codex
stringclasses 23
values | title
stringlengths 1
516
⌀ | paras
listlengths 1
670
| __index_level_0__
int64 3
10k
|
|---|---|---|---|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
260-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау
|
[
"1. Мыналар:",
"1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар немесе тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"2) осы Кодекстің\n7-бабына\nсәйкес тыйым салулар мен шектеулер қоюға жататын, осындай тыйым салулар мен шектеулер сақталғанын растайтын құжаттарды не (немесе) мәліметтерді ұсыну талап етілетін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"3) кедендік баждар, салықтар төлеуге қатысты Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"4) иесімен бірге жөнелтілетін багажда кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"5) мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген әдіспен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;",
"6) осы Кодекстің\n264-бабының\n5, 7 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларда Одақтың кедендік аумағындағы уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;",
"7) кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларациясын ұсынған күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын қолма қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін Одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезіндегі қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері;",
"8) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары;",
"9) осы Кодекстің 7-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға қатысты мәдени құндылықтар;",
"10) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"11) осы Кодекстің\n265-бабы\n3-тармағының екінші абзацында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының бөлігі;",
"12) осы баптың 18-тармағында көрсетілген тауарлар кедендік декларациялауға жатады.",
"2. Егер осындай тұлға Одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін халықаралық әуежайдың транзиттік аймағынан кетпей, Одақтың кедендік аумағынан кететін болса, Одақтың кедендік аумағы арқылы әуе көлігі транзитімен жеке тұлға иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін осы баптың 1-тармғында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.",
"3. Жеке пайдалануға арналған, соның ішінде осы Кодекстің\n263-бабына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдалану арқылы жүргізіледі.",
"Осы баптың 9-тармағын ескере отырып, осындай кедендік декларацияны толтыру тәртібін айқындау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтерді Комиссия белгілейді.",
"Жолаушыларға арналған кедендік декларация осындай жолаушыларға арналған кедендік декларацияны берген кеден органына орыс тілінде немесе ағылшын тілінде немесе мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады, ал кеден органының рұқсатымен - осындай кедендік декларация берілетін кеден органының лауазымды тұлғасы меңгерген басқа шет тілінде толтырылады.",
"Егер жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар пайдаланылған жағдайда, онда мұндай құжаттар осындай актілерде айқындалған тілде толтырылады.",
"Жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде осы Кодексте, Одақ шеңберіндегі халықаралық келісімшарттарда және (немесе) Комиссия белгілеген тәртіпте және жағдайларда, жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтер қамтылған құжаттар қолданылуы мүмкін.",
"4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау осы Кодекстің\n286-бабын\nескере отырып жүргізіледі.",
"5. Қолма қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын кедендік декларациялау осы баптың 16 және 17-тармақтарын ескере отырып жүргізіледі.",
"6. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге\n\nжөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлға осындай тауарларды кеден органына бір уақытта ұсына отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту кезінде жүргізеді.",
"Одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен өткізілетін иесімен бірге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды осы тұлғаға иесімен бірге жөнелтілетін багажды берген халықаралық әуежай орналасқан мүше мемлекет аумағында жеке тұлғалар жүргізеді және тұлға осы халықаралық әуежайдың кедендік бақылау аймағынан кетеді.",
"7. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғаның тұрақты немесе уақытша тұратын немесе осындай жеке тұлғалар уақытша келген мүше мемлекетте жеке тұлғалар жүргізеді.",
"8. Тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберуші немесе алушы болып табылатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын немесе осындай жеке тұлғалар уақытша келген мүше мемлекетте жүргізіледі.",
"9. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды немесе кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қоспағанда, оларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы немесе Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін төмендегі мақсаттардың біреуі көрсетіледі:",
"1) еркін айналым;",
"2) уақытша әкелу; Уақытша әкелу осы Кодекстің\n264-бабында\nкөрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты ғана болуы мүмкін.",
"3) әкету;",
"4) уақытша әкету.",
"10. Жеке тұлға кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға өз еркімен кедендік декларациялауды жүргізуге құқығы бар.",
"Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен бірге жөнелтілетін немесе иесімен бірге алып жүрілмейтін багаждарын өткізген жағдайда, осындай тұлға өзімен бірге алып жүретін багажда Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың бағалық, мөлшерлік не (немесе) сандық нормаларын есепке алу мақсатында кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялауды жүргізуге құқығы бар.",
"11. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды декларант немесе кедендік өкіл жүргізеді, ал Комиссия анықтайтын жағдайларда - декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлға жүргізеді.",
"12. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен бірге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, соның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен жеке пайдалануға арналған тауарларды орналастыру үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін орында орналасқан кеден органына беріледі.",
"Егер Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен біpге жөнелтілетін багажда жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған болса, осындай тауарларды еркін айналымға шығару үшін немесе уақытша әкелу үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізу орнындағы кеден органына беріледі.",
"Осы Кодекстің\n259-бабына\nсәйкес уақытша сақтауға орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осындай тауарларды еркін айналымға шығару үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация осы Кодекстің\n259-бабының\n4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органына беріледі.",
"Одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге алып жүрілмейтін багажда өткізілетін немесе тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларация мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.",
"13. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған болса, жолаушыларға арналған кедендік декларация осы Кодекстің\n110-бабының\n1-тармағына сәйкес беріледі",
"14. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың декларанттары болып мүше мемлекеттердің 16 жасқа толған жеке тұлғалары немесе шетелдік:",
"1) Одақтың кедендік шекарасынан өткен кезде Одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар;",
"2) Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын тасымалдаушыға тапсырғандар (тапсыратындар);",
"3) жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберуші болып табылатындар, ал мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда - халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушылар;",
"4) жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары атына жеткізілетін немесе олардан жіберілетін тауарларды тасымалдаушы жеткізетін;",
"5) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты меншік құқығы бар тұлғаларға кедендік декларациялау еркін айналымға шығару үшін жүргізілетін;",
"6) егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, өзіне иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығы тиесілі Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралында жүрген;",
"7) сот шешімімен немесе мұрагерлік құқығы бойынша Одақтың кедендік аумағындағы кедендік бақылауға жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын иеленген;",
"8) Одақтың кедендік аумағында кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;",
"9) Одақтың кедендік аумағынан шығару жүзеге асырылып жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралы осы Кодекстің\n264-бабы\n8-тармағының 2 және 3-тармақшаларына, 9-тармағына сәйкес оларға берілген;",
"10) 16 жасқа толмаған жеке тұлғаларға ілесіп жүрушілер (ата-анасының\n\nбірі, осы адамның асырап алушысы, қамқоршысы не қорғаншысы, осындай тұлғалардың немесе өзге еріп жүретін тұлғалар не ілесіп жүретін тұлғалардың болмауы кезінде тасымалдаушының өкілі, - 16 жасқа толмаған жеке\n\nтұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты ал ата-ананың, асырап алушылардың, қамқоршылардың, алып жүруінсіз кәмелетке толмаған тұлғалардың ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі немесе тасымалдаушы өкілі;",
"11) осы баптың 18-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар бола алады.",
"15. Одақтың кедендік аумағындағы жеке тұлғалардың атына жіберілген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберу кезінде осындай тауарлардың декларанттары осындай тауарларды жіберуші болып табылатын заңды тұлғалар бола алады.",
"16. Жол чектерін қоспағанда, ақша құралдарын кедендік декларациялау кезінде жолаушылардың кедендік декларациясында номиналды құны не мүше мемлекеттің валютасындағы немесе ақша құралын алуды куәландыратын шетел валютасындағы тиісті сомасы көрсетіледі. Номиналды құны болмаған және мүше мемлекеттің валютасындағы немесе ақша құралын алу құқығын куәландыратын шетел валютасындағы соманы айқындау мүмкін болмаған жағдайда жолаушының кедендік декларациясында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін ақша құралының саны көрсетіледі.",
"17. Жеке тұлғалардың Одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын еткізген кезде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жолаушының кедендік декларациясында мынадай:",
"1) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның мүше мемлекеттің аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінін немесе кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында болу орнының мекенжайы;",
"2) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер (ақша құралының түрі, эмитенттің атауы, шығарылған күні және (болған жағдайда) сәйкестендіру нөмірі;",
"3) егер еткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары декларанттың меншігі болып табылмаса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының көзі туралы, олардың иелері туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын болжамды пайдалану туралы мәліметтер;",
"4) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тасымалдаудың бағыты және тәсілі туралы (көліктің түрі туралы) мәліметтер көрсетілуі тиіс.",
"18. Одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды өткізу кезінде жолаушының кедендік декларациясы ретінде қайтыс болғанның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін адам еркін нысандағы өтінішті пайдалана алады.",
"19. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:",
"1) мүше мемлекеттердің азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерінің жазба бөлімдері беретін қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, ал жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты осындай құжаттары жоқ болған кезде, шығарылған сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;",
"2) қайта жерленген жағдайда, эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;",
"3) бөгде заттардың жоқ екендігін көрсете отырып, қайтыс болғанның денесімен (сүйектерінен) бірге жөнелтілетін қайтыс болушының заттары мен құнды заттарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарды дәнекерлесумен жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.",
"20. Одақтың кедендік аумағына қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды әкелу кезінде мынадай құжаттар:",
"1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмесі, ал мәйіттің жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты ондай құжаттар болмаған жағдайда - әкелінетін сүйекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа құжаттар;",
"2) қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілетін қайтыс болушының заттарымен құнды заттарының тізімдемесі қоса беріле отырып, бөгде заттардың жоқ екендігін көрсете отырып, мырыш табыттарды дәнекерлеумен жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады."
] | 9,767
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
261-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттарды ұсыну
|
[
"1. Жолаушыларға арналған кедендік декларациядағы мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға мыналар:",
"1) тұлғаның, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар;",
"2) оларға қатысты кедендік декларациялау жүзеге асыратын, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын жеке тұлғада бар құжаттар;",
"3) егер тыйым салулар мен шектеулерді сақтау осындай құжаттарды ұсына отырып расталса, осы Кодекстің\n7-бабына\nсәйкес жеке тұлғалар сақтауға тиісті тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар;",
"4) көлік (тасымалдау) құжаттары:",
"5) кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелу шартарының сақталуын растайтын, оның ішінде осы мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алушы шетелдік жеке тұлғаның немесе мүше мемлекеттерге тұрғылықты тұруға қоныс аударушы шетелдік жеке тұлғаның құжаттары;",
"6) Одақтың кедендік аумағында уақытша болатын осындай көлік құралының шығуын растайтын және Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелу кезінде рәсімделген жолаушылар кедендік декларациясы;",
"7) осы Кодекстің\n260-бабы\n1-тармағының 1l-тармақшасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәлімет қамтылған құжаттар;",
"8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар;",
"9) Комиссия белгілеген жағдайларда қолма қол ақша қаражаттары мен (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растайтын құжаттар;",
"10) осы Кодекстің\n260-бабы\n19 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар;",
"11) осы Кодекстің\n260-бабының\n11-тармағына сәйкес Комиссия белгілеген жағдайларда, декларант тапсырмасы бойынша және атынан әрекет ететін тұлғаның уәкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге құжат жатады.",
"2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын мәліметтер қамтылмаған жағдайда, мұндай мәліметтер өзге құжаттармен расталуы мүмкін.",
"3. Кеден органдары кедендік операцияларды жасауы кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты құжаттар тізбелерінің шет тіліндегі аудармасын талап етпейтін мәліметтерді Комиссия айқындайды.",
"4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге алып жүрілмейтін багажда өткізу кезінде немесе тек иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізу кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде Одақтың кедендік аумағына әкелінген иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізу жағдайында, осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарға қосымша осы Кодекстің\n260-бабының\n10-тармағына сәйкес берілген жолаушыға арналған кедендік декларацияның данасы ұсынылады.",
"Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда Одақтың кедендік аумағына әкелінген жолаушылар кедендік декларациясында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органына ұсынбаған кезде, егер жеке тұлға кері дәлелдей алмаса, Одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төлемей өткізілсе, жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына құндық, салмақтық және (немесе) мөлшерлік нормалардан асырыла отырып әкелінген деп қарастырылады."
] | 9,768
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
262-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару
|
[
"1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетіндерді қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы не Одақтың кедендік аумағынан шығару мақсатында мынадай тауарлар:",
"1) еркін айналымға;",
"2) шығару үшін;",
"3) Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін;",
"4) Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.",
"2. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды:",
"1) осы баптың 3-тармағын ескере отырып, осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленген;",
"2) осы Кодекстің\n7-бабына\nсәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған;",
"3) егер осындай алымдар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленсе және оларды төлеу мерзімі тауарларды шығарғанға дейін белгіленген болса, соның ішінде жолаушылар кедендік декларациясын тіркегенге дейін тауарларды шығаруға байланысты кеден органдары іс-қимылдар жасауы үшін кедендік алымдар төленген жағдайларда кеден органы жүргізеді.",
"3. Иесімен бірге жөнелтілетін багажда Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік баждар, салықтар сомасын есептегенге дейін жүргізеді.",
"Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кедендік баждар, салықтарды төлегенге дейін кеден органы жүргізеді.",
"4. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы не Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде уақытша болуы үшін шығаруды кеден органы мынадай:",
"1) жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Кодекстің\n264\nжәне\n265-баптарына\nсәйкес уақытша әкелінуі немесе уақытша әкетілуі мүмкін;",
"2) осы Кодекстің\n271-бабына\nсәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілген;",
"3) осы Кодекстің\n7-бабына\nсәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда жүргізеді.",
"5. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе \"жасыл\" дәлізден шығу (кіру) сызығын немесе келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өту сәттен бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.",
"Кедендік декларациялауға жатпайтын және оларға қатысты кедендік операцияларды көлік құралын тастамай жүргізуге мүмкіндік ұсынылатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды жүргізуді аяқтау сәтінен бастап еркін айналымға шығарылған немесе әкелу үшін шығарылған деп есептеледі.",
"6. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару осы Кодекстің\n118-бабында\nбелгіленген шарттар мен тәртіпті сақтаған кезде жүргізіледі.",
"7. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару, осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің\n119-бабында\nбелгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.",
"Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін орындарда иесімен бірге жөнелтілетін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару талаптарын сақтауы расталғаннан кейін және кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін тез арада аяқталуы тиіс.",
"8. Санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, карантинді\n\nфитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі.",
"9. Одақтың кедендік аумағына әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар төмендегі тауарлар санаттарын қоспағанда, оларды еркін айналымға шығару сәтінен бастап:",
"1) осы Кодекстің\n298\nжәне\n299-баптарына\nсәйкес әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;",
"2) осы Кодекстің\n266-бабының\n8-тармағына сәйкес пайдалануы және (немесе) билік етуі бойынша оларға қатысты шектеу қойылған тауарлар Одақ тауарларының мәртебесін алады.",
"10. Одақ тауарларының мәртебесін алған жеке пайдалануға арналған тауарлар, Одақтың кедендік аумағында пайдаланылуы және (немесе) билік етуі бойынша шектеусіз болады және пайдаланылады."
] | 9,769
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
263-бап. Иесімен бірге жөнелтілетін багажда тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімдерін қолдану ерекшеліктері
|
[
"1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын иесімен бірге алып жүретін жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған мынадай тауарлар орналастырылуы мүмкін:",
"1) мүше мемлекеттерде немесе Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;",
"2) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, оларды келу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органына дейін осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"3) Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, дипломатиялық өкілдік басшылары, мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық мүшелері және әкімшілік-техникалық қызметкерлері, консулдық мекеме басшылары және басқа да консулдық лауазымды тұлғалар мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің консулдық қызметкерлері, Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан халықаралық ұйымдардың жанындағы мүше мемлекеттердің өкілдік қызметкерлері, солардың бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша өзге адамдармен тауарларды келу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың арызы бойынша Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;",
"4) Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік қызметкерлері, консулдық мекеме жұмысшылары, халықаралық ұйымдардағы мемлекеттер өкілдіктерінің жұмысшылары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары), халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, Одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктері солармен бірге тұратын отбасы мүшелері әкелетін тауарларды әкелу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін қызмет аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, басқа да ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, жұмысшылары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары) болып табылатын жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары соның ішінде алғашқы мүліктену тауарлары;",
"5) Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме басшылары, дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық қызметкерлер мүшелері және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғалары, солармен бірге тұратын отбасы мүшелері әкелетін Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар.",
"2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен жеке пайдалануға арналған тауарларды орналастыру кезінде жолаушылар кедендік декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді Комиссия белгілейді.",
"3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың жеткізілу орнын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде:",
"1) осындай көлік құралдары иеленушісінің тапсырмасы бойынша әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - жеке тұлғаның - жеке пайдалануға арналған көлік құралының меншік иесінің тұрақты не уақытша тұрғылықты жері туралы мәліметтері негізінде, ал өзге де жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелетін жеке тұлғаның өтініші негізінде;",
"2) осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - осындай тауарлар декларанттың орны немесе болжамды тұрақты не уақытша тұратын жері туралы мәліметтері негізінде;",
"3) осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлға мәлімдеген мәліметтері негізінде;",
"4) осы баптың 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген жеке\n\nпайдалануға арналған тауарларға қатысты - Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекет өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, жұмысшылары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары) болып табылатын жеке тұлғалардың орналасқан жері туралы мәліметтер негізінде;",
"5) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген жеке\n\nпайдалануға арналған тауарларға қатысты - кету орны туралы мәліметтер негізінде жөнелтуші кеден органы айқындайды.",
"4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларант ретінде әрекет ететін жеке тұлға осы Кодекстің\n150-бабында\nтасымалдаушы үшін көзделген міндеттерді орындайды.",
"5. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің\n271-бабын\nескере отырып, осы Кодекстің\n146-бабына\nсәйкес ұсынылады."
] | 9,770
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
264-6ап. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу
|
[
"1. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі.",
"Осы Кодекстің\n259-бабының\n2-тармағында көрсетілген Одаққа мүшесі болып табылмайтын мемлекетте және мүше мемлекеттерде тіркелмеген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуге рұқсат етіледі.",
"Одаққа мүшесі болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары Одақтың кедендік аумағына уақытша 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі.",
"2. Осы баптың 1 және 4-тармақтарындағы ережелер осы Кодекстің\n298\nжәне\n299-баптарына\nсәйкес Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждар, салықтар төлеуден босата отырып әкелуге құқығы бар, жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелмеген және Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген және мемлекетте тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты қолданылмайды.",
"Көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын көрсетілген жеке тұлғаларға келу мемлекетінде ұсынылған артықшылықтарды ұсыну мерзімінде рұқсат етіледі.",
"Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мерзімін көрсетілген мерзімнен ұзарту жағдайында осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген осындай ұзарту кезеңіне тұлғалардың кеден органына жүгінуі бойынша ұзартылады.",
"3. Осы баптың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмысшылары, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттері өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын, мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу осы Кодекстің\n271-бабына\nсәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда рұқсат етіледі",
"4. Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған екінші және келесі көлік құралдарын уақытша әкелу осындай тұлғалардың Одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген, бұрын уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының болуы жағдайында осы Кодекстің\n271-бабына\nсәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда рұқсат етіледі.",
"Осы тармақтың қолдану мақсаттары үшін екінші және келесі жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде жеке пайдалануға арналған сол типтес жеке пайдалануға арналған көлік құралдары (авто- және мотокөлік құралдары, авто- және мотокөлік құралдарының тіркемелері, су немесе әуе кемелері) сияқты Одақтың кедендік аумағына бұрын уақытша әкелінген және Одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары түсініледі,",
"5. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары мерзімі өткенге дейін, көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары тәркіленген немесе сот шешімі бойынша мүше мемлекет меншігіне берілген не\n382-бабының\n6-тармағына және\n16-баптың\n2-тармағына сәйкес Одақ тауарларының мәртебесін алған не көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің\n14-бабы\n7-тармағының 8-тармақшасында көзделген жағдайлар басталған жағдайларды қоспағанда, осындай көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі ішінде осы бапқа сәйкес Одақтың кедендік аумағынан шығару, еркін айналымға шығару немесе өзге де мақсаттарда кедендік декларациялауға жатады.",
"Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары мерзімі өткенге дейін декларант осы Кодексте белгіленген тәртіпте осындай көлік құралдарын кедендік рәсімдерге орналастыруға құқылы.",
"Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары мерзімі өткенге дейін Одақтың кедендік аумағында уақытша бола алады, мұндай көлік құралдары осы Кодексте белгіленген тәртіпте кедендік рәсімдерге орналастырылады не осындай көлік құралдарына қатысты әкету, еркін айналымға шығару мақсатында немесе осы бапқа сәйкес өзге де мақсаттарда кедендік декларациялау жүзеге асырылады.",
"Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары алып қойылған не оларға тыйым салынған жағдайда уақытша әкелу мерзімі ішінде осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты тыйым тоқтатылады.",
"Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары алып қойылған не оларға тыйым салу тоқтатылған жағдайда. осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты тыйым, осы баптың 9-тармағында көзделген Одақтың кедендік аумағына әкелінген осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын алып қою немесе оларға тыйым салу Одақтың кедендік шекарасында декларант тапсырған кезден бұзушылықтарға байланысты болған жағдайларды қоспағанда, осындай шешім заңды күшіне енген күшінен бастап жаңғыртылады.",
"Осы баптың 1-тармағында немесе 2-тармағында көзделген уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты мерзімі өткенге дейін осы тармақта көзделген әрекеттер жасалмаса, осы Кодекстің бабы 2-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғанша дейін болған осындай кідірту жағдайын қоспағанда, осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес мүше мемлекеттің аумағындағы осындай көлік құралдары болатын кеден органы ұстайды.",
"6. Жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Одақтың кедендік аумағындағы декларанттың іс жүзіндегі иелігінде және пайдаланылуында болуы тиіс.",
"Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын декларант өзге тұлғаға, оның ішінде осындай көлік құралы меншік құқығы бойынша тиесілі тұлғаға осы бапта белгіленген жағдайлар мен шарттарда тапсыруы мүмкін.",
"7. Егер осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге болатын болса, осы баптың 2-тармағында көрсетілген уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын:",
"1) осы Кодекстің\n298\nжәне\n299-баптарына\nсәйкес Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелуге құқығы бар жеке тұлғаларға - осындай тапсыру жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мақсатында кедендік декларацияны жүргізгеннен кейін;",
"2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға - осындай тапсыру жүргізілетін жеке тұлғаларға осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларацияны жүргізгеннен кейін беруге рұқсат етіледі.",
"8. Кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациялаусыз декларанттың мынадай:",
"1) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары - техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізу және (немесе) сақтау үшін (күрделі жөндеу, түрлендіруді қоспағанда) өзге тұлғаға иелік етуіне;",
"2) мүше мемлекеттің жеке тұлғасы уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - оның ата-анасына, балаларына, тіркелген некеде тұрған жұбайына (зайыбына);",
"3) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - басқа шетелдік жеке тұлғаларға;",
"4) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған су немесе әуе кемесі - су кемесінің капитанына, әуе кемесінің командиріне, экипаж мүшелеріне осы көлік құралдарын пайдалану мақсатында басқару үшін, техникалық жабдықты аталған тұлғалардың қатысуынсыз пайдаланылуы мүмкін болмаған жағдайда:",
"5) Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және (немесе) мүше мемлекеттердің консулдық мекемесіне, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттердің өкілдіктеріне тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы, осындай мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінде және (немесе) мүше мемлекеттердің консулдық мекемесінде, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттері өкілдіктерінде жұмыс істейтін жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - Одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан осындай мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және (немесе) мүше мемлекеттердің консулдық мекемесіне, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттері өкілдіктерінің өзге қызметкерлеріне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруіне рұқсат етіледі.",
"9. Кеден органының рұқсатымен және кедендік декларациялаусыз декларантқа мынадай көлік құралдарын беруге:",
"1) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - мүше мемлекеттің жеке тұлғасына осы Кодекстің\n271-бабына\nсәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерін орындауды қаматамасыз еткен жағдайда;",
"2) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралы - егер осындай әкету декларанттың қайтыс болуы, ауыр науқасы немесе өзге де нақты себепке байланысты жүзеге асуы мүмкін болмаған жағдайда, Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкету үшін өзге тұлғаға рұқсат етіледі.",
"10. Осы баптың 9-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органының рұқсат беру нысанын және оны кеден органының беру тәртібін Комиссия айқындайды.",
"11. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралы тапсырылған жеке тұлғалар декларантты қоспағанда, осындай көлік құралын Одақтың кедендік аумағындағы өзге тұлғаларға тапсыруға құқығы жоқ.",
"12. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын декларант осы баптың 7 - 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда еркін айналымға шығару мақсатында оларды кедендік декларациялау жүргізгеннен кейін береді.",
"Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын осы баптың 7 - 9-тармақтарында белгіленген жағдайлардан өзге фактілер айқындалған жағдайда, еркін айналымға шығару мақсатында оларға кедендік декларациялау жүргізгенге дейін осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес осындай аталған бұзушылықтар анықталған және осындай көлік құралдары тұрған мүше мемлекеттің аумағындағы кеден органы кідіртеді.",
"13. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын декларант осы баптың 8 және 9-тармақтарында белгіленген тұлғалардан өзге тұлғаларға тапсырған жағдайларда, декларант осы бапта белгіленген талаптарды сақтау міндеттерінен босатылмайды, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының әкелу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды."
] | 9,771
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
265-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалардың уақытша әкетуі
|
[
"1. Одақтың тауарлары болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалардың уақытша әкетуі Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңінде рұқсат етіледі.",
"2. Егер жеке пайдалану үшін уақытша әкетілетін тауарларды идентификаттау оларды кедендік әкелу баждарын, салықтар төлемей Одақтың кедендік аумағына қайта әкелуге жағдай жасайтын болса, жеке тұлғаның өтініші бойынша кеден органы осындай тауарларды идентификаттауды жүргізеді. Жеке пайдалануға арналған тауарларды идентификаттау туралы жолаушылар кедендік декларациясында көрсетіледі, оның 1 данасы Одақтың кедендік аумағынан осындай тауарлардың уақытша әкетілуін жүзеге асыратын жеке тұлғаға беріледі.",
"Осындай идентификаттаудың болмауы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған көлік құралы мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте кедендік баждарды, салықтарды төлемей расталған жағдайда, кеден органына бұл тауарлар Одақтың кедендік аумағынан оларды әкеткеннен кейін Одақтың кедендік аумағына қайта әкелуіне кедергі болмайды.",
"3. Уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бойынша операциялар жүргізуге осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болған кезде қажет болғанда рұқсат етіледі.",
"Осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралына мүше мемлекеттердің тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарда есепке алға (тіркелуге) жататын оның бөлшегін ауыстыруға байланысты жөндеу жүргізу кезінде, ауыстырылған бөлшегі мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралын Одақтың кедендік аумағына қайта әкелу кезінде еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялауға жатады."
] | 9,772
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
266-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлеме бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не осы бапта осындай жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар қолданудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.",
"2. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына байланысты кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесін, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен әдістерін, сондай-ақ оларға қатысты жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарын Комиссия айқындайды.",
"3. Кедендік баждарды, салықтарды төлемей, жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына Комиссия айқындайтын құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары шегінде, ал Комиссия айқындайтын жағдайларда - осы бапта Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды қолданудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін тиісті нормалар шегінде әкелінеді.",
"Кедендік баждарды, салықтарды төлемей Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсіліне байланысты Комиссия айқындайды. Одақтың кедендік аумағына иесімен бірге жөнелтілетін және (немесе) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормалары бұрын қолданыста болған және жүру жолы мен межелі орнында қажетті жеке пайдалануға арналған тауарларға, Комиссия айқындайтын тауарларды жатқызу өлшемшарттарын есепке алмай анықталады.",
"Комиссияның мүше мемлекеттердің заңнамасында Комиссия анықтағаннан да анағұрлым қатаң кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары белгіленуі мүмкін Одақтың кедендік аумағына әкелу тәсіліне байланысты болатын тауарлар санаттарын анықтауға құқығы бар.",
"Кедендік баждарды, салықтарды төлемей, жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу шегінде құндылық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын анықтау кезінде Комиссия осындай нормаларды қолдану тәртібін, оның ішінде көрсетілген нормалар шегінде әкелінетін осындай тауарларды есепке алу мақсатында Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу күнін анықтау тәртібін айқындауға құқылы.",
"4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар олардың құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан, Одақтың кедендік аумағынан кедендік баждарды төлемей шығарылады.",
"5. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған тауарлар, Одақтың кедендік аумағынан оларды уақытша әкеткеннен кейін, табиғи тозу салдарынан өзгерген, сондай-ақ қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи кему салдарынан өзгергенін қоспағанда, оларды өзгермеген жағдайында сақтау және Одақтың кедендік аумағынан кедендік баждарды, салықтарды төлемей уақытша әкетілгеннен кейін қайта Одақтың кедендік аумағына осы Кодекстің\n265-бабының\n2-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпте әкелінетінін кеден органы растаған жағдайда құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан әкелінеді.",
"Мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған тауарларды, жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кеден органында Одақтың кедендік аумағына оларды Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілгеннен кейін қайта әкелінуі расталмаған кезде, осындай тауарларға осы баптың 1, 3 және 8-тармақтарында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолданудың тәртібі қолданылады.",
"Мүше мемлекеттерде тіркелген Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілгеннен кейін Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінеді.",
"6. Тізбесі мен санын Комиссия айқындайтын бұрын қолданыста болған жеке пайдалануға арналған тауарларды шетелдік жеке тұлғалар Одақтың кедендік аумағына осындай тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан өздері Одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелуі мүмкін.",
"Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілмеген шетелдік жеке тұлғалар өздері Одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға 1 және 3-тармақтарында, 7-тармақтың бірінші абзацында, сондай-ақ осы баптың 8-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібін қолданады.",
"7. Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалар және мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кедендік баждарды, салықтарды төлемей 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуі мүмкін.",
"Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің\n264-бабы\n7-тармағының 2-тармақшасында және 12-тармағында белгіленген жағдайларда осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленеді.",
"8. Комиссия жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарына, Одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін тұлғаларға, және (немесе) Одақтың кедендік аумағына осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарамастан, Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу жағдайлары мен шарттарын, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді анықтауға құқылы.",
"Мүше мемлекеттердің заңнамасында Комиссия айқындаған Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу шарттарына қосымша не анағұрлым қатаңдау шарттар және (немесе) Комиссия айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерден өзгеше шектеулер белгіленуі мүмкін.",
"Жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің\n298\nжәне\n299-баптарында\nкөрсетілген тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу жағдайлары мен шарттары осы Кодекстің аталған баптарында, ал осы Кодекстің\n296-бабының\n2-тармағында көрсетілген тұлғалар - үшінші тараптың мүше мемлекеттерінің халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарында анықталады.",
"9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік алымдар осы Кодекстің\n47-бабына\nсәйкес қолданылады.",
"10. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі, осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі осы Кодекстің\n22-тарауына\nсәйкес айқындалады.",
"11. Жеке пайдалануға арналған тауарлар бірыңғай мөлшерлемелерне жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждар, салықтар бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды салу нысаны болып табылады.",
"12. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатына және қолданылатын мөлшерлемелер түрлеріне байланысты оларды есептеу базасы болып жеке пайдалануға арналған тауарлар құны және (немесе) олардың табиғи сипаттағы физикалық сипаттамалары (саны, соның ішінде бөлшектеп сату үшін ұсынылатын тауар және (немесе) оны тұтынуға дейінгі тауардың бастапқы орамасын есепке ала отырып салмағы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады.",
"Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін тауарлардың түріне және қолданылатын мөлшерлемелер түріне байланысты жиынтық кедендік төлем құрамына кіретін кедендік баждарды есептеу базасы болып жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны және (немесе) олардың табиғи сипаттағы физикалық сипаттамалары (саны, соның ішінде бөлшектеп сату үшін ұсынылатын тауар және (немесе) оны қолдануға дейінгі тауардың бастапқы қаптамасын есепке ала отырып салмағы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады. Жиынтық кедендік төлем құрамына кіретін салықтарды есептеу базасы осы Кодекстің\n51-бабының\n3-тармағына сәйкес айқындалады.",
"Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарын шығару сәті мен қозғалтқышының жұмыс көлемін айқындау тәртібін Комиссия айқындайды.",
"13. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу, кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларация берілген мүше мемлекеттің валютасында жүзеге асырылады.",
"14. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жолаушылар кедендік декларациясы кеден органында тіркелген күніне қолданылатын мөлшерлемелер қолданылады.",
"15. Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін қолдану арқылы төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік баждарды, салықтарды есептеу базасын және кедендік баждардың, салықтардың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы анықталады.",
"16. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын сомасы есептелген кедендік баждардың сомасы мен есептелген салықтардың сомасын қосу арқылы анықталады. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу мынадай тәсілдермен:",
"1) кедендік баждар сомасын есептеу кедендік баждарды есептеу үшін базаны және кедендік баждар мөлшерлемелерінің тиісті түрін қолдану арқылы;",
"2) салықтар сомасын есептеу кеден органына жолаушының кедендік декларациясын берген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.",
"17. Декларант немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған өзге де тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың төлеушісі болып табылады.",
"18. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін шетелдік валютаны қайта есептеу тәртібі, оларды төлеу бойынша міндеттерді орындау сәті (төлем күні), кедендік баждар, салықтар сомасы мен өзге де ақша қаражатын (ақша) қайтару тәртібі осы Кодекстің 7 -\n10-тарауларына\nсәйкес айқындалады.",
"Егер халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты шетелдік валютаны мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кеден органында жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар есептелетін мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған күніне қолданатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.",
"19. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып осы Кодекстің\n61-бабының\n1 - 3-тармақтарына сәйкес төленуге жатады.",
"Одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар аумағында осы Кодекстің\n268-бабының\n6-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған мүше мемлекетте төленуге жатады.",
"20. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар осы баптың 19-тармағына сәйкес осындай кедендік төлемдер төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталған шотқа төленеді.",
"21. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші абзацымен белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 19-тармағына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасында төленеді.",
"Тауарлардың келу орындарында бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жататын мүше мемлекеттің валютасынан өзгеше валютада жүзеге асырылуы мүмкін.",
"22. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіпте не қолма-қол ақша қаражатында (ақшада) жүзеге асырылады.",
"23. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде осы Кодекстің\n46-бабының\n1-тармағының 1 - 4-тармақшаларында көрсетілген кедендік баждар төленбейді.",
"24. Кедендік декларациялау осы тарауға сәйкес жүгізілетін тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды жеке тұлғалар кедендік кіріс ордері негізінде не Комиссия айқындайтын өзге де кедендік құжат негізінде төлейді.",
"25. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органы кедендік декларациялау кезінде декларант мәлімдеген мәліметтер негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді.",
"Кеден органының төленуге жататын кедендік төлемдер сомасын анықтау үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және дәйекті мәліметтерді мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.",
"26. Осы Кодекстің\n268-бабының\n6, 7 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды кеден органы бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндірілетін кедендік баждар, салықтар есебінде есептейді.",
"Көрсетілген есеп нысаны, оны толтыру тәртібі мен осындай есепке өзгерістер (толықтырулар) енгізу мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді."
] | 9,773
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
267-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлар құны
|
[
"1. Жеке пайдалануға арналған тауарлар құны жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушы кедендік декларациясы чектерде, шоттарда, биркаларда және зат белгілерде немесе жолаушы кедендік декларациясына қатысты Дүниежүзілік пошта одағының және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе актілерде көзделген құжаттар пайдаланылатын халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, осындай тауарларды сатып алу туралы өзге де құжаттарда көрсетілген құн негізінде мәлімденеді.",
"Жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растау үшін жеке тұлға оның негізінде жеке пайдалануға арналған тауар құны мәлімделген құжаттардың тұпнұсқаларын, ал тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - құжаттар түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін ұсынады.",
"Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар құны Дүниежүзілік пошта одағының және мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін актілерде көзделген құжаттарда мәлімденеді. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарлар құны ретінде, егер Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар құнынан асатын болған жағдайда ғана, халықаралық пошта жөнелтілімдер жариялаған құндылық қарастырылады.",
"Жеке пайдалануға арналған тауарлар құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар кірмейді.",
"2. Жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растауға ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дәйектілігін дәлелдеуге құқылы.",
"Жеке тұлға баламалы тауарлардың бөлшек саудамен сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың прайс-парақтарын, каталогтарын, жарнамалық проспектілерін және бүктемелерін қосымша ұсынуы мүмкін.",
"3. Кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын баламалы тауарларға арналған баға туралы оның билік етуіндегі ақпараттың негізінде мынадай:",
"1) жеке тұлғада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы мәлімет қамтылған қажетті құжаттар болмаған;",
"2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы мәліметтердің болмауы және осындай тауарлармен ілесіп жүретін және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы мәліметтер қамтылған құжаттар болмаған;",
"3) жеке пайдалануға арналған тауарлар декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растауда мәліметі жеке тұлға ұсынатын құжаттарда қамтылған жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған;",
"4) егер жеке тұлға осы баптың 2-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар құнын растауға ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін дәлелдемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға ұсынған құжаттарда немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтер барлығын пайымдауға негізделген себептер болған;",
"5) сол бойынша осындай баламалы тауарлар қалыпты (нарықтық) сауда жағдайларында сатылатын немесе ұсынылатын сатып алу елінде баламалы тауарлардың нарықтық құнының мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарлар құнымен сәйкессіздігі жағдайларында анықтайды.",
"4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар құны туралы ақпарат ретінде кеден органы, оның ішінде жеке тұлға ұсынған мәліметтерді есепке ала отырып, баламалы тауарлардың бөлшек сауданы жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мәліметтерді пайдалана алады.",
"5. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін баламалы тауар ретінде әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың сипаттамасына жақын сипаттамалары бар тауар түсініледі, яғни жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауармен өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша салыстырамыз."
] | 9,774
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
268-бап. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды есептеу және төлеу мерзімдері
|
[
"1. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қолданып кедендік декларациялауға жататын, халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінгенге) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны декларанттың кеден органдарында тіркеу сәтінен бастап туындайды.",
"2. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қолдана отырып, кедендік декларациялауға жататын Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінгенге) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай:",
"1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіру бойынша міндеттерді орындаған;",
"2) кедендік баждар, салықтар төлемей немесе кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару, егер осындай тауарларға қатысты осы Кодекстің\n266-бабының\n8-тармағына сәйкес осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбеген;",
"3) осы баптың 7-тармағында белгіленген кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, осы Кодекстің\n266-бабының\n8-тармағына сәйкес айқындалған жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулердің қолданылу мерзімі өткен;",
"4) Одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болу мерзімі өткенге дейін Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шығарған;",
"5) Одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болу мерзімі өткенге дейін Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын төмендегі шарттарды бір мезгілде сақтай отыра шығарған:",
"Одақтың кедендік аумағынан осындай көлік құралдарын шығару мақсатында кедендік декларациялау осындай көлік құралдарының уақытша болу мерзімі өткенге дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары уақытша болу мерзімі өткен күнінен 6 айдан кешіктірмей немесе Комиссия анықтауға құқылы анағұрлым ұзақ мерзімнен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырған;",
"осындай көлік құралдарына қатысты осы баптың 6-тармағының\n\n1) тармақшасына сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған;",
"6) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің\n264-бабының\n5-тармағының екінші абзацына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыру, осындай орналастыруға дейін осы баптың 6-тармағында белгіленген кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда;",
"7) осындай жойылған немесе өтеусіз жоғалғанға дейін осы бапқа сәйкес осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекеті салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи кему салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) өтеусіз жоғалу фактілерін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған;",
"8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар сол мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркілеген немесе айналымға шығарған;",
"9) жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан кеден органы бас тартқан;",
"10) осы Кодекстің\n113-бабына\nсәйкес осындай жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты жолаушының кедендік декларациясы қайтарылған;",
"11) осындай кідірту туындағанға дейін кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты - осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органы кідірткен;",
"12) егер бұрын осындай тауарлар еркін айналымға шығарылмаған, - мұндай шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған, қылмыс туралы хабарламаны тексеру, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, уақытша сақтауға орналастырылған не шығарылған;",
"13) осы Кодекстің\n270-бабының\n5-тармағында көрсетілген жағдайларда;",
"14) осы Кодекстің\n270-бабының\n10-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;",
"15) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған кедендік баждар, салықтар сомасына қатысты — осы Кодекстің\n270-бабы\n11-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмайтын;",
"16) осы Кодекстің\n270-бабы\n11-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбайтын жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.",
"3. Комиссия бір және сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер әртүрлі тұлғаларда әр түрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет, сонымен қатар бір мүше мемлекетте кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер туындаған, ал кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылатын мән-жайлар өзге мүше мемлекетте басталған жағдайларда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталғанын растау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.",
"4. Еркін айналым мақсатында декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер (кедендік баждар, салықтар төленуге жатады) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін орындалуы тиіс.",
"5. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 6-тармағанда көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленуге жатады.",
"6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай жағдайлар басталған кезде:",
"1) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің\n264-бабы\nталаптарын бұза отырып, өзге тұлғаларға берген кезде - беру күні, егер бұл күн белгіленбесе, - Одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралының шығу күні;",
"2) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын олардың Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі шегінде жоғалту жағдайында, авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылған және (немесе) өтеусіз жоғалған жағдайларды қоспағанда, - жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - Одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралының шығу күні;",
"3) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан шығармауға байланысты Одақтың кедендік аумағында болған жағдайда - осы Кодекстің\n264-бабының\n1 және 2-тармақтарына сәйкес осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімінің өту күні боп есептеледі.",
"7. Кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің\n266-бабының\n8-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтарды төлеуден босата отырып әкелу және (немесе) осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер талаптарын бұзу әрекеттері жасалған жағдайда орындауға жатады.",
"Көрсетілген жағдайлар болған кезде кедендік баждарды, төлемдерді төлеу мерзімі болып осындай әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару күні есептеледі.",
"8. Осы Кодекстің\n264-бабы\n9-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Одақтың кедендік аумағынан шығару үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын берген жағдайда осындай уақытша әкелінген көлік құралы берілген тұлғаға декларантпен бірге кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндеттер жүктеледі.",
"9. Осы Кодекстің\n264-бабының\nталаптарын бұза отырып, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге тұлғаларға берген жағдайда, осындай тұлғада осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының декларантымен бірге кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндеттер болады.",
"10. Егер жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару жүргізілген болса, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялау кезінде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.",
"Осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды. салықтарды есептеу үшін Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мақсатында шығарылған көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына жолаушының көлік декларациясын кеден органында тіркеу күніне қолданылатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.",
"11. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын кеден органда тіркеген күні есептелген соған сәйкес аталған жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналым үшін шығарылған және кедендік баждар, салықтар төлеуден босатылуына байланысты төленбеген кедендік баждар, салықтар сомасы мөлшерінде төленуге жатады.",
"12. Осы Кодекстің\n259-бабының\n2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға ұсынған жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тұрақты немесе уақытша тұру орнында кеден органы өтінішін тіркеу сәтінен бастап туындайды.",
"13. Осы Кодекстің\n259-бабының\n2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет оның тұрақты және уақытша тұратын орындарында осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада мынадай мән-жайлар басталған:",
"1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждар, салықтарды өндіру жөніндегі міндеттерді орындау;",
"2) кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару, егер осындай жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің\n266-бабының\n8-тармағына сәйкес осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбеген;",
"3) Одақтың кедендік аумағынан осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін шығарған;",
"4) осы бапқа сәйкес осындай жойылу немесе өтеусіз жоғалуға дейінгі осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи кему салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлар жойылған және (немесе) өтеусіз жоғалған фактілерді кеден органы таныған;",
"5) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркіленген немесе айналдырылған;",
"6) тауарларды жою кедендік рәсімімен немесе мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырған;",
"7) осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес кеден органдарының жеке пайдалануға арналған тауарларды кідіртуі осындай кідіртуге дейінгі туындаған кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты;",
"8) осы Кодекстің\n270-бабының\n5-тармағында көрсетілген жағдайларда;",
"9) осы Кодекстің\n270-бабының\n10-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларда;",
"10) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алу үмітсіз деп танылған кедендік баждар, салықтар сомасына қатысты осы Кодекстің\n270-бабы\n11-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар;",
"11) осы Кодекстің\n270-бабы\n11-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар. салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар тоқтатылады.",
"14. Осы Кодекстің\n259-бабының\n2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты уақытша сақтay кезінде кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.",
"15. Осы баптың 14-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды. салықтарды төлеу мерзімі, мынадай мән-жайлар басталған кезде:",
"1) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарусыз жоғалуды не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда, - осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе, - жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген күні;",
"2) осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды өзге тұлғаға берген жағдайда - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе, - жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген күні есептеледі.",
"16. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған болса, осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.",
"Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.",
"17. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы босқын мәртебесін алушы, осы мүше мемлекетке қоныс аударуға ниеті бар шетелдік жеке тұлға өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттердің туындауының, тоқтатылуының және төлем мерзімінің басталуының өзге мән-жайлары белгіленуі мүмкін.",
"18. Осы Кодекстің\n103-бабының\nережелері осы мүше мемлекетте тұрғылықты тұруға қоныс аударуға ниеті бар, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алушы шетелдік жеке тұлға өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.",
"19. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды дәйексіз кедендік декларациялай отырып, заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, есептеледі. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде нақты төленген кедендік баждар, салықтар сомасы қайтадан төленбейді, ал артығымен төленген және (немесе) өндірілген кедендік баждар, салықтар сомалары осы Кодекске сәйкес қайтаруға жатады.",
"Одақтың кедендік шекарасына әкелу кезінде осы тараудың ережелеріне сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауар ретінде осындай әкелу кезінде мәлімделген жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу және еркін айналымға шығару фактілері анықталған кезде кедендік баждар, салықтар осы Кодекстің\nІІ-бөліміне\nсәйкес есептеледі."
] | 9,775
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
269-бап. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелінетінге (әкелінгенге) қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, есептеу және оларды төлеу мерзімдері
|
[
"1. Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелінетінге (әкелінгенге) қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер:",
"1) тағайындалған пошта байланысының операторында - халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеу сәтінен бастап, ал мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушының кедендік декларациясын тіркеу көзделмесе - уақытша сақтауға орналастыру сәтінен бастап;",
"2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыда - тағайындалған пошта байланысынын операторы көрсетілген тұлғаға оның атына келген жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы хабарламаны жіберген сәттен бастап туындайды.",
"2. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер тағайындалған пошта байланысынын операторында мынадай:",
"1) осы тарауға сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп aлy жөніндегі міндеттерді орындау;",
"2) кедендік баждар, салықтарды төлемей, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарларды алушыға оларды еркін айналымға шығарғаннан кейін беру;",
"3) жеке пайдалануға арналған тауарлар үшін алушы төлеген кедендік баждар, салықтар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталған шотқа аударылған;",
"4) осы бапқа сәйкес осындай жоюға немесе осындай қайтарусыз жоғалтуға дейін осы тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарусыз жоғалу фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарлардың қайтарусыз жоғалту фактісін, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған;",
"5) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) жеке пайдалануға арналған тауарлар тәркіленген немесе айналдырылған;",
"6) осы Кодекстің\n286-бабының\n14-тармағына немесе 17-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар оның жіберушісіне қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.",
"3. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндет халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:",
"1) осы тарауға сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждар, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі міндеттерді орындау;",
"2) егер осы Кодекстің\n266-бабының\n8-тармағына сәйкес мұндай тауарларға қатысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждар, салықтарды төлемей Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарларды алушыға оларды еркін айналымға шығарғаннан кейін беру;",
"3) осы бапқа сәйкес осындай жоюға немесе осындай қайтарусыз жоғалуға дейін осы тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарлардың қайтарусыз жоғалту фактісін, мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы таныған;",
"5) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) жеке пайдалануға арналған тауарлар тәркіленген немесе айналдырылған;",
"6) осы Кодекстің\n286-бабының\n14-тармағына немесе 17-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар оның жіберушісіне қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.",
"4. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыға бергенге дейін осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды алушы орындауға тиіс (кедендік баждар, салықтарды төлеуге тиіс).",
"5. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде пошта байланысын тағайындаған операторы орындауға тиіс.",
"6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:",
"I) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылу және (немесе) қайтарусыз жоғалту не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда, - осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - осындай жоғалтуды кеден органы анықтаған күні;",
"2) кедендік баждар, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды берген жағдайда - осындай тауарларды беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе, - осындай беруді кеден органы анықтаған күні есептеледі.",
"7. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлары еркін айналымға шығарылған болса, осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс.",
"Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады."
] | 9,776
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
270-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау және сондай кедендік баждарды, салықтарды өндіру тәртібі
|
[
"1. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеуші осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндетті немесе егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша субсидиарлық міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге көтеретін тұлғалар орындайды.",
"Мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті өзге тұлғалардың орындау мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.",
"2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің\n266\n,\n268\nжәне\n269-баптарында\nбелгіленген тәртіппен және мерзімде осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын сомалар мөлшерінде төлеу арқылы орындалады.",
"Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке тұлғаны хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес орындалады.",
"3. Осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті төлеуші орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде өсімпұл төленеді.",
"Осы Кодекстің\n266-бабының\n19-тармағына сәйкес осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс мүше мемлекетте өсімпұлды есептеу, төлеу, өндіріп алу мен қайтару жүргізіледі.",
"Осы Кодекстің\n268-бабының\n3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіпте кедендік баждар, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылған кезде мән-жайлардың басталғаны туралы растау алған жағдайда өсімпұл төлемейді.",
"4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және мерзімдерде, кедендік баждар, салықтарды төлеушіге, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндетті немесе егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, осы баптың 6-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды, осы баптың 5-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар туралы хабарлама жібереді.",
"Көрсетілген хабарламаның нысаны, онда көрсетілген талаптарды орындаудың тәртібі мен мерзімі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.",
"Осы Кодекстің\n266-бабының\n19-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар бір мүше мемлекетте төленуге тиіс, ал осы баптың 12-тармағының екінші абзацына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды басқа мүше мемлекеттің кеден органы жүргізген жағдайларда, көрсетілген хабарламаны осы Кодекске\n1-қосымшада\nкөзделген тәртіпте кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттарды алғаннан кейін, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы жолдайды.",
"5. Кеден органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны мынадай:",
"1) осы Кодекстің\n266-бабының\n24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған бір кедендік кіріс ордерінде немесе басқа кедендік құжатта есептелген кедендік баждар, салықтарды төлемеу фактісі жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарғаннан кейін анықталған, осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күніне белгіленген валюта бағамы бойынша 2 евроға барабар сомадан аспайтын мөлшерде болған;",
"2) осы Кодекстің\n266-бабының\n26-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар бір есепте есептелген кедендік баждар, салықтарды төлемеу фактісі анықталған, осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтарды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күніне белгіленген валюта бағамы бойынша 2 евроға барабар сомадан аспайтын мөлшерде болған жағдайларда жолдамайды.",
"6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайға Қарағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарлама жолданбайтын өзге жағдайлар белгіленуі мүмкін.",
"7. Осы баптың 5-тармағына көрсетілген жағдайларда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.",
"8. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жолданған хабарламада көрсетілген мерзімде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамаларында белгіленген жағдайларда мұндай хабарлама жолданбаса, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы бапты ескере отырып, осы Кодекстің\n11-тарауына\nсәйкес кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.",
"9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шараларға осы Кодекстің\n68-бабының\n2-тармағында көрсетілген шаралар жатады.",
"10. Осы Кодекстің\n68-бабының\n2-тармағында көрсетілген шараларға қосымша мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждар, салықтар төленбеген тауарларға қатысты өндіріп алу ретінде кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар және жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.",
"Кедендік баждар, салықтар төленбеген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты өндіріп алу осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті тоқтатады.",
"11. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар мынадай жағдайларда:",
"1) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кедендік баждар, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органының жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленбеген кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу мерзімі өткен;",
"2) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет кедендік баждар, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің\n268-бабының\n2 және 13-тармақтарында және\n269-бабының\n2 және 3-тармақтарында көзделген өзге мән-жайларға байланысты тоқтатылған;",
"3) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндет осы баптың 10-тармағының екінші абзацына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу бойынша шараларды қолдануға байланысты тоқтатылған;",
"4) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар сомасын өндіріп алу мүмкін болмаған, осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;",
"5) осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғаның өлімі немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның қайтыс болғаны жарияланған;",
"6) өндіріп алуды жүргізетін кеден органы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге жағдайларда қолданбайды.",
"12. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды осы тармақтың екінші абзацындағы ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің\n69-бабында\nкөрсетілген кеден органдары өндіріп алады.",
"Осы Кодекстің\n268-бабының\n6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, аумағында осындай мән-жайлар анықталған мүше мемлекеттің кеден органы кедендік баждар, салықтарды өндіріп алады, егер Одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осындай қамсыздандыру есебінен кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамсыздандыру ұсынылатын кеден органына мүше мемлекеттің кеден органы кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынады.",
"Кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету есебінен кедендік баждар, салықтарды өндіріп алу кезінде кеден органдарының өзара іс-қимылы мен кедендік баждар, салықтарды төлеуге тиіс мүше мемлекетке өндіріп алынған сомаларды аудару осы Кодекстің\n1-қосымшасында\nкөзделген тәртіпте, ал көрсетілген қосымшада реттелмеген бөлігі, - Комиссия айқындаған тәртіпте жүзеге асырылады.",
"13. Өндіріп алу мүмкін болмаған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомалары, өсімпұлдар өндіріп алуға үмітсіз деп танылады және осындай сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және негіздерде есептен шығарады.",
"14. Комиссия бір және сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттер әр түрлі мән жайлар және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттердің орындалу ерекшеліктерін, сондай-ақ егер осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар түрлі мүше мемлекеттерде әртүрлі мән-жайлар бойынша төлеуге тиіс жағдайларда кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы."
] | 9,777
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
271-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамсыз ету
|
[
"1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуы, осы Кодекстің\n259-бабының\n9-тармағының екінші абзацында және\n264-баптың\n3, 4 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда осындай тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамаларында белгіленген өзге де жағдайларда қамтамсыз етіледі.",
"2. Осы Кодекстің\n263-бабына\nсәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің\n146-бабының\n4-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай:",
"1) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударған немесе осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алған шетелдік жеке тұлғалар, осындай тануды не осындай мәртебені растайтын құжаттарды ұсынуы шартымен әкелген;",
"2) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алған шетелдік жеке тұлғалар, осындай ниетін растайтын құжаттарды ұсынуы шартымен әкелген;",
"3) осы Кодекстің\n263-бабы\n1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік басшылары, мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персонал мүшелері, консулдық мекеме басшылары және өзге консулдық лауазымды тұлғалар, мүше мемлекеттің консулдық мекемелерінің консулдық қызметкерлері, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы мүше мемлекеттердің өкілдіктері қызметкерлері, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілетін құжаттарды ұсынған кезде әкелінеді. Комиссия көрсетілген тұлғалар кедендік баждар, салықтар төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген құжаттардың тізбесін Одақтың ресми сайтына Интернет желісінде орналастыруды және қалыптастыруды қамтамасыз еткен;",
"4) осы Кодекстің\n263-бабы\n1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдік қызметкерлері, консулдық мекеме қызметшілері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдіктер персоналдары (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары), Одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, олардың осындай қызметкерлер, қызметшілер, персонал немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатынын растаған кезде әкелінетін;",
"5) осы Кодекстің\n263-бабы\n1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персонал мүшелері және консулдық мекеменің консулдық лауазымды тұлғалары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері олар осындай тұлғалар немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатынын растаған кезде әкелінетін;",
"6) жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда ұсынылмайды.",
"3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды кедендік баждар, салықтарды төлеуші қамтамасыз етеді. Мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік баждардың, салықтардың төлеушісі үшін кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға құқылы өзге тұлғалар анықталуы мүмкін.",
"Егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды кедендік баждар, салықтар төлеуші болып табылмайтын тұлғалар қамтамасыз ететін болса, онда мұндай тұлға кедендік баждар, салықтарды төлеуші кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі ортақ жауапкершілікті көтереді.",
"4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің\n146-бабының\n7-тармағында көрсетілген жардайларды, сонымен бірге осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген жардайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кедендік органға ұсынылады.",
"Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодексті\n259-бабының\n9-тармағының екінші абзацына сәйкес уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдары және (немесе) авто және мотокөлік құралдарына тіркемелерді пайдалануға рұқсат беретін кеден органына ұсынылады.",
"Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің\n264-бабының\n9-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге рұқсаты бар кеден органына ұсынылады.",
"5. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындау осы Кодекстің\n63-бабының\n1-тармағында көрсетілген тәсілдермен не осы Кодекстің\n63-бабының\n2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіпте қамтамасыз етіледі.",
"Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді қоспағанда, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің анықталған тәсілдері ұсынылатын жағдайлар белгіленуі мүмкін.",
"6. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мөлшері осындай тауарларды еркін айналымға шығарған кезде төлеуге тиіс болатын кедендік баждар, салықтар сомасы ретінде анықталады.",
"Жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тармақтың бірінші абзацын ескере отырып, кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудың бекітілген мөлшері белгіленуі мүмкін.",
"7. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде салынған ақша қаражаттарын (ақшаны) қайтару (есептеу) осы Кодекстің\n10-тарауына\nсәйкес анықталған жағдайлар мен тәртіпте жүзеге асырылады."
] | 9,778
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
272-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу шарттары мен тәртібі туралы жалпы ережелер
|
[
"1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тәртіпте - осы тараудың реттелмеген бөлігінде, осы тарауда белгіленген тәртіпте Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде пайдаланылады.",
"2. Осы тараудың ережелері мыналарға:",
"1) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерде шетелдік тұлғаларға тіркелген осындай аумақта және (немесе) одан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына (бостарын қоса алғанда);",
"2) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген:",
"әуе кемелерін қоспағанда, осы Кодекстің\n126-бабы\n1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттерде мүше мемлекеттердің тұлғаларына тіркелген және Одақ тауарлары болып табылатын не шартты түрде шығарылған тауар деп есептелетін бостарын қоса алғанда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына;",
"уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылады.",
"3. Осы тарауда уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдар деп осы баптың 2-тармағының\n\n1-тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары деп - осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары түсініледі.",
"4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген Одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға, Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетуге, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуға және пайдалануға арналған халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауға және кедендік рәсіммен орналастырмай шығаруға жатады.",
"5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялауға және шығаруға қатысты кедендік операциялар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізлетін органдарда жүргізіледі.",
"6. Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкету және Одақтың кедендік аумағына уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу Одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізілетін кез келген орында жүзеге асырылуы мүмкін.",
"7. Осы тараудың ережелері:",
"1) Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және Одақтың кедендік аумағына кері әкелетін:",
"балық аулау, теңіз түбі мен оның жер қойнауларының минералдық және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен игеру, лоцмандық және мұз жарып жол ашу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, теңізге батқан мүлікті көтеру, гидротехникалық, су асты техникалық, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де осыған ұқсас жұмыстар, санитариялық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарда, сондай-ақ саудамен теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда пайдаланылатын су кемелеріне;",
"тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын коммерциялық емес азаматтық және мемлекеттік әуе кемелеріне, эсперименттік авиацияда пайдаланылатын (эксперименттік ұшуларды жүзеге асыратын) әуе кемелеріне;",
"кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын теміржол көлік құралдарына (жылжымалы теміржол құрамы, жылжымалы теміржол құрамының бірлігі) (осы тарауда бұдан әрі - теміржол көлік құралы);",
"2) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін:",
"айналымға көп түсетін ыдыс болып табылатын және мәміле шартына сәйкес қайтаруға жататын цистерна, клетей, поддондарға;",
"Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарындағы және Одақтың кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде тұрған өзге халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу және (немесе) пайдалану үшін көзделген қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға;",
"3) тасымалдау шарттарына сәйкес ондағы тауарларды Одақтың кедендік аумағындағы немесе Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі алушыға дейін өзге көлік түрімен жеткізу үшін пайдаланатын су және әуе кемелері контейнерлеріне қатысты қолданылуы мүмкін.",
"8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген көлік құралдарына және өзге де тауарларға осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) және уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты осы тараудың ережелері қолданылады.",
"9. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе Одақтың кедендік аумағына әкелінетін осы баптың 7-тармағы 2-тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген қосалқы бөлшектері мен жабдықтары ауыстырылған халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтарына, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкетуді не уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелуді реттейтін осы тараудың ережелері қолданылады.",
"Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген Одақтың кедендік аумағынан белгіленген мерзімде әкетілмеген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтары, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға жатады."
] | 9,781
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
273-бап. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу шарты
|
[
"1. Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.",
"2. Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.",
"3. Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы Кодекстің\n274-бабына\nсәйкес белгіленген (ұзартылған) мерзім өткенге дейін кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, Одақтың кедендік аумағынан кері әкетуге не шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.",
"Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес пайдаланылады және осы тараудың ережелері оларға қолданылмайды."
] | 9,782
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
274-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағында болу мерзімі
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімін, осы Кодекстің\n144-бабын\nжәне осы баптың 2-тармағын ескере отырып, Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты тасымалдау операциялары аяқтағаннан кейін Одақтың кедендік аумағынан мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкету үшін қажетті уақытты негізге ала отырып тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.",
"2. Осы Кодекстің\n275-бабы\n5-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағында басталатын және аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау (бұдан әрі осы тарауда - ішкі тасымалдау) үшін пайдалануға болатын уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағына болу мерзімі осындай ішкі тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті, бірақ мүше мемлекеттердің бірінің аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының күнтізбелік 90 күннен аспайтын болу уақыты белгіленеді.",
"3. Осы Кодекстің\n272-бабы\n7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлардың Одақтың кедендік аумағында болу мерзімін, соған байланысты олар Одақтың кедендік аумағына әкелінетін операцияларды жасау үшін қажетті уақытты негізге ала отырып тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.",
"4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкетуі мүмкін болмаған кезде осы Кодекстің\n275-бабы\n4-тармағы 2-тармақшасының екінші - төртінші абзацтарына сәйкес тасымалдаушының, осындай көлік құралдары иелігіне берілген тұлғалардың, өзге де мүдделі тұлғалардың дәлелді сұрау салуы бойынша кеден органы бұл мерзімді Одақтың кедендік аумағынан оны кері әкетудің мүмкін болмау себептерін жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.",
"5. Осы Кодекстің\n272-бабы\n7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан кері әкету осы баптың 3-тармағына сәйкес кеден органы белгілейтін мерзімде мүмкін болмаған кезде тасымалдаушының, өзге де мүдделі тұлғалардың дәлелді сұрау салуы бойынша кеден органы мұндай мерзімді, ол бойынша Одақтың кедендік аумағынан кері әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.",
"6. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды."
] | 9,783
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
275-бап. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдалану шарты
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, осы бапта белгіленген шарттарды сақтаған кезде болады және пайдаланылады.",
"2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы бапқа сәйкес осындай көлік құралдары өзге тұлғаларға берілетін жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына оларды әкелуді жүзеге асырған тұлғаның іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.",
"3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен Одақтың кедендік аумағына олар келген кезде не осындай аумақта болған кезде талап етілетін оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.",
"4. Одақтың кедендік аумағында:",
"1) осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайлардағы осындай тасымалдауды қоспағанда, ішкі тасымалдау үшін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдалануға;",
"2) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын:",
"оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және (немесе) сақтау үшін беруді;",
"Одақтың кедендік аумағынан халықаралық тасымалдаудың техникалық құралын әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында оларды беруді;",
"осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді беруді қоспағанда, өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.",
"5. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлер, егер мұндай тасымалдаулар:",
"1) халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдау аяқталғаннан кейін;",
"2) оны орындау үшін Одақтың кедендік аумағына халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер әкелінген халықаралық тасымалдауды бастау үшін Одақтың кедендік аумағы бойынша бос халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер келген кезде;",
"3) халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер Одақтың кедендік аумағы арқылы келген кезде жүзеге асырылса, ішкі тасымалдау үшін пайдалануы мүмкін.",
"6. Мүше мемлекеттің заңнамасында, мұндай мүше мемлекеттің аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді бірнеше рет пайдалану санына қатысты шектеулер белгіленуі мүмкін.",
"7. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау автомобиль көлік құралдары тіркемелері, жартылай тіркемелер және (немесе) олар арқылы тасымалданатын контейнерлер бір мүше мемлекеттің аумағында басталатын және екінші мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды ішкі тасымалдау үшін мынадай жағдайларда, пайдалануы мүмкін:",
"1) мұндай тасымалдауға мүше мемлекеттердің үшінші тараппен автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарында жол беріледі;",
"2) мұндай тасымалдау, көрсетілген конференцияның қатысушысы болып табылатын, аумағында мұндай тасымалдау басталатын және аяқталатын Көлік министрлерінің және мүше мемлекеттердің Еуропа конференциясының көпжақты квоталары шеңберінде жүзеге асырылады.",
"8. Белгіленген бағыт шеңберінде жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау автомобиль және теміржол көлік құралдары, егер үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, мүше мемлекеттер мен (немесе) мүше мемлекеттер заңнамасының арасындағы халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық тасымалдаудың жүру бағыты бойынша аялдау пункттерінде жолаушыларды отырғызу (түсіру) және багажды тиеу (түсіру) үшін Одақтың кедендік аумағында тоқтауы мүмкін.",
"9. Жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдары, сондай-ақ теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлер Одақтың кедендік аумағында:",
"1) мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасында, оның ішінде бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында;",
"2) көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге тасымалдаушылар арасында;",
"3) халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушыларының тасымалдау шартына сәйкес тауарлардың алушысы болып табылатын тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда - алушы) немесе мұндай алушылардан мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге тасымалдаушыға берілуі мүмкін.",
"10. Жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын, сондай-ақ теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан басқа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына, бір мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге тасымалдаушылар арасында, тасымалдау шартына сәйкес мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан алушыға және мұндай алушылардан теміржол тасымалдаушысына Одақтың кедендік аумағынан әкету үшін беру мүше мемлекеттердің үшінші тараппен теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі бойынша Кеңес актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.",
"11. Осы баптың 9-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын, және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді берген кезде теміржол тасымалдаушы (көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді алушыға берген кезде) және алушы (көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге тасымалдаушыға кері әкету үшін берген кезде), қызмет өңірінде алушы орналасқан кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіпте және мерзімде мұндай беру туралы хабардар етуге міндетті.",
"12. Осы баптың 9-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлерді берген кезде алушы Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарын, және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді кері әкету үшін берген алушы мен тасымалдаушы осы Кодекстің\n273-бабы\n3-тармағының және\n274-бабы\n3-тармағының ережелерін, сондай-ақ осы бапта көзделген Одақтың кедендік аумағына аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдалану шартын сақтауға міндетті.",
"13. Мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары осы баптың 5-тармағына сәйкес ішкі тасымалдау үшін пайдаланатын халықаралық тасымалдау теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлердің болу орны туралы ақпаратты кеден органының талабы бойынша ұсынады.",
"Теміржол тасымалдаушыларының көрсетілген ақпаратты кеден органдарына ұсыну тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін."
] | 9,784
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
276-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан әкету және Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болу шарты
|
[
"1. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан кедендік әкету баждарын төлемей әкетіледі.",
"2. Одақтың кедендік аумағынан әкетілген және мұндай аумаққа кері әкелінетін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақ тауарлары мәртебесін, ал осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының\n\n2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің\n126-бабы\n1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп саналатын, сондай-ақ осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары - шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.",
"3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағына Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдалану шарттарын сақтаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтар төлемей әкелінеді.",
"4. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімі шектелмейді.",
"5. Одақ тауарлары болып табылатын Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде болатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.",
"6. Осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің\n126-бабы\n1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп саналатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.",
"7. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.",
"8. Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралына меншік құқығын берген кезде, мұндай мәміленің тарапы ретінде әрекет еткен мүше мемлекеттің тұлғасы осындай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына меншік құқығы берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде экспорт кедендік рәсімімен, ал шетелдік тұлғаға осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және 126-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп саналатын немесе осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына меншік құқығын берген кезде - кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырады."
] | 9,785
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
277-бап. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын пайдалану шарты
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен мынадай:",
"1) егер осындай операцияларға қажеттілік мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалану уақытында пайда болса, оларды Одақтың кедендік аумағынан әкету күніне олардың сақталуын, пайдалануын және қалпында ұстауын қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу (күрделі жөндеу жұмысын, жаңғыртуды қосапағанда) бойынша операцияларды;",
"2) өтеусіз (кепілді) жөндеу жұмысы бойынша операцияларды;",
"3) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орын алған аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан зақымданғаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеу жұмысын қоса алғанда, жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.",
"2. Осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасының ережесі мүше мемлекеттердің халықаралық кеме тізілімінде тіркелген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде уақытша әкетілген су кемелеріне қолданылмайды. Мұндай кемелерге қатысты оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жүргізуге жол беріледі.",
"3. Осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қоспағанда, Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарымен көзделмеген операцияларды жасау, мұндай көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіммен орналастыру шарты кезінде жол беріледі.",
"Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына әкелген кезде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіммен орналастырмай, осы баптың 1-тармағында көзделмеген операцияларды жасаған жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодекстің\n186-бабына\nсәйкес кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлей отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.",
"Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіммен орналастырылмаған жағдайда, осы Кодекстің\n56-бабына\nжәне\n72-бабының\n5-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленуге тиіс.",
"4. Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау, кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсіммен орналастырмай, жол беріледі.",
"Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты жасаған жағдайда, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларанты, мұндай операцияларды жасаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау туралы өтінішін және жасалған операциялардың құнын растайтын құжаттарды береді.",
"Көрсетілген өтініш тауарды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырған кеден органына, не тауарлар мұндай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырған мүше мемлекеттің өзге де кеден органына беріледі.",
"Кеден органы көрсетілген өтініштің берілгенін тіркеген сәттен бастап мұндай өтініш заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.",
"Көрсетілген өтініштің нысанын, құрылымын және мұндай өтініштің электрондық түрдегі форматын, оларды толтыру, осындай өтінішке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінішті беруге, тіркеуге және бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды, ал Комиссия реттемейтін бөлікте - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіпте.",
"Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде орналасқан осы Кодекстің\n272-бабы\n2-тармағының 2-тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау кезінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларантында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындайды.",
"Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың екінші абзацында көрсетілген кедендік құжатты кеден органы тіркегенге дейін орындауға жатады.",
"Кедендік әкелу баждар, салықтар осы Кодекстің\n186-бабына\nсәйкес есептелген мөлшерде төлеуге жатады.",
"Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды осы тармаққа сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу бойынша міндетті орындаған кезде тоқтатылады."
] | 9,786
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
278-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығару және кедендік декларациялау
|
[
"1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары:",
"1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына әкелу және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкету кезінде;",
"2) уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан әкету және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде шығаруға және кедендік декларациялауға жатады;",
"2. Тасымалдаушы халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларанты болып шығады.",
"Тасымалдаушы атынан халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды, егер бұған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жол берілетін болса, тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар да жасауы мүмкін.",
"3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау көлік құралына арналған декларацияны пайдана отырып жүзеге асырылады.",
"Көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер тауарларды тасымалдау және Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралының бағыты, өткізілуі жүзеге асырылатын көліктің түріне, сондай-ақ осы Кодекстің\n272-бабы\n7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлардың санаттарына қарай мұндай кедендік декларацияның толтыру тәртібін айқындаған кезде Комиссия анықтайды.",
"4. Көлік құралына арналған декларация ретінде көлік саласындағы мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылуы мүмкін.",
"Егер көлік құралына арналған декларация ретінде көлік саласындағы мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының ұсынылған стандартты құжаттарында көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер болмаса, халықаралық тасымалдау көлік құралы кедендік декларациялау белгіленген нысанда көлік құралына арналған декларацияны ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымалдаушы ұсынған стандартты құжаттары көлік құралына арналған декларацияның ажырамас бөлігі ретінде қаралады.",
"Тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне және Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралын өткізу бағытына байланысты көрсетілген құжаттардың тізбесін Комиссия айқындайды.",
"Комиссия анықтаған тәртіпте электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты көлік құралына арналған декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.",
"5. Электрондық құжат түрінде көлік құралына арналған декларацияны берген кезде кеден органына көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметті растайтын құжаттарды ұсыну қажет емес.",
"Көлік құралына арналған декларацияны қағаз түрінде беру Кеден органына көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болса жүреді.",
"6. Кедендік декларациялау жазбаша нысанда жүзеге асырылған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағынан кері әкету және уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде көлік құралына арналған декларация ретінде уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларацияны пайдалануға жол беріледі.",
"Комиссия Одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларация тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру барысында Одақтың кедендік шекарасы арқылы бірнеше рет өткізу кезінде осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде пайдалануы мүмкін өзге жағдайды да анықтауға құқылы."
] | 9,787
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
279-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
|
[
"1. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет:",
"1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары декларантында - кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген сәттен бастап;",
"2) мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді Одақтың кедендік аумағы шегінде тасымалдауға алған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - осы Кодекстің\n275-бабы\n10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;",
"3) Одақтың кедендік аумағы шегінде көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушыда - осы Кодекстің\n275-бабы\n10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;",
"4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан тасымалдау шартына сәйкес қабылдаған тасымалдаушыда - осы Кодекстің\n275-бабы\n10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;",
"5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - осы Кодекстің\n275-бабы\n10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап;",
"6) теміржол көлік құралдарында уақытша әкелінетін контейнерді Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысын қоспағанда, тасымалдаушыда - тасымалдау шартына сәйкес көрсетілген контейнерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап туындайды.",
"2. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты осы баптың 1-тармағының 1 - 4-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар орын алған кезде тоқтатылады:",
"1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкеткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай тұрып, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкету;",
"2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкету және (немесе) осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу және өндіріп алу;",
"3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;",
"4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай тұрып ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;",
"5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;",
"6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу;",
"7) кеден органының мүше мемлекеттердің кедендік : реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, қалыпты тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын қайтарусыз жоғалту фактісін тану;",
"8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тәркілеу және айналымы;",
"9) кеден органдарының осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұстауы;",
"10) қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруы жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.",
"3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлердің декларанты әрекет ететін мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай берген кезде тоқтатылады.",
"4. Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай берген кезде тоқтатылады.",
"5. Осы баптың 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген тұлғада уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмай берген кезде Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге де тасымалдаушыға берген кезде тоқтатылады.",
"6. Осы баптың 1-тармағының 5 және 6-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет мынадай мән-жайлар орын алған кезде:",
"1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді мұндай әкетуге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмаған кезде кері әкету;",
"2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері әкету және осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу;",
"3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмаған кезде Одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге де тасымалдаушыға беру;",
"4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру;",
"5) мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталмаған кезде, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімді қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;",
"6) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;",
"7) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алу;",
"8) кеден органының мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын қайтарусыз жоғалту фактісін тану;",
"9) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тәркілеу және айналымы;",
"10) кеден органдарының осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұстауы;",
"11) қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын және оларға қатысты егер бұрын осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруы жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.",
"7. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде орындауға жатады.",
"8. Мынадай мән-жайлар орын алған кезде:",
"1) осы Кодекстің\n275-бабының\n4-тармағында көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда - көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күні;",
"2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жою және (немесе) қайтарусыз жоғалтуды не қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары жоғалған жағдайда - мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жоғалтқан күні, ал егер мұндай күн белгіленбесе - уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.",
"9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің\n275-бабының\n4-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған не уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жоғалтқан тұлғаның орындауына жатады.",
"10. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, егер осы баптың 11 және 12-тармақтарында өзге мөлшер көзделмесе, тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылғандай төлеуге жатады.",
"Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеу күніне қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.",
"Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, тауарлардың жіктелуі осы Кодекстің\n20-бабының\n3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.",
"Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерімен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:",
"кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға тиісті кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады;",
"салықтарды есептеу үшін, оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы белгіленген мұндай топтауға кіретін тауарларға тиісті қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы және акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады;",
"арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың сегізінші абзацын ескере отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға тиісті арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады.",
"Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің\n4-тарауына\nсәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу мақсаты үшін расталған тауарлардың шығарылған жерінен шыға отырып есептеледі. Егер мұндай тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың болмауына байланысты тауарлардың шығарылған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына қатысты, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса не топтауға кіретін тауарларға, егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерінде топтау деңгейінде айқындалса, белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысынан шыға отырып есептеледі.",
"Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді белгілеген кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің\n10\nжәне\n11-тарауларына\nжәне\n76\nжәне\n77-баптарына\nсәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.",
"11. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері әкетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, егер мұндай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен басталған кезең ішінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеумен уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен оларды іс жүзінде әкету күні бойынша орналастырылғандай төлеуге жатса, кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.",
"12. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда, кедендік әкелу баждары, салықтар, егер мұндай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде мұндай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен басталған кезең ішінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеумен уақытша әкелу (жіберу) оларды кедендік рәсіммен орналастыру күні бойынша орналастырылғандай төлеуге жатса, кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.",
"13. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары осы Кодекстің\n10-тарауына\nсәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады."
] | 9,788
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
280-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
|
[
"1. Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, кеден органдарында көлік құралына арналған декларацияны кеден органы тіркеген сәттен бастап осындай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының декларантында туындайды.",
"2. Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, мынадай жағдайлар болған кезде осындай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының декларантында тоқтатылады:",
"1) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкету;",
"2) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;",
"3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде әкету кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу бойынша міндетті орындау;",
"4) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тәркілеу немесе айналымы;",
"5) кеден органдарының осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұстауы - осындай ұстауға дейін туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты;",
"6) қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті\n\nжүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын осындай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруы жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік\n\nқұралдарын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.",
"3. Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде орындалуға жатады.",
"4. Мынадай мән-жайлар орын алған кезде:",
"1) Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық\n\nтасымалдаудың көлік құралдары жоғалған жағдайда, - осындай жоғалу күні, ал егер осындай күн белгіленбесе - уақытша әкетілген халықаралық\n\nтасымалдаудың көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні;",
"2) шетелдік тұлғаға осы Кодекстің\n276-бабының\n5-тармағына сәйкес\n\nосындай көлік құралдарын экспорт кедендік рәсіміне орналастырмай, Одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына меншік құқығын берген жағдайда - осындай беру күні, ал егер осындай күн белгіленбесе - уақытша әкетілген халықаралық\n\nтасымалдаудың көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні\n\nкедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.",
"5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкету баждары, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатындай, төленуге жатады.",
"Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.",
"Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің\n20-бабы\n3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.",
"Егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кедендік әкету баждарын есептеу үшін 10-нан аз белгілердің санымен топтау деңгейінде айқындалса, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады.",
"Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді анықтау үшін кедендік әкету баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не төленбеген сомаларын өндіріп алу осы Кодекстің\n10\nжәне\n11-тарауларына\nсәйкес жүзеге асырылады.",
"6. Кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағына кері әкелу не мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын экспорт кедендік рәсіммен орналастырған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждары осы Кодекстің\n10-тарауына\nсәйкес қайтаруға жатады."
] | 9,789
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
281-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы керек-жарақтарды өткізу тәртібі мен шарттары туралы жалпы ереже
|
[
"1. Керек-жарақтар Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және Одақтың кедендік аумағында немесе Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде осы тарауда белгіленген тәртіппен, ал осы тараудың реттелмеген бөлігінде, - осы Кодекстің өзге тарауларында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.",
"2. Одақтың кедендік аумағында болуы және пайдаланылуы не Одақтың кедендік аумағынан әкету және Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде пайдалануы үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін керек-жарақтар кедендік рәсімдермен орналастырылмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.",
"3. Одақтың кедендік аумағына әкелінген, керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.",
"4. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін және Одақтың кедендік аумағынан кері әкелінетін, керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Одақтың тауарлары кеден органы оларды идентификаттау шартында Одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.",
"Керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Одақтың тауарлары ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кеден органдарының идентификаттау мүмкіндігі болмаған жағдайда, мұндай тауарлар шетелдік тауарлар ретінде қарастырылады.",
"5. Бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде, егер мұндай тауарлар су немесе әуе кемелерінің бортына тиелсе, ал егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе - Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін мұндай көлік құралдарынан, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан пойыздарда, бажсыз сауда дүкендерінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Мұндай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.",
"6. Кеден қоймасы кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті және Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Мұндай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.",
"Егер су кемесі орналасқан Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнында кеден қоймасы орналастырылса, оларды тасымалдау үшін мұндай кеден қоймасынан бортына мұндай тауарлар тиелетін су кемесі орналасқан Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнына дейін керек-жарақтар ретінде шығарылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылады.",
"7. Осы Кодекстің\n7-бабына\nсәйкес шектеулер мен тыйым салулар сақталған жағдайда осы Кодекстің\n283-бабына\nсәйкес пайдалану шартында керек-жарақтар Одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлемей және ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамай өткізіледі.",
"8. Тасымалдаушы, сондай-ақ осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің\n83-бабы\n1-тармағының 1-тармақшасының екінші - бесінші абзацтарында көрсетілген тұлғалар Керек-жарақтың декларанты бола алады.",
"Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін бажсыз сауда дүкендерінен әуе немесе су кемелерінің бортына тиелетін керек-жарақтардың декларанты болып кедендік декларациялау кезінде тауарлар болған бажсыз сауда дүкенінің иесі шыға алады.",
"9. Комиссия керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарлардың жекелеген санаттарының санды нормаларын, сондай-ақ көлік құралына қарай керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға тауарлардың жекелеген санаттарын жатқызу критерийлерін анықтауға құқылы.",
"Комиссия анықтаған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сандық нормаларынан асатын керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды, және мұндай тауарлар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.",
"10. Көлік құралдарындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды.",
"Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін бажсыз сауда дүкендерінен әуе немесе су кемелерінің бортына тиелетін керек-жарақтардың декларанты болып кедендік декларациялау кезінде тауарлар болған бажсыз сауда дүкенінің иесі шыға алады.",
"9. Комиссия керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарлардың жекелеген санаттарының санды нормаларын, сондай-ақ көлік құралына қарай керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға тауарлардың жекелеген санаттарын жатқызу өлшемшарттарын анықтауға құқылы.",
"Комиссия айқындаған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сандық нормаларынан асатын керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды және мұндай тауарлар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.",
"10. Көлік құралдарындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды."
] | 9,792
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
282-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде керек-жарақтарды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар келу орындарында не халықаралық тасымалдауды аяқтау орындарында жасалады.",
"2. Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде керек-жарақтарды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар халықаралық тасымалдау басталған орындарда не кету орындарында жасалады.",
"Кеден қоймасына кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар, қызмет өңірінде кеден қоймасы бар кеден органында жасалады.",
"3. Одақтың кедендік аумағына келген және Одақтың мұндай кедендік аумағынан кететін (су немесе әуе кемелері бортында не поезда) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарындағы керек-жарақтарды кедендік декларациялау, көлік құралына арналған декларацияны пайдалана отырып, халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кедендік декларациялаумен қатар бір уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.",
"Керек-жарақтарды декларациялау, егер мұндай керек-жарақтар Одақтың кедендік аумағына келген және мұндай аумақтан кететін әуе кемелерінің бортында осы әуе кемелерінің бортынан осы керек-жарақтарды түсіру (қайта тиеу) бойынша операцияларды жасамай орналасса, жүзеге асырылмайды.",
"4. Одақтың кедендік аумағына келген немесе Одақтың кедендік аумағынан кететін әуе және су кемелерінің бортына немесе поездарға түсірілетін, тиелетін, қайта тиелетін керек-жарақтарды кедендік декларациялау тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырылады.",
"Тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде тауарларды шығару үшін қажетті мәліметті қамтитын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдалануы мүмкін.",
"Көрсетілген керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтерді Комиссия айқындайды.",
"5. Керек-жарақтар ретінде кеден қоймасына және бажсыз сауда кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларды кедендік декларациялау тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырылады.",
"6. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операциялар тіркелу еліне немесе су, әуе кемелерінің немесе поездардың ұлттық тиесілігіне қарамастан, бірдей жасалады.",
"7. Комиссия кедендік декларациялау және керек-жарақтарға қатысты өзге де кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін айқындауға құқылы."
] | 9,793
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
283-бап. Одақтың кедендік аумағында керек-жарақтарды пайдалану
|
[
"1. Жолаушылардың және су кемелерінің экипаж мүшелерінің тұтынуына және (немесе) пайдалануына арналған керек-жарақтар және (немесе) осы кемелерді қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті керек-жарақтар, жолаушылардың экипаж мүшелерінің санына және (немесе) аялдау ұзақтығына тиісті мөлшерде олардың Одақтың кедендік аумағында болуы, оның ішінде су кемелерін докта, верфьте немесе кеме жөндеу зауытында жөндеу уақытында осы кемелерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.",
"2. Әуе кемелерінің Одақтың кедендік аумағында орналасқан бір әуежайға немесе бірнеше әуежайға қонуы кезінде осы кемелерді қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған керек-жарақтар және әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде экипаж мүшелерінің және жолаушылардың тұтынуына және пайдалануына арналған керек-жарақтар әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде пайдаланылуы мүмкін.",
"Әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне таратуға және сатуға арналған керек-жарақтар, оларды осы кемелердің борттарында жолаушылар немесе экипаж мүшелері таратуды және сатуды жүзеге асырған жағдайда таратылуы және сатылуы мүмкін.",
"3. Поездар жолаушыларының және поезд бригадалары жұмыскерлерінің тұтынуына және пайдалануына арналған керек-жарақтар және осы поездарды қалыпты пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті керек-жарақтар осы поездардың жүру жолында немесе аралық тоқтау не Одақтың кедендік аумағында түру пункттерінде жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің санына, сондай-ақ тұру ұзақтығына және жолда болу уақытына сәйкес мөлшерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.",
"Поездар жолаушыларының және поезд бригадаларының жұмыскерлеріне таратуға және өткізуге арналған керек-жарақтар, оларды тарату және сату осы поездарда жүзеге асырылған жағдайда, поездар Одақтың кедендік аумағында болған уақытта таратылуы және сатылуы мүмкін.",
"4. Тасымалдаушы су кемелерінің, әуе кемелерінің немесе поездардың Одақтың кедендік аумағында болған уақытында осы бапқа сәйкес керек-жарақтарды пайдалану үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Кеден органының шешімі бойынша керек-жарақтар сақталатын орын кедендік пломбалар мен мөрлер қойылып, мөрленуі мүмкін.",
"5. Су, әуе кемелерінің борттарындағы немесе поездардағы керек-жарақтар кеден органдарының рұқсатымен осы тарауда көзделген шарттар сақталған кезде жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға уақытша түсірілуі, берілуі мүмкін.",
"6. Одақтың кедендік аумағында су және әуе кемелерінен, пойыздардан түсірілген керек-жарақтар, оларды жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға тиегенге дейін жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға оларды түсіруге, беруге рұқсат берген кеден органы қызметінің өңірінде орналасқан кедендік бақылау аймағында орналастыруға жатады.",
"Одақтың кедендік аумағында су және әуе кемелерінен немесе пойыздардан түсірілген керек-жарақтармен жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да поездарға оларды тиеу үшін беруге дайындау үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.",
"7. Мүше мемлекеттердің заңнамасында керек-жарақтар ретінде шығарылған және поездарда Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалану тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.",
"8. Керек-жарақтар ретінде шығарылған, Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, осы Кодекстің\n281-бабының\n5 және 6-тармақтарында көрсетілген тауарлардың декларанты мұндай тауарлардың әуе және (немесе) су кемелерінің бортына, мұндай тауарларды қалыпты өткізу (тасымалдау) және сақтау жағдайында тауарлардың табиғи тозуы немесе кемуі не табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан өзгерген саны мен (немесе) жай-күйін қоспағанда, керек-жарақтар ретінде оларды шығару сәтіндегі мөлшерде және жай-күйде тиелуін қамтамасыз етуге міндетті.",
"9. Керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда, осы тарауда көзделмеген мақсаттарда Одақтың кедендік аумағында пайдаланылуы мүмкін."
] | 9,794
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
284-бап. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
|
[
"1. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет кеден органдары кедендік декларацияны тіркеген сәттен бастап декларантта туындайды.",
"2. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шет елдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар болған кезде тоқтатылады:",
"1) Одақтың кедендік аумағынан керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың іс жүзінде әкетілуі;",
"2) керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың осы Кодекстің\n283-бабына\nсәйкес пайдаланылуы;",
"3) мұндай тауарларды осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;",
"4) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге тиісті мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттемелерді орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;",
"5) кеден органының мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан осындай шетелдік тауарларды жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін, не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, қалыпты өткізу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде мұндай тауарларды қайтарусыз жоғалту фактісін тану;",
"6) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерге қатысты - керек-жарақ ретінде декларацияланатын шетелдік тауарларды шығарудан бас тарту;",
"7) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттерге қатысты - осы Кодекстің\n113-бабына\nсәйкес тауарларға арналған декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің\n118-бабының\n4-тармағына сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;",
"8) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) осындай тауарларды тәркілеу немесе олардың айналымы;",
"9) кеден органының осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес осындай тауарларды ұстауы;",
"10) қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын мұндай тауарлар шығарылмаған болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған, осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру.",
"3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет орындалуға жатады.",
"4. Мынадай мән-жайлар орын алған кезде:",
"1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан оларды жою және (немесе) қайтарусыз жоғалтуды не қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларды жоғалтқан жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару күні;",
"2) осы тарауда қарастырылмаған мақсаттарда Одақтың кедендік аумағында осындай шетелік тауарларды пайдаланған жағдайда - осындай пайдаланудың бірінші күні, ал егер ондай күн белгіленбесе - керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару күні керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып саналады.",
"5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.",
"Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары есептеу үшін керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару үшін ұсынылған тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.",
"Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы мәліметтер болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің\n20-бабының\n3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.",
"Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерімен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:",
"кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады;",
"салықтарды есептеу үшін, оларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы белгіленген мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің жоғарғысы және акциздер мөлшерлемелерінің (акциздік салық немесе акциздік алым) ең жоғарғысы қолданылады;",
"арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін осы тармақтың сегізінші абзацын ескере отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысы қолданылады.",
"Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары осы Кодекстің\n4-тарауына\nсәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерінен және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерден шыға отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына, егер тауарды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса не топтауға кіретін тауарларға, егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес 10-нан кем белгі мөлшерінде топтау деңгейінде анықталса, белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарғысынан шыға отырып есептеледі.",
"Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді белгілеген кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріліп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не осы Кодекстің\n10\nжәне\n11-тарауларына\nжәне\n76\nжәне\n77-баптарына\nсәйкес төленбеген сомалар өндіріліп алынады.",
"6. Одақтың кедендік ауағынан керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарларды іс жүзінде әкету, кеден органдарының мұндай тауарларды осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес ұстауы не мұндай тауарларды кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналасуы жағдайында, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріліп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары осы Кодекстің\n10-тарауына\nжәне\n76-бабына\nсәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады."
] | 9,795
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
285-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды жіберу ерекшеліктері
|
[
"1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін мынадай тауарларға рұқсат етілмейді:",
"1) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес тасымалдауға тыйым салынған тауарлар;",
"2) тізбесін Комиссия айқындайтын халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым салынған тауарлар.",
"2. Халықаралық пошта жөнелтілімдері осы Кодекске сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды шығару және мұндай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеген жағдайда пошта байланысының операторы тағайындаған олардың алушыларына беріледі.",
"3. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен тағайындалған пошта байланысының операторы осындай заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен кеден органына жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы ақпаратты ұсынған жағдайда халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың алушысын белгілеуі мүмкін."
] | 9,798
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
286-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау ерекшеліктері
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдері келген кезде немесе олар Одақтың кедендік аумағынан шыққан кезде тасымалдаушы кеден органына ұсынатын өткізілетін халықаралық пошта жөнелтілімдері туралы мәліметі оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен сүйемелденетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған құжаттарда бар мынадай мәліметтермен шектеледі:",
"1) халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жөнелтушісі және алушысы болып табылатын халықаралық пошта алмасу орнының (мекеменің) атауы;",
"2) халықаралық поштамен жөнелтілімдерінің брутто салмағы (килограммен);",
"3) жүк орындарының саны.",
"2. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберуге тыйым салынған және шектеу белгіленген тауарлардың халықаралық пошта жөнелтілімдерде бар болуы туралы мәліметті тасымалдаушы кеден органына, егер тасымалдаушыға мұндай ақпарат мәлімет болса, ұсынады.",
"3. Аэрограммалар, хаттар, поштаның карточкалары мен зағиптерге арналған жөнелтілімдер кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдерге орналастырылмай кеден органының рұқсатымен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.",
"4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кеден органдары халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерде) не кеден органы айқындаған өзге де орындарда жасалады.",
"Халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелер) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.",
"Халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелері) туралы ақпаратты кеден органдары Комиссияға халықаралық пошта алмасу орындарының (мекемелерінің) ортақ тізбесін қалыптастыру және оны Одақтың ресми сайтында Интернет желісінде орналастыру үшін жолдайды.",
"5. Белгіленген тыйымдар мен шектеулерге сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелуге жатпайтын халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлар, егер осы Кодексте, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе, Одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуі тиіс.",
"Көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету бойынша шараларды, егер өзге тұлғалар мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, аумағында халықаралық пошта алмасу орны (мекемесі) орналасқан, тағайындалған мүше мемлекеттің пошта байланысының операторы қабылдайды.",
"6. Халықаралық пошта алмасу орында (кәсіпорында) тыйым салулар мен шектеулердің сақталмауы айқындалған жағдайда кеден органы Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салынғаны туралы шешім қабылдайды және тағайындалған пошта байланысы операторының назарына ұсынады.",
"7. Кеден органының Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салынғаны туралы шешімді алғаннан кейін осы баптың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тауарларды мұндай аумақтан дереу әкету мүмкін болмаған жағдайда, мұндай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес ұстайды.",
"8. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар жолаушының кедендік декларациясы ретінде, ал осы баптың 9-тармағында көзделген және (немесе) осы баптың 10-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда - тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылуы мүмкін.",
"9. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде мынадай жағдайларда пайдаланылуы мүмкін:",
"1) мұндай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбейді;",
"2) мұндай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер белгіленбеген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылмайды.",
"10. Мүше мемлекеттердің заңнамасында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар экспорттың кедендік рәсіміне, сондай-ақ кері импорттың кедендік рәсіміне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінде және алушыға табыс етілмеген Одақтың кедендік аумағынан пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ кері импорттың кедендік рәсіміне сәйкес әкетілген тауарларды пайдалануға болатын жағдайлар мен шарттар белгіленуі мүмкін.",
"11. Тауарларға арналған декларация немесе жолаушының кедендік декларациясы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды пайдалану кезінде мұндай кедендік декларацияны беру, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оны электрондық түрде ұсынбайды.",
"Мүше мемлекеттердің заңнамасында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар, тауарларға арналған декларация немесе жолаушының кедендік декларациясы ретінде пайдаланылған кезде тағайындалған пошта байланысы операторының электрондық түрде ұсынған тауарларға арналған декларациясында немесе жолаушының кедендік декларациясында көрсетілуге жататын мәліметтерді құрайтын жіберілетін тауарлар туралы ақпаратты белгілеуі мүмкін, ол оны мұндай тауарларға арналған декларацияның немесе жолаушының кедендік декларациясының электрондық түрі ретінде пайдалануы мүмкін.",
"12. Халықаралық пошта жөнелтілімдері, егер мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау бойынша кедендік операциялар жасалмаған не мұндай тауарларды шығарудан бас тартқан жағдайда, пошта байланысы тағайындаған оператор кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей халықаралық пошта алмасу орнына (кәсіпорнына) уақытша сақтауға орналастырады.",
"13. Кедендік декларациялау және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін, Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару оларды жөнелту үшін пошта байланысы тағайындаған оператор бергенге дейін жүзеге асырылады.",
"14. Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін жөнелтушіге қайтаруға жататын тауарлар мұндай аумақтан кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдермен орналастырылмай кеден органының рұқсатымен әкетіледі.",
"Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуге кеден органының рұқсатын алу үшін тағайындалған пошта байланысынын операторы кеден органына қаптамасының сыртында қайтарылу себебі көрсетілген, қайтарылатын халықаралық пошта жөнелтілімін және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды ұсынады.",
"15. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін және жөнелтушіге берілмеген жеке пайдалануға арналған тауарлар, Одақтың кедендік аумағына әкелінген мұндай тауарлар орамасының тұтастығын сақтаған жағдайда кедендік декларациялаусыз кеден органының рұсқатымен Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.",
"Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге кеден органының рұқсатын алу үшін тағайындалған пошта байланысының операторы кеден органына қаптамасының сыртында қайтарылу себебі көрсетілген, қайтарылатын халықаралық пошта жөнелтілімін және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды ұсынады.",
"16. Бос пошта ыдысы Одақтың кедендік шекарасы арқылы кеден органының рұқсатымен кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсімдермен орналастырылмай өткізіледі.",
"Одақтың кедендік шекарасы арқылы бос пошта ыдысын өткізуге кеден органының рұқсатын алу үшін тағайындалған пошта байланысының операторы кеден органына Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және бос пошта ыдысына ілеспе құжаттарды ұсынады.",
"17. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе және жолаушының кедендік декларациясы ретінде пайдаланылатын құжаттарда көрсетілген тауарлар туралы мәліметтердің, егер мұндай алшақтықтар іс жүзінде жөнелтілетін тауарларға қатысты тыйымдар мен шектеулерді қолдануға әкелмесе, іс жүзінде жөнелтілетін тауарлармен алшақтық фактілерінің анықталуына байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан бас тартқан жағдайда, мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдері, егер мұндай тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация немесе жолаушының кедендік декларациясы берілмесе, осы баптың 14-тармағында көзделген тәртіппен жөнелтушіге қайтаруға жатады.",
"18. Одақтың кедендік шекарасы арқылы осы баптың 14 - 17-тармақтарында көрсетілген тауарларды өткізуге кеден органының рұқсаты осы баптың 14 - 16-тармақтарында көрсетілген құжаттарға тиісті белгілерді кеден органының қоюы жолымен ресімделеді."
] | 9,799
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
287-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
|
[
"1. Кедендік транзит кедендік рәсімі мыналарға қатысты:",
"1) Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдері:",
"оларды кету орнынан халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) не кету орнына дейін тасымалдаған кезде;",
"халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелері) арасында оларды тасымалдаған кезде;",
"2) кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлары немесе осы Кодекстің\n286-бабының\n5-тармағында көрсетілген тауарлары бар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнынан (мекемесінен) кету орнына дейін тасымалдаған кезде қолданылады.",
"2. Халықаралық пошта жөнелтілімдері осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің\n22-тарауына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.",
"3. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын,\n\nоның ішінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар тізбесін Комиссия айқындайды.",
"Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде мұндай транзиттік декларация электрондық түрде ұсынылмайды.",
"4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері бекітілген - халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағының 1 килограмы үшін 4 евро мөлшерінде есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы ретінде айқындалады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалар, пошта карточкалары, хаттар мен зағиптерге арналған жөнелтілімдер) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.",
"5. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы мынадай жағдайларда:",
"1) декларант ретінде тағайындалған пошта байланысының операторы шықса;",
"2) халықаралық пошта жөнелтілімдері халықаралық пошта алмасудың орнына (кәсіпорнына) жеткізуге жатса қамтамасыз етілмейді.",
"6. Осы баптың 5-тармағының 2-тармақшасында көзделген, аумағында халықаралық пошта алмасу орны (кәсіпорны) орналасқан, мүше мемлекеттің тағайындалған пошта байланысының операторы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің декларантымен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша бірдей міндетті болады.",
"7. Осы Кодекстің\n153-бабының\n5-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 4-тармағында белгіленген мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін төлеуге жатады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалар, пошта карточкалары, хаттар мен зағиптарға арналған жөнелтілімдер) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды."
] | 9,800
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
288-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнындағы (мекемесіндегі) кедендік бақылау аймағына орналастыру кезінде оларға қатысты тағайындалған пошта байланысының операторында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
|
[
"1. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты тағайындалған пошта байланысының операторында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнындағы (мекемесіндегі) кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтілімдерін орналастыру сәтінен бастап туындайды.",
"2. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тағайындалған пошта байланысының операторында мынадай жағдайлар болған кезде тоқтатылады:",
"1) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды оның алушысына халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды шығаруға байланысты бергенде;",
"2) осы Кодекстің\n286-бабының\n14-тармағына немесе 17-тармағына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды оның жөнелтушісіне қайтарғанда;",
"3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу бойынша міндеттері орындалғанда;",
"4) кеден органының мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан халықаралық почта жөнелтілімдерін жою және (немесе) қайтарусыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарусыз жоғалтуға дейін осы халықаралық почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болған жағдайларды қоспағанда, қалыпты өткізу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде осындай халықаралық почта жөнелтілімдерін қайтарусыз жоғалту фактісін тану;",
"5) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды тәркілеу немесе олардың айналымы;",
"6) кедендік органдардың осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды ұстауы;",
"7) қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс барысында қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын мұндай тауарлардың шығаруы жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің біріне орналастыру тоқтатылады.",
"3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет орындалуға жатады.",
"4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:",
"аварияның немесе еңсерілмейтін күш салдарынан оларды жою және (немесе) қайтарусыз жоғалтуды не қалыпты тасымалдау (өткізу) және (немесе) сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде қайтарусыз жоғалтуды қоспағанда, халықаралық пошта жөнелтілімдерін жоғалтқан жағдайда - халықаралық пошта жөнелтілімдерін жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - мұндай жоғалтуды анықтаған күні;",
"халықаралық пошта жөнелтілімдерін кеден органы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды шығарғанға дейін алушыға берген жағдайда, - оларды алушыға берген күні, ал егер ондай күн белгіленбесе - мұндай айқындауды анықтаған күні халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу төлеу мерзімі болып саналады.",
"5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын осы Кодекстің\n287-бабының\n4-тармағында белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету үшін төлеуге жатады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалар, пошта карточкалары, хаттар мен зағиптерге арналған жөнелтімдер) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды."
] | 9,801
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
289-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі және шарты туралы жалпы ереже
|
[
"Осы тарауда құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шартының ерекшеліктері, мұндай тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің ерекшеліктері, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері айқындалады."
] | 9,804
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
290-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау және Одақтың кедендік аумағына әкелу, Одақтың кедендік аумағынан әкету ерекшеліктері
|
[
"1. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен олар орналастырылғаннан кейін, егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, - кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялағаннан кейін жол беріледі.",
"2. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен олар орналастырылғаннан кейін Одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беріледі.",
"3. Кеден органына кедендік декларацияны берген кезде құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды ұсыну талап етілмейді.",
"4. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды араластыруға, сондай-ақ мүше мемлекеттердің қолданыстағы техникалық регламенттеріне және стандарттарына сәйкес тауарларды тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктерінің және спецификалық сипаттамасының салдарынан тауарлардың санын және жай-күйін (сапасын) өзгертуге жол беріледі.",
"5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың саны мен (немесе) сапасы осы Кодекстің\n292-бабының\n1 және 2-тармақтарында көрсетілген құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есептеу құрылғыларының көрсеткіштері негізінде, ал олар болмаған кезде - егер өлшеудің мұндай құралдары мен әдістерін қолдану мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, мұндай тауарлардың өзге құралдарының және мөлшерін өлшеу әдістері көрсеткіштерінің негізінде, сондай-ақ тиісті шарттар бойынша іс жүзінде жеткізілген тауарлар туралы құжаттардың, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды қабылдап тапсыру-беру актілерінің (қабылдау-тапсыру), мұндай тауарлардың сапа сертификаттарының және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын есептік кезең ішінде құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың өндірілген, жеткізілген және тұтынылған көлемдерінің атаулы бөлінуін растайтын өзге де құжаттардың негізінде айқындалады.",
"6. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің\n104-бабының\n8-тармағына сәйкес айқындалады.",
"7. Одақтың кедендік аумағында құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарларды, егер бұл құбыржол көлігімен өткізілетін кедендік бақылаудағы Одақтың тауарлары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленсе, құбыржол көлігінен көліктің өзге түрлеріне не көліктің өзге түрінен құбыржол көлігіне қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) қызмет өңірінде мұндай жүк операциясы жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі.",
"8. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасу бойынша, оның ішінде мұндай тауарлар бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша өткізілген жағдайда, құбыржол көлігін пайдалана отырып, аралас тасымалдауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін Комиссия айқындайды.",
"9. Мүше мемлекеттердің заңнамасында құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ кеден органдарының осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарда белгі қою ерекшелігі белгіленуі мүмкін."
] | 9,805
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
291-бап. Электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау және Одақтың кедендік аумағына әкелу, Одақтың кедендік аумағынан әкету ерекшеліктері
|
[
"1. Электр беру желісі бойынша (бұдан әрі осы бапта - электр энергиясы) өткізілетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге және Одақтың кедендік аумағынан әкетуге кеден органына кедендік декларацияны бергенге дейін жол беріледі.",
"2. Электр энергиясын ішкі тұтыну үшін шығару немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кедендік декларация, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік реттеу туралы өзге мерзім белгіленбесе, оны іс жүзінде жеткізуде әрбір күнтізбелік айдан кейінгі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірілмей беріледі.",
"3. Кедендік декларацияны берген кезде электр энергиясын кеден органына ұсыну талап етілмейді.",
"4. Одақтың кедендік аумағына әкелінген немесе Одақтың кедендік аумағынан әкетілген электр энергиясының нақты мөлшері кедендік декларациялауға жатады.",
"Электр энергиясының мөлшері, егер электр энергиясының мөлшерін анықтаудың өзгеше тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, технологиялық келісілген және электр энергиясының өтуін белгілейтін жерлерде орнатылған есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің, тиісті шарт бойынша электр энергиясын іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау (қабылдау - тапсыру) актілерінің және электр энергиясының сальдо-артық легі ретінде (кернеудің барлық сыныптарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы артық легінің алгебралық сомасы) электр энергиясының іс жүзінде өтуін растайтын басқа да құжаттардың негізінде әрбір күнтізбелік ай үшін айқындалады.",
"Егер бұл мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалану және мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу үшін жауапты ұйымдар арасында жасалған электр энергиясының артық легінің есепке алуын ұйымдастыру туралы келісімдерде көзделсе, электр энергиясының сальдо-артық легінің есептелген мәні электр энергиясын өткізген кезде қолданатын мұндай келісімдерге сәйкес айқындалатын желілерде электр энергиясының жоғалу шамасына түзетулер енгізіледі.",
"5. Энергожүйенің қатарласа жұмыс істеп, жоспардан тыс (технологиялық) электр энергиясының сальдо-артық легін кедендік декларациялау ерекшеліктері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленеді.",
"6. Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясы, Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне өткізу үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайды.",
"7. Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясы, Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізілген кезде, оның аумағынан мұндай тауарлардың өткізілуі басталатын мүше мемлекеттің жөнелтушісі (жөнелтушілері) немесе тасымалдаушысы (тасымалдаушылары), және оның аумағында мұндай тауарлардың өткізілуі аяқталатын мүше мемлекеттің алушысы (алушылары) немесе тасымалдаушы (тасымалдаушылары) тауарларды өткізу күнтізбелік айдан кейінгі күнтізбелік айдың соңғы күніне дейін не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін, аумағында жөнелтуші (жөнелтушілер), алушы (алушылар) немесе тасымалдаушысы (тасымалдаушылар) тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына (кеден органдарына) мынадай мәліметтерді көрсете отырып, өтініш ұсынады:",
"1) электр беру желісі бойынша өткізілген электр энергиясы жөнелтушісінің және алушысының атауы;",
"2) оның негізінде электр энергиясының өткізілуі жүзеге асырылатын шарт қорытындысының нөмірі мен күні;",
"3) электр энергиясын өткізу кезеңі;",
"4) өткізілген электр энергиясының мөлшері;",
"5) электр энергиясының өткізілуі жүзеге асырылған электр энергиясын есепке алу аспаптарын орнату орындарының атауы және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің атауы.",
"8. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 7-тармағында көрсетілген өтініштің Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясы Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізілген кезде ұсынылмайтындығы көзделуі мүмкін.",
"9. Электр беру желілері бойынша Одақтың тауары мәртебесіне ие электр энергиясын Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы өткізген кезде, электр энергиясы Одақтың тауары мәртебесін сақтайды.",
"10. Одақтың кедендік аумағы арқылы электр энергиясын өткізген кезде оның аумағы бойынша мұндай тауарлардың өткізілуі жүзеге асырылған мүше мемлекеттің тасымалдаушысы (тасымалдаушылары) электр энергиясын өткізу күнтізбелік айдан кейінгі күнтізбелік айдың соңғы күніне дейін не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін, аумағында тасымалдаушы (тасымалдаушылар) тіркелген мүше мемлекеттің кеден органына (кеден органдарына) есептік кезең ішінде электр энергиясының өткізілген көлемдері туралы мәліметтерді және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін өзге де мәліметтерді көрсете отырып өтінішті ұсынады.",
"11. Электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарлар бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша өткен жағдайда, мұндай тауарлар туралы ақпарат алмасу бойынша мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін Комиссия айқындайды.",
"12. Мүше мемлекеттердің заңнамасында электр беру желісі өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылау ерекшеліктері, сондай-ақ кеден органдарының осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарда белгі қою ерекшелігі белгіленуі мүмкін."
] | 9,806
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
292-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалану
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағынан әкетіліп, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде, оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:",
"1) мұндай тауарлардың жөнелтуші елі болып табылатын мүше мемлекет;",
"2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;",
"3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, соның негізінде мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін мәміленің шарттарына сәйкес айқындалған орындарда, шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.",
"2. Одақтың кедендік аумағына әкелініп, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:",
"1) мұндай тауарлардың межелі елі болып табылатын мүше мемлекет;",
"2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;",
"3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, соның негізінде мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінетін мәміленің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы, шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.",
"3. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:",
"1) мұндай электр энергиясының жөнелтуші елі болып табылатын мүше мемлекет;",
"2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;",
"3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалану және мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу үшін жауапты ұйымдар арасында электр энергиясының артық легінің есепке алуын ұйымдастыру туралы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.",
"4. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде оның аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады:",
"1) мұндай электр энергиясының межелі елі болып табылатын мүше мемлекет;",
"2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы есепке алу аспаптарына қол жетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шарттары болған кезде шектес мемлекет;",
"3) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, мемлекетаралық электр беру желілерін пайдалану және мемлекетаралық электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу үшін жауапты ұйымдар арасында электр энергияның артық легінің есепке алуын ұйымдастыру туралы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес айқындалған орындардағы шектес және (немесе) өзге мемлекеттер.",
"5. Осы баптың 1 - 4-тармақтарында көрсетілген, олардың көрсеткіштері тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының болу орындарының тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалуы мүмкін.",
"6. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары істен шыққан жағдайда, кедендік декларациялау мақсаттары және кедендік бақылау жүргізу үшін тасымалдаушының өткізілген тауарлардың нақты саны туралы мәліметі пайдаланылады.",
"7. Одақтың кедендік аумағында орналасқан құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріндегі ақпаратқа санкцияланбаған қол жетімділікті және өзгертуді болдырмау мақсатында, кеден органдары мұндай аспаптарға сәйкестендіру құралдарын қояды.",
"Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға, аумағында кедендік бақылау жүргізу және сәйкестендіру құралдарын қою (алу) үшін мұндай есепке алу аспаптары орналасқан мүше мемлекет кеден органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының мұндай есепке алу аспаптарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті",
"8. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға, құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі және (немесе) қолданылатын тәсілі туралы ақпаратты кеден органына мынадай жағдайда:",
"1) қызмет өңірінде мұндай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орны бар кеден органының сұрау салуы бойынша;",
"2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі және (немесе) қолданылатын тәсілі өзгерген кезде ұсынады.",
"9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпарат кеден органынан сұрау салуды алған немесе құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу (өлшеу) тәртібі және (немесе) қолданылатын тәсілі өзгерген күннен кейінгі күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылуы тиіс.",
"10. Идентификаттау құралдарын салуды (алуды), аумағында құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған мүше мемлекеттің кеден органдары объекті иесінің немесе оған уәкілетті тұлғаның қатысуымен жүзеге асырылады.",
"Идентификаттау құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша, оның аумағында есепке алу аспаптары орнатылған мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша акті жасалады.",
"11. Егер құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға салынған идентификаттау құралдарының тұтастығын бұзуға және (немесе) бөлшектеуге байланысты жабдықтың ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізген жағдайда, ол туралы қызмет өңірінде мұндай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындары бар кеден органына, оларды өткізу күнін және ұзақтығын көрсете отырып көрсетілген жұмыстардың жүргізуін бастағанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын хабардар етеді.",
"Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптары орнатылған объектінің иесі немесе оған уәкілетті тұлға тауарлардың немесе авариялық және өрт қауіпті жағдайлардың санын және сапасын өлшеу жүйесі жұмысының бұзылу қаупі туындаған жағдайда, қызмет өңірінде мұндай тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындары бар кеден органына, кейіннен салынған идентификаттау құралдарының бұзылуына әкелген себептер туралы хабардар етіп, мұндай қауіптің алдын алу және оны жою бойынша жұмыстардың өткізілгені туралы хабарлайды."
] | 9,807
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
293-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды идентификаттау
|
[
"Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды идентификаттау жүзеге асырылмайды, бұл кедендік мақсаттарда кеден органдарына тауарлардың санын, сапасын және басқа да сипаттамаларын құжаттарда бар мәліметтерді, есептеуіштердің және басқа да өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалана отырып белгілеуге кедергі келтірмейді."
] | 9,808
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
294-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
|
[
"1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін онда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:",
"\"әкелу орны\" - көрсеткіштері Одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен әкелінетін тауарлардың санын анықтау үшін пайдаланылатын, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;",
"\"әкету орны\" - көрсеткіштері Одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен әкетілетін тауарлардың санын анықтау үшін пайдаланылатын, Одақтың кедендік аумағы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;",
"\"межелі орны\" - аумағында мұндай тауарлардың өткізілуі аяқталатын, көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) анықтау мақсатында пайдаланылатын мүше мемлекетте орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны, ал аумағында тауарлардың өткізілуі аяқталатын мүше мемлекеттің аумағында мұндай аспаптар орнатылғанға дейін - басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан және мұндай тауарларды алып жүру жолында соңғысы болып табылатын, тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;",
"\"жөнелту орны\" - аумағынан осындай тауарлар жөнелтіле бастайтын, көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) айқындау мақсатында пайдаланылатын, мүше мемлекетте орналасқан, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны, ал аумағынан тауарлардың өткізілуі басталатын мүше мемлекеттің аумағында мұндай аспаптар орнатылғанға дейін - басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан және мұндай тауарларды алып жүру жолында соңғысы болып табылатын, тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;",
"2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылады:",
"1) Одақтың кедендік аумағы бойынша оларды тасу (тасымалдау) үшін мынадай жағдайларда:",
"құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар әкелу орнынан әкету орнына дейін тасылады (тасымалданады);",
"құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар әкелу орнынан межелі орнына дейін тасылады (тасымалданады);",
"құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған, құбыржол көлігімен өткізілетін Одақ тауарлары осы Кодекстің\n142-бабы\n2-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасылады (тасымалданады);",
"құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар жөнелту орнынан межелі орнына дейін тасылады (тасымалданады);",
"2) егер құбыржол көлігімен өткізілетін Одақ тауарлары әкету орнынан әкелу орнына дейін тасылса (тасымалданса), Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы оларды тасу (тасымалдау) үшін.",
"3. Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар, егер мұндай тасу (тасымалдау) басталғанға дейін осы тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен, кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен немесе кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмайды.",
"Кедендік транзиттің кедендік рәсімі, егер мұндай тасу (тасымалдау) табиғи газды құбыржол көлігімен тасудың (тасымалдаудың) технологиялық ерекшеліктеріне негізделсе, уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған табиғи газды Одақтың кедендік аумағы бойынша тасу (тасымалдау) үшін қолданылмайды.",
"4. Декларант кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес іс жүзінде тасылған (тасымалданған), құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы нақты мәліметтер аумағында кедендік транзиттің кедендік рәсімімен тауарлар орналастырылған мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған мерзімде жеткізудің әрбір күнтізбелік айы үшін ұсынуға міндетті.",
"5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің кедендік рәсімінің әрекеті:",
"1) әкелу орнынан немесе жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасылатын (тасымалданатын) шетелдік тауарларға, сондай-ақ жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасылатын (тасымалданатын), осы Кодекстің\n142-бабы\n2-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Одақ тауарларына қатысты - осы Кодекстің\n104-бабының\n8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгі қоюы арқылы тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін;",
"2) жөнелту орнынан немесе әкелу орнынан межелі орынға дейін тасылатын (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты - осы баптың 4-тармағына сәйкес іс жүзінде тасылған (тасымалданған) тауарлар туралы нақты мәліметтерді кеден органына табыс ету үшін белгіленген мерзім шегінде не осы Кодекстің\n104-бабының\n8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгі қоюы арқылы шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсіммен тауарларды межелі орынға орналастырумен;",
"3) әкету орнынан әкелу орнына дейін тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарларына қатысты - тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін және осы Кодекстің\n104-бабының\n8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органы белгі қойғаннан кейін аяқталады.",
"6. Мүше мемлекеттерде қолданылатын техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес тасудың (тасымалдаудың) технологиялық ерекшеліктеріне байланысты құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың кедендік аумағы арқылы тасылатын (тасымалданатын) тауарлардың ерекше сипаттамаларын өзгертуге жол бeріледі.",
"7. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес осы Кодекстің\n144\n,\n145\n,\n147-баптарының\n,\n148-бабы\n1 және 2-тармақтарының,\n151\n-\n153\n,\n304\n-\n306\n,\n309\n,\n343\n,\n344\nжәне\n364-баптарының\nережелері қолданылмайды.",
"8. Құбыржол көлігімен өткізілетін, бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасылатын (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану Одақ шеңберінде халықаралық шартқа сәйкес, ал мұндай халықаралық шарт қабылданғанға дейін - мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады."
] | 9,809
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
295-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
|
[
"1. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларга қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.",
"2. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар орын алған кезде:",
"1) осы Кодекстің\n294-бабы\n5-тармағының 1 және 2-тармақшаларына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;",
"2) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;",
"3) мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш салдарынан жойылуы және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, тасудың (тасымалдау) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде мұндай тауарларды қайтарымсыз жоғалту фактісін кеден органының тануы;",
"4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;",
"5) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің\n113-бабына\nсәйкес транзиттік декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің\n118-бабының\n4-тармағына сәйкес тауарлар шығару тоқтатылады.",
"3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің\n294-бабы\n5-тармағының 1 және 2-тармақшаларына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда орындалады.",
"Көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.",
"4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болып төленеді.",
"Кедендік әкелу баждарын, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу үшін транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшерлемелері қолданылады.",
"5. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің\n129-бабы\n7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырған немесе кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті орындағаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін кеден органдары мұндай тауарларды осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес ұстаған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары осы Кодекстің\n10-тарауына\nжәне\n76-бабына\nсәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) болады.",
"6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.",
"7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар орын алған кезде:",
"1) осы Кодекстің\n294-бабы\n5-тармағының 1 және 3-тармақшаларына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;",
"2) кедендік әкету баждарын осы баптың 9-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;",
"3) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарудан бас тарту;",
"4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің\n113-бабына\nсәйкес транзиттік декларацияны кері қайтару және (немесе) осы Кодекстің\n118-бабының\n4-тармағына сәйкес тауарлар шығару тоқтатылады.",
"8. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің\n294-бабы\n5-тармағының 1 және 3-тармақшаларына сәйкес Одақ тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда орындалады.",
"Көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде Одақ тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.",
"9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкету баждары құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болып төленеді.",
"Кедендік әкету баждарын есептеу үшін транзиттік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болған кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады."
] | 9,810
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
296-бап. Тұлғалардың жекелеген санаттарының Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері туралы жалпы ережелер
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттер, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының жеке пайдалануына арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда осы тараудың ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.",
"2. Одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары) мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналы және олардың отбасы мүшелері жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаларға мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарымен және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттармен берілген артықшылықтардың және (немесе) иммунитеттердің көлемі ескеріле отырып өткізіледі."
] | 9,813
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
297-бап. Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру
|
[
"1. Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодекстің\n36-тарауына\nсәйкес арнаулы кедендік рәсіммен не осы Кодексте көзделген өзге де кедендік рәсімдермен осы баптың ережелері ескеріле отырып орналастырылады.",
"2. Одақтың кедендік аумағында орналасқан мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, оларға қатысты мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттердің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген жеке пайдалануға арналған тауарлары, оларға қатысты осы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген осы Кодекстің\n36-тарауына\nсәйкес арнайы кедендік рәсімдермен не осы баптың ережелері ескеріле отырып осы Кодексте көзделген өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылады.",
"3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тауарларды арнаулы кедендік рәсімді қоспағанда өзге кедендік рәсіммен орналастырған кезде Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері Одақ туралы\nшартқа\nсәйкес көзделген, кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға құқылы.",
"4. Осы Кодекстің\n83-бабы\n1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тұлғалар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың декларанттары болып табылады."
] | 9,814
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
298-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары
|
[
"1. Егер дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматтары болмаса, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер ол болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің азаматтары болып табылмаса, олар:",
"1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік аумағына:",
"болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес расталатын, осы мемлекетте мұндай тұлғаларға артықшылықтар беру мерзімінде жеке пайдалану үшін көлік құралдарын;",
"бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;",
"2) кедендік баждарды төлемей, Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.",
"2. Егер консулдық мекемелердің басшылары және консулдық мекемелердің өзге де консулдық лауазымды адамдары, олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және осындай мүше мемлекеттің азаматтары болмаса, олар:",
"1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік аумағына:",
"болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес расталатын, осы мемлекетте мұндай тұлғаларға артықшылықтар беру мерзімінде жеке пайдалану үшін көлік құралдарын;",
"бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;",
"2) кедендік баждарды төлемей Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуге құқылы.",
"3. Осы баптың 2-тармағының ережелері:",
"1) құрметті консулдық лауазымды адамдар;",
"2) консулдық ұйымда қызмет арқаратындар, құрметті консулдық қызметшілерді басқаратындар;",
"3) осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде қолданылмайды.",
"4. Мүше мемлекетте тұрақты тұрмайтын, мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, дипломатиялық өкілдерінің басшылары, дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналының мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса, оларды әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған не шектелген немесе мұндай тауарларға қатысты әкелу және (әкету) рұқсат тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринаринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптары қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздемелер болмаса, кедендік тексеріп-қараудан босатылады. Мұндай тауарларды кедендік тексеріп қараудан өткізу тек осы адамдардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.",
"5. Консулдық мекемелердің басшылары және консулдық мекемелердің өзге де лауазымды тұлғалары, егер олар болу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмайтын болса және осындай мүше мемлекеттің азаматы болмаса, олар өзімен бірге алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ олармен бірге тұратын көрсетілген отбасы мүшелері өзімен бірге алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса, оларды әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған не шектелген немесе мұндай тауарларға қатысты әкелу және (әкету) рұқсат тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринаринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптар қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздемелер болмаса, кедендік тексеріп-қараудан босатылады. Мұндай тауарларды кедендік тексеріп қараудан өткізу тек көрсетілген адамдардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.",
"6. Егер мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттары және соның ішінде тұрақты тұратын және (немесе) мемлекеттің азаматтары болып табылатын, осы бапта көрсетілген жеке тұлғалар үшін мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар, осы бапқа қарағанда артықшылықтар мен иммунитеттердің үлкен көлемі қарастырылса, онда мұндай тұлғаларға Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердің көлемі ұсынылады."
] | 9,815
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
299-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персонал жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау шарттары
|
[
"1. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері және олармен бірге тұрып жатқан олардың отбасы мүшелері, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса:",
"1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып Одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:",
"келу мемлекетінде мұндай адамдарға осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;",
"жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;",
"2) Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды төлемей әкетуге құқылы.",
"2. Консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерімен бірге тұратын, келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмайтын және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмайтын олардың отбасы мүшелері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса және мұндай мүше мемлекеттің азаматы болып табылмаса:",
"1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып Одақтың кедендік аумағына бастапқы жайғасуға арналған:",
"келу мемлекетінде мұндай адамдарға осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;",
"жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге;",
"2) Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды төлемей әкетуге құқылы.",
"3. Консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персонал жұмыскерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, егер олар келу мемлекеті болып табылатын мүше мемлекетте тұрақты тұрмаса, егер бұл мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда көзделсе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып Одақтың кедендік аумағына келу мемлекетінде мұндай адамдарға осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталатын артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған өзге де тауарларды әкелуге құқылы.",
"4. Егер осы бапта көрсетілген, оның ішінде келу мемлекетінің азаматтары болып табылатын және (немесе) онда тұрақты тұратын жеке тұлғалар үшін мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда осы бапта көзделген көлемнен астам артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі көзделсе, онда мұндай адамдарға Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты мұндай мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі ұсынылады."
] | 9,816
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
300-бап. Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер делегациялары өкілдерінің және мүшелерінің Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуі
|
[
"Одақ мүшесі, мұндай мемлекеттердің парламенттік және үкіметтік делегациялар мүшелері болып табылмайтын, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер делегацияларының өкілдерімен әрбір жекелеген мүше мемлекетке қатысты өзара түсіністік қағидатынан шыға отырып, мүше мемлекеттердің аумағына халықаралық келіссөздерде, халықаралық конференцияларға және кеңестерге немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетін мемлекеттер өкілдерінің, сондай-ақ көрсетілген тұлғалармен ілесіп жүрген олардың отбасы мүшелері өзімен бірге алып жүретін немесе алып жүрмейтін багажда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, мұндай багажда оларға қатысты әкелу және (немесе) әкету тыйым салуы енгізілген немесе мұндай тауарларға әкелу және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылатын, сондай-ақ оларға санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар және радиациялық талаптар қолданылатын тауарлар бар екеніне елеулі негіздер болмаған кезде кедендік тексерін қараудан босатылады. Мұндай тауарларға кедендік тексеріп қарау көрсетілген тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізілуі тиіс."
] | 9,817
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
301-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу
|
[
"1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық поштаны ашуға не ұстауға болмайды.",
"2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін консулдық вализаны ашуға не ұстауға болмайды.",
"Консулдық вализарда ресми пайдалануға ғана арналмаған құжаттар және (немесе) тауарлар бар екеніне елеулі негіздер болмаған кезде кеден органы ұсынатын мемлекеттің уәкілетті тұлғаларының консулдық вализаны кеден органының лауазымды тұлғасының қатысуымен ашуын талап етуге құқылы. Ашудан бас тартылған жағдайда, консулдық вализа жөнелту жеріне қайтарылады.",
"3. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны құрайтын барлық орындарда осы орындардың сипатын көрсететін сыртқы көрнекі белгісі болуға тиіс.",
"4. Дипломатиялық пошта ресми пайдалануға ғана арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарларды, ал консулдық вализа - ресми пайдалануға ғана арналған ресми хат-хабарларды, құжаттарды және тауарларды қамтуы мүмкін.",
"5. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Одақтың кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық және консулдық курьерлер өткізеді. Дипломатиялық пошта және консулдық вализа сондай-ақ осы дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны ғана тасымалдауға тағайындалған дипломатиялық және консулдық курьерлерге не азаматтық әуе кемесі экипажының командиріне сеніп тапсырылуы мүмкін.",
"Көрсетілген дипломатиялық және консулдық курьерлерде дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын саны мен олардың мәртебесі көрсетілетін курьерлік парақ не оны алмастыратын өзге ресми құжат болуы тиіс. Курьерлік параққа не оны алмастыратын өзге ресми құжатқа дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны жөнелтетін мекеме қол қояды және мөрімен бекітеді.",
"Азаматтық әуе кемесі экипажының командиріне сеніп тапсырылған дипломатиялық пошта мен консулдық вализа дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын саны көрсетілетін ресми құжатпен бірге жөнелтілуге тиіс.",
"6. Дипломатиялық және консулдық курьерлер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік тексеріп қараудан босатылып және кедендік баждарды, салықтарды төлемей әрбір жекелеген мемлекетке қатысты өзара түсіністік қағидатынан шыға отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі мүмкін.",
"7. Дипломатиялық пошта мен консулдық вализа Одақтың кедендік шекарасы арқылы кеден органының рұқсатымен кедендік декларациялаусыз және кедендік рәсіммен орналастырылмай өткізіледі.",
"Дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге кеден органының рұқсатын алу үшін кеден органына осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.",
"Дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге кеден органының рұқсаты осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттарға кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен ресімделеді."
] | 9,818
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
302-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы жалпы ережелер
|
[
"1. Осы тарауда Одақтың кедендік шекарасы арқылы Одақтың тауарларын, оның ішінде пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін және Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды қоспағанда, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын, осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды өткізу тәртібінің және шарттарының ерекшеліктері айқындалады.",
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі және мұндай тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуі осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің\n14\nжәне\n15-тарауларына\nсәйкес жүзеге асырылады.",
"3. Одақтың тауарлары, оларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда Одақтың мұндай тауарларының өткізілуін (тасымалдауын) қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.",
"4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен, ішкі тұтынуға қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік тауарлар, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтынуға қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар) алынған (қалыптасқан) шетелдік тауарлар, оларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағының l-тармақшасында көзделген жағдайларда мұндай шетелдік тауарлардың өткізілуін (тасымалдауын) қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.",
"Осы тармақтың ережесі халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде пайдаланылатын уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған көлік құралдарына қолданылмайды.",
"5. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды:",
"1) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында тиісінше әуе кемесі қонуды не Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің порттарына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын шетелдік тауарлар және осы баптың 4-тармағында көрсетілген Одақтың тауарлары (бұдан әрі - осы тарауда Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумақтарында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар);",
"2) кету орнына жеткізу үшін көліктің кез келген түрімен өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізуге (тасымалдауға) жататын экспорт кедендік рәсіммен орналастырылған Одақтың тауарлары;",
"3) құрылыс (құру, құрылыс), мүше мемлекеттің айрықша заңдық құзыры болатын мүше мемлекеттердің аумағынан тыс орналасқан қондырғылардың, құрылыстардың, жасанды аралдардың жұмыс істеуін (пайдалануын, қолдануын) және тіршілік етуін қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары (бұдан әрі аталған тарауда - объектілер);",
"4) бұрын объектілерге Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінен әкелінген Одақтың тауарлары, сондай-ақ көмірсутек шикізатын қоса алғанда, мүше мемлекеттердің құрылықтық қайраңында орналасқан объектілерде өндірілген Одақтың тауарлары және (немесе) олардың қайта өңдеу өнімдері.",
"6. Құрылыс (құру, құрылыс), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануын, қолдануын) және тіршілік етуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағы мен объектілер арасында жеке тұлғалардың және тауарлардың тасымалын жүзеге асыратын әуе және су кемелеріне қалыпты пайдалануын және техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен мүше мемлекеттердің құрылықтық қайраңын қоса алғанда, егеменді құқықтары мен айрықша заңдық құзыры болатын мүше мемлекеттің аумағына өткізу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды.",
"7. Осы баптың 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, осы баптың 5-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тасымалданатын Одақтың тауарларына қатысты Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларын және шетелдік тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің тәртібін және шарттарын реттейтін осы тараудың ережесі қолданылады.",
"8. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырған кезде туындамайды.",
"9. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен өткізілетін (тасымалданатын) жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктерін Комиссия айқындайды."
] | 9,821
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
303-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырмай жасау ерекшеліктері және мұндай тауарлардың мәртебесі
|
[
"1. Осы Кодекстің\n14-тарауының\nережесі Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты, тек мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағына, оның ішінде қонғаннан кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің мәжбүрлі қонуынан кейін, не авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен не өзге де жағдайлар салдарынан, оның ішінде кіргеннен кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекет портына су кемесі мәжбүрлі кіргеннен кейін келген жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.",
"2. Осы Кодекстің\n15-тарауының\nережесі Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.",
"3. Одақтың тауарларын және шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде мемлекеттің аумағына, оның ішінде қонғаннан кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің тиісті мәжбүрлі қонуы не авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен не өзге де жағдайлар салдарынан, оның ішінде кіргеннен кейін тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекет портына су кемесінің мәжбүрлі кіруі болған, осы Кодекстің\n302-бабы\n4-тармағында көрсетілген олардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органын хабардар еткеннен кейін, тасымалдаушы не осы Кодекстің\n83-бабында\nкөрсетілген өзге де тұлғалар жасауға міндетті кедендік операцияларды, сондай-ақ осы операциялар жасалуы тиіс мерзімді Комиссия айқындайды.",
"4. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі қонуды не мұндай мемлекеттің портына су кемесі кіруді жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар, мұндай тасымалдаудан кейін тиісінше Одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.",
"5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларды тасымалдау кезінде әуе кемесі Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тиісті мәжбүрлі қонған болса, оның ішінде қонған кезде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған не аварияның, еңсерілмейтін күштің әсерінен не өзге де жағдайлар салдарынан Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің портына кірсе, оның ішінде кіру кезінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған жағдайда:",
"1) Одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелінгеннен кейін бұл тауарлардың осы Кодекстің\n302-бабының\n4-тармағында көрсетілген Одақ тауарлары немесе шетелдік тауарлар сияқты мәртебесі Комиссия айқындайтын тәртіппен расталады;",
"2) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде қалдырған кезде Одақтың тауарлары экспорт кедендік рәсімімен не уақытша әкету кедендік рәсімімен, ал шетелдік тауарлар - кері экспорт кедендік рәсіммен орналастырылады.",
"6. Осы Кодекстің\n302-бабы\n5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген Одақ тауарларының Одақтың кедендік аумағынан әкетілуіне және олардың Одақтың кедендік аумағына әкелінуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.",
"7. Осы Кодекстің\n139-бабының\n2-тармағының ережелеріне қарамастан, осы тармақтың екінші абзацының ережелерін сақтай отырып, Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әкелінген, осы Кодекстің\n302-бабы\n5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген Одақтың тауарлары Одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды және бұл мәртебесін Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгеннен кейін жоғалтады.",
"Көрсетілген тауарлар келу орнындағы кеден органына кедендік декларацияны ұсынған жағдайда Одақтың тауарлары ретінде қарастырылады, соған сәйкес мұндай тауарлар экспорт кедендік рәсіммен орналастырылған болатын және Одақтың тауарлар әкелінген кедендік аумағының бөлігінде орналасқан әкету орынының кеден органы туралы мәліметті қамтиды.",
"8. Осы Кодекстің\n302-бабы\n5-тармағының 3-тармақшасында және 6-тармақта көрсетілген Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағынан әкетілуге және Осы Кодекстің\n302-бабы\n5-тармағының 4-тармакшасында көрсетілген Одақтың тауарларының Одақтың кедендік аумағына әкелінуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі объект орналасқан айрықша заңдық құзыры бар мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады."
] | 9,822
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
304-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері
|
[
"1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар:",
"1) осы Кодекстің\n146-бабына\nсәйкес кедендік баждарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, егер мүше мемлекеттің аумағында Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылатын болса, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген мұндай тауарларға қатысты мыналарды:",
"мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастыратын Одақ тауарларының декларанты ретінде мүше мемлекетінде Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылатын транзиттік декларацияны тіркеу күніне белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеті жоқ, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында қарастырылса, оның аумағында Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) шешімдері заңды күшіне ену негізінде тағайындалған әкімшілік айыппұлдардың белгіленген мерзімде төленбеген жағдай болмаса, мүше мемлекеттің тұлғасы ретінде шыққан жағдайларды;",
"Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда;",
"2) осы Кодекстің\n143-бабы\n1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;",
"3) Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, Одақ тауарларының мәртебесін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну болып табылады.",
"2. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақ тауарларының декларанты, сондай-ақ осы Кодекстің\n307-бабының\n5-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасаушы тұлға ретінде осы Кодекстің\n83-бабы\n1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана, ал пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін - пошта байланысының тағайындалған операторы шығуы мүмкін.",
"3. Осы бапты қолдану мақсатында Одақ тауарларының мәртебесі расталатын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді Комиссия айқындайды.",
"4. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар Одақтың кедендік аумағынан кету орнында не қызмет өңірінде Одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан осы баптың 5 - 7- тармақтары ескеріле отырып кеден органында жасалады.",
"5. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар қызмет өңірінде Одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында ғана мынадай жағдайларда жасалады:",
"1) пошталарды, багажды (пошта-багажды) вагондарда тасымалданатын, жолаушылар поездерінің құрамында болатын тауарларды қоспағанда, теміржол көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарлары;",
"2) Одақтың тауарлары мүше мемлекеттің аумағында кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады, мұндай тауарларға қатысты кедендік әкету баж мөлшерлемелері белгіленген;",
"3) тасымалдау шарттарында Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумақтарында жүк операцияларын жасау қарастырылған.",
"6. Осы баптың 5-тармағының ережелеріне қарамастан Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әуе көлігімен тасымалданатын Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар кету орнының кеден органында ғана жасалады.",
"7. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен пошта, багажды (пошта-багажды) вагондарда тасымалданатын, жолаушылар поездарының құрамында келетін Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар, оның аумағында Одақтың тауарлары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалған кеден органында ғана жасалады.",
"8. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Одақтың тауарларын жеткізу орны, осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, қызмет өңірінде келу орны орналасқан кеден органының кедендік бақылау аймағы болып табылады.",
"9. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен пошта, багажды (пошта-багажды) вагондарда тасымалданатын, жолаушылар поездарында әкелінетін Одақтың тауарларын жеткізу орны қызмет өңірінде мұндай Одақтың тауарларын түсіру жүзеге асырылатын кеден органының кедендік бақылау аймағы болып табылады.",
"10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде қызмет өңірінде келу орны орналасқан кеден органы, жөнелтуші кеден органы теміржол көлік құралдарының жүк үй-жайларына (бөлімге) салынған идентификаттау құралдарының жоюын жүзеге асырады.",
"11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес идентификаттау құралдарын жойған кезде осы Кодекстің\n341-бабының\n5-тармағының екінші абзацында өзделген акт мыналар:",
"1) идентификаттау құралдарының жоюын жүзеге асыратын кеден органы;",
"2) Одақтың тауарларына қатысты өкілеттікке ие тұлғалар;",
"3) барлық кейінгі межелі кеден органы үшін бір дана есебінде қажетті даналардың мөлшерінде жасалады.",
"12. Комиссия осы баптың 10 және 11-тармақтары қолданылмайтын жағдайларды анықтауға құқылы.",
"13. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын Одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес тауарларды жеткізу орынында аяқталады.",
"14. Егер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарлары, тауарларды жеткізу орнына жеткізілмей, Одақтың кедендік аумағына қайтарылса және жөнелтуші кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.",
"15. Егер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған Одақтың тауарлары, Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелту кеден органынан ерекше кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын және жөнелтуші кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.",
"16. Егер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген Одақтың тауарлары Одақтың кедендік аумағына әкелінбесе, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады.",
"17. Комиссия осы Кодекстің\n307-бабының\n3-тармағында көзделген Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарлары Одақ тауарларының мәртебесін жоғалтқаннан өзге жағдайларды айқындауға құқылы және Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде шетелдік тауарлар ретінде қарастырылады."
] | 9,823
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
305-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері
|
[
"1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде тасымалданатын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, кедендік аумақта қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар) алынған (қалыптасқан) шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар:",
"1) осы Кодекстің\n143-бабы\n1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;",
"2) тауарларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізде кедендік аумақта шетелдік тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасайтын тұлғалардың мекенжайына не мұндай операцияларды жасаған тұлғалардан, Одақтың кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар декларантының мекенжайына тасу (тасымалдау) болып табылады, бұл кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты немесе ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсынумен расталады.",
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарда көзделген өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін емес.",
"3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органында жасалады:",
"1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтынуға қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлары бар не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органында;",
"2) қызмет өңірінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты Одақтың кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу бойынша тиісті операциялар немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша тиісті операциялар жасалған (жасалуы тиіс болған).",
"4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.",
"5. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекше кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсім қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын және жөнелту кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.",
"6. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған, Одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінбесе, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімін тоқтатады."
] | 9,824
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
306-бап. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері
|
[
"1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіммен орналастырылған шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:",
"1) осы Кодекстің\n143-бабы\n1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;",
"2) кеден органына тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды өткізу (тасымалдау) мақсаты және оларды пайдалану орны, шетелдік тауарды пайдалануға берілетін тұлға, егер мұндай беру орын алса, уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсаты, егер мұндай беру орын алса, кеден органына кедендік және (немесе) өзге құжаттардың берілуін растау туралы мәліметтерді және (немесе) мұндай құжаттар туралы мәліметтерді ұсыну болып табылады. Көрсетілген құжаттар болмаған кезде декларант кеден органына қажетті мәліметтерді көрсетумен еркін нысандағы өтінішті ұсынады.",
"2. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осы бапқа сәйкес бір немесе бірнеше партиялармен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.",
"3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін емес.",
"4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органында:",
"1) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органында;",
"2) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсім қолданысы аяқталған, не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органында жасалады.",
"5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлардың кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.",
"6. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекше кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысын аяқтайды және межелі кеден органын және жөнелтуші кеден органын кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы ақпараттандырады.",
"7. Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінбесе, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады."
] | 9,825
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
307-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың тауарларын Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде Одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру
|
[
"1. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Одақтың мұндай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын\n\nауыстыру, жөнелту кеден органдарының рұқсатымен көліктің бір түрінің көлік құралынан көліктің басқа түрінің көлік құралына Одақтың тауарларын қайта тиеуін (қайта аударуын) жүзеге асыру, көліктік құралдарының жүк үй жайларына (бөлімге) салынған кедендік пломбыларды және мөрлерді жою не көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды ауыстыру жағдайларында жол беріледі.",
"Көрсетілген шешім транзиттік декларацияны бергенге дейін алынуы тиіс.",
"2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген Одақтың тауарларына және көлік құралдарына қатысты операциялар салынған кедендік пломбыларды және мөрлерді жоюсыз жасалуы мүмкін болса не Одақтың мұндай тауарларына кедендік пломбылар және мөрлер салынбаса, осындай операцияларды жасау Одақтың кедендік аумағына Одақтың мұндай тауарларының және көлік құралдарының келуіне дейін жөнелту кеден органының және межелі кеден органының электрондық немесе жазбаша нысандағы хабарламасымен жол беріледі.",
"3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар жөнелтуші кеден органының рұқсатынсыз жасалса, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Одақ тауарларының мәртебесін жояды және Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде, мұндай операцияларды Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің тиісті құзырлы органдарының құжаттарымен расталатын аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсерінің салдарынан жасалатын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлар ретінде қаралады.",
"4. Осы баптың 1 - 3-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 1- тармағында көрсетілген операциялар Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің мемлекеттік органдарының талаптары бойынша жасалса қолданылмайды, бұл құжаттама түрінде не мұндай мемлекеттік органдар қолданған идентификаттау құралдарымен расталады.",
"5. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары, Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Одақтың мұндай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруды жүзеге асыруға кеден органының рұқсатын алумен немесе мұндай операциялардың жасалғаны туралы кеден органының хабарламасына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды."
] | 9,826
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
308-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде тасымалдаушы мен экспедитордың міндеті
|
[
"1. Одақтың тауарларын Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Одақтың тауарларының декларанты болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан, міндетті:",
"1) осы Кодекстің\n150-бабы\n1-тармағының 1 және 2-тармакшаларында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге;",
"2) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың тауарларын түсіруін, қайта тиеуін (қайта аударуын) және өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ Одақтың мұндай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының ауыстыруын, мұндай операциялар аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан, мүше мемлекеттердің заңнамасына немесе мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттік органдар не ұйымдар берген құжаттармен расталып жасалатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің\n307-бабының\n1 -тармағында көзделмеген кеден органының рұқсатынсыз жүзеге асыруға жол бермеуге.",
"2. Егер Одақтың тауарларын Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізу (тасымалдау) кезінде кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылатын Одақ тауарларының декларанты ретінде осы Кодекстің\n304-бабының\n2-тармағында көрсетілген тұлғалар шықса, осы баптың 1 -тармағында көрсетілген әрекеттерді орындау бойынша міндет осы тұлғаларға жүктеледі."
] | 9,827
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
309-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
|
[
"1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген сәттен бастап туындайды.",
"2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын Одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайларда тоқтатылады:",
"1) осы Кодекстің\n151-бабына\nсәйкес кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанда;",
"2) кедендік транзит кедендік рәсім қолданысы оларға қатысты аяқталған Одақтың тауарлары осы Кодекстің\n129-бабының\n7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырғанда;",
"3) кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындағанда және (немесе) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде оларды өндіріп алғанда;",
"4) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың тауарларын шығарудан бас тартқанда - транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты;",
"5) осы Кодекстің\n113-бабына\nсәйкес транзиттік декларацияны кері шақыртқанда және (немесе) Одақтың тауарларын шығару осы Кодекстің\n118-бабының\n4-тармағына сәйкес жойғанда - транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты;",
"6) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) Одақтың тауарларын тәркілеу немесе олардың айнылымы;",
"7) кеден органы Одақтың тауарларын осы Кодекстің\n51-тарауына\nсәйкес ұстағанда;",
"8) қылмыс туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс барысында (әкімшілік процесті жүргізу) алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты егер бұрын Одақтың мұндай тауарларын шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған Одақтың тауарларын уақытша сақтауға қойғанда немесе бір рәсімге орналастырғанда.",
"3. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, егер кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған және Одақтың кедендік аумағынан әкетілген Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізден өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарлары, Одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, орындауға жатады.",
"Көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде Одақтың тауарларын кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.",
"4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алған кезде кедендік әкету баждары, егер кедендік транзит кедендік рәсіммен орналастырылған Одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерін қолданбай экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатындай болса, төлеуге жатады.",
"Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкету баж мөлшерлемелері қолданылады.",
"Егер кеден органында Одақтың тауарлары туралы (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал Одақтың тауарларын жіктеу осы Кодекстің\n20-бабының\n3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.",
"Егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды кедендік әкету баждарын есептеу үшін 10-нан аз белгілерінің санымен топтау деңгейінде айқындалса, мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің жоғарғысы қолданылады.",
"Кейіннен Одақтың тауарлары туралы мәліметтерді анықтау үшін кедендік әкету баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не төленбеген сомаларын өндіріп алу осы Кодекстің\n10\nжәне\n11-тарауларына\nсәйкес жүзеге асырылады.",
"5. Одақтың кедендік аумағынан әкетілген кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, мұндай тауарларды осы Кодекстің\n129-бабының\n7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыру, кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің\n10-тарауына\nсәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.",
"6. Егер кедендік әкету баждарын, сомаларын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, осы Кодекстің\n62-бабының\n3-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантына қарағанда, өзге тұлғаға берілсе, мұндай өзге тұлға декларантпен кедендік әкету баждарын төлеу бойынша ортақ міндетте болады."
] | 9,828
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
310-бап. Кедендік бақылауды жүргізу
|
[
"1. Кедендік бақылауды осы Кодекске сәйкес кеден органдары жүргізеді.",
"2. Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданумен жүргізіледі.",
"Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді бұзуда Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.",
"3. Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізу тәртібі осы Кодексте, атап айтқанда осы Кодекспен реттелмеген, немесе мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жағдайларда қарастырылған бөлікте айқындалады.",
"Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдану технологиясы (нұсқаулығы) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.",
"4. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің іріктеу қағидатын, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды негізге алады.",
"Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.",
"5. Кеден органдары кедендік бақылаудың нысандары мен (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген болса, мүше мемлекеттің заңнамасының сақталуын бақылау осы мүше мемлекеттің кеден органына жүктелген заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолдануы мүмкін.",
"6. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілеттік берілген кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.",
"Кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, ал егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген болса, - кедендік бақылауды сондай-ақ өзге нысандарда немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларын қолданумен кеден органдары лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы кеден органдары жүргізеді.",
"7. Кедендік бақылау тауарлардың осы Кодекстің\n14-бабына\nсәйкес айқындалатын кедендік бақылауда болу кезеңінде жүргізіледі.",
"Алдын ала кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің\n311-бабының\nбесінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау объектілеріне қатысты кедендік бақылау кедендік декларация тіркелген сәттен бастап жүргізіледі.",
"Осы Кодекстің\n14-бабының\n7 - 15-тармақтарында көрсетілген мән- жайлар орын алғаннан кейін кедендік бақылау мұндай мән-жайлар орын алған күннен бастап 3 жыл өткенге дейін жүргізілуі мүмкін. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында, кедендік бақылау көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін мұндай мән-жайлар орын алған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін жүргізілуі мүмкін екендігі анықталуы мүмкін.",
"Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне, немесе уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметіне кедендік бақылау, олардың мұндай тізілімде болу кезеңінде, ал егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында қарастырылған болса, - осындай тізілімдерден олар шығарылғаннан кейін де мұндай заңнамада қарастырылған мерзім ішінде жүргізілуі мүмкін.",
"8. Тауарлардың шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдары, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді бұза отырып, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат кеден органдарында болған кезде, кедендік бақылауды Одақтың кедендік аумағында орналасқан тауарларға қатысты жүргізуі мүмкін.",
"9. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарына оны жүргізуге мүше мемлекеттердің өзге мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары, ұйғарымдары не қаулылары талап етілмейді.",
"10. Кеден органдары және олардың лауазымды тұлғалары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде және мүше мемлекеттердің заңнамасында қарастырылмаған талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.",
"11. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мүдделері кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) және шешімдерімен қозғалатын тасымалдаушыға, декларантқа, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге тұлғаларға, сондай- ақ тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.",
"12. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында және кедендік бақылауға жаттататын тауарлар, оның ішінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары және жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, мұндай тауарлар туралы мәліметтері бар құжаттар және (немесе) ақпараттық жүйелер орналасқан (орналасуы тиіс немесе мүмкін) өзге орындарда өткізіледі.",
"13. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, кедендік бақылау нысандарын қолданумен кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері белгіленген нысандағы кедендік құжаттарды жасау жолымен немесе осы Кодекстен көзделген өзге тәсілмен ресімделеді."
] | 9,832
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
311-бап. Кедендік бақылау объектілері
|
[
"Мыналар:",
"осы Кодекстің\n14-бабына\nсәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар;",
"Одақтың тауарлары мәртебесіне ие болған ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, кері импорт кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, еркін айналымға шығарылған жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ тауарлар Одақтың кедендік аумағына қайта әкелген кезде Одақтың тауарлары мәртебесін сақтап қалған тауарлар, - осы Кодекстің\n310-бабының\n7-тармағының үшінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде;",
"Одақтың кедендік аумағындағы тауарлар, - кеден органдарында кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді бұза отырып, мұндай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде;",
"кеден органдарына ұсынылуы кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарға және актілерге, мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көзделген кедендік және өзге де құжаттар, сондай-ақ мұндай құжаттарда қамтылған мәліметтер;",
"тұлғалардың, оның ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласындағы қызметтерді көрсетуге байланысты уәкілетті экономикалық операторлардың не жекелеген кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметі;",
"уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларын уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ кедендік бақылау аймағы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық аландар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау объектілері болып табылады."
] | 9,833
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
312-бап. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылау
|
[
"1. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылауды, аумағында тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.",
"2. Осы баптың 1 -тармағында көрсетілген тауарларға, кеден органы тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған мүше мемлекетке қарағанда, өзге мүше мемлекеттің аумағында орналасқан тауарларға қатысты кедендік бақылау, Комиссия айқындайтын ерекшеліктерді ескере отырып осы Кодекстің\n373-бабына\nсәйкес жүргізіледі.",
"3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің\n22-тарау\nталаптарының сақталуына кедендік бақылауды, аумағы бойынша мұндай тауарлардың тасымалдауы жүзеге асырылатын және (немесе) аумағында кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысы аяқталатын, аумағында тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді."
] | 9,834
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
313-бап. Тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу ерекшелігі
|
[
"1. Кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде (бұдан әрі осы бапта - тауарлардың кедендік құнын бақылау) кеден органдары тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындауына және мәлімдеуіне тексеруді жүзеге асырады (тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін таңдау және қолдану, тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасы, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растау).",
"2. Тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсіндіруді сұратуға құқылы.",
"3. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылаудың өзге де ерекшеліктерін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындамау белгілерін, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді дұрыс емес деп тануға негіздемені Комиссия айқындайды.",
"4. Комиссия оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндетін осы Кодекстің\n136-бабының\n2-тармағының бірінші абзацына және\n225-бабының\n2-тармағының бірінші абзацына сәйкес туындамайтын тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшелігін айқындауға құқылы.",
"5. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын бақылау кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізіледі."
] | 9,835
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
314-бап. Тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылау ерекшеліктері
|
[
"1. Тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылауды жүргізу кезінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органы ұсынған құжаттардағы тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметті, оның ішінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттардың түпнұсқалығы, олардың дұрыс ресімделуі және (немесе) толтырылуы тексеріледі.",
"2. Кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқалығын тексеру мақсатында тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатын берген және (немесе) тексеруге уәкілетті мемлекеттік органға немесе уәкілетті ұйымға сұрау салу (сұрау салулар) жолдауға және (немесе) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес қосымша құжаттар мен (немесе) мәліметтерді алуға құқылы.",
"3. Кедендік бақылау нысаны тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кеден органы осы баптың 2-тармағына сәйкес жолдаған сұрау салуларға жауаптарды алған күнінен бастап, не әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларымен белгіленген мұндай жауаптарды алу мерзімі өтіп кеткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей аяқтайды.",
"4. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделсе және кедендік бақылау жүргізу кезінде декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйымдар мен шектеулер, тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылуы мүмкін екендігі анықталса, кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарды сұратуға құқылы.",
"5. Мынадай:",
"1) егер мұндай құжаттар осы Кодекстің\n29-бабына\nсәйкес ұсынылуы тиіс болса, кедендік бақылау нысандарын қолдану кезінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру, тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар ұсынылмағанда;",
"2) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;",
"3) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат түпнұсқа болып табылмайтыны не тауарлардың шығарылған елі туралы мұндай сертификат оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптарын бұза отырып ресімделгені және (немесе) толтырылғаны анықталғанда;",
"4) тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатын берген және (немесе) тексеруге уәкілетті мемлекеттік орган немесе уәкілетті ұйым әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларымен белгіленген мерзімде, егер мұндай сұрау салу осы баптың 2-тармағына сәйкес жолданған болса, сұрау салуға жауап және (немесе) қосымша құжаттар мен (немесе) мәліметтерді ұсынбағанда;\n",
"5) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайлар, тауарлардың шығарылған жері расталмаған деп саналады.",
"6. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделсе не тауарлардың шығарылған жері расталмаған деп саналса:",
"1) кедендік әкелу баждар, егер Одақ туралы\nШартқа\nсәйкес өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген мөлшерлемелердің негізінде есептеледі;",
"2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер Одақ туралы\nШартқа\nсәйкес өзгеше белгіленбесе, Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес сол кодтың тауарына және (немесе) атауына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ең жоғары мөлшерлемеден шыға отырып есептеледі;",
"3) тауарға қатысты, егер Одақ туралы\nШартқа\nсәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік-тарифтік реттеудің өзге де шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді болған жағдайларда ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.",
"7. Кейіннен тауарлардың шығарылған жері расталған кезде кедендік тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді болған жағдайларда ішкі нарықты қорғау шаралары, тауарлардың расталған шығарылған жерінен шыға отырып қолданылады."
] | 9,836
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
315-бап. Егер кеден органына тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу кезінде, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды есептеу ерекшеліктері
|
[
"1. Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша, егер кеден органына:",
"1) кедендік декларацияда мәлімделген төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін кеден органы сұрау салған (талап еткен) кедендік декларацияда көрсетілген бірде-бір құжаттар, олар туралы мәліметтер ұсынылмаса;",
"2) кедендік декларацияда мәлімделеген төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін кеден органы сұрау салған (талап еткен) кедендік декларацияда көрсетілген құжаттар, олар туралы мәліметтер ұсынылса, бірақ мұндай құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамаса, осы Кодекстің\n326-бабында\nнемесе\n331-бабында\nкөзделген нысандарда кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды осы бапқа сәйкес есептейді.",
"2. Төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды жіктеу осы Кодекстің\n20-бабының\n3-тармағын есепке ала отырып жүзеге асырылады.",
"Егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды 10-нан аз белгілерінің санымен топтау деңгейінде айқындалса: кедендік баждарды есептеу үшін мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемесінің жоғарғысы қолданылады;",
"салықтарды есептеу үшін, кедендік баждар мөлшерлемесінің жоғарғысы белгіленген мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемесінің, акциз мөлшерлемесінің (акциздік салық немесе акциздік алым) жоғарғысы қолданылады;",
"арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды есептеу үшін мұндай топтарға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемесінің жоғарғысы қолданылады.",
"Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің\n314-бабының\nережелерін есепке ала отырып, осы Кодекстің\n4-тарауына\nсәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерінен шыға отырып есептеледі.",
"Егер тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың жоқтығына байланысты тауарлардың шығарылған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына (егер тауарларды жіктеу 10 белгі деңгейінде жүзеге асырылса) не топқа кіретін тауарларға қатысты белгіленген (егер Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар коды 10-нан аз белгілерінің санымен топтау деңгейінде айқындалса) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемесінің жоғарғысынан шыға отырып есептеледі.",
"Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтер анықталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мұндай нақты мәліметтерден шыға отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомаларының қайтаруы (есепке жатқызуы) не төленбеген сомаларын өндіріп алу осы Кодекстің 10 және 11 -тарауларына және\n76\nжәне\n77-баптарына\nсәйкес жүзеге асырылады."
] | 9,837
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
316-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері
|
[
"1. Осы Кодекстің\n126-бабы\n1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты мұндай тауарларды билік етуі және (немесе) пайдалануы бойынша шектеулерді ұсыну мақсаттары мен шарттарын сақтау, егер мұндай тауарларға қатысты кеден органдарына жиынтықта кедендік бақылауды жүргізу кезінде расталмаған деп саналады:",
"1) көрсетілген тауарлардың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді, сондай-ақ мұндай тауарлардың билік етуі және (немесе) пайдалану бойынша шектеулерді ұсыну мақсаттарында және шарттарын сақтаумен пайдалануын растайтын құжаттарды ұсынбағанда;",
"2) көрсетілген тауарлар ұсынылмағанда не олардың орналасу орны расталмағанда.",
"2. Тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің\n126-бабының\n1-тармағында көрсетілген шартты шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізуге өзге де талаптарды және жүргізу кезеңділігі мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленуі мүмкін."
] | 9,838
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
317-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерде жөнелтілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері
|
[
"1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерде жөнелтілетін тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу үшін халықаралық пошта жөнелтілімдерін кеден органдарына пошта байланысының тағайындалған операторы береді.",
"Жазбаша хат-хабарлардың жекелеген түрлері (аэрограммалар, пошталық карточкалар, зағиптарға арналған хаттар мен жөнелтілімдер) кеден органына көрсетілген пошта жөнелтілімдерде тыйымдар мен шектеулер белгіленген тауарлар бар екеніне жеткілікті негіздер болған кезде оның талабы бойынша беріледі.",
"2. Халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) бүлінген түрде, салмағында өзгерістер бар, ішіндегісі бұзылған, қажетті ілеспе құжаттары салынбаған және (немесе) құжаттарсыз келіп түскен халықаралық пошта жөнелтілімдері Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен айқындалған, тағайындалған пошта операторы ресімдеген қосымша құжаттар кеден органдарына беріледі.",
"3. Егер оны кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде пайдаланса, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік тексеріп қарау актісін ресімдеу жүргізіледі. Егер кедендік тексеріп қарау актісі жасалмаса, кедендік тексеріп қарау нәтижелері туралы мәліметті кеден органының лауазымды тұлғалары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен көзделген құжаттарда көрсетіледі."
] | 9,839
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
318-бап. Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл
|
[
"1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің басқа да мемлекеттік органдарымен бақылауға жататын тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленетін тәртіпте бақылаудың жүргізілуіне жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді.",
"2. Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен кеден органдары ақпараттық жүйелерді пайдаланумен кедендік және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті құжаттармен және (немесе) ақпаратпен (мәліметтермен) алмасады.",
"3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) жүргізілуін тездету мақсатында кедендік тексеріп қарау Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының қатысуымен жүргізілуі мүмкін."
] | 9,840
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
319-бап. Кедендік бақылау аймақтары
|
[
"1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркін қоймаларының аумақтары, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары және өзге де орындар осы Кодексте белгіленген және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленетін кедендік бақылау аймақтары болып табылады.",
"Кедендік бақылау аймақтарының өзге де орындарында тауарларды уақытша сақтау, жүк және өзге де операцияларды жасау осы баптың\n\n2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тауарларды кедендік тексеріп қарау және (немесе) қарап тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізу үшін құрылады.",
"2. Кедендік бақылау аймақтарын құрмай:",
"1) көшпелі кедендік тексеру барысында не осы Кодекстің\n355-бабының\n\n1-тармағына сәйкес кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтатқан кезде, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз\n\nөткізілетін тауарлар анықталған кезде жүзеге асырылатын кедендік қарап тексеру;",
"2) көшпелі кедендік тексеру және (немесе) аумақтар мен үй-жайларды кедендік қарап тексеру барысында не осы Кодекстің\n355-бабының\n1-тармағына сәйкес кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтатқан кезде, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін тауарлар анықталған кезде жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау жүргізілуі мүмкін.",
"3. Кедендік бақылау аймақтары, егер олар кедендік бақылауда орналасқан тауарларды тұрақты, немесе уақытша - оларды кедендік бақылау жүргізу уақытына, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операцияларды жасауға құрылған жағдайда, орналастыру үшін арналған болса, тұрақты болуы мүмкін.",
"4. Кедендік бақылау аймақтарын құру, жұмыс істеуін (жойылуын) және белгілеуін тоқтату тәртібі, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ кедендік бақылау аймақтарының құқықтық режимі кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді."
] | 9,841
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
320-бап. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды сақтау
|
[
"1. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті сақтауға жататын құжаттар мыналар:",
"1) кедендік құжаттар;",
"2) осы Кодекстің\n108-бабында\nкөрсетілген құжаттар;",
"3) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) билік етуі бойынша шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар;",
"4) кедендік операцияларды жасау кезінде ресімделген құжаттар;",
"5) кедендік рәсімдерге сәйкес мәлімделген тауарларды пайдалану шарттарын растайтын құжаттар болып табылады.",
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды тұлғалар және кеден органдары, олардың кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылғанына немесе ұсынылмағанына қарамастан, осы Кодекстің\n14-бабының\n7 - 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар пайда болған күннен бастап 5 жыл өткенге дейін сақтауы тиіс.",
"3. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, кеден ісі саласында қызметтер көрсетумен байланысты олардың қызметтеріне қатысты кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жасалған жыл аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде сақтауы тиіс."
] | 9,842
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
321-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату
|
[
"1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату осы Кодексте және мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленеді.",
"2. Мынадай тұлғалардың:",
"1) мүше мемлекеттер басшыларының, мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының және олармен еріп жүретін отбасы мүшелерінің;",
"2) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, мүше мемлекеттер үкіметтері мүшелерінің;",
"3) мүше мемлекетке ресми сапармен келетін шетел мемлекеттер басшыларының, шетел мемлекеттердің үкіметтер басшыларының, шетел мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің;",
"4) өкілеттіктері өтіп кеткен мүше мемлекеттер президенттерінің және олармен бірге еріп жүретін отбасы мүшелерінің;",
"5) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Армения Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының, Армения Республикасы Премьер-Министрі Әкімшілігі Басшысының, Армения Республикасының Конституциялық Сот төрағасының, Армения Республикасының Ұлттық жиналыс депутаттарының, Армения Республикасының Кассациялық Сот төрағасының, Армения Республикасы Бас прокурорының, Армения Республикасының Орталық банк төрағасының, Армения Республикасы\n\nПрезидентінің Күзет қызметі бастығының, Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығының;",
"6) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Беларусь Республикасының Конституциялық сот төрағасының, Беларусь Республикасының Жоғарғы Сот төрағасының, Беларусь Республикасының Президент Әкімшілігі басшысының, Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі хатшысының, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті басшысының, Беларусь Республикасының Бас прокурорының, Беларусь Республикасының Ұлттық банк басқармасы басшысының, Беларусь Республикасы Президентінің Іс басқарушының, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналыс республикасы Кеңесі мүшелерінің, Беларусь Республикасының Ұлттық Банк Басқармасы төрағасының, Беларусь Республикасының Ұлттық жиналыс өкілдері палатасы депутаттарының;",
"7) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының;",
"8) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының Басшысының, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасының, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты Конституциялық палатасы төрағасының, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының, Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының, Қырғыз Республикасы Бас прокурорының, Қырғыз Республикасының Ұлттық Банк төрағасының, Қырғыз Республикасының Президенті және Үкіметі Іс басқарушысының, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Төрағаның орынбасары - Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 9-қызметі бастығының;",
"9) егер көрсетілген тұлғалар қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, Ресей Федерациясы Конституциялық сот төрағасының, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сот төрағасының, Ресей Федерациясының Федералдық Жиналыс Федерациясы Кеңесі мүшелерінің, Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі директорының, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы депутаттарының жеке багажы кедендік тексеріп қарауға жатпайды.",
"3. Кедендік тексеріп қараудан:",
"1) шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;",
"2) мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының арнайы өтініштеріне сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін әскери мүлік босатылады."
] | 9,843
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
322-бап. Кедендік бақылау нысандары
|
[
"Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылаудың мынадай:",
"түсіндірулерді алу;",
"кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру;",
"кедендік қарап тексеру;",
"кедендік тексеріп қарау;",
"жеке кедендік тексеріп қарау;",
"үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап тексеру;",
"кедендік тексеру нысандарын қолданады."
] | 9,846
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
323-бап. Түсіндірулерді алу
|
[
"1. Түсіндірулерді алу - кеден органдарының лауазымды тұлғалары тасымалдаушылардан, декларанттардан және мұндай мәліметтері бар өзге де тұлғалардан кедендік бақылау жүргізу үшін маңызы бар мәліметтерді алуда жасасқан кедендік бақылау нысаны.",
"2. Түсіндірулер кедендік құжатты жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды.",
"3. Түсіндірулер алу үшін тұлғаны шақырту қажет болған кезде кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін немесе жолданатын хабарламаны ресімдейді."
] | 9,847
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
324-бап. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру
|
[
"1. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру - мыналарды:",
"1) кедендік декларацияны;",
"2) кеден органдары жасайтын құжаттарды қоспағанда, өзге де кедендік құжаттарды;",
"3) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды;",
"4) кеден органына осы Кодекске сәйкес ұсынылған өзге де құжаттарды;",
"5) кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді;",
"6) кеден органына ұсынылған немесе олар осы Кодекске сәйкес немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен алынған өзге де мәліметтерді тексеруде жасасқан кедендік бақылау нысаны.",
"2. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың дұрыс толтыруын және (немесе) ресімделуін тексеру, кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) билік етуі бойынша шектеулерді сақтау, осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты белгіленген тауарларды пайдалану тәртібін және шарттарын сақтау мақсатында, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және (немесе) кедендік реттеу туралы мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудің өзге де мақсатында жүргізіледі.",
"3. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру тауарлар шығарылғанға дейін, сол сияқты шығарылғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.",
"4. Егер декларант, кеден органы тауарлардың шығарылуын жүргізген кезде осы Кодекстің\n121-бабында\nкөзделген шарттарды сақтаса, тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады.",
"5. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтердің тексерілуін жүргізу жағдайлары және тұлғаны кедендік бақылаудың мұндай нысанын жүргізу туралы хабардар ету тәртібі белгіленуі мүмкін.",
"6. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді талдау арқылы, оның ішінде бір құжатта бар мәліметтерді олардың арасында, сондай-ақ өзге құжаттарда, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарда бар мәліметтермен, кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден және (немесе) ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен, тексеру жүргізу кезінде кеден органының билігінде бар басқа да көздерден алынған мәліметтермен салыстыру арқылы, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес басқа да тәсілдермен жүргізіледі.",
"7. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру шеңберінде кеден органы қосымша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға сұрау салуларды жолдауға құқылы.",
"8. Тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру осы Кодекстің\n325-бабына\nсәйкес жүргізіледі.",
"9. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайда кедендік, өзге құжаттар және (немесе) мәліметтер тексеруді жүргізуді қоспағанда, тауарлар шығарылғаннан кейін не кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жардайларында басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру осы Кодекстің\n326-бабына\nсәйкес жүргізіледі.",
"10. Осы Кодекстің\n120-бабына\nсәйкес шығарылған тауарларға қатысты берілген кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, мұндай декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, және көрсетілген тауарларға арналған декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру Комиссия айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.",
"11. Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін тауарлардың шығарылғаны туралы өтінішке, осы Кодекстің\n120-бабының\n4-тармағына сәйкес мұндай өтінішпен бірлесіп ұсынылатын құжаттарға қатысты кедендік, өзге құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, және көрсетілген өтініште және (немесе) құжаттарда мәлімделген мәліметтердің тексеруін қолданған кезде құжаттарды сұрату тауарлар шығарылғанға дейін жүргізілмейді.",
"12. Тауарлардың кедендік құнын тексерген кезде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің\n313-бабында\nкөзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.",
"13. Тауарлардың шығарылған жерін тексеру кезінде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің\n314-бабында\nкөзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі."
] | 9,848
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
325-бап. Тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру
|
[
"1. Егер кедендік декларация кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге берілмесе, кеден органы тексерілетін мәліметтерге қатысты кедендік декларацияда мәліметтері көрсетілген құжаттарды декларанттан сұратуға құқылы.",
"2. Декларант осы баптың 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды осы Кодекстің\n119-бабының\n3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 4 сағат бұрын ұсынуы тиіс.",
"3. Егер декларант осы баптың 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды ұсынбаса, кеден органы осы Кодекстің\n125-бабына\nсәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.",
"4. Кеден органы коммерциялық, бухгалтерлік құжаттарды, тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатты және (немесе) өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің, және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсіндірулерді мынадай:",
"1) кедендік декларацияны беру кезінде не осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған немесе мәлімделген мәліметтер тиісті түрде расталмаған;",
"2) кеден органы осы Кодекстің және кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтамау белгілерін, оның ішінде мұндай құжаттарда бар мәліметтердің дұрыс еместігін анықтаған жағдайларда сұратуға құқылы.",
"5. Декларанттан осы баптың 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату негізделген болуы тиіс және кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтер тиісті түрде расталмағанын не дұрыс болмауы мүмкін екендігін көрсететін белгілер тізбесін, қосымша сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімін қамтуы тиіс.",
"Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін кеден органының лауазымды адамы тауарлармен мәміле шарттарын, тауар сипатын, оның мақсатын, сондай-ақ өзге де мән-жайларын ескере отырып тексерілетін мәліметтердің негізінде айқындайды.",
"6. Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді растау мақсатында осы баптың 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кезінде кеден органы декларантты осы Кодекстің\n121-бабына\nсәйкес тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Бұл ретте кеден органы декларантқа осы Кодекстің\n121-бабына\nсәйкес айқындалған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының төленуін қамтамасыз етуді беру талап етілмеген жардайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есептемесін жолдайды.",
"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің нысанын, электрондық құжат түріндегі мұндай есептеменің құрылымы мен форматын және оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.",
"7. Осы баптың 4-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіруді декларант:",
"1) егер құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кедендік\n\nдекларацияда және кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексерумен байланысты болса - осы Кодекстің\n119-бабыны\nң\n3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 4 сағат бұрын;",
"2) егер құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кедендік\n\nдекларацияда және осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексерумен байланысты болса және тексерілетін мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың мөлшеріне әсер етпесе - осы Кодекстің\n119-бабының\n3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын;",
"3) егер құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кедендік декларацияда және осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексерумен байланысты болса және тексерілетін мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың мөлшеріне әсер етсе - осы Кодекстің\n119-бабының\n4 - 6-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 1 жұмыс күні бұрын ұсынуға тиіс.",
"8. Егер осы баптың 4-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсіндірмелер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаса және осы Кодекстің\n121-бабында\nкөзделген шарт сақталмаса, кеден органы осы Кодекстің\n125-бабына\nсәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.",
"9. Осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді олар сұратылған тұлғалар әрбір сұрау салу бойынша бір жиынтықта (бір уақытта) ұсынуға тиіс.",
"Кеден органы сұратқан құжаттармен және (немесе) мәліметтермен бір уақытта олар сұратылған тұлғалар кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстысын және толықтығын растау мақсатында өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынуы мүмкін.",
"10. Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері тексерілетін мәліметтердің дұрыстысын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің\n118-бабына\nсәйкес тауарлардың шығаруын жүргізеді.",
"11. Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар мен (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері тексерілетін мәліметтердің дұрыстысын және (немесе) толықтығын растамаған және (немесе) кедендік, өзге құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тексеруін жүргізу үшін негіздемелерді жоймаған жағдайда, кеден органы оның билігіндегі ақпараттың негізінде осы Кодекстің\n112-бабына\nсәйкес тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын жолдайды.",
"12. Егер кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің\n119-бабында\nбелгіленген тауарларды шығару мерзімінде, оның ішінде осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаумен байланысты аяқталмаған жағдайда, кеден органы декларантқа тауарлардың шығаруын осы Кодекстің\n121-бабына\nсәйкес жүргізу мүмкін екендігі туралы хабарланды.",
"13. Осы Кодекстің\n121-бабына\nсәйкес тауарларды шығарған кезде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 14 - 18-тармақтарына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады.",
"14. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін кеден органы сұратқан және осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылмаған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді декларант тауарларды шығарғаннан кейін, осы Кодекстің\n314-бабының\n2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кедендік декларацияның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде ұсынуы мүмкін.",
"Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған күннен бастап, ал егер мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде ұсынылмаса, - мұндай мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей аяқтайды.",
"15. Егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздемелерді жоймаса, кеден органы осы баптың 14-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстысын және толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсіндірмелерді сұратуға құқылы.",
"Мұндай қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсіндірмелер кеден органы сұрау салуды тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.",
"16. Қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді ұсыну туралы сұрау салу жолданған кезде осы баптың 14-тармағының екінші абзацында көрсетілген мерзім кеден органы мұндай сұрау салуды тіркеген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді алған күннен бастап, ал оларды ұсынбаған жағдайда - оларды ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жалғасады.",
"17. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері осы Кодекстің, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттардың және актілердің және мүше мемлекеттер заңнамасының ережелерін сақтауды, оның ішінде тексерілетін мәліметтердің дұрыстығын және (немесе) толықтығын растамаған және (немесе) кедендік, өзге құжаттарды (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздемелерді жоймаған жағдайда, кеден органы оның билігіндегі ақпараттың негізінде осы Кодекстің\n112-бабына\nсәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.",
"18. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы баптың 4 және 15-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылуы мүмкін еместігінің және (немесе) олардың жоқтығының себептерін түсіндіру осы бапта белгіленген мерзімде ұсынылмаса, кеден органы оның билігіндегі ақпараттың негізінде осы Кодекстің\n112-бабына\nсәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.",
"19. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылау және (немесе) олардың кедендік сараптамасы нәтижелері тексерілетін мәліметтердің дұрыстысын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, кеден органы кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерудің аяқталғаны туралы және осы Кодекстің\n121-бабының\n1-тармағына сәйкес ұсынылған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) мүмкіндігі туралы декларантқа хабарлайды.",
"20. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстің\n63-бабының\n7-тармағына,\n10-тарауына\nжәне\n76-бабына\nсәйкес жүзеге асырылады."
] | 9,849
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
326-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейін, және өзге жағдайларда басталған кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру
|
[
"1. Тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру кезінде не кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жардайларында кеден органы осы Кодекстің\n340-бабына\nсәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.",
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу нәтижелері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделеді.",
"3. Тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша кеден органы осы Кодекске сәйкес, ал өзге жағдайларда кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шешім қабылдайды."
] | 9,850
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
327-бап. Кедендік қарап тексеру
|
[
"1. Кедендік қарап тексеру - кедендік бақылау барысында үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап тексерудің нысанында жүргізілетін мұндай қарап тексеруді қоспағанда) көлік құралдарының жүк тиейтін орын жайларын (бөліктерін) және тауарлардың орамасын ашпай, тексерілетін объектілер (жеке тұлғалардың бағажын қоса алғанда) мен олардың бөліктерін бөлшектемей, демонтаждаусыз өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына, жүк тиелетін ыдысқа, кедендік пломбыларға, мөрлерге және өзге идентификаттау құралдарына көзбен қарап тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны.",
"2. Кедендік қарап тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында, сондай-ақ тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиейтін орын жайларында (бөліктерінде) кедендік пломбылардың, мөрлердің және өзге идентификаттау құралдарының бар болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.",
"3. Кедендік қарап тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік қарап тексеру кезінде қатысуға ниет білдіретін жардайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.",
"4. Кедендік қарап тексеру нәтижелері Комиссия айқындаған нысанда кедендік тексеріп қарау актісін жасау не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап тексерудің өткізілу фактісі туралы белгіні қою арқылы ресімделеді.",
"Жеке Тұлғалардың багажына және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына кедендік қарап тексеру жүргізу кезінде кедендік қарап тексерудің актісі, егер оны кеден органдары кедендік операцияларды жасау және (немесе) кедендік бақылауды жүргізу кезінде пайдаланған жағдайда ғана жасалады.",
"5. Егер кедендік қарап тексеруді жүргізу нәтижелері тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғаның талабы бойынша кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарға кедендік қарап тексерудің өткізілу фактісі туралы белгіні қою арқылы ресімделген жағдайда, кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік қарап тексерудің актісін:",
"1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік қарап тексеруді жүргізу кезінде - кедендік қарап тексеруді жүргізгеннен кейін жұмыс уақытының 2 сағатынан кешіктірмей;",
"2) кедендік қарап тексеруді өзге орындарда жүргізу кезінде - кедендік қарап тексеруді жүргізген күннен кейінгі жұмыс күні басталған кезден бастап 2 сағаттан кешіктірмей жасауға міндетті.",
"6. Кедендік қарап тексерудің актісі 2 данада жасалады, олардың біреуі тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғаға, не оның өкіліне, егер бұл тұлғалар белгіленсе, тапсырылады (жолданады)."
] | 9,851
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
328-бап. Кедендік тексеріп қарау
|
[
"1. Кедендік тексеріп қарау - тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк тиейтін орынжайларын (бөліктерін), ыдыстарды, контейнерлерді тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен және (немесе) оларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге сәйкестендіру құралдарын жоюмен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзумен тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке Тұлғалардың багажына қатысты қарап тексеруді жүргізуді және өзге де әрекеттерді жасауды білдіретін кедендік бақылау нысаны.",
"2. Кедендік тексеріп қарау оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.",
"3. Кеден органы кедендік тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақыты туралы, егер бұл тұлғалар белгіленсе, декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғаның хабарламаны алуы фактісін растауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен хабарлайды. Кедендік тексеріп қарауды жүргізу уақытын тағайындаған кезде мұндай тұлғалардың келуінің орынды мерзімі есепке алынады.",
"4. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері өз бастамалары бойынша кедендік тексеріп қарауды жүргізген кезде қатысуға құқылы.",
"5. Кеден органының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарауды жүргізген кезде қатысуға және кеден органының лауазымды тұлғаларына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілетті еткен өкіл болмаған кезде көлік құралын басқаратын жеке тұлға өкіл болып табылады.",
"6. Кеден органы мынадай:",
"1) көрсетілген тұлғалардың келмеуі не мұндай тұлғалар белгіленбеген жағдайларда;",
"2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға, мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілік объектілерінің сақталуына қауіп төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге мән-жайлар пайда болған, оның ішінде тауарлар тез тұтанатын заттар, жарылу қауіптілігі бар заттар, жарылғыш, улайтын, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотропты, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да сондай тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілері болған, сондай-ақ тауарлар жағымсыз иіс таратқан жағдайларда;",
"3) тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдерде жөнелткен;",
"4) тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсімді немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды бұза отырып, оларды Одақтың кедендік аумағында қалдырған жағдайларда декларант, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғалар, және олардың өкілдері болмағанда кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы.",
"7. Кедендік тексеріп қарау осы баптың 6-тармағының 1, 2 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайларда 2 куәгердің қатысуымен, ал осы баптың 6-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген жағдайда, - пошта байланысының тағайындалған операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде – 2 куәгердің қатысуымен жүргізіледі.",
"8. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері осы Кодекстің\n317-бабының\n3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанын Комиссия айқындаған кедендік тексеріп қарау актісін жасау арқылы не мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес көзделген өзге тәсілмен ресімделеді.",
"9. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер:",
"1) кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары және оны жүргізген кезде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;",
"2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлға болмағанда кедендік тексеріп қарауды жүргізу себептері;",
"3) кедендік тексерін қарау нәтижелері;",
"4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.",
"10. Кедендік тексеріп қарау актісі 2 данада жасалады, олардың біреуі егер бұл тұлғалар белгіленсе, декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге тұлғаға, не олардың өкілдеріне тапсырылады (жолданады)."
] | 9,852
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
329-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау
|
[
"1. Жеке кедендік тексеріп қарау - жеке тұлғалардың тексеріп қарауын жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны.",
"2. Жеке кедендік тексеріп қарау Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін және кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғалар кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сол жеке тұлғаларға қатысты ғана жүргізілуі мүмкін.",
"3. Жеке кедендік тексеріп қарау осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларда кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін өзінде жасырып тұрған тауарларды анықтау мақсатында жүргізіледі және кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.",
"4. Жеке кедендік тексеріп қарау кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілетті еткен кеден органы басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың шешімі бойынша, ал егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, - кедендік бақылау жүргізуге уәкілетті кеден органы бөлімшесі басшысының (бастығының), ол уәкілетті еткен кеден органы бөлімшесі басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын тұлғалардың шешімі бойынша жүргізіледі.",
"Көрсетілген шешім жазбаша нысанда ресімделеді.",
"5. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды тұлғалары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға осы бапта көрсетілген тұлғалардан басқа жеке тұлғалардың кіруіне, және басқа жеке тұлғалардың жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс.",
"Жеке тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізеді.",
"Кәмелетке толмағанды немесе әрекетке қабілетсіз жеке тұлғаны жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары не қамқоршылары) немесе оны алып жүретін адамдар қатысуға міндетті.",
"6. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тұлғаны жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешіммен, мұндай жеке тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі оның құқықтарымен таныстыруға, сондай-ақ оған кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды өз еркімен беруіне ұсынуға міндетті.",
"Жеке тұлғаның жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысу фактісін осы жеке тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге тиісті жазба жасау арқылы куәландырады. Жеке тұлға мұңдан жазба жасаудан бас тартқан жағдайда жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге осындай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының және жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде қатысатын куәгерлердің қолымен куәландырылатын тиісті белгі қойылады.",
"7. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының әрекеті өзіне қатысты жеке кедендік қарап тексеру жүрігізіліп отырған жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге және осы жеке тұлғаның денсаулығына зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс.",
"8. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:",
"1) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу басталғанға дейін жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешіммен және оны жүргізу тәртібімен танысуға;",
"2) өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;",
"3) түсіндірмелер беруге және қолдаухаттарды мәлімдеуге;",
"4) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасын бұза отырып, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін өзі жасырып отырған тауарларды өз еркімен беруге;",
"5) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғасы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу актісіне міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;",
"6) ана тілін және аудармашының қызметтерін пайдалануға;",
"7) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы акті жасалып болған соң онымен танысуға және оған жазбаша нысанда мәлімдемелер жасауға;",
"8) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.",
"9. Жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу барысында жеке тексеріліп қаралатын жеке тұлға және оның заңды өкілі жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғасының заңды талаптарын орындауға міндетті.",
"10. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу нәтижелері жеке кедендік тексеріп қарау актісін жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды.",
"Көрсетілген акт жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу барысында не ол аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде жасалуы тиіс.",
"11. Жеке кедендік тексеріп қарау актісіне жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғасы, өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға немесе оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген адам, куәгерлер, ал өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаның денесіне тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - медициналық қызметкер де қолдарын қояды.",
"12. Жеке кедендік тексеріп қарау актісі 2 данада жасалады, олардың біреуі өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаға, оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген адамға, куәгерлерге ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі."
] | 9,853
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
330-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру
|
[
"1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру - үй-жайлар мен аумақтарға, оның ішінде көрсетілген орындардағы тауарларға және (немесе) құжаттарға көзбен қарап тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны.",
"2. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру қарап тексерілетін үй-жайларда және (немесе) аумақтарда кедендік бақылау объектілері болып табылатын тауарлардың және (немесе) құжаттардың бар немесе жоқ болуын тексеру мақсатында, сондай-ақ мұндай тауарлар және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу және тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиейтін орынжайларында (бөліктерде) кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа сәйкестендіру құралдарының бар болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.",
"3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеруді кеден органдары уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалары, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларды уақытша сақтауына арналған немесе пайдаланылатын құрылыстардың, орынжайлардың (орынжай бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) сәйкестігін, осы Кодекстің\n411-бабының\n4-тармағына,\n416-бабының\n5-тармағына,\n421-бабының\n4-тармағына,\n426-бабының\n4-тармағына және\n433-бабы\n3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес келуін тексеру мақсатында жүргізуі мүмкін.",
"4. Егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, орынжайлар мен тұрғын үй жайлардағы аумақтарды кедендік қарап тексеруді жүргізуге жол беріледі.",
"5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру жүргізуге арналған ұйғарым және кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігі ұсынылған кезде жүргізіледі.",
"Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру жүргізуге арналған ұйғарым нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.",
"Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеруді жүргізу кезінде осы баптың бірінші абзацында көрсетілген құжаттарды, өздеріне қатысты\n\n(өздерінде) көшпелі кедендік тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалардың ұсынуы талап етілмейді.",
"6. Үй-жайлар мен аумаққа кіруге рұқсат берілмеген жағдайда кеден органдарының лауазымды тұлғалары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қарсылықтың жолын кесіп және (немесе) жабық үй-жайларды ашып кіруге құқылы.",
"7. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында жекелеген объектілерге кірудің арнайы тәртібі көзделсе, онда мұндай кіру осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.",
"8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру оны өткізу үшін қажет болатын қысқа мерзімде жүргізілуі тиіс және егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, 1 жұмыс күнінен артық созылуы мүмкін емес.",
"9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру нәтижелері нысанын Комиссия айқындайтын үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.",
"10. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап тексеру актісі 2 данада жасалады, олардың бірі үй-жайы және (немесе) аумағы қарап тексерілген тұлғаға, егер бұл тұлға белгіленсе, табыс етіледі."
] | 9,854
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
331-бап. Кедендік тексеру
|
[
"1. Кедендік тексеру - осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және осы Кодексте көзделген кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданумен тауарлар шығарылғаннан кейін Тұлғалардың кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны.",
"2. Кедендік тексеру кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді және (немесе) кеден органына ұсынылған немесе осы Кодекске немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өзі алған өзге мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарымен және (немесе) деректерімен, шоттармен және осы Кодексте немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған өзге ақпаратпен салыстыру арқылы жүргізіледі.",
"3. Кедендік тексеру осы Кодекстің\n310-бабының\n8-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің\n397-бабының\n5-тармағында және\n430-бабының\n6-тармағында көзделген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.",
"4. Кедендік тексеруді аумағында тексерілетін тұлға құрылған, тіркелген және (немесе) тұрақты тұрғылықты жері бар мүше мемлекеттің кеден органы жүргізеді.",
"5. Тексерілетін тұлғалар деп мынадай тұлғалар:",
"1) декларант;",
"2) тасымалдаушы;",
"3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарлардың уақытша сақталуын жүзеге асыратын тұлға;",
"4) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлға;",
"5) тауарлар шығарылғаннан кейін оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға;",
"6) уәкілетті экономикалық оператор;",
"7) кедендік рәсімге орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан тұлға;",
"8) иелігінде және (немесе) пайдалануында кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді, мүше мемлекеттердің заңнамасы бұзыла отырып тауарлардың, оның ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуын (болғандығын) куәландыратын өзіне қатысты ақпарат бар тұлға түсініледі.",
"6. Кеден органдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:",
"1) тауарларды кедендік рәсімге орналастыру фактісін;",
"2) кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарда бар мәліметтердің дұрыстығын;",
"3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;",
"4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден ісі саласындағы қызметтің әрбір түрі үшін осы Кодексте көзделген міндеттерінің орындауын;",
"5) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның мұндай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарттарын сақтауын және осы Кодексте көзделген өзге міндеттерді орындауын;",
"6) осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын;",
"7) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге талаптардың сақталуын тексеруі мүмкін.",
"7. Кедендік тексеру камералық немесе көшпелі болуы мүмкін.",
"8. Кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары тартылуы мүмкін.",
"9. Кедендік тексеруді жүргізу барысында әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған кезде кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.",
"10. Кеден органының кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша шешімдерді қабылдауының тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді."
] | 9,855
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
332-бап. Камералдық кедендік тексеру
|
[
"1. Камералдық кедендік тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талабы бойынша тексерілетін тұлға табыс еткен кедендік декларацияларда және (немесе) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарда бар мәліметтерді, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттарды және мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы жүргізіледі.",
"2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органы орналасқан жері бойынша кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ кеден органының камералық кедендік тексеру жүргізу туралы шешімін (ұйғарымын) ресімдеместен жүргізеді.",
"3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.",
"4. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделеді.",
"5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша, оның ішінде кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімде құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған кезде көшпелі кедендік тексеру тағайындалуы мүмкін."
] | 9,856
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
333-бап. Көшпелі кедендік тексеру
|
[
"1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), жеке кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру жеріне (жерлеріне) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметін іс жүзінде жүзеге асыру жеріне (жерлеріне) (бұдан әрі осы тарауда - тексерілетін тұлғаны объектілері) бару арқылы жүргізеді.",
"2. Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:",
"1) жоспарлы көшпелі кедендік тексеру;",
"2) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;",
"3) қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру.",
"3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көшпелі кедендік тексерулердің қосымша түрлері, осындай тексерулерді жүргізудің негіздері, мерзімі және тәртібінің ерекшелігі белгіленуі мүмкін.",
"4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көшпелі кедендік тексеру жоспарлы көшпелі кедендік тексеру түрінде қолданылмайтыны белгіленуі мүмкін.",
"5. Көшпелі кедендік тексеруді мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден органының басшысы (бастығы), өзі уәкілетті еткен кеден органы басшысының орынбасары (бастығының орынбасары) не оларды алмастыратын тұлғалар көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдау (ұйғарым беру) арқылы тағайындайды.",
"6. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімде (ұйғарымда) мынадай мәліметтер:",
"1) осы шешімнің (ұйғарымның) күні және тіркелу нөмірі;",
"2) көшпелі кедендік тексерудің түрі;",
"3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының атауы;",
"4) көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін негіздеме - тексерулер жоспарына (кестесіне) сілтеме не осы баптың 16-тармағында көзделген негіздеме;",
"5) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)), оның орналасқан жері (жерлері) (тұрғылықты жері) және (немесе) қызметті іс жүзінде жүзеге асыру орны (орындары), оның сәйкестендіру және (немесе) тіркеу нөмірлері;",
"6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды тұлғаларының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;",
"7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;",
"8) осы Кодекстің\n331-бабының\n6-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің нысанасы;",
"9) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.",
"7. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімнің (ұйғарымның) нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.",
"8. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу аяқталғанға дейін осы баптың 6-тармағының 5 - 9-тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажет болған кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімге (ұйғарымға) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер (толықтырулар) енгізілуі мүмкін.",
"9. Көшпелі кедендік тексеру өзге нысандарда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералық кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша тағайындалуы мүмкін.",
"10. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін тексерулер жоспарларының негізінде жүргізіледі.",
"Бір және сол тексерілетін тұлғаға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді кеден органдары жылына 1 реттен жиі емес жүргізеді.",
"Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді кеден органдары 3 жылда 1 реттен жиі емес жүргізеді.",
"11.Өздеріне қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғаларды таңдау мынадай:",
"1) тауарлар шығарылғанға дейін және кейін кедендік бақылауды жүргізу нәтижелерінен:",
"2) кеден органдарының ақпараттық ресурстарынан;",
"3) алдыңғы кедендік тексерулердің нәтижелерінен;",
"4) банктер, банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдар және мүше мемлекеттердің банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;",
"5) мүше мемлекеттердің кедендік және (немесе) өзге мемлекеттік органдарынан;",
"6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;",
"7) өзге де ақпарат көздерінен алынған аппарат пайдаланыла отырып жүргізіледі.",
"12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімімен жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.",
"13. Тексерілетін тұлғаның орналасқан жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгі қойылып, пошта жөнелтімінің қайтарылуы жоспарлы көшпелі кедендік тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.",
"14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру тексерілетін тұлға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны алған күннен бастап не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар пошта жөнелтімі кеден органына түскен күнінен бастап кемінде күнтізбелік 15 күннен кейін басталуы мүмкін.",
"15. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер мұндай тексерулерді жүргізу кезеңділігі шектелмей жүргізіледі.",
"16. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін мыналар:",
"1) мүше мемлекеттердің кеден органдарының және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде бар және кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзу мүмкіндігі туралы куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;",
"2) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзу мүмкіндігі туралы куәландыратын ақпарат;",
"3) тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініші;",
"4) уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу кезінде тауарларды уақытша сақтауға арналған меншіктегі, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе жалдаудағы құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) туралы мәлімделген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты кеден органына ұсыну;",
"5) осы баптың 17-тармағына сәйкес қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді жүргізу қажеттігі;",
"6) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің құзыретті органының Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен байланысты шетелдік тұлғамен мәмілені жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы);",
"7) қылмыс туралы хабарламаны тексеру материалдары немесе қозғалған қылмыстық іс бойынша мүше мемлекеттердің алдын ала тергеу органдарының (қылмыстық қудалау органдарының) тапсырмасы (сұрау салуы);",
"8) бір мүше мемлекеттің кеден органының басқа мүше мемлекеттің кеден органына осы Кодекстің\n373-бабы\n3-тармағының 1 және (немесе) 3-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден органына жолданатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген тұлғаға көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы тапсырмасы;",
"9) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген өзге де негіздер негіз болуы мүмкін.",
"17. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеруді кеден органы жүргізетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген және тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша тұлғамен байланысты тұлғаларды қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді жүргізеді.",
"18. Көпшелі кедендік тексеру жүргізудің басталған күні тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешім (ұйғарым) табыс етілген күн, ал егер көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы мұндай шешім (ұйғарым) тексерілетін тұлғаға өзге тәсілмен жеткізілсе, - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын күн есептеледі.",
"19. Тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) алудан бас тартуы көшпелі кедендік тексеруді жою үшін негіз болып табылмайды.",
"Осы жағдайда көшпелі кедендік тексеру жүргізудің басталған күні көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімге (ұйғарымға) осы шешімді (ұйғарымды) алудан бас тарту туралы жазбаны енгізу күні есептеледі.",
"20. Көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында тексерілетін тұлғаның объектісінде кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына, басшыны алмастыратын адамға, не тексерілетін тұлғаның өкіліне өзінің қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.",
"21. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқылы емес.",
"22. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі 2 айдан аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге тексерілетін тұлғаға құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы талапты табыс ету күні мен мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі кірмейді.",
"23. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі мұндай тексеруді жүргізіп жатқан кеден органының шешімі бойынша 1 айға ұзартылуы мүмкін.",
"24. Қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді жүргізу, кедендік сараптаманы жүргізу, сұрау салуларды мүше мемлекеттердің немесе Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарына жолдау, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды қалпына келтіру, көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға әсер ететін тексерілетін кезеңге жататын қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін өзге жағдайларда көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілетті еткен кеден органы басшысы орынбасарының (бастық орынбасарының) не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.",
"Көпшелі кедендік тексерудің жүргізілуін тоқтата тұру мерзімі, егер ең ұзақ мерзім мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, 9 айдан аспауға тиіс.",
"Көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуін тоқтата тұру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.",
"Көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуін осы тармақта белгіленген негіздеулер бойынша, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне кірмейді.",
"25. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімге (ұйғарымға) көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар жасалады, ол туралы тексерілетін тұлға хабардар етіледі.",
"26. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін кедендік құжатты мұндай заңнамада белгіленген тәртіппен жасау арқылы ресімделеді.",
"27. Кедендік тексерілетін тұлғалардың көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелерімен танысу және қарсылық болған кезде оларды білдіру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленуі мүмкін.",
"28. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелерін ресімдеу кезінде жасалатын кедендік құжатта мынадай мәліметтер:",
"1) осы құжаттың жасалу орны мен күні;",
"2) осы құжаттың тіркеу нөмірі;",
"3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органының атауы;",
"4) көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін неге тексерулер\n\nжоспарына (кестесіне) не осы баптың 16-тармағында көзделген негіздеулерге сілтеме;",
"5) көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімнің (ұйғарымның) күні және нөмірі;",
"6) көшпелі кедендік тексерудің түрі;",
"7) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)), оның орналасқан (тұрғылықты) жері (жерлері) және (немесе) қызметті іс жүзінде жүзеге асыру орны (орындары), оның идентификаттау және (немесе) тіркеу нөмірі;",
"8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;",
"9) көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылған лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы;",
"10) кедендік тексеру жүргізудің басталған және аяқталған күні, ал көшпелі кедендік тексеру жүргізудің мерзімі тоқтатыла тұрған және (немесе) ұзартылған жағдайда мұндай тоқтата тұрудың және (немесе) ұзартудың кезеңі де көрсетіледі;",
"11) тексерілген құжаттардың түрлері;",
"12) кедендік бақылау нысандары, көшпелі кедендік тексеру барысында жүргізілген өзге де әрекеттер туралы мәліметтер;",
"13) талаптары бұзылған кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасының ережелері көрсетіле отырып, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасының бұзылғандығын куәландыратын анықталған фактілерді сипаттау, не олардың жоқтығы туралы мәліметтер;",
"14) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар;",
"15) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.",
"29. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізудің аяқталу күні көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелерін ресімдеу кезінде жасалатын кедендік құжатты жасау күні есептеледі.",
"30. Көшпелі кедендік тексеру мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкерлерді қоспағанда, жеке тұлғаларға қатысты жүргізілмейді."
] | 9,857
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
334-бап. Кеден және өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі
|
[
"1. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдары көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде осы лауазымды адамдардың және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.",
"Кеден органдары лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның тұрғын үй-жайларына қолжетімділігіне, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, жол беріледі.",
"2. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында жекелеген объектілерге қолжетімділіктің арнайы тәртібі көзделсе, онда мұндай қолжетімділік осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.",
"3. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдарына және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділіктен мынадай жағдайларда:",
"1) осы лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және (немесе) қызметтік куәліктерді көрсетпесе;",
"2) осы лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы шешімде (ұйғарымда) көрсетілмесе;",
"3) егер мұндай рұқсат мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қажет болса, осы лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділікке арнайы рұқсаты болмаса, бас тартуға құқылы.",
"4. Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мүше мемлекеттердің өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті акт (хаттама) жасалады.",
"Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мүше мемлекеттердің өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олар қарсыласудың жолын кесе отырып және (немесе) жабық үй-жайларды ашып осы объектіге кіруге құқылы."
] | 9,858
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
335-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
|
[
"1. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезінде:",
"1) тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарды, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын, сондай-ақ тексерілетін тауарларға қатысты тексерілетін тұлғаның бұдан кейінгі мәмілелеріне қатысты ақпаратты қоса алғанда, осы тауарларға қатысты басқа да ақпаратты, оның ішінде электрондық тасымалдағыштарда талап етуге және алуға;",
"2) осы Кодекстің\n18-бабына\nсәйкес тексерілетін тұлғадан есептілікті ұсынуды талап етуге;",
"3) тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізіліп жатқан тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалардан тексерілетін тұлға немесе мұндай тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалар жасайтын операциялар мен есептер бойынша құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуды талап етуге;",
"4) банктерден, банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдардан және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, мүше мемлекеттерден мүше мемлекеттердің ұйымдары мен дара кәсіпкерлерінің банк шоттарының бар екені және нөмірлері туралы құжаттармен мәліметтерді, сондай-ақ ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің шарттары бойынша ақшалай қаражат қозғалысына қатысты, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктік құпиясы бар кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді талап етуге және олардан алуға;",
"5) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;",
"6) кедендік тексеруді жүргізумен байланысты мүше мемлекеттердің және Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің ұйымдарына, мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жолдауға;",
"7) кедендік сараптама тағайындауға;",
"8) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де әрекетерді жүзеге асыруға құқығы бар.",
"2. Кеден органының лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде:",
"1) тексерілетін тұлғадан көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды ұсынуды талап етуге;",
"2) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен түгендеу жүргізуге немесе тауарларға түгендеу жүргізуді талап етуге;",
"3) лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеру жүргізілетіні туралы шешімді (ұйғарымды) және қызметтік куәліктерін ұсынған жағдайда тексерілетін тұлғаның объектілеріне қолжетімділік алуға;",
"4) тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға;",
"5) алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қоюға;",
"6) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен осы тауарларға билік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қоюға;",
"7) үй-жайларға, қоймаларға, архивтерге және көшпелі кедендік тексеру жүргізіліп жатқан құжаттардың және тауарлар орналасқан (сақталған) өзге де жерлерге сүргі салуға;",
"8) тексерілетін тұлғаның өкілдерінен жеке басын куәландыратын құжаттарды және (немесе) өкілеттіктерді растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;",
"9) тексерілетін тұлғаның ақпараттық жүйелерінің базаларына және деректер банкіне өз құзыреті шегінде қолжетімділік алуға;",
"10) тексерілетін тұлғадан тексеруге жататын мәселелер шеңберінде қажетті құжаттарды (олардың көшірмелерін), оның қызметіне және мүлкіне қатысты өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық нысанда талап етуге және алуға құқығы бар. Егер осы құжаттар (олардың көшірмелері) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін орында болмауға тиіс болса, кеден органының лауазымды адамы оларды ұсыну үшін жеткілікті, бірақ кемінде 3 жұмыс күн болатын мерзімді белгілейді;",
"11) техникалық құралдарды (оның ішінде аудио- және бейне жазбаларды, фототүсірілімді жүзеге асыратын аппаратураны), сондай-ақ тексерілетін тұлға электрондық нысанда ұсынған ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламалық өнімдерді пайдалануға;",
"12) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.",
"3. Кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:",
"1) тексерілетін тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздікпен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;",
"2) осы Кодекстің\n356-бабына\nсәйкес кедендік тексеруді жүргізу кезінде алынған ақпаратты пайдалануға;",
"3) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексерулер жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын тексерілетін тұлғаның келісімінсіз жария етпеуге;",
"4) қызмет этикасын сақтауға;",
"5) тексерілетін тұлғаға оның кедендік тексеру жүргізу, кедендік сараптама тағайындау, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері туралы аппарат беруге;",
"6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;",
"7) тексерілетін тұлғаның талабы бойынша осы Кодекстің және мүше мемлекеттер заңнамасының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы қажетті ақпаратты беруге;",
"8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және өздерінің қызметтік куәліктерін көрсетуге;",
"9) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті."
] | 9,859
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
336-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
|
[
"1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:",
"1) кеден органдарынан осы Кодекстің және мүше мемлекеттер заңнамасының кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға;",
"2) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және (немесе) мүше мемлекеттер заңнамасының сақталғанын растайтын өзінің билігіндегі барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;",
"3) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға;",
"4) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарынан көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) және қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;",
"5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және көшпелі кедендік тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;",
"6) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.",
"2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:",
"1) көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсету мүмкіндігі бар болған кезде мұндай тауарларды көрсетуге;",
"2) кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімде қағаз тасымалдағышта, қажет болған кезде өзге де тасымалдағышта құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;",
"3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының және мұндай тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;",
"4) егер кедендік тексеру мақсаттары үшін қажетті құжаттама кеден органы кедендік тексеруді жүргізіп отырған мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінен өзге тілде жасалса, - кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына көрсетілген құжаттаманың аудармасын ұсынуға;",
"5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (ұйғарымды) ұсынған күннен бастап күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жауапты тұлғалар аясын айқындауға;",
"6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде түгендеудің жүргізілуін қамтамасыз етуге;",
"7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдар кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімі қабылдаған жағдайда тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;",
"8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының талабы бойынша тексерілетін тұлғаның қызметі мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсіндірулер беруге, сондай-ақ анықтамалар мен есептеулер беруге;",
"9) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті."
] | 9,860
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
337-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну
|
[
"1. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары кеден органының сұрау салуы бойынша ұйымдарды және дара кәсіпкерлерді тіркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты өздерінің иелігіндегі құжаттарды және мәліметтерді, бухгалтерлік есеп және есептілік деректерін және (немесе) құжаттарын, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын өзге де құжаттарды және мәліметтерді мүше мемлекеттердің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып ұсынады.",
"2. Мүше мемлекеттердің банктері, банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдары және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары кеден органының талабы бойынша мүше мемлекеттердің ұйымдары мен дара кәсіпкерлерінің банк шоттарының бар болуы және нөмірлері туралы құжаттарды және мәліметтерді, сондай-ақ мұндай ұйымдар мен дара кәсіпкерлердің шоттары бойынша ақшалай қаражат қозғалысына қатысты кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, соның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктік құпиясы бар құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.",
"3. Тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізілетін тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалар кеден органының талабы бойынша тексерілетін тұлғамен немесе сол тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалармен жүргізілетін операциялар және есептеулер бойынша кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті."
] | 9,861
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
338-бап. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ету шаралары
|
[
"1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылау объектілеріне қарай кеден органдары осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін мынадай шараларды;",
"1) ауызша сауалнама өткізуге;",
"2) кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға, талап етуге және алуға;",
"3) кедендік сараптаманың жүргізілуін тағайындауға, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға;",
"4) тауарлардың, құжаттардың, көлік құралдарының, үй-жайлардың және басқа орындардың идентификаттауын жүзеге асыруға;",
"5) кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалануға;",
"6) кедендік алып жүруді қолдануға;",
"7) тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеуге:",
"8) кедендік бақылаудағы тауарлардың, олармен жасалатын кедендік операциялардың есебін жүргізуге;",
"9) маманды тартуға;",
"10)мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының мамандарын және сарапшыларың тартуға;",
"11) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге операциялардың жасалуын талап етуге;",
"12) кедендік қадағалауды жүзеге асыруға;",
"13) тауарларды есепке алу жүйесінің болуын және тауарларды есепке алудың жүргізілуін тексеруге;",
"14) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленетін кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін өзге де шараларды қолдануға құқылы.",
"2. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар дербес немесе кедендік бақылау нысандарының қолданылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.",
"3. Кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар осы тарауға сәйкес, ал кедендік сараптаманың жүргізілуін тағайындау - осы Кодекстің\n53-тарауына\nсәйкес қолданылады."
] | 9,864
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
339-бап. Ауызша сауалнама
|
[
"Кедендік бақылауды жүргізу үшін маңызы бар мәліметтерді алу мақсатында кеден органдарының лауазымды адамдары жеке тұлғалармен, олардың өкілдерімен, сондай-ақ ұйымдардың өкілдері болып табылатын адамдармен, сауалнама нәтижелерін ресімдеместен, ауызша сауалнама жүргізуге құқылы."
] | 9,865
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
340-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуы, талап етуі және алуы
|
[
"1. Кеден органдары декларанттан, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді кедендік бақылауды жүргізген кезде сұратуға, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда - талап етуге, сондай-ақ сұрау салынатын (талап етілген) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс оларды ұсынудың мерзімін белгілеуге құқылы.",
"2. Сұрау салынатын (талап етілген) құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін кеден органы мәміле шарттарын, тауар сипатын, оның мақсатын, сондай-ақ өзге де мән-жайларды ескере отырып, тексерілетін құжаттарға және (немесе) мәліметтерге сүйене отырып айқындайды.",
"3. Кеден органы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуда (талапта) белгілеген мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу (талап), оның ішінде жоғалтып алған құжаттарды қалпына келтіру үшін жолданған тұлғаның уәждемелі өтінішінің негізінде ұзартылуы мүмкін. Құжаттардың және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзім сұрау салу жолданған тұлғаның өтініші негізінде айқындалады, бірақ құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап 2 айдан аспауы тиіс.",
"4. Кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында жүргізген кезде кеден органы осы Кодекстің\n326-бабында\nкөзделген құжаттар және (немесе) мәліметтер осы бапқа сәйкес сұратылған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің\n325-бабына\nсәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратады.",
"5. Кеден органдары сұратқан құжаттар түпнұсқалар немесе олардың көшірмелері, оның ішінде, егер кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсыну белгіленбесе, электрондық құжаттардың қағаз көшірмелері түрінде ұсынылады.",
"Ұсынылған құжаттардың көшірмелерін оларды ұсынған тұлғалар куәландыруға тиіс.",
"Кеден органдары ұсынылған құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқалармен сәйкес келуін тексеруге құқылы.",
"Егер ұсынылған құжаттар құжаттарды кеден органы сұратқан мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінен өзге тілде жасалған жағдайда, оларды ұсынған тұлғалар кеден органы лауазымды адамының талабы бойынша көрсетілген құжаттардың аудармасын қамтамасыз етуге міндетті.",
"6. Декларант, тасымалдаушы, кеден ісі саласында қызметі жүзеге асыратын тұлғалар, және өзге тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда ұсынуға міндетті.",
"7. Кеден органдары мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзге ұйымдарынан мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.",
"8. Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктерден және банктік емес кредиттік (кредиттік-қаржы) ұйымдардан және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алуға құқылы."
] | 9,866
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
341-бап. Тауарларды, құжаттарды, көлік құралдарын, сондай-ақ үй-жайларды және басқа орындарды идентификаттау
|
[
"1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және оларға құжаттарды, көлік құралдарының жүк тиейтін орынжайларды (бөліктерді), кедендік бақылауға жататын тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін орынжайларды, ыдыстарды және өзге орындарды кеден органдары идентификаттау құралдарын қолдану арқылы, сондай-ақ тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілері іріктеу, тауарларды толық сипаттау, сызбаларды жасау, ауқымды бейнелерді, фотографияларды, иллюстрацияларды жасау, тауарға ілеспе құжаттаманы және өзге құжаттаманы пайдалану арқылы, сондай-ақ өзге де тәсілдермен идентификаттауы мүмкін.",
"2. Идентификаттау құралдарына пломбалар, мөрлер, цифрлық, әріптік және өзге де маркалау, идентификаттау белгілері, мөртаңбалар, сынамалар сейфті-пакеттер және тауарлардың идентификатталуын қамтамасыз ететін өзге де құралдар жатады.",
"Кеден органдары пайдаланатын идентификаттау құралдарын қолдану тәртібі және оларға қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.",
"3. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кеден органдары пайдаланатын идентификаттау тәсілдерін қолдану тәртібі, оның ішінде осы Кодекстің\n167\n,\n180\n, 192,\n206\nжәне\n214-баптарында\nкөзделген идентификаттау тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленуі мүмкін.",
"4. Идентификаттау құралдары ретінде кеден органдары пломбаларды, мөрлерді немесе Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, сондай-ақ тауарлардың немесе тасымалдаушылардың жөнелтушілері қолданатын өзге де идентификаттау құралдарын тануы мүмкін.",
"5. Тауарлардың жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болған жағдайларды қоспағанда, идентификаттау құралдарын тек кеден органдары немесе олардың рұқсатымен өзгерілуі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Көрсетілген жағдайларда кеден органына идентификаттау құралдарының өзгертілгені, алып тасталғаны, жойылғаны немесе ауыстырылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қауіптің бар екендігіне дәлелдер ұсынылады.",
"Кеден органының идентификаттау құралдарын өзгертуі, алып тастауы, жоюы немесе ауыстыруы Комиссия айқындайтын нысанда идентификаттау құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы туралы актісін жасау арқылы не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарда қойылған идентификаттау құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы туралы белгілер қоюмен ресімделеді."
] | 9,867
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
342-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, өзге де техникалық құралдарын, су және әуе кемелерін пайдалану
|
[
"1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (жабдық, аспаптар, өлшеу құралдары, құрылғылар және керек-жарақтар) және өзге де техникалық құралдарды пайдалануы мүмкін.",
"Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тізбесі және тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.",
"2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары адамның, жануарлардың және өсімдіктердің өміріне және денсаулығына қауіпсіз болуға және адамдарға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.",
"3. Комиссия кеден органдары пайдаланатын кедендік бақылаудың жекелеген техникалық құралдарына қойылатын үлгілік техникалық талаптар бойынша ұсынымдарды қабылдауға құқылы.",
"4. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге түрлерін жүргізу кезінде пайдалануы мүмкін.",
"5. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.",
"Кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді."
] | 9,868
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
343-бап. Кедендік алып жүру
|
[
"1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында кедендік алып жүруді қолданады.",
"2. Кедендік алып жүру кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын кедендік алып жүруді білдіреді.",
"3. Кедендік алып жүруді кеден органдарының лауазымды адамдары не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған ұйымдар жүзеге асырады.",
"4. Кеден органдары кедендік алып жүруді:",
"1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар мынадай жағдайларда:",
"осы Кодекстің\n146-бабына\nсәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не осы Кодекстің\n146-бабына\nсәйкес айқындалған мөлшерден кем мөлшерде мұндай міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған;",
"тасымалдаушы, егер көрсетілген қаулылардың кемінде біреуі орындалмаса, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулыларда белгілі болған кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндетті бірнеше рет орындамаған;",
"тасымалдаушы осы Кодекстің\n153-бабына\nсәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндетті белгіленген мерзімде орындамаған;",
"Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтамау белгілері анықталған кездегі өзге де жағдайларда тасымалданған кезде;",
"2) осы Кодекске сәйкес мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болғанда кедендік бақылаудағы шетел тауарларын тасымалдау кезінде қолдануға құқылы.",
"5. Егер бірінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлардың декларанты болса, осы баптың 4-тармағы 1-тармақшасының бесінші абзацының ережелері қолданылмайды.",
"6. Кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешімді қабылдаған жағдайда кеден органы тасымалдаушыға мұндай шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және кедендік алып жүруді мұндай шешім қабылданған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.",
"7. Бір мүше мемлекеттің аумағы арқылы ғана көлік құралдарының кедендік алып жүруі кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.",
"8. Екі және одан да көп мүше мемлекеттің аумақтары бойынша көлік құралдарының кедендік алып жүруі кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі Одақтың шеңберінде халықаралық шартта айқындалады.",
"9. Осы баптың 4-тармағының 1-тармақшасының үшінші абзацын қолдану мақсаты үшін кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушыны өз міндеттерін орындамағаны үшін оны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оларды орындау туралы қаулылардың заңды күшіне енгені туралы ақпаратпен алмасу Одақтың шеңберінде халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады."
] | 9,869
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
344-бап. Тауарларды тасымалдау маршруты
|
[
"1. Тауарларды тасымалдау маршрутын кеден органдары Одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауға бақылауды қамтамасыз ету мақсатында белгілейді.",
"2. Тауарларды тасымалдау маршруты кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға не кедендік бақылауға жататын тауарларға қатысты белгіленеді, осы Кодекске сәйкес мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырмай тасымалдануы мүмкін.",
"3. Тауарларды тасымалдау маршруты шетел тауарларын мүше мемлекеттің және (немесе) мүше мемлекеттердің ішкі су жолдарына кірмейтін мүше мемлекеттің және (немесе) мүше мемлекеттердің теңіз порттары арасында су кемелерімен, оның ішінде аралас жүзу (өзен-теңіз) кемелерімен тасымалдауды қоспағанда, тауарларды автомобиль және су көлігімен тасымалдау кезінде белгіленеді.",
"4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып белгілейді.",
"5. Тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдаудың маршрутын өзгертуіне жөнелтуші кеден органының не оның жүру жолы бойынша орналасқан кез келген кеден органының рұқсатымен жол беріледі, ол тасымалдаушының назарына жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.",
"6. Тауарларды тасымалдау маршруты бір ғана мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты белгіленген жағдайда, кеден органдары көлік құралдарының орын ауыстыруына және тауарларды тасымалдаудың белгіленген бағытын сақтауға қашықтықтан бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.",
"7. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеумен, өзгертумен және сақтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия, ал осы Кодекске сәйкес мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болатын кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты - мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады."
] | 9,870
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
345-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды және олар мен жасалатын кедендік операцияларды есепке алу
|
[
"1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың және олармен жасалатын кедендік операциялардың есепке алынуын жүргізеді.",
"2. Кедендік бақылаудағы тауарларға және олармен жасалатын кедендік операцияларды есепке алу тәртібі мен нысаны мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.",
"3. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында кеден органдары декларанттардың есепке алынуын, сондай-ақ осындай есеп жүргізудің жағдайлары мен тәртібін жүргізетіні белгілеуі мүмкін."
] | 9,871
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
346-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы
|
[
"1. Кеден органдары қажет болған жағдайда кедендік бақылауды жүргізу кезінде жекелеген әрекеттерді жасау үшін мұндай әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес, кеден органдарына жәрдем ету үшін, оның ішінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану кезінде қажет болатын арнайы білімі мен дағдылары бар маманды тартуы мүмкін.",
"Мұндай мамандар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ресімделетін кеден органының шешімі бойынша тартылатын осындай заңнама белгіленуі мүмкін.",
"2. Кедендік бақылау жүргізу кезінде маман ретінде тұлғаны тарту шарттық негізде жүзеге асырылады.",
"3. Маманның:",
"1) өзі қатысатын әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты материалдармен танысуға;",
"2) өзі катысқан әрекеттер жасау нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және өзі жасаған әрекеттер бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге жататын өтініштер немесе ескертулер жасауға құқығы бар.",
"4. Маман:",
"1) арнайы білімді және дағдыны талап ететін әрекеттер жасауға қатысуға не осындай әрекеттерді жасауға, өзі жасап жатқан әрекеттер бойынша түсіндірме беруге;",
"2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.",
"5. Маман мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзі алған коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ өзге де құпия ақпаратты жарияламауға, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға, үшінші тұлғаларға бермеуге тиіс.",
"6. Егер кедендік бақылауды жүргізу барысында кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталса, кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстары қызметіне және (немесе) тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда мұндай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кеден органы кедендік бақылауды жүргізетін мүше мемлекет бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады."
] | 9,872
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
347-бап. Кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем ету үшін мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан мамандарды және сарапшыларды тарту
|
[
"1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.",
"Мүше мемлекеттердің заңнамасында мұндай мамандарды немесе сарапшыларды тарту осындай заңнамаға сәйкес ресімделетін кеден органының шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.",
"2. Мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.",
"3. Мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан мамандары мен сарапшыларды тартумен байланысты шығыстар, егер кеден органдарының тапсырмасы бойынша олар орындаған жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің аясына кірмесе, осы Кодекстің\n346-бабының\n6-тармағында айқындалатын тәртіппен өтеледі."
] | 9,873
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
348-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар
|
[
"1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының талабы бойынша декларант, уақытша сақтау қоймасының немесе кеден қоймасының иесі, кеден өкілі және (немесе) тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасуда (тасымалдауды), өлшеуді жүргізуге немесе өзге тәсілмен тауарлардың санын анықтауды қамтамасыз етуге, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, зақымданған орамды жөндеуді, орамды ашуды, кедендік бақылауға жататын тауарларды орауды не қайта орауды сондай-ақ осындай тауарлар орналасқан (орналасуы мүмкін) үй-жайларды, ыдыстарды және өзге де орындарды ашуды жүргізуге міндетті.",
"2. Тасымалдаушы өзі таситын (тасымалдайтын) тауарларға және мұндай тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялардың жасалуына жәрдемдесуге міндетті.",
"3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқтауға тиіс."
] | 9,874
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
349-бап. Кедендік қадағалау
|
[
"Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларға, соның ішінде кедендік бақылаудың объектілері болып табылатын көлік құралдарына және оларға қатысты жүк және өзге де операциялардың жасалуына, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін және халықаралық әуежайдың кедендік бақылау аймағында немесе транзиттік аймағында болған жеке тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып қадағалауды жүзеге асыруға құқылы."
] | 9,875
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
350-бап. Тауарларды есепке алу жүйесінің болуын және тауарлардың есепке алынуын жүргізуді тексеру
|
[
"1. Кеден органдары осы Кодексте және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында:",
"1) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда және осындай тізілімдерге енгізілген тұлғаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына;",
"2) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, уәкілетті экономикалық операторлардың және тауарлардың есепке алынуын көздейтін кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалардың тауарларды есепке алуды жүргізуін тексереді.",
"2. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеру және тауарлардың есепке алынуын жүргізу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді."
] | 9,876
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
351-бап. Кеден органдары, олардың міндеттері және функциялары
|
[
"1. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Одақтың кедендік шекарасында мынадай міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:",
"1) мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау;",
"2) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасуды жылдамдату және оңайлату үшін жағдайлар жасау;",
"3) кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттардың және актілердің, Одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттардың және актілердің, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасын, сондай-ақ сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.",
"2. Кеден органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды орындайды:",
"1) кедендік операцияларды жасау және оның ішінде, өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылауды жүргізу;",
"2) кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын өндіріп алу, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеуді бақылау, қайтару (есепке жатқызу) және оларды мәжбүрлі өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;",
"3) кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;",
"4) Одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүргізген кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;",
"5) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;",
"6) Одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау;",
"7) кедендік статистиканы жүргізу;",
"8) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес экспорттық, радиациялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүзеге асыру.",
"3. Кеден органдарына Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарда айқындалатын өзге де міндеттер және функциялар жүктелуі мүмкін.",
"4. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік операцияларды жасаумен және осы Кодекстің\n322-бабының\nекінші - төртінші абзацтарында көрсетілген нысандарда кедендік бақылауды жүргізумен және осы Кодекстің\n339-бабында\nжеке пайдалануға арналған тауарлардың ғана Одақтың кедендік аумағына келуі және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан кетуі жүзеге асырылатын және кеден органдары жоқ Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданумен байланысты кеден органдарының жекелеген функциялары мұндай орындарда бақылау функцияларын жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.",
"5. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы Кодекстің\n310-бабының\n8-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.",
"6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алумен, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеуді бақылаумен, қайтарумен (есепке жатқызумен) және оларды мәжбүрлі өндіріп алу бойынша шаралар қабылдаумен байланысты кеден органдарының жекелеген функциялары мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарына жүктелуі мүмкін.",
"7. Кеден органдарының құқықтары және міндеттері осы Кодексте және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.",
"8. Кеден органдарының жүйесі және кеден органдарында қызмет өткеру шарттары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді."
] | 9,880
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
352-бап. Кеден органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі
|
[
"1. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген зияны үшін жауаптылықта болады.",
"2. Кеден органдарының не олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген шығындар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өтеуге жатады.",
"3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары лауазымды тұлғаларының заңды шешімдері, әрекеттері арқылы тұлғаға келтірілген шығындар өтеуге жатпайды.",
"4. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңсыз шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздігі) үшін тәртіптік, әкімшілік қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады."
] | 9,881
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
353-бап. Кедендік инфрақұрылым
|
[
"1. Кедендік инфрақұрылымға кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен жабдықталған (бұдан әрі осы бапта - кедендік инфрақұрылымның элементтері) ғимараттар, құрылысжайлар, үй-жайлар, ашық алаңдар және кеден органдарының қызметін қамтамасыз ететін әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.",
"2. Кедендік инфрақұрылымның элементтері мынадай орындарда:",
"1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында;",
"2) мүше мемлекеттер кеден органдарының жүйесіне кіретін кеден органдары және мекемелері орналасқан орындарда;",
"3) аумағында кедендік операциялар және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге де орындарда орналасуы мүмкін,",
"3. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарда орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерінің жайластырылуына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын үлгілік талаптарды кеден органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты олардың функционалдық мақсаттағы ерекшеліктерін ескере отырып, Комиссия анықтайды.",
"4. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының жүйесіне кіретін кеден органдары және мекемелер орналасқан орындарда және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге аумақтарда кедендік инфрақұралым элементтерінің жайластырылуына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.",
"5. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік инфрақұрылымның даму үрдісін және серпінін, жай-күйін талдay, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға және таратылуы шектелген мәліметтерге жатпайтын мәліметтерді қамтымайтын белгілі бір кезең уақытында кеден органдары ұсынатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы жалпыланған мәліметтердің негізінде Комиссия жүргізеді.",
"Көрсетілген мәліметтердің құрамын, олардың құрылымын және форматын, сондай-ақ оларды ұсыну кезеңділігі мен тәртібін Комиссия анықтайды.",
"Кедендік инфрақұрылымның даму үрдісі және серпіні, жағдайы туралы ақпарат Одақтың ресми сайтында Интернет желісінде орналастырылады."
] | 9,882
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
354-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі
|
[
"1. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес іс жүргізу кеден органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау және (немесе) тергеу органдары болып табылады.",
"2. Кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қылмыстар деп танылған, кұқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің халықаралық ұйымдарының, кеден және өзге құзыретті органдардың сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.",
"Жедел-іздестіру қызметін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.",
"3. Кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.",
"4. Қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері (құрамы), сондай-ақ қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауаптылыққа тұлғаларды тарту тәртібі және қағидалары, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.",
"5. Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кеден органдарының өзара іс-қимылы және құқықтық көмек Одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады."
] | 9,883
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
355-бап. Одақтың кедендік шекарасын тастап кеткен су және әуе кемелерін ұстау (қайтару) және көлік құралдарын тоқтату бойынша кеден органдарының құқығы
|
[
"1. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ кеден органының рұқсатынсыз Одақтың кедендік аумағын тастап кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы.",
"Автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда, кедендік бақылау жүргізу уақыты осындай тоқтау сәтінен бастап 2 сағаттан аспауы тиіс.",
"2. Одақтың кедендік шекарасынан тыс орналасқан су және әуе кемелерін ұстау (қайтару) бойынша кеден органдарының әрекеті үшінші тараппен мүше мемлекеттердің жасаған халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады."
] | 9,884
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
356-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа қатысы
|
[
"1. Кеден органдары осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге, үшінші тараппен мүше мемлекеттердің жасаған халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес алған кез келген ақпаратты кеден органдары жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланылады.",
"2. Осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге, үшінші тараппен жасаған мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қолжетімділікті алған кеден органдары, олардың лауазымды тұлғалары жариялауға жеке мақсатта пайдалануға не өзге тұлғаларға, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасында қорғалатын мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және өзге құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ Осы Кодекске, кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге, үшінші тараппен жасаған мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін жағдайларды қоспағанда, басқа құпия ақпаратты мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына беруге құқығы жоқ.",
"3. Егер көрсетілген органдарға мұндай ақпарат осы мүше мемлекеттердің заңнамасында өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет болса, бір мүше мемлекеттің кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты, сонымен қатар алдын ала ақпаратты осындай мүше мемлекеттің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын сақтай отырып, не басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнама талаптарын немесе осы Кодекстің\n49-тарауына\nсәйкес алынған ақпаратқа қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің\n375-бабының\nталаптарына сәйкес оларды осы мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарына береді."
] | 9,885
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
357-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді және кедендік бақылауды жүргізу нәтижелерін өзара тану
|
[
"Кедендік операцияларды жасау кезінде қабылданған кеден органдарының шешімдері және белгіленген тәртіппен ресімделген кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері, осы Кодекспен белгіленген жағдайлары қоспағанда, мүше мемлекеттерде өзара танылады және Одақтың кедендік аумағында заңдық күші бірдей."
] | 9,886
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
358-бап. Кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
|
[
"Кез келген тұлға кеден органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) кеден органының немесе кеден органының лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде шағымдануға құқылы."
] | 9,887
|
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы
|
359-бап. Кеден органының алдын ала шешім қабылдауы және кеңес беруі
|
[
"1. Кеден органы өтеусіз негізде кеден органының құзыретіне кіретін кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды және актілерді қолдану мәселелері жөнінде және өзге де мәселелер жөнінде тұлғаларға кеңес беруді жүзеге асырады.",
"2. Кеден органының лауазымды тұлғалары кеңес беруді жүзеге асыру кезінде кеден органының атынан кедендік декларацияларды және өзге де құжаттарды тексермейді, олар осы Кодекске және кедендік реттеу саласындағы өзге халықаралық шарттарға және актілерге сәйкес кеден органына ұсынуға жатады, сондай-ақ құжаттарды және кедендік декларацияларды қамтымайды.",
"Көрсетілген құжаттарды толтыру мәселелері бойынша кеңес беру тұлға ұсынған ақпаратты және осындай құжаттарды тексерусіз жүзеге асырады.",
"3. Кеңес беруді жүзеге асыру кезінде тұлға ұсынған ақпарат, тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе лауазымды тұлғаның әрекеттерін (әрекетсіздігін) жасау немесе шешім қабылдау үшін негіздеме болып табылмайды.",
"4. Кеңес беруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімін кеден органдары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгілейді.",
"5. Кеден органдары тауарларды сыныптау туралы, тауарлардың шығарылған жері туралы, осы Кодекске сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін тәртіпте, егер осындай тәртіпті Комиссия айқындамаса, алдына ала шешім қабылдайды."
] | 9,888
|
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.