып күн кешкен бір қауым елдің мұң-мұқтажына байланысты шыққан іс. Оны істетуші біз - Мамозыдан тепкі көрген жиырма үй кедей дүңгендеріміз. Сол үшін босқа әуре етіп, орынсыз тергеліп отырған Керімбекті біз жан сала ақтаймыз» - деген. Бұл уақытта Керімбектің істі боп Күреге шықыртылып келгеніне міне, жиырма күннен асқан-ды. Қырағы полковник мынандай терең арыздың төркініне мұқияттап зер салды. Тегінде бұл орын тек үйездік үкімет қана емес, сол үйездік үкімет дәрежесіндегі мемлекет қауіпсіздігін қорғау орыны да болатын. Сондықтан аз ұлттар ішіндегі Керімбек, Әли, Қарымсақтар сияқты адамның басқан қадамына зер салу жағы басым. Шыңжаң өкіметінің мемлекеттік жұмысын тегінде төрт министр, сегіз басқарма атқарады. Бұрынғы бүкіл Шыңжаң үкіметі, өлкелік ішкі істер басқармасының бастығы генерал-майор Лю бин и Іле аймағының орталығы - Құлжаға губернатор болып келгелі, әсіресе мемлекет қауіпсіздігін сақтау тетігіне ерекше қадауыш назар аударылған. Іле уалаяты он үйез болғанда, гүбернелік штабтың солқылдаған қатал бұйрығын шығарып отырған аты әйгілі Лю бин и осы мемлекет қауіпсіздігін сақтау мәселесі жөнінде ең әуелі сол үйездік үкімет бастықтарының өздерін тұяқтарынан тік тұрғызғандай еткен. Шыңжаң өкіметінде он гүбернелік штаб бар. Соның үшеуі: Іле, Алтай, Тарбағатай қазақ аймақтары. Шыңжаң үкіметі басшылары осы аймақтың негізгі біреуі Іле уалаятына жаңағы генерал-лейтенант Лю бин и сияқты адамды аса ерекше құпиямен жібергендігі айтпай байқалатын. Алтайда Абақ керейлерін бастаған белгілі Оспан батыр күні бүгінге дейін үкіметке алдырмай, Бәйтік, Қаптық тауында басын бәй тігіп соғысумен келеді. Лю бин и алғаш келіп заңды темір қаусардай қысып ұстағанда, Іле аймағында: қазақ-ұйғыр, қырғыз, өзбек, татарлардан көп адам бірден қамауға алынды. Жергілікті аз ұлттың жылт еткен еті тірі, бас көтерер деген адамы болса, ерте күннен «түп тамырына балта шабу», «күлін көкке ұшыра аластау» қажет... Үрімжі түрмесіндегі ауыр азаппен қойдай қырылып отырған 80 мың тұтқынның ішінде қазақ аймақтары: Алтай, Тарбағатай, Іледегі ұйғыр, қазақ, қырғыз, қалмақ-маңғұлдардың да үлесі олқы емес-ті. ...Әли жаңағы арызды алып кірген күннің ертеңіне, Ма шяньгон осындайда өзінің ең құпия қарарына алатын «оң қол» деген екі-үш қана адамды қасында ұстап өте жасырын бір суық жайды кеңесіп отырды. Орталарындағы Керімбек пен Әли арызына жендет көзбен зер сала үңіліп, түйіле қарап, соны жайып салып отыр. Әлдебір зәру карта жоспарын қауырт жобалап жатқандай, қағаздың әр тұсын - Ма шяньгон қатулана қадалып, түрте шұқып көрсетеді. Сұқ саусағы сұсты көздің ырқына жүгіреді. Арыздағы «әділ үкіметіміз» деген сияқты жерлер өңмендеріне оқтай тиеді. Арызшылар сол сөздің өзі амалсыздан да емес, тіпті барынша жек көре отырып, жазғанын иіскеп білгендей, бір-біріне айтыспай емеүрінсіз ұғады. Және сол тектес, «Мамозы сияқты үкімет қызметкері «ұлт теңдігі» саясатына мән беру орнына бүлікшілік салады» деумен бірге үкіметтің «оң көзім» деп отырған полиция мекемесінің айбынын аяқ асты етіп, оның құзырынан үйездік үкіметке арыз асырудың өзі үңіле қарағанда, Ма шяньгонге жеңіл толғақ болып тимеген. Сонымен келіп бұлар тау ішінде қай-қашанда тыныш жатпайтын Керімбектің өзін бірден қолға алу, қамау жөнінде арнайы бас қоса кеңесіп қалған-ды. Бірақ бұл мәселеге бастан-аяқ байыпты қарауды ә дегеннен ауызға алысып қозғасқан. Кейінгі жағында іс соңы қалай болып бітуі мүмкін... Соған өте зер салынсын. Егер аяқты ағат басса, ертең осы отырғандар жауапты. Губернатор алдында басымен есеп береді. Керімбекті барлық Шеру руы қолдай ма? Әлде болмаса сол ел ішінде оны құптамай, теріс көретін, алауыз, азғын адамдар да табыла ма? Бар болса кімдер? Олар Шеруге беделі өте алатын адамдар ма, жоқ па? Керімбектің ұсталуына риза болып солар қол қоя ма? Әлде сорақылық болып, ел ішінде іріткі туып кете ме? Кейінгі күн үшін осының бәрі де аса құнды да маңызды іс. Халықты «жақсы» ұстау үшін бір шетін түбекке иіріп, «ноқталап» отырмаса болмайды. Шыңжаңды әскери күш назары басқарады. Солай болғанмен ол тек осы Күре сияқты қорғандардың ішінде, халықпен аралас жатқан олардың ешқандай көмекші тірегі, сенер күші жоқ. Сүйенері қолындағы найзалы мылтық... Сондықтан халық ішіне көп тыңшылар қоюмен бағанағы «Әділдікті» бұл тұста тұмшалап жылы жаба тұрады. Бұқара халықта сүйеніш күші болмағандықтан күндеріне жарайтын көбінесе із кескіш, тұмсығы иісшіл жалдамалы, сатқын тыңшылар. Онсыз гоминдаң үкіметінің арал-арал, ойдым-ойдым қорғандарының ішінде ін түбіндегі суырдай тығылып жатып басқаруы дәл ұясының үстінен келіп түскенше сыбыс білмейтін саңырау құрды еске түсірер еді. Керімбектің ел ішіндегі абырой-салмақ екшеуін толық білу, тану үшін бұл отырғандарға қазір Мамозы керек болған. Сөйтіп, енді Ма шяньгон өз алдына Мамозыны алдырғанда әлденеден шын дәмеленген, қанқұмар бұзық алғашында қатты ынтызарланып, тілеуі қабыл болғандай іштей тыныш таппай өрекпіген. Бірақ Мамозы бұл іске тақаты қалмай төніп түскенмен, Керімбекті тұтқындату үшін қазақтың өз ішінен қол қоятын бірталай куә табу керек деген жерге келгенде, белге соққан жыландай бұлғалақтап қалды. Бұл Мамозының бұрын көңіл бөлмеген, білмеген нәрсесі емес-ті. Оған осының бәрі, бүкіл Шерудің қыр-сыры алақандағыдай. Ойына қысылғанда оралған жалғыз үміті қамауда жатқан Абдолла болып еді. Енді ол да қолдан кетті! Қолдан кетіп, қолайдан кетпей тұрса тағы бір сәрі. Бар жақтастарымен Абдолланың бұдан енді бір-жола ат кекілін кесе, мүлде кеткені анық. Бұл ұйым соңғы шешімді енді Мамозыға да білдірмеді. Тұйық тоқтатып қойды. Сонымен ақырында осы жерге бұлар Керімбектің өзін шақыртты... Оны мұнда дәл Мамозы отырған кезде, соның үстіне алдырып, бір қызығы, бәрі де салиқалы түспен қабылдады. «Бәріміз де ойландық» деген нышан байқатады. Ма шяньгон өз аузымен Керімбектің «қапа болмауын» өтінді. Біраз күн бұл кісіні кездейсоқ жағдаймен әуре етіп қойғанын, оған жасы үлкен, өзі есті адам Керімбек әрине, ғапу етуі керек екенін маймен сылағандай етіп жүйрік тілмәш арқылы сөйледі. Майыстыра, келістіре өздері де тұшынғандай сөйледі. Еденіне қып-қызыл қытайы жібек кілем төселген ұзын, кең жарық бөлменің дәл төрінде екі иығы бір-бір кездей, мундирлі полковник отыр. Омырау, төсінде, белдегі әскери былғары белдіктің айқыш-ұйқыш асып тасталған қосалқы баулары, жаға, жең, иық пагондарында оқалы, алтын зерлі шітірмек-шытырмалар. Жас шамасы елулердегі, жылтылдаған аппақ шашын тік қайырған денелі адам. Қаны қашқан сұрқыл жүзінде, қас-қабағында айрықша бір жат, суық ызғар беріп тұрған әжім көлеңкесі бар. Сол әжімдер ымырасыз, кәрлі қабақ пен шатынап қарайтын көздерінің алдында, ұрт-езулерінде, қас-қабағында түсін аса салқын тыжырынтып, ерекше қаталдық белгісін шақырып тұр. Керімбек оның түсі суықтығына зейін қоя қарап отырып, «гоминдаң өкіметі билеген Қытай патшалығының қандай орнына апарып отырғызса да өгейсітпестей кәрі бар-ау, кәпірдің» деп ойлаған. Мәслихатшы, кеңесшілер тобы бірыңғай екшеліп, Ма шяньгоннен біраз беріде, төмендеу отырған болатын. Олардан тағы беріде Мамозы мен Керімбек, екі жақта бозарып, бір-біріне қарама-қарсы жайғасқан. Бұлар мен Ма шяньгонның арасы біраз жер. Тілмаш аяқ жақта тістей қатып, тік түрегеп тұрған. Ма шяньгон Керімбекке айтқан жаңағыдай сөздерінің аяғында тас мүсіндей шалқақ отырған бойы: - Әрине, мұндай-мұндай әурешілік болады, қапа болмаңыз! Елді тәртіппен басқару үшін сіз де, біз де әлегіне шыдаймыз, - деп жадағайлата күліп, төменгі қошаметшілеріне: - Солай емес пе, жолдас кеңесшілер? - деген болды. Отырған сызды топ та өздерінің асқақ әкімі полковниктің бұл сөзіне тегіс түстерін жадыратқан боп, Керімбекке мысық көзденіп ақырын қарасып қойды. Бірақ осы кезде Керімбектің жүрегі жайсыз қағып, үсті-үстіне соғып отырды. Рулы елдің Керімбектей жетекшісін бұл сапардан осылайша «ақтап» қайтарғалы отыруларының арғы жағында көз жаздырып жатқан не бар екенін кім біледі?! Мамозы ана жылғы Әлимен болған дау, айтыстың үлкен жаңғырығы тұсында адам істемес бір ұшқары сұмдықпен өзге емес, жалын сипатпайтын, асау-асқақ Ма шяньгонның өзін шатылдырғаны бар. Мойны құрықтай, өзі аппақ, қазмойын арғымақты да ояздың алдына сол жолы көлденең тартқан. Құйрық-жалы жібектей, «пері жылқысындай» деп дәріптерлік асқан әсем, жер баспайтын жорға. Егер ат міне алса, тек Ма шяньгонге ғана лайықты екені рас. Жұлдыздағы Торғауыт қалмағынан тура 100 қойға, басқа ұрып санап тұрып, Мамозы өзіне балап алдырған дабыралы аққу боз осы еді. Торғауыттың бүкіл Шыңжаң жеріне даңқы шыққан әйгілі жорғаларынан әдейі арғымақпен будандастырып шығарған қарабайыр екен. Шабысты білмейді. Әлидің баласы өлгенде адам құнына жығынды болып, ес таппай сасқан Мамозы Ма шяньгонге ойдағыдай нық сеніммен күдіксіз сүйену үшін, осындай бір керемет атты ғана бетке ұстап бара алмаған. Оған жалыныш өткізу оңай емес-ті. Жасы егде тартқан қырқылжың әкімге өзінің уылжып өсіп келе жатқан жалғыз қызын да нағыз тасжүректікпен қызықтатқан!.. Өзіменен шамалас Ма шяньгоннің жолына құрбандыққа қиған жас қызын, жеңгесіндей жетелеп, Күреге өзі әкелген. Ең масқарасы полковниктің үйіне де қаракөңіл Мамозы өзі алып кірген!.. Үйез бастығының тәкаппар әйелі екі баласын алып, жолаушылап Құлжаға кеткенін сұмдықпен көз ашқан, ұры қойын Мамозы біліп кеп отырған. Қыз жолы нәзік екен... Үлкен төренің айдынды ордасына әкесін ілестіріп, «қонақ боп» кіргені оғаш көрінбеді, қайта жарасып тұрғандай. Бұның алдында тілмаш дүңген жігітінен сәлем айтып, «аққу бозды» тартуға апаратынын күнілгері білдірген. Ат даңқын Ма шяньгон жақсы білетін-ді. Өзін өлермендіктің асқан көзсіздігіне қамшылап айдаған қутұяқ Мамозы, қойнына тығып ала келген «ти жу» арағымен бір қызға бергісіз дерлік боз арғымақты құттықтап, полковникпен азырақ күміс ыдыстар қағыстырып отырды. Әшейінде маңына жан пенде жолай алмайтын үйез билеушісі Мамозымен бүгін қиуадан оң сөйлесіп, оның үй ішінен суыртпақтап жөн сұрастырып еді. Құдай Мамозының көктен тілегенін жерден бергендей: - Бір үйде біз үш-ақ адамбыз, - деп бастады сөзін, - Алтыным да, гауһарым да, алдыңызда отырған осы мына қарғам, жалғыз қызым... Ұлдарым ақылсыз болып, «Дүңген қашқан» соғысында екеуі де оққа ұшқан... Ұлы өкіметімізге қол көтергені үшін күні бүгін ит өлігіндей көрем! Әлемде теңдесі жоқ ұлы гоминдаң өкіметіне қарсы қару көтеру біздің жаман дүңгендердің не теңі десеңізші! Осы қызым аман болса болды, жүгермектер жатқан жерінен тұрмасын! - деп келді де, жырынды қонақ Ма шяньгон оязды қалыптан тыс шеберлікпен, ендігі айтпағына аузын аштыра таңырқатып: ...- Осы қызым сізді сыртыңыздан көріп...- деп, анық сойқанды ойын сабақтап келе жатты. Полковник мынандай епті мейманының бетіне жалт қарап, қызға бір, бұған бір жан тарта көз тастай бастағанда, биік үстелде, бұлармен бір дастарқанда онсыз да күмілжіп отырған жас, сұлу талдырмаш қыз, жерге кіргендей болып, бар бойымен төмен бұға қызарып кетті. Далада ағаш көлеңкесіне байланған боз арғымақты көріп кіргелі ішінен қуанған атқұмар, даңқшыл төре бұрын Мамозыдан осы ат жайын бір рет сұрағаны бар-ды. Сылаңдаған жануар мойнын аққудай иіп, әдемі ерні қыбырлап қолынан нан жегенде шынымен масаттанып кеткен үй иесі, Мамозының мына сөзі тұсында, бүгін бар бақыт бір ғана өз басына үйіліп-төгілгендей көрді... Ойлап қараса, баласы өлген біреу. Соның орайына сан қабат көпшік болып, құзырына ат бастаған қыз келіп отыр ма, қалай! Мамозы сөзін әрі қарай жалғап: - Тақсыр, сіз дүниедегі заманы келген жақсының біреуісіз. Құлағанның тілегенін берсең, өтеуін құдай береді деуші еді ғой, тілеуіңізді бергір! Менің осы кездегі жағдайымды өзіңіз де біліп отырсыз... Насырға шабатын түрі бар... Жазатайым, ана бір жалаңаяқ Әли деген дүңгенмен құным бірдей болды. Басына дау келген қожа мен құлдың құны бірдей деген дәл рас екен. «Қосшыңды қорғай жүр» дейтін еді ғой, бір етегіңіздің далдасына ала тұрмасаңыз, жұмыртқадан жаңа шыққан үсті-басы шарана-сатпақ шөжедей панасыз, лыпасыз қалдым. Ақсүйек Мәнжу әулеті, өзіңіздің алдыңызда сөздің айдай ашығы былай, тақсыр!.. Мына ақылы бар қызым да, мәртебелі қожамыз, сіздей ардақты ағасының қалаған қызметінде болып, ырзашылық қасиетіне бөленіп қайтқысы келеді... Жастық тілегін жерде қалдырмай, қабыл алсаңыз екен! - деп салды. Бетін тілсең, қан шықпастай жерге өтті. Ма шяньгон бейне, түс көргендей боп, ішінен арсалақтағанын жасырғансымақ болса да, жағасын түзегіштеп, шәшін қайырып, қолы тыныш таппай қалды. Жүрегіне ойламаған қуаныш толғанда, талшыбықтай майысқан, өзі әдемі, жас, ұялшақ қызға шәші аппақ қудай қалпында баяу, ұрлана көз салып, отырысын мәнерлеп, өзі байқамай қыбыр қақты. Қарсы алдында отырған мынадай сарамас, бетпаққа не дауа барын білмей, сасқанынан өзінің осы құбылысын жуып-шәйіп, сырттан даяшы-малайын дауыстап шақырды. Мойнын есік жаққа бере, қатаң үнмен: - Лаухан!* - деген. Өбек қаққан имек қытай адамы есіктен желе басып кіріп келді. Құрақ ұшқан қимылы, әмір күткен қас-қабағы көңіл табушылықтан гөрі адамның адамға құдайдай табынғанын танытарлық. Өз төрінде өзі отырған мундирлі полковник: *Лаухан - шал деген мағынада. - Жангода (отағасы) меймандарға желпуіш керек, - деп еді, әлгі адам өз жасына сәйкес келмейтін, шаңқобыздың дыбысындай үнімен: - Әзір, әзір, - деп, еңкең етіп қойды да, бүкектей желіп бүйірдегі бір бөлмеге еніп кетті. Ізінше қайта шыққанда, қолында піл сүйегінен жасалған жинамалы желпуіш көрінді. Алғашқы көрген көзге айрықша сөлекет қозғалыспен елбек қағып, біресе Мамозыны, біресе қызды желпе бастады. Атақты ханымдарға жасарлық мына оғаш көрініс суреті көкөрім қыз үшін сый болған жоқ. Бүкең қаққан, өрескел қимылының өзі сәт сайын у жұтқызарлықтай, аса бір жат сезіммен бейбақ жасты жерге кіргендей намыстандырды. Бейқам өмірінде еркек жыныстыларды бірінші рет өте жек көргені де дәл осы сәт шығар. Өз әкесінен бастап адамдық ары қалмаған үш еркек бар наза, бар жанымен запыс еткен!.. Міне, осы күні кертартпа ақсүйектің еркін кетірген Мамозы он екіде бір гүлі ашылмаған, арманды жасты осы үйдің еріксіз, үнсіз, ойда жоқ «қонағы» етіп қалдырып кетті... Уақыт озған сайын ләпсі дәмесінен елес сияқтанып, ұзаңқырап бара жатқан жас иістің көзжұмбайлық қызығымен елуден асқан төрені ықтиярсыз құмарпаз етіп, бозбастықтың шәрбатына дәніктірді. Бүршік атқанымен әлі қауызы жарылмаған өзі сұлу, үркек жастың талдырмаш тәнін дәл сол жұпар иістей, жұмбақ қорқақтығы үшін жан қызығындай еншілеген. Бар әлемнен жасырын бір құпия қызғанышпен іштей арсаңдап, қаталдықтың қайың тоз қалыбын киген ызғарлы ояз ұмыт болған жас деммен қалай алданғанын өзі де білмей қалды. Тіпті сол бір күннен кейін өзінің әлгі орнын айналақтап, иіскелегендей боп, тояттай алмай, қайта анық тықыршып, мазасыз біреу болып қалған. Ендігі қалпында оны, бұл адамның өз ішкі әлемімен өлшегенде көп жылдар бойы төтенше жауапты істермен көнтақым болған әмір иесінен - ояздан гөрі, әлі өз басының мәселесі шешілмей жүрген кәріп біреудей, қоңылтақ байқұс деуге келетін. Есіне келсе дәл қазір осы отырыстың өзінде жүрегі шаншып кеткендей буынын алған. Бір белеңнің еске түссе, бұған ауру әкелердей ынтықтық белгісі арманды етіп өтіп кеткен-ді. Жалғыз-ақ, бар суретімен жүрегінде қалғаны ғана олжасы тәрізді. Әлдене үшін көзі біраз қызарып ісіп, ішінен шексіз тұншығып қалған он алты жасар қызын Мамозы ертеңінде, сәскеде келіп алып қайтқан... Шонжар қытай сыйлаған ортасында гауһары бар асыл тасты, алқа-моншақ та қыз бейбақтың бұйығыңқы қалпына медеу бола алған жоқ-ты. Ма шяньгон Шыңжаңдағы ең үлкен бір гүбернелік үкімет - Іле уәлиятының генерал-губернаторы Лю бин идің қарындасына үйленген. Мамозының арқа тірей сүйенгені әне сол ояз. Қазір Ма шяньгон сондай Мамозыны Керімбектің алдына кішірейткісі келмей отыруда түбірлі себеп ол да емес. Екеуінің бір-бірімен әлгіндей «тамырлығы» емес. Ол болмаған күннің өзінде-ақ, Керімбек үшін мұнда отырған қай-қайсысының да ағынан жарылмасы әлемге аян. Тек бірақ, Мамозы мен Әли дауы ұзаққа кетіп, тереңдей берсе, Әлидің кесірі басқа емес тура Ма шяньгоннің өзіне таяқ болып тиетін жері бар... Құлжадағы гүбернелік үкіметтің басын ұстап отырған - Лю бин идің туған қарындасы Ма шяньгонның әйелі екенін Әли біледі. Мамозы өзінің жас қызын Ма шяньгонның төсегіне апарып салғанда, Әли оны дер кезінде білмеген. Айтыс, дау барлығы тоқтап, өзі Шеру ішіне көшіп барған соң біліп, санын сонда бір-ақ соққандай болған. Кейін бір рет тағы жанжал үстінде соны Мамозының бетіне шыжғырып басқандай қып айтқаны бар-ды. Соған ішқыста болған Мамозы Әлиді құрттырмақ ниетпен оның осы айтқанын шағым етіп, Ма шяньгонге жеткізген. Бірақ Ма-Шянь гон Әлиді құртудың орнына мынадай қағынған сөздің шығу төркінінен қатты секем алып қап еді. Енді мына жанжал өртіне Әли соны қосып, «Мамозы үстінен айтқан арызымызды осындай себеппен Ма шяньгонның өзі тыңдамайды» деп, ана қаһарлы қайнағасы, генералға арыз жолдауы мүмкін. Лю бин идей губернатор өз қарындасының үстіне, заман өткенде енді кеп, жас қыз сүйіп... қорлаған Ма шяньгонның мойнын астынан келтіреді. Соны іштей анық ұғатын полковниктің бұл жолы Керімбекке шынымен-ақ тісі бата алмас та еді. Айдай ажарыңа иттей нәпсі кір жұқтырады. Ма-шян гон өзін Мамозының қаншалық қылмысқа жетелеп, жар басына апарып қойғанын бір-ақ білген. Осы қырынан ойласа, генералдан зәресі кетіп қорқатын. Сөйтіп, бірталай уақытқа созылған сұрақ ақыры осылай келіп зорға тынғандай болды. Ма шяньгонның «ғафу» өтінген сөзінен кейін Керімбек «хош рақметін» сәл үнсіз отыра түскен соң айтып, өзі жалғыз есік алдына шыққанда, сыртта, үйездік үкіметтің аумағы мол, кең алаңына Шерудің елу шақты адамы таудағы елден жаңа келіп түскен екен. Бұлардың өзіне ара түскелі келген топ екенін Керімбек көрген жерде-ақ білген. Іс аяғы жақсы болмай, созылып бара жатқанан естіген соң, әлгі баяғы Күренің орман-ағаш шарлаушысын өлтірді дейтін Қыдырбек бастап жеткен Шерудің бұл тобы Керімбектің дәл осы құтылып тұрғаны үстіне келген. Ал бұл уақытта Күренің соты, Мамозы тілімен тығыздатып, Арыппай мен оның қасындағы үш дүңген кедейіне екі ай, үш айдан кесік кесіп қойған-ды. Шерудің кейінгі қозғалған іс білмес, жайбасар арызшылары өзінің шабан-шардақылығын танытып, мүлде тыңдалмай қалды. Өмір - тағдыр жаншуын сергек, өршіл ызамен қабыл еткен Әли, Арыппай, Қарымсақтардай емес, босбелбеу көпшілік осы тұста өз-өзінен-ақ білініп, орны пәш болып қалып еді. Сонымен ай бойына созылған дау - сарсаң әлегі тиянақ тапты. Әли мен Лән бияу арызы қаншалық үстем дәлелдерге тұнып тұрса да, Мамозыға шара қолдануға жарамады. Жылқыны үйірімен айдатқан Мамозы қалып, бір мал, екі мал үшін қазақтар қамалды. Ма шяньгон Керімбекті алдынан қайтарған соң, өз тобына өзгеше бір мәслихат салған-ды. Құлжаға, губернатор - Лю бин иге қатынас жолдап, Шерудің бас көтерер деген адамдарының біразын тұтқындап, қалғанын тұтас руымен түп көтере бөтен жаққа, алысқа жер аударып, өзге елдердің ішіне бөліп-бөліп таратып беруді ортаға қойған. Анау егінші жиырма үй дүңгендерді қайтадан тықсырып әкеп өздерінің бұрынғы қожайындарына қайтарып беру керек деп шешті. (Жалғасы бар) Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_709.txt | «Хан моласы»: 1998-2008 жылдардағы зерттеулер нәтижесі қандай? | https://abai.kz/post/709 | "«Хан моласы»: 1998-2008 жылдардағы зерттеулер нәтижесі қандай?" | "https://abai.kz/post/709" | 11.06.2009 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: «Хан моласы»: 1998-2008 жылдардағы зерттеулер нәтижесі қандай?
URL: https://abai.kz/post/709
META: "«Хан моласы»: 1998-2008 жылдардағы зерттеулер нәтижесі қандай?" | "https://abai.kz/post/709"
DATE: 11.06.2009
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 608
TEXT: Сейсенбі күні облыстық мәдениет орталығында Әбілқайыр хан жерленген орынды анықтау мәселесін талқылауға арналған зерттеуші ғалымдардың көшпелі жұмыс тобы кеңесі өтті. Кеңеске облыс әкімі Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, белгілі жазушы Әбіш Кекілбай, ҚР Президенті Мәдени орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, белгілі ғалым, профессор Серік Әжіғали бастаған тарихшылар мен археологтар, сондай-ақ топырақтанушы, ботаник ғалымдар, ақтөбелік зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов кіріспе сөзінде халқымыздың тарихында ерекше орны бар тұлға Әбілқайыр ханның қабірін анықтап, басына кесене орнату бүкіл қазаққа ортақ, маңызды іс екенін атап айтты. Әбілқайыр ханның Әйтеке би ауданы аумағындағы ел аузында «Хан моласы» атанған қорымда жерленгені зерттеушілерге мәлім. Бірақ бұл қорымда 942 қабір бар. Әбілқайыр бабамыздың сүйегі нақты қайсысында жатыр? Зерттеушілеріміз осыны анықтау мақсатында он жыл бойы тер төгіп келеді. Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали 1998-2008 жылдар аралығында «Хан моласы» қорымында жүргізілген кешенді зерттеулердің нәтижелері туралы әңгімеледі. - Мен еліміз аумағындағы көне ескерткіштерді зерттеумен 35 жылдан бері айналысып келемін. Осыдан 35 жыл бұрын Ақтөбе облысында тіркеуге алынған ескерткіштер саны үш-төртеу ғана болса, бүгінде 400-ге жуықтап отыр. Көне заман ескерткіштерінің маңызына тоқталсақ, мына жайтты ерекше айтқым келеді: бір кездері Ресей жазушысы Солженициннің Қазақстанның бірқатар облыстарын орыс жері деп мәлімдегені естеріңізде болар. Міне, осындай жалған әңгімелерге қарсы басты дәлел ретінде біз сол жерлердегі ата-баларымыздан қалған ескерткіштерді, ескі қорымдарды алға тарта аламыз, - дейді Серік Әжіғали. «Хан моласы» да көне қорым. Мұндағы кейбір қабірлер XVI ғасырдан қалыпты. Қорым Қабырға өзенінің Өлкейекке құяр тұсынан 4 шақырым қашықтықта тұр. Бұл маңды ертеде Жаппас және Алтын рулары мекен етіпті. Қазір мұнда тек төмпешіктер мен кей тұстардағы құлпытастардан басқа ештеңе көзге ілікпейді. Бір кездердегі күмбезді тамдар жермен-жексен болған… Әбілқайыр хан сүйегінің осы қорымда жатқандығын ел аузындағы деректер ғана емес, орыс зерттеушілерінен қалған жазба деректер де растайды. «Хан моласы» туралы 1771 жызылған Н. Рычковтың; 1832 жылы жазылған А. Левшиннің; 1835 жылы жазылған Д. Эристовтың мақалаларында айтылған. Ал И. Крафт 1898 жылы «Хан моласының» Торғайдан 80 шақырым жерде екенін, хан қабірінің басында өсіп тұрған ағаш барын жазып қалдырған, сондай-ақ қазақтардың ол жерді қасиетті орын санайтынын да атап көрсеткен. Деректерде Әбілқайыр ханның қыпшақ дәстүрімен жерленгені айтылған. Яғни қару-жарағы өзімен қоса көмілген. Қабір басына ханның ұлы Нұралы 12 терек еккен деседі. Хан қабірін нақты анықтауда зерттеушілер осы деректерге сүйеніп отыр. Қорымдағы қай қабірде қару-жарақ бар, қай тұстың топырағынан ағаш ізі байқалады?.. Әрине, бұдан 260 жыл бұрын егілген ағаштың орнын табу оңай емес. Зерттеушілер осы заманғы техниканың мүмкіндіктерін пайдалануға тырысып отыр. Қажетті мамандар жан-жақтан, тіпті, шетелдерден де шақырылған. Айталық, 2007 жылы Бельгия мен Италиядан келген мамандар қорымды дельтапланмен ұшып жүріп әр түрлі биіктіктен суретке түсірген. Ал қабірлерде металл бар-жоғын анықтау үшін георадар пайдаланылған. Сол арқылы 942 қабірдің арасынан зерттеу нысаны ретінде бірнешеуін ғана бөліп алуға мүмкіндік туыпты. Зерттеу жұмыстары әзір аяқталған жоқ. Дегенмен… Әрине, Әбілқайыр бабамыздың сүйегі жатқан қабір нақты анықталған күнде, бұл жер исі қазақ үшін ерекше орынға айналатыны белгілі. Ол жерде кесене тұрғызу ісі назарға алынып отыр. Қазір де сәулетшілер тарапынан әзірленіп жатқан жобалар бар. Солардың бірімен кеңеске жиналғандарды Қазақтың мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының профессоры Ләйлә Тұрғанбаева таныстырды. 1979 жылы «Үркер» романына дайындық барысында «Хан моласына» жазушы Әбіш Кекілбай арнайы келген екен. Жазушы ауыл адамдарының жөн сілтеуімен Әбілқайыр хан қабірі басында болған. Жиналғандар сол сапар естеліктерін тыңдады. Жазушы Әбілқайыр ханның өлімі, ол жерленген орын туралы көптеген жазба және ауызша деректерді алға тартты. Елеусін Сағындықов жиын қорытындысында сөйлеген сөзінде Әбілқайыр ханның қабірі нақты анықталған күнде оның басына лайықты кесене тұрғызылатындығын айтты. - Ол жағына алаңдамаңыздар, бәрі де лайықты түрде атқарылатын болады, - деді облыс әкімі. Кеше облыс әкімі Елеусін Сағындықов, белгілі жазушы Әбіш Кекілбай және зерттеуші ғалымдар тобы «Хан моласының» басында болды. И. ӨТЕМІС «Ақтөбе» облыстық газеті 28 мамыр 2009 жыл
|
qosymsha/abai.kz | post_44531.txt | 50-ІНДЕ ҚЫЗДАЙ КӨРУНІДІҢ ҚЫТАЙЛЫҚ СЫРЫ | https://abai.kz/post/44531 | "50-ІНДЕ ҚЫЗДАЙ КӨРУНІДІҢ ҚЫТАЙЛЫҚ СЫРЫ" | "https://abai.kz/post/44531" | 29.06.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: 50-ІНДЕ ҚЫЗДАЙ КӨРУНІДІҢ ҚЫТАЙЛЫҚ СЫРЫ
URL: https://abai.kz/post/44531
META: "50-ІНДЕ ҚЫЗДАЙ КӨРУНІДІҢ ҚЫТАЙЛЫҚ СЫРЫ" | "https://abai.kz/post/44531"
DATE: 29.06.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 117
TEXT: Қытайдың Хэнань провинциясының тұрғыны спортпен айналысқандықтан болар 50 жасында екі есе жас, әрі сымбатты көрінеді. Желі қолданушылары әйелдің табиғи сымбаттылығына сенер емес. Бұл туралы «Daily Mail-ге» сілтеме жасай отырып «Stan.kz» порталы жазды. Басылым таратқан ақпарат бойынша Е Вэнь (Ye Wen) 30 жасынан бастап үзбей жүзуге қатысып, уақтылы спорт залға барып тұрған. 2016 жылдың наурызында Малакк бұғазын бағындырған әйел Оңтүстік Кореядағы Ханган өзенінен жүзіп өтуді жоспарлап отыр екен. Иэнь 80 жасқа келген шағында да су киімді ұялмай киіп жүретініне сенімді. Әйелдің 50 жасындағы сымбаты көптеген қытайлықтың қызығушылығын оятқан әрі олардың біразы әйелдің сымбаты табиғи дегенге күмәнмен қарайды екен. «50 жасында 20 жастағы қыздың сымбатын иеленген әрі көңілді энергияға бай адам» деп жазады желі қолданушыларының бірі Вэнь жайлы. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_46487.txt | Жаңа әдiс – мол өнiм кепiлi | https://abai.kz/post/46487 | "Жаңа әдiс – мол өнiм кепiлi" | "https://abai.kz/post/46487" | 26.10.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Жаңа әдiс – мол өнiм кепiлi
URL: https://abai.kz/post/46487
META: "Жаңа әдiс – мол өнiм кепiлi" | "https://abai.kz/post/46487"
DATE: 26.10.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 229
TEXT: Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында бiраз жылдан берi жаңа технологиялық әдiспен мақта егiп келе жатқан шаруашылық бар. «Мырзакент» холдингiне қарасты «Иiржарагро» серiктестiгi 240 гектар алқапқа тамшылатып суару әдiсiмен шит сеуiп, жыл сайын мол өнiм алуға қол жеткiзiп келедi. Бүгiнгi таңда алғашқы терiмдi бастаған шаруашылық әр гектардан 45-50 центнерден өнiм алып отыр. «Иiржарагро» шаруашылығының басында аудан әкiмiнiң орынбасары Қайрат Жолдыбай, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмiнiң басшысы Талғат Әлiмқұл, ауыл әкiмдерi мен шаруа қожалық иелерi бас қосқан жиын өттi. Жиынға арнайы келген «Мырзакент» холдингiнiң президентi Салдар Жамалов аудан диқандарына жаңа технологиялық әдiстiң тиiмдiлiгiн егжей-тегжейлi түсiндiрiп бердi. Дайындалған жерге шиттi өзi сеуiп, оның үстiнен пленканы жауып және тамшылатып суаратын құбыр жүйесiн қоса төсеп кететiн жұмысты бiр ғана техникамен атқарып шығатын технологиялық әдiстiң пайдасы орасан. Ең бастысы, ала жаздай шабық шабу, жегене жасау, кетпендi көтерiп күндiз-түнi егiстiктi суару сияқты тiрлiктiң бәрi автоматты түрде жасалады. Көктемгi егiс кезiнде әр гектарына 150 мың теңгенiң көлемiнде шығын кетедi. Былайғы диқандар да гектарына бұдан көп қаржы жұмсамаса, аз шығынданбайды. Есесiне, тамшылатып суару әдiсiмен еккен алқаптың өнiмдiлiгi бiрнеше есе жоғары болады. Осындай жағдайларды салыстыра отырып айтып берген С.Жамалов шардаралық шаруаларға алдағы жылы қол ұшын беруге дайын екендiктерiн жеткiздi. Яғни жаңа технологиялық әдiспен мақта егуге талапкерлер болса, қажеттi құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етуге «Мырзакент» холдингi әзiр. Ауыл әкiмдерi тың бастаманы кеңiнен түсiндiрiп, жаңа әдiспен мақта егу мол өнiм алудың кепiлi екендiгiн шаруаларға насихаттайтын болды. Әдiл ӘБДIРАМАНОВ. Шардара ауданы. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_8585.txt | Құрылтай мәселе шешпейді, бірақ керек! | https://abai.kz/post/8585 | "Құрылтай мәселе шешпейді, бірақ керек!" | "https://abai.kz/post/8585" | 18.05.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Құрылтай мәселе шешпейді, бірақ керек!
URL: https://abai.kz/post/8585
META: "Құрылтай мәселе шешпейді, бірақ керек!" | "https://abai.kz/post/8585"
DATE: 18.05.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 2748
TEXT: Осымен төртінші рет өткелі жатқан Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында бір топ азамат «Abai.kz» ақпараттық порталының редакциясында бас қосып, алқа қотан жиын өткізіп, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында қазақ көшіне байланысты Құрылтайдың нақты қандай мәселелерді талқылау қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды. Іркіліп қалған көші-қон ісіне қатысты сыни пікірлер де алқа қотан отырысқа келген мырзалардың тарапынан айтылмай қалмады. «Құрылтай мәселе шепейді, бірақ керек» деген байламмен тарқаған басқосудағы әңгіме төмендегідей өрбіді. Отырысты «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат жүргізді. Дөңгелек үстел басындағы шағын жиынға ақын Алмасбек Ахметбекұлы, жазушы Жәди Шәкен, кәсіпкер Рахым Айыпұлы, ақын Ауыт Мұхитбекұлы, саясаттанушы Айдос Сарым, халықаралық «Түркістан» апталығының бөлім редакторы, журналист Есенгүл Кәпқызы қатысты. Дәурен Қуат: Мамыр айының 25-27 аралығында Дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайы өтейін деп жатыр. Құрылтайға ресми органдар, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дайындық үстінде болар. Осымен төртінші рет өткелі жатқан Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында бір топ азамат «Abai.kz» ақпараттық порталының редакциясында бас қосып, алқа қотан жиын өткізіп, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында қазақ көшіне байланысты Құрылтайдың нақты қандай мәселелерді талқылау қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды. Іркіліп қалған көші-қон ісіне қатысты сыни пікірлер де алқа қотан отырысқа келген мырзалардың тарапынан айтылмай қалмады. «Құрылтай мәселе шепейді, бірақ керек» деген байламмен тарқаған басқосудағы әңгіме төмендегідей өрбіді. Отырысты «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат жүргізді. Дөңгелек үстел басындағы шағын жиынға ақын Алмасбек Ахметбекұлы, жазушы Жәди Шәкен, кәсіпкер Рахым Айыпұлы, ақын Ауыт Мұхитбекұлы, саясаттанушы Айдос Сарым, халықаралық «Түркістан» апталығының бөлім редакторы, журналист Есенгүл Кәпқызы қатысты. Дәурен Қуат: Мамыр айының 25-27 аралығында Дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайы өтейін деп жатыр. Құрылтайға ресми органдар, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дайындық үстінде болар. Біз бұл отырысқа көші-қон полициясынан да адам шақырғанбыз, «бастығымыздан рұқсат алайық» дегенді сылтау етіп көші-қон полициясынан өкіл келмей қалды. Қауымдастықтан адамдар шақырғанбыз, олар да «Құрылтайға деген дайындығымыз қауырт, мұрнымызға су жетпей жатыр» деп келе алмады. Бірақ, Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев мырза осы жерде болатын әңгімеге соңара қатысам, қосымша пікірлерімді білдірем депті , енді оны көре жатармыз. Көріп, біліп жүрсіздер, құрылтайдың қарсаңында көші-қон мәселесі аса шиеленісіп кетті. Әсіресе мына қытай жақтағы, өзбек бетіндегі, Түркіменстандағы болып жатқан оқиғалардан толық хабардар шығарсыздар. Уақыт тауып жиынға келіп отырған Әлеке, Жәке, Әуке, қай қайсыңыз болсаңыз да көші-қон мәселесін сырттан бақылап қана қоймай оның қиыншылығымен бетпе-бет келіп, мақалалар жазып, жанұшырып жүрген жансыздар. Сондықтан ойларымызды ірікпей ашық айталық, барымызды ортаға салып байқалық. Әлеке, сіз осының алдындағы үшінші құрылтайға қатыстыңыз-ау деймін. Жалпы осы құрылтай қазақ көшіне қатысты қандай да бір жайттардың шешім табуына ықпал етіп келе ме? Құрылтай қандай қаулы қаралар қабылдап жатыр? Әлде бұл шапан киіп, жарыса мадақ айтып тарқайтын жиынға айналып бара ма? Алмасбек Ахметбекұлы: Мен екінші құрылтайға қатыстым. Бірінші құрылтай ашылған кезде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Ол енді тәуелсіздіктің алғашқы жылы еді. Бұны бірінші құрылтайдың нәтижесі деген жөн. Айтары жоқ, жалпы бірінші ұлттық қазақ құрылтайынан кейін үлкен ұлттық рухани серпіліс болды.Шетелдегі қазақ пен атажұрттағы қазақтың қатынасы күшейді. Елді жақындату мәселесі жөнінде бірінші құрылтайдың маңызы зор болды. Сонан кейін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Содан екінші құрылтай Түркістанда өтті, 2002 жылы. Онда да үлкен басқосу болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Жалпы құрылтай деген нәрсе керек. Одан кейін 2005 жылы өткен құрылтайға мен қатыса алған жоқпын. Онда да үлкен үгіт насихаттық шаралар болды, шетелдегі қазақтар мен біздің атажұрттағы қазақтар арасындағы қарым қатынасты нығайту туралы ұрандар болды, үлкен әңгімелер болды. Жалпы құрылтай керек және мынау Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да керекті құрылым; шетелдегі қазақтар мен атажұрттағы қазақтар арасындағы қарым қатынасты сақтауға, жандандыруға, мүмкіндігінше оны бір ғылыми жүйелеп, жолға қоюға әрекет ететін ұйым болып саналады. Дәурен Қуат: Алғашқы құрылтайда құрылтайды бес жыл сайын өткізіп тұрамыз деген қаулы қабылданған болатын. Бірақ сол белгіленген мерзім екінші құрылтайға келгенде бұзылды. Себебі неде деп ойлайсыздар? Рас, кіші құрылтайлар өтті. Түркияда, т.б. елдерде. Алайда ол құрылтайларда айтылған сөз бен алынған шарадан қазақ қоғамы толық құлағдар болды дей алмаймыз. Алмасбек Ахметбекұлы: Рас, бірінші құрылтай мен екінші құрылтайдың арасында он жыл өтіп кетті. Бұл кезде көші қон мәселесі далада қалып қойған жоқ, көші қон агенттігі құрылды, 1997 жылы көші-қон заңы қабылданды. Шетелдегі қазақтардың отанға оралу мәселесі ол онжылдықта құрылтайсыз да қарқын алды. Оның үстіне бұл он жыл Қазақстанға экономикалық тұрғыдан оңай тимеген жылдар еді. Құрылтайдың араға едәуір уақыт салып барып өтуіне қиын жылдардың салқыны тимей қалмады. Айдос Сарым: Осы жерде мен бір сұрақ қоя кетейін. Негізі менің ойымша, Қазақстан Республикасы деген ұғым бар және қазақ ұлты деген ұғым бар. Бүгінгі күні құрылтай болсын, қауымдастық болсын, осы екі ұғымды табыстырып, ортақ ақпараттық кеңістікті, мәдени кеңістікті қалыптастырып жүр ме? Өз функциясын орындап жүр ме? Рахым Айыпұлы : Оны орындап жүр дегенге ауыз бармайды. Жалпы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізу идеясы Елбасының Түркияға сапары кезінде көтеріліп, содан іске аса бастады ғой. Тәуелсіздігімізді ала салысымен 1991жылы 31 желтоқсанда Елбасы шетелдегі қазақтарға арнап радиодан сөз сөйледі. Сол сөзінде Қазақстан Республикасына Қазақстаннан шет тұратын қазақтардың келуіне мүмкіндігі бар екендігін баса айтты. Атажұрттан жырақ тұратын біздер Президентіміздің әлгі сөзін естіп қатты тебірендік. Жүрегіміз жарылардай қуандық . Елбасымыз сол кезде «Осы сіздер үшін елге оралатын күн туа ма, жоқ па деген сұрақ мені қатты толғандырып келді, енді міне, есік ашық сіздерге. Біз көші-қон мәселесінде халықаралық адам құқығын негізге аламыз» деп еді. Жаңағы бір мәселеге баса назар аударғаным жөн шығар, халықаралық адам құқығы жалпыға ортақ, демек, қазіргі Қытай қазақтарына керекті мәселе. Жоғарыда бірінші Құрылтайдан соң Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды деп жатырмыз. Қауымдастық құрылғанда Елбасы аталған қоғамдық ұйымға қатысты: «Қауымдастық әлемдегі қазақтардың өміріндегі әлеуметтік, экономикалық, рухани, мәдени мәселелерді жан-жақты терең зерттеп, ресми атқарушы биліктің алдына кезең кезеңмен қойып отыру керек, бұл ұлттың ұйытқысы болу керек» деді. Көрдіңіз бе, ол кісі қауымдастыққа қандай міндеттерді жүктеп отыр. 2002 жылы елдің еңсесі көтеріліп, экономикасы қалпына келе бастағанда Түркістанда Елбасымыз: «Мен армандайтынмын, біз қашан экономикамыз түзеліп, шетелдегі бауырларымызды соншалық кең көлемде елге көшіріп әкелуге мүмкіндік алады екенбіз деп. Біз міне, бүгін соған жеттік, экономика көтерілді, енді біз квотаны көбейтеміз» деді. Көбейтті. Ол кезде көшіп келетіндерге берілетін квота бес жүз еді, одан кейін бес мыңға, одан кейін он мыңға, он бес мыңға , бүгін жиырма мыңға өсіп отыр. Ендігі әңгіме Дүниежүзі қауымдастығы осындай ұлы көшке мұрындық етіп отыр ма, жоқ па, өз функциясын қаншалықты деңгейде атқарып отыр дегенге саяды. Марқұм Қалекеңнен кейін, Қалдарбек Найманбаевтан кейін, қауымдастықтың жұмысы тоқырады. Шетелдегі қазақтармен рухани байланыс деген Еуропадағы аз қазақтың ортасына барып сайран салып, демалып қайту емес қой. Париждегі жиырма қазақпен анда санда бір қатынас жасап қою деген қазақ диаспорасының бүгінгі тұрмысынан толық мағлұмат бермейді. Қауымдастық жырақтағы қазақ пен атажұрттағы қазақ арасын жалғайтын алтын көпір бола алмай отыр. Қауымдастықтағылар көбінесе бюджеттің ақшасын шашу, Еуропаға барып саяхаттау, кіші құрылтай өткізу деген сылтаумен жүр. Алты қазақ тұратын Норвегияда кіші құрылтай өткізудің қандай қажеттілігін көріп тұрсыз? Дәурен Қуат: Қазір өзі қазақ көшіне қатысты, қазақ бірлігіне қатысты қандай да бір қарсылық бар сияқты. Ресми адамдардың өзі оралман бауырларымызды сортқа бөліп сөйлейтінді шығарды. Бұған не айтасыздар? Жәди Шәкен: Рас, оралмандарды сортқа бөлу бар. Қауымдастық төрағасының орынбасары Мамашев мырза бір сұхбатында айтады: «Қытайда оқыған қазақтың бәрі келіп болды. Қалғандарының жағдайы ауыр. Мұнда келгенімен жан баға алмайды» деп. Оның ойынша, елге тек оқығандарды әкелу керек екен. Қытайдағы қазақтың көбісі сауатсыз екен. Оларды әкелуге болмайды екен. Бізге осындай алалаудың не қажеті бар? Бізге қазақ керек ғой. Ол өзі оқымаса, ертең баласы оқиды. Бізге адам керек, қазақ керек. Мемлекет құраушы ұлт керек. Сондықтан, қалайда бұрынғы көші қонды жолға қойып, қалпына келтіру керек. Көші-қон жұмысымен тұрақты шұғылданатын агенттік пе, комитет пе қайтадан құрылуы тиіс. Алмасбек Ахметбекұлы: Оқымаған оралман шаруға ұқыпты болады. Жерді игереді, мал өсіреді. Талдықорған қаласының қасында Қарабұлақ деген үлкен ауыл бар. Алдыңғы жылы сол ауылдың жайлауына барып қайттым. Сонда бір оралман жігіт: «Бұл жайлауға алты жылдан бері адам шықпаған екен» деді. «Міне, біз алты жылда алты кезеңге өттік» деді. «Мына жайлауды игеріп жатқан түгел оралмандар» деді. Шаруақор, малсақ оралманға ақша беріп алқаудан бұрын жер беріп, жағдай тудырса болды, қалғанын ол өзі шешеді. Өткенде «Тарбағатай қоры» деген жиналысқа қатыстым. Сонда, ауылдан келген азамат ауыл жағдайы туралы мәлімдеме жасады. «Кейінгі кезде оралмандар келіп, суатты игеріп, егін салып жатыр. Қазір, ол жер жандана бастады» деді әлгі жігіт. Бұл, шетелден келген қазақ өзінің топырағында өсіп, өнуге дайын деген сөз. Сондықтан, біз Тарбағатайда, Қарабұлақта, Қапалда, тағы басқа жерлерде мал өсіріп, жер игеріп жатқан қандастарымыз турал көбірек айтуымыз керек. Сыңаржақ пікірлерге солай қарсы тұруымыз керек. Дәурен Қуат: Осы Атажұртына оралған ағайынның жан саны қаншаға жеткені туралы да ақпарлар ала-құла. Мысалға, бұрынғы көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев бізге берген сұхбатында «бір миллионға жуық оралман көшіп келді, қоныстанды деген сөз - жалған сөз. Олардың жалпы саны 200-300 мыңнан аспайды. Ал, былай өз бетінше келгендер 300-400 мың. Олар азаматтық алған жоқ, санақта да жоқ, санатта да жоқ» деген дерек айтып еді. Көші-қонның толастап қалғанын бүгін көзімізбен көріп жүрміз. Ендігі әңгмені осы бағытта өрбітсек деймін. Есенгүл Кәпқызы : Үшінші құрылтайдағы әңгімеден кейін, жалпы көш тоқтай бастады. 2005 жылдан бері бұрынғы қарқынды көштің дүбірі естілмейді. Үшінші Құрылтайда қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан елдерде қала берсін, ел мен елдің арасында дәнекер болып тұра берсін деген сөз айтылып қалды. Дәурен Қуат: Егер мен жаңылыспасам, сол сөзді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы айтты. Есенгүл Кәпқызы: Иә, содан кейінгі заңдар, содан кейінгі қабылданған қаулылар қазақ көшіне қырын келіп, әсіресе, қытайдағы қазақтарды елге әкелу, шақырту жұмысы қиындап кетті. Қытайдағы ағайын сияқты Монғолиядағы қазақтар да елге жете аламай отыр. 2008-жылы Моңғолияға барған сапарымызда біраз қазақ ауылдарын араладық. Сол ауылдарда көшіп келгісі келетін, бірақ келе алмай отырған қазақтар өте көп. Келуге жағдайы жоқ. Сіздер білесіздер, көшіп келу үшін Ресей шекарасын басып өту керек. Ортада Ресей тұр. Ресейде түске дейін екі машинаны қабылдап, түстен кейін ұйықтап жататынын Мамашев өз сұхбатында айтқан. Ал, біздің адамдар Ташанты шекарасында айлап, жылдап қонып жатқаны. Онда мен өзім де болдым. Ол жерде адам тұратындай жағдай мүлдем жоқ. Өйткені, ол бір ауыл. Қосағаштағы қазақтардың бір ауылы. Сосын ол жерде не ары не бері өтіп кете алмайсың. Сондықтан, ілгерідегідей Монғолияға арнайы ұшақтарды, көліктерді жіберіп көштің бетін қайтадан түзеу керек.. Қазір, сол мәселе қайта көтеріліп жатыр. Осы мәселені заңға енгізсек дегенді қайта қайта айтып жатырмыз. Қытайға арнайы ұшақ жіберіп, ондағы елді көшіру мүмкін емес болып отыр. Өзбекстаннан да мүмкін емес. Ал, енді Монғолия мен Қазақстан арасында арнайы көші қон шарты бар. Сол шарт бойынша, оны ары қарай жүзеге асыра берсек, халықты сол жерден түп қопара көшіріп әкелсек қазақтың саны еселеп артар еді. Жәди Шәкен: 2010-жылғы квота 20 мың отбасыға тиесілі болса, оның он мыңы ғана орындалыпты. Сонда, квотаның 50 пайызы ғана игеріліп, 50 пайызы тиісті адамдарға берілмей қалған. Содан кейін ғой, оралмандар санының әртүрлі болып жүргені. Осы арада мен көші-қонға байланысты бір ұсыныс айта кетейін. Ол ұсынысым - бейімдеу орталықтары туралы. Бейімделу орталығының жұмысы өте жоғары деңгейде болуы керек. Мысалы, немістер шетелден кім келе жатыр? Қайда келе жатыр? Нендей мамандықпен келе жатыр? Әр күні біліп отырады екен. Қазір өзі интернет жалпыласқан заман емес пе, жаңғы сұрақтардың жауабын табу аса қиын болмаса керек. Келгеннен кейін, оның барып қоныстана жері дайын тұрады екен. Ал, бізде айналдырған аз қазақтың санына жету мүмкін болмай тұр. Қызық, 300-400 мың адам ағылып жүреді екен. Оны ешкім көрмейді екен. Көшеде қалың полиция. Олардың бәрі құжат тексереді. Оралмандар мыңдап, миллиондап кіріп жатады. Ақшаны тонап алып кетіп жатады, содан қашып жатады екен. Оны ешкім сезбейді екен. Көші-қон мәселесі ендігі бір жүйесін табатын уақыт болды емес пе, қашанғы ырың-жырыңмен жүре бермекпіз? Дәурен Қуат: Енді Кеден мәдениетін салыстырып көрейікші. Арғы жақ қалай, бергі жақ қалай? Ауыт Мұхибекұлы: Бұл да бір өз алдына жеке әңгіме қылатын тақырып. Турасына келсек, қай қай жақтың кедені де оңып тұрған жоқ. Мысалы, Қорғаста шетелдік қазақтарға деген көзқарас пәлендей жақсы емес. Қытайдан бері қарай өтетін адамның тракторы жаңа, киімі бүтін болса, біздің кеден бас салады екен де, жаңағы бейшараны тонайды екен. Мысалы, Үшаралдың, Қарабұлақ деген ауылына көшіп келген, Мұхаммед деген адамның өз аузынан естідім. Тракторымен, ана мұнысымен бес мың доллардай ақша алыпты одан кеденшілер. Қазіргі кеденде көп былықтың беті ашылып жатыр ғой. Көші-қонмен өтетіндерді тонау соның бір парасы болса керек. Тегінде, көші-қон бойынша бір жүкті немесе бір техниканы алып өтуіне әркімнің мүмкіндігі бар. Ол мүмкіндік болған, бірнеше жлдың алдында. Қазір, тұрақты виза жоқ. Айдос Сарым: Осы соңғы кездері орыстар «Русская карта» дегенді жиі көтеріп жүр. Бізде «Қазақ картасы» деген мәселе бар ма? Есенгүл Кәпқызы: «Қазақ картасы» деген мәселе 1992-жылы Терещенконың үкіметі кезінде 791-і қаулыда болған. Онда сізге «қазақ» деген куәлік береді де, ҚР азаматымен бірдей деңгейде жеңілдіктерге ие боласыз. Ол 2000-жылдары күшін жойды да, қазір оралман куәлігі деген куәлік бар. Үкіметтегілер сол куәлікті сол қаулымен теңестірдік деп айтты. 2008-жылы, 524-і қаулы қабылданды ғой. Сол бойынша сіз РНН, СИК рәсімдей аласыз. Демек, жұмысқа тұра аласыз. Бірақ, сізді бәрібір мемлекеттік қызметке алмайды. Айдос Сарым: Осы алқа-қотан отырысымыздың бір әңгімесе ретінде айтып өтейін. Бүгінгі күні жақсы болсын, жаман болсын бір миллион адам көшіп келді деп отырмыз. Ол қалың қол. Былайша айтқанда, саяси күш. Бірақ, мысалы үшін бірде - бір партияның тізімінде, депутаттыққа ұсынылған, немесе атқарушы билікте қызмет етіп жатқан оралман қандасымыз жоқ екен. Ал, бізге дәл осындай тұлғалар керек. Біз сонда атажұртына оралған қандастарымыз туралы: «Міне, біздің бауырымыз пәленбай жылдан бері депутат болып келеді, мынандай мәселелер көтерді, мына бауырымыз министрдің орынбасары» деп мақтана айтар едік. Ел іші де сосын оралмандарды мойындап, «Апырай осыдан он жыл бұрын көшіп келген жігіт мінекей депутат болыпты. Әкім бопты, орынбасар болыпты» деп. Бұл қазақтың беделі үшін керек сөз. Дәурен Қуат: Саясатта, билікте болмағанымен ғылымда, әдебиетте, ақпарат саласында, мәдениетте мақатан тұтатын бауырларымыздың аты шығып жатыр ғой. Ірі компаниялар да да өз білігімен танылып, басшылық қызметке өскен азаматтардың барын естиміз. Бірақ, бұл жерде Айдос атажұртқа келген ағайынның елге барынша сіңісіп кетуі турасында мәселе қозғап отыр ғой деймін. Айдос Сарым: Қазіргі күні ұйымдардың, қозғалыстардың бәрінде имиджді жақсарту деген бағдарламалар қабылданды. Ол үшін мемлекет қаражат салады. Менің ойымша, елге келген ағайынды жерсіндіру мәселесі тек ғана, үй беру , мал беру, ақша беру деген сияқты шаралармен шеілмейді. Шын мәнінде, көші-қон жайы ақпараттық та, мәдени тұрғыдан да барынша қолдау табуы керек. Яғни, Қазақстанның көшін дұрыс насихаттау, дұрыс жеткізе білу керек. Тағы бір мәселе - орыс тілді баспасөзде оралмандар мынанша ақшаны алып кетіпті деген мақалалар жиі кездеседі. Шын мәнінде оларда қазақтарға жан ашу деген атымен жоқ, көші-қон мәселесін тіпті түсінгілері де келмейді. Бұны да күн тәртібіне қоюымыз керек. Есенгүл Кәпқызы: Баспасөз дегеннен шығады. Баспасөздегі тағы бір тенденцияны айтқым келеді. Ол мына тарихты білмей сөйлеуден болып тұрған тенденция. Көбінде өзіміздің ақсақалдарымыз, жазушылармыз, зиялыларымыз оралмандар жайында «бұлар кезінде малды айдап қашып кетіп, қайтып келгендер, оларға жәрдемақы берудің қажеті жоқ» деп жатады. Оралмандардың бәрі қашып кеткендер емес, шекараның ар жағында, орыс пен қытай жер бөліскенде немесе Совет одағы ешкіммен келіспей, тарихи жайттарды ескермей, белден басып шекараны бөле салғанда сыртта қалып қалып қойған қазақтар. Дәурен Қуат: Ал енді нақты ұсыныстарға келейік. Әлеке, өзіңіз бастап сөйлеп едіңіз өзіңіз түйіндеңіз. Алмасбек Ахметбекұлы: Осыдан онбір он екі жыл бұрын Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым қатынасты жасау үшін қарпайым он қадам деген бағдарлама қабылданған еді. Сол бағдарлама көптеген мәселерді шешуге мұрындық болды. Бізде бүгінгі отырысымызда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына сын айта бергенше, төмендегідей ұсыныстарымызбен олардың бір жағына шығысайық, Құрылтайда осы ұсыныстарымызды жалпының талқысына салып көрейік. Ол үшін: Бірінші, көші-қон мәселесіндегі барлық тетіктер заңмен айқындалып, ол үкіметтің қаулысымен, барлық әкімшілік жүйеге, атқарушы жүйеге міндеттелуі керек. Екінші, 1998-жылдары құрылған заң агенттігі секілді ресми орган құрылып, көші- қонмен мемлекеттік, министрлік деңгейіндегі агенттік айналысуы керек. Үшінші, қытайдағы немесе өзге де шетелдегі қазақ диаспорасының Қазақстанға оралу мәселесі кедергісіз шешілуі керек. Бұл мәселенің шешімі шақырту ісіне барынша терең мән беру қажеттігінен келіп шығады. керек. Мәселен, дипломатиялық заңның Қазақстандағы 19-бабында Қазақстанның жергілікті дипломатиялық органдары шетелде қазақ диаспорасына қызмет етуге міндеттелген. Бұл міндетті біздің Сыртқы істер министрлігі атқармай отыр. Осыны Сыртқы министрлігі қадағалау керек. Үкімет оны талап етуі керек. Шетелдегі қазақтың Қазақстанға оралуына орай виза бермеу деген бұл - кешегі Голощекин заманында, одан арғы заманда қазіргі қазақ территориясының сыртында қалып қойған қазақтардың тарихи отанына оралуына кедергі жасау - немесе Голощекиннің қанды езгісіне мұрагерлік ету деген сөз. Виза бермеудің сипаты осылай айқындалуы керек. Төртінші, виза беру мәселесі шетелдегі қазақтардың кедергісіз оралуына жол ашуы керек. 2003-жылы Қасымжомарт Тоқаев мырза Сыртқы Істер министрі болып тұрған кезде консулдық алымдардан босатып, барлық қазақтарға жылдық немесе екі жылдық визаға дейін беру мәселесін шешіп тастаған болатын. Осы мәселе қайта орнына келуі керек. Бесінші, шетелдегілер Қазақстанға келгенде, оның статусы қазақ болып айқындалуы керек. Ілгеріде мынандай бір қаулы болған. Ол қаулы бойынша, қандастарымыз Қазақстанда емделуге, еңбек етуге, тұруға азаматтық мәселе талап етілмей тұрып тұрмыстық мәселелерінің шешімін табуын талап етуге қақылы болған. Осы қаулы қалпына келсе, жетеді. Бұл шаруа тұрақты тіркеу деген куәлікпен шешіледі. Алтыншы, Көші-қон мәселесі шешілмеген жағдайда, оған баламалы жолдар ашылуы керек. Бейімдеу орталықтарының мәселесі шетелдерде жолға қойылып жатыр екен. Бізде де жолға қоюды агенттік қолға алған. Бірақ, бұл дұрыс шешімін тапқан жоқ.. Жетінші, жұмыстандыру, оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл былай: Ешкімді Үкімет жұмыстандыра алмайды. Қазақ өзін өзі жұмыстандырады. Мәселен, келгендерге тұрақты жер бөлу, өмір сүруге лайықты мүмкіндіктер ашу. Шетелден келген қазақтардың ешқайсысы Үкіметтен жұмыс алған жоқ, керісінше мал өсіріп, үлкен кәсіпорындар ашып жатыр. Үкімет тек оралмандарға да ел қатарлы жеке кәсіппен шұғылдануға мүмкіндік тудырса болып тұр. Қайталап айтамыз, қалған істің тігісін ағайын өзі-ақ жатқыза біледі. «Абай -ақпарат»
|
qosymsha/abai.kz | post_43886.txt | “20 ЖЫЛҚЫ + 4 ТҮЙЕ” ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІМПАЗДАРЫ | https://abai.kz/post/43886 | "“20 ЖЫЛҚЫ + 4 ТҮЙЕ” ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІМПАЗДАРЫ" | "https://abai.kz/post/43886" | 15.03.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: “20 ЖЫЛҚЫ + 4 ТҮЙЕ” ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
URL: https://abai.kz/post/43886
META: "“20 ЖЫЛҚЫ + 4 ТҮЙЕ” ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІМПАЗДАРЫ" | "https://abai.kz/post/43886"
DATE: 15.03.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 897
TEXT: «Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының редакциясы жұртшылық алдындағы міндетін орындап, 2016 жылға жазылған оқырмандар арасында «20 жылқы+4 түйе» және сатып оқитындар үшін «Автокөлік» ұтыс ойынын 13 наурызда «Тянь-Шань» қонақ үйінде белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал өнер жұлдыздарыныңнің қатысуымен өткізді. Ғаббас Қабышұлы: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик- жазушы: «Оқырмандарды жеңісімен құттықтаймын» Жалпы Жарылқап мырза шығарып отырған журналдар халыққа, бүгінгі және ертеңгі ұрпаққа керек. «Аңыз адам» журналына өзіміздің және өзге елдің қаншама тарихи тұлғалары шықты. Осындай керемет журналға оқырмандарды жазылуға ынталандырып, ынталандырып ғана қоймай оларды ойынға қатыстырып, ақшалай сыйлықпен марапаттап жатса, керемет емес пе! Осы журналдың ұжымына тек ғана сәттілік тілеймін. «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдары ұйымдастырған «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойыны биыл да жылдағысындай ел-жұрттың көз алдында ашық, әділ өтті. Өзім бір түйенің иесін анықтап, есімін жарияладым. Ол кісіні де жеңісімен құттықтаймын. Жалпы жүлделі болған оқырмандарды жеңісімен құттықтаймын. Асқар Жұмаділдаев: ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор: «Ойын өте әділ өтті» «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойыны жыл сайын өтетін белгілі іс-шара. Жыл сайын бұл шара әділ өтеді. Мен бұған бірнеше рет қатыстым. Осы журналдың редакторы Жарылқап мырзаны қатты сыйлаймын. Ол менеджерлік және журналистикалық қабілетімен, өзі еңбегімен «Жұлдыздар отбасы» журналы мен «Аңыз адам» журналын осындай дәрежеге жеткізді. Мен бұл журналдардың ары қарай да қуанышты сәттерінің молынан болуына тілектеспін. Ең бастысы бұл жолғы оқырмандар арасында өтетін ұтыс ойны көпшіліктің көз алдында өте әділ, өте тамаша өтті. Нәбижан Мұқаметханұлы, тарих ғылымдарының докторы: «Ұтыстың әділ болғанына көз жеткіздім» Біріншіден: «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдары ұйымдастырған «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойыны өте жақсы өтті. Мен өзім де бір жылқының иесін анықтап, ұтыстың әділ болғанына көз жеткіздім. Екіншіден: «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойынына шақырылған сыйлы қонақтар қос журналдың маңыздылығы туралы жақсы пікірлерін білдірді, журналдарға болған танымдылықты айқындап, оқырманның түсінігін тереңдете түсті. Ең әуелі қазіргідей экономикалық дағдарыс кезінде журналдарды үзбей шығарып келе жатқан Жарылқап Қалыбай бауырымызға алғыс айтуымыз тиіс. «АҢЫЗ АДАМ» журналы тарихи тұлғаларды шығару арқылы оқырманның ұлттық, тарихи санасын қалыптастыруға үлкен үлесін қосып келеді. Және тарихи тұлғаларды айту арқылы сол кездегі тарихты, қоғамдық құрлымды, халықтың тіршілік, тынысын кеңінен ашып көрсетеді. Үшіншіден: «АҢЫЗ АДАМ» журналы қазіргі жастардың таным-түсінігіне лайық, оқуына жеңіл форматта білім беріп отыр. Осы арқылы жастарды отан сүйгіштікке тәрбиеледі. Сонымен қоса журналдың оқырмандарына да лайықты сыйлықтар беріліп жатыр. Жыл сайын жылқы, түйе үлестіріп беру журнал редакциясына да оңай емес. «Тәуелсіз Қазақстанымды сүйем, ұлтыма қызмет етем» деген азаматтар осы сияқты нақты іс-әрекетімен өздерін көрсету керек деп ойлаймын. Жоғарыда айтқанымдай ойын көпшіліктің көз алдында анық әрі әділ өтті. Рысбек Сәрсенбайұлы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы: «Қазаққа жасалған жанашырлық» «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» жобасы қазақ баспасөзіндегі ерекше жаңалық. Бұл журналистер қауымы қызығатын,шығып жатқанына бірнеше жыл болғанына қарамастан, бұны әлі де жаңалық деп айтуға болады. Өйткені, оның әр санында тың тақырыптар мен жаңа дүниелер болады. Енді мына өткізіп жатқан шараның өзі де, сол жаңашылдықтың бір белгісі. «Жұлдыздар отбасы» және «АҢЫЗ АДАМ» журналдары ұйымдастырған «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойынының әділ өткеніне барлығымыз куә болдық Бұл журналға жазылуға оқырмандарды қызықтыру деп қарасақ, онда бұл бір жақты болады.Оқырмандардың жылқылы, түйелі, автокөлікті болып жатқаны жақсы емес пе? Бұның өзі оқырмандарға деген сый-құрмет және қазаққа көмектесу, қазаққа жасалған жанашырлық. Осы бастама ары қарай да жалғаса береді деп ойлаймын. «20 ЖЫЛҚЫ+4 ТҮЙЕ» ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ Бимагамбетов Нурберген, Маңғыстау облысы, Теңге кенті, М. Бегенов көшесі 52-үй. (Рамазан Стамғазиев, дәстүрлі әнші) Құрманов Ербол, Атырау обл., Құрманғазы ауд., Ганюшкин селосы, Ж. Нағыметов көш.7. (Нұржан Жабаев, «Қазпошта» АҚ «Пошталық сервис» филиалының директоры) Ниязбеков Ж.С., Тараз қаласы, Яблочная көшесі 18-үй. (Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор) Солтан Ақиқат, Алматы обл., Текелі қал., Әуезов көш., 10-үй, 5-пәтер; (Жасарал Қуанышәлин, саясаткер) Манатова Сабира, СҚО, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы. (Өмірқұл Айниязов, әнші) Қазбекова Гүлнар, Қызылорда қал., Тургенов көш., 7-үй; (Сейдахмет Құттықадам, «Мысль» журналының бас редакторы, саясаттанушы Сандыбаева Сая, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрыс кенті; (Рысбек Сәрсенбайұлы, «Жас Алаш » газетінің бас редакторы) Шауленов Батырбек, Ақтөбе қаласы, Ғ. Жұбанов көшесі 11 Б; (Хангелді Әбжанов, тарихшы) Айкалкаева Нұржамал, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Өркен көшесі, 15-үй. (Расул Жұмалы, саясаттанушы ) 10. Аухадиев Сайлаухан, Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 99-үй, 42-пәтер; (Айдос Сарым, саятсаттанушы) 11. Маханов Байғали, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы. (Еркін Шүкіман , дәстүрлі әнші) 12. Хамзин Пауеден, Атырау обл., Исатай ауд., Аққыстау ауылы, Атырау көшесі 21 (Толғанай Үмбеталиева, саясаттанушы) 13. Нургазиев Утесин, Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы. (Ринат Зайытов, айтыскер ақын) 14. Айсақалова Үміт, Алматы обл., Райымбек ауданы, Текес ауылы, 87022667796. («Алашұлы» тобы) 15. Балықбаев Кеңес, Сарыағаш қаласы, Смайылов көшесі 19 (Райхан Мамырова , INVITRO зертханасының стратегиялық даму жөніндегі директоры) 16. Калиев Есет, Ақтөбе обл., Шалқар ауданы, Шалқар, Аяқұм 14; (Шынар Сәрсембаева, «Happy Travel.kz » туристік агенттігінің директоры) 17. Әмірбекова Ақторғай, Алматы қаласы, 87477067834. (Нәбижан Мұқаметханұлы, тарихшы-ғалым) 18. Сигуатов Сыралы, Атырау обл., Исатай ауд., Ерғалиев ауылы, Жұбанов көшесі 17/1. (Ботагөз Есжанова Сұлтанбеккеліні, қажы, Алтын алқа иегері) 19. Тоқмурзина Гүлжан, Атырау обл., Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы (Қалдыбек Құрманәлі, композитер, шәмшітанушы) 20.Оразалиев Абилжан, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Қ.Қонақбай 43. (Еділ Ноянов, тарихшы) 4 түйенің ұтыскерлері: 1. Сұлтанмұратова Рабия, ОҚО, Қазығұрт ауд., Қазығұрт ауылы, Райымбек батыр көш. 87026194237. (Серікболсын Әбділдин, мемлекет және қоғам қайраткері) 2. Кендырбаева Г. Талдықорған қаласы, Есетов көш., 37-үй; (Ғаббас Қабышұлы, сатирик-жазушы) 3. Молдақарызова Алия, Алматы обл., Нарынқол ауылы, Амангелді 73; (Бексұлтан Нұржекеев, жазушы) 4. Мықтыбеков Серік, Алматы обл., Балқаш ауд., Бақанас селосы, 70 жыл Қазақстан. (Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор) АВТОКӨЛІК ИЕГЕРІ: Косшигулова Кулбан, Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы, Андасова 10; (Жарылқап Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының бас редакторы) Дереккөзі: dalanews.kz Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_170079.txt | Малай елінің мысалы: Аралас мектептен қашан арыламыз? | https://abai.kz/post/170079 | "Малай елінің мысалы: Аралас мектептен қашан арыламыз?" | "https://abai.kz/post/170079" | 16.06.2023 | Әбіл-Серік Әліакбар | null | TITLE: Малай елінің мысалы: Аралас мектептен қашан арыламыз?
URL: https://abai.kz/post/170079
META: "Малай елінің мысалы: Аралас мектептен қашан арыламыз?" | "https://abai.kz/post/170079"
DATE: 16.06.2023
AUTHOR(s): Әбіл-Серік Әліакбар
TOTAL WORDS: 283
TEXT: Біздің сайтта «Ақ жол» фракциясы депутаттарының «Қазақ мектептеріне қиянат жалғаса бере ме?» деген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевқа және Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.Ахметовке арзу сауалы жария болды . Бірақ, бізді сайлаушы ретінде көптен бері Мәжілісте келе жатқан партияның өкілдерінің «Аралас мектепке» қатысты заң жобасын ұсынбауы қалай деген ой мазалайды. Жалпы аралас мектеп дегенде көпшіліктің ойында «бірі – орыс, бірі – қазақ тілінде оқитын оқушылардың бір мектепте оқуы» деген шолақ түсінік қалыптасқан. Біз, қазақ тілді сайлаушылар, Малай елінің тұрғындарының 50 пайызын құраған қытай мен үнділердің ана тілінде білім беретін мектептерін жаппай жапқан тәжірибесін қолдануды талап етпейміз. Тек қазіргі қоғамды қаққа жарып, бір отбасындағы балалардың бірі – орыс, бірі – қазақ тілінде білім алып жатқан үрдісті доғаруды Парламентте отырғандар қолға алса екен деген ой. Біздің сайт «Аралас мектепке» қатысты талай материал жазды. Сонымен жұртты сандалтқан, түрлі пікір айтқызып, қоғамды қаққа жарған, отбасыларды ойран етіп, бала тағдырын тәлкекке айналдырып отырған «Аралас мектеп» деген не пәле!? Аралас мектеп дегеніміз – қазіргі орыс тілінде білім беріп, шәкірт тәрбиелеп жатқан мектептердің мүмкіндігін ескере отырып, 70, 50 және 30 пайыз пәндердің тек қазақ тілінде оқытатын білім ошағы. Осы көшу арқылы біртұтас ұлтқа айналамыз. Осыны «Ақ жол» фракциясы депутаттары қолға алып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевпен тізе қосып еліміздегі орыс тілді этникалық топтарды титулды ұлттың маңына топтастыратын «Аралас мектеп» концепциясын өмірге әкеліп, оны Заңмен бекітсе деген тілегіміз бар. Ал, қазіргі орыс тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту барып тұрған көзбояушылық болса, орыс тілді мектептің жанынан қосанжарласып қазақ сыныптарын ашу ұлтқа жаны ашымаудың айқын белгісі ғана. Орыс тілді мектептерді аралас мектепке айналдыру сіздердің қолдарыңызда Депутат мырзалар! Қазақ тілді сайлаушыларыңыз сізден осыны тілейді, әйтпесе, мектептегі тіл үшін қантөгіс болған 1969 жылғы Малай еліндегі қақтығыс бізде де орын алуы ытимал емес, әбден мүмкін... Әбіл-Серік Әліакбар Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_16444.txt | Оралхан Бөкей. Мезгіл әуендері | https://abai.kz/post/16444 | "Оралхан Бөкей. Мезгіл әуендері" | "https://abai.kz/post/16444" | 23.03.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Оралхан Бөкей. Мезгіл әуендері
URL: https://abai.kz/post/16444
META: "Оралхан Бөкей. Мезгіл әуендері" | "https://abai.kz/post/16444"
DATE: 23.03.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 3554
TEXT: 1. ҚАҢТАР Сәулем-ау, мен осынау аппақ армандай ақша қарды күрейтін күрек сұрай барып, жанарыңа жолықтым ғой... * * * 1. ҚАҢТАР Сәулем-ау, мен осынау аппақ армандай ақша қарды күрейтін күрек сұрай барып, жанарыңа жолықтым ғой... * * * Қаңтар! Мен сен жайлы жазғым келмеген еді; алғашында аса бір құлшыныспен қалам алғаным рас, бірақ қақаған аязың жан алқымыма жармасып, шымшыпап шыдатпаған соң, қарғып тұрып кеттім; аядай бөлмеде ары-бері аяндап бой жылыту да қиын; бір бұрыштағы аузы қожалақ-қожалақ пештің көмекейіне бес шелек көмір тықсақта, сырты жылыған емес; ал қаңтар болса, сенің мазаң өмірден түртпек көріп жүргендігіңді кәперіне де ілмей, қайта күн өткен сайын, сары шұнақ аязды мазақ қылып ойнайды; мен ғана ма -күні кеше ғана жасыл желек жамылып құлпырып тұрған табиғат мәңгі бұйығы ұйқыға берілгендей, аппақ ақиретке тұмшаланып, өлікше серейеді; ал адамдар - сұмдық айнығыш адамдар, көптен көксеген кәрі құда-қысқа тіпті де оң қабақ, шын пейіл танытпай, өкпелі кеспірде бүрсең қағып, шеменделіп, шелпек болып қасаттанған қарды жас балаша жылатып, сықыр-сықыр басып барады; кеше ғана ақ көбігін аспанға лақтыра сақ-сақ күліп бәлдене ағар тау өзені буын-буынын сарсу алған көрі кемпірдей, шор-шор, бунақ-бунақ мұздан кебін киген: ал өзі ессіз күлкіні күрк-күрк жөтелге, дімкәс сырылға айырбастау сыңайлы; ал ағаштардың басы дүр сілкініп серпіле алмай, бұрынғы тәңірден нұр тілеп жайған жапырағы - (алақаны) күпсе қардың астында қатып жатса, өн бойын суық сорған сайын, сыздап қалтырайды; бұтақтары ап-ауыр қарды көтере алмай морт сынып, аса қатты суық буындырғанда, омыртқасы опырылып, өзегі көрінді; қырдың әлі ізі түспеген ақ шаңқан қарына қарасаң, көз қарықтырады, жанарыңды суырады; ал Күн байғұс аяз буған аспанда тұтылған ақ боз перденің ар жағынан өлімсірей жүз беріп, болар-болмас жетім сәулесін жасқана шашқан болады; осынау алып ұйқыға есе берген аппақ даладағы айқаса жарысып жатқан жолдың үстінде қар сызып, шана жеккен жалғыз атты жолаушы көз ұшында бұлдырайды; ал мынау ысылдап ысқырық бүріккен бел-белес, қырат-қырқалар бет қаратпайды; күннің суықтығы мен адамдардың құқайы мезілеген XX ғасырдың бедеу қасқыры құйрығын бұтына қысып қаңғып барады; шоқайып отыра қалды да, көкке қарап ұлығансымақ болып еді, сілекейі қатып түсті; ал әлдеқайда, аласарып кеткен аспанда, мындаған қарғалар топталып ұшып, азан-қазан шулап жаман ырым бастаса, мамық басқан шыршаның, әйтеуір, бір тұсынан аш шымшықтың шиқылдаған өте әлсіз даусы естіледі, бауырыңа басып аялағың, жылытқың келер, бірақ өзің де аялаған алақанның жылуын аңсап тұрсың; дүниенің өн бойына суық сіңіп, сіреу боп қатқан, өзен көк тайғақ құрсаудың астында жаншылып, қорлана жылап жатыр, түн ортасында сол тұтқындағы өзеннен сарт-сұрт үн естіледі, ол - осыншалық қиямет-қайымға төзе алмай шытынаған мұздың долданғаны; тіпті суырыла соққан жел көрпесін ашып, жалаңаштанған жер жазған да өрмекшінің торындай быт-шыт боп ырсия айрылып кеткен; ал, жаңа, осы әзірде ғана екі шелек су алған анау бөкебайлы қыздың кірпігін қылау шалып, шелектегі судың беті қаймақшып қатып-ақ үлгерді; ал анау бір тон киген шал тым тоңғақ болуы керек, дірдектеп бөксесі бүріскен іші бұраудай омпық қара сиырға бір айыр шөп тастай берді де, қыңсыпап аяғына оралған итке назар аудармастан үйге қашты; әлдеқайдан от алмай быт-быттаған трактор үні естіледі; ал қала адамдары болса, аялдамада тұрған бес-алты минутына шыдай алмай автобустың бас терісін аузына қаптайды, телефонмен бүгін неше градус суық болғанын сұрайды (әттең, неше градус суық болғанын сонау төбенің басында қой жайып тұрған шопаннан сұраса ғой); ал мен болсам үйімді жылыта алмай күйе-күйе болып жүрмін; қаңтар, сені жаза қоятын қылығың жоқ-ақ, кімге болсын жайлы тиіп, жарылқап тұрған жоқсың; ақ көрпеңді айқара жаба салып, бүкіл тамылжыған табиғаттың бар қызығын ұрлап ашқарақ көңіл, қытымыр қызғанышпен бауырыңа басып жатырсың. Қаңтар! Мен сен жайлы жазбасам, сенің өзіндік қызық, өзіндік ғажап келбетінді өзің іспетті аппақ қағазға түсірмесем, несіне пенде болып, несіне қар басып жүрейін; айналаң хас арудың күн шалмаған етіндей, немесе саф бір тазалықтың бетінде шарбы жүзген ақ толқынды дариясындай - бар күнәдан, бар уайым-қайғыдан, кеще қылықтардан арылу үшін, рахаттана шомылғың келеді; талмауыр тартқан жаныңа ұлы рухқа, ұлы жасампаздыққа, ұлы салтанатты киеге толы сұрапыл күш дарыту үшін, кір шалып, дақ түспеген жас баланың санасындай ақша қарға жата қалып аунағың келер; аузынды ашсаң, бұрқырап бу шығып, өзегінді өртеген харам иіс-қоңысты айдап қаңтардың қара суығына лақтырып жатқандайсың; ал артыңда жасқана басқан сенің һәм ақтышқанның ізі жосылып қалар; ал алдыңда әлі тапталмаған кіршіксіз сайын дала көсіле сұлап, ақ адырдан ақ адырға, сонан әрмен көкжиекке шылбыр тастар; аязды шыңылтыр ауада кәперсіз қалқыған қылау бар; қолшанасын сүйретіп, ит ерткен бір топ бала улап-шулап тауға беттеді; нән шана шөпті мықашта басып алып, ылдиға құлдаған шаруаның мұрты мен текіректей аяңдаған аттың танауына сүңгі тұрған; көгілжім тартып көлбеген су бетіндегі кіреуке мұз күн нұрымен шағылысып, айнадай жарқырайды, ал сол мөп-мөлдір мұзға үңілсең - астыңдағы емін-еркін жүзген ақ шабақтарды көресің; өткел басы абыр-сабыр: мал суарып, су алған ауыл адамдары хал-ахуалдарын сұрасып "қыстың басы қатты, аяғы тәтті болар" деп, жетіседі; азаннан аяз ішіп қызып алған жігіт-желең, қыз-келіншектер бір-біріне қар лақтырысып назданады; әр үйдің терезелері бықыған ғажап ою-өрнекке толы, әйнекке қатқан қырауды тілімен тесіп, кішкентай күн жасап ойнаған бала, сол сығырайған тесіктен қысқы далада ұлы-жіңгір тіршілікке аңтарыла көз тастайды; анау ақшанамен ағызып баратқан - бәлкім, алдағы асау арманына асыққан осы елдің ерке жігіті шығар; ауылдың қайқы құйрық иттері соғымның қанын жанасалаған сұмпайы сауысқандармен ала көз боп қызғанысады; батуға ыңғайланған күннің алтын алауы шырша-шыршаның ара-арасынан сығалап, ақ көбік қарды қанды көбікке айналдырады; ал ай туа, табиғат қайта түлеп ұлпа мамыққа шомылған мейірімді таупиықпен - қашардың осыншалық мол қуанышты сұлулығына масайып, маужырап, таза суықтан бой ширатар жарылқаушы қуат алады; бұл қуатты түннің ептеп күнге ойысқан жұқалтаң сәулесі де аңғартқандай; қаңтардың сары шұнақ аязының бұлыңғыр арасынан жаңа жылдың шуақсыз күні қылт етіп бой көрсетіп, ептеп жылыған хабаршы бергендей ме; ие, қаңтар, сен осылайша тіршілік куған мәңгі қанағатсыз, бақи мазасыз адамдардың көңіл-күйі, ой-санасына қарай сан құбылып, бірде жақсы, бірде жаман кейіпте жаңа шежіренің - Жаңа жылдың бетін ашып, көрімдігін алдың. Ол көрімдік - Адамдардың ақша қардай аппақ көңілі болғай! 2. НАУРЫЗ Неге екенін білмеймін, елге қайтқым келді... неге екенін білмеймін, елге қайтпағым да келді; бұйығы тірліктің құшағында маужырап тұяқ серіппей жата берсем; мейлі, басқа жұрт қағанағы қарқ ғұмыр кеше берсін, мейлі, басқа жұрт уайым-қайғысыз бір күнгі желіктің жетегінде кете берсін; маған бақыттың да, базардың да құны бес тиын; мені еш нәрсе қызықтыра алмайды енді; маған бірде бар, бірде жоқ сусыған махаббаттың, не болмаса шаттыққа толы секілді, бірақ адамдар шаршатқан шалқар даланың, сол даланы тұмшалап жатқан ақ кебін қардың, сонау ақ сұр аспандағы күміс қанатты самолеттің - тіпті өзімнің де қажетім жоқ; өйткені мен уақыт деген жалмауыз кемпірдің құлымын; тәңірім-ау, осыншалық сай-сүйегінді сырқыратқан сырқат, жалт-жұлт жастығымды, ертеңге ғашық іңкәр сезімім мен мәңгі сөнбейтін жан жолдас сенімімді мерт еткен еді ғой; кірпігім қыбырлап жатыр демесе - өлгенмін; мен жоқпын, менің тұла бойым тұтасқан мұз: қариды, қажытады, сыздатады, ыңырсытады; түн баласында көз ілмеймін; жаратқан, түн қандай ұзақ дейсің... бүгін күн мен түн теңеседі, сонсоң... сонсоң күн озады дейді; бүгін қазақтың жаңа жылы, мүмкін. Иә, бәрі мүмкін... Мен бүгін түс көрдім: кең жазиралы жайсаң жайлау екен деймін; іргедегі алып таудың ұшар басында тоқымдай қар бар; иық тіресе тігілген ақ отаулар, сол отаулардан қолында күн нұрымен шағылысқан күміс құманы бар ақсақал шалдар шығады да, қырға беттейді екен деймін; сол ақ отаулардан шолпысы жалт-жұлт еткен еркетотай қыздар шығады екен деймін; сосын сонау жасыл дөңді асып сылқ-сылқ күліп, былқ-былқ басып маңып барады; аппақ биені қап-қара құлын қақтап еміп тұр екен деймін; екі иығына екі кісі мінгендей нар жігіт асау аттың жалына жармасты; ақ отаудан бес биенің сабасындай кербез кемпір шықты да, маған күле қарайды екен деймін; маған қарайды да өзіне ымдап шақырады, шақырып алып қолымнан жетелеп киіз үйге кіргізеді, киіз үйдің дәл ортасындағы жер ошақта буы бұрқырап тайқазан көже қайнап жатыр; "Бұл, - дейді ақ бөйбіше, бұл - наурыз көже, бүгін ұлыстың күні, бүгін қазақтардың жаңа жылы"; сонсоң бір шара көже құйып маған ұсынды да: "Іш, айналайын, атаңның асы ғой, іш, сырқатыңнан айығасың"; мен жоян шара наурыз көжені ішкім келмей біраз кергідім; "Мен ішпеймін, мен физикпін", - дедім, бөйбіше тақымдап қоймады, тақымдап қоймаған соң, тартып жібердім де, уһ деп қатты дем алып, сосын бойым балқып, буын-буыным босап құлап түстім; ұйқтап кетіппін; мен ұйқтап жатып тағы түс көрдім; мүмкін, түс көрмеген де шығармын... Иә, бәрі мүмкін... Мен ақотаудың оң жақ іргесіндегі болскей төсекте ұйқтап жатып, түсімдегі түсті көрдім: дыбыстан да шапшаң ұшатын самолет басқа планетаға апарып тастаған екен деймін; сұп-сұр бетоннан қалаған сұп-суық үйге кіргізді; төр алдында өне бойы саудыраған темір Робот адам отыр; бүкіл үй күркіреп шыңылдап, қызылды-жасылды жарықтар түсе бастады; дәл ортада электр тоғына балқып жатқан қорғасынды көрсетті де, маған іш деп ымдады; іше алмадым, іш деді - іше алмадым; Робот адам алдындағы көп-көп кнопкалардың бірін басып қалғаңда, мен ескерткіш боп қатып қалған екенмін деймін. Иә, ескерткіш боп қатып мың жыл тұрған екенмін деймін; баяғыдағы ақ бәйбіше ақ боз биеге мініп келе жатады; қанжығасында жанторсығы бар; қанжығасындағы жанторсықты шешеді де, қойнына тыға келген баяғыдағы шараға құйып маған наурыз көже ұсынады; мен мелшиіп тұра бердім; сосын боз биеден асықпай түсіп жаныма келді, басымнан сипап, бетімнен сүйді; алақаны қандай аялы еді! Менің бойыма қан жүгіріп, жан бітеді, ақ бәйбіше берген наурыз көжені сыңғытып ұзақ ішемін; таусылсашы, іше беремін, іше беремін... көзімді ашсам, ақотауда жатырмын; тағы да көзімді аштым, өз үйімде жатырмын; далаға шыққым келді... Қар кетіп, күн жылынып, жер жіпсіп жатыр екен; тау жақтан майда самал еседі, әлдеқайда атының құйрығын шарт түйіп алған жолаушы құйғытып барады; аспан ашық, қарға қарқылдап, сауысқан қара сиырдың мүйізіне қонып отыр, шуаққа балқып жалмаң-жалмаң күйсеп жатқан қара сиырдың жүні түлеп, әр жерінен ойдымдалып терісі ырсияды; өзенде әлі де еріп таусылмай жатқан мұз қара ала-торы ала кір; ал өзенге асығыс құлаған бұлақтарда ес жоқ, түсі сап-сары; шалдар күпібін әлі тастамаған, тек жастар ғана тоңазығанына қарамай жеңілтек желігеді; көктемнен хабар бар; бірақ әлде де қара қатқағы мен қара суығы ерінді жарып, бетті қағады; неге екенін білмеймін, үйге кіргім жоқ; көктемнен көрімдік сұрап, сылбыраң жолға түсіп қырға шыққым келді; қырға шығып жауқазын тергім келді, жауқазын теріп жүріп: "Ей, әлем, мен сауықтым сырқатымнан!" деп жер салғым келді; жас талды ат қылып мініп, жас балаша шапқылағым келді; бұртиып бүр аша бастаған қайынды аймалап, жер көкті зырлата шыр айналғым келді; бәрінен де бұрын көктем құсын құттықтап, жаман үйіме қонақ еткім келді; мен бағанағы күйреуік сезім, жалған ойдың бәр-бәрінен құлантаза айықтым; заманша тазардым, жасардым... - Уа, халайық! Ұлы істің ұлы күні - мен сіздердің бәр-бәріңізді шақырып, қонақ етіп, ат шаптырып, алты алашты дүрліктіріп той жасасам да артық емес, әттең, қол қысқа. - Уа, халайық! Ұлы істің ұлы күнінде мен бір жас қызға ғашық болуым һәм оны мәңгі-бақи аялап өтуім де артық емес еді - әттең, рұқсат жоқ... - Уа, халайық! Ұлы істің ұлы күнінде наурыз көжені көксегенім рас еді - әттең, қайнатып берер анам алыста... - Уа, халайық! Менің қолымнан бір-ақ нәрсе келіп тұр, риза бол - Ұлы істің ұлы күні құтты болсын. Ақ көп, уайым жоқ болсын! Мұны айтып отырған тіпті де осынау жолдардың иесі емес, жо-жоқ, бұл ақ тілектің авторы он алты мен жиырма бестің арасындағы қыз-жігіттер, ал түсті көрген -жиырма бестен асқан мен. 3. ҚАЗАН ...Ертеңінде қар жауып қалған екен. Кеше ғана Алтайдың бөктерінде жатқан қар күні ертең келетін азынаңқы қыстың хабаршысындай, орман-тоғайды көміп тастапты. Азанда ғана жауған ақша қар кәмелетке жаңа толған қыздың арындай таза еді. Сен тазалықты содан да сезесің. Мезгілсіз жауған қар өз әбестігіне өзі ұялғандай, тіпті ғұмырының күрмеуге келмейтін қысқалығын сезеді білем, өзгеше жуас күйде. Төтенше көрініске таң-тамаша боп, жас балаша мәз қараған ауыл адамдары биылғы қыстың мына қоқан-лоқысынан шындап тіксініп те қалып еді. Жұқалаң жауған қарды тек ересек адамдар мен ерте тұратындар ғана көре алады. Күннің көзі шыға, еріп кетті. Сонсоң, қазан айының саржағал күзі қайта үстемдік алып, дүниені мәңгі жуастықка бөлеген маужыр мезгіл басталды. Маужыр мезгіл. Алтай өңіріңде бөлекше ғой. Білесіз бе, күз мұнда әлдеқайда ерте түседі де, созалаңдап ұзақ жатып алады. Шіркін, күзі қандай керемет десеңізші! Сіз ондай таңғажайып салтанатты әрі сабырлы күзді еш жерден таба алмайсыз. Өйткені мұнда әсте де қоңыр, не болмаса сары күз болған емес. Мұндағы күздің бояуы әлі табылған жоқ. Білесіз бе, әлгі бір азаңда жауған ақша қар ери-ери бұрынғы орны - тау бөктеріне ысырылды да, тау мен дала арасын шекаралап жатты. Егер сіз тоңазығандай боп, өз-өзіңізден тітіреніп, салқын лепті сезгендей болсаңыз ол - анау жатқан қардың ашуы - қысқа ғұмырына шыдай алмаған өкпе-назы. Таңертең жалғыз аяқ жолға түсіп алып, тау бөктеріне қарай өрмелеңіз. Қар суы әлі дегдіп те болмаған ағаш үйлер бусанып, бірте-бірте алыстай береді. Бірақ неғұрлым биіктеген сайын, аяқ астында қалып бара жатқан қоңыр ауыл солғұрлым жақындай түсетіндей. Ауылдың өр жағында Көктерек деп аталатын қалың тоғай бар. Сол тоғайды қақ жарып тау бұлағы ағады. Тау бұлағы құлдыраң қағып асығыс ағушы еді. Тау бұлағының ернеуін сан түрлі өрнек жасаған қабыршақ мұз жырымдайтын. Мұз соншалық ғажап ою-өрнек жасап, біресе сувенирге, біресе гауһар моншақтарға ұқсайтын. Сол мөлдіреп тұрған мұз сіздің көз алдыңызға күміс алқаны немесе жақұт өңірді елестетер. Егер сол мұз моншақтың бірін сырт еткізіп үзіп алып, аузыңызға салып таусаңызшы - сонда ғұмыры шөліркемейтіндей әсер аласыз. Сосын сіз сол бұлақтың сылдыр-сылдыр үніне құлақ түріп, шалқаңыздан жатсаңыз, қаяусыз төңкеріліп тұрған көк күмбезіне көзіңіз түседі. Аспан дүние мүңлы арманға, анау бір тізбектеле ұшып бара жатқан құстай ұшқыр ойға итермелейді. Сіз қоңыр салқын таза ауаны жұтып, қай-қай-дағы қиялға шомып ұзақ жатар едіңіз, тіпті арқаңыздан шым-шымдап сыз өткенін де сезбей қаларсыз. Айтпақшы, сіздің дәл тұсыңыздан анау ауылдың қыз-келіншектері су алатын болар. Сіздің ес-түссіз сұлай жатуыңыз оларға төтенше қылық болып көрінеді де, көпке дейін тосырқай қарап, артына жалтақ-жалтақ бұрылып барады... Иә, сіз келіншектерді танып сәлем бересіз, ал анау жас қыз өзіңізге есендеседі. Қандай әдемі! Бұл ауылда мұндай тамаша қыз жоқ еді-ау. Қайдан келді екен? "Кешіріңіз, сіз кім боласыз?" "Танымайсыз ба, аға, біз төртінші класта оқып жүргенде, аға пионер вожатый болып едіңіз ғой". Иә, құдай ұрып алжастыңыз. Артта алты жыл қалды ғой... Сіз қатты ойланасыз, қатты ойланып тұрып ала бөтен жуас сезімге беріліп, ағыл-тегіл жылағыңыз келер, бәлкім. Сонсоң әлгі бір тоғай аралап кеткен жалғыз аяқ сүрлеуге түсіп, өкпеңізді қолға ала жүгіріңіз. Екі бетіңізді әлі толық түсе қоймаған жапырақ сабалап, аяғыңызды бұтақ шалады. Шіріңкіреп қалған томардың үстіне отырып, ентігіңізді басыңыз, төңірекке тағы да көз салыңыз. Ауыл жоқ, көзден таса болған. Орман іші дымқыл. Әне, бір топ ешкі жүр. Итмұрынға қарғып, басын иіп алады да, кіртілдетіп жей бастайды. Итмұрында "С" витаминінің аса мол екені есіңізге түсіп, сіз де жейсіз. Орман іші сарғыш жапыраққа төселген. Қалбалақтай ұшып-түсіп тұрған жапырақ кеудеңізге орден болып тағылады. Оны әлгінде ғана басталған күзгі жел тағар. Байқайсыз ба, жел тұрғанда, орман ішінде отыру қандай қорқынышты. Ағаштардың ұшар басы теңселіп, сендей соғылысқанда, сол ағаштардың ұшар басында қонып отырған қарғалар азан-қазан қарқылдап, әлі де түспей ілініп тұрған жапырақтар сыңсыған әлсіз үн шығарып - барлық дүние сықыр-сықыр қозғалғандай, енді бір мәуріттен кейін астан-кестен аунап кетердей зәре-құтыңды атар болар. Ағаш неғұрлым биік болса, теңселісі күшейіп, мойыл-долана секілді жертаған жеміс ағаштары ептеп қана қозғалар еді. Орман топырағы аса дымқыл, аттаған сайын табаныңа жапырақ жабысып, жас баланың еңбегіндей былқылдаған жер ойылып кетердей әсер қалдырмақ. Осы алай-дүлей орман ішін аралап жүріп, бұта-қарағанның түбінде киіз үй болып, тұтасып жатқан мүкті болжайсыз. Ол да су, кілемнің түгіндей үлпілдек, бассаң табанның ізі қалады. Ал енді осы бұта-қарағанның ара-арасына шындап үңілсең, күз сұрқына ырық бермей қасқайып тұрар ақ гүлді көресің. Ол - күз гүлі. Сіз бүл қар жауғанша солмай, не түсін бермей жайнап тұратын ақ гүлдің атын білмейсіз, әрине. Айтыңызшы, сол күз гүлін теріп көрдіңіз бе? Егер терсеңіз, хош иісі барын сезгенсіз. Бұдан әрі мынау қорқынышты саяхаттан мезі болғандай кері ораласыз. Артыңыздан салт аттылар қуып жетеді. Сәлемдесіңіз, міндетті түрде, "ассалаумағалейкум" деп бас иіңіз, өйткені олар сіздің жарылқаушыңыз, өйткені олар түн ұйқысын төрт бөліп, мал бағып жүрген ауылдастарыңыз. Үсті-басы су-су, артындағы бөктергені салп-салп етіп желіп өте береді жаныңыздан. Сіз білесіз бе, олар сонау аппақ қар басып, тым-тырыс ұйқтап жатқан Алтайдың ар жағынан келеді. Қар жамылып, мұз төсеніп келеді. Алтай күзінің түнгі мезеттегі көрінісі тіпті керемет! Күндізгі ызың-ызың соққан жел сап болып, ұйқылы-ояу жататыны бар. Ұйқылы-ояу қалғып жатқан шағында қыстаққа пішен тасып арқыраған трактор үні беймазалайды. Трактор тым алыста екенін, әйтсе де түн қойнын тілгілегеи даусы жақсы естілетінін байқайсыз. Түнде жаңғырық тез естіледі. Байқайсыз ба, анау қап-қара боп шөгіп жатқан таудың дәл ортасынан от жылтырайды. Алыстан қарағанда мынау алып ұйқыдағы Алтайдың шырағдандай жанған көзі іспетті. Бірақ ол трактордың шамы. Сіз ендігі сәтте әлгінде ғана мәре-сөре боп қуақылана көз қысқан жұлдыздардың бірте-бірте азайып, азайып емес-ау, қоп-қошқыл бұлттың астында қалып бара жатқанын байқайсыз. Сіз мынаны байқайсыз: қара көк аспанды тұтастырып бұлт торлайды. Түстіктен жел тұрады. Таңға жуық тырсылдап тамшы тама бастайды. Нөсер үнсіз ұрланып жауады. Демек, бір апта бас көтертпейтін ақжауынға ұласады. Ақжауын ұзақ жауады. Халық айтады "жұмаға жауды, жұмаға ашылады". Жұмаға айығар нөсер маядағы шөпті борсытып, жиылмай қалған дән болса шірітеді. Тіпті жаңа ғана орып алған астық көктеп кетер. Мол табысқа кенелтетін - күз, салдыр-салақ шаруашылықты сан соқтырар да - күз. Осы күзде агрономдар мұртынан жымияды. "Екі жоспар орындадық. Үш жоспар орындадық, төрт жоспар орындадық..." дейді. Сіз әзіл айтасыз: "Құлағынан тартып шығарған жоқсың. Былтыр неге бермедің осы жоспарды. Әуселенді келер жылы көрерміз, бәрі де айналайын табиғаттың сыйы", - дейсіз. Осы күзде мал семіріп, шаруашылық бір орайланады да, көп жігіттер үйленіп, сонша қыздар тұрмысқа шықпақ. Сіз естисіз: кеше Жұмабайдың жалғыз қызын алып қашып кетіпті, Құрымбайдың үлкен қызы күйеуіненн бөлініп кетіпті. Сіз екеуін де есіңізге түсіре алмай дал боласыз. Өйткені сіз мына ауылда бұдан алты жыл бұрын болғансыз. Ол шақта олар алтыншы оқитын. Сіз ойланасыз, қатты ойланасыз. Сіз білесіз бе, биылғы күз аса жомарт болды. Пішен аттың таңбалығынан өсті. Қара жер деп аталатын сартап бөктерде ат жарып жүре алмайтын ақ селеу өсті. Ақселеу мен бидайықтың арасын ашып қалсаңыз, түбіттей түтіліп жатқан жоңышқаны көресіз. Қараңызшы, анау бір Ділке бұлағындағы қораға салт атты әлдекім беттеп барады. Ол осы ауылдың басқарушысы Берікбол ақсақал ғой. Бекең алпысқа толды. Бірақ аттан әлі түскен жоқ. Ертең жайлаудан көшіп келер отардың қыстақтары жайлы, бүтін, әрі жылы ма, соны тексеріп жүр. Жайлау демекші, ол жаққа қар жауып қалды ғой. Шопандардың күні не болды екен. Жас баласы барлар қоста қалай отыр... Егер тау өмірінен хабарыңыз жоқ болса, бұл сұрақтардың байыбына бара алмай аттанасыз. Білесіз бе, тау өңірінің күзі, тау өңірінде мекендейтін адамдар бір түрлі жұмбақ-ты, бір түрлі еркін әрі еңселі келетіндей. Тау өңіріне бір рет барып қайтсаңыз, өне бойы арылмайтын Алтайдың өзіндей бір асқар арман арқалап қайтасыз. Ол жаққа қазір, мүмкін, қар жауып қалған да шығар, мүмкін, таудағы жауған қар күн көтеріле еріп кеткен шығар. Жайлаудағы отарлар қыстаққа әлдеқашан көшіп келіп қонған шығар. Шіркін-ай, Алтай күзінің шын сырын, Алтай күзінің нағыз бояуын қашан ұғып, қашан табар екенбіз... Адам үйден шықты да, көк зеңгір аспанға қарады. Өзгеше жуас күйде екен. Оның ойына бір кездегі пенделік істері түсті. Ол сонау көктемде, жадыраған жазда - жас шағында не істемеді. Қазір күз. Оның қолынан - құдіреті күшті қолынан туындаған мың-миллион жойқын істерді таразылап беру мүмкін емес. Бірақ соның бәр-бәрі өз зердесінде сайрап тұр. Кең дүниенің, кемтар дүниенің ыстығына күйіп, суығына тоңған мәңгі жас адам табиғат ием бере салған асқан ақыл, сұрапыл қуатпен жұмыр жерді алшаң-алшаң таптап, өз құдіретіне масаттанған кейіпте. Әлемдегі әлқиссаның мен-мен иесі - Адам. Шыр етіп тіршілік есігін ашқандағы ұққаны - шыр көбелек айнала беретін жылдың төрт мезгілі: қысы, көктемі, жазы, күзі болатынын бағамдады. Байқаса, осының қайсыбірі де бір-біріне кереғар, әсте ұқсамайтын құбылыс. Әйтсе де қоян-қолтық байланыста сабақтас. Адам өз ғұмыры осы жылдың төрт уағына телулі екенін ұқса керек-көктемде тұрып, күзді сағынатын, күзде тұрып, көктемді сағынатын. Екі қолын артына ұстап, басын төмен салбыратып марғау жүріп келе жатқан Адам өткен күндерін ойлап, мынау саржағал жомарт күзді іштей алқауда. Бірақ, осының бәрі де айналайын көктемнің жемісі емес пе, жадыраған жаздың тамаша күндері болмаса, осыншалық мол ырзық топырлап кеп, күзде тоғысар ма, ал күз бар байлықты бауырына басып иемденіп жатыр. - Дегенмен, - деді Адам, сау-сау түсіп тұрған жапырақтың бірін қақшып алып, - біз де осынау жапырақ секілді сарғайып барып құлап түсеміз. Келесі көктемде жаңасы келеді дүниеге. Ол жаңа тағы да сарғаяды, тағы да... тағы да жаңасы... Жер бетіндегі иен байлық менің иелігімде, ендеше, күз де менің тәңіріме тәуба жасауы ләзім. Күз... күз... күз. Әйтсе де осы мезгіл маған өзгеше ыстық. Көктемде лепіріп ала-қайладық, жазда далбақтап ес-түссіз шаба бердік, көп кешікпей қыс түседі - кек құрсауға көміле бастаймыз, ал қазір ойлымын, ес кірген секілді. Жүрегімді бір жұқалаң мұз қабыздаған, ию-қию шаруадан бойым босап, ес жиғаңдаймын. Биыл мен көп нәрсе тындырдым. Биыл мен үшін қуаныш жылы, ал келер жыл қалай басталады, қалай аяқталады, бал ашып білер әулие қайда... Күз - менің есіме: бұдан елу жыл бұрынғы қазақтың елін түсірді, тайғақ тағдырдың таяғынан тұралаған халық қорғасындай шөгіп жатқан ауыр тұманның арасынан жылт еткен күннің көзін іздеді. Жылт еткен күн көзінен жалт еткен бақыт отын іздеді. Сұрғылт тұманның арасында адасып жүрсе де талантты ұлдар тудырып, содан үміт күтетін. "Күзгі бұлт түсі суық қаптайды аспан", "Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген" таяғына сүйеніп бүрсиіп отырған қазақ -мәңгі ояу қазақ сазарып жатқан қайғылы даладан қаншама жәбір көрсе де, жеріген жоқ. Арайлы ақтаңын асыға күтетін еді ол. Ал қазіргі күз басқаша, мүлдем басқаша... Күз де өзгереді екен-ау... Адам ойлы күйде аяндап барады. Ол күздің тағы да қаншалықты тың дүние тудырып, жер бетіне қандай жаңалықтар әкелетінін, қаншалықты адамды бақыт құндағына бөлеп, қаншалықты адамды жетім-жесір тастайтынын болжағысы келеді. Бірақ ертеңді еске алу мүмкін емес. Ол тағы да өткенін - ұлан-ғайыр жақсыда, жаман да іс тындырғанын ойлады. "Табиғат жаратқанның құпия сырын ашуға тырысамыз-ау, бірақ бәрібір сол табиғаттың ұлымыз, ырқынан шығып қайда барамыз. Мен - Адаммын. Бірақ бәрібір табиғаттың құлымын. Мен өз анама - өз табиғатыма қол жұмсаған күндерім болды. Қандай кесірлік. Күз - тұман, ызғар, боз қырау, сарғаю, ойлану, күйек, күзем алу, астық ору, қора қамдау, жаңа оқу жылын бастау, соғым сою ғана емес. Күз - Адам, жасарады, масайрайды, сосын... сосын сола бастайды", - деп түйді Адам. Адам, әне, орындықтағы жап-жас қыз бен жігітке қарады. Қауыша жабысып мәз болып күліседі. Күздің келіп қалғанын сезбейтін секілді. Сол орындықтың бергі шетінде пальтосының жағасын түріп, қол шатырын таянып, бүрісіп отырған егделеу қыз көзінде мұң, қаяу бар. Ешкімге қарағысы келмей, бір нүктеге қадалып, ой түбіне сүңгіп кеткен. Сосын күрсінді. Күздің келіп қалғанын тек өзі ғана сезгендей... Ептеп жел тұрып еді, жапырақ жауып, сол жапырақтың бірін әлгі қыздың омырауына қадады. Оның күзден алған бар сыйы осы еді. Адам күздігүні ойлы күймен асықпай аяндап барады.
|
qosymsha/abai.kz | post_139533.txt | Қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын | https://abai.kz/post/139533 | "Қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын" | "https://abai.kz/post/139533" | 13.09.2021 | Қуаныш Еділхантегі | null | TITLE: Қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын
URL: https://abai.kz/post/139533
META: "Қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын" | "https://abai.kz/post/139533"
DATE: 13.09.2021
AUTHOR(s): Қуаныш Еділхантегі
TOTAL WORDS: 339
TEXT: Геосаясат үшін екіұдай жаңалықтың құлағы қылтияды. Басынан бастайық. Украина президентінің АҚШ-қа сапары негізінен жаман аяқталмапты. Әрине, Зеленский командасы АҚШ-пен, Байденмен кездесуді үлкен жетістікке балап, алайда АҚШ кездесуді бірнеше рет кейінге қалдырып, Зеленскийді ыңғайсыз жағдайға қалдырған реті бар. Оның үстіне әуежайда қарсы алу да Зеленский күткендегідей болмай шықты. Орыстарда "не было бы счастья, да несчастье помогло" деген сөз бар. Ауғанстаннан АҚШ әскерінің шығарылуы Байденнің беделін біраз төмендетті. Осындай жағдайда АҚШ енді Украинаны төмендетіп жатуды артық санады, сөйтіп күтпеген жерден Украинаға көмек көрсетіп оны қолдаған дұрыс деп шешіпті Байден. Сөйтіп, бұрынғы көмектерден тыс тағы да 60 млн доллар көмек берілетін болды. Одан басқа, кездесу барысында реформаларды жүзеге асыру үшін тағы да 463 млн доллар бөлінетін болды. Ол үшін Украина транформация жасауға үлкен амбициялық жоспар жасап жүзеге асыратын болды, онда адам құқы, демократиялық институттарды одан әрі дамыту қарастырылуы қажет. Обшым, Украинаға көрсетіліп жатқан көмектің шеті жоқ, әзірге Украина тарапынан тек құрғақ уәделер ғана бар. Ол уәделер жүзеге аса ма, жоқ па - әзірге белгісіз, нәтижесін алдағы күзде, келесі жыл басталғанға дейін көретін боламыз. Сондай-ақ Зеленский командасы келесі мерзімге сайлануға қолдау дәметіп, ондағылардың тамырларын басып қарапты, бірақ әмірикалықтар да қу ғой, ол тақырыпқа тактично үндемепті. АҚШ-та Беларусь туралы да мынадай пікірлер бар екен - Лукашенко өзінше әртіс, ұзақ жылдар бойы көпвекторлы саясат деп Батыстың басын қатырып келді, бірақ билік қолынан сусып шығып бара жатқан бойда Ресейдің қоластына кіріп, бүкіл Беларусьті сатып кетті, Беларусь аймағының губернаторы болуға да бейіл дейді екен. Алайда АҚШ Ауғанстаннан кетті, Беларусьті РФ жұтып қойды, енді Украинаны өлсе де Ресейге бермейді, бұл принципті мәселе дейді екен. Енді екіұдай жаңалық дегенімізге келейік. Бізде де көпвекторлы саясат деп сырт көзге елдің бәрін алдап келген, бірақ жеме-жемге келгенде бізді РФ-ға сатып кетіп отырған біреулер бар, бұл жөнінде Лукашенкодан айырмамыз шамалы. Алайда маған ұнамай тұрғаны - РФ Беларусьті жұтып қойды дегені. Сонда оны жұтқызып қойып АҚШ қарап отыра бере ме? Еуропаның ортасындағы Беларусь жұтылса, Еуропаның қиыр шетіндегі бізді ешкім де қорғамайтын болғаны ғой? Біреулерге жұтылып жатырмыз ба, жоқ па - басқаларға бәрібір болғаны да. Ендеше, қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын-ақ. Қуаныш Еділхантегі Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_15566.txt | 1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары | https://abai.kz/post/15566 | "1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары" | "https://abai.kz/post/15566" | 10.12.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: 1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары
URL: https://abai.kz/post/15566
META: "1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары" | "https://abai.kz/post/15566"
DATE: 10.12.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 112
TEXT: 6-ншы желтоқсан күні Алматыдағы Орталық мұрағат үйінде «1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары» атты тақырыпта ғылыми-конференция өткен болатын. Жиынға белгілі ғалымдар Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Бейбіт Қойшыбаев, саястанушылар Айдос Сарым, Ерлан Қарин және басқада ғалымдар мен жазушылар қатысып, ашарылықтың тарихи себебі мен салдарын талқылаған еді. Төменде ғылыми-конференцияның толық бейне материалын ұсынып отырмыз. « Abai.kz » 6-ншы желтоқсан күні Алматыдағы Орталық мұрағат үйінде «1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары» атты тақырыпта ғылыми-конференция өткен болатын. Жиынға белгілі ғалымдар Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Бейбіт Қойшыбаев, саястанушылар Айдос Сарым, Ерлан Қарин және басқада ғалымдар мен жазушылар қатысып, ашарылықтың тарихи себебі мен салдарын талқылаған еді. Төменде ғылыми-конференцияның толық бейне материалын ұсынып отырмыз. « Abai.kz »
|
qosymsha/abai.kz | post_150270.txt | Кәрі құрлық бодандықтан қалай аман қалды? | https://abai.kz/post/150270 | "Кәрі құрлық бодандықтан қалай аман қалды?" | "https://abai.kz/post/150270" | 14.04.2022 | Бейсенғазы Ұлықбек | null | TITLE: Кәрі құрлық бодандықтан қалай аман қалды?
URL: https://abai.kz/post/150270
META: "Кәрі құрлық бодандықтан қалай аман қалды?" | "https://abai.kz/post/150270"
DATE: 14.04.2022
AUTHOR(s): Бейсенғазы Ұлықбек
TOTAL WORDS: 1320
TEXT: «...Там где потерпел неудачу Баязид, добился успеха Тимур» Испанский пасол Клавихо. 1399 жылы империя орталығы Самарқанд қаласында Әмір Темір Құрылтай шақырып, өзінің ендігі мақсаты, (…Курултай Тимура объявил о дальнейшем походе) мәмлүктер басшылық жасаған Мысыр мен Баязид сұлтанның жетекшілігіндегі Осман елдеріне жорықа шығатындығын мәлімдеді. Сөйтіп, осы жылы өзінің ең көп уақыт жіберген жеті жылдық жорығына шығады. Әрине, алдымен мұсылман әлеміндегі ең бай және сауда-саттық құрылымы айтарлықтай дамыған, сол кездегі қуатты мемлекет болып саналатын, Мысырға бағыт алады. Бұл кезеңде кәрі құрлықты шаңға бөлеп, корольдық мемлекеттер орналасқан аймақта, Осман түріктерінің сұлтаны ілдірім Баязид соғыс жүргізіп жатқан уақыт болатын. Бірінен кейін бірі талқандалып, тәуелділікке беріліп жатқан Еуропа елдері, үрейден тізелері қалтырап, мына пәледен қалайда құтылуға өздеріне жол іздеп, көмек қарастыра бастаған кез еді. Міне, осы тұста Мавераннахр билеушісі Әмір Темір армиясының айналасындағы азиялық елдерді түгелімен өзіне бағындырып, ешкімнен жеңілмей келе жатқандығын естіген, кәрі құрлық корольдіктері онымен одақтас болуға талпына бастайды. Дегенмен, осы уақытқа дейін, яғни бұдан төрт жыл бұрын Рождество мерекесі кезінде сэр Джеймс де Хелли француз короліне, суық хабар жеткізеді. Ол болса, өз кезегінде, Христиан әлемінің папасы мен принцтері ұйымдастырған Крес жорығы діттеген жеріне жетпей, Дунай өзенінің төменгі ағысы бойындағы Никополь түбінде Осман түріктерінен аяусыз жеңіліс тауып, Франция, Бургундия, Венгрия және басқа да корольдіктердің рыцарларының көпшілігі қаза болғандығын және жіберген қалың армияның толық талқандалғанын айтады. «... Турки захватили Андриаполь (Эдрин) и утвердили там свою европейскую столицу. В 1389 году они одолели в битве при Косове (Сербия) упорное сопротивление сербов и других славянских народов, которые стали турецкими вассалами» . «Баязид, прозванный Ельдерим, Молниеносный (найзағайдай жылдам) , стал властелином Малой Азии и большей части Балканского полуострова». Кезінде негізін гректер құрған екі ғасырлық Византия империясының күні санаулы еді. Осман түріктерінің үздіксіз соққысынан, орталығы Константинополь болып саналатын империя мен тұтас батыс христиан әлемі үрей құшағында болатын. Бұл кезге дейін көшпелі Жалайыр кавалериясының (авангардный) арқасында (шынында да солай), Болгар, Серб, Славения, Чехия, елдерімен қоса Түрік сұлтаны Баязид Венгер корольдігінің біраз аумағын жаулап алған соң, осы Венгер королі Сигизмунд бүкіл христиан әлеміне күш біріктіруге, бұларға қарсы Крес жорығын ұйымдастыруға шақырды. Тіпті, түріктердің Еуропадағы табысты жүргізген шабуылдарының әсерінен, ағылшын мен француздардың арасындағы талай жылдарға созылған соғыстың өзі, біраз уақытқа тоқтаған еді. «...Столетняя война между Англией и Францией была отсрочена перемирием, но могла возобновиться в любой момент». Дегенмен, кәрі құрлықты мекендеген христиан және католик елдері жүз мыңға таман әскер жинап, бұл осыған дейінгі Крес жорығына жиналған армияның санынан әлде қайда асып түсті. «... Христиане были на столько уверены в своей силе, что похвалялись, что если бы упало небо, они поддержали бы его своими пиками». Бірақ, Сигизмунд басшылық жасаған христиандар әскері, Дунай өзенінің жағасындағы кішігірім Никополь қаласының түбінде, сол уақыттағы аса ірі шайқастардың біріне саналатын бұл майданда, тұтасымен қырғын табады. Күйрей жеңілген кәрі құрлық, енді өздерін сақтап қалатын, сүйеніш болатын тірек іздей бастады. «...гордый победой Баязид угрожал, что осадит Буду, чтобы покорить прилегающие страны – Германию и Италию, и что накормит овсом свою лошадь на алтаре храма Св. Петра в Риме» . Міне, сөйтіп түрік сұлтаны өзінің армиясының күш-қуатына сеніп, тұтас Еуропаны алдағы уақытта толығымен жаулап аларына шынымен де үміттенген еді. Егер назар аударып, осы деректерге нақты қарайтын болсақ, Осман түріктерінің сол кезеңдегі мүмкіндіктері біздің Алтын Ордаға қарағанда әлде қайда ықтимал және шынайы еді деуге болады. «...Этот турок был признан в качестве султана всего Рума (Византийская империя) врагом Тимура». Осы арада аздап шегініс жасап, мына жайтты айта кетейік. Осы уақытқа дейін, Әмір Темір мәмлүктер басшылығындағы мұсылман Мысыр мемлекетін талқандап, өзіне қаратып үлгерген еді. Ендігі кезек Кіші Азия мен кәрі құрлық елдерін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауға бағыт алған Баязидпен екі арадағы шешуші соғыс болатын. Көптеген әлем жазушылары мен ғалымдары жазғандай, көшпелі елдің ұланы Әмір Темірдің соғыс жүргізу тәсілі, ұйымдастыру шеберлігі, өзінен бұрынғы Шыңғыс ханның ұрыс жүргізу әдістерінен аумайтын еді, - дейді. Енді, сол ғалымдардың бірінің жазған Орта Азиялық барыс туралы мәліметін келтірейік. « Тимур родился 9 апреля 1336 г. ( тышқан жылы ) близ Шахрисиабза. Он был сыном Тарагая из племени Найманов , его рода Барласов . Кочевники которые пришли в Мавераннахр с Чагатаями (Шағатаймен). С юношеских лет Тимур показал себя приверженным к традициям степных качевников: «знатные люди подобного сорта всегда предпочитали степи городу» . Он был одним из тех, кто знал до тонкостей лошадь и мог одним взглядом отличить по внешним очертаниям хорошую породу от плохой. Он был хорошим наездником и превосходным стрелком из лука. », - деп жазады өзінің еңбектерінде Хилда Хукхэм. Кіші Азия мен Еуропаның Баязидтен жеңілген билеушілері, қашып келіп, Әмір Темірді келіп паналады. « Тимур, хорошо информированный об этих делах и вдохновленый своими новыми союзниками, т.е.прежними правителями Малой Азии и Европы, не сидел сложа руки» . Екі жақта майданға шығып, соғыспай, бітімге келмейтіндей жағдайға тірелді. Дегенмен, Темірлан соғысты бастамай тұрып, алдымен Баязидпен хат алмасу арқылы, өзінің оған қойатын талап-тілегін біраз уақыт жеткізіп тұрды. Оны Әмірдің резиденциясында біраз уақыт болған елші Клавихо былай деп жазады: «Между кипчаком (Әмір Темірді айтады) и турком (Баязид) произошла оживленная переписка. Тимур потребовал остановить агрессивные действия. Он предупредил, что не наказал его до сих пор лишь потому, что Баязид вел войну против неверных ( Еуропалық христиандар) и боялся, что конфликт между ними вызовет радость у неверных и огорчение у мусульман. Но он предупредил Баязида не заносить свою честолюбивую руку за пределы своей державы. Он был лишь муравьем и не следует ему пытаться воевать со слоном, писал ему Тимур. Мелкий князек подобно Баязиду не должен скрещивать сабли с Полководцем, и его гнев не принесет ему ничего хорошего, так как каждый знает, что турок не имеет разума ». Бірақ, оған көнбеген түрік сұлтаны, өзінің Әмірге арналған хатында былай деп жазды: «О кровожадный пес, именуемый Тимуром…», начал свой ответ Баязид и посмел продолжить его , - дейді Клавихо. Осы уақыт аралығында, Батыс елдері әртүрлі жолдар арқылы, Әмір Темірмен қатынас орнатып және онымен жақындасуды тездетіп қалпына келтіре бастады. 1402 жылы (Жылқы жылы) маусым айының аяғында, Анкара қаласының түбінде, Шыбыққабат жазығында сол дәуірдегі аса ірі соғыс басталды. Кезінде, осы аты аталған әйгілі жазықтықта, көне Рим империясының генералы Помпейдің өзіне қарсы шыққан Митридаттың армиясын талқандаған болатын. Міне, осы арада тағыда дақпырты талай заманға кететін ұлы шайқастың бірі орын алды. Бұл енді Орта Азиялық сайып қыран мен Османдық түрік Баязидтің арасындағы қан-қасап қақтығыс еді. Кезінде түріктің жаяу әскерлері (янычарлары) соғыс ашқан елдерге шамасы келмей, қайсыбір кездерде жеңіліп қала берген соң, түрік сұлтандары Орта Азиялық көшпелі Жалайыр қыпшақтардың тайпа басшыларына елшілерін жіберіп, мүмкін болғанша оларға алтын мен күмісті аямай төгіп, атты әскерлерін жалға алған болатын. Сөйтіп барып, осы жалдамалы қалың атты әскерлер Осман түріктеріне Еуропа елдерімен соғыста оларды күйрете жеңіп, жол ашып берді. Және бұл қыпшақтың атты сарбаздарының күшімен түріктер Еуропаның, сондай-ақ, айналасындағы Азияның біраз елін басып алып, Осман империясының негізін қалады. Баязид пен Әмір Темір армиясы Анкара түбінде соғысуға қарсы тұрған кезде жаңағы Жалайырлар өз қандастарына қол көтеруге дәті жетпей, Темірлан жағына шығып кетті. Оны испандық елші Клавихо былай деп жазады: «Когда они сблизи лись друг с другом для битвы, первое несчастье, которое обрушилось на Баязида, было то, что кочевое племя Жалайыр ы , все поголовно предали его, а так как они составляли главную часть его войск, то его армия была сильно ослаблена». Амалы қалмаған Баязид қолына қылышы мен балтасын алып, соғысқа өзі араласты. «Баязид произвел ужасную атаку с саблей в руке и боевым топором, и продолжал сражаться до наступления ночи». Бірақ, Әмір Темірдің жеңімпаз армиясы қойсын ба, бірнеше сағаттың ішінде Түрік янычарларының тас-талқанын шығарды. «Истребитель христианского Запада был разгромлен орлом Барласов» (Хильда Хукхэм). Осылайша, Сақып Қыран (Әмір Темірді өзінің үзеңгілес достары осылай атаған) Осман империясының найзағайдай жылдам сұлтаны Баязидті және оның Кәрі құрлықты үрейде ұстаған жаужүрек, қалың әскерін талқандап, Азия кеңістігінде өзіне қарсы келетін ешкімді қалдырмады. «Одним сильным ударом Тимур разгромил османского турка и поставил на колени мамлюкского султана Египта и хана Золотой Орды Токтамыса», - дейді Клавихо. «Византийский Император Мануэль Палеолог, вызванный Тимуром, поспешил обратно с запада на свой трон в Константинополе (қазіргі Стамбул қаласы ) . Византийская столица и христианская Европа были спасены от турок на полстолетия » . Сөйтіп, Ұлы Әмір Темірдің арқасында бүкіл Еуропа құрлығын мекендеген ұлттар мен ұлыстар, жарты ғасырға еркін демалуға және тәуелсіз өмір сүруге мүмкіндік алды. Бейсенғазы Ұлықбек, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_153115.txt | Еліміздің жас өнертапқыштары ерекше көлік ойлап тапты | https://abai.kz/post/153115 | "Еліміздің жас өнертапқыштары ерекше көлік ойлап тапты" | "https://abai.kz/post/153115" | 13.05.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Еліміздің жас өнертапқыштары ерекше көлік ойлап тапты
URL: https://abai.kz/post/153115
META: "Еліміздің жас өнертапқыштары ерекше көлік ойлап тапты" | "https://abai.kz/post/153115"
DATE: 13.05.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 137
TEXT: Алматылық жас өнертапқыштар спиртпен жүретін көлік құрастырып шығарды. «Салмағы 47-49 келі арасында болады. Бұл көліктің арнайы пилоты бар, пилоттың салмағы 55 келі болса, жалпы 100 келі салмақпен 25-27 шақырымға дейін жүреді», – деді Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенті Әлібек Ыбырайым. Жас өнертапқыштар адамның бұйрығын екі етпейтін роботтың қолын да таныстырды. Студенттердің айтуынша, бұл туынды 1 ай құрастырылып, жоба республикалық жарыста жүлделі болған. Одан бөлек, ғылым саласына бет бұрған жастар пайдалы қазбалар табудың оңтайлы жолын ұсынды. «80 градус бұрышпен бұрғылайтын болсақ, апатты жағдайға көп ұшырайды. Яғни, жарған кезде кеннің бос жыныстарының шашырауы көп болады. Біз сол себепті 80 емес, 65 градуспен бұрғылаймыз деп шешіп, есебімізді солай шығардық», – деді Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенті Алмат Сапарбаев. Сондай-ақ жоғары оқу орнының студенттері өзге де туындысын таныстырып, жұртты тәнті етті. Жас ғалымдардың айтуынша, жаңа құрылғылар отандық технология саласының дамуына серпіліс бермек. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_49027.txt | Ордабасы озып тұр | https://abai.kz/post/49027 | "Ордабасы озып тұр" | "https://abai.kz/post/49027" | 24.12.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Ордабасы озып тұр
URL: https://abai.kz/post/49027
META: "Ордабасы озып тұр" | "https://abai.kz/post/49027"
DATE: 24.12.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 198
TEXT: Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне жылды қортындылап жатқан ауданның ауылшаруашылығына қатысты жетістіктерін әңгімелеп берді. - Жалпы, бүгінгі таңға аудан экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 % құрайды, - дейді әкім. - Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады, облыс көлемінде аудан, қала арасында Ордабасы ауданы көш бастап тұр. Өнеркәсіп саласында жүйе құраушы локомативті жобалар “Ордабасы-нан” ЖШС, “Ордабасы құс”, “Инфрастрой ЛТД”, “Батсу водоканал”, “Агро-V”, “Сейтбек әулеті”, ”Шұбар асыл тұқым кешені”, ”Оңтүстік қыш” және “Строй-юг групп” ЖШС-і. Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбековтің сөзіне қарағанда, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 7 млрд. 562 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданыпты. Оның ішінде субсидиялау желісі бойынша жалпы құны 879,0 млн.теңгеге 3 жоба («Батсу Водоканал» ЖШС, ЖК «Жәнібек Сембек», ЖК «Сейтхан Серікқожа»), инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша жалпы құны 6 680 млн.теңгеге 4 жоба («Аква Терм» ЖШС, «MEB Co» ЖШС,«KAZMERBLOCK» «Мерблок» ЖШС, «ФебСтрой» ЖШС), гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба 3,0 млн.теңге игеріліпті. Аудан басшысы Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне жеке жұмыс бастаймын деуші әр азаматтың тілегі жыл басынан бері қараусыз қалмай келе жатқанын да атап өтті. Шахмұрат Молдабек Абай-ақпарат
|
qosymsha/abai.kz | post_3450.txt | Оңтүстік Қазақстанда алтын сатумен айналысатын саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар залалсыздандырылды | https://abai.kz/post/3450 | "Оңтүстік Қазақстанда алтын сатумен айналысатын саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар залалсыздандырылды" | "https://abai.kz/post/3450" | 01.04.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Оңтүстік Қазақстанда алтын сатумен айналысатын саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар залалсыздандырылды
URL: https://abai.kz/post/3450
META: "Оңтүстік Қазақстанда алтын сатумен айналысатын саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар залалсыздандырылды" | "https://abai.kz/post/3450"
DATE: 01.04.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 476
TEXT: Шымкент. 1 сәуір. ҚазТАГ – Шымкентте Оңтүстік Қазақстанда алтын зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын жеке саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлады агенттікке облыстық полиция департаментінен. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызмекерлері, өткен жексенбіде қарақшылар «біреудің сілтеуімен» Шымкенттің Абай ауданындағы зергерлік бұйымдар саудасымен күн көріп жүрген 51 жасар әйелге шабуылдағанда ғана қарақшылардың ізіне бір күнде түсудің сәті түсті. Қоғамда шу тудырған бұл істі облыстық полиция бастығы жеке бақылауына алды. «Шамамен 5 сағат 30 минутта беттерінде маскалары бар белгісіздер үйге кіріп келген. Қарумен әйелді және оның 21, 26, 27 жастағы балаларын қорқытып, қарақшылар алытын, шынжыр, сырғалар, сақиналар мен ұялы телефоны бар, барлығы 100 мың теңгелік бұйымдарды тартып алып, автомобильмен тайып тұрған», - дейді ІІД баспасөз қызметі. Полициядағылар бір күн ішінде жалға алған пәтерлерінен қарақшылардың алтауы да ұсталды дейді. Олардың үшеуі 29 және 26 жастағы Тараздың тұрғындары. Төртіншісі – 27 жасар алматылық. Қалғандары – 33 жасар қала тұрғыны мен 29 жастағы ОҚО Сарыағаш ауданының тұрғыны. Шымкент. 1 сәуір. ҚазТАГ – Шымкентте Оңтүстік Қазақстанда алтын зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын жеке саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлады агенттікке облыстық полиция департаментінен. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызмекерлері, өткен жексенбіде қарақшылар «біреудің сілтеуімен» Шымкенттің Абай ауданындағы зергерлік бұйымдар саудасымен күн көріп жүрген 51 жасар әйелге шабуылдағанда ғана қарақшылардың ізіне бір күнде түсудің сәті түсті. Қоғамда шу тудырған бұл істі облыстық полиция бастығы жеке бақылауына алды. «Шамамен 5 сағат 30 минутта беттерінде маскалары бар белгісіздер үйге кіріп келген. Қарумен әйелді және оның 21, 26, 27 жастағы балаларын қорқытып, қарақшылар алытын, шынжыр, сырғалар, сақиналар мен ұялы телефоны бар, барлығы 100 мың теңгелік бұйымдарды тартып алып, автомобильмен тайып тұрған», - дейді ІІД баспасөз қызметі. Полициядағылар бір күн ішінде жалға алған пәтерлерінен қарақшылардың алтауы да ұсталды дейді. Олардың үшеуі 29 және 26 жастағы Тараздың тұрғындары. Төртіншісі – 27 жасар алматылық. Қалғандары – 33 жасар қала тұрғыны мен 29 жастағы ОҚО Сарыағаш ауданының тұрғыны. Ұсталғандардың айтуынша, олар тонаушылыққа тыңғылықты дайындалған. Олар алдын ала әйелдің базарда алтын сатумен айналысатынын білген. Шабуыл алдында нақты жоспар құрылып, уақыт белгіленген. ҰҚКБ ұрлағандарын бірден ломбардтарға тапсырып үлгерген бұл банда қалайша өздерін білдіртіп қойғанын ашпай отыр. Бірақ кейбір дерек көздерінің айтуынша, олардың қылмыс орнында қалдырып кеткен саусақ іздері мен олардың біреуі бұрын осындай қарақшылығы үшін іздестіруде жүргені, оларды іздестіруде маңызды рөл атқарған. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі де айтады. «Тараз тұрғыны Дәурен Омарқұлов, 1981 жылы туылған, Жамбыл облысында қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген. Басқалары жұмыссыз, бұрын сотталмағандар», - делінген баспасөз ақпараттық парақшасында. Қамауға алынғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 179-шы бабы – «қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде олардан келте мылтық, 4 оқ, екі маска, ұрланған алтындар, сондай-ақ ТТ тапаншасының 14 оғы, 16-шы мылтықтың 4 оғы алынған. Полиция, қылмыскерлерде егер олар шабуыл кезінде тапанша қолданбаса, және тінту кезінде табылмаса, таншаның оғы қайдан пайда болғаны туралы түсінік бермеді. Сонымен қатар ІІД, осы қылмыстық топтың Шымкетте қаңтар мен ақпанда болған алтын сатушыларға жасалған шабуылдарға қатысы бар болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
|
qosymsha/abai.kz | post_138294.txt | Ауған қазақтарының ащы шындығы | https://abai.kz/post/138294 | "Ауған қазақтарының ащы шындығы" | "https://abai.kz/post/138294" | 20.08.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Ауған қазақтарының ащы шындығы
URL: https://abai.kz/post/138294
META: "Ауған қазақтарының ащы шындығы" | "https://abai.kz/post/138294"
DATE: 20.08.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 1633
TEXT: - Алдымен өзіңізді толық таныстырып өтсеңіз. - Менің атым Қажытемірқұл. Әкемнің аты Тәліп, Тәліптің әкесі Молдаштай, Молдаштайдың әкесі Беркін. - Жалпы өздеріңіз Түркістанда тұрасыздар ғой? - Түркістанның Отызжылдық деген ауылынанбыз. 93-тің аяғы – 94-тің басында келдік. - Әулетіңіз Ауғанға қандай тарихи оқиға кезінде барып еді? - Молдаштайдың әкесі Беркін Сырым батырдың Николайға қарсы көтерілісінде кеткен. Шалдардың айтуы бойынша батыстағы қазақтың қиындыққа кездескен уақыттарында Беркін бабамыз 500 отбасының көшбасшысы болып Тәжікстанға табан тіреп, сонда қайтыс болады. Содан Молдаштай Ауғанстанға өтеді. Одан кейінгі үш ұрпақ осы жерде. Мен өзім Ауғанстанның Бағлан қаласының Ақбол ауылында дүниеге келгенмін. - Ол жақта қанша уақыт тұрдыңыздар? - Айтқанымдай ол жаққа әкемнің әкесі барған. Ол кісінің қай жылы барғанын білмеймін. Өзім 36-шы жылғымын. - Ауғанстандағы жағдайды айтқанда көбіне «ол жақтағы қазақтар тілінен айырылған, өзбектеніп кеткен» деген секілді әңгімелер айтылады. Оның себебі неде? Біз, қазақтар жүз сұраймыз, ру сұраймыз. Ол біздің қазаққа тән ұлттық код қой. Осы бір рулық дәстүр ол жақта қаншалықты сақталған? - Оның себебін айтайын. Біз Қатаған өңіріне орналасқан қазақпыз. Ондағы қазақтар бірінші 1880 жылдардың шамасында Ауғанстанға табан тіреген. Олар өздері мешіт салып, бір ауыл болып, өздерінің ішінен ақсақалы шығып, үкіметпен байланысып, басқа елге араласпай ауыл болып отырған. Қатаған өңіріндегі қазақтар тілін жоғалтқан жоқ. Бір отбасының әкесі өліп кетіп өзбектің я тәжіктің ішінде қалып кетпесе, ешкім қазақ тілін ұмытпаған. Бірақ мына Мазари-Шариф, Ирактарға орналасқан қазақтар ауыл болмай, әр жерде бір үй болып күн көріп, әсіресе, мына Ирактың қазағы тілін жоғалтып алған. Менің түсінігім бойынша Қатаған өңірінде шамалы үй қалды, Құндызда 1-2, Имантаевта 1 үй бар. Сосын әйелімнің немере туысқаны Фабрика деген жерде қалған. Сосын бірлі-жарым әкесі өліп, шешесі қалып өзбек болып, тәжік болып кеткендер бар. Орыстақ деген жақта тәжіктің ішінде руы – Адайдың Есенбегі, Жолдас деген жігіт бар еді. Соның балалары қалып тәжік болып кеткен. Оның інісі Қият деген жігіт бар еді, ол да Есенбек, өзбекке үйленген еді. Ол да өліп, балалары өзбектің ішінде қалып кеткен. Одан басқа кім болса сол қазақ болғысы келеді ғой. Қазақ болғысы келіп жүргендер көп. Ал Ирак, Мазар жақта қанша қалғанын білмеймін енді. - Шамамен 200 - дей қазақ деген рас болып тұр ғой? - 200 үй емес, 200 қазақ болуы мүмкін. - Тәліп елді алды ғой. Соған қатысты тәліптердің ел басқаруына сіздердің көзқарастарыңыз қандай? - Біз оны өз көзімізбен көрген жоқпыз, араласқан жоқпыз. Естуіміз бойынша дұрыс емес деп ойлаймын. Билікте отырса қандай билік жүргізетінін өздері біледі, Алла біледі. Тәліп деген сөздің мағынасы «молда» деген, «оқып жүрген оқушы» дегенді білдіреді. Тәліптер келмес бұрын 80-81-ші жылдары біз Иранға өтіп кеткенбіз. 93-те Президенттің жарлығы арқылы елге келдік. - СІМ ол жақта қазақ болып жазылып алушылардың көптігін айтып жатыр. Құжат мәселесі де жолға қойылмаған сияқты. Көп қазақтың құжаты да жоқ сияқты. - Біздер бар заманда паспортымызға «қауымы – қазақ» деп жазылатын еді. Қауым – ұлты деген сөз. Одан кейін не болып жазылып жүргенін білмеймін. Бірақ ұлт жазылмайды дейді. Сондықтан қалай болғанын білмеймін. - Ауғандар да біз сияқты сүнниттік бағыттағы ел ғой. Тәлптердің билігі Мақтааралдан есептегенде 500 шақырымдай жерге келді. Бірақ елдің ішінде «тәліптер қыздарды оқытпайды екен, мектеп болмайды екен, ниқаб кигізеді екен, қырып-жояды, шариғат заңын орнатады екен» деген үрей бар. Ар жақтағы аз қазақтың да, бергі жақтағы қазақтың да үрейі бір. Осы туралы айтыңызшы. - Естуіміз бойынша баяғы бір жылдары тәліптер билікке отырып, қайта кеткен жылдары шаруалары дұрыс болмаған. Қазір интернеттен басшыларының айтқанын естіп жатырмыз. «Енді ондай болмаймыз, бұрынғы үкіметте отырған адамдар келсін, қалай жүргізуді білмей жатырмыз» дейді. Бірақ болмайтын келеңсіз жұмыстарды істеп жатқандары да осы күнде бар дейді. Келешегінде қандай үкімет құратынын Алла біледі, өздері біледі. - Бізге Ауғанстаннан өзге мемлекетке барып, одан бері қарай ауып келген, жалпы түбі Ауғанстаннан көшіп келген қазақтардың дені оңтүстік аймақта, содан кейін батыс жақта Маңғыстау өңірінде аздаған ел бар дейді. Жалпы қанша қазақ? - Бізде сауат болмаған соң көп нәрсені ұмытып қаламыз. Осы Түркістанның өзінде мың үй шамалы бар. Шымкентте, Алматыда, Жетісайда бар сосын. Мен Түркістанның өзін айтып отырмын. - Сіздер Ауғанстанда тұрғанда ол жақтағы балалардың мектепке баруы, оқуы қалай еді? - Мен жаңа 1936 жылғымын дедім ғой. Мен мектепті көрген жоқпын. Мектеп қалалы жерде болмаса біздің отырған жерімізде, ауылда шамалы болатын еді. Мектепті қалаға жақын тұратын адамдардың балалары оқыған шығар. Біздер өскен соң балаларымыздың заманында мектепте оқыған балалар болды. Осы жаққа келген қазақтардың ішінде білімді, оқымысты жігіттер бар. Мына Имантаев деген ауылда Мамыржәлі деген жігіт бар. Әлі келген жоқ, үй-жайы сонда. Ол жігіт те білімді, балалары да оқыған. Бірақ Қатаған өңіріндегі қазақтардың мектепте оқығаны аз болды. Мектеп кейіннен салынды. - Қазір біз ғана емес, бүкіл әлем Ауғанстандағы жағдай не болар екен деп алаңдап отыр. Біздің үкімет те әлі қазір ауған билігіне келген топты мойындайтынын я мойындамайтынын айтқан жоқ. Бірақ бүгін шыққан ақпарат бойынша сол жақтағы екі жүздей жанның көшемін дегендерін көшіреміз деп отыр. Біз де сол бұрын көшіп келгендердің сол жақта туыс-таныстары бар деп, азаматтармен сұхбат құрып, ол жақтағы жағдайды, көшіп келгеннен кейінгі жағдайды білейік деп іздеу салғанбыз. Содан кейін сізге шығып отырмыз. Ол жақтағы қазақтардың келе алмауының бір себебі тұрмыс жағдайы емес пе? - Тұрмысын қия алмай жүргендер де бар. Жағдайы болмай, көшуге шамасы келмей жүргендер де бар. Мен жоғарыда айтқан кісілер тұрмыс жағдай болмай жүргендер. - Шамсиддин, қазір біздің ғана емес бүкіл әлемнің назары ауып отырған – Ауғанстандағы жағдай. Билік ауысты, тәліптердің қолына өтті, президент елден кетті, Ахмад Масуд қайта көтеріліске шығып жатыр, әңгіме көп. Бірақ бізді алаңдататын екі мәселе. Екіншісі Ауғанстандағы жағдай біздің елімізге қалай әсер етеді? Ал біріншісі Ауғанстандағы қазақтардың мәселесі. Билік «Ауғанстанда 15 қазақ отбасы бар, екі жүздей ғана адам» деп айтып жатыр. Алайда «ол жақта түгел бір ауыл қазақ ауылы немесе 45-50 мыңдай адам бар» деген әртүрлі ақпарат та айтылып жатыр. Сіздердің ол жақта туыстарыңыз бар ма, білетін таныстарыңыз, достарыңыз бар ма? - Меніңше, Ауғанстанда тыныштық болмайды. Өйткені Ахмад Шах Масудтың баласы шығады. Ол жақта қарапайым адамдар да қолына автомат алып соғысып жүре береді. Талибандар билікке келгенмен оларды қолдамайтындар бар. Белгілі өңірлерінде талибанға қарсы топтар шығып күнделікті атыс-шабыс тоқтамайтын сияқты. Қателеспесем, ол жақта қазақ көп қалмады. Өте аз. Екі жүзден көп болуы мүмкін, бірақ 15-20 мыңдай адам жоқ. Өзімнің таныс достарым жоқ, ол жақтағы қазақтар жайлы әкелеріміз біледі. - «Ол жақтағы қазақтардың тілі өзбектеніп кеткен, қазақ тілін ұмытқан» деген сияқты әңгімелер айтылып жатыр... - Кезінде қазақтар барғанда ауыл-ауыл болып тұрған. Ақмешіт, Бағлан деген жерлер бар. Осыдан 150 жылдай бұрын ата-бабамыз ауып барып, бір ауылға орналасып, мешіт, медресе салып тұрған. Бертін келе Қазақстанға бармақ басты, көз қыстымен өздерін қазақ деп жаздырып келіп жатқандар бар. Өйткені Қазақстанда мүмкіндіктер көп, тірлік бар дегендей. Солар қазақпыз деп келген соң, «қазақтар осындай болып кетіпті» деуі мүмкін. Былайша бір ауылда бір қазақ қалғандар да кездеседі. Олардың тілі шынымен де өзгеріп кеткен. Көпшілік бірге қоныстанбаған жерде қазақтардің тілі өзгеріп кеткен. Жаңа елшіліктен келген ақпаратта «тегін, руын, тайпасын айтсын» депті. Сол өте дұрыс болды деп санаймын. - Ол жақта өзбектер мен тәжіктер көп. Құдандалы болады, алыс - беріс болады, ассимиляцияға түседі. Қазір Қазақстанға Ауғанстаннан көшіп келген қазақтардың саны қанша шамамен? Олар көбінесе Қазақстанның қай жерлеріне орналасқан? - Біз өзіміз 93 жылдары Ираннан көшіп келгенбіз. Түркістан облысындағы Қаратауға келдік. Алғашқы көш 93-ші жылдары басталды. Біз ешқандай квота емес, әкеміздің үйін сатып, өз күшімізбен көшіп келдік. Қазақстан Тәуелсіздік алды дегеннен кейін келдік. Одан кейінгі көш 98 жылдары болды. Содан бері қарай 2003-ке дейін созылды. Сосын тоқтап қалды. Ауған, Ираннан келген қазақтардың көбі қазақи деп оңтүстік өңірге қоныстанды. Біразы Маңғыстау облысында тұрады. Ол жақтан келген қазақтардың 90 пайызы кіші жүздер. - Ауғанстаннан келген қазақтардың дені сауатсыз екен дейді... - Жалпы Ауғанстанның өзі сауатсыз ғой. Қазақстандағы сияқты міндетті орта білім деген жоқ. Ауғанстанда мешіттен, медресседен сауат алады. Құран сауаттарын біледі. Біздің әке-шешеміздің өзі солай. Арабша әріптерді таниды, былай сауатқа жоқ. - Билік ауысты. Оның Қазақстанға қандай қаупі болуы мүмкін? - Мен Қазақстанға аса қауіп жоқ деп ойлаймын. Бәрі Ауғанстаннан босып жатыр ғой. Тек қазіргі уақытта ғана абай болу керек сияқты. Өйткені Қазақстан Орта Азиядағы дамыған елдердің бірі ғой. Босып жатқандар ақшасы барлар. Ақшасы жоқтар сонда өмір сүріп үйреніп қалған. Қазақстан адамдарды шекарадан өткізгенде қатты абайлау керек. Діни экстремизмге келсек, Ауғанстанда ваххабизм сияқты белгілі бір идеологиялар жоқ. Ондайдың бәрі батыстан немесе Пәкістаннан келеді. Ауғанстан өздері сүнниттік ел. Радикалды болса өз ішінде қырқысып жатыр. Сыртқа олардың еш әсері жоқ. - СІМ «Президент тапсырма бергеннен кейін ғана ол жақтағы қазақтарды көшіруіміз мүмкін» дегенді айтты. Бірақ нақты көшіреміз деген жоқ. Әлеуметтік желілерде «Ауғандағы қазақтар әлі күнге дейін ол жақта не істеп жүр?» дегенді жазып жатыр. Осы туралы айтыңызшы. - Ауғанстанда қазақтар қалды. Ең бірінші мәселе – қаржы мәселесі. Сосын сауатсыздық. Елшілікке келу үшін де қаржы керек, одан кейін белгілі бір құжаттарды жинайды, оған сауат керек. Мысалы, 2000 жылдары ол жақтағы қазақтарды өз еліміздегі жағдайы бар, сауатты кісілер барып болысып, құжаттарын жасатып, үйін-жерін сатысып көшіріп әкелді. Ал ендігі ол жақта қалғандардың жағдайы жоқ, күндерін көріп жүргендер. Ол жақта қалуының бірінші себебі әлеуметтік жағдай ғой. Ақпарат жоқ, барса да сандалвп қалады. Оған ары-бері жүретін қаржысы жоқ. Ашығын айту керек, дұрыс бағдарлама жоқ бағыт беретін. Ауғанстан ғана емес, Түркиядағы, Ирандағы қазақтар болсын, белгілі бір дұрыс бағдарлама жасалатын болса қазақтардың барлығы келер еді. Тек күнкөрістің қамын ғана ойлап қалып жатыр. «Ол жаққа барған соң қалай болар екен, нанымыздан айырылып қалмаймыз ба, ағайын-туысқа масыл болып қалмаймыз ба» деген қорқынышпен олар келе алмай отыр. Біздің Түркияда тұратын туыстарымыз бар. Олар белгілі кәсіппен айналысып отыр. Қазақстанға келгісі келеді. Бірақ тағы да сол, «келген соң бизнесіміз жүрмей қала ма, бала-шағамыз не болады» деп уайымдайды. Мен білетін қазақтар елге, ағайынның ішіне келуге әуес. Дұрыс бағдарлама болса бәрі келетін еді. - Сіздер оңтүстікте тұрасыздар. Онда дені сол Ауғанстаннан келген қазақтар қоныстанған Ынтымақ Чапай деген аймақтар бар. Қателеспесем, Достық деген ауылда түгел Ауғаннан келген қазақтар тұрады. Олар қазір немен айналысады? - Достық ауылында тұрып жатқандар 93 жылы келген. Біразы Жамбыл облысына түскен. Олар да бері қарай бір жерге – Ынтымақ ауылына жиналды. Сосын Достық бір ауыл болып тұрмыз. Ал 2000 жылдары келгендер Кентауда тұрып жатыр. Негізгі кәсіптері біз келгенде тері алғанбыз, темір, алюминий алып кәсіп қылғанбыз. Аяқ киім тігу, сауда-саттық сияқты жеке кәсіппен айналысамыз. Әрқайсы өз дөңгелегін өздері дөңгелетіп жатыр. Енді-енді жастар оқып, университет бітіріп маман атанып жатыр. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_3757.txt | «Астана» шабандозы Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды | https://abai.kz/post/3757 | "«Астана» шабандозы Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды" | "https://abai.kz/post/3757" | 24.04.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: «Астана» шабандозы Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды
URL: https://abai.kz/post/3757
META: "«Астана» шабандозы Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды" | "https://abai.kz/post/3757"
DATE: 24.04.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 325
TEXT: Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ - «Астана» жарыскері Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды astanafans.com Бас классификацияда Винокуров секундтың 14 жүздігіне итальяндық Риккардо Риккодан (Flaminia Ceramica) озды. Үшінші орынды Рикконың жерлесі - Colnago - CSF Inox жарыскері Доминико Поззовиво алды (жеңімпаздан 42 секундқа қалып қойды). Еске сала кетсек, Винокуров жарыстың бірінші кезеңіндегі жеткен жеңісінен кейін ешкімді өзінен оздырмай, жалпы есепті бастады. Көпкүндік жарыстың соңғы кезеңін итальяндық Поззовиво жеңсе, екінші орында Рикко болды. Жеңімпаздар үштігіне тағы бір итальяндық Микеле Скарпони де ілікті. Винокуров төртінші болып мәреге жетті. Жарыс аяқталған соң Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы ретінде, көшбасшының сары майкасын жарыс соңына дейін киемін деп ойламаған едім деп мойындады. Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ - «Астана» жарыскері Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды astanafans.com Бас классификацияда Винокуров секундтың 14 жүздігіне итальяндық Риккардо Риккодан (Flaminia Ceramica) озды. Үшінші орынды Рикконың жерлесі - Colnago - CSF Inox жарыскері Доминико Поззовиво алды (жеңімпаздан 42 секундқа қалып қойды). Еске сала кетсек, Винокуров жарыстың бірінші кезеңіндегі жеткен жеңісінен кейін ешкімді өзінен оздырмай, жалпы есепті бастады. Көпкүндік жарыстың соңғы кезеңін итальяндық Поззовиво жеңсе, екінші орында Рикко болды. Жеңімпаздар үштігіне тағы бір итальяндық Микеле Скарпони де ілікті. Винокуров төртінші болып мәреге жетті. Жарыс аяқталған соң Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы ретінде, көшбасшының сары майкасын жарыс соңына дейін киемін деп ойламаған едім деп мойындады. «Мен өте ризамын. Мен жарыстың бірінші кезеңін жеңген соң, сары майканы жарыс соңына дейін сақтаймын деп ойламаған едім. Рикко өте күшті және біз мәреге жеткенше ондан қатты секемдендім. Жеңіс дер кезінде келді, ал бұл маған жексенбі күнге Льеж-Бастонь-Льеж-ге міндет қоюға, ең бастысы - Итальяның Джиросына көтеріңкі көңілмен баруға мүмкіндік береді. Трентино туры биіктіктегі дайындықтан соңғы жарыс болуы тиіс. Бұл үлкен жетістік. Және мен осы қарқынмен жалғастырамын деп үміттенем», - деген оның сөздерін сайт жариялапты. «Астана» велокомандасы «Джиро де Трентино» көпкүндігінде келесідей құраммен шықты: қазақстандық Александр Винокуров, Роман Киреев, Сергей Ренев, Болат Раимбеков, итальяндықтар Мирко Сельваджи, Паоло Тиралонго және австралиялық Скот Дэвис.
|
qosymsha/abai.kz | post_48854.txt | CАҒАТТАР ЖЫЛЖЫП... | https://abai.kz/post/48854 | "CАҒАТТАР ЖЫЛЖЫП..." | "https://abai.kz/post/48854" | 10.01.2017 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: CАҒАТТАР ЖЫЛЖЫП...
URL: https://abai.kz/post/48854
META: "CАҒАТТАР ЖЫЛЖЫП..." | "https://abai.kz/post/48854"
DATE: 10.01.2017
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 282
TEXT: Жақында біздің порталымызға Алматы облысына қарасты Іле ауданының Қос өзен ауылының тұрғыны Сержан Баймаманов атты оқырманымыздан үшбу хат келіп түсті. "Abai.kz" порталының тұрақты оқырманының жүрекжарды жыр жолдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. Сағаттар жылжып.... Сағатпен жылжып өтуде менің өмірім, Не жаздың екен, маңдайға шіркін тәңірім. Бір сәтте шуақ, бір сәтте бұлт боп көңілім, Өте ме қалай сағатттай сырғып көңілім. Бұл шіркін, өмірдің қысқа тіліндей, Өтеді ау жалған сізбенен бізге білінбей. Таң атып қайта, батуын кештің аңсаймыз, Өмірдің бір күнге қысқарғанын ескермей. Қорқамын бүгін сағаттың соққан тілінен, Қорқамын тағы сандалып өткен күнімнен. Тоқтайды қашан кеудемде соққан жүрегім, Сол жайлы ойлап, ұйқысыз өткен түндермен, Аллаға аян өмірдің қалды қаншасы, Бүгінен басқа күнімнің барма жалғасы. Сол жайлы толғап, ойланып отырам мен кейде, Шүкірлік айтам бір күндік болса да өмірге. Түнімді ұрлап.... Жүрегім тулап, жарасы кетті ау солқылдап. Жылайды жаным жанарым тұр ау жас жинап. Кірпіктен тамшы үзіліп түсті бір сәтте, Кеткендей өмір, қалғандай бәрі тез қирап. Мен бұрын мұнша ғашық боп мүлде көрмегем, Махаббат бұлай қинайтынын білмегем. Қиналды ау жүрек, тепкілеп жатыр кеудемді, Жан дауыс шықты, есіміңді күбірлеп. Жылама жүрек не істейін енді сәл сабыр, Ғашығы барын естідің жаңа басқа бір. Қолымнан келер дәрмен жоқ менде жүрегім, Түсінер деймісің, сезімімді сол бір ару. Оянды қайта бұғауда жатқан бұл сезім, Көрмейтін болды одан өзгені қос көзім. Не бердің, маған махаббат шіркін, махаббат, Дауасыз дертсің адамды іштен жалмаған. Ұйқымды ұрлап, түнімді талқан еттің ғой, Жазамын енді қайтейін басқа не істеймін.... Тылсым сезім... Бүршігін жарды, жүректе бүгін бір сезім, Тиіспеші оған, тиіспеші оған көктесін. Солдырып алма нәп нәзік оның сабағын, Еркіндік берші сезімін жарып гүлдесін. Тулайды жүрек өзіңді бір сәт көргенде, Толықсып барып дүрбелең салды кеудемде. Соғады ау сосын қанымды қызу қайнатып, Тұншығып барат бұл жүрек менің кеудемде. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_139219.txt | Ноғаев Маңғыстау облысына әкім болды | https://abai.kz/post/139219 | "Ноғаев Маңғыстау облысына әкім болды" | "https://abai.kz/post/139219" | 07.09.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Ноғаев Маңғыстау облысына әкім болды
URL: https://abai.kz/post/139219
META: "Ноғаев Маңғыстау облысына әкім болды" | "https://abai.kz/post/139219"
DATE: 07.09.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 142
TEXT: Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды. Ол Нұрлан Ноғаев. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасына жазды. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылды" деп жазды ол. Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30-шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы Қандыағаш станциясында электрик болып бастады. 2006 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары - Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болса, 2007 жылдың қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2010 жылдың сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. 2016-2019 жылдары Атырау облысының әкімі болып жұмыс істеді. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанның энергетика министрі болды. Бұл қызметке 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін қайта тағайындалды. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_42326.txt | БІЗ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ҚАЙТПАҒАН КЕК | https://abai.kz/post/42326 | "БІЗ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ҚАЙТПАҒАН КЕК" | "https://abai.kz/post/42326" | 10.02.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: БІЗ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ҚАЙТПАҒАН КЕК
URL: https://abai.kz/post/42326
META: "БІЗ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ҚАЙТПАҒАН КЕК" | "https://abai.kz/post/42326"
DATE: 10.02.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 887
TEXT: Адам баласы сонау ықылым замандардан бері қауымдасып өмір сүреді. Қауымдасып өмір сүру адамзаттың дамуына қарай түрлі формаға өтіп отырды. Біздің заманымыздағы соның бір формасы – әлеуметтік желі. Оның ішінде де ашық, жабық, жариялы топтарға бөлінеміз. Алып ақпарат жәшігі – интернеттің ішінде де осылайша, топтасып «өмір сүреміз». Әрине, әлеуметтік желіде тып-тыныш, мамыражай «өмір» жоқ. Қай кезде де бұрқ-сарқ қайнап жатады. Алайда, дәл осы әлеуметтік желі бүгінгі қоғамды, өмірді, яғни бізді бар қырынан «жарқыратып» көрсетіп тұрған айна. Ал сол айнадағы қоғамның бейнесінен әлденеден, әлдекімнен қанды кегі қайтпай, өмірге, айналасына тісін қайрап, ұрынарға қара таппай жүрген адамды көргендей боласың... Осы бір кекке толы қоғамның бейнесі қашан көрсең түңлігі желпілдеп тұратын әлеуметтік желідегі жылт еткен жақсылықты, ізгілікті, мейірімді, адами бейнені топан судай басып кетеді. Содан да әлеуметтік желіге кірерде үрейленетін халге жеттік. Әрі қарапайым бастауыш және орта білімдерін қайта толықтыруды өте қажет ететін нөпірдің сөз саптасы мен дарақылығынан, өзге былай тұрыпты, өзіне деген сәлде болса құрметінің жоқтығынан жаныңнан түңіліп, қорқасың. Сонда барып, қауымдасып өмір сүрудің қауіпті тұстарын сезінесің. Қаза берсең, қауіп көп... Мәселен, біздегі әлеуметтік желі «Көп - қорқытады, терең - батырады» дегеннің сойып қаптап қойған кебі. Қашан кірсең де желдей есіп желпініп желіде отыратын көп кімді қорқытпады, кімдерді тереңге батырып, тұншықтырмады дейсіз. Құдды, желідегі басты «армандары» сол ма дерсіз. Құрбандықтарын қорқытып, батырып жіберген соң, қанды кегінің тамшысы болса да қайтқандай жамырасып қалады... Жалпы айтсақ, әлеуметтік желі қолданушыларына ортақ «мінз-құлық» бізде де бар. Мысалы, әдетте, адамдар бір-бірімен әңгімелескен кезде әңгіменің 43 пайызы өзі туралы болса, әлеуметтік желіде бұл көрсеткіш 80 пайызға өскен екен. Қазақстандағы әлеуметтік желі қолданушылары да әйтеуір орайын тауып, (киім сатып алады; кездесуде отырады; қыдырып жүреді; ұшақта отырады; үлкен жиындарда жүреді; достарымен дастархандас болады; киноға, театрға барады; жұлдыздармен кездеседі; өзінің сонша сұлу болып жаратылғанына жүз бәленбайыншы рет таңқалып, түртінектеген бұзаудай ернін дүрдитіп, мүше-мүше болып сельфи жасайды; өзінің соншалықты терең білімді, сұңғыла адам екенін көрсетіп ғарыш туралы ойларын жазады; жер бетіндегі Құдайдың жалғыз адал, күнәсіз, пәк пендесі өзі екеніне әрі сақаланың әр талына шаң-тозаң емес, періште қонып отырғанына бек сенімді болғандықтан ендігі мақсаты қараңғы халықтың діни сауатын ашу деп біліп, бір ауыз сөзіне үш ауыз «уағыз» қыстырып «парызын» өтейді; қазақ тарихының білгірі, ұлт жанашыры, ұлт десе түн ұйқысын төрт бөлген, биліктің әр қадамын қидалап сынайды, қайырым күткен қазаққа тек лайк басуды ғана біледі, сөзіне қарасаң, бүкіл ұлтты мойнымен көтеріп жүрген ұлы күрескер; елді қыжыртып, бәріне миығынан күлген боп, іштей өзінің ақылды екеніне кезекті рет ырза болып, әзілге сүйеп шымшыма жазады тізе берсең, аш ішектей шұбатылып бітпейді) өзін көрсетеді. «әлеуметтік «Менін»» өзі қалағандай етіп, қолдан жасап, алға шығарады. Осылайша, әрегідік адами қасиеті сыр беріп «Кешіріңіздер, ұят болды, сонда да енді» деп жалғастыра береді. Бізде ғана емес, өзге елдерде де әлеуметтік желі құбылысы ретінде өсіп отырған бұл сырқат желіге байланғандардың өздерін алдап қана қоймай, осының бәрін үнсіз немесе өз өмірімен салыстыра қараушыларды өлімге итермелейді екен. Яғни, өзінен басқаның бәрі бай, бақытты, ештеңеден таршылық көрмей, өмірдің қызығын көріп, шалқып жүргеніне желіден (фото/видео, жазба) көріп, соған сенгендер өзін қолынан түк келмейтін қор сезініп, өміріне көңілі толмай, психологиялық соққы алып, ішкі тұрақсыздыққа ұрынып тіпті өлім туралы ойлайды бастайды. Ал, мұндай дүние жасөспірімдерге қалай әсер ететін ойлай беріңіз... Әлбетте, адам табиғатында өзімшіл. Бұл әлеуметтік желіде қауымдасып отырғандардан ә дегенде байқалады. Әр адам өзіне назар аударылғанын, сөзін тыңдағанын, қауым ішінде өз мәртебесі, орны болғанын қалайды. Ал, әлеуметтік желі осыған төте әрі оңай жол ашты. Дәл осы әркім көзге түсіп қалуды, әр нәрсені бірінші болып білгенін білдіру мақсатындағы әрекеттердің жиынтығынан келіп, қоғамның мәдениеті, талғамы, қалауы, таңдауы, ойы, көзқарасы, сенімі бүкіл болмысы көрініс береді. Сөз басындағы қорқыту мен тереңге батырудың бір ұшы – желі қолданушыларының шынайы ішкі мәдениетінің айғағы. Мәселен, әлеуметтік желіде әлдебіреуді итше талап, есеңгірете соғып, тереңге батырды делік. Ал, сол адамның шын өмірдегі адами бейнесін, болмысын желідегі айтаққа ерген жұрттың көбі білмейді. Тек «Бәленше өстіді, ол оңбаған» деген бір ауыз сөз жетіп жатыр. Ал, қауымдасқан қалың адамның жариялы күнделігі іспетті делінетін желідегі мұндай әрекеттер қаншама адамның өмірін ойрандап, сағын сындырып, жігерін жасытып жатыр. Әлеуметтік желідегі осы бір мінезді қарап отырып, бұл өшпенділік қайдан келді деген ойға қаласың. Біздің ше, мұның тамыры – халықтың тарихында. Қараңыз, үш жүз жылдық патшалық отарлық, одан кейінгі совет өкіметі – 370 жыл бодан болған халықтың бойында қайтпай қалған кек бар. Иә, Азаттық жолында болған іріл-ұсақты көтерілістердің бәрі жеңіліспен аяқталды. Кек қайтпады. Осы кек қазақ аналарының үнсіз ішіне жұта берген көз жасымен, өксігінен жиналып, құрсаққа түсіп, ұрпаққа берілді. Есіңізде болса, арагідік айтылатын «Тәуелсіздік бізге қантөгіссіз келді» дейтін әңгіме бар. Мұның ар жағында қайтпаған кек мәселесі жатыр. Тарихтың ұзына бойынан жиналып, ұрпаққа жалғасқан кекке Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қайта оянған халықтың ішкі сенімінің соңғы он жылдың бедеріне толықтай күйреуі қосылды. Қайтпаған кек, күйреген ішкі сенім. Біздің осындай бүгінгі ішкі болмыс күйіміздің пышақ жүзіндей бір қыры әлеуметтік желіде қырына келгенді қырып жатыр. Әрі интернеттің иірімдерінде бықсып жататын неше түрлі адам шошынатын ақпараттарды лег-легімен бөлісіп, жайбырақат отыруда қайтпаған кек пен күйреген ішкі сенімнің үстіне шыққан бағдары жоқ,белгісіз әлеуметтік өшпенділік. «Өзі құлағалы тұрған тауға қой жайып» дегендей, осындай ішкі ауыр күйдегі жұртты желіде «Қазақ десең өзіңе тиеді, ел болмаймыз, не деген сорлымыз» деген сыпатта жауапкершіліктен жұрдай адамдардың бүтін бір халықтың атынан қиналмай жаза салып, жанашығансымақ болып тұқыртуы әлгі өшпенділікті одан сайын ұлғайтайды. Әрине, заң бар. Қолданыстағы заңға сәйскес, әлеуметтік желілер, чаттар, блоктар БАҚ – қа теңестірілген. Демек, кез келген әлеуметтік желі қолданушысы заңға қайшы әрекет жасаса, жауапкершілікке тартылады. Оның нақты мысалдары да бар. Бірақ, заң елдің ішіндегі кекті қайтарып, бір-біріне өшіккен өшпенділікті өшіре ала ма?.. Нұра Матай Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_102984.txt | Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қанша тұрады? | https://abai.kz/post/102984 | "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қанша тұрады?" | "https://abai.kz/post/102984" | 26.12.2019 | Abai.kz | null | TITLE: Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қанша тұрады?
URL: https://abai.kz/post/102984
META: "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қанша тұрады?" | "https://abai.kz/post/102984"
DATE: 26.12.2019
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 586
TEXT: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі жүйені аталмыш процеске дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді, оның ішінде халыққа медициналық көмек көрсету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жетілдірілді. Осылайша, халық тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында да, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де сапалы және қол жетімді медициналық көмек алады. Сонымен қатар Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру жүйесі де өз жұмысын жалғастыра беретін болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің бизнес-процестерінің топтамасын жасады. Соның ең бастысы – халыққа бастапқы медициналық көмек көрсету. Олай дейтініміз, басы ауырып, балтыры сыздаған адам алдымен емханаға барады. Сондықтан да оны медицинаның №1 посты деп атауға әбден болады. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде көрсетіледі, оған учаскелік дәрігерлер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен медбикелер көрсететін медициналық көмекке дейінгі, білікті және медициналық-әлеуметтік көмек кіреді. Халыққа бастапқы медициналық көмек алдын ала жазылу немесе жүгіну бойынша бекітілген жерінде жоспарлы түрде, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайында бекітілу фактісіне қарамастан жедел тәртіпте көрсетілуі мүмкін. Адамдар негізінен сырқат, жарақат, алдын-алу, динамикалық бақылау, медициналық-әлеуметтік қызметтер және әкімшілік өтініш сияқты 6 себеп бойынша жүгінеді. Алғаш рет тіркеу бөліміне жүгінгенде амбулаториялық сырқаттың медициналық картасы, баланың жетілу тарихы немесе денсаулық сақтаудың электронды төлқұжаты, оның ішінде ақпараттық жүйелерде пациенттің сақтандыру мәртебесі мен қаржыландыру көзінің көрсетілуі рәсімделеді. Егер жүгіну кезіне дейін науқас қажетті скринингтік тексеруден өтпеген болса, онда ол скринингтік кабинетке тексеруден өтуі үшін жіберіледі. Егер пациент жүгіну кезінде скринингтік тексеруден өткен болса, онда ол дәрігерге дейінгі медициналық көмектің қажетті көлемін алуға жіберіледі. Содан кейін пациент клиникалық хаттамаларға сәйкес және медициналық ақпараттық жүйелерде тіркелу арқылы диагноз, зерттеу және емдеу әдістерін анықтайтын жергілікті терапевтке, педиатрға немесе жалпы практика дәрігеріне жіберіледі. Сонымен қатар, дәрігер науқастың диагнозын, оған қоса мамандандырылған көмекке қажеттілігін нақтылау үшін салалық маманға кеңес алу үшін зертханалық немесе диагностикалық қызметке медициналық ақпараттық жүйеде тиісті жолдама жасау арқылы жібере алады. Одан әрі науқасқа келесі медициналық көмек көрсетілуі мүмкін: 1) дәрілік заттарды тағайындауды қоса алғанда, амбулаториялық деңгейдегі көмек; 2) динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі бойынша динамикалық байқау шеңберіндегі көмек; 3) амбулаториялық ем тиімсіз болған жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде; 4) жоспарлы түрде медициналық ақпарат жүйесіне жолдаманы тіркеу және стационарлық науқастардың электронды регистрына біріктіру арқылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек күндізгі стационарының деңгейінде немесе үйде; 5) жоспарлы тәртіппен ауруханаға жатқызу бюросының ақпараттық жүйесіне жолдаманы тіркеу арқылы тәулік бойғы аурухана деңгейінде; 6) дәрістер мен тренингтер түрінде жеке кеңес беру, ерлі-зайыптыларға кеңес беру немесе топтық жұмыс түрінде жастар денсаулық орталықтарында; 7) медициналық-әлеуметтік көмек (психологтың немесе әлеуметтік қызметкердің қызметтері). Медициналық көмектің көлемін алғаннан кейін қайта қабылдаудың қажеттілігі анықталады, егер қажет болса, пациент дәрігердің екінші қабылдауына жазылуы мүмкін. Енді халыққа төтенше жағдайда бастапқы медициналық көмек көрсету бизнес-процесіне тоқтала кетсек... Пациент шұғыл емдеуге жүгінген кезде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуші қызметкер науқастың жай-күйіне бағалау жүргізеді, соның негізінде пациентке: 1) дәрігердің қатысуын қажет етпейтін медициналық қызметтердің тізіміне сәйкес сырқат болған кезде немесе сондай жағдайда, шұғыл көмек амбулаторлық сырқаттың медициналық кітапшасында және медициналық ақпараттық жүйеде тіркеліп, БМСК фильтр бөлмесінде көрсетіледі. 2) өмірге қауіпті жағдайлар туындаған кезде жедел жәрдем станциясына қоңырау шалынады, онда диспетчер жедел қызмет санаттары бойынша қоңырауларды сұрыптайды. 1, 2 және 3 санаттағы шұғыл шақырулар түскен кезде жедел медициналық жәрдем диспетчері қоңырауды автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жедел медициналық көмек фельдшері мен мамандандырылған бригадаларға жібереді. 4-ші санаттағы шұғыл шақырулар түскен кезде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы қоңырауды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің бригадасына жібереді. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бөлімшесінің бригадалары тәулік бойы тіркелген халыққа және БМСК көрсету аймағында тұратын адамдарға медициналық көмек көрсетеді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_62429.txt | Тәжікстанда судьяға балтамен шабуыл жасаған адамды 15 жылға соттады | https://abai.kz/post/62429 | "Тәжікстанда судьяға балтамен шабуыл жасаған адамды 15 жылға соттады" | "https://abai.kz/post/62429" | 27.11.2017 | Abai.kz | null | TITLE: Тәжікстанда судьяға балтамен шабуыл жасаған адамды 15 жылға соттады
URL: https://abai.kz/post/62429
META: "Тәжікстанда судьяға балтамен шабуыл жасаған адамды 15 жылға соттады" | "https://abai.kz/post/62429"
DATE: 27.11.2017
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 135
TEXT: Тәжікстанда Пяндж ауданы сот төрағасына балтамен шабуыл жасаған Диловар Олимов 15 жылға сотталды. Сот үкімі таяуда оқылған, бірақ заңдық күшіне әлі енген жоқ. Бұл жөнінде Хатлон облыстық сотының төраға орынбасары Темур Бойзода хабарлады. Оның сөздерінше, Диловар Олимовты Тәжікстан Қылмыстық кодексінің адамды өлтірмек болды деген үш бап бойынша соттаған. Оқиға 31 тамызда Пяндж аудандық сотының ғимаратында орын алған. Диловар Олимов аудандық сот төрағасы Давлатманд Рахимзоданың бөлмесіне кіріп, оны балтамен ұрған. Рахимзода жараланып, ауруханаға түскен, бөлмесіндегі барлық жиҺаз талқандалған. Бір тәуліктен кейін Диловар Олимов ұсталды. Сол күні Пяндж аудандық соты Олимовтің бұрынғы әйелінің шағымын қараған екен. Айыпталушы бұрынғы әйелімен төрт жыл бұрын ажырасып, жаңа отбасы құрған. Бірінші әйелімен ресми некеге отырмаған, одан туған екі баланы мойындамаған. Бірақ сот екі баланың әрбіріне 130 сомонидан алимент төлеуге міндеттеген. Олимов сот шешіміне қарсы болып, залдан шығып кетіп, балтамен оралған. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_130291.txt | Министрлік: Жыныс ауыстыру тегін жасалмайды | https://abai.kz/post/130291 | "Министрлік: Жыныс ауыстыру тегін жасалмайды" | "https://abai.kz/post/130291" | 18.03.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Министрлік: Жыныс ауыстыру тегін жасалмайды
URL: https://abai.kz/post/130291
META: "Министрлік: Жыныс ауыстыру тегін жасалмайды" | "https://abai.kz/post/130291"
DATE: 18.03.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 208
TEXT: Желіде Қазақстанда жыныс ауыстыру бойынша операциялар тегін болатыны туралы жаңалықты талқылауда. Ота жасату үшін жасыңыз 21-ден асып, психикалық бұзылулар болмауы керек. Бұл – өтірік, - жазады Stopfake.kz. – Морфологиялық жынысты өзгерту бойынша операциялар адамның өтінішімен жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен, қажетті тексерулерден өткеннен кейін, комиссияның рұқсаты мен гормондық терапиядан өткен соң жүзеге асырылады. Бұл операция тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді және ақылы қызмет болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан. Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, Қазақстан Республикасында жыныс ауыстыру туралы бұйрық алғаш рет 2003 жылғы 3 маусымда қабылданған. Яғни, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен бекітілген жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары жаңалық емес. Сонымен қатар, жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік мәселелеріне адам құқықтары туралы халықаралық нормаларды қолдану ұсыныстарының жиынтығы болып табылатын Джокьякарт қағидаттарына сәйкес мемлекеттер «медициналық рәсімдер арқылы қайтымсыз физикалық өзгерістерге жол бермеу мақсатында заңнамалық, әкімшілік және өзге сипаттағы» барлық қажетті шараларды қабылдайды. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына сәйкес, «өздерінің жыныстық сәйкестілігін өзгерту үшін медициналық араласуға баратын адамдар мұны өздерінің бір сәттік қалауы, қыңырлығы үшін емес, гендерлік сәйкестілік пен туылған кезде тіркелген жынысымен сәйкессіздік салдарынан ұзаққа созылған күйзеліс жағдайының салдарынан жасайды. Сондықтан қазіргі медициналық тәжірибеде жынысты медициналық түзету гендерлік дисфорияны жеңудің және жағдайды жеңілдетудің жалғыз амалы ретінде танылады”. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_45844.txt | ЭКСПОНЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ "АСЫРАЙТЫН" БОЛДЫ | https://abai.kz/post/45844 | "ЭКСПОНЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ "АСЫРАЙТЫН" БОЛДЫ" | "https://abai.kz/post/45844" | 10.08.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ЭКСПОНЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ "АСЫРАЙТЫН" БОЛДЫ
URL: https://abai.kz/post/45844
META: "ЭКСПОНЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ "АСЫРАЙТЫН" БОЛДЫ" | "https://abai.kz/post/45844"
DATE: 10.08.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 454
TEXT: Қазақстандықтардың зейнетақы қорларын енді «ЭКСПО-2017» құрылыс нысандарын салуға жұмсайтын болады, - деп жазады «nb.kz» порталы. Қазақстанның Даму банкі біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан 15 миллиард теңгені ендігі жылы Елордада өтетін Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс нысандарына бөлетінін мәлімдеген. «Қазақстанның Даму" банкінен «Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-нан 2016 жылдың шілде – тамыз айларында бөлінген 117,5 миллиард теңге келесі мақсаттарға: 2016 жылы антидағдарыстық жоспарларды орындау үшін қосымша оперативтік шараларға, Қазақстан Үкіметінің 2016 жылдың ақпанындағы шешімі бойынша БЗЖҚ-дан 15 миллиард теңге Астанадағы «ЭКСПО-2017» құрылыс нысандарына, тағы 17,5 млрд теңге отандық өндірістегі «БРК-Лизинг» АҚ вогон құрылысына бағытталған», - делінген мәлімдемеде. Сонымен қатар, зейнетақы қорынан бөлінген қаражаттан қалған бөлігі Қазақстанның экономикалық ахуалын жақсартуға және 2016-2017 жылдар аралығында жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады екен. Естеріңізде болса, ҚР премьер-министрінің 2016 жылдың 18-наурызындағы № 149 бұйрығы бойынша дәл осы БЗЖҚ қаражаты елдегі қаржылық қиындықтарды шешуге жұмсалады деп бекітілген еді. Қазақстан халқы көнбіс пе? Жоқ. Халықты қамсыз деп саусақпен шұқығандай болмайық. Дегенмен, қалың елдің қалтасын қағудың тағы бір тәсілін тапқан Үкімет сонау наурызда шешім шығарып, Біріңғай зейнетақы қорынан 117,5 миллиард теңгені Қазақстан экономикасының қара тесігін бітеуге жұмсамақ екен. Жоғарыдағы 117,5 миллиардтың жартысы әлсіреген экономиканы сауықтыру үшін жұмсалса, 15 миллиард теңгеге жуық қаражат Елордадағы «ЭКСПО-2017» құрылыс нысандарын салуға жұмсалмақ. Хош, зейнетақыны алды делік, енді сол алған ақша қашан қайтарылады? Оны кім әм қандай жолмен қайтарады? Оны халықтың келісімінсіз сырттан кесіп-пішіп, құбылмалы экономиканың тетігіне айналдыруға Үкіметтің қандай қақы бар? Дағдарыстың әлсін-әлсін айналып келуі жалпы нарықтық экономикаға тән құбылыс десек те, импортқа тәуелді Қазақстан нарығын ғана емес, алпауыт елдердің де бүйірін дағдарыс қысып барады. Солай бола тұра халықтың «қазынасына» жармасып, жыртығын жамап жатқан ел жоқ. Теңге тәлтіректеп тұрғанда, әлсіреген экономкиаға әл-қуат берудің басқа жолы жоқ па? Ресми статистикаға сүйенсек, 2000-2008 жылдар аралығында елімізден сыртқа заңсыз шығарылған қаржының көлемі 126 миллиард долларға жеткен (GlobalFinancialIntegrity (GFI). Орны ойсырап тұрған капитал қайда, кімге және қашан кетті, о жағын нақты білмейміз. Ал, саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, соңғы 10-15 жыл көлемінде 140 миллиардқа жуық ақша сыртқа кеткен көрінеді. Мұның сыртында Қазақстанның қазынасына қол сұғып, қазанын ортайтып кеткен әккі ұрылардың (Әбләзов, Храпуновтар) миллиардтары бар. Одан қала берді күні кеше ғана есім-сойлары елге мәлім болған биліктегі бизнесмендердің офшорлардағы ақшалары тағы бар. Осы қыруар қаражатты Қазақстанға қайтаратын жол болса, экономикалық дағдарысты шыбын шаққан құрлы көрмейтіндей жөніміз бар еді-ау. Өкінішке орай Мәсімов Үкіметі мықтыларға тісі батпаған соң, айналып келіп халықтың қаржысына қол сұғыпты. Ермегяевті ЭКСПО қаржысын жымқырып кетті деп айыптаған Үкімет, енді жымқырылған қаржыны Ермегяевтің өзіне төлетпей, халыққа жүк салып отыр? Әлде, ЭКСПО ісіне жоғарғы лауазымды шенеуніктердің қатысы бар ма? Талғат Ермегяев ісіне қатысты Сот Ұлттық банктің экс-төрағасы Келімбетов пен экс-Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевті неге шақыртты? Бұл да әзірге көлеңкелі болып тұр. Не десекте, Үкімет сіз бен біздің зейнетақы қорымызды енді экономиканың жыртығын жамауға, одан қалса ЭКСПО құрылысын салуға жұмсайтын болады. Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_176829.txt | Қазақстанда саманнан жасалған 239 мектеп бар | https://abai.kz/post/176829 | "Қазақстанда саманнан жасалған 239 мектеп бар" | "https://abai.kz/post/176829" | 30.11.2023 | Abai.kz | null | TITLE: Қазақстанда саманнан жасалған 239 мектеп бар
URL: https://abai.kz/post/176829
META: "Қазақстанда саманнан жасалған 239 мектеп бар" | "https://abai.kz/post/176829"
DATE: 30.11.2023
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 211
TEXT: Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 442 ескі мектеп барын мәлім етті. Оның айтуынша, оның 239-ы саманнан жасалған мектеп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Маңызды сұрақ. Бізде ескі мектеп өте көп. 442 ескі мектеп бар. Саманнан жасалған 239 мектеп бар. Қазіргі уақытта апаттық жағдайағы мектеп саны 52-ден асты. Жүз жылдан асқан мектептер көп. Сондықтан, осы меткептерді тиісті мерзім сайын тексеру маңызды. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда мектепте төбесі опырылып түсті. Сол кезде әйтеуір мектепте балалар болған жоқ. Сол сияқты осы мектептерді біз дер кезінде тексеріп отыру керек деп санаймыз. 30 жылдан асқан меткептерді инвентаризация жасалады. Екіншіден, жылына 1 мың мектеп жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеуден өткізгенде бірінші кезекте дәл осындай ескі мектептерге басымдық беріледі», - деді Асхат Аймағамбетов білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын талқылау барысында. Өз кезегінде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов жаңа мектеп салу бойынша министрліктің нақты жоспары барын айтады. «Биыл түрлі қаржы көздерінен, оның ішінде трансферттер мен Білім саласының инфрақұрылымын қолдау қорынан, жеке инвестиция мен жергілікті бюджет есебінен бізде 22 мектептің құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін өңірлермен жұмыс істеп жатырмыз. 7 мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, Білім саласын инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қаржы бөлуді көздеп отырмыз. Қалған 23 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде шешіледі», - дейді ол. фото: ашық дереккөзден Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_163530.txt | Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады | https://abai.kz/post/163530 | "Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады" | "https://abai.kz/post/163530" | 12.01.2023 | Abai.kz | null | TITLE: Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады
URL: https://abai.kz/post/163530
META: "Мемлекет басшысы «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысады" | "https://abai.kz/post/163530"
DATE: 12.01.2023
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 43
TEXT: 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады. Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылғандай, саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_112627.txt | Мауберлинова Президент Әкімшілігіне ауысты | https://abai.kz/post/112627 | "Мауберлинова Президент Әкімшілігіне ауысты" | "https://abai.kz/post/112627" | 15.05.2020 | Abai.kz | null | TITLE: Мауберлинова Президент Әкімшілігіне ауысты
URL: https://abai.kz/post/112627
META: "Мауберлинова Президент Әкімшілігіне ауысты" | "https://abai.kz/post/112627"
DATE: 15.05.2020
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 187
TEXT: Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған Нұргүл Мауберлинова жаңа лауазымға ие болды,- деп хабарлайды Ақорда сайты. - Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада. Айта кетейік, Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1992 ж. – Саран педагогикалық училищесін бітірген. 2000 ж. – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. 2006 ж. – Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Ол еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысының балабақшасында тәрбиеші болып бастаған, кейін Саран қаласындағы №2 орта мектепте қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімі болған. 2006-2008 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы. 2008-2012 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі. 2012-2016 жж. – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі. 2016-2018 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы. 2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың сәуіріне дейін – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі. 2019 жылдың 4 сәуірінен - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Құрмет» орденімен марапатталған. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_17676.txt | «Жас азамат» газетінің төртінші саны | https://abai.kz/post/17676 | "«Жас азамат» газетінің төртінші саны" | "https://abai.kz/post/17676" | 24.09.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: «Жас азамат» газетінің төртінші саны
URL: https://abai.kz/post/17676
META: "«Жас азамат» газетінің төртінші саны" | "https://abai.kz/post/17676"
DATE: 24.09.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1918
TEXT: «Жас азамат» газетінің төртінші саны ЖАС АЗАМАТ Шығарушы: Қошмұхамет Кемеңгерұлы Бастырушы: Алаш серіктігі 4 - сан 19 18 жылғы 25 август Петропавл қ. АЛАШ ҚҰРБАНЫ Алаштың бағланы Отыншы Әлжанұлы қанішер большевиктің оғына ұшты. Мәлік Аманжолұлы жараланды. Жетісу қазағы қырғынға ұшырап жатыр... «Жас азамат» газетінің төртінші саны ЖАС АЗАМАТ Шығарушы: Қошмұхамет Кемеңгерұлы Бастырушы: Алаш серіктігі 4 - сан 19 18 жылғы 25 август Петропавл қ. АЛАШ ҚҰРБАНЫ Алаштың бағланы Отыншы Әлжанұлы қанішер большевиктің оғына ұшты. Мәлік Аманжолұлы жараланды. Жетісу қазағы қырғынға ұшырап жатыр... Мінеки телеграм хабары. Мұнан қайғылы хабар болар ма! Отыншы марқұм Семей облысы Зайсан уезі, Нарын болысына қараған найман. Учительский семинарияны бітіріп, Омбы окружной сотында бірнеше жыл переводчик болғаннан кейін, өз елінің орталығында, Көкпекті қаласындағы школға бастық учитель болып сайланды. Сол кезде 2-Госдума қуылып, 3-інші июнь законы бойынша қазақ халқы депутаттықтан махұрым қалап, қаһарлы үкіметтің қайта күшейіп тұрған шағы еді. Отыншы Зайсан қазақтарының атынан 2-Гос. Думадағы саяси партия бастықтарына телеграмма беріп, қазақ халқының өгейлігін шағып, үкіметтің әділетсіздігіне наразылықпен айтқандығын Петербург газеттерінен оқып едік. Сол күннен бастап, Отыншы бір жағынан елдің балаларын оқытып, бір жағынан қараңғы халқына саясат жолында басшылық ете бастады. Қырағы үкімет еркіне жібермеді, үстінен шағымдар жүріп, Отыншы 1909 жылы Семей абықтысына түсті. Бірнеше ай абақтыда сарғайып, ақырында 5 жылға жер аударылды. Отыншы 5 жылын Жетісу облысындағы Қытайман шектес Лепсі қаласында өткізді. Кесімді күнін бітірген кезде, Еуропа соғысы, онан кейін [1916 жылғы] 25 июнь әлегі басталды. Жетісу елі бүліншілікке ұшырағанын көріп, оқыған басшы азаматтың аздығын сезіп, Отыншы ол елді тастап кете алмады, жанын ортаға салып қызмет етті. Отыншы Жетісу еліне һәм бүкіл Алашқа қандай екендігі мынадай көрінеді: Жетісу елі оны учредительное собраниеге депутат сайлады. Өткен январь[айының] ортасында Орынбор съезінің қаулысын қалай орындау жайын кеңесу үшін, Алматыда Жетісу облысының съезі болды. Отыншы мархұм сол съезге келген еді. Съез тарқағаннан кейін, Отыншының уәжімен Түркістан комитетінің бастығы Шкапский арқылы Жетісуда Алаш милициясын құруға қазынадан 500 мың сом ақша алынып, болшевиктен аулақ тұрған Лепсі казначействосына жіберілді. Алаш милициясын құру қамын қылып, басшы сайлап, енді «Алаш Ордаға» жүремін деп тұрғанда Отыншыны Ыбраһим [Жайнақов], Сатылған [Сабатаев], Шкапскийлер абақтыда тосып алды. Шкапский сабазды большевиктер абақтыда баласымен екеуін атып өлтірді. Отыншылар төрт ай сарғайып, көрмеген бейнетті көріп, өлімнен қалып әрең құтылғандығы «Сары-Арқада» жазылған. Бұлар абақтыдан шыққанша, большевиктер күшейіп, Лепсідегі қазаққа тиген 500 мыңды [ақшаны] алып қойды, жұртқа ойран сала бастады. Отыншы абақтыдан шыққан соң, жолдастарымен бірігіп, елді қырғыннан қалай алып қалу шарасына кірісті. Ұрыжар, Лепсі жағына келіп, ер азамат жинап, большевикпен соғысуға бел байлады. Өткен июль айында мен Отыншының елінде болдым. Сол кезде Отыншы марқұмнан еліне хат келді. Хатта жазған екен: «мұндағы жұрттың басына қиямет-қайым туды, қатын-баламды алып кетіңдер, бұл ел қан жылап, қырғынға ұшырып жатқанда, мен жан сақтап, бұларды тастап кете алмаймын. Өлсем-тірілсем де бірге көремін,» – деп. Бірге көрді: ұлты үшін өлімнен қорыққан жоқ, оқтан тайынған жоқ. Есіл ер Алаш жолында ғазез жанын құрбан қылды. Топырағың торқа, жаның жаннатта болсын, аяулы Отыншы! Ұлтың үшін қан жыладың, қамын жедің, қызықты ғұмырың абақтыда, айдауда өтті. Сонда да тауың шағылмады. Қамалға шаптың, қанға боялдың, қаза таптың, бірақ, «арманда кеттім, Алаш көргенін көре алмадым», деме. Сендей ұл туған ел еш кімнен кем болмас. Хош, бауырым! Міржақып [Дулатұлы] Жан сүйікті жездем Отыншы! Ел – жұртыңды туысқаныңды тастап мәңгі сапарға жөнелдің. Жаңа гүлденіп келе жатқан Алаштың көшбасшы азаматтарға өте мұқтаж уақытында қанішер, жендет большевиктердің қолынан мезгілсіз қаза таптың. Ертеден ел қамын ойлап, Алаш тілегін қолыңа шырақ қылып ұстап едің, сол шырақтан өміріңнің ақтық сағатына шейін айырылмадың. Білім дариясынан сусындауыма, саяси көзімнің ашылуына себепкер болып, ұлтшылдықтың өріне сүйреп едің. Алыста жатсаң да, ақыл-сабағыңды хатпен беріп асқар болып едің. Жұмсақ сөзді, мүләйім жүзді, көркем мінезді қымбат жездем, дидарыңды көре алмадым-ау! Опасыз тағдыр, баянсыз дүние! Мейірімсіз өлім! Амал жоқ... иманың жолдас болсын!!! Қошмұхамет [Кемеңгерұлы]. ОБАДАН САҚТАНЫҢДАР! Жұқпалы ауырулардың ең қорқыныштысы - оба. Бұл жүрген жерінде елді апатқа ұшыратады. Соның үшін, обадан аулақ болуға ел өзін-өзі таза ұстау керек. Әйтпесе, бір кіріп алған соң, қашса да құтылмайды. Аз уақытта жайылып жүре береді. Оба ауыруында өз алдына құрты бар. Сол құрт басқа жанды мақұлық секілді тіршілік қылуына жақсы тамақ, жайлы орын керек. Ондай орынды түрлі жұқпалы ауырудың құрты боқтық, өлімтік, сасық, саз һам басқа нәжістерден табады. Осыларға обаның құрты да иелейді. Оба ауыруы ауырған адамнан, оның кимінен, су һәм тамақ арқылы жұғады. Обаның жүретін ең қолайлы уақыты шілде мен күз. Тазалығы артық жұрттарда оба ауыруы сирек. Ауыру білінген күнде де, жайылып кетпейді. Қарсы дауа жасалып, тез сөндіріледі. Оба, әсіресе, тамағы ашты, арақ-сыра ішкен, қарбыз-қауын жеген адамды сағалайды. Үйі, қорасы, қотаны, су алатын жері, мал суаратын жері таза болмаған елдер обаның ұясы болады. Жоғарыда айтылған нәжістерден обаның құртын бір жерден бір жерге апарып, өрбітетін жаудың бірі - қара шыбын. Қара шыбынның араламайтын жері жоқ. Ауыру адамның қақырығына қонып, ыдысқа яки тамаққа қонса, аяғына жабысқан обаның құртын қалдырады. Обаның белгісі. Оба ауруы біреуде ауыр, біреуде жеңіл болады. Жеңіл ауырған адамның іші өтеді. Бірақ іші аса ауырмайды, ауырмаса да, қарсы дауа қылу керек. Жеңіл оба болып ауырған адам, іші өтсе де, жұмысынан, жүрісінен қалмайтыны болады. Бірақ, ондай ауырғанымен қоймай, басқаларға да жаяды. Қатты ауырған адамның іші өтеді, безгек секілді денесі дірілдейді. Бұл қалыппен бірнеше сағат, көп болса бір сөткеге барып, сонан білай тәуір бола бастайды, не науқас меңдей бастайды. Бұл - анық оба. Кей адам бастапқыда қатты жығылады. Ол уақтында, алғашқы күні түнде, яки таңертең ішкен қою ас батпайды. Дамылсыз іш жүреді һәм құсқысы келе береді. Адамның қиы, құсығы сұйықтанып аға бастайды. Иісі болмайды. Ішінде түйір нәрселер болады. Аяқтың тамыры тартып, қақсатып, дірілдетеді. Тез уақытта адам көзі үңірейіп, мұрны сорайып, жүдейді, денесі суып, терісі көгеріңкі тартады. Несебі тоқтайды. Ауру жаман шөлдейді. Бірақ, не ішсе де сусыны қанбайды, ішкенін құсып тастайды. Бұлайша ауырғанның үштен бірі-ақ өлмейді. Сауығатын жанның іші де, құсығы да тиылып, денесі жылынып, терісінің көгергені қайта бастайды. Егер, ауырған адамның денесі қызып, басы ауырып, беті қызарып, сандырақ пайда болса, сауығады деп сенуге болмайды. Обадан сақтану шаралары. Үйдің ішін, қораны, басқа нәрселерді таза ұстау, ас қылатын судың жақсы-жаманын айырып алу - өте қажет. Ауыз су алатын жерлерді айнала шарбақтап қою керек. Ауыз су алатын жерде киім, жүн, жабағы һәм басқаларды жұмасқа тиіс және мал суару керек емес. Үй ішін аса таза ұстап, әлсін-әлсін сыпырып, қандала, бүрге, бит, тарақан, қара шыбынның болмасына амал істеу керек. Обаның құртын жаятын осылар, нәжістердің көзін жоғалту тиіс. Қалай болса, солай түкіру, қақыру, сіңбіру керек емес. Адам өзінің денесін, кимін таза ұстап, монша болмаса, мөлдір суға түсіп жуынып тұруы керек. Осы жоғардағы шарттарды орнына келтірсе, бар жұқпалы ауырулар аулақ жүреді. Бір ауылда, не бір адамда оба ауыруы білінсе, ол маңайға сау халық қатынас жүріс-тұрысты тоқтатуы тиіс. Жұмысты көп қылып қуатты азайтпай, ұйқыны уақытымен ұйықтауы тиіс. Арақ, сырадай мас қылатын нәрселерден, қайнамаған суды ішуден тыйылу керек, суды қайнатып ішу тиіс. Және сақтанатын нәрселер: квас, шикі сүт, қарбыз, қауын, жидек, бүлдірген һәм басқа жемістер. Әсіресе, толық пісіңкіремегендері қатерлі болады. Егер бір адамның іші ауырса, дәрігерге тез көрсету тиіс. Обаның жабысқаны білінсе, тезден ауруханаға, болмаса дәрігерге апару тиіс. Әйтпесе, жалғыз ауырған адаммен тұрмай, басқаларға да тез жайылып кетуі анық. Ауру ұлғайса, бой бермейді, өртше жайыла бермекші. Ауырған адамды бөлек бір жерге төсек салып, маңайына күтушіден басқа жан бармасын. Ауырған адамның құсығын, қақырық-түкірігін беталды төкпесін. Ауыру жатқан үй ішіне әлсін-әлсін от жағылып тұрсын. Сонда үйдің ауасы тазарады. Аурудың жанында дәрігер келгенше мынадай қылу керек: Дорбаға сүлы, болмаса күл салып, ысытып, аурудың ішіне басу керек. Суыған шай беру керек, бірақ көп ішуден пайда жоқ. Лоқсыған уақытта түйір-түйір мұз жұтқызу керек. Денесі салқындап, құрыстыра бастаса, бір таза шүберекті спиртке малып, сонымен денесін, аяғын ысу керек. Жылындыру үшін ыстық суды бөтелкелерге құйып, жан-жағына қою керек. Не болмаса, бір қапшыққа сұлы салып, қыздырып денесіне күйдірместей басса да, жарайды. Ауырған адамның тамаққа көңілі шапса, күшті тамақ беру жарамайды. Піскен сүт пен шала пісірген жұмыртқа беруге болады. Бірақ, аз беру керек. Обаның қашатын нәрселері: Темекі, ащы сарымсақ, қарамай, карболка, известь һәм алмас. Сондықтан үйдің маңайына қарамай, карболка сеуіп, известь жағып қою керек. Ащы сарымсақ жеп, шылым тартып жүру керек. Біздің қазақтың жұрт жаңалап көше бергені артық. Отырған орынға қақырып-түкірмей, тазалықты баққан жақсы, қашанда болса сақтық керек, сақтансаң -сақтармын деген. Оба ауыруына деп, елдің әр жеріне доктор һәм фельдшерлер шығарылмақшы. Бұлардың қай орында тұратындары жақын арада жарияланады. Науқас белгісін бере бастағаннан-ақ, жоғарғы ел ішінде тұратын дәрігерлерге шапқын жіберіп, аурудың жанына алдыру керек. * * * Троицкіден хат Зейнолла Ишанның үлкен баласы Ғабдырахман қарттың «Алаш Орданы» құттықтап А. Жантәлинге жазған хатын «Жас Азаматқа» басып, көпке ұсынып отырмыз. (Хат мынау). «Ғазиз Ахмет әпенді Жантәлі! Ассалаумағалейкум, уа рахметуллаһи, уа баракату! Марқұм ардақты атамнан қалған ізгі жол бойынша, қашаннан қазақ қандастарымның өз алдына жерлі, автономиялы бір халық болып жасауын тілейтін едім һәм сол жолға қызмет ету ниетімен орны келгенде сөйлейтін де едім. Қазір бір жағдайға шүкір – халықты құр сөзбен жұбатудан, уатып, жұрт үшін көріне білек сыбанып, жұмысқа кірісе бастайтын заманға келіп жеттік. Енді әр жұрттың өз қамын өзіне ойлата бастаған, үстімізге мынадай жынды бір заман келіп қалғанда, «заманына қарай амал қылып» аянбай тырысып қалыңыз, қандас қазақ қарындасым! Бұлайша жанданып, өз алдына ел-жұрт болу қамына кіріскен халық, ол жолдан мал-жанын аяп қалмайды. Ал, аяншақ халық, жұрт қатарына кіре алмай, ақырында барып, жер жүзінен құруы анық. Мұны өткен қауымдардың тарихы растайды. Солай болса, мына үстімізде тұрған пұрсатты (мүмкіндік деген мағынада – ред.) өткізіп жібермей, әскер мен мал қуатын бірге қосып алып, тезден іске кірісуге ыждаһат етулеріңіз жөн. Әр істе өз қуатыңызбен, өз ыждағаттарыңызға ғана таяну керек. Бөтен халықтан жақсылық күтіп, қарап жата беру қате. Бөтеннің бөтенсіткен жайларын көздерің көрген сияқты еді ғой. Ең болмаса, атасы бөлек Николаймен, мына ниеті жаман большевиктердің қылығына бір айналып қарасаңдар, не көргендерің естеріңе сап ете түсер. Ал енді көргендерің анау, заманның түрі мынау болған соң, қазақ қандасымның өз алдына ел-жұрт болып қалуы жөнінде бір ынтымақта болуларын тілеп, өздеріне шын көңілемнен салам оқимын. Жасасын Қырғыз – қазақтың бірлескен жерлі мүхтарияты! Жасасын «Алаш Ордасы!» Ғабдрахман Ибн Әл-шеих Зейнолла расулы. Троицк. 1918 жылғы 4 июль. Басқармадан: Мынау «Алаш Орданы» құттықтап хат жазып отырған белгілі Ишан қарттың баласы. Халыққа қараған Ишан қарттың қазаққа қылған қызметі һам Ғабдрахман қарттың өз қызметінің асыл тегі, біздің халықтың өз алдына ел-жұрт болу қамы үшін екендігі аңғарылып тұр. Біздің халық бұрын Ишан қарттың айтып, ұнатты деген сөзінен шығып көрген жоқ-ты. Мал-жанды «Алаш Ордадан» аямай, өз күшімізге таянып, тезден іске кірісуді өтініп отырған Ғабдрахман қарттың сөзін есі бар қазақ баласы ескерер. Алаштың өз тізгіні өзінде, ордалы халық болуына тілектес болып, хат жазып отырған Ғабдрахман махдұмға ұзын ғұмыр тілейміз. *** ІШКІ ХАБАРЛАР (Газеттерден) Осы күнде Торғай облысының Ташкент темір жолы бойындағы Ақбұлақ, Жайсаң станцияларының бойына Түркістан өлкесіндегі қазақ бауырларымыз шұбырып келіп жатыр. Киерге киім, ішерге тамақ, паналарға орын жоқ. Ашық далада жардамсыз қырылып жатқан көрінеді. «Жығылғанның үстіне жұдырық» дегендей, аш-жалаңаштық үстіне, әр түрлі жұқпалы аурулар тарап, әсіресе осыдан қырылып жатса керек. Басқармадан: былтырдан Түркістан өлкесіндегі туысқандарымыздың қой орнына қырылып жатқанын көре тұрсақ та, басы аман, малы түгел Алаш баласы әлі күнге нықтап жәрдемге кіріскеніміз жоқ. Екінің бірі, егіздің сыңары бауырымызға тиісті жардамымызды айтып, адамшылық, жұртшылық борышымызды өтегеніміз де жоқ. Тиындап жиған жардам мен аштықтан құтылудан кеткен, егер қазақтық қанымыз қайнап, намысқа ұмтылып, туысқандарымызды өлімнен құтқарамыз десек, басқаша жардам айтудың шарасына кірісу керек. Алдымызда қылышын сүйретіп қыс келеді. Суық түсіп кетпей, алдын алып, қалай жардам айту туралы газеттерге жазылса екен. Сол кеңесіп құрған жоба бойынша жәрдемге кірісілсе екен. *** Басқармадан Әр жерлерден «Жас Азаматты» құттықтаған хаттар келіп жатыр. Бәрін түгел басуға газет бетіне симайды һәм уақыт жететін емес. Іріктеп басайық десек, газет қуанышына ортақтасқандарды бір дәрежеге қоймағандық болар деп, құттықтауларды басуды бірінші нөмірмен доғардық. Газетке ықылас-көңілдерін білдіргендерге жалпы тәңір алғысын айтамыз. Қазақ жерінде ашылған жастар ұйымдары өздерінің қысқаша тәжрибе-халдарын баяндап, әдірістерін жіберулерін өтінеміз! «Жас Азамат» газеті мұсылман харіптері аз типографияда басылады. Оның үстіне жаңа қазақ емілесіне қажет харіптер жоқ. Сол себепті кейбір сөздер қате кетеді. Осындай кемшіліктері үшін оқушылардан кешірім сұраймыз. Газеттің сандарын баспаға дайындаған, түсініктерін жазған М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Зарқын Тайшыбай. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_5720.txt | ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында көліктік бақылау шаралары күшейтілді - ККМ | https://abai.kz/post/5720 | "ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында көліктік бақылау шаралары күшейтілді - ККМ" | "https://abai.kz/post/5720" | 17.11.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында көліктік бақылау шаралары күшейтілді - ККМ
URL: https://abai.kz/post/5720
META: "ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында көліктік бақылау шаралары күшейтілді - ККМ" | "https://abai.kz/post/5720"
DATE: 17.11.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 210
TEXT: Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ саммиті қарсаңындакөліктік бақылау шаралары күшейтілді, делінген ҚР көлік және коммуникация министрлігінің(ККМ) хабарламасында. «ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында ККМ-нің көліктік бақылау комитеті автокөлік құралдарымен жолаушылар мен жүк тасымалында, оның ішінде таксомотор құралдарымен тасымалдауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Астана және Қарағанды қалалары аумақтарында бақылау жүргізуді күшейтті», - делінген сәрсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде. Хабарламада атап көрсетілгендей, 15 қарашада Астанаға Павлодар, Қостанай, Шығыс Казақстан және Ақтөбе облыстарынан қосымша мобильді бақылау топтары (жылжымалы бекеттері) тартылды. 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Астана, Қарағанды, Щучинск қалаларының авто- және темір жол вокзалдарында, сонымен қатар Астана және Қарағанды қалаларының әуежайларында ҚР көліктік бақылау органдарының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады. Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ саммиті қарсаңындакөліктік бақылау шаралары күшейтілді, делінген ҚР көлік және коммуникация министрлігінің(ККМ) хабарламасында. «ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында ККМ-нің көліктік бақылау комитеті автокөлік құралдарымен жолаушылар мен жүк тасымалында, оның ішінде таксомотор құралдарымен тасымалдауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Астана және Қарағанды қалалары аумақтарында бақылау жүргізуді күшейтті», - делінген сәрсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде. Хабарламада атап көрсетілгендей, 15 қарашада Астанаға Павлодар, Қостанай, Шығыс Казақстан және Ақтөбе облыстарынан қосымша мобильді бақылау топтары (жылжымалы бекеттері) тартылды. 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Астана, Қарағанды, Щучинск қалаларының авто- және темір жол вокзалдарында, сонымен қатар Астана және Қарағанды қалаларының әуежайларында ҚР көліктік бақылау органдарының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады.
|
qosymsha/abai.kz | post_11267.txt | Курчатовтықтар - өз елінің патриоттары! | https://abai.kz/post/11267 | "Курчатовтықтар - өз елінің патриоттары!" | "https://abai.kz/post/11267" | 02.11.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Курчатовтықтар - өз елінің патриоттары!
URL: https://abai.kz/post/11267
META: "Курчатовтықтар - өз елінің патриоттары!" | "https://abai.kz/post/11267"
DATE: 02.11.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 253
TEXT: 11 қазан күні қалалық Мәдениет Үйінде «Біз - өз еліміздің патриотымыз!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған және кезекті әскери борышын өтеуге шақырылған әскерге аттанушыларға арналған жастар сайысы өтті. Іс-шара қаламыздың 8-ші сынып оқушыларының «Менің елім – Қазақстан!» тақырыбында өлең жолдарын оқумен басталды, содан кейін барлық қатысушылар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындады. Сайысқа барлығы 4 топ қатысты: біреуі – жастар құрама тобы және үшеуі – мектеп оқушыларының тобы. Барлық қатысушылар өздерінің жоғары әртістік қабілетін және патриоттық сезімдерінің биік екенін көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 орта мектептің «Парасат» тобы алды, ал екінші орын №3 орта мектептің «Отан» тобына берілді, үшінші орын жастар құрама тобы «Қазынаға» берілді, сондай-ақ, төртінші орын мектеп-гимназияның «Барыс» тобына берілді. Барлық сайысқа қатысушыларды шың жүректен құттықтаймыз! 11 қазан күні қалалық Мәдениет Үйінде «Біз - өз еліміздің патриотымыз!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған және кезекті әскери борышын өтеуге шақырылған әскерге аттанушыларға арналған жастар сайысы өтті. Іс-шара қаламыздың 8-ші сынып оқушыларының «Менің елім – Қазақстан!» тақырыбында өлең жолдарын оқумен басталды, содан кейін барлық қатысушылар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындады. Сайысқа барлығы 4 топ қатысты: біреуі – жастар құрама тобы және үшеуі – мектеп оқушыларының тобы. Барлық қатысушылар өздерінің жоғары әртістік қабілетін және патриоттық сезімдерінің биік екенін көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 орта мектептің «Парасат» тобы алды, ал екінші орын №3 орта мектептің «Отан» тобына берілді, үшінші орын жастар құрама тобы «Қазынаға» берілді, сондай-ақ, төртінші орын мектеп-гимназияның «Барыс» тобына берілді. Барлық сайысқа қатысушыларды шың жүректен құттықтаймыз! Қала әкімінің баспасөз қызметі http://kurchatov.vko.gov.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_152810.txt | «Қызылағаш қаһарманы» | https://abai.kz/post/152810 | "«Қызылағаш қаһарманы»" | "https://abai.kz/post/152810" | 02.06.2022 | Абай Мауқараұлы | null | TITLE: «Қызылағаш қаһарманы»
URL: https://abai.kz/post/152810
META: "«Қызылағаш қаһарманы»" | "https://abai.kz/post/152810"
DATE: 02.06.2022
AUTHOR(s): Абай Мауқараұлы
TOTAL WORDS: 2072
TEXT: (шетін оқиға) Кезінде дүйім елді дүрліктіріп, әрбір адамның құлағын елеңдеткен, ауыз біткенді сөйлеткен айтулы оқиғалар, кейін жым-жылас ұмыт қалып жатады. Соның бірі, біраз жыл ғана бұрын болған «Қызылағаш қырғыны». Еске түсірейік, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан ағып түсіп Балқаш көліне құятын жеті өзенмен аталған Жетісу өңірі. Іледен кейінгі сол жеті өзеннің екеуі Көксу мен Қаратал Талдықорған қаласының шығыс түстік жағында. Одан кейінгілері Ақсу, Сарқан, Басқан, Лепсі шығыс теріскей тарапқта тізбектеле қатар ағып жатыр. Міне, осы өзендердің аралығындағы Қапал мен Ақсудың ортасында Алматы мен Өскемен күре жолы бойындағы кең төскейде Қызылағаш ауылы бар. Қызылағаш ауылын бүкіл Қазақстанға танытып қана қоймай, әлемдік «Табиғат катаклизмі» бағдарламасында төрткүл дүниеге әйгілі еткен оқиға не еді?! Мылтық атылмай адам өлімдері болған, бомба түспей бір елдімекеннің тұрғын үйлері қирап қалған, адамдар босқындыққа ұшыраған... Әрине, енді еске түседі, биік таудағы жасанды су қоймасынан құлаған алапат су тасқыны, жолындағыны түгел сыпырып-сиырып кеткен дүлей сел! Осыдан келіп «Қызылағаш қырғыны» деген сөз тарады, бұл сөз қаншалықты шындыққа жақын? Қазақы түсінікте «қырғын» деген сөз өте үрейлі, өйткені жүздеген-мыңдаған адамның аз уақытта қырылып қалуы, із-түссіз жоғалуы... яки тұрғындардың мал-мүлкі көз алдында қирап, жоқ болып жарамсыз болуы. Егер, осындай оқиғадан кейін деректі, нақты ақпарат болмаған жағдайда адамдардың бір[1]біріне айтқан «ұзынқұлақ хабары» ілезде жайылғанымен қоймай, удай «тұздықталып», бас шайқатардай «ащыбұрышталып» кететіні бар. Бәлкім содан да болар, «Балқаш көлінің сел барып құйған батпақты жағалауы адам мүрдесі мен малдың жемтігіне толып жатыр, кейбір үйден бір адам да аман қалмаған, сел ағып өткен ауылдың жұртында бұрын қора-қопсы үй болған белгі де жоқ, жым-жылас...» Бұл астым-үстім хабарға елдің күмәнді болғандары мен сенгендері қаншалықты екенін ажыратып айту қиын, қиын болатыны оның таралған ауқымының кеңдігі, жалпылай тарап кеткендігі. Сондықтан, нақты жағдайға көз жеткізудің бір жақсы жолы бар, әрі бірден-бір жолы десе де болады. Ол – соны көзімен көрген жеке куәгермен жолығып, соның айтқанын талқылау ғана. Өйткені, «ұзынқұлақтың хабары» қаншалықты жалпы әрі ауқымды болса, бұндай жеке хабар соншалықты жалқы әрі жететін ауқымы да кең емес. Енді, анандай «ұзынқұлақ хабарға» «ылқа тойып алған» біреуге былай десек, сенер ме, еді? «Түн ортасында ауылға алапат сел кіріп келген кезде, бір үйде екі қария үйден шықпай қалып қойған. Екеуі ағалы-інілі екен, інісі жүре алмайтын аяғы кем де, ағасы жүре алатын тың болса да інісін жалғыз тастауға қимай қасында қалған. Екі қария арасы жарты құлашқа жетер-жетпес ас үстелінің екі жағында біріне-бірі қарма[1]қарсы кеңесіп отырыпты. Сөйтіп, бір кезде дауысы күркіреген үрейлі селдің тасқыны тасыр-тұсыр етіп терезені бұзып-жарып кіріп келген. Отырғандарды қас пен көздің арасында тыныс алуға да келтірмей айдаһар секілді бүктетіле бұлқынған толқын іле жөнелген. Сонда, қарияның үлкені терезенің жақтауынан шап етіп жабыса кетіп селге ақпай қалған, ал дәл алдында отырған әлгі інісін қарала толқын көз ілестірмей бүктеп әкеткен де, үйдің ішіндегі тоңазытқыш, диван, төсек-орын ауыр-жеңіл нәрседен ештеңе қалмаған, терезеге жабысқан қария ғана тірі қалған...» Енді, осы сену де, сенбеу де қиын жалқы хабарды нақты дерекпен айтып көрейік дегем-ді. Үйге терезден кіріп келген айдаһар-селдің аранынан аман қалған адам жасы тоқсаннан асқан Мәді мұғалім деген кісі еді. (Суретте дәл қазіргі кезі) Менің жерлесім, бастауыш мектептегі алғашқы ұстазым. Осы көпті көрген қарт мұғалімнің нақ көзімен көрген сел апатын өз сөзімен баяндап берейік. Ел орынға енді, отыра бастаған кешқұрым кезде көшеде айғай-ұйғай шығып, бір абыр[1]сабыр білінгеніне елегізіп отыр едім, жақын көршінің біреуі үйге асығыс кіріп, ауызғы үйде жүрген кемпіріме бірдеңе айта сала, шығып кеткендей болды. Біраз уақыт өте кемпірім келіп, тұсымыздағы таудан сел түсетін секілді, адамдар жиылып мектептің екінші қабатына шықсын, деп жатыр деген шала-пұшық хабар жекізді. Үйдегілер киім-кешектерін қарбалас киініп, асығыс-үсігіс көшеге қарай жүгірісіп кетті. Ауылдың шет жағындағы інімнің үйіне қарай таяғымды шошаңдатып мен де жөнелдім. Барсам, аяғы кем кәрлік те меңдетіп қалған інім төр алдындағы биік үстелдің жанында жалғыз шошайып отыр екен, мені көріп шешесі келген баладай жалпылдап сөйлеп, мәз[1]мәйрам болып қалды. Қолындағы ұлы мен келіні және немерелері бәрі әлгі мектептің екінші қабатына шығып сақтануға кеткен, дейді. Ұлы болса, бала-шағаны апарып тастап, қайта келіп арқама көтеріп әкетем, деген одан әлі хабар жоқ. Ол келіп мені көтеріп алып жүрсе, сен де бізбен ілесесің ғой, деп көңіл баяғыдай, кәнсерт көретіндей желпініп қояды. Қатер келе жатқаннан қаперсіз, тойға баратын адам секілді көтеріңкі. Үйдің бұрышындағы теледидар сандықшасында фильм сияқты бірдеңе шығып, құлағы мүкіс інім барынша жаңғырықтырып қойыпты. Сол жақ қапталдағы қабырғадағы диванның үстінде балалардың киім-кешегі мен ойыншықтары шашылып жатыр. Теледидарды өшірттім, сыртқа құлақ салдық. Бағанағы айқай-ұйқай сап тиылған, көше тым-тырыс. Осы ел босқа дүрлігіп жүрген жоқ па, сел келсе баяғыда келетін болды ғой, деген бейғам ой да көкейімізге орнығып, жайланып қалғандай болдық. Бір байқасақ, ағалы-інілі екеуіміздің баяғыда басымыздан өткен қауіп-қатерлі оқиғаларды кезектесе айтысып әңгімеміз де өзара жараса бастапты. Мына қасымда отырған ініме шешем жүкті жылы жазда, мен бесіктен әлі шықпаған бір жасқа енді толатын кезімде, түйемен жайлауға көшіппіз. Тулайты жайлауының тіреме басына бартын жолда асты шыңырау, арынды өзен ағып жатқан қысаң-қия тар соқпақ болыпты. Атты адам да, жүкті түйе де әупірімдеп өтеді, басқа барар жер, жүрер жол жоқ. Шешем түйелі көшті жетелеп алда болған, бесік өңгеруге жөні жоқ, күні таяған, содан бесіктегі мені ең артқы түйенің үстіндегі жүкке таңып қойған екен. Тізбектелген түйелі көш қияның дәл ортан беліне барған, шыңыраудың нақ тұсына келгенде көштегі түйелер кимелесіп қалады. Талай-талай өткен қиын жолдан кәрі атандар барынша сақтықпен табан тіреп, тырп етпей тоқтай қалып, қашан алдыңғы түйелер бұйдасын созып жүргенше тоқырайтын аз мезет бар. Бірақ, ең соңғы бесік таңылған жас іңген кілт тоқтай алмағандықтан алдыңғы түйеге кимелеген сәтте, артқы аяғы қатар қия жолдан шығып мүлт кетсе керек. Көзді ашып-жұмғанша бұйдасы үзіліп төмендегі көз көрім шыңырауға жүк тиелген, бесік таңған інген сорлы, сатыр-күдір құлап жөнелген. Осы көштің артынан өкшелей келе жатқан тағы бір көшті жетелеген әйелдің көз алдында балалы бесік таңылған түйенің төмендегі құзға ұшып кеткені үрейін ұшырғаны сонша «Құлаған түйемен бірге Мәдіні бөлеген бесік бірге кетті!» деп шырқыраған дауысы сайды жаңғыртып, артта мал айдап келе жатқан аттылардың құлағына анық шалынады. Олар да жалма-жан ат басын кері бұрып сай табанына жедел жетуге жанталасып қой-сиыр айдаған тақыр жолдың шаңын бұрқырата өлген-тірілгендеріне қарамай құйындата шабады. От көсегендей қысқа уақытта сай табанына сатырлатып келіп түскен жігіттер құлаған түйенің тұсы сонау жоғарыда қалғанын шалт пайымдап, ақ өркештене тулай ағып жатқан тау өзенін жалт-жұлт ете тінте қарап, жіті бақылаған сәтте дәл тұстарына таман таяп қопаңдап ағып келе жатқан бесікті көреді. «Бесікті қалай ұстау керек!?» Өзенге жаяу түссең бесік ұстамақ түгіл өзің қоса кетесің! Атпен түсуге өзен арнасындағы иін тіресіп жатқан қойдай-қойдай жұмыр тастар жол бермейді, ат аттап баса алмайды! Амал құрығандай... Өзеннің жайдақ жеріне дейін әлі екі-үш шақырым бар, оған дейін ішіндегі сәби не болады! Осындай арып-таласқан ойдан үш-төрт жігіт не істерге білмей тұрған сәтте дәл тұстарына таяп, көз алдына келген бесікті анық байқайды. Бесікті орай жабылған көрпеше сол қалпында, ашылып-сиырылмаған. Бір жасқа таяп қалған бала бұлқына-бұлқына қол-бауы шешіліп кетіп бесіктен салақтай қалса, сыртқа шығып қалмауға қам жасаған шешесі көрпешені барынша тұмшалай таңғаны мәлім. Әйтеуір, сәби суға кетпеген, бесіктің ішінде екені анық болды. Жеңіл тал бесік, қайықтан бір кем емес, өркеш-өркеш тасқындардың жоғары-төмен аласұрған жылдам ағысымен зымырай жүзіп келеді. Енді бір сәтте, дәл алдарынан да зу етіп өте шықпақ. Жан қысылды, амал түгесілді. Тосып тұрған жігіттердің дәл тұсына таяған сәтте өзеннің қақ ортасындағы ұзынынан сұлап жатқан алып ақ өгіз іспетті үлкен жұмыр тасқа тіке келіп соғылған бесік тіреле тоқырады. Арт-артынан келген көбікті тасқын тастың екі жағына жарыла ағып бесік қалт-қалт етіп тасқа сүйеніп тұрды. Қас-қағымдай қарманып қалар сәт! Бесік жоғарыдан көрінгенде-ақ, атының шылбырын беліне қазықбау шала тас қып байлап тұрған қаршығадай шағын денелі Қоспақ суға қарай көз ілеспейтін жылдамдықпен атылып барып бесікті бас салды. Мұндай шалт қимылды ілезде ұққан жігіттер де, шылбырды шірене, осқыра шегінген атты сағалдырықтан шап бере ұстап тырп еткізбей ұстай алды. Қалған екеуі Қоспақ байланған шылбырды апыр-топыр тартып, су жағасына да жалма-жан шығарып әкелді. Қоспақтың қолы бесіктің арқалығы мен имек басына тастай жабысқан екен, сірескен саусақтарын әзер жазды. Су сіңген бесіктің жабынды көрпешесін шешкенде тұрған жігіттер бір мезет таңдана қарап тұрды да, соңында мәз-мәйрам қарқылдай күлісіп кетті. Бір жасар Мәді түйемен бірге таудан құлағынынан да, өзенге аққанынан тіпті бейқабар секілді, ішіне су кірмеген сәл дымқыл тартқан бесікте қәнен-қаперсіз, пыс-пыс ұйықтап жатыр. Мәді өзі бұл жайлы еш білмейтін, басынан кешкен осы қатерлі жағдайды бесік қуғандардың ішінде болған немере ағасы Жаскерей қолмен қойғандай айтып бергені, сондай қос қатерден де аман қалғанын еске алып тағы бір жаңғыртып өткені осы еді. Жоқ, осы әңгімені айтқан кезде қатерден аман қалғаны бұл ғана емес екені, ес біліп жігіт болған, жас жасап егде тартқан кезінде де өте көп қатерден аман қалғаны көз алдынан тізіліп өтті. Жиырма жасында әскерге барып, қыста үш әскер шекара сызығын атпен шолып келе жатқан күні ақбұрқақ боранға ұшырап бір-бірінен адасқанда, Мәдінің аты қорымға түсіп, өзі түйеқорымның үңгіріне құлап, ертеңінде кеште іздеуден табылған үшеуден үсімей тірі табылған жалғыз өзі еді. Мектеп мұғалімі болып жүріп, қырық жасқа таяған кезде биік таудан ағаш-отын артқан жүк мәшиненің кабинасында келе жатып, тежегіші ұстамай төмен қарай оқтай атылған көлік тау етегіне дейін сау-тамтығы қалмай қирап, дөңбектер тау төскейіне түгел шашылып, мәшине маторы бір жақта, кузобы бір жақта, кабина өз алдына доп-домалақ доп секілді болып қалғанда аяқ салып отыратын аядай қуыста тырнағы да сынбай сап-сау қалғаны тағы бар. Қариялық жасқа келген кезде жазғы демалыста жайлауға шығып, ауыл ақсақалдарымен бірге қымыз ішіп қыдырып келе жатқанда, Қобданың аяқ астынан соғатын құтырық құйыны жақын қалған ауылдың сыртындағы қызылала палатка-шатырды ұшырғанынан астарындағы аттары тасыр-тұсыр, құны-перен жалт беріп үріккенде бейғам келе жатқан Мәді атынан аунай құлап, бір аяғы үзеңгіде кетіп, текпіленген атпен бірге сүйретіледі. Енді, ердің де аттан сыпырылмайтынын, аяғы да үзеңгіден шықпайтынын шалт түйсінген Мәкең, үріккен аттың артқы санынан шап беріп ұстап, құшақтай орап жабыса кеткен. Қанша үріксе де, артқы санына жабысып алған ауырлықтан аты әбден талығып, титықтап тоқтағанда, артынан қуғыншылар келгенше тері тамшылай қалшылдап тұрған аттан қолын айырмай, тағы да мертік-шартықсыз сау қалған-ды. О, есте қалғаны, қалмағыны бар тағы қаншама ұсақ, кесек қатерден аман қалғанын айтып тауыса алмас... Осы әңгімелерін Мәкең тұрғыластарына кезі келгенде талай айтқан-ды. Бәрінің сұрайтыны «Әй, айтатын дұғаң бар шығар бізге де айтсаңшы!» дейтін. Сонда, шешесі жарықтықтың құлағына үнемі құйған, өзі қалт жібермей орындаған аманат сөзін еске алатын. «Қарғам, қайда жүрсеңде дәретің болсын, аяқ-асты пәледен періштең қорғап жүреді» дейтін. Бұған өз басы күмән келтірген емес, енді де тоқсанға келген жасында мына сел апатын тосып отырғанда туған інісіне тағы соны ескертейін деп, ауызын аша бергені сол еді... тыныс алуға да келтірмей гүр ете түскен, күркіреген үрейлі дыбыспен бірге дәл тұстарындағы терезеден ақбасты алашұбар айдаһар секілді тасқын арс етіп кіріп келді. Жарма пластик терезе қақ айырыла ашылғанда, өзінің маңдай тұсына сарт етіп келген терезенің тұтқасына қолы іліне кеткенін ғана сезді, сол сәт келесі қолын да қабат әкеліп сіресе қалғаны есінде. Тас аралас мұздай тасқын-су үй-ішіне тола ышқынып, көз алдында көрініп тұрған нәрселер ілезде жоқ болды. Қолы ербең етіп, қараң еткен дәл алдында отырған інісін көзі бір шалып қалғаны, өзі жандәрмен «Мағааай!» деп, барынша ышқына айқайлағаны есінде қалды. Мәді қария мына ойға симайтын сұмдық апаттан әрі көз алдында туған інісінің қол созым жерде отырып алапат селге жұтылып кеткен сұмдық көріністен есінен айырылып талып кеткен. Есін шала-шарпы бір жиғанда өзінің белуардан сулы батпаққа оралып тұрғанын терезе тұтқасына жабысқан қолдары шегеленгендей тастай қатып қалғанын қалты-мұлты пайымдайды. Е, өлген деген осы екен ғой, деп тәуекелге бел буып күбірлеп кеберсіген еріндерін жыбырлатып дұға оқыйды. Қайта талып кеткен екен, қанша уақыт өткені белгісіз тағы бір шала-шарпы есі кіргенде дабырлап кірген біреулердің терезеге жабысқан қолын босата алмай жатқанын білді. Мәді қарияның селден аман қалғаны ду болып бүкіл туған-туыс, жерлестерінің құлағына жетті. Бәрі де «қырық жыл қырғын болса да ажалы жетпесе өлмейді» деген қазақтың нақыл сөзімен тұжырым жасап жатты. Алайда, бұл жойқын апаттан осылайша аман қалуының нақты тетігін ешкім тап басып айта алмады. Там-үйін тасқын басып өзі апат болған інісінің мүрдесі кең ауланың түкпірінен селдің топырақ-тасының арасынан табылды. Терезені жарып кірген сел тасқыны үйдің ішіндегі бүкіл затты сиырып-сыпырып есіктен шығарып әкеткені ғажап, құдды жанды, ақылды мақұлықтай іс істеген. Сөйте тұра, тоқсандағы қарияға күші жетпеген, бәлкім әдейі қалдырып кеткен... Мәді ақсақал талай қатерден аман қалып, тоқсан жасында жолыққан мына сұрапыл апаттың мән-жайына ақылы жетпейтін секілді, ерекше ештеңе де айта алмайды. Өзін елден ерек та санамайды.Тек, ауылдың ортасындағы мешіттің дін аман қаланы екі жағындағы үйлерді сел тасқыны бұзып әкетсе де, мешіт іргесіне таямағанын таңдана айтып қояды. Өзінің он жылдан аса уақыт бауыр басқан там-үйі мен қора-жайы да жым-жылас жоқ болыпты. Тіпті, бұл жұртта бұрын үй-жай болмағандай тасқын-селдің құмдақ іздері ғана айғыз-айғыз болып жатыр. Және, Қызылағаш тұрғындарынан қанша адам селден қаза болғанын да анық айта алмайды. Бәлкім онша көп емес, өйткені тұрғындардың көбі екі қабатты мектепке қорғалып, кейбірі басқа жаққа қашып үлгергені мәлім еді. Алайда, мен қаламгер ретінде жерлес ақсақалымды «Қызылағаш қаһарманы» деп атағанды жөн көріп, шағын естелік-эссе жаздым. Қызылағаш ауылынан арыдағы өзім тұрған Сарқан ауданына барған кезімде жол үстіндегі ауылдың жаңадан қатарлап салынған үйлері «Мұнда сел болған жоқ» дегендей көзге жылыұшырап тұрды. Мәді ақсақал, апат болған сәттегі қорқынышты еске салатын елдімекенде енді, тұруға дәті жетпейтінін біліп Алматыға қоныс аударған-ды. Абай Мауқараұлы, жазушы-журналист Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_136716.txt | Жаңаөзенде жұмысшылар наразылық білдіруде | https://abai.kz/post/136716 | "Жаңаөзенде жұмысшылар наразылық білдіруде" | "https://abai.kz/post/136716" | 16.07.2021 | Abai.kz | null | TITLE: Жаңаөзенде жұмысшылар наразылық білдіруде
URL: https://abai.kz/post/136716
META: "Жаңаөзенде жұмысшылар наразылық білдіруде" | "https://abai.kz/post/136716"
DATE: 16.07.2021
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 187
TEXT: Жаңаөзенде «KMG Security» компаниясының 300-ге тарта жұмысшысы наразылыққа шықты. «ӨзенМұнайГаз» компаниясының өндіріс ошақтарын күзететін жұмысшылар басшылық тез арада жалақыны көбейтіп берсін деп талап етіп отыр. Келіспеген жағдайда барлығы бір ауыздан жұмысқа шығудан бас тартады. Бұл туралы arasha.kz сайты мәлімдеді. «KMG Security» компаниясының 300-ге жуық күзетшісі кеңсе алдына жиналып, талаптарын айтты. Олар жалақымыз кемінде 150 мың теңгеге көтерілмей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Сондай-ақ әрбір мереке сайын қосымша сыйақы төлеуді талап етеді. Айтуларынша, азық-түлік қымбаттағалы азғантай ғана айлықтары ештеңеге жетпей қалған. Күзет кеңсесін қоршауға алған наразы топ басшылық шығып, жауап берсін деп тұрып алды. Бірақ қызметкерлерімен тілдесіп, төбе көрсеткен ешкім болмады.Тіпті мекеменің табалдырығын аттау да мүмкін болмаған. Ақыры, шұғыл жиналыстан қазір ғана шыққанын айтып, көп күттірген компания директоры да келді. Ол жұмысшылардың арызы орынды дейді. Айтуынша, айлық жалақыларын көтеру мәселесі де қаралыпты. “Жігіттерге арыз жазыңдар, бірақ жұмыстарыңнан қалмаңдар дедім. Бұл сұрақтар Астана арқылы шешіледі. Көбінің екінші жұмыстары бар. Бұларға тәулікпен істеген ыңғайлы. Директордың айтуынша, бұл мәселе бұған дейін де көтеріліпті. Бірақ дәл жалақыны көтеретін кезде елді індет жайлап, кейінге шегерілген екен”, – дейді «KMG-Security» ЖШС директоры Аман Темірәлиев. Ал ашуға булыққан күзетшілер айлық өспей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_115760.txt | Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады | https://abai.kz/post/115760 | "Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады" | "https://abai.kz/post/115760" | 03.07.2020 | Abai.kz | null | TITLE: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады
URL: https://abai.kz/post/115760
META: "Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады" | "https://abai.kz/post/115760"
DATE: 03.07.2020
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 663
TEXT: Қазақстанның бұрынғы президенті, қазіргі Қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына үндеу жолдады. Елбасының үндеуі «Егемен Қазақстан» гәзетінде жарияланыпты. Біз аталған үндеудің толық мәтінін оқырман назарына ұсынып отырмыз... Қымбатты отандастар! Қадірлі достар! Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайы жанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті. Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін. Олардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Заид Әл Нахаян, Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Армен Саркисян, Украина Президенті Владимир Зеленский, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Пәкстан Президенті Ариф Алви, Израиль Президенті Реувен Ривлин, Сербия Президенті Александр Вучич, Хорватия Президенті Зоран Миланович және т.б. бар. Бәрін түгел атап шығу мүмкін емес, бірақ мен олардың барлығының жолдаған хат-хабарымен таныстым. Қымбатты достар, сіздердің шын көңілден шыққан тілектеріңіз, ыстық ықыластарыңыз маған күш беріп, өмірге құлшыныс-қуатымды арттырды. Баршаңызға басымды иіп, зор денсаулық пен табыс тілеймін! Мен еліміздің көптеген өндіріс ұжымдарынан, еңбек ардагерлерінен, әскери қызметшілерден, студенттер мен оқушылардан – өз қолдауы мен тілектестіктерін жеткізіп, маған мықты денсаулық тілеп, толық сауығып кетуіме ниеттестік білдірген көп қазақстандықтардан хаттар мен жеделхаттар, сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы жолданған хат-хабарлар алдым. Маған шынайы жанашырлығы мен қолдауын ғылыми қоғамдастық пен шығармашылық зиялы қауымның өкілдері де білдіргенін ризашылықпен айта кеткім келеді. Олардың арасында Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова, Бибігүл Төлегенова, Төрегелді Шарманов, Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтұлы, Жандарбек Мәлібеков, Талғат Теменов және басқа да Қазақстанға кеңінен танымал қайраткерлер болды. Менің атыма Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Илья Ильин, Әлия Юсупова, Зарина Диас сияқты белгілі спортшыларымыз ізгі тілектерін білдірді. Баршаңызға көп рахмет айтамын! Мен бәріңізді де білемін. Сіздер және басқа да жастар – тәуелсіздік перзенттерісіздер. Денсаулық пен бақыт тілеймін! Дәрігерлердің күш-жігері және олардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-ақ баршаның қолдауы мен жылы сөздерінің арқасында мен сырқаттан сауығып шықтым, қазір өзімді жақсы сезінемін, толыққанды жұмысқа кіріскелі отырмын. Халқыммен бірге бұл сырқаттың бүкіл ауыртпашылығын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайрат және тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын сағат. Сырқатпен күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбегіне баға жетпейді – мұны қазіргі уақыт айқын көрсетіп отыр. Болашақта да отандық денсаулық сақтау саласына баса көңіл аударып, оны дамытуға қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу керек. Осы орайлы сәтте еліміздің медицина қызметкерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін. Естеріңізде болар, тәуелсіздіктің бастапқы жылдары менің шешіміммен арнаулы Ұлттық қор құрылып, алтын-валюта резерві жасалды. Бұл бізге әлемдік екі бірдей дағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді және сол қаражат қазір Үкіметке пандемияға қарсы ауқымды жұмыс пен тұрмысы төмендерге қолдау көрсету барысында көмегін тигізуде. Егер алдағы уақытта оны ақылмен, үнемдеп пайдалана білсек, өзге сын-қатерлерді де тиімді еңсере аламыз. Қазақстанның басқа елдер алдында қарызы ең төмен мемлекеттің бірі екені де біздің артықшылығымыз. Еліміздің Президенті мен Үкіметі қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Бірақ көп нәрсе өзімізге байланысты. Дәрігерлер біз үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда бұл ауруды жұқтырудан сақтану көбінесе әр адамның өзіне байланысты. Төзімді болу керек, әсіресе жастарға. Қажетті гигиена талаптарын орындап, тезірек вакцина пайда боларына үміттене отырып, ауру жұқтырудан барынша ұзағырақ уақыт сау болуға тырысқан жөн. Тәртіп сақтап, өз денсаулығымызды, туған-туыстар мен жақындардың амандығын ойлауымыз қажет, дәрігерлерге сену керек. Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Біздің ұранымыз осы. Барлық отандастарымызға мықты денсаулық пен игілік, елімізге бақ-береке тілеймін! Нұрсұлтан Назарбаев Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_102563.txt | Тәуелсіздік күні бар, бірақ әлі мереке жоқ! | https://abai.kz/post/102563 | "Тәуелсіздік күні бар, бірақ әлі мереке жоқ!" | "https://abai.kz/post/102563" | 19.12.2019 | Шыңғыс Мұқан | null | TITLE: Тәуелсіздік күні бар, бірақ әлі мереке жоқ!
URL: https://abai.kz/post/102563
META: "Тәуелсіздік күні бар, бірақ әлі мереке жоқ!" | "https://abai.kz/post/102563"
DATE: 19.12.2019
AUTHOR(s): Шыңғыс Мұқан
TOTAL WORDS: 356
TEXT: Менің көріп жүрген елдерім көбіне христиан дінін ұстанатын мемлекеттер. Олар жаңа жылды емес, көбіне Рождествоны, ағылшынша айтсақ. Кристмасты күтеді. Католиктер мен протестанттардың Кристмасы 25 желтоқсанда келеді. Ресми жыл санаумен қатарлас. Христостың туған күні жыл басы болған соң, олардың тойлауы орынды. Ал бізге келсек, мемлекет үшін мерекенің маңызы жоғары. Жалпы, мереке - халықты біріктіретін фактор. Ал енді қай мереке деген сұраққа келсек, бұл жағы идеологиялық сұрақ. Мемлекет қай құндылыққа басымдық береді, сол мереке кең көлемде аталып өтеді. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, Қазақстандағы ең ұлық мереке - Тәуелсіздік күні. Бірақ бұл күннің алдына неге Жаңа жыл түсіп кетіп жүр? Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, өкімет әлі де болса бұл мерекеге күш сала алмай отыр. Екіншіден, халықтың қалауын да ескеру керек. "Ана мерекені көбірек атап өт, мынаған мән берме" деп ешкімге нұсқау бере алмайсыз. Тәуелсіздік күнін халық асыға күту үшін бір мерекелік нышандар керек. Балалар жаңа жылды неге күтеді? Сыйлық алады. Үшіншіден, тарихи астар. Жаңа жыл мерекесін атап өте бастағанымызға ғасырдан асқан болар. Әр отбасында дәстүр қалыптасып үлгерді. "С легким паром" сияқты кинолар арқылы, яғни мәдениет пен өнер арқылы қазақ қоғамына орнықты. Ал тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жатқанымызға қанша уақыт болды? Тәуелсіздікті мерекелеудің қандай дәстүрін қалыптастырдық? Айталық, жаңа жылда шырша тігіп, оливье жейміз, наурызда киіз үй тігіп, наурыз көже ішеміз. Ал тәуелсіздік күнінде не істейміз? Өзіңіз айтыңызшы. Сондықтан тәуелсіздікті мерекелеудің адамның бес түйсігіне әсер ететін нышандарын қалыптастыру үшін біраз елдің тәжірибесін зерттеп, тұжырымдамасын жасауымыз керек. Әлі санамызға орнықпаған мерекені "шыршаны тәуелсіздік мерекесінен кейін қойыңдар" деген сыңайлы күлкілі көрінетін күштеу арқылы жүректерге жол тапқызу орынсыз. Төртіншіден, психологиялық жағдай. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт дегеніміз не? Бұл - болашақ. Яғни жаңа жылды атап өту арқылы халық болашақтан үміт күтеді. Келер жылға тілек айтамыз. Жаңа жылды Тәуелсіздік күнімен салыстыру арқылы соңғысының тұғырын көтере алмаймыз. Әр мерекенің халыққа берер ерекше эмоциясы бар. Жаңа жыл - қалыптасқан мереке. Онымен бәсеклесіп қажеті жоқ. Одан да Тәуелсіздік күнін адамдарға қажет басқа эмоция сыйлайтын мерекеге айналдыруды ойластырғанымыз жөн. Бесіншіден, маркетингтің маңызын атап өткен жөн. Кез келген мереке идеология ғана емес, маркетинг, бизнеске серпін беретін күн. Міне, осы бес себептің басын тоғыстыра алсақ қана Тәуелсіздік күні мереке ретінде қоғамнан өз орнын табады. Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі парақшасынан Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_12995.txt | Сирия 10 сәуірден кешіктірмей Аннанның жоспарын орындауға кіріспек | https://abai.kz/post/12995 | "Сирия 10 сәуірден кешіктірмей Аннанның жоспарын орындауға кіріспек" | "https://abai.kz/post/12995" | 03.04.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Сирия 10 сәуірден кешіктірмей Аннанның жоспарын орындауға кіріспек
URL: https://abai.kz/post/12995
META: "Сирия 10 сәуірден кешіктірмей Аннанның жоспарын орындауға кіріспек" | "https://abai.kz/post/12995"
DATE: 03.04.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 176
TEXT: БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Кофи Аннан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Дамаскідегілер 10 сәуірден кешіктірмей бейбіт реттеу жөніндегі өз жоспарының бір бөлігін орындауға кірісуге дайын екендіктерін білдірді деп мәлімдеді. Бұл туралы батыс ақпарат қөұралдары дипломатиялық дереккөздерге сілтеме келтіре отырып мәлімдеді. К.Аннанның айтуынша, 10 сәуірден бастап Сириядағы қарсыластардың әскери іс-қимылдарын тоқтатуға 48 сағат уақыты болмақ. Сонымен қатар, 10 сәуірге дейін Сирия әскерлері қаладан барлық ауыр қару-жарақ пен әскерлерді әкетуі тиіс. Бұрын хабароланғандай, К.Аннан дүйсенбі күні бейнеконференция барысынлда Қауіпсіздік кеңесін өзінің жұмыс барысы туралы құлағдар етті. Бұл шараға журналситер жіберілмеді. kaz.gazeta.kz БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Кофи Аннан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Дамаскідегілер 10 сәуірден кешіктірмей бейбіт реттеу жөніндегі өз жоспарының бір бөлігін орындауға кірісуге дайын екендіктерін білдірді деп мәлімдеді. Бұл туралы батыс ақпарат қөұралдары дипломатиялық дереккөздерге сілтеме келтіре отырып мәлімдеді. К.Аннанның айтуынша, 10 сәуірден бастап Сириядағы қарсыластардың әскери іс-қимылдарын тоқтатуға 48 сағат уақыты болмақ. Сонымен қатар, 10 сәуірге дейін Сирия әскерлері қаладан барлық ауыр қару-жарақ пен әскерлерді әкетуі тиіс. Бұрын хабароланғандай, К.Аннан дүйсенбі күні бейнеконференция барысынлда Қауіпсіздік кеңесін өзінің жұмыс барысы туралы құлағдар етті. Бұл шараға журналситер жіберілмеді. kaz.gazeta.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_5091.txt | Снадин Асылбек. Бүгінігі ЖАsTAR келбеті және оған мінездеме | https://abai.kz/post/5091 | "Снадин Асылбек. Бүгінігі ЖАsTAR келбеті және оған мінездеме" | "https://abai.kz/post/5091" | 12.10.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Снадин Асылбек. Бүгінігі ЖАsTAR келбеті және оған мінездеме
URL: https://abai.kz/post/5091
META: "Снадин Асылбек. Бүгінігі ЖАsTAR келбеті және оған мінездеме" | "https://abai.kz/post/5091"
DATE: 12.10.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1041
TEXT: Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер болсақ екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса , яғни оны қоғамдық десек те болады, ал екіншісі жастардың өзінің қөзқарасы болып табылады. Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, қызығы жастар, бүгінгі қазақ жастары, өздері жайында қандай пікірде екені!? Тек қана осы тағылымы мен тағдыры қатар ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?! Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер болсақ екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса , яғни оны қоғамдық десек те болады, ал екіншісі жастардың өзінің қөзқарасы болып табылады. Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, қызығы жастар, бүгінгі қазақ жастары, өздері жайында қандай пікірде екені!? Тек қана осы тағылымы мен тағдыры қатар ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?! Осы арада бірнеше қызықты парадокстарға кезігеміз. Біріншіден бүгінгі жастар психикалық - моральдық тұрғыдан инфантильді болып табылады. Таң қалуға болатын жағдай жастар есеюге асығары жоқ. Оларды қорқытатыны ересек өмірдің жауапкершілігі, яғни бүгінгі қазақ жастарында ересек өмірге деген, есеюге деген фобияның бар екендігін байқаймыз. Мысалы, мектепті бітірген түлек, енді өзінің бәсекелестік жоғары ортаға түсетіні және онда өзінің интеллектуальды немесе тұлғалық қажеттілігін дәлелдеуі жайында қорқынышпен ойлайды. Әрине, өмірге деген көзқарастар сан - алуан. Көп жағдайда олар қоршаған ортасына сай қалыптасатыны хақ. Жанұяның алдыңғы орында тұрар факторлардың бірегейі екені де анық, алайда ақпаратты және ментальды ортаның жылдан - жылға беретін әсерінің де жоғары екенін ұмыт қалдырмау керек. Жанұя мен қоршаған қоғам ұсынған өмірлік құндылықтар, сан - алуан ақпараттар әсерінен өзгерістерге ұшыраған, нақтылар болсақ мұны бір ақпараттық фантом десек те болар,ақиқатында елес қана болып табылатын. Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек аз ғана күш салсаң бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды. Ал шынтуайтындағы өмірдің алғашқы қиыншылықтарына кезіккенде, яғни оның ұзақ әрі қиын жол екенін ұққан уақытта, қайдан екені белгіз таң қалушылық пайда болады , соңында қоғамдық пессемизмге жалғасатын. Немесе мүлдем керісінше, жастар өзінің қалағанын алу үшін керек десеңіз заңды да бұзарға дайын болатын түсінік түрі. Ал мұнің барлығы қылмыстың көбеюіне жол ашып, қоғамға моральды өзгерістер әкеледі. Және аталған жайттардың барлығына себеп, сыртқы әсер. Ал енді сол әсерлердің атын атап түсін түстер болар болсақ?! Барлығы да оп-оңай Ватсон, демекші барлығыда шынымен де оңай, сенбесеңіз саралап көрейік?! Мысалы, MTV телеканалының 1997-98 жылдардан бастап, бүгінгі таңға дейнгі ерен еңбегінің арқасында, еліміздің бірнеше толқын ұрпағына берген әсерін еске алар болсақ, керемет, эффект! Мойындаймыз! Масқара! Қараңыз сан жылдардың арнайы зерттеулерінің нәтежиесі не дейді? Басым көпшілік , 13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV- дің арқасында алғаш цензуралы емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандырын және жыныстық қатынас сұрақтарын алға қоя бастағандарын мойындап отыр. Алайда бұл, айсбергтің төбесі ғана. MTV- дағы жыныстық характердегі ашық клиптер және фильмдер, телеканал жүргізушілерінің сөйлесу стильдері, диджейлер өмірі, олардың сленгтері мен әзілдері, жабық түрдегі агрессия ретінде жастарға үлкен әсер бергені анық. Телеканалдың статустық характеріне келер болсақ, заман талабына сай жастарға (продвинутый) өмірлік стиль,образ қалыптастыруының индикаторы болып отыр, неге десеңіз, ұнаған персонаж немесе тренд болып табылатын батырыңызды осы жерден көшіре аласыз. Сау түсінікке сәйкестірсек, ағайынды Юктердің «Будь крутым с MTV!», яғни «MTVмен бірге крутой бол!» деген әзілі күнделікті өміріңізде кездесіп, түсінбей қалсаңыз, онда ол ортадан автоматты түрде шықтыңыз, ауылбай аутсайдерсіз! MTV салған сандалбайлыққа, кеше қосылған «Камеди клаб» әскерін қосыңыз. Камедишілердің де бүгінде құны жоғары болып тұр. Дәлел, көшірмесінің тез таралуында, сөз бе сөз. Бульдогтар мен Незлобиндердің сандырағы сан мың доллар тұратыны сөзсіз, бүгінгідей аудиториямен. Өкініштісі мен қорқытатыны барлығы жеңіл және көңілді жасалғанында. Қысқаша айтқанда, көңілді, әзіл айтып, билеп, ән айтып жүріп ақымақтанып жатырмыз. Мазалайтыны да осы, ақымақтанудың артында тығылып оның бауыры сананы билеу мен еркіндіктен айрылу тұрғандай. Интеллектуалды еркіндігімізден сан қолдың қошеметімен,овацияның астында айрылып барамыз. Әрине , MTV мен Камеди клаб жай ғана көрсеткіш мысал ғана. Иә, барлығы басынан ойластырылған, барлығы нарықтық қатынастардың қатал заңына сай, алайда таңдандыратыны біз барлығына қарсы тұра аламыз, біздің иммунитетіміз, тарихымыз тереңде, күшіміз жетеді дегеніміз қайда?! Ең қорқыныштысы өмірлік құндылықтардың өзгеріп жатқанында, дұрыс болып табылатын адами қарым қатынастар бүгінде, бұрыс болып қалыптасуда, жай ғана бұрыс. Ал, теледидардан ағылағанның барлығы дерлік қазір эталон. Мысалға, « факультет» сынды сериалдар қандай эталон қалыптастырды? Студенттік өмір ол дегеніңіз күнделікті қыдырыс пен мейрам деген ба?! Ал , экзаменге дайындықтың абзалы түнгі клубқа барып, аздап анашадан көріп қайту деген ба?! Бүгінгінің эталоны қыздарға «cool girl», жігіттерге «мачо»! Аталған эталондардың, үлкенін сыйлап, кішісіне ізет көрсетіп, «ибалы қыз» бен «инабатты келін» тәрбиелеген қазақ қоғамына жат екеніне көз жеткізу үшін ақылдылықтың көзілдірігінен қараудың қажеті жоқ. Себебі, Бритни Спирс «инабатты келін» емес немесе Перис Хилтон «ибалы қыз» емес! Не себептен жаттың жағымсыз өмір сүру образы, біздің қоғамымызды жайлап кетті?! Жоғарыда аталған жайттардың барлығын бір нүктеге жинап, нақты портрет жасап көрсек, бүгінгі жастарға тән үш жағдайды атауға болады. Олар біріншіден гедонизм,конформизм және де практицизм. Алғашқысынан бастар болсақ, гедонистік құрылымдар атап кеткенімдей жалпы таң қалу, тосырқап қалу содан туындайтын моральдық деградация, яғни бұл өзгерістерге әкеліп соқтырады. Жастардың аталған мінезіне болжамды баға берер болсақ, болашақта бұлар патриоттық сезімнің төмендеуіне, шектен тыс космополитизм секілді келеңсіз жайттарға әкелуі әбден мүмкін. Былайша айтқанда, мұндай жастардан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, жай ғана дауыс болып қалатын, бизнесмендер өсіп шығады. Көзқарастардың конформизмі де өз кезегінде жастарды саяси сауатсыз болып, жауапкершіліксіз болып өсуіне, қалыптасуына, яғни пайдадан зиянға айналуы мүмкін фактордың бірі. Барлығына бірдей «пұл болмасаң, күл бол» деп қарау да қателік. Ал практицизмге келер болсақ, нарықтық қатынастар жастарды бұл құбылыспен де таныстырды. Бір жағынан уақыт талабы дұрыс ақ?! Алайда практицизмнен шығатын, мәселелер аз емес. Айта кетер болсақ, болашаққа деген үмітсіздік, арманшыл жастар, бүгінде армандау ақымақтың ермегі дегенді алға тартады. Ал армансыз адам, қанатсыз құс секілді екенін ата бабамыз айтпа па еді, ақырында армандап ғарышқа да жол ашпадық емес пе еді?! Қазір қалай, тек өз пайдасын ойлаған, біртектес түсініктен жаралған роботтар секілді. Жастығында жалындап арман қумаған,қиялдамаған адамнан глобальды ойлай алатын азамат шығады дегенге мен сенгім жоқ. Тағы да айтар болсақ, нақ осы практицизм, жаңашылдықтың, жаңа идеяларға жол бермейтін ортасы болып табылады. Ойымды бір түйінге түйсем... Қорқатыным бүгінгі жеткен жетістік, жасалған жол, жиылған еңбек, ертең елеусіз қалмаса екен,ешкімге керексіз боп. Үмітттендіретін ˗ ауыл жақтан шыққан түтін, асаудың аузында ойнаған қарабала. Сенетінім ˗ елім деген ер мен ерім деген жар. P.S. менің бұл мақаламды, сараптамамды мен атаған, анықтауға тырысқан топтан емес, көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жасы оқитына сенімдімін. www.platon.kz сайтынан
|
qosymsha/abai.kz | post_17176.txt | Түтіннен басталған экологиялық проблеманың соңы адамға келіп тіреледі | https://abai.kz/post/17176 | "Түтіннен басталған экологиялық проблеманың соңы адамға келіп тіреледі" | "https://abai.kz/post/17176" | 06.06.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Түтіннен басталған экологиялық проблеманың соңы адамға келіп тіреледі
URL: https://abai.kz/post/17176
META: "Түтіннен басталған экологиялық проблеманың соңы адамға келіп тіреледі" | "https://abai.kz/post/17176"
DATE: 06.06.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 3552
TEXT: Арамызда үндемей жүріп, үлкен жұмыстарды бітіретін асыл жандар бар. Солардың бірі әрі бірегейі Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғылымдарының докторы, профессор Абдуали Баешов. Ол Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институтының Электрохимиялық технологиялар зертханасының меңгерушісі. Отандық химия ғылымын дамытуда қосқан үлесі орасан зор. Ашқан ғылыми жаңалықтары үшін құзырлы орыннан алған жүз алпысқа жуық патенті мен шетел ғылыми орталықтары жоғары бағалаған марапаттаулар соның айғағы іспетті. Жуырда белгілі ғалыммен сұхбаттасудың сәті түсті. Енді соны оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. – Абдуали аға, химия ғылымы көп салалы. Сіз еңбек ететін институт соның қай саласында зерттеулер жүргізіп жатыр? – Біздің институт химия ғылымының үлкен бір саласы – органикалық катализ және электрохимиямен айналысады. Дүние жүзінде төрт-ақ катализ зерттеу институты бар. Солардың екеуі ғана ТМД елдерінде. Атап айтсам Новосібір мен Алматыда ғана. Екеуі алыс шетелдерде. Ал электрохимия институты Орта Азияда тек Қазақстанда. Ресейде осындай екі институт жұмыс істейді. Мәскеуде А.Н.Фрумкин атындағы физика-химия және электрохимия институты мен Екатеринбург қаласындағы жоғары температура электрохимия институты. Арамызда үндемей жүріп, үлкен жұмыстарды бітіретін асыл жандар бар. Солардың бірі әрі бірегейі Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғылымдарының докторы, профессор Абдуали Баешов. Ол Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институтының Электрохимиялық технологиялар зертханасының меңгерушісі. Отандық химия ғылымын дамытуда қосқан үлесі орасан зор. Ашқан ғылыми жаңалықтары үшін құзырлы орыннан алған жүз алпысқа жуық патенті мен шетел ғылыми орталықтары жоғары бағалаған марапаттаулар соның айғағы іспетті. Жуырда белгілі ғалыммен сұхбаттасудың сәті түсті. Енді соны оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. – Абдуали аға, химия ғылымы көп салалы. Сіз еңбек ететін институт соның қай саласында зерттеулер жүргізіп жатыр? – Біздің институт химия ғылымының үлкен бір саласы – органикалық катализ және электрохимиямен айналысады. Дүние жүзінде төрт-ақ катализ зерттеу институты бар. Солардың екеуі ғана ТМД елдерінде. Атап айтсам Новосібір мен Алматыда ғана. Екеуі алыс шетелдерде. Ал электрохимия институты Орта Азияда тек Қазақстанда. Ресейде осындай екі институт жұмыс істейді. Мәскеуде А.Н.Фрумкин атындағы физика-химия және электрохимия институты мен Екатеринбург қаласындағы жоғары температура электрохимия институты. Катализатор деген өте керемет нәрсе. Мысал ретінде айтар болсам кішкентай қамыр ашытқысы немесе сүтті ұйытатын қатық бар емес пе, катализатор да сондай. Бірақ бұлар биологиялық тұрғыда болады. Мен мұны жұртқа түсінікті болу үшін катализаторға ұқсас ретінде алып айтып отырмын. Химиялық реакциялар кішкентай ғана катализатор болса жүріп кетеді. Құрамында катализатор бар реакцияның жылдамдығы мың, миллион есе артып, 100, 200, 300 градусқа төмен жүреді. Егер ол болмаса, тіптен жүрмейді. Катализатордың қазір теориясы толық жасалмаған. Кабинетте отырып кез-келген нәрсені айту қиын. Тіптен зерттелген обьектілердің өзін де әбден көз жеткізбей катализатор болады деу екіталай. Химияда термодинамика деген бір сала бар. Бір басқа затпен әсерлесе ме, әсерлеспей ме; әсерлескен жағдайда реакция жақсы жүре ме, әлде жәй жүре ме? Соның бәрін айтатын термодинамика да химия ғылымының бір саласы. Өткен ғасырдың бас кезінде Гиббс атты ғалым термодинамиканың негізгі заңын ашқан. Гиббс энергиясы деген түсінік содан қалса керек. Кабинетте отырып-ақ термодинамиканың бүкіл заңдылықтарына сүйеніп, реакцияның жүретінін не, жүрмейтінін есептеп табуға болатындығын көрсеткен. Ол: «Зерттеу жұмыстарының не керегі бар? Мұны есептеп-ақ реакцияның жүретінін не, жүрмейтінін анықтауға болады ғой», – дейді екен. Сол Гиббс энергиясы реакция туралы мәліметті тек идеалды жағдайда ғана болатынын айтып берген. Бұл ешқандай қоспа жоқ инертті ортада әрбір ионның активтілігі 1-ге тең болған жағдайда ғана екен. Содан кейін қарасақ, барлық кезде кабинетте отырып есептеген нәрсеңізге 50-50 пайыз реакция жүруі де, жүрмеуі де мүмкін. Себебі негізгі химиялық реакциялардан басқа бірнеше реакциялардың жүруі мүмкін. Реакцияға түсейін деп жатқан заттың бетінде кішкентай бір пленка болса, ол бүкіл реакцияны жүргізбей тастайды. Сол Гиббс энергиясымен адамдар бәрін шештік, бәрін білдік деп жүрген. Кейін олай болмай шықты. Қазір химияда одан да қызықты нәрселер байқалып жатыр. Нобель сыйлығының лауреаты Ландау деген ғұлама ғалым кабинетте отырып, гелийдің шектен тыс сұйық қасиетке ие болатынын есептеп шығарыпты. Ол кезде сұйық гелий де болмаған. Ондай сұйық өте төмен температурада қалыптасады деген. Сол кезде ондай температураны алу да мүмкін емес еді. Бірақ Ландау алдын-ала есептеп кеткен. Содан кейін бірнеше ондаған жылдардан кейін Ландаудың есебі расталып, гелийдің шынында да өте төменгі температурадан кейін шексіз сұйық жағдайға өтіп кететіні белгілі болды. Осындай да есептеулер бар. Алайда сондай есептеулердің дұрыс емес жақтары да кездеседі. Біз күнделікті тұрмыста алюминийден жасалған қасық, кастрюль секілді бұйымдарды тұтынамыз. Теория тұрғысынан қарасаңыз, ыстық көжені ішіп болғанша қолыңыздағы қасық та, кастрюль де еріп кету керек. Бұл Гиббстің формуласы бойынша есептелгенде. Бірақ сол бұйымдарды адамдар бірнеше жыл бойына қолданып келеді емес пе? Себебі алюминий бетінде өте жұқа оксид қабаты пайда болады екен. Бұл қабат өте тығыз және металл бетіне жақсы жабысқан. Ол болмаса алюминийдің өзі суда сол сәтте-ақ еріп кететіні анық. Ал ауада сол сәтте-ақ оттегімен тотығып кетуі керек. Көзге көрінбейтін, өте жұқа 20-30 нанометр оксид қабаты алюминийді бүлінуден сақтап қалады. Теорияда барлық мәселені ескеру мүмкін емес. Ал зерттеу жұмысының жөні бөлек. Зерттеу бүкіл эксперименттің патшасы. Ақырғы нүктені сол қояды. Біз беталды әуре болмау үшін теория түрінде жүруі мүмкін бе, мүмкін емес пе есептеп аламыз. Теория түрінде жүруі мүмкін емес болса, ол негізінде әурешілік болар еді. Ал біз ондай есептеумен тоқтамаймыз. Міндетті түрде зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Титан деген металл бар. Бұл металл не ерімейді, не оңайлықпен балқымайды. Тек 2500 градуста балқытуға болады. Қаттылығы соншалық – не кесілмейді, не тесілмейді. Бірақ оның да бір жері мүжіліп, бір жері қажалады. Сондай металдан жасалынған үлкен бір қондырғы ары қарай жарамай қалады. Не істеу керек? Егер оны ерітсек, бұл металдың көптеген қосылыстарын алуға болар еді. Оның бәрі пайдалы. Оның титан гидрокциді сондай-ақ титанил сульфат амоний сияқты қосылыстары бар. Сол амоний тұзымен тері илесе өте жақсы. Бұл тұздың адам ағзасына залалы жоқ. Ал қазір қолданылып жүрген хром қосылыстары өте зиян. Сонымен түрік ағайындар кезінде осы жерде тері илемекші болған. Бірақ біздің экологтар оған жол бермей қойды. Титанның кейбір қосылыстары катализатор қызметін атқарады. Ал үш валентті тұздары өте күшті тотықсыздандырғыштар. Ең қызығы, титанды термодинамика тұрғысынан қарасаңыз суда оңай еріп кетуі керек. Ол қышқылда ерімейді, сілтіде, тіптен патша қышқылында да ерімейді. Термодинамика тұрғысынан ол алюминий сияқты оңай еруі керек. Бірақ оның бетіндегі оксид пленкасы еруден сақтап қалады. Теория тұрғысынан қарасаңыз, еріп кетуі керек, ал практика тұрғысынан еш ерімейді. Токқа жалғасаңыз да ерімейді. Соны біз өндірістік жиілігі 50 герц айнымалы ток әсерімен байқап көрдік. Осы кәдуілгі шамды жағатын тоқпен. Бұрын айнымалы тоқ өтсе, ешқандай да электрохимиялық реакция жүрмейді деп есептеп келген. Бізге келіп тұрған айнымалы ток секундына бірде минус, бірде плюс болып елу рет өзгереді. Ал біз сонда да осыны бір байқап көрейікші деп айнымалы токты титанға жалғасақ, қант секілді ериді екен. Себебі айнымалы токтың катот жартылай периодында оксид пленкасы жойылады. Солай ешкім еріте алмаған металл титанды біз ерітіп, оның қосылыстарын бөлектеп алуға болатынын дәлелдедік. Бұл ғылыми жұмысымыз кезінде патенттелді. Қазір енді осыны өндіріске ендіріп, титанның тұздарын және де басқа қосылыстарын алсақ деп отырмыз. Өзбекстандағы Сейдеқұрал Токтаев деген академиктің мәліметіне ден қойсақ, республикада жүз мың тонна титан жинақталып қалған. Олар сол титаннан ештеңе шығара алмай отырған жайы бар. Қаттылығы соншалық, өндіріске пайдаланып, қажетті құрал жасайын десе не кесілмейді, не тесілмейді. Өйткені ғарыш кемелерінің көптеген бөлшектерін содан жасайды. Енді олар біздің жұмысқа қызығып отыр. Ең бастысы, титанды ерітіп, тұздарын алу ғой. Ары қарай басқа қосылыстарын оңай ала беруге болады. Титан гидрокциді деген қосылыс бар. Бұл ең күшті сорбент. Мысалы, суды сол арқылы өткізсеңіз, өте таза болып шығады. Титанның диоксиді қосылысы бар. Одан өте сапалы ақ бояу дайындайды. – Өзбекстанда соншама титан пайдасыз болып жатыр екен. Ал біздің республикада ше? Біздің республикада да пайдаланбай жатқан титандар қаншама. Алайда бізде титаннан көп детальдар жасайды. Титанды күшті құралдармен жонады. Қаншама жонылған қоқым, қаншама металл қалдықтары тау болып үйіліп жатыр. Әр нәрсенің шірімеуі, бүлінбеуі де проблема туғызады екен. Анау дүкендерде сатылатын сулардың құтылары ше?! Кемедегі туристер босаған құтыларды теңізге лақтырып тастамай ма. Акулалар мен дельфиндер кейде соларды жұтып жібергенде желбезегінде тұрып қалады екен. Сөйтіп бір пластик құтының өзі жылына бірнеше дельфинді өлтіреді екен. Титан да сол құтылар секілді. Сыртындағы жұқа сақтағыш қабаты оның ұзақ жылдар бойына шіруіне жол бермейді. Біз сол титанды айнымалы ток арқылы ерітіп, қосылыстарын алдық. Айнымалы токты басқа да металдарға қолдандық. Атап айтсам, алюминийді айнымалы токпен ерітіп, тұзын алдық. Бұл су тазалау үшін де аса қажет болып шықты. Кез келген қаланың суын тазалау үшін алюминий, не темірдің тұзын қосу керек. Суды тазалап жатқан кезде өте ұсақ түйіршіктер пайда болады. Түйіршіктер не сүзілмейді, не тұнбайды. Солардан тазарту үшін міндетті түрде алюминийдің, не темірдің тұзын қосу керек. – Осы тәсілдеріңізді қазір өндірісте қолдана ма? – Қолданылып жатыр. Бірақ біздікі емес. Ресейден, Қытайдан әкеліп жатыр. Алюминий мен титанның тұзын «Коагулянт» деп атайды. Бұл кез-келген суды тап-таза етіп шығарады. Біз өзіміздікін шығарып беруге дайынбыз. Бұрын алюминийді еріте алмаушы едік, енді айнымалы токпен ерітетін амалын таптық. Темірдің екі түрі бар. Біріншісі, тот баспайтын темір де, екіншісі кәдуілгі темір. Кәдімгі темірдің құрамында көміртегіден басқа түк те жоқ. Соны ерітіп, бір тазалап алсақ, Қазақстанға қажетті су тазалайтын «Коагулянт» қанша керек болса, соншасын су тазалайтын электр станция арқылы пайдаға асыра аламыз. Суды түсті металл иондарынан және органикалық заттардан тазалау бізде қалыптасқан жұмыстар. Біз оларға ерекше беті дамыған түйіршікті электроттарды қолданамыз. Менің бұл жөнінде «Экология және суды тазалау проблемалары» деген кітабым бар. Жоғарғы оқу орындары оқулық ретінде қолданылып келеді. – Экология саласында да біраз ғылыми еңбектеріңіз барын ғалымдардан естіп жүрміз. Түркістандағы Қазақ-түрік университетінің тұңғыш ашылған факультетіне бірнеше жыл декан болып, жоқтан бар жасап, оқу жүйесін қалыптастырып берген екенсіз... – Экологиямен көп жылдардан бері айналысып келемін. Бірнеше оқулықтар жаздым. Экология – біздің болашағымыз. Бізде қазір ауа, су, топырақ таза емес. Егер осыларды қазірден бастап шешпесек, кейін адамдар өміріне аса қауіп туғызары хақ. – Сіздіңше бұл әлемдік түйінді мәселені шешудің жолдары қандай? Алыстан мысал іздемей-ақ, Алматыны алайықшы. Мына Көктөбеге шықсаңыз қала үстінде көк түтіннің тұнып тұрғанын көресіз. Қарлығаш деген тазалықты сүйетін киелі құс екен. Соңғы он-он бес жылдан бері Алматыдан көрінбейтін болды. Ал қаладан қырық шақырым жердегі ауылдарға барсаңыз, ұя салып, балапандарын ұшырып жүр. – Бір жылы былай болды. Балқаш қаласының ағаштарында мүлде жапырақ қалмады. Жапырақтың бәрін құрт жеп қойған. Бұл қалай болған деңіз. Экология деген табиғаттағы барлық нәрсенің бір-бірімен теңесуі. Балқаштың комбинаты улы газдар шығарады. Сол газдан құрт жейтін торғайлар ағаштарға жоламай қаладан тысқары кеткен. Содан құрттар көбейіп кетіпті. Балқашта осындай жағдай екі жылдай көрініс берді. Экология деген не? Оған менің «Экология негіздері» деген оқулығымда анықтама бар. «Экология – биосферадағы тепе-теңдікті жан-жақты қарастыратын, оның бұзылуының себептерін болжайтын және анықтайтын, сонымен қатар тепе-теңдіктен ауытқудың, қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы». Биосферада тепе-теңдік сақталуы керек. Табиғаттағы тепе-теңдік бұзылса, экологиялық проблемалар шығады деген сөз. Күнделікті өмірден қарапайым бір мысал. Бір көлді алайықшы. Бұрын онда балықтың бірнеше түрі болған. Көлге өзендерден су ағып келіп жатады. Маңайдағы өндіріс орындары жуынды қалдықтарын өзенге ағызады. Соның салдарынан балықтардың бірнеше түрі жойылып, бір түрі мүлдем азаяды да, қалғандары ауруға шалдығады. Өзендегі судың тепе-теңдігі бұзылғаны, көлдегі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғып отыр. Зауыт түтін шығарып жатыр. Түтіннің зиянды бөліктері жерге түседі. Содан шөп уланады. Сол шөпті мал жейді. Малдың етін адам жейді. Түтіннен басталған экологиялық проблеманың соңы адамға келіп тіреледі. Табиғатта бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Зардабы бәріне тиеді. Жалпы экология мәселесінде біз зертханалық жағдайда электрохимиялық әдіспен сұйықты, су мен газды тазалайтын, қатты заттарды залалсыздандыратын, одан пайдалы заттар алатын көптеген нәтижелі жұмыстар жасадық. – Айтыңызшы, Алматыны көк түтіннен тазартып, экологиялық жағдайын жақсартуға бола ма? – Әрине, болады. Қаланың ауа бассейнін бүлдіріп жатқан көліктердің түтіні. Қалада жарты миллиондай автокөліктер бар. Олар күніне жалпы есеппен пәленбай тонна бензин жағып, көміртегі оксид газына өтіп кетіп жатыр. Одан басқа көмір оксиді (СО) деген газ бар. Бұл өте улы газ. Оның үстіне азоттың оксидтері бар. Бізді уландырып жатқан сол машиналардан шыққан түтіндер. Сол түтіндерді залалсыздандыруға болады. Біздің институтта кезінде сол улы түтіндерді залалсыздандыратын нейтрализатор жасалынған. Шетелдерде бензин тазалығына үлкен талап қойылады. Оларда «Еуропа-4» пен «Еуропа-5» деген бар. Олар солармен жұмыс істейді. Ал бізде бензин сапасы нашар. Содан соң оларда автокөліктердің бәріне нейтрализатор қойылған. Түтін сол аппарат арқылы өтеді. Сол кезде оның тотықпағаны тотығады. Түтіннің ең қауіптісі олардың тотықпаған түрлері. Соны катализатор арқылы тотықтырып отырады. Біз бензин сапасын еуропалық стандартқа келтірсек, барлық көліктерге нейтрализатор қойсақ, Алматының жағдайы бірден жақсарар еді. – Сол құрылғыларды неге бізде қолданбасқа? – Тасмағанбетов қалаға әкім болып тұрған кезінде, «Нейтрализатор қолданбаған машиналар жүрмесін» деген пәрмен бермекші болды. Бірақ он кісі ауысып кеткен соң ондай шешім қабылданбады. Біз кезінде нейтрализаторларды бірнеше мыңдап шығардық. Ал мына метрода біз жасаған нейтрализаторлар жұмыс істеуде. Жақын шетелдердің де тапсырыстарын орындап жатырмыз. Біз ол құрылғыны темір негізінде жасаймыз. Өйткені жолымыздың сапасы нашар. Ал Еуропада керамика негізінде жасайды. Оларда жол тегіс. Сондықтан керамика болса да сынбайды. Оларды біздің жолда қолдана алмайсың. Тез сынып қалады. – Республика Президенті Н.Назарбаев дамыған елу елдің қатарына қосылғанымызды айтты. Демек біздің әлеуетіміз артты деген сөз. Отандық ғылымды дамыту да қолға алынып, қомақты қаржы бөлініп жатқанынан жұрт хабардар. – Рас, отандық ғылымға қаражат жақсы бөлініп жатыр. Республика Президентіне, Үкіметке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алайда сол мол қаражат тиісті орындарын тауып жатыр ма? Бар гәп сонда. Кейінгі 6-7 жылда республикамызда отызға жуық физикалық, химиялық және де басқа зертханалар ашылды. «Сіздер сол зертханаларға барып, жұмыс істеп тұрасыздар», – дейді. Елбасы ғылымға шындап қолдау білдіруде, ал кейінгі буындағылар оны бұрмалап жіберетін сияқты. Отандық ғылымды көтереміз десек, әуелі жұмысты шын ғалымдарды қолдаудан бастау керек. Қысқасы, зертхананы нағыз ғалымдарға арнап ашып беру керек. Сталин кезінде Иоффе, Капицаға, Павлов, Курчатов секілді белгілі ғалымдарға арнайы зерттеу институттарын ашып берген. Сөз орайы келгенде айта кетейін. Бірде теледидарды ашып қалсам, академик Павлов сөйлеп жатыр екен. Ол Қазан төңкерісі кезінде көп ғалымдардың шетелдерге қашып кеткенін, өзінің ешқайда табан аудармай, отанда қалғанын айта келіп, ғалым болған соң төңкеріс жасаушыларды ара-тұра сынап қоятынын да жасырған жоқ. Қасындағы ғалымдарды НКВД-нің адамдары ұстай бастаған кезде ғана қоғам туралы өз пікірін ашық айтудан тартынып қалған. Сондай қиын күндердің бірінде оны Сталин шақыртады. Бойын күдік билеп, қорқа соғып, қабылдауына барады. Алайда Сталин оны жылы қабылдап: «Біз сіздің төңкеріс туралы не айтып жүргеніңізді жақсы білеміз. Дегенмен, сіз жақсы физиолог ғалымсыз. Біз сізге Мәскеу маңынан үлкен институт ашып беруді ұйғарып отырмыз. Сіздің алаңсыз жұмыс істеуіңізге бар мүмкіндіктер жасалынады. Отанға сіздің ғылыми жаңалықтарыңыз керек», – дейді. Арада екі жыл өткенде Павлов басқарған үлкен ғылыми-зерттеу институты жұмыс істей бастаған. Сол кезде де ғылымда алаяқтар болған. Олар үлкен бір жаңалықты өздерінің атына жазып, Нобель сыйлығына ұсынады. Ал тізімде Павлов жоқ. Нобель комитетінің авторлықты анықтайтын комиссиясы оны мұқият қарап, жаңалық олардікі емес, Павловтың идеясынан туындағанын біліп, сыйлықты соған берген. Сталиннің басқалардан артықшылығы нағыз ғалымдарды тауып, қолдағанында. Зертханалардың басында нағыз ғұлама ғалымдар тұруы керек. Мысалға катализ туралы зерттеу жұмыстарының бәрін бізге берсе, дұрыс болар еді. Барлық жұмыстарды өзіміз жүйелеп отырар едік. Республиканың Қарағанды, Шымкент секілді бірқатар қалаларында катализбен айналысатын зертханалар бар. Егер сол катализге бөлінген қаражатты әр зертханаға шашып жібермей, бұрыннан айналысып келе жатқан ғалымдарға беріп, қаражат білікті мамандар арқылы ары қарай бөлінсе жақсы. Ал қазір сол зертханалардың басындағы шенеуніктер біздің жұмыстарымызға рецензия береді. Мысалға мен химияда өз саламнан басқа салаға сын айтсам, оның дұрыс бола қоюы екіталай. Өйткені мен ол саланы жете білмейтінім анық. Үкімет ғылымға қомақты қаражат бөліп отыр. Қазір ғалымдар аш емес. Бірақ тоқ деп те айта алмаймын. Айлық табыстарын шетел ғалымдарымен салыстыруға мүлдем келмейді. Олар ай сайын 5-тен 10 мың долларға дейін алады. Олардың зертханаларындағы құрал-жабдық приборлары заманауи талаптарға сай. Ал біз бұрынғы қондырғылармен істеп жүрміз. Ескі приборлар. Әрине түскен қаражатқа қарап, біз де там-тұмдап алып жатырмыз. Бұл кейбір ғалымдадың желеуіне жақсы болды. «Жаңа прибор жоқ», – деп қол қусырып қарап отыр. Негізінде үлкен идеяларды, заңдылықтарды, кең ауқымды жұмыстарды қазіргі электронды микроскопсыз да, қазіргі компьютерсіз де жасауға болады. Біздің қазіргі қолданып жатқан, бірақ бұрын ашылған ғылыми жетістіктеріміз осындай электронды микроскоптың, компьютердің жоқ кезінде жасалынды ғой. Мысалға бұрынғы ғалымдар Айға дейінгі қашықтықты қарапайым прибор және қаламсаппен есептеп шығарды. Дыбыс пен жарықтың жылдамдығын да сол кезде-ақ есептеп қойған. Білікті ғалым болмаса, жаңа прибор қондырғыларымен де түк шығара алмайды. Ал түйсігі жоқ ғалымсымақтар сол күрделі прибормен қабырғаға шеге қағады. Нағыз ғалым кәдуілгі балға, шегемен-ақ үлкен сарай салады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың алға жылжуы тікелей білікті ғалымдарға байланысты. Таза ғалым жемқорлықпен айналыспайды. Бар уақытын ізденістерге жұмсайды. – Химия ғылымдарының атасы Менделеев те элементтерді қарапайым зерттеулерімен ашып, біразын алдын-ала болжаған екен. – Ғалымның басында жаңа идеялар болуы шарт. Таза ғалым әр іске жаңаша көзқараспен қарап, оны ары қарай дамытып отырады. Ғылым бір орнында тұрып қалмайды, үздіксіз дамып отырады. Қазақстанда тау-кен рудалары көп. Солардан металды қалай бөліп алып жүр. Әуелі кенді жер астынан қазып алып, ұнтақтап, флотациялық әдіспен байытады. Онда кенді ұн сияқты майдалап, әртүрлі қоспалар қосып, сумен араластырып, ауамен үрлейді. Сонда құрамында металл бар сульфидті түйіршіктер су бетіне қалқып шығады, сол кезде бөліп алады. Солай кеннің құрамындағы бар минералдың қырық-сексен пайызын жинап алады. Бұл тәсіл өндірісте жүз жылдан бері қолданылып келеді. Дүние жүзіндегі өндіріс осылай байытудан әлі шыға алмай келе жатыр. Айта кететін бір жай, бұл тәсіл тек құрамында күкірт бар сульфитті рудаларды ғана бөліп шығарады. Ал басқа тотыққан түрлері таспен қосылып, қалдық түрінде жарамсыз болып қалады. Осыдан енді үлкен түйткіл туып отыр. Тотыққан минералдардан металды қалай бөліп алу керек? Қазір бұрынғы шахталарға барсаңыз, таудай болып үйіліп жатқан қалдықтарды көресіз. Мұның өзі үлкен мәселе. Оның үстіне қазір жаңадан тотыққан рудалар табылуда. БАМ магистралі бойындағы Удаканда бүкіл дүние жүзінің тоқсан пайыз мысы тотыққан түрінде жатыр. Неге? Өйткені флотациялық байыту әдісі арқылы оны бөліп ала алмайды. Кейбір байыту комбинатында сол рудаға қышқыл құйып, металды ғана бөледі. Ал құрамындағы алтын, күміс, темір т. б. қымбат элементтер қалып қояды. Сондықтан бұл тәсіл пайдалы емес. Бектұрғанов деген ғалым болған еді. Сол кісі құрамында бір пайыз мыс бар рудаға күкірт қосып, автоклавта (жабық ыдыста) бекітіп, 200 С-ға дейін үлкен қысымда қыздырған. Сол кезде әлгі тотыққан минералдар, сульфитті минералдарға айналып кеткен. Енді мұны бұрынғы тәсілмен ары қарай алып кете беруге болады. Бірақ Бектұрғановтың бұл тәсілі экономикалық жағынан өте қымбат. Былайша айтқанда, өте жоғары температурада қыздыру тиімсіз. Бұл мәселемен мен де айналысып, көп ізденістер жасадым. Ақыры бөлме температурасында тотыққан минералды сульфитке айналдыратын әдісті таптым. Бұл жаңалақ Кеңес өкіметі құлардың алдында ғана ашылды. Мәскеу мен Ленинградтың айтулы ғалымдары көріп, тиімділігін мойындаған. Біз солай үлкен, түйінді мәселені шештік. Ендігі мақсатымыз алдағы уақытта бұл тәсілді өндіріске ендіру. Әл-Фараби бабамыздан қалған бір ұлағатты сөз бар. «Ғалымы жоқ, ғылымы жоқ елдің болашағы жоқ». Бұл үлкен көрегендік. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өте қиын болғанын жұрт жақсы біледі. Ғылым Академиясын қаржыландыру қиынға түскен соң, Үкімет таратуға мәжбүр болды. Енді міне, етек-жеңімізді жинап, дамыған елу елдің қатарына қосылдық деп отырмыз. Технолгогияны қашанғы шет елдерден қымбат бағаға сатып ала береміз. Олар ескісін бермесе, заманауи жаңа технологиясын бізге ешқашанда сатпайды. Үкімет соны түсініп, енді отандық ғылымға көңіл бөліп отыр. Астанадан қазіргі талап деңгейіне жауап береді деп үміт күттіріп отырған Назарбаев университеті ашылды. – Қазір энергетика үлкен проблемаға айналды. Бұл жөнінде сіздерде қандай ғылыми жаңалықтар бар? – Иә, қазір бұл ең басты мәселеге айналды. Түркияның қонақ үйлеріне қай уақытта келсеңіз де, ваннасында ыстық суы дайын. Олар сол суын жылытып тұрған энергия қуатын орталық қазандыққа көмір немесе жанар-жағар май жағып алып жатқан жоқ. Күннің сәулесін жылу энергиясына айналдырып отыр. Қазір күн сәулесінің жылуынан ток алу бағытындағы зерттеу жұмыстары бізде де жайлап жүріп жатыр. Алайда экологиялық жағынан таза демесеңіз, қазіргі кезде күннің сәулесінен ток алу көмір жағып ток алудан да қымбатқа түсіп отыр. Бізде күн сәулесіне қаратып қойған панельдер бар. Бұл технологияны өте таза кремнийден жасайды. Оны өте жоғары температурада қыздыру арқылы алады. Сондықтан да қымбат. Пленка түріндегі сол кремний күн сәулесін токқа айналдырады. Оның үстіне мұның әлі де жетіспей жатқан жақтары бар. Панель пленкалар күндіз ток бергенімен, түнде бермейді. Ол қызған кезде ауада тотыға бастайды. Уақыт өткен сайын құрамы кеміп отырады. Сондай-ақ ауада шаң бар. Сол шаң панельдерді басып, қуаттылығын кеміте береді. Қатты дауылдарда бір-біріне жалғанған жіңішке желілерінің бірі үзіліп кетсе, бәрі түгел істен шығады. Мұндай энергияның керемет істейтін жері ғарыш. Онда шаң да, жел де жоқ, төменгі температура. Мен елімізде күн сәулесінің жылу энергиясынан және геотермальді судан ток алу бағытында ғылыми ізденістер жасап жатқан республикада жалғыз адаммын. Токтан жылу алу оп-оңай. Кез-келген кедергіге ток жіберіңізші, ол жыли бастайды. Ал сол жылудан ток алынбайды. Сталин өткен ғасырдың елуінші жылдарының басында Иоффе, Курчатов, Капица секілді ғалымдарды қабылдап, атом электр станциясынан алынған жылуды бірден токка айналдырыңыздар деп Ленинградтан арнайы ғылыми институт ашып берген. Бірақ ғалымдар оны шешетін әдіс таппағандықтан, токты бұрынғы тәсілдермен алып келді. Суды қыздырып, бу шығарады. Ал бу генераторды айналдырып, ток береді. Жүз жыл бұрынғы тәсіл. Содан да ғалымдар жылуды бірден токқа айналдыру мүмкін емес деп келген. Мен электрохимиялық заңдылықтарды қолдана отырып, қазір жылудан ток алып отырмын. Зертханада ашқан сол жаңалығыма Қазақстан Республикасының патентін және инновациялық патентін алдым. Бұл бүгінгі белгілі ток беруші термопара әдістерінен жүз есе тиімді. Осы тәсілді жүзеге асыру үшін Үкіметтен алты миллион теңге алдық. Өкінішке қарай, олардың көздерін жеткізу оңай болған жоқ. Барлық құпияны ашып айтуға тура келді. Егер бұл жаңалықты шетел білсе, бірнеше жүз миллиондаған ақша бөліп, біздің алдымызды орап кетуі әбден мүмкін. Алдағы жылдары өтетін ЭХРО көрмесінде осы ғылыми жұмысымызды жүргізген шағын қондырғымызды келушілер назарына ұсынсақ па деп отырмыз. Жердің астынан шыққан геотермальды ыстық су менің жаңа ғылыми тәсілім бойынша күндіз-түні ток беріп тұратын болады. Сонымен мен қазір күннің жылуынан немесе геотермальды судан үздіксіз, тұрақты берілетін ток алып отырмын. Жалпы ғылыми жаңалықтарым үшін алған жүз алпысқа жуық патентім бар. Мен жақында электрохимиялық су сорып-айдағышты (насосты) да ойлап таптым. Қарапайым, екі-ақ электроды бар. Белгілі бір уақытта суыңызды бір ыдыстан екінші ыдысқа айдап шығарады. Қысқасы, бір сағатта қанша миллилитр су айдағыңыз келсе, соншасын айдай аласыз. Бұл сорып-айдағыш қондырғы өте аз жылдамдықпен сұйықты қозғайды. Мұның қазіргі су айдағыштардан артықшылығы да сонда. Бізде тағы бір аса маңызды ғылыми жұмыс бар. Ол нано көлеміндегі металл ұнтақтарын алу. Нано – өте ұсақтықты білдіретін атау сөзі. Қазір нано көлемдік ұнтақтар заманы. Бұрын жиырма, елу микрон болса, өте майда екен деуші едік. Қазір одан да мың есе майда заттар керек болып жатыр. Бұл өте қиын. Әсіресе мыс, платина, паладий секілді металдардан жүз, екі жүз нанометрлік ұнтақ алу оңай емес. Біз осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Әзірге нәтижеміз жаман емес. Сондай-ақ әлгінде электрохимя химия ғылымының маңызды бір саласы дедік қой. Біріншіден, қандай химиялық реакция нәтижесінде ток алуға болады? Екіншіден, электр тогын жіберу арқылы қандай химиялық реакция жүргізуге болады? Мұның осындай екі бағыты бар. Электрохимиялық әдіс бойынша өте таза металдар алуға болады. Мысалы Балқаштағы, Жезқазғандағы мыстың тазалығы 99,996 пайызбен алынуда. Бұл электрохимияның орасан зор нәтижесі. – Әңгімеңізге рахмет! Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_148852.txt | Жақсы Жолдау, бірақ... | https://abai.kz/post/148852 | "Жақсы Жолдау, бірақ..." | "https://abai.kz/post/148852" | 17.03.2022 | Әміржан Қосан | null | TITLE: Жақсы Жолдау, бірақ...
URL: https://abai.kz/post/148852
META: "Жақсы Жолдау, бірақ..." | "https://abai.kz/post/148852"
DATE: 17.03.2022
AUTHOR(s): Әміржан Қосан
TOTAL WORDS: 696
TEXT: Сөз жоқ, президенттің бұл жолғы Жолдауы – бұрынғылардан мүлдем өзгеше, өз алдына бір төбе боп тұр. Биліктің сыншысы болсам да, бұл құжаттың көптеген тұстары ел көңілінен шығып жатыр деп айтуға тиіспін. Оның үстіне, бүгін жария етілген саяси бастамалардың біразын біз, оппозиция, көп жылдан бері талап етіп, өз съездеріміз бен митингілерімізде ұран етіп, көтеріп келеміз. Олай болса, оларды неге қолдамасқа? Бір нәрсені ұғынайықшы: Президент Жолдауын ешбір компромиске бармайтын, суперрадикалды тұрғыдан бағаласақ, яғни, Парламентті дәл бүгін таратып, сайлау жариялап, Сенаттың көзін жойып, ал облыс әкімдерін ертеңнен бастап сайлау керек деген тұрғыдан келсек, әрине, Жолдау жарамсыз. Плюралистік қоғамда ондай пікір болуы да орынды. Бірақ, біз саяси процестерді бағалау және билік алдына нақты талап қоюда мейлінше реалист әрі прагматик болуымыз керек сияқты. Осы тұрғыдан алғанда осы Жолдаудың біраз тұсын оң деп бағалауға болады. Мәселен, «суперпрезиденттік жүйеден күшті Парламенті бар Президенттік жүйе құруды» қалай қолдамайсыз? Идея дұрыс, енді оны нақты заңнамалық мән-мазмұнмен толықтыру қажет. «Аузы күйген үріп ішеді» демекші, Президент туыстарының саяси қызметтер мен квазимемлекеттік құрылымдарда басшы қызметті болмауының өзі – дұрыс саяси шешім. Мәжілісті сайлауда партиялық жүйемен қатар мажоритарлық жүйені енгізу де құптарлық қадам. Партия тіркеуде жиналатын қол санын 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайту да – бір қадам болса да алға жылжушылық. Президенттің, әкімдердің партия мүшесі болмауы туралы талап та елдегі көппартиялық жүйені дамытуға өз үлесін қосатыны анық. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе - кезінде таратылып кеткен облыстарды қалпына келтіріп, оларға қазақы атау беруі де - оң бастама. Осы және басқа да тосын деуге тұрарлық жаңалықтар шын мәнінде тоқырауға ұшыраған саяси процесті жандандырады, өне бойына қан жүгіртті. Мұның өзі қоғамның тазарып, азаматтардың саяси белсенділігі артуына өз септігін тигізері хақ. Осынау жетістіктеріне қарамастан, бүл Жолдаудың да айтылмай қалған тұстары бар. Ақпан айында «Президент қаңтар қанды қырғынына қатысты барлық сұрақтарға өз жауабын 16 наурызда береді» деп ресми түрде хабарланған болатын. Өкінішке орай, олай бола қоймады. Бұл жолы да бұрын да айтылған жайттар қайталанды. Ең бастысы – «Президент өзі айтқан мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің басты тапсрыушысы, ұйымдастырушысы кім?» деген әрбір қазақтың көкейінде жүрген сауалға жауап берілген жоқ. Президент те Жолдауында «белгілі адамдар», «жоғары лауазым иелері» деумен шектеліп қалды. Қанды қырғыннан 70 күн өтті. Егер де о баста оған «мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті» деген нақты құқықтық, саяси баға берілсе, онда оған тікелей жауапты тұлғалардың аттары тайға таңба басқандай аталуы тиіс емес пе? Ондай дәйекті жауаптың жоқтығы екі түрлі күдікке жетелейді. Біріншіден, «Осы оқиғаға қатысты кінәлілерді анықтауды билік басында әлі да сауда жүріп жатыр ма?» деген сауалды қоюлата түседі. Оның үстіне соңғы кезде елбасының өзі ресми шараларға қатысып, ел көзіне түсіп жүр. Президент билік тізгінін толығымен өз қолына алды десек те, Қазақстан саясатында Назарбаев факторын мүлдем жоққа шығара алмаймыз. Ол фактор оның отбасы мүшелерінің тағдырын шешуге өз ықпалын тигізетіні түсінікті. Бәлкім, тергеу ісіне осы жайт тосқауыл боп тұрған шығар? Екіншіден, егер де қанды қырғынды ұйымдастырған адамның не топтың аты аталмаса, онда жұрт «осының бәрін билік өзі ұйымдастырған болар» деп, болжам жасауына толық қақы бар. Қарап отырсақ, екі күдіктің де тікелей Тоқаевқа қатысы бар. Өз беделі мен абыройына нұқсан келтірмеу үшін ол осы сауалға көп күттірмей жауап беру керек деп санаймын. Саяси реформаның ең басты діңгегі – сайлау. Бұл жолы бақылаушылар туралы айтылса да, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының құрамына барлық саяси күштердің өкілдерін енгізу жайы «ұмыт қалды». Онсыз әділ сайлау туралы сөз қозғаудың өзі ыңғайсыз. Билік тармақтарын реформалауға қатысты сөз қозғасақ, саяси реформада үкімет секілді халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей жауапты органның реформасы туралы айтылмады. Өзі тағайындағасын ба, халық сынның астына алып, жерден алып, жерге салып жүрген сол үкіметті президент көп сынамайтын болып жүр. Бәлкім, партиялардан тыс болған сияқты, Президент Үкіметке де шүйліге алатындай бейтарап болуы керек пе? Меніңше, Үкіметтің құралуы, оның қызметінің нәтижелігін арттыру, оның жауапкершілігін арттыру секілді қағидаттарды қайта қарау керек. Әйтпесе, өз шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық мәселелер саяси реформаның жүзеге асуына өз кедергісін тигізіп қана қоймай, ел Тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін! Иә, президент саяси жүйені дамытуда бірқатар бастама көтерді. Ол – қоғам болып құптарлық іс. Дегенмен, саяси реформа деген әр салада бірді-екілі өзгеріспен шектелетін дүние емес, ол жан-жақты, кешенді жоспарды қажет ететін, және де бір адам – президенттің ғана қалауымен шешілмейтін, әрбір азаматтың қатысуына кепілдік беретін үдеріс. Ол үшін екеуара сенім керек: халық – Президентіне, Президент – өз халқына сенуі шарт. Президент ұсынған бастамалар сонда ғана баянды болмақ! Әміржан Қосан Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_39910.txt | ӨМІР СҮРГІМ КЕЛМЕЙДІ... | https://abai.kz/post/39910 | "ӨМІР СҮРГІМ КЕЛМЕЙДІ..." | "https://abai.kz/post/39910" | 17.10.2014 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: ӨМІР СҮРГІМ КЕЛМЕЙДІ...
URL: https://abai.kz/post/39910
META: "ӨМІР СҮРГІМ КЕЛМЕЙДІ..." | "https://abai.kz/post/39910"
DATE: 17.10.2014
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 892
TEXT: Он екі-он үш жасар, әлжуаз, нәп-нәзік бала көпқабатты үйдің үшінші-төртінші қабаты аралығындағы баспалдақта анасының қойнына тығылып, бүрісіп отыр екен. Үстіндегі жағал-жағал көнетоз күркесі мен қоңыр шалбары айғыз-айғыз. Шаң. Тура тіршіліктің жас баланың жүрегін қармап қалған зілмауыр тозаңы тәрізді. Анасы бізді көріп, әжім айғыздаған жүзін бұрып әкетті. Жас шамасы елуге енді толған. Әйтпесе, одан да төмен. Мөлтілдеген қос жанарынан төмен қарай сорғалаған көз жасы терең әжімдердің сай-сайымен ағып барады. Жеткіншек күзгі қара суықтың өне бойыңды қалтыратар өткір лебінен, жоқ, әлде қабырғасы қатып, буыны бекімей жатып тоңдырған өмірдің өкпек желінен қорғанған тәрізді анасының бауырына тығыла береді. Анада да жылытар жылу қалмағандай. Екі иығы кезек-кезек бүлкілдеген жеткіншек әлден уақытта деміге тіл қатты: – Бәрібір өлемін, – деді, – менің өмір сүргім келмейді. Қанша талаптансақ та ыстық ұясынан маскүнем жарының тепкіні қуып шыққан, қайғыдан қан жұтып отырған анасы ашылып көп нәрсе айта алмады. Көкіректегі запырандай ащы ой көмейге тіреліп қалған тәрізді. Үзік-үзік айтқан бастағы бейнет, өмірдегі опық туралы сөзінен ұққанымыз әуел баста Құдай қосқан қосағы Ауған соғысының ардагері екен. Күні кешегі алапат соғыс. Сосын барып қайғының тұмшалаған қара бұлтын серпіп жіберемін деп арақ ішетін көрінеді. Анар (аты-жөні өзгертіліп алынды) Берікжанның жан жүрегін түсінеді. Түсінбейтіні өзге, өзімен бірге Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүріп, опат болған боздақтарды жан жүрегі езіліп аяғанда өзінің бауыр етінен жаралған балаларын неге аямайды. Аузына атың өшкір арақ тисе болды аттандап шыға келеді. Құдды бір майдан даласындағыдай. Есі бір кіріп, бір шығып жүргенде алдындағы әйелін де, кереуеттің астына тығылған үш баласын да аяусыз соққыға жығып тастайды. Тіпті өлтіріп жіберуге бар. Құдайдың құтты күні болмағанымен, күн аралатып көргені осы. Әуел баста Берікжаннан көңілді, ақжарқын адам жоқ еді. Бұлар оқитын педагогикалық институттың жатақханасына кіріп келгенде тәмам қыз жалт қараушы еді. Ұзын, сұңғақ бойлы, қою қара мұртты жас жігіт – жігіттің төресіндей. Әскери міндетін Ауғанстаннан өтеп келіпті. От жалынның арасынан аман келгені татар дәмінің таусылмағанынан ғой. Өзі де ажалға қиятын адам емес. Түр-тұлғасына қарап көз тоярлық. Оның үстіне, өнерден де құралақан емес. Домбыраны шертісі қандай. Арқаның кең тынысты әндерін бірінен соң бірін сызылтқанда әлгі теледидардан күнде көріп жүрген әртістерден сынық сүйем кемдігі болмайтын. Бұл да ел мақтаған жігітті құлай сүйіпті. Жұбайлық өмір жақсылықпен басталған. Бір-біріне сыйласты, ізетті еді. Алты ай өткен соң ба, жоқ, әлде жылға жуық уақыт па екен бір күні Берікжан удай мас болып келді. Есіктің алдында теңселіп сәл тұрды да кескен теректей сұлап түсті. Төсегіне апарып жатқызбақ болған Анарды құлақ шекеден құлаштай ұрған. Жас отаудың шаңырағына үйірілген қайғының бұлты дәл сол күннен басталып еді. Анар сан рет кетіп қалуға оқталған. Әйтсе де, бойындағы бір сезім босағаға байлап қойды. Түнеугүні балалардың жатын бөлмесіне енгенде төбе шашы тік тұрған. Кенжесі Қанат бөлменің дәл ортасындағы электр шамының сымына кір жаятын ақ жіпті жалғап асылып тұр екен. Әлде асылғалы тұр. Анар жан ұшырып ас бөлмеден қолына ілеккен лөкет пышақты алып келіп, жіпті қиып жіберді. Әлден уақытта үн-түнсіз жатқан Қанаттың шала-жансар денесіне жан кіргендей қинала үздігіп дем алды. Сондағы қуанғанын көрсеңіз ғой. Баласы өмірге екінші рет келгендей. Қас-қағым сәт кешіксе, кеш болады екен. Содан бері қорыққанынан Қанатын қасынан тастамайды. Көзі тайып кетсе тағы да асылып қалатындай. Жарытымсыз жалақысымен күн көріп жүрген жұмысын да тастады. Маскүнем Берікжан үйдегі жарамды дүниенің бәрін сатып араққа айырбастап болған. Жалғыз қалғаны баяғы қыз күніндегі ақ сезімі. Бір отбасындағы қасіреттің себебін сезгендейміз. Жалғыз емес бірақ. 2010 жылы 12 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастардың арасында 321-і өзіне-өзі қол көтеріп, жарық дүниемен қош айтысқан. 321 шаңырақтағы орны толмас қайғы-қасірет. Айтудың өзі ауыр. Ал осы зілмауыр салмақты жүрегімен көтергендердің халі нешік екен. 2011 жылы жаңағы көрсеткіш 256-ға түсіпті. Әйтеуір, біршама төмендеген. Ал 2012 жылы – 227. 2013 жылы 194 қайғылы оқиға орын алған. Бұл ретте, статистикалық есепке ене бермейтін аяқталмаған оқиға деп көрсетілетін де жайлар бар екен. Шамасы, асылған, у ішкен өмірден баз кешкендердің әлдебір себептермен татар дәмі таусылмай аман қалуы. Мамандардың айтуына қарағанда, жастар арасында жолы болмаған махаббат, отбасындағы ырың-жырың, ата-аналардың ажырасуы, өздерінің немесе жақын туыстарының ауыр дертке шалдығуы, қаржы мәселесі себеп болады екен. Оның үстіне, мектеп оқушыларының өздерінен үлкен балалардан жәбір көруі. Олардың үнемі қорлап, кемітіп ақша талап етуі. Әлеуметтік-тұрмыстық жайдың адам төзгісіздігі. – Әрқилы қайғылы жағдайларды сараптап көретін болсақ, қалыптасып отырған қайғылы оқиғалар былайша көрініс табар еді, – дейді Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімінің жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкері Ксения Андросова, – адамның өзіне-өзі қол көтеруі отыз жасқа дейін көбірек орын алады. Ал әйелдерге қарағанда, ер адамдар арасында көп. Сондай-ақ өмірден баз кешкендердің басым көпшілігі жұмыссыздар. 2013 жылғы мәліметтерді саралағанда, опат болғандардың екеуі ғана жұмыс істейтіндігі белгілі болып отыр. Соңғы уақытта кәмелетке жасы толмағандардың арасында күрт өсіп кеткендігі байқалады. Рас, біз білім ошақтарында, жастар арасында түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ сол жұмыстардың кері әсері де болуы мүмкін екенін психолог маман ретінде жоққа шығармаймын. Адамға қай кезде де өмір қымбат. Жарық дүние Алланың аманаты. Ілкі заманда өзіне-өзі қол көтеру ел ішінде кездесе қоймайтын шетін оқиға еді. Өміріне өкпелеп жарық дүниемен қош айтысқан мұндай міскіндер болса, ата-бабалар мәңгілік тыныс тапқан қара қорымға қоймай, оқшау, бөлек жерлейтін. Әлде осы бір ишараның астарында жер басып тірі жүргендерді оғаштан сақтандыратын мағына бар ма екен. – Адамның өзіне-өзі қол көтеруі ең ауыр күнә болып есептеледі. Тіпті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде де «Қалай өмір сүрсең, солай өлесің. Қалай өлсең, солай тірілесің» деп айтылған, – дейді Краснояр кентіндегі Шойынбек Әбдікәрімұлы атындағы мешіттің бас имамы Науан Мүтәлұлы, – мұндай сорақылық ең алдымен дінсіздіктен болып отыр. Дінге берік адам Алланың аманатына қиянат жасамаса керек. Байқал БАЙӘДІЛОВ, Ақмола облысы "Жас қазақ" газеті Тақырып өзгертіліп алынды. Түннұсқадағы тақырып: «Беу, өмір қымбат ең ғой...»
|
qosymsha/abai.kz | post_76214.txt | Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтына» барды | https://abai.kz/post/76214 | "Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтына» барды" | "https://abai.kz/post/76214" | 05.09.2018 | Abai.kz | null | TITLE: Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтына» барды
URL: https://abai.kz/post/76214
META: "Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтына» барды" | "https://abai.kz/post/76214"
DATE: 05.09.2018
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 86
TEXT: Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Қалалық және республикалық 10 жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаладағы түрлі үдерістер көлемін реттеуге, имитациялауға және модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түріндегі Алматының голографикалық макеті таныстырылды. Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_155193.txt | Cаакашвили саясаттан кетпек | https://abai.kz/post/155193 | "Cаакашвили саясаттан кетпек" | "https://abai.kz/post/155193" | 01.08.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Cаакашвили саясаттан кетпек
URL: https://abai.kz/post/155193
META: "Cаакашвили саясаттан кетпек" | "https://abai.kz/post/155193"
DATE: 01.08.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 91
TEXT: Грузия экс-президентінің адвокаты Валерий Гельбахиани Саакашвили саясаттан кетіп, өзі негізін қалаған "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясынан шығуға ниетті екенін мәлімдеді. 2013 жылы Грузияның экс-президентіне қарсы төрт қылмыстық іс қозғалды. Олардың екеуі бойынша саясаткер сырттай үш және алты жылға бас бостандығынан айырылды. 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозиция митингісін тарату, "Имеди" грузин телекомпаниясының кеңсесін талқандау және 9 млн лари (1 млрд теңгеден астам) көлеміндегі мемлекеттік қаражатын талан-таражға түсіру бойынша істер қаралуда. Өткен жылдың 20 қазанында Саакашвилиге шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды, бұл жағдайда ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_7855.txt | Ауыл мектептерінің түлектері сынақ тестін сәтті тапсырды - Павлодар облысы | https://abai.kz/post/7855 | "Ауыл мектептерінің түлектері сынақ тестін сәтті тапсырды - Павлодар облысы" | "https://abai.kz/post/7855" | 05.04.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Ауыл мектептерінің түлектері сынақ тестін сәтті тапсырды - Павлодар облысы
URL: https://abai.kz/post/7855
META: "Ауыл мектептерінің түлектері сынақ тестін сәтті тапсырды - Павлодар облысы" | "https://abai.kz/post/7855"
DATE: 05.04.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 160
TEXT: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сынама тестілеуде Железин ауданының он бірінші сынып оқушылары (Павлодар облысы) орта есеппен 79,9 балл жинады, былтырғы түлектердің көрсеткіші 74 балды құраған болатын, деп хабарлады білім басқармасынан. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық ретінде өткізілген бұл сынаққа ауданның барлық орта мектептерінің 114 түлегі (80 пайыз) қатысты. Үш оқушы 113 бен 120 балдың аралығында ұпай жинаса, тағы 13 түлек - 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ең үздік нәтижені Железин, Ескара, Березовка мектептерінің оқушылары көрсетіп отыр. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сынама тестілеуде Железин ауданының он бірінші сынып оқушылары (Павлодар облысы) орта есеппен 79,9 балл жинады, былтырғы түлектердің көрсеткіші 74 балды құраған болатын, деп хабарлады білім басқармасынан. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық ретінде өткізілген бұл сынаққа ауданның барлық орта мектептерінің 114 түлегі (80 пайыз) қатысты. Үш оқушы 113 бен 120 балдың аралығында ұпай жинаса, тағы 13 түлек - 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ең үздік нәтижені Железин, Ескара, Березовка мектептерінің оқушылары көрсетіп отыр.
|
qosymsha/abai.kz | post_3952.txt | Статагенттік башысы экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес дейді | https://abai.kz/post/3952 | "Статагенттік башысы экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес дейді" | "https://abai.kz/post/3952" | 14.05.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Статагенттік башысы экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес дейді
URL: https://abai.kz/post/3952
META: "Статагенттік башысы экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес дейді" | "https://abai.kz/post/3952"
DATE: 14.05.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 204
TEXT: Астана.14 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смаилов экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес деп есептейді. «ІЖӨ өсуін 6-7% деңгейіне (2010 жылдың қорытындысы бойынша - ҚазТАГ) жеткізу үшін өте тырысу керек болады. Егер бәрі де қазіргі үрдісте сақталса, онда ондай өсуге қол жетпейді», - деді ол баспасөз мәслихатында. ІЖӨ-нің 7% -дық нақты өсуіне қол жеткізу үшін, оның айтуынша, тауар өндіру мен қызмет бизнесіне үкімет пен атқарушы орган тарапынан қосымша шаралар қолданылуы тиіс. Статагенттік мәліметтерінше, ІЖӨ нақты өсуі қаңтар-наурызда, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда - 7,1% өсіп, қаңтар-сәуірде - 7,6% болды. Астана.14 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смаилов экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес деп есептейді. «ІЖӨ өсуін 6-7% деңгейіне (2010 жылдың қорытындысы бойынша - ҚазТАГ) жеткізу үшін өте тырысу керек болады. Егер бәрі де қазіргі үрдісте сақталса, онда ондай өсуге қол жетпейді», - деді ол баспасөз мәслихатында. ІЖӨ-нің 7% -дық нақты өсуіне қол жеткізу үшін, оның айтуынша, тауар өндіру мен қызмет бизнесіне үкімет пен атқарушы орган тарапынан қосымша шаралар қолданылуы тиіс. Статагенттік мәліметтерінше, ІЖӨ нақты өсуі қаңтар-наурызда, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда - 7,1% өсіп, қаңтар-сәуірде - 7,6% болды.
|
qosymsha/abai.kz | post_14846.txt | Серік Ерғали. Тоғыз ат | https://abai.kz/post/14846 | "Серік Ерғали. Тоғыз ат" | "https://abai.kz/post/14846" | 05.10.2012 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Серік Ерғали. Тоғыз ат
URL: https://abai.kz/post/14846
META: "Серік Ерғали. Тоғыз ат" | "https://abai.kz/post/14846"
DATE: 05.10.2012
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 1285
TEXT: (Аңыз-әңгіме) Бұл аңыздың желісіне жалпытүркілік тарихи танымдар мен «Тоғызқұмалақ» ойыны арқау етілді. Есте жоқ ескі заманда Ақорда мен Көкорда аталған туыстас екі мемлекет болыпты. Екі елдің халқы тілі жағынан да, дәстүрі мен өмір салты жағынан да өте жақын екен. Бірақ екі хандық арасында дау ылғи да туып, араздастық жиі орын алыпты. Екі халықтың да рухани атасы саналған егіздің сыңарындай Ақби мен Көкби есімді абыздары бар еді. Оларға екі елдің халқы әбден шегіне жеткен жағдайда, хандарын да тыңдамай, билік айттырып, төрелік орнатуға жүгінеді екен. Бір күні Ақорда-Көкорда арасында кезекті рет жағдай ушығып, бауырлас халықтардың соғысы тағы тұтанатындай ақуал орнапты.Тіпті, бұл жолы екі орданың бірі құлап, бірін-бірі алапат қырғынға ұшырату қатері төніп, саяси жиындардың арты әскери дайындыққа ұласыпты. Алдын ала бұл жағдайды көрегендікпен біліп отырған Ақби мен Көкби қос абыз өзара күнде келісіп, бейбіт күнді орнатуға бас қатырумен болыпты. Бірақ әбден қартайған, бұрынғыдай қуаты мен қайраттары жоқ, халықтары тыңдаудан қала бастаған қос қария өздерінің екі елге билік айтып, араздыққа араласу мүмкіндігінің азайғанына налып, екеуі қол ұстасып, дала кезіп кетеді. (Аңыз-әңгіме) Бұл аңыздың желісіне жалпытүркілік тарихи танымдар мен «Тоғызқұмалақ» ойыны арқау етілді. Есте жоқ ескі заманда Ақорда мен Көкорда аталған туыстас екі мемлекет болыпты. Екі елдің халқы тілі жағынан да, дәстүрі мен өмір салты жағынан да өте жақын екен. Бірақ екі хандық арасында дау ылғи да туып, араздастық жиі орын алыпты. Екі халықтың да рухани атасы саналған егіздің сыңарындай Ақби мен Көкби есімді абыздары бар еді. Оларға екі елдің халқы әбден шегіне жеткен жағдайда, хандарын да тыңдамай, билік айттырып, төрелік орнатуға жүгінеді екен. Бір күні Ақорда-Көкорда арасында кезекті рет жағдай ушығып, бауырлас халықтардың соғысы тағы тұтанатындай ақуал орнапты.Тіпті, бұл жолы екі орданың бірі құлап, бірін-бірі алапат қырғынға ұшырату қатері төніп, саяси жиындардың арты әскери дайындыққа ұласыпты. Алдын ала бұл жағдайды көрегендікпен біліп отырған Ақби мен Көкби қос абыз өзара күнде келісіп, бейбіт күнді орнатуға бас қатырумен болыпты. Бірақ әбден қартайған, бұрынғыдай қуаты мен қайраттары жоқ, халықтары тыңдаудан қала бастаған қос қария өздерінің екі елге билік айтып, араздыққа араласу мүмкіндігінің азайғанына налып, екеуі қол ұстасып, дала кезіп кетеді. Екі елдің халқы қос абыздың бұл әрекеттеріне таң қалғанымен, аса қатерлі уақыттың таяғанын біліп, тау-тас кезген қос ақсақалды іздеуге мәжбүр болыпты. Бірақ екі қария да елдеріне қайтудан бас тартып: «Құты мен берекеті қашқан екі елдің бір бірін қырғанын көру бізге таңсық емес, бармаймыз, бірің өліп, бірің қалыңдар! Біздің өлер шағымыз келді, сендерге біздің ақылымыздың да, төрелігіміздің де керегі жоқ! Мазамалаңдар! Жаратқанға алаңсыз қайтуға кедергі жасамаңдар!» - десіпті қос абыз еңіреп отырып. Екі жақтың билері мен қолбасшылары не істерін білмей күмілжіп, жер шұқып отырып қалыпты. Бір жағынан хандарына бос бару да абыройсыз іс еді. Сол кезде екі қарияның шөберелері сөз сұрапты. Олар өзара құрдас бойжеткен мен ержеткен екен. «Қайтпасаңыздар, біз де осы арада қаламыз. Бір бірін қырған ел мен қырғызатын ел басшыларының қанішер қылығына куә болғымыз келмейді. Ұлы бабаларымыздың соңғы күндерін аялап, сауаптарын алғанымыз біз үшін бақыттың басы!» депті қызбалана ақордалық бозбала. Көкби абыз шөбересіне қарап, сөйле дегендей ым қағыпты, сонда қызбала екі жақтың төрелеріне қарап: «Ең болмаса абыздарға соңғы төрелік айтқызайық» депті. Жауласқан екі тараптың төрелері хандарына кісі шаптырып, солардың келісімін сұрапты. Абыздардың бұл қылығы әскерге де, халыққа да үлкен ықпал екенін ұққан екі елдің хандары да абыздарға соңғы билік айтқызуға амалсыз келіседі. Сонда қос қария екі жақтан 9 күн мұрсат сұрапты. Ол заманда бұл елдер тәңір деп Көкке табынған, оның ұлы деп Күнді, қызы деп Айды пір тұтқан екен. Әсіресе, 9 саны екі елге де аса қадырлы әрі табыну белгісі болыпты: «тоқ іс» аталған бұл сан тәңірдің толыққанды әрі кемел құбылысының нышаны танылып, әр айдың 9-ға қатысты күндері қасиетті саналып, сыйлық пен жүлдеге дейін тоғыз санымен өлшеніп, туған нәрестенің шілдеқанасы мен өлген қарияның жаназасы да 9 санымен безбенделген ғұрыптардан тұрыпты.Тоғыздық таным қос халықтың да дәстүріне сіңген, қастерлі санға айналса керек.Ежелгі сол ғұрыпты дәріптеген Ақби мен Көкбидің 9 күн мұрсат алуында сол мән бар еді және оған елдерінің қарсы тұра алмайтынын да қариялар ескерсе керек. Сөйтіп, жандарына өздерінің шөберелерін ас-су қамдауға қалдырып, бір күркені тіктіріп, тоқсанға келген қос абыз тоғыз күн бойы толғаныпты. Шешімге келгенін қыр басына тігілген күркенің түндігінен будақтайтын түтінмен белгі беретінін айтыпты. Бірақ қариялар екі елдің саясатына толғанып бас қатырмапты, екі елді мәңгіге біріктіру арқылы ғана бітпес дауды жойу мүмкін екенін ескеріпті. Қос абыз бар білімі мен біліктерін ортаға салып, егіз елді соған жеткізетін ойын ережесін ойластырған деседі. 9 күн біткесін, түтін түтетіп белгі береді. Екі жақтың игі жақсылары жиналып, қос абызға құлақ түріпті.Қариялар екі тарапқа ойын ережесі ұсынылатынын,сол ережемен екі жақтан есепке жүйрік екі адам шығып, екі елдің атынан ойнайтынын айтып, «сол ойынның шарты бойынша қай ел ұтса, жеңіс - соныкы болады» деп кесіпті! «Бірақ екі елді біріктіріп басқаратын ханның қай жақтан сайланатынын осы ойынның нәтижесі шешіп беретін болады. Әгәрәки, ойын тең ойналса - хандар бір мерзімді екіге бөліп, басқарсын» - дейді. Осыған келіссе, ғана ойынның ережесін жария ететінін айтыпты қос данышпан. Абыздардың бұл үкімі хандардың ашу-ызасын туғызғанымен, халықтың көкейінен шығып, екі тараптың бұқарасы босқа қырылудан бас тартып, ойын сайысына ден қойыпты. Жастар жағы қызық үшін ойын ережесін білуге ынтығыпты. Бірақ екі жақтан да адам шығару мәселесі тұйыққа тіреледі: есепке жүйрік талай адам бас тартып, хандарының қаһарынан қорқып шықпай қойыпты. Сонда әлі де өздерінің екі елдің азаматы екенін мойындатқан Ақби мен Көкби елдерінің бейбітшілігі үшін ғұмырларының соңғы күндерін екі тараптың ойыншысы болуға арнап, бір біріне қарсы ойнауға келісіпті. Ақсақалдар жұртқа ойын ережесін жариялап, қамданғанда, Ұлы дала алып ойын тақтасына айналып шыға келіпті: кең жазыққа Ақорда хандығына қараған 9 тайпаға - 9 отау, оған қарсы жаққа тізбектей Көкорда елінің 9 көк отауы тігіледі; екі тараптың ортасын ала ақордалық алып ақ шатыр және көкордалық көк шатыр орнатылыпты, бұлар екі жақтың ордасын білдіретін нышан болыпты. Әрбір отауға 9 аттан, бір елдің тарабына барлығы - 81 ат байланыпты. Қомдалған ақ нардың үстінде отырған Ақби мен көк нарға жайғасқан Көкби абыз жеребемен ұлы ойынды бастап кетіпті. Солдан оңға бағытталған ойын ережесі бойынша жүріс басталған отауда бір ғана ат қалдырылып, қалғанын оңға қарай орналасқан отауларға бір бірден үлестіріп отырыпты. Жүріс кезінде ат үлестіру екі елдің отауларына тиесілі болыпты, бірақ соңғы ат байланған қарсы жақтың отауындағы жылқы саны жұп болса, сол отаудағы барлық аттар ойнаушы жақтың шатырына қамалыпты да, сол орданың қазынасына жатқызылыпты. Қос абыздың ойлап тапқан ережесі барынша әділ әрі айқын болғандықтан, ешкімнің күмәні боларлық ойын ережесі бұзылмапты. Ойын барысында қарсы тараптан әр ордаға бір отаудан тиетіндей «Түздік» ережесі енгізіліпті. Ол бойынша әрбір тарап өздерінің 9 отауына қоса, қарсы жақтағы отаулардың біріндегі байлаулы 2 атқа өзінің жылқысы қосылып үшеу болғанда, сол тарапқа оныншы отауға ие болу мүмкіндігі қаралыпты. Бұл «түздік отау» арқылы өткен әрбір жүріс сайын бір жылқыны осы отау жақтың ордасына байлау міндеттеледі. Жүрісті Ақби бастап, Көкби қостаған ойынды ауыздан ауызға жеткен мәлімет бойынша қос қария тоғыз күн ойнапты. Басында ұта бастаған Ақбиді Түздік алған Көкби қуып жетіп, мол жылқыға ие болғанын көріп, Көкорда ханы шаттана бастағанда, көкордалықтар отауындағы ат түгесіліп, ойынды бітіруге тура келеді. Ереже бойынша Көкорданың 9 отауындағы жылқы таусылып, «атсырайды» да, ақордалықтар өз отауларындағы аттарын жинап ереже бойынша ақ шатырға айдап кіргізеді. Енді Ақорда ханы өзінің жеңгеніне күмәні қалмапты. Алайда, санақшылар мұқият 9 рет санап шықса да, екі жақтың шатырында жиналған аттардың саны тең болып шығыпты: екі жақта да 81 -ден, барлығы 162 ат! Хандар ойын ережесіне амалсыз бағынады - жарты жыл Ақорда ханы, келесі жарты жылды Көкорда ханы билеуге халықтық шешім шығады. 9 күн бойы жұртшылығы үшін барын салып, әбден қажыған Ақби мен Көкби абыздар 10-күні уәделескендей төсек тартып жатып, бір уақытта қайтыс болыпты. Екі қарияны екі ел бірігіп жаназа тұтып, бір төбеге жерлепті деседі. Сол төбе әлі күнге Қосабыз аталады. Ал, қариялар қайтыс болғаннан кейінгі бір жыл өткен соң, олардың қос шөбересі үйленіпті. Көп ұзамай, бірі - хан, екіншісі - ханша болған жас жұбайлар Тоғызат аталған қағанатты басқарып, кемеліне келтіре нығайтқан көрінеді. Кейін сол оқиғаның негізінде «Тоғызат» ойыны дүниеге келіп, жас-кәрінің сүйікті ермегіне айналыпты. Оны бүгінде қалпына келтірген қазақ жұрты «Тоғызқұмалақ» атап ойнап жүр. « Abai.kz »
|
qosymsha/abai.kz | post_45576.txt | КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ТОҚТАТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? | https://abai.kz/post/45576 | "КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ТОҚТАТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?" | "https://abai.kz/post/45576" | 25.08.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ТОҚТАТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
URL: https://abai.kz/post/45576
META: "КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ТОҚТАТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?" | "https://abai.kz/post/45576"
DATE: 25.08.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 457
TEXT: Көп көлік жүргізушілерін осы сұрақ мазалайтыны белгілі. Себебі өзінің заңды құқықтарын көп адам білмейді. Ал біліп жүрсе, өзгелерге жеңіл әрі пайдалы болар еді. ► Мысалы, Жол-потрульдік полиция қызметкері жылдамдықты арттырады деп тоқтатты дейік. Ал мониторда онша анық емес үш көлік тұр, нөмірлері де көрінбейді. Мұндайда не істеу керек? Әрине, жол полициясы көліктердің қайсысы ереже бұзғанын нақтылап бере алмайды. Себебі оларда жылдамдық артқаны көрінгенімен, оның монитордағы көліктердің қайсысына тиісті екені нақты емес. Сондықтан қайсысы ереже бұзғанын инспектор нақты дәлелдеп беруі керек. Дәлелдей алмаса, онда, әрине, жүргізуші кінәсіз деп табылады. Кейде «қызылға» өттің, «ремень» тақапғансың деп те тоқтатады. Бірақ инспектор оны дәлелдей алуы керек, дәлелдей алмаса, жүргізуші кінәлі емес деп танылады. Яғни құр инспектордың сөз жүзіндегі айтқандары дәлел емес, оған қандай да бір техниканың дәлел немесе куәлердің куәлігі керек болады. ► Егер инспектор ереже бұзу немесе тағы басқа да заң бұзушылық оқиғасын анықтаған жағдайда, егер көлік жүргізуші өз қателігін мойындаса, онда бұл жөнінде хаттама толтырылып, айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл оқиға орнында, тек соған қатысты ғана салынады, көлік жүргізу құқынан айыруға немесе әкімшілік «тоқтамға» алуға қатысты емес. ► Жүргізуші «штрафты» оқиға орнында төлей алмаса да хаттама толтырылады. Ереже бұзу оқиғасы құрылғыға түсіп қалмаса, куәгерлер жоқ болса, тәртіп бұзу ұсақ-түйек болғанның өзінде де хаттама оқиға орнында толтырылады. Ол әкімшілік сотқа өтуі мүмкін. Істі қарау кезінде барлық жиналған материалдар есепке алынады. Дәлелдемелер есепке алынады. Ол фотосурет, бейнежазба, куәлердің көрсетуі, сынама нәтижелері болуы мүмкін. ► Көлік жүргізуші өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін мынадай қадамдар жасай алады. Хаттамаға қол қойған кезде ондағы айтылған жайларға қарап болсаңыз, келіспеңіз. Бұл жөнінде көрсетуіңіз керек. Нақты немен келіспейсіз, оны анық көрсетіңіз. Көп болса, бөлек қағазға түсініктеме жазыңыз. Онда куәгерлер туралы, мекен-жайларын, телефон нөмірлерін материалдарды жазбаша түрде жинап, іске қосып тігіңіз. Инспектормен болған әңгімені диктофонға тазып алыңыз. Хаттама жазушы қызметкердің аты-жөнін, жетон нөмірін, көлік нөмірін жазып алыңыз. Егер ол заңсыз әрекет жасаса, арыздана аласыз. Жалпы, өзіңізді сенімді ұстаңыз. Кінәлі болмасаңыз, заңды түрде дәлелдеңіз. Инспектормен келіспейтін болсаңыз, мәселені заңды түрде хаттамаға түсіруді сұраңыз. «Сенім телефонын» пайдаланыңыз. Қағазға өз шағымыңызды жазып, біреуіне оның қол қойып беруін сұраңыз. Бланкті полиция қызметкері беруі керек, бермесе, онда арызды жай қағазға да түсіруге де болады. ► ҚР Азаматтық құқық бұзушылықтар туралы кодексінде «Кінәсіздік презумпциясы» деген бап бар. (12-бап). Онда былай делінген: 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше, Кодексте көрсетілген тәртіп бойынша кінәсі дәлелденбейінше және бұған қатысты сот шешімі күшіне енбейінше кінәсіз деп есептеледі. 2. Ешкім де кінәсіздігін дәлелдеуге тиісті емес. 3. Құқық бұзуға қатысты қозғалған іс кінәлілігіне қатысты күмән туған жағдайда кінәлі болуы мүмкін деп танылған адамның пайдасына шешіледі. Заң талаптардың қолдану кезінде туындаған күмәндар да өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылыққа орай іс қозғалған адамның пайдасына шешіледі. Яғни күдік, күмән негізінде шешім шығаруға болмайды, кінәлі деп көрсетілген адамның кінәсі толық дәлелденуі тиіс. Дәлелденбеген жағдайда ол кінәсіз деп табылады. Дереккөзі: Stan.kz Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_44782.txt | НҰРЖАН ТҰРСЫНБАЙ: «ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ДІНИ АХУАЛ ТЫНЫШ» | https://abai.kz/post/44782 | "НҰРЖАН ТҰРСЫНБАЙ: «ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ДІНИ АХУАЛ ТЫНЫШ»" | "https://abai.kz/post/44782" | 14.06.2016 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: НҰРЖАН ТҰРСЫНБАЙ: «ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ДІНИ АХУАЛ ТЫНЫШ»
URL: https://abai.kz/post/44782
META: "НҰРЖАН ТҰРСЫНБАЙ: «ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ДІНИ АХУАЛ ТЫНЫШ»" | "https://abai.kz/post/44782"
DATE: 14.06.2016
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 2388
TEXT: Өздеріңіз білесіздер, соңғы кездері Ақтөбе облысында болған атышулы террористік актілерге байланысты оқиғадан жұртшылық үрейленіп қалды. Осыған орай біздің де Оңтүстік өңірінде діни мәселе қалай, аймақтағы түрлі діни бірлестіктер арасындағы түсініспеншілік пен саяси тұрақтылықтың сақталуы үшін қандай шаралар атқарылып жатыр? Халықтың мазасыздануына себеп бар ма деген түрлі сауалдармен облыстағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің директоры Нұржан Тұрсынбаймен жолығып, әңгімелескен болатынбыз. - Оқырмандарымызға орталықтың тарихы мен атқарып отырған жұмысы туралы айта кетсеңіз? - 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен тұңғыш рет елімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме құрылды. Негізгі мақсаты қоғамдағы діни ахуалды талдап, зерттеп, сол бойынша нақты іс-шаралар жөнінде ұсыныстар білдіріп отыру жүктелді. Сөйтіп 2012 жылдан бастап жұмысымызды бастадық. Ол кезде біз ішкі саясаттың құрамында «Әлеуметтік бастамалар орталығы» деп аталдық. Атқаратын міндеттемелеріміз көп еді. Атап айтқанда, қоғамдық саяси, әкімшілік және діни рәсімдерге қатысатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша тұңғыш мекеме болғандықтан сырттан келген қонақтар, еліміздің бас мүфтиі, ҚР МСМ Дін істері комитеті қызығушылық білдіріп, өзге де облыстарда ашылсын деген ұсыныс жасаймыз деді. Қазір еліміздің өзге де өңірлерінде әкімшілік тарапынан құрылған осындай ресми мекемелер жұмыс істеп келеді. Өзіңіз білесіз, Оңтүстік өңірі өте үлкен аймақ, үш жарым миллион халқы бар, 90 пайыздан астамы ислам дінін ұстанады. Яғни айтпағым, 2011 жылдары орталықтың құрылуы қажет болып тұрған уақыт еді. Бұл үшін әрине бұрынғы облыс әкімі А.Мырзахметовке шексіз ризамыз. Осындай мекеме құрып, қосымша қаражат бөлгізіп, дінтанушы мамандарды тартуға мүмкіншілік жасады. Ал қазіргі облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлының ұсынысымен біздер биыл мамыр айында бөлек басқарма болып шықтық. Яғни біз бұрын әкімшіліктің қоғамдық-саяси жұмыстарына кірісіп кетсек, қазір тек облыстағы дін мәселесімен ғана айналысатынымыз туралы бағытымызды айқындап берді. Ендігі таңда, Дін басқармасы болып та ары қарай да жұмысымыз жандана түседі деп ойлаймын. Осыған орай басқарманың да атауын өзгертіп, дін мәселелерімен айналысатын ғылыми жағына да көштік. Орталықта 4 бөлім жұмыс жасайды. Біріншісі, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімі, екінші, оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, үшінші, әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі, төртінші, қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу бөлімі. Жалпы облыстағы діни ахуалды мамандарымыз ақпараттық сауалнама жүргізу арқылы анықтап отырады. Орталықтың барлық ауданда филиалы жоқ. Сол себепті, біз кейбір жұмыстарға мешіттегі білікті имамдарды да тартамыз. Мәселен, Сарыағашта біздің бір маманды куратор секілді бекітіп қойдық. Сол кураторға қосымша жергілікті имамдар бекітіледі. Олар сол өңірде қанша жастардың ислами құндылықтардан ауытқып бара жатқанын анықтайды. Сонымен қатар, христиан діні арасындағы да түрлі бағыттарға қызығушылық қалай? Сол туралы мағлұматтардың аясында біз қай бағытты күшейту керектігін біліп отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, қазір Оңтүстік өңірінде діни ахуал тыныш. - Қоғамның негізгі буыны - жастар. Сол жастарды керағар ағымдардан сақтандыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарып жатырсыздар? - Жыл басынан бері жастар арасында 200 кездесу өткізілді. Оған 31959 студенттер мен оқушылар қатысты. Жаңа айтып өткенімдей біздегі ақпараттық бөлім осы аталған жастармен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен, әскери бөлімдермен, облыс, қала, аудандарға қарасты тұрғындармен, түзету мекемелеріндегі бас бостандығынан айрылған азаматтармен діни бағытта ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бұрын 2013-2014 жылдары халықпен жалпы кездесу өткізетінбіз. Ал,2015 жылдан бастап біз әр топқа бөліп кездулерді ұйымдастырып келеміз. Мысалы,қазір жастар ма, тек жастарды шақырамыз. Тақырыбымыз да, айтатын сөзіміз де тек жастарға арналған. Олар алдағы уақытта қай оқу орнына бару керек, Интернет арқылы қандай діни ұстаздармен жұмыс жасауға болатынын айтамыз. Ата-аналар ма, оларға өзінің міндеттемелері мен балаларын жұма намазға жіберу керек пе, жоқ па түсіндіреміз. Ал құқық қорғау органдарымен арнайы семинар өткізіліп, сақал қойған және бетін бүркемелеп алған қыздардың көңіліне тимей заң аясында түсіндіру жұмыстарын қалай жасау керектігі айтылады. Яғни әр топқа берілетін ақпараттың өзін сүзгіден өткізіп отырамыз. Бұрынғыдай жалпылама бере салу деген болмайды. Жеке-жеке қадам жасаймыз. Айта кетейік, мұның бәрі де сол азаматтарымыздың тыныш өмір сүруі үшін жасалып жатқан дүниелер. - Ал, сіздердің орталықтағы оңалту жұмыстары қалай жүріп жатыр? - Кейбір азаматтар өзге ағымның бір тармақтарына өтіп, содан шыға алмай жатса, оңалту бөлімі жеке кездесіп, адасып жүрген бағытынан тайдырып, өзіміздің дәстүрлі бағытқа әкеледі. Оңалту жұмысы бойынша мекен-жайы арқылы жеке кездесуге мамандарымыз барады. Егер жұмыстан келе алмаймын десе, біздегі мамандар өздері барады. Оларға бағыт-бағдарын түсіндіріп береді. Жеке кездесулердің тізімін әрине біз құқық қорғау органдарынан аламыз. Кейде бір адаммен жеке кездесу бір сағат деп белгіленсе де үш сағатқа созылып кететін жайттар бар және ол азаматпен бір емес, төрт рет кездесуіміз мүмкін. Егер ешқандай нәтиже болмаса құқық қорғау органдарына ол азамат туралы мінездеме жазып береміз. Олар өз сараптамасын береді. Ал кейбірі бір кездескеннен кейін өзі хабарласады. Кейбір мәселелерді басқаша түсініп жүрген екенмін. Көзім енді ашылып келе жатыр. Маған ақпаратты ұстаздарым қалай болса, солай бере салған екен деп жатады. Үшінші кездесуден соң ғана біздің Ислам дініндегі дәстүрлі бағытты түсініп, кімнің мақсаты не екенін білдім дейтіндері де кездеседі. Осылайша дәстүрлі бағытқа қайтып жатқандар бар. Бұл бізді қуантады. Қысқасы, біздің мекеме жеке кездесуге көп көңіл бөліп отыр. Себебі, көпшілік жиналған кезде азаматтар сұрақ қойғысы келмейді. Жеке отырса адам өзінің ішіндегі ойын ашылып айта алады. Біздің мамандарымыз әрі дінтанушы, әрі психолог болып қызмет атқаруда. Орталықта 2 психолог бар. - Құпия болмаса айтыңызшы, қанша азамат өзге ағымда адасып жүрген жерінен, өзіміздің дәстүрлі дінге бет бұрды? - Республика бойынша дәстүрлі бағытта жүрген 2015 жылда 801 адамның беті бері қарады. Соның ішінде оңтүстік өңірінде бір жылда 246 адамның беті бері қайтты. Бұл жақсы көрсеткіш. Біздің мамандар дұрыс бағыт-бағдарды түсіндірмесе, онда 246 адам өздерімен қоймай, басқаларды да тартар еді. Саланың маманы ретінде біз оларды үш санатқа бөлдік. Бірінші санатқа айтқанынан қайтпайтын, өзінікін ғана дұрыстайтын, сол санада уланғандар. Мамандарымыз үшін оларды кері қайтару өте қиын. Екіншісі, бірінші топтағы азаматтарға қарағанда ұстанымы сәл төмендеу. Олармен жұмыс едәуір жеңіл. Кешегі қазақ жеріне келген ислам құндылықтарын таныстырып, Абай, Шәкәрімнің айтқандары мен Яссауидің хикметтерін мысалға келтіріп түсіндіреміз. Үшінші санаттағылар намазды енді бастап, солардың жамағатына қосылып жүргендер. Оларға вирус дендемей тұрғанда, тезірек қайтару жеңіл. Ал егер біз ештеңе істемей отыра берсек, үшінші, екінші санаттағылар бірінші санатқа өтіп кетеді. Ал бірінші топты мұздатқышқа қатырып қойған сияқты «сендердің өз құндылықтарың өздеріңде қалсын, бірақ басқаларды өздерің сияқты улаудың қажеті жоқ» деп айтып жатырмыз. Ал қалған екі санаттағы азаматтарды сақтап қалуымыз керекпіз. - Облыста ахуал тыныш дедіңіз. Десе де, халық Ақтөбедегі оқиғадан кейін үрейленіп қалды. Бұған не айтасыз? - Жарнама деген нәрсе бар. Тіпті 2-3 жасар баланың теледидарда қайта-қайта көрсетіліп жатқандықтан не айтылатынын жаттап алады. Өйткені қайталана бергеннен кейін адамның санасына сіңіп қалады. Ал біз мысалы Мақтаарал ауданындағы бір ауылға барамыз. Кездесуге 500-дей адам жиналып, елді мекеннің тұрғындары қуанып жатады. Ал енді қараңыз, бір жылда 365 күн, бір күнде 24 сағат бар, қанша минуттар бар. Ал жарнама күн сайын қайталанады. Яғни күнделікті ақпаратты айта берсе, сен соған бейімделесің. Біздің жылына ауданға барып екі рет кездесу өткізгеніміз халықтың есінде қалмауы да мүмкін. Адамның санасы ақпаратты тез қабылдап алғыш келеді. Мәселен «Фейсбукте» жаңалықты қарап отыршы, артынша қанша ақпарат келіп түседі. Сол себепті дұрыс ақпаратты жиі беріп отырсақ, соғұрлым халықты жаман пиғылды пікірлерден алыстататын жағдайға жетеміз. Себебі, қазір көптеген азаматтар әлеуметтік желідегі бейресми қауымдастықтармен, басқа пиғылдағы топтармен дос болып, адасуда. - Әлеуметтік желі деп қалдыңыз. Бұл мәселені бақылап отыру жағы сіздерде қалай? - Бұл мәселемен орталықта діни құндылықтарды зерттеу бөлімі айналысады. 2016 жылдың басынан бастап 371 әлеметтік желілерде мониторинг жасалды. Онда әлеуметтік желі бетіндегі неше түрлі қауымдастықтардың, басқа да түрлі сайттардың мақсатын анықтап, мына парақшада мынадай видео, аудиожазбалар бар екен деп тиісті органдарға береміз. Біздің жұмыс анықтау. Айтпақшы, біздің орталықтың сайты, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар. Ресми сайт: centre-uko.kz,эл.почта:[email protected], fecebook: «Дін мәселелерін зерттеу орталығы», в контакте:vk.com/din_madeniet, twitter:@csi_uko. Сонымен қатар, БАҚ беттерінде де халықты өзге ағымдардан сақтандыру туралы ақпаратты жиі беріп жатамыз. - Елімізде ресми түрде тыйым салынған 21 ағымның барын білеміз. Қазір жұртшылық желі бетінде де, былайша да Ақтөбедегі жағдайдан кейін салафизм идеологиясына да тыйым салыну керек деп ашық айта бастады. Маман ретінде бұған не айтасыз? - Салаф – арабтың «бұл өткендегі жағдайды өзгертпестен сол күйінде халыққа беру» деген мағынаны білдіреді. Бұлар Пайғамбарымыздың заманындағы аузынан шыққан сөздерді өзгертпестен сол күйінде жеткізуші, соның жолын ұстанушылармыз дейді. Оның көзқарасы бойынша сіздер мен біздер басқа жолда жүрген болып шығамыз. Атауы әдемі болғанымен, заты ислами құндылықтарға келмейді. Неге десеңіз, іс-әрекетінде адамдармен байланысында зиянды салдарын тигізеді. Мәселен, Оңтүстік өңірінде кейбір жастар құран оқыған кезде қол жаймайды. Ата-анасы дайындаған тамақты «сен намаз оқымайсың, маған тамақ беруге қақың жоқ» деп жемейді. Зиярат басына барып құран оқиық десек, бармайды. Сөйтіп қоғамда бөлшекке бөліну осыдан басталып отыр. Бұлардың негізін қалаушы 1263-1328 жылдар аралығында өмір сүрген Такауиддин Ибн Тәймия деп есептейді. Исламның түсініктерін халыққа басқаша беруші. Қараңыз, ислам 7 ғасырда пайда болған. Ал бұл ағым 12 ғасыр өмір сүріп келген ғұламалардың сөзін жоққа шығарып отыр. - Қазақстанда бұл ағымға тыйым салынды ма? - Ресми түрде салынған жоқ. - Неліктен тыйым салынбай отырған себебін маман ретінде айта аласыз ба? - Сауд Араб әмірлігінің халқы Ибн Таймия мен Мухаммад ибн Абдул Уәһһабтың құндылықтарын, кітаптарын ресми түрде оқытады. Географиялық картада 23 араб мемлекеті бар. Солардың әрқайсысының басшысы, әнұраны, шекарасы, өзінің салт-дәстүрі бар. Соның ішінде Сауд Арабиясы уахаббизм идеологиясын қуаттайды. Өйткені, ол кісі сол Сауд Арабиясынан шыққан. - Сонда бір мемлекетпен достық қарым-қатынасты сақтап қалу үшін осы ағымға тыйым салынбай отыр ма? - Олай деп те айтуға болмайды. Басқа да қыр-сырлары бар. Қазір Интернет еркін айналымға енген соң, Саудияда бейресми оқу орындарында дәріс алғандар осында отырған бауырларына дәрістерін жібере береді. Мәселен кейбір жігіттерден «осы көптеген дәрістерді кімнен аласың?» деп сұрасақ, Саудиядағы видео-конференциядан алатындарын айтады. Ал ол жерде отырғандар қазақтың салт-дәстүрін білмейтін, Қазақстанға өмірі келмеген адамдар дәріс беруде. Ал исламның тактикасы әр елдің өзінің дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын сыйлай отырып, соның аясында насихат айтыңдар деп Пайғамбарымыздың өзі өсиет етіп қалдырған. Бізде Саудиядан тікелей дәріс алғандар өзі қалай түсінеді, қасындағыларға да солай сіңіргісі келеді. - Айтыңызшы, түрлі діннің салдарымен Қазақстан күресуде кешігіп қалды деп ойламайсыз ба? - Жоқ, маман ретінде олай ойламаймын. Ешуақытта ешнәрсе кеш болмайды. Тек қана дер кезінде қадамдарымыз нық, айқын болуы қажет. Кешегі Ақтөбедегі жағдайда азаматтарды жиһад ретінде қызықтырған. «Сендер егер де атыс-шабыспен қоғамдағы кәпірлерді атып өлтіріп жоқ қылсаңдар, шейіт боласыңдар. Алла сол күні сендерге жаннатта хор қыздарын сыйлыққа береді» деген ақпаратпен санасын улаған. Қандай адам жап жас бола тұра өзінің де, өзгенің де қанын төгіп, өмірін қияды? Ислам дінінде адам түгілі жан-жануарға қиянат жасауға тыйым салынған. Ал кешегі адамдар қаншама адамның қанын төкті, қаншама отбасы қайғырып, қанша балалар жетім қалды, қанша әйел жесір қалды? Кім соларға жол көрсеткен?! - Негізі, соларға сол жолды кім көрсеткен, олар неге құрықталмайды деген сұрақты мен қойғым келіп отырған... - Бұл мәселеге құқық қорғау органдары тиісті жұмыстарын орындауда. Жаңа айтып өткенімдей, бірінші санаттағы адам қатып қалған адам. Соның өзіне барып айта берсек, ол жиһад жасайын деп тұрған жерінен айныса, ол бізді қоғам үшін дұрыс. Әрине болған нәрсе болды, енді бәрі кеш деп қол қусырып отыруға болмайды. Ақтөбедегі оқиға бәрімізді ұйқымыздан оятып, тік тұрғызды. Бұл ары қарай сергек болуға шақыратын жайт. Біз әлгіндей жастардан кімнен дәріс аласың деп сұрасақ, Октам, Назратулла, Ділмұрат сияқты өздері көсем қылып алған ұстаздарын айтады. Олармен әлеуметтік желі арқылы байланысады. Ол желіге тыйым салынғанымен, басқа атпен қайтадан ғаламтор бетіне шыға береді. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Ақтөбедегі әрекетті жасаған салафизмнің жігіттері екенін біз ашық айта білуіміз керек деді. Жұртшылық та уақыты келе тыйым салу керек деп жатыр. Бірақ, салафизмнің өзі радикалды, радикалды емес, байсалды, байсалды емес деп бөлінеді. Мәселен, такфиршілер деген бар, олардың көзқарасы намаз оқымайтындардың бәрі кәпір, қанын төгуге, дүниесін алуға болады, білгендеріңді істеп жүре берсеңдер күнә болмайды деген сияқты қағиданы ұстанатындар бар. Бұл діни ұйымға 2014 жылы 18 тамызда тыйым салынды. 1992 жылы ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Маман ретінде айтарым, сол заң қабылданғаннан кейін біздің санамызға сәйкес келмейтін, өмірі қазақ жерін көрмеген сырттан келген діндер қаптап кетті. Олардың құрамына он адам жинап алса тіркелуге мүмкіншіліктері болды. Яғни заң өз жұмыстарын жалғастыруға өте жеңіл мүмкіншілік жасап қойды. Кез келген жерде тіркеліп аласың да жұмысыңды жасай бересің. Сөйттік те біз көптеген неше түрлі батыстан да, шығыстан да кірген діннің салдарынан халықтың санасын уланып, сансырап қалды. Ал 2011 жылы заңға өзгеріс енгізілген соң, біршама күшіне енді. Айтпағым, қазіргі қиындықтар сол кездегі олқылықтардың әсерінен елімізде көптеген бейресми діни ағымдардың кіріп кетуіне себепкер болды. Қазірдің өзінде 3000-нан астам діни бірлестіктер бар. Оның ішінде 2500-ге жуығы өзіміздің мешіттер, қалған 1000-ға жуығын басқа ағымдар құрайды. Қарап тұрсаңыз, сол мыңның өзі маман ретінде айтарым, біздің қоғам үшін өте көп. - Мешіт демекші, қазір ата-аналар балаларын имандылық үйіне жіберуге қорқып қалған. Себеп, өзге ағымның насихатына еріп кетеді ме деген қорқыныш. Мешіттегі жағдай бақылана ма? - Қазір мешітте тек қана сол жердің имамдары уағыз айтады. Басқа ағымның жамағаты өзге ағым туралы насихаттай алмайды. - Көпшілігіміздің ұялы байланысымызға сары деңгей туралы смс-хабарлама келіп түсті. Шыны керек, оны көпшілігі дұрыс түсінбей, шошынып та қалды. Бұған дейін халыққа «сары деңгей» термині туралы неге түсіндірілмеген? - Әрине елімізде жаман нәрселер болмай-ақ қойсын, жаңағыдай терминдерді адамдар естімей-ақ та қойсын. Сары деңгей - сені кез келген жерде тоқтатып құжаттарыңызды қарап жатса, ол әрекет елдің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанына түсіністікпен қарауымыз керек. Яғни алдын ала шаралар, террористік мәселелерді болдыртпау. Бұл термин шұғыл жағдайда ғана беріледі. Өзіңіз айтқандай, жұртшылық сары, қызғылт, қызыл деңгей деген не деп жатты? Негізі бұл терминді құқық қорғау органдары жақсы біледі. Мәселен тып-тыныш жатқан елге сары деңгей деген хабар жіберілсе, халықта үрей пайда болады ғой. Сондықтан, бұл амалсыз жіберілген хабарлама болды. - Шымкент қаласында «Гарант» т.б. жерлерде көбіне сақалды, қысқа балақ киген азаматтар қаптап жүретінін көріп жүрміз. Әлеуметтік желі бетінде облыс тұрғындары олардан қауіп жоқ па дегендей әңгіменің шетін шығарды. Тіпті, жайбарақат күннің өзінде сол жерден өтіп бара жатып, оларға үркіп қарайтынымыз жасырын емес. Ол жердегі азаматтар бақылауда ма? - Айтып жатқаныңыздың бәрі өте дұрыс. Ал,енді «Гарант» сауда дүкендерінде және басқа да оңтүстік өңіріндегі жерлерде осындай азаматтар бар екені бәрімізге мәлім. Біз 2015жылдан бастап құқық қорғау органдары арқылы деструктивті ағымдардың қатарында кеткен азаматтардың аты – жөнін, толық мекен – жайын анықтадық. Сөйтіп арнайы кестелер жасап, олармен біздің орталықтың мамандары жеке-жеке кездесу жасап жатты. Бұл кездесудің нәтижесі өз жемісін беріп жатыр. Өйткені кейбір жастарымыз өздерінің радикалды көзқарасымен беттері бері қарап исламның ханафи бағытын ұстанып жүр. Жоғарыда айтып кеткенімдей оңтүстік өңірінде 2015 жылы 246 адам осындай жеке кездесулердің нәтижесі деп білемін. Сондықтан да біз өз тарапымыздан қолдан келгенше діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге барынша күш-жігерімізді салып келеміз. БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ Республика бойынша 2500 мешіт бар, оның 800-і ОҚО тиесілі. Республика бойынша 17 конфессия, 3088 діни бірлестік бар ОҚО бойынша 11 конфессия, 59 діни бірлестік бар Әлеуметтік желі мен сайттарда 371 мониторинг жұмыстары жүргізілді. Облыста орталық мамандары 425 азаматпен 713 жеке кездесу өткізді. Оның ішінде 72 азамат дәстүрлі бағытқа қайта оралды. Елімізде тыйым салынған ағымдар Мұны білу сіздің жеке қауіпсіздігіңіз бен балаңыздың болашағы жарқын болуы үшін керек «Әл-Каида» «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» «Күрд Халық Конгрес» («Конгра-Гел») «Асбат әл-Ансар» «Мұсылман бауырлар» (Братья-мусульмане) «Талибан» қозғалысы «Боз гурд» «Орталық Азиядағы Жамағат мужаһидтер» «Лашкар-е-Тайба» «Әлеуметтік реформалар қоғамы» «Хизб-ут-Тахрир» «АУМ Синрике» «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы» «Түркістан ислам партиясы» «Алла аят» қозғалысы «Ата жолы» қозғалысы 2011 жылы 19 қазанда Алматы қаласы соты Зікіршілерге тыйым салды «Таблиғ жамағаты» «Ат-такфир уәл хижра» ДАИШ, ИГИЛ Жансая Сыдықбай Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_98931.txt | Бұрынғының бәрінде ғибырат бар | https://abai.kz/post/98931 | "Бұрынғының бәрінде ғибырат бар" | "https://abai.kz/post/98931" | 10.10.2019 | Айшуақ Дәрменұлы | null | TITLE: Бұрынғының бәрінде ғибырат бар
URL: https://abai.kz/post/98931
META: "Бұрынғының бәрінде ғибырат бар" | "https://abai.kz/post/98931"
DATE: 10.10.2019
AUTHOR(s): Айшуақ Дәрменұлы
TOTAL WORDS: 977
TEXT: Жүзінен парасат пен тереңдік көрініп тұратын қараторы маңғаз кісіні алғаш көрген адам «сұсты, қатал біреу екен» деп ойлауы мүмкін еді. Тақиясын бір шекесіне жылжытып, басын әнтек қисайта ұстап, алдында отырған адамның бетіне байыппен, сынай қарап отырушы еді. Әңгіменің әужайын әбден зерттеп, сөз ұстаған шешендерді мұқият тыңдап алған соң бір жөткірініп алады да, қоңырқай қою даусымен кесек сөздерді түйдектете төгіп жібереді. Даурығып отырған жұрт бірте-бірте сілтідей тынып, құлаққа ұрған танадай жуасып қалатын. Көз алдыңа шәкірттерін біраз еркіне жіберіп алып, аталы сөзбен шегелеп, қорытындысын қойып тастайтын тәжірибелі ұстаз елестейді. Үмбетырза ағаның дәл осындай шеберлігіне жиын-тойларда, қонақтықтарда бірнеше рет куә болдым. Бір күні ғаламтор парақтап отырып атақты жырау Алмас Алматовтың мақаласын кезіктірдім. Ол кісі бұрынғы ақсақалдар, ел ішіндегі атақты ишан-молдалар, олардың үлгі-өнегесі туралы тебірене отырып толғаған екен. Сол ақсақалдардың бірі Алмасқа «Шырағым, арнайы қонақтың үш түрі болады. Той қонағы. Қой қонағы. Ой қонағы. Бұлардан бөлек «құдайы қонақ» - қайыр-сахауатыңның мейманы. Той қонағы - шақырушы жібересің, болмаса біреуден-біреу естіп келе береді. Жарты бауырсақтан ауыз тисе де риза. «Тойдан ауыз тидік»- деп, батасын беріп тарап жатады. Қой қонағы – «Қожекеңе сәлем берейік»,- деп арнайы келеді. Бір малыңды сойып, қонақасын беріп, батасын алып аттандырасың. Ой қонағы - шырағым, ел ішінде ғұлама ишан, молла, шежіреші қария, ақын-жыраулар бар. Отыңның басына олар келсе, босағаңнан ырыс-несібе бірге кіреді. Олардың айтқан сөздерінде бүтін мұсылман баласының еншісі бар. Соның ішінде өзіңнің де сыбағаң бар балам!» дейді. Қандай керемет сөздер! Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатырған алтын ережесі. Қонақжайлық пен берекелі дастарқан Үмбетырза әулетінде баяғыдан бар дәстүр. Баласы Өтегенді 1993 жылдан бері танимын. Көрген жерде әртүрлі сылтау айтып үйіне қарай ерте жөнелетін. Сол уақыттан бері тек өздері отырып ас ішкенін көрген жоқпыз. Ағайын-туыс, нағашы-жиен, құда-жекжат, ауылдас пен кластас, достың таныстары, әйтеуір мәре-сәре болып толып отыратын қонақтар. «Қонақ сегіз несібе әкеледі. Бір-екеуін өзі ішіп-жеп кетсе де, қалғанын шаңырақта қалдырып кетеді» деген сөзді атам жиі айтатын. Зоя шешеміздің дастарханды толтырып тастайтын қоры да үзілмейді. Осы шаңырақта жатып оқыған студенттер мен нағашы-жиендердің өзі бір тайпа ел бар ау шамасы. Бір қызығы, ешкім оқтау жұтқандай болып отырмайды. Алғашқы бір-екі күнде торға түскен қояндай көзі бақырайып отырған ұл-қыздар, келесі көргеніңде тонның ішкі бауындай араласып, жайраңдап шаруаға араласып жүреді. Ретімен қуанышты тойлау, бас амандығына мал шалып садақа тарату, үйленген жастарға босаға көрсету, көңілі жабыңқы жандарға көңіл шәй беру – қазақы дархандықпен жасалып жататын қалыпты жағдай. Үмбетырза ағамыз ол кезде ауылда тұрды. Қажетіне қарай қалаға жиі келіп тұратын. Дастархан басындағы салмақты әңгіме, салиқалы сұхбатты қатты ұнататын. Орынды уәж бен уытты қалжыңға рахаттанып, кеңкілдеп күлетін. Жантайып жатқан атасының үстіне немере-жиендері мініп-түсіп, олар өздерінше мәз. Өтеген мен Сәбиттің достары шетінен ақын, әдебиетші, әнші, термеші жігіттер. Мәжіліс қызған сайын өнерлі жандар бабына келіп, желпіне түседі. Үлкендердің қонақжай көңілі мен ашық қабағының белгісі ме, ешқандай қысылу деген болмайтын. Кімнің айтқаны есімде жоқ, жігіттердің бірі «Осы үйге келсем қазақ екенімді сезініп, қатты марқайып қаламын» деп жұрттың бәрін ду күлдірген. Зоя апа «Әй, жүрсейші, жастар өздері еркін отырсын» дейді. Бәрі шулап қоя береді, «Жо-жоқ, кетпеңіздер, бізді кім тыңдайды сонда!». Үмбетырза аға мәз болады. Жігіттердің жүзінен жастық шағын іздейтіндей, риза пейілмен қарап отырады. Үмекең реті келген жерде жақсылап қалжыңдай да білген. Ауыл қазағы тауықтан бұрын ерте оянып алады. Бір шаруасымен қалаға қарай шығады. Астында жұрт «пирожковоз» атап кеткен «Москвич» көлігі. Қала сыртында ГАИ тоқтатады. Құжаттары дұрыс. «Аға, будканы ашыңыз» дейді жас жігіт. Осы кезде Үмекеңнің қырсықтығы ұстайды. Кілтті алып көліктен түседі де «Мә, інім, өзің аша ғой» деп, кілтін ұстата сала, өзі бірнеше метр әрірек барып тұрған ғой. «Неге?» депті жас лейтенант. «Ауылдан шыға бере түсі суық бейтаныс екі адам тоқтатты. Екеуінде де мылтық бар. Қорқып мінгізіп алдым, будкада отыр». Біраз ойланған қызметкер «Аға, жүре беріңіз» депті. Тоқсаныншы жылдардың аяғында жазға салым Ақтөбеге академик Рахманқұл Бердібай бастаған бір топ ғалымдар келді. Негізгі шаруалары университет бітіретін түлектерден емтихан қабылдау. Көкірегі қазынаға толы ғұламалар елге келіп жатқанда Өтеген неге үнсіз қалсын, бірден үйіне шақырды. Білімді адамдар кішіпейіл болады ғой, ылғи марғасқа төрт профессор жатсынған жоқ, жастыққа жантайып жатып мәнді әңгіменің көрігін қыздырды. Ауылдан кешігіңкіреп келген Үмбетырза аға жағалай амандасып шығып, төменірек жаққа келіп отырды. Ғалымдардың сұхбаты таза әдеби бағытта: әдебиеттану, фольклор, Абай мен Әуезов мұралары... түйдек-түйдек кетіп жатыр. Жұмыс бабымен екі сағаттан соң қайтып келсем – жантайып жатқан қонақтар тұрып кеткен, Үмбетырза ағаны ұйып тыңдап отыр. Рахманқұл аға мықты ғалым, терең кісі ғой, дастарханның соңына қарай «Әй, Үмбетырза інім, филолог дипломың болмаса да сен нағыз даланың профессоры екенсің. Бәрімізді аузыңа қараттың. Аман бол. Халық даналығы ешқандай өлшемге, қалыпқа сыймайтын үлкен қазына ғой. Көненің әңгімелерін көкірегіңе құйған екенсің. Бала күнімде естіген сөздерімді тірілттің ау» деп қатты риза болды. Соңғы бір көргенімде мұқият аман-саулық сұрастырды. Әке-шешемді, достарымды түгел сұрап түгендеп шықты. Үлкен-кішінің бәріне өзімсініп «бала» деп сөйлейтін. Сол дағдысына салып: - Бала, «түйе қартайса ботасына ереді» деген, осында көшіп келгелі жатырмын,- деді. -Е, дұрыс болған екен. Бала-шағаның қасында, бірге болған дұрыс қой. -Әй, қайдам. Жер үй болса да қаланың ауасы тар. Ауылдағыдай кеңшілік қайдан болсын,- деп қысқа қайырды. Кең дүние мен ірілікке адалдығын сақтаған ғазиз жүрек қалаға көнбейтінін сезген екен. Бір аптадан соң Өтеген телефон шалды, «Айшуақ, бүгін менің асқар тауым құлады. Әкемнен айырылып қалдық, жігіттерге айт» деді қарлығыңқы дауыс. Жаназаға кісі өте көп жиналды. Қаралы жиында арнайы сөз берген. Көмейіме өксік тығылып, ештеңе айта алмадым. Үмбетырза ағаның бақилық ғұмыры басталды. Артында қалың ормандай ел-жұрты, туыс-бауырлары, дос-жолдастары, жайқалған ағаштай ұрпақтары, дидарын көрген мыңдаған жерлестері қалды. Атасы кеткен соң туған немеренің аты Ырзабек болды. Тұсауын кесіп, тай жетектедік. «Әкең болғанда құлынды бие беретін еді» деп бір желпіндік. Айта кететін бір жәйт, Үмбетырза аға келіндерін өте жақсы көретін. «Өз балам өз үйінде жүр. Келіндердің қабағын кірлетпеу керек. Көңіл-күйі жақсы, мейірімге бөленген келіннен туған ұрпақ мықты болады» деп отыратын. Қанекей, барлық ата-енелер осылай пайымдаса. Зоя әжесінің қойнына жатуға таласқан немерелер, еншісі бөлінбеген Өтеген мен Сәбиттің, апа-сіңлідей жайраңдап жүретін Алма мен Динараның тату-тәтті тіршілігі, бәрі де Үмекең салып кеткен сара жол. «Жақсы әкенің аты ұрпағына қырық жыл азық» дейді. Кісі өлгенде өлмейді, ұмытылғанда шын өледі ғой. Жақсы адамның аты ұрпаққа үлгі, жұртқа өнеге болып мың жасасын. Айшуақ Дәрменұлының жазбасы Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_10026.txt | Зира Наурызбаева. Жеті шелпек | https://abai.kz/post/10026 | "Зира Наурызбаева. Жеті шелпек" | "https://abai.kz/post/10026" | 16.08.2011 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Зира Наурызбаева. Жеті шелпек
URL: https://abai.kz/post/10026
META: "Зира Наурызбаева. Жеті шелпек" | "https://abai.kz/post/10026"
DATE: 16.08.2011
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 900
TEXT: Аса діндар жанұядан шыққан менің бір құрбым (кедей болса да, оның атасы Меккеге қажылықпен үш рет жаяу барып келген), бозбала ұлын арап тілінің үйірмесіне апарып жүрді... Бірнеше сабақтан соң ұлы оны «ағарта» бастады: жеті шелпек пісіріп, о дүниелік жанды еске алу мұсылмандыққа жатпайды екен. Ол пұтшылдық рәсімі, оны ұстану нағыз мұсылманға жат, ондайдан бас тарту керек... дегендей. Шелпек пісіруді маған әжем үйреткен. Қамырды илеуден бұрын рәсім жолымен тазару керек, ниетіңді бағыштап, о дүниелік туыстардың қайырымын еске ала отырып, іске кірісу қажеттігін бойыма сіңірді. Өзі иленген қамырды ой мен сезімді таза ұстай отырып, басқаға алаңдамай жаятын. Жайма қамырды қызған тоңмайға салған сайын «Біссімілләсін» айтудан танбайтын, марқұм. Күбірлеп тұрып, аталарының бірін еске алып, Жаратқаннан оған мейірім мен шапағат тілейтін. Соңғы жайманы саларда Алладан аталмаған ата-бабасы мен о дүниелік бар қазақ үшін, жалпы мұсылман қауым үшін мейірім-шапағат сұрауды мен де үйрендім. Осылайша ізгі ниетпен піскен жеті нанға арнайы дұға оқылып барып, ауыз саламыз да «Тие берсін» айтуды тағы ұмытпаймыз. Бұл жерде ертеден келе жатқан мынадай сенім бар: тірі адам шелпек жесе, қайтқан жандар нанның, шыжыған тоңмайдың иісінен қуат алады деп есептеледі. Сол себепті болар, бұл жоралғы бір жағынан «Иiс шығару» деп те аталатын, әжем шелпек пісірерде солай дейтін. Аса діндар жанұядан шыққан менің бір құрбым (кедей болса да, оның атасы Меккеге қажылықпен үш рет жаяу барып келген), бозбала ұлын арап тілінің үйірмесіне апарып жүрді... Бірнеше сабақтан соң ұлы оны «ағарта» бастады: жеті шелпек пісіріп, о дүниелік жанды еске алу мұсылмандыққа жатпайды екен. Ол пұтшылдық рәсімі, оны ұстану нағыз мұсылманға жат, ондайдан бас тарту керек... дегендей. Шелпек пісіруді маған әжем үйреткен. Қамырды илеуден бұрын рәсім жолымен тазару керек, ниетіңді бағыштап, о дүниелік туыстардың қайырымын еске ала отырып, іске кірісу қажеттігін бойыма сіңірді. Өзі иленген қамырды ой мен сезімді таза ұстай отырып, басқаға алаңдамай жаятын. Жайма қамырды қызған тоңмайға салған сайын «Біссімілләсін» айтудан танбайтын, марқұм. Күбірлеп тұрып, аталарының бірін еске алып, Жаратқаннан оған мейірім мен шапағат тілейтін. Соңғы жайманы саларда Алладан аталмаған ата-бабасы мен о дүниелік бар қазақ үшін, жалпы мұсылман қауым үшін мейірім-шапағат сұрауды мен де үйрендім. Осылайша ізгі ниетпен піскен жеті нанға арнайы дұға оқылып барып, ауыз саламыз да «Тие берсін» айтуды тағы ұмытпаймыз. Бұл жерде ертеден келе жатқан мынадай сенім бар: тірі адам шелпек жесе, қайтқан жандар нанның, шыжыған тоңмайдың иісінен қуат алады деп есептеледі. Сол себепті болар, бұл жоралғы бір жағынан «Иiс шығару» деп те аталатын, әжем шелпек пісірерде солай дейтін. 1991 жылы дағдарыстан жарты жыл бойы айлық төленбейтін, карточкамен ғана жұртқа шөкімдеп азық үлестірген заман болды, оның өзі бірде бар, бірде жоқ еді. Сол жылы желтоқсан айында қайтқан немере ағамның жылдық садақасына шелпек пісіретін үйімізде тоңмай болмай қалды. Салым суға кеткен мен әжемнен: «Әже нанды тандырға (духовка) пісірсем, әруақтарға тие ме?» деп сұрадым. Көзі жасаураған әжем: «Әрине, айналайын. Ниетің таза болса, болды ғой. Ең бастысы сол, құлыным!» Он күннен соң оның өзі де о дүниеге аттанды. Жаназаға келген туыстарымыз, құрбылар, көршілер, жұмыстастар,- жағдайды айтқызбай-ақ ұқты, біреуі жарты қорап маргарин, біреуі ыдыс түбіндегі майдың қалғанын, енді бірі шыжғырылған тоңмай дейсің бе, әйтеуір, әлгі майшелпек пісіруге деген тапшылықпен күресіп, бәрі мұсылмандығын көрсетіп жатты. Мұндай рәсім, тіпті орыстанды деген қазақ отбасылардың өзінде жасалатын. Бұл рәсім - әрбір қазақ әйелі үшін өздеріне қымбатты жандарының жолына бағыштар дұғамен бірдей дәстүр ғой. Иә, жасыратын несі бар, бұл рәсімге араптардың қатысы жоқ. Оның тамыры түркі халықтарының мұсылманға дейінгі дәуірінде жатыр. Сонда да оның әуелгі жарқын да биік нышаны әлі күнге ап-айқын. Бір біріне беттестірілген жеті шелпек, аспанның жеті қабатын болмаса Құранда айтылатын жеті қат жұмақты бейнелейді. Алланың бір аты да - жеті көктің Иесі. Рас, рухтың иіспен қоректенетіні турасында көпшілік біле бермейді. Барлық тілдерде де «рух» ұғымы «ауа», «жел», «дем», «иіс» сөздерімен байланыста. ХІХ ғасырдағы орыс ақыны: «Орыс рухы қайда болса, сол жердің Рус иісі аңқиды» десе, қазақтар әлі күнге «қазақы рух» ұғымын «иісі қазақ» деп жатады. Әрине, діни көзқарас тұрғысынан о дүниелік жандардың қоректенуі жөніндегі идея күнә болу ықтимал, өйткені, әруақтарға деген садақаны интерпретацияласақ, онда құрбандық тек қана Жаратқанға бағышталуы керек қой. Бірақ бұл рәсім мұсылмандық рухқа сіңіскелі қашан?! Ол мазмұн тек қана «Біссіміллә» сөзінде ғана емес, Алладан тілеп, Құран сүрелерін оқып бағыштауда ғой. Рәсімнің мәні туыстарынан, ұрпағынан тиетін қоректе ғана емес, олар үшін Жаратқанға құлдық ұрып, бағышталатын дұға арқылы да қолдау табады емес пе. Иіс пен дұға - бір біріне қарсы нәрселер де емес. Пайғамбардың өзі жұртқа мәлім уәжінде иістің жанның биікке, кемелденуге құштар етерлік сезімін оятарын меңзейтіні бар: «Иіс пен әйел мен үшін аса құнды және де менің жанарымды салқын тартқызатын дұға ғана» дейді. Әрине, Пайғамбар ұнататын жұпар иіс пен қойдың тоңмай иісін салыстыруға болмас. Алайда, құрбан қой - көптеген дәстүрлерге тән құрбандық жануар екені белгілі. Қашаған жыраудың байқататыны бар ғой: «Қой бізге жұмақтан келген жануар». Қой майы жағылатын шырақ та, зәйтүн майы толтырылған шырағдан да, Құрандағы батаға бағышталатын нәрселер - ортақ нышанның айырмасы тек қана географиялық әрі ұлттық нұсқаларында ғана. «Жеті нан» рәсімі - ежелгі дәстүрдің сақталып қалған үзіндісі, ол турасында былай делінген: «Барлық халық үшін табыну рәсімін қалыптадық, олар сонымен тағзым етеді».(Құран, 22-66 сүре). Бәлкім, ол рәсімнің мәнін ашып әрі түсіндіру керек болар, бірақ ондай жоралғының араптарда болмағандығына және жоқ болғандықтан Пайғамбардың құзырынан тыс ретінде қарап жою... Исламның басты екі мерекесінің бірі - Құрбан-айт Абрам-Ибрахимның құрбандыққа даярлаған өз баласын Жаратқанның қоймен алмастыруы арқылы, ол баланың құрбан болуын қаламайтынын білдірді ғой. Ал, ендеше оның құрбандыққа ата-бабаны ескеруді, тарих, мәдениет, дәстүрді құрбан етуді де қалайды деп ойлайсыз ба? Аударған - Сергек Ерсайын Түпнұсқадағы тақырып: « Әуелгі ислам - Жыраулар мұрасындағы тәңірлік пен ұлттық идея немесе «Пұтшылдық» жоралғы «жеті шелпек» жөнінде бірер сөз » www.otuken.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_156049.txt | Мәжіліс депутаты қостанайлық дәрігерлермен медициналық қызметтің қолжетімдігін талқылады | https://abai.kz/post/156049 | "Мәжіліс депутаты қостанайлық дәрігерлермен медициналық қызметтің қолжетімдігін талқылады" | "https://abai.kz/post/156049" | 19.08.2022 | Abai.kz | null | TITLE: Мәжіліс депутаты қостанайлық дәрігерлермен медициналық қызметтің қолжетімдігін талқылады
URL: https://abai.kz/post/156049
META: "Мәжіліс депутаты қостанайлық дәрігерлермен медициналық қызметтің қолжетімдігін талқылады" | "https://abai.kz/post/156049"
DATE: 19.08.2022
AUTHOR(s): Abai.kz
TOTAL WORDS: 240
TEXT: Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Онда өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиында сөз сөйлеген Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының м.а. Данияр Жандаев аймақтағы ана мен бала денсаулығын қорғаудың ерекшеліктері туралы айтты. Бүгінгі күні медициналық көмектің ұтқырлығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру жүргізілуде. Облыста 28 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылдың алты айында өңірде 5074 сәби дүниеге келді. Сондай-ақ, жаңа туған нәрестеден 3 жасқа дейінгі жас санатындағы балалар "Дельфин" сәбилер үйі КММ-де сауықтырылады, төсек қорының жалпы саны 75 төсекті құрайды, – деді. Д. Жандаевтың айтуынша, Қостанай облысында балалар медицинасы ерекше жағдайда деуге болады. Қазіргі таңда Облыстық балалар ауруханасының жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелер бар. Жалпы облыс деңгейінде балаларға медициналық көмек көрсету деңгейі қанағаттанарлық деңгейде. Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева медицина саласын цифрландыру мәселесі назарда екенін жеткізді. Депутат атап өткендей, Damumed ақпараттық жүйесі сала жұмысын жеңілдету үшін енгізілген болатын. Алайда, жұмыс барысында керісінше қиындықтар тудырғандықтан, біріңғай операторлық қызметті енгізу бойынша депутаттық ұсыным жасайтын айтты. Сонымен қатар жиында "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" Қостанай филиалының директоры Андрей Соловьев 2017 жылы Damumed медициналық ақпараттық жүйесі облыстың бес ірі емханасында пилоттық енгізуден басталғанына тоқталып, мәселенің проблемалық аспектілері мен шешу жолдары туралы айтты. Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Екатерина Смышляева Рудный қаласына, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарына барып, мектеп және фельдшерлік акушерлік пунктердің жұмысын бақылады. Abai.kz
|
qosymsha/abai.kz | post_5876.txt | Кәсіпкерлер үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды | https://abai.kz/post/5876 | "Кәсіпкерлер үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды" | "https://abai.kz/post/5876" | 26.11.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Кәсіпкерлер үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды
URL: https://abai.kz/post/5876
META: "Кәсіпкерлер үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды" | "https://abai.kz/post/5876"
DATE: 26.11.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 411
TEXT: Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Әділ Орманов. Алматы кәсіпкерлері үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды. Жұма күні ҚР жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова «Атамекен» кәсіпкерлер одағының конгресінде осындай мәлімдеме жасады. «Атамекен» 192 бапты (ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы «жалған кәсіпкерлік» - ҚазТАГ) алып тастау бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын білеміз. Бірақ бұл жүзеге асқанша бір-екі жыл өтеді. Біздің кәсіпорындардың көбі банкротқа ұшырайды. Мынадай ұсыныс бар: салық комитетінің шектен шығушылығын тоқтату керек, кәсіпорындар банкротқа ұшырағанда сотсыз, талқылаусыз олардың есепшоттарын жауып тастайды да, кәсіпорын тұралап қалады. Бұл үшін күшті шешім қабылдау керек», - деді Л. Худова. Бұл ұсынысты қатысып отырған кәсіпкерлер қол соғып, «дұрыс» деп айқайлап, қолдайтындарын білдірді. Салық комитеті бүгінгі күні «кәсіпорындарды есепшоттарды жабу туралы ескертпелерінің астында қалдырды», деді Л. Худова. «Бәрі (проблема – ҚазТАГ) геометриялық прогрессиямен өсуде. (Салық комитеті - ҚазТАГ) бір кәсіпорын – жалған кәсіпорын (деп танылады - ҚазТАГ), одан кейін жүздеген басқа кәсіпорындар кетеді. Бұл – шектен шығушылық», - деді ол. Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Әділ Орманов. Алматы кәсіпкерлері үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды. Жұма күні ҚР жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова «Атамекен» кәсіпкерлер одағының конгресінде осындай мәлімдеме жасады. «Атамекен» 192 бапты (ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы «жалған кәсіпкерлік» - ҚазТАГ) алып тастау бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын білеміз. Бірақ бұл жүзеге асқанша бір-екі жыл өтеді. Біздің кәсіпорындардың көбі банкротқа ұшырайды. Мынадай ұсыныс бар: салық комитетінің шектен шығушылығын тоқтату керек, кәсіпорындар банкротқа ұшырағанда сотсыз, талқылаусыз олардың есепшоттарын жауып тастайды да, кәсіпорын тұралап қалады. Бұл үшін күшті шешім қабылдау керек», - деді Л. Худова. Бұл ұсынысты қатысып отырған кәсіпкерлер қол соғып, «дұрыс» деп айқайлап, қолдайтындарын білдірді. Салық комитеті бүгінгі күні «кәсіпорындарды есепшоттарды жабу туралы ескертпелерінің астында қалдырды», деді Л. Худова. «Бәрі (проблема – ҚазТАГ) геометриялық прогрессиямен өсуде. (Салық комитеті - ҚазТАГ) бір кәсіпорын – жалған кәсіпорын (деп танылады - ҚазТАГ), одан кейін жүздеген басқа кәсіпорындар кетеді. Бұл – шектен шығушылық», - деді ол. «Атамекен»ҰЭП ҚР бас прокуратурасына және жоғарғы сотқа Қылмыстық кодекстен 192 бап – «Жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастауды, ҚР Жоғарғы сотының сәйкес мәселелер бойынша 2009 жылдың 12 қаңтарындағы №1 нормативті қаулысының күшін жоюды сұрап, хат жазған болатын. Хаттың мәтініне сәйкес, бір тұлғаның жалған кәсіпкерлік тұлғасы деп танылуы аталған тұлғаның басқа кәсіпорындармен келісімшарттарының бәрін автоматты түрде заңсыз етеді. Осының нәтижесінде шынайы жағдайларға қарамастан, толықтай заңды келісімшарттар адал кәсіпкерлер үшін қаржылық және салық санкцияларын салуға алып келеді. Бұл құқықтық қайшылық мыңдаған кәсіпкерге кесірін тигізді. «Атамекен» ҰЭО мәліметтеріне сәйкес, 400-ге жуық субъект жалған кәсіпорын деп танылды. Олармен келісімшарттар жасасқаны үшін 14 мыңнан аса кәсіпорын жауапқа тартылып жатыр.
|
qosymsha/abai.kz | post_16582.txt | Бас мүфти – ірімейік, бірігейік | https://abai.kz/post/16582 | "Бас мүфти – ірімейік, бірігейік" | "https://abai.kz/post/16582" | 03.04.2013 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: Бас мүфти – ірімейік, бірігейік
URL: https://abai.kz/post/16582
META: "Бас мүфти – ірімейік, бірігейік" | "https://abai.kz/post/16582"
DATE: 03.04.2013
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 330
TEXT: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Германияның Алматыдағы бас консулы Михаэль Грауды қабылдады. Бас мүфти қонаққа қазақ даласына Ислам дінінің келу тарихын, елдегі діни ахуалды баяндап берді. Михаэль Грау Ержан қажы Малғажыұлын жаңа қызметімен құттықтап, сұхбат барысында: «Діни басқарма діни ағымдармен қалай күреспек?» - деп сауал тастады. Бас мүфти байсалды үнмен байыпты жауап қайырды: «Исламда зорлық жоқ. Құранда Алла тағала осылай деген. Біз өзгелерді күштеп дінге әкелмейміз немесе өз мәзһабымызды ұстануға мәжбүрлемейміз. Асыл дініміз Исламдағы дәстүрлі бағытымыз - Әбу Ханифа мәзһабы - демократиялық принциптерге негізделген жол. Ол - біздің дәстүрімізбен, салтымызбен бітеқайнасып кеткен мәзһаб. Діни басқарманың дін саласындағы рөлі - бөлшектеу емес, біріктіру. Мұсылмандарды мүфтият төңірегіне топтастыру. Ауызбіршілікті арттыру. «Ірімейік, бірігейік» деген ұран тастап, ынтымаққа үндейміз. Мүфтият - жазалаушы орган емес. Күштеу, мәжбүрлеу - дінімізге жат. Біз кез-келген дін өкілімен диалог жасауға мүдделіміз. Түсіндіру, насихат айту, үлгі болу - мақсатымыз. Ұр да жық мінез - мұсылманға, дін өкіліне жараспайды». Михаэль Грау Бас мүфтиге салихалы сұхбаты үшін алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. ҚМДБ-ның баспасөз қызметі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Германияның Алматыдағы бас консулы Михаэль Грауды қабылдады. Бас мүфти қонаққа қазақ даласына Ислам дінінің келу тарихын, елдегі діни ахуалды баяндап берді. Михаэль Грау Ержан қажы Малғажыұлын жаңа қызметімен құттықтап, сұхбат барысында: «Діни басқарма діни ағымдармен қалай күреспек?» - деп сауал тастады. Бас мүфти байсалды үнмен байыпты жауап қайырды: «Исламда зорлық жоқ. Құранда Алла тағала осылай деген. Біз өзгелерді күштеп дінге әкелмейміз немесе өз мәзһабымызды ұстануға мәжбүрлемейміз. Асыл дініміз Исламдағы дәстүрлі бағытымыз - Әбу Ханифа мәзһабы - демократиялық принциптерге негізделген жол. Ол - біздің дәстүрімізбен, салтымызбен бітеқайнасып кеткен мәзһаб. Діни басқарманың дін саласындағы рөлі - бөлшектеу емес, біріктіру. Мұсылмандарды мүфтият төңірегіне топтастыру. Ауызбіршілікті арттыру. «Ірімейік, бірігейік» деген ұран тастап, ынтымаққа үндейміз. Мүфтият - жазалаушы орган емес. Күштеу, мәжбүрлеу - дінімізге жат. Біз кез-келген дін өкілімен диалог жасауға мүдделіміз. Түсіндіру, насихат айту, үлгі болу - мақсатымыз. Ұр да жық мінез - мұсылманға, дін өкіліне жараспайды». Михаэль Грау Бас мүфтиге салихалы сұхбаты үшін алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. ҚМДБ-ның баспасөз қызметі
|
qosymsha/abai.kz | post_4022.txt | 2010-2011 жылдары банк секторының кірісі төмендейді – сарапшы | https://abai.kz/post/4022 | "2010-2011 жылдары банк секторының кірісі төмендейді – сарапшы" | "https://abai.kz/post/4022" | 20.05.2010 | Абай-Ақпарат | null | TITLE: 2010-2011 жылдары банк секторының кірісі төмендейді – сарапшы
URL: https://abai.kz/post/4022
META: "2010-2011 жылдары банк секторының кірісі төмендейді – сарапшы" | "https://abai.kz/post/4022"
DATE: 20.05.2010
AUTHOR(s): Абай-Ақпарат
TOTAL WORDS: 327
TEXT: Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ - Игорь Киндоп. Қазақстан банктерінің кірісі алдағы екі жылда төмендеп, негізінен таза пайыздық кіріс есебінен қалыптасатын болады. Fitch Ratings агенттігінің қаржылық мекемелер жөніндегі сараптамалық тобының кіші директоры Максим Миллер осындай деген пікір білдірді. «Қазақстандық банктердің (дефолтқа ұрынғандарынан басқасында - ҚазТАГ) резервтерін құратын кірісі көп жағдайда теңгенің девальвациясы мен міндеттерін мезгілінен бұрын қайтаруға байланысты бір реттік кіріспен көпіршітіп жіберілген. Ондай кірістер 2010-2011 жылдары қайталана қоймас. Демек резервтерді құру үшінгі кіріс те азаяды және 2009 жылмен салыстырғанда аз болады. Ол кірітің негізгі көзі қандай да бір реттік кірістер емес, таза пайыздық кіріс болады», - деді ол Fitch Ratings-тің Қазақстан бойынша жыл сайынғы IV-ші конференциясындағы өзінің баяндамасында. Ол қазір несиелендіру көлемі 2004 жылдың соңындағы деңгейде тұрғанын атап өтті. Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ - Игорь Киндоп. Қазақстан банктерінің кірісі алдағы екі жылда төмендеп, негізінен таза пайыздық кіріс есебінен қалыптасатын болады. Fitch Ratings агенттігінің қаржылық мекемелер жөніндегі сараптамалық тобының кіші директоры Максим Миллер осындай деген пікір білдірді. «Қазақстандық банктердің (дефолтқа ұрынғандарынан басқасында - ҚазТАГ) резервтерін құратын кірісі көп жағдайда теңгенің девальвациясы мен міндеттерін мезгілінен бұрын қайтаруға байланысты бір реттік кіріспен көпіршітіп жіберілген. Ондай кірістер 2010-2011 жылдары қайталана қоймас. Демек резервтерді құру үшінгі кіріс те азаяды және 2009 жылмен салыстырғанда аз болады. Ол кірітің негізгі көзі қандай да бір реттік кірістер емес, таза пайыздық кіріс болады», - деді ол Fitch Ratings-тің Қазақстан бойынша жыл сайынғы IV-ші конференциясындағы өзінің баяндамасында. Ол қазір несиелендіру көлемі 2004 жылдың соңындағы деңгейде тұрғанын атап өтті. «Сірә ол, банкирлердің қазіргі экономикалық жағдайда жақсы қарыз алушылардың жоқтығы себепті, қандай да несиелік экспансияны жүргізгісі келмей отырғанына байланысты болуы керек. Оған қоса, ол несиелік портфельдердің айналымдылығына да байланысты екенінің маңыздылығы кем емес, себебі олардың басым бөлігі, өтелуі жоқтығын айтпағанда, пайыздық кірісі есептелмейтін, өтімділігі жоқ мезгілінен бұрынғы несиелермен байланысты», - дейді М. Миллер. Оның айтуынша, банктер өзінің портфелдерінде дағдарыстан туындаған шығындарын жабу үшін, бизнесінің белгілі бір секторларынан алатын кірісті пайдаланады. Сондай-ақ ол, банктер проблемалық несиелерді мойындай бастағанда банктердің пайыздық маржаларының мөлшері 2% деңгейіне не одан азға ұмтылатынын атап өтті.
|
Subsets and Splits