codex
stringclasses 23
values | title
stringlengths 1
516
⌀ | paras
listlengths 1
670
| __index_level_0__
int64 3
10k
|
---|---|---|---|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
461-бап. Осы Кодекстің 370-бабына өтпелі ережелер
|
[
"Осы Кодекстің\n370-бабының\n2-тармағында көзделген ақпарат алмасудың техникалық шарттарын тұрақты негізде қабылдағанға дейін 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің 4-бабына сәйкес бекітілген ақпарат алмасудың техникалық шарттары қолданылады."
] | 10,020 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
462-бап. Осы Кодекстің 371 және 373-баптарына өтпелі ережелер
|
[
"1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін:",
"1) орталық кеден органдары ретінде:",
"Армения Республикасы үшін Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кіріс комитеті;",
"Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;",
"Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;",
"Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі.",
"Ресей Федерациясы үшін - Федералдық кеден қызметі түсініледі.",
"2) аумақтық кеден органдары ретінде:",
"Армения Республикасы үшін - кедендер, кеден пункттері;",
"Беларусь Республикасы үшін - кедендер;",
"Қазақстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар бойынша (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық бөлімшелері, кедендер;",
"Қырғыз Республикасы үшін - кедендер;",
"Ресей Федерациясы үшін - өңірлік кеден басқармалары, кедендер түсініледі.",
"2. Комиссия, осы Кодекстің\n371-бабына\nсәйкес құжаттардың көшірмелерін және (немесе) мәліметтерді табыс ету туралы сұрау салуларды жолдайтын және орындайтын кеден органдарын айқындағанға дейін, мұндай сұрау салуларды жолдау және орындау орталық кеден органдарының арасындағы сияқты, тікелей аумақтық кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде орындалады. Егер сұрау салуды жолдайтын кеден органын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салулардың жолдауын орталық кеден органдары орталық кеден органдарына жолдаумен жүзеге асырады.",
"3. Комиссия, осы Кодекстің\n373-бабына\nсәйкес кедендік бақылауды жүргізу туралы тапсырмалардың жолдануын жүзеге асыратын және орындалуын қамтамасыз ететін кеден органдарын айқындағанға дейін, мұндай тапсырмалардың жолдануын және орындалуын қамтамасыз етуді орталық кеден органдары жүзеге асырады. Орталық кеден органдары айқындаған жағдайларда, тапсырмалардың жолдауын және орындауын аумақтық кеден органдары жүзеге асыруы мүмкін.",
"4. Комиссия, осы Кодекстің\n146-бабы\n4-тармағының 12-тармақшасына сәйкес, осы тармақша ережелерінің орындалуын қамтамасыз ететін кеден органдарын айқындағанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай тауарлардың шығарылуы туралы ұсынатын мүдделі мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік органының растауын аумағында межелі кеден органы орналасқан мүше мемлекеттік орталық кеден орган, аумағында жөнелтуші кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің орталық кеден органына береді."
] | 10,021 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
463-бап. Осы Кодекстің 385-бабын қолдануға қатысты өтпелі ережелер
|
[
"Осы Кодекстің\n385-бабы\n3-тармағының ережелеріне қарамастан, мұндай тауарлардың шығарылған жерінің атаулары сияқты зияткерлік меншік объектілері, осы Кодекстің\n384-бабының\n6-тармағында көзделген кеден органдарының тауарлардың шығарылған жерінің атаулары сияқты мұндай зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша шараларды қабылдауы тәртібін айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізіледі."
] | 10,022 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
464-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер
|
[
"1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар Кеден одағының\nКеден кодексіне\nсәйкес осы Кодекс күшіне енгеннен кейін осы баптың ережелерін ескере отырып осы Кодекске сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырады.",
"2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында ұсынылған кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Кодекстің күшіне ену күнінен бастап танылады және осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, айыппұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.",
"3. Заңды тұлғаның міндеттерін орындауды ұсыну кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылатын осы Кодекстің\n402-бабы\n1-тармағының 2-тармақшасында көзделген Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету 1 млн. евроға баламалы мөлшерде ұсынылады.",
"4. Егер Комиссия осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзгеше, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен өзгеше мөлшерді айқындайтын болса.\n\nКомиссияның тиісті шешімі күшіне енгенге дейін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар осы шешім күшіне енген күннен бастап 6 айдан кешіктірмей Комиссия айқындаған мөлшерде көрсетілген қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.",
"5. Осы баптың 3-тармағының ережелері, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілі ретінде қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектелетін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін ұсынылса, қолданылмайды.",
"6. Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына өзгерістер енгізілгенге дейін осы мүше мемлекеттерде осы Кодекс күшіне енгеннен кейін, осы Кодекстің\n402-бабында\nжәне мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шарттармен қатар, кеден өкілінің штатында мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаты бар кемінде 2 қызметкердің болуы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылады.",
"Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар, ол күшіне енгеннен кейін кеден өкілінің өзге міндеттерімен қатар осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шартын сақтауға міндетті."
] | 10,023 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
465-бап. Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты өтпелі ережелер
|
[
"1. Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі тағайындалған және оған сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасымен қабылданған заңды тұлғалар уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесін осы Кодекстің күшіне енген күнінен бастап 2 жыл ішінде сақтайды.",
"Көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікке өзгерістер енгізу, мұндай куәліктердің қолданысын тоқтата тұру және кері шақырту, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізу осы Кодекстің күшіне енген сәтіне қолданылатын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.",
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар осы Кодекстің заңды күшіне енген күнінен бастап 2 жыл ішінде кеден органы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін берген мүше мемлекеттің аумағында осы Кодекстің\n437-бабы\n2-тармағының 2 және 4-тармақшаларында және 3-тармағының 1, 3 және 4-тармақшаларында белгіленген арнайы оңайлатуларды осы баптың екінші абзацын ескере отырып осы Кодексте белгіленген тәртіпте және шарттарда пайдалануға құқылы.",
"Осы Кодекс Қазақстан Республикасында заңды күшіне енгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар, осы Кодекс заңды күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде көрсетілген арнайы оңайлатулармен катар осы Кодекстің\n437-бабы\n2-тармағының 1-тармақшасында белгіленген арнайы оңайлатуларды осы Кодексте белгіленген тәртіпте және шарттарда пайдалануға құқылы.",
"Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген арнайы оңайлатуларды қолдану мақсаттары үшін осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген уәкілетті экономикалық операторлардың құрылыс жайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) осы Кодекстің күшіне енген сәтінде қолданылатын мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген талаптар қойылады.",
"3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті экономикалық операторлар осы Кодекстің\n433-бабы\n5-тармағының 2-тармақшасында көзделген шарттарды сақтаған кезде, соңдай-ақ ол уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде кеден органы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішін тіркеген күннен бастап кемінде 2 жыл болуы шартымен үшінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш бере алады.",
"Егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру көзделсе, көрсетілген мерзімді есептеген кезде оған куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең қосылмайды.",
"4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы тармақты ескере отырып ұсынылады.",
"Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап 2 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 700 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.",
"Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап 4 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 500 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.",
"Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастан 5 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 300 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.",
"Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген күннен бастап 6 жыл ішінде тоқтатылмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтік куәлікті берумен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы 150 мыңнан кем емес еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.",
"Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті экономикалық оператор ұсынған кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, Кеден одағының\nКеден кодексіне\nсәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну күні қолданылған валюта бағамы бойынша осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың, тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады.",
"Еуразиялық экономикалықОдақтың Кеден кодексіне1-ҚОСЫМША"
] | 10,024 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізу (тасымалдау) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы. демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу кезіндегі өзара іс-қимылы және кедендік баждардың. салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алынған сомаларын кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке аудару
|
[
"1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодекстің (бұдан әрі - Кодекс)\n61\n,\n74\nжәне\n266-баптарына\nсәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте (бұдан әрі тиісінше мүше мемлекет, Одақ) төленуге жататын, ал кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алынуын Кодекстің\n69-бабының\n3-тармағына,\n77-бабының\n5-тармағына және\n270-бабының\n12-тармағына сәйкес оның кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) тауарларды өткізу (тасымалдау) кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған басқа мүше мемлекеттің кеден органы немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне, не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген немесе кеден органына шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалану үшін көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды. салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кеден органы жүзеге асыратын жағдайларда қолданылады.",
"2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:",
"\"уәкілетті органның бірыңғай шоты\" - мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте не осы мүше мемлекеттің бюджеттері арасындағы түсімдерді есепке жатқызу және болу үшін ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар мүше мемлекеттің уәкілетті органында ашылған шот;",
"\"кеден органының ақшаларын уақытша орналаластыру шоты\" - Қазақстан Республикасының кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомаларын есепке жатқызу үшін уәкілетті органда ашылған шот;",
"\"шетел валютасындағы шот\" - бір мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте басқа мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен түсімдерді есепке жатқызуы үшін басқа мүше мемлекеттің валютасында ашылған шот;",
"\"уәкілетті орган\" - осы мүше мемлекеттің бюджетінің орындалуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы;",
"\"орталық кеден органдары\" - кеден ісі саласындағы уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары.",
"3. Кодекстің\n61\n,\n74\nжәне\n266-баптарына\nсәйкес кедендік баждар, салықтар. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің кеден органы, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған, оның кеден органына кедендік баждарды. салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар декларанты болатын тұлғаны кеден органы кедендік тасымалдаушылар тізіліміне не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген кеден органына ілеспе хатпен мынадай құжаттарды:",
"1) Кодекстің\n55-бабының\n3-тармағына,\n73-бабының\n3-тармағына және\n270-бабының\n4-тармағына сәйкес кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушіні, сондай-ақ Кодекске және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеушілермен бірге кедендік баждарды, салықтарды. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша ортақ немесе субсидиялық міндетін көтеретін тұлғаларды белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомалары туралы хабарлайтын құжаттың куәландырылған көшірмесін;",
"2) жүргізілуі (өткізілуі) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден немесе өзге мемлекеттік органдары жүзеге асыратын және кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың шығаруын не Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін немесе осы мүше мемлекеттің аумағына оларды әкелу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шығаруын жүргізбеген кеден органының мүше мемлекеттің аумағында шетелдік тауарларының болуын растайтын кедендік бақылау жүргізу барысында алынған және (немесе) осындай бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша, әкімшілік іс жүргізу (процесс), қылмыстық істер бойынша тергеу не тексеру барысында жасалған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін жолдайды. Мұндай құжаттардың көшірмелері, егер кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Кодекстің\n61\n,\n74\nжәне\n266-баптарына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың шығаруын не Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шығаруын жүргізген кеден органының мүше мемлекетінде төленуі тиіс болған жағдайда жолданбайды.",
"4. Ілеспе хатта мынадай:",
"1) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі не жолаушылар кедендік декларациясының тіркеу нөмірі туралы;",
"2) қамтамасыз ету сертификатының (қамтамасыз ету сертификаты бар болған кезде) тіркеу нөмірі, кедендік тасымалдаушы не уәкілетті экономикалық оператор туралы:",
"3) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндiріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың, не Кодекстің\n61\n,\n74\nжәне\n266-баптарына\nсәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында жиынтықты кедендік төлем түріндегі кедендік баждардың, салықтардың өндіріп алуға және аударуға жататын түрлері және сомалары бойынша кедендік баждардың, салықтардың арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алуға және аударуға жататын сомалары туралы;",
"4) өндіріліп алынған ақша құралдарының (ақшалар) есепке жатқызылуына жататын бюджеттік сыныптама коды туралы мәліметтер болуы тиіс.",
"5. Кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кеден (Органы немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне, не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органы осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруін жүзеге асырады.",
"Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, кеден органы кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің валютасында өндіріліп алынады.",
"Кодекстің\n61\n,\n74\nжәне\n266-баптарына\nсәйкес кедендік баждар. салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасына кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруін кеден органы жүзеге асыратын мүше мемлекеттің валютасын қайта есептеу, кедендік баждардың. салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіруі жүзеге асырылатын кеден органында осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген ілеспе хаттың тіркелген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.",
"6. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы. демпингке қарсы, өтем баждары кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мынадай мерзімде:",
"1) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету және (немесе) ақша құралдарын (ақшаны) енгізу жолымен ұсынылған арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу кезінде, - осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алу күнінен 12 жұмыс күнінен кешіктірмей;",
"2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) ақша құралдарын (ақшаны) енгізу жолына қарағанда, өзге тәсілмен арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің, орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу кезінде, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары кедендік тасымалдаушылардан не уәкілетті экономикалық операторлардан өндіріп алу кезінде, - кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған немесе кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне не уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына (кеден органының ақша құралдарын (ақшаны) уақытша орналастыру есебі) ақша құралдары (ақша) түскен күннен бастап 12 жұмыс күнінен кешіктірмей төленуге жататын шотқа шетел валютада аударылуға жатады.",
"7. Осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес аударылуға жататын кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары басқа мүше мемлекеттердің өндіріліп алынған ақша қаражатын (ақшаны) аудару үшін арналған бюджеттік жіктегіштерінің жекелеген кодтары бойынша уәкілетті органның бірыңғай шотында, ал Қазақстан Республикасында кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотында есепке алынады.",
"8. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының өндіріп алуының жүзеге асыратын мүше мемлекеттің кеден органы, осы Тәртіптің 6-тармағында белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, өз мемлекетінің уәкілетті органына өндіріп алынған ақша құралдарын (ақшаны) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төленуіне жататын мүше мемлекеттің шетелдік валютасында шотқа аударуға арналған тапсырманы жолдайды.",
"Өндіріліп алынған ақша құралдарын (ақшаны) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленуге жататын мүше мемлекеттің шетелдік валютасында шотқа толық көлемде аударуды кеден органы тиісті тапсырманы жолдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган жүзеге асырады.",
"Есеп айырысу (төлем) құжатында (нұсқаулығында) өндіpiлген ақша құралдарының (ақшаның) есепке жатқызылуы тиіс бюджеттік жіктегіштерінің коды, және осы Тәртіптің 4-тармағында кеден органының ілеспе хатында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ мұндай ілеспе хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.",
"9. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің шетелдік валютасындағы шотына басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан түскен ақша құралдары (ақша) осы мүше мемлекеттің бюджет кірісіне кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы. өтем баждарын бөлуден түскен соманы аудару бөлігінде есепке жатқызу және бөлу үшін белгіленген тәртіпте осы мүше мемлекеттің бюджет кірісіне аударылады.",
"Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес өндірілген, мүше мемлекеттің бюджет кірісіне басқа мүше мемлекеттерден аударылған ақша құралдарын (ақша) осы мүше мемлекеттің кеден органы осы мүше мемлекеттің шетелдік валютасындағы шотына ақша құралдарын (ақшаны) аударылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік жіктеуіштің тиісті кодтары бойынша кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының есебіне жатқызады.",
"10. Кеден органдары Кодекстің\n368-бабына\nсәйкес, Кодекстің\n69-бабы\n3-тармағына және\n77-бабы\n2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомасын аудару туралы ақпарат алмасады.",
"11. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында орталық кеден органдары Кодекстің\n69-бабы\n3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органдары туралы ақпаратпен алмасады.",
"12. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында уәкілетті органдар өз мемлекетінің шетел валютасындағы шоттары туралы мәліметтер мен алмасады.",
"Бір мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотының деректемелері өзгерген жағдайда осы мемлекеттің уәкілетті органы осындай өзгеріссіз күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының назарына шоттың нақтыланған деректемелерін жеткізеді.",
"Мүше мемлекетте осы Тәртіпті іске асыруы үшін қажетті өзге де мәліметтер өзгерген жағдайда, осы мемлекеттің уәкілетті органы осындай өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының назарына осындай өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.",
"13. Орталық кеден органдармен келісу бойынша осы Тәртіпті іске асыруға қажетті, орталық кеден органдары арқылы электронды форматта осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілгеннен өзге де ақпаратпен алмасу жүргізіледі.",
"Мұндай ақпараттардың құрамы мен құрылымын, нысанын және осындай ақпаратпен алмасу регламентін, сондай-ақ оны қорғау тәсілдерін орталық кеден органдары айқындайды.",
"Еуразиялық экономикалық одақтыңКеден кодексіне2-ҚОСЫМША"
] | 10,025 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
ТІЗБЕСІ
|
[
"1. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің\n52-бабының\n4-тармағында және\n277-бабы\n4-тармағының екінші абзацында көрсетілген тауарларға арналған декларациялардан және құжаттардан мәліметтер тізбесі:",
"1) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі;",
"2) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі Одақ) кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу бағыты;",
"3) тауарлардың жалпы саны;",
"4) декларацияланатын тауарларға сәйкес келетін және көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілетін жүк орындарының жалпы саны;",
"5) мәлімделген кедендік рәсім;",
"6) алдағы кедендік рәсім;",
"7) жөнелту елі;",
"8) тауарлардың шығарылған жері;",
"9) межелі ел;",
"10) сатушы ел;",
"11) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалдау (өткізу) жүзеге асырылатын көлік түрі, және Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды (өткізуін) жүзеге асыратын көлік түрі;",
"12) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдауды (өткізу) жүзеге асыратын көлік құралының нөмірі, және Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды (өткізу) жүзеге асыратын көлік құралынын нөмірі, не мұндай көлік құралдары туралы өзге де идентификаттаушы мәліметтер;",
"13) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдауды (өткізу) жүзеге асыратын көлік құралының тіркелген елі;",
"14) тауарларды тиеу (түсіру) орны;",
"15) тауарлардың орналасқан жері;",
"16) контейнерлік тасымалдаудың белгісі;",
"17) тауарлар бағасының валютасы;",
"18) тауарлар бағасының валюта бағамы;",
"19) тауарлар бағасының валютасындағы тауарлардың жалпы құны;",
"20) тауарларға арналған декларациядағы тауар нөмірі;",
"21) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды;",
"22) жүк орындары және тауардың сипаттамасы;",
"23) тауардың нетто салмағы;",
"24) тауардың брутто салмағы;",
"25) квота;",
"26) тауарларды алдыңғы кедендік рәсіммен орналастырған кезде берген кедендік декларацияның тіркеу нөмірі;",
"27) тауарлар бағасының валютасындағы тауар құны;",
"28) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті кедендік рәсімнің қолданыс мерзімі туралы мәліметтер және өзге де мәліметтер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар;",
"29) Еуразиялық экономикалық Одақтың Сыртқы экономикалық қызметшің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес қосымша өлшем бірлігі;",
"30) қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;",
"31) жеткізілім шарты (жеткізілім базисі және жеткізілім базисіне сәйкес географиялық пункттің атауы);",
"32) тауардың статистикалық құны;",
"33) кедендік бақылау нәтижелері бойынша жасалған кедендік құжаттың нөмірі;",
"34) тауарларды шығарудың ерекшелігі;",
"35) тауардың кедендік құны;",
"36) тауардың кедендік құнын айқындау әдісі;",
"37) іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер (қосымша есептеулер түрлері бойынша нақтылаумен);",
"38) іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағадан шегерулер (шегерулер түрлері бойынша нақтылаумен);",
"39) АҚШ долларының бағамы;",
"40) кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары. сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Одақ туралы шарт)\n50-бабына\nсәйкес енгізілген өзге де баждар мөлшерлемелері ( төлем түрлері бойынша);",
"41) кедендік әкелу баждың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, сондай-ақ Одақ туралы шарттың\n50-бабына\nсәйкес енгізілген өзге де баждардың сомасын есептеу туралы мәліметтер;",
"42) кедендік әкелу баждың, арнайы, демпингке қарсы өтем баждың, сондай-ақ Одақ туралы шарттың\n50-бабына\nсәйкес енгізілген өзге де баждың сомаларын, сондай-ақ мұндай төлемдерге қатысты (төлем түрі, сома, төлеу тәсілі) есептелген өсімпұл сомаларын және пайыздарды төлеу туралы мәліметтер;",
"43) ұсынылған кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеуді);",
"44) кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер және (немесе) тарифтік преференциялар;",
"45) тауар шығарылған күні;",
"46) тауарға арналған декларацияны түзетудің тіркелген күні және тіркеу нөмірі;",
"47) тауарға арналған декларацияны түзетудің типі;",
"48) тауарға арналған декларацияның түзетуі болмаған кезде тауарға арналған декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күн;",
"49) Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексінің\n52-бабының\n4-тармағында және\n277-бабының\n3-тармағының екінші абзацында көрсетілген кедендік құжаттардың тіркеу нөмірі және тіркелген күні.",
"2. Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімнен мәліметтердің тізбесі:",
"1) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі;",
"2) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылданған күн;",
"3) тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште көрсетілген тауарлардың атауы;",
"4) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімде көрсетілген. Еуразиялық экономикалық Одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды;",
"5) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште көрсетілген, жіктеу үшін қажетті тауар туралы мәліметтер;",
"6) тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдаудың негіздері;",
"7) қызметтік белгілер (болған кезде).",
"Еуразиялық экономикалық ОдақтыңКеден кодексі туралы шартқа2-ҚОСЫМША"
] | 10,027 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
I. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданысын тоқтататын халықаралық шарттар
|
[
"1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы\nкелісім\n.",
"2. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы\nшарт\n.",
"3. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтыр енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі\nхаттама\n.",
"4. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы\nкелісім\n.",
"5. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы\nкелісім\n.",
"6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы бойынша теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттің ерекшеліктері туралы\nкелісім\n.",
"7.2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы\nкелісім\n.",
"8.2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы\nкелісім\n.",
"9. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы\nкелісім\n.",
"10. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы\nкелісім\n.",
"11. 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы\nкелісім\n.",
"12. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге\n\nасыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы\nкелісім\n.",
"13. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы\nшарт\n.",
"14. 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы\nкелісім\n.",
"15. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі\nхаттама\n."
] | 10,029 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
II. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап қолданысы тоқтатылатын халықаралық шарттар
|
[
"1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы\nкелісім\n.",
"2. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы\nкелісім\n.",
"3. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы\nкелісім\n.",
"4. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының Кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы хаттама.",
"5. итп2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы\nхаттама\n.",
"Еуразиялық экономикалық ОдақтыңКеден кодексі туралы шартқа№ 3-қосымша"
] | 10,030 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
І. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап күші жойылды деп танылатын халықаралық шарттардың ережелері
|
[
"1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы келісімнің\n1\n-\n5-баптары\n, 6-бабының\n1-тармағының\nбірінші бөлігінің\n1\n-\n6-тармақшалары\n,\n2\nжәне\n3-тармақтары\n,\n7\n-\n10-баптары\n.",
"2. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 9-бабының 1,\n5\nжәне\n7-тармақтары\n, 10-бабының\n2-тармағының\nбірінші - төртінші абзацтары,\n5\nжәне\n6-тармақтары\n,\n11\n-\n21\n,\n23\nжәне\n24-баптары\n.",
"3. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nшартқа\nжәне Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nШартқа\nАрмения Республикасының қосылу туралы 2014 жылғы 10 қазандағы Шартқа № 2 қосымша)\n7\n-\n10\n,\n12\n-\n14-тармақтары\n,\n15-тармағының\nтөртінші - жетінші абзацтары,\n16\n,\n18\nжәне\n27-тармақтары\n.",
"4. 2014 жылғы 10 қазандағы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nшартқа\nАрмения Республикасының қосылуы туралы шартқа 3-қосымшаның\n27-тармағы\n.",
"5. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nШартқа\nжәне Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға қосымша және Еуразиялық экономикалық Одақтың құқығына кіретін, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nшартқа\nҚырғыз Республикасының қосылуына байланысты жекелеген халықаралық шарттар) енгізілетін өзгерістер\n7\n-\n10\n,\n12\n-\n14-тармақтар\n,\n15-тармақтың\nтөртінші - он төртінші абзацтары,\n17\n,\n18\nжәне\n20-тармақтар\n."
] | 10,032 |
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
II. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 444-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап күші жойылған деп танылған халықаралық шарттардың ережелері
|
[
"1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Хаттаманың\n11\nжәне\n17-тармақтарына\nөзгерістер енгізу туралы және халықаралық шарттар қалыптастыру шеңберінде жасалған шарттық-құқықтық базаны Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуына байланысты (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nШартқа\nАрмения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы Шартқа\n2-қосымша\n).",
"2. 2014 жылғы 29 мамырдағы халықаралық шарттар және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың\n11\nжәне\n16-тармақтарына\nенгізілетін өзгерістер (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nШартқа\nҚырғыз Республикасының қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы\nШартқа\nжәне жекелеген халықаралық шарттарына өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы Хаттамаға\nқосымша\n).",
"Осымен, аталған мәтіннің 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеу қаласында, мыналар:",
"Армения Республикасынан - Армения Республикасының Президенті С.А. Саргсян;",
"Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының ІІрезиденті А.Г. Лукашенко;",
"Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев;",
"Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш. Атамбаев;",
"Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин қол қойған Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден кодексі туралы шарттың толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.",
"Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.",
"\nЕуразиялық экономикалық комиссияныңҚұқық департаментініңдиректоры\n\n\nВ.И. Тараскин",
"Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шартының қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.",
"\nҚазақстан РеспубликасыҰлттық экономикавице-министрі\n\n\nЕ. Бәкенов"
] | 10,033 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
1 Бап
|
[
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар оларға заңмен жүктелген қоғамға қызмет, мамандықтары талап ететіндей жоғары деңгейлі жауапкершілікке сәйкес құқыққа қарама-қайшы іс-әрекеттерден барлық тұлғаларды қорғау секілді міндеттерін тұрақты түрде орындайды.",
"Түсініктеме:",
"а)\n\"тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар\"\nтермині құқықты қолданумен байланысты полицейлік өкілеттіктерді, әсіресе құқық бұзушыларды тұтқындау өкілеттіктерін орындайтын барлық тағайынданбалы немесе сайланбалы лауазымды тұлғаларды қамтиды;",
"b) полицейлік өкілеттіктер формадағы немесе азаматтық киімдегі әскери биліктің өкілдерімен немесе мемлекеттік қауіпсіздік күштерімен жүзеге асырылатын болса, онда\n\"тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар\"\nтермині осындай қызметтердің қызметкерлерін қамтиды;",
"с) мұнда қоғамға қызмет құрамына атап айтқанда, жеке, экономикалық, әлеуметтік немесе басқа да төтенше сипаттағы себептер бойынша жедел жәрдемді қажет ететін қоғам мүшелеріне қызмет немесе көмек көрсету кіретіні меңзеледі;",
"d) мұндағы меңзелетіні, мұндай ереже барлық зорлық-зомбылық, ұрлау немесе зиянды іс-әрекеттерге ғана емес, сонымен қатар қылмыстық заңдарға сәйкес орнатылған тиымдардың барлығына қатысты қолданылады. Ол қылмыстық жауапкершілікті тартуға қабілетсіз тұлғалардың тәртібіне де қатысты қолданылады."
] | 10,034 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
2 Бап
|
[
"Өз міндеттерін орындау барысында тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар адам абыройын құрметтейді және қорғайды және де сонымен қатар барлық тұлғаларға қатысты адам құқықтарын қолдайды және қорғайды.",
"Түсініктеме:",
"а) белгіленген адам құқықтары ұлттық және халықаралық құқықпен орнатылады және қорғалады. Тиісті халықаралық құжаттарға жатады адам құқықтарының Жалпыға ортақ\nдекларациясы\n, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық\nпакті\n, азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза түрлерінен барлық тұлғаларды қорғау туралы Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының нәсілдік дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы\nДекларациясы\n, нәсілдік дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Халықаралық конвенция, апартеид қылмысын бұлтартпау және оны жазалау туралы Халықаралық конвенция, геноцид қылмысы және ол үшін жазалау туралы\nКонвенция\n, қамауға алынғандармен қарым-қатынастың Минималды стандартты\nережелері\nжәне консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы.",
"b) осы ережеге ұлттық түініктемелерде осы құқықтарды орнататын және қорғайтын ұлттық немесе аймақтық ережелер берілуі тиіс."
] | 10,035 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
3 Бап
|
[
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тек аса қажет болған жағдайда ғана, және олардың міндеттерін орындау талабына сәйкес түрде ғана күш қолдана алады.",
"Түсініктеме:",
"а) бұл ережеде ерекше атап өтетіні, тәртіп сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың күш қолдануы тек қана ерекше сипатты жағдайда орын алуы тиіс; алайда мұндағы тәртіп сақтау бойынша лауазымды тұлғалар белгілі бір жағдайларда қылмыстың алдын алу мақсатында немесе құқық бұзушыларды немесе күдікті құқық бұзушыларды заңды түрде ұстау барысында немесе осындай тұтқындау болған жағдайда көмек көрсету барысында орынды түрде қажет болса күш қолдануға құқылы, бірақ осы мақсаттарда қажетті шектен асып кететін күш қолданыла алмайды.",
"b) ұлттық заңнама әдетте пропорционалдық қағидасына сәйкес тәртіп сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың күш қолдануын шектейді. Мұны былайша түсінуге болады, осы ережені түсіндіру барысында пропорционалдылықтың ұлттық қағидалары құрметтелуі тиіс. Бұл ереже заңды мақсатқа сәйкес келмейтін шектен тыс күш қолдануға өкілеттік беретіндей түсіндірілуіне ешбір жағдайда жол берілмеуі тиіс.",
"с) оқпен ататын қаруды қолдану аса қатты қажеттілік болып есептеледі. Оқпен ататын қаруды қолдануға жол бермес үшін бар күшті салу қажет, әсіресе балаларға қарсы. Әдетте, оқпен ататын қару қолданылмауы тиіс, тек қана күдікті құқық бұзушының қарулы қарсылық көрсеткен немесе басқа түрде де басқалардың өміріне қауіп төндірген жағдайларды және күдікті құқық бұзушыны ұстау немесе тию үшін төтенше сипаты басқа шаралар қолдану жеткіліксіз болған жағдайларды есепке алмағанда. Оқпен ататын қаруды қолданудың әрбір жағдайында жедел түрде құзыретті билік органдарына хабарлану қажет."
] | 10,036 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
4 Бап
|
[
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың қолына түсетін құпия мәліметтер құпия түрде сақталады, егер де міндеттері немесе әділетті заң талабы басқаны талап етпесе.",
"Түсініктеме:",
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар өз міндеттерінің сипаттамасы бойынша басқа тұлғалардың жеке өміріне қатысты болуы мүмкін немесе осындай тұлғалардың мүдделеріне және әсіресе абыройына ықтимал зиянды ақпаратты алады. Міндеттерді орындау барысында ғана немесе әділ сот мақсатында жарияланатын мұндай ақпаратты сақтау және пайдалану барысында аса сақ болу қажет. Мұндай ақпараттың басқа мақсаттарда кез-келген түрде жариялануы толықтай заңға қарама-қайшы."
] | 10,037 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
5 Бап
|
[
"Бірде бір тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлға өз алдына азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза түрлері болып табылатын кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыруына, оны істеуге арандатуға немесе оған шыдамдылықпен қарауына болмайды және бірде бір тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлға азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жазаларды ақтау мақсатында жоғарыда тұрған лауазымды тұлғалардың бұйыруына немесе соғыс жағдайы немесе соғыс басталу қаупі, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп, ішкі саяси тұрақсыздық немесе басқа да кез-келген төтенше жағдайға жүгіне алмайды.",
"Түсініктеме:",
"а) аталмыш тиым Бас Ассамблеямен қабылданған азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза түрлерінен барлық тұлғаларды қорғау туралы Декларациядан келіп шығады, соған сәйкес:",
"\"[мұндай іс-әрекет] адам абыройын таптау болып табылады және де Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттарын бұзу, адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясында [адам құқықтарына қатысты басқа да халықаралық құжаттарда] жарияланған адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын бұзу болып саналып, сол үшін айыпталады\";",
"b) Декларация азаптауды келесідей түрде анықтайды:",
"\"... азаптау адамға қасақана қатты жапа шектіру немесе азап көрсету, денесіне немесе санасына,одан немесе үшінші жақ тұлғадан ақпарат алу немесе мойындату, жасаған іс-әрекеті үшін немесе жасады деп күдіктеніп жазалау немесе оны немесе басқа адамдарды қорқыту мақсатында ресми тұлға тарапынан немесе айдап салу арқылы орындалатын кез-келген іс-әрекетті білдіреді. Бұл анықтама құрамына Минималды стандартты қамауға алынғандармен қарым-қатынас ережелеріне барынша сәйкес тек қана заңды түрде бас бостандығынан айырылу салдарынан және осындай жағдайға тап болу әсерінен немесе салдарынан туындайтын жапа немесе азап\".",
"с)\n\"қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза\"\nұғымы Бас Ассамблеямен анықталмаған, алайда оны мүмкіндігінше физикалық, сондай-ақ психологиялық сипаттағы асыра пайдаланудан кеңінен қорғалуын қамтамасыздандыратындай түсініктеме беру қажет."
] | 10,038 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
6 Бап
|
[
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар олардың тұтқындаған тұлғаларының денсаулығын толыққанды қамтамасыз етеді, атап айтқанда, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жедел түрде қолданады.",
"Түсініктеме:",
"а)\n\"медициналық көмек\n\" ұғымының астарында кез-келген медициналық дәрігердің, оның ішінде тиісті куәлігі бар практик дәрігер және медициналық қосалқы қызметкерлердің көрсететін қызметтері, аталмыш қызметтер қажет болған жағдайда немесе өтініш бойынша көрсетіледі;",
"b) медициналық қызметкерлер әдетте тәртіпті сақтау бойынша қызметтерін қоса атқаратындықтан, тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар медициналық қызметкер тәртіпті сақтау бойынша атқарылатын қызметтерге қатыспайтын медициналық қызметкердің кеңесіне немесе көмегіне жүгініп, тұтқындалған тұлғаға тиісті медициналық көмек көрсетуді ұсынған кезде осы қызметкерлердің пікірін есепке алуы қажет;",
"с) тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар құқық бұзушылық құрбандарына немесе құқық бұзушылық барысында орын алған оқыс оқиғаның құрбандарына медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді деп түсіндіріледі."
] | 10,039 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
7 Бап
|
[
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар қандай да бір сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне бармайды. Олар мұндай сипаттағы кез-келген іс-әрекеттерге барынша кедергі болып, олармен күреседі.",
"Түсініктеме:",
"а) сыбайлас жемқорлықтың кез-келген іс-әрекеті кез-келген басқа да билікті асыра пайдалану секілді тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар деген қызметтік мәртебесімен үйлесім таппайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалның кез-келгеніне толыққанды заң қолданылуы қажет, себебі, егер де олар өздерінің лауазымды тұлғалары заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге ниет білдірмесе немесе өз мекемелері аясында қамтамасыз ете алмаса үкіметтер азаматтарынан тәртіпті сақтауын күте алмайды;",
"b) жемқорлық ұғымы ұлттық заңға сәйкес анықталуы тиіс болса да, ол міндеттерді орындау барысында немесе талап етілген немесе қабылданған сыйлықтар, уәделер немесе соған ынталандырма немесе оларды әрекет немесе әрекетсіздік орын алған әрбір жағдайда заңсыз алу осы міндеттерді орындау себебінен қандай да бір іс-әрекетті орындау немесе орындамауын қамтиды;",
"с) жоғарыда айтылған\n\"жемқорлық әрекеті\"\nұғымын сыбайласуға талпынысты қамтитын ұғым ретінде қабылдау қажет."
] | 10,040 |
Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тәртібінің Кодексі
|
8 Бап
|
[
"Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар осы кодекс пен заңды құрметтейді. Сонымен қатар олар бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, барлық бұзушылықтарға барынша қолдан келер шаралармен қарсылық танытып, олардың алдын алады.",
"Осы Кодекстің бұзылуы орын алды немесе орын алуы мүмкін деп есептеуге негіз туындаған жағдайда тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар жоғары тұрған инстанцияларға хабарлайды, қажет болған жағдайда орын алған оқиға жайлы қадағалау немесе құқықтық бақылау жүргізу бойынша құзыреттіліктерге ие басқа да инстанциялар мен органдарға хабарлайды.",
"Түсініктеме:",
"а) осы Кодекс ұлттық заңнама немесе тәжірибеге қосылған кезде барлық жағдайда сақталуы тиіс. Егер де заңнама немесе тәжірибе бойынша осы Кодекстің ережелерімен салыстырғанда одан да қатал ережелерді қарастырған болса, онда бірінші болып мыналар сақталады:",
"b) осы бап біріншіден көбіне қоғамдық қауіпсіздік соған байланысты болғандықтан, мекемедегі ішкі тәртіпті сақтау қажеттілігімен, екіншіден адам құқықтарының негізгі құқықтарының бұзылуына қарсы күрес қажеттілігі арасындағы теңдікті сақтауға бағытталған. Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар инстанциялар бойынша орын алған бұзушылықтар туралы хабарлайды және басқа қалған мүмкіндіктер болмаған немесе тиімді болған жағдайда ғана инстанциядан тыс өзге құқықтық іс-әрекеттерді қолданады. Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік немесе өзге де жаза түрлері қолданылмайды, себебі олар осы Кодекстің бұзылуы туралы немесе бұзылу мүмкіндігі туралы хабарлады.",
"с)\n\"қадағалау немесе құқықтық бақылау бойынша құзыреттіліктерге ие тиісті инстанциялар немесе органдар\"\nұғымының құрамына қолданыстағы ұлттық құқықтар негізінде құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі мекемелердің аясында, сондай-ақ оларға тәуелсіз статуттық, күнделікті қалыпты немесе тағы басқа да құзыреттіліктермен осы Кодекстің әрекет ету саласындағы орын алған бұзушылықтарға байланысты барлық шағымдар мен наразылықтарды қарастыратын кез-келген мекеме немесе орган кіреді;",
"d) бірқатар мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдары жоғарыда берілген с) тармақшасында сипатталғандай шағымдарды қарастыру бойынша қызметтерді орындайтын мекемелер ретінде қарастырылады. Сондықтан да тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар аса қажет жағдайды негізге ала отырып заңдар мен өз елдерінің дәстүрлеріне сәйкес, сонымен қатар осы Кодекстің\n4-бабына\nсәйкес мұндай бұзушылықтарға бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударуына болады;",
"е) осы Кодекстің ережелерін қатаң сақтанатын тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар мақтауға, қоғам және өздері қызмет ететін тәртіпті сақтау жөніндегі мекемелердің, сондай-ақ тәртіпті сақтау жұмысына тартылған басқа да тұлғалар тарапынан толықтай қолдау көрсетілуге және ынтымақтастық орнатуға лайық."
] | 10,041 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.