path
stringclasses
9 values
file_name
stringlengths
4
250
title
stringlengths
1
125k
url
stringlengths
12
505
meta
stringlengths
1
714
date
stringlengths
2
24
author
stringlengths
6
36
total_words
null
text
stringlengths
0
4.99M
qosymsha/abai.kz
post_6623.txt
АҚШ-та бидайдың әлемдік бағасы төмендеді, Қазақстанда өзгерген жоқ
https://abai.kz/post/6623
"АҚШ-та бидайдың әлемдік бағасы төмендеді, Қазақстанда өзгерген жоқ" | "https://abai.kz/post/6623"
13.01.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АҚШ-та бидайдың әлемдік бағасы төмендеді, Қазақстанда өзгерген жоқ URL: https://abai.kz/post/6623 META: "АҚШ-та бидайдың әлемдік бағасы төмендеді, Қазақстанда өзгерген жоқ" | "https://abai.kz/post/6623" DATE: 13.01.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 178 TEXT: Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Әлемдік және қазақстандық бидай нарығында бейсенбіге қатысты сауданың қорытындысы бойынша АҚШ-та және Қазақстанда бидай бағасы түрлі бағытта өзгерді. СВОТ және «Еуразиялық сауда жүйесі» биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарияланды. Дүйсенбі күні Chicago Board of Trade (CBOT) биржасында Wheat Futures Final келісімшартына 2-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерсінің орташа құны l770,4(+11)цент/бушель болды. Метрикалық тоннада 36,74 бушель бар. Сейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінің (ЕСЖ) алаңында 3-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерсінің орташа бағасы Т36700(0,0)/тоннаны құрады. ЕСЖ мәліметтеріне сәйкес, 4-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерстерінің бағасы Т34000(0,0)/тоннаны құрады. Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Әлемдік және қазақстандық бидай нарығында бейсенбіге қатысты сауданың қорытындысы бойынша АҚШ-та және Қазақстанда бидай бағасы түрлі бағытта өзгерді. СВОТ және «Еуразиялық сауда жүйесі» биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарияланды. Дүйсенбі күні Chicago Board of Trade (CBOT) биржасында Wheat Futures Final келісімшартына 2-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерсінің орташа құны l770,4(+11)цент/бушель болды. Метрикалық тоннада 36,74 бушель бар. Сейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінің (ЕСЖ) алаңында 3-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерсінің орташа бағасы Т36700(0,0)/тоннаны құрады. ЕСЖ мәліметтеріне сәйкес, 4-ші сыныпты бидайдың алдағы айдағы фьючерстерінің бағасы Т34000(0,0)/тоннаны құрады.
qosymsha/abai.kz
post_18588.txt
Мухтар ТАЙЖАН: Обращение к русскоязычным
https://abai.kz/post/18588
"Мухтар ТАЙЖАН: Обращение к русскоязычным" | "https://abai.kz/post/18588"
23.01.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Мухтар ТАЙЖАН: Обращение к русскоязычным URL: https://abai.kz/post/18588 META: "Мухтар ТАЙЖАН: Обращение к русскоязычным" | "https://abai.kz/post/18588" DATE: 23.01.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 760 TEXT: Давно хочу обратиться к своим русскоязычным друзьям и знакомым, каковым и сам являюсь. Вы грамотны, богаты, организованны, деловиты, у вас куча влиятельных знакомых. Так почему же вы не помогаете своему народу закрыть эти чертовы полигоны? Почему пишете о разной фигне, но только не о самом главном для вашего народа - о его выживании? Это ведь и ваши родственники там живут! Когда упал Протон, многие из вас (не все, конечно) писали о салфетке в соке, но в упор не заметили мощнейшей техногенной аварии! Как так можно, вы же не инопланетяне! Несколько лет назад именно "нацики" были резко против передачи земли Китаю, интеграции с Россией, начиная с ТС. Только теперь, когда правота "нациков" стала настолько очевидна, поймите наконец, что мы не "нацики", а просто грамотные патриоты этой земли! И сегодня мы говорим, что сближение со вчерашней метрополией грозит физическому выживанию нашего народа в 21 веке! Хоть на этот раз прислушайтесь к нам! Кто в 1914 году в Казахстане предполагал Ашаршылық, Семей, Арал...? Только Мұстафа Шоқай и другие Алашординцы! Давно хочу обратиться к своим русскоязычным друзьям и знакомым, каковым и сам являюсь. Вы грамотны, богаты, организованны, деловиты, у вас куча влиятельных знакомых. Так почему же вы не помогаете своему народу закрыть эти чертовы полигоны? Почему пишете о разной фигне, но только не о самом главном для вашего народа - о его выживании? Это ведь и ваши родственники там живут! Когда упал Протон, многие из вас (не все, конечно) писали о салфетке в соке, но в упор не заметили мощнейшей техногенной аварии! Как так можно, вы же не инопланетяне! Несколько лет назад именно "нацики" были резко против передачи земли Китаю, интеграции с Россией, начиная с ТС. Только теперь, когда правота "нациков" стала настолько очевидна, поймите наконец, что мы не "нацики", а просто грамотные патриоты этой земли! И сегодня мы говорим, что сближение со вчерашней метрополией грозит физическому выживанию нашего народа в 21 веке! Хоть на этот раз прислушайтесь к нам! Кто в 1914 году в Казахстане предполагал Ашаршылық, Семей, Арал...? Только Мұстафа Шоқай и другие Алашординцы! Мы сегодня как народ медленно и тихо дохнем от всех этих полигонов и гептилов, оставшихся нам в наследство от вчерашней империи. Не дай Аллах, но не удивляйтесь завтра своему раннему раку, белокровию у детей, выкидышам у своих дочерей. Извините меня, но я только озвучиваю нашу общую реальность. Гептил взяток не берет, ему все равно, богатый ты или бедный)))) 30 тыс нового рака ежегодно, из них 17 тыс смертей! Мы тут рекордсмены мира, и это только официальные данные! Сердечно-сосудистые заболевания, ранние инсульты, инфаркты, вы думаете гептил тут ни при чем? Гептил - это похлеще цианида в 6 (!) раз! и он есть не только на Байқоңыре, он применяется на ВСЕХ российских полигонах, разбросанных по всему Казахстану, отсюда и инвалидность с детства там, и это официально признано. Само собой, мы должны не дать построить американский Бактериологический центр под Алматы, БЯТ в Семее и АЭС в Маңғыстау. Все эти объекты могут стать секундным Ашаршылықом казахов 21 века. В чем вообще смысл их строительства тут? Вы думаете, мы просто так показывали тут нашу трагедию в 19 и 20 веках весь прошлый год? То есть нам, кандидатам наук, специалистам, владеющим несколькими языками (нацпатам, то бишь) делать больше было нечего целый год, кроме как сидеть часами и днями тут перед экраном? Мы просто считали своей обязанностью показать, что может с нами всеми произойти снова в составе той же самой империи, только под новым названиями, и новых "добрых дядинек Сэмов". И это, к сожалению, совершенно реальный сценарий. Всем нужны только наши ресурсы, а мы тут просто лишние. Посмотрите на сибирские, североамериканские, австралийские и новозеландские автохтонные народы? Где они сейчас? Оппозиция (там есть очень много достойных людей) все эти годы боролась за власть, и за смещение существующей власти. Но кишка оказалась тонка. Народ их не поддержал, потому, что и народу они были чужды. Он вообще особо разницы между ними так и не понял. Воюют там между собой на непонятном языке, и нас хотят использовать. Но раз ты не можешь сменить власть, то надо эту власть убедить сохранить свой народ, власть ведь тоже состоит из казахского народа, не так ли? Не уезжайте отсюда, не бросайте свой народ в беде! Помогите ему, научите его всему, что умеете сами, защитите его! Он ведь как ребенок-сирота, никому не нужен, знаний не хватает, зарабатывать толком не умеет, культура хромает, уже сам себя уважать разучился, а тут еще взрослые соседи, ближние и дальние так и норовят обмануть.... Длинно получилось, просто давно в себе держал))))) От редакции: Сегодня в четверг, 23 декабря, в 12.00 в Алматы на площади Республики у стеллы Независимости  Мухтар Тайжан проведет одиночный пикет против российских полигонов в Казахстане. http://z001.kz
qosymsha/abai.kz
post_39138.txt
ТАИЛАНДТА КОНСТИТУЦИЯ ЖОЙЫЛЫП, ЦЕНЗУРА ОРНАДЫ
https://abai.kz/post/39138
"ТАИЛАНДТА КОНСТИТУЦИЯ ЖОЙЫЛЫП, ЦЕНЗУРА ОРНАДЫ" | "https://abai.kz/post/39138"
23.05.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ТАИЛАНДТА КОНСТИТУЦИЯ ЖОЙЫЛЫП, ЦЕНЗУРА ОРНАДЫ URL: https://abai.kz/post/39138 META: "ТАИЛАНДТА КОНСТИТУЦИЯ ЖОЙЫЛЫП, ЦЕНЗУРА ОРНАДЫ" | "https://abai.kz/post/39138" DATE: 23.05.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 183 TEXT: "Таиландта әскери Үкімет 2007 жылғы конституцияның күшін біржолата жойып, Интернетке цензура енгізді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Әскери Үкімет өкілдерінің ұлтқа жолдаған үндеуінде:  "елдегі 2007 жылғы конституцияның күші біржолата толықтай жойылды, уақытша Үкіметтің құзыреті  тоқтатылды. Сенат бұрынғы құраммен жұмыс істейді және  барлық деңгейдегі соттар әрекет етеді, конституция бойынша құрылған тәуелсіз ұйымдар жұмысын жалғастыра береді" делінген. Сонымен қатар бұйрықта, "Интернетте айтылған, даудың ушығуына ықпал ететін және жеккөрушілікті қоздыратын кез келген сөз, сондай-ақ билікке қарсы шығуға үндеуге бағытталған әңгімелер мен хабарламалар үшін абонент желіден шұғыл ажыратылады және әскери жағдай заңы бойынша қылмыстық жазаға тартылатын болады" делінген. Естеріңізге сала кетсек, билікке қарсы акциялардың толастамауына орай, 20 мамырда Таиланд елінде әскер жағдай жарияланған болатын. Әскерилердің айтуынша, әскери жағдай бұл билікті төңкеру емес, ол елде бейбітшілік пен тәртіп орнату үшін жарияланған. Ал елдегі жағдай коменданттық сағат енгізуге әкеліп отыр. Zakon.kz  сайты аталған елдің  тұтас аумағында кешкі 10-нан таңғы беске дейінгі уақыт коменданттық сағат болып жарияланғанын жазды. Мұндай шешім де ел билігі кеше әскерилер қолына өткеннен кейін қабылданған. Сонымен қатар Тайландта BBC, Әл-Жазира, CNN сияқты телеарналардың да трансляциялары тоқтатылған. АҚШ және батыс елдері елдегі саяси жағдайларға алаңдаушылық білдіріп мәлімдемелер жасады. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_10048.txt
СҚО-да дәмханаға мина қойдым деп «әзілдеуші» үш жылға сотталуы мүмкін
https://abai.kz/post/10048
"СҚО-да дәмханаға мина қойдым деп «әзілдеуші» үш жылға сотталуы мүмкін" | "https://abai.kz/post/10048"
17.08.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: СҚО-да дәмханаға мина қойдым деп «әзілдеуші» үш жылға сотталуы мүмкін URL: https://abai.kz/post/10048 META: "СҚО-да дәмханаға мина қойдым деп «әзілдеуші» үш жылға сотталуы мүмкін" | "https://abai.kz/post/10048" DATE: 17.08.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 317 TEXT: ПЕТРОПАВЛ, 17 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Полиция Петропавлдағы дәмханалардың біріне «Телефон соғып» мина орналастырдым деп, нәтижесінде ондаған адамды дәмханадан шығаруға мәжбүрлеген әзілдеушіні іздеп жатыр, деп хабарлады Сотүстік-Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі. «Сейсенбі күні Петропавл полициясына қоңырау келіп түсіп, онда белгісіз бір ер кісі қалалық түрік «Дөнер» дәмханасында жарылғыш заттың орналастырғаны туралы хабарлаған», - деп хабарлады сәрсенбі күні Солтүстік-Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сейсенбі күні шамамен сағат 16.15 кезінде айтылған жерге ІІБ жедел-іздестіру тобы және облыстық ІІД жол полициясы қызметкерлері, «Арлан» арнайы жасақ жігіттері, ТЖ қызметкерлері, ҰҚКД, «желел-жедел жәрдем» келіп жеткен. «Ең қозғалысы көп көшелердің – Интернационалдық көшесіндегі бес қабатты тұрғын үй толығымен қоршауға алынып, қозғалыс тоқтатылған. Дәмхана көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқаны үшін, полиция үйдің тұрғындарын сыртқа шығаруды ұйымдаструға тура келген», - делінген мекеменің хабарламасында. ПЕТРОПАВЛ, 17 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Полиция Петропавлдағы дәмханалардың біріне «Телефон соғып» мина орналастырдым деп, нәтижесінде ондаған адамды дәмханадан шығаруға мәжбүрлеген әзілдеушіні іздеп жатыр, деп хабарлады Сотүстік-Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі. «Сейсенбі күні Петропавл полициясына қоңырау келіп түсіп, онда белгісіз бір ер кісі қалалық түрік «Дөнер» дәмханасында жарылғыш заттың орналастырғаны туралы хабарлаған», - деп хабарлады сәрсенбі күні Солтүстік-Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сейсенбі күні шамамен сағат 16.15 кезінде айтылған жерге ІІБ жедел-іздестіру тобы және облыстық ІІД жол полициясы қызметкерлері, «Арлан» арнайы жасақ жігіттері, ТЖ қызметкерлері, ҰҚКД, «желел-жедел жәрдем» келіп жеткен. «Ең қозғалысы көп көшелердің – Интернационалдық көшесіндегі бес қабатты тұрғын үй толығымен қоршауға алынып, қозғалыс тоқтатылған. Дәмхана көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқаны үшін, полиция үйдің тұрғындарын сыртқа шығаруды ұйымдаструға тура келген», - делінген мекеменің хабарламасында. Баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның «Арлан» арнайы жасағы жігіттері арнайы техникамен дәмхананың ішінің барлығын тінтіп шығып, ешқандай жарылғыш зат таппаған. Мұны арнайы үйретілген иттермен ғимартты қарап шыққан кинологтардың өздеріде растаған. Бір сағат өткеннен кейін арнайы жасаққа тоқтату туралы бұйрық берілген. «Қазір жедел-іздестіру қызметкерлері «әзілқойды» іздеуге кіріскен. Қазірдің өзінде қоңырау дәмхананың алдындағы дүкеннің қасындағы таксофоннан келіп түскені анықталған», - деп түсіндіреді полиция. newskaz.kz
qosymsha/abai.kz
post_85093.txt
Тимур Сегізбаевтің сиқырлы өнері
https://abai.kz/post/85093
"Тимур Сегізбаевтің сиқырлы өнері" | "https://abai.kz/post/85093"
01.02.2019
Қуаныш Қаппас
null
TITLE: Тимур Сегізбаевтің сиқырлы өнері URL: https://abai.kz/post/85093 META: "Тимур Сегізбаевтің сиқырлы өнері" | "https://abai.kz/post/85093" DATE: 01.02.2019 AUTHOR(s): Қуаныш Қаппас TOTAL WORDS: 638 TEXT: ХХ ғасыр халқымыз үшін жауырынды мұздатар жауыздықтарымен ғана емес, жүректі жылытар жақсылықтарымен де есте қалды. Мәдениет пен спорт саласындағы марқасқа тұлғаларымыз өткен ғасырдың өзінде-ақ ел намысын ту етіп көтерген еді. Солардың бірі қазақ спортының саңылағы Тимур Сегізбаев болатын. Қазақ футболының қара шаңырағы саналатын Семей өңірінде туған Тимур Санжарұлы біздің де аладопта алынбаған еншіміз бар екенін дәлелдеп берді. Біз секілді футболға кеш келген халық үшін Тимурдай бір ұлдың туғаны да мақтан. Теңбіл допта өзгемен терезесін теңестіру міндеті де әне сол Тимурлардың мойынында! Алматының орталық стадионына «Қайраттың» ойынын тамашалауға бара қалсаңыз көрермендер қатарында жасы жетпістен асып, сексенге таяған талай көнекөз жанкүйерді көресіз. Қартайған жастарына қарамай «Қайрат» деп ұрандағанда жанайқайлары жастарды басып озады. Дәл осы футбол сүйер ағаларымзды бүгінгі Исаэль немесе Аршавиннің жанкүйерлері деуге тіптен қимайсың. Менше олар өткен ғасырда ұлт намысы болған “Халық командасы - Қайраттың” қолдаушылары. Анықырақ айтқанда, Тимур Сегізбаевтардың сиқырлы өнеріне арбалғандар екені сөзсіз. Одақтас республикалар арасында Ресейдің футболы басқаларына қарағанда көш ілгері болды. Тіпті КСРО құрамасы әлемдегі алпауыт ұжымдардың бірі болған. Алайда одақ құрамындағы Қазақстан секілді бодан елдердің спорты озық бола қойған жоқ. Десе де, мың жерден Мәскеуге бағынды дегеніңізбен, ел намысы сөз болған жерде әр ұлт өз ұлының шашбауын көтеретін. Содан да болар «Қайрат» көршілес елдердің командасымен кездесу өткізгенде бүкіл қазақстандықтар тақымын қысып, тілеуін тілейтін болған. Әрине, «Қайрат» та ел үмітін жерге тастамаған көрінеді. Өзбектің «Пахтакорына» тізесін батырып, Мәскеулік командалармен де күш сынасып тұратын. Сондай сәтте команда сапында жасындай жарқылдаған Тимур Сегізбаев бар қазақтың мақтанышы болған деседі. Қазақ ежелден “бір ұлын мақтаса төбесін көкке тигізетін, жамандаса басын жерге жеткізетін” халық. Әне сол халықтың махаббатына бөленген Сегізбаев есімі қазақтың сайын даласында аңыз болып ескен көрінеді. Ақкөңіл халық сүйген ұлын мақтағанда мәскеуліктерің жолда қалып, тура атақты Пеленің өзімен қатар қойған екен. “Тимур допты қақырата тепкенде қарсылас қақпасы қақ айырлады” деп аңыз ететін болған. Солай демегенде қайтсын?! Бөтенге бодан болып, өзгеге есесі кетіп жүрген халық өзінен туған бір ұлдың басқадан оза шапқанын көргенде қалай қуанбасын?! КСРО футбол әлемінде Тимур Сегізбаевтің жарқ етіп шыға келуі қазақ халқының айбынын асырып, мерейін бір көтергені шындық. Оның атақты «Спартак» сынды командаларға гол соғуын әр қазақ өз жеңісі ретінде қабылдағаны сөзсіз. Дәл сол сәттегі қуаныш бүгінгі біздің Геннадий Головкиннің жеңісіне қуанғанымыздан әлдеқайда әсерлі болса керек. Ол заманда футболшылар бүгінгідей ақша үшін, атақ үшін ойнамайтын. Жанкүйерлер де футболды бүгінгідей қызық үшін, болмаса букмекерлік кеңселерден ақша ұтып алу үшін көрмейтін. Ойыншылар ел мен жердің намысы үшін жасыл алаңда жанын салса; көп көрермен солардың тілуін тілеп жандарын шүперекке түйіп отыратын. Осы сөзіміздің дәлелі үшін айта кетейік, «Қайратқа» қолдау көрсету үшін Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Шәкен Айманов, Тұманбай Молдағалиев сынды ұлттың ұлы тұлғалары орталық стадионға жиі баратын болған. Осындай адал жанкүйерлері үшін Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейділда Байшақовтар да бар шеберліктерін шығаруға тырысатын. Солдан оңға қарай: Сергей Волгин, Тимур Сегізбаев, Вахид Масудов Тимур Сегізбаев бар болғаны 29 жасында жасыл алаңға қош айтқан. Жарақат себебінен. Бірақ, футболдағы сол қысқа ғұмырының өзінде шеберлігіне талайды тәнті етіп үлгірген. Тіпті, бодан ұлтты оңай-оспақ мақтай бермейтін мәскеулік мамандардың өзі Тимур ағаның өнеріне тамсанып, талай мақала жазғанын тарих беттері растап отыр. Ол кісінің ойын мәнері жайлы жазған мамандардың көбі, “30-40 метр алыстан голдық пастар шығаруды ұнататын, кейде сондай қашықтықтан қақпаға соққы да бағыттап тұратын” дейді. Әрі пастарының өте дәл, соққыларының сұрапыл болғанын естелік етіп айтады. Осы жерде қазіргі футбол сүйер қауымға түсінікті болу үшін айта кетейік, сіз өнеріне тамсанып жүрген Лука Модрич, Кристиан Эриксондарыңыздың ойын стилі сол біздің Тимур ағаға ұқсайтын болса керек. Сегізбаевтің сиқырлы өнерін енді сағына еске аламыз. Ол кісінің бақилық болғанына да бір жылдан астам уақыт өтті. Қайғысы мен қуанышы қатар жүретін қазақ осыдан бір жыл бұрын, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қазақтан шыққан алғашқы кәсіби футболшы Тимур Санжарұлы Сегізбаевті соңғы сапарға аттандырған болатын. Ел есінде қалған есіл ер, қазақ футболының қара нарына қандай құрмет көрсетсе де лайық. Осы орайда, соңғы кездері жиі айтылып жүрген Алматыдағы "орталық стадионға" Тимур Сегізбаевтің есімін берсек деген ұсынысты қолдайтынымызды айта кетейік. Қуаныш Қаппас Abai.kz Фото: uefa.com, sportsffa.kz
qosymsha/abai.kz
post_67450.txt
Менің ең қорқатын дүнием - ар соты...
https://abai.kz/post/67450
"Менің ең қорқатын дүнием - ар соты..." | "https://abai.kz/post/67450"
15.03.2018
Айсұлтан Жақыпов
null
TITLE: Менің ең қорқатын дүнием - ар соты... URL: https://abai.kz/post/67450 META: "Менің ең қорқатын дүнием - ар соты..." | "https://abai.kz/post/67450" DATE: 15.03.2018 AUTHOR(s): Айсұлтан Жақыпов TOTAL WORDS: 129 TEXT: "Бір жүректің бақытын ұғу үшін, мың жүректің қайғысын тыңдау керек" деген өлең жолдары жайдан-жай айтылмаған. Қоғамдағы адамдар айналасына немқұрайлы қарауды қойғанда ғана рухани жаңғырып, дамыған елдермен иық тірестіруге болады. Егер, мына Сарағаштағы баланың оқиғасы бұрмаланса (зорланбаған болса жақсы ғой әрине. Бірақ, зорланса да зорланбаған деу біздің елде түк емес) менің бұл билікке деген, бұл жүйеге деген аздаған құрметім жоғалары һақ! Бұл ой менің басымда ғана емес, көп шілік осылай ойлайтын болар... Мен ешқашан зорлық-зомбылық жасаушыларды қолдаған емеспін. Осы мінезім маған көп кедергі келтірді. Шекарада офицерлердің бассыздығына қарсы шығамын деп 3 айға қамалған кезім де болған. Жұрт әскерден шашын артына қайырып қайтқан кезде мен тақырбас болып қайтқанмын. Менің ең қорқатын дүнием - ар соты... Әкемізге, баламызға өтірік айта салу оңай шығар... Бірақ, өзіңді алдай аласың ба? Айсұлтан Жақыпов Facebook-тегі парақшасынан
qosymsha/abai.kz
post_87481.txt
Сирияның шығысында "Ислам мемлекетінің" соңғы бекінісі құлады
https://abai.kz/post/87481
"Сирияның шығысында "Ислам мемлекетінің" соңғы бекінісі құлады" | "https://abai.kz/post/87481"
21.03.2019
Abai.kz
null
TITLE: Сирияның шығысында "Ислам мемлекетінің" соңғы бекінісі құлады URL: https://abai.kz/post/87481 META: "Сирияның шығысында "Ислам мемлекетінің" соңғы бекінісі құлады" | "https://abai.kz/post/87481" DATE: 21.03.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 164 TEXT: АҚШ қолдауына ие Сирия оппозициясының күштері елдің шығысындағы Багхуз елді-мекенін басып алды. Мұнда "Ислам мемлекеті" террористік тобының содырлары бекінген. Жүздеген содыр тұтқындалды. Сирия демократиялық күштерінің баспасөз хатшысы Мұстафа Балидің айтуынша, Бакхуз бекінісін басып алу - үлкен қадам, бірақ экстремистер түпкілікті жеңілді деуге әлі ерте. "Ислам мемлекеті" Евфрат өзенінің бойында шағын жерді бақылауда ұстап отыр. Бұған қоса, содырлардан босатылған аймақтарда жасырын топтар қалған, олар болашақта қауіп төндіруі мүмкін. Багхуз бекінісі қайтарылған соң, өзін "халифат" деп жариялап, Сирия мен Ирактың үлкен бөлігін жаулап алған террористік топ күйреді. Төрт жыл бойы АҚШ қолдауына ие бүлікшілер тобы "халифатты" жою үшін күресті. Мұстафа Балидің мәлімдеуінше, тұтқындар арасында биыл қаңтарда Сирияның солтүстігінде теракт жасаған күдіктілер бар. Терактіден 16 адам қаза тапқан еді. Wall Street Journal газетінің мәліметі бойынша, АҚШ Сирияда 1000 сарбазын қалдыруды көздеп отыр. Дегенмен жоғары лауазымды америкалық генерал газет мәліметін жоққа шығарды. Үш ай бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы жауынгерлердің барлығы елге қайтатынын мәлімдеген. Кейін ақпарат құралдары Ақ үйдің Сирияда 200-400 сарбаз қалдыруы мүмкін екендігін жазды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_13612.txt
Жамбыл облысында тауық Алла жазуы бар жұмыртқалар тапты
https://abai.kz/post/13612
"Жамбыл облысында тауық Алла жазуы бар жұмыртқалар тапты" | "https://abai.kz/post/13612"
21.05.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Жамбыл облысында тауық Алла жазуы бар жұмыртқалар тапты URL: https://abai.kz/post/13612 META: "Жамбыл облысында тауық Алла жазуы бар жұмыртқалар тапты" | "https://abai.kz/post/13612" DATE: 21.05.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 204 TEXT: АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен аптада таңғажайып оқиға болды. Қасиетті жұма күні "Һибатулла Тарази" мешітіне орта жастағы Әсия Аймұратова Алла жазуы бар екі жұмыртқаны алып келді, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайты. «Жұмыртқада арабша Алла деп анық жазылғанын көрген бас имам Данияр Жұмабаев өз таңданысын жасыра алмады. Сол жердегі жамағатта Алланың ұлық мұғжизасына куә болды»,-делінген онда. Әлемнің түкпір-түкпірінде кездесетін мұндай кереметтерді, мұсылман жамағаты Алланың ескертуі деп қабылдайтыны белгілі. «Алла тағала Құран кәрімде "Жер бетінде нақ сенушілер үшін дәлелдер бар. Сондай-ақ өздеріңде де бар"-деп адам баласына өз белгілерінен екенін білдіреді. Жаратушы иеміздің мұндай хақ белгілері түсінген жанға ғибрат берері сөзсіз»,-деп айтылған бұл мәліметтерде. АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен аптада таңғажайып оқиға болды. Қасиетті жұма күні "Һибатулла Тарази" мешітіне орта жастағы Әсия Аймұратова Алла жазуы бар екі жұмыртқаны алып келді, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайты. «Жұмыртқада арабша Алла деп анық жазылғанын көрген бас имам Данияр Жұмабаев өз таңданысын жасыра алмады. Сол жердегі жамағатта Алланың ұлық мұғжизасына куә болды»,-делінген онда. Әлемнің түкпір-түкпірінде кездесетін мұндай кереметтерді, мұсылман жамағаты Алланың ескертуі деп қабылдайтыны белгілі. «Алла тағала Құран кәрімде "Жер бетінде нақ сенушілер үшін дәлелдер бар. Сондай-ақ өздеріңде де бар"-деп адам баласына өз белгілерінен екенін білдіреді. Жаратушы иеміздің мұндай хақ белгілері түсінген жанға ғибрат берері сөзсіз»,-деп айтылған бұл мәліметтерде.
qosymsha/abai.kz
post_171196.txt
Тоқаев Сауд Арабиясына барады
https://abai.kz/post/171196
"Тоқаев Сауд Арабиясына барады" | "https://abai.kz/post/171196"
17.07.2023
Abai.kz
null
TITLE: Тоқаев Сауд Арабиясына барады URL: https://abai.kz/post/171196 META: "Тоқаев Сауд Арабиясына барады" | "https://abai.kz/post/171196" DATE: 17.07.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 45 TEXT: Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады. Мемлекет басшысы биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады. Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_165841.txt
Блинкен: Нүкістегі қантөгісті зерттеу маңызды
https://abai.kz/post/165841
"Блинкен: Нүкістегі қантөгісті зерттеу маңызды" | "https://abai.kz/post/165841"
02.03.2023
Abai.kz
null
TITLE: Блинкен: Нүкістегі қантөгісті зерттеу маңызды URL: https://abai.kz/post/165841 META: "Блинкен: Нүкістегі қантөгісті зерттеу маңызды" | "https://abai.kz/post/165841" DATE: 02.03.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 129 TEXT: АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 1 наурызда Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және елдің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиёр Саидовпен кездесті. Кездесуден кейін журналистердің сұрағына жауап берген Блинкен былтыр маусымда Қарақалпақстанда болған қанды оқиғада адам құқықтарының бұзылуы бойынша мәліметтерді жіті тексеру керек деді. Былтыр 1-2 маусымда Қарақалпақстанның орталығы Нүкісте жергілікті тұрғындар Өзбекстанның Конституциясынан егемендік туралы бапты алып тастау ұсынысына қарсы шыққан. Наразылық күшпен басылып, қан төгілген. Өзбек билігі 21 адам қаза тапқанын, 243 адам жарақат алғанын хабарлаған. 500-ден астам адам қамауға алынған. Акциялардан кейін президент Шавкат Мирзиеяв Қарақалпақстанның егемендігі туралы бапты өзгертпейтінін жеткізді. Сол кезде ол бұл наразылықтың артында шетелдік күш тұр деп айыптаған. Өзбекстанға дейін Блинкен Астанада Орталық Азияның сыртқы істер министрлерімен саммитке қатысты. Өзбекстан сапарынан соң ол "Үлкен жиырманың" саммитіне қатысу үшін Үндістанға аттанады. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_3453.txt
Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарына астана мәртебесіне лайықты болу керек дейді
https://abai.kz/post/3453
"Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарына астана мәртебесіне лайықты болу керек дейді" | "https://abai.kz/post/3453"
01.04.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарына астана мәртебесіне лайықты болу керек дейді URL: https://abai.kz/post/3453 META: "Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарына астана мәртебесіне лайықты болу керек дейді" | "https://abai.kz/post/3453" DATE: 01.04.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 437 TEXT: Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарының одан ары мәдени және білім алу бағытындағы прогресс туралы ойлану керектігін айтты. «Астана ерекше нысандарымен қызық болуы керек. Біз іс жүзінде құрылысты аяқтадық. Қала орталығы бар, әкімшілік орталық бар, баспана салынды. Бұдан ары қала өз бағытымен дами береді. Енді біз оны қала тұрығндары үшін ыңғайлы және жайлы етуіміз керек», - деді мемлекет басшысы бейсенбі күні құрылыс мәселесі жөніндегі көшпелі кеңес барысында. «Көңіл көтерерлік орын бар. Барлық мейрамханалар бар, дүкендер, медициналық орталықтар өзіміздікі», - деді президент астана құрылыс нысандарын аралау барысында. Енді, дейді Н. Назарбаев, қаланы көгалдандырып, астананың мәдениетін дамыту керек Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарының одан ары мәдени және білім алу бағытындағы прогресс туралы ойлану керектігін айтты. «Астана ерекше нысандарымен қызық болуы керек. Біз іс жүзінде құрылысты аяқтадық. Қала орталығы бар, әкімшілік орталық бар, баспана салынды. Бұдан ары қала өз бағытымен дами береді. Енді біз оны қала тұрығндары үшін ыңғайлы және жайлы етуіміз керек», - деді мемлекет басшысы бейсенбі күні құрылыс мәселесі жөніндегі көшпелі кеңес барысында. «Көңіл көтерерлік орын бар. Барлық мейрамханалар бар, дүкендер, медициналық орталықтар өзіміздікі», - деді президент астана құрылыс нысандарын аралау барысында. Енді, дейді Н. Назарбаев, қаланы көгалдандырып, астананың мәдениетін дамыту керек Ол қала тұрғындарына қаратып, астаналық мәртебеге лайықты болу керектігі туралы кеңес берді. «Қала тұрғындары астаналық кейіпте болуы тиіс, мәдениетті, білімді болулары керек. Өзара қарым-қатынас, дүкендердегі, кеңселердегі шенеунік тарапынан көрсетілетін қызмет астаналық деңгейде болуы тиіс. Енді біздің қайтіп астаналық болатынымыз, сіздерге байланысты. Мен қаланы салдым, енді сіздер астана тұрғындары боласыздар», - деді Н. Назарбаев, Астана үшін мәнді құрылыс нысандары болып табылатын - халықаралық университет, «Хан Шатыры» сауда-сауық орталығын аралау барысында. Британиялық сәулетші Норман Фостердің жобасымен салынған «Хан Шатыры» сауда- сауық орталығы 2010 жылы мамырда тапсырылмақшы. Н. Назарбаев онда 20 мың адам сиятынын атап өтті. Бұл ретте оның құрылысына бюджеттен бір де тиын жұмсалған жоқ, деді ол. Мемлекет басшысы сол жағалаудағы опера және балет театрының құрылысының басталу рәсімінде құрылысшыларды жұмыстың басталуымен құттықтады. «Нысан құрылысының басталуымен құттықтаймын! Құрылысшылар тәуелсіздіктің 20 жылдығына уәде беріп отыр (пайдалануға 2011 жылы тапсыруға – ҚазТАГ)», - деді ол. Қала әкімдігінен хабарлағандай, театр ғимаратының ауданы 37,7 мың шаршы метр. Театрдың үлкен залы 1250 орынға арналған және амфитеатрындағы үш этажды балконда  600 орын бар. Н. Назарбаев сондай-ақ, ұлттық брэнд болады деген болашақ халықаралық университеттің ғимаратына да барды. Нысанның бірінші кезегі шілдеде тапсырылады. Н. Назарбаев атап өткендей, қыркүйекте университетте алғашқы студенттер оқуға кіріседі. «Енді студенттерді жаңа халықаралық университетке қабылдай бастаймыз. Енді орасан қаржыға шетелге барудың қажеті жоқ, осында да сондай білім, әлемде мойындалатын сондай диплом алуға болады», - деп атап көрсетті президент.
qosymsha/abai.kz
post_40721.txt
БІЗДЕ ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫНА ДЕГЕН ҮЛКЕН МАХАББАТ БАР
https://abai.kz/post/40721
"БІЗДЕ ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫНА ДЕГЕН ҮЛКЕН МАХАББАТ БАР" | "https://abai.kz/post/40721"
29.07.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: БІЗДЕ ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫНА ДЕГЕН ҮЛКЕН МАХАББАТ БАР URL: https://abai.kz/post/40721 META: "БІЗДЕ ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫНА ДЕГЕН ҮЛКЕН МАХАББАТ БАР" | "https://abai.kz/post/40721" DATE: 29.07.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 901 TEXT: Қазақтың кемеңгер ақыны, сарқылмас қазынасы - данышпан Абайдың туғанына биыл 170 жыл. Осыған орай қазақтың табаны тиген жердің бәрінде Хакім ата тойын атап өту шаралары мен оның мұраларын ұрпаққа насихаттау жүріп жатыр. Жаңалықтарымызда Абайдың 170 жылдығына туған топырағы Шығыс Қазақстан өңірінде дүбірлі той өтетінін хабарлаған едік. Сондай-ақ, ақын мұрасын дәріптеуден шетел қазақтары да тыс қалмай,  Абай туралы мультфильм түсіріп жатқан шетелдегі қандастарымыз туралы да жазғанбыз. Хакім «Абайдың жолын» ұстанып, жастарды тың ғылымды, озық технологияны игеруге дәріптеп жүрген, «Абайдың балалық шағы» атты 3D-де мультфильм түсіріп жатқан Үрімжідегі қандасымыз Ғұсман Қажытайұлынан телефон арқылы сұхбат алып едік. - Ассалаумағалейкүм, Ғұсман Қажытайұлы! Әуелгі сұрағымыз, сіздің анимациялық компанияны «Абай жолы» деп атауыңыздың сыры неде? Осы компанияда бүгінде қанша адам жұмыс істейді, олар қаншалықты кәсіби маман? - Уағалейкүмүссалам! Әрине, біздің компанияның «Абай жолы мәдениет тарату серіктестігі» аталуының өзіндік мәні бар. Компаниямыздың құрылу алдындағы негізгі бағыты – техникаға сүйеніп, мәдениет саласында қызмет ету болды. Яғни, 3D  технологиясына сүйеніп мәдениет таныстыру, нарық жарату. Сондықтан бізге жаңалыққа уәкілдік ететін, өз руханиятымызға уәкілдік ететін, әрі, халық естігенде бірден есте қалатын ат қажет болды. Сөйтіп, кең ойланып, терең толғанып, компаниямыздың атын «Абай жолы» деп атадық. Абай жолы – жаңалыққа, ғылымға бастайтын жол. Абайдың жолы тек қазақ халқының ғана емес, ол – күллі адамзат руханиятының даңғыл жолы. Басқа туысқан ұлттарға бұның маңыздылығын көрсетіп беру үшін, алдымен өзіміз осы жолмен жүре білуіміз керек. Қазір компаниямызда 20-дан астам ұл-қыздарымыз жұмыс істейді. Олардың алдына 5 жыл болды. Жаңадан білім алып, қызметкерлер қатарына қосылып жатқандар да бар. Уақыты келген кезде олар да қосынымызға қосылады. Техникалық қызметкерлеріміз 3D анимациялық экзамендерден өтіп, мемлекеттік қатысты орындардан «толымды аниматор» куәлігін алған жастар. - «Абайдың балалық шағы» 3D мультфильм «Абай жолының» алғашқы жобасы ма? Бұдан басқа қандай жобалар жасадыңыздар? - 104 сериядан тұратын «Бала Абай» - компаниямыздың алғашқы жобасы. Егер, бұл сәтті болып жатса, толық метражды фильмдер жасау жоспарымызда бар. Алла жазса, қалған жобаларды уақыт келген кезде халыққа ұсынатын боламыз. - «Абайдың балалық шағы» 3D мультфильмінің сценарийін кімдер, қалай жазды? Қандай деректер мен кітаптарға сүйендіңіздер? Қазақстандағы абайтанушылардан кеңес алдыңыздар ма? - Мультфильмінің сценарийін Қазақстан азаматтары мен осы жақтағы қандастарыңыз ортақ ақылдасып жазған. Көптің кеңесіне жүгіндік. Бұған қазақтың мифтік аңыздары мен Мұхтар Әуезов атамыздың «Абай жолы» романы негіз етіп алынды. Бірақ, 100 пайыз романмен сай емес. Өйткені бұл мультфильмде Абайдың бала кезі, қазақ балаларының үлкенді сыйлап, кішіні аялайтын тәрбиелілігі, қиыншылық алдында сабырлылығы мен тапқырлығы, ала жіпті аттамайтын адалдығы мен ақылды Абай образы сомдалады. Негізінен балалық шағы айтылады. - Бір сұхбатыңызда «Біз кемінде 500-ден астам қазақ азаматын анимация саласын игеруге тәрбиелеп шығуымыз керек»,- депсіз. Бұл мақсат бұл күнде қаншалықты орындалды? - Әрине, бұл 500-ден артық аниматор ұлтымыздың атадан келе жатқан көптеген тартымды мифтік аңыз-әңгімелерін сценарий түрінде немесе толық метражды етіп жасап, дүниеге тарату үшін ешқандай көптік етпейді деп ойлаймыз. 5-6 жыл уақыт кетеді. Біз, әзірге дейін өзіміз тәрбиелеп шыққан техникалық мамандарды қоспағанда, биыл қыркүйекте оқуын бастайтын «Абай» атындағы академиямызға 50 шәкірт қабылдаймыз деп отырмыз.  Келер жылы қабылданатын адам саны бұдан да көп болады. - Қазақстанда соңғы жылдары шыққан «Ер Төстік», «Алдаркөсенің көңілді оқиғалары» сияқты мультфильмдерді қалай бағалайсыз? Көрерменін бірден баурау үшін қазақ анимациясына не жетіспейді? - Соңғы жылдары Қазақстанда шыққан сіз айтқан және басқа да мультфильмдерге менің емес, халықтың бағасы маңызды ғой. Ең әділі - халықтың бағасы, сөз бар ғой «халық айтса, қалт айтпайды» деген. Біз қолға алған бұл жобамызды, жан дүниемізбен, терең сүйіспеншілікпен, қоғам және ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен, ең соңғы озық технологиялармен халықаралық деңгейге, нарыққа шығаруға күш салып жатырмыз. Тек сонда ғана еліміздің, сондай-ақ, шетелдердің телеарнасында қазақ мультфилімін көрсету мүмкін болмақ. Жалпы, бізде, біздің қосынымызда қазақ анимациясына деген үлкен махаббат бар. - Қыркүйек айына жоспарлап отырған Абай атындағы аниматорлар академиясының ерекшелігі не болмақ, өзіне жүктеген міндеті қандай? - Қыркүйек айында оқу бастайтын академия Шыңжаңдағы бірден-бір анимациялық академия. Сондай-ақ, бұл Шыңжаңдағы тұңғыш реткі мемлекеттік жоғарғы оқу орны мен анимациялық компанияның бірлесіп қолға алған жобасы. Міндеті – бірнеше жылдық оқу арқылы мемлекеттік өлшемнен өткен толымды аниматорлар тәрбиелеп шығу. Сондай-ақ, студенттерімізді мемлекет мойындайтын ЖОО беретін біртұтас маман дипломына ие ету. Біз шәкірттерімізге сондай диплом бермекпіз. - Атажұртқа жиі келіп тұрасыз ба? Қытайдағы қандастарымызбен елдегі бауырларыңыздың мәдени байланысын қалай бағалайсыз? - Мен Қазақ Еліне жұмыс бабымен жиі барып тұрамын. Екі елдегі қандастардың мәдени байлансын өз басым жоғары бағалаймын. Бұдан кейін де екі елдегі мәдениет жағынан ауыс-түйістер тіпті жоғары өреге көтеріледі деп білемін. - Абайдың 170 жылдығы Қытайдағы қандастарымыз арасында қалай аталып өтіп жатыр? Жалпы Қытайда Абай қаншалықты насихатталады? - Абай атамыздың 170 жылдығын бұл жақтағы қандастарыңыз атаусыз қалдырып жатқан жоқ, әралуан жолдармен тойлап жатырмыз. Атап айтқанда ғылыми конференциялар мен түрлі деңгейдегі мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. «Абай тағылымы – заман айнасы» атты арнаулы бағдарламалар БАҚ арқылы Абай мұраларын ұрпақтар руханиятына әр қырымен таныстырып жатыр. Ал, Қытай хақының дәл өзі Абайды, әрине, 100 пайызы танымайды. Бірақ та, Абайды білетіндер Абай идеологиясын жоғары бағалайды. Абайды дүниенің озық ойлы философтарымен тең көрмесе, кем көрмейді. Сондықтан Абайдың насихатталуы бұл жақтан жылдан-жылға жоғары белеске көтеріліп келе жатыр. Басқасын айтпағанда, «Бала Абай» мультфильмі табысты шығар болса, онда оны бұл жақтағы мемлекеттік телеарналардан көрсетуге мүмкіндік аламыз. - Сұхбатыңызға рахмет! Шығармалық табыс тілейміз! - Өздеріңізге де үлкен рахмет! Бізді іздеп, көңіл бөліп жатқандарыңызға алғыс білдіреміз! Мен бір ұлттың мәдениеті - сол ұлттың гені сияқты деп ойлаймын. Әр ұлттың мәдениетіне қарап, сол ұлттың өткен тарихта қандай болғанын, қаншалықты озық екенін байқауға болады. Біз басқалардың мәдениетін қабылдаушы ғана емес, өз мәдениетімізді де дүниеге таратушы болуымыз керек. Бұл жұмыс бәрімізге ортақ жұмыс десек те болады. Осы салада ортақ идеямен, жақсы пікірлермен тіл алысып тұрайық. Абайшыл азаматтарға дұғай сәлем айтамыз. Абай атамыздың 170 жылдығы құтты болсын! Сұхбаттасқан Нұрғали Нұртай. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_103535.txt
Екеудің ерегесі. «Өздері түшкіріп, өздері саулық тілеп отыр...»
https://abai.kz/post/103535
"Екеудің ерегесі. «Өздері түшкіріп, өздері саулық тілеп отыр...»" | "https://abai.kz/post/103535"
09.01.2020
Қуаныш Қаппас
null
TITLE: Екеудің ерегесі. «Өздері түшкіріп, өздері саулық тілеп отыр...» URL: https://abai.kz/post/103535 META: "Екеудің ерегесі. «Өздері түшкіріп, өздері саулық тілеп отыр...»" | "https://abai.kz/post/103535" DATE: 09.01.2020 AUTHOR(s): Қуаныш Қаппас TOTAL WORDS: 887 TEXT: Жаңа жылдың табалдырығын аттай бере әлем жұртшылығын алаңдатқан оқиға орын алды. Парсы шығанағы аймағынан тұтанған от тұтас дүниені дүрліктірер соғысқа ұласып кете ме деген қауіп болғаны рас. Бұндай қауіптің туатын да жөні бар: оқиғаға тікелей қатысты қос тараптың алғашқы қарқыны қатты болған. Бірі кек қайтаратынын айтса, екіншісі оққа оқпен жауап беретінін жеткізді. Бірақ біздің уақыт бойынша, 8 қаңтар түнгі ондар шамасында Ақүйдің иесі жасаған мәлімдеме көпшіліктің көңілін орнына түсіргендей болды. Дональд Трамптың сөзін тікелей эфирде тыңдаған әлем дүниежүзілік үшінші соғыс туындамайтнын түсінді. Екі ел өзара айбар шеккенімен, шектен шығар ойлары жоқ секілді. Соғыса кетуге екі жағы да құмартып отырған жоқ. Тіпті кейбір сарапшылар Тегеран мен Вашингтон «өздері түшкіріп, өздері саулық тілеп отыр» дегенді айтады... Трамптың халық алдындағы ресми мәлімдемесі 10 минутқа жалғасты. «Мен АҚШ президенті болып тұрған кезде Иран ядролық қаруға ие бола алмайды. Кеше болған шабуылда біздің ешқандай әскеріміз жарақат алмады, қаза таппады. Бар болғаны әскери базаға аз-маз нұқсан келді. Біздің сарбаздарымыз қауіпсіз жерде. Америка барлық күшке дайын. Бірақ, Иран, байқауымша, аяқ тартты-ау деймін. Бұл әлем үшін жақсы шешім болар еді. Қаза болған Иран әскерінің қолбасшысы Касем Сулеймани Америкаға қарсы соққы жоспарлаған болатын. Біз оның алдын алдық. Бағдадтағы АҚШ елшілігіне қастандық ұйымдастырып, 4 америкалық сарбазды өлтірді. Бұның бәрі – соның ісі. Ол лаңкестерді дайындап, көптеген америкалық сарбаздардың мерт болуына қатысы бар адам. Сондықтан Сулейманидің көзін құрту туралы шешімді бұдан да ертерек қабылдау керек еді» , - деді АҚШ президенті. Бұл мәлімдемесінде Трамп Иранның ядролық қарудан бас тартуы керек екенін басты назарда ұстады. Шындап келгенде АҚШ 2015 жылы қол қойылған «ядролық келісім шартында» көптеген кемшіліктер бар деп санайды. Осы келісімшартты қайтадан жазуға, оған жаңа баптар қосуға ниетті. Сол үшін де 2018 жылы мамырда бұл келісімнен шығып кеткен. Генарал Сүлеймани өлтірілген соң, 5 қаңтарда Иран да бұл келісімнен шығатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда Германия, Франция, Ұлыбритания және Ресей мен Қытай келісімшартқа құрмет етіп отырғанымен, бұл шарт қағаз жүзінде ғана қалды. Іс жүзінде өлі шартқа айналды деуге негіз бар. Енді АҚШ ядролық қару мәселесі бойынша Иранды қайтадан келісім үстеліне шақыруы мүмкін. Әрине оған дейін қарулы қақтығысқа ұластырмай, генарал дауын шешіп алуы керек-ақ. Негізі бұл даудың өзі ядролық қару жайлы 2015 жылғы келісімді жойып, жаңа келісімшарт жасасуға себеп болған секілді. Жаңа шартта Иранның мүмкіндігін шектейтін бірнеше бап қосылуы мүмкін. Трамптың кешегі мәлімдемесінде: «Иран ядролық қарудан бас тартуы керек және лаңкестікті доғаруы тиіс. Сондықтан Иранмен келісімге келу үшін әлем болып біріге жұмыс істеуіміз керек» дегені осы ойды құптай түседі. Трамп мәлімдемесінде Иранмен қарулы қақтығыс болмайтынын меңзегенімен, «аттан түссем де, үзеңгіден түспеймін» дегенді аңғартты. Ол өз елінің әскери және экономикалық қуатының аса мығым екенін айтып, сес көрсетті. Тіпті Таяу Шығыстың мұнайына мұқтаж емес екенін ескертті. «Дәл қазір бізде энергетикалық тәуелсіздік бар. Мұнай мен табиғи газ өндіруден әлем бойынша №1-міз. Таяу Шығыстың мұнайына мұқтаж емеспіз. Әлем тыныштықта өмір сүру үшін соғыстан бас тарту керек. Үй үйлесім мен үндестікте болуы үшін бейбіт өмір кешу қажет» , - деді Ақүй басшысы. Осыдан-ақ, мәселе бұл мәлімдемемен шешілмейтінін аңғаруға болады. Қос тарап та соғысты қаламағанымен, өзара «кек алу» сипатындағы әрекеттер әрі қарай жалғасуы, тіпті кіші көлемдегі әскери қақтығыстар да орын алуы мүмкін. Әрі бұндай қақтығыстарға Ирак, Ливан сынды үшінші тараптың араласуы да әбден мүмкін. Сонымен, АҚШ пен Иран арасындағы алауыздықтың дәл қазіргі жағдайы осы. Енді ақпарат үшін істің мән-жайы мен барысына шағын шолу жасай кетейік. 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде Ислам революциясы корпусына қарасты «Құдс күштерінің» қолбасшысы Касем Сүлеймани қаза тапты. Оны өлтіруге АҚШ президенті Дональд Трамп тікелей бұйрық берген көрінеді. Тегеран генералдың өлімінен кейін «кек қайтаратынын» айтып, мәлімдеме жасады. Бұндай мәлімдемені Иранның көсемі, аятолла Али Хаменеи алғаш болып жариялады. Кейін Сүлейманидің орнына «Құдс күштерінің» басшысы болып тағайындалған Исмаил Каани АҚШ-тан кек алуға уәде берді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран шабуыл жасаса, Иранның 52 орнын бомбалайтынын жеткізді. Қаңтардың 5-і күні Иран 2015 жылы қол қойылған ядролық келісім шарттарын орындаудан бас тартатынын жариялады. Дәл осы күні оқиға орын алған ел - Ирак парламенті АҚШ әскерін елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге байланысты Трамп Ирак АҚШ әскерлерін елден шығарса, оларды бұрын-соңғы болмаған ауыр санкция күтіп тұрғанын айтып сес көрсетті. Иран тарапы өздері уәде еткен «кек алу» ұранына сай, 8 қаңтарда АҚШ әскерилері шоғырланған Ирактағы бірнеше нысанды атқылады. Атап айтқанда Ирактың батысындағы әл-Асад және Эрбилдегі базаға ондаған зымыранмен соққы жасады. Осы шабуылдан кейін Иран мемлекеттік телеарнасы «кем дегенде 80 америкалық террорист солдаттың мерт болғанын», базадағы тікұшақтар, дрондар және басқа да әскери құралдар қирағанын хабарлаған. Ал Иранның көсемі Хаменеи шабуылдан кейін жұрт алдына шығып сөз сөйлеп, АҚШ-қа қарымта қайтарғандарын мәлімдеді. Бірақ Вашингтон таратқан ақпаратта Иран шабуылы АҚШ-қа айтарлықтай зиян тигізбегені айтылды. Жоғарыда біз сөз еткен мәлімдемесінде Трамп Иранның шабуылынан «америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпеді, әскери база аздап ғана зақымданды» деп мәлімдеді. Сарапшылар бұл шабуылға байланысты АҚШ-тың мәлімдемесін дұрыс деп есептейді. Олардың айтуынша, зымыранмен атқылар алдында Иран арнайы ескерту жасаған. Ескертуді тікелей АҚШ-қа болмасада, база орналасқан Иракқа жеткізген. Ирак арқылы АҚШ хабардар болып, барлық әскерлерін қауіпсіз жерге орналастырған. Сондықтан да, Трамптың «ешқандай адам шығыны болған жоқ» дегеніне сенуге болады. Каспий теңізі бес мемлекетпен шектеседі десе, соның бірі - Иран. 2018 жылы Каспий конвенциясы қабылданып, шекара толық бекітілген. Айта кетейік, Қазақстанның Каспийдегі үлесі 29,6% , Әзірбайжанның үлесі – 19,5%, Ресейдікі – 18,7%, Түрікменстандікі – 18,4%, Иранның үлесі 13% болған. 5 қаңтар күні Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иранның Сыртқы істер министрі Жавад Разивпен телефон арқылы сөйлесіп, өңірдегі жағдайға алаңдаушылық білдірген. Ал 8 қаңтар күні Қазақстан Президенті Ақордада жиын өткізіп, АҚШ пен Иран арасындағы дауды талқы етті. Қуаныш Қаппас Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_190011.txt
Ауғанстан әйелдер үшін «түрме мемлекетке» айналып барады
https://abai.kz/post/190011
"Ауғанстан әйелдер үшін «түрме мемлекетке» айналып барады" | "https://abai.kz/post/190011"
01.11.2024
Асхат Қасенғали
null
TITLE: Ауғанстан әйелдер үшін «түрме мемлекетке» айналып барады URL: https://abai.kz/post/190011 META: "Ауғанстан әйелдер үшін «түрме мемлекетке» айналып барады" | "https://abai.kz/post/190011" DATE: 01.11.2024 AUTHOR(s): Асхат Қасенғали TOTAL WORDS: 288 TEXT: Ауғанстан әйелдер үшін «түрме мемлекетке» айналып барады. Ауғанстанға барып, влог түсіріп жүргендер бар. «Талибан келгелі бері даму бар» дегенді айтқысы келеді, анығы «көрсеткісі» келеді. Қазақстаннан да барып, түсіріп жүргендер бар-ау деймін. Қауіп-қатерді ысырып қойып, қалай жүр? Өз еріктерімен барып, контент жасап жүргендер ме, әлде екінші тарап шақырды ма, ол жағын білмедім. Шығарылымдарына қарасаң бәрі дұрыс сияқты. «Әйелдерге қысым жоқ, тек салтпен жүреді» дегенді айтуда. Бірақ солай ма? Кеше әлемдік БАҚ-та талқы болған тағы бір ақпарат шықты. Онда Ауғанстандағы әйел құқығын өрескел бұзатын тыйымдардың ішіне тағы бір тыйым қосылғанын жазыпты. Енді «Ауғанстандағы әйелдер қоғамдық ортада дауыстап өзге әйелдермен сөйлесуіне болмайды, дауыстап Құран кітабын оқуға да тыйым салынады». Яғни, әйел адамның дауысы қоғамдық ортада естілмеуі тиіс. Бұрын «әйел адам қоғамдық ортада дауыстап ер азаматпен сөйлесуге болмайды» деген тыйым бар еді, енді «қоғамдық ортада әйел мен әйел дауыстап сөйлеспесін» деп отыр. Тұтас бір мемлекет түнекке батты деген осы. Ауғанстанда жақында ғана теледидардан жан-жануарды көрсетуге тыйым салуды бастады. Ол жайында ВВС жазды. Демек, алдағы уақытта жан-жануарға қатысты бағдарламаларды алып тастауы мүмкін. Негізсіз тыйымдарды сала береді, сала береді. Сөйтіп ғылым-білімнен артта қала береді, қала береді. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы әйелдердің құқығына қатысты тыйымның көбінен бас тартып, бағытын өзгертуде. Әйел ұшқыштар бар, футбол мен концерт көруге рұқсат етті, білім алуда мүмкіндіктерін арттырды, алғашқы әйел ғарышкерін дайындады, әйелдерге көлік жүргізу мүмкіндіктерін беруде, әйелдерге білім алуға көбірек қаржы салуда. Саудия адам құқығы бағытында біраз алға жылжыды. Ал билікті енді қолына алған тәлібтер болса, «мына дағдарыстан қалай шығып, әлеммен қалай әріптестік жасаймыз, ол үшін қандай реформа керек» деудің орнына, ақылға қонбайтын әрекеттер жасауда. Реформалары – бітпейтін тыйым! Ең сорақысы сол, тәлібтердің адам құқығына қатысты әрекетін қолдайтындар біздің арамызда да бар. Оларды пікірден, сөз арасынан байқап қалуға болады. Есі дұрыс адам, ессіз тыйымдарды қолдай ма?! Асхат Қасенғали Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_14592.txt
АУЫЛДАН ҚАЛАҒА АМАЛСЫЗ АҒЫЛҒАНДАР
https://abai.kz/post/14592
"АУЫЛДАН ҚАЛАҒА АМАЛСЫЗ АҒЫЛҒАНДАР" | "https://abai.kz/post/14592"
11.09.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АУЫЛДАН ҚАЛАҒА АМАЛСЫЗ АҒЫЛҒАНДАР URL: https://abai.kz/post/14592 META: "АУЫЛДАН ҚАЛАҒА АМАЛСЫЗ АҒЫЛҒАНДАР" | "https://abai.kz/post/14592" DATE: 11.09.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1257 TEXT: Биылғы жаз айлары мен үшін өте әсерлі болды. Өйткені қазақ елінің алты облысында тұратын ағайын-туыстарды аралап келдім. «Бармасаң, келмесең, жат боларсың», деген атам қазақ. Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, әлеуметтік деңгейі күрт нашарлап, тоз-тозы шыққан ауыл халқының әл-ауқатын көтеру мақсатында Елбасының 2003-2005 жылдарды «Ауылды қолдау жылдары» деп арнайы жариялағаны баршамызға мәлім. Ауыл экономикасын көтеру үшін 3 жылға мемлекет бюджетінен арнайы түрде 150 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Алайда, қазақ жеріндегі ауылдардың көбі әлі күнге қиын-қыстау күн кешуде. Ауылды қолдау одан кейін де үзіліп қалған жоқ.Бірақ нәтиже жоқтың қасы. Жамбыл облысы, Көктал ауылының тұрғыны Садықов Нартай ағамыздың айтқаны жүрегіме қатты батты. «Әркімнің кіндік қаны тамған өңірі жердің жәннаты болғандықтан, жүрегіне нұр ұялатып, көкейіне сағыныш нәрін егетін туған жер кімге де болса ыстық. Сондықтан ауылды тастап, жыраққа кеткің келмейді. Бірақ жастарға жұмыс жоқ, ақша жоқ. Ауылда табысы барлар тек әкім-қаралар мен мектеп ұстаздары мен дәрігерлер ғана. Басқа халықтың ешбірінде де жұмыс жоқ. Біз сияқты үкіметтен көк тиын алып көрмеген, зейнеткерлікке жасы жетпеген, 50-60 жас аралығындағы адамдардың елден алған қарызы шаш-етектен. Биылғы жаз айлары мен үшін өте әсерлі болды. Өйткені қазақ елінің алты облысында тұратын ағайын-туыстарды аралап келдім. «Бармасаң, келмесең, жат боларсың», деген атам қазақ. Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, әлеуметтік деңгейі күрт нашарлап, тоз-тозы шыққан ауыл халқының әл-ауқатын көтеру мақсатында Елбасының 2003-2005 жылдарды «Ауылды қолдау жылдары» деп арнайы жариялағаны баршамызға мәлім. Ауыл экономикасын көтеру үшін 3 жылға мемлекет бюджетінен арнайы түрде 150 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Алайда, қазақ жеріндегі ауылдардың көбі әлі күнге қиын-қыстау күн кешуде. Ауылды қолдау одан кейін де үзіліп қалған жоқ.Бірақ нәтиже жоқтың қасы. Жамбыл облысы, Көктал ауылының тұрғыны Садықов Нартай ағамыздың айтқаны жүрегіме қатты батты. «Әркімнің кіндік қаны тамған өңірі жердің жәннаты болғандықтан, жүрегіне нұр ұялатып, көкейіне сағыныш нәрін егетін туған жер кімге де болса ыстық. Сондықтан ауылды тастап, жыраққа кеткің келмейді. Бірақ жастарға жұмыс жоқ, ақша жоқ. Ауылда табысы барлар тек әкім-қаралар мен мектеп ұстаздары мен дәрігерлер ғана. Басқа халықтың ешбірінде де жұмыс жоқ. Біз сияқты үкіметтен көк тиын алып көрмеген, зейнеткерлікке жасы жетпеген, 50-60 жас аралығындағы адамдардың елден алған қарызы шаш-етектен. Қыста отын сатып алуымыз керек, көмірдің тоннасын 12 мың теңгеге сатып алсақ, оны қаладан ауылға жеткізіп бергені үшін 3 мың теңге төлейміз. Ал бір қыстан шығу үшін бір тонна көмір жетуші ме еді? Жарық, телефон байланысы, жер мен үйдің салығы, ішкен ас пен киген киім тағы бар. Көктемде 5 тонна картоп ексем, одан сатқан өнімім жыртығыма жамау болмайды. Тек мал өсіріп қана жан сақтап отырмыз, балам. Мал сатқан ақшадан нан-пұлымызды айырып, бағасы удай қымбат болса да, жанар-жағар майымызды табамыз. Өз қолымызда болмағандықтан техниканы жалға аламыз. Техниканың жетіспеушілігінен оған деген сұраныс та көп. Кезекте тұрып қолымызды әрең жеткіземіз. Трактор иесі бір гектар жер айдап бергені үшін 5 мың теңге алады. Қалаға апарып, өндірген картобымызды сатсақ, оның әр қабына 400 теңге төлейміз. Төлемесең, полицейлер жүгіріп келіп, қабыңды тартып алады. Одан да беріп құтылайын деп ойлайсың. Шынымды айтсам, Таразда жоғары оқу орнында оқып жүрген қызыма ақша тауып бере алмай қиналамын. Қатарынан кем қылғың келмейді. Бұл тек қана мен емес, барлық ауыл халқының басындағы жайт. Осылай түкпір-түкпірдегі, шалғайдағы ауылдардың ешбірінің көсегесі көгергенін мен естігенім де, көргенім де жоқ,» - деп қапаланады көкеміз. Қазақ халқы мұндай ауыр күйге қалай түсті? Меніңше, өткен XX ғасырдың екінші жартысында қазақ елі біртіндеп қалалық ұлтқа айналуға толық мүмкіндігі бар еді. Алайда Кеңес Одағының төлқұжат тәртібі (прописка) ұлттың көпшілік бөлігін шағын ауылдарға тарыдай шашыратып тастады да, қалаға көшуге тыйым салды. Кезінде Мәскеудің қаладағы қазақтың үлесін 12 пайыздан асырмау туралы нұсқауы да болғаны ешкімге құпия емес. Сонымен қазір10 млн. қазақтың тең жартысы 8 мыңға тарта үлкенді-кішілі ауылдарда нарықтан, техникалық дамудан, түрлі қызмет түрлерінен, динамикасы жылдам мәдени-ғылыми өмірден сырт қалып отыр. Ал 600-ге жақын ауылдарда жасы ұлғайған қарт кісілер мен 50-60 адам ғана қалған. 5000-ға тарта ауылда ауыз су үлкен проблемаға айналған, 2000-нан аса елді мекенде телефон жетімсіз немесе дұрыс тартылмаған. Ауылдардың іші-сыртындағы тас жолдардың қандай жағдайда екенін көбіміз көріп жүрміз. Ал ондағы ағайынның, әсіресе ауылдағы ана мен сәбилердің денсаулығы - бөлек мақаланың жүгі. Қалаға келген ауыл адамдарына бас­пана алу немесе пәтер жалдау үшін берілетін арнайы әлеуметтік төлем туралы Үкіметте не Парламент қабырғасында сөз қозғалған емес, қозғалмайды да. Үкіметтің «аграрлы жұрт боламыз ба? Халқы қалаға шоғырланған мобильді мемлекет боламыз ба?» деген сұрақтарға жауап іздейтін түрі көрінбейді. Осындай жайбасарлықтың кесірінен 20 жыл ішінде қаладан баспана тауып, нақты орналасқан халықтың саны 400 мыңнан әрең асып жығылыпты. Есесіне, қаладан 1млн. адам шетелге көшіп кетіпті. 1990 жылы қала халқы жалпы жұрттың 56,5 пайызын құраса, 2012 жылы (тіркеуде тұрғандары) бұл көрсеткіш 57 пайызды құрапты. Ауылдардан Астана мен Алматыға жұмыс іздеп ағылған жұрттың санында есеп жоқ. Бір қарасаң, кәсіпкерлік, инженерлік өнерді игеру тұрғысында қала тұрмысы қазақ халқының екінші тынысын ашып, бұғып жатқан қабілеттерін оятуы мүмкін еді. Алайда, олай болмай шықты. Ал қыр өмірінің мүмкіндігі қазіргі заманда өте шектеулі. Мектептерде мұғалім жетіспейді. Мәдениет үйлерінде ешқандай үйірмелер жастармен жұмыс істемейді. Клубтар жабық, болмаса бәрі жекешеленіп кеткен. Тәжірбиелі инвесторлар ауыл ша­руашылығының жарымжан инфра­құрылымын көріп тұрып, ақшасын желге шашпайтыны тағы анық. Саяси партиялар, жастар ұйымдары, спорт мекемелері ауылға барып, тұрақты түрде жұмыс істемейді. Қалай десеңіз де, ауылдағы қазақтың тұрмысы бүгінгі өмір талаптарына лайық болып тұрған жоқ. Керісінше, тағы сол тарихи мешеулікке бастап тұрғандай көрінеді маған. Ауылдардағы 5млн. қазақтың көбі неліктен жұмыссыз жүргенін білу қиын емес. Бірақ үкімет бұл жұмыссыз халықты жылына мөлшермен 1сиыр, 5-6 көтерем лағын сатып, нан-шайын айырғаны үшін «үйіңе ақшалай табыс кіргізіп отырсың» деп жұмысы бар адамдар қатарына жатқызып қойған. Сондықтан статистика агенттігінің «үй шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар 70 пайыз» деген мәліметіне сүйеніп, ауыл халқының 70 пайызы жұмыссыз деуге толық негіз бар. Сол себепті де, ауылдағы жалақы 2010 жылы 15500 теңге, 2011 жылы 17000 теңге, 2012 жылы 20800 теңгені құрапты. Осы болар-болмас нәпақамен ауылдағы қалың жұрт қалай дамиды, қалай денсаулығын күтеді, ұрпағына қайтып сапалы білім береді? Мұндай жарымжан тіршілікпен қанша уақыт күн кешеді? Осылайша құр күн көріспен ғана отырған ауыл халқының 48 пайызының табысы күнделікті тамақтан аспайды. Қалған 52 пайызының ақшасы екі-үш жылда бір рет өзінің және бала-шағасының киімін жаңалауға ғана жетеді. Электроникалық тауарлар мен тұрмыс техникасын алуға ауыл халқының 3 пайызының ғана күйі барға ұқсайды. Ат төбеліндей 1 пайыз жұрт қана: әкім-қаралар мен кәсіпкерлер тұрмыс таршылығын сезінбейді. 20 жылдан бері ауыл халқының психологиясында әлеуметтік нигилизм тереңдей түскен. Ауыл тұрғындарының бизнеспен шұғылданып, қомақты пайда тауып, байып кететініне, түрлі қорлардан немесе банктен несие алып, ол қарызды түгел қайтара алатынына еш сенімі жоқ. Өйткені әкімшілік пен банктерде құжат рәсімдеу, қожалықтың көптеген шаруаларына рұқсат алу тек пара беру арқылы ғана шешіледі деген пікір жұрт санасына берік орнаған. Бұл ауыл халқының жаңсақ түсінігі емес, бұл барша шаруа ақшасыз шешілмейтініне күнделікті көзі жеткендердің бойында мызғымастай қалыптасқан өмір шындығы. Ауылдағы қордаланған мәселелер мен күрмеуі шешілмеген тұрмыс пен қаладағы баспана табу, жер алу қиындықтарын, орыс тілі мен бюрократияның ожар үстемдігін ескерсек, ұлттың «алды мұз, арты жар» болып тұрғанын көресің. Жаңа қатынастарға негізделген инновациялық-индустриалды қоғам құрудан едәуір кешіккен халықтың 30-40 жыл ішінде ұлт ретінде дамуы кенжелеуі ықтимал. Өйткені елімізде барша халықты мәдени-тілдік тұрғыда біріктіру, түрлі этностарды араластырып қоныстандыру, сөйтіп Қазақстан халқын тұтастандыру саясаты жүргізілмей отыр. Соның салдарынан басқаны бұлай қойғанда, Астананың айналасындағы Қоянды, Талапкер, Қосшы елді мекендерінде кім қалай қаласа солай үй сала бергендердің көбі өзіміздің қаракөздер. Тіпті, көше мен қорған жоқ, базар, полиция пункті, аурухана, дәріхана, дүкен жоқтың қасы, ішетін су татымсыз, инфрақұрылым қалыптаспаған. Заңсыз үй салып алғандар қаншама. Мұндай жағдай еліміздегі барлық қалалардың іргесінде де қалыптасып отыр. Мұның бәрін билік білмей отырған жоқ. Жалпы елімізде аса құзырлы орган құрылып, ол өкілетті орган ретінде ұлттың қалаға бет алған көшін белгілі бір дайындықпен күтіп алып, жұмыспен қамтамасыз етуі, мейлінше ыңғайлы орналастыруы керек. Сол баяғы келмеске кеткен Кеңес Ода­ғының қазақты аграрлық, ауылдық ұлтқа айналдырып, сол беті бытыраған басын қоспай қараңғы қырда, өркениет пен на­рықтан сырт, шулы да думанды өмірден жырақта ұстау саясатын қазіргі билік жалғастырып отырған сияқты көрінеді маған. "Түркістан" газеті
qosymsha/abai.kz
post_2308.txt
ЖЖМ бағасымен «ойнап отырғандарды» жазалау қажет - премьер
https://abai.kz/post/2308
"ЖЖМ бағасымен «ойнап отырғандарды» жазалау қажет - премьер" | "https://abai.kz/post/2308"
16.11.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЖЖМ бағасымен «ойнап отырғандарды» жазалау қажет - премьер URL: https://abai.kz/post/2308 META: "ЖЖМ бағасымен «ойнап отырғандарды» жазалау қажет - премьер" | "https://abai.kz/post/2308" DATE: 16.11.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 196 TEXT: Астана. 16 қараша. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда мұнай өнімдері бағасының қымбаттауына кінәлілерді табуды тапсырды. «Ұсыныс енгізіп, бұзушылыққа барып отырғандарды құқық қорғау органдары жазаласын. Мемлекет басшысы айтқандай, бағамен «ойнап отырғандарды» міндетті түрде жазалау қажет», - деп атап көрсетті К. Мәсімов дүйсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесінде ЖЖМ нарығындағы ахуалды талқылаудың соңында. Ол жұма күні энергетика министрлігі, мабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттіктерінен жасақталған жұмыс тобын басқаратын энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа үш күннің ішінде отын бағасын тұрақтандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Тапсырма (мемлекет басшысының – ҚазТАГ) орындалуға тиіс», - деп атап көрсетті премьер. Астана. 16 қараша. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда мұнай өнімдері бағасының қымбаттауына кінәлілерді табуды тапсырды. «Ұсыныс енгізіп, бұзушылыққа барып отырғандарды құқық қорғау органдары жазаласын. Мемлекет басшысы айтқандай, бағамен «ойнап отырғандарды» міндетті түрде жазалау қажет», - деп атап көрсетті К. Мәсімов дүйсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесінде ЖЖМ нарығындағы ахуалды талқылаудың соңында. Ол жұма күні энергетика министрлігі, мабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттіктерінен жасақталған жұмыс тобын басқаратын энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа үш күннің ішінде отын бағасын тұрақтандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Тапсырма (мемлекет басшысының – ҚазТАГ) орындалуға тиіс», - деп атап көрсетті премьер.
qosymsha/abai.kz
post_60446.txt
ТМД елдері басшыларының келесі саммиті Душанбеде өтеді
https://abai.kz/post/60446
"ТМД елдері басшыларының келесі саммиті Душанбеде өтеді" | "https://abai.kz/post/60446"
12.10.2017
Abai.kz
null
TITLE: ТМД елдері басшыларының келесі саммиті Душанбеде өтеді URL: https://abai.kz/post/60446 META: "ТМД елдері басшыларының келесі саммиті Душанбеде өтеді" | "https://abai.kz/post/60446" DATE: 12.10.2017 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 109 TEXT: Қауіпсіздік пен тұрақсыздықты қамтамасыз ету мәселелері Тәжікстан төрағалығы кезінде күн тәртібінен түспейді, деп мәлімдеді Эмомали Рахмон Сочи қаласында ТМД елдері басшыларының жиналысында. ТМД елдері өзара тиімді ірі жобаларды жүзеге асыра алады, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Сочиде ТМД елдері саммитінің ашылу салтанатында. Оның айтуынша, саммитте экономика мен сауда-экономикалық байланыстардың тереңдеуіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұның алдында Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков 19 құжат қол қоюға дайын екендігін хабарлаған. Солардың ішінде 2018 жылы ұйымға төрағалық ету тізгінін Ресейден Тәжікстанға тапсыру шешімі де бар. "Келесі кездесу 2018 жылы қазанның бірінші жартысында Душанбеде өтеді", - деді Эмомали Рахмон. Еске салайық, сейсенбі күні Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен жеке кездесу өткізген. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_155489.txt
Қытайдың тағдыры энерияға тәуелді. Ал қазақтың ше?
https://abai.kz/post/155489
"Қытайдың тағдыры энерияға тәуелді. Ал қазақтың ше?" | "https://abai.kz/post/155489"
08.08.2022
Бақан Берікжан
null
TITLE: Қытайдың тағдыры энерияға тәуелді. Ал қазақтың ше? URL: https://abai.kz/post/155489 META: "Қытайдың тағдыры энерияға тәуелді. Ал қазақтың ше?" | "https://abai.kz/post/155489" DATE: 08.08.2022 AUTHOR(s): Бақан Берікжан TOTAL WORDS: 2240 TEXT: Соңғы мыңжылдықта моңғұлдар құрған Юань, манжүрлер құрған Чынь империясы Қытай териториясын кеңейтіп, елін тұтастырып бергенімен, қытайлар «алтыбақан алауыздықтан» көз ашпаған сорлы елдер санатында күй кешіп келгенді. 1949 жылы, Қытайда коммунистер билігі орнаған соң жүргізілген ширек ғасырлық саяси репрессия ұлт элитасын отады, асыра сілтеу науқаны салдарынан 50-60 млллион адам аштықтан қырылды. 1976 жылы Мао өлген соң, билікке Дэнь келіп, басты міндеті халықтың қарнын тойдыру екенін нақты түсінді де, реформаны біртіндеп ауылдан бастап, корпоративтік «тайқазаннан» құтылуды көздеді. Жердің пайдалану құқығын әр отбасы мүшелерінің санына, жердің сортына қарай 30 жыл мерзімге бөліп берді. Бас-аяғы 3-5 жылда дихандар өз еңбектерінің жемісін көріп, адал еңбектің дәмін тата бастады. Дэнь реформасының екінші басқышы теңіз жағалауы аймағындағы қалаларды түйін етіп, онда ерекше экономикалық аймақтар ашуды қолға алды. «Есікті айқара ашып» шетелден инвесторлар тартуды қолға алды. Ол үшін инвесторларға тиімді заңдар қабылдап, қаржысын қорғауына, әрі пайда табуына көздерін жеткізді. Елдің қаржылық һәм кадрлық ресурстарын осы өңірге шоғырландырды. Дэнь «алдымен бір бөлім адамдар байысын, сонан соң олар басқаларын сүйемелдеп баю жолына түсірсін» деген ұран тастады. Осылайша «ерекше аймақтар» ел экономикасының локомотивіне айналды. Дэнь Қытай экономикасын дамыту үшін, Батыс инвестициясының, әсіресе, АҚШ-тың маңызын түсінеді де, Ақ үймен байланыс орнатуды көздеді. 1979 жылы АҚШ-пен ресми дипломатиялық байланыс орнатып, БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды. АҚШ-тың көңілін табу үшін, Кеңес Одағынан алшақтап, сол кезде АҚШ-тың «жауы» саналатын коммунистік Вьетнамға қысқа мерзімді соғыс та ашты. Осы арқылы АҚШ-тың үлкен сеніміне кірді. Реформаның сәтті не сәтсіз болуы тікелей кадрге тіреліп тұрған сәт еді. АҚШ жыл сайын мыңдаған гранттар бөліп, қытай жастарының ұтқыр мамандықтар бойынша АҚШ-та білім алуына мүмкіндік туғызды. АҚШ қаржы институттары мен халқаралық валюта қоры да Қытайға жеңілдетілген несиелер беруін күшейтті. Соңы, АҚШ пен тұтас Батыс инвестицияларының Қытайға ағылуына ұласты. Қытай үкіметі инвесторларды тартымды заңдармен қамтамасыз етуін жалғастырды. Арзан еңбек күші, үлкен нарық - ішкі-сыртқы инвесторлар үшін бас тартуға келмейтін мүмкіндіктерге айналды. Нәтижесінде, Қытайдың ЖІӨ-нің дамуы жылына 10-13%-ға өсіп отырды. Компартияға бағынышты ұлттық кәсіпорындар мен қаржы институттарынан басқа салаларға шетелдіктер инвестиция салуға, ашық жұмыс істеуге мүмкіндіктер алды. Шамасы, он жыл өткенде, Қытай «әлем фабрикасы» атанды. 2001 жылға келгенде, Қытай үкіметі уәделерін үйіп-төгіп ДСҰ-ға мүшелікке өтті. Яғни, ДСҰ Қытайдың нарықтық экономикаға айналмағанын біле тұра, 15 жылдық бейімделу мерзімін беріп, ұйымға мүшелікке қабылдады. 2017 жылы, ДСҰ-ның жүргізген ревизиясының рәтижесі бойынша «Қытай әлі нарықтық экономикалы ел емес» деген қортынды жасалды. Осылайша, ДСҰ-ға мүшелікке қабылданған Қытай, әлемнің түкпір-түкпіріне арзан тауарларын жеңілдікпен, кедергісіз экспорттап, долларлық түсімін күрт еселеді. Нәтижесінде, Қытайдың шетел валюталық резервіне 4 триллионнан астам доллар жиналып, әлемдегі ең үлкен шетел валюталық қорына айналды. Қытайдың ЖІӨ-і Жапониядан асып, әлемдік екінші экономикаға көтерілді. Міне, осыдан бастап Қытай жүйесінің іште бұққан геосаяси амбициясы сырытқа шығып, «жал біте» бастады. 1989 жылы, Қытайда демократияны талап еткен студенттер жанышталғанда, Пекиннің бұл қарекетін АҚШ бастаған Батыс әлемі тым қатты айыптамады да. АҚШ, Қытайдың саяси жүйесі экономикалық даму арқылы Жапония мен Оңтұстік Корея сияқты эвалюциялық жолмен өзгереді деген үмітте болды. 2001 жылғы АҚШ-тағы 11 қырықүйек оқиғасы, Қытай мен Ресейдегі диктаторлық жүйенің күшеюіне мүмкіндік туғызды. АҚШ-тың геосаяси стратегиясы өзгеріп, Азия-Тынық мұхиты аймағынан Таяу Шығысқа бағытталды. Қытай мен Ресей, АҚШ-тың «террормен» күрес бастамасын қолдай кетті. Бұл екі ел де екі бағыттағы нәтижеге жетті: өз елдері ішіндегі саяси түйін – мұсұлман азшылықтарды «террор» айдарымен «тәртіпке» салды, әрі Батыспен энергия, шикізат, сауда жақтағы іскерліктерін еселеді. Ал, Батыстың алға ұстар «адам құқығы, демократия» атты әсілгі басты құндылықтары көмескіленді. АҚШ-тың 15 жылға созылған «террормен» күрес стратегиясын ұтымды пайдаланған Қытай мен Ресей «ет алып, күш жинап» үлгерді. «Әлем қаншалықты астаң-кестең болса – бізге соншалық тиімді» дейтін Пекиннің көктен тілегені жерден табылды. АҚШ Қытаймен шаруасы болмады. Қытай орайды ұтымды пайдаланды. Қытай экономикасының күрт күшейгені соншалық, дамыған елдердің ірілі-ұсақ кәсіпорны еңбек күштің арзандығы мен нарықтың үлкендігі себепті бәсекеге төзбей банкротқа ұшырады немесе Қытай жеріне көшуге мәжбүр болды. Дамыған Батыс елдері мен Қытай сиям егіздей ажыратуға келместей піте араласып үлгерді. Тұтас әлемнің негізгі тұтыну тауарлары Қытайға қарап қалғандай күй қалыптасты. Сондықтан да Қытайдан енді бас тарту жәй саяси шешім шеңберінде іске аса қояр шаруа еместі. Батыс саяси стратегтері көз алдыдағы пайда мен глобализация ұранының жетегінде кетті. Бүгінгі қалыптасқан жағдай Қытай мен Ресейге ұстанған стратегиялық саясаттарының қателігін көрсетуде. Кеш болса да геосаяси стратегиясының бағытын Таяу Шығыстан Үнді-Тынық мұхиты аймағына бұрды. Тұтас Батыс өркениетінің ендігі мақсаты - әлем тыныштығының басты қатеріне айналған Қытай мен Ресейді ауыздықтауға бағытталғаны байқалады. Өкініштісі, АҚШ-тың ширек ғасырлық қолдауы - Қытай экономикасының күрт күшейтіп, Пекин билігінің іште бұққан амбициясын ояттып жіберді. Енді АҚШ-тың қабағын бағатын, сынын ескеретін Қытай жоқ. Керісінше қалауы бойынша, әлемге қожалықты АҚШ-пен бөлуді көксей бастады. Бұған энергия экспортынының буына «масайған», имперлік амбициясы асқынған Ресейді қосар болсақ, АҚШ бастаған Батыстың тап болған қатерінің салмағын бағамдау қиын емес. АҚШ-тың ендігі ісі - өңірлік, әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіріп отырған Қытайдың амбициясын қалай тоқтату болатыны анық. Қытайдың күші экономикасында. Сол экономикасының тұрақты дамуның басты кепілі ендігі жерде импортталатын энергиясының қауіпсіздігі болмақ. Қытай экономикасының қозғаушысы болып отырған қажетті шикізат пен энергия ресурстарының 70% шеттен импортталады. Сол үшін де, стратегиялық ресурсттарының импорт қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Қытай экономикасының тағдырын шешпек. Осы аса маңызды стратегиялық бағытты ерте түсінген Қытай билігі, энергиялық импорт тасымал жүйесін әртараптандыру жолында үлкен тәуекелдерге барған-ды. Төменде, Қытай энергия импорт логистикалық жүйесінің негізгі бағыттары: 1. Оңтүстік Теңіз бағыты арқылы келетін энергия торабы. Бұл аймақтың Қытай үшін геостратегиялық маңызы өте зор. Қытай шикі мұнай импортының 60%-ы мен сауда кемесінің 80%-ы осы су жолы, яғни Малака бұғазы (Strait of Malacca) арқылы тасымалданады. Маңыздылығы соншалық, аймаққа қожалық жүргізу үшін Шығыс Оңтүстік теңіздегі көршілері: Филлипин, Индонезия қатарлы елдердің ұлттық мүдделерін белден басып, солардың меншігі немесе аймақ елдеріне ортақ саналатын аралдарға Қытай тарапы жеті жасанды аралдар тұрғызып, онда әскери инфрақұрылымдар салып тастаған. Соңғы жылдары Шығыс Оңтүстік теңізінен табылған мол мұнай қоры мен басқа да байлықтар өңірге деген талас пен бәсекелестікті күшейте түсуде. Стратегиялық маңызы өте зор, Қытайдың басты энергия, шикізат логистика торабы – Малака бұғазын (Малайзия, Инденезия, Тайлает және Сингапур елдерінен өтетін) бақылау үшін болатын ықтимал талас, Қытай билінінің мазасын кетіргені соншалық, бұл торапқа балама тасымал жүйелерін іздеуге ерте кіріскен-ді. Қытай үшін аса маңызды бұл торап - әлемдік судағы тасымалдың 40%-ын ұстайды. Аймақтағы әлемдік геосаяси тартыста АҚШ-тың бақылауына өтіп кетуі мүмкін. Тұтас аймақ елдерін Қытай қысымына қарсы, қазірдің өзінде АҚШ желеп-жебеп отыр. Аймақтың геосаяси тізгінін ұстауға талпынып отырған Жапония, Үндістан мен Аустралияның амбициясын да қаперден шырармау керек. Болашақта болатын геосаяси тартыстар Қытай энергиясының тасымал қауіпсіздігіне төте қатер төндірері белгілі. Салдарынан, Қытай энергиясы дағдарысына ұшырайды. Бұл экономиканың қалыпты өсуін тежеп, кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық күрт артып, Қытай елінде саяси кризиске апармақ. Міне осы үшін де балама энергия тасымал жүйелерін орнатып, бекемдеп алуы Қытай жүйесінің басты жұмысына айналған. 2. Оңтүстікте Непал арқылы Үнді мұхитын жалғастыратын мұнай-газ құбырлары. Малака бұғазы тасымал торабының қауіпсіздігінен алаңдаған Пекин билігі, ғасыр басында энергия логстикасының балама торабын әртараптандыруға мән бере бастады. Ілгерінді-кейінді шығыс-солтүстікте Ресейден, оңтүстікте Непал мен Пәкістаннан, батыс-солтүстікте Қазақстаннан құрлықтағы құбыр арқылы шикі мұнай мен табиғи газ тасымалын іске қосты, қосуда. Шығыс-оңтүстіктен Малака бұғазы су жолы арқылы мұнай таситын негізгі торабының жұмысын жалғасып жатқанмен, оның қауыпсіздігіне деген сенімсіздік - оңтүстікте Непалдан мұнай-газ құбырын тартуға тәуекел етіп, Үнді мұхитына шығатын бұл мұнай-газ құбырын салуға 5 млрд $ жұмсады. Құбыр 2013 жылы іске қосылып, Африка энергетикасын тасымалдайтын, Қытайдың энергия тасымалындағы 4-ірі торабы саналуда. Қытай-Непал мұнай-газ құбыры Малака бұғазын айналып өтетін, қауыпсіздігі жоғары, Қытайдың геосаяси ықпалын кеңейтетін, стратегиялық бірегей инвестициялық жоба саналуда. Яғни, бұл жоба Қытайды АҚШ-тың Тынық мұхитындағы энергиялық құрсаулау қысымынан жеңілдетеді. 3. Оңтүстіктегі көршісі Пәкістанмен саяси-экономикалық жақта өте тығыз байланыста. Бұның нақты мысалы, құны 46 млрд $-ды құрайтын, ұзындағы 3 мың км тұратын «Қытай-Пәкістан экономикалық каридоры» жобасы. Бұл Ши төраға ұсынған «БББЖ» саяси-экономикалық жобасының бір мысалы ғана. Осы каридор арқылы Қытай Үнді мұхитына шығып, Парсы шығанағындағы энергия көздеріне қол жеткізе алады. Осы мақсатта Пекин билігі Пәкістанның батысындағы Gwadar портын ұзақ мерзімге жалға алуға қол жеткізді. Құны 3 млрд $-лық Қашқар-Gwador мұнай-газ құбыры тартылуда. Іске қосылған жағдайда, энергияның тасымал құны 85%-ға төмендемек. 4. Батыс-солтүстігінде Қазақ-Қытай мұнай-газ құбырларының стратегиялық маңызы зор. 2009 жылы іске қосылған шикі мұнай құбыры жылына Қытайға 20 млн тонна мұнай жеткізсе, 2013 жылы іске қосылған, жылына бір млрд текше метр газ тасымалдайтын, Орта Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан газын Қазақстан территориясы арқылы, ABC үш құбырмен Қытайға жеткізетін үлкен нысан, бірегей стратегиялық жоба. 5. Сібір аймағынан мұнай-газ тасымалдайтын құбырлар. Бүгінде, Ресей Қытай үшін ең үлкен мұнай мен газды экспорттаушы ел. 2011 жылы іске қосылған Сібір-Қытай мұнай құбырынан тыс, 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастаған, 55 млрд $ инвестиция құйылған, ұзындығы 3 мың км тұратын газ құбырының Қытай үшін геостратегиялық маңызы өте зор. Бұл құбыр арқылы бастапқыда жылына 5 млрд текше метр газ тасымалданса, жоба толық аяқталатын 2023 жылға жеткенде, жылына 38 млрд текше метр газ тасымалданатын болады. Қытайдың Ресей газына сұранысының жоғарлығы сондай, 2014 жылы алдын-ала 30 жылға арналған, құны 400 млрд $-лық келісім де жасасып қойғанды. Қытайдың күші – экономикасында, оның жаны – шикізат пен энергия дедік. Импортқа байланған энергия мен шикізат ұлесі 70%-ды құрайтынын айттық. Қытай үкіметі стратегиялық энергия, шикізат ресурстарын қамтамасыз ету үшін үлкен қадамдар жасағанын да жаздық. Ел тыныштығы үшін экономикасын тұрақты дамыту, тоқыраудан сақтау, өндіріс ошақтарын тоқтатпаудан басқа Қытай үкіметінің амалы да жоғын жеткіздік. Қытай осы арқылы ғана әлемдік нарықтағы үлесін сақтап, тұрақтылықты ұстап тұра алмақ. Осы мақсатта, 2013 жылы 14 мамырда, Ши төраға «бір белдеу, бір жол» экономикалық жобасын ұсынды. «БББЖ» жобасының сәтті не сәтсіз болуы «Қытай арманының» іске асу-аспауын шешпек. Қытай билігі әлемдік үдерістерді қадағалап, әлемдік үлы істерге араласуға тырысуда. Әрі әлемді АҚШ-пен бөлісуді көздей бастағанын білеміз. Дегенмен, аталмыш «БББЖ» жобаның құрылуынан бастап оған деген құдік-күмәндар сейілген емес. Жобаға берілген сарапшылар бағасын жинақтап келгенде: «Еуропа нарығына ену, артық өнімдерді экспорттау, юаньді әлемдік валютаға айналдыру, әлемдік энергия қорларына қол жеткізу, АҚШ-тың әлемдік жетекші орнына таласу, соңында әлемнің қожасы болу» дегенге саяды. Қытайдың «БББЖ» жобасын саяси-экономикалық қақпан деушілер де көп. Бұл жобамен байланысатындар негізінен авторитарлы, жемқорлық жәйлаған елдер. Жобадағы екі тараптың сыбайлас жемқорлығы - нысанның өзіндік құнын арттыруда. Тендерде мөлдірліктің жоқтығы, жобаға шарты бойынша қажетті құрылыс материядарын Қытайдан таситыны, қоршаған ортаға жеткізетін залалы тб осылардың бәрін саралай келгенде жоба тиімділігі Қытай үшін 80%-ға шейін жететін болған. Борышты ақтауға қауқарсыз, тиімсіз жоба-нысандар банкрортқа ұшырап, шарасыздықтан Қытайға ұзақ мерзімге жалға берген елдер де жетерлік. Кей елдер жоба игілігін көрмек түгілі портын, кенін, электр станциясын тб нысандарын Қытайға ұзақ мерзімге жалға беру арқылы Қытай алдындағы борышын өтеуге мәжбүр болуда. Осы арқылы Пекин билігі осы елдерге болған ықпалын арттыруды көздесе, екінші бір жағынан «БББЖ» жобасын қолдау қоры - «Азия инфрақұрылыды дамыту банкі» арқылы көздеген елдеріне несие беру арқылы ықпалын арттыруда. Мақсаты - осы «жақтастарының» дауысы арқылы халқаралық аренада АҚШ-пен бәсекеге түсу болған. Бұған Қытай жүйесінің ұтқыр идеологиясын, үгіт-насихатын және асқынған ұлтра ұлтшылдығын қоссақ, Қытайдық бас нысаны болып тұрған АҚШ-тың төзімінің де түбі көріне бастауға тиіс. Бұл АҚШ-тың түп мүдесіне төнген қатер. Сондықтан кештеу болса да Қытайдық асқынған амбициясын орнына қою – АҚШ-тың басты ісіне айналғандай. Осы мақсатта, Қытайдың әлемдік амбициясын ауыздықтау үшін, АҚШ укіметі мына амалдарға жүгінуде, немесе ықтимал: 1. Қытайдың экспортын азайту арқылы экономикасын тежеу. Яғни экспорттан түсетін үлкен қаржы көздерін шектеу. Ширек ғасырда, Қытай АҚШ-қа жасаған экспорттан жылына 500 млрд $ пайда тауып отырған. Екі ел арасындағы саудадағы теңсіз баланысты жою үшін, 2018 жылы АҚШ үкіметі қытай тауарларына кедендік салық ставкасын көтерді; Одақтастарымен келісе отырып Қытайдағы Батыс зауыт-фабрикаларын Шығыс-Оңтүстік Азиядағы өздеріне одақтас Вьетнам, Үндістан, Инденозия қатарлы елдерге көшіруді бастады. Бұл қарекеттері арқылы Қытай экспортын тежеп, экономикасын әлсіретіп, оған балама бәсекелес қалыптастырмақ. 2. Технологиялық құрсауда ұстау. АҚШ билігі: «Қытай жаңа технологиялық патенттеріміз бен технологиямызды қолды етуден жылына 500 млрд $ зардап шектіріп келді» дегенді айтуда. Осы себепті, ұтқыр технологияларын Қытайға экспорттауға шек қоюда, әрі одақтастарын бір сапта әрекет етуде. Осы арқылы Қытайдың әскери әлеуеті мен өндіріс нысандарын әлсіретуді көздеуде. Мәселен, соңғы жылдары, АҚШ Қытайға электронды мишықтарды экспорттауға тиым салды. Huawei сияқты саяси-әскери астары бар Қытай компанияларының қызметіне шектеу қойды. 3. Энергия импорт логстикалық тораптарына кедергі келтіруі ықтимал. Жоғарыда Қытай энергиясының 70%-ы шеттен тасымалданатынын, ол негізінен бес логистикалық бағыттан тұратынын атағанбыз. Қытайдың саяси амбициясын тежеу үшін, АҚШ оның тоқтаусыз дамып отырған экономикасына тосқауыл қоюды басты мақсат тұтары, оны жүзеге асыру үшін экономикасының локомативі - энергия импортына кедергі жасары анық. Бұны іске асыру үшін де екі қадамға баруы мүмкін: бірі, Қытайға мұнай-газ экспорттаушы елдерді АҚШ өзінің геосаяси ықпалына алып, саналы түрде келісімді бұздыру; екіншісі, осы елдерде саяси тұрақсыздық тудыру арқылы Қытай инвестициясын нолге айналдыру. Бұған Ливия мен Ирақтағы жағдай мысал бола алады. Сондай-ақ, энергия тасымалдайтын аймаққа, торапқа бақылау орнату арқылы да Қытайды тұсап, бөгеп отыра алады. Мәселен, Қытайдың Тынық мұхиты су жолы арқылы келетін энергиясы шикізат көлемі тұтас Қытай энергия импортының 60%-ын құрайды. Егерде, АҚШ дәл осы Малака бұғазын өз бақылауына алар болса (аймақтағы елдерді толық өз одағына тарытқан жағдайда), онда Қытай энерия импорты тығырыққа тірелері анық. Осы ықтимал тығырықтан сақтану үшін Пекин билігі үлкен қатерге қарамастан энергия тасымал жүйесін барынша әртараптандыруға тәуекел етуде. Энергия қауіпсіздігі – Қытай экономикасының кепілі. Қытай билігінің ендігі бас ауруы - энергияға қол жеткізу және оның логстикалық қауіпсіздігін қорғау жолындағы күрес болмақ. P.S: Энергия экспорты мен импортын әртараптандыра алған елдің ұтары мол. Энергия импортын әртараптандыруда Қытай үлгі. Қазақстан энергия экспортында Ресейдің жетегінде кетті. Қазақтың 80% энергия тасымалын Ресейге ұстатып қою - бұл үлкен геосаяси стратегиялық қателік болып, бүгін соның зардабын тарта бастадық. Энергия экспортында балама тасымалдың әлсіздігі ел экономикасы мен қауыпсіздігіне теріс әсерін тигізуде. Қытайдың энергия импорт торабын әртараптандыру рухы, энергия қауіпсіздігін қамтамасыздандырудағы стратегиясы мен тактикасы біз үшін үлкен сабақ. Әсілі, Қазақ өз энергия ресурстарының экспортын әртараптандыру арқылы ұлттық мүдесін қорғауы керек еді, өкінішке қарай қорғай алмады. Бүгінде қазақ экономикасының жаны – энергия экспортының артуына, қауіпсіздігіне тікелей байланғаны тағы шындық. Саяси жалтақтық пен стратегиялық жобалаудағы көзсіздік – елімізді ырықсыз күйге, экономиканы тығырыққа тіреуде. Қазақ энергиясының экспорт логистикасы Каспий-Грузия-Түркия, Каспий-Иран-парсы шығынығы, Каспий-Ресей арқылы еуропаға және Қытайға тасымалдайтын тораптарға теңдей мән беріп, геосаяси құбылыстарға бейімділігін күшейтудің маңызы аса зор екенін уақыт дәлелдеуде. Алдағы күндері тек стратегия мен тактиканы қабыстыру арқылы ғана қазақ энергия экспортының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық, саяси мүдделерімізді лайықты қорғай алатын боламыз. Бақан Берікжан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_104717.txt
Еуропарламент Брекзит туралы келісімді бекітті
https://abai.kz/post/104717
"Еуропарламент Брекзит туралы келісімді бекітті" | "https://abai.kz/post/104717"
30.01.2020
Abai.kz
null
TITLE: Еуропарламент Брекзит туралы келісімді бекітті URL: https://abai.kz/post/104717 META: "Еуропарламент Брекзит туралы келісімді бекітті" | "https://abai.kz/post/104717" DATE: 30.01.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 112 TEXT: Еуропарламент басым дауыспен Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу жөніндегі келісімін мақұлдады. Құжатты қолдап 621 депутат дауыс берді, 49-ы қарсы, 13-і қалыс қалды. Енді соңғы келісімді 30 қаңтарда Еуропалық одақ кеңесі бекітуі тиіс. Дауыс бергеннен кейін депутаттар орындарынан тұрып, Шотландияның дәстүрлі Auld Lang Syne әнін орындады. Бұл ән әдетте қоштасар сәтте жиі айтылады. Парламенттің кейбір мүшелері өздерінің эмоцияларын жасыра алмады. Ұлыбритания Еуропалық одақтан 31 қаңтар күні, 24.00-де шығады. Лондон Еуропалық одақтан Брекзит жөнінде референдум өткеннен үш жарым жылдан соң кетіп жатыр. Ұлыбритания ЕО-дан толық шыққаннан кейін биылғы жылдың соңына дейін өтпелі кезеңді өткізеді. Оған дейін Брюссельмен жаңа келісімге келуі тиіс. Ұлыбритания Еуроодаққа 1973 жылы қосылды әрі бұл одақтан кетіп жатқан бірінші мемлекет болды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_40689.txt
АҚМОЛАДА 16 ЖАСАР БАЛА ЗЕЙНЕТКЕРДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ
https://abai.kz/post/40689
"АҚМОЛАДА 16 ЖАСАР БАЛА ЗЕЙНЕТКЕРДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ" | "https://abai.kz/post/40689"
31.07.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АҚМОЛАДА 16 ЖАСАР БАЛА ЗЕЙНЕТКЕРДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ URL: https://abai.kz/post/40689 META: "АҚМОЛАДА 16 ЖАСАР БАЛА ЗЕЙНЕТКЕРДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ" | "https://abai.kz/post/40689" DATE: 31.07.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 88 TEXT: Ақмола облысында жантүршігерлік жағдай орын алды. 8 сынып оқушысы зейнеткерді соққыға жығып, зорламақ болған деп мәлімдеді құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған nur.kz жаңалықтары. Оқыс жағдай 29 шілде күні түнде аймақтың елді мекенінде болған. “Бейтаныс жеткіншек 1935 жылғы кейуананың үйіне басып кіріп, соққыға жыққан. Зейнеткерді сол жерде зорламақ болған. 1999 жылғы 8 сынып оқушысы күдікті ретінде құрықталды”, – дейді дереккөз. Бұған ұқсас жағдай 24 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында да болыпты.  Осы облыстың Шемонаиха қаласында 18 жастағы колледж студенті 75 жастағы кейуананың үйіне басып кіріп, оны зорлап кеткен. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_70210.txt
Тәжік-қытай шекарасында тұрып қалған жүк көліктеріне жол ашылды
https://abai.kz/post/70210
"Тәжік-қытай шекарасында тұрып қалған жүк көліктеріне жол ашылды" | "https://abai.kz/post/70210"
11.05.2018
Abai.kz
null
TITLE: Тәжік-қытай шекарасында тұрып қалған жүк көліктеріне жол ашылды URL: https://abai.kz/post/70210 META: "Тәжік-қытай шекарасында тұрып қалған жүк көліктеріне жол ашылды" | "https://abai.kz/post/70210" DATE: 11.05.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 126 TEXT: Тәжікстанның көлік министрлігі Қытаймен арадағы шекарада тұрып қалған 100-ге жуық жүк көлігінің өтуіне рұқсат берді. Шамадан тыс жүк артылған көліктер 2 мамырдан бері "Тохтамыш" терминалында тұрған. "Кейбір жүк көліктері 40 тоннаның орнына 50-ден 80 тоннаға дейін жүк тасиды", - деді көлік министрлігі. Тәжікстан үкіметі жүк тасымалдаумен айналысатын компанияларға артық жүк артпау керектігін талай мәрте ескерткен, бірақ олар бұған құлақ аспай келген. "Тохтамышта" тұрып қалғандарға терминалдан өтуге 9 мамырда рұқсат берген. "Бізге артық жүк үшін айыппұл төлеу керек деп айтты. Бірақ біз қауіпсіз аймаққа көшуіміз керек. Жолда тоқтатар-тоқтатпасы белгісіз. Әзірге сол жүгімізбен келе жатырмыз", - деді жүргізушілердің бірі. Бұның алдында терминалда тұрып қалған жүк көліктерінің жүргізушілері азық-түлік пен ақшалары таусыла бастағанына шағымданған. Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз! Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_188714.txt
Қандасыңның ақысын жеме, Түркістан!
https://abai.kz/post/188714
"Қандасыңның ақысын жеме, Түркістан!" | "https://abai.kz/post/188714"
05.10.2024
Ауыт Мұқибек
null
TITLE: Қандасыңның ақысын жеме, Түркістан! URL: https://abai.kz/post/188714 META: "Қандасыңның ақысын жеме, Түркістан!" | "https://abai.kz/post/188714" DATE: 05.10.2024 AUTHOR(s): Ауыт Мұқибек TOTAL WORDS: 761 TEXT: Редакциядан: Редакциямызға тұрақты авторымыз Ауыт Мұқибектен келген Түркістан облысындағы қандас кәсіпкерлердің жанайқайын портал оқырмандарының талқысына ұсынып отырмыз. Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Мақала авторының пікірі редакция ұстанымын білдірмейді және мақалада аты аталған жекелеген тұлғалар жауап беремін десе, портал бетінде жариялайтын боламыз! Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырзаға! Құрметті Дархан Амангелдіұлы! Биыл көктемде «Zhibek Zholy show technica» ЖШС және ИП «JAC MEDIA» , ИП «ЕРХАН» , ИП «Кулпаш Нұрмұқан» сынды төрт заңды тұлға Түркістан қаласы Мәдениет үйінің жариялаған тендерді ұтып алып, тапсырысты өз уағында орындаған. Бірақ, Мәдениет үйі сол Ербосын Нұрмұханұлы бастаған төрт кәсіпкердің қомақты ақшасын алты айдан бері бермей, сергелдеңге салған. Биылғы 16 қыркүйекте дәл осы «ҚАНДАСЫҢНЫҢ ХАҚЫСЫН ЖЕМЕ, ТҮРКІСТАН!» деген тақырыппен Сіздің атыңызға арнайы хат (ЖТ-2024-05328634) жазып, осы мәселеге байланысты, Сізден көмек сұрап едік. Өкінішке орай, ол хат Сізге жеткен жоқ! Орынбасарыңыз бен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы ол хатымызды ары-бері лақтырды да, соңында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары M.Қырықбаев бір бет жауап бере салды. Аталған жауапта Түркістан қаласы әкімінің орынбасары M.Қырықбаев: «Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Н.Аманкуловтың 2024 жылғы 5 шілдедегі №361477 хатына сайкес, басқарма тарапынан облыс көлемінде өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуларға талдау жұмыстары жүргізілген болатын. Талдау жүргізу барысында Түркістан қалалық Мәдениет үйі МКҚК тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың бір көзден тікелей сатып алу тәсілін негізсіз қолданып бірнеше келісімшарт түзілгендігі анықталған. Осыған орай, Түркістан қалалық Мәдениет үйі МКҚК-ның мемлекеттік сатып алу порталындағы жасалған келісімшарттардың қаржысын төлеу уақытша тоқтатылып тұрғанын хабарлаймыз», - депті. Неге екені белгісіз, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары M.Қырықбаев мырза өзінің бұл жауабында « облыс көлемінде өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуларға талдау жұмыстарын» қандай құзырлы органның жүргізгенін және сол « мемлекеттік сатып алу порталындағы жасалған келісімшарттардың қаржысын төлеуді уақытша тоқтата тұру» туралы қайсы құзырлы органның қандай шешім шығарғанын мүлде айтпапты. Бұл – бір. Екіншіден, менің бірінші хатым Сізге жолданған соң, Түркістан қаласы Мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев маған телефон шалып, осы келісімшартты бұзып, касіпкерлердің ақшасын басқа келісімшарт жасау арқылы аударып берсем деп өтінді. Қадырболат Мұсағалиевтың бұл сөзіне мен таң қалдым және оған «Түркістан облысында тендер өткізу – құдалық өткізу, тендердің ақшасы құдаға беретін қыздың қалыңмалы емес шығар...» , - деп, әзілдеп күлдім. Оның бұл ұсынысынан бас тарттым. Сол сөйлесуде Қадырболат Мұсағалиев менің арнайы сұрағыма жауап беріп, « мемлекеттік сатып алу порталындағы жасалған келісімшарттардың қаржысын төлеуді уақытша тоқтата тұру» туралы ешбір құзырлы органның шығарған шешімінің жоқ екенін айтты... Үшіншіден, кәсіпкерлердің қолында осыған дейін берілген Түркістан қалалық Мәдениет үйі басшыларының «...жеткізілген тауарлардың қаржаысын 30 күнтізбелік күн ішінде төлеп беруге кепілдік берілгендігін жазып хабарлаймын.» -деген екі бірдей « КЕПІЛДЕМЕ ХАТ» тұр. Егер, «Мәдениет үйі МКҚК мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың бір көзден тікелей сатып алу тәсілін негізсіз қолданған» болса, онда осыған дейін Түркістан қалалық Мәдениет үйі басшылары не үшін бір емес, екі мәрте «КЕПІЛДЕМЕ ХАТ» берген?! Оның үстіне, бұл – аз ақша емес, төрт кәсіпкердің екі жүз миллионға жуық теңгесі екен. Түркістан қалалық Мәдениет үйі МКҚК мемлекеттік сатып алу жұмысын бүгін ғана жүргізіп отырған жоқ. Жұрт жақсы біледі, шеттен оралған біз секілді АҢҚАУ , МОНМЫН емес, Түркістан мен Шымкенттің жігіттері – шетінен «ТӘШКЕН КӨРГЕНДЕР» емес пе! Олардың сол кезде осы бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен өткен тендерден хабары жоқ болуы мүмкін бе?! Олар «... тікелей сатып алу тәсілін негізсіз қолданды» дегенге кім сенеді ?! Әкімдік басшыларының М.Қырықбаев айтқан «мемлекеттік сатып алу порталындағы жасалған келісімшарттардың қаржысын төлеуді уақытша тоқтата тұру» туралы тікелей құзыреті бар ма?! Болса, ол қай заңның нешінші бабында жазылған?!. Сұрақ көп! «Лиза Шәмет Қадырболат Мұсағалиевке сілтейді. Қадырболат Мұсағалиев: « Ж оғарыдан тапсырма бар, қазірше бермей тұрыңдар деген, күте тұр, жазам десең жаз, айтам десең айт!» ,- деп шалқаяды...» ,- деп, кәсіпкерлер зар жылап отыр. Олар енді барлық жұмысшыларын алып барып, «ҚАНДАСЫҢНЫҢ ХАҚЫСЫН ЖЕМЕ, ТҮРКІСТАН!» деген керме туды көтеріп, Түркістан облысы әкімдігінің алдында айғайлап тұрмақшы. Мен елден, Сізден ұят болады деп, оларды жібермей отырмын... Құрметті Дархан Амангелдіұлы! Түркістан қаласы әкімінің орынбасары M.Қырықбаев пен Түркістан қалалық Мәдениет бөлімінің басшы Қадырболат Мұсағалиев төрт кәсіпкердің шеттен келген қазақтар екенін білген соң, әдейі осындай келеңсіз әрекеттер жасап, олардан бірдеме дәметіп отырған жоқ па өзі?!! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы Жолдауында айтқан: «Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым  белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс.» деген сөзін еске алсақ, ешбір құзырлы органның шешімінсіз, Сіздің жігіттеріңіздің қандас кәсіпкерлерді қан қақсатып, ақшасын бермей отыруы – мемлекетке қарсы қылмыс емес пе !?! Құрметті Дархан Амангелдіұлы! Сізден жігіттеріңізді жөнге салуыңызды өтінемін. Сондай-ақ, осы мәселені Өз назарыңызға алып, аталған төрт кәсіпкердің қомақты ақшасын тездетіп өндіріп беруге ықпал етуіңізді сұраймын. Ескерту: екі парақ қоса тіркелді, сондай-ақ бұл хат БАҚ-та жарияланды... Құрметпен, Ауыт Мұқибек, «Ерен еңбегі үшін» медальіның, «Құрмет» орденінің иегері Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_48234.txt
ҚАЙЫМҒА ҚОЛДЫ САЛҒАНЫ...
https://abai.kz/post/48234
"ҚАЙЫМҒА ҚОЛДЫ САЛҒАНЫ..." | "https://abai.kz/post/48234"
02.03.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ҚАЙЫМҒА ҚОЛДЫ САЛҒАНЫ... URL: https://abai.kz/post/48234 META: "ҚАЙЫМҒА ҚОЛДЫ САЛҒАНЫ..." | "https://abai.kz/post/48234" DATE: 02.03.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 401 TEXT: Күнделікті өмірдің материалдық қиындықтарын оңай жолмен шешудің бір себебі адамның рухани құлдырауынан шығатынын күні кеше Қайымдай ғалымның ныспысын талқандап кеткенде көрдік. Ұлт үшін саналы ғұмырын сарп еткен тұлғаны қастерлеу керектігін жасынан ұғынбаған ұрпақтың ісін кешіруге бола ма? Бұған қанша жерден саяси астар іздеудің қажеті жоқтығын айтып, жергілікті атқарушы билік «бұзақылық іске» жатқызғанымен, Қайымның аты Қайым! Абай мұрасын түгендеудегі ұшан-теңіз ғалымдық еңбегі Әуезовтен бастап әлдеқашан мойындалып қойған. Расы керек, біз өз құндылығымызды ешуақыт қорғай алмайтын халықпыз. Ол бір ме? Қазақтың мықтысы кімдер екенін ұрпақ санасына сіңіруде тәрбиенің жеткіліксіздігі, ұлттық идеологияны дәріптеудің өте әлсіздігі дүниетанымы дүбара ұрпақтардан құралған қоғамды қалыптастырып отыр. Бұл екі. Үшіншіден осы шынымен әріптердің қымбат болуы себепті тоналғаны рас болса, бейнебақылау камерасы қалайша қойылмаған?! Демек, Семейде мәдени орындардың, нысандардың, ескерткіштердің қорғалуын қамтамасыз ету мәселесін жергілікті атқарушы билік әлі күнге дейін қолға алмаған деген сөз. Әйтпесе, қаланың басты көшесі саналатын әрі жарығы түні бойы самаладай жарқырап тұратын Абай көшесінде орналасқан ғалым ескерткішіндегі «Қайым Мұхамедханов» жазуынан тапа-тал түсте (мейлі жеті қараңғы түнде болсын)  «нов» бөлігінің тоналғанын ешкім көрмей қалуы мүмкін емес қой! Сонымен «Қайым Мұхамедханов» жазуының әріптері латуньнен құйылғаны себепті ұрланған болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл қаладағы ескерткіш атаулыға жауапты қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманының айтқаны. Басқа саяси астар жоқ көрінеді. Расымен солай ма?! Осыдан біраз жылдар бұрын Павлодар трассасы бойындағы қорымға жерленген Қайым бейтінің қоршауларын да әлдекімдер қиратып кеткенде осындай болжамды құлағымыз шалған. Ол бұзақылықты кімдер жасағыны сол күйі анықталған жоқ. Анығына қарайық: бұзақылықпен бейіт қоршауын бұзу керек болса, тұлғаның аты жазылған әріптерді алып кету керек болса, неге Қайым ғана таңдалады?!  Әлеуметтік желіде осы іске байланысты жазылған пікірлер ішінде «ең құрмаса «н» әрпін қалдыру керек еді» деген соқыр ұстанымды да көріп қалдық. Сонда қалған екі әріп «ов» болғаны себепті ұрланса, Қайымдай ғалымның тегін «Мұхамедхан» деп ұрылардың  «түзетіп кеткеніне» алғыс айтуымыз керек пе?! Сөз жоқ бұл да рухани құлдырауымыздың бір мысалы. Семейліктер жақсы біледі, өткен жылдың соңында қаладағы Интернационал көшесі Қайымның атына берілетіндігі жөнінде қалалық мәслихат бірауыздан қолдап, шешім қабылдады. Бірақ, ресми түрде әлі бекітілмесе де күллі қазақ мұны қуана қабылдады. Жасыратын несі бар, нақ сол кезде бұл істі жүзеге асыру оңай болған жоқ. Ғалымның аты Интернационалмен жапсарлас жатқан елеусіздеу Шмидт көшесіне беріліп кете жаздап, әрең қалған. «Интернационалдан» құтылып, Қайымның көшесімен аяңдап келе жататын күнді асыға күткен қазақ үшін бұл тонау «бұзақылық» емес, ұлтжандылықтан мақұрым өскен надан ұрпақтың қолымен жасалған нағыз қорлық! Тоқетерін айтқанда, қазақ өз құндылықтарын күндіз-түні қорғап, оның қорлануына жол бермеуі тиіс! Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_103401.txt
Өзбекстанда Гүлнара Каримованың ісіне байланысты тергеу аяқталды
https://abai.kz/post/103401
"Өзбекстанда Гүлнара Каримованың ісіне байланысты тергеу аяқталды" | "https://abai.kz/post/103401"
07.01.2020
Abai.kz
null
TITLE: Өзбекстанда Гүлнара Каримованың ісіне байланысты тергеу аяқталды URL: https://abai.kz/post/103401 META: "Өзбекстанда Гүлнара Каримованың ісіне байланысты тергеу аяқталды" | "https://abai.kz/post/103401" DATE: 07.01.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 116 TEXT: Өзбекстанда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримоваға қарсы қозғалған жаңа қылмыстық іс бойыша тергеу аяқталды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы мәлімдеді. Мекеме мәліметіне қарағанда, айыптау қорытындысы жазылған қылмыстық іс сотқа берілген. Гүлнара Каримова 2015 жылы бопсалап ақша талап ету және салықтан жалтару айыптарымен қамауға алынған. 2017 жылы он жылға сотталып, бірақ бес жыл Ташкенттегі үйінен шықпау шартымен үйқамағына босатылған. 2019 жылы наурыздың басында тәртіп бұзды деген айыппен Ташкент облысы Зангиата ауданындағы әйелдер абақтысына ауыстырылған. Былтыр тамыз айында оған қарсы бюджет қаражатын ұрлады және мемлекет мүддесіне қайшы келетін келісімдерге барды деген айыппен жаңа іс қозғалған. Онда бас прокуратура келтірілген шығын сомасы 165 миллион доллар және 85 миллиард сум (9 миллион доллар шамасында) деп бағаланған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_176981.txt
Қатер солқылдақ саясаттан төнеді
https://abai.kz/post/176981
"Қатер солқылдақ саясаттан төнеді" | "https://abai.kz/post/176981"
04.12.2023
Әбдірашит Бәкірұлы
null
TITLE: Қатер солқылдақ саясаттан төнеді URL: https://abai.kz/post/176981 META: "Қатер солқылдақ саясаттан төнеді" | "https://abai.kz/post/176981" DATE: 04.12.2023 AUTHOR(s): Әбдірашит Бәкірұлы TOTAL WORDS: 1035 TEXT: Ресей Федерациясы Думасында Қазақстан Республикасы бойынша арнайы «маманданған» бірнеше депутаттар бар. Олар Қазақстандағы жағдайды жітік бақылай отырып, өздері «мәңгілік дос» деп санаған тәуелсіз көрші мемлекетттің билігінің әр қадамына баға беріп, «мәңігілік достың» қалай отырып‑тұруын, қалай жүруін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Сондықтан да олар Қазақстанның унитарлы мемлекеттілігі мен ішкі ұлтаралық қатынасына өздерінің «ұлыорыстық империялық шовинистік» пиғылдары тұрғысынан шабуылдауын тоқтатқан емес. Бүгінде, дәл осы «империялық мүдде» Ресей Федерациясын тәуелсіз Украинамен арадағы соғыс операциясына алып келді. БҰҰ мүше мемлекеттердің барлығы дерлік оны «Халықаралық қатынас заңдарын өрескел бұзу» деп бағалап, Ресейге бұрын‑соңды адамзат тарихында болмаған санкцияларды салып тастады... РФ Думасы депутаттары арасында өзінің тарихи білімі аздығынан, тарихи логикадан мүлдем бейхабарлығынан ұялмайтын, арсыздығын әлемге паш етуден еш намыстанбайтын Евгений Федоров деген бір депутат бар. Ол РФ армиясының запастағы офицер­‑полковнигі бола тұра, әруақытта әскерилер арасында кең тараған прапорщиктер туралы анекдоттарға сай өзінің «прапорлық санасымен» бүкіл Орта Азия және Евразия тарихын қайта қарап, өзінше өзгерістер жасағысы келеді. Тіптен, орыс халқының көптеген тарихшыларының «Орта ғасырларда Евразияда пайда болған Алтын Орда империясының негізгі арқа сүйеген халқы – түркілік халықтар, соның ішінде оның тікелей мұрагері ‑ қазіргі қазақ халқы. Олар  Ресей мемлекеттілігінің пайда болуының қозғаушы күші болды» деген нақты ғылыми дәлелдеріне де құлақ аспай, Евгений Федортегінің елірген санасы Ұлы далада өткен Ұлы оқиғалардың тізбегін «орыс батпағына» батырып жібергісі бар... Алайда, қазір өз құрамында болған халықтардың барлығын  «орыс батпағына» батыруды ғана ойлаған «ұлыорыстық империялық саясаттың»  уақыты өтіп кеткен сыңайлы. Қазір ол батпақ мұз құрсаққа оранып, қатып жатыр... Бірақ, қазақтың «Жыланды үш кессең де, кесірткелік әлі қалады» деп айтқанындай, Қазақстанға бүгінда жайбарақаттық танытуға болмайды. Неге? Өйткені, біздің «тұңғыш президент» отыз жыл бойы Ресеймен «мышық‑тышқан» ойнап келді. Оның объективті себептері «экономикалық байланыстардың күйреуі», «дербес мемлекеттерге  бөлінуі» деу жеткіліксіз. Өйткені, дәл осы «шекпеннен» шыққан Прибалтика мемлекеттері КСРОдан кейін Ресеймен арада өз саясатын ашық жариялады. Оны халқынан жасырмай, бірден «еуропалық бағытқа» бұрылатынын мәлімдеді. Ешкімге жалтақтаған жоқ. Ресей қаншама қоқан‑лоқы жасаса да, прибалттар ықпады. Нәтижесінде,  әскері күйреп жатқан Ресей Прибалтиканы «өз еркіне» қоя беруге мәжбүр болды...  Көп ұзамай ондағы үш мемлекет НАТО қарауына алынды. Сол сияқты КСРО ыдырағаннан кейін Кавказ мемлекеттері де біршама тәуелсіз саясат жүргізіп, өздерінің «тәуелсіздік статусын» нығайта алды. Тек қана «православие дінімен» біріккен Армения‑Ресей альянсы ғана Кавказдағы Ресей рөлін күшейтуге ықпал етіп отырды... Ал, АҚШ‑қа бет бұрған Грузия мемлекеті көп ұзамай Ресей шабуылына ұшырады – нәтижесі бүгінде белгілі. Ал, Днепр бойындағы экономикалық потенциялы жағынан Ресеймен парапар Украина бірде олай, бірде бұлай саясат жүргізіп, ақыр соңында өзі де «Ұлыресейлік империялық мүдде» деп аталатын «соғыс қақпанына» түсті ‑ Украинаның одақтан бас тартуының соңы соғысқа ұласты... Молдовия болса әлі де екіге бөлініп тұр... Ал, Орталық Азияға келер болсақ, мұнда бір ұлтты монолитті халқы бар Өзбекстан өзінің толық тәуелсіз бағытын әуел бастан ұстана бастады. Тіліне, дініне, ұлттық мәдениетіне, дербес экономикасына басымдық берді. Халқы күйзелістен қаншама қиналып, жұрты Ресейге, Қазақстанға, алыс шет елдерге кетіп жатса да, өзбектер ұлттық мемлекеттігі принциптерін бәрінен жоғары қоя білді. (Әрине, бұл жерде Қазақстанның, әдеттегідей Өзбекстанның Ресей мен Қытай арасындағы форпост ретінде «қосалқы қызмет» атқарғанын айта кету керек. Өзбек туыстар осы обьективті жағдайды дұрыс қолдана алды). Енді, өз Қазақстанымызға келейік... Біздегі жағдай күрделі болды. «Ұлттар лабораториясы» атанған Қазақстанда ұлтаралық қатынас шиеленіскен жағдайда жүрді. Көптеген сепаратистік қозғалыстар пайда болды. Сондықтан Қазақ Еліне «ақырын жүріп, анық басуға» тура келді. Алайда, біз Қазақстан‑Ресей қатынасындағы бұл шиеленісті мәселенің түпкі себептері мен  қазіргі «федортегілердің» тәуелсіздігімізге қарсы шығу себептерін тек осы мәселеге апарып тіреп қоя алмаймыз...  Біз олардың бізге қарсы сөздері Қазақстанның о бастан тәуелсіздіке қатысты «солқылдақ саясат» жүргізгендігінде десек – қатты қателеспейміз. Мәселен, біздің билік әуел бастан Қазақстан мүддесін жоғары қоятын, халықаралық қатынастар заңнамаларына негізделген, әрі, тарихи әділеттілікті негізге алған  ашық саясат жүргізудің орнына, екі арада билік деңгейіндегі «әмпей‑жәмпей, көз қысты» саясатын жүргізді.  Мұны орыс тілінде «панибратство» деп айтады. Біз осыған жол беріп қойдық... Нәтижесінде, екі елдің достығы президенттердің «өзара достығы», «өзара байланысы», «стақан соғыстыруы», «моншаға баруы», «сапарлап барғанда қарсы алуы» және т.т. субъективтік факторларға тәуелді болып қалды. Мұнда Ресей жағы «үнемі ақыл айтушы аға», «жол көрсетуші дана» рөлінде болса, қазақ билігі «мәселені айтқызбай түсінеміз» деген ықылас танытумен болды. Сөйтіп, Қазақстанның тәуелсіздік статусы осындай субъективизм жетегінде кетті. Енді, ел тәуелсіздігінің кепілі ретінде заңдар, халықаралық нормалар емес, билік тұлғаларының көңіл‑күйі алға шықты... Ол Ельцин заманын басталып, Путин заманына ұласты... Ал, осының бәрінің басы‑қасында Қазақстанның тұңғыш президенті тұрды: Ол «СНГ құрамыз» деді – құрды, «ТМД болсын» деді – болды, «Еуразиялық одаққа  бірігейік» деді – Ельцин назар аудармап еді, Путин келіп осыны іліп алып ‑ құрды, «Кедендік одақ» деді – ол да пайда болды... Иә, сөйтіп, қызы‑қыза біз өзіміз «Қазақстан территориясында бұрын соңды осындай мемлекет болмаған» дегенді құлаққағыс етіп, олардың «империялық диірменіне» жел беріп отырдық...  Неге десеңіз, біз жеке басқа табына бастадық та, «Қазақ мемлекеттілігі», «Қазақ халқы», «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті» деген тәуелсіздік бастауларымызды оның көлеңкесінде қалдырдық... Содан болар, біз бір кездері Абылайханның үш жүз жылдығы, Қазақ Хандығының құрылуы сияқты даталарды «мереке» деп батыл айтуға  бата алмадық. Тек, ресейліктер тарапынын «мемлекеті болмаған» деп намысқа тигер сөзден кейін ғана, оған жауап ретінде бұл даталарды тойлағандай болдық... Ал, шындық олай болмауы керек еді. Бізде мемлекеттік «солқылдақ саясатты» әуел бастан ысырып, Ресеймен толық тәуелсіз саясат жүргізуге мүмкіндігіміз болды. Бірақ оны тек өз халқыңа арқа сүйеген мемлекет қана жүргізе алады. Бізде ол болмады ‑ біздің жалтақ билік коррупцияға байланып, өзімен өзі болып кетті... Бейнелеп айтсақ «Қазақ театрында театрдың өзі емес, оның киім шешетін гардеробы маңызды болып, ал спектакльде спектакльдің өзі емес, оның декорациясы басым боп кетті» дер едік,,, Енді, міне, осының зардабын әлі күнге дейін кешудеміз – жөні түзу сөзі жоқ, не білімі жоқ, ойы таяз қайдағы «федортегі» деген тексіз біреу  қарап отырудан жалыққанда  «Қазақстан андай‑мындай» деп аузына келгенді айтатын болды:  Неге айтпасқа ‑ егер Қазақстан Петропавловскіде бас көтерген бір топ сепаратистерді жазалап, түрмеге отырғызып жатса...  Неге айтпасқа ‑ егер Қазақстан басқыншы вагнер әскерінде соғысқан Қазақстан азаматын сотқа тартып, жаза кесіп жатса. Неге айтпасқа – егер Қазақстан барлық түркі әлемімен бірігу жолдарын іздей бастаса... Ортаазиялық Республикалар өзара бірге даму жолдарын қарастыра бастаса...  Ал, Ресейдің Украинамен соғысында Украинаға «бүйрегі бұрып» тұрса, оны жасырмай ашық айтып отырса...  Міне, осының бәрі «ұлыресейлік имериялық санамен» ауыратын  Евгений Федоровке ұнайды деймісің? Әрине, ұнамайды. Ол, жалпы, қазіргі Ресей билігіне де ұнамайды... Иә, айтылар сөз айтылды. Біз енді «кімнің кім екенін» анық білеміз. Ендеше, бізге де солтүстік қала аттарын ауыстырудың, «Солтүстікке қоныстандыру» бағдарламасын күшейтудің кезі келген сыңайлы... Ал, сөз соңында,  осы мәселе бойынша Ресейге арнайы нота жіберуді Қазақстан билігі ұмытпайды деп сенеміз дегім келеді... Әбдірашит Бәкірұлы, философ‑публицист Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_1849.txt
Ғаділбек Әкім. Экономиканың тұрақтала бастауы, дағдарыстың II толқыны туралы болжамның негізсіз екенін көрсетеді.
https://abai.kz/post/1849
"Ғаділбек Әкім. Экономиканың тұрақтала бастауы, дағдарыстың II толқыны туралы болжамның негізсіз екенін көрсетеді." | "https://abai.kz/post/1849"
16.09.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ғаділбек Әкім. Экономиканың тұрақтала бастауы, дағдарыстың II толқыны туралы болжамның негізсіз екенін көрсетеді. URL: https://abai.kz/post/1849 META: "Ғаділбек Әкім. Экономиканың тұрақтала бастауы, дағдарыстың II толқыны туралы болжамның негізсіз екенін көрсетеді." | "https://abai.kz/post/1849" DATE: 16.09.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1121 TEXT: Бүгінгі күні Қазақстан, Ресей және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында әлемдік экономиканың біртіндеп жандана бастағаны, өсім нышанының пайда болғаны туралы жиі айтылып, жазылып жүр. Дағдарыс бастау алған АҚШ экономикасы бір жарым жылдан бері рецессия қалпынан шыға алмай, бұл елдегі жұмыссыздар саны 2008-ші жылы 2,6 млн. адамнан асты. Барак Обама әкімшілігі қабылдаған және АҚШ конгресінің қолдауына ие болған дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасы бойынша, экономиканы тұрақтандыру, өндірісті жандандыру үшін бюджеттен 787 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Обама әкімшілігі қабылданған бағдарламаның арқасында 4 млн. адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздарға өтемақы көлемін арттыруға, елдің жол-транспорт жүйесін қайтадан жөндеуге, жаңа технологиялармен баламалы қуат көздерін дамытуға, жалпы алғанда, АҚШ экономикасын жандандырудан үмітті. Аталған қаржының бөлінуіне және бағдарламаның дұрыс, орынды атқарылуына байланысты АҚШ экономикасы аздаған болса да қайта қалыпқа келудің нышандарын көрсетуде. АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнердің пікірінше, ел экономикасының толық қалпына келуі туралы айтуға әлі ерте, алайда, АҚШ қаржы институттары, банктердің жағдайлары дұрыстала бастауына байланысты АҚШ үкіметі қаржы дағдарысы салдарына қарсы шаралардың кейбір бөлігінен енді бас тартуы мүмкін екенін айтып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан, Ресей және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында әлемдік экономиканың біртіндеп жандана бастағаны, өсім нышанының пайда болғаны туралы жиі айтылып, жазылып жүр. Дағдарыс бастау алған АҚШ экономикасы бір жарым жылдан бері рецессия қалпынан шыға алмай, бұл елдегі жұмыссыздар саны 2008-ші жылы 2,6 млн. адамнан асты. Барак Обама әкімшілігі қабылдаған және АҚШ конгресінің қолдауына ие болған дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасы бойынша, экономиканы тұрақтандыру, өндірісті жандандыру үшін бюджеттен 787 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Обама әкімшілігі қабылданған бағдарламаның арқасында 4 млн. адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздарға өтемақы көлемін арттыруға, елдің жол-транспорт жүйесін қайтадан жөндеуге, жаңа технологиялармен баламалы қуат көздерін дамытуға, жалпы алғанда, АҚШ экономикасын жандандырудан үмітті. Аталған қаржының бөлінуіне және бағдарламаның дұрыс, орынды атқарылуына байланысты АҚШ экономикасы аздаған болса да қайта қалыпқа келудің нышандарын көрсетуде. АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнердің пікірінше, ел экономикасының толық қалпына келуі туралы айтуға әлі ерте, алайда, АҚШ қаржы институттары, банктердің жағдайлары дұрыстала бастауына байланысты АҚШ үкіметі қаржы дағдарысы салдарына қарсы шаралардың кейбір бөлігінен енді бас тартуы мүмкін екенін айтып отыр. Әлемдік қаржы дағдарысының, жалпы дүниежүзі қауымдастығы үшін осы уақытқа дейін алып келген шығыны 10 трлн. АҚШ долларына бағалануда. Осы тұста дағдарыс салдарымен күресу үшін ең ауқымды бюджетті және масштабты бағдарлама қабылдаған елдердің алдыңғы қатарын АҚШ пен Ұлыбритания бастап келеді. АҚШ дағдарыс салдарымен күресу үшін 3,6 трлн. АҚШ долларын шығындаса, Ұлыбритания өзінің ІЖӨ-нің 94%-ы болатын 2,4 трлн. АҚШ долларын жұмсап үлгіріпті. Жақында Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Доминик Стросс-Кан, әлемдік экономиканың жандануы 2010-шы жылдың алғашқы жарты жылдығында қалыпқа келуі мүмкін дей келе, дағдарыс әлі де жалғасуда, сол себепті оның салдарымен күресуді бір мезгіл де тоқтатпаған дұрыс деуде. ХВҚ қыркүйек айының басында әлем экономикасының дамуы туралы жаңа болжамдарын жариялады, онда ресми емес мәліметтерге қарағанда әлемдік ІЖӨ-нің ағымдағы жылы 1,4%-дан 1,3%-ға қысқаратыны туралы және әлемдік экономиканың 2010-шы жылы 2,5%-дан 2,9%-ға дейін өсетіні туралы мәліметтер келтірілген. Ресей Федерациясының экономика секторындағы соңғы мәліметтерге назар салсақ, солтүстік көршімізде соңғы айлардан бері өндіріс саласында ай сайын 1%-дық өсім байқалуда, сол себепті Ресей үкіметіндегілер алдағы жылы федералды бюджет түсімі де молығырақ болады деп болжамдап отыр. Әлемдік экономиканың және Ресей экономикасының аз да болса да, өсім көрсетуіне байланысты ресейліктер бұрынғы әлеуметтік-экономикалық, бюджеттік кіріс болжамдарын қайта қарауда және Ресей президентінің көмекшісі Аркадий Дворковичтің пікірінше, егер экономикалық өсім өсу нышаны жалғасатын болса, шетелден қарыз, займ алуды белгілі бір деңгейге дейін төмендетеміз деуде. Қазақстан секілді Ресей де мемлекет бюджетін қалыптастыруда әлемдік мұнай, шикізат экспортының бағасына жіті назар аударатыны белгілі. Мұнай бағасының әлемдік нарықта аз да болса өсуіне байланысты, осы жылы Ресей мемлекеттік бюджеті қосымша 0,5 триллион рубльге толықпақ. Ресей билігіндегілер жағдайдың жалпы жақсару, позитивті белгілер көрсетуіне қарамастан, экономиканың толық тұрақтауы туралы айтуға әлі ерте, соған байланысты, дағдарыс салдарымен күресу бағдарламасымен шараларын толықтай жалғастыра береміз деп мәлімдеп отыр. Қазақстандағы жағдайға келетін  болсақ, үкіметтің осы жылдың басынан бастап қабылдаған жалпы және нүктелі шаралары экономиканың техникалық рецессияға өтуіне жол бермегенімен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықтың белгілі бір деңгейден төмен түспеуіне әсерін бергені мәлім. Сонымен қатар, Қазақстан экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда, ағымдағы жылдың маусым айында экономиканың өсуі 1,4%-ға артқан екен. Қазақстан дағдарыс салдарына қарсы шаралараға Ұлттық қордан ел ІЖӨ-нің 14%-ы  болатын сомада, яғни 19 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Экономикадаға өсім негізінен ауылшаруашылық саласында байқалып, саланың өсім көрсеткіші 2,7%-ға артыпты. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында елдегі негізгі капиталға инвестиция тарту 7,3%-ға артып, барлық салынған инвестиция көлемі 2 трлн. 599,1 млрд. теңгені құрап отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жартыжылдықтың жасаған әлеуметтік-экономикалық  қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артық болып тұр. Сонымен бірге, еліміздегі үлкен қалаларда тұрғын үй рыногі де өсім нышанын көрсетуде. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде жол картасы бойынша 256 мың адамды жұмыспен қамту керек болса, ағымдағы жылдың тамыз айында соның 254 мыңы жұмыспен қамтылған, дегенмен де бұл сан шындыққа қаншалықты сәйкес екенін айту қиын. Жақын уақытта Астанада 2010-2012-жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралуы тиіс, осы тұрғыда бюджеттің сапасы, негізделуі, жоспарлануы сонымен қатар, орындалуы қалай, қандай деңгейде болатынын уақыт анықтар. Алдағы 2010-шы жылы ел ІЖӨ-нің өсуі 2,4%-дан 2014-ші жылға таяу 3,9%-ға артады деп болжануда. Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінң болжауынша, келер жылы республика бюджетінің түсімі 3 трлн. 189,6 млрд. теңге шамасында болуы мүмкін деп күтілуде, бұл өткен жылдың бюджеттік кірісінен шамамен 300 млрд. теңгеге артық екен. Жалпы алғанда, Қазақстанның дағдарыс салдарына қарсы бағдарламасымен қабылданып жатырған шараларын шетелдік мамандар жақсы бағалауда. Мәскеулік ФБК аудиторлы-консалтингтік компаниясының сарапшылары, Қазақстанның қаңтар айында қабылдаған бағдарламасы уақытылы қабылданған және Ресейдің, ТМД-ның басқа елдерінің бағдарламаларына қарағанда, анағұрлым жүйеленген, барлық сала бойынша нақты ойластырылған деген шешімге келіп отыр. Ресей, Украина елдерінің дағдарыс салдарымен күресуге қарсы бағдарламалары Қазақстанның бағдарламасымен антидағдарыстық шараларымен салыстырғанда, эффектілігі жағынан біршама артта қалуда. Қазақстанның дағдарыс салдарына қарсы шаралары Ресейдің экономика саласында қабылданған шараларына қарағанда, Қытайдың ел экономикасын ішкі сұраныстар арқылы арттыру, дамыту жолын таңдағанға ұқсастау, дейді ресейлік мамандар. Қазіргі кезде бүкіл әлем дағдарыстан шығу жолдарын іздеп, қаржы және барлық ресурстарын дағдарыспен күресуге жұмсап, соның нәтижесінде соңғы жартыжылдықта экономикада қозғалыс, өсім белгілері пайда болып келе жатырған кезде, «дағдарыстың екінші толқыны болады», «дағдарыс енді күшіне енді», «дағдарыстан шыға алмаймыз», «дағдарыс әлі ұзақ болады» - деген пессимисттік кейіптегі пікірлермен болжамдар орын алуда. АҚШ Федералдық резервінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің пікірінше, дағдарыс қайталанады, бірақ та, ол басқа кейіпте келуі мүмкін дейді. Оның пайымдауынша, көп жылдық экономикалық өсімнен кейін бәрібір түбінде дағдарыс немесе тоқырау орын алуы тиіс, сонымен қатар қаржы-экономикалық дағдарыстар бірі-біріне көп ұқсай бермейді деп отыр, маман. Осындай тұрғыдағы болжамды Нобель сыйлығының лауреаты Джон Стиглицпен миллиардер Джордж Сорос та айтып келеді. Гринспен, Стиглиц, Сорос секілді әлемдік деңгейдегі беделді қаржыгерлердің болжамдары растала ма, әлде бұл тек пікір ме, оны уақыттың өзі айқындар. Әрине, әртүрлі пікірлермен болжамдардың болуы орынды, дегенмен де, әлемдік экономиканың аз да болса өсім көрсетуі, әлемнің және Еуроодақтың кейбір мемлекеттерінің рецессия процесінен баяу болса да, шыға бастауы, дағдарысқа қарсы бағдарламалармен біріккен, ортақ үйлестіру жұмыстарының жүйелене түсуі, оның ішінде Қазақстан экономикасының аздаған өсіммен позитивті белгілер көрсетуі, жалпы алғанда жағдайдың оңалып келе жатырғанын аңғартады.
qosymsha/abai.kz
post_45257.txt
ОРАЗАЛИННІҢ ОРНЫ БӨЛЕК
https://abai.kz/post/45257
"ОРАЗАЛИННІҢ ОРНЫ БӨЛЕК" | "https://abai.kz/post/45257"
16.09.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ОРАЗАЛИННІҢ ОРНЫ БӨЛЕК URL: https://abai.kz/post/45257 META: "ОРАЗАЛИННІҢ ОРНЫ БӨЛЕК" | "https://abai.kz/post/45257" DATE: 16.09.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1042 TEXT: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады деп ешкім  күтпесе керек-ті. Мемлекеттік қызмет болған соң біреу келеді, біреу кетеді. Нұрлан Мырқасымұлының кетуінен өз басым бәлендей бір саяси астар көрмедім. Қалыпты құбылыс ретінде ғана қабылдадым. Аздап ішімнің қоңқылдап қалғанын да жасырмаймын. Біз шеттен келген қандастар қырық жыл қырғын болса да ұмытпай, қоңыраулатудан жалықпай айтып жүретін екі нәрсе бар. Ол – «Елім!», «Жерім!», «Отаным!» деп алыстан аңсап келген ағайынға билік тұтқасын ұстаған чиновниктердің жасаған зәредей жақсылығы мен қылдай қиянаты! Басқаны білмеймін, өз басым солаймын! Маған сүтпен біткен осы қасиеттің сүйекпен кететін түрі бар. Құдайға шұкір, өзім біреуден қорлық көріп жүрмін деп айта алмаймын. Бірақ, өзім көрмеген сол қорлықты арғы беттен оралған қандастарым да көрмесе екен деймін! Мен Жазушылар Одағына мүше емеспін. Сондықтан, ол түйеде жүгім жоқ. Сөйте тұра, одақтың Астана қалалық филиалына екі рет жұмысқа тұрып, екі рет шықтым. Алдыңғысында өзім арыз жазып кеттім. Соңғы рет «сөзі көп бала екен!» деп осы Нұрлан Оразалин өз қолымен босатты. 2013 жылы 15 желтоқсанда қандастарымызға төрт жылсыз азаматтық бірілмейтін болып қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына байланысты Елбасына «Ашық хат» жазғаным үшін! Еліміздегі билік тұтқасын ұстаған азаматтардың бәрімен дос болу, жақын араласу мүмкін емес. Дегенмен, қысылғанда іздеуіңе, сұранып қабылдауына баруыңа тура келеді. Астанада тұрған соңғы төрт-бес жылдың көлемінде мен қақпаған есік жоқ шығар. Соның бір де біреуі өз жеке басымның  шаруасымен емес, алыстағы ағайынның Көші-қон жұмысы үшін, әрине. Мен үшін ең қолжетімді депутаттың біреуі - Нұрекең болды. Қазақ билігінің пұшпағын ұстаған көкелердің қай-қайсысының да деңгейін өлшейтін ең бір дұрыс өлшем, әділ таразы – осы қазақ көші. Алыстан келген ағайын тағдырына болған көзқарасы мен танымы арқылы кімнің кім екенін бірден білуге болады. Өйткені, Көші-қон – Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздікті ала салып, небәрі он бес күннен кейін жолға қойған тұңғыш һәм ұлы саясаты! Есіңізде болсын, Азаттықтың алтын таңы ата салысымен алыста жүрген ағайынды бірден Атажұртқа шақырып, ұлтын сүйюдің теңдессіз үлгісін көрсеткен кісі – Нұрсұлтан Назарбаев! Осы жағынан келгенде, бекер обалы не, Нұрлан Оразалиннің беті жарық, біз үшін орны бөлек! Сенаторлық мандат Нұрлан Оразалиннің қолына дәл сол Қазақ көшінің ұлттық сана-сезімнен жұрдай топ жағынан құрдымға кетіп бара жатқан бір алмағайып шағында тиді. Ол – «Халықтың көші-қон туралы» Заңына апақ-сапақ өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, шеттен келетін қазақтарға азаматтықты бес жылсыз бермейтін етіліліп қабылдағалы жатқан тұс болатын. Әлі есімізде, Заң жобасы Мәжілістің екі оқылымынан тез-тез өтіп, Сенаттың қарауына барғанда « ... Австрия секілді елдерде азамат­тық алу үшін 12 жыл күту керек екен. Әлемдік тәжірибеде ең азы – үш жыл. Біз төрт жыл деп отырмыз. Біз еш­кім­ді де керек қылмай отырған жоқпыз. Келем дегендер әлі де келе береді. Ал нағыз елім, жұртым дегендер баяғыда-ақ көшіп келіп алды. Сондықтан да бәрі­не бірдей жалпақшешейлік таныту керек емес. Елде тәртіп болуы керек!» - деп сайраған бұлбұл ағамызды көріп, жағамызды ұстағамыз. Міне, қазақ мүддесін, Елбасы саясатын қорғайтын депутаттың түрі! Бес жылсыз азаматтық берілмесін деген Заң жобасы Сенаттан кері қайтты. Кері қайтаруға ашық ықпал еткен Светлана Жалмағамбетова, Нұрлан Оразалин, Қуаныш Айтаханұлы, Мұрат Бақтиярұлы, Қожахмет Баймаханов қатарлы төрт-бес қана сенатор болды ! Қай-қайсысы да аянып қалған жоқ, « Министр мырза, мигранттар жөнін­де жақсы білетін шығар, алайда оралман мәселесінен мүлдем хабарсыз екенін көр­сетті. Қазақстанның өз ерекшелігі бар. Территориясы бойынша әлемде 9- орын алатын Қазақстанда халық саны 17 млн ғана. Ал бізге басқасын айтпай-ақ, эко­но­микалық қауіпсіздік үшін 25 млн ха­лық керек. Мұны қалай көбейтеміз? Кө­бейтудің жолы да оралманды оралту емес пе? Егер лаңкестік секілді құбылыстардан қорқатын болсақ, ондай отандастарымызды тексеруге бір жыл да жетіп жатыр емес пе? Төрт жыл тым ұзақ !» ( http://www.elarna.com) - деп, шырылдап бақты . Сол топтың ішінде жаңа ғана депутат болған ақын Нұрлан Оразалиннің де сөзі салмақты, дауысы қатқылдау шықты: – Бұл заң жобасы жұртшылық ара­сында алаңдаушылық туғызды. Әсіресе оралман бауырларымыздың қобалжуын күшейтті. Біз еңбек көші-қоны туралы заң­ға өзгеріс енгізу қажеттілігін қолдай­мыз. Ондайларға қойылатын талаптарды жетілдіріп отыруымыз керек-ақ. Бұл дұрыс, өркениетті елдердің барлығы да ондай талапты қатайтуда. Дегенмен , еңбек-көші қонына қатысты талаптардан эт­никалық көші-қонға, яғни оралман­дар­дың көшіне ешқандай да зиян кел­меуі тиіс еді. Бұл – ел тұтастығын қамта­ма­сыз ететін, мемлекеттің назарында болу­ды қажет ететін саяси мәні бар мәселе. Тағы айтамын, тарихи отанына оралу мақ­сатындағы көші-қонды біз еңбек кө­ші-қонымен бекерге аралас­тырып отыр­мыз. Бұл – тым асығыс ше­шім. Бұл екі көші-қонның айырмашылы­ғы жер мен көктей. Жасыратыны жоқ, еңбек-көші қонымен келетіндер Қазақ­станды жа­рылқайды дегенге сену қиын. Ал этни­калық көші-қон елдің өсіп-өр­кендеуіне үлес қосады. Түптеп келгенде, біз «орал­ман» дейтін ұлттың жоқ екеніне елдің көзін жеткізуіміз керек. Қазақ­станда қа­зақ дейтін бір ғана ұлт бар! Осыны ұрпақ жадына сіңіруіміз керек !!! – деді, Нұрекең Санат төрінен көзілдірігін мұрнының ұшына таман еңкейтіп жіберіп, үстелінен алға ұмсына түсіп. Ертесі Нұрлан Мырқасымұлының бұл пікірі толықтырылып, « Елді елеңдеткен заң жобасы қаралды » деген тақырыппен депутаттық мәлімдеме ретінде «Қазақ Әдебиеті» газетіне (№45 «3365», 08.11.2013.ж.) басылды. Кейін білдім, Мәжілісте Алдан Смайыл мен Гүлнар Сейтмағамбетова қатаң заңға соңына дейін үзілді-кесілді қарсылық білдіріпті. Бірақ, көшке өш күш ақыры айтқанын орындатыпты. Қалған мәжілісмендер ішінен тыныпты... Кеше ғана отставкаға кеткен Үкіметтің айдарынан жел есіп, қылышынан қан тамып, шеттегі бес миллион  қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрған сонау бір аса қиын кезеңде алыста жүрген ағайын тағдырына араша түскен сол аға-әпкелерімнің жақсылығын қалай ұмытуға болады?! Атап айту керек, Сенат пен Мәжілістің 154 депутатының ішінен дәл бұлай суырылып шығып, БАҚ бетінде өз атынан депутаттық мәлімдеме жасаған жалғыз тұлға – осы Нұрлан Оразалин! Көп өтпей, осы және басқа да талап-тілектерді ескеріп, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Көші-қон саясатына нүкте қойды. Заң жобасы түзетіліп, бұрынғы қалпына келтірілді. Көш өз арнасына қайта түсті. Міне, нәтижесі де көріне бастады. Өткен жылдың алғашқы тоғыз айында алыс-жақын шетелден 3012 этникалық қазақ Атажұртқа оралса, биыл алғашқы алты айдың өзінде республикаға 6840 отбасы немесе 14 мың 947 этникалық қазақ көшіп келіп, оралман мәртебесін алыпты. Жаман көрсеткіш емес...Көші-қонның барлық мәселесі бұл Заң жобасымен ғана бітті деп айту қиын. Әлі де толықтай түсетін түйткілдер жеткілікті. Сондай кезде жүгіріп барып, жағдай айтатын санаулы  депутат ағаларымыз бар. Мысалы, тұрақты тіркеуге тұруда Қытайдан келетін қандастарымызға кедергі болып келе жатқан «келген елінен тіркеуден шыққаны туралы сол мемлекеттің жазбаша келісімі» - не байланысты ҚР Ішкі істер министрлігінің №992 бұйрығының қатысты тармағына «Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда;» деген ескертпе қостыруға да осы Н.Оразалин, Қ.Айтаханұлы, М.Бақтиярұлы, Ж.Ерғалиев ағалардың зор ықпалы болды. Үкіметке депутаттық сауал жолдап, шешті бұл мәселені. Қысқасы, Н.Оразалин сенатор болған үш жылда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көші-қон саясатын барынша батыл қолдады. Оның бұл еңбегін ең алдымен біз – шеттен көшіп келген ағайын білуге, құрметтеуге тиіспіз! Ауыт Мұқибек Астана Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_240.txt
Р. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» атты кітабын оқыған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – бас прокуратура (толықтырылған)
https://abai.kz/post/240
"Р. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» атты кітабын оқыған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – бас прокуратура (толықтырылған)" | "https://abai.kz/post/240"
22.05.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Р. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» атты кітабын оқыған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – бас прокуратура (толықтырылған) URL: https://abai.kz/post/240 META: "Р. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» атты кітабын оқыған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – бас прокуратура (толықтырылған)" | "https://abai.kz/post/240" DATE: 22.05.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 415 TEXT: Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Рахат Әлиевтің даулы болған «Өкіл қайын ата» атты кітабын таратқан, не оқыған Қазақстан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп мәлімдеді бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпеисов. «Бұл кітапты сатып алу, не кітаптың мазмұнын таратуға қатысы бар біздің азаматтар, егер біз мұндай фактіні анықтасақ, қылмыскер Рахат Әлиевке көмектесен ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Себебі ол бүгіндері қазақстандық соттан жасырынып жүр», - деп айтты ол бейсенбі күнгі брифингте. С. Нұрпейсов атап өткендей, кітапта мемлекеттік құпияға қатысы бар мәліметтер жарияланып, мәтінде фактілерді бұрмалау мен азаматтардың құқығына нұқсан келтіретін, яғни жеке бастың өмірі мен құпиясына қол сұқпау туралы құқығын бұзатын және дұрыс емес ақпарат жіберілген. «Кім де кім құпияға жіберілген болмаса, оның кітап мазмұнымен танысуға құқығы жоқ», - деп қосты ол. Сонымен қатар бас прокуратура өкілі өзінің бұл кітапты оқығанын мәлім етті: «Ия, мен бұл кітапты оқып шықтым, қызмет бабындағы міндетіме сай таныстым (оның мазмұнымен-ҚазТАГ)». Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Рахат Әлиевтің даулы болған «Өкіл қайын ата» атты кітабын таратқан, не оқыған Қазақстан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп мәлімдеді бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпеисов. «Бұл кітапты сатып алу, не кітаптың мазмұнын таратуға қатысы бар біздің азаматтар, егер біз мұндай фактіні анықтасақ, қылмыскер Рахат Әлиевке көмектесен ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Себебі ол бүгіндері қазақстандық соттан жасырынып жүр», - деп айтты ол бейсенбі күнгі брифингте. С. Нұрпейсов атап өткендей, кітапта мемлекеттік құпияға қатысы бар мәліметтер жарияланып, мәтінде фактілерді бұрмалау мен азаматтардың құқығына нұқсан келтіретін, яғни жеке бастың өмірі мен құпиясына қол сұқпау туралы құқығын бұзатын және дұрыс емес ақпарат жіберілген. «Кім де кім құпияға жіберілген болмаса, оның кітап мазмұнымен танысуға құқығы жоқ», - деп қосты ол. Сонымен қатар бас прокуратура өкілі өзінің бұл кітапты оқығанын мәлім етті: «Ия, мен бұл кітапты оқып шықтым, қызмет бабындағы міндетіме сай таныстым (оның мазмұнымен-ҚазТАГ)». Сонымен қатар С. Нұрпеисов үстіміздегі жылы 15 мамырда ҚР бас прокуратурасы ҚР ҚК 143 бабы, 2-ші тармағы – («хат жазысудың, телефон сұхбаттарын, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарлардың құпиясын бұзу») мен 172 бап 2-ші тармағы «мемлекеттік құпияны заңсыз алып жариялау» - бойынша қылмыстық іс қозғалғанын қосып айтты. «Біз бұл істі ҰҚК жібердік те, олар 16 мамырда бұл істі өз өндірісіне алды. Сол күні-ақ ҰҚК тергеушісімен қабылданған қаулыға сәйкес, кітап пен оның барлық тиражы және мәтіні қылмыстың мәні мен заттай айғағы деп танылды», - дейді прокуратура өкілі. Қылмыстық-процессуалдық кодекс бабына сәйкес, «қылмыс мәні заттай айғақ деп танылады да тәркіленуге жатады және қылмыстық іс материалдарына қосып қойылады», деп түсіндірді ол. Осы себепті кітапты пайдалануға, алуға, таратуға және тіпті одан қандай да үзінді келтіруге тиым салынады.
qosymsha/abai.kz
post_43346.txt
Өзбекстан зейнеткерлері қолма-қол ақша ала алмай отыр
https://abai.kz/post/43346
"Өзбекстан зейнеткерлері қолма-қол ақша ала алмай отыр" | "https://abai.kz/post/43346"
27.04.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Өзбекстан зейнеткерлері қолма-қол ақша ала алмай отыр URL: https://abai.kz/post/43346 META: "Өзбекстан зейнеткерлері қолма-қол ақша ала алмай отыр" | "https://abai.kz/post/43346" DATE: 27.04.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 123 TEXT: Өзбекстанның батысындағы Нүкіс қаласында зейнеткерлер зейнетақысын алу үшін түн жарымында банк алдында кезекке тұруға мәжбүр. Орталық Азия жаңалықтар Қызметі ақшаның бәріне бірдей жетпей жатқанын хабарлайды. 67 жастағы Нүкіс қаласының тұрғыны Үббинияз ақсақал бір апта бойы зейнетақысын ала алмай жүргенін айтты. Оның сөзінше банк алдында таң алакеуімнен ұзын-сонар кезек тұрады. Кезегің келгенше банктегі ақша бітіп қалады. Зейнеткерлер барлық ақшаның төлем карталарына аударылғанын айтады. Банктің келісімшартында ақшаның 40 пайызы қолма-қол ақшамен төленуі керектігі туралы жазылған. Енді түн ортасынан кезекке тұратын қарт кісілер таң ата кезек үшін кейде дауласуға мәжбүр. Қолма-қол ақшаның жоқтығынан, азаматтардың жалақысы, зейнетақысы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жаппай төлем картасына аудару кейде мағынасыз жайлар тудыруда. Төлем терминалдары өте аз, ал ақша беретін банкоматтар мүлдем жоқ елде адамдар ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_144511.txt
Мәскеудің АҚШ-қа ұсынысы: Вашингтон не дейді?
https://abai.kz/post/144511
"Мәскеудің АҚШ-қа ұсынысы: Вашингтон не дейді?" | "https://abai.kz/post/144511"
18.12.2021
Ка Мырза
null
TITLE: Мәскеудің АҚШ-қа ұсынысы: Вашингтон не дейді? URL: https://abai.kz/post/144511 META: "Мәскеудің АҚШ-қа ұсынысы: Вашингтон не дейді?" | "https://abai.kz/post/144511" DATE: 18.12.2021 AUTHOR(s): Ка Мырза TOTAL WORDS: 415 TEXT: Ресей мен НАТО арасында өзара соғыспау үшін қауіпсіздік кепілі жасалуы мүмкін. Бұл туралы бастаманы алғаш болып Ресей президенті Путин Байденмен 7-желтоқсанда сөйлескен болатын. Онда ол Ресей тарапы АҚШ-қа арнай ұсыныстар жиынтығын беретінін және сол арқылы НАТО-мен келісімге келіп, ушыққан қатынасты тоқтатуға ұсыныс жасады. Байден-Путин онлайн кездесуінен кейін араға он күн салып Ресей НАТОға өз ұсынысын жасады. Ұсыныстары сау адамның ақылыны симас деңгейде. Оның ішінде Мәскеу Қазақстан мен Орталық Азияға қатысты да біршама мәселелерді көтеріпті. Қазақтың сыртынан Қазақстанның тағдырына қатысты ұсыныс жасар алдында Қазақстан билігімен Кремль кеңесті ма екен? Қайдам...Сонымен Ресей тарапы жасаған келісімдегі ұсыныстар келесідей. Ресей АҚШ-қа барлық келеңсіздіктер мен қақтығыстарды бейбіт, әскери қақтығыссыз шешуді ұсынып отыр. Барлық кикілжің тек қана дөңгелек үстел басында талқыланып, диалог арқылы шешілуі тиіс. Осы арқылы Мәскеу-Вашингтон қатынасын ақырындап қалыпқа келтіруді ойлауда. Мәскеу АҚШ-қа НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймейтіні жайлы кепілдік беруін сұрап отыр. Себебі АҚШ НАТО-ның басында тұрғандықтан өзге де әскери одақтағы одақтастарын көндіре алады дейді Кремль. Атап айтқанда Украинаны НАТО-ға қабылдамауы тиіс. Алайда бұл ұсынысын Вашингтон қабылдай қоюы екіталай. Бір апта бұрын НАТО басшысы Столтенберг Ресейдің қарсылығына қарамастан Македония мен Черногорияны қабылдағанын айтты. Ол НАТО кімді қабылдағысы келетінін Ресеймен емес, әскери одақтағы елдермен ғана талқылайтынын анық жеткізді. Ресей бізге де тікелей қатысы бар ұсыныстар жасады. Атап айтатын болсақ Ресей НАТО мен Мәскеу төрт аймақта ұрыс жүргізбейтін келісім жасайық дейді. Олар Кавказ, Шығыс Еуропа, Украина және Орталық Азия аймағы. Сондай ақ НАТО ендігі таңда посткеңестік елдерді өз мүшелігіне қабылдамауы қажет және олармен қандай да бір әскери әріптестік орнатып, жаттығу өткізіп, олардың аймағында қандай да бір әскери нысан (база, зертхана, ұшу алаңдарын) салмауы міндетті. Бұл ұсынысы әрине біз үшін алаңдатарлық. Себебі Қазақстан соңғы жылдары АҚШ-пен бірлесіп әскери жаттығулар жасауда, мысалы дәстүрге айналған "Дала қыраны" жаттығуы. Мәскеу АҚШ-қа ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығулар өткізбеуді де ұсынды. Өзге ел аймағын бір біріне шабуыл жасау мақсатында қолданбау туралы да айтты. Бұл ұсыныстардың барлығы дерлік Вашингтонға ұнай қоюы екіталай. Қазірдің өзінде "Ақ үй" ақылғы қонымсыз ұсыныстары көп екен деп отыр, ал нақты жауапты келер аптада бермек. Қазірдің өзінде АҚШ бұл ұсыныстарды қабылдамайтын сыңай танытуда. Себебі аталмыш ұсыныстар Вашингтонның ұлттық мүддесіне сай келмейді және оны қабылдау Украина мен Грузияға берген келісімінен бас тарту деген сөз. 2008 жылы НАТО басшылығы Грузияға, 2015 жылы Украинаға НАТО-ға кіруге кепілдік берген еді. Ресей АҚШқа жасаған ұсынысын Орталық Азия елдерімен талқыламастан жібергені анық. Қазақтың, өзбектің, тәжік пен түркіменнің, қырғыздың тағдырын өздеріне айтпастан шеше беретін болған ба? Қауіпті. Біздің СІМ не дер екен бұл ұсынысқа қатысты. Қай одаққа кіріп, қай одақтан шығатынын тәуелсіз елдер өзі білмей ме? Солай ма?.. Ка Мырза Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_137078.txt
Еркебұлан Дайыров «Азияның үздік актері» атанды
https://abai.kz/post/137078
"Еркебұлан Дайыров «Азияның үздік актері» атанды" | "https://abai.kz/post/137078"
23.07.2021
Abai.kz
null
TITLE: Еркебұлан Дайыров «Азияның үздік актері» атанды URL: https://abai.kz/post/137078 META: "Еркебұлан Дайыров «Азияның үздік актері» атанды" | "https://abai.kz/post/137078" DATE: 23.07.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 92 TEXT: Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канндағы World Film festival-де «Азияның үздік актері» номинациясын жеңіп алды. Ол қазақстандық режиссер Эльмира Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін марапат алды. Дайыров өзінің Instagram парақшасында қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғысын білдіріп, бұл бүкіл түсірілім тобының жеңісі екенін атап өтті. «Күнбағыс» фильмі отбасындағы ересек адамдардың мәселесін шешуге тырысқан, интернетке тәуелді 14 жастағы жасөспірім туралы баяндайды. Ата-анасымен және мектеп мұғалімімен жанжалдасқан бала басқа шындықты басқа әлемнен іздеуге тырысады. Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров «Томирис», «Анаға апарар жол», «Әміре», «Тобыл», «Бауыржан Момышұлы» және «Балуан Шолақ» сияқты фильмдерде басты рөлдерді ойнаған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_73409.txt
Бұл көне қарулар қазақ даласына қалай әкелінді?
https://abai.kz/post/73409
"Бұл көне қарулар қазақ даласына қалай әкелінді?" | "https://abai.kz/post/73409"
19.07.2018
С.Шаметов
null
TITLE: Бұл көне қарулар қазақ даласына қалай әкелінді? URL: https://abai.kz/post/73409 META: "Бұл көне қарулар қазақ даласына қалай әкелінді?" | "https://abai.kz/post/73409" DATE: 19.07.2018 AUTHOR(s): С.Шаметов TOTAL WORDS: 908 TEXT: Қару тарихы өте ертеден, адамзат тарихы басталған кезеңнен бастау алады. Себебі, табиғатта кез келген жәндік сияқты адам баласы да барлық уақытта қауіп-қатерге толы ортада өмір сүрді. Қатал да қайырымсыз өмірде қорғану үшін қандай да бір қару түрі қажет еді. Қару ағаш пен тастан бастап көзге көрінбейтін сәулелік қаруларға, космостық әскери қондырғыларға дейінгі әр кезеңде әр түрлі даму сатысынан өтті. Алғашқы адамдардар өздерін қорғау, аң аулау, күн көріс қажеттіліктері қарудың жаңа түрлерін табуға үздіксіз итермеледі. Отты пайдалана білу көптеген жаңалықтарға жол ашты. Отты пайдаланудың нәтижесінде металл өңдеу өндірісінің дамуы тұрмыста мыстан, қоладан, темірден және басқада металл қоспаларынан жасалған бұйымдарды қолданысқа ендірді. Солардың ішінде ең қарқынды дамыған қару жасау саласы болды.  ХІІ ғасырда ашылған жаңалық – оқ дәрінің (порох) шығуы бұл салада ғылыми – техникалық революция жасады деуге болады. Алғашқы отты қарудың түрі 1132 жылы Қытайда жасалды. Ол Бамбук «отты найзасы» деп аталады. Бұл қазіргі мылтықтың алғашқы нұсқасы еді. Осыдан кейін – ақ әлемде отты қарудың неше түрлі нұсқалары жасала бастады. Әлемдік өркениеттің бір бөлшегі ретінде қазақ халқының да бұл үрдістен шет қалмағаны белгілі. Қазақ халқының арғы түбі саналатын сақтардың ғұн-сарматтардың, кангюлердің, түркілердің, қимақ-қыпшақтардың қару-жарақ соғу өнері даму сатысында бірнеше кезеңді бастан өткерді және жалпы адамзаттық өркениетке үлес қосты. Қазақ мемлекеттілігі қалыптасқаннан кейінгі жаугершілік заманда қару-жарақ жасау ісінің өзектілігі артпаса кемімеді. Бұл ретте тек өз қару жасау ісімен ғана шектелмей әлемдік қару жасау технологиясымен танысып, қыр-сырын меңгеру де маңызды еді. Шет елде шығарылған, әсіресе Батыс Европа елдерінде шығарылған қарулар елімізге әкелінген. Оған дәлел «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің  қорында сақталған отты қарулар. Музей қорында сақталған Лефоше револьвері ХІХ ғасырдан қалған жәдігер. Жәдігерді тапсырушы қайдан немесе қай жерден табылғаны туралы мәлімет бермегендіктен, металдың тот басуына және ағаштан жасалған бөлшектері шіріп, сақталмауына қарап біраз уақыт топырақ астында көмілеп жатқан деп топшылаймыз. Әдебиеттерден алынған мәліметтер мен суреттерге қарағанда револьвер қаңқасы металдан, тұтқасы ағаштан жасалған. Ағаш тұтқа винт арқылы қаңқаға бекітілген. Тұтқа шүйдесі сопақша формада металдан  құйылған. Барабаны қарапайым әрі мығым, қалпақша оңнан солға қарай жарты шеңбер жасай ашылып, оқталады. Шаппаны қайырып, шүріппені әр басқан сайын барабан шеңбер бойымен бір қадам жасап қозғалып, оқшантайдағы бүртікті (шпильечный) оқты кезекпен ұңғыға беріп отырады. Осылай алты атар револьвердің жұмыс стилі жүзеге асады. Сақтандырғыш шегесі мен тұтқаның ағаштан жасалған қаптамасы сақталмаған. 1853 жылдан бастап Францияда Казимир Лефоше жасап шығарған. Лефоше атымен  аталатын заводта жасалған. Лефоше револьверінің бүртікті оққа арналған алғашқы нұсқасы. 1853 жылы Франция әскеріне қолданысқа енгізілген. Франция револьверді әскерге пайдалануға енгізген әлемдігі бірінші мемлекет. Револьвердің бұл нұсқасы Белгияда І - Дүниежүзілік соғысқа дейін шығарылған. Россияда Лефоше жүйесінедегі револьверлерге 1859 жылы сынақ өткізіледі. Офицерлердің атқыштар мектебінде сол кездегі алдыңғы қатарлы қарулардың ішінен өзінің қарапайымдылығы, қолданылуы, атылуы бойынша  Лефоше жүйесіндегі револьверлер таңдап алынды. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында жандармдар корпусының жекелеген бөлімдерінің төменгі лауазымды офицерлерін қайта қаруландыру мақсатында ресми мемлекеттік сатып алулар жүргізіле бастады. Ол үшін Ресей мемлекеті Казимир Лефошеге 4500 дана, Белгиялық фабрикант Таннерге 1600 дана және Санкт – Петербург қаласындағы Сестрорецком заводына 1000 дана револьверге тапсырыс беріледі, 1871 жылы Артилерия бас басқармасынан Тула қару жасаушысы Гальтяковқа тағы да 500 дана револьверге тапсырыс беріледі. Сонымен, мемлекеттік тапсырыс бойынша барлығы Ресей империясында 7600 дана револьвер жасалынған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған револьверлердің оң қапталында екі басты самұрық құс бейнеленген таңба бар. Жеке сатып алушылар шекерадан өткізген қаруларда ол таңба мөрленбеген. Дегенмен, бұл револьверлер сатылып алынғанымен ел әскерінің жаппай қолданысына ресми түрде енбеген, тек қана басқа да қарулармен қатар қолдануға ұсыныс жасалған. Офицерлерге өз есептерінен сатып алуға да ұсынылған. Бұл қаруды орыс армиясында қызмет еткен қазақ офицерлері немесе қазақ саудагерлері алып келуі мүмкін. Ешқандай жазба немесе таңба сақталмағандықтан кімге тиесілі қару екенін анықтау мүмкін болмады. Аталған кезеңге жататын келесі тағы бір Отты қару, КРНКА винтовкасы. Ұңғысы болаттан, бедерлі канал тартылған жұмыр ұңғылы. Калибр-15,24 мм, дәлдігі: алғашқыда жаяу әскер 600 м есептелген, кейін ату алаңында 1200 м – ге дейін жетілдірілген. Білтесі (затвор) ашпалы (суретте), жартылай целиндр формалы, оңнан солға қарай жарты шеңбер жасап ашылады, білтенің (затвор) ортасында сыртқы шүріппенің соқысы арқылы оқ пыстанына соққы беретін өзекше (стержн) орналасқан. Мылтық дүмі ағаштан, әскери-ғылыми әдебиеттерден алынған мәліметтер (суретте) бойынша сабының ұңғыға бекітілетін тұсы ұзын болуы тиіс, бұл жәдігерде ол қысқа, қисықтау әрі нашар өңделген, сондықтан ағаш дүмі кейіннен қолдан жасалған деуге болады. Ұңғы ағаш дүмге екі жерден метал қамыт арқылы бекітілген. Дүмінің түбі металл қаңылтырмен құрсауланған. Ұңғыны тазалауға арналған сүмбі (Шомпол), мылтық сүңгісі (Штык) және аспа белдігі жетіспейді (суретте). КРНКА винтовкасын (ресми атауы–Крынка) 1869 Австрия тумасы, Чех қару жасаушысы Гогенбург бароны Сильвестр Крнка  жасаған. Сол жылы Ресей империясы әскерге ресми түрде қабылдаған. 1856 жылы мергендерге, 1859 жылы жаяу әскерге араналған Берданка оғына лайықталған нұсқалары жасалған. ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдары Ресей әскери ведмоствасы армияны қайта қаруландыру үшін металл гильзалы бір оқтық қаруды белсенді іздестіре бастады.  Қажетті қаруға білтесі (затвор) қарапайым және басқа нұсқаға тез ауыстырылатын болуы керек деген талап қойылған. Осы талапқа жауап беретін Крнканың винтовкасына Ресей әскери ведмоствосының назары ауады. Бұл винтовканың негізгі артықшылығы қарапайымдылығы мен қайта жабдықтауының жеңілдігі еді. Бұл қарудың негізгі кемшілігі жылдам оқталып, жылдам атылмайтындығында. Себебі қару таза кезінде бос гильзаны ұңғыдан өзі шығаратын болса, біраз жұмыс істеген соң қолымен алуға, кейде, сүмбімен (шомпал) итеру арқылы алуға тура келеді. Бұл қаруды қайта жабдықтау нұсқасы Ресейде 1869 жылы 18 мартта бекітілді. Қаруды қайта жабдықтау мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда жаппай жүргізілді. Орыс – түрік соғысында осы Крнка винтовкасы орыс әскерінің негізгі қаруларының бірі болды. Көшпелілік өмір салтын 20 ғасырдың басына дейін сақтап келген қазақтарда қару-жарақтың өзіндік этникалық сипаты қалыптасты. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары ат үстінде соғыс жүргізуге сәйкестендіріліп жасалса, тарихи оқиғаларға байланысты,  көрші халықтардың, әлемдік өркениеттің ықпалымен дамып, жетілдіріліп отырғандығын көреміз. С.Шаметов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кіші ғылыми қызметкері Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_155036.txt
Өтепберген нағыз балалар ақыны еді
https://abai.kz/post/155036
"Өтепберген нағыз балалар ақыны еді" | "https://abai.kz/post/155036"
27.07.2022
Abai.kz
null
TITLE: Өтепберген нағыз балалар ақыны еді URL: https://abai.kz/post/155036 META: "Өтепберген нағыз балалар ақыны еді" | "https://abai.kz/post/155036" DATE: 27.07.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 609 TEXT: Кеше Қазақстан Жазушылар одағының Балалар Кеңесі ұйымдастырған жиын өтті. Жиында көрнекті балалар ақыны Өтепберген Ақыпбекұлының туған жері Ақсу ауданындағы Көшкентал ауылының орта мектебіне ақынның атын беру мәселесі көтерілді. Бұл кездесуге Балалар Кеңесінің Төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымының докторы Нұрдәулет Ақыш, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ділдар Мамырбаева, Қазақстан Ленин комсомолы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты Байбота Қошым-Ноғай Серікбайұлы тағы басқа Қазақстанның белгілі қаламгерлері келді. «Көрнекті балалар ақыны, марқұм Өтепберген Ақыпбекұлын барлығыңыз жақсы білесіздер. Шығармашылығымен де етене таныссыздар. Көзінің тірі кезінде Мұз-ағаң, Мұзфар Әлімбев сияқты дуалы ауыз ағаларымыздың тірі классик деп мойындағанына да бәріміз куәміз. Оған дау жоқ. Ендігі мәселе − сол ардақты ақынымыздың есімін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдырудың қамы», - деді жиынды бастаған Қазақстан Жазушылар одағы Балалар Кеңесінің Төарағасы Нұрдәулет Ақыш. Өтепберген Ақыпбекұлының атын орта мектепке беру туралы ұсыныс көтерген балалар жазушысы Ділдар Мамырбаева мен балалар ақыны Арасанбай Естенов өз естеліктерімен бөлісіп, жиында сөз сөйледі. «Иә, Өтепберген нағыз балалар ақыны еді. Кітаптарының бәрі мектеп үшін жазылған оқу, тәрбие құралы дерлік. Оның шығармашылығы ұрпақ тәрбиесіне қызмет етіп келеді, қызмет ете береді де. Әрине, мұндай қаламгерге қандай құрмет көрсетсек те орынды. Мектепке атын беруге әбден лайық! Ауылдастары бізді бірауыздан қолдайды деп ойлаймын, - деді Ділдар Мамырбаева. «Өте-ағаң (Өтепберген Ақыпбеков) сол ауылда еңбек жолын механизатор болып бастап, комсомол жастар жетекшісі, Мәдениет үйінің меңгерушісі қызметтерін де атқарған азамат. Ауылдастары өмірбаянын да, шығармашылығын да жақсы біледі. Ауыл тұрғындары өте ұйымшыл, береке-бірлікті. Бұл ұсынысымызды қуана-қуана қарсы алады деп ойлаймын», -деп Арасанбай Естенов өз пікірін ортаға салды. Ақын Байбота Қошым-Ноғай Серікбайұлы өз сөзінде Өтепберген Ақыпбековтің қазақ тіліне сіңірген еңбегі орасан зор екенін атап өтті. «Өтепберген көрнекті балалар ақыны ғана емес, қаншама сөздіктер шығарып, қазақ тілімізді байытуға, жаңа заманға сай оның ауқымын кеңейтуге көп еңбек сіңірген Тіл жанашыры да. Балалар ақыны ретіндегі еңбегі орасан. Қандай құрметке де лайық. Мектепке аты беріліп жатса, нұр үстіне нұр дейміз», -деді ол. Жиынға қатысқан жазушы, баспагер Қанат Қайым мен жазушы Сәуле Досжанова да ақын туралы жылы лебіздерін білдірді. «Өте орынды ұсыныс! Кештеу болса да, «ештен кеш жақсы» деп мектепке аты беріліп жатса, нұр үстіне нұр, әрине. Біз қос қолымызды төбемізге көтеріп қолдаймыз! Өтепбергеннің адамгершілік қасиеттерін де, шығармашылығын да беске білеміз. Мектепке аты берілетін нағыз педагог, ұрпақ тәрбиешісі ғой Өтекең!Ол туралы бір сағат сөйлеуге бармыз. Бірақ уақытты алмай, өзге мүшелердің пікірлеріне де жол беруге тура келеді», - деді Қанат Қайым. Жазушы Сәуле Досжанова әріптестерін Өтепберген Ақыпбекұлының есімін есте қалдыру мақсатында оның атын орта мектепке беру ұсынысын қолдауға шақырды. «Балалар қаламгеріне көрсетілген құрмет ұрпақ тәрбиешісіне көрсетілген құрмет. Өтепберген ақын ғана емес, шын мағынасындағы ұрпақ тәрбиешісі. Балаларға арналған барлық жанрды қамтып қана қоймай, оларды одан әрі дамытып, жетілдіре түскен ақын. Ізденгіш, жаңалыққа жаны құмар ақын еді. Бүгінгі ұсыныс пікіріміз әбден орынды деп санаймын. Ауыл мектебіне аты беріліп жатса, үлкен қуаныш, үлкен мәртебе! Бәріміз бірауыздан қолдап, қоштап, шешім қабылдайық», - деді Сәуле Досжанова. Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны Өтепберген Ақыпбекұлы 1950 жылы Жетісу облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол сол кездегі Алматы жоғары партия мектебінде журналистика мамандығын бітіріп шығады. 1973-1985 жылдары «Қапал еңбеккері» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметін атқанған. Кейіннен облыстық «Октябрь туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып істейді. Ақын көптеген қызметті атқара жүріп,  «Балабақтың бір күні», «Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптарын жазып, жарыққа шығарған. 1985-1995 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Денсаулық», «Жанашыр», «Халық Конгресі» газет, журналдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанған. Оның әр жылдары «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі» тағы басқа да балаларға арналған шағармалары жарық көрген. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_116076.txt
114,8 миллиард теңгенің есебі. Министр Цой не дейді?
https://abai.kz/post/116076
"114,8 миллиард теңгенің есебі. Министр Цой не дейді?" | "https://abai.kz/post/116076"
07.07.2020
Abai.kz
null
TITLE: 114,8 миллиард теңгенің есебі. Министр Цой не дейді? URL: https://abai.kz/post/116076 META: "114,8 миллиард теңгенің есебі. Министр Цой не дейді?" | "https://abai.kz/post/116076" DATE: 07.07.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 182 TEXT: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан күні бүгінге дейін коронавируспен күреске Үкімет резерві мен республикалық бджеттен қанша қаражат бөлінгенін және ол қаражаттың қайда жұмсалғанын айтыпты. Есеп беріпті. Оның айтуынша, пандемия кезінде коронавирус инфекциясымен күрес үшін, оның пайда болуы мен індеттің бетін қайтару үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 114 миллиард 826 миллион теңге бөлген. Министрдің есебі: Үкімет резервінен – 40 миллиард 58 миллион теңге бөлінген. 21 миллиард 184 миллион теңге – жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға; 2 миллиард 30 миллион теңге – дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алуға; 2,5 миллиард теңге – зертханалық жабдықтар, КВИ-ді анықтайтын тест-жүйелерін сатып алуға; 100 миллион теңге – КВИ-ді анықтайтын реагенттер жасау мен шығару қызметтеріне; 13,7 миллиард теңге – ПТР тест әдісімен зертханалық қызмет көрсетуге; 310 миллион теңге – Отандық өндірістегі ИВЛ аппараттарын сатып алуға, жедел-жәрдем көліктерін жабдықтауға; 131 миллион теңге – азаматтарды звакуациялауға жұмсалған. Респбликалық бюджеттен – 74 миллиард теңге бөлінген. 19,5 миллиард теңге – медициналық ұйымдарда (инфекциялық, провизорлық және карантин стационарларында) қызмет көрсетуге; 40,4 миллиард теңге – карантиндік шараларды өткізетін қызметкерлерге; 14,8 миллиард теңге – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында үш инфекциялық аурухана салуға жұмсалған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_93827.txt
Могерини Еуроодақ пен Орталық Азия қатынасы жайында мәлімдеді
https://abai.kz/post/93827
"Могерини Еуроодақ пен Орталық Азия қатынасы жайында мәлімдеді" | "https://abai.kz/post/93827"
05.07.2019
Abai.kz
null
TITLE: Могерини Еуроодақ пен Орталық Азия қатынасы жайында мәлімдеді URL: https://abai.kz/post/93827 META: "Могерини Еуроодақ пен Орталық Азия қатынасы жайында мәлімдеді" | "https://abai.kz/post/93827" DATE: 05.07.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 98 TEXT: Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың болашағы жайында айтып, Брюссельдің "табиғи әріптесі" деп атап өтті. Бұл мәлімдеме Бішкекте өтетін "Еуропалық одақ — Орталық Азия" сыртқы істер министрлерінің форумы қарсаңында жарияланды. Могерини мен халықаралық қатынас және даму жөніндегі еуропалық комиссар Невен Мимицаның 4 шілдеде жарияланған бірлескен мәлімдемесінде Еуропалық одақ "Орталық Азияның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саладағы тұрақтылыққа ұмтылуын қолдағысы келеді. Бұл дегеніміз - тәуелсіз БАҚ-ты нығайту, азаматтық қоғамға жағдай жасау, заңның үстемдік құруы мен мемлекеттік басқарудың нығаюы, жемқорлықпен күрес және әйелдер мен жастар мүмкіндігін кеңейту" деп атап өткен. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_109006.txt
ХВҚ басшысы: әлемдік экономикада рецессия басталды
https://abai.kz/post/109006
"ХВҚ басшысы: әлемдік экономикада рецессия басталды" | "https://abai.kz/post/109006"
30.03.2020
Abai.kz
null
TITLE: ХВҚ басшысы: әлемдік экономикада рецессия басталды URL: https://abai.kz/post/109006 META: "ХВҚ басшысы: әлемдік экономикада рецессия басталды" | "https://abai.kz/post/109006" DATE: 30.03.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 111 TEXT: Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиеваның мәлімдеуінше, коронавирус салдарынан әлемдік экономикада рецессия басталды. Қор басшысы әлем елдерін нарықта дефолт пен банкротқа ұрынбау үшін "өте ауқымды" бағдарламалар қабылдауға шақырды. Болгар экономисі Георгиеваның мәлімдейінше, экономикасы енді дамып келе жатқан елдерге дағдарыстан шығу үшін кем дегенде 2,5 триллион доллар қажет болады. COVID-19 пандемиясынан әлемде 27 мыңнан астам адам қайтыс болды. Георгиева Халықаралық валюта қоры саясатын айқындау жөніндегі топқа мүше 24 елдің өкілдерімен бірге телефон көмегімен конференция өткізді. "2009 жылдағыдай аса қиын рецессия басталғаны бәріне мәлім. Жағдай одан да қиын болуы мүмкін", - деді Георгиева. Ол дамушы елдерді бұдан да ауыр қиыншылық күтіп тұрғанын ескертті. Оның айтуынша, әлемнің 81 елі қордан қаржылай көмек сұраған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_86597.txt
Жаңа әліпбиді ұлттық әліпбиге айналдыруымыз керек
https://abai.kz/post/86597
"Жаңа әліпбиді ұлттық әліпбиге айналдыруымыз керек" | "https://abai.kz/post/86597"
04.03.2019
Бейбіт Жәлелұлы
null
TITLE: Жаңа әліпбиді ұлттық әліпбиге айналдыруымыз керек URL: https://abai.kz/post/86597 META: "Жаңа әліпбиді ұлттық әліпбиге айналдыруымыз керек" | "https://abai.kz/post/86597" DATE: 04.03.2019 AUTHOR(s): Бейбіт Жәлелұлы TOTAL WORDS: 1649 TEXT: Осы уақытқа дейін де қазақтың төл әліпбиі қалыптасқан. Оны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Бұл әліпби қазақтың 28 төл дыбысын таңбалайтын араб әріптеріне негізделді. Осы әліпби қолданыста болған кезде (1914-1928) ондағы дыбыстардың саны мен сапасы туралы қазақ қоғамы арасында ешқандай дау-дамай болмап еді. Тіпті 1926-1928 жылдардағы қазақ жазуын латыншаға көшіруге байланысты туындаған дау-дамай кезінде де қазақ тілі дыбыстары туралы үлкен әңгіме бола қойған жоқ. Тек оны сол арабша қалпында қалдырған дұрыс па, әлде латыншаға көшірген тиімді ме деген мәселе ғана көтерілген-ді. Өйткені А. Байтұрсынұлының әліпбиі мінсіз болатын. Оның қазақ тілі дыбыстық жүйесіне тән дыбыстар туралы тұжырымы мынадай: «Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е. Дауыссыз дыбыстар: б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н. Жарты дауысты дыбыстар: шолақ у, шолақ й». Бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады. «К», «г» һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады» (Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992, 324-б.). Дауысты дыбыстардың санын бесеу деп көрсетуінің себебі – олардың «е» дыбысынан басқаларының қазақ тілінің буын үндестік заңына қарай, ә, ө, ү, і болып жіңішке де дыбысталатынын ескергендігінен еді. А.Байтұрсынұлы түзіп беріп кеткен әліпбидің осындай мінсіз екенін ескерген біз, бір мақаламызда: «Алдағы уақытта қазіргі қабылданған латын әріптеріне негізделген жаңа әліпбиімізді ұлттық әліпбиге айналдырмайымызша, еш өзгеріссіз қолданыста болып келе жатқан «тілбұзар» өзгетілдік сөздерді тіліміздің табиғи бітім-болмысына бейімдеп жаза да, айта да алмаймыз. Ол үшін қазіргі латынша әліпбиіміз 1928 жылғы латынша әліпбиіміз сықылды – Ахмет Байтұрсынұлының тоғыз дауысты және он тоғыз дауыссыз дыбыстардан тұратын ұлттық әліпбиіне негізделуі керек. Сонда ғана қазақ жазуы өзінің төл табиғатын тауып, айтылым (орфоэфия) мен емле (орфография) арасындағы сәйкессіздіктен арылып, өзгетілдік бүкіл сөзді «өзілік» ете алады» деп жазған едік. Енді осы қиындық алдымыздан шығып отыр. Өйткені біздің латыншаға негіздеп қабылдаған қазіргі жаңа әліпбиіміз қазақ тілі дыбыстық жүйесіне толық бейімделмеді. Оның құрамына «в», «ф», «х/һ», «ч» деген жаттілдік дыбыстар мен соларды таңбалайтын әріптер еніп кетіп, ұлттық әліпби болмай қалды. Осы дыбыстар қолданылатын өзгетілдік сөздерді қазақшалап жазып-оқуды (айтуды) бір жөнге келтіру аздай-ақ, өз тіліміздің төл дыбыстарының тіркесімімен айтылатын сөздерді де дұрыс жаза алмайтын жағдайға тағы да тап болып отырмыз. Бұған жол беріп отыруымыздың басты себебі – латынға негізделген жаңа әліпбиіміздің дұрыс құрастырылмағаны болса, екінші себебі – кирилше әліпбиіміздің емле ережелеріне байланып қалғандығымыз болса керек. Әлбетте, «бұрыс әліпбиден дұрыс емле шықпайды». Қазақ тілін зерттеген В.В. Радлов, Н.И. Ильминский, П.В. Мелиоранский сияқты орыс ғалымдарының және А. Байтұрсынов бастаған кейінгі қазақ тілші ғалымдарының ғылыми тұжырымдамалары бойынша қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының жетеуі (л, м, н, ң, р, й, у) – үнді дауыссыз дыбыстар. Дауыс (үн) «м» мен «н» дыбыстарын жеке айтқанда соңынан қосылатын болса, қалған бесеуінің алдына қосылады. «Л», «ң», «р», «й» дыбыстары өзге дауыссыз дыбыстармен сөз басында, сөз ішінде, сөз соңында тіркескенде олардың алдында үнемі қысаң дауысты дыбыстар «ы/і» айтылады (дыбысталады). Олардың айтылуы – «ыл/іл», «ың/ің («ңөң» сөзі тілдік қорымызға қосылған болса, оның дыбысталуы «іңір», «ыңғай» деген т.б. сөздер сияқты [іңөң] болуы керек)», «ыр/ір», «ый/ій» болса, ал «у» дыбысының жеке тұрып айтылуы – «ұу/үу». Біз кезінде қазақ тілі жазып-сызуында (графикасында) үнемділік заңын сақтаймыз деп өрескел қателікке жол бердік. Нәтижесінде «й» мен «у» дауыссыз дыбыстарының алдында келетін «ы, і, ұ, ү» дыбыстарын сөздің барлық жерінде жазбайтын болдық. Содан қаншалықты жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізді ешкім нақты айта алмайды. Айта қалса, «миссисипи», «миссури» деген сияқты орысша жазылған сөздерді қазақшалап жазған кезде тым ұзарып кетеді» деп атам қазақтың кез келген баласы бәленбай жылда бір рет те жазып қолданбайтын сөздердің жазылуына бас ауыртады. Керісінше, аталмыш дыбыстардың қазақ сөздерінің барлық орнында жазылуы керектігі күні-бүгінге дейін өзекті болып келеді. Осындайда ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлының: «Дұрыс емле мен қате емлені айыруға менің ойымша былай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек, тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласа, қытай қатындарының аяғы болып шығады» (аталған әдебиет, 395-б.) – деген тұжырымы еске түседі. Екі тілдің дыбыстары араласып кеткен қазіргі «орыс-қазақ» әлімбиіміздегі, әсіресе бәрімізді шатастырып жүрген «й/и», «у», «ы» таңбалары. Шатастыруының негізгі себебі – олардың дыбыстық мәндері екі тілде екі түрлі екеніне мән бермеушіліктен туындаған. «И/й» орыс тілінде бірде дауысты (долгий), бірде дауыссыз (краткий) болса, «у» орыс тілінде дауысты дыбыс, ал қазақ тілінде үнді дауыссыз. «Ы» – екі тілде де дауысты дыбыс, бірақ әр тілде екеуі екі түрлі дыбысталады. Қазақ тілінді «ы» дыбысы келте дыбысталса, орыс тілінде «ый» түрінде дыбысталады. Соған қарамастан, кирилше қазіргі «орыс-қазақ» әліпбиімізде екеуіне (у, ы), қасақана болар, бірдей таңба берілген. Енді ерін-еріндік (қос ерін), жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысына арнай тоқталайық. Мұндай дауыссыз дыбыс ағылшын тілінде бар (w), орыс тілінде жоқ. Сол себептен көп адамдарды шатастырып жүр. Мәселен, әлемге аты әйгілі ақын ағамыз Олжас Сүлейменовтің өзі қазақ тіліне тән «у» үнді дауысысыз дыбысы келетін «ауыл» сияқты т.б. сөздерді орысша қалай жазылса, қазақша да солай жазу керек, «у» дыбысынан кейін «ы» (оның ойынша, орысша «ый») дыбысын жазып, қазақ тілі профессорлары қатты қателесіп жүр. Олардың өздері – сауатсыз» деп қағыс айтып отырса да, қазақ тіліндегі «у» дыбысының ерекше бір қасиетін қазақы түйсікпен терең сезінген. Өйткені ол жанды (ауызша) тілдегі [ауұл] сөзінің айтылуын жиі естігендіктен, «аул» деп жазылғанын дұрыс көреді. Рас, «аул» деп жазылған қалпындағы «у» дыбысын орыс тіліндегі дауысты дыбыс ретінде оқысақ, қазақша жанды тілдегі айтылымына барынша жақын келеді. Бірақ қазақ тіліндегі оның айтылымы, демек дыбысталуы [aуұл] екенін ол кісі сияқтылар қайдан білсін. Олар тұрмақ қазақтілділердің, оның ішінде қазақ тілі дыбыстық жүйесінің профессорларының өздері осы бір «ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысы өзінің алдында да, артында да қысаң езулік дауыстылардың (ы, і) қолданылуын мүлдем жатырқайтынын білмейді-ау дейміз. Дегенмен қазақ тіліндегі бұл дыбыстың өзіндік ерекшелігін нағыз мамандар кезінде айтуындай-ақ айтқан, дәлелдеп жазып кеткен. Мәселен, бұл туралы қазақ тілі дыбыстық жүйесінің профессоры Мырзабектен Сапархан кезінде былай деген еді: «Еріндік дауыстылар ғана емес, дауыссыз у (тау) да өзінен кейін қысаң (е, ы, і) дауыстыларды жолатпайды. Қазақ сөзін алғаш зерттеген Н.Ильминский ауұл, ауұз, ауұтқу түрінде хатқа түсіргені мәлім. В.Радловта: әуө, әуөс, дәурөн, дәулөт, жауұрұнды, зауұқшұл, жолаушұ, П.Мелиоранскийде: ауұздұқ, біреудү, күйеудүң, таудұң т.б.» (Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2001, 11б-б.). Енді қазақ тіліндегі «ауыл», «жауыр», «қауын», «тауық», «суық» сияқты т.б. сөздерде жазылып жүрген «у», «ы» әрпі туралы орысша оқитындардың өз пікірлерін берсек, осы дабыс-әріптердің сол сөздерде қате таңбаланып жазылып әрі қате оқылып жүргеніне көзіміз жете түседі: «... Старательно следуя методу аудиолингвистического обучения казахскому языку, вы уже пишете и говорите казЫна, барЫс. У нас у казахов, есть пословица: «Если товарищ слепой – зажмурь глаза» («егер жолдасың соқыр болса, көзіңді қыс»). Пословица имеет двоякий смысл: или как солидарность в поддержку ближнего, или как усмешка над бесполезней затеей сердобольного товарища. Не знаю, в каком смысле подражают наши русскоязычные казахскому написанию и произношению своих слов как казна, барс. Эти тюркские слова, как отмечаются в русских этимологических словарях, в письменных источниках фиксируются с 16 века. Да и по-казахски звучат эти слова точно так же, как в русском. Только в новейшее время наши фонетисты заставляют казахов писать и говорить для ради отличия от русского казЫна, барЫс, ценою вульгаризации казахского языка. ... Слово «аул», бытующее от Крыма до Алтая, через труды русских историков, писателей и поэтов известно всему миру. Но мы казахи в пику всему миру пишем «ауЫл». Олжас Сулейменов по этому поводу писал: «...гулкое, легкое слово «аул» превратилось в безобразное, завывающее «ауЫл». Здесь горловое «Ы» почти не звучит, если конечно старательно не выть. Но ведь, если надо, можно сколько угодно тянуть: ау-у-у-л, или выть ау-ы-ы-ы-л. Наше, казахское ыкание нельзя обосновать особенностью народного говора. ... Наше ыкание нельзя обосновать также и физиологией казахов» (http://yvision.kz/post/298102). Бұл жерде осы мәтінің авторы қазақ тілінің «у», «ы» дыбыстарының өзіндік ерекшелігін және «у» дыбысынан кейін «ұ», «ү», «ө» дыбысы айтылатынын білмейтіні бір басқа, қазақ тілінің «ы» дыбыс-әрпін орысша «ый» болып дыбысталатын әріппен де шатастырып отырғаны ақиқат. Қалай дегенмен, қазақ және орыс тіліндегі дауысты-дауыссыз дыбыстардың сапалық, сандық жағында да, олардың бір-бірімен тіркесуінде де үлкен айырмашылықтар бар. Әсіресе «ы» мен «і» қысаң дауысты дыбыстарының қазақ сөздеріндегі орны ерекше. Бұл дыбыстар, жоғырыда айтқанымыздай, қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының барлығымен тіркесіп, селбесіп айтылады. Соған қарамастан, біз «жазуды үнемдейміз» деген желеумен «р» мен «л» дыбыстары сөз басында қолданылса, олардың алдындағы «ы/і» дыбыстары жазылмайды. Ал «й» мен «у» дыбысының алдында барлық жерде жазылмайды» деп қолдан емле (дұрысы – еміле) ережесін жасап, жанды тілді жазуға байлап қойдық. Осындайды көргенде: «Егер жазудағы үнемділік заңын сақтаймыз десек, «ала қойды бөле қырыққандай» болмай, онда барлық үнді дауыссыз дыбыстардың, тіпті барлық дауыссыз дыбыстардың алды-артынан дыбысталатын «ы» мен «і» дыбыстарын тіліміздің буын үндестік заңына сүйене отырып, барлық жерде жазбай-ақ қойсақ, қайтеді? Мәселен, «білімділіктің, тіршіліктің, тынышсызтықтың, қиыншылықттың» деген сияқты барша сөз тұлғалардың құрамындағы «ы/і» дыбыстарын «білмдлктң, тіршлктң, тыншсздқтң қыйншлқтң» деп тек алғашқы буында ғана жазсақ, болмай ма?» деген де ой келеді. Міне, жазудағы нағыз үнемділік сонда болар еді-ау! «Й» мен «у»-дың алдындағы дауыстылардың жазылмауы бір қарағанда жазып-сызудың (графика) үнемділік заңы бойынша дұрыс сияқты, ал тереңірек бойлап, кеңірек ойлап қарасақ, біздің ойымызша, мұнда орыс тілінің дауысты «и» мен дауысты «у» дыбыстарын қазақ тіліне біртіндеп енгізудің жымысқы саясаты жатқандай. Айталық, түр-тұрпатын еш өзгертпей, тіліміздің дыбыстық заңдылығына бейімделмей еніп, қолданыста жүрген «институт», «университет», «инстаграм», «уран» сияқты т.б. сөздердің аса көп екені белгілі. Егер біз қазақ тілінің үнді дауыссыз дыбыстарының алдында дыбысталатын дауыстыларды жазбайтын болсақ, біртіндеп орыс тілінің дауысты «и», «у» дыбыстарын қазақша мәтінде әдеттегідей орыс тілінде қалай жазылса, солай жазып-оқи (айта) беретін боламыз. Бұның уақыт өте келе, осындай қатерлі тұсы болатынын Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. уақытында аңғармаған сияқты. Әлбетте, төте жазу кезіңінің аяғына таман (1924 ж.) екі дыбысты (ый/ій, ұй/үй) бір әріппен таңбалайық деген ұсыныстар болды. Бірақ араб әріптеріне негізделген әліпбимен жазуда бұның қаупі аса жоғары болмады. Содан болар, А.Байтұрсынұлы бұны қоштағандай болды. Кейін кирилге көшкеннен бастап, енді латынша жаңа әліпбиге көшу барысында өз дыбысымыздан өзіміз айырылып қалатындай жағдайға тап болып отырмыз. Сондықтан да екі дыбысты бір әріппен жазудың тиімділігі бар ма, жоқ па дегенге жаңа әліпбиге көшкен кезде жаңа заманның (рухани жаңғыру) талабымен жаңаша қарауымыз керек деген ойдамыз. Исхан Бейбіт Жәлелұлы, ф.ғ.к., доцент,  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_10465.txt
Сенатор Қасымов қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды (түзетіліп, толықтырылған)
https://abai.kz/post/10465
"Сенатор Қасымов қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды (түзетіліп, толықтырылған)" | "https://abai.kz/post/10465"
15.09.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Сенатор Қасымов қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды (түзетіліп, толықтырылған) URL: https://abai.kz/post/10465 META: "Сенатор Қасымов қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды (түзетіліп, толықтырылған)" | "https://abai.kz/post/10465" DATE: 15.09.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 349 TEXT: Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ - Қазақстан парламенті сенатының депутаты Ғани Қасымов тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды. «Қазақстанның мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы Тоқтар Әубәкіров арамыздан бірінші болып ғарышқа ұшты, осы күннен Қазақстанның ғарыш саласының дамуы басталды деуге болады. Тұңғыш қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне бұл күнді Қазақстанның мемлекеттік мерекесі ретінде бекітуді сұраймын», - деді Ғ.Қасымов бейсенбі күні палатаның пленарлық отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауалын жолдай отырып. «Мұндай мерекенің бекітілуі өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер етіп, Қазақстанның ғарыш саласы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», - дейді сенатор. 65 жасар Т. Әубәкіров Ленин орденімен, жаңа авиациялық техниканы сынау кезінде көрсеткен ерлік және батырлық үшін медальдарымен марапатталған, Халык каһарманы атағы беріліп, КСРО-ның еңбек сіңірген сынаушы-ұшқыш, КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы және ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ - Қазақстан парламенті сенатының депутаты Ғани Қасымов тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды. «Қазақстанның мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы Тоқтар Әубәкіров арамыздан бірінші болып ғарышқа ұшты, осы күннен Қазақстанның ғарыш саласының дамуы басталды деуге болады. Тұңғыш қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне бұл күнді Қазақстанның мемлекеттік мерекесі ретінде бекітуді сұраймын», - деді Ғ.Қасымов бейсенбі күні палатаның пленарлық отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауалын жолдай отырып. «Мұндай мерекенің бекітілуі өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер етіп, Қазақстанның ғарыш саласы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», - дейді сенатор. 65 жасар Т. Әубәкіров Ленин орденімен, жаңа авиациялық техниканы сынау кезінде көрсеткен ерлік және батырлық үшін медальдарымен марапатталған, Халык каһарманы атағы беріліп, КСРО-ның еңбек сіңірген сынаушы-ұшқыш, КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы және ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. 8 сыныпты бітірген соң Теміртау құйма-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеп, кешкі мектепте оқыған, 1969 жылы Армавирдегі ӘҚҚ ұшқыштарының жоғарғы әскери авиациялық училищесін бітірді. Кейін КСРО әскери-әуе күштерінде қызмет етті, 1976 жылы сынаушы-ұшқыштар мектебін бітіріп, сынау жұмысына ауысты. Ғарышқа алғашқы сапарын 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» кемесімен Александр Волковпен және аустриялық ғарышкер Франц Фибекпен жүзеге асырып, «Мир» орбитальды кешенінің бортында бір апта жұмыс істеді. Ғарышта болған уақыты - 7 күн 22 сағат 13 минут.
qosymsha/abai.kz
post_103944.txt
Қуандық Шамахайұлы. Орынбасар
https://abai.kz/post/103944
"Қуандық Шамахайұлы. Орынбасар" | "https://abai.kz/post/103944"
17.01.2020
Abai.kz
null
TITLE: Қуандық Шамахайұлы. Орынбасар URL: https://abai.kz/post/103944 META: "Қуандық Шамахайұлы. Орынбасар" | "https://abai.kz/post/103944" DATE: 17.01.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 2923 TEXT: (әңгіме) Оқу бітіріп келген соң тура бес жыл өткен еді. Ол өкіметтік бір ірі мекеме басшысының орынбасары болып тағайындалды. Жас жігітті  қанаттандырған да, ерен ерік-күш сыйлаған да сол бір сәтті жыл тұғын. Алғаш осы қызметтің орынтағына жайғасқанда: -Енді, бір ғана саты қалды. Бірінші басшы өзің боласың! -Өсесің! Тек қана алға ұмтыла бер! -Орынбасар деген сөз үлкен бастықтың орны кешікпей сенікі болады деген сөз. Көп ұзаса, мына бастық үш жылдан кейін зейнеткерлікке шығады. Сені өз орнына дайындап қойғаны ғой, кейін бірінші бастық сен боласың! Ал, еңбегің жемісті болсын! - десіп, тілек айтқандардың қарасы өте көп еді. Өстіп жиі айтылған көп тілек пен қолдау оны алға жетелейтін тетік әрі қол созатын арманына айналды. Осылайша, мекеменің бірінші тұлғасы болуды өмірлік мақсаты деп білді. Бұл жолда жан аямай күресіп, өліп-тіріліп еңбек етумен болды. Жанталаса тер төкті, бар күшін салды. Жұрт айтқандай-ақ, үш жылдан кейін мекеме басшысы зейнеткерлікке шыққанымен, оның тағына ауысып отыра салу бағы Орынбасарға бұйыра қоймады. Себебі, компартия дейтін сол тұстағы алып “машина” аяқ астынан тас-талқаны шықты да, сол сәтте портфельсіз қалып, қамыққан обкомның көптеген хатшыларының бірі дәл сол мекеменің ауласына әдейі лақтырылған допша топ етіп түсе қалғаны. “Жыланды үш рет кертсең де, кесірткелік қауқары бар” деген сөз рас екен. Ол жай келген жоқ, мекемеге бастық болып қонжия кетті. Осы аралықта адамзат жаңа мыңжылдыққа, ХХІ ғасырға өтті. Обкомнан келген неме еш қайда кетпей омалып ұзақ отырды. Жай отырған жоқ, айналасына өз жақтастары мен жақын-жуықтарын топырлатып,  іргесін қымтаумен болды. Бар бітіретіні жұмысы ескі көз, тәлімді-тәжірибелі мамандарды ығыстырып, аластату. Он жылдан кейін зейнеткерлікке жасы жетті. Бірақ, сонда да, орнын босатпай қойды. Өмір бойы “ауырдың асты, жеңілдің үстімен” жүрген, маңдайы терлеп еңбек етпеген, ештеңеге бас қатырмаған Біріншіні қашан көрсең, беті жылтырап, көзі күлмің қаға ойнақшып, қутың-қутың етіп  жүргені. Қорбаңдап тым ебедейсіз жүрсе де, қимылы әжептәуір ширақ. Саусақ қимылдатпаса да, ауызбен орақ оруға келгенде алдына жан салмайды. Атқаратын жұмысы бөлімдер әзірлеп әкелген, орынбасар жан-жақты тексеріп, пысықтаған дайын құжаттарға қол қою. Төменнен дайындалып келген дүниені жоғарыға жөнелту. Жоғарыдан келген ақпарат пен мәлімет, тапсырмаларға бұрыштама соғып, төменге сырғыту. Содан кейін қол қусырып, тырқ-тырқ күліп отырады. Өзі бағыныштыларға шыбындаған жылқыша бас шұлғиды. Ал, қол астындағыларды ыммен ықтырып, қас-қабағымен қорқытып,“Біреке, Біреке” деп безілдетіп, ләппай-тақсырлатып қояды. Арасында, өзіне ұнамаған біреулерге жөн-жосықсыз соқтығып, жүйкесін жүндей түтіп  жіберетіні де бар. Оған төзгендері қалады. Шыдамы таусылғандары басымен қайғы болып, тентіреп кетеді. Өзі содан әжептәуір рақат алатын болса керек. Ештеңе ойламаса да, қабағын қарс түйіп алып, терең-тұңғиық тұлғаның образын жасай қоятын әртістігі де бір басына жетеді. Ебін тауып, оны зейнеткерлікке шығарып жіберу үшін Орынбасар өзінен кейінгі бөлім бастықтарымен ақылдасып, Біріншінің алпыс жасқа толған мерейтойын дүркіретіп өткізуді жоспарлады. Жоғары жақтан орден мен атақтың біршама тәуірін де алдырды. Барлық іс-шара ойдағыдай-ақ өтті. Алдымен, Біріншінің еңбек даңқын асқақтатуға арналған үлкен жиын өтті. Орынбасар оны мақтап, бақандай екі сағатқа созылған сала құлаш баяндама жасады. Мекемеде көп жыл жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлерден бастап, кеше ғана оқу бітіріп, жаңадан қызметке орналасқан жас мамандарға дейін алма-кезек сөз алып, барлығы Біріншіні мадақтауға сөз таппай қатты қиналды. Осы мекемеге таяуда ғана баспасөз хатшысы болып тағайындалған аздаған ақындығы бар жас келіншек бар еді. Іс-шараның соңында әлгі сылқым сөз сұрай қалғаны. Жиынға модераторлық етіп отырған Орынбасар рұқсат бергені сол еді, ақынсымақ ұялы телефонына қарап тұрып, Біріншіге арнаған өлеңін ұзақ оқыды да, ең соңында: - Қимаймын ғой,сізді, деп айтуға зейнеткер, Энергияңыз ұрып тұрған трансформатор! - деп аяқтады. Жиналған жұрт ду қол соғып, ұрандатып әкетті. Онысын қойшы, жағымпазданған көп тобыр кімге қошемет көрсетпей жатыр. Ең қиыны, әлгі оқылған өлеңнің соңғы екі жолы пәле болып жабысты дерсің. Одан бұрын ұжыммен қоштасуға, Орынбасарға орнын босатуға пейіл танытып отырған Бірінші аяқ астынан нілдей бұзылды. “Энергияң ұрып тұр” деген сөзге қатты сеніп қалған секілді. Бұл ақын дегендер де бірдемені әсірелеп, ұлғайтып жібермесе, бойына ас дарымайтын лепірме жандар ғой. Содан не керек, салтанатты жиынды қорытындылап сөйлеген сөзінде, өзіне мадақ айтқан барлық жандарға алғыс айта келіп, Бірінші былай деп тұжырымдады: -Білемін, ұжым мені зейнеткерлікке шығаруға қимай жатыр. Мен де сіздерді қимаймын. Жаңа ғана тақпақ айтқан баспасөз хатшы дұрыс айтты. Расында, менің күш-қуатым әлі жиырма бес жастығы кезімдегідей екені өзіме де сезіледі. “Ұрып тұр” десе, дегендей-ақ. Негізі, мен паспортымдағы жыл бойынша алпысқа толған болып есептелгенім  болмаса, физикалық тұрғыдан әлі елу бестемін. Себебі, біздің кезімізде қазіргідей ЖСН, ЦОН, пәлен-пәштуан дегендер жоқ еді. “Паспортный стол” деген ғана болды. Сонда отырған біреу туған жылымды шатастырып, байқамай бес жыл қосып жіберген ғой. Сондықтан, айналайын ұжым мүшелері! Еш абыржымаңыздар! Менің күш-қуатым әлі де қайнап тұр. Алдағыны пәлен деп болжай алмаймыз ғой. Десе де, бір анығы, таяу бес жылда мен сіздермен біргемін, ешқайда кетпеймін! Күш-қуатымның барында сіздерді әлі де басқара беремін. Оған қабілетім жететінін бәрің білесіңдер. Сөйтіп бұл жолы Орынбасар сәтті қадам жасай алмай тұмсығы тасқа тиді. Енді, бес жыл сарылып күтуіне тура келді. Осы аралықта ел көлемінде зейнеткерлік жасты өкімет 63 деп белгілеп тастады. Не үшін үш жыл қосқанын түсіндірген жан болмады. Жұрт пайғамбар жасын ескерген болар десіп топшылады. Бірақ, зайырлы мемлекеттің атейстері басымдау парламентінің не ойлағанын итім біліп пе. Жұмыс бәз-баяғыдай. Мекеменің барлық шаруасы әдеттегідей Орынбасардың мойнында. Еңбек демалысына шығуға да мұршасы жоқ, бас алмай жұмыс істейді. Қарбалас істерінің басы бар да, соңы жоқ, үздіксіз жалғаса береді. “Идеология, ішкі саясат” дейтін бірдеменің ұстап алатын нақты тетігі де жоқ. Сөйте тұра өніп жатқан да ешнәрсесі байқалмайды. Көзге көрінер  нәтижесі түкке тұрмайды. Галстук таққандар мен мини юбка кигендер жыртылып айырылады. Бірақ, олардың дәл не тындырып жатқандарын былайғы жұрт мүлде білмейді. Ал, мекеме ішінде жоғары-төмен өрлеп-құлдап жатқан қағаздар тасқынында бір тоқтау жоқ. Тәуір атқарылған жұмыс үшін жоғарыдан алғыс пен марапат Біріншіге айтылады. Әлде бір шаруа ақсап, қателік кетіп жатса, бар кінә Орынбасарға тағылады. Дегенмен, ол қызмет ететін мекеме қаладағы үздік еңбек ұжымының қатарында. Іс жүзінде Бірінші ештеңе істемесе де, ұпайы түгел. Үнемі мадақталады. Жоғары жақ Орынбасардың күллі шаруаны жан-тәнімен атқарып жатқанын пысқырмайды да. Әр бір жетістік пен табыс үшін тек  Бірінші ғана ауызға ілігіп, үнемі көкке самғап жүргені. Өстіп жүргенде бес жыл өте шықты. Орынбасар осы жолы Біріншіні біржолата тайдыру үшін тағы да қызу дайындыққа кірісті. Оның алпыс бес жылдық мерейтойына арналған баяндаманы бес минуттан аспайтын етіп дайындауды көмекшісіне мұқият тапсырды. “Энергияңыз ұрып тұрған трансформатор” дегендей өлең-жырлардың айтылуына қатаң тиым салды. Оның орнына мекемеде бірдеме шимайлап жүретін бір жігітке “Көрдің ғой, көп жыл бейнет, Ендігі тұрарың тек қана зейнет” деген сипатта өлең жазуға тапсырыс беріп қойды. Межелі күні Біріншінің алпыс бес жасқа толған мерейтойы аталып өтті. Бәрі ойдағыдай болған секілді еді. Орынбасар оның қорытынды сөзін тағатсыздана күтті. “Осы жолы ұжымға алғыс айтып, орнын босататын шығар” деп қатты үміттеніп отырды. Бірінші орнынан асықпай көтеріліп, ыңыранып біраз тұрды да сөзін бастап кетті: -Сіздермен бірге өткізіп келе жатқан әр күнім мен үшін алтыннан да қымбат. Біз ғажап дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Біздің өткен тарихымызда дәл осындай ғажайып заман болмаған. Ата-бабаларымыз  осы күнді ғасырлар бойы армандап жете алмай кетті. Ал, біз жеттік. Мен алғаш компартия тараған соң осы мекемеге келгенде, мұнда ештеңе жоқ еді. Бәрін өз қолыммен жасадым. Сұлап жатқан ұйымды аяғынан тік  тұрғыздым. Менің арқамда мінеки, бәрің бір ұжым болып ұйып, мені тыңдап отырсыңдар. Зейнеткерлікке шығып, демалайын, еңбегімнің зейнетін көрейін деп үнемі ойлаймын. Бірақ, өзімді де өкіметті де алдағым келмейді. Мен паспорт бойынша ғана алпыс беске толғаным болмаса, шын жасым әлі алпыстамын. Заң бойынша енді үш жылдан кейін зейнеткерлікке шығуға тиіспін. Бұл бір. Екіншіден, жуықта ғана еңбек министрі зейнеткерлік жасты алпыс жетіге созуымыз мүмкін деді. Онысы, дұрыс. Дамыған Батыс елдерінің азаматтары жетпіске жақындағанда зейнетке шығады. Тіпті, шықпай қоямын десе де өздері білетін көрінеді. Адам құқығы, бостандығы деген осы ғой. Біздің ел қазір сол дамыған елдердің қатарына әлде қашан еніп қойған. Олай болса, жетпіске де келмеген жап-жас бола тұра мен қалайша ұялмай зейнеткер болып үйде отырамын? Идеологиялық жұмысты ақсатқан ел алға дамымайды. Жеке басымды ойласам, үйде тыныш жата берер едім. Әрине, олай болмайды. Сол себептен, өзімнің өмір тәжірибемді халқыма арнап, сіздермен бірге еңбек ете беремін - деп ол тағы да шорт кесті. Орынбасардың салы суға кетіп, жүні жығылды. Сонда да, жетпіс жасында зейнеткерлікке кетер, орнын маған берер деп үміттенді. Бірақ, есіне бірдеме түскенде селк ете қалды. Ол жетпіске толғанда, Орынбасар өзі де зейнеткерлік жасқа жетіп қалады екен. Үстелінің үстінде тұрған калькуляторды қосты да, шиқылдатып басып-басып қалды. Иә, дәл солай екен. Тура алпыс үш жасқа толады, зейнеткерлік қыр астында деген сөз. Тым құрығанда, үш жыл бірінші басшы болып көрсе, содан кейін зейнеткерлікке шықса, болар  еді. “Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол” деген мақал Орынбасардың үнемі мазасын алады. Бірақ, Біріншіден құтылудың да еш амалын таба алмайды. Уақыт шіркінді айтсайшы, ұшқан құстай зулайды ғой. Одан кейін де бес жыл сынаптай сырғып өтіп кетті. Бірінші жетпіске толды. Тағы да, әдеттегідей мерейтой өтті. Бірақ, Бірінші зейнеткерлікке шығу былай тұрсын, ол туралы тіпті ауызға да алмады. Керісінше, алдағы он жылда атқаратын жұмыстарының стратегиялық жоспарын таныстырып, сексен жылдық мерейтойында өзі есеп беретінін жеткізді. Орынбасар іштей “мына қақпас енді бес жылдан кейін өзімді зейнетке қуып, шығарып жіберетін түрі бар ғой” деп дегбірі қаша түсті. Алайда, бес жылдан кейін Біріншінің жасы жетпіс беске келсе де орнын босатпады. Бірақ, бәрі Орынбасар ойлағандай болмады. Жасы алпыс үшке толған Орынбасарды да  Бірінші бастығы зейнеткерлікке қумады. Енді, Орынбасар бұрыңғыдай мекеменің нағыз басшысы болуды армандауды біржолата қойды. Керісінше жатпай-тұрмай Біріншінің амандығы мен саулығын тілейтін болды. Ол көзі тірісінде мекеме тізгінін ешкімге ұстатпайтыны айдан анық еді. Егер ол ғайыптан тайып, аяқ астынан олай-бұлай болып кетсе, зейнеткерліктен жасы асып кеткен Орынбасарды мекемеге нағыз басшы етіп ешкім тағайындамайды. Өзге жақтан әлде бір жас пері келеді де, Орекеңді құймышақтан бір тебуі ғажап емес. Жасы келген адамның қызметтен босап, зейнеткерлікке шығуы заңдылық қой. Жаңадан келген кім болса да, осы заңдылықты алға тартады. Сөйтіп жүргенде, Бірінші аяқ астынан шұғыл жиналыс шақырды. Соңғы жылдары ол кісі жиын өткізуді мүлде доғарған болатын. Барлық шаруа Орынбасардың қолымен атқарылып жататын. Өте бір төтенше жағдайда болмаса, Біріншінің ешкімге алдын ала тіс жармай кенеттен жиналыс шақыруы мекеме тарихында бұрын-соңды болмаған. Оның үстіне Біріншінің мерейтойына әлі бақандай бір жыл бар. “Неге кенеттен бұлай болды? Бәлкім, маған зейнетке шық демекші шығар. Егер олай дейтін болса, “өзің шық” деп тура бетіне айтамын. Өмір бойы осы мекеменің отымен кіріп, суымен шықтым. Неге әлі де бір-екі жыл тұра беруіме болмайды  екен?” - деп Орынбасар іштей айран асыр болып, жанын қоярға жер таппай кетті. Сағатына қараса, жиналысқа дейін әлі төрт сағат уақыт бар екен.  Осы мекемеде өмірбақи екінші адам болып, барлық қара жұмысты атқарғанын ойласа өкініштен өзегі өртенеді.Мән-мағынасыз өткен қайран есіл уақыт. Кеңседе көртышқанша қағаз кеміріп, мәнсіз көп жиындарға баяндама дайындап, жоғары-төмен өтірік-шынды есеп беріп жүргенде жастық шағы өте шықты. Енді, алпыстан асып, жетпіске таяған шағында бұралқы иттей қуылып зейнеткерлікке шыққалы отыр. Өткен өмірін ойласа, отбасына, бала-шағасына да көңіл бөлмепті. Таң сәріде бәрі шырт ұйқыда жатқанда кетеді. Түн ауғанда, олар тәтті ұйқыға бас қойғанда үйіне келеді. Балалары тұрмақ әйелімен де сирек сөйлескен екен. Қазір жеке отау тігіп, үйлі-баранды болып кеткен ұл-қыздары, үйіндегі кенже ұлы мен келіні, немере-жиендері Орынбасар үшін бейтаныс жандар секілді болып кеткен. Сенбі, жексенбі күндері және мерекелік демалыстардың өзінде ол кабинетіне келіп, бума-бума қағаздарға көміліп отыратын әкесін балалары ұмытпаса да, көргенде жай бір түс таныс адамдай ғана кейіп танытады. Әбден  жат болып кеткен. Үйлерінде де жүздесуі, бір дастархан басында отыруы сирек болса, сөйтпегенде қайтсін. Мұны ойлағанда Орынбасардың жүрегі қан жылады. “Қайран уақыт. Қайта оралмас өткен өмір” деп, сыбырлап отырды. Ойы онға, санасы санға бөлінді. Бәлкім, мекемеге бір жас пері бастық болып келгелі жатуы да ықтимал деген де ой сап ете қалды. Бұл жерде де Орынбасар ештеңе ұтпайды. “Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі” дегеннің кері. Қай нұсқасы болса да, оңып тұрған жоқ. Бұл Орекеңнің күні бітіп, тірі өлік болып үйде отыратын уақыты жетті деген сөз. Осыны ойлағанда Орынбасардың жүрегі шаншып кетті. Жалма жан тартпасын ашып, дәрі-дәрмек салынған қобдишасын алды. Кабинетінің сол жақ бұрышында тұрған шағын үстелдің үстіндегі графиндегі судан стаканға құйып алып, дәрісін ішіп, сәл тыныстап отырды. Хатшы қыздан сұрап еді, Бірінші әлі оралмапты. Ол түс мезетінде жоғары жаққа шақырылып кеткен. Жиналысқа бір сағаттай ғана уақыт қалғанда Біріншінің көлігі мекеменің ауласына келіп тоқтағанын Орынбасар терезеден көріп қалды. Машинадан асықпай түскен бастық сол жерде тұрып темекі тартып біраз тұрды. Қасында  өзімен туыс жұрағат болып келетін үш қызметкер.Төртеуі сөйлесіп көп тұрды. Түрлері анық көрінбегенімен әлде бір маңызды нәрсені талқылап жатқандай көрінді. Өзара бірдемелерді сыбырласқандай болды да, төртеуі де Орынбасар тұрған терезеге қарады. Орекең өзін көріп қалмасын деп кері қарай шегінді. Бірақ, олардың әр қимылдарын көз алмай бақылап тұрды. Өзі туралы бірдеме айтып жатқанын сезгендей болды. Дәу де болса қазір өтетін жиналыстың өзіне қатысы бар сияқты.Әлгі төртеу Орынбасардың терезесіне тағы бір көз тастады да қарқылдап күлгендей болды. Екі езулері екі құлақтарына жеткендей мәз. “Мен туралы айтып жатқандары көрініп тұр. Зейнеткерлікке қуып шығып, орныма ана тұрған үшеудің бірі қоймақшы ма екен. Ол да мүмкін. Соңғы кезде бұлардың күбір-сыбырлары тым көбейіп кеткен. Бәсе... Несі болса да, нар тәуекел. Осы жолы айтарымды айтып кетемін. Шындықтан қаша алмайсыңдар!” - деді, іштей Орынбасар. Ауладағы төртеу ішке енген соң ұжымды жаппай жиналыс залына шақырды. Төрдегі орынға жалғыз өзі жайғасқан Бірінші қасына Орынбасарды шақырып, отырғызды да жиналыстың ашық екенін жариялады. Бүкіл ұжым бастықтың не айтарын тағатсыздана күтіп, құлақ түріп отыр. Бірінші мекеменің арғы-бергі тарихын қозғап, ұзақ сөйледі. Орынбасардың ұйымға сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс жаудырған сәтте “Ал, енді біттім. Мені зейнеткерлікке шығарады екен. Жақсылап сыбағаңды берермін, қақпас!” деп іштей дайындалып отырды. -Құрметті әріптестер! Менің айтайын дегенім - бүгіннен бастап, қызметтен кетпекшімін. Жоғары жақпен келістім, өтінішімді айттым. Рұқсат берді - дегенде жұрттың бәрі аңтарылып қалды. Мұндайды күтпеген Орынбасар орнынан атып тұрып: -Біреке, мұныңыз не? Бізді тастап... - деп, тұтығып сөйлей алмай қалды. Өзінің ерсі қылығын байқағанда ыңғайсызданып та қалған еді. Соны жуып-шайғандай Бірінші: -Отыр, отыр қарағым! - деп күлімсіреді де: - Мен өз орныма Орынбасарды тағайындаймын. Жоғары жақ батасын берді. Ал, Ореке, қызмет құтты болсын! - деп, қолын ұсынды. Орынбасардың есі шыға қуанып, жөпелдемеде не айтарын да білмей қатты сасып қалды. Одан кейін де Бірінші көп сөйлеген. Қатты толқыған Орекең оның бір сөзін де ұққан жоқ. Зал бірде қол соғып, енді, бірде ду күліп отырғаны ғана есінде. Екі құлағы шыңылдап сөз естуден де қалған. Қатты толқыған адам есінен танып қалатын секілді ғой. Сәлден кейін ғана Біріншінің сабырға шақыруымен бойын тіктеп, орнын ұсынған бастығына және ұжымға алғыс білдіріп, қысқаша сөз сөйледі. Мекеменің асханасында жасалған салтанатты басқосуға бүкіл ұжым түгел қатысты. Осы отырысты Орынбасар өзінің құрметіне арналған банкет деп қана ұқты. Қуанып кетіп бір неше бокалды қатарынан тартып-тартып жіберген соң біршама масайып та қалды. Ұзын-сонар тост айтылып жатса да оның мәнін ұқпады. “Сол үшін алып қояйық!” дегенді ғана анық естиді... Әдеттегісінше, кештетіп жеткен Орынбасар үйіне келген соң бүгінгі қуанышын бөлісуге өз отбасынан жақын жандарын іздеді. Бәйбішесі, кенже ұлы мен келіні, немерелері түгел терең ұйқыда екен. Бәрін оятып әуірелемейін деп шешіп, төсегіне келіп жантая бере қуанышты хабарды бәйбішесіне айтты. Ұйқысын аша алмай жатқан бәйбіше: -Сен бұрыннан бері сол мекеменің басшысы емессің бе? Мұның несі қуанышты хабар, несі жаңалық? - деді есінеп. -Жоға, біздің Бірінші бүгін ғана өз еркімен зейнеткерлікке шықты ғой. -А, сендердің Біріншілерің тірі ме еді? Мен оны баяғыда өлген шығар деп жүрсем - деді де, қор етіп ұйықтап кетті. Орынбасар ұйықтай алмай әрі тым құрығанда жарты ғасыр отасқан әйелінің өзі оның жүрекжарды қуанышын бөліспегеніне сәл ренжіп, біраз уақыт ояу жатты. Әдеттегісінше, ерте тұрған Орынбасар жұмысына қарай тартты. Мекемесі орналасқан ғимарат үйінен онша алыс емес. Сондықтан, жаяу барып, жаяу қайтуды ол ежелден әдетке айналдырған. Мекеменің есігін тартса, жабық тұр. Бұрын ашық тұрушы еді, бүгін не болған деп таңданыңқырап, қоңырау басып еді. Ар жақтан күзетші жігіт келіп  есікті ашты. Орынбасармен сәлемдескен оның таңданып қарап тұрғанын байқаса да онша мән бермеді. Ішке кірсе, хатшы қыз да жоқ. Әдеттегі күндері дабыр-дұбыр болып қайнап жататын ұзыннан ұзақ дәліз де өлі тыныштыққа оранған. Үйренген әдетінше, өз кабинетіне қарай бұрылды да, кілт тоқтады. Біріншінің кабинетіне қарай бұрылып, ішке енді. Өмір бойы армандаған жұмсақ креслоға барып жайғасты. Үстелді сипады. Жан-жағына қарап мәз болып ұзақ отырды. Бір кезде көп адамның тарс-тұрс еткен аяқтарының сыбдыры естілді. Өзара шаң-шұң сөйлескен дыбыстары да жақындай бастады. “Е, біздікілер енді ғана жиналып жатыр екен ғой. Кеше тойда біраз сілтеген-ау. Сағат оннан асып барады. Жиналыс өткізуім керек. Әлгі хатшы қыз қайда жүр?” - күбірлеген орынбасар орнынан тұра беріп еді. Сау етіп бір топ бейтаныс адам кіріп келді. -Сендер кімсіңдер? Қайдан жүрсіңдер? -Ағасы біз тарату комиссиясынан келдік! - дейді, әлгілер. -Таратқаны несі? Мен осы мекеменің бастығымын. -Аға, енді сіздің мекеме жоқ. Қаулы шыққан. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып келген артық құрылымдардың бәрі таратылып жатыр. Міне, қаулының көшірмесі! - деп, әлгі топты бастап келген жігіт бір жапырақ қағазды ұсынды. Орынбасар жалмажан Біріншіге телефон соқты. Ол қарқылдап тұрып күледі. Жынды ма деп ойлап, жөн сұраса: -Ореке, кеше мен сөзімнің соңында қалжыңдағанымды айтып едім ғой. Ұқпай қалғансың ба? Кешкі дастарханның мәнін де түсінбегенсің-ау. Көп іштің. Біздің мекемені осыдан үш күн бұрын қаулы шығып, таратып жіберген. Сенен басқасының бәрі біледі. Кеше бәріміз қоштасу тойын жасағанбыз. Сен қызып қалдың да сөз ұқпадың. Енді, үйіңе қайта бер! Екеуіміз де зейнеткерміз - деді. Орынбасар кеңседен қашан қалай шыққанын да білмейді. Бір қараса, қалалық саябақта тентіреп жүр екен. Сағатына қараса, талтүс болыпты. Үйіне қарай аяңдады. Есіктен кіргенде, үш немересі дәлізге жүгіріп келді де, ең кенжесі: -Әке, бір бейтаныс кісі келіп тұр! - деп айғай салды. -Қойшы-ей! Қайдағы бейтаныс? Біздің үйдегі альбомда фотосы жүрген ағай ғой - деді, ортаншысы. -Екеуіңде ми бар ма? Бұл атамыз ғой. Әкемнің әкесі! - деп, інілерін жазғырған тұңғышы: -Ассалау, ата! - деп қос қолын ұсынды. Оған еріп екі кішісі де қос қолдарын ұсынды. Орынбасар үш немересін қапсыра құшақтай алып, алма-кезек иіскеді де, терең күрсінді. Арғы бөлмеден ұлы мен келіні де шыға келді. Күні кеше ғана мына немерелері қызылшақа нәрестелер еді ғой. Қалай тез өсіп кеткен деп ойлап қояды. Ұлы мен келіні де алғаш үйлену тойы кезіндегідей уыздай жас емес. Біршама егделеніп, есейіп қалған секілді. -Ал, балалар! Мен бүгіннен бастап зейнеткермін - деді, Орынбасар. -Әке, сіз баяғыдан бері зейнеткер емес пе едіңіз? - деп, ұлы иығын қиқаң еткізді. Атасын көрмегелі көп болған келіні мен немерелері тосырқап қарап тұр. Оның зейнеткерлікке шыққанына бәйбіше ғана таңданған жоқ. -Неге бөтен адамша есіктің көзінде тұрсың, шал-ау? Шәйға кел! Демалатын уақытың болды ғой. Жұмыста басың қалып па еді? - деп, жас кезіндегідей сыңқылдап күлгенде, Орынбасар да езу тартты. Қуандық Шамахайұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_37880.txt
Дәурен Қуат. ИТ ТЕ ЕМЕС, БҰРАЛҚЫ ЕКЕН
https://abai.kz/post/37880
"Дәурен Қуат. ИТ ТЕ ЕМЕС, БҰРАЛҚЫ ЕКЕН" | "https://abai.kz/post/37880"
22.04.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Дәурен Қуат. ИТ ТЕ ЕМЕС, БҰРАЛҚЫ ЕКЕН URL: https://abai.kz/post/37880 META: "Дәурен Қуат. ИТ ТЕ ЕМЕС, БҰРАЛҚЫ ЕКЕН" | "https://abai.kz/post/37880" DATE: 22.04.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 270 TEXT: «Күшік асырап ит еттім». Жо-жоқ, мен көргенде ол бес-алты қар басқан кәдімгі ит еді. Азу тісі де жетілген. Арп етіп әркімді балақтан ала түсетін. Иттің иттігі емес пе, мені көрген бойда қожайын тұтып артымнан еріп алған. «Иттің сіңгені жақсы». «Сіңген ит құт әкеледі» дейтін бұрынғылар. Содан мен итімнің атын «Құтжол» қойсам ба деп жүрдім. Бірақ, анау-мынау шаруаға алданып, әлгі итіме «ен салып, есім беруді» ұмытыппын. Кейде адамды жаңғалақтығы мен жалқаулығының өзі жақсылыққа бастап тұрады емес пе?.. Сол итке кезінде «Құтжол» деп ат қоймағаным дұрыс болыпты. Әйтпесе осы күні (әлгі бұралқыны қойшы) иесі мен иесінің мүкәмал-мүлкін ұры-қарыға алдырмайтын «құтжолдар» мен «бөрібасарлардың»  алдында ұятқа қалар едім. Ит деген ит болса ғой, шіркін. Түні бойы саңқылдап үріп, қора күзетіп, атты адамды алып түсердей айбат шексе, арман бар ма? Біздікі ит емес, бұралқы болып шықты. Соның жаныаяулы жақсыларға шабалаңдағанынан тіксініп жүруші едім. Талай рет өзіне «иттің жаманы иесіне сөз келтіреді, балақ көрсең бас салуды қой» деп ескерттіп те бақтым. Алайда ол мені тыңдамады. Кемік қажап кетілген тістерін ырситып, тілін салақтатып, аузынан қан-жынын ақтарып, абалаудан тиылмады. Ақыры қарасын батырған. Сонысының өзін жақсыға жорып: «Жақсы ит өлігін көрсетпейді», - дегем. Сөйтсем, бұралқы немеге жуынды табылса болды екен ғой, жаңа қожайын тауыпты. Бір кезде соны қапқан еді. Жаңа қожайын бұралқының сол кездегі «иттігін» ұмытқан ба, әлде, әдейі аяқ-табағын жалатып жүр ме, оны, әрине, өзі біледі. Және ол бұралқыны құйрығын бұтына қыстыртып қуып жіберетінін де жақсы біледі. Тек бұралқы ғана ештеңден қаперсіз. Шәңк-шәңк етеді. Маған тіпті ызалы өзі. «Біреуге әкесіндей жақсылық жасағың келеді. Алайда ол сені әкеңнен боқтап кетеді» деген – осы, жігіттер. Адамның арасында да әлгі бұралқы сияқтылар аз ба? Соны әрдайым ескере жүрген жөн екен. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_8552.txt
Әсет Пазылов. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы Мұхаммед Пайғамбар бейнесі
https://abai.kz/post/8552
"Әсет Пазылов. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы Мұхаммед Пайғамбар бейнесі" | "https://abai.kz/post/8552"
16.05.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Әсет Пазылов. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы Мұхаммед Пайғамбар бейнесі URL: https://abai.kz/post/8552 META: "Әсет Пазылов. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы Мұхаммед Пайғамбар бейнесі" | "https://abai.kz/post/8552" DATE: 16.05.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1877 TEXT: Пайғамбарлар - Алла Тағаланың халық арасынан таңдап алып, адамдардың өзiне жiберген елшiлерi. Әрине, пайғамбарлар күнәден, кемшiлiктен және олқылықтардан таза екендiгi айқындалған жандар. Олардың әр басқан қадамы мен iзi бүкiл адамзат үшiн жоғары қасиеттiң, аса жағымды мiнез-құлықтың үлгi-өнегесi. Пайғамбарлар - адамзатқа Алла Тағаланың дiнiн жеткiзу арқылы оларды жаман iстерден сақтандырып, жақсы iстер iстеуге шақыру үшiн жiберiлген. Алла Тағала бұл жөнiнде былай дедi: "Расында әр үмметке: "Аллаһқа құлшылық қылыңдар, бұзықтықтан аулақ болыңдар" дейтiн елшi жiбердiк" /1/. Мұхаммед Алла Тағала тарапынан адамдарға Исламды жеткiзу арқылы бұрынғы дiндердi аяқтаған ең даңқты Пайғамбар. Мәшһүр Жүсіптің Мұхаммед Пайғамбарымыз туралы жазылған «Хаятбақшы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі»  дастандары, «Пайғамбардың ақтық үні»,  «Мұхаммед пайғамбар туралы» өлеңдері - Алла Елшісінің өтыныс тіршілігі, өмір баяны, жетімдігі мен қиыншылықтары, бақиға аттанардағы көңіл-күйін және оның жанындағылардың хал-ахуалын эпикалық тыныспен жырлаған туындылар бар. Сонымен бірге Мәшһүр Жүсіп әр шығармасын: «Бісміллә-р-рахмани-р-рахим! Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллланың атымен бастаймын»- деген қасиетті сөзбен бастап отырған. Пайғамбарлар - Алла Тағаланың халық арасынан таңдап алып, адамдардың өзiне жiберген елшiлерi. Әрине, пайғамбарлар күнәден, кемшiлiктен және олқылықтардан таза екендiгi айқындалған жандар. Олардың әр басқан қадамы мен iзi бүкiл адамзат үшiн жоғары қасиеттiң, аса жағымды мiнез-құлықтың үлгi-өнегесi. Пайғамбарлар - адамзатқа Алла Тағаланың дiнiн жеткiзу арқылы оларды жаман iстерден сақтандырып, жақсы iстер iстеуге шақыру үшiн жiберiлген. Алла Тағала бұл жөнiнде былай дедi: "Расында әр үмметке: "Аллаһқа құлшылық қылыңдар, бұзықтықтан аулақ болыңдар" дейтiн елшi жiбердiк" /1/. Мұхаммед Алла Тағала тарапынан адамдарға Исламды жеткiзу арқылы бұрынғы дiндердi аяқтаған ең даңқты Пайғамбар. Мәшһүр Жүсіптің Мұхаммед Пайғамбарымыз туралы жазылған «Хаятбақшы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі»  дастандары, «Пайғамбардың ақтық үні»,  «Мұхаммед пайғамбар туралы» өлеңдері - Алла Елшісінің өтыныс тіршілігі, өмір баяны, жетімдігі мен қиыншылықтары, бақиға аттанардағы көңіл-күйін және оның жанындағылардың хал-ахуалын эпикалық тыныспен жырлаған туындылар бар. Сонымен бірге Мәшһүр Жүсіп әр шығармасын: «Бісміллә-р-рахмани-р-рахим! Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллланың атымен бастаймын»- деген қасиетті сөзбен бастап отырған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз шығармаларында Мұхаммед Пайғамбардың өмірі тұлғалық бинесі туралы деректер жиі кездеседі. Әсіресе Мұхаммед Пайғамбардың өмірге келген уақыттан бастап, қайтқан күніне дейінгі аралықта болған оқиғалар шынайы бинеленген. Пайғамбарымыздың біз тәрізді адам баласы екенін баяндай келе, Құран-Алланың кәламы екенін ашып көрсетуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіп: «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салиалла тағала ғалияөссалам 570 жылында 27 апрельде 12 інші абиғлауында дүйсенбі таң ата дүниеге келміш дүр» /2/, деп құнды мағлұмат келтіреді. Бірақ көптеген әдебиеттерде пайғамбарымыздың дүниеге келген жылы мен күні әр түрлі көрсетіледі де, айы мен аптасы Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы көкектем және дүйсенбiге сай келеді. Пайғамбарымыздың анасының аты - Уахаб қызы Әмина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Мәшһүр Жүсіп: Ғабдолла Әмина атты қатын алды, Ибраһим мәтиімен некеленді. Әуелгі жолыққанда, ғабдолладан Расулдің Әминаға нұры барды. Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті, Пайғамбар тумай тұрып өтіп кетті. Бір құдай Мұхаммедтей сүйер досын Қарнында анасының жетім етті /3/,- деп Мұхаммед Пайғамбардың жетім қалғанын жырға қосып, жетім баланың жаратушымыздың қанатының астында болғанын ескертеді. Мәшһүр Жүсіп «Пайғамбардың нұры» деген шығармасында: «Мүталлап-парасатты, болды дана.... Алланың беруімен Мүталлаптан, Он ұғлы пайда болып, туды бала» /3, 296 б./, -деп  Мұхаммед Пайғамбардың ата бабалары туралы мағлұмат бере келе Абдулланың он ағайынды болғанын баяндайды.  Пайғамбарымыздың әкесі де жай адам болмаса керек. Себебі Мәшһүр Жүсіп: Ғабдолла сұлу еді, артық түрі, Бар еді маңдайында расул нұры /3, 296 б./, - деп жазады. Мәшһүр Жүсіп: «Сол уақытта пайда болды көп ғаламат, Сиарда бәрін бірдей айтады жат», - деп Мұхаммед Пайғамба дүниеге келген тұста, бірнеше ғаламаттар орын алса керек. Сол таңда болған елеулі оқиғалар былай жазылған: «Аллаһтың елшісі туылған күні Кисра сарайында он төрт ұстыны құлады. Мәжусилердің (отқа табынушылар) өмірі өшпеген оттары сөніп, Сауа көлі құрыды». Бүкіл әлем ұзақтан бері сағына күткен Мұхаммед (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) дүниеге келеді. Енді бірде Мәшһүр Жүсіп: «Туды енді көк пен жерге шағып нұрын, Кенелді кеңсірігі ашық мұрын» /4/, - деп жақсылыққа жориды. Жамандықпен жақсылықтың қатар жүрері хақ. Сондықтан да жетім болса да әкесінің көзі ретінде, туған туысқандарының шапағатында болды. Араб халқында салты бойынша жаңа туған баланы өз анасынан басқа сүт ананың тәрбиесіне беретін болған. Мұндағы мақсат - жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Пайғамбарымыз бес жасқа келгенше Халима анамыздың тәрбиесінде болады. Ол Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы Әмина өз қолына алады. Туған туысқандарына деген сағыныштың сүйреуімен Әмина анамыз ұлымен бірге Иасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Осы сапары барысында Әмина анамыз Мәдинада болып, Меккеге баруды жөн көріеді. Бірақ екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болып, сол жерге жерленеді. Мәшһүр Жүсіп: Қанша қайғы келсе де, қайғы білмей, Сіңіп кете беріпті қара жердей, - деп Мұхаммед Пайғамбарымыздың балалық шағы қайғы мұңға толы болғанын аңғартады. Дегенмен де бала Мұхаммед мойымады,  жетім болғанымен де Алланың қамқорында болды. Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп: Міне, қара-құдайдың сүйген құлын, Өзі білен құлының қадір пұлын. Тайға таңба басқандай белгілі қып, Жетімдікпен жаралап қойды дүлін. Қалай қылса еркі бар тәңірім өзі, Айтып, кәне, өтеді кімнің сөзі?! Жетімдіктің тозаңы жүзіне ұрып, Іштейінен үйренді жасқа көзі. Қашан жетім көркейген көңілі өсіп, Күнде зәулі басына аспан түсіп. Періштелер аузында сөз болыпты, Қылысқанда әңгіме: «Жетім!» десіп. Жетімдікті құдайым ғазиз қылды, Қайғы ғамға көп салмақ сүйген құлды. Әр не қылған ісіне болып риза, Пенде қысқа ұстаса керек тілді. Тәңірім айтты: -Әрқашан басыңдамын. Жетім қылдым досымды жасында мен. Кімде кімнің боп жүрсе көңілі сынық, Әне, соның күндіз түн қасындамын! Жеткізбей ақ қойыңдар сендер мақтап, Періштелер, сендер де сөйле шақтап. Жай жетім емес достым, дүр жетім, Әлі ақ адам қыламын өзім сақтап /4, 130 б./,-деп Пайғамбарымыз жетім қалуының өзін: «Көрсетіп тұр құдіретін шын құдайлық», дей келе, Алланың пешенесіне жазғаны солай екенін аңғартады. Сөйтiп, Мұхаммед пайғамбар алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб  тiрi едi. Содан бастап Абдул-Мүтәлиб  немересiн өз қолына алады. Дегенмен де тағдыр тәлкегінің кемесі бір жағада тұрған ба? Екі жылдан кейін кәріліктің салдарынан Абдул-Мүтәлибте көз жұмады. Мәшһүр Жүсіп: «Сегіз жаста сергелдең күйге түскен, Мұхаммедтей бар ма екен болған жетім?!», -деп, әлi буыны бекiп бұғанасы қатпаған сегiз жасар баланың тазе жетім қалғанын айтады /4, 135 б./. Өз - өзінен жүрген ді от боп жанып, Күіп-пісіп, сонда да біздей налып! Әкесімен өзінің бір туысқан, Енді қолға алыпты Әбутәліп. Қуындай  боп шақпақтың от алыпты, Қасірет оты ішінде тұтаныпты. «Екі дүние шырағы» - хақ Мұстафа- «Әбутәлім жетімі» - атаныпты /4, 135 б./, деп Мәшһүр Жүсіп Пайғамбарымыз Әбутәліптің қарамағына көшкенін баяндайды.  Әбутәліп өте қарапайым, ақылды адам болса керек. Себебі кедеи болсада, Пайғамбарымызды өз баласындай көріп, қамқорына алады. Пайғамбарымыз оннан асқан шағында шаруашылыққа араласып, туған туысқандарының көңілінен шыға бастайды. Тіпті Әбутәліп оны Шам елiне сапарға алып шығады. Келеңсіз оқиғалардан кейін Пайғамбарымыз бұдан кейін еш қайда сапарға шықпаған. Бүктемеде бұ сөздің көбі кетті. Әр жасында біртүрлі тамаша етті. Бес жыл бұрын жүріпті қойды бағып, Өйтіп-бүйтіп жиырма жасқа жетті /4, 136 б./,-деп Мәшһүр Жүсіп пайғамбарымыздың жастық шағы туралы қысқа да нұсқа мағлұмат береді.  Жиырма жасында Мұхаммед Пайғамбар алғаш рет азамат ретінде көзге түседі. Сол уақытта Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде құрайш және қайыс руларының арасында соғыс өрши түскен болатын. Жастығына қарамастан Пайғамбарымыз екі руды татуластыру үшін бар күш жүгерін салып, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Осы оқиғадан кейін адалдығымен, шыншылдығымен, ақ көңілділігімен елге танылған пайғамбарымыз жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Мәшһүр Жүсіп: Саны жоқ такыр пұлдың жиған тамға, Жейтін уыз табылмақ тегін нанға. Бозбаланы ай кесіп жалдап жатыр. Жүк жөнелтіп күнбе күн Мысыр, Шамға /4, 139 б./,-деп Пайғамбарымыздың алғашқы керуені туралы жырласа, енді бірде: «Хадишаның жалдауға керуеніне» Осы жолында болашақ Хадиша анамыздың сауда керуенiн бастап барғанын паш етеді. Пайғамбарымыздың алғашқы сапары сәтті болып, керуен елге олжалы қайтады. Көп ұзамай Мұхаммед Пайғамбар мен Хадиша анамыз некелесіп, отбасын құрады. Пайғабарымыздың қайырымды істерінің куәгері болған жұрт  Мұхаммед әмин деп атап кетедi. Бұған қағбаның дауы себеп болса керек. Деректерге көз жүгіртер болсақ Қағбаның қабырғасын жөндеп, қара тасты өз орнына қояр кезде араб руларының арасында дау жанжал шығып, Пайғамбарымыздың әділдігінің арқасында шешімін тапқан екен. «Мұхаммед-Әмин», яғни «Сенімді Мұхаммед» деген мағына береді. Ол адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Бір нәрсе сұраған адамды бос жібермейтін. «Мен тек қана таратушымын, беріп тұрған Аллаһ» дейтін. Бірақ қайыр сұрағанды жек көретін. Одан құтылу үшін еңбектеніп, ақша табудың жолдарын көрсететін. Аталмыш оқиғадан кейін Пайғамбарымыздың абыройы өсіп, араб руларының арасында оны жақтаушылар саны арта бастайды. Дегенменде қоғамдағы бақталас пен көп пұтқа табынушылықтан бойын аулақ салып, қараңғылықтан шығар жол іздей бастайды. Түсінде көрген нәрселердің өңінде орындалып жатқанына мойын бұрмай, әйтеуір бір жаратушының бар екенін сезеді. Қасындағылардың ақ пен қараға бөлініп дауласып жатқанын көріп, оңаша болуды ойлайды. Ол Хира тауындағы үңгiрге барып түнеп жүредi. Кейде сол жерде тiптi айлап жатып қалатын кездерi болған.  Сол уақытта Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарға бірінші уахи түсіреді. Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген  Құран Кәрімнің ең  алғашқы аяты «Оқы» әмірімен басталған-ды. Яғни, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с) періште келіп:  "Оқы, жаратқан Иенiң атымен оқы! Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенiң Тәңiрiң - ең жомарт! (Ол) қаламмен (жазу) үйреттi. Адамдарға бiлмегенiн бiлдiрдi", деген.  Көп ұзамай екінші рет Алла Тағала жұртқа ибадатты жасырын оқуға шақыруды бұйырады. Мұхаммедке 610 жылғы Рамазан айының бір түнінде Жебірейіл періште келіп, аян береді. Ол аспандағы Алла тағалада сақталған Құран кітабының беттерін аша бастайды. Осыдан кейін барып Пайғамбарымыз ислам  дінін уағыздай бастайды. Мәшһүр Жүсіп деректеріне көз жүгіртер болсақ, Мұхаммедке қырық жасында пайғамбарлық беріліп, Ислам дiнiн қабылдаған ең бiрiншi адам -Хадиша анамыз болса керек. «....Сол уақытта Мекке халқын 12 жылдай иманға шақырып, 40 кісіден артық жар, дос таба алмай, 53 жыл ақырында Мединеге, Мүнәрре көшіп бұл һижрет миладінің 613 жылдарына келеді» /5/. Кейiн басқа да көптеген адамдар осы дiндi қабылдады. Арада көп уақыт өтпей-ақ, бұл хабар жалпақ елге тарай бастады. Ислам дiнiн жасырын уағыздау тұп-тура үш жылға созылды. Төртiншi жылы Алла Тағала Пайғамбарымызға Ислам дiнiн ашық насихаттауды бұйырды. Ислам дiнiне дейiн араб халықтары түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын. Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан берi ата-бабалары табынып келе жатқан сенiмнен бас тарту кiмге болса да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы жалпы араб халықтарына, оның iшiнде құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып, Аллағаа иман келтiруге, Алланың жердегi Елшiсi - өзiне бой ұсынуға шақырды. Аллаһ Тағала сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) арқылы дүниеге жаңа өмір берді. Ол негізін қалап, жүректерге орын тепкізген иман (сенім) сәулесінің арқасында қате, жалған сенімдер жойылды. Мұхаммед пайғамбардың шапағаты әлемдегі екі миллиардқа жуық мұсылман қауымына ғана емес, бүкіл адамзатқа тиесілі. Олай дейтініміз, ол негізін салған ислам дінінің қасиетті қағидалары адамзат қауымын адалдыққа, достыққа, мейірімділікке, бейбіт өмірге, қайы-рымдылыққа шақырып, ізгілік атаулымен үндесіп тұр. Ислам сөзінің баламасы - бейбітшілік. Оның ұлы мұраты - ибалы адам, иманды қоғам. Ислам туының түсі - жасыл. Жасыл түс - Аспан-Атаның тазарған, Жер-Ананың жасарған шағындағы реңк. Көңілге нұр, өмірге сәуле құятын қасиетті Құран аяттарының бірінде: "Алла жалғыздықты сүймейді", деп жазылған. Осыдан-ақ исламның имандылыққа бастайтын ұлы мұратын аңғару қиын емес. Пайдаланған әдебиеттер: Нахыл 16:36. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 11-том, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2007 жыл. 227 б. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 4-том, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2004 жыл. 296 б. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 3-том, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2003 жыл.  129 б. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 12-том, Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2008 жыл. 153 б.
qosymsha/abai.kz
post_47381.txt
Статистикалық деректер енді қолжетімді
https://abai.kz/post/47381
"Статистикалық деректер енді қолжетімді" | "https://abai.kz/post/47381"
12.12.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Статистикалық деректер енді қолжетімді URL: https://abai.kz/post/47381 META: "Статистикалық деректер енді қолжетімді" | "https://abai.kz/post/47381" DATE: 12.12.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 161 TEXT: 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 17-бабына сәйкес респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға  міндетті. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды. Қазіргі уақытта, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің http:/www.stat.gov.kz сайтында респонденттерге  Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау бөлімінде статистикалық есептерді, оның ішінде «Деректері жоқ» статистикалық нысандарды қоса, электрондық түрде тапсыруға мүмкіндік барын мамандар хабарлайды. «On-line» тәртібінде электрондық есепті тапсыру үшін, заңды тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Электронды цифрлы қолтаңбасын алу “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінде  жүзеге асырылады. Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің ғимаратында “Азаматтарға арналған үкімет ”  мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ ОҚО бойынша “ХҚКО” департаментінің бөлімшесі бар. Сондай-ақ бүгінде тұрғындар "Ашық үкімет" жобасы негізінде статистикалық деректерді облыс әкімдігінің, сондай-ақ  облыстық Статистика департаментінің ресми сайттарынан кез-келген уақытта көріп, таныса алады. Бұл халық пен билік арасындағы ашық байланысты білдіреді. Абай ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_61284.txt
Түркімен президентінің ұлы атасының атындағы медальмен марапатталды
https://abai.kz/post/61284
"Түркімен президентінің ұлы атасының атындағы медальмен марапатталды" | "https://abai.kz/post/61284"
30.10.2017
Abai.kz
null
TITLE: Түркімен президентінің ұлы атасының атындағы медальмен марапатталды URL: https://abai.kz/post/61284 META: "Түркімен президентінің ұлы атасының атындағы медальмен марапатталды" | "https://abai.kz/post/61284" DATE: 30.10.2017 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 217 TEXT: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мәлікгулы Бердімұхамедов атындағы медальмен марапатталғандар арасында президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов те бар. Бұл туралы жергілікті баспасөз хабарлады. Күш құрылымдарының өзге қызметкерлерімен бірге "Отанға сіңірген еңбегі үшін" майор Сердар Бердімұхамедовке де медаль табыс етілген. Хабарларға қарағанда, ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі награда алғандар тізімінде Сердар Бердімұхамедовтің аты-жөнін көрсетпеген. "Фергана" ақпарат агенттігі Сердар Бердімұхамедов – Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жалғыз ұлы екенін жазған. Бейресми деректерге қарағанда, ол әкесінің мұрагері болуға дайындалып жүр. Азаттықтың Түркімен қызметі (Азатлык радиосы) президент ұлының саяси белсенділігі де дәл осыны байқатады дейді. Азатлык түркімен мемлекеттік баспасөз құралдарында Сердардың республика қайраткерлерімен кездесуі туралы кеңейтілген хабарлар берілетіндігіне назар аударады. Сердар Бердімұхамедов Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында оқыған. Оны тәмамдағаннан кейін Түркіменстан президенті жанындағы көмірсутек ресурстарын пайдалану және басқару жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшылығында жұмыс істеген деп жазады агенттік. Сонымен бірге ол Ахал уәлаяты прокурорының көмекшісі, сыртқы істер министрлігі департаментінің басшысы болған, Түркіменстан парламентінің депутаты болып сайланған. Түркіменстанда президенттің әкесі Мәлікгулы Бердімұхамедов атындағы медаль биыл тамызда жаңадан тағайындалған. Бүгінде 85 жасқа келген бұл адам еңбек жолын бастауыш мектеп мұғалімі болып бастап, кейін СССР ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелерде жұмыс істеген. Ішкі істер әскерінің подполковнигі шенінде зейнетке шыққан. Қазір көзі тірі оның есімі Ашғабаттағы Түркіменстан ішкі істер министрлігі әскери бөлімі мен туып-өскен Ызгант ауылындағы мәдениет үйіне берілген, осы екі жерде оның мүсіні де орнатылған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_176912.txt
Отбасылық зорлық-зомбылық жасаушыға жаза күшейтіледі
https://abai.kz/post/176912
"Отбасылық зорлық-зомбылық жасаушыға жаза күшейтіледі" | "https://abai.kz/post/176912"
01.12.2023
Abai.kz
null
TITLE: Отбасылық зорлық-зомбылық жасаушыға жаза күшейтіледі URL: https://abai.kz/post/176912 META: "Отбасылық зорлық-зомбылық жасаушыға жаза күшейтіледі" | "https://abai.kz/post/176912" DATE: 01.12.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 814 TEXT: Жоғарғы Сот отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушыларға жазаны күшейтуді, «қамаққа алу үйлерін» құруды қолдайды. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылауға Бас Прокуратураның, ІІМ-нің өкілдері, судьялар, ғалымдар мен адвокаттар қатысты. Кеңесті аша отырып, Ә.Жүкенов: «Отбасылық қарым-қатынастардың дұрыс негіздерін қалыптастыру және сақтау мемлекеттің басым мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша ғылыми дау жалғасуда, – деп атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру құрамдары бірнеше рет Қылмыстық кодекстен ӘҚБтК-ге ауыстырылған, бұл әкімшілік жауаптылық шеңберінде құқық бұзушылықтардың осы құрамдарын анықтаудың жоғары тиімділігін көрсетті. Осы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық санатқа ауыстыруға байланысты өзгерістер, керісінше, елдегі тұрмыстық қылмыстың жағдайына теріс әсер етті. Мәселен, егер 2015 жылға дейін денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 3,5-4 мыңға жуық отбасылық дебошир әкімшілік жауаптылыққа тартылса, онда жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануымен ол 6 есеге – 700-750-ге дейін азайған. Кейін, 2017 жылдан бастап, осы құқық бұзушылықтарды ҚК-ден ӘҚБтК-ге ауыстырғаннан кейін оларды тіркеу 10 еседен астам өсті. Ә.Жүкенов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушыларға қатысты жазаны күшейту қажеттігін атап өтті. Спикер әкімшілік істер бойынша жүйелі түрде тартылатын адамдарға 45 немесе 60 тәулікке дейін қамаққа алу жазасын тағайындауға және ескерту түріндегі жазаны алып тастауға және неғұрлым қатаң санкциялар көздеуді орынды деп санайды. Одан кейін Ә. Жүкенов журналистерге арналған брифингте әкімшілік іс сотқа қарау үшін келіп түскен кезде, сот істердің жартысын тараптардың татуласқандары үшін тоқтату жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Жәбірленушінің арызды кері қайтарып алу құқығы жазаның бұлтартпаушылық қағидатының бұзылуына әкеледі. Спикер ұсақ қылмыстық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды дереу қарау бойынша халықаралық стандарттарға өту міндетін белгіледі. Дебошир сотқа сол күні, қажет болса алғашқы тәулік ішінде келуі керек. Сонда татуласу, аяушылық мәселелері жойылады», – деді А.Жүкенов. ЖС құқық бұзушыларды жауапқа тарту процесін жеңілдету қажеттілігіне барынша назар аударуда. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша, оның ішінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында полиция құқығы моделі бойынша жекелеген оңайлатылған іс жүргізу болуға тиіс. Проблема ретінде алдымен отбасылық дебоширлер мен ұсақ қылмыскерлерді ұстайтын «қамаққа алу үйлері» деп аталатын жеке орындардың жоқтығын көрсетеді. Мемлекет аталған проблеманың өзектілігін түсіне отырып, қамаққа алу үйлерін құру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс, онда кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Қылмыстық теріс қылықтар туралы кодекс қабылданып, теріс қылықтар мен кейбір айқын қылмыстарды да Қылмыстық кодекстен ауыстыру қажет. Әкімшілік қамаққа алуға, шығарып жіберуге және басқа да жаза түрлеріне әкеп соғатын ӘҚБтК-ден кейбір жазаларды да қосу керек. ӘҚБтК-де мемлекеттік органдар соттың шешімінсіз өз бетінше жаза қолдана алатын әкімшілік құқық бұзушылықты ғана сақтау, қоғамдық жұмыстар түріндегі жазалар бойынша орындау тетігін көздеу қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы істер бойынша жәбірленушілердің құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жеке тәртіп істері бойынша іс жүргізуді қысқарту және оларды жеке-жария және жария айыптау істері санатына ауыстыру керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ҚПК-нің (ҚПК-нің 165-бабы) баламасы бойынша оны негізгі әкімшілік жазамен қатар қолдана отырып, «жақындауға тыйым салу» түрінде қосымша мәжбүрлеу шаралары көзделсін. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар қатарына қосу қажет. Мұндай істерді қарау, А.Жүкеновтың пікірінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізумен ұқсас тез жүргізіліп, бей-берекет болмауы тиіс. Бұдан басқа, ЖС сот алқасының басшысы қылмыстың дамуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жас ғалымдарды осы қызметке тарта отырып, қылмысқа байланысты неғұрлым терең зерттеулерді жүзеге асыру үшін криминологияны ғылым ретінде қайта құрудың маңыздылығын атап өтті. Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жазаларды қатаңдату шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты» жаңа саралау белгісі енгізілді. Мәжіліс депутаттары ҚК-нің 106 және 107-баптарынан денсаулыққа орташа және ауыр зиян бойынша «бас бостандығын шектеу» түріндегі жазаны алып тастауды, тек бас бостандығынан айыру жазасын ғана қалдыру бойынша жаңа түзетулер енгізуді пысықтауда. Ресми деректер бойынша, 2023 жылдың 10 айында қазақстандық соттар 62 мыңнан астам істі қараған, оның 56%-і (34 мың) тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Жоғарғы сот судьясы Мәдениет Омарбекова полиция органдары тарапынан профилактикалық жұмыстың болмауы да проблемалардың бірі екенін атап өтті. Фактілер анықталуда, жазалау шаралары тағайындалуда, бірақ бұл дебоширлердің заңсыз әрекеттерді жалғастыруын тоқтатпайды. Мұндай істерді қарау практикасы туралы айта отырып, ЖС судьясы дебоширлердің деректері енгізілетін база, сондай-ақ оларға жекелеген орталықтар құруды ұсынды. «Оларда кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Егер мұндай адам, мысалы, алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін болса, онда оған наркологтар, психологтар көмек көрсетеді, оны оңалту туралы мәселе туындайды», – деп санайды ЖС судьясы. Адвокат Әлия Илкенова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жәбірленушілерді мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың қатарына қосуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл шара тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына адвокаттарға тегін заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз етеді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Болат Бейісов жалпы күш-жігердің назары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталуы тиіс деп санайды. Бұл білім деңгейі, құқықтық білім, гендерлік стереотиптерді алып тастау, салауатты өмір салты мен тұрмыстық әдеттерді насихаттау болып табылады. Талқылау қорытындысы бойынша проблемалық міндеттерді тиімді шешу үшін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы заңды одан әрі реформалау бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_8324.txt
Айдос Сарым.: «Шындыққа монополия жоқ...»
https://abai.kz/post/8324
"Айдос Сарым.: «Шындыққа монополия жоқ...»" | "https://abai.kz/post/8324"
03.05.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Айдос Сарым.: «Шындыққа монополия жоқ...» URL: https://abai.kz/post/8324 META: "Айдос Сарым.: «Шындыққа монополия жоқ...»" | "https://abai.kz/post/8324" DATE: 03.05.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 2139 TEXT: - Кезектен тыс сайлау өткізілген соң, қазіргі саяси күйге қандай баға берер едіңіз? Тұрақтылыққа таңдау жасаған халықтың толқынысын басып, үмітін ақтауға тұрарлық тірліктің нышаны көрінемін дей ме? - Кезектен тыс сайлау өткізілген соң, қазіргі саяси күйге қандай баға берер едіңіз? Тұрақтылыққа таңдау жасаған халықтың толқынысын басып, үмітін ақтауға тұрарлық тірліктің нышаны көрінемін дей ме? - Сайлау аяқталғаннан бері  билік те, бір топ саясаттанушылар да «оның нәтижесі халықтың топтасуына, ұлттың ұйысуына ықпал етті» дегенді шаршаусыз айтып келеді. Қисынға салсақ, солай болып көрінуі де мүмкін. Алдағы бес жылға президенттік институттың тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, «мұрагерлер» мәселесін көтеріп жүргендердің аузына құм құйылғандай болды. Ал, шын мәнінде солай ма еді? Менің ойымша, өткен сайлау тек белгілі бір мүмкіндікті ғана жасады. Ол мүмкіндікті іске асыру үшін ғаламат еңбек етіліп, қыруар жұмыс жасалуы тиіс. Онсыз Президент сайлауының аспанға атылған отшашудан еш айырмашылығы болмай қалады. Атылды - қызықтадық, ертеңіне оның қандай болғанын ұмытып та кетеміз. Яғни өткен сайлаудың өзін біздер белгілі бір саяси үдерістердің қажетті алғышарты деп ұғынып, алдағы онжылдықта еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бірлігін, тұтастығын, мызғымастығын баянды ететін жобаларды белгілеп, оларды рет-ретімен іске асыруымыз міндет. Бұл жұмыс, пайымдауымша, үш бағытта өрбігені абзал. Біріншіден, ұлтты ұйыстыру, жаңа құндылықтардың маңына топтастыру. Екіншіден, саяси модернизация. Үшіншіден, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту. Бұл үш бағыт та бірізді, жүйелі, кешенді түрде атқарылуы қажет деп білемін. Бірін істеп, екіншісін кейінге қалдыра берсек, кешіге берсек, заманның көшінен де қала береміз. - Осыларды таратып айтып бере аласыз ба ? - Айтып көрейін. Бірінші бағытты «ұлтты ұйыстыру» деп отырмыз. Бұл не? Ең алдымен біздің елдегі осы 20 жылда жүргізілген ішкі саясатымызды тағы да таразылап, оның әдістемелік құралдары мен іске асыру жолдарын ревизиялау - уақыт талабы. Осыдан жиырма жыл бұрынғы қоғам мен бүгінгі қоғамның айырмасы жер мен көктей. Қалай болғанда да, тәу еткен тәуелсіздігіміздің басты жемісі де, жеңісі де жаңа ұрпақ, жаңа буын. Бүгінгі жиырма-отыздағы азат ойлы қазақ жастары! Осыдан 10-15 жыл бұрын қалыптасқан саяси ойлар мен идеологемалар оларды қызықтырмайды. Оларға аға буынның сөзі де дарымайтын болып барады. Олар жаңа кеңістік, жаңа өркен іздеуде. Әлем елдеріндегі дүмпулерді көріп отырмыз. Олардың артында сырт күштер тұрған жоқ. Өз ішінен туындап келе жатқан, пісіп-жетіліп, арнасынан шығып кеткен үдерістер. Үлкен сеңнің қозғалысы. Әсірелеп айтсақ, Шығыстың оянуы... Бұл үдерістер бізді де айналып өтпейді. Бүгін болмаса, бәлкім, екі-үш жылдың ішінде айналып қайтып келеді. Жаңағы Таяу Шығыс және Мағриб елдерінде не болып жатыр? Ел жаңарды, жастардың аға буынның замана көшіне іліге алмай келе жатқанына көзі жетті. Ғаламдық ақпарат кеңістігі, ақпараттық технологиялардың дамуы бұл үдерістердің өте мықты қоздырушысы болды. Бұл елдердің барлығы дерлік отардан шыққан. Содан бері екі буын жаңарды, елу жыл өтті. Бүгін үлкен өзгерістер үшін бар жоғы 25-30 жыл да жетіп жатыр. Себебі уақыт пен кеңістік сығылысып барады. Қысқасы, саяси ойлар мен жобалар нарығына жаңа жобалар қажет. Әрине, ол жобалар алдағы 20-30 жылға негізделуі тиіс. Кезінде «Қазақстан-2030» деген стратегиялық бағдарлама болды. Соның негізінде әлі дамып келе жатырмыз. Үлкен мақсат пен бағдардың болғаны қашан да жақсы. Алайда, өміріміздің 2030 жылмен шектелмейтіні хақ емес пе? Яғни ұлтымыз бен мемлекетіміздің даму бағдарламасы осыған дейін өткен жолымыздың ұзақтығына созылуы қажет емес пе? 1997 жылы алдыға қарап, 33 жылдың жолын ашуға, оны жарықтандыруға тырыстық. Бүгін, міне  2011 жыл. Өркеніміз өссін десек, кем дегенде 2040-2050 жылдардың стратегиялық жоспарларын ойластырып, ұлттың болашағы қандай, мемлекетіміз қай бағытта дамуы қажет деген әңгімелерді сандық-сапалық тұрғыдан еселеп арттырып, кең көлемде ұлттық дискуссиялар өткізгеніміз абзал. Олардың қорытындылары, межелері біреуге ұнап, біреуге ұнамауы мүмкін, алайда онсыз болашағымыз бұлыңғыр болып қала бермек. - Сонда бүгінгі ішкі саясаттың барлығын жоққа шығару қажет дегеніңіз бе? - Мен революциялық жолмен жүру қажет деп отырған жоқпын. Саясат күн сайын заманның талабына икемделуі қажет, олай болмаса ол құрғақ және жалаң догмаға айналып кетеді. Менің айтпағым: Ф.Фукуяманың терминін қолданатын болсақ, бүгін біздер «посткеңестік тарихтың аяқталу» үдерісін басымыздан кешіп жатырмыз. Бітті, Кеңес заманына, оның құндылықтарына, институттарына еш аяусыз, жылап-сықтаусыз қош деуіміз қажет. Қазақ ұлты мен мемлекетінің «аналар азайсын», «мыналар дүниеден өтсін», «жаңалар шыңдала түссін» деп отыратын тарихи уақыты жоқ деп санаймын. Асылы «азаюы» да, «өтуі» де, «шыңдалуы» да дұрыс еді. Әттең! Бірақ араға белгілі уақыт салып, «ай, қап» деп санымызды соқпайық десек, белгілі бір үдерістерді тездетіп, белгілі бір үдерістерге балта шаппасақ, орнымызда тұра береміз. «Жаңа қоғамды» қалыптастыру тұрғысында еңбектенуіміз керек. Соған сай саяси идеологемаларды айқындап, оларды іске асыру тетіктерін белгілеп, қажетті мәдени, ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыра бастасақ. Егер бүгін қоғам мен мемлекет болашақтың құндылықтарын айқындамаса, онымен басқа күштер айналысып кетеді. Айналысып та жүр. Мысалы, атышулы дін мәселесін алайық. Діннен, әрине қорқып-үркудің қажеті жоқ. Дін - ұлтқа қажетті мәдени және әлеуметтік институт! Біз жалпы Ислам әлемінің бөлшегіміз, оған биылғы Ислам конференциясы ұйымындағы басшылығымыз дәлел. Бірақ біздер өзінің бет-әлпеті, ұстыны бар ислам мемлекетіміз. Еш жағдайда біздер ата-баба жолынан, тарихтан, мәдениеттен, дәстүрден ауытқымауымыз қажет. Біздің ел Пәкістан, Парсы, Түркия, араб елдеріндегі модельдерден ештеңе ұтпайды. Әрі кетсе, біз сол жақта қалыптасқан идеялардың сынақ алаңы емеспіз! Жетпіс жыл бойы «ұлттар достығының зертханасы» болып келгеніміз жетер! Дегенмен, сол 70 жылдан ұғатынымыз: қазақ дінсіз біраз құлдыраса да, ұлы мәдениеті мен тарихының арқасында өз-өзін сақтай алды. Ал осы ұлы мәдениет пен тарихсыз қазақ ұлтының сақталып қалуы екіталай дүние. Оларға балта шапсақ, басқа ұлтқа айналып кетуіміз мүмкін, бірақ қазақ бола алмаймыз. - Ал екінші және үшінші бағыттар бойынша не дей аласыз? - Өткен сайлауда Президент сайлауалды бағдарламасының басты бағыты ретінде саяси модернизация қажет деді. Ол бағдарлама халықтың қолдауына ие болды. Яғни, оны іске асыру үшін елде 95 пайыздық ымыра, консенсус қалыптасты деген сөз емес пе? Саяси модернизацияға қарсы күштер елде жоқ. Кез келген партияның бағдарламасында бұл мәселелер айқын көрсетілген. Жақында Президент жанындағы Ұлттық кеңес өз жұмысын жаңғыртады деген әңгімелер тарап жүр. Менің ойымша, оның күн тәртібіне нөмірі бірінші болып дәл осы саяси модернизация мәселесі қойылуы тиіс. Сол кеңестің отырысынан кейін барлық қоғамдық күштер мен елге танымал жекелеген тұлғаларды жинап, тиісті жұмыс тобы құрылып, ол бір-екі айдың ішінде өз ұсыныстарын ұлтқа ұсынса, керемет болар еді. Модернизацияның негізгі бағыттары: сайлау туралы заңнаманы, партиялық жүйені жетілдіру, парламенттік билікті күшейту, өзін-өзі басқару институттарын дамыту. Бұл жұмыстармен қатар билік пен қоғам бүгінгі саяси-партиялық жүйені жетілдіру тұрғысында жұмыс атқарса. Себебі елде қалыптасқан саяси партиялар қоғамда қалыптасқан саяси көзқарастардың жиынтығы емес, тіпті, керек десеңіз, қоғамдық ойды, оның метафизикасын мүлдем ашпайды, кейде оған қайшы келеді. Үшінші бағытқа келер болсақ, кейбір шаралар атқарылып та жатыр. Алайда мынадай басымдықтарды атағаным дұрыс болар: Дін бостандығы туралы Заңды сөзсіз қайта қарау; ақпараттық кеңістікті қорғау, оның ішінде шетелдік БАҚ-тардың таратылуына шектеу қою; құқық-сот органдарының жүйесін жетілдіру және реформалау; ұлттық экономикамыздың шикізатқа тәуелдігін азайту және монополиялармен күрес, бәсекелестікті арттыру; азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, техногенді апаттардан сақтану жүйесін дамыту; ұлттық армияның әскери дайындығын арттыру, оның инфрақұрылымының белгілі бір елге тәуелділігін азайту. Қауіпсіздік туралы айтып отырған кезде біз өзіміздің мүмкіндіктерімізді жақсы түсінуіміз дұрыс. Қолымыздан келетіні шамалы. Көптеген жағдайда біздің болашағымыз сыртқы саясаттағы қадамдарымызға байланысты. Бұл тұрғыда біздер басымдық ретінде мыналарды іске асырсақ: түркі интеграциясы жобаларын батыл іске асыру; «ұлы державалардан» еліміздің тұтастығы мен мызғымастығы тұрғысындағы қосымша кепілдемелерді алуға тырысу; дипломатиялық ведомствомыздың жұмысын дұрыс жолға қойып, оның саяси белсенділігін арттыру, т.б. - Алдағы Парламент сайлауының өту уақытына пікір пішіп жатқандардың сөзіне қосылу қаншалық маңызды? Әлде бұл да қолдан ұрықтанған қауесет болып, халықтың басым бөлігінің қалауын көрсетпей отыр ма? - Өз басым Парламент сайлауының уақытынан бұрын өткенін қалаймын. Бірпартиялы парламенттің елдегі саяси үдерістерге, еліміздің имиджіне кері әсер тигізіп отырғанын айтпағанның өзінде, оның әрі қарай отыра беруі ұлттық экономикамызға теріс әсерін тигізеді. Себебі, үш бірдей модернизацияны атқарып отырған атқарушы билікке мықты парламенттік бақылау қажет-ақ. Іске сын айтылмай, оның дұрыс, пәрменді, үдемелі, уақытылы атқарылуы күмәнді нәрсе. Биыл болмаса да, келесі жылдың жаз-көктемінде сайлау өтетін болса, Ресейдегі сайлау науқанының алдына түсуге мүмкіндік бар. Парламент сайлауының қашан өтетіндігі туралы ақпарат мемлекеттік құпия болмауы тиіс. Керісінше, оның мерзімін нақтылау, алдағы сайлаудың әділ және таза өтуінің кепілі! Саяси партиялық жүйені жылдың соңына дейін бір ізге салуға болады. Содан кейін жаңаланған не жаңадан дүниеге келген партиялар сайлауға дайындалуға белгілі бір уақыт беріліп, сайлауды бір кезеңде бастаса, тіпті керемет болады. Егер Парламентке екі не үш партия өтіп, шынайы көппартиялық мәжіліс жасақталса, ол болашақта, екі-үш сайлау науқанынан кейін жаңа саяси дәстүр мен мәдениеттің қалыптасуына алғышарт болады. - Ермұрат Бапи бұл аламан қарсаңында ұлттық партияның құрылып қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сол секілді жаңа партиялардың, жаңа саяси тұлғалардың пайда болуы мүмкін деп санайсыз ба? - Әбден мүмкін. Ұлтшылдықтың асып-тасып отырған кезінде ұлттық партияның болмауы қиянат. Себебі, салиқалы ұлттық партия дүниеге келмесе, оның электораты мемлекетке қарсы маргиналды не радикалды топтарға қосылып кетуі, ғажап емес. Екіншіден, билік қоғам ішінде «бұл билік қазаққа қарсы» деген тұжырымның орнығып кетуіне мүдделі емес. Есесіне, ұлттық партия құрылар болса, оның құрылуына кедергі болмаса, алдағы онжылдықта шешілуге тиісті көптеген үдерістер мен жобалардың дұрыс талқылануына, шешілуіне мүмкіндік ашылады. Мысалы, қазақ тілінің мемлекеттік тілге айналуы, латын қарпіне көшуі, қазақтың урбанизациясы мен демографиясы, диаспораны қолдау және елге көшіру секілді мәселелер бар. Бұларды тек биліктің күшімен іске асыру мүмкін емес. Бәрібір қоғамға арқа сүйеу қажет болады. - Сайлау өтті. Ендігі саяси реформалардың бағыты өзгеріп, айталық, ұлтшылдарды елеп-ескеріп, жаңаша ыңғай жасалса... Тегі болмаса, жаңа замандағы қазақ ұлтшылдарының жаңашыл ұраны қандай болуы керек? - Өткен сайлау қазақ ұлтшылдарының әлсіздігін көрсетті. Шынын айту керек, кеше ғана Ұлт бірлігі доктринасын талқылау сияқты билікпен болған бірнеше тартыста қазақ ұлтшылдары жеңіске жетіп келді. Алайда, алған биіктерін сақтай алмай қалды. Өткен сайлауда қазақ ұлтшылдары балама ретінде бірде-бір ортақ кандидатты тіркетпек түгілі, ұсына алмады. Өзін-өзі ұсынғандардың кейбірі мадақтан гөрі, мазаққа ұрынды. Басқаны айтпағанның өзінде, тарыдай шашылған ұйымдар миллион түгілі, тоқсан мың халықтың қолын жинай алмады. Бүгін оппозицияның дағдарысы деп жатырмыз. Дәл осылайша ұлттық-патриоттық ұйымдардың да дағдарысы туралы мәселені батыл қоятын кезі келген сияқты. Бүгінгі қазақ ұлтының әңгімесін ашық айтып жүрген азаматтар белгілі бір тұлғалардың маңына ғана емес, саяси құндылықтар мен жаңа ұрандардың айналасына топтасуы тиіс. Бүгін, өкінішке орай, ұлтшылдардың арасында мынадай жаман үрдіс бар. Билік пен мемлекетті шатастыру деген. Билікті сынау қажет, тіпті оны жек көруге де болады. Алайда билікке ренжіп, мемлекетке тас атуға болмайды. Билікпен бірігіп қызмет те жасау керек, алайда қажет кезде, принципті мәселелер бойынша оған бірігіп қысым көрсете білу керек. Жақсы болсын, жаман болсын бүгінгі билік - қазақтың билігі, көпшіліктің дауыс берген билігі. Оны түсінбеу, елемеу - саяси қателік. Қазақ ұлттық ұйымдарының көп уақыт бойы маргиналды ортада жүруі олардың ұсақталуына әкелді. Бұған, әрине, билік те айыпты. Көптеген жағдайда олардың ұрандары иә ескірген, иә адамның ойына сыймайды. Соның кесірінен де ұлттық жобалар мен ұсыныстарды билік те, басқалар да құбыжық ретінде қабылдайды. Олай болатын болса, алдағы уақытта ұлттық ұйымдарға жаңа буын келуі керек. Жастар ұйымына ағамыз керемет, мына ағамыздың еңбегі бар демеуі керек. Саясатта ағайыншылық болмайды. Жаңа буын өзін-өзі ісімен дәлелдеп, қажет болса ағаларының орнын тартып алуы керек. Онсыз саясатта өзгеріс болмайды. Ұлттық қозғалыс құбыжық болмауы тиіс. Билікпен де, өзге де күштермен де жұмыс істей білу керек. Ренжімесеңіздер, бұл тақырыпты кейіннен таратып ашып берейін. - Нұрлан Ерімбетов пен сіздің атыңызға осы сайлаудың кем-кетігін жауып, маңызын көтермелегені үшін біраз сын айтылып жатқанын білеміз. Бұл енді расында сын айтатындай жағдай ма еді? - Осы сайлау кезінде оппозиция билікке қарсы емес, бізге қарсы жұмыс істегендей болды. «Бұның артында не тұр?» деген сұрақ туындайды. Неге, мысалы, жиырмадан астам адам кірген, оның ішінде Мұрат Әуезов, Төрегелді Шарманов, Смағұл Елубай сияқты азаматтар кірген комиссияның ішінен тек Нұрлан екеумізді ғана сынап жатыр? Өз басым себебін жақсы түсінемін. Соңғы бір айдың ішінде жазылған мақалалардың артында бір ғана мәселе бар: үрей мен қызғаныш. Болды, басқа ештеңе жоқ. Ол мақалаларды жазуға тапсырыс бергендер де қызық. Сайлауды сына, оны мойындама, ал осыдан кейін инаугурацияға барып нелерің бар? Мойындамасаң, соңына дейін мойындама. Тірес, күрес. Бізге қарсы жазылып жатқан мақалалар - шарасыздықтың белгісі. Айналайындар-ау, бізбен емес, билікпен күресіңдер, мықты болсаңдар. Біздің қолымызда билік жоқ әзірге. - Сонда олар неден сескененді деп ойлайсыз? - Жылытқан орындарынан  айрылып қаламыз дейтін болар. Шынын айтайын, олардың газетінің де, партияларының да Нұрлан екеумізге қажеті шамалы. Өз басым олармен айтысқым да келмейді. Бірақ айтыстан қорықпаймыз да, қашпаймыз да. Әр адамның өз шындығы бар. Шындықта монополия жоқ. Егер шынымен ұлттың мәселелерін шешкіміз келсе, әркімге де орын да, тақырып та жетеді. Ұлттық мүддені іске асырудың жолдары бір ғана топтың айтып жүргенімен шектелмейді. Тіпті ұлтқа қызмет ету үшін де өзара бәсекелестіктің болғаны жөн. Қайталайын, салғыласу емес, бет жыртысу емес, заманауи тұрғыдағы саяси бәсекелестік. Не болса да Сұлтанмахмұт жырлаған Алаш күні биіктей берсін, жана берсін, оның астына барлығымыз да сыйып кетеміз. Жаңағы азаматтардың шұрық-тесік қол шатырларының астынан орын іздейтін біз жоқ. - Қазір Исматуллашылар мен «Хабар» агенттігінің, «Абай.кз» пен «Жас алаштың» арасында ақпараттық соғыстың нышаны байқалып жатыр. Осы үрдістердің өрбу қарқынына қарап, бұл қақтығысты шешудің нақ жолы деп айта аламыз ба? - «Абай.кз» порталы мен «Жас Алаштың» мәселесі туралы жоғарыда айттым. Исматуллашыларға келсек, біз мынаны естен шығармайық. Өз ойым, бүгінгі күнгі сопылардан нөмірі бірінші «діни радикал» жасау қателік. Егер діни радикализммен күрес шынайы жүргізілсе, басқа да секталар мен ағымдарды да жүндеу де, жөндеу де, жабу да қажет. Сопылардан «шайтан» жасап, нағыз «шайтандарды» тайраңдату мемлекетшілік саясатқа жатпайды. Сопылық дәстүр - қазақтың өзіне тән, терең тарихи-мәдени фактор. Біздің бүгінгі болмысымызды қалыптастырған үлкен рухани ағым. Бұны жуырда Елбасымыз да Түркістанға барған сапарында мойындады. Сопылықты керағар жат ағым қылып көрсетудің артында, биліктің қолымен от көсейтін үлкен саяси ойындар тұр. Мемлекет оларға алданып қалмауы тиіс. Жекелеген адамдар мен үлкен рухани ағымның арасын айыра білгеніміз абзал. Қажет десеңіздер, тиісті саясат жүргізілген жағдайда сопылар шын мәніндегі радикал ағымдарға қарсы қояр бірден-бір исламдық күшке айналуы тиіс. Сұхбаттасқан - Өркен КЕНЖЕБЕК, «Халық сөзі» газеті, №34
qosymsha/abai.kz
post_82478.txt
"Оптимист" Архимед Елбасының тапсырмасын 46 пәтермен орындап тастапты
https://abai.kz/post/82478
""Оптимист" Архимед Елбасының тапсырмасын 46 пәтермен орындап тастапты" | "https://abai.kz/post/82478"
07.12.2018
Жайберген Болатов
null
TITLE: "Оптимист" Архимед Елбасының тапсырмасын 46 пәтермен орындап тастапты URL: https://abai.kz/post/82478 META: ""Оптимист" Архимед Елбасының тапсырмасын 46 пәтермен орындап тастапты" | "https://abai.kz/post/82478" DATE: 07.12.2018 AUTHOR(s): Жайберген Болатов TOTAL WORDS: 1097 TEXT: Елбасының бес әлеуметтік бағдарламасының ішіндегі ең бір елеулісі де, көкейтестісі де халықты тұрғын үймен қамту мәселесі десек артық айтқандық болмас. Сол үшін де Президентіміз арнайы «7-20-25» бағдарламасын мұқият тәптіштеп, жан-жақты ойластырып, шенеуніктерге соқырға таяқ ұстатқандай етіп қатаң тапсырды. Оның өзіндік себептері де бар еді. Мұның ең басты мақсаты еліміздегі жұпынылау өмір сүретін, табыстары онша қомақты емес, тек айлыққа қарап қалған жандарды арзандау баспанамен қамтамсыз ету еді. Ол үшін де алғашқы жарнаны барынша азайтып, несиені төлеуді барынша ұзартқан-ды. Барша халық мұны қуана қабылдаған. Үй-күйсіз жүрген жабырқау жандардың қабағы ашылып, келешекке деген үміті маздап жанғандай күй кешкен. Алайда жап-жақсы басталған бастама бүгінде сиырқұйымшақанып, аяғы құрдымға кететін түрі бар. Бұл асыра айтқанымыз емес, қазіргі жағдай дабыл қағарлықтай. Өйткені еліміздегі 18 миллион халықтың тек 4,6  милионы ғана, яғни елдің 25 пайызы ғана ипотека бойынша пәтер алдуға мүмкіндігі бар. Қалғандарының не мойындарында банкке қарызы бар немесе алған қарыздарын дер кезінде қайтара алмай банктің «қара тізіміне» ілінгендер. Сол банктің тілімен айтсақ «несиелік тарихы» (кредитная история) нашар жандар. - Бір адам 30 мың теңгеге тоңазытқыш алды делік. Ал егер ол соның 3 мың теңгесін төлеуді ұзартып алса бірден банктің «қара тізіміне» ілінеді, - дейді сенатор  Ғұмар Дүйсенбаев. - Біздің көптеген азаматтарымыз осындай кедергінің кесірінен бағдарлама бойынша пәтер алудан сырт қалуда, - деп қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Егер осы жайды цифр тіліне көшірер болсақ, жағдай былай болып шығады. Біздегі 18,3 миллион адамның 13,7 мыңына шектеу қойылған. 3,5 мың адамның мойында несиесі бар. Мұндайларға енді 15 жасқа жетпеген балалар 5,3 миллион, өзін-өзі қамтамасыз ететіндер (жұмыссыздар десе де болады) 2,1 миллион, зейнеткерлер 2,1 миллион, несиесін өтей алмай жүргендер 250 мың адам, студенттер 500 мың адамды қосыңыз. Өкінішке қарай, енді осы қиын түйінді шешудің жолы жоқ көрінеді. Қолында билігі барлардың бұған онша басы ауырмайтыны байқалады. Ал біздің Ұлтық банктің төрағасының орынбасары Олег Смоляков болса біздің басты банкіміз сол екінші дәрежелі банктерге бұл мәселе бойынша ештеңе істей алмайтынын айтып, өздерінше ақталып бағуда. Бұл өзі қызық саясат екен. Сол екінші дәрежелі банктер ақшадан қысылып, тығырыққа тірелгенде Ұлттық банкіміз оларды сол қаржы дағдырысынан құтқару үшін миллион емес, миллиардтаған ақша бөліп, аса мырзалық танытуға келгенде керемет қауқарлы. Ал елдің 14 миилионнан астам адам үшін сол банкілердің қолдан жасалған қиындықтарын жеңілдетуге келгенде ештеңеге әлі келмейтін бейшара бола қалатыны қалай? Мұның өзі екіжүзділік емес пе? Зейнетақы қорындағы миллиардтаған ақшаға ауыз салып, өздігінен табысты жұмыс істеуге мүлдем жарамсыз, үкіметтен тек ақша дәметуді дағдыға айналдырған банкілерді мүмкін банкрот ету керек шығар? Халыққа қысылғанда қол ұшын бермейтін қаржы институттарының кімге қажеті бар? Әлде банкілер өздерінше, халық өздерінше бөлек өмір сүріп жатыр ма? Арзан пәтерге көп жұрттың қолы жетпеуінің тағы бір себебі - халықтың көпшілігінің банк алдында табысын дәлелдей алмауында. Өйткені жұрттың көпшілігінің несие алмақ түгілі, айлығы шайлығы жетпейді. Ал жаңа пәтерге қол жеткізу үшін айлық табысың 120 мың теңгеден кем болмауы шарт. Мұны сол Ұлттық банкіміздің төрағасы Ақышевтың өзі ашық айтты. Неге бұлай? Ол кісі шынымен көп жұрттың жалақысының бұл сомаға тіпті жақындамайтынын білмей ме? Білмейтін шығар. Өйткені біздегі статистиканың мәлімдеуінше еліміздегі орташа айлық тұп-тура 159 мың теңгені құрайды. Шын мәнінде, мұның өзі өтірік дерек. Бұл кезінде кеңес одағынан қалған, жұртты алдау үшін ойлап шығарған  «жұқпалы сырқат». Қазіргі уақытта мұндай жалған көрсеткіштен өркениетті елден баяғыда-ақ бас тартқан. Оның орнына экономиканың қай саласында жұрт қандай айлық алады, міне осыны саралап көрсетеді. Сонда ғана шынайы ақпарат шығады. Ал қалғандары «бәрі де жақсы, бәрі де тамаша» деп халықты алдаусыратуға бағытталған көзбояушылық. Міне осы жалған деректі Ұлттық банкісі бар, қалғандары да бар, Елбасыға жеткізіп, қалың көпшілікті шатастырады. Өзіміз ойлап қарайықшы, егер халықтың барлығы да 160 мың теңгеге жуық жалақы алатын болса, әрине, кім-кімнің де қандай да пәтер алуына еш кедергі жоқ қой. Тек қана мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысының қандай екеніне көз салып байқаңыз . Бәрінің да «қағанасы қарқ, сағанағы сарқ» болса, неге мұғалімдердің жалақысын көбейтеміз деп жатырмыз? Білім және ғылым минситрінің орынбасары Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда үкіметіміз ұстаздардың айлығын көтеру үшін келесі жылы бюджеттен 129 миллиард теңге, ал 2020 жылы 150 миллиард теңге бөлмекші көрінеді. Жалақысы өздері айтқандай жоғары болса, онда осыншама мол қаржы шығарып, босқа шығындаудың қажеті не? Осыдан-ақ статистиканың мәліметінің түкке тұрмайтын, бос даңғаза екенін ұғыну қиын емес шығар. Жалпы, менің танитындарымның ішінде айына 159 мың теңге алатын ешқайсысы да жоқ. Әрине, егер бір қарапайым адам айына 50 мың теңге, екінші бір жайлы креслода жайғасқан екінші біреу 500 мың теңге алса, орташа көрсеткіш 250 мың теңгеден асып кетеді. Алайда мұндай қомақты айлық әлгі жұпыны жанның түсіне де кірмейтін шығар. Міне осындай     көзбояушылықтың зардабы сайып келгенде пәтер алуға мұқтаж жандардың жолын кесіп отыр. Облыстардағы жағдайдың да оңып тұрмағаны белгілі. Алайда өңір басшылары ондай-ондай «ұсақ-түйектерге» онша көңіл бөліп, қатты қинала қоймайды. Өйткені ол поцесс жергілікті жерлерде ойдағыдай жүріп жатқан көрінеді. Біздің Арxимед әкім де сондай «оптимистердің» қатарында. Осыдан бір ай бұрын өткен бас қосуда «бізде тұрғын үй мәселесінде ешбір проблема жоқ. Банкттер бұл салаға кредитті қуана-қуана береді» деп мәлімдеме жасағаны бар. Біз де бұған қатты сүйсіндік. Төбеміз көкке бір елі ғана жетпей қалды. Бөркімізді аспанға атып, оны қайта ұстай алмай қалдық. Әкімізіміздің асқан оптимист екеніне, оның кез-келген мәселені ешбір қиналмастан шемішкедей шағатынына тағы да шексіз риза болдық. Келешекке күдіксіз қарайтын, қандай да проблеманы бірден шешіп тастайтын, соның арқасында облысымызда жұмақ орнағандай жағдайға жетсек, біз қалайша қуанбаймыз? Олай істемек, әкімнің жақсы істерін көреалмаушылық болып шықпай ма? Құдайым ондайдың бетін аулақ қылсын. Бір әттеген-айы өткенде республикалық «Время» газетінің бетіндегі мына бір ақпаратты көріп, көңіліміздің ептеп қана секем алғаны бар. Онда біздің облыста «7-20-25» бағдарламасына небәрі 60 адамның ғана тапсырыс бергенін, алайда оның тек 46-сы ғана мақұлдағанын көрсетіп қойыпты. Ал біз бұған сенбейміз. Өйткені біздің әкімнің өтірік айтуы мүлдем мүмкін емес. Біз облыс xалқын «адастыратын, сөйтіп теріс жолға салатын» ақпаратқа емес, «баспана алуда проблема жоқ» дейтін әкімімізге сенеміз. Тіпті газетттегі шындық дегеннің өзінде келешекте xан сарайындай үй алатын сол 46 адамның қуанышы неге тұрады (жалпы қазір облысты былай қойып, 46 пәтерді өзге өңірлерде жай аудан әкімдері таратып жатқан жоқ па)? Жоқтан жақсы емес пе? Қызғаныш деген жақсы қасиет емес. Мен, мәселен, ондай жаман әдеттен аулақ жүремін. Осындағы Архимедтің кейбір «жанашырлары»  қате ойлағанындай, әкімімізді үнемі сынай бермеймін. Мен, мәселен, өткен бір мақаламда ол кісінің қарамағандағылар қанша қателессе де оларға қатты айтпайтын «аса сыпайылығы мен мәдениеттілігін» жазғанмын. Ал міне, бұл жолы оның «оптимистігін, болашаққа аса сенімді қарайтын» жақсы қасиетін тізіп отырмын ғой. Келешекте амандық болса  ол кісінің «көрегендігі» жайлы да сөз етпекпін. Ендеше «біздің Арxимедке неге тиісе бересіз, ол кісіде неңіз бар, жайыңызға қарап жүрмейсіз бе?» дегендер бұдан кейін маған раxмет айтар деген қатты сенімдемін. Тағы бір «жаңалық». Жақында республикалық баспасөз бетінен елімізде баспана құнының күрт көтеріліп кеткенін оқыдық. Оның бел ортасында біздің Қостанай облысы да жүр. Ал Архимедтің өзінің туған жері Ақтөбеде пәтерлер молынан салынып, оның бағасының да төмендеп жатқаны айтылған. Бұл ақпаратты енді көкірек көзі ояу оқырмандардың өздері-ақ түйсіне жатар. Жайберген Болатов Abai.kz з
qosymsha/abai.kz
post_67931.txt
Ұлыбритания ресейлік дипломаттарды қудалап жатқанын мақұл көрді
https://abai.kz/post/67931
"Ұлыбритания ресейлік дипломаттарды қудалап жатқанын мақұл көрді" | "https://abai.kz/post/67931"
28.03.2018
Abai.kz
null
TITLE: Ұлыбритания ресейлік дипломаттарды қудалап жатқанын мақұл көрді URL: https://abai.kz/post/67931 META: "Ұлыбритания ресейлік дипломаттарды қудалап жатқанын мақұл көрді" | "https://abai.kz/post/67931" DATE: 28.03.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 118 TEXT: Ұлыбритания әлем бойынша ресейлік тыңшы деген күдікке іліккен дипломаттарды жаппай қудалап жатқанын мақұл көрді. Ресей мұндай қудалауларды АҚШ тарапынан жасалған ауқымды қысымның нәтижесі деп атады. Дипломаттарды елден шығаруға ресейлік қос агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны Солсбери қаласында 4 наурызда улап өлтіруі себеп болды. 26 наурызда 22 үкімет 116 дипломатты елдерінен шығарған. Мұндай ауқымды шара соңғы мәрте қырғи-қабақ соғыс кезінде ғана болған. "Ресейлік дипломаттарды бұрын-соңды мұншама көп ел қуған емес", - деп жазды Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Борис Джонсон "Таймс" басылымына. Оның пікірінше, "Ресей барлауына мұндай соққыдан айығу үшін бірнеше жыл кетуі мүмкін". Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп 60 ресейлік дипломатты шығарып, Сиэтлдағы Ресей консулдығын жабуға қаулы еткен еді. Еуропа елдері де осындай шараға жүгінді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_94307.txt
"Отаным, саған айтамын": шығармалар қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды
https://abai.kz/post/94307
""Отаным, саған айтамын": шығармалар қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды" | "https://abai.kz/post/94307"
15.07.2019
Abai.kz
null
TITLE: "Отаным, саған айтамын": шығармалар қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды URL: https://abai.kz/post/94307 META: ""Отаным, саған айтамын": шығармалар қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды" | "https://abai.kz/post/94307" DATE: 15.07.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 155 TEXT: Жас қаламгерлерге арналған "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауына шығармалар қабылдау 20 шілде күні аяқталады. 2019 жылғы Жастар жылына орай Massaget.kz порталы ERG компаниясының қолдауымен жас таланттарды жарыққа шығару, шығармашылығын қолдау мақсатында 15-29 жас аралығындағы жас қаламгерлер арасында "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау мақсаты – егемен елдің ертеңі саналатын жастар арасындағы отан түсінігін қалыптастыру, патриоттық сезімін оятып, құлашын кеңге жайған бүгінгі тәуелсіз еліміздің жетістіктерін баяндау, насихаттау, жас қаламгерлерді қолдау және шығармашылығын дамыту. Қатысушылардың эсселері [email protected] поштасына 2019 жылдың 24 мамырынан бастап түсе бастады. Осы уақытқа дейін 100-ден артық жас жазушылар өз жұмыстарын орыс және қазақ тілдерінде жіберіп үлгерді. Іріктеуден өткен шығармалар Massaget.kz және Tengrinews.kz порталдарында жарияланды және Жұлдыз FM мен Tengri FM эфирінде оқылды. Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша төмендегідей жүлделер тағайындалған: 1-орын 300 000 теңге; 2-орын 150 000 теңге; 3-орын 100 000 теңге. 20 шілдеде шығармалар қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін алдағы 5 күнде әділқазылар шешімімен жеңімпаздар анықталады. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_82758.txt
2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электронды денсаулық паспорттары болады
https://abai.kz/post/82758
"2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электронды денсаулық паспорттары болады" | "https://abai.kz/post/82758"
22.10.2018
Abai.kz
null
TITLE: 2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электронды денсаулық паспорттары болады URL: https://abai.kz/post/82758 META: "2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электронды денсаулық паспорттары болады" | "https://abai.kz/post/82758" DATE: 22.10.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 748 TEXT: Қазан айының басында өткен Үкімет отырысында премьер министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың баяндамасын тыңдап, осы сала бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Сол жиында үкімет мүшелері 2016-2019 жылдарға арналған қолданыстағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жаңғыртылған жобасын ма­құлдады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған министрлік келіп түскен арыз-шағымдарға, БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселе­лерге талдау жасайтынын да айтқан еді. Министрліктің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің барлық негізгі мәселелері алты топқа бөлініп отыр. Олар: қызмет көрсету сапасы, білікті мамандардың тапшылығы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтарды жаңарту, халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру туралы ақпа­раттандыру проблемалары, денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығы мен айқын­дылығы және азаматтардың денсаулы­ғының төмен деңгейі. – Денсаулық сақтау министрлігі меди­циналық жәрдемнің, әсіресе меди­ци­налық-санитарлық алғашқы көмектің сапасын арттыру үшін мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар маңызды шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, министрлік жаңа учаскелерді құру және мемлекет пен жекенің серік­тестігі аясында МСАК-тың шағын форма­ларын дамыту арқылы келесі жылдың аяғына дейін жалпы тәжірибе дәрігерлеріне түсетін жүктемені азайтады. 2019 жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар бір дәрігерге түсетін жүктемені 1 700 адамға дейін азайту қажеттігін де айтып өтті. Және, «Отбасылық дәрігерлер» практикасын одан ары дамыту аясында диспансерлеуді өлім-жітімнің 60 пайыздан астамының себептерін анықтайтын ауруларды басқару бағдарламаларына трансформациялау жүргізіледі. – 2020 жылға қарай артериялық гипертензия, қант диабеті және созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі секілді үш ауру бойынша есепте тұрған пациенттерді осы ауруларды басқару бағ­дарламаларымен қамту 11 пайыздан 30 пайызға дейін ұлғайтылатын болады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар 2020 жылға қарай барлық дәрігерлер мен мейірбикелерді аталған бағдарлама бойынша оқытып шығуы керек, – деді Денсаулық сақтау министрі. Бұдан өзге, қағаз­сыз құжат айналымына толық көшу арқылы барлық емханалардың қызметін цифрландыруды жалғастыру керек, сонда медицина персоналына түсетін шамадан тыс жүктеме төмендейді. Медициналық көмектің сапасын жақсартудың тағы бір бағыты қауіпсіз босандыруды және ана өлімін азайтуды қарастырады. Жаңарған мемлекеттік бағ­дарламада медицина қызметкерлерінің біліктілігін одан ары арттыру, медици­налық ұйым­дарды акушер-гинеколог­тармен және анестезиолог-реанима­тологтармен жа­сақтауды 95 пайызға дейін жеткізу көз­делген. Бірақ қазіргі құзырлық бөлініс бойынша денсаулық сақтаудың жергілікті жағдайына Астанадағы ми­нистрлік емес, әр әкім жеке жауапты бол­ғандықтан, бұл ретте көп нәрсе жергілікті басшыларға тәуелді. Сондықтан министр тағы да соларға жүгінді. – Әкімдіктер барлық қажетті маман­дарды жұмысқа алып, орнықтыруы, сондай-ақ барлық жүкті әйелдерді уақы­тылы есепке алуды және оларды динами­калы түрде бақылауды қамтамасыз етуі керек. Желілік нормативке сәйкес, моно­бейінді ауруханаларды, соның ішінде перзентханалар мен босандыру үйлерін көпбейінді ауруханаларға интеграциялауды қамтамасыз ету қажет. Медициналық ұйымдар медициналық жабдықтармен жарақтан­дырудың ең төменгі стандарт­тарына сәй­кес, толық жабдықталуға тиісті. Жергілікті атқарушы органдар жедел жәрдем мен ауруханалардың барлық қыз­меткерлерін оқытып, бекітілген стан­дартты ендіруі қажет, – деді Е.Біртанов. Биыл салада жалпы құны 31 млрд теңге тұратын 35 объектінің құрылысы жоспар­ланған. 2019 жылы жалпы сомасы 55,6 млрд теңге жұмсалатын 33 объектіде құрылыс-монтаждау жұмысы жүреді. Бірақ олардың 60 пайыздан астамына бюджет емес, жеке бизнес қаржы құюда. Кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту және медицина қызметкерлерінің білік­тілігін арттыру үшін жаңа жылдан бастап, мемлекеттік бағдарлама аясында бірнеше шара қабылданбақ. Мәселен, медици­налық ЖОО-лар мен колледждерге іріктеу үшін қосымша емтихан енгізіледі. Оларды біті­ретін түлектер біліміне міндетті тә­уелсіз бағалау жүргізу заң жүзінде бекі­тіледі. Министрдің айтуынша, жас ма­мандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша әкімдіктердің жауапкер­шілігі күшейтіледі. – Құрметті әкімдер! Ауылдық жерлерге кадрлар тарту, оларды ынталандыру, әлеуметтік қолдау – сіздердің қолда­рыңызда! Айтылған мәселелерді жеке бақылауға алуларыңызды сұраймын, – деді Елжан Біртанов. Медициналық жабдықтарды жаңарту аясында «Ұлттық медициналық техника базасы» атты ақпараттық жүйе құру, он­кологиялық ауруларға қарсы күрес жө­ніндегі кешенді жоспар аясында бюджет қаражатына және МЖӘ механизмдері бойынша медициналық техниканың 150 бірлігін сатып алу, медициналық техни­каны тиімді пайда­ланудың онлайн мони­торингін енгізу жүзеге асырылмақ. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес арнайы қор құрылды, онда қазір 100,5 млрд теңге жинақталған. 2018 жылғы 1 қаңтардан бері осы қор мемлекет атынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек қызметтерінің бі­рыңғай сатып алушысы болып табылады. Министрліктің айтуынша, 2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электронды денсаулық паспорттары болады. Бүгінде 10 млн халықтың осын­дай паспорттары бар көрінеді. Сонымен қатар ведомство салауатты өмір салтын насихаттауға жыл сайын 2,3 млрд теңге шығындамақ. Оның барысында қазақстандықтар арасында қант, тұз, темекі, алкоголь тұтынуды азайту туралы үгіт жүргізіледі. Бұдан соң Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне әкім­дердің ұсыныстарын қарастырып, мемле­кеттік бағдарлама аясындағы жұмыстар­ды одан ары жандандыру үшін қосымша тетіктерді пысықтауды жүктеді. Бұның сыртында, Министрлік дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдар­мен, кадрлармен қамтамасыз ету мәсе­лелері бойынша жұмыстарды жүйелеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау нысанда­рының материалдық-техникалық жай-күйі мен заманауи медициналық жаб­дықтармен жарақталуы проблемаларын шешуге міндетті. Премьер-министр бюджет қаржысына қарап отырмай, денсаулық сақтау инфра­құрылымын дамыту, медициналық тех­никамен жабдықтау бойынша МЖӘ тетігін қазіргіден анағұрлым белсенді пайдалану қажеттігін атап айтты. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, емханалар мен ауруханаларға, әсіресе бір салаға маманданған дәрігер­лерді тарту, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік қолдау бойынша іс-шаралар қабылдау тапсырылды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_43204.txt
ЛОПЕС: ҚАНАТ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН
https://abai.kz/post/43204
"ЛОПЕС: ҚАНАТ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН" | "https://abai.kz/post/43204"
11.05.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ЛОПЕС: ҚАНАТ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН URL: https://abai.kz/post/43204 META: "ЛОПЕС: ҚАНАТ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН" | "https://abai.kz/post/43204" DATE: 11.05.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 156 TEXT: Қанат Ислам Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксер Қанат Исламның промоутері Нельсон Лопес колумбиялық Хуана де Анхеляға қарсы жекпе-жегінің алдында мәлімдеген болатын,-деп хабарлайды Sports.kz порталы. "Қазір Қазақстанда тек Головкин туралы көп айтылады, ал Қанат екінші орында қалады. Оның атын мыңдаған адам біледі әрі өз елінде жанкүйерлері де көп. Бізге алдыға жылжуға серпіліс керек, бұл осы жексенбіде болады деп үміттенемін. Головкин мен кездесу үшін 160-қа дейін көтерілуі керек. Оның жұлдыз болуы уақыттың еншісінде", - дейді Лопес. Айта кетейік, кәсіби бокстағы кезекті кездесуін колумбиялық Хуан де Анхельмен өткізген Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетті. Жекпе-жектің алтыншы раундында нокдаун алып, есеңгіреп қалған колумбиялық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты. "Қазақстан" арнасының тікелей эфирінде көрсетілген жекпе-жектен соң Қанат Ислам жанкүйерлері мен спорттағы қолдаушысы Бауыржан Оспановқа алғыс айтып, "Қазақ елі тыныш болсын" деген тілегін жолдады. Қанат Ислам осылайша кәсіби бокстағы 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Нокауттар саны - 18. Боксшының жекпе-жегі телеарна арқылы қазақ жанкүйерлеріне алғаш рет көрсетіліп отыр. Abai. kz
qosymsha/abai.kz
post_11715.txt
Еуразияшылдық идеясы елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс - Б. Майлыбаев
https://abai.kz/post/11715
"Еуразияшылдық идеясы елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс - Б. Майлыбаев" | "https://abai.kz/post/11715"
30.11.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Еуразияшылдық идеясы елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс - Б. Майлыбаев URL: https://abai.kz/post/11715 META: "Еуразияшылдық идеясы елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс - Б. Майлыбаев" | "https://abai.kz/post/11715" DATE: 30.11.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 314 TEXT: АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Еуразиялық ықпалдастық елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс. Бүгін Астанада «Қазақстан және еуразиялық интеграциясы идеясы» атты Қазақстан саясаттанушыларының конгресі кезінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев осылай атап көрсетті. «Қазiргi дәуiрде егемендi мемлекеттер Еуразия идеясының кез келген постимпериялық варианттарын қабылдамайтын болады. Қазіргі замандағы еуразияшылдық елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс, керісінше, әрбір елдің ұлттық мемлекеттіліктерін нығайтуға қызмет етуі қажет», - деді Б. Майлыбаев. Оның атап өткеніндей, қазіргі замандағы еуразиялық ықпалдастық тараптардың тек қана тең құқықты, ерiктi және қуатты әрі iргелi экономикалық негiзі болған жағдайда ғана жүзеге аса алады. «Сонымен қатар Еуразия үдерісі қарапайым адамдарға пайда келтiруi керек. Егер бұның барлығы болатын болса, онда бұл идея ресми кездесулер және декларациялар деңгейінде ғана емес, кең қоғамдық қолдауға ие болып, алға басады», - деп атап өтті ол. Еске сала кетейік, осыдан бірер апта бұрын Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Мәскеудегі кездесуінде Еуразиялық интеграция декларациясы мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының келісімшартына қол қойған болатын. http://inform.kz/kaz/article/2422589 АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Еуразиялық ықпалдастық елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс. Бүгін Астанада «Қазақстан және еуразиялық интеграциясы идеясы» атты Қазақстан саясаттанушыларының конгресі кезінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев осылай атап көрсетті. «Қазiргi дәуiрде егемендi мемлекеттер Еуразия идеясының кез келген постимпериялық варианттарын қабылдамайтын болады. Қазіргі замандағы еуразияшылдық елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс, керісінше, әрбір елдің ұлттық мемлекеттіліктерін нығайтуға қызмет етуі қажет», - деді Б. Майлыбаев. Оның атап өткеніндей, қазіргі замандағы еуразиялық ықпалдастық тараптардың тек қана тең құқықты, ерiктi және қуатты әрі iргелi экономикалық негiзі болған жағдайда ғана жүзеге аса алады. «Сонымен қатар Еуразия үдерісі қарапайым адамдарға пайда келтiруi керек. Егер бұның барлығы болатын болса, онда бұл идея ресми кездесулер және декларациялар деңгейінде ғана емес, кең қоғамдық қолдауға ие болып, алға басады», - деп атап өтті ол. Еске сала кетейік, осыдан бірер апта бұрын Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Мәскеудегі кездесуінде Еуразиялық интеграция декларациясы мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының келісімшартына қол қойған болатын. http://inform.kz/kaz/article/2422589
qosymsha/abai.kz
post_55516.txt
"Балуан Шолақ" көркем фильмі күзде дайын болады
https://abai.kz/post/55516
""Балуан Шолақ" көркем фильмі күзде дайын болады" | "https://abai.kz/post/55516"
03.07.2017
Динара Масақова
null
TITLE: "Балуан Шолақ" көркем фильмі күзде дайын болады URL: https://abai.kz/post/55516 META: ""Балуан Шолақ" көркем фильмі күзде дайын болады" | "https://abai.kz/post/55516" DATE: 03.07.2017 AUTHOR(s): Динара Масақова TOTAL WORDS: 264 TEXT: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы  «Балуан Шолақ» атты толықметражды көркем фильмінің түсірілім алаңымен журналистер қауымын таныстырды. Түсірілім Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында өтіп жатыр.  Осы жерде арнайы Қызылжар жәрмеңкесі тұрғызылды. Түсірілім тобының негізгі сахнасы осы декорацияда түсірілуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп  жатқан бұл фильм драматург Д.Исабековтің «Жаужүрек» пьесасы желісі бойынша жазылған. Фильм режиссері – Нұргелді Садығұлов. «1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түскен кезімде Б.Шолақ туралы фильм түсіруді армандайтынмын. Өзім кішкентайымнан күреске қатысып, жарыс  кезінде мұражайдың алдында Балуан Шолақ көтерген тасты ұстап, ырымдап қатысатынмын. Сол арманымды қазір іске асырып жатырмын. Өкініштісі, қазіргі жастар Б.Шолақтың кім екенін де білмейді. Спорт кешені бар екенінен ғана хабардар.  Егер ол тек балуан болса, спортқа негізделген экшн, ал егер тек композитор болса, шығармашылық адамы ретінде лирикалық фильм түсірер едім. Көрермендер картинада балуан, композитор әрі әнші Балуан  Шолақтың өмірін көре алады. Негізінен бұл жобаға ұзақ дайындалдық. Кастинг те оңай болмады. Кәсіби актерлермен қатар спортшылар да келді. Ұжым болып бірауыздан Еркебұлан Дайыровты басты рөлге таңдадық» деді фильм режиссері. -Ең алғаш Д.Исабековтің «Жаужүрек» пьесасы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды. Сол кезде Б.Шолақтың рөлін ең алғаш сомдадым. Образға ену үшін біраз ізденіс үстінде болдым. Кітаптар оқыдым, күреске қатыстым, жаттықтырушым «Қазақстан барысы»  – Ұлан Рысқұл, тіпті 10 келі салмақ қосуыма тура келді. Фильмдегі қарсыласым Г.Головкин деп те әзілдеді, - бас кейіпкер  Е.Дайыров. Түсірілім тобы кәсіби мамандардан жинақталған. Фильмнің арт-продюсері С.Әбдіхалықов, қоюшы-оператор Р.Қосай,  қоюшы-суретші  Е.Сүлейменов, киім суретшісі М.Торыбаева. Кегендегі түсірілімнен соң, түсіру тобы Солтүстік Қазақстанға аттанады. Көркем фильм күзде көрерменге жол тартпақ. Динара Масақова Суретте: «Балуан шолақ» фильмін түсіру кезіндегі көріністер (Суретті түсірген Динара Масақова) Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_7425.txt
Назерке Сұлтанбек. Ер Шәміл
https://abai.kz/post/7425
"Назерке Сұлтанбек. Ер Шәміл" | "https://abai.kz/post/7425"
02.03.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Назерке Сұлтанбек. Ер Шәміл URL: https://abai.kz/post/7425 META: "Назерке Сұлтанбек. Ер Шәміл" | "https://abai.kz/post/7425" DATE: 02.03.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 3085 TEXT: Қазақтан шыққан қайталанбас тұлға Шәміл Серіковты біріміз білсек, енді біріміз білмей жатамыз. Дегенмен, бүгін сіздердің назарларыңызға грек-рим күресінен маңызды деген жүлделердің бәрін дерлік иеленген қазақ ұлы Шәміл туралы азды-көпті мағлұматтарды ұсынамыз. Ең бастысы халқымызда осындай балуан болғанын және елімізде әзірше оның шыққан шыңына көтерілгене ешкім жоқ екенін біле жүріңіз. Ол туралы «Советский спорт» газеті: «Шәміл Серіковтың әдіс-тәсілдерін оқу-жаттығу құралы етіп ұсынуға болады» деп жазған. Шәмілдің бапкері Аянбек Алдабергенов кейін басқа шәкірттеріне чемпионның күрестерінің бейне таспасын үлгі ретінде көрсететін болған. Мәскеу Олимпиадасында елді таң қалдырған Шәміл туралы халықаралық күрес федерациясының президентінен бастап небір білімпаздар: «Шәміл фантастика! Мұндай дарынды балуанды көрерменге көрсетпеу күнә» деген. Бала Шәміл... Балуан Шәміл... Қазақтан шыққан қайталанбас тұлға Шәміл Серіковты біріміз білсек, енді біріміз білмей жатамыз. Дегенмен, бүгін сіздердің назарларыңызға грек-рим күресінен маңызды деген жүлделердің бәрін дерлік иеленген қазақ ұлы Шәміл туралы азды-көпті мағлұматтарды ұсынамыз. Ең бастысы халқымызда осындай балуан болғанын және елімізде әзірше оның шыққан шыңына көтерілгене ешкім жоқ екенін біле жүріңіз. Ол туралы «Советский спорт» газеті: «Шәміл Серіковтың әдіс-тәсілдерін оқу-жаттығу құралы етіп ұсынуға болады» деп жазған. Шәмілдің бапкері Аянбек Алдабергенов кейін басқа шәкірттеріне чемпионның күрестерінің бейне таспасын үлгі ретінде көрсететін болған. Мәскеу Олимпиадасында елді таң қалдырған Шәміл туралы халықаралық күрес федерациясының президентінен бастап небір білімпаздар: «Шәміл фантастика! Мұндай дарынды балуанды көрерменге көрсетпеу күнә» деген. Бала Шәміл... Балуан Шәміл... Шәмілдің спортқа келунің өзі түсініксіз жәйттарға толы. Мысалға, Ян Дымов Шәміл Серіков жайындағы очеркінде «оны көгалда балалармен күресіп жүрген жерінен алғашқы бапкері Аянбек Алдабергенов байқап қалып, талантты баланы күрес залына жетектеп әкелді» десе, басқа авторлар Серіковты күреске әкелген оның әкесі деседі. Әкесі баласының дене бітімі күреске келетіндігін байқап, Аладабергеновке әкелген. Оған қоса Шәмілді біраз жаттықтырғаннан кейін Аянбек Алдабергенов Алматыдан көшетін болып, Серіковты Анатолий Жарковқа табыстап кеткен. Ал, Жарков бір сұхбатында: «Мен көп балалардың арасынан Шәмілді өзім байқадым» депті. Шәмілдің өз айтуынша, оның жетістіктерінде бапкері Алдабергеновтың үлесі зор. Ол он екі жасар Шәмілді секцияға жетектеп әкелген. Қашып кеткенінде іздеп келіп, ата-анасын болашағына иландырды. Қыңыр мінезін кешіріп, әйтеуір өзіне тарта білді. Күресті жан-тәнімен сүйетіндей халге жеткізді. Шәмілдің анасы Сара апай баласының күреске ерте жастан қызыққаны туралы былай деген: «Шәміл Алматыда туып-өсті. Мектептің бастауыш сыныбында оқып жүрген кезден-ақ күреске құмартты. Күнде сабақтан келген соң, иығына кішкентай сөмкесін асып, жаттығуға кететін. Шәміл кішкентай кезінде тым арық еді, «сенен қандай балуан шықсын» деп әзілдейтінмін. Бір күні: «Апа, міне жарыста грамота жеңіп алдым», - деп келді, Шәміл үшін табыстың басы сол грамотадан басталды». Шәміл жасөспірімдер қатарында алты жыл жүрді. Сол кезде-ақ төрт рет Қазақстан чемпионы атаныпты. Жарков Шәмілге  кім еді? Шәмілдің жеңістеріне Анатаолий Жарковтың да қосқан үлесі аз емес. Жарков: «Шәміл кез-келген ортаға тез сіңісіп кетеді. Ол қашан да жеңіске құмартып тұратын. Физикалық тұрғыдан ол соншалықты мықты болған жоқ, бірақ бұл керісінше оны ызаландыра түсіп, намысын жанитын спорттық ашуын туғызатын. Дәл осы қасиеттері маған бапкер ретінде онымен ең жоғары позицияларда жұмыс істеуге мүмкіндік берді», - деген. Олардың елде жоқ әдістері болатын. Солардың ішінде Шәмілге ең қатты көмектескені - Жарковтың белдесу алдында келесі қарсыласты зерттеуі. Мысалға, белгілі бір жарыста Жарков Шәмілдің келесі айналымда кездесетін балуанының күресін қарап, оның әдіс-тәсілдерін жаттап алады. Серіков сол балуанмен кездесер алдында бапкері Шәмілмен алдағы қарсыласын салып күреседі. Осындай алдын ала белдесулердің арқасында кездесу кезінде Шәміл қарсыласты игеру үшін уақыт құртпайды, бірден шабуылға кіріседі. Шәміл чемпион атанған Мәскеу Олимпиадасындағы әр белдесуінің алдында Жарков пен Серіков дәл осылай «күрескен» екен. Дегенмен, біраз жыл Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Вадим Псаревтің айтуынша, Жарковтың Шәмілге көмегінен, кесірі көп тиген. «Шәміл шаршаса да, Жарков одан тек жақсы нәтиже талап ете беретін, спортшыға адам ретінде де қарай білу керек қой. Оған қоса Шәмілдің проблемалары басталған тұста да ол шәкіртіне көмектеспеді. Ал, қиын жағдайда басшылыққа кіріп бір ауыз сөз айтқанында, мүмкін, Шәмілдің тағдыры басқаша болар ма еді. Жалпы материалдық тұрғыдан Жарковтың талабы көп болатын. Оған қоса Шәміл қайтыс болған күні де соны ести тұрып, Жарков шәкіртінің жаназасына келместен, басқа қалаға тартып кетті», - деді Псарев. Жеңіс жолы Аса талантты Серіковтің КСРО құрамасындағы басты бәсекелесі - ульяновскілік Виталий Константинов болды. 1977 жылы Одақ чемпионатында Шәміл сәтсіз өнер көрсетті. Екі рет таза жеңіліп, көштің соңында қалды. Ол кезде Константинов чемпион атанған. Сол жарыста құрама бапкері Вадим Псарев Шәміл барлық әдісті істей алатынын, оның проблемасы да сонда екендігін айтқан. Сөйтіп Псарев оның бар талантын пайдалана отырып, оған жаңа әдістер, соның ішінде қоян- қолтық ұстасқан сәтте сол аяқты алға ұстап тұруды үйретеді. Шәміл кез-келген нәрсені тез қағып алатын зерек болған. Содан кейін ол тез өсе бастайды. Баймағамбетов атындағы турнирді, Болгария, Румыния, Венгрия, Германия және Югославиядағы жарыстарды ұтты. Оған қоса сол уақыт аралығында Олимпиада мен әлем чемпионы атанып үлгерген Константиновты жықты. Және анау-мынау емес, кіші Әлем чемпионаты саналатын Иван Поддубный Мемориалында. Осы турнирді ұтқан тұңғыш қазақ балуаны - Шәміл Серіков. Алайда сол кезде «Бұл жеңіс кездейсоқтық, сол жарыста Константинов бабында болған жоқ», - деушілер болды. Бірақ осыларға Шәміл тиісті жауабын қайтарды. Бірнеше айдан соң КСРО біріншілігінде Шәміл алты қарсыласын да қапы қалдырды, соның ішінде бесеуін таза жеңген жерлесіміз Константиновты 11:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл кездейсоқтық болуы мүмкін емес! Мәскеу Олимпиадасының алдында Шәміл барлық маңызды жарыстарды ұтса да, оған жолдаманың берілуін әділетсіз деп санағандар да табылды. Сол Олимпиадаға бірде-бір спортшысы қатыспаған Ульяновск қаласының басылымдары былай дейді: « Біздің жерлесіміз Константинов Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанар еді. Монреаль Олимпиадасында жеңіске жеткен Константинов нәтиже бойынша өтіп тұрған, алайда сол жылы Қазақ КСР-нің алпыс жылдық мерейтойы болды. Брежневке бір қоңырау шалынып, қазақ халқының мерейтойына осындай «сыйлық» жасалды». Өкпелі Константинов осы оқиға туралы: «Олимпиада алдында мені «лақтырып» кетті. Маған сен «кәрісің» деді. Мен осы Олимпиаданы да ұтар едім, тек біздің беделіміз жетпей қалды. Осыдан кейін спортты бірден қойдым, әрі қарай шыдай алмадым», - деді. Дегенмен, Шәміл 1978 жылы Мехикода және 1979 жылы Сан-Диегода өткен әлем чемпионаттарында қарсылас шыдатпады. Қазақтың ішінен грек-рим күресі бойынша әлемді алғаш мойындатқан да Шәміл еді... Шебердің аты - шебер «Стайка» спорттық базасында Мәскеу Олимпиадасына дайындықтың соңғы кезеңі өтіп жатқан. Аяқ астынан Шәмілдің қолына сыздауық шығады. Ол үшін бұл жақсы белгі болатын. Өйткені осыған дейінгі бірнеше жарыстардың алдында Шәмілде сыздауық шығып, Шәміл, бірақ, бәрібір жеңіске жетіп жүрген. Ақкөңіл Шәміл осы жараны кезекті жеңістің белгісі деп сенді. Шәміл қуанып жүрді, бірақ осы кеселдің кесірінен ол төрт жаттығудан тыс қалды. Бапкерлер алаңдаулы, ал Серіковтың басты бәсекелесі Константинов Олимпиадаға қатысудан дәмелі. Осы кезде Серіковке дәрігер Бакушев жақсы көмектескен. Күнделікті бір мазьдар жағып, жылытып, үш күннен кейін оны қалпына келтірді. Бес күн өткен соң бапкерлік кеңес Олимпиадаға қатысатын құрамды жариялады. Шәмілдің күресті жақсы көретіндігі сонша олбоз кілемге шығып, белдесуге асығып тұратын. Мысалға, Олимпиададағы алғаш белдесуінде Шәміл бельгиялық балуанды оңай жеңді.  Сол күні Серіков: «Бір-ақ айналым болғанына өкіндім. Дұрыстап терлеп, бабыма келейін деп едім», - депті. Сол Мәскеу боз кілемінде барлық қарсыласын қирата жеңіп келе жатқан Шәмілдің жолын итальяндық балуанның сорақы айласы бөгей жаздады. Үшінші айналымда итальяндық балуан Шәмілдің қолынан сабындай сусып шыға берді. Сөйтсе, қарсыласы үстіне май жағып алған екен.  Төреші оған сүртінуге бұйырады. Бірақ ол да көмектеспеді, итальяндық жігіт бәрібір қолдан сусып кете берді. Бірақ шебердің аты шебер ғой. Шәміл бәрібір жеңді. Шынында да, Шәмілдің шеберлігіне таң қалмау мүмкін емес. Серіков ең азулы деген қарсыластарының өзін көп қиналмай жеңетін. Олимпиада кезінде қандай нәтижемен жеңіске жетіп жүрді дейсіз ғой. Румыниялық Боцилемен белдесу - 1 минутта таза ұтыс, швед Лунгбекпен белдесу - 40 секундта таза ұтыс... Шәміл Серіков бүкіл әлемді аузына қаратты. Әлемнің мықты деген спортшыларының өзі қазақ баласының осындай керемет белдесулеріне тәнті болды. Мюнхен Олимпиадасының чемпионы Рүстем Казаков Шәміл туралы: «Серіков - жартылай жеңіл салмақтың жаңа жұлдызы», - депті. «Советский спорт» газетінің күрес жайлы жазатын арнайы тілшісі Владимир Голубев: «Шәміл Серіковты КСРО құрамасының кезекті жаттығуында анықтап көрдім, қатты ұнады. Кезекті Әлем чемпионатына барғандардың тізімінде елеусіз «Шәміл Серіков» деген фамилияны көргенде менің әріптестерім «бұл  кім өзі» дегенді айтып қалып жүрді. Мен оларға: «Осы жылдың болашақ әлем чемпионы» деп айтқанымнан қайтпадым. Шәміл Серіков әлем чемпионы болған жарыстан репортаж жазғанымды да мақтан тұтамын», - еске алды кейін. Ал, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Валерий Рязанцев: «Бұл қайталанбас балуан. Ол қандай қиын жағдайда да, өзіне ыңғайын тауып, шабуылдайды. Ол оңтайлы сәтін аңдып жүрмейді, шалт қимыл мен «жарылыс» Шәмілге тән», - деген. Самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Владимир Япринцев: «Серіков әдістердің түр-түрін үйіп-төгетін. Аузымыз ашылып қарайтынбыз, бір белдесуде кем дегенде 25 балл!», - дейді. Сонымен, 1980 жылдың 24-шілдесінде Шәміл Серіков Олимпиада чемпионы атанды. Сол кездегі бүкіл одаққа тарайтын «Советский спорт» сияқты газеттер бұл туралы тек шолып қана өтсе, қазақ газеттері қуаныштарын жасырмады. «Лениншіл жас» газетінің 26-шілде күнгі санының басты бетінде «Сүйінші!» деген айдар бірден көзге түседі. «Шәміл Серіков - Олимпиада чемпионы!». Шәміл Серіков Олимпиада чемпионы атағына бой үйретіп болды-ау дегенде журналистер ол кісімен телефон арқылы сөйлесіпті. «Олимпиадалық чемпион болған қалай екен?» деген сұраққа Шәміл ұялып: «Соны әзір түсінсем бұйырмасын, баяғы Шәмілмін ғой деймін», - деген екен («Лениншіл Жас», 29-шілде, 1980ж). Өкінішке қарай, Шәміл өз жақындарынан ерте айырылды. Әкесі мұның Олимп шыңына көтерілген сәтін көре алмады. Немересі Темірмен бірге Мәскеуден оралған баласын күтіп тұрған Сара анасы: «Бұрындары осындай дүбірлі жарыстардан келгенде әкесі екеуміз бірге қарсы алушы едік. Ол кісі қонған самолетке қолын бұлғай-бұлғай ұмтылушы еді», - деп еске алыпты («Лениншіл Жас» 31-шілде, 1980ж). Шәміл Олимпиада чемпионы атанғанын отбасы сол түні білген, содан бері үш күн бойы теледидардың алдынан тапжылмапты. Анасы Шәмілді көгілдір экраннан көрген сайын егіліп жылап қоя береді. Оған қоса сол түні-ақ көрші-қолаңнын бәрі құттықтап келіпті. Жеңімпаздың жауабы Шәміл спорт аренасында жетістікке жетіп жүріп те, білім алуды ұмытпапты. Белгілі ұстаз Сәбит Сатыбалдыұлы: «Қаншама жетістіктерге жетіп жүрсе де, сабақтан қалмай, оқуға тырысатын. Төрт жыл оқығанында оған бір ескерту жасағаным есімде жоқ», - дейді. Шәмілге тәлім беріп, ол туралы очерк те жазған Петр Филиппович Матущак былай деген: «Шәміл әңгімешіл еді. Өміріндегі оқиғаларын жақсы айтып беретін. Оның есте сақтау қабілеті жақсы болатын. Біздің атақты спортшыларымыздың тағдырлары - біздің жан жарамыз. Олардың өмірлері өте қиын. Серіков біздің ортамызда өмір сүрді, еңбектенді. Ол өз ісіне жан-тәнімен берілетін. Өте момын адам болатын. Бірақ бұл өмірде өз орнын таба алмады. Өзінің спорттық ғұмырын жалғастыра алмады және бізге көп жауапсыз сұрақтар қалдырды». Сексенінші жылдары дене шынықтыру және спорт институты студенттерінің Шәміл Серіковке қоятын екі маңызды сұрағы бар еді. Біріншіден, қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге қалай қол жеткізуге болады. Екіншіден, көптеген спортшылар жеңіске шамалы есеп айырмашылғымен жетсе, Серіков қарсыласынан қашан да әлдеқайда жоғары баллмен басым түседі. Сол кезде Шәміл ағамыздың берген кеңестеріне тоқталсақ. Мүмкін қазіргі балуандарымыздың да пайдасына жарап қалар. Шәміл Серіков бұл сауалдарға жауап ретінде: «Кез-келген маңызды жарысқа тер төгіп дайындалуға бізді классикалық күрестің қалыптасқан керемет дәстүрлері және Отан алдындағы борышымыз міндеттейді!», - деген екен. Әрі қарай ағамыз мынадай пайдалы кеңестермен бөліседі: «Біріншіден, күніне үш рет жаттығу керек. Оның ішіне атлетиканың жүгіру, жүзу, ауыр заттар көтеру түрлерімен жаттығып. бір мезгілде төрт-бес спарринг өткізу керек. Осының барлығы төзімділікті арттырады. Екіншіден, жаңа комбинацияларды, байламдарды талмай іздеу, әдістерді жасау техникасын шыңдау керек». Шәміл «Татар Олимпиониктерінің» қатарына кіргені қалай? Шәмілдің ұлтына қатысты көп сұрақтар туындап жатады. Оның жақын досы Жақсыбай Бәзілбаев осыған қатысты бізге: «Халық білуі керек. Шәміл - қазақ! Өйткені оның әкесі қазақ. Ал, анасы татар. Атасы, барлық туыстары - қазақ, демек Шәміл де біздің халқымыздың тумасы. Шәмілдің ұлты татар деген әңгіменің түп төркіні мына оқиғадан шыққан. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Дінмұхаммед Қонаев қабылдайды. Сол кезде Қонаев Серіковтың ұлтын сұрағанда, ол татармын деп жауап береді. Бұлай айтуының себебі Шәмілді осы кездесудің алдында сол кездегі ЦК КПЛСМ бастығы шақырып алып, осылай жауап бересің деп ескертіп қойыпты. Ал, Шәміл болса тәртіпке бағынады» деді. Ал, татар елінің көптеген кітаптары мен материалдарында Шәмілді, оның жетістіктерін өздеріне меншіктеп алғандығын көруге болады («Гасырлар авазы», 2008 ж). Аллаға шүкір, татарлар біздің мақтанышымызға әлі ешқандай құрмет көрсетіп үлгерген жоқ. Ал, материалдарында Шәмілді «Татар Олимпиониктері» деген тізімге де қосып қойыпты. Шәмілдің қолы неге дірілдеді? Мамандар: «Шәміл Олимпиададан кейін тым көп демалып қойды, күрестен алыстап кетті», - десті. Шәміл болса: «Жеңістер мені еліктірмейтін болды. Ішім пысты, ішім босап қалғандай, шаршадым...», - депті. Содан кетті. 1981 жылғы Еуропа Чемпионатында - 5-орын, КСРО біріншлігінде - 9-орын. Шәміл: «Мен ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанып көрмеппін. Бұл біріншілік қашан да құрама жиынымен бір уақытқа тұспа-тұс келетін. 1982 жылы Одақ құрамасына мені алмаған соң, Қазақстан чемпиондығын иелендім. Бірақ бұл атақ маған ешқандай жеңіс сезімін сыйлай алмады. Сол сәтте мен өзімнің спорттық жолымды тоқтату керектігін түсіндім», - депті. Спортпен ерте қоштасу себебін сұрағандарға Шәміл: «Айналасы он екі жылдың ішінде біраз жеңістерге де, жетістіктерге де ие болыппын. Ал, спортшының жасы ұлғайған сайын бабын сақтауы қиын, әрі ұзақ сапарлар, жарыстар көп уақытты керек етеді, отбасына көңіл бөлуге де бөгеу тәрізді», - деген екен («Шәкірттерім жолымды жалғастырса..» «Ленин Туы» 1984 жыл, 4-ақпан). 1981 жылдың мамыр айында бір топ спортшы КСРО Орталық партия шешімімен БАМ-ға (Байкал Амур магистралі) аттанатын болды. Бұл бұйрық болса да, Шәміл үйімді жөндеймін деп бармай қалған. Олимпиададан кейін жүлдегерлердің өзіне үш бөлмелі жаңа пәтерден берілгенде, Шәмілге екі бөлмелі ескі үй тиіпті. БАМ-нан келген соң он күннен кейін бапкерлер Шәмілді құрамадан шығарды. Стипендия беруді де тоқтатты. Олимпиада чемпионы ай сайын 680 сом алатын. Ол кезде бір айлық асқанда 150-200 сом. («Күресі спектакль еді» Т.Жәкітайұлы) Құрамадан шығарып қана қоймай, Шәмілді спорттың маңына да жуытпай қойды. Оған қоса Шәмілді тіпті Ауған соғысына да алып кете жаздаған. Шәмілдің досы Жақсыбай Бәзілбаев: «Ауған жеріне аттанудан бас тартқаны үшін  Шәмілді қамауға алады. Үйінен сүйреп алып шығып, теміржол вокзалының қуыс жағындағы бір вагонның ішіне кіргізеді. Оның ішінде төрт адам отырған екен. Ол төрт адам жай отыр дейсіз бе онда. Олар Шәмілге жабылады, бірақ атақты балуан төртеуін де жығады. Төртеуін бірінің үстіне бірін үйеді де, өзі терезеден шығып қашады. Ең қызығы: осы оқиғадан кейін Шәмілге ешкім іздеу салмады. Егер ол расымен қылмыскер болып, мемлекеттік міндеттен қашқан болса, оны өкіметтің тапсырмасы бойынша іздер еді. Осыдан кейін үйіне келіп жәйбірақат тұра берді. Мүмкін осы нәрсе Шәмілді өлтіру үшін істелінген болар. Өйткені осындай аса талантты балуанды көре алмайтындар жетіп-артылатын», - деп әңгімелейді. Шәміл ағамыздың жары Светлана Серікованың айтуынша, ағамыз осындай жағдайлардан  қатты шаршаған. Оның жайын күнде қасында болған зайыбынан артық кім білсін? Светлана Серікова: «Олимпиададан кейінгі уақытта жиі жарақат алатын болды. Жәй ғана жаттығу белдесуінің өзінен ол сүйегін сындырып келетін, бір күні қабырғасын, бір күні бұғанасын сындырып келеді. Ол кәдімгідей «шытынап сына» бастады. Ешқандай демалыс берілмеді, басшылықты тек жаңа нәтижелер қызықтырды. Шәміл: «Мен шаршадым, маған жай ғана бапкердің қызметін беріңіздерші, басқа ешнәрсенің керегі жоқ», - деп бастықтарға сан рет айтты. Бірақ оның өтінішін елеген ешкім болған жоқ» деп еске алады сол кездегі жағдайды. Дегенмен, жанашыр жан табылды. Сол кезде Қапшағайдағы спорт мектебінің директоры Тойлыбеков Орынбай Бейсенбайұлы оны бапкерлік қызметке алады. Орынбай аға мынадай естелігімен бөлісті: «Жұмысқа алу туралы өтініш жазып отырғанда Шәмілдің қолы қатты дірілдеді. Сонда мен: «Шәміл-ау, қолың неге дірілдеп тұр?!», - деп сұрадым. Шәміл: «Аға, менің екі балам бар, сіздің үш балаңыз бар. Өзім үшін емес, сіз үшін қорқып отырмын. Құртады ғой, осы үшін осы үшін сіздің басыңызды алады», - деді. Мен оны: «Қорықпа! Сен сияқты адамға көмектеспегенде, кімге көмектесемін?», - деп сабырға шақырдым». Осы мектепте Шәміл үш жыл бойы жасырын жұмыс істеген екен. Сол кездері Шәміл Мәскеуге барады. Онда ол мемлекеттік спорт комитетінің төрағасы Александр Пархоменконы жолықтырады. Шәмілдің қандай жағдайда жүргенін түсінген ол: «Мен дәл қазір бұйрық беремін, сен ауылыңа қайта бер, барған соң спорт басқармасына кірсең, құрамадағы бапкерлік орның да, «мәскеулік арнайы» жалақың да дайын тұрады», - деді. Бірақ Шәміл екі күнде құжатын жинап, басқармаға барғанында біздегі басшылар оның орнына басқа біреуді тағайындап үлгеріпті. Оның әйелі Светлана Пархоменкоға звондап, мән-жайды түсіндіруді жалынды, бірақ ол звондамай қойды. Бұл қазан айының соңы еді. Көп ұзамай 22-қараша күні Шәміл қайтыс болды. Бұл Шәмілдің шыдамының таусылған шағы болған шығар деп пайымдайды оның жары. Ол сол кездері ішін жалмап бара жатқан ренішті басамын деп қатты ішіп те кеткен екен. Шәміл өз шәкірттерінің жетістігін көріп кетуді армандап еді... «Бір кезде өзімді тұғырдың биігіне көтерген бапкерлерім тәрізді мен де бақытқа кенеліп тұрсам...», - деп армандаған екен ер Шәміл. Саналы ғұмырын спортқа арнаған Шәміл осы саладан кеткен соң түрлі кәсіппен шұғылданыпты. Отбасын асырау мақсатымен кәуап та сатқан, жеміс те тасыған. Жары Светлана: «Спорттан кеткен соң Шәмілдің істемеген жұмысы жоқ. Көкөніс өсіретін жұмысшылардың бригадирі болып, қарбыз өсіруге кеткені бар. 1989 жыл толығымен сонда жұмыс істеді. Кәрістермен бірге де жүрді. Оның қолынан кез-келген шаруа келетін. Және мұнда ұятты ешнәрсесі де жоқ», - дейді. Достарының айтуынша, «Ол бір уақытта алма тасумен айналысыпты. Нақтырақ айтқанда сол кездің алыпсатарлары Қарағандыға үлкен жүк көліктерімен алма тасиды, жолда ешкім тоқтатпай, тауарды сол күйінде жеткізу үшін жүргізушінің қасына Шәмілді отырғызып қояды. Базарға кіргеннен кейін ғана Шәмілге ақшасын беріп, босатады екен». Әлемнің үздік балуандарының бірі Александр Медведь: «Шәмілде осал жер жоқ. Оның ең үлкен қаупі де осы осалдығының болмауы. Шәміл осы бабында болса, бір дүркіннің орнына неше дүркін деген абыройдың асқар биігінен көріне жатар», - депті. Алайда, Олимп шыңына қайта шығу Шәмілдің маңдайына жазылмапты. 1988 жылдың 22-қарашасында Шәміл Серіков жарық дүниемен қоштасты. Сол кезде ол республика бапкерлерінің біліктілік арттыру курсында тыңдаушы болған. Досы Жақсылық Үшкемпіров Шәмілдің сол кездегі жүрген ортасы да нашар болғанын естіген екен. Сонымен, қазақтан шыққан осындай тұлғамызға біз не істедік? Оның қазаққа жасалған еңбегіне орай біз лайықты сый жасай алдық па? Тіпті бұл мәселе айтылмай да жүрген жоқ. Осыдан екі жыл бұрын бір топ спорт ардагерлері баспасөз арқылы Туризм және спорт министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігіне үндеу жолдаған («Шәміл есімі ел есінде қалуға тиіс», «Жас Қазақ», #27, 11 шілде 2008 жыл). Арасында Әбілсейіт Айханов, Әмин Тұяқов, Аманжол Бұғыбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Әбденалиев, Ермахан Ыбрайымов және Болат Жұмаділов сияқты беделді тұлғалар қол қойған үндеуде Шәмілдің жетістіктері туралы айтыла келіп, мынадай бастамаларды қолға алу ұсынылған: Шәміл Серіковтың атына көше беру, Шәміл Серіков тұрған үйге ескерткіш-тақта орнату, еліміздегі спорт мектептерінің біріне Шәміл Серіковтың есімін беру, Шәміл Серіковтың ескерткішін орнату, Шәміл Серіков туралы ескерткіш кітап шығару, Шәміл Серіковты еске түсіруге арналған дәстүрлі турнир ұйымдастыру және Шәміл Серіковтың өмір жолы туралы деректі фильм түсіру. Дәл осы ұсыныстардың газетте жарияланғанына, міне екі жылдан асты. Жекелеген жанашырлардың көмегімен Шәміл Серіковты еске алуға турнирі өткізілуде, жағында ғана Алматыдағы Алатау ауданының «Дархан» ықшам ауданындағы бір көшеге Шәміл есімі берілді. Ал, үндеудегі басқа ұсыныстар аяқсыз қалды. Шәміл Серіков атындағы турнирдің алғашқы екеуі чемпионның жұмыс істеген жері ретінде Қапшағай қаласында ұйымдастырылды. Үшінші турнир былтыр Алматыда жоғары деңгейде өтті. Бұл игі шараны ұйымдастыруда Шәміл ағаның достарының үлесі зор. Осыған дейін Бақыт Мырзахметұлы Өтегенов Шәміл Серіковтың атындағы турнир ұйымдастырған, бірақ кейін оған жоғарыдағылар «өзіне өзі қол салған адамға өткізбейсің» деп тоқтатып тастаған болатын. Бірақ осыдан үш жыл бұрын Жақсыбай Бәзілбаев Шәмілге біреулер қастандық жасады деп дәлелдеп шығып, турнир қайта жанданды. Шәмілдің артында отбасы қалды. Үлкен ұлы Тимур қазір «Динамо» спорт клубында бапкер, Елдар - музыкант. Шәміл ағамыз да кезінде әжептәуір ән салған екен. Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы  Шәміл Серіков туралы Шәміл Серіков 1956 жылы наурыздың 5-і күні дүниеге келген. Грек-рим күресінен 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. 1970 жылы күреспен айналыса бастаған. 1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған. 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. 1979 жылы еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған. 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан. 1978 жылы КСРО чемпионы атанды. 1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды. 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды. 1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ) 1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу) 1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1988 жылы 22-қарашада дүниеден озды. «Қазақ спорты» газеті
qosymsha/abai.kz
post_89751.txt
Украина Радасы: "Қош бол, орыс тілі!"
https://abai.kz/post/89751
"Украина Радасы: "Қош бол, орыс тілі!"" | "https://abai.kz/post/89751"
26.04.2019
Әбіл-Серік Әлиакпар
null
TITLE: Украина Радасы: "Қош бол, орыс тілі!" URL: https://abai.kz/post/89751 META: "Украина Радасы: "Қош бол, орыс тілі!"" | "https://abai.kz/post/89751" DATE: 26.04.2019 AUTHOR(s): Әбіл-Серік Әлиакпар TOTAL WORDS: 289 TEXT: Орысша тілдік ахуалдан арылудың жаңа жолын таңдаған Украина үш жылға созылға айтыс-тартыстан кейін 25 сәуірде Киевте 2082 түрлі өзгерту енгізілген құжатты екінші оқылымда 278 халық қалаулысының қолдауымен "Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз қызметін атқаруы туралы» Заңын қабылданды. Осы түзетулер мен өзгерістерді қалт жібермей қадағалау үшін құрылған «Профилдік комитеттің» басшысы Николай Княжицкий Рада мінберінен: "Біздің бұл заңымыз ешбір ұлттық азшылықты жәбірлемейді... Біз барша азаматтардың өз үйінде жүргендей сезінуіне қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Халық депутаттары ұсынған көптеген түзетулерді ескердік... Біз заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуды енгізуді үш жылға шегердік. Осы уақыттың ішінде барлық облыстарда украин тілінде оқытатын орталықтар құрылатын болады... Бұл заң украин тілін армияға енгізеді, егер әскерилер арасында әлдекім украинша сөйлей алмайтын болса, оған еш жаза қолданылмайды. Өйткені, украин әскерилері қазіргі кезде украинша ғана сөйлегенді хош көреді", - деп мәлімдеді. Николай Княжицкий: «Әрі бұл «Тіл туралы заң» емес, тек мемлекеттік тілдің өз салтанатын құруына арналған заңнама» деді сөзінің соңында. Бұл құжат Украина азаматтарының мемлекеттік тілін мемлекеттік билік органдарында, Қырым Автономиялық Республикасының билік органдарында, Украин жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, өзге де мемлекеттік және коммуналдық меншік түрінде шаруашылық жүргізетін субъектілерде қолданылуын реттейтін болады. Бұл құжатта сонымен бірге украин тілін бұқаралық салаларда: Білім мен ғылымда; мәдениет саласында; теле-радио хабарларда; БАҚ; кітап басу мен кітап таратуда; электронды ақпараттық жүйеде; тұтынушыларға қызмет көрсету саласында; спорт, телекоммуникация мен пошта байланысы, заңгерлік қызмет, денсаулық сақтау, көлік; топонимдерді белгілеуде, жарнамада, маңдайшалар мен жазушыларды дайындауда; қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың іс-әрекетінде, жекеменшік субъектілерінің тауарлары мен көрсететін қызметтерінде қолданылуы да қарастырылған. Түйін Біздің депутаттар тілдік жағдайы бізден де қиын жағдайда қалса да орекеңе жалтақтамайтын украин халық қалаулылары тәжірибесінен үйренуге ниет етсе ғой деген қиялға беріледі екенсің. Әрі дәл осындай құжатқа қазақтың қолы қашан жетеді деген ойға да қаласың? Әбіл-Серік Әлиакпар Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_62268.txt
Қырғыз телеарнасы инаугурациядан кейін қазақ-қырғыз қатынасын талқылады
https://abai.kz/post/62268
"Қырғыз телеарнасы инаугурациядан кейін қазақ-қырғыз қатынасын талқылады" | "https://abai.kz/post/62268"
25.11.2017
Abai.kz
null
TITLE: Қырғыз телеарнасы инаугурациядан кейін қазақ-қырғыз қатынасын талқылады URL: https://abai.kz/post/62268 META: "Қырғыз телеарнасы инаугурациядан кейін қазақ-қырғыз қатынасын талқылады" | "https://abai.kz/post/62268" DATE: 25.11.2017 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 252 TEXT: ...Сонымен кеше Қырғыз Республикасында елдің бесінші президенті Сауранбай Жиенбековті ұлықтау рәсімі өтті. Сарапшылар және қырғыз тележурналистері "Қырғызстанда бірінші рет билік бейбіт түрде беріліп,  еркін әрі баламалы түрде өткен президент сайлауының  нәтижесі ел аумағында толық мойндалды" деді. Алайда, осыдан алты жыл бұрын өтпелі кезеңдегі саяси әрекеттер мен ел тағдырына жауапты болған Роза Отымбаева ханым да ың-шыңсыз билікті Алмасбек Атамбаевтың құзырына тапсырған еді. Сондықтан Отымбаевның миссиясы заманауи қырғыз елінің тарихында ұмытылмауы керек шығар... Хош, делік. Сөйтіп, электораттың 54 пайыз дауысын алған Сауранбай Жинебеков қызметіне кірісті. Ол елдің саяси элитасы мен халық алдында тұрып ант берді. Сөзін "Құдай" деп бастаған Жиенбеков мекендестерінің алдында арқашан ақ-адал болуға, қасық қаны қалғанша аянбай қызмет етуге уәде қылды. Сосын өзінің ел басшысы ретіндегі шағын бағдарламалық сөзін айтып, бірінші кезекте білімге баса назар аударатынын білдірді. Коррупциямен аяусыз күрес жүргізілетініне де екпін бере сөйледі. Орыспен, қытаймен, Орта Азия елдерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз деді. Геосаяси, геоэкономикалық тұрғыдан алғанда қырғыз президентінің бұл талабы өте орынды екені даусыз. Сондай-ақ ол Еуропа елдерімен де, араб елдерімен де байыпты байланысымызды үзбейміз дегенді айтты. Бәрекелде! Ал, Атамбаев болса, алты жылдың тарих пен ұлы уақыт үшін аз ғана мерзімідік сәт болғанымен өзі үшін үлкен кезең болғанын айтып толқыды. - Мен сіздердің алдарыңызда толқып тұрмын, - деп сөйлеген экс-президент: "Алты жылда атқара алмаған істерім болса, кешіріңіздер", -деп ағынан ақтарылды. Сосын Сауранбай досына арнап бата берді. Инаугурация толықтай дерлік қырғыз тілінде өтті. Бесінші президенттің инаугурациясы аяқтала салысымен қырғыз телеарналары салтанатты рәсімді талқылауға көшті. Төмендегі бейнежазбада инаугурация жайы, ежелгі хан сайлау дәстүрі...сонымен бірге қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі ахуал жөнінде сөз болды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_16665.txt
Оңтүстік Қазақстанда биыл кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді
https://abai.kz/post/16665
"Оңтүстік Қазақстанда биыл кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді" | "https://abai.kz/post/16665"
12.04.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Оңтүстік Қазақстанда биыл кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді URL: https://abai.kz/post/16665 META: "Оңтүстік Қазақстанда биыл кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді" | "https://abai.kz/post/16665" DATE: 12.04.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 320 TEXT: Шымкент. 11 сәуір. ҚазТАГ - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді, деп хабарлады мемсанэпидқадағалау департаментінің (МСЭҚД) аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы Ералқасын Түктібай. «Биыл (кенелерге қарсы - ҚазТАГ) өңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 39 млн теңге және облыс бюджетінен 400 млн теңге бөлінді», - деп мәлім етті Е. Түктібай бейсенбі күні. Оның мәліметтеріне сәйкес, биыл ОҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты кенеге қарсы өңдеу шаралары 15 күнге кешігіп басталды. «Облыста 92 елді мекен конго-қанды безгегі (КҚБ) жұқтырылған кенелердің мекен етуі үшін қолайлы деп саналады. Аталған жерлерде дезинфекция бірінші кезекте жүргізіледі. Бұған қоса, өңдеу шаралары басқа да елді мекендерді қамтиды», - дейді санитарлық дәрігерлер. Жыл басынан бері аймақта кене шаққан 292 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Былтыр 161 адамды кене шаққан. «Биыл 4300 кенені тексердік, оны 2-еуі КҚБ тасушы болып шықты. Бір қауіпті кене Мақтаарал ауданынан табылса, екіншісі Шымкент қаласының маңынан, Пахтақордан табылды. Бүгінгі күні КҚБ жұқтырған адамдар тіркелген жоқ», - деп қорытындылады аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы. Шымкент. 11 сәуір. ҚазТАГ - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) кенелермен күреске Т430 млн-нан аса қаржы бөлінді, деп хабарлады мемсанэпидқадағалау департаментінің (МСЭҚД) аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы Ералқасын Түктібай. «Биыл (кенелерге қарсы - ҚазТАГ) өңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 39 млн теңге және облыс бюджетінен 400 млн теңге бөлінді», - деп мәлім етті Е. Түктібай бейсенбі күні. Оның мәліметтеріне сәйкес, биыл ОҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты кенеге қарсы өңдеу шаралары 15 күнге кешігіп басталды. «Облыста 92 елді мекен конго-қанды безгегі (КҚБ) жұқтырылған кенелердің мекен етуі үшін қолайлы деп саналады. Аталған жерлерде дезинфекция бірінші кезекте жүргізіледі. Бұған қоса, өңдеу шаралары басқа да елді мекендерді қамтиды», - дейді санитарлық дәрігерлер. Жыл басынан бері аймақта кене шаққан 292 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Былтыр 161 адамды кене шаққан. «Биыл 4300 кенені тексердік, оны 2-еуі КҚБ тасушы болып шықты. Бір қауіпті кене Мақтаарал ауданынан табылса, екіншісі Шымкент қаласының маңынан, Пахтақордан табылды. Бүгінгі күні КҚБ жұқтырған адамдар тіркелген жоқ», - деп қорытындылады аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы.
qosymsha/abai.kz
post_1613.txt
Шахтинск қаласында бокстан Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серіков қару оғынан қаза болды
https://abai.kz/post/1613
"Шахтинск қаласында бокстан Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серіков қару оғынан қаза болды" | "https://abai.kz/post/1613"
12.08.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Шахтинск қаласында бокстан Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серіков қару оғынан қаза болды URL: https://abai.kz/post/1613 META: "Шахтинск қаласында бокстан Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серіков қару оғынан қаза болды" | "https://abai.kz/post/1613" DATE: 12.08.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 248 TEXT: Қарағанды.  12 тамыз. ҚазТАГ – Азияның үш дүркін чемпионы, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ермек Серіков дүйсенбі күні 20:10-да Шахтинск қаласының автостанциясында оң жақ санынан тиген оқтан жарақат алған күйі табылды. Спортшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оған жедел операция жасалды. Сейсенбі күні Е. Серіков көз жұмды. Оның өліміне қанның көп кетуі және гемморагиялық шок себеп болған. Қарағанды облыстық ІІД хабарлауынша, қылмыс әзірге ашылған жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр. Боксшының сенімхат бойынша басқарған автокөлік табылды, оның салонынан гильза табылды. Болжамдардың біріне сәйкес, спортшы достарымен бірге дәмханада болғанда, дау шыққан. 20 жастағы Ермек Серіков бокстан ҚР құрамасының келешегі мол мүшелерінің бірі болған. Қарағандының бокс мектебінде ол әлем чемпионы Бақтай Сәпиевтен кейін екінші орындағы былғары қолғап шебері саналатын. Қырқүйекте Е. Серіков Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатына қатысуға тиіс еді. Қарағанды.  12 тамыз. ҚазТАГ – Азияның үш дүркін чемпионы, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ермек Серіков дүйсенбі күні 20:10-да Шахтинск қаласының автостанциясында оң жақ санынан тиген оқтан жарақат алған күйі табылды. Спортшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оған жедел операция жасалды. Сейсенбі күні Е. Серіков көз жұмды. Оның өліміне қанның көп кетуі және гемморагиялық шок себеп болған. Қарағанды облыстық ІІД хабарлауынша, қылмыс әзірге ашылған жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр. Боксшының сенімхат бойынша басқарған автокөлік табылды, оның салонынан гильза табылды. Болжамдардың біріне сәйкес, спортшы достарымен бірге дәмханада болғанда, дау шыққан. 20 жастағы Ермек Серіков бокстан ҚР құрамасының келешегі мол мүшелерінің бірі болған. Қарағандының бокс мектебінде ол әлем чемпионы Бақтай Сәпиевтен кейін екінші орындағы былғары қолғап шебері саналатын. Қырқүйекте Е. Серіков Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатына қатысуға тиіс еді.
qosymsha/abai.kz
post_134956.txt
НАТО: Басты қатер - Ресейдің агрессивті әрекеттері
https://abai.kz/post/134956
"НАТО: Басты қатер - Ресейдің агрессивті әрекеттері" | "https://abai.kz/post/134956"
15.06.2021
Abai.kz
null
TITLE: НАТО: Басты қатер - Ресейдің агрессивті әрекеттері URL: https://abai.kz/post/134956 META: "НАТО: Басты қатер - Ресейдің агрессивті әрекеттері" | "https://abai.kz/post/134956" DATE: 15.06.2021 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 127 TEXT: 14-маусым күні Брюссельде НАТО одақтастары басшыларының 31-ші саммиті ашылды. Дәстүр бойынша, саммит арақашықтық сақтау арқылы «отбасылық» суретке түсуден басталды. Ал, Саммиттің күн тәртібі бойынша: - Альянсты нығайту бойынша НАТО-ның 2030 Стратегиялық жоспарын бекіту; - Одақ Ресейдің агрессивті мінез-құлқын, терроризмін, киберқауіптерін, қауіпті технологияларын, Қытайдың күшейіп келе жатқан ықпалы мен климаттың өзгеру салдарын қоса алғанда, сын-қатерлерге жауап беруге дайындығын қамтамасыз ету; - НАТО әскери контингенті шыққаннан кейін Ауғанстанға саяси қолдау көрсетуді жалғастыру сынды мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымының басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Джо Байден Брюссельдегі саммитті Ресей мен Қытайға бағытталған қатаң мәлімдемелермен қорытындылады. НАТО саммитінде Ресей туралы 63 рет айтылған. Ал, альянс мүшелері «Ресейдің агрессивті әрекеттерін» бірінші қатер ретінде қарастырады. Қорытындыға сай, Қытай мен Ресей «ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке қатер төндіруші ел» деп аталды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_155051.txt
“Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық, орыстарда ол жоқ»
https://abai.kz/post/155051
"“Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық, орыстарда ол жоқ»" | "https://abai.kz/post/155051"
27.07.2022
Abai.kz
null
TITLE: “Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық, орыстарда ол жоқ» URL: https://abai.kz/post/155051 META: "“Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық, орыстарда ол жоқ»" | "https://abai.kz/post/155051" DATE: 27.07.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 75 TEXT: “Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық, орыстарда ол жоқ»,- дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаты Наталья Дементьева «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында. «Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық. Қазақ халқының ерекшелігі - сол. Мысалы, орыс халқын алатын болсам, менің туған халқым ғой, бірақ оларда жоқ ондай қасиет. Мүлдем жоқ емес, бар. Бірақ дәл қазақтардағыдай емес. Қазақтар онымен қоса сенімдігілі жоғары ел. Сенімділік деген өте жақсы қасиет. Қазақтың сонысын ерекше бағалаймын», - дейді Наталья Дементьева. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_5723.txt
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентік келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады
https://abai.kz/post/5723
"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентік келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады" | "https://abai.kz/post/5723"
17.11.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентік келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады URL: https://abai.kz/post/5723 META: "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентік келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады" | "https://abai.kz/post/5723" DATE: 17.11.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 356 TEXT: Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады, деп мәлім етті агенттік төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев. «Қазір мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың қызметін жыл сайынғы бағалау туралы жарлығы әзірленіп жатыр, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр мемлекеттік органға түрлі бағыттар бойынша баға беру жоспарланған», - деді Ә. Көмекбаев сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында. «Агенттік (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі – ҚазТАГ) екі бағыт бойынша баға шығарады: мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді қалай жүзеге асырады және екіншісі – қызметкерлерді іріктеу, қызметкерлермен жұмыс және оларды басқару. Кадрлардың ауыспалығына қатысты бір жылдың ішіндегі ауыспалылық жеке критерий болып табылады, мұндайда қызметкерлердің өз еркімен жұмыстан кеткен, жұмыстан шығарылғаны маңызды емес», - деді агенттік төрағасының орынбасары. Ол «кадрлар жиі ауысатын болса, бұл факт осы мемлекеттік органға теріс балл әкеледі» деді. «Бұл жоба бойынша бағалаудың нәтижелері мемлекет басшысының қарауына ұсынылады», - деді Ә. Көмекбаев. Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардағы «кадрлардың тұрақсыздығын» бақылайтын болады, деп мәлім етті агенттік төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев. «Қазір мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың қызметін жыл сайынғы бағалау туралы жарлығы әзірленіп жатыр, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр мемлекеттік органға түрлі бағыттар бойынша баға беру жоспарланған», - деді Ә. Көмекбаев сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында. «Агенттік (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі – ҚазТАГ) екі бағыт бойынша баға шығарады: мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді қалай жүзеге асырады және екіншісі – қызметкерлерді іріктеу, қызметкерлермен жұмыс және оларды басқару. Кадрлардың ауыспалығына қатысты бір жылдың ішіндегі ауыспалылық жеке критерий болып табылады, мұндайда қызметкерлердің өз еркімен жұмыстан кеткен, жұмыстан шығарылғаны маңызды емес», - деді агенттік төрағасының орынбасары. Ол «кадрлар жиі ауысатын болса, бұл факт осы мемлекеттік органға теріс балл әкеледі» деді. «Бұл жоба бойынша бағалаудың нәтижелері мемлекет басшысының қарауына ұсынылады», - деді Ә. Көмекбаев. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев атап көрсеткендей, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың құрылымында «командалық жемқорлық» деген құбылыс байқалып отыр. «Біз үнемі айтып келген мынадай мәселе бар: басшылар бір орыннан екінші орынға ауысқанда өз командасын соңынан ертіп әкеледі. Бірінші басшының ешқашан қол қоймайтыны түсінікті, ол бүкіл жерде өз адамдарын ертіп жүреді, олар ұйымдасқан түрде коррупциялық істермен айналысады», - деді З. Алшымбаев.
qosymsha/abai.kz
post_76611.txt
Алтынбекпен ретроспективалық сұхбат (сирек суреттер)
https://abai.kz/post/76611
"Алтынбекпен ретроспективалық сұхбат (сирек суреттер)" | "https://abai.kz/post/76611"
12.09.2018
Қуаныш Қаппас
null
TITLE: Алтынбекпен ретроспективалық сұхбат (сирек суреттер) URL: https://abai.kz/post/76611 META: "Алтынбекпен ретроспективалық сұхбат (сирек суреттер)" | "https://abai.kz/post/76611" DATE: 12.09.2018 AUTHOR(s): Қуаныш Қаппас TOTAL WORDS: 1764 TEXT: 12 қыркүйек қазақ үшін аса қадірлі тұлға Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Алаштың арда ұлы арамыздан ерте аттанбағанда биыл өміріндегі 56-шы қоңыр күзді қарсы алар еді. Қазақ қоғамының қарашығынан қанды жас ағызған қаза орын алғалы 12 жыл болыпты. Жарық жалғанда жарты ғасырға жетпейтін ғұмыр кешсе де Алтекең Алаш баласының ардақтауына бөленіп үлгерген еді. Бүгінгі атаулы күнде өзі құлай сүйген қазағының мәңгілік махаббатына айналған аяулы азаматпен ретроспективалық сұхбат құрып, рухымен сырласып, ол кісінің көзін көрмесек те сөзін теруді жөн көрдік. Алтынбек Сәрсенбайұлының сәби кезі Саясаткердің отбасы - Алғашқы әңгімені туған ұлтыңыздың тыныс-тіршілігінен бастасақ. - Бiздiң кешеуiл­деп артта қалуымыздың себебi неде? Бiздiң халықтың негiзi ауылда, сол се­беп­тi де үлкен процестерге араласа алмады. Тiптi саяси процестерге де, танымдық процестерге де, ғаламдық процестерге де араласу мүмкiншiлiгiнен тыс қалды. Сондықтан да бiз "ауыл деген қазақ халқының қаймағы" деген жалған ойдан арылайық. Мемлекетке, бүгiнгi үкiметке күш сала отырып, әртүрлi мүмкiн­шiлiк­терiмiздi пайдаланып, бiздiң ұлтты қала тұрғыны жасап, сол арқылы оны бүгiнгi жаңа технологиялар­ға iлiндiрiп, сол арқылы оны алдымен Қазақстан iшiндегi басқа, бiзден өнер­кәсiптiк шеберлiгi дамыған ұлттың алдына оздырып, көршi аймақтағы елдердiң алдына шығарып, сол арқылы ертең ғаламдық немiстен, голландықтан, американдықтан, шведтен кем түс­пейтiн кәсiпкер жасайық. Ауылдағы енжар, бұйығы ұлттан iскер, iлкiмдi, талаптанғыш қалалық ұлт жасайық. Мiне, бiздiң ұлттық идеяның негiзгi мақсатының бiреуi осы - ұлтты жетiлдiру, ұлт­тың бәсеке­лес­тiгiн дамыту болуы тиiс. Ұлт мемлекеттiң тiрегi болсын десек, қазақ халқы қала халқына айналуы керек. Сонда ғана қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болады. Ауылда отырған қазақ халқы ешқашан казақ тiлiн мемлекеттiк тiл жасай алмайды. Саясат қалада жасалады. Ауыл халқы қалаға келсе, қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде қалаға алып келедi. Тiл мәселесi де, ұрпақ мәселесi де шешiледi. Қалада азаматтардың жан-жақты дамуына мүмкiндiк мол. Жаңа технологияларға, жаңа кәсiптерге үйренедi. Қаланың жаңа тұрғындары үшiн арзан да болса үйлер салу керек. Бiз осыған каржы жұмсайық. Жалындаған жастық шақ Жас отбасы - Ана тіліміздің дамуына көңіліңіз тола ма? - Түркiстанға сапары кезiнде Назарбаев тiл саясатын жүргiз­ген кезде абайлау қажеттiлiгiн, мемлекеттiк тiлдi үнемi, кезең-кезеңдерiмен енгiзу жө­нiнде айт­ты. Дұрыс-ақ сияқты. Алайда ақиқаттан алыстық мынадан байқалады: айтылған саясаттың өзiнiң көрiн­бейтiндiгi қалай? Кезең-кезеңiмен жүргiзу қажет емес. Нелiктен? Өйткенi iстелiнiп жатқан iс жоқтың қасы. Iстелiнiп жатыр дегендерi тек қағаз жүзiнде. Есеп бар. Бұрыштамасы бар. Мәлiмдемесi бар. Тек қана iс жетiспейдi. Татырлық оқулықтар мен методика аз ба? Бұл - шынайы шындық. Лайықты мамандар жеткi­лiк­сiз бе? Ақиқаты осы. Мектептерде тiл пәнi көңiл қалдырарлықтай жүргiзiле ме? Әрине. Ең ауыр жылдардың өзiнде телеарналарда тiл үйрету бағдарламалары шығып тұрды. Бүгiнде ол жоқ. Факт. Әйтсе де тiл жоғарыдан төнiп тұрған семсерге айналды. Шағыстыру құралына айналды. Саяси ұпай жинайтын құрал болды. Алтекеңнің отбасы - Елді әлеуеттендірудің жолы неде? - Қазақты кедейшiлiктен құтқарудың жалғыз жолы – демократия. Мен Семейдiң бiр газетiне осылай деп сұхбат бердiм. Себебi, қазақ халқының несiбесi – мұнай мен газды, одан түскен табысты Қазақстан халқына әдiл бөлудiң бiрден-бiр жолы – тек демократиялық құрылым. Басқадай құрылым жағдайында мұны орындаудың мүмкiн еместiгiне көзiмiз жеттi. Сондықтан, қазақ халқының тамағының тоқ, киiмiнiң бүтiн болуына тек демократия ғана мүмкiндiк жасайды. Демократиялық құндылықтар үшiн күрес – аса ауыр жүк, қиын еңбек. Қазақстандықтар әдi­лет­­сiз­дiкке қарсы табанды күресуге әлi дайын емес. Тәуел­сiздiк алғалы берi өз таңдауын қорғап қалуды үйрене алмады, дауысты дұрыс санауды талап ете алған жоқ. Бұл – демократиялық күш­тер­дiң де кiнәсi. Мұнай және өзге де шикiзат таусылса, Отанымыз не күйге түседi? Егер әлем саясилана қоймаған өзге энергия көзiне көшсе не болмақ? Экономикасы тұралаған, саяси жүйесi әбден ес­кiрген, бiлiмi мен денсаулық сақтау саласы құрып бiткен елдердiң қа­тарына қайтадан қосыламыз ба? Мәселенiң бәрi билiктiң мұнай сату арқылы ғана Қа­зақстанды ұшпаққа шығарғысы келетiнiне барып тi­реледi. Қазақстандықтар азапты дилемманың уақыты келгенде ғана емес, қа­зiрден бастап ойлануы тиiс. Өйткенi жақын жылдары мемлеке­тiмiз­дiң тағдыры тар дәлiз­дерде және кабинеттерде емес, қоғамның өз iшiнде шешiлуi керек! Сол себептi де тарихи жауапкершiлiк қо­ғамның жұмылғыш, бел­сендi бө­лiгiнiң: кәсiпкерлер­дiң, ғылыми және шығармашылық зиялылардың, мем­ле­кеттiк қызметкер­лердiң, қо­ғамдық ұйым өкiлдерiнiң тағы басқалардың мойнында. Мен ешкiмдi бiреудi жақтасып, көтерiлiске шы­ғуға үндемеймiн, оппозиция­лық партиялардың қатарына жаппай өтуге де шақырмаймын. Тек әркiм өзi айналысатын жұмысында шама-шарқынша қоғамдық бастамалар мен үкiметтiк емес секторды қолдаса, ойын жария түрде айтса, қоғам назарын мызғымас құндылықтарға қарай бұр­са, сол жеткiлiктi. Сонда ғана тұншыққан қоғамның тынысы ашылып, кеуде кере дем алар едi... Қансонарда бүркітші шығады аңға... Әріптестермен шахмат ойнау - Билік басындағы қызметкерлерден нені талап етесіз? - Президентке дос емес, жау іздеп жүрген кеңесшіден Алла сақтасын дегеннен басқа не айтуға болады. Меніңше, мемлекет басшысына саяси жағынан арандататын адамның түкке керегі жоқ, керісінше, Президенттің қасында ұлтты ұйытуға, қоғамды топтастыруға шама-шарқы бар адал адамдар жүруі тиіс. Оның үстіне, қазіргідей алмағайып заманда жау іздеудің ұпай әпере қоймасы және анық. Саясатта қара көрсеткеннің бәрінің бойынан күдік іздеу, қандай да бір белсенділіқ танытқан қоғам мүшелерінен себепті-себепсіз жаулық көру, ел арасынан дұшпандық іздеу бұрын да болған, бірақ, түптеп келгенде,сондай жағдайлардың ақырының орны толмас өкінішке, қайғы-қасіретке ұшырап келгенін тарихтан жақсы білемін. Сондықтан, бүгінгі күнгі мақсат - жау іздеу емес, пікір тоқайластыратын жер іздеу. Басты және негізгі міндет - қөп болып    қимылдап,    мемлекетті    нығайту, тәуелсіздікті сақтап қалу». «Біз көп те халық емеспіз», «Саяси қүштеріміз де аз». Сол аздығымызды білдірмеу үшін, ел басшысынан бастап, қатардағы саясаткерге дейін   «мемлекеттің дамуына,  тәуелсіздіктің нығаюына қандай үлес қоса   алам?» деп, екі шоқып, бір қарауымыз қереқ. Елбасы мен Алтекең - Қазақ баспасөзіне қалай баға бересіз? - Мен ақпарат саласын басқарғанда, бір де бір басшысымен  «тату» болу мүмкін емес еді. Себебі, олардың түсінігінде,  мен Үкімет басшысын баспасөзден «қорғауым» қажет болатын. Олардың қай-қайсысы да осыны талап ететін.  Егер мен Үкімет басшыларын, Үкімет мүшелерін  қорғауға жол берсем, онда олардың орынбасарларын, орынбасарлардың орынбасарларын, қысқасы, барлығын «қорғауға» тура келер еді.  Ал, мұндайға жол берсем, тәуелсіз елдің баспасөз бостандығы коммунистік партия үстемдік құрып тұрған сәттегі баспасөз бостандығы сияқты болып шыға келер еді. Яғни «сынауға болатын» және «сынауға болмайтын» адамдардың тізімі жасалар еді. Олай болған күнде менің алдымда «сыналуға болмайтын» адамдардың бір шабадан тізімі жатар еді де, менің бар жұмысым соны реттеп отыру болар еді. Олай етуге қақым жоқ. Сондықтан да, мен ақпарат саласына басшылық  еткен жылдары  Үкімет басшыларының барлығының  дерліқ іс-әрекеті баспасөзде  еш кедергісіз қөрсетілді, тіпті, ашық пікірталасқа барған сәттер де кездесті. Қазақ журналистерi­нiң қазiргi кезеңге дейiнгi мектебiнде тапсырыспен жазылатын жалданбалы мақалалар жарияланбаушы едi. Шерағаң болсын, Сейдахмет ағамыз болсын, Оралхан ағамыз болсын – бұл кiсiлерге жалданбалы мақала өткiзу және жаздырту мүмкiн емес болатын. Олар өте үлкен тұлға болатын. Тiптi сол кездегi Қазақстан Компартиясы орталық комитетiнiң бiрiншi хатшылары санасатын рухани тұлғалар болатын. Бас редакторлардың көпшiлiгi сондай болды. Ал қазiр көптеген редакторлар, өкiнiшке қарай, сiз айтып отырғандай, жалданбалы мақалаларға жиi жол бередi. Ол нарықтың да әсерi болуы да мүмкiн. Себебi газеттер күн көруi керек. Қазақ басылымдарының да табысы аз. Ал ендi бiрте-бiрте қазақ басылымдарының толығуы да, жақсаруы да қазақ оқырмандарының, қазақ тұрғындарының әлеуметтiк жағдайының жақсаруымен тi­келей байланысты. Олар басылымдарға өзi жазыла алатын жағдайға жеткенде, газеттi өз бағасымен сататын күнге жеткен кезде, сiз бен бiз айтып отырған жаңағы тақырып, менiңше, болмайды деп ойлаймын. Негi­зiнен, бұл ауру Ресейден келдi. Есiңiзде болса, Ельциннiң тұсында Ресейдiң үлкен федералды газеттерiнiң барлығы да олигархтардың қолдарына өттi де, бұл газеттер олигархтардың бiр-бiрiмен экономикалық табыстары үшiн күрестiң құралына айналып кеттi. Сол ауру бiртiндеп-бiртiндеп бiзге келген сыңайы бар. Ол бiзде – қазақ басылымдарынан гөрi Қазақстанда шығатын орыс басылымдарына тән құбылыс. Демократиялық жолды ту еткен жолдастарымен – Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтсе де, Ресейдің шылауынан шыға алмай жүрген секілдіміз... – Ресеймен сауда қатынасы, экономикалық байланыс тиiмдi. Бiртұтас экономикалық кеңiстiктен қашудың керегi жоқ. Бiрақ тәуелсiздiгiмiздi сақтауымыз керек. Болашақта Еуроодаққа жақындауымыз керек. Оның екi жолы бар. Бiр жағынан, Ресей реформаларды сәттi өткiзiп, Еуроодаққа қатардағы мүшесi ретiнде өзi қосылуы мүмкiн. Ондай жағдайда Еуропаға бару бiзге оңай болады. Егер Ресей мұндай жолды қаламаса, бiз де орманның iшiнде адасып жүре бермей, өз жолымызды таңдап, өз бетiмiзбен қосылуға тырысуымыз керек. Жалпы алғанда, бiзге бiртұтас экономикалық аймақ керек. 150 миллион халқы бар Ресеймен сауда-саттық жасағаннан жаман болмаймыз. «Ресейдiң темiржол, мұнай құбырлары арқылы өнiм тасығанда, оның өз кәсiпорындарына қандай тариф болса, бiзге сондай тариф берсiн» деген талаптың бiз үшiн мәнi зор. Дәл қазiр бiз үшiн тариф үш есе қымбат. Затыңды Ресей арқылы алып өткенше, оның құны аспанға шығып кетедi. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк сол ауыртпашылықтан құтылу үшiн керек. – Елде демократияны жетілдіру үшін шетелдік күштердің көмегі қажет пе? – Өз басым “шетел бiр режимдi талқандап, билiктi екiншi бiр топтың қолына алып бердi” дегенге сенбеймiн. Мұндай жағдай Африкада 60–70-жылдары болған. Қазiргi қоғамның даму деңгейiнде Украинада да, Грузияда да “бiреулер келiп демократия орнатып бердi” дегенге сенбеймiн. Әңгiме басқада. Азаматтық қоғам құру үшiн, тәуелсiз басылымдарды қолдау үшiн, көпжүйелi партияларды қалыптастыру үшiн бiзге көмек керек пе? Егер ол риясыз көмек болса, әрине, керек. Одан неге бас тартамыз? Олар Қазақстанды жаулап алайын деп жатқан жоқ қой. “Қазақстанда орнықты қоғам болсын” дейдi. Мәселен, мен Американың немесе Еуропаның мемлекеттiк қызметкерi болсам, бұл жөнiнде мiндеттi түрде ойлар едiм. Себебi, олар Қазақстанға ондаған миллиард инвестиция салып отыр. Олардың қаржысының жай-күйi мұнда қауiпсiз болу үшiн бiздiң қоғам ашық болуы керек. Демократиясыз қоғам – тұрақсыз қоғам. Тұрақтылық дегенiмiз – қоғамдағы барлық пiкiрлердi ұштастырып, соның жүйесiн тауып отыру. Бұл тек демократиялық жолмен келедi. - М емлекеттiк аппараттың, билiктегi адамдардың көп­те­ген сырларын бi­ле­сiз , Сол сырлардың жарияланатын күндерi бола ма? – Егер ол өткен оқиға болып және бүгiнiмiзге, болашағымызға қатысы жоқ болса, оның керегi жоқ. Сол кез­дегi жасалған әрекеттер бүгiнгi күнi де, ертең де жалғасын тауып жатса, онда бәл­кiм, кейбiр, мәселелердi ашып айту керек. Уақытында айт­паған шындықтың қадiрi жоқ. Сондықтан да өткендi қазбалап, бiрнәрсесiн тiрнек­теп жату, менiңше, ол саналы азаматтың атқаратын қызметi емес. Айтатын шындығың болса кезiн­де айт, бетiне айт, жария ет. Айт­падың ба, үндемей-ақ қой. – Б атыл әрi ащы пiкiр айтып жүрсiз... – Қатты пiкiр айтып та ықпал етуге болады. Президент қоғамдық температураның қаншалықты дәрежеде көтерiлiп келе жатқанын сезiнуi тиiс. Ал бiз – өз ойымызбен емес, қоғамдағы жинақталған проблемалармен өмiр сүретiн адамдармыз. Саясаткер деген сол. Егер ол қоғамда болып жатқан оқиғалар мен ой-пiкiрлерден өзiн бөлек алып жүретiн болса, оны ешкiм саясаткер деп қабылдамайды. Қоғамда қордаланған мәселелердiң барлығы бiздiң ойымыз бен бойымызда. Қоғамда проблемалар қордаланған сайын, температура көтерiлген сайын, бiздiң де айтар сөзiмiз күшейедi. Ащырақ әрi ашығырақ бола түседi. Бұл – саясаттың заңы. - Елге шеттен келетін қандастар жайлы ойыңыз қалай? - Ұлттың өзiн тәуелсiз мемлекетке тiреу болатындай және оны алға алып жүретiндей iшкi қайнар күш керек. Егер билiк халықтан туындайды десек, алдымен халықтың потенциалын қалыптастырудың жолын iздеуi­мiз керек. Ол үшiн, ең бастысы, елге еркiндiк беру, елдiң дамуы­на, маңдайалды азаматтардың өсiп шығуына мүмкiндiк жасау керек. Бұл – үлкен өзгерiстi кезең. Ол үшiн әдiл сайлау керек, әдiл қозғалыстар керек, әдiл партиялар керек, әдiл баспасөз керек. Ал екiншi жағынан сол үлкен дағдарыста тұрған тiл, дiн, дiл және ұлттық болмыс мәселесiн­де, қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар. Ол – оралмандар. Мен мұны “көмек” деп әдейi бөлiп айтып отырмын. Себебi, оралмандарды үлкен көмек­тесушi адамдар ретiнде қабылдауымыз керек. Ұлттың санын молайтатын, сапасын жақсартатын, ұлттық экономикаға ие болатын, сырттан келiп қосылып жатқан “жаңа күш” ретiнде қарауымыз керек. Әсiресе, гуманитарлық салада, тiл, мәдениет саласында бiз көрiп отырған қиыншылықтардан алып шығуға өз үлесiн қосатын күш ретiнде қарауымыз керек. Ретроспективалық сұхбатты дайындаған Қуаныш Қаппас Суреттер "Аңыз адам" журналынан алынды Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_55921.txt
Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады?
https://abai.kz/post/55921
"Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады?" | "https://abai.kz/post/55921"
14.07.2017
Нұргелді Әбдіғаниұлы
null
TITLE: Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады? URL: https://abai.kz/post/55921 META: "Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады?" | "https://abai.kz/post/55921" DATE: 14.07.2017 AUTHOR(s): Нұргелді Әбдіғаниұлы TOTAL WORDS: 620 TEXT: Қазақстаның Жоғарғы палатасы, ақсақалдар кеңесінің сайлауы өткен айда аяқталған. Додаға "допуск" алған депутаттардың дені жаңарды, рас. Арасында өткен шақырылымның өкілдері де болды, экс-әкімдер де болды. Ұзын-ырғасы 47 сенатордың 15-ін Президент өз қалауы бойынша тағайындайтыны және рас. Міне, сол тағайындаулар басталған көрінеді. Тәкең енді Заң шығармақ Мемлекет басшысы бұйрығыме екінші ғарышкер, РФ Халық батыры Талғат Мұсабаев сенатор болып сайланды. Талғат Амангелдіұлының саяси амбициясы мен іскерлік репутациясы сын көтермейді десек те, қазақтың екінші ғарышкері біраз жыл Қазғарышты басқарды. Дәл, Ресей Протоны қазақ даласына опырыла құлап, 600 тонна гептил уы жауындай жауған кезде. Ендігі сенатор - Талғат Амангелдіұлы сол кездің өзінде "Ол Ресейдің жалға алып отырған жері. Оған біздің араласуға құқымыз жоқ. Ішкі шаруасы" деп бір көкіді. Одан, журналистке әкіреңдеп, мінезін көрсетті. Айтпақшы, ҚР Заң шығару органының Жоғарғы палатасының бұл өкілі қазақ тілінде қатырып сөйлей алмайды. Реформатор министр Жұмағұлов та сенатор атанды Сонымен, Президенттің ерекше назарына ілінген тағы бір "сенатор" -Бақытжан Жұмағұлов. Қазақстаның Білім және ғылым министрлігін басқарып, реформа жасаған азамат. Қазақстанның саяси кадрларының ішіндегі реформаторлар классының өкілі. Бәкең, білім беру жүйесін жаңғырта алмай кеткен еді. Айтпақшы, Бақытжан Жұмағұлов не үшін министр қызметінен кеткен еді? Тәуелсіз Қазақстанның 12-ші Білім және ғылым министрі болып әккі саясаткер Бақытжан Жұмағұлов тағайындалғанда, көп жұрт мипалау болған министрліктің жұмысы ілгерілейді деп сенді. ҚазҰУ-ды басқарған,  ҚР президент әкімшілігінің  ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі,  «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары болған. Түймебаевтан қалған түйінді Жұмағұлов шеше алды ма? Иә, Бақытжан Тұрсынұлы көп адам армандайтын лауазымды қызметтерді атқарса да «ғылым саласының адамы» болып қала білген жан. Университет атын жамылған бiлiм беру ошақтарының бiрсыпырасын жапты. Талапты күшейтті. Бірақ, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету туралы сөз дәл осы Жұмағұловтың аузынан естілді. Үкімет сағатында солай сөйлеген Бақытжан Тұрсынұлына қазақ интелегенциясы қарсы шықты. Сөйтіп, түрлі дау-дамайдың ортасында қалған экс-министрдің, яғни ендігі сенатордың ол кезде не себепті жұмыстан кеткені белгісіз болып қалған еді. Бірақ, ол министр болған соңғы жылы бір топ ғалым Жұмағұловты докторлық диссертация жазу кезінде плагиаттықпен айналысты деп айыптаған болатын. Ал 2013 жылдың мамыр айында Білім министрінің орынбасары Саят Шаяхметов қамауға алынды. Ол бюджет қаржысын миллиардтап қалтаға басты деп айыпталған.  Бақытжан Жұмағұлов Білім жәні ғылым министрлігін 3 жыл басқарды. Айта кетейік, саяси сахнада ойыншы емес, ойыншық ретінде көрінген жоғарыда екеумен қатар, тағы екі азаматқа Президенттің көңілі ауыпты. Олар - Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева мен Владимир Васильевич Волков. Бұл төртеуі үшін Сенаттағы орынды босатқандар кімдер? Ендігі экс-сенаторлар - Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев, Людмила Григорьевна Полторабатько сенаторлықтан босатылды. Оларды бұл қызметтен босату үшін Президент Назарбаев жарлық шығарды. Нұртай Әбіқаев -  ұзақ жылдар ҰҚК-ны басқарған «сұр кардинал». Түрлі саяси қызметтерді атқарды. Ең бастысы экономика ғылымының докторы. Тұп-тура 70 жаста. Күні кеше ғана сенаторлықтан босаған Әбіқаевтың ендігі саяси креслосы туралы түрлі болжам айтылуда. Дегенмен зейнеткер саясаткердің бір керекке жарары бар дейді білетіндер. Ардагер Алтынбаев Мұхбар ақсақал биыл 72 жаста. Әскери адам. Зейнеткер. Мұхтар Алтынбаев еліміздің Қорғаныс минстрі қызметін атқарған. Ал міне, Поторабатько Людмила ханым туралы ақпар аз. Сенатор ханымның жұмысы да, өзі де жасырын адам. Не істеп жүрді, не бітірді бізге түгілі Ақордаға жақын жақтағы азаматтарға беймәлім. Мәлімі - 64 жастағы Людмилиа ханым ЖаңаСібірдің тумасы. Сот болған, құқық саласының маманы. Ал Тәшкеннің тумасы Икрам Абдырбеков 67 жасында зейнетке шығып отыр. Түйін: Жоғарыдағы саяси кадрларға қарай тұра, мынадай ойға қалдық. Ақорда саяси кадрға тапшы ма, әлде өз саласында там-тұмдап тірлік ете алмағандарды сенатқа жинау қағидасы қалыптасып қалған ба? Сенаттың өткен шақырылымында депутат болған Аңсар Мұсаханов Алматы облысын басқара алмай, Президенттің алдында тілі күрмеліп, ұятқа қалған еді. Артынша, дереу Сенатқа барды. Былтырдан бері басы дауға қалған Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Ерік Сұлтанов биыл сенатор атанды. Вице-министр болған Алберт Рау қызметінен босай сала - Мәжіліс депутаты атанды. Экс-әкім Серік Үмбетов те, Бақтықожа Ізмұхамбетов те депутат. Экс-министр Владимир Божко да депутат. Сонда экс дегеннің бәрі депутат бола ма? Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады? Парадокс. Нұргелді Әбдіғаниұлы Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_39050.txt
Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па
https://abai.kz/post/39050
"Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па" | "https://abai.kz/post/39050"
30.05.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па URL: https://abai.kz/post/39050 META: "Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па" | "https://abai.kz/post/39050" DATE: 30.05.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 805 TEXT: Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па. Болжап болмайды. Қорқамын жалпы жұрттың қараң­ғылығынан, басшы боламын деп, тонын айналдырып киіп, жұрт тілегін өзінің соқыр тиынына айыр­бастағаннан. Аға-іні, Алаштың азаматы, бірік, бүгінгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы қара бұлт Ресей ылаңынан Алаш басын қорғайтын жолға шық. Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы, іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар! Жалпы жұртқа мұрындық бол! Заң адам пайдасына жазылады, адам – заң үшін тумайды ғой. Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. Би – түзу, билік – әділ болсын! Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана. Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу мақсат. Қазақ сайлауы – жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді. Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады. Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісін бөліп қойған оң болады. Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. Бірліктен айрылған ел қаңғып қалады. Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды. Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?! Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?! Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді. Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды. Біреуге телмірген адамнан яки халықтан қосақ түрткен жетім лақ бақытты. «Күн шыққанша қарау көзді соқыр қылады» деген орыстың өзгеге телмірген жұртқа шығарған мақалы бар. Әр заманның өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ. Анық түрік затты халық тілі – біздің қазақ тілі. Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар. Еуропа мәдениеттімін-мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі әлі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ. Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. Бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?! Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар! Бұл болып тұрған заман – Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті! Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ! Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс! Қазақтың байырғы жерін қашан ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмеуі тиіс. Халыққа қиянат жасаған үкіметтен, биліктен кешірім сұрамаймын. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық – ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Өзіңе тілегенді біреуге де тіле, адам баласын бауыр тұт. Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешені шешенін сөзден тоқтатса, мардымсып, бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Қазақта қашаннан білгіштің соңынан ергіштік береке бар. Адам сүю, күю, азап шегу үшін жаралады екен. Ана тілі… жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Ана тілін жақсылап меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге. Қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын. Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғам. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан да келмейді. Қазақы тәрбие алмаған, қазақша сөйлеп, қазақша ойлай алмайтын қазақтардың өзін жоғары билікке жақындатуға болмайды. Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын байламақ, талай соққы да жемек… Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы ешуақытта берекелі болмақ емес. Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса, тіршілік етіп не керек. Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көріну керек. "Алматы ақшамы" газеті
qosymsha/abai.kz
post_151115.txt
Тоқаев Қырғызстанға барады
https://abai.kz/post/151115
"Тоқаев Қырғызстанға барады" | "https://abai.kz/post/151115"
02.05.2022
Abai.kz
null
TITLE: Тоқаев Қырғызстанға барады URL: https://abai.kz/post/151115 META: "Тоқаев Қырғызстанға барады" | "https://abai.kz/post/151115" DATE: 02.05.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 142 TEXT: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 мамырда ресми сапармен Қырғызстанға барады. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловты қабылдағанда хабарлады. Жапаровтың мәлімдеуінше, Тоқаевтың бұл сапары екі ел әріптесіне "тың серпін" береді. Тоқаевтың Қырғызстанға сапарлайтыны наурыз айының аяғында Жогорку Кенеш спикері Талант Мамытовтың Алматыға сапары кезінде мәлім болған. Кейін ақпаратты қырғыз үкіметі басшысының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев растады. Садыр Жапаров Әлихан Смайыловпен кездесуде екі елдің қарым-қатынасы "өте жоғары" деңгейде дамып келе жатқанын айтты. Қырғыз басшысы Бішкек осындай көрсеткіштің сақталуына бар күшін салатынын мәлімдеді. Қазақстан үкіметінің басшысы Қырғызстанның ең басты саяси, экономикалық әріптес екенін атап өтті. Қазақстан Қырғызстанның Ресей мен Қытайдан кейінгі ең ірі сауда әріптесі. Республикалар ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО және ШЫҰ секілді ұйымдарға мүше. Тоқаевтың Қырғызстанға сапары қарсаңында қырғыз тауарларын Қазақстан шекарасынан өткізуді жеңілдету жөнінде келісім жасалды. Бұның алдында тауар таситын жүк көліктері қырғыз-қазақ шекарасында кезекті ұзақ күтуге мәжбүр болған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_13133.txt
Каспий теңізінің үстіне арал салынады
https://abai.kz/post/13133
"Каспий теңізінің үстіне арал салынады" | "https://abai.kz/post/13133"
12.04.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Каспий теңізінің үстіне арал салынады URL: https://abai.kz/post/13133 META: "Каспий теңізінің үстіне арал салынады" | "https://abai.kz/post/13133" DATE: 12.04.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 126 TEXT: Ол Әзірбайжан астанасы Бакудің шетінде орналаспақ. Каспийдің жағалауында 2020 жылы әлемдегі ең биік ғимарат пен "Хазар аралдары" салынады. Оның ортасындағы мұнараның бикітігі 1 050 метрге дейін жетуі мүмкін. Су бетінде бой көтеретін қала 30 шаршы шақырым аумақты иеленбек. 8 аралды қамтитын шаһарларда сауда орталықтары, стадион, госпиталь, мектеп, тұрғын үйлер және көңіл көтеру орталықтары орналасады. Ірі құрылыстың алғашқы кезеңі 2016 жылы аяқталуы тиіс. today.kz Ол Әзірбайжан астанасы Бакудің шетінде орналаспақ. Каспийдің жағалауында 2020 жылы әлемдегі ең биік ғимарат пен "Хазар аралдары" салынады. Оның ортасындағы мұнараның бикітігі 1 050 метрге дейін жетуі мүмкін. Су бетінде бой көтеретін қала 30 шаршы шақырым аумақты иеленбек. 8 аралды қамтитын шаһарларда сауда орталықтары, стадион, госпиталь, мектеп, тұрғын үйлер және көңіл көтеру орталықтары орналасады. Ірі құрылыстың алғашқы кезеңі 2016 жылы аяқталуы тиіс. today.kz
qosymsha/abai.kz
post_49992.txt
«ЕУРАЗИЯ» АРНАСЫ ЖӘНЕ «ЖЕТІМЕК» ӨНІМ
https://abai.kz/post/49992
"«ЕУРАЗИЯ» АРНАСЫ ЖӘНЕ «ЖЕТІМЕК» ӨНІМ" | "https://abai.kz/post/49992"
03.03.2015
Администратор
null
TITLE: «ЕУРАЗИЯ» АРНАСЫ ЖӘНЕ «ЖЕТІМЕК» ӨНІМ URL: https://abai.kz/post/49992 META: "«ЕУРАЗИЯ» АРНАСЫ ЖӘНЕ «ЖЕТІМЕК» ӨНІМ" | "https://abai.kz/post/49992" DATE: 03.03.2015 AUTHOR(s): Администратор TOTAL WORDS: 367 TEXT: Өзін "Қазақстанның бірінші арнасы" деп атайтын Еуразия арнасынан қазақ тілінде ауыз тұщырлық ештеңе таппадым. "Кешкі кездесу" мен "Ашығын айтқанда" ток-шоуын есептемегенде. Қазақ тілінде шығатын жаңалықтар ұжымына ерекше алғыс. Эфир уақыты өте ыңғайсыз уақытқа қойылған. Кешкі 18-19 - адамдардың жұмыстан қайтып, үйіне жете алмайтын уақыты. Бірақ журналистер материалдарды өте ықшам, нақты әрі сенімді етіп дайындайды. Тек, бір әттеген-айы - жаңалықтардың сәні мен әрін кіргізетін Индира Тұрсынбайқызы көрінбейді. "112" айдары да сәтті шыққан. "П@утинаның" атын өзгертсе, тіпті дұрыс болар еді. Гибрид атау тіпті жараспай тұр. Ал бағдарлама жастардың сүйікті көзайымына айналған. Жалпы, телеарнадағы бағдарламаларды екі топқа сұрыптауға тура келеді. Тілі мен эфир сеткасына қойылған кесте бойынша. Отандық өнім осы ғана. Қалғандары кілең - шетелдік "жетімек" бағдарламалар. "1-сортты" топқа - "Давай, поженимся", "Добрый вечер, Казахстан", "Пусть говорят" деген сияқты бағдарламаларды жатқызамыз. Өйткені, бұл өнімдер прайм-таймнан жылжыған емес, жылжымайды да. Соған қарағанда, орыстілді бағдарламаларды "1-сортқа" және қазақ тілді бағдарламаларды "2-сортқа" телеарна басшылығы қасақана бөліп тастаған тәрізді. Трухачев жүргізетін "Аналитика" бағдарламасына тоқталсақ. Сараптаманың сарыны - Кремльдің саясатынан шыға алмайды. Украинадағы соғысты Ресей қырынан суреттейді. Қазақстан Республикасының ұстанымы, сыртқы саясаты мүлдем ескерілмеген. Бір қызығы, телеарна басшысы С.Киселев, неге екені белгісіз, "Аналитика" бағдарламасының қазақша нұсқасын мүлдем шығармай отыр. Әрине, олардың бірінші аргументі рейтингке қатысты шығар-ақ. Әдетте, бағдарламалар рейтингін түзетін "Гэллап-Медиа" деген медиаөлшем бар. Телеарнаға жарнама берушілер алдымен сол компанияның көрсеткіштеріне назар аударады. Гэллап болса, пиплметр деген құрал арқылы кімнің қай арнаны, қайсы бағдарламаны көп көретінін "анықтайды". Бірақ оның нақты дерегі күмән тудырады. Өйткені, пиплметрдің қай қалада, қандай тілді отбасыға, тіпті кімге тағылғаны белгісіз. Сондықтан, рейтингтің белгілі бір жарнаға тәуелді болуы, телеарналармен "жең ұшынан жалғасуы" да әбден мүмкін. Білуімізше, Гэллап 100 мыңнан кем тұрғыны бар қалаларда ондай зерттеу жүргізбейді. Яғни, қазақ халқының 45 пайызы қоныстанған ауылдар мен елді-мекендер мүлдем ескерусіз қалады. Айналып келгенде, монополист Гэллаптың кесірі - мемлекеттің тіл туралы заңына кесірін тигізіп отыр. Сондықтан, "Нұр-Медиа" жанынан қазақ тілді аудиторияның пікірі мен қазақ бағдарламаларының рейтингін түзетін мемлекеттік, керек десеңіз, Ұлттық медиаөлшем құратын уақыт жетті. Еуразия, 31-арна, КТК, НТК, Отырар, ТДК сияқты арналардың орыстілді бағдарламаларына жел бітірген Гэллаптың әуселесі сонда белгілі болар еді. P.S. Біз Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде еліміздегі бүкіл жарнама нарығындағы қаржының 80 пайызын бір өзі "асап" жатқан "Еуразия" арнасынан қазақ тіліндегі бағдарламаларды көбейтуін талап етеміз! Тоқтар ЖАҚАШ, журналист. (Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды).
qosymsha/abai.kz
post_2141.txt
АШЫҚ ХАТ
https://abai.kz/post/2141
"АШЫҚ ХАТ" | "https://abai.kz/post/2141"
27.10.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: АШЫҚ ХАТ URL: https://abai.kz/post/2141 META: "АШЫҚ ХАТ" | "https://abai.kz/post/2141" DATE: 27.10.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 352 TEXT: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетовке АШЫҚ ХАТ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетовке АШЫҚ ХАТ Қазақ мемлекеті 1991 жылы құрылған жоқ. 1991 жылы қазақ ұлты еркіндік пен азаттық жолында жан пида еткен батыр бабалар күресінің нәтижесінде   тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ халқының тарихы көне түркілердің бір бұтағы ретінде мыңдаған жылдарға жалғасқандығымен, қазақтың өз алдына азат, тұңғыш мемлекеттілігінің негізі ХІV ғасырда қаланды. Ол мемлекеттің іргесін 1456 жылы Шу өзенінің бойында Керей мен Жәнібек батырлар салып, қазақ хандығының алғашқы ханы ретінде Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлаған. Хандық билік дегеніміз қазақ ұлтын біріктерген алғашқы саяси мемлекеттік құрылым. Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігіне 17 жыл 10 ай 24 күн толғанда бүкіл қазақ ұлтын, оның мемлекетік тарихын мансұқтаған һәм жоққа шығарған қадам жасалды. Бұл күні «Қазақ елі» тарихи- мемориалдық кешені ашылды. Кешеннің қақ ортасында, өзінің тұғырлы орнында тұруға тиісті Керей мен Жәнібек хандардың және өзге де қазақ батырларының қоладан жасалған мүсіндері Астана қаласының шетіндегі иен далаға, қараусыз, сазбалшықтың ішіне күл-қоқысқа тасталған. Ұлы бабаларымыздың ескерткіші бюджеттен осы жобаға арнайы  бөлінген 100 млн. теңгеге қазақ сәулетшісі Сембіғали Смағұловтың төл туындысы ретінде Қытай Халық Республикасында тапсырыспен жасалынған. Әрі бұл ескерткіш Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауы мен қадағалауының арқасында өмірге келді. Алайда, Елбасының тапсырмасы орындалмай, тарихи тұлғалардың мүсіндері аянышты күйге түскені өкінішті. Ескерткіштің өзінің лайықты орнында, яғни «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешенінің басты мүсіндері ретінде тұрмауы қазақ елінің ұлттық ар-намысына тиген ауыр соққы болып отыр. Сол себепті, Елбасы және Үкімет басшысы, Парламент депутаттары мен Астана қаласының әкімі тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге міндетті һәм бұл іс олардың ұлт алдындағы азаматтық борышы деп есептейміз. Осы орайда Ұлт атынан біздер, қазақ жастары, 2009 жылдың 16 желтоқсаны, Тәуелсіздік мерекесіне дейін баһадүр бабаларымыз Керей мен Жәнібектің  және қазақ батырларының ескерткіштері «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешеніне қойылуын талап етеміз! «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз. Енді Алашты ешкімнің, Қорлығына бермейміз!» – дейтін әрбір қазақ азаматын осы ашық хатқа қол қойып, қолдау көрсетуге шақырамыз! Бұл біздің ұлт алдындағы азаматтық парызымыз. Ашық хатқа қол қою үшін сайттың пікір қалдыратын тұсында аты-жөніңізбен электрондық поштаңыздың адресін жазып қалдыруыңызды өтінеміз. Құрметпен, Abai.kz ақпараттық порталы
qosymsha/abai.kz
post_60594.txt
Мұхтар Әуезов (деректі фильм)
https://abai.kz/post/60594
"Мұхтар Әуезов (деректі фильм)" | "https://abai.kz/post/60594"
16.10.2017
Abai.kz
null
TITLE: Мұхтар Әуезов (деректі фильм) URL: https://abai.kz/post/60594 META: "Мұхтар Әуезов (деректі фильм)" | "https://abai.kz/post/60594" DATE: 16.10.2017 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 1 TEXT: Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_76569.txt
Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған - Әбілқайыр хан
https://abai.kz/post/76569
"Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған - Әбілқайыр хан" | "https://abai.kz/post/76569"
11.09.2018
Керімсал Жұбатқанов
null
TITLE: Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған - Әбілқайыр хан URL: https://abai.kz/post/76569 META: "Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған - Әбілқайыр хан" | "https://abai.kz/post/76569" DATE: 11.09.2018 AUTHOR(s): Керімсал Жұбатқанов TOTAL WORDS: 950 TEXT: Қазақ хандығының тарихында ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзді басқарған Әбілқайыр ханың үлкен үлесі бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілген кезде осы адамның портреті 50 теңге номиналына орналастырылды. Мұның бәрі кездейсоқ емес еді. Кіші Жүзді хан ретінде ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында басқарып, 1731 жылы Кіші жүздің Ресей империясына қосылуын рәсімдеді. Мұхаммед Әбілқайыр Ғази Бахадур Хан Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болған еді, ол қиын және әділетсіз ХҮІІІ ғасырда өмір сүрді. ШоқанУәлиханов қазақ халқының жағдайын сипаттап: «ХҮІІІ ғасырдың алғашқы онжылдығында қырғыз халқының (қазақ халқы деп аталатын) өмірінде ауыр уақыт болып еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтар, Жайық орыс-казак және башқұрттар (қазақтарға) түрлі бағыттардан шабуыл жасап, мал-мүлкін жойып, тұтас отбасыларымен тұтқынға алды». «ХҮІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығы саяси тұрғыда бөлшектелген ел болды. Мұнда үш жүз бар еді, олар өз кезегінде бірнеше кішкентай хандықтардан тұрды. Ел феодалдық қақтығыстардан ажырады. Әр түрлі сұлтан топтары қазақ даласында жоғарғы билік үшін және жақсы жайылымдар үшін күрес жүргізді. Сұлтандардың билігі мен сепаратизміне қарсы күресте ХҮІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығы сыртқы басқыншылыққа ұшырады», - деп жазды Ш. Уәлиханов. Ең қорқынышты жоңғарлық сыртқы қатері болды. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістан (қазіргі Батыс Қытай) аумағында 1635 жылы құрылған еді. Сондай-ақ, қазақ хандығы сияқты, көшпенді болды. Көшпелі мал шаруашылығының дамуға байланысты жайылым жерді тұрақты кеңейту керек еді. Сонымен байланысты жоңғарлардың қазақ даласында шапқыншылығы басталды. Жоңғар хандығы Жоғары Билеушісі басқаратын, қуатты орталықтандырылған мемлекеттік, яғни, абсолютті билігі бар көшпенді монархия еді. Қазақ хандығында әскері қажет кезде жиналатын, ал жоңғарда тұрақты әскер болған. Сыртқы шабуылдар мен ішкі дау-дамайлардан бүлінген және жойылатын қазақ халқы сол кездегі үлкен апаттар мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Кіші Жүздің ханы Әбілқайыр жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының азаттық соғысын ұйымдастыру мен жүргізуге белсене араласты. 1710 жылы жазда Каракұмдағы бүкіл ел жиналысында қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып сайланды. Оның басшылығымен қазақтар Ташкент, Түркістан, Сайрам шаһарларды қорғап шықты. 1718 жылы Әбілқайыр хан, 30 мыңға жуық армияның басында Кайып ханмен бірге Аягөздегі жоңғарлармен шайқасты. Осы уақытқа дейін ол Ресейлік билік өкілдерімен алғашқы қарым-қатынастарын жасап үлгерген еді, сонымен қатар, Сібір губернаторларымен Жоңғарияға қарсы әскери-саяси одақ құру туралы келіссөздер жүргізіп көрген-ді. Әбілқайыр хан осы уақытқа дейін тәжірибелі мемлекет қайраткері және батыл әскери қолбасшы ретінде танымал болды, сондықтан 1726 жылы Ордабасыда жалпы қазақ бірлескен әскерлерін басқару Әбілқайырға бірауыздан сеніп тапсырылды. Бүкіл үш жүзден құралған қазақ әскерінің басшысы Әбілқайыр ол кезде бар болғаны 33 жаста болатын, ол жауынгерлік қарулы күштерді құру және қазақ халқын жоңғарлардың басқыншыларын азат етуге бар күшін салды. 1728 жылы Ұлытауда, Қарасиыр жерінде, Бұланты өзенінің маңында, қазақ әскерлері басқыншыларға қатты соққы берді. Жоңғар әскерлерінің жеңілмейтіні туралы миф жоққа шығарылды. 1730 жылдың көктемінде Балқаш маңындағы Ит-ішпес ауданында Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ әскері қайтадан жоңғарларға қатты соққы берді. Осы шайқас жоңғар және қазақ хандығы арасындағы 100 жылдық соғысқа түбегейлі өзгеріс (қазақ үшін) жасады. Сол кезде Болат хан (Ұлы Жүздің ханы) қайтыс болады және билікке үміткерлер арасында күрес күшейді. Саяси дәстүр бойынша, ұлы сұлтан хандарының өкілі бүкіл қазақ ханы сайлануға тиіс болатын, Осыны ескере отырып, Әбілмәмбет хан сайланады. Кіші жүздің Әбілқайыр ханы жас сұлтандардың әулетінің өкілі болғандықтан, қазақ әскерлерінің қолбасшысы қызметінен кетті. Осылай Кіші жүзге өзінің әскерлермен оралады. Бұл үшін Әбілқайырды айыптауға болады, бірақ ұмытпаңыздар, ол Шыңғыс ханның әулетінің үрпағы ретінде сондай іс-әрекетке барған. Көп ұзамай  Ұлы Жүз Орта жүзбен бірлісіп күресуді жалғастырды. Ал төрт тараптан Кіші Жүзге Еділ қалмақтар, Жайық орыс-казактары, башқұрт мен Хиуалықтар күн берген жоқ. Кіші Жүз тұрғындары қатты қысымнан зардап шекті. Осылайша, жоңғар шабуылынан кейін қазақ хандығының ішіндегі жағдай күрделі және апатты болды. Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылып, қазақтар материалдық және адамдық шығындарға ұшырады. Қазақстан аумағындағы ғасырлар бойы көшіп-қону жолдары бұзылды. Жоңғарлардың Қазақ ру-тайпаларының батыс және солтүстік-батыс шекараларына, Еділ мен Жайық арасындағы қоныс аудару мәселені қиындатып жіберді, Ресей субъектілері болып табылатын Жайық орыс-казактары мен қалмақтарымен тұрақты қақтығыстар туғызды. Қазақ хандығының батыс шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу қазақ билеушілерінің негізгі сыртқы саяси мақсаттарының бірі болды. Барлық күштерімізді жоңғарлармен күресуге толық ауыстыру өте қажет болды. Бұл аса маңызды жағдай Кіші жүзінің геосаяси және саяси жағдайын қайта қарау қажет екенін аңғартты. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде Ресеймен (басшылық еткен І Петрдің кезінде) қарым-қатынас орнату өте қажет болды. Ол кезде Ресей - Еуразия құрлығының жетекші күштерінің бірі болды. ХҮІІІ ғасырда көптеген империялық мемлекеттер құрылды: британдық, француз, австро-венгр, қытай, орыс және т.б. Бұл қатыгез уақыт кез-келген аз халықтарды ұлы державаларға бағынуға әкелді немесе жоғалып кетті (Жоңғария мысалын қараңыз). 1731 жылы 10 қазанда Кіші жүздің қазақ ақсақалдарының кездесуінде Әбілқайыр хан, Бүкенбай, Есет, Құдай-Назар және тағы Кіші Жүздің 27 басқа қазақ феодалдары Ресейге ерікті түрде қосылу туралы құжатқа қол қойды. Әбілқайыр хан осындай саяси қадамы арқылы солтүстік көршісінің әскери күштерін жоңғарға қарсы қоюды көздеді және оның көмегімен барлық қазақтарды жоңғар басқыншыларынан құтқарамын деген ойы болды. Мұның сыртында ол өз хандық билігін нығайтуды да ойлады. Әбілқайыр орталықтандырылған қазақ мемлекетінің құрылуы тек қазақ халқына аман-есен өмір сүруге көмектесетінін жақсы білді. Бірақ, Ресей саясаты Кіші жүздің ханы - Әбілқайыр ханның мықты билігіне қарсы бағытталған еді. Соған қарамастан, Әбілқайыр хан қазақтың жалпы ұлттық мүдделерінен шыққан және туған халқына тыныш және бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етуге тырысты. Әбілқайыр ханның саяси және стратегиялық таңдауы кез-келген ірі саяси және мемлекет қайраткері үшін күрделі халықаралық саяси жағдайды уақытында қозғалту, тұтастай ақылды және конструктивті геосаясатты және тұтастай алғанда саясатты жүргізу, достар мен одақтастар табу үшін қаншалықты маңызды екендігін тағы да дәлелдейді. Ал бүгінгі күні біздің еліміз , оның көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жақын және алыс шет елдерге қатысты ақылды және конструктивті саясат жүргізіп келеді. Ең алдымен Ресеймен байланысымызды абайлап жүргізуге тырысады. Яғни, Кіші жүздің Әбілқайыр ханының өмірлік жоспарын біздің Елбасы жүзеге асырды. Осылайша, Кіші жүздің Әбілқайыр ханы ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлы мемлекеттік және саяси қазақ қайраткері. Ол біздің Қазақстанымыздың бүгінгі өмір сүруінің негізін қалады. ХҮІІІ ғасырдағы күрделі және қатал кезеңде өз халқының және елінің болашақ дамуына стратегиялық, саяси және адамдық таңдау жасай білді. Сол үшін де Әбілқайыр ханның тарихи-саяси бейнесіне тереңірек бойлауға тиіспіз! Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_4767.txt
Павлодар облысында орман өртінде зардап шеккен әйел тірі; АШМ шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін кешірімі сұрайды
https://abai.kz/post/4767
"Павлодар облысында орман өртінде зардап шеккен әйел тірі; АШМ шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін кешірімі сұрайды" | "https://abai.kz/post/4767"
10.09.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Павлодар облысында орман өртінде зардап шеккен әйел тірі; АШМ шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін кешірімі сұрайды URL: https://abai.kz/post/4767 META: "Павлодар облысында орман өртінде зардап шеккен әйел тірі; АШМ шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін кешірімі сұрайды" | "https://abai.kz/post/4767" DATE: 10.09.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 384 TEXT: Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан НысанбаевПавлодар облысында өрттен зардап шеккен әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды. «Оның қаза болғаны туралы ақпаратты мен бүгін таңертең резерват директорынан алдым. Қазір мән-жайды анықтай келе, ол әйелдің тірі, бірақ ауыр халде ауруханада жатқаны анықталды. Сондықтан мен шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқаным үшін кешірім сұраймын», - деді Е. Нысанбаев ҚазТАГ тілшісіне. Бұрын хабарланғандай, комитет төрағасы жұма күні Павлодар облысында орман өртінен қаза болғандар саны 7 адамға жетті деп хабарлаған болатын. «Бүгін таңертең ауруханада Нұрбаевтар отбасының анасы өртте алған күйіктен қаза болды», - деп Е. Нысанбаев жұма күні баспасөз мәслихатында мәлім еткенді. «Сөйтіп орман өртінен қаза болғандар саны 7 адамға жетті», - деген комитет төрағасы. Еске салсақ, орман өртінде 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті. Нұрбаевтар отбасының әкесі мен оның екі ұлы өрт аумағынан автокөлікпен қашып кетпекші болғанда алған күйіктен қаза болды. Қаза болған балалардың анасы қазір ауыр хале ауруханада жатыр. Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан НысанбаевПавлодар облысында өрттен зардап шеккен әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды. «Оның қаза болғаны туралы ақпаратты мен бүгін таңертең резерват директорынан алдым. Қазір мән-жайды анықтай келе, ол әйелдің тірі, бірақ ауыр халде ауруханада жатқаны анықталды. Сондықтан мен шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқаным үшін кешірім сұраймын», - деді Е. Нысанбаев ҚазТАГ тілшісіне. Бұрын хабарланғандай, комитет төрағасы жұма күні Павлодар облысында орман өртінен қаза болғандар саны 7 адамға жетті деп хабарлаған болатын. «Бүгін таңертең ауруханада Нұрбаевтар отбасының анасы өртте алған күйіктен қаза болды», - деп Е. Нысанбаев жұма күні баспасөз мәслихатында мәлім еткенді. «Сөйтіп орман өртінен қаза болғандар саны 7 адамға жетті», - деген комитет төрағасы. Еске салсақ, орман өртінде 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті. Нұрбаевтар отбасының әкесі мен оның екі ұлы өрт аумағынан автокөлікпен қашып кетпекші болғанда алған күйіктен қаза болды. Қаза болған балалардың анасы қазір ауыр хале ауруханада жатыр. Бұрын хабарланғандай, қаза болғандар арасында «Ертіс Орманы» мемлекеттік табиғи резерваттың Бесқарағай филиалының орманшылары, оның ішінде Бесқарағай филиалының директоры Ержан Байкетаев, тракторшы Н. Самусь пен мемлекеттік инспектор Е. Молгаждаров бар. Сондай-ақ Бесқарағай филиалының Көкжал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру кезінде жастары 46 және 59 жастағы 2 өрт сөндіруші қаза болды. ТЖМ басшысы Владимир Божконың айтуынша, Шалдай орманының өрт сөндіру кезінде қаза болған орманшыларын марапайтталынады және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.
qosymsha/abai.kz
post_1653.txt
Синоптиктер алдағы аптада Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынды, желді болады деп болжап отыр
https://abai.kz/post/1653
"Синоптиктер алдағы аптада Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынды, желді болады деп болжап отыр" | "https://abai.kz/post/1653"
18.08.2009
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Синоптиктер алдағы аптада Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынды, желді болады деп болжап отыр URL: https://abai.kz/post/1653 META: "Синоптиктер алдағы аптада Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынды, желді болады деп болжап отыр" | "https://abai.kz/post/1653" DATE: 18.08.2009 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 408 TEXT: Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ – Синоптиктер алдағы аптада, тамыздың 17-і мен 23-і аралығында, Қазақстанда жауын-шашынды болады, жел соғады деп болжап отыр. «Қазгидромет» РМК-нің осындай болжамы сейсенбі күні «Казахстанская правда» газетінде жарияланған. Еліміздің батысында аптаның басы мен аяғында күн ашық. Тамыздың 21-22 кей жерлерде өткінші жауын болып, нөсерлетіпсолтүстік-батыстан соққан жел күшейеді. Температура түнде 8-13, кей жерлерде 18, күндіз 23-28, кей жерлерде 33 градус ыстық. Солтүстікте аптаның басым бөлігінде жауын күтіледі, кей жерлерде нөсерлетеді, жел тұрады да аптаның соңында ғана жауын-шашын басылады. Температура: түнде 10-15, кей жерлерде 7 градус, күндіз 20-25, кей жерлерде 30 градус жылы. Аптаның екінші жартысында температура 2-7 градусқа дейін түседі. Орталықта апта бойына нөсерлетіп жауын жауады, ұйтқып жел соғады деп күтілуде, тек аптаның соңында жауын басылады. Температура: түнде 13-18, кей жерлерде 8 градус жылы, күндіз 27-32, кей жерлерде 22 градус ыстық. Аптаның соңынада түнгі температура: 5-10, кей жерлерде 2 градусқа төмендейді. Шығыста апта бойына күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады, тек апта соңында ғана жауын-шашын тоқтауы мүмкін. Температура: түнде 8-13-тен 5-10, кей жерлерде 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз 28-33-тен  20-25-ке төмендейді. Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ – Синоптиктер алдағы аптада, тамыздың 17-і мен 23-і аралығында, Қазақстанда жауын-шашынды болады, жел соғады деп болжап отыр. «Қазгидромет» РМК-нің осындай болжамы сейсенбі күні «Казахстанская правда» газетінде жарияланған. Еліміздің батысында аптаның басы мен аяғында күн ашық. Тамыздың 21-22 кей жерлерде өткінші жауын болып, нөсерлетіпсолтүстік-батыстан соққан жел күшейеді. Температура түнде 8-13, кей жерлерде 18, күндіз 23-28, кей жерлерде 33 градус ыстық. Солтүстікте аптаның басым бөлігінде жауын күтіледі, кей жерлерде нөсерлетеді, жел тұрады да аптаның соңында ғана жауын-шашын басылады. Температура: түнде 10-15, кей жерлерде 7 градус, күндіз 20-25, кей жерлерде 30 градус жылы. Аптаның екінші жартысында температура 2-7 градусқа дейін түседі. Орталықта апта бойына нөсерлетіп жауын жауады, ұйтқып жел соғады деп күтілуде, тек аптаның соңында жауын басылады. Температура: түнде 13-18, кей жерлерде 8 градус жылы, күндіз 27-32, кей жерлерде 22 градус ыстық. Аптаның соңынада түнгі температура: 5-10, кей жерлерде 2 градусқа төмендейді. Шығыста апта бойына күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады, тек апта соңында ғана жауын-шашын тоқтауы мүмкін. Температура: түнде 8-13-тен 5-10, кей жерлерде 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз 28-33-тен  20-25-ке төмендейді. Оңтүстікте тамыздың 19-21 аралығында бұлтсыз, ашық, жекелеген аудандарда өткінші жауын жауады деп күтіледі. Температура: түнде 17-22-ден 12-17-ге түседі, күндіз температура 27-32, кей жерлерде 35 градус ыстық болады. Оңтүстік-шығысында аптаның басы мен аяғында күн ашық болады. 18-22 тамызда нөсерлетіп жауын өтеді де жел күшейеді. Температура ақырындап 15-20-дан 7-12-ге төмендейді, кей жерлерде 15, күндіз 30-35-тен 20-25-ке түсіп, апта соңында 25-30 градусқа көтеріледі.
qosymsha/abai.kz
post_150205.txt
Биыл Жеңіс Күнінде әскери парад болмайды
https://abai.kz/post/150205
"Биыл Жеңіс Күнінде әскери парад болмайды" | "https://abai.kz/post/150205"
13.04.2022
Abai.kz
null
TITLE: Биыл Жеңіс Күнінде әскери парад болмайды URL: https://abai.kz/post/150205 META: "Биыл Жеңіс Күнінде әскери парад болмайды" | "https://abai.kz/post/150205" DATE: 13.04.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 62 TEXT: ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад жоспарланбаған. "Оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жеке ұйымдастырылады", - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі. Еліміздің барлық өңірінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_7842.txt
Муаммар Каддафи келіссөзге отыруға дайын
https://abai.kz/post/7842
"Муаммар Каддафи келіссөзге отыруға дайын" | "https://abai.kz/post/7842"
04.04.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Муаммар Каддафи келіссөзге отыруға дайын URL: https://abai.kz/post/7842 META: "Муаммар Каддафи келіссөзге отыруға дайын" | "https://abai.kz/post/7842" DATE: 04.04.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 220 TEXT: АСТАНА.  4 сәуір.  ҚазАқпарат  - Муаммар  Каддафидің  режимі келіссөзге   отыруға дайын,  деп мәлім етті Грекия Сыртқы  істер министрі Димитрис Друцас  Афиныда   Ливия  революциясы     жетекшісінің эмиссарымен   болған  кездесуден  кейін. Бұл туралы «РИА  «Новости» агенттігі  хабарлады. «Ливия елшісінің  айтуына  қарағанда,   түйінді  шешудің  жолдарын  іздестіруде»,  - деді Друцас. Грекияның   Премьер-министрі Йоргос Папандреу  жексенбі күні кешке Афиныда  Ливия   Сыртқы  істер министрінің  орынбасары Абделати әл-Обеидимен  кездесу  өткізді.   Грекия  Сыртқы істер министрінің айтуынша,   Ливия эмиссары    дүйсенбі күні Түркияда  және  Мальтада келіссөздер   өткізеді. «Біз халықаралық қоғамдастықтың мәлімдемесін   тағы  да    қайталадық,  яғни,   БҰҰ  шешімдері  толық    сақталуы  және орындалуы,  атыс-шабыстар,    зорлық-зомбылықтар  дереу тоқтатылуы керек», - деді Друцас.  Оның айтуынша,    мәселені  «саяси   және   дипломатиялық жолмен» шешу  жөніндегі күш-жігер  жалғасуы керек. АСТАНА.  4 сәуір.  ҚазАқпарат  - Муаммар  Каддафидің  режимі келіссөзге   отыруға дайын,  деп мәлім етті Грекия Сыртқы  істер министрі Димитрис Друцас  Афиныда   Ливия  революциясы     жетекшісінің эмиссарымен   болған  кездесуден  кейін. Бұл туралы «РИА  «Новости» агенттігі  хабарлады. «Ливия елшісінің  айтуына  қарағанда,   түйінді  шешудің  жолдарын  іздестіруде»,  - деді Друцас. Грекияның   Премьер-министрі Йоргос Папандреу  жексенбі күні кешке Афиныда  Ливия   Сыртқы  істер министрінің  орынбасары Абделати әл-Обеидимен  кездесу  өткізді.   Грекия  Сыртқы істер министрінің айтуынша,   Ливия эмиссары    дүйсенбі күні Түркияда  және  Мальтада келіссөздер   өткізеді. «Біз халықаралық қоғамдастықтың мәлімдемесін   тағы  да    қайталадық,  яғни,   БҰҰ  шешімдері  толық    сақталуы  және орындалуы,  атыс-шабыстар,    зорлық-зомбылықтар  дереу тоқтатылуы керек», - деді Друцас.  Оның айтуынша,    мәселені  «саяси   және   дипломатиялық жолмен» шешу  жөніндегі күш-жігер  жалғасуы керек.
qosymsha/abai.kz
post_10497.txt
Ва, шіркін, Вахтанг!
https://abai.kz/post/10497
"Ва, шіркін, Вахтанг!" | "https://abai.kz/post/10497"
16.09.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ва, шіркін, Вахтанг! URL: https://abai.kz/post/10497 META: "Ва, шіркін, Вахтанг!" | "https://abai.kz/post/10497" DATE: 16.09.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 827 TEXT: ...Қол қоймағандардың қатарынан табылған әйгілі әншіміз Бибігүл Төлегенова кеше арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, біздің орыстілді әріптестеріміздің алдында жатта кеп ақталды.  Ақталатындай жөні бар екен,  Мұхтар Шаханов бастаған ұлт жанашырлары «Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын!» деп, ашық хат жазып, Алматыда ала шапқын болып жүргенде апамыз Түркияда демалып жатыпты.  Өзі тап осылай деді. Дегенде, тіпті, былай деді: «... На то пашло, турасын айтқанда, мен ол кезде Түркияда, теңізде, күнге қыздырынып демалып жаттым!» Оқырманның есіне сала кетейік. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ашық қарсы шығып, қазақ ұлтын қорлап сөйлеген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне Заң тұрғысынан бақылау қажеттігін айтып ашық хат жазған зиялы қауым өкілдерінің  қатарында Бибигүл Ахметқызы да болған-мыс. Ашық хатта Ата заңымыздың 7-ші бабының екінші тармағын, яғни, «орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деген жолды алып тастау жөнінде орынды ұсыныста айтылған-ды. Бұл ұсыныстың өзі Конституцияның 7-бабы толыққанды жұмыс істеуі керек деген талаптан шыққан (аталған бапта «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» ). ...Қол қоймағандардың қатарынан табылған әйгілі әншіміз Бибігүл Төлегенова кеше арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, біздің орыстілді әріптестеріміздің алдында жатта кеп ақталды.  Ақталатындай жөні бар екен,  Мұхтар Шаханов бастаған ұлт жанашырлары «Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын!» деп, ашық хат жазып, Алматыда ала шапқын болып жүргенде апамыз Түркияда демалып жатыпты.  Өзі тап осылай деді. Дегенде, тіпті, былай деді: «... На то пашло, турасын айтқанда, мен ол кезде Түркияда, теңізде, күнге қыздырынып демалып жаттым!» Оқырманның есіне сала кетейік. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ашық қарсы шығып, қазақ ұлтын қорлап сөйлеген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне Заң тұрғысынан бақылау қажеттігін айтып ашық хат жазған зиялы қауым өкілдерінің  қатарында Бибигүл Ахметқызы да болған-мыс. Ашық хатта Ата заңымыздың 7-ші бабының екінші тармағын, яғни, «орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деген жолды алып тастау жөнінде орынды ұсыныста айтылған-ды. Бұл ұсыныстың өзі Конституцияның 7-бабы толыққанды жұмыс істеуі керек деген талаптан шыққан (аталған бапта «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» ). Хош, сонымен апамыздың әңгімесіне оралайық. Ашық хаттқа қол қоймағанын азар да безер болып түсіндірген Төлегенова  Қазақстандағы аса қадірлі тілде төгіле отырып «біз орыс тілінде бәрібір сөйлейміз, сөйлей беретін боламыз» деп бір-ақ қайырды. Поу, деген-ай десеңізші! Дұрыс қой, апамыздікі. Бұл адамдардың буыны отаршыл орыс мәдениетінің ықпалында өсті. Көгерді, көктеді. Жарты әлемді жамбасына басқан КСРО-ның (СССР-дің) көгінде жұлдыздай жарқырады. Мойындауымыз керек, қазақты бұратана санаған импершіл саясаттың ішінен саңлау тауып қайткенде қазақ үнін естіртті. Советтік «ұлы достық» аясында тербеліп, елдің алақанында әлпештелді.  Сондықтан олар үшін өткенді өшіріп тастау - қиянат. Әйткенменде, олар қиянаттың зорына қыңқ етпейтін ұрпақ болып шықты (бұл арада қазаққа түкіргені бар Болат Аюханов сияқтыларды ерекеше атағанымыз жөн шығар. Қараңыз: Болат Аюханов: «Маған Алатау мен мал Отан емес» www.abai.kz/node/9443 ) Аюхановтардың қатарына енді қынжыла отырып Бибигүлдей саңлағымызды қосамыз ба, қайтеміз? Неге десеңіз, «қазақ  қаңғып дөй далада көшіп-қонып қана жүрген, қаласы да, мәдениеті де болмаған, бәрінен жұрдай тобырлардың қауымы» дейтін қорлық сөзге шыдамай ашық хат жазған жұрттан жырылып, жақсы атануға тырысқан апамыздың аяқ астынан құбыла қалғаны жанымызға батуда. «Қазақтың киіз үйі - қаңғыбастардың лашығы екен. «Қазақ ұлт емес» екен. Бүтін бір ұлтты бұдан артық қалай сорлатуға болады? Соның біріне намысы жанбай кенеттен кері сөйлеген  апамызға айтарымыз болмай тұр. Айналайын апасы-ау, заман қазір өзгерді ғой. Сіздің байтақ отаныңыз Мәскеу емес - Астана! Туған еліңіз, Сіздің бар жоғыңызды білмейтін орыс емес, Сізді әлпештеп алақанында ұстап келе жатқан - қазақ! Сіздің бұлбұл үніңізді Мәскеу ұқпайды. Сіз алдымен қазаққа керексіз. Қазақ Сізге керек. Бір басыңызға жететін атақ даңқтың бәрін алып болған, асарыңызды асап, жасарыңызды жасап қойған  Сізге не көрінді сонша, тәйір-ау?.. Әлде, Астанадағы біздің ақжағалы ұлықтардың алдында қылдан тайып кетемін бе деп үрейленесіз бе? Солай сияқты... Солай сияқты деуімізге себеп - Бибигүл Төлегенова жуырда Елордамыздың төрінде ән шырқамақ көрінеді. Өзіне хабарласқанымызда ол Астанада  репетиция жасап жатқанын айтып, әңгімеге уақытының жоқтығын білдірді. Шамасы, апамыз Астана жұртына  үлкен бір концерт  бермек. Алайда біз Төлегеновадан хатқа қол қойғаны, я, қоймағаны туралы емес, Вахтанг Кикабидзе туралы сұрағымыз келіп еді. Вахтанг Кикабидзе. Гүржі мен Ресейдің халық әртісі. Біздің апамыз да КСРО мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына сахиб. Ваха ағайдың да, біздің апайдың да Совет өкіметінен көрмеген жақсылығы кем. Екеуі де алып империяның тұсында ән салды, киноға түсті, өнердегі әйдік тұлғалардың біріне айналды. Алайда, Вахтанг  2005 жылы Ресейде концерт қоюдан бас тартып, «Дружба» орденін кеудесіне қадамай «читогритолатып»  Отанына тартып отырды. Оның байлығы  - Ресейдегі бақ-қуатты өмірі, жайлы тұрмысы, өнер өріндегі биіктері, алда мүлтіксіз бағындырар асқаралы асулары емес, адам, тұлға ретінде қалыптасқан жылдарының мазмұны, азаматтық позициясы екен («Мои года - моё богатство»). Вахтанг Константинұлы Кикабидзе Ресейдің Гүржістанға саяси қысым көрсетуіне байланысты 2005 жылы Тблисиге біржола қоныс аударды. Қазір туған елінің тілеуін тілеп,  ұрда жық орыс мінезіне қайта оралған бүгінгі Ресей билігін сынап та жүр. Әйткенменде, саясаттың аты - саясат. «Түске дейін - мүйіз, түстен кейін киіз». Соған орай саясаткерлер де сан түрге ене береді. Өнер ғана мәңгілік.  Ваха ағай соны біледі. Ал, Сіздің не білгеніңіз бар, апай? Вахтанг әріптесіңіздің ерлігін мысал ете отырып Сізден осыны  сұрайық деп едік. «Абай-ақпарат» P.S.   Айтпақшы, Ваха ағай  бұл күндері «Қапқаз ұлтының келбеті» деген кітап жазып жатқан көрінеді.  Ва, шіркін, Вахтанг!
qosymsha/abai.kz
post_85202.txt
Жастар жылы аясында жас таланттардың қатысуымен конференция өтті
https://abai.kz/post/85202
"Жастар жылы аясында жас таланттардың қатысуымен конференция өтті" | "https://abai.kz/post/85202"
05.02.2019
Abai.kz
null
TITLE: Жастар жылы аясында жас таланттардың қатысуымен конференция өтті URL: https://abai.kz/post/85202 META: "Жастар жылы аясында жас таланттардың қатысуымен конференция өтті" | "https://abai.kz/post/85202" DATE: 05.02.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 732 TEXT: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Жастар жылы аясында жас талантарды қолдау бағдарламасы бойынша халықаралық конкурстарға қатысып қайтқан және шығармашылық жеке концерттерін өткізген әншілердің қатысуымен пресс-конференция өтті. Пресс-конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова, әнші Нұрболат Абдуллин, Жігіттер квартетінің солисті Ердос Қанаев, әнші, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әли Оқапов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, Астана қалалық «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бақтияр Алдамжан қатысты. «Мемлекет шығармашыл жастарды қолдауға үлкен мән береді. Оған министрліктің дәстүрлі негізде өткізіліп жатқан түрлі бағыттар мен жанрларды қамтитын халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдері дәлел. Мәселен, Құрманғазы атындағы республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылар конкурсы, жаңа өнер туындыларына арналған «Тәуелсіздік толғауы» және «Елім менің» атты патриоттық негіздегі республикалық конкурсы, вокалистер, скрипкашылар, пианистер, балет артистерінің халықаралық конкурстары, Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалін атап өтуге болады. Аталған конкурстарға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас орындаушылар қатысады. Сонымен қатар, министрлік тарапынан дарынды жастар жақын және алыс шетелдерде өткізілетін халықаралық конкурстарға тұрақты жіберіліп тұрады. Сондай-ақ, аса дарынды шығармашыл жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын Елбасының Жарлығымен Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беріліп тұрады. Атап айтсақ, талантты дирижерлар Алан Бөрібаев, Қанат Омаров, балет солистері Әйгерім Бекетаева, Мадина Баспаева, Жанель Төкеева, Мукарам Абубахриева, дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, танымал театр және кино әртістері Әлия Телебарисова, Аида Жантілеуова, Берік Айтжанов, Әділ Ахметов, Санжар Мәдиев, Самал Еслямова, Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров, суретші Анар Әбжановалар мемлекеттік стипендия иеленген болатын. Сонымен қатар, жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның талантты жастары шет елдерде өткізілетін халықаралық байқауларға қатысып, біздің еліміздің мәдениет пен өнер саласында жеткен жетістіктерін шет елдерде паш етуде», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов. «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының эстрада бөлімінің жетекшісі Мөлдір Әуелбекова осы уақытқа дейін де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қазақстандық жас дарындар әлемдік дәрежеге шыға алатындай қолдауға ие болғанын, алдағы уақытта да таланттар ескерусіз қалмайтына сенімді екенін жеткізді. «2019 жыл Жастар жылы болып жарияланып, қатты қуанып жатырмыз. Бұл жыл жастар үшін жемісті әрі жеңісті жыл болады деп сенемін. Енді «Қазақконцерт» бірлестігінің өткен жылғы атқарған жұмыстарына тоқталсам, үлкенді-кішілі 139 жобаны жүзеге асырдық. Оның ішінде 2 халықаралық жоба бар. Атап айтқанда, екінші халықаралық «Астана» театр фестивалі өтті. Екінші жобамыз әлемде әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклі алғаш рет қазақ тілінде қойылды. Бұл мюзиклді алдағы уақытта Азия елдеріне шығару жоспарда бар. Сонымен қатар, ерекше атап өткім келетін жайт, қазақстандық таланттар әлемдік дәрежеге жетіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүр», - деді әнші, «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова. Ал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Каримовте Жастар жылы жастарға үлкен мүмкіншіліктер беретіндігін баса айтып, былтырғы шығармашылық жетістіктері жайында сөз қозғады. Биыл өнер жолында жүргеніне 15 жыл толатындығын, алдағы уақытта еліміздің түпікір-түпкірінде концерт беру ойында бар екендігін атап өтті. «Елбасымыздың бастамасымен 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы жастарға берілген үлкен қолдау деп ойлаймыз. «Жігіттер» квартеті сахнада жүргеніне 15 жыл толуына орай есеп беру концертін өткен жылы Алматыдағы «Алматы Арена» стадионында өткізді. Желтоқсан айында Астана қаласында мерейтойымызды атап өттік. Халықтың көңілінен шығатын кеш өткіздік деп ойлаймыз. Таяу арада 15 жылдық мерейтойға арналған бағдарламамызбен алыс-жақын елдерде өнер көрсету жоспарымызда бар», - деді өз кезегінде «Жігіттер» квартетінің әншісі Елдос Қанаев. Ал «Астана Опера» театрының солисі, Бақтияр Адамжан биылғы жыл жастарға зор жауапкершілік те жүктейтіндігін баса айтты. Мемлекеттік жастар саясатының арқасында жастардың үлкен жетістіктерге жетіп жатқаныдығына да назар аудартты. «Мәселен, өзім 2013 жылы Астанаға келгеннен бері өмірім күрт өзгерді. Бұл жастарға берілген мүмкіншіліктің, дұрыс көзқарастың арқасы деп ойлаймын», деді Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Әнші Әли Оқапов та өткен жылғы шығармашылық жетістіктеріне тоқталды. «Өткен жылы бір арманым орындалып, жеке кешім өтті. Еліміздегі ең үздік концерт залында, үздік мамандардың қолдауымен керемет кеш өтті деп есептеймін. Биылғы жылғы жоспарларым да орындалады деп сенемін. Жастар жылына орай концерт беруге дайынбыз»,- деді Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әли Оқапов. «Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған көптеген жақсы істер атқарылуда. Кеше ғана Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп бекітіп берді. Мұның өзі жастарға көптеген мүмкіндіктер беріп отыр. Әрбір мамандық иесі өз тарапынан еліміздің дамуына өзінше көмегін беру керек. Мен өзіміздің театрдың жетістігін айтар болсам, театрымыз ашылғанына 12 жыл болса, сол аралықта 11ден аса халықаралық байқаудан жеңімпаз болдық. Міне, осындай үлкен жобаларға қатысуымыздың өзі Министрліктің қолдауымен болып жатқанын ерекше атап өткім келеді», - деді Астана қалалық «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_184502.txt
Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасына құттықтау хат жолдады
https://abai.kz/post/184502
"Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасына құттықтау хат жолдады" | "https://abai.kz/post/184502"
20.06.2024
Abai.kz
null
TITLE: Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасына құттықтау хат жолдады URL: https://abai.kz/post/184502 META: "Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасына құттықтау хат жолдады" | "https://abai.kz/post/184502" DATE: 20.06.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 219 TEXT: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Almaty TV ұжымын телеарнаның 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv . Мемлекет басшысы тілек хатында телеарнаның ширек ғасыр ішінде көптеген бірегей жобаларды жүзеге асырып, игі бастамалар алаңына айналғанын атап өтті. Almaty TV арнасында көрермендердің көңілінен шыққан ақпараттық, сараптамалық және мәдени-танымдық бағдарламалар аз емес. «Бүгінде «Almaty» телеарнасы өз аудиториясы қалыптасқан республикалық медиақұрылымға айналды. Ұжым өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Сіздер алдағы уақытта да ел мүддесі үшін қызмет етіп, телевизия саласын заман талабына сай дамытуға үлес қоса бересіздер деп сенемін. Ұжымға толағай табыс және шығармашылық шабыт тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ телеарна ұжымын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, тағы басқалар құттықтады. Салтанатты жиын барысында арнаның барлық қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ведомстволық марапат тапсырылды. 1999 жылы Almaty TV негізі қаланды. 2022 жылдың тамызынан бастап телеарна мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сол жылы Almaty TV телеарнасына ребрендинг жасалды. Соңғы екі жылда телеарна рейтингі 70% пайызға өсті. «K Research Central Asia» мәліметтері бойынша соңғы жылы бірегей көрермен саны 4,2 млн болып, мемлекеттік тілдегі өзіндік өндіріс мөлшері 83% жетті. Телеарна ұжымы мерейлі жылы әлеуметтік және қайырымдылық бағытындағы 40 шақты іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Мысалы, жаңалықтар эфирінде «25 қайырымды іс» айдары, ал digital-платформада балаларға арналған «Арманыңа жет» атты жоба жарыққа шықпақ. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_12346.txt
Бақтыбай Айнабеков. Дана Қорқыт Тәңір дінін қолдаушы емес, Исламды сүйіншілеуші тұлға
https://abai.kz/post/12346
"Бақтыбай Айнабеков. Дана Қорқыт Тәңір дінін қолдаушы емес, Исламды сүйіншілеуші тұлға" | "https://abai.kz/post/12346"
21.01.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Бақтыбай Айнабеков. Дана Қорқыт Тәңір дінін қолдаушы емес, Исламды сүйіншілеуші тұлға URL: https://abai.kz/post/12346 META: "Бақтыбай Айнабеков. Дана Қорқыт Тәңір дінін қолдаушы емес, Исламды сүйіншілеуші тұлға" | "https://abai.kz/post/12346" DATE: 21.01.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 3975 TEXT: (Аяннама) Бисмилляһир Рохмәәнир Рохиим! (Аяннама) Бисмилляһир Рохмәәнир Рохиим! Біз ертерек өткен әлем ғұламалары мен өз ғалымдарымыздың еңбектерін ерекше құрметтейміз. Құрметтейтініміз соншалық - олардың өз тұсындағы айтқан заманауи пікірлері мен өздерінен әлденеше ғасыр бұрын өткен ғұламалар туралы айтқан болжам-көзқарастарын, өзіндік пікірлерін, өз ой тарзымыздан өткізбей Құранның хатындай сол қалпында қабылдаудан аспай келеміз. Мысалы, аты аңызға айналған, тарихи тұлға дана Қорқыт туралы Шоқан Уәлиханов; «Қорқыт - қазақтарды алғаш қобыз тартуға,  сарын айтуға үйреткен ең бірінші шаман» (Ш.Уәлиханов. «Алты шаһарға сапар» «Атамұра» баспасы, 2006.ж ) десе, академик Әлікей Марғұлан «Ислам діні Сыр бойына жаңадан кіре бастағанда оған Қорқыт ата қарсылық көрсетпекші болады, бірақ оны ауызбен айтып жеткізуге ылажы болмай, тек қана қобыздың үнімен, жан тербейтін күйлерімен, мұңды сарындарымен сездіреді» («Қорқыт Ата», «Қазақ энциклопедиясы», Алматы. 1999ж)- дейді, ал жазушы Мұхтар Әуезов «Қорқыт - күй атасы, жер үстіндегі ән-күй атаулының атасы. Қорқыт өзі алғаш тапқан өнерімен халыққа қызмет етті. Оның өлмес-өшпестігі де осында - дей отырып - Қорқыт жайындағы аңыздың тақырыбы - құдаймен алысу» ( Бұл да сонда) -деп тұжырым айтады. Бұл пікірлердің бәрі  күні бүгінге дейін біздің санамызға бағалы да қажетті-қисынды тұжырымдар санатында сіңгендігі соншалық, үкілеп үлгі тұтудан танған емеспіз. Қорқыттың тұңғыш қобызды жасағаны, оны алғаш өзі тартқаны да рас. Бірақ осынысы үшін өз кезінде бас уәзірлік қызмет атқарған дана Қорқытты тәңірге табынушылардың сәуегейі, бақсылардың пірі, олардың пайғамбары еді деуге негіз бар ма? «Мен Аристотель шәкірттерінің ішіндегі халыққа ең белгілісі едім, музыка өнеріне маһир (шебер) едім» -деп жазатын әл Фараби  бабамыз да кезінде осы қобызды тартқан. Ол Арун-Рашид заманында Жанкенттен Бағдатқа барып осы аспаппен өз өнерін де көрсеткен. Сол үшін әлемнің екінші ғұламасы атанған данамызды бақсылар сапына қосуымыз керек пе? Онда «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным» деп күңіренген Абай өлеңін қалай түсінеміз? Бақсыларымыздың күні кешеге дейін моласы екеш моласы да елдікіне қосылмай жеке қойылған ғой. Бұған мән берер жан бар ма екен? Осы орайда арғы тарихты айтпай-ақ, күні кеше ғана «тәспісін «Нұр Отан» партиясына байлап...» белсенді саясаткер болған Бекболатты Бекболат еткен алдымен осы қобызы емес пе? Бекболаттың қазіргі жеткен шыңы осы қобызға қосылып салған әнінде. Сонда Бекболат бақсы болғаны ма?.. Сондықтан Қорқыт жайлы ғұламаларымыз айтқан бағалы деген осы тұжырымдарды,  жұрт құлағын елең еткізер басқаша айтып көрсек қалай болар екен. Мысалы,  Қорқытты «шаман» деген Шоқан пікіріне ол кісі шаман болмаған десек, «Ислам діні Сыр бойына жаңадан кіре бастағанда қарсылық көрсетті» деген Әлікейдің көзқарасына «Қорқыт Сыр бойына жаңадан кіре бастаған Ислам дініне сүйіншілеуші тұлға болды» десек, Мұхтардың «Қорқыт жайындағы аңыздың тақырыбы - құдаймен алысу» деген пікірін «Құдаймен алысу емес, Жаратушыны іздеуші, сүйіншілеуші болды»- деп көрсек қалай болады?.. Әрине, осы кезге дейін құлаққа сіңісті, көзге үйреншікті пікірді қуаттап, оны өз еңбектерімен шегелеп бекіткен бүгінгі  біраз зиялы ғалымдарымыздың өре тұратыны бесенеден белгілі. Дегенмен, әркімнің жеке пікір айту, өз көзқарасын білдіру құқығынан ешкім бізді айыра алмайды ғой.   Осы орайда; «Өмірде арманым жоқ - Қорқытқа ерсем, Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап, Құшақтап қобызымды көрге кірсем!..»- деген Мағжан ақынның арнау өлеңін, мен осы тақырыпта әңгіме өрбітуде,  жаңаша  соқпаққа бастайтын темірқазық етіп алғым келіп отыр. Бәлкім, Қорқыт танудағы түбі бізге қажет нұрлы соқпақ осы болар?!... Әңгімені алға апару үшін бірден  тарихи мына даталарға назар аударалық. Бірінші, қазір  Исламның дін ретінде өмірге келгеніне 1400 жылдан асты. Екінші, Исламның елімізге қадам басуын қазір әр ғалым әрқалай айтып жүр. Дегенмен, Мүсілім бастаған араб әскерлері Күлтегін мен Соғдалықтардың біріккен күштерін тас талқан етіп, Түркістан жерінде 712-713 жылы болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Олар аз уақыт болсын кезінде Сайрам мен Тараз қалаларын өз қол астарында ұстағанда өздерімен бірге Ислам діні де ере келген болатын... Таза дін - сұлу саясат. Ол құнарлы жерге түскен дән сияқты  келген жеріне тез сіңісіп, өсіп қанат жаюын еш уақытта тоқтатпайды. 766 жылы Хорасаннан шегінген Исхақ ат Түрік бастаған оппозициялық күштермен бірге болған, исламның  қасанийа-мүбаийдиана бағытын қабылдаған түрік билеушілері өздері құрған мемлекетті тарихқа Түркістан жеріндегі алғашқы Ислам мемлекеттері деген атаумен енгізді. Қазір дін тарихында осы екі датаға байланысты Исламның елімізге келуі екі түрлі айтылып келеді. Біздіңше алғашқы дата көңілге қонымды. Осы дата бойынша есептесек 2012 жылы еліміздегі Исламға 1300 жыл! Бұған,  өмірден өткеннен соң да, тәні жер бетінде ширек ғасыр бойы ешбір күтімсіз-ақ шірімей, осынау тылсым қасиетімен ел есінде сақталған, ладуни ілімінің білгірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының; «түркілер Исламды  Пайғамбарымыз (Ғ.С.) тіршілікте өмір сүрген кезінде қабылдады»- деген  нақтылы пікірін қоссатын болсақ, еліміздегі  Ислам тарихы бұдан да әрі ұзай түспей ме?. Үшінші, ЮНЕСКО  2010 жылы   Қорқыттың  1300 жылдығын атап өтті. Келтірілген осы үш деректі байыптап таразыға салсақ абыз Қорқыт туралы жоғарыда  ғұлама ғалым ағаларымыз айтқан пікірлерге бізсізде селкеу түспей ме?..  Көріп отырсыздар Қорқыт өмірге келіп, бесікте жатқанда,  Ислам діні  100 жыл ғұмыр кешіп,  қазақ жеріне өз өміршең қадамын нық басып қойыпты. Қадам басқаны сол, өткен жылы 1350 жылдығы аталып өткен Имам Ағзам Әбу Ханафияның  мазғабы да орныққан. Осы тарихты көре біле тұра Қорқыт туралы  жаңсақ пікірімен біз неге келісуіміз керек?.. Қорқыт тарихта болған тылсым әлеммен байланысы бар аномальды адам . Ол жырау, жыршы, болашақты болжайтын сәуегей, елдің көсемі бола білген синкретті тұлға, дана абыз. Тарихта болғандығының дәлелі - Сыр бойындағы Жанкентте туылған. Мұны Абұлғазы-баһадүр өз шежіресінде; «Қорқыт - Аббас халифасының (УП-УШғ) кезінде болған адам. Қорқыттың туып өскен жері Сырдарияның жағасы» -деп жазып кеткен.  Әкесі Қарақожа. Қаңлы ұлысы, Оғыз тайпасының Баят руынан. Анасы қыпшақ қызы. Оғыз-қыпшақ заманындағы Инал, Дойлы, Көл-Еркен, Тұман және Қаңлықожа хандар тұсында өмір сүріп бас уәзірлік қызмет атқарған. Ел билеушілері оның ақыл кеңесіне тұрған. Қорқыт өз заманының әнші-жыраулығымен қатар, болашақты болжағыш ақылгөй болған. Х ғасырдағы Рум патшасы Канстантин-қырмызы «Мемлекет басқару» деген кітабында Қорқытты «Пешене қыпшақтарының ел ағасы» деп көрсеткен. Қорқыттың өмірі Орта Азияға ислам дінін таратқан Аббас халифалығымен тұстас болған. Бұл орайда Қорқыт қазақ-түркімен, оғыз-қаңлының ортақ тұлғасы.  Қолымызда «Қорқыт ата» кітабындағы оның 12 жыры  және біздің елде ғана сақталған Нышан бақсы жеткізген 11 күйі  бар.         Абыздың ерекше уақиғалары туралы аңыз оны мифке де айналдырып жіберген. Ол отқа салса күймеген, суға салса батпаған, кессе қылыш өтпеген ғажап адам болған. «Қорқыт Ислам дініне бас имеген, Тәңірге пейіл қойып, отқа табынып, бақсы болып өткен»- деушілер жаңылысады. Бұл пікірді қалыптастыруға негіз болған Өзбек ханның; «Қорқыттың жолына түспеңдер, бақсылардың болжау айтуына сенбеңдер» деген жарлығы. Ол өз патшалығы тұсында бақсыларға көп қиянат жасаған хан. «Тіршіліктің түбі - өлім», «Өлімге дауа жоқ» -деген негізсіз нақылдар да ел аузында осы кезде қалыптасқан. Бұл Ислам дінін шолақ түсінетіндердің пікірі. Ал Қорқыт жасаған қобыз туралы айтарымыз, ол өнер аспабы болумен қатар экстазға түсіретін құрал. Қобыз басқа дүниемен жалғасу үшін көпір-жалғастырушы медитация құбылысының қызметін атқарған. Негізі бақсылар өз сарындарында арнаулы күймен қобызға қосылып жын шақырады. Бұл ретте  басқа әлеммен жалғасытушы экстаздық  қасиетін пайдаланады. Қорқыттың қобыз тартуында басқа мақсат болған. Қорқыт - ақы үшін бектердің көңілін көтеретін озан да емес. Ол - абыз. Қиын-қыстау жағдайларда ақыл сұрап келген ханның, бектердің және халықтың дана ақылшысы. Әдетте абыздар жорыққа аттанатын батырларға өсиет айтқан, семсеріне бата берген. Ата баба салтын сақтап, ру құрылымын ыдыратпай ұстаушы болған. Қорқыт жалған дүние мен пәни дүние арасын байланыстырушы аномальды қасиет иесі . Осы аномальдық қасиетіне байланысты талдаңқырап, тереңірек айтсақ көп нәрсеге көзіміз жетеді. Өйткен мұндай қасиет екі адамның бірінің маңдайына жазыла бермес енші. Мұндай адамдар туралы пікірді әдетте ғақлия ілімінің иелерінен гөрі, бойында  ерекше қасиеті бар ладуни ілімін игерген ғұламалар айтса бір жөн. Солар ғана осы орайда нақтылы пікір айтуда жаңылыспайды. Ал ладуни ілімі дегеніміз не? Өркениет әлемінде  ілім негізінен екіге бөлінеді.Бірі - ғақли , екіншісі - ладуни . Алғашқысы бәрімізге етене таныс  күнделікті көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүрген адамның өре санасының жеткен жерімен пайымдауы арқылы игерілетін  ғылым. Екіншісі - ладуни ілімі. Ғылымдардың басы мен соңы болып саналатын бұл мұғжиза ілім ғылымның барлық саласын қамтиды. Әрине, әзірше атауы  қазақы құлаққа тосындау естілуі мүмкін. Өйткені бұл ілімнің біздің елде әлі күнге толыққанды жүйесі қалыптаспақ түгілі, нақтылы жанашыры, ілім есебінде жұмысын жандандырар иелері табылмай отыр. Осындай пәтуасыздықтан атауы көп мұғжиза ладуни ілімін бір топ ғалымдарымыз осы ілімнің негізін қалаған белгілі шығыс ғұламалары жазып кеткендей фәлсафа ілімі ретінде таныса, екінші бір топ Абай мен Шәкәрімнің айтуынша толық адам танымы немесе ар ілімі , ал үшінші топ қазақ табиғатына жақындатып, Алланың аян ілімі (Құдай тану). ретінде атап жүр. Бұл ілім санамызға сіңетін болса, бүгінгі бетімен кеткен берекесіз гуманизм, діни санадан жоғары асқақтамай, әлемдегі жегі құрттай өріс алып бара жатқан жастар тәрбиесіндегі имансыздықтан арылар едік. Ұл - ұятына, қыз - қылығына оралар еді.  Өйткені, Аллаһтан аян болып түскен ладуни ең алдымен  ардың ілімі. Жалпы бұл ілім жүрек тазалығымен Жаратушы тарапынан келетін ілім. Бұл ғылымның иелері құдіретті Кәміл адам герметикалық немесе тылсымдық (мистикалық) ойлау менталитеті қасиеттеріне иелік етеді. Олар эзотериктер. Мұндай жаратылысында ерекше қасиеті бар адамдар еш уақытта өзіне сондай қасиет сыйлаған Жаратушыға, оның дініне қарсы шықпайды. Қайта оның дінін сүйіншілеп, қолдау танытып қалың бұхараны тура жолға салуға шақырады. Бұл сөзімізге Қорқыттың соңында қалған  12 жырдың қай-қайсысында да айтылатын «Алла таза діннен айырмасын», «Алланың досы, дініміздің егесі Мұхаммедке құрмет» деген сөздері де толық дәлел болса керек. Алланы ардақтаған абыз - қашанда Исламды сүйіншілейді. Бұған қосымша өз тарапымыздан  тағы бір екі дәлелді алға тартсақ артық болмас. Мысалы осындай аномальды қасиетке ие қазақ жерінде патшалық құрған баһадүр Исхақ баптың діни кеңесшісі, Баба Түкті Шашты Әзіз жұрттың көзінше жанып жатқан отқа түсіп, өзінің отқа жанбау қасиеті арқылы қалың  елді қан төгізсіз-ақ дінге кіруге көндіргені аңыз ғана емес  нақты тарихи шындық. Мұндай қасиеті бар тұлғалар өзара «агиалогия» немесе «таңғажайып сайысқа» түсіп, ел алдында түрлі мұғжиза көрсету арқылы халықты өз соңына ерте білген. Кезінде Тимучин Шыңғысхандық дәрежеге жеткенше  аян арқылы Тәңірмен қалың бұхара көзінше тілдесе отырып, тарихи  ұлы жеңістеріне жетсе, тағы бір кемеңгер патша, 27 елдің падишасы болған Әмір Темірдің - Көреген атануының өзі  біздің аномальдық жөніндегі осы пікірімізді нақтылай түсер құдірет. Бұл тылсым құдірет әрине осы ұлы адамдармен  басталып, осылармен аяқталған жоқ. Бұрын да болған, қазір де жалғасуда. Көктен түскен төрт кітаптың  соңғысы Құран Кәрім де  пайғамбарымыз Мұхаммедке (Ғ.С) Алладан аян арқылы түсті... Осы жерде  әңгімеге Еңбек Ері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың қолжазбасындағы мына бір үзіндіні қоссақ; "....Бұл кез келгеннің емес, айырықша қасиетке ие болып жаралған әруақты адамдардың - абыздардың ғана қолынан келеді деп есептелді. Ондай қасиеттерімен көзге түскен адамдардан халық билік иелерінен бетер айбынып, аса зор құрмет тұтты. Биге құлақ асса, сардарға бағынса, пірге табынды... Хан ауысса да пір ауыспады. Сондықтан кейде билікті әулет - саяси үстемдік пен қоса рухани үстемдікті де өз қолына алып алуға тырысты. Бұл әсіресе шығысқа тән еді. Мәселен, Тәуке, оның балалары Жәңгір, Болаттардың Лхастағы "киелі үйге" жіберіліп, бірнеше жыл тәрбиеленуі тек көрші елдердің геосаяси ықпалынан ғана емес, тақ маңындағылардың әлгіндей іш есебінен де өрбіп жатса керек. Тәуке хан сайланғанда пір де сайланып, үш ұлыстың пірлері жұрт алдында әруақ салыстырысып, Керейт Сұпы Әжінің (Мүсірәлі) жеңіп шығатыны да соны аңғартқандай. Тәукеден Абылайға дейінгі барлық ханға пір  болған Сұпы Әжі (Мүсірәлі) дүние салғаннан кейін жалпықазақтық пір сайланған емес."- дей келіп; "Ескі дала үрдісінде қауымға билік жүргізетін хандар  мен әскерге билік жүргізетін сардарлар ғана сайланып қойылған, ал батырлар мен пірлер аттарына лайық қасиеттерімен қапысыз танылып, жұртты тегіс мойындатқан. Жоғарыдағы Тәуке заманында үш ұлыстың үш пірінің жұрт алдында әруақ салыстыруына келсек, ол да түптеп келгенде, сайлау емес, өз қасиетінің басымдығын жария мойындатудың жолы болып табылды. Мұны кие, әруақ туралы ғылым - агиалогия "таңғажайып сайыс"- деп атайды. Бұл  - тек дінге дейінгі нанымдар заманында ғана емес, әлемдік діндер үстемдік құрған тұстарда да орын алған үрдіс". ( «Үш пайғамбар. Ә.Кекілбаев. 1992 ж ).- деп жазады. Қорқыт туралы тағы бір кітабында; «Қазақтарды қайта біріктіру мәселесіне келгенде, Қорқыт - таптырмайтын орталық қаһарман. Өйткені Қорқыт - сенің ақылман бабаң, Қорқыт - қажет десеңіз батырың. Мына дүниенің бақилығын, фәнилігін зерттеп кеткен кісі. Қазақтың қайта қалыптасу, қайта ұйымдасу ісін бастайтын ірі тұлға. Қорқытқа тек аңыз ретінде ғана қарап қоймай, таза тарихи дерек ретінде қарауға болады» -деген кесек пікір   айтқан осы жазушы Әбіш ағамыз Мемлекеттік хатшы болып тұрғанда  2001 жылғы мамыр айында өзі ұйымдастырған көрген Қорқыт баба рухымен болған бір сұхбат есіме оралып  отыр. Астана қаласындағы Парламент Үйінің 102- бөлмесінде өткен бұл сұхбатқа сол кездегі  Сенат Төрағасының орынбасары Ө.Бәйгелді, Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті ректоры М.Жолдасбеков және Талшыбық есімді жасы отыздарға тола қоймаған  әруақ қонған жас келіншек қатынасты. Сондағы Қорқыт айтқан екі сағаттық әңгімеден мына бір үзіндіні тағы келтіргім келіп отыр; «...Кездесер бүгін мінекей, күн туыпты, Алладан. Армысыңдар батырларым. Әрқайсысыңа пайғамбар жасы бұйырыпты, тәуба деңдер. Ау, шырақтарым; "Аты өшті демесін, өлгенмен бірге жарығы сөнді демесін" - деген екен. Менің де атым өшіп, жарығым сөнбепті... Отырған Сарайларың кең екен, табалдырықтарыңнан аттадым, қуныштымын. Бірақта қайталап айтайын, қадамымды әрең салдым... Жүректерің таза болса, әрқайсысың да сезіп көресіңдер шырақтарым. Жаман айтпай жақсы жоқ. Жақсылық келді деп қуанбағын, жақсылықтың жанында жамандық болар. Жамандық келсе жылама, жамандықтың жанында жақсылық бар қашанда. Естеріңде болсын,   жақсылық пен жамандықты егіз бала етіп жаратқан Алланың өзі. Сол егіз бала екі жағыңда жүргенде тірлігің түзу болса, сонда ниетің  қарай көретініңді көресің. Аллаға бас іиіңдер, шырақтарым. Алладан күшті ешкім жоқ.  Алланың құдіреті мен күшіне ешқашан  күмандарың болмасын. Алланың  төккен нұры болар сірә, есімім осы күнге дейін ел есінен шықпады. Тәубе қылдым, осыған. Қорқыт деген есімім кезіп кетті кең даланы, кеңдікті іздеп, Алланы іздеп, Аллаға құлшылығымен, Аллаға жалбарынумен. "Қайда  жатсың  бабашым,  мүрдеңе зиярат жасап бас иемін - дейсіңдер,  жүректерің адал ниетімен Қорқыт бабам десе, мен сендердің жандарыңдамын ғой шырақтарым..." Қарақтарым-ау, кезінде мұндай сарайда мен де болғам. Сұра мына менен, не көргенімді... Тәуба дедім, көресімді көріп мен. Әр нәрсеге қанағат.  Қанағат қарын тойдырған. Қанағат қылғын әр нәрсеге, тәкаппар болма. Тәкаппарлық деген жақсылық әкелмейді. Тәкаппарлық пен жамандық ниеттерің жеті ұрпаққа дейін даритынын ұмытпаңдар. Бойларыңа сіңірмеңдер оны,  керегі жоқ... Аллаға жалбарынып сұраңдар, кешсін... бәрі бір Алладан, бүгінгі өздеріңмен тілдестіріп отырған да бір Алла. Алладан өтер қуатты күш жоқ.  Алланың дегенінің бәрі хақ. Алла ғана бәрін біледі. Алла нұрын төксе - сендерге  бергені. Әрқайсыңа бергені - бұйырғаны. Мен де өттім сендердей жарық дүниені көріп. Жалған дүниені жалпағынан басқанмын. Сендер де өтерсіңдер,  бұл жаққа келіп  әлі сәлем де берерсіңдер, Алла егер бұйырса... Ей, батырлар... Білген үстіне біле түссем дейсіңдер ме. Бұйырғаны ғана болады. Әрбір нәрсеге рұқсат тек Алладан. Сендер өз шыққан тектерің ата бабаларыңды ұмытпауларың керек...Ең болмаса "Бабамның айтқан сөзі еді, бабамның берген аманаты, бабамның берген батасы"- деп бір сәт еске алыңдар оларды. Маған да кезінде  Алла өз нұры төккен. Басыма бақ қонды... Патшаға бітпеген бақ маған бітті. Сол тіршілікте патшаның сарайын тастап,ен далаға қашып барып,  тәуба қылып, құлшылығымды көрсетіп, Аллаға жалбарынып жыладым.... «Сарайыңда бұлайша қысылып  отқанша жаратқаным-ау,  іздегенім өзіңмен тілдесейін. Тілдесуім өзіңмен  бағым болсын. Өзің берген ендігі қалған ғұмырым өзіңе құрбан болсын.  Өзіңе құлшылық етуге, ел жұртыма қызмет етуге, адалынан болуға, сөйлеген сөзім адал боп аброймен кездесуге Аллам өзіңнің алдыңа келдім...»- дедім өксігімді баса алмай... Аллаға қарсылық қылуға болмайды, артық сөйлеп керегі жоқ. Екі елі ерінге - төрт елі қақпақ. Төрт елі қақпақ... Аузыңнан шыққан сөзің атылған оқпен тең. Аузыңнан шығар сөзге ие болған жөн. Қалай болса солай мен сөйлеп қойсам,  оған жауап беруге тура келер. Әрқайсысымыз да солай болғанымыз жөн. Ей, ұрпағым, Жаратқан Алланың бұйыруымен ата-бабаларың әрбір жақта, бұйырған жерде жатыр. Бұйырғаны сол екен, әрқайсымыз бір-бір төмпешік болдық.  Қай батыр қайда қалмады? Дегенмен, Алла нұрын төксе  олар жарқ етіп қайта жұлдыз болып жанады. Әнекей, Астанадағы Қабанбай батыр жатқан жерге қарағын,  көтерілді тағы мәртебесі, батыр еді өзі де... Томпиған қамалдағы сонау батыр, Әлі дағы жұлдызы жанбай жатыр.... Жететұғын күн бар ма соған ақыл?.. Шырағым ау, ол батыр неге жатыр?.. Айтыңдаршы маған, соларды еске алатын пәнда бар ма? Тірі жан-ау бар ма екен сол батырды іздеген?... Тілегендерің адалдық болса, құлшылығың Аллаға адал болса, қибылаға  жығылып жан дүниелеріңмен жыласаңдаршы, Жаратқанға. Кешірім сұраңдар, Жаратқаннан. Одан басқа не білмексіңдер мына менен. Неге бүгін жүздестік, шырақтарым? Мына менімен, неге  басқа емес, сендер кездесіп отырсыңдар?  Сұраққа жауап табылар, жауапсыз нәрсе болмайды.  Неге бесеу емес-ау, неге үшеу, неге екеу, неге біреу емес, неге онау емес, неге үшеуің кездестің, білесіңдер ме? Сұрағыма жауапты өзім берейін. Тәуба қылдым, Жаратқанға. Адам баласы ешқашан мұны жасаған емес, ойлаған да емес. Ойың жетпейді, оны ойласаң да жасай алмайсың. Ол бір жаратқанға бұйырған. Оны бір Алла ғана жасайды.  Алла осылай кез қылды. Біріңді  Төле би, екіншіңді  Қазбек би, үшіншіңді  Әйтеке би етіп менің алдымнан шығарып отыр. Білесіңдер ме сендер соны? Тағы да тарихты іздедім дейсің біреуің. Тарихты іздеу - әділет. Әділетті іздеңдер әрқашан. Жаратқан Алла әрқайсысыңа бұйырып отырғаны, ашылмағанды іздесін, тапсын, ашшын деп отыр. Көрмегенді іздеп, тағы да көрсін деп отыр . Шырақтарым, пенде болғандарың - б ір Алла ғ а құл бол ған д ар ың.... Мойындарыңда құлшылықтарың бар... Сендерді пайғамбар жасқа жеткіз ген Жаратушы ием  әрқайсысыңды осында әкелді... Бірің  Төле би, бірің  Әйтеке би, бірің  Қазбек би болып көріңдер... Мен өз кезімде билікті онша ұнатпаған жанмын. Білесіңдер, әділдік болса, әркім билігін әділдікпен алады... қаралық ешқашан жеңген емес, жеңбейді де. Бір Алла өзінің құлының құлшылығын, оның әділеттілігін көре оған нұрын төккен.  Өлгеннен кейін барлық жан тіріледі дегенге сенесіңдер ме? Жә, жөн екен.Тірілет.... Бұйырғанын көрерсіңдер. Маңдайларыңнан көрерсіңдер. Тағдырға сеніңдер. Құлшылықтан көрерсіңдер жақсылық.Құлшылығың егер де адал болса, аброй да болады.  Аллаһ нұрын төксе о дүнилерің жарық болады. Сол кезде де жүздесерміз, кездесерміз әлі біз. Мәңгілік өмірді мен секілді сендер де іздеп жүрсіңдер, әрине. Мәңгілік өмір дегеніміз -  осы кездесуіміз... Алла бұйыртты... Нұрын төкті Жаратқан.  Өлген тірілді деген осы, шырақтарым. Мен Алланың  құлымын. Құлы болып өтуге мәңгі дайынмын. Айтайын дегенім әрқашан үш бидің билігіндей билік болсын сендерде. Әділдік қастарыңда болсын. Жамандықтарың кетіп, жақсылық енсін... Көздерің көреген болсын. Жер менен көктің арасындағы тылсым дүниелердің бәрі Алладан..Енді біреуіңнің жаныңда Төле би, біреуіңнің жаныңда Қазбек би, біреуіңнің жаныңда Әйтеке би ерер. Әділдіктен қашып көріңдер... Бәрін білемін демегін.  Барлығын білу пендеге жазбаған. Бәрін білер тек бір Алла ғана. Бәрін шешер тек бір Алла.  Тау менен тастың арасына қарашы... Бабаларың тастап кеткен, тастамаса да сақтап кеткен, әрқайсысыңа, бұйырсын деп ұрпағыма, қамалына қамап кеткен бабаларыңның асыл мұраларын неге іздеп тапбасқа? Араларыңа Баба Түкті Шашты Әзиз келді.  Білсеңдер, кәне айтыңдаршы, бұл кісіні сендер Баба Түкті Шашты Әзиз дейсіңдер. Ал құлағына жар шақырып қойған шын аты кім?  Білмесеңдер мен айтайын. Бұл баланың аты - Тоқсылық. Осыны бүгінгі күнге дейін білгендерің бар ма?Егер мен өзім өмір сүрген замандағы тіліммен сөйлесем, басқа тіл болады, түсінбейсіңдер. Сондықтан мен сендерге Алланың жарылқауымен өз тілдеріңде жеткізіп отырмын ғой барлығын.  Баба Түкті Шашты Әзиз бабаларың  өздеріңмен танысқалы келді... Тоқсұлық та өз кезінде Исламды өз   шама шарқынша насихаттаған. Ел қамын ойлап,  бетін бері қаратып, Аллаға бастарын идірген, дінімізді сақтаймын деп  құлшылық жасаған бір ұл емес пе. Егер Алланың әр құлы осы Тоқсұлықтай болса абзал болар еді... Қызмет - құлшылықта, біле білсеңдер әрқайсысың.... Баба Түкті Шашты Әзиз сендерді имамға ұйи ма екен деген сауал қойып отыр... Аманатты жекізу маған парыз... Пайғамбар жасына жеткенде  иманға ұймағанның  тіршілігі харам болады...». («Жас қазақ үні» газеті, 2002 жыл). Үзіндісі ғана беріліп отырған осы аян-сұхбат кезінде, біз абыз бабадан өзіне Қорқыт есімінің қалай қойылуы туралы сұрағанымызда, сол күнгі кездесуге берілген уақыттың біткендігі, алда Алла бұйыртар кездесу болып жатса әңгіменің жалғасы болатындығын айтып қоштасқан болатын. Содан араға бес жыл салып 2006 жылы осындай бір ел таныған ерекше қасиетті де қадірменді жанмен   мәңгілік өмірді іздеген Қорқыт бабаның Қармақшыдағы қобыздан қойылған ескерткіші белгісіне зияраттадық. «Тіршілігі топыраққа айналмаған» айналайын, Қорқыт бабамның басына қойылған белгі - қоңыр қобыз да еркін ескен ерке қоңыр үнімен менің жан дүниеме жақын келді. Несін жасырайын, ширек ғасыр бұрын тарихын өзім толық білмейтін осы Қорқыт бабамыздың қобызды ойлап табуы туралы «Мәңгілік өмір» деген тақырыпта мен де аянмен күңіреніп толғау жазған едім. Сол бір шабытты сәт еске оралып қалың ой құшағында отырғанмын. Кезінде Сырдарияның жар қабағына қойылған абыз сүйегін, дарияның кемерлеп жеген толқыны ақыры өз құшағына алып тыныпты. «Тым болмаса баба сүйегін сақтап қалуға да мұрша болмаған заман-ай...» деп отырғанымда, қасымдағы медитацияға түскен серігімнің аузынан мынадай аян естідім; - Ей, ұрпағым, саналы адам өмірге келген соң, тіршілігінің топыраққа айналмауын ойлайды. Өмірден өте сала апай-топай атың өшсе, сенің топыраққа айналғаның сол. Алла, шын сұрасаң, тілегіңді жай қалдырмайды.  Мен бас уәзір болып отырған жерімнен жеріп, патшаның Ақ ордасын тастап, ен далада Жаратушыдан, «жаратушым, өзің жаратқан пендеңнің тілегін шын беретін болсаң, маған мәңгілік өміріңді қи...» деп көз жасымды көл етіп, мәңгілік өмір тілеген бабаңмын. Мендегі мақсат - мәңгілік өмір  болды. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген мақал сол кезде қалыптасты. Алланың сынағы емес пе, өлімнен қашып жер әлемнің қай бұрышына барсам да, алдымнан көрімді қазушылар ұшырасты. Мен көрді қазып жатқан көр қазушыларға емес, көрдің өзіне, «Көр кет, көр кет, көр көзіме көрінбе, мен саған жатпаймын! Мен Алладан мәңгілік өмір тілеген жанмын. Құдіреті күшті Жаратушым менің тілегімді қабыл етпеуі мүмкін емес. Алла жарылқаушы...» деп тіршілігінің соңында қара жерді басып жүруден де қорқып, өздерің көріп тұрған мына дарияның бетіне сал түсіріп, жаппа құрып тірлік кештім.Ықылым замандардан келе жатқан осы қасиетті дариямен сырлас болдым. Қобызымды күңірентіп Алладан үмітімді үзбедім. Күй  үніне еріксіз қайырылған періштелер, маңыма аққу болып қонып, тілегімді көкке алып ұшатын. Мына ағыны дүлей дария да менімен сырлас болғаны үшін Сырдария атанғанын бүгінгі жұрт қайдан білсін... Тілегім, аққу болып жаныма қонған періштелер  құлағына шалынғанда, көзім ілініп кетіп, мені жылан шақты. Сол сәт өзіммен сырлас болған дария толқындары мені өз құшағында мәңгі тербеткілері келді. Бірақ мені білетін пенделер, өз дегендерін жасап, асыл сүйегімді жардың жағасына қойды. Мен, тіршілігімде бауыр басқан сырлас толқындарды қимадым, толқындар мені қимады. Жарға ұмтылған жанды толқын  сағынышы ақыры дегеніне жетіп, менің сүегімді   өз құшағына алып тынды. Менің Алла сыйлаған асыл сүйегім қазір өзіммен сырлас болған қасиетті Сырдария толқындарының құшағында тербетілуде... Алла менің сұраған тілегімді берді. Тіршілігім топыраққа айналған жоқ. «Көр - кет, көр- кет!» деп айбат шегіп жүріп, өзіме Қорқыт атын тілеп алдым. Мына жұрт осыны да білмейді-ау. Менің сол Қорқыт есімім әлі күнге ел аузында. Сол бір өз аузыммен тілеп алған  есіммен бірге тіршілігім топыраққа айналған жоқ, мәңгілік өмір иесі атандым. Есімі ұмытылмаған пенденің өмірі де мәңгілік. Қалқам, мені іздесең мендей бақытты бол!..»- деп әңгімесінің соңында күңірене батасын берді. Мен бұл деректер мен бүгінгі қазақ зиялылары алдында бірге естіген  аянды  неге келтіріп отырмын? Осындағы аян арқылы естіген Қорқыт баба туралы бұл тың деректер  мен бабамыздың Ислам туралы жанашырлықпен айтқан әңгімелері кім-кімге де болса ой салар дегенім ғой... Экстаз, медитация дегеннен шығады, таяуда «Аңыз адам» (№6, наурыз 2011ж.) журналында Қорқыт туралы қобызшы-актриса, Тұрахан Садықова өз сұхбатында; «Қорқыт Арыстанбабты ұстазы санаған. Ажалдан қашып жүрген кезінде Арыстанбаб түсіне еніп; «Қайт еліңе! Өлмесем, мен қайдамын?! Әкең, туыстарың қайда? Кімге ажал келетінін бір Алла біледі. Сен қырық жас емес, одан көп жасайсың. Ажалдың келмегі - Алланың ісі. Қара күштер сенен қорықсын. Өйткені сенің қолыңда қаруың қобызың бар. Өмірде өлмейтін не нәрсе? Соны біл...»-дейді. Сол аяннан кейін Қорқыт еліне қайтады. Жолда өзіне арнап қазылып жатқан көрді көрген сайын қобызын тартқанда, қара күштердің қаша жөнелгенін, жоқ болып кеткенін көреді. Сонда Қорқыт; «Таптым! Өмірде өлмейтін нәрсе - өнер»- деп айғай салған екен» -депті. Тұраханның мына әңгімесі оның экстазға түсе білетіндігін, басқа дүниеден медитация арқылы хабар ала-алатындығын байқатады. Дегенмен, таза ақпарат алу жағына машықтану керек сияқты. Арыстанбап Қорқыттың да, Фарабидің де, Ясауидің де ұстазы болған жан. Мына әңгімеде Арыстанбап өмірден өткен адам болып әңгіме айтыпты. Арыстанбап Мұхаммед(Ғ.С.) пайғамбардан да жасы үлкен, Жаратушының жарылқауымен Яссауиге пайғамбардың аманатын жеткізген, оған ұстаз болған әулие. Медитация кезінде таза ақпарат алынбаса осындай жаңсақ пікірлер тарап кетеді. Жалпы осыншама ғұламаның ұстазы саналатын, Орта Азиядағы Ислам дінін бірден-бір сүйіншілеуші тұлға Арыстанбаб әулие туралы бізде осы күнге дейін нақтылы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізлмеуі ойланарлық жағдай. Бұл орайда ӘмірТемір Көрегеннің Қожа Ахмет Яссауий мовзалейін салмастан бұрын, Арыстанбапқа кесене салуы осы саладағы жұмысымызға өнеге болуы тиіс. Ұстазы жайлы ауыз ашпай, шәкірттері туралы пікірлер айту еш өлшемге келмейді. Бірақ біздің елде таза дін ғұламаларының кемшіндігінен осы ағаттық өз жөнін әлі күнге таппаған күйі келеді. Мен кезінде әруақтардың қолдауымен, еліміздегі осындай ерекше қасиет иелерімен жұмыс жасап, қос академик ағамыз М.Әлиев пен С.Балмұқановты алға салып, сол кездегі Үкімет басшысы Ұ.Қарамановтың қабылдауында болып, Алматыдағы Халықтық емдеу орталығын ашуға аз-кем өз үлесімді қосқан жанмын.  Сол тәжірибиемнен байқайтыным, жұрт назарына иелік етер дәл осындай ерекше қасиет, бүгінде азды-көпті біздің Елбасымызда да бар. Оны қазақтың тұңғыш косманавты Т.Әубәкров туралы «Қазақ елі жайлы» кітбында өзі де жазыпты. Бұл қасиетін елге қажетті батыл шешімдер қабылдауда да үнемі байқап келеміз. Мұндай тарихи шешімдер - тылсым күштердің қуат беріп демеуімен ғана өмірде жүзеге асады. Осы орайда әлемді аузына қаратқан Рим Папасының Астанаға ат шалдыртуы, Әлем дін басшыларының  Астанада үш рет үлкен Құрылтайда бас қосуы, Еуроатлантика және Еуразия аумағындағы жалпыға ортақ, бөлінбейтін және ұжымдық қауіпсіздікке арналған маңызды мәселелерді талқылау үшін Қазақтың Астанасында ЕҚЫҰ-ға мүше 55 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары мен үкімет жетекшілері бас қосуы да осы сөзімізге нақтылы дәлел болса керек. Осы пікірлерді жинақтай отырып, сөз түйіні ретінде айтпағым - дана Қорқыт Тәңір дінінің қолдаушысы емес, Исламды сүйіншілеуші тұлға. Ол дәстүрлі Исламды түркі әлемінде алғашқылардың бірі болып  шүйіншілеген, Алланың аманаты ретінде ел санасына сіңіруге  өз үлесін қосқан жан. Келешек біз назар аударар Мағжан ақын айтқан нұрлы соқпақ та осы болуы керек. Алланың ақырғы діні Исламның адал жанашыры болайық! Бақтыбай АЙНАБКОВ «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы, жазушы
qosymsha/abai.kz
post_37695.txt
НӨМІРІ БЕСІНШІГЕ ДЕЙІН... ҺӘМ ОДАН СОҢ...
https://abai.kz/post/37695
"НӨМІРІ БЕСІНШІГЕ ДЕЙІН... ҺӘМ ОДАН СОҢ..." | "https://abai.kz/post/37695"
13.05.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: НӨМІРІ БЕСІНШІГЕ ДЕЙІН... ҺӘМ ОДАН СОҢ... URL: https://abai.kz/post/37695 META: "НӨМІРІ БЕСІНШІГЕ ДЕЙІН... ҺӘМ ОДАН СОҢ..." | "https://abai.kz/post/37695" DATE: 13.05.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 3727 TEXT: ...Тоқсаныншы жылдары Халықаралық қатынастарға «Нағыз хаос» қағидалары әсер етті, дәлел де, дәйек те мол... Самуэль П.Хантингтон Бүгінгі Қазақ әлемі күрделі жолға қарай ойыса түсуде. Құрлықтағы державалардың геостратегиялық аңысы да өзгешелеу. Қалайда Қазақстанның (Қазақ елінің) бүгінгі қадамы, халықаралық қатынастағы  орны оқшауланатын  осы тұс – алашапқын, қызықты. Жалпылама дәуір тынысы өзгешеленді деген сөз. Бұрынғы 100 млн адамның басын жұтқан 70 жылдық тарихы бар «Ұлы қазан төңкерісі» - Кеңестік, ежелгі Ресей патшалығынан қалған «соңғы бекінісі» мен геосаяси  ауаны бізді шыт жаңа сүрлеуді таңдаудың қарсы кеңсірігіне келтірді. Азия кеңістігіндегі Кеңестік ескі кеспір - яки Жаһандану атты жаңа бет-бейненің айырымында біздің тағдыр да көрінетін болды. Бұрынғыдан көп айырмашылығы жоқ «Неоевразинизм» сұлбасы қазіргі Қырымның жағдаятынан кейін тіптен анық белең беретіндей. Орта Азия кеңістігіндегі ендігі «бос орын»-да (вакум) ендігі кезекте Қазақ Өкіметіне аса маңызды, қырағы іс, әрекет жүргізуді нұсқайтын секілді. Ендеше ескіше «үкіметбасшысы» жаңаша  премьер - министр лауазымына қандай тұлға келсе де осынау ұлы механаттарымен жанталаса күресетіні айтпаса да түсінікті. Бір тұстары тек Ресейдің ғана «измшіл» көз қырының нұсқау, ықпалымен орындалатын бюджеттік қаржы секілді аса маңызды  науқанды шаруаны бүгінгі жағдаймен бүтіндей салғастыруға келмейтіндігін де ескертеміз бе, қайтеміз?.. Әуелі 1993-1996 жылдар арасындағы мемлекеттік бюджеттің көлемі долларға шаққанда қанша еді?! - Қазір ше? Жер мен Көктей... «Құрсақтағы құлақ пен мидың...» желеуі һәм  кесірі қаймана халықтың ашу-ызасымен көрініс табатын да соған негізделген «спектакль» қойылатын. Кешегіні аңсаушылық, өткеннің дәмі кеппеген керіезулі еріндерден «қымбатшылық» атты реніш, айқай-шу саулай жөнелетін. Өтпелі сәттің лаңы... Екінші жағында Қазақ жеріндегі табиғи ресурстардың орасан молдығы, әлемдік нарықтағы шикізаттың өнімінен келетін ризық, кіріс мөлшері «бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрықтың» аш көзді кебін келтіретін еді. Тұлғаға үнемі кінаратты күмәнмен тек шүбә келтіру ғадетімен өмір сүрдік. Сол идеология індетінен арыла алмаудың салдарынан біз үнемі оқшау тұрғандарға «пияз турап тұрып ашыған көзбен» қарауды ғана өзімізге мақұл көрдік. Иманғали Нұрғалиұлының тұсында  коммунистік ішірткіге әбден уланған ішкі есепті дүбәрә топ «ішкі жалпы өнімнің өсімі күмән тудырады...» деп айқайға басты... Тінсіз ағайынның нілсіз «пиары» әм «жең ішіндегі жұдырықтың» бас көтерген сиқы. Қазақ болса – ғасырдың біртуар тұлғасы бола алмайды?! Адам Смиттің қолындағы «әлемді қозғаушы күштің іліми механизмінің кілтін» сілекейімізді шұбырта тамсана аударып, төңкеріп отырып, тек утопизмді сыпырмайым баяндайтын профессордың тозығы жеткен конспектісіндегі сілікпесі ғана қалған қисынға сүрініп жығылып жаттық. Олардың әсіреқағидасы бойынша Үкімет шаруашылық ісіне «былығумен» бірге, көп тұрпатты жекеменшік секторларға сыпырмайым «шабуыл» жасау керек екен?! Иманғалидың 1993 жылы Елбасы әкімшілігінің көмекшісіне барған тұсы – осындай күрделі саяси текетірестіктің өршіген кезіне дөп келді. Сонау бір «неолиберализм» дауагерлеріне ұқсайтын дімкәс билікке келген тұңғыш жедел жәрдем дәрігері секілді... Иә, бір дімкәсты дәуірдегі экономиканы құлантаза сауықтыруға Рональд Рейганның «темірқазығы әм сәуегейі» Милтон Фридман (1912 ж.т)-нің құдіретті қисындары арасынан табылғанындай. Сол секілді ең күрделі тұста мемлекеттің «компостық құрылғысын»  алақанда ұстап жүру «космостық  қарқында» зымырап бара жатқан ескі, жаңа құрылымға тізгінші болу Имекеңнің  маңдайына  осылай жазылған. Қазақстан Республикасының Елбасының бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан  Премьер министрі, Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің жетекшісі т.с.с. лауазымдар оны оңға бір, солға екі лақтыратын. Социализмнің тайғақ соқпағымен мимырттап келе жатқан үкіметтің тозығы жеткен мәшинесін бір бағыттан тайдырмай, «қайта секіруге оңтайлы жаңа сүрлеу» таңдауды, сол бір ескі «казарманың» терезелерінен таза леп енгізуді бірінші рет қолға алған сол Имекең, һәм нөмірі бесінші Үкіметбасы. «Жел бағыты өзгереді...» - деген  Милтон Роз Фридман қисыны Қазақ дәуіріне де  өз кебімен жетті, келісе кетті, әлде басқа ма кім білсін, әйтеуір «керуен көшті...»!? Әрине бір тұлғаның күллі дәуір тынысына сіңірген түрлі пәтуәлерін бір көсемсөзшінің игере алмасы хаһи. Алайда социализмнен дарыған кереғар сандырақтармен «тамақтанып», бәрін біреу үшін жасайтындай «аурудың сөзін сөйлеп, саудың асын жейтін» керітартпалар мен күллі дүниені көкке көтерердей сыбанып жүретін көзбояушы шолақ белсенділер бүтін бір ел, қалың жұрттың айбарын жасқап, жігерін құм ететін кез де сонда,  солай болғанын сезетін-ді... Ел көкірегі ақиқатында киелі тәуелсіздік қуанышына  көмулі еді! Тез арада елдің етек-жеңін жиғызу шарасы қолданылды. Сол арқылы  инновация, тете құрылым, жол, құрылыс, сауда  даяшылық орындарының ұлғая түсуінің нәтижесінде шенеуніктердің қатты «консервленген» ми қатпарларына ептеп таза ауа ене бастаған-ды. Тек қана Алматыға, соңынан Астана секілді алып мегаполис қалаға бақаның долбарын керектену, керектенбеу, дамыс үшінгі түрлі мағыналы  ұғымның мән-мағынасын ұқтыру «мұрнының суын сүртуге» де мұршасы келмейтін әр басшыға ауыр салмақ-ты. Сол зіл жүкті көтеріп өтудің өте күрделі жұмбағын Имекең шешті, көтерді. Басқаның менежменттік қисаптарын есептеу, межелеу, еркін дидарласу мен тіптен кейде нақты сөйлесудің көнбіс үлгілерін немесе басшылықтың менежменттік өлшемдерін игере алмай етпеттеген, жұтаңданған ауыл, кенттерге апару қияметін кешті ол. Әсіре, салиқалы өркениеттенген  қалалардағы бай, манап (олигархия) үстем, төбел топтың бипаздығындай емес-ау, мүлдемгі коммунизмшіл көрсоқырдың шикілігі мен кінәратты әрекеттілерден аттап өтудің өзі қиынға соққаны аян. Ел ризығын мейлінше өз баспайдасына жаратудың «озық үлгілері» белең алатыны да байқалған. Мемлекет қазынасын,қоғам мүлкі тышқаншылап талан-таражыға салуға құныққандарды құрықтау, реттеу я болмаса олармен «уақытша істес болу» қауіпі де туындаған-ды. Шынында да ескі сүрлеу - жол болмас, ескі дәстүрді дәріптеп, мадақтаудың өзі дамысқа өлтіре кедергі жасады. Бұған бұрынғы посткоммунистік елдердің  саяси дүрдараздығы мен кері ықпалы тимеді деуге болмайды. Айталық  Балтық жағалауы елдері мен Қырғызстандағы қырғиқабақ әсірерадикалдық әрекеттер Өзбекстан, Тәжікстандағы ескіні жақтаушы «жаңартушылардың салқыны» Қазақ елін айналып өтпеді. Әсіресе 1992 жылдан етек алған Тәжікстандағы қантөгіс секуляристлер мен руаралық жүгенсіздік, Ауғанстанның қаруланған топтарының  Душанбедегі қимылы біртүрлі «жұқпалы» -тын. Бұдан кейінгі яғни 1994 жылғы желтоқсанда көтерілген Шешенстандағы дағдарыс тағы да  өз ұшқынын тастауға жақын еді. Себебі, қазақ қашаннан жел өтінде болды... Басқа бір елдерде жеке кәсіпкерлер мен жеке меншік тауар өндірушілерді «етпетінен түсіретін» тіптен төрткүл әлемдегі күллі қоғам  күйреп жатқан тұста Қазақ елінің ескі жаңа екі ірі шаһарындағы жағдай тіптен салыстырмалы қалыпта қоңырқалталау болса да  тұрақты еді. Жазушылар әуелі өз басынан кейін «нанды» жазатын! Сол сәттегі ірі шаһардың тізгіні Махамбетте туып-өсіп, Пушкинде оқыған, Пол Самуэлсонның «Экономика: Мәре һәм зерт» (1947), Жеймс Тобиннің «Бір дорбаға барлық жұмыртқаны салуға болмайды» деген күрделі қисындарын ежіктей білген Тасмағамбеттің баласының тастай уысындағы нарық  өзіндік, кәсіби нарықтық заңдылықтары  бойынша жүргізіле берді. Кеңестік үлгідегі мейірбан кейіптегі өкіметтің жылы көрпесіне әбден бұйыққан, ертегіге ғана сенгіш қаймана жұрт жеке кәсіп жүргізу еркіндігінен гөрі идеологиялық жасанды мүсіркетуді ересен жақтыра беретін кезеңде ол, ешкімнен ықпайтындығын көрсетті және бүгінгі нарық заңы кешегі «социализмшіл» қисынгерлердің түсінігінен мүлдемге бөлекше сілемнің бар екенін түсінді, түсіндіре білді. Коммунизмнің ғылыми теориясы оқығанға «дәмді» болғанымен іс жүзінде жүзеге аспайтындығын меңзеуі де осыдан басталды. Өтпелі қоғам өз жүгін көтере алмай бір тізерлеп мықшыңдаған тұста теңнің екі жағына бірдей «демеу» көрсету Иманғалиға жеңіл тимеген сыңайлы. Алайда Тасмағамбетовтың үкіметі экспорт өнімдерінің көзі болған табиғи байлық, кен орындарына барынша  жанашырлықпен назар аударуды қарастырды, болашақты болжады, ұтымды саясат жүргізе алды... Алып биліктің ақаулы генераторы немесе Ресейдің ғана жағармайын аңсайтын, құрлықтан соң құрлық жалғасатынына көзі жетпейтін  кемтар құрылымның кемшіндері мен механизмінің ауыртпалығы әрине біріншінің  жон арқасына ең алдымен бататыны хаһи. Ресей жалған кемсеңдесе жалп етіп көңілі босай салатын бұрынғы ақ көңіл «қазақы мінез» осыдан кейін біртіндеп барып әптігін әрең басты. Бірақ сыртқы жағдаят аса күрделі еді. Қауға май құйып, өрт қоюдай оңай болған!? Имекеңнің ең салмақты кезеңі – жаһанды қамтыған «Қырғи қабақ соғыстың» соңғы мәресі 1991-1993 ж.ж. Босния дағдарысы, Балқан түбегіндегі сойқандар, Македонияның аумалы-төкпелі дүрбелеңімен тетелес келген. Шегіну мен ілгерілеудің өліарасындағы жас Қазаққа алдыңғы мезетті болжау, оған сәйкес саяси әрекет жүргізудің сәті түскенде ол соншама жас, әрі аса қуатты еді. Қазақтың байлығы шексіз деген атүсті кекесін  мадақ, несібенің ысырабына да қанағат ету қадіреті дәл осы кезеңде өтті. Сонымен жаңа өмірге Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа ұлттық валютасы келді де Тасмағамбетов өкіметінің дүниежүзілік мәндегі кейнсианствалық ізденісі тартымды сәтке бет бұрды. Меніңше түрлі тәсілдердің ізіне түсу Азия елдерінің озық үлгілеріне үңілу, зерделеу мүмкіндігі де осы бір оңтайлы сәттер енді ғана туды. Азия елдерінің сыртқы сыпатынан орын алатын әсіре іссіздік, ақша дересінің тізгінсіз шалықтауы, қоғамның дегбірінің кетуі, өндірістердің құлдырауы тежелуге жақындады. Иә... Әйтпегенде бұрынғы Кеңестік үзінді-жұлынды елдерді қамти жөнелген дағдарыс, дінаралық араздық, тәуелсіздіктің құнын сезінбейтін кейбір асқазаны алападай келімсек басшылардың түрлі іс-қимылдары дағдарыстың апанына қарай итермелейтін де еді. Қазақ елінің геосаяси табандылығы осы сәтте айқын көрінді. Саяси демократиялық желпіністер, адам құқына қатысты оңды шаруалар, нарықтың еркін қатынасындағы өзгешеліктерді де тәптіштеу ерсі, тілге тиек ету де ләзім. Демократияны ерсі бұрмалау, ескі-құсқыны бықсыту, ауыларалық популистік шер мен зар... Тіптен кейбір оқиғаларға бұрынғы коммунистік ындынмен қарау секілді мәселелердің бәрінен аман өткен Қазақ елі осындай!!! Тәңірі жар болып, «Интеграция» атты жалаудың түбінде тығылып жатқан «дезинтеграция»-дан аман қалды қайран Қазақ! Өтпелі кезеңдегі Өкіметке өткел табу оңайға түспейтін іс. Үкіметбасшысы болған жылдарда еркін нарықты есіктің қақпасын дұрыс ашуға оң ниет білдірген Имекең Мемлекет қалтасына түскен соманың белгілі бір бөлігін жол, инфрақұрылымды дамытуға, денсаулық саласы мен білім беруге жұмсауы бүгінгі жетістікке жетудің алғысатысы болғандай. Кедергімен бетпе-бет келу реттелмелі нарықтың нақты кемшіліктерін електеп, екшеу, шеттен келетін инвестицияны саралау, олардың қызығушылығын үдете түсудің небір қисынды сәттері осы тұстарда жасалды деуге болады. Ұлттық табысты нығайту, шеттен келетін қаржыға сенімді «қалта» тігу, ол үшін «бәзбір жолбикелердің» пиғылдары мен жұлынтұтасындағы селкеулі әрекетіне аса қырағылық көрсету де керек болған да. Макроэкономикадағы мәйектену, мән-мағыналы ауқаттану, әлеуметтік өнімдерді өзгешелеу, тұтыным мен ұсыным жолдарындағы ақауларға талдау жасау үшін ұлтшыл ұстанымды азамат қажет еді. Иә, Нобель сыйлығының иегері Роберт Лукастың (1995) макроэкономикалық жүйелеудің оңтайлы пайымдарына өте ұқсас саясаттар жас Қазақ үкіметі бұдан кейін де жалғаса беруі қуантады. Экономикалық азаттықты және мемлекеттің «қожалық» әкіреңдеуін азайтуды, кәсіпкерлікті қолдауды ең бастысы шеттен енгізілетін арзанқол тауарлар мен азық-түлік қауіпсіздігінен Қазақ нарық әлемін қорғай білудің нақты құлшыныстары жүргізіле бастағанын кеш те болса бүгін сезінуге болады. Ең тиімді өндіріс көзін табу, оны ұлғайту, мүлік егелерін зорайту, ең ұтымды, нәзік «сезініс игерілді». Солайша «Империализм капитализмнің соңғы сатысы» - деген Лениндік қағиданың үрейлі құрсауынан құтыла бастаудың өзі керемет-ті. Қазақ Үкіметбасшысы бәрін жоғалтып алмауға тырмысты. Егер келе жатқан саяси, экономикалық тәуелсіздікті жоғалтса тұтам «шынжырды» емес тұтас ұлтты жоғалту деп ұқты. Қазақ экономикасы өзін-өзі реттейтін, өтпелі кезеңнен ептеп өтіп келе жатты. Ура! Тоқсаныншы жылдың қоғамын бастапқы құтқаруы мінеки осылай басталды. Расында Қазақ елінің тағдыры Жапониямен өте ұқсас болған. Соғыстан кейінгі мезетте Жапонияның жағдайы қандай күйде еді? Халқының 2 миллионы қырғындалған, күллі қалаларының 40 пайызы күйреген, кәсіпорындар мен өңдеу салалары жоққа тән, құрыш құйып нәпақа табатын өндірістің сілті тынып, сілікпесі ғана қалған деседі. Инфляцияны тежеу, бюджет шығынын азайту, басты өндірістерді жүйелеу, экспорт-импортты қолдаушы даму қаржы-банклерін құру, қаржы енгізу, несие жүйесін пәрмендендірудің нәтижесінде ең тиімді үнем, ең ұтымды инвестиция, ең ұрымтал ғылыми техникалық технологияны өндіріске енгізу, ең бастысы жаңа экономикалық мүмкіндіктерді «мекендендіру» мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Жапония бұл науқанға 30-40 жылғы уақытын арнады. Мінеки бұл ел 60 жылдары ұлттық кірісті екі есе өсіруге құлшынды. Экспорт үздіксіз өсті, техникалық жаңғыртулар келді өмірге. 1970 ж.ж. осы елдің экономикалық қарқыны ең жоғарғы шегіне яғни 10 пайыздан өрледі. 1946 жылғымен салыстырғанда әр жан санына шаққандағы нақты кіріс 844 долларға, 1960 жылы 1000 долларға жетті. 1962 жылы Жапония Үкіметбасшысы Хаято Икэда (1899-1965) «Трилатеризм» (Trilaterism) қисынын жариялады, соңынан «Nihonjinron» (Нихонжинрон) /1980/ өмірге келді. Ұлт көшбасшылары қалайда сол ұлттың жаршысы болатынын осыдан көруге болады. Ұлтшылдық, ұлтжандылықтың осы көрінісі Қазақстанда да болды. Шынтуайтында ұлтжандылық тұрақтылықтың да бір ересен тұғыры болғанға ұқсайды.  Меніңше біздің Имекең де одан кем түспепті. Ол 1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялық мәселелері» тақырыбы бойынша кандидаттық, 1997 жылы «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысы бойынша саясаттану ғылымдарының докторы атағына ие болды. Сол кезден  әлемдік державалар қағидасына (Weltmahce) үңіліп, Шведтік Юхан Рудольф Челленнің (Johan Rudolf Kjellen 1864-1922) Төрт неологизмі, яғни экополитика немесе мемлекет пен экономика, социополитика немесе мемлекет тарихын қоғаммен байланыстырып зерделеуі және Германиялық Фридрих Ратцелдің (Friedrich Ratzel 1844-1904) «Антропогеографдағы» (1882) демополитикасы һәм халық пен жан санының өсімі жағырафиялық байланысы жөніндегі пайымдарына анализ жасағандығы нақты көрінеді. Оның тікелей басқаруымен Моңғолия, Батыс Қазақстан, Ресейге халықаралық мәдениеттанушылық экспедицияларын ұйымдастыруы аса қызықты еді. Әсіресе «Каспий: Мұнай және мәдениет» тақырыбындағы жасаған шаруасы болашақта үлкен геосаяси істердің темірқазығы бола алатынына сенуге болады. Үкіметбасшысының лауазымына келген сәтте әсіре шырақты геосаясат жүргізуімен дараланған тұлғалар әлем тарихында көп емес. Сонау бір  Италияндық Бенито Муссолини (1883-1945)-дің қабілеті мен іскерлігін әлем саясаткерлері мойындайды. Бірақ темірдей қатаң тәртіп, әлеуметтік күшті реформалары оны халықтың қолдауына жеткізсе де, оның саяси есерсоқтығы мен әсіре алғырттығы жаза бастырғаны бар. Демек Қазақ елінің мемлекеттік дәстүрі бірден «нөлден» басталуы аса күрделі жағдаяттарды әкелді. Тура Америкадағыдай елдіктің дәстүр сабақтастығы болмағандықтан бастабында жағдай оңала қоймаған. Мысалы, Билл Клинтон өзінен бұрынғы Франклин Делано Рузвельт /1882-1945/ (Franklin Roosevelt)-тің «ұлттық экономиканы қайта  жаңғыртудың ережесін» қатаң ұластыра ұстануындай немесе Жеймс Картер (James Karter)-дің «адам құқығын қорғау жөніндегі дипломатиялық» ұстанымы, Рональд Рейган, Жорж Буштардың «Қуатты Америкасы» секілді дәстүрлі сабақтастықтың болмауы  Қазақстанның саяси экономикалық өмірін аса қинай түскенін байқаймыз. Шеттен үйренбейтін, қарыз несие алмайтын жұмақты ел дәл қазір жұмыр жер бетінде бірен-саран ғана... Дәлірек айтсақ елуінші жылдардың басындағы Германияның басынан кешкен ахуалына ұқсас әрекеттерді Қазақ үкіметі де қолдана бастады. Әуелі экспорт импорттың салмағын жеңілдетуге жекеліктерді тарту, жұмылдыруға құлшыныс жасалды. Өкіметтің тікелей бақылауындағы шикізаттарды сәл босатуды қолданумен қатар экспортқа қатаң бақылау қоюға әрекет етілді - бір, баға және жалақыны босатудың ұтымды тәсілдері жіктелді - екі. Бұл іс-шара арқылы баға тұрақтылығына, жұмыс күшін жұмыспен қанымдауға, сыртқы  экономикалық тепе-теңдікті сақтауға, экономиканы үздіксіз өсіре түсуге жағдай жасайды деп көрілді. Өкініштісі парламенттегі мәжіліскерлер һәм халық қалаулылары Германияның Бундестагі мен Бундестратындай нақты нәтижелерге жете алмауы жасырын емес. Орта есеппен әр жылда 12.5 млн тонна бидай егіп 5 миллион тоннасын экспортқа шығаратын Қазақ елі үшін экспортты бақылау шарасын керісінше жақсы жүргізді. Осындай ауқымды нарықты су жаңа мемлекетті күллі батысты еңсеріп отырған алпауыт елдер әсте ұмыт қалдырмасы белгілі-тін. АҚШ қазаққа әуелі күмәнмен, соңынан сеніммен қарайтын болды. Мінеки... СНГ немесе ТМД жаңадан аяғынан тұра бастаған тұста АҚШ-ның қаржысы біршама «шашылды». Сол бір 1992-93 жылдары мысалы, Американың «алақаны ашық» еді. 1992 жылы 225 млн, 1993 жылдары 417 млн долларды ТМД-ға жұмсады. Ресей, Армения, Грузия, Молдавия, Белоруссия, Қырғызстан, Түркменстанға тек азық-түлік көмегі ретінде 412 млн доллары берілді. Әсіресе ТМД)ның ақша дересін қалыпты етуге халықаралық валюта қоры 6 млрд доллардың көмегін ұсынды. Жаңа елдердің өмірін өксітпейін деген жоқ. Бұл көмек жомарттықпен берілетін кәде емес еді. Дамуға арналған жол жора да жаңа тәуелсіз елдерге берген ерулік тағы да емес... Ендеше ол келешекте бірқанша бөлігі өтелетін жағдаймен ұсынылған болуы да мүмкін. Әсіресе Қазақстан үкіметінің экономикалық реформалары АҚШ-ның назарын ерекше тарта түсті. Өндірістендіру маркетингісі, қаржы, жекешелендіру, жаңа кәсіпті ілгерілеудің ең ұтымды тұсы да осы кезде жасалып жатты. АҚШ әскери стратегиялық, экономикалық мүмкіндіктердің болашағын, табиғи байлықты игерудің жаңа нарықтық қадамдарына төте есеп жасады. Әрине, алғашында Балтық жағалауындағы елдермен қоса Қырғызстан мен Арменияның ахуалына батыспен қоса  көп назар салғаны бар. Әсіресе Армяндардың саяси тұрақтылығы, экономикадағы радикалшыл өзгерістер өз тұсында АҚШ қатарлы елдердің назарын тартқаны рас. Қырғызстанның «тәжірибе алаңына» айналуы мен Тәжікстанның ішкі тұрақсыздығы, іріткілі толқуларының ұшқыны Қазақстанға да келіп жетуі әбден мүмкін еді. Осы тұстағы Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасындағы  түйткілді мәселелерді Қазақ Үкіметі дипломатиялық өте нәзік, шебер тәсілмен шеше білді. Тоқсаныншы жылдар тоғысында жас Қазақстанның қарқынды экономикалық реформасы әлі де Иманғалилардың локамативімен жалғасып келеді. Әлемде сұранысқа ие вольфрам қоры жағымен әзірге бұл елдің алдына түсетін ешбір ел жоқ деуге болады. Үстірті малға сай, астырты кенге бай. Шығыс Қайрақты, Бұғытыдағы кең жатқан байлықтар мен Көктіңкөл, Қараоба айналасындағы қорларға түгелдей экономикалық зерттеулер мен түйіндемелі сараптар жасала қоймаған да болуы мүмкін. Қазақ алтын қоры жағынан әлемде 14-ші, өндіру бойынша 15-ші орында «қақырығы құйма алтын, түкірігі түйме алтын». Жылына  36-40 тн алтын алады. Қазіргі статистикалық мәліметтердің кейбір ғаламторлық жүйелеріне сенер болсақ Қазақ елінің жер қойнауындағы алтын қоры да аз емес. Алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша үшінші ондыққа енеді. Жолымбет, Бестөбе, Ақсу, Ақбейіт, Бақыршық, Ақбақай т.с.с 196 алтын кені өнім береді. Ұлттық қордың активтері 72,8 миллиард долларға дейін өсуде. Жаңадан барлау жасалған һәм жасалмаған 1800-ден астам алтын кендері нақты бір үміт дүниесінің беташары ретінде көрініс береді! Ләйім, құдайым Қазаққа осыншама байлықты берген болса «даму» деген ауылдың аса алыста емес екендігіне сенуге болады. Жақын арада Қазақтың алтын валюталық қоры 100 млрд  долларға жетеді. «Алтынтау», «Қазақ алтын», «Қазмырыш», «Қазақмыс», «Алтын алмас» компаниялары осы кәсіпті меңгереді. Сонымен қатар әлемдік экономиканың кейіпін танытатын өнім – мыс. «Мыс» дегенде өткен шақ еске түспегей... Бергісі құрылыстарға, сантехникалық, электр жіптерін жасауға қат дүние. Машина өндірісінде және электрлі құрылғыларға мыстың қажеттілігі ерекше. Әлемде бір тонна мыс бағамы 6800 америка долларына тең. Мыстың 32 пайызына еге Чилидің орталық банкісінің мәліметі бойынша бір тонна мыс 6784 АҚШ долларына сатылады. Ал үстіміздегі жылы мыс тоннасының құны 7050 долларға жетеді. Дүниежүзінде өндірілетін мыс өнімдерінің 21 пайызын Қытай керектенеді. Қалғаны АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Ресейге тиесілі. Халықаралық Валюта қорының есебі бойынша 2016 жылға дейін 1 тн мыс 7336.2 долларға шарықтап бағаланбақ. Көршілес Қытайда 2015-2020 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің қарқынды даму кезеңі басталады. Алдын-ала алынған сараптамалық ақпар  бойынша Қытайдың жылдық қажеттілігі 7,2 млн тоннаға жетеді. Ұлыбританияның «CHR Economics» сараптау орталығы таратқан мәліметке сүйенсек әлемдік мыс өндірісінің жалпы мөлшері 20.3 млн тоннаға аяқ басты. Бұның 80-ге жуық пайызын Қытай, Чили, Жапония, Ресей, АҚШ, Германия, Замбия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Польша қатарлы елдер толтырады. Ендеше әлемдік Codelco, Phehps Dodge, Rio Tinto, BHP Billiton қатарлы 10 ірі компаниялар мыстың 50 пайызын игеріп өндіреді. Мыс кен орны Қазақ даласында 10 мыңнан асып жығылады. Молибден қоры жағынан Азияда бірінші орында болса әлемде алғы 4-5 орынды бөліседі. Әуелі Жезқазған немесе Жаманайбаттағы мыс қоры 10 млн тоннадан әлдеқайда артық дейді. Ғалымдардың дәлелдеуінше Қазақ елінде дүниежүзінде ең сұранысы мол порфирлі, мыс аралас құм тас, колчеданды сирек мысты цеолит, тіптен мысты никельдің қанша ауқымды һәм түсімді екенін таяу болашақта жете айқындала жатар. Ал полиметал жағынан қорғасын мен қалайы, күміс, сынап, кобальт (cobalt), кадмии (cadmium) т.с.с байлықтардың келешектегі берешегі мен стратегиялық экономикалық есеп-қисабы саналы түрде пысықталып келеді. Мұғалжардағы  Кемпірсай  күлгін (ultra) баритті плутон қоры шамамен 430 млн тонна. Тіптен Атасу мен Жездінің өңделген марганеці, сондай-ақ Қазақтың ең сапалы  хромиттің экспортына бәсекелесе алатын елдер саны он саусақтың ішіне ғана сиысады десек не дейсіз? Батыс және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде жер бетіне өте жақын титан қорлары бар. Өскемендегі титан (titanium) өндірісі ешқашан шикізаттан кенде болмайтынының айғағы осы. Энергетика, қуат көзі мәселесі сол бір тоқсаншы жылдардан бері үнемі қолға алынып келе жатқан игілікті іс еді. Мінеки ендігі кезекте «Ехро-2017» арқылы баламалы энергетика мәселесі кешенді түрде қолға алына бастады. Дұрыс, әрине жылына тек қана 50-100, тіптен кейбір мағлұматтарда 120-240 млн тоннаға дейін мұнай конденсат өндіре алатын мүмкіндік бар. Мұны айтып отыруымыздың себебі - Имекеңнің тұсында түзік жолға қойылған мұнай жобасының игілігін келешекте тіптен анық тұтынатын боламыз. Қазақстан үшін электр энергетикалық тәуелсіздік қажет. Жуық жылдары электр энергетикалық импорттан толық бас тартуы қажет. Мұнайдың жалпы қоры емес-ау, тек Маңғыстау мен  Ембіге дейінгі кеңістікке қарайық!?  Алайда мұнайды өңдеу мен газды тасымалдау, оған деген сұранысты  күшейту саясатына Қазақ үкіметі барынша назар аударудың нәтижесі енді-енді шыға бастады. Енді осы заманауи инфрақұрылымды жедел қолға алу  керек секілді. Қазақстандағы көмір қоры шамамен 185 млрд тоннамен  есептеледі. Ал мұндағы Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас өңірлеріндегі көмір-кремнийлі (шақпақты) банадий кенін осы заманауи нәзік технология арқылы нәзік шикізат ретінде пайдалануға қызығушы, зәру елдер саны да аз емес. Қазақстандағы көмір қоры 250 жылға жетеді деген ақпарат бар. Екі түрлі көмір шығаруға болады. Мысалы, тас көмір және құба көмір. Орта есеппен 400-ден астам кен орындарында баланстық қор 34.5 млрд тонна. Біз тілге тиек еткен ТМД-ның алдында тұрған Қазақ, әлемде Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия, Ресей, Индонезия, Африка, Германия, Польшадан кейінгі 10-орынға ие. Әлемдегі оннан астам елге көмір экспортын жасайды. Қазірдің өзінде 100-ден астам нақтыланған  кеніштердегі 476,7 млрд тонна көмірге сұқтана қарайтындар жетеді. Көмір өндірумен айналысатын 33 ірі компаниялар жұмыс істейді. Олардың көрсеткіштерін тәптіштеуге қайран уақытты ысыраптамайық. Таяу кезеңдерде Қытай көмірмен өзін-өзі қанымдай алатын мүмкіндікке ие болады-мыс. Бұл Қазақстанға да, Ресейге де тиімсіз. Көмір сатып алуға  ең алпауыт нарық қазірде Қытайда ғана. Көршінің аты көрші.  Оларға «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалау» тиімді. Бұл елде қазір  қалаландыру қимылы ересен. Соңғы 20 жылда 120 қала жаңадан орнады. Орта дәулетке ие болу үшінгі Қытай қимылы да керемет. Таяу жылда немесе 2020 жылда орташа  дәулеттілер саны 700 млн-ға жетеді! Ең бергісі жалақысы 1500-2000 американ долларына тең келетін орташа байлар келеді өмірге. Қытайда қазір ғана бәрі «арзан». Олар түтін мен ыстан құтылудың жолын да үздіксіз  іздестіруде. Келешекте бұлай болмайды. Қазірдің өзінде осы елдің көмір өнеркәсібі біршама шығынға ұшырап отыр. Қытай мәліметтеріне қарағанда 2013 жылы 40.554 млрд юань немесе 5 млрд евроның шығынына шалдыққан алпауыт елдің келешектегі саясатына сараптама жасау дұрыс сияқты. Демек, Ресейде жан саны баяу өсімде болғандықтан тұтыну жағы баяу дамуы мүмкін. Қытайдағы электр қуатын өндіру ісі тау кен саласымен тығыз байланыста. Баламалы электр көздері яки атом электр станцияларының қажеттілігі бар әрине. Бірақ көмірдің қажеттілігі одан да аса түседі. Әлемдік деңгейдегі көмірдің қажеттілігі 2035 жылға дейін 35 пайыз өседі деген ақпарат бар. Электр қуатына қажет көмір мөлшері Қытайда жылына үш пайызбен қосыла береді. Ендеше Қазақстандағы көмір экспортын одан сайын қарқындата түсу керек!? Автокөлік өндіру үшін аса көп мөлшердегі қаржы керек. Қалайы, мыс қорына тікелей қатысты «Балқаш мыс» (1998) өнімдері негізінен Қытайға экспортталады. Жалпы «Қазақмыс»-тың жыл сайынғы өнімі 350-400 мың тонна. Таяу жылдары Қытайда өндірілетін машиналар үдерісіне сай Қазақстан осы саланың тұтынушысы болып қалуы әбден мүмкін. Соңғы мәлімет бойынша жаңадан 30 машина өндірісі іске жегілген  Қытайдағы металл сұранысы күшейе түсері белгілі. Үлкен алпауыт нарық іргеде тұр. Германия, Италия, Англия қатарлы батыс Еуропа түгелдей артта қалатын түрі бар. Тіптен әлемдегі ірі-ірі автокөлік өндірушілердің өзі Қытайға қарай өндірістерін нығайтып  салуға қаржы аударуы мүмкін. Қазақстанның түсті металына сұраныс молаяды әлі. Әсіресе мырыш пен құрышқа. Теміртаудағы болат балқыту ісіне де технологиялық реформалар қажет болады. Бір машина өндіру үшін ең бергісі 700-800 келі құрыш қажет. Ресей  Қырым дағдарысынан кейн экономикалық стратегиясын Сібірге қарай топтап  Қиыр Шығысқа қарай бағыттай бастады. Қиыр Шығыс Ресейдің «сауын сиыры» болады деп есептейді. Барлық кеннің 70 пайызы осы аймақты алып жатыр. Ресейдегі газ мөлшері  44,4 триллион текше метр алаңға тең болса, темір кені 100 млрд тонна, қалайы 8 млн тонна, алтын 700 мың, көмір 190 млрд тонна, мыс 85 млн тонна. Ендеше Ресей таяу жылдарда табиғи байлығы жағынан әлемде 2-3 орынды бере қоймайды. Көршінің түсімі осылай болса да, оны Қытайдың сіңіруі мүмкін болса да қорытуы жағынан не болар екен?! Біздің назар аударған тұсымыз жас Қазақ мемлекетінің 90-жылдардан кейінгі ұрымтал тұстары болды. Осы кезеңдерде ел басқарған барлық үкіметбасшыларына риза болуға тиіс секілдіміз. Алайда, сол  ел серкелерінің ең арқалыларының бірі Иманғали Нұрғалиұлының жаңа мемлекет жасау қарсаңындағы біршама оқшау саясатынан сөз қозғауға құлшынып көрдік. Әлемдік геосаяси ахуал ешкімнің арқансыз өз дегенін жасай алатын негізгі елдердің (gore states) ғадетті іс-шаруасы болса керек. Осы бір өтпелі тұста ең дейекті саясаттың жүрілуі Қазақтың болашағын аша түсетіндей. Бүгіндері Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Азия елдері Қазақстанмен тең дәрежеде қатыса бастауы қуантады! Бір кездері Тайвань Азия құрлығында алғы шепке шығу үшін біршама кедергілерден өткен. Мысалы, 1986 жылға дейін жалпы экспорт 8 пайызда ғана тұратын бұл ел 1-2 жылдың ішінде 35 пайызға дейін экспорттық мүмкіндіктерді қисапсыз өсірді. Самуэль П.Хантингтонның (Samuel P.Huntington) «Өркениетаралық қақтығыс, жаңартыла бастаған ғаламдық тәртіп» атты еңбекте Мюррей Уайденбаум (Murrey L.Waidenbaum): «Бұл аймақта /Тайвань/ Жапонияның үстемдігі тұғырда тұрса да, Қытайға негізделген Азияның жаңа экономикасы, кәсіптік өндірісі, сауда қаржылық орталықтары аса қарқынды дамудың жолына түсті» деп қорытынды жасаған. Қазақ мемлекетін де осындай болашақ күтіп тұр. Иә, Ұлы Қытайдың «саяси сәулетшісі» Дэн Сяопиннің 1984 жылы көтерген бір мәселесінде төрт түрлі ерекшелікті тілге тиек еткендігі бар. Онда: «...Қытай ірі және майда мемлекет. Қытай кішкентай ел болса да халықаралық деңгейдегі иеленетін орны бәкене де шәкене де емес, Қытай дамушы ел бола тұра онысы социализмнің алғашқы сатысына қатысты, Қытайдың ірілі-ұсақты мемлекет сыпаты өзара сіңісуде. Нәтижесінде осы ел қарқынды дамып, ең келелі технологиялы мәдениетті, алпауыт ел болудың жолында тұр...» деген еді. Осы бір ұлы қисынды қайта-қайта оқи бергіңіз келеді. Ләйім қайта-қайта... Сұраған Рахметұлы, ақын Моңғолия, Баян-Өлгий қаласы 2014 жыл, мамырдың 1 жаңасы. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_107838.txt
Ерлан Карин жұртты жалған ақпараттарға ермеуге шақырды
https://abai.kz/post/107838
"Ерлан Карин жұртты жалған ақпараттарға ермеуге шақырды" | "https://abai.kz/post/107838"
18.03.2020
Abai.kz
null
TITLE: Ерлан Карин жұртты жалған ақпараттарға ермеуге шақырды URL: https://abai.kz/post/107838 META: "Ерлан Карин жұртты жалған ақпараттарға ермеуге шақырды" | "https://abai.kz/post/107838" DATE: 18.03.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 80 TEXT: Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин жұртты жалған ақпараттарға ермеуге шақырып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. "Қазір Мемлекет тарапынан өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Президент Әкімшілігі, Үкімет, әкімдіктер - қазір бір үлкен штаб. Онда жұрттар қона-жатып жұмыс жасап жатыр. Сондықтан,әртүрлі жалған ақпараттарға ермеулеріңізді өтінемін. Өздеріңізді де, бізді де алаңдатпаңыздар", - деді Ерлан Карин. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланған. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 36 адам. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_13670.txt
Непалдағы сыры ашылмаған тіл өшуге жақын
https://abai.kz/post/13670
"Непалдағы сыры ашылмаған тіл өшуге жақын" | "https://abai.kz/post/13670"
28.05.2012
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Непалдағы сыры ашылмаған тіл өшуге жақын URL: https://abai.kz/post/13670 META: "Непалдағы сыры ашылмаған тіл өшуге жақын" | "https://abai.kz/post/13670" DATE: 28.05.2012 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 729 TEXT: Гиани Маййа Сен [Gyani Maiya Sen] (суретте) есімді Батыс Непалда тұратын 75-тегі кейуананың бүкіл әлем салмағын өз мойнына алғандай сезіміне түсіністікпен қарауға болатын шығар. Ол - Непалдағы кусунда [Kusunda] тілінде еркін сөйлей алатын жалғыз  адам. Кусунда тілінің белгісіз түп-төркіні мен сыры ашылмаған сөйлем құрылымы тіл мамандарын баяғыдан бері тұйыққа тіреп жүр. Осыған байланысты кейуана оның өшіп бара жатқан тілін сақтап қалғысы келетін тілектес белсенділер үшін ең тартымды аттракционға айналды. Мадхав Прасад Похарел [Madhav Prasad Pokharel], Непалдың Трибхуван университетінің лингвистика профессоры, өшіп бара жатқан кусунда тайпасын он жылдан бері зерттеумен келеді. Профессор Похарелдің сипаттамасы бойынша, кусунда тілі әлемге белгілі ешбір тілге туыстығы жоқ "оңаша тіл". Оның айтуынша, "дүние жүзінде шамамен 20 тіл семьясы бар.  Кусунда тілі осылардың бір де біреуіне жатпайды, себебі ол фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық тұрғыдан әлемге белгілі ешбір тілге туыс емес. Бүкіл кусунда тайпасы жер бетінен жойылудың аз алдында тұр. Ал,  Гиани Маййа Сен -   сол тілде сөйлей алатын соңғы адам. Оның ескертуі бойынша, кусунда тілі ғайып болса, "бүкіл адамзат мұрасының бірден-бір қайталанбас және өте маңызды бөлігі мәңгі-бақи жоғалады". Гиани Маййа Сен [Gyani Maiya Sen] (суретте) есімді Батыс Непалда тұратын 75-тегі кейуананың бүкіл әлем салмағын өз мойнына алғандай сезіміне түсіністікпен қарауға болатын шығар. Ол - Непалдағы кусунда [Kusunda] тілінде еркін сөйлей алатын жалғыз  адам. Кусунда тілінің белгісіз түп-төркіні мен сыры ашылмаған сөйлем құрылымы тіл мамандарын баяғыдан бері тұйыққа тіреп жүр. Осыған байланысты кейуана оның өшіп бара жатқан тілін сақтап қалғысы келетін тілектес белсенділер үшін ең тартымды аттракционға айналды. Мадхав Прасад Похарел [Madhav Prasad Pokharel], Непалдың Трибхуван университетінің лингвистика профессоры, өшіп бара жатқан кусунда тайпасын он жылдан бері зерттеумен келеді. Профессор Похарелдің сипаттамасы бойынша, кусунда тілі әлемге белгілі ешбір тілге туыстығы жоқ "оңаша тіл". Оның айтуынша, "дүние жүзінде шамамен 20 тіл семьясы бар.  Кусунда тілі осылардың бір де біреуіне жатпайды, себебі ол фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық тұрғыдан әлемге белгілі ешбір тілге туыс емес. Бүкіл кусунда тайпасы жер бетінен жойылудың аз алдында тұр. Ал,  Гиани Маййа Сен -   сол тілде сөйлей алатын соңғы адам. Оның ескертуі бойынша, кусунда тілі ғайып болса, "бүкіл адамзат мұрасының бірден-бір қайталанбас және өте маңызды бөлігі мәңгі-бақи жоғалады". Кусунда тілінің сақталуын қолдайтын ең жоғары мағыналы интеллектуалды уәждер Сен ханыммен бітсе де, тілдің өлімі жеке өзіне қандай әсер ететінін өзі де өте жақсы біледі. Ол: "Бақытыма қарай, мен [өз тіліммен қатар] непал тілінде де сөйлей аламын, дегенмен тайпаластарыммен өз тілімізде сөйлей алмайтынымызға қынжыламын", - дейді. Кусунда тайпасының басқа да адамдарының тірілер санатында болуына қарамастан, олардың бір де біреуі өз тілін түсінбейді, сөйлей де алмайды. "Басқа кусундалар... кусунда тілінің тек кейбір сөздерін айта алады, бірақ ол тілде [толық] тілдесе алмайды." Өз тілін жас ұрпаққа жеткізіп қалдыруға жәрдем көрсете алмаған үкімет пен ғалымдарға  налыған кейуана: "Кусунда тілі менімен бірге өледі", деп сары уайымға салынып отыр. Ешбір нақты мәліметтің жоқтығына қарамастан, [Непалдың] Статистика жөнінде орталық бюросының айтуынша, [ел ішінде] кусунда тайпасына жататын тек шамамен 100 адам қалды, бірақ кусунда тілінде тек Сен ханым еркін сөйлей алады. Бірнеше жыл бұрын Непалдың орталық батысындағы бір қыстақта кусунда тілінде еркін сөйлей алатын тағы екі адам болған. Бұл Пуни Тхакури [ Puni Thakuri] мен оның қызы Камала Кхатри [Kamala Khatri] еді. Дегенмен, содан бері Пуни Тхакури қайтыс болып, Камала жұмыс іздеп елден кетті. Жасына қарамастан Сен ханым әзірге дейін тас уатушы болып күн көріп жүр. Дегенмен, жұмыс орнынан шықса, дереу лингвистика ғылымын оқып жүрген студенттерге тап болады. Соңғы кезде Сен ханымның мазасын алатын студенттердің белсенділігі артуда, олар Сеннің көмегімен кусунда тілін оқып үйренгісі келеді екен. Осы бірегей тілді сақтап қалуға тырысып, олар сол тілді қолдарынан келгенше қағазға түсіріп жатыр. Әзірге зерттеушілер кусунда тілінің 3 дауысты және 15 дауыссыз дыбысын анықтады. Кусунда  - көшпенді тайпа. Аңшылық және терімшілікпен айналысады.  Кусундалар - аласа бойлы және төзімді халық - өздерін өз тілінде "миак" ["myak"] деген сөзбен атайды. Олар кесел ("pui") мен жабайы құстарды ("tap") өлтіріп жейді. Қазір лингвист ғалымдар мен тайпа белсенділері үкіметтен кусунда тайпасын көтермелеп, олардың тілдерін қорғауға арналған арнайы бағдарламалар дайындап қабылдануын талап етуде. Бірақ үкіметтің жоспарында бұндай шаралар қарастырылмаған, ең болмағанда жақын келешекте еш өзгеріс болмайтыны рас. Нарайан Регми [Narayan Regmi], Мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы: "Бұл тілдің сақтап қалуын көздейтін біздің ешбір арнайы бағдарламамыз жоқ", - деп мойындады. Жақында Ұлттық этнография мұражайы Непалдың 10 түрлі этникалық тобын қамтитын, оның ішінде кусундалар да бар, зерттеу жүргізіп бітірді. Бұл зерттеу өте қорқынышты қорытындыға келді. Бүкіл кусунда тайпасы кусунда тілінде сөйлей алатын жалғыз адам көз жұмса, сонымен бірге өшудің алдында тұр. Ағылшын тілінен аударған Қ. Әлімжан Мақаланың түпнұсқасын мына жерден оқуыңызға болады: http://www.bbc.co.uk/news/world-asia-17537845 «Абай-ақпарат»
qosymsha/abai.kz
post_41316.txt
ИДЕЯЛАР СОҒЫСЫ. БАҚ ҚАНДАЙ БАҒЫТ ҰСТАНУЫ КЕРЕК?
https://abai.kz/post/41316
"ИДЕЯЛАР СОҒЫСЫ. БАҚ ҚАНДАЙ БАҒЫТ ҰСТАНУЫ КЕРЕК?" | "https://abai.kz/post/41316"
24.11.2015
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ИДЕЯЛАР СОҒЫСЫ. БАҚ ҚАНДАЙ БАҒЫТ ҰСТАНУЫ КЕРЕК? URL: https://abai.kz/post/41316 META: "ИДЕЯЛАР СОҒЫСЫ. БАҚ ҚАНДАЙ БАҒЫТ ҰСТАНУЫ КЕРЕК?" | "https://abai.kz/post/41316" DATE: 24.11.2015 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1658 TEXT: «Әр жалғыз» үшін күрес. Жайбарақаттық жарамайды Терроризм мен экстремизмнің түпкі мәнін іздесең - шошындыру мен шектен шығу. Бұл тақырыпты ашу үшін бірі бірінен өткен небір мысалдарды айтуға болады. Бірақ маған осы материалды жазуға ой салған мына бір фото қатты әсер қалдырды. 2010 жылы Англияның «Гардиан» газетінің журналистері дайындаған материал. Бұл не деп ойлайсыздар? Бұл – Бағдад. Бағдад қаласының картасы. Осы картада ағылшын журналистері 2003 жылдан бері болған жарылыстар, зорлықпен кісі өлтіру және мергендер атып өлтірген жағдайлар болған орындарды бояп шыққан. Нәтижесі көз алдарыңызда – қып-қызыл. Қызыл қан. Ал бұл кезінде Мәдина әс Сәләм, яғни, Бейбітшілік шаһары деп аталған Шығыстың шоқтығы биік, әлем өркениетіне Ұрым мен Ыстанболдан кем үлес қоспаған ілім ордасы, ізгі халифтердің астанасы болған арман қала еді. Картаға тағы бір қараңыздаршы – мұнда қауіпсіз орын жоқ. Қауіпсіз нүкте, не бұрыш жоқ. Бәрі қауіпті. Найзағай бір жерге екінші рет ұрмайды дейді ғой. Бірақ теракт найзағай емес – бір орында бірнеше рет жарылыстар болған. Біздің тілек қандай екені түсінікті шығар. Мұндай қарауға қорқатын картаны әлдебір елдің журналистері біздің Отанымызды, елімізді мысал қып қолданғанын қаламаймыз. Қалау бір бөлек, қарекетіміз қандай болмақ керек? Меніңше, белгілі саясаттанушы, ұлт жанашыры Ерлан Қарин мырза айтпақшы, еліміздегі ұлттық партияның міндетін атқарып отырған журналистеріміз идеялар соғысына араласуы қажет. Ол қалай дейсіз ғой. Қазіргі баспасөзде және әлеуметтік желілерде адамның санасы үшін нағыз тартыс жүріп жатыр. Саясаткерлер – электоратты, брендтер – клиенттерді, әншілер – фанаттарды, дүмшелер – ермелерді іздейді. Сондықтан, әрбір қазақ, әрбір «жалғыз» үшін күрес боп жатқанда, жайбарақат қарап отыруға болмайды. Баяғы бейтарап журналист, ақпарат жеткізіп қана қоюшы жайлы түсінік ескірді. Сапырылысып жатқан жаһандану кезеңінде мүлгіп отыратын бейқамдық кімге керек? Дін тақырыбына маманданған журналистер керек Сол терроризм. Сол азғындық. Олар сізге нейтрал емес. Мысалы, мынадай жағдайды алып қарайықшы, бір көгілдір серігімен үйден шықпай, Алла Тағаланың қаһарына ұшыраған әуесімен айналысса – ол нейтрал. Егер ол көшеге шығып, мақтаныш шеруін ұйымдастырамын десе – енді ол нейтрал емес. Себебі, сенің жолыңды бөгейді, балаңның көзіне түседі, санасын былғайды. Сол сияқты, бір лаңкес өзін адам аяғы жетпейтін айдалада жарып жіберсе – нейтрал. Бірақ сенің көшеңде, сенің көлігіңнің қасында жарылуды көздесе – ол енді нейтрал емес. Қазіргі журналистің міндеті – естіген мәліметін оқырманмен бөлісу ғана емес, болған оқиғаның образын дәл тауып беру. Демек, ақпарат берудің қақтығысында (конфликт интерпретаций) сананы манипуляциялаудан аман сақтап қалу үшін образдарды ажырата білу керек. Ал бұл үшін, әрине, білім керек. Бізде әлі күнге дін саласында қазып жазатын білікті журналист, не сөзіне жұрт тоқтайтын бәтуалы блогер тапшы боп тұр. Осыдан-ақ бір ұсыныс сұранып шығады – біздің журналистердің теология, Ислам тарихы, сектология, конфликтология, ноуледж чекинг (жаңа білім тексеру), фактчекинг (ақпараттың рас-жалғандығын тексеру) бойынша арнайы курстар арқылы білімдерін жетілдіру жағын қолға алу керек. Қазір тәуелсіз журналистерге арнап «Сорос» қоры өткізіп жатқан «iMedia Project» деген жоба бар. Осы жоба бойынша, журналистер жыл бойына 5 апта, яғни, 200 аудиториялық сағат оқиды, одан тыс үй жұмыстарын істейді, шетелдік мамандар дәріс береді, соңында сертификатын алады. Бізге де осы тақылеттес форматтағы, дін тақырыбына қалам тербейтін журналистердің білімін жетілдіретін жоба қажет. ДАИШ туралы болсын, жалпы терроризм туралы болсын, әр басылымның журналисі әртүрлі ізденеді – біреуі ресейлік сайттан қарай салады, бірі түрік басылымына сілтейді, енді бірі ирандық ақпарат көзін қарайды, басқасы ағылшын прессасын шолады дегендей. Бір тақырып, бірақ төрт түрлі материал шығады. Төрт түрлі дегенің - төрт империяның көзқарасы. Шындық - осы төртеуінің басын қосқандағы дүниенің ортасынан шығуы мүмкін. Тағы да журналистердің кәсібилігі деген сұрақ туады. Әлемдік терроризм мен экстремизм, оның біздің елдегі көріністері, заңдылықтары туралы біздің ғалымдар жақсы зерттеулер жасап, кітаптар жазып жатыр. Бірақ олар ғылыми тілден көпшілік айналымына, публицистикаға, жалпақ тілге конверттелмей жатыр. Бұл да біздің ақпараттық кеңістіктегі бір «әттеген-ай» деуге болады. Қоғамның барометрі нені аңғартты? Ақпарат саласына жауапты органдар терроризм мен экстремизм бойынша қоғамдық пікірді бақылауды, тек бақылап қоймай, керек болса, реттеуді күшейтсе деген тілегіміз бар. Мұны онсыз да бәрі түсінеді емес пе десеңіз, қоғамға қараңыздаршы – біраз адам ойында және жазуында проблеманы өзінікі және өзгенікі деп бөледі. Және бұл пікір жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы, Газа секторында палестиналықтар теракт ұйымдастырса, «ә, Израилдің өзіне сол керек», болмаса, Францияда теракт болса, «сауап, карикатура сызды – енді таяғын жесін» дегендей психология. Мұның қаншалықты қауіпті екендігін Парижде, 13 қарашада болған терактілер сериясынан кейін біздің қазақстандық «Фэйсбук» алаңынан байқадық. Әлеуметтік желідегі ағайын беттеріндегі фотоларын ауыстыру арқылы көз алдымызда бір емес, оншақты лагерьге бөлініп кетті. Бірінші топ – «біз Париж үшін қайғырамыз» деп Францияның жалауын тағынды. Оған қарсы топ «Түркияда жүзден аса адам терактіден қайтыс болғанда, ешкім суретін ауыстырып, аза тұтпаған еді. Неге Францияға болыса қалдың?» деп қызыл жалау жабынды. Келесі топ Сирия мен Палестинаның туына суретін ауыстырды. Төртінші топ «әлем құрысын, өзім патриотпын» деп Қазақстанның туын салып жатса, тағы біраз адам Ресейдің Мысырда жарылған ұшағын аза тұтып, Ресейдің туын салды. Жәй суреттерін ауыстырып қана қойған жоқ, бір-бірін тілдеп, айыптап, шын өмірде ту ұстаса, қолынан алып, жыртардай ашулы жағдайда болды. Демек, әлеуметтік желіні қоғамның барометрі деп алсақ, біраз адамның ойында «территориясында теракт болғаны үшін әр ел өзі кінәлі» деп терроризмді қалыпты жағдай санап тұр. Елемесе, өте қауіпті вирус. Келесі бір тұс болса, ол – конспирология. Былайша айтқанда, қайбір елде терроризмнің не экстремизмнің оқиғасы тіркелсе, оны француздың, америкалықтың, орыстың арнайы қызметтері, яки, өздері ұйымдастырды деген жалған ой салу біраз азаматтарымыздың санасын улап жүр. Мұндай ақпараттық инелер адамдарда аяныш сезімін болдырмас үшін әдейі егіледі. «Әне, өздері кінәлі... өздері ұйымдастырды, сауап болды» деп салқынқандылыққа салады. Демек, біраз азаматтарымыздың ойында «теракт - қалыпты жағдай», екінші бір тобында «теракт болса, оған өздері кінәлі» деген вирустар жүрсе, біз осыған жол беріп қойдық деген сөз. Әлемнің әр түкпіріндегі терроризм бойынша қазақ осылай бөлініп жатыр, Құдай бетін аулақ қылсын, Қазақстанда сондай сұмдық жағдай бола қалса, қалай бөлініп кетеді екенбіз?.. Сондықтан, мемлекеттік органдар мұндай синдромдардың өріс алып кетпеуіне жіті көңіл бөлсе дейміз. Терроризммен күрес – Исламмен күресу емес Сондай-ақ, мынаған назар аударыңызшы, әлемдік баспасөз қандай қиын жағдай болсын, қанша адамның өмірін жалмаған теракт болсын, іле-шала жақсы, игі мұсылмандар туралы фактілерді тауып береді. Париждегі 13 лаңкестік оқиғаны алыңыз. Ондаған мың адам толып тұрған стадионды террористер жарып жіберер ме еді, сириялық қарауыл Заур лаңкесті билеті болса да, стадионға кіргізбеді. Бейбіт адамдар әлгі Заурдан қашамын деп жүріп, стадионның сыртында жарылды. Тағы бір жарылып өлген лаңкестің бұрынғы әйелі сұхбат беріп, ол ешқандай да мұсылман болған жоқ, түрмеде отырған, нашаны көп шегетін, ата-анасын тыңдамайтын деп ашығын айтты. Осындай жағдайларды басқа да оқиғалардан соң жиі оқимыз, жиі байқаймыз. Айталық, терактіде еврей жарақат алса, оған араб-дәрігер операция жасады, болмаса, бір жарылыс кезінде кішкентай еврей қызын араб баласы өз денесімен жауып қалды деген оқиғаларды білеміз. Осындай жан уатар жайттардың есте қалуы тағы да сол медианың күшінен... Бір қарағанда, мұның бәрі бізге өз-өзінен боп жатқандай көрінеді. Негізі, бұл ашулы жақ барлық зұлымдыққа мұсылмандарды кінәлі деп көрмес үшін, қарымта агрессия болмас үшін жасалынатын мемлекеттік үгіт-насихаттың бір бөлігі. Бұл кейде түсініксіз болуы мүмкін, бірақ бізде де осындай ақпараттық саясаттың жүйесі жасалуы керек. Мысалы, еліміздің батыс аймақтарында дін атын жамылған түрлі келеңсіз жағдайлардан кейін қарапайым халықтың арасында баласын Құдай қосқан көршісі имам болса да, ауыл мешітіне жіберуге қорқатын фобия пайда болды. Қызы орамал тағамын десе, қорқып, туысы намаз оқыса, халық жауы сияқты көретін болды. Бұл жерде ағайынның ешқандай да кінәсі жоқ. Біз әлгіндей агрессияны дұрыс бағытта бәсеңдету, оның шын құндылықтарға тиісуге ұласып кетпеуін бақылауымыз  керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та кезінде терроризммен күресеміз деп Исламмен күресіп кетпеу керектігін қадап тапсырған болатын. Улы оққа қарсы айла қылдық па? Былтыр ДАИШ-тың құрамында Сирияда жүрген қазақ балаларының видеосы жарияланғанда, бәріміздің жүрегіміз қан жылады. Сонда бір қаршадай бала «Мұнда не істеп жүрсіңдер?» дегенде, «Біз қазір тәжуид жаттап, сира оқып жатырмыз» деп ары қарай «кәпірлерді» өлтіру туралы жоспарын айтады емес пе? Балға у тамызған секілді арам ойлылар дініміз Исламның тәжуид (Құранды қатесіз дұрыс оқу), сира (пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өнегелі өмірі) секілді асыл негіздерін айту арқылы басқаларды ынтықтыруды көздегені анық. Бірақ біз өзімізге қарай атылған улы жебелерге қарсы айла қолдандық па? Зұлымдықтың бейнесінен тәжуид пен сираны құтқара алдық па? Оны көрген, не ұзынқұлақтан естіген талай ата-ана «Құран жаттау, пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабалар өмірін білу адамды малша бауыздайтын террористердің ісі екен» деп, баласын медреседен тосқан шығар? Мешітке жұма намазын оқуға жібермеген болса ше? Кім біледі? Кім біледі дегеннен шығады, жалпы терроризм мен экстремизм мәселесінде әлеуметтанушылардың еңбегін әлі дұрыс пайдаланбай келе жатырмыз. Әлемдік ПЕВ ұйымының Париждегі терактіден кейін 11 мұсылман елінде жүргізген әлеуметтік сауалнамасының қорытындысымен танысқан едім. Сонда мұсылман қауымның бәрі дерлік ДАИШ-ты қолдамайтынын дәлелдеп шыққан. Құдай сақтасын, бірақ төтенше жағдай бола қалса, қоғамдық пікірді қаншалықты бақылай аламыз? Сұраныста – отбасы құндылығы Жақында Алматыда Медиақұрылтай деген журналистердің үлкен конференциясы өтті. Сонда «Галлап Медиа Азия» рейтінгтік компаниясы қазіргі аудиторияның қай БАҚ-қа қанша уақыт жұмсайтынын есептеп шығарыпты. Сонда қазақстандықтардың 3 пайызы уақытын газет оқуға жұмсаса, 17 пайызы радио тыңдауға, 25 пайызы интернет қарауға, ал 55 пайызы теледидар көруге жұмсайды екен. Журналистиканың ақпарат беру, қызықтандыру және ағартушылық деген үш тармағы болса, сол ағартушылық бағытында «Асыл арна» телеарнасы біраз жобаны мақсат етіп отыр. Көрерменге өзінің бойында онсыз да бар, бірақ ұзақ уақытқа созылған отаршылылдық езгіден кейін қалғып кеткен кейбір қасиеттерін ояту мақсатында ата-бабамыздың жолы, оның Исламмен қабысқан дәстүрлері, ділімен сабақтастық негіздері, отбасы құндылықтары, білім-ғылым көкжиегін кеңейту, жаңашылдыққа құмарлықтың дәндерін егуіміз қажет. «Асыл арнаның» әлеуметтік желілердегі ақпарат сұранысын зерттеген едік. Сонда оқырмандарымыздың 19 пайызы рухани контентке қызықса, 34 пайызы діни тақырып іздейтінін айтқан, басым көпшілігі (44 пайыз) отбасылық мазмұндағы дүниелерді іздеп, сол бағыттағы мақалалар мен бейнематериалдар болса, көрер едік деген көңілін білдіріпті. Ескерсеңіз, Елбасымыздың өзі қарттарға қолғабыс жасау, ата-ана қадіріне жету, балаларды жетім етпеу, сол арқылы толық отбасы құру және қалыптасыру жайын көп айтып келеді. Бұл сөздердің мәнісін расымен түсінсек, терроризм мен экстремизм идеясына отбасы құндылықтары арқылы тойтарыс бере аламыз деген ойдамын. Анасының уызына жарып, әкесінің алақанының жылуын сезініп, атасына алаңсыз еркелеп, әжесінен ертегі естіп бой түзеген жаннан ешқашан қоршаған ортаға зиянкес адам шықпайды. Мемлекетіміз терроризм мен экстремизммен күресте және оның алдын алуда зор күш жұмсап келеді. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы да ұлтты бір діңгектің айналасына ұйыстыру жолында Орта Азиялық діни мектепке баса маңыз беріп отыр. Сондықтан, біздерге, БАҚ саласы қызметкеріне өзіміз жақсы білетін істі одан әрі жақсы атқара түсуден артық амал жоқ. Оның үстіне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат алу туралы жаңа заңға қол қойып, журналист қауымның жұмысын тағы бір жеңілдетіп берді. Атқарылған іс аз емес. Енді жаңа деңгейде, жаңа сапада жалғастыру қажет. Мұхамеджан ТАЗАБЕК, Республикалық «Асыл арна» телеарнасының Бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_12052.txt
Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды
https://abai.kz/post/12052
"Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды" | "https://abai.kz/post/12052"
22.12.2011
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды URL: https://abai.kz/post/12052 META: "Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды" | "https://abai.kz/post/12052" DATE: 22.12.2011 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 337 TEXT: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының жаңа әкімі етіп Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрілігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко. 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласының орталық «Ынтымақ» алаңында, Қазақстан тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар өтіп жатқан кезде, жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Нәтижесінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақаттанды. Жалпы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 46 объектілер тоналып, өртелген. Жаңаөзеннің өзінде байланыс болмаған. Ұялы операторлар жұмысының іркілісі қала тұрғындарының айтуынша, Ақтау қаласында да болған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбіде Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай қаланың шекарасында  2011 жылғы 17 желтоқсандағы 18 сағат 00 минуттан 2012  жылғы 5 қаңтардағы 7 сағат 00 минут мерзімге дейінгі кезеңде жалғасады. Мектептерде мерзімнен бұрын қысқы демалыс басталды. Қазақстанның бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, Жаңаөзен қаласындағы жағдай біртіндеп қалпына келуде. Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зиян мөлшері 13,5 миллион долларға бағалануда. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының жаңа әкімі етіп Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрілігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко. 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласының орталық «Ынтымақ» алаңында, Қазақстан тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар өтіп жатқан кезде, жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Нәтижесінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақаттанды. Жалпы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 46 объектілер тоналып, өртелген. Жаңаөзеннің өзінде байланыс болмаған. Ұялы операторлар жұмысының іркілісі қала тұрғындарының айтуынша, Ақтау қаласында да болған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбіде Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай қаланың шекарасында  2011 жылғы 17 желтоқсандағы 18 сағат 00 минуттан 2012  жылғы 5 қаңтардағы 7 сағат 00 минут мерзімге дейінгі кезеңде жалғасады. Мектептерде мерзімнен бұрын қысқы демалыс басталды. Қазақстанның бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, Жаңаөзен қаласындағы жағдай біртіндеп қалпына келуде. Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зиян мөлшері 13,5 миллион долларға бағалануда. Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін жұмысшылардың бір бөлігі өздерінің және туыстарының өмірінен қауіптеніп жұмысқа шыққан жоқ. Жаңаөзенде құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерге үгіттеп жүрген 19 адамды ұстады. Ауруханада 60 аса зардап шеккендер қалуда. АСТАНА, 22 жел - Қазақстан жаңалықтары АА . newskaz.kz
qosymsha/abai.kz
post_18145.txt
Отандық тарих қалай жазылмақ?
https://abai.kz/post/18145
"Отандық тарих қалай жазылмақ?" | "https://abai.kz/post/18145"
26.11.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Отандық тарих қалай жазылмақ? URL: https://abai.kz/post/18145 META: "Отандық тарих қалай жазылмақ?" | "https://abai.kz/post/18145" DATE: 26.11.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 631 TEXT: Сонымен, елдегі ішкі саясаттың маңызды да өзекті тақырыптарының бірі – отандық тарих мәселесі екендігі мемлекеттік хатшының кірісуімен жаңа оқу жылына жаңа серпін бергені рас. Дегенмен, кез келген игі бастаманы қызыл науқанға айналдыратын бәлшебектік әдетімізге басып, қанша оқу орны болса, сонша дөңгелек үстел мен конференцияларды балалата бастағанымыз да рас. Әйтеуір, дер кезінде президенттің өзі тоқтау салды... Десек те, ғалымдардың, журналистердің, жалпы қоғамтану саласына жақын жұртшылықтың бір бірімен араласып, мәз болысқаны өз алдына, сирек те болса, бұл мәселеге барынша ынты-шынтысымен кіріскен азаматтардың барын да көре білуіміз керек. Соның бірі - Әлиев Орақ Жолмырзаұлы,«Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, “Universum-Metaepistemia” қоғамдық академиясының президенті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің философиялық экономикалық ғылыми жиналысының толық мүшесі, Шаруашылық философиясы академиясының академигі (Ресей). Сонымен, елдегі ішкі саясаттың маңызды да өзекті тақырыптарының бірі – отандық тарих мәселесі екендігі мемлекеттік хатшының кірісуімен жаңа оқу жылына жаңа серпін бергені рас. Дегенмен, кез келген игі бастаманы қызыл науқанға айналдыратын бәлшебектік әдетімізге басып, қанша оқу орны болса, сонша дөңгелек үстел мен конференцияларды балалата бастағанымыз да рас. Әйтеуір, дер кезінде президенттің өзі тоқтау салды... Десек те, ғалымдардың, журналистердің, жалпы қоғамтану саласына жақын жұртшылықтың бір бірімен араласып, мәз болысқаны өз алдына, сирек те болса, бұл мәселеге барынша ынты-шынтысымен кіріскен азаматтардың барын да көре білуіміз керек. Соның бірі - Әлиев Орақ Жолмырзаұлы,«Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, “Universum-Metaepistemia” қоғамдық академиясының президенті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің философиялық экономикалық ғылыми жиналысының толық мүшесі, Шаруашылық философиясы академиясының академигі (Ресей). Бұл кісінің назарымызды аударған бір ғана еңбегін атап өткеніміз дұрыс деген ойдамыз, себебі, оның «Казправдаға» (№№258,263,23-30.08.2013, «К осмыслению теортических основ отечественной истории») шыққан «Отандық тарихтың теориялық негіздерін ойластыру» атты мақаласы отандық тарихқа ғана емес, жалпы гуманитарлық сала ғылымдарының қай қайссына да қажетті тұжырымдамалық бағдары бар іргелі еңбек. Бұған дейін қоғамдық алқа деңгейінде айтылып келген жайдақ ойларды О.Әлиев нағыз ғылымтану саласының пайдасына ойыстырып, ғылыми-идеологтарға табылмайтын идея мен бағыт деуге тұрарлық еңбек жазып шығыпты. Тарихшы болмасақ та, біреудің бақшасына түскендей болмайық, бірақ біздің қазақы ортада көп айтылатын «нағыз емес, дилетанттар ғой» деңгейінедегі бағаның өзіне Орақ Жолмұрзаұлы қисынды ғылыми тұжырыммен жауап беріпті. Ол «Ғылымды кім жасайды?» деген мәселеге дипломдылар ғана емес, әуесқой энтузиастардың да үлесі аз еместігін келтіреді. «Кәсіпқойлар: өз қасаңына қамалады, өз ортасында перделенеді, өз кеңістігінде тұйықталады, ал әуесқойлар: сырткөз ретінде мәселеге тосын көзқараспен қарайды; қоздырушы оймен, ақылдан тыс идея тастайды» дей келе Шоқан әскери маман,бірақ әлемдік географияға үлес қосды; Марғұлан – тарихқа филолог ретінде кірді,бірақ онсыз қазақ тарихын елестету мүмкін емес; Маркс – экономикаға заңгер ретінде барды, бірақ саяси экономиканы бүгінгі капитализм де айналып өте алмайтын болды... Орекең ғылым саласына, ғалымдарды бөле жармай, оларға мейлінше әділ бағасын бере отырып, отандық тарихқа қажетті басты сүбелі жайттарды атап өтумен бірге, нақты ұсыныс айтып, ғылымды дамытудың концептуалдық нобайын сызып берген. Атап айтсақ, ғылымтанушы ретінде ол кісі ғылымды мынадай 11 сатыны атқару арқылы дамытудың теориялық негіздерін ұсынады: 1)Тақырыптандыру: Тарих ғылымының негізгі тақырыптарын табу, нақты да дәл айқындау. 2)Өзектендіру: Кез келген тарихи зерттеу тақырыбының өзекті екендігін теориялық тұрғыда негіздеу. 3)Мәселелендіру: Тарих ғылымындағы негізі және қосалқы мәселелерді анықтау мен күн тәртібіне қойу. 4)Нысандандыру: Тарихи зерттеу нысандарының айқындалуы. 5)Субъектендіру: Нағыз тарихтың субъектілерінің анықталуы: халықтар, кластар, таптар, қауымдар. 6)Зерзаттандыру (автордың қазақы термині - предметизация): Тарихи түпнұсқа-зерзаттың табылуы мен бірмәнді тұрғыдан тіркелуі. 7)Әдіснамалау: таным жарақтарын, әдістерін, әдістемелері мен технологияларын анықтау. 8)Қағидалау – теорияландыру: мазмұнды тарихи жорамалдар мен тұжырымдамаларды, қағидаларды, парадигмаларды әзірлеу. 9)Аксиоландыру: тарихи фактілерді,оқиғаларды, құбылыстарды, феномендер мен үрдістерді, заңдылықтарды сипаттау және баға беру. 10)Праксиоландыру: тарих ғылымы ретінде де, жекедара тарихи зерттемелер ретінде де қажетті функциялар, мақсаттар мен міндеттер жүйесін құру. 11)Нәтижелендіру: ғылым қызметінің нәтижелер жүйесін тіркеу мен нақты тұжырымға келтіру. Байқап отырғанымыздай, ғылым тек қана отырыстар мен мәжілістерден емес, оны ұйымдастырудан, одан да бұрын,тіпті ғылыми-теориялық бағытын, сатыларын айқындаудан тұрады екен. Мұны отандық тарих пәнінің тұжырымдамалық негізі деуге де болар. Ұлтымыз үшін барынша маңызды да өзекті мәселе әлдебір «ортақ тарихтың» отынына айналмас үшін біздің тарихшылар бұл іске білек түре кірісер деген үмітіміз бар. Серік Ерғали Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_16587.txt
Ермек Тұрсынов, режиссер: «Өз ұлтымнан жерінсем кім болғаным?»
https://abai.kz/post/16587
"Ермек Тұрсынов, режиссер: «Өз ұлтымнан жерінсем кім болғаным?»" | "https://abai.kz/post/16587"
04.04.2013
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ермек Тұрсынов, режиссер: «Өз ұлтымнан жерінсем кім болғаным?» URL: https://abai.kz/post/16587 META: "Ермек Тұрсынов, режиссер: «Өз ұлтымнан жерінсем кім болғаным?»" | "https://abai.kz/post/16587" DATE: 04.04.2013 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 1421 TEXT: Режиссер Ермек Тұрсыновты таныстырудың қажеті жоқ. Ол «Шал» , «Келін» фильмдері арқылы қазақ киносына үлкен жаңалықтар алып келді, киноға деген көзқарасты өзгертті. Қызу пікірталастардың өтінде жүріп кинотриптихтың алғышартын жасады. Соңғы кездері режиссердің журналистерге берген әрбір сұхбатындағы айтылып қалған оқыс пікірлер БАҚ бетінде «хитқа» айналып кетті. Бұл жолы біз Ермекпен «Кенже» фильмін түсіру қарсаңында кездестік. - Ермек, қазақ қоғамының рухани деңгейі қалай, дегдар топтың толыққанды тіршілігі бар ма, жоқ па, қалай ойлайсыз? - Қазақстанда барлық елдердегі жағдай қайталануда. Технологияның қарқынды дамуы қарапайым адами қатынастарды ығыстырып барады. Коммуникация жылдамдығы кітаптан да алыстатты. Өнер ойын-сауық индустриясына айналғандықтан, «әлемді доллар билейді» деген американдық сананы сіңіріп жатқанымызды айқын көруге болады. «Секс, ақша, қос тапанша» деген фильм бар. Ақша көзі осы үш тақырыптың төңірегінде болғандықтан, шығармашылық адамдарының ізденістері де осының маңайынан алыстай алмай жүр. Осы ап-арзан өнімдердің өзіне қарсы тұрарлық ештеңе жасай алмадық. Тасқын көміп, қолымыз ербеңдеп, ағыспен кете бардық. Содан барып, әлгі : «Алматыда пәктіктен айырылу», «Қайрат-чемпион», «Жұлдызға арналған коктейльдер» пайда болды. Режиссер Ермек Тұрсыновты таныстырудың қажеті жоқ. Ол «Шал» , «Келін» фильмдері арқылы қазақ киносына үлкен жаңалықтар алып келді, киноға деген көзқарасты өзгертті. Қызу пікірталастардың өтінде жүріп кинотриптихтың алғышартын жасады. Соңғы кездері режиссердің журналистерге берген әрбір сұхбатындағы айтылып қалған оқыс пікірлер БАҚ бетінде «хитқа» айналып кетті. Бұл жолы біз Ермекпен «Кенже» фильмін түсіру қарсаңында кездестік. - Ермек, қазақ қоғамының рухани деңгейі қалай, дегдар топтың толыққанды тіршілігі бар ма, жоқ па, қалай ойлайсыз? - Қазақстанда барлық елдердегі жағдай қайталануда. Технологияның қарқынды дамуы қарапайым адами қатынастарды ығыстырып барады. Коммуникация жылдамдығы кітаптан да алыстатты. Өнер ойын-сауық индустриясына айналғандықтан, «әлемді доллар билейді» деген американдық сананы сіңіріп жатқанымызды айқын көруге болады. «Секс, ақша, қос тапанша» деген фильм бар. Ақша көзі осы үш тақырыптың төңірегінде болғандықтан, шығармашылық адамдарының ізденістері де осының маңайынан алыстай алмай жүр. Осы ап-арзан өнімдердің өзіне қарсы тұрарлық ештеңе жасай алмадық. Тасқын көміп, қолымыз ербеңдеп, ағыспен кете бардық. Содан барып, әлгі : «Алматыда пәктіктен айырылу», «Қайрат-чемпион», «Жұлдызға арналған коктейльдер» пайда болды. - Саяси элитамыз осы құбылыстарға тойтарыс беру керек еді. Бірақ олардың қатары тым аз болды. Осыдан келіп ұлттық элита санатындағы кейбір зияткерлеріміз  антиэлитаға, қоғамның жансыз жатырынан шыққан жартылай робот, жартылай адамға ұқсап кетті деген пікірлер айтыла бастады. Біздің қоғам екі қосындының қайсысына басымдық беріп жүр? - Жалпы үшін жауап бергенім жөн болмас. Өзім білетіндер жайлы сөз етсем жарар. Менің билік салаларында достарым бар. Білімдар, көзқарасы кең, әңгімеміз жарасатындықтан, оларды жаныма жақын тұтамын. Бірақ, олар құбылып күн көруге мәжбүр. Жұмыста басқа, үйде басқа, достарымен мүлдем өзгеше. Робот, терминатор, қарапайым адамның кейпіне тез енеді. Сондықтан көбіне оларды түсіне алмаймын, өйткені, өзімде құбылмалы мінез жоқ. Алайда оларға кінә артуға хақым бар ма? Пешенесіне жазылғаны - сол. Өздері таңдаған жолмен жүріп келеді. Қазақтардың үнемі жау іздейтін әдеті барын жадымнан шығарған емеспін. Керек жауын тауып та алады. Ал таппаса, ойдан шығара салады. - Біз осы ұлттық идея мәселесін көтеруге дайынбыз ба? Рухани элитамыздың бойынан ұлттық идеямыздың қалыптасуына деген талпынысты байқайсыз ба? Олар дайын ба бұған... - Соңғы кезде бұл мәселеге бас қатырмайтын болдым, себебі бізде рухани тұтастық жоқ. Пікірталас мәдениеті де қалыптаспаған. Рухани жетекшілер де тым аз. Қоғамның рухани өмірінде елең еткізерлік маңызды оқиғалар да сиреп барады. Соңғы жылдарда ұлттық идея туралы бірде-бір тұшымды пікір, ұсыныс естіген жоқпын. Микрофон бос айғайшылар мен ақысы төленген сөзуарлардың қолында. Еліміздегі шығармашылық одақтардың ешқайсысының «шығармашылық»  атануға хақысы жоқ. Біз - тегіс етіп отап қойған ағылшын газоны секілдіміз. Бір арамшөп қылтия қалса бәрі жабылып тамырымен жұлып тастайды. Сондықтан бұл тақырыпты көп қаузай бергенді ұнатпаймын. Тып-тыныш өз жұмысымды жасап жүрмін. - Кешегі Асқар Сүлейменов Чадаеевтың сюртугін киіп, қазақы ортаға мойынұсына алмады. Қазақы орта өз дегенімен жүргісі келмегендерді өзі қалаған «биіктікпен» теңестіріп жіберуге пейілді ме, қалай ойлайсыз? - Чадаеевтық шекпенді, тіпті, эндиуорхоловтық плащты да киюіңе болады. Хэменгуейдің трубкасын тартып, Чаплиннің қалпағын жапсырып ал. Не өзгереді? Ішің сол байғы неполеондық комплекс буған борсықбай күйі, еш өзгеріссіз қалады ғой. Мен «жаттың киімін кигеннен ештеңе ұтпаймыз» деп ойлаймын. Өзіңдікін ки, мақтан. Ел танысын. Ол үшін терең білім, өзіңнің артықшылықтарыңды тани білетін қасиет керек. Ол қасиеттің құпиясы-дәстүріңді қастерлеп, өткеніңді ұлықтай білуіңде, «таяз ұлтшылдық» дертінен арылып, айқын мақсатқа қарай нық қадам басуыңда жатыр. Мына әлемде өз орныңды табу керексің. Біз әлі адасып жүрміз. Жол таппай сенделіп келеміз. Көзге көрінген керуенге ілесе жөнелеміз. Ал жолбасшыларымыз   не жол білмейді, не болмаса бөтен біреулердің картасын пайдаланады, әйтеуір өз бетінше жол бастаса, міндетті түрде тартылып, борсып кеткен құдыққа әкеліп, қинайды. - Мысалы, Олжас ақын асқар тау еді, бірақ ортамызда оны өз деңгейімен теңестіріп жіберуге дайын тұратындардың қатары тым көбейіп барады. Тұлғаның тұлғалық қыры танылуы үшін оның көзі кетіп, ол жайлы айтылатын шөп-шаламның бәрі қурап кетуі қажеттілікке айналып бара жатқандай. Сіздіңше дәл қазір кейбір қазақтарды Олжас - Ермектердің биігіне көтерген дұрыс па, әлде олардың қазақтың деңгейіне түскен дұрыс па? Қайсысы жеңіл және қайсысы тиімді қазаққа. - Егер арыстан басқаратын есектер әскері мен есек қолбасшысы бар арыстандар армиясы соғысатын болса есектер әскері жеңетініне шүбәланбаймын... - Сіз бұл жерде не айтпақшысыз.. - Білесің бе, біз қолдан «кумир»  жасағанды жақсы көреміз, бірақ сол тұлғаны жермен-жексен етіп даттап, кейін зиратының басында тұрып егілуге құмарлығымыз одан асып түседі. Оның үстіне біз кез-келген мәселеден дау шығара аламыз. Егер «Асықты қалай ойнау керек?» деген сұрақ туа қалса бар қазақ жабылып, қызыл кеңірдек болатынына күмәнданбаңыз. Біз тартысып, таласып жатқанда заман алға жылжып кете береді. Адамдарға шамшырақ керек. Онсыз болмайды. Адасып кетеміз. - Америкаға кеткеніңізде «қазақтан жерініп кеттім» деп едіңіз. Қайтып оралғаныңызға біраз жылдың жүзі болды. Қазір қазақты жақсы көресіз бе? Қазақ қай қырынан өзгеріпті. Қалыптасқан ұлт болуға талпыныс бар ма? - Мен бұндай сөз айтқан емеспін. Қайдан шыққан сандырақ? Өз ұлтымнан жерінсем кім болғаным? Ал, көңілге қонбайтын жайттар, қандастың күйін көріп, қабырғам қайысатыны рас. Кей қылықтары үшін қысыласың да. Мысалы сабақты нашар оқитын баласына ұрсып, ақымақ, сауатсыз, үлгерімі төмен екеніне қарамастан өзінің де мақтаншақ, өркөкірек, өтірікші екенін және осы қалпын өзі түсінгісі келмейтінін айтып күйінген әкені көз алдыңызға елестетіңізші. Осы жағдайда әкенің жаны қатты ауыра ма, әлде, баланыкі ме? Мені халық жауы етіп көрсеткісі келетін, түсінігі таяз адамдардың шығарып жүргені жаңағы айтқаныңыз. Ондай адамдар баршылық. Өз заманында Сәкен мен Мағжанның, Тұрар мен Мұхтардың үстінен дәл сондайлар арыз жазған. Сондықтан таң қалмаңыз. Батпақ болса, бақа табылады. - Сіз «Біз- түркілер - өте ұзақ ұйықтадық. Әлі де мүлгіген күйдеміз. Ояна қалсақ,  қандай түс көргенімізді есімізге түсіре алмаймыз. Көз ілгенде көретініміз - өткеніміз» дейсіз. «Келін»  біздің өткеніміз,  түсіміз, өткеніміздің, одан қала берсе бай түркілік тарихымыздың жемісі.  Қалың ұйқыдан оянып, өткен күнді ғана емес, шынайы өмір жайлы түс көруге, оны көркем кино тіліне көшіруге дайынсыз ба? - Мен тек осымен айналысып жүрмін. Көргісі келгендер еңбектеріме дұрыстап үңілсін. - «Келін»  - философиялық фильм. «Шал»  да сондай. Бірақ екеуінің нүктесі бірдей. «Келіннің» де, «Шалдың» да нүктесі - жаңа өмір мен Көк бөрі. Бірақ соңғысы («Шал») қазаққа жақындау. Жаны қиналғанда ақсақалдығын ұмытып кеткен кейіпкеріңізге Қасқыр - Көк бөрі ғана емес, немересі Шайтанбек-Ерасыл көмекке келеді. Үмітіңізді кейінгі толқынға жалғайсыз. «Кенжеңізге» бұл көзқарас бөтен емес пе? - Кенже - менің ізденістерімнің логикалық жалғасы. Бұл - триптих. «Келін»  біздің өткеніміз, «Шал» -бүгініміз, Кенже - болашағымыз. Келін - тау, Шал - дала, Кенже -қала. Келін - ана, Шал - әке, Кенже - бала. Мен шама-шарқымша ұлтымыздың даму кезеңдерін сатылап зерттеп келемін. Түйгенім - менің жеке пікірім, ол кез келген шығармашылық туынды сынды субьективтивті екенін жақсы түсінемін. - Сіздің көзқарасыңыз ешкімге ұқсамайды. Еркіндікті қалайсыз. Тар қапастағы немесе жалғыздық құшағындағы еркіндіктің дәмі қандай болады екен? «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп кеткен Абайға сіз толықтырулар енгізе алар ма едіңіз. - Абай кім, мен кім? Тау мен төбені салыстырмайық. - Мен сізді Абайға теңеуден аулақпын. Салыстырмалы түрде айтып отырмын. - Абайға деген өз көзқарасым, пайымым бар. Оның тағдыры - Ұлы жалғыздық тағдыры. Бұл үлкен қасірет. Дәл осы қырынан келгенде, оны жақсы түсінемін. Оның пешенесіне жазылғаны сол. Басқаша болуы мүмкін емес. Бұл - көптен оқшаулану. Көптің ішінде отырып жалғызсырау. Жұртқа ілесіп жүре берсе, ол Абай болмас еді. Көптің бірі болып қала берер еді. Сондықтан ойыңдағыны айтуға мүмкіндігің болса, ең бастысы айтарың бар болса, жалғыздыққа мойынұсына бер. Ешкімге өкпелеме. Бұл - тағдыр. - Күні бүгінге дейін «бізді орыс мәдениеті тәрбиеледі, жетілдірді, жүйеге салды, көзімізді ашты» деп келдік. Бүгін де солай. Бір ашылған көз сол қалпында бақырайып тұра берсе, бұл оның жансыздана бастағанының белгісі емес пе? «Қазақтың көзін де» әртараптандыратын кез келген жоқ па, қалай ойлайсыз? - Бұрын таңдаудан жұрдай болдық. Біз үшін басқалар таңдап, шешім қабылдаған. Содан барып мына әлемді орыс тілінің көмегімен таныдық. Бұған өкінудің керегі жоқ. Қазір жағдай өзгерді. Таңдау жасауға хақың бар. Барлық есік ашық. Әлемге ағылшын тілі есігі арқылы шығуыңа болады. Қытайша, испанша, французша қара. Қалағаныңды таңдап, табалдырығынан атта. Барлық есікті бірден ашам десеңде өзің біл. Тек талабың болсын. Тек ту сыртыңда қалған ең басты есікті жауып тастама. Ол сен үшін мәңгі ашық болуы керек. Мен туған үйдің есігі туралы айтып отырмын. - Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_175308.txt
ШЫҰ мен ТМД елдері премьер-министрлері Бішкекте жиналады
https://abai.kz/post/175308
"ШЫҰ мен ТМД елдері премьер-министрлері Бішкекте жиналады" | "https://abai.kz/post/175308"
26.10.2023
Abai.kz
null
TITLE: ШЫҰ мен ТМД елдері премьер-министрлері Бішкекте жиналады URL: https://abai.kz/post/175308 META: "ШЫҰ мен ТМД елдері премьер-министрлері Бішкекте жиналады" | "https://abai.kz/post/175308" DATE: 26.10.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 79 TEXT: Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің үкімет басшыларының кеңесі мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері үкімет басшыларының кеңесі 26 қазанда Бішкекте өтеді. Бұл шараға қатысту үшін Қазақстанның үкімет басшысы Әлихан Смаилов, Иран вице-президенті Мохаммад Мохбер, Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов және Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Бішкекке барды. 25 қазанда олардың "Манас" әуежайынан Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары Бақыт Торобаев күтіп алды. 24 қазанда Қытайдың премьер-министрі Ли Цян ресми сапармен Бішкекке барған. Ол ШЫҰ кеңесіне қатысатын болады. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_77955.txt
Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды
https://abai.kz/post/77955
"Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды" | "https://abai.kz/post/77955"
28.09.2018
Abai.kz
null
TITLE: Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды URL: https://abai.kz/post/77955 META: "Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды" | "https://abai.kz/post/77955" DATE: 28.09.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 430 TEXT: 28 қыркүйекте Жамбыл облысының «Меркі» шипажайында салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Еңбек жастарының республикалық форумы ашылды. Форумның негізгі мақсаты - жұмысшы кәсіптерін өзектендіру, қоғамның материалдық игіліктерін қамтамасыз ететін Еңбек адамының беделін арттыру. Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президент Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Геннадий Шиповских, ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитеті төрағасы м.а. Асхат Оралов, Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов қатысуда. Форум барысында ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым қатысушылар алдында сөз сөйледі. ҚРКФ басшысы бүгінде Қазақстандағы еңбек жастарына жеткілікті назар аударылмайтындығын атап көрсетті. «Кәсіподақтар федерациясы еңбек жастарына баса назар аударуға ниетті. Бүгін осы Форумда жұмысшы жастардың өзекті мәселелерін білуді, олардың кәсіподақтармен жұмысын өзектендіруді, мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастыруды жоспарлап отырмыз. Біз кәсіподақтар қызметіне жастарды белсенді түрде қатыстыруымыз тиіс. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында кәсіподақ саласы қызметкерлеріне арналған «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті» байқауын жариялады. Еңбек жастарының өкілдері біздің үміткерлер болатындығына сенімдімін!» - деп атап өтті Бақытжан Әбдірайым. ҚР Тұңғыш Президент Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың пікірі бойынша: «Біз үшін бәсекеге қабілетті кадрлар - талантты жастар өте маңызды. Тұңғыш Президент Қоры тұрақты түрде жас журналистерге, жазушыларға, ақындарға, фотографтарға, ІТ-мамандарға арналған байқаулар өткізеді. Жыл сайын ондаған талантты мәдениет және ғылым өкілдері Қор лауреаттары болады». Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстың билік өкілдері жастарды еңбек саласына қатыстыру үшін қандай қадамдарға баратындығы туралы айтып өтті. ҚРКФ Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров  атап өткендей: «ҚРКФ қатысуымен ашылған «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі» Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тұңғыш кешенді білім беру жобасы болып табылады. Қазақстанның түрлі өңірлерінде осы Мектептің алғашқы шығарылымы өтті. Бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарының 67 көшбасшысы оқытылды». «Біз Федерацияның «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында өз акциясын жариялағанын қуанышпен қабылдадық. Еңбек адамдары біздің әлеуметтік құндылықтар жүйесінде лайықты орынға ие болуы тиіс» - деп атап өтті Мұрат Әбенов. Жас кәсіподақ көшбасшылары үшін ғылыми-қолданбалы сектор өкілдерінің шеберлік сағаттары мен алғысөздері қызықты және танымды болды: «Жастар үні» АҚҰ Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі,  МҚІАД жанындағы АМТ Төрағасы Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» қозғалысы төрағасының орынбасары Талғат Жанисбай, PhD доктор, ҚАЗМЗУ доценті, МВА СЕО «Academy of labour relations» Бибігүл Нұрашева және т.б. Дәурен Бабамұратовтың пікірі бойынша «100 жаңа есім» жобасында еңбек адамдары міндетті түрде болуы тиіс, себебі, олар «өмірлік қиындықтар, қорқыныш пен қауіптерге күнделікті төтеп беретін, ел дамуы жолында ерен еңбек иелері болып табылады». Мотивациялық және стратегиялық сессиялар аясында тәжірибелік тренингтер, шеберлік сағаттары, тимбилдгтер және басқа да шаралар  өткізілді. Форум  еңбек жастарын әлеуметтендірудің маңызды құралы болып табылады және техникалық еңбектің алдағы онжылдықта әлеуметтік-еңбек саласының негізгі тренді ретіндегі бейнесін насихаттайды. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_64293.txt
Мирзияев әлемді өзгертер лидерлердің ондығына енді
https://abai.kz/post/64293
"Мирзияев әлемді өзгертер лидерлердің ондығына енді" | "https://abai.kz/post/64293"
08.01.2018
Abai.kz
null
TITLE: Мирзияев әлемді өзгертер лидерлердің ондығына енді URL: https://abai.kz/post/64293 META: "Мирзияев әлемді өзгертер лидерлердің ондығына енді" | "https://abai.kz/post/64293" DATE: 08.01.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 119 TEXT: Түркиядағы Derin Ekonomi экономикалық басылымының саяси шолушылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті өз еліндегі және аймақтағы жағдайды өзгерте алатын әлемдегі он басшының тізіміне қосты. Бұл туралы «Жахон» ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл тізімге өз еліндегі және аймағындағы қалыптасқан жағдайды түбегейлі шешімдерімен өзгерте алатын және халықаралық жағдайға белсенді түрде әсер етіп, әлемдік БАҚ-та «жаңалық түзушіге» айналған тұлғалар қамтылған. Мамандардың айтуынша, Мирзияев өзі президент болып сайланғаннан бастап елді жаппай либерализациялау бағытында реформалар жүргізе бастаған. Derin Ekonomi басылымы сарапшыларының пайымдауынша, құқыққорғау органдары, діни сенім бостандығы, еркін нарық, сыртқы сауданы либерализациялау бағытында Мирзияев түбегейлі шешімдер қабылдап, елдің шетел инвестициясы үшін тартымдылығын арттыра білген. Шавкат Мирзияевтың өзге елдермен, соның ішінде іргелес елдермен байланысты түбірімен өзгертуге бағытталған қадамы да оның аталған тізімге енуіне әсер еткені айтылады. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_93183.txt
Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасын таныстырады
https://abai.kz/post/93183
"Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасын таныстырады" | "https://abai.kz/post/93183"
25.06.2019
Abai.kz
null
TITLE: Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасын таныстырады URL: https://abai.kz/post/93183 META: "Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасын таныстырады" | "https://abai.kz/post/93183" DATE: 25.06.2019 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 228 TEXT: Маусым айының 28-і күні, сағат 15.00-де  Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Smart qalamger» жобасымен таныстырады. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен жүзеге асқалы отыр. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа жобаның тұсауын кеседі  деп күтілуде. Сонымен қатар, жобаның  таныстырылымына Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Әнес Сарай, Несіпбек Айтұлы, Тұрсын Жұртбай, Дихан Қамзабекұлы,Оңайгүл Тұржан,  Қуаныш Жиенбай сынды қаламгерлер бастаған өз жеке веб-сайтына ие болған 100-ден астам жазушы  қатысады. Тұсаукесер рәсімін белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізеді. Бұдан былай қолына қалам ұстаған әрбір қаламгер өзінің жеке веб-сайтын тегін аша алады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба «Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын әрбір қаламгерлердің тегін веб-сайттарын жасап беру және оларға техникалық қолдау көрсету; Қазақстандық қаламгерлердің шығармаларын бір жерге жинақтап, олардың біртекті электронды базасын құру; ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының баспасөз мұрағатын пайдалана отырып, қаламгерлердің толық библиографиялық анықтамалығын жасау; Олардың оқырманмен, шет елдік жазушылармен байланысын дамыту. Тұсаукесер рәсімінде ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов  жазушыларға арнап жасалған веб-сайттармен елордалық қауымды таныстырып, әрі қарай жүргізу үшін сайт иелеріне тапсырады. Жаһандану дәуірінде еліміз бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарында болуы үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор екені баршаға мәлім. Жазушыларға жаңа заманның, уақыттың талабына сай болуға мүмкіндік беретін «Smart qalamger» жобасы бүкіл республикадағы жазушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_46250.txt
Ауылдарды медициналық кадрлармен қамтуды тапсырды
https://abai.kz/post/46250
"Ауылдарды медициналық кадрлармен қамтуды тапсырды" | "https://abai.kz/post/46250"
08.11.2016
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Ауылдарды медициналық кадрлармен қамтуды тапсырды URL: https://abai.kz/post/46250 META: "Ауылдарды медициналық кадрлармен қамтуды тапсырды" | "https://abai.kz/post/46250" DATE: 08.11.2016 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 279 TEXT: ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауылдардың медициналық кадрлармен қамтылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында ауылдық жерлерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды. «Қазір біз айтқандай, жалпы түлектердің 23% ауылдық жерлерге жіберуіміз керек. Тамара Қасымқызы (денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – ред.), сіз біздің ауылға жіберген адамдарымыздың онда қагшасы қалатыны, оларға онда қандай жағдай жасалатыны туралы ештеңе айтпадыңыз. Олар сол жерлерде медициналық көмек көрсете алуы үшін қажеттінің бәрі бар ма, олардың қаншасы қайтып оралады, неге қайтып оралады және одан кейін олар қайда кетеді? Бұл аса маңызды мәселе, оны назарда ұстауымыз қажет», - деді Б.Сағынтаев. Еске салайық, сондай-ақ отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев ҚР ДСӘДМ мен ҚР БҒМ-іне Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды. Сондай-ақ, осы жиында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев дәрігерлердің, әсіресе, балалардың денсаулығына қатысты жіберуі мүмкін қателіктерінің тым қымбатқа түсетіндігіне назар аударды және медициналық жоғары оқу орындарындағы педиатрия факультеттері мен балаларға арналған медициналық көмек қызметін қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдауды тапсырды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда педиатрияны қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді Ол «әсіресе, балалар дәрігерлерінің қателіктері тым қымбатқа түсетінін, бұл тұста медициналық кадрларды – әсіресе, балалар дәрігерлерін, педиатрларды даярлау сапасына көңіл бөлу қажеттігін» атап өтті. Премьер-Министр денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсеноваға және білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке медициналық жоғары оқу орындардағы педиатрия факультеттерін қалпына келтіру және жаңа оқу жылынан бастап бірден мамандарды даярлауды бастауды тапсырды. «Мұндай мәселелерде эксперимент жасауға болмайды», деп атап өтті Премьер-Министр Б.Сағынтаев. Еске салайық, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттері 2007 жылы жабылды, бакалавриат деңгейінде дәрігерлерді даярлау жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді дамыту қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Абай-ақпарат
qosymsha/abai.kz
post_4421.txt
«Өркеннің өрнегі» блогы
https://abai.kz/post/4421
"«Өркеннің өрнегі» блогы" | "https://abai.kz/post/4421"
30.06.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: «Өркеннің өрнегі» блогы URL: https://abai.kz/post/4421 META: "«Өркеннің өрнегі» блогы" | "https://abai.kz/post/4421" DATE: 30.06.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 152 TEXT: http://orkenegro.wordpress.com/ Ашылған күні: 28.05.2010 Тақырыптық номинациясы: Жеке парақша (блог) Ресурстық тілі: қазақша Ресурс иесі: Өркен КЕНЖЕБЕК, журналист Жоба туралы: «Өркеннің өрнегі» - бұл қазақтілді ғаламтордағы блогосфераның бір өкілі. Азаматтық журналистиканың дамуына бірден-бір түрткі болатын тетік - блог десек, журналистердің осыған ден қоюы құптарлық қадам дер едік. «Жас қазақ» және «Abai.kz» басылымдарының журналисі Өркен Кенжебек те өз блогын ашқанына бір айдың жүзі енді толды. Жиған-тергенін «Кәкір-шүкір», «Әбдіре», «Болливуд базары», «Саясат сахнасы», «Махаббат мекені» секілді айдарларға топтастырып отырады. http://orkenegro.wordpress.com/ Ашылған күні: 28.05.2010 Тақырыптық номинациясы: Жеке парақша (блог) Ресурстық тілі: қазақша Ресурс иесі: Өркен КЕНЖЕБЕК, журналист Жоба туралы: «Өркеннің өрнегі» - бұл қазақтілді ғаламтордағы блогосфераның бір өкілі. Азаматтық журналистиканың дамуына бірден-бір түрткі болатын тетік - блог десек, журналистердің осыған ден қоюы құптарлық қадам дер едік. «Жас қазақ» және «Abai.kz» басылымдарының журналисі Өркен Кенжебек те өз блогын ашқанына бір айдың жүзі енді толды. Жиған-тергенін «Кәкір-шүкір», «Әбдіре», «Болливуд базары», «Саясат сахнасы», «Махаббат мекені» секілді айдарларға топтастырып отырады.
qosymsha/abai.kz
post_48752.txt
ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА!
https://abai.kz/post/48752
"ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА!" | "https://abai.kz/post/48752"
19.01.2017
Абай-Ақпарат
null
TITLE: ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА! URL: https://abai.kz/post/48752 META: "ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА!" | "https://abai.kz/post/48752" DATE: 19.01.2017 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 207 TEXT: Естімеген елде көп. Әлемнің әр түкпірінде өтетін жас жұбайлардың үйлену тойы әр-түрлі дәстүрлерімен ерекшеленеді екен. Назарларыңызға ең қызықты дәстүрлер топтамасын ұсынамыз. Бали. Үйлену тойлары бұл жерде ең қиыны! Жас отбасылар шаңырақ көтермес бұрын тырнақтарын түгелдей алып, тазарады. Наркоздың көмегінсіз пышақтын көмегімен алып тастайды. Аяқталған соң толық тазарып, құмға аунайды. Балилықтардың той рәсіміне тек әйел қауымы қатысады. Еркектер түнімен той жабдықтары мен киімдерін дайындап, демалады. Руанда. Тайпалықтардың жағдайы қызық. Некелесіп болған соң, қалыңдық қолына түскен затпен күйеуін ұрады. Келесі күні ата енесінің үйіне барып, қайтадан сол жағдай қайталанады. Бір апта себепсіз ұру жалғасады. Бұл екі ортаның шыдауы мен жанжалдаспау үрдісі болып саналады. Кения. Дәстүр бойынша Африкалықтардың қызын алушы жігіт бал айы аяқталғанша қыздардың киімін киіп жүру керек. Сезімін білдіру есебі. Македония. Жас жұбайларды қораның ішіне орналастырып, сыртына аяқ киім мен бас киім іліп қояды. Бірінші қол жеткізген адам болашақта отбасының тірегіне айналып, басқарады. Австралия. Үйленуге дайын жігіт қолына тоқпағын алып, қалыңдық іздейді.Қалыңдық табылған соң, тоқпақтың көмегімен, ұрып талдырады. Есін жиған қыз, үй ішімен таныстырады. Қыз көнсе, үйленеді. Ява. Жігіт алдымен, өзі аулаған жиырма бес тышқанның құйрығын қайын жұртқа табыстайды. Мұнсыз жасалмайды. Үйленіп, егер ажырасып жатса, жігіт жағы, айыппұл ретінде жиырма бес емес, елу тышқанның құйрығын береді. Осы жоралғыны орындаған соң ғана, ажыраса алады. Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_116328.txt
Коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінді?
https://abai.kz/post/116328
"Коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінді?" | "https://abai.kz/post/116328"
10.07.2020
Abai.kz
null
TITLE: Коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінді? URL: https://abai.kz/post/116328 META: "Коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінді?" | "https://abai.kz/post/116328" DATE: 10.07.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 358 TEXT: Коронавируспен күреске тағы 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Үкімет пен өңірлер пандемиямен күресте шұғыл мәселелерді шешу үшін 150 миллиард теңге бөледі. Негізгі міндет - коронавирустың таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу» , - деді президент. Бәріміз білетіндей, бұл - коронавируспен күреске бөлінген алғашқы қаржы емес. Бірақ елде індеттің беті қайтқан жоқ. Қайта күн сайын өршіп бара жатқандай. Тәулігіне мыңнан аса адам вирус жұқтырып жатыр. Ең өкініштісі осындай қиын-қыстау күнде де сыбайлас жемқорлық толастамай тұр. Коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырған жемқорлар мен дәрігерлерге төленетін қосымша өтемақыны қалтаға басқан басшылар жайлы ақпарат жетерлік. Вируспен күреске бюджеттен мол қаржы бөлінсе де, індеттің жойылмауына осы жемқорлық та қатты әсер етіп тұрған секілді. Енді көктемнен бері коронавируспен күреске қанша қаржы бөлінгенін есептеп көрейік. Мамыр айында коронавирусқа қарсы күреске Қазақстан 6 трлн теңгеге жуық қаражат жұмсады деген ақпарат тарады. Бұл шамамен 13 миллиард доллар немесе ұлттық ЖІӨ-нің 8 пайызы. Бірақ мұнша мол қаржының есебін ешкім берген жоқ. Қашан бөлінді, қайда жұмсалды, нәтижесі қандай? Бұл сұрақтар сол беті жауапсыз қалды... Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 7 шілдеде коронавируспен күреске Үкімет резерві мен республикалық бджеттен қанша қаражат бөлінгенін және ол қаражаттың қайда жұмсалғанын айтып, есеп берген болды . Оның айтуынша, пандемия кезінде коронавирус инфекциясымен күрес үшін, оның пайда болуы мен індеттің бетін қайтару үшін 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінген. Мұның 40 миллиард 58 миллион теңгесі үкімет резервінен, ал 74 миллиарды респбликалық бюджеттен бөлінген. Денсаулық сақтау министрі Цой 114 миллиардтың есебін түгендеп бергенімен, сөзі қаржы министрлігінің есебімен бірдей шықпай қалды. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, елімізде коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. «Бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген. Қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады.  Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізіліп, қадағаланады» , – дейді Шолпанқұлов. Қаржы министрлігінің есебі ақпарат құралдарында 8 шілде күні жарияланды. Алексей Цойдан бір күн кейін. Ендеше екі министрлік екі күннің ішінде екі түрлі есеп соғып отырғаны қалай? Кім өтірік айтып отыр? Әлде біз дұрыс түсінбедік пе? Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_38364.txt
"ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ" АШЫҚ ӨТЕДІ
https://abai.kz/post/38364
""ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ" АШЫҚ ӨТЕДІ" | "https://abai.kz/post/38364"
26.08.2014
Абай-Ақпарат
null
TITLE: "ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ" АШЫҚ ӨТЕДІ URL: https://abai.kz/post/38364 META: ""ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ" АШЫҚ ӨТЕДІ" | "https://abai.kz/post/38364" DATE: 26.08.2014 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 399 TEXT: «Жекешелендірудің екінші толқынында әрбір нысанның сатылуы ашық, жария жағдайда жүзеге асуы керек. Конкурстың қалай өткенін, кімнің қандай нысанды иеленгенін, кімнің нені жасаймын деп уәде еткенінен халық хабардар болуы тиіс. Біріншіден, бұл мемлекеттің бизнестің жұмыс істеуіне жағдай жасауы. Екіншіден, сатылған нысандардың бәрі нарықтық ортаға өтеді, соның нәтижесінде іскер адамдардың саны көбейіп, экономика жеңілдеп, бюджетке қаражат құйылады»,- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 6 тамызда Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Елбасының тапсырмасына орай, отандық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдеріне жекешелендіруді жүзеге асыру барысындағы өз ұсыныстары мен ескертулерін ашық айтты. Әсіресе, олар мемлекеттік органдар электрондық сауда, жекешелендірілетін нысандар жөніндегі ақпаратты толық бермейтініне көңілі толмағанын жеткізді. «Қандай да бір жылжымайтын мүлікті сатып алған адамның аты-жөнін неге ашық айтпайсыздар? Біз өркениетті елде өмір сүріп отырған жоқпыз ба? Сондықтан, ашықтық пен жариялылық ауадай қажет?» деп сауал жолдады «Паскаль» ЖШС-інің директоры Ғалымжан Масанов. Оның пікірінше, жекешелендіру үдерісінің ашық өткізілмеуі ірі-ірі нысандарды жекешелендіруге мүдделілік танытқан кейбір компанияларға аса тиімді. Осы сауалға жауап берген Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов кез-келген кәсіпкердің аты-жөнін ашық жариялауға жұрттың барлығы бірдей келіспейтінін алға тартты. «Бұл жерде коммерциялық құпиямен және ақпаратты жария етпеуге қатысты біздің мойнымызға алған міндеттемелерімізбен байланысты заңдық және этикалық жағдайлар бар. Әр адам өзінің мүлкін жариялауға міндетті емес. Сондықтан, бұл мәселені заңды және азаматтық тұлғалардың өздерімен келісіп, шешейік»,- деді ол. Жалпы алғанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да мемлекет меншігіндегі нысандарды сатып алу үшін отандық кәсіпкерлерге берілетін ақпарат жеткіліксіз деген пікірде. Мәселен, ҰКП-ның төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесованың пайымдауынша, тек қана қаржылық есеп жөнінде ақпарат беру дұрыс емес. – Қандай да бір нысанның қаржылық есебіне қарап, оны сатып алу жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Қаржыға қатысты емес: сатылым көлемі, сол компанияда жұмыс істейтін адамдардың саны және т.б. мәліметтер де болуы тиіс,- деп түсіндірді Ж. Ертілесова. Бүгінге дейін көрініп қалған кемшіліктерді жою үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы билік пен қоғамның арасында екі жақты байланыс механизмін іске қосуды ұсынып отыр. – Бұл жердегі мәселе – жекешелендіру үдерісіне қоғамды түгелдей қатыстыру болып табылады. Біз бұған дейін Қаржы министрлігіне хат жазып, бірыңғай электрондық сауда алаңында «Шағымдар мен өтініштер» деген бөлім ашуды ұсындық. Бірақ мұндай бөлім әлі де ашылған жоқ,- деді ҰКП-ның төрағасының орынбасары. Ол сондай-ақ, жекешелендіруді тек ақшалай аукцион тәсілімен өткізуді ұсынған болатын. Яғни, ашық аукционда кез-келген ақшасы көп адам ұсынылған нысанды сатып алады. Жалпы алғанда, бұл ұсыныс қолдау тапқан. Алайда, Жаннат Жұрғалиқызы www.gosreestr.kz сайтына кірген адамның аукционнан бөлек сатылымның басқа да түрлері бар екенін көретінін мәлімдеді. Әмірлан Әлімжан Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_73689.txt
АҚШ-тағы қырғыздар марқұм Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр
https://abai.kz/post/73689
"АҚШ-тағы қырғыздар марқұм Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр" | "https://abai.kz/post/73689"
24.07.2018
Abai.kz
null
TITLE: АҚШ-тағы қырғыздар марқұм Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр URL: https://abai.kz/post/73689 META: "АҚШ-тағы қырғыздар марқұм Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр" | "https://abai.kz/post/73689" DATE: 24.07.2018 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 167 TEXT: АҚШ-та тұратын қырғызстандықтар қайтыс болған журналист Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр. Акция Gofundme порталы арқылы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырушылар 470 доллар жинаған. Олар отандастарын Эгизбаевтың ата-анасы мен әйелінің қайғысын бөлісіп, материалдық көмек көрсетуге шақырып жатыр. Азаттықтың қырғыз қызметінің тілшісі Уланбек Эгизбаевтың өлімі суға батып кеткеннен болған. Бұл жөнінде Бішкекте өткізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысында айтылған. ІІМ мәліметі бойынша, жүгері сатушылар пирстан 20 метр қашықтықта су бетіне бір шығып, бір батып бара жатқан адамды байқаған. Бастапқыда олар осылайша суда ойнап жүр екен деп мән бермеген. Бірақ өзен ағысымен ағып бара жатқанын байқаған соң барып, құтқарушыларға хабарлаған. Алдын ала мәлім болғандай, Уланбек Эгизбаев әйелімен пансионат бөлмесінің кілтін әкімшілікке тапсырып, кетерінің алдында тағы бір суға түсіп келейін деп, өзенге шомылуға кеткен екен. Азаттықтың қырғыз қызметінің тілшісі Уланбек Эгизбаев Ыстық көлде отбасымен демалуға барған кезде қаза тапты. Ол небәрі 28 жаста еді. Жастығына қарамастан Уланбек журналистік зерттеу жанрына үлкен үлес қосып кетті. Уланбек Эгизбаевты жерлеу рәсімі 24 шілдеде өзі туып-өскен ауылы Нарын облысы Кочкор ауданының Кок-Жар ауылында өтеді. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_4182.txt
Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді
https://abai.kz/post/4182
"Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді" | "https://abai.kz/post/4182"
03.06.2010
Абай-Ақпарат
null
TITLE: Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді URL: https://abai.kz/post/4182 META: "Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді" | "https://abai.kz/post/4182" DATE: 03.06.2010 AUTHOR(s): Абай-Ақпарат TOTAL WORDS: 351 TEXT: Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ - Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау өңірдегі 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. «Алматы облысында WLL CDMА 450 және WLL CDMA 800 технологияларын пайдалану арқылы телекоммуникациялық желіні жетілдірудің арқасында 50 000 абонент телефон байланысын алды», - делінген ақпараттық парақшада. Хабарда айтылғандай, Қарасай ауданында үш жылда 7 базалық WLL CDMA 450 станциясын Қаскелең қаласы, Ақжар, Қырғауылды, Абай, Шамалған мен Қарағайлы ауылдары мен Шамалған станциясында орнатылды. Осы кезде Қаскелеңде бір базалық WLL CDMA 800 станциясы пайда болып, оларға барлығы 6875 абонент қосылып, олардың ішінде 988 Қырғауылды абоненттері қосылды. Ауылды жерлерді телефондау мемлекеттік бағдарлама аясында және «Қазақтелекомның» қабылдаға бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Өңірді телефондаудың қарқынды жылы 2008 жыл болды. Ол жылы Алматы облысында 16 ауданды қамтитын 39 базалық станция орнатылды. Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ - Алматы облысында телекоммуникацияны CDMА негізінде модернизациялау өңірдегі 50 мың абонентті байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. «Алматы облысында WLL CDMА 450 және WLL CDMA 800 технологияларын пайдалану арқылы телекоммуникациялық желіні жетілдірудің арқасында 50 000 абонент телефон байланысын алды», - делінген ақпараттық парақшада. Хабарда айтылғандай, Қарасай ауданында үш жылда 7 базалық WLL CDMA 450 станциясын Қаскелең қаласы, Ақжар, Қырғауылды, Абай, Шамалған мен Қарағайлы ауылдары мен Шамалған станциясында орнатылды. Осы кезде Қаскелеңде бір базалық WLL CDMA 800 станциясы пайда болып, оларға барлығы 6875 абонент қосылып, олардың ішінде 988 Қырғауылды абоненттері қосылды. Ауылды жерлерді телефондау мемлекеттік бағдарлама аясында және «Қазақтелекомның» қабылдаға бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Өңірді телефондаудың қарқынды жылы 2008 жыл болды. Ол жылы Алматы облысында 16 ауданды қамтитын 39 базалық станция орнатылды. «2009 жылы желінің кеңеюуі мен 11 базалық CDMA 450 станциясын Алакөл, Жамбыл, Іле, Қарасай, Панфилов, Талғар аудандарында және 3 базалық CDMA 800 станциясын Талғар, Қарасай мен Қапшағай аудандарында орнатылды», - деп айтқан Алматы ОДТ бас директоры Жексембай Мейрембаевтың сөзін баспасөз қызметі келтіріпті. Алдағы уақытта халықтың телефон байланысына деген сұранысын қамтамасыз ету үшін және байланыс сапасын арттыру үшін сымсыз радио байланыстың 21 жаңа базалық станциясын орнату жоспарланған. Сымсыз байланыстың CDMA жүйесі байланысты стандарттау халықаралық ұйымымен үшінші буын байланыс желілерін құрудың ең перспективалы түрі ретінде ұсынылған, деп хабарлады «Қазақтелеком» баспасөз қызметі.
qosymsha/abai.kz
post_169857.txt
Аружан Саин лауазымынан айырылды
https://abai.kz/post/169857
"Аружан Саин лауазымынан айырылды" | "https://abai.kz/post/169857"
12.06.2023
Abai.kz
null
TITLE: Аружан Саин лауазымынан айырылды URL: https://abai.kz/post/169857 META: "Аружан Саин лауазымынан айырылды" | "https://abai.kz/post/169857" DATE: 12.06.2023 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 37 TEXT: Президент Тоқаев Аружан Саинды лауазымынан босатты. “Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында. Айта кетейік, Аружан Сайын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_191142.txt
Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысы күшейеді
https://abai.kz/post/191142
"Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысы күшейеді" | "https://abai.kz/post/191142"
22.11.2024
Abai.kz
null
TITLE: Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысы күшейеді URL: https://abai.kz/post/191142 META: "Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланысы күшейеді" | "https://abai.kz/post/191142" DATE: 22.11.2024 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 316 TEXT: Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келе жатыр. Осыған байланысты Қазақстан мен Ресейдің Тәуелсіздік жылдары жасалған мәдени байланыстарына көз жүгірткенді жөн санадық... Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде стратегиялық әріптестіктің негізі ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт болып табылады. Тараптар тұрақты кездесулер өткізеді. Қазақстан мен Ресей БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес "Тараптардың бірінің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қатер төндіретін жағдай туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықаралық ынтымақтастыққа сәйкес бір-біріне қажетті көмек, оның ішінде әскери көмек көрсету жөнінде кідіріссіз консультациялар жүргізеді және нақты іс-қимылдар жасайды" деп мойындады 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы екіжақты шартпен және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт бекітілді. Одан бері екі ел арасында мәдени әрі экономикңалық айланыс арта түсті. Биыл Біріккен мәдениеттердің X форумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрі Ольга Любимова кездесті. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа қатысты келісімдерді талқылау болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда атап өткен болатын. Президент дайындықты бастауға тапсырма беріп, ел қорғаған ерлердің есімін жаңғырту және тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Министрлер осы бағыттағы жұмыстардың бағдарын айқындады. Сонымен қатар тараптар екі елдің театр мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейнелеу өнері және анимация саласындағы байланыстарды арттыру мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Ресей көрермендерінің ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. "Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Бірлескен табысты жобалар, гастрольдер мен халықаралық фестивальдерге қатысу біздің ортақ жетістігімізді дәлелдейді. Біз театр, музей және музыка саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жүйелі жоспар құра отырып, өзара байланысты нығайта береміз", - деді Аида Балаева. Кездесуге сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой да қатысты. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_118237.txt
Мемлекет басшысы Ливан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
https://abai.kz/post/118237
"Мемлекет басшысы Ливан Президентімен телефон арқылы сөйлесті" | "https://abai.kz/post/118237"
06.08.2020
Abai.kz
null
TITLE: Мемлекет басшысы Ливан Президентімен телефон арқылы сөйлесті URL: https://abai.kz/post/118237 META: "Мемлекет басшысы Ливан Президентімен телефон арқылы сөйлесті" | "https://abai.kz/post/118237" DATE: 06.08.2020 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 215 TEXT: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Республикасының Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Бейрут портындағы жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Жарылыс кезінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің ғимараты бүлініп, бір қызметкердің жеңіл жарақат алуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Мишель Аунға Бейрутте жүрген Қазақстан азаматтарының (200-ден астам) қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады. Мемлекет басшысы Ливанның оңтүстігінде БҰҰ Уақытша күштерінің құрамында қазақстандық 120 бітімгер сарбаздың өз міндеттерін лайықты әрі жоғары деңгейде атқарып жатқанын атап өтті. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан үкіметі қазақстандық әскери қызметшілердің ауысуы кезінде олардың қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті көмек көрсететініне сенім білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Ливан Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі және екі елдің ынтымақтастығына баса мән беріледі. Өз кезегінде Мишель Аун Қасым-Жомарт Тоқаевқа осындай қиын-қыстау кезеңде телефон шалып, қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, оның жылы лебізін Ливан халқына жеткізетінін айтты. Сондай-ақ Ливан билігі Қазақстан азаматтары мен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді. Ливан Президенті Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы іс-қимылдарды одан әрі нығайту мақсатында бірлесе тығыз жұмыс істеуге мүдделі екенін нақтылады. Сонымен қатар Мишель Аун Қазақстанның БҰҰ мандаты аясындағы бітімгершілік қызметін жоғары бағалап, еліміздің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_129047.txt
Австралия тұрғыны қазақ тілін екі айда үйренді
https://abai.kz/post/129047
"Австралия тұрғыны қазақ тілін екі айда үйренді" | "https://abai.kz/post/129047"
23.02.2021
Керімсал Жұбатқанов
null
TITLE: Австралия тұрғыны қазақ тілін екі айда үйренді URL: https://abai.kz/post/129047 META: "Австралия тұрғыны қазақ тілін екі айда үйренді" | "https://abai.kz/post/129047" DATE: 23.02.2021 AUTHOR(s): Керімсал Жұбатқанов TOTAL WORDS: 231 TEXT: «Вечерний Алматы» сайтында «Житель Австралии выучил казахский язык за два месяца» немесе қазақ тіліне аударылғанда – «Австралия тұрғыны екі ай ішінде қазақ тілін үйренді» деген қызықты мақала жарияланды . Мен қазақ тіліне аударуға тырыстым және бұл материал барлық қазақстандықтар үшін қызықты әрі тағылымды болады деп ойлаймын. Австралиялық азамат Қазақстанға келуді армандайды. Видеода австралиялық қазақ тілін оқып үйренудегі жетістіктері туралы айтты, деп хабарлады Vecher.kz. Бұл видеоны саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook парақшасында жариялады. «Мынау Иуан Смит деген Австралияның жігіті. Ұлым Али оған қазақ тілін Интернет арқылы үйретіп екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады» - деп жазды саясаттанушы. Австралиялық азамат қазақ тілін неге бастағанын түсіндірді: «Сәлеметсіз бе! Менің атым Иуан. Мен Австралиядан, қазір Сеулде тұрамын. Мен қазақ тілін үйренуді екі себепке байланысты бастадым. Біріншіден, мен шет тілдерін үйренуді жақсы көремін. Екіншіден, бір күні Қазақстанға келгім келеді. Қазақ тілін үйрену қиын, өйткені оның құрылымы менің ана тілімнен мүлдем өзгеше және менде оны үйренуге көп ресурстар жоқ. Мен қазақ тілін оқығанды ​​өте жақсы көремін, өйткені бұл өте қызықты». Иуан жаңадан бастаушыларға қазақ тілін үйренуге кеңес берді: «Менің ойымша, шет тілін үйрену көп уақыт пен күш жұмсайды. Егер адам шет тілінде сөйлей алмаса, бұл проблема емес. Бірақ менің ойымша, адам басқа елде тұрса, сол елдің тілін үйренуге тырысуы керек. Жақында қазақ тілін үйренуді бастағандарға айтар кеңесім: сізді қызықтыратын тақырыпты тауып, содан бастаңыз». Керімсал Жұбатқанов Abai.kz
qosymsha/abai.kz
post_161384.txt
Қазақстанда жыл сайын 14 мың адам обырдан қайтыс болады
https://abai.kz/post/161384
"Қазақстанда жыл сайын 14 мың адам обырдан қайтыс болады" | "https://abai.kz/post/161384"
02.12.2022
Abai.kz
null
TITLE: Қазақстанда жыл сайын 14 мың адам обырдан қайтыс болады URL: https://abai.kz/post/161384 META: "Қазақстанда жыл сайын 14 мың адам обырдан қайтыс болады" | "https://abai.kz/post/161384" DATE: 02.12.2022 AUTHOR(s): Abai.kz TOTAL WORDS: 154 TEXT: Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. «Республикада жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін 41 тері арқылы коронарлық араласу орталығы, 74 инсульт орталығы жұмыс істейді. Коронарлық араласу орталықтары мен инсульт орталықтары желісін одан әрі дамытамыз. 2-деңгейлі 4 тері арқылы коронарлық араласу орталығы Түркістан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында ашылды. Сондай-ақ 30 инсульт орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. 2023-2025 жылдары Қызылорда, Маңғыстау, Шымкент, Алматы қалаларында ашылады. Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында да бұл жұмыс қолға алынған», - деді министр. Ажар Ғиният онкологиялық аурулармен күрес Мемлекет басшылығының ерекше бақылауында тұрғанын баса айтты. «Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығып, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, Диспансерлік есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр. Онкологиядан болатын өлім-жітім үшінші орынға шықты», - деді ол. Ажар Ғиният министрлік онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірлегендігін атап өтті. Abai.kz